Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

www.ortalyq.kz

♦ СЕНБІ, 22 СӘУІР, 2017 жыл №44 (22 351) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Имамдар форумы: ОРАМДЫ ОЙ, ҚУАТТЫ ҚҰЖАТ... Күні кеше Елордамыз Астана қаласының «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Ислам және өркениет» деген тақырыппен ІІ республикалық имамдар форумы өтті. Оған еліміздің 500-ден астам имам­ дары мен теолог мамандары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Форум аясында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің басшылыққа алуымен уақыт талабына сай қос құжат қабылданды. Адамды имандылық пен ізгілікке тәрбиелейтін дініміз Исламды заманауи бағытта жетілдіре түсетін құжаттар «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы мен «Ханафи мәзһабы мен матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы аталмыш форумда кеңінен түсіндірілді. Бүгінгі таңда имамдарға деген талап, міндет түбірімен өзгеріп келеді. Діни жетекшілердің білімі, ақыл-парасаты, ойөрісі, халықпен тіл табыса жұмыс істеуі, іскерлігі, жат ағымдағылармен көркем мәміле орнатуы, мұсылман қауымының өзара береке мен бірлігін қамтамасыз етуі сынды қажетті қасиеттеріне назар аударылуда. Бұл да өз кезегінде біздің қоғам алдындағы жауапкершілігімізді арттырып, жаңаша ізденістерге, тиімді тәсілдерге жетелейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қос құжатта көрсеткен қағидаларды халық арасында кеңінен насихаттап, діни басқарманың алға қойған игі мақсатын орындап, дінімізді мемлекетіміздің рухани тіректерінің біріне айналдыру, қоғамды имандылыққа, тазалыққа шақыру, Қазақстанның әлем қауымдастығындағы беделі мен абыройын арттыру секілді қызметін және діни істер реформасын әрі қарай өркениетті жолмен жалғастыра беру біз үшін үлкен міндет және абырой. Жуырда ғана Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жайында тағы да ауқымды бағытты ел назарына ұсынды. Бәріміз таныс болғандай, осы жолдаған бағытында елдің әлеуеті мен рухани тұтастығын көтеретін, бірігу жолы мен білім ғылым жайында тың тақырыптар қамтылған. Елбасымыз басым бағыттарын айта келе: «Осының бəрін егжей-тегжейлі айтып отырғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мəдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», – деген болатын. Иә, қазіргі кезде қисынсыз сын ай­ тып, жетістігімізді жете бағаламау үр­ діске айналмауы тиіс. Ұлтым деген әрбір азамат әлемдік жаһанданудың құрбаны болмас үшін ана тілін, төл дінін, ділі мен болмысын көзінің қарашығындай сақтауға бар күш жігерін жұмсауы керек. Кешегі өткен форумда Елбасымыз айтқандай, рухани жаңару мен даму те­тіктері қарастырылып, сөз жүзінде насихатпен шектелмей, іс жүзінде ізгі іс-шаралар атқаруға пәрмен берді. Ке­ зінде қазақ халқымызды рухани тоқыраудан сақтап қалған ханафи мәз­һабы мен ұлтымызға тән ата-бабамыз салған сара жолмен алға жүретін кез келді. Бұл жолда өркениет биігіне қадам басқан халқымыздың діни таным түсінігі мен дәстүрі сабақтасып даму үрдісін жалғастыра беретіндігіне сеніміміз кәміл. Өмірзақ БЕКҚОЖА,  ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы, Қарағанды облыстық мешітінің бас имамы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ шығарма­ шылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуге белгілі жазушылар Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков жəне Смағұл Елубаев қатысты. Елбасы өнердің, шығармашылықтың ел-жұрт пен бүкіл қоғам өмірінде маңызды орын алатынын айта келіп, шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне сəттілік

Елбасы Н.Назарбаевтың «Бола­ шаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақа­ ласындағы бастамалардың ма­ңызын бойға сіңіріп, бірінші болып қолдау көрсетуіміз керек. Елбасы 2012 жылы желтоқсан айында Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауында, 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін жария еткен болатын. Осынау жағымды жаңалықтың қашан қолданысқа енетінін асыға күткеніміз рас. Тіліміз бен тарихымызды төрге шығаратын маңызды мәселенің сәті түскеніне қуаныштымыз. Президент осы мәселенің пісіп жетілгенін бағамдап, 2017 жылдың ая­ ғына дейін ғалымдармен ақылдаса оты­рып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керектігін қадап айтты. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептер-

тіледі, сондай-ақ, оларға ел тəуелсіздігін нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Əңгіме барысында ел өмірінің мəдени-гуманитарлық саласымен қатар, қоғамдық-саяси саладағы кең ауқымды мəселелер қозғалды. Атап айтқанда, ла-

ге арналған оқулықтарды дайындауға әзірлік жұмысын жасау қажет. Латын тілі – әлем өркениеті мен техникалық прогрестің әліпбиі. Елбасы мақаласының маңызын терең түсініп, оны орындауға, білек сыбана кірісуге, әрбір қазақстандық міндетті. Біздің ендігі борышымыз тіліміздің мол қорын келешек ұрпаққа мұра етіп қалдыру деп ойлаймын. Енжарлықтан арылып, ұрпақтың ке­лешекте сауатты болып, өзгелермен терезесі тең тұрғыда ой таластыруы үшін бүгіннен бастап 1929 жылдан 1940 жылға дейін ата-аналарымыз жазып, оқыған латын тілін үйренуге, қолдау білдіруге шақырамын! Жолмұрат КЕҢЕСОВ, «Приозерск қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің басшысы. ПРИОЗЕРСК қаласы.

тын əліпбиіне көшу, демографиялық ахуал, көші-қон сая саты, үш тілде білім беру жүйесін енгізу, тағы да басқа мəселелер қамтылды. Қазақстан Президенті өзінің таяуда жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының кейбір бағыты мен басымдықтарына тоқталды. Тəуелсіздік жылдарында іске асырылған ірі шығармашылық жобалардың маңызды мəселелері талқыланды. Мəселен, Қазақстан аумағындағы тарихи-мəдени ескерткіштер мен нысандарды қалпына келтіруге септігін тигізген «Мəдени мұра» бағдарламасы, сондай-ақ, əлемнің

жетекші архивтерінен еліміздің тарихына қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинақтап, талдау жүргізуге мүмкіндік берген «Халық тарих толқынында» бағдарламасы əңгімеге арқау болды. Нұрсұлтан Назарбаев туған жерге деген сүйіспеншіліктен бастау алатын патриотизм тақырыбын жандандыру қажеттігіне назар аударды. Соңында Мемлекет басшысы рухани жаңғыру жөніндегі қазақ стан- дықтар алдында тұрған міндеттердің маңызы зор екеніне тоқталып, елді дамыту үшін оларды жүзеге асырудың өзектілігін атап өтті. («Егемен Қазақстан» газетінен).

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай, аудан әкімі Ғабдрахман Омаровтың төрағалығымен актив жиыны өтті. Аудан басшысы Елбасының бағдарламалық мақаласының жариялануы соңғы күндерде ел өміріндегі қоғамдық-саяси маңызы зор оқиғаның бірі болғанын тілге тиек етті. Елбасы экономикалық және саяси жетістіктерімізді дамытудың рухани бағдарламасын ұсынған. – Бұл мақала барша қазақстандықтардың, оның ішінде, жаңаарқалықтардың ыстық ықыласына ие болды. Президент мақаласында Қазақстан халқының таяуда Үшінші жаңғыру жолына түскенін еске салды. Біз отандық тарихтағы жаңа лептің куәгері болдық, ол қоғамның ұлттық санасын жаңғыртуы тиіс. Бұл бағдарлама – ұлтымыз үшін маңызы терең, ауқымы зор, өнегесі мол, халқымызға рухани азық болатын айтулы дүние. Өткен тарихи ке-

зеңдерге сындарлы баға беріліп, рухани даму бағытымыз айқындалған. Ұлт Көшбасшысы қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс екендігін айтты. Біздің міндетіміз – Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, мақалада көрсетілген жобаларды жүзеге асыру, – деді аудан әкімі. Жиында аудандық Ардагерлер кеңе­ сінің төрағасы, еңбек ардагері Ғалым Төтеев, аудандық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясының Жаңаарқа аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұргүл Орынбасарова және аудандық С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың әдіскері Гүлмайра Жақұпова ой-пікірлерін білдірді.

ЖАҢҒЫРЫҚ

(«Орталық Қазақстан», 18.04.2017 жыл) Қаламгер Мағауия Сембайдың «Латынның өзі жоқ, қарпі қалған» тақырыбындағы мақаласын «Орталық Қазақстан» газетінің сайтынан оқыдым. Мағлұматы өте көп мақала! Бұрындары Эстония, Латвия, Литва, Грузия мен Армения елдерінің өз алфавиті бар екендігін білсем де, олардың тілін сақтап қалуы жолында жылдар бойы үлкен күрес жүргізгеніне осы мақала арқылы көзім жетті. Сондағы ойым – ғасырлар бойы елін, жерін «найзаның ұшымен, білектің күшімен» жаулардан қорғап қалған батыр, қайсар халқымызға тілі мен дінін қорғау қиындау болғаны ма? Жожоқ, мүлдем олай емес! Қазақ халқы – өте жан-жақты және ұлы халық. Латын әліпбиіне көшу – сананы сергітудің жолы. Тілдің шұбарлануы­ нан құтылудың бастамасы. Бұл оңай шаруа емес, ондаған жылдар керек. Мақала авторы жазғандай, «Ше­ шінген судан тайынбайды». Халқым, елім деген азаматтар осы бастаманы қолдап, жұмылады деген ойдамын. Адамның жанын толғандырар мәселелерді көтеріп жүрген Мағауия ағамыз­ ға, көкіректі оятар газетке мың да бір Рахмет! Зарина БАҚЫТҚЫЗЫ, Екпінді ауылының тұрғыны. Іле ауданы, АЛМАТЫ облысы.

Индира АСАМИДАНОВА, аудан әкімінің баспасөз хатшысы. ЖАҢААРҚА ауданы.

(2-бетте)

Баспасөз – 2017

Қалалар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 4942, 50 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2752, 50 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2452,50 тг.

«Қазпочта» АҚ Индексі: 65484

Ауылдар бойынша

газетіне екінші жарты жылдыққа жазылу басталды

Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 5085, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2865, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2625,00 тг.

Газет редакциясында басылымға баспа құны (жеткізіп берусіз) бойынша баламалы түрде жазылу жүргізіледі. Анықтама телефоны: 43-57-78

(6-бетте)


2

Сенбі, 22 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Ауданда – жаңа басшы

Ерсін МҰСАБЕК, «Орталық Қазақстан» Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ ЖезқазғанҰлытау өңіріне жасаған екікүндік сапары барысында аймақ тұрғындарының көкейінде жүрген осы түйткілдің түйіні тарқады. Жаңа басшының өзекті мәселені танудағы аңғарымпаздығы мен іскерлік бастамалары халық көңіліне риясыз сенім ұялатты. Бұл – аймақ басшысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданына облыс әкімі ретіндегі тұңғыш сапары. Сондықтан да, өңір тұрғындары облыс әкімін үйдей үмітпен күткен-ді. Үміт ақталды, сенім серпілді. Ашығы – сапар салмақты шықты. Әдеттегідей, халықтың игілігі үшін емес, үлкен әкімнің сапары үшін сыланып, сырланатын нысандарды аралаумен шектелмей, қордаланған проблемаларды қотарып, салмақты сараптама жасауға басымдық берілді.

ауқымды жұмысқа 2 млрд. теңге қаралып отыр. Бірінші кезеңіне тиісті 1 млрд. теңге бөлінді. Екінші кезеңінің қаржысы мамыр айында шешіледі. Жөндеу жұмыстары қазан айында толық аяқталады деп күтілуде. Жезқазған өңірінің тұрғындары үшін бұдан асқан сүйіншілі хабар жоқ. – Жезқазғанның болашағы – зор. Транзиттік дәліз мәселесі шешім тапты. «Жезқазған-Бейнеу» теміржол магистралі салынды. Ғылыми әлеует жеткілікті – өз университетіміз бар. Қаланың төңірегінде жаңа кен орындары игеріліп жатыр. Тек қана әлеует толық пайдаланылмай отыр. Сондықтан, мен Жезқазған қаласын дамытудың алдағы үш жылға арналған жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Онда экономиканың жетекші салаларынан бастап – балалар алаңына дейін қамтылуы керек,– деді Ерлан Жақанұлы өзінің түйін сөзінде. Қала әкімі Батырлан Ахметовтің баяндамасы мен қала аялдамасындағы әңгіменің арасындағы алшақтықты жақындату, тіпті, қабыстыру жөнінде қатаң тапсырма жүктелді. Ең бастысы, ел көңіліне сенім ұялады.

Тығыз кесте, тыңғылықты тапсырма Иә, аймақ басшысы сапарының кестесі өте тығыз болды. Соған қарамастан, облыс әкімі бірнеше өндірістік һәм әлеуметтік нысандарға ат шалдырып, өңір тынысының өлшемі боларлық жағдайлардың жай-жапсарымен танысты. Әуелі қалалық емханаға ат басын бұрған. Мұның да себебі бар. Өйткені, Жезқазған – өндірісті қала. Экологиялық ахуалы ушығып тұр демесек те, мәз емес. Тұрғындардың көбінің «басы ауырып, балтыры сыздайтыны» – сондықтан. Осы орайда, облыс әкімін алаңдататын бір ғана мәселе – қызмет көрсету сапасы. Емхананың бүгінгі көрсеткіштері – көңіл көншітерлік. Бір ауысымда 250 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы. 35 білікті дәрігер қызмет етеді. Оның 20-сы – жоғары және бірінші санатты дәрігерлер. Ғимараты – қызмет көрсетуге барынша қолайлы. Емхана базасында консультативтік-диагностикалық, зертханалық бөлімшелер, күндізгі стационар, алдын алу және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету бөлімшелері жұмыс істейді. Сондай-ақ, емхана заманауи медициналық техникамен, арнайы құралдармен 65 пайызға жабдықталған. Облыс әкімі назарына бұл жерде соңғы жылдары ана мен бала өлімінің тіркелмегендігі және туберкулезге шалдыққандар көрсеткіші 16 пайызға кемігендігі туралы маңызды ақпарат ұсынылды. Бұл – емхана қызмет көрсететін аумақтағы көрсеткіш. Аймақ басшысы әлі де болса жұмысты ширатып, қызмет сапасын көтеруді тапсырды. Екінші нысан – Жезқазған байыту фабрикасы. Ерлан Жақанұлына тау-кен рудасынан алынатын байытылған мыс концентратын алатын фабриканың жұмыс процесі, өндірістік қуаты, кешенді жаңғырту бойынша «Қазақмыс» корпорациясы» басшылығының қолға алған жоба-жоспарлары таныстырылды. Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі мен жұмыскерлердің әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалған жоқ. Бұдан кейін облыс әкімі «Қазтехфильтр» ЖШС-нің өндіріс алаңында болып, 41 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты. 2010-2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы негізінде іске қосылған жобаның жалпы құны – 463,7 млн. теңге. Мұнда жүк көліктерінің, автобустар мен арнайы техникалардың сүзгілері жасалады. Негізгі тұтынушылары – «Қазақмыс» корпорациясы», «Казгерстрой» ЖШС (Астана), «Центр МТС-Сервис» ЖШС (Алматы), «Тора» ЖШС (Қостанай), «Майкубен-Вест» ЖШС (Павлодар). Барлық сұраныс көлеміне жасалған болжамға сәйкес, кәсіпорын 2017 жылы 11 мың сүзгі шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 70 млн. теңге несие рәсімдеп, өндіріс көлемін ұлғайту да жоспарда бар. Мыс шаһарындағы білім ошақтары да облыс әкімінің назарынан тыс қалған жоқ. Қаладағы білім ошақтарының қарашаңырағы №8 гимназияға арнайы бұрылып, айтулы білім мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, оқу-тәрбие жұмыстарының жағдайымен танысты. Сонымен қатар, академик Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде де болып, еңбек нарығын білікті мамандармен қамтамасыз етуде өзіндік орны бар білім ордасының бүгінгі ахуалына назар аударды. 1290 студент білім алып жатқан жоғары оқу орнының ел экономикасындағы ролі мен маңызына ерекше тоқталған Ерлан Жақанұлы университет басшылығына маман даярлаудағы дәстүрлі әдістемелермен қатар, заманауи технологияларды жүйелі әрі ауқымды пайдалану қажеттігін тапсырды. Уақыт пен сапар кестесінің тығыздығы басшы сергектігіне нұқсан келтірмесе керек. Жезқазған – Ерлан Жақанұлының білім алған, еңбек жолын бастаған алтын тұғыры.

Ұлытауда – жаңа әкім

Қай қызметте жүрсе де, өңірдің тыныс-тіршілігіне алаңдап, перзенттік пейіл танытып жүргендігін аңғардық осы жолы. «Маған бұл өлкенің әр түйір тасы – ыстық» деп сөз сабақтаған аймақ басшысы Жезқазғанның даму көрсеткіштерімен түпкілікті хабардар болып шықты. Айналасы екі сағаттың мұғдарында төрт

мен қабылдауыма алдын ала жазылған қала тұрғындарымен жүздестім. Ешқайсысы да жеке сұрақтарын емес, елдің мұңын алдыма тартты. Қордаланып қалған проблема – жетерлік, жұмыс тоқтаған сыңайлы. Қабылдауымда болған ақсақалдардың жанайқайынан мен осыны түсіндім. Мұның барлығы тізгін ұстаған азаматтардың елге, жерге

дің емеуріні мен халықтың көңіл-күйінен-ақ аңғарып отырған облыс әкімі бірден баяндамадағы есеп пен нақты жағдайдың арасындағы алшақтықты дөп басып, қала әкімінің құрғақ есебіне қынжылыс білдірді. – Баяндамада өнеркәсіптік өнім көлемінің өскендігін айтасыз. Бұл – әкімдіктің емес, «Қазақмыстың» көрсеткіші. Тікелей қала әкімінің бақылауында болуы тиіс баға саясаты, халықтың жұмыспен қамтылуы, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау деген секілді міндеттерді алайықшы. Бірде-бір көшелі көрсеткіш жоқ. Әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің 10-нан астам түрінің бағасы аспандап кеткен. Бұрын осы қала маңындағы Талап, Кеңгір ауылдарында қарбыз басқа да көкөністер өсірілетін. Талаптың қарбызының дәмі керемет болушы еді. Сол жерлер қаңырап жатыр. 4,5 мың гектар суармалы жер пайдаланылмай жатыр. Меншік иелерімен ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау да – біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі. Жезқазған қаласы бойынша 2010 жылдан бері 9 жоба ғана кәсіпкерлікті қолдау картасына енген, - деп, кемшіліктерді жіпке тізген аймақ басшысы жол мәселесіне де кеңінен тоқталды.

нысанды аралап, олардың жағдайымен жанжақты танысып үлгерді. Барлық салаға қатысты басшы ретіндегі бастамаларын айтып, тың тапсырмалар да берді. Алайда, облыс әкімінің бөгеліп, алтын уақытын сарп еткен жері – қала тұрғындарын қабылдауы болды. «Халықтың айтары, мұң-мұқтажы жиналып қалған екен ғой. Айтып, тауыса алмай жатыр-ау», – деп, сыртта тұрып «тон пішкенбіз». Дәл солай болғанына облыс әкімінің қатысуымен өткен актив жиналысында көзіміз жетті. Сонымен...

Баяндамада – басқа әңгіме, аялдамада – басқа әңгіме Қала әкімдігінің мәжіліс залы. Залдағылардың дені – облыс әкімімен ере келген орынбасарлары мен облыстық басқарма басшылары, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері. Қалғаны – қала әкімдігінің ат­ қамінерлері. Актив жиыны дейтіндей, қо­ғам белсенділері мен аға буын өкілдерін көрмедік. Облыс әкімі де бірден осы жағдайға көңіл бөліп, «актив жиналысын» ұйымдастырушыларды сынға алды. – Елбасы сенім білдіріп, облыс басшысы лауазымына тағайындалғаныма бір айдың жүзі болды. Сіздердің алдарыңызға облыс әкімі ретінде бірінші рет келіп тұрмын. Сондықтан, менің бүгінгі жүздесуім келешегіміз жайлы кеңесу болады, жылы кездесу болады деп ойлағанмын. Өкінішке орай, олай болмады. Дәл осы көшпелі кеңес алдында

деген жанашырлығының жоқтығынан. Ал, жанашырлық жоқ жерде жұмыс жүрмейді, – деді аймақ басшысы. Облыс әкімі Ерлан Қошановтың кіріспе сөзінен кейін Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов қаланың 2017 жылдың І-тоқсанындағы даму көрсеткіштерін қамтыған баяндама жасады. Баяндама желісі Жезқазған жұмаққа айналғандай мазмұнда өрілді. Әлгінде ғана облыс әкімінің қабылдауында болған ақсақалдар өтірік айтып, қала әкіміне жала жауып шыққан ба деп қаласың. Дегенмен, барлық жағдайды ел-

2017 жыл Жезқазған қаласы бойынша жол жөндеу жылы болып жарияланды. Бұл мақсатқа 1,2 млрд. теңге жұмсалады. Облыстық бюджеттен – 945,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 193,5 млн. теңге. Осы сомаға қалаішілік жолдың 23 шақырымы жөнделмек. Ал, осынша көлемді жұмысты бір ғана мердігер атқармақшы. Яғни, барлық лот бойынша бір ғана кәсіпорын жеңімпаз болып танылған. Бұл жерде жұмыстың сапасы мен орындалу мерзімі маңызды екенін қатаң ескерткен облыс әкімі, жезқазғандық қоғам белсенділерін жұмыс сапасын бақылауда белсенділік танытуға шақырды. Сонымен қатар, биыл «Жезқазған-Қарағанды» бағытындағы күре жолға орташа жөндеу жұмыстары жасалатын болды. Бұл

Облыс әкімі сапарының екінші күні Ұлытау ауданында жалғасты. Мұнда аймақ басшысы аудандық мәслихаттың сессиясына және аудан активінің жиналысына қатысып, ауданның жаңа әкімін таныстырды. – Барлықтарыңыз білесіздер, келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты, ауданды соңғы жылдары басқарған Хамит Нұрланұлы Омаров қызметінен босатылды. Барлығы Заң шеңберінде рәсімделді. Жаңа ғана аудандық мәслихаттың сессиясына қатысып, ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген тағайындау тәртібіне байланысты, мен депутататтар назарына Әнуар Серікбайұлы Омардың кандидатурасын ұсындым. Ұсыныс бірауыздан мақұлданып, аудан әкімі болып Әнуар Омар тағайындалды,– деді облыс әкімі. Әнуар Омар – Ұлытаудың тумасы. 20102013 жылдары ауданды басқарған. Тәжірибесі мен біліктілігі – осы елге белгілі екендігін тілге тиек еткен аймақ басшысы жаңа тағайындалған әкімге сәттілік тілеп, алда тұрған міндеттер тізбегіне де тоқталды. – Ұлытау – Қарағанды облысының ғана емес, еліміздің мәдени-рухани орталығы. Күні кеше ғана жарияланған Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Ұлытаудың аты аталып, киелі мекенді «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» енгізу жобасы ұсынылды. Елбасының бұл бастамасы Ұлытау ауданы үшін тың игіліктерге жол ашады. Тек, соны ұтымды ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, аудан экономикасына инвестиция тарту мәселесін ширату қажет, - деді. Актив жиынынан кейін Ерлан Қошанов аудан орталығында салынып жатқан тұрғын үй құрылыстарының барысымен танысты. Аудандық емханада болып, өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген спорт кешеніне бас сұқты. Аз ғана уақыт ішінде сапасыз жүргізілген құрылыстың «сыры» мәлім болып қалған екен. Төбесінен тамшы ағып, сылағы құлап тұр. Олқылықтардың орнын толтыру үшін мердігер компанияны жауапкершілікке шақыру және сапасыз жұмыстарын қалпына келтіруді талап ету керектігін нақтылады. *** Түстен кейін аймақ басшысының жұмыс сапары Сәтбаев қаласында жалғасып, облыс әкімі кеншілер қаласында қарқынды жүріп жатқан құрылыс нысандарында болды. Жуық мерзімде пайдалануға берілгелі тұрған үйлердің сапасына мән берді. Балалар ойын алаңдарын аралады. Бұл құрылыс нысандары – қала маңындағы кеншілер поселкелерінен қоныс аударғандарға арналып салынған тұрғын үйлер кешені. Өндірістік қажеттілікке байланысты, қоныстарынан мәжбүрлеп көшірілген тұрғындарға жаңа үйлері жайлы, қолайлы болуы шарт. Міне, осындай талаптарды қатаң сақтау керектігін тапсырған Ерлан Жақанұлы бұл құрылыстың барысы өзінің тікелей бақылауында болатындығын қадап айтты. Облыс әкімі Ерлан Қошановтың Жезқазған-Ұлытау өңіріне жасаған екікүндік жұмыс сапары Жезқазған қаласында қала ардагерлерімен кездесуде түйінделді. Жылы шырайлы жүздесудің өзегі – қаланың болашағы болды. Өңірді дамыту мәселелеріне қатысты аға буынның ұсыныс-пікірлері тыңдалып, барлық талап-тілектері есепке алынды. Дамуы тұйыққа тірелгендей, тұрғындары тұңғиық ойға берілгендей күйге түскен өңір тынысына тың серпін келді. Облыс әкімінің бұл сапарын қарапайым халық осылай бағалап отыр. Біз де... Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ өкімімен Ұлытау ауданының әкімі қызметіне Әнуар ОМАР тағайындалды. Әнуар Омардың кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілді және аудандық мәслихат депутаттары мақұлдады. Жаңа басшыны аудан активіне облыс әкімі Ерлан Қошанов таныстырды. Әнуар Омар 1968 жылы Алматы қаласында туған. Үш жоғары білімі бар. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген. Біліктілігі бойынша – орыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, заңгер, экономика бакалавры. Әнуар Серікбайұлы Жезқазған және Сәтбаев қалаларында газет тілшісі, бас редактордың орынбасары болған. Мәдениет саласында қызмет еткен. Т.Қалмағанбетов атындағы филармонияға және Жазқазған облыстық филармониясына жетекшілік еткен. Жезқазған қаласы мемлекеттік мұрағатын басқарды. 2010-2016 жылдары мемлекеттік қызметте еңбек жолын жалғастырды. Ұлытау селолық округінің әкімі, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі, Сәтбаев қаласының әкімі қызметтерін атқарған. 2016 жылдың наурыз айынан бастап осы күнге дейін Астанада «Smart SoIution» ЖШС-нің даму жөніндегі директоры болды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Елбасы Жолдауларында қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөліп, оларды әлеуметтік қорғауды жақсарта түсу. Шет ауданында бүгінгі таңда 1774 мүгедек адам бар. Оның 136-сы – бірінші топтағылар. Жақында аудан әкімдігінің кеңейтілген отырысында осы топқа жататын, өздігінен жүріп-тұра алмайтын, арбаға таңылған жандар үшін кедергісіз орта жасау мәселесі көтерілді. Аудан бойынша олардың саны 30ға жуық адамды құрайды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Бекеновтың мәлімдеуінше, ауданда 109 әлеуметтік инфрақұрылым нысандары болса, бүгінгі күні оның 41-і паспортталған. Осылардың арасында соңғы жылдары толық бейімдеуден өткені, 17-сі ғана. Таратып айтқанда, аудан әкімдігінің және екі кенттік әкімдіктің ғимараттары, екі аудандық бөлім, төрт мәдениет үйі мен бір кітапхана, орталық аурухана мен алты селолық дәрігерлік амбулатория. Бұл, әрине, өте аз. Паспорты бар 24 нысан бойынша биыл смета жасалып, бейімдеу жұмысына қаражат қаралуы тиіс. Көп қаражатты қажет етпейтін құрылыс болғандықтан, керек сома әрбір мекемеден табылады. Пандустар мен кең есіктер сияқты ыңғайластырылған құрылғылар стандарттарға сәйкес жасалуы шарт. Аудан әкімі М.Жандәулетов бұл жұмыстарға дереу кірісіп, жыл аяғына дейін мүгедектерге бейімделген нысандардың санын 70 пайызға дейін жеткізуді міндеттеді. Ал, ауданның сәулет бөліміне қалған 68 нысанды паспорттау жұмысын ширатуды тапсырды. Ертай ЖӘНІБЕКОВ, аудан әкімінің баспасөз хатшысы. ШЕТ ауданы.


Сенбі, 22 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

3

іртұтас б і д ң і з .ө .. і ң перзент ы т т л ұ ұлы ытуға м ұ е т с ә і екеніңд . болмайды рбаев.

н Наза Нұрсұлта

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстан халқының кемелді келешегі мен байыпты болашағын бағдарлайтын құнды дүние. Жаһандану дәуірінде елімізде тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың бірлігін бекемдеудің бірден-бір жолы да осы мақалада айқындалған. Өресі биік, ертеңі нұрлы ел боламыз десек Көшбасшымыздың бұл мақаласын жіті түсініп, байыппен бағдарлауымыз қажет-ақ. Өткен ғасырдың елуінші жылдары Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына КСРО-ның түкпір-түкпірінен жастар ағылды. Қазақстан жастары да цехтарды игеруге келіп, Днепроджерзинск, Магнитогорск, Новокузнецск комбинаттарына оқуға жолдама алып жатты. Осылайша, Бүкілодақтық құрылыстың көпұлтты ұжымы қалыптасты. Облысымызда көпұлтты, тату тәтті этностардың қара шаңырағы пайда болды. Сол айтулы жылдары әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінен бригадалар құрылып, берекелі жұмыс жүріп жатқан еді. Десе де, жұмысшылардың нәсілі мен тіліне, ұлты мен ұлысына қарамастан, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың мызғымаз іргесі қаланды. Мен мұны қазір толық сеніммен айта аламын. Өйткені, мен сол жылдары қалалық комсомол комитетінің идеология жөніндегі хатшысы болатынмын. Әрине, ол кезде бұл мәселеге үлкен мән берілді. Бізге көп жұмыс жасауға тура келді. Жастар арасында жұмыста және күнделікті тұрмыста болсын, тату-тәтті қарым-қатынас орнату үшін түрлі әдістер мен қалыптарды іздестіруге тура келді. 1971 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қалалық партия комитетінің өнеркәсіп жөніндегі екінші хатшысы болып жұмыс атқарды. Нәтижесінде, қаламыздың көркейіп, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалды. Барлық күш жігерін соған арнады. Сол кездің өзіндеақ, ол әрбір тұрғынның, әрбір қазастандықтың мұң-мұқтажын ойлайтын. Қашан да тұрғындарға қамқорлық танытатын. Теміртау қаласы Нұрсұлтан Назарбаев басшылық еткен жылдары «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Мен, Нұрсұлтан Әбішұлымен 1971-1973 жылдары қалалық партия комитетінің саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, кейін, қалалық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы болып сайланған мезгілде қоян-қолтық жұмыс атқардым. Болашақ мемлекет басшысы ол кезде Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы болатын. Сол жылдары Теміртау қаласына көптеген делегаттар келетіні бар еді. Өйткені, біздің қала интернационалдық тәрбие мәселелері бойынша Қазақстандағы жалғыз базалық қала еді. Сол жылдары қай ұлттың өкілдері жұмыс істемеді дейсің? Тіпті, болгарлармен құрылыста жұмыс жасау тәжірибесі де пайда болды. Украин болат балқытушыларымен достығымыз нығайып, бірлескен достық жылдамдық балқытулары өткізілетін. Комбинатта түрлі ұлттардан құралған 30 мыңнан астам адам жұмыс істеді. Партия комитетінің хатшысы Н.Назарбаев барлығымен ортақ тіл табысатын. Соның арқасында, этникалық келісімнің қазақстандық моделі жасалып, ол еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстарды біріктірген бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының негізіне айналды. Біз республикалық, одақтық, әлемдік басылымдардың тілшілеріне және шетелден келген делегаттар мен саяхатшыларға көпұлтты қаламыздың өмір сүру жағдайын көрсететінбіз. Әрине, өндіріс қаласы болған соң, таныстыру жұмысын алдымен әлемге атағы жайылған КарМет комбинатынан бастайтын едік. Ал, бұл ретте комбинаттың партия комитетінің хатшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрсеткен көмегін айтып жеткізу мүмкін емес. Мен Нұрсұлтан Әбішұлының ойында бейбітшілік пен келісімнің айтулы институтын құру идеясы сол кезде-ақ пайда болып, кейін бұл ой Қазақстан халқы Ассамблеясы түрінде толыққанды жүзеге асырылды ма деп ойлаймын. Біздің елімізде жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Бұл – ұлы іс! Біз мұны мақтаныш етеміз. Себебі, біз – бір халықпыз, біз – қазақстандықтармыз. Әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшылары Қазақстанда съездерін өткізеді. Мен Теміртау қаласындағы этно-мәдени бірлестіктердің үлкен жұмыстар атқаратынын, олардың өсіп, өркендеп келе жатқанын байқаймын. Осының бәрі – ұлт Көшбасшысының қарымды қамқорлығы мен байыпты басшылығынан деп білемін. Біздер ардагерлер, жастармен жүздесу кезінде елімізде ұлттар достығы қалай қаланғанын, Теміртау қаласындағы өркендеудің қалай басталғанын, өткен жылдары біз қалай және ненің арқасында үлкен жетістіктерге жеткеніміз туралы жиі айтамыз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясынан пайда болған Қазақстан халқы Ассамблеясы отандастарымыздың туған жеріне, өлкесіне, еліне деген мақтаныш сезімдерін оятады. Соған қарап, сүйікті Отанымызда бейбітшілік пен бірліктің іргесі нығайта түссе екен дейміз. Нина ВАХИТОВА, Елбасы серіктесі.

Елбасымыздың салиқалы саясаты Қазақстанның қарыштап дамуына сөзсіз зор үлесін қосып келеді. Бұған – Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы дәлел болмақ. Халқымыздың берекесі мен берекетін, ырысы мен ынтымағын көксеген Көшбасшымыз татулық пен тұрақтылық, ұлтаралық келісім мәселесін де айналып өтпейді. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамбелясының атқарып жатқан ауқымды жұмысын мысал етсе де жетерлік. Елбасымыз мақаласында «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес» деп ой түйеді. Рас, жыл санап емес, күн санап түрленіп жатқан жаһанда таптаурын қағидалардан арылмай кемелді көш түзеу мүмкін бе? Сондықтан, ұлтаралық татулық болмай, заңғар белестерді бағындыра алуымыз неғайбыл. Бұл ретте, Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарар жұмысы ұшан теңіз. Менің ойымша Қазақстан халқы Ассамблеясы идеясын уақыттың өз алып шықты. Бұл бейбітшілік пен келісім институты ақылды басшыларсыз осындай жетістіктерге жетпес еді. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы көпұлтты Қазақстан халқының мүддесін қорғайды. Мүддесін қорғап қана қоймай, тілі мен дінін, дәстүрі мен салтын, мәдениеті мен өнерін, тарихы мен тамырын зерделеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өзге этностардың тарихи отанымен байланыс жасауына да жағдай жасап келеді. Ендеше, дәл мұндай келісім мен ұлтаралық түсіністіктің әлемде теңдесі бар деп айта қою қиын. Бұл – Елбасымыздың көрегендігі мен сарабдал саясатының жемісі. Бұл – бейбітшілік пен өркендеуге ұмтылған халқымыздың ортақ мұраты. Бұл ретте қазақ халқының кеңдігі мен мейірбан-

дығын айтпай кету мүмкін емес. Қазақтың қонақжайлығы болмаса, достық қарым-қатынас орнар ма еді, орнамас па еді? Не болса да, басымызға бұйырып, маңдайымызға жазылған осы қасиетіміз арқылы сан ұлысты бауырымызға басып, қанатымыздың астына алып келеміз. Бүгінгі күнге дейін де өз басым бір кісідей дара даңғылды жүріп өттім деп айта аламын. «Даңқ» орденінің толық кавалерімін. 1942 жылы 17 жасқа толған шағымда өз еркіммен майданға аттанып, Мәскеуді, Сталинградты, Қырымды жаудан қорғадым. Ұлы Отан соғысының шешуші ұрыстарына қатыстым. Севастополь үшін болған ұрыста Сапун-гора штурманы кезінде ауыр жараланып, емделгеннен кейін екінші топтағы мүгедек ретінде комиссияландым. 1944 жылы қыркүйекте Қарағандыға оралып, құрылысшы болып еңбек жолын бастадым. Кейін, кірпіш зауыты директорының орынбасары лауазымын атқарып, бейбіт кезде де көптеген наградалармен, оның ішінде «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және екі рет «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталдым. Айтайын дегенім, өмірім Отан және қоғам алдында азаматтық борышымды өтеуге арналды. Қандай қиын кезеңдерге тап болмасам да, адамгершілік қасиетінен аттамай, кісілік биігімде қалуға тырыстым. Қазір, қартайғаныма қарамай, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына белсене араласып келемін. Мен үшін ең маңыз-

дысы – еліміздегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға тамшыдай болсын үлесімді қосу. Себебі, бейбіт өмірдің бағасын білетін адам болса – ол менмін. От пен суды қатар кешкен заманда осы ұлтаралық татулықтың үлкен үлгісін көрдім. Жүздеген ұлттан құралсақ та, жұмылған жұдырықтай болып, жауды жеңдік. Сондықтан, Президентке жә­не оның айналасындағыларға адамдардың теңдігі мен бостандығы туралы адамзат баласының жарқын ой арманын жүзеге асыратын, жер бетіндегі гуманизм идеяларын тарататын осындай ерекше институт үшін рахмет. Ассамблея басшыларымен, біздің этно-мәдени орталықтардың белсенділерімен кездескен сайын келешекке сеніммен қараймын. Этно-мәдени орталықтардың төрағалары мен ұлттық қауым белсенділері еліміздің өркендеуі үшін көп жұмыс атқарып жүргенін көремін. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім экономикалық факторға, біздің жетістіктердің темірқазығына айналды. Мен еліміздің жас ордасы, көпұлтты Қазақстан халқы құрылысын салған Астана қаласымен мақтанамын және ол индустриалы Қарағандысыз қалыптаспас еді. Астана да, Қарағанды да еліміздің түкпір-түкпірін жалғайды. Елорданың азықтүлік белдеуін құрайды. 1857 жылы Ақмола елді мекенінің халқы небәрі 10 мың адам болатын! Ал қазір қарасаң Астана үлкен мегаполис. Елордамыздан бүкіл әлемге бейбітшілік пен қайырымдылық идеялары тарайды. Ежелгі Сарырақа жерінде достық пен бірліктің арқасында бейбітшілік орнап тұр. Мен өз балаларым, немерелерім, шөберелерім үшін уайымым жоқ.

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Қарағанды қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Константин АПАЧИДИ төрағалық ететін «Авги» облыстық грек мәдени орталығы» қоғамдық ұйымы бар. Бірлік пен ынтымақтастықты ту еткен бұл ұйымның атқарып жатқан жұмыстары жетерлік.

1997 жылы ірге қалаған ұйымның негізгі мақсаты – облыс аумағында тұрып жатқан гректердің ұлттық сана-сезімін, ана тілі мен мәдениетін қайта жаңғырту, тарихын оқыту, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптардың ең үздік үлгілерін дамытудағы

мәдени-ағартушылық қызметтерді атқару. Сонымен қатар, облыстың рухани дамуына үлес қосып, қайырымдылық жұмыстарын өткізу, жастардың тәрбиесі мен білімін жіті қадағалап, оларға қолдау көрсету, елімізде тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың

арасында мәдени құндылықтармен алмасуға қолдау көрсету. Орталық жанында демалыс мектебі жұмыс істейді. Онда балалар мен ересектер грек тілін меңгеріп, мәдениетінің өркендеуіне атсалысады. Бұл мектепте гректер ғана емес, сондай-ақ,

Кәмәли ДҮЙСЕМБЕКОВ, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қарағанды облысының және Қарағанды қаласының Құрметті азаматы.

грек мәдениетіне қызығушылық білдіріп, грек тілінде оқып, жазып үйренуге ынта-ықылас жасаған барша ұлт өкілдері дәріс алады. Грек орталығының қызметі өзге этно-мәдени бірлестіктермен сындарлы серіктестік орнатуға бағытталған. ҚР Тұңғыш Президенті тарихи-мәдени орталығымен және «Долинка» елді мекеніндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына еске алу мұражайымен бірлесіп, қазақстандық патриотизмді дамытуға елеулі үлес қосуда.

Саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыруда көпұлтты Қазақстан үшін тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңызы зор. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деп атап өтті. Сондықтан, бізге бір орында тұрмай, үнемі даму жолында болу маңызды. Ал, алдымыздағы «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы жаңа бастамаларға себепкер болары анық. Ел дамуындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған әңгімелесу алаңдарының құрылуы – Қазақстан халқы Ассамблеясының азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтуға жағдай жасайды. Қарағанды облыстық «Тәжік диаспорасы» бірлестігі 2010 жылдан бері қызмет жасап келеді. Негізгі мақсаты – ана тілімізді, тарихымызды зерделеп, тәжік ұлтының мәдениетін дамытып, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын қайта жаңғырту, тарихи отанмен байланыс орнату, өзге этно-мәдени бірлестіктермен тығыз қарым-қатынас орнатып, халқымыздың достығын нығайту болып табылады. Облыста өткізілетін барлық іс-шаралар, Қазақстандағы ұлттардың өз мәдениетін, әдетғұрпын, салт-дәстүрін, ана тілін дамытуға зор мүмкіндігі бар екенін айғақтайды. Бұл – ұлт­аралық қарым-қатынас қалыптастырудың бірегей белгісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының түрлі ұлттардың өзіндік ерекшеліктерін сақтап қалу жолында көрсеткен көмегін ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қазақ пен тәжік түркі тілдес, бауырлас халық. Бүгінгі жаһандану заманында бізге артылған жүкті жұмыла көтерсек, болашақ ұрпаққа бақытты, бейбіт әлем сыйлаймыз. Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында мемлекет саясатын жаңғыртудың даму бағытын айқындай келе, еліміздің негізгі күші – халқымыздың бірлігі екенін атап өтті. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік. Қазақстан Конституциясы нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, барлық азаматтың құқықтық теңдігіне кепілдік береді». Елімізде қазақ халқының ерекшелігімен қатар, басқа да этностардың ұлттық сенімін біріктірген ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынастардың тұрақты жүйесі қалыптасты. Соңғы уақытта әлем түрлі ұлттық және діни шиеленістер мен қақтығыстардың куәсі болды. Сондықтан, отандық және шетелдік сарапшылар мен талдаушылар тарапынан жоғары бағаланатын ұлтаралық және дінаралық келісім – мемлекетіміздің басты ерекшелігі екені қуантады. Өз бойына Ұлы даланың рухани және азаматтық құндылықтарын сіңірген әр қазақстандық бүгінде мемлекетіміз жайлы бар әлемге мақтанышпен айта алады. Ал, әлем таныған бейбітшілік пен келісім идеясы күш-жігерімізді біріктіру арқылы одан әрі нығая түсері анық. Шакарбек НОРМАТОВ, облыстық «Тәжік диаспорасы» бірлестігінің төрағасы.


4

Сенбі, 22 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Сарыарқа географиялық атауы­ мен қазақ халқы батыстағы Ұлытау­ дан,шығыстағы Тарбағатайға, оң­ түс­тікке Балқашқа дейінгі аралықты атаған. Оны кейде Арқа деп те атайды. Егер Қазақстанның карта­ сына көз жіберсек, географиядан хабары жоқ, көшіп-қонып жүрген қа­рапайым халықтың, еуропалық бірнеше мемлекет сыйып кетер­ ліктей алқаптың жер бедерінің жалпы ерекшелігін қалайша дөп басып, бір-

Қарағанды облысы аймағы жер үсті суларының марганецпен ластанғаны анықталды. 2015-2016 жылдары «Казгидромет» РММ филиалынан облыстағы Нұра, Соқыр, Шерубай-Нұра, Қаракеңгір өзендерінің марганецпен ластануы жайында 49 телефонограмма келіп түсті. Экология департаменті ластанудың себебін анықтау бойынша жұмыстар дер уақытында жүргізілді. Облыстағы су қоймаларын, таза ақпа сулармен қамтамасыз ететін кәсіпорындарға тексерістер барысында ластанған нысандар белгілі болды. Сараптама нәтижесінде марганец тек қана Нұра өзені емес басқа да облыстағы су нысандарында бар болып шықты. Мысалы, Көкпекті өзенінде гидробекет бар. 2016 жылы марганецтің орташа қоспасы 0,34 мг/ текше метрді құрайды, МШК нормативі 34 есеге ұлғайған. «Казгидромет» РММ деректерін талдай отырып, марганец Нұра өзе­ нінің барлық бойында бар екені анық­ талды. Өткізілген зерттеулерге байланысты жауапты тараптармен кеңес өткізілді. Бүгінде облыстағы жер үсті суларындағы марганецті анықтайтын зерттеулер жүргізуге қосымша қаржы қарастыру қажеттілігі туындап отыр. Л.ЛЕВЧЕНКО, Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің зертхана-сараптамалық бақылау бөлімінің басшысы.

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Қарағанды облысында Қазақстанның және халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітаптарына еніп, қорғауға алынған жануарларды көруге мүмкіндік беретін парк ашылады. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Бұйратау» ұлттық паркінің теризм және экологиялық ағарту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жібек Ыбраеваның айтуынша, мамандар әлемдік қорықшылардың, оның ішінде АҚШ-тағы Йеллоустоун сияқты парктердің тәжірибесін қолданбақшы. Бүгінде «ЭКСПО – 2017» көрмесіне орайластырылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. Сонымен қатар, парктің маршруты белгіленуде. Бір айта кетері, келушілер, бұғы, арқар, ақбөкен, бизон, қодас, марал, тырна, саршұнақ, суыр, құр секілді Қызыл кітапқа енгізілген аң-құстарды көре алады. Даланың тағыларын тамашалауға және суретке түсіруге ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, Ұлттық паркте аң аулауға тыйым салынады. Табиғаттың ғажайып көрінісін көзбен көру үшін «Бұйратау» қорығына Қарағанды қаласы Молодежный ауылындағы Абай көшесі, 13 мекенжайында орналасқан кеңседе баж төлеп және билет сатып алу керек. Билет құны тәулігіне бір адамға мың теңге. Паркке кірмес бұрын туристерге нұсқаулық беріледі. Паркте демалыс барысында аумақты аралап, шатыр құруға, туристік соқпақтармен жүруге, жануарларды көріп,   Бозайғыр мен Әжібай өзендерінен қармақпен балық аулауға, археологиялық қазбаларды тамашалауға мүмкіндік бар.

ақ сөзге сыйғызып бергеніне таң қаласың. Қазақ «арқа» деген  сөзді жылқының жон арқасына балап айт­қан ғой. Шынында да картаға басында  Ұлытаудан бастап, Қызыл­ арай, Шыңғыстау арқылы, шығыста Тарбағатай, Сауырға дейінгі сызық жүргізсек, оның суайрық жонға сәйкес келетінін көреміз.  Осы сызықтан солтүстікке қарай жатқан алқаптың өзендері Солтүстік Мұзды мұхит алабына қарай ақса, оңтүстікке

қарай жатқан өзендер Еуразия ішкі тұйық алабына қарай ағады. Со­ нымен қатар, Арқаның жерінің жанжағы көтеріңкі қырат, сонымен бірге ала­са болғанымен таулы ке­ леді. Ол солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан, оңтүстігінде Тұран ой­ паты, Балқаш-Алакөл ойпаңы мен батысындағы Торғай даласымен шоқ­тығы көтеріңкі биік орналасқан. Олай болса, бұл алқаптың Арқа аталуы өте орынды.

Бетті әзірлеген Нұрдос КӘРІМ

Ауыспалы егіс шаруашылығы тиім ді

Ғаламшарымыздың қоры сарқылмайтын қорлар еместігін пайымдап, экологиялық мәселелердің алдыңғы қатарға шыққанын білеміз. ҚР Президентінің Жолдауында экологиялық фактор қазіргі күннің ақиқаты мен алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені назарында ұстайтын мемлекеттің экономикалық даму, басымдықтарының бірі ретінде қарастырылған. Осыған байланысты қойылатын талаптар өсіп, табиғат қорғау заңнамасы күшейіп, ресурстарды тұрақты пайдалану мен қоршаған орта жағдайына мониторинг жасау қажеттілігі бар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде, бизнес пен тұрғындардың жауапкершілігі артып отыр. Бүгінде Қарағанды облысы республиканың ең ірі өнеркәсіптік облыстарының бірі және облыстың өнеркәсіптік мүмкіндіктері қоршаған ортаға техногендік әсерін тигізуде. 2016 жылы департамент 351 тексеру өткізіп, 436 экологиялық заңнама бұзушылықты анықтады. 431 ұсыным беріліп, келтірілген экологиялық зиянды өтеуге сомасы 103,987 млн.теңге 367 айыппұл салынған және экономикалық шығынды өтеуге сомасы 475,598 млн.теңгеге 91 арыз түсірілді. Зертханамен алынған сынамалар саны – 22773. Департаменттің бақылау-инспекциялық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта эмиссиясы көлемдерінің төмендетуге оң беталыс байқалады. Қоршаған орта сапасын тұрақтандыру үшін облыста табиғат қорғау қызметінің барлық салалары бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Былтырғы жылы атмосфераға шығарылатын шығарындылардың жалпы көлемі 593,0 мың тоннаны құрады. Бұл деген өткен жылмен салыстырғанда төмен көрсеткіш көрсетіп отыр. Облыс бойынша шығарындылар кө­ле­ мінің төмендеу динамикасын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Тентек КД шахтасында (№3 қазандықты қайта қалпына келтіру) технологиялық жабдықтар мен аспирациялық жүйелерден шығатын зиянды заттарды залалсыздандыру, аулауға арналған шаң-газ тазалау құрылғыларын қолданысқа енгізу және қайта қалпына келтірумен байланыстыруға болады. Сонымен қатар, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС 1,2-ЖБФ аспирациялық жүйелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланыстыруға болады. Бұдан бөлек, ағынды суларды су айдындарының жер үсті суларына төгу 15 кәсіпорынның 17 суағар құбырынан жүзеге асырылуда. Айта кетейік, Қарағанды облысында Балқаш көлі, Самарқанд, Кеңгір, Шерубай-Нұра және Топар су қоймалары, Нұра (Соқыр, Шерубай-Нұра салалары), Сарысу, Қара Кеңгір, Жезді өзендері негізгі жүк­ темелі, барынша ірі су нысандары болып

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жеке құрамы жаппай сенбілікті жасыл желекті аймақта өткізді. Осы өңірлікке қарасты әскери бөлімдер аумағын қоқыстан тазалап, тал егіп, көктемдік дала жұмыстарын бастады.

Жерді дұрыс пайдалану ар­ қылы тиімділігін арттыру адамзат алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі. Қарағанды облысының жалпы жер көлемі 42,7 млн. гектар жерді алып жатыр. Оның ішінде 14 млн. гектарын ауыл шаруашылығы жері құрайды. Егістік жердің көлемі 922,7 мың гектар, пайдаланбай бос жатқан жері 262 мың гектар екен. Бұл жерде айта кетер жағдай пайдаланымдағы егістіктің өзінің тиімділігін арттыру алдыңғы орында болуы тиістті. Бірінші ауыспалы егістік жүйесін дұрыс жолға қою қажет. Ал, ауыспалы егістікті игеру үшін жеріңнің ауқымды болғаны қолайлы. Мәселен, 200-300 гектар жер телімі бар шаруашылықтардың ауыспалы егістік жүйесіне енуіне мүмкіндігі аз. Бұл тығырықтан шығудың жолы – кіші шаруашылықтарды ірілендіру. Елбасы Жолдауында бұл мәселе айтылған болатын. Осы жылы облыс бойынша 37 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылмақшы. Біз бұл бастаманың аталмыш саланың жандануына үлкен ықпал ететіндігіне сенімдіміз. Бірнеше шаруашылық жұдырықша жұмылып жұмыс атқарса, жердің де, техниканың да тапшылығынан құтылатын еді. Түптің түбінде кіші шаруашылықтардың жұмысы тиімсіз екендігіне көз жеткізетіндігіне сенімдімін. Сондықтан, шаруашылықты ірілендіру қажет. табылады. 2016 жыл бойынша ағынды суларды төгу көлемі 1 321 767,456 мың текше метрді құраған екен. Бір айта кетері, Қарағанды облысы бойынша тазалау құрылғыларының техникалық жағдайы өте төмен. Пайдалану мерзімі 30-40 жылдан асып кеткен, жабдықтар мен технология ескірген, сонымен қатар, ұзақ уақыттар бойы оларға күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізілмеген. Мұның да тигізетін зияны көп. Бүгінде 6 тазалау құрылғысы кешенінің барлығы қайта қалпына келтіруді қажет етіп тұр. Ластаушы заттарды нормативтерден асырып шығару жағдайлары, сапасыз тазалау, кейбір жерлерде тіпті, жоқтың қасы. Мәселен, Саран қаласының, «Капиталстрой» ЖШС пайдалануындағы тазалағыш құрылғылары, сонымен бірге Саран қаласы мен Ақтас елді мекенінің су және кәріздік жүйелері ең бір түйіні шешілмеген мәселе болып отыр. «Шахтинск су каналы» ЖШС тазалағыш құрылғыларының да жағдайы қанағаттанарлық емес, құрылғылары тиімді жұмыс істемейді. «Қарағанды Су» ЖШС аэрация станция­

Биыл алғаш рет өткізілген тазалық шарасына жеке құрам белсене қатысып, әскери бөлімдердің жасыл белбеуін көріктендірді. Мұндай ұжымдық бірлескен шараларды апта сайын өткізіп тұруды дәстүрге айналдыру керектігін «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары полковник Ермиян Бятов шара барысында: – Өмір сүріп отырған ортаңның та-

сында Қарағанды қаласы мен Ақтас елді мекенінің ағынды сулары толық механикалық және жасанды-биологиялық тазалаудан өтеді. Тазалау құрылғыларына түсетін жүктеме жыл сайын көбейіп келеді, сол себепті оларды кеңейту және жаңғырту қажет. «Сәтбаев қаласының ЖСҚК» АҚ тазалау құрылғылары 1967 жылы пайдалануға берілді, құрылғының 60% тозғандығы расталып отыр. Жезқазған қаласы «ЖСҚК» АҚ ағынды суларды Қаракеңгір өзеніне төгеді. Құрылғы 80% тозған. Абай қаласы, Топар елді мекеніндегі тазалау құрылғыларының жағдайы тіпті нашар. Балқаш және Приозерск қалаларында тазалағыш құрылғылар мүлде жоқ. Балқаш қаласында тазалағыш құрылғысының жоқтығынан тазаланбаған ағынды сулар Балқаш қаласы мен көлінен 30 шақырым қашықтықта орналасқан тоғанға төгіледі. Ал, бұл өз кезегінде Балқаш көлінің жағдайына кері әсерін тигізіп отыр. 2016 жыл бойынша өндірістік қалдықтар көлемі-219313,310 мың тоннаны құрады. Қалдық жинақтағыштарда орналастырыл­ ғаны 144830,336 мың тоннаға жетті.

биғаты әсем, суы мөлдір, ауасы таза болғанға не жетеді?! Міне, бүгін барлығымыз жаппай сенбілікке шығып, ағаш отырғызып, лас-қоқыстан қоршаған ортаны тазартудамыз. Көріп тұрғандарыңыздай көктем шыға қар астында қалған қоқыстар шығады. Қоршаған ортамызды күтіп таза ұстау баршамыздың міндетіміз,-деп атап өтті. Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Қарағанды облысындағы маңызды мәселелердің бірі – қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта кәдеге жарату және облыстың елді мекендеріндегі коммуналдық қалдықтарды көметін, экологиялық және санитарлық-эпи­ демиологиялық талаптарға сай келетін, жаб­ дықталған, бір үлгідегі полигондардың жоқ­ тығы. Қала және аудан әкімшіліктерінің нақты мәліметтері бойынша Қарағанды облысында ҚТҚ-ның 202 полигоны орналасқан. Елді мекендердегі полигондарда және қоқыс орындарында жиналған ҚТҚ-ның жалпы көлемі 8,9 млн. тонна. Қазіргі уақытта 45 полигон заңдастырылған, заңдастырылмаған полигон саны-157 құрайды. Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің қадағалауында бірқатар түйінді мәселелер де бар. Біз табиғи орынды сақтау, ауаны, суды ластамау, табиғатты аялап ұстау, бүлдірмеуге шақырамыз. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алатындығын ұмытпайық. Маруа ИБРАЕВА.

Екінші ауыл шаруашылығында қысқа агротехникалық шаралардың орындалысы көңіл қуантарлықтай емес. Қыста қар тоқтату, танаптарға көң төгу мәселесі кенжелеп тұр. Ал, көң төгілген жердің тыңайып, топырағы құнарланатындығы белгілі. Осы мәселені көтере отыра, жер иелеріне, егістік пен шаруа қожалықтарына ауыспалы егістік жүйесін жолға қою бүгінгі күннің басты мақсаты екендігін айтқым келеді. Айнара РАЙЫМБЕКОВА, экономика ғылымының магистрі.


Сенбі, 22 сәуір, 2017 жыл

Құттықтаймыз!

Еске алу

Егіндібұлақ елінің тумалары Асқар Қабиұлы ӘбдІкәрІмовтІ және Елтай Қасымұлы Сүлейменовті мерейлі 60 жастарыңызбен құттықтаймыз және мына өлең жолдарын арнаймыз! Көлдей көңіл тілейміз таусылмайтын, Өзендей өмір болсын сарқылмайтын. Баянды бақыт болсын өміріңде Ешқашан көңіліңді кір шалмайтын! Сіздерді сәуір айындағы мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңызға құт-береке, ырыс - несібе, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат әрі ұзақ, мәнді де сәнді ғұмыр тілейміз! Игі тілекпен: Бақыт, Күлкен, Гүлбану, Рысты, Абайгүл, інілеріңіз бен келіндеріңіз: Берік-Тана, Алтынбек-Айгүл, Аманбек-Кенже, Серік, Аманжол-Әсел, Марат, Дулат-Нұрсұлу, Данияр, Бауыржан, Жандос-Мадина, Әлібек, Елдос-Нүрила, Әліби, Тәңірберген. №166

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан» Бәріміз де өмір жолаушысымыз. Қадірлес аға Нұрғазы Нұрмұхамбетұлымен 1978 жылдың жайдары жазында танысқан едім. Содан бері 40 жылдың жүзі болып қалыпты-ау. Нұрекең аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. Жігіттердің айтуына қарағанда Жезқазған облыстық партия комитетінде қызмет жасап жүрген жерінен жаңа ауданның іргесін қаласуға жіберіпті. Ауыл шаруашылығын басқарады, қадағалайды. Орыс тілді басшылар көп, журналист ағайындар Нұрекеңді жағалаймыз, иманжүзді, бауырмал, ауыл шаруашылығында толып жатқан науқанды жұмыстар. Ол кездегі тілшілер үнемі іссапарда жүреді. Қойын дәптеріне жиналған материалдарды жазып-жазып тастайды да, тағы да келесі сапарға шығады. Өйткені, жыл он екі ай ішінде науқан. Аудандық партия комитетінің екінші хатшысы Нұрекеңнің шаруашылықты аралауға шығатынын алдын ала біліп отырамыз. Өйткені, Нұрекеңнің көмекшісі редакциямен тығыз қарым-қатынаста. Мұны екінші хатшының өзі ұйғарған. Қазіргі «мерседеске» бергісіз «УАЗ»-дың артына фотоаппаратымызды іле жайғасамыз. Бірнеше мәрте сапарлас, дәмдес болдық ағамен. Әңгімешіл, жатырқамайды, мен басшымын-ау деп кекиіп тағы отырмайды. Анда-санда Қадыр ақыннан өлең оқиды, жол үстінде ыңылдап әндетіп отырады. Тіптен бауыр бастық. Сол кезде есептеп отырсақ, жасы 35-тен енді ғана асқан екен. Біз болсақ мұрты жаңа ғана тебіндеп келе жатқан бозбаламыз. Нұрекеңнің жиналыс өткізуі де ұнайтын. Совхоз басшыларына, мамандарына, партия ұйымының хатшыларына нақпанақ тапсырмаларды береді. Жиналыс өткізер алдында бүкіл фермаларды, бөлімшелерді аралайды, жетістіктерді, кемшіліктерді көзімен көреді. Басқосуда өз ойын ашық айтып, кемшілікті жоюдың жолдарын көрсетеді. Ұсыныс-пікірлері әр жүрекке жетіп жатады. Дауыс көтермейді, биязы, инабатты, мәдениетті. – Жап-жас жігіт, адамгершілік қасиеті өзгеше, кісілікті іштен оқып туған ба?! – деген ақсақалдардың да сөзін естігенбіз. Керісінше, кейбір аудан басшыларының сойылын сүйрете, үстелді қойғыштап, арқырап келетінін де байқайтынбыз. Көрдік ондайларды, бүгін бәрі де ертегідей. Нұрекең өткізетін жиналысқа мамандар, ауыл үлкендері еркін қатысатын, үстел басындағыдай еркін әңгімедүкен құратын. Мұндайда шаруашылық мәселелері де ойдағыдай шешіледі. Көкейдегі сұрақтарын қояды жергілікті тұрғындар, бәріне Нұрекең тиянақты жауап беріп, ризашылыққа бөлейтін. Жанында ұзақ жүрген журналист бауырларының бірі мен едім. Жан дүниемде жатталып қалған көріністерді оқырманға жеткізуді жөн көрдім. Атам қазақ «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой. *** Нұрекең соңғы кезде көл жағасындағы «Балқашбалық» АҚ-да қызмет етті, кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. Төраға болғанда қандай, бүкіл ұйымдастыру шараларының басы-қасында жүреді. Балықшылар мүддесі бірінші кезекте. Оның үстіне рухани жан дүниесі бай, ұлттық салт-дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға жетік. Кеудесінен күмбірлеп жыр төгіліп жатса, әрине, мұндай басшының басқалардан оқ бойы озық тұратындығы және бар. Қатар жүрген әріптестерін кестелі тілмен бейнелеп, қара сөзбен

5

www.ortalyq.kz

«Қауіпсіз интернет» республикалық шарасы қаламыздағы №18 жалпы білім беретін орта мектепте жалғасын тапты. Кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына ғаламтор әсерінен туындайтын проблемалар жөнінде айтылды. Оған қоса ғаламтор ресурстарын қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың ғаламторға кіру белсенділігін бақылауға қатысты жүргізілген жұмыстар сөз болды. Интернетте бақылау жүргізуде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату көзделді. Ісшараларды іске асыру нәтижесінде, ата-аналар мен балалардың, педагогтардың интернет сауаттылығын көтеру, сонымен қатар шараға қатысушылардың интернет

де, өлеңмен де жырлапты. Нұрекеңнің әңгімесінен үзінді келтірейік: «шапқан аттай, соққан желдей, жауған қардай, аққан селдей мына жалған дүние де өтер. Бірақ, елге, халыққа еткен жақсылықтың еш уақытта ұмытылмайтыны, таза көңіл, адал істің мәңгі жасайтыны хақ». Балықшылар жайында жазған көсемсөзін осылайша түйіндейді. Енді Нұрекеңнің жырына кезек берейік. Көре алмас, барың болса өз туысың, Беретін жоқ болғанда досың жақсы. Жағымпаздан жаныңда қутыңдаған, Бетіңе тура айтатын қасың жақсы.

Өзінің ой-толғамдарын айта келе мынадай пікірді көлденең тартады. – Алға ұмтылған, шаруаны басқаруға бейім мамандарды қолдаса, жер көлемі, жайылымдары мол Австралия, Бразилия сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ет, сүт корольдарының шығуына жол ашар еді. Шындығында қызығушылық туғызатын ұсыныс. Біз кімнен кембіз? Мәселе, еңбекті ұйымдастыра білуде болса керек. Өнерге жақын десем, ағамды тым алшақтатып жіберетін сияқтымын. Меніңше Нұрекең өнердің өз өкілі, жанашыры. Тіл туралы атойлап, ұран тастады. Баспасөз беттерінде тілі жоғалған ұлттың мына жарық дүниеге қажеті бар ма дейді ол. Атақты қазақ өнерінің майталман қайрат-

Жамандардан білмейтін бағаңызды, Түсінетін сөзіңді естің жақсы.

Түйелерден жүндесе бүлк етпейтін, Қой бастайтын қораға ешкің жақсы, ...Ұлдан көрі атыңа кір келтірер, Болсадағы жат жұрттық қызың жақсы. Өлең дегеннің өзі шер тарқату. Басқамен ой бөлісу ғой. Мәселе, соны жеткізе білуде. Осы жолдардан-ақ ағаның жан дүниесін байқайсыз, сезе аласыз. Бүгінде қалтасы қалың байшыкештер бар. Не құдай емес, не бұлай емес. Тәңірім бізді кешірсін. Нұрекең тағы да ақ қағаз, қалам арқылы ой бөліседі. Мықтымын деп артық кетіп аттама, Бірдей қара жақынға да, жатқа да. «Құдай» деп сал үзеңгіге аяқты, Отырасың сонда мықты атқа да. Жақсы ескерту, бәріміз де бір сәт ойланып жүрейік, кеше қандай едік, бүгін қандаймыз, алдағы күннің не боларын кім білген. Тәубесіне келмейтіндерге базынасы ғой, Нұрекеңнің. Меніңше адамзаттық көзқарас. Нұрекең «Өлеңмен өмір көңілді» атты кітабын шығарған. * * * Тәуелсіздік алғаннан кейін толғамды-толғамды ой-пікірлерін жұртшылыққа жеткізе бастады. Нұрғазы аға қашан да адами құндылықтарды бірінші кезекке қояды. Өзінің өткір пікірлерін қалалық, аудандық, облыстық,республикалық газеттерге жариялап, үнемі оқырмандармен ой бөлісіп отырады. «Еңбекті жырлау азайғанда, ұрлықты жырлау көбейеді» дейді Нұрекең бір әңгімесінде. Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде М.Сембайдың ауыл шаруашылығы жөніндегі проблемалық мақаласына бірнеше рет өз ойын ашық айтып,пікір қосты. Жезқазған облысы жабылып, Қарағанды облысына қосылған күннен бастап, «Орталыққа» жазылды. Басқаларға үлгі-өнеге көрсетті. Тұрақты оқырманымыз, әрі авторымыз. Нұрекең еңбекті қорғау инспекторы болып қызмет етті. Өндірістегі апаттардың алдын алуға қарсы тұрды. Апат болса себебін анықтап, заң орындарымен бірлесе жұ-

жүйесіндегі әңгімелесу барысында сақталатын қағидалар бойынша жұмыстар жүрді. «Желідегі қарым-қатынас этикасы» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаты өтті. «Интернет орнына кітап» тақырыбында мектеп кітапханашысы Қ.Месова акция ұйымдастырып, мектеп тәлімгері Г.Шыңғылтаева «Қауіпсіз интернет» тақырыбында

мыс жасады. Тіпті, алып комбинаттың ымырашылдығына көнбеді, қарапайым еңбек адамдары жағында жүрді, қатарынан табылды. Осы орайда өткір-өткір сұхбаттарын облыстық газетке ұсынды. Бұл ретте кез келген басшыларды дірілдетіп алатын. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» тұжырымдамасында былай делінген: «...адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру – Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі». Ал,еңбек ардагері Нұрекең үнемі Елбасының саясатына үн қосып, ұсыныс-пікірін дәйекті, дәлелді ойларымен түйіндейді. Нұрғазы ағамыз 2001 жылы Қазақ теледидарына арнайы барып, «Бетпебет» хабарына қатысты. Хан-талапайына түскен Балқаш көлінің тағдырына араша түсті. – Балқаш көлі Қазақстанның өз меншігі, ана Каспийге әр мемлекет ие болып жатыр, әрі тартты, бері тартты. Ал, Балқаш көліне өзіміз ие болып отырмыз ғой. Неге шын жанашырлық танытпаймыз, неге мемлекет қамқор болмайды. Әркім көл үстінде, жағалауында ойына келгенін жасаса Арал теңізінің тағдырына айналуы бек мүмкін ғой, – дейді Нұрекең сөз арасында. Мал шаруашылығын көтеру, оның тұқымын асылдандыру, ауыл ахуалы, жастардың болашағы, шаруа қожалықтарының келешегі бәрі-бәрі Нұрекеңнің ой елегінен өтеді. Көңіл таразысына салады. «мемлекет жекеменшіктен тұрмай ма? Бұл ретте айтар едім – бас басына би болып, жерді бөліп алғандар ауылды көркейте алмайды, қираған, азып-тозған ауылды қалпына келтіру үшін бірігу керек. Кезінде колхоздардан (ұжымшар) үкімет зиян көрген жоқ еді ғой. Олардың бәрі пайдалы болды» дейді Нұрекең тағы бір әңгімесінде. Нұрекеңнің ұсынысы – ауыл шаруашылығына түбегейлі бір реформа керек. Өмірлік тәжірибесі бай, ой-толғамы терең, әр нәрсені саралай білетін Нұрекеңнің осы ұсынысын көпшілік қолдады. Қазір жер-жерде кооперативке бірігіп жатыр.

кері, айтыс ақыны Шашубай Қошқарбайұлының шығармашылығын қатты қадірлейді. Бірде ағам телефон соқты. – Бауырым, мына Шашубай қонысындағы Шашубай көшесінде бір топ зейнеткер тұрамыз. Солардың басын қосып, той-думан өткізбекпіз. Келе ғой, – дейді. Бардық, сол тұста жер-жерде Шашубай ақынның туғанына 145 жылдығын өткізуге дайындық қызу жүргізіліп жатқан-тын. Үлкенге де, кішіге де Шашекеңнің кім екенін тағы бір еске түсіріп, насихат жұмысын жүргізу. Той-думанды Нұрекең өзі басқарып жүргізді. Тіпті, керемет асаба ма деп қалдық. Әркімге сөз бергенде өлеңдетеді, өзі де ән шырқайды. Жұртты жанына үйіріп алады, дөңгелете би билетеді... Қойшы,сол күні Шашубай көшесінің ғана емес, бүкіл ауылдағы үлкенді-кішінің есінен кетпейтін мәдени шара өткізді. * * * Әпкеміз Тиішкен екеуі ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелерінің бал күлкісіне бөленіп отырған жайы бар. Әпкеміз ұзақ жыл мәдениеттің рухани отауы кітапхана саласында еңбек етті Нұрекең қазір Ақтоғай ауданындағы Шашубай кентінің тұрғындарының бірі. Ағамыз 75-ке, әпкеміз 70-ке келді. Биязы қалпы, асқарын ақ шалған, халқына адал еңбек етті. Рухани жоқшысы, іздеушісі болып жүр. Біздер сияқты інілерінің алдындағы адастырмайтын шамшырағы, бағдар шамы. Бала-шағасының асқар тауы. Нұрекең Алатаудың етегінде туып, арқа жерінен бақытын тапты. Аяулы әпкеміз әйгілі өнер дарыған киелі Жаңаарқаның тумасы. Жетпіс бес бел асқаныңыз құтты болсын, жақсы аға!

Бір жыл уақыт өте шықты көзді ашып жұмғанша. Осы жылдың мамыр айының 5-ші жұлдызында әкеміз Мұқатай Әшімұлының бақилық болғанына жыл толады. Өзінің Құдай қосқан қосағы, өмірлік жары – анамыздың соңында 10 жыл бұрын қалып, бұл өмірге деген құштарлықтан ада болған ол онымен қауышуға асығып еді. Жаратушының жазғанына әмір бар ма? Отбасымыздың ұйытқысы – Анамыздың жоқтығын осы қарайып, қалқиып отырған әкеміз табандай 10 жыл білдіртпеуге тырысатын. Енді өзінің де сол мәңгілік мекеніне кеткеніне, анамыздың бақилық болуының 10 жылдығына оларға арнап құран бағыштатпақпыз. Мамыр айының 5-ші жұлдызы сағат 15.00-де Орталық мешітте қол жайып дұға жасамаққа қайғымызға ортақ болған жандарды шақырамыз. Еске алушы: балалары, немерелері және туған-туыс. №176

5-8 сыныптар аралығында флешмоб өткізді. Баланың денсаулығына зиян келтіретін әлеуметтік желілердің теріс ықпалынан қорғау мәселелері бойынша мектеп инспекторы Ж.Айтбеков дәріс оқыды. Ербол ЖҰМАТАЕВ, №18 жалпы білім беретін орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Еске алу Нұра ауданы, Ақмешіт ауылының тумасы, Абай ауданы, Топар кентінің тұрғыны Жанат Зікірияұлы Ниязбековтің фәни дүниеден бақиға аттанғанына 1 жылдай уақыт толыпты. Артынан зар жылап бауырлары, балалары, сүйікті жары қала берді. Күні кеше ортамызда ақылшы, қамқоршы болып жүрген адал жан еді. Амал не? Опасыз жалғанға, мейрімсіз тағдырға не шара? Сенің кіршіксіз ақ көңіліңді, жарқылдаған шынайы күлкіңді шалқыта салған асқақ әніңді, жаутаңдаған бота көзіңді сағындық. Егер тірі болсаң 58 жасқа толғаныңды дүрілдетіп тойлап жатар ма едік, енді тек орны толмас өкінішпен, сағынышпен еске алып аруағыңа дұға бағыштап жүреміз. Қош, асыл жарым!

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Кім білген өмірдің жалғанын-ай, Кім білген қош айтысып қаларымды. Кім білген қидым деген сөзге келіп, Кім білген айырылып сенен қаларымды.

Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты – білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке орай ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім беру қызметін белсенді ету негізіндегі педагогикалық технологияларды тиімді қолдануға тиістіміз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», – деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Мақсат пен міндеттердің орындалуы стратегиялар арқылы іске асады: ассоциация, кооперативтік қызмет, көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Технология енгізу қорытындысы оқу үрдісіне деген қызығушылықтың артуы, оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік береді. Инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие болады. Сондықтан, білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай іскерлікті талап етеді.

Ақтоғай ауданы. Суретте: еңбек ардагері Н.Нұрмұхамбетұлы.

Сен мені қалдырдың ғой асыл жарым, Жанымның аяғам жоқ асылдарын. Тағдырға мың рақмет, сен болмасаң, Жайқалмай кетер ме еді жасыл бағым. Аруағыңа тағзым етуші: жұбайың – Айгүл, балаларың – Назгүл, ШәрбәтХамза, Ерасыл немерелерің – Айсана, Айлина, және туған-туысқандарың. P.S. Марқұмның қайтыс болуына жыл толуына байланысты ас Қарағанды қаласындағы жаңа мешітте сәуір айының 29 жұлдызында сағат 16.00-де беріледі. Марқұм жолдасым Жанаттың көзін көрген туған-туыс, дос-жаран, ауылдастарын құранға шақырамыз. Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесі облыстық сот төрағасы Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбековке аяулы інісі ЖАМАЛБЕКТІҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтады. Қалалық ардагерлер кенесінің төрағасы Т.Зейнешев.

считать недействительным Считать недействительным утерянный диплом ЖООК-М № 0072436, рег. № 135 от 12.06.2015г. выд. КарГУ им.Букетова Е.А. на имя Таттибаевой Айман Бекбулатовны 08.07.1989 г.р. №178

Облыс прокуратурасы және басқармалары басшыларының «Ашық есік күні» акциясы аясындағы 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған көшпелі іс-шараларының КЕСТЕСІ № Лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. 1

2

4

5

Бибінұр КӘКЕН, №23 жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

5

6

Елдің денсаулығын тексеретін «Саламатты Қазақстан» пойызы – жолда. Отарба заманауи диагностикалық қондырғылармен жабдықталған.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» Сегіз вагонды пойыз құрамында терапевт, педиатр, невропатолог, көз

дәрігері, ларингооторинолог, гинеколог, хирург, уролог, маммолог және

тіс дәрігері сияқты мамандар бар. Ақ халаттылар тұрғындарды тексеріп, алғашқы медициналық көмек және медициналық орталықтарға жолдама береді. Қараша айына дейін шалғай ауылдарды аралайтын пойыздың бірінші аялдамасы – Жезқазған темір жол бекеті болды. Жоба туралы қосымша ақпарат алғыңыз келсе, 8 (7172) 76-98-56, 76-90-19, 87015263050 телефондарына қоңырау шалыңыз.

7

8

Жоспарланған мерзімі

И.А.Тлеугалеев Саран қаласы мамыр облыс прокуроры «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Саранская», Т.Кузембаев атындағы шахталар жұмыскерлерімен кездесу Ә.Ж.Жарылғасов Жезқазған, Сәтбаев қаласы, Ұлытау ауданы 10-11 мамыр облыс «Қазақмыс Смэлтинг Корпорацияс» ЖШС жұпрокурорының мыскерлерімен кездесу, Сәтбаев қаласы және бірінші Ұлытау ауданы прокуратурасында тұрғындарды орынбасары қабылдау

3 Н.К.Жанахметов Облыс прокурорының орынбасары

4

Өңірлер

М.М.Таутенов, Облыс прокурорының орынбасары

Ақтоғай және Шет аудандары тұрғындарын қабылдау Приозерск қаласы тұрғындарымен кездесу

27-28 сәуір 12 мамыр

Балқаш қаласы 23 маусым «Қазақмыс» корпорациясы жұмыскерлерімен және қала тұрғындарымен кездесу Теміртау қаласы сәуір «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, ЖЭО-2, №1,2,3,4 құю цехының еңбек ұжымымен кездесу Жезқазған қаласы мамыр «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу Сәтбаев қаласы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Оңтүстік Жезқазған кенішінің еңбек ұжымымен кездесу Бұқар жырау ауданы 21 мамыр «Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу «Разрез Кузнецкий»ЖШС еңбек ұжымымен кездесу

Бұқар жырау ауданы 28 сәуір Ғ.Мұстафин кенті тұрғындарымен кездесу Саран қаласы 21 маусым Саран қаласы прокуратурасында тұрғындарды қабылдау Н.Б.Кервенов, Қарағанды қаласы 23 мамыр Облыс прокура- «Нұр Отан» партиясы ғимаратында тұрғындартурасы аппараты- ды қабылдау ның басшысы М.К.Калиакпаро, 1-басқарма басшысы

Шахтинск қаласы Шахтинск қаласы прокуратурасында тұрғындарды қабылдау Абай ауданы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбек ұжымымен кездесу Қаражал қаласы «Өркен-Атасу» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу Балқаш қаласы «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу Балқаш қаласы «KazakhmysSmelting (Казахмыс Смэлтинг)» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу С.Т.Жаманкараев, Карқаралы ауданы 2-басқарма бас- Аудан тұрғындарымен, шаруа қожалықтарының шысы ұжымдарымен кездесу

7 маусым 14 сәуір 26 сәуір 23 маусым 23 маусым 12 мамыр

Осакаров, Нұра аудандары 16 маусым Аудан тұрғындарымен, шаруа қожалықтарының ұжымдарымен кездесу Е.Н.Шевченко, Жаңаарқа ауданы. Аудан прокуратурасында 8 маусым 10-басқарма бас- тұрғындарды қабылдау шысы Октябрь ауданы. Аудан прокуратурасында тұр- 19 мамыр ғындарды қабылдау К.К.Рымбеков, 7-басқарма басшысы

А.С.Ахметов, 4-басқарма басшысы

Шахтинск қаласы АК-159/6 Долинка к., АК-159/5 Қараған к. сотталғандарды қабылдау

1-9 сәуір (келісім бойынша)

Шахтинск қаласы АК-159/11 Долинка к., АК-159/17 Долинка к., сотталғандарды қабылдау

10-16 сәуір (келісім бойынша)

Шахтинск қаласы АК-159/18 Қарабас к., АК-159/20 Долинка к. сотталғандарды қабылдау Шахтинск қаласы АК-159/7 Долинка к., АК-159/6 Долинка к. сотталғандарды қабылдау Қаражал қаласы Қала прокуратурасында тұрғындарды қабылдау

17-23 сәуір (келісім бойынша)

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы прокуратурасында тұрғындарды қабылдау

24 мамыр

24-30 сәуір (келісім бойынша) 26 сәуір


6

Сенбі, 22 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Cурет ғаламтордан алынды.

«Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ

Кеңес Одағы тұсында Лениндік сыйлық елімізде ең мәртебелі марапат болып есептелді. Сыйлық 1957 жылдан беріле бастады. Қаулы 22 сәуір – В.Лениннің туған күні жарияланатын. 1958 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті, ғұ­ лама ғалым Қаныш Сәтбаев бас­ таған бір топ ғалымдар Орталық Қазақстанның металлогениялық және болжамдық карталарын жасағаны үшін Лениндік сыйлықтың лауреаттары атанды. Шығарма­ шылық топ құрамында ҚазКСР ҒА Геологиялық ғылымдар институты директорының орынбасары Рамазан Борукаев және Қанекеңнің сенімді серіктері, ірі геолог-ғалым­ дар – И.Бок, Г.Жилинский, Д.Казанли, Г.Медоев, И.Новохатский, Г.Щербаланың болғанын атап өткен ләзім. Келесі жылы ос­ын­­дай мәр­тебеге жазушы Мұхтар Әуезов ие болды. 1961 жылы Лениногор полиметалл комбинатының рудниктерінде мәжбүрлеп блоктық құлату жүйесін жасап, игергені үшін академиялық тау-кен институтының директоры, жерлесіміз Әлихан Мусин мен сол институттың бөлімше жетекшісі Ақай Жақыпбаев комбинаттың бір топ қызметкерлерімен бірге Лениндік сыйлық алды. Ащысай полиметалл комбинатының комбинаттың бір топ инженер-техник қызметкерлері (араларында казақ инженері Абсан Құлманов бар) мен проходкашы бригадирлері де 1965 жылы аталмыш сыйлық иегерлері атанды. 1966 жылы геология министрі Шахмардан Есенов бастаған қазақ геологтары – Жолдасғали Досмұхамбетов, Нарен Имашев, Халил Махамбетов, Халел Өзбекғалиев басқа да әріптестерімен бірге кеуделеріне лауреат белгісін тақты. Қазақтар арасындағы Лениндік сыйлықтың соңғы лауреаты – аяулы ғалым-биолог Мұрат Айтқожин. Мұрат Әбенұлы мұнан кейін ҚазКСР ҒА Ботаника институты директоры, Ғылым академиясының президенті де болды. Алайда, 1987 жылы мезгілсіз қайтыс болды. (Деректер «Академия наук Казахской ССР» (1987 жыл) кітабынан және ғаламтордан алынды). Маржан терген Аман ЖАНҒОЖИН.

Шынболат Ділдебаев өзі туралы жыр­толғауларының бірінде Жырлап тұрған бұл жырды, Десеңіздер кім болад? Бұл кәдімгі кенші ақын, Сырда туып, қырда өскен, Жезқазғандық Шынболат, – деп еркін дауысымен даламызға естірте үн қатқаны белгілі. Жалындаған жастық шағында жеті қат жер астында кен қазып, тас бұрғылады. Асылдың ізіне түсіп арыдан қопарып жер бетіндегі ашыққа шығарды. Әр таңы сынға толы тіршілікте жасқануды білмейтін Шынболаттың мінезі отты өлеңдерінен де көрінді. Құл-Қожахмет Яссауи бабамыздың «қылуеті» секілді терең жер асты жолдарында кетіп бара жатқанда, тұтқаны берік ұстап сірескен жартастар мен құм қиыршықтарына алмас ұшты болатты тіреп, гүрілдеген мотор дауысының қасында ойына келген жыр жолдарын жадына сақтаған сәттері оны айрықша күйге бөледі. Кеште электрдің жарығында сыртылдатып қағазға түсірсе, кейбіреулері жазылмай сызылмай-ақ санада сақталып кез келген ортада ән болып шырқалып, терме болып төгілетін. Тереңде кен қазу мен жарықта өлең жазудың азабы да, атқарар міндеті де бір секілді. Мінезі қайсар, қайраты қаптал, сөзі мірдің оғындай, ақ алмастың жүзіндей Шынболаттың өмірі аңыз бен ақиқаттың арасында өтіп жататын. Жезқазған өңірінде қызмет етіп жүргенімде ағамызбен бірге жүрдік. Көкшетау, Қызылжар, Ақтөбе бағытында үзеңгі жолдас болу нәсіп болды. Сапарлас болдық, дәмдес болдық, пікірлес үндес болдық. Арқаның даласында қатар жүріп ақындық өнердің, салсерілердің арғы бергі тарихынан сөз қозғайтын едік. Болмыс-бітімі бөлек, сөйлесе мүдірмейтін шешен, домбыра алса көмейіне бұлбұл ұя салған, құйқылжыта арындайтын әнші, екпіні мен ырғағы шымдай байланған термешілігі күллі әлемді ұмыттырып ұйығына батырушы еді... Көмейінен шыққан жентек-жентек сөз тасқыны алпыс екі тамырыңды қуалап, арқаңды шымырлататын. Оның өз бояуымен қалыптасқан толғауы тоқсан әуені қазақ даласын шарлап кететін. Оның ырғағында жағымды жылылық, мейірлі сезім, асқақ рух қатар жататын, кезі келгенде құйғытып, екпіндейтін, қажет болғанда қадап-қадап тұрып қаныңды қайнататын, жарығы жүрекке жетіп шымыр-шымыр бойға сіңетін... Біз өткен ғасырда жасаған Біржан сал, Ақан сері, Мәди, Үкілі Ыбырай, арынды Әсеттердің замандасы болғамыз жоқ. Өмірі ғажайып сұлу өткен ақын-жырау, сал-серілерді көзімізбен көргеміз жоқ. Алайда, тамыры тартылмаған аға буынның бізге жеткен жалғасын байқадық, қарқыны бәсеңдемеген тұлпарлардың тұяғын көрдік. Меніңше, ол, осы Шынболат Ділдебаевтардың дәл өзі болатын. Бір басында ақындық, әншілік, күйшілік, айтқыштық, батылдық қатар табыла беретін берен батырлар осындай-ақ болар!.. Ғасырлардың қатпарынан қаннан қанға өтіп, рухымыздан жаңылмай орын тауып отырған киелі өнер бізге Шынболат болып шымырлады, Шынболат болып шырқалды. Мінеки, ағамызбен қатар жүрген шақтар туралы ойласам, жүрекке осындай сағынышқа толы күй келеді, қимастық сезімдер көңілді тербейді. Шынболат Ділдебаев өзіне дейінгі барша ақын-жыраулар мен сал-серілерді жақсы біліп өсті. Әсіресе, Арқа даласында атақты Біржан сал, Ақан сері, Мәдилерден бүгінгі дәуірімізге өткен Балғабай Сейсенбеков, Садық Асатов, Жәлел Қалмағанбетов секілді ұстаздары мен ағаларын ардақтаған ол осы қатардан өзін де тапты, есімін сол тізімге нық орнықтырды. Оның өлеңдерінен Ұлытау бой көтеріп, Жезқазған жазирасы сағымданып жатты. Жырларын оқи бастасаң, әр түйір тасы мен әр тал шөбі сөйлеп тұрғандай болады. Оның үні шопанның шалғай ауылынан, кеншілердің шахтасынан, жұрт жиналған мәдениет сарайларынан екпіндей есіліп, желдей тарап жатты. Хакім Абай «Тыңда мені Тобықты» деп бастаса, Жамбыл жәкем «Тыңда, Қастек, Баянбай!» деп толғап аядай ауылдан күллі қазақ даласына дауыстарын жеткізгенін білеміз. Талант деген тағдырлы жаратылыстың сөзі де бөлек, өзі де бөлек болады екен ғой, дәл сол секілді Шынболат та «Төртіншіден төрт тарапқа танылды». Қаныш Сәтбаевты, Баубек Бұлқышевті, Мұқан Иманжановты, Тайжан Қалмағамбетовті әспеттеп жырлап жүріп өзі де сол тізбекке қосылды. Ақынның артындағы ізбасар іні-қарындастарының бірі Бұқар Амангелдінің

Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33.

Шынболат десе – шындық, шындық десе – Шынболат көз алдымызға келетін болғалы қашан. Оның аты табиғи түрде ақындардың мөріне айналып, өршіл өлең мен ұрымтал сөздің найзағайы секілді қазақ аспанында от қамшыдай жарқылдап тұр. Көрнекті қоғам қайраткері, танымал ақын Кәкімбек Салықов «халқым кезінде мені «кенші ақын» деп атап кетті. Құдайға шүкір, кенші ақын-інілерім де баршылық. Соның көш басында Шынболат Ділдебаев тұр. Шынболат – қазақ атамыз сүйетін шын ақын, заманның әр ағысына пікір қозғайтын, қара қылды қақжарғыш шыншыл ақын» деп өз бағасын беріп еді.

Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері

Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 43-21-55; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz

«Қос ананы – Сыр мен қырды тел емген, Жыр да жазды, кен де қазды тереңнен. Төртіншіден төрт тарапқа танылып, Алты Алаштың алғысына бөленген, – дейтін арнауы бостан-бос айтылмаса керек. 1990 жылы 13 қыркүйекте Никольск қаласына халқымыздың біртуар ұлы, геолог Қаныш Сәтбаевтың аты берілгенде «Ортаға қала болып ұлың келді» деп жар салып, биік мінбеден Шынболаттың үні естілген еді. Айтыскер ақындар Көкен Шәкеев, Әселхан Қалыбекова, Манап Көкенов секілді аты белгілі ақындар оның әріптестері болып, айтыс сахнасынан сөз жарыстырды. Ал, бүгінгі күннің ақжолтай ақыны Аманжол Әлтаев және өзге де жыр жүйріктері оның жолын ұстанған шәкірттері болатын. Арнайын туған жерге жалынды жыр, Жақсы мен жайсаңдарым жанымда жүр. Қожабай, Болман Тайжан, Шашубайдың, Өнері мына менің қанымда жүр, – деп толғайтыны сондықтан болатын. Тебінісіп бетпе-бет келген тартыстарда, тақымдасқан додаларда тайсалмай турасынан салып, шабыт деген жүйрікке қамшы басатын Шынболаттың Жанымның қиянаттық етпесі бар, Етімнен қажет болса, ет кесіп ал. Тілім бар, Махамбеттің найзасындай, Пендемін, бүйрек, бауыр, өкпесі бар, – деп асқақ үн, тегеурінді екпін, қуатты жырымен әріптесіне арынын аңғартып, қусыра шабуылдайтын шақтары көп еді. «Етінен ет кесіп алса да» былқ етпейтін шыдамдылық пен қайсар мінез болат бойынан атылып шығып, Махамбеттің найзасы болып, күнге шағылысады. Сөйте тұра, кәдімгі қарапайым адам екенін «бүйрек, бауыр, өкпесі ба-

рын» ескертеді. Бұл шумақтан ақын бейнесі сомдалып, айтыскерлік тапқырлығы танылады. Құрсауды бұзып-жарып өтетін бет қаратпас қаһарлы шабуыл өлең өрнегінен көрініс табады. Тәуелсіздіктің елең-алаңында екіленбей жыр толғаған Шынболаттың шырқыраған үні қазақ даласын кернеп кетті. Иманыңды, дініңді, Қайтып берсе тіліңді, Айт деп тұрған заманда, Шығармасаң үніңді, Күндеп бірің-біріңді, Болып жатсың жырынды, Он миллион ел болып, Біле алмасаң құныңды, Көре алмасаң күніңді, Өз обалың өзіңе! – деп төкпелейтін жыр жолдары ақында өте көп. Біздің тіліміз бен дінімізді жарқыратып, бабалар жолымен ұстануымызға ешкім кедергі емес. Ендеше, мәселе түбірінен өзімізде екенін көреген ақын көптен бұрын болжайды. «Өз обалың өзіңе!» деп қатты ескертіп, өзегін күйдірген өкінішін сездіретіні ойландырады. Бұл жырларым біреулерге жақпайды, Ал, біреулер шындық қой деп мақтайды. Зұлымдығы шырылдатса жанымды, Ұлылық кеп бір күн өзі ақтайды. Ақын тағдыры бірыңғай түзу өтті деп айта алмаймыз, оның кедір-бұдыр кедергіге кездескен кездері де аз емес. Сол себепті, «Ұлылық кеп бір күні өзі ақтайды» деп нық сеніммен жырына қосты. Сондай күннің болғанын, әр қазақтың жүрегіне жеткен асыл сөз, әдемі мәнерін жұрт мойындады. Намысты қамшылап, рухыңды асқақтататын мінезді ақынды сөйлесе кеткен екінің бірі толғай жөнеледі. Жолымыз түсіп шығыстағы Қытай еліне сапарлап қайтқанымыз бар. Сондағы қаракөз қандастарымызбен сырласып отырған сәттердің бірінде Шынболат Ділдебаевтың есімі аталды. Құлақтары елеңдеп, көздері

нұрланған бауырларымыз сүйіспеншілікке толы лебіздерін шетінен ортаға салудан жалықпады. «Америка, Түркияға, Қытайға, жетіскеннен шашылдық па тарыдай?» деп мұңданатын, зар-запыран ақтаратын әлгі әйгілі «Шындық» толғауын білмейтіндер өте аз. Шынболаттың үні қазақтар өмір сүретін өлкенің бәрінде естіледі. Сол ырғақ, сол екпінмен жыр толғап, айтысқа түсіп жүрген шәкірттері қаншама! Сөйле, тілім, алаңдама тартынба, Найзағайдай шындықты айтып жарқылда! Қалай ғана өмір сүрдім дей алам, Бір ауыз сөз қалмаған соң артымда, – деп басталып бір ойдан бір ойды асырып, дүбірлеген тұлпар шабыспен, арқыраған тау өзеніндей басымызда бар, бойымызда мін болып тұрған «ауруларымызды» аптап өтетін өмірдің шындығын, өзіміздің шындығымызды шырылдап тұрып нөсерлетеді. Өлеңді осылайша тасқындатып әкеліп: Айтатұғын атты бүгін ақ таңдар, Бәрін біреу береді деп жатпаңдар. Бір қазақты үшке бөліп бүлінбей, Қайран елім, бірлігіңді сақтаңдар, – деген тұжырыммен нүктесін қояды. Қазақ халқы оның жазған жүздеген жыр­ ларының бәрін біле бермесе де, осы бір «Шындық» толғауын жазбай таниды. Ақынның бағын жандырып, бақытын асырған да осы тектес шындықтың шырылы, ақиқаттың ауылы болатын. Заманыңды өтсең батпас таң қылып, Біліміңді жақсаң өшпес шам қылып. Ұрпағыңа қалса айтарлық бір сөзің, Сол ғой, шіркін, өлмегенің мәңгілік, – деп бар өнер иесінің арман-тілегін, мұ­ рат-мақсатын төрт жолға сыйдырып кеткен ақынға «өнердің мәңгілік көш-керуеніне сіз де қосылдыңыз, Шынболат Ділдебаев, – десек, еш қателеспейміз. АЛМАТЫ қаласы.

Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­ дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­ дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Таралымы 18 100 дана №44 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 баспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Жарнама бөлімі: ortalyk.reklama@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Нұрдос КӘРІМ КОРРЕКТОРЛАР 2,4,5 – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 1,3,6 – Ж.АХМЕТОВА

22 04 2017  

Advertisement