Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

www.ortalyq.kz

♦ СЕЙСЕНБІ, 24 ҚАҢТАР, 2017 жыл №9 (22 316) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Алашордаға – 100 жыл

Үздіктер марапатталды Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан» Сәтбаев қаласындағы олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде әр жылдың қорытындысы бойынша өзгелерден озық шыққандарға құрмет көрсету дәстүрі қалыптасқан. Игі дәстүрден жаңылмаған мектеп басшылығы өткен жылы байрақты бәсекелерде топ жарған спортшылар мен олардың бапкерлерін лайықты марапаттау рәсімін жарасымды түрде жүзеге асырды. «Жылдың үздік спортшысы» аталымының жүлделері жеңіл атлеттердің еншісіне бұйырды. Бұл аталымда ІІІ орынға Александра Мохирева тұрақтаса, ІІ орынды Мария Чекалина иеленді. Ал, І орынның жүлдесі Екатерина Парамонованың қанжығасына байланды. Ал, саңлақ спортшыларды бәй­геге баптап қосқан жаттықтырушылар «Жылдың үздік бапкері» аталымы аясында құрмет пен

қошеметке бөленді. Батырлан Өмірзақов пен Қуатбек Тоқтыбаев, тиісінше, ІІІ және ІІ орындарды өзара бөліссе, ардагер жаттықтырушы Владимир Коник ең үздік бапкер ретінде танылды. Салтанатты рәсімде қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан бір шоғыр бапкер-жаттықтырушылардың еңбегі де ескеріліп, марапаттар табыс етілді. СӘТБАЕВ қаласы.

Жергілікті полицияның жүйелі жұмысы Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан» Балқаш қаласындағы Жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы, полиция майоры Нұрлан КӘРІМ жұртшылықпен жүздесіп, өткен жылы атқарылған іс-шаралары туралы баян­ дады. Жергілікті полиция қызметі іске кіріскеннен бері оның тиім­ ділігі бірден байқалды. Халықпен тығыз байланыс жасап, жүздесуге, әңгіме-дүкен құруға, ақпарат алуға мүмкіндік туды. Нәтижесінде, қаладағы 38 учаскелік бөлімшенің қызметкерлері өздеріне бекітіліп берілген аумақтарда тыңғылықты жұмыс жасап, халықтың алаңсыз еңбек етіп, тынығуына, балалардың ойын-күлкісінің бұзылмауына мүмкіндік жасады. Қоғамдық тәртіп бұзушылардың арасында ішімдік ішіп, «шатақ шығарғандар» жиі кездеседі. Бұлардың саны 2438-ге жетіп отыр. Отбасы, тұрмыстық

қарым-қатынасына байланысты да тәртіп бұзушылар кездеседі. Қаладағы 241 бейнебақылау арқылы 3736 құқық бұзушылық анықталып, дер уақытында шара қолданылды. Әрине, мұның ішінде жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғандар жиі кездеседі. Өмір болған соң тонау, ұрлық-қарлық, зорлық, төбелес кездеседі. Міне, осының бәрінде жергілікті полиция үнемі қырағы күзетте жүріп, тіпті, алдын алу шараларының нәтижесінде бірнеше теріс әрекет, пиғылдылардың жолын кесті. Арнайы жүргізілген рейд нәтижесінде жасөспірімдердің бұзақылық жасағаны анықталып, шара қолданылды. Әкімшілік жауапқа тартылғандар өздерінің қателіктерін бірден мойындап, келешекте қайталамауға уәде береді. Жұртшылық арасында халықтың полицияға деген сенімінің азайғаны жөнінде жиі айтылады. Ал, Жергілікті полиция қызметінің нәтижесі халықпен тығыз байланыс жасау арқылы қылмыстың алдын алуға, құқық бұзушылыққа жол бермеуге мүмкіндіктің бар екенін дәлелдеп отыр.

Заманауи Қазақстан – бұл тарихымен бай және жарқын болашағы бар ел. Біздің мемлекеттігіміздің тарихы тереңнен тамыр алады. Біздің мемлекетіміздің күші және оның азаматтық қоғамы ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық-саяси тұрақтылығы, жас әрі жоғары білімді адамдардың сүйеуіне негізделген. Халқымыздың сан ғасыр­ лық даналығы және озық білімді

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» Өткен аптаның қасиетті жұмасында Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатында мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда үкіметі басшыларының бірі – Жақып АҚБАЕВТЫҢ жеке қоры ашылды. Алашорда үкіметінің 100 жылдығы аясында атқарылған шараға ҚР Парламентінің депутаты Бірғаным ӘЙТІМОВА мен «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша ОСПАНОВА және тарихшы ғалымдар қатысып, текті қордың тұсауын кесті. Алаш баласын адамзат өркениетінің алдына шығару мақсатында құрылған Алашорда үкіметінің басты-басты үш тұлғасы Ақтоғай топырағынан. Әлихан мен Әлімхан, үшіншісі осы – Жақып Ақбаев. Қарқаралы петициясын жазған заң магистрі. Білетіндердің айтуынша, бұл петиция сол кездің көзқарасынан көш ілгері, нағыз демократтық бағыттағы құнды құжат көрінеді. Тіпті, бүгінгі азаттықта жазылған құжаттардың аясынан әрі асып жатады дейді кейбір зерттеушілер. Ендеше, Жақыптар көксеген еркіндік енді туады. Әлекең, Жақыптардың дәуірі басталады әлі. Шара шымылдығын облыстық мұрағат директоры Жанагүл Тұрсы­ нова түріп, Қазақстанның ұлттық мұрағат қоры Жақып Ақбаевтың жаңа құжаттарымен толыққанын тілге тиек етті. Алаш арысының жеке қорына оның 1898-1997 жылдар аралығындағы саяси-қоғамдық қызметін көрсететін 32 құжат пен істері тіркелді. Онда қайраткердің өмірбаянына қатысты құнды деректер мен құжаттар, фотоқұжаттар, хаталмасулар бар. Азаттықты Ақбаевтың көзімен бір көрейін дегендерге таптырмас дүние­ лер. Қордың ашылуы барысында Ж.Ақбаевтың немере келіні Бірғаным Әйтімова «Нұр-Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің құттықтау сөзін оқыды: «Жақып Ақбаев – ұлт

азаттығы тарихында елеулі орын алатын бірегей тұлға, білікті заңгер-ғалым, үлкен ақыл мен парасат иесі. Алаштың алып тұлғасының есімін ел есінде қалдыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек», – деген жолдар бар онда. Сонымен қатар, дөңгелек үстелге жиналған тарихшы ғалымдар, еңбек ардагерлері мен сот өкілдері

тарих беттерінен деректер келтірді. Жақып Ақбаев Омскі және Томскі гимназияларында оқыған. Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын белгіге бітірді, сонымен қатар, Санкт-Петербург археология­ лық институтын да оқыды. Омскінің сот ведомствосында әлем соты лауазымын атқарды. Патша үкіметінің

отарлық жүйесіне қарсы Омбы, Петропавловск, Семей, Павлодар, Қарқаралы қалаларындағы революциялық іс-шараларды ұйымдастырушылардың бірі. 1905 жылы Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсыновтармен бірге Қарқаралы халқының отарлық қанауға қарсы наразылық шерулерін ұйымдастырды. Алашорда үкіметін

Ресми

Мезгіл мәселесі

Қазандықтар тексерілді Сағыныш ӘБІЛОВА, «Орталық Қазақстан» Шахан кентінде орын алған оқиға негізінде Қарқаралы ауданындағы жылу қазандықтарына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Нақтырақ айтқанда, білім ошақ­ тары мен мекеме кәсіпорындардағы барлық қазандықтар мен автономдық жылу орталықтарында қазандар және қосалқы бөлшектер тексерістен өтті. Қазандықтар қалыпты жағдайда жылу беруде.

Жолдар жөнделеді Биылғы жылы Қарқаралы қаласының ішкі көшелерінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүр­ гізуге аудандық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, 45 шақырымдық «Қарқаралы – Қ.Аман­­ жолов» бағытындағы аудандық

маңы­зы бар жолдың 10 шақыры­ мына орташа жөндеу жұмыстары жаса­лады. Аталмыш жұмысқа аудан бюд­жетінен 134 млн. теңге қаражат қа­­растырылды. ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

БАЛҚАШ қаласы.

жастардың білімі мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы қиын кезеңін, қолайсыздық және тұрақсыздықтың барлық түрлерін жоюға көмектесті. Президентіміз «Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» дегендей біз үшін ең қасиетті Тәуелсіздік, Бірлік, Даму ұғымы бір-бірімен тығыз байланысқа айналған. Бұл үйлесімділік ретін ешқандай жағдайда бұзуға болмайды. Әсіресе, жастар халқымыздың өркендеуі мен болашағына орай толықтай жауапкершілікті сезінуі қажет. Қазақстан Республикасының жастары Президентімізге жаңа интеллектуалды ұлт құруда берік тірек іспеттес. Тамаша кәсіби шеберлігінің және өз жұмысына деген адалдығы арқылы, бүгінгі жастар ертеңгі мемлекет қайраткерлері, Президентіміздің әрдайым айтатын ұлттық табысты жаңғырту мүмкіндігіне ие болады. Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде:

«Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», – деген еді. «Мәңгілік Ел» – отандастарымыздың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны болып саналады. Біздер «Мәңгілік Ел» болу жолында өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылу қажет. Сапалы еңбек арқылы «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және одан әрі дамытатын бүгінгі жастар екені белгілі. Ол үшін жастар өз Отанын сүйетін ұлтжанды болуы керек. Ата-баба аманатын орындап, келер буынға үлгі боларлық іс жасауы тиіс. Осы ретте Елбасымыз

«Мәңгілік Ел – ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы, деген болатын. Барлық қиындықтар мен қиын-

құрушылардың бірі, Әлихан Бөкейханның жақын серігі. Шара соңына таман «Жақып Ақбаев – саясаткер, патриот, заңгер» тарихи-деректі көрме ұйымдастырылды және облмемархивтің қорынан алынған «Алаш» қозғалысы, «Алашорда» үкіметінің қайраткерлері жайлы деректі фильмдер көрсетілді.

шылықтарға қарамастан, демократиялы, тәуелсіз, егеменді ел болуда Қазақстан өзінің өркениетті отандық мәселелерді шеше алатынын және халықаралық күн тәртібін қалыптастыра алатынын дәлелдеді. Осы табыстарға жетуде таразыға салынған және теңдестірілген мемлекеттік саясат, өзара қағидаларға негізделген, ымыралы шешімге және оңтайлы бәтуаластыққа дағдыланған. Бақытымызға орай, бірлесіп өмір сүру тәжірбиесі генетикалық жадымыз бен қазақ халқының тарихи санасында қалыптасқан. Себебі, Қазақстан жүзден астам халықтар мен ұлттарды біздің қасиетті жерімізде қанатының астына алған. Қазіргі таңда олар бір

адамдай бүкіл еліміздің игілігі үшін, сондай-ақ, спорт, өнер, бизнес және де басқа салаларда өздерінің табыстары мен жоғары жетістіктерінің арқасында біздің республикамыздың даңқын бүкіл әлемге паш етуде. Қазақ жері дарындыларға бай. Олардың есімдері жұрттың жадында. Жастардың ең бірінші кезектегі алдына қоятын мақсаты – аға ұрпақтың аманат еткен құндылықтарын сақтау.

Жарқын ҚАЙРОЛЛА, мамандандырылған музыка мектеп-интернатының биология пәні мұғалімі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

ЕТ, СҮТ ӨНДІРІСІНДЕ – ЕСЕЛІ КӨРСЕТКІШ Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» Өткен жылы облыста 130,5 мың тонна ет өндірілген. Бұл, 2015 жылмен салыстырғанда, 2,6%-ға артық көрсеткіш. Мал мен құстың барлық түрлерінің етін өндіру құрылымындағы айтарлықтай үлес сиыр етіне тиесілі көрінеді. Барлық ет өнімдерінің 46,5%-ы. Қой еті мен қозы еті 18,3%-ды құраса, жылқы еті – 18%, шошқа еті – 9,8%, құс еті – 7,3%, түйе еті – 0,1%. Ал, аудандардың үлесін сараласақ, көштің басында Бұқар жырау ауданы (19%) тұр. Өндірілген еттің Қарқаралы және Шет аудандарына – 14,6%-дан, Жаңаарқа ауданына – 11%-ы тиесілі. Сиыр сүтін өндіру көлемі де (6,6%-ға) артқан. Нәтижесінде, 430,1 мың тоннаны құрады. Табиғи өнім көлемін өндіруде Шет, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарының шаруашылықтары ілгері басқан. Оларға облыс бойынша өндірілген сүт көлемнің 44,6%-ы тиесілі. Тауық жұмыртқасын өндіру 622,4 млн. дананы құрады. Бұл, 2015 жылмен салыстырғанда, 0,3%-ға аз. Тауық жұмыртқасының негізгі көлемін Бұқар жырау (55,7%) және Абай ауданының (35,5%) ауыл шаруашылықтары өндірген. Мұндай ресми деректерді елдің Статистика комитеті алға тартып отыр.


2

билік. саясат. экономика

24 қаңтар, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Инвестиция – игілік

Облыс әкімдігінде

Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ басшылығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде – өткен жылғы жер балансы және пайдаланылмаған егіс алқаптары мен суармалы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту, 2016-2019 жылдарға арналған ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, өткен жылдың қорытындысы және 2017 жылғы мақсатты жұмыстар сөз болды.

Алдын ала дерек бойынша, 2016 жылы облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары 315,4 млрд. теңге инвестицияны игерген. Инвестициялардың 96%-дан астамын ірі және шағын кәсіпорындар игерген. Орта кәсіпорындардың үлес салмағы 3,9%-ды құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлап отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі көзі кәсіпорындар және халықтың меншікті қаражаты – 69,1%. Бюд­жет қаражаттарының үлесі 20,9%-ды құрады. Оның ішінде, республикалық бюджет – 19,1%, жергілікті бюджет – 1,8%. Банк кредиттеріне және қарыз қаражаттарына, сәйкесінше, 4,7% және 5,3%-дан тиесілі. 2015 жылмен салыстырғанда, меншіктік және қарыз қа­ражаттардың үлесі 2,4 жә­ не 0,6%-ға жоғарылаған. Ал, бюджет қаражаттары мен банк кредиттерінің үлес салмағы 2,6 және 0,4%-ға кеміген. Инвестициялар жалпы көлемінің 60,7%-ы – өнеркәсіп­те, 14,5%-ы – көлік және қой­­малауда, 12,3%-ы жылжыма­лы мүлікпен операциялар са­ласында игерілген. Эконо­микалық қызметтің басқа түр­леріне негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 0,1%-дан 2,9%-ға дейінгі көрсеткіші тиесілі. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың басым үлесі Қарағандыда (29,2%) және Теміртауда (15,5%) игерілген. Өткен жылмен салыстырғанда, 2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің артуы облыстың 7 өңірінде байқалды. Едәуір өсім Қарқаралы ауданында байқалды (3,2 есе). Өз тілшімізден.

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – өткен жылғы жер балансы және пайдаланылмаған егіс алқаптары мен суармалы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту бойынша облыстың жер қатынастары басқармасының басшысы Аян Шалмағанбетов баяндама жасады. Оның айтуынша, жер балансы дерегіне сәйкес, облыс аумағының жер көлемі 42 млн. 798 мың гектарды құрайды. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы саласына тиесілі көлем – 14 млн. 22 мың гектар. Яғни, облыстағы жер қорының 32,8%-ы. Бұл

жер аумағы 7 мың 338 жер пайдаланушының атына тіркелген. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Ресей Федерациясы 7 млн. 154 мың гектарды жалға алып отыр. 2015 жылғы 9 ай көлеміндегі облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша, облыс әкімдігі қаулысының 15-ші тармағына сәйкес, қордағы және барлық пайдаланылмаған егістікке жарамды, суармалы жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту бойынша аудан әкімдіктеріне 2016-2020 жылдарға арналған жоспар әзірлеу тапсырылған еді. Аталған тапсырманы орындау мақсатында облыстың жер қатынас-

тары басқармасы аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, жоспар әзірлеп, бекіткен еді. Өткен жылы облыста жер пайдаланушы атына тіркелмеген 418,5 мың гектарды, соның ішінде, 51,4 мың гектар егістікті ауыл шаруашылығы айналымына тарту жоспарланған болатын. Соның нәтижесінде, өткен жылы аудан әкімдіктерімен ауыл шаруашылығы айналымына 367,0 мың гектар жер тартылса, соның ішінде егіс алқабы – 26,3 мың гектар. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы жер­лерін айналымға тарту жоспары 87,7%-ға орындалып, егіс алқабы 51,2 пайызды межеледі. Жоспарды жүзеге асыру бойынша белсенділік танытқан аудандар қатарында Ақтоғай, Қарқаралы және Осакаров аудандары болды. Бұл аудандар жоспарды 252, 204, 100 пайызға дейін орындаған екен. Соның нәтижесінде, өткен жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда егіс алқабы – 41 мың гектарға артты. Бұл туралы облыстың жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Саяш Ахметов те айтып өтті. Өткен жылы наурыз айында «100

нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Елбасы Жарлығымен Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы облыстың білім басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімет берді. Бағдарламада жергілікті атқарушы органдар үшін 4 негізгі мақсат, 14 міндет және 33 көрсеткіш қарастырылған еді. Соның ішінде, әлемдік стандарттар негізінде мектептің білім беру стандарттарын жаңарту, балаларды мектепке дейінгі оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз ету, үштілді оқытуды кезеңдеп енгізу, 12 жылдық білім беруге көшу, мектептерді ақпараттандыру және жылдамдығы жоғары ғаламтормен қамтамасыз ету, мектеп бітірушілерді тегін алғашқы жұмыс біліктілігімен қамтамасыз ету мәселесі айтылған болатын. Бағдарламаға сапалы серпін беріп, жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында облыстың білім басқармасымен іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді.

Қайырымдылық Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Шахан кентінде орын алған төтенше жағдайда ата-анасын жоғалтқан Полина АНДРОПОВАҒА облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдігінің мүшелері пианино тарту етті. Айта кеткен жөн, бұған дейін Қарағанды облысының этно-мәдени бірлестіктері мен Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері Полина Андроповаға арнайы көмек көрсетуге ниет танытқан. Полинаның пианино аспабында ойнауды ұнататынын ескерген ассамблея мүшелері осы аспапты сыйлауға өзара келіскен болатын. Себебі, құлаған үйден оның ескі пианиносын алып шығуға мүмкіндік болғанмен, ол істен шыққан екен. Қонақтарға алғысын білдір-

ген Полинаның әжесі Нина Смирнова: «Ата-анасы музыкамен айналысқанын қалап, көп уақыттарын соған

бөлетін. Полина қазір музыкалық мектепте оқиды. Оның басты арманы – музыкалық аспапта шебер ойнау.

Алдағы уақытта бізді жетістіктерімен қуантады деп үміттенеміз», – деді. Оқушыға фортепианодан сабақ беретін ұстазы Алла Рафикова оның аспапта ойнауда қатарластарынан әлдеқайда алда екенін, болашағынан зор үміт күтетінін айтады. Увайс ДЖАНАЕВ, Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі: – Біз Полинаға ата-анасынан ай­ ыр­ған қайғылы оқиғаны ұмыттыруға аз да болса көмегіміз болсын деген ниетпен келдік. Өзі сүйіп ойнайтын аспабы баланың жабырқаған көңіліне демеу болар деген үміттеміз. Ассамблея мүшелері алдағы уақытта Андроповтар отбасына қарайласып тұратынын жеткізді. Полина қонақтарға Моцарттың «Мэнует» туындысын орындады. Шахтинск қаласы.

Семинар

Құлаққағыс Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Тәттімбет көшесі 10/5 мекен-жайында орналасқан №3 халыққа қызмет көрсету орталығының Кеншілер даңғылы 5/2 мекен-жайына көшірілуіне байланысты, жаңа орталықтың ашылуына дейін дайын құжаттар Мұқанов көшесі 5 мекен-жайында беріледі. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризм қаупіне қарсы күрес шараларын нығайтуды қарастыратын жаңа заңға қол қойғаннан бері, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы күшейтілді. Жаңа заң бойынша,

жалға беруші азаматтар мекен-жай бойынша тұрып жатқан адамдарды тіркеуге міндеттелген еді. Заң биылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгенімен, уақытша тіркелмеген азаматтар 1 ақпаннан бастап жауапкершілікке тартылатын болады.

21 қаңтар күні сағат 12:00-де Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Асхат АЙМАҒАМБЕТОВТІҢ төрағалығымен №93 мектепгимназиясында облыстық ата-аналар жиналысы өтеді.

Диалог алаңында білім саласында орын алған жаңартулар түсіндіріліп, атааналар мен ұстаздар өздерін толғандырған сұрақтарды

Президент тапсырмасын орындай отырып...

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан» Жаңаарқа ауданында Мемлекет басшысының мүгедек жандарға жан-жақты қамқорлық жасауды тұрақты назарда ұстауға қатысты ел Үкіметі мен барлық деңгейдегі әкімдерге берген тапсырмасы тыңғылықты жүргізіліп, тиянақты атқарылуда. Жоспарға сәйкес, атқарылған және жүзеге асырылуы жобаланған жұмыстардың көлемі – осы тұжырымның дәйекті дәлелі.

Аудан әкімдігінің жанынан құрылған қолданыстағы ғимараттарды төлқұжаттандыру жөніндегі комиссия мүгедектердің мекеме-кәсіпорын ғимараттарына еш қиналмай, еркін кіру мүмкіндігін қарастыруға айрықша ден қойып отыр. Бүгінгі күнге дейін жоспарға сәйкес, 61 әлеуметтік маңызы бар нысан төлқұжаттандырылса, биылғы жылы олардың саны тағы 20 нысанға ұлғайтылмақшы. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді орта қалыптастыру жұмыс­­тарын мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржыландыру тетіктері­нің ұтымды қолданысқа енгізілуі – істі ілкімді негізде ілгерілету кепілі. Мәселен, былтырғы жылы аудан әкімдігі мен аудандық мемлекеттік мұрағат ғимараттарында жоғарыдағы талаптар аясында ағымдық жөндеу және

жолдап, ескертулері мен ұсыныстарын айтуға мүмкіндік алады. Жиынға ата-аналар балалары білім алатын мектептер арқылы онлайн-режимінде қатыса алады. Күн тәртібінде балаларды ғаламтордағы жағымсыз сайттардан алшақ ұстау, сондай-ақ, дәстүрлі емес діни ағымдардан

қорғау мәселесі сөз болмақ. Оған қоса, жаңартылған білім беру мазмұнына сай орта білім беруде орын алатын өзгерістер және ҰБТ-ның жаңа талаптары жөнінде айтылады. Ата-аналар үшін қолжетімді «Edumark» қосымшасы, «Айқын» тестілеуінің жүргізілуі жөнінде кеңінен талқыланбақ.

Жағымды жаңалық

жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, стандартқа сай, мүгедектер арбасы кедергісіз жүретін пандустар орнатылып, есіктер айырбасталды және басқа да қажеттіліктер оңтайлы іске асырылды. Зағип адамдардың қауіпсіз қозғалысы үшін арнайы ұстама жабдықтары орналастырылды. Со­нымен қатар, ғимараттардың кіреберістеріне түнгі мерзімде жарық бе­ру шамдары қойылды. Мүдделі тарап мүгедектерге арналып жасалған игі жұмыстардың қолдануға қолайлы болуын, яғни, икемділігі мен сапалық дең­гейін нақты іс үстінде тексеруді де назардан тыс қалдырған емес. ЖАҢААРҚА ауданы.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ «Орталық Қазақстан» Қоғамның негізгі байлығы адамдар, олардың денсаулығы. Елімізде жылма-жыл денсаулық сақтау саласына жіті көңіл бөлініп, оның өзі ұлттық жоспарға енгізілді. Медициналық қызметтің сапасын жоғары сапаға көтере отырып, инновациялық тұрғыда ілгері дамыту күн тәртібіне қойылып отыр. Балқаш қаласының халқы үлкен қуанышқа кенелді. Күні кеше диагностикалық орталық ашылып, қызметін бастады. Диагностикалық орталық арқылы кез келген тұрғын бүтіндей дәрігерлік тексеруден өтіп, өз денсаулығы жөнінде толықтай ақпарат алады. Қаладағы жекелеген емханалардың жолдамасы арқылы кардиолог, травмотолог, онколог,

эндокринолог, нефролог, бала тууға дайындау кабинеті, эндоскопиялық зерттеу бөлмелеріне жаңа талап үрдісіне сай қаралады. Мұндағы қондырғылардың диагностикалық зерттеу мүмкіндігі өте кең.УЗИ кабинеттері бұрынғылардан өзгеше, күрделі. Соған қарамастан, жергілікті мамандар арнайы даярлықтан өтіп, жаңа қондырғыларды бірден меңгеріп әкетті. Мұнда 20 орындық күндізгі емдеу бөлімі бар. Өміріміз жаңалыққа толы. Соның бірі Балқаштағы жаңа диагностикалық зерттеу орталығы болып табылады. Әр науқас денсаулығы жөнінде қажетінше ақпарат алып, емделіп, сауығып кетуіне мүмкіндік жасалады. Балқаш қаласы.

Қарағанды қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі кітапханасында негізгі, жалпы білім беретін, магниттік, эксперименттік мектептер мен Жас ұлан мектебінің кітапханашыларына арналған «Мектепте білім берудегі кітапхананың ролі» атты семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен мұғалімдердің функционалдық және оқу сауаттылығын арттыруда сыни ойлау, сюжетті қабылдау, үйрету, кітап оқуды дамытудағы заманауи әдістер мен формаларды тәжірибеде қолдану, тыңдаушылардың мектеп кітапханасының ролі туралы ойларын мотивациялау, өз жұмысындағы өзгерістерге қатысты шешімдер қабылдау дағдыларымен таныстыру. Кітапханашыларға «Keyword Hexagon» тақырыбындағы шебер­ лік сағаты, «Графикалық органайзер» көмегімен өткен тақырыпты, шығарманы талдау, «Book Dingo» «Book Bingo», «Терминдерді анықта» ойындарымен бес сұрақ көмегімен қысқаша-талдаулар практикалық түрде жүргізілді. «Book Puzzle» активитиінде семинар қатысушылары кітапханадан құрастырмақтың бөлшектерін тауып, көркем шығарманың бетін құрастырса, топпен жұмыс жасап, «Эмодзи» идеограмм графикалық тілі және «Fantasy Cards» картасы арқылы сюжетті қабылдау, түйсіну әдістерімен танысты. Сонымен

қатар, кітапхананың инновациялық жобаларының түрлері туралы мағлұмат алды. Семинарға қатысушылар «Әлеу­меттік ақпарат құралдары – кітапхананы дамыту құралы ретін­де» атты тақырыпты талқылау барысында Қарағанды қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі кітапханасының әлеуметтік парақшаларымен танысты. Өте қызықты, тиімді, еш қиындықсыз, қаржыландырусыз ақ жүр­гізілетін кітапхана жұмысының за­ма­науи қыр-сырымен таныстырған семинар ұйымдастырушылары НЗМ кітапханашылары – С.Ахметжанова мен А.Алиакбароваға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта семинарға қатысушылар үйренген білім-біліктерін тәжірибеде қолданып, кітапхана жұмысын одан әрі жандандырары сөзсіз. Маржан СЕИТОВА, Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені» ТМ(РО)» КММ аға тәлімгері. АҚТОҒАЙ ауданы.


ҚОҒАМ

24 қаңтар, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Облыс әкімінің есебі қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Қазақстан – 2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына үлкен міндет тапсырды. Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, диқандары мен малшылары бұл міндетті жүзеге асыру жолында орасан жұмыс атқаруда.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының және мемлекеттік органдардың тіл саяcатын жүзеге асыру бойынша қызметін сөз еткенде бірқатар басым бағыттарды ерекше атап өтуге болады.

Бірінші бағыт – Мемлекеттік тілді меңгеру Мемлекеттік Бағдарламада мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін 2017 жылға қарай - 80%-ға, 2020 жылға қарай - 90%-ға жеткізу көзделген. Әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша бүгінгі таңда облыс тұрғындарының мемлекеттік тілді әртүрлі деңгейде меңгерген үлесі – 74%-ды құрап отыр. Облыс аумағында әрекет ететін 6 оқыту орталығы мен 8 оқыту курсында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында 2016 жылы мемлекеттік тілге 1796 адам оқытылып, мемлекеттік тілді оқуға ниет білдірген облыс тұрғындарының саны 2015 жылмен салыстырғанда 5,4%-ға артты. Тілдерді оқыту жұмысында бірқатар өңірлерде, атап айтсақ Теміртау, Саран, Қаражал, Сәтбаев қалаларында оң динамика байқалады. Кейінгі жылдары өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді оқып-үйренуге деген құлшынысы артып, оқыту орталықтары мен курстарға қамтылған 1796 тыңдаушының 52,3%-ын өзге ұлт өкілдері құрады. Қарағанды облысы аумағындағы этно-мәдени бірлестіктермен өзара ынтымақтастық орнату мақсатында олардың 20 өкілі қазақ тілінде ақысыз оқытылды. Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында облыстың барлық өңірлерінде бір мезгілде диктант алу жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Диктант жұмыстарына Абай шығармашылығы арқау болды. Бүгінгі таңда тілдерді деңгейлеп меңгертудің халықаралық стандарты негізінде «Балабақша - мектеп - колледж - жоғары оқу орыны» мемлекеттік тілді үздіксіз оқыту жүйесін енгізу жұмыстары жалғастырылуда. Облыс аумағында әрекет ететін балабақша тәрбиеленушілерінің 26745-і, яғни 51,7%-ы таза қазақ тілді топтарда тәлім алуда, оның ішінде 5739-ы өзге ұлт өкілдері бүлдіршіндері. Бұл, өз кезегінде өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілдің жарқын болашағына деген сенімін аңғартып, тіл саясатының оң бағытта жүргізіліп отырғанын көрсетеді. Өңірлерде қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт бүлдіршіндерінің қатысуымен «Қазақшаң қалай, балақай?», «Балақай, үш тілде сөйлесейік», «Балбөбек» байқауларын, «Біз қазақша білеміз» фестивалін тұрақты түрде өткізу дәстүрге айналған. Білім беру саласында жүйелі түрде атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беріп, орта деңгейде қазақ тілін меңгерген мектеп түлектерінің үлесі 21,8%-ға артып отыр. Атап айтқанда, 2015 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 7493 түлектің 68,2%-ы қазақ тілін орта деңгейде білетінін растаса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 90%-ды құрады. 2015 жылмен салыстырғанда қазақ тілінде білім алушылар саны 3331 оқушыға, яғни 3,6%-ға өскен. Соның ішінде, қазақ тілінде оқитын өзге ұлт өкілдері 739-ды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға өскен.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес, барлық ортаарнаулы оқу орындарында «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі» және «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу» пәндері оқытылады. Жоғары оқу орындарының базасында қазақ және орыс тілді топтарға «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша сабақтар жүргізіледі. Бұл сабақтың студентке берері көп, себебі, құжаттарды мемлекеттік тілде рәсімдеу, іс қағаздарын өз бетінше қазақ тілінде толтыру дағдылары осы сабақ барысында қалыптасады. Осылайша, жұмысқа алғаш орналасқан жас маманға оқу орнында жинақтаған тәжірибесі мол пайдасын тигізері сөзсіз. Бұл ретте Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының бастамасымен 2016 жылдың желтоқсан айында «ҚАЗТЕСТ тапсыруға дайындау», «Қазақ тілін жеделдете оқыту» атты онлайн курстарының ашылуы алдағы уақытта тікелей нәтижелерге жетуге зор мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, атажұртқа қоныс аударған қандастарымызды тілдік ортаға бейімдеу, жазу сауаттылықтарын арттыру мәселесіне де бүгінгі таңда ерекше көңіл бөлініп, өңірлерде кешенді жұмыстар жүргізу жолға қойылуда. Облыс әкімдігінің жанынан құрылған, құрамында белгілі қоғам қайраткерлері бар Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру комиссиясы өз жұмысын тұрақты негізде жүргізіп келеді. Былтырғы комиссия отырыстарында жұмыс жоспарына сәйкес, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы - Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясының, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Қарағанды облысы бойынша филиалы басшыларының есептері тыңдалып, тіл саласында орын алған олқылықтарды түзету туралы ұсыныстар берілді. Ағымдағы жылғы комиссия жұмысында «Сарыарқа әуежайы» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ Қарағанды жол бөлімшесі басшыларының есептерін тыңдау жоспарланып отыр. Мемлекеттік бағдарламадағы басты индикаторлық көрсеткіштердің бірі «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді орта және жоғары деңгейде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердегі қызметшілердің үлесін арттыруға бағытталған. 2016 жылы 6700 қызметші Қазтест сынағын тапсырып, олардың тек 5873-і межелік деңгейге қол жеткізген. Атап айтсақ, қызметшілердің 2035-і, яғни, 36%ы орта деңгейді, 189-ы, яғни 3,5%-ы жоғары деңгейді меңгергенін дәлелдей алды. Бұл көрсеткіштер мемлекеттік бағдарламада айқындалған мақсатқа қол жеткізу үшін жеткіліксіз болғандықтан, аудан-қалалардың және мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларына қызметкерлерді Қазтест тапсыруға алдын ала дайындау жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігі жөнінде тиісті ұсыныстар берілді. Сөйлеу мәдениетін дамыту, толерантты тілдік орта құру арқылы тіл мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ, жалпы тіл саясатын насихаттау бағытында ұйымдастырылатын іс-шараларға тоқталғанда классик ақын Қасым Аманжоловтың 105 жылдығына орай өткізілген «Дүниеге келер әлі талай Қасым...» жыр мүшәйрасын, «Таза, мінсіз асыл сөз..» шешендік өнер байқауын, қазақ руханиятының көрнекті өкілі Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің әдеби-шығармашылық байқауын, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Тарих кеңістігіндегі тілдерді дамытудың өзектілігі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияны, облыс әкімінің дәстүрлі «Тіл жанашыры» сыйлығын табыс ету салтанатты шарасын ерекше атап өтуге болады.

2016 жыл – Олимпиада үміттері мен жетістіктерінің жылы болды. Өткен жыл Олимпиада жолдамалары мен медальдары үшін күрескен жыл ретінде есте қалды. Қарағандылық спорт екі жағдайда да сырт қалған жоқ. Спортшыларымыз бірнеше жолдама мен Олимпиада медалін жеңіп алды. Ойындар бізде мықты жастар мен жоғары білікті жаттықтырушылар құрамының өсіп келе жатқанын көрсетті. Облыста 43 спорт мекемесі қызмет етеді. Оның ішінде, 17 мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар және жасөспірімдер мектебі, 7 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 5 облыс қалаларының БЖСМ, 11 аудандардың БЖСМ, спортта дарынды балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мектеп интернаты, олимпиадалық резервті дайындау орталығы, жоғары спорт шеберлігі мектебі бар. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыс қалаларының 5 БЖСМ және аудандардың 11 спорт мектебі ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың бағынысына берілді. Облыстың спорт мектептерінде 28854 спортшы спортпен шұғылданады (2014 ж. – 28204, 2015 ж. – 28376). Осы жылы оқушылар санының өсуі резервтік топтарды жинақтауға байланысты. Олармен – 1006 жаттықтырушы жұмыс жасайды, оның ішінде, 691 штатта (2014 ж. – 983, штатта – 675, 2015 ж. – 994, штатта 690). Жоғары санатты штаттағы жаттықтырушылар саны – 178, І санатты – 92, ІІ санатты – 220, ҚР Еңбек сіңірген жаттық-

тырушылар саны – 53. Жаттықтырушылар құрамының сапасын арттыру, жоғары санатты жаттықтырушылар санының өсуі жалғасуда. Дене шынықтыру және спорт саласын кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету үшін жаттықтырушылар құрамының шеберлігін күшейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы жылы дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және сараптама орталығында, спорт түрлері бойынша халықаралық және республикалық федерацияларда 143 маман біліктіліктерін арттырды. Олимпиада резервін дайындау орталығы жыл сайын Спорт және туризм академиясының мамандарын шақыртып, жаттықтырушылар мен әдіскерлерге біліктілігін арттыру курс-

Екінші бағыт – Лингвистикалық капиталды дамыту Қазіргі таңда мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп, қоғамда ерекше рөл атқаратын «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы – Қазақстандық бірлік пен бірегейлікті нығайтудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр. Облыс көлемінде өткізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысына сүйенетін болсақ, облыста үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) меңгерген тұрғындардың үлесі – 4,5%-ды, орыс тілін - 91%-ды, ағылшын тілін - 6%-ды құрап отыр. 2016 жылдың қорытындысына сәйкес, ағылшын тілін 894 адам оқыған. Бұл бағытта бүгінгі күнге дейін ағылшын тілін оқыту жұмыстары облыстың 11 өңірінде тұрақты жүргізіліп келсе, 2017 жылғы бюджет нақтыланғаннан кейін ағылшын тілін оқыту жұмыстарын облыс көлемінде толыққанды жүзеге асыру көзделген. Жыл сайын түрлі этностардың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтау үшін 700,0 мың теңге көлемінде облыс әкімінің гранты бөлінеді. Оның ішінде облыстық деңгейдегі 24 ұлттық-мәдени бірлестіктің 21-інде әрекет ететін этно-лингвистикалық сыныптарға 3 мыңға жуық тыңдаушы өздерінің ана тілдерін оқып-үйренуге мүмкіндік алып отыр. Сонымен қатар, орта білім беретін мектептер базасында факультативті сабақтар ретінде поляк, кәріс және татар тілдерін оқыту жұмыстары ұйымдастырылған. Есепті кезеңде көптілді жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету мақсатында «Тілдарын», өзге ұлт өкілдері арасындағы «Абай оқулары» байқаулары өткізілді. Сонымен қатар, басқарма жастар арасында үш тілде білім алуды насихаттау мақсатында, «Үш тұғырлы тіл саясаты – жастардың болашағы мен мүмкіндігі» атты облыстық ақпараттық-насихат тобын құрып, Шет, Осакаров аудандары мен Қарағанды, Теміртау қаласында кездесулер өткізді. БАҚ-та аталған тақырыпта арнайы телебағдарламалар, әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, баспасөз беттерінде талдамалық мақалалар жарияланды. Бұл жұмыс үстіміздегі жылы да өз жалғасын табатын болады.

Үшінші бағыт – Тіл саясатын ақпараттық сүйемелдеу 2016 жылы мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу барысына ақпараттық қолдау көрсету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Қала және аудан әкімдіктерімен мемлекеттік тіл саясатын ақпараттық қолдау бағытында тоқсан сайын оқиғалар қатары әзірленіп, соның негізінде арнайы медиа-жоспарлар дайындалды. Жергілікті баспасөз беттерінде мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Қазақ тілін үйренеміз!», «Қазақ және ағылшын тіліндегі сөздіктер», «Орыс және қазақ тіліндегі терминология», «Языковой вестник» айдарлары жұмыс істесе, «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында «Тілтұғырым», 5-арна телеарнасында «Сыр сандық» бағдарламалары, сондай-ақ, Балқаш ТВ телеарнасында орыс, қазақ және ағылшын тіліндегі телесабақтар эфирден көрсетілді. Сондай-ақ, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қоғам дамуындағы артықшылықтары туралы арнайы тапсырыспен 5 бейнеролик түсіріліп, оқырман қауымға ұсынылды. Жалпы, облыстық және жергілікті БАҚ-та тіл саясатын насихаттау бағытында 630 материал жарық көрді. Оның: 558 – мақала, 23-сюжет, 24-бейнесабақ, 20 – телехабар, Сонымен қатар, облыс көлемінде тіл тақырыбында өткізілген іс-шаралар туралы ақпараттар интернетресурстардан жарияланып отырады.

тарын ұйымдастырып отырады. Осы жылы курстар 18-21 мамыр аралығында өтті. Спортта жоғары жетістікке жету көпжылдық жүйелі жұмысты талап етеді, ол жоғары спорт жетістігінің негізі болып табылады. Облыста 96 спорт түрі дәріптеледі, оның ішінде 41 – олимпиадалық, 55 – олимпиадалық емес спорт түрлері. Қаржылай көмек 66 түріне көрсетіледі, 30 спорт түрі демеушілер есебінен федерациялар деңгейінде дамытылып жатыр. Қазақстан Ұлттық құрамасына 87 спорт түрлері бойынша облыстың 1168 спортшысы кіреді. Ол былтырғы жылға қарағанда 8% артық. Облыстың 41598 спортшысы әртүрлі деңгейдегі 749 жарыстарға қатысты. Облыс территориясында 65 халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстар өткізілді. Облыс спортшылары 9226 әртүрлі деңгейдегі медальдарды жеңіп алды (І орын – 3043, ІІ орын – 2728, ІІІ орын – 3 455). Ол 2015 жылмен салыстырғанда 311 медальға артық (2014 ж. – 7227, 2015 ж. – 8915). 2016 жылдың негізгі бастамасы Риоде-Жанейродағы ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындары болып табылады. Оған облыстан 6 спорт түрінен 11 спортшы қатысты. Эльмира Сыздықова қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, облыс спортшыларының 2016 жылы көрсеткен басқа да жетістіктерін атап өтуге болады. Әлем чемпионаттары, Кубоктар және біріншіліктерінде әр түрлі дәрежедегі 35 медаль жеңіп алды.

Төртінші бағыт – Ономастика Елдің ішкі және сыртқы саясаты, оның ішінде тіл саясаты да ономастикалық кеңістікте ерекше із қалдыратыны белгілі. Ел тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде басты жұмыс түрлі тарихи кезеңдерге байланысты өзгеріске ұшыраған тарихи төл атауларымызды қалпына келтіруге бағытталды. 2016 жылы аталған бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, Қарағанды қаласының 40 лет Октября, Шахтостроительная, Луговая көшелері мен 137-ші есептік орамы, Сәтбаев қаласындағы атауы жоқ 2 көше Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен танылған Кеңес Одағы батырларының және ерлігі үшін бірқатар ордендермен марапатталған тұлғалардың есімдерімен қайта аталды. Сонымен қатар, елді мекендерге тарихи атауларын қайтару бойынша Жаңаарқа ауданындағы Ленино ауылына Талдыбұлақ атауы қайтарылса, Түгіскен жалпы орта білім беретін мектебіне белгілі қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың есімін беру туралы ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Өткізілген көпшілік тыңдаулар кезінде ескерілген тұрғындардың оң пікірі негізінде Республикалық ономастика комиссиясына Приозерск қаласының 8 көшесін, Сәтбаев қаласының 1 шағын ауданын қайта атау бойынша ұсыныстар енгізілді. Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламада көзделген «Тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау үдерісін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі» нысаналы индикаторына қол жеткізіліп отыр. Өңірдегі деректемелер мен көрнекі ақпараттың сауаттылығын қадағалау, тілін реттеу, жүйелеу, олардың заңнама талаптарына сай ресімделіп, орналасуы бойынша үгіт-насихат, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, олардың жай-күйін қадағалау мақсатында өңірлердегі әкімдіктер аппараттарының қызметкерлерімен, БАҚ және қоғамдық бірлестік өкілдерімен жылына екі рет «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» атты облыстық айлықтар жарияланып, тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. 2016 жылы осындай айлықтар аясында жүргізілген рейд жұмыстары барысында 5000-ға тарта нысанның көрнекі ақпараттарынан 1000-ға жуық кемшіліктер мен заңбұзушылықтар анықталып, бүгінгі күнге дейін олардың 600-ден астамы (60%) түзетілді. Тіл саясатымен айналысатын облыстық басқарма мен қалалық, аудандық бөлімдер жанынан сыртқы жарнама мен көрнекі ақпараттарда орын алатын заңбұзушылықтар мен қателіктерді түзету және олардың алдын алу, сондай-ақ, тауарлық жапсырмалар (этикеткалар) және т.б. мәтіндерінің қатесіз әрі сауатты жазылуын қамтамасыз ету мақсатында шағын және орта бизнес өкілдері және жарнама агенттіктеріне тегін консультациялық көмек көрсететін «Жедел желі» («Callcenter») қызметі құрылып, басқарма мен бөлімдерден «Жедел желі» жұмысына жауапты мамандар тағайындалған. Биылғы жылы Тілдерді қолдану мен дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың үшінші кезеңі басталды. Тіл саясатының тиімді жүргізілуі еліміздің әрбір азаматының берік ұстанымына байланысты екенін ұмытпағанымыз абзал. Гүлнарайым ҚАҢТАРБЕКОВА, «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ басшысы.

Азия чемпионаттарында – 123 медаль. Облыс бюджетінен 3 кәсіби клуб қаржыландырылады, онда 5 команда өнер көрсетеді. «Сарыарқа» хоккей клубы 2015/2016 жылдар маусымында ЖХЛ – Бүкілресейлік Чемпионатта жартылай финалға жетіп, Альметьевсктің «Нефтянигінен» жеңілді. 2016 жылдың маусымында «Шахтер» футбол клубы Қазақстан Чемпионатында өнер көрсетіп, Премьер-Лига командаларының арасында 9-орынға ие болды. Есептік уақытта облыста: Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 21 адам, ҚР спорт шеберлері – 168 адам тіркелді. ҚР спорт шеберлігіне үміткерлер – 719 адам, «ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» – 8 адам, «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» – 1 адам (Эльмира Сыздықова) атанды. Қазіргі уақытта облыста 54 аккредиттелген спорт түрлері бойынша жергілікті спорт федерациялары қызмет жасайды. Бүгінгі күнге 2841 спорттық объектісі қызмет атқарады. Оның 1094-і ауылдық жерлерге келеді. Үш жылдық өсім 75-ті құрады. Аурулар мен теріс әлеуметтік құбылыстар профилактикасының құралы ретінде бұқаралық спортты дамытуға, спортты жастарды адамгершілік, эстетикалық және зияткерлік тұрғыдан дамытуда пайдалануға баса назар аударылады. Аталған міндеттерді шешу үшін облыста 3 мыңнан аса спорт ұйымдары мен дене шынықтыру ұжымдары жұмыс жасайды. Олардың қызметтерімен облыс тұрғындарының

Осы мал шаруашылығын дамытудың бірден-бір көзі болып асыл тұқымды мал басын көбейту болып табылады. Облысымызда, бүгінгі күнге 101 шаруашылық 15 мың (3%) асыл тұқымды ірі қара малын өсіріп отыр. Сонымен қатар, 10 шаруашылық – 37,5 мың (4,3%) асыл тұқымды қой, 8 шаруашылық – 4 мың (1,7%) асыл тұқымды жылқы, 3 шаруашылық – 25,2 бас (29%) асыл тұқымды шошқа өсірумен айналысады. Асыл тұқымды мал шаруашылығын

2016 жыл облыстың ауыл шаруашылығы үшін өте табысты жыл болды. Бұл табыстың негізі – ауа райының қолайлы болуы, диқандар мен малшылардың ерен енбегінің нәтижесі. Облыс бойынша өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 229,6 млрд. теңгені құрады. Өнім көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 8,6 пайызға өсті. Облыс диқандары биылғы жылы биік көрсеткішке қол жеткізді. Науқан барысында 725,7 мың гектар алқаптағы астық алынды. Нәтижесінде, 1 млн. 14 мың тонна астық жиналды. Орташа түсім – гектарына 14 центнерден айналды. Бүгінде бұл көрсеткіш өте жоғары меже ретінде тіркеліп отыр. Бұған дейін 1979 жылы – гектарына 13 центнерден, 2013 жылы – гектарына 12,6 центнерден өнім жиналған еді. Егін шаруашылығындағы бұл жоғары көрсеткіш шаруашылықтарда жаңа технологияларды кеңінен пайдалану арқылы еңсерілді. Мәселен, ылғал ресурсын сақ-

тау технологиясы егістік алқабының 580 мың гектарында немесе 78,3 пайыз аумағында қолданылды. 2015 жылмен салыстырғанда 29,1 мың гектарға артық. Өткен жылмен салыстырғанда, егіс көлемі 59,6 мың гектарға көбейіп, астық көлемі артты. Тынымсыз төгілген тер мен табанды еңбектің арқасында көл-көсір өнім алған шаруашылықтар бар. Біздің облыстағы негізгі астықты аудандар – Абай, Нұра, Осакаров, Қарқаралы аудандары. Мәселен, Абай ауданында орташа түсім – 20 центнерді, Нұра ауданында – 14,2 центнерді, Осакаров, Қарқаралы, Шет аудандарында 14 центнерді көрсетті. Шаруашылықтар арасында Абай ауданындағы «Макс», «Шанс» шаруа қожалықтары гектарынан – 25 центнер, «Астра Агро» ЖШС гектарынан – 30 центнер өнім алды. Сондай-ақ, Нұра ауданындағы «Шахтер» ЖШС гектарына – 16,6 центнер, «Қайнар» ЖШС – 15,1 центнер, Осакаров ауданындағы «Агросоюз» ЖШС – 19 центнер, «Октябрьское» ЖШС – 18,2 центнер астық орса, Қарқаралы ауданындағы «Жайма» ЖШС гектарына – 25 центнер астық жинады. Астықтың қомақты бөлігін облыстағы ұн өндірісімен айналысатын 12ден астам кәсіпорын сатып алды. Бүгінгі күні 28,7 мың тонна астық экспортқа жөнелтілді. Биыл 13751 гектар алқаптан 305 мың тонна картоп алынды. Облыс бойынша картоптың орташа түсімі гектарына – 221 центнерді межеледі. Ал, кейбір жекелеген шаруашылық құрылымдары бұл межеден асып түсті. Атап айтқанда, Абай ауданындағы «Астра Агро» ЖШС әр гектардан – 360 центнер, «Шанс» шаруа қожалығы – 335 центнер картоп жинаса, Нұра ауданындағы «Шахтер» ЖШС картопты бірінші рет егіп, гектарынан – 330 центнер өнім алды. Мал шаруашылығы – облыс экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылатын агроөнеркәсіп секторының ең әлеуетті бағыты. Біздің аймақтағы ауқымды жайылым жерлер мен қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар аталған саланың ойдағыдай дамуына айтарлықтай септігін тигізуде. Облыста 130,4 мың тонна (2,6%) – ет, 430,1 мың тонна (6,6%) – сүт, 622,4 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Ірі қара саны 3,3% көбейіп, 488,1 мыңға, жылқы малы 4,5% көбейіп, 256,3 мыңға жетті. Сондай-ақ, қой-ешкі – 1014,6 мыңды, шошқа – 81,2 мыңды, түйе – 1,4 мыңды, құс – 3262,2 мыңды құрапды.

жалпы санынан 400 мыңнан астам немесе 29,5% адам қамтылған (тұрғындар саны 1384889). Сондай-ақ, облыста 12190 мың адаммен қамтылған 112 аула клубтары, мектептерде 79416 мың оқушылармен қамтылған 2321 спорт секциялары, 55374 адаммен қамтылған 118 дене шынықтыру-сауықтыру клубтары, 1500 баламен қамтылған 50 әскери-спорттық клубтар, 3895 адаммен қамтылған 18 дене тәрбиесі балалар-жасөспірімдер клубтары, ЖОО-да 15 спорт клубы, 8 мыңнан астам адаммен қамтылған 112 секция жұмыс істейді. Бұқаралық спортты дамыту және дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұрғындарды қамтуды арттыру бойынша барлық жастар санаттары мен тұрғындардың әлеуметтік топтарына есептелген өткізілетін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық іс-шаралары санын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2016 жыл ішінде облыс бойынша 7652 спорттық-бұқаралық шаралар өткізілді, көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 1563 шараға артық. Онда 397172 адам қатысты (2015 ж. – 348813 адамның қамтылуымен 6089 шара). Сонымен қоса 29 мың адамның қамтылуымен 5 облыстық спартакиада өтті. 2016 жылдың 1 наурызынан бастап 4 желтоқсан айының аралығында облыс бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алғыс Эстафетасы» кең ауқымды акциясы өтті. Акцияға Алғыс кітабын беру рәсімі, флеш-моб, эс-

дамытуға мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіліп келеді. 2016 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау мақсатында 3 млрд. теңге бөлінсе, оның 2 млрд. теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылды. Осы жылы ірі қара малды әрі қарай асылдандыру мақсатында Ресей Федерациясынан 1017 асыл тұқымды тайыншалар әкелінсе, «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 5315 ірі қара, (133%), «Құлан» бағдарламасы бойынша 3114 жылқы және «Алтын асық» бағдарламасымен 7196 (147%) қой алынды. Асыл тұқымды шаруашылықтар 4 мың мал­дан алынған төлін сатылымға шығарды. Осы бағыттағы «Ескене», «Жанболат» шаруа қожалықтарының (Жаңаарқа ауда­ ны), «Ақшоқы» ШҚ (Шет), «Қайнар» ЖШС (Нұра), «Қарлығаш» ШҚ (Осакаров), «Ұлан» ШҚ, Жалғас» ШҚ (Бұқар жырау) – ірі қара малын, «Сенім» ШҚ, «Жеңіс» ЖШС (Жаңа­ арқа), «Шолақ еспе» ШҚ (Шет), «Шанс» ШҚ (Абай) – жылқыны, қой малын «Отқан­жар» ЖШС (Нұра), «Жеңіс» ЖШС, (Жаңа­арқа), «Жәмші» ЖШС (Ақтоғай) және «Алишер» (Шет) ШҚ жұмысын атап өтуге болады. Сондай-ақ, Жаңаарқа ауданының «Жеңіс» ЖШС Біріккен Араб Әмірлігіне 3000 бас қой малын экспорттады. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы АӨК өнімдері өндірісінің көлемдерін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу бағдарламасы аясында облыс көлемінде 17 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашу және сүт жинау пунктін құруға 231 отбасы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорғау» АҚ-арқылы 6% сыйақы үстемесімен 638,3 млн. теңге несие алды. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген «50 село концепциясы» жобасы аясында облысымызда 4 ауданның 5 селолық округтерде 117 отбасылық мал бордақылау алаңдары мен сүт тапсыру пункті құрылды. Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу және сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығару – облыс агроөнеркәсіп кешенінің негізгі бағыты болып саналады. Аймақта аталған сала бойынша 329 кәсіпорын жұмыс жасауда, оның ішінде, астық өңдеумен – 23 ,сүт өңдеумен – 7, ет өңдеумен – 40 кәсіпорын айналысуда. Бұл кәсіпорындар жылына құны 95 млрд. теңге болатын 960 мың тонна өнім өндірді. Өндірілген өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 54 тоннаға артық.

тафета, марафон, спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу кірді. Жобаның ең белсенді қатысушылары Балқаш, Сәтбаев қалалары және Осакаров ауданы болды. Жазғы уақытта «Риода жеңіске жет!» ұранымен «Қазына аралы» жаңа жобасы жүзеге асырылды. Аталған жоба әр түрлі жастағы балаларға бос уақыттарын бос өткізбей, сонымен қатар спорт мектептерінде шынайы корттар, манеждер, мұз айдыны, жүзу хауызында спорт түрлерімен танысып, жаттықтырушылар мен психологтардан кеңес алып спорт түрін таңдауға мүмкіндік береді. «Чемпиондармен жаз» жобасы да өз жұмысын жалғастырды, онда атақты спортшылар облыстың қала және аудан алаңдарында балалар спорт мектептерінің жаттықтырушыларымен бірге өз спорт түрлерінің қыр-сырына үйретіп, мастер-класс жүргізді. Жобаға 7 мыңнан астам адам қатысты. Облыста ұлттық спорт түрлері табысты дамуда. Спорттың 11 түрі дәріптеледі (тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату). 42055 адам аталған спорт түрлерімен шұғылданады. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына 18 спортшы кіреді. Басқарма жұмысының көрсеткіштері­ нің бірі – мүмкіндіктері шектеулі адамдар­ды қамту болып табылады. Облыста спорт­пен жалпы 2575 адам шұғылданады. Ол 2015 жылмен салыстырғанда 66 адамға артық. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына 66 спортшы енген.

3

Ауыл шаруашылығының нәтижелі жұмыс жасауына мемлекет тарапынан болып жатқан қаржылай қолдау көп септігін тигізуде. «Агробизнес – 2020» бағдарламасының шегінде 2016 жылы АӨК салаларын мемлекеттік қолдау 10,4 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығы саласы бойынша – 6,1 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығы бойынша – 2,2 млрд. теңге, республикалық бюджеттен (инвестициялық субсидиялау, қайта өңдеуге) – 2,1 млрд. теңге, инвестициялық субсидияға 1,5 млрд. теңге есептелді. Жыл ішінде облыс бойынша шаруашылықтарға субсидия төлеуге 4123 қызмет көрсетілді. Оның ішінде, егін шаруашылығы бойынша 835, мал шаруашылығы бойынша 2874, инвестициялық субсидия бойынша 219 қызмет көрсетілді. «ҚазАгро» АҚ қаржы институттарымен ауыл шаруашылығын дамытуға арзан несие беру арқылы колдау жасалуда. 2016 жылы қаржы институттары арқылы 7,9 млрд. теңгеге 1362 өтінім бойынша несие берілді. Облыс агроөнеркәсіп кешінінде құны 63,4 млрд. теңге болатын 74 инвестициялық жоба жүзеге асты. Негізінен, бұл жобалар Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде «ҚазАгро» АҚ тарапынан шетелдік және отандық инвесторлардың катысуымен жүзеге асуда. Мысалы, «Қарағанды-Нан» Корпорациясы» ЖШС базасында «Өндірісті кеңейту және жаңғырту» жобасы іске қосылды. 608,5 млн. теңгеге жабдықталған зауытта 34 адам еңбекпен қамтылды. Осының нәтижесінде, зауыттың өндірістік қуаты 2017 жылы жылына 3300 тонна макарон өнімдеріне жетеді. Бұл жоба облыста сапалы макарон өнімін ұлғайтуға үлес косуда. Сонымен бірге, Қарағанды қаласындағы «Сангуаж» ЖШС-інде сыйымдылығы 1100 тонна болатын көкөніс қоймасы (134,8 млн. теңге) тұрғызылды. Абай ауданындағы «АПХ «Сарыарқа» ЖШС-інде 3000 малға арналған бордақылау алаңы (710,3 млн. теңге) салынып, экспортқа ет өнімін өткізуге мүмкіндік жасауда. Бұқар жырау ауданындағы «Караганда Осетр» ЖШС-інде тауарлық бекіре балығын өсіру ісі (583,7 млн. теңге) қолға алынды. Бекіре балығын өсіру бұрынсоңды облыс көлемінде болмаған жоба, бұл жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін көбейтуге, өнімнің сапасын арттыруға, экспортқа өнім өткізуге сеп болуда. Республика бойынша кабылданатын «Агроөнеркәсіп кешенін 2017-2021 жылдары дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 236 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Биыл егістік көлемін көбейтуге баса қөңіл бөлінуде, қосымша 74 мың гектар егіс көлемін көбейтіп, оны 815 мың гектарға жеткізіу жоспарлануда. Сонымен бірге, картоп отырғызу, көкөніс егу көлемін арттыра отырып, 686,8 мың тонна бидай, 310 мың тонна картоп, 98,4 мың тонна көкөністер өндіру жоспарланып отыр. Мал басын көбейтуге, мал шаруашылығы өнімдерін молайту жұмыстары өз жалғасын табатын болады. Облыста ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін көбейту негізінен мал шаруашылығының өнімдерін өндіруді арттыру есебінен жүзеге аспақ. Ет өндіру көлемі 131,4 мың тоннаға, сүт өндіру 447,3 мың тоннаға, 6628,6 млн. дана жұмыртқаға межеленуде, экспортқа 500 тонна көлемінде ет шығару жоспарлануда. Мал өнімдерін өндіруді молайту, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану мақсатында іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жылы облыста 37 өндірістік кооператив құру, 17 сүт қабылдау бекеті, 767 мал бордақылау алаңын ашу межеленуде. Осы жұмыстар тиісті қаржымен камтамасыз етіліп отыр. Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қаржылай қолдау шаралары арта түспек. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіп кешенінің қарқынды дамуы арқылы азық-түлік кауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Елбасымыздың ауыл шаруашылығы саласына қойған міндетін орындау және іске асыру мақсатында жұмысты одан әрі жалғастыра бермек. Юржан БЕКҚОЖИН, «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы.

Республикалық және халықаралық 32 түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып 131 медаль жеңіп алынды (53 алтын). Облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарға белсенді қатысады. Есептік жылда мүмкіндігі шектеулі 117 спортшы Қазақстан Республикасының 15 Чемпионатына қатысып, 125 медаль жеңіп алды (51 алтын). 11 адам 7 халықаралық додаға қатысып облысымызға 6 медаль әкелді. Жылдың үздік көрсеткіші есту қабілеті бұзылған жүзу бойынша спортшы Виктор Фрундиннің Тынық Мұхит-Азия ойындарында өнері болды. Сондай-ақ, әлем чемпионатында таэквандо бойынша Аян Абдраш, Елена Салмина, Валентина Антоненко 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Аталмыш спортшылар белгілі нормативті орындап, 2017 жылғы Сурдоолимпиада ойындарына қатысу үшін лицензия жеңіп алды. Осы жылдың жарқын да, маңызды көрсеткіші тірек-қимыл аппараты бұзылған жүзу бойынша спортшы Наталья Звягинцеваның Рио-де-Жанейро қ. 15 жазғы Параолимпиада ойындарына қатысуы болып табылады. Ойында 179 мемлекеттен 4 350 мүгедек-спортшылар қатысты. Қазақстанның мүддесін 22 ойын түрінің бесеуінен ұлттық құраманың 11 спортшысы қорғады. Наталья 100 метр шалқалап жүзу финалында жетінші орынды иеленді. 2017 жыл кең ауқымды және еліміз үшін маңызды шара – Алматы қаласында өтетін 28-ші Қысқы Универсиададан басталмақ. Бұл студенттік ойындарға қарағандылық спортшылар 11 лицензия жеңіп алды. Наталья СУХОРУКОВА, «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысы.


4

рух

24 қаңтар, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz

Өмірде жаныңа жақын, жаратылысыңа жуық жандар көп кезіге бермейді. Көше достық бір бөлек, көңіл достық бір басқа. Көңілмен жарасу – талғаммен табысып, таныммен түйісу деген сөз. Ондай дос тірлігінде жаныңа жарық нұрын себелеумен болса, ғайыптан тайып кетсе, әлгіндей әсем сәуленің енді ешқашан болмайтынын сезіндіріп, жүрегіңе жүк арқалатады. Жүдеу сезімге бөлейді. Мынау фәни жалғанның жарығын небәрі елу екі-ақ жыл жанарынан өткерген ақын Дәуітәлі Стамбеков те өзінің жыр толғау мәнерімен, жан әлемінің жауған қардай таза, тамған шықтай мөлдірлігімен ерекше жаратылған пенде еді. Пенде емес, пендеден шыққан періште десек болар. Өмірде өлеңнен өзге ештеңе іздемеген, тұрмыстың рақатын көздемеген, ұлы бабасы Абай дана айтқандай, «дүние есігін өлеңмен ашып, өлеңмен жер қойнына кірген» жанды періште демей не дерсің?! Өзі де ата тегі мен ана жұрты сойынан алып саралағанда ырысының уызы арылмаған кіл қаракөктің тұқымы еді ғой. Мұның шет жағасын бұрнағы жылдарда жария болған сөзімізде айтқан да болатынбыз. («Жалын» журналы, ақпан, 2004 жыл – А.Б.). Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы «Қоңырат» совхозы оның тербетіліп өскен талбесігі. Көмейіне бұлбұл, қызыл тіліне қырғи ұялап, қазақы дәстүрдің қаймағын қалқуымен атағы тараған бұл ауданның есімін білмейтіндер сайын қазақ даласында санаулы-ақ шығар. Ұлт өмірінде ізін қалдырған арғы-бергі тектілерін тізбелесек, әңгіме мойны ұзап кетпек. Алаштың арқар мүйіз үш арысын өмірге әкелген Тоқырауын топырағынан кіл жүйрік – қылқұйрықтың қаншасы шықпады дейсіз?! Дәуітәліні де сол жақсылардың жұқанасы десек жөн. Өткен ғасырдың апысыншы жылдары ғой. Оншақты бала жарыса өлең жазып, аудандық «Арқа еңбеккері» газетіне маза бермейміз. Жолдаған шимайымыз андасанда құнтиып-шұнтиып шыққанына мәзбіз. Осы тұста аталған газетте Дәуітәлі Стамбековтің бір бет өлеңдері жариялана қалсын. Сондағы бәйге ат туралы өлеңінің алғашқы шумағы әлі есімде: Жүйріктің, ойхой, екпіні ой, Үй жыққан десе, үй жыққан. Делебем қозып кетті ғой, Бәйгені көріп құйғытқан... Жасы жиырманың мөлшеріне жете қоймаған әріптесімнің (менен екі жас үлкендігі бар – А.Б.) аламан бәйгенің табиғатына сай өлең динамикасын дүбірлете дөңгеленткен шеберлігіне сүйсінгенім сондай, жыры көркем ақынның өзі қандай екен деп көрмекке құмарттым. Шынында да, алпысыншы жылдары қазақ поэзиясын соны сапаға көтерген қуатты толқынның біздің өңірдегі алғашқы сәтті жаңғырығы – Дәуітәлі Стамбеков болатын. Ол пенде ретінде қарапайымдылығымен қоса ақын ретіндегі жаңашылдығымен бірден үлгіге айналды. Жақсы ақынмен сол кездегі сәнді мерекелердің бірі – «Шопандар тойында» кездестім. Үстіндегі ақ жейде мен аппақ шалбары осындай түстегі топлиымен жарасқан, қара көзілдірікті, қиық мұртты, бота көз, борық маңдай, бұйра шашты көркем жігіт маған нағыз ақындық пен серіліктің символындай болып көрінді. Бұл кезде оның балғын да байыпты өлеңдері «Лениншіл жас», «Жалын», «Жұлдыз» секілді беделді басылымдарда аракідік жарияланып, әдеби ортаны келешегінен дәметтіре бастаған. Жазғаныңды жарыққа шығарудың мүмкіндігі аз кезең еді ғой. Жалғыз баспа мен үш-төрт басылым аға қаламгерлерден артылмайды. Сонда да әкеміздің ала тайыншасын сатқызып, жылына бір рет Алматыға қолжазбамызды құшақтап барудан жаңылмаймыз. Сондайда түсетін үйіміз, сүйенетін тірегіміз Фарида мен Дәуітәлінің құтханасы. «Келімсектер» кейде бесеу, кейде он боп кетеміз. Балалар оқуға түсетін жаз айларында одан да асып түседі... Сонда «ұлы» өлең жазуға жеткен ақылымыз, «осы біздің ішіпжеміміз, төсек-орынымыз қайдан келіп жатыр» дегенге жетпейді. Бәрінен Фариданың берекелі қолы мен байсалды көпшіл мінезі алып шығады. Қолжазбамызды машинкадан өткізу, редакцияларға жеткізу, баспаға тапсыру да – Дәуітәлінің міндетінде. Жазуымыздың арғы тағдырына бас ауыртып жатпайтын біздер астанаға тойлау үшін келетін сияқтымыз. Мұндай кезде оның нан жеп отырған қызметі жайына қалады. Редакторы Фариза апамыздан сөгіс естиді. Ақтоғайдан келген Абзалды жетеледім, – деп ақталады. Оның кім еді соншалықты? – дейді апамыз. Ол – болашақ ұлы ақын, – дейді бұл іштегі әлі де айыға қоймаған «дүмпудің» әсерімен. Әттең, Дәуітәлінің сол еңбегі еш кетті. Ұлы болмақ түгілі, ұлының ұлтарағы болуға жарамадық қой. Біздің қайсыбір ақындарды «өлең үшін жаратылған жан» деп жататынымыз бар. Солайы солай шығар, бірақ мен білген ақындардың ішінде дәл Дәуітәлідей музаны ғана пір тұтып, басын соның жолына байлаған пенде кем де кем. Ол өлеңін ақын Қасым құсап әлдиледі. Жыр жазуға жеткен дарыны, қулық қуып, құм санауға жетпеді. Әйтпесе, бір совхоздың қаражатын жамбасына басқан бас бухгалтердің баласының Алматының төрінен болмаса да төскейінен дербес үй сатып алуына қабілеті келіп-ақ тұрған. Бірақ баршылыққа бөгіп өскен бала әке дәулетінің қадірін білмегені анық. Бірде дастарқан басында Мәдібек ақсақалдың «Дәуітәлі, сенің институтта оқып жүрген кездегі сайраныңның өзіне үш машинаның ақшасы кетті», – дегені бар. Біздің Дәукең дүние қамын ойлауға келгенде осынша бей-

Дәуітәлі СТАМБЕКОВТІҢ туғанына – 70 жыл марал жан еді ғой. Барында тасымады, жоғында жасымады. Балалар өз несібесімен, – дейтін. Айтқаны келіп, Расулы бүгінде анасы Фариданы Алматының төріндегі төбедей котедж ішінде «адастырып» қойды. Өкініші – осыны Дәукеңнің өзі көре алмай кеткені... Әрине, жұрт атаулыға Дәуітәлідей аскет болмадың, – деу ағаттық болар, бірақ қазір ақындықты ақша мен атақ үшін пайдаланғысы келетіндердің көбейіп кеткені де өтірік емес. Тобықтай түсім үшін таласта түйесін құрбан етуге дейін баратын бұлардың өлеңдеріне қарасаң – тұнып тұрған өнеге. Жаңағы итше ырылдасуының исі де сезілмейді. Кілең бетмоншағы үзіліп тұрған бір жандар немесе жырлар. Балғын кезінің өзінде-ақ: Доспысың, мейлі, қаспысың, Қартпысың, мейлі, жаспысың, Ар үшін неге өлмейсің, Өлесің неге ақша үшін? деп толғаған Дәуітәлінің әлгіндей екіжүзді

Бақыттысың дейді жұрт, келіспеймін, Бір бақытпен бір өмір өлшенбеген. Иә, контрастың қисынына бағып, ойды анық та айшықты жеткізу тәсілін ол жас кезінде-ақ жетік игеріпті. Және бір жақсысы – бұл жалқы ғана жарасым емес. Бой бітімі балдақты білекте отырған қаршығадай жыпжинақы осы қос шумақ бір қайғыдан жасуға да, бір қуаныштан тасуға да болмайтынын көкірегіңе көп әуресіз-ақ қонақтата салғандай. Біздің білуімізде, өлең сөзге келгенде, бала Дәуітәлі де, «дана» Дәуітәлі де тілге ділмәр, ойға тапқыр. «Өмір қысқа...» деп басталатын өлеңінде ақын өмірдің баянсыздығын (баянсыздықтың өзі де философиялық категория ғой – А.Б.) бейнелеуде шын мәніндегі шайыр-философ ретінде көрінеді: Түлкі жылдар алдымыздан сан қашар, Қыс пен көктем, Жаз бенен күз алмасар.

«ақындармен» еншісі бір болуы мүмкін емес еді. Соның зардабын да аз шеккен жоқ... Дәуітәлінің анық жарқ етіп көрінген алғашқы қадамы – әрқайсысын бір-бір үлкен ақынның тобықтай батасы жетелеп, бесалты жас таланттың басын құраған «Қанат қақты» атты ұжымдық жинақ десек қателеспейміз. Сонда оған қазақ поэзиясының өмір бойғы құбылысы болып өткен Сырбай Мәуленов емірене төгіліп ақ тілегін білдірген. Жас ақынның ойнақы оймен орайласқан өзіне ғана тән нәзік лиризмі алдымен осы жинақта бой көрсеткен. Мәселен, бозбала қаламынан туған «Бозторғай» атты өлеңдегі: Алыс пен бағып жан-жағын. Аспанның нұрын сіміріп, Ауаға салып салмағын, Ақша бұлттарға ілініп... іспетті көзіңе көркем көріністі елестететін шумақтар ақынның көру қабілетінің қырағылығынан қапысыз хабар берген. Мұнда бір қарағанда емінген ой да, екпіндеген емеурін де жоқ. Көзіңнің қиығы шалар сурет қана бар. Бірақ «лақтырылған тастай аспанға қадалып қалған торғайдың» «көмейін балға толтырып тілінен тәтті төгуі» сені бір сүйсініске жетелейтіндей. Ақын құйттай тіршілік иесін ашықша үлгі етіп ұсынбағанымен, мәселе меңзеуге келіп ұласқанда мұның шілтері-сезімнің ғана емес, ойдың да жүгін арқалаған өлең екеніне құмбыл боласың. Жұртшылықтың білетініндей, бірыңғай таза ойдың немесе таза сезімнің ақыны деген болмайды. Әрине, қаламгер болмысының әу бастағы табиғатына орай бір жағына басымдық берілуі мүмкін. Дегенмен, Дәуітәлі шығармашылығынан осы екеуінің тізгінін тең ұстағанын байқаймыз. Ол аяулысын алыс жолға шығарып салып тұрған қимастық сезім сәтін сипаттайтын өлеңінде де ойлылықтан ажырағысы келмейді. Өйткені, ой мен сезімнің оябы қашан да ортақ. Жүрегінің жартысы пойызбен бірге кеткендей болып оралған ақын жан күйін жыр жолына түсіргенде сол бір әрі қасіретті, әрі қасиетті мезетті жалаңаштап алудан сәтімен сақтанған. Мұны әдеби әдіс дерміз. Бірақ әдісті қолдану үшін әлеует, тәсілді тұтыну үшін тапқырлық керек емес пе?! Әрине, өлеңді «бір-бірімізді аңсаумен жүрерміз, аяулым» деген үйреншікті ізбен тұжыра салса да болар еді. Бірақ алдында ғана: Біздің де осы мұңымыз – Қоштасар шаққа аз қалды. Пойызды қимай біріміз, Біріміз қимай вокзалды, – деп тебіренген ақын ойдың сабақтастық логикасын дәл сезініп, «пойыз бен вокзал бір-бірін аңсаумен жүрер, аяулым» деп мерген меңзеудің нүктесін қояды.Тапқырлық деп жүргеніміздің де бір мысалы – осы. Өлеңнің «Пойыз бен вокзал» деп аталуы да осындай оңтайлы шешімді оң көрген. Дәуітәлінің балғын жырларының өзінен шынайы сезім мен шымыр ойға ден қоятыны байқалатын. Жасанды леп, жалған жамылғыдан жырақ жүрген ол еншісі қай тұста екенін ерте болжады. Ағысының қатты екені жай көзге байқала бермейтін арнасы кең, аңғары терең өзендердей «өзінде бармен көзге ұрмай-ақ» кемелдене берді. Өмір дейсің, мен де оны жырлай білем, Артық сөйлеп, ол бізді тыңдайды кем. Сорым қалың десе дос, келіспеймін, Өлшенбейді бір өмір бір қайғымен.

Топыраққа түскен ізді топырақ, Қарға түскен ізімізді қар басар. Неткен үйелеп қалмас үйлесім, неткен мәймөңкелеуге көнбейтін морт мінез шындық, неткен меңзеуі мұздай ескерту?! Осыншалық «неткендеріне» қарамастан, неткен төрт аяғы тең түскен тегеурінді шумақ. Тегеурін техникадан емес, текетірескен ойдан келетінін сіз білсеңіз керек. Ол ой – шындыққа суарылған ой. Сондықтан да, қабылдамауға әддің жоқ. Осындай тұрманы түгел төрт тармақты өзін аспаннан ғана көруді әдетке айналдырған қайсыбір ақынның өмір бойы жазған шатпағынан таба алар ма екенсіз?! Аксиомаға айналған бір ақиқат – шын ақын тосын ой, күрт бұрылыстың адамы болуға тиіс. Ежелден белгілі жайтты ежіктеуден аса алмай келе жатқан көптеген әріптестеріміз мұны түсінер емес. Қазақ поэзиясының қазіргі қасіреті – дараны көбейту емес, қараны көбейтуді қанағат тұтатындардың етек алып кетуінде. Өзі де тауып айтқыш Дәуітәлінің мұндайлармен қаны қас болатын. Ылғи жаңаша айту мүмкін болмағанда, ескіні жаңадай етуге күш салушы еді. Сөнуден сақта, Құдай, жанбай жатып, Жанған соң өзіңше жан қанды ойнатып. Өзіңнің өрнегіңді өзің тоқып, Өзге емес, өзің болған қандай бақыт! – дейді ақын өзің болу үшін, тек, өзіңе ғана тән сөзің болуы керек екенін ескертіп. Меніңше, дүние пәле әріптестеріміздің кітап боп шыққан сөздерінің бәрін өз сөзім деп білуінде жатқан сияқты. Кешіріп қойыңыз, кейде өз сөзім деп жүргеніңіз мүлде өзіңдікі болмайтынын да білген жөн... Демек, Дәуітәлінің «өз өрнегіңді өзің тоқы» деуінде бір гәп бар. Сол «гәптің» сырын ашқан адам ғана соқталы сөз өнерін сомдамақ. Трагедиялық драма жанрының атасы Шекспир ақсақал өмір дегеніміз – сахна, әр адам өз ролін ойнап өтеді, – десе керек. Бірақ, біз ұлы драматургтің әр адам Алла қосқан рөлді ғана ойнайды деген сенімін ақтамаған секілдіміз. Ақтаған болсақ, ақын емес бола тұра ақынның, ғалым емес бола тұра ғалымның рөлін ойнайтынымыз қалай?! Әлде заман озған сайын адамшылық қасиеттің де тозғындайтын болғаны ма?! Тіпті, Шекспир шалды тыңдамасақ та Мынау алып сахна – айналамыз, Дайындалып, Жаттығып, Ойланамыз. Өзіңіз де жетесіз өзіңізге, Рөлінде басқаның ойнамаңыз – дейтін Дәуітәлінің сөзіне құлақ ассақ болмас па?! Білгенге, бұл да ақын аңдатқан тосын пікір. Жаңа болмаса да, жауыр болмаған ой. Бүгін үшін де зәрулігі жоғалмаған сөз. Мұны олқы десеңіз, бір сәт «Абайдың ағашынан үзілгенмін» деп асқақтайтын ақынның «Ұлы ақындар өлген күні туады» дейтін қыңырлау қисынына қалай қарайсыз? Бұлар – өлеңнің тақырыптары емес, шумақтың жеке жолдары ғана. Бірақ, замандар бойы әр ақынның әртүрлі ыңғайында толғамды ойға талғажу болып келе жатқан осы бір астарлы ақиқат мына жалқы тармақтың жөргегін, әсте, тарсынбаған. Қайта, тақ қалпының өзінде астарлы ойға жетелеп, тұтас өлеңнің тұлғасын танытқан. Өлеңтану ғылымында «ой сыйымдылығы» деген ұғым бар. Яғни, Абай айтқандай, «бөтен сөзбен сөз арасын былғамай», әр сөздің жүктеулі мағынасына жету. Ақын осы үдеден шығыпты. Жылдар өте келе шығармашылықтағы

Мезгілімнен ертерек сөнсем де мен, Жалынша бір алаулап көрсем деп ем.

байыпты даму эволюциясы оны бұрынғы нәзік лиризмнің нақышынан сүйегі салмақты сақа өлеңдерге жетелегені де байқалатындай. Бұған өзі көріп, қызықтауға тағдыр нәсіп етпеген «Жұмағым мен тамұғым» кітабы айғақ. Мұнда жылдар бойы қалыптасқан мәнер мен машық шын шеберлікке ұласып, іргелі ой, ірі тақырыптарға желі байлапты. Ұлы даланың талайы мен тағдыры, қайғысы мен қуанышы, тарихы мен тағылымы – ақын жырларының үзілмес арқауына айналған. Бұл жырларда дарқан дала ұландарының өр рухы намысқа жаныған алдаспандай жарқылдайды. Отырары опат болып, биік дар ағашына асылғалы тұрған Қайыр ханның айтқанына қараңыз: О, Шыңғыс хан, көрмеді басым нені, Батырды елі сүйеді, ақынды елі. Өліп бара жатсам да сенен гөрі Тәңіріме сүйегім жақын, – деді. Біз стильге сергек, үйлесімге ұқыпты ақынның техникасына сөз шығындаудан аулақпыз. Тек, ой орамына ден қойсақ дейміз. Ғұн да болдым, Сақ та болдым, Түркі де, Жау алдында айналмадым күлкіге... деп биік сөйлейтін ақын, бір мезет айбыны алыс ғасырлардан арымай жеткен Мөде қағанмен мерейленуді де ұмытпайды: О, ғұндардың Тәңірқұты ер Мөде, Тұлпарың да тулап тұрса кермеде, Көкбөрің мен ақсұңқарың жебесе, Тыныш жата алмайсың-ау көрде де. Мөдедей мәрт бабалардан бастау алған сол өр рух бүгін де керек бізге, – деп тұрғандай осы бір жігерлі жыр жолдары. Ал, мына бір өлеңнің мәселесі қай кезде де көнермейтінін ақын жүрегі анық сезгендей: Қадірлім не, Білемін киелім кім, Тек, соларға басымды иемін мың. Бөлшектеймін десе кім бұл даланы, Аттап өтсін үстінен сүйегімнің. Бұл күндері біздерде арман басқа, Қолдар бізді үлкен де, Қолдар жас та.

P. S. Сол бір жан жаралы, көңіл налалы күндерде қара сиялы қалам ұшынан көз жасындай болып тамған жоқтау жырлардың бірі төмендегідей еді: Ақын деген алапат бір айбынмен Жүре тұрған жөн еді. Бақыт түгіл, бас көтертпес қайғыңмен Жүре тұрған жөн еді. Жаңаң жоқ па, көнеліктің көзімен Жүре тұрған жөн еді. Бай болмай-ақ, кедейліктің өзімен Жүре тұрған жөн еді. Азамат ең Алашым, – деп терлейтін, Жүре тұрған жөн еді. Сыйлықсыз-ақ (өлмесеңіз бермейтін) Жүре тұрған жөн еді. Қазақы бір қалпыңменен қастерлі ең. Жүре тұрған жөн еді.

Кетер қонақ сықырлап керзі етігі, Біз қалармыз айналып балбал тасқа. Бүгінде кейбір тірілеріміздің өзі көңіл аударғысы келмейтін жер тағдырына бақилық болып кеткен ақынның алаңдаушылығы – бұл. Кетудің орнына керзі етігі сықырлап келгісі келетіндердің, келіп алғандардың қарасы көбейгені де рас. Ақынның өзі өлсе де сөзі өлмейтінінің дәлелі шығар бұл да. Өзі «күресінде» болғанмен, сөзі күресуде екенау. Иә, өткен ғасырдың алпысыншыжетпісінші жылдары қазақ поэзиясының дәуірлеген тұсы болғаны анық. Небір сейдін ақын, сүбелі дүниелер сол кезде кемел кескін танытқан. Дегенмен, сол әлеуетті буынмен қолтықтаса қадам басатын тағы бір тың күш, тегеурінді толқынның қажеттігі де байқалып қалған. Алайда, Қадыр мен Жұмекен, Тұманбай мен Мұқағали секілді семсер сөз иелерінің өкшесін басып тұрған буынның қауқарлылары болғанымен, қарасыны аз-тын... Ендігі үміт солардан кейінгі буынға артылған. Қазақ өлеңінің бағына қарай, бұлар кілең «мен атайын, сен тұрдың» өзі болып шықты. Мәселен, сол тұста қаңтарда жараған бурадай зар күйіне жүрген дәстүршіл Кеңшілік, тапқыр Жарасқан, әуеншіл Тынышбай, бейнешіл Жұматай, суретшіл Несіпбек, төңкерісшіл Темірхан, өзгерісшіл Иранбек, ойшыл Ұлықбек, сезімшіл Исрайыл, қисыншыл Дәуітәлі қара өлеңнің қандай жүгін де көтеруге дайын боп қалған. Көтерді де. Өмірден өткені бар, бүгінге жеткені бар бұлар сол жүкті әлі көтеріп келеді. Өйткені, асыл ұлдан айырылғанда Абай айтқандай, «қолдарын істен босатар қарағымдар» аз болып тұр. Қадау-қадауы бар да, қарақұрым күшке айналары жоқ. Әдебиет пен мәдениет қысыраған заманның құлындары да күлік тумай, бүлік туып жатқандай. Дәуітәлі мықты болса, оның «жалғыз шапқан ат жүйрік» болуына мұрша бермеген берен достарының арқасы-ау деймін. Ақсораңнан ұшып, Алатаудан тұғыр тапқан Дәуітәлі Стамбековтің артында екі том өлеңі қалды. Ақын үшін аз дүние емес. Бұл – оның қамшының сабынан да қысқа ғұмырында атаққа асықпай, мақтанға масықпай жүріп тындырған шаруасы. Қос кітапты қадағалай қарасақ, қамтымаған тақырыбы, қаузамаған мәселесі қалмаған екен. Ел құсап енші күтумен ерекшеленбей, еміренісіне елдікті, тебіренісіне тектілікті тиянақ етіпті. Аузын ашса ауылы, демін алса даласы өлең боп өріліп, толғау боп төгіле берген. Өзі үздіге сүйген өмір үзеңгісі үзілейін деп тұрғанда да «ертеңіңе алаңмын, Қазақстан» деп өлең жазуға қуат тапты ол. Соңғы мақаласын төсек үстінде әппақ сөлмектей болып жатып, ұлы Пушкинмен аяқтады. Бұлай ету жүздің бірінің қолынан келмес-ау. Он төрт жыл бойы Алматыда аяқ-табағымыз араласып, қалам-қағазымыз алмасып тату ғұмыр кешкен адал дос, анық бауырды бордай босап тұрып келместің кемесіне мінгізгеніме де он жеті жылдың жүзі болыпты. Ет-сүйегі елу екіде қалып, рухы жетпіске жетті, – деп жатыр бүгін ел. Әй, бір қуаныш, бір қайғыдан тұратын тұрлаусыз, өмір-ай! Мұңайып тұрып тойлайсың, тойлап тұрып мұңаясың... Жадымда екі ақынның талант табиғатының тұстастығына байланысты емес, тағдыр-талайының ұқсастығына байланысты ұлы Жұмекеннен айырлып аһ ұрған кез жаңғырады. Жүректің екі дүмпуінің арасында «Менің топырағым» атты мәңгілік ой кітабын жазып үлгірген ақын шығармасына жазған мағынасы мұхиттай терең, мұнарасы мұзарттай биік алғысөзінде өзі де кемеңгерліктің шыңына шығып, шаршысына толған әулие Әбіш Кекілбаев: «Осынша ғұмырлы өлеңдер жазған ақынның өз ғұмыры келте болғаны ғана өкінішті. Ол елуге енді келетін еді. Екінің бірі жетіп жатырған елу ғой...», – деп езіле, егіле тебіренбеп пе еді?! Абыз аға сөзі беймезгіл кеткен басқа бозқасқаларға да бағышталып тұрғандай. Сол елудің әр жақ, бер жағында бір Дәуітәлі ғана емес, оның ордалы ойдың ошағын маздатқан талай үзеңгі досының таралғысы үзілген. Сөздерін жалған дүниеге аманаттап, өздері шын дүниеге шым батқан. Баршасына бір Алланың кеңшілігі бұйырғай. Қайран Дәукем, Сізге де...

Жұртта көп қой, мейлі, жалғыз кәстөммен Жүре тұрған жөн еді. Еншілес ең Есениндей дарақпен Жүре тұрған жөн еді. Мейлі, кінәз коньяк ішсін шараппен жүре тұрған жөн еді. Шындық үшін сен бір қызыл кеңірдек, Жүре тұрған жөн еді. Өлтіріп ап алтын, – дедік, Темір боп жүре тұрған жөн еді. Шерлі, зерлі күйге толған шанақтай Жүре тұрған жөн еді. Қара томға ғана бізді қаратпай, Жүре тұрған жөн еді. Беу, Дәуітәлі! Алматы, 1999 жылдың жаз айы. Абзал БӨКЕН.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан» Қазақ даласының жер асты байлығын игеру экономиканы, әлеуметтік саланы жаңа сатыға көтеріп, дамудың даңғыл жолына түсіретіні сөзсіз. Әрине, ол үшін инновациялық жаңалықтарды батыл енгізіп, жүргізе білудің мәнісі зор. Шет ауданында жер асты байлығын игеру жаңа заманға сай жабдықталып, өз нәтижесін беріп келеді. Ал, «Сары-Арқа Коппер Процессинг» ЖШС-нің Алмалы кен орнында жаңа кен орны ашылып, заман талабына сай өндіріс қуатын арттыратын күндер де алыс емес. Мұнда катодтық мыс өндіру зауытының құрылысын салу жобасы қолға алынып, аймақтық кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. Тиісті мамандардың айтуына қарағанда, зауыт өзінің жұмысын бастаған кезде өңірге айтарлықтай серпін әкеліп, жаңа технологияның дүбірі жақыннан естілетін болады. Зауыт озық түрдегі байыту технологиясымен жабдықталады. Алдын ала жобалық негізге қарағанда жылына 6 мың тонна катод мысын шығаруға қол жеткізеді. Жоба 2016-2019 жылдары аяқталады деп күтілуде. Мұндағы катодтық қалайыдағы мыстың құрамы 99,99 процент. Бәріне уақыт төреші. Халық игілігіне қызмет ететін зауыт құрылысы 14,0 млрд. теңгеге түсіп отыр. Осыншама инвестиция қаражат көзі дер кезінде игерілсе, жаңа жұмыс орындары ашылады. Зауыттың құрылысын салу барысында 450 адам қамтылады. Сондай-ақ, фабрика іске қосылып, өнім өндіре бастағанда 350 жаңа жұмыс орны ашылады. Ең басты қуаныш – Ақшатау, Ақсу-Аюлы, Ақадыр елді мекендерінің халқын жұмыспен қамтуға зор мүмкіндік туады. Шет ауданы.

Байқау

ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдық мерейтойына орай, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Жас сұңқар» әскери-спорттық клубы мен «Бастапқы әскери дайындық және жеке сайыс» кафедрасының бірлесуімен VІІІ қалалық олимпиада өтті. «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша өткен шараның мақсаты – мектеп бітірушілер арасында мамандыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Сынақ бағдарламасында жоғарғы сынып оқушыларының патриоттық тәрбие бойынша теориялық білімдері тест арқылы бағаланды. Және әскери-эстафеталық жарыс қорытындысында физикалық дайындық деңгейлері анықталды. Сайыскерлер әскери-қолданбалы эстафета, автоматты бөлшектеу және жинау, түрлі кедергілерден өту, нысанаға оқ ату, математикалық есептерді шығару, дәрігерлік көмек көрсету және арқан тарту сындарында мықтылық байқасты. Олимпиадаға облыс орталығындағы 12 орта мектептен 14 команда қатысты. Қорытындысында, №23 орта мектеп – І орын, №15 орта мектеп – ІІ орынды еншілесе, №91 және №41 орта мектептер – ІІІ орынды өзара бөлісті. Өз тілшімізден


дүние-дүрмек

24 қаңтар, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Құттықтаймыз! Шет ауданы, Ақсу-Аюлының тұрғыны, ардақты әке, асыл жездеміз Ертай Жарылғапұлы ЖәнібековТІ шын жүректен 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, шаңырағыңызға ырыс-байлық, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Шежірелі де, сазды да, салиқалы жүрегіңізден айналаңызға нұрлы шуағыңызды шаша беріңіз. Гүлмира апатайымыз екеуіңіз Алланың сыйына бөлене беріңіздер дей отырып, төмендегі өлең жолдарын арнаймыз: Құшағың кең, арқаның даласындай, Аталы сөз, қоңыр күй, өлеңге бай. Патша көңіл айналаңа берекесің, Кешегі жігіт бүгінде 70-тегі Ерекесің. Құралақан емессіз сый-құрметтен, Алдыңызға қарайсыз зор үмітпен. Сыйлы шал ұрпағынан қызық көрсін, Шыққан соң арқадағы асыл тектен. Құттықтаушылар: баласы мен балдыздары – Нартай Жәнібеков, Әлібек Кұлсаров, Нұрғанат Тезекбаев. №35

«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік кәсіпорын басшысының бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды Лауазым: БАС ДИРЕКТОР Атауы: Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қалалық жарық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Негізгі қызметі: Қарағанды қаласының инфрақұрылым жүйелерінің тіршілікті қамтамасыз ету саласында жұмыстарды жүзеге асыру. Қала көшелерін сыртқы жарықтандыру жүйесін электр энергиясымен қамтамасыз ететін электр желілерін күтіп ұстау. Электр энергиясын тасымалдау және тарату. Электр энергиясын сату. Қарағанды қаласының қалалық безендіру элементтерін, сыртқы жарнама және ақпарат объектілері жүйелерін қалыптастыру. Орналасқан орны (мекен-жайы): 100024, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Мұқанов көшесі, 59. Телефон 8 (7212) 30-44-19. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: «құқық» (заңтану) мамандықтары бойынша, «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша, «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша жоғары білім; кәсіпорынның профиліне сәйкес саладағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын білу. Осы санаттағы лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкусқа қажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: «Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ (100012, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, кабинет №507, анықтама телефоны: 8(7212) 42-14-15). Конкурсқа қатысу бойынша шығындарды (конкурс өтетін жерге баруқайту жолақысы, тұру және т.б.) азаматтар өз қаржысы есебінен көтереді.

ГУ «Аппарат акима города Караганды» объявляет конкурс на занятие вакантной должности руководителя государственного предприятия. Должность: ГЕНЕРАЛЬНЫЙ ДИРЕКТОР Наименование: Коммунальное государственное предприятие «ГОРСВЕТ» акимата города Караганды. Основная деятельность: Осуществление работ в области жизнеобеспечения систем инфраструктуры города Караганды. Содержание электрических сетей, обеспечивающих электроэнергией наружное освещение улиц города. Транспортировка и распределение электроэнергии. Реализация электроэнергии. Формирование систем объектов наружной рекламы и информации, элементов городского оформления города Караганды. Местонахождение (адрес): 100024, Карагандинская область, город Караганда, район имени Казыбек би, ул.Муканова 59. Телефон 8 (7212) 30-44-19. Общие квалификационные требования к участникам конкурса: образование высшее по специальностям «право» (юриспруденция), по специальностям «экономика и бизнес», по специальностям «технические науки и технологии»; стаж работы по специальности на руководящих должностях в соответствующей профилю предприятия отрасли не менее 5 лет. Требования к участникам конкурса: Знание Конституции Республики Казахстан, законов Республики Казахстан «О борьбе с коррупцией», «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности», «О государственном имуществе», Бюджетного кодекса Республики Казахстан, Трудового кодекса Республики Казахстан, правила и нормы охраны труда, техники безопасности и противопожарной безопасности. Другие обязательные знания, необходимые для исполнения функциональных обязанностей по должности данной категории. Необходимые для конкурса документы должны быть представлены в течении 15 календарных дней с момента публикации данного объявления по адресу: ГУ «Аппарат акима города Караганды» (100012, Карагандинская область, город Караганда, Бульвар Мира, 39, кабинет № 507, телефон для справок: 8(7212)-42-14-15. Расходы на участие в конкурсе (проезд к месту проведения конкурса и обратно, проживание и другое) граждане производят за счет собственных средств. №37

жарамсыз деп танылсын Кильб Владимир Ивановичтің атына берілген жер учаскесінің құжаттары жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын. Кадастрлық нөмірі: 09-136-016-336 № 0490133 №38

Еске алу

Таным ...Тропикалық джунгли өзінің күнделікті қарекетімен қайнап жатыр. Жортқан аң мен асыр салған маймыл даусына сан түрлі құстардың әуені қосылып, маңайдың бәрі у-да шу. Орманның күй базарына, олжаларына мәз болған бесалты Америкалық үндіс өздерінің даурыққан дауыстарын қосып, мәз болысып тұр. Жаңа ғана қолға түсірген, Америка ормандарында мекен ететін бұғы ма, әлде елік пе, бір аңның терісін сыдырып, етін боршалауға кіріскен. Қауырсын қадаған шаштары иығына түсетін, бет-ауыздары бояумен көмкерілген, жайшылықта түстері суық үндістер көңілдене қауқылдасуда. Аңның еркектік белгісін сыдырып алып жатып бір-біріне қарап, «еркек, еркек» деп қояды. Бұл баяндап отырғаным Голливудта түсірілген Америкалық үндістер туралы шытырман оқиғалы «Апокалипсис» фильмінен үзінді. Фильмге аударма жасалмаған. Кейіпкерлердің сөздері төмендегі жазулар арқылы түсіндіріледі. Қазақтар малдың еркектік белгісін ені, немесе басқа да баламаларымен атайтын болса, үндістер «еркек» деп атайды екен. Кейіннен осы жағдай есіме түсіп, ғалымдардың Америка үндістерінің тілі түркілерге келеді деген зерттеулерінің жаны бар-ау деген ойға қалдым. Біздің қазақ әкесі, немесе, шешесі басқа ұлттан болса – «метис» дей береді. Дұрысы, Америка ашылғаннан кейін, Еуропалықтармен жергілікті үндістердің некелесуінен тарағандарды метис дейді. Еуропалықтар Америкаға орналасып алғаннан соң Африкадан негр құлдар тасығаны белгілі. Сол негрлермен жергілікті үндістердің араласуынан туғандарды самбо дейді. Енді Еуропалық пен Африкалық негрлердің некесінен туғандарды мулат дейді. Біздің қазақ басқа ұлттардың арасындағы аралас некеден туғандарды дүбәра дейді. Біз Оңтүстік және Солтүстік Америкасыз, Тынық мұхитсыз глобусты көзге елестете алмаймыз. Алайда, ондай құрлық пен мұхит бар екендігі XV ғасырдың аяғына дейін еуропада бірде-бір адамның ойына кіріп шықпаған еді. Ол заманда глобус түгілі жөні түзу географиялық карта да болмаған. Ақыры, сол замандағы картасымақтарға Генуя қаласынан шыққан итальян саяхатшысы Христофор Колумб өзгеріс енгізді. Оның мақсаты – Үндістан мен Қытайға апаратын теңіз жолын батыстан табу болатын. Ол жердің домалақ екендігін білсе де, бұл жоспар басқалары үшін ақымақтың ісіндей көрінді. Ұзақ жылға созылған айтыс-тартыстан кейін ол жаңа жердің байлығына құмартқан испан корольдерін өзіне қаратқан еді. Сонымен, 1942 жылдың тамызында Колумб 3 кемемен Испанияның Полос қаласынан сапарға шығып, қазан айында Сан-Сальводор (Уотлинг) аралына зәкір тастады. Одан кейін бұлар Куба, Гаити аралдарын басып өтті. Қай аралға бармасын бұларды бойшаң, тобылғы өңді адамдар қарсы алып жатты. Дегені болып, Үндістанға келдім деп ойлаған Колумб оларды үндістер деп атаған екен. Осы сапарынан қайтарында Христофор Колумб бір аралдан үндістердің он адамын Еуропаға ерте келіпті. Бұрын көрмеген халық өкілдерімен кездесу еуропалықтар үшін аса үлкен жаңалық болды. Бұл жөнінде гуманитар оқымысты Пьетро Мартир де Ангьера былай деп баяндаған: «Колумбтың ертіп келген адамдары ешқандай нәсілге жатпайды. Олар үндіс те, негр де, азияттар да емес – жаңа әлемнің жаңа халқы». Бірақ, Америкаға ашылған жол жергілікті үндістер үшін қайғылы аяқталды. Жаңа жерге ағылған еуропалықтар жергілікті халықты аяусыз қырды, тонады, ойларына келгенін істеді. Сол кезде Инк аталатын үндістерде тіпті бір миллионға жететін халық болған екен. Ғалымдар түгілі жай ха-

5

Егіндібұлақ ауданы, Қаратау ауылының тумасы, ата-анасының сүйікті ұлы, балаларының асқар таудай әкесі, аяулы жар, кішіге аға, үлкенге бауыр бола білген Ринат Қайроллаұлынан көз жазып қалғанымызға қасіретті 20 жыл өткен екен. Ринатымыз Ішкі істер органдарында жемісті еңбек етіп, адалдығымен, жаймашуақ мінезімен, кіммен болса да тіл табыса білетін көпшілдігімен әріптестеріне де, ағайын-туыс, бауырларына да аса қадірлі болатын. Әсіресе, өмірінің жалғасы – қос құлынына деген әкелік махаббаты ерекше еді-ау. Осынша жаны жайсаң, өмірге ғашық азаматты кісі қолынан қаза болады деп кім ойлаған?! Амал қанша! Бұл фәниде көрмеген қызығыңды жан-жарың Ботаңның, ұлдарың Арман-Қуанышыңның, тілі былдырлап енді шыққан немерең Нұртілектің көруіне жазсын. Жатқан жерің жайлы, жаның пейіштің төрінде шалқи берсін.

Күнде елестеп нұр бейнең керім Сенің, Тарқата алмай келеміз көңіл шерін. Жүрегіңнің жылуын, әттеген-ай, 20 жыл халқыңа беруші едің. Ұлдарыңды аялап, немереңе, Күнде Күннің шуағын төгуші едің. Адал жарың – Ботаңмен қол ұстасып, Күнде қырдан қызғалдақ теруші едің. Бақытты біз де өмір сүрер едік, Өйткені, Сен соған сенуші едің...

Еске алушылар: Әкесі – Қайролла, жары – Бота, балалары – Қуаныш-Роза, Арман, немересі – Нұртілек, бауырлары, туған-туыстары. №20

Еске алу

лыққа да бұл ел Индия емес екендігі белгілі болды. Сонда бұл қандай жер, қандай халық? Осы жылдарда неше түрлі қауесеттер, болжамдар, айтыс-тартыстар болды. Үндістердің байырғы Отаны ретінде Ежелгі Грекиядан, Римнен, Финикиядан айғақтар іздестірілді. Үндістердің түп атасын іздестіру материк ашылғаннан бастап, XVII–XX ғасырларға дейін жалғасты. Ол жақта Мая тайпасы мекендеген жерден йероглиф хаттар, тастан жасалған пирамида табылғандықтан ежелгі Мысыр мәдениетімен жақындық іздеу де жүргізілді. Ал Колумбке дейін бұл құрлыққа аяқ басқандар да болыпты. 1960 жылы Мексикалық археолог Хосе Гарсия Пайон ацтек тайпасының жерлеу орындарынан б.з.б. II ғасырға жататын Римдік мүсіндер мен б.з.б. IV ғасырға жататын тиындар тапқан. 1956 жылы Экводор аймағынан ежелгі Жапон мәдениетін айғақтайтын қыш құмыралар табылған. Ғалымдар Солтүстік Америкаға викингтердің де барғанын дәлелдеп жүр. Дүлей дауылдар, қатты желдер, мұхит ағыстары жағадан ұзап кеткен Жапон, Қытай, Рим балықшыларын Америка жағалауына жеткізген болу керек. Олардың қираған қалдықтарымен қатар, бүтін қайықпен тірі, не өлі денелерінің қоса жетуі әбден мүмкін. Бірақ, мұндай біренсаран келіп жеткендер материктің халқын құрай алмайтыны айдан анық. Ғалымдардың ұзақ жылғы еңбектері ақыры Америка үндістерінің тілі түркі тілдес елдерге жақын екенін дәлелдеді. Мұндай пікірді XIX ғасырдың соңына қарай Америкалық ғалым Отто Рериг айтты. Сиу үндістерінің ортасында екі жыл өмірін өткізген ол үндістердің тілінің түркілердің тіліне ұқсастығына таңғалған. Оның жазуынша Сиу үндістерінің тілінде «тан-танг» - таңның атуын айтса, «тани-танги» - бізше тану, білу болып шығады. Ата-анасын олар «Ате-ине» дейді екен. Тағы бір швед ғалымы Стиг Викандер 1967-1970 жылдары мая үндістерімен түркілердің тіл ұқсастықтарын салыстыра зерттеу жөнінде бірнеше мақала жариялады. Викандердің еңбектерінен үзінді келтіре кетсек: Мая тайпасы бояуды «бойа» десе, шығу сөзімізді «чык, чыгу» дейді екен. Олардың бор, бору сөздері біздіңше бұру болып шығады. Ал енді қай тайпаның сөздігін қарасаңыз да, санау, сан жағына келгенде көп ұқсастықтар бар. Бәрінен қызығы мая тайпасының үндістері әйелінің сіңлісін «балдиз» дейді екен. Мұндай ұқсастықтар әртүрлі ғалымдардың зерттеулерінде ондап, жүздеп кездеседі. Оның бәрін тізбелей беру шарт емес. Бірақ, қазандық лингвистер М.Әрібжанова мен А.Қаримуллинаның түркі тілін басқа тілдермен салыстыра зерттеуін айтпай кетуге болмайды (Вопросы тюркского языкзознания. Казань. 1976г). Бұл еңбектерінде олар түркі тілін үндіс тілдерімен жақындастырып қана қоймай, шетел ғалымдарының зерттеулерін де тілге тиек етеді. Ол жақта жасалған архео-

логиялық қазбалар Америка құрлығына Азиядан үш дүркін қоныс аударылғанын дәлелдеп отыр. Соңғы қоныс аудару 13-10 мың жыл шамасы делінеді. Ғалымдардың айтуынша, Беринг бұғазы 3 рет өткел бергенде жіңішке дәліз арқылы қоныстанудың үш үлкен толқыны өткен. Шетелдік ғалымдардың көбісі үндістер Азиядан барған, тілдерінің ұқсастығы ғажап дегендерімен де, олардың ешқайсысы оларды түркілердің нақты туысы дегенді қимай жүрген жайлары бар. Темекі, жүгері, картоп сияқты өсімдіктер бізге Америкадан келгені белгілі. Америка үндістерінде темекі мен шылым тартатын түтік әрдайым татулықтың белгісі. Кеңеске жиналған одақтас тайпалардың көсемдері от басын айнала отырады екен. Бұлардың арасынан біреуі шылым түтігін тұтандырып алып, жанындағы көршісіне береді. Сөйтіп, бітім түтігі салтанатты тыныштықта отырған топты тегіс жағалап шығады екен. Ал егерде бір тайпа екінші біреулерге соғыс жариялағысы келсе, соғысам деген тайпаға найза, садақтың оғын, яғни, томаговк жібереді екен. Ал, мәселе бітімшілік туралы болса, темекі мен түтік жіберетін болған. Ишарамен түсіндіру біздің бабаларымызға тән құбылыс. Елімізді жаулап алмақ болған парсы патшасына сақ патшасы құс, тышқан, құрбақа және бес садақ оғын жіберіпті. Бұл: «Сендер құстар сияқты ұшуды, тышқандар сияқты жер астына тығылуды, құрбақа сияқты батпақты жерлерден секіруді білесіңдер ме? Егер мұны білмесеңдер бізбен соғысам деп әуре болмаңдар. Онда сендерге тек қана өлім дегенді білдіреді екен. Осы орайда ақын Қадыр Мырза-Әлінің жазғаны еске түседі. Ұзын-ырғасы былай: «Бірде көше аралық автобуспен келе жатсам екі жігіт мені меңзеп «гызыл дері» - деп тұр екен. Шақырып алып сөйлессем, осы Қазақстанда жұмыс істейтін, Америкада оқыған түрік жігіттері екен. Менің түрімді Америка үндістеріне ұқсатыпты. Сондықтан, «қызыл тері» - деп тұр екен.» - дей келіп ол кісі де үндістердің сөз жақындығына тоқталып кетеді. Дегенмен, үндістердің тілі бізге келетінін, Азиядан барғанын дәлелдегіміз келгенімен, туыстығымыз келмеске кетті. Бірақ, үндістер деп жүрген Американың байырғы тұрғындары Азиядан жаяу қоныс аударғандар. Соңғы қоныс аудару 10 мың жыл бұрын дейтін болсақ, ол кезде Ұлы Дала тұрғындары әлі жылқыны қолға үйрете қоймаған уақыт болады. Бабаларымыз жылқыны қолға үйретіп, басқаларға шалбар киюді үйрететін заман берірек, 5600 жыл бұрын делінеді ғалымдардың зерттеулерінде. Түркілердің қоныс іздеп Азиядан Америкаға жаяу барғандығы рас болса, олардың әрекеті Ұлы Дала тұрғындарының көшпенді атанғандарын тағы да растап тұрғандай. Балапан ЖУАНЫШБАЕВ. Жаңаарқа ауданы.

Мұрат Қасымұлы Хайруллин Семей облысы, Жарма ауданы, Қазаншұңқыр ауылының тумасы, негізі Қарқаралы ауданының Бесоба ауылынан. Руы – Мойнақ. 1946 жылы алты жасында Қарағандыға көшіп келгеннен бері Қарағанды қаласының тұрғыны Мұрат Қасымұлы 21 желтоқсан 2016 жылы дүние салды. Мұрат Қасымұлы – Алматы консерваториясының түлегі, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде қызмет жасады. Өмірінің соңына дейін жастарды музыка өнеріне баулып, оны сүюге тәрбиеледі. Оқушыларының жоғары дәрежеге жеткенін көріп, олардың әкесіндей қуанатын. Қарқаралы ауданында «Салтанат» ансамблін құрып, оны Франция астанасы Парижге апарып, 19-шы халықаралық фестивальдің лауреаты атағын алып қайтқан күндерін ұмытпаймыз. Өмірдегі еңбектері еленбей қалған жоқ. «КСРО арнайы орта білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының арнайы орта білім беру ісінің Құрметті қызметкері» және көптеген басқалары. Бірге тусаң да бірге жүрмек жоқ дегендей, Алланың дегені болады екен. Адамның, үкіметтің ала жібін аттамай еңбек ету екінің бірінің қолынан келе бермес. Мұрат бауырым сондай жан еді. Ағайын, туғандарға сыйлы болды, қолынан келген көмегін аямады. Достарына, шәкірттеріне қадірлі болды. Жасамаған жасы мен көрмеген қызығын соңында қалған туғандары, ұрпағы көрсін дейміз. Төрімізден алатын орнының үңірейіп қалғанын көргенімде көздің жасын көл қылып тия алмаймын. Не шара, енді қайтып оралмайсың, мәңгілік мекеніңде дамылда. Топырағың торқа болсын, бауырым! Еске алушы: апасы – Ермек Қасымқызы.

№36

Қарағанды облысының әкімдігі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, әділет полковнигі Дархан Тұрсынұлы Қанатбековке анасының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қарағанды қаласының әкімдігі және Қарағанды қалалық мәслихаты Ұлы Отан соғысына қатысушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Әбушахма БекбалаКовтың қайтыс болуына байланысты марқұмның туысқандарына және жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Абайская» шахтасының және Көмір департаментінің басшылығы, кәсіподақ ұйымы, Ардагерлер кеңесі, Қарағанды көмір бассейнінің ардагерлері Ұлы Отан соғысының ардагері, Қарағанды көмір бассейнінің ардагері, «Абайская» шахтасының зейнеткері, 104 жасында өмірден озған Әбушахма БЕКБАЛАКОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагері Әбушахма БЕКБАЛАКОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Құрметті қала тұрғындары! 2017 жылдың 26 қаңтарында Қарағанды қаласында 2017 жылғы қысқы Универсиада Алауы эстафетасы өтетінін хабарлаймыз. Осыған орай, 11.30-13.00 сағат аралығында Бұқар жырау даңғылы бойындағы автокөлік жолының «Шахтер» стадионынан Нұркен Әбдіров даңғылы қиылысына дейінгі учаскесі жабылады. Ал, 14.00-16.00 сағат аралығында Бұқар жырау даңғылы бойындағы автокөлік жолының Нұркен Әбдіров даңғылы қиылысынан «Мұз Сарайына» дейінгі учаскесі жабылады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Қарағанды қаласының әкімдігі.

Жарнама бөлімінің электрондық поштасы: ortalyk.reklama@mail.ru


6

24 қаңтар, 2017 жыл www.ortalyq.kz

ДҮБІРГЕ ТОЛЫ ДҮНИЕ

Ұлт пен Рух

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

Айхой, бұлбұл бағында сайрап жүріп, Ару-Муза басымды айналдырып; Дүрия- дәурен, осыноу дүнияда, Дәуітәлімен жүруші ем сайран құрып! “Бала емессің, қарасаң--білдей жігіт?! Тіршілікті көзіңе ілмей--құрып! Кетесің ғой?!.”- деп маған кейуші еді, (... Соның жөнін өзі де білмей жүріп...). Жұматай да бар еді, Жарасқан да, Табысқан да кездер көп, (таласқан да); Қайда қалды сондағы құс базары? ... Қалай ұшып кетті екен бәрі аспанға? Күлсе де олар сақылдап күлетұғын, Жүрсе де олар лапылдап жүретұғын! ... Халтуршиктің сондағы бәрі тірі – (Қалай өмір сүруді білетұғын!). Қай көкесі оларды өбектетті, “Мынау ұлдар біздерден бөлек...” – депті? Дәлдүрішін қасыма қалдырды да, Дәуітәлі де солармен жөнеп кетті! Айхой, бұлбұл бағында сайрап жүріп, Ару-Муза басымды айналдырып; Дүрия- дәурен, осыноу дүнияда, Дәуітәлімен жүруші ем сайран құрып! ... Ару-Муза басымды айналдырып ... 10.06.2016 ж.

Бәрекелді!

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» ХХVІІІ Қысқы Универсиада ойындарына қатысушылар қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін татпақ. Өткен аптада Универсиаданы ұйымдастыру дирекциясы спортшыларға ұсынылатын тамақ мәзірі таныс­ тырылды. «Атлеттер ауылындағы» асханада бес түрлі тағам мәзірі дайындалуда. Бұлардың қатарында қазақтың ұлттық дастарқаны, шығыс, батыс, вегетарияндық және халал тағамдар бар. FISU талаптарына сәйкес, атлеттердің тәуліктік калория нормасы 400-4500 килокалорияны мөлшерлейді. «Royal Catering» компаниясы бас директорының орынбасары Индира Ахметованың айтуынша, тағамдар таңдауы сан алуан. Жаһанның әр қиырындағы елдердің тамақтары әзірленбек. Ас мәзіріне, тіпті, пицца, стейк, паста, спрингролл, тай елінің «Том Ям» сорпасы енгізілген. Спортшылар қазақтың ұлттық тағамдарын да тұтынады. Арнайы шайхана жұмысы ұйымдастырылады. Қонақтар ет, қуырдақ, нарын секілді тағамдардың дәмін татады. Атлеттердің тамақ мәзірінде сүт өнімдері, ет, нан маңызды орын алмақ. «Қазақпараттың» хабарлауынша, Универсиада кезінде «Алатау алабында» этно-фестивалінің тұсауы кесілмек. Нақты айтқанда, «Алатау» театрының аумағында өтеді. Фестиваль Универсиада алауы жағылған күні басталады. Универсиада тәмамдалғанша жалғасады. Фестиваль аясында ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесі өткізіледі. Павильондар, киіз үйлер, дәстүрлі қойылымдар қойылады.

«Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Ұлттық тағам түрлері таныстырылады. Бұдан бөлек, шаһардағы кітапханалар мен мұражайларда спорт тақырыбына арналған көрмелер, виртуальді слайд-саяхаттар жасалады. Көрмелер мен шеберлік сабақтары төрт кезеңде өткізіледі. Бұлар «Балалар әлемді біріктіреді» көрмесі – «Халық – Арена», «Алматы – Арена» сарайларында, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында, Республика сарайы алдындағы алаңда,

«Шығармашылық әлемді біріктіреді» көрмесі – «Халық – Арена», «Алматы – Арена» сарайларында, «Спорт әлемді біріктіреді» атты ретроспективтік көрме және пленэрлік жұмыстар көрмесі – Универсиаданың барлық спорттық нысандарында, «Универсиада сәттері» көрмесі – Универсиада нысандары, Алматының Жаңа мұражайында өтеді. «Алатау» театрында күн сайын «Жер жаннаты – Жетісу», «Інжу-маржан», «Ағажай, Алтайдай жер қайда...» және тағы басқа тақырыптарда

дәстүрлі музыка концерттері өткізілмек. 29 қаңтар – 8 ақпан аралығында Қазақ мемлекеттік циркінде арнайы цирк бағдарламасы, ал, 10 ақпанда «Республика» сарайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сейдолла Бәйтерековтің шығармашылығына арналған «Жан досым» концерті ұйымдастырылады. Сондай-ақ, қазақстандық спорт жұл­ дыз­дары жанкүйерлермен кездеседі.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында балалар шығармашылығын дамыту мақсатында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге жас суретшілердің әртүрлі техникада орындаған 400-ден астам жұмыстары қойылды.

Бір айта кетері, қалалық өнер мектебі

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан» Шахан кентіндегі көпқабатты үйде орын алған қайғылы жағдай барлық қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырғаны белгілі. Біреудің қателігі – екіншіге сабақ болары анық. Осынау оқыс оқиғадан кейін Жаңаарқа ауданының әкімі Ғабдрахман ОМАРОВ шұғыл жиын өткізіп, саланың жауапты басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Шахан кентінде орын алған төтенше жағдайдың қайталанбауын қамтамасыз ету жөніндегі облыс əкімі бекіткен іс-шаралар

Хоккей

«САРЫАРҚА» – үздік үштікте Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы өткен аптада Жоғары хоккей лигасының кезекті екі матчында Воскресенсктің «Химик» командасы мен Тверьдің «ТХК» командасынан басым түсті. Сөйтіп, «Сарыарқа» командасы жанкүйерлер қалағандай өнер көрсетті. Сырт елдің мұз айдынында жерлестеріміз жеңіс туын желбіретті. Алғашқы болып «Химик» командасымен ойнаған «сарыарқалықтар» бәсекелестерін тізерлетіп, 1:4 есебімен жеңіске жетті. «Химик» командасы алғашқы кезеңде есепті қысқартқанда-

оқушыларының акварель, май және мүсіндік терракот композициядан жасалған жұмыстары жылына екі рет көрермен назарына ұсынылады. – Көрмеден мектеп оқушыларының қызықты суреттерін көруге болады. Жас суретшілер ғажайып өнер әлемінде бейбітшілік және өзге де тақырыптарды терең қамтыған. Мұндай көрмелер оқушыларға ерекше шабыт сыйлайды,– деді облыстық бейнелеу өнері мұражайының ғылыми қызметкері Дәурен Көшен. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Қауіпсіздік – жіті қадағалауда

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

рымен, одан әріге шамалары жетпеді. Бұдан кейін «Сарыарқа» командасы сырт елдегі екінші кездесуін «ТХК» командасымен өткізді. Өзге елдің мұз айдынында да жерлестеріміз тізгінді қолдан шығармады. Бұл жолы да қарағандылық Даниил Ердаков алғашқы болып қарсыластарының қақпасына шайба салып, есеп ашты. Екінші кезеңнің жиырмасыншы минутында алаң иелерінің қақпасына Иван Фищенко мен Сергей Банашков шайба тоғытты. Ойын барысында Александр Дельнов және Дмитрий Бойчук Қарағанды қаласының командасына шайба салды. Әйтсе де, саннан сапа басым болып, ойыншымыз Евгений Орлов қарсыластардың қақпасынан саңылау тауып, есеп 2:4 болды. Тверліктер жерлестерге бірнеше рет қауіпті соққыларды бағыттағанымен айла-

сын асыра алмады. «Сарыарқа» хоккей клубы осы жолы да жеңіске жетті. Сырттағы екі кездесуде біздің хоккейшілер ерледі. Енді, «Сарыарқа» Санкт-Петербург қаласында жергілікті «Динамо» командасымен кездесетін болады. Айта кетейік, Жоғары хоккей лигасының турнир кестесінде Өскеменнің «Торпедо» командасы 89 ұпаймен алдыңғы орында. Ал, «СКА-Нева» командасы 87 ұпаймен екінші орын тұғырынан көрінді. «Сарыарқа» хоккей клубының жинаған ұпай саныда 87-ге жетті. «СКА-Нева» командасы жерлестерімізден соғылған шайба есебімен ғана алға шығып отыр. Үшінші орынға шыққан «Сарыарқа» командасы 42 кездесу өткізіп, оның 29-ын жеңіспен аяқтады. 13 кездесуінде қарсыластарына есе жіберді.

Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41

Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85.

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан»

Өз тілшімізден.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36

Жарнама, факс: 91-04-52; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08.

Көрме

№41 мектеп жанындағы балабақшаның «Балауса» тобының тәрбиеленушісі Әлинұр Тұрбек зияткерлік сайыста жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды. Мектепке дейінгі мекемелер бойынша баланың шығармашылық әлеуетін ашуда сайыстар ұйымдастыратын «Үркер» зияткерлік орталығының жүлдесін иеленді. Білімқұмар бүлдіршіндерге арналған республикалық шарада Әлинұр ЭКСПО көрмесіне арнаған бірнеше тақпақты жатқа айтуымен ерекшеленді. Талабы таудай Әлинұрдың білім көшіндегі қадамына сәттілік тілейміз.

Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45

жоспарын сапалы орындау үшін аудан əкімінің өкіміне сәйкес, арнайы жұмыс тобы құрылды. Аудан əкімінің орынбасары Бақытжан Мұқанов жетекшілік жасайтын жұмыс тобының құрамы аудан орталығындағы барлық қазандықтарды тыңғылықты тексеруден өткізіп, жылу беру жүйелерінің талапқа сай жұмыс істеп тұрғанына тағы бір мәрте көз жеткізді. Тексерулер аясында қауіпсіздік шараларының қапысыз атқарылуына ерекше көңіл бөлінді. «Сақтансаң – сақтайды» қағидасын қатаң ұстанған аудан әкімдігі мен коммуналдық сала қызметінің өкілдері аталған мәселеге үнемі әрі жіті мән беруді назарда ұстап отыр. ЖАҢААРҚА ауданы.

Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Таралымы 18 100 дана №9 Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 6аспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Рауан ҚАБИДОЛДИН КОРРЕКТОРЛАР 2,3,4 беттер – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 1,5,6 беттер – Ж.АХМЕТОВА

24 01 2017  

Advertisement