Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

www.ortalyq.kz

Көрменің басталуына

100

күн қалды

♦ БЕЙСЕНБІ, 2 НАУРЫЗ, 2017 жыл №25 (22 332) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Дәуітәлі СТАМБЕКОВТІҢ туғанына – 70 жыл Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан»

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» Елордада «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысушылардың халық­ аралық жиналысы өткен болатын. Басқосудың екінші күнінде деле­гаттар «ЭКСПО – 2017» көрмесінің нысандарын аралады. Қазіргі таңда халықаралық павильондардың құрылыс жұмыс­ тары толықтай аяқталды. 100-ден аса мемлекеттің делегаттары өз павильондарын көріп, Халықаралық көрмені ұйымдастыру жұ­ мыстарына, нысандардың ауқымды құрылысына жоғары бағасын берді. Халықаралық павильондардың 20-сын қатысушы мемлекет­ тер қабылдап алып, құрылыс-монтаждық жұмыстарына кірісіп те кеткен. «ЭКСПО – 2017» көрмесінің халықаралық қатысушыларына павильондарды тапсыру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Халықаралық қатысушылардың үшінші жиналысы аясында, сон­ дай-ақ, тағы 14 мемлекет павильондарды қабылдап алу актілері­ не қол қойды. Олардың арасында Сербия, Ұлыбритания, Өзбек­ стан, Ангола мемлекеттері бар. Сонымен қатар, делегаттар «бір терезе» принципімен жұ­ мыс істейтін Бірыңғай қызмет көрсету орталығының жұмысымен таныс­ты. Орталық 12 қызмет түрін көрсетеді: визалық көмек, са­ лықтық, банктік, сақтандыру және өзге де қызметтер. Мұнда өзге мемлекеттердің өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады. Халықаралық қатысушылардың үшінші жиналысында деле­ гаттарға Аккредитация орталығы көрсетілді. Бұл орталық көрме кешені аумағына кіруге рұқсат алу уақытын қысқартады. Жалпы, Жаһан көз тіккен көрме Астанада осы жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін өтеді. 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым ауқымды іс-шараға қа­тысуын растады.

Бәрекелді!

Жұрт сенімі – Серікте Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» Серік СӘПИЕВ – халық қалаулысы. Сейсенбі күні жерлесіміз ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатарына қосылды. 28 ақпан күні ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Серік Сәпиевті Парламент Мәжі­ лісінің депутаты ретінде тіркеді. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссия­ сының баспасөз қызметі хабарлады. Серікті депутаттар сапына қабылдау туралы комиссияның отыры­ сында шешім шығарылған. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Серікке Мәжіліс депутатының куәлігі мен төсбелгісін та­ быс етті. Енді, Қарағанды тұрғындарының сенімі Серікте. Жұрт­тың мұңын мұңдап, жоғын жоқтау – парызы.

(Жалғасы 6-бетте).

Құрмет

Акция

Сағыныш ӘБІЛОВА, «Орталық Қазақстан» Қарқаралы өнерпаздары аудан әкімі Халел МАҚСҰТОВТЫҢ құрметіне бөленді. Қала басындағы музыка мектебінің есеп беру концертінде әкім мектеп ұжымына 1 млн. теңгеге қаржылай көмек көрсетілетінін жеткізді. Нағыз кәсіби мамандардан құралған ұжымды Сағымбай Сыз­ дықов басқарып келеді. Зор еңбектің арқасында бүгінде шәкірттері биік бе­

лестерді бағындырып жүр. Сондай-ақ, жыл сайын есеп беру кештерін ұсы­ нып, көпшіліктің ықыласына бөленіп келеді. Бұл жолғы концерт «Мәңгілік ел­ дің өнерпаз өрендері» тақырыбында ұйымдастырылды. Шынайы өнерге сусындаған көрермендер жиналған әуезді кештің шымылдығы «Жас дәу­ рен» ұлттық аспаптар оркестрінің орындауындағы шығармалармен ашылды. Оркестрдің көркемдік же­ текшісі әрі дирижері – ҚР білім беру ісінің үздігі Раушан Атығайқызы. Мың бұрала билеген «Балдәурен» хоре­

ографиялық ансамблінің бишілері мен түрлі байқаулардың лауреаты Даниэлла Тяжинаның өнері де жұрт қошеметіне бөленді. Аружан Әмірбек, Айбар Есентайұлы, Альяна Абельди­ нова, Бекжан Болат, Адия Ташимова, Мөлдір Тұрғанбай, Тоғжан Секербае­ ва, Әлихан Торбаев, Әсел Саятқызы дәстүрлі әндерді шырқап, күй күмбір­ летті. Музыка мектебінің оқушылары – республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жүлдегерлері. Өске­ лең ұрпақ арасындағы таланттарды ашу ісінде Рымкүл Спабекова, Жанат Нәсіпова, Роза Мұстафина, Арғын

Имекеева, Жасұлан Қабыкенов, Гүл­ мира Сламбекова, Балдырған Же­ кеева, Бақытжан Үйсінбаев, Перизат Қасенова, Мейрамгүл Сағатбекова, Сәулет Қайырбеков, Ақерке Көпбай, Мейірлан Қалиев, Әлия Қапашева си­ яқты ұстаздардың еңбегі зор. Кеш соңында аудан басшысы ты­ нымсыз еңбектің арқасында биіктен көрінген ұжымға игі тілегін жеткізіп, қомақты сый жасап, келешекте 1 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілетінін айтты. ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Мезгіл мәселесі Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Білім саласындағы баянсыз бағдарлама сор болып тұр. Бар кітапқа бас болған «Әліппеден» жерігеннен не ұттық? Әліппемен қоштасу кеші өтпейтін, 42 әрпі бар тәж кию бақыты бұйырмайтын ұрпаққа обал-ақ. Есіңізде болса, «Әліппеден» ал­ ғаш әріп таныған оқушылар қазақ зиялылары болатын. «Әліппенің» өзі «Әліп» әрпінен (І) жалғыз сызық, яғни «Алла» сөзін білдіреді. Содан бері исі мұсылман, қазақ үшін «Әліппе» – қа­ стерлі кітап. Алайда, биыл Әліппенің орнын «Сауат ашу» басты. Тарихқа үңілсек, халықты жаппай сауаттандыру боль­ шевиктер тұсында жүргізілген ре­ форма болатын. Содан бері ата буын «қазақтардың сауаты төмен болған», «оқымаған» деген жаңсақ пікірді құп­ тады. Жаппай сауат ашу үшін жас та, кәрі де қызыл бұрышқа қамалды. Сауатсыздықты жою да әпербақан әсіре науқаншылдықпен жүргізілген.

Ал, бүгінгіге не жорық? ҚР Білім және ғылым министрлігі, жалпы кітап құра­ стырған мамандар оқулыққа «Сауат ашу» атауын бергенде осыны ескеруі тиіс еді. Өткеннен сабақ алмағандық шығар, бәлкім?! Қош,«Әліппеге» оралсақ. Бұрынғы әліппе түрлі-түсті суреттерімен, оқыту тәсілінің ерекшелігімен оқушыны өзі­ не еріксіз баурайтын. Алғаш ұлт бас­ шысын арнау тілегінен танып, әрбір бүлдіршін ең алдымен сұрағанға Ота­ нын, Елбасын атайтын. Сол арқылы сабақ сайын бір әріппен танысып, ды­ быстың айырмашылығын білді. Ал, жаңа «Сауат ашуда» бірінші сынып оқушыларына енгізілген оқу­ лық әріпті өтпей жатып, суреттерге қарап талдау жасап, әңгіме айтуды тапсырады. Көмекші шағын дискі,

ұстазды айтпағанда, ата-ананы әбі­ герге салды. Мектеп табалдырығын енді аттап, тегін жаттап жүрген бүл­ діршіннен суретке қарап әңгіме сұрау ақылға қонбады. Көзі ашық қоғам белсенділері де бұл кітапты бірінші сынып оқушысы үшін күрделі әрі түсініксіз санайды. Баланың жасына сай кітаптың ауыр­ лығы ескерілмеген дейді. Кітапты парақтағанда түрпідей тиген мысал­ дарға тоқталайық... «Сауат ашудың» бірінші бөлімінің 26-бетінде «Жоқ шығар теңдесі, Бір ғажап бала бар. Тұратын бөлмесі, Қорамен барабар. Кітаптар обал-ды, Сиямен сыланған. Демейсің оларды, Басқамен бір алған. Айнала жайып­ ты, Ойыншық байлығын. Кім бұған ай­ ыпты? Ұқсама қайбірің». (Сейтен Са­

уытбеков) Автордың адам бөлмесін қораға теңегені қай сасқаны?! Негізі – өлең салақ бала туралы. Алғашында «зерек» баланы айтқысы келген, ал, келесі жол бұл мазмұнмен сабақтас­ паған. Түсініксіз?! Сондай-ақ, «Сауат ашудың» екін­ші бөліміндегі 13 бет – ұлттық тағам Наурызкөжеге арналған. Онда «Наурызкөженің рецебін даярлауға кірісейік» деген сөйлем бар. Қазақтың төл асының қашаннан «рецебін» сұ­ рап едік? «Наурызкөженің құрамы», «Наурызкөжеге қосылатын тағамдар» дейді. «Рецепт»-ке тең келер қа­ зақша синоним табылмағаны тағы түсініксіз? Бұл «рецепт» тілдердің үштұғырлығына бағытталған шығар, десек те, әліппеге «рецептің» қажеті қанша?

Оған қоса «Сауат ашудың» екін­ ші бөліміндегі 49-бетте Александра Лопатинадан өңделген «Тәтті тоқаш» әңгімесінің нұсқасы берілген. «Күн айғай-шумен басталды. Қызы кәмпит жегісі келді. Ал анасы: – Алдымен ботқа немесе сүт ішіп, нан жейсің, – деді. – Нан мен сүт жаман! – деді қызы. – Қызым-ау, ботқа мен нан дәнді дақылдан жасалған. Оларды жер-Ана өсірді, – деп түсіндірді ана­ сы. – Ф-ф-у, нанды ма? Кәмпит тәтті, ал нанда түк дәм жоқ ...» «Ф-ф-у, нанды ма?» дейді. Дәмнің қасиеттісі нанды қазақ, алдымен ба­ лаға оң қолмен жеуді, тастамауды

үй­ретеді. Дастарқанда нан тұрмаса, қазақтың берекесі кетеді. Ұлттық құн­ дылықты дәріптеуі осы ма? Кезінде құндылықты дәріптеген Ахмет Бай­ тұрсынұлы 1912 жылы Орынборда алғаш «Оқу құралы» (қазақша әліппе) басып шығарды. «Балалар, бұл жол басы даналыққа» дейтін кітаптың әріп үйрететін бірінші бетіне «Биссмил­ лаһи-рахмани-рахим» деп Құран сө­ зін жазды. «Жазған сөз жаным ашып алашыма, Алаштың адасқан аз бала­ сына» деп қазақтың дүниетаны­мында бар дәстүрді өзге түркі халықтарына ортақ араб таңбаларымен байланы­ стырып, қазақ тіл білімінің іргетасын қалады. Сөйтіп реформатор «Сауат ашу» ұғымын балалар әріп таны­ маған, мектеп көрмеген ХІХ ғасырға қолданды. Қарағанды облысының өзінде бүгінгі күні 1 жастан 6 жасқа дейінгі баланың 87,6%-ы және 3-тен 6 жасқа дейінгілердің 98 %-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Жаһан­ данған ХХІ ғасырда балаңыз сауатын бірінші сыныпта ашса, балабақшаға не үшін барып жүр? Ғұмырын «Әліп­ пеге» арнаған реформатордың еңбе­ гі елеусіз қалмасын. Ғасыр биігінде Ахаңның «Әліппесі» тұруы тиіс. Тұр­ маса, ұрпаққа – сын.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан» Жақсы істің жаршысы болғанға не жетсін?! Шет ауданындағы агротехникалық колледждің бір топ студенті Ұлы Отан соғысының ардагері Мұқажан АҚАЖАНОВТЫҢ үйіне барып, ауласын қардан тазартты. Игілікті іске «Ардағым – ар­ дагерім» акциясы шеңберінде ауданның жастар ресурсы ор­ талығының директоры С.Ах­ медия, осы орталық маман­ дары – И.Жақып, М.Қанжанов ұйытқы болды. Үйдің маңайын, шатырын қыс бойы қар алып қалған. Жастар жастық жігер­ мен іске кірісіп, лезде тазартып шықты. Мұқажан ақсақал 1939 жылы қазан айында қызыл әс­кер қатарына шақырылған. Әскери борышын өтеп жүрген­ де Ұлы Отан соғысы бастала­ ды. Отанын жаудан азат етіп, 1946 жылы мамыр айында ауылға оралған. Мұқажан ақ­ сақал сұрапыл соғыс кезінде Қиыр Шығыс әскери округінде арнайы бөлімде әскери барлау бағытындағы жауапты қызмет­ те болған. Мұқажан ақсақалдың ба­ ласы Г.Мұқажанқызы жастарға ризашылығын білдірді. – Ардагер қауымға құр­ мет көрсетіп жүрген белсенді жастарға рахмет. Биыл қар қалың түсті. Қартайған сайын бізге үйден шығудың өзі қиын. Оқуды жақсы аяқтап, ел құр­ меттейтін азамат болыңдар, – деді ол. Биыл Мұқажан ақсақал та­ мыз айында 102 жасқа келеді. Жастарға ақ батасын беріп, алғысын айтты. ШЕТ ауданы.


2

билік. саясат. экономика

2 наурыз, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Облыс әкімдігінде

Қабылдау

Әріптестік геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағында Корея Республикасымен бірлескен құбыр мен фасондық бұйымдарды шығаратын зауыт жұмыс жасайды. Корейліктердің бұл алғаш келуі емес, былтыр «Siam» сұлулық салонында Қайырымдылық акциясы негізінде бірқатар іс-шараларды жүзеге асырған. Сол сапардың сәтті шығуына орай олар Қарағандының медициналық туризміне инвестиция құюды ұйғарыпты. Сөз кезегінде Тэгу делегациясының басшысы, Тэгу қаласының Вице-мэрі Ким Ен Чан Қарағандыға

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, «Орталық Қазақстан» Қарағанды аймағындағы минералды-шикізат қорының бүгіні мен келешегі сарапқа салынған кеңес кеншілер мекенінің кені әлі сарқылмағанын тағы бір растады. Еліміздегі геология саласының құзырлы ұйымдары бас қосып, Қарағанды қазына-байлығын және бір сүзгіден өткізді. Кеңеске облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ төрағалық етті. Сондайақ, Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай НҰРАБАЕВ, Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан БАЙМИШЕВ, «Қазгеология» ҰКБК» АҚ Басқарма Төрағасы Ғалым НҰРЖАНОВ және жер қойнауын пайдаланумен айналысатын тұлғалар қатысты. Елбасының биылғы Жолдауда минералды-шикізатты дамыту бағытында берген тапсырмасына орай өткен кеңесте кеншілер аймағының өндірісті келешегі кеңінен сөз болды. Бүгінде қолда бар һәм өндіруі мен игеруді күтіп тұған кен орындары хақында ашық айтылды. Келешекте мол инвестиция қандай пайдалы қазбаға тиесілі болатыны да ұмыт қалмады. Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасымен қолға алынған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Кодексіне қатысты заңнамалық өзгерістер де талқыға түсті. Аталған салада заңнаманы жетілдіріп, инвестициялық климатты жақсарту арқылы минералды-шикізатты базаны қалпына келтіруді міндеттеген болатын Мемлекет басшысы. Сөйтіп, ел экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз етуді жүктеген еді. Осыған байланысты кеңеске қатысушыларға өз ұсыныс-тілектерін жеткізуге мүмкіндік берілді. Ал, ол ұсыныстар заң жобасында ескерілмек екен. Қазір Қарағанды аймағында іздеу, барлаудан бастап, оны өнідіріп алу үшін инвестор тартуға дейінгі жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Соның бір көрінісі – Қарағанды облысының кен орнын игеру бағытында 300 келісім жасалған. Оның 200-і қатты пайдалы қазбаларды алумен айналыcса, 66-сы кең таралған кен өндірумен шұғылданып отыр. Бұған қоса, жаңа кен орындарын тауып, аймақтың минералды-шикізаттық әлеуетін арттыру үшін іздеу жұмыстары және жүргізілуде. (Қарағанды аймағының геологиялық жағдайына қатысты өткен кеңес туралы келесі нөмірде толығырақ жарияланатын болады)

Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан» Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Аптаның басында облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ «Шахтер» футбол клубының басшылығы мен ойыншыларын қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсетіп жүрген жерлестердің жаңа маусымға әзірлігі, бүгінгі хал-ахуалы әңгіме болды. Биыл «Шахтер» футбол клубына былтырғы нәтижені жақсарту жөнінде міндет қойылуда. Естеріңізде болса, былтырғы маусымды қарағандылық клуб 9-шы сатыда тәмамдаған еді. - Бүгінгі кездесудің маңызы жоғары. Бұл жерде Қарағандының ғана емес, еліміздің абыройын көтеру міндеті тұр. Сондықтан да, жаңа маусым-

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан» Қазыналы Қаражал қаласында іс тетігін тапқан азаматтар уақыт талабына сай өз кәсібін дөңгелетіп, нәпақасын айыруға, сол арқылы өзгелердің сұранысын өтеуге батыл бет бұрып келеді. Дербес жылыжайда саңырауқұлақ өсірумен шұғылданып, оның жемісін тере бастаған жеке кәсіпкер Дмитрий ХАБИБУЛЛИН – солардың бірі.

ға әзірлікті байыппен жүргізу – басты мақсатымыз. Қазақстандық футбол әлемдік деңгейде мақтанарлықтай жоғары жетістіктерге қол жеткізген жоқ. Бірақ, біз бұған талпыныс жасауымыз керек. «Шахтер» сапында 27 ойыншы бар екен. Оның 13-і – жергілікті жігіттер көрінеді. Әрбір аймақ өзінің футбол командасын жасақтау кезінде иық сүйейтін жергілікті мектебі болғаны дұрыс. Ең бастысы – қазіргі шақта айтарлықтай биіктерді бағындырдық. Бұдан кейін де жетістіктер боларына сенімдімін – деді облыс әкімі. Сонымен қатар, аймақ басшысы клубтың қаржылық жағдайы жақсаратындығын, футбол манежінің құрылысы назардан тыс қалмайтындығын және футболшыларға маусымаралық кезеңде өз алаңында жаттығу жасауға мол мүмкіндік жасалатындығын тілге тиек етті. Өз кезегінде «Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры Асқар Әбілдаев облыс басшысына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Оқу-

Қолданыстан шығып қалған ескі ғимаратты достарының көмегімен жөндеп, жылыжайға айналдырған іскер азамат алғашқы кезекте «Тәуекел түбі – желқайық...» ұстанымын басшылыққа ала отырып іске кірісіп кеткен екен. Қажетті деректер мен мәліметтерді ғаламтор желісі арқылы іздестіріп, тапқан. Нәтижесінде қолындағы бар қаражатына қосымша «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында несие алуға қол жеткізіпті. – Бастапқы кезеңде кедергілер мен қиындықтар көп кездесті, – дейді бүгінгі күні саңырауқұлақ өсірудің кәнігі маманына айналып үлгерген кәсіпкер жігіт. – Тиянақты ізденіс пен тынымсыз еңбек соның бәрін

жаттығу жиындарын тиянақты өткізіп, командаға жүктелген міндетті, артылған үмітті ақтауға уәде берді. Сонымен қатар, облыс әкіміне футболшылардың жаңа құрамы таныстырылды. Қазіргі кезде команда 90 пайызға жасақталған. Сербия, Англия, Кот-д’ Ивуар, Бельгия мемлекеттерінің өкілдерімен келісім-шарттар жасалған. Команданың орташа жасы – 25 жасты құрайды. Бүгінде клуб жаңа маусымға дайындықты қызу жүргізуде. 8 наурызда «Тараз» футбол клубымен кездеседі. Команданың бұрынғы капитаны Андрей Финонченкоға көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдірілді. Енді, Андрей бапкер ретінде қызмет атқаратын болады. Кездесу соңында команданың вице-капитаны Евгений Тарасов әкімге естелік ретінде арнайы тігілген жейде мен футбол добын сыйға тартты. Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

еңсеруге мүмкіндік берді. Алғашқыда тұқымды Шымкенттен жеткіздім. Ал, қазір өзім өндірген өнімді тұқым ретінде пайдалана бастадым. Бүгінгі күні өндірістік желі толығымен ретке келтірілді деуге негіз бар. Шағын қала тұрғындарын саңырауқұлақ өнімімен қамтамасыз етуге машықтанған кәсіпкер алдағы уақытта өз кәсібінің аясын одан әрі кеңейте түсу жайын ойластыру үстінде. Соған орай, өнімнің ұзақмерзімді сақталу технологиясын қолданысқа енгізе отырып, нарыққа шығару аумағын ұлғайту мәселесі де назарға алынып отыр. Ең бастысы, ол жоспарлы жұмыстарының орнықты орындаларына еш күмәнсіз сенімді. ҚАРАЖАЛ қаласы.

Қарағанды облысында медициналық туризмге инвестиция салынды. Атап айтқанда, Оңтүстік Корея мен Қарағанды 50 млн. АҚШ доллары көлемінде ынтымақтастық туралы келісімге келді. Инвестиция аясында «Siam» сұлулық салонында «Medi-cityDaegu» медициналық ақпараттық орталығы ашылды. Бұл туралы Қарағанды қаласында өткен «Бизнес-серіктестік: халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту» форумында жария етілді. «Атамекен» ҰКК Іскер әйелдер кеңесі мен Кәсіпкерлердің өңірлік палатасының бастамасы бойынша өткізілген бизнес-форум аясында екі меморандумға қол қойылды. Тарқатқанда, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы мен Оңтүстік Корея Республикасы Тэгу қаласының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағы мен Тэгу қаласының Өнеркәсіп департаменті арасында жасалды. Форумда облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков кеншілер аймағының инвестициялық әлеуетіне тоқталды. Қарағанды облысының экономикалық мүмкіндіктерін жіліктеп берді. Сонымен қатар, осы әріптестік арқылы медицинада ғана емес, экономиканың өзге де салаларында бірлесе табысты жобаларды іске асыруға болатынына сенім білдірді. Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ, облыс әкімі: – Қарағанды Қазақстанның орталығында орналасқан, аумағы бойынша ең үлкен облыстардың бірі. Сондықтан, дүниенің төрт бұрышымен байланыстың барлығы осы жерде тоғысады. «Қазақмыс» корпорациясы», «АрселорМиттал Теміртау» АҚ сияқты аттары әлемге әйгілі кәсіпорындар да осында. Қарағанды көмір бассейні Қазақстандағы ең ірі бассейндердің бірі. Сонымен қатар, Қарағанды облысында шағын және орта бизнес те қарқынды дамуда. Ол үшін бізде жағдай жасалып, Қарағанды қаласының аумағында «Сарыар-

қа» еркін экономикалық аймағы әрекет етеді. Айта кеткен жөн, Қарағанды облысы мен Оңтүстік Корея елінің арасында бұған дейін де жасалған келісімдер нәтижесінде ілкімді істер атқарылған. Мәселен, 1994 жылы Қарағанды қаласы мен Сеул қаласының Сонг Па округі арасында достық келісімге қол қойылды. 2010 жылы Қарағанды облысы әкімдігі мен Ульсан метрополиясы арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени серіктестік туралы келісім жасалды. 2015 жылы Қарағанды облысында Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Чо Ёнг Чон басшылығымен делегация келіп кетті. Қарағанды облысындағы Дүйсембай учаскесінде «Қазгеология» АҚ мен «Korea Resources Corporation» арасында полиметаллдарды барлау бойынша бірлескен жобасы жүзеге асырылуда. 2015-2016 жылдары далалық,

келгендіктеріне қуанышты екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяда медицинаның бірден-бір отаны болып табылатын Тэгу қаласының жай-жапсары туралы баяндады. Медицина саласында әлемдік деңгейде толайым табыстарға жеткен Тэгу қаласының медицинасы бүгінде көш бастап тұр. Айталық, Тэгу қаласының өнеркәсіп департаментінің басшысы Ким Жэ Ен екі жақты әріптестікте өзара тиімді дамудың тетіктерін атап отыр. Инвестициялық тартымдылығы жоғары Қарағанды аймағының бүгінгі келбеті аталған меморандумдар арқылы жемісті боларына күмән қалдырмайды. – «Siam» сұлулық салоны үш жыл шамасында Қарағанды қаласының тұрғындарына сұлулық және денсаулық саласында қызмет көрсетіп келеді. Осы сұлулық салонының базасында Қазақстан бойынша бірегей форматтағы «Medi-cityDaegu» медициналық ақпараттық орталығы ашылды. Орталықтың басты мақсаты – медициналық туризм саласы бойынша білікті кеңес беру, медицина саласында тәжірибемен алмасу, медициналық жабдықтарды жеткізу және Қарағанды облысының тұрғындарына қайырымдылық акциялары бойынша диагностикалау жүргізу, – дейді «Medi-cityDaegu» медициналық ақпараттық орталығының директоры Самал Матенова. Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Конференция Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Ел ертеңін ойлаған Алаштың айбынды ұлдары – қазақтың сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, өркениетті елдер тәжірибесін ескере отырып, терезе теңестіруді көздеді. Осы ойды арқау еткен «Алаш қозғалысы: ұлттық интеллигенция және сталиндік қуғын-сүргін» атты республикалық ЖОО аралық ғылыми-тәжірибелік конференция ҚарМТУ-да өтті. Ғалымдар «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай ХХ ғасырдың 30-50

жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Жалпы, Алаш қозғалысы – ұлт болашағын ойлаған отаншыл азаматтардың елін дамытуға үндеген демократиялық бағыты болатын. Биыл «Алаш» қозғалысына – 100 жыл толу

қарсаңында қайраткерлер мұрасын зерделеу және оны жандандыру шаралары қолға алынды. Игі істердің басы ҚарМТУ-да көрініс тапты. Жұрт жақсы білетін Қапездің «Итжеккенге айдаған, Кер заманның әлегі. Бұлбұл құстай сайраған, Бұл Қапездің әні еді» атты «Қоштасу» әніне құрылған «Алаш» интеллигенциясы жөніндегі бейнекөрсетілім жиынның мақсатын ашты. Аталмыш мерекеден бастау алған шараға тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі, Мемлекет басшысының курстасы, саясаттану ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, ҚарМТУ-дың Құрметті профессоры Т. Сүлейменов, техника ғылымдарының докторы, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургиялық институтының бас ғылыми қызметкері Қ. Сәрекенов, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Оспанова сондай-ақ, Мемлекет басшысының курстастары

және үзеңгілестері Қ.Омашев, Е.Төлеубаев, В.Никонов, Т.Ысқақов лебіз білдірді. Марат ИБАТОВ, ҚарМТУ ректоры: – Биыл Алаш зиялыларының мұрасын зерделеу және оны жандандыру шаралары қолға алынды. Өйткені, өз заманының сұңқарлары тәуелсіздік мұраттарын, саяси-құқықтық, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастары мен тұ-

жырымдарын сол кездің өзінде-ақ айтқан. Біз шараға үн қосу үшін әрі Алаштың 100 жылдығын сол заманмен ғана шектеп қоймай, тәуелсіз мемлекетіміздің тарихымен, ұлттық құндылықтарымен байланысты өзекті тақырыптар қозғадық. Конференцияға республикалық білім беру ұйымдарынан 145-тен астам баяндама келіп түсті. Марат Кеңесұлы «Алаш» партиясы өкілдерінің мұраларын зерделеу

арқылы жыл сайын еліміздің жоғары оқу орындарында жүйелі түрде конференциялар, кураторлық сағат, дөңгелек үстел, семинар өткізуге шақырды. Алаш қозғалысы көшбасшылары туралы толық метражды деректі және көркем фильмдер түсірілімін ұйымдастыруды ұсынды. Конференцияда Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы С.Сыздықов, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Бейсенбекова, ҚарМТУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С.Қасымова өзекті деректермен бөлісті. Университет ұжымы жиыннан табылды. Профессор С.Сыздықов «Алаш зиялыларының «Мәңгілік Ел» мұраты» тақырыбын қозғап, көпшілікті зерттеген еңбектерімен тәнті етті. «Кезінде Алаш қайраткерлерінің барлығы дерлік ауылда кооперативтер құруға үгіт-насихат жүргізіп, белсенді қатысты. Ал, уақытша үкімет тұсында билікке келген Алаш қайраткерлері ауылдарда кооперативтер ашуды белсенді қолдап отырды. Мысалы Ә.Бөкейханов Қостанай губерниясын басқарғанда көптеген кооперативтерді ашуды қолдап, іс қағаздарына

қол қойғаны мұрағат материалдарында жиі кездеседі. Смағұл Сәдуақасов кооперация құрудың теориясын жіті меңгеріп, сол кезде Қазақстанның солтүстік-шығыс жағына ықпалы зор Сібір кооперативтерінде басшылық қызметін атқарғанда қазақтар арасында кооперативтердің ашылуына және дамуына үлкен еңбек сіңірді, – деді. Ғалым зерттеу барысында Жүсіпбек Аймауытовтың кооперация туралы мақалалар мен нұсқауларына тоқталып, оларды ел арасына таратудағы белсенді қызметін тілге тиек етті. Жалпы, алаштықтар революциядан, төңкерістен бөлек, эволюциялық даму жолын таңдағанын айтты. Сонымен қатар, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы З.Сақтағанова. «Алаш» партиясы: кезеңдер тарихы» атты баяндамасын таныстырды. Алашорда қозғалысының тарихына тоқталған ғалым: «Алаш мұраларының ішінде әлі де болса зерттелуі тиіс құнды дүниелер көп. Тек көп құжаттар Мәскеу архивтерінде қалың қағаз астында көмулі жатыр. Дәл қазіргі уақытта оны зерттеп, қалың бұқараға көрсетуге отандық ғалымдардың толық мүмкіндігі болмай отыр», – деді. Жиында студенттер алаштықтарға өлең арнап, баяндамалары арқылы пікір білдірді.


Жасампаздық жолында

2 наурыз, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Елбасының әр жылғы дәстүрлі Жолдауы – еліміздің даму бағыт-бағдарындағы тың серпін. Қай-қайсы да өзінің кезеңге тән өзектілігі мен нақты басымдықтарды алға тартатындығымен ерекшеленеді. Жолдауды түсіндіру бір бөлек те, өзің оқып түсіну ол мүлде бөлек дүние. Бұл орайда елімізді 25 жыл бойы адастырмай, бағыт-бағдар берумен келе жатқан Елбасымызға деген алғысымыз шексіз. Біз – келешегі тұлдыр, болашағы бұлдыр халық емеспіз. Қазақ деген халықтың ұлттық рухы оның ғасырлар бойғы ерлігінде жатыр. Өткен жолын жетік білетін қауым, алар асуларын да айқын елестете алады. Олай болса, Жолдаудағы маңызды кешенді 3 міндет пен 5 негізгі басымдыққа айрықша мән беруге, отанымыздың алдыңғы қатарлы, 30 мемлекеттің қатарына енуіне әрқайсымыздың өз саламызда аянбай еңбек етуіміз тиіс екенін баса айтқым келеді. Рухы мықты, еркін ел ғана, ұлы істерді атқара алады. Өткен ғасырдың аяғында, осы ғасырдың басында Елбасының айтқан «ХХІ – ғасыр Қазақстанның жұлдызды ғасыры» деген ұлағатты сөзі дөп басып айтылған оймақтай ой болатын. Сол ойлар міне расымен шындыққа айналды. Оның басты дәлелі – жақында өткен Универсиада сайыстарында әлемнің ең озық мемлекеттерінен алдыңғы қатарға шығуы. Дарынды да, талантты ұл-қыздарымыздың өсіп келеді. Олай болса, сол ұлдарымыз бен қыздарымыз, халқымыздың сенімін ақтауда, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілеулеспіз. Біз де Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесімізді қосамыз деп сендіреміз. Құрманшәді ОРАЗЫМБЕТОВ, Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкері. ТЕМІРТАУ қаласы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын Қарағанды қаласының ардагерлер қауымы зор ықыласпен қабылдады. Жолдауда еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі өткен жолына қысқаша шолу жасалып, кемел келешекте атқарылатын істер сараланған. Елбасы атап өткеніндей, Қазақстан өзінің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде жаһандық көштің алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеді. Енді – заман талабына сай Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойылып отыр. Осыған орай, Президент бес басымдықты белгілеп берді. Соның алғашқысы экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы арқылы әлемнің 30 озық елінің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеу міндеті болып отыр. Елбасы жаңа индустриялар құрумен қатар,

Н.Назарбаев биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Қазақстанның Бірінші жаңғыруы осыдан 25 жыл бұрын Тәуелсіз жас мемлекеттің іргетасы қаланған, экономикалық тұрғыдан ауыр кезеңді теңселмей еңсергеніміз екендігін, әлем картасында бұрын-соңды болмаған жаңа мемлекет пайда болған кезең екенін атады. Ал Екінші жаңғыру «Қазақстан – 2030» Стратегиясының қабылдануы мен жаңа елорда – Астананың салынуымен басталғандығын, ендігі біз аяқ басқалы тұрған Үшінші жаңғыру – елдің барлық азаматынан жаһандық жанталас бәсекеге қауқарлы қабілеттілікті талап ететіні сөзсіз. «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі,» – деп атап көрсетті Президент. Жолдау бес негізгі басымдықты қамтиды. Алғашқы басымдықтар – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы цифрлық технологияларды қолдану арқылы құрылатын перспективалы салаларды дамыту қажеттігін алдыңғы кезекке қоюда. Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту мен кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық басымдықтары ұлттық экономиканың әлеуетін одан әрі арттыру мен әлемдік бәсекелестік баспалдағымен бұдан да жоғары сатыға өрлеуіне сеп болмақ. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабі-

өндірістің базалық салаларын дамытуға серпін беру қажеттігін атап өтеді. Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс және басқа салалар. Осы салалар қашан да ел экономикасының тірегі болған және бола бермек. Жолдаудағы адами капитал саласын жақсарту жөніндегі міндеттер көкейге қонады. Онда білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтауды да өзгерту мақсаттары қойылған. Жаңадан енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен зор үміт күтеміз. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласы да қалыс қалмаған. Елімізде 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға арттырылады. Сондай-ақ, базалық

орындары ашылып, мұнда қазір 140 адам жұмыс істейді. Арнайы мобильді көліктер наубайханадан жаңа шыққан нанды, тек, Балқаштағы сауда орындарына емес, сондай-ақ, Балқаш станциясына, Қоңырат мөлтек ауданына, Шашубай, Гүлшат, Сарышаған елді мекендері мен Приозерск қаласына да жеткізеді. Бір Балқаш қаласында ғана нан 250 сауда нүктелерінде сатылады. Жылжымалы мобильді автодүкендер қаланың әр жеріне барып, тұрғындарға нан өнімдерін жеткізеді. Бұрынғы нан зауытының ассортиментінде 6 түрлі нан өнімі болса, бүгінде қала дүкендерінің сөрелеріндегі нанның алуандығы тұтынушы көзінің жауын алады. Бастапқыда зауытта нан өнімдерінің 30 түрі пісірілсе, бүгінде олардың саны 85-ке жетті. Алдағы уақытта тауар ассортименті 100-ге

ымен, Ең алд есінің ролі із үй ім беру ж дің міндет дің білім з і өсу Б тиіс. калық нына е и г у м р о е н өзг эко буы беруді алық – білім делінің орт ру. мо ды жаңа айнал АЕВ. АЗАРБ Н н а т л Нұрсұ

леттілік» Жолдауының төртінші басымдығы – «Адами капитал сапасын жақсарту» деп аталады. Бағыттың бірінші бөлігі білім беру жүйесінің рөлінің өзгеруіне арналған. Яғни ендігі тарапта оқу бағдарламары тек қана академиялық білім беріп қана қоймай, баланың сыни ойлау қабілетін дамыту мен қазіргі заманғы өмірде ең керекті ІТ-білім, қаржылық сауаттылық сияқты білім мен біліктерді қалыптастыруға бет бұратындығы белгілі болды. Ұстаз және ата-ана ретінде бұл жаңалықтардан зор үміт күтемін. Мұндағы екінші мәселе – үш тілді оқытуға кезең-кезеңмен көшу. «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды,» – деп айтып өтті Мемлекет басшысы. Бұл дегеніміз, әрбір қазақстандықтың бүгінгі жаһандық ахуалдың күрделілігі мен көп қатпарлығын сезіне отырып, осынау сан алуандылықты даму мен ілгерілеуге ашылған орасан мүмкіндік деп тануы. Әлбетте, әлемдегі ең көп тараған тіл – ағылшын тілін меңгере отырып, Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі – халықты ұйыстырушы басты фактор екенін ұмытпау керек. Жансая ЖАРЫЛҒАПОВ, филология ғылымдарының докторы, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры.

зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Сонда, зейнетақының көлемі еңбек өтіліне байланысты қайта есептелетін болады. Қаланың соғыс және еңбек ардагерлері бұл шешімді құба-құп қабылдайды. Жалпы алғанда жаңа Жолдау замана көшіне ілесіп, елімізді одан әрі өркендете беру мақсатын көздеп отыр. Ардагерлер қауымы осы жолда Елбасына,Үкіметке, барша Қазақстан халқына тілектестік білдіреді. Тілеубек ЗЕЙНЕШЕВ, Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері.

Қазақстан Республикасының Президенті биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «жаппай Кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек» деп талап қойды. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуы тиіс. Яғни, бұл орайда, кәсіпкерлікті өркендете отырып, тұрғындарды жұмыспен қамту – Үкімет пен аймақтар әкімдері қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийінің бірі болып қала бермек. Қаладағы 1967 жылы тұрғызылып, кейінгі уақытқа дейін жұмыс істеп келген нан зауыты соңғы жылдары техникалық тұрғыдан жаңартылмаған болатын. Сол себепті тұрғындарды нанмен қамтамасыз ету ісі едәуір бәсеңдеп, өнім бағасы қымбаттап кеткен еді. Ал, жаңа нан комбинаты Еуропадан әкелінген заманауи энергия үнемдегіш құралдармен жабдықталғандықтан сапалы әрі арзан өнім шығаруға мүмкіндік берді. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы «Пульс» ЖШС жаңа зауыт жұмысын қолға алып, тәулігіне 17 тонна өнім шығаратын кәсіпорынды іске қосты. Жобаны іске асыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ мен «Цеснабанк» АҚ қолдауымен 500 млн. теңге бөлінді. Нан пісіруге арналған заманауи құралдар – Франция, Швеция, Дания, Испания, Болгариядан әкелінген. Жаңа құрылғылар мен өндірудің барлық технологиялық процесі халықаралық стандартқа сай келеді. Осы жаңа технологияларды пайдалана отырып, зауыт жұмыскерлері өндірістің экологиялық тазалығын, дәмін, жоғары сапасы мен құнарлығын қамтамасыз етеді. Диеталық және адам

Осыдан екі жыл бұрын Балқаш қаласында жаңа нан зауыты ашылатындығы туралы хабар тез тарап, шаһар жұртшылығын үлкен қуанышқа бөлеген еді. Жаңа нан зауытының ашылуы өңір үшін айтулы оқиға болғаны сөзсіз. Себебі, бұл моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында жаңадан ашылып жатқан алғашқы зауыт болатын. Сонымен қатар, бұл кәсіп Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы тапсырмасын орындау мақсатында қолға алынды.

ағзасына пайдалы дәрумендермен байытылған жоғары рецептуралық нан сұрыптарын өндіру күнненкүнге артып келеді. Құрамында күнжіт, асқабақ, зығыр, жаңғақтар қосылған нандар француз, неміс, итальян технологияларымен пісіріледі. Нан өнімдері итальяндық 99 бағдарламасы бар «Mondial formi» атты 10 ротация пешінде пісіріледі. 200 келілік нан ашытатын машина да Италиядан жеткізілген. Нанның ашытқысы Францияның «Lacsa», «Langers» фирмаларынан әкелінген арнайы ашытқы жасайтын құралдар көмегімен дайындалады. Зауытта ұн сақтайтын арнайы 5 бункер бар. Онда 52 тонна ұн қоры үнемі тұрады. Қазір заманауи технологияны пайдалану арқылы «Балқан Нан» ЖШС-де 85 түрден астам нан өнімдері шығарылады. Қысқа мерзім ішінде бой көтерген халықаралық стандартқа сай нан зауыты бұрынғы өндірістен өндірістік қуаты мен сапасы жағынан да басым. «Балқаш Нан» зауытында жаңа жұмыс

жетпек. Атап айтатын болсақ, «8 дән», «Отрубной», «Президентский», «Бектауата нандары», «Шұбар» батоны және тағы да басқа нан түрлері шығарылады. Құрылғанына аз уақыт болса да, ұйымшыл еңбек ұжымы көпте-

3

ген табыстарға қол жеткізді. Мысалы, «Балқаш Нан» ЖШС өнімдері 2015 жылдың қазан айында Алматы қаласында өткен «Қазақстанда жасалған» және 2016 жылдың мамыр айында Баку қаласында өткен «Сала көшбасшысы» көрмелерінде жоғары бағаға ие болды. Астанада Индустрияландыру күні аясында өткен «Қазақстан үздік тауарлары – 2016» атты республикалық байқауда «Балқаш Нан» зауыты ұжымы жеңіске жетті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында «Қазақстанның үздік тауары» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016 жылдың желтоқсан айында Орта Азия халықаралық «WorldFood Kazakhstan – 2016»

көрмесі аясында өткен нан және кондитерлік өнімдер байқауында «Жыл тандауы» деген жоғары марапатқа ие болды. Сондай-ақ, «Өнімнің ең жоғарғы сапасы үшін» медалімен марапатталды. Айта кету керек, серіктестік бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесіне жауапты қарайды. Балқашта «Мейірімді іс» атты қайырымдылық акциясы үнемі өтіп тұрады. Жаңа нан зауыты өз дүкендерінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға нан өнімдерін тегін таратуды жолға қойды. Қала тұрғындары үшін бұл үлкен қолдау болды. Бүгінде көпбалалы отбасылар «Балқаш Нан» ЖШС дүкендерінен күнделікті нан алып тұруға дағдыланды. Қаладағы балалар үйіне нан өнімдері күн сайын тегін босатылады. – Мереке күндері балалар үйіне торт, тәтті тоқаш түрлері міндетті түрде сыйлыққа беріледі. Кәсіпорын басшылығына алғысымыз шексіз, – дейді балалар үйінің директоры Сәуле Кәріпжанова. Қазіргі кезде Балқаш тұрғындарының ақ дастарқанынан кәсіпорынның тағамдары үзілмейді. Алдағы уақытта да «Балқаш Нан» ЖШС ұжымы тынымсыз еңбегі арқасында қала экономикасының өркендеуіне өз үлесін қоса бермек. Зада ЖҰМАТОВА. БАЛҚАШ қаласы.

Мереке шуағы 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Осакаров аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы мен жастардың ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық тарихи өлкетану музейінде «Ұрпақ тәрбиесі қай деңгейде?» атты дөңгелек үстел өтті. Атаулы шараға Осакаровка кентіндегі №1 ОМ ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Дөңгелек үстелді аудандық тарихи өлкетану мұражайының нұсқаушысы

Т.Момынбеков жүргізіп отырды. Қонақтарды аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Бекова құттықтап, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында айтылған, «Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте», – деген ғибратын алға ұсынды. Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени жаңалықтарға байланысты оқу үрдісін ұлттық

сипатта ұйымдастыру – заман талабы. Сондықтан, оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер, деректер, ұлттық психология ерекшеліктерін ескеру үшін ардагер-аналар кеңесі, аудандық ардагерлер кеңесі, оқу ісінің озық қызметкерлері, ардагер ұстаздарды қатыстыра отырып, арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырдық деген ойын жеткізді. Ардагер ұстаздар Р.Рәшқызы, Б.Ме-

чебайқызы, Р.Қоғабекқызы сөз сөйлеп, рухани тәрбиені бала негізі ата-анасынан алуы керек. Ал, теледидар мен интернет, компьютерді жастар қажетінше қосымша құрал ретінде қолдануы қажет. Кейбір ата-ананың бала тәрбиесіне араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылулық көрмей, қатыгездікпен

жүрегін бойлаған суық ызғар баланы қатыгез етіп өсіреді. Сондықтан, бұл да, бала тәрбиесіне әсерін тигізеді, деген ой тұжырымдарын айтты. «Бала тәрбиесі» атты бейне таспа арқылы балалардың ойға түйгендерін сұрастыра отырып, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ислам Шәкірбеков, тәрбиенің ең маңызды шарты: үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсету, ағайын-туыс-

тармен жылы қатынас орнату арқылы, жас ұрпақты Отансүйгіштікке баулып, көршілер мен достарына қол үшін беруге, ең бастысы ұл-қыздарының бойына адамгершілікті сіңіріп, дүние байлығынан көрі рухани байлыққа икемдеп тәрбиелегені абзал, – деді. Атаулы шараның 1 Наурыз – Алғыс айту күні өткізілгенін ескерсек, тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатына елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің бөленіп отырғанын айтқанымыз абзал болар.

Қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшемі. Осылайша Қазақстан кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп - өркендеген елге айналды. Сержан СМАХАНҰЛЫ. ОСАКАРОВ ауданы.


4

тұлға

2 наурыз, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» Арқадан Алатауға барып, Алаш әдебиетінің туын көтерген тұлғалар аз болмаған. Солардың бірегейі Қасым АМАНЖОЛОВТЫҢ соңынан заманында қара ермеді деу – ақылға сыймайды ғой. Қасымдарды туған Қарқаралыда дүниеге келіп, оның ізін басқан Қапан САТЫБАЛДИНДІ бүгіндері біреу білсе, біреу біле бермес. Сонымен, әуелгі сөзді Қасым атамыздың «Қапанға» өлеңінен бастайық: Қан қақтаған жалпақ дала Жанымдай боп жатты өртеніп, Кешкі аспан қызыл ала Төмен түсіп, тұрды төніп. Оралғандай тұмша бұлтқа Отырдым мен – бейне құз тас. Ішкі толқын теуіп сыртқа, Шашырады көзімнен жас. Отты желі сағыныштың Өтті қарпып, шарпып жалап. Өз жасымды өзім іштім. Кеуде қаңсып, жан қаталап. Сол кез, досым, бақыт құсы Қуырсының малсаң қанға. Тіршіліктің хабаршысы Іздеп мені қан майданда. Жарқ етті де, келді, қонды, Менің алақаныма кеп. Әмма сайрағандай болды, Жайып қанат, үні елжіреп. Ақ қанатты бақыт құсы – Ақ қағазға жазылған хат. Қанды сапар жолаушысы Хат қадірін білер солдат. «Хат қадірін білер солдат» Деген оймен мені ескеріп, Досым, құрбым, жазыпсың хат, Жүрегіме болды серік. Тапты ұя көкірегімнен, Бір жаңардым, қайта түлеп. Өршіп, қаулап тірілдім мен, Қатар соғып екі жүрек (Қасым Аманжолов, «Қапанға». 1944 жыл). «Қарқаралы – туған жерім, Өзіме ыстық думан белім» дейтін Қапан Сатыбалдин 1917 жылы Қарқаралының Бесоба ауылында дүниеге келген. Өзінен 6 жасқа кіші болса да, Қасым оны «Досым, құрбым» деп құрмет тұтқанынан-ақ біраз жайды аңғаруға болатын сияқты. Қапекең өлеңді жастайынан жазғанға ұқсайды. Абай атындағы Педагогика институтында, Мәскеу мемлекеттік кинематогрофия институтында (1940-1942 ж) оқыған оның алғашқы «Мен жырлаймын» атты өлеңдер жинағы 1938 жылы шыққанда, ақын небары 21 жаста екен. Әдеби ортаға уыздай жас кезінен танылғаны өз алдына, соғыс майданында «Совет жауынгері» газетінде қызмет етеді. Ағасы Қасым жаңағы өлеңінде «Сол кез, досым, бақыт құсы, Қуырсының малсаң қанға. Тіршіліктің хабаршысы, Іздеп мені қан майданда» деуі содан болса керек. Қарағандының Оңтүстік-Шығысындағы Сатыбалдин көшесінде қанша жүрсек те, оның кім екеніне мән бермеппіз. Тіпті, «Сатыбалдин көшесі» емес, «Сатыбалдина» аталып кеткен бүгінде. Мағаш (Мағауия Сембай) ағамыз айтпаса, бұл мақала да жазылмас еді. «Ілияс Есенберлин, Қабдеш Жұмаділов, тағы басқа ақын-жазушыларға шарапаты тиген» дегенде таңырқап қалғам. Тапсырма берген соң, ең-

6 наурыз

Дүйсенбі

06.00, 02.40 Әнұран 06.05 Концерт 07.00 «Таңшолпан» 10.00 М/с "Рубидің ғажайып әлемі" 10.45 М/с «Белка мен стрелка» 10.30 М/с "Роботкөлік Поли" 10.45 М/ф «Белка мен стрелка» 10.55 Апта.kz 12.00 Дауа 12.3 Айналайын 13.00 «Бірге таңдаймыз!» 14.10, 22.20 Т/с «БОЗТОРҒАЙ» 15.00 «Әйел бақыты» 16.40, 19.05 Т/с «Ақ пен қара» 17.30, 20.00, 00.35 KAZNEWS

7 наурыз

Сейсенбі

06.00, 02.40 Әнұран 06.05 Концерт 07.00 «Таңшолпан» 10.00 М/с "Рубидің ғажайып әлемі" 10.45 М/с «Белка мен стрелка» 10.30 М/с "Роботкөлік Поли" 10.45 М/ф «Белка мен стрелка» 10.55, 21.35 Айман&Шолпан» 11.45 Қызық екен 12.00 Дауа 12.30 Айналайын 14.10, 22.20 Т/с «БОЗТОРҒАЙ» 13.00 «Бірге таңдаймыз!» 15.00 «Әйел бақыты» 16.40, 19.05 Т/с «Ақ пен қара»

8 наурыз

06.00, 02.30 Әнұран 06.05 Концерт 07.00 «Таңшолпан» 10.00 М/ф 10.30 Драма "Қыз Жібек" 13.00 «Бірге таңдаймыз!» 14.10, 22.20 Т/с «БОЗТОРҒАЙ» 15.00 «Әйел бақыты» 16.40 Х/ф «Күлбике» 18.20 Шын жүректен 20.00, 00.25 KAZNEWS

Тәуелсіздік қалқаны

Ақын, жазушы, драматург Қапан САТЫБАЛДИННІҢ туғанына – 100 жыл

Сәрсенбі

бектерін ақтарып келіп жіберсем, соңында қалған мұралары бақандай 4 том екен. Өлеңдері, әңгімелері мен повестері және пьесалары мен очерк-мақалалары жетерлік. Ақындық күш-қуаты арынды бұл кісі өлеңдерінің биігі – «Әлия» поэмасы. Ақынның жалғыз жоқтаушысы жазушы Қабдеш Жұмаділовтің айтуынша, қазақтың батыр қызы Әлияға алғаш жырдан ескерткіш қойған да осы Қапан Сатыбалдин екен. «Құлшынып қуған өнер былай қалды, Дүние көз алдында шыр айналды. Бұлақтай таудан аққан мөлдір тілек Соғыстың сойқанымен ылайланды. Ауыр ой айғыздады қыздың түсін, Ащы кек андыздаған күйдірді ішін. Бір тажал көз алдында тұрып алды Сол қызды жаралғандай жұту үшін» деген жолдарды оқығанда, арқаң шымырлайды.

Жұмаділов «таланттың тапшылығынан емес, заманның таршылығынан іздеген жөн болар» дейді. «Әлеуметтік заказдан, бір сарынды ұран өлеңдер жазудан ақынның жалыққаны байқалады. Жалғыз ұлының есімін Наурызбай – Науан қойған азаматтың көкірегінде не жоқ дейсіз?! Ақын мен уақыт арасында қайшылық туғаны анық». Қапекең қара өлеңнен алыстағанымен, қаламын қаңтарып қоймаған. Ішкі дерт – сөз өнері тыншу берсін бе?! Тынысын кең алып, арнасын барған сайын ұлғайта түскен. Елуінші жылдары жазған пьесалары – «Ұзақ жол», «Аягөз ару», «Қабаған ит», «Махаббат машақаты» бір төбе де, кинодраматургия саласында жазған сценарилері бойынша «Ән шақырады» атты толық метражды көркем фильм, «Дина Нүрпейісова», «Кеген өңірінің ерлері» атты де-

Т. Ахтанов, Қ. Сатыбалдин «Венеция кегі», «Айдан тамған жас», «Махаббат» поэмаларын жазған ақын «Ашылған құпия» поэмасы үшін комсомол сыйлығын иеленген. Бірақ, соғыстан кейін Қапекең өлең жазуды қойып, әдебиеттің басқа жанрларына қалам сілтеген. Соны емеурін еткен Қасым Аманжолов: «О, Қапан Сатыбалды, Сатыбалды баласы жатып алды. Жатып алды, аққудай ақын даңқын Атып алды, тарихта аты қалды», – деген екен қысқаша. Өлең өлкесінде соғысқа дейін республика көлемінде танылып үлгерген ақынның жыр жазбай кетуінің себебін Қабдеш

ректі фильмі түсірілді. «Қабаған ит» спектаклі Әуезов атындағы театрында, ал, «Аягөз ару», «Махаббат машақаты» республикалық жастар театрында қойылған екен. Шығармаларында кеңестік идеологияның салқыны жатқанымен, тілі кесек, сөйлемдері сылдырап аққан бұлақтай есіліп отырады. Суреттеулерінің артық-кемі жоқ. Қайдағы бір құбылыстарды фотоға түсіріп алғандай, көз алдыңа қаз-қалпында әкеледі де, әрі қарай оқуға асықтырып отырады. Басқа шығармаларын қайдам, біз оқыған «Қараторғай» повесі осындай пікірге байлады. Автордың баяндау тілі, портрет жасау, кейіптеу шеберлігі өз алдына

17.55 «Алаштың аманаты» 02.05 Көңіл толқыны 20.45 АЙТУҒА ОҢАЙ 21.35 Айман&Шолпан» 23.15, 02.05 Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев 23.50 ОЙ-ТОЛҒАУ

16.00 Т/с «пӘЛЕНШЕЕВТЕР» 16.30 Д/ф «Құрсаусыз әлем» 17.15 Народный контроль 17.30 Бетпе-бет 18.00 Т/с «Ақ күн» 18.55 Негізінде 19.00, 23.30, 01.00 Қорытынды жаңалықтар 20.10 Т/с «Тайталас» 20.55 По сути 21.00 Итоги дня 21.35 Т/с «Узел судьбы» 00.00 Драма «Әр үйдің сыры басқа» 00.30 Драма «Сотқа жеткізбей»

ХАБАР 07.02, 01.00 Драма "Өмір сабақтары" 07.30, 00.30 Драма "Сотқа жеткізбей" 08.00 Жаңа күн 10.15 Т/с «Белая рабыня» 11.15 Т/с «Көрімдік» 12.00 драма «Тағдыр тартысы» 12.30 «Магия кухни» 13.00 Т/с «Семейные мелодрамы» 14.00 Т/с «Старшая дочь» 14.45, 23.00 Т/с «Бажалар» 15.15 Біздің назарда 15.30 «Көңіл толқыны»

17.30, 20.00, 00.50 KAZNEWS 17.55, 01.35 Көңіл толқыны 18.20 ҚЫЗЫҚ ЕКЕН 20.45 АЙТУҒА ОҢАЙ 23.15, 01.00 Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев 00.35 Қылмыс пен жаза ХАБАР 07.02, 01.00 Драма "Өмір сабақтары" 07.30, 00.30 Драма "Сотқа жеткізбей" 08.00 Жаңа күн 10.15 Т/с «Белая рабыня» 11.15, 20.10 Т/с «Тайталас» 12.00, 16.30 драма «Тағдыр тартысы» 12.30 «Сиқырлы ас үй» 13.00 Т/с «Семейные мелодрамы» 14.00 Т/с «Старшая дочь» 14.45, 23.00 Т/с «Бажалар» 15.15 Біздің назарда 20.45 Концерт 23.50, 02.25 Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев 01.10 Дауа 01.45 Көңіл толқыны ХАБАР 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні 07.02 Әсем әуен 07.30 "Жан АНАМ". Концерт 10.00 «Әлемнің жарығы» атты президенттің қатысуымен өтетін концерт 10.45 М/ф «Почтальон Пэт» 12.15 Кино. «Приходите завтра» 14.00 Кино. «16 қыз» 15.45 Біздің үй

ЕУРАЗИЯ 06.00 Жаңалықтар 06.05 Жить здорово 07.00 Доброе утро 10.00 Т/с "Диверсант" 11.00, 14.50, 01.50 «БАСТЫ ПАТРУЛЬ» 11.10 «Той заказ»

бөлек әңгіме. Кеңестік замандағы шопандар өмірінің көрінісінен басталған шығармада композитор жігіт Досай, оның мінез-құлқы, жайлауға ат арытып келген мақсаты – әнші қыз Айгүлдің шопандар отбасындағы өмір қалпы, Тойбазар атты қойшы жігіттің мінез-құлқы мен іс-әрекеті, Нұралы қарттың қам-қарекеті мен мұң-мұқтажы сияқты мәселелердің мән-жайы бірінен соң бірі өрбіп отырады. Оқиға желісі бір жағдайда Алматыда жалғасып жатады. Әнші қыз Айгүл мұнда көркемөнерпаздар байқауына қатысуға келеді. Ондағы Сазанбайдың сырт бейнесін айнытпай елестетеді: «Ол осылай дегенде залдың әр жерінен шиқылдаған сұйық күлкі шықты. Бірақ онымен Сазанбайдың жұмысы болған жоқ, өзіне-өзі мәз ол суырша томпаңдап сахнадан тайып тұрды». Теңеулері оқыс, оқшау тұрады. «Көк «Волганың» ешкінің кенейіндей тұлғасы шап-шағын, тарамыс шоферы Медет пен Досай қанша асықтырып, жолақыны үйіп-төккенімен жылдамдықты алпыстан асырған жоқ». «Шофер жігіт су тиген көндей жіби түсті». Жазушы Айгүлдің қызығы мен шыжығы қатар жүретін өнер жолына қадам басуын шынайы суреттеген. Өмірдің әртүрлі құбылыстарын көрсете отырып, жедел, жүрдек баяндаулармен бірталай мәселені қамтиды. Жазушы уақыт талабына сай сапалы туындылар жазғанына осы «Қараторғай» повесі дәлел. Қазақ поэзиясының құбылысы – ақын Жұмекен Нәжімеденовтің Құдайды жоққа шығарған Кеңес үкіметі кезінде «Құдай керек сиынбауға сайтанға, (Құдай жоқ қой, жай, әншейін айтам да)» деп астарлағаны бар. Сол сияқты Қапан Сатыбалдиннің әрі эссе, әрі лирикалық күнделік жанрындағы «Қарсы алдымда қара құдайы» – күні бүгінге дейін құнын жоймаған

11.40 Таинственный остров 12.15 «ВСЕ МЫ ЛЮДИ» 13.10, 20.50 «П@УТИНА+» 14.05, 02.30 «ӘЙЕЛ СЫРЫ» 15.00 Правда 15.05 Давай поженимся 15.55 Х/ф «Затмение» 17.50 пусть говорят 18.55 Х/ф «ВОСТОЧНЫЕ СЛАДОСТИ» 20.00 Главные новости 21.30, 01.55 БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 22.10 Т/c «Қос жүректің лүпілі» 23.00 Т/с «АЛАУЛАҒАН СЕЗІМ» 23.55 Т/с «жЕНЩИНА В БЕДЕ» 03.20 «ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС №» 5 КАНАЛ 06.30, 07.40, 08.45 «Таңертеңгілік «5-арнада» 06.30, 20.45 Вести - Россия 07.00, 19.30, 21.35 шарайна

15.30 «Көңіл толқыны» 16.00 Т/с «пӘЛЕНШЕЕВТЕР» 16.30 Д/ф «Құрсаусыз әлем» 17.00 Народный контроль 17.15 Бетпе-бет 17.45 Қайсар жандар 18.00 Т/с «Ақ күн» 18.55 Негізінде 19.00, 23.30, 01.00 Қорытынды жаңалықтар 19.35 Т/с «Ничего личного» 20.10 Т/с «Тайталас» 20.55 БОЛЬШАЯ ПОЛИТИКА 21.00 Итоги дня 21.35 «КӨКТЕМ ШУАҒЫ» 22.30 Концерт 00.45 Әсем әуен 01.45 Драма «Әр үйдің сыры басқа»

10.00 Т/с "Диверсант. Конец войны" 11.00, 14.50, 01.50 «БАСТЫ ПАТРУЛЬ» 11.10 «Той заказ» 11.40 Таинственный остров 12.30 «ВСЕ МЫ ЛЮДИ» 13.25 , 20.50 «П@УТИНА+» 14.05, 02.30 «ӘЙЕЛ СЫРЫ» 15.00 Правда 15.05 Давай поженимся 15.55 Х/ф «Билет на двоих» 18.00 пусть говорят 18.55 Х/ф «ВОСТОЧНЫЕ СЛАДОСТИ» 20.00 Главные новости 21.30, 01.55 БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 22.10 Т/c «Қос жүректің лүпілі» 23.00 Т/с «АЛАУЛАҒАН СЕЗІМ» 23.55 Т/с «Женщина в беде-2»

ЕУРАЗИЯ 06.00 Жаңалықтар 06.05 Жить здорово

5 КАНАЛ 06.30, 07.40, 08.45 «Таңертеңгілік «5-арнада»

16.45 Концерт 19.00, 02.50 Қорытынды жаңалықтар 19.35 Концерт «Мама» 21.00 Итоги дня 21.35 Мегахит. «Дорога к матери» 23.45 Д/ф «Джули и Джулия: готовим счастье по рецепту» 02.00 Концерт "Қызғалдақ" ЕУРАЗИЯ 06.00 Модный приговор 06.55, 03.20 Идеальный ремонт 07.45 Т/с "Беркли сквер" 08.35, 12.05, 21.00 «П@УТИНА+» 09.00 Кино. «Москва слезам не верит» 13.05, 01.55, 22.00 ТАМАША CITY

құмбыл шығарма. Қапан атамыз тек қалам иесіне сай, лайықты қызметтер атқарғанынан да жазу өнеріне адалдығын байқауға болатын сияқты. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, «Қазақфильм» киностудиясы директорының орынбасары, "Жұлдыз" журналында бас редактордың орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағында хатшы қызметтерін атқарған. Бұған қаламгерлігін қосыңыз. Небары 52 жыл өмір сүрген қаламгер үшін аз қызмет емес. «Осы «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болып жүрген кезінде Қапан ағаның студент мені жұмысқа алғанын өмірі ұмытпаймын» деп ағынан жарылады Қабдеш Жұмаділов. Университеттің соңғы курсын оқитын студент кезі екен Қабдеш ағаның. Әрі Алматыда арқасүйері жоқ, жалғызілікті. «Қазақ әдебиеті» газетіне жұмыс сұрап барса, оған дейін 12 үміткер өтініш білдіріп, тіркеліп қойыпты. Қабдекең 13ші боп тұрады тізімге. Кейін, 10 шақты күннен соң редактор Қапан аға Қабдешті қабылдап тұрып: «Әнекүні айтып едім ғой, сенен бұрын 12 адам тізімде тұр деп. Байқасам, солардың әрқайсының соңында екі-үштен адам жүр. Үйде де, жұмыста да маза жоқ – шырылдаған телефон. Солардың ішінде жанкүйер қолдаушысы жоқ, саяқ жүргені – жалғыз сен екенсің. Содан ойлап-ойлап келдім де, саған тоқтадым», – депті. Естелігінде осыны еске алған Қабдеш аға: «Әрине, Қапекеңнен басқа біреу болса, ол орынды менен гөрі пайдалырақ, қарымта қайтаратын әлдебір ағайынға бұлдап өткізуіне болар еді. Бірақ, Қапан ағамыз ондай пендешілікке бармады. Адалдық, кісілік дегеніміз осындай-ақ болар». Қабдеш ағаның айтуынша, Қапан атамыз Ілияс Есенберлинмен жан аяспас дос болыпты. Сол 1965-1966 жылдары Ілияс атамыздың «Айқас» романы «Жұлдыз» журналында қатты сынға ұшыраған да, өзі оның алдында қуғындалып, қыспақта жүрген. Дәл сол тұста Қабдеш аға Жұмаділовке мақала жазғызып, Ілекеңді ақтап алған адам – осы Қапекең екен. Оны Қабдеш аға айтады: «Мақала Қапекеңе ұнады. Газеттің келесі нөмірінде бірден басылып шықты. Сол күні түске таман редактор шақырып жатыр дегенге барсам, қасында Есенберлин бар екен. Бүгін оның да мерейі тасып, көңілді жүрген кезі болса керек, қалың еріндері түріле, ырсыңдай күліп, Қапанға бірдеңелерді айтып отыр. Мен сәлем беріп, қастарына таяғанда, редактор басын көтерді де: – Ілияс, әлгі сен үшін жарғыға түсіп, Қышқашевты (Есенберлинді сынаған сыншы) қысқаштай қысқан Жұмаділов деген қызметкеріміз осы! – деді үнінен әлдебір мақтаныш лебі есіп. – Айналайын, қанатымен су сепкен қарлығашым сен екенсің ғой! – деп Ілекең де орнынан көтеріле берген. Басында қол беріп амандасты да, оны азырқанды білем, қапсыра құшағына алды. – Рахмет, бауырым! Сенің адал көңіліңе алғыс айтайын деп келдім. Мына Қапан біледі, менің осы жасқа келгенше баспасөз бетінде жылы сөз естігенім осы! – деді ағынан жарылып». Айта берсе, Қапан Сатыбалдин жайлы әңгіме көп. Әрбір очеркінің тіл ерекшелігі, қисын табудағы шеберлігі – бір-бір мақалаға жүк. Біз сыдыртып қана өттік. Қабдеш аға Жұмаділов бір естелігінде Қапекеңді «Қапастағы бұлбұл» атапты. Кеңес үкіметінің қыспағынан, цензураның ықпалынан бауырын жаза алмай кетті. Әйтпесе, шығармалары төгіліп-ақ тұр. Оқып отырып, Қапан, Қасымның ізбасары дегің келеді.

07.25, 08.25, 14.00 Аймақ жаңалықтары 07.50, 14.25, 18.00, 22.45 Рекламный визит 08.00 Новости 08.40 «Наши дети» 13.50, 20.30, 22.30 P.S 14.15 Азия айнасы 14.35 Прямой эфир 16.00 «Сау болайық» 16.15 «Диалоги о животных» 17.10 Сам себе режиссер 18.10 5-арнадағы әуен 19.00 Приключения тела 20.00, 22.00 Новости 21.10 «Личное» 22.55 Х/ф «Бэтмэн НАВСЕГДА» 00.30 Әуенді Қазақстан

ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 07.00,10.00 АПТА 08.00, 11.00, 18.50, 22.20, 23.30 TV market

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Шахтинск қаласында азаматтарды әскери қызметке шақыру iс-шаралары кешенді түрде атқарылуда. Осыған байланысты Шахтинск технологиялық колледжінде Ауғанстан соғысының ардагері Олег МЕДЯНЦЕВПЕН және Шахтинск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысының орынбасары, майор Ақылбек БАЙЖҰМАНОВ жастармен кездесті.

Кездесудің мақсаты – ардагерлерге құрмет көрсету, Ауғанстан соғысының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, жастарды отансүйгіштікке баулу, азаматтарға әскери борышты өтеудің маңыздылығын түсіндіру. Кездесуде Ауғанстан соғысы туралы қысқаша мәлімет беретін деректі фильм көрсетілді. Аталмыш колледждің директоры Ә.Рахымбекқызы жеткіншектерді алдағы уақытта әскери бөлімдермен тығыз жұмыс істейтіндігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, майор Ақылбек Дәулетбекұлы Шахтинск технологиялық колледжінің 17 жасқа толған 60 студентіне әскери есепке тіркеу куәлігін тапсырды. Әскери борышты өтеудің маңыздылығын жеткізіп, Отан алдындағы парызды атқару үшін үлкен жігер мен патриоттық рух қажеттігін айтты. ШАХТИНСК қаласы.

Біздің жарнама телефонымыз

91-04-52

08.05 әсем әуен 08.50, 21.30 Т/с "Я ТЕБЯ НИКОМУ НЕ ОТДАМ" 09.35 М/ф "Лупдиду" 11.05 Д/ф «Құрдастар» 11.40 Жүзден жүйрік 12.00 Арнадым саған 12.35 Арена 13.00, 17.50, 22.30 Жаңалықтар 13.20 М/ф "Питер Пэн-2" 17.50, 22.30 Жаңалықтар 18.30 Автограф 18.50 "Б" корпусы мемлекеттік қызметшілерінің аттестаттары 19.00 «Ойталқы» 19.35 Шеберхана 20.00 Моя правда 20.30 қорытынды жаңалықтар 21.15, 23.15 Уақыт.kz 23.35 Т/с «Әке серті»

06.30, 20.45 Вести - Россия 07.00, 19.30, 21.35 шарайна 07.25, 08.25, 14.00 Аймақ жаңалықтары 07.50, 14.25, 18.00, 22.45 Рекламный визит 08.00 Новости 08.40 «Наши дети» 13.50, 20.30, 22.30 P.S 14.15 Азия айнасы 14.35 Прямой эфир 16.00 «Сау болайық» 16.10 «Тайны следствия» 17.00 Менің шындығым 17.50 «ТВ-2 экспедициясы» 18.10 5-арнадағы әуен 19.00 Приключения тела 20.00, 22.00 Новости 21.10 «Личное» 22.55 Х/ф «Бэтмен» 01.00 Әуенді Қазақстан 02.30 Деректі фильм

ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 07.00,10.00, 13.00, 17.50, 22.30 Жаңалықтар 07.45, 10.45, 21.15, 23.15 Уақыт.kz 08.00, 11.00, 18.50, 22.20, 23.35 TV market 08.05, 13.20 әсем әуен 08.50, 21.30 Т/с "Я тебя никому не отдам" 09.35 М/ф "Лупдиду" 11.05 Д/ф «Құрдастар» 11.40 Жүзден жүйрік 12.00 Ойталқы 12.35 шеберхана 13.20 М/ф "Питер Пэн-2" 18.30 2050 18.50, 19.50 Бейнеклип 19.00 «В интересах людей» 19.35 Руханият 20.00 Моя правда 20.20 Жеті қазына 20.30 қорытынды жаңалықтар 23.35 Т/с «Әке серті»

14.00, 03.25 «Әйел сыры» 15.00 Х/ф «Кавказская пленница» 23.00, 02.40 Той базар 00.00 Мелодрама «Папа для Софии»

Газманова 20.00, 22.00 Ауа райы 20.05, 22.05 Х/ф «Принцесса с севера» 23.35 Әуенді Қазақстан 02.30 Деректі фильм

5 КАНАЛ 10.00 Шарайна. Ауа райы болжамы. Новости. Книга жалоб 10.50 P.S 11.05 Моя Караганда 11.20 Ерлер ел ішінде 11.35 Азия айнасы 13.00, 18.10, 21.50 Рекламный визит 13.10 Парад звезд 15.00 Х/ф «Я буду жить» 18.20 «Мне 65». Юбилейный концерт Олега

ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 09.00 әсем әуен 10.00, 13.00 Жаңалықтар 10.45, 13.45 Уақыт.kz 11.00, 12.55, 15.50, 17.50, 21.40 TV market 11.05 Концерт 12.00 Обсудим 12.35 Руханият 14.00 "Асыл ана" Концерт 16.00 Х/ф "Тақиялы періште"

17.30 Это наша с тобой биография 18.00 Сазды сәлем 19.00 Жансарай 19.35 Хочу все знать! 20.00 "Автограф" 20.35 Концерт "Ана жүрегі" 21.45 Т/с "Ән домбыра" 22.30 Т/с «Өжет қыз»


Дүние-дүрмек

2 наурыз, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Тағзым

Осыдан бір жыл бұрын академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қара шаңырағының бірі – филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, белгілі лингвист-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Тұрмағанбет Төлешұлы ПІРІМБЕТОВ ұзаққа созылған науқастан 63 жасқа қараған шағында тал бесіктен мәңгілік жер бесікке аттанды... Т.Пірімбетов 1954 жылдың 24 қаңтарында Алаштың анасы атанған Сыр өңірінде, яғни, Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Аққорған ауылында қарапайым теміржолшының отбасында дүниеге келген. Шорнақ ауылындағы 10 жылдық орта мектепті үздік аяқтап, екі-үш жыл әке-шешесінің ұсақ-түйек жұмыстарына қолғабыс жасаған жас жігіт жоғары білім алу мақсатында 1974 жылы ҚарМУ филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түседі. 1979 жылы университет қабырғасын тәмамдаған соң, сол кезеңдегі жоғары оқу орнын бітірген жас мамандарға арналған тәртіп бойынша 3 жыл «оқу өтемін» қайтару үшін бұрынғы Жезқазған облысы, Ұлытау ауданына қарасты шалғайдағы Шеңбер, Терісаққан ауылдарына мұғалімдік қызметке жіберіледі. Онда жұбайы Алтын тәтемен бірге (жеңгеміз Алтын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің маманы ретінде орыс тілінен сабақ береді) ауыл мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ жүргізіп, мол тәжірибе жинақтайды. Қазақ тілі проблемаларын зерттеп-зерделейтін маман кадрлардың тапшылығына байланысты кафедра меңгерушісі Қ.Нұрмұқанов 1982 жылы Т.Пірімбетовті кафедраға шақыртып алып, жолдамамен Алматыға аспирантураға аттандырады. Алматыда 1982-1985 жылдары жоспарлаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын уақытында аяқтап, түркі әлеміне белгілі тіл маманы, академик Рабиға Сыздыққызының жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі қарапайым сөздер табиғаты» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын орыс тілінде жазып қорғайды. Мектеп қабырғасында 10 жыл, университетте 5 жыл ана тілінде білім алған жас жігіт үшін орыс тілінде күрделі ғылыми еңбек жазып, оны көпшілік алдында тосылмай, үлкен абыроймен қорғап шығуы шынында да жетістік еді. Зерттеуде қазақ тіл білімінде лексика саласы бойынша арнайы тақырып ретінде зерттеле қоймаған тілдік мәселенің бірі – қарапайым сөздер табиғаты, сөйлеу тілі элементтерімен ара қатынасы, қарапайым сөздердің шығу негіздері, жасалу жолдары, қарапайым сөздердің эмоционалды-экспрессивті бағалама

Майра Ахметова

қызметі, семантикалық топтары мен көркем мәтіндегі кейбір қолданыстары алғаш рет ғылыми тұрғыда сөз болып, көпшілікке таныстырылды. Ғалымның осындай тың еңбегін академик І.Кеңесбаев бастаған әйгілі зерттеушілердің өзі мойындап, жетістіктеріне оң бағасын береді. Міне, 1974 жылдан бастап табаны күректей 40 жыл бойы доцент Т.Пірімбетов білім-ғылым саласында талмай еңбек етті. Осы мерзім ішінде ол қаншама шәкірт тәрбиелеп, қазақ тілі мен әдебиетінің шын жанашыры, білікті маманы болып шығуына өз үлесін қосты. Доцент Т.Пірімбетовтің соңында «Қазақ тілінің сөйлеу тілі элементтері (қарапайым сөздер)» (Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. – 163 б.) деп аталатын монография, 12 оқу-әдістемелік құрал, 2 электронды оқу құралы, 150-ге жуық ғылыми мақаласы қалды. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы, қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, сөз құрамы, туынды сөздер, Абай шығармаларының тілі мәселелеріне арналған. «Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы» деп аталатын зерттеуі де – тіл ғылымы саласында және студент, магистрлер арасында үлкен сұранысқа ие еңбек. Мұнда ғалым қазақ тілі сөзжасамының қызықты да күрделі категория екенін, сөзжасамды тіл білімінің бір саласы деп тануда оның тұлғалық-құрамдық жағынан емес, семантикалық тұрғысынан қарау керектігін көпшілік алдына жайып салады. Қазақ тілі лексикасын сөз таптарына жіктеуде де тың, соны пікір білдіруі лингвистер ортасында қызу талқылау (резонанс) тудырды. Сөздерді сөз таптарына қарай бөлуде қандай мәселелерді басшылыққа алу керек, қандай негізгі критерийлерге сүйену қажет деген мәселелері де қазіргі ғылыми басылым беттерінде жиі-жиі көтеріліп жүр. Т.Пірімбетов ресми түрде доцент болғанымен, әріптестері ортасында баяғыда-ақ бейресми түрде профессор деп танылған тіл білімінің білгір маманы еді. Жалпы, қазақ тіл білімінің көсегесін көгертем деп тер төккен атпал азамат Тұрмағанбет Пірімбетов әріптестері мен шәкірттері арасында зор беделге ие болды. Атап айтқанда, «Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне еңбек сіңірген қызметкер» (2014ж.) төсбелгісі және «Академик Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ға – 40 жыл» (2012ж.) мерейтойлық медалімен марапатталды. Тұрекеңнің ғылымнан өзгеше тағы бір қыры – саламатты өмір салтын насихаттайтын сергек спортшы болғандығы. Шахмат тақтасын мейлінше меңгерген спортшы ретінде түрлі спартакиадаға үзбей қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді.

«Қазақстан - Қарағанды» телеарнасының еңбек ардагері, алғашқы диктор Майра Мұхамеджанқызы Ахметова 92 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Ол 1925 жыл, 8 наурыз күні Қарқаралы ауданындағы Жұмысшы колхозында дүниеге келген. Ата-анадан жастай жетім қалған Майра ауыл мектебін бітірген соң, еңбекке ерте араласты. Қарағанды қаласына келіп, жұмысқа тұрған. Еңбек ете жүріп, орыс тілін жете меңгеріп алды. Жаратылысынан сүйкімді жас қыз, өз еңбегінің арқасында 1950 жылы облыстық радиоға диктор болып қабылданды. Көп кешікпей жарасымды үні, жақсы даусы бар Майра Мұхамеджанқызы радио тыңдаушылардың көңілінен шықты. 1958 жылдың 31 тамыз күні Қарағанды телестудиясы тұңғыш рет ашылды. Сол күні Майра Ахметова шахтерлер мерекесіне арналған хабарды алғашқы диктор ретінде жүргізді. Көгілдір экранның құпия сырына қаныға түскен жас диктор Ташкент, Баку, Киев қалаларына барып, сондағы тележүргізушілердің мол тәжірибесінен үйреніп қайтты. Осы салаға біржола бет бұрған М.Ахметова радио тыңдаушылар мен көрермендердің көңілін әдемі даусымен жаулап алды. Зейнеткерлікке шыққанға дейін, қырық жылға тарта қасиетті қарашаңырақта қызмет атқарды. Ұзақ жылғы еңбегі елеусіз болған жоқ. Бірінші және жоғары санатты диктор атанды. Екі рет Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» және В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған мерекелік медальдарға ие болды. Халықтың ерекше ықыласына бөленген Майра Мұхамеджанқызы ұл – қыздарын ер жеткізіп, бақыт құшағына бөленді. Немерелерінің сүйікті әжесі бола білді. Осындай құрметке ие болған ол - Қарағандылықтардың есінде «Алғашқы дикторы» болып мәңгі сақталып қалды. Жатқан жеріңіз жәннатта болсын, ардақты Ана!

Қолы қалт еткенде айналысатын негізгі хоббиі – балық аулау, яғни, әуесқой балықшылық. Балық десе, Тұрекең ішкен асын жерге қоюшы еді. Қысы-жазы балық аулаудан бір жалықпайды. Қашан әңгімелесе кетсең, ғылымнан бөлек екінші тақырыбы бірден балыққа ауысып жатады. «Жалпы, табиғат ана жаңынды жадыратып, тәніңді сергітеді. Бір сәт шаршағаныңды басып, тың күш, жаңа идеялардың туындауына әсер етеді, – дейтін марқұм Тұрмахан ағам демалыс жайын сөз еткенде. Негізі, Тұрмахан аға «сегіз қырлы, бір сырлы азамат болды. Ол – физикпен физика тілінде, математикпен «сандар әлемінде», химикпен «реакциялар тілінде» тайсақтамай, еркін пікірлесе алатын бесаспап маман деп айтуға болады. Техникаға жаны құмар жан өзінің бір сәт темір тұлпарсыз тұра алмайтындығын да айтып қоятын. Мұндай жан-жақты азаматтың білімді де, ғылымды да, техника мен спортты да бірдей қатар алып жүруі – кемде-кем жайт. Техникаға деген шынайы құштарлығын ұлдары Мәрлен мен Мәуленнің бойларына дарыта білді. Техника тіліне жақын болғандығынан да болар, кезінде Тұрекең ТСО-дан (оқытудың техникалық құралдары) да сабақ жүргізді. Тәжірибесі бай, білікті маман ретінде қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі қызметін де абыроймен атқарып, ана тіліміздің қарыштап кең қанат жаюына азды-көпті үлесін қосты. Тұрмағанбет аға отбасының ұйытқысы, қамқоршы, үлгілі әке бола білді. Жұбайы Алтын екеуі перзенттерінен тараған 5-6 немересінің ақылшы ата-әжесі атанды. Ол ешқашанда еш нәрсеге мойымайтын, рухы мықты, бойында күш-қуаты зор, интеллектуалды азамат ретінде біздің санамызда қалды. Сабырлы да салмақты, байсалды да білімпаз, ізденімпаз, «ақырын жүріп анық басатын, еңбегі далаға кетпейтін» Тұрмағанбет Пірімбетовтей абзал азаматтың қалдырған ізі мәңгілік... Бектұрсын ҚАЛИЕВ, ҚарМУ қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының ұжымы.

Еске алу Биылғы жылдың 23 қаңтарында 82 жасында ардагер ұстаз, асқар таудай әкеміз, әулетінің бәйтерегі Еркін КӨПІШЕВ дүниеден өтті. Әкеміз бұрынғы Егіндібұлақ ауданының Қазақстанның 40 жылдығы совхозы, Шарықты ауылдық кеңесінде тұрып, бала оқытты, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Сол кездерде жиі ұйымдастырылып тұратын жұмысшы-село тілшілерінің семинар-кеңестеріне атсалысып, тәжірибелі журналистердің дәрісіне ұдайы қатысты. Ұстаздығымен қатар, журналистикаға бет бұрып, мақалалары тұрақты түрде облыстық, аудандық басылымдарда жарық көріп отырды. Қарағандыға қоныс аударған соң да қолынан қаламын тастамай, өндірісті өлкенің өмірімен араласты. Жарты ғасыр бойы облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің штаттан тыс тілшісі болып, ұстаздықпен қатар қаламгерлік міндетті атқарды. Ауыл-аймағына сыйлы азамат болды. Жүрегі кең жан едің тұнған жақұт, Басымызға баянды қылған бақыт. Асыл әке, әлі өмір сүргеніңде, Шаттығыңды тойлар едік думандатып. Күрсінсе жас келеді жанарларға, Тағдырдың салғанына амал бар ма? Жұртыңның жүрегінде сақталасың, Жұмақтан мекен берсін саған, Алла. P.S. Марқұмның қырық күндік асы 4 наурыз күні, сағат 14:00-ден бастап Теміртау қалалық мешітінде беріледі. Еске алушылар: жұбайы – Бақытжамал, балалары, немерелері.

Қарағанды облысының білім беру басқармасы «Мұрагер» мамандандырылған мектеп –интернаты» КММ, пошталық мекен-жайы: 100017 Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Төлепов к-сі, 9 үй (элек.пошта financi7@mail.ru) білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша бұйымдарды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурс өткізетіні туралы хабарлайды. Бұйым мына мекен-жайға жеткізіледі: Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Төлепова к-сі, 9 үй. Бұйымдарды сатып алуға бөлінген сома - 6 736 982 теңге. Бұйымдарды жеткізу мерзімі: 2017 жылдың сәуір-желтоқсан айлары (тапсырыс берушінің сұранысы бойынша). Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті бұйым жеткізушілер конкурсқа жіберіледі. Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2017 жылғы «24» наурыз сағат 10.00-ге дейін мерзімді қоса алғанда мына мекен жай бойынша: Қарағанды қаласы, Төлепов к-сі, 9 үй, есеп-қисап бөлімі бөлмесінен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін және/ немесе www.sbs-murager.kz интернет-ресурсынан алуға болады. Конкурсқа қатысуға өтініштер берудің соңғы мерзімі 2017 жылғы «24» наурыз сағат 10.00-ге дейін мерзімді қоса алғанда мына мекен жай бойынша: Қарағанды қаласы, Төлепов к-сі, 9-үй, есеп-қисап бөлімі. Конкурсқа қатысуға өтініштер бар конверттер 2017 жылдың «24» наурыз күні мына мекен жай бойынша Қарағанды қаласы, Төлепов к-сі, 9-үй, интернат асханасында, сағат 11.00-де ашылады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7212) 506753,513593.

Объявление о проведении конкурса по приобретению товаров питания для обучающихся КГУ СШИ «Мурагер» КГУ «Специализированная школа-интернат «Мурагер» управления образования Карагандинской области, почтовый адрес: 100017 Карагандинская область, г.Караганда, ул. Толепова д. 9 (элек.почта financi7@mail.ru) объявляет о проведении конкурса по выбору поставщика товаров по приобретению продуктов питания для обучающихся в КГУ СШИ «Мурагер» Товар доставляется по адресу: Карагандинская область, г.Караганда, ул.Толепова 9. Сумма, выделенная на приобретение товаров – 6 736 982 тенге Требуемый срок поставки товаров: апрель - декабрь 2017 года (по заявке заказчика). К конкурсу допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие требованиям конкурсной документации. Пакет копии конкурсной документации можно получить в срок до «24» марта 2017 года до 10:00 часов включительно по адресу: г.Караганда, Толепова 9, каб. бухгалтерия с 09:00 до 17:00 часов и/или на интернет-ресурсе:www.sbs-murager. kz Окончательный срок представления заявок на участие в конкурсе до «24» марта 2017 года до 10:00 часов включительно, г.Караганда, Толепова 9, каб. бухгалтерия Конверты с заявками на участие в конкурсе будут вскрываться по следующему адресу: 100017 Карагандинскаяо бласть, г.Караганда, ул. Толепова 9, столовая интерната, 24 марта 2017 года в 11.00 час. Дополнительную информацию и справку можно получить по телефону: 8 (7212) 506753, 513593.

Мекенің – Жұмақ, Мінгенің – Пырақ, Қараңғы үйің – жарық болсын, Асыл Азамат. Қадірлі азамат, абзал аға, аяулы әке, адал дос бола білген Әкіман Айтбекұлының дүниеден өткеніне осы жылдың наурыз айының 12-жұлдызында бір жыл болады. Әкіман Айтбеков 1947 жылдың 15-наурызында Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының Сәкен Сейфуллин селолық округіне қарасты Ынтымақ ауылында дүниеге келген болатын. 1954-1965 жылдары арасында Ынтымақ 7-жылдық орташа мектебі мен Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентіндегі В.И.Ленин атындағы мектепте орта білім алған. 1966-1971 жылдары Алматы қаласындағы ауыл шаруашылық институтында білім алып, ауыл шаруашылық экономика саласының «ғалым агроном – экономист» мамандығын алған. 1971-1973 жылдар аралығында КСРО Қарулы күштері қатарында, взвод командирі лауазымында әскери міндетін атқарған. 1973-1974 жылдары Жаңаарқа аудандық «Жас сұңқар» спорт мектебінде ұстаз-жаттықтырушы болып еңбек еткен. 1974-1976 жылдары Шет ауданы, «Өспен» кеңшарында еңбек бойынша экономист, бас есепшінің орынбасары болып қызмет атқарды. 1976-1996 жылдары Ағадыр ауданына қарасты «Босаға» кеңшарында бас есепші болып жемісті еңбек етті. 1997-1998 жылдары Жаңаарқа ауданының әкімшілігінде ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы, 1999-2003 жылдары Жаңаарқа ауданының энергетика мекемесінде бас есепші болып еңбек жолын жалғастырып, 2003 жылдан 2010 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Жаңаарқа ауданының білім бөлімінде бас экономист болып қызмет атқарды. Әкіман Айтбекұлы жасынан спортқа әуес болды. Аудан орталығындағы В.И.Ленин атындағы орта мектепте оқып жүріп қүрестің қыр-сырына қанықты. Өз заманында Қазақстанға, Одаққа атақтары жайылған белгілі балуандар Диқанбай Биткөзов, Әбдеш Қалжанов, Ғазиз Әбдіков, Меркеш Өскембеков сынды ағаларымен өкшелесе жүріп, талай додалы жарыстарда сынға түсіп, абыройы асқақтады, биік белестерді бағындырды. 17 жасында Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесі үшін республикалық Мемориалда жеңіске жетіп, «Ең жас палуанға» арналған арнайы кубокқа ие болды. Алматы қаласында институт қабырғасында жүрген кезінде, самбо күресінен Қазақ КСР-ның чемпионы (1966 ж.), Қазақстан біріншілігінің (1969, 1970 жж.), Бүкілқазақстандық спартакиаданың (1970 ж.), Киев (1970 ж.), Тбилиси (1971 ж.) қалаларында өткен Бүкілодақтық (КСРО) жарыстардың, Қырғызстан республикасының ашық біріншілігінің жеңімпазы, жүлдегері атанған болатын. Сонымен қатар, қазақ күресінен Алматы қаласының чемпионы, облыстық, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы да, жүлдегері де болған еді. Самбо күресінен КСРО спорт шебері, қазақ күресінен Қазақстанның спорт шебері. Бір жыл өтті, көрмегелі өзіңді, Еске аламыз жарқылдаған жүзіңді. Қойны суық қара жерге қия алмай, Сағыныштан ет жүрегіміз езілді. Амал бар ма, құдіреті күшті құдайға, Не істерін Аллаh бізден сұрай ма? Тәңірінің жазғаны ғой, не қыламыз, Дос-жаран, жан-ұяң боп еске аламыз. 2017 жылдың 11-наурызы күні сағат 13.00-де Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентіндегі «ДИАС» дәмханасында Әкіман Айтбекұлының қайтыс болғанына 1 жыл толуына байланысты құдайы ас беріліп, құран бағышталмақ. Құранға қол жайып, астан дәм татуға шақырамыз. Асыл жары, балалары, немерелері, бауырлары, дос-жарандары. №104

«Қазақстан» РТРК АҚ Қарағанды облыстық филиалының ұжымы осы телеарнаның тұңғыш дикторы, еңбек ардагері Майра АХМЕТОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Теміртау қаласының әкімі және әкімшілік басқару аппараты Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Ерікбайұлы Әубәкіровке және оның туған-туысқандарымен жақындарына жұбайының анасы Алтын Аянбергенқызы Айсанованың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қарқаралы ауданының әкімдігі, Қарағанды облысы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Ляззат Мажитовна Айтжановаға аяулы анасының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Кеңсе ғимаратын жалға алу қызметін сатып алу қорытындысы

«Мұрагер» ММИ КММ білім алушыларды тамақтандыруға арналған бұйымды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Еске алу

5

2017-27-02 «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қарағанды филиалы, мекенжайы: Қарағанды қ., Буқар-Жырау даңғылы, 51/4, тендер тәсілімен өткен кеңсе ғимаратын жалға алу қызметін сатып алу бойынша қорытындысын хабарлайды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 23.12.2016 № 17 шешімімен бекітілген «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүргізу ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 5 тарау, 58 тармағының, 1 тармақшасына сәйкес, комиссия, тендер тәсілімен, кеңсе ғимаратын жалға алу қызметін сатып алу орындалмағаны туралы шешім қабылдады. Итоги закупа услуг по аренде офисного помещения 2017-27-02 Карагандинский филиал АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства», расположенный по адресу: г. Караганда, пр.Б.Жырау,51/4, объявляет о результатах проведенных закупок услуг по аренде офисного помещения, способом тендера. В установленный срок не представлены заявки на участие в тендере по закупу услуг по аренде офисного помещения. В соответсвии с подпунктом 1) пункта 58 гл.5 Правил осуществления закупок товаров, работ, услуг Общества, утвержденных решением Совета директоров Общества от 23.12.2016 года № 17, комиссия приняла решение о признании закупок способом тендера, не состоявшимися. с/ф №15

Қарағанды облысы бойынша МАЭС-ның 24.02.2017 ж. шешімімен «Итарком» ЖШС банкроттығы туралы іс өндірісі қозғалды.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com

Еске алу Қарқаралы ауданы, Тоқтар ауылының тумасы Самал Серікқызы ТІлеубаеваның жалған дүниеден тым ерте қош айтып кеткеніне міне, 10 жылдың жүзі болыпты. Қабырғамызды қайыстырған сұм ажал жақсы бір жанды пейішке жетеледі. Марқұм өзінің аз ғана ғұмырында ешкімнің көңіліне дақ түсірмеген, ақжарқын жан еді. Алланың жазғанына не шара? Алла бар жақындарына қайырын берсін, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын дейміз. Есімізде қатар ойнап-күлген күн, Арасында қызыл-жасыл гүлдердің. Жас өмірің енді жайнай бергенде, Бұлай болып кететінін білген кім? Аңқылдаған ақ көңілің баладай, Жақсы адамды білуші едің бағалай! Арамыздан ерте ұзап кетсең де, Санамыздан өшпейсің ғой, Самал-ай! Ең әдемі гүлім дерлік бұл өлке, Ата-анаңның қызы едің ғой бір ерке. Қайран тағдыр неге бұлай болды екен, Қайран ғұмыр неге үзілді тым ерте? Жарық таңмен жаның тауып жарасым, Жақсы айырдың ақ-қараның арасын. Күн өткенмен, жыл өткенмен зымырап Жүректерде сол қалпыңда қаласың! Өмір, өмір болғаннан соң сан қырлы. Амал қанша, сөккенменен тағдырды? Жаның мәңгі жәннат төрін мекендеп, Топырағың торқа болсын, жан құрбы! Еске алушылар: сыныптас құрбы-құрдастары: Ақтолқын, Мархабат, Б.Гүлім, К.Гүлім, Айгүл, Айнұр, И.Асем, Х.Асем, Арай, Жазира, Нұржан, Дархан,Мако, Бауыржан, Жайсан, Аслан.

Қарағанды Мемлекеттік Индустриялық университетінің «Химия технологиясы және экология» кафедрасының ұжымы медицина ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Ізтілеу Аманжолұлына қызы Жадыра Аманжолдың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. №107

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының ұжымы белгілі ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ізтілеу Аманжолұлы Аманжолға қызы Жадыра Ізтілеуқызының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. №105

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің ұжымы эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы Мелдібай Салтанат Танашқызына сүйікті қызы Жадыраның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. №109


6

РУХАНИЯТ

2 наурыз, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Хоккей

Дәуітәлі СТАМБЕКОВТІҢ туғанына – 70 жыл

Жалғыз шайба жеңіс сыйлады Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан»

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Плей-офф кезеңінің үшінші матчында Чеховтың «Звезда» командасымен кездескен «сарыарқалықтар» 0:1 есебімен жеңіске жетті.

«Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ

«Сарыарқа» хоккей командасы үшін ойынның екінші кезеңі сәтті болды. Қарағандылық Михаил Анисин жалғыз шайбаны тоғытып, топ бастады. Қарсыластар алма-кезек шабуылдап, бірнеше қауіпті соққылар жасады. Десек те, шешуші сәтте мүлт кетіп, қарымта шабуылдардан нәтиже болмады. Плей-офф кезеңінің төртінші матчында «Звезда» командасымен «Сарыарқа» командасы қайта бақ сынайды.

Бокс

Гена жекпе-жекке дайын Жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИН Дэниэл ДЖЕЙКОБСПЕН болатын жекпе-жектің алдында бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық жаттығу өткізіп, дайындығын пысықтады. «WBA», «WBC», «IBF», «IBO» нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Головкин АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында ашық жаттығудың алдында журналистермен жүздесті. «Бұл біз үшін үлкен әрі салмақты айқас. Дэниэл - нағыз чемпион. Біз дайынбыз», – деді Гена. Талай мықтыны сұлатып салған Г.Головкинге жанкүйерлері үлкен сенім артып отыр. Қос былғары қолғап шеберлерінің арасындағы айқас 18 наурыз күні Нью-Йорктің «Madison Square Garden» сарайында өтеді деп күтілуде.

Грек-рим күресі

Боз кілемде – балуандар Кеше Қарағандыда «Жастар» спорт кешенінде грек-рим күресінен балуан Төлеутай ЕСЕНБЕКОВТІ еске алуға арналған республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Оған облыстың дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының орынбасары Рустам Қожабеков, марқұм балуанның ұлы Арғын Есенбеков, жарыстың бас төрешісі Олег Маньшин, «Дәулет» күрес мектебінің директоры Болат Шынбаев қатысты. Жарыста Қазақстанның барлық аймағынан жиналған 250-ге жуық балуан (2001-2002 жылы туған) боз кілемге шығады. Спортшылардың басым бөлігі Астана мен Алматы қалаларынан көрінеді. КСРО спорт шебері, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, Құрметті шахтер, КСРО-ның еңбек ардагері Т.Есенбековтің атындағы еске алу турнирді дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр. Жарыс барысында, КСРО спорт шебері Төлеутай Есенбековтің грекрим күресінен жеткен биігін дәріптеу бүгінгі ұрпақтың парызы екендігі сөз болды. Сондай-ақ, турнирдің негізгі мақсаты – жас палуандарымызды іріктеп, дүбірлі додаларда бақ сынауларына жол ашатындығын айтты.

(Соңы. Басы 1-бетте).

Біз театрға маңдай тіресек, ақынды еске алу кешіне келген халықтың қарасы қалың. Жайшылықта жарнамасын жасап, арнайы сауын айттырған тойларға жиыла бермейтін жұрт бұл жолы иін тіресіп отырды. Жырға сусаған талғампаз оқырман нағыз ақынның тойына келмей қоймайтыны осыдан-ақ белгілі. «Алмас қылыш қын түбінде жатқан ба?». Театрдың алдында кешке келушілердің көптігіне көңілі өскен Серік Ақсұңқарұлы тұр. Әр жақтан маңғаз басып, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, ақын Ұлықбек Есдәулет пен Мағауия Сембай ағам шықты. Екеуі де кезінде, Дәуітәлінің соңынан ерген бауырлары. Ұлықбек ағаның Дәуітәлі жайлы жазған естеліктері қандай! «1972 жылы КазГУ-де үлкен поэзия кешінде қалың елдің көзінше Дәуітәлі «менің байқауымша, бүгінгі поэзия екі бағытпен дамып келеді. Бірі – азаматтық лирика, екіншісі – нәзік лирика. Алғашқысының негізін салған Маяковский, кейінгісінің бастауы – Есенин. Осылардың қайсысын таңдаған жөн? Егер, алда-жалда Совет үкіметі құлай қалса, Маяковский қоса құлайды. Сондықтан, оның жолы уақытша. Ал, Есениннің поэзиясы, мәңгілік. Сондықтан, мен осы соңғысын таңдадым» деп барып өлеңін оқып кетті» дейді Ұлқаш ағамыз сол естеліктерінің бірінде. Маңдайлары жарқырап алаштанушы ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбай мен ақын Несіпбек Айтұлы шыға келді бір шеттен. Алматыда Дәукеңмен бір жүрген Несіпбек ағамыздың ұлы кейінде ақынның қызын алып, құдалы болса, Тұрсын көкеміз Алаш мұрасын зерттеп, зерделеген бірден-бір үлкен ғалым. Дәуітәлі Стамбековтің «Совет өкіметі Ақтоғайды неге жек көреді, білесіңдер ме? Ақтоғайға неге шойын жол тартылмаған? Совет өкіметінің үш қас жауы (Әлихан, Әлімхан, Жақып) осы топырақтан туған! Соларға кеткен өшін алу үшін бізді құс ұшып, құлан жортпас құладүзге қалдырып отыр!», – дегенін Серік Ақсұңқарұлы жазады. Осы сыпаттағы ойлар Дәуітәлі өлеңдерінің өн бойында ойқастап жүретінін «Әлихан мен Әлімхан, Жақып туып, Бір еңкейткен секілді көкті жерге» деген жолда-

рынан білеміз. Ақынның туған-туыстары мен жары және Астана, Алматыдан келген басқа да көзін көрген құрдастарымен бірге біз де кешті тамашалауға жайғастық.

Маңызды білім беретін «Болашақ» колледжі мен ұлт жанашыры, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңгер Нұрлан Дулатбеков ұйымдастырған ақынды еске алу кеші «Уақыт сөз беріп тұр бүгін маған» деп айдарланыпты. Әрдайым осындай өрелі істердің ұйытқысы болатын «Болашақ» колледжі мен Нұрлан мырзаға және колледж директоры Ғайни Мамыраеваға жырсүйер қауым «алғыстан басқа айтарымыз жоқ» деп кеу-кеу етеді. Кешті аталған колледждің оқытушысы, ақын Ілияс Мұқай жүргізді. Шарапатты шараның шырайлы өтуіне дәнекер болып, бел ортасында белсенділік танытып жүрген – осы жігіт. Дәуітәліні «Батыр бала Болатбек» деп жақсы көрген Мұқағали Мақатаевтың «Барлық ақын баласы бір ананың» дегені – осыдан байқалса керек.

Залдың шамы өшіп, кеш басталғанда, жарық нүктесі Дәуітәлі Стамбековтің төрде ілінген үлкен портретіне түсті. Кезінде телеарналар ақынның өз өлеңдерін оқығанын арнайы түсіріп, теледидардан көрсетсе керек.

Видеокөрсетілімнен соны тамашаладық. Сахнаға студент жастар шығып Дәукеңнің бірнеше өлеңдерін оқыды. «Болашақ» колледжінің студенттері екен. Кеш барысында осылай бес-алтаудан шығып, ақын өлеңдерін бірнеше мәрте оқыды. Жарықтық жыр жампозының өлеңдері қандай! Оқыс ой мен асау сезім отты қайратқа ұласып, жан тебірентеді. Сахнаға сөз сөйлеушілердің көшін бастап, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ақын Ұлықбек Есдәулет, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақиық ақын Серік Ақсұңқарұлы мен Астанадағы С.Сейфуллин мұражайының директоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы шықты. «1977 жылы «Қазақстан пионері» газетінде Дәукеңмен қызметтес болдым. Ақкөңіл, аңқылдақ, ақ жүрек, бетке айтатын шыншыл, жүрегінде кір жасырмайтын нағыз ақын еді. Жанашыр, қамқорлығы өз алдына бір төбе. Шенеуніктердің қырыс мінезін көрсе, төбелесуге дейін баратын жарықтық. Бір бастығымен командировкаға кетіп, ақыры сонымен төбелесіп қайтқаны бар. Қазір ол белгілі азамат, атын айтпай-ақ қоялық. Біз Дәукеңмен ағалы-інілі болдық. Қазақстан Жазушылар одағы сәлем жолдап жатыр. Алла қаласа, алдағы уақытта Алматыда бір үлкен кешін өткізуге дайындалып отыр», деп сүйіншілеп, «Дәуіт-Әлі» деген өлеңін оқыды Ұлықбек Есдәулет. Ақынға жазған жырын оқып, сөз сөйлеген Серік Ақсұңқарұлы «Батырлар жыры, жыраулар поэзиясы, Абай, Мағжан, Қасым, Мұқағалилары бар қазақ поэзиясының босағасын аттап кіріп, өз орнын алу – жердің тартылыс күшін жеңумен пара-пар құбылыс. Қазақ поэзиясының төрінен орын алған Дәуітәлі дәл сондай құбылыс, классик ақын» десе, Несіпбек Айтұлы дүниеге бас қатырып көрмеген ақынның өмір-бақи өлең өрісінде жүргенін айтты. «Үй алу деген қиямет-қайым заманда жұмыс орнынан берген пәтердің кілтін алуды да ұмытып кетіп, Фарида екеуміз барып алғанбыз», дейді Несіпбек аға. Солай деп, соңында ақынның «Ұлы дала» өлеңін оқып берді. Дәуітәлі жырлап кеткен Ұлы дала Елін біз енді айтып жүрміз. Қазақ ән өнерінде ойып тұрып орын алған «Таңғы тілек» әні Дәуітәлі Стамбеков­

тің сөзіне жазылғанын бүгіндері біреу білсе, біреу біле бермейді. Алғашында Нұрлан Өнербаевтың орындауында тараған бұл туынды қазір елдің аузындағы танымал әндердің бірі. Қайырмасы «Сен дегенде, сен дегенде таңмен бірге ояндым» деп басталатын әнді осы жолы «Болашақ» колледжінің оқытушысы Әлия Түсіпбаева нақышына келтіріп орындады. Кештің құрметті қонағы, қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Роза Мұқанова «Менің Дәуітәлі ағатайым – Қарағанды, Ақтоғайдың ғана емес, қазақ дейтін қастерлі халықтың ұлы ақыны. Мен жетінші сыныпта оқып жүргенімде, ең алғаш шығармамды «Қазақстан пионеріне» бастырып, содан өле-өлгенше қамқорлық жасап, қанатының астына алып өтті. Оспанхан Әубәкіровпен өте жақын дос болғанын айтып, сол кісіден бір композитор жайлы естігенін жеткізді бірде. Оны «Композитор» деген атпен әңгіме қылып жазғаным бар. Кейін төсек тартып жатқанда, көңілін сұрап барып, «өлеңдеріңіз бар ма, кітабыңызды шығарайық?», – десем, «Жазушы» баспасында жиырма баспа табақ өлеңдері жатқанына 12 жыл болғанын айтты. Аталған баспадағы ақын Есенғали Раушановтан білсем, жағдайлары келмейтінін ескертті. Сол бойда ол кісіден өлеңдерді жинап алып, сол кездегі Мәдениет министрі Алтынбек Сәрсенбаевтың қолдауымен кітап етіп басуға жібердік. Оны естіген ағатайым «Жұмағым мен тамұғым» деп кітаптың атын қойып, қатты қуанды. Бірақ, ағатайыма кітапты қолына ұстауды жазбады. Дүние салып кетті. Бұл кісінің жасайтын уақыты енді келді», деп түйді сөзін. Сахнаға Роза Мұқановамен бірге көтерілген халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Абзал Бөкен Алматыдағы ғұмырының 14 жылы Дәукеңмен өткенін қаперледі. «14 жыл бойы екеуміздің қағаз, қаламымыз алмасып кетті десем, артық айтқандық емес. Өмірінің соңғы сәтінде маңдайынан сүйіп, ақтық сапарға аттандырып салдым» деп, ақынға арнаған өлеңін оқып берді. Астана мен Алматыдан келген қонақтар лебізінің арасында жұрт жан құмарын студенттердің оқуындағы Дәуітәлінің жырларымен және әншілер – Дәуренбек Әркенов пен Дана Мақшонова салған әндермен қандырып отырды. Күміс көмей әнші Дәуренбек Әркенов ақын құрметіне Шашубайдың «Ақ қайыңы» мен Н.Айтұлының сөзіне жазылған Ақселеу Сейдімбектің «Дәурен-ай» әнін самғатты. Ақтоғай ауданының «Тоқырауын толқындары» ән-би ансамблі салған әндерге де ел тәнті болып, разылықпен қол соқты. Ақын-жазушылардан кейін сөйлеген қаламгер-журналистердің көшін филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Тұрсын Жұртбай бастап шықты. «Егемен Қазақстан» газетінің бұрынғы редакторы Жанболат Аупбаев, ардагер журналист, қоғам қайраткері Есет Сапуанов, прокурор, журналист Сәулебек Жәмкенов – бәрі Дәуітәлі жайлы дәмді-дәмді естеліктерімен бөлісті. Кеш соңында сөйлеген ақынның адал жары Фарида апайдың сөзі жүректі шымырлатты. Ақтоғайда туған Алаш арыстарына жазған өлеңінде «Бір еңкейткен секілді көкті жерге» деп өзі айтпақшы, Дәуітәлі ақынның дәуірі енді басталды. Бұдан былай Қасым ағасының қасқа жолын жалғастырған қайран ақынның жырларын түсініп, бағалай алсақ, жарады. Суреттерді түсірген Р.ҚАБИДОЛДИН.

Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 91-04-52; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Таралымы 18 100 дана

Өнер күнделігі

№25 Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 6аспа табақ.

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан»

Электрондық пошта:

Көргендер «халық керемет жылы қабылдады, шалқасынан түсті» дегенді ести сала дирижердің өзінен біліп ем, «иә, солай болды» деді. Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбуғалисын ШОҚАНБАЕВТЫҢ Астанада қойған шығармашылық концертін айтамын. Әбуғалисын Шоқанбаевты көзіқарақты қауым білсе керек. Саз әлеміндегілердің тілімен айтқанда, атақты Ахмет Жұбанов,

Нұрғисалар бастаған көшті жалғаушы – солардың ұрпағы. Астанаға жеке бағдарламасымен барып, Қазақ ұлттық өнер универ­ ситетінің Жамбыл атындағы залында

«Өмі­рім – өнер әлемі» атты концертін беріп келді. Яғни, өзі өңдеп, нотаға түсірген халық әндері мен күйлері, Қазақстан және әлем композиторларының шығармаларын Астана қаласы мемлекеттік академиялық Қазақ оркестрімен қойыпты. Оған қоса әншілер – Ерлан Құжиманов, Дәуренбек Әркенов, Гүлмира Тапайды апарып, олар қазақтың белгілі композиторларының әндерін оркестрдің сүйемелдеуімен орындапты. Дирижер – өзі. Әбекеңе ұсыныс айтып, Елордаға шақырушы – Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және Бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, композитор Айтқали Жайымов екен.

– Негізі, әлемдік дамыған елдерде тәжі­ рибелі дирижерлар әр елдің оркестріне барып, бағдарламасын көрсетіп, концерт қоюы жолға қойылған. Бізге бұл үрдіс енді келе жатыр. Бұл бір жағы – тәжірибе алмасу болса, бір жағы – оркестр репертуарын толықтыруға сеп. Әр дирижердің шығарманы өңдеп, беру тәсілі әртүрлі ғой. Мәселен, мен осы жолы өзімнің өңдеп, нотаға түсіруімде Тәттімбет, Байжігіт, Қыздарбек, Сайдалы сары Тоқа, Аққыздан барлығы – 5 шертпе күй апардым. Аталған композиторлардың мен өңдеген туындылары әлі олардың репертуарына еніп үлгермеген екен. Батыстың 3 төкпе күйін ойнаттым. Әлем композиторларынан 3 шығарма орындаттым. Олардың

ішінде Штраус пен Брамстың композициялары бар. Сонымен қоса, апарған үш әнші Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Манарбек Ержанов, Әбілахат Еспаев, Садық Кәрімбаев сынды 60-70 жылдардағы халық композиторларының әндерін оркестрдің сүйемелдеуіне салды. Қысқасы, өзім өңдеп, оркестрге түсірген шығармалардан – барлығы 23 номер шықты. Халық ыстық ықыласпен жылы қабылдағанына марқайып қайттым, – дейді дирижер Әбуғалисын Шоқанбаев. Алаштың жүрегіндей Астанада ән шырқатып, аспапқа тіл бітіріп, әуен ойнатқан дирижер өнеріне ел тәнті. Еңбегі жана берсін.

ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Жарнама бөлімі: ortalyk.reklama@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Аяулым СОВЕТ КОРРЕКТОРЛАР 2,5,6-беттер О.ТӨЛЕУБЕКОВА 1,2,3-беттер Ж.АХМЕТОВА

2 03 2017  

Advertisement