Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

♦ СЕЙСЕНБІ, 28 НАУРЫЗ, 2017 жыл №33 (22 340) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Көрменің басталуына 74 күн қалды

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан» Ұлытау ауданының жастар ресурстық орталығы жас буынды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың тиімділігі туралы тереңірек хабардар ету және жастар саясатына қатысты өзге де өзекті мәселелер бойынша кеңес беру мақсатында «Жастар – жастарға» ақпараттық-насихат керуені жұмысының пәрменділігін арттыруға ерекше ден қойып келеді. Жарасымды жұмыстың ұтымды жалғасы ретінде жуырда керуен құрамындағы белсенділер жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жалпы құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою ұстанымымен Жезді кентіндегі №6 орта мектебінде жоғары сы­ нып оқушыларымен, сондай-ақ, аталған елді мекендегі мәдени-са­ уық орталығында өз тұстастарымен жүздесті. Кездесулер барысында аудандық ішкі істер бөлімінің түрлі сала­ лық бағыттар жөніндегі инспекторлары, аудандық жұмыспен қамту орталығы және жастар ресурстық орталығының мамандары күн тәртібіндегі мәселелерге орайлас тартымды әңгіме қозғады. Олар жастар тарапынан туындаған жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануға, тұрғын үйге қол жеткізуге, сапалы білім алуға қатысты сауалдарына тұщымды жауаптар берді. Келелі жайттар қозғалған кездесулер соңында жастарға мем­ лекеттік сипаттағы бағдарламалар мен «Нұр Отан» партиясының жастарға арналған жобалары жайлы ақпарат беретін парақшалар таратылды. Сонымен қатар, еріктілер тобымен бірлесіп «Өзге ағым­ нан сақ бол!» тақырыбындағы акция ұйымдастырылды. ҰЛЫТАУ ауданы.

Одақ елдерімен сауда қызуда

ТҰМАНЫ ТАЗАРТТЫ Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан» Наурыз айы – берекелі, игілікті істерге толы. Шет ау­данының орталығында «Бұ­лақ көрсең, көзін аш» акциясы негізінде Жанқұт­ ты би бұлағының басында дастарқан жайылып, бас имам Берік Алпысбайұлы әруақтарға құран бағышта­ ды. Жастар ресурстық орта­ лығы, колледж студенттері осы мақсатқа жұдырықтай жұмылып, маңызды шара­ ның ұйымшылдықпен өтуіне ұйытқы бола білді. Бұлақ ба­ сын қыс бойғы үйіліп қалған қардан аршып, арықты таза­ лады. Сондай-ақ, төңірегіне де тазалық жүргізді. Жиналған жұртшылық ау­дандық мәдениет үйінде тағы бір ізгілікті шараның куә­сі болды. Мұнда аудан әкімі Марат Жандәулетов Шет ауданының шаруа қожа­ лықтары қауымдастығының төрағасы Тілеуғабыл Есенбе­ ковке «Мәдениет саласының үздігі» медалін тапсырып, ал­дағы жұмысында сәттілік ті­­леді. Тілеуғабыл Есенбеков Ел­басы тапсырмасымен қол­ға алынған «жасыл эко­ номика» саясатын жүзеге асыруда елеулі шаруаның басын қайыруда. Мәселен, кәсіпкер былтырдан бері бір­ неше бұлақтың көзін аршып, маңайын қоршады. «Алғыс алған арымас» деген. Кәсіп­ керге жұртшылықтың алғысы шексіз. ШЕТ ауданы.

Халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесінің билеттері облыс орталықтарында сатылымға шығарылды. Бүгінде ел көлеміндегі ірі қалалардағы кассалар қызу жұмысқа кірісті. Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» Кассалар барлық облыс орталы­ ғында ашылды. Қарағандыдағы кас­ са Орталық әмбебап дүкенде (ЦУМ) орналасқан. Сондай-ақ, билеттерді ресми билет сату сайтынан https:// tickets.expo2017astana.com/ және «Ме­ломан» дүкендер желісі мен «Қаз­­пошта» бөлімшелерінен сатып алу­­ға болады. Өздеріңізге белгілі, «ЭКСПО» көр­­месі кезінде ұлттық құндылықта­

М.Әуезов атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №1 жасөспірімдер филиалы мен облыстық Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатын жалғап тұрған «Жалын.Zas STAR» жасөспірімдер клубы мүшелері әдеби-сазды кеш өткізді. Тақырып – «Киіз үй, ет, астау, шапан туралы не білеміз?». Кештің жаңалығы – 185 кітаптан тұрғызылған киіз үй кітап инсталля­ циясы. Кітапхана ұжымы жаңа жыл

рымызды әлемдік қауымдастыққа ба­рынша таныстыру көзделіп отыр. Сәйкесінше, еліміздегі алдыңғы қа­ тарлы өнер ұжымдары өнер көрсетуі жоспарланған. Қазіргі таңда аталмыш көрме шеңберінде «Отырар сазы» және Құрманғазы атындағы оркестр концерт беретіні белгілі болды. Көрмеге келушілер назарына «Ұлы дала дауысы» фольклор орын­ даушыларының концерті арқылы Қа­ зақстанның музыкалық дәстүрі ұсы­ нылады. Құрманғазы атындағы академия­ лық оркестрінің классикалық музы­

каға құрылған концерті үш күнге со­ зылады. 21, 22, 23 маусым күндеріне жоспарлануда. Н.Тілендиев атындағы фольклор­ лық-этнографиялық «Отырар сазы» ұжымы 6-9 қыркүйек аралығында кон­ церт береді. «Қазақстан камератасы» да көр­ ме барысында эксклюзивті концерттік бағдарламаларын ұсынады. Халық әртісі Гаухар Мұрзабекова­ ның әлемге әйгілі классикалық музы­ ка ансамблінің қойылымдары 21-23 маусымда көрме алаңында өтеді. «Қазақстан камератасы» әнқұ­ марларды «The Beatles go Baroque» мен «Көшпенділер әуені» атты қос өзіндік бағдарламамен таныстырады. «The Beatles go Baroque» бағдар­ ламасына барокко композиторлары стилінде көркемделген әйгілі Beatles әндері. «Көшпенділер әуені» репер­ туарына түркітілдес композиторлар­

дың ең үздік шығармалары кірді. Биыл «Қазақстан камератасы» өзі­нің 20 жылдығын атап өтеді. Жалпы, Халықаралық көрме ая­ сында үш мыңнан аса мәдени-ой­ ын-сауық іс-шаралар өтеді. Мұны бес миллионнан астам көрермен тамаша­ лайды деп күтілуде. Тағы бір айтары, 20 наурыздан бас­тап көрмеге қатысушы бұқара­ лық ақпарат құралдарына арналған аккре­дитация ашық деп жарияланды. Аккредитация іс-шараның өту ба­рысынан ақпарат тарата отырып, кәсіби мақсаттарды жүзеге асыру үшін медиа-орталық пен арнайы ай­ мақтарға кіруге мүмкіндік береді. Тір­ келу үлігілері мен мәліметтері компа­ нияның дербес сайтында көрсетілген. Аккредитация беру шаралары көрме аяқталғанша, яғни, 9 қыркүйекке дей­ ін жалғасады.

тойына облыстық Сәкен театры мен филармонияның әртісі Төлеухан Тутанов пен кітапхананың тұрақты оқырманы Гаухар Мырзағалиеваны арнайы шақырыпты. Қазақстанның салт-дәстүріне қызығушылық таны­ тып жүрген Джон атты өзге ұлт өкілі ға­ ламтордан біздің кітапхананы таңдап, Наурыз мерекесіне тап болып, қазақ халқының көпшілдігінің көрінісіндей Наурыз дастарқанына шақырылды. Жамбыл атындағы маманданды­ рылған мектеп-интернаттың дарын­

ды оқушылары Гаухар апайларына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қой­ды: Ұзынсары – көктемгі күн мен түннің теңелуінен кейінгі күннің ұза­ ра бастайтын уақыты. Қыстың суық ызғары кетіп, жер-дүние жаңара­ ды. Жылдың бұл мезгілін «көкөзек шақ» деп те атайды. Әжелеріміз бен аналарымыз «ұзынсарыға» деп,сүр­ ленген соғымның етін сақтап қояды. Ал, қабақ сындыру дегеніміз: «Сүт көп, көмір аз. Жаңа жыл жарылқа , Ескі жыл есірке», — деп үйдегі ескі

ыдысты (қабақты ) сындырып, «қа­ бақ сынды, қайғы кетті», – деп ырым жасаған. 185 кітаптан арнайы тұрғы­ зылған киіз үй инсталляциясы тура­ лы кітапханашы Махаббат Саменова айтып берді. Қазақтың халық әнде­рі шырқалды. «Жалын.Zas STAR» жас­­ өспірімдер клубының мүшелері бірбірін құттықтап, қыздарымыз ұлдар­ға «Ұйқыашар», ал, қыздарымыз ұл­дар­ ға «Селтеткізер» сыйлықтарын берді. ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» Жыл басынан бері Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен арадағы сауда айналымы жандана түсті. Қаңтар айында өзара сауда көлемі 177,9 млн. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде, экспорт – 119,8 млн. АҚШ долларын еңсерсе, импорт – 58,1 млн. АҚШ долларын межеледі. Сауда айналымының басым бөлігі Ресей Федерациясына ти­ есілі. Теріскейдегі көршімізбен арадағы алыс-беріс 168,9 млн. дол­ ларға жетті. Бұл – жалпы сауда көлемінің 94,9 пайызы. Сондай-ақ, Белоруссиямен – 5,1 млн. доллар (2,9 пайыз), Қырғызстанмен – 3,8 млн. доллар (2,2 пайыз), Армениямен – 63 мың доллар (0,04 пайыз) шамасында сауда жасадық. Экспорттың 94,9 пайызы – Ресейге, 3,1 пайызы – Қырғызстанға, 2,1 пайызы – Белоруссияға жөнелтілді. Экспорт тауарларының 73,2 пайызын тегіс илек құрады. Тас­ көмір, шымтезек, шекемтас және таскөмірден алынған қатты отын­ ның ұқсас түрлері – 12,4 пайыз, мырыш кендерi мен қойыртпалары 3,9 пайыз болды. Сырттан келетін тауардың да негізгі көлемін ресейлік кәсіпорын­ дар жеткізді (95,1 пайыз). Ресейден кейін импорт көлемі бойынша Белоруссия (4,5 пайыз), Қырғызстан (0,3 пайыз), Армения (0,1 пай­ ыз) орналасқан. Импорт құрамында пластмасса және одан жасалған бұйымдар, жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын тоң майлар мен майлар және оларды ажырату өнімдері, дайын тамақтық тоң май­ лар, жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын балауыздар бар.

ҚҰРМЕТТІ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! Қарағанды қаласының Н.Әбдіров атындағы спорт сарайының ғимаратында (Бұқар жырау даңғылы, 53) 2017 жылдың 31 наурызы күні сағат 10.00-ден бастап, бос орындар және бос лауазымдар жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз. Қарағанды қаласының әкімдігі.

(3-бетте). (4-бетте).


2

Сейсенбі, 28 наурыз, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Пилоттық жоба аясында кедендік ресімдеу кезіндегі мемлекеттік бақылаудың барлық түрлері қамтылған. Қанатқақты жобаның мәні – кедендік тазалауда импортталатын тауарларды үш дәліз, яғни, «жасыл», «көк» және «сары дәліз» бойынша тиімді түрде бөледі. Бұл жөнінде Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Азамат АХМЕТОВ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. – Қарағанды кеден бекетінің базасында кедендік бақылау барысында қадағалау қызметін жеңілдететін пилоттық жоба іске асырылды. Бұл жерде айта кетейін, декларациялардың көпшілігі еш кедергісіз «жасыл дәлізбен» жөнелтіледі. Ал, әлдебір қиындықтары бар «көк» және «сары дәлізден» өтерлік құны төмендетілетін импорт шығарылған бойда тексеріледі. Аталған жоба бойынша тауарларды ресімдеу кезінде «жасыл дәлізден» өткізу уақыты 6 минутты құрайды. «Сары дәліз» уақыты – 3 сағат 57 минут. Жалпы қорытынды орта ресімдеу уақыты – 38 минут. Бұл жобаны іске асырмай тұрғандағы уақыттың ресімдеу уақыты 1 сағат мұғдарында. Бұл өз кезегінде республика бойынша үздік көрсеткіш. Алда бұл үдеріс жаңартылады деген жоспарымыз бар, – деді Азамат Қуатұлы. Сонымен қатар, Азамат Қуатұлы мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік тізілімге сәйкес салық төлеушілер мен сыртқы эко-

Ілгерілеу мен даму – біздің еліміздің бүгінгі күні ұстанып отырған берік бағыты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауы жұртшылық арасында кезекті серпіліс тудырған, бүгінгі атқарылып жатқан істердің баяндылығын бекемдейтін және ертеңгі күнге кәміл сенім тудыратын маңызды еңбек.

Жолдау талаптарын насихаттау үшін аудан әкімінің жанынан құрылған ақпараттық-насихат тобы бүгінде әр өңірдің тұрғындарымен жүйелі кездесулер өткізіп жүр. Күні кеше аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Аманжолов бастаған ақпараттық топ. Нүркен, Сарытерек ауылдарында болып, тұрғындармен, мектеп оқушыларымен жүздесті. Қос ауылда өткен келелі кеңесте А.Аманжолов Елбасы Жолдауының басым бағыттарына шолу жасап, ауданда жүріп жатқан жастар саясатының орындалу барысы, бүгінгі діни ахуал туралы баяндады. Әсіресе қоғамдық сипатқа ие болып отырған кейбір теріс ағымдардың ісәрекетінен сабақ алатын кездің жеткенін, осы қайшылықтарды еңсерудің жолы – дәстүрлі ұлттық тәрбиеде жатқанын атап өтті. Діни насихат тек мешіттерде ғана жүруі тиіс екендігін, сонымен қатар, дәстүрлі исламның басты құндылықтары жайлы сөз етті. Топ мүшесі, ауданның бас

номикалық қызметке қатысушыларға 53 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілетініне (33 – салық бағытында және 19 – кеден бағытында, 1 – экономикалық тергеу қызметі) тоқталды. Сонымен, мемлекеттік қызметтер бойынша барлық стандарттар мен регламенттер жасалды және бекітілді. 2016 жылы облыста мемлекеттік кірістер органдарымен барлығы 1,4 млн. қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, 725 арнайы декларация қабылданған, сомасы 124,8 млрд. теңгені құраған. Салық саласындағы көрсеткіштер бойынша Қарағанды облысы жалпы командалық есепте төртінші орынға тұрақтаған. Баспасөз мәслихатында Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Азамат Ахметов пилоттық жобадан бөлек, бюджеттік және есептік негіздің жетілуі мен дамуы, жеке біріктірілген қаржы негізін құру сынды сұрақтарға жауап берді.

имамы А.Түкетаев қазіргі кезде қоғамда өте өзекті мәселе болып отырған деструктивті діни топтардың қауіптілігі жайында сөз қозғады. – Дін мәселесі өте нәзік тақырып. Әсіресе, оңы мен солын жете танып-білмеген өрімдей жастардың діни көзқарастарын қалыптастыру, оларға салиқалы әрі салмақты түрде түсінік беру тек сала мамандарының ғана қолынан келетіні сөзсіз. Өйткені, алмақтың да салмағы бар демекші, үстірт немесе теріс мәлімет алған жастардың жат ағымның жетегіне еріп кете беруі ғажап емес – дей келе, діни тұрғыдан қоғамға төндіретін қауіпті әрекеттердің алдын алу жолдарына тереңірек тоқталып, дәстүрлі емес діни ағымдардан алданғандардың өмірлерінен нақты мысалдар келтірді. Сондай-ақ, бас имам өз сөзінде соқыр сенім жетегінде кеткен фанатқа айналмас үшін, ең алдымен діни сауаты төмен, есік торуылдаған ұстазсымақтардан емес, арнайы білімді имаммолдалардан үйренген жөн. Қазір көшеде кез келген кісіге кітапша мен журнал ұсынып жүргендердің дәстүрлі дінге еш қатысы жоқ. Сектанттар өздерінің жымысқы әрекетін ғаламтор арқылы жүргізуден де әсте шаршамайды. Жастар осындайлардан мейлінше бойларын аулақ ұстағандары абзал, – деді. Кездесу барысында мектеп оқушылары, ауыл жастары көкейлерінде жүрген хиджаб кию, орамал тағу, намаз оқу, исламның түрлі бағыттары туралы сұрақтарына тұщымды жауаптар алды. Келелі бас қосуда сөз алған Сарытерек ауылының тұрғыны Қ.Досмақов өткізіліп отырған шараның мән-маңыздылығына тоқталып, ауыл ақсақалдары атынан алғысын білдірді. Думан Қабыл. Ақтоғай ауданы.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан»

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан»

Мағыналық тұрғыда кеңестік дәуірден кейінгі кеңістіктегі теңдессіз қоғамдық бірлестік – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай, Қарағанды облысы әкімдігі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ Жезқазған-Ұлытау аймағы бойынша өкілдігі мен Жезқазған қаласының Қоғамдық келісім Кеңесі ұйытқы болып, «Бәрі де менің есімде» тақырыбымен өткізілген кең көлемді іс-шара ұлттар мен ұлыстар арасындағы өзара түсіністік пен кіршіксіз достықтың іргетасы мызғымастай берік екендігін тағы бір мәрте айғақтап берді. Келісті кездесудің Алғыс айту күніне дөп түсуі оның мәні мен маңызын мейлінше арттыра түсті. Қарағанды облысы әкімдігі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ Жезқазған-Ұлытау аймағы бойынша өкіл-маманы Айшагүл Тасмағанбетова мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғаммен байланыс жөніндегі орталық директоры, Қазақстан және Ресей Федерациясы Жазушылар одақтарының мүшесі Зульпа Чумакова жүргізу тізгінін ұстаған жиынға Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданының Қоғамдық келісім Кеңесі, этно-мәдени орталықтары аналар кеңесінің мүшелері шақырылды. Сонымен қатар, алмағайып кезеңдерде тағдыр тәлкегімен қазақ даласына еріксіз қоныс аударып, барлық қажеттілікке мұқтаж жағдайда жергілікті халықтың қамқор пейілін жете сезінген ұлттар өкілдерінің ұрпақтары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Ізгілік лебі ескен іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Жезқазған қаласы Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, Арқаның Атымтай жомарты атанған белгілі меценат Бекзат Алтынбековтің құттықтау лебізімен шымылдығын түрді. Іске мығымды-

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде қолбасшылық құрамындағы бөлімдер жауынгерлерінің апталық жиыны өтті. Жиында әскери бөлімдердің техник мамандары әскери техниканы

Бүгінгі әлем үшін жаһандық дағдарыс туындатқан толқынмен күрес – аса маңызды мәселе екендігі даусыз. Ал ондай күресте тиімділік болу үшін ең алдымен дағдарыстың шығу себептерін түпкілікті зерделеп, оның туындауына сеп болған бағытты бағамдау онан да маңызды. Әлемдік деңгейдегі сарапшылардың пайымдауынша, дағдарыс ұзақ жылдар бойы әлеуметтік – экономикалық, қаржылық саладағы қордаланын келген мәселелердің шешіміне дер шағында жауап болмауынан туындайтын құбылыс. Әлем елдері экономикалық күйзеліске бірлесе атқарған шаралармен ғана тойтарыс бере алады. Бірақ, әр елдің өзіндік әрекеті болмаған болса, елдің экономикалық тәуелсіздігінің де бұлыңғыр болғаны. Бұл орайда Елба-

Сәтбаев қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жергілікті полиция қызметі учаскелік инспекторларының тұрғындар алдында есеп беру жиыны өткізілді. Маңызды кездесуге қала әкімі Асқар ЫДЫРЫСОВ, қалалық полиция бөлімінің басшылық құрамы, қоғамдық кеңес мүшелері, басқа да мүдделі тараптар мен жалпы жұртшылық өкілдері қатысты.

ғымен ғана емес, қара сөзге шешендігімен де ерекшеленетін Бекзат Қомарұлы «Жүзі басқа – жүрегі бір, тілі басқа – тілегі бір» қауым бас қосқан салиқалы ортада кеңінен көсілді. Көшелі әңгімесі көпшіліктің көңіліне қонып, сананы сергітуге дәнекерлік етіп жатты. Ол Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мен ұлағатты ұстанымдары арқасында Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі таңда республика, облыс, аймақ деңгейінде атқарып жатқан жұмыстары мен олардың игі нәтижелеріне көңіл аударып, аталмыш шаралардың жалпы қоғам үшін қайтарымы мол боларын атап өтті. Сөз арасында Алғыс айту күнінің тарихи маңыздылығы мен баға жетпес құндылығын да дәйекті дәлелдермен тізбелеп берді. Жиын барысында белсенділік танытқан Жезқазған қалалық мәслихатының депутаттары Мереке Мұханбедин, Дәулет Тәжібаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мереке Мырзабекова, тарихи-археологиялық музей директоры Раушан Қапарова, тарихшы Надежда Дисекенова және «Ютария LTD»

басқару, күту мен жөндеудегі білімдерін шыңдады. Дәрістер барысында берілген тапсырмаларды орындау арқылы біліктілік деңгейін көтеріп, далалық жердегі ұрыс жүргізу шеберлігін пысықтады. Әскери техниканы уақытылы және сапалы жөндеуде оңтайлы және жедел әдістерді меңгеріп, бұзылған көлікті эвакуациалау, оны ұдайы жауынгерлік әзірлікте

сымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасы осы дағдарысқа толық жауап бере алды. Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаласы арқылы бүкіл қазақстандық қоғамға үндеу тастап, дағдарыс салқыны әлі де есіп тұрған осы шақта ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, елді ұйытатын мәселені айқындады. Яғни, дағдарыстан қорғану үшін Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай қадам жасауды ұсынды. Ал ондағы басты ұстаным «еңбек етсең, жемісін көресің» деген қағидамен ұштас-

ЖШС Аналар кеңесінің төрайымы Тұрсынай Ибадатова өздерінің көңіл төріндегі тақырыпқа тән ойларымен бөлісіп, ортақ мазмұндағы әңгіме желісінің жүйелі әрі ұтымды болуына негіз қалады. Басқосуда сондай-ақ, түрлі ұлт өкілдері – Қазақстанның Құрметті металлургі Эсруды Муцаев, ҚР ішкі істер қызметі саласының ардагері, «Панацея» ЖШС директоры Абуезит Чумаков, Жезқазған қалалық «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің төрайымы Вера Рон, денсаулық сақтау саласының ардагері Айна Исмаилова, Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің ғылыми қызметкері Галина Маханбетова, қаладағы кәріс этно-мәдени орталығының өкілі Лариса Цай және Ұлытау ауданы Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Шаяхмет Үмбетов әсерлі әңгімелер айтты. Қазақстанды өздерінің атамекені санайтын өзге ұлттардың өкілдері ата-бабалары басынан өткерген тарихи оқиғалар хақында тебірене сыр шертіп, тағдырлары қазақ бауырларымен тығыз байланысты болғандығына шексіз ризашылықтарын бүкпесіз

білдірді. Олардың ыстық ықыласты лебіздерінің түп-төркінінен қазіргі қоғамның ең басты қазына-байлығы – татулық, бірлік, береке екендігі сезіліп, сол бағыттан айнымау – ұлы мұрат болуы тиістілігі айқын аңғарылып тұрды. Қарағанды облысы әкімдігі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ Жезқазған-Ұлытау аймағы бойынша өкіл-маманы Айшагүл Тасмағанбетованың мәлімдеуінше, этносаралық достық пейілдің тамыры тереңдей түсуіне дәнекер болар сипаттағы кешенді әрі тиімді іс-шараларды жиі ұйымдастыру және олардың пәрменділігін бұрынғыдан да еселеп, ширата түсу жұмыстарын мақсатты негізде қолға алу жоспарланып отыр. Бұл істерді ілкімді жүргізуде мемлекеттік мекемелер мен басқа да қоғамдық ұйымдардан тысқары, Бекзат Алтынбеков жетекшілік жасайтын қалалық Қоғамдық келісім кеңесі әлеуетті әріптес болмақшы. ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы. Сурет ғаламтордан алынды.

Жиын барысында, алғашқы кезекте, жиылған қауым полицияның учаскелік инспекторларының есепті хабарламаларына ықыласпен құлақ түрді. Өз кезегінде тұрғындар тарапынан әлеуметтік маңызы бар, көкейкесті сипаттағы біршама өзекті мәселелер ортаға салынып, оларды оңтайлы шешудің тиімді жолдары қарастырылды. Сауалдар тізбегінен қала жұртшылығын ересек адамдар үшін демалыс орталықтарының ұйымдастырылуы, көшеде қайыр сұрап жүретін тіленшілерге тосқауыл қойылуы, иесіз иттер мен мысықтар санының көбейіп кетуі, түн мерзімінде спиртті ішімдіктердің сатылуы, нашақорлардың парықсыз әрекеттері секілді жайттар алаңдататыны аңғарылды. Тұрғындар тарапынан туындаған сауалдарға полиция бөлімінің басшылық құрамы мен тиісті құзырлы органдардың өкілдері жауап қайтарып, алдағы кезеңде қолға алынатын істер хақында мәлімдеме жасады. Көтерілген мәселелерді тың­ ғылықты талқылаудан кейін қала әкімі Асқар Ыдырысов күрделі мәселелердің күрмеуін жедел шешу бағытында нақты тапсырмалар беріп, соған орай, атқарушы билік тарапынан пәрменді шаралар қолға алынатынын айрықша атап өтті. СӘТБАЕВ қаласы.

ұстау тәсілдерін үйренді. Жиын соңында жоғары шеберлігімен көзге түскен қызметкерлер «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Марат Аймашевтің мадақ қағаздарымен марапатталды. Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

ты. Елбасы Н.Назарбаев атап көрсеткеніндей, әлеуметтік мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Ал әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыру мемлекеттің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Бағдарламаның өзектілігі – әлеуметтік жаңғыртуды теңестіру, әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді үлгісін жетілдіру, әрбір қазақстандықтың еңбегін еселей отырып, тұтыну идеологиясы мен жаппай масылдықпен күрес, еңбек өнімділігі мен еңбек құндылығына баса мән беруде. Әлеуметтік жаңғырту саясатының негізіне шынайы өндірістік еңбектің қо-

йылуы өте орынды саналмақ. Жалпы қоғамды еңбекке жұмылдыру арқылы азаматтардың мақсат мұратына, ал тұтас мемлекеттің даму деңгейін одан сайын жақсартуға болатынын алға тартады. Бір сөзбен айтқанда, масылдықтан бір ғана адамның мәселесі туындап қоймайды, бұл мемлекет үшін де проблема. Соңғы жылдары елдегі өндірістердің көптеп ашылуы жұмыс орындарына деген сұранысты қанағаттандырса да, маман мен жұмысшы тапшылығына қатысты мәселе әлі де болса өзекті. Елбасы «Егер бізге қабілетті ұлт болғымыз келетіндігі рас болса, бұл психологиядан

арылу қажет! Жаңа біліктілікті меңгеру және зауытқа, өндіріске бару керек. Жас та және ересек те қазақстандық бос отырып, бәрін де сынай бермей жұмыс бар жерге, нәпақа табатын жерге қарай ұмтылулары керек!» деп айтты. Сондықтан, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы – ел игілігі жолында қажырлы еңбек етуге үндеп, қоғам дамуындағы еңбектің роліне аса зор мән береді. Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы жұмыспен қамту орталықтарына да жаңа міндеттер жүктеді. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын бұрынғыдан да жақсарта түсу жайын да айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы көпшіліктің көңіліндегісін дөп басты. Себебі, қазақ қоғамындағы барлық азаматтарды еңбекпен, жұмыспен қамту басты міндеттердің бірі. Л.АбдыХалыҚова, Қарағанды облысы Әділет департаментінің маманы.


Сейсенбі, 28 наурыз, 2017 жыл

3

www.ortalyq.kz

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жыл сайынғы Жолдауларынан азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі тыс қалған емес. Адамға арқау болған азық-түлікті – Жер-Анадан, төрт түліктен аламыз. Өзгермейтін дала заңы болар. Елдің тынысы да, тұрмысы да ауыл шаруашылығына тікелей байланысты. Осыған орай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Марат МҰХТАРОВПЕН сұхбаттасқан едік... – Марат Өндірұлы, Мемлекет басшысы биылғы жылы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жолдады. Құжат ауыл шаруашылығы саласы үшін қаншалықты маңызды? – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауларында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға жыл сайын басымдық беруде. Биылғы Жолдауда аграрлық сектордың экономиканың жаңа драйверіне айналуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар, 5 жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау, ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейтуді тапсырды. Бұған дейін де аграрлық сектор бойынша экспорттық әлеуетті арттыру бағытында, әсіресе, ірі қара малының етін экспорттау бойынша тиісті тапсырмалар берілген болатын. – Елбасы Жолдауын іске асыру мақсатында Сіз басқарып отырған мекеме тарапынан қандай жұмыстар атқарылуда? Нақты мысалдар келтірсеңіз... – Біздің басты міндетіміз – экспорттау (импорттау) кезінде аумақтарда жеке және заңды тұлғалардың және ветеринария саласы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» 2014 жылғы 25 тамыздағы №898 Жарлығы негізінде жүзеге асырылады. Шет елдерге жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттаумен (импорттаумен) айналысуға шаруашылықтар мен кәсіпорындар тарапынан өтініш берілген жағдайда Еуразиялық Экономикалық Одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкестігін тексеріп, сәйкес келген кәсіпорындарды арнайы реестрге енгіземіз. Сондай-ақ, экспортпен айналысуға өтініш білдірген шаруашылықтар мен кәсіпорындарға экспорттау бойынша тиісті талаптарды түсіндіріп, бағыт-бағдар береміз. Сонымен қатар, аудандар мен қалалардағы аумақтық инспекциялар тарапынан шет елдерге жіберілетін жануарлар мен олардың өнімдеріне тиісті үлгідегі ветеринариялық сертификаттар беріледі. Егер, шет елдерден жануарлар әкелуге сұраныс берілген жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің рұқсаты алынады. Негізі, ауыл шаруашылығы саласында Елбасының Жолдауында айтылған тапсырмалары бойынша ілгерілеушілік бар. Атап айтқанда, 2015 жылы Жаңаарқа ауданынан Ресейге 100 қой экспортталса, 2016 жылы осы ауданнан Біріккен Араб Әмірлігіне 2 172 қой тірідей экспортталды. Осакаров ауданынан 1,3 тонна жылқының құрғақ сүті – Ресей Федерациясына, Ақтоғай ауданынан 900 тонна балық өнімі – Ресей, Германия, Литва, Латвия мемлекеттеріне, Бұқар жырау ауданынан 76 тонна қаз еті Ресейге экспортталды. Жалпы, былтырғы жылы ветеринариялық бақылауға жататын жануарлар мен құстардың және балық өнімдерінің 15 мың тоннасы, 7 млн. тауық жұмыртқасы алыс және жақын шет елдерге экспортталып, облысымызға шет елдерден 17 мың тонна өнім импортталды. Еуразиялық Экономикалық Одақтың аумағына ветеринариялық бақылауға жататын өнімдер мен ауыл шаруашылығы жануарларын экспорттауға облысымыздан 22 кәсіпорын ұсыныс беріп, ветеринариялық талаптарға сәйкестендірілгеннен кейін Еуразиялық Экономикалық Одақтың реестріне енгізілді. Олар бүгінгі күні реестрге тіркелген кәсіпорындар та-

Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан»

Бүгінде қоғам алдындағы жауап­кер­шілігін абыроймен атқарып жүрген ұстаздың беделін көтеруде, кәсіби педагогикалық құрамды жасақтап шығаруда ғасырға жуық тарихы бар «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты «Мұғалімнің мәртебесін көтеру қажет» деген Елбасының тапсырмасын орындауда бірқатар бастама көтеріпті.

рапынан өнімдерін экспорттау арқылы кәсіптерін дамытуда. – Рахмет! Ветеринария саласындағы оң өзгерістердің біразын атап өттіңіз. Енді, елдің көкейіндегі өзекті мәселенің біріне ойыссақ. Былтырғы жылы тіркелген сібір жарасының себебі анықталды ма? – Өздеріңізге белгілі, былтырғы жылы облысымыздағы эпизоотиялық ахуал күрделі болды. Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті аурулары бойынша облысымызда 15 қолайсыз ошақ тіркелді. Оның ішінде, 2 сібір жарасының ошағы – Шет, Ақтоғай аудандарында, ірі қара малының бруцеллезі – Бұқар жырау, Шет, Ақтоғай, Ұлытау, Нұра аудандарында, ірі қара туберкулезі – Қарқаралы ауданы мен Жезқазған қаласында, ірі қара пастереллезі – Қарқаралы, Ақтоғай аудандарында, инфекциялық ринотрахеит пен вирустық диарея – Қарқаралы ауданында, ірі қараның қатерлі ісігі – Ұлытау ауданында және құс сальмонеллезі Абай, Бұқар жырау аудандарында тіркелді. Осындай аурулар тіркелген ошақтарға республикалық қордан ветеринариялық препараттар бөлінді. «Республикалық эпизоотияға қарсы күрес отряды» Қарағанды филиалы мамандары тарапынан ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізіліп, толығымен сауықтырылды. Құзыретімізге байланысты, аталған ошақтардағы аурудың шығу себептері мал иелерінің Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабында белгіленген міндеттерін орындамауы, яғни, рұқсатсыз және тиісті жолдама құжатынсыз өзге өңірлерден мал тасымалдау, сойып сатылатын малды мал дәрігерінің қатысуынсыз, арнайы сою нысанында соймау, басқа жақтан әкелген малын жергілікті ветеринариялық мамандарға хабарламай және карантинге қоймай, толық зерттеуден өткізбей табынға қосу сияқты заңбұзушылықтар орын алған. – Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында қандай іс-шаралар атқарылуда? – Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы, Ветеринария басқармасы, облыстық ветеринариялық зертхана мен Ветеринария ғылыми зерттеу стансасы мамандарымен бірлесіп, барлық аудандар мен қалалардағы ветеринария саласындағы мамандардың басын қосып, аудан, қала әкімі орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңестер өткізілді. Осы семинар кеңесте ауылдағы ветеринариялық дәрігерлерге былтырғы жылғы жіберілген кемшіліктерді болдырмау, биылғы жылы атқарылатын іс-шараларды талапқа сай орындау, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу және тағы басқа іс-шаралар бойынша оқыту, кеңес беру, жаңадан қабылданған заңдылықтарды түсіндіру жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, былтырғы жылдан бері аудандар мен қалалардағы аумақтық инспекция,

ветеринария бөлімі мен ветстанция тарапынан мал иелеріне міндеттері мен талаптары туралы ескерту парақшалары таратылуда. Сондайақ, облыстық аумақтық инспекция тарапынан телеарна арқылы «Мал иелерінің назарына» тақырыбында ескерту мен талаптар туралы хабарланды. Биылғы жылы да қайталануда. Ауыл шаруашылығы жануарларының тасымалын қадағалау мақсатында, ветеринария, тұтынушылардың құқығын қорғау салаларындағы құзырлы органдар, ішкі істер департаменті мекемелерімен бірлескен ісқимыл жоспарын облыс әкімі бекітіп, жұмыстар атқарылуда. – Төрт түлік өсіруші азаматтардың өз міндеттерін біле тұра, түрлі заң бұзушылықтарға жол беріп жататыны да жасырын емес. Оларға қандай шаралар қолданасыздар? – Биылғы жылдың басынан ет өнімдері өткізілетін ішкі сауда орындарында жергілікті атқарушы органдармен, ішкі істер департаментімен бірлесе ветеринариялық-санитариялық талапқа сай ет өнімдерінің сатылуын бақылау және мал ұрлығының алдын алу бағытында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Ет өнімдерін ішкі сауда нысандарына құжатсыз және талапқа сай емес көлікпен тасымалдаушыларға әкімшілік шаралар қолданылып, түсіндіру жұмыстары қоса жүргізілуде. Бүгінгі күні осындай рейдтік іс-шараларға байланысты ет өнімдерін сатушылар мен тасымалдаушылар арасында заң бұзушылықтарға жол беру фактілері азайды. Жалпы, ветеринария саласы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы ветеринария мамандары мен жеке және заңды тұлғалар тарапынан жол берілген заң бұзушылықтарға аудандық, қалалық аумақтық инспекциялар тарапынан 2016 жылы 7 миллион 800 мың теңге көлеміндегі 160 айыппұл салынды. Оның ішінде, мал өсіруші, өткізуші жеке және заңды тұлғалардың заң бұзушылық фактілеріне байланыс-

ты 4 миллион теңге сомасында 106 айыппұл салынып, өндірілді. Биылғы жылдың басынан 7 заң бұзушылық фактісі тіркеліп, жеке және заңды тұлғаларға 601 мың теңге көлемінде 7 айыппұл салынды. Жеке және заңды тұлғалардың ветеринариялық қағидаларды бұзуына байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 327 бабы бойынша 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы қарастырылған. – Көктем келді. Тіршілік қайта түлей бастады. Енді, биылғы жылы облыстағы эпизоотиялық ахуалдың қалыпты болуы мақсатында мемлекет тарапына қандай да бір шаралар қарастырылған ба? – Биылғы жылы республикалық бюджет есебінен облысымыздағы ауыл шаруашылығы жануарларының 12 аса қауіпті ауруларына қарсы алдын ала вакцина егу жұмысы басталады. Олар – сібір жарасы, құтыру, листериоз, пастереллез, құс тұмауы, қарасан, түйе обасы, туберкулез, вирустық диарея мен инфекциялық ринотрахейт, эхинококкоз, маңқа аурулары. Сонымен қатар, аталған аурулар мен паразитарлық ауруларға мемлекет есебінен бекітілген жоспарға сәйкес диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Егер, бірдейлендіруден өтпеген, яғни, жоспарлы зерттеуге есептелінбеген немесе басқа өңірден әкелінген түліктер болса, карантиндік ісшара барысында мал иесі есебінен қан алу, вакциналау жүргізіледі. – Біздің білуімізше, ветеринария саласына мемлекет тарапынан қыруар қаражат бөлінеді. Осы қаржының тиімді жұмсалуын кім қадағалайды? – Бұл жұмыстардың бекітілген жоспарға сәйкес орындалуын ұйымдастыру жергілікті әкімдіктердегі

«Ветеринария бөлімі» мекемесіне жүктелген және осы жұмыстардың жергілікті атқарушы органдар тарапынан талапқа сай орындалуын аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялар бақылап, қадағалайды. Былтырғы жылы облыстық прокуратураның тапсырмасымен аудандардағы селолық округтерде ветеринариялық станция мамандары тарапынан ветеринариялық іс-шаралардың орындалуына және ветеринария бөлімі қызметкерлерінің жұмысына бақылау, қадағалау жүргізілді. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер бойынша облыс әкіміне қызметтік хат жолданып, жауапты лауазымды тұлғалар мен мамандарға тәртіптік жазалар қолданылды. Биылғы жылдан бастап әрбір ауылдық округтегі мал иелеріне телефон арқылы немесе кездесу арқылы іс-шаралардың нақты атқарылғаны жөнінде аумақтық инспекциялар тарапынан сауалнама жүргізіледі. «Мал аман болса, жан аман» деп ата-бабамыз айтқандай, елімізде жануарлар арасындағы жұқпалы ауруларды болдырмай, эпизоотиялық ахуалды тұрақты ұстау, азықтүлік қауіпсіздігін сақтау барысында ветеринария саласының атқаратын ролі зор. Ветеринариялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы ел экономикасының дамуына, халықтың денсаулығы мен амандығына қол жеткіземіз. Елдегі эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығы – мемлекетіміздің әлемдік нарықтан ойып тұрып орын алуының, экспорттық әлеуетінің артуының кепілі. – Рахмет! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын! Сұхбаттасқан Қуаныш АМАНҚҰЛОВ.

Орта білім мазмұнын жаңартуда жоғары маңызға ие болған сала көптілде білім беру. Оның басты ерекшелігі – 12 жылдық мектеп түлегінің келешекте үш тілді меңгерген, ағылшын тілінде еркін сөйлей алатын тұлға ретінде қалыптастыру. Осы орайда институтта биология, физика, информатика, химия пәндерін ағылшын тілінде оқытуды бастау үшін 640 сағаттан тұратын бағдарлама әзірленіп, облыс мұғалімдерін біліктілікті арттыру курстарынан өткізуге дайын. Мейрамгүл Асылбекова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары: – «Өрлеу» акционерлік қоғамы арнайы дайындаған бұл бағдарлама Үштілдік білім беруді жүзеге асыру бағдарламасы аясында дайындалған. Мақсатымыз биология, физика, информатика, химия пәндерін ағылшын тілінде оқытуға бағытталуы себепті, бұл өте күрделі құбылыс. Себеп – мұғалімдердің ағылшын тілін білмейтіндігінде. Сондықтан бағдарлама екі мақсатты көздеді. Біріншісі пән мұғалімдерін ағылшын тіліне үйретуді көздесе, екіншісі, пәнді ағылшын тілінде оқыту әдістемесіне үйрету. Бағдарламада оқушының пәнді ағылшын тілінде

жетік түсінуі үшін барлық жағдай да қарастырылған. Бұл жерде пәнді оқытып қана қоймай, баланың тілді жетік меңгеруіне де жағдай жасалады. Тіл мен пәнді ықпалдастыра оқыту 1960 жылдары Канадада негізі қаланып, әлемдік білім беру тәжірибесінде өзін дәлелдегендігін ескерсек, бұл аяғынан енді тұрып, тәжірибеге жаңа енді дейтін дүние емес, нақты нәтиже мен жақсы көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік беретін оқыту әдістемесі. Ал мектеп мұғалімдеріне арнайы әдістеме мен тілді оқытатын тренерлер Алматы қаласынан «Халықаралық тіл орталығында» Кембридж Университетінен арнайы шақырылған ағылшын тілді оқытушылардан арнайы дайындықтан өтіп келген. Бұл жерде де екі мақсат көзделген. Институт тренерлері ағылшын тілін жетік білумен қатар, оқыту әдістемесін меңгереді. Әрине, ең бірінші тілді меңгеру керек. Егер курс басталғанда ағылшын тілінің А2 деңгейін меңгерген болсаңыз, курсты аяқтаған кезде тілді В2 деңгейінде меңгеріп шығатын боласыз. Институт робототехниканы дамыту бағыты бойынша да қалыс қалмаған. Мейрамгүл Асылбекованың айтуынша осы өзекті, жаңа бағыт бойынша институт оқытушылары өздерінің авторлық бағдарламасын әзірлеп, информатика пәні мұғалімдерін курстан өткізеді. Қарағанды облысын дамыту бағдарламасына сәйкес облысымыздағы робототехника бойынша зертханалар саны өсуіне байланысты 72 сағатқа негізделген курста мұғалімдер робототехника негіздеріне оқитын болады.


4

Сейсенбі, 28 наурыз, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

«Жемқорлық – мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, қоғамның ішкі тұрақтылығына, экономикалық қауіпсіздікке кері әсер ететін ең басты қауіп-қатерлердің бірі. Сондықтан, оған жол бермеу, алдын алу мақсатында ел көлемінде пәрменді іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Қоғамдағы жемқорлық әрекеттердің жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту – бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Келеңсіз құбылыстармен жүйелі күрес жүргізу – сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, барлық азаматтардың парызы. Мұндай ауыр кеселді мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен, сонымен қатар, бүкіл ел, қоғам болып қолға алу арқылы тоқтатуға болады. Сыбайлас жемқорлықтың белең алуы, ең алдымен, мемлекет абыройына, сот пен барлық құқық қорғау органдарының беделіне зор нұқсан келтіреді. Оның мейлінше кең таралған түрі – пара алу және пара беру. Мұндай қылмыстарға барғандарға заң бойынша берілетін жаза қатаң. ҚР Қылмыстық кодексінің 366, 367-баптарына сәйкес, пара алғаны, пара бергені үшін мүлкі тәркіленумен бірге, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, алынған пара сомасының елу еселенген мөлшерінен бастап айыппұл салу, не он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Ал, пара бергені үшін оның жиырма еселенген сомасы мөлшерінен бастап айыппұл салуға, не үш жылдан он екі жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы бар. Парақорлыққа делдал болу да жазасыз қалмайды. Параны алушы мен беруші арасындағы келісімге қол жеткізуге, оны іске асыруға ықпал етуші мүлкі тәркілене отырып немесе тәркіленусіз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады. Ол параның он еселенген сомасы мөлшерінен бастап айыппұл салуға, не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты сотталған мемлекеттік қызметкер барлық шендері мен мемлекеттік марапатынан айырылып, мемлекеттік қызметке орналасуына түбегейлі тыйым салынады. Бұл ретте шартты жаза тағайындалмайды, қылмыстық жаза ретінде еселенген айыппұл белгіленеді. Қоғамдық кеселдің тамырын тереңдетпеу және онымен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жою мақсатында құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын барынша арттыра түсу қажет. Қарапайым тұрғындар өздерінің құқықтарын, құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-әрекет қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері тиіс. Салтанат БҰҚАРОВА, Ұлытау аудандық соты кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы.

Зымырап өтіп жатқан қайран уақыт десеңізші?! Міне, әріптес ініміз Кәрім Тілеубергеновтің дүниеден озғанына да 38 жыл болыпты. Бүкіл болмысымен, жан дүниесімен жақсылық пен ізгілікті ұстанған, бауырмал, ақкөңіл жан еді. Адамды жақын тартып тұратын қасиеті бар еді. Үнемі үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсетуден бірде-бір рет ауытқығанын көрген емеспін. Күнбекүнгі тіршілікте, қат-қабат жұмыста қандай қиыншылықтар кездессе де, өзінің адамгершілік, кішіпейіл қасиеттерін сертке таққан семсердей қалтқысыз ұстап, ақжарма пейілінен, сабырлы қалпынан айныған жоқ. Аудан активінің санатында ерекшеленіп тұратын абзал азаматтың бейнесі толыққанды болып шығуы үшін аудан жағдайымен байланыстыра отырып баяндасақ. ...Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында еліміздің экономикасы өзінің даму қарқынын бір мезгіл жоғалтып алды. Оған себеп, экономиканы басқарудағы жіберілген кемшіліктер болатын. Әсіресе, ауыл шаруашылығы аумақтық бөліністерге түсті де, өзіндік аумақтық бірлестіктер пайда болды, бей-берекеттік орын алды, олар бір-біріне бағынбай, әрқайсысы жеке тірлік жасады. Осыдан соң, божырап бара жатқан жағдайды байыппен саралап, шаруашылықтарды тік тұрғызу қажеттігі туындады. Шет өңірі Ақтоғай ауданына қарап кеткен болатын. Мәртебесін қайыра қайтарған Шет ауданы орталығын белгілеп, шаруашылықтардың дамуын бір қалыпқа түсіру қажет болды. Өндірістік аудан орталығы Ақшатау кенті болатын, енді қай елді мекенді аудан орталығы ету жөнінде бірқатар әңгіме болды. Ақыр соңында географиялық орналасуы жағынан, экономикалық байланыстарды нығайтуға қолайлылығы ескеріліп, Шет ауданының орталығы болып Ақсу-Аюлы белгіленді. Шаруашылық басшыларының оң қолы парторгтар десек, партия ұйымдарының сондай парасатты жетекшілерінің санатында Мақан Есмағанбетов, Кәрім Тілеубергенов, Өкен Жуасбаев, Мақай Күлейменов, Әбікен Манабаев есімдерін атап өту ләзім. Мен аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы ретінде аудандағы шаруашылықтарды көріп шыққаннан кейін, шұғыл актив жинадық, жаңа міндеттер белгіленді. Аудан шаруашылықтары негізінен мал шаруашылығын өсіруге бейімделген. Ал, мал басын өсірудегі алғашқы мәселе – мал азығын қамдау болатын. Міне, осыған баса назар аударылды. Шаруашылықтар механизация мен мелиорацияға баса көңіл бөле бастады. Жаңа кеңшарлар құрылды. Олардың алдында үлкен мәселелерді шешу тұрды. Халықты азық-түлікпен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету керек болды. Шаруашылықтарды мамандандыру, яғни, белгілі бір салаға бейімдеу қажеттігін сезініп, жүзеге асыра бастадық. Ауыл шаруашылығын жүргізудің тәуекелді деп аталатын аймағында ораласқан кеңшарлар мүмкіндіктеріне қарай қолдан суаруды тәжірибеге енгізе бастады. Жердің балл бонитетінің төмендігін, жауын-шашын аз түсетіндігін ескере отырып, суармалы шаруашылықты көтердік. «Красная поляна» асыл тұқымды шаруашылығында «Бекет» су қоймасы салынса, «Просторный» асыл тұқымды мал өсіретін кеңшарында «Батық», «Ақсу» бөлімшелеріндегі үлкендікішілі су қоймалары мол жетістіктің бастауы болды. «Нұраталды» кеңшарында он екі шақырым жерде «Тұматай» су қоймасы, С.Орджоникидзе атындағы шаруашылықта «Манақа», сол сияқты «Көктіңкөлі», «Босаға» шаруашылықтарында да суармалы тәсілге мән беріліп, оның жақсы нәтижесі де кешікпей өз жемісін бере бастады. Аудан көлемінде суармалы жерлердің көлемі айтарлықтай ұлғайды. Жер-жерлерде «ДДА100», «Волжанка», «Фрегат» деп аталатын механизмдер іске қосылып, ғылымның

Алимент төлеуден қашқандар әкімшілік жауапқа тартылады. Азаматтардың қарызы мың айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда мың айлық есептік көрсеткіш, яғни, 1 млн. 982 мың теңге төлейді. Алимент төлемей жүрген азаматтардың басым бөлігі жеке мүлкі мен көлігін өзге біреулердің атына рәсімдейді. Тіпті көпшілігі тіркелген мекен-жайында тұрмайды, еш жерде тұрақты жұмыс істемейді. Бір сөзбен айтқанда, баласына ақша төлемеу үшін бой тасалайды. Сондықтан, сот орындаушылары ша-

Түрлі ойындар мен концерттік бағдарламаны ұлттық тағамдар толықтырып, көптеп келген тұрғындардың көңіліне шуақ, бойларына қуат сыйлады. Қаламызда Ұлыстың ұлы күні әрдайым көз қызығарлық, көңіл тоярлық деңгейде ұйымдастырылады. Еңбектеген баладан бастап, еңкейген қарияға дейін алаңнан табылуының бір себебі осы. Саран қаласының әкімі Анатолий Шкарупа тұрғындарды құттықтап, Жаңа жыл жарқын бастамаларға, жемісті жетістіктерге толы болсын деген ниетпен үлкен сахнадағы ағашқа түрлі-түсті лента байлады. Сонымен қатар, Мәдениет үйі алаңында мүмкіншілігі шектеулі жандардың қолымен жасалған түрлі бұйымдардың көрме-сатылымы ұйымдастырылды. Мұнымен қоса, аз қамтылған отбасылар қорына арналған қайырымды-

«Красная поляна», «Бұрма» кеңшарлары ауыспалы Қызыл Туды бірінен бірі кезектесіп алып, аудан облыстың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін негізгі аймаққа айналды. Осындай жетістіктер тек Кәрім Тілеубергенов сияқты ұйымдастыру қабілеті зор, адамдарды үлкен биікке жетелей алатын партия жетекшілерінің күн-түн демей, уақытпен санаспай еңбектенгендерінің арқасында мүмкін болды. Жанқияр еңбегі үшін тиісті марапаттар алды, бірақ тоқмейілсіп, тоқырап қалу болған емес. Кәрім Тілеубергенов партия қызметкері ретінде үнемі өсу үстінде болды. Бүкіл білімі мен қабілетін кадрларды іріктеп, оларды орналастыруға, сол арқылы шаруашылық экономикасының өрлеуіне, салаларды жаңа даму деңгейіне көтеріп, ішкі байланыстарды нығайтуға күш салған, оны жүзеге асыра білген Кәкең қандай қошеметке болсын лайық еді. Сол себепті партком хатшысы Кәрім Тілеубер-

жетістіктері қолданылып, еңбек өнімділігі айтарлықтай өсті. Бұл өз кезегінде жаңашылдыққа жол ашты. Жаңа техникамен қамтамасыз ету, оларды шебер меңгерген кадр дайындау деген сияқты толып жатқан кейінге қалдыруды көтермейтін мәселелер андыздап алдан шықты. Көбіне-көп шаруашылықтардың рентабельділігі төмен, таза пайдамен шығатын асыл тұқымды мал өсіретін «Просторный», «Красная поляна» сияқты кеңшарлар қатарына «Нұраталды» да ілігіп, бірақ жүйелі жұмыс көрсете алмай жүрген болатын. Жаңадан тағайындалған директор И.Морозов өзінің талап қоя білетін, шаруашылық жайын терең түсінетін маман екендігін дәлелдеп, кеңшардың экономикасы алға баса бастады. Тек мінезі дөрекі, адамдармен жұмыс ұйымдастыру, олардың тілін таба білу, мұқтаждықтарына қарасу – оның әлсіз жері болатын. Міне, осындай өзімбілемдігі мол, кеудемсоқ басшыға жөн сілтейтін, экономикадан да, саясат-

тан да, партия талабын ұқтырудан да кем соқпайтын, адамдардың тілін таба білетін партия жетекшісі қажет болды. Шаруашылықтың өрге басуының бірден-бір кепілі адамдармен жанды жұмыс ұйымдастыру болатын. Ондай адам – партия, совет қызметінде шыңдалған, шаруашылыққа ысылған, халықтың ішінен шыққан – Кәрім Тілеубергенов лайық деп, таңдау осы азаматқа түсті. Кәрім Тілеубергенов 1927 жылғы 18 қазанда туған. Еңбек жолын соғыс жылдары жасөспірім кезінде бастаған, мал бақты, колхоздың есепшісі, аудандық соттың хатшысы болып еңбек еткен. 1947 жылдан партия мүшесі. Қарағанды совет-партия мектебінде 1959-1961 жылдары оқып, агроном мамандығын алған. Мұның алдында 7 жылдай аудандық атқару комитетінде жауапты хатшы болып істеген, оқуын бітіріп келген соң, аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып қызмет атқарған. 1961 жылдың күзінен К.Маркс атындағы колхоз басқармасының төрағасы, кейінірек шаруашылық «Ақшатау» совхозы болып қайта құрылғанда партком хатшысы болып 1968 жылдың күзіне дейін еңбек етті. Адамгершілігі мол, жаны таза, бекзат болмысты адам болатын. Маңайындағыларды білімдарлығымен, арлылығымен, жан баурар шыншылдығымен тәнті ететін. Бағыныштыларын, жасы үлкен-кішіні Алла берген азаматтығымен, кішіпейілдігімен, асқан жауапкершілігімен бірге талапшылдығымен, ұстанған принципіне адалдығымен, жүріс-тұрысымен, мінез байлығымен тәрбиелейтін. Ұстанған бағытымыз дұрыс болып шықты, директормен тең дәрежеде сөйлесе алатын, иық тірестіріп қат-қабат мәселелерді бірге шеше алатын партия ұйымының хатшысы ретінде Кәкең өз орнын тапты. Күткеніміздей шаруашылық

расыздықтан көлік жүргізу құқығын шектеу сияқты әрекеттерге барып отыр. Бүгінде біз борышкерлерге тиесілі жүргізуші куәлігінің қолданысын уақытша тоқтата тұру жөніндегі ұсыныстарды Теміртау қалалық сотына жібереміз. Сот ұсыныстарды қарап борышкерлердің жүргізуші куәлігінің қолданысын уақытша тоқтата тұруға қаулы шығарады, борышкерлер қарызын өтемейінше көлік жүргі-

өрлей бастады. Мұның бәріне кеңшардағы адамдарды ең басты байлық ретінде бағалап, олардың пікірлерімен санаса отырып, шешім қабылдау, көтермелеу шараларын жүзеге асыру арқасында қол жеткізілді. Кадрларды дайындауға партия комитеті зор көңіл бөлді. Жан-жақты дайындалған, білімді кадрлар легі осы «Нұраталдыда» өсіп шықты. Кәрім Тілеубергеновтің тікелей ұсынысымен бірқатар азаматтар жоғарғы жұмыстарға жолдама алды. Оның ішінде кеңшар директорлары, партком хатшылары, ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары көптеп саналатын. Шаруашылықтың техникалық әлеуеті таң қаларлық деңгейге көтерілді. Тек бір «Нұраталды» кеңшарында 20-25 «К-700», «К-701» алып тракторлары болатын. Шаруашылықтың рентабельділігі 68-70 пайызға дейін көтерілді. Жылды 2-2,5, кей жақсы жылдары 3 млн. сомға дейін таза пайдамен аяқтап жүрді. Әр түрлі халық өкілдерінен тұратын үлкен ұжым саналы да, сапалы еңбек ете бастады. Ең бастысы, адамдар партияның жетекші роліне көз жеткізіп, жұмыс жүйелі қалыпқа түсті. «Нұраталды» кеңшарының «алтын» кезеңі осы екі адамның атымен тікелей байланысты. Тіл табысқан қос басшы шаруашылықты үлкен табыстарға жетеледі. Осы кезде көптеген еңбек адамдарының аудан көлемінде аттары шықты. Сауыншылар Ынтық Бәстенова, Эмма Вальтер, Дәметкен Разақова, механизаторлар Амангелді Исин, Ақыш Тұрсанин, жүргізуші Әбдрахман Жолдасбаев, бесаспап маман Давид Пеннер, токарь Федор Дирксен тағы басқалары тиісті марапаттарға ие болды. Қазақстан 1972 жылы Отан қоймасына миллиард пұт астық тапсырды. «Нұраталды» совхозы мемлекетке бір миллион пұттан астам астық өткізіп, еңбек көшін бастады. «Нұраталды», «Просторный»,

зе алмайды. Бұдан өзге сот орындаушылары баласына қарыз әкелердің басқа да лицензияларының жұмысын уақытша шектейді. Биыл жыл басында алимент төлеуден жалтарғандарға қатысты жаңа заң жобасы күшіне енді. Оған сәйкес, үш ай алимент төлемеген азаматтың үстінен алимент өндіріп алушы қылмыстық іс қозғау үшін шағымдана алады. 2016 жылы осындай 14 қылмыстық іс

генов аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болып сайланды. Өз ортасынан дараланып шыққан азамат бұл құрметке әбден лайық болатын. Бұл биікке Кәрім Тілеубергенұлы өзінің талмай еткен еңбегінің нәтижесінде жетті. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» демей ме? Бүкіл ауданда партия жетекшілерінің ішінде мінез-құлқымен де, қарапайымдылығымен де, адамгершілігімен де, білімімен де оқшау тұратын үлкен азамат туралы жүректің түкпіріндегі бір сыр осы еді. Мен естелігімді ұрпағының қайғысын қозғау үшін емес, қайраттарын жанып, қолдау үшін айтып отырмын. Ежелгі әдетім, қазақтың би-шешендерінің айтқан сөздеріне көз жүгіртіп отырамын. Бөлтірік шешен қырғыз билеушісінің баласы қайтыс болғанда: «Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тигізбес. Ақсүйекке оқ тисе, көршісіне сездірмес... Әлімдердің ақ сөзі өлгеніңді тірілтіп, өшкеніңді жандырар, Дос көтерер өлімді, бекем бу, төрем, беліңді!», – деп көңіл айтыпты. Адамның қайғысын бөлісу қазақ қоғамында ертеден келе жатқан рәуішті рәсім ғой. «Дос көтерер өлімді» деп қалай дәл тауып айтқан, ұрпағы Кәрімнің 90 жасқа толар жылы берілетін асы мен оны білетін жандардың естелік кітабын шығару арқылы есімі мен ісін мәңгілік етуге талаптанып жатқан көрінеді. Иә, ізің ісіңмен қалады. Кәкеңнің соңында қандай іс қалдырғанын көзкөргендер жеріне жеткізе айтып бағады деп кәміл сенемін. Кәмали ДҮЙСЕНБЕКОВ, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, «Даңқ» орденінің толық кавалері, Қарағанды қаласының, Шет ауданының Құрметті азаматы.

Жыл құсындай сағындыра келетін Ұлыстың Ұлы күнін Шет ауданының жұртшылығы сән-салтанатпен қарсы алды. Берекесі мен мерекесі қатар жүрер мейрамды тойлауға келген аудан тұрғындары Мәдениет үйінің алдына күн көтеріле жиналды. Өткен жылдан салынған Арбат алаңын бойлай ақшаңқай киіз үйлер қатарқатар тігілді. Құтты болсын айтып, бас сұққан жанда толас жоқ. Әуелеген әуезді ән мереке шырайын аша түскен. Мерекеге жиналған көпшілік театрландырылған қойылымды тамашалады. Ұлттық киім киіп, атқа қонған баяғының батырлары кернейлетіп, жұртшылыққа игі тілек тілесе, ертегі кейіпкерлері сән-салтанатымен шерулетіп өтті. Ақ жаулықты аналар тәттілерден шашу шашты. Аудан әкімі Марат Жандәулетов құттықтау сөзін жолдады. Мерекеде әсем ән бір сәтке толастамады. Киіз үйлердегі ақ дастарқандар ұлттық тағамдардан қайысты. Наурыз көже жұртшылыққа ұсынылды. «Ең ұзын бұрым», «Ең үлкен шелпек», «Ең үлкен бауырсақ» конкурстары ұйымдастырылды. «Ең ұзын бұрым» байқауында 121 см бұрымы бар зейнеткер Рымтай Кенетайқызы топ жарды. Кейінгі орындарға Айзат Аманбекова мен Әсел Ниязова лайық деп танылды. Диаметрі 60 см болатын шелпек пісірген аудандық орталық аурухана маманы Айгүл Төребекова «Ең үлкен шелпек», диаметрі 39 см болатын бауырсақ пісірген «Шет Коммунсервис» МКК-нің қызметкері Айгүл Хасенова «Ең үлкен бауырсақ» байқауында жеңімпаз атанды. Бұл күні балалар тегін палаудан дәм татып, мәре-сәре болды. Мереке күні «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, бұлақ көздері тазартылды. Спорт сайыстары да көрермен жұрттың ерекше қызығушылығына ие болды. Салмағы кемі 50-60 келі болатын қойды көтеруден жарысқан жиырма жігіттің арасында 70 мәрте отырып-тұрған Бексұлтан Болысбеков мықты шықты. Қол күресінде Асхат Амантаев жеңімпаз танылса, Абылай Мұратов пен Самат Амантаев екінші, үшінші орындарды иеленді. 24 келі кір тасын 42 мәрте көтерген Сағындық Қанатқа ешкім тең келмеді. Қазақ күресінде 70 келіге дейінгі салмақта Нұрқас Дидар жеңімпаз атанса, Арыстан Шеңгелбаев екінші, Нұрқан Есмағанбетов үшінші орынға табан тіреді. Ал, түйе палуан белдесуінде Самат Амантаевқа қайрат көрсетер балуан болмады. 12 команда қатысқан арқан тарту сынында «Шопа» командасы жеңімпаз деп танылды. Одан кейінгі орындарды аудандық жасөспірімдер спорт мектебі мен Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия командалары иеленді. М.ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ. ШЕТ ауданы.

қозғалды. Бір борышкер 1 жылға бас бостандығынан айрылды. Сот орындаушылары қарызын төлеуден жалтарған әкелерді әкімшілік жауапкершілікке тартуды да күшейте түскен. Тек 2016 жылы 51 әкімшілік іс қозғалып, Теміртаулық борышкерлер 1 тәуліктен 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынған. Теміртау сот орындаушылар аумағы бо-

йынша алимент төлеуге қатысты 2198-ге жуық іс бар. Ал мүлдем төленбеген қарыздың сомасы 16 миллион теңгеден астам. Бүгінгі таңда әділет департаменті жауапсыз әкелерден алимент өндіру үшін жеке сот орындаушыларының санын көбейте бастады. 2016 жылдан бастап алимент төлеуге қатысты барлық атқарушылық іс толықтай жеке сот орындаушыларының құзырына берілді. Қ.ҚАСЫМОВ, Теміртау аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы.

тебуге кезекке тұрғандар саны қаншама. Бір сөзбен айтқанда, сарандықтар Наурыз мейрамын барынша көңілді өткізуге тырысты. Жаңа жылдан жаңа бақыт, жаңа арман күткен

жерлестеріміз табалдырығымыздан аттаған тауық жылынан мол табыс күтуде. Надежда ЦХАЙ. САРАН қаласы.

Көктемнің жаңару мен түрлену мерекесі – Наурыз мейрамы Саран қаласында да кеңінен атап өтілді. Қалалық Мәдениет үйі ауласында киіз үйлер тігіліп, шығармашылық жұмыстар, қолөнер бұйымдары көрмесі қанат жайды. лық жәрмеңке-сатылымы да өтті. Бұдан бөлек, тігілген ақ боз үйлердің бірінде қазақ халқының үй жабдықтарынан, тұрмыс-тіршіліген мол ақпар беретін көрсетілім-көрмесі де тұрғындар назарына ұсынылды. Алаң орталығында мемлекеттік мекемелер мен түрлі меншік нысандары кәсіпорындарының ұжымдары әзірлеп, гүлмен безендірген ақ шатырлар бой көтерді. Тұрғындар мерекелік дастарқанға қойылған құрт-ірімшік, бауырсақ тағамдарымен қатар, наурыз көжеден де ауыз тиді. Өз кезегінде, қаланың шығармашылық

ұжымдары мен өнерпаздары театрландырылған қойылым ұсынып, тұрғындарды ән мен жырға, күй мен биге бөледі. Жергілікті артистерден бөлек, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің өнер майталмандары да мереке ажарын келтіріп, тыңдармандарды өз өнерлерімен таңдандырды. Арқаның ауа райы бұл күні ызғарын шашып тұрғанымен, ниет білдіргендер қалалық «асық ату» сайысына қатысып, кір көтеріп, арқан тартысты. Ал, тұрғындардың қызығушылығын оятқан – алтыбақан болды. Алтыбақан


Сейсенбі, 28 наурыз, 2017 жыл

Құттықтаймыз!

Еске алу

Бұрынғы Егіндібұлақ ауданының Арқалық ауылының тұрғыны аяулы анамыз, ардақты әжеміз Апақаш келіні Жазира Қасымқызын сәуірдің 2-сі күні 80 жасқа толатын мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Бізге жарық дүние сыйлап, өміріміздің бастауында тұрған, бақытымыздың қайнар көзі, тілекшіміз де, ақылшымыз да өзіңізсіз. Сіз осынау жүріп өткен ұлағатты жолыңызда перзенттеріңіз бен жақындарыңыз үшін әрдайым тәрбие мектебі бола алдыңыз. Біз сіздің өнегелі істеріңізден жарқын сәуле, аналық жүрегіңізден жылы мейірім сезініп ер жеттік. Сізге зор денсаулық тілейміз! Жүзіңізден шуақ, көңіліңізден нұр кетпей әлі талай думанды күндердің куәсі болып жүре беріңіз! Жақсы жандар қалайша көштен қалсын, Өмір жалған бес күнде өткен ба шын. Алланың қалауымен жетіп тұрған, Жазира ана құтты болсын 80 жасың. Ана өзің таусылмайтын өлен едің, Кейінгі ұрпағыңа керек едің. 100-ге шейін аман-есен жүре берші, Қасыңда немере мен шөберенің. Қартайғанда деуші еді баладаймын, Өткенді санаға сап саралаймын. Бәріне үлгі өнеге көрсетесің, Келіні болғаннан соң Наманайдың. Игі тілекпен: балалары, немерелері, шөберелері. №139

Объявление

МӘҢГІЛІК ЕСІМІЗДЕСІЗ

Мейрамды тойлауға келген бастауыш сынып оқушыларынан бастап, әр бала қазақтың ұлттық киімінде келіп, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекені мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зәуре Усманқызы құттықтау сөзімен ашты. – Құрметті оқушылар, атааналар, ұстаздар! Сіздерді көктем мерекесі, жаңару мерекесі – әз Наурызбен құттықтаймын. Наурыз тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс салтында ерекше орын алады. Бұл – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі. Өскелең ұрпақ үшін Наурыздың айырықша тәлім-тәрбиесі, үлгіөнегесі бар, – деді ол өз сөзінде. Мектеп ауласында үлкен-кіші көп жиылды. Ұлыстың ұлы күнін

№54 орта мектепте Наурыз мерекесі айрықша сән-салтанатымен аталып өтті. «Қош келдің, әз Наурыз» атты үлкен мерекелік шараға ата-аналар мектеп ұстаздары тәрбиелік мәні болды деп баға берді.

лықты дайындық жүргізіп, ұлттық болмысымызды дұрыс жеткізуге қатты көңіл бөлгендерін айтты. Ия, шынымен Наурыз мерекесі жоғары деңгейде тойланды. Білім ошағы өзге мекемелерге үлгі болатындай шара ұйымдастырды. Мұны көңілді тарқасқан көпшілік қауымның көтеріңкі көңіл-күйінен де ұғындық.

мектеппен бірге тойлауға жиналған ата-аналардың да көңіл-күйлері көтемдей жадырап, думанды қыздыра түсті. Арнайы ұйымдастырылған спорттық шаралар да қызығушылық туғызды. Ауланың бір шетінде сыныптар арасында жарыстар өткізілді. Мектеп оқушылары арқан тарту, қол күресі және асық ойыны бойынша бақтарын сынаса, кішкентай балдырғандар әткеншекке жарыса мініп жатты. Аталмыш оқу ордасының басшысы Әсем Сыздықова атаулы мерекеге тыңғы-

Гүлнара ОСПАНОВА, №54 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

о проведении конкурса на право обслуживания маршрутов регулярных городских и пригородных автомобильных перевозок пассажиров и багажа ГУ «Аппарат акима города Караганды» объявляет о проведении конкурса на право обслуживания маршрутов регулярных городских и пригородных автомобильных перевозок пассажиров и багажа, который состоится в 16:00 часов 27 апреля 2017 года по адресу: Бульвар Мира 39, каб. №607. 2. На конкурс выставляются следующие пакеты маршрутов (маршруты): № № маршрута лота 1 02 011 07 2 05 012 08

5

www.ortalyq.kz

Наименование маршрута «мкр. Гульдер-2 – 45 квартал - ДСК» «ул. Таттимбета (ТД «Магнум») - ЦОН» «УВК-ТД «Магнум» «ДЭУ-УВК» «30 мкр. – ЦУМ – п. Шахтерский» «ДСК – ЦОН – кафе Аэлита»

3. В конкурсе принимают участие любые физические и юридические лица, независимо от формы собственности, владеющие автотранспортными средствами на праве собственности или иных законных основаниях. 4. Желающие принять участие в конкурсе представляют в ГУ «Отдел КХ, ПТ и АД города Караганды» письменную заявку на получение комплекта конкурсных документов по адресу: ул. Московская 1, каб. №14. 5. Окончательный срок приема заявок на получение конкурсных документов и приема заявок на участие в Конкурсе: 17 апреля 2017 года, до 13:00 часов. 6. 03 апреля 2017 года конкурсная Комиссия проводит предконкурсную конференцию по вопросам проведения конкурса. 7. За справками обращаться по телефонам: 8-7212-42-59-79.

Еске алу

Мамандандырылған «Мұрагер» мектеп-интернатының кітапханасында қазақтың ұлы жазушысы, ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы ӘУЕЗОВТІҢ туғанына 120 жыл толу құрметіне арналған «Ақиқат пен шындық – сөз жебесі» атты әдеби кеш өткізілді.

Әдеби іс-шара барысында біз жазушының өмірі мен шығармашылығына бейнебаян арқылы тоқталдық. Әдебиеттің даму жолында өзінің ерекше қырларымен өшпес із қалдырған дарынды тұлғаның бірі – Мұхтар Әуезов. Оның туындылары ғасырдан-ғасырға жетіп, қазіргі таңда өз өміршеңдігін жойған емес. 1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түскен-

дей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған, сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар», – деп жазды. Осы сөздердің өзінен-ақ жазушының бүкіл шығармашылығына, жан-дүниесіне Абай туындыларының әсер-ықпалы, үлгі-өнегесі айрықша көрінеді. Іс-шара ұлы Абайдың қара сөздерімен және терең мәнді де мағынаға толы өлеңдерімен өрбіді. 8-сынып оқушылары – Мөлдір Төкен «Не іздейсің көңілім, не іздейсің?», Аружан Химелден «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?», Қуаныш Қайырбек «Сұм дүние», 6-сынып оқушылары –

Мерей Сарина «Әсемпаз болма әрнеге», Гүлнұр Жахина «Күз», Наргиз Дәулетбекова «Қыс суреттері» атты өлеңдерін және Сабина Ағдарбек 24 қара сөзін жатқа оқыды. Кеш соңында оқушылар өзара пікір алмасып, әдеби шарада түйген ойларын ортаға салды. Заңғар тұлғаның ғибратты ғұмыры туралы білген жаңалықтарымен бөлісті. Сабина ҚАПАШОВА, Жаннұр ДӘРІБАЕВА, «Мұрагер» мектеп-интернатының 10-сынып оқушылары. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Мектептегі «Армысың, Наурыз!» мерекесінің өз деңгейінде өтуіне ат салысып, басы-қасында жүрген мектепалды даярлық тобының оқытушысы Айжан Қапылысқызы Күржікеннің еңбегін атап өтпесе болмайды. Ертеңгілікте қазақтың ежелгі қыз қуу, ат жарысы, бесікке салу, арқан тартыс, асық атыс ойындарын көрермендер алдында сахналаған бүлдіршіндер салт-дәстүрлерге үйреніп қана қоймай, ата-аналарының алдында өз өнерлерін ортаға салды. Ал осы

Дәстүрінен жаңылмаған Ұлытаулықтар биыл да Наурыз мерекесін қарсы алып, кең көлемде атап өтті. Аудан әкімі Хамит Омаров жұртшылықты мерекемен құттықтап, жүрек жарды тілегін жеткізді. Аудан әкімі өткен жылдың ауданымыз үшін табысты да берекелі болғанын ескере отырып, табалдырығымыздан енді ғана аттаған 2017 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды іс-шаралар мол екенін атап өтті. «Қазақ халқының өз тәуелсіздігін және елдігін сақтау жолында жүргізілген күрестің бірі – Бұланты шайқасына биыл 290 жыл толып отыр. 1727 жылы «Ақтабан шұбырындыдан» кейін есін сәл жинаған халық жоңғар әскерлерін қазақтың

дәстүрлерді көрсетуге арналған барлық көрнекіліктер мен бұйымдардың барлығын ұстаздары Айжан Күржікен өз қолымен дайындапты. Қазақтың ою-өрнектерімен әдімеліп жасалған құрақ көрпелер, тұскиіздер мереке ажарын аша түсті. Бүлдіршіндердің ата-аналарына арнап дайындаған концерттік бағдарламасы да басталды. Наурыз, көктем туралы жаттаған өлеңдерін оқып, жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақтар шешуден жарысқа түскен оқушылар өздерінің танымдық деңгейлерін арттырды. Ал, мереке соңында Наурызға қатысуға келген ата-аналар өз қолдарымен дайындаған ұлттық тағамдардан дастархан жайып, мектеп мұғалімдері мерекелік астан дәм татты. Ботакөз АХМАДИЕВА, №95 мектеп-гимназиясының ата-анасы. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

дәстүрлі саяси орталығы Ұлытау жеріне жеткізбей Бұланты өзенінің бойында тоқтатқан. Ауданымызда «Қалмақ қырылған» жотасында ел мен жердің тағдыры сынға түскен сәттегі қазақ сарбаздарының ұлы жеңісін паш етуге арналған ескерткіш – «Бұланты шайқасы» стелласы 2015 жылы салтанатты түрде ашылды. Елбасы Н.Назарбаев: «Орыстар үшін «Полтава

Еліміз экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болды. «ЭКСПО – 2017» көрмесі – мемлекетіміздің мығымдығын, халқымыздың қонақжайлылығын көрсететін тұс. Жаһандық мәселелер талқыға түскен ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы, таяуда өткен 28-ші бүкіләлемдік қысқы Универсиада – 2017 мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар «EXPO2017» көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Бұл көрме ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме

шайқасы» қандай маңызды болса, біз үшін де «Бұланты шайқасы» тарихи маңызы зор», – деген болатын. Сонымен қатар, Республикаға танымал талант иесі, Ұлытау ауданының тумасы - жазушы-публицист, кинотанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, профессор – Қамал Сейітжанұлы Смайловқа 85 жыл толып отыр» – деді әкім өз сөзінде.

Қарқаралы қаласының тұрғыны, асылдың сынығы, тектінің тұяғы, жақсының жұрнағы ардақты ана, аяулы әже, қамқор әпке Рымбала Азанбайқызы Мұқашеваның өмірден өткеніне айлар аунап, жылдар жылжыды. Ажалға ара тұрар бұл фәниде жан болмаған. Ардағымыз өзінің саналы ғұмырында медицина саласында абыройлы қызмет атқарды. «Ақ халатты абзал жан» деген теңеу болмысына сай еді. Отана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын Жаратушыдан тілеп өтті. Тірі болғанда 29 наурыз күні 70 жасын тойлар едік. Амал қанша, ол күн маңдайға жазылмапты. Асылымызды жоғалтқан күн бүтіндей бір әулеттің белін бүктірген ауыр күн. Әпкеміздің орны ойсырап, көңіліміз ортайып жүр. Бүгінде ардақтымыздың есімі аталғанда лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Өйткені ол өмірінде желдей аңқылдаған көңілімен, көркем мінезімен көптің көңілін баурады. Сәулелі жанға деген сағынышты сөзбен айтып жеткізу оңай емес. Туған жұртының ғана емес, барша елің қадірлейтін анасына айналған ардақтымыздан айырылып қалғанымызға көңіліміз сенбейді. Өзгелерден ерекшеленіп тұратын адамгершілік қасиеті, кірбің шалмас кішіпейілділігі, жан жадыратар жылы сөзі жүрегімізде мәңгілікке сақталады. Алладан мейiр, Пайғамбардан шапағат тигей! Жаны жәннатта, тәні рахатта, ұстағаны шырақ, мінгені пырақ, мекені жұмақ болсын! Кеңдігің кем еместін далаңыздан, Мәңгілікке өшпейсің санамыздан. Жетпісіңді жұрт болып тойлаушы едік, Тым ертерек аттандың арамыздан. Қайтып келмес бір жүрген жылдарымыз, Айтып келмес ажалдың құрбанымыз. Жатқан жерің жайлы боп ардақты жан, Қабыл болсын біздің дұға қылғанымыз. Еске алушылар: сіңілілері, бауырлары, балалары.

№140

Қарағанды политехникалық колледжінің әкімшілігі, оқытушылар ұжымы мен қызметкерлері директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хасенов Мубарак Муратовичтің анасының қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады. №136

№137

№95 мектеп-гимназиясындағы мектепалды даярлық тобының оқушылары дайындаған Наурыз мерекесі қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері және әдет ғұрпымен таныстырумен ерекшеленді.

Жас та өтер, бірте-бірте кәрі де өтер, Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер. Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә, Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер, – деп шығыс ақыны Омар Һайам айтқандай осы баянсыз ғұмырдан кімдер өтпей жатыр. 1993 жылы 34 жасында анамыз Шолпан Уақасқызы, 1995 жылы атамыз Уақас Алжаппарұлы дүниеден өткен еді. Енді, міне, атамыздан соң араға 22 жыл салып, асыл әжеміз Күлпан Сыздыққызы да 82 жасында бабалар қорымына мәңгілік сапарға аттанды. Өмірінің бар саналы жылдарын ұрпақ тәрбиесіне арнаған асыл әжеміз 40 жыл математика пәні оқытушысы болып қызмет атқарған. Кезінде еткен еңбегі жоғары бағаланып, аудандық, облыстық оқу бөлімі мен басқармасы грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері төс белгісінің иегері. Жасы келіп, еңбек демалысына шыққаннан кейін де көзі жұмылғанша ұрпақ тәрбиесімен айналысқан ұстаз ана. Біздерді, немерелерін, біз өскен соң шөберелерін аялы алақанына салып тербеткен, әжелік мейірімімен көңілімізге шуақ сыйлаған асыл әже. Аяулы әже, сіздің ұрпақ үшін төккен теріңіз, еткен еңбегіңіз, мейірімді жүзіңіз, балапандарым деген сөзіңіз мәңгілік есімізде сақталады. Анамыз бен атаның жанында жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын. Жұмақтың нұры құйылып, алладан жәннат бұйыртсын! Немерелері: Досжан-Диана, Рауан-Нияз, Елжас-Жанар, Жарас, Жалғас және шөберелері. P.S: Күлпан Сыздыққызының қырқы 2017 жылдың 06 сәуір күні сағат 13.00-де Қарағанды қаласындағы №1 Орталық мешіті асханасында беріледі. Мекен-жайы: Қу көшесі, 1 А., Строймарт дүкені жанында. Т.: 313072. №138

болмақ. Жайық Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызмет көрсету бөлімінде оқырмандармен «ЕХРО – 2017 – Қазақстанның болашағы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді. «ЭКСПО – 2017»: Жарқын істер жолашары» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Оқырмандарды көрме тарихымен таныстырып, бейнебаян көрсетті. Облысымыздың халықаралық көрмеге қосар үлесі туралы айтты. Осы ретте Қарағанды облысынан 40 автор қатысуға өтініш білдірсе, 21 кәсіпорын көрме нысандарының құрылысына атсалысады. Көрмені ақпараттық тұрғыдан алға жылжыту, туристік бағыттарды жетілдіру, жол бойындағы қызметтердің нысандарын дамытып, еріктілерді дайындау сияқты жұмыстарда жүргізуде. Туристік бағыттар әзірленуде. Туроператорлардың аймағына Қарлаг тарих музейі, Қызыларай, Қарқаралы ұлттық бағы кіреді. Қазіргі таңда жаңа маршруттық бағыттар әзірленіп

Ұлытаулықтар Ұлыстың ұлы күнін жыл сайын жоғарғы деңгейде атап өтуді игі дәстүрге айналдырған. Күн райына қарамастан алаңға жиналғандар қарасы қалың болды. Ұлытау орталығындағы алаңда киіз үйлер тігілді. Алтыбақан құрылып, келушілерге наурыз көже, ұлттық сусындар ұсынылды. Ұлттық киім киген әжелер ет асып, бауырсақ пісірді. Ұлыстың ұлы

жатыр, оның бірі «Қарағанды - Қазақстанның көмірлі жүрегі» деп аталатын болады. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті бірқатар жобаларын ұсынып, тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағыттады. Мәселен, Александр Пудов қазандықтардағы кір суды тазартатын құрылғы ойлап тауыпты. Нәтижесінде шағын және ірі кәсіпорындарда суды үнемдеу мүмкіндігі пайда болады екен. Жалпы, ЭКСПО жайлы оқырмандардың ойын, пікірін білу мақсатында кітапханада «Пікір қалдыру бағаны» ұйымдастырылды. Оқырмандар «ЭКСПО туралы не білеміз?», «Жасыл энергетика деген не?», «Қазақстанға жасыл энергетика керек пе?» деген сұрақтарға пікірлер қалдырды. М. ЖҰМАҒҰЛОВА, Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

күнінде аудан тұрғындары бір-біріне игі тілектерін арнады. Мереке аясында аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, халықтың көңілін көтерді. Күштілер мен білектілер боз кілемде белдесіп, қол күресінен мықтылар анықталды. Сонымен қатар, арқан тартыс пен кір тасын көтеруден жарыс ұйымдастырылды. Жер бетіндегі тіршілік атаулы-

Қарағанды қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзу фактілері бойынша азаматтардың өтініш білдіруі үшін «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ-де 8 (7212) 42-58-61 сенім телефоны тәулік бойы жұмыс істейді.

Хабарландыру

Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары! 2017 жылғы 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру енгізілетіндігімен байланысты медициналық қызметтер әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аударған адамдарға ұсынылатын болады. Осыған орай, жұмыссыз, зейнет жасына жетпеген, өз бетімен жұмыспен айналысып жатқан адамдар жұмыссыз немесе өз бетімен жұмыспен айналысушы мәртебесін алу үшін «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не (Бұқар жырау даңғылы, 51/1) баруы тиіс. Қарағанды қаласының әкімдігі.

ны ұйқысынан оятып, жақсылық пен құт берекенің көзін ашып, күн мен түн теңелген күн – Наурыз мерекесін аудан жұртшылығы өз дәрежесінде

атап өтті.

Айболат РАХМАНИЯ, Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.


6

Сейсенбі, 28 наурыз, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Жуырда Жезді кентіндегі М.Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайында «Алтын тамыр» этнографиялық айлығы аясында қолөнер шеберлерінің өнерін насихаттайтын «Шебер – 2017» фестивалінің шымылдығы түрілді. Бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған шараның мазмұны Халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесіне арналды.

Фестивальдің ашылу салтанатына белгілі өлкетанушы, мұрағатшы Сағындық Қожамсейітов, Қаныш Сәтбаевтың әріптесі, геолог Анатолий Гостевтің қызы Ольга Гостева, Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Алмат Сакипов, «Ұлытау өңірі» газетінің редакторы Елтынды Дүйсенбаев, Жезді кентінің әкімі Бақтияр Нұрбалаев қатысып, фестивальді ұйымдастырып отырған мұражай ұжымына жылы лебізін білдірді. Көрмеге қазақ халқының салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан сыр шертетін көне мұралар қойылыпты. Әсіресе, ұлттық қолөнердің қайталанбас үлгілері, оның ішінде ағаштан жасалған бұйымдар көздің жауын алады. Сонымен қатар, зергерлік әшекейлер – шолпылар, білезіктер, жүзіктер, түймелер, қапсырмалар мен ат әбзелдері, маржан тастармен көмкерілген, ою-өрнекпен өрнектелген әдемі ұлттық киімдер көрменің сәнін кіргізгендей. Жалпы көрмеде ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, ұлтымыздың ұлылығын паш етуге негіз болатын дүниелер көп болды. Көрменің бірінші бөлімі Жезқазған – Ұлытау аймағына танымал хас шебер, сәулетші Данияр Кәрібаевтың жеке коллекциясына арналды. Көрме аясында шебердің келіні Рахия Бірмағанбетова мен немерелері – Кенбай, Сапар Наушарбаевтармен жүздесіп, олардың атасы жайлы ойларына түйген естеліктерін тыңдадық. Бұдан кейін ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Алмат Қайратұлы шебердің ұрпақтарына ризашылығын білдіріп, көненің көзіндей асыл мұраларды жинақтаушы Рахия Бірмағанбетоваға аудан әкімінің Алғыс хатын тапсырды. Көрменің екінші бөлімі «Қазақ қолөнері әлемдік көрмелерде» деген тақырыппен ашылып, онда фотосуреттер көрсетілді. Үшінші бөлімінде «Әлемдік көрмелер тарихы» деген атпен әлем халқы алдында халықаралық деңгейде көрсетілген көрмелер тарихынан сыр шертілді. Төртінші бөлімі «Әжемнің сыр сандығы» деп аталып, мұражайдың педагогикалық бағдарламасына сай негізделді. Шара барысында жылдағы дәстүр бойынша қолөнер үлгісін дәріптеуге арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Биылғы шеберлік сағатына Жезқазған қаласынан жеке кәсіпкер Наталья Полозова мен Юрий Колмаков қатысып, қолөнер туындыларын көрмеге тарту етті. Көрме Наурыз тойына дейін жалғасты. Фестивальдің жабылу салтанаты «Бастаңғы» ойын-сауығымен түйінделіп, «Жаңа күн, жарылқа елімді!» атты шарамен аяқталды. Мұражай ішін аралап жүріп байқағанымыз, оның экспозициясының тақырыптық жүйесі Орталық Қазақстандағы тау-кен металлургия ісінің сонау ежелгі дәуірлерден бергі тарихын хронологиялық жүйемен көрсетуге негізделген. Сонау полеолит, неолит дәуірлерінің жәдігерлері, тастан қашалған алғашқы еңбек құралдары, мыс, қола, темір жебелер, найза ұштарынан бастап, бүгінгі замандағы қолданбалы өнер мен тұрмыстық мәдениетін көрсететін экспонаттар экспозиция залына топтастырылған. Қорыта айтқанда, бұл мұражай бүгінгі таңда металлургия өндірісінің тарихын насихаттайтын құнды мұралары бар алдыңғы қатардағы мәдениет ошағының бірі. Қайрат ЖҰМАБАЕВ. ҰЛЫТАУ ауданы.

Қазіргі таңда әлемді рухани емес, диуани секірік (өз сөзім) билеп тұр. «Кітап оқу» деген тіркес жоқ десе болады. Мұны жалпақ жұрт емес, сол саланың, яки, тіл мамандарының өзі доғарған әлдеқашан. Тек, бірді-екілі болмаса. Әйтеуір, жастардың мүшәйраға қатысып, өлең жазуы ғана көңілге медеу. Алайда, көбінің сарыны – мұң, махаббат. Ұлттың, ұлтшылдықтың лебі баяу, кемшін. Енді «секірік» дегенімізге келейік. Көшеде, далада, аспанда, қалада дейміз бе, жас та, жасамыс та құлағына ілген әлгі құлаққап (наушник) серік, көрік боп тұр. Тыңдайтыны – секірік. Кәдімгі даңғырлақ музыка. «Мынау не?» деп сұрасаң, «қазақша» деп қояды. Адамды желіктіретін, ойсыздандыратын, қасиеттен айыратын, ұлттық дүниетанымға жат әлем. Баяғы қанішер Гитлер арманы орындалуда. Қай телеарнаны болсын аш – секірік. Жартылай жалаңаш қазақ қызы. Суға түскен, өмірден баз кешкен, жігіт қызды қуған, қыз жігітті қуған «ерекше» ғалам. Күні-түні бала-шаға көріп, көзайым ететін әдеттегі дү­ ние­ге айналды. Тойға барсаң да сол. Шоу-думан «Жаманның сүйенгені топ пен дүрмек» (Абай) дегендей шуылдақпен бірге шулап, санамызды улап жатқан жай. Ән айтып, күй күмбірлеткен шағымыз көзден бұлбұл ұшқан. Бала кездегі қазақ радиосынан берілген күй, ән қайда қалды?! Біздің буынның ұлттық мәйегін мәпелеген қайран қазақ радиосы еді. Сосын көркем әдеби шығарма еді. Бәрі ертегі, көзден көмескі, санадан үріккен. Жуырда күйші, жазушы Сержан Шәкірат аға «Жас алашқа» күйшілер қоғамын құру жөнінде үндеу мақала жариялады. Көңілдегі тоттанған тұтқыр датты жалтыратқандай. Егер қолдаушы болса, екі қол, екі аяқты көтеріп-ақ кірісетін нәрсе, әттең... Іле-шала «Қазақстан» арнасындағы «Айтуға оңайдан» тағы осы мәселе жылт етті. Әйгілі күйшілер Б.Ысқақов пен Ш.Әбілтай күйшілер орталығын құру туралы мәселе көтерді. Бұл хабарда да біз айтқан түйткілдер ортаға салынды. Алматыдағы салт-дәстүр орталығында күйшілер отауы көтерілсе – құба-құп деген бастамасы сол айтылған жерде қалмаса екен деп тіледік. Осыдан бірер жыл бұрын Қарағандыда айтыскер ақын Қ.Мақсұтов республикалық «Шертпе күй» отауын құрды. Ол отау жұмысы жақсы-ақ басталды. Алайда, Тәттімбеттің 200 жылдық мерейтойын өткізді, күй фестивалі дүбірледі. Бітті, аяғы сонымен сиырқұйымшақтанды. Былтыр күйші Қ.Садуақасов (атақты Дәулетбек күйшінің ұлы) облыстық деңгейге көтеріп, «Шертпе күй» орталығын жалғап еді, бірер концерттен соң түрлі себеппен жұмысы тоқырап тұр. «Баланы – жастан» деп жатамыз. Мектепте бастауыш, одан соң 5-6 сыныптарда ғана 1 сағат музыка сабағы бар (осылай аталады). Күй өнері деген тақырып жоқ. Арасында жай ақпарат ретінде айтылған. Күй, ұлттық ән жеке сабақ ретінде аптасына 2-3

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 рет берілсе ғой деп армандайсың. Сосын оқу орнындағы үзіліске шығатын қоңырау. Христиандардың шіркеуге шақыратын сол баяғы даңғырлатқышы. (Былтыр орталықтағы мектебімізден Құрманғазының «Сарыарқасын» естіп, көтеріліп қалып едік, биыл ол жоқ. Себеп?). Тағы телеарналардағы хабар беретін шақтағы қойылатын демеусаз. Тап бір қылмыскерді жазаға тартатын шақтағы берілетін қорқынышты, үрейлі даңғырлақ. Ойбай-ау, күй қайда, күй? Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, тағы басқа күйшілер, аруақтарыңыз кешірсін. Сіздердің рухи үндеріңіз тек арнаулы байқау, арнайы оқу орындарында болмаса, ұрпағыңыз білмейді де, естімейді де... Мемлекеттік мәні бар шаралардан күй де, күйші де шетқақпай. Дәстүрлі ән болса, болмаса да шетке сырылған. «Құрманғазы», «Отырар сазы», біздің облыстық Тәттімбет атындағы, тағы басқа оркестрлерді мемлекет шамасы келгенше ұстап отыр. Алда-жалда концерт бере қалса, көрермені жасамыс адамдар. Алаштың дүние жүзі мықтыларымен таласа алатын алтын әуенді күйі өзінің ұрпағына, төл перзентіне жат болмағы кімге қажет!? Әрине, әлгі арзанқұмарларға. Тіпті, өзінің секірігін, даңғырлағын тықпалайды. Қазақ байғұс талмай жұтып жатыр. Содан болар, әніміздің

сөзі ғана қазақша, сүйегі батысша. Ақселеу Сейдімбек «Күй-күмбез» кітабында: «Күйші орындайтын шығармасының тарихын, авторын айтып тартқан. Тыңдау­ шыға сонда ғана етене енесің», – деп кестелеп еді ғой. Өз дүниеміз өзімізге жат боп бара жатқан заманда бірлесе қимылдамасақ – ертеңгі рухани әлем бұлдыр-ау. Өз басым білетін дүниемді барған жерде тартып, орындап жүрмін. Бабалар аманатына адал болайын дегенім. Төкпедегі алпыс екі баулы Ақжелең, шертпедегі Қосбасарлар ұрпақ құлағына бүгін там-тұмдап жетпесе, ертеңіміз бұлдыр. Күйімізді, әнімізді беретін радио желісі, арнайы телеарна, мектепте, орта, жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытсақ, сосын қоңыраудың орнын күймен алмастырсақ – сегіз ұлымен қауышқан Ерназар болар едік-ау, шіркін! Жаһандану жұтып, жалмап қойғысы ке­ ліп, жаланып тұр. Бармақ тістеп қалмайық ертең. Әйтпесе: «Өзі түгіл өзгеге пайдасы жоқ, Есіл өнер қор болып кетер түзге», – деген хакім Абай сөзінің кері болары анық. Қалиасқар ШЫНЫБЕКТЕГІ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы. Сурет ғаламтордан алынды.

Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 43-21-55; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

«І қалалық жаңашыл педагогикалық идеялар» фестивалінің мақсаты – орыс тіліндегі білім беру ұйымдарында сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасынан талантты, шығармашыл педагогтарды анықтау. Сондай-ақ, олардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету, озық педагогикалық тәжірибені тарату. Фестивальге орыс тіліндегі білім беру ұйымдарында сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Олар іс-тәжірибеге сәйкес оқыту түрлері мен әдістері, мазмұны мен құрылымына сай әзірмелер ұсынды. Қатысушылар өз

Біздің сайт: www.ortalyq.kz

жұмыстарын 7-10 минут қорғады. Ұстаздар дайындаған әдістемелік әзірлемелер жан-жақты, сауатты шықты. Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қалалық білім бөлімінің І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары табысталды. І орынды №64НОМ Ж.Мұрат жеңіп алды. Ал, ІІ орын №74 ОМ Л.Зарубаева, Ж.Сайдина, №78 НОМ Б. Біләлова, №33 МБК Д.Сатыбалдина, К.Оспанова иеленді. Тиісінше ІІІ орынмен №25 ОМ А. Башаева, №52 ОМ А. Ерғалие-

ва, М.Дауенова, М.Мақажанова, №34 НОМ Қ. Біләлова марапатталды. Ең үздік оқу құралы бойынша №25 мектеп мұғалімдері М.Смағұлова, Л.Адежано­ ва, сондай-ақ, №40 мектептің мұғалімдері М.Мұ­­қышева, С.Бүрлешова дайындаған әзір­лемелер марапатқа лайық деп танылды. К.БҮРКІТБАЕВА, №33 мектеп-балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Таралымы 18 100 дана

Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» «Сарыарқа» Братин кубогі бәсекесінен шығып қалды. Ширек финалдық серияның Қорғанда өткен алтыншы матчында жерлестеріміз 3:2 есебімен есе жіберді. Жергілікті «Зауралье» басым түсті. Мұның алдындағы кездесуде де қарағандылықтар 1:3 есебімен жерге қарап еді. Ол ойын «Қарағанды – Аренада» өтті. Сондықтан, «сарыарқалықтарға» жеңіс ауадай қажет-ті. Ойын ортасына дейін тартыс тізгіні қарағандылықтардың қолында болды. Екінші кезеңде біздің хоккейшілер екі шайбамен алға шықты. Үш минут ішінде Валерий Поляков (31-ші минут) пен Иван Фишенко (33-ші минут) бір-бір шайбадан салды. 0:2.

Тек, 57-ші минутта ғана қорғандық Вячеслав Андрющенко қарағандылықтар қорғанысын бұза алды. 1:2. Осыдан кейін «Зауральенің» бас бапкері Михаил Звягин қақпашыны шабуылшыға алмастырды. Нәтижесінде, негізгі уақыттың тәмамдалуына 14 секунд (59:46) қалғанда қорғандық Евгений Виксна таразы басын теңестірді. 2:2. Сөйтіп, ойын овер-таймға ойысты. Ал, 81-ші минутта тағы сол Андющенко

«Сарыарқаның» қақпасынан саңылау тауып, командасына жеңіс сыйлады. 2:3 ОТ. Сөйтіп, Братин бәсекесінің шежі­ ресінде тұңғыш рет «Зауралье» жартылай финалға жолдама алды. Ал, «Сарыарқа» кубок тарихында алғаш рет ширек финалдан кері қайтты. Вадим ЕПАНЧИНЦЕВ, «Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері: – «Зауралье» – мықты команда. 0:2 есебімен жеңіле тұрып, жігер мен еңбектің арқасында жолдаманы жұлып алды. Сериядағы ойындарға қарап отырсақ, қос команданың бірі-біріне әбден лайықты ұжымдар екенін аңғарамыз. Ойын бойынша шәкірттеріме қояр кінәм жоқ. Барлығы да өзінің шеберлігін танытуға тырысып бақты. Тек, сәттілік жетіспеді. Жанкүйер қауымға маусымдағы қолдаулары үшін шексіз алғысымды білдіремін.

№33 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 баспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Жарнама бөлімі: ortalyk.reklama@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Салтанат ИЛЬЯШОВА КОРРЕКТОРЛАР 1,3,4 – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 2,5,6 – Ж.АХМЕТОВА

28 03 2017  

Advertisement