Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

Баспасөз мәслихаты

Саранда серпіліс бар Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Саран қаласы Арқаның қысына әзір. Бұл жөнінде Саран қаласының әкімі Анатолий ШКАРУПА аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Қала бойынша жылыту маусымы уақытында басталды. 254 көпқабатты тұрғын үйдің, 14 жергілікті әлеуметтік нысанның, 24 қазандықтың қысқа сақадай екендігін жеткізді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру жолында міндеттелген мәселелерді межелеу қадамы қарышты. Себебі, халықтың тұрмыстық деңгейін жақсартуға, экономикалық инфляциялық үдерістерді тежеуге, әлеуметтік салаға жете назар аударған шаһар басшысы ілгерлеуге ілкімді істер атқарып жатыр екен. Кәсіпкерліктің қанатын кеңге жаюына мүмкіндік жасалып, 3,3 млрд. теңгемен қаржыландырылған. Оның ішінде кәсіпкерлер тарапынан ұсынылған 6 жоба мақұлданған. Құны 9,9 млрд. теңге тұратын жобалар 360 адамды жұмыспен қамтымақ. Ағымдағы жылда жалпы құны 290 млн. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылса, 156 адамға тұрақты жұмыс орны табылмақшы. Тіпті, 72 жобаға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қолдау жасалған. 500 кәсіпкерге қаржылай көмек көрсетілген. «Агробизнес – 2020» бағдарламасы арқылы 6 жоба субсидиаланған. Бұл алдағы уақытта бірнеше адамның екі қолына бір күрек табылады деген сөз. Айтпақшы, 2016 жылдың 9 айында 1385 адамның жұмыс туралы өтініші қабылданып, олардың 1015 адам жұмысқа орналасқан. Жөндеу жұмыстары да жүйеге қойылған. Осы жылы 43 инженерлік коммуникациялар, 35 электрлік қосалқы станциялар жөнделген. Осы орайда, «Жасыл» энергетика саласындағы Чехия мен Словакия инвестициялық тобы «SES Saran» ЖШС-ның 100 МВт болатын күн электр станциясын салу жоба іске асатын күн жақын екендігінде атап өтті.

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті Ұлт пен Рух

♦ СЕЙСЕНБІ, 25 ҚАЗАН, 2016 жыл №174 (22 279) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Баспасөз – 2016

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА

“Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйсінуге жарар ол”деген Хакім Абай. Келесі жылы қазақты “Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұламадан” аман алып шығып, өркениет өріне жетелеген үш биіміздің бірі һәм бірегейі Қаздауысты Қазыбектің жалғанның жарығына келгеніне 350 жылдың жүзі болады. Би Атанының кіндігінен қандай ұрпақ тараған! Ақылды! Ойлы! Терең! Парасатты! Ұятты! Тегеруінді ұрпақ тарады! Бүгінгі егеменді еліміздің қара шаңырағын ұстап отырған бір һәм бірегей ұлыс, Алаш елі – ол! Бізді Алла алқады, аруақ жебеді. «Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды!» деген аузы дуалы атамыз Сарыарқаның сандал төсі Қарағандыдағы қала әкімдігінің алдында маңдайы жарқырап тұр! Енді, Қаздауысты Қазыбек бабамыздың алдынан өткен Қазақстан Республикасының азаматы егеменді ел жұртына еміреніп, оның болашағы хақында ойға шомып, тебіреніп жүретін болады! Қаламыздың бір ауданы – Қаздауысты Қазыбек бабаның атында. Қарағанды ғалымдары “Қаздауысты Қазыбек би” энциклопедиясын жарыққа шығарып, айтулы мемлекет және қоғам қайраткерінің ерен еңбегін ғылыми айналысқа түсірді. Бұл республикамыздың әлеуметтік, мәдени-ғылыми өміріндегі айтулы оқиға болды десе артық емес-ті! Қарағанды қазақ шаһарына айналғалы жатыр. Қала төрінде көмекей әулие Бұқар жырау бабамыз тұр! Қаланың орталық гүл бағынан қасқайып Қасым ақын алдымыздан шығады! Қалың жүргіншіні Қарағанды керуен сарайынан ай маңдайы Күнмен шағылысып, Қаныш ағамыз қарсы алып тұр... Тәуелсіз Қазақстан әлемдегі өркениетті елдермен тізе қағысып, Күнді

Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан» Мерзімді басылымға жазылу кампаниясына қатысты жиында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ирина ЛЮБАРСКАЯ қоғамдық көзқарастың қалыптасуындағы газеттің рөліне тоқталды.

жиырма бес мәрте айналып шықты... Алдымызда әлі қаншама сапар тұр?! Тектілері Күнді айналған қазақ ұлысы ордалы отыз елдің қатарынан қайтсе де бір ойып орын алар күн де алыс емес... Елдік тұғырымыз – мықты, еңсеміз – биік. Сыр бойында кіндік қаны тамып, қалың елін жоңғар шапқыншылығынан азат етіп, Арқаға қоныстандырған Қазыбек бидің 350 жылдығын арқасына аруақ қонған ұлдарымыз жатқан киелі Түркістаннан бастап, Астана – Қарағандыда ел жадында қалардай атап өтіп, қасиетті Қарқаралыда дүбірлі мәреге жеткізсек, ұлы­сымыздың төрт құбыласы түгенделіп, ұлттық мәртебеміз бұдан да биіктей түсер еді?! Егіндібұлақтағы баба ескерткіші үздік өнер туындысы еді. Өкінішке қарай, аудан тараған кезде ел көзінен тасалау жерде қалып қойды. Енді осы бір аламан той қарсаңында Қарқаралы шаһарында Қаздауысты Қазыбек биге одан да еңселі бір ескерткіш тұрғызсақ, қандай ғанибет болар еді?! Алаш идеясының

Көрменің басталуына

228 күн қалды

алтын қазығы атанған Қарқаралы ұлттық рухтың шапағына оранып кетер еді? Алашқа бола туған айтулы тұлғаларды қыстақ-қыстақ, ауыл-ауылға меншіктеуді қоятын кезең келді! Ұлт болып ұйысатын уақыт жетті ғой?! Осыдан 25 жыл бұрын АлашАнамыз аяқ қолын жинап, аман-есен босанды. Жарық дүниеге Азаттық атты сәби келді. Анамыз оны алтын құрсағында 9 ай 9 күн ғана емес, 300 жылдан астам көтеріп еді. Алаш Ана Азаттыққа босанды!!! Бүгінде Ол – ат жалын тартып мінетін Азамат жасында. 25-те! Тәңірге – тәубе деңіз! Үндістер жат елге оп-оңай бодан бола салды ма? Ата жауына қарсы енку-енку жер шалып, егеулі найза қолға алып, күресе алған жоқ деп кім айтты? Тәңірдің мандайға жазғаны осы болды: көп – қорқытты, терең – батырды, аждаһа – жұтты! Бізге Тәңірінің көзі түсті! Төле би мен Әйтеке, Қаздауысты Қазыбек билердің аруағы жебеді бізді! Дүние жүзінде жыл сайын бірнеше ұлыстар құрып кетіп жатады.

Тәңірі оларды тура Інжілдегі күнәһарлар мекені Содом мен Гоморра сынды бір-ақ күнде жоқ қылады. Неге? Ел бола алмағанынан құриды! Бір-бірін етектен тартқан алты бақан алауыздығынан, бүйректей бөлінгендігінен, ит мініп, ирек қамшылаған пенделігінен құрып кетті олар! Алаш Ана жүрегін жаулығына түйіп алып, Аллаға бара жатыр. Аллаға жетіп жығылу үшін әуелі Абайға жүгінуіміз керек! Иісі қазақтан Тәңіріге алғаш тіл қатып, оның тағылымын

жаны мен тәніне сіңірген осы Абай болатын. Бодан кезімізде бойымызға жұққан өтірік, өсек, мақтаныш, күндестік, бекер мал шашпақ, дарақылық сынды, ХІХ ғасырдан ХХІ ғасырға алып келген антиадамзаттық қасіретімізді талақ қылар кезең келді. Құран да, Құдай да оны оңдырмай мінген-ді. Өткеннен сабақ алмаған жұрт өркениет көшіне ілесе алмайды! Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдығы қарсаңында көкейге келген ойдың бір парасы – осы...

Көптеген мүмкіндіктер алаңы Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушы кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан ЕСІМОВ

Венгрияның Ұлттық экономика жөніндегі министрі Михай ВАРГАМЕН кездесті. А.Есімов «ЭКСПО» нысандарының әзірлігіне тоқталды. «Осы іс-шараға мейлінше көп Венгрия кәсіпорындарын тартуға талпындық. Бұл ретте, біздің осы делегация құрамына 60 бизнесмен қосылды», – деді Венгрияның Ұлт-

тық экономика жөніндегі министрі. «ЭКСПО-2017» қатысушылары мен қонақтарын тасымалдау үшін венгрлік әріптестер көрмеге сонау Кеңес Одағы кезінен белгілі ИКАРУС электробустарының шусыз, қоршаған ортаны ластамайтын түрлерін әкелуге әзір екендігін жеткізді.

Семинар Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Жуырда Қарағанды облысының орта және ірі бизнес субъектілерінің қатысуымен ҚР Әділет министрлігі әзірлеген заң жобалары және заңдар бойынша көшпелі семинар өтті. Шараға ҚР Әділет министрлігінің Заңнамалық департамент директоры Ерлан БҰЗҰРБАЕВ, облыстың Әділет департаменті директорының міндетін атқарушы Рахмет БАЗЫЛОВ қатысы. Сонымен қатар, семинарда ҚР

Әділет министрлігінің, орта және ірі бизнес субъектілерінің, прокуратураның, сот, Заңгерлер одағының, кәсіпкерлер палатасының, нотариаттық палатаның, адвокаттар алқасының өкілдері болды. Аталған шараның негізгі мақсаты – азаматтар мен бизнес өкілдерінің мүдделерін қорғайтын заң жобалары мен заңдарды түсіндіру. Күн сайын азаматтар және бизнес өкілдері меншік құқығын қорғау саласында пайда болған қиыншылықтармен, даулы және әкімшілік мәселелерді реттеу кезінде түрлі жағдаяттармен

ұшырасып жатады. Дегенмен, бұл мәселелердің шешілу жолдарын барлығы біле бермейді. Сондықтан, Әділет министрлігі азаматтар мен бизнес өкілдеріне күнделікті өзекті мәселелерді шешуде заң жобалары мен қосымша ұсынылатын мүмкіндіктерді түсіндіруді жоспарлапты. Талқылау барысында жолданған сауалдар әрбір азамат және бизнес өкілдері үшін өте өзекті болды. Осыған орай, Әділет министрлігі шараға қатысушыларға олардың мәселелерін шешу жөнінде өз пікірін білдіруге дайын екендіктерін көрсетті. Ең бастысы,

Әділет министрлігі осы мәселелерді заңнамалық реттеуде тыс қалдырмай, азаматтардың да өз үлесін қосуына шақырды. – Көптеген дамыған елдердің заңнамаларын зерттей, зерделей келе түсінгенім, шет елдерде әрбір азамат ел алдындағы борыштылығын, жауапкершілігін түсінеді. Еуропаның еңсе тіктеген қай еліне бармасаңыз да, елінде, қаласында, тіпті, қарапайым ауласында болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайды. Біздің тұсауымызды байлап тұрған да сол немқұрайлық. Ол мемлекеттерде бір

азаматтың көлігін дұрыс қоймағанын байқаған тұрғын дереу арада тиісті органдарға хабарласып, шағым жасайды. Бұған жауапты органдар да тиісінше жедел әрекет етіп, жүргізушіні жауапқа тартады. Ал, көлік жүргізушісі орган қызметкерімен келісу, пара беру дегенді тіпті, ойына да алмайды. Салынған айыппұлды сол жерде немесе көлік тоғытылатын

жерде төлеуге тырысады. Заң бұзушылыққа төзбеушіліктің ең қарапайым мысалы – осы. Егер еліміздің әрбір азаматы заңды солай ұстанып, ел, қоғам, адам дамуына немқұрайлы қарамайтын болса, заң бұзушылық деген мүлдем жойылар еді. Біз ең алдымен ділімізді, мәдениетімізді, ел, халық мүддесін қорғауды сол деңгейге көтеруге ат салысуымыз қажет, – деді Ерлан Бұзұрбаев. Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырып жүрген, бизнесті дамыту барысында кедергі келтірген түрлі мысалдарды айтып, сауалдар жолдады. Заңнамалық департамент директоры мейлінше түсінікті етіп жауаптар беруге тырысты. Тіпті, кейбір заңнамаларды қайта қарастыруға да сөз берді.

Жарты жылға және бір жылға баспасөзге жазылу науқаны басталған кезде мемлекеттік және коммерциялық ұйым басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және «Қазпошта» АҚ Қарағанды филиалының өкілімен кездесуді дәстүрге айналдырған қала әкімінің орынбасары ұйым басшыларына газетке жазылуда дұрыс насихат жұмысын жүргізуді тапсырды. Бүгінгі күні Сіздерге жазылуға кеңес беріп отырған газеттер ақпаратты түрлендіріп емес, оқырманына нақты дерек көзінен алып беретін, шынайы, тексерілген ақпаратты ғана жариялап келе жатқан газеттер. Мемлекетіміздің, Елбасымыздың жүргізген саясатының дұрыс бағалануына, сол арқылы қоғамдық пікірдің қалыптасуына үлес қосушы баспа құралдары. Кітап оқудан алшақтап, ойын қағаз бетіне түсіре алмайтын ұрпақ өсіп келе жатқан кезде газеттен бас тартуға болмайды. Газет болған, бар, бола бермек, – деді өз сөзінде И.Любарская. Қарағанды халқы қашан да өзінің білімі мен мәдениетінің жоғарылығымен ерекшеленді. Интернет үстемдік құрған заманда газеттің болашағы жоқ дегенді де естиміз. Бірақ, газет көтерген мәселенің шешілмей қалған күні жоқ. Газет бетінде жарияланған әр қызықты мақалаға тақырып ұсынатын халықтың өзі. Халықтың тағдырына бей-жай қарамаған газет арқылы айтулы мәселелер көтерілді, өңір өмірі – осы газеттердің беттерінде, – дейді «Казахстансакая Правда» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі Наталья Рыжкова. Жазылу кампаниясына қатысқан «Қазпошта» АҚ-ның Қарағанды филиалының өкілі А.Тәттімбетов еліміздегі және облысымыздағы ресми ақпараттарды жариялайтын төрт газет – республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская Правда», облыстық «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» газеттеріне жазылудың маңыздылығын атап өтіп, оларға поштаның қырыққа тарта кез келген бөлімшесінде жазылуға болатындығын айтты. И.Любарскаяның айтуынша, газетке жазылуда Қарағанды облысының кәсіпкерлері салғырттық танытып отыр. «Қарағанды облысы бойынша 16 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері бар екенін назарға алсақ, олардың әрқайсысы осы аталған газеттердің кем дегенде біреуіне жазылса, жоспарды толық орындар едік», – дейді. Баспасөзге жазылу – ерікті. Бүгін оқырманды газетпен емес, газетті оқырманмен қамтамасыз ету қажеттілігі туған кезеңде сенімді, әрі шынайы ақпарат алғысы келген, елінің ғана емес, өзінің де тағдырына бей-жай қарай алмаған кез келген азаматтың газетке жазылудан қалыс қалмасы анық. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Баспасөз – 2017

Қалалар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 4942, 50 тг., 1 жылға – 9885, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2752, 50 тг., 1 жылға – 5505, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2452,50 тг., 1 жылға – 4905,00 тг.

«Қазпочта» АҚ Индексі: 65484

газетіне жазылу басталды

Ауылдар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 5085, 00 тг., 1 жылға – 10170, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2865, 00 тг., 1 жылға – 5730, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2625,00 тг., 1 жылға – 5250,00 тг.

Газет редакциясында басылымға баспа құны (жеткізіп берусіз) бойынша баламалы түрде жазылу жүргізіледі. Анықтама телефоны: 43-57-78


2

Билік. Саясат. экономика

25 қазан, 2016 жыл www.ortalyq.kz

Жәрмеңке

Қарағанды облыстық МӘСЛИХАТЫның ІV сессияның ШЕШІМІ 29 қыркүйек, 2016 жыл

№86

Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау кеңесінде

Қарағанды қаласы

Қазақстан Республикасы, Әділет Министрлігі Қарағанды облысы, Әділет департаменті Нормативтік-құқықтық акт 2016 жылғы 20.10 нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4007 болып енгізілді.

Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысының (қаланың, ауданның) Құр-

мет грамотасымен наградтау туралы Ереже бекітілсін. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Ж.Штергер, сессия төрағасы. Р.Әбдікеров, облыстық мәслихаттың хатшысы.

Ерсін МҰСАБЕК, «Орталық Қазақстан» Өткен аптада облыс прокуратурасының мәжіліс залында Қарағанды облысы Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің кезекті 25-ші отырысы өтті. Кеңес отырысына прокуратура, ішкі істер органдары мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысып, отырыс тізгінін Кеңес төрағасы Серік ТӨРЕГЕЛДИН ұстады.

Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының №86 шешімімен бекітілген Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді. 2. Құрмет грамотасы: 1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, спорттағы, әскери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін; 2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін марапаттау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады. 3. Құрмет грамотасымен Қарағанды облысының дамуына қомақты үлес қосқан: 1) азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері; 2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары; 3) азаматтығы жоқ адамдар және шет мемлекеттердің азаматтары наградталады. 4. Құрмет грамотасымен: 1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар; 2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар; 3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар марапаттала алмайды. 5. Бір тұлға (ұжым, ұйым) бес жыл ішінде облыстың Құрмет грамотасымен наградталуға екі рет ұсыныла алмайды. 6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады. 2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі 7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты облыс әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілі және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды. Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, облыстың дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа басшы қол қояды және мөрмен бекітіледі. Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің

Жалпы, бағдарламаға қатысушылардың дені – жастар. Және жұмыссыздардың басым көпшілігі де жастар болғандықтан, олардың жұмысқа тартылуы кездейсоқтық емес. Көбінесе, компания басшылары жұмысқа қабылдаудың өзіндік талаптарында 30-35 жас аралығын көрсетеді. Сондай-ақ, жұмыс тәжірибесі болуы тиіс жас кандидатқа сұранысты жоғары қоятын жағдайлар жиі кездесіп жатады. Сондықтан, “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы балқаштықтардың ғана емес, көптеген қазақстандықтардың қорғаушысына айналып отыр. – Жалпы, осы уақыт аралығында бағдарламаға қатысушылар саны – 2369 адамды құрады. Бағдарлама аясындағы бірінші бағыттың іске асырылуы бойынша қалада төрт жоба әзірленіп, 158 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, 79 жұмыс орны – республикалық бағдарламаға қатысушылар үшін. Қатысушылардың күшімен қалалық емхана, Балқаш қалалық мәдениет үйі және Саяқ кентіндегі мектеп жөнделді, – дейді жұмыспен қамту орталығының директоры Әйгерім Әйнекова. Бағдарламаның екінші бағыты – “Ауыл шаруашылығын қаржылай қол-

көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі. 8. Құрмет грамотасымен наградтау үшін өзінің кандидатурасын өзі ұсынған азаматтардан түскен материалдар қаралмайды. 9. Келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін, наградтау жөніндегі облыс әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жолданады. 10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың хатшысы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес, бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды. 11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын облыс әкімі және (немесе) облыстық мәслихат хатшысы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады. 12. Наградтау бойынша материалдар облыс әкімінің аппаратында сақталады. 3. Құрмет грамотасының сипаттамасы 13. Құрмет грамотасы папкадан және ішіне салынатын айқарма беттерден тұрады. Папка көк түстен дайындалады. Папканың бет жағында 7х7 көлемінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және «Құрмет грамотасы» жазуы жазылған. Құрмет грамотасы А3 форматында дайындалады, 1 биг, қағазы жылтыр, тегіс 250 гр., түрлі-түсті басу, мемлекеттік символика – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бейнелеумен екі жағынан алтын түстес. Айқарма беттің ішкі сол жағында: ортада – желбіреген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түрлі-түсті бейнесі орналасады. Айқарма беттің ішкі оң жағында: жоғарғы бөлігінің ортасында – алтынмен басылып, «Құрмет грамотасы» жазуы, жазудың астында, наградталушының тегі, аты, әкесінің аты, наградталушының еңбектерінің қысқаша сипаттамасы, «наградталады» сөзі бар, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін орналасады. Қазақ тіліндегі мәтін орыс тіліндегі мәтіннің үстінде орналасады. Төменгі бөлігінде облыс әкімінің және облыстық мәслихат хатшысының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі. Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке басты куәландыратын құжатына сәйкес көрсетіледі. Ұйым, мекеме немесе шығармашылық ұжымның атауы құрылтайшылық құжаттарға сәйкес көрсетіледі. Айқарма бет компьютермен терілген көлбеусіз қара түсті шрифтермен, принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, айқарма бет қолмен, анық және түсінікті жазумен, түзетулерсіз қара түсті сиямен толтырылады.

дау қоры” АҚ облыстық филиалы арқылы қаланың 16 тұрғынына шағын несие беру. Әйгерім Айғалиқызының айтуынша, бүгінгі күні қаланың 13 тұрғыны шағын несие алды. Оның жетеуі өз кәсібін ашса, алтауы бизнесін кеңейткен. Бұл ретте, бірқатар кәсіпкерлер жаңадан кәсіп ашып,10 адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушінің қажеттілігін ескере отырып, білім алатын және қоныс аударған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуде. Осы орайда, биыл 159 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. – Әлеуметтік жұмыс орындарына қаланың 79 тұрғыны бағытталды. Бірақ, бастапқыда біз 73 адамды жұмысқа орналастыруды жоспарлаған болатынбыз. Жұмыспен қамтудың жол картасына қатысуға ниет білдіргендердің саны күн сайын артуда. Негізінде, балқаштықтардың көбі жұмысты сауда және тұрғындарға қызмет көрсету салаларынан тапты, – дейді жұмыспен қамту орталығының басшысы. Қалада жастар тәжірибесі табысты жүзеге асуда. Және жұмыспен қамту орталығының мамандары жоспарды жоғары деңгейде орындайды. Бастапқыда жұмыспен қамту орталығына 25 колледж студенті және жоғары оқу орындарының түлектерін орналастыруға ниет таныттық. Алайда, жұмыссыздық бойынша 47 жас маманнан өтініш түсті. Әйгерім Әйнекованың айтуынша,

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ дәстүрлі «Ауыл береке» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне барды. – Қалалықтар үшін мұндай жәрмеңкелер қысқы уақытқа сапалы азық-түлік өнімдерінің қорын жинап алу үшін өте жақсы мүмкіндік. Осындай жәрмеңкелерді өткізе отырып, біз Елбасының азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру және тұрғындарға, оның ішінде, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға қолдау бойынша берген тапсырма-

сын орындап отырмыз, – деп атап өтті аймақ басшысы. Жәрмеңкеде 530 тонна ауыл шаруашылығы өнімі саудаланды, құны нарық бағасынан 15-20 пайыз арзан болды. Сонымен қоса, облыс орталығы тұрғындары үшін 53,5 тонна ет, 9 тонна балық өнімі, 100 тонна көкөніс, 17 тонна сүт өнімі, 320 тонна картоп, 175 тонна жұмыртқа әкелінді. Сондай-ақ, дәстүрге айналған бауырсақ және қымыз фестивалі де өткізілді. Фестиваль аясында фермерлер облыс әкіміне қымыз ұсынды. – Арқаның қымызына бірде-

бір қымыз жетпейді. Әрі табиғи, әрі бір ерекше дәмді. Негізі, денің сау, әрі үнемі сергек жүру үшін қымызды жиі ішу керек, – деген аймақ басшысы жұртшылықты бірге отырып, сусыннан дәм ауыз тиюге шақырды. Жыл басынан Қарағанды облысында 354 жәрмеңке өткізіліп, 1957,4 млн. теңге өндірілді. «Ауыл Береке – 2016» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 22 қазанда басталып, 12 қарашаға дейін жалғасатын болады деп жоспарлануда. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігінде Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде облыс бюджетінің 9 ай көлеміндегі орындалуы, облыс тұрғындарының денсаулығы және эпизоотиялық жағдай бойынша инспекциялық қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігі туралы өзекті үш мәселе қаралды. Облыстың экономика және қаржы басқармасының бас-

шысы Ольга Чернявскаяның айтуынша, облыстың биылғы бюджетінің орындалу ерекшелігі – дағдарысқа қарсы бағыттылығы мен тұрақтандыру рөлінде. Қазіргі экономикалық жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі мен аудан әкімдерінің алдында тұрған басты мақсат – бюджеттік шығындарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және тиісінше, бюджетті сапалы орындауды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, мәжілісте эпизоотиялық жағдай бойын-

Балқаш қаласы жұмыспен қамту орталығына «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттiк бағдарламасына қатысуға жыл басынан бері қала тұрғынындарынан 600 өтініш түсті. Мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ететін орталық басшылығының ұсынысы бойынша 265 адам жұмысқа алынса, 350-ден астам қала тұрғыны алғашқы әңгімелесу барысында жұмысқа орналасты. 16 түлек тұрақты жұмыс орнын тапты. Сондай-ақ, 21 мекеме жұмыспен қамту орталығымен келісім-шарт жасауға ниет білдірген. Балқаш жастары өздерінің еңбек жолын мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияларда бастады. Сонымен қатар, жастар – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінде, экономика және қаржы, қала әкімі аппаратында, “Қазақтелеком” АҚ, “Қазпошта” АҚ-да, сондай-ақ, мектеп-гимназияларда, жеке меншік кәсіпорындарда істәжірибеден өтеді. Қайта даярлау курстары – «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» ның маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы тоғыз ай ішінде 40-қа

жуық қала тұрғыны қайта даярлаудан өтсе, оның ішінде 16 қала тұрғыны жұмыспен қамту орталығының жоспарлауы бойынша қайта маманданудан өтті. Жұмыссыз жүргендер қаладағы колледждерде білім алып, автослесарь, аспаз, шаштараз және электромонтер мамандықтарын игеруде. Бүгінгі таңда бұлар – Балқаш қаласы бойынша сұранысқа сай мамандықтар қатарында. Осы орайда 18-ден 24 жасқа дейінгі 28 қала тұрғыны газэлектр дәнекерлеушісі дипломын алуға тілек білдірген. Сондай-ақ, 22 қала тұрғыны көлік жөндеу слесары болуға ниетті. – Жоғарыда айтылған мәселелерден басқа, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу арқылы халықты жұмыспен қамтудың белсенді

ша инспекциялық қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігі туралы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы басшысы Марат Мұхтаров баяндама жасады. Басқарма басшысы өңірдегі эпизоотиялық жағдайларға тоқталып, ақпарат берді. Күн тәртібіндегі үшінші мәселеге қатысты облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімет жасады.

шаралары жүргізілуде. Жыл басынан бері жұмыссыз жүрген 1410 адам жұмысқа орналасты, – дейді жұмыспен қамту орталығының мамандары. Қалада ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жіті көңіл бөлінеді. Мысалы, жергілікті телеарна, басылым беттерінде республикалық бағдарламаның іске асу барысы туралы жұмыспен қамту орталығының басшылары тұрақты есеп беріп тұрады. Осы ретте, бос орындар жәрмеңкесінің де маңызын айта кеткен жөн. Биыл Балқаш қаласында өткен үш жәрмеңке 82 қала тұрғынына тұрақты жұмыс орнын табуға септігін тигізді. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға 65 адам тартылды. Мүмкіндігі шектеулі тоғыз адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша “Нұр Отан” партиясының қалалық филиалы апта сайын қабылдау жүргізіп, тұрғындарға бос жұмыс орындарын табуға жәрдемдеседі. Самал АХМЕТОВА. БАЛҚАШ қаласы.

Прокуратура пәрмені Кеңес жұмысында алғашқы болып сөз алған Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Әспенби Жарылғасов Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура органдарының ынтымақтаса жүргізген жұмыстарының нәтижелерін тілге тиек етті. Мәселен, осы жылдың өткен 9 айында Кәсіпкерлер палатасынан 87 өтініш түсіп, оның 26%-ы қанағаттандырылған. 300-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды. Прокуратураға келіп түскен өтініштердің 62%-ына тиісті түсінік берілген. Сондай-ақ, прокурорлар жыл басынан бері Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау Кеңесінің 10 отырысына қатысып, бизнес саласындағы өзекті мәселелерге қатысты 12 жұмыс кеңесін өткізіпті. Жалпы, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау мәселесі – облыс прокуратурасының жіті бақылауында. Тура осы мақсатқа маманданған арнайы топтар жұмыс істейді прокуратура органдарында. Осы топтарға кәсіпкерлер тарапынан 19 хабарлама түсіп, оның 4-еуі дәлелденіпті. Әсіресе, кәсіпкерлерге мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілер қысым мен негізсіз тексерістер тыйылмай тұр. Кез келген бизнес құрылымының өтініш-тілегіне бей-жай қарамайтындықтарын айтады прокуратура өкілдері. Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі кеңеспен бірлескен жұмыс жалғасын да, нәтижесін де табатынына сендірді облыс прокурорының орынбасары Әспенби Жолдасұлы.

«Қайтқан малда – қайыр бар» Сөз кезегі – Кеңес төрағасы Серік Мәкенұлында. Төраға мырза Кеңес мүшелеріне осы жылы өткен 10 отырыста қаралған өтініш-тілектердің оң шешім тапқандарын жіпке тізді. Айталық, 10 отырыста кәсіпкерлер тарапынан түскен 30 талаптілек таразыланыпты. Солардың оң шешім тапқандары қайсы? Шахтинскілік кәсіпкер жер салығының мөлшері жайында шағымданған. Шағым кәсіпкерлер палатасы арқылы облыс прокуратурасына жолданыпты. Түбегейлі тексеріс жүргізген прокуратура органы осы жылдың тамыз айында мемлекеттік кірістер департаментіне жер салығының мөлшерін 0,96 ставкасымен есептеу жөнінде ұсыныс берген. Ұсыныс қанағаттандырылып, артық төленген жер салығы кәсіпкерге қайтарылатын болыпты. Ал, осы іске қатысты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ол аз дейсіз бе? Онда мұқият болыңыз. «Шығыс» сауда орталығын паналаған кәсіпкерлер мемлекеттік кірістер департаменті мен көлік инспекциясының негізсіз тексерістері мен заңсыз әрекеттеріне наразылық білдіреді. Кеңестің араласуымен тексерістер тежеліп, заңсыздықтар бойынша тиісті органдарға ұсыныстар берілді. Мемлекеттік сатып алу саласында да заңсыздықтар орын алып келген. Мысалы, «Asia Bell» ЖШС мен «Буторина» ЖК қожайындарына мемлекеттік сатып алу конкурстары бойынша 16 млн. теңге қарыздары

қайтарылды. Әрине, Кеңестің араласуымен. Атам қазақтың «Қайтқан малда – қайыр бар» дейтіні осындайда айтылса керек-ті.

Кедергі барда кемелдену бола ма? Кеңес отырысының күн тәртібіне бірыңғай өткір мәселелер қойылған. Не керек, Елбасы қанша айтып, қанша мараторий жариялағанымен әкімшілік кедергі тыйылар емес. Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің хатшысы Геннадий Жмуктің мәлімдеуінше, кейбір кәсіпкерлік нысандарын мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан негізсіз түрде жалған кәсіпкерлік санатына жатқызу фактілері көбейіп тұр. Ал, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді шектеу бөлімінің сарапшысы Юлия Олейник Сәтбаев қаласында 13 айға созылған Б.Давидян ісіне Кеңес мүшелерінің назарын аудартты. Кәсіпкердің шағымы қалалық ішкі істер бөлімі мен қала прокуратурасының ортасында жүргеніне жылдан асыпты. Қалалық ІІБ анықтаушысы А.Дәуітовтің салғырттығы салдарынан қылмыстық іс «ауада ілініп» тұр. Бұл іске қатысты облыс прокурорының орынбасары Ә.Жарылғасов Сәтбаев қаласының прокурорына бейне байланыс арқылы қатаң тапсырма жүктеді. Кәсіпкерлерді тиісті жер телімдерімен қамтамасыз ету мәселесі де мәз емес. Бұл мәселеге қатысты Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді шектеу бөлімінің басшысы Азамат Дәненбаев хабарлама жасады. Бір ғана Қарағанды қаласының өзінде 28 кәсіпкердің жер телімін алу (аукцион арқылы) бойынша берген өтініштері ешқандай негізсіз қанағаттандырылмаған. Міне, «өзін-өзі жұмыспен қамтушылар» болып табылып, мемлекет жүгін жеңілдетіп жүрген кәсіпкерлердің басындағы ахуалдың бізге мәлім болған жайы – осындай. Ал, Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңеске шағымданбай жүргендері қаншама?! Кеңес отырысын қорытындылаған Серік Төрегелдин Жезқазған қаласынан кәсіпкерлер құқықтарын өрескел бұзған екі фактіні көлденең тартты. «Фрунзе» ЖК әкімдік тапсырысымен қала орталығындағы гүлзарды жөндеуге өзінің 4 млн. теңге қаржысын жұмсаған. Кәсіпкер гүлзарды ине жіптен жаңа шыққандай етіп жөндеп бергенімен, өз ақшасын ала алмай жүр. Қазіргі әкім бұрынғы әкімге сілтейді. Әкім ауысқанымен, қарыз – әкімдіктікі емес пе? Сондайақ, Жезқазған қаласында әлеуметтік нан пісіріп, сатумен айналысатын «Самади» ЖШС-не иісті ұн өнімдерінің бағасын субсидиялау мәселесінде заңсыздықтар орын алған. Бұл екі мәселе де – қазір Кеңестің бақылауында. Кедергі бар жерде кемелдену болмайтынын қадап айтқан Кеңес төрағасы Серік Мәкенұлы кәсіпкерлікті дамыту, әкімшілік кедергілерге тыйым салу Елбасының тапсырмасы екенін қайталап еске салды.


ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

25 қазан, 2016 жыл www.ortalyq.kz www.ortalyk-kaz.kz

3

Ерсін МҰСАБЕК, «Орталық Қазақстан» Әр дәуірдің ақиқаты – өзінде. Біздегі бір кемшін дүние – Тәуелсіздік толғауын (тарихын) шынайы пейілмен жаза алмай жүргеніміз. Жазғымыз келеді. Бірақ, енжарлыққа енші беріп қойғанбызау. Әйтеуір, бағалауға келгенде кежегеміз кейін тарта қалады. Тәуелсіздік ұғымы мен Елбасы еңбегін сабақтастыра салмақтауға арналған сериялық топтамамның бүгінгі әпсанасын Әлем картасында пайда болғанына небары ширек ғасыр уақыт өткен Қазақстан мемлекеті мен оның Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жаһандық беделіне арнамақпын. Біз – 25 жылдық жылнамасы бар Тәуелсіздік жылдарында ғарыштық жылдамдықпен дамып, толайым табыстарға, толағай биіктерге қол жеткізген Елміз. Әлем таныды. Танып қана қоймай, мойындады. Ендеше, Қазақстан жолы – тарихи ақиқат! Ал, Тәуелсіздік тартулары мен Елбасы қайраткерлігі арасында алшақтық болмайтынын да уақыт өзі дәлелдеп отыр. Уақыт таразысында екшелген тарихи игіліктерімізді тарқатып көрелік...

«Қазақстан – 2050» Стратегиялық бағдарламасы шетелдік саясаткерлердің қызығушылығы мен ықыласын егіз оятып, оң пікір қалыптастырғанын көріп те, естіп те жүрміз. Сондай-ақ, Қазақстан Президентінің әлемдік дау-дамайларға төрелік айтуы және әр пікіріне барша әлемнің назар аударуы кездейсоқ құбылыс емес. Дала даналығының дағдарыс дақпыртына араласуы, араласып қана қоймай, тығырықтан шығар жол сілтеуі данагөй бабалар билігінің мұрагерсіз емес екендігін танытса керек. Нұрсұлтан Назарбаевтың әр бағдарламасы мен әр жобасы әлемдік саяси аренада «Назарбаев нұсқасы» деген тұғырлы тіркестің пайда болуына септігін тигізіп отыр. Тіпті, кейбір мемлекеттер «Назарбаев нұсқасын» өз билігінде бағдар етіп алғаны да белгілі. Халықаралық деңгейдегі саяси жүйеге серпіліс әкелген Елбасы жобасының бірі – «G-GLOBAL» бастамасы. Дағдарыс дауылына төтеп берудегі ортақ мақсаттар үшін жедел үнқатысудың таптырмас үлгісі ретінде мойындалған бұл жоба қазан айында Миланда өткен «Азия-Еуразия» форумының 10 саммитінде түбегейлі мақұлданды. Сөйтіп,

Әлем Көшбасшыларының ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тарихи қайраткерлігі туралы ПІКІРЛЕРІ: Барак ОБАМА, АҚШ Президенті: «Президент Назарбаев әлемдік саясаттағы ең беделді тұлғалардың бірі. Оның «Ядролық қарусыз әлем» жобасы – әлем көшбасшыларын таң қалдырған жоба болды. Қазақстан – ядролық қарудан өз еркімен бас тарта отырып, әлемдегі ең бейбіт, тұрақты мемлекет құрудың жарқын үлгісі болды. Ядролық қарудан бас тарту арқылы – қазақстандықтар әлем елдерінің қауіпсіздік кепіліне ие болды. Бұл өз кезегінде Қазақстанды әлемдегі ең тұрақты мемлекетке айналдырды». ●●● Шелли БЕРКЛИ, конгресс-вумені:

Атом қаруы атамнан қалған мұра емес Иә, біз – жаппай қырып-жою қаруынан Әлемде бірінші болып бас тартқан елміз. Тіпті, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының осы бір батыл қадамы – еліміз Тәуелсіздігін жарияламас бұрын жасалған тарихи байлам. 1991 жылдың 29 тамызы. Осы күні Қазақстан Көшбасшысы Семей ядролық полигонын жабу жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Сол сәттен басталған жасампаз қадамдар жарқын игіліктерге бастау болды. Шынымен де, бұл күн Қазақстан тарихында ғана емес, адамзат күнтізбесіндегі айтулы тарихи күнге айналды. Әйтпесе, БҰҰ бұл күнді Ядролық қарудан бас тартудың Халықаралық күні деп жарияламас еді. Елбасы өзінің «Бейбітшілік кіндігі» атты кітабының әлқиссасында «ХХ ғасыр. Мұныңыз – Ғалам бір бөлшек деп танылған, бірақ, бөлшектің өзі тұтас бір ғалам болып шыққан заман. Мұныңыз – адамзат баласы атомның ғаламат тыныштығын тұңғыш рет мазалап, сол атом өзінің ғылыми қиялдан күштірек екенін көрсеткен заман. Ұйқысынан оятылған күш өзінің адами әуестікті тояттандыратын дүниенің құйтымдай бөлшегін құрайтын жай ғана нәрсе е мес, әлдеқайда үлкен нәрсе екенін танытты. Өзінің дүниеден жоғары, тыс тұрғанын, оның тағдырын адам айқындамайтын, керісінше оның шексіз энергиясы адамзат тағдырын айқындайтынын дәлелдеді. Адамдар ядроның энергиясын басқаруды үйреніп алды, бірақ, өзін басқаруды үйрене алған жоқ. Адамдар адамға сенуден қалды, бірақ, ядролық күшке сеніп алды» деп толғанады. Ақиқат! Шынымен-ақ, ХХ ғасырдың екінші жартысында ядролық қарудың кесірлі потенциалын өз қиялымен ойлап тауып, өз қолымен жасаған адамзат осы бір аждаһаны қайта жоюға қауқарсыз болып қалған еді. Ядроның қазақша баламасы – өзек. Зұлымдықтың өзегі. Қазақы ұғымда – жараның өзегі. Міне, ХХ ғасыр осы бір кесапаттың өзегіне тәуелді болып қалған. Анығын айтқанда, құлдық ұрдық. Зұлматты ғасырдың зұлым ғаламаты саналған бұл қарумен Елбасы сөзімен айтқанда, «біз ештеңені көздей алмайтын едік». Өйткені, басты нысана – өзіміз. Әлем – әбігер. Өзі ойлап тапқан қаруынан өзі үркіп, ядро жанарындағы зұлымдық жалынына шарпылып тұрды. Алты құрлықты абдыратып тұрған осы аждаһадан айналып өтіп, тығырықтан шығар жолды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тапқан-ды. Қазақстан Көшбасшысының ядролық қарудан бас тартып, Әлем жұртшылығына қарусыздану бағдарламасын ұсынуы Еуразия құрлығындағы жас мемлекеттің абыройын аспандатып жіберген. Қуаты жағынан Әлемдегі төртінші қаруға иелік ете отырып, одан бас тарту шынымен де тарихи тәуекел еді. Неге? Қойнауы құтқа, жайлауы түлікке толы кең байтақ Қазақ жеріне көңілі ауып, көз қадамаған көршіміз жоқ. Әсіресе, КСРО ыдырап, «үлкен үйден» еншісіз отау шыққан

Таңдай қақтырған

сәтте жұртымызға көз алартып, жұтынбаған держава болмады деп айта алмаспыз. Қарапайым логикаға сүйенсек, бұл қару біз ықтимал жауды ықтыру үшін де қажет секілді көрінген. Осы пікірді желеу етіп, көне Шыңғыс топырағындағы аждаһа апанын әлі ұстай тұру қажеттігін ұсынған саясаткерлеріміздің де болғаны жасырын емес. Алайда, Қазақстанды ғана емес, жұмыр жерді бейбітшілік бесігіне айналдыруды көздеген көреген Көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы табанды түрде тарихи тәуекелге барды. Ықтимал жауды ықтырудың бейбітшіл нұсқасын ұсынды. Әуелі ядролық қару тетігін ұстап отыру арқылы жан-жағына жасанды сес көрсету қып-қызыл шығын екенін дәлелдеді. Өйткені, қарулану арқылы бәсекеге түсу Одақтың шаңырағын ортасына түсіргенін жақсы білді. АҚШ-пен КСРО арасындағы ядролық текетірес кезінде ордалы Одағымыз 20 триллионға жуық АҚШ доллары көлемінде шығынға батқан екен. Экономикалық үдерісі нөлден басталғалы тұрған жас Қазақстан мемлекеті әуелі осы шығынды көтеруге қауқарсыз еді. Ядролық қарудан бас тартудың жан-жақты тиімділіктерін әлемдік деңгейде дәлелдей білген сұңғыла саясаткер мақсатына жетті. Алты құрлық аузына қарады. ҚР Президентінің қарусыздану идеясы бір емес, бірнеше мәрте мәртебелі жиындардың биік мінберінде таразыланып, Назарбаев бастамасы бейбітшіл халықтардың біріккен бағдарламасына айналды. Осы жылдың сәуір айында АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы саммитте жарияланып, сол сәтте-ақ БҰҰ-ның ХХІ ғасырдағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі бас құжатына айналған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – Нұрсұлтан Әбішұлының тажал қаруымен болған ширек ғасырлық күресінің – жемісі! Ақыры, Атом қаруы атамыздан қалған мұра еместігін дәлелдеген Қазақстан Президентінің осы мақсаттағы тарихи идеясы Жер планетасының жүрегі болып бүлкілдеп, тамырына қан жүгіртіп тұрғандай көрінеді. Бұл – жай ғана елес емес, ақиқат!

Дала бітімгерінің даналығы Әлемдегі қырғи-қабақтар мен сын-қатерлерге кейіпкер елдер – Қазақстанның бітімгерлік ұстанымына мүдделі. Өйткені, еліміздің Тәуелсіздік тарихында Елбасының дала дипломатиясының дана үлгісі арқылы атқарған араағайындық миссиялары үнемі сәтті нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Тіпті, Нұрсұлтан Әбішұлының бірегей бітімгерлік тұлғасы еліміз Тәуелсіздігін жарияламаған өткен ғасырдың 90-шы жылдарының өзінде айқұлақтанып, елге абырой әкелгенінен бастауымызға болады әңгімені. Тарихқа шегініс. Естеріңізде ме, 1988 жылы ақпан айында Әзірбайжан Республикасы құрамындағы Таулы Қарабақ автономиялық облысы мен Шаумян ауданы республика құрамынан бөлінуге ұмтылыс жасағаны. Үй ішінен үй тіккісі келген үркердей топтың бұл бастамасының соңы таулы аймақ тұрғындарының түні мен таңынан тыныштық қашырған. Жағдай күрт шиеленісіп, соңы қарулы қақтығысқа ұласты. Осы тұста Ақтамберді жырау толғағандай «Қиуадан ақыл алатын, қиыннан айла табатын» тұлға керек болды Қап тауындағы қақтығысты ымыраластыруға. Мақтанып айталық, сол даудың түйінін дала даналығына сүйенген Нұсұлтан Әбішұлы шешкен еді. Әрине, жалғыз емес. Ресейдің сол кездегі Президенті Борис Ельцин екеуі араласты алауыздықты ауыздықтауға. Сол кезеңде-ақ Қазақстан Республикасының бейбітшіл һәм ымырашыл ұстанымын Әлемге паш етіп, асқан қайраткерлік пен адамгершілік құндылықты қастерлей білу үлгісін танытқан Нұрсұлтан Назарбаевқа жер-жаһан тәнті болған еді. Иә, содан бері көршісімен келіспей, қабақ шытысқан ел болса, Қазақстанға, оның Көшбасшысына жүгінетін дәстүр қалыптасып кетті. Назарбаев араағайындығынан кейін 22 жыл мылтық атылмаған Таудағы Қарабақ 2014 жылы тағы дүрліккен. Тағы ҚР Президентінің төрелігі ымыраны төрге оздырды. Осыдан-ақ Нұрекең бойынан баяғы бабала-

рымыздың қара қылды қақ жарып, әділ төрелігімен топ жарған қастерлі қасиетін аңғаруға болады. Дала дипломатиясының дара дарыны бойына дарыған Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік тұлғасын айшықтай түсетін араағайындық қызметі бір ғана Таудағы Қарабақпен шектелмейді. Украина мен Ресей, АҚШ пен Ресей, Түркия мен Ресей арасындағы қабақ шытулардың бәрін бейбіт жолмен шешуде біздің Көшбасшымыздың көшелі қолтаңбасы бар. Иә, дала данышпандығының даңғайыр үлгісін дағдарыс диалогында асқан беделмен алып жүрген ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының бітімгерлік миссияларының жемісті нәтижелері еліміз үшін зор абырой әкелуде. Ең бастысы, Елбасының бітімгерлік қызметте тайсақтамай, батыл қадам, әділ шешім жасауы. Мәселен, әлгі Таудағы Қарабақтың дауында Одақтың көсемі М.Горбачевтің Таудағы Қарабақтың шиеленіскен жағдайын реттеу жөніндегі Жарлық әзірлеп жатқанына қарамастан, журналистерге берген сұхбатында: «Енді ол Жарлықтың қажеті жоқ. Өздерінің араларында болған ахуалды екі ел өздері реттейтін болады. Біз сондай мәмілеге келдік» деп батыл пікір айтуының өзі «Үлкен үй» қожайынының беделін өзінен кейінгі орынға ысырып тұрған жоқ па?! Еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып қабылдануында алты құрлықтың ақылманына айналған Қазақ елінің Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ширек ғасыр бойы сыр бермей, тек оң нәтиже беріп келе жатқан бітімгерлік беделінің басты рөл атқарғанын түйсінуге тиіспіз.

«Назарбаев нұсқасы» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың байсалды бастамалары мен ұтқыр ұсыныс, батыл қадамдары тек Қазақстан үшін ғана емес, алты құрлық алыптарының даму барометріне айналып отыр. Тұңғыш Президенттің «Қазақстандық жол» қағидасы мен

қаржы-экономика саласындағы халықаралық әрекеттердің негізгі платформасын да ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Сонымен, «G-Global» жаһандық үнқатысу алаңы – Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың идеясы. Үнқатысу алаңының басты мақсаты – әлемдік қаржы дағдарысын еңсеру мәселесін кеңінен талқылап, одан шығудың тиімді жолдарын бірлесіп анықтау. Заманауи жобаның тұсауы өткен жылы V Астана форумында кесілген. Өте қысқа мерзімде өзінің өміршеңдігін дәлелдеп үлгерді. «G-Global» жобасына интернет арқылы әлемнің саңлақ сарапшылары қатысып, өз ойларын ортаға сала алады. Осы сәтте «Интернетте жарияланған пікірлер қай проблеманы шешеді?» деген мазмұндағы заңды сұрақ туындауы әбден мүмкін. Алайда, «G-Global» сайтында бүгінгі күнге дейін жарық көрген пікірлер мен ұсыныстардың есепке алынбағаны жоқ. Сол пікірлер тоғысы ертеңгі форумда талқыға түсіп, дағдарыс дақпыртын бәсеңдетуге өзіндік ықпалын тигізбек. Жалпы, әлемдік саяси жүйе – «Назарбаев нұсқаларына» мүдделі. Мәселен, еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімді тұрақтандырудағы Елбасы тәжірибесіне дүйім дүние қызығушылық танытып отыр. Ашығын айтайық, кешегі «өтпелі кезеңде» ұлтаралық факторларды теріс пиғылға пайдаланып, ұлыстар арасына жік салғысы келген топтар болды. Олардың түпкі мақсаты ұлтаралық жанжал тудырып, Елбасының сындарлы саясатына сызат түсіру еді. Бұл арқылы көршілер алдында немесе біздің елді мекен еткен кейбір ұлт өкілдерінің тағдыры мен тұрмысына мүдделі мемлекеттер алдында Нұрсұлтан Назарбаев беделін түсіру оңтайлы әдіс болатын. Бірақ, алғашқы сәттен-ақ Қазақстанды мекен еткен жүзден астам ұлттың жүзіне мұң ұялатпауды мақсат еткен сабырлы саясаткер, қажырлы қайраткер Нұрсұлтан Назарбаев бұл кедергілерді де жеңе білді. Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Әрбір ұлт пен ұлыстың тілі мен мәдениетін дамытуды, оларға рухани тұрғыдан қолдау көрсетуді мемлекеттік саясаттың басты бағыты ретінде қалыптастырды. ...Сөз соңында Қазақстан ат жалын тартып мінер азамат шағына енді жеткен жас мемлекет бола тұра, Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық жылнамасында алты құрлықтың ақылманына айналып үлгерді. Оның Көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаев! Әлем «Назарбаев нұсқасымен» тыныстап тұр...

АҚШ-тың

«Қазақстан – АҚШ-тың өте маңызды стратегиялық әріптесі. 1991 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Семей ядролық полигонын жауып, әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту туралы ерлікке пара-пар шешім қабылдады. Қазақстан осы уақытқа дейін мұндай батыл да кемеңгерлік қадам жасаған, әлемге қауіпсіздік жолын көрсеткен бірден-бір мемлекет болып табылады. Біз жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы Қазақстанның орасан зор үлесі үшін шексіз ризамыз. Осы жолдағы Қазақстанның көшбасшылығы және оның ядролық қаруды таратпау саласындағы АҚШ-пен жоғары ынтымақтастығы басқа мемлекеттер үшін үлгі болуға тиіс». ●●●

сы:

Пан Ги МУН, БҰҰ Бас хатшы-

«Президенті Назарбаев – әлемдік саясаттағы бітімгер саясаткер. Оның саяси шешімдері әлем басшылары үшін үлгі болуы тиіс». ●●● Владимир ПУТИН, Ресей Президенті: «Нұрсұлтан Әбішұлы саясатқа ерте келген. Ол сонау кеңестік кезеңдегі биліктің өкілі. Мені таң қалдыратыны – ерте уақыттан бері саясатта жүргенімен – ол өте жаңашыл адам. Мен күні бүгінге дейін оның осы жаңашылдығына қайран қаламын. Мен жақында Нұрсұлтан Әбішұлының жаңа қасиетін таныдым. Ол даулы, шешімі қиын жағдайларда – сентиментальды адам бола алады. Ол ұқыпты әрі әділ басшы. Қазақстан үшін Назарбаев – тарихи тұлға. Ол қазақ халқы үшін Тұңғыш Президент қана емес, ол қазақ мемлекетінің негізін қалаушы». ●●● Роберт АУМАНН, экономика бойынша "Нобель" сыйлығының 2005 жылғы лауреаты: «Қазақстанның халықаралық аренада беделі – зор. Осы ретте Астана әлемдік дағдарыстың шешімдерін қарастыру мақсатында форум өткізуге өте қолайлы орын болып отыр. Ал, «G-Global» форматындағы конференция Қазақстанды дағдарыспен күресте алдыңғы орындардан көрсетіп, өз кезегінде оң нәтиже береріне күмәнім жоқ».


4

Ресми

25 қазан, 2016 жыл www.ortalyq.kz

«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі №13/01 қаулысы. Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3969 тіркелген. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабы 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12705 тіркелген)

сәйкес, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін. 2. «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің құқықтық және әкімшілік жұмыс бөлімі осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін

қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. С.Өтешов, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.

№ р/с Тікелей басшы 1. 2.

“Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі 1. Жалпы ережелер 1. “Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33бабы 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12705 тіркелген) бекітілген “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес әзірленді және “Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – “Б” корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды. 2. “Б” корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі. 3. Бағалау “Б” корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша: 1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда); 2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі. “Б” корпусы қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді. Әлеуметтік демалыстағы “Б” корпусы қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді. 4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және “Б” корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді. “Б” корпусы қызметшісінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады. 5. Жылдық бағалау: 1) “Б” корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан; 2) “Б” корпусы қызметшісінің қызметшінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан; 3) айналмалы бағалаудан құралады. 6. Мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға “Б” корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының персоналды басқару жөніндегі қызметі оның жұмыс органы болып табылады. 7. Комиссияның мәжілісі оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі. Комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады. 8. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. 9. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның хатшысы болып, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының персоналды басқару жөніндегі бас инспекторы табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды. 2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру 10. “Б” корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары “Б” корпусының қызметшімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады. 11. “Б” корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы “Б” корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады. 12. “Б” корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарына: 1) “Б” корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, “Б” корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің атауы); 2) “Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы” мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), ол олар болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сәйкес “Б” корпусы қызметшісінің жұмыс іс-шараларының атауы кіреді. Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, “Б” корпусы қызметшісі жұмысының функционалды бағытымен байланысады, нақты аяқтау нысанына ие болады. Іс-шаралардың саны мен күрделілігі Тексеру комиссиясының салыстыруында анықталады. 3) “Б” корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды. 13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару жөніндегі бас инспекторға беріледі. Екінші дана “Б” корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады. 3. Бағалауды жүргізуге дайындық 14. Персоналды басқару жөніндегі бас инспектор Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды. Персоналды басқару жөніндегі бас инспектор бағалауға жататын “Б” корпусының қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді. 4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау 15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады. 16. Негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді. 17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/

немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады. 18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша орналасады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және Тексеру комиссиясының Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады. Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін “Б” корпусының қызметшісі тікелей басшыдан бекітілген шкалаға сәйкес “+1”-ден “+5” баллға дейін иеленеді. 19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады. 20. Орындау тәртібін бұзуға: 1) жоғары тұрған органдардың, Тексеру комиссиясы басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу; 2) тапсырмаларды және бақылаудағы құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады. 21. Еңбек тәртібін бұзуға: 1) дәлелді себепсіз жұмыста болмауы; 2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу; 3) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады. Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде “Б” корпусы қызметшісінің тікелей басшысы, персоналды басқару жөніндегі бас инспектордың құжатпен дәлелденген мәліметі болады. 22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін “Б” корпусы қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін “-2” мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады. 23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, «Б» корпусы қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді. 24. Тікелей басшы “Б” корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару жөніндегі бас инспектор берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі. 25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағы “Б” корпусы қызметшісімен расталады. “Б” корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару жөніндегі бас инспектор және “Б” корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

“тиімді” мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл; “өте жақсы” мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл; ∑ ЖЖ – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән); ∑ а. – айналмалы бағалау (орта арифметикалық мән). 38. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 баллдан төмен – “қанағаттанарлықсыз”; 3 баллдан бастап 4 баллға дейін – “қанағаттанарлық; 4 баллдан бастап 5 баллға дейін – “тиімді”; 5 балл – “өте жақсы”. 8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы 39. Персоналды басқару жөніндегі бас инспектор Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді. Персоналды басқару жөніндегі бас инспектор Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды: 1) толтырылған бағалау парақтарын; 2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін); 3) “Б” корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын; 4) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады. 40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады: 1) бағалау нәтижелерін бекітеді; 2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:  1) егер “Б” корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте “Б” корпусы қызметшісінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі; 2) “Б” корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда персоналды басқару жөніндегі бас инспектормен қате жіберілсе. 41. Персоналды басқару жөніндегі бас инспектор бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде “Б” корпусының қызметшісін таныстырады. “Б” корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі. “Б” корпусының қызметшісін танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару жөніндегі бас инспектор танысудан бас тарту

Қызметтік этиканы сақтау

Бағынышты адам 1. 2.

р/с Шаралардың

1. 2. 3. 4.

Іс-шара Іс-шара Іс-шара …

аталуы* Іс-шараның

нәтижесі

     

Ескертпе: * - шаралар Тексеру комиссиясының стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады. Іс-шаралардың саны мен күрделілігі Тексеру комиссиясына сәйкес келуі тиіс. Қызметші Т.А.Ә. (болған жағдайда) _______ күні _______________________ қолы ____________________

Тікелей басшы Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________ күні __________________________ қолы ________________________

«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 2-қосымша Нысан Бағалау парағы _____________________тоқсан_____жыл (бағаланатын кезең) Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): _______________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы:__________________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: __________________________________________________________________      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы: № Қызметшінің өзін-өзі бағалауы р/с Көтермеленетін Орындау көрсеткіштер тәртібін мен қызмет бұзу туралы түрлері туралы мәліметтер мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Тікелей басшының бағалауы Көтермеленетін Орындау көрсеткіштер тәртібін мен қызмет бұзу туралы түрлері туралы мәліметтер мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Ескерту

1 2 3 Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:

Қызметші Т.А.Ә. (болған жағдайда) _______ күні _______________________ қолы ____________________

Тікелей басшы Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________ күні __________________________ қолы ________________________

«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 3-қосымша Нысан Бағалау парағы __________________________ жыл (бағаланатын жыл)      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: __________________________________________________________________ Жеке жоспарды орындау бағасы: № р/с 1. 2. 3. 4.

Аталуы Іс-шара Іс-шара Іс-шара …

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Маңызы

Басшының бағалау нәтижелері

Қызметтік этиканы сақтау

Ескерту

2-ден 5-ке дейін 2-ден 5-ке дейін 2-ден 5-ке дейін

2-ден 5-ке дейін 2-ден 5-ке дейін 2-ден 5-ке дейін

2-ден 5-ке дейін 2-ден 5-ке дейін

БАРЛЫҒЫ: «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 5-қосымша Нысан Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ______________________________ (мемлекеттік органның атауы)      _________________________________________________       (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)       Бағалау нәтижелері

№ р/с

Қызметшілердің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Комиссиямен бағалау нәтижелерін түзету (болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

Комиссия қорытындысы: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________      Тексерген:       Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)       Комиссия төрағасы: _____________________ Күні: ____________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)       Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: _____________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 13/02 қаулысы. Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3970 тіркелген. «Қазақстан Республикасының мем­­лекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары;       2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін. 2. «Қарағанды облысы бойынша тексеру

комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің құқықтық және және әкімшілік жұмыс бөлімі осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. С.Өтешов, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі №13/02 қаулысына 1 қосымша «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары

1. Осы «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерді беру тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады. 3. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады. 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі 4. Қызметтік куәлік Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының қолы қойылып «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне беріледі. 5. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ, бүлінген жағдайда беріледі. Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тексеру комиссияның мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы). 6. Қызметтік куәліктер мен есепке алу журналы Персоналды басқару қызметінің сейфінде сақталады.  7. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі. Қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлік, жоғалту жағдайын қоспағанда, персоналды басқару қызметіне қайтарып берілуі тиіс.

8. Персоналды басқару бойынша бас инспектор жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді. 9. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды персоналды басқару бойынша бас инспектор жүзеге асырады. 10. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу персоналды басқару бойынша бас инспекторға жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді. 11. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ, оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша персоналды басқару бойынша бас инспектор қызметтік тергеп-тексеру туралы бұйрықтың шығуынан кейін он күнтізбелік күн мерзімінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Тексеру комиссияның тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды. 12. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы персоналды басқару бойынша бас инспектор хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін персоналды басқару бойынша бас инспектор береді. 13. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті персоналды басқару бойынша бас инспекторға тапсырады. Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады. 14. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларына қосымша нысан «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы №

Қызметтік Тегі, Аты, Атқаратын Берілген куәліктің Жөні лауазымы күні нөмірі (бар болған жағдайда)

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны, (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы) туралы белгі

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе

Ескертпе: «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерін беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және персоналды басқару қызметінің қолымен және мөрімен расталады.

2-ден 5-ке дейін Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі №13/02 қаулысына 2 қосымша

2-ден 5-ке дейін 2-ден 5-ке дейін

«Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктің сипаттамасы

Қызметші Т.А.Ә. (болған жағдайда) _______ күні _______________________ қолы ____________________

Тікелей басшы Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________ күні __________________________ қолы ________________________ «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша Нысан Айналмалы бағалау нәтижелері _________________________ жыл (бағаланатын жыл)

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): __________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _______________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: __________________________________________________________________

Биылғы жыл «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының іске асырылуымен ерекшеленді. Бұл бағдарламалық құжатта ел Президенті жоғары кәсіби судьялар корпусын қалыптастырып, оларға тұрақтылықты, құқық үстемдігін, қоғам мен мемлекет мүдделерін мүлтіксіз сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету міндеттерін жүктеген болатын.

1. 2. ...

1. Жалпы ережелер

Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):______________________ Қызметшінің лауазымы: _____________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ________________________________________________________

7. Қорытынды баға 35. Қызметшінің тікелей басшысы “Б” корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді: ∑ т = 100 + а - в ∑ т – тоқсандық баға; a – көтермелеу баллдары; в – айыппұл баллдары. 36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады: 80 баллдан төмен “қанағаттанарлықсыз”; 80-нен 105 баллға дейін – “қанағаттанарлық”; 106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – “тиімді”; 130 баллдан астам – “өте жақсы”.      37. Персоналды басқару жөніндегі бас инспектор “Б” корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді: ∑ жыл. = 0,3 * ∑ т. + 0,6 * ∑ ЖЖ + 0,1 * ∑ а. ∑ жыл. – жылдық баға; ∑ т. – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән). Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің  36-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда: “қанағаттанарлықсыз” мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл; “қанағаттанарлық” мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл;

47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады. 48. Бонустар “өте жақсы” және “тиімді” бағалау нәтижелері бар “Б” корпусы қызметшілеріне төленеді. 49. “Б” корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша “Б” корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі. “Б” корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі. 50. “Қанағаттанарлықсыз” баға алған “Б” корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлемгер ретінде бекітілмейді. 51. “Б” корпусы қызметшісінің қа­тары­нан екі жыл қорытындысы бойынша “қанағаттанарлықсыз” мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, “Б” корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады. 52. “Б” корпусы қызметшілерін баға­лаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

“Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары ________________________________жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең)

6. Айналмалы бағалау 29. Айналмалы бағалау 1) тікелей басшыны; 2) “Б” корпусының қызметшісіне бағыныштыларды; 3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – “Б” корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғаларды (олар болған жағдайда) бағалау болып табылады. 30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың тізімін (үштен аспайтын) “Б” корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару жөніндегі бас инспектор бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды. 31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады. 32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару жөніндегі бас инспекторге жіберіледі. 33. Персоналды басқару жөніндегі бас инспектор айналмалы бағалаудың орта бағасын есептейді. 34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

Баға (балл)

БАРЛЫҒЫ: Топта жұмыс істей білу

2.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану 43. Комиссия шешіміне “Б” корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті “Б” корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, Тексеру комиссиясына Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды. 45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Тексеру комиссиясы екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді. 46. “Б” корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

Жұмысты жоспарлай білу

Қызметтік этиканы сақтау

Әріптесі

Маңызы

БАРЛЫҒЫ:

Жұмысқа негіздей білу

3.

“Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 1-қосымша Нысан

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау 26. Жылдық бағалауды өткізу үшін “Б” корпусы қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды. 27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету еңгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді. 28. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын “Б” корпусының қызметшісі растайды. “Б” корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару жөніндегі бас инспектор және “Б” корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

туралы еркін нұсқада акт жасайды. 42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару жөніндегі бас инспекторда сақталады.

Бастамашылығы Әрекеттестікке икемділігі

3.

1. Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі №13/01 қаулысымен бекітілген

Құзыреттің аталуы

1. Куәліктің мұқабаларының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болуы. 2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен «КУӘЛІК», «УДОСТОВЕРЕНИЕ» деген типографиялық қаріппен жазба жазылады. 3. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде (қазақ және орыс тілдерінде) «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы»

мемлекеттік мекемесі, одан төмен мәтіннен көк түсті үзік жолақпен бөлектелген “ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ” деген жазулар орналастырылған. 4. Сол жағында: көгілдір түс аясында көлемі 3 х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті “ҚАЗАҚСТАН” деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі. 5. Оң жағында: көлемі 2,5 х 3,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), тиісінше Тексеру комиссия төрағасының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін.

Қазақстан Республикасының сот жүйесін реформалау барысында елдің сот жүйесінің өзіне де өзгерістер енгізіліп, оның дербес қызметі қамтамасыз етілді, сонымен қатар, сот билігін жүзеге асырушылардың беделді және кәсіби корпусын қалыптастыру мақсатында судьялардың конституциялық-құқықтық статусы да өзгертілді. Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру үшін Судья әдебінің жаңа кодексі әзірленді. Жоңа жоба қолданыстағы Кодекспен сабақтастығын сақтай отырса да, Кодекстің құрылымында да, бірқатар ұғымдар мен баптарда да өзгешеліктер бар. Мәселен, Судья әде­бінің кодексінде «сот әдебі» және «судья әдебі» деген ұғымдар келтірілген. Бұл екеуі – екі бөлек ұғымдар және сот әдебі мен судья әдебі нормаларының бұзылуы кезіндегі жауапкершіліктің ара-жігін анықтауда аса маңызды. Сот әдебі тек судьяның сот ісін жүргізу ауқымына тартылған тұлғалар мен сот процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін заңдардың процессуалдық нормаларын сақтауға байланысты кәсіби қызметіне ғана негізделеді. Ал, судья әдебі дегеніміз – бұл кең ауқымды ұғым, ол бүкіл судьялар қауымдастығының жұмысына қатысты әріптес-судья­лардан бастап, қарапайым азаматтардың, жұртшылық өкілдерінің тарапынан қызметте және қызметтен тыс уақыттағы, кәсіби қызметтегі қарымқатынастарына баға беру критерийлеріне негізделетін және судьялар қауымына тиесілігіне байланысты шектеуші сипаттағы ұғым болып табылады. Сонымен қатар, Кодексте судьяның тәртібі, отырысқа қатысушылармен қарым-қатынасы, процесті жүргізу кезіндегі мәдениеті де қамтылған. Судьялар процеске қатысушы тараптар өзінің әр қимылын, әрбір әрекетін, көзқарасын жіті қадағалап отырғанын ұмытпауы тиіс. Оның әдебіне қойылатын талаптар оның ұстамдылығы, мәдениеттілігі, байсалдылығы туралы ұғымдарды қамтуы шарт, бұл өз кезегінде судьяның адалдығын, туралығын және кәсібилігін білдіретін болмақ. Судья­­лардың құқықтық мәдениетінің ахуалы олардың әлеуметтік кәмілділігінің көрсеткіші болып табылады және олардың қол жеткізген кәсіби дамуының деңгейін көрсетеді. Судьялар үшін кәсіби құқықтық мәдениеттің маңызы ерекше, бұл заңдық кәсібилік пен кәсіби әдептілікті ұштастыратын қасиет. Істерді қарау кезінде заңдарды бұлжытпай сақтау мен сот про-

цесін жүргізу мәдениеті өзара тығыз байланысты. Судьяның кәсіби міндеттерін атқаруына байланысты оған қандай да бір ықпал етушілікті болдырмау, оның туралығына күмән тудырмау үшін сот әділдігі мәселелерінде өз байланыстарында таңдаушылықты сақтауы тиіс. Сонымен қатар, заң шығарушы және атқарушы билік, бизнес-құрылымдар өкілдерімен, БАҚ-пен өзара байланыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, көпшілік алдында сөз сөйлеу мәселелері қамтылған. Судья әдебінің кодексі халық­­­­аралық нормаларға, басқа елдердің тәжірибелеріне сүйене отырып әзірленген, бірақ, өз салттарымыз, менталитетіміз, әдептілік пен адамгершілікті ұлттық қабылдау ерекшеліктіреміз ескерілген. Сот реформасы соттың барлық жағдайларын өзгертуге, судьялардың тәуелсіздік кепілдігін конституциялық тұрғыда бекітуге, судья мәртебесін биіктетуге бағдарлануы сот сипаттамаларын ғана емес, сонымен қатар, судья­­лардың өздерінің де сана-сезімдерін өзгертуге бағытталған. Судья өзінің кәсіби қызметінде және қызметтен тыс уақытта заңдарды, Судья әдебінің кодексін, жалпыға ортақ моральдық нормаларды сақтауға міндетті. Судья әдебі кодексінің жаңа жобасы судьяға қоғамның тарапынан айрықша көзқарасты білдіреді, моральдық құндылықтарға, оның жеке басына, тәртібіне биік талаптар қояды. Судьяның қызметтегі және қызметтен тыс уақыттағы тәртібінің ережелерін белгілей отырып, оның барша судьялық корпус құрамының кәсіби және адамгершілік-әдептілік тұрғыдан нығаюының басты құралы ретінде қызмет етуі тиіс екеніне айрықша назар аударылған. Кодексте судья­ның тәртібіне қатысты нормалар мен ережелер ғана емес, оларға шағым келтіру тәртібі де нақты белгіленген. Ойымызды түйіндей келе, Судья әдебі кодексінің жобасы бүгінгі таңдағы қоғамның судьяларға, олардың моральдық сипатына қоятын талаптарына сай және сот билігі мен судьяның қоғам алдындағы беделін нығайтуға ықпал ететін құжат болатынын айта кеткіміз келеді. Қоғам мен мемлекеттің экономикалық және саяси дамуын ескерсек, Судья әдебінің жаңа кодексінің әзірленуі мен қабылдануы туралы мәселенің биылғы Қазақстан Республикасы Судьялары одағының кезектен тыс VII съезіне шығарылуы – уақыт талабына сай және аса қажетті мәселе. А.МУТАЛЯПОВА, Қаражал қалалық сотының судьясы.


дүние-дүрмек

25 қазан, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Құттықтаймыз!

Білім ошақтарында

Совет Қабылдаұлы Шет ауданының тумасы болғанымен, мектеп қабырғасынан бастап, барлық өмір жасының 60 жылдай уақыты Қарқаралы қаласында өтті. Қарқаралының азаматы. Болғанбыз біз де жігіт, Жетелеп арман-үміт деп Кеудені шалқақ ұстап, Аяқты шалқақ басатын “Қайран жастықта” байсал тартып, сабырға шақырған ағалық жас та артта қалып, 70 деген ақсақалды жасқа да жеттің. Құтты болсын! Сен өткен өмір жолы да мағынаға, қазынаға толы. Орта мектепті үздік бітіріп, жоғарғы оқу орнын тәмамдап, еңбек жолын Қарқаралы автотранспорт мекемесіне қатардағы инженер болып бастап сол мекеменің басшылығына көтеріліп, 10 жылдай басқардың. Абыроймен іскерлігіңнің арқасында аудан әкімінің бірінші орынбасары лауазымына көтеріліп мемлекеттік қызметтің жаңа бір қырынан көріндің. Қиын кезеңде ұйымдастыруда қажырлылық таныта білдің. Онан соң зейнетке шыққанға дейін күрделі сала – ауданның энергетика, электр жүйесінде мекеме басшысы болдың. Абырой мен марапаттан кенде емессің. Қазіргі уақытта да қоғамдық облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесісің, “Көзкөргендер” ардагерлер ансамблінің әншісі ретінде танымалсың. Өнегелі отбасының көшбасшысы, қорғанысың, қатарлас құрдастардан артықшылығың бар, ол – әйелің жас, күтіп баптайды. Үш ұлың өз алдына үш отау, сенің жасыл орманың. Сәке! Қайратың қайтпай, жігерің жасымай келген 70 жасың құтты болсын. Адал жарың Оркенмен ұрпақ қызығына кенеле бер. Бір әулеттің серкесі, Апалардың еркесі болып, саялы бәйтерек бол. Ізгі тілекпен: аға-апаларың – Ғазиз-Қарлығаш, Рахима, Майдан-Құралай, Ира. Достарың – Тілектес-Балқаба, ТілекРоза, Сағат-Маия, Дүйсен-Бақыт, Бақыт, Раушан, Бақыт. №443.

Жарнама бөлімінің электрондық поштасы: ortalyk.reklama@mail.ru

1952 жылы 26 қарашада Қарағанды қаласында туған. 1975 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Мамандығы бойынша кен инженер-геофизигі. 1998 жылы Қазтұтынуодағы Экономика университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Ресей тау-кен Академиясының шетелдік мүшесі. Академик А.А. Скочинский (Мәскеу қ.) атындағы сыйлықтың лауреаты. Институт бітірген соң 1975 жылы «Қарағандыкөмірбарлау» экспедициясында геофизик, отряд бастығы, экспедиция бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 20022011ж.ж. –«МашЗауыт №1» ЖШС директоры. Қазіргі уақытта «Қарағанды Машинажасау Консорциумы» ЖШС директоры болып қызмет жасайды. «Орталық Қазақстандағы машинажасау және металл өндеу» қауымдастығының Президенті. «Қазақстанның Құрметті машина жасаушысы», «Көмір өндірісінің Құрметті жұмыскері» атақтары берілді. «Ерен енбегі үшін» медалімен марапатталды. Қарағанды қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі. 2011 жылдан бастап «НұрОтан» партиясының мүшесі. Қалалық мәслихаттың V шақырылымының депутаты болып сайланды. Қалалық Мәслихаттың депутаттығына үміткер ретінде, егер сайланған жағдайда, өзімнің басты тапсырмам етіп келесілерді санаймын: Қазақстан халқының бейбітшілігін, төзімділігін, патриоттылығын және ұлтаралық келісімін қолдау; - қаланың тұрғын үй-коммуналдық мәселелерін – жолдарды жөндеу, байланыс құралдары, тұрғын үйлердің шатырларын, сыртқы жарықтандыру; - жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктерді жақсарту; - коммуналдық қызмет тарифтерін объективті түрде қалыптастыруға ықпал ету, монополистер (су, жылу, көлік және т.б.) қосымша ақшаны тұтынушылардың қалтасынан емес, ресурс сақтау технологиясынан іздеу қажет; - зейнетақымен қамтамасыз ету сұрағына әділ және лайықты көзқарас; соғыс және еңбек арда-

герлерінің, зейнеткерлердің және халықтың аз қамтылған тобының мүддесін қорғау; - қылмыспен, нашақорлықпен және маскүнемдікпен күресу, қалада құқық бұзушылықты азайтуға жәрдем беру; - ең басты, облыстың экономикалық дамуы өңдеуші сала, оның ішінде жоғары технологияға және іргелі-қолданбалы ғылымға негізделген машина жасау салаларының дамуынсыз мүмкін еместігін анықтау. Өңдеуші салаларды дамыту дегеніміз – ол экономикалық тәуелсіздік, маманданған жұмыс орны, лайықты еңбекақы, лайықты өмір; - мен біздің қоғамда жұмысшы мамандар қайтадан құрметті және тартымды болуы үшін барлық күшжігерімді саламын. Жұмысшы класс барлық өндіріс саласында қоғамның жетклікті тұрақты бөлігі болуы тиіс; - жастардың үйлесімді және дені сау болып өсуі үшін сапалы біліммен сусындатып және оған лайықты өмір сүруді қамтамасыз ету үшін жұмыс орнын ашу мақсатқа жетудің негізгі шарты деп есептеу керек. Балалар – біздің болашағымыз! Егер мен сайлана қалсам, онда өзімнің тәжірибем мен білімімді облыстың экономикалық өрлеуіне, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресуге, азаматтардың заңды конституциялық құқығын қорғауға ықпал етуге жұмсайтындығыма сендіремін. Билік халықтыкі екенін ұмытпауымыз қажет! Әрбір Қазақстан азаматының міндеті – дұрыс таңдау жасау – дауыс беру!

Балқаш қалалық жалпы білім беретін №5 орта мектепте «Оқу шаттығы» жобасы аясында «Бәрін таста, кітап оқуды баста!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларды оқыту бағдарламасын әзірлеуді қолдау, оқуға қызығушылығын дамытуды бағдарлау, сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттыру мақсатын көздеді. Оқушыларға арналған көрме энциклопедиялар жинақталған «Сіздің көмекші құралыңыз», танымдық журналдар таныстырылатын «Мерзімді басылым - өмір айнасы», қазақ және орыс тілдеріндегі «Көркем әдебиеттер» кітаптары, сонымен қатар, мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар көрсетілген «Әдістеме көмекке келді» атты бөлімдерден тұрды. Кітаптың маңызды-

Мен, Самат Қабдығалиұлы Оспанов, 1978 жылы 24 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келдім. 1999 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша, 2003 жылы – осы университеттің «Юриспруденция» мамандығы бойынша оқуды тәмамдадым. Қазіргі уақытта «Стратегиялық Менеджмент және Кәсіпкерлік» мамандығы бойынша «Мирбис» Мәскеулік халықаралық жоғары бизнес мектебінде оқып жатырмын. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында әскери борышымды өтіп, запастағы аға лейтенант атағын алдым. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі болып табыламын Қарағанды қаласы «Қазақстандық кәсіпкерлер және сервистік қызметтер қауымдастығы» ОЗТ және ЖК құрамындамын. Әскерден кейін түрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істедім. 2009 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Optimus KZ» ЖШС директоры болып еңбек етемін. Балаларға қайырымдылық көмегін көрсетумен «Таңшолпан» отбасы үлгісіндегі облыстық балалар үйіне жетекшілік етемін. Үйленгенмін, екі бала тәрбиелеймін.

Самат Қабдығалиұлы Оспановтың сайлауалды бағдарламасы Құрметті қарағандылықтар! Егер маған сенімдеріңізді артып, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты ретінде сайласаңыздар, «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлау алдындағы бағдарламасында атап өткен Елбасы Н.Назарбаевтың алға қойған міндеттерін басшылыққа ала отырып, партияның мүшесі ретінде өз өкілеттігімнің аясында биліктің түрлі деңгейлерінде шешетін келесі міндеттерді алға қоямын: Әлеуметтік салада: - әлеуметтік маңызы бар жаңа заманауи нысандардың құрылысын салуға және бар нысандардың материалдық – техникалық базасын одан әрі нығайтуға; - тұрғылықты жерлер бойынша спортты дамытуға (үлгілік ДНСК, спорт алаңшаларының, корттардың және т.б. құрылысы) ақшалай қаражаттың бөлінуіне көмек көрсету; Азаматтарды, әсіресе, жастар мен

лығын балаға жеткізу және оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында өткізілген бұл көрменің оқушыларға берері көп. «Оқу шаттығы» жобасының жетекшісі Г.Ибраева кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндірсе, кітапхана меңгерушісі, осы жолдардың авторы «100 кітап оқу» жобасы бойынша «Кел, жастар, оқылық!» аясы негізінде оқушыларды кітап оқуға шақырды. Соңында оқушылар кітап көрмесін тамашалап, бір-бірімен пікір алмасты. Кез келген адамның білімі мен танымының, ой-өрісі мен санасезімінің дамуына кітаптың берер әсері мол. Бұлақтың дарияға бет алғанындай, әліппеден бастау алатын білім кілті – кітап оқимын деген адамның сенімді серігіне, айнымас досына айналары сөзсіз. Бәріміз бірге кітап оқуды әдетке айналдырайық. К.МАХАШОВА, Жалпы білім беретін №5 орта мектептің кітапхана меңгерушісі. БАЛҚАШ қаласы.

Тағзым Қырғыздардың Ақтау өңірінде қашаннан бері тіршілік етіп жатқаны туралы тарихшылар жазып жүр. Бірақ, қырғыз Бәйтемірдің ұрпақтары осы өңірді әлімсақтан бері жайлап келеді дегенді көнекөз қариялардан жас кезімізде көбірек еститін едік. Олар Темір өзенінің бойын жағалай қоныстанған дейтін. Қазір сол Бәйтемірдің алты ұл, екі қызынан тараған үрімбұтақтарын еліміздің кез келген өңірінен кездестіруге болады. Ұрпақтарынан оқыған, сауатты, атқа мінгендері де болған. Бұл мақаланың жазылуына себеп болған «Қазақстан» телеарнасы таратқан 93 жастағы қарт ана туралы хабары еді. Кейуананың аты – Жұмажан 1922 жылы туған. Қарттығына қарамастан күннің

аптап ыстығында, қаһарлы аязда да өз бетімен аулаға шығып, балаларға арналған тренажер құрылғыларында 2-3 сағат дене шынықтырумен айналысып жүргенін телеарна қызметкерлері байқап, сұхбат алыпты. Сұхбат барысында өзінің жаңаарқалық қырғыз Бәйтемірдің Балқия деген қызынан туған жиені екендігін айтады. Салауатты өмір салтын ұстанып жүрген қарт ананың адам қызығарлық дағдысын үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған хабарды Бәйтемірдің туған немересі, Ақтаудағы атақты кәсіпкер Ұзақбай Бәйтеміров те естіп, Астанаға барып танысып, табысып қайтады. «Бір жоқты бір жоқ табады», – деген осы. Бұл хикаятқа менің де туысқандарымның қатысы бар боп шықты. Әңгіме желісі қарт ананың айтысы бойынша былай өрбіді. Жұмажан анамыз «Қыздарының үлкені – Балқия 1921 жылы Ахмет деген кісіге тұрмысқа шыққан, 1922 жылы бұл туған. 1925 жылы Ахмет қайтыс болады. Шешесімен екеуі туған-туысқандарының қамқорлығында, көбінесе Тілеуқабылдың үйінде болады. Алайда, мүгедектерді «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» Бағдарламасын іске асыру аясында жұмыспен қамтуға көмек көрсету. Төмендегілерге ақшалай қаражаттың бөлінуіне көмек көрсету: - Майқұдық жоспарлы ауданында көп қабатты тұрғын үйлер құрылысын салуға; - Майқұдықтың жол – көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, дамытуға және жөндеуге; - Майқұдықтың нөсерлік кәріз жүйесін қалпына келтіруге; 2. Уәкілетті органдармен бірлесіп жолаушылар тасымалын жақсартуға көмек көрсеу; 3. Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум нысандарының үлесін азайту мақсатында уәкілетті органдарға Майқұдықтың көп пәтерлі тұрғын үйлерін ТҮКШ жаңғырту бағдарламасына тартуға көмек көрсету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сайлаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізу. Кәсіпкер ретінде – қолданыстағы заңнама аясында бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асыру. Қазақстанның инновациялық – индустриялық дамыту бағдарламасын және Құнсыздану үдерісін тежеу жоспарын жүзеге асыруға көмек көрсету. «Made in Kazakhstan» ұлттық брендін дамыту бойынша мақсатты жұмыс атқару. Бұл менің жоспарларым мен міндеттерімнің бөлігі ғана. Әрине, әрқайсымызда күнделікті өмірде түрлі мәселелер болуы мүмкін. Ал, егер біз бірлік пен татулықта болсақ, біз осы мәселелерді шеше алатын боламыз. Менің бағдарламам – тек қана уәделер емес. Алға қойған міндеттерімді шешу үшін бар іс-тәжірибемді, білімімді және күш-жігерімді салуға әзірмін.

артель, мойынсерік, колхоздасу науқанына ұласқан қозғалыс басталып, бұлардың күнкөрісі қиындап кетеді. Шешесі Балқия да қайтыс болады. Туысқандары 8 жасар Жұмажанды 1930 жылы Жартастағы балалар үйіне беруге мәжбүр болады. Мұнда да тамақ аз, жүдеу балалар көп, күн сайын өлім-жітім, өлген балаларды арбаға салып әкетіп жатады. Жұмажанның бағына қарай Тілеуқабыл нағашысы директор болып келеді де, оны өз бақылауына алады. Сонымен қатар, Суханберлінің інісі – Смағұл деген кісі тәрбиеші болып, оларға домбыра тартып, өлең, әңгіме айтып, уайым-қайғы ойламасын деп әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырады екен. Солардың арқасында мен өлімнен аман қалдым ғой» деп еске алады. Үш айдан кейін бұларды Спасскіге көшіреді. Сонда екі кластық білім алады. 1932-1937 жылдары Ақмоладағы Тайтөбе деген жердегі интернатта жатып 6-7 кластық білім алады. Интернаттың тамағын ұйымдастыратын Рымжан деген апайы бұны жақын тартып, бауырына басады. Сол кісінің қолынан 1939 жылы Қабай Сәрсенбаев деген азаматқа тұрмысқа шығады. Бірақ, Қабай көрсетіндімен ұсталып, 1941 жылға дейін түрмеде отырады. 1941 жылы түрмеден соғысқа алынып, сол жылы соғыста опат болады. 1942 жылы Қазтай Шапенов деген кісімен тұрмыс құрады. Сол кісіден тараған 9 баланы өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере-шөбере сүйіп, қызығын көріп отырған жайы бар қазіргі таңда. Бәйтемір ұрпақтарының олқы тұстарын түгендеуге әсер етіп, үміт отын жаққан «Қазақстан» телеарнасына Ұзақбайдың алғысы шексіз. Енді Ұзақбайдың өтініші бойынша Бәйтемірден тарайтын атылып кеткен ұрпақтары Тілеуқабыл мен Сыздық туралы төмендегідей мәліметтер алдым. Қарағанды облыстық ІІД-дегі №03956 тексеріс құжаты бойынша Тілеуқабыл Бәйтеміров 1898 жылы туған, би-байдың баласы, бастауыш білімі бар сауатты, 26 қараша 1937 жылы Жаңаарқа аудандық МТС директорының орынбасары болып жүрген жерінен «...являлся участником контрреволюционной национал-фашистской организации в Жана-аркинском районе. По заданию организации проводил вредительскую ра-

5

боту по развалу МТС района, сорвал выполнение производственного плана, запутал учет работы тракторных бригад в колхозах...» деген жаламен ұсталып, 14 қаңтар 1938 жылы 58 статьяның 2,7,10,11 тармақтары бабымен НКВД «үштігінің» қаулысымен ату жазасына кескен. Артында 28 жасар әйелі Рәзия, 13 жасар Бибітай атты қарындасы бар деп жазылған. Қарағанды облыстық ІІД-дегі №0677 тексеріс құжаты бойынша Бәйтеміров Сыздық 1903 жылы туған, орташа шаруаның баласы, төмен бастауыш білімі бар, 7 шілде 1937 жылы Жаңаарқа аудандық партия ұйымының нұсқаушысы қызметін атқарып жүрген жерінен «...участие, по материалам следствия, в контрреволюционной, повстанческой, вредительской, националистической организации, ставившей себе целью свержения Советской власти в Казахстане ...» деген жаламен ұсталып, 2 қазан 1937 жылы 58 статьяның 2,7,10,11 тармақтары бабымен НКВД «үштігінің» қаулысымен ату жазасына кескен. Артында шешесі – Мария, әйелі – Әсия, балалары – Зайнаб, Зейкеш, Батыш, Зара деп жазылған. 1957 – 1958 жылдары екеуі де ақталады. Менің білуімше осы келтірілген мәліметтер мен қолда бар деректер арасында айырмашылықтар бар сияқты. Біріншісі, екеуі де бір адамның баласы – біреуі би-байдың баласы, екіншісі орта шаруаның баласы деп көрсетіледі. Екіншісі, Сыздықта – үш қыз бар, мұнда – төрт қыз көрсетіледі. Аттары – әртүрлі. Айтылуына қарай өзгеріп кеткен болар. Суреттерінен Сыздықтың ғана суреті табылды. Түрмеде түсірген суреті. Бәйтемірдің ұрпақтары туралы олқы тұстарына түскен саңылау осындай болды. Ошақбай СУХАНБЕРЛИН.

Білім ошақтарында

Қалалық №41 мектепте Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 145 жылдығына орай «Тіл түрлеген ғалым» атты танымдық кеш өткізілді. Кеш мақсаты – қоғам қайраткерінің шығармашылығынан кеңірек мәлімет беру. Кеште халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан топтың рухани көсемі болған А.Байтұрсынұлы жайлы көп

мағлұматтар берілді. Оқушылар төл әдебиетімізді өзінше түрлеген, Абайдың ақындық ізін жалғастырушы қаламгердің сан саладағы еңбектеріне тоқталып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жалпы, Ұлы тұлғаның туған тілге деген құрметі жоғары болды. Қазақ әліпбиінің атасы Ахаңның еңбектері еленбей қалған жоқ. Жарыққа шыққан еңбектері жайлы кітап көрмесі ұйымдастырылып, мектептің 7 сынып оқушысы Айзада Бакраева «Екі жирен», 5 сынып оқушысы Іңкәр Қабдуллаева «Аққұм» әнін

«Горнопромышленная финансовая компания» ЖШС (Қарағанды қ., Нүркен Әбдіров даңғ., 30В) бағалы ұсыныстар сұранысы тәсілі арқылы көрсетілетін сатып алулар туралы хабарлайды: 1. Лот 1. Кенді үгіту. Сатып алу коды: 2016.ЦП-127327. СКП коды 09.90.19. Бөлінген қаражат (ҚҚС-сыз) 16 071 000 теңге. Бағалы ұсыныстарды қабылдаудың басталу мерзімі: 24.10.2016 ж., 11:00. Бағалы ұсыныстарды қабылдаудың аяқталу мерзімі: 31.10.2016 ж., 13:00. Бағалы ұсыныстарды ашу мерзімі: 31.10.2016 ж., 15:00. Интернет-русурс мекен-жайы: http://reestr.nadloc.kz.

орындады. Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған рухани мұраны толық игеріп, қайраткер көтерген ұлттық идея биігінен көріну – бүгінгі ұрпақ алдында тұрған басты міндет екенін ұмытпау оқушыларға баса айтылды. Кеш соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тлеубаев өз пікірін білдіріп, қайраткер өміріне тоқталды. Марина ЖАРЫЛҚАПОВА, №41 мектептің кітапханашысы. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

ТОО «Горнопромышленная финансовая компания» адрес г. Караганда, проспект Нуркена Абдирова 30Б, объявляет о проведении закупа услуг способом запроса ценовых предложений: 1. Лот 1. Дробление руды. Код закупки: 2016.ЦП-127327 Код СКП 09.90.19 Выделенная сумма без НДС 16 071 000 тенге. Дата и время начала приема ценовых предложений: 24.10.2016г. 11:00 Дата и время окончания приема ценовых предложений: 31.10.2016г. 13:00. Дата вскрытия ценовых предложений: в 31.10.2016г. 15:00. Адрес интернет-ресурса: http://reestr.nadloc.kz

Утеряно приложение к государственной лизецензии на медицинскую и врачебную деятельность Серия ЛП №00864ДМ Выдано: ЧУ « Ясли – сад- школа Лесок» от 17.09.2008г. с/ф 390.

Біздің жарнама телефонымыз

91-04-52


6

АЙМАҚ АЖАРЫ

25 қазан, 2016 жыл www.ortalyq.kz

Жыр кеші

Бәрекелді!

«Тілдарында» топ жарды

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» Арқадағы әдеби орта «ақиық» атайтын Алаштың біртуар ақыны Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫН белгілі сатирик Көпен ӘМІРБЕК «Қазақтың қасқыр ақыны» деді. Біз үшін таңсық емес, әрине. Өйткені, бұған дейін мұндай бейресми атақты Сері-ағаңа Шер-ағаңның (Шерхан Мұртаза) өзі таңығаны бар-тын. «Қасқырдың монологы» өлеңін естігенде. Сонымен, тоқетерін айтсақ...

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» «Бәрекелді» деп айдар тағуымыздың себебі – бас жүлде бізде. Қарағанды облысы, Шет ауданындағы Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрхан НҰРЛАНОВ республикалық «Тілдарын» олимпиадасының бас жүлдесін қанжығасына бөктеріп қайтты. Аталған олимпиада жақында Ақмола облысы, Бурабай ауданындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен екен. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырған үш тілді жетік білетін жастар арасында өткен «Тілдарын» республикалық олимпиадасына 18-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінен үздік шыққан 15 жеңімпаз қатысыпты. Солардың ішінен маңдайы жарқырап біздің жерлесіміздің қатарынан қара үзіп келгені – облысымыздың абыройы десек, артық айтқандық емес. «Қазақстан Республикасының Тілдерді дамыту мен қолдаудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында қолға алынған шараның басты мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдай отырып, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, олардың өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеуі негізге алынған. Нұрхан Нұрланов, Шет ауданындағы Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, республикалық «Тілдарын» олимпиадасының жеңімпазы: «Тек қана керемет жарыс ұйымдастырмай, сонымен қатар, Қазақстанның болашақта бетке ұстар ақылды да парасатты азаматтарымен кездестірген ұйымдастырушылырға алғысым шексіз. Сәкен жырлаған Абылайдың құтты қонысын көріп, әсерлі де ұмытылмас шақпен қауышқаныма қуаныштымын!».

Тоқетері, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақтың қасқыр ақынының» кеші өтті. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, белгілі әнші Кенжеғали Мыржықбай жетекшілік ететін «Кəусар» мәденитанымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен кеш аспан астын күркіретті десе болғандай. Аталған оқу орнының филология факультетінің студенттері ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Өлең болғанда қандай өлеңдерін оқыды дерсіз?! «Томардан түскен шоққа ұқсаған» (Кеңшілік), «Поэзия», «Іздейсің бе, сен мені», «Кенесарының басы», «Менің мұнда меншігім жоқ», «Қасқырдың монологы», «Аққулар-ай», «Қазақ», «Махамбеттің монологы» сынды жырлары залдағы ормандай оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. Ақынның сөзіне жазылған белгілі сазгер Есжан Әміровтің «Есіл мен Нұра» және «Абыралы» атты әндерін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Гүлмира Сарина салғанда, тебіренбеген жан қалмады. Күміс көмей әнші Карина Каренинаның орындауындағы ақынның «Қызыма» әні де жүректерге жеткенін аңғардық. Абадан ақынның «Менің пірім – Сүйінбай» деген Жамбыл тәтем. Менің пірім – Қасым мен Дәуітәлі Стамбеков! Алдында Дәуітәлідейін адуынды азамат ағасы болмаса, мына дүниеде мендей Серік Ақсұңқар­

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ұлы деген басы жұмыр пенде болар еді. Ақын болмас еді!», – деген сөзінің дәлел-айғағындай Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» әнін осы университеттің журналистика кафедрасының ұстазы Ықылас Ожай шырқады.

Кештің ең керемет әсерлі тұсы – ақынның арқаланып тұрып өлеңдерін оқыған сәті болды. Жігеріңді жанып, намысыңды қайрай түсетін жанартау жырлар жерден көкке шаншыла барды. Астаналық оқырмандар-

дың ақынға деген қошеметі айтарлықтай ерекше шықты. Соның айғағындай кеш иесі қаптаған сұрақтардың астында қалды. «Біз барлық дүниемізді шет тілдеріне аударып тастауға міндетті емеспіз. Өйткені, бұған олардың сөздік қоры, шығармашылық әлеуеті еркін жете бермеуі де мүмкін. Мен ең алдымен қазақ дейтін халқыма керекпін! Өз халқыма қажет болмасам, өзгеге жағынудың керегі не?! Сол Еуропа классиктерін он орап алатын ақын-жазушылар өзімізде де, шіркін-ай, көл-көсір екенін кей пақырлар қайдан білсін!», – деді бір сөзінде ақын. Астана төріндегі абадан ақынның кешін Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлы қорытындылады. Оның «Қарағандыдағы бүкіл халықтың тілегі, мұң-мұқтажы Серік Ақсұңқарұлының аузымен сөйленетіндей көрінеді», – деген кесімді сөзі халықтың қошеметін қайта тудырды. Дихан Қамзабекұлы жылы лебізімен қатар ақынның кеудесіне университеттің медалін де тақты. Кеш барысында мұнан да бөлек жақсы-жайсаңдар мен небір қасқалар ақын шығармашылығына қатысты пайымды пікірлерін білдірді.

Сенбі күні «Шахтер» «Жетісуды» тас-талқан қылды. ХХХІ тур шеңберінде Қарағандыға келген талдықорғандық клуб «Шахтерден» 4:1 есебімен күйрей жеңілді. Алғашқы голды Юлиус Сзоке салды. 12-ші минутта Деслей Уббник қарсыластардың айып алаңына доп көтерді. Осы допқа Сзоке иелік етіп, қақпаға дәл бағыттады. 1:0.

Бас редактордың бірінші орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Бас редактордың орынбасары Төрехан Әкімжанұлы МАЙБАС Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың бірінші орынбасары: 43-38-53. Бас редактордың орынбасары: 43-57-76. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 48-16-45 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 43-30-88, 48-16-36

Кездесу

Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 91-04-52; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Сәтбаев, Ұлытау: 76-56-88; Қарқаралы: 8-702-638-56-85.

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» «Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек» десек, күнделікті хабар-ошардың әр жақ, бер жағында жүретін жазармандар бар да, жұрттың жоғын жоқтап, билік пен бұқара арасында жүретін жауынгер журналистердің орны бір бөлек. Сондай журналистердің санатындағы әріптес апай, «Қазақстан-Қарағанды» арнасының бас редакторы Сағат БАТЫРХАНОВАНЫ 60 жас мерейтойына орай ҚарМУ-дың тарих факультеті мен «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығы шақырып, жастармен кездесу ұйымдастырды. Еңбек жолында шындықты ту еткен жауынгер журналиске жастардың ілтипаты

ерекше. Халықаралық деңгейдегі журналисті құрақ ұшып, құшақ жая қарсы алды. Біздің еске оның әйгілі саясаткер Хилари Клинтонмен жасаған сұхбаты түсті. Әуелі «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрсахан Бейсенбекова мен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Салауат Кентбеков төртінші билік өкіліне деген жылы лебіздерін арнап, кездесудің мән-маңызына тоқталды. Көмейге келген кестелі өлең шумақтарын арнау еткен айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов та тосылып қалмай, жырдан шашу шашып, кездесудің мәнін арттыра түсті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік тәмамдаған Сағат Сыздыққызы еңбек жолын Қарағанды облыстық радиосында редакторлық қызметтен бастаған. Журналистік жолға жан-тәнін салған майталман журналист біраз уақыт «Хабар» арнасының меншікті тілшісі қызметін абыроймен атқарды. Осы салада от пен судың

Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй. арасында жүріп ысылған Сағат Батырханованың журналистік қызметінің жемісті жылдары «Азаттық» радиосының Прагадағы редакциясына редакторлық еткен тұспен байланысты. Ондағы он жыл қызметінің арқауы – ел мүддесі мен халықтың мұң-мұқтажы. Жалпақ жұрттың жанайқайын қызметіне

өзек қылған журналистің еңбек жолы кейінгіге үлгі, ендеше. Кездесу барысында студент жастар майталман журналистен мамандығына қатысты сұрақтарына жауап алып, қызметінен бөлек қырларымен де танысты.

Футбол Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан»

«Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ

Бірінші тайм тәмамдалар тұста Мақсат Байжанов «Жетісудың» қақпасын екінші болып бағындырды. Марко Симоновскидің пәрменімен Шабанов қақпаны тастап шықты. Осыны пайдаланған Симоновски Байжановқа пас шығарды. Өз кезегінде Байжанов мүмкіндікті мүлт жібермеді. Сөйтіп, 43-ші минутта есеп 2:0-ге жетті. Бұдан кейін Уббник пен Байжанов бір-бір голдан соқты. Ойын қарқыны төмендеген екінші таймның 69-шы минутында Уббник Шабановты қапы

қалдырды. 3:0. Ал, 88-ші минутта Байжанов дубльдің авторы атанды. Талдықорғандық қақпашымен оңаша қалған Мақсат допты оның ту сыртына асырып жіберді. 4:0. Матчтың қосымша уақытында «жетісулықтар» таблодағы есепті өзгертуге мүмкіндік алды. Оң қапталдан жеткен шабуылды Максим Азовский сәтті түйіндеді. 4:1. Қарағандыдағы жеңістен соң «Шахтер» 8-ші сатыға көтерілді. Енді, бір ойын қалды. Соңғы матчты «Шахтер» Таразда өткізеді. 29 қазан күні жергілікті «Таразбен» ойнайды.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «Центркредит банкі» АҚ ҚФ Есеп-шот: kz058560000000010476, БИК KCJB KZ KX РНН 302000046744 БИН 000940001367

Таралымы 15 275 дана №174 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 6аспа табақ.

Турнир Жақында Жезқазған қаласының ІІБ қызметкерлері Темірболат ШАЙХИН, Бауыржан БАЙБОЛОВ, Думан МАКИШЕВ, Думан БЕЙІСОВ, Аслан БЕЙСЕНБАЕВТЫ еске алуға арналған қазақша күрес және шағын футболдан турнир өтті. Айтулы жарыстың өткізілуіне Жезқазған қаласының ІІБ Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полициясы ротасы ұйытқы болды. Турнирдің салтанатты ашылуына қатысқан Жезқазған қаласы ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Аманжол Кәрімов қаза тапқан қызметкерлер туралы естеліктер айтып, олардың отбасыларына амандық тіледі.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15.

Бұдан кейін іс-шара қазақша күреспен жалғасын тауып, шағын футбол додасымен қыза түсті. Жарыс қорытындысы бойынша қазақша күрестен 70 келі салмақта әскери қызметкер Е.Коңыров, 80 келі салмақта жол-патрульдік полиция ротасының қызметкері, полиция сержанты Қ.Махмұт, 90 келі салмақта АК-159/25 мекемесінің қызметкері

Е.Ниязалин жеңімпаз атанды. Шағын футбол жарысынан мамандандырылған күзет қызмет басқармасы – І орын, Өрт сөндіру қызметі – ІІ орын, АК-159/25 қызметі – ІІІ орын иеленді. А.РЫМБЕКОВА, Жезқазған қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекші маманы.

Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Салтанат ИЛЬЯШОВА КОРРЕКТОРЛАР 3,5,6 – беттер: О.ТӨЛЕУБЕКОВА 1,2,4 – беттер: Ж.АХМЕТОВА

25 10 2016  

Advertisement