Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті ♦ СЕНБІ, 19 ҚАРАША, 2016 жыл №186 (22 291) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Президент тапсырмасын орындай отырып... Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» Нұра ауданында егемен ел шежіресінде бұрын-соңды болмаған тың жоба қолға алынуда. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан бекітілген қанатқақты жобаның жергілікті жұрт тұрмысын көтеруде, өңірдегі мал шаруашылығын дамытудағы үлесі қомақты болмақ. Айтары сол, келер жылдың көктемінен бастап ауданның 12 ауылында кооперативтер құрылып, сүт қабылдау пункттері жұмысын бастайды. Пилоттық жобаны алдағы жылдың 1 наурызында іске қосу көзделуде. Жоба шеңберінде аудандағы Ахмет ауылы, Көбетей, Майоровка, Шахтер, Заречное, Байтуған, Қарой, Киевка, Мыңбаев, Тассуат, Кертінді, Ақмешіт ауылдары қамтылады. Бүгінде аудан әкімі Ниқанбай Омарханов бастаған жұмыс тобы түсіндіру жұмыстарын аяқтады. Бұл жиындарға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Қаз­ АгроҚаржы» АҚ сынды құзырлы даму-несиелендіру ұйымдарының өкілдері қатысып, халықпен ашық әңгіме құрды. Жобаның маңызы туралы кеңінен ақпарат берді. Кооперативтер кем дегенде 20 мүшемен құрылады. Мүшелікке ниет білдірген тұрғын қолдағы малын көрсетуі тиіс. Бүгінде Нұра ауданындағы сауын сиырларының 80 пайызы дербес қосалқы шаруашылықтардың иелігінде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, аталған 12 ауылдағы 3265 аулада 5444 сауын сиыры бар екен. Бұл – арнайы сүт қабылдау пунктін ашуға жетерлік көрсеткіш. Яғни, осы пилоттық жоба арқылы бұқаралық кәсіпкер-

ҚҰРМЕТТІ ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАР! Сіздерді 2016 жылдың 26 қарашасы мен 10 желтоқсанында өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне шақырамыз. Жәрмеңке өтетін орын – «Сарыарқа» азық-түлік супермаркеті (Құрылысшылар даңғылы, 35/2). Бұл аудан арқылы 17 қоғамдық көлік маршруттары жүреді (01, 05, 012, 014, 3, 4, 5, 19, 33, 41, 43, 45, 49, 53, 56, 70, 73 маршруттары). Жәрмеңкелерде облыстық ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің азық-түліктері (ет-сүт, көкөніс өнімдері және т.б.) орта нарық бағасынан 15-20% төмен ұсынылады. Қарағанды қаласы әкімінің аппараты.

лікті дамытуға, дербес қосалқы шаруашылықтарды өркендетіп, тұрғындарға қосымша кіріс көзін табуға жол ашылады. Сүт қабылдау пункттері жабдықтарын алуға «ҚазАгро» тарапынан қолдау көрсетіледі. Сүт сақтау танкері, сүт тасу көлігі, айналым қаржысына арнайы лизинг қарастырылған. Алғашқы жәрдем ретінде 50 пайыз көлемінде инвестсубсидия беріліп,

сатып алынатын мүлік кепілге алынады. Мәселен, сүт қабылдау пунктінің құны – 5 млн. теңге. Жұмсалған қаржының бір бөлігі «ҚазАгроМаркетинг» АҚ арқылы кооперативке қайтарылады. Кооператив сүт жинап, зауытқа тапсырады. Он күннен кейін тұрғындардың өткізген сүтінің төлемі жеке есепшоттарына түседі. Бұл тәсіл жергілікті жердегі сүт өткізу проблема-

сын жойып, төлем жүргізу ісін жеңілдетеді. Сүттің 1 литрі 80 теңгеден бағаланады. Баға жылдың төрт мезгілінде де өзгеріссіз қалады. Және кооперативке сүттің литріне 10 немесе 15 теңге субсидия төленеді. Бұл қаржының есебінен кооператив несиені өтейді, коммуналдық қызметтер төлемі мен жұмыскерлер еңбекақысын төлейді. Тағы бір ескеретін мәселе, ко­

Кездесу «Егемен Қазақстан» рес­ публикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан ҚЫДЫРӘЛІ Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде болды. Еліміздегі бас басылымның басшысы университет ректоры, академик Арыстан ҒАЗАЛИЕВПЕН, оқу орнының профессор-оқытушылар құрамымен, студенттерімен кездесіп, газет пен университет арасындағы ынтымақтастық жайын талқылады. Арыстан Мәуленұлы оқу орнындағы Ғылыми кеңестің шешімімен

Қарағанды облыстық мәслихатының V сессиясы төрағасының ШЕШІМІ Дархан Қыдырәліге «ҚарМТУ-дың Құрметті профессоры» атағы берілгенін хабарлап, марапат иесіне құттықтау лебізін жеткізді. Дархан Қуандықұлы кездесу барысында газет тарихы мен оның бүгінгі атқарып отырған келелі істері, Тәуелсіздігімізді тұғырлы етудің, елдігімізге, ұлтымыздың болашағына қатысты басылым көтеріп отырған ауқымды мәселелер туралы әңгімеледі. – «Егемен Қазақстан» – елдің газеті, жасампаздық жылнамашысы.

Еліміз бен халқымыздың сан қырлы тарихын үзбей жазып, шынайы шежіресін қалыптастыруға зор үлес қосып келе жатқан ұлттық баспасөз құралының орны қашанда бөлек. Ел газеті Тәуелсіздіктің торқалы тойына тарту іспетті жаңарған дизайнмен басылып, оқырманға жол тартып отыр. Газеттің басты қазынасы – оқырманы. Бізге газет таралымының емес, оқырмандарының көбейгені маңызды, – деді газет басшысы. Басылым басшысымен кездесуге

қатысқан қарағандылық зиялы қауым өкілдері «Егемен Қазақстан» жайлы жылы лебіздерін білдіріп, көпшілікті ел газетін қолдауға шақыр­ды. Университет ұстаздары мен студенттері ақпарат құралының басшысына сауалдарын қойып, пікір алмасты. Сондай-ақ, қонақтар техникалық білімнің қарашаңырағындағы заман талабына сай жетістіктермен, мұражай жәдігерлерімен танысты. Өз тілшімізден.

Өндіріс – өмір өзегі

Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан» «Қазмарганец» кен басқармасында жұмыс вахталық тәсілмен жүзеге асады. Өндіріс алаңдары Нұра ау-

даны аумағында орналасқан. Ашық тәсілмен марганец кенін өндіретін кәсіпорында еңбек қорғау мен өндірістік қауіпсіздік мәселесіне баса мән берілетіндігі түсінікті. Себебі, компания үшін адам өмірі, оның қауіпсіздігі

Қарағанды қ. № 8 18 қараша, 2016 жыл

Облыстық мәслихаттың V сессиясын шақыру туралы Облыстық мәслихаттың ке­зектен тыс бесінші сессиясы 2016 жылғы 25 қарашада 10.00-де сағатта шақырылсын (Әлиханов көшесі, 13, мәжіліс залы, V қабат). Г.ПРОКОП, сессия төрағасы.

ХАБАРЛАМА

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда Өндіріс – қашанда қауіпті аумақ. «Сақтансаң – сақтаймын» деген қағиданың бұл жерде орны бөлек. «Қазмарганец» кен басқармасына қарасты «Тур» кеніші мен Көлік колоннасы да барлық қажетті еңбек нормаларын қатаң сақтайды. Бұл жолға бағытталған орасан зор еңбектің нәтижесі де жоқ емес, кәсіпорын Қазхром компаниясы филиалдары ішінде (атап айтқанда Ақсу ферроқорытпа зауыты, Дөң тау­ кен байыту комбинаты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты) жыл сайын өткізілетін еңбек қауіпсіздігі жарысында алдыңғы орында келеді.

оператив құруды коллективтендірумен шатастырмау қажет. Кооператив мүшелігіне енген адам өз малын ортаққа қоспайды. Тек, сүтін ғана тапсыруға міндеттеледі. Сондай-ақ, несие алу жолдарын оңтайландыру мақсатында Үкімет тарапынан «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына толықтырулар енгізілуде. Мұнда несие көлемін 16 млн. теңгеге дейін көтеріп, мерзімін 7 жылға ұзарту қарастырылуда. Жобаның мерзімі бірнеше жылды қамтиды. Нұра ауданының әлеуеті ескеріліп, осында қанат қаққан пилоттық жоба ойдағыдай жүзеге асып кетсе, 2019 жылы түрлі сүт өнімдерін шығаратын сүт өңдеу кәсіпорны тұрғызылады. Сондай-ақ, нұралықтардың тәжірибесі негізінде аталмыш жоба еліміздің өзге де өңірлерінде бастау алмақ. Бұдан бөлек, ауданда ет өндіру потенциалын көтеруге назар аударылуда. Ежелден мал баққан ағайынның құт-мекені болған Теңіз өңірінде бордақылау алаңдары мен мал сою пункттері салынады. Құрылыс жұмыстары үшін қаржы институттарының несиесі тартылады. Субсидиялар төленеді. Келешекте аталған бағыттағы жұмыс табыспен жүрсе, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорын ашу көзделуде. Сөйтіп, нұралықтар тәуелсіз ел тарихында тұңғыш рет кооперативтер құруға бел бууда. Сол арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кооперативтер ұйымдастыру арқылы дербес қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін көтеру туралы тапсырмасын орындауға кірісуде. Бастама бар. Қолдау да баршылық. Енді, тек, тер төгіп, бір кісідей жұмыла табанды еңбек ету қажет.

15 күн жұмыс жасайды. Жұмыскерлер тарапынан еңбек қауіпсіздігінің қатаң сақталуы, қауіп-қатерді болдырмау, тиімді еңбек етуге бағытталған жұмыс­ тар мықтап қолға алынған. Кәсіпорын жұмыскерлерінің өзі қатерді болдырмауға, оның алдын алуға үлес қосады. Өндіріс болғандықтан аяқ астынан түрлі жағдайлар болмай тұрмайды. Жұмыс барысында адам тек өзінің ғана емес, әріптесінің де қауіпсіздігіне жауапты, себебі кез келген ағат іс-қимыл, тәртіп пен ережеге немқұрайлы қарау, жауапсыздықтың соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы әбден мүмкін. Күн сайын жүрігізілетін түсіндірме жұмыстары, оқыту, түрлі іс-шара мен байқаулар ұйымдастыру, ұжымды қауіпсіздік іс-шараларымен дер кезінде құлағдар етіп отыру «Қазмарганец» кен басқармасы кеніштеріндегі әдеттегі жұмыс.

алдыңғы орында. Өндірістік қауіпсіздік пен еңбек қауіпсіздігі бойынша техникалық басшысының орынбасары Р.Нығметовтың айтуынша, мекемедегі қауіпсіздік іс-шаралары компанияның арнаулы нұсқаулығы мен еліміздің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Атап айтқанда, өндірістік жарақат пен басқарма нысандарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу, ескерту, ұйымдастыру-техникалық жұмыстары барынша межелі мерзімде қолға алынып келеді. Кен басқарма бөлімшелерінің бірі – «Тур» кеніші мен Көлік колоннасында жұмыскерлер вахталық тәсілмен,

Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 25 қарашадағы кезектен тыс V сессиясының қарауына келесі мәселелер енгізіледі: 1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы ХL сессиясының «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 452 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 2. Қарағанды қаласының Театральная көшесін қайта атау туралы. 3. Басқа да мәселелер. Р.ӘБДІКЕРОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.

Баспасөз – 2017

Қалалар бойынша

«Қазпочта» АҚ Индексі: 65484

Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 4942, 50 тг., 1 жылға – 9885, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2752, 50 тг., 1 жылға – 5505, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2452,50 тг., 1 жылға – 4905,00 тг.

газетіне жазылу жүріп жатыр

Ауылдар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 5085, 00 тг., 1 жылға – 10170, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2865, 00 тг., 1 жылға – 5730, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2625,00 тг., 1 жылға – 5250,00 тг.

Газет редакциясында басылымға баспа құны (жеткізіп берусіз) бойынша баламалы түрде жазылу жүргізіледі. Анықтама телефоны: 43-57-78


2

19 қараша, 2016 жыл

билік. саясат. экономика

www.ortalyq.kz

Облыс әкімінің жұмыс сапары

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан»

млн. теңге – медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсалған. Алдағы уақытта үш қабаттан тұратын, жалпы алаңы 1215 шаршы метрді құрайтын ғимаратта бекітілген стандартқа сәйкес қажетті кабинеттер мен бөлімшелер болады. Сондай-ақ, емхана тіркеу орны, дәрігерге дейінгі тексеру, дәрігер кабинеті, ем жасау және егу кабинеттері, диагностикалық бөлімшелер: ультрадыбыстық зерттеу, рентген-кабинеттерімен жабдықталады. Емхана Қарағанды қаласының 15 мыңнан астам тұратын аймағында (Ержанов көшесі 28/2) орналасқан. Қазіргі уақытта аталған аймақ тұрғындарына №1 емхана қызмет көрсетуде. Балалар алаңы мен отбасылық денсаулық орталығы тапшы аймақтағы ғимаратты келер жылдың көктемінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Мемлекеттік тіл – менің тілім

Әр халықтың ана тiлi – оның жаны, халқының қайталанбас өзiндiк кейпi, ұлттық болмыс-бiтiмiнiң бейнесi, ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығының көзi, iшкi жан дүниесiнiң өзiне ғана тән құпиясы. Бала «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, алғашқы сөздерді қай тілде меңгеріп, үйренсе, сол тілге жақын тұрады. Сондықтан, отбасында, балабақшаларда қазақша сөйлеулеріне назар аудару керек. Бөбекжайға келген бала сөздік қорын толықтырады, білімін жүйелейді, жаңа ілім-білімге ұмтылады. Қазақ тілін меңгеріп келген бала, білімін ары қарай осы тілде жалғастыруды қалайды. Яғни, баланы, балабақша жасынан бастап қазақ тілінде сөйлеуге бағыттау керек. Осы арқылы біз 100% қазақ тілін меңгерген азаматтарды тәрбиелейміз. Ол келер онон екі жылдан соң қазақша сөйлейтін қоғамның кепілі болмақ.

бойы көр­мейтінбіз. Түнге қарай жұмыс­ тан келген жұбайым қағазға ай­налған ескі рубльдерді миллиард­тап санағанын айтатын, – деген Бектас Бекназаров алғаш қолға тиген теңгенің әр банкнотына соншалықты ұқыппен қараға­нын, оны ұстағанда төл валютамыз үшін кеудесін мақтаныш кернегенін жеткізді. Одақ құлаған­нан кейін көп ұзамай төл ақша­мызды айналымға енгізу Прези­ден­тіміздің стратегиялық тұрғы­дағы көреген шешімі деп санайтынын айтты. – Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­ шылығымен еліміз 25 жыл­дың ішінде мақсаты асқақ, дамыған мемлекетке айналды. Халық­тың бірлігі мен келісімінің, тұрақ­тылықтың арқасында біз эконо­ микалық және әлеуметтік гүл­денуге қол жеткіздік, – деді Б.Бекназаров. – Бұл оңай болған жоқ. Тәуелсіздік жарияланған кезең барша халық үшін сынағы көп қиын кезең болды. Осы күрделі уақытта біз Президентке сенім арттық. Вольтердің «Бір мемлекетті құтқару үшін бір ұлы адам жеткілікті» деген қанат­ты сөзі бар. Қазақстан үшін дәл сондай адам оның Тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев болды. Қазақстанның Тұңғыш Прези­дентінің теңгені жасаудағы

Дәуірмен тең 25 жыл

Бейсенбі күні облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ жұмыс сапарымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында Қарағандыда салынып жатқан №7 емханаға барды.

Аймақ басшысына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев және жоба жетекшісі Дәулет Мырзағалиев жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары жөнінде есеп берді. – Тұрғындар жайлылығы үшін емханада барлық жағдай жасалады. Емделушілер ыңғайлы күту залында электрондық кезек арқылы білікті мамандардың медициналық көмегіне жүгінеді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін баспалдақ (пандус) орнатылып, пациенттерге арналған жеделсаты жұмыс істейтін болады. Әр қабатта санитарлық тораптар қарастырылған, – деді жоба жетекшісі. Айта кеткен жөн, емхана ғимаратының құрылысына ағымдағы жылдың 10 қарашасынан 270 млн. теңге бағытталған. Оның ішінде 170,0 млн. теңге – жер учаскесін сатып алуға, 100,0

Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойының қарсаңында бас қалада ұлттық валютамыз айналымға енгізілген күннің мән-мағынасын айшықтаған алқалы жиын өтті. Теңгенің туған күніне орай өткен басқосуда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Мемлекет басшысының бейнесі бедерленген жаңа банкнот пен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған естелік монетаны ел назарына ұсынды.

Орыс тілі мен ағылшын тілі бөбекжай қабырғасында жас ерекшелігіне қарай оқытыла бастауы керек. Сонымен қатар, тек грамматикасын меңгертіп қана қоймай, ұстаздар балалармен бірге үйреніп, сөйлеп, өзіндік пікірін білдіре алатын дәрежеде оқытылып шығуларына баса назар аударғаны жөн. Бұл шараның іске асуы, нәтижелі болуы барлық жағдайдың жасалуын қажет етеді. Ағылшын тілі мен орыс тілін меңгерген азамат шет елде білім алып, ел экономикасымен, саяси ахуалымен, салт-дәстүрімен, болмысымен таныса алады. Оны еліміздің түрлі салаларында қолданып, жетістіктерге қол жеткізе алады. Тілді білудің ерекшелігі де осы. Сондықтан, жастарды тілге баулу, еркін сөйлеуге машықтандыру балабақшада, мектеп қабырғасында, оқу орындарында қолға алынып, жүзеге асырылуы қажет. А.Ералиева, «Аққу бөбекжай» КМҚК директорының міндетін атқарушы. Абай қаласы.

15 қараша – Ұлттық валюта күні және еліміздегі қаржыгерлер қауымының кәсіби мерекесі екені белгілі. Биыл осы атаулы мерекелер егемендіктің ширек ғасырлық тойының аясында атап өтілді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, елор­дадағы «Қазақстан Тәуел­сізді­гіне 25 жыл: ұлттық валюта» деген тақырыппен өткен конфе­рен­цияға Мемлекеттік хатшы Гүл­шара Әбдіқалықова, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, Парламент депутаттары, танымал экономист ғалымдар, қаржыгерлер қатысқан болатын. Жиын басында сөз алған Мем­лекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқа­лықова ұлттық валютамыздың ел тағ­дырында алатын маң­ызды орны туралы баяндап, оның Тәуелсіздіктің басты символ­дарының бірі екеніне тоқталды. – Мемлекеттік туымыз, Әнұра­ны­мыз, Елтаңбамызбен қатар, Тәуелсіздіктің ең басты белгілерінің бірі – Мемлекеттің төл валютасының болуы. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның өз валютасы теңге айналымға енгізіліп, үлкен тарихи қадам жасалды. Ол экономика тоқырап, өндірістер жабылған, тіпті, қарапайым адамдардың жалақысына дейін сыртқы факторларға тәуелді болған аса күрделі кезең еді. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында еліміз уақыт сынынан сүрінбей өтті. Ал төл теңгеміз Тәуелсіздіктің айшықты символдарының біріне айналды. Халықтың көңіліне сенім ұялатып, болашаққа нық қадам басуына жол ашты. Әлемдік дағдарысқа лайықты төтеп беріп, мызғымас қуатын дә­лел­деді, – деді Мемлекеттік хатшы. Гүлшара Әбдіқалықова биылғы жылы Ұлттық валюта күні ел Тә­у­ елсіздігінің 25 жылдығы аясын­да аталып өтіліп жатқанына, осы аз ғана уақыт ішінде Тұң­ғыш Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың көш­басшылығымен елі­міз тұтас дәуір­мен тең жолды бағындырғанына назар аудар­ды. Ширек ғасыр ішінде елі­міз­де жаһандық нарықтың маңыз­ды бөлігіне айналған заманауи экономика қалыптасты. Қазақстан әлемдік қауымдастықтағы маңыз­ды әріптеске айналып, соның арқасында елімізге аса зор көлем­де шетелдік инвестициялар тартылды. Мемлекеттік үдемелі ин­дустриялық-инновациялық да­му бағдарламасы, экономиканы әртараптандыру, ғылыми-тех­никалық әлеуеттің ар­туы жаһан­дық тұрақсыздық кезең­інде мызғымайтын берік қор қалып­­тастыруға жол ашты. Гүл­шара Әбді­қалықова атап көрсет­кендей, бүгін­гі таңда еліміз әлем­нің 30 озық елінің қатарына қо­сылуға сенімді қадам басып, «Қа­зақстан-2050» Стра­тегиясында көрсетілген міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында бұрын-соңды болмаған ауқымды институттық реформалар жүзеге асырылуда, ал Мем­лекет бас­шы­сының Жалпыға Ортақ Еңбек Қо­ ғамын құру туралы идеясы әлеу­меттік дамудың негізіне айналды. Мемлекеттік хатшы ширек ғасыр ішінде елімізде қолға алын­ған реформалар мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын қамтығанын тілге тиек етті. – Осы уақыт ішінде ел халқы­ның әлеуметтік тұрмыс стандарты ай­тар­ лықтай өсті. Денсаулық сақ­тау, білім беру, әлеуметтік қамсыз­дандыру салаларында ауқым­ды реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан халықаралық қатынас­тардың беделді қатысушысына айналды. Еліміздің бастамалары әлем­дік қауымдастық тарапынан кеңінен қолдау тауып келеді. Мем­лекет басшысының «Бейбітшілік. XI ғасыр» манифесі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жа­һан­дық ядролық қарусыздану мен соғысқа қарсы қозғалыстағы көш­басшылық тұлғасын айқын­дай­ды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қар­саң­ында Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүше­лігіне қабылдануы елі­міздің жоғары беделінің және елі­мізге көрсетіліп отырған зор сенім­нің белгісі болып табылады, – деп атап өтті ол. Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Н.Назарбаевтың жалпы­ұл­т­тық бірлік пен келісім үлгі­сі Қазақстанның жарқын жетіс­тік­терінің шешуші факторы болға­ нын, оған Қазақстан халқы Ассам­блеясы да айрықша ық­пал еткенін жеткізді.

Мемлекеттік хат­шы айтып өткендей, бүгінде ұлт­тық валюта экономикамыздың тірегіне, берекелі де мерекелі тір­ші­ лігі­міздің күретамырына айналған. Сөз соңында баршаны Ұлт­тық валюта күнімен және келе жат­қан ел Тәуел­сіздігінің 25 жылдық мерей­­тойымен құттықтаған Мемле­кет­тік хатшы алдағы уақытта да Қазақ­стан­ның толағай табыстары тұғырлы бола­тынына сенім білдіріп, сөзін түйін­деді.

Баға жетпес жәдігер Сөз басында айтып өткені­міз­дей, осы алқалы жиында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Мем­лекет басшысының бейнесі бедер­ленген жаңа банкнот пен Тәуел­сіздіктің 25 жылдығына ар­нал­ған естелік монетаны барша­ның назарына ұсынды. – Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясының мызғымас не­гіз­дерінің бірі – ұлттық бірлік, бейбітшілік жә­не келісім. Бүгін таныстырылатын ес­телік моне­ таға осы идея негіз болды. Бар­шамыздың отанымыз бір, тағ­дырымыз бір. Тәуелсіздік тарихы – Мемлекет басшысының тарихы­мен тығыз байланысты. Сол себеп­ті, Ұлттық банк Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығына арналған, еліміздің дамуы­на Президенттің қосқан үлесін бей­ нелейтін мерейтойлық банкнотты назарларыңызға ұсы­нады, – деді ол. Данияр Ақышев Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жеткен жетістіктері, бағындырған биік­тері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен ажырамас байланыста екеніне тоқталды. Тұң­ғыш Президенттің еліміздің тарихындағы рөлі мен маңызын қара­пайым өмір құндылықтарымен өлшеу мүмкін емес. Ол өз сөзінде атап өткендей, еліміздің тарихи жетіс­ тіктерінің алтын парағы болаша­ғымыз әлі айқындала қоймаған қиын кезеңде жазылды. Сол уақыт­та қабылданған шешімдер тарихи ау­қымы жағынан да, ел халқының тағ­дырына ықпалы бойынша да бұ­рын-соңды болмаған баға жетпес құндылыққа ие екендігін уақыт дәлелдеді. – Теңге – еліміздің қаржылық тәуелсіздігінің символы. Төл валютамыз дамудың жаңа деңгейіне жол ашып, жаңа нарықтық эконо­­ми­­каның құрылымдарын қалып­тас­тыруды қамтамасыз ете алды. Төл ва­лютамыз ғана тәуел­сіз экономи­калық және қаржы-несиелік саясат­ты жүзеге асы­руымызға, нақты эко­но­микалық егемендікке қол жет­кі­зуі­мізге мүм­кіндік туғызды, – деді елі­міз­дің бас банкирі. Д.Ақышев айтып өткендей, тең­гені жасау, айналымға енгізу өте күр­делі жағдайда жүргізілді. Мұн­дай ауқымды істі жүзеге асы­руға қажетті тәжірибе жоқ, ресурс мар­дымсыз, біліктілік төмен болатын. Ондаған жылдар бойы жұ­мыс істеп тұрған экономикалық қаты­­настар күйреген кезең еді. Маңыз­ды шаралар кешенін жүзеге асыру қажет болды. Ескі ақшаны айырбас­тап қана қоймай, өндіріс жаппай құлдыраған, инфляция белең ал­ған кезеңде жаңа валю­таның тұрақты­лығы мен айыр­бастылығын

қамта­масыз ету қажеттігі туындады. Бұл жұмыс оңай болған жоқ, дегенмен, эконо­микалық өсіммен бірге теңге де нығая түсті. Осы жұмыс­тардың барлығын Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті өзі қадағалап, тікелей атсалысты. – Банкноттарға портреттерді салу – жаңалық емес. Ел өміріне ең маң­ыз­ды үлес қосқан тұлғалардың бейне­сін ұлттық валютаға бейнелеу – мемлекеттілік идеясын көрсе­­тудің барынша жарқын, қалып­ты және түсінікті формасы. Нель­ сон Ман­дела, Мұстафа Кемал Ата­түрік, Ли Куан Ю, Уинстон Чер­чиль және бас­ қа да әлемдік дең­гейдегі көшбас­шылардың бейнесі өз елдерінің заманауи купюраларында бейнеленген, – деді Ұлттық банк төрағасы. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық ме­ рейтойына арналған естелік монеталар мен банкнот өте шектеулі тиражбен шығарылмақ. Ұлттық банк төрағасы олардың халық үшін баға жетпес құнды дүниеге айналатынына сенім білдірді.

Тарих пен мәдени мұралар тоғысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов атап көрсеткендей, Ұлт­тық валютаның арқасында Қа­зақ­­стан­ның экономикалық қауіпсіз­дігі қам­тамасыз етіліп, қаржы­лық сая­сат­тың іргетасы қаланды. Теңге Қа­зақстан халқын өзара ұйыс­тыру жұ­мыстарына тікелей ұйыт­қы болды. – Ұлттық валюта дизайнында халқымыздың мәдени және тарихи мұралары, біздің Тәуелсіздігіміздің барлық кезеңдері, қоғамдағы әлеу­меттік және мәдени процестердің негізі көрініс тапты. Алғашқы сериялы банкноттардың арқасында бүкіл әлем Абайды, Шоқанды, Абылай ханды, Әбілхайыр ханды, Құрманғазыны және әл-Фара­биды таныды. Сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Оқжетпес тауы, Іле Алатауы сынды ең кере­мет жерлерімізді білді. 2006 жылғы банкноттар еліміздің жаңа тари­хының символдары – «Бәйтеректі», Тәуелсіздік монументін, «Ақорда» рези­ ден­циясын және басқаларын көрсетті. Бұл Тәуелсіздіктің ал­ғашқы онжыл­дықтарының символы, жас мемлекеттің табыстарының айқын нышаны, халқымыздың әлемдік деңгейдегі жетістіктерге деген талпынысының бейнесі, – деді ол. Ералы Тоғжановтың пікірінше, егемендіктің толағай табысы ре­тінде төл теңгеміз үлкен идео­­ло­гиялық рөл атқарды. Теңге қазақ­тың ұлы тұлғалары мен тари­хын, табиғаты мен Тәуел­сіздік­ тің тегеу­рінді табыстарын таныс­тырды. Қа­зақстан хал­қын қа­зақтардың айналасына ұйыстыру жұмыстарына ұйыт­қы болды. Қазақстан халқы Ассам­блея­сының мүшелері осындай банк­нот­ты шығару туралы бір рет емес, бірнеше рет ұсыныс жаса­ған екен. Ал Ассамблея деге­німіз – бұл барлық 17 миллион ха­­ лық. Демек, халықтың ойы мен ниеті іс жүзіне асты деп санауға негіз бар. Банкнотта Елбасы бей­не­сінің көрініс табуы – заңды құбылыс. Себебі, Тәуелсіздіктің дамуы мен қалыптасуы Тұңғыш Пре­зи­ дентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен ті-

Зағипа БАЛИЕВА, Парламент Мәжілісінің депутаты: – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – біздің еліміз үшін өте үлкен мереке. Әлемде өзінің елі, өзінің жері, туы, әнұраны, валютасы жоқ халықтар аз емес. Міне, бізге жаңа банкнот таныстырылып отыр, бұл өте елеулі оқиға, өйткені, Мемлекет басшысының еңбегін, тарихтағы біздің Елбасының рөлін сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Бұл халықтың өз Көшбасшысына деген құрметі. Ол лайықты құрмет. Бүгін біз жұрттың бәрімен достық қарым-қаты-

келей байланысты. Ұлт­тық валютамыз теңге – Прези­­ден­тіміздің ерен еңбегі мен көре­ген саясатының нәтижесі. Осы­ лайша, ұлттық валюта эко­номикалық дербестікке, мемлекет пен халық­тың ұйысуына негіз болды. – Бүгін біз тарихи сәтке куә болып отырмыз. Тәуелсіздікті тұ­­ғырлы етуге табанды еңбек ет­кен Ұлы Даланың ұлағатты тұл­ғасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бей­неленген мерейтойлық банкнот шыққалы жатыр. Бұл – ұлттық ва­­лютамыздың тарихындағы жаңа кезең, ел тарихындағы есте қалар сәт. Жаңа купюра Елбасымыздың Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесін айқын көрсетіп отыр, – деді Ералы Тоғжанов. Ассамблея Төрағасының орын­­басары айтып кеткендей, Ас­та­наның 10 жылдық мерейтойы­ның қарсаңында ұлттық валютамызда халқымыздың тарихы мен бір­лігінің тұтастығын көр­ се­тетін «Қазақ Елі» монументі тең­генің ди­зайнында бедерленген болатын. Ал Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Мемлекет басшысы бейнеленген мерейтойлық банкноттың шығарылуы тұрақты, мықты және барша әлемге сыйлы мемлекетті қалыптастырудағы Елбасының ерен еңбегіне деген халықтың айрықша сый-құрметін, сүйіспеншілігін көрсетеді. Ералы Тоғжанов өз сөзінде Ұлт­тық валюта күнінде жаңа банк­­­нот­тардың таныстырылуы Қа­зақ­­стан халқының жалпыұлт­тық құн­дылықтар мен топтас­қандық негізіндегі өзара бірлі­гі­нің, та­тулығының артуына жаңа­ша серпін беретіндігіне сенім біл­­дірді. Сондайақ, осы оқиға қа­зақ­стандықтардың өз көшбас­шысының төңірегіне топтасуға, Отанымыздың одан әрі дамуы мен гүлденуіне үлес қосуға деген талпынысын арттыруға тиіс деп санайтынын жеткізді.

Күрделі кезеңдегі көреген шешім Тәуелсіздіктің 25 жылдық та­рихы туралы сөз қозғағанда ұлт­тық валюта туралы айтпай кете ал­маймыз. Парламент Сенаты төр­ағасының орынбасары Бектас Бекназаров осылай деп санайды. – Бүгін – еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің туған күні – Ұлттық валюта күні. Маған дейін сөйлеген әріптестерім оның ел өміріндегі алатын орны, атқарған рөлі туралы жан-жақты тоқталып өтті. Иә, өткен жүзжылдықтың 1990 жылдарының басында Қазақстан қайта құруды, тұрақсыз қаржылық жүйені бастан өткеріп жатқан уақыт шын мәнісінде ең қиын кезең болды. Қазіргі жас буын оның бәрін кітаптан оқып білсе, біздер өз көзімізбен көріп, басымыздан кешірдік. 1993 жылдың қараша айында төл теңгеміздің айналымға енгізілуі біздің жас, тәуелсіз еліміздің тарихи жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. Ол кезде менің жұбайым банкте жұмыс атқаратын. Сол күндері, ақша айырбастауға әзірлік бойынша жұмыстар жүріп жат­қанда біз оны тәуліктер

ерен еңбегін барша жұрт жақсы біледі, – деді Сенат төрағасының орынбасары. Бектас Бекназаров Мемлекет басшысы бейнесінің мерейтойлық банкнотта бейнеленуі – оның ерен еңбегінің мойындалуы және ха­лықтың шексіз сый-құрметінің бел­гісі деп санайтынын жеткізді.

Тарихи сабақтастық Философия ғылымдарының док­торы, академик Ғарифолла Есім Ұлттық банк жаңадан таныстырған купюраны сонау 1993 жылы жа­рық көрген алғашқы банкнотпен сабақтастырып, өзіндік пайымын ортаға салды. Ғалымның пікірін­ ше, ұлттық валютамызда әл-Фара­би бабамыздан бастап, Тұңғыш Пре­­зидент Нұрсұлтан Назарбаевқа дейін­гі аралықтағы еліміздің тарихы көрі­ніс тапты деуге негіз бар. – Мемлекет басшысы ұлттық валютамызды енгізу туралы шешім шығарды. Біз оны жылы қабылдап, теңгені жақсы көріп кеттік. Бір теңгелік банкнотқа әлФараби бейнеленген еді. Міне, сол оқиғаға да 20 жылдан астам уақыт өтіпті. Бүгін біздің назарымызға Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген банкнот ұсынылды. Демек, теңге арқылы әл-Фарабиден бастап, Тұңғыш Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевқа дейін­гі тарих көрініс тауып отыр. Төл тең­геміздің төрге озған күні құтты болсын! Теңгеміз тұғырлы бол­ сын! – деді ғалым. Ғ.Есім айтып өткендей, теңге Қазақстан Тәуелсіздігінің ал­ғашқы жылдарынан бастап елі­міздің эко­номикалық, қаржылық және несие­лік жүйесі жетілуіне өлшеусіз зор ықпалын тигізіп келеді. – Ақшаға құлдық қатынаспен қарау сыбайлас жемқорлыққа апарып соқтыратынын біз жақ­сы білеміз. Сол себепті, өз игі­лігімізді адал еңбегіміз арқы­лы қалыптастырып, жас мемле­кетіміздің өркендеуіне үлесімізді қосып келе жатырмыз. Біз еңбекақымызды теңгемен аламыз. Егер теңге тұрақты болса, мығым болса, біздің өміріміз де мығым әрі тұрақты, – деп сөз қорытты ол. Таныстыру салтанатында ай­тылғандай, он мыңдық купюрада сақ­тар дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі тарих шоғырланған. Қазақ­стан­ның картасы еліміздің көп ұлтты хал­қының ортақ шаңы­рағы ретін­де көрсетілген. «Қазақ Елі» мону­ментіндегі Самұрық құс өткен күн мен бүгіннің сабақ­тастығын бей­не­лейді. Мерей­тойлық купюра Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемле­кетіміздің дамуына сіңірген ерен еңбегінің көрінісін бейне­леуге бағытталған. 5 мыңдық номиналды монетаға тоқталар болсақ, ол 925 сынамды күмістен жасалыпты. Беткі жағында «Қазақ Елі» монументі, ұлттық киімдегі әр ұлт өкілдері бей­неленген. Күн шапағының көрі­­ нісімен көмкерілген монета­ның салмағы 777,5 грамға тең. Бұл бан­кнот пен монета Қа­­зақ­стан Рес­публикасының Тұң­­ ғыш Пре­зиденті күні – 1 жел­­тоқ­­санда шектеулі тиражбен айна­­лымға шығады. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан».

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты: нас орнатқан, 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар өзара келісімде өмір сүріп жатқан, барлық конфессиялар мен тілдер құрметтелетін, 5,5 миллионнан астам бала бақытты жағдайда өсіп келе жатқан және олардың саны жыл санап ұлғайып отырған тәуелсіз өркендеген Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Экономикалық жетістіктер ешқандай талас тудырмайды, инновациялық революция жүріп жатыр. Мемлекет қарышты қадаммен алға басуда. Міне, осының бәрінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған қызметі орасан зор.

– 1 желтоқсан күні қолданысқа енгізілетін жаңа банкнотты мен жақсылық деп қабылдаймын. Өйткені, жаңа банкнот еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы тарихын, тағдырын, қандай табыстарға жеткенін көрсетеді. Сонымен қатар, жаңа банкнотта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі көрініс тауып отыр. Яғни, біз ел үшін, еліміздің дамуы үшін, жарқын болашағы үшін ерен еңбек сіңірген адамға халқының тарапынан лайықты баға беріп отырмыз. Бұл – Тұңғыш Президентке халық тарапынан көрсетілген сый-құрмет, шынайы сүйіспеншілік деп түсіну керек. Осы күн Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы үлкен оқиғалардың біріне айналады.


аймақ ажары

19 қараша, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Ертең – Ауыл еңбеккерлері және агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері күні – Юржан Асанұлы, жер емген ағайынның еңбегіне қарай биыл жаз Арқада жауын-шашын мол болды. Сөйтіп, диқандар Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық және облыстың 80 жылдық мерейтойына толайым тарту жасады. Әңгімемізді осы егін орағы науқанынан бастасақ... – Иә, біздің диқандар биыл өте биік көрсеткішке қол жеткізді. Науқан барысында 725,7 мың гектар алқаптағы егін орылды. Нәтижесінде, 1 млн. 14 мың тонна астық жиналды. Орташа түсім – гектарына 14 центнерден айналды. Бүгінде бұл көрсеткіш өте жоғары меже ретінде тіркеліп отыр. Бұған дейін 1979 жылы – гектарына 13 центнерден, 2013 жылы – гектарына 12,6 центнерден өнім жиналған еді. Егін шаруашылығындағы бұл жоғары көрсеткішке шаруашылықтардың жаңа технологияларды кеңінен пайдалануы арқылы қол жеткізілді. Мәселен, ылғал ресурсын сақтау технологиясы егістік алқабының 580 мың гектарында немесе 78,3 пайыз аумағында қолданылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 29,1 мың гектарға артық. – Осы орайда мол өнім жинаған шаруашылықтарды атап өте аласыз ба? – Әрине, тынымсыз төгілген тер мен табанды еңбектің арқасында көл-көсір өнім алған шаруашылықтар баршылық. Біздің облыстағы негізгі астықты аудандар – Абай, Осакаров, Нұра аудандары екенін білесіз. Мәселен, Абай ауданында орташа түсім – 20 центнерді, Нұра ауданында – 14,2 центнерді, Осакаров ауданында – 14,5 центнерді көрсетті. Шаруашылықтар арасында Абай ауданындағы «Макс» шаруа қожалығы гектарынан – 25 центнер, «Астра Агро» ЖШС гектарынан – 30 центнер өнім алды. Сондай-ақ, Нұра ауданындағы «Шахтер» ЖШС гектарына – 16,6 центнер, «Қайнар» ЖШС – 15,1 центнер, Осакаров ауданындағы «Агросоюз» ЖШС – 19 центнер, «Октябрьское» ЖШС – 18,2 центнер астық орса, Қарқаралы ауданындағы «Жайма» ЖШС гектарына – 25 центнер астық жинады. – Биыл қар ерте түсті. Орылған астықты сақтау мәселесі қалай шешілді? Қызылды қар басып қалмады ма? – Жоқ, астық қар астында қалған жоқ. Облыс бойынша сыйымдылығы 138,3 мың тонналық 4 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс жасайды. Мұның барлығы да тиісті лицензиясын алған. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің базасында сыйымдылығы 517,9 мың тонна болатын 523 астық сақтау қоймалары бар. Сонымен қатар, егін орағы науқанында облыстағы ұн өндірісімен айналысатын 12-ден астам кәсіпорын астықтың қомақты бөлігін сатып алды. Және 22 мың тонна астық экспортқа жөнелтілді. – Қарағанды топырағында картоп та жақсы өседі ғой. Биылғы жиналған өнім көлемі қаншалықты? – Биыл 8451 гектар алқаптан 192,4 мың тонна картоп алынды. Облыс бойынша картоптың орташа түсімі гектарына – 228 центнерді межеледі. Ал, кейбір жекелеген шаруашылықтар бұл межеден асып түсті. Атап айтқанда, Абай ауданындағы «Астра Агро» ЖШС әр гектардан – 360 центнер, «Шанс» шаруа қожалығы – 335 центнер картоп жинаса, Нұра ауданындағы «Шахтер» ЖШС гектарынан – 330 центнер картоп алды. Бұл тізімді жалғастыра беруге болады. Мен алғашқы лектен көрінгендерді ғана атап отырмын. – «Агробизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламасының барысын сөз етсек... – «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында 10 айда облыстағы агроөнеркәсіп кешеніне 5869,9 млн. теңге қолдау жасалды. Мұның арасында, мал шаруашылығына – 2577,3 млн. теңге, егін шаруашылығына – 1533,2 млн. теңге бөлінсе, республикалық бюджеттен 1759,4 млн. теңге қарастырылды. Жалпы құны 6,1 млрд. теңгеге даму институттары арқылы 995 жоба несиелендірілді. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешенінде 66 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта 55,2 млрд. теңге жұмсалуда. Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 8 инвестициялық жоба қолдау тапты. Құны 23,8 млрд. теңгені құраған жобалардың арқасында 935 жаңа жұмыс орны құрылды. Мұның бесеуі биыл жүзеге асады деп күті-

Қарағандылық диқандардың биылғы жетістігіне күллі қазақ жұрты қуануда. Егемендіктің ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында 1 миллион тоннадан астам астық қамбаға құйылды. Бұл – жаңбырлы жаз бен егіншілеріміздің еселі еңбегінің нәтижесі деп білейік. Сонымен қатар, кейінгі жылдары Арқа төсіндегі төрт түліктің қарасы да артып келеді. Асыл тұқымды мал өсіруге бет бұрған шаруашылықтар қатары көбеюде. Үкімет тарапынан жолға қойылған бағдарламалардың арқасында жергілікті шаруалар қолдағы малды асылдандыруға ден қоюда. Аймақтағы ауыл шаруашылығының бүгінгі аяқ алысы турасында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Юржан БЕКҚОЖИНМЕН болған әңгімені назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

Азаматтардың көпшілігінің өмірінде тұрғылықты жерін ауыстыру қажет болатын жағдайлар аз емес. Әркімнің қоныс аудару себебі әртүрлі: біреулер өмірін жақсартқысы келеді, басқалары жұмысына, енді біреулері отбасы жағдайына немесе басқа жағдайларға байланысты көшеді. Алайда кез келген қоныс аудару күйзеліс, себебі барлығын жан-жақты ойластыру керек, жаңа маңызды істер де көбейіп кетеді. Сонымен қатар, қоныс аударатын адам зейнетақы жинақтарына қатысты әрекетті де есте сақтағаны жөн.

Юржан БЕКҚОЖИН, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

луде. Жалпы сомасы 3,2 млрд. теңге жұмсалған жобалар бойынша 472 жұмыс орны ашылады. Мәселен, сәуір айында «Корпорация «Қарағанды-Нан» ЖШС базасында «Өндірісті кеңейту және жаңғырту» жобасы іске қосылды. 608,5 млн. теңгеге жабдықталған зауытта 34 адам еңбекпен қамтылды. Осының нәтижесінде, зауыттың өндірістік қуаты 2017 жылы жылына 3300 тонна макарон өнімдеріне жетеді. Биыл «ҚазАгро» АҚ арқылы 5 жоба қаржыландырылды. 3,7 млрд. теңгені құраған жобалар сәтімен іске қосылуда. Биыл 3 жоба аяқталды. Қарағанды қаласындағы «Сангуаж» ЖШС-інде сыйымдылығы 1100 тонна болатын көкөніс қоймасы (134,8 млн. теңге) тұрғызылды. Абай ауданындағы «АПХ «Сарыарқа» ЖШС-інде 3000 малға арналған бордақылау алаңы (710,3 млн. теңге) салынып, Бұқар жырау ауданындағы «Караганда Осетр» ЖШС-інде тауарлық бекіре балығын өсіру ісі (583,7 млн. теңге) қолға алынды. Және Бұқар жырау ауданындағы «Жаке» шаруа қожалығы мен Абай ауданындағы «Нияз батыр» өндірістік кооперативінде 3000 малға арналған бордақылау алаңы тұрғызылуда. Сондай-ақ, кәсіпкерлер қаржысы есебінен 51 инвестициялық жоба қолданысқа енгізілуде. Мұның 17-сі табысты жұмыс істеуде. Бұл мақсатта 10043,2 млн. теңге жұмсалды. – Жылды қорытындылауға ертерек. Әйтсе де, жыл басынан бері аймақтағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің тарапынан өндірілген өнім көлеміне тоқталып өтсеңіз... – Өткен 10 айда ауыл шаруашы-

лығы бойынша жалпы өнім көлемі 196,1 млрд. теңгені құрады. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,4 пайызға артық көрсеткіш. Оның ішінде, 95,5 мың тонна (1,8 пайыз) – ет, 367,3 мың тонна (7,8 пайыз) – сүт, 521,9 млн. дана (0,2 пайыз) – жұмыртқа өндірілді. Ірі қара саны 1,2 пайызға көбейіп, 482,5 мыңға жетті. Сондай-ақ, облыс көлемінде 262,5 мың жылқы, 3825,3 мың құс бар. Биыл облыста түрлі бағыттағы 12 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Абай ауданында «Аскар АС», «Фард+», Бұқар жырау ауданында «Асыл түлік Қарағанды», Ақтоғай ауданында «Алаш Агро», «Береке-Бірлік», Қарқаралы ауданында «Ақтілек», Жаңаарқа ауданында «Батыр ауылы», «Жанболат», Осакаров ауданында «Яковлев», «Осакаровский», Шет ауданында «СПК Бірлік», Сәтбаев қаласында «Ұлы дала» кооперативтері ашылды. – Осы тұстан мал шаруашылығы саласына қарай ойыссақ... Бүгінде аймақтағы асыл тұқымды мал шаруашылықтарының тыныс-тіршілігі қалай? Мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары жүргізілуде? – Алтын дән мен төрт түлік – Арқа құты. Мал шаруашылығы – облыс экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылатын агроөнеркәсіп секторының ең әлеуетті бағыты. Біздің аймақтағы ауқымды жайылым жерлер мен қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар аталған саланың ойдағыдай дамуына айтарлықтай септігін тигізуде. Бұл ретте асыл тұқымды мал санын көбейту жұмыстары қарқынмен қолға алынуда.

Бүгінде облыс бойынша 70 шаруашылық асыл тұқымды ірі қара өсіруге мамандануда. Бұл шаруашылықтарда 13,5 мың асыл тұқымды ірі қара бар. 11 шаруашылықта – 38,5 мың асыл тұқымды қой, 10 шаруашылықта – 3,9 мың асыл тұқымды жылқы, 3 шаруашылықта – 25,2 бас асыл тұқымды шошқа тіркелген. – Асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алған шаруашылықтарға қолдау шаралары қалай жүргізілуде? – Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында жыл сайын мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіліп келеді. Биыл асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен 1,6 млрд. теңге қарастырылды. Бұдан бөлек, республикалық қазынадан 953,3 млн. теңге субсидия бөлінді. «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 3165 асыл тұқымды ірі қара сатып алынды. Оның ішінде, 3021 сиыр болса, 144-і – бұқа. «Құлан» бағдарламасы арқылы 2822 жылқы жеткізілді. Ал, «Алтын асық» бағдарламасымен 5162 қой алынды. Асыл тұқымды шаруашылықтар бұл малынан алынған төлін сатылымға шығарды. Барлығы 3,4 мың мал сатылды. Бұл ретте алдыңғы қатардан көрінген шаруашылықтарды атап өтсек. Жаңаарқа ауданындағы «Ескене», «Жанболат» шаруа қожалықтары, Шет ауданындағы «Ақшоқы» шаруа қожалығы, Нұра ауданындағы «Қайнар» шаруа қожалығы – ірі қара малын, Жаңаарқа ауданындағы «Сенім» шаруа қожалығы, «Жеңіс» ЖШС, Шет ауданындағы «Шолақ еспе» шаруа қожалығы – жылқыны, Нұра ауданындағы «Отқанжар» ЖШС, Жаңаарқа ауданындағы «Жеңіс» ЖШС, Ақтоғай ауданындағы «Жәмші» ЖШС және Шет ауданындағы «Алишер» шаруа қожалығы қой малын таратты. – Бүгінде мал етіне сұраныс баршылық екені сөзсіз. Туындайтын сауал: мал терісін іске жарату мәселесі кенжелеп тұрған жоқ па?

– Мал терісін өңдеу барысында кемшіліктер бары рас. Биыл 179,9 мың ірі мал терісі, 384,7 мың ұсақ мал терісі жиналды. Ірі малдың терісін сатып алу қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлер арқылы іске асып отыр. Ал, ұсақ малдың терісін сатып алу жұмысы қазіргі уақытта кенже қалуда. Негізгі себеп – тері өңдеу жұмысы экономикалық тұрғыдан қарағанда орасан шығынды талап етеді. Пайдасы жұмсаған шығынды ақтамайды. Сондай-ақ, өңделген теріні пайдаланатын тігін шеберханаларының болмауы да әсер етуде. Әрине, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу және сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығару – облыс агроөнеркәсіп кешенінің негізгі бағыты болып саналады. Аймақта аталған салада 132 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар жылына құны 95 млрд. теңге болатын 960 мың тонна өнім өндіріп келеді. Өткен 10 ай ішінде өндіріс көлемі 83,8 млрд. теңгені еңсерді. Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында тамақ өнеркәсібіне 2829,3 млн. теңге инвестиция тартылды. Бүгінде облыста астық өңдеумен – 23, сүт өңдеумен – 7, ет өңдеумен – 40 компания айналысады. – «Қыс шанаңды жаз сайла» деген. Алдағы көктемге, егіс науқанына дайындық шаралары қалай жүргізілуде? Жоспарыңызбен бөліссеңіз... – Алдағы жылы да облыстағы гектардан түсетін өнім шығымын арттырып, егістік көлемін ұлғайту жоспарлануда. Дәнді дақылдар алқабын 789,9 мың гектарға дейін жеткізіп, яғни, 42,4 мың гектарға арттыру көзделуде. Ал, картоп егістігін 8800 гектарға дейін немесе 350 гектарға, көкөніс алқабын 1600 гектарға дейін немесе 150 гектарға ұлғайту мақсаты тұр. Сонымен қатар, көпжылдық және біржылдық шөптердің егістік көлемін арттыру жоспарланып отыр. 2016 жылы көпжылдық шөп – 34,5 мың гектар, біржылдық шөп – 8,9 мың гектар болды. Жоғарыда аталған мақсаттарды орындау мақсатында 2017 жылғы көктемгі егіс науқанына 86,6 мың тонна дәнді дақыл және 26 мың тонна картоп тұқымдары сақталуда. Сонымен қатар, 2017 жылы малдың барлық түрін арттыруға жоспар құрылуда. Ірі қара саны – 1,2 пайызға өсіп, 483,9 мыңға жеткізіледі. Оның ішінде, сиыр – 1,5 пайызға (262,5 мың), қой мен ешкі – 0,3 пайызға (999,7 мың), жылқы – 1,4 пайызға (252,2 мың), шошқа – 0,5 пайызға (77,4 мың), құс – 0,6 пайызға (2474,8 мың) көбейтуді мақсат етудеміз. «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» мемлекеттік бағдарламалары бойынша асыл тұқымды малдарды сатып алу шаралары келер жылы да әрі қарай қарқынмен жалғастырылады. Абай ауданындағы «Нияз батыр» шаруа қожалығы 3000 мың малға арналған бордақылау алаңы мен «Байғожа» шаруа қожалығында, Бұқар жырау ауданындағы «Дело-Агро-Азия» ЖШС, Нұра ауданындағы «Қоғабаев» шаруа қожалығында, Осакаров ауданында «Найдоровское» ЖШС-інде, Шет ауданындағы «Байбала» шаруа қожалығында бес сүтті-тауарлы фермалар құрылысы аяқталады. Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру көзделуде. Мал еті – 126,5 мың тонна (1,2 пайыз), сүт – 415,8 мың тонна (1,5 пайыз), жұмыртқа – 536,3 млн. дана (1 пайыз) болады деп күтілуде. Ет экспорты 500 тоннаны құрайтын болады. 539 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынады. Бұл биыл жеткізілген техникадан 16,9 пайызға (78 дана) артық. Жалпы, 2017 жылы мемлекеттік қолдау шаралары 17 млрд. теңгенің көлемін еңсеріп, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға жұмсалады деп жоспарланып отыр. Аталған сома биылғы жыл деңгейімен салыстырғанда 7,5 млрд. теңгеге асады. – Тұщымды да мәнді әңгімеңізге рахмет. Сұхбаттасқан Нұрқанат ҚАНАФИН.

Зейнетақы және ел ішіндегі көші-қон Салымшы (алушы) тұрғылықты жерін бір елді мекен аясында ауыстырса немесе Қазақстан аумағындағы басқа бір қалаға көшсе, оған жеке зейнетақы шотынының жаңасын ашу немесе қолданыстағысын өзгерту үшін БЖЗҚ-ға келудің қажеті жоқ. Ал салымшы пошта байланысы арқылы хабарлау тәсілін таңдаған болса, онда өз деректеріндегі мекен-жайды өзгерту немесе хабарлау тәсілін өзгерту үшін Қор бөлімшесіне келуі керек. Келешекте қоныс аудару кезінде бөлімшеге келіп жүрмеу үшін алдын ала хабарлаудың электрондық түрін таңдауға БЖЗҚ кеңес береді.

Жаңа елдер – басқа қалалар Қазақстан азаматтары ел аумағынан тысқары жерлерге тұрақты немесе уақытша тұруға кететін кездер де аз емес. Қалай болғанда да салымшы (алушы) зейнетақы жинақтарын алу құқығынан немесе мүмкіндігінен айырылмайды. Шетелге уақытша тұру үшін кеткен кезде жеке зейнетақы шоты жабылмайды, қаражат БЖЗҚ-да салымшы (алушы) талап еткенше мерзімсіз сақталады, оған инвестициялық табыс есептеледі. Шетелге уақытша кеткен тұлға Қазақстандағы тұрғылықты жері бойынша өз тіркеуін сақтайды деп саналады. Басқаша айтсақ, Қазақстан азаматы бірнеше ай немесе жыл өткен соң елге қайтып оралады да жалпыға бірдей негізде, яғни зейнет жасына толған соң зейнетақы алатын болады.

Бөтен елді мекен ету Егер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар азамат басқа мемлекетке тұрақты тұру үшін қоныс аударса және кеткен шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлға деп саналатын болса (тиісті құжат алса), онда ол «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңының (02.08.2015 жылғы № 342-V ҚР заңымен енгізілген түзетулер ескерілген) 31 және 33-баптарына сәйкес өзінің міндетті, міндетті кәсіптік және/немесе ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемге құқық алады. Мұндайда ҚР аумағынан тысқары ТТЖ-ге кететін, бірақ әлі кетпеген шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың Заңның белгіленген ережелеріне сай БЖЗҚ-дан ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралғаннан басқа зейнетақы жинақтарын алуға құқығы жоқ. 2015 жылы БЖЗҚ Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары ТТЖ-ге кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы 21 461 өтініш қабылдады. Оның ішіндегі 17 625 өтініш бойынша төлем жасалды, ал 3 836

3

өтініш орындалмай қайтарылды. 2016 жылдың бірінші жартыжылында 6 997 өтініш қабылданды, оның ішіндегі 6 514 өтініш бойынша зейнетақы төлемдері жасалды, ал 483 өтініш орындалмай қайтарылды. Өтініштің орындалмау себебі көбінесе ҚР заңнамасының талаптарына сай емес құжаттар топтамасын ұсыну болады. Мысалы, Ресей Федерациясының азаматтары шетелдіктің шетелдік төлқұжатының орнына ішкі төлқұжат ұсынады және тағысын тағылар.

Қажет білім Өтінішті орындаудан бас тартуды болдырмау үшін БЖЗҚ-ға ҚР заңнамасының талаптарына сай құжаттардың толық топтамасын ұсыну керек. Қазір БЖЗҚ-ға құжат өткізудің бірнеше тәсілі бар: өзі келіп өткізу, сенім білдірілген тұлға немесе пошта байланысы арқылы өткізу. ҚР аумағынан тысқары ТТЖ-ге кеткен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар БЖЗҚ-ға өзі келген кезде шетелдік төлқұжат көшірмесін және салыстыру үшін оның түпнұсқасын, сондай-ақ, алушының банк шоты туралы мәлімет беруі керек. Егер төлем үшінші тұлға арқылы ресімделетін болса, онда алушының шетелдік төлқұжатының нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылуы тиіс. Сонымен қатар, сенім артылған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін және салыстыру үшін оның түпнұсқасын, нотариат куәландырған сенімхат немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін, сондай-ақ, алушының банк шоты туралы мәлімет беру керек. Өтініш пошта байланысы арқылы берілген жағдайда, БЖЗҚ-ға мынадай құжаттар жіберіледі: алушының өзі толтыратын белгіленген нысандағы өтініш, ал алушының қолын нотариат куәландырады, шетелдік төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі және алушының банк шоты туралы мәлімет. Құжат түпнұсқасынан көшірменің дұрыс екенін, өтініштегі алушы қолының шынайы екенін куәландыру, сенімхатты куәландыру бөлігіндегі нотариат әрекеті шетелдік мемлекетте жасалса, онда оларды заңдастыру керек, бұған Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда басқаша белгіленген жағдайлар қосылмайды.

Тағы да маңызды мәселе туралы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа нысандағы өтініш бланкілерімен қатар қабылданып келген ескі үлгідегі бланкілердегі өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап тоқтатылғанын ескертеміз. Қазір өтініштер тек жаңа үлгідегі бланкілермен қабылданады. Барлық қажет құжаттар тізбесі, оның ішінде өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сондай-ақ, сенімхат үлгілері БЖЗҚ ресми сайтына www.enpf.kz мекен-жайы бойынша («Қызметтер» - «Алушыларға» – Зейнетақы төлемдерін ресімдеу тәртібі» – «Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары ТТЖ-ге кетуге байланысты төлемдер» бөлімінде) орналастырылған. Сонымен қатар, ҚР аумағынан тысқары ТТЖ-ге кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін Қордың құжаттар БЖЗҚ-ға түскен не қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде алушының арызда көрсетілген банк шотына аударатындығын ескертеміз. Елнур Шалкибаев.

Баспасөз мәслихаты

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» 19 қазаннан бастап төлемдер мен салық заңнамасы бөлігіндегі төлем жүйелеріне және ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң күшіне енген болатын. Жақында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Азамат АХМЕТОВ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қабылданған шешімнің тиімділігі мен мемлекетіміз үшін пайдасы зор екендігін айтып берді. Бүгінгі күнде түсіндіру жұмыстарының атқарылып жатқандығын сөз еткен Азамат Қуатұлы қандайда бір шешімге келгенде олқылықтың орын алмауына жіті назар аударылғанды-

ғын жеткізді. Бұл жерде азаматтар мен ұйымдар құықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында нақты субъектілер тізбесі мен негіздері айқындалады. Аталған субъектілер мемлекеттік кіріс органдарына шетелден ақша немесе мүлік алғандығы туралы мәлімет беру міндеттелген. Сонымен қатар, шетелдерден алынатын қаржы мен өзге де заттарды қабылдаған тұлғалар туралы дерек көзі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет порталында жарияланады. Қаржылық саясаттың ашықтығы жемқорлыққа жол бермеуге ықпал жасап отыр. Қаржыландыру мониторингін енгізу әлемдік тәжірибеге не болмаса халықаралық талаптарға қайшы келмейді. Қазіргі уақытта Қарағанды облысының бірқатар кәсіпорындары шетелдерден қабылданған қаражат бойынша ақпарат беруде. Сондай-ақ, мұндай заң жүйесі Беларусь мемлекетінде 1994 жылдан бастап қабылданғандығын айтты.


4

әЛЕУМЕТ

19 қараша, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz

Ресми

Тарих толқынында

Төрехан Майбас, «Орталық Қазақстан» Шаншар абыз жөнінде бастау қиын, бастаған соң тастау қиын... Бұл бір ғана менің басымдағы жайт болмас. Тірек ештеңе жоқ. Дерек, дәйектеменің барлығы да жанама. Бары – әпсана, аңыздар. Кәсіби тарихшылар үнсіз. Өлкетанушы, шежірешілердің ізденістері барлаудан әрі аспай тұр. Сонша таусылатындай ештеңе бола қойған жоқ, әрине. Дегенмен, ойласар жайт – баршылық. Шаншар бабамызды есті қазақтың бәрі білсе керек. Абыз деп. Ертеректе бабамызды абыз деп айтуға екінің бірінің дәті жетпеген. Айтса сыбырлап айтқан. Бүгінде екінің бірі абыз дейді. Себебін айтса, кәне? Бәрін қойғанда ол тарихи тұлға. Жазба тарихы жоқ халықтардың тарихи тұлғаларын тұлғаландыру оңай шаруа емес. Бұл бізде басқа жұрттың тарихы, тарихшылары арқылы жүзеге асып келеді. Күні бүгінге дейін солай. Қазақ жұртына қаратып айтқанда біздің ондай тарихи тұлғаларымыз сол елдердің ыңғайына қарай түзіледі. Олай болса тарихи тұлғаларымызды қайта електеуге тура келеді. Бұған қарап аждаһа, аю көршілеріміздің жазбаларынан бас тартудың қажеттігі бола қоймас. Тек сол жазбаларға қазақтың көзімен қарау қажеттігі туындайды. Мұнан басқа тарихи жырлар мен ел аузында жүрген әпсана-аңыздарымыз жеткілікті. Қағазға түскен шежірелеріміз де бар. Оның басында Мәшекең, Шәкерім, Әлихан, Мұхамеджан және басқалары тұр. Бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда да бұл жәдігерлеріміздің елтанудағы алатын орны өз алдына бөлек әңгіме. Шоқан қазақ шежіресін түзді дегенге сеніңіз. Кешегі Марқасқа, Жиембет, Көтеш, Ер Доспамбет, Мөңке, Бұқар, Дулат, Шортанбай түзген жыр жолдарының әрбір шумағы да жатқан тарих. Одан қалды ата-бабаларымыздың ауызша түзген шежіресі бар. Біздің жағдайда бұл да дерек көзі болып табылады. Олай болса ауызды құрғақ шөппен сүрте беру жарамайды. Әңгімемізді тікелей Шаншарға тіреген соң оның қай уақытта өмір сүргенін анықтау керек болады. Сырт қарағанда оның дәлелі жеткілікті көрінеді. Айлап, жылдап қағазға үңілген жан әлгі деректерге әбден милыққанын білер еді. Қыр қазағының қайсы болсын Есім хан қолы астында Арғын, Найман батырларының соғысқанын айтады. Бұл әңгімені Әлекең де, Мәшекең де, Шәкерім де бекітеді. Қатаған айтылған жерде хан Тұрсын ойға оралады. Тұрсын айтылған жерде Есімхан есте тұрады. Есімхан айтылған жерде міндетті түрде Шаншар айтылады. Себеп жеткілікті. Ең алдымен, Есімхан Тұрсынның үш қызын осы Шаншарға береді. Осыдан барып ел шежірешілері Шаншарды үш сыбағалы деп аспандатады. Мұның өзі айтарлықтай дерек болғанымен елді адастыруға жетелейтін пайымдау. Сондағы адастырмайтын соқпағымыз қайсы?! «Барлық жол Ұрымға бастайды» деген тәмсіл бар. Осыны өзімізге қаратып айтсақ қайтеді?! «Барлық соғыс Ташкенттен басталған». Қазақ қосындары осы Ташкент үшін кімдермен ғана қырқыспаған. Одан қалды өз-өзімен соғыспады ма? Талай талайлы ханның, талайсыз қарашаның басы кетпеді ме? Сұлтаны ханына, інісі ағасына қарсы жүрмеді ме?! Осы Ташкент үшін соғыста қазақтың аты шыққан хандары Тәуекел, Шығай, Хақназар шейіт кетті емес пе?! Ташкент жай ғана қала емес, кент-мемлекет, қала-мемлекет болды. Бүгінгі Ватикан сынды. Ташкентті билеген хан атанды. Ташкент билеушісінің құзыры қазақ даласына да, өзбек құжырасына да, сарт садағасына да, маңғыт мырзаларына да жүрді. Ташкентті билеген Түркістанды да биледі. Алдымен Шаш, кейін Таш атымен белгілі болды. Оның алғашқы ханы Әбілқайырдың ұлы Сүйінші еді. Ташкент үшін соғысты Қазақ хандығында Қасым хан бастап, Есім хан аяқтады. Осы мәліметтерден-ақ Ташкенттің дәргейі, Шаншардың қашан өмір сүргені анықталады. Шайбани әулетінің Ташкентке жүргізген билігі бір ғасырға созылды. Бір ғасыр бойы осы Ташкент үшін Шайбани әулеті мен Қазақ хандығы арасындағы соғыс бір сәт те толастамады. Ташкент болса қазақ қолына Абдолла Тәуекелден жеңілген соң ғана қараған. Осы қырғында Тәуекел опат болып, оның орнына Есім хан сайланады (1598ж.). Қазақ хандығына қарағаннан кейін де мұндағы тақ таласы тоқтамайды. 1600-1601 жылдары маңғыт мырзасы Жан (Джани)

Мұхаммед, 1603-1604 жылдары қарақалпақ Әбділ Ғаппар, 1612-1613 жылдары Имамқұлдың ұлы Ескендір хандық құрды. Қазақ хандары арасында Ташкент тағында ең көп отырғаны да, соңғы ханы да Жалым сұлтанның ұлы Тұрсын еді. Ол 1613-1627 жылдары билік құрды. Жалым сұлтанымыз айтып отырған Қасым ханның баласы

болады. Бұлбұл батыр осы Жалым сұлтанның бас сардары болған. Ал Бұлбұл Шаншардың әкесі болады. Хайдар Дулати Жошы әулетінде Қасымнан өткен әлеуетті ханның болмағанын айтады. Қазақ иелігінен бір сәтте төрт жүз мың қосын шығара алатын Қасым Ташкентке барып тұрып шаппады. Неге? Тарихшыларымыз түрлі себеп-салдарын айтады. Соның біріне де табан тірей алмайсыз. Ташкент жұртын қазақ руларының құрағаны белгілі. Оның ішінде Орта жүздің негізгі екі руы – арғыннаймандар, боса-болмаса қаңлылар, қатағандар сыңсып отырды. Қазақ баласы бұған дейін де бірбіріне қол көтермеген. Бұдан былай да көтермеуі керек. Барша қазақ баласы бір-біріне – бауыр. Сол сертіне Қасым жетті. Қасым заманында Қазақ елі қуатты мемлекетке айналды. Қасымның қасқа жолы осы! Қазақ баласы ақарлы-шақарлы ел болам десе бір ноқтаның астында болуы керек. Бір ханға ғана бағынуы керек. Бұл Есім ханға Шыңғыс бабасынан қалған жол. Мұны Шыңғыс та айтты, Жамұқа да айтты. Жамұқа да Шыңғыстан кем емес еді. Алайда, тарих алдыңғысын таңдады. Өз мойұсынуымен Жамұқаның қанын шығармай көкке аттандырды. Есім де соған барды. Бұған дейін Қасым ханның қасқа жолымен жүріп келген Есім хан бұдан былай олай жүре алмайтын еді. Өйткені, қазақ даласының ауызбіршілігі пышырап, құз алдында тұр еді. Ол Ташкент хандығын жоюға еріксіз барды. Сөйтіп, қазақ даласында бір-ақ хан қалды. Есім хан ғана қалды! Есім де өз сертіне жетті. Есім заманында да Қазақ елі қуатты болды. Есім ханның ескі жолы дегеніміз осы. Қазақ көші осылайша қисайып барып қайтып түзелген. Қазақ тарихының қаратаңбалы бір беті осы Қатаған соғысы болды. Қатаған қырғыны Алаш санын ойысырата түсті. Бір кездері дүркіреп тұрған қатаған жұртының аман қалғандары ұйғырға сіңіп долан, қоңыратқа сіңіп жетімек атанды. «Олардың найзаға отырғызылып жазаланған бір бөлігі кейіннен қатаған атауынан бас тартып, шанышқылы аталып кетті» (Т. Омарбеков. «Ана тілі, 22.04. 2015). Қазақ елінің Үш жүзге бет алуы осы Қатаған қырғынынан кейін басталады. Осы жерде Тұрсын ханның Қазақ хандығы тарихында әлі күнге дейін өз бағасын ала алмай жүргенін ашық айтуымыз керек. Қазақ жұртының тәуелсіздігі жолында басқа хандар қалай тер төксе, ол да сонша тер төкті. Есім хан тағына отырғанға дейін Тұрсын онымен бірге қапталдаса шапты. Тұрсын Ташкент билеушісі дәргейіне жетті. Сол билікке жетем деген қазақ сұлтандары аз болмады. Тұрсын жай жетпей күшті билік құрды. Кеше ғана қатар тұрып, жау түсірген Есімнен іргесін сырт салды. Өзін хан жариялап, өз ақшасын шығарды. Сөйтіп, Қазақ елінің түстігін осылайша екі хан билеп тұрды. Ол аздайын бұларға бағынбайтын сұлтандар пайда болды. Ташкенттегі Келді Мұхаммед, Әндижандағы Абылай, Тұрфандағы Әбдір Рахим, Жаркенттегі Абақ және басқалары жау болмаса да дос емес еді. Ташкент, Әндижан, Сайрамнан бұқарлар да үмітті еді. Сонымен қазақ-бұқар соғысы басталып кетеді. Бұл соғыс жиырма жылға созылады. 1603 жылы Айғыржардағы соғыста бұқарлықтар тізе бүгеді. 1611 жылы Есім хан Ташкент түбінде Имамқұл ханның әскерін жеңеді. 1612 жылы да басым түседі. Келесі жылы тағы да Имамқұл қолын талқандап, Самарқандты өзіне қаратады. 16201621 жылдары қазақ-бұқар қолдары тағы да үш рет түйіседі. Үшеуінде де қазақ қолын Тұрсын басқарады. «Тарихи әлем араи Абассиде» Ескендір Мұншы осы соғыстағы Тұрсын Мұхамедтің ерлігін жоғары бағалайды.

Бұқарлықтардың келіссөзді нақ осы Тұрсынмен жүргізгенін баяндайды. 1627 жылы Есім хан Имамқұлды біржолата талқандайды. Елдің түстік шекарасын бекемдейді. Есім мен Тұрсынның арасы моғолдықтармен болған ұрыстардан кейін ашыла түседі. Есім Қасым жолын жалғастырып, Әбді Рахимді қолдаса, Тұрсын Қашқар ханы Әбді-

латып Абақты қолдады. Есімнің інісі Көшектің Шығыс Түркістандағы жорығын Тұрсын қолдамады. Оның үстіне қатағандықтар Есімнің билігінен бас тартты. Хан тағына отырған Есім Бұқармен бейбіт келісім жасап, әскер қуатын күшейтуге ұмтылды. Соған орай, өзінің ордасын Түркістанға көшірді. Осыдан бастап, Есім мен Тұрсын арасы суыса бастайды. «Аңыз адам» өзінің №31 санын ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Керей мен Жәнібекке – Қазақ хандығына арнағаны белгілі. Өкінішке қарай, журналдың осы санынан Тұрсын хан туралы материал кездестірмедік. Әрі-беріден кейін тегі белгісіз деп жазыпты. Шын мәнінде ол текті тұқым. Кешегі Қасымның немересі. «Егеменде» шыққан Жылқыбай Жағыпарұлының «Қазақ хандығы» деген зерттеу мақаласында да Тұрсын есімі аталмайды. Шоқан қазақтың хандары мен сұлтандары туралы айтқанда біреуіне де тіл тигізбеген. Ал біздің тарихшыларымыз Тұрсынды қойып, Әбілмәмбетті де, Болатты да, Сәмекені де апарып тастайды. Орыс тарихшылары аздай енді өз ханымызды өзіміз күстаналауға көштік пе, қалай?! Тұрсынның әкесі Жалым сұлтан да хан аталмағаны болмаса ешкімнен сорлы емес еді. Осы ақтаңдақтың орнын тарихшы Талас Омарбеков толтырғандай еді. «Ана тілі» газетінде жарияланған «Тұрсын хан» (ТұрсынМұхаммед) (22 сәуір, 2015) мақаласында «Жәлім сұлтан тарихта Ақназар ханға адал берілген тарихи тұлға ретінде белгілі. Ол кезінде Ақназар ханның ноғайлармен арадағы жанжалдарына да қатысты. 1569 жылы Жәлім сұлтан Ақназармен және Шығай сұлтанмен бірге өздерінің туыстары болып саналатын 20 сұлтанның жасақтарын бастап, Ноғай ордасына басып кіріп, оны ойрандады. Бұдан соң да Жәлім сұлтан Ақназар ханның қасынан бір елі қалған жоқ. Ол 1580 жылы тағы да Ақназар ханның кезекті тапсырмасын орындау барысында өзінің туған күйеубаласы болып табылатын шайбандық Ташкент билеушісі Баба сұлтанның қолынан қайғылы қазаға ұшырады. Жәлім сұлтанмен бірге оның екі ұлы және Ақназар ханның сұлтанға ілескен екі ұлы бәрі бірге Баба сұлтанның тапсырмасын орындаған адамдарының қолынан өлді» деп жазды. Бұған

қарап Қаракесек Бұлбұл батырдың да осы қырғында опат болғанына шәк келтірмейсің. Тұрсын сол Жалым сұлтанның баласы еді. Шаншар сол Бұлбұл батырдың баласы еді. Бұлбұлдың екі баласының бірі – Шаншар. Ақылман Шаншар қалыптасқан жағдайды бағамдай білді. Ол

Тұрсынды қолдамады да, қарсы да келмеді. Алайда, Түркістан жұртын Есім маңына топтастыруда, ұйыстыруда өлшеусіз еңбек сіңірді. Есім мен Тұрсынды татуластыруға бар күш-жігерін жұмсады. Тұрсын қалың қолмен Түркістанды алғанда Есімнің Жетісуды тастап шығып, Тұрпанға өтіп кеткені белгілі. Бұл жолы да Шаншар бастаған хан айналасындағылар хандар соғысын болдырмай тастайды. Екі ханды да Қасымның қасқа жолына әкеліп салады. Ташкент бөлініп кеткен жағдайда Қазақ елі қайтып көтеріле алмастай әлсірер еді. Мұны Есім де бағып отырған. Осыдан барып Тұрсынның асылық әрекеттеріне көзін жұмып қарауға мәжбүр болды. Қалай дегенде етбауырына қару көтере алмас еді. Алайда, көтеруге тура келді. Ат құйрығын кесіскенше екі рет шауып, екеуінде де жеңіледі. Бұл тұста Тұрсын Ташкентті ғана емес, Шығыс Түркістанды да билеп тұрады. Тұрсынға қайтып қайырылуға Есімнің уақыты да бола бермейді. Ұранотын жағып, бір жиғанда төрт жүз мыңға дейін әскер шығара алатын Есім ел ішінің егесінен шығып, қара қалмақтарға қарсы тұрады. Бұл 1627 жыл болатын. Бұл ұрыста басымдылық танытқан қазақ ханы жоңғарларды Жоңғар Алатауына қуып тастайды. Осы соғыста қырғыз Түгел бай ерлік көрсетеді. Ол өз елінен мың, хан Тұрсынның иелігінен тағы сонша қол алып, қалмаққа қарсы тұрады. Оның бұл көмегін Есім де ескереді. Тұрсыннан олжа боп түскен бір қызды осы Түгелдің баласы Маңғытқа береді. Бұл қыздан үш ұл туады. Олардың ұрпағы қырғыз ішінде Қатаған аталады. Есімге көмекке келуге тиісті Тұрсын опасыздық жасап, өз жасағын Түркістанға бұрып, хан ордасын шабады. Бұған дейін бәрін кешіп келген Есім бауырының осы сатқындығын кешпейді. Түп бабасы Шыңғыс ханның аманатына адалдығын дәлелдейтін сәттің келгенін жан дүниесімен түйсінеді. Оның қырғыз Түгелдің басқаруына берген мыңдығына қарамайды. Алдағы уақытта бауырлар бір-біріне қару көтеріп жүрер деген қауіппен Шыңғыс бабасының жолын жалғастырады. Тұрсынның елі Қатаған хандығы тұрғынын шабақша шабады.

Сатқындықтың, опасыздықтың алдын алудағы осы жарғы кейінде Есімханның ескі жолы атанады. Қатаған қырғынына негізінен Арғын батырлары қатысады. Тұрсын ханның екі қызы мен нөкерлері қолға түсіп, олжаға үлестіріледі. Екі қыздың бірін Есімнің өзі алып қалып, баласы Жәңгірге қосады. Қыздың екіншісін Шақшақ алады. Ол да олжа қызды баласы Қошқарға қосады. Одан атақты Шақшақ Жәнібек батыр туады. Бұл жөнінде Мәшекең былай дейді: «...Сондағы олжаға, үлеске түскен қыздардың екеуі хан Тұрсынның өз қызы болып шықты». Құрбанғали Халид: «Жәңгір ханның екінші әйелінен Аула, Бақи туған. Ауланың бір әйелінен Абылай мен Жолбарыс, бір әйелінен Сұлтанбет туған» деп жазады. Мәшекең мұны нақытылай түседі: Жәңгірдің екінші әйелі қатаған хан Тұрсынның қызы Ғайша ханым. Мұнан туған Уәлі Бақы әз Тәукемен таққа таласып қалып, жеңілген соң Үргеніштегі нағашысы Қайып ханға барып қатын алып, жалғыз бала туып, атын Абылай қойған» дейді. ДАТ-та Уәли мен Бақы бір адам – Уәлибақы ретінде қарастырылады. Шоқан екеуін бөліп жазады. Уәлі, Бақы деп. Арғын батырлары арасында Шаншар абызға ерекше артықшылық беріледі. Шаншардың абыз аталуын әркім әр саққа жүгіртеді. Негізінен Шаншар батыр болған. Абыз аталуы кейінде. Есім қолында Тұрсынды үш рет шабуға қатысқан ол үш сыбағалы болады. Айбике (Әйбике), Нұрбике, Қызданбике деген қыздарды алады. Бұл аталар шешелерінің атымен Айбике-Шаншар, Нұрбике-Шаншар, Қызданбике-Шаншар атанады. Алдыңғы екеуі өскен аталар. Екі болыс ел болған. Қызданбике өспей қалған. Оразбике деген қызды Арғын Байбөрінің Олжашы деген баласы алады. Жолбике деген қызды Наймандар алады. Қарпық балаларына Дәулетбике, Тобықты балаларына Қоңырбике бұйырады. Тұрсын қыздары нөкерлерінің бірін қырғыз алған. Одан тараған ұрпақ Маңғыт Қатаған аталады. Қатаған халқы ұйғырға қашады. Қатағандар бүгінде ойдым-ойдым ауыл болып Өзбек жұртында кездеседі. Олар өздерін қатағанбыз дейді. бірақ, «өзбекпіз» дегенді қосып айтады. Қырғыз ішінде де қатағандар бар. Бірақ, олар жоғарыда айтқандай қатаған емес, қатағандардың жиендері. Есім хан жағында соғысқан қатағандар кейін шанышқылы есімімен белгілі болады. Осы жерде әңгімемізді тағы бір түйіндеп алайық. Қатаған соғысы неге Қатаған қырғыны атанды? Қадырғали Жалайри Алаш жөнінде жазғанда үш сан Алаш деп жазады, Қатағанды екі сан деп көрсетеді. Осыдан-ақ қатағандардың қанша халық болғандығын ажыратуға болар. Сол қатағандарды жер бетінен жоңғарлар сынды құрып кетуінен сақтаған арашаға жүрген Шаншар батырлар еді. Мұхамеджан Тынышбаев 1917 жылғы санақ мәліметтеріне сүйеніп, «қаңлы мен шанышқылы саны 190 мың» деп жазады (Тынышпаев М. Материалы к истории киргизо-казахского народа. Ташкент, 1925). Қатаған хандығының жойылуымен қазақ жүздерінің бөлінісі шапшаңдай түседі. Хандар енді батырлардың ғана емес, ел ақсақалдарының, абыздарының, жүзбасыларының көмегіне жүгінеді. Ұланғайыр кеңістікті алып жатқан қазақ иелігін онсыз басқару мүмкін емес еді. Әр жүздің билігі өзінде болды. Оны билер (жүзбасы) басқарды. Орта жүздің билігі Шаншарда болды. Ал жүз билерінің билігі ханда болды. Орта жүз негізінен арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ болып бөлінді. Ішінара қоңырат та қарады. Олардың негізгі бөлігі кешегі Жиделі Байсынды мекендеді. Осы алты арыс Орта жүздің көбісі арғындар еді. Сол арғындар өз ішінде он ұлысқа бөлінді. Соның тізгінін қаракесек руы ұстады. Соған орай, осы жүздің биі Қаракесек руынан сайланып келді. Шаншардың абыз атануы осы тұс. Ол өзінің ордасын қашанда Кіші жүзге жақын тігіп отырды. Кіші жүз бен Орта жүз билері қоныстарын қатар жаңартып отырды. Оған себеп жеткілікті болатын. Орман аюы қазақ даласына қарап тұр еді. Орал тауынан қаққан-соққан шоқындыларды алға салып, жербауырлап поптар келе жатқан. Орта жүз бен Кіші жүз батырлары башқұрт қосындарын алып, соларға қарсы тұрды. Шаншар абыздың көрегендігі сол оларды қазақ жеріне кіргізбеді, ұрыстар башқұрт жерінде жүріп жатты. Осы жерде тағы бір нәрсені айтпасқа болмайды. Ол жүздерге қатысты жағырапиялық атаулар. Ұлы жүз Ташкентке иелік етті, Орта жүз Түркістанға иелік етті, Кіші жүз Баскентке (Қиуа) иелік етті. Осыдан Ұлы жүз түстікке, Кіші жүз батысқа, Орта жүз теріскей шығысқа қарай ойысып, қазақ елінің арнасын кеңейтті. Қазақтар Сарыарқаға «ақтабан шұбырындыдан» кейін келді деген сөз білместікпен айтылған сөз болады. Кіші және Орта жүз қазақтары оған дейін де бұл сайын далада көшіп жүрген. Бүгінде шамасына қарамайтын жазғыштар шықты. Бұлар шежіреде қауіпті. Елді адастыратын Сусанин-

дер осылар. Не кеңістікке қарамайды, не уақытқа қарамайды, не өзінің алдында жазғандарға үңілмейді. Осы мақаланы жазу барысында Марқасқа жыраудың Тұрсынға қатысты атақты өлеңінің он нұсқасын кезіктірдім. Мұхтар Мағауин нұсқасы тұр ғой деп ай-

Приозерск қаласының Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 20142016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2016 жылдың І жартыжылдығында бірнеше іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. қайлағың келеді. Соны жазып отырған академик. Сол академигіміз қазақ батырлары Тұрсын ханның қырық қызын олжалады дейді. Олай болған жағдайда Айбике, Нұрбике, Қызданбике, Жолбике, Дәулетбике, Қоңырбике ұрпақтары Айбике Қатаған, болмаса, Дәулетбике Қатаған атанар еді. Академигіміз солай деп отырғанда қалғанымызға не жорық?! Бүгінде Бұлбұлға да, Шаншарға да қатысты ел аузында жүрген әңгімелер жеткілікті. Соның көбісі түкке тұрмайды. Өйткені, әлгі Сусаниндер ол әңгімелерді өз жандарынан шығарған. Бұл әңгіме осы ата ұрпағы Келдібекке де, Бертіске де, Қазыбекке де қатысты. Әпсана деп күлтелейді, оқысаң су татиды. Шаншардың бір баласы Нұрбикеден туатын – Бертіс. Жай Бертіс емес, хан Бертіс. Жалпақ қазақ Қарқаралы хан Бертіс деп біледі. Шаншардың баласы, Қазыбектің әкесі Келдібекпен қатар тұрған тұлға. Сол бабамызды тұқыртып хан болған жоқ деп жазамыз. Соны басқалар емес, өзіміз айтамыз. «Орталық Қазақстанда» «Шаншар абыз Бұлбұлұлы» деген көлемді мақала жарияланды. Сиясы әлі кебе қойған жоқ. Авторы өзіміздің ағамыз Серік Сексенов. Сол ағамыз былай деп жазады: «Ел ішінде хан Бертіс деген сөз бар. Бұл Бертіс хан болды деген емес, қарадан хан қоймайды. Бертіс Ташкентті шабуға қатысып, сонда билік құрғанға ұқсайды». Сонда қалай, Мәшекеңдер өтірік жазып отыр ма? Сол Мәшекеңе үңілейікші. Не дейді екен?! Мәшекең былай деп жазады: «Бертіс он жеті ұлды Бертіс атанған. Он жеті ұлы ат арқасына мініп, соңынан ерген соң жалғанның жарты пәлесі болған, басына құстың қауырсынын қадап алып «Қарқаралы хан Бертіс» атанған. Ташкентті барып шапқан, талаған. Мұны Бұқар ханы естіп, соғысуға келген. Сонда Бертістің Бұқар ханына айтқан сөзі: – Он жеті ұлым бар, сен түгілі Құдайдың да өкпесі қабынып, алса да зорға алар, – депті. Бұқар ханы: – Мынау Құдайдан да қорықпаған екен. Құдайдан қорықпағаннан қорық деп еді, – деп қайтып кетіпті». Уау, Мәшекең бәрін жазып кетіпті ғой. Осыдан артық қандай дәлел, дерек керек. Бәрі қалса да, көрсоқырлығымыз қалмай келеді. Сүт ішінде май жатқанын көрмейміз. Бір абызымызды мадақтаймыз деп, екінші абызымызды төмендеткеніміз қалай?! Енді Мәшекеңнің әңгімесін таратайық. Бертіс хан болған. Өйткені, ол Ташкенттің билеушісі болған. Ташкентті билеуші қашанда хан болған. Ендеше, Бертіс хан болған. Екіншіден, «басына құстың қауырсынын қадап алып...» жүрген. Өйткені, оның сүйегі қара еді. Соған орай басына мұрақ, болмаса тәж кие алмайтын еді. Үшіншіден, «Қарқаралы хан Бертіс» атанған. Себебі Бертіс кешегі қатағаны тұқымына сенбеген. Соған орай жан-жағын, хан күзетін Қарқаралы жақсымдарынан жасақтаған. Төртіншіден, кешегі жан-жағын дірілдеткен Бұқар ханының өзі Бертіспен соғысудан бас тартып тұр. Қарт тарих шындықты айтса, Тұрсын, Есімхандар қатар жүріп, Бұқар хандығын әупірімдеп жүріп тізерлеткен. Жә, ұзап барамыз. Ұлт жанашыры Мағауия Сембай бауырымыз тапсырыс бермесе бұл мақала да жазылмай қалар ма еді? Бұл мақаланы жазудағы мақсат біреуді мұқату емес, аруақтарды алқау еді. Кереқарыс кітап жазсақ па деген де ойымыз болған. Әзірге ондай тапсырыс түспей тұр. Осы жерде ащы да болса бір шындықты айта кетейік. Бертіс бабамыздың басындағы жайт Қазыбек бабамыздың басында да тұр. Орта жүздің есті баласы Қазыбек би дегенді білмейді, Қаздауысты Қазыбекті біледі. Орта жүз баласы Қазыбекті білгенде хан деп білген. Соғысты хан ғана жариялайды. Қытайдың боғдыханын дірілдеткен жоңғардың тайшысы қайдағы бір қазақтың Қазыбегінің екі ауыз айтқан сөзіне бола мал-жанын босатар ма? Хан мен хан сөйлесер болар...

Мемлекеттік тілді оқыту курсы ұйымдастырылып, 15 адам қамтылды, деңгейі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша, В2 ортадан жоғары. Мемлекеттік тілді оқыту курсымен қамтылған 15 тыңдаушының барлығы мемлекеттік қызметкерлер болды. 10 мемлекеттік қызметші ҚАЗТЕСТ жүйесінің В1 деңгейі (орта деңгей) бойынша тест тапсырып, сертификат алды. Ал, әртүрлі салада қызмет ететін 60 адам диагностикалық тестілеуден өтті. Қорытындысы төмендегідей болды: қарапайым А1 деңгейі бойынша – 0, базалық А2 деңгейі бойынша – 16 (26,7 %), орта В1 деңгейі бойынша – 35 (58,3 %), ортадан жоғары В2 деңгейі бойынша – 9 (15 % – жоғары деңгей С1 – 0. Қаладағы көрнекі ақпарат пен жарнамалардың тиісті заңнама талаптарына сай рәсімделіп, орналасуы бойынша жұмыстар атқарылуда. Приозерск қаласы бойынша жарнамалардың жалпы саны – 210, оның ішінде, әлеуметтік жарнама – 26, коммерциялық жарнама – 184. Олардың 78-і келісілген. 2016 жылы рейдпен қамтылған көрнекі ақпарат саны – 118, 15-інде әртүрлі деңгейдегі қателіктер анықталды. Рейд барысында 7-і жөнделіп, бөлімнен келісім құжатын алғаннан кейін ілінді. Қалған 8-і алынып тасталды, олардың иелерімен түсіндіру-әдістемелік жұмыстары жүргізілді, қателіктерді 1 ай көлемінде дұрыстауға ұсыныс берілді. Бөлімде 2016 жылдың қаңтар айында сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат, сонымен қатар, тауарлық жапсырмалар (этикеткалар) және басқа мәтіндерінің қатесіз сауатты жазылуын бақылау негізінде шағын және орта бизнес өкілдері және жарнама агенттіктерімен тиісті жұмыстар жүргізу үшін тегін консультациялық көмек көрсететін «Жедел желі» («Callcenter») қызметі іске қосылды. «Жедел желі» («Callcenter») қызметі көрсетілетіндігі туралы хабарлама жергілікті «Приозерский вестник» газетінде және бөлімнің сайтында жарияланды. Бүгінгі күнге жедел желі бойынша көмек алушылар саны – 3. Ағымдағы жылдың ақпан айында жергілікті бизнес өкілдерімен өткізілген конференцияда көрнекі ақпаратты дұрыс рәсімдеуді түсіндіру мақсатында баяндама жасалынды. Сондайақ, жергілікті кәсіпкерлердің барлығына маңдайшалар мен жарнамалардың заңнамаларға сәйкес дұрыс жазылуы, көрнекі ақпараттың мәтінін келісу қажеттігі жөнінде түсіндіру хаттары жолданды. Жергілікті және облыстық БАҚ-та тіл саясатын насихаттауға бағытталған жұмыс жалғасын табуда. Мемлекеттік тілді қолдану және оны дамыту жұмыстарын насихаттау мақсатында, 2016 жылдың 6 айында жергілікті «Приозерский вестник» газетінде 11 мақала жарияланды. Қаламызда барлығы 34 көше бар. Бөлімде қала көшелерінің атауын ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Негізгі орталық 7 (20,5 %) көшенің, 2 мектептің атаулары 2011 жылға дейін ауыстырылды. Одан кейін мораторий жарияланып, көше аттарын ауыстыру уақытша тоқтатылды. Бүгінгі күнге тұрғындардан атаулары моральді тұрғыдан ескірген 10 көшені қайта атау бойынша ұсыныстар келіп түсті. Мораторий аяқталғаннан соң бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табатын болады. Ж.ДУЛАТОВА, Приозерск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары. Приозерск қаласы.


дүние-дүрмек

19 қараша, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Тәуелсіздік ұландары

Құттықтаймыз! Мырзатай Сұлтанбекұлы Сұлтанбеков 1936 жылдың 20 қарашасында Егіндібұлақ ауданына қарасты Едірей елді мекенінде туған. Балаларын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай тәрбиелеп, бүгінгі күні немере, шөбере сүйген ардақты ата, абзал жан. Сан жылдар бойы маңдай терін төгіп, еліне елеулі еңбек етіп келе жатқан әкеміз бұл күнде 80 жастың сеңгіріне шығып, ел-жұртын қуантып отыр. Әкемізге зор денсаулық тілей отырып, бар ғұмырында ел болып, еңсе тіктеп келе жатқан ұрпағының қызығын көрсін дейміз. Қалықтап көкте қыран, қырда киік, Сексенге толды бүгін бір ақиық. Құттықтауға әкежан лайықсың, Шығардың ғой біздерді шыңға биік. Елдің қамы әрқашан ерге міндет, Жұртың үшін жасаған еңбегің көп. Бар жақының қуанып жатыр бүгін, Атамыздың сексенге келгені деп. Құттықтаушылар: жұбайы – Қайныш, ұлдары-келіндері, қыздары-күйеубалалары, немере-жиендері және шөбересі. №497.

«Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-де бөлім қызметкерлерінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдардың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын бұзғандығы және қалалық мәдениет мекемелеріне қатысты мүмкін террористік актілер туралы азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін 42-14-61 сенім телефоны жұмыс істейді.

Жас азаматтардың қоғамдық мәселелерді талқылауға қатысуы және жастар арасында жергілікті атқарушы органдардың беделін көтеру үшін жағдай жасау мақсатында «Жастардың өзін-өзі басқару күні» қалалық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның іріктеу кезеңі («Өзін-өзі басқару неден басталады?» тақырыбында эссе жазу) жақында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өтті. Тікелей қала әкімдігінің қолдауымен Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы «Ради будущего» ҚБ-мен бірлесе отырып өткізген акцияға осындағы жоғарғы оқу орындары, техникалық және кәсіби

білім беру мекемелерінің студенттері және жалпы орта білім беретін мекемелердің оқушылары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 63 адамды құрады. Қарашаның 9 күні Жастар ресурстық орталығының базасында комиссия мүшелерінің отырысы өтті. Комиссия мүшелерінің құрамына Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының, Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығының, Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының өкілдері және «Ради будущего» ҚБ жетекшісі кірді. Комиссия мүшелері отырысының қорытындысы

Еске алу

бойынша келесі кезеңге 13 адам өтті. Атап айтатын болсақ, олардың қатарында Анастасия Башкатова (№101 мектеп-лицейі), Сара Қадырова (№76 ЖББОМ), Тоғжан Бақбергенова (№ 86 ЖББОМ), Мария Кучерова (№ 27 ЖББОМ), Артур Витолс (№ 97 гимназия), Станислав Аймагамбетов (№ 45 гимназия), Алтынай Несіпбек (Шет тілдер колледжі), Юрий Михуля (Қарағанды коммерциялық колледжі), Роза Аманжолова (Қарағанды техника-құрылыс колледжі), Рийган Рахатжан («Болашақ» маңызы білім беру колледжі), Айдар Болатов (ҚарМТУ), Татьяна Гордеева (ҚарМТУ), Дарын Әбілжанов (ҚарММУ) бар. Қарашаның 16 күні Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханада «Өзін-өзі басқару күні» қалалық акциясының бірінші кезең қатысушылары баяндамаларының презентациясы өткізіліп, шараның қорытындысы жарияланды. Презентация қорытындысы бойынша Риза Мукеева қоластында жұмыс жасайтын Тоғжан Бақбергенова (№86 ЖББОМ), Тайхан Қалмаханов қоластында жұмыс жасайтын Юрий Михуля (Қарағанды коммерциялық колледжі), Ирина Любарская қоластында жұмыс жасайтын Татьяна Гордееваны (ҚарМТУ) комиссия мүшелері келесі кезеңнің қатысушылары деп таныды. Өз тілшімізден. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Мерейтой

Ешкім де ағайынсыз емес. Кім болса да адамнан шығып, адамнан тараған, ал адам да сол көп жапырағы бар бұтақ пен көп тамырлары бар ағашқа ұқсайды. Туғантуыс дегеніміз де сол бір түбірден өсіп шыққан ағаштың бұтақтары тәрізді. Адамның көрген тәрбиесі, алған нәрі, бұрынғыдан қалған мирас-мұрасы, бәрі-бәрі алпыс екі тамыр арқылы тұла бойға тараған қаны бір түп ағаш тәрізді. Бізде қиын уақыттарда дүниеге келіп, бір отбасында алты бала әрқайсымыз әртүрлі жағдайда өсіп-өндік. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Үміт апайым туралы өз ойымды жеткізгім келіп отыр. Әр адамның пешенесіне Алла жазған ғұмыры бар. Ешкім одан қашып құтылмайды. Біздің де апайымыз осы өмірдің қиындығы мен қызығын қатар көріп келеді.

1954 жылы Ақжал руднигі ашылып, жан-жақтан жұмыскер мамандар келе бастады. Осылардың ішінде Екібастұз балалар үйінде орысша өсіп, тәрбиеленген Мұхамедияр Жүнісов та бартын. Сол жылдары жаңадан құрылған Ленин колхозына әуелде жұмыскер, сосын жүргізуші болып орналасқан екен. Ол кезде қиын қыстау уақытында Батан Бакин екеуі Қарағанды қаласынан жанар-жағармай тасып, апталап жолда жүретін. 1955 жылы біздің апайымызбен отбасын құрып, Қазақстанның 40-жылдығы совхозының орталығы Теректіге қоныс аударады. Мұнда келген соң жүргізуші, кейіннен механик болып қызмет жаса-

ған. Өзінің еңбек жолында, өзінің еңбекқорлылығының арқасында сыйлы болған жездемізді ауылдастары «дядя Миша» деп атап кеткен екен. Жездеміз өте байсалды, көп сөйлемейтін, бауырмал, көпшіл, қайырымды жан болатын. 1982 жылы Павлодар қаласынан оқуын бітіріп, елге қайтарда азаматы Болаттың кенеттен болған ауыр қазасы жездемізге ауыр соққы болып, соның әсері ме ауыр науқастан 1984 жылы дүниеден өтті. Соңында қалған сегіз баланы оқытып, тәрбиелеу, оларды аяқтандыру апамыздың мойнында қалды. Жездеміз қайтқанда балалары әлі жас еді. Үлкені Елемес жаңа оқуын бітіріп еңбекке

араласа бастаған, қалғандары бірі студент болса, бірі мектеп жасында болды. Бүгінде апамыз қайраттылығы мен жігерлігінің арқасында барлық қиындықты жеңіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған бақытты ана. Мен апайымды бақытты деймін, себебі жездеміз бен апайымыздың ғана емес, қазақ халқының ерке қызы, мақтанышы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Мақпалды дүниеге әкелген ана. Ана үшін балалардың бәрі бірдей, бірақ Мақпалының орны ерекше. Мақтанышы ғана емес, әкелерінен қалған балаларын жеткізуде Мақпалдың еңбегі ерекше. Анасының қамқоршысы, бауырлары мен

сіңілілерінің ақылшысы, тірегі. Апайымыз өз балаларының тәрбиесімен қоса еңбектен де қол үзген жоқ. Зейнеткерлікке шыққанша өзі тұрған Теректі ауылында, балабақшада еңбек жасады. Мінезі тік, тура сөйлейтін жан болса да, адамгершілігі мол, көңілі ақ, жүрегі таза жан. Үлкенді үлкен ретінде, кішіні кіші демей, сыйлай білетін, тыңдай да білетін, көмек күткен ағайынға араша түсетін, қолдау көрсететін, бауырларын бауырына басып, қамқор болатын үлкен жүректі туыс екенін айтқым келеді. Солардың жағдайын ойлап, мазасызданатынын ешқашан ұмытпаймыз. Біздің өсіп өнуімізге барын салғанымен қоймай, енді

біздің балаларымызға да бәйек болып отыратынын қайтерсіз. Оғаш мінезімізді, артық қылығымызды байқаса, ұрсып алатын кездері де бар. Бұл – жанашыр адамның жүрегі. Әрбір ісіне адалдықты ту етіп, жеке басыңыздың ақылпарасатымен кейінгілерге үлгі бола білген сүйікті апайымызды мерейлі сексен жасымен құттықтай отырып, отбасының берекесі болып, бала-шағаңыздың аман болуына, денсаулығыңыз мықты қалпында ұзақ ғұмыр кешуіңізге тілектеспіз. Апай, елге сыйлы, туыстарыңызға бауырмал, әрдайым көпшіл қалпыңыздан айнымаңыз! Көрсетіп жанашырлық жиып көшін, Бауырлық сезімімді иіткенсің. Ініңнің мәртебесін биіктеттің, Сіздің де мәртебеңіз биіктесін! Даланың сияқтанған дара дүзі, Жақсының бұл өмірде қалады ізі. Есімің жүреді іні ізетінде, Қазақтың қарапайым сары қызы! Дүйсенбек МИЗАМБАЕВ. АСТАНА қаласы.

5

Қарағанды қаласының тұрғыны Шамшырақ Төлеукешқызы 2016 жылы қазан айының 14-де дүниеден өтті. Тумысынан ақжарқын, ашық мінезді, жақындарына үнемі мейірім көрсетіп, қамқорлық танытатын кең жүректі жан болған. Дүниеге сегіз бірдей баланы әкеліп, оларды өсіріп ер жеткізген, бауыр еті балаларынан немере-шөбере сүйген батыр анамыздың бүгін арамыздан кеткеніне 40 күн толып отыр. Асыл ана, ардақты жан о, дүниеде жүзіңіз тек жарық болсын. Көктеп ғұмыр, солғанда қоңыр күз кеп, О, дүниеден соқты ғой көңілсіз леп. Адасып әлпештеген анасынан, Сәбилер қалды артыңда сізді іздеп. Жақсының қадіріне кеш барамыз, Жәннаттың бағын Алла, кешсе анамыз. Жүзіңіз шалқысын тек жұмақта ана, Ағайын, ел-жұрт болып еске аламыз. Еске алушылар: балалары, немере-шөберелері, туған-туысқандары. P.S. Қараша айының 20 жұлдызында сағ. 13.00-де, Үштөбе ауылындағы «Юсуф» мейрамханасында анамыздың рухына құран бағыштап ас береміз. №482. ХАБАРЛАНДЫРУ «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және Көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде департамент мемлекеттік кызметшілері мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын, қызметтік этика нормаларын бұзу фактілерін хабарлау үшін (7272) 43-02-02 сенім телефоны қызмет етеді. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73 - үй.

Гендерлік саясат

Гендерлік саясат жаһандық саясаттың бір бөлігіне айналғалы қашан. Әлем тәжірибесінде оның орны өткен ғасырдың басынан бастап айқындалды. Мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Германия секілді алпауыт мемлекеттерде бұл жүйе қоғамның қозғаушы бір күші ретінде мойындалды. Ал, біздің елімізде тәуелсіздік алған жылдардан бастап ене бастады. Зайырлы мемлекет, ашық қоғам қағидасы бойынша бірқатар тұлғалар да қалыптасты. Аталған жүйе мемлекеттік құрылымдардың әр саласына еніп қана қоймай, өз жемісін бере бастады. Әсіресе, мемлекеттік қызмет, сот, сондай-ақ, әлеуметтік салада даму көрсеткіштері байқалады. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, еліміздегі гендерлік теңдіктің 20062016 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді. Бұл жүйе билік құрылымдарында әйелдер мен ерлерді теңестіруді қарастырады. Гендерлік тең құқықтық саласындағы мемлекеттік саясат, әйелдердің экономикалық және саяси өмірге қатысуларының кеңеюі, әлемдік қоғамдастықта жоғарғы бағаға ие болды. Бүгінде біздің еліміз гендерлік тең құқықтық бойынша әлем рейтингінде 135 елдің

арасында 31 орынға шығып отыр. Қазақстандағы гендерлік білім беру тек қана біржақты, шығыстық, діни көзқарастарға көзсіз еліктемей, дәстүрлі негізге сүйене отырып, ұлттық таным-түсініктегі басымдыққа ие болуы қажет. Яғни, оның өзіндік қазақстандық моделі қалыптасып, жүргізілуде. Әсіресе, жаңа екімыңжылдықта сот саласында едәуір ілгерілеушілік байқалуда. Мәселен, соңғы онжылдықта құқық қорғау саласында өсімнің 47 пайыздық үлесі байқалып отыр. Бұл сот саласындағы нәзік жандардың көбеюін, білікті кадрлармен толығуын көрсетеді. Бүгінде қазақстандық әр екінші әйел осы саланы таңдап жатады. Келешекте аталған пайыздық өсім ұлғая түспек. Жаһандық таным бойынша гендерлік саясат – геосаясаттың өрлеуіне жол ашатын механизм. Ұлттық гендерлік саясат – демократиялық мемлекеттің ең маңызды құрамдас бөлігі. Алдағы уақытта да осы үрдіс берік сақтала бермек. Г.ТАСТАНБАЕВА, Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

Жемқорлық – жегі құрт Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сәйкес қызмет атқаруы – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің моральдықәдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Дегенмен, кейбір мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексі талаптарының бұзылуына жол береді. Мемлекеттік қызмет реформасы аясында мемлекеттік тәртіпті нығайту бөлігінде айтарлықтай өзгерістер болды. Атап айтқанда, биыл ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқалы органы болып табылатын Әдеп жөніндегі кеңес жұмыс істей бастады. Әдеп жөніндегі кеңеске сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан»

деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу сияқты міндеттер жүктелген. Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында биылғы 9 ай қорытындысы бойынша, Қарағанды облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өтіп, онда 49 мәселе, соның ішінде 25 мемлекеттік қызметшінің тәртіптік істері қарастырылды. Тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша, 18 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Айта кету керек, Әдеп жөніндегі кеңес жазалаушы орган болып табылмайды. Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі ең алдымен мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп

нормаларын бұзудың алдын алуына бағытталған. Әдеп жөніндегі кеңес тәртіптік істерден бөлек, құқық бұзушылықтың алдын алуға және бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтауға бағытталған өзге де сұрақтарды қарастырады. Атап айтқанда, биылғы 9 ай қорытындысы бойынша, Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында 3 сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары қарастырылды. Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметтік әдептің сақталуына мониторинг жүргізу және бақылауды жүзеге асыру жөніндегі есебі тындалды. Мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларының сақталуы туралы 8 мемлекеттік орган басшыларының есептері тындалды. Әдеп жөніндегі кеңеспен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселе-

лері бойынша мемлекеттік органдарға 3 ұсыным мен ұсыныс әзірленді. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңес қызмет тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды іске асыру жөнінде мемлекеттік органдарға 58 ұсыным мен ұсыныс енгізді. Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша 10 ұсыным мен ұсыныс әзірленді. Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында тәртіптік істер көбінесе жергілікті атқарушы органдардың және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты қарастырылды. Осыған байланысты, әдеп жөніндегі уәкілімен бірге құқық бұзушылықтың алдын алуына бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттарының сақталуына жүйелік бақылау жүргізу, өз кезегінде мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алуына мүмкіндік туғызады. Мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодексі талаптарын бұзу фактілері бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жүгінуге болады. Бақтияр МАКЕЕВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Балқаш қаласынан шалғайда жатқан Саяқ кентіне заманауи үлгідегі бір тойхана керек еді. Тіршілік болған соң той-думан, құран оқытып, ас беру секілді бас қосулардың өткізілуі қажеттілік деп білеміз. Кент тұрғыны Айдос Асылжанұлы Жүнісов көптен бері жұртшылықтың қамын ойластырып, бір игілікті істі қолға алуды ниет етіп жүретін. Көптен бері тозығы жетіп тұрған ғимаратты икемдеп, бір ауылдың қажетін ашарлық тойхана жасауға кірісіп кетті. «Жас келсе – іске» деген ғой. Құрылысты жүйелі түрде жүргізіп, болашақ тойхананың іші-сыртын әрлеп, безендіріп, сәулет, салтанатын келтіріп, жарқыратты. «Туған жерге туыңды тік» деген ғой, жас кәсіпкердің ауылына деген сүйіспеншілігі, ыстық-ықыласы осылай болса керек-ті. Ауыл ақсақалдары Сәулехан Аманкелді, Әскербек ақ батасын беріп, Айдостың игілікті ісінің баянды болуына игі тілектерін білдірді. Айдостың анасы Шұға мұсылманның бес парызының бірі - қажылыққа барып қайтқан екен. Айдостың ауылдағы достары да құрылыстың сапалы, әрі тез бітуіне қолұшын беріпті. Мәселен, Даниял Жақыбаев, Аян Мұқашев, Қарабай Сүйініш, Елсағын Смайылов сияқ-

ты жанашыр достары игілікті істің үнемі басы- қасында жүрді. – Саяқ кенті – менің де кіші Отаным. Халыққа қызмет етудің үлкенкішісі жоқ. Бауырларымның мынандай ауқымды жұмысты қолға алып, ойдағыдай аяқтап, елдің қажетін ашқанына қатты қуанып тұрмын. «Береке басы бірлікте» деген осы ғой, – дейді Саяқ кентінің тумасы, Балқаш қаласындағы «Сырлас» әдеби қонақ үйінің жетекшісі Роза Ғылымжанқызы. Сөйтіп, «Асылжан» тойханасы алғашқы қонақтарын қабылдап үлгерді. Тойхананың дастарқаны үнемі қызыққа, шаттыққа жайылсын деп тілейміз. Балқаш қаласы.


6

РУХАНИЯТ

19 қараша, 2016 жыл www.ortalyq.kz

Тұсаукесер

С.Сейфуллин атындағы мектепке – 100 жыл Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан»

Кейінгілер кірген кең сарай

Үш күнге созылған кітап тойы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Білікті басшы Нұрлан Исабековке қазақ интеллигенциясы мен көзіқарақты оқырман қауымы дән риза. Кітап таныстырылымының модераторы, айтулы ақын Серік Ақсұңқарұлы алғы сөзінде: «Әлемнің 99 пайызы кітап оқудан қол үзген шақта, халықаралық дәрежеде кітап көрмесін өткізу жақсы бастама. Ғалым менің інім ғана емес, өлеңін мойындайтын сүйікті ақыным. Оның өлеңдерінде Евтушенконың иірімдері бар. Ол еуропашыл жаңа бағыттың һәм ұлттық бояуға бай поэмалардың авторы» деп ардакүрең ақынмен керемет кездесуді кестелі сөзбен айшықтай ашып берді. Мекемтас Мырзахметов, Серік Негимов, Қасымхан Бегманов, Қойлыбай Асанов, Амангелді Кеңшілікұлы сияқты іргелі қаламгерлер, сүбелі сөзді сәнді де сауатты қолдана білетін Ғалым Жайлыбайдың ақындығына тоқталып, өздерінің жоғары бағасын берді. Алаштың Ақсұңқарұлы тағы бір сөзінде автордың өлең өлкесіндегі таланты пен табиғатын, қарымы мен қабілетін, шығармаларындағы тереңдік пен биіктік жайлы айта келіп: «Ғалымның лирикалық қуаты қандай болса, эпикалық қарымы да соған жетеқабыл, тiптi, одан да артылып жататынын «Ақ сиса», «Киiк қашқан», «Бiргебайдың қызылы», «Қара орамал», «Тамакөшкен» поэмаларынан анық көруге болады. Оларда сөздiң салмағынан гөрі, ойдың салмағы ауыр. Махаббат лирикасын азаматтық лирикасындай, азаматтық лирикасын махаббат лирикасындай жазатын ақын дастандарында да қазақтың атойлаған асқақ рухы алдымыздан шығады да отырады» деді. Ал, профессор Серік Негимов болса, «Қазақ поэзиясын үлкен мұхитқа теңесек, Ғалымның өлеңі сол мұхитқа қосылған мөлдір бұлақ секілді» деп пікір білдірді. Қаламгер Мекемтас Мырзахметовтың «Ет пен терінің арасындағы ақындар бар, ақындық сүйегіне біткен ақындар бар. Ғалым Жайлыбай болмысымен ақын» деген теңдессіз теңеуі көпшілікті елең еткізді. Қасымхан Бегманов ақын досына жазған арнау өлеңін оқып, елдің ықыласына бөленді. «Есіл ағадыны» әннің авторы Ахмедия Есмұхановтың өз аузынан естідік. Тұшындық. Түсіндік. Не керек, Ғалым ағамыздың өрелі ойлары, сөреге көшті. «Есіл ағады» болып. Парасатты сөзді парақтай білетін, салиқалы сөзді сараптай білетін ойлы оқырманға одан асқан олжа жоқ. Бұл игілікті іс жалғасын тауып жатса құба-құп. Жыл сайын дәстүрге айналып, кітап нарығы Отанға олжа болып оралсын! Айта кетейік, бұл – ақынның жиырмасыншы кітабы екен. Сиясы кеуіп үлгермеген жырлар желімі кеуіп үлгермеген жинақта тұр. Ғалым Жайлыбай тәуелсіздік жылдарында ең көп поэма жазған ақындардың бірі. «Есіл ағады» кітабына автордың өлеңдерімен қоса «Тамакөшкен», «Киікқашқан», «Ақ сиса» сияқты көлемді поэмалары да енгізілген.

Сәкен қара қазаққа қызмет етуді алғаш қара Нұра мен Қараөткелдің (Астана) бойында бастаған. Алғаш Омбының мұғалімдер даярлайтын семинариясын бітіріп келісімен Нұраның бойындағы Бұғылы болысына мұғалімдікке келгенін «Тар жол, тайғақ кешуінде» өзі де тайға таңба басқандай көрсеткен. Ендеше, Нұраны бойлап барып, алғаш Ақмолаға (Астана) ту тіккен Сәкен рухының сәулелі нұры басқа жерден бұрын осы аспанда тұнып тұрғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстанда Сәкен атындағы мектеп көп болғанымен, ақын тұңғыш еңбек жолын бастаған орны – Нұра ауданы, Ахмет төре ауылындағы бұл мектептің жөні бөлек. Туған ауылы, туған ауданы осы күнге дейін бір де бір «Сәкен оқуларын» өткізе алмай отырғанда, 2009 жылдан бері осы игі шараны қолға алған бірден-бір білім ошағы да осы мектеп. Ендеше, осыдан жүз жыл бұрын жаққан шырақтың сөніп қалмай, лаулап жанғаны – баба рухының мәңгілігін танытса керек. Сәкеннің өзі айтпақшы, «Біз қаладық қиындықпен, Кең сарайға іргені. Біздің тілек – сол сарайға, Кейінгілер кіргені». Мектеп 100 жылдығының Тәуелсіздік тойымен тұспа-тұс келгенінің өзі – сол тілектің орындалғанының бір көрінісі. Жүз жылдық тарихы бар мектептің бұрынғы орны – ауыл жанындағы Ақтөбенің етегі. Бұрынғы Сұлтан төренің ауылы. Онда «осы жерде 19161917 жылдары Сәкен Сейфуллин ұстаздық етті» делінген ескерткіш-тақта орнатылыпты. Кезіндегі бұл мектепті Ахметпен немере туыс Сұлтан төре Абылаев аштырған екен. Сұлтан төре баласы – Ғалымтайдың екі бөлмелі үйін мектеп орнына босатып беріп, бір бөлмесінде Сәкен жатса, келесі бөлмесінде ол ересек-жасы бар қырыққа тарта оқушыға сабақ берген. Ақын 1917 жылы жазған кейбір өлеңдерінің соңына «С.А. ауылы» деп белгі қойған. Ол белгіні жазушы Жайық Бектұров Сұлтан төре Абылаев ауылы екенін түсіндіріп жазғаны тағы бар. Конференцияның қонағы өлкетанушы Ф.Нұржановтың айтуынша, Ахмет төре: «шынжыр балақ, шұбартөстің тұқымы – сен кімге тартып кедейшіл болып жүрсің?», – деп Сәкенді қамшымен тартып қалыпты (ол өз алдына жеке әңгіме). Мектеп мерейтойына келгендер аталған ескерткіш-тақтаға гүл шоқтарын қойды. Ақынның осы топырақта туған «Жаңа жыл», «Асығып тез аттандық» сияқты өлеңдерін оқушылар жатқа оқыды.

Келелі жиын – конференция Ғасыр ғұмырлы мектептегі мәртебелі орынның бірі – мұндағы Сәкен мұражайы екен. Қайраткер ақынның қилы тағдыры мен шығармашылығынан сыр шертетін орынға аз аялдаған адам ақын жайынан анағұрлым ақпараттанып шығардай. «Қалдырған ізің мәңгілік» атты республикалық конференцияға келген қонақтармен бірге мұражайды аралаған біз соны аңғарып шықтық. Мектеп директоры Атымтай Балабиев жүргізіп отырған конференцияда Сәкен алғаш еңбек жолын бастаған тұстағы кейбір деректерге баға берілді десе болғандай. Себебі, осы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салтанат Қаржасованың айтуынша, бүгінгі ҰБТ сұрақтарында ақын алғаш еңбек жолын Ресейдегі санақтан бастады деп көрсетіліп жүрсе керек. Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омарханов шараға қатысушыларды мектеп мерейтойымен құттықтап, келген қонақтарға бір ауыз жылы лебізін білдірді. Аудан басшысы қайраткер ақынның қазақ елі болашағы жолында қылған қажыр­ лы еңбегін тілге тиек етіп, алдағы уақытта осы

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың бірінші орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Бас редактордың орынбасары Төрехан Әкімжанұлы МАЙБАС Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың бірінші орынбасары: 43-38-53. Бас редактордың орынбасары: 43-57-76. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 48-16-45 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37

мектептің өткені мен бүгінін, танымал түлектерін түгендейтін энциклопедия шығаруды мектеп ұжымы мен аудандық мәдениет, білім бөлімдеріне ескертті. Конференцияның құрметті қонағы, белгі­лі мем­лекет және қоғам қайраткері Оралбай Әб­дікә­ рі­мов ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан шараның мәнісіне тоқталды. «Бүгінгі 100 жылдық – мектеп тарихы ғана емес, ол ел мен жердің шежіре баяны. Сондықтан, осы мектепті бітірген түлектер, оның ішінде Отанымыздың көркеюіне үлес қосқандары назардан тыс қалмауы тиіс. Мәселен, осы Нұра төңірегінен түлеген тұлға, қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаров есімін білетіндер аз қазір. Неге? Іздеушісі жоқ», – деп тұжырды. Сәкен атындағы мектептің қадір-қасиеті жөнінде ғана емес, қайраткер ақын-жазушының шығармашылығы жайлы қадау-қадау ой айтқан Астанадағы С.Сейфуллин мұражайының директоры, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Несіпбек Айтұлы болды: «Сәкен шығармашылығы мен қайраткерлігі зерттелудей-ақ зерттеліп келеді. Бірақ, біз әлі күнге дейін оның әдебиеттегі бағасын бере алмай келеміз. Әсіресе, поэзиясы атүсті зерттеліп келеді. Ақынның «Қызыл ат» сияқты поэмаларын оқыған зерттеушілер оны Кеңес жазушысы деп қабылдайды. Сәкеннің таза ақындық әлеміне үңілу жағы олқы түсіп отыр. Табиғат лирикасын зерттегендер оның Абай мектебінің өкілі екенін бірден аңғарар еді. Сондай-ақ, Сәкен ақталып, еңбектері жариялана бастағанда,

баспа басында отырғандар әдеби шығармаларының көбін өзгертіп басып жіберген. Қазіргі бір арманым, кейінгі он томдықта жарияланған шығармаларын түпнұсқамен салыстырып, қайта басса ғой». Осыған дейін Сәкеннің ғалымдық қыры көрінбей келеді деп есептеуші едік. Астана қаласы «Тарихи-мәдени мұра нысандары мен ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекцияның» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Серік Оспанов осы қырына тоқталды. Сол кездің өзінде С.Сейфуллиннің «Билер әдебиетін» енгізгенін, «Айтыс – қазақ әдебиетінің алтын діңі» деп, оны да зерттегенінен дәлелдер келтірді. Әсіресе, ауыз әдебиетінің жауһары «Әсет пен Кемпірбайдың бақұлдасуы» Сәкен арқылы жеткеніне баса мән берген Серік Кәрібайұлы домбырамен соны орындап берді. Конференцияда С.Сейфуллиннің ұрпақтары – немересі Сәкен Сейфуллин мен нағашы қарындасы Асылгүл Әбіш сөз сөйледі. Асылгүл Әбіш ақыннның нағашы жағына тоқталды. С.Сейфуллин мұражайы ғылыми-ағарту бөлімінің меңгерушісі Гүлназия Ибраева «С.Сейфуллин – халық ағарту ісінің ұйымдастырушысы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, сұңқар ақын сауатын ашқан Сәкен орта мектебінің ардагері, өлкетанушы Файзулла Нұржанов пен осы мектеп түлегі Әйгерім Мақажан, тағы басқалар қатысып, баяндамаларымен бөлісті. НҰРА ауданы.

Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 43-30-88, 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 91-04-52; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz

Басқосу Жақында қалалық жас тілшілер мен блогерлер слеті екінші мәрте жалауын желбіретті. Атаулы шараға облыстық БАҚ өкілдері, блогерлер, журналистика мамандығына бет бұрған жүзге жуық студенттер мен жастар қатысты. Бұл маңызды басқосудың мақсаты – ақпараттық салада қызмет етуші тараптарды бір орталықта біріктіріп, болашақ журналистерге

бағыт-бағдар беру. Жауынгер жанрдың қыры мен сырына қанық аға буынның тәлімін алуға шақыру. Игі шараға Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі және жастар ресурстық орталығы мұрындық болды. Слетке ардагер журналистер А. Жанғожин, С.Жанысбай, Н.Қожайқызы, В.Курилов және әлеуметтік саланы үйлестіру жəне ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Мұқанова,

«Ekaraganda.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Н.Вербовая, 5 каналдың “Шарайна” ақпараттық қызметінің шеф-редакторы Ә.Сәбитова, облыстық “Қазақстан-Қарағанды” телеарнасының шеф-редакторы В.Несипбаев, облыстық “Орталық Қазақстан” газетінің бөлім меңгерушісі Н.Кәрім, “Выбирай” журналының бас редакторы Т.Голубцова, облыстық “Индустриаль-

ная Караганда” газетінің тілшісі А.Валерьевна, қарағандылық “In da krg” парақшасының блогері Сағыныш Қасымов қонақта болып, қызмет барысындағы тəжірибелерімен бөлісіп, дәріс оқыды. Шара соңында БАҚ өкілдері мен белсенді жастарға алғыс хат табысталды. Өз тілшімізден. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Спартакиада

Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: kz50826MOKZTD2003131, БИК ALMN KZ KA РНН 302000046744 БИН 000940001367

Таралымы 15 275 дана

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай білім беру қызметкерлері құрама командаларының арасында облыстық спартакиада өтті. Салауатты өмір салтын насихаттаған X облыстық спартакиаданың финалдық кезеңдері қалалық №48, №97 мектеп-гимназиясынан бастау алды. Дәстүрлі кәсіподақтық спартакиада жарыстарында волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ ойын-

дары ұйымдастырылды. Дүбірлі додада облыс аудандары мен қалалары (Қазыбек би, Нұра, Осакаров, Абай, Қарқаралы, Октябрь, Бұқар жырау ауданы, Теміртау, Саран, Октябрь, Шахтинск қаласы) бойынша қатысты. Қала командалары арасында тоғызқұмалақ және шахмат ойындары бойынша І орынды Қазыбек би ауданының ұстаздар командасы жеңіп алды. Спартакиаданың алғашқы күні сайыс қатысушыларын Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Майра Амантаева құттықтап, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жеткен жетістіктерді

атап өтіп, денсаулық пен табыс тіледі. Білім қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға, бұқаралық спортты дамытуға шақырды. Облыстық спартакиада жеңімпаздарына диплом, спорттық кубок, естелік сыйлықтар табысталды. Қарағанды облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі, кәсіподақ ұйымдарының басшылары, мәслихат депутаттары мен басқа да қонақтар шараға қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

№186 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 баспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Мирас АСАН КОРРЕКТОРЛАР 1, 4, 5 – беттер: О.ТӨЛЕУБЕКОВА 2, 3, 6 – беттер: Ж.АХМЕТОВА

19.11.2016  

Advertisement