Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

♦ СЕНБІ, 5 ҚАРАША, 2016 жыл №180 (22 285) ♦

Баспасөз мәслихаты

Президент тапсырмасын орындай отырып...

Келешек үшін келелі кеңес Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында дәстүрлі Назарбаев оқулары аясында «Ұлт бірлігі мен қазақстандық біртектілікті нығайту – Президент реформаларының табысты орындалуының кепілі» тақырыбында келелі кеңес өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қарағанды мемлекеттік университеті, Теміртау қаласының Қоғамдық кеңес өкілдері, «Халықтар достығы» қоғамдық бірлестігі мен этно-мәдени орталықтардың төрағалары, ҚР Ішкі істер Министрлігінің Теміртау қаласындағы Оқу орталығының тыңдаушылары, колледж директорлары және орынбасарлары мен студенттері қатысты.

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан»

Іс-шара, Елбасының «5 институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары және «Ұлт жоспары-қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаланың тұрғындар арасында насихаттау Президент реформаларын орындауға жұмылдыру мақсатында өрбіді. Кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ҚР Ассамблеясының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Деспина Касапиди, Теміртау қаласы «Халықтар достығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ілияс Баймырзаұлы, ҚарМУдың Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі

Қаражал қаласының өнеркәсіп өндірісі өрлеп келеді. Шағын шаһардың 2012-2025 жылдарға арналған бас жоспары бекітілген. Бұл туралы Қаражал қаласының әкімі Қайрат ШОРМАНБАЕВ аймақтық коммуникация­ лар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің негізін өнеркәсіп саласы қалап отыр. Бүгінгі күнде аймақты өнеркәсіптік резервтерін анықтау жұмыстары жүйеленіп, өндіріс ошақтарының қанатын кеңге жаюына ықпал етер бірқатар жобалар кешенді жүзеге асырылуда. Олардың қатарында Жәйрем кен байыту комбинаты барит, мырыш және қорғасын поллиметалдар кенін байыту фабрикасының құрылысы бар. Жылына 5 млн. тонна полиметалл кендерін қайта өңдеуге қуаты бар жоба іске қосылса, 380нен астам жұмыс орны ашылмақ. Сондай-ақ, «Сарыарқа IRON» ЖШС кәсіпорнын ашу жоспарланған. Жоспарлы іс жүзеге асса 97 адам жұмысқа тартылмақ. Елбасының бастамасымен іске қосылған Индустрияландыру картасына енген бірегей жоба «Karazhal Operating» серіктестігінің барит өңдеуге арналған өндірістік кешені ырғақты жұмыс істеуде. Құны 6 млрд. теңгені құрайтын өндіру кешені 100 адамды жұмыспен қамтыған. Өндірістің бірінші кезеңінің қуаттылығы бойынша жылына 200 мың тонна барит концентратын өндіру жоспарланған. Қайрат Ғосманұлының айтуынша, «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасына енген Қаражал жылу жүйесі толықтай жөнделіп, қазандықтар мен құбырлары жаңартылған. Ендігі кезекте ауызсу мен тас жолдың мәселесін шешуді жіті назарға алған. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында өңірдің ауызсуын жақсартуға 1 млрд. 900 мың теңге қаржы қаралған. Сондай-ақ, жолдарды жөндеуге, оның ішінде, Жәйремге 40 млн. теңге бюджеттен қаржы қарастырылмақшы. Жұмыссыздық пен кедейшілік мөлшері өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Өндірісі өркен жайған өңірдің сұранысына сай, биылдың өзінде 50 адамды механизатор мамандығына оқытқан. Келешекте айтулы кәсіпорындар жұмысын бастағанда оқу курсынан өткендер жұмыссыз қалмайтындығын қала әкімі қадап айтты. Журналистер қойған сұрақтарға толымды жауап қайырған шаһар басшысы Қайрат Шорманбаев аймақта атқарылатын істердің көптігін жеткізді.

Дәуірбек КЕТЕБАЕВ, Тұңғыш Президенттің тарихимәдени орталығы Ғылымизерттеу бөлімінің жетекшісі. ТЕМІРТАУ қаласы.

ДӘРІГЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ЖЕТІСТІГІ

Салтанат Бүгінде аудан бойынша 12 қызметкер 59 адамға үйлерінде қызмет көрсетуде. Осы мамандарды төл мерекелерімен құттықтаған аудан басшысы олардың еңбегінің маңыздылығын атап өтті. – Әрдайым мұқтаж жандардың бабын тауып жүрген сіздерге еңбекте толағай табыс, қызметте жеміс тілеймін, – деген аудан әкімі ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыстады. Өз кезегінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Оңғарқұлов пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы А.Түсіпбеков еңбектерін елеген аудан әкіміне сала қызметкерлері атынан алғыс білдірді.

Жамбыл Әзмұханұлы, ҚР Ішкі істер Министрлігінің Теміртау қаласындағы Оқу орталығының тыңдаушысы Жібек Талғатқызы, Тұңғыш Президенттің тарихимәдени орталығының ғылыми қызметкері Құрманшәді Ынтықбайұлы баяндама жасады. Жиналғандар орамды ойларын, өткір пікірлерін ортаға салды. Айтулы шараның соңында белсенді қатысушылар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Жер-жерде жұртшылыққа дәрігерлік қызмет көрсету жаңа сатыға көтеріліп, өз жемісін беруде. Кешенді түрде қолға алынған мемлекеттік бағдарлама шын мәнісінде жұртшылықтың көңілінен шыға бастады. Соның ішінде тегін дәрігерлік көмек көрсету, оған кепілдік беру жаңаша сипат алып отыр.

Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері күні мерекесіне орай, Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат ӘБЕУОВА аталған сала қызметкерлерін қабылдады.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан» Приозерск қаласында тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудің жаңаша серпін алғанына халық риза. Мәселен, осындағы 40 орындық аурухана тәулік бойы жұмыс жасайды. Жеткілікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 10 төсектік күндізгі емдеу орны емделушілерден бір үзілмейді. Диагностикалық тұрғыда кеңес беретін емхана бір ауысымда 200-ден аса тұрғынды қабылдай алады. «Жедел жәрдемнің» қашан да заман талабына сай қызмет көрсетуі қажеттіліктен туындайды. Мұнда екі бригада

М.БЕЙБІТҚЫЗЫ, аудан әкімінің баспасөз хатшысы. АҚТОҒАЙ ауданы.

өз кезегінде халыққа қалтқысыз қызмет етеді. Фельдшерлік бригада заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. «Жедел жәрдем» бригадасы қала ішіне, сондай-ақ көршілес Сарышыған қонысына уақытпен санаспай қызмет көрсетеді. Өз ісін жетік білетін маман дәрігерлер білімін, іс-тәжірибесін ұдайы жетілдіріп отырады. Денсаулық күзетіндегі ұжым ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын лайықты қарсы алуға бетбұрыс жасаған. Негізгі мақсат – адамдардың денсаулығын сақтауға алдын ала үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, медициналық қызмет көрсету мәдениетін одан әрі жетілдіре беру. ПРИОЗЕРСК қаласы.

Мезгіл мәселесі

Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан»

Мемлекет басындағылар да осы мәселеге ерекше мән беріп, дабыл қағуда. Шығармашылықпен ойлай алатын ұрпақ тәрбиелеу керек дейді. Ол да дұрыс. Дегенмен,

сол шығармашылықты дамыту үшін көркем әдебиеттерді оқу үшін арнайы уақыт бөлінсе болар еді. Ең бастысы – баланы қызықтыра білу. Баламен айналысатын, кітап оқытып отыратын уақыт жоқ деушілер де көбейер. Расы керек, қай заманда болсын, ешкім баласын етегіне байлап жүріп өсірмеген болар.

(Жалғасы 3-бетте).

Баспасөз – 2017

Қалалар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 4942, 50 тг., 1 жылға – 9885, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2752, 50 тг., 1 жылға – 5505, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2452,50 тг., 1 жылға – 4905,00 тг.

«Қазпочта» АҚ Индексі: 65484

газетіне жазылу жүріп жатыр

Ауылдар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 5085, 00 тг., 1 жылға – 10170, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2865, 00 тг., 1 жылға – 5730, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2625,00 тг., 1 жылға – 5250,00 тг.

Газет редакциясында басылымға баспа құны (жеткізіп берусіз) бойынша баламалы түрде жазылу жүргізіледі. Анықтама телефоны: 43-57-78


2

билік. саясат. экономика

5 қараша, 2016 жыл www.ortalyq.kz

құрдасы, облыстық медициналық орталықтың дәрігері Қуанышбек Сапарғали соғыстан кейінгі жылдардағы облыстың тарихы туралы аз-кем әңгімелеп берді. Қарағанды облысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек сапарын бастап, саяси қайраткер ретінде қалыптасқан өңір. Кезекті бөлік Ұлт көшбасшысының Теміртау, Қарағанды қалаларында жүріп өткен еңбек жолына арналды. Арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, Елбасының өміріндегі Қарағанды облысының орны айқындалды. Президенттің туған жері – Алматы облысы, Шамалған ауылында Нұрсұлтан Әбішұлымен қатар оқыған Раиса Пупкова да осы кештің мәртебелі қонағы болды. Раиса Пупкова жас шағында комсомол жолдамасымен жұбайымен Балқаш қаласына

(Соңы. Басы 1-бетте.) Мерекелік жиынға 800-ден астам қонақ қатысты. Бұлардың арасында қазақтың Тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров бастаған, Қарағанды облысынан қанаттанған көрнекті мемлекет қайраткерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, саңлақ спортшылар құрметті меймандар қатарынан орын алды. Театрландырылған мерекелік шоу бес бөліктен тұрды. Облыстың құрылу сәтінен басталған әр бөлікте өңірдің шежіресінен сыр шертілді. Қазақстанды қойып, Одақ экономикасындағы Орталық Қазақстанның алар орны ерек екені әуелденақ белгілі еді. Деректер Қарағанды өңірінің аз ғана уақыт ішінде адам сенгісіз қарқынмен дамығандығын көрсетеді. Айталық, 1931 жылдың басында Қарағанды шахталарында 5600 жұмысшы еңбек етсе, 1935 жылдың қаңтарында олардың саны 22 мыңнан асты. Шамалы уақыт ішінде жұмысшы поселкесінің орнында 70 мыңға жуық тұрғыны бар қала бой көтерді. Биік жетістіктің негізі – мол табиғи байлық көзі болды. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және басқа жерлерде түрлі-түсті металдың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат кеніштері, Қарағанды көмір бассейні игерілді. Аймақ шежіресінің өзге де мәліметтері театрландырылған қойылымдарда кеңінен таныстырылды. Алғашқы бөлікте облыс құрылған 1936 жылы түсірілген бейнешежіре көрсетілді. Осы жерде облыстың төл құрдасы Рысхан Қайырбаева апамыз сол жылдар туралы әңгіме өрбітіп, көз алдында көркейген өңірдің өзі көрген естеліктерімен бөлісті. Бұдан кейінгі бөлік тақырыбы саяси қуғын-сүргін және Ұлы Отан соғысы кезеңін қамтыды. Талай тағдырлар-

ды өзгерткен нәубет жылдары миллиондаған өзге ұлт өкілдері Қазақстан жеріне қоныс аударғаны белгілі. Қарағанды облысына да бұл кезде мыңдаған отбасы көшірілді. Салтанатты кеште кеңпейіл қазақ халқының мейірімімен аман қалған шиеттей балалар – бүгінде ақсақалды ата мен ақ жаулықты әжеге айналып отырған қариялар балалық шағын еске алды. Мәселен, Елена Чигирь-Қасымова ол шақта бүлдіршін бала еді. Жанында тағы бес бауыры бар. Сол кезде әке-шешесіз қалған балаларды маңайдағы көрші-қолаң балалар үйіне жібертпей, өзара бөліп алады. Міне, сол бүлдіршінге қазақтың қамқор көңілі мен ақ адал пейілінің арқасында зұлмат жылдардан аман өтіп, бүгінгі күнді көру бақыты бұйырыпты. Бүгінде ұрпақ сүйіп, бір әулеттің әжесіне айналып отырған Елена әжей ұлтын сұрағандарға өзін «Шеттің Қаракесегімін» деп таныстырады екен әзілдей. Тағы бір кейіпкеріміз Геннадий Вахрушев балалар үйінде ер жетіпті. Геннадийдің әкесі майданнан оралмаған. Науқас шешесі екеуі соғыс жылдары Қазақстанға кетіп бара жатқан пойыздардың біріне мініп, Қарағанды облысына жеткен. Мұнда келген соң шешесі Осакаровка

кентіндегі ауруханада көз жұмады. Ал, Геннадий балалар үйіне тапсырылады. Осында мектепті бітірген соң, Қарағанды депосына слесарьдің көмекшісі болып жұмысқа орналасады. Жұмыс істей жүріп теміржол саласы бойынша білім алады. Ұрпақ өсіріп, өмірін мәнді де сәнді өткізген Геннадийдің де қазақ халқына алғысы шексіз. Қойылымның келесі бөлігінде соғыстан кейінгі дәуір, 60-шы жылдар көрермен назарына жол тапты. Бұл бөлікте тың және тыңайған жерлерді игеруге келген жандардың тұрмысы, қажырлы еңбегі көрініс тапты. Кеште сөз алған Ұлы Жеңістің

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 26 тамыздағы №10 шешіміне сәйкес Қарағанды қалалық мәслихатынан шығып кеткен депутаттардың орнына депутат сайлауы өткізілді. 2016 жылғы 30 қазанда қалалық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде дауыстар төмендегідей бөлінді: Сайлау округі №

1

Кандидаттар саны 2

Тізімдегі сайлаушылардың жалпы саны

3

4

3

9769 №24 округ

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың тегі, аты-жөні

3

6

5 Исаев Данияр Бауыржанұлы

10727

№30 округ

3

11383

7 85,7

Клокова Татьяна Юрьевна

525

6,3

Мезенцева Татьяна Афанасьевна

659

8,0

Водько Сергей Николаевич

5091

82,3

Гончаров Виталий Николаевич

452

7,3

643

10,4

641

9,4

Мұхатжанов Арман Ермекұлы

580

8,5

Оспанов Самат Қабдығалиұлы

5599

82,1

483

6,3

Кенжин Болат Мәулетұлы

6241

81,4

Лобас Владислав Валерьевич

943

12,3

Ахметбекова Ләззат Елеубайқызы

Бимендин Өзбек Исатайұлы

Сайланған мәслихат депутатының тегі, аты, әкесінің аты (т.ж., жұмыс орны, лауазымы, партиясы)

%

7094

Ким Константин Александрович

№28 округ

Берілген дауыстар саны «иә» абс.

11067

№9 округ

Дауыс беруге қатысқандар

3

8 Исаев Данияр Бауыржанұлы, 1979 жылы туған. «Қарағанды СУ» ЖШС, бас директор. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Водько Сергей Николаевич, 1976 жылы туған. «Веkem Plast» ЖШС, бас директор. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Оспанов Самат Қабдығалиұлы, 1978 жылы туған. «OPTIMUS KZ» ЖШС, директор. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Кенжин Болат Мәулетұлы, 1952 жылы туған. «Қарағанды машинажасау консорциумы», директор. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Қалалық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары бойынша, Қарағанды қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 31 қазандағы № 18 шешіміне, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 112 бабының 1 тармағына сәйкес сайланған депутаттар тіркелді: Округтің № № 9 округ № 24 округ № 28 округ № 30 округ

Сайланған депутаттың Т.А.Ж. Исаев Данияр Бауыржанұлы Водько Сергей Николаевич Оспанов Самат Қабдығалиұлы Кенжин Болат Мәулетұлы

Салтанат

Әлімхан ЕРМЕКОВ атындағы республикалық олимпиада зияткер оқушылардың басын қосты. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпазға облыс әкімі 250 мың теңге табыстады.

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Дания корольдігінің секторалды делегациясымен кездесті. Аталған делегация құрамында елшілік өкілдері, дат елінің жылумен қамту Кеңесі, инженерлік және энергоүнемдеу бойынша компаниялардың өкілдері енді (Ramboll, Grundfos, Kamstrup, EnergyCenter-Asia, Teplonika, ElevimService).

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан»

– Қазақстан мен Дания арасындағы ынтымақтастық дегенде экономика және бизнес саласын ерекше атап өтер едім. Соның ішінде ең түпкі мақсат – жылумен қамтамасыз ету бағытында серіктестікті одан әрі нығайту және одан әрі дамыту деп білемін. Әңгіме Данияның маңдайалды компаниялары сіздерге не бере алады, біз не үйрене аламыз ауанында өрбитін болады, – деді Дания Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Томас Винклер.

Қарағанды облысы үшін даттықтардың тәжірибесі өте қызық. Мәселен 70-жылдарда Данияда энергетикалық дағдарыс белең алғанымен, бүгінде бұл ел әлемде энергоүнемдеу және баламалы энергия бағытында көш ілгері. Даниялық тарап Қарағанды облысында инвестициялық саясатты жалғастыруға және энергетика мен жоғары технологияны дамытуда үлес қосуға ниетті. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мүлікті жария ету

Акция басталған уақыттан бері облыс бойынша қалалық, аудандық әкімдіктер жанынан 18 комиссия құрылып, өтініштерді қабылдайтын 21 пункт жұмыс істеп тұр. Қазіргі күнге дейін 608 өтініш мақұлданып, құны 9,9 млрд. теңгені құрайтын мүлік жария етілген. Заңдастырылған 664 нысанның қатарында 85 тұрғын үй (құны – 1,1 млрд. теңге) және 579 тұрғын

Ресми

Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Облыс әкімдігінде

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ мүлікті және қаражатты жария ету ісінің барысы жайлы селекторлық жиын өткізді.

еңбек етуге барған. Қазір Балқашта тұрып жатыр. Салтанатты жиында Раиса Пупкова Елбасының балалық шағынан сыр ашты. – Нұрсұлтан Әбішұлы мектепте жүрген кезінен-ақ көшбасшылық қасиетімен ерекшеленетін. Бірге оқығанмен қатар, біздің үйлеріміз қоңсы болды. Сондықтан, мен ол кісіні мектептен тыс уақытта да көріп тұратынмын. Қоғамдық шараларға белсене қатысып, түрлі үйірмелердің бел ортасында жүретін. Өнерге ден қойып, спортпен шұғылданды. Озат оқушылардың алды атанып, көпшілікке үлгі болып жүретін. Жастар комсомол ұйымының хатшысы болды. Біз оның

болашақта биіктерден көрінеріне үлкен сенім білдіретінбіз, – деді өз әңгімесінде Раиса Пупкова. Соңғы бөлікте айрандай ұйыған көпұлтты Қарағанды жұртының бүгінгі берекелі тұрмысы баяндалды. «Халықтар достығы» аталған бұл қойылымда бірлігі – бекем, түтіні – түзу қарағандылықтардың риясыз пейілі боямасыз берілді. Айтары сол, барлық бөліктерді өңір өнерпаздары әсем әнмен әрлеп, көркем бимен көркін кіргізді. Салтанат барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің құттықтау хаты оқылды. Сондай-ақ, облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков өзінің жүрекжарды лебізін жеткізді. – Қазыналы Қарағанды – Қазақстан өндірісінің локомотиві ғана емес, қасиетті өлке. Себебі, Сарыарқа – талантты әншілердің, ақындардың, жазушылардың, мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінің Отаны болып табылады. Сонымен қатар, біздің аймақ – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш­ ұлы Назарбаевтың еңбек және саяси жолының бастауы, алтын арқауы болғанын аса зор мақтанышпен айтамыз. Облыстың әрбір тұрғыны ел Президентінің барлық стратегиялық бастамаларын – ілгері жылжудың негізгі тірегі, теңдессіз реформаларды жүзеге асырудың мызғымас кепілі екендігіне нық сенімді, – деді облыс әкімі өз сөзінде. Кеш қорытындысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан еңбеккерлер марапатталды. Нұрмұхамбет Қанапия­ ұлы бір топ облыс тұрғынына облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады. Мерекелік жиынның шымылдығы түсірілер тұста салтанатқа қатысушыларға «Қазыналы өлке – Край сокровищ» жинағы тарту етілді. Сөйтіп, сексеннің сеңгіріне мереймен көтерілген Қарағанды облысы бүгінде Қазақстан экономикасының қара нарына айналып отыр. Республикада өндірілетін көмірдің бестен бір бөлігі – қарағандылық шахтерлердің еншісінде. Елімізде шығарылатын электр қуатының 10 пайызы көмірлі өлкеге тиесілі. Бұдан бөлек, Қарағанды аймағы мыс, шойын, бағалы металдар, темір мен болат шығарудан көш бастап тұр. Мұның барлығы – ел ырзығы. Ежелден Арқаны жайлаған Алаш жұртының байлығы. Егемен мемлекеттің іргесін қазақпен бірге қалаған қарағандылықтар ел игілігін еселеу жолында тер төге бермек.

үй санатына жатпайтын нысан (құны – 8,8, млрд. теңге) бар. Мүлікті жария етуде Қарағанды қаласы (246 нысан – 5,5 млрд. теңге), Жаңаарқа ауданы (127 нысан – 110,7 млн. теңге), Жезқазған қаласы (63 нысан – 373,1 млн. теңге) және Теміртау қаласы (45 нысан – 472,8 млн. теңге) көш бастады. Мемлекеттік кірістер департаменті 52,3 млрд. теңгені құрайтын 328 арнайы декларация қабылдаған.

Қазақстанның түпкір-түпкірінен кіл мықтылар жиналған олимпиада – Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Әлімхан Ермековтің 125 жылдығына арналды. Жеңімпаз жүлдесіне Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы ұсынылды. – Екі күнге жалғасқан олимпиада – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті қабырғасында тегін өткізілген жоқ. Себебі, политехте Әлімхан Ермеков ұстаздық етті, Елбасы білім алды. Алдағы уақытта, Ермеков олимпиадасы – еліміздегі Орымбек Жәутіков олимпиадасы, Қаныш Сәтбаев олимпиадасымен қатар жыл сайын жарасымды жалғасын табатын болады, – деді облыс әкімі Н.Әбдібеков.

Асылбек Дүйсебаев елдегі заңнамаға сай рәсімделмеген жылжымайтын мүліктерді жария етуге өтініш қабылдау 30 қараша күні аяқталатынын еске салды. Ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жандандыру, комиссиялар жұмыстарын қатаң бақылауға алу бойынша бірнеше тапсырма жүктеді. Өз тілшімізден. Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Барлық облыстан 115 оқушы бақ сынаған. Олимпиада 2 кезеңнен тұрып, жас математиктер күрделі есептерді шешті. Сонымен қатар, сайыс аясында қатысушылар үшін мәдени-сауық бағдарламалары мен релакс тренингтер де ұйымдастырылды. Олимпиаданың салтанатты жабылуында ұйымдастырушылар арнайы бағдарламамен қатар, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді медаль және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Қатысушылар 5 аталым бойынша Қазақстан Республикасының ғалым-математиктері атындағы бағалы сыйлықтарға ие болды.12 орын – жүлдегерлерге тапсырылды. Астана қалалық қазақ-түрік лицейінің 12 жастағы оқушысы Данат Дүйсембеков республикалық олимпиаданың Гран-при иегері атанып, Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына ие болды.

Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар: әскери-дәрігерлік комиссиясында қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландыру, сондай-ақ, полиграфологиялық зерттеу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық -процессуалдық Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық Кодексі), «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеделіздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу. Департаменттің Қаржы саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасы қаржы-несие саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу бөлімінің жетекші маманы – аға тергеуші C-GDO-6 санаты (1 бірлік). Функционалдық міндеттері: Жедел – іздестіру және басқа да заңмен қарастырылған тексеру шараларын жүзеге асыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ, басқа мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша тексеріс материалдарын сапалы қарастыру және толық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық заңнамасында қарастырылған тәртіпте материалдар бойынша тергеуге дейінгі тексерісті, анықтауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлық, лауазымдық қылмыстар және құқық бұзушылықтардың алдын алу, бөлім және басқарма басшысына аналитикалық материалдарды, есептерді және жұмыс қорытындысы бойынша шолуларды дайындау. Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі. Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойын-

ша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы. Конкурсқа қатысуға үшін қажетті құжаттардың тізімі 1. Нысан бойынша өтініш; 2. Нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып); 3. Қазақстан Республикасының азаматының жеке куәлігінің көшірмелері; 4. Білімі туралы құжаттардың (диплом және қосымшасының) көшірмесі; 5. Әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрінің Мамандандырылған ұйымдарда әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылғаны туралы құжаттарының көшірмесі; 6. Өлшемі 3х4 фотосурет (4 дана); 7. Нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен және басылып шығарылған А4 форматында жазылған өмірбаян; 8. Еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі; 9. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарынан сотталмағандығы, бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтама; 10. Үміткердің және оның жұбайының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын құжаттар. Құжаттардың көшірмелерін қабылдау кезінде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.


әлеумет

5 қараша, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Өзекті

3

Жемқорлық – жегі құрт

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» Жасыратыны жоқ, қазақ етсіз тамақ ішпейді. Жесе тісіне кіретін дәм, жемесе түсіне кіреді. Табиғи және таза өнім. Табиғи екені рас. Себебі, шұрайлы даланың шалғынында өскен түліктің еті – біздің дастарқандағы ет. Мына көршілес Қытайдағыдай емес. Күншығыс елі түліктің төлін пышаққа жылдам қию үшін түрлі екпе жасайды екен. Мысалы, бір бұзауды төрт-бес-ақ айда тайыншадай етеді, семіртеді. Өздерінше «өсіреді». Енді, мұны табиғи өнім деп айтып көріңіз. Ал, таза өнім дегеніңіз – қай өнім? Оның тазалығына кім кепіл? Ауыл шаруашылығы өнімдерін қаладағы қалың ел базардан сатып алады. Етті де, майды да, сүтті де, сүзбені де. Айтпақшы, аула-аулада сүт өнімдерін саудалап отыратын апа-жеңгелерді көзіміз жиі шалады. Соның бірінен өнімнің тазалығы туралы құжат талап етіп тұрған тұтынушыны көрмеппіз. «Қаймағын көріңіз, іркілдеп тұр» дейді сатушы апай. Өнімнің тазалығы жайлы құжатты көрсету ойына кіріп-шықпайды. Тіптен, ара-арасында алыпсатарлары да бар. Олар әлгі өнімді берген малдың дені қаншалықты сау екендігінен бейхабар. Биылғы Құрбан айтта да талай түлікті «жанның садағасы» еттік. Ауыл-ауылдан ағылған мал тасымалдаушылардың санында шек жоқ. Кейбіреуі марқа мен қойды жүздеп тасыды. Алдын ала тапсырыс қабылдағандары да бар. Біздің облыстың елді мекендерін бері қойғанда, Абыралыдан (Шығыс Қазақстан облысы) қой-ешкі әкелгендерді естідік. Мейлі. Бірақ, бұлар да малдың екпесі туралы құжатты көрсетіп, бас қатырғылары келмейді. Тура мағынасында. «Таза ғой, таяуда ғана ауруға қарсы екпе егілген» деп, қолды сілтей салуға әуес. Мұны жазғанымызбен, жергілікті билік тарапынан мал өнімдерінің тазалығына мүлдем бақылау жоқ дегеннен аулақпыз. Жер-жерде арнайы мал сою пункттері, алаңдары жұмыс істеп тұр. Дегенмен, олардың саны әлі де жеткіліксіз. Өзекті мәселенің «көкесі» бұл емес сияқты. Біріншіден, маман тап-

шылығы. Мал дәрігерлерінің арасында жас мамандар сирек. Алды алпысты алқымдаған ағайларымыз қасқа сиырдан қан алып жүр. Енді, бес-он жылдағы ахуал қандай болмақ? Малдың саны өсіп келеді. Кеңес уақытындағы көрсеткішке жете алмасақ та, сай-саланы бос жатыр деуге болмас. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы да дала төсі түлікке тола бастады. Жерасты байлықтарының таусылатыны белгілі. Ауыл шаруашылығы өнімдері болса, баптай білгеннің бақуатын еселейді. Тым құрығанда, мал баққан шаңырақтың өз бетімен нан табуына жолы ашық. Оның үстіне, май шайқап, қазы айналдыруда «гамбургермен» күн көретін елдерге жалтақтамаймыз. Мыңғыртып мал айдау – қазақтың байырғы кәсібі. Біз де асфальтта туған жоқпыз. Әкеміз 10 жыл совхоздың қойын бақты. Сол кездегі науқандық жұмыстар көзден бұл-бұл ұшса да көңілге түйгеніміз бар. «Зоотехник келді, ветврач келді» дегенді жиі еститінбіз. Құрметтеп, төрге оздыратынбыз. Ойлап қарасақ, мал дәрігеріне деген құрмет ерекше болған екен. «Болған екен» деп өткен шақты сілтейміз, бірақ. Заман өзгерген болар, қоғам өзгерген болар. Бензинсіз, газсыз, тоқпен жүретін көліктер құрастырылды. Ал, ас ішпей күн көретін адамды естімеппіз. Олай болмасы да анық. Облыстың ветеринария басқармасының басшысы Бауыржан Асанов көптеген деректі мысал

етті. Жыл басынан бері облыс көлемінде адам мен жануарларға ортақ бірнеше аурулар тіркелгенін жасырмады. 11 адам – күйдіргі, 499 адам – туберкулез, 9 адам – бруцеллез, 30 адам эхинококкоз дертіне шалдыққан. Ойланатын жайт. Бұл мәселеге біржақты қараған болмас. Ветеринария мамандарының кінәсі деп кесіп айту да артық сияқты. Мысалы, қаражаты бардың қыстақ алып, мал өсіріп жатқанын жиі көріп жүрміз. Басым көпшілігі қалада тұрады, жалдамалы жұмыскер ұстайды. Ол жұмыскер малдың егілуі, тексерілуі мәселесіне «балтырын сыздатпайды». Қысқасы, қадағалау жоқ. Малдың иесі жас төлді тіркету, ветеринардың міндетін талап ету сияқты жұмыстарға мойын бұра бермейді. Ветеринарды шақырмай малды сою, өнімді ветеринарлық анықтамасыз саудалау жиілеп кетті. Өңірде белең алған қауіпті дерттер – соның айғағы. Жазда жалпақ жұртты дүрліктірген күйдіргі дерті 50-60 жылдан соң да қайта ушыға беретінін оқыдық. 1951 жылы шыққан ветеринарлық энциклопедияда төрт түлік ауруының белгілері, оның алдын алу жолдары егжейтегжей жазылған. Мәселен, өлексені көму үшін қазылған жердің арнайы стандарты болады. Оның төменгі, жан-жақ және үстіңгі қабаты цемент бетонмен қоршалуы тиіс. Сонда өлген малдың қанжыны, шіріген өлексесі топыраққа араласпайды. Қарапайым логика. «Ауру – астан». Атам қазақтың қатердің бірін қаперге салғаны ғой. Әйтпесе, бұйырған дәмнен бас тартпақ жоқ. Ішке ел қонбаса, іске береке қайдан келсін? «Мал дәрігері» мамандығына сұраныс жоғары. Сонда жас буын бұл мамандықты игеруге неге құлықсыз? Атқа мініп, мал баққан елдің ұрпағы. «Дәрігер адамды емдейді, мал дәрігері адамзатты емдейді» деуші еді. Білмеймін...

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» Заңы сыбайласжемқорлыққа төмендегідей анықтама береді. Ол: жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады. Қазіргі кезде заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Мемлекетте сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша белсенді түрде жұмыс атқарылуда. Елбасы жылдағы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында сыбайлас жемқорлықты болдырмау онымен барынша күресу тек қана құқық органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік органдардың міндеті және бұл бүкіл халықтық іс екендігін айтқан болатын . Қазақстан Республикасының заңнамаларын орынды және дұрыс қолдану мақсатында, бекітілген кестеге сәйкес «ҚР АШМ ВБжҚК Қарағанды

облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-не және оның 12 қалалық және аудандық инспекцияларында ай сайын нормативтік-құқықтық сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөніндегі маңызды іс-шаралардың бірі–азаматтар мен заңды тұлғалар арыздарын қарау нәтижелеріне мониторинг жасау және тұлғалар жүгінісін бірыңғай есепке алу бағдарламасы бойынша есеп жүргізу жүйесінің тиімділігі болып табылады. «ҚР АШМ ВБжҚК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-ге көптеген өтініштер мен хаттар келіп түседі. Сол өтініштер мен хаттардың бәріне уақытылы жауап беріледі. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, әкімшілік мемлекеттік лауазымдық қызметке қабылдау конкурс негізінде және арнайы тексерістен өту нәтижесінде жүзеге асырылады. Жыл сайын инспекцияның барлық мемлекеттік қызметкерлері Салық комитетіне жеке табыстары туралы декларация тапсырады. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік қызметке қабылданғанда міндетті ант пен шектеулер қабылдайды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Ж. Күлтебай, «ҚР АШМ ВБжҚК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-нің қаржылық және әкімшілік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-заңгер.

(Соңы. Басы 1-бетте.) Заман қиын, тіршілік ету үшін жанталасамыз деп ақталсақ та, тұрмыс мәселесі қай кезде де болған. Қазіргі бар ауыз ол кезде де болды. Тек, заманына қарай түрленгені болмаса, түбі – сол дүние. Сылтау ғана көбейді. Кітап оқуға уақыт жоқ... Жан-жаққа мойын бұрғызбай, жанталастырған ақпарат заманында кітап оқымайтын, оқығысы да келмейтін ұрпақ өсіп келе жатқаны анық! Кейіпкерімен де, оқиғасымен де еліктіріп әкететін кітап өзгерген жоқ, тек соны оқығысы келмейтін ұрпақ қана бар... Бұл – ескіні көксеу емес, ойлана алатын, ойын қағаз бетіне түсіре алатын ұрпақ үшін алаңдаушылық... Мектеп қабырғасында «Менің атым – Қожа» кітабы қазіргі тілмен айтқанда, «Бестселлердің» бірі болды. Ренжісек, көңілді орнына түсіретін – Қожа, қуансақ – тағы сол Қожа. Тығырықтан шығар жолды да сол Қожадан іздедік. Естеріңізде болар, дүниенің бәрі теріс айналғандай болғанда, қараңғы бөлмеде қалып, айнадағы өз бейнесімен сөйлесу арқылы тығырықтан шыға білген Қожаның сол кездегі іс-әрекеті бүгінгі күнгі оқушыларға үлгі ету керек сияқты. Тағы сол кітап оқымады дегеннен шығады. Көркем әдебиет кейіпкерлерімен аспанға да ұшып, жерге де түсіп жүрген кезде басқа дүние де ойлауға мұрша болмаған екен. Қазіргі кезде жиі айтылып, қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отырған суицид – өзіне-өзі қол жұмсау да осы кітап оқымағаннан ба деген ой туындады. Кітап оқумен уақытын өткізген кешегі бала мен бүгінгі баланың айырмашылығы жер мен көктей. Кешегі бала кітап кейіпкерімен бірлесе елін құтқару үшін қиян-кескі шайқаста жүрсе, қазіргі бала компьютердегі «зомбиларды» өлтіріп әлек. Өліп қалдым деп, үстел соққылаған баланы да көрдік. Естір құлаққа ерсі болса-дағы, бүгінгі ұрпақ «өлім» атына әбден еті

өліп кеткен. Өле салу да, тіріле салу да тез оларға. Санасына екінші өмір бар-ау дегенді сіңіріп алып, Алланың берген ең қымбат сыйы – өмірін қиып кете беретіні содан болар... Кітап арқылы жақсы көруді, мейірлене білуді де үйрендік. Тағы да сол ғаламтор желісінен мектепке барған баласының сабағын оқыта алмай, діңкесі құрып жүрген ата-аналар туралы әзіл әңгімелерді көп оқитын болдық. Назарын сабақ оқуға дендеп қоймаған бала сабақты қалай оқысын?! Есте сақтау қабілеті де нашар. Тағы сол керегін ғаламтордан тауып алып отыратындығында. Жасыратыны жоқ, керек дүниемізді ойланып, бас қатырып жатуға ерініп, ғаламтор не деді екен деп, ақтарып отыратынымыз да рас. Сол ақпарат жоқ емес, бар-ау. Дегенмен, бір сәтке ғана проблемаңды шешіп бергеннен ертеңгі күні тағы сол мәселе алдыңнан шықпасына кім кепіл? Ал, іздегеніңді таппасаң – дағдарыстың көкесі сол. Ересек бірдеме қылар-ау, ал бала ше? Ол Қожаға ұқсас қараңғы бөлмеде өзімен-өзі сөйлеспейтіні анық. Басқалары жындыға баласын. Содан-ақ, мүмкін өліп көрсем қайтеді, деген ой туындайды. «Өлсем» емес, «өліп көрсем» деген... Оның ойынша ол да қызық. Баланың білетіні – өлтірген зомбиларының қайта тірілетіні ғана. Қайдан білсін, келмеске кететінін. Кітап – көп дүниенің емі. Жаныңның дауасы. Қазіргі тілмен айтқанда, психикалық жағдайыңды бір қалыпты ұстауға, жан күйзелісінен шығуға көмектесер бірден-бір дүние. Өзіміздің емес, көршінің баласы мінсіз болып көрінетін ата-ана өмірде жолы болмаған балаға қарап, кінәні кімнен табарын білмей, дүниенің ақысын, дәрігер мен психологқа сүйреп жүргендері. Балаға өсуінің де, өшуінің де өз қолында болатынын үйретіп, кітап оқуға баулығанымыз өзіміз үшін де, бала үшін де пайдалы болары анық.

Ұсыныс Қазақтың әр аймағында есімдері әйгілі киелі жерлер бар. Солардың бірі – Өспен елді мекені. Оның тарихы құнды деректерге толы. Өспен (Нілді кенішінің) көшпелі қазақ өміріндегі тұңғыш ашылған кен орны екені бүгінде талас тудырмайтын шындық. Өспен кенішінде қазақтың біртуар азматтары білім алып, бай тәжірибе жинап, мемлекет қайраткеріне айналды, жол ашты. Дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллин осы жерден білім алды. Атақты мемлекет басшысы Дінмұхамед Қонаев өндірістік өтілден өткен, академик Әбілқас Сағынов еңбек жолын бастаған. Сөйтіп, дүрілдеп тұрған өндіріс орны кені таусылған соң жабылды, өмір бағыты басқа арнаға бұрылды. 1964 жылдан мал өсіріп, егін салатын кеңестік шаруашылық орталығына айналды. Өспен кеңшары үш бөлімшеде сүт өндіріп, 14-15 мың гектар жерге бидай, дәнді-дақылын өсірді. Фермаларды кешенді механикаландыру Айғыржал мен Өспеннің басында іске асты. Кеңшардың 1964-1994 жылдар аралығындағы тірлігі бұрынғы Жезқаз-

1983 жыл.

ған облысы бойынша жуан ортадан көрінді. Осы 30 жыл ішінде И.Ладик, Р.Көпбаев, М.Садуақасов директорлық қызмет атқарды. Бұлардың әрқайсысы шаруашылықты тәп-тәуір басқарды. Дегенмен, артына қалдырған іздері жұртшылықтың жадында сақталды ма? Осы тұрғыдан қарасақ, Рашид Көпбаевтың еліне, жеріне сіңірген еңбегі орасан. Оған толық дәлел – Төлеутай Асқаровтың «Тұғыры биік тұлға» атты кітабы. Елге, туған аулына мұра етіп тастап кеткен Рашидтың еңбегін 37 адам естелік арқылы баяндайды. Мысалы, осы кітапқа кірген авторлардың бірі – Шет ауданының бұрынғы әкімі, қазіргі облыстық маслихаттың хатшысы Рысқали Әбдікеровтің «... Рашид Көпбаев 1942 жылы 17 ақпанда бұл дүниеге келген. Өспенде орта мектепті бітірген

соң, Қарағанды тау-кен техникумында құрылысшы-техник мамандығын алған. Онан соң өзі оқыған мектебінде пионер жетекші қызметін атқарған, талантының арқасында 1965-1968 жылдарда Жаңаарқа ауданында комсомол комитетінің екінші, бірінші хатшысы болады. Сырттай оқып, Ақмола (ол кезде Целиноград) ауыл шаруашылық институтының инженер-механик мамандығын игерген. 1963-1974 жылдары Өспен кеңшарының партия ұйымы хатшысы, 1975-1984 жылдары Өспен кеңшарының директоры. Осы тұста ешқандай қаржысыз Жарық – Өспен және Өспен – Айғыржал тас жолын салғызды. Міне, сол жол ешқандай жөндеуден өтпей, 30 жылдай қызмет жасауда. Қай жұмысқа салса да, іскер ұйымдастырушы бола білді. Рашид Бүркітбайұлы отбасында

ардақты әке, абыройлы ата» дегені адал пікір ғой. Сонымен қатар, Еркіндік бөлімшесінің еңбегі сіңген зейнеткері, молдасы Аманжол Серікұлы: «Рашид менен екі жас кіші болса да, даласындай дарқан, еліндей кең тұлға болып дүниеден өтті» деп толғанады. Зейнеткер Жекен Кәрібайұлы: «Рашидтың тағы бір ұмытылмас еңбегі – саябақтағы қирап қалған бұрышты, профилакторий үйін қайта жөндетіп, осы жерден ауданаралық пионер лагерін ұйымдастыруы. Айғыржал бөлімшесінде соңғы заман талабына сай жабдықталған үлкен мал кешенін (механикаландырылған) салғызуы. Оған Латвиядан асыл тұқымды сиырлар алдырды, жұмыскерлер, сауыншылар үшін сауна, демалыс бөлмелерін ашқызды. Сондай ақ, жаңа типті 2 пәтерлік 5 үй салынды» – деп еске алыпты. Ал, Өспен ауылының әкімі болған Егінбай Сұлтанұлы: «Менің атыма Рахаңды мәңгі есте қалдыру туралы мәнді мәселе көтеріп, Өспен кешенінің көрнекті бір көшесіне атын беруді сұрап, өздерінің тілегін білдірген өтініштер түсіп жатыр, ол да орынды. Рахаң,

ең алдымен, Өспеннің тумасы, әрі көрнекті тұлға, елін алға сүйреген азамат еді. Қарастырып жатырмыз» – деген екен. Халықтың сұрауы болса, жергілікті жер әкімшілігінің ұсынысы далада қалмайтын шығар. Бүгінге дейін Өспен ауылының көшелері Центральная, Садовая, Школьная сияқты атқа ие. 2017 жылы атағы Қазақстанға әйгілі Өспен кенішінің ашылғанына 170 жыл толады. Осы мерейлі шақта, 1905 жылы қазақ жұмысшыларының көтерілісін бастаған Әлі Байшағыровты қадір тұтып, оған да бір көшенің атын берсек, рухымыз көтерілер еді. Қос тұлғаны ескеріп, көшелерге есімін берер кез келген сияқты. Бәнсет Салықов, Қазақстанның еңбегі сіңген энергетигі, Қаражал қаласының Құрметті азаматы. Жанайдар Қашқынбайұлы, КСРО жоғары мектебінің үздігі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.


4

замандас келбеті

5 қараша, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz

Қарағанды ғалымдары

Кездесу

Мағауия СЕМБАЙ, «Орталық Қазақстан»

оқығаны есімде халықтың. Есет ағамыз сол Батыр Баянның 300 жылдығын тойлау қамымен мақала әкелген ғой газетімізге. – Бір деректерде Баян Қарқаралы жерінде жерленген деген сөз бар екен, – деді сыпайы ғана. Қарқаралы ауданындағы жер тарихын, ел шежіресін біледі-ау дейтін ағаларыма хабарластым. Батыр Баян туралы дерек шықпады. Содан Есет ағамның мақаласына сәл кіріспе жазып, бүкіл облыс халқына сұрау салып, Ескеңнің мақаласын жылдам жариялап жібердім. Көп күттірген жоқ Балқаш пен Ақжалдан телефон соғылды. «Батыр Баян Ақжалдағы Қарабұлақта жерленген», «Сары Баян»

Адамзат баласын жаратқан Алла ғана шексіз. Өзі сүйген құлы – Адамға көңілі құлап, бірталай шексіз мүмкіндік берген. Мәселен, адамның миы шын мәнінде толықтай жұмыс істесе, компьютеріңізді он орап, жүз есе асып түседі екен. Сол компьютерді ойлап тапқан тағы адам. Әттең осы мүмкіндігімізді пайдалана алмай жүрміз. Адамға даналықты да, ақындықты да, батырлықты да, дүлей қара күшті де берген. Осы шексіз мүмкіндігімізді барынша армансыз пайдаланған тумаса да, туғандай болып кеткен ағатайым бар. Бүкіл ғылымның атасы – математиканың маманы. Әрине, Аристотель, Әл-Фараби, Ньютон емес. Дегенмен, бүгінгі апыл-құпыл компьютер, робот билеп бара жатқан заманымызда қазақ ұлтының сонау сақ, көне түркі, Шыңғысхан, бертіндегі Қазақ хандығы дәуіріндегі біршама жақсы қасиеттерін жоғалтпаған математик Есмұханбет Смайылов деген ағамыз бар. Бар болған соң, барымды салып ала қағазға шұқшидым.

деген жотада» деді сүйіншілі хабар. Мұның бәрін ежіктеп жатпайын. Менің «Батыр Баян қорымы» деген мақаламда (2014 жылы) «Орталық Қазақстанда» жарияланған. Кейін «Құбылыс» деген кітабымда басылған. Содан не керек, Есет ағамның жарғақ құлағы жастыққа тимеді. Ойға да барды, қырға да шықты. Қоғам қайраткері М.Нәрікбаев ағасы бастаған Уақ ұрпақтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, Павлодарда Батыр Баянға айбатты да, еңселі ескерткіш орнатты. Осы жазда Ақжалдағы Қарабұлақта жерленіп, ұмыт қала жаздаған Батыр Баянның басын бүкіл сарбаздарымен қоса көтеріп, әдемілеп қоршатты. Мен ағамның ғылым,

*** Сонау елең-алаң ХХ ғасырдың сексенінші жылдары. Жаспын. Осы «Орталықтағы» ең азулы бөлімнің меңгерушісімін. Сын жазғанда бірталай аупартком хатшыларының басынан бөркі, астынан креслосы ұшып кеткен. Бір досымның баласы осы ҚарМУ-де сабаққа бармай қойған. Оқу бітіріп диплом алайын деп отырғанда далада қалатын түрі бар. КазГУ-де қатар оқыған және осы жердің кейін достасқан математиктерінің бәрін салдым. Көмектесті. Математикалық анализ сабағына келгенде, тас қамалға ұрындық. – Мағаш, ол кісіге сөзіміз өтпейді. Өзің бар, – деді Нұржан Боқаев бастаған математик достарым. Н.Боқаев ол кісіге беттей алмайды. Есағаңның шәкірттерінің бірі екен. Басым салбырап, алдына бардым. Қатты ренжіді.

1972 жылы Қарағандыда тұңғыш рет еліміздегі екінші университет ашылды. Ол кезде университеттің ашылуы елеулі оқиға болатын. Оның дамуы – елдің өркендеуінің ерекше бір белгісі еді. Сол жылы мектепті бітіріп жатқан бізге бұл оқиға қатты әсер етті. Ж.Исмаилов, Ж.Айтқожа, кейін Ж.Жантілесов Қарағанды мемлекеттік университетінің математика, физика факультеттерін таңдап оқуға түстік. Сол жылдары математика факультетінде кандидаттық диссертацияларын жаңа ғана қорғап келген жас мамандар үлкен құштарлықпен білім беру ісі мен ғылыми жұмыстарын бастап кетті. Олардың ішінде доценттер – Е.Смайылов, Т.Мұстафин, Н.Әлмұханбетов ерекшеленетін. Олар арнайы курстар бойынша жаңа тақырыптар бастады. Ғылыми семинарлар мен үйірмелер ұйымдастырды. Ғ.Ақышев, Е.Нұрсұлтанов, Ж.Жантілесов, тағы басқалар Есет ағайдың ғылыми семинары мен арнайы курстарын таңдадық. Осы семинарлар мен арнайы курстарда функционалдық анализ бен нақты айнымалы функциялар туралы көп мағлұматтар алдық. Ғылымда іздену жолдарын үйрендік. Ол фунционалдық кеңістіктердің енгізу теоремалары, фунцияларды жуықтау теориясы, интерполяциялық әдістер және гармоникалық анализдің басқа да әдістері және олардың қолданылуы қарқындап дамып келе жатқан кез болатын. Осы тақырыптардың егжейтегжейлерін, әрі қарай қандай бағытта даму мүмкіндіктерін Есет ағайдың ақыл-кеңестерімен үйрендік. Бағыттарға сәйкес тақырыптар бойынша дипломдық жұмыстар қорғадық. Сол шақтағы ректор, ғалым Е.Бөкетов жастарды үлкен ғылыми орталықтарға тағылымдамаға, аспирантураға жіберуге көп көңіл бөлетін. Ғылымда өнімді жұмыс істеп жүрген жас мамандарға бар мүмкіндіктерді жасайтын. Соның арқасында Есет ағай ғылыми байланыстарын пайдаланып, оқушыларын ғылыми орталықтарға жібере бастады. Біз Ерлан екеуміз М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің аспирантурасына түсуге, Ғабдолла Алматыға аспирантураға түсуге мүмкіндік алды. Одан кейінгі оқушылары да Мәскеуде, Новосібірде, тағы басқа ғылыми орталықтардың семинарларында баяндамалар жасады. Есет ағайдың ғылымда қалыптасу жолына үлкен әсер еткен ұлағатты ұстаз, белгілі ғалым Қабдеш Наурызбаев. Ол кісі Мәскеу университетінің

Бала – талантты. Бірақ, жалқау. Газетті сыйлап отырмын. Жас баланың қанатын қырықпайын, және – деп бағасын қойып берді. *** Есет ағаммен тағдыр тағы жолықтырды. Жұмысыма келді. Баяғыдағы шаруа ойда. Атып тұрып, амандасып жатырмын. Математик мақала әкеліпті газетке. Батыр Баян туралы. Ішім жылып қоя берді. Мағжан ақын ақталмай тұрғанда, Совет үкіметі әлі кәрін төгіп тұрғанда Ж.Бектұров ағамыз пәленбай жыл жасырып келіп, біздің газеттің бас редакторы, батыр Н.Оразбековке әкеліп, Ұлы ақынның «Батыр Баян» поэмасын «Орталықта» жариялатып жіберген. Бүкіл Қазақстанның түпкір-түпкірінен газетімізді сұратып таласа-тармаса

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Есмұханбет Сайдахметұлы СМАЙЫЛОВ 1946 жылы 18 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Боранбай би ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің 1968 жылғы түлегі. 1971 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының Математика және механика институтының аспирантурасын тәмамдаған. 1972-2004 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік университетінде аға окытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор, диссертациялық кеңестің төрағасы болып қызмет атқарды. 1997 жылдан физика-математика ғылымдарының докторы. Тәуелсіз Қазақстанның Жоғарғы аттестациялық комиссиясының ең алғашқы шешімімен 1993 жылдың 7 сәуірінде профессор атағын алған. 2004 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қарағанды қаласындағы қолданбалы математика институтының директоры. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік уни-

«Есмұханбет Сайдахметұлының патриоттығы, ұлтжандылығы әрқашан сезіліп тұрады. Ғылыми форумдарды ұйымдастыруда, жастарды тәрбиелеуде көп еңбек атқарып жүр». Мұқтарбай ӨТЕЛБАЕВ, ҚР ҰҒА академигі, профессор.

верситетіне еңбегі сіңген қызметкер. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры. КСРО Халыққа білім беру комитетінің «Қызметтегі үздік жетістігі үшін», ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін», Нұр Отан партиясының «Белсенді қызметі үшін», Семей педагогикалық институтының «Cіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған. 4 ғылым докторын, 10 ғылым кандидатын даярлады. 1 монография, 2 оқу әдістемелік құрал және 145 ғылыми мақаланың авторы. 2011 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалімен марапатталған. 1999 жылы АҚШ биографиялық институты «Жыл адамы» ретінде өмірбаянын «Мыңжылдықтың кәсіби серкелерінің биографиялық энциклопедиясы» кітабына енгізді.

көптеген ғалымдар мақалаларын жариялауға мүмкіндік алды. 1981 жылы Қарағанды университетінде өткен математика мен механикадан Жоғары оқу орындары арасындағы VII республикалық конференцияның да ұйымдастырушысы Есет аға болатын. Одан кейін де Қарағандыда бірнеше рет «Функционалдық кеңістіктерді жуықтау және енгізу» атты конферен-

циялар Есет ағаның бастамасымен өткізілді. Бұл конференцияларға қазақстандық, ресейлік белгілі ғалымдар қатысып, математика, механика ғылымдарының Орталық Қазақстанда дамуына себеп болды. Одан басқа да Есет ағайдың ұйымдастыруымен өзінің ұстаздары – Т.Амановты, Қ.Наурызбаевты еске алу мерейтойларына арналған халықаралық конферен-

е үл«Есет ағай әр іск , райды. Өзінен де кен талаппен қа ныған осы принциптен ай де н іне ер т т ір әк ш

емес».

механика-математика факультетінің қазақстандық алғашқы түлектерінің бірі, атақты ғалым С.Никольскийдің шәкірті. Оның бастамасымен нақты айнымалылар теориясы, функционалдық кеңістіктер мен оның қолданулары Қазақстанда жемісті жалғасын тапты. Қабдеш ағаның жетекшілігімен Есет ағай 1973 жылы кандидаттық диссертациялық жұмысын қорғады. 1997 жылы «Фурье мультипликаторлары, енгізу теоремалары және оған сыбайлас сұрақтар» тақырыбында докторлық жұмысын сәтті қорғады. Бұл жұмысқа Мәскеудің, Новосібірдің атақты ғалымдары жоғары баға берді. Есет ағаның шәкірттерінің бірнешеуі ғылым докторлары болды. 10 адам кандидаттық жұмыс қорғады. Осы күнде олардың бәрі әртүрлі жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтарда жемісті еңбек етіп жүр. Олардан басқа да бірнеше жастардың ғылым жолында жетекшілік тауып, докторлық, кандидаттық жұмыстарын қорғауда Есет ағаның жәрдемі мол. Мысалы, физика-математика ғылымдарының докторлары – М.Рамазанов, А.Ешкеев ғылыми жетекшілер табуда, докторлық диссертацияларын қорғауда Есет ағаның көмегін пайдаланды. Есмұханбет Сайдахметұлы математика факультетінің қалыптасуына, дамуына ерекше еңбек сіңірді. Орталық Қазақстанда шетелге танымал математикалық мектеп құрды. Бірнеше жылдар бойы Қарағанды мемлекеттік университетінің математика

факультетінің деканы, математикалық анализ кафедрасының меңгерушісі болды. Оның тікелей басшылығымен ұйымдастырылған, төраға болған диссертациялық ғылыми кеңесте 30-дан астам кандидаттық диссертациялар қорғалды. Ағайдың редакторлығымен шығатын «Функциялар теориясы мен функционалдық анализдің заманауи сұрақтары» атты ғылыми жинақта

СОВ, Жанғабыл ЖАНТІЛЕ ы, ат ид канд а ғылымдарының қ физика-математик лы ка ни ех дағы агрот С.Сейфуллин атын дра меңгерушісі, фе ка ң тті те универси доцент.

ң ғыжастарды ға а т е с Е « мкіндіктер е көп мү ін у іл кше т е -ж іп лығы ере р о қ м а лымда өс қ н деге астарға жасады. Ж АЖАНОВ, ады». Талғат АХ сезіліп тұр Еуразия атындағы в е л и м у етінің оры, Л.Г ниверсит PhD докт ұлттық у шысы. аға оқыту

білім, ұстаздық еңбегіне тоқталмадым. Бір ғана Батыр Баянға сіңірген еңбегі, Уақ шежіресін шығаруға жанталасқан жұмысы, төккен тері бәрінен жоғары тұрады-ау деп пайымдадым. Маған да шарапаты тиді. – Мағаш, қарашы, қазақтың даласы ұшан-теңіз шексіздіктің нағыз өзі ғой. Еуропа ғұламалары осы даланы көрсе, математикадағы шексіздікті (бесконечность) зерттеу мұнан да алға басып кетер еді, – деп Қарабұлақтан сонау Шуға шейін керіліп жатқан кең даласына кеудесін кере мерейлене қарады. Мен осы тәмсілден «Санжетпес» деген «Ой-тамызық» жаздым. Абай, Шәкерім бастаған қазақ әдебиетінің классиктерін оқитыны, көңіліне тоқитыны, домбыра шертіп, әсем даусымен ән салатыны, жанынан ән шығаратыны – бір басқа әңгіме. Бір сөзбен айтқанда, Есет ағам – сегіз қырлы, бір сырлы ел ағасы. Жанымызда жүрген соң кім-кімнің қадірін біле қойсын?! Қазақ халқының Шоқан бастаған марғасқалары шетінен жан-жақты болған. Мәселен, Шоқан әскери офицер бола жүре «Манасты» жазып алады, Әлихан атамыз мамандығы орманшы бола тұра саясаттан бастап, журналистикаға шейін түбірлейді. Ахаң мұғалім бола тұра қазақ тілі мен әдебиетін зерттейді, Мағжан психологияны, Жүсіпбек педагогиканы зерделейді. Қаныш атамыз геолог бола тұра «Едіге» жырын жинайды. Е.Бөкетов химик бола тұра, Шекспир мен Маяковскийді аударады, өзі физик, ғасыр адамы Т.Көкетаев көкем Нияз батырды ұлықтаудың жолында жүр. Есет ағамды да осы шоғырдың өкшесін басқан бүгінгі нағыз зиялылар сапында деп білемін. *** Батыр Баян Уақ ішінде Шоға руынан екен. Осыған байланысты Төле бидің «Уақ болсаң, Шоға бол, екі айылға тоға бол» деген сөзі бар екен. Тоға – айылбас, белбеудің доғасы. Есет ағамыз Шоға екен. Ертоқымы ауайын деп тұрған ел-жұртқа Тоға бола беріңіз, Есет аға.

циялар Қарағанды, Семей, Алматы университеттерінде жоғары деңгейде өтті. Есмұханбет Сайдахметұлының ғылым мен білім саласындағы қомақты еңбектері еленді. Ол бірнеше рет Білім және ғылым министрлігінің наградаларымен марапатталды, «Қазақстанда ғылымға үлес қосқаны үшін» төсбелгісімен, «Құрмет» орденімен, тағы басқа да наградалармен марапатталды. Есет ағаның ғылымнан басқа өнер, тарих, әдебиетті де тереңінен толғайтынын, жастарға қамқорлығын, әрқашанда ұлт жанашыры болып жүретінін көпшілік біледі. Әсіресе, Абайдың әндері ағаның орындауында ерекше мән-мағынаға ие болады. Есет ағайдың әкесі Сайдахмет аға – Ұлы Отан соғысының ардагері. Балаларына талапшыл, ұстамды, ән-күйге қабілеті бар еңбекқор кісі еді. Анасы Нағима екеуі он бала тәрбиелеп өсірген, еліне сыйлы жандар болатын. Отбасының үлкені ретінде Есет аға ініқарындастарының өсіп-жетілулеріне бар көмегін көрсетті. Бүгінде Есет аға Әлия апа екеуі – бес бала тәрбиелеп өсірген, немере сүйіп, тәрбиелеп отырған үлгілі отбасының қос шынары. Ұл-қыздары жауапты қызметтерде өнегелі еңбек етіп жүр. Үлкені Қуанышбек – физикаматематика ғылымдарының кандидаты, айтулы бағдарламашы. Мәскеуде банк жүйесінде жұмыс істейді. Гүлжихан, Абай, Есболат қаржы жүйесінде қызмет етеді. Есболат Нью-Йорктың Колумбия университетінің магистратурасын бітірген. Кенжелері Дәрия Пекин университетін тәмамдап, Алматыда белгілі шетел фирмасында аудитор болып жұмыс істеп жүр. Бүгінде талай жылдар бойғы еңбектің арқасында құрмет пен беделдің биігіне көтерілген Есет ағай еліне елеулі, халқына қалаулы ағалардың бірі. Ғылым мен білім жолында талмай тер төгіп келе жатқан ағайдың абыройы асқақтай бергей... Нұржан БОҚАЕВ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Жоғары математика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Ерлан НҰРСҰЛТАНОВ, М.Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалының математика және информатика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.

Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 10 «А» сынып оқушылары мектепте бірталай жылдар бойы қызмет атқарған, додалардың биік шыңын бағындырған шәкірттер тәрбиелеген ардагер ұстаздармен кездесу кешін өткізді. Мерекелік кешті ашқан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Светлана Какимова: «Сіздермен ой бөлісіп, пікір алмасуға келіп отырған біз, жиналған жас жеткіншектер бақытты ұрпақ деп есептеймін. Қазыналы қарттарымыз тұрғанда ешкімнен кем болмаймыз. Сіздердің өмірлеріңіз – бізге өнеге», – деп жүрекжарды тілегін жеткізді. Кешке «Қазақтың Қанипасы» атанған атақты педагог Қанипа Бітібаеваның шәкірті Бәтіш Мұқатайқызы, Білім беру ісінің үздік қызметкерлері Назгүл Манасбайқызы, Қорлан Смағұлқызы, Қарлығаш Байзуллақызы, Бақыт Нысанбайқызы, Айгүл Әбілтайқызы, сондай-ақ, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ошақбай Суханберлин қатысты. Жиналған қауым мектептің шығармашылық тобы түсірген ардагер ұстаздар туралы хроникалық бейнефильмді тамашалады. Кеш жүргізушілері үш буын өкілдері арасындағы ашық-жарқын сыр-сұхбатты жарасымды жүргізіп, ұрпақ сабақтастығын үйлестіре білді. Ардагер ұстаздар жас мұғалімдер мен оқушыларға баталарын берді. Бақыт БАЙМҰҚАТОВА, Жамбыл атындағы мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Р.S. Кеше «Орталықтың» тұрақты авторы, көзі қырағы оқырманы, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ошақбай СУХАНБЕРЛИН 80 жастың сеңгіріне аяқ басты. Қадірлі ақсақал! Қазақ ру­ханиятының жанашыры, өңір тарихының жоқшысы ретіндегі еңбегіңізге береке тілейміз! «Орталық Қазақстан» газетінің ұжымы.

Білім ошақтарында

Жақында Әлихан Бөкейхан атындағы атындағы №76 мектепте математика пәнінен семинар өтті. «Математика пәні бойынша оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың әдіс-тәсілдері» атты қалалық семинар-практикумға жиналған мұғалімдер өз тәжірбиелерімен бөлісті. Семинарға қала мектептерінен 42 мұғалім қатысты. Жиын Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына орай мектеп мұражайын таныстырудан басталды. Директордың оқутәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жайран Ракишева математика бірлестігінде қызмет атқарған пән мұғалімдерінің еңбектері туралы мәлімет берді. Семинардың теориялық бөлімінде ҚББ әдіскері Гүлнұр Аязбекова «ОЖСБ ережелерімен» таныстырды. №76 мектептің математика, информатика және физика бірлестігінің жетекшісі Гаухар Исатаева, №68 мектеп кешенінің математика пәні мұғалімі Зәмзагүл Ақбаева іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың практикалық бөлімінде №76 мектептің математика пәні мұғалімдері Перизат Куржубаева және осы жолдардың авторы, №25 мектептің математика пәні мұғалімі Жанар Есмағамбетованың ұйымдастыруымен «Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындау барысын оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің маңыздылығы» тақырыбында коучинг өтті. Игі шараның соңында мұғалімдер семинар мен коучингтің жоғары деңгейде өткенін айтып, баға берді. Роза ЕШИМЖАНОВА, Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектептің математика пәні мұғалімі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.


дүние-дүрмек

5 қараша, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Құттықтаймыз!

Білім ошақтарында

Ақтоғай ауданы, Шұбартау ауылының тұрғыны Ардақ тұтар абзал аға, Асқар таудай әке, қадірлі бауырымыз Еркін Тәңірбергенұлы Жұмағұловтың кемел жасы 50-ге келгені біз үшін үлкен қуаныш. Ағайынға, жақын-жұрағатқа, өзін білетін барша жанға сыйлы, беделді Еркінді және онымен өмірдің қызық қуаныштарын бірге бөлісіп жүрген асыл жеңгеміз, келініміз Сәулені адал көңілмен құттықтаймыз!!! Әрдайым қара шаңырақтың тірегі, отбасымыздың берік діңгегі болып келесіздер, тағдыр ұзағынан сүйіндіріп, ұрпақтарыңыз, туған-туысқандарыңыздан шаттық, құт-береке үзілмесін! Өмір саған жылы сөзін арнасын, Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын. Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан, Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын!!! Құттықтаушылар: Жұмағұловтар әулеті.

№494.

Жаһандану заманында бәсекеге қабілеттілік – қашанда білім деңгейімен өлшенбек. Сапалы білім негізі жан-жақты коммуникативтік ақпараттарды қолданатын, жаңа заманға сай жігерлі жастармен анықталады. М.Жұмабаев атындағы №39 мектеп-гимназиясы – сауатты, өзіне сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік жас өрендер тәрбиелеуге айрықша үлес қосуда. Атап айтсақ, мемлекеттік маңызы бар іс-шаралар мектебімізде жиі ұйымдастырылып отырады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған халықаралық «Жасұлан» форумы «Мәңгілік Ел» идеясы аясында өтіп, сыныбымыздағы бірнеше оқушы сертификатқа ие болды. «Берекелі Күз» жәрмеңкесі өтіп, игі шарадан түскен қаржы «Ақниет» қайырымдылық қорына тапсырылды.

Сондай-ақ, біздің сынып оқушылары тоғызқұмалақ, бокс, футбол ойындарына қатысып, белсенділік танытады. Қалалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген жүйріктер де жоқ емес. Бұған сынып оқушыларын биік шыңдарға жетелеп, ұстаздық қызметін ізгілікпен ұштастырып жүрген сынып жетекшіміз Эльмира Сыздықованың еңбегі зор. Ерсұлтан МАҚСАТОВ, М.Жұмабаев атындағы №39 мектеп-гимназиясының 6 «а» сынып оқушысы.

5 Қарағанды облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғаруымен, 2016 жылдың 2 қарашасында «Корпорация ДОС» ЖШС-нің, БИН 050340009759, заңды мекен-жайы 100000, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Ленин көш., 2, банкроттығына байланысты іс қозғалды. №495.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Акция

Ветеринария саласында мемлекетік қызметтін 12 түрі көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1/418 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен стандарттары бекітілген. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары 9 аудан, 3 қалада бар. Облыстың Қаражал, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Теміртау қалаларында аумақтық инспекциялары болмағандықтан, осы қалалар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету функциялары жақын мандағы инспекцияларға берілген. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар аумақта орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау және экспорттау, ипорттау және транзит кезінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізеді, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті орындауына бақылау жасайды. Аудадандық, қалалық аумақтық инспекциялармен 2 (екі) мемлекеттік қызмет көрсетіледі: – Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны аустырылатын (тасымалданатын объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру; – Экспорттау кезінде орны ауыс-

тырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру. Орны аустырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №16-04/647 бұйрығымен бекітілген «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары» бойынша рұқсат береледі. Заңды және жеке тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін орын ауыстырудың болжамды уақытына дейін тиісті аумақтық инспекцияға экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасу) жері бойынша, импорт кезінде – шеттен әкелу орнына, Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі: 1) экспорттаушы елдің ресми органы берген (асыл тұқымды малды және асыл тұқымды өнімді (материалды) импорттау кезінде) малдың әрбір басына арналған асыл тұқымдық куәлік немесе оның балама құжаты; 2) экспорт кезінде - сараптама актісі (сынақ хаттамасы).

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: 1. Ауырып тұрған және өлейін деп жатқан малды союға; 2. Сатуға арналған малды жеке аулада союға; 3. Мал дәрігері малды сояр алдында тексерiп қарамай союға; 4. Вакцина егiлген, сібір жарасына қарсы емдеу жүргізілген жануарларды екпеден (емделгеннен) кейiн күнтізбелік 14 күн бойы, сондай-ақ емдік және профилактикалық мақсатта антибиотиктер қолданылған жануарларды союға; 5. Туғанына күнтізбелік 14 күн толмаған жануарларды, клиникалық ауру жануарларды, ауруының диагнозы белгiленбеген жануарларды, дене температурасы төмен немесе жоғары және жұқпалы емес ауру жануарларды союға; 6. Лажсыз сойылған ауыл шаруашылық жануарларын ішкі сауда объектілерінде сатуға; 7. Ветеринариялық ілеспе құжатсыз (ветанықтама) тірі малды және ет, сүт, балық өнімдерін, шикізаттарын (тері,жүн, қауырсын) тасымалдауға; 8. Мал өлекселерін мал қорымынан тыс жерлерге тастауға; 9. Малдәрігерінің рұқсатынсыз ауырған малды өз еркімен емдеуге; 10. Сібір жарасы көмінділері белгіленген аумаққа мал жаюға, азықтық шөп дайындауға. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 «Ветеринария туралы» Заңының 25бабы бойынша «Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөнiндегi МІНДЕТТЕРІ» Жеке және заңды тұлғалар: 1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға; 2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруға; 3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ, жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге; 4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiру-

месе халқаралық паспорт; – асыл тұқымды жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде әр жануар басына және асыл тұқымдық өнімге (материалға) асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжат; – жануарлардан алынатын өнімді, шикізатты, жемшөпті тасымалдау кезінде мемлекеттік ветеринариялық зертхана немесе ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың бағалау сәйкестігі жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зертханалары берген сараптама актісі (сынақ хаттамасы); – бес килограмнан асатын балықты және басқа да су жануарларын (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ, шаяндар, гамарус, салина артемиясы (цисталар)) тасымалдау кезінде – балықтың және басқа да су жануарларының (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балық, сондай-ақ, шаяндар, гамарус, салина артемиясы (цисталар)) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) көлеміне жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама; – объектінің үшінші елдерге (Еу-

разиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекет) орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына рұқсат; – үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекет), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге әкету мақсатында республиканың бір әкімшілік-аумақтық бірлігінен республиканың басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне орны ауыстырылған (тасымалданған) объектілердің орнын ауыстыру (тасымалдау) және (немесе) республиканың бір әкімшілікаумақтық бірлігі шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің иесі ауысуы кезінде – ветеринариялық анықтама; – бланк үшін төлем жасағаны туралы түбіртек. Ветеринарилық сертификат Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.

Орны ауыстырылатын (тасымал-

данатын) объектіні транзиттік алып өтуге – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне – күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға – 10 (он) жұмыс күні ішінде рұқсат беріледі. Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 маусымдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар» бойынша беріледі. Өтініш иесі ветеринариялық сертификатты алу үшін тасымалдауға үш жұмыс күнінен кем емес уақыт қалғанда тиісті аумақтық инспекцияға өтініш береді. Ветеринариялық сертификатты алу үшін мынадай құжаттар қажет: – нысан бойынша өтініш; – жануарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) кезінде – ауыл шаруашылыға жануарына берілетін ветеринариялық паспорт немесе ветеринариялық паспорттан үзінді, ит және мысықтың орнын ауыстыру (тасмалдау) кезінде бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарымен бекітілген нысан бойынша ветеринариялық паспорт не-

ге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ, оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға; 5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге; 6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық бақылау және қадағалау органдарына: жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені; жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға; 7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге; 8) мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге; 9) мемлекеттік ветеринариялықсанитариялық инспекторлардың актілерін орындауға; 10) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге; 11) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға; 12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге; 12-1) жануарларды карантиндеуді жүргізуге; 13) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісуге міндетті. Жеке және заңды тұлғалар та-

рапынан ветеринария саласында заңбұзушылықтар орын алған жағдайда қолданылатын әкімшілік шаралар: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Қазақстан Республикасының Кодексінің 406 бабына сәйкес: 1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын: 1) карантин және шектеу іс-шараларының шарттары мен талаптарын сақтамау; 2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды, талаптарды және ветеринариялық нормативтерді: мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтіп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде; зообақтардағы, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды асырау, өсiру және пайдалану кезінде; ішкі сауда объектілерінде; жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде; ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда қызметті жүзеге асыру кезінде; мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде сақтамау; 3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау туралы нормативтiк-құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамау; 4) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союдың шарттары мен талаптарын сақтамау; 5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының тіркеу сынақтарын жүргізу үшін қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік тіркеусіз өндіруді, әкелуді (импортын), өткізуді және қолдануды (пайдалануды) жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде

айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Ветеринариялық іс-шараларды өткізбеу немесе тиісінше өткізбеу, сондай-ақ, оларды өткізу мерзімдерін бұзу – жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 9. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялықсанитариялық бақылау және қадағалау органдарына: 1) жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және өткізілгені; 2) жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарламау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау бойынша шаралар қолданбау – жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік

көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 13. Ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетпеу – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 14. Жануарларды карантиндеу қағидаларын бұзу – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 15. Эпизоотияға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі нормативтiк-құқықтық актiлердi, сондай-ақ, ветеринария саласындағы өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердi эпизоотияның таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқпаған бұзу – жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 16. Осы баптың он үшінші, он төртінші және он бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ж.Нагуметова, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының тамақ өнімдері және тасымалданатын объектілер қауіпсіздігі бөлімінің басшысы.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №226-V Қылмыстық кодексі 327-бап. Ветеринариялық қағидаларды немесе өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген қағидаларды бұзу 1. Ветеринариялық қағидаларды эпизоотиялардың таралуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бұзу – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы.

2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүлікті жария ету шарасы басталғанын естеріңізге саламыз. Акция мемлекетпен барлық салық мәселелерін шешу бойынша соңғы мүмкіндік болып табылады. 2015 жылы қараша айындағы Қазақстан Республикасының мүлікті жария ету туралы заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Республика аумағында орналасқан бұрын тиісті түрде ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге қатысты жария ету субъектілері әкімдіктердің жанындағы комиссияға жүгіне алады. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде орналасқан ақша, мүлік, акциялар мен бағалы қағаздарды заңдастыру мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген. Бұған дейін хабарланғандай жылжымайтын мүлікті жария ету ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады. Құжаттарды жария ету субъектілері жылжымайтын мүліктің орналасқан жері

бойынша комиссияға ұсынады. Бүгінгі күні Қарағанды қаласының жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі комиссиялармен 455 өтініш қаралды, соның ішінде қайтарылған және бас тартылған 244 өтініш. 211 өтініш бойынша 246 объекті жалпы сомасы 5 млрд. 551,2 млн. теңгеге жария етілді, оның ішінде 192 объект Қазыбек би атындағы ауданы бойынша, Октябрь ауданы бойынша 54 объект. Негізгі қайтару жер учаскелері жеке меншікте жоқтығынан, бұл 3 бабы, 1 тармағы бойынша Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына қайшы келеді. Мүлікті заңдастыру бойынша құжаттарды қабылдау Қазыбек би атындағы ауданы бойынша, «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ, Гоголь көшесі, 34, Октябрь ауданы «Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің аппараты» ММ, Архитектурная к-сі, 13 мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады (сағат 09.00-ден 18.00ге дейін, тел. 421416, 563469). Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы әділет департаментінің ұжымы Қарағанды облысы әділет департаментінің қызметкерлер мен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Майя Амантайқызы Амантаеваның әкесі Амантай Толымбекұлы Абдрахмановтың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, отбасына, туғантуыстарына көңіл айтады. Қарағанды облысы әділет департаментінің ұжымы Қарағанды облысы әділет департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Толқын Сайлауқызы Мұхтарованың қайтыс болуына байланысты отбасының, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. №489. Қарағанды облысының мәдениет және өнер қызметкерлері атынан «Қуаныш» би ансамблінің жетекшісі Тойболдина Айман Нұрланқызына, сондай-ақ, оның туған-туысқандары мен жақындарына әкесі Нұрлан Бейсенбайұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ауыр қайғысына ортақтастығын білдіріп, көңіл айтады. №492.

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының ұжымы Тексеру комиссиясының төрағасы Серік Балғатайұлы Өтешовке, сондай-ақ, оның туғантуысқандары мен жақындарына ағасы Лөкетбай Жолданұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ауыр қайғысына ортақтастығын білдіріп, көңіл айтады. №473.

1. Қарағанды қаласы, Н.Әбдіров даңғылы 30Б мекен-жайындағы «Горнопромышленная финансовая компания» ЖШС баға ұсыныстарына сауал салу тәсілі арқылы жүргізілген қызметті сатып алудың қорытындысы туралы мәлімдейді. Кен үгіту, сатып алу Коды: 2016.ЦП-127327, СКП Коды 09.90.19., 20000тн. Жеңімпаз Қаражал қаласы, Тойымбеков 6 мекенжайы бойынша орналасқан «АНИС» ЖШС. ҚҚС-ты қоспағанда ұсынылған баға 16 071 000 (он алты миллион жетпіс бір мың) теңге. Жергілікті қамту жауапкершілігі – 100 пайыз. Ғаламтор-ресурсы мекен-жайы: http:/reestr.nadloc.kz. 1. ТОО «Горнопромышленная финансовая компания» адрес г. Караганда, пр. Н.Абдирова 30Б, объявляет итоги закупа услуг способом запроса ценовых предложений. Дробление руды, Код закупки: 2016.ЦП-127327, Код СКП 09.90.19., 20000тн. Победитель ТОО "АНИС" адрес: г.Каражал, ул.Тоимбекова 6, предложенная цена без НДС 16 071 000 (шестнадцать миллионов семьдесят одна тысяча) тенге. Обязательства по местному содержанию-100 процентов. Адрес интернет-ресурса: http://reestr.nadloc.kz.


6

РУХАНИЯТ

5 қараша, 2016 жыл www.ortalyq.kz

Әдеби кеш «Жыр-жауһар» поэзия клубы – 10 жас­ та. Н.Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапхана жанындағы қайнаған қара өлеңнің ордасы – бұл. Ол туралы еш мекеме ресми хабарламайды. Есесіне, қазір Қарағандының қасиетті топырағы осы клуб жастарының тілімен толғанып сөйлейді. Жаны қазақ жалынды жастар осы клуб жайында тебіреніп айтады. Осындағы әдеби орта ордалы ойдың тиегін ағытады... «Жыр-жауһар» клубы жайлы.

«Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың орынбасары Төрехан Әкімжанұлы МАЙБАС Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың бірінші орынбасары: 43-38-53. Бас редактордың орынбасары: 43-57-76. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 48-16-45

«

Жезқазған төрінде өткен алқалы жиында жалпы жұртшылық пен кешенді іс-шараларға қатысу үшін алыстан арнайы атбасын бұрған меймандарды қала әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова ақжарыла құттықтады. Одан кейін мінберге көтерілген Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, көрнекті ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Абай атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбай аталған конференцияның мәні мен маңызын екшей келіп, өзінің «Қос қыран» атты сиясы дегдіп үлгермеген өлеңін оқып берді. Қалың қауым ұлттың дара болмысты ұландарына қатысты соқталы ойлары мен соны пікірлерін ортаға салған ғалымдардың баяндамаларына да қызыға құлақ түрген. Мәселен, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов ел назарына «Жаралы жылдар жыршысы» тақырыбы телінген зерделі әрі байыпты баяндамасын ұсынса, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Серікқазы Қорабаев «Сыршыл суреткер Мұқан Иманжанов» тақырыбын тереңінен тарта тарқатты. «Баубек Бұлқышев шығармаларындағы өршілдік Рух» мәселесіне қатысты сөз қозғаған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, доцент Гүлжаһан Орда дәуірдің жауһардай жарқын тілекті ұланының сезімінің сергектігін дәйектеп берсе, филология ғылымдарының докторы, профессор, Жезқазған университетінің Құрметті профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері Мәуен Хамзин «Тау тұлғалы қаламгер жайлы бірер сөз немесе Мұқан Иманжанов рухына тағзым» баяндамасында ұлт мүддесін ұлықтаған жазушы шығармаларының өзектілігі мен өміршеңдігін қапысыз қаузады. *** Алдын ала бекітілген іс-шаралар бағдарламасына сәйкес, конференциядан кейін оның қонақтары Сәкен Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана жанындағы Қаламгерлер клубының мүшелерімен жүздесті. Жылыжүзді пікір алмасулар барысында Жезқазған аймағындағы ақын-жазушылардың өрісі кеңейіп, шығармашылық қуатының артуына аталған клубтың айтарлықтай дәнекерлік етіп отырғаны әңгіме өзегіне айналды. Сонымен қатар, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС демеушілігімен жуырда ғана оқырманға жол тартқан «Ұлытау және ұлт» журналының алғашқы саны мен арнайы мерейтойлық шығарылымы сараптамалық тұрғыда талқыланып, әдебиетші ғалымдар тарапынан оң бағаны иеленді. Журнал номерлерінің мазмұн сапасына, тартымды безендірілуіне ерекше тәнтілік танытқан меймандар оның болашақта ел аумағына таралуы қажеттілігін айрықша атап өтіп, ізгі ниеттің кедергісіз іске асуына тілек қосты. Шырайлы кездесуде жас ақындар өздерінің жаңа

өлеңдерін оқып, аузы дуалы ағаларының ақ батасын алды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Ғалым Мұхамедин бастаған жергілікті өнерпаздар әдемі кешті әнмен әдіптеп, күймен көмкеріп отырды. *** Келесі күні ертемен көш-керуен Ұлт бесігі – Ұлытауға бағыт алды. Онда меймандос пейілдегі қауышудан кейін жоспарлы іс-шаралар іркіліссіз басталып кетті. Алғашқы кезекте аудан орталығындағы саябақ алдында орнатылған Баубек пен Мұқан ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, митинг өткізілді. Оның барысында танымал әдебиетші ғалым Серік Негимов пен еңбек ардагері, Ұлытау ауданының Құрметті азаматы Шабаз Смайылов тебірене сөз сөйледі. Мәдениет үйінде аудан әкімі Хамит Омаровтың тізгін ұстауымен өткізілген ғылыми-теориялық конференцияда айтулы ақын Ғалым Жайлыбай ұлытаулықтарды дүбірлі той қуанышымен құттықтап, өлең оқыды. Ол сондай-ақ, өзінің 3 томдық таңдамалары туындыларының жинағын аудандық кітапхана оқырмандарына тарту ретінде ұсынып, аудан әкімінің

«

«

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан»

қолына тапсырды. Елордадан, Астана мен Қарағандыдан келген ғалымдар күн тәртібіндегі тақырып аясында кезегімен баяндама жасады. Журналистақын Батырбек Мырзабеков халық ақыны Иманжан Жылқайдаров шығармаларының тағдырына қатысты мәселеге жерлестерінің алдында тағы бір рет қозғау салды. Өз кезегінде сөзін «Баубек бізге зәру емес, біз Баубектей жастарға зәруміз...» деп бастаған қарсақбайлық өлкетанушы, зерделі азамат Тоңболат Мұқанов әдебиеттің мәуелі бәйтеректері Баубек пен Мұқанның мұралары мен олардан қалған өнеге өрнектерін насихаттауды мерейтой сәттерінде айналып соғатын науқандық сипаттан арылтып, жоспарлы әрі жүйелі негізде үздіксіз жүргізудің мерзімі әлдеқашан жеткендігін алға тартты. Ел көңіліне қонымды іс-шара үстінде Ұлытау ауда-

«

Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 43-30-88, 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 91-04-52; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-775-406-09-90; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар.

«

Осыдан он жыл бұрын құрылған клуб қазір ат жалын тартып мінген бала жігіт. Бала жігіт болса да, дара жігіт. Әуелі жазушы Алмаз Мырзахмет пен ақын Қуаныш Медеубаевтың бастамасымен, аталған кітапхананың директоры Дина Аманжолованың қолдауымен құрылған поэзия клубы 10 жылдығын Станиславский атындағы облыстық орыс драма театрында салтанатты түрде атап өтті. Әдеби-сазды кешті көрген – арманда, көрмеген – шерменде. Азуын айға білеген Алаштың ақиық ақыны Серік Ақсұңқарұлы бастап, профессор, ақын Қойлыбай Асанов қостап, күллі Қарағанды руханияты көшіп келіпті десе де болғандай. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дан филология ғылымдарының докторы, профессор Жансая Жарылғапов, облысымызда жоғары лауазымды қызметтер атқарған өнер жанашыры Бақытқали Мұсабеков, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мирас Құттыбай, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Қадыр Аскеев, ақындар – Руслан Нұрбай мен Қайрат Асқар һәм қазақтың қос бұлбұлы – Сейіл Аяған мен Сержан Мұсайын да осында. Жекелеген өнерпаздарды айтпағанда. Бимен ашылған сахнаға клуб мүшелері шықты. Аты аймаққа, әрісі ел көлеміне мәлім клуб құрамында кімдер бар дейсіз ғой? Республикалық «Қасым» әдеби-қоғамдық журналының жауапты редакторы, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың филология факультетінің аға оқытушысы, «Ханшайым», «Қала мозаикалары» кітаптарының авторы, жазушы Алмаз Мырзахмет, ІІД баспасөз қызметкері, «Жан-арым», «Қара жәшік» жыр кітаптарының авторы, ақын Қуаныш Медеубаев, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, «Соңғы раушан», «Бекзат» жыр кітаптарының авторы, ақын Мирас Асан, осы газеттің қызметкері, «Ақ қайың болсын есімің» атты жыр кітабының авторы Рауан Қабидолдин, аймақтық «Арқа ақшамы» саяси-қоғамдық газетінің редакторы, «Тәңір таңбасы» жыр кітабының авторы Жанат Жаңқашұлы, облыстық спорт басқармасының бас маманы, «Құмдауыт» жыр кітабының авторы Жәлел Шалқар, аймақтық «Арқа ақшамы» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі, «Сынық айна» жыр кітабының авторы Ерболат Қуатбек, Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапхананың бөлім меңгерушісі, ақын Жадыра Байбұланова, Кеншілер мәдениет сарайы басшысының шығармашылық жөніндегі орынбасары Эльмира Сайлауқызы, тағы басқа жас ақындар мен өнерпаздар қосынының саны қырық шамалы. Өңшең «сен тұр, мен атайын» деген өнерпаздарды мерейлі мерекесімен Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапхананың директоры Дина Базарбайқызы құттықтап, ақ тілегін арнады. Абадан ақын Серік Ақсұңқарұлы «Жыр-жауһардың» әдеби ортада алатын орнын айшықтады. Жансая Жарылғапов клуб мүшелерінің алды әдеби айналыста ерекше аталып жүргенін мақтанышпен айтты. Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мирас Құттыбай мен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Қадыр Аскеев облыстың қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген клуб жетекшілерін Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапаттады. Қазақ сахнасының бұлбұлдары – Сейіл Аяған мен Сержан Мұсайын бірі гитарамен, бірі домбырамен әннен шашу шашты. Жоғарыда аты аталған поэзия клубының мүшелерімен қатар олардың өкшесін басып келе жатқан жас ақындар жалындап жыр оқыды. Бүгінде Арқа жұртына танылып қалған әншілер – Аман Ахметжанов, Марғұлан Уәлиев, Ербол Алшынбаев авторлық әндерін орындап, көрермендерді тәнті етті.

Бас редактордың бірінші орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК

Ұлт ұясы – Ұлытаудан қанаттанған тұғыры биік тұлғалар – қайсар мінез, жалын жүректі жауынгер-публицист Баубек БҰЛҚЫШЕВ пен саналы ғұмырында «...қазақ әдебиетін әлем әдебиетіне қарай сүйреген» дарабоз жазушы Мұқан ИМАНЖАНОВТЫҢ туғанына 100 жыл толуына орай, Жезқазған қаласының әкімдігі мен Ұлытау ауданының әкімдігі Қазақстан Жазушылар одағы Жезқазған филиалымен тізе қоса отырып, «Ұлытаудан түлеп ұшқан қос қыран» атты ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырды.

«

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан»

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ны әкімдігінің тапсырысы бойынша болашағынан зор үміт күттіретін жас жазушы, Ұлытаудың тумасы Арман Әлменбет құрастырып, белгілі меценат, Ұлт жанашыры Бекзат Алтынбековтің демеушілігімен жарық көрген «Ұлытаудың екі ұлы» жинағының тұсаукесері өткізілді. Жарасымды рәсімді Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай жүзеге асырды. Сонымен қатар, «Ұлытау және ұлт» журналының бас редакторы, журналист-ақын Сара Смағұл мен жауапты редакторы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ғазиз Ештанаев жаңа мерзімдік басылымның таныстырылымын өткізді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлімбек Жандарбеков жалпы халықтың ризашылығын иеленген журналдың алғашқы сандарының «тұсауын кесті». Конференция соңында Ұлытау ауданының әкімі Хамит Омаров бағзы күндерден жеткен баба дәстүрі бойынша ат сабылтып алыстан келген ағайынның иықтарына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті. Мерейтой бағдарламасы жергілікті өнерпаздардың шағын да болса шұрайлы театрландырылған қойылымы және тартымды концерттік бағдарламасымен түйінделді. ЖЕЗҚАЗҒАН – ҰЛЫТАУ – ЖЕЗҚАЗҒАН.

Бала – болашағымыз

Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «Центркредит банкі» АҚ ҚФ Есеп-шот: kz058560000000010476, БИК KCJB KZ KX РНН 302000046744 БИН 000940001367

Таралымы 15 275 дана

Күз келсе шаңырақты әнге, қойманы дәнге толтырған бағбан-жомарт берекелі мезгіл көз алдымызға келеді. Құстың базары тарқап, қыстың қамына кіріскен адамдар сарыала жапыраққа көмілген күрең даланың әсем кейпін әсерлі жырлап, балалар «Алтын күз» мерекесін тойлайды. Сондай тамаша тағылымды іс-шара жуырда қаламыздағы №134-ші «Гауһар» балабақшасының «Балапан» тобында өтті. Ендеше...

Мирас АСАН, «Оралық Қазақстан» Не керек, күз мезгілін әнге арқау етіп, бау-бақшаның жеміс-жидектерін бүлдіршіндер сомдап ортаға шықсын! Бақшадағы күнбағысты шоқуға келген кәрі қарғаның оқиғасымен басталған көріністі балапандар шынайы сахналаған. Қы-

зықты сәттер кезең-кезеңімен өрбиді. Әр жеміс өзін таныстыра келіп, бағбан атаны қарсы алып, алтын күз ханшайымынан себетпен сыйлыққа жеміс-жидек алатын сәті бар. Күнбағысты қорғау барысында неше түрлі ойындар ұйымдастырып, белсенділік танытады. Әрине, осы ретте бала тәрбиесінде бар ынтасымен жұмыс атқарып, іс-ша-

раның тиянақты өтуіне күш салған аталмыш топтың тәрбиешісі А.Әбілқайырдың, оның көмекшісі Л.Оханова мен музыка жетекшісі Ф.Тлейханның еңбегін ерекше атап өткен жөн. Ал, жалпы балабақшадағы тап-тұйнақтай тазалық пен сауатты ілім, темірдей тәртіп пен тағылымды тәрбиенің бастауында тұрған директор Д.Инкабекова мен әдіскер М.Тюлембекова жайлы әңгіме тіпті өрісті. Олар қандай мерекеде болмасын бүлдіршіндердің өнерлерін көрсетуге асығып, өнегелі ортаның ата-аналарымен тығыз қарым-қатынас орнатып отыр. Бүгінгі салтанатты шара соңында да балақайлар қол ұстаса би билеп, алтын күзді дәріптейтін өлеңдерін оқып, көрермендердің зор қошеметіне бөленді.

№180 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 6аспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Рауан ҚАБИДОЛДИН КОРРЕКТОРЛАР 1, 3, 6 – беттер: О.ТӨЛЕУБЕКОВА 2, 4, 5 – беттер: Ж.АХМЕТОВА

5 11 2016  

Advertisement