Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

♦ СЕЙСЕНБІ, 20 МАУСЫМ, 2017 жыл №67 (22 374) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан»

Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында «Мен қазақпын» атты дәстүрлі әншілер, термешілер мен күйшілердің телевизиялық мега жобасының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Облыстың түпкіртүпкірінен жиылған Ұлы Даланың өнерпаздары бақтарын сынап, оза шапқандары мега жобаның республикалық кезеңіне жолдама алды. (Жалғасы 4-бетте)

Алаш абызы, қазақтың кемеңгер көсемі Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойы ата қонысы – Егіндібұлақ ауылында осы жылдың 18 тамызында өтеді.

Данышпан бабаның торқалы тойының аламан бәйгесінің бас жүлдесіне – «Toyota-LK-Prado» автокөлігі тігілді. Аталмыш автокөлікті заң ғылымдарының докторы, белгілі ғалым, мәрт ағамыз Бақтыбай Жүнісов ұсынды.

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Балқаш қаласы әкімдігінің бастамасымен 16 маусым күні көкше теңіздің жағасындағы «Жемчужина» демалыс үйінде аймақтағы туризм саласын өркендету бойынша «Балқаш Туризм – 2017» форумы ұйымдастырылды. Форумда ішкі туризмді дамыту, өңір экономикасын көтеру, инвестициялық ахуалды жандандыру мәселелері қарастырылды. Көл жағалауындағы келелі кездесуге облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов, республикалық туроператорлар, жергілікті туризм ісінің мамандары қа­тысты. Алғашқы болып сөз алған Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулин Балқаш жағалауындағы туризмді дамытудағы мүмкіндіктерге тоқталды.

Сондай-ақ, Балқаш қалалық мәслихатының хатшысы Қ.Тейлянов, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Т.Аблаева, Қарағанды

облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Е.Күлпейісов, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Қ.Нөкеш, тағы басқа жиынға қатысушылар ба-

яндама жасап, аймақтағы туристік объектілерді маркетинг саласында жандандыру қажеттігін айтып, жарнамалау жағын да басты назарда ұстау-

Ал, танымал суретші, антиядролық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіков ініміз өзі салған суреттерін көрмеге койып, түскен қаражатын қорға аударатынын мәлімдеді. Абзал ағамыз бен ініміздің ісі-

ды тілге тиек етті. Балқаш қалалық кәсіпкер және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Байзақ Әлмағамбетовтің айтуынша, өткен жылы Балқаш өңіріне 16 мың адам келіп демалып, қалалық бюджетке 350 млн. теңге пайда түскен. Демалушылар шет елдерден көптеп тартылуда. Қаладағы шағын және орта бизнеспен айналысатын 4500 кәсіпкердің бүгінде отызға жуығы тікелей туризм бағытында жұмыс жасайды. Жаз айында туризм саласымен айналысатын адамдар саны 1500-ге дейін артады екен. Сонымен қоса, Орталық Қазақстан туризм ресторандық іс және қонақ үйлер бизнесі қауымдастығының президенті Майра Ақәділова туризм Қазақстанның өсуі мен өркендеуіне зор ықпалын тигізетіндігін жеткізді. «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында облысқа туристер легі көптеп ағылмақшы. Балқаш аймағына демалушылар саны жылдағыдан 20 пайызға көбеймек. Осы ретте туроператор Мәдина Әбілдина Қазақстанды қызықтағысы келген саяхатшыларға сапалы қызмет көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді. Осы күні туристік кластерді дамыту бойынша атқарылатын жобалар мен жергілікті қолөнер шеберлерінің төл туындылары таныстырылды. Қоғамдық тамақтану орындарында

не Алла тағала абырой беріп, ұлы баба аруағы қолдасын деп тілейміз. Мейір МҮБӘРАКОВ, «Балқантау» қорының президенті, Қарқаралы аудандық мәслихатының депутаты.

шеберлік сыныптары өткізілді. Жиын барысында қонақтарға Балқаш аймағының туристік әлеуеті паш етіліп, туроператорлар мен туризммен айналысатын кәсіпкерлер арасында келісім орнап, меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар, Балқаш қаласы­ ның 80 жылдық мерейтойы және «Балқаш Туризм – 2017» форумы аясында шаһардағы шағын және орта кәсіпкерліктің өкілдері арнайы номинациялармен марапатталды. «Ең үздік ғимарат қасбеті және маңайдағы аумақты абаттандыру» аталымы бойынша «Respect HoteI» қонақ үйі І орынды, «Нұрсая» тойханасы ІІ орынды, «Космос» банкет залы ІІІ орынды еншіледі. «Ең үздік жол бойындағы бизнес кәсіпорны» номинациясы бойынша «777» кемпинг І орынды, «Азербайжан» кафесі ІІ орынды, «Арзу» кафесі ІІІ орынды иеленді. «Ең үздік қоғамдық тамақтану кәсіпорны» номинациясы бойынша «Мерей» сауда ойын-сауық кешені І орынды, «Бақыт» мейрамханасы ІІ орынды, «Атилла» мейрамханасы ІІІ орынды иемденді. «Ең үздік таксист» номинациясы бойынша Жанғазы Ермеков І орынға, Мағжан Байтөкешов ІІ орынға, Қайрат Ибраев ІІІ орынға тұрақтады. Сондай-ақ, қала әкімінің Алғыс хатымен бірнеше такси жүргізушілері марапатталды.

Қарағанды көшелерінде осы жазда бірнеше шағын сәулет құрылыстары бой көтереді. 28 тамызға дейін 16 мүсін орнату жоспарланған. Олардың біреуі Ерубаев және Әлиханов көшелерінің қиылысындағы Балалар және жасөспірімдер сарайының алдындағы алаңда орнатылды. 8 метрлік туынды «Сарыарқа» деп аталады. Жақын арада осы секілді сәулет өнерінің туындылары Төлепов, Бөкетов көшелерінің бойында, «Норма» сауда үйінің алдында, Құрылысшылар даңғылы мен Мұқанов көшесінің қиылысында, Мамыраев атындағы шағын ауданда және Магнитогорская көшесіндегі №95 мектептің аумағында пайда болады. – Барлық мүсіндер бетоннан құйылатын болады, – деді Қарағанды Суретшілер одағының төрағасы Айдар Қалмаханов. – Кейбірі қола бояумен, ал, кейбір мүсіндер түрлі-түсті бояулармен боялады. Сонымен қатар, кейбір жерлерде бүтін мүсіндік ансамбльдер орнатылады деген жоспар бар. Мысалы, Төлепов көшесінде тас үстінде демалып отырған ұл балаларды суреттейтін үш сәулет құрылысы қойылады. Бетоннан жасалған ұлттық аспаптар Құрылысшылар даңғылы мен Мұқанов көшесінің қиылысында орналастырылады. ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.


2

Сейсенбі,

www.ortalyq.kz

Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды өзі қадағалайтын болады. Бұл жайлы ол мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласы бойынша өткен үйлестіру кеңесінде мәлімдеді. Облыста 60 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Ол аймақ тұрғындарының жалпы санының 4,4%-ы. Мүгедек балалар саны 4 мыңнан асады. Қазіргі таңда мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қорғау бойынша аймақтық шаралар жоспары жүзеге асырылуда. 2017 жылы облыстық бюджеттен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсетуге 631,9 млн. теңге бөлінген. Өткен жылмен салыстырғанда, қаржы сомасы екі есеге ұлғайған. Бұған қоса, мүгедектерді әлеуметтік қорғауға байланысты республикалық бюджеттен 610,6 млн. теңге көлемінде мақсатты трансферттер қарастырылған. Үйлестіру кеңесінде мүгедектер үшін қолжетімді ортаның жағдайы талқыланды. Жиналыс барысында бірқатар басқарма басшылары, Қарағанды қаласы мен Бұқар жырау ауданының әкімдері баяндама жасады. Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық көліктегі ыңғайлығы үшін 21 жолаушы тасымалдайтын автобус арнайы жабдықталған. Мүгедектерді тегін тасымалдайтын 33 инватакси жұмыс істейді. Дегенмен, мүгедектер қоғамдық қорларының өкілдері инфрақұрылымның кемшін тұстарын айтып, шағымданды. Жиналыс барысында қала жолдары арбада отырған мүгедектер үшін бейімделмегені туралы да сөз қозғалды. Ал, теміржол вокзалында көтергіш құралдар жоқ. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері мүгедектерге арналған көлік қою орындарына басқалар көліктерін қоймауын қатаңырақ қадағаласа екен деген өтініш айтылды. Қарағанды қаласындағы 90 мың адамға қызмет көрсететін емханада мүгедектерді жоғары қабаттарға көтеретін құрылғылар жоқ. Инклюзивті білім мәселесі де талқыланды. Ерлан Қошанов жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының есебін жарамсыз деп санап, қабылдамады. – Ең бастысы – өмір сапасын жақсарту қажет, – деп қадап айтты облыс әкімі. – Жағдайдың ешқандай сараптамасын естіген жоқпын. Бізге қандай проблемаларды шешу керектігі де айтылмады. Ол жайында жиналысқа келген қонақтарымыз ғана айтты. Аймақ басшысы мүгедектер қоғамдық қорларының өкілдеріне ашық әңгімелері үшін алғыс айтты. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз қоршаған орта құру бойынша жұмыстарды түзету керек деген қорытынды жасады. Облыс әкімі жергілікті бюджеттен мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша шараларға бөлінетін қаражатты ұлғайту жолдарын қарастыруды тапсырды. – Бүгін біздің көшелерімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды сирек кездестіруге болатыны туралы айтылды. Себебі, ол адамдарға үйлерінен шығу қиын. Біз барлығымыз шетелдерде боламыз, ол жерлерде басқа көрініс. Ол жақтағы мүгедектер ешқандай таршылық көрмейді, қоғамдық ортада өздерін бос ұстап, барлық адамдармен тең жағдайда болады. Бізге сондай жағдайға ұмтылу керек. Біз осы жерде айтылған әрбір мәселеге нақты тоқталып, жүйелі жұмыс құруымыз керек. Әдетте үйлестіру кеңесін менің орынбасарым өткізетін. Енді, әр жиналысты мен өзім өткіземін. Атқарылып жатқан жұмыстарды өзім бақылайтын боламын», – деді Ерлан Қошанов. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

20 маусым, 2017 жыл

саң, жаныңның барша күшін бір бағытқа ұмтылту керек» дегеніндей Қасекең де сол қиын да, күрделі жұмыстарды атқарғанында, -барлық жауапкершілікті өзіне алып, талапты өзіне де, басқаға да өте қатты қоя отырып, бойындағы бар күш-қайратын, білімі мен біліктілігін бір бағытқа жұмсап, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүріп орындайтынын өңір халқы жақсы біледі. «Туған халқын ісімен риза етіп, көп алғыс алған адамның нұры тасып, мұратына жетеді» деген қағидаға сай, көп ұзамай Қасекеңнің қызметінде өрлеу жолдары басталады. Соның бірі

Сарыарқаның сайын даласында орын тепкен Шет ауданының Ақадыр стансасы еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін тікелей жалғастыратын Алматы-Петропавл темір жолының күрделі де үлкен стансаларының қатарына жатады. Станса тарихына көз жүгіртсек – қарқынды дамуы аудан орталығы болған 1973-1997 жылдар аралығындағы кезеңге дөп келеді екен. Өмір-өзен дегендей уақыттың бір орнында тұрмайтыны белгілі. Уақыт өткен сайын сол кезеңнің шежірелі күндері көнеріп, оның баз бір кезеңдері ұмытыла бастайды. Сондықтан, сол көнерген күндердің шежірелі тарихын жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа жеткізу аға ұрпаққа парыз деп ойлаймын. Әрине, кенттің өркендеп дамуында көптеген азаматтардың аянбай тер төккені аян. Солардың ішінде бірінші кезекте Ақадыр ауданының сол жылдары атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ауданымыздың тумасы К.Медиевтің Ақадыр кентін дамытудағы ерекше еңбегіне тоқталуды жөн санадым. 1973 жылдың көктемінде Үкімет қаулысымен Қарағанды облысынан бөлініп Жезқазған облысы, Шет, Жаңаарқа аудандарынан бөлініп жаңадан Ақадыр ауданы құрылатын болды. Аудан орталығы Ақадыр кенті облыс орталығы Жезқазған қаласынан 525 шақырым, ең жақын деген Қарағанды, Балқаш қалаларынан 230-260 шақырым қашықтықта еді және ол кезде осы қалалар бағытында асфальт жол түгілі көтерме тас жолдың өзі жоқ-тын. Сондықтан, ел көпшілігінде темір жолмен ғана қатынасатын. Ал, ауданның кеңшарларына автокөліктер даланың айдау жолымен жүретін. Кент саздақ жерге орналасқан, кө­ шелері түнде жарықтанбаған, жаяу адам жүретін аяқжолы жоқ, автокөлік жол­дарының жағдайы да мәз емес, қарапайым темір жол стансасы бола­ тын. Әрі кент дәл сол кезеңге дейін (1973 ж.) мемлекеттік электр жүйесіне қосылмаған, мекемелер әрқайсысы электр тоғын өздерінің дизел-генератор­ ларының күшімен беріп тұрады екен. Жаңа ауданның партия комитетінің бірінші хатшылығына К. Жұмашев деген кісі сайланып, денсаулығы жарамай жарты жылдан кейін қызметінен босады. Орнына сайланған екінші хатшы Н.Макаренко тәжірибесінің аздығынан жаңа ауданды құру жұмыстарына қатты кірісе алмаған-ды. Екі жылдан кейін ол кісі де басқа қызметке ауысып кеткен еді. Осындай сын сәтте «Көргені жақсы, көш бастайды» дегендей, аудандық атқару комитетінің төрағасы Касекең (Қ.Медиев) аудандық партия комитетінің бірінші хатшысынан айтарлықтай көмек болмайтынын сезіп, ешкімге алаңдамай, ауданды құру жұмыстарына қызу кіріскен-тін. Табиғатынан алғыр, тегеурінді азамат, өзіне тән іскерлік қабілетімен, Ақадыр кентіндегі бұрыннан жұмыстары қалыптасқан теміржол локомотив депосы, станция басшылығы, геологиялық барлау экспедициясы, Ақшатау кен-байыту комбинатының жүк түсіріп-жөнелтуші базасының басшыларымен тіл табыса отырып, қысқа мерзімде ауданды құру мәселесін оңтайлы шеше білді. Яғни, алғашқы жылдың өзінде аудан мекемелерін орналастырып, олардың қалыпты жұмыс істеулеріне мүмкіндік жасаған еді. Бірден бірнеше маңызды деген жұмыстар атқарыла бастады. Соның бірі – кентті электрлендіру мақсатында, дереу Алматы қаласынан «Сельэнергопроект» институтының мамандарын шақырып, он бес күннің ішінде кентішілік электрлендіру бойынша жобалық-смета құжаттарын жасаттырды. Бірте-бірте жоғарғы кернеулі 10/04 квт. электр желісі тарттырылып, кенттің темір жол торабынан басқасының барлығы мемлекеттік электр жүйесіне қосылған-ды. «Ауылын көр де, азаматын таны» деген халық даналығына үлкен мән бере отырып, Қасекең алғашқы күннен бастап кенттің тазалығына, көшенің түнгі жарықтануына, сәулеттілігіне және көгалдандыруға тұрақты көңіл бөліп отырды. Бірінші кезекте көшені таза ұстау мақсатында Қ.Сәтбаев қаласындағы әріптесі Ә.Құнанбаевтан бірнеше қоқыс контейнерін сұрап, әкеліп қойғызды. Енді бірде сол Сәтбаев қаласына барғанында түнде сынап шамдарының самаладай жарықтандырып тұрғанын көріп, жаңалыққа жаны құмар Қасекең іштей, «мұндай шамдар біздің Ақадырды неге жарқыратпайды» деп қызығады. Тағы да Әшірбек досының жөн сілтеуімен Алматыдағы Коммуналдық-шаруашылық министрлігінен сондай сынап шамдарын сұрап барады. Министр: «сенің Ақадырың жұмысшы кенті, бұл қат шамдар, Алматының өзіне жетпей жатыр» деп бере алмайтынын айтады. Алайда, Қасекең қандай адаммен бол-

сын тез тіл табысып, иландыра білетін. Ақыры 150 сынап шамын, тағы 80 қоқыс контейнерін және бір ассенизатор автокөлігін сол жолы алып қайтады. Ол кезде сынап шамы облыс орталығы Жезқазғанның өзінде қойылмаған-тын. Ал қоқыс контейнерлері мен ассенизатор автокөлігі басқа аудан орталықтарында әлі пайдалана қоймаған кезі еді. Бұл бір ұсақ-түйек болып көрінгенімен, сол уақытта қиындықпен шешілетін шаруа еді. Сол сияқты көше бойында жаяу адамдар жүретін тротуарлар салу, көшелерді асфальттау сияқты, т.б. жұмыстар да қатар жүргізіліп жатады. Қасекең кентті сәулеттендіру мен жарықтандыру жұмыстары жайында: «Араға үш ай түскенде Ақадырда үлкен бір жиын өткізіліп, халық орасан көп жиналған еді. Кеш түсе шамдарды қостық. Ақадырдың түнгі көркі өзгеріп сала берді. Ел алғысын маған жаудырып жатыр. Менің бұл тірлігім өз жемісін берді. Республика бойынша бірінші орын алып, ауыспалы Қызыл Ту мен жеңіл автокөлікке ие болдық. Бұл тәжірибені кейін қызмет істеген Жезді және Шет аудандарында да пайдаландым, ол аудандарда да республика бойынша бірінші орынға шығып жүрдік» деп кейінде есіне алған еді. 1975 жылы күзде аупарткомның бірінші хатшысы болып бұрынғы Жаңаарқа ауданының ауатком төрағасы, Мәскеу қаласындағы жоғары партия мектебін бітіріп келген И.Колбасин сайланды. Кейін көргеніміздей ол кісі өте қарапайым, ұстамды, еңбекқор екен. Бұл кезде аудан мекемелері жұмысын бірқалыпты атқарып жатқан еді. Қасекең ауданды құрып, жұмысын қалыптастырдым деп тоқмейілсімей, керісінше И.Колбасин екеуі бірлесе отырып, ауданды одан әрі көркейту жұмыстарын бұрынғыдан да үдете түсті. Ол жылдары «Жарық-Мойынты екінші темір жол құрылысы» мен «Те­ мір­жолды электрлендіру» жобалары бойынша кентте көптеген құрылыс жұмыстары, олардың инфрақұрылымдары жүргізіліп жатқанды. Қ.Медиев пен И.Колбасиннің сол тұста «Тың темір жолы» басшылығымен тығыз байланыс жасауынан, бірқыдыру маңызды жұмыстар оң шешімін тауып та жатты. Яғни, Ақадыр кентінің жанынан жаңадан көп қабатты тұрғын үйлері бар, бірнеше ықшам аудандар бой көтеріп, ауданның жаңа орталығы салына бастады. Онымен қатар осы жаңа орталық жақта, 1,2 мың оқушыға арналған үш қабатты Ю.Гагарин атындағы орта мектеп пен 150 орындық аурухана, екі қабатты аупартком ғимараты, прокуратура мен халық соты кеңсесі, пошта-телеком, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету үйі, ау-

деуге міндетті. Ал, компания өкілдері материалдың сынақтан сүрінбейтіндігіне бек сенімді. Дәулет ЕСЕНОВ, «Ассар.кз» ЖШС компаниясының өкілі: – Зауыттар жыл сайын өнімдерін тексеруден өткізеді. Біз қажетті материалдарды алғанда, бұл зауыттардан сапасын растайтын сертификаттар, рұқсаттық құжаттарын талап етеміз. Ал, аталған аулаларды абаттанды-

руды тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы аясында іске асырмақ. Аулаларға жоба барысында асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы жөнделеді. Бейнебақылау да болады. Балалардың жасанды көгалы бар алаңы да ескеріледі. Жергілікті билік өкілдері әр жөндеу алаңында жұмыстың жүру барысын қадағалайтын техникалық, авторлық бақылаушылар болатындығын мәлімдеп отыр. ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Қарағандыда абаттандыру қолға алынған алаңдар мен аулаларға халық қалаулылары арнайы барып, жұмыс сапасын сараптан өткізді. Бюджеттің 101 миллион теңгесі жұмсалып жөнделетін аулалардың талапқа сай боларына қалалық мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелеріне мердігер де уәде беріп-ақ отыр. Биыл бірден-бір тұрғындардың көзайымына айналады дейтін алаң - музыкалық академиялық комедия театры гүлзары. Содан соң, Ермеков көшесі 14/2, Можайск көшесі 9, Құрылысшылар даңғылы 19 және Карбышев көшесі 14/2 жөндеуден өтеді.

Мердігер компания «Ассар.кз» ЖШС музакадемия алыңын абаттандыруды сәуір айынан бастап қолға алған. Абаттандыру аясында алаң қоршауға алынып, жарықтандырылады. Сәкі орнатылып, шағын мүсіндер қойылмақ. Депутаттар құрылысқа қолданылатын материалдың сапасына ден қойды. Мердігердің айтуынша, бұл

өнімдер отандық көрінеді. Соның ішінде, Қарағанды зауыт-фабрикаларынан шыққан өнімдер дейді. Мердігер компания өнімнің сапалы екенін айтқанымен, депутаттар мен жергілікті билік өкілдері әлі де тексерістен өткізу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, егер екі жыл аралығында алаң абаттандырылуы сыр берсе, мердігер өз есебінен қайта жөн-

дандық агробанк, екі Мәдениет үйі, аудандық тұтыну қоғамының кеңсесі мен үлкен дүкендері, т.б. бірінен кейін бірі бой көтере бастаған еді. Жақсы іске жаны құмар Қасекең кейінде екі қабатты аупартком ғимараты жанынан жаңа жобамен үш қабатты үлкен, сәнді, сәулетті ауатком ғимаратын салғызды. Еңселі ғимарат сол көшеге ерекше көрік беріп тұрды. Көргендер таңғалып, мынау тура «Кіші Совмин» сияқты ғой деп мақтап жүретін. Радиореле қондырғылары қойылған бекеттен биік мұнара арқылы аудан тұрғындары облыстық, республикалық телехабарларды естіп, көре бастады. Облыс орталығымен және ауданның елді мекендері арасындағы телефон байланысы жақсартылды. Көп кешікпей Жезқазған, Қарағанды, Балқаш қалалары бағыттарында асфальтталған жол, ал аудан кеңшарларына көтерме тас жол салу қолға алынды. Ауыл тұрғындары жаппай электр тоғымен қамтамасыз етіле бастады. Ауданда мәдени шараларға да көп көңіл бөлінді. Сол жылдары «Ақадыр әуендері» фольклорлық ансамблі құрылды. Қасекеңнің тағы бір қасиеті өнерді, әдебиетті терең түсінетіні. Қазіргі күнге дейін араласып, байланыс жасап тұратын ақын-жазушы, сазгер ағаінілері бар. Осы кісінің тікелей ұйытқы болуымен Ақадырда «Ақадыр вальсі» әні өмірге келді. Сол сияқты Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 40 жыл толуы қарсаңында, Ақадырдағы ауатком ғимаратының қарсы алдындағы алаңқайға Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан ақадырлық жауынгерлерге арналған «Композициялық ескерткіш мүсіндерін» жасаттырып қойғызды. Жан-жағын көгалдандырып, абаттандырды. Бұл кенттегі ең алғашқы қойылған ескерткіш болатын. Сөйтіп, Ақадыр кенті аз жылдардың ішінде көп қабатты үйлер орналасқан, көшелері асфальтталған, электр шамдарымен жарықтандырылған, орталықтандырылған су, жылу және кәріз жүйелерімен жабдықталған қалаға ұқсас таза да, көрікті кентке айналды. Сонымен қоса, Екібастұздан оң­түс­ тікке тартылған жоғарғы кернеулі электр тоғы желілерін тартуда, Ақадырға ЛЭП500 подстанциясының салынуы да осы аудан басшыларының құптауымен шешілген болатын. Аудан бойынша 17 мың бас ірі қара, 225 мың бас қой және 12 мың бас жылқы малы қысқа түсіп жүрді, жоспарлы төл жылда алынып тұратын. Жоспарда белгіленген ет, сүт, жүн, астық өнімдері мемлекетке өткізіліп тұрды. Жер аумағының құнарсыздығына қарамай, аудан кеңшарлары облыс көлемінде жақсы көрсеткіштермен көрініп отырды.

Ол жылдары Ақадыр ауданының кеңшарларын ұзақ жылдар басқарған тәжірибелі, білікті З.Көкжалов, Б.Ос­ панов, М.Сағымбеков, Ы.Сұлтанов, М.Сәдуақасов, Р.Шәріпов, Р.Көпбаев, Ә.Ахметов, А.Әбдіханов, Е.Қазымов, М.Сатыбалдин, Д.Нұркеев, А.Шәріпов, Б.Мәліков, А.Токымбаев еңбектерін сол өңір тұрғындары жақсы біледі, оларды құрмет тұтады. Сол сияқты Ақадырда ұзақ жылдар еңбек еткен, елге сыйлы М.Тұяқов, Қ.Ақымбеков, А.Смағұлов, С.Исмақов, А.Абдрахманов, Б.Жүнісбеков, Ө. Кәріпов, Т. Майбас, Г. Ақпанова, К. Сарғасқаев, М.Көккөзов, В.Перерва, М.Хасенов, Ж.Ыбраев, Т.Тұтқышев, Ж.Насырханов және т.б. ақсақалдар Қасекеңнің жұмысына риза болып, кездескендерінде ақыл-кеңестерін айтып, батасын беріп отыратын. Ақадыр ауданының басшылары И.Колбасин мен Қ.Медиев ауданды кадрлар даярлайтын ұстаханаға айналдырды. Аудан бойынша әр салада абыройлы қызмет істеген, іскер, білікті азаматтар С.Жұрынбаев, Н.Ақпанов, Б.Жексенбин, А.Көпбаев, Р.Әбдікеров, Е.Бектұрсынов, К.Оспанов, С.Сүтбаев, И.Жекебаев, Б. Садықов, С.Мұхамедиярова, С.Филипович, С.Аманжолова, А.Штроо, Ж.Томпиев, В.Карепов, Д.Оразбаев, Қ.Мүсілімов, ағайынды Жапаровтар, С.Медеубаев, Ж.Серіков, Б.Төлеуқұлов, Е. Жәнібеков, Ж.Сүлейменов, Е.Түсіпбеков, С.Тұңғышбеков, Қ.Күзембаев, Т.Алтынбеков, Б.Құмарбеков, Р.Мақсұтов, Қ.Мергенбаев, Т.Мұсахметов, А.Кесікбаев, С.Бақтыбаев, Р.Байғазинов, Қ.Қалиев, Е.Есімғалиев және т.б. қызмет бабында көтеріліп, облыс деңгейіндегі басшылық қызметтерді атқарды. Ал, еліміз егемендік алғаннан кейін, елордамыз Астана қаласында министрліктерде лауазымды қызметтер атқарғандары да бар. Ақадырлықтар оларды мақтан тұтады. Қазіргі күнде аталған азаматтардың біразы ортамызда жоқ. Оларға иман байлығын берсін. 1985 жылы жазда Ақадырға іс сапармен Жезқазған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Н.Давыдов келді. Облыстың бірінші басшысы қала типтес көрікті кентті аралап, кенттің сәулеттілігіне, тазалығына іштей риза болып, көңілі толады. Ең аяғында аудандық партия комитетінің ғимараты қатарында, жаңадан салынған үш қабатты еңселі, әрі сәулетті аудандық атқару комитетінің ғимаратын көріп, таңыр­ қағанын жасыра алмапты. Қасекең ол кісіге «жаңа ғимараттың екінші қабатына аупартком орналасады ғой» десе, тәкәппар менмен бірінші хатшы намыстанғанынан болар, «аупартком ғимаратына үшінші қабатын салғызуға ақша қаражатын бөлгіземін» деп жүріп кетіпті. Л.Толстойдың: – «Ұлы іске ұмтыл-

1985 жылдың күзінде Жезқазған облысы Жезді аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқаруға кіріскені. Істің адамы Қасекең Жездіден кейін Жезқазған обкомының екінші хатшысы, облыстық атқару комитетінің төрағасы, Шет ауданының әкімі және сегіз жыл Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы қызметтерін үлкен абыроймен атқарды. Бүкіл саналы ғұмырын Орталық Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына арнап, өлкенің гүлденуіне өз үлесін қосқан қадірменді Қасекең ағамыз алдымыздағы жылдың басында сексен деген асуды бағындырмақшы. Ғалия жеңгемізбен бірге немере-шөберелеріңіздің арасында, қуанышы мол, ұзақ өмір сүре берулеріне тілектеспін. Жылдарыңыз ұзақ, көңіліңіз әрдайым шуақ болсын. Өз ортаңызға ізгіліктің шуағын шашып, аман-сау жүре беріңіз, аға! Ал Ақадырға оралсақ, онда кейінгі жылдары «КЕГОК» АҚ Ұлттық компаниясының 500 киловольттық филиалы және «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырының «Мұнай айдау станциясы» сияқты жаңа өндіріс ошақтары орын теуіп, жақсы жұмыс істеуде. Қазіргі күнде кенттегі үлкен темір жол торабының 14 мекемесі мен «Жаңа мырыш» ЖШС-нің жүк-түсіріп жөнелтуші базасы және ірі автокөлік кәсіпорындары нарықтық қатынаста оңтайлы жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, «Ақадыр кентінің 2010-2013 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамытудың» кешенді жоспары аясында облыс әкімдігімен жасалған меморандум бойынша, «Аstana Motors» компаниясы балалардың дене шынықтыру-сауықтыру спорт мектебін салып берді. Осы меморандум бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен «KEGOK» АҚ-ы да көлемді қаржы бөліп, «Теміржолшылар саябағы» мен жаңадан сквер салу сияқты ауқымды абаттандыру жұмыстарын жүр­гізді. Ал аудандық бюджеттен жыл сайын бөлінетін қыруар қаржыға кенттегі мектептер, аурухана, Мәдениет үйлері, т.б. нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сол сияқты «Менің аулам» бағдарламасы бойынша балалардың 1-санатты ойын алаңы және т.б. нысандар салынып пайдалануға беріліп келеді. Сөйтіп аталған кент жылдан-жылға көркейе түсуде. Осындай игілікті істердің атқарылуында Шет ауданының әкімі болып әр кезеңдерде қызмет істеген Қасекеңнің шәкірттері К.Сарханов, Р.Оразханов, Қ.Тілеубергенов, Р.Әбдікеров, М.Жандәулетов пен Ақадыр кенті әкімдері болған Қ.Қалиев, Ж.Мағзиев, А.Бидайбеков, А.Сембаев еңбектері ерен. Әсіресе Р.Әбдікеровтің кейінде облыстық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарып жүргенінде де, Ақадырға қатысты түйткілді мәселелердің оң шешімі табылуына ықпал еткеніне, кент тұрғындары дән риза. Рысқали Қалиақпарұлының тұсында 200 балаға арналған балабақша, 58 пәтерлі көп қабатты үй пайдалануға берілді. Бірқатар көше асфальтталды. Көшелер жарықтандырылды. Барокко стиліндегі көз қуантатын шарбақтар көше сәнін кіргізе түсті. Мәдениет үйі, кітапхана, екі мектеп, әкімдік ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Басқа да игіліктер ел қажетін өтеді. Саналы ғұмырының ширек ғасырға жуығын осы өңірде еңбек еткен, осы жолдардың авторы да Ақадыр кенті тұрғындарын 80 жылдық торқалы тойымен құттықтайды. Кент экономикасы дамып, көркейіп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы көтеріле берсін деген тілек білдіреді. Мағауия САТЫБАЛДИН, еңбек ардагері.


Сейсенбі, 20 маусым, 2017 жыл

Құттықтаймыз!

Қарағанды облыс әкімдігінің Қаулысы 16 мамыр, 2017 жылы

Қарқаралы ауданы, Нұркен ауылының тұрғыны ардақты ана, асыл жар, әулеттің сүйкті де, сүйкімді келіні атанған Балқия Әренқызы асқарлы 60 жасқа келіп отыр. Мағыналы ғұмырының 30 жылға жуығында ұстаздық етсе, зейнеткерлікке шыққан соң өз ұрпағын, ұл-қыздары мен немерелерін тәрбиелеп келеді. Анамызды ерекше күнімен құттықтаймыз! Қалған ғұмырының шуақты күндері мол болсын деп тілейміз. Қырық жыл қол ұстасқан ғұмырыма, Келін болып қонған әулет тұғырына. Еркін жүрдім, еркелеттің еркеледім, Шаң жұқтырмай азаматтың қылығына. Анашымды мәпеледің тұңғышыңдай. «Алтын апам» деп сені немерелер, Бастарынан жүрсің ғой құс ұшырмай. Анасың, ардақтысың біздер үшін, Арнаған ұрпағыңа жігер күшің. Алладаң ұзақ ғұмыр бақ тілейміз, Шұрайлы шаңырақтың іреңісің. Игі тілекпен: жолдасы – Ернияз, балалары – Мәншүк-Қанат, Камшат-Жандос, Ернұр-Жайдары, немерелер – Рауан, Еркеназ, Назира, Кәусар, Інжу. №262

3

www.ortalyq.kz

30/08

Қарағанды қаласы

Қазақстан Республикасы, Әділет Министрлігі Қарағанды облысы, Әділет департаменті Нормативтік-құқықтық акті 2017 жылғы 14.06 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4278 болып енгізілді

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы №15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10313 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Абай ауданы Топар кентіндегі есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Е.Қошанов, облыс әкімі.

№ Тұтынушылар р/с санаты 1 2-Қарағанды бас электр тарату станциясынан жылынатын Топар кентінің тұтынушылары

Жылумен жабдықтаушы ұйымның атауы «Kazakhmys energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Өлшеу Мағынасы бірлігі Гигакало0,0491 рия/ шаршы метр

Алланың жазуына амал бар ма?! Ақтоғай ауданының тумасы, Қарағанды қаласының тұрғыны болған ардақты жар, аяулы әке, қадірлі ата Өміртай Мұқатайұлы ЖАНПЕЙІСОВТІҢ өмірден озғанына 40 күннің жүзі болды. Қимас жанның орны ойсырап тұр. Мәнді ғұмыр иесінің мәңгі сапарға кеткеніне көңіл әлі сенбейді... Марқұм көзінің тірісінде көппен етене араласты. Даладай дархандығы, баладай аңғал мінезімен дос-жаранының ортасында беделге ие болды. Ақ халатты абзал жан атанып, елдің алғысына бөленді. Жанының кеңдігі, қолының жеңілдігі арқылы айналасына шуағын шашты, жабыққанға қол ұшын берді. Үлкенге – сый, кішіге – ізет көрсетті. Қызыларай ауылында – бас дәрігер, Балқаш қаласында, 1984 жылдан бері Қарағандыдағы Х.Мақажанов атындағы облыстық ауруханада хирург-травматолог болып еңбек етті. Әр жыл сайын – Құрмет грамтоларымен, өткен жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» медалімен наградталды.

Біздің жарнама телефонымыз

Жан едің, төгілген шуағы, Жүрегің – иманды, ауызың – дуалы. Сағыныш өзекті өртейді, Көз жасы жанарды жуады. Өр едің, Төрі едің – әулеттің, Жүрекке жігер мен сәуле ектің! Ұл-қызың – үлгі ізің – таңғы үміт, Жұлдызың сөнбейтін мәңгілік!

43-21-55

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы «16» мамыр №30/08 қаулысына қосымша

Абай ауданы Топар кентіндегі есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары

Еске алу

Басқарма қызметкерлерің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сабайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамаларын бұзушылық фактілерін хабарлау үшін 8 (7212) 50-77-88 сенім телефонына хабарласа аласыз.

Бір Алла біздерге сабыр бер! Қадірлі жанның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болғай... Сағына еске алушылар: жұбайы – Өрік, балалары, немерелері және ағайын-туысы. Р.S. Марқұмның көзін көрген, әріптес болған жандарды, құда-жекжат, ағайын-туыс, ауылдастарды 25 маусымда, сағат 13.00-де Қарағанды қаласындағы «Бәрәкәт» мейрамханасында берілетін 40 күндік асқа шақырамыз. Құранға қатысып, дұға қылыңыздар. №259

Біздің электрондық пошта

ortalyk.reklama @mail.ru

Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті Қарағанды облысы тұрғындары!

2017 жылдың 23 маусымында сағат 11.00-ден Қарағанды қаласының Орталық саябағы жағалауында бос жұмыс орындары және бос лауазымдар жәрмеңкесі «THE JOB FAIR IS UNDER OPEN AIR» «АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ» жаңа форматта өткізіледі. Сіздерді жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз. Қарағанды қаласы әкімдігі.

Қарағанды облысы қоғамдық денсаулық департаменті және оның аумақтық Басқармаларында өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу ісшараларын өткізу мақсатында «жедел желі» телефондары жұмыс істейді. Осыған байланысты, сауда объектілерінде сапасыз және талапқа сәйкес емес тамақ өнімдерін сатып алғанда Департаментке немесе Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына аумақтық қатысына сәйкес «Жедел желі» телефондары арқылы хабарласуға болады: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20

Қарағанды облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қарағанды қ. Октябрь ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Теміртау қалалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Жезқазған қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Балқаш қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Сәтбаев қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қаражал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Приозерск қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Шахтинск қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Саран қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Абай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Бұқар жырау қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қарқаралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Жаңаарқа аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Нұра аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Осакаров аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Ақтоғай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Ұлытау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Шет аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

№ 27 орта мектепте қалалық білім беру мекемелері мен жазғы демалыс лагерьлерінің басшыларымен әдістеме-нұсқаулық жиын

8 (7212)411448 8 (7212) 519691 8 (7212) 532254 8 (7213) 933308 8 (7102) 903406 8 (71036) 43604 8 (71063) 34724 8 (71032) 26753 8 (71039)54113 8(72156) 50679 8 (72137) 76782

Көшбасшы мұғалім – мектепті қайта құруға көмектесетін, мектеп деңгейіндегі проблемаларды шешуге белсене араласатын, әріптестерінің кәсіби біліктілігін арттыруға септігін тигізетін адам. Кәсіптік дамыту – мұғалімнің белсенділігі және оқуға дайындығы. Көшбасшы болып есептелетін мұғалімдер оқу үдерісін жетілдіру мақсатында түрлі шараларға әріптестерін тарта отырып, мектеп мәдениетін арттыруға тырысатын адам. Иә, сондай көшбасшы ұстаз біздің де ұжымымызда абыройлы, табысты еңбек етуде. Ақтоғай ауданына қарасты Абай ауылындағы мектепте

абыройлы жұмыс жасап жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты ұстазы Алтынай Тілеужанованың есімі Ақтоғай ауданы мен облыс ұстаздарына жақсы таныс. Ұстаздың еңбегі мен шәкірттерінің жетістіктері өте көп. Ұстаз бірнеше облыстық, халықаралық педагогикалық шеберлік конкурстарының жеңімпазы. Әріптесіміздің іс-тәжірибесі Ақтоғай аудандық білім саласының тарихына арналған «Білімнің қия жолында» және республикалық «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» атты ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкерлерінің іс-тәжірибесі жинақталған энциклопедияға енді. Алтынай Серікқызы педагогикалық шеберлік орталығында «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

бағдарламасы бойынша білім алып, сертификат иеленді. Алған білімін мектебімізде өткізген тәжірибе кезеңінен-ақ бүгінге дейін ұжым ұстаздарына, мектеп оқушыларына бойындағы білім-білігін көрсетуде. Алтынай Серікқызының өткізіп жатқан коучинг сессиялары, сыныптан тыс жұмыстары мазмұнды жаңа форматта өтуде. Таяуда ұстаздар ұжымына «Бірлескен әрекеттер – интербелсенді оқытудың негізі» тақырыбында коучинг сессия сабақ өткізді. Коучинг өткізілетін аудитория арнайы жабдықталып, ұстаздар екі топқа бөлінді. Әр мұғалім өз ойларымен бөлісіп, оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдерді үйренді. Ұстаздың өткізіп жатқан коучингтері әр мұғалімнің жан-дүниесін қозғап, көзқарастарын өзгертіп, өз тәжірибелеріне өзгеріс енгізуге ынталандырды. Коучинг сессияларды өткізу мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге ғана емес, өздігінен нығаюға мүмкіндік береді. Гүлжанат АДРЕИСОВА, Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. АҚТОҒАЙ ауданы.

8 (72131) 41668

«Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасы» ММ басшының және басқарма басшысы орынбасарларының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі

8 (72154) 21259 8 (72146)31381

№ Аты-жөндері

Лауазымдары

1.

Ольга Митрофановна Чернявская Басқарма басшысы

2.

Руслан Исламович Тогайбаев

8 (72149) 41909

3.

Ардак Даулетовна Саттыбаева

8 (71037) 21242

4.

Людмила Викторовна Башарина

Бейсенбі сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін 216 каб. Басқарма басшысының Жұма сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін 218 каб. орынбасары Басқарма басшысының Сәрсенбі сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін 214 орынбасары каб. Басқарма басшысының Сейсенбі сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін 217 орынбасары каб.

8 (71030) 26948 8 (72144) 22 678

8 (71035) 21270 8(71033) 27435

өтті. ТЖ Басқарма мамандары орын алған төтенше жағдайдарларға азаматтардың әрекеті жөнінде арнайы дайындалған жадына-

Қабылдау күндері

Жыл сайын желтоқсан айының екінші жұмасында жылдың қорытындысы бойынша Экономика және қаржы басқармасында бюждеттік заңнаманың мәселелері бойынша құқықтық қорғауды қөрсету шеңберінде барлық келушілерге «Ашық есіктер күні» өткізіледі. Байланыс телефоны: 8 (7212) 50-75-50. Мекен жайы: Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13.

маларды мұғалімдерге таратып, оны мектеп оқушыларының атааналарына таныстыруды тапсырды. Мектеп жанындағы алаңдар мен лагерьлерде жазғы демалу маусымы кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты көзделді. Жыл басынан бері қала оқушыларымен қауіпсіздік шаралары туралы жұмыстар жүргізілді. Мектептегі сынып сағаттарында түрлі викториналық «Азаматтардың судағы қауіпсіздігі», «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Өрт қауіпсіздігін сақтау», «Біздің аумақтағы болатын

ТЖ әрекет ету», «Жолда жүру ережесі» ойындары өткізілді. Алдағы уақытта қалалық ТЖ басқармасы мемлекеттік емес ұйымдар мен білім беру бөлімімен бірлесіп жазғы сауықтыру лагерлеріне баратын оқушылармен ТЖ алдын алуға бағытталған шараларды жүргізу жоспарланған. Оқулар қала аумақтарындағы жақын мектептерде өткізіледі. Олар қаланың Оңтүстік – Шығыс, Пришахтинск, Майқұдықтың мектептерінде өткізуді ұйымдастыру көзделген. Сондай-ақ, жаз айларында

сауықтыру лагерінің түлектерін қаладағы кітапхана, арнайы кітап көрмелеріне мәдени жорық ұйымдастыру жоспары бар. Балалар жаз айларында орын алатын түрлі төтенше жағдайларда әрекет ете білу сабақтарын үлкен ынтамен тыңдайды деген сенімдеміз. Өйткені, бұл мәліметтер күнделікті тіршілікте қолданылатыны белгілі. Р. МУСИНА, Қарағанды қаласы ТЖ Басқармасының бас маманы. қарағанды қаласы.


4

Сейсенбі, 20 маусым, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

(Соңы. Басы 1-бетте).

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

Жарнама бөлімінің телефоны мен электрондық поштасы:

43-21-55 ortalyk.reklama@mail.ru

Иә, қазақтың ұлттық аспаптары домбыра мен қобыз – даланың үні ғана емес, Алаш ұранды жұртымыздың жаны мен болмысының бір көрінісі. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтқан «Ұлттық кодымыз» бабаларымыз домбыра, қобызбен салып кеткен қазақтың ән-күй өнері мен өсиетті жырында жатса керек. Ендеше, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Қазақстан» ұлттық арнасы елімізде тұңғыш рет ұйымдастырып отырған бұл жоба «Ұлттық кодты» төркіндейді деуге әбден болады. Қазір республикамыздың әр аймағында жүзеге асып жатқан жобаның біздің облыстағы салтанатты ашылуының өзі соны нұсқайды. Белгіленген ережеге сәйкес, мұнда 18 бен 40 жас аралығындағы үміткерлер үш кезең бойынша өнер додасына түсті. Термешілік, күйшілік және әншілік (дәстүрлі) өнер сайысына облысымыздың аудандары мен қалаларынан барлығы 36 өнерпаз қатысып, оның ішінен үшеуі мега жобаның республикалық кезеңіне іріктеліп алынды. Бір әттеген-айы, бүкіл облыс көлемінен байқауға бес-ақ термеші келген екен. Мега жобаның мазмұндық өзегіне сай сахнаның безендірілуі де ерекше. Ортадағы үлкейтілген экран екі жағындағы киіз үй көріністеріне жарығын құлатып тұр. Қазыбек би бабамыздың баталы сөзінен кейін Тәттімбет атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі Құрманғазының «Сарыарқасын» орындап жатқанда, «Шолпан» үлгілі би ансамблі өнер көрсетті. Сахнаға аймағымыздың аудан, қалаларынан келген үміткерлер шықты. Олардың өнеріне баға беруші қазылар алқасы құрамының да осалы жоқ. Атап айтсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің концертмейстері Болатхан Ташимов, Қазақстанның мәдениет қайраткері, халықаралық және республикалық ән байқауларының жеңімпазы Дәуренбек Әркенов және республикаға танымал айтыскер ақын Тілеген Әділов. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары, қазақ ұлтының классикалық ән өнерінің құлақ күйін қайырып жүрген жезтаңдай әншілер Сержан Мұсайын, Ержан Базарбеков, Құрмаш Ыбышев, Гүлмира Тапай мен Меруеш Башай салған әндер шараны жандандыра түсті. Іле термешілер сайысы басталып кетті. «Мен қазақпын» деген Алаш ұлының терме айтпайтыны кем де кем шығар, тегі. Бірақ, біздің облыста термешілердің аздығы байқалады. Бұл кезең бойынша ІІІ орыннан көрінген – Амангелді Ахметжанов. Ырысбек Мақашев ІІ орынға шықса, бірінші орынды Нұрмұхаммет Байсүгіров қанжығалап, республикалық кезеңге жолдама алды. Күйшілік өнер кезеңінің ІІІ орыны Арай Есімоваға, ІІ орын Қасиет Мұқатаевқа бұй-

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37

ырды. Жүлделі бірінші орынды Балқан Смағұлов еншілеп, ол да республикалық кезеңде Қарағандының намысын қорғайтын болды.

Ал, дәстүрлі ән кезеңінде ІІІ, ІІ орындар Жаннұр Мұсылманбек пен Балдырған Жекееваға табысталса, І орынды Әнуар Адамбаев жеңіп алды. Алдағы уақытта Әнуар аймақ

намысын қорғап, республикалық додада сынға түсетін болады. Ерлан ҚАРИН, «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасы: – «Мен қазақпын» мега жобасы – «Қазақстан» ұлттық арнасы үшін өте маңызды жоба. Осы арқылы біз ұлттық мәдениетіміз бен руханиятымызды қайта түлетеміз. Онымен қоса, шалғайдағы өнер иелеріне үлкен сахнаға жол ашылады. Облыстарда іріктеу маусым айының басынан басталды. Бүгінге дейін жобаға 428 үміткер қатысып, оның 40-ы жеңімпаз атанды. Жобаның халықаралық аталу себебі – шілде айында іріктеу Ресейде, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында, Қытайдың Алтай өлкесінде өтеді деп жоспарлаудамыз. Эфирге қыркүйек айынан шыға бастайды. Ал, ақтық жарысты Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, желтоқсан айына жоспарлап отырмыз. Жобаның облыстық кезеңі бойынша байқау ұйымдастыруда бірден қолдау көрсеткен Қарағанды облысы әкімдігіне ерекше алғыс айтамын.

Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 43-21-55; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» «Сарыарқа» маусым алдындағы дайындық жұмыстарына кірісті. Клуб басшылығы мен бапкерлер құрамы жазғы жаттығу кестесін таныстырды. 2 шілдеде хоккейшілер Қарағандыда жиналып, 3-6 шілде аралығында толыққанды медициналық тексерістерден өтеді. 6-18 шілде күндері осында болады. 16 шілдеде «Сарыарқа» «Теміртаумен» жолдастық кездесуде күш сынасады. Одан кейін Словакияға аттанады. 7 тамызға дейінгі жаттығу жиыны барысында Словакия мен Чехияның бетке ұстар клубтарымен кездеседі. 20-26 тамыз күндері Орынбор облысы губернаторының жүлдесіне арналған турнирге қатысады. Маусым қарсаңындағы соңғы жаттығулар 28 тамыздан бастап жоспарлануда.

«Шахтер» турнир кестесінің соңынан сытылып шықты. Премьер-Лига чемпионатының XVI турында «Атырауды» ұтқан жерлестеріміз 11-ші сатыға көтерілді. Бұл ойынның қаһарманы Марко Станоевич болды. Жауапсыз екі гол соғып, дубльдің авторы атанды. Матчтың 1-ші минутында мергендігімен көзге түскен Марко ойын тәмамдалар тұста (87-ші минут) және бір мәрте қарсылас қақпасын бағындырды. 2:0. Сөйтіп, қарағандылықтар қазір 12 ұпаймен 11-ші сатыда. «Атырау» 14 ұпаймен 9-шы сатыға тұрақтады. Көш соңында – «Ақтөбе». Ақтөбеліктер 9 ұпайды қанағат тұтуда. Ал, Премьер-Лига бәйгесін елордалық «Астана» бастап келеді. 39 ұпай. Екінші сатыдағы «Қайратта» – 37 ұпай. Шымкенттік «Ордабасыда» – 35 ұпай. «Шахтердің» ендігі қарсыласы – қостанайлық «Тобыл». Кездесу 25 маусымда «Тобылдың» алаңында өтеді.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­ дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­ дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Таралымы 18 100 дана №67 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 баспа табақ.

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» Қарағандыдағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығы өткен жұмада өр намыс пен асқақ рухтың туын көтерді. Бірнеше күнге созылған «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынының жабылуы салтанатты түрде өтті. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет халықаралық дәрежеде ұйымдастырылып отырған жиынның жабылуына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев қатысып, сөз сөйледі. Жас сарбаздарды жігерлендіре түсетін жиын қорытындысында сөз сөйлеген ол: «Қарулы күштеріміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастар – біздің үмітіміз және болашағымыз» дегені баршамызға мәлім. Бүгінгі жеңіс тұғырынан

табылған әр сарбаз сол сенімді ақтауға лайық. Олар бір аптаның ішінде шынайы әскери болды. Бүгінгі сапта болашақ Сағадаттарымыз, болашақ Талғаттарымыз тұрғандығына мен кәміл сенемін. Өздеріңіз көргендей, мұнда Ресей Федерациясы Орынбор президенттік кадет училищесінің тәрбиеленушілері қатысты. Қорғаныс министрлігінің басшылығы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне жастарды тәрбиелеудегі бірлесіп атқарып жатқан жұмыстары үшін алғыс білдіреді», – деді. Халықаралық дәрежедегі байрақты бәсекеде «Эрудит» сайысы бойынша Сырым Әділбайұлы ең зияткер қатысушы атағын жеңіп алды. Сырым – Астана қаласындағы Кеңес Одағының Батыры С.Нұрмағанбетов атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебінің аға сержанты. «Жас Ұлан» мектептері арасындағы жалпы командалық есеп бойынша І орынды Алматы

қаласындағы Б.Момышұлы атындағы «Жас Ұлан» РӘМИ, ІІ орынды Қарағанды қаласының Т.Бигелдинов атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебі, ал, ІІІ орынды Астана қаласындағы С.Нұрмағанбетов атындағы республикалық «Жас Ұлан» РӘМИ иеленді. Әскери-патриоттық клубтар бойынша жалпы командалық есепте ІІІ орын Астана қаласынан келген «Бүркіт» командасына, ІІ орын Семей қаласындағы «Жас қыран» әскери-патриоттық клубына, І орын «Жетісу тарландарына» бұйырды. – Былтыр мен АК-74 қаруын бөлшектеу және жинау бойынша жарыста бір секундқа ғана ұтылған болатынмын. Биыл рекорд жаңартып, сол сайыстан бірінші орын иелендім. Жиын – жаңа тәжірибелер мен жаңа достар табуға таптырмас орта, – дейді «Бүркіт» клубының тәрбиеленушісі Индира Аитова. Суретті түсірген Д.ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Жарнама бөлімі: ortalyk.reklama@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Салтанат ИЛЬЯШОВА КОРРЕКТОРЛАР 1,4 – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 2,3 – Ж.АХМЕТОВА

20.06.2017  

Advertisement