Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

♦ БЕЙСЕНБІ, 29 МАУСЫМ 2017 жыл №71 (22 378) ♦

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӨКІМІ Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы 1.Елдің әлеуметтік-экономи­ка­ лық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құ­ ралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақ­ па­рат құралдары саласындағы сый­лықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жө­ніндегі қоғамдық комиссияның ұс­ынымын қарай келіп: Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің бұқаралық ақ­па­ рат құралдары саласын­дағы сый­лықтары берілсін: Абдрахманова Майра Қаби­ қызына – «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісіне, Қазақстанның жаһандық бастамаларын жанжақты жариялап-көрсеткені үшін; Сембаев Мағауия Слан­ бекұлына – Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторына, отандық жур­на­ листиканың дамуына қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін; Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің бұқаралық ақпа­ рат құралдары саласындағы гранттары тапсырылсын: Магер Юлия Дмитриев­ наға – «Казахстанская правда» жалпыұлттық газетінің тілшісіне, Мемлекет басшысының сыртқы саясаттағы қызметін кеңінен жариялап-көрсеткені үшін; Шәріпов Айхан Пішенбай­ ұлына – «Айқын» республикалық газетінің меншікті тілшісіне, елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалар барысын белсенді жариялап-көрсеткені үшін; Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпа­ рат құралдары саласындағы Алғысы жариялансын: «Астана» телеарнасындағы «Біздің уақыт» телевизиялық бағдарламасының шығарма­ шылық ұжымына, қоғамды дамытудың өзекті мәселелерін жедел жариялап-көрсеткені үшін; «Мысль» республикалық қо­ғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымына, қо­ ғамды демократияландыру және саяси мәдениетті жетілдіру үдерістерін жариялап-көрсетуге қосқан үлесі үшін; Батыс Қазақстан облыстық «Приуралье» газетінің шығар­ машылық ұжымына, өңірді дамытудың өзекті мәселелерін жариялап-көрсетуге қосқан үлесі үшін; «Хабар 24» телеарнасының шығармашылық ұжымына, отандық телевизиялық журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін. 2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 23 маусым № 174

Ерсін МҰСАБЕК, «Орталық Қазақстан» Астанадан сүйіншілі хабар жетіп, Арқа жұрты арқа-жарқа бола қалды. Газетіміздің Бас редакторы, белгілі публицист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мағауия СЕМБАЕВ ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының иегері атанды! Бұл – сөз жоқ, Қарағанды журналистикасының абыройы! Елеулі еңбегі мен 40 жылғы көзмайының өтеуіндей болған мәртебелі сыйлықты ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қолынан алған салтанатты сәтте Мағаш ағаның өзі де, күні кеше өңір журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған облыс әкімі Ерлан Қошанов та осылай деді. Иә, Арқа баспасөзінің абыройы асқақтап тұр! Былай қарасаңыз, бұл сыйлықты кім алмай жатыр?! Бірінің «мерейіне» «Апыр-ай, қалай алған?» деп, таң қалып жатсақ, бірінің жеңісіне «Бәрекелді! Еңбегі - ерен, әбден лайықты!» деп, мерейгермен бірге шаттанып жатамыз. Біздің лауреат – осының екіншісі! Қарағанды баспасөзінің «отымен кіріп, күлімен шыққан» бір қаламгер болса, ол – Мағауия Сембаев! «ҚазМУ-дың журналистика факультетіне метіркемен түсіп (жасы 16-ға толмай), бүгінде қазақ журналистикасының төлқұжатына айналған» (Көпен Әмірбек) кім? Ол – Мағауия Сембаев! «Орталық Қазақстан» газетінде Рамазан Сағымбеков, Рымқұл Сүлейменов, Нұрмахан Оразбеков сынды ұстаздарынан қалған игі дәстүрге лайықты мұрагер болып, өз алдына мектеп қалыптастырған кім? Ол – Мағауия Сембаев! Арқа жазармандарының арасында «Шерханның (Мұртаза) шекпенінен шыққан», баспасөз баһадүрінің сеніміне ие болған кім? Ол – Мағауия Сембаев! Тізбектей берсек, даладай – дархан, баладай – аңғал ағамыздың дара қасиеттері толып жатыр. Иә, Мағаш ағаны мақтай беруге сөз табамыз. Бірақ, сөз сардарының есімін айтып мақтанатын күн – бүгін! Бойына сөздің сөлін, бабаның рухын сіңірген қалам қайраткері абырой биігіне өзімен бірге Арқа журналистикасын арқалап шықты. Ормандай оқырман үшін бұдан асқан олжа болмас, сірә. Зер салыңыз, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы жыл сайын екі журналиске ғана берілетінін ескерсек, олжамыздың орасан, еншіміздің ерен екенін еркін түсінесіз. Екінің біріне, егіздің сыңарына бұйыра бермейтін бақ! Сондай-ақ, Елбасы сыйлығы біз­ дің сала сарбаздары үшін ең мәр­ те­белі мерей болғанымен, Мәкең – бұған дейін-ақ бір журналистің қа­­­лам қарымына берілетін бағаны

да, сыбағаны да қанжығаға бөктерген қаламгер. Небары 25 жасында Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері атанды. ҚР Мәдениет қайраткері, Г.Толмачев атындағы ұлттық байқаудың «Үздік БАҚ редакторы» аталымы бойынша жеңімпазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Жасыратыны жоқ, шығарма­шы­ лық ұжым жазуға шеберміз ғой. Мақала да жазамыз, арыз да домалатамыз. Мәкеңнің шығармашылық жолдағы еңбек өтілі – тура 41 жыл. Кем дегенде, соның 20 жылын арызбен

арпалысуға арнады. Жүрегі сыздады, жүйкесі жұқарды. Алайда, жүйкесі жұқарғанның бәрінің қаламы мұқала бермейтінін Мәкеңнің жігері дәлелдеп шықты. Қалай болғанда да, көркем очерк­ терімен көш бастап, журналистік зерт­теулерімен зерделерді оятып, «Ой-тамызығымен» ордалы ойлар­ ға түрткі болып жүрген һас талант шынайы бағасын алып, шығарма­ шылықтың шыңына табан тіреді. Сөз­ дің дертін қалам серті жеңді! Ортақ абырой, ордалы қуанышымыз құтты болғай, ағайын!

P.S. Абзал аға, ұлағатты ұстаздың жетістігі жайлы сүйіншілі хабар таратып жатқанымызда, кейбір ағаларымыз «Бұл сыйлықтың жүлдесі қанша екен?» деп қалды. Жабырқап сала бергенбіз. «Ақшасын қайтесіз, аға?! Арқаға келген абыройын айтыңыз» деген екі ауыз сөз тіл ұшында қала берді. Көмейден өткізіп, ішке әрең жұттық. Апыр-ай, абыройымыз ақшаға тәуелді болып барады-ау, ә...

Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан»

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, «Орталық Қазақстан» Қоғамның барометрі – БАҚ-тың бабы мен бағын сынаған бәйге өзінің жүйріктерін тағы бір мәрте анықтады. Дәстүрге айналған облыс әкімінің БАҚ өкілдеріне берілетін «Алтын сұңқар» сыйлығы кезекті рет өз иелерін тапты. Бұл бәйгеде біздің басылымның да қанжығасы құр қайтқан жоқ. Дәлірек айтқанда, «Орталық Қазақстан» газетінің дизайнері – Ботакөз АХМАДИЕВА «Мәнер мен атқарылымдығы үшін» аталымында үздік танылды. (Жалғасы 2-бетте).

Белгілі жорналшы Оралбек Жүнісұлын көпшілікке таныстырып керегі жоқ. Ол жер тарихына қатысты, халқымыздың ауызбіршілігі жөніндегі салиқалы мақалалары көпшілік жүрегіне жол тауып, өз оқырманын тапқан қаламгер. Еңбек адамы туралы жазған дүниелері мемлекеттік тапсырыспен өз алдына кітап та болып шықты. Оның мұндай еңбегі атаусыз қалған жоқ. Ол Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2017 жылғы «Ақпарат саласының үздігі» белгісімен марапатталды. Көрер құрметіңіз таусылмасын дейміз Орекеңе. Қашанда шығармашылық табыс тілейміз! Бет қатталып жатқанда... «Орталықтың» түлегі, қазіргі күні ҚР Ақпарат және коммуни­

кациялар министрінің кеңесшісі Қамбар Ахметов те «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.


2

Бейсенбі, 29 маусым, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

(Соңы. Басы 1-бетте).

Бұқаралық ақапарат құралдарын кә­сіби мерекемен құттықтаған аймақ басшысы Ерлан Қошанов бұл саланың қоғам өмірі үшін маңызын атап өтті. БАҚ-тың мемлекеттік қызметкерлерге, шенеуніктерге кедергі емес, керісінше, көмек екенін жеткізді. Сонымен бірге, Қарағанды аймағының еліміздегі ірі өңір болуымен қатар, мұндағы тілші қауымның алғырлығына риясыз ықылас танытты. Қарағанды облысы – еліміздегі ірі медиа аймақтың бірі. БАҚ-тың саны бойынша алдыңғы үштіктеміз. Ал, қарағандылық тілшілер – еліміздегі мықтылардың қатарынан. Өз басым, елімізде бірінші деп ойлаймын. Бұл орайда мен тек облыс орталығындағы тілшілерді ғана емес, облыстың аудан, қалаларындағы әріптестеріңізді де ерекше атағым келеді. Бүгін облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің редакторы Мағауия Сембаев ағамыздың отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін Президент сыйлығын иеленуі – қарағандылық журналистиканың қандай деңгейде екенін көрсетсе керек. Аймақ журналистикасына берілген баға, – деді облыс әкімі Ерлан Қошанов. Сондай-ақ, облыста журналистиканың дамуына зор үлес қосқан ардагер журналистерге де лебізін білдірді. Гүл шоқтарымен қошемет көрсетілді. Ал, «Алтын сұңқардың» иелері дипломмен және «Алтын сұңқар» мүсінімен марапатталды. 12 жыл бойы жалғасын тапқан байқауға биыл 164 үміткер өтініш

берген. Соның ішінде, 11 жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері оза шауып, бәйге алды. Үздіктер 10 аталым бойынша анықталды. Бұған қоса, облыс әкімінің 1 млн.

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Сейсенбі күні аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ қазақ күресі бойынша «Сарыарқа Барысы» облыстық турнирінің жеңімпаздарымен кездесті. Балуандар жеңіс тіледі. – Өңірдегі күрес өнерінің қанат жайып, дамуының басында сіздер тұрсыздар. Осы жолда облысымыз-

Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ мемлекеттік қызметшілерді төсбелгілермен және Құрмет грамоталарымен марапаттады. Ерлан Қошанов өз әріптестерін Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен құттықтап, оларға төсбелгілер мен Құрмет грамоталарын табыс етті. – Менің командам мықты. Қарағанды облысының әкімі қызметіне келгеніме үш ай уақыт болса да,

дың намысын қорғайтын сіздерге, жеңісті жолда сәттілік тілеймін, – деді облыс әкімі.

біз көптеген жұмыстар атқардық, – деді Ерлан Қошанов. – Мұның бәрі – Сіздердің қолдауларыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіздің жемісі. Мен жасырмаймын, кадрлық өзгертулер болады. Алайда, бүгінгі қызметшілердің біразы өз орнында қалады. Сіздер – өз істеріңіздің шеберлерісіздер. Сонымен, «Үздік мемлекеттік

теңге көлеміндегі арнайы сыйлығы бар. Олай болса, облыстағы БАҚ үздіктерімен таныс болыңыздар... – «Мамандыққа адалдығы

Айта кеткен жөн, «Қазақстан Барысы» турнирі алғаш рет 2011 жылы басталып, содан бері жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Ал, «Сарыарқа Барысы» – Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін республикалық «Қазақстан Барысы» жарысының іріктеу кезеңі. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Наталья Сухорукова:

қызметші» төсбелгісімен Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Жүніспекова, мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Мұрат Кәдеков, облыс әкімі аппараты бөлімінің басшысы Евгений Русаков, ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайырбек Тұрсынбеков пен Шахтинск әкімі аппаратының басшысы Наталья

үшін» – Әлібек Әбдірашев, Сәтбаев аймақтық «Шарайна» газетінің тілшісі; – «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін» – республикалық «31 арна»

«Жарыстар негізгі сегіз салмақ пен абсолютті салмақ бойынша ауыл, аудан мен қала және облыста өтті. Биылғы іріктеу кезеңдеріне 2810 спортшы қатысты. Абсолютті салмақ санатында 9 балуан бақ сынап, Ержан Шынкеев пен Асыл Барменов жеңімпаз атанды», – деді. Бұған дейін Ержан Шынкеев республикалық «Қазақстан Барысының» күміс жүлдегері атанса, Асыл Барменов 2014 жылы «Қазақстан Барысында» екінші орынды иеленген болатын. Спортшылардың бас жаттықтырушысы Диханбай Биткөзов шәкірттерінен жеңіс күтетінін айтты. Диханбай БИТКӨЗОВ, бас жаттықтырушы: – Бұған дейін біздің жігіттер екі рет екінші орынды иеленді. Биылғы ақтық мәреге біз екі ай бойы дайындалдық. Жаттығулар жиі әрі сәтті өтті. Сондықтан, оларға зор сенім артамыз. Спортшылардың жаттығуы үшін зал берген шәкіртім «Еңбек» спорткешенінің басшысы Талғат Байшолақовқа алғысым шексіз. Жеребе сәтті түссе, ақтық бәсекеге түсуге үміттіміз. Ержан Шынкеев пен Асыл Барменов 2 шілде күні Астанадағы «Барыс Аренада» өтетін республикалық турнирдің ақтық мәресінде облысымыздың намысын қорғайды. Жерлестерге жанкүйер болайық! Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Циолковская марапатталды. Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін еңбек ардагері Раиса Нүркеева Құрмет грамотасымен марапатталды. Тағы сегіз адам облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

телеарнасының меншікті тілшісі, «5 арнаның» журналисі Людмила Батюшкина; – «Объектив шебері» – республикалық «КТК» арнасының

бейнеоператоры Николай Колесниченко; – «Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін» – журналист, Қазақастан Журналистер одағының

Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан» 2011 жылғы тамызда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2017 жылғы 28 маусымға тағайындауды қаулы еткені белгілі.

мүшесі Ерғазы Жазықбаев; – «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялағаны үшін» – «ҚазақстанҚарағанды» телеарнасының редакторы Эльмира Исаханова; – «Өндірістік тақырыпты үздік жариялағаны үшін» – облыстық «Индустриальная Караганда» газеті бас редакторының орынбасары Станислав Песнев; – «Алғашқы табыстар үшін» – аудандық «Сельский труженик» газетінің тілшісі (Осакаровка ауданы) Светлана Максимова; – «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» – «EKaraganda.kz» ақпараттық порталының негізін қалаушы әрі жетекшісі Сергей Забурдяев; – «Мәнер мен атқарымдылығы үшін» номинациясында – «Орталық Қазақстан» газеті редакциясының бет қаттаушы-дизайнері Ботакөз Ахмадиева; – ««Еңбек адамы» тақырыбын жазғаны және насихаттағаны үшін» – «Вечерняя Караганда» газетінің журналисі, «Информбюро» АА редакторы, Білім басқармасының баспасөз хатшысы - Махаббатгүл Еңсебаева. Биыл облыс әкімінің 1 млн. теңгелік арнайы сыйлығына «Хабар» агенттігінің Қарағандыдағы тілшілер қосыны лайық деп танылды.

Осыған байланысты Қарағанды облысында өткен сайлаудың алдын ала қорытындысы күндізгі сағат 11-ден 5 минут кеткенде белгілі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша Қарағанды облысы бойынша Рысқали Әбдікеров 295 таңдаушының 241 дауысына ие болды. 2 таңдаушы белгілі себептермен сайлауға келмей қалды, тағы 1 бюллетень бүлінуіне байланысты жарамсыз деп танылды. ҚР «Сайлау туралы» Заңының 78 бабының екінші тармағына сәйкес аумақтық сайлау комиссиясының дауыс есептеу нәтижесінің хаттамасы екі күн ішінде ОСК жеткізілуі тиіс. Осы негізде ОСК сайлау өткеннен кейінгі жеті күн мерзім ішінде сайлау қорытындысын бекітеді.


Бейсенбі, 29 маусым, 2017 жыл

Ерсін МҰСАБЕК, «Орталық Қазақстан»

ие болу арқылы әлем назарын өзіне аудартып отыр. Қазақстан ұсынған жасыл экономика, энергияның баламалы көзі бойынша инновациялық жобалары адамзат тарихындағы елеулі оқиға болғаны ақиқат. Ал, бұл дегеніміз жер шарының әр қиырындағы исі қазақ баласы үшін мақтаныш сезімін тудырса керек! – Біз қандас бауырларымыз Атажұртының бүгінгі келбетін көріп, марқайсын, ой түйсін деп, Сіздерді «ЭКСПО» көрмесіне орай шақырдық. Бар болғаны 15 жылдың ішінде бой көтеріп, әлемді таңғалдырған елордамыз – Астананың өсіп-өркендеп жатқанын көрсін, қуансын деп ойладық. Кеше жаңадан салынған опера театрында болдыңыздар. Қазақстанның көркейген бас ордасын көрдіңіздер. Мұндағы мақсатымыз – Сіздердің аңсар көңілдеріңіздің мауқын басу, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдеріңізді еселеу, – деді ҚР Президенті. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның тәуекел қадамдары да қамтылды Елбасы баяндамасында. – Алғашқы құрылтайдан бері, міне, 25 жыл өтті. Адам бастан кешпеген қиындықтарды көрдік. ХХ ға-

Арқа төсіндегі ару Астана тағы бір мәрте тарихи жиынға төрін ұсынды. 22-25 маусым күндері кешегі зобалаң шақта алты құрлыққа тарыдай шашылған қандастарымыз Атажұртқа аңсар көңілмен жетіп, сағыныш тербеген жүректердің лүпілі қасиетті Қазақ Елінің Елордасында салтанат құрды. Бұл – Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы. «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылған алқалы жиынға әлемнің 39 елінен және Қазақстанның барлық өңірлерінен 750 делегат қатысты. Қарағанды облысынан – 5 делегатпыз. Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ бастаған ресми топта көрнекті ғалым, «Ғасыр адамы» Темірғали КӨКЕТАЕВ, мемлекеттік қызмет ардагері, Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеубек ЗЕЙНЕШОВ, Білім меценаты, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты Бекзат АЛТЫНБЕКОВ бар. Осынау зиялы топтың құрамына енгенімді өзіме шексіз бақыт санап, мен де Атажұртты аңсап келген бауырлармен қауышып қайтқан едім. Көргенім мен көңілге түйгенімді көпшілікпен бөлісу – парыз. Көз жүгіртіп, көңіл аударыңыз. Көсіліп көрелік...

Астана – армандар тоғысы Құрылтайдың алғашқы күнінде шетелдерден келген қандастарымызбен бірге ажарлы Астанаға саяхат жасадық. Бар болғаны 15 жылда ерке Есіл жағасынан жаһан жанарының жауын алар жасампаз қала бой көтерген. Күнде көріп жүрміз, бізге таңсық емес десек те, әлемнің әр қиырынан келген қандастарымызбен қатар жүріп тамашалап, Астана ғажайыптарын тамсана әңгімелегеннің әсері мүлде бөлек екен. Саяхатымыз «Қазақ Елі» монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Алаң рухтың ордасына айналған дерсің. Ұлы күш бұлқынып тұр. Рух бірлігі, ортақ арман, ортақ мүдде, ортақ мақсат осы алаңға тоғысқан. Астана – шартарапқа шашылған қазынамызды жинап алып, шаттықтан шашу шашқандай салтанатты күйде. Ыстық құшақтар айқасып, енді ажырамасқа серттесіп жатқандай. Қандастар қуанышында шек жоқ. Мәре-сәре. Шалғайдан келген бауырларымыздың «Әлемнің жетінші кереметіне» баланып жүрген ажарлы Астананың базарлы шағына тамсана қарап, таңғажайыпқа таңданып жүргенін көрудің өзі бір ғанибет екен. Ерәшім РУСТАМОВ, Өзбекстаннан келген бауырымыз: – Астанаға бұған дейін де бірнеше рет келгенмін. Бұл шаһар – тағдыр талайымен жер шарының түпкір-түпкіріне тарыдай шашылған барша қазақтың қарашаңырағы. Атажұртты аңсап жеткенде ат басын тірейтін қасиеті шаңырағымыз болғандықтан, біздер сыртта жүрсек те, қара шаңырағымыздың келбетті мен ажарының келісті болғанын қалаймыз. Сәт сайын өркен жайып, гүлденіп келе жатқан Астанамыз – қашанда біздің мақтанышымыз. Менің соңғы рет келіп-кеткеніме көп уақыт өте қойған жоқ. Сонда да, Астана адам танымастай өзгерген екен. Елбасы, әлемдегі барша қазақтардың көсбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа рахмет! Жалғыз Ерәшім аға емес, атажұртта алшаң басқан әр қандасымыздың көңіл көкжиегіне ұялаған сезім – осы. Барлығының пейілінен де, лебізінен де сағыныштың жұпары аңқиды. Түс ауған шақта «Қазанат» атшабарына қоныс тепкен этноауылға тоқтадық. Бұл жердегі әсерді тілмен айтып жеткізу әсте мүмкін емес. Жаңа ғана зәулім үйлері көк тіреген

3

www.ortalyq.kz

дердегі қандастарымыз үшін де бұл жобаның барынша тиімді екендігі нақтыланды. Сонымен қатар, Елбасы Үкіметке «Отандастар» қорын құру, сол қор арқылы Атажұртқа оралу ниеті бар қандастарымыздың көші-қонын оңтайландыруды жүктеді. Қор қоржынын толтыру үшін жергілікті кәсіпкерлерді ізгілікке шақырды. – Біз кезінде тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған алуан ұлт өкілдерін бауырымызға басып, төрімізді ұсындық. Олардан қолымызда барды аяған жоқпыз. Ал, өз қандастарымызға неге сондай кеңдік танытпаймыз? – деп шегелеген Елбасының игі бастамасы барша қандастарымыздың зор қолдауына ие болды. Тұрғылықты елдерінен Қазақ­ станға келіп, білім алуға ниетті жастарды қолдау мәселесі де ауқымды әңгімеленіп, ел Үкіметіне оларға бөлінетін грант көлемін екі есеге ұлғайту тапсырылды. Сондай-ақ, Атажұртқа келіп кәсібін ашамын дейтін қандастарымызға да қолдау көрсету мәселесінің басы ашылды. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елім, жерім деп еміренген

лек те, лебіз де – шынайы. Шеттен келген қандастарымыздың баршасы Қазақстанның бүгінгі тыныс-тіршілігіне марқайып, ертеңіне алаңдайды. Әлемдік деңгейдегі сын-қатерлер мен алуан түрлі дағдарыстардың Қазақстанды айналып өтуін тілейді және солай боларына сенімді. «Назарбаев сынды көреген Көшбасшысы бар ел көш соңында қалмайды!», – дейді олардың дені. Барлық меймандар лебізін, Атажұртты аңсап, аңқасы кепкен ағайынның сағынышты жолдауларын құрылтайға қатысушылар асқан зор ықыласпен қабылдап жатты. Белгілі айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлының қандастарға арнаған отты жыры залды кернеген рухты еселеп жіберді. Құрылтай соңында ұйымдық мәселелер қаралып, Елбасы осы уақытқа дейін Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы Төралқа Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Талғат Мамшевқа алғысын айтып, бұл лауазымға Зауытбек Тұрысбековтің кандидатурасын ұсынды. Төраға ұсынысы бірауыздан қабылданып, қауымдастық тізгіні З.Тұрысбековке зор сеніммен тапсырылды.

Ел мерейі – «ЭКСПО»

Астанада – ХХІ ғасырдағы ең әсем қалада жүрген едік. Қазір, бірнеше ғасырға шегініс жасап, көне түркі әлеміне көшіп келгендейміз. Найзасын көкке шаншыған батыр бабалар, хан ордасындай ақ шаңқан үйлер, алтыбақан... Бәрі-бәрі осында. Ән әуелеп, күй күмбірлеп жатыр. Құрылтай қонақтарынан басқа да халық нөпірі – қалың. Делебең демігіп тұрғанын сезесің... Тілеубек ЗЕЙНЕШОВ, мемлекеттік қызмет ардагері, Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы: – Елордамыздың талай таңғажайыбын тамашалап жүрміз ғой. Жақында ғана қала ардагерлерімен «ЭКСПО-2017» көрмесін де тамашалап кеткенмін. Ал, мына ауыл мүлде ғажап екен. Дала өркениетінің көрмесі ғой мынау! Бұл қалашықты нағыз ұлттық қасиетіміздің ордасы деуге болады. Осы идеяның авторы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлына мың да бір алғыс! «Дос сүйініп, дұшпан күйінетіндей» жоба дайындаған екен. Ризамын! Түркиядан келген қандасымыз, таэквандодан Түркия чемпионы Кәрім ІЛИЯСПЕН аз-кем мәслихат құрудың сәті осы жерде түсе кетсін. – Мен атажұртымның бас қаласына алты құрлық назар аударған шақта, яғни, «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде келгеніме өте қуаныштымын. Ал, мына этноауылдың әсері мүлде бөлек. Ғажайыптар әлеміне еніп кеткендеймін. Ата дәстүрімізді ұмытпай, көшпелілер өркениетінің деңгейін жақсы білгенімізбен, біздер еуропалық стилдегі мемлекетте тұрып жатырмыз ғой. Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы таңсық бізге. Соның тамаша үлгісін көріп, бір жасап қалдық. Құрылтай бағдарламасына осындай саяхаттық бағдарламалар енгізген Дүниежүзі қазақтарының Қауымдастығы басшыларына рахмет! – дейді Кәрім бауырымыз ағынан жарылып. Байрақты бәсекелерге қатыса жүріп, әлемнің талай елдерін аралағанын, бірақ, ешбір елден дәл мұндай керемет кездестірмегенін де жасыра алмады. ...Күн ұясына еңкейген шақта «Астана-Опера» театрының кермесіне ат байладық. Бағдарлама бойынша театрда «Қыз Жібек» қойылымын тамашалаймыз. Тамашаладық. Озық үлгіде салынған театр ғимаратын да, классикалық қойылымды да. Ғимарат сәулетіне тамсанып, қойылым мазмұнынан рухани ләззат алып шықтық. Темірғали КӨКЕТАЕВ, Қарағанды облыстық «Қазақ тілі» қоға-

мының төрағасы, «Ғасыр адамы», профессор: – Мен – Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайына қатысқан адаммын. Жұмыр жерді мекендеген қазақ баласы үшін бұдан асқан той жоқ. Қауышу, табысу, сырласу... Мұның барлығы ерекше ғанибет дүниелер. Бағдарламамен танысқан сәтте «Қыз Жібек» қойылымын көріп, балаша қуанған едім. Әрі Жібек ролін Майра Мұхамедқызының сомдауында тамашалауды армандап жүргенмін. Соның сәті бүгін түсті. Қойылымнан ұмытылмас әсер алдым. Майра қарындасым шын мәніндегі құбылыс қой. Армандар тоғысы – Астанадағы Дүниежүзі қазақтарының кезекті құрылтайының алғашқы күні осылай қорытындыланды.

Рухани бірлікпен – рухани жаңғыруға 23 маусым. Тәуелсіздік Сарайы. Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы. Атажұрт төріндегі алқалы жиынға ҚР Президенті, Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының төралқа Төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қатысты. Асыл мұратымызды тоғыстырған мәртебелі жиында сөз алған Мемле-

кет басшысы алыс-жақын шетелдерден келген делегаттар мен құрылтай қонақтарын құттықтап, Тәуелсіздіктің ширек ғасырында қол жеткізген жетістіктеріміз бен бағындырған белестеріміз туралы баяндады. – Ардақты ағайын! Құрметті бауырлар! Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайына келген баршаңызға исі қазақтың Атажұрты – Қазақ еліне, оның бас ордасы – Астанаға қош келдіңіздер деп қуанышымды білдіремін. Қайда жүрсе де, қазақтың тарихи Отаны біреу-ақ, ол – Қазақ­ стан! Атамекеніміз жалғыз, ол – бір уыс топырағына дейін қасиетті біздің Ұлы Дала Қазақ еліміз! Бүгінгі басқосуға негізінен жас буын қатысып отыр. Себебі, жас ұрпақ түбі, негізі қазақ екенін ешқашан ұмытпайды. Сол үшін ата-аналарына алғыс айтамыз. Олар туған елімен байланысын нығайтып, ата салтын сақтап, ана тілін ұмытпауға тырысады. Мұның астарында Атажұртқа деген мәңгілік сағыныштың, кіршіксіз махаббаттың оты маздап тұрғанын біздер жақсы сезінеміз, – деді Елбасы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы бұл құрылтайдың «ЭКСПО-2017» көрмесімен орайлас ұйымдастырылып отырғанын тілге тиек етті. Өйткені, Қазақстан «ЭКСПО» Халықаралық көрмесін өткізу мәртебесіне

сырда қазақтың басынан өтпеген зұлмат жоқ. Бірақ, Тәуелсіздіктің 25 жылы да оңай болған жоқ. Ресей патшалығы мен Кеңес Одағының қол астында 150 жылдан артық уақыт бодан болдық. Осыдан тура 25 жыл бұрын экономикамыз тұралап, 2 млн. адам жұмыссыз босып қалды. Не жалақы, не зейнетақы төлей алмай, бәрін де құр тақырдан бастадық. Дегенмен, күллі қазақтың жұмыла жұдырық болып бірігіп, ел болып жұмыс істеуінің арқасында үлкен табыстарға қол жеткіздік. Жалпы, орташа деңгейде өмір сүретін халықтардың көрсеткішін бағындырдық. 40 пайыздық кедейшілік деңгейін 3 пайызға дейін төмендеттік. Осының барлығында сыртта – елден шалғай жүрсеңіздер де, Сіздердің ақ тілеулеріңіз бен рухани қолдауларыңыз бар екенін ұмытуға тиіс емеспіз, – деді. Жалпы, құрылтай барысындағы әңгімеге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласын өзек етті. Мақалада қамтылған рухани жаңғыру бағыттарының негізгілері шеңберінде әлемдегі барша қазақтың рухани бірлігін қамтамасыз ету мүмкіндіктері сараланды. Мәселен, әліпбиімізді латын қарпіне көшіру арқылы Қазақстан бүкіләлемдік технология тілін игеруге бетбұрыс жасайтыны, шетел-

әр қазаққа тарихи Отаны – Қазақстанның есігі әрқашан ашық екендігін де жеткізді. Ол үшін елге оралған әрбір қандасымыздың азаматтығын рәсімдеудегі бюрократиялық үрдістен арылу, барлығын оңтайландыру мәселесін қадап айтты. Құрылтай мінберіне сөз алып, ақжарма пейілдерін ақтарған қандастарымыз Елбасына шексіз ризашылықтарын білдіріп, Қазақстанның бүгінгі даму қарқынына шынайы бағаларын берді. Серікбай ҮСЕНОВ, Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының директоры: – Мен білетін бір шындық бар, ол – қазақ даласы тек шеттегі қазақтардың ғана емес, исі түркі әлемінің қарашаңырағы. Атамыз қазақ салтында қарашаңырақты қадірлі баласына ұстатады. Осыны сезінген сайын масаттанып, еліміз және Елбасымызбен мақтанамыз. Іргеде отырған Өзбекстандық ағайындар біз Қазақ елінің тыныстіршілігінен хабардармыз. Біздің білетініміз – Қазақстан 1991 жылы Тәуелсіздік алған бұрынғы одақтас елдердің арасынан суырылып алға шықты. Бүгінгі өтіп жатқан құрылтай да, әлемдік маңызы бар халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі де – толайым табыстардың нәтижесі. Дәл қазір әр қазақ рухани тұрғыдан түбегейлі өзгеріп, жан сарайын жаңғыртатын шақ. Осы орайда өз басым Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын өзбек тіліне аударып, халыққа таныстырдым. Ел ішінде көптеген басқосулар ұйымдастырып, мақаланың мәнін түсіндірдім. Жоғары мінберден жолданған ті-

Түстен кейін құрылтай делегаттары «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін тамашалады. «ЭКСПО» қалашығы – ертегілер әлемі. Тек қана, жәдігерлері – көне дәуірден емес, болашақтан. «Қала ішінен тұрғызылған қала!» деп тамсанып жатты қандастарымыз. «Нұр Әлем» кешенінен бастап, біршама павильонды аралап шықтық. Ғажап! Ашылғанына біршама уақыт өтсе де, тамашалауға келгендер нөпірі саябырлай қоймапты. Шетелдіктердің қарасы көп әлі. Біз де қызыл іңірге дейін араладық. Асылбек РАХАТҰЛЫ, «Моңғол Заман» газетінің Бас редакторы (Моңғолия): – Астанаға екі-үш жылда бір келіп тұрамын. Бәрібір жүрегіміздегі Атажұртқа деген сағыныш таусылмайды. Кеше келіп кетсем, бүгін сағынамын. Бұл жолы маған мына «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалау бақыты бұйырды. Баламалы энергия бойынша әлемдік деңгейдегі озық инновациялық жобалар көрмесі қарапайым адамға түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ, әлемнің әрбір тұрғыны осы көрмені тамашалау арқылы адамзаттың болашақ тағдырын топшылау, Табиғат-Ананы аялау, энергияның тиімді әрі қолжетімді формасын игеру идеяларын осы жерден табатынына сенімдімін. Оны көре білетін көз, тани білетін талғам керек. Жер шарында энергия тапшылығы сезіліп, проблемалық ахуал белең алған шақта біздің Астана алты құрлыққа ғаламдық проблеманы шешу жолын ұсынып отыр. Бұл көрменің мақсаты – осы. Сол үшін біздер – әлем қазақтары мақтануға тиіспіз! Иә, «ЭКСПО» – ел мерейі. Осы бір қастерлі сезімді құрылтайға қатысып, «ЭКСПО» көрмесін тамашалаған әрбір қандасымыз сезінді, білем. Ал, оны көзбен көріп, иықтас келе жатқан шетелдік қазақтың жанарындағы жас пен жүрегіндегі мақтанышты сезінудің өзі бақыт екен. Елде жүріп, қолда бар алтынның қадірін біле бермейтін өресіздігімізге өкіндім де... Елбасының құрылтай салтанатында сөйлеген сөзінде: – Мен үшін шетте жүрген бауырларға жанашыр болу әр қазақстандыққа қамқорлық жасаумен бірдей маңызды. «Әр қазақ – менің жалғызым» деген өлең жолын құрылтай мінбесінен әлемдегі әрбір қазаққа жолдаймын! – дегені ойыма шырмала берді. Сабыр Адайдың осы бір өлең жолындағы пәлсапаға терең бойлай бердім. Ауылда жүріп, алауыздыққа бой алдырған бауырлардың жүрегіне осы бір мөпмөлдір, риясыз сезімді ұялатса ғой дедім... Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.


4

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын оқығанда, ерекше сезімде болдым. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл мақала Мемлекет басшысының игі бастамаларымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» бағдарламаларының заңды жалғасы іспетті. Бұл еңбекті «Мәңгілік Ел» мұратын жүзеге асырудың түп негізін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде түсіндім. Ұлы ғұлама Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы: «Ел басқаратын елбасы әділ, ақылпарасатты, ой-танымы кемел, өнер-білімге жетік, сөзі майда, мінезі жұмсақ, кісі алдында кішік, сабырлы, жаудан қайтпайтын қайсар, қолы ашық жомарт, көзі мен көңілі тоқ, пейілі кең, дархан мінезді болуы керек, оның міндеті – халыққа құт-бақыт, дәулет әкелу, әділ заң орнату, кедей халықты бай ету, халық санын көбейту», – деген сөзі Елбасымызға арнап айтылғандай. «Қазақпын» деп айтуға тіл байланып, дүние шыр айналып тұрған заманда, алмағайып кезеңде ел тізгінін алуға, тағдырын шешуге бел байлаған Елбасымыздың болашаққа деген үмітінің зор болуы – жүрегінің кеңдігі, ұлтына деген жанашырлығы деп білемін. Халық болса, жұдырықтай жұмылып, «Қазақстан» атты ұлы кеменің тағдырын Нұрсұлтан Назарбаевқа сеніп тапсыратынын байқатып, бір ауыздан қолдап, Президент етіп сайлады. Бұның дұрыс таңдау екеніне, әрине, бүгінгі таңда көзіміз жетіп отыр. Елбасының бар арман-мұраты – Қазақстанды іргесі мықты, керегесі кең, рухани дамыған, төрткүл дүниеге танымал, ауасы таза, табиғаты құлпырған «Мәңгілік Елге» айналдыру. Ол – ата-бабаларымыздың сан мыңдаған жылдардан бергі арманы. Қайсар рух пен күш-қуатын қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың осы арманы бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген Тәуелсіздік тұғырын биіктетті. ХV ғасырда Асан қайғы бабамыз халқына шұрайлы жер, жайлы мекен іздеп, желмаясымен дүниенің төрт бұрышын шарлап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды аңсап өтсе, бүгінгі таңда Ұлт Көшбасшысы да халқының қамын жеп, түн ұйқысын төрт бөліп, қайтсем елімді басқадан кем қылмай, алдыңғы қатарлы дамыған елдермен терезесін тең етем деп болашақты ойлап алаңдауда. Бұған бір дәлел: еңселі де әсем, келбетіне көз тоймайтын Астанамыз дүниеге келді. «Тарихымыздың жалғасы, өміршең істеріміздің арнасы бұдан былай жаңа астанада жалғасын таппақ», – деп Елбасының көрегендікпен айтқан сөзі бүгінгі таңда ақиқатқа айналды. Президент «Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен де биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп білім-ғылымды әрдайым басты орынға қояды. «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» деп біздер үшін барлық мүмкіндіктер мен жағдайды жасап отыр. Жаһандағы заманауи Қазақстанға айналу үшін біздің ағылшын тілін жетік меңгеруіміз, бірте-бірте латын әліпбиіне көшуіміз заман талабы болып отыр. Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім екені анық. Бұл мақаладан мен мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, жаңғырып отыруы тиіс екендігін жақсы түсіндім. Кең байтақ елдің төсінде дүниеге келіп, қазіргі таңда өмір баспалдағынан өз жолын таңдағалы отырған біз сияқты халқының үмітін арқалаған перзенттердің мақсаты – әр қадамды нық басып, болашаққа сеніммен бет бұру, қазақ елінің рухын көздің қарашығындай сақтап, Қазақ­стан­ның дамуына үлес қосу. Жанила ҚҰРЫШБЕКОВА, №4 орта мектептің 11 «Б» сынып оқушысы.

Бейсенбі, 29 маусым, 2017 жыл

www.ortalyq.kz Өткен мешін жылының соңы мен тауық жылы біздің отбасымызға үлкен жақсылықтар әкеліп, жағымды жаңалықтар жеткізді. 2016 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атануыма байланысты, ең алдымен шетелдің жоғары оқу орнының бірінде тәжірибеден өту керектігіне қатысты шақыртулар болды. Басында өзім білетін Түркияның Измир қаласындағы Эгей университетіне бармақ болған тілегім өзгеріп, тым алыстағы Жапонияның Цукуба университетінен шақырту алдым. Мұндайда алдымен санаға «Мен осы Жапония туралы не білемін?» деген салмақ түсіп, толғана бастайды екенсің. Мектептегі оқыған жер көлемі 372 мың км., халық саны 130 миллионға жеткен, қатыгездіктің құрбаны болған Хиросима мен Нагасаки секілді Жапонияның қалалары еске түседі. Салмағы 20 килотонна болатын атом бомбасын АҚШ-тың айтуымен «Грейт Артист», «Энола Гей» ұшақтарымен аталған екі қалаға тастағанда, бірден 80 мыңға жуық адам қырылып, 205 мың адам айықпас жарақат алған екен. 1945 жылдың 6 тамызы осыған байланысты Жапонияда қаралы күн болып қалған. Осындай қайғылы оқиғадан кейін ел есін тез жиып, 20 жылдан соң дүниежүзілік Олимпиада өткізуі, алып сәулет ескерткіштері тұрғызылуы, экономикасы бірден көтерілуі туралы Жапония жөніндегі деректер кімді болсын таң қалдырады. Бұған таң қалдырмайтын деректер өз үйіңдегі теледидар, телефон, тағы басқа заттардан танылады. Көшеде жүйткіп жүрген жеңіл көліктердің көбі Жапонияда жасалған. Айтулы спортшылар көбіне сол елдің киімдерін таңдайды. Бұның бәрі Жапон экономикасына қатысты деректер десек, дәл менің салама қатысты Жапондардың VIII ғасырдағы Нар дәуірінің әдеби мұралары «Кодзиктар» (мифологиялық эпостар), «Фудоктар» делінетін өлкелік суреттемелері, шешендік сөздері еске түседі. Айтулы ақын Нидзе Есимото және оның шәкірттері Соги, Сехаку, Соте өнерлері бұл елдің рухани байлығын танытады. Соңғы кездегі деректер – Жапон ғалымдарының Қазақстан тарихына қызыға қарап, көлемді еңбектер жазып қалдырғаны туралы мағлұматтар да жеткен еді. Айтулы ағам, сексеннен асқан ұстазым жүрер алдында тағы да қоңырау шалды. «Жапония тым алыс ел, Алаштың айтулылары арман қылғаны үшін жала жабылған шығыстағы жұлдызды мемлекет. Бабалардың жетпеген жолын жалғап, аман-есен оралуыңа тілектеспін» дегені толғандырып тастады. Алматыдан үш жүздей адам отырған жолаушылар ұшағы аспанға көтерілді. Ұшу бағыты Сеул, Токио екендігі ұшақтағы әр орындық арқалығындағы теледидардан көрсетіліп, қашықтығы, ауа-райы туралы мәліметтер беріп тұр. Жеті сағаттан кейін Сеул әуежайына қонып, екі сағаттан кейін Жапонияға ұшып шықтық. Токио әуежайы мен Сеул әуежайлары бір-біріне ұқсас, алып ғимараттар негізінен темір мен шыныдан тұрғызылған. Ішкі жүйесі халықаралық талаптарға жауап береді. Токио әуежайынан бізді Цукуба университетінің профессоры Қуаныш Тастанбекова бастаған ғалымдар қарсы алып, бірден жұмыс кестелерімізбен таныстырып, университет қонақ үйіне орналастырды. Ақша айырбастау, магнитті жүйедегі транспорттық карталар лезде жасалып, университет ғимараттарымен танысып шықтық. Сөз арасында айта кетейік, Қуаныш Тастанбекованың ұлты – қазақ, қазақ мектебін және жоғары оқу орнын Алматыда бітіріп, одан әрі Цукуба университетінде білімін жетілдірген. Магистратураны бітіріп, одан кейін докторантураны ойдағыдай аяқтап, Ph(D) философия докторы, профессор атанған. Қазір өзі бітірген Цукуба университетінің кафедрасын басқарады, ағылшын, жапон, орыс, қазақ тілдерінде еркін сөйлеп, жаза білетін қарындасымыз Алмас атты жолдасымен Жапонияда тұрғандарына он жылдан асқан екен. Екі баласы бар. Сол университетте Базылхан атты бауырымыз және басқа да Қазақстаннан барып оқып жатқан студенттер барлығын білдік. Алғашқы және келесі күні университет профессорлары Такео Есида, Теруюки Фудзита, Ходака Фудзии, Такаси Хироселердің педагогика, саясаттану, «Жапонияның білім беру жүйесі», «Жоғары оқу орындардағы білім берудегі жетістіктер» туралы лекцияларын тыңдап, семинар сабақтары мен лабораториялық жұмыстарына қатыстық. Көкейде жүрген сұрақтарға жауаптар алып, кеңінен сұхбаттасу сәттері өтті. Бұдан кейін Токио қаласында, Жапонияның Ғылым және

технология, спорт, Мәдениет және білім министрлігінде болып, онда Жапонияның жоғары білім беру министрлігінің департамент директоры Хилико Чозамен кездесу өтті. Қазіргі кезеңде алдағы 2020-2030 жылдары жоғары оқу орындарында қандай жұмыстар жүргізілу керектігі бойынша бағдарлама жасау үстінде екендігін айтып, бүгінгі кезеңдегі ЖОО-ға қатысты мәселелерге тоқталды. Білім берудің сапасын жетілдіру керектігіне қатысты мәселелерді атап өтті. Жапонияның жаңадан салынған Білім және ғылым, Спорт пен мәдениет министрлігі 20 қабаттан жоғары болса, бұрынғы ғимараты дәл осы жаңа ғимараттың алдында 6 қабатты екен. Ескі ғимарат толықтай мұражай болып қалдырылған. Онда сонау XVIII-XIX ғасырдағы білім беруге қатысты экспонаттар, алғашқы білім министрлігінің кабинеті, сол ғасырдағы қолданылған парта, тақта, көрнекті құралдар мен ХХ ғасырдағы ғылым мен техниканың білім беруге енгізілген жаңалықтары қойылған. Жапонияның 22 ғалымының әйгілі Нобель сыйлығының иегері екендігін білдіретін көрнекті стенд жасалып, танымдық тұрғыда суреттері мен қысқаша өмірбаяндары ілінген. Мұнан әрі атақты спортшылар, жазушы-ақындар, өнер саңлақтарының жеткен жетістіктерін баяндайтын көрнекіліктер көз тартады. Олардың жасаған ректорадтарына қатысты киген киімі, спорттық заттары, ұстаған қаламдары мен жазған қойын дәптерлеріне дейін ұқыпты сақталған. Әрбір деректемелер бойынша толықтай ақпарат алып, терең танысуға дәл сол көрнекіліктер қасындағы теледидардан хабарлар көруге болады. Білім мен ғылым, Спорт және мәдениет министрлігіне таяу бірнеше министрліктер, Парламент үйі және тағы басқа басқару саласы ғимараттары орналасқан. Бір ғана Токио қаласында 16 милионнан астам халық тұрады. Мұндағы әйгілі Токио университетінде 24 мың студент оқиды. Жалпы Жапонияның орталығы Токио қаласы қазақ тілінде «Шығыс астана» деген ұғым береді. Қаладағы ең басты жетістік – тазалық. Көлік жолдары, жолаушыға қатысты көліктер, адамдар жүретін жолдар мен орындар ертегіні еске түсіреді. Көлік және логистика саласы жағынан Жапония ешкімге жеткізе қоймас. Көше мен жаяу жүргіншілер жолдарынан кептеліс, кезек дегенді кездестірмейсің. Зағип жандарға жасалған жолдардың өзіне еріксіз сүйсінесің. Токио

қаласының өзі жер асты, жер үсті, электронды, су үсті қалалары болып жіктеледі. Осыған сай жер асты, жер үсті, су жолдары ең жоғары үлгіде жасалып шыққан екен. Осы қалалардың бәрінде болып, аралап көзбен көрдік. Оның бәріне тоқталу бір мақаланың ауқымына сыймайды. Токио қаласын көздің жанарына сыйғызу үшін қаланың қақ ортасындағы «Аспан ағашына» (биіктігі 634 м) шығып, көз салғанда, бүкіл қала көз алдыңызда жатады. Қаланы көлденеңі мен енінен бірнеше өзендер ағып өтіп, теңіз және мұхитпен жалғастырып жатқанын түсінуге болады. Өзендердің бәрі көпірлер, әсем безендірілген жағалау қалқандары арқылы ерекшеленеді. Жұрт жұмысқа су кемелері, темір жол, жер үсті және аспалы жолдармен қатысады. Көшедегі жолаушылар автобусы, жеңіл көліктер және жер асты поездары электр қуатымен жүреді. Жер асты поездары компьютер арқылы басқарылады екен. Токиода үш күн болғаннан кейінгі күндер Цукуба қаласында өтті. Бұл қала Токиодан 70 шақырым жерде десек те, бар болғаны 40 минутта жер асты жолымен Токиоға жетуге болады.

Қазіргі кезеңде 300 мыңнан астам тұрғыны бар бұл қала Цукуба тауының баурайына салынып, сол есімді иемденген. Мемлекеттік аймақты дамыту комиссиясы 1962 жылы ғылыми орталық жасау мақсатында қала салуға шешім қабылдап, бұл шешімге қолайлы Цукуба тауының аймағын таңдайды. 1970 жылы мамырда Жапония Парламенті «Цукуба ғылым қаласына құрылыс салу туралы заң» қабылдап, оған 1,3 миллиард доллар қаражат бөледі. 1972 жылы қала тұрғызылып, 1973 жылы Цукуба университеті және космостық орталық ашылып, 1980 жылы қала толықтай салынып болады. Бұл қалада бүгінгі таңда 54 ғылыми мекеме (НИИ), 46 мемлекеттік білім беру саласы мен 8 жеке меншік ЖОО орындары орналасқан. 1985 жылы осы қалада бүкіләлемдік көрме «ЭКСПО-85» ғылым мен техника жетістігіне арналып өткен екен. Құрылғанына қырық жылдан асқан Цукуба университетінің жеткен жетістіктеріне (әлемдік ЖОО топ 500 үздіктеріне) енгенін, оның ішінде 219 орын, Жапонияның ЖОО арасында алғашқы ондықтан көрінетіндігін атауға болады. Біздің біліктілікті жетілдіру бағдарламамыз Цукуба университетінде «Жапонияда үздіксіз білім беру жүйесі: жаңашылдық және дәстүр» бағдар-

былғары аяқ киім киесіз. Бір сыныптағы оқушылар саны 25-30-ға дейін барады. Әрбір сыныпқа кіре беруге болады. Сабақ беріп жатқан мұғалім сізге назар аудармай, өз ісімен сабақ жүргізе береді. Жаңа технологиялар сабақ үрдісіне толықтай енген. Мұғалімдер бұрынғы тақаталарды пайдаланып, сабақ өткізуді де ұмытпайды екен. Мектепте жанталасқан ҰБТ деген атымен жоқ. Кез келген уақытта мектепті және оқушылар білімін тексеру мақсатында тестілік бақылау жүргізіліп, қорытындылары талқыланып отырады. ЖОО-да емтихан өз тараптарынан жүргізіліп, емтихан комиссиясы түскендерді анықтап береді. Мектепте алтын медаль берілмейді, үздік оқушыларды ерекшелеу қарапайым әдіспен ғана жүргізіледі. Бір назар аударатын мәселе, мектепте жол ережесіне қатысты сабақтар бастауыш сыныптан айына бір өтіп, жоғары сыныптарға дейін жалғастырады. Жоғары сыныпты бітірерде жүргізуші куәлігіне қатысты оқуға мектеп кепілдік беріп, мектептегі сыннан өткендер ғана жүргізушілік оқуға мүмкіндік алады екен. Содан да болар, жол қауіпсіздігі қатаң сақталып, жүргізушілер арасында өрескелдіктер ұшыраспайды. Жол ережесін бұзған немесе ішімдік ішіп көлік тізгіндеген мұғалім немесе басқа қызметкерлер бірден жұмыс-

ламасы бойынша өтті. Университет аудиториялары, кітапхана, оқу залдары – бәрі де жаңа үлгідегі электронды негізде жұмыс істейді. Жұмыс негізгі автоматты робаттар арқылы жүзеге асып, камералар арқылы бақыланады. Университет ішінде айғай-шу, ұрыс-керіс естілмейді. Темекі тартқан бір студентті кездестірген жоқпын. Студенттер қарапайым киініп, сабаққа велосипедпен келеді екен. Жапондардың қандай оқу орындарында болсын тәртіп – басты мәселе, кешігіп келгенді ешкімде ұнатпайды. Екінші мақтаншақтық пен асыра сөйлеу бұл халықтың қанында жоқ, сөйлегенде барынша сабырлы болуға тырысады. Есіктен кіре сәлемдесу, шыққанда қоштасу дәстүрге айналған. Біз педагогикалық жағынан жетік біле түсу үшін Цукуба университетімен байланыс жасап, қарым-қатынастағы мектептерде болдық. Семинарлар мен лабораториялық жаттығуларға қатыстық. Бірден айтайық, Жапонияның мектептері бастауыш және жоғары сыныптар болып бөлінеді. Екеуі екі бөлек ғимараттарда оқиды. Мектепке кіргеннен ең алдымен аяқ киімді өткізіп, мектеп ішінде жүретін жеңіл

тан шығарылады. Мектеп мұғалімдері мемлекеттік қызметкер ретінде саналып, ЖОО оқытушыларынан жалақыны артық алады. Университет профессорлары мен дәрежелері барлар ғана жоғары жалақы алып, жұмысқа қатысты тәртіпті қатаң сақтайды. Университет оқытушылары алғашқы төрт күн ғана бірінші ауысымда жұмыс істеп, қалған күндерін ғылымға арнайды екен. Таңнан бастап, кешке дейін университетте отыру тәртібі жоқ. Жапонияның бастауыш сыныбынан бастап, жоғары сынып және университет, колледж студенттеріне арнайы өлке тануға қатысты дәрістер, семинарлар, экскурсия сабақтары жүреді. Біз бұл тұрғыда көне храмдар мен Токиодағы будда храмы Асакусаға, Цукуба қаласындағы ең үлкен Усику буддасына бардық. Бұл алып будданың биіктігі 27 қабат үймен теңеседі. Қаланың қақ ортасында алып адам будда Усику ескерткіштеріне келіп-кетіп жатқандар жеткілікті. Алып будданың ішіне еніп, басына дейін лифт арқылы көтерілесің. Аяқ киімсіз жүресің, едендерінің бәріне кілемдер төселген. Будданың аяғынан бастап, басына дейін бірнеше

бөлмелер мұражай қызметін атқарады екен. Кейбір бөлмелері сувенир, Жапонияның естелік заттарын сататын сауда орнына айналған. Будданың бір аяғының өзі бір театр ғимаратындай, сол аяқтағы үлкен бөлмелерге будданың 50 см. мүсіндері қойылған. Мыңдаған мүсіндер бір қалыпта құйылып, алтын арқылы жасалған. Бұларды байыған жапондықтар арнайы құйғызып, тіркеуден өткізіп, осында әкеліп қояды екен. Бұлардың бәрі келешек Жапонияның рухани байлығы деуге болады. Бір кереметі, осында кіргендер заттарын, ауыр жүктерін алаңқайға қоя салады. Ешкім тиіспейді. Жалпы Жапонияда ұрлық, өтірік, тамыр-таныстық, пара беру деген ұғымдар ұшыраспайтындығы таң қалдырады. Сол елде қызмет істеп жүрген Қуаныш қарындасымыздың: «Бұнда бастықтың баласы, дөкейдің туысы, директордың інісі сияқты түсінік жоқ. Оқымаса немесе еңбектенбесе, ештеңеге қарамайды» дегені есімде қалыпты. Мектепте оқушыларды сабақтан соң еңбек етуге жұмылдырады екен. Бұған ата-аналар қарсылық танытпай, қайта қоштайтыны басым болып шықты. Білім министрлігіндегі кездесуде «ЖОО-ға көбіне ауыл балалары түсіп, жоғары көрсеткішке ие болады» дегенді естідік. Бұның сырына үңілсек, Жапония үкіметі ең алдымен ауылдың мәселесін шешіп отырады екен. Кадрларды ауылға жіберу жолдарының тетіктерін тауып, орынды қолданып отырғанына риза болдық. Айтып тауыса алмайтын естеліктер өте көп. Жапонияның қай қаласы болсын көшелері әріп, сандармен белгіленеді. Кісі аттарына көше беру жоқ. Оның орнына ескерткіштер көптеп тұрғызылған. Қала, аялдама атаулары сол жердің топонимикасына қатысты аталады екен. Ойдағыдай өткен біліктілікті көтеру бағдарламасын аяқтап, арнайы сертификат алып, елге қайтатын уақыт та жетті. Алып ұшаққа Токиодан мініп, сол елге жақын Сеулдің әуежайына келіп қондық. Бір-біріне ұқсастықтар әуежай құрылысынан көрініп тұр. Жапон ақшасы мен тілі бұнда да қолданылады. Сөз арасында айта кететін бір үлкен мәселе, Жапонияда жапон тілі жетінші сыныпқа дейін үйретіліп, содан кейін ағылшын тілі оқытыла бастайды. Университет және басқа да ЖОО-да дәрістер 95 % жапон тілінде оқытылады. Мектеп оқушылары бастауыш сыныпта біріңғай көк киімдегі мектеп формасын кисе, жоғарғы сыныптар тек қана қоңыр түсті мектеп формаларымен киінеді екен. Сеулден Алматыға ұшып келеміз. Жеті сағаттық әуе жолы. Артта бүкіл әлемге әйгілі әсем қала, өз дәстүр-салтын сақтаған Жапон елі қалып барады. Дамудың даңғыл жолына түскен бұл елдің тарихы бай, өнері талайды таң қалдырып тамсанта бермек. Бұған бұл халық қалай жетті? Адамзат аңсаған биіктерді нендей күшпен бағындырды? Санаға сәулеленген сұрақтардың жауабын тапқандаймын. Жапондықтардың қанына сіңген қарапайымдылық пен қанағатшылдық қашанда жеңіске жетіп, бірлік пен ынтымақтың сара жолын ерен еңбекпен салып берген. Олардың ұлттық қадір-қасиеттерінің тозбауы, ақыл-ойларының мәңгілік маздауының мазмұны осында танылмақ. Адамдардың өмір сүруі 88 жасты көрсетіп, елдегі үлкендері жүзден асып кеткен Жапон елінен үйренер үлгі-өнеге баршылық. Елбасы Н.Назарбаевтың елімізде түрлі шаралар өткізіп, Қазақстанның жаңа астанасын қалыптастырудағы ізгілікті істеріне сүйсінесің. Кей сенім артқан азаматтардың үміттен шықпай, қолынан іс келмейтінін өзінен көрмей, басқаларға да қызметін бермей жүргендеріне қынжыласың. Арқа төсіндегі Астана арқылы барлық Қазақстанның гүлденіп, көркеюіне әсер етуді көздеген көрегендікке де барлық жұрт болып жұмылатын кез жетті. Туған елдің еңсесі биік, жаңаша жаңғыруына баршамыз жауаптымыз. Алып ұшақ Алматы әуежайына қонғанда, жолаушылар қол соғып, аман-есен келгендеріне қуанып жатты. Ұшақтан шыққанда ақбас Алатау шыңдары маңғазданып, қарсы алған қаракөздердің туған тіліндегі әзіл-қалжыңы, керемет күлкілері естілді. Ойыма әйгілі орыс жазушысының сөзі түсті. Жүк көтерген қалпымда «Қазақстан менсіз-ақ күн көрер-ау, ал, менің Қазақстансыз күнім қараң ғой» дегенді айтып келе жаттым. Б.РАХЫМОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ.


Бейсенбі, 29 маусым, 2017 жыл

Сахна саңлағы, «Қазақстанның Халық әртісі» Рәбиға Есімжанова апамыз өмірінің соңғы жылдары ауруханада жиі жатып жүрді. Жақын білмейтін жанға жалпылдап сыр аша бермесе де, бір көргеннен кісіні тани білетін зерек, өте мәдениетті, таза кісі еді. Ал, сенген адамына сыршыл, қалтарысқа қалдырып қойған әңгімелерін шашын өргізіп отырған сәтте, жәй ғана сыр ғып айтып отыратын да аракідік: «әлгі менің «жалғыз аршам» қайда, кешелі-бері көрінбей кетті ғой?», – деп, есік жаққа жиі көз тастай береді. Іздегені, өзі ерекше жақсы көретін, баласындай болып кеткен өнердегі шәкіртінің бірі, «Қазақконцерт» бірлестігінің жас әншісі – Рымтай Бөдесұлы болатын. «Осы неге екенін білмеймін, талай жасқа жөн сілтеп, білгенімді үйретуден жалықпай-ақ келем, солардың алды өзімнің ізімді басып та қалды. Ал, мынау Қарқаралыдан келген кіп-кішкентай қара бала Рымтайды бір көргеннен іш тартып, қалай жақынымдай жақсы көріп кеткенімді білмеймін. Шарасынан шыға жаздап, мөлдіреп тұратын үлкен көздерінен бір ұшқынды, тазалықты көрем. Аңқылдаған, бір мінез, кәдімгі ауылдың баласы, елпелектеп, «апалап» қасыма келгенде, елжіреп кетем, әйтеуір. Шамамның бар кезінде, өзім гастрольге шыққанда, қасымнан тастамай алып жүрдім. Сонау алыс жерден астанаға өнер іздеп келді ғой. Оны жұрттың бәрі түсіне ме? «Әлі жас қой» деп, көп нәрседен шеттете беретін кездер де болады, ондайда бет-жүзің бар демеймін, араша түсе кетіп, осы бала үшін талайлармен «қызыл кеңірдек» болған уақыттар да болды ғой. Оған осы баланың өзгелерге ұқсай бермейтін бірбеткей мінезі, ән дегенде талғампаз, өз қолайына келетін әнді таңдап, сөзіне ерекше мән беретін қасиеті себеп. Ешкімге қимайтын, өзгелердің орындауына көне бермейтін «Қанатталды», «Жонып алды», «Жалғыз арша», «Ақ ерке» секілді біраз әндерді өзім үйреткем, өзіндік мәнерімен тамаша орындайды. Әсіресе, «Жалғыз аршаны» шырқау биікке көтеріп барып, әдемі иірімдерін ерекше ықыласпен, құйқылжыта айтқанда, бойыңды шымырлатып жібереді ғой, шіркін! Ерекше әсерлі естіледі. Мына біздің әншілердің көбі қайырмаға келгенде, «па, шіркін, бозбала, әйтпесе, қыз бала» деп, өздерінің ыңғайына қарай бейімдеп айта береді. Менің жаныма жақпайтыны да сол. Өздері шығарған әні болса, қалай бұрса – өз еріктері, ескі әуенге қиянат жасамаса екен. Ал, Рымтай «Жалғыз аршаның» қайырмасын баяғыша, «па, шіркін, қызбалық, жастықтың әсерімен, салдым сайран» деп, әннің түпнұсқасын сақтай отырып, оның мазмұнын дәл беріп айтады. Сол қызбалығымен, жастықтың жалынымен сонау Қарқаралыдан жалғыз өзі үлкен сахнада ән салып жүр ғой, менің «жалғыз аршам». Елден жырақта, өнер додасында өңкей саңлақтармен қатар жүру оңай емес. Қасындағы серігі қандай болар екен деп алаңдап жүруші едім, ортақ әңгімелері бар адамға жолыққанына ризамын, өнер иесіне мықты тіреу, аялы алақан керек, жүрегі нәзік жандар көмекке зәру келеді, сен оған лайықсың, қарғам, тілеулеріңді тілеп отырамын, айналайындар», – деген ғазиз жанмен болған сол жолғы соңғы кездесу, киелі өнердің айналасындағы әңгіме, менің де бүкіл өміріме өзгеріс әкелгендей еді. Рымтай Бөдесов 1957 жылы 10 қаңтарда (4 наурыз құжат бойынша) ақын Қасым туған киелі топырақта, Аққора бөлімшесінде дүниеге келген. – Мен қыстың күні қақаған қаңтарда туғанмын. Немеренің үлкені, сағынып көрген ұл баланың кіндігін ырым қылып, неміс әйелге кестіріпті, содан есімім – Рымтай. Әкем мектепте мұғалім болса да, мектеп директоры – жездеміздің беделі шарықтап тұрған шағы болса керек, туу туралы куәлігімді 4-наурызда туған Нұрғайша апайдың жалғыз ұлы Ғалымжанмен бірге алыпты. Қырқынан жаңа шыққан қызылшақаны әжем мен атам бауырына қысып, қыстаққа алып кетіпті, он сегіз жыл атамның алтын босағасында өстім, ол үй қашанда менің үйім болып қала береді, – деп, небір қызық оқиғаларды жіпке тізгендей, әсерлі әңгімелеп, жиі еске алып отыратын ол. Атасының сол еркетотай немересі Рымтай, Ғалымжан, Тұяқ, Тілеухан, Торғын, Тамара, Дастан – бәріміз «Совет» сегіз жылдық мектебінің табалдырығын 1964 жылы бірге аттап едік. Тағдыр тай-құлындай тебісіп, балалықтың алаңсыз күндерін бірге бастаған сыныптасым, атасының ерке баласы болып, тәртіп бұза бергені үшін бұрышқа мұғалім жиі тұрғызып қоятын қара бала – Рымтаймен он сегіз жылдан кейін қайта табыстырды. ...Күні бойы дөңгеленіп, шаруасы бітпейтін малшы ауылдың тынымсыз тірлігімен бірге, домбыра тартуды үйреніп алған Рымтай үйлеріне жиі соғатын, бір өзі бірнеше аспапта шебер ойнап, ән салатын сері жігіт, нағашы ағасы Мұхаметжан Түсіпбаевты ерекше жақсы көрді, жанына жақын санады. Қасынан қалмай жүріп, талай ән үйренді. Көкірегі арман-үмітке толы балаң жігіт бірде «Жонып алды», «Бір келіншек», енді бірде «Қарқаралы», «Ақ ерке», «Ақ сәуле» секілді әндерді шырқай жүріп, бұл әндер оны өзге әуендерге ынтықтырды. Мұхаметжан нағашысы өзі шығарған әндерінің көбін алғаш Рымтайға үйретіп, жұрт алдында оның орындағанын құптап отыратын. Әсіресе, ақиық ақын Мұқағалидың сөзіне жазылған «Шіркін-ай, менен махаббат ауып кеткен бе?», «Сүйген ерін», «Өмір-ай, деймін» секілді біршама әндерін Рымтайдың орындағанын жақсы көрген. Ол өнерге деген ықыласының арқасында сондай-ақ, «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» Жаңыл Қартабаева, Жүсіп-

5

www.ortalyq.kz

Астанаға біржола қоныс аударуды, жұмыс бабын да шешіп қойып еді. Тағдыр оған жеткізбеді. Рымтай 43 жасында, 2000 жылдың 29-шы ақпанында ауруханада бауырға жасалған отадан оянбай қалды. Өзі тірісінде аманаттаған Аққорасына, сүйікті атасы мен әжесінің, өмірден ерте кеткен әкесінің қасына, мәңгілік мекеніне орын тепті. Рымтай тек орындаушы ғана емес, өзі шығарған он бес шақты әнін өнер зерттеуші, ғалым, күйші Базаралы Мүптекеевке нотасын қағазға түсіртіп қойған болатын, Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваториядағы Арқаның әншілік мектебіне бүгінде оның орындаушылық шеберлігі арнайы сабақ ретінде оқытылады. Рымтай туралы алдыңғы жылы тұңғыш рет, белгілі әнші Ардақ Исатаеваның шәкірті Ақерке Оралхан дипломдық жұмысын қорғап шықты. 2000 жыл – Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланғаны белгілі. Алматы облысының әкімшілігі ұйымдастырған «Жаңа ғасырға – жаңа ән» байқауында Рымтайдың Қасым Аманжоловтың өлеңіне жазылған «Сарыарқа» әні қазақтың қайталанбас тұлғасы, «Халық әртісі», Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қайрат Байбосыновтың орындауында

бек Елебековпен қатар жүріп, ән салған ғажайып әнші Баймұқаш Қалабаевтардың алдын көріп, біршама халық әндерін үйренген. Әскерден қайтып келген жас өнерпазды үкілі үміті Алматыға жетеледі. 1978 жылы Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк студиясына оқуға түсіп, қазақ халқының дәстүрлі өнерін тал бойына дарытқан әнші, жазушы, қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі Жәнібек Кәрменовтың сыныбында Мейірхан Адамбеков, Алтын Иманбаева, Сәуле Таудаева секілді әншілермен, тұңғыш шәкірттерінің бірі болып қабылданды. Ж.Кәрменов Рымтайды алғаш тыңдағанда-ақ, оның әдемі қоңыр даусынан, сөйлеу мәнеріне сай сырт тұлғасынан, қазақтың ауыз әдебиеті мен тарихын бір кісідей білетін ғажап талантына қоса оның бойындағы бекзаттығынан тек әншілік қабілетінің жоғарылығын ғана емес, талай қасиетті байқайды. Жас таланттың алғашқы қадамынан бастап, аз уақыттың ішінде біршама өзі үйреткен әндерді ғана емес, ізденіп жүріп, халықтың арасында көп айтыла бермейтін шығармаларды репертуарына енгізіп, сауатты орындай білеген шәкіртінен көп үміт күткен болатын. Алайда, сұм ажал Жәнібектей халқымыздың ән өнерінің белгілі бір биік тұлғасын арамыздан алып кеткенде, Рымтай алыс шетелде, «Қазақконцерт» бірлестігінің құрамында Түркияда гастрольдік сапарда жүрген болатын. Суыт хабарды естімеген қалпында ұшақтан түскен беті үйге келе сала: «Амандық па? Түркиядан қайтарда мен бір түрлі түс көрдім. Биік сатымен жоғары көтерілген Жәкең, кенеттен басқыштан құлап бара жатты, оны ұстауға шақ қалғанда, жете алмай қалдым, әттеген-ай», – деп, ауыр күрсініп барып, бір жамандықты сезгендей мазасыз күй кешіп еді. Аяулы ұстазының, арқа сүйер ағасының қазасын естіп ол ұзақ уақыт өз-өзіне келе алмай, қатты қиналғаны күні бүгінгідей көз алдымда. «Ұстазға жақсы шәкірт болу – оны қайталау емес. Өз жолын тауып, ұстаздың берген дәрісін, дәрежесі жеткенше жетілдіре беру. Әннің падишасы – елдің ішінде. Соны іздей білу керек. Үнемі ізденіс, еңбек қана өнер адамын биікке көтереді. Бұл жағынан біздің Рекең озық тұр, мен оған сенімдімін», – дейтін Жәкең. Шындығында, Рымтай – Жәнібек ұстазының үкілі үмітін көзі тірісінде ақтай білген жанның бірі. Атақ, даңқ үшін емес, халқының таза өнері жолында ел арасына шыққан гастрольдік сапарларында үнемі табыспен, ерекше көңіл күймен оралған сайын Жәнібек пен Қайрат ағаларының алдынан өтіп, емтиханды жақсы бағамен аяқтаған баладай риза болып жүретін. 1981 жылы студияны бітіріп шыққан түлектермен қоса, Рымтай да Солтүстік Қазақстан облысына жолдамамен аттанды. Өрімдей 11 қыз-жігіт облыстық филармонияның қасынан «Қос алқа» эстрадалық-жастар ансамблін құрып, екі жылдан аса Қызылжарда абыройлы қызмет етті. Садық Кәрімбаевтың «Ақ бидай», «Бізде дәрігер бір қыз бар», «Сауыншы жеңгей» секілді елге көп тараған әндерді сол жылдары өз репертуарына енгізген. Осындай әндерімен ол алыс-жақын жерлерді аралап, тіпті Омбы қаласына дейін барып, бірнеше концерт қойып келді. 1983 жылдың 5 қаңтарында, өзі үлкен өнер сахнасын армандап келген Алматыдағы «Қазақконцертке» әнші-

вокалист болып оралды. Қазақ өнерінің ірі тұлғалары Рәбиға Есімжанова, Роза Бағланова, Мағауия Хамзин, Әзидолла Есқалиев, Қажыбек Бекбосыновтармен бір сахнада өнер көрсетті, гастрольдік сапарларға бірге аттанды. Ешкімді алаламайтын, баладай аңғал, өмірдің қанша қиындығы алдынан шықса да, риза болып жүретін мінезі әріптес үлкендермен жақындастыра түсті. Жалғандыққа жаны қас, әділдікке келгенде, бетің бар, жүзің бар демей тура сөзбен турап түсетін бірбеткейлігін олар қатты бағалайтын. Екі сөзінің бірінде «мен Қасымның топырағынан жаралғам, ол көрген қиындық, менікінен де ауыр болды. Сонда да қазақтың қара өлеңін жамылып, күй кешті, үй-күйсіз жүрсе де, өмірден түңілген жоқ. Алматысын тастамады, менің жағдайым одан жақсы ғой» деп жүре бергенде, Роза Бағланова апасы қолынан жетектеп, Мәдениет министрінің алдына дейін алып барған. «Қасымның дәуірі басқа болатын, айналайын-ау, қазір соғыстан кейінгі кезең емес қой. Алматының айналасындағылар жұмысқа жақын жатаханаларда тұрып жатқанда, алыстан келген мына балаға неге орын жоқ?», –деп, әртістердің жатақханасынан бөлме алып бергені бар. Өзі арқа сүйеп, жанындай жақсы көретін Роза апасының да сенімін ақтап, 1993 жылы Қытайға бірге барған халықаралық айтулы фестивальдан арнайы жүлдемен оралды. Келесі жылы Түркияда өткен халықаралық «Түркі әлемі» фестивалінде де жеңімпаз атанды. Белгілі өнер иесі, композитор Ілия Жақанов сексенінші жылдардың орта шенінде «Лениншіл жас» газетіне «Өмірдің өзі ән екен» атты Рымтай туралы жазған мақаласында оның творчестволық жолы туралы жан-жақты баяндай келіп: «...Әншіге жаратылыс дауыс... үн береді, түйсігі мол сезім, сыршыл жүрек береді. Бұл қасиеттерге қоса, зерде мен ақыл тағы бар және ән құдіретін ұғарлық өмірден түйген ұлағатты сырлар болады. ...Дүние есігін әнмен ашып, еңбекпен есейген Рымтай Бөдесовтің өміріндегі бір қызықты, игілікті жылдары Алматыдағы эстрада студиясында өтті. Өзі ұстаз тұтқан екі белгілі әнші – Жәнібек Кәрменов пен Қайрат Байбосыновтың шеберлігін бойға дарытуға өте ықыласты болды. Оларды көп тыңдады, олардан көп үйренді. Бірақ, әр әншінің өз беті, өз әні болуға тиіс. Рымтай өз әнін іздеді, тапты», – деп жазған болатын. Иә, Рымтай өз әнін тапқан әнші болды. Ол талмай ізденіп, өзгелердің репертуарына талғаммен қарай отырып, көп айтыла бермейтін, өз дауысының мүмкіндігіне сай келетін әндерді таңдайтын. Жаяу Мұсаның «Жуан аяқ», «Баянауыл», «Құлбай бай», Уәйістің «Ақ бөкен», Естайдың «Бір мысқал», халық әні «Жиырма бестің» былайғы жұрт біле бермейтін бірнеше нұсқасын тауып, ізденіп жүретін. Бірде: – Ауылға барыппын. Бұқатышқанның үстінде Мұхаметжан нағашыммен баяғы ұзақ әңгімеге кетіппіз. Қолында керемет домбырасы бар екен деймін. Әй, Рымтай, мынау ешкімге бермей жүрген қимас дүнием еді. Саған арнап алып келдім, – деп, маған беріп жатқанда ұйқымнан оянып кеткенім. Қайран, Жан ағам! Көзінен жас сорғалап, біраз еңкілдеп, жылап алды. – Әй, осы жаман балам, түп нағашысына тартқан өнерлі болар ма екен, әлде, әлде... домбыра–халықтың мұң-зары ғой. Елдің бүгінгі қиын жағдайына марқұм, қиналып жүр-ау, деймін. Қой, тезірек ауылға барып, Жанның басына құран бағыштап ке-

лейін, оның үстіне, Жаңа ғасырды қарсы алып, біз Астанада рахаттанып жүргенде қырыққа келіп, Амантай інім де шаңырақ көтеріпті. Оншақты күн Саламат екеуміз ауылды аралап, елдің амандығын біліп қайтармыз», – деп, аяқ астынан жиналып жолға шыққан. Алайда, екі-үш күн өте сала, сап етіп, Алматыға қайтып келгеніне үйдегілер таңданып қалғанбыз. Өңі қуарып, көңілі құлазып келгендей көрінді. Біраз уақыт, үнсіздіктен кейін ғана, «ауылға бекер барыппын, түгі қалмапты, қалаға сабылған халық. Жағдайлары өте нашар, тоз-тозы шыққан жұрт, үлкендерге амандасып, бейіт басына құран оқыттым. Бұл–ауылға алғашқы және соңғы сапарым!», – деп жанарына жас үйірілген беті көшеге шығып кетті. 90-шы жылдардағы жаппай тоқырау, ел экономикасындағы дағдарыс, әсіресе, жаны нәзік, әсершіл, ел еркесі, өнер иелеріне кері әсер еткені белгілі. Өз өмірлерін тек киелі сахна төріне ғана арнаған дәстүрлі ән-күй орындаушыларға бұл ерекше соққы болып тиді. Оның үстіне, халықтың жүрегінен орын алған айтулы өнер иелері Әзидолла Есқалиев, Қажыбек Бекбосынов, Рахым Тәжібаевтармен бірге Рымтай да 1996 жылдың 11 қаңтарында Құрманғазы атындағы Академиялық оркестрге ауыстырылды. Аты мен атағы жер жарарлық үлкен ұжымның да бұл кездегі мүшкіл жағдайы, елдің еркесі мен өнер серкелерінің жігерін жасытып, «балапан-басымен, тұрымтай-тұсымен» жағдайға тіреді. Көп ұзамай үлкен ұжымның әнші-күйшілері түгелімен жұмыссыз қалды. Бұл жүрегі жұмсақ, бала мінезді сахна үшін жаралған жандардың жігерін жасытты, жанын жегідей жеді. Айықпас дерт боп жабысты. Елімізде қайта құрудың қиын тұсы, аласапыран, ел мәдениетіне жанашырлары азайған сол кезеңде Рымтайды халқын сүйген абзал азамат, композитор, Алматыдағы Халық аспаптары мұражайының басшысы Қасен Қожахмет әнші ретінде жұмысқа қабылдады. Алайда, бір кездері арманы болған киелі сахнаға әбден бауыр басып қалғаны соншалық, шығармашылығы толысқан шағында қалың көрермендерінің ыстық құшағын, қолдау-қолпашын сағынғаны сезіліп тұратын. Анда-санда көңіліне ұнаған жыр жолдарына ән шығарып қоятын әуестігін қойып, енді оған шындап бет бұра бастаған. Алаш ардақтыларының соқпақты өмір жолы мен творчестволық қырлары оны қатты қызықтыратын. Ақын Мағжан Жұмабаевтың лирикаға толы «Жұлдызжүзік...» жырына түрмеде отырып анасына арнап жазған хаты «Сағындым» атты туындысына ән жазудан басталған шығармашылық жолы енді ақын Қасым Аманжоловтың «Сарыарқа», Кәкімбек Салықовтың «Сағынбасам», «Сүндет той», Ғалым Жайлыбайдың сөзіне жазылған «Алқатерек аруы», «Ақ қайыңға» ұласып, Несіпбек Айтұлының «Есіңде ме?», «Қайдасың, Қырандарым?» өлеңдеріне жазылған әндерде жалғасын тапты. Жігітке тән «жеті өнерді» бойына жинаған Рымтай енді қазақтың ұмыт бола бастаған саятшылық өнерінің қайта жандануына үлес қосты. Республикалық бүркітшілер жарысын ұйымдастыруға ат салыса жүріп, қолынан микрофонын тастамай әрі жүргізуші, әрі әнші ретінде танылып еді. «Арқада сал-серілік дәстүрді қайта жаңғыртам» деп, қолына қара домбырасын алып, жүйрік ат ұстап, қыран құс пен құмай тазыны да түгендей бастаған. 2000-шы жылдың наурыз айында

жүлдегер атанып, әндер жинағына енді. 2002 жылы «Сорос-Қазақстан» Қоры «Қазіргі заманғы қазақ әні» атты республикалық конкурста Рымтайдың ақын Кәкімбек Салықовтың сөзіне жазылған «Сүндет той» әнін жеңімпаз деп танып, арнайы диск шықты. Қазақ теледидарында «Жаяу Мұсаның» әндерінен жазылған концерті, Қазақ радиосының Алтын қорында өзі орындаған отыздай әні, Рымтай туралы жарты сағаттық хабары бар. Қарағандының облыстық теледидары да 45 минуттық хабар дайындап, эфирден берген. Рымтай тек әнші ғана емес, ағаштан түйін түйген шебер деп те атауға болады. Сөзге шешен, тарихи дүниелерді жатқа білетін, өзі де көп оқитын, сонымен қатар, ел аузындағы өнер адамдары туралы әңгімелерді жинап жүретін болған. Домбыраның жалпы сыртқы пішіні дайын болса, қалған детальдарын, дыбысын, бояуын, бәрін өзі жасап отырған, қолы ашық болғандықтан ба, дыбыстары керемет домбыраларының көбін көңілін қимаған жандарға сыйлап отырған. Ең көбірек ұстаған домбырасын жақында Алматыдағы Халық аспаптар Музейі алды. Осы мұражайдың төрінде тұрған белгілі шертпе күй шебері Әпике Әбенованың ұзақ жылдар ұстаған домбырасын бір кездері ол кісіге қайтадан өңдеп, жаңалап та берген. Бірақ, өмірінің соңында ол кісі бұл домбырасын көзіндей көріп жүрсін деп, өзіне сыйға тартқан болатын. Жыл сайын жазда демалысқа шыққанда отбасымен ел жаққа барғанды ұнататын. «Ештеңе алма, ағайынға. Біздің барғанымыздың өзі үлкен сыйлық, балам бар ғой» , – деп, Дидарын қатты жақсы көретін. Қарқаралыға жақындай бергенде, биік таудың басында, ылғи да қарайған бір ноқат алыстан көзге түседі. Әкесінің атымен атайтын ұлы: – Әй, Рымтай, Қарқаралы басындағы жалғыз арша анау ма? – деп, алыстан әлгі қарайғанды көрсетіп, сұрай беретін. – Иә, балам, сол! Ол сені үнемі әкеңмен қарсы алып, шығарып салып тұрады, – дейтін. Ұлы Дидар бүгінде – 32 жаста, жоғары білімді, туризм мамандығының иесі, кино саласында жеке кәсібі бар. Тірі болса, биыл 60 жасқа толған тойын думандатып отырар еді деп ойлайсың. Бірақ, тіршілігінде туған топырағын, қалың елін сағынып, әдемі қоңыр үнімен әлдилеп отыратын өнер иесінің, намысты азаматтары, аудан Әкімі Халел Мұқатайұлы бастаған елдің жігіттері Рымтайды жоқтатпаймыз, мерейтойын айтулы етіп өткіземіз дегені көңілге қуаныш ұялатты. Елінің алтын бесігі аяулы ұлын еске алып, елеп-ескеріп жатса, халықтың еншісіне айналған, ғасырлар аралап келе жатқан асыл мұрасы аласармай, одан сайын асқақтай түсері анық. Өткен аптада ғана, үлкен шараның алдында, Дидар: «Әуелі, Рымтайдың барып алдынан өтіп, құран бағыштап келейік» деген. Отбасымен Қарқаралы асып, Аққораға, «Көкбеттегі» Несіпбай атасының шаңырағын ұстап отырған Ерлан мен Кәмшатқа барып келген сапарында «Бұлбұл мен Батырға баяғы Рымтайдан сұрай беретін «Жалғыз аршаны» көрсеттім. Ол әлі көрінеді екен, білесіз бе?», – деп, бала күннен қалған өз естелігін еске түсірді. Бағдат МҮПТЕКЕҚЫЗЫ, жұбайы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. АЛМАТЫ қаласы.

«Қайратты ерге бақ тұрар» дейді қазақ. Маңдай термен келген абыройдан бағалы атақ болмас бұл жалғанда. Ағамыз Рахымжан ӨТЕБАЕВ – ерен еңбегінің, қалтқысыз қызметінің арқасында ел құрметіне бөленген жандардың бірі.

Рахаң – бүгін сексеннің сеңгіріне көтеріліп отыр. 1937 жылы 29 маусымда Шет ауданындағы бұрынғы Қарғалы қосалқы шаруашылығында дүниеге келді. Балалық шағы соғыс жылдарына дөп келген ағамыз буыны бекімеген шағынан жұмысқа араласты. Ал, 1955 жылы сол Қарғалыда жұмысшы болып, ресми еңбек жолы басталды. Бұл – бүкілодақтық тың игеру науқаны басталып кеткен кезең еді. 1957 жылы трактордың рөліне отырған Рахаң сол жерде тапжылмай он бес жыл тер төкті. 1971 жылдың орта шеніне дейін тракторымен тусыраған жерге түрен салып, ел ырзығын еселеуге үлес қосты. Ол кезде ескі темір табан тракторлар қолданыста болды. Қазақ оны «шотаяқ»

рақ көтерді. Балаларының қамын ойлаған, барынша жақсы білім беруді мақсат қылған Рахаң 1971 жылы Ақшатау кентіне қоныс аударды. Ақшатау кен байыту комбинатының механизаторлық цех бөлімшесіне 4-ші разрядті слесарь болып жұмысқа орналасты. 1976 жылы шахтаға электр слесарі болып ауысып, 1988 жылға дейін осында еңбек етті. Осы жерден зейнетке шықты. Рахаңның ғұмыр жолындағы ерен еңбегі егемендік жылдарында да елеусіз қалмады. 2004 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Тың игеруге – 50 жыл» төсбелгісімен мерейі бір мәрте асқақтады. Бүгінде Рахаң Ақшатау кентінде тұрады. Ақарлы-шақарлы әулеттің зәулім бәйтерегі. Немере-шөбере сүйіп отырған жайы бар. Сексеннің

дейтін. Рахаңа «шотаяқ» айнымас серік болды. Еңбекте қатарының алды болды. 1958 жылы «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды. Тындырымдылығымен көзге түсті. Партия жүктеген тапсырмаларды уақытында орындайтын белсенділігінің арқасында 19641965 жылдары алғысқа ие болды. 1970 жылы Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерен еңбегі үшін» медалін жарқырата кеудесіне тақты. 1982 жылы «Коммунистік еңбек екпіндісі» атағы берілді. Осы аралықта ағамыз Отан алдындағы борышын өтеп келді. Үш жыл бұрынғы Ленинградта болды. 1957-1960 жылдары мінсіз қызметі үшін үш рет демалыста ауылға келіп кетті. Әскер қатарындағы үлгілі еңбегі үшін 1960 жылы «Коммунистік еңбек бригадасының мүшесі» атағын иеленді. Армиядан оралған соң шаңы-

қырына көтерілген ағамызды биігімен құттықтаймыз. Ақ айдынға салып бақыт кемесін, Жарқын жүзбен, қуанышпен келесің. Құтты болсын сексен жасың, ағашым, Өзіңізді бір құдайым демесін. Бақ орнасын әрдайым басыңызға, Жас қосылсын, ағашым, жасыңызға! Отбасына қуаныш сыйлап талай, Амандықпен жетіңіз жүзге қарай. Бала шақтан кеудеңде таласты үміт, Қаныңда жоқ әу бастан оғаш қылық. Өз күшіңмен келесің, асыл аға, Бақытыңды сәтімен қаластырып. Той тойлаған жақсы ғой отбасымен, Құда-жекжат, нағашы, қариямен, Жүзге дейін талмастан, қажымастан, Жүзе бергін Ұлы Өмір-Дариямен! Шынарбек БАЛАПАНОВ. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Қарағанды қаласының Октябрь ауданында кәсіпкерлер «Барлығы балалар үшін!» атты акцияны бастады. Бизнесмендер өз қаражаттары есебінен аулаларды абаттандырып, балалар алаңын жабдықтауда. «Восток-2» шағын ауданында «Жұлдызай» атты ойын кешені ашылды. «Ғасыр» гүл бағында қарағандылық зауытта өндірілген, түрлі-түсті пластиктен жасалған сырғанақтар орнатылды. Өндірушілердің сөзінше, бұл пластик қауіпсіз, ол тіпті азық-түлік өндірісінде де қолданылады, одан аллергия болмайды. Мұндай сыйға жергілікті балалар мәз. – Әрбір кәсіпкер өз мүмкіндігін-

ше қаланы көркейтуге, әсіресе балаларды қуантуға өз үлесін қосуы тиіс. Балалар – біздің болашағымыз. Еліміздің болашағы солардың дұрыс тәрбие алуына байланысты болмақ, – деді «Ұмай» сауда үйінің директоры Болат Әубәкіров. Бұл компания Октябрь ауданында осымен алтыншы ойын кешенін құруға көмектесіп отыр. Өз тілшімізден. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.


6 3 шілде

www.ortalyq.kz

Дүйсенбі

06.00, 03.10 Әнұран 06.05 Концерт 07.00 «Таңшолпан» 10.00 М/с «Марин және оның достары» 10.15 Д/ф "Мәңгілік аспан астында" 10.45 АПТА 11.50, 21.45 Сұңқар 12.40, 01.35 Астана - халықаралық қаржы орталығы" 13.00 ЕХРО ақпарат 13.15 «Бірге таңдаймыз!» 14.10, 22.35 Т/с «Ертұғырыл» 15.00 Әйел бақыты 16.40, 19.00 Т/с «Ақ пен қара» 17.30 Кешкі ақпарат 17.50, 00.55 «EXPO – ғылым мекені» 18.00 Мәселе 18.30, 01.05 Менің Қазақстаным! 20.00, 00.05 Басты ақпарат

4 шілде

Бейсенбі, 29 маусым, 2017 жыл

Сейсенбі

20.30, 00.35 Басты тақырып 20.50 Айтуға оңай 23.30, 01.55 Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев 02.25 Көңіл толқыны ХАБАР 07.02, 01.40 Драма "Өмір сабақтары" 07.30, 01.10 Драма "Сотқа жеткізбей" 08.00 Жаңа күн 10.15 Т/с «Осколки» 11.15, 19.35 Т/с «Бәсеке-2» 11.40, 15.10, 17.15, 18.50, 20.45 «EXPO life» 11.45 Мечты сбываются 12.00, 00.05 драма «Заң бойынша» 12.30 «Магия кухни» 13.00 Т/с «Такая работа» 14.00 Т/с «Центральная больница» 14.45 Т/с «Франклин Делано Рузвельт» 15.15 Біздің назарда 15.30 Көңіл толқыны 16.00 Т/с «Пәленшеевтер» 16.30 Драма «Тағдыр тартысы» 17.00 Народный контроль 20.50 Айтуға оңай 23.30, 01.40 Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев 00.55 Қылмыс пен жаза 02.10 Көңіл толқыны

06.00, 03.10 Әнұран 06.05 Концерт 07.00 «Таңшолпан» 10.00 М/с «Марин және оның достары» 10.15 Д/ф "Мәңгілік аспан астында" 10.50, 18.15 ҚЫЗЫҚ ЕКЕН 11.35, 21.45 Сұңқар 12.25 Т/с «Қалампыр» 13.00 ЕХРО ақпарат 13.15 «Бірге таңдаймыз!» 14.10, 22.35 Т/с «Ертұғырыл» 15.00 Әйел бақыты 16.40, 19.00 Т/с «Ақ пен қара» 17.30 Кешкі ақпарат 17.50, 01.20 100 Бизнес бастауы 18.10 Інжу-Маржан 20.00, 00.05 Басты ақпарат 20.30, 00.35 Басты тақырып

ХАБАР 07.02, 00.55 Драма "Өмір сабақтары" 07.30, 00.25 Драма «Ауырмайтын жол ізде» 08.00 Жаңа күн 10.15 Т/с «Осколки» 11.15, 19.35 Т/с «Бәсеке» 11.55, 15.10, 17.15, 18.50, 20.45 «EXPO life» 12.00, 23.20 драма «Заң бойынша» 12.30 «Сиқырлы ас үй» 13.00 Т/с «Такая работа» 14.00, 17.15 Т/с «Центральная больница» 14.45 Т/с «Мустафа Кемаль Ататюрк» 15.15 Біздің назарда 15.30 Біздің үй 16.30 Драма «Тағдыр тартысы» 17.00 Народный контроль 18.00 Т/с «Жұлдыздар тоғысқанда»

5 шілде

20.00, 00.05 Басты ақпарат 20.30, 00.35 Басты тақырып 20.50 Айтуға оңай 23.30, 01.40 Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев 01.15 Ақсауыт 02.10 Көңіл толқыны

Сәрсенбі

06.00, 03.10 Әнұран 06.05 Концерт 07.00 «Таңшолпан» 10.00 М/с «Марин және оның достары» 10.10 «Мәңгілік аспан астында». Деректі фильм 10.40 «Елбасының ерекше қолтаңбасы» 10.50, 18.15 Қызық екен 11.35, 21.45 Сұңқар 12.25 Т/с «Қалампыр» 13.00 ЕХРО ақпарат 13.15 «Бірге таңдаймыз!» 14.10, 22.35 Т/с «Ертұғырыл» 15.00 «Әйел бақыты» 16.40, 19.00 Т/с «Ақ пен қара» 17.30 Кешкі ақпарат 17.50, 00.55 Д/ф «Астана қалай салынды?»

6 шілде

Бейсенбі

06.00, 03.10 Әнұран 06.05 Концерт 07.00 «Таңшолпан» 10.00 Жайнай бер, еңселі орда! 10.05 М/ф 10.20 «Мәңгілік аспан астында». Деректі фильм 10.50, 12.55, 16.40, 18.10 "Астанаға арнау" 10.55 ДРАМА "Балалық шағымның аспаны" 13.00 ЕХРО ақпарат 13.15, 16.45 «Астана күніне арналған арнайы шығарылым» 14.10 «Ғажайып Астана» 15.00 «Әйел бақыты» 17.50, 00.55 «Астана - рухани жаңғыру» 18.15 «Елбасы жолы: от-өзен»

7 шілде

Жұма

06.00, 03.15 Әнұран 06.05 Концерт 07.00 «Таңшолпан» 10.00 М/с «Марин және оның достары» 10.30 «Мәңгілік аспан астында». Деректі фильм 10.45 "Президент парасаты" 11.05, 18.15 Қызық екен 11.50, 22.00 Сұңқар 12.40 Иман айнасы 13.00 ЕХРО ақпарат 13.15 «Бірге таңдаймыз!» 14.10, 22.50 Т/с «Ертұғырыл» 15.00 «Әйел бақыты» 16.40, 19.00 Т/с «Ақ пен қара» 17.30 Кешкі ақпарат 17.50 «Болашаққа бағдар»

8 шілде

Сенбі

06.00, 03.10 Әнұран 06.05, 01.40 Концерт 07.10 Көңіл толқыны 07.55 Қымызхана 09.00 «Сенбілік таң» 10.10 Концерт 11.50 «АС БОЛСЫН» 12.25 «Тәй-тәй» шоу 13.00 Х/ф «Малефисента» 14.35 «Сағындырған әндер-ай» 15.20 Т/с «Шекара шебінде» 18.20 «Жайдарман» 20.00 МӘСЕЛЕ 20.35 Концерт. Жігіттер тобы

9 шілде

Жексенбі

06.00, 03.00 Әнұран 06.05, 021.35 Концерт 08.00 Айналайын 09.05 АҚСАУЫТ 09.30 «БҮГІН ЖЕКСЕНБІ» 11.15 ДАРА ЖОЛ 12.25 Сәлем, Қазақстан! 15.40 Тс «Шекара шебінде» 18.35 Көңіл толқыны 19.00 «АПТА» 20.00 «1-студия. Саяси ток-шоу» 20.50 Концерт 22.25 «Елбасы жолы»

ХАБАР 07.02, 15.30 Біздің үй 08.00 Жаңа күн 10.15 Т/с «Осколки» 11.15 Т/с «Бәсеке» 11.55, 15.10, 17.15, 18.50, 20.45 «EXPO life» 12.00, 23.50 драма «заң бойынша» 12.30 «Сиқырлы ас үй» 13.00 Х/ф «Путь лидера» 14.45 Т/с «Дэн Сяопин» 15.15 Білу маңызды 16.30 драма «Тағдыр тартысы» 17.00 Важно знать 17.15 «Центральная больница» 18.00 Т/с «Жұлдыздар тоғысқанда» 18.55 Негізінде

17.15 «Әлем дәрігері» 18.00 Т/с «Жұлдыздар тоғысқанда» 18.55 Негізінде 19.00, 00.35, 02.10 Қорытынды жаңалықтар 20.20 Бетпе-бет 20.50 История родной столицы 20.55 По сути 21.00 Итоги дня 21.35 «Миссия миротворца» 22.20 Т/с «Вишневый сезон» 23.15 «Күләш» ЕУРАЗИЯ 06.00 Жаңалықтар 06.10 Вероника Марс 07.00 Доброе утро 10.00 Поле чудес 11.00, 02.40 «БАСТЫ ПАТРУЛЬ» 11.10, 05.15 «Той заказ» 11.45, 13.25, 00.50 «П@УТИНА+» 12.30 ТАМАША CITY 14.05 Давай поженимся 15.05 Х/ф «Ради любви я все смогу» 18.00 Басты жаңалықтар 18.55 Жаһандық саясат 19.00, 23.50, 01.25 Қорытынды жаңалықтар 20.00 Давайте говорить 20.50 История родной столицы 20.55 Большая политика 21.00 Итоги дня 21.35 «Вишневый сезон» 22.30 «Күләш» ЕУРАЗИЯ 06.00, 02.50 Вероника Марс 06.45, 18.00 Жаңалықтар 07.30 Доброе утро 10.00 Х/ф «Сводные сестры» 11.00, 02.40 «БАСТЫ ПАТРУЛЬ» 11.10, 05.15 «Той заказ» 11.45, 13.25, 00.50 «П@УТИНА+» 12.30 Пендеміз ғой 14.05 Давай поженимся 15.05 Х/ф «Ради любви я все смогу» 18.45 пусть говорят 20.00 Главные новости

19.00, 00.20, 02.00 Қорытынды жаңалықтар 19.35 Арнайы хабар 20.00 Давайте говорить 20.50 История родной столицы 20.55 По сути 21.00 Итоги дня 21.35 Т/с «Жаңғыру жолы» 01.00 Драма «Ауырмайтын жол ізде» 01.30 Драма «Өмір сабақтары»

ЕУРАЗИЯ 06.00 Вероника Марс 06.45, 18.00 Жаңалықтар 07.30 Доброе утро 10.00 Х/ф «Сводные сестры» 11.00, 02.40 «БАСТЫ ПАТРУЛЬ» 11.10, 05.15 «Той заказ» 11.45, 13.25, 00.50 «П@УТИНА+» 12.30 Пендеміз ғой 13.25 Т/c «Алаулаған сезім» 14.05 Давай поженимся 15.05 Х/ф «Ради любви я все смогу»

20.00, 02.00 Басты ақпарат 20.35 АЙТУҒА ОҢАЙ 21.30 Рақмет, Саған, Туған ел! 23.25, 01.20 Түнгі студия 00.30 Келбет 01.50 Көңіл толқыны

19.35 Мерекелік концерт 20.55 История родной столицы 21.00 Итоги дня 21.35 Кино. «Алмас қылыш» 00.05 Концерт 02.45 Драма «Ауырмайтын жол ізде»

ХАБАР 07.00 Біздің үй 07.30 "Аранға жетелей бер, Астана! 08.30 "Мәңгілік ел" 09.45 "Весна на заречной улице" 11.15 Х/ф «Арман жолы» 12.15 Х/ф «Путь лидера» 14.00 Д/ф «Нұрсұлтан Назарбаев» 14.30 Концерт 17.30 Д/ф «Миссия миротворца» 18.15 Т/с «Так сложились судьбы» 19.00, 02.05 Қорытынды жаңалықтар

ЕУРАЗИЯ 06.00, 02.40 Вероника Марс 06.30, 18.00 Жаңалықтар 08.15, 11.45, 15.00, 23.05, 00.50 «П@УТИНА+» 09.00 Д/ф «Первый» 10.25 «Весна на заречной улице» 12.35 Шаңырақты - рақшылары 15.45 Х/ф «На белом коне» 20.00 Главные новости 20.45 «Я буду ждать тебя всегда» 01.40 Т/с «Джодха және Акбар» 04.10 Жить здорово

20.00, 00.45 Басты ақпарат 20.35 Сәлем, Қазақстан! 23.45 Парасат майданы 00.20 Қылмыс пен жаза 01.20 Дара жол 02.25 Концерт

20.30 Бюро расследований 20.50 «EXPO life» 20.55 Большая политика 21.00 Итоги дня 21.35 Кино. «Дорога к матери» 00.00 «Международный турнир по ММА»

ХАБАР

07.02 Концерт 08.30 "Ән жүрегім - Астана" 09.45 Д/ф "Мой город" 10.15 Кино. «Алмас Қылыш» 12.45 Х/ф «Путь лидера» 14.30 Концерт. «Асқақтаған Астана» 15.45 «Болашаққа бағдар» 16.15 Концерт 17.00 Народный контроль 18.00 Д/ф «Глава государства» 18.55 Жаһандық саяхат 19.00 Қорытынды жаңалықтар 19.35 История родной столицы

ЕУРАЗИЯ 06.00, 02.40 Вероника Марс 06.30 Жұма уағызы 06.45, 18.00 Басты жаңалықтар 08.15, 00.50 «П@УТИНА+» 09.00 Это касается каждого 10.05 Х/ф «Оазис любви» 12.05 Мереке-Думан 14.05 Х/ф «Половинки невозможного» 18.45 Поле чудес 20.00 Главные новости 20.45 Т/с «Разбитые сердца» 01.40 Т/с «Джодха және Акбар»

22.25 Драма «Елбасы жолы» 00.05 «Шерлок»

00.45 Т/с «25 шақырым» 02.15 Қазақстан театры

ХАБАР 07.02 Қалжың қоржыны 08.30 Әсем әуен 09.00 Өзін-өзі тану 09.15 Продвопрос 09.30 «Әңгіменің ашығы». ТОК ШОУ 10.15 Спортивная игра «Я - чемпион» 10.40, 14.40, 18.25, 20.55 «EXPO life» 10.45 М/ф «Дорогоа к матери» 13.10 Хабарлайын 13.40 Қызық times 14.55 Балалық шағымның аспаны 17.10 Концерт 19.55 Астанага тарты 21.00 Ақпарат арнасы - «7 күн» 22.00 «Интернэшнл»

ЕУРАЗИЯ 06.00 Идеальный ремонт 06.45, 04.00 Вероника Марс 08.25, 14.15, 22.55, 05.25 «П@УТИНА» 09.00 СМАК 09.40 Х/ф «Райский уголок» 11.45 «Фабрика грез» с Ольгой Артамоновой 12.05, 02.55 112 неделя 12.30 Басты жаңалықтар 13.15, 03.15 «Әйел сыры» 15.10 Лучше всех 16.45 Х/ф «Человеческий фактор» 21.00 «Кешкі кездесу» 22.15 БАСТЫ БАҒДАРЛАМА 00.00 Х/ф «Спарта»

00.15 «Әзіл әлемі»

01.45 қазақстан театры

ХАБАР 07.02 Қалжың қоржыны 08.30 Әсем әуен 09.00 Самопознание 09.10 Ас арқау 09.30 Бенефис шоу 11.40, 15.45, 17.20, 17.55, 20.55 «EXPO life» 12.15 Х/ф «Джастин и рыцари доблести» 14.00 Ду-думан 14.20 Концерт 16.50 Социальный проект 17.30 Х/ф «Өмір жолы» 18.00 Қызық times 19.15 Кел, шырқайық! 21.00 Аналитическая программа - «7 күн» 22.00 Х/ф «16 қыз» 23.30 Т/с «25 шақырым»

ЕУРАЗИЯ 06.00 Вероника Марс 07.35 Басты бағдарлама 08.15, 14.45, 20.55, 04.05 «П@утина» 08.50 воскресные беседы 09.05 «Тещины блины» 12.50, 02.35 «Әйел сыры» 13.45 Той базар 15.50 Т/с «Один день, одна ночь» 20.00 Аналитика 22.00, 03.20 ТАМАША CITY 23.00 КВН 5 КАНАЛ 10.00 Апта репортажы. Ауа райы

18.45 пусть говорят 20.00 Главные новости 20.45 Т/с "Два Ивана" 01.40 Т/с «Джодха және Акбар» 03.35 Жить здорово 04.25 Модный приговор

18.10 5-арнадағы әуен 19.30, 21.30 Шарайна 20.00, 22.00 Новости 20.30 P.S 21.00 Будем здоровы 22.40 Х/ф 00.00 Әуенді Қазақстан

5 КАНАЛ 06.30, 07.15 Аймақ жаңалықтары 06.45 Ерлер ел ішінде 07.00 Апта репортажы 07.30, 20.45 Вести - Россия 07.50, 14.35, 18.00, 22.30 Рекламный визит 08.00 Репортаж недели 08.15 Новости регионов 08.30 «Наши дети» 08.35 Время творить 09.00 «Таңертеңгілік «5-арнада» 13.00 Вести недели 14.00, 19.00, 21.15, 02.30 Деректі фильм 14.45 Жақсылардан ғибрат 16.15 Живые истории 17.05 Ауа райы 17.10 Сам себе режиссер

ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 07.00, 10.00 АПТА 08.00, 11.00, 18.50, 22.20, 23.30 TV market 08.05, 14.00 Әсем әуен 08.40, 23.35 Т/с «Ғашықтар» 09.30, 20.00 Басты рөлде 11.05 Т/с «Разлучница» 12.00 Арнадым саған... 12.35 Это наша с тобой биография 13.00, 17.50, 22.30 Жаңалықтар 18.30 100 шагов 19.00 Ойталқы 19.35 Қазақтың би әлемі 19.50, 22.10 Бейнеклип 20.30 қорытынды жаңалықтар 21.15, 23.15 Уақыт.kz 21.30 «Көк тарландар»

20.45 Т/с "Даша" 01.40 Т/с «Джодха және Акбар» 03.35 Жить здорово 04.25 Модный приговор

18.10 5-арнадағы әуен 19.00, 21.15, 02.30 Деректі фильм 20.00, 22.00 Новости 22.40 Х/ф 00.00 Әуенді Қазақстан

5 КАНАЛ 06.30, 14.00 Аймақ жаңалықтары 06.45 Ерлер ел ішінде 07.00, 13.00, 19.30, 21.35 Шарайна 07.30, 20.30 Вести - Россия 07.50, 14.25, 18.00, 22.30 Рекламный визит 08.00 Новости 08.25 Новости регионов 08.40 «Наши дети» 08.45 «Таңертеңгілік «5-арнада» 13.50, 21.00 P.S 14.15, 15.40 Азия айнасы 14.35 Прямой эфир 15.05 Песня с историей 16.00 Сау болайық 16.10 «Тайны следствия» 17.00 Менің шындығым 17.50 ТВ-2 экспедициясы

ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 07.00, 10.00, 13.00, 17.50, 22.30 Жаңалықтар 07.45, 10.45, 21.15, 23.15 Уақыт.kz 08.00, 11.00, 18.50, 22.20, 23.30 TV market 08.05, 14.00 Әсем әуен 08.40, 23.35 Т/с «Ғашықтар» 09.30, 20.00 Басты рөлде 11.05 Т/с «Разлучница» 12.00 Ойталқы 12.35 100 шагов 18.30 2050 19.00 В интересах людей 19.35 Қазақтың би әлемі 19.50, 22.10 Бейнеклип 20.30 қорытынды жаңалықтар 21.30 «Көк тарландар»

18.45 пусть говорят 20.00 Главные новости 20.45 «Потому что люблю» 01.40 Т/с «Джодха және Акбар» 03.35 Жить здорово 04.25 Модный приговор

17.25 Моя Караганда 18.10 5-арнадағы әуен 20.00, 22.00 Новости 21.00 Профессия военный врач 22.40 Х/ф 00.30 Әуенді Қазақстан

5 КАНАЛ 06.30, 08.25, 14.05 Аймақ жаңалықтары 06.45, 17.00 Ерлер ел ішінде 07.00, 19.30, 21.35 Шарайна 07.30, 20.45 Вести - Россия 07.50, 14.25, 18.00, 22.30 Рекламный визит 08.00 Новости 08.40 «Наши дети» 08.45 Время творить 09.10 «Таңертеңгілік «5-арнада» 13.00, 19.30, 21.35 шарайна 13.50, 20.30 P.S 14.35 Прямой эфир 15.40, 19.00, 21.00, 02.30 Деректі фильм 16.10 «Тайны следствия» 17.15 Азия айнасы

5 КАНАЛ 10.00 Шарайна 10.50, 19.40 P.S 11.05 Аймақ жаңалықтары 11.20 Ерлер ел ішінде 11.35 Х/ф «Как же быть седцу» 13.20, 18.00, 21.55 Рекламный визит 13.25, 18.10 Мерекелік концерт 15.40 Будем здоровы 15.50 Жақсылардан ғибрат 16.10 «ТВ-2 экспедициясы» 16.20 Концерт 18.10 5 арнадағы әуен 19.00 «Мәңгілік тіл» 20,00, 21.50 Ауа райы 20.05, 22.00 «Соната для Веры» 23.35 Әуенді Қазақстан

04.10 Жить здорово 05.00 Модный приговор 5 КАНАЛ 10.00, 20.00, 22.45 Шарайна 10.05, 20.05 P.S 10.20 Ерлер ел ішінде 10.35, 17.30, 23.00 Азия айнасы 11.05 Х/ф «Ключи» 14.10 Профессия военный врач 14.20, 18.00, 22.50 Рекламный визит 14.30 Д/ф «Секреты ясновидения» 15.15 Мерекелік концерт 18.10, 02.30 Деректі фильм 20.25 «Моя Караганда» 19.00 «Мәңгілік тіл» 20.45 «Все о государственных доходах 20.30 Х/ф «Как я провел этим летом» 00.30 Әуенді Қазақстан

02.10 Х/ф «Теория заговора» 5 КАНАЛ 10.00 шарайна 10.50 P.S 11.05 «Моя Караганда» 11.20, 19.00, 02.30 Деректі фильм 11.45 Нольден бастап 11.55 Ислам: сауалдар мен жауаптар 12.30 Қазақ тілін үйренейік 13.10, 18.00, 22.40 Рекламный визит 13.20, 15.00 Азия айнасы 14.00 Будем здоровы 14.15 Семейный альбом 16.00 «Городок» 16.30 Субботний вечер 18.10 «09-аймақ» 18.45 5-арнадағы ән-әуен 19.50 Апта репортажы

болжамы. 10.25 Моя Караганда 10.40 «Жақсылардан ғибрат» 11.00 «Ерлер ел ішінде» 11.15, 13.30, 19.00, 02.30 Деректі фильм 11.35 Время творить 12.00 Утренняя почта 12.30, 17.30, 21.40 Рекламный Визит 12.40 Сто к одному 16.15 Д/ф «Под кодовым именем «Анита» 17.00 Мир православной духовности 17.40 Прогноз погоды. 17.45 «Сайгез» 18.15 5-арнадағы ән-әуен 20.00 Х/ф «Проверка на любовь» 21.50 «Сау болайық» 22.00 Прогноз погоды 22.05 Х/ф «Отдамся в хорошие руки» 23.55 Әуенді Қазақстан

ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 07.00, 09.30, 10.00, 13.00, 17.50, 20.00, 22.30 Жаңалықтар 07.45, 10.45, 21.15, 23.15 Уақыт.kz 08.00, 11.00, 18.50, 22.20, 23.30 TV market 08.05, 13.35 Әсем әуен 08.40, 23.35 Т/с «Ғашықтар» 11.05 Т/с «Разлучница» 12.00 В интересах людей 12.35 2050 13.20, 19.35 ТV сабақ 18.30 Заң және заман 19.00 Д/ф "Фактор лидерства" 19.50, 22.10 Бейнеклип 20.00 Басты рөлде 20.30 қорытынды жаңалықтар 21.30 «Көк тарландар»

ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 09.00 Әсем әуен 10.00, 13.00 Жаңалықтар 10.45, 13.45 Уақыт.kz 17.50, 22.20 TV market 11.05 Х/ф "Бәйтерек" 12.15 Д/ф "Біз ұлы дала елміз" 12.45 "Мой город" 14.00 Мәңгілік ел - Қазақстан" 15.25 Д/ф "Философия ведомости" 16.00Х/ф "Елбасы жолы: от-өзен" 17.25 Менің Қазақстаным! 18.00 Концерт 18.40 ДАТ 19.00 Шаңырақ 19.35 Қазақтың би әлемі 19.50, 22.10 Бейнеклип 20.00 Д/ф "Жалынды жастық шаһары" 20.25 Ұлттық шоу 21.30 «Көк тарландар» 22.30 Х/ф "Елбасы жолы"

ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 09.00 Әсем әуен 10.00, 11.05 Х/ф "Елбасы жолы" 11.00, 18.50, 22.20, 23.30 TV market 11.45 Халық ертегілері 12.00 Шаңырақ 12.35 ДАТ 13.00 Муз/ф "Ғажайып Астана" 15.25 Д/ф "Философия ведомости" 13.55 Мой город 14.00 "Ұлы дала баласы" 15.55 Х/ф "Астанаға көктем кеш келеді" 18.00 Концерт 18.40 Это наша с тобой биография 19.00 Арнадым саған 19.35 Қуырмаш 19.50, 22.10 Бейнеклип 20.00 Концерт 20.55 Бейнеклип 21.00 «Код мира и согласия» 21.30 Т/с «Көк тарландар» 22.20 Х/ф "Елбасы жолы"

20.00 Регион 09 20.20, 22.20 Х/ф «Клубничный рай» 00.10 Әуенді Қазақстан ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 09.10 Әсем әуен 10.10 М/ф "Қадырдың бақыты" 11.00, 12.55, 15.50, 17.50, 22.25 TV market 11.05 «Қуырмаш» 11.25, 13.00 М/ф «Елбасы жолы» 13.20 Халық ертегілері 13.35 Концерт 16.00 Т/с «Алиби на двоих» 17.40 Бейнеклип 18.00 Сазды сәлем 19.00 Шаңырақ 20.00 Ойталқы 20.35 2050 21.00 Түбі бір түркілер 21.40 Самый лучший день 22.30 Д/ф «Жиде кешіккен махаббат»

ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 09.00 Әсем әуен 10.00, 13.50, 15.55, 17.50, 22.25 TV market 10.05 «Абай» 10.35 М/ф «Роботкөлік Полли» 11.30 Сөнбес сәуле 12.00 Д/ф «Жиде кешіккен махаббат» 13.15 Халық ертегілері 14.00 Концерт 16.00 Т/с «Алиби на двоих» 17.40 Бейнеклип 18.00 Сазды сәлем 19.00 АПТА 20.00 «В интересах людей» 20.35 2050 21.00 Арнадым саған... 21.40 Самый лучший день 22.30 «Жансарай». «Жас қалам»

«EХРО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына байланысты елімізде түрлі дəрежедегі шаралар өткізіліп жатыр. Халықаралық шараны әспеттеуден Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы да қалыс қалмады. Мұнда «EXPO – 2017: жарқын істер жолашыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Өркениетті өнеге – EXPO-2017» мерекелік шара аясындағы кітап көрмесіне Қарағанды политехникалық колледжінің оқытушысы Шұға Жақсылыққызының жетекшілігімен бір топ студент қатысты. Жаһандық көрме жайлы банерлер ілінді. Жүргізуші "БОТА" интеллектуалды жастар орталығының мүшесі Аяжан Мадибекова жастарға халықаралық көрменің экономикалық, мəдени маңызын түсіндірді. Еліміз осындай үлкен дəрежедегі шараны өткізуге қалай мүмкіндік алғандығына тоқталып, жас мемлекет үшін бұл үлкен мəртебе екендігін атап өтті. Үш айға созылатын ауқымды шарада дүниежүзінің елдері өздерінің ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі және өнердегі жетістіктерін көрсетеді. Осыған орай студенттерге "EXPO" қалашығында тұрғызылған нысандар да таныстырылды. Шара соңында отбасымен Астанаға барып, көрмені көзімен көріп қайтқан кітапхана қызметкеріне сөз берілді. Жаңагүл Байжанова көрмеден алған əсерімен бөлісіп, көргенбілгендерін жастарға əңгімелеп берді. Қай елдердің павильонына барғанын, əрқайссы несімен ерекшеленгеніне тоқталды. Сондай-ақ, көрермен тарапынан қойылған сұрақтарға толымды жауаптар берілді. Өз тілшімізден.

Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан» Биылғы жүрген қызылсудан кейін Қарағанды-Қарағайлы теміржолының сәуірдің 21-нен бастап жабылып қалғаны белгілі. Облыс әкімі сол кездегі жұмыс қауырттылығына қарамастан тікұшақпен барып жағдайды көрген еді. Айналмалы жол салу туралы ұсыныс та түскен болатын. Бұл қыруар қаражатты қажет ететін ұсыныс еді. Соны ескерген теміржолшылар ақылдаса келе жолды қайтып қосуды қолға алған-ды. 1964 жылы Қарағайлы кенішінің қосылуына байланысты салынған осы жол Қарасор көлінен 200 метр қашықтықта жатқан еді. Алайда, 1984 жылдан бастап су көтеріліп, оның деңгейі бүгінде 5 метрге көтерілген. Сол су 6 шақырым жерді алып, теміржолдың бір бөлігі су астына кеткен еді. Сол күннен бастап теміржолшылардың асары басталған. Бұл жұмысқа алматылықтар, көкшеліктер, ақадырлықтар, қызылордалықтар, атбасарлықтар бір кісідей атсалысып, жолды қалпына келтірді. Жексенбі, 25 маусым – ораза айт күні теміржолмен екі айғы үзілістен кейін Қарағайлы кені артылған ауыр құрама Қарағандыны бетке алды. Оның тұсаукесеріне Қарқаралы ауданының әкімі Х.Мақсұтов, «ҚТЖ ҰК» Магистральды жүйе әкімшілігі» АҚ филиалының директоры Ж.Ізғұлов, жасанды құрылыстар және жолдар департаментінің директоры А.Баймағанбетов, магистральді жүйе Қарағанды бөлімшесінің директоры А.Майқыбеков, «ҚТЖ ҰК» Қарағанды жүк тасымалы филиалының директоры Д.Жәмиев, Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясының директоры Н.Қосубаев және басқалары қатысты.


Бейсенбі, 29 маусым, 2017 жыл

Сот жүйесі – еліміздегі басқа билік салаларынан дара, өз қызметінде тәуелсіз, әрi кесiмдi шешiм айтатын үш деңгейлі соттардың жиынтығы. Бүгінгі таңда елімізде қазіргі заманға сай сот–құқықтық реформалар қарқынды жүзеге асырылуда. Сот жүйесін реформалауда Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының маңызы зор. 2016 жылдан бастап бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көштік. Жүйелі реформалар жүргізілуде және оның нәтижелері айдан анық. Бұл ретте сот жүйесінде құқық бұзушылықты болдырмау басты назарда. Жалпы құқық бұзушылықтың алдын алу, оларды болдырмау кез келген мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі, бұл бағытта сот жүйесінде де тиісті шаралар көзделген. Сот өндірістерін жүргізу тәртіптері тиісті кодекстермен реттелген. Осы мақала шеңберінде азаматтық істермен қатысты сот өндірісін жүргізу барысында қолданылатын шаралар туралы сөз қозғамақпын. Қазақстан Республикасының алдыңғы әрекет еткен Азаматтық іс жүргізу кодексі 15 жылдан астам уақыт бұрын қабылданып және сот төрелігін іске асырудың берік процестік негізін қалаған еді. Қазіргі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 31 қазанда Мемлекет басшысы қол қоюымен қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі. Сот төрелігін атқару барысында сотқа қатысушылар тарапынан сотқа құрметпен қарау талап етіледі. Судьялардың сот төрелігін жүргізу қызметіне қандай да болсын араласуға тыйым салынады және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.Қа-

www.ortalyq.kz

Біздің жарнама телефонымыз

зақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 9-тарауында сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары көзделген. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 119-бабына сай сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот баршаның сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін бұған кінәлі адамдар осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, осы адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Заңға қарсы жасалған әрекет (әрекетсіздік) үшін бір ғана мәжбүрлеу шарасы және (немесе) бір ғана жауаптылық түрі қолданылады. Сондай-ақ, сот отырысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі

анықталғандығы туралы осы бұзушылық анықталған сот отырысының процесін тікелей жүргізуші судья (сот құрамы) құқық бұзушыға дереу сот отырысында сот кеңесу бөлмесіне кетпестен жариялайды. Осы факт сот отырысының хаттамасында тіркеледі. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Өзіне қатысты сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталған адам, сондайақ іске қатысатын өзге де адамдар өз түсініктемелерін беруге құқылы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыны төрағалық етуші судья азаматтық іс бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін кеңесу бөлмесінде дайындайды, оған судьялар (сот құрамы) қол қояды. Егер сотқа құрметтемеушілік сот отырысында білдірілсе және тәртіп бұзушы сот отырысының залынан шығып кеткен жағдайда, сот отырысынан тыс сотқа құрметтемеушілік білдірілмеген кезде, сондай-ақ, егер сот отырысына келуден жалтару белгіленсе, сот приставы немесе соттың өзге жұмыскері сот төрағасының

немесе сот отырысына төрағалық етушінің ауызша өкімі бойынша құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды, бұл туралы құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетіледі. Құқық бұзушылық туралы хаттама осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда қажетті материалдармен бірге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген соттылыққа сәйкес қарау үшін сотқа жіберіледі. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, сот бұл туралы қаулы шығарады, ол өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға үш жұмыс күні ішінде тапсырылады және (немесе) жіберіледі және растайтын материалдармен бірге прокурорға сотқа дейінгі іс жүргізуді ұйымдастыру үшін жолданады. Осындай шаралар мен оларды қолдану арқылы сот отырысында құқық бұзушылықтардың алдын алу арқылы сот төрелігінің тиісті дәрежеде өткізілуі әрдайым басты назарда. Б.ШАЙЗАДАЕВ, Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьясы.

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Республиканың аймақтарынан жиналған үздік оқ атушы Ұлттық Ұлан сарбаздары Қарабас елді мекеніндегі 5451 әскери бөлімінде ұйымдастырылған XV республикалық спартакиадада бақ сынады. Сайысқа бұған дейін республикалық сайыстарда екі, үш мәрте жеңіс тұғырынан көрінген мерген жауынгерлер қатысты. Құқықтық тәртіп әскерінің құрылғанына және Қазақстан полициясына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған сайыс барысында 200-ден астам командалар арасынан іріктелген 24-ке жуық сарбаз күш сынады. Жауынгерлер спартакиада өткен үш күн бойы өз арасында оқ атудан мергенді анықтады. Жарыс бағдарламасына енгізілген спорттық жаттығулардың бірі – Макаров тапаншасы ПМ-1 және МП-3, Калашников АК-2, АК-3, сондай-ақ, әскери нарядтың жауынгерлік ату құрамы бойынша сайысқа түсті. Әскерилердің ҚР Қарулы Күштері қатарындағы қызмет мәртебесін көтеруге, спорттық шеберлігімен қатар, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған сайысқа Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының дене дайындығы және спорт бойынша басшысы, полковник Жанболат Ахметов төрелік етті. Полковниктің айтуынша, бұған дейін сарбаздар қоян-қолтық ұрыстан, Президенттік көпсайыстан ашық біріншіліктерге қатысқан. Сондықтан, аталмыш спартакиадаға «Орталық» өңірлік қолбасшылығы (Қарағанды қаласы) және «Батыс»

(Орал қаласы), «Оңтүстік» (Алматы қаласы), «Шығыс» (Өскемен қаласы), Ұлттық Ұланның әскери институты (Петропавл қаласы), Астана қалалық 5573 әскери бөлімінің сарбаздары жиналды. Құрама командалар бойынша І орынды – «Шығыс өңірлік қолбасшылығы» командасы, ІІ орынды – «Батыс» өңірлік қолбасшылығы құрама командасы, ІІІ орынды – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы командасы иеленді. Жалпы, сарбаздар арасындағы сайыстар тартысты өтті. Оқ ату сайыстарының әскерилер арасындағы құқықтық тәртіпті сақтайтын олимпиадалық ойындар түріне жататынын ескерген жауынгерлер ішкі тәртіпті қадағалаудағы жауынгерлік әдістерін көрсете білді. Сынақтарда спортшы-

лар жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, спорттық разрядтар бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, ПМ-1 жаттығуы бойынша ҚР Ұлттық Ұланының Әскери институтының курсанты Нұрбол Төлегенов, ПМ-3 жаттығу бойынша «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6637 әскери бөлімінің сержанты Азамат Ержанов жарысқа жоғары дайындықпен келгенін көрсетіп, үздік атанды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 5518 әскери бөлімінің аға сержанты Александр Рыжков – АК-2 – жаттығуы бойынша жеңімпаз атанса, "Орталық" өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімшесінің қатардағы жауынгері Мәди Мұқанов АК-3 – жаттығуында үздік деп танылды. Жауынгерлер жеңіс кубоктарымен марапатталды.

Алдағы сенбіде, шілденің бірінде Орталық паркте жыл сайынғы «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі өтеді. Қарағандылықтар мен қала қонақтарының назарына қандай жаңа тауарлар ұсынылады? Қазіргі уақытта байқауға қатысуға 87 компания тілек білдірді. Көрмеге келушілер биыл аймағымызда шығарылатын көптеген жаңа тауармен таныса алады. Естеріңізге сала кетейік, өңірлік байқау-көрмеге қатысушы кәсіпкерлер 3 негізгі номинация – «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар» және «Үздік азық-түлік тауары» бойынша бақталасады. Биылғы конкурс әдеттегіден ертерек – шілденің 1-інде өтеді, ал номинациялар бойынша үздік шыққан 9 кәсіпорын облыс намысын Экспо-2017 халықаралық көрмесі аясында ҚР президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен өтетін республикалық байқауда қорғайды. «Кәсіпкерлер палата жергілікті

43-21-55 Біздің электрондық пошта

ortalyk. reklama@mail.ru

«Казпромавтоматика» компаниясы жапондық Mitsubishi Electric Factory Automation концернінің 2004 жылдан бергі әріптесі әрі Қазақстандағы өкілі болып табылады. Сондай-ақ, компания – Қарағанды техникалық университетінің тұрақты серіктесі. Сондықтан, орталықты жабдықтау үшін фирма 6,5 млн. теңге көлемінде қаражат құйған. Бұл жөнінде ҚарМТУ ректоры Ма-

рат Ибатов: «Қарағанды техникалық университеті бұған дейін де «Total», «Ersai», «Siemens», «Festo», «Leica Geosystems Kazakhstan», «Schneider Electric» секілді әлемдік компаниялардың өкілдіктерімен бірлесіп, оқу орталықтары мен тәжірибелік зертханалар ашты. Мұндай орталықтардың артықшылығы сол, студенттер мен магистранттар университет қабырғасында жүріп-ақ өндірістік тәжірибемен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл зертханалар университетпен тығыз жұмыс істейтін металлургия, тау-кен, энергетика салаларындағы өндіріс орындарының жұмыскерлері үшін тренингтер өткізуге де қолайлы. Сондықтан, білім беру орталықтарын жоғарғы оқу орны ба-

Еске алу Шет ауданы, Үңірек ауылының тұрғыны асыл жан, анамызға адал жар болған, немерелерінің ардақты атасы Серік ТҰҢҒЫШБЕКҰЛЫ осыдан 40 күн бұрын фәниден бақиға оза барды. Мамырдың 27-інде жетпіс жасқа қараған шағында балаларының қуанышына кенеліп, немере қызығын көрер шақта ажал арамыздан алып кетті. Аңырап соңында жары, балалары, немерелері қалдық. Содан бері 40 күн өтті. Асқар таудай әкемізге деген сағыныш жүрегімізді сартап қылды. Бірақ Алланың ісіне не шара? Жан әкеміздің тұрағын Алла пейіштен бұйыртып, ұстағанын шырақ, мінгенін пырақ етсін деп дұға етеміз. Жатқан жеріңіз жайлы болсын! Елес болып жарқын бейнең қалды шын, Жатқан жерің жайлы болсын, әкешім! Енді, міне, қабылдайсың тек үнсіз, Ағайынның дұғасы мен алғысын. Жүректерді кіреукеленген мұң басып, Қалды артыңда туғандарың, көп досың. Бір атаның сынығы едің, әкетай, Мейірімді Аллаһ енді жар болсын! Аяулы әке, иманды бол! Қабірің нұрға толсын! Жатқан жерің мамық, топырағың торқа болсын! Жақын-жуық, туған-туыс, ағайынды 2017 жылдың 6 шілдесінде Үңірек ауылындағы мешітте сағат 11-ден бастап, марқұмның қырқына арналып, ас берілетіндігінен хабардар етеміз. Еске алып, ас берушілер: жұбайы – Нәскен, балалары, немерелері. №270

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жүзеге асырылуы шеңберінде аудиторлық қызмет сапасын бақылау

Тексеру комиссиясының құрылған сәтінен бастап, аудиторлық іс-шаралар мағлұматтарының сапасын бақылауға ерекше көңіл бөлінген. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, тиісті Рәсімдік стандарты бекітілгеннен кейін, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен аудиторлық іс-шаралардың сапасын бақылауды жүзеге асырудың Ішкі тәртібі әзірленді және іске асырылуда. Сапаның бақылануына ілігетін аудиторлық іс-шаралардың негізгі кезеңдері: 1) аудиторлық іс-шараға дайындық; 2) аудиторлық есептер; 3)аудиторлық қорытындылардың, жинақтық тізілімдердің, нұсқамалардың жобалары; 4) аудиторлық қорытынды ұсынымдарының, нұсқама тармақтарының орындалысы. Аудиторлық іс-шараға дайындық сапасын бақылау мақсаты – тиімділік және аудит сұрақтарының толымдығы көрсеткіштерінің дұрыс таңдалуын бағалау, аудит тобының (мемлекеттік аудиторлардың) аудиторлық іс-шаралардың мақсаттары мен міндеттерін нақты түсінуін айқындау.

Аудиторлық есептердің сапасын бақылау мақсаты есепте келтірілген талдаудың толымдығын, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің сенімділігін және негізділігін бағалау болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік аудиторлардың жалпы және рәсімдік стандарттарды ұстануы, нормативтік құқықтық актілерді қолдану дұрыстығы бағаланады. Аудиторлық іс-шараның негізін қалаушы құжат – аудиторлық қорытынды. Аудиторлық қорытындының сапасын бақылау арқылы аудиторлық іс-шараның мақсатына қол жеткізу деңгейі, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін, сонымен қатар олардың салдарының қауіптерін талдау толымдығы, ұсынымдардың әрекеттілігі мен негізділігі бағалауға алынады. Тұрақты негізде жүргізілетін аудит мағлұматтарының сапасын жаппай бақылау нәтижелері, сөзсіз, жағымды, егер 2016 жылы сараптамалық қорытындыларда 27 аудиторлық іс-шаралар ішінен 6-ның дайындық сапасына ескертулер бейнеленсе, ағымдағы жылғы 5 айға жүргізілген 9-ның дайындық сапасына ескертулер жоқ. Өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда, Стандарттың

бұзушылықтары 3 есе азайған, ағымдағы жылғы 5 айға бұндай фактілер жоқ. 2016 жылы 27 мемлекеттік аудит ішінен 22-сі (81%), 2017 жылғы 5 айға – 9-дан 8-і (89%) «өте жақсы» және «жақсы» бағаларымен аяқтады. Жүргізілетін қаржылық бақылау сапасын бақылау аудиторлық қызметтің нәтижелілігін қамтамасыз етеді: орындалу толымдығы, тексеру комиссиясының ұсынымдары мен тапсырмаларын бақылаудан алу уақтылығы және негізділігі бағаланады. Сапаны бақылау нәтижелері – мемлекеттік аудиторлардың қызметін тоқсан сайын ішкі бағалау көрсеткіштерінің бірі. Сондай-ақ, тексеру комиссиясымен қосымша критерийлер әзірленді және мемлекеттік аудит топтарының басшыларының жұмыстарын бағалау үшін қолданылуда. Аудиторлық іс-шаралардың сапасын бақылау «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Аудит мағлұматтарының сапасын бақылау неғұрлым толық әрі жан-жақты жүргізілсе, соғұрлым аудит тиімді бола түседі. «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ.

Қарағандылықтарды қай өндіруші таң қалдырады? өндірушілерді барынша қолдайды, инвесторлармен байланыстырып, жобалардың қаржылануына атсалысады. Ал «Қазақстанның үздік тауары» осы өндірушілерді тұтынушыларына таныстыратын бірден-бір шара. Осы байқау арқылы біз «Қарағандыда жасалған» тауарларды кеңінен жарнамалауды, насихаттауды көздейміз. Уақыт өткен сайын тұтынушылардың да талабы күшейіп келеді, сондықтан жергілікті өндірушілер өнімдерінің сапасын арттыруда. Оны тұтынушылардың өздері де байқап жүр», – деп атап өтті Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов. Биылғы конкурста бірқатар жаңа қатысушы өз өнімін таныстырмақ. Олардың бірі – Шахтинскіден келген сұйық май өндіруші «Восток» шаруа қожалығы. Ашылғанына бірнеше жыл болған кәсіпорын кезінде Индустриализация картасына кірген еді, қазірде табысты қызметін жүргізуде.

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Сәрсенбі күні ҚарМТУ-дың энергетика, автоматика және телебайланыс факультетінде «ҚарМТУ– Мицубиши – Электрик – Казпромавтоматика» оқу орталығы ашылды.

7

засында өндірістік компаниялармен бірлікте ашу бәсекеге қабілетті шынайы маман-инженерлерді дайындап, өлкеміздің кадрлар мәселесін шешуге тікелей ықпал етеді», – деді. Аталмыш Оқу орталығы «Mitsubishi Electric» ұсынған әлемдік стандарттарға сай құрылғылармен жабдықталған. Онда өндірістік машиналарды ұзақтан, тіпті, мобильдік телефон арқылы басқару бағдарламаларын жасайтын құрылғылар, бақылаушы құрылғылар, оператор панелі, қондырғылардың жұмыс істеу жиілігін бақылау құралдары, сондай-ақ, жиілігі жоғары тоқпен жұмыс істейтін өндірістік құрылғылар мен роботтардың жұмысын бақылау және өзгерту

«Айза» ЖШС – өңіріміздегі ең тәтті балмұздақты өндіруші, олар биыл жаңа өнімдерін таныстырмақ. Егіндібұлақ ауданынан келетін Өмірзақ Көпсаттаров болса табиғи өнімнен жасап шығаратын ет жартыфабрикаттарын ұсынады. Әлия Жұматаева – аспа саңырауқұлақтар өндіретін абайлық кәсіпкер. Кәсібін бастағанына көп бола қоймаса да, жергілікті ғана емес, астаналық нарықты сапалы өнімімен жаулап алып үлгерді. Көрмеге келуші қарағандылықтар биыл бөтелкедегі ауызсу өндіретін жас екі компаниямен – AQUALUXE және Ақ бұлақ БОВ кәсіпорындарымен танысады. Олардың шығаратын суы басқалардан несімен жақсы екенін қонақтар өздері бағасын бере алады. Сонымен қатар, Шет ауданы, Сәтбаев, Шахтинск, Балқаш және Қарағанды қалаларының бірнеше кәсіпорындары жеңіл өнеркәсіп тауарларын ұсынады. Тек қана киім-

процестерін қадағалайтын сервопривод бар. «Казпромавтоматика» техникалық директоры, университет түлегі Дмитрий Лепехов бұл туралы: «Біздің «Mitsubishi Electric» компаниясы ҚарМТУ-мен 13 жыл бойы қарым-қатынас жасаған. Жапондық концернмен еліміздің өндіріс орындарына түрлі автоматтандырылған құрылғыларды енгізу жобалары бойынша ұзақ уақыт жұмыс жасасақ, техникалық университет біз үшін жоғары дәрежелі мамандар дайындап беретін цехқа айналды. Бүгінгі таңда компанияда жұмыс жасайтын мамандардың 90 пайызы – ҚарМТУ-дың түлектері. Оқу орталығының бір бөлігін ҚарМТУ-да ашуға қолдау көрсетудің бір себебі де осы. Өйткені, біз тек Қазақстанда ғана емес, ТМД және шетел мемлекеттерінде де жұмыс жасаймыз. Аталмыш орталық сапалы мамандарды өндіріс пен ЖОО бірлесе отырып дайындауға септігін тигізеді деп ойлаймыз», – деді.

кешек емес, үй текстилінің алуан түрі – төсек орын, көрпеше, дастарқан, төсеніштерді тамашалауға болады. Бұдан бөлек қарағандылық өндірушілер тәтті-дәмді өнімдердің көптеген түрін таныстырады – торттар, нан, сүт, еттен жасалған дайын өнімдер, сондай-ақ, көкөністерді тек дәмін татып қана қоймай, өндірушінің өз бағасына сатып алуға да болады. Айта кетейік, «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Ал 2015 жылдан бастан байқауға жеке кәсіпкерлер де қатыса алады. Конкурс өткізіле бастаған уақыттан бері оған 5500 компания қатысқан, ал қарағандылық өндірушілер республикалық деңгейде үнемі биіктен көрініп келеді. Тағы бір ескерерлігі, негізгі номинациялардан бөлек аймағымыздың қоғамдық ұйымдары, ассоциациялар мен бизнес-қауымдастықтар қосымша 8 номинация бойынша марапаттау әзірлеп қойды.

Жалпы, ҚарМТУ-да ашылған оқу орталығы білім беру зертханасының бір бөлігі ғана. Қаладағы «Казпромавтоматика» компаниясы базасында орталықтың екінші құрамдас бөлігі ашылғанын айта кеткен жөн. Енді ЖОО-ның білім алушылары теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, нақты өндірістік ортада сынап көру үшін екі жақтың да оқу орталығын еркін қолданады. Бұл университет үшін мамандарды тәжірибелік ортада дайындауға мүмкіндік берсе, компанияға сапалы кадрларды студент кезінен іріктеуге тиімді. Орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан жапон концернінің бас директоры Хироши Фурута кездесу барысында университеттегі маман даярлау шарттарымен танысып, өзінің ресми өкілі «Казпромавтоматика» компаниясы арқылы университетпен үшжақты серіктестікте жұмыс жасауын жалғастыра беретіндігін мәлімдеді.


8

Бейсенбі, 29 маусым, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән берді. Онда: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» деді.

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК

МЕРЕКЕ ШУАҒЫ Адам баласының табиғаты рухани қажеттілігін қанағаттандырып, жан дүниесіне ләззат сыйлайтын кітап әлеміне асығып тұратыны белгілі. Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі 27-ықшам ауданында орналасқан «орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» №11кітапхана филиалы қазір шамамен екі мыңдай тұрғынға қызмет көрсетеді. Маңайда тұратын кітапқұмар, көзі ашық, көкірегі ояу талай оқырманның сүйікті мекені. Мұндағы кітап қоры бай. 15500 дананы құрайды және жыл сайын жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. Оқу залында түрлі анықтамалық басылымдар, энциклопедиялар, сөздіктер, қазақстандық және әлемдік басылымдар да бар. Кітапхана ішінде жоғары талғаммен безендірілген кітап көрмелері келушілердің қосымша

жерін, тілін құрметтейтін азамат етіп тәрбиелеуде кітапханада өтіп жатқан шаралардың орны ерекше. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында «Қазыналы, бай өлке – Қарағанды», дара дарын иесі А.Сейдімбектің туғанына 75 жыл толуына орай «Арқаның алтын сандығы» атты ток-шоу, ҚР Рәміздерінің 25 жылдығына орай «Рухты асқақтатар рәміздер» сияқты іс-шаралар келушілердің ойына ой қосса керек. Осы ретте іс-шаралардың заманауи материалдармен жабдықталуына, келушілердің қызығушылығын оятуға үлес қосып келе жатқан кітапхана меңгерушісі А.Ыдырысова және кітап­ханашылар А.Кенжеғалиева мен Г.Әбе­кеновалардың еңбегін айрықша

«Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан»

мәліметтер алуына көмек көрсетуде. «Қазақстан – байтақ өлкем, кең арнам», «Сарыарқа төсінде қанат жайған Қарағанды», «Діни экстремизм – қатерлі құбылыс», «ЭКСПО 2017 – Қазақстанның болашағы», «Алаштың Ақселеуі», Қаздауысты Қазыбек бидің туғанына 350 жыл толуына арналған «Ұлт рухының кемеңгері» сияқты көпшілік шаралар оқырмандар назарында. Болашақ ұрпақтың бойына кітап­ қа деген махаббатты сіңіруде кітапхана ұжымының жасап келе жатқан еңбегі ұшан-теңіз дегім келеді. Қазір біз «жастар кітап оқымайды» дейміз. Жастардың кітапқа қызығушылығын арттыру үшін біз, үлкендер, өзіміз үлгі болуымыз керек. Көпшілік арасында кітапқұмарлар көбейіп келеді. Біраз уақыт ақпараттың басқа түрлеріне бұрылып кетіп, қасиетті кітапты шетке ысырған қалың оқырман қазір рухани қазынаны кітап парақтарынан қайта іздей бастағандай. Арасында үлкеннен ұлағат көрген жастар да баршылық. Ал, жас ұрпақтың кітапқа құмарлығын арттырып, оларды халқымыздың асыл қазынасын, салт-дәстүрін сүйетін, елін,

«Әркімге өз ауылы – Мысыр шаһары!» дейді қазақ. Иә, солай... «Ауыл, қазақ – бір ұғым, Терең тарих – өткенің. Ауыл – асқақ тұғырым, Өркені өскен Өспенім» ғой біздер, өспендіктер үшін. Қазақ қоғамы сонау ат үстінде өмір сүрген көшпелі заманда ауыл болып, туыстуған болып, бір қырда немесе бір қуыста орныққан. Өлкедегі ескі көң орындарын байқасақ, мал қыстатуға өте ыңғайлы, қар алмайтын, мал (жылқы, қой) тұяғының тепкісіне оңай жерлерге орныққан. «Қағыл төбе», «Әлінің жалы», «Ебентай ашасы» деген топонимдер соған дәлел. «Ат сатсаң ауылыңмен» деген қазаққа жақсылық хабарды «сүйіншілеп», қауіп болса «аттандап» жеткізіп, даланың жаяу поштасы, мал, жан амандығын ұялы телефонсыз-ақ уақытында жеткізіп тұрған ғой. «Үлкен үй», «отау үй», «үлкен ауыл», «кіші ауыл» ұғымдарын бойына сіңірген дала қазағының субардинациясы берік екен сол заманда. Зейтін Ақышевтың «Жаяу Мұса» романынан есте қалғанын мысалға келтірсем, «Жаяу Мұса» атануына Мұсаның өзі кінәлі екен, Баянауыл дуаны басшысы ауылының үстінен айғайлап өлең айтып өту қазақ этикасына жат, мазақ қылған болып саналады (облыс әкімдігіне айғайлап кірмек түгілі, маңына барсаң күзет тұр ғой). «Шорманның Мұстафасы атымды алып, Атандым сол себептен Жаяу Мұса» дегенге, кедейге қиянат қылған байды жамандап, кіналадық, кедейлер құрған кеңес өкіметі кезінде. Айтпағымыз – ұлттық сана ауылда қалыптасып, ұлттық үрдіс ауылда сақталады. Ахаң (Ақселеу Сейдімбек) тілімен айтқанда, көшпенділер мәдениеті адамзат тарихында орны бар мәдениет. Кеңес дәуірі коллективтендіру, ірілендіру науқандарымен колхоз, совхоз құрып, қазақы ауылдарды өркендетті. Орта мектеп, аурухана, мәдениет үйі, көтерме жолдар, МТМ, МТОР сияқты кешендер сонда пайда болды. Қазіргі ел санасындағы ауылдың

атап өткен жөн. Олар ұйымдастырған түрлі кездесу кештері, тақырыптық шаралар, сауалнамалар мен пікірсайыстар оқырмандар көңілінен шығады. Өйткені кітап­ханашылар – заманға сай ақпараттық технологияларды меңгерген, жоғары білімді және мәдениетті, қазіргі замандағы ақпараттық даму көшінен қалмайтын жігірлі де елжанды адамдар. Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев «Болашақ – білімді ұрпақ қолында» деп атап көрсеткеніндей, мемлекетіміздің өркениетті даму деңгейіне жетуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан кітап­ хана – талайларды білім нәрімен сусындатқан рухани қазына орталығы. Еліміздің тағдыры өсіп келе жатқан ұрпақтың біліктілігі мен тәрбиелілігіне байланысты десек, аталған кітапхана заман талабына сай білім мен ғылымның, шығармашылық және мәдени дамудың жетістіктерін насихаттауда ел игілігіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан мәдени ошақ деп сеніммен айта аламыз. Күлзада ТӨЛЕП, кітапхана оқырманы.

Жезқазған қаласындағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ардагер журналистер қауымы өздерінің төл мерекелері қарсаңында «Алтын сарай» мейрамханасында бас қосты. Қалам иелеріне қапысыз құрмет көрсету рәсімінің ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қала әкімдігі, қалалық ішкі саясат бөлімі және «Мейірімді жүрек» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды.

Іс-шара барысында ел құлағын елеңдетер жаңалықтарды жалпы жұртшылыққа жария етіп, қоғамның көкейкесті мәселелерін көтеруге кәсіби тұрғыда машықтанған жандарға лайықты құрмет көрсетілді. Ұйымдастырушы тарап, әсіресе, ардагер журналистерге айрықша ықылас танытты. Төрге оздырып, құшақтарын гүлге толтырды. Мерзімді баспасөз құралдары мен «Дидар» телеарнасының қызметкерлерін құттықтаушылар мен сый-сияпат ұсынушылар қатарында қала әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова, қалалық мәслихаттың хатшысы Советбек Медебаев, «Нұр Отан» партия­ сы Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Қаженова, «Нұр Отан» партиясының «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов, қалалық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләззат Ранова, қалалық прокуратура, қалалық ішкі істер басқармасы өкілдері және басқалары болды. Олардың

Бүгінгі Өспен басым бөлігі осы елді мекендер. Ал, біздің ауыл іргесі сонау 1847 жылы Петропавл көпесі Никон Ушаков жер иесі Боздақұлы Қарабақсыдан «Әулиетас» аталатын бір төбені 86 күміс теңгеге сатып алып, мыс кенін өндіре бастаған кезден қаланған. Орыс, ағылшын, француз конциссионерлері иелік еткен мыс кенішінде орыс-қазақ ұлтының өкілдері қара жұмысқа жегілген. Сол заманнан бастап Арқаның бір нүктесі – біздің Өспенде Еуропа мен Азия мәдениеті араласа өмір сүрген. Нілді зауыты аталатын жұмысшы поселкасында христиандар шіркеуі, мұсылмандар мешіті қатар тұрған. Біз көргенде мешіттің орны ғана болды. Ал шіркеу үйінде поссоветтің конторасы, кітапхана болғанын білеміз. Әкем: «Анау поссоветтің шатырының ортасындағы шығып тұрған тұрба темірді көрдің бе, соның үстінде крест болған баяғыда» деп көрсетіп еді. Қыр астында «Комерон» аталатын су көзі

поселканы тұнба сумен қамтамасыз етіп тұрды. Тоғыз жолдың торабындай «Нілді» станциясынан бір шеті Ресей, бір шеті Орта Азия елдеріне баратын пойызға отыра бересің. Сонау ХХ ғасырдың орта шенінен бастап рудник тұрақты электр қуатымен жабдықталған

әрқайсысы «Дидар» телеарнасының білікті мамандарын, «Сарыарқа», «Жезказганский вестник», «Мысты өңір», «Подробности», «Наше время» газеттері мен «Ұлытау және ұлт» тарихи-танымдық журналын жарыққа шығарушы майталмандарды ақжарыла құттықтап, мерекелік тарту-таралғы жасады. Құрмет пен қошеметтен Жезқазған-Ұлытау аймағында еңбек ететін республикалық және облыстық басылымдардың меншікті тілшілері де құр қалмады. Қоғамның дамуына қосқан қомақты үлесі мен жеке шығармашылық жетістіктері үшін бір шоғыр журналист қала әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталса, біршамасына Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. Басқосу барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай, арнайы бекітілген Ереже талаптары негізінде қала әкімінің сыйлығы үшін түрлі аталымдар бойынша жарияланған байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаз-

«Электроцех» аталатын үлкен ғимаратта «Варгтинтон» атты үш америкалық дизель үздіксіз гүрсілдеп тұратын. «Металлург» аталатын стадионда спорттың футбол, волейбол, теннис, штанга, городки сияқты түрлерінен жарыстар, үйірмелер жұмыс істейтін. Клубта күндіз балаларға, кешке үлкендерге фильмдер қойылып, жаз айларында Қарағанды драма театры, Жаңаарқа халық театры келіп, спектакльдер мен концерттер беріп, гострольдік сапарлар жасайтын. Мың бала екі ауысыммен және кешкі мектептің үлкендері сыятын Успен орта мектебі қандай керемет еді. Орыс, қазақ, шешен, неміс ұлттарының балалары араласқан аралас мектептің мұғалімдер корпусының білім деңгейі өте жоғары болған. Жер ауып келген ленинградтық профессор Горевский, латыш Бразаускас, алтай Тодышев пен Тютчева, неміс Битвильвская сияқты ұстаздардан тәлім алған түлектер Ресейдің ішкі аймақтарында, ел ішінде үлкен қызметтер тізгігінін ұстады. Кешегі Өспен

дарға тиесілі марапаттары табыс етілді. Жүзден жүйрік озған байқаудың «Үздік телебағдарлама» аталымында «Дидар» телеарнасының бас инженері Аян Мұхаметшин жеңімпаз болып танылса, «Насихат» аталымы бойынша облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің меншікті тілшісі Валентин Шипуновтың бағы жанды. «Ұлытау және ұлт» журналының ұжымы «Туған жер жаршысы» аталымында ат оздырды. Сонымен қатар, «Біздің қала» аталымы аясында «Наше время» газетінің бас редакторы Найля Чуйкинаның мерейі үстем түсіп, «Ең үздік мақала: еңбек адамын насихаттау» аталымында «Сарыарқа» газетінің тілшісі Диана Оразалина озық шықты. Ал, «Келбет» аталымының жүлдесі «Жезказганский вестник» басылымының фототілшісі Виктор Шавнев пен «Подробности» газетінің безендіруші-беттеушісі Сергей Веденякиннің еншісіне тиді. Аталған байқауға тартымды материалдар ұсынғаны үшін «Мысты өңір» газетінің корректоры Күлбағдат Қасымова мен «Сарыарқа» газетінің фототілшісі Ғалия Әбдіғаппарова қала әкімінің Алғыс хатын алып, ынталандыру сыйлығын иеленді. Әсерлі басқосуды №6 балабақша тәрбиеленушілері оқыған тәп-тәтті тақпақтар мен Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы әртістері әуелеткен әсем әндер одан әрі әрлей түсті. ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы. Суретті түсірген Ғ.ӘБДІҒАППАРОВА.

Нілді тауының қуысында орналасқан саябақта шахтерлер демалатын профилакторий, жаз айларында пионер лагері үкімет (Кеңес) құлағанша жұмыс істеп тұрды. Әр жыл сайын «Парктің ашылуы», «Металлургтер күні» сияқты мейрамдар сонда тойланатын, гүлмен көмкерілген жолмен көтерілгенде би алаңы, ашық концерттік алаң, фонтан, арнайы демалыс күркелері, киосктер халықтың мәдени қажеттілігін толығымен өтейтін. Ал үш қабатты ғимарат пен төбесінде күнге қыздырынатын солярий сол кезде бізде ғана болған шығар. Сол саябақтың пайда болуына басшылық жасаған Яков Филлипович Гущин атты орыс екенін әркім біле де бермейді. Иә, балалық шақты сағынышпен еске алу тәтті қиял екенін әркім сезінер, мен де. Алпысыншы жылдары 5 мың тұрғыны болған мекенде, 80 жылдары 25 мың, қазір де мыңға жетеқабыл ғана халық тұрамыз. Бірақ, Өспен ауылдық округіне Еркіндік, Айса, Айғыржал ауылдары да кіреді. Керек десек, Ағадыр да бір заманда Успеннен бөлініп шыққаны бар. Бала Сәкен табанының табы қалған, балғын Димаш (Қонаев) өндірістік тәжірибе алған, ғалым Қаныш (Сәтбаев) зерттеп тәнті болған, әкім Әнгел (Әлиханов) тәлім алған ауылды ұлықтының ұясы, Арқа тарихының қиясы деуімізге толық хақымыз бар. Ұлықтайтын шақ келді, ұлылықтың ұясын! Бүгінгі күн – Успен руднигіне 170 жыл! Тәубе, ол алыптардың ізбасарлары да, соңында үкілі үмітті жастар да баршылық. «Өспен» атты ұялы бәйтеректен ұшқан түлектер шартараптан хабарласып, үлес қоспақ ойларын білдіріп, қуантып жатқан жай бар (87013148579, 87779480627). Сіз де қалыс қалмаңыз жүрегі «ауылым – алтын тұғырым» деп соғатын Өспеннің әр ұланы, сіздерге құлаққағыс бұл жазбамыз. Файзулла НҰРЖАНОВ.

Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 43-21-55; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­ дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­ дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Таралымы 18 100 дана №71 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 4 баспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Жарнама бөлімі: ortalyk.reklama@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Жәнібек ӘЛИМАН КОРРЕКТОРЛАР 1,3,4,6 – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 2,5,7,8 – Ж.АХМЕТОВА

29.06.2017  

Advertisement