Issuu on Google+

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті ♦ СЕНБІ, 14 ҚАҢТАР, 2017 жыл №5 (22 312) ♦

www.ortalyq.kz

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Жағымды жаңалық

«ҚАЗАҚТІЛДІ КӘСІБИ ЖУРНАЛИСТЕР» қоғамдық бірлестігі құрылды Мирас АСАН, «Орталық Қазақстан» Ұйым, ең алдымен журналис­ тердің кәсіби тұрғыда жан-жақты дамуына, білімін жетілдіруіне және бәсекеге қабілеттілігіне ық­ пал етуді көздейді. Еркін алаң­ дағы ашық пікір мен сауатты сын айту жаңа бірлестіктің негізгі бағыты болмақ. Бірлестіктің келесі діттегені – қазақ журналистерінің қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешудегі еңбектерін, өзге де кәсіби жетістіктерін дәріптеу. Әрі журналистердің қазақ тілінде ақ­ парат алу мүмкіндігін кеңейту және олардың жұмыстарын жеңілдету жолдарын қарастыруға талпынады. Мәселен, кейбір мемлекеттік мекемелер әлі күнге дейін қазақ тілінде сауатты ақпарат тарата алмайтыны ешкімге жасырын емес… Бірлестік мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар және қаржылық институттармен бірлесіп тақырыптық дәрістер

өткізу арқылы журналистердің са­ лалық білім деңгейін көтеру­ге, маңызды ақпараттарға қол­жетім­ ділігін арттыруға ықпал­да­сады. Бүгінгі заман талабы – білім, біліктілік, бәсекеге қабілеттілік. Осы талаптардың үдесінен шығу үшін ақылдаса отырып, бір­ лесе әрекет етуде қазақ жур­на­ листеріне ортақ алаң қажет екені рас. Бірлестіктің мақсаты – қазақ журналистерінің кәсіби деңгейі мен мәртебесін көтеру. Ұйым 70ке жуық журналистің қолдауына ие болды. Мүшелікке тіркелгендердің дені бұқаралық ақпарат құрал­ дарында, ақпарат таратудың өзге де саласында қызмет ететін мамандар. Құрылтай алқасында әріптес, есімдері елге кеңінен таныс Мөл­дір Бақытқызы, Айнұр Омар, Индира Тұрсынбай, Кенжекей Тоқ­тамұрат, Ақмарал Баязитова, Алдаберген Кемпірбаев, Айжан Ілияс, Әсем Қабылбек, Әлия Әшім, Жанболат Серікбай сынды журналистер бар.

Баспасөз мәслихаты

АЛДА – АУҚЫМДЫ ІСТЕР Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Бұқар жырау ауданында Қарағанды кешенді қорытпалар өндіру зауыты салынады. Бұл жөнінде Бұқар жырау ауданының әкімі Нұркен ҚОБЖАНОВ ай­мақтық коммуникация­лар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, «Сарыар­қа» арнайы экономикалық ау­ма­ғында 73 млрд. теңгені құрайтын 1000ға тарта жұмыс орынын ашуға мүмкіндік бе­ре­тін зауыттың ірге тасы қа­ланбақшы. Ауданда көмір, барит концентратының, мыс ру­ дасының қоры мол. Сонымен қоса, ауданда жер қойнауынан алы­натын шикізат та жеткілікті. Атап айтқанда, компаниялар әктас, құры­лысқа қажетті құм мен қиыр­шық тастарды өнді­румен айналысады. 2016 жыл аудан үшін та­бысты жыл болыпты. Өнер­кәсіп кешені, аумақтағы кәсіп­ор­ындардың, орта және ша­ғын бизнестің кірісі кө­ бейіп, аудан­ның экономикалық өсімі артып, 2,5 млрд. теңгені құраған. Өңірдің өркендеуіне үлес қосып отырған 2703 шағын кәсіп субъектілері құны 11 млрд. 311 млн. теңгені құрайтын өнім өн­ дірген. Сонымен қатар, аудан ау­

мағында республикалық әлеу­ еттік қаржылай көмек көр­сететін «Өрлеу» қанатқақты жобасы қолға алынған. Өткен жылы «Өрлеудің» «Келісілген ақшалай көмек» жобасына 6 отбасы қатысқан. Бұған жергілікті бюджеттен 880 мың теңге бөлінген. Биылғы жылы аталмыш жобаға 1 млн. 960 мың теңге қарастырылған. Елбасының отандық өнімді өндіруді ұлғайта түсу туралы тапсырмасына орай, үстіміздегі жылы ірі қара мал етінің экспорттық әлеу­е­тін арттыру және ет-сүт өң­деу орталығын құру ісі қолға алынған. Ауыл шаруа­ шылығы саласында кооператив құру бойынша жұмыстардың атқарылып жатқандығы бар. Журналистер қойған сұрақ­ тарға толымды жауап қайырған Н.Қобжанов алдағы кезеңде іске асыратын жұмыстарды да құ­ лағдар етті.

Көрменің басталуына

Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан»

147

Қарағандылық боксшы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік СӘПИЕВ Алматыда өтетін ХХVІІІ Қысқы Универсиада ойындарына орай салынған «Атлеттер ауылының» әкімі ретінде тағайындалды. Бұл ауылда Универсиадаға келген шетелдік делегаттар мен еріктілер орналасады. Олимпиадалардағы дәстүрге сәйкес, «Атлеттер ауылдарының» басшылығына бел­гілі спортшылар таңдап алынады. Бұл жолы таңдау Серік Сәпиевке түсіпті. Аталған ауыл Қысқы Универсиа­ далар тарихында тұңғыш рет тұр­ ғызылып отыр. Қызмет бағыты бойынша Олимпиада ойындарындағы спортшылар қалашығына ұқсас. Серік Сәпиев осында келетін делегаттарды қарсы алып, салтанатты рәсімдерге басшылық жасайды. Бұдан бөлек, қонақтардың бар­ лық тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз етіліп, жайлы жұмыс іс­ теп, демалуын міндетіне алады. Бұл ауылда 3 мыңнан астам делегат орын тебеді деп күтілуде. Спортшылардан өзге, Ресей, Украина, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ және басқа да елдерден жүз шақты еріктілер қоныстанады. «Атлеттер ауылының» жалпы сый­ымдылығы – 5 мың адам. Ауыл­ дың ашылу салтанаты 24 қаңтарда өтеді. Универсиада ойындарын ойда­ ғыдай өткізуге тиісті шаралар тізбегі қапысыз қарастырылуда. Соның бірі – қармен қамту мәселесі. Қармен қамту шараларына ұй­ ымдастырушылар жіті дайындалуда. Себебі, ауа райын болжау­шылардың

күн қалды

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан»

ақпаратына сүйенсек, ақпанның басында Алматыда күн жыли түспек. Универсиаданы ұйымдастыру дирекциясы бұл проблеманы жоюға алдын ала қам жасап қойғандығын жеткізді. Дирекция басшысының орынбасары Нұржан Әбілхайырдың мәлімдеуінше, қар жеткіліксіздігін жою мақсатында бірнеше жоспарлар тү­зіліп қойған. Жарыстар өтетін 4 спорттық ны­­санда қар міндетті түрде болуы

қа­жет. Бұлар – «Алатау» шаңғыбиат­лон кешені, «Табаған» кешені, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты және «Сұңқар» трамплин кешені. Басшылық тарапынан нысандарды қармен қамту жүйесін жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүргізілді. Қосымша суды жеткізу және тазарту желілері жаңартылып, гидранттар, су сорғылар мен жасанды қар бүркетін зеңбіректер қойылды. Күн жылып кеткен жағдайға да

Қылмыс

Жоба

Нұрдос КӘРІМ, н» «Орталық Қазақста

ды жетілдіру әкімдік аялдамалар н ры бұ л жы еткен. рты Осыдан жа нды­лықтарға уәде йтындығын қараға ста ба н аялты сты ла ты мы жұ лы а бойынш әкімдігі жабық жы а қал йін де жаз на лы ңы ндай қыста жы , Қаңтар айының со рлады. Белгілі болға ба інші ха бір ын ең ығ а нд ам ты лд ла дамалар са іске қосылатын ая сы ғы ыл құр ын тат мезгілінде салқында ы. асына тұрғызылмақш аялдамалар «Боулинг» аялдам қ, жылытылатын бы жа н нға ла ар сп жо не жабық рі жә бе н ық пте аш Кө – ды. Аялдаманың на лы са да яды. Арын си ас 20 шақты адам Қарағанды қал бөлігіне бір уақытта қ лады. бы ты Жа тар р. сі ба йе і жү тер бөлік шалып, жылыту қор ен лм иа ды. тер ғай ма қор қыста аяздан найы құрылыс ы жазда ыстықтан, рд а да рм ам сы ад тап ар уға ал ыр ам Аялд ны іске ас ін қанатқақты жоба ар да рл сто ве ин Халықтың игілігі үш п, лы қаржы қарастыры берілді, бюджеттен көлігі бөлімінің алық жолаушылар қал і ед ,–д тартылады а. лл Ескендір Қабидо сектор меңгерушісі ы.

ҚАРАҒАНДЫ қалас

арнайы жоспар ойластырылған. Бұл ретте жақын маңдағы сай-саладан қар тасылатын болады. Нұржан Әбілхайырдың айтуынша, «Алатау» кешеніне – 50 мың текше метр қар қажет. Оның ішінде, биатлон трассасы үшін 30 мың текше метр, шаңғы жолына – 20 мың текше метр қар жеткілікті. Бүгінде қар мол жиналған орындар анықталып, қардың мөлшері, оны тасымалдау тәсілдері нақтыланды.

В, Қуаныш АМАНҚҰЛО н» та қс за Қа «Орталық

дүкеніне талық әмбебап Қарағандының ор а ндай ақ­ яғ Мұ ци . ли ен по ск тү ше Ке ы хабар келіп йл жа ы ан лғ йы зме­тінің қо қы жарылғыш зат аменті баспасөз ішкі істер департ ық ст лы об ы паратт ады. ан ҚҰДИЯРОВ раст «102» телефобасшысы Бақытж күні сағат 10.01-де к, кеше, 13 қаңтар се ен жарылғыш зат сүй ге кен тқа дү ра п па Ақ , орталық әмбеба ып ас рл ба ха ам ад нына белгісіз ер н аған. еріліп, ғимаратына қойылғанын хабарл төтенше қызмет жіб ық рл ба ге кен дү Бірден әлгі ірілген. і. Ол 400-ге жуық адам көш суытпай қолға түсірд ы қылмыскердің ізін ар ыл жесінде, ти Нә н. еке Тәртіп сақш ны ғы ының 25 жастағы тұр т – Қарағанды қалас ге қайта кіруге рұқса ық әмбебап дүкен ор . ты сағат 11.10-да тал тап н сы уда-саттық жалға беріліп, дүкендегі са тқа дейінгі тер3-бабы бойынша со 27 ҚК Енді, ҚР лды. геу жұмыстары баста ы. ҚАРАҒАНДЫ қалас

Жаңғырық Жыл басы тышқан емес, Наурыз! «Орталық Қазақстанның» 2016 жылғы соңғы саны оқырмандарға біраз ой салды деп ойлаймын. Әсіресе, белгілі журналист Ерсін Мұсабектің Жаңа жыл жөніндегі ой-тамызығы. Жаңа жыл және оны қарсы алу­ дың дәстүрге айналған белгілері өмірімізге қалай орнықты? Қоғамның ең таза, ең әлсіз буыны – балаларды сендіруден бастадық. Ертегілерді барынша шын­дыққа айналдырдық, олардың кейіп­керлерін балалардың ортасына жібердік. Кез келген жаңа­ жылдық шыр­ша тойына бары­ңызшы, хайуанаттар әлеміне тап боласыз. Ең кең тараған ертегі – «Жан-жан­ уарлардың жылға таласуы». Негізінен, тышқанның қалай жыл басы болғандығы жайлы әйгілі ер­ тегіні тілі шыққан баладан сары тісті кәртамысымызға дейін жатқа білеміз. Онда тышқан өрмелеп, түйенің тө­ бесіне шығып, келе жатқан жылды бірінші б��лып көреді. Қай заманда, қандай идеологиялық ықпалмен

(«Орталық Қазақстан», 31.12.2016 жыл) қулық (тышқан) кие-құтымыздың (түйе образы) төбесіне шығып, әмір жүргізе бастады, есімізде жоқ. Өкі­ нішке орай, бұл ертегінің түрік жұр­ тындағы мағына-мәнері бөлекше еді. М.Қашқари бабамыздың «Түрік сөздігі» энциклопедиясында (ХІ ға­ сыр) бұл аңыз өзгеше айтылады. Оқиға Іле өзенінің бойында өтеді. Түрік қаға­ны бірнеше жыл ілгеріде өткен шайқас­ты талдап, өткеннен сабақ алмақшы болады. Бірақ, шайқас болған жылды анықтауда жа­ ңы­лысады. Сол сияқты ел де бала­ ларының жастарын, бастан өткен оқиғалардың мезгілін есептеу­де

қателесе береді екен. Содан қаған халқын жинап, құрылтай өткізіп, былай дейді: «Біз бұл тарихты анықтағанда қалай қателессек, біздің келешек ұрпақтарымыз да солай қателеседі. Сондықтан, біз енді он екі ай мен он екі бұржыны негізге алып, әрбір жылға бір ат қояйық, бізден кейінгі жыл қайыру жылдардың айналысымен есептелсін, бұл біздің арамызда мәңгі бір жәдігерлік болып қалсын» (М.Қашқари. Түрік сөздігі. 1997 ж. А. 403-бет). Осылайша қаған аңға шығып, барлық хайуандарды Ілеге қарай қууды бұйырады. Ағысы қатты Ілеге тоғытылған аңдардан

он екісі жүзіп шығады. Өзеннің арғы бетіне бірінші болып тышқан, одан кейін жыл атауларына ие жануарлар ретімен жүзіп шыққан екен. Бар-жоғы осы ғана. Бойына сеніп жылдан құр қалған түйе жарықтық ертегіге кейін кіргізілгенге ұқсайды. Әр жылдың бірінші қаңтарын қуа­ нышпен қарсы алып, өткен жылға қо­рытынды жасау – жақсы және жа­ ғымды дәстүр. Дегенмен, жыл басы – Наурыз. Ол – еңбек пен мейірім, төрт түлігің төл беріп, ырысыңды еселер мереке. Мәдениеттанушылар, ға­лымдар 1992 жылдан бері Наурызды өткізудің идеологиясын

жасай алмай келеді. Біздің Ұлытау ауданында Борсеңгір деген ауыл бар. Ғұлама ғалымдар Ә.Марғұлан мен Қ.Сәтбаев жиі келіп, қазыналы қарттардың үйінде қона жатып, ұзақ таңда шежіре шерткен ауыл. Сол ауылда өткен ғасырда Кәрібайдың Данияры деген халық шебері өмір сүрді. Өткен ғасыр дегенде, тым алыс емес, 1971 жылы 95 жасында дүниеден өтті. Ә.Марғұлан атамыз сол қарияны мейлінше дәріптеп, есімін ең алғаш өзі құрастырған «Қазақ халқының қолданбалы өнері» кітабына енгізді. Сол кісінің келіні Рахия шешей сексеннен асты. Рахия жеңгей айта-

ды: «Біздің әулетте жыл сайын ауылға наурыз көже беру дәстүрі үзілген емес. Менің өзім алпыс жыл жалғастырып келемін. Құдай қаласа келіндеріме аманат. Атамның айтуынша, 1932 жылы ғана көп көже беру қиын болыпты. Сонда да шешелеріміз қазанды асып жіберіп, елге қарасу қайнатып берген екен». Наурыз бабалар аманаты секілді, халықтың жадынан өшпеген, өшпейтін мереке. Түнгі 12-де Аяз атаны күтіп, шарап көтерудің орнына әр ауыл наурыз таңын бірге қарсы алып, Жаратушыдан Жаңа жылдың жарылқауын тілейтін күн туса. Ең болмаса, Қыдыр баба мінген түлік төресі – түйенің «ойдан шығарылған ертегіде» кеткен ақысы қайтар. Наурызда жер бетін Қыдыр аралайтынына менің балам да сенеді. З.ҚАЗАНБАЕВА. ҰЛЫТАУ ауданы.

Астанада өтетін ау­ қымды көрме – «ЭКСПОның» басталуына санаулы күн қалды. Қазақ елі қызу қамданыс үстінде. Айтулы іс-шараны абыроймен атқару үшін. Се­ бебі, Алаштың төрінде – алты құрлықтың өкіл­ дері бас қосады. Жуырда «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының Басқарма басшысы Ахметжан Есімов «ЭКСПО – 2017» көрмесіндегі Иордания ұлттық секциясының Комиссары Мұхаллад Әл Омари және Иорданияның ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Ахмед Идрис Инабпен кездесті. Басқосу барысында екі тарап «ЭКСПО – 2017» көрмесіне әзірлік мәселелерін талқылады. Ахметжан Есімов қазіргі таңда халықаралық қатысушыларға павильондарды тапсыру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Бұл күні 10 мемлекет өз павильондарын алып, тақырыпқа сәйкес жабдықтау жұмыстарына кірісті. Өз кезегінде Мұхаллад Әл Омари Иордания Хашимиттік Корольдігіне ұсынылған павильон үшін және Астанада өткізілетін көрмеде баламалы энергия көздері бойынша өз ұсынымдарын көрсетуге берілген мүмкіндік үшін алғысын білдірді. «Бүгін біз Иордания павильонымен таныстық. Көрме ұйымдастырушыларының атқарған ауқымды жұмысы көрініп тұр. Біз жақын арада павильонды безендіру жұмыстарына кірісетін боламыз» – деді Иордания ұлттық секциясының комиссары. Сондай-ақ, ҚР Иорданияның елшісі Ахмед Идрис Инабтың айтуынша, «ЭКСПО – 2017» көрмесін өткізу барысында Қазақстанға Иордания Королі келіп, өз мемлекетінің ұлттық күнін атап өту іс-шарасына қатысатын болады. Кездесу соңында көрмеге қатысу келісім-шарты мен павильон тапсыру құжаттарына қол қойылды. Жалпы, бүгінгі таңда «ЭКСПО – 2017» көрмесіне 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым қатысатындығын растаған.


2

билік. саясат. экономика

14 қаңтар, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Дөңгелек үстел

Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан»

Аяулым СОВЕТ, Орталық Қазақстан Сәрсенбі күні Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұрлан ДУЛАТБЕКОВТІҢ төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттері және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру туралы сөз болды. Жиында қоғамдық келісім кеңестерінің негізгі міндеті – мемлекеттің тұрақтылығын нығайтып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті дамытуға бағытталғаны айтылды. Осы ретте кеңестер өзекті мәселелер төңірегінде, өткен жылдың қорытындысы бойынша 1176 іс-шара өткізді. Оның ішінде 306 отырыс, 200 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 238 шара – мемлекеттік қызметшілердің есептерін тыңдауға арналса, 432-сі – өзге жиындарға бағытталды. Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қарағанды облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы: – Облыстағы қоғамдық келісім кеңесі жұмыстарының мақсаты – Елбасы саясаты негізінде барлық саяси маңызы бар және қоғамдық

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, облыста тіркелген заңды тұлғалар саны 27021-ді құрады. Өткен жылмен салыстырғанда, олардың үлесі 5,1%-ға артқан. Осындай көрсеткішпен аймағымыз ел өңірлері арасында төртінші орынға тұрақтаған. Негізінен, заңды тұлғалардың шамамен 81,2%-ы – жауапкершілігі шектеулі, қосымша серіктестік, то-

күштерді үйлестіріп, біріктіру. Бұл бағыттағы қызметте этномәдени бірлестіктер үлкен роль атқарады. Кеңестің міндеті – азаматтық ұстаным негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, азаматтық қоғам институттарын саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, басқа да бірлестіктерді үйлестіру. Осы мақсатта облыста 173 қоғамдық келісім кеңесі (1 облыстық, 8 қалалық, 9 аудандық, 155 ауылдық) құрылды. Кеңестердің құрамына 1078 адам кіреді. Кеңес мүшелерінің ұйымдасуымен бірқатар ірі республикалық іс-шаралар өтті. Бұл ретте «Мәңгілік Ел» жалпыреспубликалық пойызы (Қарағанды және Балқаш қалалары, сондай-ақ Шет ауданының Ақадыр кенті) және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Тәуелсіз Қазақстан» (Қарағанды, Жезқазған) пойызын атап өткен жөн. Дөңгелек үстел барысында Қа­ зақ­стан халқы Ассамблеясының медиация кеңесі төрағасының орын­ басары, "Диалог" дауларды шешу орталығының директоры Татьяна Савицкая сөз алып, кеңестің жұмысына кеңінен тоқталды. Сондайақ, Жезқазған қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков, Балқаш қаласының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Серік Пшенбаев, Абай ауданының қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Наталья Филипенко сөз алып, аймақтардағы кеңес жұмыстары атқарған шараларды атап өтті. Қатысушылар жиын соңын төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен адамдарға көмек ретінде Шахтинск қаласының Шахан кентінде ашылған жекеменшік қайырымдылық қорына қолдау көрсету ұсынысымен қорытындылады. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғамдық келісім кеңестерінің басшылары, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсететін болды.

лық және коммандитті серіктестік ретінде тіркелген. Олардың басым көпшілігі (67,3%) Қарағанды қаласына тиесілі. Теміртауда – 10,2%, Жезқазғанда – 6,1%, Балқашта – 2,6%. Заңды тұлғалардың қатарында шағын кәсіпорындардың қарасы қалың екен. Үлесі – 97,5%. Ал, 1,8%-ы орта және 0,7%-ы ірі кәсіпорындар болып саналады. Басқа экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген кәсіпорындар мен ұйымдар саны 0,5%дан 3,3%-ға дейін ауытқиды. Ресми деректерді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті ұсынып отыр.

Пайданың көзі – кооперативте. Бүгінде мемлекет тарапынан жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру мақсатында нақты шаралар жүзеге асырылуда. Қарағанды облысында да бұл бағыттағы жұмыстар қарқынмен қолға алынуда. Нәтиже – баршылық. Мәселен, өткен жылдың соңында Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында аймақтағы алғашқы кооперативтердің бірі заңды түрде тіркелді. Сәрсенбі күні аталған ауданға іссапармен барған облыс әкімінің орынбасары Шагурашид МАМАЛИНОВ осы кооперативті үлгі ете отырып, жаңашыл бастаманың қыр-сырын талқылады.

Егіндібұлақ ауылындағы жиында жұмыс тобы кооператив ашу механизмін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Бұл орайда, жүктің ауыры – ауыл әкімдерінің еншісінде. Яғни, ауыл басшыларының іскерлік қабілеттері сыналатын шақ. Әкімдер алдымен ауыл тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Кооперативке енуге құлықты кемінде 20 адамды анықтап, тізімін нақтылайды.

екі жылда мұндай курстарда тәлім алса, бұл оқуларға қатыспаса да болады. Палата қызметкерлері кооператив мүшелеріне бизнес жоспар құруға жәрдемдесіп, қолдаухат береді. Бизнес-жоспардың құны бағаланып, қорытынды шешімі жасалады. Кепілге қояр мүлкі есепке қойылады. Бұл тұста айта кетері, егер, кепілдікке алынар мүліктің бағасы тиісті сомаға жетпесе, «ҚазАгроГарант» АҚ 85 пайызға дейін кепілдік бере алады. Кооперативтерге екі бағдарлама бойынша қолдау көрсетіледі. «Береке» бағдарламасы ет өндірістік кооперативтеріне арналса, «Ырыс» – сүт өндірістік кооперативтеріне бағытталған. «Береке» бағдарламасы арқылы ірі қара мал мен жем-шөпке 6 пайызбен 4,5 жылға дейін несие беріледі. Ең жоғарғы сомасы – 4 млн. теңге. Әр малдың құны 150 мың теңгеден аспай, жасы – 9-24 ай аралығында болуы қажет. Арнайы құжаты, сырғасы бар мал ғана сатып алынады. «Ырыс» бағдарламасында сауынды сиыр мен жем-шөп, сүт сауу аппараттарын алуға несие бөлінеді. Сомасы – 5 млн. теңгеге дейін. Бұл несие де 6 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. Оның ішінде, несиенің 15 пайызы – мал азығына қарастырылған қаржыны өтеу мерзімі 3 жылға дейін. Сауынды сиыр алуға берілген несиенің жеңілдетілген мерзімі – 2 жыл, мал азығына – 1 жыл. Мал жасы – 15-36 ай болып, құны –195 мың теңгеден аспауы тиіс. Және әр 30 сиырға бір сүтті тұқымды бұқа немесе қолдан ұрықтандыратын мекемелермен келісім-шарт болуы керек. Сондай-ақ, несие мерзімі аяқ-

Бұдан кейін кооператив мүшелері жергілікті кәсіпкерлік палатасындағы қызметкерлер кеңесіне жүгінеді. Аудандық жұмыспен қамту орталығы оларға еңбекпен қамтылу статусына қарай анықтама береді. Осыдан соң, аймақтық кәсіпкерлік палатасы кооператив мүшелерін кәсіпкерлік ісіне бір ай оқытады. Егер, азамат кейінгі

талғанша сауын сиырдың санын төмендетпеу қажет. Бұл малдарға субсидия төленеді. Несие алушыларға қойылатын маңызды талаптардың бірі – несие тарихы. Яғни, салық органдарына, банктерге мерзімі өткен қарызы болмауы қажет. Тиісті қорасымен қатар, ауылдың ветеринарлық-санитарлық

«Балқантау» өнімдері – бұқара сұранысы Егіндібұлақ ауылына ат басын тіреген жұмыс тобы алдымен осындағы «Балқантау» ЖШС-нің өндірістік базасымен танысты. Кәсіпорын ет және нан өнімдерін шығаруға маманданған. Серіктестік директоры Өмірзақ Қабсаттаров бұл кәсіпті 2014 жылы қолына алған екен. Мектептің бұрынғы кір жууға арналған ғимаратын өндіріске бейімдеген. Арнайы құралжабдықтар жеткізіп, заманауи технология желісін іске қосқан. Бүгінде кәсіпорын «Адал» тауар сертификаты бойынша 15 түрлі ет және нан өнімдерін өндіреді. Бұл тауарларды өткізу механизмі ырғақпен жолға қойылған. Қарқаралы мен Қарағайлыдағы дүкендерден бөлек, Қарағандыдағы 200 дүкенді тауарларымен қамтып келеді. Облыс орталығында арнайы өкілеттілігі жұмыс істейді. «Көгілдір тоғандар» шағын ауданында сауда павильоны бар. Директордың айтуынша, шұжық, ет консервілері, тұшпара, котлет сынды өнімдеріне қалалықтардың сұранысы зор. Өндірістің жылдық қуаты – 150-200 тонна. Қазіргі таңда серіктестікте 25 адам еңбек етеді. Орташа еңбекақылары – 50 мың теңге көлемінде. Өмірзақ Қабсаттаров келешекте кәсіпорын аясын кеңейтуді ойластыруда. Бұрын қажетті шикізатпен жергілікті шаруашылықтар қамтып келген еді. Биылдан бастап жер алып, қожалық құрды. Сөйтіп, шикізатқа тәуелділіктен құтылмақ. Сәйкесінше, кәсіпорындағы еңбеккерлер саны артып, тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі біршама шешіле түспек.

Қарқаралыдағы қарымды істер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сүт және сүт өнімдері өндірісін өркендетіп, ет шикізат базасын дамыту, ет өнімдері экспорты әлеуетін көтеру туралы тапсырма берді. Бұл міндетті Қазақстан Үкіметі екі-үш жылдың мұғдарында орындап шығуы тиіс. Сол мақсатта былтырдан бастап ауылдық жерлерде өндірістік кооперативтер құруға күш салынуда.

Жиында Шагурашид Қалиұлы айтып өткендей, былтырғы жыл соңында республикадағы облыстар арасында алғашқы болып Қарағанды аймағында 5 кооператив ашылды. 230 шағын бордақылау алаңдарының тұсауы кесілді. 5 кооперативтің құрамында 115 отбасылық мал бордақылау алаңдары жұмысын бастады. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 1 млрд. 600 млн. теңге қарастырылды. Биыл бұл сома еселене түсті. 3,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес, бұл қаражатқа облыс көлемінде 740 шағын мал бордақылау алаңы мен 37 кооператив ашу керек. Министрлік талабы негізіндегі жұмыстар Қарқаралы ауданында ойдағыдай жүзеге асып келеді. Аудан әкімі Халел Мақсұтовтың мәлімдеуінше, өткен жылы басталған іс тауық жылында да табыспен жалғасын таппақ. Былтырғы ауыз толтырып айтарлық жетістіктердің бірі – Егіндібұлақтағы «Балқантау-Агро» мал бордақылау кооперативі. Селодағы 26 тұрғын мүшелікке енген кооперативтің жетекшісі жоғарыда айтып өткен Өмірзақ Қабсаттаров. Кооперативке «50 ауыл» тұжырымы негізінде 68 млн. теңге несие берілді. Енді, кооператив өңірдегі ет өндірісін дамытуға күш салмақ. Сондай-ақ, «50 ел» концепциясы негізінде 20 отбасылық мал бордақылау алаңы ашылды. Мұнда кәсіпкерлер 49,5 млн. теңге несие алды. Бұдан өзге, 1 сәуірге дейін ауданда екі кооператив құрылады. Яғни, Бесоба мен Угар селолық округтерінде сүтті бағыттағы «Асыл жер» және «Ақтілек» кооперативтері ашылмақ. 35 отбасылық мал бордақылау алаңы, 2 сүт қабылдайтын пункт, 2 мал азығын дайындайтын цех жұмысын бастап, 1 сүт таситын автокөлік, 2 рефрижератор және 3 мал сою пункттерінің жабдықтары сатып алынады. Ал, сәуір айынан жыл соңына дейін тағы 2 ауыл шаруашылық кооперативін іске қосу жоспарлануда. Және 90 отбасылық мал бордақылау

алаңы, 1 сүт қабылдайтын пункт, екі мал азығын дайындайтын цех, 1 мал сою пункті қосымша ашылып, 2 рефрижератор пайдалануға беріледі.

Кооператив құру қиын емес

Құрмет

Сағыныш ӘБІЛОВА, «Орталық Қазақстан» Екінші Дүниежүзілік соғыста Отан қорғаған ардагерлер қашанда қадірлі. Қиын-қыстауда елі мен жеріне қалқан болған ата-әжелеріміздің абзал рухтарына тағзым жасай отырып, арамызда қадау-қадау қалған ардагерлерімізді ардақтау – бізге парыз. Екінші Дүниежүзілік соғыс ардагері Жақия Мұсатаев өткен сенбіде 94 жасқа толды. Кешегі сұрапыл соғыстың куәгері, одан кейінгі тынымсыз өмірдің ұзын-сонар сорабынан өткен жан үшін оңай асу емес, әрине. Небір тарихи кезеңдерді бастан кешіп, талай буын өкілдерін көрген ақсақалдың айтар тағылымды әңгімесі де аз болмасы анық. «Сенің атаң пәленбай ғой, ой, ол сондай адам болған» деп айта жөнелетіні бар. Ардагерді туған күнімен құттықтау игі дәстүрге айналған. Осы жолы да аудан әкімі Халел Мақсұтов бастаған азаматтар қарияға сәлем бере барды. Аудан басшысы құттықтау лебізін жеткізіп, ардагердің иығына шапан жауып, сый-сияпат жасады. Жақия ақсақал да риза көңілін білдіріп, үнемі елеп, қадір-құрметке бөлеп жүрген аудан басшылары мен азаматтарға алғысын айтты. ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

ахуалының дұрыстығына назар аударылады. Айта кетері, қос бағдарламаның да төлем жүйесі ыңғайлы. Несие алушы кестеге сәйкес, қарызын айына, тоқсанында немесе жарты жылда бір өтей алады.

Берекелі істің бастауы Былтыр Қарқаралыда 6 қыстақ, 30 шаруашылық жаңадан ашылып, шаруаларға 76 жер телімі пайдалануға берілген. Сапар барысында Шагурашид Мамалинов бірқатар қожалықтарға арнайы барды. Кәсібін ырғақпен бастап кеткен «Атамұра-Табыс» шаруа қожалығы герефорд тұқымды сиырларды өсіруге күш салуда. Тұрғын үй, техника мен жем-шөпке арналған баздарын тұрғызып, мал сою пункттерін салып тастаған қожалық басшысы Серікбол Жұмадиев, бұйыртса, биыл асыл тұқымды сиырларды жеткізбек. Барлық жұмыстарды өз қаржысына жүргізген фермер 80 млн. теңге жұмсапты. Жылқы ұстап, оның басын 150-ден асырған жайы бар. Енді, сиыр санын көбейтіп, ет экспорттауға бекініп отыр. Мәди селолық округіне қарасты «Оралбек» шаруа қожалығының жетекшісі Мұрат Шайқыұлы қазақтың ақбас сиырын өсіруде. Былтыр «Сыбаға» бағдарламасымен 56 млн. теңгеге Павлодар облысындағы «Галицкий» шаруашылығынан 101 торпақ әкелген. Бүгінде бұл торпақтары ет алып келеді. Фермер биыл да бағдарлама жәрдеміне жүгінбек. Мәди округіне қарасты аумақтан қыстақ ашқан тағы бір фермер – Арман Мырзамбеков. «Абылай» шаруа қожалығын құрған Арман да қазақтың ақбас сиырын көбейтуге күш салуда. Жас кәсіпкерге мемлекет тарапынан қолдау қомақты. «Сыбаға» бағдарламасымен 19 млн. теңгеге сиыр сатып алған. Бүгінде мал қарасы 300ді еңсерді. Сонымен қатар, Арман өңірдегі сиыр түлігін асылдандыруға көмегін тигізуде. Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2014 жылы – 12 ангус, 8 герефорд бұқаларын, 2015-2016 жылдары – 72 қазақтың ақбас сиыры тұқымды бұқаларын Мәди және Тәттімбет ауылдарының табынына қосқан. Биыл тағы да 40 ақбас бұқа әкелінбек. Әзірге, қай ауылдың табынына апарылары белгісіз. Арман шаруашылықтағы мал санын көбейте түспек. 100 бас қазақтың ақбас сиырын әкеліп, ол үшін арнайы бордақылау алаңын тұрғызбақ. Шаруалармен кездескен Шагурашид Қалиұлы шаруашылықтарды қолдау бағдарламаларының тетіктері туралы айтып өтті. Еңбек етуге ниетті жан болса, қолдан келер көмекті аямайтындығын жеткізді. Суреттерді түсірген автор. ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.


ҚОҒАМ

14 қаңтар, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Мәселе

Көзқарас

Бәрекелді!

3

Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан» Қалалықтардың үйлерінде (пәтерлерінде) мысық, болмаса ит ұстайтынынан хабардармыз. Кейінгі уақытта қала шетінде жүйрік ат, төбелесқой ит ұстаушылар қарасы бой көрсетіп жатыр. Жүгіретін тазы ұстаушылар да бір қауым ел болып қалды.

Қазір емханаға келетін емделушілер үшін барлық жағдай жасалған. Осыдан біраз жыл бұрын әр дәрігер әр жерде отырып қабылдау жүргізетін болса, бүгін бір есіктен кіріп, барлық дәрігерге қаралып шығу мүмкіндігі бар. Қолайлы, бірақ...

Қалалық саябақтарда қыста шанамен, жазда арбамен қыдыртуды кәсіп еткендер бар. Ергежейлі жылқыдан нәпақа айырып отырғандар да бар. Жалпы, айтып отырғанымыз әркімнің өз ісі болса керек. Дегенмен, Бразилияда иттердің үйлену тойларын өткізеді екен деп, Индияда сиырды қасиеттейді екен деп ойымызға келгенді істей берсек не болады? Жақында бір танысымның үйін­де болдым. Сол төрт бөлмелі абажадай үйде отыра алсам қане? Себеп? Ол да асырайды екен. Асырап отырғаны ит те емес, ат та емес – кесірткелер. Бойым суып қоя берді. Есіме сарт етіп варан оралсын. Мен білсем олар улы. Кесірткеміз осы варанның түрлері. Әлгі танысым австралиялық ергежейлі кесірткесін қолды аяққа тұрғызбай мақтасын. Қалада менен басқа ешкімде жоқ дейді. Білгенім, зообақтың өзінде жоқ көрінеді. Бар байлығым осы деп қояды. Сөйтсем әлгілердің уын сауады екен ғой. Оларын керек еткен жерге өткізеді екен. Одан әрі дәрі жасайды дейді. Мен мынауың сұмдық екен деп қоямын. Сөйтсем, әлгі танысым қарқ-қарқ күледі. Мұнан да зорғылары бар деп. Айтып отырғаны шын болса оның бір танысы қолтырауын ұстайды екен. Қолтырауын болғанда кайман көрінеді. Бұл Америка құрлығында өсетін түрі. Оны не істейді деп сұрамаймын ба. Қанын ішеді дейді. Сөйтсем, қолтырауын қанын ішу деген бар екен. Адам ағзасын жасартатын көрінеді. Оны кімдер тұты-

Қазір емханаларда фтизиатр да, инфекционист те, онколог та, дерматолог та қабылдау жүргізеді. Олар – емхананың штаттағы дәрігерлері емес, шақырту бойынша келіп, 1-2 сағат қабылдау жүргізіп, шаруасын бітіргеннен кейін кете беретіндер. Емделушілерге де қолайлы. Бір дәрігерден анықтама алу үшін қаланың ана шеті мен мына шетіне сандалып жүрудің қажеттілігі жоқ. Бірақ, қатерлі, жұқпалы аурулар қатарына жатқызылатын ауруға қабылдау жүргізетіндер емханаға жас балаларымен келетін ата-аналар арасында наразылықтар туып отырғаны бар. Ал емхана басшыларының айтуынша, бұл жағдай үшін емделушілерге қорқудың ешқандай негізі жоқ. Өйткені, дәрігерлер емдеу жүргізбейді, тек, қабылдау жүргізеді. Бірақ, бірнеше ай бойы білінбейтін дамитын туберкулез ауруын айтпағанның өзінде, әр түрлі тері ауруымен келетіндерді қабылдайтын дәрігерлердің отырғаны жас бала үшін шынымен қауіп тудыратыны анық болар. Бұл турасында басшылықтың да бір білгені бар шығар. Бірақ, көңіл күпті, қанша дегенмен, аурудың өзі санадан ғой... Өз тілшімізден.

«Қазақмыс» корпорациясының» басшылығы даңқты кенші, Социалистік Еңбек Ері Демберген Баймағамбетовті 85 жасқа толуына орай арнайы құттықтап, лайықты құрмет көрсетті. нады десем, әртістер, бизнесмендер, қалталылар дейді. Сонымен қойшы, әлгі танысым менің көзімді ашсын. Сөйтсем экзотикалық құстар мен аң ұстайтын қарағандылықтар баршылық көрінеді. Мұны неге айтып отырмын? Әлгі жаны барлардың барлығы ойдан, қырдан жиылып отырған жоқ па? Африкадан, Америкадан, Аустралиядан дегендейін. Және олардың соқа бастарының ғана келмейтіні де белгілі. Кемінде өз жерінің микробын, вирусын ала келеді. Олай болса қауіп бар деген сөз. Қазақ баласы бұрын тұмауға қыңқ демейтін. Өйткені, өзінің тұмауы туғанындай болып кеткен. Ешқайдан келмеген. Қазақ жерінікі. Ал бүгінгі тұмаудан қазақ баласы көктей солып жатыр. Бұл тұмауымыз мұхит асып шетелден келген. Оның әзірге дауасы табылмай жатыр. Әлгіге деген имму-

Қарағанды облыстық мәслихатының VI сессиясының шешімі 2016 жылғы «12» желтоқсан

№138

Қарағанды қаласы

Қазақстан Республикасының, Әділет Министрлігі Қарағанды облысы, Әділет департаменті Нормативтік-құқықтық акті 2017 жылғы 04.01 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4075 болып енгізілді.

Қарағанды облысының мемлекеттiк орман қоры аумағында жеке тұлғалардың орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинау нормаларын және мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін 2017-2019 жылдарға арналған төлемақысының ставкаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 42 бабының 3 тармағына және 14 бабының 2) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 506 бабының 1 тармағына және 510 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10 бабы 1 тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Бекітілсін: 1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Қарағанды облысының мемлекеттік орман қорының аумағында жеке тұлғалардың орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинау нормалары; 2) осы шешімнің 2, 3, 4, 5 қосымшасына сәйкес Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары (сүректі түбірімен босату үшін ставкаларды қоспағанда); 3) осы шешімнің 6 қосымшасына сәйкес Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары. 2. Күші жойылды деп танылсын:

1) Қарағанды облыстық мәслихатының 2004 жылғы 11 желтоқсандағы X сессиясының «Орманды пайдаланғаны үшін төлемақылар ставкасы туралы» № 146 шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1664 болып тіркелген, 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 151 (20082) «Индустриальная Караганда» газетінде жарияланған). 2) Қарағанды облыстық мәслихатының 2004 жылғы 11 желтоқсандағы X сессиясының «Жергілікті мәндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшін төлемақылар ставкасы туралы» № 147 шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1663 болып тіркелген, 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 151 (20082) «Индустриальная Караганда» газетінде жарияланған). 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш.А. Осин) және облыс әкімінің орынбасарына (Ш.Қ. Мамалинов) жүктелсін. 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары (сүректі түбірімен босату үшін ставкаларды қоспағанда)

Қарағанды облысының мемлекеттік орман қорында шайыр мен сүрек сөлдерін дайындау үшін төлемақы ставкалары № 1

Төлемақы ставкалары теңгемен

Мемлекеттік орман қоры телімдерін ұзақ мерзімге пайдалануда шайыр және сүрек сөлін дайындау

1.1

Шайыр дайындау

гектар

6034

1.2

Сүрек сөлін дайындау

гектар

3017

2

Дайындалған шайыр мен сүрек сөлінің әрбір центнері үшін

2.1

Шайыр дайындау

центнер

16665

2.2

Сүрек сөлін дайындау

центнер

2020

Қарағанды облыстық мәслихаттың VI сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 138 шешіміне 3 қосымша Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары (сүректі түбірімен босату үшін ставкаларды қоспағанда)

Қарағанды облысының мемлекеттік орман қорында екінші дәрежелі сүрек ресурстарын дайындауға төлемақы ставкалары №

Ағаш-бұта тұқымдастарының атаулары

Қабықтар тонна үшін (АЕК)

Бұтақтар тонна үшін (АЕК)

Томарлар тонна үшін (АЕК)

Тамырлар тонна үшін (АЕК)

Жапырақтар тонна үшін (АЕК)

Бүрлер килограмм үшін (АЕК)

0,021

0,042

0,011

0,063

0,032

0,021

Шренке шыршасы

0,027

0,054

0,014

0,081

0,041

0,027

3

Сібір шыршасы, майқарағай

0,016

0,032

0,008

0,048

0,024

0,016

Г. Прокоп, сессия төрағасы.

4

Самырсын

0,015

0,03

0,008

0,045

0,023

0,015

Р.Әбдікеров, облыстық мәслихаттың хатшысы.

5

Балқарағай

0,023

0,046

0,012

0,069

0,035

0,023

6

Ағаш тектес арша

0,027

0,054

0,014

0,081

0,041

0,027

7

Емен, шаған

0,041

0,082

0,021

0,123

0,062

0,041

8

Жабысқақ қара қандыағаш, үйеңкі, шегіршін, жөке

0,014

0,028

0,007

0,042

0,021

0,014

9

Сексеуіл

0,06

0,12

0,03

0,18

0,09

0,06

10

Қайың

0,016

0,032

0,008

0,048

0,024

0,016

11

Көктерек, ағаш тектес тал, терек

0,011

0,022

0,006

0,033

0,017

0,011

12

Грек жаңғағы, шекілдеуік жаңғақ

0,035

0,07

0,018

0,105

0,053

0,035

13

Өрік, аққараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар

0,023

0,046

0,012

0,069

0,035

0,023

14

Ағаш тектес арша, самырсын

0,018

0,036

0,009

0,054

0,027

0,018

15

Жыңғыл

0,025

0,05

0,013

0,075

0,038

0,025

16

Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар

0,012

0,024

0,006

0,036

0,018

0,012

Орман пайдалану мен ресурстардың түрлері

Бір адамның тегін жинау нормасы, ��илограмм

Жанама орман пайдаланудың жеке түрлерін жинау

1.1

Жеміс және жидек

3

1.2

Саңырауқұлақтар

3

1.3

Қыналар

3

1.4

Орман төсеніші және жерге түскен жапырақтар

3

1.5

Қамыс

3

Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізатты жинау

2.1

Шөптер

3

2.2

Гүлдер

3

2.3

Жапырақтар,сабақтар и өскіндер

3

2.4

Жемістер жидектер

3

2.5

Бүршіктер

1

2.6

Тамырлар

3

Ескертпе: жеке тұлғалардың, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатына жатқызылған өсімдіктер дүниесі объектілерін қоспағанда, жабайы өскен жемiстердi, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге де орман ресурстарын өз мұқтажы үшiн жинау мақсатында мемлекеттiк орман қоры аумағында тегiн рұқсаттама құжаттарынсыз болуға құқығы бар.

Қарағанды облыстық мәслихаттың VI сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 138 шешіміне 4 қосымша Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары (сүректі түбірімен босату үшін ставкаларды қоспағанда)

Қарағанды облысының мемлекеттік орман қорында жанама орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары №

Орманды жанама пайдалану түрінің атауы

1

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкалары теңгемен

Шөп шабу

1.1

жақсы

гектар

1654

1.2

қанағат (орташа)*

гектар

1240

1.3

нашар (төмен)*

гектар

965

Мал жайысы ірі мал:

2.1

түйе

бас

2895

2.2

Ірі мүйізді мал

бас

2316

2.3

жылқы

бас

2316 1158

ұсақ мал:

Қарағай

Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жеке тұлғалардың орман ресурстарын өз мұқтажы үшін жинау нормалары

Сурет ғаламтордан алынды.

2

2

Қарағанды облыстық мәслихаттың VI сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 138 шешіміне 1 қосымша

2

Өлшем бірлігі

1

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі басшысымен А. Ким.

1

Орман пайдалану түрінің атауы

Қостанай облысында дүниеге келген Д. Баймағамбетов әскери борышын өтеп келген соң еңбек жолын 1954 жылы Жезқазған шахталарында забойшы болып бастаған еді. Ол Оңтүстік Жезқазған кенішінде проходкашылар бригадирі, кейіннен кен бұрғылаушы болып ұзақ жылдар еселі еңбек үлгісін танытты. Жетпісінші жылдардың басында оның бригадасы «Мыңшылар қозғалысының» бастамашысы болып, тәулігіне мың тоннадан аса кен өндірілуін қамтамасыз етті. «Апатсыз және жарақатсыз жоғары өнімділікпен еңбек ету», «Айына бір күн үнемделген материалдармен жұмыс істеу» бастамалары сол кезеңдегі Одақтың кен өндіру саласындағы барлық кәсіпорындарында қызу қолдауға ие болып, кеншілердің екпінді еңбек дәстүріне айналған-

жою деген де бар. Бұл баптардың да мәртебесі көмескі қалған. Иттің арнайы орында жағылатыны түсінікті. Ондай крематорий бізде де бар. Күніне алпыс шақты ит пен мысық, басқа да жаны барлар жағылады екен. Соның бірін біліп жатқан жанды көрмейміз. Қазір жасыратыны жоқ, сүйікті құсын, болмаса итін не мысығын кәдімгідей тасбелгі қойып жерлейтіндер шықты. Ондай малқорым ТЭЦ аймағына орналасқан. Онда да бірізділік байқалмайды. Бәлкім, бізге де бір зоопантеон керек шығар. Сонымен мақаламыздың аяғына шыққан сындымыз. Құс тұмауынан, шошқа тұмауынан, басқа да аурулардан аман боламыз десек бізге ереже керек. Экзотикалық жаны барларды ұстау ережесі...

Қарағанды облыстық мәслихаттың VI сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 138 шешіміне 2 қосымша

«КЕЛІСІЛДІ»

нитетіміз қалыптасып үлгермеген. Жаны барлардан әзірге ит пен мысық ұстаудың ережесін қабылдадық. Ол ережеміздің шикілігі енді көрініп жатыр. Иттің тіркелетіні белгілі. Ал бізде бос жүреді. Саябақта. Балабақша ауласында. Бір ғажабы иесі қасында болады. Соны бір жан көрмейді. Тірі мақұлықат болған соң ол дәреттенеді. Ал иттің паразитті мақұлықат екендігін бүгінде екінің бірі біледі. Иттен ауру жұқпайды деп осыдан кейін айтып көріңіз. Сол ережемізде солқылдақ баптар жеткілікті. Иесіз иттер деген ұғым бар. Ал, ұстап алдық дейік. Сонсоң оны не істейміз? Иесі келгенше (табылғанша) оны қайда сақтаймыз? Жалпы, қаламызда бір де бір итқабылдағыш орын жоқ. Мұны қалай түсіну керек? Ит аулау деген бар, иттің көзін

2.4

ірі малдың төлі

бас

2.5

есек

бас

1158

2.6

ешкі

бас

2027

2.7

қой

бас

579

3

Ара балұясын және омартаны орналастыру

балұя

1378

4

Аң өсіру мен марал өсіру

гектар

5525

5

Көкөніс өсіру, бақша өсіру және аңшылық шаруашылығы қажеттілігі үшін басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру

гектар

Қазақстан Республикасы Салық кодексімен анықталған жер салығы деңгейінде

6 6.1

Дәрілік өсімдіктер және техникалық шикізат жемістер, жидектер

7

килограмм

240

Орман ресурстарының жеке түрлерін дайындау

7.1

жидектер

килограмм

7.2

саңырауқұлақтар

килограмм

440 330

7.2

қына

килограмм

1700

7.3

қамыс

килограмм

180

Ескертпе: * - шөп шабудың өнімділігінің сапасы Орман орналастыру жобасының таксациялық сипаттамасы бойынша анықталады.

Қарағанды облысының мемлекеттік орман қорының телімдерін аңшылық шаруашылығы қажеттілігі үшін, ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарына пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары №

Орман пайдалану түрінің атауы

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкалары теңгемен

Ұзақ мерзімге пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін)

бойынша картографиялық материалдар бойынша айқындалады және жергілікті жердің бедеріне қарай мынадай коэффициенттер бойынша түзету жасалады: жазық бедер - 1,1; жоталы бедер немесе батпақты жер 1,25; таулы бедер - 1,5; 2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,6; 3) басты мақсатта пайдалану үшін іріктеп ағаш кесуді жүргізу кезінде - 0,8; 4) сүректі 20 градустан жоғары беткейлі тау жоталарынан босату кезінде - 0,7.

Амандық РАХҰЛЫ. ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Қарағанды облыстық мәслихатының VI сессиясының шешімі 2016 жылғы «12» желтоқсан

№139

1

Мемлекеттік орман қоры телімдерін аңшылық шаруашылығы қажеттілігіне пайдалану

гектар

0

2

Мемлекеттік орман қоры телімдерін ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

гектар

689

3

Мемлекеттік орман қоры телімдерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану

гектар

5525

Қысқа мерзімге пайдалану (1 жылға дейін)

ЕАК төлемақы ставкасы

1

Мемлекеттік орман қоры телімдерін ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

адамнан әр күн сайын 0,1

2

Мемлекеттік орман қоры телімдерін рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану

адамнан әр күн сайын 0,1

Қарағанды облыстық мәслихаттың VI сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 138 шешіміне 6 қосымша Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Орман пайдалану түрінің атауы

Өлшем бірлігі

Қысқа мерзімге пайдалану (1 жылға дейін)

Төлемақы мөлшерлемесі теңгемен ЕАК төлемақы ставкасы

1

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары- адамнан әр күн сайын ның телімдерін ғылыми-зерттеу және мәдени-сауықтыру мақсаттары үшін пайдалану

0,1

2

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары- адамнан әр күн сайын ның телімдерін туристік және рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану

0,1

Қарағанды қаласы

Қазақстан Республикасының, Әділет Министрлігі Қарағанды облысы, Әділет департаменті Нормативтік-құқықтық акті 2017 жылғы 09.01 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4090 болып енгізілді.

«Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы XLII сессиясының №479 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергі­ лікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 бабының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: 1. «Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы XLII сессиясының №479 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3707 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 наурыздағы №53-54 (22 159) «Орталық Қазақстан» және №35-36 (21980-21981) «Индустриальная Караганда» газеттерінде, «Әділет» аппараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 25 наурызында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларында: 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Облыстың жергілікті атқарушы органы облыс, соның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш көлінің аумағында орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: «14-1. Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті немесе кезектен тыс сессиясы

барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.»; мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын: «16-1. Су пайдаланушы Қарағанды облыстық мәслихатынаң оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.». 2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш.А.Осин) жүктелсін. 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Г. Прокоп, сессия төрағасы. Р.Әбдікеров, облыстық мәслихаттың хатшысы.

Қарағанды облыстық мәслихаттың VI сессиясының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 138 шешіміне 5 қосымша Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары (сүректі түбірімен босату үшін ставкаларды қоспағанда)

Төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады: 1) кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығына қарай: 10 км-ге дейін - 1,30; 10,1 - 25 км - 1,20; 25,1 - 40 км - 1,00 40,1 - 60 км - 0,75; 60,1 - 80 км - 0,55; 80,1 - 100 км - 0,40; 100 км-дан астам - 0,30. Кеспеағаш аймағының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардан қашықтығы кеспеағаш ортасынан жолға дейінгі қысқа аралық

тын. Жаңашыл кенші 1966 жылы Еңбек Қызыл Ту, 1976 жылы Ленин ордендерімен марапатталып, Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Сондай-ақ, ол Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы. Қазірде бейнетінің зейнетін көріп отырған атақты кеншінің еңбек жолын балалары жалғастыруда. Мерейлі 85 жасқа толған ардагер ағаны корпорацияның Жезқазған аймағындағы тау-кен өндірістік кешенінің бас директоры Саят Бәкіров арнайы барып құттықтады. Еңбегімен ер атанған кеншіге «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Бақтияр Қырықпышевтың Алғыс хаты және 1 млн. теңге ақшалай сыйлық құрметпен тапсырылды.

Қарағанды облыстық мәслихатының VI сессиясының шешімі 2016 жылғы «12» желтоқсан

№141

Қарағанды қаласы

Қазақстан Республикасының, Әділет Министрлігі Қарағанды облысы, Әділет департаменті Нормативтік-құқықтық акті 2017 жылғы 09.01 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4100 болып енгізілді.

Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы ХХII сессиясының № 245 «Қарағанды облысының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергі­ лікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы ХХII сессиясының № 245 «Қарағанды облысының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2481 тіркелген, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы «Индустриальная Караганда» №188 (21521) санында және № 229-230 (21634) санында «Орталық Қазақстан» газеттерінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 14 қаңтарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 2-2 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:»; 2) көрсетілген шешіммен бекітілген, Қа-

рағанды облысының аумағында иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Қағидаларының 3, 48 тармақтары келесі редакцияда жазылсын: «3. Қағидалар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес әзірленген.»; «48. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің   408 бабына сәйкес жауапты болады.». 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш.А.Осин) жүктелсін. 3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Г. Прокоп, сессия төрағасы. Р.Әбдікеров, облыстық мәслихаттың хатшысы.


4

РУХ

14 қаңтар, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Құрметті оқырман! Атлант мұхитын асып Мұхтар МАҒАУИН ағатайым Алматысына келіпті. Иіліп сәлем беріп бару қаза­қы дәс­ түріміз. Сәлемімізді алды. Жалғыз барғам жоқ. Мирас АСАН бауырын ертіп бардым. Әбіш пен Нұрмахан доста­ ры туралы жазғандарын алып қалу үшін. Газет беті көтермейді. Бәрін басуға. Солай болған күнде Нұрмахан ОРАЗБЕКОВТЕЙ редакторымды жария­ ламай қалсақ, сүйекке таңба. Қабыл алыңыздар!

Мағауия СЕМБАЙ.

...Әбішті алғаш рет мінберде, мағналы сөз үстінде көрдім. 1957 жыл. Мен орта мектепті медальмен, үздік бітірген оқушы ретінде, Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетіне емтихансыз түскем. Июнь айының соңғы күндері. Арада апта өтпей, бүткіл университет бойынша қабылданған медалистер қатарында іргелес Жамбыл ауданы һәм Отар стансасында астық дайындау науқанына жегілдік. Қызыл қырмандағы, элеватордағы ертеден кешке дейін созылатын ауыр жұмыстан шаршасам да, жаңа өмірдің бастауы, шамасы сексен-тоқсан күндік бейнеттен соң, Алматыға көтеріңкі көңілмен оралған едім. Бір аптадан кейін, 14 октябрьде оқуымыз басталмақ. Сабақтан үш күн бұрын, жұма, әлде сенбі, Пушкин атындағы Орталық кітапханаға бардым. Бәлкім алдынала естідім, анығы – көлденең сәйкестік, сол замандағы қазақтың ең атақты жазушысы Сәбит Мұ­ қановпен кездесу болады екен. Үлкен оқу залы, жапырлаған жастар. Бәрі де студент қауымы. Мен алдыңғы бір қатардан орын таптым. Әуелі Сәбеңнің өзі сөйледі. Өте тартымды, әсерлі, қызғылықты. Содан соң қол көтеріп тіленген оқырман жұртқа сөз берілген. Әуелгі бір балалардың лепесі мадақты, тамсанысты, бірақ мәнсіздеу шыққан. Мен сөйлесем бе, сөйлемесем бе деп, дүдәмал көңілде отыр едім. Екі, әлде үш жігіттен соң, жазушы және кітапхана басшылығы жайғасқан столмен қатарлас жұпыны мінберге шашы жалбыраған, көзі ойлы, қараторы бала шықты. Міне, нағыз шешен. Бар лепесі мағналы. «Өмір мектебінен» бастап, «Ботагөзге» түсті. Шын мәнісіндегі халық жазушысының өзіндік ерекшелігі, тіл байлығы, шынайы суреткерлігі туралы төгіліп бір сөйледі дейсің. Бұдан соң кезек тиген оншақты жастың ішінде жақсы пікірлер болды, бірақ қара баланың әуезі бәрінен мазмұнды, бәрінен астам шықты. Иә, қара балаға жете-қабыл, бірақ артық әсіресіз, салмақты бір сөз болды, жасы бізден үлкенірек, ақсұр жігіт екен, жоғарғы курс студенті деп шамаладым. Енді мен Сәбең туралы сөйлеуден айныдым. Мына екеуінен асырып айта алмайсың, оның үстіне, қанша бағаласам да, табынбайтын жазушым және бірталай кемшін пікірім бар, мәселен, «Ботагөздің» соңғы тарауларындағы шартты жасандылық, дәп осы арада бықсытып жату орынсыз, ол замандағы менің ең үлгілі жазушым – Мұхтар Әуезов болатын, Сәбит Мұқановтан өлшеусіз жоғары санаймын (қазір екеуін теңгермесем де, «Өмір мектебінің» ақырғы беттерсіз Бірінші кітабын «Абай жолының» алғашқы томымен қатарлас классика ретінде танимын). Сонымен, көзі тірі, әрі даңқты жазушымен алғашқы кездесу – мереке іспетті үлкен оқиға болды. *** Арада екі-үш күн өткенде уни­ верситеттегі дәрістеріміз басталған. Әуелгі сабақ – тіл-әдебиет және журналистика бөлімдерінің жетпіс бес студенті жинақталған үлкен аудиторияда өткерілді. КПСС тарихы. Мен мұндағы балалардың ілкіде қатарлас түсіп, бірге жұмыс­ таған екі-үшеуінен басқасын танымаймын. Бірақ бәрі дерлік өзім қатарлас, өрімдей жас. Төрт-бес қыз ғана көрінді, қалғаны әрқилы, көбіне тым жұпыны киінген жігіттер. КПСС тарихының маманы – мәнерлеп, нығыз сөйлейтін, белгілі кісі екен, бірақ сабағына қарай, дәрісі де қызғылықсыз шықты. Қырық бес минуттан соң үзіліс. Міне, осы кезде көрдім, әуелгі бір қатардан алдыңғы күнгі қара бала көтерілді, сол заманда «вельветка» аталатын, қоңыр барқыт кеудешесі бар. Мен ортадан шыққанша, қарсы, бетпе-бет келіп қалыппыз. Бірден-ақ қол ұсынып амандастым. «Алдыңғы күні Сәбит Мұқановпен кездесуде болдыңыз ғой деймін?..» Мойыл көзін төңкере,

маған байыптай қарады. «Иә болдым», – деді сүлесоқ кейіпте. «Өте жақсы сөйледіңіз», – дедім. Ри­зашылықпен, бейқам жымиды. «Сіз?..» «Мен… бұрынырақ қабылданып, жұмыста басқа жақта болып едім.» «А-а.. медалист…» – деді жадырай күліп, иығымнан қақты. Әбіш – Мұхтар. Мағауин – Кекілбаев… Соңынан байқадым, орта мектепті алтын, күміс медальмен бітіріп, «еңбексіз» оқуға түскен балаларды кейінгі, қатаң сынақтан өтіп қабылданған студенттер тым ұнатпайды екен, сын көзімен қарап, өздерінен ешқандай артықшылығы жоғын, тіпті, кемшін түспегін әй­ гілегісі келіп тұрады екен. Әбіш мені бірден-ақ іш тартып, риясыз

сөздері. Нұрмахан аяқтаған кезде жиынның әр тұсынан әрқилы дауыстар шығып жатты, енді орайсыз әңгімеге жоғарғы курс студенттері де араласатын сияқты. Жиналыстың биік сахнадағы, факультет басшылары һәм университет партия ұйымының өкілдері отырған төр­ алқасында үлкен абыржу байқалған.

«тар балақ пен кең балақтың», яғни «ескішілдер мен жаңашылдардың» қызу айтысы жүріп жатқан. Ол кездегі жастар да ақымақ емес, бірақ көпшілік қауымның қалыпты пікірі бойынша, жаңаша үлгідегі киімге әуестік – буржуазияшыл аз­ ғындық көрінісі саналады. Университетте, институттарда тұтас бір кештер өткізіліп, «тар балақшылар» мен «кең балақшылардың» арасында бітіспес айтыстар жүріп жатады, оның кейбірінің толық есебі «Лениншіл жас» газетінде тұтас бір бетте жарияланып, тар балақ шалбар – капиталистік, буржуазиялық жат идеялар салқыны ретінде әш­ кереленеді. Соған қарамастан, бір­ талай жастар таза еуропалық үлгіге көшкен. Әбіш екеуіміз өз ортамызда елдің алды болып бұзылдық.

*** Өзара өте татумыз. Әзілқалжыңда шек жоқ. Қайсымыз туралы болса да бір емес, әлденеше күлкілі анекдоттар бар. Және лақап ныспы. Мен – Бұзау. Тұрғанбай – Лақ. Әбіш – Ешкі. Базарғали – Даукес. Марат – Робеспьер. Дидар – Әтеш. Оразбек – Бозбүйрек. Бақыт – Ака-

Мұхтар МАҒАУИН

Мұхтар МАҒАУИН, Әбіш КЕКІЛБАЕВ Суретті түсірген Нұрмахан ОРАЗБЕКОВ

(Естелік жазбалар) пейіл танытты. Бір топта екенбіз, бұдан былай көбіне қатар отырып, еркін әңгімелесіп жүрдік. Айтпақшы, кешегі кездесуде жақсы сөйлеген құбақан жігіт те сол күні біздің аудиториядан табылған. Сәл кейінірек таныстық, журналистика бөлімінің студенті, есімі – Нұрмахан Оразбеков; орыс басқан Рудный қаласы, металлургия заводында екі жыл жұмыс жасап келген екен, бізден небәрі үш жас қана үлкен, алайда, өмірді таныған, сақа жігіт болып көрінді. Көп ұзамай, осы үшеуімізді және курстас басқа да балаларды біржола жақындастырған төтенше оқиға болды. Факультет комсомолының жылдық, есеп беру – сайлау жиналысы өткізілмек. Филология және журналистика бөлімдерінің орысы мен қазағы шамалас жеті жүз елу студентінің басым көпшілігі үлкен акт залына шоғырланған. Жиналыс орысша басталды, есепті баяндама орыс тілінде жасалды, жарыссөз тағы да орысқа кетіп барады. Мен ыза, ренішім ішіме сыймай, сөз сұрадым. Үш-төрт кісіден кейін тиді. Қазақша сөйлеймін, деп бастадым. Орысшам жетіп тұрса да ана тілімде айтар едім. Осында отырған студенттердің басым көпшілігі – қазақ бөлімінен. Біздің оқу орнымыз – Қазақ университеті аталады. Еліміз – Қазақстан, Қазақ республикасы. Ал манадан бері бір ауыз қазақша сөз естімедік. Егер қазақ тілі соншама қажетсіз болса, біз неге қазақ бөлімдері аталып, қазақша оқып жатырмыз? Комсомол секретары – орыс филологиясы, екінші курсқа жаңа шыққан Әділбек деген аққұба, көрікті жігіт екен. Жаңылмасам, сойы – Сауытбеков. «Ол былай ғой», деп, таза қазақша сөз қыстырып еді, «Сөзімді бөлмеңіз, – дедім. – Берілген бес минуттан аспаймын. Және ме­ нің бар айтқанымды орысшаға аудармаңыз. Өзімізді өзіміз түсініп алсақ та жетеді». Бұл Әділбек, кейін аңдадым, өте бір дарынды, жасына жетпей ақылы толысқан, байыпты, салауатты жігіт еді, университеттен соң орыс әдебиеті кафедрасында қалдырылған, арада екі-үш жыл өткенде, КГБ-ның қатысымен, шовинист әріптестері ұйымдастырған көлденең жалаға ұшырап, сегіз жылға сотталып, содан біржола жоғалды. Осы Әділбек енді маған ишара жасады да, орыс жағына бір ауыз түсінік берді, біздің қатарымызға жаңа қосылған студент өзінің ана тілінде сөйлейді және орысшаға аударуды қаламады, деп. Мен бұдан әрі, біз қазақ болғандығымыз үшін, осы университет қабырғасының өзінде көптеген кемшілік жағдайда жүріп жатқанымызды айттым. Ең басты кесел – орыс бөлімі студенттерінің астамдығы. Әуелде, анау күнгі ауыл шаруашылық жұмыстарында байқадым. Мен үздік оқушы ретінде университетке емтихансыз түскен едім. Қатарлас қазақ балалары да солай. Ешкімнен кем емеспіз. Алайда, орыс тілді жігіттер мен қыздардың

Мұхтар МАҒАУИН, Нұрмахан ОРАЗБЕКОВ Қарқаралыда (2010 жыл, жаз айы) бізге әлдебір мұхит аралындағы жабайылар сияқты, тым жоғарыдан қарағанын көрдім. Әрнеден сылтау тауып, кеміткісі, қорлағысы келіп тұрады. Ұлттық намысқа тиген жағдайлар да ұшырасты. Ол – далада, еркін өмірде болса, университет аумағында да дәп осылай. Орыс бөлімінің жігіттері кеуделеп жүреді, дәлізде қарсы келсең, жол беруің қажет сияқты, қағып, соғып өтеді, қыздары қашанда мазаққа бейім, көбіне кекетіп, мұқатуға әуес. Түйіндеп айтқанда, біз Совет Одағының тең құқұқты азаматы болмай отырмыз, бүгінгі, бастанаяқ орыс тілді жиналысымыз соның нақты айғағы, дедім. Осыдан соң ию-қию басталып кетті. Залда емес, мінбеде. Біздің курстас жігіттер қатар-қатарымен, бірінен соң бірі сөйлеген. Кейінде орта жолға жетпей, тұрмыс жағдайымен, әлде басқа бір себеппен оқудан кеткен, бойы ортадан биік, иықты, аққұба жігіт бар еді, атын ұмытыппын, Ақберген сияқты, алдымен сол шықты. Менің сөзімді одан әрмен, біраз жерге апарып тастады. Одан кейін Сейтжанов Бақыт – қазбалай сөйлеген. Үш, әлде төрт кісіден соң Әбіш. Бар сөзі кейіс, түңіліске құрылды, мұндай ахуал заң, тәртіп аясы тұрыпты, адамгершілік моральға сыйыспайтынын айтқан. Тағы екі-үш жігітіміз. Ақыры Нұрмахан Оразбеков. Қазақша бастап, орысшаға көшті. Жеткізіп айтқан. Адам баласы, оның ішінде әлемнің алдында тұрған совет азаматтарының құқықтық тең жағдайда болуы шарт екені, бұл мәселе ССРО Конституциясының өзінде бекітілгені, Лениннің ұлы орыстық шовинизмді айыптаған

демик, толық нұсқасы – Қыртология ғылымдарының академигі. Әрбір жанама есімнің өзіндік негізі бар. Бақыт өте көп біледі және өзара отырыста тоқтамсыз көп сөйлейді, Академик – Тұрғанбай берген есім. Ал Тұрғанбайдың өзін Лақ атаған осы Бақыт болса керек, бұл досымыз бірінші курстағы балалардың ішіндегі ең нәзігі, әрі бойы кішкентай, шашын маңдайға түсіріп қоятын; екінші курстағы жазғы жұмыстан соң күрт өсіп, бойы ортадан жоғары, аса сымбатты жігіт болып шықты, бірақ Лақ атауы берік орныққан. Маған ат қойған – Нұрмахан, әлдебір туған күнге барғанда, бұл бала арақ ішпейді деп, сүт алғызған, содан бастап Бұзау болдық. Ешкі – Әбіштің алғашқы жылы ауыл шаруашылық жұмыстарына барғандағы епетейсіз қимылына орай берілген мәртебе, Бақыт қойыпты. Марат – советтер тұсындағы ең көп тараған, революциялық есім, бізге Робеспьер артығырақ көрінсе керек. Әтеш – Дидарбектің шашы аса қайратты, әрі қалың, сүйем өскенде әтештің айдарындай, тікірейе ұйысып тұ­ ратын және бұл жігітіміз қашанда тіке, тура сөйлейді. Бозбүйрек – Оразбектің бүйрегі үнемі ауырып жүреді, өз бүйрегі өзіне бөтен екен. Даукестің жайы түсінікті. Бізге осы лақап аттардың бәрі де өте тауып, дәлме-дәл қойылғандай көрінетін. Үйреншігі сондай, өзара отырғанда айтыла қалса, «Әу», «Иә» деп жауап қайырған жағдайлар да ұшырасатын. Тек Бақыт қана Академик мәртебесін мойындамай жүрді, тұпа-тура аталса, арсалаңдап алыса кететін. Жас кезде, уайым-қайғы, қамсыз күндерде бәрі қызық. Мен ұлт мәселесі және басқадай кеселді жағдаяттар туралы тек

Әбішпен ғана пікірлесер едім. Көлденең куәсіз, екеуара оңашада ғана. Ал бейсауат жұртпен қашанда тұйықпын. Тек әуелгі, балалық кезеңде ғана емес, ел таныған азамат болған заманда, тәуелсіздік дәуіріне дейін. Тіпті, мектепте бірге оқып, бірге өскен, әдебиетке қатарлас келген достарымның өзі­­мен ұлттық мәселе, советтік құрылым төңірегінде пікір алмас­ қан емеспін. Бұлардың бірінің адал­ дығына күмәнім бар, екіншісінің адамдығын біле тұра, ашыла сөй­лесуді артық көрем, менікі – арам, бөтен пиғыл атаулыға се­ зік қана емес, өзімнің әуелден берік қалыптасқан, пенделік қор­ ғанышым. Ал Әбішпен арада еш­ қашан да тыйым тақырып жоқ. Әдетте, озғындап, мен сөйлесем керек. Дәйектеп, дәлелдеп. Көп ұзамай-ақ екеуіміздің бар ойымыз бір арнаға тоғысты. Ұлт мәселесі, саясат тақырыбы ғана емес, әдеби таным, дүниеге көзқарас. Міне осы, екеуіміз бар жағынан жарастық тапқан, бірге жүрген алғашқы кезең – 1958 жылдың екінші жарымында Әбіш мәнді, мазмұнды, әрі көркем бірталай өлең жазды. Нұрмахан түсірген, ойлы, мұңды қалыптағы әдемі бір суретінің сыртына: «Жыр шабытын төлдеген Өзіммен бірге тербеген, Өрен ойлы досыма – Өлеңқұмар пендеден», – деген бір шумақ жырымен маған сыйлаған еді. Біздің екінші курсымыз, 1958 жылдың қара күзі; айы, күні есімде жоқ. Бұл сурет Әбіш екеуіміз бірге түскен басқа да суреттермен қатар, Алматыда қалды, орайы келсе, кейінде жарыққа шыға жатар. Әбіштің жолы басынан-ақ оң еді.

Жиырмаға толар-толмаста тақау төңірегімізде үлкен атаққа жетті. Өзінен гөрі мен көбірек сүйінсем керек. Жалғыз мен ғана емес, аралас достарымыздың бәрі де құрмет тұтады, осы ретте екі-үш жас үл­ кендер, мәселен оқуы қатарлас, кейінде танымал журналист, аудармашы, баспагер Нұрмахан Оразбеков айрықша іш тартады, туған інісіндей көреді, екеуімізді бөлежармай, «балақан» деп еркелетіп жүретін. Бұл Нұрмаханның ол заманда қолға түспес «Фэд» дей­ тін қымбат фотоаппараты бар, әуесқойдан өткен, нағыз профессионал, қаншама суретке түсірді. Бірінші курстағы жаң�� жыл кешінде, екінші курстағы жатақхана кезінде, кейінірек, пәтерде жекелей және бірге түскен әлденеше суретімізді шығарды, солардың үшеу-төртеуі бүгінге сақталып, Алматыдағы үйде тұр. Межелі бір уақытта жарыққа жетуге тиіс. Әрине, Алматыда әдемі бойжеткен көп. ЖенПИ түгелімен. ҚазПИ жарым-жартылай. Университет те қызсыз емес. Әбіш бұл жағына қан­ шама сүлесоқ болғанымен, ерекше көз тартатын. Танитындар дарынды жас ақын екенін біледі. Танымал еместер тағы да ұнасымды қасиетін аңдаса керек. Бірақ Әбіш ешқайсына көңіл бұрмады. Оның үстіне, Музаның қалт еткізбей бағып отырған ақ-адал сақшысы бар. Әйткенмен, өзгеше бірер жағдай. Оқуға жаңа түскен кезімізде Әбіш курстас Л. дейтін қызымызды ұнатса керек. Аса өңді болатын. Және мінезі биязы, жұғымды. Тәрбиелі отбасынан шыққан. Бұл қыз да теріс көрмес еді, алайда, бірге оқитын, әрі тым жақын, дос-жар Б. деген жігітімізбен жарасып қойған. (Ақыры оған да бұйырмады.) Кейінде Нұрмахан айтады. Әбіш тым тәуір көріп еді, мені сылтау етіп, біздің ауылға дейін іздеп келді. Қыз да кет әрі болмайтын еді, Әбіштің өзі тартынып қалды, Б. досының алдын кесу – опасыз аярлық көрінген сияқты, деп еді. Маған айтылмаған хикаят. Б. – Әбіш екеуіміздің ортақ досымыз, ыңғайсыз көрсе керек. Әбіш қашанда жақсы киініп, таза жүретін. Айттым, ол кезде жалпы жұрт жарлы-жақыбай, студенттер қауымы да кедейшілікте ғұмыр кешеді. Біздің жігіттердің біразы демалыс күндерінде теміржол вок­залына барып, вагон түсіріп, бір кеште он сом ақша тауып қай­ татын. Көпшілігі жарым айда ашқұрсақ жүреді. Киім де түгел емес. Әбіш екеуіміздің жағдайымыз басқашарақ болды дедім. Алғашқы жылы күнделікті сабаққа және кі­ тапханаға ол замандағы студент, жастар арасына кеңінен тараған, вельветка аталатын, ықшам, ың­ ғайлы, барқыт кеудеше киеміз. Әбіш екінші курстың басында Комсомол мен Фурманов көшелерінің қиылысындағы сән ательесінен елеусіз қоңыр жолағы бар, сұрғылт, қымбат матадан қонымды тігілген костюм алды. Мен кітапханада жүрсем керек, екеуімізге де қамқор аға есепті Нұрмахан бастап апарыпты. Менің Алматыға келген бетте, қисынсыздан сәті түсіп, Көк базардағы әлдебір шағын дү­ кеннен сатып алған, кейінірек, Университеттің бірінші күні суретке түскен көксұр костюмім бар еді. Енді сол Нұрмаханның нұсқауымен, әлгі ательеден жаңасын алдым. Келісті қара-көк. Екеуіміздің де костюмдеріміз ең соңғы модамен тігілген. Яғни, жалпы жұрттан алабөтен. Кеудесі тарта түймеленіп, тырсиып тұрмайды, шалбарының балағы тар. Ол заманда советтік үлгі – қынама, тар пенжек, далаңдаған кең балақ шалбар болатын. Студенттер қауымының арасында

*** Шет жағасын айттым, алдыңғы жылы Тыңға барғанда бұдан да өткен сұмдық бола жаздаған. Бір емес, әлденеше жігітке зәбір, жа­ рақат, бәлкім қаза, ал қыздарға былапыт зорлық. Әбіш екеуіміз тіл-фольклор экспедициясында жүр­­генде. Бәрімізді де құдай қақты дер едім. Ақмола, Көкшетаудың бірі. Біздің балалар демалыс күнгі кино, оған жалғас би кешінде көрші бригададан келген орыс механизаторларымен байланысып қалады. Айналдырған үш-төрт қызымызды кезегімен шақырып, билеп қана қоймай, анайы, оспадар мінез көр­ сетеді ғой. Ақыры, қыздардың бірін далаға сүйремек болады. Әлбетте, төбелес шыққан. Орыс жігіттері таяқ жеп, кейін қайтады. Арада үш күн өткенде, тапа-тал түсте бір машинаға тиеліп келіпті. Жиырма шақты содыр. Қолдарында шынжыр, кастет және темір таяқтары бар екен. Біздің балалар түскі үзі­лістен соң, қырман басында отырған. Аналар машинадан төгіле түсіп, кәдімгідей ұрандап, тұра ұмтылды дейді. Біздің жігіттердің саны шамалас, тайсалмай кірісіп кетеді. Абырой болғанда, бидай күрейтін, сабы ұзын, басы жал­ пақ ағаш күректері бар. Бастау­ шы, ұйыстырушы көсемдері – Нұрмахан. Қарсы ұран салады. «Аттан, Аруақ!…» Ұзын бойлы, иықты, қайратты Сапархан Мырзабеков: «Күректің қырымен!..»– деп айқайлап, шабуылшы бұзықтарды мойыннан, иық пен сирақтан ұрып жайпай бастады дейді. Университеттің ауыр салмақтағы чемпионы Марат Тоғатаев деген боксер жігітіміз, құр қолмен ұрып құлата берді дейді. Қалған жігіттер де қарап қалмаған. Қолда күрек, қарымдары ұзын. Ақыры, бес-он минутта шайқас тәмам болады. Орыстар тым-тырақай шегінеді, төртеубесеуі жығылған, сұлаған күйі орындарынан тұра алмай қалыпты. «Біз жеңдік, жаралы бұзықтарыңды алып кетіңдер!» – дейді Нұрмахан. Алайда, бар шаруа осымен бітпесі анық. Алматыға қайтуға бір апта ғана қалған. Жігіттер үнемі сақ, жиын отырады. Ақыры, ертең кетеміз деген жексенбіде, түн түсе, үш тараптан бірдей аңдыздаған үш машинаның жарығы көрінеді дейді. Бас қолбасы Нұрмахан түгелдей ағаш, темір күректермен қаруланған әскеріне қуат беріп, таймай соғысуға үндейді. Бәрін күргейлей қатарға тұрғызып, ең алдыға Фадли Фазли-оғлы деген қоңқамұрын түрігімізді шығарыпты. «Сен жерәлемді жаулаған ер түріктің тікелей ұрпағысың, қалғанымыз саған қарап соғысамыз!» – дейтін көрінеді. Қатер үстіндегі қалжың. Ал Фадли момын жігіт, қорқып дір-дір ететін көрінеді. *** 2015, 11 желтоқсан. Әбіш фәни дүниеден көшті. Бірге бастаған, қатарлас жасаған қайран Әбіш. Бар ісіне Тәңірі таразы. Ғазапты жер бетінде жетпіс алты жыл және бес күн ғұмыр кешіп, бақиға кетті. Қаншама жыл бойы алған барлық атақ-дәрежесі, марапат пен мадақ, жұлдызды сөлкебайлар түгелдей жоққа айналған. Артында күнделікті, үздіксіз, тынымсыз, беймаза қызмет астында жүріп, қалт еткен шектеулі уақыт, ұйқысыз түн, аралық демалыс күндері, жарым ай, үш-төрт апталық тыным кездерінде, байлау мен құрсаудан босаған дарқан көңілмен, баянды ақ қағаз бетінде тізбелеген шығармалары ғана қалды. Әдепкі өмірде – ұл мен қыз, немерелер. Және, үлкен есепте – қара орман халқы. Пендесінің де, тұлғасының да нақты, түпкілікті бағасы – келешек үлесінде. 30.VІІ – 20.VІІІ.2016. Роквилл, Мэриленд, АҚШ.


тағылым

14 қаңтар, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Өмірдің өзі – новелла Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан» Жұмыстан шаршап келсе де, үйіне кіре алмай есіктің жанында біраз тұрды. Кейінгі кезде бала күннен бергі өмірін көз алдынан бірнеше мәрте өткізетін болып жүр. Өмірі осылай жанталаспен өте ме, әлде Алланың дайындаған сыйы бар ма екен? Күн мен түннің алмасқанына қарамай, жұмыс-жұмыс деп жүргенде, жай

адами қуаныштың да не екенін ұмытқалы қашан? Асыр салып ойнағаны, есейе келе, отбасылық өмірдің қызығы туралы тәтті ойға беріліп, қиялына қанат бітіретін кезін елестетті. Екі қолын төбесіне қойып, қашып кеткісі де келеді... Өз-өзінен, өмірінен... Бар болғаны бір-ақ қадам... Кері бұрылып, бір қадам аттаса, кім біледі, осының барлығынан құтылар ма еді? Бірақ, болмайды. Үйде көптен бері жүрегі ауыратын жары күтіп отыр. Егер өзі болмаса ол қайтпек. Жұмыстан келе сала үй шаруасына кірісіп, күні бойы дайын тұрған тамақты да алып ішуге шамасы келмейтін жарын тамақтандырады, көңілі бөлінсінші деп, шаршап отырса да, өз-өзін зорлап, қызықты әңгімелер айтуға тырысады. Қанша дегенмен, ер деген аты бар емес пе, бірге жұмыс істейтін әріптестері сияқты үйге қабағын қарс түйіп, ашуланып кіруді аңсайды. Сол кезде жары алдынан шығып, асты-үстіне түсіп жүрсе. Асүйден шыққан тәтті тамақтың иісі мұрынынан қытықтап, баласының «әке» деп етегінен тартып ойнағанын аңсағанда, жүрегінің қарс айырылатынын білсе ғой, әттең... Бірақ, әзірше пешенесіне жазылып тұрғаны – осы. Қолдан келер қайраны – оның өмірін бір күнге болсын ұзарту үшін жанталаса жұмыс жасап, күнделікті дәрісін алып беру ғана. Оның өзі де күннен-күнге қымбаттап, жан алқымнан алып барады. Бірақ, амал қанша... Бұл – жары үшін адам емес, адам келбетіндегі періште. Өйткені, ата-анасынан жастай айырылып, жүрегіне салмақ түскен ол айықпас дертке шалдыққан. Бірге тұрған сегіз жылдың ішінде ыстығын да, суығын да бірге көріп, ол үшін өзінен басқа жанашыр жанның жоғын білгелі бері бұл да өзін ұмытты. Жақсы көреді ме, жоқ әлде, аяныш сезімі ме, екеуінің шекарасын айырудан қалған. Ортақ балалары болмаса да, баласы – жары. Жас баладай мәпелеп-ақ жүрсе де, күн сайын солып бара жатқан түріне қарап, өзінің де жүрегі сыздап ауыратын болып жүр кейінгі кезде... Пенде емес пе, бұл да... Өмірдің өзі бір-ақ қадаммен өлшенетінін біледі. Не әрі, не бері... Өз жағдайын күйттесе, кім біледі, бақытын басқадан табар ма еді? Бірақ, адамдықтан аттап кете алмады. Сегіз жыл жанының жартысына айналған жарын жер қойнына беріп келген күні жалғыз отырып, егіліп жылады, ешкімге көрсетпей. Сегіз жыл бойы өзін мықтымын деп келсе де, шынымен, әлсіз екен. Көз жасына ерік беріп, еңкілдеп жылағаны... Сонда білді, өзінің мықтылығы – өзіне артылған сенімде екенін... ... Орны толмас дүние жоқ. Бұл күні өз періштесін тапқан, Алланың сыйы болар! Шыдамдылық танытып, теріс қадамға бармағанына қуанады әлі күнге дейін. *** Қарағанды қаласындағы бір балалар үйіндегі қызметкерден естігені бар... Жаңа туған нәрестелерін осы жерге әкеліп тапсыратындардың көпшілігі хиджаб киіп, дін жолында жүрміз деп жүрген жап-жас қазақтың қыздары...

Өмірге келмей жатып, не әкенің, не шешенің махаббатын көрмей, тастанды атанған баланың жылағаны да өзгеше екен. Жылаған емес, өмірге өкпесін айтып, шағынып жатқандай... Қазіргі күні теріс дін жолына түсіп жүргендер арасында «талақ» ету кең етек алып кеткен. Исламда «талақты» жоққа шығармағанымен де, оның белгілі бір шектері бар. Яғни, ері әйеліне үш рет талақ айтып, ажырасуы үшін қазіргі сот жүйесіндегі сияқты уақыт беріліп, осы аралықта ері мен әйеліне татуласу бұйырмаған болса, үш айда үш рет талақ сөзін айтып ажырасуға болады. Бірақ, бүтін дүниені бұзу оңай емес. Әсіресе, ортақ балалары болса. Сол себепті де ислам дінінде осы мәселелердің барлығы қарастырылып, отбасы бүтіндігін сақтап қалуға күш жұмсалады. «Талақ» сөзінің қадірі кетті. Бірінші – хиджаб кигендерден бастасақ. Негізі, көпке топырақ шашуға да болмас, хиджаб киді екен, дұрыс жолда жүрмеді деген емес бұл жерде. Хиджаб – ол денені жабатын киім ғана. Ал, оның әр жағы – адамның санасында және дұрыс дін жолындасың ба, теріс қадамға басқаныңда ма, соған байланысты. Біздің айтпағымыз – теріс дін жолында жүргендер. Сырттай қараған адам өздерін діндарлармыз деп жүргендерге қарап, өзінің бетінен «иманы тамады» ма деген ойға қалады. Өздеріндей еместерге жауыққан көзбен қарайтындардың әлемдері де өзгеше. Басқаларын кәпір, өздерін ғана күнәсіз санап жүргендер өзара былыққа батып жүргендерін біле алмай қалады. Өзінен үлкен аға-әпкелерінің кеңесі бойынша өз дініндегілердің біреуіне тұрмысқа шығады-мыс. Ол – ешқай жерде тіркелмеген неке болмаған себепті, жауапкершілік те жоқ. Некеленгендей болған ері әйелі ұнамай жатса, үш рет «талақ» сөзін айтып, ажырасып, не болмаса өзінің жолдасына сыйға беріп кете береді. Талақ алған жары – бос жүрмей екінші біреуге некелесуі керек. Осылайша, жалғасқан тұйық шеңбердің ішінде «айналма қойдың миын жегендей» болған байқұстар кімнен жүкті болып қалғандарын да білмей, өмірге әкелген балаларын өз қолдарымен балалар үйіне тапсыруға мәжбүр. Себебі – дұрыс мамандығы тұрмақ, күнін әзер көріп, өзі сияқтыларға тұрмысқа шығып, күнімізді көреміз бе деп, көрінгеннің қолжаулығына айналған қыздар осындай қадамға еріксіз барады. Тағы да сол бір қадам... Санасын бір сілкіндіріп, өз-өзіне есеп беру арқылы, дұрыс жолға қадам бастар болса, кім біледі, өмірлері өзгерер ме еді... Құрдымға кетірер қадамды таңдаған олар өз-өздерін көпе-көрінеу теріс жолға түсіріп әлек. Бұл – жезөкшеліктің бір түрі... Соған қарай санасыз түрде жасалған қадам! Теріс жолға қадам бастап, бір шалынса, өзегін жарып шыққан баласын тастанды атандырып, тағы бір шалыс қадам басты. Бірақ, әуел бастан берекесіз дүниенің оңала қоюы екіталай екенін біле бермейтін болар. Кім білген...

1990 жылдың мамыр айының ортасы болатын. АІІБ-і бастығының сол кездегі саяси-тәрбие саласы бойынша орынбасары Әлиасқар Қапанұлы шақырып алды да «Сен, Нариман Шакирович бастаған топпен Семейге барасың, ағатайыңа барып жолық», – деді. Нарағам 25 мамыр күні ерте шығатынымызды, Қайнарға бір түнеп, одан әрі Абай ауданына – Қарауылда «Семей-Невада» қозғалысының бастамасымен өтетін ядролық жарылыстарға қарсы дүниежүзілік конгреске қатысатынымызды, оған Олжас Сүлейменов, шетелдерден көптеген ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысатынын, конгресс аяқталған соң Семей өтіп Қарқаралы райкомының тарихын Семейдің архивінен іздестіретінімізді, Сейтқұл ағаның жұмысы суретке түсіру, менің міндетім бұрынғы арап әрпімен жазылған документтерді оқып, кирилицаға түсіру екенін айтты. 25 мамыр күні таңғы сағат 6-да жиналып, Исатай Шаниннің «Таблетка» УАЗ көлігімен жолға шықтық. Жолшыбай Қарағайлыға соғып, Мейірхайыр Қағазбаевты – Қарағайлы КБК-ның партком хатшысын алдық. Кештетіп Қайнарға да жеттік. Жолбасшымыз: «Әуелі Бәкен ақсақалдың үйіне соғып сәлем берейік», – деді. Бәкен ақсақал деп отырғаны, белгілі журналист Қарлығаш Құспанованың әкесі екен. Нарағамның Қайнардағы «бекеті» кішігірім тойға дайындалғандай сыңайлы. Үй-ішімен амандасып, танысқанша, Қарқаралыдан конгресс делегаттарының екінші легі – Қарқаралы ауданы «Семей-Невада» қозғалысының төрағасы Мақсым Омарбеков, журналист Қарлығаш Құспанова және редакция УАЗ-ының жүргізушісі Гайдар Қабасов келіп жетті. Қайнарда басы қосылып «бүтінделген» Қарқаралының делегациясы ертеңіне түске қарай қос УАЗ-бен Қарауылтөбеге бет бұрдық. Абай ауданының райкомына кіріп тіркелдік. Басына құс қауырсынын тағынған үндіс пен малдас құрған қазақ бейнеленген дөңгелек белгі алып кеудемізге тағындық – толыққанды конгресс делегаты қалпына ендік. Нарағамның бұл сапардағы кейпі жол жүру жағдайына төселгенін былай қойғанда, өзімен сапарлас адамдардың ыңғайсыз жағдайда қалмауын бірінші кезекке қоюы, оның адамгершілігінің айнасы сипатты еді. Әйтпесе, райкомға кірген біздерді жарқын қарсы алғандарымен, тамақ даярлап, күтерлік кейіптері байқалмады – өздеріменөздері әбігер, қарбалас дүние. Енді ше, жанжақтан, оның ішінде шетелдерден қаншама делегация келмек. Оларды қарсы алу, орналастыру, бабын табу оңай емес қой. Нарағамның сапарластарының жағдайын туғызып жүруі де өз алдына жеке жұмысы сияқты еді. Ол кісі сапарластарының ішіндегі ең кішісі – бала, мені де баласынып сырт қалдырған емес. Қайта, мені бірінші іздейді де өзінің қасына отырғызып алады. Ертеңіне, түске қарай Қарауыл төбенің сыртын бетке алып, конгресс болатын жерге келдік. Ат шаптырым жазыққа дөңгелете ақшаңқан киіз үйлерді тігіп тастаған. Бізді, Қарқаралы делегациясын қайнарлықтар тіккен киіз үйге орналастырды. Келген делегацияның санын адам білместей, ығы-жығы халық. Сол жерден 46 «Икарус» автобусының келгенін санадық. Конгресс жиналысы ұзаққа созылған жоқ. Әр елден келген беделді тұлғалар өз ойлары мен пікірлерін қысқаша мәлімдеді, соңы концертке ұласты. Олжас Сүлейменов Қарауылтөбенің етегіне орнатылған қара мрамор ескерткіштің ашылу рәсімін жасап, ол жерде Хиросима, Нагасаки және Семей полигоны құрбандарына ескерткіш орнатылатынын жариялады. Түн ішінде дала жолының екі жағына лаулатып жағылған оттың ортасынан ұрандап өтіп, әр адам бір-бір тастан лақтырып, үйінді жасадық. Қайнарлықтардың арнайы тіккен киіз үйінде қарқаралылықтар жеке дөңгелек жер үстелге жайғастық. Көрші үстелге өзге қонақтармен бірге Невада штатынан келген қыз бен жігіт жайғасты. Нарағам бұл жерде де өзінің жан-жақтылығын танытып, әлгі екеуімен танысып алды да, өзінің қасына шақырды. Аудармашы арқылы әңгімелесіп, қызға ғашық болып қалғанын айтып соңын қалжыңға айналдырды. Сөйтсек, невадалық қонақтарды киіз үйге енгізгенімен, оларды күтуге арнайы адам бөлінбей қалған екен. Осыны байқаған Нарағам оларды өзінің жанына отырғызып, қазақи дәстүрді, дастарқандағы тағамдардың қасиетін, жасалуын, денсаулыққа пайдасын, өзге де дүниелерді түсіндіріп, әрі қалжың сөздермен күлдіріп қонақтарды сергітіп отырды. Сөйтіп, Нарағам шетелдік қонақтарды бауырына тартып, қайнарлықтарды ыңғайсыздықтан аман алып қалды, әрі қазақ дәс-

5

«Сендердің абзалдарың мінез-құлығы жақсы болғандарың» Мұхаммед пайғамбар(с.ғ.с) түрін түсіндіріп, ұлт туын бір көтеріп тастады. Мақсым ағам киіз үйдегі ас үстінде бұйра қап-қара шашы иығына түскен, сақалды, жылтыр қара кәстөм-шалбар киген, ұзын бойлы, арықша келген қазақ жігітімен танысып, соңынан қайнарлықтардың киіз үйінің көлеңкесінде ұзақ сұхбаттасты. Мақсым ағамның айтуына қарағанда Алмас Естеков сол кездегі билікпен «мінезі жараспай» шет елге кетіп қалғанға ұқсайды. Сұхбат тақырыбы бізге беймәлім... Нарағам «Мақаңның қасындағы кім, өзі бұзақыға ұқсайды екен», – деп сұрап қояды. Осы сапар Нарағамның бастамасымен Жидебайдағы мұражайға соғып, тамашаладық. Мұражай меңгерушісі Ғазиз Күзембаев әрқайсымызға Шәкәрім Құдайбердиевтің өмірбаяны, өлеңдері мен әндері /ноталары/

кадрларын даярлаған, үлкен жүректі, көркем мінезді, көпшіл, атын алтын әріппен жазуға тұратұғын үлкен адам – Нарағамен сапарлас болу балаң жігіттердің әрқайсысының басына бұйыра бермесе керек. «Семей сапары» мен үшін «ел көріп, жер көріптен» бөлек – кәдімгі мәдени, рухани сабақ-сапар болды. Бұл сапардан мен өте көп, пайдалы әсер алып қайттым. Бастысы – басшы азаматтардың барлығының кекірек бола бермейтіне көзім жетті, Адами дұрыстықты көрдім, куәсі болдым. Нариман – «Нар» және «Иман» сөзінен құралған өте үлкен мағаналы қазақ аты. Нар – күштіліктің, төзімділіктің, биіктіктің және маңғаздықтың белгісі болса, Иман –

(үзінді)

жазылған «Аманат» атты кітапты бұрыштама жазып, сыйға тартты. Мұражайдың әрбір экспонаты өзінше сыр шертеді. Тілсіз экспонаттармен сөйлесудің кілтін мұражай меңгерушісі Ғазиз Рахымұлы ашып, әрқайсысын жеке сипаттап, оның шығуы, жасалуы, қолданылуы, мұражайға жеткізілу тарихын егжей-тегжей әңгімелеп берді. Мұражайдан әрқайсымыз мол әсер алып шықтық. Жол сапарының санатты әңгімесі Бәкен ақсақал мен Нарағам арасында қыза түсті. Тартымды әңгіме жетегіне еріп Семейге түн ішінде жеттік. Күндіз Семей архивінің «шаңын қағып» Қарқаралы аупарткомына қатысты құжаттарды іздестіреміз. Бұл менің архив сөрелерін бірінші көруім еді. Кешкілік Нарағамның туыстарының, таныстарының үйіне қонаққа барамыз. Әр отбасы құрақ ұшып қарсы алады. Соңғы күні Нарағам «демалыс» жариялады. Бәріміз Семей қаласын араладық, Сейтқұл ағам суретке түсірді. Іс-сапарды тәмамдап, шама-шарқымызша жинаған тарихи құжаттарды алып, Қарқаралыға олжалы оралдық. Біздің әкелген тарихи құжаттарымыз Қарқаралы аупарткомының 70 жылдық мерейтойын атап өтуге кәдеге жарады. Қарқаралы жұртына мейлінше еңбегі сіңген, көптеген ұстаздарды, мемлекеттік қызмет

Ұлы Ислам дінінің басты қағидасы, адамгершіліктің ең биік шыңы. Қазақтың «Атына заты сай» деген баламасы дәл Нарағаңдай тұлғаларға қатысты айтылған болар. Осы күні сонау 1979 жыл есіме еміс-еміс түсе береді. Сол жылы Қарқаралы қаласындағы №1 орта мектептің 8 класын тәмамдап, қаладағы зооветеринарлық техникумға түсуге бет бұрдым. Онжылдықты тәмамдап жоғары оқуға түсе қою мен үшін шындығында қиындау болатын. Сол себепті, төменнен бастап орта арнайы білім ала берсем, кейінгісін тағы көре жатармын деп ойлағанмын. Өкінішке орай, мектепке соншалықты «қажеттігі бар» оқушы болмасамда, техникумға оқуға баруыма мектеп басшылығы қарсы болды, құжаттарымды бермеді. «Сала қоятын» адам да болмады. Жанашыр мұғалімдер «документіңді бермеуге правосы жоқ» дейді, бірақ, өздері кірісуге дәрмендері жетпейді. Қыркүйек туып, қатарластарым тегіс қалаған сабақтарына кірді. Мен мектепке бармадым. Қыркүйектің 10-ы болды. Әшейінде сабаққа уақытында тұра қоймасаң «шаңыңды қағып алатын» әкем он күн бойы үндемеді. Жолымның түспегеніне ішінен ол кісі де қапалы болатын. Біраз кластастарым қаладағы № 72-ші кәсіптік училищеге түсіп, («квота» әр клас-

тан 5 оқушы) оқып жатыр. Ол жаққа барып сұрастырсам документ болса қабылдай береді екен. Ал, маған мектептен документті кім бере қояды. Сөйтіп жүріп жақсылығына сырттай құлағым қанық жақсы адам ойыма түсті. Қыркүйектің 14-і не 15-сі болса керек, райкомға, Нариман Орманбетовке бардым. Ол кезде ол кісінің қызметінің де қандай екенін білмеймін. Әйтеуір сөзі өтетін райкомның белді басшы қызметкері екенін ғана білемін. Нариман Шәкірұлы галстугін түзеп қойып, жылы қарсы алды. Жағдайымды тізбектеп айтып шықтым және мектепке барғым келмейтінін де айттым. Өзге сұрақ қоймастан, аты-жөнімді сұрап алды. Сосын телефон трубкасын көтеріп,

дөңгелетіп цифрларды терді де, біреумен сөйлесті. Соңынан: «менің атымнан барады, қабылдау қажет», – деді. Сол күннен бастап Нарағамның арқасында кәсіптік училищеге қабылдандым. Соңымнан документім «өзі келді». Сөйтіп, райкомның басшы қызметкері баланы қабылдап, оның шаруасын бірден шешіп бере салды.

«Ол кісінің орнында басқа береу болса ше?», – деп ойлаймын осы күні. «Сен кімсің, мектепке бармаймын дегенің не, совет тәртібіне неге бағынбайсың» дегендей немесе соған төркіндес сұрақтың астына алар ма еді, тіпті, «мектебіңе қайтып бар» дер ме еді? Осы күні Нарағамның тұлғасына ұқсайтын адамдарды жан-жағымнан ойша, көңілмен іздестіремін... «Заманына қарай адамы». Нарағамның құдай қосқан жары, ұрпағының анасы, менің ұстазым Рымбала Сәдуақасқызы кездесе қалған жерде: «Манарбекті Нарекең өте жақсы көретін», – деп көпшілік арасында айтып отырады. Ол сөздер мен үшін үлкен мәртебе. Нарағамның тұлғасы, ол кісімен бірге жүрген «Семей сапары» менің жадымда мәңгі қалды. Бәрі де кешегідей, көз алдымда. Өмір – өзенде Нарағамның сенімін ақтап келе жатырмын-ау деп ойлаймын. Мінеки, Қарқаралы халқы атынан Нарағам бастап барған делегация Семей зұлматының жабылуына осылайша өз үлесін қосып қайттық. Манарбек КӘРІМ, Қарқаралы ауданы мемлекеттік архивінің басшысы. Суретте: Семей сапарынан көрініс. Гайдар Қабасов, Алмас Естеков, Бәкен ақсақал, Нар-Ағам, Мейірқайыр Қағазбаев, мен және Исатай Шанин.

Тағзым Көмір өндіру саласында жұмыс істеу аса қауіпті іс екенін жер-жерлердегі шахталарда орын алатын қайғылы оқиғалардан байқап келеміз. Адамдардың қаза табуына әкеліп соғатын мұндай апаттар Қарағанды аймағындағы кәсіпорындарда да ұшыраспай жүрген жоқ. Соның бірі – осыдан тоғыз жыл бұрын Абай шахтасында болған апат. 2008 жылдың 11 қаңтарында шахтада қатты жарылыс болып, 30 кенші қаза тапты. Бұл жарылыстың жарасы әлі де өшпек емес. Жуырда аудан әкімі С.Шайдаров және аудандық мәслихаттың хат-

шысы Б.Цай «Абайская» шахтасында болған апат салдарынан жер астында қалған кеншілердің құрметіне қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Сонымен қатар, мемориальды кешенге бақилық болған кеншілердің туған-туыстары, замандастары, достары, шахта басшылығы мен ардагер кеншілер жиналды. Абай ауданының бас имамы мен православиелік шіркеу өкілі қайтыс болған кеншілер рухына дұға бағыштап, тереңде қалған сағыныштарын тебіреніспен еске түсірді. Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ. АБАЙ ауданы.


6

әлеумет

14 қаңтар, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz

Құрмет

ӨМІРБАЯН ДЕРЕКТЕРІ: Ібірахым (Жақан) Ісләмұлы 1947 жылы 18 қаңтарда Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде туған. Қарағанды медицина институтының түлегі (1970ж.). Өлкетанушы, аудармашы. Қиыр Шығыста әскери дәрігер (1970-1972ж.ж.), Жаңаарқа аудандық және тораптық ауруханаларында дәрігер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары (1972-1992ж.ж.), міндетті медициналық сақтандыру мекемесінің Жаңаарқа филиалының директоры (1995-1997ж.ж.), Жаңаарқа, Абай аудандары әкімінің орынбасары (1992-2011ж.ж.) болып істеген. Танымдық-тағылымдық тұрғыдағы 20-дан астам жинақ-кітаптардың авторы. Облыстық «Тіл жанашыры» байқауының бас жеңімпазы (2015ж.). ҚР Мәдениет қайраткері.

Еңбегімен елеулі

Бүгінде жоқ іздеген заман. Бәріміз де жоқшымыз. Сол жолда адасып жүргендер қаншама?! Соларды түзу жолға салатындар бар ма? Әрине, бар дейміз. Жолдан адасқандар Темірқазық арқылы сапарларын түзеген. Руханияттағы қасаңдығымызды жоқшыларымыз байытуда. Шырағдан болып сайраққа салатын сондай жандар әлі үзіле қойған жоқ. Қатарластары бекзат болмысына қарай Жақа, інілері ізгілік ілтипатпен Жақан аға деп қадірлейтін Ібірахым Ісләмұлы сондай жан. Тұғырлы тұлға ретінде мойындалған ағамыз бүгінде елаға жасы – жетпіске толып отыр. Жақаңның есепсіз еңбегі жұртшылыққа жақсы таныс, етене жақын. Себебі, өркенді өмір жолы мен халық алдындағы жауапкершілік қасиеті қиындығы көп кезеңімен сыналып, шыңдалды, қарым-қабілеті мен еңбекқорлығы барынша жарқырап көрінді. Егемендіктің елең-алаңында Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары ретінде әлеуметтік саланы сауықтыруда, ұлттық рухты ұлықтауда ұлан-асыр істердің басы-қасында жүрді. Көптеген жергілікті елді мекендердің, мектептер, ғимараттар мен көшелердің өлке тарихында өзіндік орны бар ардақты атау, есімдермен жаңғыруы, ұмытылуға шақ қалған тұлғалардың қайтадан танылуы, елдігіміздің белгісі сынды ескерткіштердің еңселенуі, ұлттық салт-дәстүр тағылымының жаңғыртылуы сынды іс-шаралар аймаққа алдымен Жаңаарқадан таралды. Жақаңның сүйікті машығы – өлкетанушылық өресі мен өрісін ерекше атап өткен жөн. Дәрігер бола тұрып осы бағыттағы ізденістерін бір де тоқтатып көрген емес, өмірінің мән-маңызына айналған. Қай тақырыпта қалам тербесе де індетіп, шынайы шындығын барынша ашуға күш салады. Бұл өлкеміз тарихының тамаша бір өрнегі болып табылатын зерттеулерінде анық байқалады. Алаштың Ақселеуі (Сейдімбек):«Бұл мәселелер бойынша нақты деректерді Ібірахымнан аласың. Біз жалпылама жайттардың соңына түсіп, індетсек, ол нақты айғақтарды тер төгіп жүріп жинаған нағыз бейнетқор» дегені, академик Ғабдолла ағаның (Құлқыбаев): «Ібірахым – өңіріміздің тарихын білгірлікпен зерттеп жүрген ғаламат зерделі азамат» деп түйгендері әлі күнге жақсы жадымызда. Жақан ағаны елден ерекшелеп тұратын тағы бір қыры – оның терең білімпаздығы. Оған мысал ретінде белгілі қаламгер Айқын Несіпбайдың мына бір пікірін келтіре кетсек пе дейміз: «Кейде жан-жақты талдау қажетсінетін мақала дайындау үстінде әлдебір деректер таптырмай сарсылатынымыз бар. Бастап қойған нәрсені бітіріп тастауға шыдамсызданасың. Сондайда мазалай беруге қиналсаң да, амалсыз Жақаң көмегін сұранбай тұра алмайсың. Ерте болсын, кеш болсын білмегеніңді ойға сарт еткізеді. Мәселен, Солтүстік Америка

үндістері жөнінде жазуда дакот пен түркі тілінің төркіндестігін кімдер зерттеуі сұралғанда неміс ғалымы Отто Рериг екенін қолма-қол айтумен бірге қандай пайымдарға жүгіну керектігін пысықтап берді». Оның қаламынан «Алтай шежіресі» (1997), Жаңаарқа» энциклопедиясы (2009), «Алтай шежіресі (генеалогия мәселелері)» атты 1020 беттік академиялық жинақ (2014), «ҚарЛаг тұтқынындағы діни қызметшілер. Священнослужители – узники КарЛага» (екі тілде, өз аудармасы, 2013) кітаптары туған. Кейінгі кітап дүние жүзінің 28 ірі қалаларының кітапханаларынан орын алыпты. ҚР Парламентінің депутаты Н.Дулатбеков Токио және Будапешт қалаларында болған сапарларында аталған кітаптың тұсаукесерін өткізді. Сондай-ақ «Жаңаарқа тарихы» (1999), «Атыңнан айналдым, Жаңаарқам» (1999), «Өспен: ел мен жер шежіресі» (2006), «Ақтау бекінісі» (2007), «Қасиетті мекен Қарағаш» (2009), «Жыр арқауы – Жаңаарқа» (2009), «Майдангерлерге тағзым» (екі тілде, 2010), «Ақтауым – атамекенім» (2010), «Жер жаннаты – Жаңаарқа» (2011), «Қарлаг» (екі тілде, 2011), «Атамекен – Ақтүбек» (2011), «Жаңаарқа ауданының топонимикасы» (2011), «Ортауым – алтын бесігім» (2013), «Қырандар ұшқан Қызылтау» (2014), «Мерейлі мекен Мойынты» (2014), «Толағай – тектілер тұғыры» (2015), «Роль репрессированных в развитии Карагандинского угольного бассейна» (орыс тілінде, 2013) кітаптарының қосалқы авторы. Аталмыш еңбектерде академиялық ғылыми жинақтарға тән жүйелілік бар. І.Ісләмұлы бір ғана өңірдің тарихы арқылы қазақ тарихы мен тағдырына ортақ Уақыт пен Кеңістік сияқты тарихи-философиялық ұғымдар аясындағы бүкіл қоғамдық-әлеуметтік, рухани, саяси жағдаяттарға мейлінше терең үңіле алған. Аталмыш өңірдің жәдігерлері, тарихи-мәдени ескерткіштер, олардың ұлттық сана, ой өре деңгейімен қосамжарлана дамуы, халық тарихы, оның өзге өңір тұрғындарымен ғұмыр кешудегі өзіндік тұтас ерекшелік сипаттары, өткен ғұмырдағы кесек оқиға, құбылыстар, ұлт тарихы сынға түскен сәт, тарихи-әлеуметтік ахуалдың асқынған тұсында танымал тұлғалардың тарих сахнасына шығуы, олардың іс-әрекеті, сұңғылалығы, уақыт талабы мен қоғам дамуында алатын орны, қысқасы, шерлі тарихтың күнгейі мен терістігі тұтас қамтылған. Танымдық жазбалар, көшелі қариялар берген деректер, өткен тарихқа деген зерделі көзқарастың әбден екшеліп, ғылыми қисынға негізделуі Ібірахым ағаның биік зияткерлік деңгейін аңғартады. Ібірахым ағаны өлкетанушы деп шартты түрде ғана атау лайық. Кез келген ауыл, елді мекен, өңір, аймақ тарихы – ел тарихының бір бөлшегі. Қазақтың тарихы. Ұлттың жүріп өткен жолы. Тұтас ұлттың, халықтың тари-

хы – кешегі посткеңестік кеңістіктегі елдер тарихымен ғана емес, әлем елдері тарихымен кіндіктес әрі еншілес. Нақты ғылымдар саласы бойынша білімі төмен жандар болуы мүмкін, ал тарих саласында білім кемістігі болса, ол міндетті түрде ұлт санасын улайтын күшке айналады. Ібірахым Ісләмұлы өз еңбектерінде осы жайтқа ерекше мән береді. 2006-2011 жылдары Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2011 жылы зейнеткерлікке шыққан соң, Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайына қызметке ауысты. Бүгіндері сол мұражайда директордың орынбасары. Жаңаарқа аудандық С.Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану мұражайын, Шет ауданы Өспен ауылындағы өлкетану мұражайын ұйымдастырды. Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайын және Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығын қалыптастыруға белсене атсалысты. 2014 жылы 6 шілде күні Астанада ашылған Ұлттық мұражайдың кеңесшісі болды. Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының мүшесі. Бүгінде кешегі қым-қуыт қауырт істерден қол босап, әрі Долинкадағы саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайындағы ахуал «іздегенге – сұраған» дегендей жағдай туғызып, ізденістерін індете түсуде. Ғасырдың қара таңбасы іспетті Қарлагтың анықталмаған ақтаңдақтары әлі жеткілікті көрінеді. Балаларынан бұрын ұсталып, бұрын атылған Сәкен Сейфуллиннің, Жанайдар Сәдуақасовтың әкелері Сейфолла мен Сәдуақас ақсақалдар жөніндегі тың деректер, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің жергілікті сипаты бұл барыстағы зерттеу жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, ғылыми айналымға түсіруге міндеттейді. «Мінез – адамның сауыты» деп Абай айтпақшы, байыпты болмысы мен қарапайым қалпына сай зият білімдарлығы, биік парасат-пайымы, рухани кемелдігі жарасқан бұл жанмен сыйлас болу әркімді марқайтады. Ағамыз жоқтың да, бардың да шырақшысы. Не іздеу керектігін біледі. Сонысын ел есіне салып тұрады. Ал, бардың қадіріне жетсе ағамыз жетті деп білеміз. Сондықтан да оның өмірі мұрағаттар мен мұражайларда өтіп жатыр. Абзал ағаны мерейтойымен құттықтап, отбасына, ұрпақтарына береке-бірлік, өзіне шығармашылық табыс тілей келе, тәңірім барша жақсылығын нәсіп етсе екен дегіміз келеді. Төрехан МАЙБАС, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Жомарт ОСПАН, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Арнау

Қалам алдың қолыңа он бір жастан, Толғандырып тау-толғау, дала-дастан. «Дружные ребята» газетінен Шығармашыл алпыс жыл жол басталған. Біліп жүрдің жетпейтін бірдеңені, Қайда кеткен түркінің іргелі елі? Неге қазақ тарихы жазылмаған, Нендей сырды жасырды көмбелері?! Ес білгелі шарқ ұрып іздегенің, Мегзейді ме еліңнің жүз белеңін? Олай болса 100 томдық тарих қайда,

Осы емес пе уайымы Сіз бен менің?! Тым әріде көңілге түйетінің, Ізі қайда Алтай өркениетінің? Толғандың да Ібірахым пайғамбардай, Түзде тыным таппадың, үйде тыным. «Қазағыңның тарихы – шежіреде», Айтқан еді қайран ер тебірене. Жиырма алты кітапты туындаттың, Тау-тасына өлкенің емірене. Бас кітабың – сом «Алтай

шежіресі», Баяндалған байыппен ел үлесі. «Арғын аға тарихы – Алтайда» деп, Айтқан Нәпіл – жұртыңның тілеулесі. Жоқ іздеген, Жасай бер, жампоз Жақам, Жоғын тапқан, Жаза бер, айбоз ағам. Ел мен Жердің тарихын түгендеген, Ер мерейін асқақтат, шандоз Далам! Сәбит БЕКСЕЙІТ.

Осыдан төрт жыл бұрын журналист Қуаныш Аманқұлов «Қазпоштаның» қадірлі қызметкері – Бақытгүл Қуаныштайқызы туралы мақала жазған еді. Иә, пошта қызметкері осы күнге дейін өзіне жүктелген жұмысты абыроймен атқарып жүр. Пошташыны күтіп отырмайтын отбасы кемде-кем шығар. Біреулер газет-журналды оқып, жаңалықты тез естуге асығады. Енді біреулер жақын туыстарынан хат-хабар күтеді, зейнетақысын алуға тағатсызданады. Міне, осының бәрін жеткізетін – пошташы. Ол – жұртшылықтың қызметшісі әрі оқырмандардың газет-журналға жазылуын да ұйымдастырады. Осы жылға баспасөзге жазылу жоспары да ойдағыдай болған. Шындығында, хат тасушының атқаратын жұмысы жауапты да қиын. Оның сөмкесі хат-хабарға толған. Әсіресе, мұндай мамандарға көктем, күз, қыс мезгілдерінде қолайсыз болады. Қар аралас жаңбыр жауып, жер лайсаң тартады, күн суытады, көктайғағы тағы бар. Бақытгүл Сейілбекова хатхабар таситын үйлер саны – біршама. Кейбірінің лифті жоқ, газет-журнал, хат салатын жәшігі жоқ. Сонда да жігерлі келіншек жұмысын көңілдегідей атқаруда. Расында, ол – қала оқырманда-

Алғыс

рының қадірменді қонағы. Бақытгүл Қуаныштайқызы әңгімесінде: «Мен тұрғындарға газет жеткізу, жаздыру ісімен жиырма жылға тақау шұғылданып келемін. Бұл саладағы тәжірибем айтарлықтай. Әрбір хат-хабарды (газетті) мекен-жайға, оқырманға кешіктірмей жеткізу біз үшін үлкен парыз әрі міндет. Өйткені, редакциялар ұжымдарының ерен еңбегімен әзірленіп, басылған газет-журналдарды таратуға біз өз тарапымыздан жауапкершілікпен қараймыз. Газет деген ақпарат көзі ғана емес, бұл – оқырманды тәрбиелеудің, жақсы дүниелермен сусындатудың бір жолы. Осы тұрғыдан келгенде «Орталықтың» алар орны ерекше. Шежірелі 85 жылдық мерейлі тойында осы аймақтың ұлттық басылымы өзінің зор беделді екенін облыс оқырмандарына танытты. Мазмұны терең, көркемдігі көз тартады. Сондықтан, оқырмандар «Орта-

лығын» асыға күтеді, – дейді. Мен де осы газеттің байырғы тілшісі болған соң Е.Бөкетов атындағы саябақта соғыс, еңбек ардагерлерімен және жастармен кездесіп, пікір алмастық. Түрлі сала мамандары да газетке жазылуда белсенділік танытыпты. Бұл, әрине, рухани нәр алатын басылымның бағаланғаны деп ойладық. Ұзақ уақыт аралығында өз ісін адал атқаруымен, мінсіз қызметімен көзге түскен хат тасушы Бақытгүл Қуаныштайқызы да халық құрметіне бөленуде. Қорыта айтқанда, газет-журналды оқырмандарға жедел жеткізуді міндетіне алған, ісі көпшіліктің көңілінен шыққан мамандар Бақытгүл сияқты алғыс алып жатса, қарап тұрып шын риза боласыз. Еркін КӨПІШЕВ, еңбек ардагері. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Құрметті редакция! «Орталық Қазақстан» газеті арқылы «Мерей» балабақшасының меңгерушісі Айнаш Ахметбекқызына ықыласты және кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, № 9«Ақ бота» тобының тәрбиешілеріне – Зилола Тәжібаеваға және Гүлнұр Әшімоваға ризашылығымыз шексіз. Біздің тәрбиешілер – өз ісінің шебер мамандары. Олар мейірімді қарым-қатынасы, балаларға деген қамқорлығы арқылы әрбір отбасына қуаныш сыйлайды. Балаларымызды достыққа және бір-бірін сыйлауға үйретеді. Балалар балабақшада сурет салады, музыкалық сабақтарға, дене шынықтыруға қатысады. Топта әрқашан мінсіз тазалық пен тәртіп салтанат құрады. Барлық мерекелерде ертеңгіліктер ұйымдастырады және топтардың ішкі мазмұны әдемі безендіріледі. Біз балабақшаға қуана-қуана барамыз! №9 «Ақ бота» тобының ата-аналары. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Ризашылық 1966-1967 жылдары Ульянов (қазіргі Бұқар жырау) ауданының Бабаев атындағы кеңшарының Үміткер, Үлгі, Төрткөл ауылдарында сол кездегі жаңа жобадағы клуб үйлері салынып, пайдалануға берілді. Жекешелендіру кезеңінде Үміткер мен Үлгідегі клуб үйлері бұзылып, қазір қабырғалары ғана тұр. Төрткөл клубына биыл 50 жыл толады, сонан бері халыққа мәдени қызмет көрсетуде. 2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын ерекше атап өттік. Республикамыздың Президенті Н.Назарбаев ұсынған «Нұр-

лы Жол» бағдарламасының шарапаты Төрткөл клубына да тиді. Ауылдағы және Қарағандыдағы ауыл жастары бірігіп, орталарынан қаржы жинап, клубтың шатырын ақ қаңылтырмен жауып, қайтадан жамылғысын ауыстырды. Есік, терезелерін алмастырды, сырлау, сылау жұмыстарын өздері

атқарды. Кеңес үкіметі тараған кезде, клубтың жылыту жүйесі де істен шыққан еді. Клубты қарапайым пештер салып, сонымен жылытылып келді. Осы пештердің орнына, қазіргі үлгідегі бір орталықтан жылытылатын қазандық орнатылып, үлкен іс атқарылды.

Бұл іске аудандық мәдениет үйі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі зор үлес қосты. Ауыл тұрғындары үлкен алғыстарын білдіреді. Клубқа жаңадан жылыту қазандығын орнатуға бюджеттен қомақты қаржы бөлінді және іске асты. Төрткөл ауылы тұрғындары аудан әкімі Нұркен Қобжановқа, аудандық м��слихат хатшысы, сайланған депутатымыз Асхат Әлиге ерекше алғыстарын жолдайды, ризашылық білдіреді. Алпысбай ЖҰМАДІЛДӘ. БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Сүйсінесің де қынжыласың... Кеңес Одағы тұсында Тасауыл ауылы кеңшар бөлімшесі болатын. Соған қарамастан, 40-қа жуық түтіні бар бөлімше 3 мың ірі қара мал мен жеміс-жидек өсіріп, ел игілігіне айтарлықтай үлес қосты. Өзінің бастауыш мектебі, дүкені, клубы, поштасы, медициналық пункті болған дегенге біреулер сенер, біреулер сенбес. Бүгінде Бұқар жырау ауданына қарайтын осы Тасауыл ауылында мұның бірі де жоқ. Бір кезеңдегі ыдырау заманы Тасауыл ауылын да айналып өткен жоқ. Мал-мүлік – ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Мектеп, клуб, пошта, медициналық пункт жабылды. Жұмыссыздық әрбір отбасына қауіп төндірді. Дегенмен, ауыл тұрғындары төтеден келген дағдарысқа қарсы тұра білді. Ерлер – малдың қамымен болса, әйелдер төрт түліктен, бау-бақшадан түскен өнімдерін арқалап, базар жағалап кетті. Төккен тер зая кетпеді. Тұрмыстары жақсарды. Ал, жастар болса, оқуларын тәмамдаған соң әр салада еңбек етуде. Ерекше бір қуанатын жайт, осы ауылдың бірде-бір жасы ішімдік ішпейді, темекі шекпейді. Шеттерінен ізетті, кішіпейіл. Және бір сүйсінерлігі, бұл ауылда күншілдік, іштарлық деген атымен жоқ. Ұзақ уақыт бойы ешбір қылмыстың тіркелмеуі соның бір заңды

жалғасы болса керек. Жолыңыз түсіп, кез келген шаңыраққа соқсаңыз, үлкен қошеметке бөленесіз. Дәстүрге сай, барлығының есігі айқара ашық.

Бір әттегені, Тасауыл тұрғындары қымыздан неге үркеді? Себебіне үңілсек, мәселе – қызкеліншектердің уақытының жоқтығы.

Қу тірлік – қолбайлау. Десек те, бүкіл ауылдың қымызсыз отыруы бұған сылтау бола ала ма? Бұған қоса, соғым уақытында өрістен айдап әкелінген жылқылар дуалмен қоршалған алаңға қамалады. Әркім сойыс малын құрықпен ұстайды. Сауылмақ түгілі, басына ноқта киілмесе, түліктің тағы болатыны сөзсіз. Бұлай жалғаса берсе, күндердің күнінде ақ адал малды баукеспе ұрыларша мылтықпен атып алудың күні туатын сияқты. Жүгенді ұстап, жылқысыз қалып жүрмейік. Менің көкейімдегі – осы кемшілікті қалай жоюға болады деген сұрақ қой. Қадірменді оқырман! Осы тұрғыда Сіздің ауылдағы ахуал қандай? Ақыл қосыңыз... Өкеш МҰСТАФА, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

ТЕМІРТАУ қаласы.


дүние-дүрмек

14 қаңтар, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Құттықтаймыз! Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұраталды ауылының тұрғыны, Е.А.Бөкетов атындағы университеттің белгілі қызметкері, нағашы ағамыз Манас Каріғұлұлы Нығмановты бүгін 60 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Деніңізге саулық, басыңызға амандық тілейміз. Жұмысыңыз әрдайым алға баса берсін. Ортамызда жеңгемізбен аман-есен жүре беріңіздер. Еңсе тік, есіл ердің жасындасыз, Ағайын, ел мен жұрттың қасындасыз. 60 жылдық тойыңыз құтты болсын, Мәңгі бізбен біргесіз, осындасыз. Ортамызда жүргенің бізге нәсіп, Қамқор болмас еш адам сізден асып. Жақындарың мәңгілік аман болсын, Жасай бер, қадірлі жан, жүзден асып. Құттықтаушылар: Бастеновтар отбасы, әпкеңіз – Зәбен, жиендеріңіз.

Сайыс

ХАБАРЛАНДЫРУ 2016 жылдың 4-ші қарашасы күні Атасу кентінің тұрғыны Ибраев Адильхан Егинбекович дүниеден өтті. Нотариус арқылы қозғалған іс бойынша, егер де марқұмның мұрагерлері болса, 04.05.2017 жылға дейін Бакирова Салтанат Мазыкеновнаға хабарласуларыңызды сұраймыз. Мекен-жайымыз: Қарағанды облысы, Атасу кенті, Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин көшесі 19/3. Тел:. 8777-313-18-83 №23

Еске алу Жаңаарқа ауданына қарасты Ералиев ауылының тумасы, сүйікті жар, ардақты әке болған нар азамат Тұрсынбай Құрманұлы ИБРАЕВТЫҢ өмірден озғанына да бір жылдың жүзі болды. Қырық бірінде ғұмыры қиылды. Қырық атанға жүк боларлық зілмауыр салмақ, алапат қасірет. Қара жамылған әулеттің қайғы бұлтын Алладан басқа кім сейілтпек? Аңырап қалған әке мен еңіреп қалған ананың азабын адам баласына бермесін. Жалған дүние. Тумақ болған соң өлмек бар. Заңдылық солай. Алайда, адамның ала жібін аттамай ғұмыр кешу – екінің бірінің қолынан келе бермес. Тұрсынбай Құрманұлы сондай жан еді. Ағайынға сыйлы, досқа қадірлі. Амал қанша?.. Жасамаған жасы мен көрмеген қызығын соңында қалған туғандары, ұрпағы көрсін дейміз. Адамның ылғи оңнан тусын ба айы? Өмірдің кімге мәлім тылсым-жайы. Бақұл бол, әулетінің алтын діңі, Құрманның құрық ұстар Тұрсынбайы. Аттантып ауыл біткен ақтаңгерін, Қаңтарда сездік ауыр ақпан лебін. Қол жайып, дұға жасап, ас береміз, Әрдайым жұмсақ болсын жатқан жерің. Еске алушылар: әкесі – Құрман, анасы – Қалкен, жұбайы, балалары, бауырлары. P.S. Марқұмның жылдық асы 21 қаңтарда сағат 13.00-де Ералиев ауылының тойханасында беріледі.

Еске алу

7

Шет ауданы, Босаға ауылының тумасы, атаананың үміті, бауырдың, ағайын-туыс пен дос-жаранның, өзі ұйыстырып жүрген алыс-жақынның арқа тұтар бәйтерегі, мақтан тұтар арыстай тұлғасы, жан ұясында - аяулы жар, ардақты әке Сұлтанбек немересі Қабиболлаұлы БОЛАТХАН марқұмның туғанына бүгін, қаңтардың 14-і күні, 50 жыл толады. Тірлігінде өз басым деп емес, өзгенің қамын жеп, қажетін ашып, жүрген ортама бір септігім тисін деп, отырған орнында тыным таппай, айналасында жүргендердің хал-жағдайын, шаруасының мән-жайын сағат сайын, минут сайын телефон шалып, сұрастырып жатушы еді марқұм. Бір сәтте бірнеше істі қолға ала жүріп, сонымен бірге баршаның қамын ойлап отыратынына бір жағынан жаның сүйсініп, бір жағынан таң қалушы едік. Мұндай асыл жанның ортамыздан мезгілсіз кетуі қабырғамызды қайыстырып, уақыт өз үкімімен орны толмас қазаның уытын қайтаруға тырысқанымен, санадан оның жарқын бейнесін, игі жақсылығын өшіре алмайды екен. Кім оны еске алса да: «Ол әлі де ортамызда жүрген сияқты, көз алдымнан жарқын бейнесі кетпейді» - дер еді. САҒЫНЫШ Жадырай күлген дидарың, жаның ізгі, Мейір төгіп тұратын, жарқын жүзің. Сағынышпен еске алып, жыр қыламыз, Таң қалдырып, тәнті қылған қылығыңды. Ата-ананың мейіріне шөлің қанған, Молла атаңнан ізгілік, иман қонған. Үлкенге – сый-құрмет,-деп, кішіге-қамқор болып, Содан міне, игі ісің мен ізің қалған. Қария көрсең елеңдеп, ел хаты,- деп, Тарихын жырлап берсін, тыңдашы, – деп, Жер түбінде болсам да, түнде келіп, Әлқисса мен аңызын жаздырушы ең.

Білім ошақтарында

Дерек іздеп іс-сапармен қала барсам, Аңыз іздеп, ел аралап, дала барсам, Желеп-жебеп жүруші ең пірімдей боп, Игі ісіңді қалайша мен ұмытам. Алыс-жақын ағайын қамын ойлап, Басын қосып, ұйыстырып, ісін қолдап, Мерейі үстем болсын, - деп,- қариямның, Иығына шапан жаптың, тойын тойлап.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру өзекті болып отыр.

Қарағанды қаласы №18 жалпы білім беретін орта мектепте отбасылық құндылықтарды мадақтау бағытындағы дәстүрлі «Super Әже-2016» сайысы өтті. Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу мақсатындағы шара әже тәлімін үлгі етті. Әжелердің айтқан әрбір сөзі асыл екені, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану қажеттігі міндеттелді. Әжелер өнегесі арқылы баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету міндеттелді. Сайысқа бастауыш буыннан бес оқушы және олардың аяулы әжелері қатысты. Сайыс бес кезең «Таныстыру»,

«Қазақша киім үлгісі», «Қол өнер», «Өнер», «Қазақы дастарханым» деп аталды. Шарттары бойынша барлық әжелер өз немерелерімен бірге өнерлерін ортаға салды. Ән шырқалды, би биленді, сахналық қойылымдар қойылды. Сайыстың қорытындысы бойынша «Super Әже-2016» атағын Зинаш әже және үшінші сынып оқитын Камила немересі жеңіп алды. Сайысқа қатысқан төрт әже «Сұлу әже», «Шебер әже», «Асыл әже», «Өнерлі әже» аталымдарымен марапатталды. Гүлжанат ШҰҢҒЫЛТАЕВА, №18 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com

Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану-математика пәндері (химия, биология, физика, география, математика) мұғалімдері үшін «Іс-тәжірибемізбен бөлісеміз» атты облыстық жоба аясында «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдістәсілдері» тақырыбында семинар өтті. Семинарға облыстық мамандандырылған мектеп интернаттары мен қалалық мектептерден жаратылыстану-математика пәндері бойынша 40 мұғалім қатысты. Жаратылыстану-математика пәндерін оқытуда инновациялық әдістерді, заманауи білімдік және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алатындай білім беру мен тәрбиелеу – семинардың басты мақсаты. Семинарда ҚО ББД ОӘО әдіскері З.Түкбаева мен мектеп директоры Қ.Илимбаев сөз алып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру қазіргі заман талабы екендігін атап өтті. Семинардың негізгі бөлімінде

ұстаздар ашық сабақтар көрсетті. «Оқушылардың математикадан функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар» тақырыбында математика пәнінің мұғалімі М. Мұхамеджанова шеберлік сынып өткізді. Оқытудың жаңа технологиясын іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіруде оқушының білім жетістіктерін арттыру, тест сұрақтарына жауап беру мәселелерін шешу, функционалдық сауаттылығын арттыруда белсенді жұмыс түрлері арқылы жоғары нәтижеге жетуге ықпал ету көзделді. Информатика пәнінің мұғалімі Б. Қажык��нованың ұйымдастыруымен «Biolad–роботын бағдарламалау» атты көрмеде робототехника үйірмесінің жұмыстары көрсетілді. Семинарды қорытындылау кезінде семинарға қатысқан мұғалімдер оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамытуда бірнеше ұсыныстарды атап өтті. Б. МҰХАМЕДЖАНОВА, Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет қашанда арта береді. Өзімнің ұстаздық жолды қалауыма мектепте оқып жүргенде орыс тілі пәнінен сабақ берген Бәтес Ашенованың ықпалы зор болды. Бәтес Ғабдоллақызы оқушыға да жоғары талап қоя білетін. Сондықтан, оқушылар орыс тілі пәніне тиянақты дайындалатын. Ал, Бәтес Ғабдоллақызы теледидардан көрсететін қойылымдарды баяндап айтқанда, бейне бір сахна төріндегі әртістей құлпырып кететін, ал біз өзімізді театрда отырғандай сезінетінбіз. Міне, мұғалім құдіреті... Мектепте жұмыс істей жүріп, ұжымнан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, еңбексүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Өзімнің ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды үйрендім. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім қазынасын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім – рухани сәулеткер. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Баян БАЙСЕРКИНА, №16 жалпы білім беретін лингвистикалық бағыттағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. БАЛҚАШ қаласы.

Ата емес, болдың сен, ел баласы, Елің де сағынады бел баласын, Ата-ана, туған бауыр, туыстарың, Қыр астына, қия алмай, көз салады. Жан-жарың адасқандай қосағынан, Өзіңді іздеп, көз ілмей, таң асырар, Құлыншағың «әкелеп», шарқ ұрғанда, Дәтің шыдап, бұған қарап, кім тұра алар. Дос-жаран еске алып, егіледі, Сан қылығың жыр болып төгіледі, Өз орының, алатын, төрімізден, Үңірейіп қалғандай көрінеді. Бірақ та, сенен қалған игі іс бар, Келед өсіп қос гүлің үміт артар, Елдің берген батасы қабыл болып, Бастарына бақ қонсын, Ием боп жар. Сен көрмеген қызықты құлыншағың Гүлнұр, Таңнұр, тел өсіп, қызықтасын. Алаңсыз бір серпіліп, бойың жазшы, Жан жәннатта, тәнің де рахаттансын!!! Мерейлі толар жасың ырысты боп, Ел-жұртқа, ағайынға бақ-құт әкеп, Өзің еккен қос талың тамыр жайып, Жемісі мерейіңді тасытсын тек!!! Еске алушылар: Анаң, жан-жарың – Кәмшат, құлыншақтарың – Гүлнұр, Таңнұр, туған бауырларың, ағайын-туыстарың, ауылдас, сыныптас, кәсіптес және студенттік достарың мен жолдастарың. №18

Еске алу Күні кеше ортамыздағы ақылшымыз, қамқоршымыз, өміріміз бен әулетіміздің ұйытқысы болған ардақты апамыз Бибіхан Қалиқызы Тлеміс 2016 жылғы желтоқсан айының 13-і күні ауыр науқастан дүниеден озды. Осакаров ауданына қарасты Уызбай селосында (бұрынғы атауы – Маржанкөл ауылы) байланыс жүйесінде жұмыс істеген, әулетінің үлкені, артынан ерген сіңілісі мен інісіне тіреу болған абзал жан еді. Ағайын-туыс, көрші-қолаңға жанашыр, бауырмал апамыздың арамызда болмағаны қабырғамызды қайыстырды. Шаңырақтың үлкені едің, ірі едің, Ата-анаңның үміттенген гүлі едің. Қыз болсаң да, өрге сүйреп әулетті, Азаматтай болған жанның бірі едің. Еркелетіп ағайынның баласын Жан жылуын аямаған панасың. Жәрдем етіп өле-өлгенше бәріне Бауырларға жоқтатпадың анасын. Үш жұртыңның басын қосқан данасың. Ағайынның біріктірген арасын. Сенің орның олар үшін өзгеше Кім жазады жандарының жарасын? Апа, сені бәрі іздейді өзіңді, Аңсап және жанға жайлы сөзіңді. Сабыр берсін бәрімізге бір Алла Серік етіп салмақ пенен төзімді. Жақсылықтың жаршысы боп, апашым, Алған едің көптің алғыс, батасын. Мәңгіліктің мекенінде дамылда, Топырағың торқа болсын, апашым!

Қылмыс

Сағына еске алушылар: сіңілісі – Совет (Бакалай), іні-келіні – ЖанайдарМарал, ұлдары – Жанат, Марат, бауырлары – Жазира-Ержан, Диана-Назарат, Дәурен-Сәния, Данияр, Жан, Батырхан, Аделя, Алина, жиендері – Жанар-Азамат, Нұрбек, Айзада, Әлібек. P.S. Апамыздың қырқы Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Уызбай ауылының мәдениет үйінде 21.01.2017 жылы сағат 13.00-де беріледі.

«Қарағанды қаласында массаж салонының атын жамылып, жезөкшелікпен айналысқан орын табылды», деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің криминалды полициясы массаж салонының атын жамылып, жалға алған пәтерін жезөкшелер үйіне айналдырған азаматты ұстады»,-дейді ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, Атырау облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жалда-

малы пәтерде қыздарды күшпен ұстап, жезөкшелікке итермелеген топты құрықтады. «2016 жылдың өзінде-ақ полиция қызметкерлері жезөкшелікпен және «жеңгетайлықпен» айналысқан 228 фактіні анықтады. Оның ішінде 65 топ «қызметін» жалдамалы пәтерлерде жүргізген. Ұсталғандардың бәрі жазаға тартылды», - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. Өз тілішімізден.

Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының қызметкері Нукушев Құсайын Бакишевичке анасының қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. №22

Жарнама бөлімінің электрондық поштасы: ortalyk.reklama@mail.ru


8

РУХАНИЯТ

14 қаңтар, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Қаздауысты Қазыбектің туғанына – 350 жыл

Көрме Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан»

Қаз дауысты Қазыбек бидің осы төрелігін 1991 жылы Егіндібұлақ ауылының тұрғыны Бекен Қорабаев деген ақсақалдың аузынан жазып алған едім. Алтай-Қарпықта үлкен Ас болып, асқа Ұлы жүзден – Төле би, Орта жүзден – Қазыбек би, Кіші жүзден – Әйтеке би келіпті. Ол кезде Асқа әр ру, әр жүз өз өнер келбетімен келеді. Асқа Сиқым руының бір байшыкеші Қалмағанбет деген шеберге үш жыл бойы қиыстырып істеткен күміс ерді ақбозат атқа ерттеп мініп келеді. Ерді көрген Жаныс руының бір байшыкеші «Мынау ер Төлекеңе жарасатын, жасы да үлкен және аға жолы Ұлы жүздікі, Төлекең мініп елге көрініп жүруге лайықты ер екен» деп Төле биге алып бермек болады. Негізінде Сиқым мен Жаныс ағайын, Ұлы жүз Дулаттың балалары, бірақ, өсіп-өніп көбейгені сонша, екі рулы ел болып кеткен. Төле би осы Жаныс тармағына жатады. Ас аяқталып жиналған ел тарап жатады. Жаныс руының байшыкеші ақбозат үстіндегі күміс ердің айылын қиып жіберіп, «Бұл менің бір жыл бұрын жоғалтқан ерім, танып тұрмын!» деп ерді аттан сыпырып ала жөнеледі. Ердің иесі де ерді бермей жабысады. Қазылық айтуын сұрап, Төле биге келеді. Төле би: «Бұл өтірік айтпайтын адам» деп Жаныстың байшыкешін жақтайды. Жаныстың байшыкеші «Төрелігін өзіңіз жасадыңыз, ерді сізге байладым!» деп ерді Төле бидің алдына тастайды. Өтірікке көнбеген ердің иесі Қазыбектен төрелік сұрап бес-алты беделді адамдарын жібереді. Олар Қазыбек биге барып, болған оқиғаны айтып, төрелігін шешуін өтінеді. Сонда Қазыбек би: «Ер дегенің қайыңның түбірі емес пе? Жанып кетсек көмір емес пе? Мені жолымнан қайтарып қайтесіңдер, төрелігін Бекболат барып айтсын!», – деп баласы Бекболатты жібермек болады. – Жоқ, Биеке! Бекболаттың әкесіндей кісіге төрелік айтуы жараспас, ел айырылып, кісі өлімі болып, Ұлы жүз бүлінейін деп тұр. Сізден басқаға екі жақ тоқтар емес,– деп қолқалайды. Қазыбек би қайтып келіп ерді көріп: Жақсы ат ер жігіттің бағы емес пе? Ертоқым өзі отырған тағы емес пе? – дейді. Ол екі жақты тыңдап болған соң, ерді алдына койып: Қапталың қайың, қасың без, Қалмағамбет соққан бір ерсің. Сиқым, Жаныс – бір елсің. Ақырет машқар болғанда, Бір ерге қайтып мінерсің? Әділ билік болмаса, Төлеке Үш жүзді төртке бөлерсің, – деп ерді иесінің алдына лақтырып жіберіпті. Қыдырғали РАХЫМҰЛЫ, ҚарМТУ-дың физика кафедрасының ардагер ұстазы.

герлік бұйымдар жасап қалдырғаны – айтса сенгісіз, көзбен көрмесе. 1948 жылы Ақадыр кентінде туған Жақаң 1967 жылы Алматы көркем өнер училищесіне түсіп, жолдамамен Украинаның Косов қаласындағы халықтық кәсіби көркем өнер техникумына түсіп, оны ойдағыдай тәмам­ дайды. 1981 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогика институтының көркемөнер және графика факультетін оқып бітіреді. Қарағанды, Жезқазған облыстық мұражайларында суретші,

Суретші Жақсыбай ҚАЛИАҚПАР шығармашылығын жете білмесем де, жақсы таныспын. Осыдан бірер жыл бұрын оның Сәкен СЕЙФУЛЛИН портреті хақында жазғаным барды. Қазір ғаламторда, көптеген баспа беттерінде жүрген Сәкеннің таңдаулы портреттерінің бірі – сол кісінің туындысы. Бір өкініштісі, сол суреттің иесін біле бермейміз...

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жақсыбай ҚАЛИАҚПАР Манарбек ЕРЖАНОВ пор­треті

Өнер адамдарының ішінде сөз иесі – ақын-жазушы, әсіресе, әншілер кеңінен танымал болғанымен, сурет иелері аса танымал емес. Олар да ұлы өнердің өкілі десек те. Таңғажайыптарды бейнелеуші олардың «тілі – тілсіз тіл» (Абай). Алайда, таудың күнгейі мен көлеңкесі секілді, суретші, мүсіншілерден көрі әншілерді көп біліп, ескереміз. Мұны суретші-мүсінші ғана емес, қолданбалы өнердің һас шебері Жақсыбай Қали­ ақпар тағдырына қатысты айтуға да болғандай. Жақында суретшінің соңында қалған он шақты туындысын ұрпақтары мен туған-туыстары Қарағанды облысының бейнелеу өнері мұражайына тапсырды. Ондағы Қаздауысты Қазыбек би, қара тас ұстаған Қаныш Сәтбаевтың жас кезіндегі суреті – «Геолог Қаныш Сәт­баев», атақты әнші Манарбек Ер­ жановтың портреті, Қ.Сәтбаевтың қо­ ладан шекіп салған портреті (чеканка), тағы басқалары есті жанды елең еткізбей қоймайды. Сәкен Сейфуллин мен Елбасы Н.Назарбаевтың суреті қандай келісті?! Бірінен-бірі өтеді. Жақаңның «Манарбегі» тіптен бөлек. Әншінің басқа портреттеріне қарағанда, толысқан, кемел шағын келтіреді көз алдыңа. Естуімше, суретшінің керемет туындыларының бірі – «Абай елі» шығармасы Абай қаласындағы мұ­ ражайда сақтаулы көрінеді. Сурет­шілігін былай қойғанда бұл кісінің мүсіншілігі бір төбе. Сәкеннің туған жері – Сей­ фолланың Қарашілігінде һәм Ортау ауы­лында ақынның екі бірдей мүсінін қалыптаушы осы Жақаң. Сейфолланың қыстауындағы көз тоқтар қараның бірі – сол сұңғыла бабамыздың сұлу бейнесі ескерткішке пара-пар дүние. Бірі Ортау ауылында тұр. Оған қоса, қолданбалы өнер түрлері: металдан мүсін шекіп, ағаштан түйін түйіп қана қоймай, зер­

«Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың бірінші орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Бас редактордың орынбасары Төрехан Әкімжанұлы МАЙБАС

«Орталық Қазақстан», «Жезқазған шын­­дығы» газеттерінде суретші-ка­ ри­катурашы ретінде еңбек еткен. 1985 жылы бүкілодақтық халық шы­ ғармашылығы байқауының лауреаты, 1987 жылы бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағының «Қолы алтын шебер» белгісімен наг­рад­ талған, тағысын тағы бар. Әттеген-айы, пайғамбар жасына жетпей, арамыз­дан ақтық сапарға аттанып кетіпті (2008 жылы). Қазақ өміріне тән құбылыстардың біразын сурет тілімен сөйлеткен Жақ­ сыбай Қалиақпар – өле-өлгенше қо­ лынан қылқалам тастамаған суретғұмыр. Мұраларына көңіл көзімен зер салсаңыз, американдық белгілі су­ретші Рокуэлл Кенттің 1962 жылы Қазақстанға келген сапарында айтқан сөзі еске түседі: «Ұшаққа отырғанда осынау ұлан-байтақ жазираны аралап шығуға, әттең, уақытым жетпейдіау деп өкініп едім. Бақытыма қарай Әбілхан Қастеев шығармаларын кө­ ріп, Қазақстанды түгел аралағандай болдым» депті. Сол сияқты, түл­кі­ ге бүркіттің түскен сәтін салған су­ ретші Жақсыбай Қалиақпардың шы­ ғармашылығынан Алаш рухы аңқып сала береді. Жай емес, Сәкен, Қаныш, Манарбек сүйген Алаш. Ендеше, туы құламасын! Суреттер Ж.Қалиақпар қорынан алынды.

Геолог Қаныш СӘТБАЕВ

Хоккей

Жағымды жаңалық

Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың бірінші орынбасары: 43-38-53. Бас редактордың орынбасары: 43-57-76. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 48-16-45 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 43-30-88, 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 91-04-52; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан»

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Қарағандылық «Сиқырлы ел» үлгілі хорео­графия­ лық ансамблі халықаралық конкурстан Гран-при же­ ңіп алды. Еуропа, ТМД мен Ресей елінің жас өнер­паздары қатысқан байқау қаңтар айының 7-сі мен 10 аралығында Қазан қаласында өткен бо­латын. Қарағандылықтар «Жетістік» халық­ара­­лық конкурс-фестивалінің балалар және жас­­­өспірімдер шығармашылығы байқауына «Хорео­графиялық ұжымдар» аталымы бойынша қатысты. Бүлдіршіндер Гран-приден бөлек, «Же­­тістік» аталымындағы тағы екі бірінші орынды қанжығасына байлады. Қазақ, татар, неміс би­лерімен көрермендер мен қазылар алқасының көңілінен шығып, “Солтүстік” биі арқылы бас жүл­деге лайық деп танылды. Айта кеткен жөн, халықаралық сайыста олар Қазақстанның атынан шығып, ел намысын қорғаған жалғыз ансамбль болды. Бүгінгі таңда Ирина Ваземнің басшылығындағы «Сиқырлы ел» үлгілі хореографиялық ансамблі әртүрлі сайыстар бойынша 39 Гран-придің иегері.

Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы бейсенбі күні Жоғары Хоккей Лигасы тұрақты маусымының кезекті матчында «Молот-Прикамье» командасын жолдан ығыстырды. Шабуылды сәтті пайдаланған қарағандылық Исаак Валицкий алғашқы болып шайба салып, есепті ашты. Бұдан кейін «Молот-Прикамье» командасының ой­­ыншылары Анатолий Раенко, Рус­лан Шайхулов есепті еселеп, командасын алдыға шығарды.

Кезекті шабуылдардан соң қос команданың мықты ойыншылары Вадим Ермолаев пен Михаил Анисин шайба алмасты. Жоғары Хоккей Лигасында ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарын қапыда қалдырған «Молот-Прикамье» кә­ cі­би хоккей клубы осы жолы қа­ рағандылықтардан айласын асыра алмады. Соңғы секундтарда, «Сарыарқаның» саңлақтары Артур Сарваров пен Евгений Орлов «Молот-Прикамье» командасының қақпасына шайба тоғытып, жеңістің туын желбіретті. Есеп – 4:3. «Са­ рыарқа» командасының ұпайы жо­ ғары болды. Айта кетейік, бүгін «Сары­арқа» хоккей клубы Ижевск­тің «Ижста́ль» хокке́й клубымен кез­деседі.

Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: kz50826MOKZTD2003131, БИК ALMN KZ KA РНН 302000046744 БИН 000940001367

Таралымы 18 100 дана

Футбол – түрік халқында ежелден келе жатқан ойын. Бұл туралы түрік-оғыз тайпаларының шежіресі – «Қорқыт ата» кітабында баяндалған екен. Кейбір зерттеушілердің еңбегіне сүйен­сек, ерте орта ғасырда өмір сүр­ген көптеген түрік тарихшылары өз шығар­ маларында доппен ойналатын ұжымдық ойын туралы сан мәрте жазған. Олар оны «тепик» немесе «тепюк», яғни, аяқпен тебу деп атаған. Ашып айтсақ, бұл жайында ұлы түрік тарихшысы, түркітанудың негізін қалаған Махмұд Қашғари «Divânu Lügati`t-Türk» («Түрік тілінің сөздігі») атты құнды еңбегінде жазған. «Тепик»

ойынының ережесі қазіргі футболдың қағидаларынан аса ерекшелене қойма­ ған. Тарихшының жазуы бойынша, ойын­ шыларға допты қолмен ұстауға тыйым салынған. Ережені бұзғандарға ескерту жасалған және ойыншылар допты ойын алаңынан шығармауға тырысқан. «Тарих-и-Тимур» еңбегінде түріктер тепик ойынын Әмір Темір кезінде де ойнағаны туралы баяндалған. Ол замандарда доп қозының терісінен жасалып, іші ауаға толтырылған екен. Орта Азия түріктерінде де қос команда арасында ойналатын ерекше ойын болғаны белгілі. Команданың құрамына ерлермен қоса

әйелдер де кірген. Олар допты аяқпен және баспен ұрып, қарсыласының қақ­ пасына кіргізуге ұм­тылған. Одан бөлек, ежелгі түрік­ тер қазіргі поло ойынын да ойнаған. Оны «шөген» деп атаған. Сонымен қатар, көкпар да ежелгі көшпенділерден бүгінге жеткен ойын. Шахмат, тоғызқұмалақ, хан дойбысы, коньки (мәнерлеп сырғанау), тағы басқа бүгінгі заманға жалғасып келе жатқан

№5 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 4 баспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru

түркілік ойындар олимпиадалық ойындар қатарына кірген. Massaget.kz сайтының деректері бойынша әзірлеген Жәнібек ӘЛИМАН.

Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Мирас АСАН КОРРЕКТОРЛАР 2,3,6,7 – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 1,3,4,5,8 – Ж.АХМЕТОВА


14 01 2017