Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті ♦ СЕНБІ, 29 ҚАЗАН, 2016 жыл №176 (22 281) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Ертең – Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің күні

Баспасөз мәслихаты

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, «Орталық Қазақстан» Құраннан кейінгі қастерлі болуы керек құжат – Ата Заңымызда мемлекеттің «ең қымбат қазынасы – адам» дейді. Яғни, мемлекет - өзінде түтін түтетіп отырған әрбір азаматына тікелей жауапты. Олай болса, санаулы ғана әлеуметін шашау шығаруға хақысы жоқ. Сондықтан да, мемлекеттік саясаттағы басым бағыттың бірі, әлде бірегейі – әлеуметтің әл-ауқаты болуы тиіс. Дүние есігін ашқан қызылшақасынан белі бүкшиген қариясына дейін мемлекет қалқандай қорғанға айналуы қажет. Бұл үдеден біздің билік шығып жүр ме?

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан» Адам бақытты болуы үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды. Ал, енді, Алланың жазуымен мүгедек болып қалғандарға аялы қамқорлық керек-ақ. Тағдырдың жазуына қарсылық көрсете алмайсың, дегенмен бір-бірімізге деген мейірім шуағы төгіліп тұруы керек-ақ. Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы А.Сағымбеков Балқаш қаласында болып, мүгедектердің жай-

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті мен теміртаулық Қайрымдылық үйі арасындағы өзара ынтымақтастық осыдан 10 жыл бұрын бастау алған. Әлеуметтік сала қызметкерлері күні қарсаңында ЖОО студенттері жалғызбасты қарт жандарға концерттік бағдарлама және сыйлықтар әзірлеп, аталған үйге арнайы барды. ҚМИУ-дың еріктілер қозғалысын басқарушы, болашақ химик, 1 курс студенті Айгерім Әбілқасымова айтқандай, университеттің оқытушылары мен студенттері жыл сайын қайырымдылық шарасын ұйымдастырады. Олар қаржылай көмекпен

күйімен танысты. Негізгі мақсат – олардың өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтеріп, мемлекет беріп отырған мүмкіндікті, қамқорлықты барынша жетілдіре түсу. Мүгедектердің қоғамдық өмірге белсене араласа отырып, өмірден өз орнын табуы, жұмыспен қамтылуы, тәлімтәрбие беру мәселелері ортаға салынды. Іс-шара мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлініп отырғандығын көрсетті.

БАЛҚАШ қаласы.

Қолда бар ресми мәліметтерге жүгінсек, жергілікті атқарушы ұйымдар бағыт-бағдар етіп ұстанған бағдарламалар арқылы әлеуметтің әлауқатын арттыруға тырысып-ақ келеді екен. Баршаға мәлім, бүгінде елімізде көпшіліктің тұрмыс-тіршілігін түзетуге негізделген мемлекеттік бағдарламалар баршылық. Жылдар бойы желісін үзген жоқ. Жаңылмасақ, қазірдің өзінде Қарағанды облысында әлеумет үшін жиырмаға жуық бағдарламалар қолданыста. Әр салада алуандығымен көрініс тауып отырған олардың түптің-түбінде діттегені – бұқараның ахуалын жақсарту. Облыстың әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру және жұмыспен қамту басқармасының сайтында жарияланған деректер аймақтағы әлеуметтің әл-ауқатынан хабар береді. Күн көрістің көзі – жұмыспен қамтылуда екенін ескерсек, бұл орайда басқарма деректеріне көңіл көншитіндей екен. Мәселен, биылғы тоғыз айда Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарының аясында жұмыспен қамту шарасымен 44163 адам қамтылған көрінеді. Ал, биылғы жылдың жоспары 39 886 адам. Сонымен қатар, жоғарыда атап өткен, мемлекеттік және үкіметтік, өңірді дамыту бағдарламалары арқылы жобаларға 2332 адам жұмысқа орналасқан. Әлеуметтік жұмыс орындарына – 1169 адам, жастар тәжірибесіне жолдама алған жас – 1016. Мұнда жылдық жоспар 755 түлекті құрайды. Бұдан бөлек, кәсіптік оқуға 1350 адам жіберіліп, 504 тұлғаға кәсібін ашу үшін шағын несие берілген.

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Шахтинск қаласында «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында атқарылған шаралар аз емес. Аймақ экономикасын қарқынды дамытуда және халықтың әл-ауқатын арттыруда нақты бағыттар қолға ал­ынған.

Бір кездері бұқара мемлекеттің өзі үшін қандай қарекет қылып отырғанынан бейхабар-тын. Қандай бағдарлама, нендей қадамдар жасалуда? Ол жағынан таза мақұрым еді. БАҚ құралдарында бұл мәселенің жіті көтерілуінің салдарынан осы күні көпшілік мемлекеттік бағдарламалар туралы аз-кем құлағдар. Соған орай әрекет жасауға көшті. Сондай бағдарламаның бірі – «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы. Дағдарыстың алғашқы толқынында пайда болған бағдарлама жыл өткен сайын өзінің тиімділігін көрсетті. «Биыл аталған бағдарламаны іске асыруға 10 млрд. 186 млн. теңге, оның ішінде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 577 млн. теңге бөлінді» дейді облыстың құзыретті ұйымы. Үш бағыттағы бағдарлама бұл күні талайға несібе болғаны жасырын

емес. Айталық, «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағытына 6969 млн. теңге тиесілі. 16 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысына және 587 инфрақұрылымдық жобаларда 5414 жұмыс орнын құру жоспарланған. Нәтижесінде, 196 инфрақұрылымдық жоба бастау алып, онда 2634 жұмыс орны құрылған. «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту» екінші бағыты бойынша 554 Бағдарлама қатысушысына 1 661,4 млн. теңге сомасына шағын несие беру көзделген. Бүгінгі таңда 1268 млн. теңге сомасына 485 шағын несие берілген. Сондай-ақ, өткен жылдары шағын несие алушылардың мерзімінен бұрын қайтарылған қаржысы

есебінен 49,5 млн. теңге сомасына 19 тұлға шағын несиемен қамтылған. «Жұмыс беруші қажеттілігінің аясында оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағытына 562 млн. теңге бөлініпті. Сөйтіп, «Еңбек нарығындағы белсенді саясаттың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 0,2% пайызға төмендегені байқалады» дейді ресми мәліметтер. Көптен қорықпаған бұқарадан безініп тынады. Қымбат қазынасы – адамына қырын қарамаған билік – есті билік. Бірақ, «құм жиылып, тас болмайтыны, құл жиылып, би болмайтыны» секілді, кедей-кепшік жиылып, ел болмайтынын да ескерген абзал әманда.

ұшын беру арқылы біз дамыған азаматтық қоғамды қалыптастырамыз. Мұндай акциялар, тек, қарт адамдарға ғана емес, өсіп келе жатқан жастарға да қажет. Жастар, өздері есейген сайын, ата-аналарының ал-

дындағы жауапкершілікті де сезінуі керек, – дейді мейірбикелік күту ауруханасының директоры Олег Куринной.

Сурет ғаламтордан алынды.

Қам көңілге – перзенттік пейілмен бірге, жылы киімдер жинайды. Шырын сусындарын, жеміс-жидек, тәттілер және диабет ауруымен аурыратын қарттарға арнайы тағамдарды сатып алады. Осылайша, қарт адамдарға шын жүректен қамқорлық жасайды. Өздерінің ән-күйлері, билерімен қарттардың көңілдерін көтереді. Қазіргі күні бұл үйді елу үш қарт паналайды. Ең жасы жетпісті алқым-

даса, алды 95 жасқа келген екен. Концерттік бағдарлама барысында 1 курс студенті Мақсат Жұмақанмен бірге, қамкөңіл жандар өздерінің сүйікті әндері «Смуглянканы» және «Катюшаны» қосыла шырқады. Сондай-ақ, болашақ металлург, химик, құрылысшылар – Руслан Қуанышбаев, Айгерим Әбілқасымова, Аида Сапар және Римма Таңатова да өнерлерін

паш етіп, қарттардың батасын алды. Мейірбикелік күту ауруханасына келу студенттерге әрқашан ерекше әсер етеді. Кейбірінің көңілі босайды. Айналасындағы үлкендерге, өздерінің ата-әжелеріне, тіпті, бейтаныс қарттарға мейірімділікпен қарауға, қамқорлық жасауға себепші болады. – Халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтары бар. Оларға қол

Баспасөз – 2017

Қалалар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 4942, 50 тг., 1 жылға – 9885, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2752, 50 тг., 1 жылға – 5505, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2452,50 тг., 1 жылға – 4905,00 тг.

«Қазпочта» АҚ Индексі: 65484

газетіне жазылу жүріп жатыр

ТЕМІРТАУ қаласы.

Ауылдар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 5085, 00 тг., 1 жылға – 10170, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2865, 00 тг., 1 жылға – 5730, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2625,00 тг., 1 жылға – 5250,00 тг.

Газет редакциясында басылымға баспа құны (жеткізіп берусіз) бойынша баламалы түрде жазылу жүргізіледі. Анықтама телефоны: 43-57-78

Бейсенбі күні Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов аймақтық коммуникациялар алаңында өткен брифингке қатысты. 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Алдымен, аймақтың қысқа дайындығын тілге тиек етіп, жылу қазандықтарының жұмысына тоқталды. Айта кеткен жөн, былтыр қыста Шахтинск қаласында жылу бірден 3 есеге қымбаттап, жеке сектордағы 350 үйдің тұрғыны бұрын шаршы метріне 80 теңге төлеп келсе, ол сома қаңтар айынан бастап 225 теңгеге көтерілген болатын. Жылу таратушы «Шахтинсктеплоэнерго» серіктестігінің бұл әрекетін сот орындары заңсыз деп таныды. Компания қазіргі таңда тарифті заңға сәйкес өсіру үшін тұрғындармен кездесулер өткізуде. Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі таңда Шахтинск қа­ла­сында тұрғын үйлер мен әлеуметтік мәдени-тұрмыстық ны­сандарды «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС жылумен қамтамасыз етіп отыр. Бұл ретте, Жаңадолинка, Долинка, Шахан елді мекендерін жылумен жабдықтау дербес автономды жылудың қайнар көзі арқылы жүзе асады. Биыл «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС ғимараттарында негізгі және қосалқы жабдықтың жөндеу жөніндегі жұмыстар көлемі жоспарланды. Желілер 100% ауыстырылды. Үш қазандық пен құбыр агрегаты жөндеуден өткізілген. – Әрбір қала тұрғыны жылу мөлшерін біліп отыру үшін үйіне есептегіш құрал орнатуы тиіс. Шахтинскідегі жеке сектор тұрғындары есептегіш құрал орнатса, жылу ақысын едәуір аз төлейді. Әкімдіктегілер Қарағанды қаласынан он шақты фирманың өкілдерін шақырып, тұрғындарға есептегіш құралдардың түр-түрін таныстырған. Келіспеген зейнеткерлер коммуналдық қызмет ақысын төлей алмаса, үкіметтен берілетін тұрғын үй жәрдемақысын алуына болады, – деді Сержан Жаңабекұлы. Сондай-ақ, қала басшысы моноқала бағдарламасымен 2 жоба жүзеге асырылуда екенін айтты. Құрылыс материалдарын өндіру бойынша жалпы сомасы 499 млн. теңгеге – «Еңбек – Қарағанды» РМК базасында «Қазстроймарт – 2050» ЖШС құру жоспарланған. 2017 жылы фин технологиясымен көкөніс өсіретін «GoGreen.kz» жылыжай кешені жобасын іске асырмақ. Сондай-ақ, өңірде экспортқа бағытталған өнімдер ұсынатын кәсіпорындардың жұмысы қарқынды. Бүгінгі таңда «AstanaPowerEnginering» ЖШС кәсіпорны Қырғызстан, Өзбекстан елінің нарығына ұн экспорттауды бастаған. Алдағы уақытта зергерлік әшекейлер шығаратын «TumarKZ» ЖК өнімдері және шұжық тағамдарын өндіретін «Апрель-Құлагер» ЖШС өнімдерін Ресей еліне эскпорттау жоспарланып отыр.

Жарнама бөлімінің телефоны мен электрондық поштасы:

91-04-52 ortalyk.reklama@mail.ru


2

Билік. Саясат. экономика

29 қазан, 2016 жыл www.ortalyq.kz

Облыстық сотта

Өңірлерді дамыту

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ жұмыс сапарымен Саран қаласына барды. Алдымен, «Горняк» шағын ауданындағы үш қабатты жалдамалы тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Қазіргі уақытта тұрғын үйдің инженерлікжарықтандыру жабдықтары, жылу жүйесі және ішкі жұмыстары жүргізілуде.

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Бейсенбі күні облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанна СЕЙДАЛИНАНЫҢ төрағалығымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау аясында азаматтық процессуалдық кодексті жүзеге асыру жылы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге заңнамалық тұлғалар, кәсіпкерлік өкілдері, облыстың нотариалдық палатасының төрағасы, банк, БАҚ өкілдері, судьялар, жоғары оқу орындарының өкілдері, адвокаттар қатысты. Шара барысында негізінен жаңа азаматтық процессуалдық кодекстің қолданылуы мен азаматтардың құқығын қорғау кезінде қаншалықты тиімді болғаны сөз болды. Сонымен бірге, сот алқасы мен процеске қатысушылар тәжірибесінде жаңа азаматтық процессуалдық заңнамалардың нормаларын қолдануда туындайтын сұрақтар талқыға түсті. Биылғы 1 қаңтардан бері өз күшіне енген тың кодекске қатысты ойлар ортаға салынды. – Жаңа процессуалдық кодекс ескі АПК кезінде орын алған көптеген қарама-қайшылықтарды ығыстырды. Менің ойымша, аталған процессуалдық кодексті күн сайын қолданатын сот алқасы үшін өзінің айтарлықтай жеңілдігін ала келді. Кейбір мәселе күн тәртібінен түсті. Ең бастысы – сот жүйесіне келген адамдар облыстық сотта неліктен екі инстанция барын түсінбей дал болатын. Сондықтан, азаматтық процессуалдық кодексті жобалау кезінде сот жүйесі құрылымын өзгертуді көздеген болатын. Сәйкесінше, азаматтық процессуалдық заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін, қатарласа өзге де заңнамалық актілерге өзгерту жасалды. Соның ішінде, «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі» туралы Заңға да түзетулер жасалды. Сөйтіп, теорияшылар мен тәжірибешілердің айтуынша сот жүйесі ақыры оңтайландырылған секілді. Қазіргі күні облыстық сотта жалғыз – апелляциялық инстанция ғана қалды. Кассациялық инстанция – жоғарғы сотқа берілді. Бұрын осы екі инстанция бір ғимаратта жұмыс жасады. Мекемеде бірыңғай облыстық соттың судьялары ғана болғанымен, жұмыстары әр түрлі еді. Әрине, қарапайым азамат үшін мұның мағынасын түсіну қиын болатын. Ал, енді, азаматтық процессуалдық кодексті қабылдай отырып, біз бұл жағдайды өзгерттік. Сондықтан, қазіргі сот жүйесі өмірлік талаптарға барынша жауап бере алады, – деді Жанна Сейдалина. Сонымен бірге, жаңа азаматтық процессуалдық кодекс сот ісін жүргізуді жеңілдетті. Яғни, оңтайландырылған жазба түріндегі сот ісін жүргізу пайда болды. Бұл – жазбаша түріндегі құжаттармен жұмыс. Оның артықшылығы неде? Айта кетейік, құжаттармен жұмыс жасағанда сотқа барудың, сот отырысына қатысудың қажеттілігі жоқ. Яғни, құжаттарды сотқа тапсырып, шығарылған шешімін ғана күтуге болады. Алайда, келіспеушілік болған жағдайда осы оңтайландырылған сот жұмысының да қайта қаралуы мүмкін. Сөйтіп, құжаттар сот отырысында қаралады. Азамттық процессуалдық кодексте өкілеттік институтын да өзгертуге тырысты. Бұдан былай жоғары заңгерлік білімі бар тұлға ғана өкіл бола алады. Шара барысында облыстық соттың судьялары Марат Азбанбаев пен Дмитрий Крюков, Абай аудандық №2 сотының судьясы Айгүл Бұлғақбаева, Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының судьясы Инна Демидова баяндама жасап, дөңгелек үстел тақырыбын тарқатуға тырысты.

Орақ-2016

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында қаланың өн­ дірістік кәсіпорны «Казметаллпласт» ЖШС-не ат басын тіреді. Жоғары сападағы фитингтер және қазіргі нарықта сұраныс жоғары су мен газға арналған жабдықтар, төмен қысымдағы желілерге тартылатын кәрізбен телекоммуникацияға тиімді по­ лиэтелендік құбырлар, болат фланецтер дайындайтын кә­ сіпорынның жұмысын көрді. Сондай-ақ, "Саран тігін және тоқыма фабрикасы "GALEX PLUS" жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінде де болды. Бір айта кетері, 1956 жылы алғашқы өнімі ұсынылған фабрика бүгінгі күнге дейін түрлі жұмыс киімдерін тігуде талаптың үдесінен шығып келеді. Жұмыс сапарынан кейін жиналыс өткізген Асылбек Дүй­ себаев қаланың 9 айдағы даму көрсеткіші мен бюджетін және проблемалық мәселелерді тал­ қылады. Жиын соңында Асыл­ бек Жексенбайұлы «Горняк» шағын ауданындағы үш қа­ батты жалдамалы тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға қосым­ша қаржы қарастыру үшін нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Қарттар мен ардагерлерге, мүгедек жандар мен асыраушысынан айырылған жеткіншектерге, басқадай да тағдырдың жазуымен қаріп болып қалған жандарға қолдау білдіру – аталған сала мамандарынан асқан мейірімділік пен төзімділікті қажет етеді. Адал ниетімен, ізгілік қасиетімен барлық ынта-жігерімен өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, өзекті мәселенің оң шешілуін қамтамасыз ету мақсатында аянбай еңбек етіп жүрген мейірбан жандардың еңбегі қоғамымызда ерекше бағаланады. Ел егемендігін алған сәттен бері Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғаудың ұлттық көп деңгейлі үлгісі қалыптасты, ол жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және қызметкерлердің арасында бөле отырып, базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесін және әлеуметтік көмекті қамтиды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған өзінің «Нұрлы Жолболашаққа бастар жол» атты Жолдауында ең басты міндеттердің бірі ретінде – әлеуметтік саясаттың жаңа принципі айқындалды. Сіздердің барлық күш-жігерлеріңіз ең алдымен, халықтың мұңмұқтажына толық жауап беретін және қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сай келетін әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталады. Бұл орайда Сіздер барынша аянбай еңбек етіп, мұқтаж жандардың игілігі үшін қызмет етіп келесіздер. Әлеуметтің әлеуетін жақсартып, оларға көрсетілер қызмет түрлерінің сапасын арттыра түсу бағытында мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Осыған орай, қаламыз бойынша тұрғындардың әлжуаз тобына әлеуметтік қолдау білдіру мақсатында екі мыңға жуық жалғызілікті мүгедек жандар мен зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі балаларға жүйелі түрде көмек көрсетіліп, нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, өздері қамқорлық көрсететін жандардың алғысына бөлене берулеріне және еңбектерінің жемісті болуына тілектеспіз. Отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілейміз! Н.Әубәкіров, Қарағанды қаласының әкімі. Қ.Бексұлтанов, қалалық мәслихаттың хатшысы.

Президент тапсырмасын орындай отырып....

Төтенше жағдайлар департаментінде

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ жұмыс сапарымен Абай ауданында болды.

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Биылғы жылы облыстағы дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектің шығымы былтырғыдан көш ілгері. Шахтинскіге қарасты шаруа қожалықтары мен саяжай бірлестіктерінің 2 мың гектар жерінен алынған өнімге қала тұрғындарының сұранысы артқан. Егістерінде түр-түрлі дәнді дақылдар саны көбейген. Жақында ғана шаруашылық алқабынан картоп, қырыққабат, қызылша, сәбіздің мол өнімі алынған. Сонымен қатар, базар сөрелерін түрлі жеміс-жидек пен көкөністер толтырған. Осы жылы 80 тонна пияз бен 40 тонна сарымсақ шаруалардың қоймасына түсіпті. Бір айта кетері, кейінгі жылдары қалада қияр мен қызанақ өсіру шаруашылығы жанданған. 800 тонна қияр, 400 тонна қызанақ жиналған. Айтулы салаға назар аударған мамандар алдағы уақыттарда шаруашылықтың ауқымын ұлғайтпақшы. ШАХТИНСК қаласы.

Жұмыс сапары барысында аймақ басшысының бірінші орынбасары биылғы жылы 45 орындық балабақша үшін қайта ұйымдастыру жоспарланған бұрынғы балалар санаториіндегі жұмыс барысымен танысты. Келесі кезекте – Школьная көшесі бойындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы болды. Жер телімдерін инженерліккоммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі – Абай ауданындағы өзекті мәселелердің бірі. Ұлттық қор мен Абай қаласының бюджеті есебінен 2 шақырымға тарта су құбыры желісі, 1,7 шақырым жылу желілері, 1,3 шақырымға электр желілері және 0,6 шақырым байланыс тартылуда. Абайлық ардагерлер мен шахтерлердің үндеуі арқылы Елбасының тапсырмасымен салынып жатқан жабық бассейн де сапар кезінде назардан тыс қалған жоқ. Жоба бойынша бір ауысымда 48 адамды қабылдау көзделуде. А.Дүйсебаев жауапты органдарға құрылысты келесі жылы аяқтау үшін қаржы қарастыруды тапсырды. Нысанда болған құрметті ардагер, Президентке жазылған хат авторларының бірі – Н.Дудкин облыс басшылығын өскелең ұрпақтың денсаулығына қамқорлығы мен әлеуметтік жобаларға қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Облыстың төтенше жағдайлар департаментінде эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылаған оқу-әдістемелік жиын өтті.

– Жабық бассейн Абайлықтар үшін тамаша сый болмақ. Жасына да, жасампазына да қай жағынан болсын пайдалы болатын судағы жаттығулар дені сау ұрпақтың өсуіне, сол ұрпаққа өнеге көрсетер үлкеннің денсаулығын жақсартуға да әсері болатыны анық, - дейді ардагер. Жұмыс сапары соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары жергілікті ұйым басшыларымен кеңес өткізді. Кеңес барысында жоспардағы құрылыс

нысандарының әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олардағы жұмыстарды назардан тыс қалдырмауды басты назарда ұстау керектігін айтты. Нақты тапсырмалар беріп, Абай ауданының автожолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу мен орталық саябақты қайта жаңғырту үшін мақсатты трансферт қарастыруды жүктеді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев басшылық етті. Оған облыстық және өңірлік эвакуациялық комиссиялар, эвакуация жағдайында адамдарды қабылдайтын бекеттердің өкілдері қатысты. Бірінші бөлім – теориялық бөлім. Мұнда қатысушыларға өкілетті тұлғалардың тұрғындарды эвакуациялау жағдайындағы міндеттері жайлы айтылды. Ал, тәжірибелік бөлім Кеншілер мәдениет сарайында жалғасын тапты. Бұл бөлімде эвакуациялық бекетті ұйымдастыру және адамдарды қауіпсіз аймаққа жөнелту бойынша жаттығулар өткізілді. Сондай-ақ, Шахтинск технологиялық колледжінде, Абай атындағы №14 орта мектепте эвакуациялық қабылдау бекеттерін күшейту бойынша іс-шаралар жалғасты. Оқу-әдістемелік жиын қорытындысы бойынша қатысушылардың іс-қимылына баға берілді. Облыс әкімінің орынбасары мәселе төңірегінде бірқатар міндеттерді нақтылап берді. Өз тілшімізден.

Құқық және біз Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» Қарағанды, Астана және Теміртау қалаларында қанатын кеңге жайған «Optovka» қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Октябрь ауданының прокуроры Азамат ТЛЕШЕВ мәлімдеді. – 5 қазанда «ФинансОптоГрупп» ЖШС директоры Елена Колесниковаға қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бізге мәлім ақпарат бойынша пирамида басшылығы мен тұтынушылар арасында шамамен 4 мың келісім-шарт жасал-

ған. Мұның барлығын тексеру – өте ауқымды жұмыс, – деді Азамат Тлешев. Прокурордың айтуынша, төрт есепшот тексерілді. Жымқырылған ақша соның бірінде жатуы мүмкін. Сондайақ, айыпкерлер қаржысын шетелдік банктерде де жасыруы ғажап емес. Тергеу тобы «Optovkaның» Қарағанды және Астана қалаларындағы кеңселеріндегі құжаттарды қолдарына түсіріп үлгерді. Ал, Теміртаудағы кеңседен барлық қағаздар жойылып кетіпті. Әзірге

белгілісі, тек, Майқұдықтағы кеңседе құны 1 млрд. теңгені межелейтін 2 мың келісімшартқа қол қойылған. Қаржы пирамидасының жетекшісі Елена Колесникова жұрттан жиналған қаржыны кәсіпкерлікке, ғимараттарды жөндеу жұмыстарына, такси кәсібіне, нақты жобаларды жүзеге асыруға жұмсағанын айтуда. Бірақ, оның мұндай істермен айналысқанын айғақтайтын құжат жоқ, – дейді прокурор. Бүгінде айыпкердің заңды жалғыз мүлкі – «Lexus» көлігі тәркіленді. Айыпкердің

басыбайлы баспанасы да болмаған екен. Ұзақ уақыт бойы жалдамалы пәтерде тұрып келген. Ал, қаржы пирамидасының шырмауына түскен қарапайым халық құқық қорғау органдарынан кәсіпкерді босатуды талап етуде. – Пирамидаға ақша салған тұрғындар кәсіпкерді босатса, ақшалары қайтарылады деп ойлайды. Олай болмайтыны анық қой. Бізге 4 мың адамның 53-і ғана арыз түсірді. Халық түсінуі қажет, бұл қылмыстық іс қандай жағдай болса да,

тоқтатылмайды, – деді өз сөзінде прокурор. Бүгінгі таңда пирамида жетекшісі

Октябрь аудандық сотының 18 қазандағы қаулысымен екі ай мерзімге қамауға алынды.


қоғам

29 қазан, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Көрменің басталуына

224

күн қалды

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» «ЭКСПО-2017» ұйымдастырушы кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің Бразилия ұлттық секторының комиссары Золтир Чиапеттимен және Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Деметро Буэно Карвальомен кездесуі өтті. Кездесу барысында Ахметжан Есімов бразилиялық тарапты Көрмені дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы хабардар етті. «Дүйсенбі, 31 қазанда біз алғаш халықаралық павильондарды, сонымен қатар, пәтерлерді «ЭКСПО-ға» қатысушы мемлекеттерге табыстауды бастаймыз», – деп атап көрсетті ұлттық компания Басқармасының Төрағасы. Өз кезегінде Золтир Чиапетти жаңартылатын энергия көздері бойынша өз әзірлемелерін Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» көрмесінде көрсету мүмкіндігі үшін алғыс білдірді. «Біз үшін бұл өте маңызды оқиға, өйткені, Бразилияда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 73,5% шамасын құрайды. Бұл біздің болашақ энергиясы бойынша әзірлемелерімізді көрсету мүмкіндігі. Елде гидроэнергетика, жел, күн және басқа энергиялар өте дамыған. Біз осы Көрмеде сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырысамыз», – деп мәлімдеді Бразилия ұлттық секциясының комиссары. Кешегі күнге дейін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуды ресми түрде 105 ел растады, 101 ел өздерінің ұлттық комиссарларын тағайындады. Қазіргі мезетте компания экспозициялардың жобаларын қабылдауға кірісті. Сондай-ақ, «Астана ЭКСПО-2017» ұйымдастырушы кеңсесіне Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Томас Альфред Шеннон басқарған АҚШ делегациясы келді. Алдымен,

америкалық дипломаттар ЭКСПО павильондарын аралап шықты, кейіннен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті. «Мен кеше кешкісін Астанаға келген болатынмын. Бұл менің алғашқы ресми кездесуім, демек бұл біздің ниетімізді көрсеткен нақты жолдау деп ойлаймын. Біз «ЭКСПО-2017» қатысатын боламыз. Жаңа ғана АҚШ орналасатын павильонды көрдім. Тамаша ғимарат, таңғажайып павильон», – деді Томас Альфред Шеннон. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының орынбасары атап өткендей, «ЭКСПО» – Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың маңызды элементі ретінде қарастырылуда. Қазақстан үшін бұл жаһандық, оның ішінде, энергетика облысындағы ойыншы ретінде көрсететін үлкен мүмкіндік. Өз кезегінде, Ахметжан Есімов АҚШ Көрмеге қатысуының маңыздылығын атап өтті. «Биылдың өзінде мен 2 мәрте АҚШ-та болдым. Баламалы энергия көздерін пайдалану бойынша қаншалықты қарқынды жұмыс атқарылып жатқандығын білемін. Бұл жаңа технология мен заманауи ғылыми жасампаздарды дамыту бойынша алдыңғы қатарлы мемлекет», – деді ұлттық компания Басқарма төрағасы. Кездесу соңында АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу бойынша процедуралық мәселелерді мейлінше жылдам шешуге тырысатындығын айтты.

Футбол «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы компанияда салауатты өмір салтын дамытуға барынша қолдау көрсетуде. Қазіргі күні мұнай құбыршылардың арасында елішілік және халықаралық жарыстарда да топ жарып, жалпы Қазақстанның намысын қорғап жүрген спортшылар аз емес. Оған дәлел жақында Мәскеу қаласында «Табиғи ресурстар - 2016» кубогі үшін шағын футболдан өткен жарыста компанияның құрама командасының жүлделі екінші орын иеленуі. Халықаралық деңгейдегі доп додасынан дара шыққан мұнай құбыршы-футболшылардың бұл жеңісі жалпы еліміз үшін мақтан етерлік мәртебе. Жыл сайын Ресей Федерациясының мұнай-газ компаниялары шағын футболшыларының басын қосатын «Табиғи ресурстар - 2016» кубогі жарысына қазтрансойлдықтар алғаш рет қатысып отыр. Жарысты ұйымдастырушы «PinkovSportsProjects» компаниясының өкілі Руслан Катуардың айтуынша, олар ағымдағы жылы сексеннен астам түрлі деңгейдегі, әр сала бойынша шағын футбол турнирлерін өткізген. Мәселен бұған дейін Ресейдің медициналық кәсіпорындары командаларының турнирі мәреге жеткен. Ал табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, тасымалдау мен осы саладағы кәсіпорындарға қызмет көрсететін компаниялар арасындағы бұл жарыстың орны бөлек. Себебі аталмыш турнирге Ресейдің әлемге аты кеткен «Газпром», «Транснефть», «Halliburton», «ВНИПИнефть», «Роснефть», «Подзембургаз» секілді алпауыт компанияларының спортшылары қатысты. – Қазақстандық «ҚазТрансОйл» АҚ командасы біздің шақыртуымызды қабыл алып, халықаралық турнирге келгендері үлкен қуаныш. Бұл шағын футболдың мұнай-газ қызметкерлері арасында жоғары деңгейде дамығандығының белгісі және көрші елдегі компания басшылығының спортқа деген ыстық ықыласы деп білеміз. Жалпы, қазақстандық команда өте жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Сөздің шынын айтқанда, біз әріптестерімізден мұндай деңгейдегі ойын күткен жоқ едік. Алайда, жасыл алаңда мұнай құбыршылар өз ісінің шебері екендіктерін дәлелдеді. Чемпион болуға толықтай лайық команда, – дейді Руслан Катуар. Ф.Черенков атындағы «Спартак» академиясының алаңында өткен жарысқа қазтрансойлдықтар түпкілікті дайындалғаны бірден көзге ұрып тұрды. Құрама команда құрамына Шығыс филиалының тоғыз және батыс филиалының төрт қызметкері енген. Айта кету керек, сайдың тасындай жігіттер өздері еңбек ететін аймақтардағы шағын футбол клубтарында өнер көрсетеді, түрлі турнирлердің жеңімпаздары. Қазтрансойлдықтар бірінші өз тобында «ВНИПИнефть» компаниясының командасын 2-1 есебімен және «СвязТрансНефть»

Акция

футболшыларын 6-0 есебімен ұтты. Ал, ¼ ойынында «Роснефть-АЭРО» командасының аяқдопшыларын 5-0 есебімен ойсырата жеңді. Жартылай финалға

жолдама алған «ҚазТрансОйл» командасының жойқын шабуылдарына «Газпром Георесурс» командасының қорғанысы шыдас бермеді. Қазақстандық мұнай құбыршылар алғашқы минуттардан жылдам шабуылды үдетіп, қарсыластар қақпасының алдында ойнақ салды. Нәтиже де қомақты. Есеп 5-0. Финалға жолдама алған отандық аяқ допшыларға «Подзембургаз» компаниясының командасы жеңіл шағылар жаңғақ емес екенін дәлелдеп бақты. Тек Қарағанды мұнай құбыры басқармасының жүргізушісі Андрей Мироновтың соққан жалғыз добын ғана қанағат тұтуға тура келді. Бұл жолы қазтрансойлдықтардың жолы болмады. Олар ресейлік командағы 1-2 есебімен есе жіберіп алды. – Жалпы ойын өте тартысты өтті. Біздің команданың тактикасы да, техникалық мүмкіндіктері жоғары еді. Жігіттердің барлығы жандарын салып, жігерлік танытты. Финалдық кездесуде бізге біраз сәттілік жолдас болмады. Әйтпесе әріптестерім жеңіске лайық еді. Іште біраз өкініш бар, дегенмен,

бұл футболдың тылсым заңы. Жалпы қазақстандықтардың намысын қорғай келген команда үшін екінші орын да үлкен мәртебе. Себебі жігіттердің барлы-

ғы тек қана компанияның емес, жалпы Қазақстанның абыройын асқақтатуға келгендерін жоғары сезінді, – дейді команда капитаны, Шығыс филиалы басқару аппаратының келісімшарттар

бөлімінің маманы Талғат Сүлейменов. Жалпы «Табиғи ресурстар - 2016» кубогі жарысы өте жоғары деңгейде өтті. 12 команда бақ сынаған доп додасында «ҚазТрансОйл» АҚ шағын футбол шеберлері мұнай-газ қызметкерлері арасында ТМД елдері кеңістігінде мықты екендіктерін дәлелдеді. Бұл тек бес мың шақырымнан астам магистральды мұнай құбырларын басқаратын компания үшін емес, жалпы еліміз үшін үлкен мәртебе екені айқын. Мұны марапаттау рәсіміне қатысқан футболдан КСРО кубогінің иегері және чемпионат жеңімпазы, Португалияның екі дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1992 жылы Чемпиондар лигасының үздік шабуылшысы атанған Сергей Юран да атап өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Андрей Миронов жарыстың «Үздік қорғаушысы» атанды, сол секілді «ҚазТрансОйл» АҚ құрама командасы ағымдағы жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласында 24 команда қатысатын

чемпиондар лигасына жолдама алды. Бейбіт БӨЖЕН. Астана-Мәскеу-Астана.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан» Жат ағымның арбауына түсіп, өмір соқпағында өкініште қалып жатқандар қаншама?! Кейде мұны заманына қарай амалы деп айтамыз. Дұрыс емес, бәрі де адамның өз ой-санасына, өз шаңырағынан алған тәлім-тәрбиеге байланысты болса керек.

Белгілі қаламгер Кеңес Жұмабековтің «Адасқандар» драмасын балқаштық көрермендер зейін қойып, ой елегінен өткізді. Спектакльге, әсіресе, жастар көптеп келді. Баянғали атты жас жігіттің байлыққа, ақшаға қарық боламын деп, Сириядағы соғысқа аттанып кетуі де, сол жақта ақыры ажал құшуы да бей-жай қалдырмайды. Сириядағы Елшілік, Сыртқы істер министрлігі өкілдері

Баянғалидың баласын елге алып қайтады. Жүрегі езіле жылаған бала «Мені ауылға алып кетіңіздерші» деп егіледі-ай келіп. Жат діннің уағыздаушылары жаныңды суырып алады, басыңа иран бақ орнатып, қарық қылады. Ақырында шет елге кетіп, опық жеп жатқан жастарымыз қаншама?! Біздің ойымызша «Адасқандардың» авторлары біраз ата-анаға,

мектеп оқушыларына, студенттерге, жастарға ой салатын шығарма ұсынды деп ойлаймыз. Спектакльдің қоюшы режиссері С.Жұмағали артистерді жақсы таңдап, оқиғаның өте тартымды, мазмұнды, көрерменді бірден ой құшағына алып кететін жолдарын нақты таңдай білген. Балқаш қаласы.

Тәуелсіздік қалқаны Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Тату елдің тыныштығы – қымбат. Бетін аулақ қылсын. Жау жағадан алмаса да, жұртымыздың қауіпсіздігі алғашқы орында. Сондықтан да, бүгінгі әскердің қуаттылығы тұғырымыздың тұрақтылығы. Елбасы елдің тыныштығын күзетер сарбаздардың білімі мен білігін мықтауды мақсат тұтты. Олқылыққа орын бермеуді тапсырды. Тәуба дейік! Тәуелсіздіктің Туы желбіреген 25 жылдан бері тұтас елдің тіршілігі талайды тамсантты. Осыдан 24 жыл бұрынғы әскердің жағдайын, бүгінгі кезеңмен салыстыруға келмейді. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан әскери қауіпсіздікті нығайтуға тер төгіп, бірнеше белестен өтіп, қаншама қамалды алды. Елдің есінде шығар. Кеңес үкіметінен керегемізді бөлгенде үміттен күдік басым болған. Еншісін енді алған елдің әскерін аяққа тұрғызу алаң-

даушылық тудырғаны рас. Алаң көңіліміз аз ғана уақыт ішінде басылды, Бас Қолбасшымыз әскеріміздің айбынын асырды. Қазір толыса бастаған ҚР Қорғаныс Күштері саласынан көршілеріміз келіп кеңес сұрайтын халге жеттік. Жалған емес, бұл-шындық. Республиканың белгілі өңірлерінде жауынгерлік жасақтарымыздың жарқын істері көрініс тауып жатыр. Оның ішінде, Қарағанды облысының қанатқақты істері жетерлік. 5 жыл көлемінде 100029 Қарағанды облысы, Спасск кенті 36352 әскери бөліміне болашақ сарбаздарды қабылдау жұмыстары тоқталып тұрған еді. Биылдан бастап тамырына қан жүгірді.

3

Кешегі күні отарбамен келген Оңтүстік Қазақстан облысының қырық сарбазын қалада сырнайлатып қарсы алды. Жалын атқан жастарды 36352 әскери бөлімінің казармасына, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Ермиян Бятов өзі бастап алып барды. Мұнда да ыстық ықыластың лебі есті. Болашақ жас сарбаздардың қадамына құт тілеп, шашу шашылып, құрмет көрсетілді. Әскери өмірге қадам басқандарға, айтулы бөлімінің жас сарбаздар жиынының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Достық Мұратұлы әскери міндет пен әскери қызметтің алғышарттарымен таныстырды. Салтанатты қарсы алу рәсімінде ризашылығын жеткізген арыстық Асқар Әубәкір «Отан қорғаушы» деген абыройлы атаққа сызат түсірмей, қызмет көрсетуге әзір

екендігін айтты. Байқағанымыздай, бұл жерде сарбаздарға барлық жағдай жасалған. Жатын орындарынан бастап, оқу-жаттығу, дене шынықтыру залдарына дейін керекті жабдықтармен қамтылған. Жуыну, киім кептіру бөлмелері, 120 орындық асханасы заман талабына сай. Әскери бөлімінің әлеуеті артып тұр. Көз көрді, көңіл сенді. Ендігі мақсат – әскери қуатымызды нығайтуға күш жұмсау. Полковник Ермиян Бятовтың айтуынша, алдағы күнде қалған әскери борышын өтеушілер келеді. Бұл жерде 120 азаматқа ендігі уақытта қазақстандық патриотизмде тәрбиелеу бағытында жұмыстар жүргізіледі. Басты тәрбие жұмыстарынан бөлек, мәдени шаралар ұйымдастырылады. Әскери өмірге бейімделген жастар қараша айының аяғында әскери ант қабылдайды. Суретті түсірген Д.ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы OTAU TV жерсеріктік телевизиясы абоненттеріне арналған кезекті акциясын қорытындылады. Акция ережелеріне сәйкес, телеарналардың «Толық» топтамасына 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімде қосылу қажет болатын. «Random» кездейсоқ сандар генераторы арқылы бірінші орын және бас жүлде жеңімпазы – автокөлік иегері болып Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жұмахан Балапанов ауылының тұрғыны Жанар Асылбекқызы танылды. «Бізге автокөлік ұтып алдыңыз деп хабарласқанда, бірден сене қоймадық. Бірақ, мұның әзіл емес екенін білгенде біздің қуанышымызда шек болған жоқ. Балаларымыз қалай қуанды десеңізші! Өйткені, біз автокөлік сатып алуды жоспарлаған болатынбыз, міне, бүгін айымыз оңынан туып, үйге жап-жаңа автокөлігімізбен жолға шығатын болдық. Сыйлық үшін OTAU TV үлкен рахмет!» – деп бас жүлде иесі өз қуанышымен бөлісті. Қызылорда қаласының тұрғыны Мұрат Досмағанбетов Iphone 6 сыйлығын иеленсе, үшінші орында тоңазытқыш ұтып алған Алматы облысы, Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының тұрғыны Алпамыс Мирманов: «Біз OTAU TV абоненті атанғанымызға төртінші жыл, төлемді үнемі бір жылға алға төлеп қоямын. Акция туралы еститінмін, бірақ, мұндай акциялар бойынша жеңіске жету мүмкін емес деп ойлайтынмын. Өз тәжірибемде түсінгенім, ұтыс ойындары ешқандай боямасыз өтетіндігіне және оның жеңімпазы болу әбден мүмкін екеніне көзім жетті» – деп өз қуанышын жеткізді. Бұл ұтыс ойыны 2015 жылғы 1 қазаннан бастау алған акциялардың қорытындысы болды. Осыған дейін ұтыс ойынының екі кезеңі өткізілген болатын: бірінші аралық ұтыс ойыны жеңімпазына Smart TV теледидары табысталып, ал екінші аралық ұтыс ойыны жеңімпазы Үндістанға Гоа аралына екі адамға арналған сапарды ұтып алған болатын. Акцияның аяқталу қорытындысы бойынша – «Қазтелерадио» АҚ 7 қазанда жеңімпаздарды құттықтау бойынша салтанатты шара өткізген болатын. «Бүгінгі күні, OTAU TV жерсеріктік телевизиясын пайдаланушы абоненттер саны 1 миллионнан асты, бұл шамамен 4 миллионнан астам отандастарымыздың қатарын құрайды. «OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабарларын тарату қызметтеріне қосылу, еліміздің барлық аумағында қолжетімді. Біздің абоненттер отандық 56 телерадио арнаға тегін және ақылы түрде 63 танымал шетелдік телеарнаға қосылу мүмкіндігіне ие. Осылайша, қалалық және ауылдық тұрғындарға отандық және шетелдік арналардан жан-жақты ақпарат алуға тең мүмкіндіктер жасалған. Қазтелерадио хабар тарату сапасын арттыру мен телерадио арналардың оңтайлы тізімін қалыптастыру бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп отырады. Мысалы, 2017 жылдың 1-ші тоқсанында біз өз тұтынушыларымызға HDсападағы телеарналардың кең таңдауын ұсынуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі акция біздің тұтынушылар үшін алғаш немесе соңғы рет өткізіліп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта, мысалы, 4 қазан мен 4 қараша аралығында планшет ұтыс ойыны акциясы өтуде. Бұл жылдың аяғына дейінгі соңғы акция емес, сондықтан, ақпараттарды қадағалаңыздар, біз алдағы уақыттарда абоненттерімізді көптеген жаңалықтарымызбен қуантатын боламыз», – деп «Қазтелерадио» АҚ Коммерциялық директоры, Басқарма мүшесі Евгений Галкин салтанатты шарада мәлімдеді. Өз тілшімізден.


4

Әлеумет

29 қазан, 2016 жыл www.ortalyq.kz

Мерей

Отанымызды азат ету жолында мыңдаған ғасырлар бойы ата-бабаларымыз парасаттылық пен нар тәуекелділіктің асқан жемісін көрсетті. Арамзалықпен қиылған тағдырлар, қаза болған тұғырлы тұлғалардың дара жолдағы қайталанбас ерліктері ойымызға келсе, көзімізге жас келеді. лары бәрі-бәрі ақталуда. Биыл қазақ мемлекетінің тәуелсіздік туын тігіп, азат, әлемдік деңгейдегі дамушы ел атанғанына жиырма бес жыл. Бұл барша халқымыз үшін айтулы әрі ұлы мереке. Азаттық аспаны астында бірлігі мен татулығы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Енді бәріміздің Отан алдындағы ортақ парызымыз – еліміздің тәуелсіздік нышаны мен өлмес бейнесіне айналған қаһарлы батырлар қайратын ойдан шығармай, Отанға деген ыстық лебіз бен нәзік ықыласты бәрінен биік ұстау.

Осының бәрі – біздің алып ордамыздан сыр шертетін шаһарымыздың алғашқы кірпіш тасының қалануынан, жаудан азат етуге дейін, қайсарлы рух пен мұқалмас қажырды бойына жиған өр мінезді батырларымыздың ерен еңбегі. Қаһарман тұлғалар тұсында қазақ халқы үстемдікпен күресіп, отаршылдық саясатына қарсы тұру бағытында, үміт пен қолдауды зиялыларымыздан іздеп, қанды майданда тек жеңіске жету желеуімен жұдырықтай жұмылған еді. Олардың есімдері халықтың тарихи санасынан өшпейді. Қазіргі таңда сансыз ерлігімен еліне танылған қантөгіс майданда жауына сес көрсете білген батырлардың ерлігі, қаламгерлердің қаламынан шыққан түпкілікті ой-

Аяжан КЕНЖЕБАЙ, М.Жұмабаев атындағы №39 мектептің 11 сынып оқушысы. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Семинар

Жуырда Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қаланың «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Суицидтің алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аталған шараның басты мақсаты – жастар арасындағы суицидтің алдын алу және деңгейін төмендету. Модератор ретінде О.Панасади сөйледі. Семинарға барлығы жүзге тарта адам қатысып, №2 орта мектеп оқушыларымен кездесу, жалпы білім беру мектептерінің және балабақша психологтарымен, әлеуметтік мекемелер, сондай-ақ ХТЖ қызметкерлерімен семинартренинг ұйымдастырылды. Кездесу барысында О.Панасади оқушылардың эмоционалдық жай-күйін бақылап, оларға стрестік жағдайдан қалай құтылуға болатынын жеткізді. Сонымен бірге, жастар арасында суицидтің алдын алу туралы бағалы теориялық ақпарат беру әдістері мен формала-

ры талқыланды және тәжірибелік әдістемесімен бөлісті. Сондай-ақ, қатысушылар да әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісу мүмкіндігіне ие болды. Қатысушылар қызығушылықпен тыңдап, талқылауға белсене қатысты. Семинарда қаламыздың мұғалімдері мен қызметкерлері жұмыс барысында кездесетін маңызды мәселелерге қатысты лайықты жауап алып, ұсынылған әдістемеге іс жүзінде үлкен қызығушылық көрсетті. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді. С.БЕЙСЕКЕЕВ, Жастар ресурстық орталығының директоры. ПРИОЗЕРСК қаласы.

Замандастары, сыйлас достары Сағат Батырханды еркелетіп, өзімсініп «Қазақтың сары қызы» дейді. Біз сары қызды қазақтың шын мәніндегі қайсар қызы деп атадық. Ол туралы жазу жеңіл сияқты көрінген. Қателесіппіз. Қиын екен. Өзіміз ғана емес, қалың жұртшылық аса қадірлейтін осынау қайсар қыздың шығармашылық жолындағы жетістігі мен азабын, адами ғұмырындағы азаматтық ажары мен кісілік келбетін жүрекжарды, шынайы талғамымызбен жаза алмаспыз деп ойладық. Кез келген жазбада автордың өз «мені» атойлап, еңбектің аздаған субъективизмге ұрынары анық. Бірақ, ондайлар біздің дүниемізде аз шығар деп ойлаймыз. Біз асыра сілтеп жіберсек те, өзіміз пікірлескен оқырман, көрермен қауым өкілдері де, журналист жігіттер мен қыздар да (Астана, Алматы, Қарағанды, тіпті, Еуропада тұрып, қазақтың мүддесінің шырақшысы болып жүрген журналист әріптестері де) осынау қайсар қызға, қаһарман қызға жоғары баға бергенін («қайсар қыз» деуші біз, «қаһарман қыз» деуші солар) жоққа шығармаймыз. Сонымен... Бірге қызметтес болып, «төртінші билік» атанған, көтерген жүгі зіл батпан, жегені – жантақ, жазғаны достан гөрі, дүрдараз жандарды көбейтіп жүретін журналистік салада жүрмесек те, Сағат Батырхан портретін өз толғанысымызбен және жоғарыда пікір айтушылардың ұсынысын ескере отырып, жасауға тырыстық.

Б

ІРІНШІ КЕЗДЕСУ. Туған, өскен ортасына әр адам (әсіресе, қазақ) құрметпен қарайды. Ал, Сағаттың құрметі, тіпті, ерекше шығар, арғы-бергі тарихта ізі қалған, анау-мынау өз алдына, рухы биіктігінен кейбір хан-сұлтан, төренің қаһарынан айылын да жимаған киелі Қарқаралы, қайсар қыздың текті ата жұрты, жақындары кейіпкерімізді сол өлкеден бастау алған рухани шүйгіндіктен сусындатып, үлкен кеңістікке құлаш ұрғызған. Шындық үшін шырылдап, отқа түсетін қасиеттерді (көбімізде бола бермейтін) болмысына молынан сіңірген. Мектеп қабырғасы, ол кезеңде екінің бірі қол жеткізе алмайтын, таза бір жетесіз болмасаң бірден-ақ қанаттандырып жіберетін Қазақ мемлекеттік университеті, еңбекке араласу, журналистикадағы аға буын өкілдері өрнектеген өмір құбылыстары мен жеке адамдарды бейнелеуде дәстүр мен жаңашылдық сияқты тарихифилософиялық ұғымдардың аясында шыңдалуы – бәрі де батыр қыздың ең бір ізденіске, күрделі қайшылыққа толы кәсібінің қияға құлаш ұруына алғышарттар жасағаны даусыз. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы аға буын өкілдерінің дәрменсіз екеніне көз жеткізді. Ал, Сағаттай жүрек жұтқан қыздар мен жігіттер тоталитарлық тәртіпке қарсы бұлқынысын қайсарлықпен дәлелдеді де, кімнің кім екенін айғақтап берді. Дәл осы тұста Сағаттың да іште қордаланған ызасы мен на-

мал болады. Көрермен де бірдей емес. Әлгі тележүргізушінің ойлы толғамын, көтеріп отырған проблемасының аса өзекті екенін мойындайтындар бар, сонымен қатар, кезекті бір науқанға орай апыл-ғұпыл өткізе салатын жедел хабарды бағалайтындар бар. Ал, өз өңіріне қызметке оралған батыр қыздың ізденісі мен шығармашылық саласындағы берік ұстанымы облыстық теледидар басшылығынан қолдау тапқанын айту керек. Тәжірибелі журналист талай тың жобалар мен өзекті бастамаларға жетекші болып жүр. Сағат Батырхан осы мекемеде қызмет істемесе де, сол тың жоба, көкейкесті хабарлар талантты журналистердің арқасында дүниеге келер-ау, алайда ізденгіш азаматтардың батыр қыздан бағыт-бағдар алғанын, мықты қолдау көргенін ешқайсысы да жоққа шығара қоймайтынына сенімдіміз. Жасырмайықшы, көптеген журналистердің хабар жүргізгенде белгілі бір қалыптан шыға алмай, өз көзқарасын хабарға қатысушыға таңа отырып айтқызатыны, кей реттерде хабарға мекеме, ұйым басшысының өзі келмей, бағынышты қызметкерін жіберуі, ал, ол артық бірдеңе айтып қойдым ба, бастығым не дейді деп жаутаңдайтыны өтірік емес қой. Көңіл жықпастық, тың көзқарас, соны идеяның аздығы ізденгіштік сипаттан айырады. Біраздан бері «Сағатпен сұхбат» хабары эфирге шықты. Көрермен ретінде бұл хабардан күтеріміз көп.

ласы сыртқа шыққан. Желтоқсаншыларды жаппай қаралау мен қудалау орын алғанда, батыр қыз ақтау мен құптау жағында болды. Қайсарлығы мен өжеттілігін, шыншылдығы мен ұлтшылдығын азаматтық арының туы етіп көтеріп еді. Бір жайт еске түседі. Сол аласапыраннан соң ондай оқиғаны желеу етіп, қайраткер болып көрінуге тырысқан бір алаяқты (ол кісіңіз әлі де алаяқтығынан тыйылмай, ортамызда тайраңдап жүр) әшкерелегені Сағаттың өзін зор, әлгіндейлерді қор санағандығынан емес еді.

♦♦♦

Е

КІНШІ КЕЗДЕСУ. Қайсар қыздың өзін-өзі тануы, өзін өзгеге танытуы «Азаттық» радиосымен тығыз байланысты. Тауды да, тасты да, көлді де, шөлді де басып, жүрегіне «қазағым», «тәуелсіздік», «ұлттық рух» деген киелі ұғымдарды ұялатқан Хасен Оралтайлардың «Елім-ай» деп егілуі, жабық жатқан, қараңғы қапаста тұншыққан Алаш арыстарын насихаттауы т.б. игілікті істері жүзеге асқан «Азаттық» еді бұл. Біздің пайымдауымызша, Сағаттай батыр қыздың ересен жетіліп, кемелденген, биікке құлаш ұрған сәттері сол кезеңнің аясында жүзеге асқан секілді. «Бізде бәрі жаман, тек Еуропада, басқа да шетелдерде бәрі жақсы» деген ұранға бергісіз пікірлердің шылауында кетіп қалмай, адамзат қоғамында біресе жеңіп, біресе жеңіліп, алайда, текетіресін еш уақытта тоқтатпайтын жақсылық пен зұлымдық арасындағы ымырасыз жайттарға, мінсіз құбылыстың еш уақытта болмайтынына, ең әділ, демократиялық деген елдің өзінде де саясатқа негізделген қитұрқылардың бола беретініне сарабдал журналистің сын көзімен қарап, зерделегені де

сол кезеңнің үлесі еді. Бір ғажабы, салқынқандылық пен сабыр, талғам мен толғам, парасат пен пайымының арқасында өзіміз төбеге көтеретін, кейде дақпыртқа елігіп, дарынын шексіз деп бағалайтын кейбір танымал тұлғалардың кәдімгі екі аяқты, жұмыр басты пенденің бірі екендігі өз алдына, кісілік келбеті мен азаматтық ажарының мүлде төмен, пәс екеніне де назар аударған Сағат еді. Бұл – жалпақ жұртқа жаймаса да, журналист қыздың біреуді асқақтатып, біреуді тұқыртпақ ниетінен емес, Адамтану іліміне бой ұрып, сол ғаламат күшті, құдіретті әрі аса күрделі Жаратылыстың адами болмысына үңілу еді. Сол арқылы даңқ пен дақпырттың шекарасын белгілеуі еді, дүние жүзін жаулап алған ақпараттар ағынында өзгеге ұқсамас даралығы еді, өмір шындығы мен өнер шындығындағы тепе-теңдіктің сақталуына ұмтылу ниеті еді.

Ү

ШІНШІ КЕЗДЕСУ. Қайсар қыздың өмірлік ұстанымы, шын-

дықты тайсалмай айтар өжеттілігі ол қызмет еткен барлық өңірде де өз ізін қалдырды. Ұмытпасақ, сірә, Чехияда, Прагада жүргенінде болса керек, жүрекжарды бір өткір мақаласы өзіміздің «Орталық Қазақстанда» жарияланды. Еліміздің Тәуелсіздікке қол жеткізген аз ғана жылдары ішінде демократиялық, құқықтық институттар бірден қалыптасып, өзгеге үлгі боларлықтай дәрежеге жетуі, әрине, мүмкін емес-ті. Талай азаматтардың сол мақала төңірегінде ой толғағаны, біразының құптап, біразының кірпідей жиырылғаны да есімізде. Алайда, дәл сол шағын еңбектің талайдың кеудесінде сілкініс пен серпіліс тудырғаны ақиқат болатын. Бір шындықтың бары рас: ол – көз майын тауысып, микроскопқа немесе ақ қағазға, обсерватория айнасына немесе физика мен химияның күрделі қатпарларына үңілген, атағы жер жарған академиктен гөрі, экранға шығатын диктор немесе сахнада өнер көрсететін жас әнші әлдеқайда таны-

Бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет істеу абырой ғана емес, қайралған алдаспанды қолыңда ұстағаныңмен бірдей. Не өзіңді, не өзгені жаралауың оп-оңай. Қиындықтан алып шығар жол – парасат пен пайым, шеберлік пен шыншылдық, білім мен біліктілік. Осыларды алға тарта келіп, өзіміз «Қайсар қыз» деп ат қойған Сағат Батырханға қандай қасиеттер тән деп толғандық. Ақыры, таптық. Ол – ұлттық мүддеге адалдық екен. Сырттан келіп, біздің төлтума мәдениетімізді ешкім де зерттемейді, тарихымызды ешкім де жазып бермейді, ешкім де бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттамайды. Өзіміз ғана танып қоймай, өзгеге де танытатын – ақпарат айдынында жүргендер. Сол жолда жүргендер көп. Олар үшін ең мықты марапат – көрермен мен оқырманның бағасы. Себебі, олар – ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ жолындағы жандар. Солардың бірі – біздің қайсар қыз – Сағат Батырхан. Мәуен ХАМЗИН, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Жомарт ОСПАН, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Дөңгелек үстел Қазақстанның рухани келісім күні қарсаңында Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығында мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, этно-мәдени қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің қатысуымен «Тәуелсіздік негізі – рухани келісім» атты дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар «Рухани құндылық – бірлік пен келісімге апарар жол» атты Қазақстан және оның тарихы, тілі мен мәдениеті туралы салынған қылқалам туындыларымен, кітап көрмесімен танысты. – Қазақстанның тәжірибесі әлемдегі бейбітшілікті орнатуға айрықша ықпал етіп, әлемдік қауымдастыққа ерекше үлгі көрсетті.

Өткен мен бүгінді байыпты байланыстыра білген қазақтың қасиетті топырағы жалпыадамзаттық бастамалардың жаһандық негізіне айналды. Бүгінгі таңда өзге ұлыс өкілдері түрлі салада табанды тер төге отырып, бойларында тұнып жатқан таланттарын шыңдап, Қазақстанның атын әлемге әйгілеуде, – деді Саран қаласының әкімі Анатолий Шкарупа. Сонымен бірге, қала әкімі әлемдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға арналған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық бастамаларын қолдауға дайын екендігін білдірді. Елімізде барша этнос өкілдерінің тілі, мәдениеті, дәстүрі сақталуына, жаңа Қазақстанның қарқынды дамуына барлық жағдай жасалған. Бұл туралы дөңгелек үстел барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысындағы ғылыми-сараптамалық

тобының жетекшісі В.Молотов-Лучанский сөз етті. Вилен Борисович өз сөзінде көп этностық қоғамды қолдаудың, патриотизмді тәрбиелеудің, толеранттықты сақтаудың, қайырымдылық идеяларын дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл жұмыстарды атқару кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясының, этно-мәдени бірлестіктердің айрықша ролін алға тартты. Этномәдени бірлестіктердің атқарған жұмыстарын ескере отырып, В.Молотов-Лучанский бес бірдей этномәдени бірлестігі бар Саран қаласы мен Ақтас кентіне алғысын білдірді. – Саран қаласынан біз жаңа

креативті композициялық шешімдер күтеміз. Бұл дегеніміз – табандылықпен тер төгіп, жемісті жұмыс жасау деген сөз. Сіздердің еңбектеріңіз әлемдегі бейбітшіліктің негізін қалауы тиіс. Бұл эстафетаны келешек ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз, – деді В.Молотов-Лучанский. Соған орай, Х.Мустапаев жетекшілік ететін «Вайнах», А.Святоханың басшылығындағы «Якташлар», С.Супьяновтың қарамағындағы «Ақ шаңырақ» этно-мәдени қоғамдық бірлестіктерінің басшылары рухани құндылықтарды, бейбітшілік және қайырымдылық идеяларын негізге ала отырып, жасап жатқан жұмыстарына тоқталды. Саран қалалық мешітінің имамы М.Салықов және шіркеу басшысы В.Казанин рухани құндылық – адам өмірінің басты бөлігі екенін еске салды. Ал, бүгінгі Қазақстан – түрлі этностар мен дін өкілдері бір

топырақта бейбіт өмір сүріп жатқан жалғыз мемлекет. «Ардагерлер ұйымы» РҚБ басшысы Г.Сычева, қоғамдық келісім кеңесі төрағасы О.Свиргун, аналар кеңесінің жетекшісі Г.Жүсіпбекова сынды қалалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері де ортаға орамды ой тастап, достықтың тілі ұлтқа, ұлысқа бөлінбейтінін жеткізді. – Біздің күшіміз – бірлікте өмір сүріп, жұмыла жұмыс істеп, қиындықтарды бір кісідей бірлесе көтере білуімізде. Жетпістен аса ұлт өкілі кіндік байлаған біздің қаламыз – Ассамблеяның шағын үлгісі іспеттес, – деді олар. Сонымен бірге, шара барысында қатысушыларға «Қазақстанымызды террористік қауіп-қатерден қорғайық» атты бейнебаян ұсынылды. Надежда ЦХАЙ. САРАН қаласы.


дүние-дүрмек

29 қазан, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Жылдар өткен сайын көз алдыма өмірдің әр кезеңдері мен белестері жиі келе беретін болды. Бұл егде адамдарға тән қасиет маған да жақындады. Солардың арасында ата-ананың бейнелері бәрінен бөлек ерекшеленіп тұрады. Ол, әрине,

түсінікті. Әкем сол дәуірдегі еліміз бен халқымыздың басына туған қайғықасіреттер, сталиндік репрессия, соғыс, олардан кейінгі кезеңдердегі қиыншылықтардың бәрін көрді. Ол кісі өмір бойы қарапайым ғана жұмысшы болғанмен халық арасында ерекше сый құрметке бөленді. Бүгінгі таңда ел арасында, әсіресе жастар, өткенді елемей, сол замандағы адамдардың болашақ үшін атқарған еңбектері ұмытылып бара жатыр. Менің түсінігім бойынша оларды ұмыттырмау біздерге парыз. Олардың өмірі әр аймақтың, қала берсе еліміздің тарихын әр дәрежеде толықтырады леп ойлаймын. Менің әкем Нұрмақов Жәмел Тәукебайұлы 1912 жылы Қарағанды облысы Қу (қазіргі Қарқаралы) ауданында орта шаруаның отбасында дүниеге келген. Өмірінің алғашқы қиыншылықтарын 1937 жылдан бастап көрді. Сол жылдары отбасын құрған жас жігіт өмірдің қызығына бататын кезеңінде әкесі Тәукебаев Нұрмақ, үлкен ағасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, кезінде үкімет төрағасы (премьер) болған Нығмет және оның жұбайы Зүфнін, балалары Ноян мен Тамара, екінші ағасы республикалық атты әскер полкінің қызметкері Құрманғали Нұрмақов репрессия құрбандары болды. Әкесі – Нұрмақ пен Нығмет ағасы атылып, Құрманғали – Коми АССР Воркута қаласына, жеңгесі – Зүфнүн АЛЖИР лагеріне, ал Нығметтің жас балаларын бір-бірінен айырып, Саратов, Пенза қалаларындағы балалар үйіне жіберді. Туыстары репрессияға ұшыраған әкем Жәмелді де тыныш қоймай, елден Қарағанды шахтасына еңбек армиясы қатарына айдады. Сол жылдан ақталу (реабилитация) қағазы (1956) келгенге дейін жұбайы Әсия, шешесі Шида, қызы Майшамен Қарағандыда тұрды. Майша апамыздан кейін шешеміз жеті құрсақ көтерді. Әкем өмір бойы қарапайым жұмысшы болып істеді. Есімде, ол кісі үй шаруашылығына көп көңіл бөлмеген, үкімет жұмысына берілген тұйық, ұяңдау адам еді. Отбасыда жалғыз өзі ғана табыс табатын адам болғандықтан барлық күш жігерін сол жұмысқа жұмсап, бізді асырады. Шешем – Қарқаралы аймағына белгілі Садырбек қажының немересі, оқымаған және орыс тілін білмейтін еді. Бірақ еті тірі, пысық

Еске алу

адам болатын. Сол кездегі өтпелітөкпелі заманда әкемнің сенімді көмекшісі болып, оның қиын еңбекпен табатын табысын дұрыс ұқсатып, сегіз баланы асырап өсіруге мол үлесін қосты. Әкем Қарқаралы, Қу аймағында алғаш машина жүргізуші

(шопыр) болғанын бүгінгі жұрттың бірі білсе, бірі білмейді. Әкемнің шахтада жүріп шопыр болуының өзі бір хикая. Өзінің аузынан естігенім ол жағдай былай болған екен. Сол кезде обком хатшысы болған Дулатов деген адам (фамилиясы осы уақытқа дейін есімде) бір күні жұмыс бабымен әкем істейтін шахтаға келіп қалады. Сондағы жұмысшы адамдардың тізімі арасында Нұрмақов деген фамилия көзіне түседі де, оны шақыртып өзінің шопыры қылып алады. Сол кезден бастап ол кісі біздің отбасыны толығымен өз қамқорлығына алды. Дулатовтың жұбайы Мәскен апай бізді өзінің жалғыз ұлы Наримандай, ал шешемді сіңілісіндей көрді, сыйлады. Мен ол отбасының жақсылығын өмір бойы ұмытпай келемін. Олардың қамқорлығы арқасында біздің тұрмысымыз біршама жақсарды. Аштық көрмедік. Бәрінен бұрын сол кезде бізге көрінген адамның «халық жауының тұқымы» деп әлімжеттік жасап бізді балағаттап, ұрысып, ұратыны тыйылды. Дулатов қызметінен ауысқан соң (Алматыға көшті деп еститінбіз) әкем сол кездегі «Союззаготтранс» атты ірі автошаруашылықта шопыр болды. Есімде қалғаны әкем соғыстан кейінгі жылдары американдық «студебеккер» жүк машинасымен Қарқаралы, Егіндібұлақ аудандарына жүк таситын. Одан соңғы жылдарда басқа облыстарға (Қостанай, Қызылжар, Павлодар, т.б.) шығып, ауыл шаруашылық науқанында егін тасу жұмыстарына белсене қатысып жүрді. Осы жұмыстарда әкем өзінің тиянақтылығымен, темірдей тәртібімен, адамгершілік қасиетімен ұжымда ерекше сыйға бөленді. Осы шаруашылықта істеген жылдары ол Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, бірқатар медальмен марапатталды. Әлі есімде, автобазаға жаңа машина келсе, оны бірінші әкеме беруші еді, ал оның мінген машинасын алу үшін басқа шопырлар кезекке тұратын. Себебі әкем мемлекет мүлкіне ерекше көзбен қарап, машинасын күтіп ұстаушы еді. Машинасының есігінде тұрақты түрде бірнеше жұлдыздың суреті болушы еді. Олар бұл машина бәленше уақыт капиталдық жөндеусіз жүріп келеді дегенді көрсететін символ болатын. 1957 жылы қолына ақталу қағазы түскен соң біздің отбасымыз әкемнің туған еліне (Егіндібұлақ, қазір Қарқаралы ауданының К.Маркс колхозы) көшті.

Ол кейінде «Қоянды» совхозы деп аталды. Оның орталығы тарихқа белгілі Қоянды жәрмеңкесі еді. Совхоз орталығын салып, оның экономикасын қалыптастыруда сол кезде совхоз гаражының меңгерушісі болып істейтін Жәмел Нұрмақовтың және ұлдары Зейнұр, Мұқан, немересі Құралдың да елеулі еңбектері бар. Әкемнің аудан, совхоз басшылары және тұрғындар, әсіресе шопырлар арасындағы беделі өте жоғары болды. Әкемнің жеке басының мен байқаған өзіне тән ерекшеліктері болды. Ол өте мейрімді, кішпейіл, өзінен үлкенге де, кішіге де «сіз» деп сөйлеуші еді. Осы себептен басшылар әкемді «Жәкең біздің жұмысшы интеллигентіміз» деп атайтын. 1975 жылы зейнет демалысына шықты. Бірақ, оған қарамай совхоз жұмысынан қол айырған жоқ. Жұмыссыз көңілі орнына түспейтін ол, жалақы алмай-ақ совхоз шаруашылығына араласып, қолынан келген көмекті көрсетіп жүрді. Әкемнің өмірі сол еңбек жолында үзілді. 1976 жылы қараша айында, әлі күз айы болса да күн өте суық, аязды және қарлы, боранды болды. Сонда совхоздың біраз малы жоғалды. Әкем бастаған ауыл ақсақалдары іздеу салып, бірнеше күн жержерді аралады. Сол сапарында суық тиіп, кенеттен дүние салды. Артында қалған балалары, марқұм шешеміздің арқасында өсіп-өнді, отбасын құрды, әкеміздің жолымен еңбек етіп, оның атына кір келтірмей, даңқын арттырып келеді. Қазір әкем мен шешеміздің ұрпақтары еліміздің әр түкпірінде, әр салада енбек етуде. Олардың арасында мұғалім, дәрігер, заң қызметкерлері, ғалым, әкем сияқты қарапайым жұмысшылар да бар. Аман Нұрмақов, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР профилактиқалық медицина академиясының академигі, С.Ж.Асфендияров атындағы Ұлттық медициа университетінің құрметті профессоры, КСРО және ҚР денсаулық сақтау қызметінің үздігі.

Арқа белі Ақтоғайдың Ақсораңындай асқақ тауының етегінде туып-өскен Баянды Серікұлы Исатаевтың фәниден бақиға озғанына да 40 күн толып қалыпты-ау. Талайды жалмаған ажал шіркін Баянды да ортамыздан алып кетті. Тойымсыз қара жердің бауыры қаншама қимас, аяулы жандарды әкетіп жатыр десеңізші. Баянды да сондай қадірлес, өз ортасының сыйлы, ел-жұртының құрметіне бөленген азаматы еді. Ол 1954 жылы табиғаты тамаша Шабанбай би ауылында дүниеге келді. 1962 жылы бүгінгі Ә.Ермеков атындағы орта мектептің 1 сыныбына барып, 1972 жылы бітіріп шықты. Кеңестік Армия қатарында қызмет етті. Азаматтық борышын ойдағыдай өтеп келген соң туған ауылында біржола қалып, өз қолтаңбасын қалдыруға ұйғарды. Ауыл шаруашылығының кез келген саласында еңбек етіп, өзінің күш-жігерін, адамгершілік болмысымен көзге түсті. Ол жүргізуші еді. Кез келген техниканың құлағында еркін ойнайтын. Ата-бабалардан қалған тектілік болмыс оның бойынан үнемі байқалатын. Кісілігі, ізгілігі жүрген ортасында мерейін көтеріп отырды. Ешкімге қылдай қиянаты жоқ аяулы жанның қарапайымдылығы, достыққа адалдығы, баладай кіршіксіз көңілі ауылдастарының есінде болар.

Ол ұл-қыздарына асқар таудай әке, жолдасы – Айтбалаға адал жар бола білді. Осыдан екіүш жыл бұрын Астанада қызмет етіп жүрген Арманы аяқ астынан ажал құшты. Ауыр қазаны қайыспай көтерді. Ертеден жабысқан ауыр дертке осы қайғы қосылды ма, кім білсін, жүрек шіркін көтере алмады ғой. Балалары – Дәулет, Айнұр, Руслан, зайыбы – Айтбалаға болған іске бекем болып, Баяндының көрмеген көшесінен жазсын дейміз. Алла Тағала бала-шағасына, немерелеріне қызықты, әрі ұзақ ғұмыр берсін деп тілейміз. Туған-туыстарының атынан: Астанадан – Қамбар Ахметов, Балқаштан – Оралбек Жүнісұлы.

Білім ошақтарында

Еңбек және тыл ардагері Төкен Темірұлы Теміров 2016 жылдың 29-қыркүйегі күні дүниеден озды. Төкен Темірұлы 1934 жылы, қыркүйек айының 12-інде Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданының Мыржық елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын соғыс және соғыстан кейінгі жылдары сол ауданның ҚазССР-іне 30 жылдық атындағы колхозда, буыны қатпаған жас бала кезінен бастап колхозшы болып, шөп даярлауда және мал шаруашылығы саласында еңбектенеді. Одан тың және тыңайған жерлерді көтеруде Абай атындағы совхозда механизатор болып жұмыс атқарады. Отан алдындағы міндетін 1955-1957 жылдары өтеп, сол Абай атындағы совхозда үзбей 30 жыл бойы шофер болып, совхоз тұрғындарын ауыз сумен абыроймен камтамасыз етіп отырды, ел жұрттың алғысын алды. Одан отбасы жағдайына байланысты Қарағанды қаласына қоныс аударып, зейнеткерлікке шыққанға дейін қаладағы «Стройпластмасс» комбинатында және «Казстройполимер» өндіріс ошағында өнімді еңбек етті. Еңбегі бағаланып, Еңбек және тыл ардагері медальдарымен, ерен еңбегі үшін «Ленин» медалімен, Тың жерлерді игергені үшін және Тың игерудің 50 жылдығына мерейтой медальдарымен, әр жұмыс атқарған жерлерінде Алғыс хаттарымен марапатталды. Аналарынан жастай қалған екі қызы – Зайда мен Айгүлді оқытып, жеткізіп және де туғандай болған Марат ұлына қамқорлық жасады. Бүгінде олар тамыры кең жайылған отбасыларына айналды. Олардан немерелер мен шөберелер сүйді. Төкең Теміровтер әулетінің үлкені еді, өзінің ақжарқын мінезімен, бауырмалдығымен бар әулеттің, қайын жұрт, нағашы жұрттың, құда-құдағилардың, жора жолдастардың әсіресе, әулеттен тараған барлық балалардың, немере-шөберелердің бір-бірімен араласып, хабарласып, туыс екендігін ұмытпай біліп жүргендерін, аманат еткендей, қалаушы еді. Тағдырдың жазуына шара барма?.. Адал жар, жан әке, ардақты ата, баға жетпес ағадан айырылғанымызға қараша айының басында 40 күн болады. Көзден кетсе де оның әрбір ісі, ақыл сөздері қөнілден кетпейді ғой. Иманы жолдас, қабірі нұрлы болсын деп рухына дұға бағыштаудан басқа не келер қолымыздан?.. Еске алып, рухына тағзым етуші: жолдасы – Күлжами, балалары – Зайда-Амантай, Марат-Күлпаш, Айгүл-Дидар, немере-шөберелері, інілері – Еркінбай, Асырхан. P.S: 40-на арналған ас Қарағанды қаласының жаңа мешітінде 8 қарашада 2016 ж. сағат 13:00-де беріледі. Асқа ағайын-туыстарды, құда-жекжат, жора-жолдастарды, дәмдес болған азаматтарды тегіс шақырамыз. №466.

Еске алу

Күрең күздің екінші айында дүниеден озған Хабиба ЕЛЕБЕКОВАНЫ Томар ауылы №22 орта мектебінің оқушылары еске алды. Мектеп сыныптарында іс-шаралар ұйымдастырылып, жас ұрпақ Ғасыр-Ананың еңбек жолынан мағлұмат алды. Хабиба Елебековаға арналған көрме ұйымдастырылып, қатысқан қойылымдарындағы рөлдері жайлы таныстыру жұмыстары жүрді. Ғасыр ананың өмірінен үзінді келтіріліп, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемуаршы екендігі айтылды. Хабиба Елебекова 1934– 1935 жылдары Қарқаралыдағы жергілікті халық театрында қызмет істеген.1935 жылдан қазақ драма театрында актриса. 1935-1937 жылдары осы театр жанындағы студияны бітірген. Сондай-ақ, белгілі әнші, жұбайы Ж.Елебеков туралы “Үні кетпес құлақтан” (1981), “Ән-Аманат” (1989), “Қайран Жүсекем” (1998) кітаптарының авторы. Еңбек жолында көптеген шығармашылық баспалдаққа көтеріліп, терең іздену нәтижесінде бұл күнде үлкен табысқа жет-

5

кендігі бәрімізге аян. Қазақ драма театрында берілген рөлді әрі қуана, әрі қорқа қабылдайтын жас актриса шығармашылық баспалдаққа көтеріле келе әрбір бейнені, түрлі мінездің алуан қырларын ашу, терең іздену нәтижесінде үлкен табысқа жетті. Қазақ театры сахнасындағы алғашқы рөлі Қаракөз (Ж.Шанин «Арқалық батыр») спектаклі. Актрисаның ойнаған рөлдерінің жалпы саны жүзден асады. Асыл әже Хабиба Қарақбайқызы – шаңырағының шырайы, ошағының ырысы болып, айналасына шарапат сыйлап өтті. Жазира СҮЙІНДІКҚЫЗЫ, Томар ауылы №22 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Бұрынғы Егіндібұлақ елі, қазіргі Қарқаралы ауданы Мыржық ауылының тумасы, Қарағанды қаласының тұрғыны болған, ардақты әке, қадірлі аға, мейірімді ата, сүйікті жар Сарқан Зейнешұлының өмірден озғанына да 40 күн толады. Әкемізді сағына еске алып, соңынан құран бағыштап, күндерді өткізудеміз. Жан әкеміздің жарқын бейнесі, қайратты да сабырлы мінезі, бізге деген мейірімі мен аялы қамқоры жүрегімізде. Асыл әкеміздің өнегелі өмірі, көп жылдар бойы жасаған істері мен қоғамдағы орны бізге зор мақтаныш. Ол кісімен ақылдасарымыз, үйренеріміз әлі көп еді, бірақ, сұм ажал тосыннан, қоштастырмай алып кетті. Сол бір, біз үшін ауыр күндерде қайғымызға ортақтасқан барлық ағайынтуысқа, дос-жаранға, құда-жекжатқа, ниеттес қауымға шын көңілден ризашылығымызды білдіреміз. Марқұмның рухына тағзым етіп, Алладан иман байлығын тілейміз. Сағына еске алушылар: жұбайы – Салима, інісі – Тілеубек, балалары, келін-күйеу балалары, немере-шөберелері. P.S: Осы жылғы қараша айының 6-да Қарағанды қаласындағы «Vogue» мейрамханасында (Степной-1 ы.а., 2/2, Оңтүстік-Шығыс автобекетіне қарсы) сағат 13.00-де 40 күндігіне арналған асқа ағайын-туыс, дос-жаранды, қызметтес жолдастарды шақырамыз. №468. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының ұжымы Тексеру комиссиясының төрағасы Серік Балғатайұлы Өтешовке, сондай-ақ, оның туғантуысқандары мен жақындарына ағасы Лөкетбай Жолданұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты ауыр қайғысына ортақтастығын білдіріп, көңіл айтады. №473.

жарамсыз деп танылсын “Компания “Жол жөндеуші” ЖШС-ның атына берілген жер актісінің № 0229502 жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: 09-140-066-1042 . Учаскенің мекен-жайы: Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ғ.Мұстафин кенті, Нуринск станциясы, Привокзальная көшесі, 066 есептік тоқсан, № 532 учаскесі (354081100). №472.

Мәдениет ошақтарында Іс-шараға Қарағанды облысының Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының ұжымы, Ұлытау ауданы, Жезді кенті мектеп кітапханашылары және кітапхана оқырмандары қатысты. Қонақтар назарына кітапхана тарихы туралы фильм көрсетілді. 2006 жылдан бастап кітапхананың тарихи материалдары, көркем суреттер, құжаттар, жиналған деректемелер ұсынылды. Кітапхананы мерейтойымен қала әкімінің орынбасары С.Имамбай құттықтап, Қарағанды облысының мәдениет басқармасының Алғыс хатымен кітапхана директоры Г.Қожахметова мен комплектатор А.Байғазиеваны марапаттады. Кітапхана ұжымын құттықтай отырып Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Төлеш осы жолдардың авторын, библиограф Ф.Дузбаеваны және кітапханашы Ә.Шегебаеваны марапаттады. Кітапханаға күнделікті келіп, іс-шараларға белсене қатысып

Кітапхана табалдырығын әрбір оқырман бала кезден аттап, ондағы көптеген әдебиеттермен танысады. Біз кішкентай оқырманға үлкен сеніммен қараймыз. Сол сенімді ақтаған кішкентай оқырман Ы.Алтынсарин атындағы №19 мектептің даярлық сыныбының оқушысы Дастан Айтан «Ең кішкентай оқырман» атағына ие болды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Сәтбаев қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 10 жылдық мерейтойын атап өтті. жүрген оқырмандарға кітапхана директоры арнайы дайындаған аталымдар бойынша құрмет-қошемет көрсетті. «Ең үздік оқырман» аталымында №1 мектеп-гимназиясының оқушылары – Диана Зейнелова, Айгерім Ахметжан, Алан Бодуков марапатталды. Кітапханаға әрдайым бірігіп отбасымен келетін «Оқымысты отбасы» аталымы бойынша Нағима Жәкенова, «Оқымысты сынып» аталымында №1 мектеп-гимназиясының ұстазы Мафруза Балғазина, «Өнерлі бала» аталымында №4 мектеплицейінің оқушысы Наурызжан Әкімжанов марапатталды.

Сонымен қатар, кітапхананың 10 жылдық мерейтойына орай, Қарағанды облыстық Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапханалар – аймақтық әлеуметтікмәдени кеңістіктің бір бөлігі» атты семинар өтті. Кітапханашылар тәжірибе алмасты. М. КҮРЕҢБАЕВА, Сәтбаев қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының әдіскері. Сәтбаев қаласы.

2016 жылғы 1 қарашада Қарағанды қаласына Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орайластырылған науқан аясында «Тәуелсіз Қазақстан» ақпараттық-насихаттық пойызы келеді. Науқан шеңберінде білім беру, медицина, әлеуметтік қамсыздандыру мен заңтану салаларындағы мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастырылады. - 2016 жылғы 2 қарашада сағ. 10.00-ден 19.00-ге дейін (сағ.13.00 – 15.00 аралығында үзіліс) «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдау (Әлиханов көшесі, 4, 108 каб.). Анықтама телефоны: 8-7212-400853. - 2016 жылғы 2 қарашада сағ. 10.00-ден 19.00-ге дейін Қарағанды қаласы әкімдігінің ғимаратында (Бейбітшілік бульвары, 39, ХҚКО жағынан) Мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұ-

мыстары, құқықтық, әлеуметтік, жұмысқа орналасу, білім беру мәселелері бойынша кеңестер. - 2016 жылғы 2 және 3 қарашада сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін республикалық деңгейдегі мамандардың кеңес беру көмегін қажет ететін науқастарды қабылдау. Ересек адамдар үшін «Қарағанды қаласының №3 ауруханасы» ҚММ (Кеншілер даңғылы, 78), балалар үшін «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КММ (Ержанов көшесі, 8, 1 корпус). Кеңес учаскелік дәрігердің бағыттамасы бойынша ғана жүргізіледі (кеңес үшін науқастар өзімен бірге толық көшірме мен тексеріс нәтижелерін алып келу қажет). Қатысуға ниет білдірген барлық азаматтарды шақырамыз. Анықтама телефоны: 8-7212423667. Қарағанды қаласының әкімдігі.


6

АЙМАҚ АЖАРЫ

29 қазан, 2016 жыл www.ortalyq.kz

Өңір шежіресі

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

(1970 жылдар)

«Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ

1970 жылғы 9 сәуірде Улья­ нов ауданының Ақбастау селолық кеңесі Тельман ауданына қарады. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1973 жылдың 28 қыркүйегінде Улья­ нов ауданының Суықсу селосына Суықсу село кеңесінің аты берілді. Осы жылдың 21 желтоқсанында Ульянов ауданының Ботақара се­ лосына Ботақара аты берілді. 1973 жылы 20 наурызда Жез­ қазғанның Қарағанды облысынан бөлініп жеке әкімшілік облыс бо­ лып құрылуына байланысты облыс құрамында жаңа аудандар құрыл­ ды. Ақтоғай ауданының шығысы, Балқаш көліне қарай орналасқан 3 совхоз – Шұбартау, Айыртас, «XXII партсьезд» совхоздары жаңа құрылған Приозерный ауданына берілді. Ақтоғай ауданында жаңа­ дан Жәмші совхозы құрылды, Шет ауданынан екі шаруашылық «Кең­ шоқы», «Ақши» совхоздары алы­ нып берілді. 1973 жылы 20 наурызда «Қа­ зақ КСР-інің құрамында Жезқазған және Маңғышлақ облыстарын құру туралы» Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы шықты. Осы қаулы бойынша Ақтау, Қызылтау, Ортау селолық кеңес­ тері жаңа құрылған Ақадыр ауда­ нына, ал, Дария, Жарық қалалық поселкесі мен Бұрма, Көктіңкөлі, Красная Поляна, Просторненский, Өспен селолық кеңестері Шет ау­ данының құрамына берілді. Кейін Ақтау селолық кеңесі қайтадан Жаңаарқаға берілді. 1974 жылдың 1 желтоқсанында Ульянов ауданының құрамында 13 селолық кеңес болды. Олар – Ақ­ жар, Бабаев, Ботақара, Дмитриев, Калинин, Көкпекті, Кузнецкий, Пет­ ров, Пролетар, Пушкин, Суықсу, Үштөбе, Хорошев және Семіз-бұғы және Ульянов поселкелік кеңес­ тері. 1975 жылы Ақтоғай ауданынан – Кеншоқы және Ақши селолық ке­ ңесі, Ақадыр ауданынан Ақшатау селолық кеңесі Шет құрамына енді. Әзірлеген тарихшы-этнограф Темірғали АРШАБЕКОВ.

Бас редактордың бірінші орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК

Арғынның Алтай бұтағынан тарайтын Сайдалы Нияз батыр туралы бұған дейін об­ лыстық, республикалық көлемдегі мерзімді басылымдар мен телеарналарда біраз жа­ зылып, айтылып келеді. XVI, XVII, XVIII ға­ сырлар сөз жоқ, қазақ үшін ұлы тұлғалар дәуірі десе де болады. Қазақ ұлысының шаңырағын көтерген Керей, Жәнібек сұл­ тандардың асқақ арман, сұңғыла саясаты қандай жағдайда болмасын өзінің жалғасын тауып отырды. Қазақ тарихындағы Қанжы­ ғалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шақ­ шақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай сияқты ерен батырлар мен Қазыбек, Төле, Әйтеке сияқты дана билер, Әбілмәмбет, Әбілқайыр, Абылай, сынды сарбадал хансұлтандар ісі қазақ халқының болашағына баянды алғышарттар жасады. Жоғарыда аталған батырлар санатында атамекен жері үшін, қабырғалы елі үшін бар ғұмырын ат үстінде өткізген баһадүр тұлға­ лардың бірі һәм бірегейі Сайдалы Барқыұлы Нияз батыр. Сүйегі Әзірет сұлтан қабіріне қадірлеп қойылған Сайдалы Нияз батыр кім?! Ол үшін аңызға да, ауыз-екі әңгімеге де иек артудың қажеті жоқ. Нияз батыр – Орта жүз Арғын тайпасының Алтай бұтағынан тарайтын Сайдалы, Барқы аталық ұрпағы. Нияз батыр туралы Орыс, Қытай жылнамаларында анық жазылған дерек көздері жетерлік. 1740 жылғы 19 тамыз – 1 қыркүйек ара­ лығындағы Кіші жүз бен Орта Жүз қазақтары­ ның Орынбор қаласына келген өкілдерімен В.Урусов жүргізген келіссөз хаттамасында Нияз батыр туралы былай деп баяндала­ ды (Нияз батырға қажетті тұсына ғана тоқ­ талдық). «...Содан кейін барлығы киіз үйге қарай аяңдады. Жүріп келе жатқанда Орта Жүздің атақты ел ағасы Нияз батыр генераллейтенантқа тіл қатып, сөйлесіп келе жатты. Бұл Нияз батыр Сәмеке ханның тұсында Түркістанда зор беделге ие болған, Сәмеке өлгеннен кейін Түркістанды билеген және Әбілмәмбетті хандыққа бекіткен екен. Азия салт-дәстүр жөнінен Нияз батыр және де ой

өрісі кең адам екен. Оның басқа ел басылар­ дан абыройы асып тұрғаны байқалады». Нияз батыр секунд-майор Миллермен Ташкентте танысыпты. Сол жолы Миллер Ниязға арақ ұсынып, ол ішпеймін дегенде, «пәленше батыр да ішіп қойды ғой» десе керек, сонда Нияз батыр: «Мен ол батырдай болғанша, өлгенім жақсы» деген көрінеді...». Ресей мұрағатынан табылған осы дерек көздерінің өзі Нияз батырдың болмысын то­ лық ашып тұр деуге болады. «Орта жүздің атақты ел ағасы», «Түркістанда зор беделге ие болған», «Әбілмәмбетті хандыққа бекіт­ кен», «Азиялық салт-дәстүр жөнінен ой өресі кең адам, басқа ел басылардан абы­ ройы асып тұрғаны байқалады». Хаттамада келтірілген осы сөздердің астын сызып көр­ сетуіміздің үлкен мәні бар. Қазіргі кезде тарихи тұлғаны қолдан жа­ сау әрекеттері әдебиет пен тарихта, тіпті, ғы­ лымда жиі көрініс беріп жүр. Бұл – аса жақсы нышан емес. Әсіресе, болашақ ұрпақты нақ­ ты шындықпен, тарихи ақиқатпен тәрбиелеу­ де зор қателіктерге ұрындыруымыз мүмкін. Жалған тарих жақсылыққа бастамайды, түптің түбінде жарға соғады. В.Урусов хаттамасындағы Нияз батыр­ ға берілген баға, айтылған сөз ауызекі әңгі­ менің сорабы емес, нақты жазылған шына­ йы дерек көзі. Ел аузындағы ескілікті әңгімелерде ал­ пыс үшке келіп шау тарта бастаған Нияз ба­ тыр Жоңғар хонтайшысы Қалден Сереннің қолына түскен Абылай сұлтанды тұтқыннан босатқан екен. Сол кездің өзінде Жоңғар­ дың жас батырын аттан аударған Нияздың ерлігіне Жоңғар әміршісі риза болып, сөзге тоқтапты делінеді аңыз әңгімеде. Ел Тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толғалы отыр. «Қазақтың ел болуы ортақ мұрат, бір мүдде аясында топтасу» дейді саясаткер­ лер мен тарихшыларымыз. Анық бір аңда­ ғанымыз, ұлттық идеолгияны аспаннан із­ деудің қажеті жоқ. Қазіргі жастарымыз (25-ке дейінгі) төл тарихымызды мүлдем білмейді десе де болады. Өйткені, кітап оқымайды.

Бас редактордың орынбасары Төрехан Әкімжанұлы МАЙБАС Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ ҰБТ-ы мен тестты сылтауратқан орта мек­ тептер мен жоғары оқу орындары жастарды тарихтың жылы мен цифрына ғана дайын­ дайды. Олар үшін қазақтың хандары мен батырлары, билері атқарған мемлекеттік маңызды істер мен ерлік әрекеттерінің еш қажеті жоқ. Ұлттық идеология – біздің төл та­ рихымыз. Бабаларымыздың ерлік істері, би­ леріміздің шешендік сөздері. Ерліктің қайнар көзі – халықтың намысын ояту. Кеше ғана Рио олимпиадасында алтын алған боксшы­ мыз Данияр Елеусіновті алайықшы. Мұқым қазақ елі түн жарымында жекпе-жекке шы­ ғатын батырын көз ілмей күтті. Даниярдың жеңісі Қазақ елін дүр сілкіндірді. Міне, ел намысы, міне, ұлттық идеология! Бүгінгі жас ұрпаққа ата-баба, елі үшін, ұлан байтақ жері үшін күрескен ұлттық батырларымыздың ерен ерлігін дәріптеудің, насихаттаудың қан­ шалықты маңызды екенін осыдан-ақ аңғару­ ға болады. Бұл қордың негізгі мақсаты – тек Алтай руы ғана емес, исі қазақ елінің бағзы заман­ нан бері отанымыздың тәуелсіздігі үшін түн ұйқы, күндіз күлкі көрмей күрескен бабала­ рымыздың ұмытылған есімдерін жарыққа шығарып, ел қорғаудағы ерен еңбегін жас­ тарға үлгі етуден бастап, бүгінгі күнгі мем­ лекетіміздің гүлденуіне, дамуына, нығаюы­ на, бүкіл дүние жүзіне қазақ елінің ұлы ел екендігін танытып жүрген азаматтарымызды

насихаттау. «Сайдалы Барқыұлы Нияз батыр қо­ рының» келесі бір негізгі мақсаты – ел намысын біліммен, білікпен қорғайтын жас өркенге рухани һәм материалдық тұр­ ғыдан қолдау көрсету. Отаршылдық зар­ дабының салқынынан арыла алмай келе жатқан туған ата мекеніміздің (жер-су, елді мекен атаулары) тарихи тұрпатын қалпы­ на келтіруге ат салысу болып табылады. Ел ішіндегі (білім, спорт, т.б) дарынды ба­ лалардың елеусіз, ескерусіз қалмауын қа­ дағалау. Қазақ халқының шынайы тарихын қалпына келтіру мақсатында жұмыс жасап жүрген тарихшы-ғалымдарға көмек қолын созу болып табылады. Әрине, арман ас­ қақ, мақсат көп. Оның бәрі көп жағдайда қаржы мәселесіне келіп тірелетінін жақсы түсінеміз. Батыр қоры өз жұмысын бастап та кетті. Ең бастысы, осындай игілікті істің қолдаушылары көп болсын деп тілейміз. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен осынау ұлан-байтақ өлкені ұрпағына ама­ нат етіп қалдырған батыр бабалар шапаға­ ты бүгінгі ұрпақтарын желеп-жебеп жүрсін демекпіз. Темірғали КӨКЕТАЙ, профессор, Жаңаарқа ауданының және Қарағанды қаласының Құрметті азаматы.

«Сайдалы Барқыұлы Нияз батыр қорының» есеп–шоты: KZ806010191000292413 Банктің атауы: АҚ «Қазақстанның халық банкі» БИК: HSBKKZKX Орналасқан жері: Қарағанды қ., Театральная көшесі, 56 Тел: 589222, факс: 563677. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 31 «Б» үй, 77 пәтер.

Қарағанды облысына – 80 жыл

Әдеби кеш

Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың бірінші орынбасары: 43-38-53. Бас редактордың орынбасары: 43-57-76. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 48-16-45 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 43-30-88, 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 91-04-52; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-775-406-09-90; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады

Тұғырлы Тәуел­ сіздігі­міздің 25 жыл­ дығы қарсаңында ел ішіне танымал болған халық ақыны, ұлт мақтанышы, ай­ тулы айтыскер ақын Жәкен Байтуұлының туғанына 125 жыл толу мерейтойына арналған тарихи-та­ ғылымдық мәні бар «Сарыарқаның сұңқары» атты әдеби кеш жас талап­ кер шәкірттердің талабын ұштап, қанатын қатайтқан киелі шаңырақ Талды орта мектебінде өтті. Әдеби кешті мектеп әкімшілігі мен ауыл әкімдігі ұйымдастырды. Шараға әке мұрасын ерекше із­ деніспен жалғастырып келе жатқан ақынның ұлы, зейнеткер-ұстаз Жақсылық Жәкенұлы арнайы қонақ ретінде келіп, сөз саптау ерекшелігімен дараланған әкесі жайлы жүрекжарды лебізін білдірді. Ақын жа­ йында жазған кітаптарын мектеп кітапханасына тар­ ту етті. Оқырмандар арасында ақынның мұрасы жа­

йында сыр-сұхбат жүргізді. Кешке Шет ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Әкімжанов, ауыл әкімі Боранбай Қордабай­ұлы, мектеп директорының міндетін атқарушы Бексұлтан Сұмағұлұлы, ауылы­ мыздың ардақты азаматы Тілеуқор Мусин қатысып, пікір қосып, ақын ұрпақтарына сый-сияпат, тарту-та­ ралғыларын табыс етті. Мектеп мұғалімдері Жәкен ақынның өнер биігіндегі шығармашылық еңбегін жан-жақты баяндады. Өнерді өміріне серік еткен Сұраған Жайболдың орындаған «Адай» күйі тағы­ лымы мол әдеби кештің шымылдығын ашса, «Аң­ сар» би тобы мың бұралған биімен, ақын немересі Бауыржан Рысбеков пен жиеншары Ұланғасыр Қа­ миев атасы Жәкен Байту­ұлына арнау айтса, мектеп оқушылары ақынның әдеби туындыларын жатқа мәнерлеп оқып, көрермендерін мерейлендірді. Та­ маша кештің тәмамдалар шағында Гүлнар Шибуто­ ва мен Мейрам Қозыкеновтің шырқаған әсем әндері көрермен қауымның жүрегіне жол тапты. Бауыржан РЫСБЕКОВ. ШЕТ ауданы.

Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Қарағанды қаласы Кеншілер мә­ дениет сарайында Қазақстан Рес­ публикасы Тәуелсіздігінің 25 жылды­ ғы және Қарағанды облысының 80 жылдығына орай, 10-16 жас аралы­ ғындағы жасөспірімдер мен жастар арасында «Әнімді саған арнаймын» атты патриоттық әндерді орындау­ шылардың облыстық байқауы өтті. Байқау ІІ кезеңнен тұрды. І кезең­ де туған жер, атамекен, Қарағанды туралы, ІІ кезеңде Қазақстан Рес­ публикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл­ дығына арналған әндер орындалды. Байқауға Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен 50-ге жуық жас та­ ланттар, сонымен қатар, Жезді кенті­ нен Нұрперзент Сайлау, Аружан

Әділбек, Айсұлу Төлеубай қатыс­ ты. Жас өнерпаздарымыз Аружан Әділбек ІІ санат бойынша «Жезді вальсі», «Туған жер», Нұрперзент Сайлау І санат бойынша «Ұлытау», «Жаса, Қазақстан» әндерін орын­ дап қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталса, Айсұлу Төлеубай І санат бойынша «Ұлытау», «Астана» әндерін орындап, жүлделі І орынды жеңіп алып, диплом мен ақшалай

сыйлыққа ие болды. Сонымен қа­ тар, қатысушыларымызға жетекшілік жасап, шығармашылықтарын дамы­ тудағы еңбегі және өнер жолында шәкірт тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Азамат Смағұлов Алғыс хатпен ма­ рапатталды. Жаннұр АЙНАБЕКҚЫЗЫ. ҰЛЫТАУ ауданы.

Фестиваль

«Центркредит банкі» АҚ ҚФ Есеп-шот: kz058560000000010476, БИК KCJB KZ KX РНН 302000046744 БИН 000940001367

Таралымы 15 275 дана

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан»

№176 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 баспа табақ.

Қарағандыда «Әлем халықтарының ертегілері» тақырыбын қамтыған облыстық театрлар фестивалі өтті. Халықтар ертегісі арқылы ұлттардың қалыптасуы мен даму құндылықтарын насихаттаған қойылымдар – К.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театрында сахналанды. Фестивальге Қарағанды облысының кәсіби С.Сейфуллин атындағы Қараған­ ды облыстық қазақ драма театры, К.С­ таниславский атындағы Қарағанды мем­ лекеттік орыс драма театры, Қарағанды академиялық музыкалық комедия теат­ ры, С.Қо­жамқұлов атындағы Жезқазған

Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru

қазақ музыкалық-драма театры, Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры, сондай-ақ, халықтық және үлгілі көркемөнерпаз театр ұжымдары және об­ лыстық конкурс лауреаттары қатысты.

Фестиваль театр фойесінде бүлдіршін­ дердің салтанатты шараның ашылуын тамашалауынан басталды. Көрермендер венгриялық драматург Д.Урбанның «Все мыши любят сыр» ертегісі негізінде сұр және ақ тышқандар арасындағы жаулық пен татуласу желісін көріп көзайым бол­ ды. Шара барысында ресейлік драматург Г. Махмудовтың «Песочница» (қоюшырежиссер – О. Попиловская) ертегісінде әлемдегі оқиғаларды қуыршақтар арқылы көрді. Ертегіні «Ровесник» үлгілі балалар драма театры қойды.

Сондай-ақ, С.Цирюктың (автор және қоюшы-режиссер) заманауи қойылымын­ дағы араб ертегісі «Алладин», Е.Пермяко­ ваның «Отпен ойнама» (қоюшы-режиссер – А.Қырықбаев) ертегілері сахналанды. Р.Киплингтің «Книга джунглей» желісі бо­ йынша «Маугли» (қоюшы-режиссер – Т.Әб­ дірәлім) ертегісін С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры қойды. Адал жүрек, қызғаныш пен дұш­ пандық жөніндегі «Молодильные яблоки» орыс халық ертегісін (қоюшы-режиссер – М.Маскалюк) Теміртау қаласының бала­

лар мен жасөспірімдер театры ұсынды. Шараның жабылу салтанатында қа­ тысушыларға фестивальдің құрылтай­ шысы Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы­ ның атынан дипломдар табысталды.

Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Қызғалдақ АЙТЖАНОВА КОРРЕКТОРЛАР 2, 3, 5 – беттер: О.ТӨЛЕУБЕКОВА 1, 4, 6 – беттер: Ж.АХМЕТОВА

29 10 2016  

Advertisement