Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛНАМАСЫ 2000 жыл 2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы» деп жарияланды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды. *** Теміртау және Днепродзержинск қалалары арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

2001 жыл «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ын­тымақтастық ұйымы» құ­ рыл­ды. Қазақстан жастарының 1-ші Конгресі өтті. *** «Тентек» шахтасында 31 жұмыс күні ішінде 412030 тонна көмір өндіріліп, рекорд жаңартылды.

2002 жыл Ежелгі Тараз қаласының көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Түркістанда Дүниежүзі қазақтарының II Құрылтайы өтті. Астананың төрінде, су­ лы жасыл-желекті бульвар орталығынан шыңына алтын шарды көтерген күміс түсті жарқыраған мұнара – «Бәйтерек» монументі пайда болды.

БАЙҚАУ «Сарыарқа» хоккей клубы мұздан жасалған үздік мүсін байқауын жариялайды. Іс-шара 10-11 желтоқсанда «Қарағанды – Арена» МСС алаңында өтеді. Байқаудың тақырыбы – «Мен Сарыарқаны сүйемін». Байқауға қатысу үшін өтініштер мен мұз мүсіндерінің сызбанұсқалары 9 жетоқсан сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Құрамында «Сарыарқа» командасының ойыншылары бар қазылар алқасы 11 желтоқсан күні сағат 15.30-да байқаудың қорытындысын шығарады. Сіздердің ұшқыр ой-қиялдарыңызды көрсетіп, мұздан жасалған мүсіннің сызбанұсқасын жасауға, сондай-ақ, оны жүзеге асыруға мол мүмкіндіктеріңіз бар. Барлықтарыңызды байқауға қатысуға шақырамыз! Қосымша ақпаратты келесі телефон номері арқылы алуға болады: 87754355852.

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті ♦ СЕНБІ, 10 ЖЕЛТОҚСАН, 2016 жыл №195 (22 300) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» Арқада тың жоба. Әнеукүннен бері газетімізде жарнамасы жүрген «Ақын мен әнші» жобасының тұсауы Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында кесіліп, концертке келген көрермендердің көңілін бір көтеріп тастады. Көрген де арманда, көрмеген де арманда десе де болады. Сонымен... «Атандым Ғазиз ақын бала жастан, Әнші жоқ Қараөткелде менен асқан» демей ме әйгілі әнші?! Ертеде Алашқа аты кеткен Ақан сері, Біржан сал, Әсет Найманбаев, тағы басқаларының әншілігі мен ақындығы қатар жүрген. Тек орындаушы ғана емес. Тіпті, Әсет Найманбаевтың өлеңдері қазақ поэзия­ сының інжу-маржандарының қа­тарында. Сондықтан, әнші атану­дың жүгі ауыр-тын. Қазір ақы­ны бөлек, әншісі бір басқа. Десек те, ел ішінде ақын әрі әнші-сазгерлер бар. Мәселен, осы концертті жүргізушілер – Мирас Асан мен Роза Әлқожа. Оқырмандарын өлеңдерімен баурап жүрген Мирас осы жолы Розамен дуэт айтып, әншілік қырын танытты. Әу деп жүрген қазақтың біразын аттан түсіріп кететін мөлдір даусы Арқа жұртын тамашаға қалдырды. Ал, республикаға танымал әнші Розаның сазгерлігімен қатар, ақындығы барын естіп жүрміз. Сахна қаққа айрылғанда, жарықтық Мұқағали Мақатаев, Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков, Серік Ақсұңқарұлы мен Ғалым Жайлыбайдың алтын қордағы дауыстары саңқсаңқ ете қалғанынан-ақ, концерт

ақындар мен әншілер жобасы екені әйгіленді. Ақынның сөзі мен сазгердің сазы онсызда әншінің көмейінде, жұрттың мерейінде емес пе?! Ортаға Қорабай Есенов шығып, авторлық әндерін орындады. Қазақ гитарасының атасы. Халықтың қошеметі шексіз Қорекеңе. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін қол соқты әнші-сазгерге. Басқа дүние тозса да, өнер қартаймайды... Іле қазақтың айтыскер ақыны Аманжол Әлтаев арнау айтып, жырдан шашу шашты. Қарағанды, Қарқаралы, Қояндыдан бері қайырды. Ақын айтпақшы, сол бойда Қоянды жәрмеңкесі ашылғандай ән мен жырдың думаны атой салды да кетті. Сал-серілер бірінен соң бірі шығып ән мен жырдың көрігін қыздырды. Қояндыға Біржан келгендей, той алдына Сержан Мұсайын

шығып, баба салдың «Айтпайын» алты қыр­ға ұзатты. «Арғындардың дауысы ащы болар, Кісідей былтыр кетіп, биыл келген» деген Біржанмен айтысқан Сара сөзінің шындығын тағы бір әйгіледі әнші. Сержаннан соң, серілердің сарқытындай Сейіл Аяған мен Саят Әбдіғали айтқан әндер сезімтал жүректердегі сырлы сезімдерді сыңғырымен оятқандай еді. Арасында ақын Руслан Нұрбай «Желтоқсан жендетіне» өлеңін оқып, Тәуелсіздіктің түбіндегі шындықты су бетіне шығарды. «Айтқым келеді» кітабының авторы, астаналық ақын Танакөз Толқынқызы ел «әлемді сұлулық құтқарады» десе, мен кешірім дер едім» деп «Кешірдім» өлеңін оқыды. Кешірімнің бір аты – мейірім, ол болмаса сұлулықтың суық нұрынан

Есмұханбет СМАЙЫЛОВ, математик: – Жоба жақсы. Ақындар мен әншілердің арасын жақындастыру үшін ғана емес, шығармашылық тұтастықты көр­ сету мақсатында қолға алынған тың дүние ғой. Көңілден шықты. Айтыскер ақындар Айнұр мен Сараның ән салғаны, әсіресе, оқырмандарын мөлдір жырла-

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан» Бәсекенің биіктерге бастайтынын бағамдаған «КәсіпҚазақмыс» кәсіподақ комитеті мен «Қазақ-

Қуаныш МЕЙРАМҚЫЗЫ, Қарағанды политехникалық колледжінің ІІ курс студенті:

рымен сусындатып жүрген Мирас Асан бауырымның ән салғандағы мөлдір даусы болсын, поэзия өкілдерінің өлең оқығаны – бәрі-бәрі құлаққа қонымды. Көрер­мен қауым соңына дейін тапжылмай отырғаны да біраз жайды аңғартса керек, демалып қайттық.

мыс» корпорациясы» ЖШС Жастар одағы жыл сайын кәсіби шеберлік байқауын өткізуді дәстүрге айналдырған. Жақында Шығыс Жезқазған кенішінде ұйымдастырылған байқауға өз ісін кәсіби

әлем жылынар ма еді?! Жоба тұсауының салсерілер мекені Арқа төрінде кесілуі де тегін емес. Алаш аспанын әнге бөлеген даңғайыр ұлдарды тудырған топыраққа деген құрметі мен тағзымы осындай болуы керек елдің. Ұйымдастырушы Роза Әлқожа мен Мирас Асанның қосылып оқыған поэзиялық дуэттері де керемет әсерлі шығып отырды. Екеуі концерт басталғанда «Арқада салған ән қандай!» деп шырқап сала берді. Өнерге өлместің кебенегін кигізген Роза Әлқожа жеке шырқаған әндер туралы тарқатып айтса, өз алдына бөлек әңгіме. «Дауыс» кітабының авторы, ақын Қайрат Асқар батыс пен шығыс елдері алашапқынының астында қалған жазықсыз жандардың тағдырын өзек еткен өлеңін бағыштады. Ақыл-ойын өлең қозғап отырған ел көңілін қазақ эстрадасының жұлдызы Еркін Нұржанов еліктірді. Екіүш әнді бірінен соң бірін қатар жіберіп, соңғысын Роза Әлқожамен дуэт болып айтты. «Сен сыйға тартқан орамал» – ән төресі. Айтыскер ақындар жайлы әңгіме бөлек. Аламан айтыстарда топ жарып жүрген айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазин Арқаның апайтөс әнші-балуаны Иманжүсіп рухына арнаған өлеңін оқып, домбырамен авторлық әні «Тарбағатайдан» құлатты. Бүгінгі айтыс өнерінің шаппайберлері – Айнұр Тұрсынбаева мен Сара Тоқтамысова эстрадалық жанрда орындады әндерін. Кейін көрермендердің сұрауымен үшеуі сахнада Құлманбет айтысын көрсетті. Қарағандылық жас ақындар – Қуаныш Медеубаев пен Жадыра Байбұланова поэзиялық дуэт жасап ерекшеленсе, басында дуэт айтып шыққан Мирас пен Роза кеш шымылдығын қайта қосыла шырқаған әндерімен жапты.

– Кеш өте жоғары деңгейде өтті. Бұлай демалғаным кем де кем. Әдемі ән, мағыналы сөз, дуалы өлең қосылып – үлкен дүниеге ұласқандай. Эстраданың есі бар екенін енді ұққандаймын. Ең әсерлі сәт – аты

тұрғыда меңгергендер санатындағы 100-ге жуық маман қатысты. Өзінің өзгелерден оқ бойы озық екендігін дәлелдеуге талпынған аталған кенішке қарасты шахталар-

дың жұмысшылары тәжірибелік және теориялық тапсырмаларды толыққанды әрі межелі мерзімінде орындап шықты. Нәтижесінде ең үздік ретінде танылған 10 жұмысшы Шығыс Жезқазған кеніші кәсіподақ ұйымы-

ның төрағасы Сержан Жақсыбековтің қолынан тиесілі марапаттарын алды. Басқаларға қарағанда басымдығы айқын аңғарылған тағы да 10 жұмысшыға белгіленген сый-сияпаттарды Жастар одағының төрайымы Айгүл

аңызға айналған Қорабай Есеновтің шыққаны. Әке-шешеміз аузынан тастамайтын автордың әнін өзі орындауы, оны көргеніміз – керемет болды. Кеш біткен соң үйге асықтым, анама айту үшін.

Абаева тапсырды. Тағылымды іс-шара аясында кеніштің кәсіподақ комитетінің төрағасы биылғы жылы мерейлі жасқа толған алты жұмысшыны ыстық ықыласпен құттықтап, ізет көрсету жолымен жөн-жоралғысын жасады. СӘТБАЕВ қаласы.

Баспасөз – 2017

Қалалар бойынша

«Қазпочта» АҚ Индексі: 65484

Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 4942, 50 тг., 1 жылға – 9885, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2752, 50 тг., 1 жылға – 5505, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2452,50 тг., 1 жылға – 4905,00 тг.

газетіне жазылу жүріп жатыр

Ауылдар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 5085, 00 тг., 1 жылға – 10170, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2865, 00 тг., 1 жылға – 5730, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2625,00 тг., 1 жылға – 5250,00 тг.

Газет редакциясында басылымға баспа құны (жеткізіп берусіз) бойынша баламалы түрде жазылу жүргізіледі. Анықтама телефоны: 43-57-78


2

10 желтоқсан, 2016 жыл

билік. саясат. экономика

www.ortalyq.kz

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ 2016 жыл, 18 қараша

№82/01

Қарағанды қаласы.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ 2016 жыл, 25 қараша

№ 117

Қарағанды қаласы.

V сессия БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ Қазақстан Республикасы, Әділет Министрлігі Қарағанды облысы, Әділет департаменті Нормативтік-құқықтық акт 2016 жылғы 08.12 нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4042 болып енгізілді.

Қарағанды қаласының Театральная көшесін қайта атау туралы

Астанада Индустрияландыру күні аясында «Қазақстанның үздік тауары-2016» атты республикалық конкурс болып өтті. Байқауда “Балқаш нан” комбинаты ұжымы жеңіске жетіп, мерейі үстем болды.

– Біздің кәсіпорын Тәуел­сіздігіміздің 25 жылдығында Елбасы қол қойған «Қазақстанның үздік тауары» номинациясы бойынша І дәрежелі Дипломмен марапатталды, бұл өте айтулы оқиға деп білеміз. Сонымен бірге бұл Балқаш наубайханашыларының еңбегіне берілген жоғары баға, әрі үлкен жауапкершілік, – дейді «Бал­қаш нан» комбинатының директоры Айгүл Бүрленова. – Бүгінгі күні біздің кәсіпорын тек Балқашты ғана емес, қалаға іргелес жатқан поселкелердің және Қарағанды, Алматы мен Астана қалаларының тапсырыстарын орындайды. Болашақта кәсіпорынның қуаты артпақ соған сәйкес осы өнімдермен тәуелсіз еліміздің басқа аймақтарын да өз өнімдерімен қамтамасыз ету көзделуде. Мақсатымыз Балқаштың нанының маркасының танымалдығы артып, бүкіл Қа­зақстанға белгілі болса дей­міз. Бүгінгі күні кәсіпорын 85-тен астам нан-тоқаш өнім­дерін өндіреді. Жаңа техно­ло­гияны пайдалана отырып, зауыт

Баспасөз мәслихаты

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қарағанды қаласындағы Театральная көшесі Тиышбек Ахановтың есімімен қайта аталсын. 2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орын-

адам денсаулығына пайдалы диеталық және жоғарғы сортты нан өнімдерін өндіреді. “Балқаш нан” комбинаты әлеуметтік бағдардағы кәсіпорын ретінде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсетеді. Қала көлемінде өтетін қайырымдылық акцияларына ұдайы қатысып, Балқаш қаласындағы балалар үйін нан өнімдерімен қамтамасыз етеді. Күн сайын мұқтаж жандарға арналған дүкен арқылы нан өнімі тегін беріледі. Зауыттың іске қосылғанына көп болмаса да, Балқаш нан зауытының жетістіктері аз емес. Жақында ғана зауыт ұжымы Орта азиялық халықаралық “WorldFood Kazakhstan 2016” көрме аясында өткен 2016 жылдың ең үздік нан және кондитерлік өнімдер байқауында «Жыл таңдауы» деген жоғары марапатқа ие болған еді. Сондай-ақ, екі үшінші орынды иеленіп, «Өнімнің ең жоғарғы сапасы үшін» медалімен марапатталған болатын. Өз тілшімізден.

Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан» Кеше облыстық тарихи-өлкетану музейінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында мемлекет және қоғам қайраткері, Алашының біртуар азаматтарының бірі Сұлтан Қапарұлы Досмағамбетовке арналған «Елін сүйген өр тұлға» атты сурет көрмесі өтті. Көрмені тамашалауға облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали ӘБДІКЕРОВ, облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Көрмеге келген мәртебелі қонақтар арасында облыстың бұрынғы әкімі К.Мұхамеджановты, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Зейнешевті, еңбек ардагері Қ.Мүсілімовті және басқа да күні кеше ғана Сұлтекеңмен қатар жүрген серіктестерін, дос-жарандарын, інілерін көруге болатын еді. Көрмеге Сұлтан Қапарұлының жеке мұрағатынан алынған қаланың қарыштап дамуына қатысты өте сирек кездесетін жылнамалық суреттер, тарихи құжаттардың түпнұсқалары, куәліктер мен дипломдардың, Құрмет грамоталарының көшірмелері, медальдары мен ордендері, төс белгілері, басқа да жәдігерлері қойылды. Көрмені тамашалағаннан кейінгі әңгіме шай үстінде жалғасқан. Алғаш болып сөз алған облыс әкімі Н.Әбдібеков асыл аға-

ның қайталанбас тұлға екендігін, өндірістің әлемдік деңгейдегі ірі ұйымдастырушысы екендігін, бірге болған кейінгі екі жылда өр тұлғаның келелі кеңес бергенін тілге тиек етті. Мемлекет және қоғам қайраткері Қ.Медиев Сұлтан Қапарұлымен бірге жүрген күндерді ілтипатпен еске алса, көмірлі Қарағандының «шахта генералдарының» бірі Г.М.Презент ол кісінің алымдылығына, көрегендігіне тәнті болғанын айтып, бір кездері асыл ағаны Құрмет грамотасымен марапаттап, оған өзінің қол қойғанына бақыттымын деп есептейтінін жеткізді. Сондай-ақ, Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Е.Аймағанбетов, мәдениет қайраткері Р.Омарбекова, балалары Раушан мен Ерлан Досмағамбетовтар тұщымды естеліктер айтты.

Президент тапсырмасын орындай отырып... Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан»

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Шет ауданында аумақ халқының әл-ауқатын арттыру мен аудан экономикасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, макроэкономикалық көрсеткіштер өскен. Бұл жөнінде Шет ауданының әкімі Марат ЖАНДӘУЛЕТОВ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Ұлт жоспары – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам әлемдік өркениетте өзіндік орны бар еліміздің ертеңі үшін ерекше серпіліс туғызуда. Осы бағытта ел еңсесін тіктеп, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуда ауданда кейінгі жылдары серпіліс бары байқалған. Нақты сектор саласында жыл аяғына дейін 30,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп күтілуде. Шет ауданда төрт түлік мал басын өсіру, оның өнімділігін арттыру бағытында да игілікті істер қолға алынып жатыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған кооперативтер құру жолға қойылыпты. Бір айта кетері, ауыл шаруашылығы саласында жыл соңына дейін 23, 6 млрд. теңгенің өнімі өндірледі деп жоспарланған. Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы бағдарламасы негізінде несие алып, асыл тұқымды мал басын көбейтуге бетбұрыс жасаған. Сонымен қатар, аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің 83,2 пайызын тау-кен кәсіпорындары құрап отырғандығын атады. Ауданның көптеген өркенді істерін баяндаған Шет ауданының әкімі Марат Жан­­дәулетов БАҚ өкілдері жолдаған сұрақтарға толымды жауап қайырды.

Ұлытау ауданының Жезді кентінде қолданыстан шығарылған бұрынғы қонақ үйін қайыра жаңғырту нәтижесінде «Айгөлек» атты жаңа балабақша пайдалануға берілді. Сырт келбеті алыстан көз тартатын мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің келісті ғимараты, сөздің шынайы мағынасында, әсемдіктің үлгісіндей әсер қалдырады. Бүлдіршіндерді оқыту және тәрбиелеу ошағының ашылуына арналған салтанатты жиында кент тұрғындарын аудан әкімі Хамит Омаров ақжарыла құттықтап, ел мерейін өсірген жағымды жаңалық – Тәуелсіздіктің татымды жемісі екендігін тілге тиек етті. Жалпы жұртшылықтың ризашылығын жария еткен қарт ұстаз, кент ардагерлері кеңесінің мүшесі Құсайын Төлебаев дүйім елге алғаусыз пейілмен ақ батасын беріп, аудан басшысымен бірге лента қию рәсімін жүзеге асырды Жалпы аумағы 646,7 шаршы метрді құрайтын, 80 орынға есептелген балабақша ғимаратын қайыра жаңғыртуға арналған қаражат «Жұмыспен қамту-

дың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінсе, басқа да қажеттіліктерін өтеу қаржысы жергілікті бюджет есебінен қарастырылған. Балғын балалар ұясы замана талабына сай музыка залы, ойын алаңдары және спорттық жабдықтармен толыққанды жарақтандырылып, дербес жылу беру жүйесіне қосылған. Отандық өндіріс өнімдері санатындағы жиһаздарының саны мен сапасы да көңілге қонымды. Тапсырысты орындаушы мердігер компания – «Олжа KZ» ЖШС (директоры А.Маликов). Аудандық білім бөлімінің басшысы Бағдат Әбдірайымовтың айтуынша, жаңа балабақшада жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлінген 80 бала тәрбиеленеді. Мекемеде бүлдіршіндер жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытылып, Мемлекет басшысы ұсын-

ған «Үштұғырлы тіл» ұстанымына басымдық берілмекші. Жауапты міндетті мінсіз атқаруға қызмет лауазымдарына сәйкес, тиісінше, арнайы біліктілік курс-

тарынан өткен педагог-қызметкерлердің мүмкіндіктері күмәнсіз негіз қалайды.

Қазақстан Республикасы Тәуел­ сіздігінің 25 жылдығына орай «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Мәңгілік Ел» кабинетінің ашылу салтанаты болып өтті. «Артына із қалдырған ұлы іс» деген атты шараға қонақ ретінде институт ардагерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, Қарағанды облыстық ғылым және білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы арнайы шақырылды. Кабинеттің лентасын кесу мәртебесіне институттың құрметті қызметкерлері мен ардагер-ұс-

таздар ие болды. Жиналғандар ілкімді іске сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта да осындай игі бастамалардың жалғасын табатынына сенім білдірді. Айтулы шарада «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Сәулеш Мұқанова сөз сөйлеп, аталмыш шараның маңыздылығына тоқталды, ардагерлерге ақжарма тілегін жеткізді. Жұмыс тобының бірлескен шешімі бойынша «Мәңгілік ел» кабинетінде институттың тарихы мен жетістіктерінен сыр шертетін стендтер орнатылды. Бірінші стендтен институттың іргелі білім орталығы ретінде қалыптасу жолын көруге болады. Келесі стендте институттың қалыптасуына және дамуына үлкен үлес қосқан тұлғалардың портреттері

орналасқан, яғни, білім ошағының өркендеуіне үлес қосып, табыстарға жетуіне ұйытқы болған, басшылық еткен тұлғалардың бейнесі көрініс берген. Педагогтердің кәсіби дамуын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау мақсатында ашық есік күндері, онлайн семинарлар, вебинарлар, әдістемелік десанттар жыл сайын дәстүрге айналған үлкен шаралар – «Өрлеу» бет-бейнесіндегі біліктілікті арттыру институтының республикамыздағы көшбасшы білім ордасы екендігін айшықтайды. Осының барлығы үшінші стендте көрініс тапқан. Халқымызда «Өткеніңді ұмытсаң – өшкеніңнің белгісі, өткеніңді еске алсаң – өскеніңнің белгісі» деген аталы сөз осы күнге дөп келді. Мереке барысында әсерлі де, әдемі отырыс – еліміздің білім беру жүйесін биік шыңдарға кө-

терген алдыңғы аға буын мен ізбасар інілердің сырласуына, келісті сұхбатқа ұласты. Білікті басшы, бүгінде білім беру жүйесінің дамуына әлі де үлесін қосып келе жатқан Сәбит Қонтаев, институттың ең алғашқы директоры болған Балхаш Абиевтың қызы, өзі де институтқа елеулі еңбегін сіңірген Сара Балхашқызы, ұлықты ұстаздар Қазиза Смағұлова, Салтанат Бөдесова сынды ардагерлер болды. Кездесуде білім саласының ардагерлері мен құрметті қонақтары білім ордасының тарихынан сыр шертетін қызықты әңгімелер айтып, жас педагогтармен тәжірибелерімен бөлісті. Қарағанды облысы білім саласының майталмандарымен қоса Татьяна Самойлюк, Айман Түкбай, Светлана Чжао сияқты абзал тұлғалар танымдық диалог құрды. Айта кету керек, бүгінгі күнде Қараған-

ҰЛЫТАУ ауданы.

далуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М.Әдекенов) жүктелсін. 3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Н.Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі. Г.Прокоп, Қарағанды облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы. Р. Әбдікеров, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Компьютерлік графика кескіндері бойынша өткен жас зерттеушілердің 17-ші ашық байқауы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Жас зерттеушілердің шағын ғылым академиясының Орталық Қазақстандағы бөлімі және қалалық білім бөлімі сайыстың өтуіне мұрындық болды. «Сұлулық біздің айналамызда»және «Адамның ізгі істері» атылымдары бойынша қалалық балалар мен жеткіншектер сарайында өткен сайыста ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен байланысты компьютерлік графикаға негізделген бейнероликтер көрсетілді. Сайысқа облыс бойынша білім беру ұйымдарынан Абай, Саран, Шахтинск, Балқаш, Сәтбаев,Теміртау, Жезқазған, Қаражал, Приозерск қалалары және Бұқар жырау, Осакаров, Қарқаралы, Абай Шет, Ұлытау, Жаңаарқа, Ақтоғай аудандарының мектеп оқушылары қатысты. Жас ерекшеліктері бойынша (1-3 сынып, 4-6 сынып, 7-9 сынып, 10-11 сынып) сайысты. Айта кеткен жөн, «Адамның ізгі істері» атты бейнероликтер аталымы – адамдық қасиеттердің маңыздылығына баулитын сайыс түрі. «Игі іс жасау көп адамның қолынан келеді. Кішкентай жақсы әрекеттің өзі үлкен қуаныш сыйлайды. Осы ретте, конкурстың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің мейірімділік қасиетін, ынтасын арттыру. Ақпараттық технологияларды жағымды істерге пайдалануға үйрету, – дейді сайысты ұйымдастырушылар. Ал, «Сұлулық біздің айналамызда» аталымында ұйымдастырушылар табиғатты сұлулық құралы ретінде таңдап алған. Эстетикалық және моральдық тәрбиенің бала үшін ма-

ды облысы барлық салада үнемі өзін алдыңғы қатардан көрсетіп келе жатқан аймақ. Әсіресе, білім беру саласындағы «Болашақ инженері», робототехника, үштілділік және тағы басқа жетістіктері жетерлік. Кабинеттің ашылуына мұрындық болған – институт ұжымы екендігі аян. Әйтсе де «Мәңгілік ел» кабинеті «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Карағанды облысы бойынша ПҚ БАИ директоры, п.ғ.д. профессор С.Д.Мұқанова тарапынан қолдау тауып, директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, п.ғ.к., доцент А.А.Мухатаевтың басшылығымен жүзеге асқанын ерекше атап кеткен жөн. Институттың алдағы даму бағдары мемлекет саясатымен қабысып жатқандығының бір көрінісі – дәл осы «Мәңгілік ел» кабинеті. Бұл кабинет – білім беру жүйесіндегі халықаралық серіктестер-

ңызды екенін көрсетіп, ең алдымен, мектеп жасынан мәдениеттілікке үйретуге бағыттайды. Табиғаттың сұлулығы арқылы нәзіктікке тәрбиелеу басты назарға алынған. Жалпы, оқушылардың техникалық шығармашылығын зерделейтін конкурстардың мақсаты – жас зерттеушілерді жаңа қырынан танып, ынталандыру болып табылады. Зерттеушілердің инновациялық дамуына серпін беріп, ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу көзделген. Осы сайыстар барысында оқушылар барлығы компьютерлік графика, компьютерлік презентация, техникалық шығармашылық бойынша 425 жұмыс ұсынды. Байқау жеңімпаздарын анықтау барысында жас зерттеушілердің заманауи перспективалы шешімдеріне көңіл бөлінді. Білім көкжиегін дамыту мақсатында түрлі логикалық сұрақтар қойылды. Конкурста 19 оқушы – І дәрежелі дипломмен, 24 оқушы – ІІ дәрежелі диплом, 37 оқушы – ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Өнертапқыштық, конструкторлық, жобалық зерттеу қызметімен танылған сайыстың 115 қатысушысына ҚР ШҒА ОҚБ -нің грамоталары мен сыйлықтары табысталды. Конкурс қатысушылары мен олардың жетекшілері Алғыс хатпен марапатталды. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

мен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатудың алғышарты болатын достық пен бірлік алаңы болмақ! Жаңа технология дәуіріне икемделген мобильді кабинетте Институттың барлық мәдени-инновациялық іс-шаралары, яғни түрлі деңгейдегі вебинар, семинар, онлайн конференциялар, дөңгелек үстел, пікірталас пен өзара ой бөлісу ұйымдастырылып, тіпті жаһандық мәселелердің шешімі дәл осы кабинеттен бастау алмақ. Ендеше, үлкен бастамаға ақ жол тілейміз. Білім ордасында атқарылар игілікті істер қатары көбейе берсін! Тілеу ТУҒАНБАЕВА, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ бас маманы. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.


Қоғам

10 желтоқсан, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Құрмет

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2016 жылға арналған жоспарға сәйкес 27 квазимемлекеттік сектор субъектісінде аудиторлық іс-шараларды жүргізді. Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 16 518 769 мың теңгені құраса, анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 3 311 605 мың теңгені немесе 20%-ды құрады, оның ішінде: 1)  қаржылық бұзушылықтардың сомасы 3 146 225 мың теңге, оның ішінде: – жоспарлау кезінде – 4  135 мың теңге (бюджеттік өтінімдердің есептеулерімен расталмау), –  әкімшілік шығыстар бойынша – 1  341 мың теңге (негізсіз: жалақы мен іссапар шығыстарына ақы төлеу, байланыс қызметтеріне ақы төлеу, коммуналдық төлемдер, үй-жайларды жалдау, ЖЖМ үшін ақы төлеу), –  шарттар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді орындау кезінде – 1  070 мың теңге (тауарлардың жеткізілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметтерді растау), –  объектілерді салу және жөндеу кезінде - 9 822 мың теңге (ағымдағы жөндеу жұмыстарының шамадан тыс асырылған көлемдеріне ақы төлеу, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңын бұзу), –  мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзу – 51 мың теңге, –  активтерді пайдалану кезінде – 11 578 мың теңге, –  бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде – 3 118 228 мың теңге; 2) аудит объектісінің қызметіндегі өзге де заңнама бұзушылықтарының жалпы сомасы 165  380 мың теңге: – бюджет қаражатын (активтерді) тиімсіз пайдалану – 59 762 мың теңге; – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін бұзу -– 105 618 мың теңге. Жүргізілген аудиторлық іс-шараларының нәтижелері бойынша: аудит объектілеріне – 27 аудиторлық қорытынды және 9 нұсқама; мәслихаттарға – лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiн сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша, сондай-ақ тиiмдiлiк аудиттің нәтижелерi бойынша 10 ұсыныс; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға (Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті) - 4 материал жіберілді. Әкімшілік жауаптылыққа айыппұлдардың жалпы сомасы 869,6 мың теңгеге 7 лауазымды адам тартылды; облыстың құқық қорғау органдарына–қарастыруда жатқан 1материал жіберілді. Бұзушылықтардың туындауының негізгі себептері бюджетті тиісті түрде жоспарламау, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, есепші қызметкерлер біліктілігінің төмен деңгейі және лауазымды адамдардың бюджет қаражатын, мемлекет активтерін пайдаланған кезде және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізген кезде жауаптылықтың дәрежесін түсінбеуі болып табылады. Атқарылған жұмыс талдауы көрсеткендей, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан іске асырылып жатқан бағдарламаларды, оларды нормативтік және әдіснамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мониторингі тиісті деңгейде жүргізілмеуде, ағымдағы жағдайға және жүйелік проблемаларға талдау берілмеген. Жүргізілген аудиторлық іс-шараларының нәтижелерімен Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының интернет-ресурсында www.krgrevcom.gov.kz толық танысуға болады. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Сарышаған кентінде қос қабатты темiржол вокзалының жаңа ғимараты есiгiн айқара ашты. Рәсімде сөз алған аудан әкімі Салтанат Әбеуова:

– «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың өзінде Сарышаған кентінде дәрігерлік амбулатория ашылып, мәдениет ошақтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді, –деді. Облыстық мәслихаттың депутаты А.Түкбаева, кенттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мағзұмов ақсақал кент тұр-

ғындарын құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Аудан басшысы С.Әбеуова, «Қазақстан Теміржолы» АҚ Жамбыл филиалы жүк тасымалдау бөлімшесінің бас инженері А.Тайлақбаев және Сарышаған кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мағзұмов жаңа ғимараттың лентасын қиып, ақ жаулықты

аналар шашуларын шашты. Заман талабына сай сырт сәулеті мен ішкі жабдығы келіскен теміржол вокзалын көпшілік тамашалап, аралап көрді. – Елдің қуанышында шек жоқ. Жаңа нысанда жолаушыларға қажетті барлық жағдай жасалған. Ана мен балаға арналған демалыс бөлмесі, жолаушылар залы, асханасы және жолаушыларға арналған компьютерлік зал қызмет көрсетеді. Сондайақ, пойыздардың келіп-кететін уақытын көрсетіп тұратын заманауи үлгідегі электронды кесте орнатылған. Нысан бір мезетте 1500 жолаушыға қызмет көрсете алады, – деді станция бастығы М.Қонысбаев. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында заманауи теміржол вокзалының ашылуы сарышағандықтарға жасалып отырған мерекелік тарту болды. Думан ҚАБЫЛ. АҚТОҒАЙ ауданы.

3

Ауданымыздағы ең жасы үлкен қария – Сара Мұсатайқызы 101 жасқа толды. Осыған байланысты туған күн иесін аудан әкімі Халел Мақсұтов бастаған бір топ басшы азаматтар құттықтады. 1915 жылы дүние есігін ашқан қарияның туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы екен. Әкесі Мұсатай дін ұстаған ауқатты адам болыпты. Қажылыққа екі рет барған. Қадір-қасиеті мен үлгіөнегесі мол ақсақалдың ұрпақтарына да сондай ізгі қасиеттер молынан дарыпты. Сол тағылымы көп тәрбиеден шығар, Сара апамыздың да өмір жолы білімтәрбиемен тығыз байланыста болған. Кеңес үкіметінің бастапқы жылдарындағы сауатсыздықты жою науқанына белсене араласып, халықтың көзін ашу, оқыту, ағарту жұмыстарын атқарған. Қоныс аударып барған жерлерінің бәрінде білім ошақтарында сабақ беріп, кітапханашы, бастауыш сыныптарының

мұғалімі, қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет еткен. Алпысыншы жылдардың басында өмір ағысымен Қарқаралы ауданына келіп, Бүркітті ауылына тұрақтайды. Сонда 1962 жылдан 1974 жылға дейін ауыл мектебінде мұғалімдік қызмет жасап, зейнеткерлікке шыққан. Бүгінде төрт баласынан өрбіген ұрпақтардың қызығын қызықтап отырған абыз ананы қызы, өзі де зейнет жасындағы апамыз Рая Мұханова мұндай ілтипатқа ризашылығын білдірді. Ал, ғасыр жасынан аттаған қария жиналғандарға жүрекжарды тілегін жолдап, ақ батасын берді. А.КИЗКИН. ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Құлаққағыс

Мереке қарсаңында «Қазақтелеком» компаниясы «ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына VIP-сыйлықтар!» атты акция өткізуде Мемлекеттік мерейтойға арналған акция «iD Home VIP» топтамасына 2016 жылдың 1 қарашасынан 16 желтоқсанына дейін қосылған жаңа абоненттерінің арасында өткізіледі. Акциянын шарттарын орындаған қатысушыларға сыйлық ретінде цифрлы телевидениені қосуға арналған STBсүйемелдеуіштері беріледі. Акцияға қатысу үшін абонент көрсетілген уақыт мерзімінде «iD Home VIP» топтамаларының біреуіне қосылуға өтініш беріп, таңдалған тарифтік жоспармен бір жыл бойы қолдануы керек. Төрт VIP-топтаманың біреуін тандаған компания абоненттері жылдамдығы 120 мбит/сек дейінгі Интернет, 130 телеарна, оның ішінде аймақтық телеарналар, және HD форматындағы 15 телеарна, сондай-ақ, әлемдегі ең жақсы сериалдар жиынын, теледидардағы 4000-ға жуық әндері бар караоке, Қазақстан ішінде лимитсіз қалааралық сөйлесулерді және Altel нөміріне лимитсіз қоңырауларды қолданып, өз планшетінен Megogo-дан 6000 фильм көру мүмкіндектері бар екенін айта кету керек. Өткізіліп жатқан акциялар бойынша толық ақпаратты 160 телефон нөміріне және 87081856009 What`s App-нөміріне хабарласып білуге болады.

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Тәуел­ сіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында халықтың әлеуметтік-әлсіз топтары үшін әр түрлі шаралар өткізу жоспарлануда. Тақырыптық іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, кітап жәрмеңкелері қаланың мәдени-көріністік ұйымдарында өткізіледі, мүмкіндігі шектеулі балаларға спектакль көру үшін театрларға бару, «Мой Казахстан» атты сурет байқауы, жалғыз басты зейнеткерлерге және аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады. Сонымен бірге, жалпы 5000 адам қамтылмақ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ағымдағы жылда қала бюджеті қаражатынан 75-тен асқан тұлғаларға 3000 теңге біржолғы материалдық көмекке қосымша 65,5 млн. теңге бөлінді. 2016 жылдың 6 желтоқсанына Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен материалдық көмек 21854 алушының арнайы шоттарына жіберілді. Қала әкімінің баспасөз қызметі. Қарағанды қаласы.

Ардагерлер ұйымдарында Халықаралық қарттар күніне байланысты жарияланған әлеуметтік айлық барысында облыс орталығында 5408 адамға жалпы сомасы 10 миллион 756 мың теңгенің көмегі көрсетіліпті. Бастауыш ардагерлер ұйымының ықпалымен кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар өз ардагерлеріне қаржылай көмек көрсетті, азық-түлік жиынтығын сыйға тартты, коммуналдық қарыздарын өтеп, қысқы отын-суларын жеткізіп берді. Қарттар күніне орай мерекелік шаралар өткізіп, дастархан жайған, концерт қойып берген жерлер де бар. Санаторий-курорттық сауығу жолдамаларын алып беріп те қамкөңіл қарттарды бір жадыратып тастады. Қалалық кеңес те өз тарапынан қабылдау ұйымдастырып, аудандық кеңестерге қаржылай көмек көрсетті. Ардагерлер мен мектеп оқушылары арасында дәстүрлі шахмат турнирін өткізіп, жүлдегерлерге, барша қатысушыларға ақшалай сыйлық тапсырды. Осы шаралар туралы жақында болып өткен Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесінің пленумында кеңес төрағасы Тілеубек Зейнешев мәлім етті. Пленум республика ар-

дагерлері VІІ съезінің және облыстық, қалалық есеп беру-сайлау конференцияларының шешімдері аясында ардагерлер кеңесінің алдағы міндеттеріне арналды. Баяндамашы өз сөзінде біздің елімізде ардагерлер әрдайым мемлекеттің қамқорлығынан тыс қалып көрген жоқ екендігін атап өтті. Осы орайда Елбасы Н.Назарбаевтың съезге жолдаған құттықтауынан мына сөздерді келтіре кетті: «Қазақстанда ардагерлер қозғалысының даңқты тарихы мен дәстүрлері бар, ол елдің беделді қоғамдық бірлестігі болып отыр. Қазақстанның ардагерлері аға ұрпақты қолдау мен қамқорлыққа бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды ойдағыдай жүзеге асыра отырып, қоғам мен мемлекеттің дамуына маңызды үлес қосып келеді. Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, жас қазақстандықтарға патриоттық тәрбие беру ардагерлер қозғалысының басты бағыты болып табылады. Қазақстандық ардагерлерді әлеуметтік-экономикалық қолдау мемлекеттің назарынан тыс қалмайды». Ардагерлер қозғалысына берілген мұндай баға, сөз жоқ, бізге, қоғамдық ұйым активіне қанат бітіреді, деді баяндамашы. Съезде негізінен Қарағанды қала-

лық және облыстық конференцияларында көтерілген мәселелер қолдау тапты. Олар: ардагерлер туралы Заң қабылдау, соғыс жылдарының тыл ардагерлеріне жәрдемақыны майдангерлерге берілетін деңгейге теңестіру, «соғыс балалары» деп аталатын ұрпақтың мәртебесі мен жеңілдіктерін қарастыру, өңірлерде геронтологиялық қызметтерді қалпына келтіру және т.б. Баяндамашы Т.Зейнешев осы мәселелер жақында болып өткен Орталық ардагерлер кеңесінің төралқасында қаралып, шешім

тиісті органдарға жолданғанын мәлімдеді. Сең қозғалатын шығар деген үмітте қарттарымыз. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында соғыс және тыл ардагерлерінің қатысуымен бұқаралық қорғаныс және әскери-патриоттық жұмыс айлығы өткізілді.Бұл дәстүр үстіміздегі жылы да жалғасын тапты. Қалалық кеңес жұмысты бастауыш ұйымдар, жергілікті тұрғындар арасында жүргізу бағытын ұстанып отыр. Осы мақсатта «Орбита» және «Степной» шағын аудандарында

шағын кеңестер құрылып, өз жұмыстарын белсенді түрде жүргізе бастады. Жаңа бастауыш ұйымдар құрылып, ардагерлердің бастарын қосады, олардың кейбір мұқтаждарын шешеді. Дегенмен, шешілмеген мәселелер де жеткілікті. Баяндамашы және жарыссөзге қатысушылар, әсіресе жалғызілікті, ауру және мүгедек адамдарды, аз қалса да Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің мұң-мұқтажына көңіл аударуы қажет екендігіне тоқталды. Коммуналдық төлемдер, дәрі-дәрмектер, негізгі азық-

түлік тауарларының бағалары қымбаттап барады. Қарағанды сияқты ірі қаланың қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосқан қарттарына орталық қалалардың үлгісімен қоғамдық көлікте тегін жүріп-тұру мәселесі шешімін таба алмай отыр. Пленум қалалық кеңестің комиссияларына, активіне мемлекеттік органдармен және барлық деңгейдегі депутаттармен бірлесе отырып, ардагерлердің мүдделері мен құқықтарын қорғау жолындағы жұмысты табандылықпен жалғастыра беру қажет деп шешті. Бастауыш ұйымдар арсындағы байқау конкурсының қорытындылары шығарылды. Бірінші орын (20 мың теңге) тау-кен индустриалды колледжінің, екінші орын «Ұстаз» қоғамдық бірлестігінің (18 мың), үшінші орындар Октябрь ауданы №30, 32 ОМ және психикалық неврология диспансері (9,5 мың теңгеден) ардагерлер ұйымдарына бұйырды. Сондай-ақ №7 мектеп-интернат және облыстық перинаталдық орталық бастауыш ұйымдарының жұмысы ынталандыру сыйлықтарымен аталып өтті. А.ЖАНҒОЖИН, қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі.


4

АМАНАТҚА – АДАЛДЫҚ

10 желтоқсан, 2016 жыл www.ortalyq.kz

Әріптес жайлы сөз

Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан» Мен мынау Шеттің Ақшатауында туғанмын. Өндірісті қалашық еді. Соған орай барынша орысшаға жақын болдық. Қазақша оқып жүрсек те орысша сөйлейміз. Және онымызды сөкет көрмейміз. Сол көктей кезімізде орысша мақала жазамыз. Онымыз «Дружные ребята» газетінде шығып жатады. «Юнкор» деген куәлік алдық. Жас тілші деген қазақшасынан гөрі сол орысшасы құлаққа жатық естіледі.Төс қалтамнан түсірмеймін. Сол жер әйтеуір жылытып тұрады. Кейінде талай куәлік алдық. Жас тілшісі бар, меншіктісі бар, арнаулысы бар, штаттан тысы бар – бәрі де кәделі еді. Солардың ішіндегі қадірлісі – ауыл-село тілшісі ме деп қалам. Өзіме ондай куәлік бұйырмады. Бұйырған жандардың бәрін білмесем де біразын білемін. Олардың арасында әкелі-балалы тілшілер – Иманғали, Қадыр Жұмыштардың орындары әсте бөлек деп есептеймін. Үлкен Жұмышпен араласпағанымен, кішісімен күні бүгінге дейін сәлеміміз түзу, сәті түсіп жатса қауқылдасып жатамыз. Үлкен Жұмыш сонау 34-ші жылдың өзінде «Қарағанды пролетариаты», «Большевисткая кочегарка» газеттерінде штаттан тыс тілші ретінде жазып тұрыпты. Екі тілде жазатын ағамыздың жазбаларына қарағанда әсіре белсенді болса керек. Тілші тақырып талғамайды деген қағиданы осы кісінің жазбаларына қарап айтқанба дегендейсің. Жылт еткен жаңалықтың бәрін тізген де отырған. Кездесіп қалатын оралымсыздықтарды да жасырып қалмаған. Мәселені шешудің өз ұсыныстарын да жадынан шығармаған. Сөйткен Имекең өкіметке жақпай нақақтан халық жауы атанып, Сібірге айдалып кете барады. Он жыл мерзімін өтеп келгеннен кейін қазіргі Көкпекті ауылына орналасады. Соңынан Қаракөл (қазіргі Жаңа Дубовка) ауылына орнығады. Қайда жүрсін, қолынан қаламын тастамайды. – Өкіметтің байланысы үзіліп қалғанда да Иманғали ағамыздың редакциямен байланысы үзілмейтін, өйткені хат-хабарын редакцияға өз аяғымен әкелетін дейді, – «Орталық Қазақстанның бүгінгі Бас редакторы Мағауия Сембай. Мұртты көсем айтатын кадрлар осы кісілер болса керек. Қазірде жаңалық жаршысындай көрінетін ол кісілерді қандай күш итермеледі

15 желтоқсан

Бейсенбі

06.00, 03.35 Әнұран 06.05, 02.50 Концерт 07.00 «Таңшолпан» 10.00 М/с «Лесси» 10.25 М/с «РОБОТКӨЛІК ПОЛИ» 10.40 «Айман&Шолпан» 11.35, 20.45 Айтуға оңай... 12.25, 00.45 Айналайын 13.00 «Бірге таңдаймыз!» 14.10 Т/с «Келін» 15.00 «Әйел бақыты» 16.40, 19.05 Т/с «Сурайя» 17.30, 20.00, 00.00 KAZNEWS 17.55, 01.50 «Байқоңыр: аңыз бен ақиқат» 18.25 Көңіл толқыны 18.40, 01.20 Келбет 21.40 КОНЦЕРТ 23.15, 02.20 Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев 23.50 «МузАрт Live»

16 желтоқсан

Жұма

06.00, 03.35 Әнұран 06.05 Концерт 07.00 «Таңшолпан» 09.30, 20.00, 01.30 KAZNEWS 10.00, 11.25, 11.40, 12.50, 13.25, 17.10, 17.45 ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН 10.05 М/с «Қазақ елі» 11.30 «ӘЛЕМ ТАНЫҒЫН ҚАЗАҚСТАН» 11.45 Концерт 12.55, 02.15 «Ғарышты бағындырған Қазақстан» 13.30 Т/с «Шекара шебінде» 17.15 АРНАЙЫ СҰХБАТ 17.50 Концерт 20.30, 02.00 Парламент 20.45, 02.45 ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС 21.30 «ТАРИХ ОСЫЛАЙ ЖАСАЛДЫ» 22.20 Сәлем, Қазақстан!

17 желтоқсан

Сенбі

06.00, 03.35 Әнұран 06.05 Концерт 08.15, 10.15 МузАрт Live 08.15 М/с «Дара мен достары» 09.00 «Сенбілік таң» 10.10, 14.35 ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН! 12.00 Ас болсын! 12.40 «Балапан жұлдыз» 13.45 ОЙ-ТОЛҒАУ 14.40 Т/с «Шекара шебінде» 19.00, 02.45 Өмірдің өзі новелла 20.00, 02.10 KAZNEWS 20.35 КӨҢІЛАШАР 22.10 Концет 00.20 Драма «Елбасы жолы: Тығырықтан жол тапқан»

18 желтоқсан

Жексенбі

06.00, 03.35 Әнұран 06.05, Концерт 07.40 Әзіл әлемі 09.05 «АҚСАУЫТ» 09.30 «БҮГІН ЖЕКСЕНБІ» 11.10, 23.50 ДАРА ЖОЛ 12.45 Сәлем, Қазақстан! 14.15 Т/с «Шекара шебінде» 17.50 Көңілді тапқырлар алаңы 20.00 АПТА.kz 21.00 УНИВЕРСИАДА ҚАРСАҢЫНДА-2017 21.10 Үздік әндер 22.00 «МузАрт Live». МЕГА ЖОБА 01.15 Драма «Жаужүрек мың бала»

Бәрекелді!

Мереке шуағы өлеңдерін түрлі жинақтарға кіргіздік. Елге ақын ретінде мойындалды. Содан бастап Қадекең мен арамыздағы сыйластық, қаламдастық, әріптестік сүзілмей келеді. Қадекең кәсіби журналист. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Оның өзінде орысша бөлімшесін. Одан берменде талай қызметтің құлағын ұстаған. Оның ішінде өзіміздің «Орталықта» істеп, қалам қайратын танытқан. Иманғали ағамыз сексен бес жас жасап соңғы күніне дейін «Орталықтан» қол үзбеді. Қадыр ағам да бүгін сексен жасына келіп отыр. Әке жолын қуған ұлдың шығармашылық жолы кімді де болса сүйсіндіреді. Қадекең жасының келуіне байланысты өзінің бұл өмірден көрген-түйгенін қағазға түсіріп кетсем дейді. Сол ниетпен шежіре кітаптарын түзді. Ел-жер тарихына қатысты талай құнды

екен дейсің?! Сол ағаларымыз өздері кетсе де ізбасарларын тастап кетті. Иманғали ағамыздың жағдайында баласы Қадырды айтар едік. Қадекең де әкесінің аузынан түсіп қалған ба дейсің. Бұл ағамыз да екі тілде жазады. Және жазғандары жатып қалмайды. Имекеңе қарағанда бұл кісінің бір ерекшелігі қалада жатып-ақ ауыл жаңалықтарын жеткізіп тұрады. Шама-шарқы жеткенше ауыл тақырыбын қаузайды. Жан дауасын қалт-құлт тірліктегі ауылдан іздейді. Өйткені ол кісінің түсінігінде ауыл руханият ұясы. Тағы бір ерекшелігі жазғандары өз алдына кітап болып шығып жатыр. Қадыр Имағалиұлы бүгінде жиырма шақты кітап шығарыпты. Соның дені кәдімгі журналистиканың шекпенінен шыққан жанрлар. Бәрін де деректі кітаптар десек те болады. Қадыр ағамызды білуім бертінде. Бұл кісі де жазбаларын өз аяғымен әкеліп жүреді. Бір күні менің де алдыма келген. Мақала емес екен. Бір бума өлең. Өрімдей жас жігіттің жан сыры қағаз бетінде қалған екен. Өзі бақилыққа озып кетіпті. Ағамыздың сол азаматтың жоқтаушысы болып жүргені жанымды жылытсын. Кейінде әлгі азаматтың

ХАБАР 07.00, 03.00 ҚР Әнұраны 07.02 Әсем әуен 07.15, 17.00 Біздің үй 08.00 Жаңа күн 10.10 М/ф «Вспыш и чудо машины» 11.00, 16.30 Т/с «Көрімдік» 11.30 «Экспедиция 25» 12.00 Драма «Әр үйдің сыры басқа» 12.30 «Магия кухни» 13.00 Т/с «Унесенные рейсом» 13.30 Т/с «Центральная больница» 14.30 Рожденные в Независимой 15.00 Важно знать 15.15 «Пай-пай, 25» 17.45 «Давайте говорить» 18.15 Білу маңызды 18.30 «Ғаламдық қауіп-қатер» 19.00, 00.30, 02.20 Қорытынды жаңалықтар. Негізінде 19.40 ЕХРО – болашақ энергиясы 19.50 Т/с «Бәсеке» 20.30 Т/с «Сапарластар хикаясы»

деректерді айналысқа енгізді. Бұл ағамыз да мамандығына адал болды. Барлық деңгейдегі басылымдарға жазып тұрады. Оның ішінде өзінің «Орталығын» ұмытқан емес. Мен білсем бұл кісіде де талай куәлік болған. Юнкордан бастап. «Штаттан тыс»-қа дейін. Соның ішіндегі ең қадірлісі – селькорау деймін. Бұл бағдаршамдағы жасыл жарық сияқты. Барлық куәліктерің өтпей тұрғанда әлгі «селкорыңды» көрсете қойсаң болды. Жолың ашылып қоя береді. Ағамыз бүгінде «Орталығымен» шығармашылық қатынаста. Екі айтқызбайды. Қамшы салдыртпайды. «Орталықтың» керегін өзі біліп тауып әкеледі. Жазғанда бір қаламақы ала қояйыншы деп жазбайды. Еліме болсыншы деп жазады. Жазғанын кейінгі толқынға өнеге ретінде ұсынады. Ағамыздың қазақ журналистикасында жүргеніне жарты ғасырдан астам уақыт өтіпті. Білгенге бұл да бір ғұмыр. Өнегелі ғұмыр. Сенсеніңіз құтты болсын, аға! Тоқсаныңызда да қаламыңыз тозбасын!

ХАБАР

07.00, 03.00 ҚР Әнұраны

Шет аудандық балалар кітапханасының ұжымы аудандық мәденисауық орталығының залында «Біздің Елбасы» атты танымдық кешті ҚР Тұңғыш Президенті күні аясында өткізді. Аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия базасындағы тірек мектебінің және Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп гимназиясының 7,8-сынып оқушылары қатысқан кеш шымылдығын ҚР Мәдениет қайраткері және еңбек ардагері, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Гүлшара Ахметова ашты. Мақсат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолын оқушыларға үлгі етіп, сол арқылы олардың таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, Отанын, халқын құрметтеп сүюге баулу. Кеш қонақтары – ауылдың ардагерақсақалдары Шәйкен Алғожин, Қуаныштай Сейілбеков, Медет Байтанасов, Исақ Жолғұттыұлы, Рая Төлегенқызы Елбасына ерекше құрмет танытып, Ұлы еңбегіне лайықты бағаларын білдірді.

Ы.Алтынсарин атындағы 6,7-сынып оқушылары Елбасының отбасы, балалық шағы және қызмет жолдары жайлы тоқталып өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Адырбек Сопыбековтің «Елімнің қыран бүркіт, мұзбалағы» атты өлеңін оқыды. «Елбасы – ел тірегі, абыройы, айбаты!» тақырыбында слайд көрсетіліп, «Қиядағыны көретін көз, қиялдағыны аңдайтын ақыл» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Кеш аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері мен барша жиналған қауымның қосылып шырқаған Елбасымыздың құрметіне шығарылған «Нұр аға» атты әнмен аяқталды. ШЕТ ауданы.

21.30, 02.20 БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 22.10 Т/c «Қос жүректің лүпілі» 23.05 Т/с «Ғажайып жан» 00.00 Т/с «Буду жить»

21.00 Иные 22.40 Х/ф «Холодное лето пятьдесят третьего...» 00.20 Әуенді Қазақстан 02.30 Деректі фильм

ЕУРАЗИЯ 06.00 Жаңалықтар 06.05 Жить здорово 07.00 «ДОБРОЕ УТРО» 10.00 СУДЕБНЫЕ ИСТОРИИ 11.00, 02.00 «БАСТЫ ПАТРУЛЬ» 11.10, 03.40 «Той заказ» 11.40, 20.55 «П@УТИНА» 12.10 «ВСЕ МЫ ЛЮДИ» 13.10 «ДУ ҚОЛ ШОКОЛАД» 14.10, 02.55 «ӘЙЕЛ СЫРЫ» 15.10 ПРАВДА 15.15 ДАВАЙ ПОЖЕНИМСЯ 16.30 Х/ф «Невероятные приключения Алины» 17.35 ПУСТЬ ГОВОРЯТ 18.50 Х/ф «Ради любви я все смогу» 20.00 Главные новости

5 КАНАЛ 06.30, 07.40, 08.40 «Таңертеңгілік «5-арнада» 06.30, 20.30 Вести - Россия 07.00, 13.00, 19.30, 21.35 Шарайна. 07.25, 08.25, 14.05 Аймақ жаңалықтары 07.50, 14.25, 18.00, 22.30 Рекламный визит 08.00, 20.00, 22.00 Новости. Книга жалоб. Прогноз погоды 13.50 P.S 14.35 прямой эфир 15.40 «Будем здоровы» 15.50 «Жақсылардан ғибрат» 16.10 Т/с «Эдмонт Кеосаян. Не только неуловимые» 17.00 Менің шыңдығым 17.50 ТВ-2 экспедициясы 18.10 5-арнадағы әуен 19.00 «Безопасность»

ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 07.00, 10.00, 13.00, 17.50, 22.30 Жаңалықтар 07.45, 10.45, 21.15, 23.15 Уақыт.kz 08.00, 11.00, 18.50, 22.20, 23.35 Реклама 08.05 Әсем әуен 08.45, 21.30 Т/с «Меч» 09.35, 13.20 М/ф «Джунгли кітабы-1» 11.05 Т/с «Таңдау» 11.50 М/ф «Бернард» 12.00 Брифинг 12.45 М/ф 18.30 ДАТ 19.00 Шаңырақ 19.35 Страницы независимости 20.00 Д/ф «Бірегей іскер» 20.30 Қорытынды жаңалықтар 23.40 Т/с «Бірінші ханым»

ЕУРАЗИЯ 06.00 «Әйел сыры» 06.45 ЖҰМА УАҒЫЗЫ 07.00 Жаңалықтар СУБТИТРЛЕРМЕН 07.05 Идеальный ремонт 07.45 Той базар 08.35, 20.55, 02.20, 02.55 «П@УТИНА» 09.00 Х/ф «Битва за Севастополь 11.35 Угадай мелодию 12.00, 03.15 ШАҢЫРАҚТЫ ШЫРАҚШЫЛАРЫ 14.05 «ДУ ҚОЛ ШОКОЛАД» 15.10 Х/ф «Родная кровиночка» 17.10 «Лучше всех» 18.45 «День Независимости» 20.00 Главные новости 21.30, 02.40 БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 22.10 Т/c «Қос жүректің лүпілі» 23.05 Т/с «Ғажайып жан» 00.00 Клуб веселых и находчивых 03.25 ЖИТЬ ЗДОРОВО

07.02 Қалжың қоржыны 08.30 Өзін-өзі тану 08.10 Продвопрос 08.30 Қызық times 09.50 «Золотая середина» 10.20 Рожденные в Независимой 10.30 Д/ф «Казмунайгаз» 11.30 Кино. «Алып қашу операциясы» 13.20 Т/с !Құстар әні» 15.00 «Биле, Қазақстан!» 16.50 Концерт 18.00 Ду-думан 19.10 Бенефис-шоу 21.00 Ақпарат арнасы - «7 күн» 22.00 Кино. «Дорога к матери» 00.10 «Мәңгілік ел - Қазақ хандығына 550 жыл» 01.40 Т/с «Әселдің құрбы-құрдастары»

ЕУРАЗИЯ 06.00 Жаңалықтар СУБТИТРЛЕРМЕН 06.05 Модный приговор 07.00, 04.00 Идеальный ремонт 07.50, 12.30 Т/с «Вероника Марс» 08.35, 04.45 «П@УТИНА» 09.00 Смак 09.40 Х/Ф «Уйти, чтобы остаться» 11.40 «Фабрика грез» с Ольгой Артамоновой 12.00, 02.40 112 неделя 13.25 «Той базар» 14.25 «П@УТИНА+» 15.30 Т/с «Верни меня» 20.00 ПЕРВАЯ ПРОГРАММА 20.30 «ГОЛОС КАЗАХСТАНА» 22.45 Басты бағдарлама 23.15, 03.00 «Кешкі кездесу» 00.25 «Ледниковый период»

ХАБАР 07.00 ҚР Әнұраны 07.02 Қалжың қоржыны 07.50 Самопознание 08.00 Ас арқау 08.25 «Сиқырлы ас үй» 09.00 ТВ Бинго 10.00 «Биле, Қазақстан!» 10.20 Тайны и судьбы великих казахов 11.00 Семейное кино. «Астерикс и Обеликс в Британии» 13.00 Т/с «Құстар әні» 15.50 Ду-думан 17.00 «Компромат» 18.00 Қызық times 19.00 Д/ф «Как творилась история» 21.00 Аналитическая программа «7 күн» 22.00 «Пай-пай, 25» 23.00 «Бой с тенью» 01.20 Т/с «Әселдің құрбы-құрдастары»

ЕУРАЗИЯ 06.00 Жаңалықтар СУБТИТРЛЕРМЕН 06.05, 03.35 Модный приговор 07.10 «ТОЙ ЗАКАЗ» 07.40, 12.30 Т/с «Вероника Марс» 08.30 «Паутина» 08.55 Воскресные беседы 09.10 НЕПУТЕВЫЕ ЗАМЕТКИ 09.30 ЕРАЛАШ 09.45 ГОЛОС КАЗАХСТАНА 12.00 Басты бағдарлама 13.35 «Кешкі кездесу» 15.00 Открытие КИТАЯ 15.45 Х/ф «Хозяйка большого города» 20.00 Аналитика 21.00, 02.05, 04.30 «П@УТИНА+» 22.00, 02.50 «Той базар» 00.00 «Любимое кино. «БРИЛЛИАНТОВАЯ РУКА»

5 КАНАЛ

10.00 Шарайна. 07.25, 08.25, 13.50 Аймақ жаңалықтары 10.50 Ерлер ел ішінде 11.05 Менің Астанам 11.30 Тарих тағылымдары 12.00 Ислам: сауалдар мен жауаптар 12.30 Азия айнасы 12.50 Мерекелік концерт 14.25,17.25, 22.45 Рекламный визит 14.35 Х/ф «Подмена в один миг» 17.20, 20.00, 21.55 Новости. Прогноз погоды 17.35 Концерт 19.40 «Сыр сандық» 20.05, 22.00 Х/ф «Цена любви» 23.30 Казахстан 2050

00.00 Әуенді Қазақстан 02.30 Деректі фильм

10.45, 13.45 Уақыт.kz 11.00, 15.55, 17.50, 21.25, 22.20 Реклама 11.05 Д/ф «Көшбасшының тылсым сыры» 11.35 «Көк тудың желбірегені» 11.40 Страницы независимости 12.00 Шаңырақ 12.35 «ДАТ» 14.00 «Мәңгілік ел – Қазақстан! 15.30 Х/ф «Жаужүрек мың бала» 18.00 Концерт 18.40 «KZ-25: менің Тәуелсіздігім» 19.00 Арнадым саған... 19.35 «Ғибрат-ғұмыр» 20.00 Д/ф «Дух Независимости» 21.15, 22.25 Патриоттық әндер 21.30 Т/с «Меч» 22.45 Х/ф «Қызғыш құс» 01.10 Т/с «Бірінші ханым»

ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 09.00 Әсем әуен 10.00, 13.00, 20.30 Жаңалықтар

5 КАНАЛ 10.00 Шарайна. Ауа райы болжамы. Новости. 10.50 P.S 11.05 «Сыр сандық» 11.25, 12.30 Азия айнасы 11.40 «Нольден бастап» 11.55 Ислам: сауалдар мен жауаптар 12.50 Татары Караганды 13.10, 18.00, 22.10 Рекламный визит 13.20 По диким местам 14.00 «Будем здоровы» 14.15 «Правила движения» 15.00 Специальный корреспондент 16.00 Военная программа 16.20 Субботний вечер 18.10 «09-аймақ» арнайы-репортаж 18.25 5-арнадағы ән-әуен 19.00 «Человеческий фактор» 19.30 Городок 20.00 «Регион-9». Прогноз погоды 20.15 Апта репортажы. Ауа райы болжамы

5 КАНАЛ 10.00 Апта репортажы. Ауа райы болжамы. 10.25 «Жақсылардан ғибрат» 10.45 «Ерлер ел ішінде» 11.00 Азия айнасы 11.35 Время творить 12.00 Утренняя почта 12.30, 17.30, 22.05 Рекламный Визит 12.40 Сто к одному 13.30 «Новая волна» 16.00 «Команда» 17.00 Мир православной духовности 17.40 Прогноз погоды. 17.45 «Сайгез» 18.15 «Кеншілер қаласында» 18.30 5-арнадағы ән-әуен 19.00 Честный детектив 20.00 «В городе Қ...» 20.20 Х/ф «Жизнь после жизни» 22.00 «Сау болайық» 22.25 Х/ф «Осенний лист»

20.30, 22.25 Х/ф «Пластмассовая королева» 22.20 Прогноз погоды. Ауа райы болжамы 23.50 Әуенді Қазақстан ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 09.00 Әсем әуен 10.00,18.00 Жаңалықтар-Новости 10.45 «Ғибрат-ғұмыр» 11.05, 13.50, 15.50, 17.50, 21.45 Реклама 11.10 Хочу все знать! 11.30 Х/ф «жаужүрек мың бала» 14.00 Концерт 16.00 Т/с «Немного не в себе» 17.45 Бейнеклип 18.00 Патриоттық әндер 19.00 Шаңырақ 19.35 «Сағатпен сұхбат» 20.45 100 шагов 21.00 «Сто тысяч Я» 21.50 Х/ф «Мұстафа Шоқай»

00.10 Әуенді Қазақстан 02.30 Деректі фильм ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 09.00 Әсем әуен 10.00, 13.50, 15.50, 17.50, 21.50 Реклама 10.05 «Дода» 10.30 М/ф «Венди» 11.40 «Сағатпен сұхбат» 12.10 Х/ф «Сардар» 13.45 М/ф «Жұман батыр» 14.00 Шығармашылық кеш 16.00 Т/с «Немног не в себе» 17.45 Бейнеклип 18.00 «Обсудим» 18.35 «KZ-25: Менің Тәуелсізідігім» 19.00 «Сто тысяч Я»

19.50 «ҚР Ұлттық музейі

Біріншілікте Қазақстанның әр облысынан келген жасөспірімдер қолғап түйістірді. Бокстан Қарағандының бәсі биік екені белгілі. Қарағанды қаласының жалпы білім беретін №36 орта мектептен барып бақтарын сынаған бірнеше оқушы жүлделі оралды. Атап айтсақ, 8-сынып оқушысы Абылай Бердімұрат пен 6-сынып оқушысы Сағыныш Кенжебаев І орын, 7-сынып оқушысы Ерсін Айтжанов ІІ орын иеленді. Оқушылардың жаттықтырушысы Ұлан Смағұлов келешекте шәкірттерінің әлем аренасында көк туымызды желбірететін даңқты боксшы болатынына кәміл сенетінін айтты. Айгүл СМАҚАНОВА, №36 мектеп кітапханашысы. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Анар ӘУБӘКІРОВА.

21.00 Итоги дня. По сути 22.40 Концерт 00.30 Кино. «Рывок» 01.50 Драма «Өмір сабақтары»

23.50 Драма «Теміртау» ХАБАР 07.00, 03.00 ҚР Әнұраны 07.02 Әсем әуен 08.00 Концерт 09.30 Кино. «Голос степей» 11.10 Торжественное собрание, посвященное 25-летию Независимости РК 11.25, 19.40 ЕХРО – болашақ энергиясы 12.00 Концерт 13.45 Кино. «Құнанбай» 15.30 Мерекелік жоба. «болашағымыз бірлікте» 17.10 «Бенефис-шоу» 19.00 Қорытынды жаңалықтар. Негізінде 19.40, 20.10 «Арнайы хабар» 20.30 Т/с «Сапарластар хикаясы» 21.00 Итоги дня. По сути 21.40 Д/ф «Как творилась история» 23.40 Кино. «Аманат» 01.50 Мерекелік кештері «Әсем әуен»

Жуырда Атырау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті. Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттай отырып, спорттық шеберлікті арттыру.

20.00 Арнадым саған... 20.35 2050 21.00 «Жансарай» 02.30 Деректі фильм 00.35 Х/ф «Сұлтан Бейбарыс»

БҰҰ бастамасы бойынша 9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні. Сыбайлас жемқорлыққа мемлекет, бизнес, БАҚ, халықаралық және шетелдік ұйымдар қарсы тұра алады. Бұл қарсы тұру – әрбір адамның, қоғамның ісі. «Сыбайлас жемқорлық – бұл заңсыз баюдан, парақорлықтан, жымқырудан көрінетін, лауазымды тұлғалар мен саясаткерлердің моральдық жағынан азғындауы». Заңнамаға сәйкес «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады». «Сыбайлас жемқорлық» – пара, параға сатып алу, алдау, алаяқтық деген мағынаны білдіреді. Тарихтағы сыбайлас жемқорлық тамыры – назарға ілігу үшін сыйлық жасау дәстүрінен басталады. Қымбат сыйлық адамды басқа сұраушылардан ерекшелендіріп, өтінішінің орындалуына септігін тигізді. Алғашқы қауымдық қоғамда пірадарға немесе көсемге төлеу қалыпты нәрсе болатын. Мемлекетті басқару өнері жөніндегі ежелгі үнділік трактатта патшаның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі қазынаға қол сұғумен күрес болып табылатыны атап айтылған. Қазына мүлігін жымқырудың 40 тәсілі аталған және айлакер шенеуніктердің қитұрқы әрекеттерін әшкерелегеннен гөрі аспандағы құстардың жолын анықтау неғұрлым жеңіл деген қорытынды жасалған еді. Мемлекеттік қызметкерлердің төмен жалақысы, заңдарды білмеу, жеңіл пайда табуды қалау – сыбайлас жемқорлықтан көрініс беру себептеріне жатады. Ал, пара, талан-тараж, алаяқтық, бопсалау – сыбайлас жемқорлықтың көрініс беру нышандарына саналады. Сыбайлас жемқорлық жайлаған жүйеде бизнес ойдағыдай дами алмайды, бұл жалпы ел байлығының кемуіне әкеп соғады. Қазынадан жымқыру мемлекеттің әлеуметтік қызметтер (мектептер, ауруханалар, жолдар, полиция) көрсетуге бөлген қаражаттардың тиісті дәрежеде пайдаланылмауына әкеп соғады, бұл қызметтер сапасын нашарлатады. Жалпы, әлемді жайлаған сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып бірігіп, ұйымшылдық көрсете отырып біріксек алынбайтын қамал жоқ. Тек қана өз құлқынымызды ойламай жан-жағымыздағы адамзат қауымына жанашырлық таныта отырайық. Ұлтымызға сын келетін жат қылықтардан бойымызды аулақ ұстайық. М.МҰҚЫШЕВА, №16 жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогы. Сәтбаев қаласы.


дүние-дүрмек

10 желтоқсан, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Қарағанды ғалымдары Адалдық пен азаматтықты бір бойына жинаған Мәулен Советұлы Орталық Қазақстандағы этнография, этнология және тарихи антропология ғылымдарының зерттелуіне негізделген және осы сала жаңаша қарқын алуына себепкер болып жүрген ғалым. Оның жарық көрген ғылыми еңбектері оқырман арасына кең тарап, жоғары бағаланып жүр. 8 іргелі монографияның, көптеген ғылыми мақаланың авторы. Ғылыми ізденістермен қатар ол жиырма жылдай өмірін далалық этнографиялық экспедицияларда өткізіп, керекті деректер жинады. Жиналған материалдарды тарихи құжаттармен негіздеу үшін Мәскеу, Омбы, Алматы қалаларындағы мұрағаттарда жұмыс жасады. Нәтижесінде шаң басқан мұрағаттардың сөрелерінде жатқан тарихымызға байланысты талай құнды дүниелер оның жеке қорында жинақталды және ғылыми тұжырымдар жасауда негіздеме болды. Зерттеу нысанасының басты бағыты әлеуметтік-мәдени құндылықтар мен туыстықтың этножүйе қызметіне, әлеуметтік институт – «ру»мәселесі механизмдерін анықтауға арналды. Ол отандық этнология саласында, аталған тақырыптар төңірегін зерттеуде бұрынғы методология, теория және тарихнамалық идеяларды сын елегінен өткізіп, жаңа ойларды ұсынуда. XVIII-XIX ғасырлар дерегі бойынша «Туыстық принцип пен рулық құрылымның қазақ көшпелі өркениеті этножүйесіндегі функционалдық маңызы» тақырыбы аясында 2003, 2012, 2015 жылдары жарық көрген еңбектерінде ол «ру», «ел», «жұрт», «жеті ата» ұғымдарына семантикалық талдау жасап, рулық құрылымдардың құрылуы мен қызмет етуінің негізгі заңдылықтарын анықтады. Сонымен бірге, «жеті аталық» жүйеде «ру»мәртебесін алумен көшпелілер мемлекетінің циклдық дамуының арасындағы, қоғамда биліктің орнығу үдерісі мен туыстық салттардың пайда болуын зерттеді. XVIII-XIX ғасырлардағы қазақтардың туыстық қарым-қатынасын, рулық құрылымның саяси-әлеуметтік өмірдегі қызметін, саяси тарихын деректер арқылы талдап: «ру» басыларының билік саласындағы белсенділігінің артуын; туыстықтың жанама бұтағы арқылы биліктің берілуі мен рулық демократиялық принциптерінің байланыстарын; дағдарыс кезіндегі рудың іс-әрекеті мен мінез-құлқының ерекшеліктерін; рулар интеграциясы нәтижесінде империя құрылуының алғышарттарын, ерекшеліктері мәселелерін нақтылады. Сонымен бірге сол кезеңдегі жер қатынастарына байланысты тарих және фольклор деректерін талдау арқылы қазақтардың жерге қатынасын, олардың қоршаған ортаға тұтынушылық ниетпен қарамай, барша тіршілік болмысының табиғатпен тамырлас болғанына үлкен мән береді. XVIII-XIX ғасырлардағы қоғамды басқару мен территориялық мәселелерді шешудің колониалдық және дәстүрлі әдістерін салыстырмалы түрде талдау оның еңбектерінде ойып орын алды. Нәтижесінде, патшалық биліктің жергілікті халықтың әлеуметтік-мәдени құндылықтарын (туыстық) және әлеуметтік институттың (ру) іскерлік әлеуетін есепке алмау, нақты қандай қарама-қайшылықтарға әкелгендігін тарихи құжаттармен дәлелдеді. Мәулен Советұлының 2001 жылғы 22-23 қарашада Астанада өткен «Еуразия ғасырлар тоғысында» атты халықаралық симпозиум, 2015 жылы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мерейтойына арналған халықаралық конференция материалдары жина-

раф, археолог ғалымдар мен студенттердің жаңа толқыны қолға ала бастаған тың тақырып – өлкенің табиғи-тарихи-мәдени мұрасын біртұтастықта алып зерттеу жобасын ұсынып жүр. Жастарға қолда бар аңыз, тарихи дерек, мұрағаттық құжаттарды салыстыру арқылы, әр түрлі тақырыпқа бойлаудың жобаларын үйретуде. Зерттеп үлгермеген басқа ескерткіштер туралы: «Неге біздің мекеніміз зерттелмеген?», «Неге бәлен ескерткіш түсірілмеген?», «Неге бәлен ақсақалдың әңгімесі тыңдалмаған?», «Неге бәлен аңыз келтірілмеген?», «Неге, неге, неге? …» – деген сұрақтар легі-

ғында және «Отан тарихы» журналының 2016 жылғы үшінші номерінде жарияланған «Еуразия далалық өркениетінің циклдық даму заңдылығы» атты мақалалары да Еуразия аумағындағы көшпелілер мемлекеті дамуының циклдық концепциясына арналды. Қазақтар және олардың арғы бабаларының тарихынан ғылымға белгілі фактілерді және тарихи сана ұғымдарын талдау арқылы «жеті аталық» циклдық даму заңдылығын анықтады. Көшпелі қазақтардың тарихи санасының орталық ұғымы ретінде «жеті ата» ұғымының мәні мен мазмұны талданып, нәтижесінде Еуразия көшпелілері тарихының «жетіаталық» циклдық кезеңдерге бөлуі концепциясы ұсынылды. Бұл ұсынылып отырған жаңа тұжырым Еуразиялық көшпелілердің далалық өркениеті құрған мемлекеттерінің өмір сүруінің, дамуының ішкі заңдылықтарын көрсетеді және оны түсінуге мүмкіндік береді. Мәкеңнің өзі бұл жазылған мақалалар төңірегінде «...этнография мен тарих дерегіне сүйеніп жазылған бұл зерттеулердің нәтижесі мәдениеттанулық талқыға түсіп, этникалық мәнге ие болды, ал этнографиялық фактілер – тарих талқысына түсіп, динамикалық мәнге ие болды» деп қорытындылайды. Мәкең зерттеулерінің ең бір құндылығы сол, ол әрбір қаламынан шыққан еңбекке сыни талдау жасауды, зерттеу объектісінің ерекшелігіне сай ұғымдарды анықтауды, теориялық және фактологиялық деректерді талдап қорытындылауды әдетке айналдыруы. Ал, бұл мәселе бүгінгі тарих ғылымымен айналасып жүрген ғалымдардың қайсысына болса да қойылатын негізгі талап. Бір өкініштісі сол, бұл бүгінде ескерілмей жүрген дүниеміз... Мәулен Советұлы ғылым-білімнің соңына түскен жас толқын, ізін жалғастырар шәкірттеріне, кәдесіне жарарлық жаңа идеялар мен ойлар туғызатын мол мұраларды беруден ешқашан жалыққан емес. Бүгінде ол жас тарихшы-этног-

Еске алу

Тағзым

мен, ұмыт болып, жойылып бара жатқан бабалар мұрасын қорғап, аңызын ұрпаққа жеткізуді насихаттайды. Мәкең «...бүгінде рухани азығын бойына сіңірген қариялардың көбі кетіп жатыр,олар қалдырған өсиетті, майын тамызып айтып қалдырған шежірені сақтап қалуға естің күші келмей, жазып алуға мойын жар бермей, қолда барды қадірлемей келеміз, бәріміз кейін сан соғамыз. Сөйтіп, ескерткіштердің көбісі топырақ үйіндісіне айналып барады. Табиғаттың игілігі – жер-су мен оның қазына байлығы сауда-саттық пен пайда табудың көзіне айналып барады» - дейді. Ол сонымен бірге «...біздің үш мұра: қанын төгіп қорғап қалған – жер мен оның қазына байлығы, соған иеліктің кепілі ретінде қалдырған қолымен сомдаған – тарихи ескерткіш, осының бәрі келер ұрпаққа мұра болып қалуын сабақтастықпен қамтамасыз етіп келген – қария сөзі, қай заманда болмасын тіршіліктің көзі болып қала бермек. Оны зерттеуге септігін тигізу – ел сөзі мен тізгінін ұстаған азаматтардан бастап, есі кірген балаға шейін абыроймен атқаратын ең игілікті іс» деп өз шешімін де білдіреді. Қорыта айтқанда, табиғат байлығы – тән азығымыз, қария сөзі – жан азығымыз, тарихи ескерткіш – мұрагерлік құқымыз. Бұл – әркім өзіне тартып, таласқа салмайтын, бәріміздің бөлінбейтін еншіміз. Оны ұқсатып пайдалану – таным мен түйсік деңгейіне байланысты. Мәкеңе ел ағасы, ердің жасы – 50 жасқа келген мерейлі сәтіңіз құтты болсын дей отырып, өзіңізге өмірдің өрінен, бақыттың төрінен, ғылымның шыңынан көріне беруді тілейміз! Қ.Өскембаев, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бақты ауылының тумасы асыл жар, немерелерінің сүйікті атасы, ардақты әкеміз Кәрап Сүлейменовтің бұл фәниден бақиға озғанына жыл толып отыр. Балаларына ұлылықтың үлгісі болған, қатарына дос, жақынына бауыр, туыс болған абзал жан. Ешкімнің жүрегінен өшпек емес. Өмір жолында әділдік пен шындықты ту етіп ұстаған әкемізді сағына еске алып, рухына тағзым етеміз. Алланың нұры – көктемгі ақ жауындай көпке пайдасы көп тиген әкеміз еді. О бастан өлмек айқын. Бұл фәниде темір өзекті пенде жоқ. Өлмес адам елде жоқ. Өлімнен өтер өткел де жоқ. Бірақ, төрге шықса төбедей, төбеге шықса төредей, жақын мен алысты бірдей тең көрген, елінің жігері, қоғамның тірегі бола білген әкемізді өлімге қию да, енді арамызда жоқ дегенге сену де қиынның қиыны.

Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан» Шәкерім аға Мұхамеджанұлын еске алсам ойыма осы жолдар еріксіз оралады. Адам есімін тергеуде үлкен мән жатыр-ау деп ой түйесіз. Шәкерімнің тегін сөз емес екенін жан-дүниеңмен сезінесіз, еріксіз Құранмен барып байланыстырасыз. Бір бүйрегіңізде Шәкерім Құдайбердіұлы тұрады. Сонан табасыз. Ешкімнің сілтеуінсіз. Қасиетті сөз екендігін жазбай танисыз. Тіл маманы болмасаңыз да. Шәкерім деген Шаһ Кәрім деген сөз. Алғашқысы түсінікті. Парсы сөзі. Кейінгісі де парсы сөзі. Кәрімнің тікелей мағынасы қасиетті деген сөз. Кім қойса да ниеті түзу екен дейсіз іштей. Талайының теріс келгені де, ағы да, қызылы да мешіт, медресе дегенде ытырына келді. Қойға тиген топалаңдай таяқтың ұшына, мылтықтың қарауылына ілінді. Мынау Кәрсен елінде ақ қашып, қызыл қуған сол заманның өзінде мешітмедресе істеп тұрды. Білетін жұрт сол Ысқақ молда мешіт-медресесін әлі күнге қасиеттеп келеді. Осы мешіттен шыққан талай талаба кейінде халқына қызмет етті, халқын Құдай жолына салуда шыбын жандарын қиды. Солардың арасында Шәкеңнің әкесі Мұхамеджан молда да бар еді. Бұл медресенің табалдырығын аттаған Төлеген, Мұхамеджан, Нұрғали, Нұрмағанбет сынды аға буын өкілдері сол бір бұлғақты күндері еліне ес болды. Мыңдарды соңдарынан ертіп, оқ ұшында кетті. Шәкеңнің әкесі Мұхамеджан молда бойының бәкенелігіне орай кішкене молда атаныпты. Қызыл кеңестің қым-қуыт, алмауыт күндер Мұхамеджан молда отбасын да айналып өтпейді. Итжеккенге айдалып, түрмеде отырмағанымен мырзақамақтың талайын бастан өткізеді. Қашанда қуғын-сүргінде жүреді. Қу жанына тыныштық іздеп, бой тасалайды. Бәрібір туған топырағын тастап кете алмайды. Өкіметтің құрығы мұндай ұзын болар ма, барған жерін жазбай табады. Соғысқа жарамағанымен еңбекке жарайды деп еңбек армиясына алады. Одан да аман келеді. Алайда, бақылау күшейе түседі. Әуелі Сарышағанда елеусіздеу күн кешеді, соңынан Мыңаралға ойыстайды. Одан көптің іші ғой деп Балқашқа қозғалады. Болмаған соң Қоңыратты паналайды. Кішкене Шәкерім осының бәрін өз көзімен көрді, көргенін көкейіне түйіп өсті. Қоңыратты паналайтын себептері нағашы атасы сонда жылқышы болды. Ол уақытта да ірі кәсіпорындардың қосалқы шаруашылықтары болатын. Сондағы құрылыс тресінің қосалқы шаруашылығы дүрілдеп тұрды. Соның жылқысының жауапкершілігі нағашы атасының мойнында болды. Жазда жылқы Қосбөрі деген жайлауда бағылады. Бұл кәдімгі Тайатқаншұнақтың өзі. Сол заманда да қу далада адамдар топтасып өмір сүрген. Үй салып, бала оқытқан. Соғыстың бейнетінен кейін бұл жер ұжмақтай болып көрінген. Ауылдары Еркіндік ауылы деп аталатын. Сонда алғаш мектеп табалдырығын аттады. Балық зауытында істеген анасы да азапты жұмысынан құтылды. Елуінші жылдардың басында өндіріске үлкен мән берілді. Жаңа өндіріс ошақтары бірінен кейін бірі ашылып жатты. Іргеде жатқан Киікті ауылынан әк

5

Көктем, жазы, күзі өтіп, қыс келді, Уақыт – сынап, біраз нәрсе өзгерді. Өзгермеген сары тап болған сағыныш, Сенсіз әке, өткен күнді көз көрді. Сағынамыз, жабығамыз, мұңайып, Өнегең бар, ұрпағыңа лайық. Дұға арнаймыз, пейіштен нұрың шалқысын, Еске алады бала-шаға, туғаның. тасы табылып, елдің бәрі жаңа кәсіпорынды игеруге ағылды. Кәдімгідей тұрмыстары түзеліп, ел қатарына қосылады. Алайда, бұларды Бірлік стансасы күтіп тұр еді. Құлназар ұрпағы қызыл өкіметтен тепкіні көп көрген аталардың бірі. Соның бір себебі бұл атадан молдалар, оқығандар, қажылар көптеп шыққан. Олардың өмірі қашанда қудалауда болған. Сол қуғында болған ата осында бастарын түйістіреді. Іргелі елге айналады. Алайда, туған топырақтарынан қалай ажырап қалсын? Жақсы күндердің бірінде қопарыла Арқаға көшіп, туған елге оралады. Кейінгі жылдары үнемі стансаларда өткендіктен Шәкең өзінің былайғы ғұмырын осы теміржолмен байланыстырады. Байланысшы болып жұмысқа орналасады. Бұл теміржолдағы жауапты жұмыстардың бірі болып есептеледі. Кейін теміржолшының оқуын да тауысады. Білікті кадр атанады. Тұрса да, жатса да шашыранды Құлназар атасының басын қосуды ойлайды. Жаяу канал бойын ақтап роман жазған Қалмұқан Исабаевты білуші едік. Осы ағамыз да жаяулап жүріп Қырғызстан мен Қазақстанда мекендеп жатқан Құлназар баласының көзін түгендеп, төр шежіресін түзді. Алты Алашқа сауын айтып Ақадыр топырағында бабаларына арнап ас берді. Балқаш жағалауында ұлықты бабаларына арнап зәулім ескерткіш тұрғызды. Басқалар болса осымен шаруа бітті дер еді. Бірақ, Шәкең олай істей алмаушы еді. «Құлназар баба» қорын ашуға мұрындық болып, соның алғашқы президенті болды. Ендігі арманы ел аузындағы әпсаналарды тірілтпекші еді. Сол жолда ізденіп, мұрағаттарды түртпектей бастаған. Әсіресе, бабасының Қаздауысты Қазыбек қолында жоңғар қонтайшысына барып, қазақтың тоқсан батырын босатып алуы қатты қызықтырған. Бірақ, ол күніне жете алмады. Қажы ағамды тосын келген ажал ауыртпай, сырқатпай алды да кетті. Алайда, асыл ағаның бастаған ісі қалды. Сол істі ел таныған Мәжит, Рашид, басқа да балалары жалғастырады деп білеміз. Жатқан жері жарық болғай, бақилық тұрағы пейіш болғай! PS: Шәкерім Мұхамеджанұлының жылы 2016 жылғы 18 желтоқсанда сағат 11.00-ден бастап Ақадыр кентінің «Серік» мейрамханасында беріледі.

Сағына еске алушылар: жұбайы – Жаңылған, балалары, немерелері, шөберелері. P.S. Әкеміздің дүниеден өткеніне 1 жыл толуына орай 20 желтоқсан күні сағат 13.00-де Қарағанды қаласының жаңа мешітінде (Волачаев к.), 23, 24 желтоқсан күндері Бақты ауылында өз шаңырағында құдайы дәм беріліп, Құран оқытылады. Асқа ағайын-туыстарды, құда-жекжат, достарын, ауылдастарын шақырамыз. №558.

Еске алу Қарқаралы ауданы, Қаратау ауылының тумасы, бірімізге ана, бірімізге әпке, енді біріне құрбы, біріне құдағи, бірімізге ауылдас, ал, бізге асыл Әже Күлшетай ЫСҚАҚҚЫЗЫНЫҢ өмірден озғанына осы желтоқсан айында 100 күн болмақ! Он бір құрсақ көтерген Батыр АНА, отыздан аса немере, оннан аса шөбере көрген асыл әжеміз тірі болғанда осы 2017 жылдың 1 қаңтарында 80 жасқа толар еді...Өкінішті, айтып келмейтін сұм ажал кенеттен келіп, әжемізді келмес сапарға алып кетті. «Алладан бір тілерім ешкімге кіріптар етпей, салмақ салмай өмірден өтсем арманым жоқ», - деп күні-түні жалбарынатын әжеміздің дұғасы қабыл болғандай. Бір-ақ күн жатып, барлық баласын жанына жинап алып барып, соңғы демін шығарған әжеміздің қасиеттілігі болар... Өле-өлгенше ешкімге ауыртпалық салмай, өз шайын өзі құйып, өз шаруасын өзі істеген, ешкімге билікті бермеген адуынды, қайсар әжеміздің өмір жолы – біздей немерелеріне үлгі-өнеге! Бәйтеректей әулетке сая болған, бәрінен мейірімін аямаған асыл әжеміздің жаны жәннатта, жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз мамық болғай. Артта қалған ұрпақтарыңыз сізді әркез еске алып, дұға етуден жалықпайды. Қолдан келер басқа шара жоқ... Асыл әжем бір беткей, керемет ең... Падишахқа өзіңді теңеп өтем! Ауылдағы үйіме барған сайын, Сен шығардай алдымнан елең етем... Бар кезіңде қадіріңді білдік пе екен..? Сағынамыз Әужанды кіндік мекен! Өсиетің бар еді жиі айтатын, «Болыңдаршы ұйымшыл, болмай бөтен...» «БАТЫР АНА», «АСЫЛ АНА» – ақ әжем-ау, Шаңыраққа құт берген – бақ әжем-ау, Соңғы демі қалғанша «Баукайым деп», Армандаумен кеттің бе – жан әжем-ау!!! Сағынып еске алушылар: немерелері мен күйеу балалары – ТолғанайБағлан, Өрік-Нұрлан, Мақпал-Ерғали, Нұргүл-Жанатай, Саягүл-Айдын, Мира-Ерғазы, Алуа-Ержан, Аян-Әнуар, Ақбаян-Асылбек, Ақнұр, ЛяззәтБахытбек. №561.

Құрметті халайық! Сіздерді Сарыағаш «Керуен» шипажайы демалып қайтуға шақырады. Дәрігерлері ибалы, қодары шипалы. Сіз Сарыағаштың суын ішіп, асқазан, бауыр, өт жолдарын шайдырып, қант диабеті, басқа да аурулардан айығып қайтасыз. Бағасы қымбат емес, келушілерді вокзалдан күтіп алады. Барлық ем-дом шаралары санаторийдің ішінде жүргізіледі. Қарағандыдағы телефон: 8-(7212)-30-83-93. 8-701-408-54-25. №562.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com

Тәуелсіздік қалқаны

Конференция

Жастар мен жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беру өз алдына, олардың арасында экологиялық мәдениеттің қалыптасуына септігін тигізбек. Сол себепті, заңмен қарастырылған осы мәселелер қазіргі уақытта жергілікті табиғатты пайдалануды бақылау және реттеу басқармалармен қоғамдық ұйымдардың қызметі арқылы жүзеге асып отырған жайы бар. Сондай іс-шаралардың бірі «Қарағанды облысының табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қаздауысты Қазыбек би атындағы» қоғамдық қормен жүзеге асырылды. Аталмыш жоба аясында «Ақ бота» жасөспірімдерге экологиялық тәрбие беру орталығы құрылып, Қарағанды қаласы мен оған серіктес қалалардағы оқу орындарында баларға экологиялық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Қарағанды қаласының №77 орта мектеп-балабақша кешенінде «Қаздауысты Қазыбек би атындағы» қо-

ғамдық қорының директоры А.Бекжанов және Кэмбридж университетінің қазіргі заманғы білім беру курсын тәмамдаған педагог К.Бекжанова оқушылармен кездесіп, табиғатты аялаудың, қорғаудың және табиғат пен адам арасындағы қатынастар туралы дәріс оқыды. Дәріс барысында балаларға табиғатты қорғау үшін еліміздің әр адамының азаматтық парызы қалыптасып, қоршаған ортаның ластануына бей-жай қарамайтын саналы қоғамның қалыптасу маңыздылығы туралы әңгімеленді. Сонымен қатар, балаларға өнер адамдарының экология проблемаларын өз шығармашылығының өзегі ретінде

алып қарастыруы жайлы да әңгіме қозғалып кеңінен ақпарат берілді. Бұл шаралар әрі қарай Саран қаласындағы Абай атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде жалғасын тауып, аталмыш колледжде ұйымдастырылған «Экология және ғалам» атты қалалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияға ұласты. Конференция барысында студенттер мен оқушылардың жиырмаға тарта жұмыстары қорғалды. Олардың ішінде жүлделі орындарға іліккен Саран қаласының №4 орта мектебінің 7 оқушысы Асылжан Бекболаттың баяндамасын ерекше атап айтуға болады. Конференцияға қатысқан зерттеушілердің барлығына ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды. «Қаздауысты Қазыбек би атындағы» қоғамдық қордың баспасөз қызметі.

Астана өңірлік қолбасшылық әскерлерінде жаңа оқу жылы басталды. Іс-шараны Астана өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы, полковник Қайдар Қарақұлов ашты. Ол биылғы жылы өңірлік қолбасшылықтың негізгі күш-жігері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде жеке құрамның машығын, іс-қимылдарын жетілдіруге, елді мекендер мен таулы жерде ұрысты жүргізу үшін бөлімшелердің әзірлігін арттыру, басқару жүйесін жетілдіру және әскери қызметшілердің дене даярлығын шыңдауға бағытталатынын айтты. Сонымен қатар, әрі қарай жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру, әскерлерді басқару және әскерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру жақсаратын болады. Осы жылы жауынгерлік даярлықты жетілдіру шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілердің

қатысуымен бірқатар халықаралық оқу-жаттығулар мен сайыстарды өткізу жоспарлануда. Өңірлік қолбасшылықтың негізгі күш-жігері қазіргі заманғы қақтығыстар мен қарулы шиеленістердің сипатына сәйкес, әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін, жеке құраммен жұмыс жасау сапасын арттыруға, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтуға шоғырландырылады. Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.


6

РУХАНИЯТ

10 желтоқсан, 2016 жыл www.ortalyq.kz

«25 жұлдызды күн»

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан» Қаражал қаласында «25 жұлдызды күн» кешенді бағдарламасы аясында мектеп оқушылары және жастар қауымының қатысуымен «Рәміздерім – мақтанышым» атты бұқаралық сипаттағы акция ұйымдастырылды. Ел Тәуелсіздігінің айғағы саналатын мемлекеттік рәміздерді қастерлеу ұғымын жас буынның санасына сіңіруді мақсат тұтқан акция аясында қатысушыларға ел рәміздерінің мән-маңызы мен ерекшеліктері хақында кең көлемді ақпарат беріліп, патриоттық мазмұндағы сұрақ-жауап ойындары ойнатылды. Сонымен қатар, ұлтжандылық ұстанымындағы жастар өкілдері – №1 қазақ орта мектеп оқушысы Самат Жаңабаев пен қаладағы тау-кен техникалық колледжінің студенті Нұрасыл Бекмағанбетов Ел, Елбасы және мемлекеттік рәміздерге қатысты жүрекжарды пікірлерімен бөлісті. Иә, Тәуелсіздік тізгіні – кемел келешектің кепілі саналатын жас ұрпақтың қолында. Осындай акциялар өткізу тәсілімен олардың санасын ширатып, патриоттық сезімдерін ояту, сол арқылы елжандылыққа тәрбиелеу – ертеңін ойлаған қоғамның бірегей міндеті. ҚАРАЖАЛ қаласы.

Жарнама бөлімінің телефоны мен электрондық поштасы:

91-04-52 ortalyk.reklama@mail.ru

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» Сонау Абылай хан заманында «Бұқарекең жырлайды» деп ұлы жыраудың өзі құдды біліп айтқандай. Әлі күнге жырлап келеді. Заман жаңарып, қоғам алмасқан сайын әрбір жас жүрек лүпілі мен үнінен естіліп, санадан санаға, даладан қалаға көшкен «Бұқарекең жырлайды» атты ақын-жыршылардың дәстүрлі облыстық сайысы биыл ҚР Тәуелсіздігі тойы мен Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына тарту болды. Дәстүрлі өнер додасы С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында басталды делік. Құстай қомданған қатысушы жастар тұлпардай тықыршып, жұтынып-ақ тұр. Ақын, жыршысы мен жатқа мәнерлеп оқушы талапкері бір бөлек. Үкілі үміттер. Биыл жылдағыға қарағанда қатысушы жастар қарасы әлдеқайда көп екен. Көмекей әулиенің (Бұқар жырау) жыр-толғауларын жаттап келгендерінің саны 60-қа жетіп жығылады. Сондықтан, қазылардың қойған талабы да күшті болды. Көркемсөз оқушылар оқыстан бір мүдірсе, сайыстан шығып қалып отырды. Бір қызығы, жаста шектеу жоқ. 3-4 сыныпта оқитын балдырғандардан бастап жоғарғы оқу орнында білім алатын студенттерге дейін осында. Өсер елдің баласы осылай болуы тиіс. Бұқар жырауды жастайынан жаттап өскен бала жаман болмайды. Өнегелі толғаудан өрелі самғауға көтеріледі. Кемі жыршы шығады. Той басқарып, асабалық қылатыны өз алдына. Игі шараны бастап ұйымдастырушы филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов ортаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Рымбала Омарбекова бастаған облыстық мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев пен Бұқар жырау аудандық мәслихатының хатшысы Асхат Әлиді және Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы Сәуле Шибаеваны шақырып, бір-бір ауыз жылы лебіздерін тыңдадық. Рымбала Кенжебалақызы құттықтау сөзінде шараның мән-маңызына тоқталып, алда Бұқар жыраудың 350 жылдығы келе жатқанын қаперледі. Биыл се-

«Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың бірінші орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Бас редактордың орынбасары Төрехан Әкімжанұлы МАЙБАС Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың бірінші орынбасары: 43-38-53. гізінші мәрте облыстық деңгейде ұйымдастырылып тұрған шара осы мерейтойға орай республикалық, тіпті, халықаралық деңгейде өтсе құба-құп. Оған сіз бен бізден бастап Бұқар жыраудың сөзі аузынан түспейтін асабаларға дейін жауапты болуы тиіс. Жырау ғана емес, заманында қазақ хандарының кеңесшісі болған ақылман Бұқар бабамыз мемлекет, ел аралық деңгейдегі тұлға екені айтпаса да түсінікті. Ендеше, бұл мәселе ертеңге қалмауы тиіс. «Айнала алмай ат өлсін, айыра алмай жат өлсін. Жат жанынан түңілсін. Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз» деген көмекей әулие бір елдегі бауырластық пен татулықты (Ассамблея) осыдан үш ғасыр бұрын нұсқап кеткенін қалай ұмытпақпыз?! Барлығы 110 үміткер қатысқан сайыс үш кезең бойынша өтті. Алғашқысы – «Бұқар жырау оқулары». Мұнда талапкерлер жыраудың толғауларын мәнерлеп жатқа оқыды. Қатысушының көптігінен бұл аталымда әрбір үміткер қазылардың талабымен бір өлеңнен ғана оқыды. Кейінгі екі кезеңнің

бірі – мүшәйра үлгісіндегі «Бұқар жырауша» аталымында ақындар шығармасын жыраулар дәстүрімен жазуы тиіс. Ал, үшінші кезең – «Жыршы-жыраулар сайысында» олар Бұқардың жыр-толғауларын белгілі бір мақаммен ұлттық аспаптың (домбыра, қобыз) сүйемелдеуінде орындауы керек. Үміткерлердің өнерін бағалап, үздігін саралаушы қазылар алқасында халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Абзал Бөкенов, тарих ғылымдарының кандидаты, «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Нұрсахан Бейсенбекова, С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры Сансызбай Бекболатов, Асхат Әли мен мәдениет қайраткері Сәуле Шибаева бар. Айтбай Жұмағұловтың айтуынша, жезқазғандық шүленгер мырза Бекзат Алтынбеков шараға былтыр да, биыл да 100 мың теңге көлемінде демеушілік етіпті. Аруақ сыйлаған, ел таныған өрелі азамат осындай болады. Берсе, басқасы қайда? Сонымен,

қазылардың шешімінше, «Бұқар жырау оқулары» аталымынан арнайы жүлдеге И.Түсіпова, Б.Төлепбек, І.Тоқтаубай іліксе, Н.Серікмұрат, Ж.Киви, Н.Жайлымұрат ІІІ орыннан көрінді. ІІ орынды Р.Жақыпов пен Н.Қарасарт бөліссе, І орынды А.Машрапова олжалады. Сайыстың мүшәйра үлгісінде өткен «Бұқар жырауша» кезеңінде Ғ.Арғын, А.Кәлім, Е.Нарын, Ж.Әбілбек арнайы жүлдемен марапатталса, Ж.Айткен, Қ.Дүйсенбай, К.Қайырбекова ІІІ орын, А.Мейраш пен Ж.Тілекенов ІІ орынға шықса, өлең өлкесінде өзіндік машығымен танылып жүрген ақын Сәттібай Жүнісов жүлделі І орынды қанжығалады. «Жыршы-жыраулар сайысында» арнайы жүлде А.Ахметжановқа бұйырды. ІІІ орынды Н.Байсүгіров, Д.Ботпай, Р.Майрол өзара бөліссе, ІІ орынды Ұ.Қамиев пен А.Шыныбек алды. І орынды А.Мақашев иеленді. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Мәңгілік сарын Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан» Сұрыптау стансасының Мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала сарыны» атты өнер фестивалі өтті. Онда негізінен дәстүрлі әндер орындалып, Арқаның шертпе күйлері тартылды. Бұл жолы да елдің назар тіккені – Арқаның белгілі күйшілері болды. Алдымен сахна төріне Қалкен Қасымов көтерілген. Шекті де өзі ызитын, домбыраны да өзі тұтастай шабатын ағамыз бұл жолы көрермендер назарына Тәтекеңнің «Бестөресін» ұсынған. Бес буыннан тұратын осынау күрделі шығарманы әркім барынша түрлендіріп бағады. Әбікеннен бастап талай сүлейлердің шертісі сақталған. Соның ішіндегі сужорғасы Мағауия Хамзиннің тартысы болса керек. Ел білетіндей Мақаң бұл күйді тасқындатып, төгілдіріп орындайды. Жылқы жарықтықтың мың сан тұяғы аспанда көшіп бара жатқандай әсер қалдырады. Қалкен ағамыз да өзінше орындады. Әр дыбысты таза алатыны сүйсіндірді. Келесісінде «Қоңырдың» өзін аңырат­ қан. Әбікеннің «Қоңырын». Жесісіп тартты. Әбікеннің өзімен ше-

берлік таластырсын. Орындаушы сонысымен ұтты. Дәнелия Хамзиннің есімі көпшілікке таныс болса керек. Өзі де күйші ағамыз бүгінде ағасы Мағауия Хамзин күйлерінің жалынды наси-

хатшысы, шебер орындаушысы. Ол кісі жұртшылық назарына Мақаңның «Қырық бірінші жылғы солдатын» ұсынды. Бір қызығы ағамыз күйді әлқиссалап отырып орындады. Зал ішінде жастар жағы көбірек отырғандықтан бұл да

бір қолайлы тәсіл екен деп ой түйдік. Дәкең сынды Құнан Кәріп ағамыз да күйлерін әңгімелеп отырып шертті. Алдымен Тәтекеңнің «Көкейкестісін» былпылдатқан. Соңынан өзінің «Тәуелсіздік» күйін орындап

Осыдан 250 жыл бұрын туған ағылшан химигі, Франция және Ұлыбритания Ғылым академияларының корреспондент мүшесі Джон Дальтон Манчестердегі әдеби-философиялық қоғамның мүшесі, кейін хатшысы, төрағасы болған. Сұйықтықтың булануы қысымға, температураға, тағы басқаларға тәуелді екенін зерттеген, химиялық элементтерді таңбалау жүйесін ұсынған, «атомдық салмақ» ұжымын енгізген, бірнеше элементтің атом-

Төрт жасында клавесин мен скрипкада ойнауды жете меңгерген, бес жасында музыка жаза бастаған, алты жасында Мюнхенге, Венаға алғашқы концерттік сапарына шыққан, жеті жасында музыкалық импровизациялары мен белгілі орындаушылармен жарысқа түскен, 9-10 жасында Бельгия, Франция, Англия, Голландия, Швейцарияда концерт қойған, 14 жасында алғашқы операсы Милан театрында қойылған, 15

жасында Бельгия мен Верона музыкалық академиялары мүше етіп қыбалдаған, 18-ге толғанша 30 симфония, 13 квартет, 14 соната жазған, 36-ға жетпейтін ғұмырында 17 опера, 50 симфония, 70 балет, толып жатқан концерттер жазған Моцарт бүкіл әлем мойындаған композитор. Алаштың қанын ойнататын «Түрік маршын» бүгінде қазақтың қара домбырасымен нәшіне келтіре ойнайтын өнерпаздар көп.

дық салмағын анықтаған. Кейін адам жанарында жиі болмаса да ұшырасатын дальтонизм деп аталатын ақауды алғаш байқап сипаттама берген. Халық түс айыра алмауды «дальтоник» дейді. Жүргізушілердің медициналық жарамдылығын тексергенде осы дальтонизм бар-жоғын бірінші кезекте айырады. Белгілі жағдай – дальтоник болсаң бағдаршамдағы қызыл, сары, жасыл түсті айырмайсың. Джон Дальтон басқа ғылыми ең-

Жоқшылық тақсіретін кішкентайынан тартқан Джон есейе бастаған бойда сан алуан қара жұмыс істейді, жұмыссыздар армиясының Вашингтонға жорығына қатысады, АҚШ-ты, Канаданы кезеді, кезбелігі үшін абақтыда да отырады, әлеуметтік қызметі үшін де қамалады, Жер шарын айналып шығу саяхатына да қатысады. 17 жасында жазу өнеріне кіріседі. Алғашқы очеркі («Жапония жағалауындағы тайфун») басылып, содан соң әңгімелері, хикаялары, романдары

берді. Ел қарт күйшінің бұл шығармасын жылы қабылдады. Онан кейін ағамыз көпшіліктің сұрауымен орындауы өте қиын Мағауия Хамзиннің «Жайлауын» орындады. Кәдімгідей ысылып қалған Әнет Сеп­ босынов ініміз де Тәтекеңнің «Саржайлауынан» бастаған. Одан кейін Әбдидің қосбасарына түскен. Бұл бір шертарқатар күй еді. Соның тігісін жатқызып тарту екінің бірінің қолынан келе бермейді. Көптеген байқауларда топ жарып жүрген Мәдияр Сүлейменов, Жансұлтан Қалкенов сынды інілеріміз құр жаяу еместіктерін көрсетіп тастады. Орындау шеберліктеріне қарап, олардың ертеңіне сендік. Осы өнер додасына қатысқан жалғыз күйші қарындасымыз Жанат та есімізге кешегі Аққыз, Әпике, Гүлбарам апаларымызды еске салғандай болды. Сөз ішінде айта кетейік, Жанат Гүлбарам Рахымбекова апайдың қызы болады. Осы бір тіннің үзілмей келе жатқанына жанымыз семірсін. Дәстүрлі әншілер арасында көпшілік назарын өзіне аудартқандар арасында Бекжан Серікбаевты, Жақсылық Ах­ме­ тов­ты айтар едік. Алғашқысы халық әндерін тамылжытса, кейінгісі Үкілі Ыбырай мен Балуан Шолақтың әндерін құйқылжытты. Сондай-ақ, жиналған қауым «Арғынғазы» ансамблінің өнеріне қошемет көрсетті.

Бас редактордың орынбасары: 43-57-76. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 48-16-45 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 43-30-88, 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 91-04-52; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: kz50826MOKZTD2003131, БИК ALMN KZ KA РНН 302000046744 БИН 000940001367

Таралымы 15 275 дана бектерімен емес, нақ осы дальтонизмді анықтап бергені үшін аты қалған. Бұл көз ақауы Дальтонның есімімен аталатыны содан.

бірінен соң бірі жариялана бастайды. Д.Лондонды қазақ тіліне ең көп аударылған американ жазушысы деуге болады. Қазақ тілінде оның «Ақ азу», «Жолдағы жолаушы», «Солтүстік жорығы», «Өмірге құштарлық», «Тыртық адам», «Мың дюжина», «Мартин Иден» секілді кітаптары жарық көрді. Оның шығармаларын Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Мәжит Дәулетбаев, т.б. аударғанының өзі Д.Лондонның қалам қуатын аңғартады. Маржан терген Мағаш СЛАНБЕКҰЛЫ.

№195 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 баспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Жәнібек ӘЛИМАН КОРРЕКТОРЛАР 2,3,5 – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 1,4,6 – Ж.АХМЕТОВА

10.12.2016  

Advertisement