Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

♦ БЕЙСЕНБІ, 16 АҚПАН, 2017 жыл №19 (22 326) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Көрменің басталуына

АҚШ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ – АРҚА ТӨРІНДЕ

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, «Орталық Қазақстан» ҚарМТУ-да мемлекеттік индустриялдық-инновациялық дамудың екінші бағдарламасына мамандар даярлау бойынша бейіндік магистратураны бітірген алғашқы 120 түлекке диплом тапсыру рәсімі өтті. Бұл түлектер жаңа тәжірибелік-бағдарлық білім беру бағдарламаларына сәйкес дәріс алған. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлайды. Жаңа индустрияландыруға әлем­ дік деңгейдегі мамандарды өзі­мізден оқытып шығару идеясын Мемлекет басшысы ұсынған. Бұл бағдарлама­ ны жүзеге асыру үшін ұлттық әл-ау­ қат қорынан 10 млрд. теңге қарас­ тырылған көрінеді. 2015 жылы МИИДБ-2 басым ба­ ғыттары бойынша 11 базалық жоғары оқу орны анықталса, соның бірі – Қар­ МТУ. Соған орай, 2015 жылдық 1 қы­ ркүйегінен бастап университетте «Ме­­­­­таллургиядағы нанотехноло­ гия» және «Робототехника. Басқару жүйе­­­­­­­лері» инновациялық білім беру бағдарламалары бойынша бейіндік магистратура аясында мамандарды даярлау жұмысы басталған екен. Бұл білім беру бағдарламала­­рын әлемдік рейтингтің ТОП-500 қатары­ на енетін, еуропалық және ресей­ лік әріптестермен бірлесе отырып, бітіртуші кафедра профессорлары әзірледі. Магистрлерді даярлау үшін мемлекеттік білім гранттары бөлінді, әрбір мамандыққа – 62 грант. Бола­ шақ мамандарды даярлаудың ха­ лықаралық стандарты оқу процесіне жаңа зертханалық жабдықтарды ен­ гізумен қамтамасыз етілді. Оқу жылы басталмас бұрын Уни­ верситетте «Металлургиядағы инно­ вациялық технологиялар лаборато­ риясы» және «ҚарМТУ – Schneider Electric» авторландырылған оқыту ор­талығы жасалды. Олар еуропалық

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» Арқадағы ауқымды көрмеге Америка Құрама Штаттары да қатысады. Жуырда алпауыт елдің өкілдері көрмеге әзірлік барысымен танысып, оң бағасын берді.

және американдық компаниялар­ дың заманауи оқыту-өндірістік және ғылыми-зерттеу техникалық және бағ­­ дарламалық кешендерімен жабдық­ талған. «Қазақмыс» Корпорациясы», «Ар­­селорМиттал Темиртау» АҚ, Құю зауыттарының өндірістік одағы, «Қа­ рағанды Жарық», «Казпромавтомати­ ка», «Караганда Энергоцентр» сияқты ірі кәсіпорындардың тапсырысы бой­ ынша жасалған магистрлік жобалар сәтті қорғалды» деп хабарлайды бас­ пасөз қызметі. ҚарМТУ Ресейдің жетекші тех­ никалық университеттерімен бірге,

әлемдегі робототехникалар шығару­ шы іргелі кәсіпорындардың бірі – «Фе­ сто» (Австрия, Германия) концернінің қолдауымен, халықаралық «Синер­ гия» білім беру жобасын жүзеге асы­ ру ісінен едәуір тәжірибе жинаған. Сол тәжірибенің арқасында өндірістік үдерістерді автоматтандыру кафед­ расының базасында бейіндік магис­ тратураның жаңа «Робототехника. Бас­қару жүйелері» пәнаралық бағдар­ ламасы жасалды. Сала құраушы кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша 64 магистр­ лік жоба қорғалды. Алғашқы түлек­ тердің бәрі де жұмыспен қамтылған.

Олардың төртеуі Ресейдегі маңдай­ алды жоғары оқу орындарының бірі – «ИТМО» ұлттық зерттеу универси­ тетінің (Санкт-Петербург) магистрату­ расында қос диплом бағдарламасы бойынша оқуларын жалғастырады. Марат ИБАТОВ, ҚарМТУ ректоры: – Қазақстанда «Металлургия­ дағы нанотехнологиялар» және «Ро­­бо­­тотехника. Басқару жүйе­ лері» инновациялық профильдері бо­­­йынша техника және технология­ лар магистрі дипломы бірінші бе­ ріліп отыр. Президенттің жаңа Жолдауында қойылған Қазақстанды

жаңғыртудың үшінші кезеңі бойын­ ша тапсырмаларды орындауға ті­ келей қатысу құрметіне ие болады түлектер. Біздің экономикамыз­ дың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы Төртінші өнеркәсіптік ре­­волюция жағдайларында өтеді. Төртінші өнеркәсіптік революция әр күн сайын қарқынды дамуда және өндірісті автоматтандыруға, жұ­ мыс техникаларын дамытуға, нано­ технологияларға, «сандық фабри­ каларды» құруға әкеліп соқтырады. Сондықтан, түлектер ғылыми-тех­ никалық дамудың қайнарында бол­ мақ.

Бәрекелді!

Газдан қауіп көп Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Қарағанды облысы Энергетика және ТКШ басқармасы бақылау бөлімінің бас маманы Марлен МҰСТАФИН сұйылтылған газ құйылған баллондарды екі қабаттан артық тұрғын үйлерге сақтауға, пайдалануға тыйым салынғандығын және ережесі қатаңдатылғандығын мәлім етті. – Сұйылтылған газ құйылған баллондарды жертөле үй-жайла­ рында сақтауға тыйым салына­ ды. Ғимараттардан тыс арнайы шкафтарда немесе қосалқы үй­­ -жайларда артық, толтырылған және босаған баллондарды сақта­ уға рұқсат етіледі. Газ баллонын 1-2 қабатты 4 бөлмеден артық емес үйлерде орнатуға болады. Ал, коммуналдық-тұрмыстық тұ­­ ты­нушыларға жатқызылған ұй­ ым­дарда, сондай-ақ, штатында бөлімше басшысы немесе тех­ никалық білімі бар маман лауа­ зымы көзделмеген кәсіпорындар­ да газбен жабдықтау жүйесін қауіпсіз пайдалануды бақылауды «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР Заңының талаптарына сәй­ кес даярлықтан өткен қызметкер жүзеге асырады. Газдан болатын жарылыстар нақ осы көп қабатты тұрғын үйлерде жиілеп кетті,– деді Марлен Мұстафин.

114 күн қалды

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан» Шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасын дамытудағы алар орны ауқымды. Балқаштық кәсіпкер Серік Қасымбеков он жылға тарта уақыттан бері құрылыс салумен шұғылданып келеді. Әуелде шап-шағын ұжыммен бастаған кәсіпкердің шаруасы іргелі ұжымға айналды. Қазір ол басқара­

тын «Бал­қаш Жібек жолы» ЖШС об­ лыс көлемінде құрылыс салуды кеңі­ нен өрістетіп, тұрғындарға заманауи сәу­­­летті ғимараттар салып беруде. Жұрт­шылықтың құрметіне, алғысына бөлену де бір бақыт. Жуырда «Бейбітшілік әлемі» Ха­лықаралық Қазақ творчество­ лық Бір­лестігі тәуелсіздік жылдар­

дағы құ­рылыс саласын дамытып, ел экономи­касын өркендетуге қосқан лайықты үлесін жоғары бағалап, Серік Төлегенұлын «Алтын қыран» медалі және арнайы дипломымен марапаттады. Бұл құрмет – халықа­ ралық жоғары мәртебе болып табы­ лады. Марапатты Балқаш қаласы мәс­

лихатының хатшысы Қадіржан Тейля­ нов салтанатты жағдайда тапсырып, үздік кәсіпкердің алдағы уақытта да биік белестен көріне беруіне тілек­ тестік білдірді. Кәсіпкер Серік Төле­ генұлы қалалық мәслихаттың депу­ таты.

«ЭКСПО – 2017» Халықара­ лық мамандандырылған көрме­ сінің ұйымдастырушылар кең­се­ сінде «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының Басқар­ ма басшысы Ахметжан Есімов АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері бойынша көмекшісі Уильям Тоддпен кездесті. Басқосу барысында екі тарап көрмеге әзірлік барысын талқы­ лады. Ахметжан Есімовтің ай­ туынша, қазіргі уақытта халықа­ ралық қатысушылардың 18-і өз павильондарын мазмұндық тол­ тыру жұмыстарына кірісіп кетті. Сондай-ақ, АҚШ делегация­ сы «ЭКСПО – 2017» құрылысы алаңы мен ұйымдастырушылар кеңсесінде болды. – Бүгін біз көрменің құрылыс алаңындағы жұмыстармен таны­ стық. Ұйымдастырушылардың ау­қымды еңбегінің куәсі бол­ дық. Халықаралық қауымдас­ тықтың көрмеге деген үлкен қы­зығушылығы байқалады. Сон­ дықтан, дүние жүзіндегі техноло­ гиялық лидер ретінде «ЭКСПО – 2017» көрмесінде абыройлы қа­ тысуы үшін барлық күш-жігерімізді

салатын боламыз», – деді Тодд Уильям. «ЭКСПО – 2017» көрмесінің павильондарын Қазақстан Респу­ бликасы Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов бастаған министрлік басшылығы да ара­ лап көрді. Сондай-ақ, делегация «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті. Олар өзара «ЭКСПО – 2017» көрмесінің халықаралық қаты­ сушыларымен жұмыс істеу мәсе­ лесі бойынша кеңесті. – Көрмені ұйымдастыру мен өткізу бағытындағы жұмыс қарқы­ ны, шын мәнінде, ерекше әсер қалдырды. Көрменің әлем наза­ рын аудартатын, жоғары деңгей­ де өткізілетін айтулы іс-шара бо­ латындығына сенімдімін, – деді СІМ басшысы. Ал, Ахметжан Есімов ұлт­ тық компания тарапынан өткен жылы атқарылған жұмыстармен таныстырды. Барлығы 150 ресми кездесудің, оның ішінде, шетелдік премьер-министр, вице-премьер, министр деңгейіндегі 36 делега­ цияның қатысуымен кездесулер өткізілгендігін айтты.

2017 жылғы 17 ақпанда сағат 15.00-де Кеншілер мәдениет са­рай­ын­ да Қарағанды облысының әкімі Н.Қ.Әбдібековтің тұр­ғын­дар ал­дындағы есеп беру кездесуі өтеді. Есеп беруді тікелей көрсету Қарағанды облысы әкімдігінің сай­тын­ да (karaganda-region.gov.kz) жүзеге асырылады, онда жазбаша түрде сұ­ рақ­тар қоюға болады. Азаматтарға қолайлы болу үшін 2017 жылғы 17 ақпанда сағат 15.00ден 18.00-ге дейін 8 (7212) 424200; 8 (7212) 424231; 8 (7212) 423201 жедел желі телефондары жұмыс істейді. Ескертулерді, пікірлер мен ұсыныстарды жинақтау үшін қалалар мен аудандардың әкімдіктерінде арнайы жәшіктер орнатылған (өті­ ніштерде Т.А.Ә., мекен-жай және байланыс теле­фондары көр­сетілуі керек). Қарағанды облысы әкімінің аппараты.

БАЛҚАШ қаласы.

Қала әкімінің назарына! Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан» Бұған дейін газет бетінде «Соңғы ауылдың соңғы аялдамасы жоқ» де­ ген тақырыпта Октябрь ауданына қарасты «Шахтер» ықшамауданы тұрғындарынан автобус аялдамасын бұрынғы қалпына қайта келтірсе екен деген тілегі жарияланған болатын. Оған «Қарағанды қаласының комму­ налдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ме­ кемесі жолдың қауіпсіз болуына бай­ ланысты жолды ұзарту мүмкін бол­ майтынын айтып, жауап та берген. Сонымен, бұл мәселенің түйіні тарқа­ тусыз қалған-ды. Десек те, қоғамдық көлікке қатысты проблема мұнымен тәмамдалған жоқ. Айтарымыз тағы сол қоғамдық көлік хақында. Бірақ, бұл жолғы өті­ нішті бұрынғы «Бесоба», қазіргі «Ша­ пағат» тұрғын үй кешенінің тұр­ғын­ дары айтуда. Қазір ол жерде біреуі 12 қабат, екіншісі 10 қабаттық екі үй тұрғызылып, халықтың тұрып жатқа­ нына біраз жылдың жүзі болып қал­ ды. Оның үстіне айналдыра салынып жатқан үйдің саны да қаншама?! Бір өзі ғана біраз халықты тұрғын үймен қамтамасыз еткен «Шапағат» тұрғын

үй кешенінен үй алып, қоныс тойын тойлағандар үйдің сапалы салынға­ нына, Арқаның қақаған аязына қара­ мастан, жылылығына мәз. Республика даңғылы 1/4 ме­ кен-жайы бойынша орналасқан 10 қабатты, 2 кіреберісті үй тұрғындары әкімшілік арқылы аз қамтылған отба­ сыларға, мүгедек жандарға берілген. Олар Оңтүстік-Шығыс ауданынан мемлекеттің қолдауы арқасында ойып тұрып пәтер алдық дегенмен де, қу­ ана алмай отырған жайлары бар. Себеп – қала ортасына қатынайтын қоғамдық көліктің жоқтығы. Мүлдем жоқ десек, өтірік болар. Қатынамайды емес, қатынайды. №011 бағыты, №7 және №146 автобустар. Көпшілік қала орталығына келу үшін маршруты 30 шағынауданнан басталатын №7 ав­ тобусты күтеді. Ол автобус ОңтүстікШығыс ауданын түгел айналып, «Ша­ пағатқа», яғни, «Мешіт» аялдамасына келген кезде аузы-мұрнынан шығатын себепті үлгерсе отырып, үлгермесе, бармақты тістеп қала бересіз. Ал егер ептілік танытып, түскен адамның ор­ нына жылт етіп сығылыса қалсаңыз – сол күні бағыңыздың жанғаны. Оның өзінде біраз жерге барғанға дейін орын алмас үшін өкпеңіздегі деміңізді шығарып, бір аяқпен тұрғаныңыз.

«ШАПАҒАТҚА» көлік бұйыра ма? Жоғарыда бұл тұрғын-үй кешенінде мүмкіндігі шектеулі адамдар да тұра­ ды деп айтқанымыздай, сау адамның өзін ауру қылатын мұндай жағдайда оларға дем алмақ тұрмақ түгілі, аял­ дамаға келіп тоқтаған автобусқа жү­ гірудің өзі мұң. №7 автобустың бағыты бүкіл қаланы айналатыны белгілі. Мы­ салы, базарға немесе 45 орамға келу үшін қалааралық 146-автобусты күтуге тура келеді. Онда да тура сол жағдай. Майқұдықтан аузы-мұрны лықа толған автобусқа іліксең – бақытың. Ілікпей қалсаң – қақаған аязда жел­ дің өтінде тұрып, көлікпен 5 минутта жететін жеріңе 15 минут тұрып, келе­ сісін күтесіз. Аралығы өте ұзақ №011 бағытын күтпесе де болады. Тіпті, осы бағыттың жүру аралығының тым ұзақтығы туралы шағымданғандар да бар, баспа беттерінде. Күткің келсе, не біржола қатып тынасың, не баратын жеріңе кешігесің. Оған да көніп қалған. Әйтеуір, құтқаратыны жалпы жолақы билеті. Бір айға алып алып, көзге

көрінген маршрутқа немесе автобусқа делеңдеп жүгіріп мініп жүргенің. «Көш жүре түзеледі» әрине, жаңа­ дан салынып жатқан кешен, баланың өзін жүгіртіп жіберетін мектеп жоқ. Степной, немесе, Орбита шағынау­ дандарында орналасқан бала-шаға­ ларын жетектеген ата-аналар тағы

сол №7 автобусқа телміруге мәжбүр. Әйтеуір, баланы автобусқа итеріп тығып алып, кетіп бара жатқандары. Оған да реніш жоқ. Тұрғындардың өтініші – №7 автобус үшін елдің бәрі сиятындай үлкенін берсе, немесе бір маршрут шығарса. Майқұдықтан ке­ летін №40 автобустың, №014 бағы­

тын сәл бұрып, «Мешіт» аялдамасы арқылы өтетіндей етсе, қала орта­ лығына да, базарға да, басқаға да бару оңайлап, біраз жасап қалар еді. Тіпті, Майқұдық арқылы келетін жаңа бағыт шығарса да артық емес. Ол үшін «Метро» сауда кешені арқылы өтетін, Майқұдықпен жалғайтын жаңа жол арқылы бір бағыт ашса, уақытқа да, басқаға да үнем, Майқұдықтан Оңтүстік-Шығысқа келетіндерге де жеңіл. Ал, «Қарағанды қаласы­ ның тұрғын-үй коммуналдық шару­ ашылығы, жолаушылар көлігі және ав­томобиль жолдары» мекемесінің айтуынша, бұл тұрғындар үшін жаңа­ дан автобус шығару – тиімсіз. Ешкім шығынға жүргісі келмейді. «Шапағат­ тың» тұрғындарына жаңадан салы­ нып жатқан «Панель» орталығын күтуден басқа қайран қалмаған. Сон­ да ғана жаңадан бағыт ашылуы мүм­ кін. Бірақ, оның қашан пайдалануға берілетіні де белгісіз. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.


2

билік. саясат. экономика

16 ақпан, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Әкім бол, халқыңа жақын бол Жуырда облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Теміртау қаласында болды. Қала әкімі Ғалым ӘШІМОВТІҢ өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуіне қатысты. Қазіргі күні шаһардың 178661 тұрғыны бар. Қазақстанның ірі индустриялық орталығындағы 2751 кәсіпорын ел экономикасына қомақты үлес қосып келеді. – Өткен жылы, 2015 жылмен салыстырғанда, теміртаулық кәсіпорындардың өнеркәсіптік өнімі көлемі 43,7%-ға артып, 586,5 млрд. теңгені құраған. Оның ішінде, өндірілген өнімнің 84,2%-ы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына тиесілі, – деді шаһар басшысы. Шағын және орта бизнес те тұрақты даму үстінде. 28 мың адамды жұмыспен қамтып отырған салада он жарым мыңдай субъект жұмыс істеп тұр. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өзі 59,2 млрд. теңгеге өнім өндіріп, қызмет көрсеткен. Нәтижесінде, бюджетке 3,4 млрд. теңге көлемінде төлем түскен. Қалада индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру да жүйелі жолға қойылған. Мысалы, былтыр «Шайыр Тау»

Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» Сейсенбі күні Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ қала тұрғындарымен кездесті. Кездесуге облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ қатысты. Шаһар басшысы қаланың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде баяндап, тұрғындарды алаңдатқан бірқатар сауалдарға жауап берді. Мұның алдында, 10 ақпан күні Нұрлан Ерікбайұлы Майқұдықтағы Мәдениет сарайында халықпен жүздескен-ді. Әкімдіктегі жиында да алдымен былтырғы даму көрсеткіштеріне тоқталды. Әкім есебі газетіміздің өткен сандарының бірінде (№11 (22318), 28.01.2017 ж.) жарық көрген еді. Сондықтан, көлемді есептегі негізгі көрсеткіштердің бірнешеуіне ғана тоқталғанды жөн көріп отырмыз. Былтыр облыс орталығындағы 1215 кәсіпорын 310,4 млрд. теңгенің өнеркәсіптік өнімін өндірді. Бұл салада 40 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өндіріс көлемінің өсуіне кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында іске қосылған жобалардың арқасында қол жеткізілді. 2016 жылы 26 тың жоба жұмысын бастап, 49,3 млрд. теңгенің тауарын шығарды. Сондай-ақ, қаланың кәсіпкерлікті қолдау картасына екі инвестициялық жоба енгізіліп, 400 жаңа жұмыс орны құрылды. Карта шеңберінен тыс металл құрылымдарын өндіру бойынша 2 зауытты іске қосу жоспарлануда. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы құны 19,2 млрд. теңге болатын 112 жоба мақұлданды. Нәтижесінде, 389 жұмыс орны ашылды. Ал, бағдарлама қанат қаққан сәттен бері қалада сомасы 74 млрд. теңге болатын 477 жобаға қолдау көрсетілді. 5 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылды. Жұмыссыздықпен күрес қарқынды. Есептік кезеңде тұрақты және уа-

қытша жұмыс орындарына 18 мыңнан артық адам орналастырылды. Бұл – өтініш білдірген азаматтардың 82 пайызы. Қоғамдық жұмыстарға 449 адам қатысты, 395 түлек жастар тәжірибесінен өтті. Халықты жұмыспен қамту мәселесі «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру арқылы орындалды. Бағдарлама аясында 4,5 мың адам қамтылды. Оның ішінде, 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 57,6 пайыз, ал, әйелдер 48,2 пайызды құрайды. Бағдарлама шеңберінде 302 адам қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Мектепке дейінгі ұйымдар желісі айтарлықтай ұлғайды. «Шаңырақ» мемлекеттік балабақшасы мен 10 жекеменшік балабақша ашылды. Сәйкесінше, мектеп жасына дейінгі балалар үшін 1654 жаңа орын пайда болды. Биыл да балабақшадағы орын тапшылығын қысқарту бағытында жұмыстар атқарылады. 12-ші және 21-ші шағын аудандарда 2 жаңа мемлекеттік балабақша тұрғызу және 23-ші шағын аудандағы балабақшаны қайта құру жоспарлануда. Жеке секторда оннан астам балабақша ашылады. Қаланың 29 жол учаскесінде және 1 өтпежолда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатта 3,1 млрд. теңге бөлінді. Бұдан бөлек, қала әкімі шағын және орта бизнес, әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздік санитарлық тазалық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы, мәдениет, ішкі саясат және жастар саясаты салаларындағы оң нәтижелер туралы сөз қозғады. Кездесудің екінші бөлігінде тұрғындар базынасына кезек берілді. Қала тұрғыны Валентина Федоровна «Наука» саяжайшылар қоғамында саяжай ұстайды. Бүгінде зейнеткердің көктемгі су тасқынынан қауіптеніп отырған жайы бар. 2015 жылы аталған өңір телегей судың астында қалып еді. Қарияның айтуынша, қазіргі таңда шаһардың ОңтүстікШығыс бөлігінен жиналған қар осы саяжайларға таяу маңға тасылуда. «600 тоннадан артық болмаса, кем емес, – дейді зейнеткер, – «Бұл қар көктемде еріп, саяжайларды су баса ма?» деген қорқыныш бар». «Наука-

мен» қатар, осы аймақта бес саяжай қоғамы орналасқан. Мұндағы 3591 саяжайға апаратын жалғыз көпір жағдайы сын көтермейді екен. 1981 жылы тұрғызылған көпір жыл санап шөгуде. Қария көпірді жөндеуден өткізу мәселесін қарастыруда сұрады. Әкім бұл мәселеден хабардар екендігін жеткізіп, шешу жолдарын тиісті бөлім басшыларына тапсырды. Аханов көшесінің тұрғыны Самат Сейсенбеков көше атауларына қатысты сын айтты. «Жамбыл көшесіндегі тақтайшаларда көше атауы дұрыс жазылмаған. Бір үйде «Джамбула» деп тұрса, келесі үйде «Жамбула» деп көрсетілген. Мұның қайсысы дұрыс? Сол сияқты Шәкіров көшесі кей жерде «Фестивальная», кей тұста «Шакирова» деп жазылған», – деген зейнеткер бұрынғы Театральная көшесіне Аханов есімі берілуіне наразылығын білдірді. Қала әкімі көше атауларына қатысты мәселені шешу жолдары қарастырылу үстінде екендігі айтты. «Иә, кейбір көшелер атауы дұрыс көрсетілмеген. Мәселен, қаланың орталығындағы Ермеков көшесіндегі үйлердің бірқатары бұрынғы Дзержинский есімімен тұр. Бүгінде біз көшелер атауы үш тілде көрсетілген тақтайшалар дайындаудамыз. Заманауи талаптарға сай әзірленген бұл тақтайшаларды алдымен қаланың орталық бөлігіндегі көшелерге орнатамыз. Аханов көшесіне қатысты айтар болсам, Театральная көшесі атауын өзгертумен арнайы комиссия айналысты. Алдын ала қоғамдық тыңдау өткізіп, соған сәйкес, шешім қабылдады. Тыңдауға қатысушылар қолдау білдірген соң, көшеге Аханов есімін беруді ұйғарды», – деді Нұрлан Ерікбайұлы. Кездесуде тұрғындар тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, баспанаға қол жеткізу, қаланың абаттандырылуы, санитарлық тазалық, білім беру, денсаулық сақтау саласына қатысты көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдады. Әкім жиында тиісті жауап беріп үлгермеген мәселелер жазбаша түрде тіркелді. Келешекте бұл тұрғындарға әкім өзінің нақты жауабын бермек. ҚАРАҒАНДЫ қаласы. Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

ЖШС-де құны 194 млрд. теңгені құрайтын кокс-химиялық өндіріс қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт іске қосылды. Биыл да қуатты өндіріс ошақтарын іске қосу жоспарда бар. Бастысы, Теміртауда «екі қолға – бір күрек» табылады. «Жұмыс жоқ» деп, қол қусырып отыруға негіз жоқ. Мәселен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы өткен жылдың өзінде 1550 адам жұмыспен қамтылған. Олардың 95%-ына міндетті зейнетақы төлемдер жүргізіледі.

Осы жылы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарлама іске қосылады. Білім беру саласында да оң өзгерістер байқалады. Мектепке дейінгі білім беру ісін өркендету, бүлдіршіндерді балабақшаларға орналастыру мәселесін шешу үшін де жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, биыл ұл-қыздарды мектепке дейінгі білім берумен қамту үшін қосымша 100 орын ашылады. Осы мақсатта бюджеттен 46 млн. теңге бөлінген. Сегіз балабақшаға жөндеу жүргізіліп, 21 мектепке дейінгі білім беру мекемесіне бейнебақылау орнатылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы да жіті назарда. Мәселен, жол жөндеудің өзіне, өткен жылмен салыстырғанда, 6 есе артық қаражат бөлініп отыр. Облыс басшылығы да теміртаулық тұрғындардың тілегін ескере оты-

рып, Теміртаудағы автокөлік жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу үшін облыстық бюджеттен 1 млрд. 564 млн. теңге бөлді. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның «ЖЭО-2» жұмысын жандандыру да жиыннан тыс қалмады. Кездесу барысында Теміртау тұрғындары қала басшысына қордаланған мәселелер бойынша да сұрақтарын жолдады. Ғалым Әшімов әр мәселе жіті зерделенетінін айтты. Жиынды облыс әкімі Нұрмұхамбет Қанапияұлы қорытындылады. Қаланың алдағы дамуы үшін, жылумен қамту мәселесін шешу үшін атқарылар істердің нәтижелі боларына сенім білдірді. Өз тілшімізден.

Әбдібеков Қарағанды облысының ірі өнеркәсіптік өңір екенін атайды. Қарағанды облысындағы инвестиция көлемі республика бойынша 2016 жылы 4 пайыз. Бұл – 315 миллиард теңгені құрайды. «Қарағанды Инвест» АҚ төрағасының міндетін артқарушы Ардақ Құсайыновтың мәліметтерінше, Қарағанды облысы экономикасының дамуына талдау жасау ішкі өңірлік өнім өндіру 2012-2016 жылдары 3-7 пайызға, өнеркәсіп көлемі орта есеппен – 3 пайызға өскенін көрсеткен. Металлургия мен тау-кен және энергетика саласында шамамен – 75 пайыз. Аталған сала өнімдері шет елге шығарылатындықтан шетелдік инвесторлар да қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, облыста көлік әлеуетін арттырып, инвестиция тарту мәселесі де жоқ емес. Бұл бағытта Қарағанды басқа облыстармен салыстырғанда 5 орынды иеленеді. Шетелдік нарықта сұранысқа ие марганец кенінің 92 пайыздан астамы Қарағанды облысында, 85 пайыз – вольфрам, 62 пайыз – молибден, 34 пайыз – мыс та осында. Осы орайда 12,5 мың шаршы шақырым жерді алып жатқан Спасск кен орнын айта кету керек. Мұнда 8 кен орны бар болса, оның екеуі бойынша келісім-шарт жасалған. Мысалы, Көктасжалда кен алу жүргізілуде. Жетімшоқы кен орнына геологиялық барлау жұмыстары қолға алынған. Соның нәтижесінде кен орындарын игеру жоспарда. Өңірдің 50-ге жуық экспортқа бағытталған металл өндірісі өңір экономикасын құрайды. Олардың үлесі облыс экспортының 65 пайызы. Машина құрасты-

ру саласында да жағдай жағымды. Бұл арада кластерге мүмкіндік бар. Қазақстан бойынша 4 миллион машина барын ескерсек, доңғалақ өндіруді дамыту ұсынылады. Яғни, танымал брендтерді тарта отырып, «Сарырақа» АЭА шина құрастыратын зауыттар салу арқылы, ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуге қауқарлы. Деректерге сүйенсек, Қарағанды облысының, сондай-ақ, фармацевтикалық өнім өндіруде әлеуеті зор. Соған қарамастан, Қазақстанның фармацевтикалық нарықтағы үлесі небары 10 пайыз ғана көрінеді. Сондықтан мәжілісте фармацевтика саласының мәселелері де сырт қалмады. Қарағанды фармацевтикалық кешен. Өсімдік шикізатынан бірегей

дәрілік өнімдерді өндірумен айналысатын, республикадағы жетекші ғылыми орталықтардың бірі саналатын Фитохимия институтында 43 түрлі фитопрепараттар шығарылады екен. Институт технологияларын пайдалана отырып, дәрілік өнімдерді шығару да жоспарлануы керек. Жалпы, Қазақстанда инвестиция үшін барлық жағдай жасалған. Бастама көрсеткен кәсіпкерлерге кез келген сала бойынша мемлекеттік қолдау арқылы өз кәсібін ашуға мүмкіндік жасалған. Олай болса, қол жеткенмен тоқтап қалмай, «Сарыарқа» АЭА тиімділігін арттыратын зауыттар құрылысы, өнеркәсіп кешендері еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыра түспек.

науқасына байланысты өзінің міндетін орындауға тұрақты түрде қабілетсіз болған жағдайда қызметінен Парламенттен жедел түрде босатылады. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде үштен бірінің дауысымен қабылдануы керек. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелері Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігін анықтау туралы Жоғарғы сот қорытындысы және белгі-

ленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. ҚР Конституциясының 53-бабының 2-тармағына сәйкес, Парламенттің Премьер-Министрдің бағдарламасын екі рет қабылдамай тастауы Үкіметке сенімсіздік көрсетілгенін білдіреді. Ол әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің даусымен жүзеге асырыла алады. Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы республиканың Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді Президент 10 күн мерзімде қабылдайды. Сонымен, биліктің жіктелінуі шектелінген құзіреттіліктен, өзара бақылаудан, тежеу және қарсы салмақ жүйесінен көрінеді және болуы мүмкін зорлықзомбылыққа қарсы тұруға бағытталған құқықтық мемлекеттін биліктің жіктелуінсіз болуы мүмкін емес. Себебі, бұл

оның ұйымдастырылу және функциялау тәсілі. Басқа жағынан, құқықтық мемлекеттік биліктің тиімді жіктелуінің негізі және жағдайы. Биліктің жіктелінуі – бұл, бір жағынан нәтиже, ал, екінші жағынан – құқықтың даму дәрежесінің маңызы, мемлекетті, заңдылықты ұйымдастыру және функциялаудың жағдайы және алғышарты. Биліктің жіктелуінсіз және сәйкес тиімді тежеу және қарсы салмақ жүйесіз құқықты мемлекеттің және құқықтың заңдылықтың болуы мүмкін емес. Құқық және конституциялық қағидалармен байланыссыз қандай да бір шексіз биліктің тууына мемлекеттің органдарының арасындағы кедергі биліктің жіктелуінде, олардың ешқайсысына да бүкіл мемлекеттік биліктің толық көлемде берілмейтіндігінде тұр.

Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ. ТЕМІРТАУ қаласы.

Меморандум Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан» Қарағандыда тағы екі зауыттың, атап айтқанда, болат құбырлар дайындайтын және қолданыстан шыққан көлік құралдарынан алюминий, болат, түрлітүсті металл өндіретін зауыт іргетасы қаланады. Осыған орай, Қарағанды облысы инвесторлар кеңесінің мәжілісінде «Сарыарқа» АЭА басқарма төрағасы мен жоба жетекшілері арасында инвестиция құны 5,5 млрд. теңге және 3-4 млрд. теңгені құрайтын екі меморандумға қол қойылды. Аймақтың бұл мәжілісіне Инвестиция және даму министрлігінің вице-министрі Ерлан Қайыров пен «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Борисбай Жангуразов, аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков қатысты. – Қазақстанда инвестиция тарту мәселесі назарда. Елбасы саясатының арқасында соңғы 10 жылда Қазақстан экономикасына 236 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция құйылған. Әсіресе, өңдеуші сектордағы инвестиция 25 пайызды құрап отыр. Өз кезегінде, нақты нәтижелер бар. Бұл – Елбасының елді индустрияландыруға байланысты міндетіне сәйкес келеді. Біз бұған қолайлы инвестициялық ахуал жасау арқылы жеттік, – дейді вице-министр. Аймақ басшысы Нұрмұхамбет

Реформа – уақыт талабы Билік тармақтарының мәселесіне байланысты Мемлекет басшысы Н.НАЗАРБАЕВ биылғы жылдың 25 қаңтарында қазақстандықтарға арнайы Үндеу арнаған еді. Үндеуде Конституция мен Заңдарға өзгерістер енгізу, билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу туралы айтты. Тың өзгеріс – демократиялық жүйенің жарқын болашағының жемісі болмақ. Яғни, оның басты нәтижесі – ең негізгі билік тармақтарына жататын Үкімет пен Парламенттің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік берері сөзсіз. Биліктің жіктелу концепциясы конституциялық және басқарудың қазіргі жүйесінде үлкен рөл атқарады. Шындығында, өз алдында басқару теориясының бірі ретінде тиімді және тұрақты саяси жүйені құрудың негізі бола алмас еді. Сондықтан, ол басқа саяси ойлармен, мысалы, аралас басқару теория-

сымен, «тепе-теңдік және биліктік» ойлармен, «тежеу және қарсы салмақ» жүйесіменен байланыстырылады. Сонымен, Қазақстан Республикасындағы үш биліктің бүгінгі жағдайы жақсы десе де болады. Әрбір тармақты жетілдіру қажет-ақ. Біздің көзқарасымыз бойынша, бірінші кезекте тұрған Парламенттің екі палаталық құрылымы дұрыс қойылған. Мұндай екі палаталық құрылым парламенттік демократияда әуелден белгілі және әлемдегі көптеген мемлекеттерде жемісті пайдаланылады. Ол қандай мән береді? Ол үнемі жұмыс істеп тұрған маманданған парламенттік жағдайда тиімді. Заң жобаларын дайындау деңгейі мен сапасын мәнді жоғарылатуға болады. Заңдар қос палатаның өңдеулерінен өтеді. Әр палатаның тек қана заң жобасын мақұлдап немесе келіспеушілік көрсетуі емес, шын мәнінде заң қабылдауы маңызды. Бұл жағдайда Парламент және оның мүшелерінің жауапкершілігінің өсетіні түсінікті. Екі палаталық құрылым депутаттардың жұмысын дамытады, парламенттік еңбектің классификациясын

және үдемелігінің жоғарылауына дем береді. Көптеген мемлекеттердегі әртүрлі территориядағы депутаттар делегациясының сандық теңдік мәселелерін шешуді жеңілдетеді. Сонымен, «парламенттік ойындар», топтық мүдделер, құқық жасаушылық лоббизмнің территориялық немесе салалық соғысы салдары қалпына келтіріледі. Орталық және регионалдық күштер теңестіріліп, Парламент жалпы мемлекеттік және жергілікті мүдделердін үйлесімді бірлігінің органы болып қалыптасады. Атқару билігі Парламентте қаралатын өз шешімдерін ұқыпты дайындайтындығы айқын. Бұл Президентке де әсерін

тигізеді. Бір уақытта Парламенттің өзінің бақылау мүмкіндіктері кеңейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 63-бабының 1-тармағына сәйкес, Президент Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан, саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады. Сондай-ақ, керісінше Парламенттің Президентті қызметінен кетіру негіздері де көрсетілген. Президент

Рахметолла КӨПБОЛОВ, Абдолла АМАНТАЙ, ҚЭУ Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының аға оқытушылары.


Жасампаздық жолында

16 ақпан, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Жиынның негізгі мақсаты – Жолдаудағы бес негізгі басымдық таразыланып, сала басшыларына тапсырмалар жүктеу. Әлемдік геосаяси жағдай. Жер шарын шарпыған нарықтық экономика. Бәсекелестік қағидасы. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс. Бұл жолда мықты экономика, мығым ынтымақ пен жаңашыл индустрия егемен елді өрге сүйреуі тиіс. Елбасының кезекті Жолдауы соған негізделген. Мықты экономика – мығым ел. Экономикалық әлеует күшті болуы үшін индустрия заманауи талапқа сай болуы тиіс. Уақыт жылжыған сайын өндірісті автоматтандыру қажеттілігі туындауда. Бірақ Елбасының бұл жолғы тапсырмасы өнеркәсіптік нысандарды жаңғырту емес, дамыған елдердегідей роботтандыруға бағыттайды. Жалпы, Елбасы Жолдауындағы бес басымдықтан туындайтын міндеттерді тілге тиек еткен аудан басшысы міндеттер мен жүзеге асқан бірқатар жұмыстарды атап өтті. Айталық, бірінші басымдық бойынша білім, денсаулық салаларында, қызмет көрсету бағытында сандық технологияны енгізу міндеттері тұр. Мектептерді жаңа модификациялы кабинеттермен, интерактивті жабдықтармен қамтамасыз ету, сонымен қатар, заманауи талаптарға сай білім беретін мұғалім мамандарды даярлау, жас мамандарға жағдай жасап жұмысқа тарту, кәсіпкерлік саласын жандандыру және осы тапсырмалардың жүзеге асуына қажетті қаражат қарастыру мәселесін нақтылады. Бизнес ортаны түбегейлі жаңғырту деп аталатын басымдық негізінде ауданда Елбасы саясаты бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану арқылы, халықтың әл-ауқатын жақсартуды қолға алу қажеттігі тапсырылды. Кәсіпкерлік саласын дамытуда халық арасында тиісті бағдарламалар бойынша түсіндірме, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, өндіріс өнімінің көлемін ұлғайту мақсатында кәсіпорындардың жоспарларын нақтылап орындалысын қадағалау, ауданға инвесторлар тарту, ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану, маңызы бар автокөлік жолдарын күту, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтып өтті. Елбасының 2017 жылғы Жолдауындағы бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау керек деген тапсырмасына тоқталсақ, бүгінде ауданда үш ауыл шаруашылығы кооперативі ашылды.

3

Сағыныш Әбілова, «Орталық Қазақстан» Қаңтар айының соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Ұлт көшбасшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауда ел дамуына тың серпін беретін стратегиялық маңызды жаңа бағдар ұсынды. Сол бағдарға сәйкес ел ішінде қызу тіршілік те басталып кетті. Осыған орай, Жолдауға қатысты ауданның тыныс-тіршілігін бағамдау, бағдарлау үшін аудан әкімі Х.Мақсұтовтың қатысуымен актив отырысы өтті.

Мәселен, Егіндібұлақ селосындағы «Балқантау Агро» кооперативінің 26 мүшесі 68,0 млн. теңге несие алып, мал бордақылау алаңын ашуға жұмыс жасауда. Үшінші басымдық қаржы секторын «қайта жаңғыртуда» қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырмалар берді. Заңнамаға сәйкес бюджеттің алдағы үш жылдық жоспарын құруда маңызды нысандардағы түйіткілді мәселелерді шешуге ықпал жасау. Адами капитал сапасын жақсарту деп аталатын басымдық бойынша басты қағида халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында дәрігерлердің білімі мен біліктілігін жетілдіріп, жауапкершілігін арттыру мәселесі кеңінен сөз болды. Ал қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес деп аталатын бесінші басымдыққа орай, ауданда өткізілетін конкурстарды мейілінше ашық, жариялылық негізде өткізуді ұйымдастыруды қатаң қадағалау керектігі айтылды. Жалпы, Елбасының әр жылғы Жолдауы негізінде жүзеге асып жатқан аудандағы іргелі істерге тоқталған аудан әкімі биылғы Жолдаудағы бағыттарға басымдық берілетіндігін де айтып өтті. Аудандық аурухана директоры С.Сүлейменова «Аталмыш Жолдауда денсаулық саласы бойынша міндетті

Бүгінде халық қалаулылары ел ішінде. Мақсат – Елбасы Жолдауынан туындаған басымдықтарды бұқараға жеткізу. Өзгерістер мен жаңалықтардың елге тигізер ықпалынан көпшілікті құлағдар ету. Осы орайда, жақында Шахтинск қаласына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сергей Ершов келді. Сенатор Шахтинск технологиялық колледжінің ұстаздарымен және студенттерімен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және Президенттің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін талқылау бойынша кездесті. Сондай-ақ, кездесуге қала әкімі С.Аймақов, қалалық мәслихат хатшысы және мәслихат депутаттары қатысты. Сенатор Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның қол жеткізген басты жетістіктері туралы айтып, Елбасы Жолдауындағы еліміздің дамуындағы бес басым бағыттарға тоқталды. «Экономиканың өсімін және

медициналық сақтандыру жүйесінің, дәрі дәрмектің бағасын реттеудің маңыздылығы атап көрсетілген. Бұл жүйенің тиімділігі Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне, табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке бірдей қол жеткізуге кепілдік береді. Бұл жүйені жүзеге асыруда аудандық орталық ауруханада толық жағдай бар. Денсаулық сақтау мекемесінің материалдық, техникалық базасы күн артып жетілдіруде. Жоспарымызда УДЗ аппаратын, өкпені желдету құралын, гастроэндоскопиялық құрал алу және жедел жәрдем көлігін алу бар» деп, алдағы жұмыс жоспарымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, аудандық білім бөлімінің қызметкері Қ.Мүсілімов, кітапхана қызметкері А.Мұқанова өз пікірін білдірді. Қорыта айтқанда, аудан басшысы, орынбасарларынан бастап, бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне Елбасы Жолдауындағы басым бағыттарды түсіндіріп, жаңашыл саясат жолындағы тапсырмаларды жүктеді. Қарқаралы ауданы.

халықтың әл-ауқатын арттырады деп танылған бұл басымдықтарды іс жүзінде жүзеге асыру Қазақстанның әлемдегі озық 30 ел қатарына ілгерілеуін қамтамасыз етеді», – деді ол. Тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасына ерекше көңіл аударды. Сергей Михайлович Парламенттің заң шығару қызметі туралы да баяндап, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында, С.Ершов оның жұмысындағы негізгі басымдылықтарды атады. Олар - білім беру және денсаулық сақтау болмақ. Дәлірек айтқанда, мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің еңбек ақысын көтеру дейді. Қала әкімі С. Аймақов сенаторға кездесу өткізгені үшін және байыпты әңгімелері үшін алғыс айтты. Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан»

Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан» Елбасымыз барша қазақстандықтың алдына береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтып, еліміздің іргесін бекіте түсуді басты мақсат етіп қойып отыр. Қазіргі кездегі маңызды белестің алдында тұрғанымызды атап өтіп, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын жария етті. Биліктің барлық буыны Елбасының тапсырмасын жүзеге асыруға кірісіп те кетті. Оның ішінде халық қалаулылары да бар, әрине. Облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы бүгінде қызу жұмыс үстінде. Депутаттық топтар жанжаққа шығып, адами капиталдың сапасы шыңдалып жатқан мектептер мен мектеп жасына дейінгі мекемелерде болып, нақты жағдайды өз көздерімен көруде. Осындай мақсатпен облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали Әбдікеров жұмыс тобымен Ұлытау өңірінде болды. Осы топта болған облыстық мәслихаттың депутаты Еркін Жұмабеков осының алдында ғана Балқаш қаласында болғандығын айтты. Облыстық мәслихаттың алдағы сессиясында нақ осы мәселе қаралмақшы екен. Осынау жұмыс тобының Ұлытау сапарында алғашқы қадамдарын жергілікті балабақшалар мен мектептерден бастауын түсінуге болар. Ауданда «Балапан» бағдарламасы жұмыс істеп тұр екен. Алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жолға қойылған. Ауданда 5 балабақша, 14 шағын орталық жұмыс істейді екен. Жалпы, аудандағы бір жас пен алты жасқа дейінгі бала саны 1093 болса, соның 606-сы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Мұны сапалық көрсеткіш ретінде қабылдауға әбден болады. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға артқан. 2015 жылы Жезді кентіндегі ба-

лаларды мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамту мақсатында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында осындағы қонақ үй ғимараты қайта күрделі жөндеуден өткізілген. Депутаттар тобы мұнда да болып, балабақшаны өз көздерімен көріп, оң бағаларын берді. Аталмыш балабақшаны абаттандыруға жергілікті бюджеттен 23 млн. теңге бөлініпті. Мұнан тыс жиһазбен қамтамасыз ету үшін тағы да қосымша 11 млн. теңге бөлінген. Аудан орталығындағы «Өркен» балабақшасының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 14 млн. теңге бөлінген. Ал №1 мектепте санитарлық-гигиеналық бөлме салуға қомақты қаржы босатылған. Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысы Талғат Сейітжанов балалар мекемелерінің жіті назарда екендігін айтады. Хатшының айтуынша биыл кеншілер кентінде тағы бір отыз бөбекке арналған бөбекжай ашылмақшы екен. Балабақшаларға үш тілділік енгізілген. Орысы да, қазағы да сайрап тұр. Тіліне қарап ұлтын айыру мүмкін болмай қалған. Қажетті кадрлармен толық қамтамасыз етілген. Олардың біліктілігін көтеру бойынша жұмыстар жүруде. Түпкі нәтиже, әрине, кадрлар біліктілігіне байланысты. Мұндағы жағдайды ҰБТ қорытындысы бойынша көруге болады. Өткен жылы ҰБТ бойынша орташа балл көрсеткіші 69,6 (қазақ сыныбы), жалпы балл саны 5502. Бұл алдағы жылмен салыстырғанда 3,8 балға, ал

2014 жылмен салыстырғанда 7,3 балға көтерілген. Аудан мектептері түгелдей компьютермен қамтылған және барлығы кең жолақты интернетке қосылған. Мектептердегі компьютер саны – 667, оқушы саны – 1880. Бір оқушыға шаққандағы компьютер саны – 2,7. Компьютерлік базаны толықтыруға биыл да 27 млн. теңге қарастырылыпты. Мектептер физика, химия, биология, лингофонды мультимедиялық жаңа үлгідегі кабинеттермен қамтылған. Жаңа кабинеттермен қамтылу 57,3 пайызды құраған. Барлық мектеп бейнебақылау қондырғыларымен қамтамасыз етілген. Маман кадрлар жеткілікті. Оқу жүйесіндегі 459 мұғалімнің 92-сі жоғары, 183-і бірінші санатты мамандар. 2009 жылы бастау алған «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы нақты жұмыс істеуде. Бастапқы жылдары үй алу үшін берілетін несие 740 мың теңгені құрса, бүгінде бұл сома 3 млн.184 мың теңгеге жеткен. Көтерме жәрдемақы төлеу сомасы да екі есе өскен. 2014 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін аталған бағдарлама бойынша 39 жас маман үй алып, жұмысқа орналасқан. Депутаттық топтың жұмыс сапары аудан әкімі Хамит Омаровтың 2016 жылғы атқарған және 2017 жылы атқарылатын жұмыстары туралы қорытынды есебімен тұспа-тұс келген еді. Аудандық мәдениет үйінде өткен бұл шараға қатысқан Рысқали Қалиақпарұлы сөз сөйлеп, өңірдің дамуына Ұлытау ауданының да лепті үлес қосқанына нақтылы куә болып отырғандығын, аудан жұртшылығына ел игілігі жолында атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тілеп, ортақ мақсат жолында алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істейтініне сенім білдірді. Ал аудан жұртшылығы әкімнің жұмысына оң бағаларын берді. Алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істейтіндеріне сендірді. Әкім есебін әркім өз есебіндей қабылдады. Өйткені, ортақ істе баршасының да үлесі бары сөзсіз.

Қарағанды облыстық Қазақстан коммунистік Халық партиясының өкілдері Мемлекет басшысының тұрақты дамуға бағытталған Жолдауын бірауыздан қолдайтындығын білдірді. Жиында Жолдауда көрсетілген төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту жайында сөз болды. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсету секілді басым бағыттар аталып, әлеуметтік қамтамасыз ету саласына айрықша көңіл бөлу жағы баса айтылды. Жиынға қатысқандар табысты жолға, мақсатқа қарай табандылықпен ұмтылудың алғышарттарын жоспарлады. Қарағанды облыстық Қазақстан коммунистік Халық партиясының бірінші хатшысы А. Зевахин: «Құжатта Президент мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, келешек ұрпақтың мүддесін қорғау мақсатындағы нақты міндеттерді ұсынды. Осы мақсатта атқарылып жатқан шаралар мен ұсыныстар Қазақстанның қазіргі заманғы танденцияларын дамыту, сондай-ақ, жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға сай келеді. Елбасы атап өткендей болашағы жарқын ел қашанда алдағы қауіп-қатерлерге қарсы батыл қадам жасай алады. Еліміздің дамыған 30 елдің қатарынан көрінуі жолында әр салада бар күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз», – деді.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан» Жуырда Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыстық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Жезқазған қаласының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, қалалық мəслихат депутаты, белгілі меценат Бекзат АЛТЫНБЕКОВ Жаңаарқа ауданында іссапармен болды. Сапар барысында Бекзат Қомарұлы С.Сейфуллин атындағы аудандық орталықтандырылған кітапханада аудан жұртшы-

лығымен жүздесіп, Мемлекет басшысының “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бəсекеге қабілеттілік” атты Жол-

дауының мақсаты мен міндеттерін түсіндірді. Екіжақты терең түсіністік негізінде өрбіген әңгіме кезінде Елбасы Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берген аса құнды құжаттағы басты бағыттар кең тұрғыда талқыланды. Облыстық ақпараттық-насихат

тобының мүшесі кездесуге қатысушылар тарапынан туындаған сауалдарға да орнықты әрі жүйелі жауаптар берді. Маңызы зор басқосуда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Казимов діни экстремизмнің алдын алу шараларына

қатысты баяндама жасап, тұрғындар назарына бүгінгі күні әлеуметтік желі арқылы жастар келешегіне қатер төндіріп тұрған қауіпті ойындар туралы нақты деректерге негізделген мәліметтерді ұсынды. ЖАҢААРҚА ауданы.


4

www.ortalyq.kz

Спорт деген – бір сиқыр

Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан» Тасаралдың түйепалуаны... Тасарал Балқаш көліндегі ұсақ аралдардың бірі. Құйқасы келіскен елді мекен. Ашаршылық жылдарында талай жұртқа ақыры болған жер. Марқадай балығымен талай жұртты ажал тырнағынан алып қалған жер. Талайдың тері төгілген. Талайдың қаны төгілген. Ел енді есін жинай бастағанда отыз жетінің нәубеті басталған. Көрмеген көкелері мұның шілдеханасында бола алмаған. Олар сол кеткендерінен оралмады. Сағыжан аға осы жерде дүние есігін ашқан. Сағыжан аға сол асыл ағаларымыздың өтеуіндей Тасаралда дүниеге келген. Бұлар тумай жатып аманат арқалаған ұрпақ. Аға ұрпақтың аманатын. Сол жауапкершілікті өмір бойы алып келеді. Сол аманат әлі мойнынан түскен жоқ. Маңдайына солайша бейнет жазылыпты. Бұлардың еңбек өтілі мектепке бармай жатып басталған. Сол бейнет бұларды ерте есейтті. Ауылдағы қара жұмыстың бәріне жегілген. Одан қара жұмыс бұлардың қолына жұғып қалған жоқ. Сонда да ойынға уақыт таба білген. Өздерін өздері шынықтырған. Жан сақтау оңай емес еді. Содан да барып бастарын тауға да, тасқа да соққан. Алайда бір нәрсе анық еді. Бұлар намысқа суарылып өсті. Намыстың құлы еді. Өкпесі өшкенше жүгірген жоқ. Төбелессе жығылғанша ғана төбелесті. Мүлтім бар демеді. Қапы кеттім демеді. Ойын болғанда топырақты шаңытып жатар еді. Өзінен ересек балалардың өзін алып ұратын. Ауылдың барша қарадомалағы күресетін. Алайда, бәрі бірдей палуан атанбады. Ал Сағыжан болса бала палуан атанды. Ол кездегі спорттың төресі күрес

20 ақпан

Дүйсенбі

06.00, 02.30 Әнұран 06.05 Концерт 07.00 «Таңшолпан» 10.00 М/с "Рубидің ғажайып әлемі" 10.45 М/с «Лесси» 10.30 М/с "Роботкөлік Поли" 10.45 М/ф «Белка мен стрелка» 10.55 Апта.kz 12.00 Дауа 12.35, 14.10, 22.20 Т/с «Келін» 13.00 «Бірге таңдаймыз!» 15.00 «Әйел бақыты» 16.40, 19.05 Т/с «Ақ пен қара» 17.30, 20.00, 00.50 KAZNEWS

21 ақпан

Сейсенбі

06.00, 02.30 Әнұран 06.05 Концерт 07.00 «Таңшолпан» 10.00 М/с "Рубидің ғажайып әлемі" 10.45 М/с «Лесси» 10.30 М/с "Роботкөлік Поли" 10.45 М/ф «Белка мен стрелка» 10.55 Апта.kz 12.00 Дауа 12.35, 14.10, 22.20 Т/с «Келін» 13.00 «Бірге таңдаймыз!» 15.00 «Әйел бақыты» 16.40, 19.05 Т/с «Ақ пен қара» 17.30, 20.00, 00.50 KAZNEWS 17.55, 02.05 Көңіл толқыны 20.45 АЙТУҒА ОҢАЙ 21.35 Айман&Шолпан» 23.30, 01.35 Түнгі студияда Нұрлан

22 ақпан

әлеумет

16 ақпан, 2017 жыл

Сәрсенбі

06.00, 02.30 Әнұран 06.05 Концерт 07.00 «Таңшолпан» 10.00 М/с "Рубидің ғажайып әлемі" 10.45 М/с «Лесси» 10.30 М/с "Роботкөлік Поли" 10.45 М/ф «Белка мен стрелка» 10.55 Апта.kz 12.00 Дауа 12.35, 14.10, 22.20 Т/с «Келін» 13.00 «Бірге таңдаймыз!» 15.00 «Әйел бақыты» 16.40, 19.05 Т/с «Ақ пен қара» 17.30, 20.00, 00.50 KAZNEWS 17.55, 02.05 Көңіл толқыны

еді ғой. Ел Сағыжанның ертеңін күреспен байланыстырды. Оның жүрегі басқаша соғатын. Еліме қызмет қылсам дейтін. Ол өзін мұғалім ретінде көретін. Ол кездегі ең қастерлі мамандық балаға қара таныту еді ғой. Сол себепті Қарағандының пединститутына құжатын тапсырған. Физика-математика оқуына. Ел Қарағанды жұртшылығын шахтасын ғана біледі деп ойлайды. Оның да жөні бар. Барлық жақсылық, барлық қамқорлық соларға жасалды. Ең жақсы жалақыны солар алды, ең жүйрік жеңіл көліктерді солар мінді, ең жайлы жарық үйлерге солар кірді. Міне, қызық олар да спортты жақсы көреді екен. Оның ішінде күресті. Қазақ күресін... Қылан Бақыжановтың есімін осында жүріп естіді. Ол жай ғана шахтер емес, үлкен бастық еді. Қазақ күресінен алғаш болып спорт шебері атанған сол кісі болатын. Әлімшайқы Сәлімбаев болса ол да шахтер болып шықты. Бұл ағалары Қазақстанды қойып Орта Азия бойынша чемпион атанған палуандар еді. Сабақты жақсы оқығандықтан бос уақыты да көбейе түскен. Енді оның күреспен шындап шұғылдануына мүмкіндік туған. Бағына қарай Акеляның қолына түскен. Қарағанды күресінің іргетасын қалаған Жұмажан Әкеновті ел солай атайтын. Сақаңның жұлдызды сәті де туған. 1957 жылы ел чемпионы атанды. Мұндай құрметке Мәді Смағұлов та бөленген. Ауылдасы Сайлау Тұрғанбеков үшінші орын алып қалды. Ол ғана емес, Қылан, Әлімшайқы ағалары да үшінші орынды қанағат тұтқан. Атақты палуан Әбілсейіт Айханов та үшінші орын алып қалған... Тоқсаныншы жылдардың басында Ақадырда қазақ күресінен «Лениншіл жас» газетінің республикалық турнирі өтті. Сол жарыстың бас төрешілігінде Әбілсейіт ағамыз отырды. Реті келіп үйде қонақ болды. Сонда асыл ағаның аузынан бірінші рет Сағыжан ағадан бір емес, екі рет жеңілгенін естідім. Соның біріншісі осы айтып отырған жарысымыз екен. Серік Демесінов, Танау Нығызбаев, Жәкен Тәтиев сынды бауырлар тапты. 58-дің жазында екінші мәрте чемпион атанады.

Ерсін МҰСАБЕК, «Орталық Қазақстан»

1959 жылы Мәскеуде СССР халықтарының екінші спартакиадасы өтетін болады. Осы жарыста Жәкен Тәтиев екеуі дүйім жұртқа қазақ күресінің басқа күрестерден бір мысқал да кем еместігін бозкілемде дәлелдеп береді. Осы спартакиадада ел қазақ күресін мойындайды. Қазақ күресінен енді Орта Азия бойынша біріншіліктер өтетін болады. Жарты ғасырдан кейін қазақ күресінен әлем біріншілігі өтеді деп кім ойлаған. Қазақ күресінің жаңа сапалық сипат алатынын кім білген?! «Қазақстан барысы» деп аталатын бұл жарысқа төрткіл дүние қатысып отырғанын көз көрді, жанымыз семірді. Сол жарыстың қалың ортасында Сағыжан Аманжолов ағамыз да жүрді. Орыстың аюы – Александр Медведьпен, қазақтың түйесі – Әбілсейіт Айхановпен. Әбіл ағамен кейінгі кездесулері боз кілемде өтпегенімен күрестен алыс кете қойған жоқ. Сол кездесулермен бірге Балқаш жеріне үлкен күрес оралды. 2010 жылы мысшылар қаласында еркін күрестен Сағыжан Аманжолов атындағы жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Сол турнирге ат арытып Алматыдан Әбіл аға келді. Байрақты жарыстың тұсауын кесті. Бас палуан жас палуандарға батасын берді. Сол жарыс бүгінде дәстүрге айналды. Осыдан бір жарты ғасыр бұрын түйе палуан атанған. Бүгінде Сағыжан ағамызды Балқаштың барысы дейтін болыппыз. Балқаш жолбарысының көзден ғайып болғаны жүрегімізді ауыртады. Адам барысының оралуы жүрегімізді қуантады. Нар болыңыз, тасаралдық нарқоспақ! Бар болыңыз, балқаштық барыс!

17.55, 02.05 Көңіл толқыны 20.45 АЙТУҒА ОҢАЙ 21.35 Айман&Шолпан» 23.30, 01.35 Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев 00.05 ОЙ-ТОЛҒАУ ХАБАР 07.02 Драма "Өмір сабақтары" 07.30,01.30 Драма "Сотқа жеткізбей" 08.00 Жаңа күн 09.00 Мегахит. «Звездные войны. Эпизод 2. аТАКА КЛОНОВ» 11.30, 16.00 Т/с «пӘЛЕНШЕЕВТЕР» 12.00, 19.35 Т/с «Сұрбойдақ» 12.30 «Магия кухни» 13.00 Т/с «Семейные мелодрамы» 14.00 Т/с «Взрослые дочери» 14.45, 23.00 Т/с «Алдар көсе» Қоянбаев 00.50 Қылмыс пен жаза ХАБАР 07.02 Драма "Өмір сабақтары" 07.30, 01.15 Драма "Сотқа жеткізбей" 08.00 Жаңа күн 10.00 Т/с «Белая рабыня» 11.10 Т/с «ПӘЛЕНШЕЕВТЕР» 12.00, 19.35 Т/с «Сұрбойдақ» 12.30 «Сиқырлы ас үй» 13.00 Т/с «Семейные мелодрамы» 14.00 Т/с «Взрослые дочери» 15.00, 23.00 Т/с «Алдар көсе» 16.00 Біздің назарда 16.15 Біздің үй 17.00 Народный контроль 17.15 «Давайте говорить!» 17.30 Бетпе-бет 18.00 Т/с «Ақ күн» 20.45 АЙТУҒА ОҢАЙ 21.35 Айман&Шолпан» 23.30, 01.35 Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев 00.50 Қылмыс пен жаза

ХАБАР

07.02 Драма "Өмір сабақтары" 07.30, 01.15 Драма "Сотқа жеткізбей" 08.00 Жаңа күн 10.00 Т/с «Белая рабыня» 11.10 Т/с «ПӘЛЕНШЕЕВТЕР» 12.00, 19.35 Т/с «Сұрбойдақ» 12.30 «Сиқырлы ас үй» 13.00 Т/с «Семейные мелодрамы» 14.00 Т/с «Взрослые дочери» 15.00, 23.00 Т/с «Алдар көсе» 16.00 Біздің назарда

15.15 Біздің назарда 15.30 «Көңіл толқыны» 16.45 Д/ф «ТЕРРОРИЗМ ТҰЗАҒЫ» 17.15 Народный контроль 17.30 Бетпе-бет 18.00 Т/с «Ақ күн» 18.55 Негізінде 19.00, 00.30, 02.00 Қорытынды жаңалықтар 20.10 Т/с «Такая работа» 20.55 По сути 21.00 Итоги дня 21.35 Т/с «Узел судьбы» 00.00 драма «Тағдыр тартысы» 01.00 Драма «Әр үйдің сыры басқа» ЕУРАЗИЯ 06.00 Жаңалықтар 06.05 Жить здорово 18.55 Негізінде 19.00, 00.15, 01.45 Қорытынды жаңалықтар 20.10 Т/с «Такая работа» 21.00 Итоги дня 21.35 Т/с «Узел судьбы» 01.00 Драма «Әр үйдің сыры басқа» ЕУРАЗИЯ 06.00 Жаңалықтар 06.05 Жить здорово 10.00 Т/с "Диверсант" 11.00, 14.50, 01.50 «БАСТЫ ПАТРУЛЬ» 11.10 «Той заказ» 11.40 Таинственный остров 12.30 «ВСЕ МЫ ЛЮДИ» 13.25 , 20.50 «П@УТИНА+» 14.05, 02.30 «ӘЙЕЛ СЫРЫ» 15.00 Правда 15.05 Давай поженимся 15.55 Х/ф «Я все помню» 16.15 Біздің үй 17.00 Народный контроль 17.15 «Давайте говорить!» 17.30 Бетпе-бет 18.00 Т/с «Ақ күн» 18.55 Негізінде 19.00, 00.15, 01.45 Қорытынды жаңалықтар 20.10 Т/с «Такая работа» 21.00 Итоги дня 21.35 Т/с «Узел судьбы»

00.35 Драма «Әр үйдің сыры басқа» 01.05 Драма "Сотқа жеткізбей" ЕУРАЗИЯ 06.00 Жаңалықтар 06.05 Жить здорово 07.00 Доброе утро 10.00 Т/с "Диверсант"

Екеуміздің қысқа амандықтан кейінгі әңгімеміз осы бір пәлсапалық тұжырымның түйінін тарқатуға арналды. Жасы үлкен ағаға деген ілтипатыма ырзалық танытқан күйі ұсынған орынға жайғасып жатып: – Өмір – қысқа, жол – ұзақ, бауырым, – деді. Белгілі марафоншы Төлеутай Жаманбектің кезекті сапардан оралғанын бірден түсіндім. Түйсігім алдамапты. Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан Ленинградтың фашизм құрсауынан азат етілгеніне 73 жыл толуына арналған 48-ші Халықаралық қысқы марафоннан оралған беті екен. ...Сөзуар, денесі жеңіл, қимылы шапшаң адамның ойға шомып кеткен сәтіне куә болудың өзі – ғанибет. Төлеутай ағам – ой орманында. Бір сәтте ағытыла жөнелді. – Жүгіріп жүріп, 65 жасқа да келіп қалыппыз. Адамның өмірі де – марафон ғой. Әркімге әртүрлі қашықтық бұйырады. Қас-қағым сәтте жүгіріп өтеміз. Осы жолы – СанктПетербургте 42 шақырымдық дәстүрлі қашықтықты 4 сағат 53 минутта бағындырдым. Небір ұзақ деген жолыңызды осылай жүріп өте береміз-ау, – деді. Қарапайым спортшының пәлсапа сабақтап отырғаны сүйсіндірмей қоя ма?! ...Иә, Төлеутай Жаманбектің есімі мен бұқаралық спортты насихаттаудағы елеулі еңбегін біреу білер, біреу білмес. Біліп, құрметтеп жүргендерге ырзалық танытқанымызбен, білмегендерге өкпелей алмаймыз. Өйткені, әркім өз «марафонында» жанталасып жүрген заман болды ғой. Тіпті, «халықтың

көзі, құлағы һәм тілі» болып жүрген біздің өзіміз Төкеңнің осы жолғы Санкт-Петербург сапарынан бейхабар отырмыз. Айтқандайақ, халықаралық деңгейде 48-ші рет ұйымдастырылған бұл марафон «Өмір жолы» деп аталады екен. Өте күрделі марафон. Ылдиынан өрі көп. Бұралаң-бұлтарысы тағы бар. Дәстүрлі түрде қыста ғана өтеді. Осы ерекшеліктері Төкеңнің өмір жолына қатты ұқсайды. Төлеутай Жаманбек 1952 жылы 17 ақпанда Шет ауданында дүниеге келді. Әкесі Жаманбек марқұм көрік соққан ұста еді. Діндарлығымен ел ішінде «пірәдәр» атанған. Үнемі көрік жалынына шарпылған адам төзімді, діндар адам адал келеді ғой. Әкеге тартып ұл туған. Әке ұлға сенім артты. Сенімді ақтады. Қыста шаңғымен, жазда шалғымен дос болған Төлеутайдың өмір салты әу бастан салауатты еді. Бір жерден оқығаны бар. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деген қанатты қағиданы. Осы қағида оның өмірлік ұстанымына айналған. Мақсаты биік еді. Жеткен жетістігі де аз емес. Осы жолғы марафон – Төкеңнің 59-шы марафоны. Әлемдік деңгейдегі көптеген ірі марафондарда Қазақстанның есімін әйгіледі. 2006 жылы Үндістанның Бангалор қаласында өткен XIV Азия біріншілігінде қола жүлдегер атанып, халықаралық дәрежедегі «Мастер-Атлетик» атағын иеленді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Қарағанды-Мәскеу» (қашықтығы – 3700 шақырымдық) супер-марафонына қатысты. Тізе берсек, толып жатыр. Негізгі мамандығы дене тәрбиесі пәнінің (академик Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің тү-

легі) мұғалімі бола тұра, 25 жыл шахтада істеді. Маңдай тері жердің үстіне де, астына да сіңген. Бүгінде зейнеткер. Зейнетақысы бейнетақысын өтей алмайтын болған соң, Қарағанды технология және сервис колледжінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп жүр. Жастарды спортқа баулып, өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттауды, Елбасының спорттың бұқаралық сипатын арттыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға үлес қосуды азаматтық парызы санайды. Арасында сауын айтылып жатқан марафон болса, жүгіріп қайтады. Жүлде үшін емес, жұмыр жердің картасында Қазақстан деген ел барын таныту үшін. 65 жастағы ардагер үшін 40-50 шақырымға жүгіру еріккеннің ермегі емес, әрине. Ай сайын марафон ұйымдастырылып жатса, қатысуға ықтияр. Әттең, қаржы қолбайлау болып жүр. Демеушілік жасай қоятын Атымтай-Жомарттардың мырзалығына зәру. – Санкт-Петербургте өткен марафонға қатысуыма демеушілік жасаған «Карат» ЖШС директоры Валерия Алексеевна Нефедоваға және Қарағанды технология-сервис колледжінің директоры Жұмағали Мағзиев мырзаға алғысым шексіз. Осындай азаматтардың арқасында марафонға қатысқан 2500 желаяқтың ортасында жүгіріп, зейнеткерлер арасында 20-шы көрсеткішке қол жеткіздім, – дейді Төлеутай аға. ...Пендешілігіміз шығар, өмірден ақиқат іздейміз ғой. Ақиқаттың қайда екенін жобалап меңзейтініміз де бар. Түпкі түйініміз – ақиқат ақыретте дейміз. Оған дейінгі ақиқат қайда болды? Ділмәрдің тілінен, әншінің үнінен, ақын мен жазушының қаламынан, арудың жанарынан іздедік... Меніңше, ақиқат тура осы Төлеутай ағаның аяғында жүргендей көрінеді. Желаяқ. Аяғына ақиқатты іліп алып, жүгіріп жүр. Ол ақиқат – сөре мен мәренің арасындағы өлшем. Тек марафоншылар ғана емес, бәріміз де жүгіріп жүрміз. Бесік-сөре мен табыт-мәренің арасындағы марафонда. Төкеңнің аяғына шырмалған ақиқаттың астарында осы пәлсапа жүр. Өзі айтқандай: «Өмір – қысқа, жол – ұзақ». 59-шы марафонмен қарсы алған 65-ші белесіңіз құтты болсын, аға! Өзіңіздей ақсақалдар 60 шақырым тұрмақ, 6 адым жерді сүрінбей аттай алмайды. Ал, Сіз 60-шы марафонға қатысу үшін демеуші іздеп жүрсіз... Жолыңыз да, ғұмырыңыз да ұзақ болғай! Фотолар спортшының жеке мұрағатынан алынды.

07.00 Доброе утро 10.00 Т/с "Диверсант" 11.00, 14.50, 01.50 «БАСТЫ ПАТРУЛЬ» 11.10 «Той заказ» 11.40 Таинственный остров 12.15 «ВСЕ МЫ ЛЮДИ» 13.10, 20.50 «П@УТИНА+» 14.05, 02.30 «ӘЙЕЛ СЫРЫ» 15.00 Правда 15.05 Давай поженимся 15.55 Х/ф «Я ВСЕ ПОМНЮ» 17.50 пусть говорят 18.55 Х/ф «ВОСТОЧНЫЕ СЛАДОСТИ» 20.00 Главные новости 21.30, 01.55 БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 22.10 Т/c «Қос жүректің лүпілі» 23.00 Т/с «АЛАУЛАҒАН СЕЗІМ» 23.55 Т/с «Все к лучшему» 03.20 ПЯТНИЦКИЙ 3 18.00 пусть говорят 18.55 Х/ф «ВОСТОЧНЫЕ СЛАДОСТИ» 20.00 Главные новости 21.30, 01.55 БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 22.10 Т/c «Қос жүректің лүпілі» 23.00 Т/с «АЛАУЛАҒАН СЕЗІМ» 23.55 Т/с «Все к лучшему» 03.15 ПЯТНИЦКИЙ 3 5 КАНАЛ 06.30, 07.40, 08.45 «Таңертеңгілік «5-арнада» 06.30, 20.45 Вести - Россия 07.00, 19.30, 21.35 шарайна 07.25, 08.25, 14.00 Аймақ жаңалықтары 07.50, 14.25, 18.00, 22.45 Рекламный визит 08.00 Новости 08.40 «Наши дети» 13.50, 20.30, 22.30 P.S 14.15 Азия айнасы 11.00, 14.50, 01.50 «БАСТЫ ПАТРУЛЬ» 11.10 «Той заказ» 11.40 Таинственный остров

13.15 Т/с «ТАИНСТВЕННЫЙ ОСТРОВ» 14.00, 02.30 «ӘЙЕЛ СЫРЫ» 15.05 Правда 15.10 Давай поженимся 16.00 Х/ф «Сваты 4» 18.00 пусть говорят 18.55 Х/ф «ВОСТОЧНЫЕ СЛАДОСТИ» 20.00 Главные новости 21.30, 01.55 БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР 22.10 Т/c «Қос жүректің лүпілі» 23.00 Т/с «АЛАУЛАҒАН СЕЗІМ» 23.55 Т/с «ПРИЧАЛ ЛЮБВИ И НАДЕЖДЫ» 03.15 ПЯТНИЦКИЙ 3 5 КАНАЛ 06.30, 07.40, 09.10 «Таңертеңгілік «5-арнада»

5 КАНАЛ Профилактика

17.05 Ауа райы 17.05 Аймақ жаңалықтары 17.20 Жақсылардан ғибрат 17.40, 02.30 Деректі фильм 18.00, 22.45 Рекламный визит 18.10 Моя Караганда 18.35 5-арнадағы әуен 19.00 Коронные фразы 19.30, 21.35 шарайна 20.00, 22.00 Новости 20.30, 22.30 P.S 21.00 «Будем здоровы» 21.15 «Понаехали» 22.55 Х/ф «Скуби-Ду 2: монстры на свободе» 00.30 Әуенді Қазақстан

14.35 Прямой эфир 16.00 «Сау болайық» 16.10 «Капитан Гардеев» 17.00 Менің шындығым 17.50 «ТВ-2 экспедициясы» 18.10 5-арнадағы әуен 19.00 Приключения тела 20.00, 22.00 Новости 21.10 «Личное» 22.55 Х/ф «Контракт» 00.30 Әуенді Қазақстан 02.30 Деректі фильм ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 07.00,10.00, 13.00, 17.50, 22.30 Жаңалықтар 07.45, 10.45, 21.15, 23.15 Уақыт.kz 08.00, 11.00, 18.50, 22.20, 23.35 TV market 08.05, 13.20 әсем әуен 08.50, 21.30 Т/с "Когда ее совсем не ждешь"

06.30, 20.45 Вести - Россия 07.00, 19.35, 21.35 шарайна 07.25, 08.25, 14.05 Аймақ жаңалықтары 07.50, 14.25, 18.00, 22.45 Рекламный визит 08.00, 20.00, 22.00 Новости 08.40 «Наши дети» 13.50, 20.30, 22.30 P.S 14.35 Прямой эфир 16.10 «Капитан Гардеев» 17.00 «Ерлер ел ішінде» 17.15 Азия айнасы 17.45 Моя Караганда 18.10 5-арнадағы әуен 19.00 «Доверяй, но проверяй» 20.00, 22.00 Новости 21.10 «Личное» 22.55 Х/ф «Зодиак» 00.30 Әуенді Қазақстан 02.30 Деректі фильм

ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ Профилактика 17.50, 22.30 Жаңалықтар 18.30 Автограф 18.50 "Б" корпусы мемлекеттік қызметшілерінің аттестаттары 19.00 «Ойталқы» 19.35 Шеберхана 20.00 Д/ф "Қарттар үйі қара шаңырақ па?" 20.30 қорытынды жаңалықтар 21.15, 23.15 Уақыт.kz 21.30 Т/с «Когда ее совсем не ждешь» 22.20, 23.35 TV market 23.35 Т/с «Әке серті»

09.35 М/ф "Лупдиду" 11.05 Д/ф «Құрдастар» 11.35 Қос қарақшы 12.00 Ойталқы 12.35 шеберхана 13.20 М/ф "Питер Пэн-2" 18.30 2050 18.50, 19.50 Бейнеклип 19.00 «В интересах людей» 19.35 Сардар ақын, сарбаз жыр 20.00 Д/ф "Дүние жарық" 20.20 Жеті қазына 20.30 қорытынды жаңалықтар 23.35 Т/с «Әке серті»

ҚАЗАҚСТАН-ҚАРАҒАНДЫ 07.00,10.00, 13.00, 17.50, 22.30 Жаңалықтар 07.45, 10.45, 21.15, 23.15 Уақыт.kz 08.00, 11.00, 18.50, 22.20, 23.30 TV market 08.05, 13.20 әсем әуен 08.45, 21.30 Т/с "Карусель" 09.35 М/ф "Лупдиду" 11.05 Д/ф «Құрдастар» 11.35 Қос қарақшы 12.00 В интересах других людей 12.35 Д/ф "Ұстаздық еткен жалықпас" 18.30 100 шагов 19.00 Тікелей эфир 19.35 Хочу все знать! 20.00 Д/ф "Бақытқа бір қадам" 20.30 қорытынды жаңалықтар 23.35 Т/с «Әке серті»


Дүние-дүрмек

16 ақпан, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Кездесу

Білім ошақтарында

Ауған жерінен Совет әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл толу қарсаңында Доскей ауылында ауыл әкімдігі, модельді кітапхана, Елтай орта мектебі, музыка мектептерінің бірлесе дайындаған «Мен көрген соғыс» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кездесуге Доскей ауылында тұратын 7 ауған соғысының ардагері және Қарағанды қаласының ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің «Ардагер» қоғамдық ұйымының төрағасы Т.Хасенов және ауған-тәжік шекарасы қақтығыстарының ардагерлер ұйымының төрағасы Н.Аяғановтар бастаған қонақтар қатысты. Игі шарада сөз алған ауыл әкімі Әнуар Мұратұлы ардагерлерді құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Соғыста қаза тапқандарды еске алу үшін 1 минуттық үнсіздік жариялағаннан кейін «Мен көрген соғыс» кітабы бойынша түсірілген Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың авторлық видеофильмі көрсетілді. Сонымен қатар, «Черный тюльпан», «Мы уходим» видеоларынан үзінділер ұсынылып ардагерлер, оқушылар мен көрермендермен сыр-сұхбат

құрды. Қойылған сұрақтарға ардагерлер әрқайсысы жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Осы күні ардагер Еркін Искаков ауған тақырыбына жазылған авторлық әндерін айтып, көрермендер қошеметіне бөленді. Сонымен қоса, ұстаздар мен оқушылар оның ішінде тарих пәнінің ұстазы Серік Имашұлы, Д.Мейрамова, А.Саинова, Э.Ахметова, А.Әубәкірова, Ә.Дәулен, Ә.Сағымбай, К.Мейрам, А.Серғазы өнерлерін ортаға салды. Шараның екінші бөлімі жоғары сынып оқушылары арасында «Ән айтып сапта жүру» және әскери-спорттық эстафетадан жарысқа ұласты. Сондай-ақ, ардагерлер дөңгелек үстел басында өткен күннің естеліктерін айтып, аталмыш шараға мұрындық болғандарға ризашылықтарын білдірді. Дариға БІЛӘЛОВА. БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Астана өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 31775 әскери бөлімінің кітапханашысы Т.Смағұлованың ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының «Ауғанстан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Хасеновпен кездесу өтті. Кездесуге 31775 әскери бөлімінің жеке құрамы мен 31775 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Т.Ташкеев қатысты. Кездесудің басты мақсаты – жастарды Ауғанстан соғысының ардагерлерімен таныстыру арқылы әскери, азаматтық борышты адал өтеуге, отансүйгіштікке баулу.

Кездесу барысында Талғат Хасенов «Ауғанстан соғысының ақиқаты» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада Ауғанстан жерінде болған соғыстың тарихи мағынасы туралы жан-жақты мәліметтер берді. Талғат Хасенов ерлік пен елдіктің өнегесін көрсеткен батыр жерлестеріміз жайлы тебіренісін жеткізіп, жеке құрам тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сондай-ақ, іс-шара соңында төраға әскери бөлім кітапханасына Ауғанстан соғысы туралы бірнеше кітапты ескерткіш ретінде табыс етті.

«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (100000, Бұқар жырау даңғылы, 53 анықтамалар үшін телефон 8 (7212) 50-71-19, факс 8 (7212) 507300, электронды пошта: karsport@mail.ru) Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Теміртау қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның негізгі қызметі: Тәрбиеленушілердің дене шынықтырусауықтыру және спорттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында,

ГУ «Управление физической культуры и спорта Карагандинской области» (100000, проспект Бухар Жырау, 53 телефон для справок 8 (7212) 50-71-19, факс 8 (7212) 507300, электронная почта: karsport@mail.ru) объявляет конкурс на занятие вакантной должности Руководителя коммунального государственного казенного предприятия «Специализированная детско-юношеская школа олимпийского резерва города Темиртау» Управления физической культуры и спорта Карагандинской области. Основная деятельность предприятий: Реализация образовательных учебных программ дополнительного

Д. Құрманғалиев.

қосымша білімнің білім беретін оқу бағдарламасын іске асыру, балалар, жеткіншектер және жастардың арасында олардың денсаулығын нығайту және дене шынықтыруды дамытуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыру. Кәсіпорын қызметінің мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, спорттың белгілі бір түріне балалардың қабілеттілігін анықтау, адамгершілікке, қайраттылық және жігерлі болуға тәрбиелеу. Басшының функционалдық міндеттері: кәсіпорын Жарғысына сәйкес коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның қызметін қамтамасыз ету және жалпы басшылық жасау. Конкурсқа қатысушыларға қойы-

образования с целью удовлетворения физкультурно-оздоровительных и спортивных потребностей обучающихся, осуществление физкультурно-оздоровительной и воспитательной работы среди детей, подростков и молодежи направленную на укрепление их здоровья и физического развития. Целью деятельности предприятия является: привлечение детей и юношей к систематическим занятиям спортом, выявление способностей детей к определенному виду спорта, воспитание физических, морально-волевых качеств. Функциональные обязанности: Общее руководство и обеспечение деятельности коммунального государствен-

Іс-шараны аталған мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері – Б.Қонақбаев, К.Кулькашар, П.Трофимчик ұйымдастырды. Қазіргі уақытта Серік Саматұлы Қарағанды облысы бокс мектебінің директоры. Қазақстан ұлттық құрамасының болашақ чемпиондарын тәрбиелеп жүр. Танымал спортшы балаларға жаттығудың тиімді тұстарын, тікелей, жанама ұру, жалтару, жалған қимыл сияқты әдістерді көрсетті. Қол-аяқты шынықтырудың тәсілдерімен бөлісті. Сондай-ақ, Олимпиадалық ойындар, халықаралық турнирлер барысындағы өзінің жауапкершілігін, алған әсерін баяндап, ұл-қыздармен ой бөлісті. Спорттағы қызықты әрі асқан жауапкершілікті қажет еткен сәттеріне көз жүгіртті. Сабақ өте қызықты және тартымды өтті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен оқушылар ұру техникасы бойынша физикалық әзірліктерін пысықтады. Шәкірттердің пікірінше, танымал спортшылардың қатысуымен өткізілетін осындай жаттығулар жас буынға күш-жігер сыйлайды. Бастысы, олар бокс-

Ауғанстан соғысының тарихи мағынасын ашу мақсатында «Қарағанды қаласының ОКЖ» КММ №8 кітапхана-филиалының оқу залында «Есімде ауғанстан соғысы» атты еске алу кеші өтті. Қала тұрғыны, интернационалист жауынгер Қайрат Құрымбекұлы арнайы қатысқан іс-шараға, №74 ЖББ орта мектебінің 6 сынып оқушылары атсалысты. Интернационалист жауынгер Қайрат Исымов майдан даласын-

«Арқаның өнердегі Азаматы еді...... »

Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2004 жыл, Грекия), әлем чемпионы, республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Серік ЕЛЕУОВ бокстан шеберлік сағатын өткізді.

пен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігін жақсы түсінеді. Жаттығу соңында оқушылар С.Елеуовпен ашық әңгіме құрып,

дағы жауынгерлердің ерліктеріне тоқталып, Отан алдындағы борыштарын адал атқарып, бүгінде туған жерде еңбек майданының шебінде жүргендігін сөз етті. Кеш барысында оқушылар ардагерге сұрақ қойып, оның өмірінен шынайы

танымал спортшыға сәттілік тіледі. Саматбек ҚАЛЫБЕКОВ, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

оқиғаларды қызыға тыңдады. Сонымен қатар, оқырмандар ерлікке байланысты өлеңдер оқыды. Бұдан кейін «Ерлер халық есінде» атты тақырыптық кітап көрмесі көрермен назарына ұсынылды. Айта кетейік, Сонау 1979 жылдың желтоқсан айынан бастап, 1989 жылдың 15 ақпанына дейін созылған он жылдық соғысқа Қазақстаннан 22 000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Өз тілшімізден. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

КОНКУРС

латын талаптар: Білімі – «Педагогика», «Заң», «Экономика» мамандықтарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) болу қажет. Дене шынықтыру спорт ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдаң кем болмауы немесе басшы лауазымында 5 жылдан кем болмауы тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақс-

тан Республикасының «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығымен бекітілген «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзе-

ного казенного предприятия в соответствии с Уставом предприятия. Требования к участникам конкурса: Образование - высшее (или послевузовское) по одной из следующих специальностей: «Педагогика», «Юриспруденция», «Экономика»; Стаж работы на руководящих должностях не менее 5 лет или наличие опыта работы в области физической культуры и спорта не менее 5 лет. Знание Конституции Республики Казахстан, Бюджетного Кодекса Республики Казахстан, «О налогах и других обязательных платежей в бюджет (Налоговый кодекс), Трудового Кодекса Республики Казахстан, законов Республики Казахс-

тан "Об образовании", «О физической культуре и спорте», "О языках в Республике Казахстан", "О правах ребенка в Республике Казахстан", «О противодействии коррупции», «О ратификации Международной Конвенции о борьбе с допингом в спорте», «О государственных закупках», учебно-тренировочного процесса спортсменов на различных этапах подготовки, утвержденный приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 ноября 2014 года за № 106 «Об утверждении перечня видов физкультурно-спортивных организаций и правил их деятельности, в которых осуществляется учебно-тренировочный процесс по подготовке спортивного резерва

ге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» әр түрлі дайындық кезеңіндегі оқу-жаттығу процесін, педагогика, психология және физиология негіздерін, Жарғыға сәйкес кәсіпорын қызметінің мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін білуі қажет. Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау,

и спортсменов высокого класса», основ педагогики, психологии и физиологии, других нормативно-правовых актов Республики Казахстан, регулирующих вопросы деятельности предприятия согласно Уставу. Конкурс проводится на основе Правил назначения и аттестации руководителя государственного предприятия, а также согласования его кандидатуры, утвержденных приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 2 февраля 2015 года № 70. Необходимые для участия в конкурсе документы: (заявление об участии в конкурсе, резюме на государственном и русском языках, автобиография,

Семинар «Айналайын» бөбекжайының жоспарына сай, музыка жетекшісі Марс СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ұйымдастыруымен «Балалардың шығармашылығын дамытудағы ұрмалы аспаптардың рөлі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс-шараға білім бөлімінің әдіскері Әлия Қалымбайқызы және қаланың барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, музыка жетекшілері, жас мамандар және бөбекжай тәрбиешілері қатысты. Семинарды «Айналайын» бөбекжайының директоры А.Күлмағанбетова ашып берді. М.Сүлейменов қонақтарды шаттық шеңберіне тұрғызып, әріптестеріне жылы лебіздерін білдіре отырып, өздерін таныстырудан бастады. Әрі қарай осы салада 20 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан маман ұрмалы аспаптардың шығу тарихынан

мағлұмат берді. Және сабақта сол ұрмалы аспапты пайдаланудың тиімді тұстары жайлы әріптестерімен ой бөлісті. Ұрмалы аспаптың дыбысы арқылы баланың әуенді дұрыс есту, қабылдау, ырғаққа қосылып ән салу қабілеті дамитынын айтты. Баяндамадан соң сергіту сәтін ұйымдастырып, келген қонақтарды қатыстыра отырып, «Қазынаны тап» ойынын ұйымдастырып, сол ойынның шарттарын орындау барысында әдемі әндер орындалып, нотаны тап ойындары ойнатылды. Музыка ханшайымы қонаққа келіп, әсем ән тарту етті. М.Сүлейменов өзінің расында бес

5

аспап екенін түрлі ұрмалы аспаптарда кезек-кезек қатар ойнап, сонымен қоса, тұяқтың дауысын ауызбен сала отырып дәлелдеді. Семинар соңында қатысушылар өздерінің пікірлері мен жылы лебіздерін айтты. Жас мамандарға да сөз беріліп, олар алған әсерлерімен, тәжірибелерімен ой бөлісті. Семинар өте қызықты, жоғары деңгейде өтті. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, балаларға ән салуды үйретуден жалықпай, облыстық, республикалық, халықаралық жүлдегер балаларды дайындап, бөбекжайымыздың, қаламыздың атын асқақтатып жүрген ұстаздардың бірі – Марс Әбуұлының осы саладағы еңбегі зор. П.НҰРШАЕВА, «Айналайын» бөбекжайының хореографы. ПРИОЗЕРСК қаласы.

2017 жылдың 13 ақпанында созылмалы айықпас аурудан Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ кентінің мәдени-сауық орталығының жетекшісі дүниеден озды. Нұрлан Кәріпжанұлы 1961 жылы 6 ақпан күні Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында дүниеге келді. 1997 жылы аудандық мәдениет бөлімінде испектор қызметін, 1999 жылдан бастап Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы мәдениет Үйінің директоры қызметін атқарды. Ауыр жекешелендіру жылдары Нұрлан Кәріпжанұлының жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мен жігерінің арқасында мәдениет Үйі сақталып қалып, қазіргі таңда 2 «халықтық» ұжым: Тәттімбет атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі мен халықтық драмалық театры және 10 шығармашылық ұжымдар қызметтерін жүзеге асырып, аталмыш ұжымдар іс-сапармен Германия, Болгария, Ресей (Курган қ-сы) және т.б. мемлекеттерінде өз өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар және мерейтойлық іс-шараларға белсене қатысып, облыстық конкурстардың жеңімпаздары атанды. Мәдениет және өнер саласына қосқан орасан зор үлесі мен жоғары жетістігі үшін «Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» номинациясы бойынша Қарағанды облыс әкімінің Сыйлығымен марапатталып, Нұрлан Кәріпжанұлының басшылығымен мәдени-сауық орталығы «Үздік ауылдық мәдениет Үйі» облыстық конкурсында І дәрежелі Сыйлық иегері, сонымен қатар «Мәдениетті ауыл» Республикалық конкурсының дипломанты атанды. Қарағанды облысының мәдениет және өнер қызметкерлері мен облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарының толықпас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Топырағы торқа, жаны мәңгілік жәннатта болсын! Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Еске алу Шет ауданы Қарабұлақ ауылының тумасы әкеміз Жаңбырбай (Қозыбай) ИсатайұлыНЫҢ өмірден озғанына 26 ақпан күні бір жыл толады. Әкешім-шаңыраққа болдың пана, Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға. Амал не, жоқсың бүгін арамызда, Сағындық, Әке сені баршамызда. Асқар әке, өзіңдей жан қайдан болсын, Рухың биік қабірің нұрға толсын. Қимаймыз-ау қайтеміз тағдыр солай, Сағындырам деп пе едің дәл осылай. Артта қалған ұрпағың аман болсын, Мінгенің пырақ, қабірің нұрға толсын. Дұға-құран бағыштаймыз күн сайын, Төгілсін қабіріңе Алла нұры. Жайдары, жарқын бейнесі мәңгілікке жадымызда сақталмақ. Қабірі дұғаның нұрымен нұрланып, Рухы жұмақтың төрінде болсын деп, Құран бағыштаймыз. Адал пейілі нұрында шалқысын. Сағынышпен еске алушылар: жұбайы – Күлпара, бауырлары, балалары, немере-шөберелері. P.S. Әкеміздің рухына бағышталған жылдық асы 26 ақпан күні сағат 13.00-де Қарағанды қаласындағы Жаңа мешітте беріледі. Асқа туғантуыс, құда-жекжат, дәмдес болған, көз-көрген жора-жолдастардың бәрін шақырамыз. №71

«Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясы» ЖШС ұжымы газет қызметкері Ботакөз Ахмадиеваға және Қарқаралы ауданы мәдениет және ішкі саясат бөлімінің басшысы Раушан Жылтыбаеваға нағашылары Нұрлан Кәріпжанұлының қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының негізінде өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: (конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған резюме, еркін түрде жазылған өмірбаян, білімі туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының (бар болса) немесе жеке еңбек шартының немесе соңғы жұмыс орнына қабылдаған және жұмыстан босатқан бұйрықтардың көшірмелері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген денсаулығы туралы анықтама, республикалық бұқа-

изложенная в произвольной форме, копии документов об образовании, копии трудовой книжки (при ее наличии) или трудового договора, либо выписки из приказов о приеме и прекращении трудового договора с последнего места работы, справку о состоянии здоровья по форме, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 «Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения») должны быть представлены в течение 15 календарных дней со дня публикации данного объявления о проведении конкурса в республиканских средствах массовой

ралық ақпарат құралдарында («Заң газетінде») конкурс өткізу туралы аталған хабарландырудың соңғы басылым күнінен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде тапсырылуы тиіс. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелерін, алдыңғы жұмыс орнының басшысынан кепілдеме т.с.с.) тапсыра алады. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуді конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалар тізімін бекіткен күннен бастап он күнтізбелік күннің ішінде Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында өтеді.

информации («Юридическая газета»). Участник конкурса может представить дополнительную информацию, относительно его образования, стажа работы, уровня профессиональной подготовки (копии документов о повышении квалификации, присвоении ученых степеней и званий, научных публикации, а также рекомендации от руководства с предыдущего места работы и т.п.). Кандидаты, допущенные к собеседованию, проходят его в Управление физической культуры и спорта Карагандинской области в течение десяти календарных дней со дня утверждения списка лиц, допущенных к участию в конкурсе. №82

Әлтеке Дос батырдың ұрпағы, ғасыр жасын көрген еланамыз Бибіжан ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты бауырымыз Мейірхан Тәтибекұлына анамыздың көрмеген көшесінен жарылқасын деп көңіл айтамыз. Анамыздың алды – пейіш, арты кеніш болсын. Елубай Баймағанбетов, Оралбек Жүнісұлы, Төрехан Майбас, Нұрдос Кәрім. №83 Ақтоғай ауданының әкімдігі «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы» ММ басшысы Мейірхан Тәтибекұлы Тәтибековке анасы Бибіжан Әбдірахманқызы ЖҰМАБЕКОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 09.02.2017 жылғы ұйғарымымен «SILICIUM KAZAKHSTAN» («СИЛИЦИУМ КАЗАХСТАН») ЖШС-нің банкроттығы туралы шешіміне қатысты азаматтық іс қозғалды. №79

жарамсыз деп танылсын

Маканаев Ербол Асаубаевичтің атына берілген жеке куәлігі және жүргізуші куәлігінің жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын. №84


6

РУХАНИЯТ

16 ақпан, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Қазақ сахна өнерінің белгілі қайраткері Қайрат КЕМАЛОВ – 60 жаста

ҚАЙНАР БАСТАУЫ

Таң ата Қарағандыдан Жезқазғанға қарай бет алған шетелдік жеңіл автомашина тоқтамастан жүйткіп отырып, Жаңаарқа ауданы орталығының шет жағындағы май құю бекетіне тоқтап, машинаға жанармай толтырып алып, ешқайда соқпастан жүрістерін әрі қарай жалғастырды. Орталықтан шыға бере батысқа қарай тартқан тақтайдай жолмен зымырай жөнелмей, оң қанаттағы төбешік басындағы алыстан көз тартатын күмбезге баяулап келіп тоқтап, төбесіне аяңмен көтерілді. Жол бойы үн қатпастан көзін жолдан алмай, қатулы отырған батыр тұлғалы қайсар жігіт, ақ мәрмәрдан орнатылған ескерткіштің жанына жете бере тізерлей отыра кетіп, қасындағы жарынан жасаураған көз жасын жасырмастан: «Кешір, Ағатай, жолым түспей басыңызға көптен келе алмай қалдым, кешір», – деп өкінішпен сағыныштың тасқыны өзегін өртей дірілдеген даусымен булыққан көз жасы төгіліп қоя берді. Құлпытасқа маңдайын тигізіп ұзақ отырған соң, өксігін басып, ескерткіш тақтадағы суретінен өзіне ойлана қарап отырған Ақаңның (А.Сейдімбеков) жансыз көз жанарына көзі түскенде: «Өзекті сөзін айтуға осылай қырандай қомданып, мөлдір көз жанарымен өзіңді баурап алушы еді-ау», – деп еске алды. Орнынан тұрып айналаға көз тастап: «Мені алғаш Қарағандыға мектеп-интернатқа алып бара жатқанда осы төбеге тоқтап, маған осы маңайдың біраз тарихын айтып еді. Оғанда тура 45 жыл болып қалыпты-ау», – деп көзін батыс жақтағы кіндік қаны тамған ауылы Ақтүбекке қадап, қайта оралмас тәтті балғын шағын еске алып, ұзақ тұрып қалды. Ия, ол сағым жылдар енді қайтып оралмайды... ...Әкесі Кемал совхоздың қойын бағатын. Мамыражай жаздың ортасында өрісте қой бағып жүрген Қайратқа тетелес інісі Жақан жайдақ атпен жетіп келді. Жасы кіші болса да, еркеліктен ағасына өктем сөйлейтін бауыры: «Қаладан ағатайым келді. Семіз тоқтының бірін алдыма өңгеріп бер, көкем тез кел деді», – деп асығыстығын білдіре бұйыра сөйледі. «Ендеше, сен отарды қайыра тұр, мен тоқтыны апарып ағатайыма амандасып қайтып келейін», – дегенде, ат үстінен түспей отырған інісі: «Ия, сен барған соң қайтып келерсің», – деп қасарысып отырып алды. «Олляхи-билляхи қайтып келемін» деп жалынса да, көнбей қойды. Қиқар бауырының көнбесін білген Қайрат амалсыздан семіз тоқтының бірін ұстап, аяғын мықтап матаған күйі інісінің алдына өңгеріп беріп тұрып, бүгін жайлауда қонатынын естігенде, інісіне деген ашуы тарап, күннің батуын тағатсыздана күтті. Күн ұзаққа жаттаған сүйікті ақыны Төлеген Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңін қайта-қайта есіне түсіріп, ұнағаны сонша, бар даусымен ағып жатқан Сарысудың дірілдеген толқындарымен жарыстыра айналасына жар салды. Бойына бір қуаныш ұялап, таудан құлаған өзендей көңілі тасып, ән салғысы келді. Радиодан естіген жерлес әнші ағасы Қайрат Байбосыновтың орындауындағы Ақан Сері, Біржан салдардың әндерін, бірінен соң бірін айтып, сөзін білмесе де әнін әуелетіп, ауылға қайтатын уақыттың болып қалғанын сезбей қалыпты. Отарды иіріп алдына салып, үйге қарай айдай жөнелгенде, бір бүйірден өзіне жақындап келе жатқан аттылыны көреді. Басындағы тақия, үстіндегі шапанына қарап, ауыл адамдарының бірі шығар деп, көңіл аудармай, үйге тез жетуге асыққан қойшы бала діттеп келе жатқан бейтанысқа көңіл аудармады. Туған жерді сағына жеткен дарынды журналист «Лениншіл жастың» /қазіргі «Жас алаш»/ Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі Ақселеу Сейдімбеков жайлаудағы қойшы ағасы Кемалдың киіз үйіне ат басын тіреген соң, амандық-саулық сұрасып, сары қымызды сіміре тартып, көңілі жайланған соң, ағатайының күнге қақталып өңі кеткен ескі шапанын киіп алып, үй маңындағы атқа жайдақ отырып, аңсаған даласына серуенге шыққаны осы еді. Сарысудың таяз болса да, мөлдір суының ағысын қызықтап келе жатқанда құлағына әлдеқайдан таныс ән жетті. Әуені таныс болғанымен, орындаушысы – бөлек. Жазық жайлау төсінде күн төбеден сәуле шашып, қыздырып тұрғанда, «Жайлаукөл кештері-ай» деп ән салып, жүрген «кім болды екен-ау» деп қараса биік шилердің арасында қой соңында атын тұсап қойып, бар даусымен қойларға ән салып жүрген бауыры Қайрат екен. Әнді көңіліне хош алғаны сонша, жасырынып отырып тыңдай бергісі келіп, атымен жыраға түсіп, әрі қарай бақылай бастады. Бір уақытта қойшы бала концертін өлеңмен жалғастырды. Мұхтар Шахановтың «Танакөз», Қасымның «Туған жерін», Мұқағалидың әдемі поэмасын бастап, шорт үзіп тастап, «концерттен» жалығып, жан-жаққа бытырап кеткен қойларын жинауға жүгіріп бара жатқан бауырын көріп, үзіліп қалған шаттық ләззатының жалғасын естігісі келіп, шыбындап тұрған атына мініп, ештеңе көрмегендей, бір бүйірінен шыққаны осы еді. Бала Қайрат бейтаныс жолаушыға анықтап қараса, күлімдеп тұрған ағатайы Ақаң екен. Қуанғаннан атынан секіріп түсіп, амандасып жатқан бауырының көңіліне риза болған Ақаң өзі де аттан түсіп, құшағына ала маңдайынан сүйіп: «Ау, өзің әнші екенсің ғой, дауысың даланы жаңғыртып жартасқа соғылған толқындай құлақтың құрышын қандырды», – дегенде Қайрат «қайдан естідіңіз?» деп қызарақтап қалды. Бауырының бойындағы буырқанып жатқан рухани қайнардың көзін дәл тапса, ен даланы тамсандыра сылдырлап аққан мөлдір бұлақтай алысқа кететін түрі бар екеніне көзі жетті. Сол түні жайлау төрінде отырып сегізінші класты бітірген Қайраттың оқуын

режиссері Жақып Омаровты жақсы білетін ағасы Ақселеу бір жапырақ қағаз жазып, Қарағандыға қайтарды. Сахна реформаторы К.Станиславский «Актер сахнада ойнамау керек, өмір сүруі қажет. Сонда ғана образ шынайы көрерменге беріледі. Шынайылыққа жету үшін актер көру, есту, бағалау, ойлану секілді қағиданы басты назарда ұстауы тиіс» дейді. Қайрат болса оқып қана қоймай, таңшолпан жұлдызындай бетке ұстап сахнада іске асырып, актерлік шеберлігінің өрісін кеңейтіп жүрген дарабоз тұлға. Актерлік қабілетті молынан ашатын, диапазонының қаншалықты кең екенін көрсете алатын, әлемдік драматургтер: Еврипид, Шекспир, Брехт, Чехов, Гоголь, Әуезов, Айтматов, Мүсірепов шығармаларын айтпағанның өзінде бүгінгі күн тақырыбына жазылған шығармаларда, әсіресе, О.Бөкейдің «Жетім бота» драмасындағы өмір өрнегін тек суретші көзімен көргісі келетін арманшыл Тасжан, Айтматовтың «Ақ кеме» драмасындағы күнінің өткеніне ғана мәз Құлыбек, Ә.Оразбеков­тің «Бір түп алма ағашы» драмасындағы біресе жайдары

жетістіктерге жетіп жүр. Актер шеберлігінің ерекшелігі – роль талғамайтын үлкенді-кішілі демей творчестволық ізденіспен келуінде. Қайраттың творчестволық жеңісі эпизодтық кейіпкерінің өзіне терең талдау жасап, өткен өмір жолын зерттеп, кішкентай рольден үлкен кейіпкер сомдай білуінде. Айтулы еңбектерінің бірі Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» драмасындағы (инсценировка авторы Қ.Ысқақов) Артықбай образы. Кезінде ел қорғаған батыр, Есенейдің үзеңгілес замандасы жауларының найзасы ұшынан мертігіп, сал болып отырып қалған Артықбай, сахнада жүріп тұрмаса да бүкіл болмысымен, жан-дүниесінің беймаза арпалысын, ішкі күйзелісін сараң қимылдармен, көз жанарымен, дауыс ырғағымен шебер жеткізеді. Артықбайдың батырлығына, ақылдылығына, шешендігіне сенесің. Сахнада көсіле ойнаған шабыт шалқарына шомылған кейіпкерлерінің бірі – М.Әуезовтің «Қараш-қараш» повесі бойынша жа­зылған Қ.Ысқақовтың «Таңғы жаңғырық» драмасындағы Бақтығұл. С.Чокморовтың

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ

жалғастыруға не совхоз орталығы емес, не аудан орталығындағы интернат емес, Қарағанды қаласындағы №2 мектеп-интернатқа оқуға орналастыруды өз мойнына алып, Ақаң ертеңінде Қайратты жетектеп қалаға алып кетті.

ЖЫЛҒАСЫН ТАПҚАН АҚБҰЛАҚ

Өнерге іңкәр, талабы таудай болатын. Асқақ арманына жетуге ынтық, тұнық көз жанарынан білуге деген құштарлығы алаулап тұратын. Елгезек мінезімен, әншілік өнерімен ұстаздарының көзіне бірден түсіп, жоғары сынып оқушыларының арасынан қара үзіп дараланып шыға келді. Әсіресе, мәнерлеп өлең оқуымен бәрін таңдай қаққызды. Сол кезде №2 мектеп-интернаты мен (қазіргі Нұрмақов атындағы гимназия) С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының байланысы өте жақсы болатын. Қайраттың болашақ мамандық таңдауына №2 мектеп-интернаты көп тәрбие берді. Бірде репитицияға барғанымда қазақ әдебиетінің мұғалімі Мәпіш Шәріпова апай кездесіп қалып, амандық саулықтан соң «Кеңес, айналайын, бізде тоғызыншы класта Кемалов деген өте өнерлі бала бар. Даусы жақсы, ән де айтады, өлең оқуы ерекше. Тәрбиелесе жақсы әртіс шығады, өзі бойшаң. Қолыңа алып тәрбиелеп, консервоторияға оқуға жібер, өкінбейсің. Қазір Сара Балхашеваның кабинетінде өлең айтып отыр. Барып тыңдашы» деп өтінгені. Оқу бөлімінің меңгерушісі Сара апайдың кабинетіне бардым. Өлең айтуы ұнаған соң, өлең оқуын өтіндім. Төлеген Айбергеновтің «Сағынышын» оқып, шалқамнан түсірді. Күтпеген едім. Тағы да өлең оқуын өтінгенімде, Мұхтар Шахановтан құйқылжытты. Өлең оқығанда шабыттанып, қуатты құлшыныспен оқитыны әсерлі. Бір кезде оң қолын көтеріп жіберіп, жұдырығын түйе екпінмен аяқтағанда риза болғаным сонша, қолымды шапалақтап жіберіп «Давай, Консервоторияға дайындал! Жақсы әртіс шығады. Онда көбіне бойы ұзын дикциясы жақсыларды алады. Сен барлық жағынан келіп тұрсың» деп ризашылығымды білдірдім. Өзі де өнерге ынтық жас екен «Аға, тағы не оқуым керек? Қандай сабақтан экзамендер?» деп кездескен сайын тағатсыздана бәрін білгісі келіп мазалай беретін. Сол кезде білгенімді айтып, жөн сілтегенімді бұл күнде мақтаныш көрем. Атам қазақ «Бұлақ көрсең көзін аш» демеуші ме еді?! Ұстаз болып сабақ бермесем де, қайнар бұлақтың көзін ашып, жылғалай ағып өнер арнасымен адаспай үлкен өзенге құйылуына септігім тигеніне қуанамын. Сол жылы Алматыдан профессор Р.Қанабаева актерлік факультетке үміткер таланттарды іздеп келе қалғаны. Мен бірден №2 мектеп-интернатына алып барып, Қайратты таныстырдым. Қырағы көз ұстазға Қайрат бірден ұнады. Міндетті түрде оқуға келуін өтінді. Сол жылы таңдаған үш жігіттен Қайрат қана барлық сыннан өтіп, студент атанды. Және де жолы болғаны – халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, профессор Ыдырыс Ноғайбаевтың «шеберханасына» тап болды. Қайрат та, ұстазы секілді батыр тұлғалы, даусы зор, қуатты (темпераментный) актер болып шықты. Кейбір рольдерінде (масайрай күлген сәттерінде, көзін аларта таң қалған кездерде, ебедейсіз қорбаңдап, ренжіген уақыттарында) ұстазын еске салады. Әрине, бұл еліктеу, қайталау (копировать) емес, ұстазының

таңғажайып кейіпкерлерін көріп, алған сабағы, жақсы артист болуға тырысқан әсері. Өмірден өткен ұстаздарының сахнадағы көзіндей, асылдың сынығындай сағыныш тарқатып жүрген дарабоз тұлға. Қайрат Кемалов – шын мәнінде, ұлттық сахнадағы өте сирек кездесетін талант иесі. Бойы да, ойы да, ішкі жан дүниесі де, білімі де, адами қасиеті де бар болмысымен сахна үшін жаратылған жан.

ӨНЕР ТОЛҚЫНЫ

Қайрат Кемаловтың шарықтауына шабыт берген ұлы драматург В.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясындағы – Петручио. Катаринаның қырсық мінезіне «тұсау» салатын Петручионың аңқау да алғыр, ширақ та икемсіз, аңғал да өткір мінезін сахнада еркін сомдап, ұстаздары мен комиссия мүшелерінің көңілінен шыққан Қайрат қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына жолдама алады.

жампоз, ал ашуланғанда ағашты түбімен қопарып жіберетін дүлей қара күш иесі, енді бірде қанаттанып лепіре сөйлеген мақтаншақ, арзан күлкімен айналасын аузына қаратқан «білгішсымақ», ал жеме-жемге келгенде «табанының бұдыры» жоқ қара басынан басқа ешкімге жақсылық ойламайтын Зарқымбек образдары С.Станиславский атап көрсеткендей, көру, есту, бағалау, ойлану компоненттерінің бір жерге түйісіп, актер шығармашылығының шеберлік шыңын бағындырудағы еңселі кейіпкерлер.

ӨНЕР ТЕҢІЗІНІҢ АСАУ ТОЛҚЫНЫНДА...

Қайрат – ұстаздарынан алған білімін, өзінің бойындағы дарынын, жылдар бойы шыңдалған шеберлігін жас талапкерлерге үйретіп, дәріс беріп жүрген ұлағатты ұстаз. Бижамал екеуі Тәттімбет атындағы өнер колледжінде актер

сомдауында кино арқылы әлемге танылған образды театр сахнасында ойнау қандай актерге болсын оңай шаруа емес. Өйткені С.Чокморовтың талантына тәнті, әсіресе, Бақтығұл образына ерекше сүйсінген көрермен сахнада сәл мүлт кетсе, қабылдамай қоюы әбден мүмкін еді. Бірақ, дарынды режиссер Ә.Оразбеков осы спектакльде де актер таңдауда көрегендік көрсетіп, Бақтығұлды Қайратқа, Жарасбайды Р.Баймағамбетовке жүктеп, қойылымды алып шықты.

ТҮПСІЗ МҰХИТ ТӨСІНДЕ

Қайрат пен Бижамал – ұлттық тәрбиенің уызына жарыған, кейінгілер үлгі алатын өнегелі отбасы. Бабалардың жақсы қасиеттерін алып, ұлттық салт-дәстүрдің мәйегін еміп, рухани байлығымыздың інжу-маржандарын теріп, ана тіліміздің сүбелі сыбағасынан асап, адалдық пен азаматтықты, сыйластық пен парасаттылықты бойларына сіңіріп қоймай, айналасына шуақтай нұр шашып, елге жылылық қуанышын сыйлап жүрген абзал жандар. Аймағымыздағы мәдени шаралар, мерекелі күндер Қайрат пен Бижамалсыз өтпейтіні рас. Қайраттың төске ұрған балғадай күмбірлеген даусы, шешен тілі, көркем жүрісі адамдарды баурап алса, Бижамал келін түсіру, бесікке салу, тұсау кесу, тоқымқағар сияқты ұлттық дәстүрлерді жетік біліп, әдемі жасай білуімен

Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 91-04-52; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz

Таңғажайып таланттар еңбек ететін ұжымға ену – жас артист үшін үлкен бақыт әрі зор сенім еді. Алайда, алғашқы күндерден-ақ сахнадан табылып, эпизодтық рольдермен шыңдалып келе жатқан тұста, алыстағы Ақтүбектегі әкесі Кемал өмірден озады. Арқаның ақ түтек бораны апталап соғып, бір жұмадай кешіккен, жол азабын тартып, әкесінен айрылған, ұнжырғасы түсіп қайтып оралған Қайрат, сұранбай кеткеніне ренжіген театр басшылығы «құстың қанатынан жолдаған сәлеміне» қанағаттанбай, жұмыстан шығару жөнінде шешім шығарғанын естиді. Ол кезде заң қатал. Енді не істеу керек? Жағаға шығып қалған балықтай аласұрды. Радио, телеарналарда дикторлық, режиссерге ассистенттік жұмыстар табылды. Бірақ, көңілі соқпады. Аңсары сахнаға ауды да тұрды. Елге... Қарағандыға қайту керек. Қарағанды театрының бас

шеберлігінен, сахна тілінен, театр тарихынан көп жылдан бері сабақ беріп, болашақ сахна қайраткерлерін өнерге баулып, тәрбиелеп, бағыт-бағдар беріп, бойындағы таланттарын ұштап, балауса қанаттарын қатайтып, өнер көгіне ұшырып жүрген дәріскер жандар. Шәкірттері Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан театрларында сүбелі еңбек етіп жүрсе, кейбірі Алматы, Астана, Бішкек өнер Академияларында оқуларын жалғастырып, өнердің әр саласында мардымды білімдерімен көрініп жүрген өнер қайраткерлері. Қайрат та, Бижамал да – сирек таланттар. Қайрат Абай, М.Шаханов, Т.Айбергенов, М.Мақатаев, Қ.Мырза Әлі өлең-поэмаларын күңіренте оқығанда тыңдаушысын тебірентіп, поэзияға деген делебесін қоздырып жібереді. Сондықтан да, бұлардың шәкірттері поэзияға құштар әрі мәнерлеп оқуда үлкен

елді қуантып жүр. «Жақсыдан – шарапат» деп ел қуаныш тойларының тізгінін екеуіне беруді мәртебе, мақтаныш көреді. Әлі күнге дейін асығыс, таусылмаған жол... Ақселеу ағасының көрсеткен жолы... Таусылмаса екен. Әлі бітпеген істер, алынбаған асулар бар. ...Сарыарқаның төсінде жердің апшысын қуыра жүйткіген сүліктей қара шетелдік машина. Жер дөңгеленіп артта қалып жатыр, өткен өмір жолдарын қиял қанатымен шолып өтіп, келер күнге үмітпен ұмтылып асығып келеді. Жол әлі алыс... Күн қысқа... Асығу керек. Кеңес ЖҰМАБЕКОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Таралымы 18 100 дана №19 Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 6аспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru

Хоккей

Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15.

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы ресейлік «Рязань» командасынан басым түсті.

Алғашқы болып жерлесіміз Тигран Манукян «Рязань» хоккей клубының қақпасына шайба салды. Ойынның екінші бөлігінде есеп ашылмады. Ал, үшінші кезеңде қарсылас команданың ойыншысы Кирилл Старцев шайба

тоғытып, таразы басын теңестірді. Көп ұзамай, «Сарыарқаның» саңылақ ойыншылары Александр Юксеев пен Даниил Ердаков ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып, бір-бір шайбадан соғып, есепті еселеді. Кездесу соңында

есеп – 3:1 болып «Сарыарқаның» пайдасына шешілді. Айта кетейік, ЖХЛ тұрақты маусымының турнир кестесіне сай, «Сарыарқа» 17 ақпан күні Чехов қаласының «Звезда» хоккей клубымен кездесетін болады.

Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Аяулым СОВЕТ КОРРЕКТОРЛАР 1,2,6 беттер – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 3,4,5 беттер – Ж.АХМЕТОВА

16 02 2017  
Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you