Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

♦ СЕНБІ, 24 МАУСЫМ 2017 жыл №69 (22 376) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

ТАРИХИ ШЕШІМ

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Федоров өтпежолындағы асфальт қайта төселді. Өткен жылы ғана күрделі жөндеуден өткен өтпежолдың жарты жылға жетпей асфальтсыз қалуы – көлік жүргізушілердің көңілін күпті еткені рас. Бюджеттен бөлінген 194 миллион теңге расымен, желге ұшты ма деп едік. Жоқ. Олқылықтың орны толып, кем-кетігі түзелді. Атқарылған жұмыстың қорытындысымен танысуға Қазыбек би ауданының әкімі Татьяна Шатохина, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов және қалалық мәслихат депутаты Төлеген Әшімов қатысты. Қарағанды қаласындағы жолдар жыл санап жөнделіп келеді. Бір көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалса, енді бірінде ойылған жолдың шұңқыры тегістелуде. Міне, күрделі жөндеуді қажет еткен облыс орталығындағы өтпежолың бірі осы – Федоров көпірі еді. Өткен жылы төрт айға созылған (шілде-қазан айлары аралығы) көпірдің жөндеу жұмысы Бұқар жырау даңғылы бойындағы осы тектес өтпежолда қалың кептелістің орын алуына себеп болды. Әрине, көпір жөндеу – жол салу емес. Мұның өзіндік ерекшеліктері мен қиындық туғызар жағдайлары бар. Мәселен, өткен жылы көпірдің шкафты қабырғасы, өтпелі плитасы, көпірдің үстіңгі қабаты, көпір қоршаулары, жаяу жүргіншілер жолдары құрылысы жүргізілді. Дегенмен, төселген асфальт төзімсіз болып шығарын кім білген? – Біздің компания өткен жылы бас мердігер ретінде көпірдің құрылыс жұмысын жүргізген еді. Жұмыс ауқымды болғандықтан, мұндай жұмыстар кезінде қосалқы мердігердің де ат салысқан кездері болды. Өкінішке орай, осы көпірдің асфальтына жауапты қосалқы мердігеріміз сапасыз битум сатып алыпты. Әрине, әдейі істелмеген. Себебі, қай мердігер кепілдік мерзімінен бұрын төсеген асфальтының мүжілгенін қаласын? Арнайы зерттеу институтының сараптамасы негізінде асфальттың сапасыздығы тез арада анықталды. Сөйтіп, қосалқы мердігерге бюджеттің бір тиыны да берілген жоқ. Ол-ол ма, мердігердің өзі белшеден шығынға батты. Бұл асфальттың төселген кезінде күдікпен қараған едім. Сондықтан, қаражатын қалтамнан шығарып, «Центргеоланалит» орталығына сараптау жұмысын жүргізуге өтініш бердім. Нәтижесі көңіл көншітпеді. Сол сәтте-ақ, қосалқы мердігерге қаражат аудару тоқтатылды. Есесіне, жаманатты болған – біздің компания, – деді «Матан» ЖШС директоры Мұрат Жадаев. Биыл жалпы аумағы 12000 шаршы метр көпірге асфальт төселді. Мұнымен қоса, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Келісім бойынша, ол бір түсті ғана болуы керек еді. Алайда, Бас мердігер қосымша қаражат жұмсап, оның өзін түрлі-түсті еткен екен. Бұл аз десеңіз, қалаға тарту ретінде «Матан» компаниясы көпірдің қос бетіне аңыздағы «грифон» жануары бейнесіндегі мүсін орнатыпты. Сонымен, бар олқылықтың орны толды деуге болады. Тағы бір айта кетерлігі, биыл бұл жөндеу жұмыстарына бюджеттен бір тиын да бөлінген жоқ. Барлық шығын – «Матан» компаниясының есебінен жүргізілді.

Ұлы Қазақстан ұтылмайды. Төл тарихымыз жасампаздық жолымен жаңғырды. Дана халқымызды даңғыл жолға бастаған Елбасымыздың сарабдал саясаты жемісін берді. Уақыт – төреші, уақыт – куә! Ширек ғасырда бәсекеге қабілетті мемлекет құрдық. Талайғы арманды – арайлы таңдарды қарсы алдық. «Біз – Мәңгілік Елміз!» – деп Жер-жаһанға жар салдық. Астана халықаралық әуежайының Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ есімімен аталуы – тарихи шешім. Қалың ел құптаған бастаманы біздің өңір тұрғындары да бір ауыздан қолдайды. Әрине, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының өнегелі өмірі Қарағанды облысымен тығыз байланысты. Тұғырлы тұлғаның еңбек жолы біздің аймақтан бастау алды. Президентіміздің өзі де Қарағанды өңірінің жанына жақын екендігін үнемі алға тартады. Елордамыздағы әуежайды Елбасының есімімен атау туралы шешімді ыстық ықыласпен қабылдадық. Іштей қуандық, жақсы ырымға баладық. Нұрсұлтан Назарбаевтың халқы үшін жасаған еңбегінің жанғаны деп бағаладық.

Мұндай шешімнің әлем тарихы үшін жат жаңалық еместігі мәлім. Себебі, Түркия астанасы – Стамбул әуежайы Ататүрік есімімен аталған. Сондай-ақ, Францияның Парижінде Шарль де Голль атындағы халықаралық әуежай бар. Біздің бас қаламыз – Астанадағы халықаралық әуежайдың да Тұңғыш Президентіміздің есімімен аталуы – заңдылық! Сан ғасыр бойы аңсап күткен Тәуелсіздік жылдарына тәу етеміз. Тереземіз – тең, керегеміз – кең. Ұлы Дала Елін әлем таныды.

Қазақстан – Бейбітшіліктің бесігі! Жетістігіміз – алуан, алар асуымыз – алда! Бас қала, жас қала – Астана – алты құрлық назарында! «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесін өткізіп жатқан елдің өресі – биік, талғамы –

терең! Біз – Ұлы Дала Еліміз! Қасиетті даламызға дүйім жұрт көз тікті. Дөңгеленген дүниеге – Әлемге, Ғарышқа, Болашаққа жол ашық! Қыран тектес қазақ қияға көз шалды. Елі сүйген, елін сүйген Елбасы бастаған Қазақ елі биікке самғай берсін! Біз – Әуені бағындырған елміз! Әлемді де бағындырамыз! Сайлау БІЛӘЛОВ, Социалистік Еңбек Ері. Суретті түсірген Е.ОМАРОВ.

Сан мыңдаған шетелдіктерді қабылдайтын халықаралық әуежайға Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру еліміздің тарихындағы басты оқиға деп есептеймін. Бұл – Елбасының жаңа заманауи Қазақстанды құру жолындағы ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Нұрсұлтан Әбішұлы – егемен елімізді беделді мемлекет ретінде қалыптастырып, экономикасы мен халықтың әл-ауқатын жақсарту арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан аса дарынды тұлға. Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен астанамыз әлемге танылды. Президенттің бейбітшілік сүйгіш, көреген саясатының арқасында біздің еліміз лайықты бедел мен құрметке ие болды. Оның айқын дәлелі – Халықаралық “ЭКСПО – 2017” көрмесінің біздің елімізде өтуі. Бұған дейін ТМД кеңістігінде көрмені өткізу бақыты ешбір елге бұйырған емес. Ал Қазақстан болса, алпауыт елдермен аламанға түскен бәйгеде жеңімпаз атанып, тағы да талай елді таң қалдырды. Шетелдерде танымал саясаткерлердің қоғамға сіңірген елеулі еңбектері үшін олардың есімдері маңызды нысандарға беріледі. Мысалы, Америка Құрама Штатының әуежайы Джон Кеннеди атымен аталса, Стамбул әуежайы Мұстафа Кемал Ататүріктің атымен аталады. Біздің еліміздегі осындай кемеңгер саясаткер – Тұңғыш Президентіміз. Сондықтан да халықаралық әуежай Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының есімін беруге әбден лайық деп ойлаймын. Қадиша ОСПАНОВА, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан»

Сәрсенбі күні Қарағанды қаласындағы «Достық үйінде» облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және «Жезқазған қаласының жастар Одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен журналистика саласы қызметкерлеріне арналған облыстық «Шаңырақ» шығармашылық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған сайыста әріптесіміз, газетіміздің Бас редакторының орынбасары Ерсін МҰСАБЕКОВ қатарынан қара үзіп келді.

Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шараға облыстағы БАҚ өкілдерімен қатар, қала және аудан әкімдері жанындағы ішкі саясат бөлімдерінің мамандары, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшылары және қызметкерлері қатысты. Мұндағы мақсат – этносаралық тақырыпта қалам тербеген журналистерді ынталандыру арқылы қоғамдағы этносаралық татулық пен келісімді нығайту, жастардың этномәдени төзімділігін қалыптастыру. Сонымен қатар, БАҚ-та конфессияаралық қарым-қатынастар туралы сапалы және объективті материалдарды жариялауға және таратуға ықпал жасау. – Қадірлі БАҚ өкілдері, сөз бастамас алдында сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құт-

тықтауға рұқсат етіңіздер. Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Қоғамдық келісім» мекемесінің күнделікті жұмысын, атқарып жатқан ауқымды істерін газет бетіне жария етіп, телеарна арқылы халыққа жеткізіп келесіздер. Сол, еселі еңбектеріңізге деген біздің алғысымыз шексіз. Облыстық байқауға қатысуға ниет білдіріп, төрт көзіміз түгел жиналып отырғандарыңыз да көңіл қуантады. Еңбектеріңіз жемісті болып, шығармашылық табыстарға жете беріңіздер! – деді облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Тілеубек Камалиев. Бірлік пен ынтымақтың қарашаңырағына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы да журналистердің төл мерекесін еске-

русіз қалдырмады. Бейсенбі күні Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының «Рухани жаңғыру: сананың ашықтығы» тақырыбындағы кеңей-

тілген отырысы өтті. Шараға облысымыздың «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз хатшысы Мерей Қалиасқар қатысты. Отырыс барысында журналистер қауымының алдын-

да тұрған жаңа мақсаттар, рухани жаңғыру және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуды ақпараттық сүйемелдеу мәселелері талқыланды. – Қазіргі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубы республикалық деңгейде жұмыс жасап келеді. Алдағы уақытта аталған клубтың облыстық нұсқасын құруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» бағдарламасының аясында «Достық аймағы» атты арнайы альманах шығаруды қолға алудамыз. Биыл журнал шығару бойынша, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде конкурс ұйымдастырылып, оны «Граждане Казахстана» қоғамдық бірлестігі жеңіп алды. Яғни, тың бастамаға аталған қоғамдық бірлестіктің төрағасы, «Вектор Инфорум» аймақтық жастар журналының Бас редакторы – Дмитрий Полтаренко жетекшілік ететін болады. Сондықтан, бүгінгі біздің кездесуіміз – ортақ қызметтің бастамасы болмақ. Қазақстан халқы Ассамблеясы, этносаралық, конфессияаралық қатынастар, бірлік, толеранттылық тақырыптарында қалам тербеген журналистер алдағы уақытта журналымызға мақала ұсынып, журна-

лымыздың белсенді мүшесі болады деп сенемін, – деді облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қоғамдық көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және Қазақстан халқы Ассамблея­сының құрылымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Айшагүл Тасмағамбетова. Облыстық байқауға барлығы 18 БАҚ өкілі қатысты. Ұйымдастырушылар жүлделі орындарға ілікпеген қатысушылар еңбегін де ескерусіз қалдырмай, Алғыс хатпен, түрлі аталым бойынша арнайы сыйлықтармен, марапаттады. Сонымен, жүлделі ІІІ орынға облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің қызметкері Светлана Свич, ІІ орынға «Қазақстан» Ұлттық арнасының Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі – Руслан Тұрсынғалиев, І орынға Теміртау қаласындағы «Құрыш қала» газетінің жауапты хатшысы Серікгүл Алтайбаева иелік етті. Ал, облыстық байқаудың бас жүлдесі облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Бас редакторының орынбасары, әріптесіміз Ерсін Мұсабековке бұйырды.


2

Сенбі, 24 маусым, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

22 маусымда облыстық мәслихаттың заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Оның жұмысын аталмыш комиссия төрағасы, депутат Ж.ШТРЕГЕР жүргізіп отырды. Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық, қалалық, аудандық прокуратураның өкілдері, облыстық басқарма басшылары, жергілікті полиция қызметінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан»

Алдағы уақытта Балқаш қаласының Қоңырат шағын ауданында модульді қазандықтың құрылысы жоспарланып, Саяқта су мәселесі шешімін таппақ. Бұл облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ Балқаш қаласына жасаған сапары барысында белгілі болды. Қиын мәселелердің бірі – Саяқ ауылын ауыз сумен қамту. Ауыл тұрғындары он жылдан астам уақыт бойы ауыз су тапшылығының зардабын тартып келеді. Бүгінде облыс басшылығы осы мәселені шешудің тиімді жолдарын іздеуде. – Бізде екі нұсқа бар. Біріншісі, Балқаштан су жеткізу құбырын өткізу, ол – 160 шақырымдық жер. Былтыр­ ғы жылғы есептеулерге сай ол жоба үшін 22 млрд. теңге қажет. Балқаштан төртінші насос стансасына дейін 60 шақырым, ол 2,8 млрд.теңгені құрайды. Екіншісі, бюджеттік нұсқа – те-

реңдігі 200 метр болатын 20 саңылау қазу. Бүгінгі таңда оның біреуі дайын, онда 8 метр су қоры бар. Қыркүйек айына дейін барлық саңылаулар қазылады. Сонан соң қыркүйекте осы аудандағы су қорының деңгейін есептей аламыз. Егер де ол жеткілікті болса, онда біз жалпы сомасы 1 млрд.теңге тұратын тазалау құрылымдарын сала бастаймыз, – дейді энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының жетекшісі Қайрат Бегімов. Аймақ басшысы Балқаш қаласының активтер отырысында Саяқ ауылы тұрғындарының шағымдарын тыңдады. – Саяқта болмасам да, бұл мәселені жақсы білемін, өйткені сумен қамту мәселесін бақылауда ұстаймын. Әзірге қай нұсқаның тиімді әрі дұрыс екені белгісіз. Айтқым келгені, біз геологиялық зерттеулер өткізбейінше басқа нұсқалар қарастырылмайды, себебі, ол үшін бюджет қаражаты бөлін-

ген. Біз бұл мәселені шешеміз. Мәселе жауапсыз қалмайды, – деді аймақ басшысы. Шешімін табуды талап отырған тағы бір Балқаш мәселесі – Қоңырат шағынауданындағы қазандық. Шағынауданнан 1,5 шақырым жерде орналасқан нысан 1960 жылы пайдалануға берілген. 2013 жылы коммуналдық жеке меншікке өтті. Бүгінгі таңда, Қоңырат шағынауданы 67 көпқабатты, 25 жеке сектордағы тұрғын үйлер мен 5 әлеуметтік нысанды жылумен қамтиды. «СуЖылуТранс» ҚМК жетекшісінің

айтуынша, қазандық жұмысы ақталмайды. Жылу маусымы кезінде ол 9 мың тонна көмірді жағып, 1 млн. астам энергияны шығындайды. Нысан шығынға батып жатқандықтан, тұтынушылар үшін тарифті өсіру немесе басқа кешенді модульді қазандық құру мәселесі туындаған. «Аталмыш қазандық төзімділігі 4-5 жыл. Алайда, болашақта заманауи технологияларға көшкен жөн. Шығынға батпас үшін шағынауданға жақынырақ жаңа қазандық салу керек. Біз алдағы 4-5 жылда модульді қазандыққа көшуді жоспарлап отырмыз, – деді Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулин. Балқашқа жасаған іссапары барысында аймақ басшысын толғандырған сауал – экология мәселесі. Аймақ қызметінің 90% ірі өнеркәсіптер құрайтынын ескерсек, экология мәселесі мұнда бірінші кезекте тұруы тиіс. Қала активтерінің жиыны барысында осы мәселе жөнінде облыс әкіміне «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС басқарма

Қарағанды облысының прокуратурасында «Тиімді өкілеттілік» жобасы жүзеге асырылуда. Сотта мемлекет мүддесін қорғаушылардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін жоба заң саласындағы бірқатар олқылықтарды жояды деп күтілуде. Мәселен, екі ай бұрын прокуратура тарапынан аталған жоба аясында талдау жасау басталған. Мұндағы басты мақсат – заңгерлік қызметтердің тиімді жұмыс атқаруы, мемлекет мүддесіне, сот актілерінің тұрақтылығына зиян келтіретін әрекеттерді жою.

кеңесінің бас директоры және бірінші жетекшісі Бақтияр Қырықпышев баяндады. – Біз мыс балқыту зауытының жұмысын жақсартуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күні газдан тазалау жүйесінің жағдайы мәз емес, сол себепті жобаға сай тапсырмаларды орындай алмай жатырмыз. Осы мәселені шешу үшін газдан тазалау бойынша жаңа жүйені құру жоспарланды. Сондай-ақ, біз құрғақ электрфильтрлерге толық жөндеу жұмыстарын жасауды жоспарлап отырмыз. Ондағы басты жұмыс газарнасының жөндеу. Алдағы үш жылда ол толығымен модернизацияланады. Барлық тех­нологиялық үрдістерді қалпына келтіру үшін 150 млн. доллар қаражат жұмсалмақ, – деді. Сондай-ақ, облыс әкімі Бал­

қаш қаласының медициналық ор­талықтарының жұмысымен та­ нысты. Қала активінің жиынында жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің күрделі мәселелері де талқыланды. Жылдам шешімді қажет ететін басты мәселе – кадрлардың жетіспеуі. Бұл мәселені шешу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы Балқаш қаласы әкімдігімен бірлесе жас мамандарды тұрғын үймен қамтуды қолға алған. Жергілікті бюджет есебінен 17 пәтер жөнделді, оларға жас мамандар қоныстанады. Және кадрлардың жетіспеуіне байланысты тек Қарағанды облысының емес, сондай-ақ, Алматы мен Астана қалаларының медициналық университеттерінің түлектерімен 16 шарт жасалған. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Соған орай, облыс прокуратурасы 3 мыңға жуық сот актілеріндегі дыбыс және бейне хаттаманы қарап, сараптап шыққан. Заңгерлер мен қоғамдық ұйымдар арасында сауалнама да жүргізіпті. Нәтижесінде сот барысында қорғаушылар жиі қателікке бой алдыратыны анықталған. Кең таралған қателіктер Бұзушылық реестріне тіркеліп, соның негізінде әдіснамалық нұсқаулықтар шығарылыпты. Ол нұсқаулықтар заңгерлерге іс жүргізу барысында көмек болады дейді прокуратура өкілдері. Сонымен қатар, заңгерлердің жүйелі түрде біліктілігін арттыру және нақтылауды қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмаған.

Отырыстың күн тәртібінде «Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы ҮІ сес­сиясының №137 «Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі бастығының 2016 жылғы Қарағанды облысы аумағында құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша есебі туралы» ше­ші­мінің орындалысы туралы мә­селе қаралды. Бұл мәселе бойынша Қарағанды облысы ішкі істер департаменті жергілікті полиция қыз­метінің бастығы, полиция пол­ковнигі Ж. Жақаев баяндама жа­сады. Баяндамашы атап көрсеткендей жергілікті полиция қыз­меті уақыттың өзі тудырған жаңа құрылым, соған орай оның аяғынан қаз тұрып кетуінде айтарлықтай кедергілер, ескерілмеген жағдайлар кездесіп, жұмысқа қолбайлау болды. Алайда, аталмыш құрылымның жергілікті атқарушы органдармен, өкілетті органдармен тығыз қарым-қатынаста ынтымақтас­ тық жағдайда еңбек етуінің арқасында, көп мәселелер өз шешімін тапты. Оның ішінде облыстық мәслихаттың осы заңдылық және азаматтардың құқықтары жө­ніндегі тұрақты комиссиясының отырысында жергілікті полиция қызметіне қатысты бірқатар талқылаулар өтті. Бірлесіп қабылдаған сол ше­ шімдердің нәтижесінде көптеген ұйымдастыру жұмысы атқарылды, қызметтің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жақсара түсті. Қордаланып қалған мәселелер облыстық мәслихаттың ҮІ сессиясына шығарылды. Депутаттық корпустың күш салуымен көптеген мәселелер өз шешімін тапты, болмаса оң шешілуіне айтарлықтай ықпал жасалды. Тұрғындармен кездесулер өткізу қалыпқа түсті. Мұндай екіжақты пайдалы басқосулар жүйелі түрде өтетін болды. Есептік кезең ішінде осындай тоғыз жүзден астам басқосу өткен екен. Оған шамамен отыз мыңдай тұрғын қатысыпты. Бұл басқосуларға қалалық, аудандық, ауылдық әкімдер, қоғамдық құрылым өкілдері, КСК төрағалары, үй басқарушылары қатыс­қан. Азаматтар тарапынан үш жүзден астам бағалы ұсыныс түскен. Онда ПИК жұмысын жақсарту, аулалар мен көшелерді жарықтандыру, аумақтарды сәулеттендіру мәселелері көтеріліп, тәртіпті күшейту бойынша нақты ұсыныстар талқыланған. Жоғары оқу орындарымен екі жақты меморандумдарға қол қойылған. Сол негізде жоғары оқу орындарындағы және жа­тақ­ханалардағы ұрлықты ау­ыз­­дықтау, қылмыстық және әкім­шілік тәртіп бұзушылықтың ал­дын алу бойынша бірлескен жұ­ мыстар жүргізілген. Облыс орталығында әкімдіктің ықпалымен ерікті халық жасақшыларының жұмысы қайтып жандан­

Соның нәтижесінде, оқу базасының және сотта өкілеттілік мәселесі бойынша заңгерлерді қайта дайындықтан өткізудің жоқтығы анықталған. Сондықтан, прокуратура бастамасымен Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін арттырудың аймақтық орталығы, Мемлекеттік қызмет істері бойынша департаментпен бірлесе, жеке құқықтық дәріс беру құрылды. Ол 24 сағаттан тұрады. Бұл дәрісті прокурорлар, судьялар, өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері өткізеді. Мамандардың айтуынша, бұл қадам сотта заңгерлердің мемлекет мүддесін кәсіби тұрғыда қорғауға ықпал етпек. Жанна СЕДАЛИНА, облыстық сот-

ған. Оның құрамына бұ­рынғы ин­ тернационалист-жауынгерлер кірді. Олар жол-бақылау полициясы по­ лициялары­мен бірлесіп көшелер мен қо­ғамдық орындардағы тәртіпті қа­­дағалауда. Мұндай жұмыстар Жез­ қазған және Балқаш қалаларында да құрылып, жемісті еңбек етуде. Қылмыстың үлкен, кішісі болмайды. Бұл қағидатты жергілікті полиция қызметкерлері ешуақытта жадыларынан шығарған емес. Соған орай ұсақ-түйектей болып көрінетін бұзақылық, мәдениетсіздік оқиғаларына да барынша жол бермеу дұрыс жолға қойылған. Ауылдық жерде мал ұрлығының дендеп тұрғаны белгілі. Мың түрлі себебі болғанымен, бас­ты себебі – қараусыздығы. Таңертең есіктен шығарып жібереді де кешкілік сол босағада тосып тұрады. Жоғалып кеткен күннің өзінде үш-төрт күнсіз хабарласпайды. Мұның өзі қылмыстың уақытылы ашылуына айтарлықтай нұқсан келтіретін фактор. Мал ұрлығының алдын алу бойынша бүгінде ауылда «Сақшы» отрядтары құрылған. Қоғамдық тәртіпті сақтау бо­йынша күзет қызметінің де құ­рылымдары тартылған. Бүгінгі таңда облысымыз бойынша тәртіпті сақтау­ға бағытталған 140 қоғамдық құры­лым жұмыс істейді, оған 1,4 мыңнан астам адам тартылған. Олардың тікелей қатысуымен 20-дан астам қылмыс, 300-ден

тың сот коллегиясы азаматтық іс бойынша төрағасы: – Әрине, сот өкілдері сот процесі барысында тек кәсіби мамандар болғанын қалайды. Бұл сот жүйесін жандандырады. Жұмысты сапалы атқаруға септігін тигізеді. Сонымен, аталған жоба мемлекет мүддесін діттейтін қорғаушылардың кәсібилігіне септігін тигізеді. Сот барысындағы олқылықтарды жойып, жаңа бағытта жұмыс жасауға мүмкіндік беретіне сенімді прокурорлар. ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

астам әкімшілік тәртіп бұзушылық анықталған. Аулалардың қауіпсіздігі бойынша да бірқатар шара жүзеге асырылуда. Бүгінде қалалық елді мекендердің 146 ауласы бейнебақылауға алынған. Тұр­ғындардың тікелей қаржысымен Шахтинск, Абай, Саран қалаларында осындай бақылаулар қойылған. Мұндай 500-ден астам камера облыс орталығында, ірі қалаларда да қойылып отыр. Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура ұсынысымен «Қазтелеком» акционерлік қоғамымен бірлесіп көктен бақылау жобасы қолға алынуда. Қазір бұл бағытта тараптар арасында келіссөздер жүргізілуде. Отбасы тәрбиесі де назарда. Қазір қоғамдық бейнесінен ажырап, азғындыққа ұшырай бас­таған 696 отбасы анықталып отыр. Оның 548 әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бір мұндай жазамен іс бітпейтіні белгілі. Бала тәрбиесін жадыдан шығарған ата-аналар жауапкершілігі қатаң сұралуда. Соған орай тиісті органдарға ата-аналық құқықтан айыру жөнінде 102 өтінім түсірілді. Сот шешімімен 25 азамат ата-аналық құқығынан айырылса, тағы 13-нің құқығы шектелді. Ювеналдық полиция алдында да үлкен міндет тұр. Бірінші маусымнан бастап балалардың жазғы каникулы басталды. Үш айға созылатын бұл маусымда тосын, оқыс оқиғалар болып жа­тады. Соның көбі қараусыз-

дықтан болады. Бас бостандығынан айыры­лып, жазасын өтегендермен жұ­мыс істеу күрмеулі қалуда. Оның ең басты – жұмыссыздық. Бос орын бола тұра оларды жұмысқа ала қоймайды. Ал, ондай жандардың саны өңіріміз бойынша 4 мың адамды құрайды. Онан тыс жазалы болып, оқшауланған тағы 1,5 мың азаматты қосыңыз. Әр ай сайын олардың қатары жүз адамға толығып отырады. Мұнан шығатын қорытынды олармен күнделікті жұмыс жүргізу керек болады. Сол жұмысымыздың нәтижесінде ағ­ымдық жылдың өткен бес айында сотталғандар тарапынан жасалатын қылмыс 70 пайызға кеміді. Басқасын айтпағанда оларға әлеуметтік көмек те жасалмайды. Өңіріміз бойынша үш оңалту орталығы ғана жұмыс істейді, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларында. Ондағы тұру мер­зімі де сын көтермейді. Алты айдан кейін олар қайтып көшеге шығып қалады. Ал оның әр жағында қылмыстың құлағы қыл­тиып тұр, әрине. Балалар мен жастардың құқықтық тәрбиесі ерекше тұр. 765 өскін анықталып, есепке алынды. Оның 211-і қараусыз­дар. Ал 300-і оқудан қашып-пысып жүргендер. Қабылданған шешімдер бойынша осындай 16 өскін Бұқар жырау ауданындағы арнайы мектепке жіберілді. Түн уақытында ата-аналарының қарауынсыз жүрген 2200-ден астам жас ұсталды. Оларды түнгі клубқа кіргізгендері үшін 73 лауазымдық тұлға жазаға тартылды. 160 жасөспірім ұсақ бұзақылықтары үшін жауапкершілікке шақырылды. Ағымдағы жылдың өткен кезеңі бойынша облыс аумағындағы қылмыстық жағдай қалыпты. Алайда, бұған қарап тоқмейілсуге де болмайды. Тұрмыстық қылмыс төмендемей тұр. Масаң күйде қылмыс жасаушылар да көбейе түсті. Осыған орай адрестік бағыттағы жұмыстар жандана түсуде. Бұл мәселе бойынша Жез­қазған қаласының әкімі Б.Ахметов, Абай ауданы әкімінің орынбасары М.Мағзиев, Шет ауданы әкімінің орынбасары А.Әбілдин және басқалары сөз сөйледі.


Сенбі, 24 маусым, 2017 жыл

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан»

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Ертең асыл дініміз Исламның бес діңгегінің бірі – рамазан айында күндіз ораза ұстап, кештерінде тарауих намазын оқып, Жаратқанға шүкірлік айтып пітір садақамызды беріп берекетке толы қасиетті күндерімізді де аяқтаймыз. Алла тағаланың рахымы мен мейіріміне, кешірімі мен шарапатына толы бұл аймен қоштасарда көңілде қимастық сезімі ұялайды. Өзіндік қайталанбас ерекшеліктерге толы ұлық айдың артынша Айт мерекесі де келіп, дүние мен ақыреттің құндылықтарын сездіріп, жан дүниемізді ерекше сезімге бөлейді. Мұсылманның бұл мерекесі бір айлық оразадан кейінгі жалпы халықтық ауыз ашары секілді. Алла елшісі (с.ғ.с.) хадистерінде айт мейрамында тағам жеп, сусын ішу, Алланы еске алу, қонақ күту, туған-туысты аралау осы күндердің әдебі екендігін білдірген. Ендеше айт күндерін құлшылығымызды кемітпестен, көтеріңкі көңіл-күймен және басқа да сауабы мол істермен өткізуіміз қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға көшіп келгенде жергілікті халықтың мейрамдап көңіл көтеріп жатқанын көріп: “Бұл қандай мереке?” деп сұрағанда, олардан: “Бұл біздің Исламға дейін тойлап келе жатқан мерекелеріміз” деген жауап естіді. Сонда Расулулла (с.ғ.с..): “Алла сіздерге бұдан да ұлық екі мейрам берді. Олар Рамазан және Құрбан айттары” деп осы ислами мейрамдардың мәртебелі екендігін білдірген. Айт күнінің өзіне тән жарасымды да сауапты амалдары мол. Ерте оянып, ғұсыл құйынып, дәрет алып, таза, жаңа киім киіп, жұпар иіс сеуіп, айт намазына қатысу сүннет. Ораза айтында ата-ана мен қарияларға сәлем беріп батасын алу, сырқат кісілерді зиярат етіп көңілін сұрау да ізгілікті амалдарға жатады. Бұл күндері ренжісіп қалған кісілермен татуласып, қатынас үзілген туыстардың үйлерін аралау да ерекше маңызды. Өйткені Алла тағала: “Сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр” (“Ағраф” сүресі, 199-аят) деп адамзат баласын барынша кешірімді болуға үндеген. Сонымен қатар, осы мереке күнінде көңілі қаяу мұқтаж адамдар мен міскіндер айт күндерінде көбірек

көмек-қолдауды қажет етеді. Сондықтан да, мұндай мұқтаж жандарға қайыр-садақа үлестіріп, көңілдерін көтеріп, мейірімділік пен жомарттық танытқан мақұл. Әсіресе айт күндерін біздің халқымызда өзара туыстық қарым-қатынасты арттыру берік қағидаға айналған. Туыстық қарым-қатынас қазақта бір-біріне қол үшін беріп, көмек көрсету тұрғысында да өзінің кең пейіл бауырмалдығымен, дархандылығымен, жомарттығымен байқалады. Айт күндерінде қол алысып, төс түйістіріп амандасуымызда бауырмалдықтың ерекше үлгісі бар. Əрбір адамның рухани өмірінің байлығы оның ұлттық қадір-қасиетімен де өлшенеді. Адам өз ұлтының құндылықтарын, ережелерін меңгере отырып, ұлттық мəдениеттілікке көтеріледі. Əр адам өз ұлтының мəдениетін, басқа да діни құндылықтарын неғұрлым тереңірек білсе, соғұрлым ұлттық сана- сезімі жоғары деңгейде болады. Осы орайда Отанды құрайтын отбасының бірлігін ең бірінші орынға қойсақ, абзал дініміз бен дәстүрімізге тамыр тартсақ, ел үшін атқарған алғашқы жақсылығымыз сол болар еді. Ғұмырдың ұзақ болуы туыстық қарым-қатынастың жақсы болғандығынан екен. Қазақ халқы әлімсақтан дастарқанын жимаған, ырыздық несібесін аяққа теппеген халық. Осының бәрін Әнес ибн Мәліктен жеткен риуаятта Алланың сүйікті елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Кімде-кім ырызық-несібесінің молаюын немесе ғұмырының ұзақ болуын қаласа, туыстық байланысын жалғасын», – деп біздерге тура жол ұсынған. Ата-бабаларымыз «Ай көрмесең туысың жат, жыл көрмесең жолдасың жат» немесе «ағайынның азары болса да, безері болмас», – деген ұлағатты, ғибратты сөздер қалдырған. Алла тағала Рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, екі дүниенің бақытына бөлесін. Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін мол етіп, береке мен ынтымағымызды арттырып, қуатты елге айналуымызды нәсіп етсін. Қабылбек Жұмабеков, Қарағанды қалалық №1-мешітінің бас имамы.

калық- диагностикалық, емдік медициналық қызметтерді ұсынамыз. – Енді, осыған орай атқарылған жұмыстар жайлы айтып өтсеңіз?

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан» – Гүлбаршын Қайроллақызы, бір кездегі жабық әскери қала болған Приозерскінің денсаулық сақтау ахуалы қандай дәрежеде? – Қай кезде болмасын халықтың денсаулығын сақтау, сапалы медициналық қызмет көрсету бірінші кезекте тұрады. Қала тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді кешенді түрде дамытуды алдымызға негізгі мақсат етіп қойғанбыз. Бұл ауқымды жұмыста аурухана директоры Нұрлан Шагировтың басшылығымен бірталай шаруа тындырылды. Қалалық аурухана негізінен жедел жәрдем, стационарлық, күндізгі стационарлық, амбулаторлы емханалық бөлімдерден тұрады. Халықтың денсаулығын нығайту, сақтау және медициналық көмекке мұқтаждығын қанағаттандыру уақыт талабы болып табылады. Сөйтіп, денсаулық саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасымен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсетеміз. Соның нәтижесінде ел азаматтарына және оралмандарға тегін, барынша дәлелденген тиімді профилакти-

3

www.ortalyq.kz

– Тіршілік барда медициналық қызмет көрсету жыл он екі ай бойына үздіксіз жалғасады. Уақыт та тоқтаусыз өтеді. Атам қазақ «бірінші байлық - денсаулық» деп тегін айтпаған ғой. Халықтың денсаулығы мықты болса – ел экономикасы қуатты болады. Қалалық аурухана ұжымы жылына мыңнан аса науқасқа стационарлық ем көрсетеді. Сондай-ақ, 200-ден аса нәресте дүниеге келеді. Ал, күндізгі стационарлық бөлімде 300-ден аса науқас ем қабылдайды. Мұнымен қоса «Жедел жәрдем» бөлімі Приозерск қаласы, Саршыған кенті халқына 8000-нан аса жедел медициналық қызмет көрсетеді. Емханада аурудың алдын алу, тексеру жұмыстары толассыз жүргізіледі. Неғұрлым кең тараған ауруларды, сондай-ақ, жарақаттарды, улану, басқа да шұғыл жай-күйлерді диагностикалау жүзеге асырылады.Жұқпалы аурулар ошағындағы санитарлық эпидемияға қарсы, санитарлық профилактикалық іс-шараларды ұдайы жүргіземіз. Біздің тарапымыздан халыққа гигиеналық білім беру, отбасын, ана болу, балалық шақты қорғау бойынша насихат, түсіндірме жұмыстары белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады. Скринингтік тексерулер, жүрек қан тамырлары ауруларын, сусамырды, глаукоманы, гепатиттерді, сонымен қатар инсульт, инфаркт, зағиптық, бауыр циррозы мен обыр-

Қарағандыға іссапармен келген Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал НҮКЕНОВ облыстың белсенді жастарымен кездесті. Жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысып, азаматтық қоғам мен жастар саясаты саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Айта кеткен жөн, еліміздегі ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі өткен жылдың қыркүйек айында құрылған болатын. Жаңа ведомство 3 негізгі бағытта, дін істері, қоғам және жастар саясаты негізінде жұмыс жасайды. Қарағанды облысының жастарымен кездесудегі басты тақырып – жастар саясаты төңірегінде болды. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы М.Құттыбай: «Қазіргі таңда Қарағанды облысында 14-29 жас аралығындағы 4629 жас бар. Жастардың ахуалын реттеу саласына облыстық және жергілікті бюджеттен біршама қаржы бөлінген. Облыстағы 70тен астам топтар жастар саясаты төңірегінде жұмыс жасауда», – деп атап өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын тілге тиек еткен вицеминистр еліміздің жаңа дәуірдегі

жетістіктеріне кеңінен тоқталды. Жастарды Елбасы мақаласындағы идеяларды жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырды. «Азаматтық қоғам туралы айтқанда Елбасының мақаласына тоқталып өткен жөн. Бұл ретте министрлік тарапынан «Атамекен» жобасы жұмысын бастап, өңірлерде «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. «Азаматтық бағдарламалар картасы» – жергілікті жерде жаңадан орын тепкен нысандарды ынталандыру мақсатында

ашылып, онлайн түрде жүзеге асады», – деді. Абзал НҮКЕНОВ, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі: – Жастарда Отанға деген сүйіспеншілік бірінші орында тұруы тиіс. Жастар үшін бұл жолда сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Жастар дұрыс бағыт-бағдар алып, «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» сынды жобаларға атсалысуы тиіс. Мысалы, мектепті

үздік бітірген оқушылар үшін жыл сайын еліміздің аймақтарын аралауға арнайы тур ұйымдастыру қажет. Бұл жастарға жақсы серпін береді деп ойлаймын. Сондай-ақ, біздер жылына бір рет еліміздің барлық білім ошақтарында отбасы сағатын өткізуді қолға алдық. Бұл – әрбір оқушының ертеңін дұрыс қалыптастыруына жағдай жасайды. Сондай-ақ, вице-министр қазіргі таңда елімізде белең алған әлеуметтік мәселелерге де тоқталды.

Күйзеліске ұшыраған жастардың 90 пайызы суицидке баратынын ескертіп, әлеуметтік проблеманың Қарағанды өңіріне де қатысы барын айтып, жол бермеу үшін жастар орталықтарының жұмысы белсенді болу қажеттігін ескертті. Әр жас атабаба дәстүрін сақтау арқылы үлкендер салған сара жолдан адаспайтынын айтқан вице-министр діни экстремизм тақырыбына тоқталды. «Аймақта көзі ашық, белсенді жастар көп. Бұл ретте өңір жастары дін төңірегінде орын алып жатқан жағдайлардан хабардар деп ойлаймын. Қандай жағдай болмасын, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екенін айта отырып, зайырлылықты бірінші орынға қоюымыз керек. Әрбір жас ұлттық дәстүр, мәдениетімізді сақтай отырып, қазығы қағылған имандылық жолымен жүруі тиіс», – деді. Жиын барысында жастар көкейде жүрген сауалдарын қойып, «Жастарға мейірімді мекен» республикалық жобасын талқылады. Жастар ресурстық орталықтарының жұмысын жетілдірудің, болашақты басқара білу жолындағы тиімді ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, Абзал Нүкенов ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткен «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының жабылу салтанатына қатысып, жастарға алғыс білдірді. «Өз еліне, жеріне, ұлтына қорған болатын еліміздің осындай жас азаматтармен кездескеніме қуаныштымын. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында еліміздің жаңа белестерге қол жеткізуі жолында жастардың да үлесі мол екенін айтты. Әрбір жас ел мүддесі үшін аянбай еңбек етуі тиіс. Бұл жолда барлық мүмкіндіктер жасалған, – деп атап өтті. Сонымен қатар, вице-министр Теміртау қаласындағы волонтерлер корпусының жұмысымен танысты. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қарағанды филиалы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша несиелендіруге өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды. Микрокредиттер: – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микробизнесті ашу, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу үшін; Микробизнесті ашу үшін микрокредиттер "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткеннен кейін не соңғы екі жыл ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары-

нан өткендігі туралы сертификаты бар болса беріледі. Микрокредит жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен ұсынылады. Микрокредиттер басымды тәртіппен кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік карталарына сәйкес іске асырылатын жобаларға ұсынылады. Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары:* 1) микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы сала-

сындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін; 2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8 мың АЕК-ке дейін; 3) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды; *агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін Шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына сәйкес қарыздың мерзімдері мен сомалары Бағдарламаға қатысушы

Гүлбаршын Мондыбаева Қарағанды мемлекеттік медицина институтының түлегі. Еңбек жолын 1994 жылы Приозерск қаласының орталық ауруханасында бастаған. Қалалық мәслихаттың V және VІ шақырылымының депутаты. Бұл күнде аурухана директорының міндетін атқарып отыр.

ды тоқ ішек обыры, сүт безі, жатыр мойыны обыры сияқты науқастардың қатты асқынуын алдын алуға жол бермеуге қарсы ем шаралар жүргіземіз. Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу мамыр айында өткізілді. Балқаш қаласынан жылжымалы медициналық кешені жеткізіліп, біздің қаламызда жан-жақты медициналық тексеру жұмысын атқарды. Мұндайда қала тұрғындарына скриниг бағдарламасы бойынша тексеріс жасалды. Шара барысында тексерілген халықтың 20 пайызы түрлі патологиялық

ауруларға шалдыққаны анықталды. Соның ішінде дәрігерлер заманауи медициналық құрылғылар арқылы жиі кездесетін жүрек, бүйрек, бауыр аурулары, қант диабетін жедел түрде анықтады. Жылжымалы медициналық кешеннің бригадасы 2000-нан астам қала тұрғындарын тексерді. Бүгінгі таңда сүт безі обыры – әйелдерде ең кең тараған онкологиялық ауру болып саналады. Осыған байланысты Шет ауданынан маммография құрылғысы жеткізіліп, 300-ден аса әйел тексерістен өтті. Мұнымен бірге 1500 адамға флюорографиялық тек-

серіс жүргізілді. Бүгінгі күні туберкулез, обыр аурулары қаламызда өткен жылмен салыстырғанда аз тіркеліп отыр. – Келесі жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі, бұл жөнінде не айтар едіңіз? – Уақыт бәріне төреші, тіпті, денсаулық саласында да әлемдік деңгейдегі озық бастамаларды қолдап, оны біздің елімізде жүзеге асырудың берер пайдасы зор болмақ. Қалай болған күнде де халыққа медицина-

қызметінің бағыттарына сәйкес айқындалады. Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акциздік өнім өндіруге берiлмейдi. Мекен жайымыз: Қарағанды қ-сы, Бұқар-Жырау д-лы, 51/1, тел:87212-41-42-10, 41-28-68. «Ауыл шаруашылығын Қаржылай қолдау қоры» АҚ. №52

лық қызмет көрсетудің тиімді жағына бейімделгеніміз дұрыс қой. Бұдан қашудың реті жоқ. Иә, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап отандық медицинаны еуропалық талаптарға сай ету мақсатында – жаңа реформа Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Осы жүйені іске асыру мақсатында елімізде сәуір айынан бастап «Емханаға тіркел – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінеде өз статусыңды анықта!» акциясы өткізілуде. Акцияға емхана қызметкерлері де белсене ат салысып, қала халқымен тығыз жұмыс жасауда. Орайы келгенде айта кетейін, ұжым жас мамандармен толықтырылады, оларға қамқорлық көрсетіледі. Былтырғы жылы 9 жас маман еңбек жолын бастады. Дәрігер мамандар жетіспейтін. Бұл мәселе де біртіндеп шешіліп келеді. Мереке күні қарсаңында көңіл-күйіміз көтеріңкі,шат-шадыман жүретініміз шындық. Бір жылғы еңбегімізді қорытындылаймыз, атқарған ісімізді саралаймыз. Алдағы жаңа жоспарларды жүзеге асыруға бағдарлама жасаймыз. Сонымен қатар ардагерлер, абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлер еңбегін атап өтеміз. Мәселен, медицина саласында 40 жылдан аса қызмет атқарған дәрігер, психиатор-нарколог Қ.Көшербаев, лор дәрігер Ж.Оразов, бактериолог Ж. Нұрашева, эпидемиолог А.Құтжанова, терапевт А.Сартаева, тағы басқалар өзгелерге үлгі-өнеге көрсетіп, төл мерекелеріне лайықты тарту әзерлей білді. Уақытпен санаспай денсаулық күзетінде өзімізге жүктелген ауыр да ардақты міндетті мүлтіксіз өмір жүзіне асыра беретін боламыз. – Әңгімеңізге көп рахмет.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» Кеше Қарағандыда «THE JOB FAIR IS UNDER OPEN AIR» атты ашық аспан астындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Ол Мемлекеттік қызметшілер күніне арналды. Жәрмеңкеге Қарағанды қаласындағы түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты. Бүгінде Қарағанды қаласындағы 472 кәсіпорын мен ұйымдар 2278 бос жұмыс орнын ұсынып отыр, жәрмеңкеге 92 кәсіпорын қатысты. Жәрмеңкеге мектептер көптен келген екен, оларға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері жетіспеуде. Жәрмеңкеде жұмыс іздеушілерге төмендегідей мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары ұсынылды: инженер, логист, менеджер, есепші, сарапшы-бағалаушы, дәрігер, аудармашы, тігінші, слесарь, жүк тасушы, күзетші, токарь және тағы басқалары. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жергілікті атқару органдарына 245 бос лауазымды орын ұсынды. Жалпы, жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген 1052 адам қатысты, олардың 205 жұмысқа орналасты. 255-і өз түйіндемелерін қалдырып кетті, 206 адам 2017-2021 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша кеңестер алды. Жәрмеңкенің мақсаты – жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету үшін, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнату, әрі сол арқылы аймақтағы жұмыссыздық деңгейін төмендету. – Мен қаржы саласында жұмыс іздеп жүрмін. Өзім «Болашақ» оқу орнын қаржы мамандығы бойынша бітіргем. Болашақта кәсіби мансапқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін жақсы жұмыс тапқым келеді, – деді жәрмеңкеге келген Мақпал есімді қыз. Биыл жәрмеңке аясында алғаш рет мәдени-ойын сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Жас орындаушылардың қатысуымен концерт, мүмкіндігі шектеулі жандар ұсынған қолөнер туындыларының көрмесі өтті. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.


4

Сенбі, 24 маусым, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Осы бір шумақтың мазмұнына мұқият мән бере, тереңірек үңіле, ой-қиялға беріле сараласақ, Әнет бабаның қандай адам екенін ұққандаймыз. Ел ағасы, білікті молда. 95 жасының өзінде алдына әділдік сұрай халқы жүгінген ғаділ би, орта жүзге үлгі айтқан ғұлама. Иә, бұл, Шәкәрімнің Әнет абыз дүниеден өткеннен кейін шамамаен 250 жылдай уақыттан соң ақындық жолына түсіп, аты шыққан кезіндегі жазған ой түйіні болса керек. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» жырында бабаның беделі мен әділдігі және «Тобықты шежіресінде» оның үрім-бұтағы туралы айтылады. Мүмкін кезінде бұдан да көлемді деректер жазған болар. Әрине бабаның өз заманында айтқаны мен жазғандары аз болмауға тиіс. Одан кейін де дананың ой-түйткілері, шешімбиліктері, өмірі мен еңбектері жөнінде қалам тартқандар жоқ деуге болмас. Бірақ, кеңестік заманда «кедейді кенелтеміз» деп байды да, бар байлықты да құртқан, оларды «аштықпен қырған» адам атын жамылған екі аяқты айуандардың кесірінен жойылған заттар да, еңбектер де аз болмағанын білеміз. Талай зиялыларымыздың елеулі еңбектері жағылып, жыртылғандай, бабаның да ғибратты еңбектері бізге жетпегеніне шәк келтіруге болмас. Әйткенмен, Төле, Қазыбек, Әйтеке билермен тілдескен, қатар жүрген кездеріндегі Әнет баба айтты деген, ел аузында қалған және кейбір жазушылар мен қаламгерлердің, ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерінен алынған абыз бабаның алғырлық қабілетін, тапқырлық дарынын, ділмарлық шешендігін, әділдік билігін танытарлық даналық ой-пікірлері баршылық. Соларды оқи отыра, бабамыздың данышпан да ділмар, ғажап та ғаламат тұлға екендігіне көз жеткізуге болады. Жас кезінен алғыр Әнет бірде: «Әке, әлем деген қызық та құпия, астарлы да айқара ашық дүние ғой, ә!», – дейді, өзінің таңданысын білдіре. «Иә, оған сонша неге қызықтың?», – деген әкесіне ол: «Түн артынан таң атады, күн шығады. Түннің салқындығын күннің шуағы сырғытады. Қайтадан күн батып, түн келеді. Жаз қысты жеңеді. Қыс жазды ығыстырады. Арасында көктем мен күз. Бірін-бірі қуа, шіркін уақыт шыр айналады. Ғажап! Бұл қалай?! Түсіндіріңізші?». Кішкентай баласының мынадай сұрағына риза болса да, жауап беру оңай еместігін білген әкесі: «Балам, бұл – құпия. Оны оқып-білген ғана шеше алады. Оқысаң, өскенде өзің-ақ бұл сұрағыңа жауап табасың», – дейді. «Ендеше маған көп оқып, сондай білім алуым керек шығар?..». 1626 жылы Шыңғыстаудың баурайында туған зерек бала ерте хат танып, арманына орай Бұхардағы Шарип-ғаділ медресесінде оқиды. Мұсылмандық шариғатты, сол заманның ғұлама философтары: Сократ, Платон, Аристотель, Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йассауи, тағы басқалардың еңбектерімен танысып, 17 пән мазмұнын толық меңгеріп, жан-жақты білім алған үздік шәкірт атанады. Діни сауатты, философиялық ой өресі қалыптасқан, әлем кеңістігінің өзгерісінен, саяси бағытынан хабардар оқымысты жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ елінің болашағына зер сала, өркендету жолында тер төгеді. Көп жылдар Жәңгір хан (16451680), Тәуке хан (1680-1718), Батыр хан, Болат хан ордаларында кеңесші болған. Тіпті, Әз Тәукенің тұсында бас уәзір болып мемлекеттік іске батыр, билермен қатар, қара халықты тартушы алғашқы қайраткер. Уәзірлік кезінде орда қызметкерлерінің, үш жүздің сұлтандары мен билерінің біліктілігін, саяси сауаттылығын, мәдениетін дамытуға баса назар аударды. Әсіресе, сол замандағы елдер арасындағы шапқыншылыққа орай ел дауы, жер дауы, ел ішінде күйіп тұрған барымта, жесір дауын шешуде әділдікті, шешендікті қажет ететін елшілер мен билерді хан маңына жинауға, дайындауға ерекше көңіл бөледі. Осы бағытта Тәуке ханмен ақылдаса келе «Билер кеңесін» құрады: ата би, төбе би, төте би, бала би, жеке би, қатар би деген атаулар бабаның кезінде пайда болған шығар, сірә. Уәзір – ата би, Ұлы жүзден Төле – төбе би, Орта жүзден Қазыбек – төте би, Кіші жүзден Әйтеке – бала би (жасынан билікке араласқандықтан аталған болар), ал, қалған мүшелері қатар би, жеке би аталса керек. Ел билігіне араласып, жаһан жаңалығына көз салған қарымды қайраткер бұрынғы хандар мен билердің мемлекетті сақтауға, күшейтуге бағытталған «Қасым ханның қасқа жолы», одан соңғы «Есімханның ескі жолы» атты ғаділеттік жинақтардағы басқару жүйесінің заман талабына сай еместігін байқайды. Ғұлама елді билеудің жаңа бір жүйелі түрін: қағидалар мен ережелер, заңдар мен баптар топтамасын жазып, елдің ішкі-сыртқы қарым-қатынасын әділ жолмен жақсартуға ойысады. Әз-Тәуке, Әнет би, үш жүздің үш биі және Соқыр Абыз, Қожаберген жырау сынды 7 ғұламаның ізденісзерттеуі, сұрыптау-жазуымен аса құнды «Жеті жарғы» заңдар жинағы жарық көреді. Десек те, сол кездегі түрік тілді елдер мен араб елдерінің жарғыларын пайдалана жазылған, кей деректе «Әз-Тәукенің жеті жарғысы» аталатын бұл әйгілі ғаділет жинағының мазмұнын реттеп, тиянақтауға Құдайназыр, Болпыш, Жылкелді, Майлы, тағы басқа сауатты ұлыс басшылары мен қаламгерлер де қатысқан деген тарихи деректер бар. Кейінде бұл жарғы Әлихан Бөкейхан басқарған алғашқы Қазақ Автономиялы «Алашорда» үкіметінің жарғысын жазуға да негіз болған. Әнет Кішікұлы Орта жүз, Арғынның

«Әнет баба – Арғынның ел ағасы, Әрі би, әрі молда, ғұламасы. Үлгі айтқан Орта жүзге ғаділ екен, Сол кезде 95-ке келген жасы.» Шәкәрім ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ.

«жеті жұрт», «жеті ғалым», «жеті хақ», «жеті жоқ», «жеті жетім» ұғымын сөз қорына енгізе, халық құлағына сіңіре жауап берген де Әз ата екен. Мәселен; «әйел, ер жігіт, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, алғыр тазы» – жеті қазына. Ал, жеті жоғың: «аспанда – тіреуіш жоқ, жерде – сү-

Тобықты руынан. Жобамен Абай хакімнің 6-шы атасы. Туған жері Сарыарқа аймағы болғанмен, қазақтың ұланғайыр кең даласында даналығымен танылып, билік айтқан. Мемлекет ісіне араласып, қайраткер ретінде танылған орны – сол кездегі Қазақ елінің астанасы Түркістан. Қазақ халқының тұрмыс-жағдайын жақсарту, ұлтының ұлылығын таныту жолында, ел мен ел арасындағы мәмілегерлік шарттарын реттеуде тиімді де еселі еңбек еткен білікті би. Өсиет-мұралары, нәрлі нақылдары, билік шешімдері, сұрақ-жауаптары талайларға үлгі-өнеге. Ғалымдарымыз бен жазушыларымыздың баба жөнінде оқыпбіліп, зерттеп-зерделеп жазғандарына көз жүгіртсек, ұлы ойшылдың ұрпақтарына қалдырғаны – том-том шығармаларға бергісіз ұлықты ұстанымдар. «Төле биден біраз билер: – Уа, Төле, Сіз төбе бисіз! Біз адассақ сізден ақыл сұраймыз, ал, Сіз адассаңыз кімге жүгінесіз? – депті. – Е-е, Әнет бабам бар емес пе? – деген екен Төле би» (Мамашәріп би). Сондай-ақ, бабаның Төле биге «мынаны сындыршы» деп бір жас шыбықты береді. Шыбық сынған соң «енді мыналарды біріктіре сындыршы» деп сондай 6 шыбық ұсынады. Шыбықтар майысса да сынбайды. «Міне, алты алаштың баласы біріксе, оларға ешкімнің шамасы келмес еді» деген екен баба. Данышпан дананың «Өткенімізді дұрыс түсініп, ойымыз бірге тоғысып, сөзіміз бір жерден шығып, оларды тиімді пайдалансақ қана халықтың басы бірігіп, өрісіміз кеңейе өркенді жолға бет бұрарымыз хақ» деген қанатты қағидасының өзі, оның ойшыл да ел болашағын ойлаған қарымды қайраткер екендігін көрсетеді. Осындай ақыл-кеңесті, әділ билік шешімді сан рет естіген де пайдаланған Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, «көмекей әулие» Бұқар әз бабаны өздерінің ұстазы санапты (Бұқар данаға қосымша «жырау» атын Әнет баба берді деген дерек те бар). «Әнет баба – ХVII ғасырда қоғамдық аренаға шыққан «сөзі уәлі, аузы дуалы» атақты Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұстазы. Әз-Тәуке ханның ақылшысы, бас уәзірі. «Жеті Жарғы» жинағының авторы – көрнекті қоғам қайраткері» (Тұрсын Жұртбаев, жазушы, ғалым). Елдің айтулы азаматтарының арасында жиірек болып, олардың орынды да опықты ойларын тыңдап, түсініп, азулы да арынды әрекеттерін көріп-біліп, көтеріңкі де кірбің көңілдерін сезініп, шерлі де шешендік сөздерін ести-сеніп тәжірибе жинақтаған ғұлама би қашанда, қысқа да қанатты, аталы да дуалы сөзімен үлгілі де үмітті насихат нәрін сеуіп, жүректеріне адами қасиеттің рухани да жауһарлы нұрын ұялатып, әділ билік пен айғақты ақиқаттың әсерлі қуатын қолдана іс-әрекет жасауды дәстүрлеген заманының заңғар заңгері десек болады. Дәлел ретінде Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиясының академигі Салық Зимановтың Әнет баба жөніндегі зерттеулерінде келтірілген: «Баба, дүниеде «не арсыз, не ғайып, не даусыз, не қадірсіз, не тәтті, не күшті, не жаман?» деген көпшіліктің 7 сұрағына қысқа да нұсқа берілген жауаптардың біреріне назар аударасақ. «Үш арсыз – ұйқы, күлкі, тамақ; үш тәтті – жан, мал, жар; үш күшті – ақыл, жүрек, тіл; үш жаман – нақақ қан төгу, ұрлық, ата-баба жұртын бұзу; үш даусыз – мінез, кәрілік, ажал; Бұдан сақ болыңдар» депті. Сондай-ақ, «жеті қазына», «жеті ата»,

йеуіш жоқ, таста – тамыр жоқ, аққуда – сүт жоқ, жылқыда – өт жоқ, аңда – қанат жоқ, тасбақада – тамақ жоқ» депті. Мынандай білік, қысқа да нұсқа ой түйіннен соң, қалай ғана бабаны биолог, астроном, географ, философ, филолог, ғұлама ғалым демеске?! Бірде қаз дауысты Қазыбек бидің: «О ұстазым! Осы адамды не аздырады, күнә неден болады, дүниені нені бұзады?» – деген сұрағына, баба «Құран Кәрімді» қолына алып: «Мұнда араб тілінде «хакім», қазақта «әкім» деген сөз бар. Осы сөздерді екі рет қайталасаң екі «а», екі «к», екі «м» әріптері бар. Әріптерден мынадай сөздерді шығаруға болады: әйел, алтын, кек, кесір, мақтан, мансап. Адамды аздыратын да, күнаһар ететіндер де, дүниені бұзатын да осылар. Мынаны мұқият еске ұстаңдар: – Ер адам әйелқұмар болмауы керек. Мұндай құмарлық күнаһарлық, лас іс; – Алтын – сұлу тас, бірақ суық тас, суықтығын көрсетпей қоймас. Ол да адамды аздырады, қиянатқа қауыштырады. «Алтын көрсе, періште жолдан таяр» деген бекер емес; – Кек жақсылыққа жеткізбес. «Кекшіл болма, көпшіл бол».Үш күннен артық араздасу, кектесу ислам дініне жат; – Кесірлік – пайдасыз қасиет. «Кесір адам – несібесінен айрылар, кең кісіге несібе өзі қайрылар»; – Мақтаншақтық – жараспастық қылық. Мансапқорлық – адамды аздырар ауыр дерт». Қалмақ-жоңғар шапқыншылығында алты ұлы қаза болған, жерін таптап, халқын қорлаған қас жауларына қарғыс тілегенде абыз 100-ге тақаған екен. «Көптің қаны жібермесін, көздерің тоймай, байлыққа құныққан қу сүйектерің жат жерде қуарсын! Е, Жасаған ием, осы батамды қабыл қыл», – деп көкке қолын жайып жиі жалбарынған деседі. Аруағыңнан айналайын әулие бабаның сол сөзі Алла Тағаланың құлағына жеткендей, жоңғар халқы жер бетінен жойылды, қазақ елі жерін басқыншылардан азат етіп, егеменді ел болды. Ертедегі жаугершілік «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталған қиыншылық заманның 1723 жылғы жоңғарлар шабуылы кезінде Әнет баба «ата-бабамның аруағы қонған, балаларымның сүйегі қалған жерімнен кетпеймін» деп жұртта қалып, иманын келтіріп көз жұмыпты (Кейінде Әнет бабаның мүрдесін Көкенай батыр Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи мазарына апарып жерлеген). Осындай абыз атаға Әйтеке би: «О,

Баба! Сіздей дана ғасырда бір туар: алпыста – ақылдыға арқа, жетпісте – жүйріктерге желкенді кеме, сексенде де – көпке көсем болдыңыз. Тоқсаныңызда да – таңғаларлық тұлғасыз. Сіз бергеніңіз де мол, әлі де береріңіз көп кемеңгерсіз ғой», – деп ризалығын білдіріпті. Адамға ақиқат та анық бағаны білім алған шәкірті мен жанындағы серіктес-қызыметтесінен артық ешкім бере қоймас.

Қазір де ағайынды Әнет пен Әйтек тұқымдары – Айдос пен Жігітектен тараған кейінгі ұрпақтары Ақан Телібайұлы, Данелия Хамзин, Жарқын Ақанұлы, Ернұр Мұсабайұлы, Талғат Хамзин және иман жүзді азаматтар Мұхаметқали Баймұқанов, Амангелді Ноғаев, Әли Тілеміс, Амангелді Туғанбаев, Қасым Жақыпбеков, тағы басқалары бастап, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мен көптеген зиялы зейнеткерлер қостап, Республикалық діни басқарманың шешімімен баба есімі Қарағанды қаласында бой көтерген Жаңа мешітке берілді. Осы бағытта мешіт жанынан жеті зиялы зейнеткерден құрылған ұйымдастырушы топ іс-әрекеттер жоспарлап, шаралар өткізуде. Сол шараның алғашқысының бірі – Қарағанды облысы әкімдігінің келісімімен осы жылдың 28 маусымында Әнет баба мешітінде өткізілетін тарихи-танымдық кездесу кеші. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы 100 есімнің біріне ұсынылып отырған һас дананы әлі де тереңірек зерттеп, халық жадында қалдырарлықтай: аймақты ма ауданды, қаланы ма алаңды, кешенді ме көшені атап, білім ордаларын белгілеп, еңселі ескерткішін орнатып, бағдарламалар жазып, оқуларын өткізуді ойластыру қажет десек, артық болмас. Театрлық қойылымдар, ғылыми-танымдық, тіптен, көркем фильмдер, кітаптар жазылып, игілік іске асырылса көпшіліктің риза болары хақ. Ұлы ғұламаның ғанибетті ғұмырына тереңірек үңілсек, тамаша тағлым, зиялы насихат, зерделі өсиет, рухани ұмтылыс. Ендеше, ұлықты бабамыздың, айтулы Алаш арысының атын асқақтату, ұрпақтар санасына сіңіру барысында қажетті қор жинап, іс-әрекеттер жасап, тарихи-танымдық шаралар өткізсек, ұтарымыз аз болмас. Бабаның атына төмендегідей есепқоры ашылғанын ескертеміз: KZ486010002002125343 Тілеуғалы ӘМІРТАЙҰЛЫ, ардагер педагог, Қазақстан Журналистер, Халықаралық Жазушылар одақтарының мүшесі. «Әнет баба мешіті» жанындағы ұйымдастырушы топтың мүшесі.

Асыл азамат, облыстың ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан білгір маман Абдолла Төребековтің бұл дүниден аттанғанына да қырық күннің жүзі болып қалған екен. Соған орай бірге қызмет атқарған замандастарының естеліктерін жариялауды жөн көрдік. Абдолла оңтүстік өңірде туып өссе де қазақтың Сарыарқасына бауыр басып, бүкіл саналы ғұмырын осында өткізді. Оның өмір жолы – еңбексүйгіштіктің, қоғамға адал қызмет етудің, адамгершілік асыл қасиеттердің жарқын үлгісі болып табылады. 1971 жылы Омбының мемлекеттік ветеринарлық институтын бітіргеннен кейін сол кезде қалыптасқан тәртіп бойынша арнайы жолдамамен біздің облыстың Егіндібұлақ ауданына келіп, мал дәрігері болып орналасады. Жат жер, жаңа ортаға алғашқы кезде бойы үйренгенше тосырқағаны бар. Облыстық газетте жарияланған бір мақалада бойын кернеген сезімдерді былай баяндайды: «Бастапқыда басымды шайқап, келгеніме өкіндім. Бұрын-соңды алысқа шығып көрмеген мен сол күні Қарағандыдан артынып-тартынып автобуспен алты сағат жүріп, Егіндібұлаққа әрең жеткенім бар. Бірақ, неге екенін қайдам, Балқантаудың басына қарасам, қасиетті Қазығұрт тауы есіме түсті.Екеуінен керемет ұқсастықты аңғардым. «Қазығұрттың басында кеме қалған, әулие болмаса неге қалған?» деп аңыз ғып айтатын киелі тауым дәл маған осы жерде оң сапар тілеп тұрғандай көрінді...». Айтса айтқандай, ол Балқантау өңірін жерсініп, сіңісіп кетті. Өйткені, өзінің бойына дарыған елгезек қасиетімен тез арада адамдармен етене араласып, осы жерден жақсы аға, ізетті іні, асыл жар тапты. Содан жұмыста жақсы қырынан танылған маманды басшылар Молодежный ауданындағы «Родниковский» совхозының бас мал дәрігері етіп тағайындайды.Мұнда тұралап қалған мал шаруашылығын аяғынан тік тұрғызуға тырысты. Мал басы көбейіп, ауру түлік саны азайды. Бұдан кейінгі қызмет баспалдақтары Арқа азаматтарының, облыс басшыларының қолдауымен негізінен осы екі өңірде алма-кезек өтеді. Молодежный аудандық ауыл шаруашылық басқармасында бас мал дәрігерінен төрағаның 1-орынбасарына дейін көтерілді. «Бақты» совхозына директор болып барып, сонан кейін Егіндібұлақ аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. Оған үлкен сенім көрсетіліп, Молодежный және Осакаров аудандарының әкімі болып он жыл қызмет атқарды. Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандидат болып ұсынылды. Ауыл өмірін жақсы білетін, халықпен тығыз байланыста жүретін маман 2007-2013 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, кейін басшысы қызметтерін атқарып, құрметті еңбек демалысына шықты. Әбекеңнің «Арқа азаматтарын арқа тұтамын» деп айтуы осыдан. Зейнеткерлік жасында қол қусырап қарап жатпай, Қазақстан фермерлері одағы облыстық филиалын басқарды. Осы қоғамдық жұмыста жүргенде былтыр Жер реформасына байланысты Үкіметтік комиссия құрамына қабылданып, даулы мәселелерді шешуде үлкен іскерлік танытты. А.Төребеков ел алдындағы адал еңбегі үшін «Құрмет» орденімен, мерекелік медальдармен марапатталып, Осакаров ауданының Құрметті азаматы атағына ие болды. Бұрын жазылса да Абдолла Төребековтің 90-жылдардың басында облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!» деген ұранын қабылдауға ықпал еткенін еске салған артық болмас. Абдолла «Бақты» совхозының директорлығынан Егіндібұлақ аупарткомына екінші хатшы болып келуін жақтырмаған бәз біреулердің айтуымен газетте «ол жылы орынға күмп ете түсті» деген сарында мақала шығып кетті. Әбекең редакцияға келіп, өзінің бұл пікірмен келіспейтіндігін, «Бақты» совхозында қыс қатты болып, ауыл еңбеккерлерінің арқасында мал басын аман сақтап қалуда қажырлы жұмыс атқарылғандығы туралы жауап мақала әкеліп, бас редакторымыз Нұрмахан Оразбековке жаңағы мақалды айтады. Нұрекең түсіністікпен қарап, жауап мақаланы газеттің келесі санына қолма-қол жариялайды және ойына салған мақалды 1991 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрынғы әбден жауыр болған, күні кетіп бара жатқан партияның «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» деген ұранының орнына қолданды. Сөйтіп, «газетімізге орны бөлек ұран тауып берген Абдолла Төребеков есімі газет тарихында осылай қалды», деп жазды журналист Д.Мақаш газеттің 70 жылдығына арналған санында. Енді замандастарының Абдолланың еңбек жолы, асыл қасиеттері туралы естеліктеріне орын берейік. Тілеубек Зейнешев, Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы: – Абдолламен ара-қатынасымыз туған аға-інідей болды деп өткенде бір еске алғанмын. Білімді, әдепті азамат еді, біздің ақылкеңесімізді тыңдап, қызмет баспалдақтарымен

үнемі өсіп отырды. Екі тілге бірдей жүйрік, қазақтың әдеп-ғұрыптарын қандай жақсы білуші еді. Сондықтан, қасымда жүргенін, бірге қызмет атқарғанын қалаушы едім. Өйткені, қандай бір тапсырма болмасын тап-тұйнақтай қылып тындырып тастайтын. Молодежный ауданында бірге болдық, кейін мен Егіндібұлақтың бірінші хатшысы болғанда екінші хатшылыққа шақырдым. Алтын қарындасыма «үйде сен ие бол, түзде мен қарап жүрейін», деп қалжыңдаушы едім. Сол іскерлігінің, адамдармен тілі табыса білетін қасиетінің арқасында қатардағы мал дәрігерінен ірі ауданның басшысы, облыстың ауыл шаруашылығы саласына жетекші дәрежесіне дейін жетті. Темірболат Мәжитов, еңбек ардагері: – Әбекеңді Егінбұлаққа алғаш келген күнінен білемін, 45 жыл жұбымыз жазылмай араласып жүрдік. 1991 жылы (ол кезде мен аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығымын), партия тарап, мамандар қайда барарын білмей жүргенде достық көңілмен: «Әбеке, менің орныма қызметке келіңіз», деп шын жүректен айтқаным бар еді. Молодежный жаққа кетті де сонан біздің мектептің мықтылығы емес пе, көп ұзамай аудан әкімі болып тағайындалды. Мен Қарқаралыға әкім болдым. Кейін облыстық ауыл шаруашылық басқармасында қоян-қолтық еңбек еттік. Қимас дос, бауырмал азамат еді. Өмірден ерте кетті. Сұлтан Мәтелин, еңбек ардагері: – Егіндібұлақ ауданының халқы Абдолладай азаматты қатты сыйлады. Ол қолынан келсе ешкімнен көмегін аямайтын. Біреуге жақсылық жасағысы келіп тұратын. Ауыл шаруашығының білгір маманы болумен қатар ішкі дүниесі бай, аса бір мәдениетті жан еді. Оған мен аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, атқару комитетінің төрағасы болып қатар жұмыс істегенде талай куә болдым. Мені қатты сыйлап аға деп жүрді. Мен де асыл азаматты осы бір қасиеттері үшін құлай сыйлайтынмын. Алтын қарындасымыз екеуі тату-тәтті, үлгілі отбасын құрды. Екі ұл өсіріп, келін түсіріп, немере сүйді. Сымбаты ішкі істер органында қызмет етеді, полиция полковнигі, Рысбегі әкесінің жолын қуып, шаруа қожалығын басқарады. Ендігі тілейтініміз, сол ұрпақтары ата-анасының жақсы атын жалғастырсын. Марат Райымбеков, еңбек ардагері: – Мен Абдолламен сексенінші жылдары Молодежный ауданына ауатком төрағасы болып барғанда таныстым. Байқасам, басшы қызметкерлер арасында қазақтар мүлде аз. Канал бойында, Бөрілі разрезінде де ылғи басқа ұлт өкілдері. Сондықтан, бас мал дәрігері болып жүрген Әбекеңмен тез шүйіркелесіп кеттік. Мен агроном, ол мал дәрігері, сондықтан көп көмегі болды. Содан бірде «үйден көже ішіп кетіңіз» деп шақырды. Сол көженің арқасында Алтын қарындасыммен, бала-шағаларымен танысып, туыс адамдардай болып кеттік. Әбекең Оңтүстіктің де, Арқаның да салттарын жақсы біліп, екі арада алтын көпір болып жүрді. Арда өскен, ары таза азамат еді. Маңдайымызға сыймай кетті. Қайдар Бурабаев, Қарқаралы ауданы «Арқа» шаруа қожалығының басшысы: – Мен Талды ауданының бірінші хатшысы болып жүргенде Абдолла інімізге үлкен сенім артып, артта қалып келе жатқан «Бақты» совхозына директор етіп бекіттік. Сенімге селкеу түсірген жоқ. Совхозды біраз көтеріп тастады. Жалпы, Абдолла қайда істесе де абыройлы болды. Тіпті былтырғы «жер дауы» кезінде Қазақстан фермерлер одағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, Жер реформасы жөніндегі Үкіметтік комиссияның мүшесі ретінде үлкен жұмыс жүргізді. Облыста ол баяндама жасап, қоғамда теріс пікір туғызған жер реформасы ақпараттық тұрғыда тиісті дәрежеде насихатталмай отырғандығын хабарлап, халықты сабырға шақырды. Өзі де тиянақты, сабырлы жан еді. Ақыры атқарған ісі баянды болды. Комиссия құрамында Қазақстанның бірнеше облыстарын аралап, жер-жерде жағдаймен танысты. Соның нәтижесінде комиссия Үкімет пен Президент алдына тұжырымды пікірлерін ортаға салып, тиісті шешім шығарылды. Халықтың да өрекпіген көңілі орнына түсті. Жер – халқымыздың асыл байлығы. Фермер ретінде айтайын, халқымызды асырап отырған осы жер. Сондықтан оны сатып, ертең опық жеп жүрмейік. Абдолладай ауыл шаруашылығының білгір маманының, баршамыздың тілегіміз осы еді ғой... *** Міне, көріп отырсыздар, өзі өмірден өтсе де Абдолла Төребековтей асыл азаматтың Сарыарқа жерінде қалдырған іздері сайрап жатыр. Аман ЖАНҒОЖИН, ардагер журналист.


Сенбі, 24 маусым, 2017 жыл

Еске алу

Объявление о проведении конкурса на право обслуживания маршрутов регулярных городских и пригородных автомобильных перевозок пассажиров и багажа ГУ «Аппарат акима города Караганды» объявляет о проведении конкурса на право обслуживания маршрутов регулярных городских и пригородных автомобильных перевозок пассажиров и багажа, который состоится в 16:00 часов 24 июля 2017 года по адресу: Бульвар Мира 39, каб. №607. 2. На конкурс выставляются следующие пакеты маршрутов (маршруты): № лота 1 1 2

3

№ маршрута 2 37 145 45 15 27 47

Наименование маршрута 3 "Дом инвалидов - завод ЖБИ" "А/ст. Юго-Восток - А/ст. Пришахтинск". "А/ст. Юго-Восток - А/ст. 23 мкр." "А/ст.Пришахтинск - Старая Тихоновка" "А/ст. Сортировка - А/ст. Пришахтинск" "А/ст. 23 мкр. - А/ст. 14 мкр."

55 49 71 72 117 141

"26 квартал - завод ЖБИ" "А/ст. 23 мкр.-А/ст. Юго-восток" "Караганда - п.Кокпекті" "Караганды - п.Каракудык" " Караганды - п.Доскей" "п.Уштобе-г.Караганда-п.Актас"

118 122

" Караганды - п.Жумабек" " Караганда -п.Топар"

134

"Караганда-п.Актас"

7

127 127

" Караганда - п.Шахан" " Караганда - п.Шахан"

73

"Новоузенка -Караганда"

8

119

"Караганда - п.Уштобе-6 бригада"

495

" Караганда - Аэропорт"

4 5

6

3. В конкурсе принимают участие любые физические и юридические лица, независимо от формы собственности, владеющие автотранспортными средствами на праве собственности или иных законных основаниях. 4. Желающие принять участие в конкурсе представляют в ГУ «Отдел КХ, ПТ и АД города Караганды» письменную заявку на получение комплекта конкурсных документации по адресу: ул. Московская 1, каб. №14. 5. Окончательный срок приема заявок на получение конкурсныхдокументов и приема заявок на участие в Конкурсе: 11 июля 2017 года, до 13:00 часов. 6. 30 июня 2017 года конкурсная Комиссия проводит предконкурсную конференцию по вопросам проведения конкурса. 7. За справками обращаться по телефонам: 8-7212-42-59-79. №267

считать недействительным В связи с утерей считать недействительным акт на землю на имя Тажибаева М.Т. по адресу п.Карагайлы 23-3-2. №0004

Қарағанды облысы әкімдігінің Қаулысы 12 мамыр, 2017 жылы

5

www.ortalyq.kz

29/06

Қарағанды қаласы

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қарағанды облысы, Әділет департаменті Нормативтік-құқықтық акті 2017 жылғы 14.06 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4279 болып енгізілді

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы №48/02 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы №48/02 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3413 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттыққұқықтық жүйесінде 2015 жылдың 7 қазанында, 2015 жылдың 6 қазанында № 137-138 (21888-21889) «Индустриальная Караганда», 2015 жылдың 6 қазанында № 158-159 (22 042) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 5 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы: 1) аудан ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды. Нәтижесі – өтінімнің көшірмесінде тіркелгені туралы белгі; 2) бөлім 3 (үш) жұмыс күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9 тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келтіру үшін ұсынылған құжаттарды тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-1 тармағымен көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды; 3) өтінімді тексеру аяқталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде, бөлім: өтініш берушіге субсидиялар беруге оң шешім қабылданған жағдайда –нысан бойынша оны тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізіміне енгізеді; теріс шешім қабылданған жағдайда – субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, өтініш берушіні немесе Мемлекеттік корпорацияны

жазбаша хабардар етеді және нысан бойынша субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін жасайды; облыс басқармасына тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізімін және субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін жолдайды; 4) облыс басқармасы тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізімі келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне өтініш берушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттары тізілімін және (немесе) төлем шотын ұсынады.»; 6 тармақтың 2-3) тармақшалары алынып тасталсын; 7 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы: 1) аудан ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды. Нәтижесі – өтінімнің көшірмесінде тіркелгені туралы белгі; 2) бөлім 3 (үш) жұмыс күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9 тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келтіру үшін ұсынылған құжаттарды тексереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-1 тармағымен көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды; 3) өтінімді тексеру аяқталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде, бөлім: өтініш берушіге субсидиялар беруге оң шешім қабылданған жағдайда –нысан бойынша оны тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізіміне енгізеді; теріс шешім қабылданған жағдайда – субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, өтініш берушіні немесе Мемлекеттік корпорацияны жазбаша хабардар етеді және нысан бойынша субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін жасайды; облыс басқармасына тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінім-

Аз ғана ғұмырында аяулы перзент, адал жар, қимас бауыр, айнымас дос бола білген Нұрлыбек Манарбекұлы Ниязбековтің дүниеден өткеніне 7 айдан астам уақыт болды. Аяуды білмейтін ажал ортамыздан алмағанда маусым айының 24- жұлдызында 25 жасқа толар еді. Алланың ісіне шара бар ма? Балқаш қаласында дүниеге келіп, өзі армандаған əскери оқуын аяқтап, алғашқы қызметін осы қалада бастады. Кейін Қарағанды облысының Ішкі Істер Департаментінің полиция қызметіне орналасқан еді. Жұмысына адал, шыншыл болды, болашағынан үлкен үміт күттік. Еңбегі бағаланып, жоғары жетістіктерге жетіп жүрді. Айналасына деген ыстық ықыласы мен армандары таусылмаушы еді. Құс тұмсығындай ғұмырында азаматымыздың жақсы аты ғана қалды. Бүгінде есімі аталғанда, мөлдіремейтін жанар жоқ. Асыл мінез, парасаттылық, ізгілік, мейірімділік сияқты қасиеттерін өмір бойы қатар алып жүрді. Ардақтымыздың бейнесі жүрегімізде мəңгі сақталады. Алладан мейір, Пайғамбардан шапағат тисін! Жаны жәннатта, тәні рахатта болсын деп тілейміз! Көре алмай тіршіліктің көп қызығын, Тата алмай шаттық өмір тәттілігін. Жарқырап келе жатқан жұлдыз едің, Әттең-ай! Ерте сөнді-ау от ғұмырың!

Досым Сәрсембай Мұхаметжановтың жан жары Салидат (Жанна) Зекенқызы Қайырбекованың қайтыс болғанына жыл толуына орай...

Құндызды болып құлпырып, Құндызды болып тасып ең. Нұраның нұрлы қызы едің, Ағысқа қарсы жүзетін. Сен емес едің қайтейік, Өмірден күдер үзетін. Нұраның ерке елігі ең, Елжіреп елге сеніп ең. Қайғырып жүрген жандарға, Қуаныш болып келіп ең. Өлеңге іңкәр нәзік ең, Жарқылдап жырлар жазып ең.

Туған жер жатыр толғанып, Сағыныш гүлі солды анық. Жыл бойы сені аңсадық, Бақиға дұға жолдадық. Дауасын тауып сырқаттың, Жауға да жылы тіл қаттың. Досымның асыл жары едің, Көзжасын жел боп құрғаттың.

Тірінің құрсын тірлігі, Болмайтын берік бірлігі. Қазақтың қайсар қызы едің, Адамға адал, үлгілі. Аңыз боп кеттің Сен енді, Ұрпағың Күнге ереді. Өзіңдей жампоз жандарға, Жалғанның бар ма, керегі? ...Нұраның қызы – Салидат, Керемет еді, кең еді... Базарбай Әлеуханұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Алла алады, өзі берген жандарын. Тілейміз біз жұмақтан орын болғанын, Туыс-бауыр, достарынан сұраймыз. Дұға оқып, естеріне алғанын! Сағына еске алушылар: ата-анасы – Манарбек-Жанара, жары – Толғанай, ұлы – Әлинұр, бауыры – Мейірбек, құда-жекжаттары, ағайын-туысқандары, бауырлары. №136

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы І тоқсандағы аудиторлық қызметінің нәтижелері туралы Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2017 жылы І тоқсанда тиімділік аудитінің типі бойынша 5 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Аудиторлық іс-шаралардың барысында 25 объект тексерілді, оның ішінде 24 мемлекеттік мекеме және 1 квазимемлекеттік сектор субъектісі. Аудитпен 68 861 992,2 мың теңге көлемдегі қаражат қамтылды, оның ішінде: жергілікті бюджеттердің қаражаты – 26 508 951,2 мың теңге, республикалық бюджеттің қаражаты – 42 353 041 мың теңге.

дердің тізімін және субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін жолдайды; 4) облыс басқармасы тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізімі келіп түскеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне өтініш берушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттары тізілімін және (немесе) төлем шотын ұсынады.»; 10 тармақтың 1) тармақшасының екінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын: «Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан

18 объектіде 11 987 474,6 мың теңгеге (аудитпен қамтылған қаражат сомасының 17,4%) Қазақстан Республикасының заңнама нормаларының, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары орнатылды. Қалпына келтірілуге (өтелуге) 11 862 753 мың теңге жатады, 11 852 016,9 мың теңге немесе 99,9% қалпына келтірілді (өтелді). Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша: аудит объектілеріне – 5 аудиторлық қорытынды және 18 нұсқама жіберілді, аудит нәтижелері бойынша объектілермен тәртіптік жауап-

бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.»; мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Е.Қошанов, Қарағанды облысының әкімі.

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы «12» мамырдағы № 29/06 қаулысына 1-қосымша "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау " регламентіне 1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау

кершілікке 7 лауазымды адам тартылды; мәслихаттарға – лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн сақтамауының анықталған фактiлерi бойынша 20 ұсыныс; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға (Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ) – 4 аудит материалы жіберілді. Әкімшілік жауаптылыққа айыппұлдың жалпы сомасы 879,2 мың теңгеге 4 лауазымды адам тартылды.

Біздің жарнама телефонымыз

43-21-55 Біздің электрондық пошта

ortalyk. reklama@mail.ru

Қарағанды облысы әкімдігінің Қаулысы 30 мамыр, 2017 жылы

32/02

Қарағанды қаласы

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қарағанды облысы, Әділет департаменті Нормативтік-құқықтық акті 2017 жылғы 15.06 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4281 болып енгізілді

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 55/01 «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 55/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3454 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 5 қарашадағы № 157-158 «Индустриальная Караганда» және 2015 жылғы 5 қарашадағы № 181182 «Орталық Қазақстан» газеттерінде,

«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 30 қазанында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын. 2. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық – инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Е.Қошанов, Қарағанды облысының әкімі.

Қарағанды облысы әкімдігінің Қаулысы 12 мамыр, 2017 жылы Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы «12» мамырдағы № 29/06 қаулысына 2-қосымша "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау " регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

29/04

Қарағанды қаласы

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қарағанды облысы, Әділет департаменті Нормативтік-құқықтық акті 2017 жылғы 14.06 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4275 болып енгізілді

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №56/01 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №56/01 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3473 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 12 қараша-

сында, 2015 жылдың 14 қарашасында № 165-166 (21916-21917) «Индустриальная Караганда», 2015 жылдың 14 қарашасында № 189-190 (22 074) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Е.Қошанов, Қарағанды облысының әкімі.

Сол кезде талайдың отын өшіріп, барын жоқ қылған алапат соғыстан кейін туған ұрпақтардың өзі де бүгінгі күні жетпіске таяп қалыппыз. Кейде балалық шағыңды сағынасың. Сол сағыныштан шығар, түсіңе туған ауылың, сені тәрбиелеген адамдарың, бірге өскен құрбыларың, оқытқан мұғалімдер кіреді. Ежелден дәлелденген, білімнің күре тамыры, өмір бойы қоржыныңда өзіңмен бірге жүретін бастауыш сыныпта алған білімің ерекше болатыны белгілі. Бүгінде ұрпақтары бар, өздері бақилық болған сол ұстаздарымды Алла разы болсын деп еске алып отырмын. Олардың шын мәнінде ұстаздардың ұстазы болғанын мен өзім қырық жыл ұстаздық еткенде, әбден көзім жеткендіктен айтып отырмын. Солардың мектептегі сабақ бергеніне, балалармен қарым-қатынасына, жүріс-тұрысына, мінез-құлықтарына ұқсауға тырыстым десем қателеспеймін деп ойлаймын. Қарқаралының бұрынғы Совет колхозының орталығы, кейіннен Фрунзе, Қ.Аманжолов болып аттары өзгерген Аққора бөлімшесінің сол кездегі мектебі, кезінде соның табалдырығын аттаған әр шәкіртке бауырындай өте ыстық екені белгілі. Мектебіңді жақсы көру, ондағы саған тәлім-тәрбие берген ұстаздарға тікелей байланысты. Елуінші жылдардың аяғында, алпысыншы жылдарда сол мектепте басшы болған Айтбай Дәлдәбеков, Нақыпбек Бегешов, мұғалімдер Мұздыбай Бөдесов, Нұрмағанбет Ақбөкеев, Меңаяқ Бимағанов, Омар Түсіпбеков, Дәмеш Жұмағұлова. Бұлардың қайсысы болсын, мен үшін ұлағатты жандар еді. Ол кездің мұғалімдерінің өзінің ісіне деген көзқарастары бөлек еді. Бірінші сыныпта суық тиіп, 3-4 төрт ай сабаққа бара алмай қалғанымда, жұмасына бір рет демалыс күні Мұздекең атпен арасы 7-8 шақырым қыстаққа келіп, маған тапсырма беріп, сабағымды тексеріп кететіні де есімде. Ол кездің ата-анасы қазіргідей баласына ұрыссаң сотқа бермей, керісінше ең ауыр жазаны өздері беретін. Ойын баласы болғаннан кейін, қыста таудан сырғанақ тебеміз. Сырғанақтың қызығымен кеш болады. Кеш болысымен сабақтарына дайындалсын деген ниетпен Мұздекең, кейде Нұрекең атқа мініп алып, бізді сырғанақтан қуушы еді. Әрине қашпақ боламыз, бірақ – мұз қатып қалған қалың шалбар ерікке көнбей ұсталып жататынбыз. Мұздекең қолы шебер – ағаштан, темірден түйін түюші еді. Сол заманда 7-8 сыныптарда бізді темір жонатын станокта жұмыс істеуге үйретіп шығарды. Мұздекеңнің ұрпақтарына әншілік өнер дарыған. Үлкені Рымтай – Алматыда Қазақконцертте, Амантайы – бақилық болғанша Қарқаралының Мәдениет үйінде еңбек етсе, немересі Саян қазір Алматының Қазақ ұлттық консерваториясында оқиды. Мұздекеңнің Елтай, Естай, Баян атты балалары «Біз әкемізден ерте айрылсақ та, бізді осы күнге жеткізген Несіп анамызға көзі тірі болмаса да, өмір бойы қарыздармыз. Әке-шешемізге, ағаларымызға арнап маусым айының 29 күні сағат 13.00-де Қарқаралы қаласының «Сарыарқа» мейрамханасында ас береміз. Соған әке-шешемізді, ағаларымызды білетіндердің келгенін қалар едік» деп өтініш айтқан еді. Келіңіздер. Өлі разы болуы үшін еске алайық. Серік ҒАЛЫҰЛЫ. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.


6

Сенбі, 24 маусым, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Абай қаласында «Туған жер – тұғырым» атты патриоттық форумы өтті. Туған өлкесінің тағдырына тілекші 5 мыңға жуық адам қатысқан форумда Қазақстан Республикасының халық артисі Ескендір ХАСАНҒАЛИЕВ өнер көрсетті.

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі өнер қайраткері Кеңес ЖҰМАБЕКОВТІҢ «Адасқандар» драмасы (режиссері С.Жұмағали) республикамыздың көптеген театрларында қойылып, үлкен сұраныс тудыруда.

Абай ауданының мәдениет үйінің алдында «Туған жер – тұғырым» атты патриоттық форум ұйымдастырылды. Патриоттық форум театрландырылған қойылыммен басталды. Ол Абай ауданының тарихын сонау хандық дәуірінен бастап, елін, туған жерін жаудан қорғаған Шерубай батырдың көрінісімен ашылды. Сол сияқты, зұлмат жылдардағы КарЛагтан және көмір өнеркәсібінің жасалуынан көрініс көрсетіп, түрлі ұлт пен ұлыстардың тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқандығын халыққа паш етті. Театрландырылған бөлім 500 адамды жинаған хормен аяқталды. Форумда сөз алған Абай ауданының әкімі Серік Шайдаров өз туған жерлерінің өркендеуіне үлес қосып және бұл бағытта еңбек етіп жатқан бірқатар мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін атап өтті. Нәтижесінде, қаламызда 7 жаңа аллея ашылып, 16 көгалдандырылған кішігірім сәулет мүсіні орнатылатын болады. Алда қаншама атқаратын жұмыстардың көп екендігін жеткізіп, әрбір аудан тұрғыны игі іске өз күшін салатындығына сенім білдірді. Сонымен қатар, форумда отансүйгіштігін нақты істермен дәлелдеп жүрген аудандық кәсіпкерлер аталмыш жобаны қолдау мақсатында алда атқарар жұмыстарымен бөлісті. Мәселен, «Шығыс» шаруа қожалығының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Шамиль Осин «Юбелейный» ауылында балалар алаңқайын салатынын, жеке кәсіпкер Виталий Подвысоцкий Абай қаласындағы Степной көшесінің жолын 2 млн. теңгеге жөндеп беретінін жеткізді. Ал, 2 млн. теңгеден астам қаржыға «Астра

Агро ЛТД» ЖШС Көксу ауылы сәулетінің сәнін келтірсе, «Сары-Арқа» агроөнеркәсіп холдингі директоры, аудандық мәслихат депутаты Саяхат Ыбышев жалпы соммасы 3 млн. теңгеге Ақбастау ауылында балалар саябағының құрылысын бастамақшы. «Агрофреш» ЖШС директоры Елтай Арбиев Топар кентінде мешіттің құрылысын бастағанын хабарлап, жеке кәсіпкер Сергей Петров қалалық саябақта 12 млн. теңгеге жуық қаражатқа этноауыл салып, «Поливное» фермерлік шаруашылық басшысы Абдуахат Ибрагимов Қарағанды ауылдық округінде жалпы сомасы 15 млн. теңгеге фитнес залдарын салуды жоспарлауда. Ал, «Шанс» шаруа қожалығының басшысы Игорь Жабяк Көксу елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын салуды мақсат етіп отыр. Жобалардың жалпы сомасы – 500 млн. теңге. Ал, қазақ елінің мақтанышы, Қазақ ССР Халық артисі Ескендір Хасанғалиев пен аяулы жары Дариконың келуі тұрғындар үшін күтпеген жайт болды. Алаңға жиналған көпшіліктің қуанышында шек жоқ. Композитор репертуарындағы «Ауылым», «Туған жер», «Әдеміау», «Анаға сәлем», «Айым болып тудың ба?» атты танымал әндерді халықпен бірге шырқап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Шара Қадыр Мырза-Әлінің сөзіне жазылған «Атамекен» әнімен түйінделді. Бұдан кейін аудандық мәдениет үйі шығармашылық тобының концерттік бағдарламасы салтанатты шараның көрігін қыздырды. Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

Қарағанды театрының қойылымы облыс шеңберінен асып Алматы, Тараз, Шымкент, Павлодар облысы орталығымен аудандарында да қойылып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық музыкалық-драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Р.Тәжібаева қойған «Адасқандар» спектаклі де үлкен абыройға ие болып, облыс аудандары мен қалаларында көп қойылды. Алматыда Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының актерлық факультетінің студенттері Талдықорған қаласында қойып, жерлесіміздің шығармасы жұртшылық көнілінен шыққанын газет журналдан оқып, қуанып қалдық. Драманың өзектілігі әсіресе, жастарды теріс ағымдардан сақтап, жаман пиғылдардан сақ болуға меңзейді. Жақында авторды Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Ақсуат халық театры ұжымы шақырып, ондағы көркемөнерпаздар артистерінің қойған қойылымын көріп қайтты. Мәдениет үйі директоры Ш.Көпшікбаева бастаған өнерпаздар Зайсан қаласында өткен облыстық халық театрлары байқауында бірінші орын алып, басты рөлді сомдаған Қанат Жакилин «Ер рөлін жақсы сомдағаны үшін» номинациясын жеңіп алған. Қуаныштарын автормен бөлісу мақсатында шақырып, биылғы мәде-

Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88 ниет күніне орай К.Жұмабеков Ақсуатта ойындарын көріп, кездесулер өткізіп, жергілікті тарихи мекен-жайларда болып танысып қайтты. «Тарбағатай тауының басында әлі қар, етегі жасыл-желекпен көмкерілген көк майса. Таудан құлаған өзен сулары мөп-мөлдір, даласы малға толған құтты өңір. Жолдары жөнделген. Аудан орталығының архитектурасы көз тартады. Ақсуат өлкесі тарихи орындарға бай екен. Ер Жәнібек, Қаракерей Қабанбай, Ырғызбай әулие бабалар ескерткіштеріне барып, мінәжәт еттім, тәубә жасадық. Бір ұнағаны, ескерткіштердің ел қорғаны болған бабаларымыздың заманына сай /шайқас үстінде, қатулы/ шешімін тауып орнатылғаны. Көріп тұрып қуат аласың, кеудеңді мақтаныш кернейді. Аудан орталығының көшелері таза, әкімдіктің тиянақтылығы көзге көрініп тұр. Мәдениет үйінде бірнеше үйірмелер жұмыс істейді. Драма, би, хор, оркестр – бәрі бар. Бір қуантарлығы, жетекші мамандардың бәрі – арнайы оқу орындарын

Айдана БАЛЫҚБАЕВА, Ә.Мусин атындағы Балқаш гуминитарлы-техникалық колледжінің студенті.

А.БЕКБОЛАТОВА, ҚР Мәдениет қайраткері. СУРЕТТЕ: К.ЖҰМАБЕКОВ Ақсуат халық театры өнерпаздарының ортасында.

Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 43-21-55; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген).

Жастар – елімнің ертеңі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – елдің дамуы мен алға қарай өрлеуіне негіз болатын бірден-бір көпір іспеттес. Жастарға дұрыс бағыт беретін мақалада «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» делінген. Сол үшін біз алдымызға мақсат қойып, санамызды жаңғыртуымыз керек. Біздің Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттері бұл жолда саналы, қоғамға пайдалы қызмет ету керектігін жақсы біледі. Болашақ ел қамын ойлаушы жас ұрпақтан күтілетін басты міндеттің бірі – үш тілді меңгеру. «Өз тілің –бірлік үшін, өзге тіл– тірлік үшін» деп сірә бекер айтылмаған. Бұл ретте, қазіргі әлем тіліне айналған ағылшын тілін мектеп кезінен үйреніп, меңгереміз. Шет тілі болашақта жаңа ақпараттар мен технологиялар, өзге елдермен қарым-қатынас жүргізу үшін қажет. Қай ел болмасын ағылшын тілін білуге ұмтылады. Бұл жолда Елбасы елінің дамуы жолында аса маңызды тың идеялармен бөлісіп отыратын халқының жастарына сенетінін айтады.

бітірген кадрлар. Туған ауылдарының мәдениетін көтеру үшін елге қайтып оралған білікті мамандар. Алматы, Астана, Семей, Өскемен қалаларынан жоғарғы және арнайы оқу орындарын бітіріп, туған жердің түтінін түтетіп, келешек жас ұрпақты өнермен мәдениетке тәрбиелеп жүрген отаншыл жастар. Бәрінің басын қосып, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауын іске асыруда жас ұрпақтың рухани қазынасын жан-жақты өркендетуде ерекше қамқорлық жасап, басшылық етіп жүрген Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының биылғы иегері Шәкен Көпшікбаеваның еңбегі ерен екенін байқадым», – деп ризашылығын жасырмай төгіп салды. Шығармашылық адамына мұндай кездесулердің, творчествалық қарым-қатынастың әсері зор.

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Волковское ауылында Матвеюктер отбасы өз қаражатына балалар алаңын қажетті құрылғылармен жабдықтады. Жаңартылған алаң Балаларды қорғаудың халықаралық күнінде ашылды. Енді, жергілікті балалардың жазғы демалысын қызықты өткізуге мүмкіндік мол. Алаңда әткеншек, сырғанақ, құммен ойнау аймағы мен спорттық құрылғылар бар. Бұл – өңірдегі шаруа қожалығының басшысы Александр Матвеюктің сыйы. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге туыстары мен ауылдастары көмектескен.

– Бұған дейін балалардың ойнайтын жері болмаған-ды. Әрине, барлығы қатты қуанды. Александрдың жұбайы Надежда Матвеюк те – кәсіпкер. Оның дүкені бар. Ауылдастары қолдан келгенше көмек көрсетті, олар әткеншектер

мен спорт жабдықтарын орнатып, оларды бояды. Балалар алаңы 1 маусымда ашылды. Бұл күн Волковское ауылы үшін үлкен мереке болды, – деді Қаражал ауылдық округінің әкімі Сымбат Кенжекеев. Волковское ауылында 188 адам тұрады, олардың елуден астамы – балалар. – Біздің ауылдық округке мұндай сыйлықтар алғаш рет жасалып отырған жоқ. Өткен жылы Қаражал ауылында екі балалар алаңы ашылды. Оларды да кәсіпкерлер – Бақытжан Жұмабекова мен Саламатин және Кеплинг отбасылары сыйлады. Біз осындай ауылдастарымыздың барына қуанамыз және оларға алғыс білдіреміз. Біз оларға Алғыс хаттарын табыстадық. Мұндай істер осымен тоқтамай, ары қарай жалғасын табады деген үміттеміз, – деді ауыл әкімі. Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Елбасы жетістікке жеткен азаматтарға өздерінің туған жерлерін ұмытпауға кеңес беріп, «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруды ұсынды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­ дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­ дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Таралымы 18 100 дана №69 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 баспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru

Сауалына жауабы

Өткен жолғы сауалымызға бір ғана оқырманымыздан екі жауап түсті. Біріншісінде түйе деп жаңылысқанымен, екіншісінде тауып кетті. Оның өзінде – зіл деп жауап қайтарған. Зіліміз – мамонт. Біздің жұмған аңымыз піл болатын. Ал, зіл мен пілдің түбі бір. Олай болса жауап дұрыс. Жауап авторы – Заркен Шамғынов, еңбек ардагері.

Ендігі сауалымызға назар аударыңыздар: Адам етінен кейінгі ең тәтті (дәмді) етті атаңыз. Сілтеме ретінде мына суретті беріп отырмыз. Бұл айтып отырған аңымыздың ең жақын «туысқаны» болады. Сауал сырына үңілген: Төрехан МАЙБАС, этнограф.

Жарнама бөлімі: ortalyk.reklama@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Нұрқанат ҚАНАФИН КОРРЕКТОРЛАР 2,4,6 – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 1,3,5– Ж.АХМЕТОВА

24.06.2017  

Advertisement