Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

♦ СЕНБІ, 13 МАМЫР, 2017 жыл №51 (22 358) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Биыл бесінші жыл ұйымдастырылған ҚарМТУ ректорының балы сән-салтанатымен ерекшеленді. Вальс әуеніне ұласқан, мазурка, полонеза, менуэт билеген жастар кештің сәнін кіргізді. Аталмыш оқу орны бұл шараны – «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы және ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арнады.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің мемлекеттік министрі Самер Әл-Сабханмен кездесті Кездесу барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады. Қазақстан Президенті былтыр күзде Сауд Арабиясы Корольдігіне барған ресми сапарының қорытындысында қол жеткізілген маңызды нәтижелерге назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев соңғы 25 жылда Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып, тәжірибе алмасу жолға қойылғанын, сондай-ақ кең ауқымды мәселелер жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілгенін атап өтті. Мемлекет басшысы елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін Қазақстан алдағы уақытта да бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты. Сонымен қатар, тараптар күн тәртібіндегі маңызды жайттарды, соның ішінде өңірлік қауіпсіздік, конфессияаралық қақтығыстарды шешу мәселелерін талқылады. – Өзіңізге мәлім, жақында Астанада Сириядағы қақтығыстар жөнінде кезекті келіссөз өтті. Бұл кездесуге Сирия оппозициясының барлық өкілі қатысқанын атап өткен жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Самер Әл-Сабхан Қазақстан Президентіне екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылауға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, Сауд Арабиясы Королінің сәлемін жеткізді. – Біз Қазақстанға ислам әлеміне қатысты мәселелерді шешуге қосқан үлесі, соның ішінде Сириядағы қантөгісті тоқтатуға деген ұмтылысы үшін ризашылық білдіреміз. Сауд Арабиясы Корольдігі Сириядағы қақтығыстар саяси тұрғыдан реттеу арқылы шешілуге тиіс деп санайды. Біз бұл мәселені тек бейбіт жолмен шешу жөніндегі Сіздің ұстанымыңызды қолдаймыз, – деді Самер Әл-Сабхан. Сондай-ақ, кездесуге Қазақстан Президентінің көмекшісі Н.Онжанов, Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов және Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази қатысты.

Салтанатты кеш сымбатты серілер мен сұлу бойжеткендер қатысатын Вена балына ұқсады. Бүгінгі таңда сұлулық пен саф өнерді паш ететін мұндай бал кештерінің тек, Австрия жерінде өткізілетінін ескерсек, әсем кешті ҚарМТУ студенттері өзара бөлек, заманауи үлгіде ұсынды. Ол кезде Вена балына елге танымал азаматтар мен ақсүйектер қатыса алатын болса, университет басшылығы балдың ережесіне оқуда озат, ғылымда, өнерде көпке үлгі болған жастарды жинады. Жалпы, ректор балы – техникалық университеттің белсенді студент жастарының қатысуымен 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде өтеді. Студенттердің бұл бастамасы қаламызда 2015 жылдан бері жастардың қайырымдылық балының, сондай-ақ, 2016 жылдан бастап ҚарМТУ ректоры балының өтуіне негіз болды. Биылғы ректор балына дәстүрге сай оқуда, ғылымда және қоғамдық қызметте де озат болған 100 үздік студенттік жұп қатысты. Бағдарлама бойынша студенттер қонақтармен жұп болып бес түрлі классикалық би билеп, шығармашылық өнер көрсетті. Салтанатты рәсімде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова,

облыстық білім беру саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Самойлюк, студенттердің ата-аналары және оқу орнының қызметкерлері қатысты. Би кешінің ашылу рәсімінде сөз алған ҚарМТУ ректоры Марат Ибатов: «2013 жылы студенттердің бастамасымен жүзеге асқан бұл шара – университетіміздің игі дәстүрлерінің біріне айналды. Әдеттегідей кешке озат студенттер қатысып отыр. Бұл – ҚарМТУ студенттерінің

Қазақстан жастарының элитасы екендігін дәлелдей отырып, білім алушылардың бірегейлігін айқындайды», – деді. Айта кеткен жөн, қатысушылар балға үш ай бойы үздіксіз дайындалды. Кеште олар тек жұп болып өнер көрсетумен шектелмей, қонақтармен де дөңгелете вальс биледі. «Ханзада және Ханшайым» атағын иеленген үздік жұп Ернияз Заманбек (Энергетика, автоматика және телебайланыстар фа-

культетінің 3-курс студенті) және Анара Асқарова (Тау-кен факультетінің 3-курс студенті) сайысқа тыңғылықты дайындалыпты. Жастардың өнері көптің көңілінен шықты. Ал, «Көрермендер көзайымы» аталымын жеңіп алған Айбат Қалқаманов (Сәулет-құрылыс факультетінің 3-курс студенті) және Дильфуза Байжігітова (Жолкөлік факультетінің 3-курс студенті) жылына бір рет өтетін бұл кешті ұзақ күткенін, дайындықты

босатпағанын айтады. Би кешінің соңында үздіктерге демеушілер тарапынан сыйлықтар мен диплом табысталды. Жастар жағы әсем әуенге ұласқан би ырғағымен кештің көркін қыздырды. Әсем кештің куәгері әрі қатысушысы болған талантты жастардың ата-аналары оқу орны басшылығына жүрекжарды лебіздерін білдірді. Cуретті түсірген Ж.ИМАНӘЛІҰЛЫ.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Қарағанды облысынан кандидаттарды тіркеу туралы Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

Тек қана алға!

3 маусым күні жүздеген, тіпті, мыңдаған қарағандылық бірінші рет өзі үшін және өзінің қаласы үшін марафон бағытымен жүгіреді. Бас жүлде – 300 мың теңге! Басталу мерзімі және орны: 2017 жылдың 3 маусымы, сағат 9.00-де, Республика даңғылы, «Қарағанды-Арена» мұз сарайы. Барлық ниет білдіргендерді марафонға қатысуға шақырамыз. Әрбір қатысушыға дайындығына байланысты жүгіру қашықтығы ұсынылады. Әрбір тіркелген қатысушыға сертификат беріледі. Сондай-ақ, сыйлық ұсынылады! 1 шақырымдық қашықтыққа жүгіру үшін тіркелу міндетті емес. Сілтеме бойынша тіркеліп, жүгіру қашықтығын таңдаңыз: https://docs. google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfnQSW0-eP50TgSrROTzA56X2A7WKwxpfpWkcx 9v4HTKAPvng/viewform

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттыққа келесі кандидаттарды тіркеді: Тегі, аты, әкесінің аты Абдикеров Рыскали Ахмадишин Ильгизар Миргазиянович Исагулов Аристотель Зейнуллинович

Туған Қызметі, қызмет орны және жылы тұрғылықты жері, кім ұсынды 1959 ж.т. Хатшы, Қарағанды облыстық мәслихаты, Қарағанды қ., өзін-өзі ұсынды және Шет аудандық мәслихатының депутаттары қолдау көрсетті 1960 ж.т. Директор, «Облыстық соғыс ардагерлеріне медициналық көмек көрсету орталығы» КМК, Қарағанды қ., өзін-өзі ұсынды 1953 ж.т. Бірінші проректор, ҚарМТУ, Қарағанды қ., өзін-өзі ұсынды Е.АЙМАҒАМБЕТОВ, комиссия төрағасы. Н.БАТАЛОВА, комиссия хатшысы.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» Санаулы күндерден соң қасиетті Рамазан айы басталады. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа Мәжілісінде биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды. Садақа мөлшерін анықтау барысында әр облыстағы бидайдың бағасы ескерілген. Ортақ мөлшер Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бір­ ауызды шешімімен бекітілген. Сонымен, биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңгеге тең. Жалпы, пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен Ораза айт намазына дейін беруге болады.

Баспасөз – 2017

Қалалар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 4942, 50 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2752, 50 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2452,50 тг.

«Қазпочта» АҚ Индексі: 65484

газетіне екінші жартыжылдыққа жазылу жалғасуда

Ауылдар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 5085, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2865, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2625,00 тг.

Газет редакциясында басылымға баспа құны (жеткізіп берусіз) бойынша баламалы түрде жазылу жүргізіледі. Анықтама телефоны: 43-57-78


2

Сенбі, 13 мамыр, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, «Орталық Қазақстан» Отандық тауар өндірушілердің өкпесін өшірген проблемалардың түйіні бұдан былай дер кезінде тарқатылады. Оған түрткі – облыс әкімінің жанынан құрылған кеңес беру ұйымы. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 27 наурызында кәсіпкерлермен кездескен облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ бизнестің тынысын кеңейтуде тиімді әрекет ететін ұйым құру туралы тапсырма берген. Аймақ басшысының тапсырмасы нәтижесінде облыс әкімінің өкімімен бүгінде кеңес беру ұйымы пайда болды. Бұл ұйым жергілікті билік өкілдері және кәсіпкерлермен бірлесе, отандық өнім өндірушілердің өзекті мәселелерін шешу жолын, тізе қосып іздейді. Алғашқы кездесуде берілген тапсырмалар мен жария етілген проблемалардың шешімін табу барысы бейсенбідегі кездесуде мәлім болды. Кездесуден ұққанымыз – кәсіпкерлердің бір ай бұрын айтқан күрмеулі мәселесінің біразының беті бері қарапты. Кеңес берілген тапсырмалардың орындалысын талқылаудан басталды. Кәсіпкерлер алғашқы кездесуде сумен жабдықтау қымбаттығының қадам аштырмай отырғандығына мұң шағыпты. Бір ай мерзім ішінде бұл мәселе оңтайлы шешіліпті. Облыс әкімінің орынбасары Марғұлан Кәрібеков заңды тұлғаларды сумен жабдықтауда Қарағанды қаласында олардың шығыны 5 мың текше метрден аспаған жағдайда, судың бір текше метріне құн 320 теңгеден 248 теңгеге төмендейтінін жеткізді. Бұл мәселе – «Қарағанды су» ЖШС-мен келісілген. Бүгінде отандық тауар өндірушілерді қолдауға да баса ден қойылуда. Бұл орайда облыстық құрылыс басқармасы, кәсіпкерлер палатасы және құрылысшылар қауымдастығы арасында меморандум жасалған. Ол меморандум аясында аймақтық құрылыс компанияларын сұрастыра отырып, қажетті электронды база қалыптастыру, жұмысқа кәсіпкерлерді, қоғамдық кеңес мүшелерін тарта отырып, жариялықты қамтамасыз ету көзделеді. Арзандатылған жанар-жағармайды көктемгі жұмыстарға жеткізуде де кемшін жоқ. Жұмыс жоспарға сай

жүргізілуде. Қазір жанар-жағармай 6 мұнайбазасы арқылы босатылуда. Ал, агроөнеркәсіп саласындағы инвесторларды субсидиялауға келсек, бұл күні 152 инвесторға 2 млрд. 450 млн. теңге көлемінде субсидия төленген. Мамыр айында тағы 430 млн. теңге көлемінде субсидия төленбек екен. Бұдан соң апатты жағдайдағы және өзге де көпірлерді жөндеу жұмысына байланысты туындаған сұрақтар да қарастырылып, шешімін тапқан. Жалпы, аймақ басшысының кәсіпкерлермен алғашқы кездесуінде айтылған, өңір кәсіпкерлерін толғандырған жайттар жүре тыңдалмаған. Әр мәселе бойынша тыңғылықты шешім бар. Сонымен қатар, кеңесте кәсіпкерлерге қатысты сот актілері хақында кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Жмук сөз қозғады. «Бемер-Арматура» ЖШС-ның нарықтағы қиындықтары да назардан тыс қалмады. Кездесу соңында облыстық мемлекеттік активтер басқармасы мен кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Аймақ басшысы кәсіпкерлерді қолдауда бұл жұмыстың ұдайы жалғасты болатынын жеткізді.

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан»

Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті. Митрополит Александр Қасиетті Богородица «Умягчение злых сердец» («Қатыгез жүректерді жұмсарту») ғажайып жасаушы иконасымен бірге ел көлемін аралап келеді. Бұл жәдігер Қазақстанға Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдың батасымен жіберіліп отыр. Бүгінде Қазақстанның бірнеше өңірінде болған икона 11 мамыр күні Қарағандыға жеткізілді. Осындағы «СвятоВведен соборына» орналастырылды. – Қарағанды облысында православие және өзге дін ұс-

өндіріске енгізу – инновациялық дамудың негізгі көзі. Сондықтан, біздің билік білім беру саласына ерекше мән беріп, білім берудің жаңа реформасын енгізді. Көпшілік тарапынан

қолдау тауып, білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Айқын мақсатты жүзеге асыру үшін ҰБТ-ның қолданыстағы форматы жетілдірілді. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, 2016-2017 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу екі кезеңде өткізіледі. ҰБТ рәсімін мектепте қорытынды аттестаттауға және жоғары оқу орнына түсу емтихандарына бөлу – жас буынның одан әрі оқуға деген қабілетін, логикалық ойлау деңгейін, ағылшын тілін меңгергендігін, сондай-ақ, базалық құзыреттілігін (функционалдық сауаттылық) айқындауға бағытталған. Жылдың басынан бері облысымыздағы білім ұялары ҰБТның жаңа форматына сай жұмыстарын бастаған. Жыл бойы мектеп біті-

«Қасиетті Богородица «Умягчение злых сердец» (Қатыгез жүректерді жұмсарту) иконасы жиырма жылға жуық ішінде тоқтаусыз мейірім шуағын шашуда, оның бетінде емдік қасиеті бар, хош иісті май молынан бөлініп тұрады» деп айтылады икона туралы. – Қазақстан халқы діні мен ұлты өзге болса да, бір шаңырақ астында әр мерекені бірге тойлап, татулықта, бірлікте мемлекеттің экономикалық және рухани ахуалын жақсартуда. Қазақстанның көмірлі астанасы Қарағанды тұрғындары да иконаны көруге келуге уақыт тауып, одан рухани жұбаныш табады деген сенімдемін. Барлық қарағандылық-

тарды Пасха мерекесімен құттықтап, бейбіт өмір, ашық аспан және дендеріңізге саулық тілеймін, – деді өз сөзінде Астана мен Қазақстан Митрополиті Александр. Бұл уақытқа дейін икона Қазақстанның Павлодар, Өскемен, Петропавл, Қостанай және Атырау сияқты ірі қалаларында болып, келушілердің ерекше ықыласына бөленген. Келушілер легінің көп болуынан храмдар да тәулік бойы жұмыс істепті. Мәскеу түбіндегі шіркеуде иконаны сақтаушы Сергей Фомин де онымен бірге еріп жүр. – 1998 жылы Софрин дүкенінен өгей қызым иконаны сатып алған.

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында нақтыланған мақсат-міндеттер аясында білім саласына өзгерістер енгізіліп, тиісті іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл туралы Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Еліміздің білім саласындағы ғылыми-техникалық әлеуетін арттырып, ілім-білімнің басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін

Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан»

танушыларының мамыражай ғұмыр кешуіне қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Облысымызда түрлі діндер өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Ел Президентінің ұстанған саясатының нәтижесінде, елдегі тұрақтылық пен тыныштықтың арқасында қаймағы бұзылмай, барлық діндердің дамуына мүмкіндік тудырылып отыр, – деді кездесу барысында облыс әкімі. Өз кезегінде Митрополит Александр жылы қабылдап, қонақжайлылық танытқаны үшін аймақ басшысына ризашылығын білдірді.

руші түлектерге, ата-аналарға жаңа форматтағы ҰБТ-ға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бағдарламаның мақсатміндеттерін негізге алып, әр пән бойынша жүйелі жоспарлар жасалған. Түлектердің қорытынды аттестаттау емтиханына – 5 пәннен, оның ішінде, 4 міндетті және оқыту бейіні ескеріле отырып, 1 таңдау пәні бойынша дайындықтар жүргізілген. Сондай-ақ, жоғары оқу орнына түсу емтиханына орай, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, таңдаған мамандығы бойынша 2 пәннен бір жауапты, бірнеше жауапты сұрақтарға дайындықтар жүргізілген. Қазақ тілі пәні бойынша қорытынды аттестаттау емтиханында эссе жазу жұмыстары да кеңінен пысықталған.

– Қазақстан – жүздеген ұлттардың мекеніне айналған кемел мемлекет. Түрлі ұлттың өкілдері бір шаңырақ астында бірлікпен түтін түтетуде. Бұл орайда, Қарағанды аймағын ерекше атап өтуіміз қажет. Санқилы тағдырмен туған жерінен айырылған мыңдаған адам осы өңірден пана тапты. Бүгінде бұл жандардың ұрпақтары осында еңбек етіп, ел ырзығын еселеу жолында аянбай тер төгуде. Бұл үшін, әрине, көреген саясатымен көш бастаған Елбасыға алғыс айтуымыз қажет, – деді Митрополит Александр. Енді икона Қазақстанның өзге қалаларына жол тартады. Оңтүстіктің біраз шаһарын аралап, сапар соңы Астанада түйінделмек. Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

ҰБТ-да жеңілдіктер қарастырылған. Тестіге жұмсалатын уақыт мерзімі 3 сағат 30 минуттан бастап 3 сағат 50 минутқа дейін ұзартылған. Уақыт өлшеміне байланысты тест сұрақтарының саны артпаған көрінеді. Оқуға қабылдау балы – бұрынғыдай 50 балл. Айта кетейік, 29 мамыр мен 9 маусым аралығында мектеп базаларында емтихандар өткізіледі. Емтихан материалдары ҚР БҒМ тарапынан осы жылдың 27 мамырына дейін жеткізілетін болады. Түлектер қосымша ақпаратты және емтихан пәндері бойынша тест нұсқалары мен жаттығу тапсырмаларының, эссе тақырыптарының тізімін үлгі ретінде testcenter. kz сайтынан ала алады. Биыл облыста 7 мың түлек мектеп бітіреді.

Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан» 26 сәуір күні Қазақстанға Қасиетті Богородица «Умягчение злых сердец» («Қатыгез жүректерді жұмсарту») ғажайып жасаушы иконасы әкелінген болатын. Содан бері бұл икона Астана мен Қазақстан Митрополиті Александрдың бірге жүруімен, еліміздің көптеген өңірлерін аралап, Қарағанды облысына 10 мамыр күні Жезқазған қаласындағы «Апостол Андрей Первозданный» храмына келді. Ал, 11-12 мамыр күндері икона Қарағанды қаласындағы, құдайшылық литургиясы өткізілетін «Свято-Введен соборына» орналастырылды.

Бұл – ХІХ ғасырдың академиялық стилінде салынған қарапайым литография. Оны үйге алғаш алып келген кезде өзге де иконалардың барлығы хош иіс шығара бастады, ал, ерекше иіс шығарған осы – «Умягчение злых сердец» (Қатыгез жүректерді жұмсарту) иконасы болды. Иконадан бөлінген хош иісті майға зерттеу жүргізген сарапшылар одан бөлініп шығатын майдың 90 пайызы ақуыздан тұратынын айтты, – деп түсіндіреді Сергей Фомин. Икона Еуропада, ТМД елдерінде, АҚШ-та, Австралияда да болған. Оған ілесіп жүрушілердің айтуынша, Қасиетті Богородица 2000

жылдың 12 тамызында хош иісті май бөле бастаған. Бұл күні икона бетінде алғаш рет қан түстес май пайда болды – сол кезде Баренц теңізінде «Курск» атом бомбасы суға батқан болатын. Одан кейін, «Норд-Осттегі» және 2004 жылдың қыркүйек айында Беслан мектебіне жасалған теракт кезінде де май пайда болған. Иконаның әулиелік ғажайып қасиеттері отбасының, жұбайлардың, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруына өз ықпалын тигізеді. Қарағанды қаласынан кейін икона Талдықорған, Астана және Алматы қалаларына аттанбақ.

Төлем карточкалары Қазақстанда белсенді қолданылатын банк өнімдерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта төлем карточкалары төлемдердің бөлшек сауда нарығында пайдаланылатын бірегейлендірілген әмбебап құрал. Сонымен қатар, төлем карточкасын пайдалана отырып, операцияларды жүргізген кезде ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету және алаяқтық операцияларды болдырмау мақсатында қауіпсіздік және ақпаратты қорғау мәселелеріне аса көңіл бөлу қажет. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін және төлем карточкаларын пайдаланумен байланысты мүмкін болатын жағымсыз салдарларды алдын алу үшін мына сақтық шараларын сақтаған жөн: – үшінші тұлғаларға төлем карточкаңыздың деректемелерін (нөмірін, қолданылу мерзімін, ПИН-кодты, картаның сырт жағында жазылған CVC2/ CVV2 құпия кодын) хабарламаңыз, оның ішінде SMS-хабарламасы және/немесе электрондық пошта арқылы хабарламаңыз. Төлем карточкаңыздың деректері үшінші тұлғаларға беймәлім болса, соғырлұм қаскүнемдердің мүмкіндігі аз болады. ПИН-кодты және төлем карточкаңызды бірге сақтамаңыз, карточкаға ПИН-кодты жазып қоймаңыз; – Карточканы алған кезде карточканың сыртқы бетіндегі қойылған қолдың үлгісі үшін арнайы панельге міндетті түрде қол қойыңыз; – ПИН-кодты теру кезінде жақын арада тұрған адамдар оны көре алмайтындай терген жөн, ол үшін егер жақын арада бөгде тұлғалар тұрған жағдайда, Сіздің әрекетіңізді бейнежазбаға жазып алмауы үшін және енгізіліп жатқан ПИН-код туралы ақпаратты көре алмауы үшін ПИН-кодты теру барысында пернетақтаны қолмен тасалауға тырысыңыз. Төлем карточкалары бойынша операцияларды жүргізген кезде үшінші тұлғалардың көмегін қабылдамағаныңыз жөн; – төлем карточкаларын пайдалану арқылы болатын операцияларды бақылау үшін «SMS-хабарлама» қызметін пайдалануға болады. Осы қызметтің көмегімен карточкадағы қолжетімді қалдық сома туралы ақпаратты алуыңызға болады, шотқа келіп түскен ақша қаражаттары және шот бойынша шығыс операциялары туралы хабарламаларды алуыңызға болады, банктік карточка бойынша SMS-үзінді көшірмені, оның қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы хабарламаны алуыңызға болады, сондай-ақ, SMS-хабарламасы арқылы карточканы оқшаулауға, осы қызметте қарастырылған анықтама және басқа да ақпараттарды алуыңызға болады. – сауда және сервис ұйымдарының қызметкерлерінің Сіздің карточкаңызды басқа үй-жайға алып кетуіне рұқсат бермеңіз, операцияларды жүргізу кезінде төлем карточканың көз алдыңыздан жоғалып кетуін болдырмауға тырысыңыз, өйткені мұндай жағдайларда арнайы аппараттың көмегімен карточкаңыздағы ақпараттар көшіріліп, Сіздің банктік шотыңызға қол жеткізу мақсатында жалған картаның жасалуына пайдаланылуы мүмкін; – сауда және сервис ұйымдарында операцияларды жүргізу кезінде касса аппаратымен немесе төлем терминалымен тікелей біріктірілген арнайы құрылғыда (ПИН-пад) ПИН-кодты енгізіңіз. Түрлі құрылғыларда ПИН-кодты қатарынан енгізу ұсынысына жол бермеңіз. – Төлем карточкасын пайдалану кезінде жағымсыз салдарларды алдын алу мақсатында, оны қараусыз қалдырмау жөніндегі ең басты қағиданы ұмытпаған жөн. Кафе мен мейрамханаларда есеп айырысу кезінде, даяршы клиенттің үстеліне есеп айырысу терминалын өзі әкеп беруі тиіс немесе клиенттің өзі терминалға баруы тиіс. Чекке қол қояр алдында, онда көрсетілген соманы, валюта мен

операция күнін міндетті түрде тексеріңіз. Сонымен қатар, ПИН-кодты теру барысында пернетақтаны қолмен тасалауға тырысыңыз. – Банкоматты/терминалды пайдаланар алдында оның сыртқы түрін байқау керек. Егер қандай да бір бөгде бұйымдар, заттар, сымдар, құрылымдық өзгерістер (карточканы оқуға арналған құрылғыда қаптаманың болуы, PIN-код теруге арналған пернетақтада қаптаманың болуы, камера немесе тағы басқалары монтаждалуы мүмкін банкоматтың алдыңғы жағында немесе жанында қаптаманың болуы) анықтаған жағдайда, карточкаңызды құрылғыға енгізбеңіз. Күмәнді құрылғылардың анықталғандығы жөнінде хабарлау үшін мүмкіндігінше банкоматты/терминалды орнатқан банкке хабарласуға тырысыңыз; – егер ПИН-кодты өзіңізден басқа біреудің біліп қойғанын және карточкаңыздың заңсыз пайдаланылғанын байқасаңыз не карточка жоғалған, ұрланған немесе Сіздің карточкаңызды санкцияланбаған алып алу байқалған жағдайда Сізге дереу төлем карточкасы бойынша операцияларды тоқтату үшін және жаңа карточкаға және/немесе ПИН-кодқа тапсырыс беру үшін Сізге қызмет көрсетуші Банктің Клиенттерге қолдау көрсету қызметіне қоңырау шалу керек; – Интернет, телефон/факс,пошта желісі арқылы тауарларларға қолма-қол ақшасыз төлем операцияларын жүргізу кезінде ПИН-код туралы ақпараттың берілуін болдырмаңыз; – Интернет-дүкендерде операциялар жүргізгенде дүкенде клиенттің мәліметтерін қорғайтын жарияланған міндеттемелердің болуын және сайтта ұйымның байланыс мәліметтерінің болуын бақылаңыз. Мүмкіндігінше, сайтта көрсетілген мекен-жай мен телефонның дұрыстығына көз жеткізіңіз. Мекен-жай көрсетілген бөлікте http:// орнына https:// көрсетілуі тиіс. Назар аударыңыз, Web-сайттар құпия ақпаратты (тауарға/қызметтерге тапсырыс беру үшін клиенттерге электрондық нысандарды толтыру және банктік шоттардың, карточкалардың деректемелерін, ПИН-кодты қоса, көрсету ұсынылады) алу мақсатында алаяқтармен пайдаланылуы мүмкін. Онлайн есеп айырысулары үшін арнайы виртуал карточкалары өте ыңғайлы, банктердің көп бөлігі осы қызметті ұсынуда. Ақы төлер алдында виртуал карточкаға шотыңыздан қажетті соманы аудара отырып, ал қалған уақытта виртуал карточканы бос ұстау арқылы өзіңізді қауіпсіздендіруге болады; – егер мүмкіндік болса, жүргізіліп жатқан операцияларды қадағалап отыру үшін Интернет-банкинг қызметін қосқаныңыз жөн. Алаяқтық транзакцияның жүргізілуіне тек 30 тәулік ішінде наразылық білдіре алатындығыңызды ескертеміз. Интернет-банкинг жүйесіне кіру логині мен паролін ешкімге хабарламаңыз. Мүмкіндігінше Интернетке қол жетімді көпшілікке арналған және қорғалмаған орындардан өз гаджетіңіз арқылы Интернет-банкинг қызметінде жұмыс жасамаңыз. Қорытындылай келе, бөлшек сауда төлемдерінің саласына төлем карточкаларын пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды белсенді ендіру көбінесе аталған карточкаларды ұстаушылардың құқықтарының қаншалықты қорғалғандығына тәуелді. Сондықтан, Қазақстанда төлем карточкаларын пайдалана отырып, жасалатын қылмыстарды алдын алу мемлекеттің және банк мекемелерінің жалпы міндеті болып табылады, олардың шешімінсіз қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды одан әрі ойдағыдай дамыту мүмкін емес. Инна Владимировна Фурман, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы.


Сенбі, 13 мамыр, 2017 жыл

Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шаралар «Жаужүрек полк» акциясына қатысуымен басталды. «Жаужүрек полк» акциясына қатысушылар өздерінің Ұлы Отан соғысына қатысқан туған-туыстарының портреттерін ұстап, кент көшелерімен жүріп өтті. Аудан орталығындағы бюджеттік мекемелер мен ұйымдар «Азалы Ана» мемориалындағы мәңгілік алауға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Ұлы Отан соғысы жылдарында жанын қиған жауынгерлер құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланып, еске алды. Аудан әкімі Қайрат Шайжанов аудан тұрғындарын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, Ұлы Жеңіс мерекесі баршамыз үшін өте қастерлі, аса қымбат екеніне тоқталып өтті. Украина президенті П.Порошенконың арнайы Жарлығымен «Украинаны азат етудің 70 жылдығы» медалімен Ұлы Отан соғысы ардагері Анна Котованы марапаттады. Сонымен қатар, аудандық қорғаныс бөлімі ұйымдастырған дала асханасында құрметті қонақтар солдат ботқасының дәмін татты. Жеңіл сусын, дәм саудасы ұйымдастырылды. Құттықтау соңын аудандық Балаларға қосымша білім беру орталығы мұғалімдері мен оқушылары өз алаңқайында ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұластырды. Мұнда жүрек тебірентетін патриоттық әндер, Ұлы Жеңіс әуендері шырқалды. Кешкісін Балаларға қосымша білім беру орталығы алаңқайында алғаш ұйымдастырылған «Үміт отын жағыңдар» мәңгілік алау акциясы ұйымдастырылды. Ұлы Жеңіске құрмет сахналық би көрінісімен және мерекелік отшашумен қорытындыланды. Сержан СМАХАНҰЛЫ. ОСАКАРОВ ауданы.

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында аудан әкімі Марат Жандәулетовтің қатысуымен ауданымызда пайдалануға берілген арбатқа және орталық саябаққа жасыл шыршалар отырғызылды. Игі шараға ардагерлер мен мекеме басшылары қатысты. Жеңістің 72 жылдығы құрметіне орай, отырғызылған жасыл шыршалардың саны да – 72 түп. Осылайша, Жеңіс мерекесінің тағы бір жылы ел есінде қалмақ. М.ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ. ШЕТ ауданы.

Жасампаздық жолында

Нұрсұлтан Әбішұлының төрткүл дүниедегі жағдайды рентген құрылғысынан өткізгендей айтқан осы сөзі көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азаматқа ой салса керек. «Біз осы уақытқа дейін білген-көргеніміз, оқыған-тоқығанымыз бойынша жұмыс істеп келдік, қазіргі жағдай мүлде жаңа бағытта жүруді қажет етеді» 10 наурыз күні «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаннан кейін, көп ұзамай Қарағанды облысының жаңа әкімі Ерлан Қошановты бұқарамен беттестіру үшін өңірге арнайы қадам басқан Елбасы осылай деді. Ықылым замандардан даналарымыз «Елу жылда ел жаңа» десе, қазір бес жылда, бес айда, керек десеңіз, 5 күнде әлем өзгеріп салып жатыр. Кейбір мемлекеттер әлем картасынан жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, ішкі тұрақтылықты сақтауға өресі жетпеген саясаткерлердің салғырттығынан қарапайым халықтың жапа шегіп, қанды соғыстың құрбаны болып жатқанының куәсіміз. Самарқанның көк тасын жібіткен жылы жел мен Сібір сеңін сірестірген сары аязды аспандағы жұлдызға қарап-ақ бағып отырған ұлтымыз сындарлы сәттерден сүрінбей келе жатыр. Адам Ата мен Хауа Анадан бері Ата діні мен Ана Тілін, Ата Тарихы мен Ата заңын қадірлеуді өз дүниетанымында дәстүрлі түсінік санаған халқымыз әдептен аспай, қиындыққа саспай, мыңжылдықтарды еңсеріп келеді. Әр елдің өз жолы бар десек, Қазақстан да өзіндік қалыптасу, даму жолына түсті. Бір қолымызда бостандық болса, екінші қолымызда жауапкершілік тұр. Қос тұғырды құлатпай, ел абыройын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, ең алдымен экономика содан кейін саясат деген ұстанымымызды құқықтық ережелермен реттеп, әлем алдында сертімізге берік боп келеміз. Жоғарыда ыстық ықыласпен қарастырылған қарымды бастамалар кейде қалың көпшілікке жеткенше суып, түрлі алыпқашпа әңгімелердің өрбитіні жасырын емес. Қанықты шаруалар идеологиялық майданда ауыр жарақатқа ұшырап, әбден қансыраған соң, көпшілік те өміршең бастамаларға өрескел қарап жатады. Еліміздегі конституциялық өзгерістер жайлы да небір қауесеттерді құлағымыз шалды. Бірақ «түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» демекші, халық өзінің от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жарып әділдігін айтатын Елбасының бітімді сөзіне илана білді. Еуропалық Одақ пен АҚШ, Латын Америкасы мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері, Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдердің саясаткерлері мен сарапшылары, билік тармақтарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін конституциялық жаңғыруды азаматтық қоғамды алға жетелейтін ізгі қадам деп бағалады. «Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы» өз жаратылысынан, құрылған күнінен бастап, құқықтық мемлекеттің қалыптасып нығаюы жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан қоғамдық ұйым. 1996 жылдан бері сот жүйесінің жұмысын жетілдіруде 7 съезд өткізіп, қиыннан қиыстыра тапқыр да тұшымды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы ұстанымдарымыз бен ұсыныстарымызды ашық айтып, өзіміз де өзгелер де таңдай қағатын жетістіктерге жеттік. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демеуші ме еді халқымыз. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Бұрын бес сатылы болып келген сот төрелігі, қазір үш сатыдан тұрады. Бірінші сатыда істі қарап жатқан судья қандай жағдайда да әділ шешім шығаруға мүдделі. Өйткені, олай болмаса үстінен қарайтын тағы 2 саты бар. Келесі инстанция міндетті түрде шикілігін тауып алады. Бұлай болған жағдайда әділетсіз шешім шығарған қазы қызметтік жауапкершілікке тартылуды айтпағанда, жұмысынан қуылып, ешқашан сот саласына қайтып оралмауы мүмкін. Қазіргі таңда соттардың материалдықтехникалық жарақтануы жақсарып келеді. Сот

Ата Заңымызды жаңа заманның мақсат-мұратына сай игілігімізге айналдырып, ұрпақ тәрбиелеу ісіне, болашақ мүддесіне пайдаланудың қамын жасадық. Конституциялық реформаның түпкі мақсаты – жұмысты жүйелендіру. 25 жыл Тәуелсіздікте мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, сот және құқықтық жүйені жаңғыртуға аса мән беріліп келеді. Барлық бастамалар құқық үстемдігі мен 17 миллион азаматтың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ұлт жоспарындағы 11 қадамның сот жүйесіне қатысты болуы – осы сөзімізге дәлел. Кез келген реформа сапалы әрі уақытылы жүзеге асуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаевтың «5 институционалдық реформаны» өмір шындығына айналдыруда «100 нақты қадам – Ұлт жоспарына» баса назар аударуы да сондықтан. Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: – «Біздің алдымыздағы басты міндет – уақыт талабынан қашпай, оны лайықты қабылдап, мемлекетімізді одан әрі жаңғырту. Ұлы халқымыз бірегей тарихи мүмкіндікті толық пайдалана алатынына сенемін», – деді.

процесі өтетін залдар түгел дерлік жүз пайыз аудио-видео құрылғылармен қамтамасыз етілген. Егер бұрынырақта сот отырыстары тек қағаз бен қаламның қауқарына қарап келген болса, қазір әрбір қатысушының сөйлеген сөзі, эмоциясы түгел дерлік қырағы камералардың назарынан тыс қалмайды. Судья өзін қалай ұстады, айыпталушы мен жәбірленушінің сөзі шынайы ма жоқ па, адвокат пен прокурордың сөйлеу мәдениеті, келтірген айғақтары осының барлығы дерлік аудио-видео таспада айдай анық көрініп тұрады. Техниканың мұндай мүмкіншіліктерін пайдалану сот істерін жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, істердің қаралу сапасын арттырды. Егер қандай да бір тараптың көңілі толмай, бірінші сатыда қаралған іс облыстық сотта қайта зерделенген жағдайда таспадағы материалға зер салып, мәселенің анық-қанығына әп-сәтте көз жеткізесіз. Қазақстан Республикасының Ата Заңы тәуелсіз және әділ сот арқылы әрбір адамға олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалатындығына кепілдік береді. Мемлекет судьялардың тәуелсіздігі мен дербес құқығын, материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етілуін, сот ісіне араласпаушылықты   қамтама-

сыз етеді. Судьялар халыққа адал қызмет ету, Конституция мен заңдарды мүлтіксіз орындау, қиянатқа бармау, қызметте және тұрмыста адамгершілік нормаларын, мінез-құлық этикасын сақтауға міндетті. Қазылардың кәсіби және моральдік бейнесіне қоғамның өсіп келе жатқан жоғары талаптарын ескере отырып, судьялардың соңғы 7 съезінде жаңа Этика Кодексін бекіттік. Құжат «Судьялар мінез-құлқының Бангалор қағидаларын» назарға ала отырып қабылданды. Біз халыққа ыңғайлы болу үшін өзіміздің жұмысымызды заман талабына сәйкестендіріп келеміз. Мысалы, қазіргі таңда кез келген азамат сотпен байланысты шаруасын үйінен шықпай-ақ тындыруына болады. Интернеттің көмегімен мазалаған сұрағыңызға жауап алып, арыз-шағымыңыз болса, оны да электронды түрде бересіз. Жоғарғы соттың, облыстық және аудандық соттардың сайттарына кіріп барлық керек ақпаратты табасыз. Оның үстіне әрбір сот азаматтарды қабылдап, заң тұрғысынан құқықтық кеңес беріп, тұрғындардың күнделікті өмірдегі қордаланған мәселелерін шешуге ат салысып жатыр. Барар жер басар тауы қалмаған ағайын өз құқығын қорғау үшін әділдік іздеп

сотқа келеді. Түйеге мінгеннің төрт ауыз, атқа мінгеннің алты ауыз өлеңі бар демекші, қазіргі ақпарат заманында үлкен-кіші, әйел-еркек барлығы да «Ата Заңда былай деп жазылған, ана заңда осындай бөлім бар» деп термелей жөнелетін жағдайға келдік. «Төле би былай депті», «Қаздауысты Қазыбек айтыпты», «Әйтеке бидің сөзі екен» деп көнеде қалың бұқара аузынан тастамай айтып жүргені сияқты, «анау министр Үкімет сағатында былай мәлімдепті», «ғалымның тапқыр ойы осылай екен», «соттың заңға сүйеніп шығарған шешіміне риза болыпты» деген пікірлер бүгін де ел арасында кеңінен таралып жатады. Есте жоқ ескі замандардан келе жатқан шындықты бетке айтатын жариялылық, демократия заманы қайта туды. Ертеректе бишешендердің кесімдері көпшіліктің көзінше хабарланып, жанжалдар түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен шешіліп отырған ғой. Дау-дамайлар хатсыз, қағазсыз ауызша жүзеге асып бітіп жатқан. Бір бидің өзі қазіргі соттың ғана емес, прокурор мен милицияның да, қаншама мекеме, ұйым басшыларының қызметін атқарып келген. Ал бүгінде демократия мен теңдік дүниенің темірқазығына айналған тұста ең алдымен, заң үстемдігі мен ел мәртебесін қаперде ұстап, түлкі

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан»

Туған жер топырағының қаскөй дұшпанның табанында тапталмауы үшін қасық қанын аямаған майдангерлер рухына тағзым етуші жұртшылық мемориалдық монумент пен қазақтың тұңғыш әскери ұшқышы, ұлытаулық баһадүр Серікбай Асатовтың ескерткішін гүл шоқтарына бөледі. Құрметті қарауыл тобының әскери қарудан әуеге үш дүркін

оқ атуын қалың ел ерлік даңқының дәуірлерге жалғасарының дәлеліндей қабылдады. Өз лебізінде аудан әкімі Әнуар Омар сұрапыл соғыста қан кешкен майдангерлердің есімдері мен көзсіз ерліктері ел жадында мәңгілік жатталып қаларын тілге тиек етті. Кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге боларлық әрекеттерге барған аталар

Ұлт бесігі – Ұлытауда Ұлы Жеңіс күні өткізілген іс-шаралар легі «Таңбалы тас» саябағындағы «Ер есімі – ел есінде» мемориалдық кешені іргесінде ұйымдастырылған соғыс құрбандарын еске алу жиынынан бастау алды. Мәңгілік алау жанына жиылған қауым боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, жауынгер буын рухына дұға бағыштады. мен әкелердің даңқты жолын үздіксіз дәріптеу – қастерлі парыз екендігін айрықша атап өтті. Ой-тұжырымдарын өзі-

не тән шешен тілмен ортаға оралымды түрде салған аудан басшысының сүбелі сөзін тыл ардагері, ауданның Құрметті

3

www.ortalyq.kz

азаматы, Ұлытау селолық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шабаз Смайылов ұтымды жалғастырды. Мемориалдық кешендегі рәсімнен кейін тыл ардагерлері арнайы әзірленген жеңіл көліктерге жайғасып, орталық алаңға бағыт алды. Аудан әкімі, аудандық мәслихат хатшысы мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бастаған бұқара салтанатты сап құрып, мерекелік реңде безендірілген көліктердің соңына ілесті.

заманның тәлкегіне ұшырамай, Мәңгілік елдің мызғымастығын қамтамасыз ету үшін жеті қазынаның құндылықтары саналатын тазының тапқырлығы мен табандылығы, қыран құстың көрегенділігі мен қуаты қажет. Тәй-тәй басқан тәуелсіз елдің Ата Заңын айдай анық етіп жазып, оның маңыздылығын соқырға таяқ ұстатқандай ұғындыру ата-бабалар мен келешек ұрпақ алдындағы ұлы мұратымыз. Алма мен қызғалдақтың Отаны, адамзат тарихында тұңғыш рет жылқы қолға үйретілген мекен, ең алғаш атом қаруынан бас тартып, әлемдік діндер съезін өткізіп, астанасын тұңғышындай құрметтеп, тарихын мәпелеп, ғылым мен технологияны дамытуға ден қойып, татулықты ту еткен Қазақ Елі бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып, дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының біріне айналу мақсатын қойып отыр. Бұл ұлы жоспар халықтың әл-ауқатын көтеріп, маңдайалды елдермен үзеңгі қағыстырып, иық тіресіп, керек десеңіз қара үзіп оқ бойы озық шығу үшін қажет. «Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы» мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін жатпайтынбай еңбек ету керектігін жақсы түсінеді. Сондықтан, Жолдауда айтылған елдің экономикалық ілгерілеуін қамтамасыз етуді басты міндеті санайды. Инвесторлар елімізге миллиардтап ақша құйып жатқандықтан олар өз капиталдарының қауіпсіздігін, маңдай тер мен адал еңбектерінің жемісін көрсек деп тілейді. Ол үшін бүткіл әлем мойындаған ағылшын қаржы заңдарының қағидалары енгізіліп, Жоғарғы соттың жанынан инвестициялық дауларды қарайтын алқа өз жұмысын бастады. Бұл «Астана» Қаржы орталығын» әлем мойындаған беделді алаңға айналдырудың қарекеті. Осының бәрі жаратқаннан кетпес дәулет, берекелі табыс сұраған елдің қамы. Қазыналы қарияларымыздың «болар бала он бесінде баспын дер, болмас бала отызында жаспын дер» деген сөзі бар. Іргетасының қаланғанына әлі жиырма жыл толмаған Астанамызда әлемдегі ең маңызды көрме ЭКСПО шарасы өткелі жатыр. Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі ретінде 2016 жылдан бастап БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне енді. Сирия соғысын тоқтатуға да ресми Астана өз үлесін қосуда. БАҚ өкілдері, дипломаттар, инвесторлар, туристер мен шет мемлекеттер тұрғындарының біздің елге деген ықыласы ерекше. Қолда бар алтынның қадірін бағалай білмегеннің тағдыры қалай боларын тағылымы мол Ата тарих қатпарларынан білу қиын емес. Осындай жауапты кезеңде ештеңеден қаймықпай, қоғамымыздағы барлық қарым-қатынастарды реттейтін заңнамалық базаның қайнар көзі – Ата Заңымызды кемелдендіріп, билік тармақтарының рөлін айқындап алғанымыз тарихта алтын әріптермен жазылатын айтулы оқиға. Америка құрама штаттары өздерінің тұңғыш президенті Джордж Вошингтон заманынан келе жатқан Конституциясымен мақтанады. Алпауыт елдің абыройын асқақтатқан осы тәжірибе біздің елдің маңдайына да бұйырды. Тұңғыш Президентіміз қол қойған Конституциямыз тамырын тереңге тартып, ғасырлар бойына халық мүддесі үшін қызмет етеріне сенімдіміз. Ұлттық маңызы бар іргелі істе тасада қалмай, бір жағадан қол, бір жағадан бас шығарып, Елбасының саясатына бір адамдай қолдау көрсетуін барша әлем халқымыздың асқан көрегенділігі деп бағалап отыр. Жақында журналистермен болған тікелей эфир кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Бұқар жыраудың сөзін мысалға келтірді. – «Көш бастау қиын емес, Қонатын жерде су бар. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерде жау бар. Шаршы топта сөз бастау қиын, Шешімін таппас дау бар», – деп. Билік айту – күй өнері, шешендік, атбегілік, айтыс өнері секілді қазақ қоғамына тән құбылыс, дәстүр һәм үрдіс. Би-шешендер таластартыстар мен дау-дамайлардың тағдырын шешіп қана қоймай, заң шығарып, оның орындалуын қадағалап, халыққа ақыл-кеңес айтып, елшілік қызмет те атқарған. Соттың мақсаты біреуді жазалау, айып тағу емес, заңға сүйене отырып, әділдіктің орнауына жол ашу болса, бұқараның мақсаты жолындағысын жайпаған ақпарат тасқыны заманында Ана Тіл мен Ата Дін, Ата Тарих пен Ата Заңын желкен етіп сананы шайғызбау. Ата заңын ұлықтаған, дәстүрін ұмытпаған, жетімін жылатпаған, өмірін елге арнаған, өзіне кәміл, халқына әділ қазақ судьялары ақты ақ, қараны қара деуді негізгі міндеті деп түсінген. Біз үшін ең маңыздысы сол – Заң үстемдігі мен Мәңгілік ел мәртебесі.

Іле-шала аудандағы мекеме-кәсіпорындардың күшімен дайындалған әскерилендірілген үлгідегі шеру басталған еді. Жағалай жұрттың көз алдынан жүк көліктеріне орнатылған шабуылдаушы ұшақтың, қаһарлы «Катюшаның» және қанқұйлы соғыс кезеңіндегі басқа да қару қондырғыларының макеттері, қару асынған сұсты жауынгерлердің легі бірінен соң бірі өтіп жатты. Аса әсерлі көріністен кейін ашық аспан астында орналасқан келісті сахна төрінде театрландырылған көрініске кезек берілді. Жан алысып, жан беріскен шайқас даласы, «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» ұранын ұстанған тылдағы қым-қуыт тірлік – бәрі-бәрі барша көрерменнің, әсіресе, аға буынның жанарларына еріксіз жас үйірілткен. Ұлт батыры Бауыржан Момышұлының таспаға жазылған өз үні – жанды дауысы тыңдарман бойына ерекше рух дарытқанын айрықша атап өту ләзім. Тақырыптық мазмұндағы әндер орындалған концерттік бағдарламадан соң тыл ардагерлері арнайы орналастырылған далалық асхана – әскери палаткада солдат ботқасынан дәм ауыз тиді. Ескіден жеткен есті әуендерді шырқап, өздерінің іздерін басқан буынға ізгі тілектерін жаудырды. Мерекелік бағдарлама аясындағы

Тотай Ерімбетов, Қарағанды облыстық соты Мемлекеттік тіл жөніндегі жұмыс тобының үйлестірушісі, судья.

жарыстар да жанкүйерлердің зор қызығушылығын тудырды. Әсіресе, әдеттегі сайыстардан өзгешелеу «Қымыз ішу» мен «Құнан қойды көтеру» бәсекесі елді ерекше тәнті етті. Алғашқы сындағы «мешкейлер» арасында бір минуттың ішінде 7 тостаған қымызды іркілмей сімірген Жасұлан Елеусізов жеңімпаз атанса, келесі сайыста салмағы 48 келі қойды иығына салып, үш минутта 60 мәрте отырып-тұрған Ернат Төлеш топ жарды. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне лайықты марапаттар тапсырылды. Ардақты тұлғалар – тыл майданы еңбеккерлеріне киіз үйлер ауылында ақ дастархан жайылды. Сол күні Әнуар Серікбайұлы бастаған ауданның басшылық құрамы соғыс солдаттарының соңғы тұяғы, Жезді кентінің тұрғыны Нығмет Махановтың шаңырағына арнайы атбасын бұрып, сый-сияпат жасады. Түйіп айтқанда, ұлытаулықтардың баһадүр буын рухы мен тыл ардагерлеріне көрсеткен қапысыз құрметі «ұрпақтар сабақтастығы» делінетін ұғымның өміршең екендігін айғақтап берді. ҰЛЫТАУ ауданы. Суретті түсірген Ж.АЯШОВ.


4

Сенбі, 13 мамыр, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Қазақтың ұлттық құндылықтарын ешкім жоя алған жоқ, жоя алмайды да. Олардың иесі – қазақ. Жойылып кеткен жоқ. Өкініштісі, ұлттың көзі ашық, көкірегі ояу, білімді, халық қамын кең көлемде ойлай алатын, халықаралық дәрежедегі ұлт көсемдері, патшаның тұсында қуғындалып, Кеңестің тұсында атылып кетті. Бұлардың тірі жүргенінің өзі, әсіресе Кеңес үкіметі үшін, атом бомбасынан кем емес еді. Алайда, қазақ та, оның ұлттық құндылықтары да өмір сүріп келеді. Бірақ, қалай? Кеңес кезінде көптеген ұлттық құндылығымызды, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ата-бабаларымызды «ескінің қалдығы» деді. Егеменді ел болғаннан бері ұлтжанды азаматтар ұлттық құндылығымызды қалпына келтіруге ниеттеніп еді. Бірақ, «нарықтық қатынас, әлемдік қауымдастыққа кірігу» деген сылтаумен ұлттық құндылыққа көңіл онша бөлінбей қалды. Ет, сүт, қымыз, шұбат тағамдарынан алынатын әртүрлі өнімдерге, киіз үйге шетелдіктер патент алып жүр дегенді естиміз. Қазақтың ою-өрнектері шетел киімдерінің сәні ретінде пайдаланып жүр дегенді де естіп жатырмыз. Ойлап қарасаң, шетелдіктер өздерінің ұлттық құндылықтарын біздің есебімізден толықтырып жатқанға ұқсайды. Күндердің күнінде осы құндылықтарымыз солардың меншігіне өтіп кетпей ме? Құндылықтарымызды қалай да олай сақтауымыз, дамытуымыз керек. Әлихан Бөкейханов: «Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпесе болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар» деген. Егер, ұлттық құндылығымызды сақтай алмасақ жаһандануға жұтылып кетеміз. Жаһандануға жұтылып кетпей, Президентіміздің алдыға қойған мақсаты «Мәңгілік Ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы саяси жаңғырудан кем түспейтін, тіпті, маңызы жағынан солардың кейбір тұстарынан жоғары тұратын дайын бағдарлы құжат деп есептеймін. Елбасы еліміздің бәсекелесе отырып, дамыған 30 елдің қатарына қосылу кезіндегі рухани байлығымыздың үлесін көбейту, «Туған жер» бағдарламасын жасап, туған ел ұғымына айналдыру мәселесін, киелі жерлердің атласын жасау сияқты ұлттық модернизацияға серпін беретін менің ойымша «елім», «жерім» деп жүрген ұлтжанды азаматтардың көкейінде жүрген біраз мәселелерді дөп басты. Бұл мақала халықтың рухын көтеруге бағытталған. Рухани жаңғыру жаңа белеске бастайды Сананы селт еткізетін бұл мақаладағы соңғы сөйлем: «өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді». Ұлттық сананы сілкіндіріп, шаңын қағып, күнге шығарып, тазартып, әлемге бойымыздағы құндылықтарымызды көрсетуге тырысайық дегім келеді. Ошақбай СУХАНБЕРЛИН.

Елбасы өзінің мақаласында замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді еліміз тарихының жаңа белесінде жаңғыруымыздың маңызды алғышарттарына айналдыру қажеттігін айта келіп, «егер жаңғыру елдің ұлттықрухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деп ескертеді, тарлан тарихымыздың, бүгініміз бен болашағымыздың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасын сақтау қажеттігіне ыждаҺатты уәждермен тоқталады. Әсілінде, бұл бағдарды ұстана білсек, мына алмағайып дүниеде бәсекеге қабілетті болудың даңғыл соқпақтарын тауып, болашаққа сеніммен беттейміз, ХХ ғасырда құрдымға кете жаздаған қазақ тілінің мәртебесін қайтарамыз, «ештен де кеш жақсы» дей отырып, байтақ даламыздың сұйылған құнарын қалпына келтіруді, табиғатымыздың көрікті пұшпақтарын саяхатшылар көрімдігіне орай көзайым етуді ұлтжанды ұлдарға жүктей аламыз. Ол үшін біз бабалардан мирас болып қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек: ең әуелі ысырапшылдық пен астамшылықтан тыйылып, ұлы қазақтардың, талай қиындықтан сынбай өтіп, мына біздерді жеткізген ата-анамыздың қажырлы да қанағатшыл, қарапайым да қайырымды, ұстамды да үнемшіл, досына көлдей, дұшпанына шөлдей прагматикалық мінезін бойымыздан табатын болсақ, бұл құндылықтар алдағы мақсатта қайтсе көмектеседі. «Осы мәселе бұрынырақ қолға алынуы керек еді» дейтін скептиктер болмай тұрмайды, «латын әліпбиін осыдан он-он бес жыл бұрын мына өзбектер мен әзірбайжандар құсап бастап жіберуіміз керек еді» дегеннің бірі – мен едім. Десек те, ширек ғасыр бұрынғы біздің әлеуметтік-саяси жағдайымыз оған келіңкіремейді екен. Жасыратын несі қалды, ХІХ-ХХ ғасырлардағы шовинистік саясат ықпалынан санамызды әлі де үзілді-кесілді айықтыра алмаған, ғаламдық тарихтағы өз орнымызды айқындамаған, өз қадірімізді өзіміз бағаламаған кез еді ол... Көреген Елбасы көкейімізде тұнған мәселені халықаралық қауымдастық Қазақстанды таныпмойындаған қазіргі кезеңде алға қойып, оны шешудің маңызды тетіктерін меңзеп отыр. Мақалада шығыстағы көршіміз Қытайдың, біздегі бір облыстың аумағындай ғана аралдарды мекендеген жапон халқының анажылғы ауыр қиындықтардан шығу үшін, көсемдері ұсынған әлеуметтік саясатты қолдау арқылы ұлттық ділін жаңғыртқаны, экономикалық саясатты қолдау арқылы жанқияр

Латын әліпбиі туралы мәселені Елбасы 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде, одан кейін 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан – 2050» Стратегиясында көтерген болатын. Енді, міне, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында толғағы жеткен мәселені көтеріп қана қоймай, жүзеге асыру үшін нақты тапсырма беріп отыр.

касы жоқ кісі сауаты шамалы саналатын; кітапқұмарлығы жағынан алғанда шофер, шопан секілді жұмысшы халық кейбір бойкүйез қызметкерге шаң қап-

«егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. еңбекпен көсегесін көгерткені, ұлттық салт-дәстүрлерін заманауи дәстүрлермен ұштастыра отырып, тарихи қысқа мерзімде өзіндік қадір-қасиеті мен келбеті бар әлемдегі мықты державаларға айналғаны үлгі етіледі. Салт-дәстүр демекші, біздің Көшбасшымыз кеңестік жылдар табыстарын мансұқтамайды, «бәріміз де Гогольдің «Шинелінен» шыққанбыз» дегендей, Нұрсұлтан Әбішұлы да қайратты жылдарын кеңестік ел экономикасы мен идеологиясының мәселелеріне арнаған; халық әні, домбыраның қоңыр үні ширыққан жүйкесіне дәру болған... Ойды ой қозғайды: уақыт тозаңынан тоттанбайтын асыл өнер ғана сол тоталитаризм жылдары дипломаттар ғана барып келе алатын шет мемлекеттермен арадағы «темір пердені» ысырып өткен. Бұл арада біз еңбек озаттары саяхаттап қайтатын социалистік лагерь елдерін айтып отырған жоқпыз. Ақтоғай ауданының «Тоқырауын толқындары», Қарқаралы ауданының «Салтанат» халықтық ән-би ансамбльдері сияқты ұжымдардың Мәскеу, Ленинградтан асып, Франция, Италия, Голландия секілді беделді капиталистік елдер төрінде қазақтың әні мен сәнін паш еткендігінен бір-екі дерек келтіріп отырмыз. Кеңес жылдары Қазақстандағы екі адамның бірі арнаулы немесе жоғары білім алды; мектептен ұққаны жақсы, жастар оқуға өз білімімен тегін түсті, «түсе алмағанының» өзі кәсіптік мектептерден техникалық мамандық үйренді. Кітапханада оқырман карточ-

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық құрылысында сан алуан өзгерістер заман талап еткен қажеттіліктен туындап жатыр. Қазіргі уақытта дайындалып яки ойластырылып жатқан сондай реформалардың бірі жазуымызды кириллицадан латынға көшіру болып тұр. Бұл –алғаш сөз бола бастағанда қызу талқыланып, бірсыпыра ұсыныс-пікірлер айтылғанмен, қазір жұрттың ести-ести құлағы үйренген, біраз саябырсып қалған мәселе. Әлбетте, солай болуы да ретті шығар. Себебі, латын жазуына көшудегі түбегейлі мақсат әуел бастан халыққа жан-жақты түсіндірілген жоқ-тұғын. Біреулер «Латыншаға көшсек, компью-

Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жақында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын теледидардан естіп, басылым беттерінен байыптап оқығанымызда, көптен күткеніміз алдымыздан шыққандай мағмұрландық.

тер тілін оңай игеріп, интернетке шығуымызға кең жол ашылды» десе, енді біреулер «Латын әріптері арқылы күллі түркі жұртына ортақ жазу қалыптастырамыз. Бір-біріміздің жазба әдебиетімізді

тыратын; газеттеріңіз шалғай қыстаққа апта сайын, жорналдар ай сайын қате қылмай жетіп тұрды. Сондай жан азығы тоқсаныншы жылдары көзден бұл-бұл ұшқанда, тәні ауырғандай қиналғандар бар!.. Бір тәуірі, компьютер келді. Интернетке кіріп әлемді шарлайтын болдық, жастар ақпарат атаулыны смартфоннан алып жатыр... бірақ, кітап бетін ашпайтын, кітапхана қайда екенін білмейтін, жатарда әжесінен ертегі тыңдау орнына, қолындағы телефонын тыңдап жатып ұйықтайтын бүгінгі балалардың ұлттық санасында бір кемістік бардай көрінеді де тұрады маған... Президенттің мақаласында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы айтылғаны елең еткізді. Осы латын алфавитінің негізінде жасалған жазу үлгісі Қазақстанда 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылғанын әкелеріміздің ескі құжаттарынан, күнделікхаттарынан көріп өстік; мектеп программасындағы шетел тілдері пәнінен ауызша, жазбаша тапсырмалар орындау арқылы да латын қарпіне біздің көзіміз үйренген. Яғни, бұл саладағы жаңалықты жатсынбай қабылдауға негіз бар екен (бірақ әрине, миллиондаған әдебиетті кириллицадан латиницаға түсірудегі техникалық жұмыстың орасан қаржылық және мерзімдік моменттерге тәуелді екені түсінікті). Латынша әліпбиге көшудің терең логикасы барын 1924-1929 ж.ж. Қазақ АССР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (бүгінгіше айтқанда, премь-

тәржімәсіз немесе делдал тілсіз түпнұсқадан оқи беретін боламыз» дегенді желеу етті. Ал, тіліміздің қамын әріден ойлаған қайсыбір ғалымдар «Латыншаға көшу тіліміздің өзіндік болмысын сақтап қалу үшін қажет. Латын жазуына негізделген өзіміздің төл әліпбиімізді (алфавит) құрып алған соң, тіліміздің табиғатында жоқ, орыс тілінен және ха-

ер-министрі) болған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақов атап көрсеткен болатын. Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтан жасөспірім шағында Қарқаралыда дәріс тыңдаған кезден туған халқын азаттыққа жеткізу үшін күреске бел байлаған, сол азаттыққа кеңестік жүйе арқылы жол табуды көздеген, нәубетті «отыз жетіде» С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Б.Майлин, И.Жансүгіров, А.Асылбеков сынды ондаған ұлт зиялыларының қатарында құрбан болған Н.Нұрмақов 1930-1937 жылдары (алаштықтардың, Алаш идеясын жүрегіне түйген қазақ коммунистерінің басын біріктірмес үшін И.Сталин оларды елдің әр тұсындағы қызметтерде ұстағаны белгілі) Мәскеуге алынған болатын. Нығметтің эрудициясын, ұйымдастыруға алғырлығын білетін Орталық оны 1930 жылы Бүкілодақтық Атқару Комитетінің (БОАК) Президиум хатшылығына әрі азсанды (малочисленные нации и народности) ұлттар бөлімінің меңгерушісі қызметіне қояды. Міне, осы кезеңде оған Шығыс халықтарының алфавитін құратын одақтық комиссияға төрағалық ету қосымша тапсырылады. Сол жолы «Власть Советов» баспасынан Н.Нұрмақовтың редакциясымен РСФСР халықтары арасында жаңа алфавитті енгізуге байланысты «Октябрь алфавиті» тақырыбымен шыққан мақалалар топтамасы Татарстан, Башқұртстанда, қазақ, қырғыз арасында, Солтүстік Кавказ бен Дағыстанда, Қырымда латын алфавитін енгізу мәселесіне арналады. Осындағы кіріспе сөзінде Нығмет Нұрмақов: «Во-первых, быстрое усвоение нового алфавита массами... помогают росту классового самосозна-

нания трудящихся Востока. Во-вторых, латинизация алфавита в силу технической легкости его усвоения, открывает возможность ликвидации массовой неграмотности в кратчайший срок. В третьих, ... облегчает выработку научной, общественно-политической и технической терминологии и орфографии национальных языков, помогая ускорению всего в целом культурного подъема национальных районов, способствует созданию новых литературных национальных языков» деп, латын алфавитіне көшудің маңызын дәйекті талдаумен ұғындырған. Бүгінгі тәуелсіздігімізге берік іргетас қаласқан мемлекет қайраткері Н.Нұрмақовқа уездік, губерниялық комитеттердегі, Орынбордағы жауапты қызметтерден соң ІІІ Бүкілқазақ Кеңестер съезінде ҚАССР жоғарғы органына сайланысымен, жаңа қоғамның заң-құқық істерін жүргізетін юстиция, прокуратура, сот органдарын құрып-қалыптастыру жүктеледі. Сөйтіп, қысқа мерзімде прокуратура мен сот қызметінің ережелерін, квалификациялық талаптарды түзеді, сот-тергеу органдарында іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді қалыптастырады, аталмыш сала әдебиеттерін аудармалау ісін бастап береді. Қылша мойны талша болып жүріп үкімет басқарған жылдары, ол ұлтымыздың өзіндік өнері мен дәстүрін келешек үшін сақтатуға күш салып, А. Затаевич есімді орынборлық музыкант-этнографқа ұлттың ежелгі фольклорынан бастап, ХХ ғасырдың 30шы жылдарына дейінгі шығармаларын нотаға түсіртіп, «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 әні мен күйі» аталған асыл мұра – антологияның өмірге келуіне тікелей қамқор болған.

Маңдайымызға Жаратқан өзі бұйыртқан Елбасымыз ұлтымызға тән құндылықтарды болашаққа бағдаршам еткенде, сол Әлихандар мен Нығметтердің санасына даналық пен көрегендік шырағын жаққан Асан Қайғы, Ақтамберлі, Бұқар, Есет, Шортанбай, Досбол, Байдалы, Қазыбек билердің, жыраулар мен шешендер мұрасын рухани жаңғырудың іргетасы санап отыр. Назипа АСҚАР, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

лықаралық термин деген желеумен орысшаланып енген бөтен сөздерден арыламыз. Осы пікірлердің қай-қайсысының да өзіндік маңызы бар екендігінде дау жоқ. Мәселен, компьютерде жұмыс істеу, ең алдымен, өзіміз үшін керек емес пе?! Жазуымыздың, яғни, тіліміздің әуелі өзімізге қызмет етуін қамта-

масыз етуіміз керек. Қазір біз кез келген түркі халықтарының өкілімен ауызша сөйлессек, бір-бірімізбен оңай түсініп, пікірлесе аламыз. Ал, жазуымыздың әр қилылығына байланысты бүкіл жазба дүниелерімізді аудармасыз оқи аламыз. Бұл – түркі тілді халықтар өзара жазба әдебиеттерін оқи алмасын, әрқайсысы өзінше бөлек дамысын,

Латын әліпбиіне көшу – қажеттілік. Неге дейсіз ғой? Осы орайда, белгілі тілші-ғалым Әлімхан Жүнісбектің мына пікіріне құлақ аспасқа болмайды. Ғалым: «...ешбір мемлекет, ешбір ғылыми жұртшылық әліпби санының (құрамының) көптігін айтып мақтанбайды. Әріп саны көп болды деген сөз – ол тілдің әліпбиінде бір кемшілік бар деген сөз. Әріп саны неғұрлым кем болса, ол солғұрлым жетілген әліпби болып саналады», – дейді. Қазақ әліпбиіндегі таңбаның көптігі сөйлеу тілінде қиындық келтірмегенімен, жазу тілінде, жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыруда үлкен мәселе тудырады. Өйткені қазіргі әліпбиде біздің тілімізде дыбыстық қызметі жоқ, жай ғана таңба ретінде белгіленіп қана тұрған әріптер бар. Сондықтан, латынға көшкен жағдайда әліпбиді жүйелеп алуға мүмкіндік туады.

Жаңа әліпбиге көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге көтерілуіне жол ашады. Жалғыз ағылшын тілі ғана емес, Еуропадағы халықаралық мәртебеге ие болған тілдердің негізінде латын әліпбиі жатыр. Қазіргі ғылым мен технология дамып жатқан заманда латын әліпбиіне көшу арқылы біздің ұтарымыз көп. Бұл дегеніңіз – ғылыми әдебиеттің басым көпшілігінің, интернеттің, электрондық поштаның тілі. Керек десеңіз, тәуелсіздік алғаннан бері жеке бас куәлігі мен төлқұжатта аты-жөніміз осы әліпбимен жазылған. Бұл әліпбидің қолданылмайтын саласы жоқ сияқты. Аталмыш жүйеге көшкенде жалғыз Еуропа ғана емес, саны жағынан басымдыққа ие болып отырған түркі тектес бауырластарымыз да латынды қолданып отырғандықтан, ел мен елдің, мемлекет пен мемлекеттің арасындағы қарымқатынас нығаяды. Енді бір мәселе бар. Әліпбиді ауыстырғанда әліпбиді жазып, оқып үйрену үдерісі қаншаға созылмақ? Кезінде университетте оқып жүргенімізде филолог-мамандарға бір семестрлік (24 сағаттық қана) араб, латын әліпбиін үйрететін курстар өткізілетін. Үйрен деді: жазып та үйрендік, оқып та үйрендік. Айтпағым, әліпбиді үйреніп, меңгеріп кету соншалықты қиын емес. Бәрі дағдыға байланысты. Оның үстіне қажеттілік болған соң, жаңа әліпбиді үйрену дағдысы жылдам қалыптасуға тиіс. Елдің болашағын ойласақ, жастардың болашағын ойласақ, қазақ тілінің болашағын ойласақ, жаңа әліпбиді қабылдауға құлшына кіріскеніміз абзал. Жұпар ЖАҚАНОВА.

Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамның басты мәселелері – мәдениет, тіл, рух, патриотизм ұғымдары ерекше назарға алынған. Тәуелсіздік алғаннан бері экономикамызды қалыптастыруға және Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін арттыруға зор мән берілді. Ендігі кезекте рухани жаңғыру өте қажет деп есептеймін. Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзін әр қазақ бойына сіңіре білуі тиіс. Туған жерге деген сүйіспеншілік, Отанға деген ыстық сезім отбасынан бастау алады. Кейінгі өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сіңіру – әрбір ата-ананың парызы болып саналады. Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салтдәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз, дін – адам болуымыз, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет. Әлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру – мақсатымыз екені белгілі. Осынау мақсатқа жас ұрпақ бойында туған халқына деген құрмет, жанашырлық, сенімділік,

бірінен-бірі туыстық, рухани байланыстан алшақтай түссін деген саясаттан туындаған еді. Тіпті, Кеңес Одағының құрамында болып, барлығы бірдей орыс жазуын ұстанған халықтардың өздері де бір-бірінің жазған дүниелерін аудармасыз оқи алмай келді ғой. Тіліміздің таза қазақи қалпын сақтап, сөйлеп-жазып жүрген ұлты-

намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана жетеміз. Елбасы «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз» деп, Үкіметке нақты талап қойды. Бұл қазақ тілін үйрену жолындағы саяси өзгеріс деп білемін. Осынау кезге дейін өлмеген, өшпеген қазақ тілі үшін қауіп жоқ. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. Қазақ тілі латын әліпбиіне көшетін болса, ағылшын тілін үйренуге септігі тиер еді. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тіліңді жетік меңгер, қастерлей біл. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты бол, тіл үйрен. Бұл сенің болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі. Осы мiндеттерді iске асыру барша қазақстандықтарға үлкен жауапкершiлiк жүктейдi. А.ЖЕКСЕНБАЕВА.

мыздың бір бөлігі үшін, бөтен дыбыстардан және таңбалап келген әріптерден арылған нағыз қазақ әліпбиін латыншаға көшу арқылы жасауға қазір мүмкіндік туып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін есте ұстап, әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуді ұмытпаса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орын алар еді. Ендеше, латыншаға көшу – тілімізді сақтау үшін керек демекпін. Қорлан Айтжанова.


Сенбі, 13 мамыр, 2017 жыл

Қазақстан Республикасының ең алғашқы ірі жобаларының бірі – «ЕХРО – 2017» Халықаралық көрмесі. Біздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Көрменің тақырыбы тым өзекті екендігін алға тартты. Ол – ғаламға ортақ проблема, баламалы энергия көздерін анықтау және «жасыл» технологияға көшу. Көрменің тақырыбы айшықтап тұрғандай, «Болашақ энергиясы». «ЕХРО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстан үшін шын мәнінде үлкен абырой. «Болашақтың энергиясы» тақырыбы энергияны үнемдеу технологиясының, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдаланудың және әзірлемелер мен технолгияны пайдалануға мүмкіндік беретін әлемнің үздік жобалары бір арнаға тоғысады. Еліміздің болашағы жастардың еңбекқорлығымен, талап-тілегімен, қиялдары мен алға қойған мұраттарына байланысты. Ғылыми зерттеулерге қызығушылығын білдіргендердің арқасында еліміз дамуда. Осы көрмеде көп жастар өздерінің мүмкіндіктерін арттырып, жетістікке қол жеткіземіз деген арманда. Көрмеде, сонымен қатар, өнертапқыштар өз туындыларын көрсете алады. Мен, 11 сынып бітірушісі, осы Көрмеден көп үміт күтемін. Себебі, біз енді бүршік жарған гүл сияқтымыз. Біздің тамырымызды нығайту үшін нәрлі білім алып, сол білімді ертеңгі болашақ өмірімізде қолданып, бір мамандық иесі болуға ұмтылу қажет. Көрмеге келушілер Қазақ елінің жеріне, тіліне, тарихына таң қалып, тағы да бір тамсанарлықтай әсерге бөленері сөзсіз. Төлеубала ҚҰДАЙБЕРГЕН, «Калинин ЖББОМ» КММ 11 «А» сынып оқушысы.

www.ortalyq.kz

«EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада «ЕХРО – 2017» көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, «EXPO – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. «ЕХРО – 2017» ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. «ЕХРО – 2017» көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне,

Кеше облыстық С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында «Болашақ энергиясы – 2017» көрме-форумы өтті. Облыстық деңгейдегі іс-шара Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017» көрмесіне орайластырылды. Маңызды іс-шараға өңірлердегі іріктеу кезеңінен өткен аудан, қала мектептері мен облыстық мамандандырылған мектеп-интернат оқушылары мен облыстық балалар үйі тәрбиеленушілері қатысты. Өз жұмыстарын таныстырған жас дарын-

дар қатарында колледж студенттері де бар. Кешегі көрменің өзінде жалпы саны 56 жоба қорғалды.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» Әлемге әйгілі Дю Солей циркі Астанада өнер көрсетеді. Шығармашылық ұжымының өнерін «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында тамашалай аласыз. Қойылымның билеттері 2017 жылдың 10 мамырынан бастап сатылымға шықты.

соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады. «ЕХРО» көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия

Көрмені өткізуге облыстың білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мұрындық болды. Өнертапқыштар алаңындағы байқау «Жасыл ғаламшар», «Екінші өмір», «Экология» және «Энергияны үнемдеу» бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Жеңімпаз-

құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды. 2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне таяу орын тепкен «ЕХРО – 2017» көрме кешені құрылысын бастап берді. Кешен құрамында 4 мың пәтер, жаңа мейманхана, Конгресс-холл және университеттен орталыққа дейін ұласатын жабық қала салынады. Көрме аймағында ұлттық павильон, тақырыптық және корпоративтік павильондар, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінің жалпы ауданы – 174 гектар. Нысандарды пайдалану үшін

энергия үнемдеу технологиялары қолданылатын болады. Көрме кешенінің ғимараттары халықаралық BREEM эко-стандарттары арқылы бағаланып, арнайы куәліктер беріледі. Көрме өткеннен кейін «ЕХРО – 2017» базасында ерекше мәртебеге ие «Астана» қаржы орталығы құрылатын болады. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып саналады және «ЕХРО» көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Ақорданың баспасөз қызметі.

Штаб-пәтері Канаданың Монреаль қаласында орналасқан Дю Солей циркі қазіргі таңда ойын-сауық индустриясындағы алып компаниялардың біріне айналған. Цирк ұжымында әлемнің 50 елінен жиналған 4000-ға жуық адам еңбек етеді. Оның 1300-і – әртіс. Әлемге әйгілі Дю Солей циркі осы уақытқа дейін 400-ден астам шаһарда өнер көрсетіп үлгерген. Енді, олар «ЭКСПО – 2017» аясында алғаш рет Астанаға жол тартпақ. Қазақстанның бай мәдениеті мен тарихынан және «Болашақ энергиясы» атты Көрме тақырыбынан шабыттанған цирк әртістері Астана тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы эксклюзивті «REFLEKT» шоу-бағдарламасын әзірледі.

дар дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыратын «Балалар бастауы – 2017» республикалық байқауына жолдама алды. Бір қуантарлығы, балалар Елордамыз – Астанада өтетін Халықаралық көрмеге үн қосқандарын мақтанышпен сөз етті, ерекше әсермен тарқасты.

балалар үйінің» тәрбиеленушілері қатысты. «Сарыжайлау» кинотеатрының кинозалында макеттер байқауының қорытынды іс-шарасы өткізілді. Марапаттау рәсімі Абай атындағы

Облыс орталығындағы балалар үйлері мен арнаулы коррекциялық мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасында «Астана ЕХРО – 2017» көрмесі балалар шығармашылығында» атты макеттер байқауы жарияланған болатын. Мақсаты – жас оқырмандар бойында Қазақстанның жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту. Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017» көрмесінің Қазақстан үшін қажеттілігі мен маңыздылығы туралы позитивті көзқарас қалыптастыру және балаларды шығармашылық ізденіске ынталандыру. Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Баян Қуанышқызының құттықтау сөзімен ашыл-

ды. Байқауға 25 жұмыс келіп түсті. Солардың арасынан 10 жұмыс іріктелініп алынды.

Таңғажайып қойылымда қазақ халқының мәдени мұрасы мен болашаққа деген заманауи көзқарасы өзара өріліп жатады. Жалпы, цирк тарапынан 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін 71 қойылым қою жоспарланып отыр. Цирк қонақтары бірегей шоуды арнайы жабдықталған үшбұрыш тәріздес павильонда тамашалай алады. Оның сыйымдылығы 2000 көрерменге жоспарланған. Қойылым тұсаукесері Көрме алаңында 16 маусымда өтпек. Заманауи Қазақстан тарихындағы алып шараның бір бөлшегі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Дю Солей циркінің таңдай қақтырарлық қойылымының куәгері болыңыз. Билеттер құны 4000 теңгеден басталады.

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесіндегі Германия павильонына электрлік тартылыс күші бар «Фо­рмула Е» жарыс автокөлігі қойылады. Тартылыс күші бар бұл автокөліктер – жаңа көлік жасаудың таптырмас көзі.

Бетті әзірлеген Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Сайысқа «Құлыншақ», «Таңшолпан» балалар үйлері, «Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған Қарағанды облыстық мектеп-интернаты», «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған

5

Қазылардың шешімі бойынша, салтанатты кеште жүлделі орын алған қатысушыларға марапат көрсетілді. Бас жүлде – «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйінің» тәрбиеленушісі Әділ Әлібековке, I орын – «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушісі Руслан Тумаевқа бұйырды. II орынға – «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушісі Олег Куснамбетов, III орынға «Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балалар үйінің» тәрбиеленушісі Петр Римс-

кий лайық деп танылды. Жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар – ұялы телефондар мен сымсыз құлаққап және байқауға қатысушы алты балаға ынталандыру сыйлығы – аяқ-киімге арналған сөмке табысталды. Шараның концерттік бөлімінде балалар үйінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, іс-шараға арнайы шақырылған қала мектептерінің 5-7 сыныптың оқушылары «ЭКСПО – 2017» көрмесі, елдіктің ерен жеңісі» атты кітап көрмесін және сайысқа ұсынылған макеттер экспозициясын тамашалады. Қ.ҚАЛИЕВА, Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

Елең еткізер жаңалықпен неміс павильонын жабдықтау ісімен айналысушы креативті директор Андреас Хорбельт бөлісті. Оның айтуынша, баламалы энергия көзінен қуат алатын электрлі тартылыс күшіне ие қозғалыс құралы – ауа-райына зияны тимейтін жаңа көлік жасап шығарудың таптырмас көзі. – Біздің павильондарда лимузин, «Формула Е» жарыс автокөлігі және электр жетекті қос дөңгелекті көліктер қойылатын болады – деді Андреас Хорбельт. Сонымен қатар, Андреас Хорбельт «ЭКСПО – 2017» көрмесінде Германия павильонында «Болашақтың қаласына» кеңінен үңілуге мүмкіндік болатынын да айтты. Оның айтуынша, неміс павильондарында тұрғын үй мен көлік жайын жақсартуда оң шешімдер мен жаңартпалар ұсынылатын көрінеді. Көрмеге келушілерге электромобильдер мен энергия алу үшін шығыннан гөрі қуат көзін көбірек бөлетін балдырлармен көмкерілген үй алды жиектері бар «ақылды үй де» көрсетіледі.


6

Сенбі, 13 мамыр, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Жарлық жарияланысымен, патша үкіметі арнайы парақшалар таратып, ел арасында үгітнасихат жүргізе бастады. Ауыл ақсақалдарының арасынан ақ патшаға адалдығын білдіріп, жарлықты жан-тәнімен қолдайтындары жазылған жағымпаздық жалған хаттар жолданды. Болыстар мен ауыл старшындарына қара жұмысқа жарамды 19 бен 31 жас аралығындағылардың тізімін жасап, адам саны жетіспесе, жасы 31-ден асқандарды да жинау жұмысы міндеттелді. Ережеге сәйкес, елубасыларға ауыл съездерінің бекіткен нұсқауын алысымен, тізімдегі халықты жинап, оларды ауыл старшынына тапсыру міндеттелген-ді. Старшындар қара жұмысқа шақырылғандарды болыс орталығындағы жиын орнына жеткізіп, болыс басқарушысымен бірге әрі қарай, орталықтағы жинау орнына жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс болатын. Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патша жарлығы халықтың шыдамын біржола тауысып, олардың отарлау езгісіне қарсы көтерілуіне себеп болды. Әбден ашынған далалықтар жаппай атқа қонып, Ресей империясының езгісіне қарсы күреске шықты. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез байлардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын жойып жіберу секілді ашу-ыза әрекеттері орын алды. Ел адамдары сойыл, кетпен, шалғы, мылтық, қылышпен қаруланып, орыс әскеріне ашық қарсы шықты. 1916 жылғы далалықтардың жаппай атқа қонуының себебі – І дүниежүзілік соғысқа қажетті қара жұмысшылар алуға қарсылық болғанымен, негізгі себеп – орыс өктемдігіне, қарапайым халықтың құқықсыздығына негізделген еді. Тағы бір ескеретін жағдай: Ресейдің мұсылман мемлекеті Түркиямен соғысуын халықтың діндар бөлімі құптамаған еді. Бүкіл қазақ даласын шарпыған көтеріліс өрті тым ұлғайып бара жатқан соң орыс патшалығы тарапынан Омбыдан Ақмола, Атбасар, Қызылжар уездеріне әскерлер жіберілді. Ұлытауда 7 мыңдай көтерілісшілер топталғанын естісімен тағы 2 рота жаяу әскер, бір жүздік, 1 рота және запастағы 33- ші Сібір атқыштар полкі бөлінді. Әр отрядқа басқа қару-жарақтардың үстіне 2 пулеметтен берілді. Бүкіл Қазақстандық сипатқа ие болған осындай көтеріліс, қанды шайқас, қайғылы

оқиғалар, қыршыны қиылған тағдырлар, тозтозы шыққан тіршілік, босқын халық Жаңаарқа жерін, оның ішінде Қараағаш өңірін қамтыды. Көтеріліс басшысы болған, ел арасында «Бала Омар», «Әділ Омар», «Тақыр Омар» деген лақап аттарымен белгілі болған Ақмырзаның Омары 1868 жылы дүниеге келіп, 1920 жылы қайтыс болған. 1916 жылғы Қараағаш (Айғыржал) көтеріліс басшысы болған. Бейіті Жаңаарқа ауданына қарасты Ералиев селолық округінің орталығында. Айтқожа елі ол кездерде жыл сайын Тәшкенге кіре тартып, малдың жүні мен терісін сатып, орнына күнделікті өмірге қажет кездеме, өрік-мейіз, ине-жіпке дейін алып қайтады екен. Кірешілердің тобына сайдың тасындай 20 шақты жігітті таңдайтын болған. Кіренің малмүлкінің есебін ескіше сауатты Омар қағазға түсіріп, сауда-саттықтың нәтижесінде тізімге ілінген заттардың бәрін түгендеп, ине-жібіне дейін қайтарып, елдің сауабын алып отырған. Осы азаматтығы үшін елі риза болып, батасын беріп, оны «Әділ Омар» деп атаған. 1905 жылы сайлауға түскен Омар 1906 жылы 14 мамырда Қараағаш болысының басқарушысы болып бекиді. Бірақ, 1908 жылдан

Жуырда Ұлттық білім академиясының жаңартылған білім мазмұнын тарату орталығының директоры Алмагүл Мұхамедханова №92 гимназияда болып, қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерімен жұмыс кеңесін өткізді. Жұмыс барысында А.Мұхамедханова 1сыныптардың сабақтарына қатысып, қала мектептерінің 1 және 4 сыныптарына сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдерімен тренинг өткізді. Іс-шараның тәжірибелік маңыздылығы – мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы туралы пікір алмасу. Мұғалімдер жаңартылған білім мазмұнына байланысты туындаған мәселелерді

1916 жылы 25 маусымда Ресей патшасы II Николайдың бұратана халықтардан майдан тылындағы қара жұмысқа адам алу туралы жарлығы жарық көрді.

Біз оны естіп, қылыш, айбалта, мылтық алып, бәлен мың кісі алдынан шықтық. Омар деген кісіні командир қылдық. Бір топ солдаттың жолмен келе жатқан қарасы көрінді. Бір кезде Омар деген командир халыққа команда берді. Содан кейін қоршаңдар деді. Оларды қоршап алып, жұрт

бастап болыстықтың билігі қайтадан Шоңның балалары Ахметжан мен Мұхаметжанның қолына көшеді. 1911 жылы орыс патшалығының реформаларына сәйкес Ақмола уезіндегі болыстықтар бөлшектенгеннен кейін Қараағаш болыстығынан 4 ауыл бөлініп шығып, Көнек болыстығы құрылады. Жаңа болыстықтың билеушілігіне Ақмырзаның Омары, орынбасарлығына Мәлтіктің Есжаны сайланады. Көтеріліс жөнінде Сәкен Сейфуллин былай деп жазды: «...Патша әскері Тақыр Омар деген кісіні іздеп таба алмай жүрді. Бұл кісі Көнек Тоқасы деген бір елдің басшысы еді. Бұл ел топтанып іргесін аулақ салып, жастарды бермей жатты. Қаладан неше рет әтірет шығып, мұны ұстай алмай қайтып жүрді. Ауылына алған барған әтірет сегіз солдат, бір әпесерді Тақыр Омар түгел өлтіріп құдыққа тастап, елді көшіріп әкетті. Тақыр Омардың інісін солдаттар шауып өлтіріпті. Соғыста Тақыр Омардың үлкен баласы Ақмағанбет оқтан жығылыпты. Сөйтіп, патша орнынан түскенше Ақмолаға қараған 48 болыс қазақтың қаладан қашық отырғандары жастарын әскер қызметіне бер-

мей жатты». Әдебиетші, кезінде облыстық газет редакторының орынбасары қызметін атқарған нұралық Әкімжан Сәлімбайұлы 1926 жылы «Бостандық туы» газетінің 9 маусымдағы санында «Сарыарқа болысындағы көтеріліс» атты мақала жариялап, оқиғаны былай суреттеді: «Ауылнай, болыстарды шақырып алып, қамшымен бұйрықты қатар жұмсап, елдің барлық жылқысын жиғызып, аршынға жараған байдың балпаңын, жарлының жалғызын ала бастады... Ізін суытпай, қазақтан қара жұмысқа кісі берсін деген бұйрық жетіп келді. Ат алғанға қозғалған елдің жүрегі енді аузынан шықты, солдат сұраған екен деп шошыды. Болыстар ұлықтығын істей бастады. Оған ел, көпшілік көнбеді. Жанжал болды, болыс, тілмәш, ауылнайлардың қағазын тартып алды. Өздерін атқа сүйреп, сабап, ақыры тұтқын қылды. Кісі, тізім бермейтіндікке бекінді. «қарсы тұрамыз, қасық қанымыз қалғанша патшаның, төрелердің әлсіздігіне көнбейміз» деген бірлікті күшейтті. Қысқасы, соғысуға бет түзеді. Өзара бастық сайлап, ретпен соған бағынды. Осы күнгі Сарыарқа болысы (ескіше Көнек, Қараағаш) деген

елден екі мыңдай кісі әскерлік сабына тізілді. Басқа жақтан өзі тіленіп келгені бар. Бәрі үш мыңнан артық кісі болды. Қыркүйек айының іші. Аймысық деген таудың бауырында көп қосын шеру тартып жатты. Қолдарындағы қаруы: машина, сабанның темірінен ұсталарға соқтырған айбалта, найза, кейбіреулерінде бытыралы мылтық, қынапсыз ескі қылыш. Бұл уақытта осы күнгі Қорғалжын болысы (Тінәлі деген ел) бір приставты Рақымжан деген азаматтың басшылығымен өлтірген. Соған 800 солдат шықты деген хабар келген. Оның артынан бірталай қазақтардан ұстаған тұтқындары бар 200 солдаттың келіп қалғанын білді. Алдынан қазақ әскері қарсы шығып, енді соғыс басталды... Мылтықтың оғы бұршақтай түсіп, түтіні тұмандай болды. Әлі қазақ қайтқан жоқ. Алдымен Әбілдабек-ұлы деген бір азамат жетіп барып, найзаны сала бергенде, өкпеден тиген көп оқтың күшімен қалпақтай түсіп, онымен қоса, опыр-топыр қазақтар құлап қалды. Қазақтар кейін серпілді. Санап келгенде, өлген аттан есеп жоқ, жиырмаға жуық кісі өліпті. Орыс та сасайын деді. Қысқасы, осымен шөлге екі күн қамады. 3-күні артындағы 500 солдат ел шетіне келіп қалды деген хабар келді. Енді әлінің келмейтінін білді ел, әскер тарап, елді көшіріп, Шуға қарай қашуға бет түзеді. Бір күн, бір түн тоқтамай көшіп, «Ескене» деген жерге барғанда, алдыңғы 500-дің алды қуып жетті. Соғысарлық шама жоқ, әскер тараған, ел қашып құтыла алмады. Орыс түгел жетіп, қалған елді түгел тұтқынға алды. Алғашқы соғыстан бері қарай, таудың, саланың бәрі орыс, кез келген қазақ баласының қоянша секіріп өліп жатқанының саны жоқ. Ел малдан, жаннан безді. Әке баладан айырылды. Қашаған-ақ болды. Қашпағаны мылтық пен қылыштың жүзінде қор болды... Хан болдың деп, елдің бас көтеретін, (Әлсен, Оспан тағы бірнешелерін) тұтқын қылып, Ақмоланың қаласына алып кетті... Ел адамы «Әлсен» деген кісі ұрумен абақтыда өлді. Басқалары да елге келген соң адам қатарына қосылмады... 16-шы жыл елдің есінен әлі қалмайды. Есіне түссе бір жылатады». А.Жұмаділдин Нұрмағанбетұлы Қасымбектен жазып алған әңгімесінен: «1916 жылы патша үкіметінен 700 ақтың солдаты шықты деп естідік. Қараағашқа беттепті.

лап қойды. Халық лап қойған кезде олар атын түйіп тастап оқ атты. Сол лап қойған жерде үш кісі оққа ұшты. Олар Тарақты Бектің Әбілдәсі, інісімен. Сол жерде тағы да Омардың баласы Ақмағанбет дегеннің санына оқ өтіп кетті. Одан кейін бірнеше аттар оққа ұшты. Содан жиылып жатқан қосындағы Омекеңе шапқын келді. Ақберген, Аяпберген ауылына үй тіккізіп, 7 орыс ақтың солдаты түскен. Содан елде қалған ақсақал Ақберген мен Нұрмағанбет олар елде қалған жігіттерді жинап, жігіттерге бас салыңдар деген. Содан бастығы Ноғайбайұлы Қатпа болып, жеті-сегіз жігіт орысты бас салған. Бас салғанда аяқтың біреуі мылтықпен бір атқан, ол оғы ешкімге дарымаған. Қылышпен отырған ақсақалды желкеден бір шапқан. Ол кісі жарадар болған. Одан кейін Нұрмағанбетті де бір шапқан. Содан сол жерде 7 солдаттың бесеуін өлтірген». Авар халқының ақыны Расул Ғамзатовтың бір сөзі бар: «Егер сен өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атар» деген. Өкініштісі, осы оқиғалар ресми түрде мойындалып, қазақ тарихы оқулықтарына енбеген. Еліміздің өткен өмірінің ақтаңдақ беттерінің бірі – Қараағаш көтерілісіне тарих төрінен лайықты орын беру және оның басшылары мен қаза тапқан азаматтарын құрметтеп, қастерлеу – бүгінгі ұрпақтың борышы. Сондықтан, 1916 жылғы Айғыржал (Қараағаш) ұлт-азаттық көтерілісі туралы тарихтағы бұрмалаушылық «Қарашақ» атауы жойылса, оның орнына Қараағаш атауы енгізілсе, құба-құп. Тақыр Омар жайлы қысқаша мәліметтер Қазақстан тарихының төрінен орын алса. Сондай-ақ, Қараағаш өңіріне Тақыр Омардың құрметіне бір белгі орнатылса немесе саябақ, көше атауы берілсе де артық емес. Асылбек САЙЛАУҰЛЫ, Ақмаржан ҚАМИЕВА.

ортаға салды. Мысалы, жаңа бағалау жүйесін енгізудегі кездескен қиындықтар, жиынтық бағалауға арналған тапсырмалардың оқулық тақырыптарына сайкес келмеуі, мұғалімдердің бүгінгі таңдағы қағазбастылығы сияқты мәселелер кеңінен қозғалды. Жұмыс барысында мұғалімдердің критериалды бағалауға байланысты нақты ұсыныстары да тыңдалды. Кеңеске қатысқан мұғалімдер іс-шараның жоғары дәрежеде өткені үшін, маңызды да мазмұнды кездесу ұйымдастырғаны үшін қалалық білім бөліміне ризашылықтарын айтып, алғыстарын білдірді. Гүлсара ОСПАНОВА, Қарағанды қаласы білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері.

Азамат ісімен, әрекетімен көрікті дейміз. Демек, кез келген кісі туралы сөз бастағанда ең әуелі ол не бітірді, не тындырды деген сауалды өзімізге-өзіміз қоюымыз заңдылық. Белгілі бір саланы меңгеріп, сол арқылы ел мақтанына айналып, халық құрметіне бөленіп жүрген азаматтар баршылық. Сондай азаматтың бірі, асты кенге, қойнауы малға толған, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған Шет ауданында ұзақ жылдар ауыл шаруашылығы саласында абыройлы еңбек етіп, аудан экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосқан Хайролла Медетбекұлы Сәрсенбеков.

Мен Хайрекеңді (Хайролла Медетбекұлы) 1972 жылдан бері білемін. Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында дала шаруашылығын басқарып жүргенімде, Хайрекең осы мекемеде мал шаруашылығын басқарғантын. Екеуміз ұзақ жылдар сыйластықпен қатар қызмет атқардық. Жетпіс жасқа толар қарсаңында, осы досымның өмір жолы жайында әңгіме өрбітпекпін. Хайрекең 1947 жылы мамыр айының 15 жұлдызында Шет ауданының Ақсу-Аюлы селосында туған. Әкесі Медекең аудан мекемелерінде әртүрлі қызметтер атқарған, еңбекқор, өз ортасына сыйлы адам болған. Анасы Кален бала тәрбиесімен айналысқан, отбасындағы әйел. Кейіпкеріміз жасынан әкесінің ағасы Сәрсембектің (өз баласы болмаған) тәрбиесінде болған. Сәрсекең Қарқаралы қаласында оқып, округтік сот мүшесі, ауылдық Кеңес төрағасы қызметтерін атқарған. Кейінде ол кісі Алматы қаласындағы зоотехник-мал дәрігерлік техникумын (ол жылдарда жоғары оқу орны іспеттес) тәмамдап, ұзақ жылдар аудандық мал дәрігерлік мекемесін басқарған, сол кезеңде өңірдегі білімді адамның бірі болған. Хайрекең жасынан шаруаға бейім, еңбекқор болып өседі. Орта мектепті бітірісімен аудан орталығымен қатар орналасқан Орджоникидзе атындағы кеңшарда әуелі темір жонушы (токар), артынан арнайы курста оқып келіп, автокөлік жүргізуші болып еңбек етеді. Автогараж меңгерушісі Шәкір Қасымұлы мен автомеханик Төкен Сейілбекұлының қамқорлықтарын көреді. Жастығына қарамастан алдыңғы қатарлы майталман көлік жүргізушілерінен қалмай еңбек етеді. Кеңшар өндірісінде еңбек етіп жүргенінде, жігерлі жастың ойында қайткенде жоғары оқу орнына түсіп, білім алу болады. Оның өзінде ауыл шаруашылығы мамандығын таңдауы кездейсоқтық та емес еді. Бұл жылдары мемлекет тарапынан ауылға үлкен бетбұрыс жасалып, елімізде ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастаған кез еді. Шет ауданында мал шаруашылығы өркендеген өңірдің бірі саналып, мал мамандарының беделі артып, жастар ауылға жаппай бет бұра бастаған-тын. Әрі бұл салада еңбек ету абыройлы да болатын. Сөйтіп, Хайрекең 1968 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтына түсіп оқиды. 1972 жылы аталмыш оқу орнын «оқымысты зоотехник» мамандығы бойынша ойдағыдай бітіріп, институт жолдамасымен туған ауылына оралады. Жас маманды аудандық ауыл шаруашылық басқармасы, ауданның іргелі шаруашылығының бірі Шет кеңшарының «Тұмсық» бөлімшесіне зоотехник қызметін атқаруға жібереді. Ол бөлімшеге ауданның сүт өндірумен айналысатын бөлімшелерінен бұқашықтар әкелініп, сол жерде семіртіліп етке өткізілетін. Бөлімшеде 2,0 мыңға тарта бұқашықтар болып, ол үрдістер жалғаса беретін. Кеңшар директоры Б.Қапасов пен бөлімше меңгерушісі К.Масабаев тәжірибелі, іскер адамдар болатын. Бұл жерде кеңшар өндірісіндегі жұмыстармен тікелей айналысып, біршама тәжірибе жинақтайды. Жұмыста тиянақтылығы мен сауаттылығы аңғарылып, 1973 жылы Хайрекең аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының аға зоотехнигі қызметіне тағайындалады. Бірер жылда білікті маман ретінде танылып, әуелі басқарманың бас зоотехнигі, кейінде басқарма бастығының орынбасары қызметіне жоғарылатылады. Осы қызметінде жүргенінде басқарманың партия ұйымының хатшысы және аудандық кәсіподақ, халықтық бақылау комитеттерінің мүшесі болып, қоғамдық жұмыстарды да қоса атқарады. Бойындағы ата қанымен, ана сүтімен дарыған асыл қасиет, есейе келе намысшыл, ылғи да алдыңғы саптан көруге құштар аршыл азамат болып қалыптасады. Осы кезең Кеңес заманының, социализмнің жоғары деңгейде дамыған шағы еді. Жезқазған облысындағы біздің Шет ауданы құрамында он екі шаруашылық болды. Осы шаруашылықтарының ішінде Республикаға, Одаққа танымал Батық, Просторный, Красная Поляна асыл тұқымды мал зауыттары болып, олар ірі қара малының басын көбейтумен шұғылданды. Бұл шаруашылықтарда 12,0 мың бас қазақтың «ақбас» және «даланың қызыл» асыл тұқымды ірі қара малдың генефоны шоғырланып, олардан сапалы мал өнімдері өндіріліп тұрды. Сол тұста аудан бойынша 55,0 мыңдай ірі қара, 50,0 мыңдай қой және 20,0 мыңның үстінде жылқы малдары болды. Мемлекетке жылына 5,0-6,0 мың тонна ет, 60,0 мың тонна сүт, 10,0 мың тонна картофель, 8,0 мың тонна көкөніс және 20,0-25,0 мың тонна астық тапсырылып отырылды. Жекелеген жылдары аудан бойынша мемлекетке 64,0 мың тоннадай астық өткізіліп, жоспар үш есеге артық орындалып тұрған шақтар да болды. Осындай қыруар қиыншылықпен атқарылатын, ауыл шаруашылығы саласы бойынша міндеттемелерді орындау ауыртпашылығы, аудан деңгейінде, әрине, осы саланы басқарып отырған басқарма бастығы мен салалық бас мамандарға түсетіні белгілі. Ал ауданымыз облыс бойынша экономикасы дамыған, ауыл шаруашылығы алдыңғы қатардағы аудандардың бірі болды. Облыста астықтың 30-35 пайызын, картоп пен көкөністің 50 пайызын, сүт өндіріп оны мемлекетке өткізудің 40 пайызы көлемінде жыл сайын тұрақты қамтамасыз етілетін. Бұл қарсаңда ауданда егін мен мал шаруашылығы қатар қарқынды дамуда болды. Ауданның Нұраталды, Бұрма, Шет, Красная Поляна, С.Орджоникидзе атындағы және Путь к коммунизму кеңшарларында 6,0 мыңнан астам ірі қара малға сүт, ет өнімдерін өндіруге арналған толықтай механикаландырылған ірі-ірі типті кешендер салынып, пайдалануға беріліп жатты. Онымен қатар кеңшарлар өндірісіне ғылым жаңалықтары, озық тәжірибелер батыл енгізіліп тұрды. Атап айтқанда, Украинаның Львов облысындағы сүт өндіру ісінде қолданылған «Львовтік әдіс-тәсіл», ауданның Нұраталды кеңшарындағы «Ақсу» және Шет кеңшарындағы «Қармыс» бөлімшелеріне енгізілді. Нәтижесінде сүт өндіруде еңбек өнімділігі артып, аудан көрсеткіші көтеріле түсті. Сол сияқты ауданның Бұрма кеңшарындағы «Мұхтар» бөлімшесінде ірі қараның жас төлдерін суық жерде бағып, өсіру тәсілі алғаш рет жүзеге асырылған еді. Бұл әдіс-тәсілді басқа да өңірлерде кеңінен қолданылды. Шаруашылықтың табысты жұмыс істеуі, бірінші кезекте кеңшар директорына байланысты екені сөзсіз. Сол қарсаңда аудан кеңшарларын тәжірибелі, ұйымдастыру қабілеті жоғары, білікті директорлар басқарды. Сонымен қатар, кеңшардың әр саласын білікті бас мамандар басқарып, олар шаруашылық өндірісін ғылыммен ұштастыра отырып, жұмысты тиімді жүргізбейінше, тындырымды оң

нәтижеге жете алмайтыны аян. Аудан кеңшарларында сүт, ет өндіру мен жас төлдерден қосымша салмақ алу, мал бастарын күтіп-бағу жолында зоотехникалық-мал дәрігерлік іс-шараларды жақсарту барысында, Хайрекең сол жылдардағы басқарманың білікті бас мал дәрігері Т.Туғанбаев екеуі, аудан кеңшарларындағы бас мал мамандары Б.Ғабдуллин, Ө.Қоңқасов, Ә.Көшіков, И.И.Аксенов, Б.М.Химяк, Е.К.Онуфриенко, О.Омаров, С.Табенов және тағы басқаларымен бірлесе, қоян-қолтық араласып, тың жобаларды өндіріске енгізе отырып, еңбек өнімділігін көтеруде, өзіндік үлесін қосып жүрді. Ауданның ауыл шаруашылығы өндірісіндегі кіргізілген жаңалықтар мен жаңа озық технологияларды нәсихаттау мақсатында аудан кеңшарларында облыстық семинаркеңестер жиі өткізіліп тұратын. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдар, өте ауыр кезең болғаны аян. Осы қарсаңда аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары, ауыл шаруашылығын реформалау, яғни «Мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру» заңына сәйкес, кеңшарларды таратып, орнына жаңадан жеке шаруашылық құрылымдарын құра отырып, олардың нарықтық қатынаспен жұмыс істеп кетулеріне жанды көмек көрсетіп, жан-жақты қолдау жасап отырды. Аудан шаруашылықтарында жекешелендіру жұмысы тек 1998 жылы ғана аяқталып, барлығы бір мыңнан аса шаруашылық құрылымдары жұмыстарын жүргізіп жатты. 2004-2005 жылдары аудан басшылары Хайрекеңе сенім білдіріп, аудан әкімі аппаратының ұйымдастырукадр және құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалғанды. Ол қызметте де жақсы қырымен таныла білді. Ауыл шаруашылығы саласында мол тәжірибесі мен іскерлігі ескеріліп, 2005 жылы Хайрекең «Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы қызметіне тағайындалған еді. Бұл қызметінде де ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған біршама жұмыстарға ұйытқы болды. Мәселен, мал шаруашылығын ғылыми негізде дамыту мақсатында, Қазақ Ұлттық аграрлық институтының белді ғалымдарымен келісім бойынша тұрақты жұмыстар жүргізе отырып, шаруа қожалықтары иелігіндегі мал бастарын асылдандыру, генетикалық қорын жақсарту жолында, 12-ден астам шаруашылық құрылымдары асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық мәртебесін иеленулеріне, өз үлесін қоса білді. Олардың бірқатарын атап айтсақ Т.Әреновтің «Әлішер» ш.қ, Б.Мұсатаевтің «Игілік» ш.қ, Е.Кенжеғұловтың «Еңбек» ш.қ, Е.Сматылұлының «Ақжол» ш.қ, А.Дәрімбаевтің «Түлкілі» ш.қ, А.Қалимолдаевтың «Дарн-Н» ш.қ. және тағы басқалары. Нәтижесінде шаруа қожалықтарының әлеуеті көтеріліп, өнім сапасы жақсарып, пайда көру қабілеті артты. Уақыт талабына сай басқа да жұмыстар атқарылып жатты. Кейіпкеріміз бұл қызметін зейнеткерлікке шыққанша, 2013 жылға дейін абыроймен атқарды. Хайрекең кейінде өзінің ұстаздарын есіне алғанда: «мен қызмет істеген жылдары ауданның бірінші басшылары болған К.Дүйсенбеков, М.Абақанов, С.Медеубаев, К.Медиев, К.Сарханов, Р.Оразханов, Р.Әбдікеров, Қ.Тілеубергеновтер мен аудандық а.ш. басқармасының басшылары М.Әдекенов, Е.Сембин, Б.Жұмкин сынды ел ағаларымен бірге еңбек еткенімді мақтан тұтамын. Бұл кісілерден шаруашылықтарда кездесетін қайсыбір күрделі мәселелерді шешу ғана емес, сонымен қатар, адамдармен қарым-қатынас пен басқару өнерін үйрендім. Әсіресе, ұзақ жылдар бірге қызмет істеген, сөзге де, іске де мығым Боранбай Жұмкеұлын ерекше құрметтеймін. Сонымен қатар, аудан халқы құрмет тұтқан аупартком хатшысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған, ұстаз, жездем Ж.Күлейменұлы мен ауыл шаруашылығы өндірісінің білікті ұйымдастырушысы, ұзақ жылдар кеңшар директоры болған ағам М.Медетбекұлын өзіме үлгі тұттым, осы кісілерге ұқсап еңбек етуге тырыстым» – дейді. Хайрекең қоғамдық жұмыстарды да қатар атқарып отырды. Мәселен, 1989-1994 жылдары аудандық Кеңестің депутаттығына сайланып, аграрлық сала бойынша тұрақты комиссияның төрағасы ретінде, отырыстарда қаралған түйткілді мәселелерді, кеңшар басшыларымен келісе отырып, оң шешімі табылуына атсалысып жүрді. Сол сияқты Хайрекең кейінде зейнет жасында болса да, Жидебай батырдың 300 жылдығын өткізу сияқты шараларға да белсене атсалысып отырды. Хайрекеңнің еңбегі лайықты бағаланып, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медалімен, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Кәсіподақ федарациясының арнайы «Еңбек даңқы» белгісімен, бірнеше мәрте облыс, аудан әкімдерінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталған. Халқымызда «Бақыт дегеніміз еңбек пен баланың қызығын көру» деген тәлімді сөз бар. Хайрекеңнің адами тұлғалық бейнесі, қызығы мен шыжығы қатар жүретін өмір жолында, оған серік бола білген Алмаш Шәкенқызындай жарының бейнесімен бағамдасақ, толыға ашыла түсетіндей. Алмаш Алматы медицина институтын 1973 жылы үздік бітіріп шығады. Мамандығы терапевт (емдеу ісі) Гипократтың антына бұлжымастай адалдық танытып, халықтың денсаулығын жақсартуға өзінің сүбелі үлесін қосқан Алмаш Шәкенқызы, текті жерден шыққан, атақты ақын Қасым Сырымбетұлының немересі. Хайрекең мен Алмаш жеңгей бес балаларын тәрбиелеп, өсіріп, немере сүйіп отырған қадірлі ата-әже. Ұл балалары – Бекнұр мен Әсет-құқық қорғау саласында еңбек етсе, қыз балалары Лунара, Гүлнұр, Әйгерімдер мамандықтары бойынша әр салада қызмет істеп жүр. Бәрі де жоғары білімді. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, әулеттің туын биік ұстап отырған жан. Бүгінгі күнде қызғалдақтай құлпырып өсіп келе жатқан, балдай тәтті Сабина, Батырхан, Исмаил, Айбар, Санжар, Сармат, Асылжан, Ділда, Анела, Аделя есімді немере-жиендерін қызықтап отырған жайы бар. Ұзақ жылдар етене араласа жүргенде байқағаным, Хайрекең жан сарайы таза, кімге болса да достық, ізеттілік сезіммен қарайтын, сырты да, іші де сұлу, жарасымды жан екен. Сөз соңында Алла тағаланың бір адамға берген бақыт-сыйы осындай болсын дей отырып, қадірлі Хайролла Медетбекұлының мерейлі 70 жасы құтты болып, отбасына береке-бірлік, зор денсаулық, баянды өмір жалғастығын тілеймін. Алла бойыңызға қуат, жаныңызға шуақ сыйласын! Ермек САТАЙҰЛЫ, зейнеткер.


Сенбі, 13 мамыр, 2017 жыл

Құттықтаймыз! Қасиетті Шет ауданының тумасы, қадірлі бауырымыз Хайролла Медетбекұлы Сарсембековті 70 жасқа толған мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Талаптанып білім алып, еңбек майданында кәсіби маман, білікті басшы атандың. Бүкіл саналы ғұмырыңды ауылыңды өркендетуге арнап, аянбай еңбектеніп, еліңе елеулі азамат ретінде танылдың. Адал, ақкөңіл, мейірімді мінезіңмен ортаңа сыйлы бола білдің. Алла тағала әрқашанда сүйеу болса екен деп тілейміз. Құтты болсын жан бауырым жетпіс жасың, Көңілің қуаныш пен нұрға толсын. Қуат алып денсаулықтың нәрінен, Ұзақ жасап, көре бергей еңбегіңнің зейнетін. Жан жолдасың-Алмашың аман болып, Қуанышың мәңгілік сарқылмасын. Жүзге келіп, марқайып отыра бер, Қылығына қуанып немере-шөберенің. Ізгі тілекпен: аға-жеңгесі, жездесі, апа-қарындастары, келіні, бауырлары, жиендері. №188

Еске алу

Біздің жарнама телефонымыз

Еске алу

Қарқаралы ауданы Арқалық ауылының тумасы, үлкен шаңырақ иесі, асыл жар, ардақты әке Бірлік Смағұлұлының бақиға озғанына бір жылдың жүзі болды. Әкеміз қарапайым мінезімен отбасына, туған-туыстарына деген адамгершілігі, қамқорлығы мол жан болды. Жастайынан еңбекке ерте араласқан әкеміз бала-шағасына да біреудің ала жібін аттамауға, оқу оқып, жұмысты дұрыстап істеуді, қандай ортада жүрсе де айналасындағы адамдарға адал болуды айтып отырды. Уақыт деген – емші екен. Көк дөнендей жүйіткіген күндер зулап өтіп жатса да жарқын бейнеңді мәңгілік жүрегімізде сақтап, өзіңді сағынышпен еске аламыз. Енді бізге әкеміздің аруағына Алладан мейірім тіліп, құран бағыштап өзімізді жұбатудан басқа амал қалмады. Еске алушылар: жұбайы – Мұңлық, балалары – Серғазы-Назгүл, Нұртас-Минара, Гүлзина, Бектас, Саян-Әсемгүл, Сырымбет, Абай. Немерелері – Дариға, Даяна, Ақбота. Жиені – Айару. Р.S. Әкеміздің рухына бағышталған жылдық асы 20 мамыр күні сағат 13.00-де Қарқаралы ауданы Арқалық ауылында беріледі. Асқа туған-туыстарды, құда-жекжаттарды, ауылдастарды, көз көргендерді тегіс шақырамыз. №213

43-21-55 Жарнама бөлімінің электрондық поштасы:

ortalyk.reklama@ mail.ru

Жылжымайтын мүлік объектілерін аукцион арқылы сату туралы хабарландыру «Қазпочта» АҚ Қарағанды облыстық филиалы жылжымайтын мүлік объектілерін қайталама аукцион арқылы сату туралы хабарландырады: 1. Қайталама аукцион келесі мекен-жайда өтеді: 100000 Қарағанды қ., Бұқар жырау даң., 39 үй, «Қазпочта» АҚ ҚОФ мәжіліс залы, 2017 жылы 30 мамыр, сағат 14.30. 2. Аукцион ағылшын әдісі бойынша жүзеге асырылады. 3. Мүлік атауы, бастапқы бағасы: Лот атауы № 1

№65 жалпы білім беретін орта мектебінде балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту мақсатында ашық сабақ өтті. Мектепалды даярлық тобының оқушыларына көктемде келетін құстар жөнінде мәлімет берілді. Балалар сабақ барысында құстарға қамқорлық жасап, оларды қорғау жөніндегі халық мақалдарын жатқа айтты. Баланың ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту мақсатын-

Бүкіл саналы ғұмырында ел игілігі үшін аянбай тер төгіп, жанқиярлықпен еңбек ететін, алға қойған асқаралы мақсатына жету үшін бар күшін, ой-жігерін, қажыр-қайратын аямай, өз ісін беріле атқаратын жандар арамызда аз емес. Солардың бірі – облыстық егін шаруашылығы саласының көрнекті маманы, жастайынан ауыл өмірінің қиыншылықтарына төзіп, қызу еңбектің бел ортасында жүріп, қазіргі игілікті істерімізді, ортақ байлығымызды қалыптастыруға қыруар үлесін қосқан аптал азамат, Қазақстан аграрлық сараптама акционерлік қоғамы Қарағанды филиалының директоры Оңғар Жүнісбекұлы Түсіпбеков. Кешегі қарапайым отбасында туып, кәрәсін шамның жарығымен көзін ашқан, жастайынан жетім қалып, өмір ауыртпашылығын мойынымен көтерген Оңғарға бүгінгі дәрежеге жету оңай болған жоқ. Төрт жасында әкесі қайтыс болып, жоқшылық пен мұқтаждықты көп көрді. «Дәулетті отбасылардан шыққан балалардың мінген велосипедтері мен ұстаған автоқаламдары мен үшін орындалмас арман еді. Ауылдастарымның «қу жетім» деген кемсіту сөздері әлі күнге дейін құлағымнан кетпейді», – деп ағынан жарылады Оңғар Жүнісбекұлы. Атағы асқан байлығымен үш жүзге мәлім болған, бір тайпа елдің билігін уысынан шығармаған Тоқа Қорыспай байдың ұрпағына Кеңес дәуірінде осындай тағдыр бұйырды. Оңғардың арғы бабасы, Тәңірбергеннің «Бес берені» атанған ағайынды Қорыспай, Қопа, Мықты, Жарқын, Сапаққа 40 мың жылқы бітті деген әңгіме бар. Ал Қорыспайдың інісі Сапақтың малының көптігін орыс патшалығы заманында өмір сүрген ресей тарихшылары мен архив деректері растайды. Генерал – майор С.М. Броневскийдің жазбаларында «Айтқожа – Қарпық болысының билеушісі Тәңірбергеновтің Сапақтың 10 мың жылқысы бар, көшкен кезде 100 түйеге жүк артады», деген мәліметтер бар. Осыншама байлықты Сапақ ұлт азаттық жолында құрбан етіп, Кенесары әскерін мініс және сойыс малымен қамтамасыз етіп отырған. Мұрағаттық деректер бойынша ХІХ ғасырдың 40-шы жылдары Кене ханға ілесіп оңтүстікке көшкен Сапақтың қыруар малынан 4 жылдан кейін 4 жылқы ғана қайтқан. Заман өзгеріп, Кеңес үкіметі билік құрған дәуірде Қорыспай ұрпағы саяси қуғын-сүргінге ұшырап, тоз-тоз болды. Малдары кәмпескеленіп, мүлдем кедейленіп, өмір азабын көп тартты. Бұл жағдай Оңғардың ата-бабаларын да айналып өтпеді. Әкелері кедейшілікпен күн кешті. 1951 жылы отағасынан, азаматынан айрылып, тұрмыс жағдайы күйзелткен шешесі Зыханға ұлдары Бейбіт пен Оңғарды асырапсақтау оңай тимеді. Күнкөріс үшін балаларын Манадыр стансасынан Өркендеу ауылына көшіріп алып келіп, ұжымшарға сауыншы болып орналасты. Ағайынды екі бала ауыр еңбекке ерте араласып, болаттай болып шыңдалып өсті. Оңғар 13 жасынан бастап мал бақты, колхоздың МТЗ-2 дөңгелекті тракторын жүргізуді үйренді. Техникаға жастайынан құмар ол шағын ғана радиаторы бар ДТ-20 тракторын және Газ-51 автокөлігін жүргізуді де шебер меңгеріп алды. 15 жастағы жеткіншек жазғы каникул кезінде «Рассвет» кеңшарының Қызылшоқы бөлімшесінде ашылған №3 бригада-

7

www.ortalyq.kz

да өткен ашық сабақ барысында тәрбиешілер: «Құстар адамға дос. Олар ағаштарды құрт-құмырсқалардан қорғайды» деген оймен балаларға құстарды қоректендіріп тұру жұмыстарын көрсетті. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру шаралары негізінде құстарға тиіспеу, оларды аялап, ұя салып беруге тәрбиелеу шаралары сөз болды. Көрнекіліктерге құстардың суреті, тақта, үнтаспа, орман

сында жұмыс істеп, шөп шапты. 9-шы сыныпты Оңғар Жаңаарқа ауданының орталығындағы В.Ленин атындағы мектептің интернатында жатып оқыды. Жаңаарқалық жастарға тән қасиет – спортпен шұғылданып, еркін күреспен айналысты. Жазғы үш айлық каникулда ағасына көмектесіп, мал бақты және трактор жүргізушілік, техникалық шеберлігін шыңдады. Ауылда электр жарығы болмағандықтан, дизельдік моторды жүргізу жұмысын да қоса атқарып жүрді. 1965 жылы ағасы Бейбіт міндетті әскерге алынып, жалғыз қалған шешесін асырап-бағу қажет болғандықтан, ауылға барып, қыста трактордың рөліне отырып, жазда мал бақты. Кешкі мектепке тіркеліп, оны бітіріп шықты. Ағасы әскерден келіп, үйленген соң, міндетті борышын өтеу кезегі Оңғарға келді. Түрікпен жеріндегі Қазанджик деген жерде танк жүргізушісі болды. Әскерде күреспен айналысуын тоқтатқан жоқ және бір жылдық жоғарғы партия мектебін тәмамдап шықты. 1970 жылы әскерден келген бетте Жаңаарқа ауданының ауылдық кәсіби-техникалық училищесіндегі үш айлық К-700 тракторын меңгеру курсын бітірді. Ендігі арманы – институтқа түсіп, жоғары білім алу, партияға өтіп, үй-тұрмыс құру болатын. Бірақ алдында тағы бір өмір сынағы күтіп тұр еді. 1971 жылы жазда Целиноград ауыл шаруашылығы институтына түсіп, Торғай аймағы жақта тәжірибеден өту алдында ауылға келгенінде жеңгесі қайтыс болып, ағасы шиеттей екі жас сәбимен қалды. Ағасы мал соңында болғандықтан, Оңғар амалсыздан оқуды доғара тұрып, отбасы ошағын сөндірмей, жас балаларға бас-көз болуға ұйғарды. Жеңгесінің бейітін тұрғызған соң, Целиноград ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетіне сырттай оқуға түсіп, кейіннен оны ойдағыдай бітіріп шықты. Партия қатарына өтіп, бір жылдан соң озат еңбеккер ретінде аудандық партия комитетінің пленум мүшесі болып сайланды. Кеңшарда тракторшы, жөндеуші – шебер, механик қызметтерін атқарды. – «1973 жылы алғаш рет комбайнның штурвалына отырдым. Бір маусымда 650 га шөп – бидай шаптым. Көрсеткішім Жаңаарқа ауданы бойынша үшінші болып, сый ретінде үш аяқты мотоцикл алдым. Сол жылдары бірнеше рет жергілікті кеңестің депутаты болып сайландым... Комбайнды жүргізу өте ұқыптылықты талап етеді. Ол уақытта кабина жоқ. Техниканың ақауларын, сылдыр еткен бөтен дыбыстарды уақытында сезу үшін көзің жақсы көріп, құлағың жақсы естуі керек. Ұйысып, қалың біткен бидайға 4 метрлік жатканы тұтас салып жіберсең, барабаны жұтып, ұнтақтап үлгермей, қақалып қалатын», – дейді Оңғар Жүнісбекұлы. 1974-1975 жылдары Оңғар Қызылшоқы

бейнесі ұсынылып, сұрақ-жауап ойындары, сергіту сәттері көрсетілді. Балалар дидактикалық ойында үй құстары мен дала құстарын ажыратып, оларға қамқор болу керектігін ұғынды. Эльмира ХАСЕНОВА, №65 жалпы білім беретін мектептің даярлық тобының мұғалімі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

бөлімшесінде бригадир қызметін атқарып, жастардың тәлімгері болды. 1975 жылы егін бітік шығып, көмекке Украинадан келген комбайншылардың тәжірибесін үйренейін деген ниетпен техникалық баптау жұмысына шықты. 1976 жылы институттың 4-ші курсын бітірісімен, Омаров Кәртай, Төкенов Сағат деген жолдастарымен бірге бригада құрып, комбайнмен бидай шапты. Күн сайын сыйақыларын алып, әрбір онкүндікте ынталандыру шараларына ілігіп отырды. 1977 жылғы егіннің қорытындысы бойынша, озат еңбеккер ретінде Оңғар Жүнісбекұлы «Жигули» автокөлігімен марапатталды. Жезқазған облысы бойынша ең үздік комбайншы атағына ие болды. Бөлімшенің механигі, агрономы қызметіне жоғарылатылды. Сол жылдары шалғай жатқан жерлерден шөп дайындап, буып тасу үшін құрылған «жабайы» бригадаларға жетекшілік етті. Бұл жұмыстарды да Оңғар абыроймен орындады. 1979 жылы сәуір айында Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентіндегі астық қабылдау пунктінің директоры, ертеректе Жаңаарқа ауаткомының төрағасы болған А.Свистунов Оңғарды жұмысқа шақырып, аға механик қызметіне қабылдады. Біршама уақыттан кейін директордың орынбасары қызметіне жоғарылатты. Сол жылы Оңғар Алматыдағы директорларды дайындайтын курсты бітіріп шықты және астық қабылдау пункті мен мұнай базасының біріктірілген бастауыш партия ұйымының хатшылығына сайланды. «Жасы ұлғайған партия мүшелеріне көмек ретінде 5 келіден қарақұмық және жарты тоннадан астық қалдықтарын апарып беріп тұрушы едік... 1979 жылы Ауған соғысына байланысты әрбір астық қабылдау пунктіне ай сайын үш вагоннан бидай арттыру міндеттелді. Бір вагонға 1200 қап бидай тиеледі. Қазіргідей қаптың аузын тігетін машиналар жоқ, бұл жұмысты бір аптадай суық залдарда отырып, мекемеміздің барлық әйелдері жабылып атқаратын», – деп есіне алады Оңғар Жүнісбекұлы. 1982 жылы 25 тамызда Жезқазған облыстық «Нан өнімдері басқармасының» бастығы В.Гасс Түсіпбеков Оңғарды Шет аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы М.Абақановпен келісе отырып, Қарамұрын астық қабылдау пунктінің директоры қызметіне тағайындады. «Красная Поляна» селолық округіне қатысты бұл жердің шешімін таппаған түйінді мәселелері көп болатын. Халқының басым көпшілігі Қарлаг тарағаннан кейін барар жері болмай,

мекенжайы

С.Сейфул- С.Сейлин кенті фуллин (Жарық) кенті бір бөлігі (Жарық) ғимараты С.Сейфуллина көшесі,13

ғимарат алаңы ш.м. 528,4

сәйкес жер көлемі ш.м. 575

бастапқы бағасы тенге 2 953 720,01

кепілдеме жарна 5 % тенге 147686,00

Тиісті жер көлемінің бағасы көрсетілген бастапқы баға құнына қосылған. 4. Бастапқы кепілдеме келесі деректемелерге төленеді: «Қазпочта» АҚ Қарағанды ОФ; СТН 302000066804; ЖСК KZ27563K339000002574; БСК KPSTKZKA; БСН 991141005531; «Қазпочта» АҚ банкі Алматы қаласы; Кбе 16. 5. Саудаға қатысушы ретінде тіркелу үшін мына құжаттарды тапсыру қажет: Жеке тұлғалар үшін – жеке куәліктің нотариалды көшірмесі, кепілдеме жарнасын дәлелдеу үшін кассалық кіріс ордерінің немесе төлем тапсырысының көшірмесі, Заңды тұлғалар үшін – Жарғы, заңды тұлғаның мем. тіркелу туралы куәлік нотариалды көшірмелері. 6. Өтінім үлгісі: «Қазпочта» АҚ Басқармасымен бекітілген мүліктерді аукцион арқылы өткізу және ұйымдастыру Ережесі (2012ж. 20 желтоқсан №54 хаттама) ПР АД – 913-2012-ПУ-1.4 № 1 қосымшасы бойынша. 7. Аукционға қажетті құжаттамалар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қ., Бұқар жырау даң, 39 «Қазпочта» АҚ ҚОФ, 215 кабинет, күнделікті сағ. 09.00-ден 18.00-ге дейін. 8. Аукционға өтінім қабылдау: 2017 ж. 25 мамыр, сағ. 11.30-да аяқталады. Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7212) 41 15 12 (191), 42 41 08 (191).

атақты Жәңгір төре қоныстаған өңірде тұрақтап қалған бұрынғы сотталғандар еді. Олар лагерь кезінде қамауда болып, тегін жұмыс істеп үйренгендіктен, жаза мерзімін өтегеннен кейін, жалақысын араққа салып, жұмысқа шықпай жатып алуға бейім болатын. В.Гасс астық қабылдау пункті жұмысшыларының бір бөлігін қысқартып, Оңғарға көлемді тапсырмалар жүктеп кетті. Монша салуды, құрылысы бітуге жақын екі пәтерлі үйді мәдениет үйіне айналдырып, кинофильмдер көрсетуді, дән кептіргішті, 60 тонналық автокөлік таразысын және 150 тонналық темір жолы таразысын салуды, төрт түрлі автоаударғыштар мен ЗАВ100, ЗСМ-100 маркалы бидай тазалағыштарды үлкейтуді, Жезқазған облысының кеңшарларын тұқымдық дәнді дақылдармен, сүт өндіретін кеңшарларды фуражбен және құрама жеммен қамтамасыз етіп отыруды міндеттеді. Аталған тапсырыстарды Оңғар 1994 жылға дейін толығымен орындап шықты. 1989 жылы мамандығын жетілдіру мақсатымен үш айдай Мәскеуде оқуда болды. Бұл жылдары өндірістік қуаты 16,5 мың тонна Қарамұрын астық қабылдау пункті Шет және Ақтоғай аудандары кеңшарларының жартысынан астамына қызмет етіп тұрды. 90-шы жылдардың басы барлық жерлердегідей, Қарамұрын стансасының төңірегіндегі халықтың тұрмыстық жағдайын күйзелтіп жіберді. Үкімет тарапынан жүргізілген экономикалық және қайта құру саясаты қарапайым халыққа өте ауыр тиді. Дүкендерден күнделікті тұтыну тауарлары жоғалып кетті. Кеңшарлардың таратылуына байланысты, астық қабылдау пунктіне бидайдың келуі күрт азайды. Қарамұрын стансасы үйлерінің көпшілігі астық қабылдау пунктінің (АҚП) балансында болғандықтан, қарамағындағы жұмысшылар мен станса халқының әлеуметтік жағдайын үнемі назарында ұстайтын Оңғарға тығырықтан шығу амалдарын іздестіру аса қажет болды. Оралдан роторлық диірмен алып келіп, АҚП-ны нан пісіруге бейімдеді. Нарық қыспағына қарамастан, асхананың жұмысшыларын тегін тамақтандырды. Ауылда клуб және монша тұрақты жұмыс істеп тұрды. 1992 жылы қаңтар айында Оңғар Қарамұрын Түсіпбеков астық қабылдау пунктінің жалгерлер ұйымының төрағалығына, ал бір жыл өткен соң Қарамұрындағы «Нұра-астық» акционерлік қоғамының президенті қызметіне сайланды. 1993 жылы күз айлары өте жаңбырлы болып, үш айда қабылдап алынған 32 мың тонна астықтың су болған 70 пайызын кептіруге ора-

сан зор еңбек жұмсалды. Кептіріп үлгерілмеген астық қоймаларда қатып қалғандықтан, экскаватормен қозғап, аударып, тазалап отыруға тура келді. Бұл жылдары астық өндіретін мекеме басшыларының алдына жекешелендіру талабы қойылды. Оңғар 1997 жылы АҚП акцияларының басым бөлігін сатып алып, шаруашылықты басқаша, тиімді тәсілдермен жүргізуді мақсат тұтты. Пенза қаласынан вальцті диірмен алғызып, макарон өндіретін желіні орнатты. Бірақ, бұл екі арада Жезқазған облысы жабылып, Шет ауданы астық қабылдау пунктіне электр жарығын беруді тоқтатты. Амалсыздан, темір жол торабы басшылығымен тіл табысып, Қарамұрын стансасының солтүстік бөлігін электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесін шешті. Бір миллион теңге демеушілік көмек жасап, ауылдың маңындағы төбеге телемұнара орнаттырды. Нәтижесінде стансаның халқы екі арна телехабарларды көре бастады. Су тапшылығына байланысты Новодолинка кентіндегі бұрғылау шеберлерімен келісіп, 15-шақты үйге таза су ұңғыларын орнаттырды. Қарабас, Долинка кенттерінің төңірегіндегі шахталармен және еңбекпен түзеу мекемелерімен шаруашылық байланыс жасап, қажетті құрылғылар мен сайман, жабдықтар проблемаларын шешіп отырды. Мекеменің өз автобусымен алыс жерлерде тұратын 4-10 сынып оқушыларын мектепке тасуды ұйымдастырды. Шығыс орталық байыту фабрикасы (ЦОФ) арқылы ұнға және құрама жемге айырбастап жергілікті халықтың мұқтажын өтеу үшін жылына 4-5 вагоннан сорттық көмір алып отырды. Заман талабына сай, нан өнімдерін сатып, монша қызметін ақылы қылып, күнделікті шаруашылыққа қажетті бензинді бартер тәсілімен алып тұрды. 1999 жылы Оңғар Түсіпбеков ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы «Респуб-

Қарқаралы қаласының тұрғыны аяулы жар, сүйкімді әже, ардақты анамыз Үгілсім Жансағымованың өмірден өткеніне 1 жыл болады. Асыл анамыз ұл-қыздарына өнегелі тәлім-тәрбие беріп, жақсы-жаманның не екенін үйретіп, адал болуға тәрбиеледі. Күні кеше ғана арамызда жүрген ардақты жан ортамыздан мәңгілікке кетіп, қабырғамыз қайысып марқұмды жан-жүрегіміз егіле, сағынып жүрміз. Марқұм анамыздың қабірі жарық, топырағы мамық болсын деп дұға бағыштаймыз. Біздер сізді ұмыта аламыз ба, Бар болмысың, мінезің санамызда. Шуақ жүзің жарасып өз бойыңа Шаттанып жүруші едің арамызда. Кеттің-ау қайта келмес тұраққа, Сапар шегіп шетсіз-шексіз ұзаққа. Жаратқаннан тілеріміз ендігі, Жаныңыз мәңгі орын тапсын жұмақтан. Еске алушылар: жары – Жанай, балалары, немерелері, шөберелері. P.S. Марқұм анамыздың бір жылдық асы Қарағанды қаласындағы Жаңа мешітте 20 мамыр сағ. 16.00-де беріледі. №203

Еске алу Адам баласының тар маңдайына не жазылғаны тек бір Аллаға ғана аян. Ең бастысы дүниеге шыр етіп Адам болып келген соң, адамшылықты ту ету. Өзі өскен орта мен өзін қоршаған жандарға қандай да бір жақсылық жасау. Біз бүгін еске алып отырған Қарқаралы ауданы Томар ауылының тумасы әкеміз Ақжолтай Ермекұлы мен Бүркітті ауылының тұрғыны нағашы атамыз Қапен Бекбосынұлы өмірге келіп, саналы ұрпақ тəрбиелеп, ұлағатты іс бітірген жандар. Дəм тұзы таусылып, бұл дүниемен хош айтысып, жалған дүниеден шынайы өмірге аттанғандарына 20 жылдың жүзі бопты. Атамыз Қапен Бекбосынұлы Ұлы Отан соғысында аянбай ерлік етіп, бейбітшіліктің туын ұрпағына ұстатып кеткен жан. Ал əкеміз Ақжолтай Ермекұлы елінің ертеңі үшін еңбек етіп, кейінгі ұрпағына ұлағатты іс қалдырған жан. Марқұмдарды еске алып, жатқан жерлері жайлы, топырағы торқа, жандары жəннатта болсын дейміз. Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда, Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға. Өзімізді санаушы едік бақытты, Екеуі де ортамызда болғанда. Алла алды, өзі берген жандарын, Тілейміз біз жұмақтан орын болғанын. Туыс, бауыр, достарынан сұраймыз, Дұға оқып, естеріне алғанын! Еске алушылар: Бақытжамал Қапенқызы, ұрпақтары – АмантайАрай, Дидар-Ғазиза, Ұлан-Арайлым, Салтанат, Эльмира-Талғат, Қызғалдақ-Тілеуғали, Сарғалдақ, Мейірлан-Фариза, Жігер, Аслан, Ақжол, Шахнұр, Толғанай, Сабина, Ақсана, Мадина, Ақпейіл, Зарина, Асылжан, Аружан, Ақжарқын, Ақсезім, Жасмин. №0001

Қарағанды қаласының медицина колледжінің ұжымы «Қарағанды медициналық интерколледжінің» ЖММ директоры Амина Айтбайқызы Кенбаеваға анасы қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтады. «Жезқазған қалалық «Дидар» телерадио хабарларын тарату дирекциясы» ЖШС ұжымы телеарна директоры Базарбай Әлеуханұлына ағасы Жаңбырбай ӘЛЕУХАНҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

ликалық астық сараптамасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қарағанды облыстық басқармасының директоры қызметіне тағайындалды. Келесі жылы Қарағанды облыстық тұқым инспекциясы тарап, Оңғар басшылық еткен мекемеге қосылды. Бұл кезең тұқым инспекциясы жұмысының әбден құлазыған уақыты болатын. Жалақыдан 4-5 миллиондай қарызы бар, мамандары жетіспейтін, баспаналары тозған еді. Жаңа құрылымның жұмыс істеу тәртібі мен тәсілдері, дәнді дақылдардың сынақ мерзімдері мен мемлекеттік стандарттары өзгерген болатын. Мекеме ұжымы көп күш жұмсап, басшылығы ұйымдастырушылық қабілет танытуының нәтижесінде, бір жыл ішінде қосылған мекеменің барлық қарыздары өтеліп, баспаналары жөнделіп, қатарға қосылуына қол жеткізілді. 2000 жылы шілде айында Оңғар Мәскеудің Қырғызстандағы сертификаттау академиясының филиалында оқып, астық және оның өңделген өнімдерінің Мемлекеттік стандарттары туралы дәріс алды. Тамыз айында Бішкекте ұйымдастырылған арнайы курсты тәмамдап, астық сарапшысының біліктілігі сертификатын иемденді. Сол уақыттан бері Оңғар Жүнісбекұлы Түсіпбеков басқаратын «Қазақстан аграрлық сараптамасы» акционерлік қоғамының Қарағанды филиалы үнемі оң істерімен көзге түсуде. Мекеменің жалпы кірісінің көрсеткіші 9,4 млн. теңгеден 50 млн. теңгеге, немесе 5,3 есе өсті. Өндірістік көрсеткіштері бойынша филиал республиканың басқа да ірі филиалдарының қатарынан көрінуде. Бұл жылдары филиалдың тарапына экспорттық компаниялардан нан өнімдерін сертификаттаудың сапасын анықтауға байланысты бірде-бір наразылық болған жоқ. Филиал ұжымының берекелі жұмысының нәтижесінде мұқият тексерілген дәнді дақылдар мен картоп өнімдерінің сапалы тұқымдары тауар өндірушілерге жыл сайын толыққанды өнім беруде. Мәселен, 2016 жылы Қарағанды облысының егістік далаларынан 1 млн. тоннадан астам астық түсті және әрбір гектарынан 14 центнерден дәнді дақылдар өнімі алынды. Бұл көрсеткіш орташа көрсеткіштен 40 пайызға жоғары. Филиалдың жетекшілігімен жыл сайын аудандық тұқымдық зертханаларда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, олар заманауи құралсаймандармен және көрнекі құралдармен жабдықталуда. Зертхана қызметшілері тұрақты түрде мамандықтарын жоғарылатып, аттестациялардан өтеді. Оңғардың өзі тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өндірісінің сарапшыаудитор сертификатының иегері. Қарағанды облысы бойынша жыл сайын 85-90 мың тонна тұқымдық дәнді дақылдар қамбаға құйылады. Оған филиал 20 мыңға жуық сараптамалық зерттеулер жасайды. Тұқымның өскіндігі, ылғалдылығы, тазалығы, 1000 дәннің салмағы, ауруға төзімділігі, дән сіңірілетін жердің тегістігі (бұл жағдай картоп үшін аса маңызды) сияқты тексерулер жүргізеді. – «Қазір ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан да, облыстық бюджет арқылы да тұқым зерттеуге қомақты қаржы бөлінеді. Диқандар үшін бұл үлкен көмек. Мысалы, 30 тонна

тұқымы бар шаруа тексерулерден өткізу үшін 15 мың теңгеден астам қаражат алады. Филиал шаруаларға тұқымның жарамдылығы туралы 4 айға арнайы куәлік береді. Бұл шаралар жылына 3-4 рет қайталанып отырады. Зерттеулердің саны аудандардың жоспары бойынша әр ауыл округіндегі шаруалардың егін көлеміне және дайындалған тұқымының салмақ үлесіне сәйкес белгіленеді. Биыл облыстық мәслихаттың сессиясында бюджет тарапынан біздің жұмыстарымызға 42581910 теңге қаражат бөлінді. Бұл тұқым сараптау саласына жасалған үлкен қамқорлық. Және де ауыл шаруашылық басқармасының жедел қимылдағанының арқасында іс-шараларымыз уақытылы жүргізіліп отыр. Алдағы уақытта алға қойған міндеттерімізді мінсіз орындауға толық мүмкіндігіміз бар», – дейді Оңғар Жүнісбекұлы. Жасы жетпісті алқымдаса да, шашы толық ағармаған, қимылы ширақ, үнемі ізденісте жүретін тәжірибелі маман, іскер ұйымдастырушы О.Түсіпбековтің қысқаша еңбек жолы осылай. Әрине, филиалдың жетістіктері жалғыз О.Түсіпбековтің еңбегі ғана емес екендігі түсінікті. Бұл ретте Оңғар өзінің еңбекқор орынбасарларының есімдерін ерекше ілтипатпен атайды. Технология бөлімінің сынақ зертханасына Раушан Серікқызы Рысмағанбетова жетекшілік етеді. Жұмысын жете білетін тәжірибелі қызмекер. Бас тұқым сарапшысы Н.М.Перминова да облыс көлемінде жоғары бағаланатын маман. «Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар», – деп атап өтті Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің жуырда ғана жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінде. Елбасының осы бір көшелі сөзі бізге Оңғар сияқты азаматтарға арналғандай әсер қалдырады. Бүгіндері Оңғар берекелі жанұяның отағасы. Зайыбы Шәкенова Айтбаланың мамандығы бухгалтер, Ағадыр аудандық тұтынушылар одағының және ПМК- 1106 мекемелерінің бас есепшісі қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта құрметті демалыста. Оңғар екеуі екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірді. Үш немересі, үш жиендері бар. Балаларының үлкені Әсем бухгалтер – экономист. Тілеулес пен Айзаттың және келіндері Әйгерімнің мамандықтары заңгер. Айзаттың жолдасы Сержан ішкі істер бөлімінің қызметкері. Бәрінің де бойында адамгершілік, еңбекқорлық, қарапайымдылық қасиеттері бар. Мағыналы да өнегелі өмірінде тек ізгілікті ісімен көрініп, азамат аты шыққан, өзінің алдындағы жақсы-жайсаңдармен жанасып, солардың сонарлы ізін жалғастырған тұлғаларды «пірге қол тапсырған» деп жатады. Сондай тектілердің тұяғы, жақсылардың жалғасы – қай қырынан алып қарасаң да құрметке лайық Оңғар Жүнісбекұлына көп жылғы тұрлаулы еңбегінің жемісін шашқан мәуелі бәйтеректей ортамызда жасай беріңіз, ел-жұртыңыздың ортасында беделіңіз әрдайым асқар таудай биік бола берсін деп тілек етеміз. Ібірахым ІСЛӘМҰЛЫ, өлкетанушы.


8

Сенбі, 13 мамыр, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Бұдан бұрын құлаққағыс еткендей, «Сарыжайлау» кинотеатрында осындай атпен отандық фильмнің тұсауы кесіліп, оған кинотуындыны түсірген шығармашылық топ қатысты. Өлшеулі өмір жалғасуын жазғанда еліне адал қызметімен танылып өткен аяулы аза­мат Аманбек ӘБДІХАНОВ алдағы аз уақытта 70-ке толар еді. Балқаштың маңындағы «Қарабұлақ» кеңшарында еңбек жолын бас экономист болып бастап, Жаңаарқа, Абай аудандары әкімі міндетін атқару кезінде жұртты риза еткен игі ісі есте сақталып келеді. Дүниеден озғанына он жылдан асқан асыл жанды ұмыттырмаушы үлгілі шараның бірі жыл сайын осы кезде өткізілетін еске түсіруге арналған волейболдан ерлер командалары арасындағы облыстық ашық біріншілік саналады. Өзі де спортты сүйіп, соған үйіріп жүретін азаматтың құрметіндегі жарыс биыл жетінші рет Астана қаласы мен Қарағанды аймағы белгілі волейболшылары өнерін сынға салды. Он команда қатысқан тартыста теміртаулықтар бірінші орыннан көрінсе, ақжалдықтар мен астаналықтар үзеңгілес болды. Оларға осынау турнирді ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтар берілумен бірге «Үздік шабуылшы», « Үздік қорғаушы», «Волейбол спорты ардагері» атанған Юрий Сенкевич, Азамат Балағазинов және Марат Оспановқа сияпаттар көрсетілді. Бұл жарыстың арқасында облысымызда волейбол ойынын дамытуға үлкен қозғау салды. Әбдіханов атындағы турнирде танылған жігіттердің біразы таңдаулы командалар құрамына тартылып, халықаралық біріншіліктерде көзге түсіп жүр. Жастар ойына серпінділік, бойына сергектік беретін мұндай шаралар демеушілерге үлгі болуын, үрдіске айналуын тілейміз,– дейді бас төреші Болат Дүйсебаев. Осынау игі бастаманы көтеруші Әбдіхановтар әулеті жарыс аясын кеңейтуді ойлайды. Алдағы жылы республикалық біріншілікке ұлас­ тыру, Қарағанды аймағын во­лейбол спорты ордасына айналдыру негізгі мақсат. Өтуі – бір түстік, есте қалуы бір күндік жиын-тойлардан гөрі мәні мен сәні бөлек осындай турнирлер түрін өзге жанашырлар да өрістете түссе, нұр үстіне нұр-ақ қой. Айқын НЕСІПБАЙ.

Жарнама бөлімінің телефоны мен электрондық поштасы:

43-21-55

ortalyk.reklama@mail.ru

Яғни, бұл күні қарағандылықтар аталған фильмнің бас продюсері әрі басты рөлді сомдаушы Азамат Сатыбалды бастаған Зарина Кәрмен (актриса), Досхан Сәкен (фильмнің директоры), Әлімхан Мырзахан (актер), Ардақ Төлеубаевтармен (қоюшы-режиссер) қауышты. Қонақтар алдымен, облысымыздың бұ­ қаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүз­десіп, фильм жайында емен-жарқын әңгіме-сұхбат өткізілді. Айта кету керек, Азамат Сатыбалды бүгінгі күні өзіндік бет-бейнесі бар танымал, дарынды жас актерларымыздың бірі. Ол ойнаған рөлдерді театрлардан, сериалды кинолардан көріп жүргеніміз анық. Ал, бүгінде Азамат продюсерлік қырынан да ашылып, маңайына кілең талантты жастарды, достарын жинап, жеке киностудиясын ашыпты. Жұртшылық назарына ұсынылып отырған «Бір сен үшін» отандық драмалық кинофильмі – осы ашылған студияның алғашқы жемісі екендігін де ерекше айтқымыз келеді. Сонымен қатар, кинода ойнаған актерлардың, жалпы шығармашылық топтың да тұң­ ғыш тырнақалды еңбектері болғандығын атап айтқан жөн. – Осы фильмнің сценариін жазу үстінде басты кейіпкер Айжанның рөліне кім лайықты деген мәселе туындады,– деп бастаған сөзін Азамат Сатыбалды, әрі қарай былайша өрбітіп әкетті. Алдымен, Қарағанды жерінде дәл осындай керемет кездесуді ұйымдастырған қоғам қайраткері Рымбала Кенжебалақызы Омарбекова апама мың алғысымды айтамын. Біз осының алдында Таразда, Қостанайда болдық. Жалпы, менің бір байқағаным, республикамыздың қай түкпірінде болсақ та, барша өнер иелері өзге ешкімді емес, бәрі де тек Рымбала апамызды сұрап жатады, біз осыған марқайып қаламыз. Ал,енді, кинофильм жайына келетін болсақ, қоюшы-режиссер Төлеубаев Ардақ досыммен бірлесіп және сахнада қатар ойнап жүрген актриса әріптесім Заринаны Айжан рөліне қолайлы көріп, сценариді де соған лайықтап жаздық. Егер де Зарина келіспесе, басқаша жазуды да қарастырдық. Өйткені, кинодағы оқиға бұл қарындасымның басында болмаған. Дегенмен, өзіне айтып едік, бір-

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК «Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 ден келісе кетті, біз де қуанып қалдық. Негізі айтпағым, фильмнің сюжетіне бір досымның басынан кешкені алынды. Қосылғандарына 16 жыл болса да сәби көре алмай жүрді. Бірақ, бір-бірлеріне деген ыстық ықыластарына, сүйіспеншіліктеріне сызат түсірмеді күтті, шыдады. Сөйтіп жүріп он алты жылдан кейін сәбилі болып, бәріміз қуанышына ортақтастық. Дастархан басында отыр едік, бір кезде өзге бөлмеге кіріп кетіп бөгелді. Соңынан барсам, қолына бөбегін көтеріп алған, бетіне қарап еңкілдеп жылап тұр, «Осынша жыл шыдап күтпегенде, жаным, сендей сәбиім болмайтын еді ғой, Аллаға шүкір» деп қояды кемсеңдеп. Оны көріп менің де көңілім босасын әлгі жерде, есіме түссе әлі де толқимын,– деп Азамат көзіне жас алды... Өз кезегінде сөз алған Зарина – жалпы кино әлеміндегі алғашқы рөлінің күрделі әрі жауапты болғандығын айта келіп, кейіпкерінің образына еніп шынайы әрі әсерлі ойнап шығуға бар мүмкіндігін салғандығын, бұл ретте Азамат ағасының, өзге де түсіру тобының көмегін көп көргендігін айтып өтті. Айтпақшы, бүгінде танымал актриса қатарынан

саналатын Зарина Кәрмен Қарағандыға келін болып келеді. Бүгінгі шығармашылық кешке актрисаның бір топ қайынжұрты келіп қолдау көрсетті. Тағы бір айта кетер жай, кинофильмдегі гинеколог-дәрігер рөліндегі Әлімхан Мырзахан Қостанай облыстық драма театрының актеры. Кино саласына бірінші рет келсе де өз кейіпкерін шынайы алып шыққандығымен есте қалды. Сонымен, кеш қонақтары журналист қауы­мымен сұхбаттасуын аяқтағаннан кейін залға өтіп көрермендерімен жүздесті, сауалдарына жауап берді. Шынында да фильм көтеріп отырған мәселе өзектілігімен құнды. Мұнда отбасы беріктігін, сүйіп қосылған ерлі-зайыптылардың өзара сүйіспеншіліктерін сақтауы, шаңырақты шайқалтпай ұстауы, кездескен қиындықты төзімділікпен бірлесіп жеңе білуі тәрізді күрделі де күрмеуі көп оқиғалар тізбегі тақырыпқа арқау болған. Кеш қонақтары «Сарыжайлау» кинотеатрының сахнасына көрермендер қошеметімен көтерілген соң Облыстық жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы Мирас Құттыбай сөз алып, Азамат Сатыбалды

бастаған шығармашылық топтың көпшілік көрермендер назарына ұсынып отырған драмалық кинофильмінің әркімге, оның ішінде жастарға ой саларына, ойландырып қана қоймай, түйінді шешім қабылдауларына түрткі боларына тоқталып, енді ғана жұмысын бастаған киностудияның ұжымына толайым табыстар тіледі. Ал, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің иегері, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Рымбала Омарбекова «Бір сен үшін» кинофильмінің көтеріп отырған мәселесі жалпы ұлтқа, бүгінгі қоғамымызға, әсіресе, жастарымызға қажетті, маңызды екендігін баса айтты. Шығармашылық топқа ақжарма тілегін арнап, естелік кәдесыйларын тапсырды. Сонымен, қадірлі көрермен, отандық өнім – «Бір сен үшін» драмалық фильмі өздеріңізге жол тартты. Ал, оны көріп, бағасын беріп ғұмырын ұзақ қылу өз қолдарыңызда, ағайын! Раушан НҰРША.

Суретті түсірген Л.ГАЛИМОВ.

Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 43-21-55; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz «Сарыарқа дарыны» АҒПО және Жамбыл атындағы мамандандырылған мектепинтернатының ұйымдастыруымен «Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов – ұлт мақтанышы» тақырыбындағы Х дәстүрлі ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияда ұлы суреткер Мұхтар Әуезовтің әдеби мұрасын, қазақ халқының әдебиеті мен тарихына қатысты ғылыми еңбектерін зерделеу көзделді. Мұғалімдер қауымы Алаш арыстарының атқарған игі істерін зерттей отырып, ұлт мақтанышының елдік қызметін жас ұрпаққа жеткізуді мақсат етті. Ғылыми-практикалық конференцияда бағыттар бойынша ұлы тұлғаның қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан құнды мұралары, Мұхтар Әуезов және Абайтану ғылымы, ұлт мүддесі жолындағы саяси-әлеуметтік, педагогикалық, қоғамдық қызмет бағытындағы еңбектері ай-

тылды. Х дәстүрлі «Тарих және тағылым» атты ғылыми-практикалық конференцияда Қарқаралы, Ақтоғай, Шет, Осакаров, Нұра ауданы, Жезқазған, Балқаш қалалары және облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттары мен қала мектептерінен елу бес оқушы бақ сынады. Тарих және әдебиет пәні бойынша бөлінген үш секцияның әр бөліміде 20 оқушы жұмыстарын қорғады. Бұл күні ғылыми тұрғыдан зерттелген, өзіндік жаңалығымен ерекшеленген жұмыс­ тар аз болған жоқ. Ғылыми жұмысы бағаланып, жүлделі орын алған оқушыларға I, II, III дәрежелі дипломдар мен грамоталар табыс етілді. I орын алған қатысушылардың жетекшілеріне Алғыс хаттар табысталды. Бақыт БАЙМҰХАТОВА, Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті және қоғамдық пәндер кафедрасының жетекшісі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Жақында оқушыларға Абай мен Шәкәрім шығармаларын насихаттау мақсатында Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындары арасында ХVIIІ қалалық Абай оқулары байқауы өтті. Ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ақындардың шығармашылығын зерделеуге, дүниетанымдары мен сана - сезімдерін қалыптастыру мақсатында өткізілген Абай оқулары үш бағытта өрбіді. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңі бойынша отызға тарта оқушы сайысқа түсті. Абай, Шәкәрім өлеңдерінен 100-200 өлең жаттаған оқушылар арасынан №92 гимназия оқушысы Нұрлан Байжұманов бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, талантты оқушы Абай, Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқып қана қоймай, актерлік шеберлігімен де тыңдармандарды тәнті етті. Ал, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінде өз шығармашылығымен қатысқан жас ақындар арасында №21 НОМ оқушысы Ұлпан Қалдалиева, Абай, Шәкәрім әндерін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің көңілінен шыққан №15 ЖББОМ оқушылары Мұнара Нарықбаева, Гулфат Құрал І орынды иемденді. Сонымен қоса, барлық оқушылар дипломдармен марапатталып, талантымен көзге түскен талапкерлер «Өлеңді қайтіп қоярсың», «Көңілім әнді ұғады» номинацияларына ие болды. Г.ҚАСЫМ, №36 мектептің мұғалімі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­ дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­ дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Таралымы 18 100 дана №51 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 4 баспа табақ.

Электрондық пошта:

Сауалына жауабы

«Орталық Қазақстан» газетінің №38 санында ежелден қолданыста болған «Қарабуралау» сөзі қандай мағына береді?» деп оқырманға сауал жолдаған едік. Сауалымыз­ға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші болып жолдаған Қарағанды қаласының тұрғыны, зейнеткер Аманбай Қапияшев ақсақал болды. «Қарабуралау» – «Бөгет, тосқа-

уыл жасау» деген мағынаны бе-

тоқтатқан. Онымен қазақ асау да-

реді. Тарқата айтсақ, ұзындығы

рияны да тоқтатқан.

15-20 құлаш келетін жуан арқанның үш-төртеуін қатар жазып, жерге тастап үстіне қамыс, сабан және шым салып, киіз шиыршықтағандай тас қылып орап, арқанмен шандып байлаған. Оны бұзылған бөгенге қойып, суды

*** Келесі сауалымызға назар аударыңыздар. «Шетен азбар» деген не? Сауал сырына үңілген Нұрдос КӘРІМ.

ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Жарнама бөлімі: ortalyk.reklama@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Қызғалдақ АЙТЖАНОВА КОРРЕКТОРЛАР 1,5,6,8 – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 2,3,4,7– Ж.АХМЕТОВА

13 05 2017  

Advertisement