Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

♦ СЕНБІ, 29 СӘУІР, 2017 жыл №47 (22 354) ♦

Ерсін МҰСАБЕК, «Орталық Қазақстан» Сәрсенбіміз сәтті болды. Бірлігі жарасқан берекелі тірлігіміздің кемел келешегін тағы бір таразылап алдық. Иә, сәрсенбі – 26 сәуір күні Астана төріндегі Бейбітшілік және келісім Сарайында Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қатысуымен «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбында ҚХА XXV сессиясы өтті. ҚХА сессиясы дәстүрлі жиын болғанымен, бұл жолғы жиын – мерейтойлық XXV сессия. Таңдалған тақырыбы да – таптаурын емес. Рухани жаңғыруға бел байлап, бет алған елдің ертеңін салмақтау. Жаңғыру жаңғырығын жаһанға жеткізген алқалы жиынға еліміздің барлық өңірінен 1500-ден астам, ал, Қарағанды облысынан аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ бастаған 40-тан астам делегат қатысты. Олардың ішінде ҚХА мүшелері мен ардагерлері, республикалық және аймақтық этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, Орталық атқарушы органдардың, саяси партиялар мен ҮЕҰ басшылары, руханият және БАҚ өкілдері, шетелдік қонақтар бар.

Ия, Қазақстан өзінің ширек ғасырлық даму тарихында сындарлы да, табысты сәттерді бастан өткерді. Тәу етер Тәуелсіздігімізді Тәңір сыйына балап жүргенімізбен, бұл құндылық

Жаңғыру – бірлік бастауы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша «100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты бірқатар жобаларды атады. Жобалар аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен мемлекеттік органдар алдына жаңа міндеттер қойды. Елбасы еліміздің болашағына бағыт беретін, әрбір тұлғаның өзін және айналасын тануға жол ашатын, қазақстандықтардың рухани санасын жаңғыртатын басым бағыттарға кеңінен тоқталды. Атап айтсақ, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы айтылды. Әлбетте, бәсекелік қабілет пен прагматизм, сананың ашықтығын қамтамасыз ету, ұлттық бірегейлікті сақтау мен білімнің салтанат құруы бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін береді. Бұған жалпы азаматтық қоғам өкілдері, оның ішінде жастардың ықпалы мол болуы тиіс. Олар өткен тарихымызды мұқият жадында сақтап, ел мәдениетінің әлемдік кеңістікке шығуы жолында ізденуі міндетті. Вилен МОЛОТОВ-ЛУЧАНСКИЙ, ҚХА мүшесі, Қарағанды еврей мәдени орталығының төрағасы.

бізге оңай келе салған жоқ. Ең әуелі, ол – бабаларымыздың сан ғасырлық арманы. Осы қастерлі арман жолында аталарымыз қисапсыз қан төгіп, жанталаса жан алып, жан берді. Азаттық таңы арайлап атқан сәттің өзінде біз тығырықта тұрған ел едік. Киелі Тәуелсіздіктің алғашқы таңында

Ырыс – ынтымақта Елордамыз Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы болашаққа байыпты бағдар түзеген байрақты еліміздің татулығын тұрақтандыра түсті. «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбын ту еткен кезекті сессияның кемеліне келген елге берері аз емес. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ордалы жиынның өзегіне айналып, қазақстандық жаңғыру мен халық тұтастығын көксеген үлкен бастаманың бағдарын айқындады. Бір шаңырақ астында берекелі ғұмыр, мерекелі өмір кешіп жатқан сан ұлыстың салты мен санасына, діні мен тіліне, тарихы мен дәстүріне ерекше мән беріліп, қай этнос өкілі болсын, қысастық көріп жатқан жайы жоқ. Керісінше, дәстүрін жаңғыртып, тілін тірілтіп, тарихына сәуле жүгіртіп, мәдениетін мәйегіне айналдырып келеді. Осы ынтымақтың барлығы мерейтойлық сессия кезінде айтылып, Елбасының ерекше назарында болды. Әрине, татулықтан асқан құндылық, бейбіт өмірден асқан байлық жоқ. Көшбасшымыздың көреген саясаты осы бағымызды басымыздан тайдырмауға барын салып келеді. Қашанда бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Рымбала ОМАРБЕКОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері.

Қазақ елі өз тағдырын Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолына тапсырған. Үміт пен сенім ақталды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты мен көреген көшбасшылығының арқасында еңселі елу елдің қатарын толықтырдық. Ендігі мақсатымыз – озық дамыған отыз елдің қатарына ену. Бірлігі жарасып, татулығымен тұғырланған Қазақ елі­ нің бұл межені еркін еңсереріне еш күмәніміз қалған жоқ. Өйткені, Елбасы бастамасымен қолға алынған жаңғыру бағдарламаларының барлығы жүйелі түрде табысты жүзеге асуда. Экономикалық жаңғыру арқылы халықтың тұрмысын да, ішкі-сыртқы экономикалық әлеуетімізді де деңгейлі еттік. Саяси реформа нәтижесінде атқарушы билік жұмысының сапасын еңселендіріп, елге қызмет етудің қазақстандық үлгісін жасадық. Енді міне, рухани жаңғыру бастамасын қолға алдық. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында ғана жарияланған «Болашаққа бағдар: ру-

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

хани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ел тынысына тарихи серпін әкеліп отыр. Қоғамдық сананың жаңғыруы елімізді мекен еткен жүздеген ұлттың рухани өміріне де серпіліс әкелетіні даусыз. Біздің елде бұған дейін де Қазақстанды тарихи Отаны санайтын барлық этнос өкілдері үшін өз тілдерін, мәдениеті мен салтдәстүрін дамытуға, насихаттауға кең қолдау көрсетіліп келеді. Мұның барлығы мызғымас достығымызға кепіл болған. Сессия күн тәртібіне таңдалған тақырыптың өзі тұрақтылық пен ке­ лі­сімнің, берекелі бірліктің рухани жаңғыруға негіз боларын меңзейді. Бұл – емеурін ғана емес, шынайы бағ­дарлама, нақты істің көрінісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сес­сия жұмысын ашқан соң, Мемлекеттік Әнұран асқақтады. Бойымызды жылытқан көктем нұрына Әнұранмен үндескен рух қосылып, кең сарай рух құшағында тербеліп сала берді. Зал теңіздей толқып тұр. (Жалғасы 3-бетте).

Сенімге – серпін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХV сессиясына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы өзек болды. Ұлт көшбасшысы ұсынған «100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жəне басқа да маңызды жобалар ұлттық санаға серпін берді. Сан ұлттың өкілдері бас қосқан сессия біздің мемлекетіміздің қуаты бірлікте, өзара сыйластықта екендігін тағы бір аңғартты. Тəуелсіздік жылдары рухани жаңғыру жолында бірнеше ауқымды іс-шаралар атқарылды. Ұлан-асыр жерді ұрпаққа аманаттаған жауынгерлік жəне ерлік рухымен қатар, Қазақ даласы ежелден қонақжайлылық, даналық, парасат пен татулықтың баламасыз үлгісін көрсетіп келеді. Тағдыр жазуымен біздің аталарымыз осы қасиетті жерде ошақ құрды. Ал, бүгін біз бір тудың астындағы біртұтас Қазақстан азаматтары екенімізді мақтанышпен айтамыз. Мəселен, 2003 жылы Қарағандыда облыстық литва «Литуаника» ұйымы құрылды. Рухани жаңғырудың алғашқы қадамдары осы уақытта басталған. Ал, облыс орталығында Достық үйі ашылғалы мүмкіндіктеріміз еселене түсті. Виталий Ионо ТВАРИОНАС, ҚХА Кеңесінің мүшесі, облыстық литва этно-мәдени бірлестігінің төрағасы.

Арқаға сүйіншілі хабар жетті! Қайтқан құстың қанатымен келген ақжолтай хабарда Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының Бас хатшысы, жерлесіміз Дүйсен ҚАСЕЙІНОВТІҢ 70 жасқа толу құрметіне орай, әзірбайжандық бауырлар «Дүйсен Қасейінов-70» атты кітап жарық көргені айтылады. «АЗЕРТАДЖ» ақпарат агентігінің хабарлауынша, жақында Әзірбайжан астанасы Бакудегі «Ататүрік» орталығында аталған кітаптың тұсаукесер рәсімі өткен. Жинақтың жарық көруіне Түркі халықтарының мәдениеті мен мұрасы жөніндегі Халықаралық қоры және Әзірбайжандағы «Ататүрік» орталығы мұрындық болған көрінеді. Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Дүйсен Қасейіновті «Достлуг» орденімен марапаттау туралы басталатын кітап қайраткер тұлғаның 70 жылдық ғибратты ғұмырын қамтиды. Жерлесіміздің тұтас Түркі дүниесінің бірлігін нығайтудағы еңбегі, оның түркітілдес мемлекеттер арасындағы абырой-беделі туралы портреттік мақалалар мен естеліктер кітап салмағын арттырып тұр деп атап өтеді «АЗЕРТАДЖ» агенттігінің тілшісі. Бауырластардың қазақтың қайраткер ұлына көрсеткен құрметі мұнымен шектелмейді. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің Әзірбайжандағы күндері аясында өткен бағдарлама барысында Дүйсен Қасейінов Түркі мәдениетін өркендетуге қосқан үлесі үшін Әзірбайжан Республикасының естелік медалімен марапатталды. Туысқан Әзірбайжан халқының қазақ ұлына деген риясыз ықыласына риза бола отырып, көңіл көкжиегіне «Біз жерлесіміздің мерейтойына қандай құрмет көрсетер едік?» деген сауал қонақтай қалды. ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.


2

Сенбі, 29 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, «Орталық Қазақстан» «Ынтымағы жарасқан елге ырыс қонатынын, бірлігі елдің дұрыс болатынын» паш етуді мақсат тұтқан, жерімізді мекендеген түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері кеше мәслихат құрды. «Достық үйінде» өткен дөңгелек үстелдің басында бүгінгі бейбіт өмір мен келісімнің бұдан әрі нығая түсуіне бар күш-жігерлерін жұмсайтынын жария еткен отандастар ойларын ортаға салды. Тұрақтылықты ту еткен елді мақтан тұтатындықтарын, Мемлекет басшысының ұсынып отырған жаңғыру саясатынан қалыс қалмайтындықтарын мәлімдеді. «Бірлігі бекем ел мықты!» деп аталған шараға аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ арнайы қатысып, Бірлік мерекесі алдында жиналған жұртшылыққа риясыз ықыласын білдірді. Аймақ басшысы қатысушыларды 1 мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күнімен құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлы ХХV сессиясынан кейінгі бұл басқосудың тарихи маңызына тоқталды. Ерлан ҚОШАНОВ, облыс әкімі: - Президент біздің қоғамның даму кезеңдерін айқындап берді. Елбасы жүйелі жаңғыру туралы айтты. Ол – үшеу. Яғни, экономикалық жаңғыру, саяси жаңғыру, рухани жаңғыру. Мемлекет басшысы айтқандай, осындай «жүйелі жаңғыру біздің бүкіл жұмыстарымыздың өзегіне айналды». Яғни, жаңғырудың негізі де, түп тамыры да – тұрақтылық, бірлік, келісім. Ассамблеядан кейін, қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның алғашқы отырысына қатыстық.Біз де өзіміз – облыста, барлығымыз бірігіп, осы орайда кешенді әрі жүйелі жұмысқа кіріссек деймін. Сонымен қатар, облыс әкімі ұлттық мәдени бірлестіктердің келісімді, ұлтаралық татулықты нығайтудағы игі істерін де назардан тыс қалдырмады. Шараның да атауы соған негізделген. Бірлігі мықты елдің, рухы да күшті боларын тілге тиек етті. Осы жылдар аралығында еліміз ынтымаққа айрандай ұйыды. Бұл істе Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі зор. Елбасының

бағдарламалық мақаласы Ассамблеяның рухани жаңғыруына да жол ашпақ. Бұдан соң бірқатар ұлттық-мәдени бірлестік өкілдері, кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясына аймақ делегациясының құрамында қатысқандар ойларын ортаға салды. Өзара пікір алмасып, сессияның тың серпін, зор қуат бергенін атап өтті. Сессияда Мемлекет басшысының сөзінен ойларына шуақ алған қауым алдағы уақытта ел бірлігін арттыруға аянып қалмайтындықтарын айтты. Сөз алғандардың қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ғылыми-сараптау тобының же-

«Бірлігі бекем ел мықты!» шарасына қатысушылардың

үндеуі

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары! Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысы бойынша мүшелері, облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, өңір қауымы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы қатысушыларының үндеуін бір ауыздан қолдаймыз. Қарағанды облысы тұрғындарының атынан Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы белгіленген міндеттерді орындауға барлық күш-жігерімізді, білімімізді, тәжірибемізді жұмсайтынымызды мәлімдейміз. Біздің барлық бастамаларымыз бен әрекетіміз ұлттық біртектілігіміздің бірегей тетігі саналатын бәсекеге қабілетті, прагматикалық болашақ қалыптастыруға бағытталады. Біз игі дәстүр мен ұлттық-мәдени құндылықтарды жас буынның бойына сіңіреміз. Барлық азаматтық қоғам институттары, Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңестері, Әкелер кеңестері қоғамның эволюциялық дамуының дәнекеріне айналады. Мақсат-мүддеміздің, құндылықтарымыздың ортақ болуы, қоғамдық келісімнің күш-қуаты рухани жаңғырудың, қоғамдық сананың жаңғыруының басты нышанына айналып, Мәңгілік Еліміздің экономикалық және саяси дамуының кепілі болады. Сондықтан, біз Қарағанды облысының барлық тұрғындарын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында айқындап берген міндеттерді жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырамыз!

текшісі В.Молотов, Жезқазған қаласы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, білім меценаты Б.Алтынбеков, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ конвертор цехының жұмысшысы Д.Захаров, демократиялық күштер коалициясының мүшесі М.Ақәділова, "ЭКСПО&Women" халықаралық қоғамдық ұйымы Қарағанды филиалының жетекшісі А.Сахарова және тағы да басқа ұлттық бірлестік өкілдері, спортшылар, өндірісте еңбек етіп жүргендер бар. Өңірлердегі түрлі ұлт өкілдерінен құралған көркемө-

Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ азаматтарды қабылдау өткізді. Екі күнде аймақ басшысының қабылдауында түрлі мәселелерімен 16 адам болды. Өтініштердің бір бөлігі жұмысқа орналастыру, баспана беру мәселелеріне байланысты болды. Кәсіпкерлер шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелерін ортаға салды. Бұқар жырау ауданы, Тұзды ауылдық округінің фермері Рахат Мұхамедьяров жайылым жерлер бөлуді сұрады. Бұдан басқа, даулы жерлерге, мал өсіру бойынша инвестицияларға қатысты сауалдар да жолданды. Теміртаулық кәсіпкер Наталья Лугина жаңа технология бойынша өндірісте қиындықтар туындаған соң облыс әкімінен көмек сұрай келген. «Күйеуім екеуіміз кедей кен орындарын құрғақ жолмен байыту технологиясын әзірледік. Патент алдық. Марганец кенінен бастадық, бүгінде кез келген металл кенін, қалдықтарды байытуға қабілетіміз бар. Қаражалда өндірісті іске қостық. Шығарылған өнімге қатысты тұтынушыларымыз жақсы пікірлерін білдіріп жатыр. Былтыр өндірісті кеңейтуге грантқа ие болдық. Жабдықтар сатып алып, оны Теміртауда орнаттық. Бірақ, шикізат базасымен қиындықтар туындап отыр. Кен алатын үйінді байытумен айналыспайтын фирмаға берілді», – деді Наталья Лугина. Өндіріске бос үйінді керек. Ерлан Қошанов қарамағындағыларға заң аясында бұл жағдайдың шешімін табуды тапсырды. Қабылдау барысында әлеуметтік мәселелер де көтерілді. «Отан қорғаушылар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Әбілдә Әбдікәрімов облыс әкімімен Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюшыларды қолдау мәселесін талқылады. «Ардагер-2012» ҚБ басшысы Бақтыбай Есендәулетов ардагерлер ұйымдарының жұмысы туралы баяндады. Балқаш тұрғыны Махмұт Жарылғап облыс әкіміне №15 мектеплицейге Әлихан Бөкейханның есімін беруді ұсынды. Әрбір жағдай егжей-тегжейлі талқыланды. Проблемалық мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін жұмыстар жүргізіледі. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қазақстанды жақын уақытта дамыған аграрлы елге айналдыруды айтты, Польша сияқты... Алаш көсемдерінің ізгі армандары енді жүзеге аса бастағандай... Қарағанды облысында да бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Бейсенбі күні облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Нұра ауданына барып, егіс науқаны қарсаңындағы кеңеске қатысты. Соңғы жылдары қарағандылық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер күн жылына Нұрада жиналуды дәстүрге айналдырған. Өңірде аудан әкімі Ниқанбай Омархановтың басшылығымен толағай шаруа қолға алынуда.

Щербаков ауылының «Қайнар» ЖШС базасында өткен агрокеңеске облыс әкімімен бірге, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов қатысты. «Қайнар» ЖШС – облыстағы озық дивер-

нерпаздар тікелей байланысқа шықты. Лебіздерін жеткізіп, оның соңын әнмен, күймен өрді. Шараға қатысқан түрік қызы Расул Азами өзін «қазақпын!» деп, жастарды елді құрметтеп, оның тарихын білуге шақырды. Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын!» поэмасынан үзінді оқып беруі көпшіліктің жүрегіне жол тапты. Азами РАСУЛ, шараға қатысушы: – Сонау 1944 жылы ата-әжем Қазақстанға келген. Содан бері қазақ жеріндеміз. Мен өзім түрік болсам да,

сификацияланған шаруашылықтардың бірі болып табылады. Дәнді-дақылдар мен мал өсіруге маманданған қожалық. Көрмеде кәсіпорын асыл тұқымды мал мен ауыл шаруашылығы техникасын жұрт назарына ұсынды. Кеңеске Қарағанды облысының әкімдігі, агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандум жасасқан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің өкілдері қатысты. – Біз 2017 жылы Қарағанды облысында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар әзірледік. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кітапшалар тараттық, - деді ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Серікпаев. – Бізде ынтымақтастық жөніндегі ұсыныс бар. Ғылыми жетістіктеріміз, ғалымдардың әзірлемелері енгізілген 10 базалық шаруашылық анықталды». Облысқа ЖОО қызметкерлері – өсімдіктерді қорғау, жер өңдеу, тұқым шаруашылығы бойынша мамандар келді. Сонымен қатар, аймақта ветеринарлық факультеттің жоғары курстарының 84 студенті тәжірибеден өтуде. Сондай-ақ, университет болашақ агрономдарды жіберуді жоспарлап отыр.  – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдігінің арасында жасалған егістік жерлерді диверсификациялау бойынша меморандумға сәйкес, аудандардың әкімдіктерімен 2017 жылы дәнді-дақылдар мен дәнді-бұршақ-

«қазақпын» деймін. Мен Қазақстанда туғаныма мақтанамын. Сондықтан, жастарды елдің тарихын білуге, оны құрметтеуге шақырамын. Кездесу соңында облыстағы түрлі ұлттық мәдени бірлестіктерге әкімнің арнайы сыйлықтары табысталды. Әкімнің сыйлығына ие болған мұндай ұлттық мәдени бірлестіктердің ұзын саны –24. Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

ты дақылдар егістіктерінің ауданын 815 мың гектарға дейін, майлы дақылдар – 14 мың гектарға дейін, азықтық – 51 мың гектарға дейін, картоп – 16 мың гектарға дейін және көкөністер егістігінің – 3500 гектарға ұлғайту бойынша пәрменді шаралар қабылданды, – деді облыс әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалинов өз баяндамасында. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, егісті оңтайлы агротехникалық мерзімде өткізу үшін қолда бар техника жеткілікті. Облыста егін егу жұмыстары 15 мамырда басталмақ. Далаға 20 мың дана ауыл шаруашылығы техникасы шығарылады. Қарағанды диқандарына жеңілдікпен 19 мың тонна дизельдік отын бөлінді. Биліктің көмегімен жанармай жеткізу мәселесі шешілді. Өсімдік өсіру мамандарын қолдау үшін 2 млрд. теңгеден аса субсидия қарастырылған. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша 391 млн. теңге бөлінді. Кеңес барысында бірқатар проблемалар да қаралды. Облыс әкімі шалғай жатқан аудандардың ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін тұйықтар беру бойынша теміржолшылардың қатысуымен жеке кеңес өткізуді тапсырды.  – Проблемалар туралы ашық айтыңыздар, – деді Ерлан Қошанов. – Шешім қабылдаймыз. Қажет болса, орталық органдарға шығамыз. Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» Тәттімбет атындағы өнер колледжіне үш қабатты жеке ғимарат берілді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Бірнеше жылдар бойы ғимараттан ғимаратқа көшіп-қонып жүрген оқу орнының баспаналы болғанына – бәрекелді дегеннен басқа жоқ. Иә, күй атасы Тәттімбет атындағы колледжді тентіретіп

не көрініпті?! Жақында ғана облыс

әкімі Ерлан Қошанов бұрынғы қан орталығының ғимаратында отырған оқу орнына арнайы ат басын бұрып, білім мекемесінің аянышты халін көріп қайтқан. Одан бұрын бұл мәселені ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков мырза көтерген болатын. Нәтижесінде, аталған колледж Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 10-шы корпусын иеленді. Мұнда бұрын оқып келген әлеуметтік-педагогикалық факультеттің студенттері былтыр факультеттер біріктірілгенде, 11-ші корпусқа көшкенді. Енді, міне, Қарағандыдағы өнер

адамдарын тәрбиелейтін жалғыз оқу орнының айы оңынан туып шыға келді. Тәттімбет колледжінің меншігіне өткен ғимараттың жалпы ауданы – 5,5 мың шаршы метр. Үш қабатты ғимаратта асхана, кітапхана, спорт және акт залы мен хореографиялық зал болады. «Жеке ғимаратқа 27 жылдан соң ие болып отырмыз! Бұл – біз үшін үлкен сыйлық!» – дейді фортепиано ПЦК төрағасы Олег Плицын. Колледж иелігіне өткен ғимаратқа жөндеу жұмыстары керек. Барлық терезелерді, санитарлық тораптарды ауыстырып, асхана мен кітапхананы жабдықтау

керек, хореографиялық кабинеттерге линолеум төсеп, сахна шеберлігі аудиторияларында сахналар орнатып, музыкалық аспаптар сатып алу керек. Қарапайым есептеулер бойынша, колледжге ондаған рояль, бірнеше фортепиано, үрмелі және ішекті аспаптар, сондай-

ақ, дыбыс жазу студиясы қажет екен. – Білім басқармасы осының бәрін сатып әперуге уәде берген. Бізге он рояль, ұлттық оркестрге арналған костюмдер, компьютерлер, мультимедиялық тақта, дыбыс жазу студиясы керек, – дейді колледж директоры Мейірхан Адамбеков.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес әзірленді. Онда «Бізге ең озық әлемдік тәжірибе негізінде мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру қажет» деп айтылған.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 93 қадамын жүзеге асыру мақсатында 2015 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы қабылданды. Осы Заңды жүзеге асыру мақсатында, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №19 нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №602 бұйрығымен бірлесіп бекітілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау орындарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібі айқындалған. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен ықтимал мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын алу мақсатында оларды сетрификаттау жүргізілді. Сертификаттауды Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия жүргізеді. Ұлттық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша), ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның екі өкілінен және Есеп комитетінің бес өкілінен тұрады. Есеп комитеті Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады. Ол берілген ұсыныстар негізінде саны кемінде жеті адам болатын комиссияның дербес құрамын бекітеді. Осыған байланысты, Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері қайта даярлау оқуынан өтіп, сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссиядан Мемлекеттік аудитор сертификатын алды. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап біздің республика мемлекеттік аудитке көшті. Департамент қызметкерлерімен бірге, Қарағанды облысы әкімдігінің ішкі аудит қызметі (ІАҚ) қызметкерлерінің қайта даярлаудан өткенін атап өту керек. Квазимемлекеттік сектор субъектілері бойынша Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамаларының сақталуы мәселесі бойынша Мемлекеттік аудиторлармен сәйкестік аудиті жүргізілді. Сәйкестік аудитімен 28 квазимемлекеттік сектор субъектісі қамтылды және онда барлық нысандар бойынша бұзушылықтар анықталған болатын, оның ішінде 19 нысан бойынша анықталған бұзушылықтар қаржылық есептіліктің шынайылығына әсер етті. Аудит қортындылары бойынша 19 лауазымды тұлға және 1 заңды тұлға («Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарағанды қалалық ветеринариялық станциясы» КМК) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4151,2 мың теңгені құрады, одан 2583,0 мың теңге (62,2%) өндірілді. А.КАУКЕТАЕВ, Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.


Сенбі, 29 сәуір, 2017 жыл

3

www.ortalyq.kz

(Соңы. Басы 1-бетте). Осыдан кейін сессия жұмысын жүргізіп отырған ҚХА Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай сөз тізгінін ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынды. – Биылғы 2017 жыл Қазақстан тарихында ерекше жыл болмақ. Жүй­елі жаңғыру биыл біздің бүкіл жұмысымыздың өзегіне айналды. Біріншіден, экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Екіншіден, саяси жаңғыруды бастадық. Үшіншіден, рухани жаңғыруға кірістік. Бұған мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаламды арнағанымды білесіздер, – деп сөз сабақтады Елбасы. Ұлт Көшбасшысы өзінің бағдарламалық мақаласындағы негізгі міндеттерге назар аударып, еліміздің даму үдерістеріне қатысты ой толғады. Ресми баяндама емес. Ұлт тағдыры, елдің ертеңі жайлы ой-толғау. Басқаны қайдам, өзім осылай қабылдадым. «Алыстан сермеп, жүректен тербеген» (Абай) Елбасының ордалы ойлары мен тұғырлы тұжырымдары, терең тебіренісі мен ерен пікірлері шынымен де жүрегімізді жаулап, жанымызды баурап барады. – Мен өз мақаламда ең алдымен болашақ қазақстандықтың болмысын айқындап, қандай болуы қажеттігін атап өттім. Біріншіден, ол – әлемдік бәсекеге қабілетті жасампаз тұлға. Екіншіден, алдына нақты мақсаттар қойып, соған ұмтылатын прагматик, әрі реалист. Үшіншіден, ұлттық бірегейлікті нығайтып, ұлтының дамуын тежейтін барлық факторлардан бас тартатын адам. Төртіншіден, білімнің салтанат құруын ең маңызды іс санайтын, жаһандық білімнің шыңына шыққан жан. Бесіншіден, тек эволюциялық даму ғана халқының өсіп-өркендеуіне мүмкіндік беретінін жақсы түсінетін саналы азамат. Алтыншыдан, ол – түрлі тілдерді меңгерген, әлемнің үздік тәжірибелерін алуға және заман талаптарына сай өзгеруге қабілетті, сана-сезімі ашық адам, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Салмақтап көріңіз. Шынымен де, санамыз осыншалықты деңгейде жаңғырар болса, «тарихтың шаңына көміле» (Н.Назарбаев) қоймасымыз анық қой. Елбасы талабы да – осы. Елбасының бағдарламалық мақаласы жер-жерде, ел-елде тамырынан талқыланып, саналы түрде салмақталып жатыр. Мақалада қамтылған жобаларды бір-бірінен бөле жарып қарамай, Елбасы идеяларының тұтастығын сақтауымыз шарт деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ, қазір мақала төңірегіндегі пікірлердің дені латын қарпіне көшу жайында болып кетті. Мен айтар едім, бұл мақала – тұтас ұлт үшін идеологиялық тұғырнама болатын маңызды құжат. Міне, осы тұрғыдан алғанда, Елбасы ұлттық сананы жаңғырту мақсаттарының әр бағыт, әр жобасында бірігіп атқарар тарихи жауапкершілік тұрғанын қадап айтты. Бұл бағытта Ассамблеяның рухани жаңғыруға белсене атсалысатынын сенім білдірген Елбасы: – «Туған жер» жобасы Ассамблея үшін зор мүмкіндіктерге жол ашып береді. Екінші. «Қазақстанның жаңа 100 есімі» жобасына Ассамблея тікелей қатысып, басы-қасында жүруі керек. Біздің қаншама замандасымыз, қаншама Ассамблея белсендісі ел игілігі үшін риясыз қызмет етіп жүр. Ұлтына, қай өңірден екеніне, жынысына қарамастан, біз олардың барлығын елге таныта білуіміз керек. Мұнда қойылатын талап біреу ғана, ол – азаматтың Қазақстан дамуына қосқан үлесі. Үшінші. Ассамблея «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына да белсенді атсалыса алады, – деп ой түйді. Елбасының сессия мінберінде айтқан жүйелі жаңғыру бағыттары, қоғамдық сананың жаңғыруы, азаматтық бірегейлік, қайы-

рымдылық қағидалары, еліміздегі діни ахуал төңірегіндегі ойлары ешкімді де бейжай қалдыра алмасы анық. Рухани жаңғыру идеясы Елбасының ойына жайдан-жай келген жоқ. Бұл – уақыттың толғағы. Тарихи толғақ. Сөз түйінінде Мемлекет басшысы өз идеялары негізінде Үкіметке, жергілікті әкімдерге, министрліктерге бағыт-бағыт бойынша маңызды міндеттер жүктеді. Сондай-ақ, бизнес қауымдастық, шығармашылық және ғылым өкілдерін мақалада қамтылған «Туған жер» жобасын жүзеге асыруға белсене қатысуға және барлық мүмкіндіктерін туған елді түлетуге жұмсауға шақырды. ...Сессия жұмысынан түйген ойымызды Елбасымыздың тарихи мақаласындағы қанатты сөзімен қайырар болсақ: «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді». Сөз жоқ, тарихи өзгерістер ауанын аңғардық. Рухани серпіліс нышаны сезіледі. Сондықтан, қасиетті қара қазанды көтеріп, ел игілігін бұрқ-сарқ қайнатқан ошақтың үшінші бұтындай болған үшінші жаңғыру – рухани жаңғыру бастамасын бұрынғыдан сарыны бөлек, салтанаты кемел – жаңа әнге баладық. Қайырмасын тарих қайырар.

Баршаға аян, әрбір қазақстандық еліміздің өткенін де, ертеңін де тек бір ғана Көшбасшымен – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырады. Бұл да – уақыт дәлелдеп, тарих мойындаған ақиқат. Біз бұл ақиқатты Елбасының әрбір түйінен дуылдата қол соғып, шынайы қолдау танытқан залдағылардың ықыласынан еркін сезіндік. Біз бұл ақиқатты жарыссөзге шығып, Елбасы мен Елге деген шынайы құрметтерін танытқан отандастарымыздың риясыз пейілінен түйсіндік. Жарыссөзге бірінші болып Шығыс Қазақстан облысындағы ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің жетекшісі Нелли Краснобаева шыққан. Ол Ассамблея атауының өзі достық, ынтымақ, бірлік, келісім, сенім, бейбітшілік сөздерінің синонимі болып кеткенін тілге тиек етіп, сөз сабақтады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы шырайлы шығыс өңіріне ерекше рух әкелгенін, мақаладан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға облыс тұрғындары тастүйін дайын екендігін жеткізді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы Қазақстан халқын Мемлекет басшысының қо­ғамдық сананың жаңғыруы бойынша бастамаларын іске асыруды қолдауға шақырады. 2017 жыл – Үшінші жаңғыруды іске асыру қолға алынып, Қазақстанның экономикалық өсуінің жаңа үлгісін жасаған жаңа дәуірдің басы болды. Конституциялық реформа осы міндеттерді шешуге арналған қо­ғамдық-саяси жағдайларды қалыптастырды.

Қоғамдық сананың жаңғыруы заңды болып табылады және объективті түрде қажет, Қазақстанның бүкіл даму стратегиясына тұтастық береді. Қоғамның рухани жаңғыруы үздік дәстүрлер мен ұлттық-мәдени тамырларымызға арқа сүйеуі керек. Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау бү­кіл Қазақстан халқына және біздің әрқайсымызға тән қасиетке айналуға тиіс. Біз білімге құштарлықты қол жеткізер

табыстың ең іргелі факторы ретінде ілгерілететін боламыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы тек эволюциялық даму ғана өркендеуге жол ашатыны туралы идеяны қолдайды. Бұл азаматтық дамудың қағидатына және әр азаматтың ішкі сеніміне айналуға тиіс. Бұл амалдар қоғамдық сананың жаң­ ғыруының негізі болады. Қазақстан халқы Ассамблеясы таяу

«Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ бөлім басшысы Сергей Руссо сөзін өзінің молдован халқының өкілі екендігін айтып бастады. Орындалмайтын армандар мен популистік идеялардан алшақ кетіп, аңызды ақиқатқа айналдырған Елбасы саясатының салмағына шынайы бағасын берді. Өзі – тағдырлы жігіт. 90-шы жылдардың дүрбелеңінде Молдовадағы этносаралық кикілжің салдарынан, тарихи Отандарынан босып кеткен көп молдованның бірі екен. Тағдыры таралғы еткен ауыр күндердің қасіреті Қазақстанды паналау арқылы сейілгенін, босқын болып келіп, қазіргі таңда іргелі корпорация құрылымдарының бірінде басшы болып жүргенін тебірене жеткізді. «Осының барлығы қазақ халқының бауырмалдығы мен Елбасының ымырашыл саясатының арқасында мүмкін болды» деп толғанды. Бұдан кейін биік мінберден сөз алған «Ақтау халықаралық теңіз порты» Ұлттық компаниясы» АҚ докер-механизаторы Евгений Глатырь, «Хабар» агенттігі» АҚ тілшісі Руслан Ыдырысов, Ақтөбе қаласындағы «Аңсар» консультативті-оңалту орталығының директоры, дінтанушы Аңсар Сабдин, Солтүстік Қазақстан облыстың балалар ауруханасының нейфрология бөлімшесінің

меңгерушісі Ольга Шумакова, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ төрағасы Вера Ким, Аргентинаның Росарио қаласындағы Қазақстанның мәдени орталығының директоры Ирина Вагнер, белгілі киногер, «SATAIFILM» ЖШС директоры Ақан Сатаев, әнші, қазақ

жылдарға арналған күн тәр­тібінің іске асы­рылуына барынша белсенді қатысатын болады. Жаңаруға деген ішкі ұмтылысымыз біздің дамуымыздың түйінді қағидаты ретінде біздің мақсаттарымыздың бірлігін, құндылықтардың ортақтығын және қоғамдық келісімнің қуатын айқындайды. Жекелеген адамдардың емес, тұтас халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыр­ ған ұлт қана табысқа қол жеткізеді. Біз қазақстандықтарды алға қойылған

халқының мақтанышы Димаш Құдайбергенов, «Женский луч» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Оксана Волкова-Михальская, ҚХА мүшесі Вячеслав Попов, Оңтүстік Қазақстан облысында туып, бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында «Серпін» бағдарламасы аясында білім алып жатқан иран қызы Саида Бекбуди сынды отандастарымыз ағынан жарыла ой тербеп, еліміздегі ынтымақтың ырысқа бастау болып отырғандығын шынайы пейілмен жеткізді. Әрқайсысы өзі қызмет етіп отырған саладағы жетістіктер мен толағай табыстарды Елбасы саясатымен байланыстыра әңгімеледі. Ерекше тоқталып, ежіктеп баяндайтындай өрелі сөз қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, «ақын, қазақ айтысының атасы» атанып жүрген жерлесіміз Жүрсін Ерманның патша көңілінен көрікті көш тартты. – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала жарыққа шыққанға дейінгі қазақ ұлтының көңіл ауаны бір бөлек, жарыққа шыққаннан кейінгі көңіл күйі бір бөлек дер едім. Қазақ қоғамының түбегейлі өзгеріске зәру екенін әрқайсымыздың ішіміз сезуші еді. Осындай бір сілкіністі, серпілісті күтетін сияқты едік. Бұл аса күрделі де көреген бағдарлама біз күткеннен де асып түсті, – деп сөз бастаған ақын жерлесіміз: – Бүкіл зиялы қауым осы мақаладағы озық идеяларды қолдап, қолпаштап отыр деп нық сеніммен айта аламын. Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы шешімін таппай келе жатқан ең күрделі мәселе осы рухани жаңғыру еді. Енді ол халқымызды, ұлтымызды рухани азаттыққа бастаудың жолын көрсетіп беріп отыр. Осы бір сындарлы шақта Президент төңірегінен табылып, қолдау көрсету – ұлттың зиялы қауымына сын, – деген мазмұндағы мағыналы түйінмен сабақталды. Ақынның ақжарма пейілмен ақтарған ниеті Президентпен арадағы ашық диалогқа ұласып, Елбасы мен ақын ұлт өнерінің мәйегі саналатын айтыс төңірегінде пікір алмас­ ты. Ақын айтыс өнеріне мемлекет қамқор-

міндеттерді іске асыруға белсене қатысуға шақырамыз. Біз тұрақтылық, бірлік пен ке­лісім қо­ ғамның экономикалық, саяси және рухани жаңғыру мақсаттарына табысты қол жеткізуінің негізі мен басты шарты болатынына сенімдіміз! Алға, Қазақстан! Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы Астана қаласы, 2017 жылғы 26 сәуір.

лығы қажет деген ойын жеткізсе, Елбасы айтыстың формасын өзгерту, мазмұн-маңызын арттыру қажеттігін емеурін етті. Жиылған қауымның көңіл көкжиегіне қонақтай қалып, жүрегімізді шымыр еткізген сөзді Әсел Базарбаев айтты. Бұрын жат діни ағым жетегінде кетіп, рухани тұрғыдан адасуды басынан өткерген ана өзінің тағдыры жайлы тебірене толғап, көпшілікке сабақ болар ойларын ашық жеткізді. Әселдің өткен өмірі жайлы тебірене сөйлеп, жанарына жас үйірілген шақта залдағылардың да толқымай қалғаны жоқ. Жат ағымның азғырындысына құрбан болып, ол жерде кемсіту, қорлау, жәбірлеу дегеннің неше атасын көрген келіншек бүгінде деструктивті идеялардан зардап шеккен әйелдерге морольдық тұрғыдан қолдау көрсететін орталықта қызмет істейді. Адасқандардың ортамызға қайта қосылуына ықпал етіп жүрген Ә.Базарбаева жастарды жат ағымға елікпеуге шақырды. «Рухани жаңғыруды әр отбасынан бастау керек» деген аталы сөзінен елді елең еткізген тағы бір жерлесіміз – Абай қаласындағы №14 мектеп директорының орынбасары Вида Грейчуте болды. Ол тастанды балалар тағдырына алаңдаулы екенін жеткізді. – Елбасы мақаласының маңыздылығы сол, рухани сананың жаңғыруы әр отбасына шуақ, мейірім әкеледі. Мейірім бар жерде қатыгездікке орын жоқ. Олай болса, біз рухани сананы жаңғырту арқылы балаға бақыт сыйлап, көшеге баласын лақтырып кететін көкек аналарға тыйым жасай аламыз,– деді.

***

Сессия жұмысын қорытындылаған ҚР Президенті-ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сергей Вишняк пен ҚХА Кеңесінің мүшесі, «Әзірбайжандықтар қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедовті Ассамблея Төрағасының орынбасарлары етіп тағайындау туралы Өкімге қол қойды. Сондай-ақ, XXV сессия қорытындысында Ассамблея Үндеу (Үндеу мәтінін жариялап отырмыз) қабылдады. Мәртебелі жиын Қазақстан және шетелдік өнер шеберлерінің қатысуымен өткен «Отанға тағзым» атты мерекелік концертпен мәресіне жетті.

ҚХА сессиясына осымен үшінші жыл қатарынан делегат болып қатыстым. Осы жолғы сессияға таңдалған тақырып маңызды болғандықтан ба, алған әсерімді тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Шынымен-ақ, рухани сергектік бойымды биледі. Жалаң ұраннан арылғанымыз қуантты. Ассамблея институтының қоғамдық маңызы сәт сайын артып келе жатқандығы болашаққа деген үмітімді ұлғайтып, сенімімді серпілтті. Екі күн бойы Алаштың ақиық ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Ақсұңқарұлымен бірге жүрдім. Ассамблея жайында, рухани жаңғыру турасында ой бө­ лістік. – Мінберден айтылған сөзге де, ел игілігі үшін жасалған іске де жүрек керек. Жүрек жоқ жерде – нәтиже болмайды, – дейді Серағам. Рас-ау! Ал, мен Ассамблея сессиясы кезінде ҚАЗАҚСТАН аталатын Отан-Анамның жүрегі Бейбітшілік пен келісім сарайының төрінде бүлкілдеп тұрғандай әсерде болдым. Сессия­ның өне бойы шынайлықпен шырайланып, Елдің – Елбасыға, Елбасының – Елге деген адалдығы аңқып тұрды. ...Айтпақшы, Қарағанды облысының делегациясына екі күн бойы қызмет көрсетіп, табанын жерге тигізбей қабылдаған ҚР Қаржы министрлігінің ұжымына деген шексіз алғысымызды жеткізуге тиіспіз. ҚАРАҒАНДЫАСТАНА-ҚАРАҒАНДЫ.


4

Сенбі, 29 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Тәуелсіздік жылдары көпэтносты еліміздің тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ әлемде болмаған жаңа тәжірибені жүзеге асырып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған болатын.

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн көпұлтты халқымыздың айшықты мерекесі және бейбітшілік пен келісімнің белгісі. Бүгінгі таңда ұлттарды ұйыстырып, діндерді та­быстырып, достық пен өзара келісімді басты мақсат етіп отырған еліміз талай табыстарға, жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында атап көрсеткеніндей: «Биыл ең қастерлі құндылығымыз – Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық 25 жылдық мерекесі. Еліміздің тәуелсіздік тарихы татулық пен тұрақтылықты, бейбітшілік пен келісім шежіресі мызғымас бірліктің жылнамасы». Биыл еліміздің тәуел­ сіздік алғанына 25 жыл толды. Тарихи тұрғыдан қысқа ғана мерзімде Бейбітшілік, Достық, Келісім ұғымдары бірлігі жарасқан тәуелсіз мемлекеттің мызғымас негізіне айналды. Осы орайда ұлттық бірліктің «Мәңгілік ел» патриоттық идеясын іске асырудың бірегей тетігі екенін айта кету керек. Тәуелсіздіктің алға­шқы күнінен бастап біз күшімізді ынтымаққа негізделген мемлекет құруға жұмсадық. Осы кезеңде этникааралық және конфессияаралық тепетеңдіктің құқықтық негізі жасалды. Біз үшін Қазақстан – ортақ шаңырағымыз, аяулы Отанымыз. Сондықтан да, Бірлік мерекесі қаламыздың әрбір азаматының жүрегінде орын тапқанына сенеміз.

1992 жылы Қазақстан халықтары форумында Елбасы Н.Назарбаев «Бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша біз Қазақстан халықтарының келісімі мен бірлігі Ассамблеясы жаңа қоғамдық институтын құруымызға болады деп ойлаймын» деп еліміздің болашағын тұрақты да бейбіт өмірге жетелейтін идеяларын ортаға салған болатын. 1995 жылы 1 наурызда еліміздің қоғамдық аренасында Президент Жарлығымен жаңа құрылымы – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган. Жиырма жылдан астам тарихында Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси өмірінде белсенді орын алды. Ассамблея ұлтаралық келісім мәселелерін еліміздегі халықтардың дәстүрлі құндылықтарына сүйене отырып, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтап қалуға маңызды үлес қосты. 2013 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Еуразия ұлттық университеті өзара Меморандумға қол қойып, елімізде алғашқы болып Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы құрылды. Кафедраны сол кездегі Сенат депутаты Анатолий Башмаков басқарды. Мақсаты – мемлекеттің ұлттық саясатын жүзеге асыру, жоғары оқу орындарындағы студент жастарға патриоттық тәрбие беру. Кафедраға этносаралық қарым-қатынастардың және қоғамдық келісімнің негізгі мәселелерін ғылыми-теориялық тұрғыдан пайымдап, қазіргі заман талабына сай саралау міндеттелді. 2015 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің қабырғасынан да Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы құрылды. Кафедра қызметі білім беру, ғылыми-зерттеу мен тәрбие беру, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін дәріптеуге және де студент жастар арасында патриотизмді дәріптеуге арналған. Кафедраның негізгі міндеттері – мемлекеттің этносаясатын білім беру арқылы іске асыру, азаматтық келісім мен қазақстандық патриотизм тұрғысында жоғары оқу орындарының студенттерін тәрбиелеу, ұлттық бірлік пен этносаралық толеранттылықтың қазақс-

Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан» Қазақстандағы корейлер қауымдастығының бастамасымен Қарағанды қаласында «Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының медициналық ұйымдарының серіктестігінің болашағы» атты халықаралық конференция өтті. Конференция мақсаты – өңірдің қалыптасқан медициналық базасы есебінен жаңа мүмкіндіктерді көрсету.

тандық үлгісін зерттеудегі теориялық және әдістемелік негіздерін жасау, қазақстандық қоғамның шоғырлануындағы ҚХА рөлін насихаттау. Сондайақ, мемлекеттің ұлттық саясатын әзірлеуге және жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал жасау. Қарағанды мемлекеттік университетінің кафедрасы Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралар қауымдастығына кіреді. Қауымдастықтың басты мақсаты – ҚР жоғары оқу орындарында Қазақстан халқы Ассамблеясының әдіснамалық алаңын құруға, жастар арасында толеранттық мінезқұлықты қалыптастыруға арналған тәрбиелік жұмыстарды жүргізуге, Қазақстан Республикасындағы этносаяси бағыттардағы іргелі ғылыми жобаларды бірігіп әзірлеуге бағытталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы Қарағанды облысының этно-мәдени орталықтарымен, республикадағы басқа да Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларымен тығыз

байланыс орнатқан. Бүгінгі танда республикамызда 20-дан астам ҚХА кафедралары, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы табысты жұмыс істеуде. Мұндай форматтағы кафедралар ешбір елде жоқ. Қарағанды мемлекеттік университетінің басшылығы кафедраның жұмысын қолдап отырады. 2016 жылдың 24 сәуіріңде тарих факультетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы кабинеті ашылды. Кабинет арнайы жабдықтандырылған және Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін саралауға мүмкіндіктер жасалған. Кафедра оқытушылары Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиялық дамуы мен қызметіне байланысты халықаралық және республикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдер жұмысына қатысып, эксперттік жиналыстар мен семинарларды ұйымдастырады. Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы жыл сайын «Менің Отаным – Қазақстан» атты республикалық студенттік ғылыми-практи-

калық конференцияны, «Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік идеясы» атты кураторлық сағаттарды, «Мәңгілік Ел – болашықтың бастауы» атты мектеп оқушылары арасындағы облыстық конференцияны, «КЛИО» атты мектеп оқушылары арасындағы Қазақстан тарихы пәнінен облыстық олимпиаданы және басқа іс-шараларды өткізіп отырады. Кафедраның стратегиялық дамуы «Мәңгілік Ел» құндылықтарының негізінде қоғамның азаматтық-патриоттық және рухани-мәдени бірігуін тереңдетуге, қазақстандықтардың санасында мемлекеттіліктің құндылықтарын нығайтуға, қоғамдық келісім және бейбітшілік идеяларын жүзеге асыруға бағытталады. Жамбыл ЖҰМАБЕКОВ, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі.

Корея Республикасы медицина саласы бойынша дамыған елдердің қатарында екендігі жасырын емес. Халқының өмір сүру ұзақтығы бойынша 81,3 жасты құрап, Қазақстанмен салыстырғанда оқ бойы алда тұрған Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау нәтижелері, әсіресе, онкологиялық ауруларды емдеу әдістерінің тиімділігі 90 пайыздан асады. Мұның барлығы – соғыстан кейінгі жылдары бәрін жоқтан бастаған медицина қызметкерлерінің еңбегі. Қазақстандағы корейлер қауымдастығының вице-президенті Сергей Огайдың айтуынша, іс-шара үш стратегиялық мақсатты көздейді. Біріншісі – тәжірибе алмасу, екіншісі – медициналық қызметтің әр түрлі әдіс-тәсілдерін үйрену болса, үшіншісі – мемлекеттік және жеке ынтымақтастық бойынша бірлескен жобалар. Конференцияның Қарағанды қаласында өтуі де тегін емес. Медицина облысында шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығымен қатар, 335 мыңнан астам дәрігер оқытып шығарған ірі медициналық оқу орны да осы Қарағандыда. Сонымен қатар, облыстың медицина саласы Германия, Израиль, Қытай және Франция сияқты елдердің медицина ұйымдарының өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Облыстық бюджеттен медицина саласына, оның ішінде медициналық ұйымдарды заманауи жабдықпен қамтамасыз ету үшін бөлінетін қаржы да қомақты. Отбасы денсаулығы мен балаларды қалпына келтіру орталықтарын ашу жөніндегі жобаларды жүзеге асыру да жоспарланып отыр. Қарағанды облысының денсау-

Құрметті қарағандылықтар! Айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке тілейміз. Береке, бірлік, ынтымағымыз жарассын! Бір тудың астында, бір мақсатты көздеген халқымыздың достығы жасасын! Қазақ елінің даңқы арта берсін! Н.Әубәкіров, Қарағанды қаласының әкімі. Қ.Бексұлтанов, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы.

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Достық үйінде Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талдауға арналған республикалық бірыңғай тақырыптық күні аясында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Қарағанды облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық қызметі, Қоғамдық келісім Кеңесі мен Аналар Кеңесінің мүшелері, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова, облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жастар мен студенттердің, кәсіби медиаторлардың өкілдері қатысты. Жиынды Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысындағы ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский ашып, ол өз сөзінде Елбасының аталған мақаласы ел тұрғындары арасында жылы қабылданғанын жеткізді. Сондай-ақ, дөңгелек үстелде сөз алғандар қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қарағанды облысының Қоғамдық келісім Кеңесінің мүшесі Бекзат Алтынбеков пен облыстағы Қа-

зақстан халқы Ассамблеясы Аналар Кеңесінің төрағасы Сәлима Нұрмағамбетова болды. Қоғам белсенділері Елбасы мақаласының маңыздылығын тілге тиек етіп, жастарды қазақстандық патриотизм негізінде тәрбиелеу қажеттігін айтты. Әр сөз сөйлеуші орынды ой қозғап, жастар мен студенттердің назарын түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір кешіп жатқан ортақ Отанымызды, туған жерімізді сүюге, қадірлеп, құрметтеу қажеттігін жеткізді. Бұл ойды «LITUANICA» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виталий Тварионас та қолдап, Көшбасшы мақаласының жарық көруі – еліміздегі елеулі оқиғалардың бірі екенін атап өтті. – Біздің еліміз – шикізатқа бай аймақ қана емес. Отанымыздағы ең басты құндылық – жұдырықтай жұмылып, бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан көпұлтты Қазақстан халқы. Қазақстаның білімді, ауқатты және табысты ел болуы үшін – Елбасымыздың бұл

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан» Ел бірлігі өркендеген, гүлденген тұрмысқа жетелейді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ішінде небір жақсы бастамалар туындап, өміршең екендігін көрсетті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты алаңсыз өмір сүрудің нақты кепілі десем, артық айтқандық емес. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында мемлекетіміздің қоғамдық саяси тұрғыда дамуының рухани сара жолын көрсетіп берді. – Білім бұлағы – кітапта. Мен ұзақ жыл кітапханашы болып еңбек еттім. Сондықтан, орта буын, жас буын өкілдерін болсын білім бұлағынан сусындатудың, оның жарқын көкжиегін бағдарлай білудің мәнісі зор дер едім. Ал, енді қаншама ұлттың өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын өсіріп, ғұмыр кешіп жатыр. Шет елдегі аласапыран саясаттың сойқан көрінісін бақылап отырмыз. Жазық-

сыз сәбилер аштан қырылып, бейкүнә, бейбіт халық әуеден тасталған бомбалардың құрбаны болуда. Еске алудың өзі қорқынышты, бірақ, айтуға мәжбүр боламыз. Қалыптасқан жағдайларды салыстыра отырып, баяндаудың қажеттілігі осында, – дейді кітапхана ісінің ардагері Назира Ким. Назира Каликовнаның туып-өскен жері Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданы. Ұлты украин, қазақ

тілін жете меңгерген. Өткенге көз жіберсек, Назира Каликовнаның еңбек жолы да өмірден өз орнын табуға, білім алуға, қатарластарынан қалмауға ұмтылғанын байқаймыз. Жап-жас бойжеткен арман қуды. Арман алға жетелейді, орта мектепті өзінің туып-өскен колхозында аяқтады. Сөйтіп, 1977 жылы сол кездегі Жезқазған облысының Никольский (қазіргі Сатбаев) қаласындағы мәдениағарту училищесіне түседі. Кітапханашы болу – мәртебелі мамандық. Оның үстіне қыз балаға жарасымды. Үздік оқыды, 1979 жылы аталған оқу орнын кі-

тапханашы мамандығы бойынша бітіріп шығады. Кейде уақыттың өзі өмір соқпағын алдын ала шешіп қойған сияқты болып көрінеді. Дәл сол тұста көкше теңіз жағасынан Приозерный ауданы ашылып, әр саланың бесаспап мамандары қажет болып тұрған-тын. Назира да жас маман ретінде орталықтандырылған кітапхана жүиесінің іріктеп- жинақтау бөліміне орналасып, іске кірісті. Осы қызметті 1997 жылға дейін абыройлы атқарды. Уақыт бір орнында тұрмайды. Жезқазған облысы таратылып, Қарағанды об-

лысына қосылды. Аудан аты Тоқырауын болып өзгергенімен ұзаққа созылмады, таратылды, Ақтоғай ауданына қосылды. Назира Каликовна әріптестерімен бірге Шашубай кентінің үлгілі кітапханасында кітапханашылық қызметін жалғастырды. – Назира Каликовнаның бай тәжірибесі жас кітапханашыларға айтар-

мақаласы ауадай қажет, – деді Виталий Тварионас. Бұдан кейін, сөз кезегін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Әсем Сағатова алды. Кафедра меңгерушісі облыстағы жоғары оқу орындарында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының ашылғанын айтып, онда оқытушылар мен студенттерге терең білім берілетінін сөз етті. Сондай-ақ, облыстағы Қоғамдық келісім Кеңесінің мүшесі, облыстық «Полония» поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский де сөз алып, Президент мақаласында айтылған ойдың өзектілігіне тоқталды. «Полония» поляк қоғамы төрағасының айтуынша, Елбасы ұсынған тың қадамдар ертеңгі ұрпақтың келешекте бәсекеге қабілетті болуына тың серпін береді.

лықтай үлгі боларлық тәжірибе. Өзінің білімділігі, еңбекқорлығы арқасында көпшіліктің құрметіне бөленді. Замана жаңалықтарын тез игеруге, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға өте ынталы. Өзіне тапсырған шаруаны дер кезінде, әрі ұқыпты орындайды. Ұжымда өте қарапайым, кішпейіл, кеңес сұрағандарға көмегін аямайды. Оқырмандардың сый-құрметіне бөленді. Оқырмандар, кент тұрғындары «емші Назира, «бағбан Назира», «қолынан бал тамған Назира» деп құрмет тұтты дейді, – кітапхана жетекшісі Бибіжамал Қалиева. Назира Каликовна былтыр зейнетке шықты. Алайда, қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқ. Өзі еңбек еткен ұжымына келіп, бүгінгі заман тынысы жайлы ой бөліседі. Қоғамдағы ілгерілеу тұрғысындағы жетістіктерге пікірін қосады. Өмірлік жары Вячеслав Алексеевич Ким үлгілі отағасы. Ұлдары Игорь, Вадим өмірден өз орындарын тапқан, немересі Илиана ата, әжесінің қуанышы, көзайымы.

лық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхат Хорошаш екі тараптың да ұзақ мерзімді серіктестікке мүдделі екендігін және оны жүзеге асыру үшін Қарағанды облысының мүмкіндігі жеткілікті екендігін айтты. Корея Республикасынан келген делегация құрамында тәжірибелі дәрігерлер мен профессорлар ғана емес, топ-менеджерлер, Корея Республикасының денсаулық сақтауды дамыту және индустрияландыру институтының өкілдері де бар. Оңтүстік Корея ғана емес, шетелдерде де медициналық қызметтер сапасын жақсарту мен денсаулық сақтау индустриясын дамыту бойынша орталықтандырылған орган 15 жылдан астам уақыт табысты жұмыс жасауда. Еліміздегі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Северанс» оңтүстік-корей клиникасы бірлесе ашқан диагностикалық орталық осы ынтымақтастық нәтижесі. – Ынтымақтастықты дамытудың ақтық нәтижесі Қарағанды облысына корей медицинасын бейімдеу болып табылады. Бұл өз кезегінде өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға жаңа серпін беріп, тұрғындарға жоғары сапалы медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді. Қарағандылықтар сапалы медициналық қызметке лайық, - дейді Қазақстандағы корейлер қауымдастығының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Лилия Ким. Конференция соңында Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы мен Корея Республикасының денсаулық сақтауды дамыту және индустрияландыру институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын оқи келе, біздің көп этносты қоғамда Елбасының «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының арқауы – туған жерге деген сүйіспеншілік, патриотизм, сенім, достық пен махаббат сияқты мызғымас құндылықтарды топтастырып отырғанын айта кеткім келеді. Өйткені, «Нұр Отан» партиясы Осакаров аудандық филиалында түрлі этнос өкілдері мүшелері партия қатарына қабылданған. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесім ауданымызда берік сақталып келе жатыр. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз болғандықтан, Елбасы бастамасы бойынша қолға алынған «Қазақстанның рухани жәдігерлері» жобасы қызу қолдауға ие болды. Рухани жәдігерлеріміз аудандық тарихи өлкетану музейінде жинақталған. Ауданымыздағы 56 этностың тату тұрмысын паш ететін рухани және мәдени құндылықтарымыз жеткілікті. Елбасы көтерген тағы бір бастама – бұл қазақ жазуының латын әліпбиіне кезең кезеңмен көшіру мәселесі. Мұның да басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау. Нәтижесінде, елімізде латын әліпбиіне көшудің игі бастамасымен «Әлемнің ең үздік 100 оқулығы» латын тіліне аударылып, дайындалмақ. Бұл мәселе 2012 жылдан айтылып келеді. Қазақстанның дамуында латын әліпбиі арқылы дамудың 11 жылдық тарихи тәжірибесі (1929-1940 жылдар) қалыптасқандықтан, Елбасының мақаласын әрбір қазақстандық Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің бағасы деп түсінгені абзал. Басты байлығымыз – бейбітшілік және келісім. Динара БЕКОВА, «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары. ОСАКАРОВ ауданы.


Сенбі, 29 сәуір, 2017 жыл

5

www.ortalyq.kz

Зарқын ағамыз жетпістің бесеуіне келіпті. Біз үшін Зақаң әлі жас. Қарттыққа қалай қиярсың? Қарасөзіне қалжың қоспаса, қомсынып тұратын көңіліміз Зақаңды сол баяғы болмыс, мінезімен ғана қабылдаймыз.

лог, тарихшы қалаберді жаратылыстану саласының мамандары журналистика мамандығының қызметтерін атқаруға тура келді. 1993 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасында Алматының ҚазМУ-ынан кейінгі екінші журналистика мамандығын даярлау бөлімі Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың шаңырағында бой көтеріп, іргетасы қаланды. Қарағанды Мемлекеттік университетіндегі журналистика

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Өткен жылы дәстүрлі «Таза су айдындары» акциясы барысында 12 мың гектар балық шаруашылығы су айдындарының акваториясы тексерілген. Нәтижесінде, 5 шақырымдық ұзындықтағы 500 дана қармақ жібі мен аулар тазаланған. Сонымен қатар, облыс бойынша 90 шақырымдық жағалауға тазалық жұмыстары жүргізіліп, 3 тоннадан аса тұрмыстық қоқыс қалдықтары шығарылған. Бұл жөнінде Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Абай ӘЛЖАНОВ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. – Республикалық шара аясында табиғи ресурстар мен құндылықтарды молайту және сақтау мақсатында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ұйымдастыруымен облысымыздың әр аймағындағы су айдындарының аумағы тазартылып жатыр. Бұл жұмыстарға су айдындарының бекітілген пайдаланушылары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен еріктілер атсалысуда. Олар жағалау жиектерінен тұрмыстық қалдықтарды, синтетикалық полиамидті моножіптерден жасалған және иесіз қалдырылған балық аулау құралдарын жинап тазалайтын болады. Біз әр тұрғынды игі шараға шақырамыз. Бір айта кетері, бүгінде қытайдың ауын пайдаланып, су айдындарына зиян келтіріп жатқан заң бұзушылар бар. Оларға қарсы жұмыстар атқарылып жатыр. Балықтардың уылдырық шашу маусымына байланысты балық аулауға шектеу қойылды,– деді Абай Әлжанов. Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына қатысқан Қарағанды облысы бойынша «Қазақ балық шаруашылығы» балықшылардың қоғамдық бірлестіктері мен балық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығы өкілдігінің директоры Алексей Мигушин, Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны бақылау басқармасының бөлім басшысы Бақтияр Санабаев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің бас маманы Махаббат Кәрібаева БАҚ өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді.

Бүгін жетпіске толып, кемел жасқа келіп, кемеңгер қария атанған білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері Сағындық Төкішев туралы толғанбақпыз. Ұзақ жылдар ұстаздық етіп, аймақтың білім саласының дамуына айрықша үлес қосқан білікті педагогтың жүріп өткен жолы талайға өнеге. Қасиетті Ақтөбе ауылының тумасы жасынан еңбекпен еті шираған жан. Айтулы Ақтөбе ауыл мектебінің табалдырығын 1954 жылы аттаған Сағындық Рахымұлы 1965 жылы 10 сыныпты тәмамдады. Алғаш еңбек жолын Нұра ауданы, Чапаев совхозының №3 бөлімшесінің «XXX Қазақстан» №3 бригадасында бригадирдің есеп-шот жүргізушісінің орынбасары болып бастады. Еңбек істей жүріп, білім алған Сәкең Қарағанды медициналық институтының студенті атанды. Көп ұзамай 1967 жылы әскери борышын өтеуге Солтүстік флоттың Полярный қаласына аттанды. Әскерден келген соң 1969 жылы Гарбачев шахтасында қатардағы кен жұмыскері болып еңбек етті. Сағындық Рахымұлының ұстаздық жолы 1972 жылдан басталған болатын. Есімізде Нұра ауданының Щербаков қазіргі Қайнар кентінің орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып еңбек істеді. Оқу мен жұмысты қос тізгіндей қатар ұстаған ол 1974 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінен математика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Жас келсе іске демекші, білім біліктілігі мол педагог шәкірт санасы-

Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңы ұлт намысының оянып, қоғам елең-алаң күй кешкен шақ еді. Айтыс өнерінің байрағы желбіреп тұрған. Қырқыншы жылдары соғыстың қайнап тұрған кезінде Қарағандыда Ғабит Мүсірепов бас болып республикалық ақындар айтысын өткізіпті. Сол абыз Ғабеңнен кейін көмірлі өлкеде айтысты қолға алған – осы Зарқын аға. Ол кезде Зақаң «Орталық Қазақстанда» бөлім меңгерушісі еді. Бір бөлмеде ақын Оңайгүл Тұржан, журналист Гүлсім Оразалиева үшеуі отыратын. Балауса өлеңдерімізді алып, редакцияға барып тұратынбыз. Бірде «Орталыққа» бара қалсам, Зақаңның бөлімі абыр-сабыр болып жатыр. Сөйтсем, Қарағандыға Жүрсін Ерман ұйымдастырып жүрген телевизиялық айтыс келіп жатыр екен. Жезқазған мен Торғай облыстарының арасындағы командалық айтыс. Газетке ақындар айтысын алдын ала хабарлап, насихаттау керек. Зақаң шабыттанып алған. «Жезқазғанның бас ақыны Шынболат Ділдебев жайлы мақаланың тақырыбын «Қайдасың, Қонысбай!» деп қойыңдар, торғайлық бас ақын Қонысбайдың аузына «Мен келдім, Шынболат!» деген сөз салыңдар» дейді. Сондағы Зақаң қойған тақырып атауларының өзі санамызды бір серпілтіп тастап еді. Зақаң Қарағандыда айтыс өнерінің жандануына үлкен ықпал етті. 1989 жыл. Үшінші облыстық ақындар айтысына қызу дайындық жүріп жатқан кез. Орыс, неміс ұлттарының да өкілдерін айтысқа қатыстыру керек. Партия талабы солай. Сонда осы Зақаң Егіндібұлақтан Гүлбаршын Гроссты (Тергеубекова), Қарқаралыдан Сергей Даудрихты қыз бен жігіт айтысына шығарды. Сонымен айтыс ақындарының қатарында неміс те, орыс та бар болып шыға келді. Бәрі орнына келді-ау дегенде тағы шу шықты. Бұл айтыс жайдан-жай өтпеу керек. Бірдеңеге арналу керек. Ойпырмай, енді қайттік!? Айтысқа коммунистік реңкті қалай береміз деп ұйымдастырушылар тағы да дал болды. Бұл тығырықтан да Зақаң алып шықты. Айтыс сол кезде Мәскеуде өтіп жатқан коммунистік партияның XIX конференциясы құрметіне орай өткізілетін болды. «Үйбай-ау, партиядан ұят емес пе, бәсе сөйтуіміз керек» дейді Зақаң жайбарақат. Мәскеу қайда, айтыс қайда? Күлейік десек, күле алмаймыз. Зақаңның жүзінен нағыз шаншарға тән ащы мысқылды сонда аңғарып едім. Кешегі Советтік Қазақстанда журналистика мамандығын даярлайтын жалғыз оқу орны болды. Ол – Алматыдағы С.Киров атындағы ҚазГУ-дің журналистика факультеті еді. Советтік Қазақстандағы он тоғыз облысты журналистермен қамтамасыз ету сол жалғыз факультеттің құзырында ғана болды. Соның салдарынан орталық, солтүстік, шығыс өңірлерінде журналистика мамандығына деген тапшылық аса зәру мәселеге айналды. Бұл өңірлердің мерзімді басылымдары мен телерадио орындарында фило-

на сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етті. Араға төрт жыл салып, Тельман ауданы Ақтөбе орта мектебінің директоры қызметіне тағайындалды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып 1980-1987 жылдары Ақтөбе ауылдық халық депутаттар Советі атқарушы комитетінің төрағасы қызметін тізгіндеді. Одан кейін аталмыш мектептің директорлық қызметіне оралып, білім ұясының материалдық техникалық базасын жаңартты. Кейін, аудандық директорлар кеңесінің мүшесі болып, өмірде қабілеті қарымды, іскер ұйымдастырушы, білгір бас-

кафедрасының ашылуына бастамашы болған әрі осы істі үлкен қажырлықпен жүргізген Зарқын Сыздықұлының еңбегі өлшеусіз еді. Зарқын Сыздықұлының бұл бастамасына университеттің сол жылдардағы ректоры, профессор Жамбыл Ақылбаев барынша қолдау көрсетті. Қазір осы бөлімнен журналист мамандығын алып шыққан жүздеген шәкірттер Қазақстан баспасөзінде жемісті еңбек етуде. Зақаңның қалам тартпаған тақырыбы кемде-кем. Әрине, оны ол кісі істеген баспасөз беттерінен көруге болады. Бір ғана мысал, Қарқаралы, Қу өңірлерінің әнші-композиторлары туралы жазған «Алтын бесік – ән орда» атты кітабының өзі бүгінгі ұрпақ үшін аса құнды дүние. «Менің білмейтінім жоқ» дейді кейде Зақаң қалжыңдап. Шынында, Зақаң білмейтін, мүдіретін бірде-бір мәселе болмайтын. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша докторлық диссертациялық кеңеске Зақаң бірден іргелі үш зерттеу ұсынады. Мұндай жағдайды көрмеген ғылыми кеңес мүшелері таң қалады. Біреулер ғалым атану үшін бір диссертацияны әрең жазып жатқан уақытта бірден кешенді үш монографияны қорғауға ұсынған Зақаңның білімділігі шынымен таң қаларлық дүние еді. Жақып Ақбай күрескерлігі, Абай шығармашылығы, тағы бір өнер тақырыбына қатысты үш ғылыми еңбектің ішінен жетекшісі Абай шығармашылығынан қорғатуды жөн көреді. Академиктер Зәки Ахметов, Зейнолла Қабдолов, Рымғали Нұрғалиев, филология ғылымдарының докторлары Тұрсынбек Кәкішев, Марат Барманқұлов, Темірбек Қожакеев, Әбілғазы Нарымбетов, Алма Қыраубаева және басқалары диссертанттың «Абайтанудың революцияға дейінгі кейбір қайнар көздері» деген еңбегін «абайтануға қосылған елеулі үлес» ретінде бірауызды пікір білдіреді. Қорғау үстінде қызық жағдай болады. Ғылыми кеңес мүшелері сұрақты қарша боратады. Зақаңа керегі сол, оңынан да, солынан да қойылған сұрақтарға тиянақты, дәйекті жауап беруден жалықпайды. Тіпті, арқасы қозып шабыттанып кеткен Зақаңды әрең тоқтады. Сәл тыныштық орнағанда профессор Тұрсынбек Кәкішев: «Тағы қандай сұрақтарың бар, білмейтіндеріңді сұрап қалыңдар», – деген екен.

шы ретінде танылды. Ұлағатты ұстаз зейнет жасына дейін шәкірттеріне жүрек жылуын төкті. Аймақтың қоғамдық-саяси өміріне де белсене атсалысқан Сәкеңнің шаңырағын Амангелді дәрігерлік амбулаторияда бас дәрігер болып қызмет атқарған аяулы жары Марал Сыздықова шаттыққа бөледі. Ол қол ұстап жар атанған соң ғазиз жүректеріне дақ түсірмей, сыйластық таразысының безбенін ауытқымай тең ұстап, мейірбандық шапағаттың сарқылмас телегей-теңіздей шуақты нұрын төңірегіне молынан шашты десе де болады. Әулетіне құт болып кіріп,

Абайтанудың көкейкесті мәселелері автордың «Абай және баспасөз» (Революцияға дейінгі қазақ баспасөзінің материалдары бойынша, Қарағанды, 1997ж.) және «Абайтану арнасында» (Абайтанудың қазіргі көкейкесті мәселелері, Астана, 2006ж.) монографиялары мен ғылыми мақалаларында жаңа қырынан зерттелген. Қарағанды және Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттерінде жиырма жылға таяу абайтану дәрістерін алғаш бастап, жүргізіп келеді.

2001 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің шақыруымен «АҚШ-та журналистер даярлау» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың бес университетінде болып, лекция оқыды, семинарлар өткізді. ҚХР Шыңжан университетінде, Қоғамдық ғылымдар академиясында (2012ж.) халықаралық конференцияларға қатысты, Прага университетінде (2013ж.) қазіргі БАҚ және журналистер даярлау мәселесі бойынша баяндамалар жасады. Сол сапарда ғой, кіші Джордж У.Буш президенттік сайлауға түсіп жатқан тұс. Бір кездесуде американдық бір журналист Зақаңа президент сайлауы жайында құйтырқы сұрақ қояды. – Сіз осы сайлауда кім жеңеді деп ойлайсыз және болашақ Америка президентінің әлем саясатындағы ықпалы қандай болмақ? – дейді. Азияның әлі де беймәлімдеу елінен келген бұл азият не дейді екен деген кеудемсоқтық пиғыл ғой баяғы. Зақаңның Қаздауысты Қазыбек бидің ұрпағы екенін, әйгілі Қаракесек – Шаншардың тұяғы екенін ол журналист қайдан білсін. Зал сілтедей тынып Зақаңа қарайды. Зақаң саспай жай ғана: «Елдеріңізге келгелі байқап жүрмін, жалпы сіздерге президенттің керегі жоқ екен, президентсіз де өмір сүре алатын ел екенсіздер», – депті. Отырғандар ду күліпті. Бұл сөздің не мақтау, не даттау екенін түсінбеген журналист байғұс не дерін білмей қалыпты. Алпыс жылға тарта қолынан қаламы түспеген зерттеуші Зарқын Тайшыбай соңғы 20 жыл бойы абылайтану тақырыбымен үзбей айналысып келеді. Автордың «Абылай хан» (құжаттар мен материалдар жинағы, 32 б.т. «Астана», 2005ж.) кітабы қазақ тілінде 10 мың дана болып басылып, бүкіл елімізге тарады. Кітапта қазақ тіліне тұңғыш аударылып, уақыт ретімен тізілген жазба деректер ХVІІІ ғасырдағы қазақ тарихын зерттеушілерді қызықтырды, Абылай тақырыбына

бақыт бесігін тербеткен Маралдан үш ұл сүйді. Амангелдісі Теміртау қаласында еңбек етеді. Ортаншысы Есенгелді Қарағанды қаласында жеке кәсіппен айналысады. Кенжелері Азамат әке жолын қуып Ақтөбе ауылында білім ұясының директоры қызметін атқарады. Бүгінде балаларынан немере сүйіп отыр. Тағдырдың жазуы шығар аяулы жары Марал 2013 жылы дүниеден озды. Нұры пейіште шалқысын. Сағындықтай азаматтың адамгершілік

қалам тартқандардың әрқайсы бұл еңбекке соқпай кеткен жоқ десе болады. Зақаңның шығармашылық жолындағы ең сүйекті еңбегі, кешенді тақырыбы осы Абылай хан тарихи дерекнамасы десе де болады. Ақылшы аға, рухани ұстаз Зақаңа деген жүрекжарды ойларымды жыр жолдарына қалдырайын: Зақаңның қаламы құт, жаны көрік, Көп жүрдік, күрең күнде жанына еріп.

Беу шіркін, уақытқа дауа бар ма? Барады сары белден сағым өріп... Өмірің өнегелі бұла дастан, Жаныңа нұр құйылып – күнә қашқан. Сақадай алшы түскен ақылыңа, Баласы бес Мейрамның құлақ асқан. Тәттімбет бабаң күй боп күмбірледі, Ән айтты Балқантаудың сүмбіл желі. Шыңдары Қарқаралы шырайланып, Тебіренді Қу бойының құмбыл белі. Қайтейін күстаналап замананы, Қалады биігінде адам ары. Ескінің есті сөзін арқалаған, Сен едің қазағымның қара нары. Ат жақты, батыр кеуде, бөлек бітім, Тілемес көк бөрідей ерек күтім. Шымырлап шымнан шыққан шым бұлақтай, Бойыңа құт боп қонған зерек білім.

Елбасының жуырда жарияланған, рухани дамуымыздың бағдарын айқындаған мақаласы Шет жұртының үлкен қызығушылығын туғызды. Мұның алдындағы Жолдауы мен Үндеуінің заңды жалғасындай болып, санаға серпін беріп, қиялға қанат байлады. Аудан активінің жиналысында аудан әкімі М.Жандәулетов Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың рухани жаңғыру туралы бағдарламалық мақаласын басшылыққа ала отырып, осы бағыттағы жұмыстарды жаңаша құруға шақырды. Жиында баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин мақаладан туындайтын мәселелерге тоқталып, қолға алынатын істерді ортаға салды. Ақой ауылынан келген зейнеткер М.Шәйке мектептерде «Өлкетану» сабақтары өткізіліп, жер-су аттарының тарихын, шығу төркінін жастарға түсіндіруді ұсынды. Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Г.Сағындықова латын әліпбиіне көшуден туындайтын мәселелерді ортаға салды. Аудандық археологиялық-этнографиялық музей директорының міндетін атқарушы С.Қамытбаева жастарға патриоттық тәрбие берудегі мұражайлардың рөліне тоқтап, осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Сарыарқаның кіндігінде орналасқан Шет өңірі – тарихи ескерткіштерге, табиғаттың таңғажайыптарына бай өлке. Мысалы, осыдан 3 мың жыл бұрын салынған, Талды өзенінің бойынан табылған пирамида тектес құрылыстың өзі ерекше құнды дүние. Биыл жасалатын реставрациялық жұмыстардан соң бұл жәдігер ел іздеп барып көретін жерге айналары сөзсіз. Ертай ЖӘНІБЕКОВ, аудан әкімінің баспасөз хатшысы. ШЕТ ауданы.

Жатса егер қай құбылам еңсерілмей, Кезің жоқ тосырқаған әмсе білмей. Тауарих жайлы жазған тәмсілдерің, Баһадүр Абылайдың семсеріндей. Жаралғандай қысастық, адам кектен, Соқпақты-соқтықпалы заман неткен?! Шерменде шерлі ғасыр дауылынан, Шаншардың тұяғысың аман жеткен. Жүйріктей шапқан сайын қарқын ала, Ұрпаққа аңыз болар парқың, аға. Ортада оғыландай ойыңды айтып, Аман-сау жүре берші, Зарқын аға! Қойлыбай АСАНҰЛЫ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

қасиеттерін, ақжарқын мінезін, кеңпейілділігін замандастары қашанда мақтана айта аламыз. Еткен еңбегінің өтеуі шығар. 2004 жылы Сағындық Рахымұлын Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезіне құрметті қонақ делегат ретінде шақырды. 2006 жылы Ы.Алтынсарин медальімен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы және 25 жылдығына орай мерекелік медальмен марапатталды. Сағындықтың өмір жолы жастарға әрқашан да үлгі деп білеміз. Бойындағы кісілік пен кішілік, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттер халықтың арасында зор бедел мен алғысқа бөледі. Еңбегін ел біліп, есімін құрмет тұтып келеді. Елдің өсіп-өркендеуіне, экономикалық табысты өңірге айналуына зор үлес қосты. Біз бүгін кемелдік пен кемеңгерліктің өлшемі іспетті, кәдесі биік, шежіресі мол 70 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Құт-береке дарыған өнегелі әулеттің биік бәйтерегі болып жүре беріңіз демекпіз! Боранқұл ҚҰРМАШЕВ, Ғабит ТҰЯҚОВ, Қабидеш БАЙБОСИН.

Сағыныш ӘБІЛОВА, «Орталық Қазақстан» Қарқаралы қаласындағы балалар мен жасөспірімдер орталығындағы робототехника кабинеті осыдан екі жыл бұрын ашылған. Ол заманауи талаптарға сай жабдықталған. Арнайы бағдарламаны жасап, дайын өнімге бағыттайтын бас компьютер, робот жинауға қажетті бөлшектер салынған бірнеше қораптар – негізгі құрылғылар. Бір роботты жинау үшін дәріске үнемі қатысқан зейінді оқушы 10-15 минут уақытын жұмсайды. Өткен жылы Қарағанды қаласында Қытай, Түркия, Ресей мемлекеттерінен келген оқушылар арасында өткен халықаралық олимпиадаға қатысқан Мағауия Нұртас, Серікхан Рахымжан мен Боранбай Сапар арнайы сертификаттарға ие болды. Бүгінде үйірмеге қатысып жүрген оқушылардың өздері құрастырып шыққан екі робот машинаның жадына бағдарлама орнатылып, берілген бұралаң жолдар арқылы межеленген нүктеге жеткізу ісі жүзеге асырылып отыр. – Біз физикалық заңдылықтарды басшылыққа алып, берілген формуланы қорыта отырып, дайын элементтер арқылы роботтарды құрастырамыз. Ал, олардың қозғалысы арнайы индикаторлар арқылы жүзеге асады. Жалпы, аталмыш үйірмеге оқушылардың қызығушылығы өте жоғары, – деді орталық директоры әрі үйірме жетекшісі Серік Бектұрсынов. Сонымен қатар, үйірмеде дәріс беретін ұстаз Рахымжан Серікхан да әр детальді, тек, жинап қана қоймай, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін шыңдап, техникалық қауіпсіздікті сақтауына жіті көңіл бөледі. ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.


6

Сенбі, 29 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Қазіргі заманауи ақпараттық технологиялар адам өмірінің, оның ішінде денсаулық сақтау саласының түрлі тармақтарында өндірістік үдерістерді басқару және қызметті автоматтандыру мүмкіндігін береді.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі. Яғни, бұрын мемлекет есебінен жүзеге асырылған тегін медициналық қызмет түрлері аталған сақтандыру жүйесі арқылы орындалмақ. Мемлекеттің айрықша санаттағы азаматтар (әлеуметтік әлжуаз топтар) үшін төлейтін жарна мөлшерлемесі орташа айлық жалақының 7% болады. Оның үстіне, мөлшерлеме біртіндеп көтеріледі: 2017 жылы 4%, 2018 жылдан 5%, 2023 жылы 6%, 2024 жылдан – 7%. Жұмыс берушілер төлейтін жарнаның жалпы мөлшері табыстың 5% құрайды, сонымен қатар, төлем 2017 жылы 2% басталады, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 4% және 2020 жылдан бастап - 5% болады. Қызметкерлер төлейтін жарна мөлшерлемесі табыстың 2% құрайды, сонымен қатар, оларды төлеу 2019 жылы 1% басталып, 2020 жылдан – 2% болады. Бұл жарналар жеке бас табыс салығын есептеу кезінде шегеріледі. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалар) төлейтін жарна мөлшері табысының 7% құрайды. Сонымен қатар, жарна мөлшері 2017 жылы 2% бастап, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5% және 2020 жылдан 7% болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден азаматтардың 15 санаты (әлеуметтің әлжуаз топтары) босатылады. Оларға балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және бұрынырақта «Батыр ана» атағына ие болған, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, ҰОС қатысқандар және мүгедектері, мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар, интернат ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін тұлғалар, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беретін ұйымдарда күндізгі оқыту нысаны бойынша, сондай-ақ, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу орындарында резидентура нысаны бойынша оқып жатқан тұлғалар, бала туғанына, бала асырап алғанына байланысты, 3 жасқа толмаған баласының күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ, баласы 3 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар, зейнеткерлер, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сот үкімі бойынша ең аз қауіпсіздігі бар мекемелерден бөлек ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан тұлғалар, уақытша ұстау және тергеу оқшаулағыштарында жатқан тұлғалар жатады. Интернет материалдары бойынша дайындалды.

Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жаңғырту саясаты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес жүзеге асырылуда. Ақпараттық жүйелерді пайдалану өздігінен қазақстандық денсаулық сақтау саласы үшін инновация болып табылмайды. Әр түрлі автоматтандыру деңгейіндегі ақпараттық жүйелер еліміздің медициналық ұйымдарына бұрыннан бастап енгізіле бастады, алайда, аталған процесс әртекті және бірлеспеген және түпкілікті пациенттің мұқтаждықтарына бейімделмеген болатын. Электронды денсаулық сақтаудың жаңа архитектурасының негізгі компоненттерінің бірі Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелерді ақпараттандыру және интероперабельділігін қамтамасыз ету платформасы (Интероперабельділік платформасы) болып табылады. Интероперабельділік платформасын енгізу пациенттің мұқтаждықтарына бейімделген қауіпсіз, әділ, жоғары сапалы және тұрақты денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз ету үшін медициналық көмекті үздіксіз көрсету, денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, өзекті, нақты және толық ақпаратты автоматтандырылған түрде жинау мүмкіндігін береді. Қазақстан Республикасының электронды денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізге алынатын қағидаттарының бірі «пациентке бейімделу» болып табылады. Яғни, оны іске асыру үшін пациентке медициналық көмек көрсету кезінде Қазақстан Республикасы азаматының электронды денсаулық паспорты қолданылуы және бұл қолжетімді болуы тиіс. Электронды денсаулық паспорты пациенттің ел ішіндегі медициналық ұйымдарда тексеруден өту және ем алу нәтижелері, оның ішінде бұрын ауырған аурулары мен созылмалы аурулары, дәрілік заттар мен басқаларға аллергиялық реакциясының бар жоғы туралы электронды деректер кешенінен тұрады. Аталған ақпарат Интероперабельділік платформасының құрамына кіретін бірыңғай электронды денсаулық паспорты репозиторийінде сақталады және медицина қызметкерлеріне қолжетімді болады. Пайдаланушылардың Интероперабельділік платформасында сақталатын ақпаратқа қолжетімділігі мынадай жеке электронды денсаулық сақтау кабинеттерінің көмегімен ұйымдастырылатын болады: – пациенттің жеке кабинеті; – денсаулық сақтау қызметкерінің жеке кабинеті. Пациенттің жеке кабинеті пайдаланушыға оның электронды денсаулық паспортындағы дербес деректеріне, сондай-ақ, қабылдауға жазылу, дәрігерді үйге шақыру және басқа да денсаулық сақтау саласының электронды қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Пациенттің жеке кабинетіне пациенттің денсаулығына байланысты (мысалы, жоспарлы тексеру, қарау, егу) іс-шараларды өткізу қажеттігі туралы хабарламалар түсетін болады. Денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін қызметкердің жеке кабинеті пациенттің электронды денсаулық паспортымен өзара іс-қимыл жасау, электронды жолдамалар мен тағайындауларды басқару арқылы қызметкер жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндігін беретін, сондайақ, талдамалық және статистикалық ақпаратқа, денсаулық сақтау саласының көрсеткіштері мен индикаторларына қолжетімділікті қамтамасыз ететін виртуалды кеңістік болып табылады. Опе-

рациялық және талдамалық есептілік автоматтандырылған түрде әртүрлі көздерден жиналған және деректер үлгісіне сәйкес құрылымдалған деректер негізінде қалыптастырылады. Электрондық денсаулық паспортын жүргізу

Беттің жетекшісі – Салтанат ИЛЬЯШОВА

процесінің дұрыс жұмыс істеуі және есептілікті қалыптастыру денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерімен, оның ішінде медициналық

– Мынау басыңдағы ісік пе? – Кеше сатыдан құлап қалып едім. Дәрігерге көрініп келе жатқан бетім. – Иә, дәрігер не дейді? – Басыңда миың болмағаны жақсы болды, болмаса шайқалатын еді, – дейді.

ақпараттық жүйелермен, Интероперабельділік платформасымен ықпалдасуды талап етеді. Осылайша, Қазақстан Республикасының Бірыңғай элект-

Дәрігер науқастан: – Төсекке жатқанда тез арада ұйықтап кетесіз бе? – деп сұрайды. – Үшке дейін санаймын да ұйықтап кетемін. – Үшке дейін-ақ па? – Кейде таңғы төртке дейін.....

ронды денсаулық сақтау кеңістігі құрылады. Денсаулық сақтау саласының ақпараттық жүйелерімен тиімді өзара іс-қимыл жасау олардың интероперабельділігін қамтамасыз етуді, яғни семантикалық үйлесімділікті сақтап қалумен клиникалық және клиникалық емес деректермен алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап етеді. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Интероперабельділік платформасы халықаралық деңгейде танылған, стандартталған тәсілдемелерге негізделген ықпалдасу тетіктерін пайдаланады. Интероперабельділік платформасының құрамына Қазақстан Республикасының электронды денсаулық сақтау саласындағы барлық қатысушылар үшін ақпараттық объектілердің – анықтамалықтар мен жіктеуіштердің, тіркелімдердің (пациенттердің, медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының және басқалардың) бірыңғай эталондық мағынасын қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық компоненттер кіретінін қосымша атап өту қажет. Сондай-ақ, Интероперабельділік платформасының құрамында ақпараттық ресурстар мен деректерді сыртқы және ішкі қауіптерден қорғайтын ең заманауи ақпараттық қауіпсіздік құралдары мен рәсімдер іске асырылады. Интероперабельділік платформасы медициналық көмек көрсету және басқару шешімдерін қабылдау сапасын жоғарылату және пациентті оның денсаулығы туралы кешенді ақпаратпен, дербестендірілген нұсқаулармен және ескертулермен қамтамасыз ету мүмкіндігін беруге арналған тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде құрылған іргелі жобалардың бірі болып табылады. Сайын ШАЙХИЕВ, Әділбек САҒАДИЕВ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК. Материал «Егемен Қазақстан» газетінен алынды.

– Апа бүгін бізге дәрі екті. – Қызым, сен жыламаған шығарсың? – Жоқ, апа, олар мені қуып жете алған жоқ.

Ақпаратқа қолжетімділік заманында интернеттен көзі шалған дүниеге сүйеніп, өзі жанына дауа іздеп келген ақ халаттыларға кінә тағатын кездер жиілеп кетті. Бір жақты қараған да артық. Маман иесінің берген кеңесіне де құлақ асқанның артық болмайтынын өмірдің өзі дәлелдегені аз емес. Бұл турасында Қарағанды қаласындағы №3 емхана директорының орынбасары, дәрігер-онколог Шолпан Исатаевамен әңгімелескен едік... – Шолпан Құдайбергенқызы, қазір емделушілердің дәрігердің тағайындаған еміне көзқарастары өзгерді ме? – Заман ағымына қарай, технологияның дамуымен ад­ ам­зат медицина саласында айтарлықтай алға басты. Бірақ, бір өкініштісі, емделушілердің көпшілігі, оның ішінде жасы біразға келген адамдардың бір затқа бет бұрып алып, соған көзсіз сеніп, «панацея» деп алатындығында. Осындай жаңсақ пікірлердің ішінде жиі кездесетіні күндізгі стационарда жиі қолданылып келген емнің бірі – көктамырға дәрі құю. Себебі, жасы болсын, үлкені болсын, тұрғындар арасында тамырдан дәрі құю арқылы ем алмаса, ешқандай ем жасалмағандай көретін кері түсінік бар. Медицина тілімен айтқанда инфузиялық терапия деп аталатын көктамырға дәрі құю кез келген адамның ағзасына келе бермейді, ол стационарлық және төтенше жағдайларда жүргізілетін ем. Бірақ, қазір адамдардың көзқарасы өзгеріп, түйіршік дәрі қабылдағаннан гөрі, тамырға дәрі қабылдаған дұрыс деген пікір қалыптасып қалған. – Пайдалы дүниенің де зияны болады дейсіз бе? – Жас кезінде адамның ағзасы сексен пайыз сұйықтықтан құралады. Ал, жас ұлғайған сайын, яғни 50-60 жастан асқанда ағза құрылымына байланысты сұйықтық азаюы керек. Біз оған сырттан күштеп, көктамыр арқылы әжептәуір сұйықтық жібереміз. Жасы ұлғайған адамдардың ағзасында бұл қарама-қайшылық туғызады. Жүрек қағысы өзгереді, ағзадағы сұйықтық көбейеді. Медицина дамуына қарай, біз кез келген емделушіге қарсылық жасай алмаймыз. Жылына 3 немесе 4 ретке дейін көктамырдан дәрі алып, емделетіндерді кездестіруге болады. 8 күндік ем қабылдап, барлық сырқатымнан айықтым деу үлкен қателік. Керісінше, жүректің жұмысы ауырлайды, қан айналысы өзгереді. Егер, жасы келген адам көктамырға берілетін дәріні түйіршік түрінде қабылдайтын болса, ағза өз қалыбымен, ішке қабылданған дәріден өзінің қажеттілігін алу мүмкіндігі болады.

– Дұрыс қабылданған болса, таблетка түріндегі дәрінің ықпалы көбірек қой... – Ағзаның тозуына байланысты жасы ұлғайған адамдардың ағзасы ақырындап жұмыс істейтін болады. Түйіршік дәрі асқазанға түседі, ол жерде қортылады, сосын асқазанның ұсақ қан тамырлары арқылы бос түрде қанға түседі, ешқандай қысым көтерілмейді, бөгде асқынулар болмайды. Қазір көршілерінің, жолдастарының айтуымен, не интернеттен оқып, өз-өзін емдеумен айналысу көбейіп кетті. Қазір емханаларда клиникалық фармакологтар бар. Олар жалпы қабылданған дәрілердің адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеп, дәрігерлерге ем тағайындау кезінде дұрыс көмек көрсетеді. Сондықтан, ешқандай интернетке сүйенбестен, дәрігердің тағайындауымен ғана ем алған жөн. – Тұрғындарға қандай кеңес айтар едіңіз? – Қазір экологиялық ахуалдың, ішіп-жейтін тамағымыздың, өмір сүру үрдісіміздің өзгеруі, режимнің бұзылуы салдарынан онкологиялық аурулардың көбеюі мен жасаруы белең алып тұр. Дұрыс тамақтанбау, уақытылы ұйықтамау қалыпты жағдайға айналды. Ал, аурудың алдын алу үшін тұрақты түрде профилактикалық тексеруден өтіп тұру керек. Адам ағзасыдағы өзгерісті уақытылы тексермесе – ауру асқынады. Кез келген адамның денесінде рак жасушалары бар. Пайда болған ауруды уақытылы анықтап, дұрыс ем жасалмаса, жасушалар өсіп-өнуі мүмкін. Сондықтан, әр адам салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулықтарына жауапкершіліктерін күшейтуі керек. Әңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан Салтанат ИЛЬЯШОВА.

Табиғат – емші Ауыра қалсақ – дәріханаға жүгіретін әдетіміз. Синтетикалық антибиотиктер ішектегі пайдалы микроағзаларды жояды десек, табиғи антибиотиктердің де бар екенін ұмытпауымыз керек. Емдік қасиеттерге ие бөлме гүлдерін ауруды емдеумен қатар, оның алдын алу үшін де пайдалануға болады. Сонымен қатар, олар ауаны көмірқышқыл газынан тазартады, ылғалдандырады және иондармен қанықтырады, фитонцидтердің бөлінуі арқылы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Солардың бірқатарына тоқталсақ...

Алоэ

Алоэ күшті антибактериалдық және қабынуға қарсы бірден-бір ем. Сонымен қатар, алоэ жараны жазатын қасиетке ие және күйікке қарсы да пайдалады. Шырыны – ринит, ларингит сияқты тыныс жолдары аурулары кезінде тиімді. Иммунитетті нығайту мен қан аздықты емдеу үшін алоэ шырынын балмен немесе қантпен бірдей көлемде араластырып, тамақтан 30 минут, шәй қасықтың 1/3 бөлігіндей көлемде қабылдау керек. Емделу ұзақтығы – шамамен үш апта. Жара, күйген жерлер, сыздауық,

іріңді жараларды емдеу үшін алоэнің кесілген жапырағынан тоңба тектес сұйықтықты сығып алып, терінің зақымдалған жеріне жағады. Гайморит, ринит кезінде алоэ шырыны мен балды бірдей көлемде араластырып, күніне екі реттен мұрынға бір немесе екі тамшыдан тамызады.

Каланхоэ

Каланхоэ сөлі күю, ойық жара сияқты тері ауралары, ринит, гайморит, тонзиллит, стоматит сияқты тамақ аурулары, гинекологиялық аурулар

созылмалы аурулары бар, жасы елуден асқан егде адамдарға қазтамақты пайдалануға болмайды.

Каллизия немесе алтын мұрт

кезінде таптырмайтын өсімдік. Үй жағдайында каланхоэ шырынын дайындау үшін оның жапырақтарын бірнеше күн қатарынан тоңазытқышта ұстау керек. Содан кейін жақсылап жуып, шырын сыққыш көмегімен сөлін шығарады. Жараларды емдеу үшін бірнеше қабатталып бүктелген дәкені каланхоэ сөліне батырып, жараға таңу керек. Таңғыш күніне екі рет ауыстырылады. Егер ашитын болса, новокаиннің 0,5-1,0% ерітіндісімен бірдей көлемде араластыруға болады. Ринит кезінде бірдей көлемде сумен араластырылған каланхоэ сөлін күніне 2-3 тамшыдан мұрынға тамызады.

Қазтамақ

Қазтамақ – кең тараған бөлме өсімдігі. Бірақ, оның емдік қасиетін кезкелген біле бермейді. Дәрілік өсімдік

неврология проблемаларында, ұйқысыздықта, бас ауруы кезінде, сонымен қатар, бронх қабынуы, асқазанның ойық жарасы, құяң, жұтқыншақ және мұрын аурулары кезінде жақсы көмектеседі. Қазтамақтан қайнатпа дайындау үшін 3 ас қасық кепкен жапырағына екі стақан қайнаған су құйып, екі сағат кө-

лемінде ұстау керек. Қайнатпаны ішуге де болады, сыртқа да қолдануға болады. Ұйқыңыз тыныш болсын десеңіз, жатын бөлмеде қазтамақ гүлін өсірген дұрыс. Оның жапырағынан бөлінетін белсенді заттар ауру тудыратын әр түрлі бактерияларды жояды. Жүктілік кезінде,

Бұл дәрілік өсімдік кейінгі кезде ғана танымал бола бастады. Емдеу үшін оның жас жапырақтарын, сабағын және алтын мұрт деп аталатын өркендерін пайдаланады. Өркендерін аллергияның барлық түрлері, зат алмасудың бұзылуы, ревматизм, құяң, простатит кезінде пайдаланады. Өсімдік асқынған іріңді жаралардың өзін емдейді. Каллизиядан емдік майлар, тұнбалар және жақпамайлар дайындайды. Жақпамай дайындау үшін үгітілген жапырақтары мен алтын мұрт өркендерін мал майымен немесе вазелинмен бірдей көлемде араластырады. Дайын жақпамайды сыртқа қолданады.

Сансевиерия

Сансевиерия әр түрлі қабынуларды, бедеулікті, бас ауруы мен қуықтың қабынуын емдейді. Пайдалану үшін жапырағын үгітіп, шыны құтының 1/3

бөлігіне толтырады, қалған бөлігіне арақ құяды. Құтыны қақпақпен жауып, 2-3 аптаға тұндырып қояды. Содан кейін, сүзіп, күніне 2 рет, 1-2 ас қасықтан қабылдайды. Жүкті әйелдерге қабылдауға тыйым салынады.

Қарапайым шырмауық

Қарапайым шырмауықты бронх қабынуы кезіндегі жөтелде, трахеитте, өкпе қабынуы кезінде пайдалануға болады. Тұз байлануы, радикулит және ревматизм кезінде де жағымды әсері бар. Шырмауықтың 1 шәй қасық үгітілген жапырақтарына 200 мл қайнаған су құйып, 10-15 минутқа тұндырады, содан кейін тұнбаны сүзіп, күніне 2-3 реттен 1/2 стақаннан ішеді. Надежда ОЛИШЕВЕЦ, агроном-биолог. P.S. Дәрі жасағыңыз келген өсімдіктерге азотты тыңайтқыштарды пайдалануға болмайтынын естен шығармаңыздар.


Сенбі, 29 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Еске алу

Құттықтаймыз! Елінің өркендеп, дамуына үлес қосқан айтулы азамат – Ораш Аманұлын осы жылдың 1 мамырында жетелі жас – жетпіске келуімен құттықтаймыз. Ол дауылпаз Сәкен ақын жырлаған Иманақ тауының баурайында көпбалалы жанұяда дүниеге келді. Әкесі Ұлы Отан соғысына қатысқан, «Қызыл Жұлдыз» орденінің екі мәрте иегері, 1990 жылы дүниеден озды. Анасы – 90 жаста, дүниеге әкелген 11 баласынан 46 немере, 57 шөбере көріп отырған кейуана. Ораш Аманұлы жас кезінен білімге құштар болды: 1995 жылы Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы совхозда орта мектепті, 1970 жылы Алматы зооветеринарлық институтты, ал, біраз тәжірибе жинақтаған соң, 1975-1976ж.ж. Қазақтың жер шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында оқып, білімін шыңдады. Еңбек жолын жоғары білімді жас маман ретінде «Көктіңкөлі» совхозында бастады: 1970-1974жж. бригадир, зоотехник қызметтерін атқарып, үлкен тәжірибе жинақтады. Ораш Аманұлының жемісті де жарқын жылдары Шет ауданында, оның шаруашылықтарында өтті. 1975 жылы «Ақшоқы» совхозында, 1975-1977 жылдары «Шет» совхозында, 1977-1978жж. аудандық ауыл шаруашылық басқармасында бас зоотехник міндеттерін абыроймен атқарып, ауыл шаруашылығының аудан үшін негізгі саласы – ірі қара малдарын өсіріп, сапасын арттырып, мемлекетке сапалы мал өнімін беруді ұйымдастыруда айтарлықтай үлес қосты. Алғырлығымен, іскерлігімен және біліктілігімен көзге түскен азаматты аудандық партия комитеті жауапкершілігі мол қоғамдық-саяси жұмыстарға тарта бастады. 1978-1985 жж. әуелі, «Просторное» асыл тұқымды мал зауытының, кейіннен, «Бұрма» совхозының партия комитеттерінің хатшысы болып, аудан активі санатындағы жауапты қызметкері ретінде әлеуметтік мәселелердің оң шешілуіне және халық жоспарының орындалуына ұйтқы бола білді. Осы жылдардағы оның абыройлы еңбегі елеусіз қалмады. Бірнеше мәрте аудандық партия комитетінің мүшесі, аудандық Кеңестің депутаты болып сайланып, үш мәрте Жезқазған облыстық партия конференциясына делегат болып сайланды. Ол кейіннен де, жауапты қызметтерді атқарды: 1985-1987жж. Тың теміржол басқармасына қарасты «Манадыр» совхозының бас зоотехник– селекционері қызметтерін атқарып, 1998-2010жж. Саран қаласы, №4 кәсіптік мектепте өндірістік оқытудың шебері ретінде шәкірттерін оқытып, тәрбие беріп, зейнеткерліке шықты. Ол бес ұл-қызынан алты немере сүйіп отырған бақытты ата. Қазір де қол қусырып қарап отырмайды: қалада қазақ мектептерінің ашылуына ат салысқан азаматтардың, ата-аналардың бірі, тіл жанашыры. Имандылық жолында, мешіттің ұлықты шараларынан тыс қалмайды. Құрметті Орал Аманұлы! Жетпіс жасыңыз құтты болсын, немерешөберелер арасында жүріп, қуанышқа бөлене беріңіз. Игі тілекпен: қызметтес жолдастары. №180

Облыстық сайлау комиссиясының құрамы туралы ХАБАРЛАМА Қарағанды қ., облыстық әкімдіктің ғимараты, Әлиханов көш., 13, 510 каб., тел/факс 8(7212) 42-11-14

Төраға – Аймагамбетов Еркара Балкараевич төрағаның орынбасары – Апиева Мадина Молдабековна Хатшы – Баталова Наталья Григорьевна Комиссия мүшелері: Аймагамбетов Асхат Канатович Кенжебаева Нургуль Нурпеисовна Оспанова Сауле Уразбековна Степаненко Анатолий Григорьевич

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қарағанды облысы дін істері басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ) журналистер арасындағы дін саласы және діни экстремизм профилактикасы мәселелеріндегі үздік жарияланымдарға конкурс өткізеді. Конкурстың мақсаты – зайырлы мемлекет құндылықтарын насихаттау, конфессияралық келісімді нығайту, діни экстремизм және терроризм профилактикасы болып табылады. Конкурс 2017 жылғы 1 мамырдан 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі аралықта өткізіледі. Конкурс жеңімпаздары төмендегі номинациялар бойынша анықталады: а) «облыстық баспа шығарылымдарындағы үздік жарияланым»; б) «Үздік теле-радио материал». Конкурстық комиссия шешімінің қорытындылары бойынша баспа және электронды БАҚ-тар үшін жеңімпаздарға ақшалай жүлделер тапсырылады. Барлық мәселелер бойынша Дін істері басқармасына (тел.: 8(7212) 56 56 93), «Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» ҚБ 8(7212) 56 61 84, 8 775 785 11 85 хабарласу керек. Конкурсқа қатысу үшін өтініш din-krg.kz сайтында.

Жаны сұлу адам жан-жағына жылу себер емес пе! Біз білетін бұл кісінің кім-кімді де баурап алатын тартымдылығы содан ба дерсің. Жүрістұрысының өзі көзге сүйсіністі түсіп тұратын ол бір қарағанда аса салмақты, салқынқандылау көрінгенмен көңілі жарасқанға ашылар пейілі шексіздей. Жақсылық Елеусізов! Облысқа белгісіз есім емес. Әсіресе, Нұра, Осакаров аудандары аймағына жапжақсы танымал. Бүткіл өмір, еңбек жолы осы өңірлер өсіп-өркендеуімен тығыз байланысты өрбуі соған бөлеген. Бір жағынан жұртқа өнеге етілген бекзатты сырбаздық, келісті кербездік міндетке жауапкершілік пен адалдыққа жарасым тауып, абырой асқақтатқан, мәртебе биіктеткен. Көп жылдар бойы мал шаруашылығының бел ортасындағы істе бола жүріп жұмыста үсті-басына қылшық қондырмаған сыпа сипаты ел аузындағы әңгіме әлі де. Өнеге демекші, Қайып Айнабеков, Абдолла Асылбеков, Сәкен Сейфуллин жары Гүлбаһрам апамыз, Бүркіт Ысқақов, Сауық Тәкежанов сынды асылдарды жаратқан топырақта туып-өскен еді. Осы аяулы адамдардың көзін көріп, үлгісін үкілеген әкесі Тоймағамбет, анасы Нәзипа берекелі шаңырағына тән мұнтаздай тазалықтан, әдемі сәнділіктен сіңген қасиет деп айтуға болар мұны. Жемісті еңбегі арқасында Мәскеудегі Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесіне қатысқан, бір өзі бір шежіредей болып тоқсан жастан асып барып дүниеден

7

70 жылдардың бас кезінде аудан көлемінде аудандық ішкі істер бөліміне қарасты Ақадыр және Ақшатау поселкелік ішкі істер бөлімшелері құрамы болды. Сол кезде аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, милиция полковнигі Досжан Бекенұлы Бекенов, ішкі істер бөлімі бастығының оперативтік жұмыстар жөніндегі орынбасары, милиция подполковнигі Жұмал Балықов, тәрбие жөніндегі орынбасары, милиция майоры Әшім Әміров болды. Аудан көлемінің үлкендігіне, қылмыстың көптігіне қарамастан ішкі істер бөлімінде қызметкерлер саны аз. Тиісті көлікпен қамтамасыз етілмеген, жоғарғы білімді мамандар жоқтың қасы. Осы қиын жағдайларда ішкі істер бөлімінің бастықтары қарбалас жұмыспен қатар жас милиция қызметкерлерін милиция жұмысына тәрбиелеп, шыңдалуына үлкен ұстаздық еңбек жасады. Солардың ішінде бізді милиция қызметіне қалыптастырып, милиция жұмыстарының қыр-сырына үйретуде зор еңбек сіңірген милиция подполковнигі Жұмал Балықұлы бар еді. Жетпісінші жылдардың басында милиция қызметіне комсомолдық жолдамамен келген оннан аса жас қызметкерлерді тәрбиелеп, олардың арасынан үміт артуға болатындарын жазбай таныған Жұмекең біраз жігіттермен бірге мені де жұмыстың ең киын учаскелеріне жұмсап отырды. Болған қылмыстарға өзі бастап шыққанда да мені үнемі алып жүретін. Сондай қылмыстардың бірі бұрыннан ашылмай тұрған Нұраталды елді мекеніндегі тоналған қойма болатын. Қоймадан малшыларға арнайы алдырған тұлыптар, тондар, азық-түлік ұрланыпты. Міне, осы қылмыс Жұмекеңнің тиянақтылығы мен ізденімпаздығының арқасында ашылып, бір үйдің еденінің астына тығылған ұрланған заттар табылып, совхоз қоймасына қайтарылды. Жұмекеңнің басшылығымен көптеген қылмыстардың ашылуына қатыстым. Жұмекең қай елді мекенге барса да, көпшілік сыймен қарсы алатын, қабылдауында болатын. Халық арасындағы беделі өте жоғары-тын. Ақжарқын күлкісімен, аңқылдаған пейілімен маңайын жайнатып жүруші еді. Жұмекең ағамыздан тәлім-тәрбие алған мен де ұзақ жылдар бойы милиция саласында еңбек еттім. Түрлі қызметтер атқардым, сонда осы кісінің тәжірибесін, тапқырлығын, беттілігін үнемі еске алатынмын. Мұның бәрі қиын кездерде сабырлық сақтап, дұрыс шешім қабылдауыма көп әсерін тигізді. Жұмекең тәрбиелеп өсірген милиция қатарындағы азаматтар көп. Басым бөлігі басшы қызметтер атқарды, еңбектеріне адалдық көрсетті. Мен аудандық ішкі істер бөлімінде жұмыс бастағанда Жұмекең сол кезде қырықтың үстіне жаңа шыққан. Орта бойлы, денелі, ақ сары, өткір жүзді, сырттай қарағанда түсі суық, қатал көрінгенімен, жүрегі жұмсақ, қайырымдылығы мол екендігіне көзіміз жетті. Жұмекең бүкпесіз тура сөйлеп, ащы шындықты ашып айтатын. Ұстамды, жұмысына берілген кісі еді. Еңбек ардагері, милиция подполковнигі Жұмал Балықұлы 1927 жылы ауданымыздың №7 ауылында, Еңбекшіл колхозында шаруа отбасында дүниеге келген. Ж.Балықұлы еңбек жолын 1940 жылы 13 жасында Сталин атындағы колхозда колхозшылықтан бастап,

Сондықтан, Молодежный аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоотехнигі болып тағайындалады. Ол уақытта аудан жаңадан ашылып жатқан болатын. Білікті маман аз, мал басын сақтау, өсіру іс-шаралары шаш етекте уақытпен санаспай еңбек ету жеңіл болмады. Негізінен көкөніс,

өткен Тоймағамбет әкей ел ақсақалы, Нұра жұртшылығына сыйлы есім Дүйсебайдың Қасымының қарындасы Нәзипа шешей айналасы бәріне қамқор кең жүрегімен, ақылгөйлік даналығымен ел анасы атанған кісілертін. Ол еңбек жолын Целиноград ауыл шаруашылық институтын бітіргеннен кейін «Маржанкөл» бөлімше зоотехнигінен бастады. Бұрыннан да оншалықты таңсық емес істе жас маман ретінде нағыз ысылу мектебінен өтіп, адамдармен жұмыс істей білудегі ұйымдастырушылық қабілетін ұштауы әрі қарай қанат қатайтуына мықты тірек қалады. Ал "Восход", "Заря" кеңшарларының бас зоотехнигі кезінде мүмкіндікті ұдайы дамытып әкететін талапшыл басшы екені танылды.

картоп егуге бейімделген ауданды мал шаруашылығы саласына да басымырақ көңіл бөлуге ұмтылдырды. Осылайша іске үлкен талпыныспен кірісіп, табандылықпен жалғастыру аймақтың мал шаруашылығы жағынан да озаттар қатарына қосылуына ықпалын тигізді. Өзі де бастамашыл, талапшыл басқарма басшысы М.Шаекиннің қамқорлығы аясында жұмыс істеу жігер жанып, белсенділік күшейтті. Жаңашыл, ізденгіш мамандарға деген қолдауы бөлек, ықыласы кең Михайл Шаяғзамұлы кадрды таңдай, іріктей білуші ретінде ортақ іске бас мал дәрігері Абдолла Төребеков, бас есепші Мирасбек Махатов, бас инженер Қазақстан Ахтанов ,бас агроном Файк Фазилянов сияқтылы іскер ма-

Талайдың тағдырына тұтқа болған жаны жайсаң жақсылардың өміріңізде өшпес із қалдыратыны рас екен. Ғұмырдың алуан бел-белесінде темірқазықтай тура жолды нұсқайтын тұлғалардың кездескені бір ғанибет. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында Шет ауданының ішкі істер бөлімінде басшылық қызмет атқарған, көптеген жастың қанатын қомдап, сағын сындырмай, саналы да салиқалы жол сілтеген Жұмал Балықұлы сондай тұлғалардың ішінде тұғыры биік жан еді. Бүгінде аудан аумағында ғана емес, аймағымызда есімі ерекеше аталатын Жұмал Балықұлы ортамызда жүргенде биыл 90 жасқа шығар еді. Аудандық ішкі істер саласында аттай 38 жыл қалтқысыз қызмет еткен Жұмекең дәуірінде қылмыс әлеміне сес еді. Жас буынға ес еді...

Асыл ана, адал жар, жанашыр бауыр, өмірін өскелең ұрпақты тәрбиелеуге арнаған, аяулы ұстаз бола білген Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарытерек ауылының тумасы Жүзім Балтабайқызы Медетбекованың бұл жалғаннан татар дәмі таусылғалы да 10 жыл болыпты. Бар байлығым балаларым деп өмірден өткен асыл жанды еске алып, дұға бағыштаймыз. Қолдан келері - он сегіз мың ғаламның Иесі, мейірімді де рахымды Алладан рухына шапағат, иман тілейміз. Соңында қалған ұрпақтарына, бауырларына, туған-туысына өкініштің орнын толтырар қуаныш нұрын сыйла деп тілек тілейміз. Жан едің жаратылған пейілің кең, Баурайтын барша жанды мейіріммен. Бағышталған дұғаның нұрыменен Жарық болсын, жер бесік тербетіле. Он жыл өтті, өзің жоқсың арамызда, Бәрібір мәңгіліксің санамызда. Алланың жазуына көнбес жан жоқ, Елеспен көңілдегі қаламыз да... Сағынышпен еске алушылар: балалары, бауырлары.

Еске алу

1944-1945 жылдары аудандық партия комитетінде техникалық хатшы болып еңбек етеді. Аудандық партия комитетінің жолдамасымен 1945 жылдың мамыр айында Жұмекең Шет аудандық ішкі істер бөлімінің Ақшатау поселкелік милиция бөлімшесінің учаскелік оперативті өкілі қызметіне жіберіледі. Мұнда Жұмекең бөлімшенің қылмыстық істерді іздестіру бөлімінің аға инспекторы қызметіне дейін көтеріліп, сегіз жыл бойы қызмет істейді. 1953 жылы Жұмекең көршілес Ақтоғайға аудандық ішкі істер бөліміне қызметке жіберіледі. Онда қылмыстық істерді іздестіру бөлімінің аға инспекторы, әрі аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары міндетін қоса атқарады. Содан 1962 жылы туған жеріне қайтып оралып, Шет аудандық ішкі істер бөлімінде аталған қызметін жалғастырады. 1965 жылы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының оперативтік жұмыстар жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметті 1983 жылға дейін атқарды. 1983 жылдың қазан айының 17-і күні милиция подполковнигі Жұмекең денсаулығына байланысты отставкаға шықты. Аса жауапты қызметте ішкі істер милиция саласында үзбей 38 жылдан астам қызмет атқарған Жұмекең өзіне тапсырған қызметтік міндеттерді абыроймен атқарды, адал еңбек етті. Әсіресе, сонау 1945 жылдары кейбір қиын да күрделі уақыттардан сүрінбей өтіп, халықтың тыныштығын, меншіктің сақталуын қамтамасыз етуде білімі мен тәжірибесін жұмсай білген азамат. Ж.Балықұлының халық пен қоғам алдындағы сіңірген еңбегі лайықты бағаланды. Қоғамдык, тәртіпті сақтау қызметі жылдарында сіңірген еңбегі үшін 1945 жылы "Ерлік еңбегі үшін", 1958, 1960, 1965 жылдары ІІІ, II, І дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін", 1968 жылы "Совет

мандарды жұмылдырды. "Жас келсе іске" деген. Өңкей осындай алғыр азаматтарды алға ұмтылдыру арқылы аудан экономикасының бар саласы оң өзгерістерге бет түзеді. Ж.Елеусізовтің бұдан кейінгі еңбек ізі тереңдеген орны "Донской" және "Қазақстан" кеңшарлары. Мұнда да

шешімін күтіп тұрған мәселелер мен қиындықтарды жүзеге асыруға дағдысынша белсене араласты. Диқандарға қарағанда малшыларға енжарлық көзқарас тағы алдынан шыққанда жайбарақат қарап қала алмады. Өзіне бір табан жақын еңбеккер қауымның мүддесін қорғау мен қамқорлық жасаудан аянбай жұмыс, тұрмыс жағдайларын жақсартуға күш салды. Мал өнімдерін арттыру тәсілдеріне озық әдістер кеңінен енгізілді. Соның арқасында ет пен сүт өндіру жөнінен аудандағы, қала берді облыстағы таңдаулы шаруашылықтар сапынан көрінді. Одан соң ауыл шаруашылығындағы құрылымдық өзгерістер, өтпелі кезеніңде алғашқылардың бірі болып, жеке қожалық құрды. Жерлестерін жаңа істі үйренуге жол бастады. Туған ауыл

милициясына — 50 жыл", "Еңбек ардагері" медальдарымен, бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ал, 1968 жылы "Милиция үздігі" төсбелгісін алған. Десек те, жазмышқа не шара? Өмірден ерте озды. 1993 жылы 66 жасында мәңгілікке аттанды. Жоғадыра атап өттік, бүгін ортамызда жүргенде торқалы 90 жасын жасындай жарқыратып тойлаған болар едік. Асыл ағаның орны ойсырап қалды. Алайда, қазақтың «Орнында бар оңалар» деген даналығы осындайда айтылғанына көз жеткіздік. Бұл күнде Жұмекең тәрбиелеп өсірген 8 баласы шаңырағының отын өшірген жоқ. Жақсы әкенің атына кір келтірген емес. Елге сыйлы, қадірлі азаматтар. Жұмекең бәріне тәлімді тәрбие беріп, жоғары білім берді. Жұмекеңнің жолдасы, қадірлі жеңгеміз Қамен 87 жаста, Қарағанды қаласында балаларының, немере-шөберелерінің ортасында. Жұмекеңнің құрдастары, жолдастары көп болды. Олар: Қарашолақов Сатан, зейнеткер, Қарағанды облысының ІІБ бастығының орынбасары болған. Дағаров Бораш, зейнеткер, аудандық, облыстық ІІБ-де басшылық қызметте істеген. Тиыштықбаев Тәуіртай, зейнеткер. Бүгінде марқұм Кәдірбек Халилин, Құлсары Ахметжанов, Төлеубай Жексенбин, Біләл Өтегенов, Төлеген Иманов, Көшкінбай Әбілдин, Жұмабек Күлейменов және тағы басқалары. Жұмекең тәжірибесі мол, әділетті, ары таза, әрі үлкен-кішіге бірдей қамқоршы болған азамат. Тәжірибесін көріп, өсиетін тыңдаған жалғыз мен емес, басқа да көптеген шәкірттері Жұмекеңді әркез есте сақтап, мақтан тұтамыз. Б.ІЛИЯСОВ, бұрынғы Шет аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі.

Шұңқыркөл қайта тартып, зейнетке шыққанға шейінгі он жылда мемлекеттік ветинспектор және статистика бас маманы ретінде қалаулы кәсіптен қол үзілмеді. – Жақсылықты бала кезден білемін. Біраз жылдар бір салада қоян-қолтықтаса еңбек еттік. Қай буында да болмасын қажырлы қызметімен, іші-сырты мәдениеттілігімен өз ортасына қадірлі бола білді. Ісіне нық беріктігі, жоғары жауапкершілігі бәрімізге үлгі тұтылды. Тәлім-тәрбиесін алған ізбасарлары болсын, біз болайық ұлағатты ұстаз, тұғырлы тұрғылас ретінде мақтаныш санайтын азамат. Әлі де сыры кетсе де, сыны кетпеген қалпында қалуын тілейміз, – дейді байырғы әріптесі Садуақас Тамашинов. Зымыраған уақыт-ай десеңізші. Алпыс алыс, жетпіс жер түбінде көрініп жүруде Жақаңның өрелі белеске көтеріліп отыруын аңдамай да қалыппыз. Жақсы қартаю бір ғанибет болса, соған жетуге бұйыртуды зор мерей санайды. Ұлын ұяға, қызын қияға қондыруға жазған өмір сыйын бақыт тұтады.Жарысып, асыр салып немерелер өсіп келеді. Үлкені азамат қатарына қосылған, кішісі тәтті қылықты бүлдіршін бүгінде мәуелі бұтақты шаңырақ шаттығы. А.Несіпбай.

Ажал алмай қоймайды, әр қадамың бағулы, құлыпқа сап қойсаң да құтқармайды ол жаныңды! Бүгін біз қабаты қалың қара жер қойынына тапсырған жақсыларымызды сағына еске аламыз. 2017 жылдың көктем айы бүтіндей бір әулеттің белін бүккен біз үшін ауыр күндермен жылжуда. Асылдың сынығы, тектінің тұяғы, жақсының жұрнағы Бесоба ауылының тұрғыны ардақтыларымыз Болат Абилдинов пен Жанболат Мажитовтың жарық жалғанмен қоштасқанына 40 күн толды. Қабырғамызға қан ұйытқан қазаның қайғысы қара бұлттай сейілер емес. Қанша жақсы көріп, тілдескің, сырласқың келсе де бұл мүмкіндік бізге берілмейді. Жақын жандарды «марқұм» деп айту қандай ауыр, аянышты еді. Тілсіз жау жалмаған жарқындарым-ай, біз үшін қасымызда жүрген бір күндерің қымбат еді ғой. Қайтейік, өмір өлшеулі. Ажал айтып келмейді. Бәрі Тәңірдің ісі. Біреуге ерте, біреуге кеш, әйтеуір «Туу хақ та, өлу хақ». «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Болат қолымнан ұстап жар атанған соң ғазиз жүректерге дақ түсірмей, сыйластық таразысының безбенін ауытқымай тең ұстап, мейірбандық шапағаттың сарқылмас телегейтеңіздей шуақты нұрын төңірегіне молынан шашты десе де болады. Ал, бауыр етім балам Жанболатым бойына халқымыздың қормал қасиеттерін түгел түгендеп тұтқан, баршамызға ортақ асылдың өзі, жақсының көзі болатын. Амал қанша, ажал тырнағынан арашалап қала алмадық. Бірақ Жанболатымыздың нұрлы жүзі көз алдымызда, айтқан сөздері санамызда сақталады. Біздің қашанда жүрегіміздің төрінде боласыздар. Алладан мейiр тиіп, Пайғамбар шапағатына бөленсін! Жандары жәннатта, тәндері рахатта, ұстағандары шырақ, мінгендері пырақ, мекендерің жұмақ болсын деп Алладан тілейміз! Сағынып жүрек шіркін бұлқынады, Неге тағдыр тым ерте қырқылады. Кенеттен келте болып, қиылды өмір, Жақсылығын айтып жүр жұртың әлі. Отбасының екеуің, тұнығы едің, Парасатты біз үшін ұлық едің. Өмір атты бәйгеде қос тұлпардың, Кім білген тым ертерек сүрінерін. Ешбір жан тоқтатпайды сағынуды, Алла деп берік қылдым сабырымды. Жұмақтың төрінде бол ардақтылар, Жаратқан нұрландырсын қабіріңді. Еске алушылар: анасы – Зоя, жары – Зәуреш, туған-туыстары. P.S. Болат пен Жанболаттың қырық күндік асы 12 мамыр күні Бесоба ауылында, «Жамантас» мейрамханасында беріледі. Ағайын-туыс, құда-жегжат, көрші-қолаң, жора- жолдасты және дәмдес болған көзкөрген жамағатқа хабарлаймыз!

Еске алу Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылының тумасы ардақты да, адал досымыз Дулат Сәбитұлы НҰРМАҒАНБЕТОВТІҢ бұл дүниеден озғанына 2017 жылдың 7-мамыр күні 10 жылдың жүзі болады. Небәрі 24 жасқа қараған шағында сұм ажал аяулы досымызды арамыздан алып кетті. Аңқылдаған ақ көңіл, кең пейілді, жарқын жүзді, үлкенге-кішіге бірдей мейірімді жан еді... Алайда, тағдырдың жазғанына көнбеуге шара бар ма? Өзіңнің жарқын бейнеңді сағынышпен еске алып, дұға бағыштаймыз. Көңілден бір кетпедің, Арман боп қалды-ау өткен күн. Жас шыбықтай қиылып, 24-ке де жетпедің. Қайтеміз, сабыр етеміз, Нұрлансын қабір-мекенің. Білінді-ау бізге, білінді-ау, Қайырлы сондай екенің. Сағына еске алушылар: сыныптас достары.

№191

Қазыбек би атындағы ауданның Ардагерлер кеңесі ауыл шаруашылығы өндірісінің білікті ұйымдастырушысы Науқанбай Әдекенұлы Әдекеновтің қайтыс болуына байланысты, туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Ақтоғай ауданы Шашубай кентіндегі Тірек мектебінің педагогикалық ұжымы «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары Бақтыгүл Науқанбайқызы Әдекеноваға әкесінің қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Шашубай кенті. Тірек мектебінің ұжымы.

жарамсыз деп танылсын Кобентаева Кульдарига Бахтияровнаға берілген «Алтын алқаның» құжаттарының жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын. №189

жарамсыз деп танылсын Шөптемісова Күлтай Рахымбековнаның атына берілген «Күміс алқаның» құжаттарының жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын. №190


8

Сенбі, 29 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

ФОТОЭТЮД

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан»

Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33.

Сәрсенбі күні Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Студенттер сарайында «Жарқын» халық би ансамблінің құрылғанына 40 жыл толуына орай, есеп беру концерті өтті. Білім ордасындағы бірегей ансамбльдің мерейлі кешіне біз де барып қайтқан едік.

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілген республикалық «Дарын – 2017» байқауы және телевизиялық жобасының «Эстрадалық вокал» жанры бойынша Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Қызғалдақ ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ жеңімпаз атанды.

«Жарқын» халық би ансамблі 1977 жылы аталған жоғары оқу орнының қабырғасында ірге қалап, бүгінгі таңда кеншілер шаһарына кеңінен танымал ұжымға айналған. Ансамбльдің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі – Қорлан Мұқатова болса, балетмейстерлері – Айман Тойболдина мен Айжан Оразбекова екен. Би ұжымы облыстық конкурстарды айтпағанда, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанып, Қазақстан, Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия елдері мен Мәскеуде өткен Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестивалінің лауреаты ретінде алты құрлыққа атағы жайылды. «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде I орынды қанжығалап, Ш.Жиенқұлова атындағы II Республикалық қазақ би байқауының, аймақтық және Республикалық студенттер фестивалінің лауреаты атанды. Сөйте жүріп, Аустриядағы Қазақстанның Мәдениет күндері бағдарламасына да қатысқан болатын. 2002 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, ансамбль Түркияда өткен Жерорта теңізі елдері студенттерінің VI халықаралық фестивалінде Қазақстанның студент жастары атынан өнер көрсетті. 2001, 2005, 2006 жылдары «Жас толқын» Қазақстанның студент жастары фестивалiнiң жүлдегері ретінде есімі елге танылды. 1998-2008 жылдары «Жастар – Қазақстан болашағы» атты аймақтық студенттер фестивалiнiң лауреаты атанып, 2010 жылы Ресейдің Орынбор қаласында өткен XXI Халықаралық студент жастары фестивалiнде жеңiс тұғырынан көрінді. – Студенттеріміздің білім белесін бағындырып қана қоймай, өнер айдынында да өзіндік өрнегін қалдыра білгенін қашанда мақтан тұтамыз. Қолымыздан келгенше көмегімізді көрсетуге де дайынбыз. Міне, тереңге тамыр жайған беделді би ұжымына биыл 40 жыл толып отыр екен. Білім ордасындағы

Қызғалдақ өзінің дауыс ырғағы мен ән айту мәнерімен қазылар алқасын таң қалдырып, қатысушылардың арасында ең жоғарғы ұпайға ие болды. Республикамыздың түпкір-түпкірінен жиналған жас дарындарға қазақтың маңдайалды жұлдыздары – Бағдат Сәмединова, Ардақ Балажан, Индира Расылхан, Шехризат Сейдахмет, Сәуле Қарабалина қазылық етті. Байқауға Қызғалдақты тың­ ғылықты дайындап, даусын баптап, жан-жақты қолдау көрсеткен ұстазы, ақылшысы Бота Ноғаева өз қуанышын бізбен бөлісті. – Байқауға жалпы саны 45 бала қатысты. Өте мықты, талантты балалар, өнер колледжінің өнерпаздары да бар. Қызғалдақ сахнаға 19-шы болып шықты. Бұл номерге дейінгі шыққан балаларға жоғары ұпай берілмеді. Қызғалдақ Маржан Арапбаеваның орындауындағы «Арманыма асығамын» атты әнді орындады. Қазылар алқасының сұрауымен, жанды дауыста, музыканың сүйемелдеуінсіз Жанар Дұғалованың репертуарындағы «Ізін көремін» әнін орындап, жоғары ұпайға ие болды, – деді ұстазы. Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ. АБАЙ ауданы.

Газеттің келесі саны бейсенбі, 4 мамыр күні шығады.

Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 43-21-55; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй. бірегей оқиғалардың бірі деуге әбден тұрарлық. Бұл – шетел сахналарының сәнін кіргізіп, елімізді әлем жұртшылығына танытуда талмай тер төгіп жүрген ұжымның көркемдік жетекшісі мен балетмейстерлерінің арқасы. Мың бұралып би билеп, көзіқарақты көрерменнің көңілінен шығып жүрген бұл ұжымға еңбектеріңіз жемісті болсын деуден өзге айтарымыз жоқ. Жастарымыздың жігерін жанып, өнерін өрістетіп жүрген ұжым бұдан биік белестерді бағындырарына толықтай сенімдімін, – деді аталған жоғары оқу орнының проректоры Абай Қалықов.

Ансамбльдің алғаш құрылғандағы мақсаты – жастар арасында қазақ би өнерін кеңінен насихаттау болса, бүгінгі таңда ұжым репертуары түрлі халықтардың биімен түрленіп келеді. Дегенмен, ұлттық нақыштағы қазақ би өнерінің басымдығы байқалады. Мәселен, «Кеңдала», «Тас аруақ», «Шашу», «Тұран аруы», «Ыңғайтөк», «Наурыз» билері. Мұнымен қоса, «Дойра», «Тәжік биі», «Араб биі», «Ирланд полькасы», «Аллилуйя» сынды билері тағы бар. Кең сарайда кеңінен көсілген бишілер бір жарым сағаттың көлемінде көрерменге көз

Оқушылар әскери өмірмен танысты Жақында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 31775 әскери бөлімінде «Жас батыр» атты Ашық есік күні өтті. Шара мақсаты – өскелең ұрпақты әскери патриоттық тәрбие бере отырып, отансүйгіштікке баулу. Оған Қарағанды қаласының 9-10 сынып

Кеншілер шаһарындағы бейнелеу өнері мұражайында өткен «Талапкер-2017» көрмесіне бес мыңнан аса талапкер жиналды.

оқушылары қатысты. Жасөспірімдер мерзімді қызметтегі сарбаздардың күнделікті тыныс-тіршілігімен таныс­ ты. Атап айтқанда, далалық жатақ үй-жайы, асхана және әскери техника, қару-жарақ түрлерін тамашалады.

Көрмеге келушілерді жоғары оқу орындары мен колледж өкілдері білім беру бағдарламаларымен таныстырды. ЖОО мамандары мектеп бітірушілерге арналған қазақстандық және шетелдік оқу орындарына түсу шарттарын ұсынды. Сондай-ақ, шетелде жоғары білім алуға арналған те-

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

сүйсінер концерттік бағдарламасын ұсынды. Шын қуандық. Бір кездері өзіміз де осы білім ордасының шәкірті едік. Қанатымыз қатайып, ұштық та кеттік. Сондағы студенттік жылдардың сөнбес сәулесі – осы ансамбль. Қаламызда той-думаннан аспай жүрген ұжымдар онсыз да табылады. Ал, талабы тау қопарар студент жастардан құралған мұндай ұжым – аймағымызда саусақпен санарлық екенін ескерсек, қазақ биін кәсіби деңгейге көтеріп жүрген «Жарқын» халық би ансамблінің еңбегін айрықша құрметпен айтуымыз керек.

гін білім гранттары мен жеңілдіктер алуға мүмкіндік беретін бағдарламаларды атады. Білім ошақтарының өкілдері талапкерлердің ЖОО-ға түсу жөніндегі сауалдарына жауап берді. Керекті құжаттар жүйесін атады. Көрмеге барлығы он екі жоғары оқу орны қатысты. Атап айтсақ, оның тоғызы – қазақстандық және үшеуі – ресейлік. Сондай-ақ, көрме барысында он төрт колледж өз бағдарламаларын ұсынды. ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­ дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­ дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Таралымы 18 100 дана №47 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 4 баспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Жарнама бөлімі: ortalyk.reklama@mail.ru

Сауалына жауабы

Әлемдегі ең улы мақұлықаттар жыландар, әрине. Олардың ішінде қара мамбалар ең улысы болып есептеледі. Алайда, кобраның уы

одан бес есе көп. Айтып отырған кобрамыз мына жыланның алдында жіп есе алмайды. Оның бір реттік шаққан уынан жүз адам жан тапсы-

Газетіміздің өткен санындағы сауалымыздың жауабы: «Құрметті редакция! Құмырсқа қалай ұйықтайды деген сауалға өзімнің жа-

Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген.

рады екен. Осы уымен ол 250000 тышқанға қарсы тұра алады-мыс. Бұл жылан қалай аталады?

уабымды жіберіп отырмын. Менің ойымша олар мүлдем ұйықтамайды. Өйткені, олар 2-3 ай ғана өмір сүреді. Құрметпен, Жаңаарқа ауданының Б.Амал­беков атындағы орта мектеп кітапханашысы Рахат Рысмағанбетова». Бұл жауапқа алып-қосарымыз жоқ. Құттықтаймыз!

Сауал сырына үңілген Төрехан МАЙБАС.

Кезекші редактор Рауан ҚАБИДОЛДИН КОРРЕКТОРЛАР 1,2,4,5,8 – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 3,6,7– Ж.АХМЕТОВА

29 04 2017  

Advertisement