Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті ♦ СЕНБІ, 12 ҚАРАША, 2016 жыл №183 (22 288) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Тәуелсіздік игіліктері

Сағыныш ӘБІЛОВА, «Орталық Қазақстан» Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алғыс кітабы» жобасы аясындағы «Алғыс эстафетасы» Қарқаралы ауданында да жалғасын тапты. М.Әде­ кенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжінің спорт залында өткен шараға ауданның спортшы жастары қатысты. Ауқымды эстафета еліміздің айбынды Әнұранымен ашылды. Қала әкімі Айдар Сатыбалдин құттықтауын жеткізіп, жастарға сәттілік тіледі. Алғыс кітабын табыстау үшін арнайы келген Теміртау қаласының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің ескек есу спорты бойынша Олимпиада резерві мектебінің басшысы Сағат Әбікеева эстафетаның мән-мағынасына тоқталды. Алғыс кітабын аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Қасымовқа тапсырды. Ауданның қоғамдық кеңес төр­ағасы, спорт жанашыры Ә.Ома­ров, Халықаралық және республикалық спорт жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпаздары Е.Икебай және Қ.Мағмұр Елбасы Н.Назарбаевқа арнап құттықтау сөздерін жазып, «Алғыс кітабына» қолтаңбаларын қал­дырды. Сонымен қатар, мектеп оқу­ шылары мен жастардың қатысуымен спорттық флеш-моб ұйымдастырылды. ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Оқыс оқиға

ТӨРТ ЖҰМЫСКЕР ҚАЗА ТАПТЫ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Саранская» шахтасында апатты жағдай орын алды. Салдарынан өндіріс орнының төрт жұмыскері қаза тапты. Қайғылы оқиға 10 қараша күні орын алған. Үш адам бірден мерт болып, бесеуі ауруханаға жеткізілген. Өкінішке орай, кеше жан сақтау бөлімінде жатқан тағы бір жұмыскер көз жұмды. Компанияның баспасөз қыз­ меті хабарлағандай, апаттың салдарын зерттейтін арнайы комиссия құрылған. Сондай-ақ, баспасөз хабарламасында «Компания басшылығы қаза болған кеншілердің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады» делінген. Қазір ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлімі («Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл істі облыстық прокуратура жіті бақылауға алған. Кеше қайғылы жағдайға байланысты Көмір департаменті өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Ол туралы толық ақпаратты газеттің келесі санынан оқисыздар. Өз тілшімізден.

Тәуелсіздікке тарту ретінде Байдалы би ауылдық округінде демалыс саябағы салынып жатыр. Осы мақсатта аудан әкімінің тікелей қолдауымен «Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 11 млн. 291 мың көлеміндегі қаражат бөлінді.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, «Орталық Қазақстан»

Аудан әкімі Ғабдрахман Омаров жұмыс сапарымен Байдалы би ауылдық округіне барып, салынып жатқан демалыс саябағының құрылыс жұмыстарын бақылап қайтты. Байдалы би ауылдық округі, Атасу ауылының сыртында екі жыл бұрын тұрғызылған хоккей корты айналасының 320 метр аумағы қоршалып, кортқа таяу салынып жатқан демалыс саябағының құрылыс жұмысы ойдағыдай жүруде. Қазіргі таңда қоршаудың қадалары қағылып, шарбақтары орнатылған. Сондай-ақ, баскетбол, во­лейбол алаңының бағаналары қойы­лып, ішіндегі жолдардың төсеме тастары төселген және 200 метр жерден су құбыры, 250 метр жерден электр желілері тартылған екен. Ба-

«KEGOC» АҚ акционерлерінің алақаны қышуы тегін емес екен. Бұйырса, қарашаның 14-нен бастап, Қазақстанның электр желілерін басқарушы компания «KEGOC» АҚ жай акцияларына кезекті дивиденттерін төлеуді бастайды. Сөйтіп, Халықтық IPO арқылы KEGOC-тың жай акция­сын алғандардың әмиянына әр акция үшін 24,93 теңгеден түспек. Деректерге сүйенсек, «KEGOC» АҚ-ның 2016 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған аралық қаржылық есептемесіне сәйкес компанияның таза табысы 16,2 млрд. теңгені құрады. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен 2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза кірістің 6,48 млрд. теңге мөлшеріндегі 40% «KEGOC» АҚ-ның жай акцияларын ұстаушыларының барлығына үлестіруді көздеп отыр. Ол болса, «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына шаққанда – 24, 93 теңге. 2016 жылдың бірінші жарты жылдығының нәтижелері бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2016 жылғы 13 қарашадағы жағдай бойынша тіркеледі. Дивидендтер тө­ леу – 2016 жылдың 14-ші қарашасынан басталады. Тәуелсіздік тойы қарсаңында акционерлеріне осындай жағымды жаңалық таратқан компанияның тойға тартуы мұнымен шектелмек емес екен. Бұған дейін компания басшылығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың тікелей тапсыр­ масымен компания жүзеге асырып жатқан ауқымды жобасын мерзімінен бұрын аяқтайтынын мәлімдеген болатын. Дәлірек айтқанда, еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін жалғайтын ауқымды жоба «Солтүстік-ШығысОңтүстік» транзитінің бірінші кезеңі, яғни 500 кВ «Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен» жоғары вольттық желілерін салу» жобасы. «KEGOC» АҚ «500 кВ «СолтүстікШығыс-Оңтүстік» транзитін салу» жо­басын «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асы-

лалар ойын алаңы және жаттығу құрылғылары орнатылыпты. Байдалы би ауылдық округінің әкімі Жанат Тажитовтың айтуынша, демалыс саябағында жаз уақытында мерекелік шаралар ұйымдастыруға болатын шағын сахна, жастардың би алаңы, субұрқақ және демалып отыратын орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылатын болады. Сондай-ақ, саябақта алдыңғы уақытта талдар мен гүлдер отырғызылмақшы. «Тәуелсіздік» саябағының құрылысы қараша айының соңына дейін аяқталып, халық игілігіне ұсынылады деп күтілуде. Индира АСАМИДАНОВА. ЖАҢААРҚА ауданы.

Жаңа кітап

руда. Бұл жоба – екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең – 500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен. Іске асыру мерзімі 2017 жылға межеленген еді. Ал, екінші кезеңі – 500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма. Бұл кезең – 2018 жылдың еншісінде. – Бұл қазақстандық энергетиктердің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына деген қомақты сыйлығы болмақ, – деп мәлімдеген болатын «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақыт Қажиев шығыс өңірге жасаған іс-сапарларының бірінде. Компания өкілдері берген мәліметіне жүгінсек, жобаның бірінші кезеңі мерзімінен бұрын іске асуда. Жоспарланған 500 кВ және 220 кВ 700 км электр жеткізу желілерінің қазіргі кезде 673 км астамы салынған, оның ішінде 500 кВ желісі бойынша – 573 км және 200 кВ желісі негізінде – 100 км. 500 кВ «Семей» қосалқы станциясында (ҚС), 500 кВ «Өскемен» ҚС мен 1150 кВ «Екібастұз» ҚС-да құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса, қолданыстағы 1150 кВ «Екібастұз», 500 кВ «Алма», 500 кВ «Өскемен» қосалқы санциялары мен 220 кВ «Шүлбі

ГЭС-нің» АТҚ-сы кеңейтілуде. Қосалқы станцияларына темірбетон бұйымдары, металл тіректер, сым, байланыс конденсаторлары, трансформаторлар секілді отандық өнімдер қолданылуда. Компания 500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен ӘЖні пайдалануға беру арқылы «Солтүстік-Шығыс» бағытындағы электр желілерінің өткізу қабілетін арттыратынын атап айтады. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысындағы электр энергиясының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Ал, мұның еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін

қамтамасыз етуде маңызы зор. «KEGOC» АҚ-ның жоғары вольттық желі құрылысын биыл аяқтау жоспары – нақты. Компанияның электр энергетикасы саласында ауқымды жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибеден де кенде емес. Елдегі энергетиканың бас егесі сондай-ақ, ұлттық электр торабының жабдықтарын жаңғырту жұмыстарын үздік жүргізіп келеді. Осы орайдағы міндеттер «ҰЭТ-ты жаңғырту» және «ҰЭТ-ты жаңғырту, II-кезең» ауқымды жобаларын іске асыру арқылы шешімін тапқан. Бұл – сапалы, үздіксіз энергияға кепіл.

ДЕРЕК пен ДӘЙЕК «KEGOC» АҚ командасы биыл Қазақстанда өткен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің электр энергетикасы саласындағы персоналдың кәсіби шеберлігі ХІІІ халықаралық жарысы-110 кВ және одан жоғары қосалқы станциялардың жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету бойынша халықаралық жарысында бірінші орынға ие болды. Биыл жарысқа Беларусия, Грузия, Қазақстан, Ресей мен Өзбекстан елдерінің бригадалары қатысты. «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалының энергетиктер бригадасы Қазақстанның намысын қорғады. Сонымен қатар, Қырғызстан, Тәжікстан және Украина мемлекеттерінің өкілдері жарысқа бақылаушылар ретінде қатысты.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» Қазақ баспасөзінің қара нары болған Нұрағаң – Нұрмахан ОРАЗБЕКОВ жайлы жаңа кітап қолымызға тиді. Тұлғаның көзін көрмесек те, қаламынан туған дүниелерге қанықпыз. Тағы да үңілдік. «Ғұмыр! Ол ұзақ болсын, қысқа болсын, артына өз ізін, өз жылнамасын қалдырады» деген тағдыр иесі жайлы естеліктерге зер салдық... Нұрағаңды шыңдаған – шындық. Ол қылышынан қан тамған Одақтың кезінде-ақ ойын бүркеп қалмаған. «Ағын – ақ, қарасын – қара» деген. Мұхтар Мағауинше айтсақ, Тоныкөкке тартып туған. 1991 жылдың тамызындағы дүмпуді «Иә, бұл – төңкеріс!» деп жазған да Н.Оразбеков еді. Біздің «Орталықта» Бас редактор болған кезінде! Тіпті, КСРО-дан қаймықпай, қазақтың қанатты сөзін ресми басылымның маңдайына алғаш жазған да осы Нұрағаң екен. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп.

Кітап үш бөлімнен тұрады. Жалынды журналистің жазбалары, өзімен қызметтес, әріптес болған азаматтардың және туыстарының естеліктері топтастырылған. Үшінші бөлімде – Нұрағаңның қазасына байланысты көңіл айтулар. Сондай-ақ, елдің, әлемнің түпкір-түпкірін шарлаған қаламгер өмірінен сыр шертетін суреттер де «сөйлейді». «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» (Абай). Мұның бәрі бір басқа бұйырса, Тұлғаға бұйырғаны. Нұрағаң – Тұлға! Біз үшін, қалың қазақ үшін!

Меморандум

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Қарағандыда тәуелсіз Қазақстанның жастарын азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеп, әскери қолданбалы өнерге үйрететін алғашқы үйірме ашылады. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігіне қарасты «Әскери-техникалық мектебі» мен №101 мектеп-лицейі серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Жиынға мектеп ұстаздары,

оқушылар қатысты. ҚР ҚМ ҚОФ бойынша «Әскери – техникалық мектебі» директорының орынбасары Юрий Гурьянов және №101 мектеп-лицейінің директоры Рахат Қазтаев қол қойған екіжақты келісім жастарды ұлтжандыққа тәрбиелеуді көздейді. – Жалпы, Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігіне қарасты әскери техникалық мектебінің Қарағанды филиалы мен №101 мектеп-лицейінің арасындағы серіктестік – азаматтық қоғамды дамытып, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Үйірменің ашылуы жастар арасында тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуде аса маңызды болмақ.

Өскелең ұрпақтың бойында тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына бейжай қарамайтын жауапкершілік қасиеті болуы тиіс. Осы меморандум жастардың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастырып, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін арттыратыны сөзсіз, – деп атап өтті Рахат Қазтаев. Шара барысында мектептің 8-11 сынып оқушыларына авиомодельдеу жөніндегі арнайы өкілдің ұшақты құрастыру сәтінен көрініс көрсетілді. Меморандум аясындағы жалпы спорттың әскери-қолданбалы және техникалық түрлерін дамыту саласында авиомодельдеу және авто ісі секілді бағыттар

ұсынылды. «Әсіресе, оқушылар бойында жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастырып, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуда үйірменің маңызы зор. 8-11 сынып оқушыларына арналған «Авиамодельдеу» жаңа үйірмесі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін» мектебінің ашылуы арқылы оқушының азаматтық жауапкершілікке бағытталған жеке тұлғалық қасиеттері дамитын болады», – дейді №101 мектептің ұстаздар қауымы. Суретті түсірген Д.ҚҰРМАНҒАЛИЕВ. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Баспасөз – 2017

Қалалар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 4942, 50 тг., 1 жылға – 9885, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2752, 50 тг., 1 жылға – 5505, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2452,50 тг., 1 жылға – 4905,00 тг.

«Қазпочта» АҚ Индексі: 65484

газетіне жазылу жүріп жатыр

Ауылдар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 5085, 00 тг., 1 жылға – 10170, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2865, 00 тг., 1 жылға – 5730, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2625,00 тг., 1 жылға – 5250,00 тг.

Газет редакциясында басылымға баспа құны (жеткізіп берусіз) бойынша баламалы түрде жазылу жүргізіледі. Анықтама телефоны: 43-57-78


2

билік. саясат. экономика

12 қараша, 2016 жыл www.ortalyq.kz

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі баскару туралы», 2015 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Рес­ публикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6 тармағына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 бойынша тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 тамызда жарияланған) сәйкес,

Семинар

Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұ­ мыс­тардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарда қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2% дан бастап 4% - ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю.Любарскаяға жүктелсін. 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап колданысқа енгізіледі.

Бүгін біз БЖЗҚ туралы 5 сауал айдарында БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты, уақытылы және толық аудару қажеттілігі туралы айтамыз. Сіздің белсенді еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі қамсыздандыруыңыз елеулі дәрежеде осыған байланысты.

Н.Әубәкіров, қала әкімі.

Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысына қосымша

Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі №

1. 2.

3. 4. 5. 6. 7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14. 15.

Ұйымның атауы

«Центрэнергомеханизация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Карағанды вагон жөндеу депосы филиалы «Қамқор вагон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Экспериментальный завод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Конфеты КарагандыГрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «КарагандаЭнергоремонт» Акционерлік қоғам «PowerBeton» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарағанды қаласының «Қарағанды қаласының перзентханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Қарағанды облысының Қарағанды қаласының 2 психоневрологиялық медициналықәлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық наркологиялық диспансері» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны «Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қарағанды қаласының Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы Деңсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды қаласының №1 емханасы» Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме «Карагандинский завод металлоконструкций - Имсталькон» ЖШС «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес Акционерлік Қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті

Қарағанды облысы аумағында жастар ортасында танымалдылыққа ие болған жемісті ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық жұмысы үшін облыстың 14 жастан 29 жасқа дейінгі жас азаматтарына берілетін Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаттарын іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қарағанды облысы әкімінің аталған сыйлығының (бұдан әрі – Сыйлық) лауреаттарын іріктеу бойынша жұмысты жүргізу үшін құрылды. Сыйлық байқау негізінде тағайындалады. Комиссия құрамы Қарағанды облысының әкімінің орынбасарымен бекітіледі. Қажет жағдайда Комиссия бөлек сұрақтар бойынша кеңесшілерді, сарапшыларды тартуға құқылы. Сыйлыққа үміткерлерді ұсынуды Қарағанды облысының жергілікті және басқа мемлекеттік органдары, шығармашылық және кәсіби одақтары, ұйымдар мен мекемелері, жастар қоғамдық бірлестіктері жүзеге асырады. «Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін», «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін үздік жасөспірімдер үйі», «Үздік жастармен жұмыс жасау орталығы» номинацияларынан басқа, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары сыйлықтың лауреаттары болып саналады. Комиссияның жұмысшы органы «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ (бұдан әрі – Жұмысшы орган) болып табылады. Сыйлық салтанатты түрде тапсырылады, марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылады. Жұмысшы орган оған жүктелген міндеттерге сәйкес: 1) үміткерлердің байқау құжаттарын қабылдайды және сыйлық алуға ұсынылғандардың жұмысын алдын ала қарайды, оларды ұсыну тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді; 2) үміткерлерді іріктейді, байқауға қатысуға рұқсат беру туралы ұсыныстар енгізеді, байқауға жіберілген жұмыстарды авторларын, оларды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып баспасөз беттеріне жариялайды;

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның Мүгедектер көлемі үшін жұмыс (% орындарқызметкер- ының саны лердің тізімдік санынан)

73

2

1

218

3

6

98

2

1

243

3

7

252 81 238

4 2 3

10 1 7

305

4

12

283

4

11

153

3

4

137

3

4

399

4

15

327

4

13

827

4

33

273

4

10

3) байқауға жіберілген үміткерлердің жұмысын ашық және ауқымды талқылау жұмысын ұйымдастырады; 4) сыйлықты тағайындау туралы шешім қабылдайды; 5) сыйлық лауреаттарының дипломдарын дайындайды; Комиссияны облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасары ретінде төраға басқарады. Комиссияның төрағасы жоқ кезде оның міндеттерін «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы ретінде Комиссия төрағасының орынбасары атқарады. Комиссияның төрағасы: 1) Комиссияның жұмысын басқарады; 2) Комиссияның құзыреттілігі аясында басқа да өкілеттілікті атқарады. Комиссияның хатшысы: 1) Комиссия отырысының күн тәртібін жасақтайды; 2) Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді; 3) Комиссия мүшелеріне отырыстың күн тәртібі, өтетін орны мен уақыты туралы хабарлайды; 4) Комиссия мүшелеріне берілген құжаттарды ұсынады; 5) Комиссия отырысының хаттамасын рәсімдейді. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес: 1. Сыйлыққа үміткерлердің материалдары мен құжаттарын зерттеп іріктейді. 2. Облыс әкіміне Сыйлықты тағайындау туралы ұсыныс енгізеді. Комиссия лауреаттарды іріктеудің келесі критерийлерін басшылыққа алады: 1) «Жылдың жас көшбасшысы» - оқудағы, қоғамдық жұмыстағы, мәдениеттегі, спорттағы жетістіктер, әлеуметтік маңызы бар

Жақында Ақадыр кентіндегі мәдениет үйінде «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу шаралары» атты өзекті тақырыпта семинар болып өтті. Семинарды аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин жүргізді. Семинарға Қарағанды облысының дін істері басқармасының өкілі Е.Бедеров, облыстық орталық мешіттің бірінші наиб имамы С.Құрманов, дінтанушы, теолог Ж.Нығыманов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Ақымжанов, аудан прокурорының орынбасары Д.Құлжанбеков қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – жалпы аудан бойынша діни жағдайды сөз ете отырып, үкіметтік ұйымдар мен бірлестіктер арасындағы байланыс, діни бірлестіктер және кент, ауылдардағы діни жағдайды талқылау. Сондай-ақ, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, аудандағы жалпы діни ахуалды алға қойып, шешу жолдарын қарастыру. Семинарға ауыл, кент әкімдері, имамдар және мектептердегі дінтану пәнінің мұғалімдері, ақпараттық түсіндіру топ мүшелері, ардагерлер мен ақсақалдар кеңесі, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері жиналды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Ақымжанов аудандағы жалпы діни ахуал бойынша баяндама жасады. Аудан бойынша діни бірлестіктер және олардың өкілдері туралы арнайы база қалыптастырылып, тұрақты түрде жаңартылуда екендігін, сонымен қатар, аудандағы діни жағдайды зерделеу мақсатында 2016 жылы аудан бойынша діни карта жасалып, арнайы жылдық жоспар арқылы жұмыстар жүргізілгендігін тілге тиек етті. Ақпараттық

және кең ауқымды саяси іс-шараларға қатысу, табысты жүзеге асырылған жобалар, оларды өткізу нәтижесінде қол жеткізген әлеуметтік әсер, жұмысының бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) жариялануы, ұйымдастырушылық, көшбасшылық қасиеттер; 2) «Отан қорғаушы» - әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіпқойлық үшін мадақтамалар мен марапаттар; ел қауіпсіздігін қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне белсене қатысу; нәтижесі адам өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға әкелген жеке бас жетістіктері, қайғылы салдардың алдын алу, қылмыс жасауды болдырмау бойынша әрекет қылу және т.б.; 3) «Үздік жас мәдениет қызметкері»мәдениет саласын дамытуға үлес қосқан, өнер, туризм, музыка, әдебиет саласының қызметкерлері (суретшілер, дизайнерлер, фотографтар, музыканттар, актерлар, қолөнер шеберлері, экскурсоводтар, әдебиетшілер, т. б.) шығармашылық конкурстарға қатысатын, (дипломдары, наградалары, шығармашылық жобалары, жұмыстары) болуы қажет; 4) «Жылдың жас жұмыскері» - өнеркәсіп саласының жұмыскері (слесарь, машинист, механизатор, дәнекерлеуші, қырнаушы, қақтаушы, кенші, металлург және т.б.), өз қызмет саласының дамуына үлес қосу, белсенді азаматтық ұстанымы, қоғамдық пайдалы қызмет; 5) «Жылдың жас ұстазы» - білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқытушылары, мектептен тыс ұйымдардың педагогтары, балабақша тәрбиешілері, әдістемелік құралдар авторлары және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосқан азаматтар; 6) «Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін» - мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, ЖОО және арнайы орта оқу орында-

насихат тобының мүшелері өткен оқу жылында ірі елді-мекендерде болып, мектеп мұғалімдері мен оқушылар арасында Ақадыр, Мойынты, С.Сейфуллин атындағы кентте, аудандық мәдениет үйінде діни және дін туралы Заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін айта келіп, бүгінгі күні дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтанып, алдын алуда аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және діни ақпараттық насихат тобы мешіттермен тығыз байланыста жұмыс атқару нәтижесінде діни ахуал назардан тыс қалмағанын айтып өтті. Сонымен қатар, келісімсіз шетелдерде білім алып жүрген азаматтардың ата-аналарымен жеке кездесулер өткізіліп, заңдылықтар түсіндірілу нәтижесінде барлығы елге қайтарылғанын айтып, бүгінгі таңда аудан бойынша екі бала елшіліктер мен мүфтияттың арнайы рұқсатымен Түркияда және Индонезияда діни білім алып жатқандығын жеткізді. Облыстық орталық мешіттің наиб имамы С.Құрманов сөз алып, жат ағымға түсіп кеткен адамдарды қайтарудың әдістәсілдерін түсіндіріп өтсе, дінтанушы теолог Ж.Нығыманов жастарды тарихтан тағылым алуға, дін мен дәстүрді қатар ұстауға шақырды. Қарағанды облысының дін істері басқармасының өкілі Е.Бедеров семинарды ұйымдастырып отырған азаматтарға алғыс білдірді. Облыстық жастар мен балалар ұйымдарының одағы жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Әбішев өз ойымен бөлісті. Семинар соңында аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин қорытынды сөз сөйледі. Сол күні насихат тобы кенттегі Ю.Гагарин атындағы мектеп лицейі, М.Мәметова, Ә.Ермеков атындағы мектептерде болып, жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізді.

ШЕТ ауданы.

Ш. МҰҚАЕВ.

рының өкілдері, білім, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері. 7) «Жылдың жас ғалымы» - ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық жұмысшылары, өнеркәсіп пен ғылыми ұйымдардың мамандары, ғылыми дәреженің бар болуы (аспиранттар мен докторанттар), ғылыми саладағы мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне белсенді қатысу, қоғамдық өмірдің түрлі салалары бойынша ғылыми жобаларды енгізу мен жүзеге асыру, Қазақстан ғылымына қосқан айрықша үлес, ғылым саласындағы жеке бас жетістіктері, меншікті ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми конференцияларға, зерттемелерге, грант байқауларына қатысу; басылымдардың болуы: монографиялар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, мақалалар, тезистер, ғылыми мекемелердегі жұмыс тәжірибесі; 8) «Жылдың жас медицина қызметкері» - әдістемелік әзірлемелері, публикациялары, наградалары бар (алғыс хаттар, мақтау қағаздары) жас медицина қызметкері, әртүрлі деңгейдегі конкурстық іс-шаралардың қатысушылары мен жүлдегерлері. 9) «Ауыл шаруашылығының немесе агроөнеркәсіптік кешенінің ең үздік жас маманы»- ауылдық жерде жұмыс істейтін, ауыл шаруашылығында, мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында жаңа технологиялар енгізген, ауылдың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын және ауылдастардың беделі мен құрметіне ие жас мамандар; 10) «Үздік жас мемлекеттік қызметші»кәсіби жетістіктері, белсенді азаматтық ұстанымы бар, инновациялық жұмыс әдістерін қолданатын мемлекеттік қызметкер, 11) “Шын жүректен” - қайырымдылық шараларымен айналысатын, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмектесіп жүрген жас азаматтар.

1. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері неге байланысты? БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері БЖЗҚ-ға уақытылы аударылған зейнетақы жарналарының көлеміне, жиілігіне, ұзақтығына және толықтығына тікелей байланысты. Осыған орай БЖЗҚ салымшыларға БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенттер аударымдарының уақытылы және толық болуын тұрақты түрде өз бетінше бақылауға кеңес береді. Зейнетақы жинақтарыңызды кез келген БЖЗҚ бөлімшесіне барып не интернет-хабарландыруды таңдап тексере аласыз. 2. Кім зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агент бола алады? Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және БЖЗҚ-ға аударатын жеке немесе заңды тұлға, сонымен қатар қызметiн Қазақстан Республикасында шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға агент бола алады. Басқа сөзбен айтқанда, агент – сіздің жұмыс берушіңіз. 3. Агенттің міндеттері қандай және оларды бұзғандағы жауапкершілігі қандай? Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабының 10-тармағына сай агент БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақытылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және төлеуге міндетті. Заңның бұл нормалары бұзылса, нақты төленген және қызметкер кіріс алған жағдайда, агент уақытылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агенттер мерзімі өткен әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күн қосылады) уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен бірге міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлердің пайдасына аударуы тиіс (Заңның 28-бабының 1-тармағы).

12) «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін үздік жасөспірімдер үйі» - балалар үйінің түлектерін табысты әлеуметтік бейімдеп, тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамытып, кейіннен қоғамға біріктіріп, құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін жағдай туғызатын жасөспірімдер үйі; 13) «Үздік жастармен жұмыс жасау орталығы» - жұмыс тәжірибесі табысты жастармен жұмыс жасау орталығы, жастарға көрсетілетін әрекетті қызметтер, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы жасампаз амалдарды жасақтау мен белсенді қатысу, жастарға атаулы және консультативтік көмек көрсету, қызметті БАҚ-та жариялау. Сыйлық алғаннан кейін үш жылдың ішінде ұқсас номинация бойынша қайта Сыйлық тағайындауға жол берілмейді. Сыйлық алуға ұсынылғандар мен байқау жұмыстарын Комиссия екi кезеңде қарайды. Бірінші кезеңде Комиссия әрбір номинация бойынша сыйлық алуға 3 үміткерді іріктейді, екінші кезеңде солардың ішінен Комиссия әрбір номинация бойынша Сыйлық тағайындауға бір-бір үміткерді анықтайды. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы көпшіліктің даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары бөлінген жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады. Комиссия хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығына ие емес. Комиссия шешімдері оның құрамының кемiнде 2/3 мүшесі қатысса заңды деп есептеледi. Комиссия мүшесінің Сыйлық алуға өз үміткерлігін ұсынуға құқығы жоқ. Байқау өтінімін рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Сонымен қатар, Заңның 29-бабының ережелеріне сәйкес агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есебіне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзуге мiндеттi және мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетін қызметкерлерге есептелген, ұсталған (есебiне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы мәлiметтi есептiден кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей ай сайын ұсынуға мiндеттi. 4. Зейнетақы жинақтары жоқ не жеткіліксіз адамдар не істеуі керек? БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары жоқ не зейнетақы жарналары тұрақсыз аударылатын тұлғаларға, сондай-ақ жұмысқа орналасқысы не қосымша жұмыс істегісі келетін адамдарға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік қызметінің стандартын әзірлегенін хабарлаймыз, қызметті Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандардың және қалалардың жергілікті атқарушы органдары, оның ішінде облыстардың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен Астана және Алматы қалаларының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары тегін көрсетеді. 5. Бұл қызметті пайдалану үшін не істеу керек? Мемлекеттік қызметті пайдалану үшін жергілікті атқарушы органдарға (мекенжайларын және байланыс телефондарын қоса беріп отырмыз) не www.egov. kz «электрондық үкімет» веб-порталына өтініш білдіру қажет. Аталған мемлекеттік қызметті көрсетудің түпкі мақсаты – өтініш білдірген тұлғалардың жұмысқа орналасуы. Бұл ақпарат сізге пайдалы болады және БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарыңыздың өсуіне, оның ішінде жұмысқа орналасу арқылы өсуіне, осыған орай сіздің БЖЗҚ-дан алатын болашақ зейнетақыңыздың мөлшерінің ұлғаюына көмегі тиеді деп үміттенеміз.

БЖЗҚ байланыс орталығы 14-18 (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін) www.enpf.kz

1) Байқауға қатысуға өтінім сайысқа қатысатын әлеуетті үміткерлердің осы Тәртібі көрсетілген талаптар мен шарттарға келісім білдіру түрі болып табылады. 2) Байқауға қатысуға ниет білдірген үміткердің Байқауға қатысуға жолдаған өтінімдері бірінші басшының қолы және мөрімен расталған хатпен бірге қабылданады (заңды тұлғалар үшін). 3) Осы Тәртіпте көрсетілген талаптарға сай емес өтінімдер байқауға қатысуға қабылданбайды және тіркелмейді. 4) Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар: – түйіндеме; – мемлекеттік органдар және/немесе мекемелердің, қазақстандық және/немесе халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, бизнесқұрылымдардың, өзге де ұйымдардың үміткердің атына жазылған ұсынысхаттары; – 7 фотосурет: 1 стандартты, құжаттар үшін (3х4), 3-«жұмыс үстінде», 2-«бос уақытта»; фотосуреттер басылған және электронды түрде тапсырылуы тиіс, JPEG форматта, кемінде 3000*2000 пиксельде рұқсат етілген; («Жылдың әлеуметтік жобасы» номинациясы үшін талап етілмейді); – мемлекеттік немесе орыс тілінде «Мен (біз) неге «Қайнар» сыйлығына лайықтымын (-мыз)» тақырыбында эссе. Көлемі 1 беттен аспауы керек, MS Word мәтіндік редакторында, қаріп - Times New Roman, кегль 14, аралық 1,5. – жетістіктерін растайтын құжаттар (мақтау қағаздарының, дипломдардың, сертификаттардың, лицензиялардың, патенттердің, бейне-фото материалдар көшірмесі CD, DVD түрлі-түсті форматында, баспа, телевизиялық және электронды БАҚ-тардағы мақалалар (мақалалардың кесінділері, газет, журналдардағы мақалалар (немесе олардың көшірмелері), электронды БАҚ-қа сілтеме). Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2016 жылғы 25 қараша сағат 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы 4, 204 кабинет. Толық ақпаратты Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығынан білуге болады: 8(7212) 40-21-33. Қарағанды облысы әкімінің “Қайнар” жастар сыйлығы 2016 жылдың 8 желтоқсаны күні табысталатын болады.


Аманатқа – адалдық

12 қараша, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Облыстық мәслихатта Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан»

нысын нығайта түсуге алдағы уақытта да барынша ат салыса беретініне сеніміміз мол. Қашанда ант пен серттен таймай, сенім биігінен көріне беріңіздер! Мәслихат хатшысының сөзі барша әскерилердің жүрегіне жетсе керек, жарыса жамырамады. Жеке бастарының мәселелерін қалың көпшілік талқысына салмады. Шын мәнінде әскерилердің жеке басының мәселесі деген болмайды. Тыныштық күзетінде тұрған әскеридің күзеттен басқа уайымы болмауы керек. Әскери пәтерін, жалақысын, баласын, әйелін ойласа өзінің жұмысын ойлауға уақыты қалмай қалады ғой. Бұл қауіпті ғана емес, өте қауіпті. Өңірлік басшылықтың әскери бөлімдері қазақстандық офицердің ар-ожданын жоғары ұстап келеді. Олар қиындықтан қашуды білмейді, оны қарсы алуды біледі. Соған орай әрекеттерге барады. «Орталықтың» сарбаздары бұл санатта елімізде алдыңғы орындардың бірінде тұр. «Ор-

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясын дайындау аясында облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали ӘБДІКЕРОВ, сондай-ақ, облыстық мәслихаттың бір топ депутаты «Орталық» өңірлік басшылығының №5451 әскери бөлімінде болып, басшылықпен және әскери бөлімдердің жеке құрамымен кездесті. Бүгінде еліміздің тәуелсіздігі мен конституциялық құрылымы Отан қорғаушыларымыздың сенімді қорғанында. Ұлттық гвардиямыздың офицерлері мен әскерилері кез келген қауіпті тойтаруға дайын, ел тыныштығын қорғауға бекем. Қоғам қауіпсіздігі мемлекет үшін қашанда маңызды мәселе болып қала береді. Сыртқы қауіпсіздігіміз қанша маңызды болса ішкі тұрақтылығымыз да сонша маңызды. Әлем сахнасындағы кейінгі жылдар көрсетіп отырғандай ішкі жаулардың бой көтеруі бәрінен де қауіптірек. Сол қауіпсіздігімізді ішкі әскер қамтамасыз етіп отыр. Солардың арасында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының атқарып отырған жұмысын атап өткен жөн. Құрама жағынан еліміздегі ең үлкені осы басшылық. Оның құрамына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарындағы тиісті әскери бөлімдер мен Ұлттық ұланның Астана қаласында орналасқан он әскери бөлімі енеді. Облыстық мәслихаттың жұмысшы тобының мұнда атбасын тіреуінің бір ұшығы осы қауіпсіздікте жатса керек. Келуші қонақтар назарына алдымен әскери, жауынгерлік және арнайы техникалар, жеке құрамның бес қаруы, киім үлгілері ұсынылды. Қонақтар сондай-ақ, казармадағы сарбаздардың жатын орынымен, әскери асханасымен танысты. Басқа да әскери нысандарда болды. Бөлім сарбаздары сынақ алаңында әйел баласын зәбірлеп, қолындағы әмиянын тартып алған бейбастақты ауыздықтау, суық қарумен алаңға шығып, айбар шеккен сотанақ топты еңсеру сынды жаттығуларын көрсетті. Соңынан жиналған қауым акт залына өтіп, әскерилер мен ел қалауларының арасында еменжарқын пікір алмасу басталды. Алдымен сөзді «Орталық» өңірлік қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов алған: – Қоғам мен мемлекетті ішкі қауіптен қамтамасыз ету, азаматтардың құқығы мен еркіндігін қандай да болсын заңсыз әрекеттерден қорғау еліміздің Ұлттық гвардиясы қызметінің ажырамас құрамы болып саналады. Қазақстан Қа­рулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз тәуелсіздік алысымен құқықтық тәртіпке айрық­ша назар аударып, Ішкі әскерді құру туралы Жарлық шығарған болатын. Мемлекет басшысы 2015 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясы туралы» Заңға қол қойды. Мұның өзі ұлттық гвардиямыздың міндеттері аясын айтарлықтай кеңейте түсті. «Орталық» басшылыққа тоғыз әскери құрама қараса, Қарағанды қаласының басы мен осы өңірде бес құрама – «Орталық» өңірлік басшылықтың штабы, айдауыл бригадасы, азаматтық қорғаныс әскери бөлімі, жедел бағыттағы батальон, жедел бағыттағы полк, «Бүркіт» арнайы ерекше бағыттағы отряды орын тепкен. Күн сайын бір ауысымда ғана өңіріміз бойынша бір мыңнан астам әскери қызметші күзет вахтасына тұрады. Солардың 600-ден астамы түзеу мекемелерін күзетсе, 400-і қоғамдық тәртіп күзетіне тұрады. Жыл басынан бері әр түрлі қылмыс жасаған 140 адам ауыздықталды, 4 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке шақырылды. Көше қылмысы айтарлықтай қысқарды.

Соның барлығында бейбіт күннің ерлерінің қолтаңбасы жатыр. №6505 әскери бөлімінің қарауыл бастығы Ақылбек Қоңыров қауіпті қылмыскерді ұстап, «Айбын» орденімен марапатталды. №5516 әскери бөлімінің аға лейтенанты Григорий Метельский де осындай ерлікке барды. Ал, қатардағы жауынгердің өмірін өз денесімен жауып, сақтап қалған №6505 әскери бөлімінің полковнигі, қайсар қазақ баласы Қайрат Үмбетов еліміздің ең жоғарғы наградасы – «Халық қаһарманы» атағына ие болды. Сөйтіп, айтып отырған сарбаздарымыз бейбіт күнде де ерлікке орын бар екендігін тағы бір дәлелдеп берді. Қарағанды гарнизонының әскерилері лаңкестік, экс­тремизм, се­паратизм тәрізді ауыр қылмыстармен күресіп қоймай, оның алдын алуда да ұтқырлық, табандылық танытуда. Аза­маттық қорғаныстың әскери бөлімдері талай ерлік үлгісін көрсетіп жүр. Әсіресе, былтырғы ауа райының жауынды-шашынды болуы елжұртпен бірге бізді де біраз әбігерге салды. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қара­ғанды облыстарындағы елдімекендеріне топансу басу қаупі төнді. Сол тұста Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451, 52856, 5516, 6637, 6697 әскери бөлімдер­ден 700-ден астам адам, 100-ге жуық тех­ника жұмылдырылды. Екі мың­нан астам адам әскерилердің кү­шімен қауіпсіз жерлерге көшірілді. Біздің әскерилердің ондай жерге бірінші болып жететіні және соңы болып қайтатыны әркімге белгілі болса керек. Сол су топанында Шеттің Ақадыр кентінде ел су жалдаса, біздің сарбаздар жанын жалдап тышқақ лақ та шығын бермеді. Сол Ақадырдан басталған сапарымыз сонау Солтүстік Қазақстан алабына дейін жалғасты. Қазіргі уақытта әскери бөлімдер республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бүгінгі жағдайға байланысты әскери дайындықты нығайтуға барынша көңіл бөлінуде. Бөлінген қаржының айтарлықтай бөлімі осы мақсатқа жаратылады. Дегенмен, бәрі бірдей жақсы деуге болмайды. Қалалық қоғамдық көліктерде әскерилеріміз жолақысын әлі күнге өз қалталарынан төлеп келеді. Күдіктіні ұстаса полиция бөліміне жеткізу үшін оның да жолақысын өзі төлейді. Ал Алматы, Павлодар, Орал қалаларында осы мәселені өтемақы төлеу арқылы шешіп отыр. Әскерилердің баспана мәселесі де күрмеулі қалуда. Кешегі кеңес заманында мұндай түйткіл болмайтын. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері бірде-бір әскери баспана алмаған. Офицерлер пәтерақысын да өз отбасының бюджетінен айырып отыр. Әкімдіктің тұрғын үй қорынан тұрғын алаңын бөлу мүмкін болмаған жағдайда иесіз қалған үйлерді біздің балансқа берсе, республикалық бюджет арқылы күрделі жөндеуден өткізіп алар едік. Гарнизон мен 14 шағынаудан арасындағы жол жүруге жарамайды. Қыс ішіндегі борандардан кейін қатынау мүмкін болмай қалады. Олай болса 14 шағынауданындағы автобус маршруттарын гарнизонға дейін созу керек болады. Өңірлік қолбасшы бұдан басқа ұсақ көрінетін бірқатар мәселе көтерді. Соның ішінде ел есінде қалғаны шефтік көмек көрсету еді. Әрине, кеңестік заманның сарқыншағы демесек бұл өзі қисайғанды түзеп жіберетін тұтқалардың бірі. Тап қазіргі

жағдайда ірі кәсіпорындардың өздері ондай көмек көрсетуге бара бермейді. Өйткені бұрынғыдай салық жеңілдегі жоқ. Бірақ, осыған қарамастан бір реттік көмек жасауға болады ғой деп ойлаймыз. Одан кейінгі сөзді облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали Әбдікеров алған: – Бүгінде Елбасы жариялаған «Қазақстан – 2050» стратегиясы, сонымен қатар «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасы алға тартқан міндеттер нақтылы орындала бастады. Мұндай келелі жоспарлар елімізде ішкі тұрақтылық, ішкі қауіпсіздік толығымен сақталғанда ғана іске асады. Осы орайда, Ұлттық ұланға, ішкі істер органдарына қарасты жергілікті полиция қызметтеріне жүктелер жауапкершілік еселене түсуде. Сол үшін де бүгін Ұлттық ұланның жауынгерлік даярлықтарымен танысуға облыстық мәслихаттың бір топ депутаттары келген едік. Көңіліміз толды. Сарбаздардың біліктілігі жоғары деңгейде екен. Қазіргі таңда бұл салаға ерекше назар аударылып, материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Сондықтан, Ұлттық ұлан сарбаздары алдарына қойылған міндеттерді ойдағыдай орындайды деген сенімдеміз. 2016 жыл біздің ел өмірінің соңғы жылдарындағыдай күрделі қалуда және еліміздің одан әрмен дамуындағы қоғамдық-саяси өміріміздегі өзгерістері уақыты болмақ. Еліміз бен қоғамымыздың құқықтық ортасын нақты құрайтын елуден астам заң қабылданып, қолданысқа енгізілді. Жаһандық экономикалық қиыншылықтар Қазақстан экономикасына да өз ықпалын тигізуде. Осыған орай мемлекет басшысы ұсынған бес институтциональдық реформа дағдарысқа қарсы негізгі ауқымды шаралар дер едім. Олардың барлығы да экономикалық өсуіміздің сенімді қарқынын қайтып орнықтыруға бағытталған. Және барлық тұрғындарға әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз етеді. Өздеріңіз білетіндей ағымдық жылдың наурыз айында барлық дең-

гейдегі өкілетті органдарының сайлауы өтті, 42 депутаттан тұратын облыстық мәслихат құрамының үштен екісі өзгерді. Депутаттар сайлаушылардың толық өкілетті өкілдері, олар жалпы мемлекеттік мүдделермен бірге сайлаушыларының да еркін білдіреді. Өкіметтің бір тармағы ретінде мәслихат өңір аймағында мемлекеттік реформаларды жүзеге асыруда үлкен роль атқарады. Облыстық мәслихаттың сессияларында реформаларды жүзеге асыру бойынша кешенді және салалық бағдарламалар жүйелі түрде қаралып, бекітіледі, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелері талқыланып, шешімдер қабылданады. Депутаттардың реформалар барысын кеңінен талқылауы атқару органдары және жалпы тұрғындар үшін маңызды. Сессия материалдары салалық комиссияларда, дөңгелек үстелдерде талқыланып, баспасөз

бетінде жарияланады, теледидар арқылы көрсетіледі. Осының барлығы мемлекеттік басқарудың жергілікті органының баршаға ашық екенінің дәлелі. Өткен кезең ішінде мәслихаттың 4 сессиясы өтті. Онда 109 мәселе, оның ішінде 60 негізгі мәселе қаралды. Есепті кезең ішінде 2015 жылғы облыстық бюджеттің орындалысы, облыс әкімінің есебі, басқа да өзекті мәселелер депутаттар талқысынан өтті. Облыстық мәслихаттың салалық комиссиялары 19 отырысын өткізді. Мәселен, заңдылық және азаматтық құқық комиссиясы жасөспірімдер және балалар бақылаусыздығының алдын алу сынды күрмеулі мәселені сессияның күн тәртібіне шығарып, жұмысты оңалтуға бағытталған тиісті шешімдер қабылданды. Жақын күндері облыстық мәслихаттың мұрындық болуымен жергілікті полицияны жандандыру бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырмақпыз. Алдағы желтоқсан айында осы мәселе сессияның күн тәртібінде қаралмақшы. Жергілікті полиция біздің өңірімізде ағымдық жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазірдің өзінде оның оң нәтижелерін көріп отырмыз. Міне, осы аталған іс-қимылдардың барлығында да Ұлттық ұлан сарбаздарының айқын ізі бар. Бір сөзбен, сарбаздарымыз еліміздің тұтастығы мен қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етуге лайықты үлес қосып келеді. Бұл – әскери институт түлектерінің қызметке деген адалдығының, жүктелген міндетті жауапкершілікпен алып жүретіндерінің анық мысалы. Сондықтан да, әскерилер ел қорға-

талықтықтар» бірнеше мәрте Астана күнін тойлауға қатысып, қоғамдық реттілік пен тәртіпті уысынан шығармады. Отан соғысындағы ұлы Жеңісті тойлауға да осындай өзіндік үлестерін қосты. Қарағандыда, Астанада өтіп жататын халықаралық саяси форумдардың өз деңгейінде өтуінде де «орталықтықтардың» да қомақты үлесі бар деп білеміз. Қаламыздың Бадин көшесінде әскери қалашықтың ашылуы айтарлықтай оқиға болды. №6505 әскери бөлімнің бұрынғы әскери лазареті қайта жарақтаудан өткеннен кейін балалар және спорт қалашығы болып шыға келді. Мұнда оқу-жаттығу жиындары жиі өтіп тұрады. Осы ағымдағы жылдың ақпанында Қарағандының №77 орта мектебінде тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің қатысуымен Ұлттық ұланның кадет сыныптары ашылды. Бұл ұлан – «Жас бүркіт» деп аталады. Бұл темірқанат бүркіттің ертең қыран болып қалықтауы өзімізге байланысты. Тиісінше қамқорлық жасамасақ ұшуға жаратылған құстың жерде жорғалап жүруі әбден мүмкін. Ал, наурыз айында «Орталықтың» қолбасшысы, генерал-майор Е. Ботақанов осы мектептің кадет сыныптарына шефтік көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойды. Өңірдің әскерилері берген серттеріне берік, алған анттарына адал. Қыспаққа түсіп қалған азаматтарға дер кезінде көмекке келеді. Бейбіт күнде қару асынса қауіп бар деген сөз. «Орталықтың» әскери қызметшілері өз жерімізде ғана емес, өзге жұртты да қауіп-қатерлерден аман алып қалып жүр. Тәжік-ауған шебінде арнайы мін-

3

детті жүзеге асырып, ерлік пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетті. Жа­ңа­өзендегі оқиғаларға қатысып, қаланың тыныштығын орнықтыруға күш салды. Ақмола облысындағы Гранит кентіне жақын жердегі жаппай тәртіпсіздікке өқарсы тұрды, Атыраудағы лаңкестік операцияларына қатысты. Үлкен істе ұсақ-түйек болмауы керектігі түсінікті. Алайда, бәрін қамту мүмкін емес. Басшылықтың республикалық бюджеттен қаржыланатыны белгілі. Алайда, жергілікті атқарушы органдардан көмек қажеттігі туындайды. Жергілікті жерде ондай мүмкіндіктері бола тұра көмек қолын ұсына алмайды. Өйткені, олардың бюджетінде әскерилерді қаржыландыру қаралмаған. Алайда, әскерилердің әлеуметтік бағыттағы кейбір қиыншылықтарын осы жергілікті атқарушы органдар шешуге тиісті. Бұл жөнінде Ұлттық ұлан туралы заңда жазылған. Заң бойынша Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тұрған орындарына қарамастан осы заң жүктеген міндеттерді атқарады, бұл өкімет өкілі деген сөз, олай болса оларға осы санат тұрғысында қарауға тура келеді. Офицерлер мен сержанттар қызмет орнына барып, қайтуда, сондайақ, әскери дайындықты тексеру барысында негізінен қалалық қоғамдық көліктер қызметін пайдаланады. Олар жай ғана жолаушы емес, тәртіп сақшысы қызметін де атқарады. Соған орай ұсталған күдіктілерді де тиісті жерге өз есептерінен жеткізеді. Сарапшылардың есебінше осылайша әскерилердің тапқан еңбегінің отыз пайызы жолға кетеді екен. Осы шетін мәселе жоғарыдағыдай себептермен жылдар бойы шешілмей келеді екен. Бұл мақсатқа жұмсалатындай қаржы көзі, әрине, қалалық бюджетте бар. Бірақ соның тетігі заңдастырылмаған. Жиынға қатысқан халық қалаулылары бұл мәселені әбден шешуге болады деп есептейді. Әскерилер де бұған сенімді. Өйткені оның мысалы басқа қалаларда бар көрінеді. Әскерилерді ендігі қинайтыны тұрғын үй мәселесі екен. Қызмет бабына байланысты офицерлер бір гарнизоннан екіншісіне көшіп жүреді. Жаңа қызметіне келген жерде осы тұрғын үй мәселесіне килігеді. Өйткені дайын тұрған үй жоқ. Осы ретте үкімет тарапынан пәтер сатып алуға бөлінетін қаржы тұрғын үй мәселесін шеше алмайды. Соған орай әскери офицерлер жалдамалы үйлерде тұруға мәжбүр болады. Ал, бұл олардың айлық жалақысының жартысынан көбін құрайтын көрінеді. Бұл мәселені шешуге әскерилер талпынғанымен әзірге нәтижесі мардымсыз екен. Қалалық әкімдікке облыс әкімдігі тұрғын үй қорынан жыл сайын мақсатты түрде пәтер бөлу туралы ұсыныспен шықса да, ондай бағытта салынып жатқан үйлер жоқ. Осындай себеппен жалдамалы тұрғын үй алу да мүмкін емес. Әскерилер халық қалаулыларынан осы мәселені шешуге ықпал жасауларын өтінеді. Олар халық қалаулылары арқылы иесіз үйлердің біреуін өз баланстарына алуға ынталы. Республикалық бюджет арқылы қаржы бөлдіріп, қатарға қоспақшы. Биыл №5451 әскери бөлімі өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтпекші. Осы кезең ішінде бөлім өзін тек жақсы қырынан танытты. Жапа шеккен талай өзекті жанға сүйеу болды, талай қылмысты ұясында тұншықтырды, талай қылмысты ауыздықтады. Соған қарамастан бөлім кейінгі ширек ғасырда бірде-бір пәтер алмаған. Қыс ішінде бөлімнің қалыпты жұмыс істеуі алаңдатады. Қала шетінде орын тепкендіктен табиғи қорғанысы, сондай-ақ, қолдан жасалған нысандары болмағандықтан қыс ішінде жолды қар басып, әскерилер өз жұмысы орнына уақытылы жете алмай жатады. Бөлімнің арнайы жол тазалау техникасы болмағандықтан, боранды күндері бөлім жұмысында іркілістер болып қалады. Бөлім мен 14 шағынаудан арасындағы жол сапасы сын көтермейді. Осы 1200 метрлік жолды асфальтпен көмкеріп, жарықтандыруға болады. Майқұдықтағы 14 шағынаудандағы автобус маршруттарын бөлімге дейін әбден созуға болады. Әскерилердің бос уақыттары бола бермейтіндіктен олардың жұмысқа келу, үзіліске шығу және қайту маршруттарын ұйымдастырса болады. Өзекті жан болған соң дүние мүліктің ыбырситыны белгілі. Қатпар тасты біреу қозғамаса өздігінен қозғалмайды. Олай болса халық қалаулыларының әскерилердің ділгір мәселелерін шешуге барынша қатысатынына сенеміз.


4

әЛЕУМЕТ

12 қараша, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz

Рух

Баспасөз мәслихаты

Таным Өткергенде арулап, тазалап, арнайы жәшіктерге орналастырдым. Қазақшалап айтқанда екінші мәрте мейрамсуларын ішкіздім. Хан Абылайдың жайы белгілі ғой. Қайта жерледік. Төрткүл дүниеге сөйтіп елдігімізді бір паш еттік. Қалған сүйек сол жәшіктерде қалған болатын. Жақсы күн туғанда бір жайлы етерміз дегенбіз. Екі жылдан кейін ол сүйектерді жіліктеп (классификациялап) қайта жерледі. Өкініштісі, оларды арнайы, жеке-жеке емес, бір жерге көме салды... Осы жерге келгенде менің де қолқам үзіліп түскендей болды. Бұл да бір қазақ руханиятындағы ақтаңдақ екен-ау деп мен тұрмын. Менің көкейімдегі сауалды Серік Зарапұлы да айтқызбай-ақ тап басып тұрды. Тілінің күрмелетін себебі де жеткілікті... – Қаздауысты Қазыбек бабамыздың сүйегі белгілі болатын. Ондай белгілі сүйектер орыны бірнешеу еді. Алайда, қазу барысында күтпеген жағдайға тап болдық. Атап айтқанда, әлгіндей қабірден бір мәйіттің орнына төрт-бестен мәйіт шығып отырды. Осыдан кейін Қаздауысты Қазыбек бабамыздың сүйегін дөптеп көр. Қайталап айтам, сүйек бар, алайда, бәрі араласып кеткен болатын. Солайынша мынау Қаздауысты Қазыбектікі деп сеніммен айту мүмкін болмай қалды...

Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан» «Туған жылы белгісіз. Өлген жылы белгісіз. Жатқан жылы белгісіз...» Бұлай деп аса бір өкінішпен қазақтың біртуар ұлы Әбіш Кекілбай айтқан. Алшын Әйтеке би Бәйбекұлына қаратып. Бүгінде нақты болмаса да аруақты Әйтеке бабамыздың туған және қайтқан жылдары белгілі. Жатқан жері де табылды. Сол-ақ екен басталды. Бабаға деген ұрпақтың құрметі. Арнайы қор құрылды. Шардара қаласында ескерткіш мүсіні ашылды. Нұратада Әйтеке баба кешені бой көтерді. Бүгінде Қазалы қаласында бабаның соқталы ескерткішін ашу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Алматыда, Ақтауда, Ақтөбеде атаулы көшелері бар. Әйтеке биді айтқанда көз алдыңда міндетті түрде қазақтың тағы екі тұлғасы тұрады. Бірі – Үйсін Төле би болса, екіншісі – Қаздауысты Қазыбек. Төле бидің басының Тәшкенде жатқаны белгілі. Ол жерді бүгінде Қарлығаш би басы деп жүр. Ол бабамыз да қазақ даласында ұлықтаудан кенде емес. Жақында ғана Қарағанды қаласында бабамыздың 350 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция де өтті. Шүкіршілік, Қаздауысты Қазыбек бабамыздың туған жылы да, қайтқан жылы да белгілі. Күні кешеге дейін жатқан жерін де білуші едік. Қасиетті Түркістанда, Әзірет Әлі кешенінде жатыр деп келдік. Бабамыздың сөреленген сүйегін қасиетті мекенге баласы Бекболат бидің апарғаны белгілі. Басында құлпытасы да болушы еді... Осының барлығын неге өткен шақпен айтып отырмыз? Еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында бодандық синдромынан құтылуға асықтық. Қазақ баласы қашандағыдай адастырмас рухын іздеген. Сол рухтың қасиетті мекені Әзірет Әлі кешені еді. Онда қазақтың ханы бар, қарашасы бар – талай марқасқалары жербесігін тапқан. Елге ес берген рухтарымыздың тізбесі БАҚ беттерінде жарияланды. Өкініштісі – ол тізбе шолақ еді. Сол тізбеде бабамыздың есімі бар болатын. Құлпытасы да көрсетілген еді. 1995 жылы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қайта жарақтау жұмыстарының жүргізілгені белгілі. Оны түрік ағайындардың «Иншат» компаниясының жүргізгені есте болар. Сол ағайындар асығыстық танытты. Бөлінген қаржыны игеру мақсатымен есін енді ғана жинап

жатқан елдің алды-артына қарауына мұрсат бермеді. Екі арадағы келісімшартты көлденең тартып, өз дегендерін істеді. Соның салдарынан кесенеміз кешегі күніне де жете алмай қалды. Сорақысы – қазақ руханияты одан әрі қайыршылана түсті. Өйткені, күмбездегі араб қарпімен түсірілген жазулар майлы бояулардың астында қалып, ғайып болды. Майып болған нәзік сәулет өнерінің жәдігерлері жөнінде айтпай-ақ қоялық. Аруақтар сүйегін жинау осы тұста басталады. Оны қабірден шығарудың еуропалық тәсілі қолданады. Бұл тәсіл бойынша үлкен қысыммен жер астына цемент жіберіліп, мүрделер шығарылып отырған. – Кесенеден шығарылған мүрделердің ұзын саны мыңнан асушы еді, – дейді сол кездегі Отырар мұражайының сектор меңгерушісі болып істеген Серік Ахмет. Серік Ахмет бүгінде аталмыш мұражай директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары болып істейді. Еліміздің әргі-бергі тарихына қатысты біршама еңбектің авторы. Бірқатар энциклопедия шығаруға қатысқан тарихшы-археолог. Серік Зарапұлымен жақын танысудың мүмкіндігі кеншілер қаласында түсті. Осында Отырар мұражайының тұсаукесері өткен. Сонда біліктілігімен, кәсіби шеберлігімен елдің назарын өзіне аудартқан. Арамыздағы әңгіме-дүкен желісі еріксіз қасиетті Түркістанға тіреле берген. Сол әңгімеде іш жиғызатындай желілер аз емес еді. Ендігі сөзді Серік Зарапұлының өзіне берейік: – Барлығы 1995 жылы Абылайханның сүйегін зерттеуден басталған. Мен бұл жұмысқа қатардағы жұмысшы болып тартылдым. Ол тұста сектор меңгерушісі едім. Біз барып іспен танысайық. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесінде жүзден астам арнайы жәшікке адам сүйектері жиналыпты. Оның көбісінің сүйектері сынып, жарылған екен. Бірден айтайық, бұл жұмысқа көмек қолын берген Қожа Ахмет Яссауи мұражайы мен Қазақ-Түрік университеті еді. Мұражай қызметкерлері өздері білетін сүйектерді қолмен қазып алған да, қайта жерлеген. Қалған мәйіттерді түріктер қысыммен жер үстіне шығарған. Абылайхан сүйегін арнайы шығарып алғаннан кейін, оған арнайы зерттеу жүргіздік. Оған өзімізден, шетелдерден көптеген белгілі ғалымдар қатысты. Ішіміз қан жылап жүріп қалған сүйекке иелік етуге қамдандық. Біреуді біреу керек қылмаған заман ғой. Үкімет те қол ұшын бере алмады. Үш жүзден астам асыл бабаларымның сүйегін мен өзімнің қолымнан өткердім.

Серік бауырым үшін енді өзім қиналайын. Өзін кінәлі сезінеді. Баба ұрпағының алдында. Тарих алдында. Өзін де, өзгелерді де ақтап алатындай олар қандай да бір қылмысқа барған жоқ. Алайда, олар сол кездегі жағдайдың құрбаны еді-ау. Енді мен ышқынайын... – Қаздауысты Қазыбек бабамыздың сүйегін табудың қандай мүмкіндігі қалды? – Бәрін де қаражат шешеді. Үкімет тарапынан, басқадай үкіметтік емес ұйымдардан, болмаса жеке тұлғалардан қолдау, демеушілік жасаған жағдайда жұмысты қайтып жандандырып, бабамыздың сүйегін арулап қоюға әбден болады. Мұрын ұшына келген жанымыз енді болмаса ұшқалы тұрған. Көңілімізді демдегенде жазған мақаламыз осы болды. Қарағанды сапарынан қайтып бара жатып Серік Зарапұлы жақсы күндерде кездесейік деп игі тілегін білдірген. Сол жақсы күннің ауылы алыстамаса екен. Сонымен жылына бір келетін биылғы жазғы демалысым келісімен бәрін жиып қойып Әзірет Әліге бір-ақ тартайын. Жанымда айтып отырған «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының директоры Ержан Есжан мен баяғы Серік Зарапұлы бауырымыз. Қасиетті бабалар басына барып, тәу етіп бір апта жүрдік. Қаздауысты Қазыбек бабамызға да арнап, дұға бағыштадық. Алайда, бабамыздың сүйегінің қайда екендігіне жауап таппай оралдық. Ержан Әуелханұлы айтады: – Жұмысымыз қауырт. Соған қарамастан қаржы табылып жатса Қазыбек бабамыздың сүйегін ДНК арқылы табуға атсалысуға дайынбыз. Тек бұл жұмысымызды әсіре дабырасыз атқарсақ деймін. Өйткені, мұндайда жөнді-жосықсыз аяққа оралушылар табылып жатады. Ондайлардың көмегінен «залал» шегіп жататын жағдайымыз болған. Алда аруақты бабамыздың 350 жылдық мерейтойы келе жатыр. Жақсы болсын, жаман болсын қаламыздың төрінде ескерткіші тұр. Баба атында ауданымыз бар. Жоғы... Жоқ, сүйегі бар. Соны дөптей алмай отырмыз. Керегі – тура жұрағаты (тұқымы). Керегі – Еуропаның он бес мың көкала қағазы. Осының бізде екеуі де бар. Жоғы – құлығымыз. Ұлықты ұлдарымыз баршылық. Құлықты ұлдарымыз қайда?

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Приозерск қаласына «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су тарту нысандарын қалпына келтіруге 1 млрд. 8 млн. теңге қаражат бөлінген. Айтулы жоба аясында тұрғындар сапалы ауызсумен қамтылып, су өткізу желілері жетілдірілген. Бұл жөнінде Приозерск қаласының әкімі Қайрат ҚАМЗИН аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Бақсы дегеніміз – тылсым әлеммен байланыс жасай алатын сәуегейлік, көріпкелдік, сиқыршылық, тағы басқа ерекше қасиеттері бар адам. Кәдімгі адам, жан иесі, пенде. Алайда, жаңағы аталған ерекше қасиеттері оған қайдан келген, кімнен дарыған? Неліктен, мұқым қазақтың Абайы өз жалғыздығын «бақсы моласына» ұқсата бейнеледі? Бұл не, өнер ғажабы ма? Әлде, хакім мен бақсы ұғымына тән, ортақ негіз, ғылым бар ма? Абай ғылым ұғымына қатысты «ғалами ғылым» және «адами ғылым» ұғымдарын пайдаланады. Ғалами ғылым – Алла тағала. Қазіргі ресми ғылым тілінде – жаратылыс заңы. Адами ғылым – ескі һәм дәстүрлі діндер, кәдімгі ғылым. Бұл үштіктің бірлікте табылар ортақ орны – жаратылыс заңы. Көзге көрінбесті таныпбілетін, ұғатын сезім, сенім, сана. Ескі дін, дәстүрлі дін, ресми ғылым – жаңағы үштіктің сұлбасы, сырт пішіні. Үшеуінің айырмасы тек әдіс-амалында. Біріншісі – түйсік, екіншісі – жаратушының жарлығы, үшіншісі – эксперимент. Түйсік дегеніміз – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Ақыл-ойы, сезімі, зейіні, көңіліне түйгені. Алғы, ескі дін жеке тұлғалардың танымдық сезімінен жаралған тума, таза ілім. Кейінгі дәстүрлі дін өзіне дейінгі ауызша, жазбаша жеткен бар білімді қорыта отырып, бүкіл ақыл-ойды көктен түскен көп кітап – жаратқанның жарлығы деп жария еткен. Кәдімгі ресми ғылым өндіріс дамыған кезеңде анық еместі, көмескі көрінбесті сараптаудан өткізіп барып табиғи заңдарды тану жолын ұсынды. Көру, сезу, сену, ақылмен білу – бәрі келіп қалай болғанда да ең ақыры адамның түйсігіне тәуелді. Абай айтпақшы, «ғылым, рахым, ғадаләтт, құдірет әр адамның бойында өз халінше бар қылып жаратылған». Бойындағы барды кемеліне жеткізбек үшін ынтажігер, таза ниет керек. Ыстық ықылас, шын көңіл қажет. Оның бәрі қайдан келмек? Абай айтады: «Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпенен табылады. Ол – Алланың ғылымы емес, һәмманы біле-тұғын ғылымға ынтықтық, өзі де адамға өзіндік ғылым береді». Ғұмырды ақиқат санап, ғадалләттің алды-артын байқарлық білім іздегендер әр елде болған, атауы әрқилы, тағдыр жазуы бір. Білуге ықылас танытқан ынтық адамның бірі – бақсы. Өмір сырына жету жолында өзін пида қылып, бойын жеңіп, өз менінен бас тартушы. Араб жұртында мұндай құбылысты – битұл деседі. Битұлбақсы құдайға құлшылық қылу үшін таза, киелі жерді іздеп жиһан кезген, жол көрген, жоба білген. Бітік тастағы тарихи таңба тіліне қарасаң, алғашқы бақсының жолы түскен жер – бұрынғы атом полигоны алып жатқан аймақ, ол – әлемдік географикалық картада «Конечная» – «соңғы аялдама» деп аталады. Қазақы атауы «Молдары».

Көне ирланд тілінде «moladh»- [mold] – мадақ айту. Түбірі – «mol». «Moladh le Dia!» – бар мадақ бір Аллаға. Қазақтың қара өлеңінің көне атауы – молқы, яғни, мадақ әні. Орыстың молить сөзі біздің дәуірімізге дейінгі III-мыңжылдықта өткен хетт тіліндегі malta сөзімен бірдей – сұрау, тілек айту. Соңғы хеттік maltai қазақтың малтаңды езбе дегендегі малта – сөз. Шоқан Уәлиханов «Мола нақты тұжырымдасы жоқ атау» деген. Негізгі түбі – мол, яғни, жер. Бұрын жер мағынасын беретін сөздерді «Құдай тағалаға дұға оқу, құлшылық етуге арналған орын» деп діни рәсімдік мағынада қолданыпты. Сонымен «мол», «мола» – Құдайға құлшылық ететін орын. «Молдары» – қос сөз. Мол – құлшылық қылар мекен. Дарымшы емші, емдом жасаушы. Дару – ем. Мол – тілек, дұға, ән. Ескі тілде Дат – тілек, өтініш. Этруск тілінде ser – мола. Лидиялық идеограмма Sir – ән. Ежелгі Сыр елі, Сары Арқа, Ақ мола – Құдайға құлшылық қылған киелі жер. Бұрынғылар бір дін, бір рәсімді ұстанғаны белгілі. Мысалы, рим елінің ата-жұрты христиан діні жеңгенге дейін қазақ сияқты ағаштардың бұтағына ақтық байлап өткен. Бұл – құдайға құлшылық ету, мойынсұну көрінісі, табиғатпен кемел келісімде болу ишараты. Табыну емес. Таза тану, санасу, сенім белгісі. Тіпті, санасыз дейтін саңырау құрдың өзі таң бозында әрқашан шығысқа басын бұрып құдайдың көлеңкесі – Күнге қарап мадақ әнін салады. Себебі, барша тіршілік иесіне жерді мекен қылып берген, халық қылған – Алла тағала. Сондықтан да, адам балғын шағынан жерді ең әуелі Құдайға мадақ айтар киелі орын ретінде қадірлеген, Құдай құқығын таныған. Латынша «Fas» – Құдай құқығы. «Fari» – әулиелік ету, пайғамбарлық, сөйлеу, «fasr» – түсіндіру, тафсир. Түсінгенді түсіндіру Тәңір түсінігін тудырды. Сонымен, Молдары молқы айтушы, дарымшы, қадым заманғы ғалым – Бақсы. Абайдың «Бірінші сөзінде» ең көп аталатын сөз – бағу, түбі – бақ. Тура 18 рет. Біз 18 мың ғалам дейміз, 18 бақ – ғалами ғылым. Абай: «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім» деп дін мен ғылымды екеуіне де ортақ парадигма – жаратылыс заңына байлайды. Дін – ғылым. Ғылым ешкімге өмірден безіп, бұзыл демейді. Дін сөзін ғылымсыз сөйлеу – надандық. Абай ескерткен еді: «Әрбір наданның бір тариқатқа (діни ағым, дін жолы) кірдік деп жүргені – біз бұзылдық дегеніменен бір болады». Мына заман – ақыл бірлігінен бас тартқан бұзық заман. Софылық қылып, дін бағу үшін тыныштық қажет. Абайдың «екі жағы» – ғалами ғылым және адами ғылым. Бақсы да сол ғалами ғылымның соңына түскен, табиғи ортақ заңға бағынған есті жан. Бақсы – арты хабарсыз қараңғылықта қалған замандардың алғы ғалымы. Көрінбегенге көңіл көзімен жетуге, көрінгеннің сырын ашуға тырысып, ой бірілігін аңсаған жетелі

жан, қамқор, ділмар. Көк Тәңірімен тілдескеніне маңайын иландырып, өз ырқына көндірген, тірлік етуге баулыған, біліммен билік еткендер тобы: балгер, құмалақшы, тәуіп, балшы, жауырыншы, құшнаш, диуана, шайқы. М.Әуезов «бақсылық – ескі діннің сарқыты» деп бағалаған. Байырғы бақсы болса сипат та жоқ, сурет те жоқ, көк тұманнан көрінбес болашақты болжап бағып, адамзатқа жол ашқан. Бақсы – моңғолша мұғалім. Бақсы – ұстаз, құт. Оқымысты, абыз, пір. Ұғу, ұғым – әрбір жеке адам санасының ісі. Саналы жан өзінеөзі сұрау салар, есеп берер ерік-жігері бар тұлға. Абай қазақтың ата заңдарын «Ескі сөз» деп атайды, сол сөздің түбі – ес, жад. Бар ғылым, хабар-ошар тілде сақтаулы тұр. Тіл – адамның ойын, ес-жігерін, санасын қалыптастырушы сабақ, құрал. Дін де, діл де, білім де тілден соң дүниеге келді. Ұйыту, үйрету, сендіру, иландыру, дегеніне көндіру – тіл ісі. Таза араб тілінде түскен Құранның Ибраһим сүресінде: «Біз барлық пайғамбарды аяттарымызды түсіндіру үшін сол қауымның ішінен, солардың тілінде сөйлейтіндерден жібердік» деп бекер айтылмаса керек. Көп кітаппен бірге көп пайғамбар келген. Қазақ – есте жоқ ескі заманғы халық, жетелі пайғамбары да жеткілікті еді. Абай ол жайында еске салуды жөн санаған: «Біздің қазақтың ықыласы атасын ғарабтан шықты дегенді ұнатқандай, онысы ислам діні бұрынғы ата-бабаларды ұмыттырғандықтан, діндестерді жақын көрсеткендіктен болған іс». Қазақтың Ескі тілі – ата-бабаның ескі дінінен, ділінен хабар жеткізуші. Тіл – тәлімгер, тәрбиеші, ақыл бірлігіне үндеуші, үйлестіруші. Тек, сөйлете біл тілді. Шал ақын сияқты: «Сөйлеп қал, сөйле, тілім, Арыс келді, Алдыңа сөйлейтұғын намыс келді. Сөйлеп қал, қызыл тілім, осындай да, Қысқарып ұзын дүние қарыс келді. Сөйлеп қал, сөйле тілім, иең келді, Алдыңа сөйлейтұғын жүйең келді. Сөйлеп қал, қызыл тілім, осындай да, Қысқарып ұзын дүние сүйем келді». Ескі қазақ тілінде Арыс – алты алаштың жиын-тойы өтер жер. Латын тілінде Ars – ғылым. Ханты тілінде – «ар» сөзінің мәні «ән», хет халқында – «жету». Ескі сөз, ескі дін, ескі тіл – алғы ғылым, көне заң. Бақсы – қазақ тілінде сөйлеген ескі діннің пайғамбары, елші. Тәңір елшісі. Адам мен ғалами ғылымды жалғаушы көпір, арыс, тілші. Тіл – қан. Тіл – мінез. Тілсіз ғұмыр да жоқ, Құдай да жоқ. Сондықтан болар, «моласындай бақсының, жалғыз қалдым – тап шыным», – деп аяқталатын Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі Тілмен тікелей тілдесуден басталады: «Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған; Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағыны жетіп қайырған – Толғаулы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл». Марат АЗБАНБАЕВ, Қарағанды облыстық сотының судьясы.

Білім ошақтарында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында жалпыұлттық патриоттық құндылық ретінде ұсынылған «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру мақсатында қалалық білім бөлімінің қолдауымен көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Сондай ауқымды шараның бірі – жақында Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мек-

тебінде өткен «Тұлғатану-2016» ғылыми жобалар байқауы болды. Бірінші кезеңінде 60 жұмыс қаралып, 36 жұмыс ақтық кезеңге өтті. Жас ұрпақтың танымына үлкен әсері бар жобалар сайысын ҚББ әдіскері Р.Кұлмұханова ашты. Роза Жаскенқызы өз сөзінде бүгінгі өткізіліп отырған шараның ұстаз үшін де, шәкірт үшін де тиімді екенін, алдағы уақытта оқушылары-

мыздың осы зерттеу жұмыстарын аяқсыз қалдырмай, жан-жақты іздену керектігін атап өтті. Жүзден жүйрік шыққан болашақ жас ғалымдардың жұмыстарын арнайы тағайындалған қазылар алқасы, ҚББ әдіскерлері Г.Аймағанбетова, Р.Кұлмұханова қорытындылап, жүлдегерлердің есімін атады. Нәтижесінде «Ұлы тұлғалар және олардың Қазақстан тарихы мен географиясын зерттеуге қосқан үлестері» бағытында І орынды №61 мектеп, ІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп, ІІІ орынды №34 мектептің оқушылары иеленсе, тарихи тұлғалар өміріндегі «ақтаңдақтар» бағыты

бойынша І орынды №92 гимназиямектебі, ІІ орынды №23 орта мектебі және Ә.Бөкейхан атындағы №76 орта мектебі, ІІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы №76, №41 жалпы білім беретін мектептер мен №3 гимназия оқушылары қанжығаларына байлады. «Ұлы даланың батыр қыздары» бағытындағы бірінші орынды №54 мектеп, екінші орынды №100 мектеп, үшінші орынды №12 , №33 мектеп оқушылары еншіледі. Айнаш ЖЫЛҚАЙДАРОВА, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы игі істер атқарылып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жіті назарға алынған. Толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, атаулы әлеуметтік көмек, материалдық жәрдемақылар тағайындалған. Осы жылдың тоғыз айында 110 отбасыға 2534,7 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмек көрсетілген. 504 адам жұмысқа орналастырылып, 265 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға тартылған. Оның ішінде, әлеуметтік жұмыс орындарына – 54 адам, жастар практикасына – 28 адам, қайта оқытуға – 78 адам жіберілген. Сондай-ақ, 175 жаңа жұмыс орны ашылған. Әлеуметтік сала бойынша 858 адам қамтылған. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен ұлттың бірлігі рухында тәрбиелеу мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылған. «Ардағым-Ардагерім» жобасы жолға қойылып, еріктілер қозғалысы мен белсенді жастар бірігіп, ҰОС ардагерлеріне көмек берген. Туризм саласы да қанатын кеңге жая бастаған. Қазіргі заманғы тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік кешен құру және оны жоғары кірісті экономика секторына айналдыру мақсатында 42 бөлмелі ғимараттың жұмысы қолға алынған. Бұдан бөлек қала ішіндегі көше жолдарын жөндеу, көше атауларын қазақыландыру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта 12 үй алаңына жөндеу жұмыстары жасалады деп жоспарланып отыр.

Акция

Адам өміріндегі игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Таяуда Қарағанды банк колледжінде «Экономика және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті. Акцияның мақсаты – студенттер арасында сыйластық қарымқатынастарын дамыту. Оған мұрындық болған колледждің кафедра оқытушылары Д.Үмбетов, Т.Нұрғалиев және СР-22 тобы студенттері. Колледж ұжымы облыстық жастар саясаты басқармасы жанындағы «Жастар ресурстық орталығы» арқылы Қарағанды қаласының тұрғыны, еңбек ардагері, зейнеткер Мағрифа Сейілованың үйіне барып, қайырымдылық көрсетті. Акция барысында студенттер өздері дайындаған тағамдарын сатылымға шығарды. Әзірленген тағамдардың дәмділігінен жәрмеңкеде өнімдер тез арада сатылды. Акциядан жиналған 30000 теңге Қарағанды облысының балаларға арналған психоневрологиялық мемлекеттік медициналық – әлеуметтік мекемесіне аударылды. Колледж ұжымы игі істерді дәстүрге айналдырып, жүзеге асыра береді. Ж. ЖАНАТАЕВА, Қарағанды банк колледжі У-21 тобының студенті.


дүние-дүрмек

12 қараша, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Құттықтаймыз!

Ризашылық

Алғыс

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Абыз ауылының тұрғыны ардақты әкеміз Өмірбай Мағзұмұлы Ақыбай биыл 12-ші қарашада 60 жасқа толып отыр. Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырсыз. Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде халықтың игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас. Бұл жылдар сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы қырынан көрініп келесіз. Асқар таудай әкем – бақытымсың, бағымсың, Өмірдегі, төрімдегі тағымсың! Құтты болсын 60 жасың, жан әке, Сағынышым, қуанышым, асқар шың. Тілейміз біз таусылмайтын төзімді, Тілейміз біз сарқылмайтын сезімді. Денсаулығың мықты болсын, жан әке, Құттықтайды ұл-қыздарың өзіңді. Өмір-өзен жақсылығын жалғасын, Тіршілікте сәттіліктер қолдасын. Жанұямен мақтанамыз қашанда, Арамызда Сіздей әке болғасын. Ізгі тілекпен: Жұбайы – Зихирям, балалары – Абзал-Әсел, ЛяйлаАрман , Рамиля-Нұрбол, немерелері – Нұрсұлу, Ершат, Тавсия, Ділшат, Гульфайруз, Раяна, Елшат. №458.

Филиал ТОО “Патронажная компания «PARTNER'S CARE» в городе Караганде БИН 140441016251, сообщает о снятии с учетной регистрации ф. Претензии принимаются в течении двух месяцев со дня опубликования объявления по адресу: Казахстан, Карагандинская область, г.Караганда, ул. Алиханова, д. 14б кв (офис) 1А. c/ф.432

Сыбайлас жемқорлық ең жоғары шегіне жетіп, күйіп тұрған мына заманда, азық-түлік бағасы шырқап кетіп, қарапайым халық қысылып-ақ қалды. Облыстық антимонополиялық департаменттің 2011 жылға бекіткен №2-9/2675 тұжырымдамасында тұтынушы пайдаланған электр қуатының әр кВт/сағатына төлеуі тиіс – 6 теңге 12 тиынның орнына 8 теңге 08 тиыннан төлейтін болыпты дегеннен кейін, «Жезқазғанэнергосбыт» ЖШС-нің бізден қаражат жинайтын Жаңаарқадағы өкілетті мекемесіне бардық. Қолымызда антимонополиялық департаменттің дәлелденген тұжырымдамасы бар. Аталған мекемедегілер «Басқа шаруаңыз болмаса, бара беріңіз» – деп шығарып салды. Сонымен не керек, әр жылға 2 теңгеден, заңсыз өз еріктерімен өсіріп, 2016 жылға бір кВт/сағатына 19 теңге 75 тиыннан төлейтін болдық. Мұны естіген халық не істерін білмей қинала бастағанда, 2015 жылдың желтоқсан айының бас кезінде, аудан әкімшілігіне облыстық антимонополиялық департаменттің жаңа тағайындалған басшысы Асхат Жапсарбай келді. «Жезқазғанэнергосбыт» ЖШС төлемақыны көтеруді сұрапты. Осыған орай, мен халықтың әлауқатын білуге, ақылдасуға келдім деп ағынан жарылғандай болды. Ел шулап қоя берді. «Зейнетақы мен жалақы 20 пайызға ғана өсті, ал, электр куатының бағасы 300 пайызға, яғни, үш есеге көбейді. Және де қыста боран болса, жазда жел тұрса да, жауын жауса да жарық өшіп қалады, әрі сығырайып тұрады. Сонда электр қуаты не үшін қымбаттайды?» – десті. Аудандық ақсақалдар ұйымының төрағасы К.Әбеуов: – Қаражат жинаушылар халықты әбден басынды. Сіздердің мемлекеттік өкілетті органның тұжырымдамасына бұлар бағынбай, бағаны Х.Че деген мырза өз еркімен көтерді. Сонда, сіздер не қарап отырсыздар? Заң қайда, қал-

Топтаманы әзірлеген Қуаныш Аманқұлов

қам-ау?! – деді. А.Жапсарбай мәселені егжей-тегжей зерделейтінін жеткізді. Айтқандай-ақ, желтоқсанның аяғында облыстық департаметтің электр қуатының әр кВт/сағатына 14 теңге 51 тиын төленсін деген шешімі аудандық «Жаңаарқа» газетіне шықты. Бірақ, «Жезқазғанэноргосбыт» бағаны сол 18 теңге 75 тиыннан түсірмеді. Ғалы Бақтыбаев деген азамат Жезқазғандағы сотқа бармай-ақ, БАЖ салығын төлемей-ақ, тиісті құжаттарын почтамен жіберуге болатын жеңілдіктерін пайдаланып, бір айда өзіне тиесілі екі жарым мың теңгесін кестіріп алды. Сол-ақ екен елдің біразының көзі ашылып, «Жезқазғанэнергосбыт» ЖШС-ге электр қуатының әр кВт/сағаты үшін 14 теңге 51 тиыннан төлейміз деп уағдаласты. Ал, «Жезқазғанэнергосбыт»

ЖШС қызметкерлері облыстық антимонополиялық департаментті сотқа беріпті. Мұны естіп, біз ауданның халқын жинап, үлкен жиналыс өткіздік. Жиналыстың төрағасы мен хатшысын сайлап, осы жиналыстың шешімімен халықтың мүддесін қорғайтын Ғалы Бақтыбаевты халық өкілі етіп сайлағанбыз. Сотқа Ғалы Бақтыбаев та қатысатын болды. Сотта облыстық департаменттің заңгері мен бас маманы, өздерінің шешімдері заңға толық сәйкес келетінін, бағаны бекіткенде барлық факторлар ескерілгенін толық дәлелдеп шықты. Сот отырысы кейінге қалдырылды. Келесі болған сотқа Балқаш қаласы, Шет, Абай, Осакаров аудандарының өкілдері келіп, олар да тура осындай жағдай тіркелгенін дәлелдейтін құжаттарын көрсетті. Ақыры не керек, бірнеше рет

сот отырысы өтті. Соның бірінде облыстық департаметтің төрағасы А.Жапсарбай мырза өте сауаттылық әрі табандылық танытып, өзінің дәлелденген тұжырымдамасын қорғап бақты. Ең ақырында сот «Жезқазғанэнергосбыт» ЖШС-нің 2011-2015 жылдары халықтан заңсыз артық алған 3 миллиард теңгесі қайтарылсын деген шешім шығарды. Міне, жеті ай бойы сыбайлас жемқорлықтың шынжыр бұғауын бұзып, талай қоқан-лоққыға, талай азғыруға төтеп беріп, ең бастысы, қарапайым халықтың мүддесіне жұмыс істеген қаршадай жігіт – Асхат Тұрсынұлының ерлігін біз, бірнеше он мыңдаған тұтынушылар, қалтасындағы азын-аулақ тиын-тебеніне дәрі-дәрмек алсам ба, тамақ алсам ба, әлде, электр қуатының төлемін төлесем бе екен деп, жаны күйзелген зейнеткер қарттар мен жесір әйелдер өте жоғары бағалаймыз. Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматтары: М.ТІЛЕУХАНОВ, Қ.ӘБЕУОВ, М.ХИШАУОВ, А.СӘДУАҚАСОВ, Е.АДАМОВ. ЖАҢААРҚА ауданы.

Пейіл

Қарағанды облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Сайлауұлы Камалиевке орны толмас ауыр қаза – апасы Минуар Сайлауқызы Камалиеваның қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қарағанды облысының әкімдігі «Саранская» шахтасындағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілер М.ЖАНЫСБАЕВТЫҢ, Э.ЛЕСНИКОВТЫҢ, М.НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ, М.ПАТИННІҢ отбасыларына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. «Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясы» ЖШС ұжымы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Сайлауұлы Камалиевке орны толмас ауыр қаза – апасы Минуар Сайлауқызы КАМАЛИЕВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қарағанды қаласының әкімдігі және Қарағанды қалалық мәслихаты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Сайлауұлы Камалиевке әпкесі Минуар Сайлауқызы КАМАЛИЕВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғылы қазасына ортақтасып, көңіл айтады.

Өмірде бір рет таңдау жасап, сол арқылы жүріп өту оңай жол емес. Осы жолдағы менің алғашқы қадамым университетке түсу болды. «Кім боламын? Мақсатыма қалай қол жеткіземін?» деген сұрақтар 11 сыныпта оқып жүрген кезімізде талай толғандырғаны рас. Кеңестер мен ұсыныстар да көп айтылды. Бірақ, бәрімізді біріктірген бір мақсат – лайықты білім мен талап етілетін мамандық алу еді. Жоғары білім алу үшін емтихан тапсырып, мамандық таңдауда ақтық шешімге келуім керек еді. Мен өзімнің жинаған көрсеткішіммен грантқа

5

өтетінімді білдім. Мені қуантқаны – мамандығымды дұрыс таңдағаным еді. 2016 жылдың гранты да белгілі болды. Мен беделді оқу орны ӘлФараби атындағы ҚазҰУ студентімін. Алдағы төрт жылда «Мұрағат ісін жүргізу, құжаттамалық қамтамасыз ету және іс қағаздарын жүргізу» мамандығы бойынша білім аламын. Мамандыққа кіріспе сабағында жақсы мұрағатшы қандай болуы керек деген сұраққа көп ойландым. Бастысы, мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білікті оқытушылардың арқасында кәсібиліктің жоғары деңгейіне

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің басшылығы, шахталар мен кәсіпорындар директорлары, кәсіподақ ұйымы мен еңбек ұжымы «Саранская» шахтасында орын алған апат салдарынан №1 дайындау жұмыстары учаскесінің жерасты тау-кен жұмыскері Мейрам Жұмағазыұлы ЖАНЫСБАЕВТЫҢ қайғылы қазаға ұшырауына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. №508.

жететініме сенімдімін. Университет туралы қандай әсер алғаным туралы да айта кеткім келеді. Аумағы кең, бай кітапхана, 16 жайлы жатақхана У.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы және студенттердің «Керемет!» қызмет көрсету орталығы. Жақында Д.Баландин атындағы бассейн ашылды. Олимпиада чемпионының біздің университеттен шыққаны, осы жерден білім алғаны мен үшін үлкен мақтаныш. Таңдауыма мақтанышым жалғаса берді, өйткені, студенттер қатарына қабылдау да жоғары деңгейде өтті.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің басшылығы, шахталар мен кәсіпорындар директорлары, кәсіподақ ұйымы мен еңбек ұжымы «Саранская» шахтасында орын алған апат салдарынан стационарлық жабдықтар учаскесінің жерасты тау-кен жұмыскері Эдуард Вячеславович ЛЕСНИКОВТЫҢ қайғылы қазаға ұшырауына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. №508.

Оқу орнымыз, ғимаратымыз, жаңа достарым, оқытушыларым маған ұнайды. Мұғалімдердің көпшілігі біздің елге ғана емес, әлемдік ғылымға да еңбегі сіңген тарихшылары. Олармен бірге мен мақсатыма жетемін деген ойдамын. Жоспарда – үздік диплом. ҚазҰУ – менің таңдауым. Мен бақыттымын. Өйткені, мен осындай білім ошағында білім аламын. Азамат ТКАНОВ.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің басшылығы, шахталар мен кәсіпорындар директорлары, кәсіподақ ұйымы мен еңбек ұжымы «Саранская» шахтасында орын алған апат салдарынан №2 кен қазу учаскесінің жерасты тау-кен жұмыскері Мұрат Айткенұлы НҰРМАҒАМБЕТОВТІҢ қайғылы қазаға ұшырауына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. №508.

Өткенге құрмет – бүгінгі ұрпаққа міндет. Жақында Нүркен ауылында, бір кезде өзіммен үзеңгілес болған, ұстаз деген құрметті мамандықты бірге игерген елдің аптал азаматы – Шоқатай Әуезхановты туған елі еске алып, ас берді. Бұған мұрындық болған – ауылда оқып, білім алып, қызмет жолын өз ауылымыздан бастап, қазірде облысымызға танымал азамат, Шоқатайдың інісі – Нихан Омарханов. Нүркен ауылы қашанда береке қонған елдігі мол жер. Ел болған соң тумақ бар да, өлмек бар дегендей, жас та, кәрі де өмірден озып жатады. «Орнында бар оңалар» деп соларды еске алынып, артында қалған бала-шаға, туыс-бауырлары дұға бағыштауы сауапты іс. Ел ақсақалы ретінде осындай бір ұлағатты шаруаларға көңілім толып, ризалық көңілімді білдіріп отырмын. Өлмейтұғын пенде жоқ, артындағы айтушысын, еске алушысын айт. Өткенді еске алып, риза болып қайттым. Игі іске бас болған Ниханмен өткен 2-3 сағатта айтылмаған естелік қалмады. Шоқаңның алыс-жақыннан келген туыстарын, қызметтес болған дос– жарандарын сөзге тартып, Ниханның ағасына деген ілтипатты көңілімен отырыс тұжырымдалды. Соңынан бұрынғы ұстаздарға, ел ағаларына арнайы жоралғы жасалды. «Ұлық болсаң, кішік бол» деген аталы сөз осындай азаматтар үшін айтылса керек. Бейсенбек НАУРЫЗБАЕВ, зейнеткер ұстаз. ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің басшылығы, шахталар мен кәсіпорындар директорлары, кәсіподақ ұйымы мен еңбек ұжымы «Саранская» шахтасында орын алған апат салдарынан №1 учаскенің жерасты электрслесарі Михаил Геннадьевич ПАТИННІҢ қайғылы қазаға ұшырауына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. №508.

Тағзым Өмір бесігінде сәби тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі – өсиет, тұғыры биік. Ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Анамыз Күлғайша Қызылбайқызы сегіз баланы дүниеге әкеліп, тәлім-тәрбие берген алтын құрсақты ана, Алтын алқа иегері еді. 1929 жылы, 27 желтоқсанда Қарағанды облысы, Қоңырат ауданында дүниеге келген. Анамыздың нағыз бой түзеген бойжеткен шағы сұм соғыспен тұспа-тұс келген екен. Әкелері соғысқа аттанып кеткеннен кейін (әкесі соғыстан оралмады), жетімдіктің де ащы дәмін таттық деп отырушы еді марқұм. Соғыстан кейінгі жылдардағы қиындықты біздерге сабақ болсын

деген оймен бе екен, жиі есіне алып отыратын еді. Әкесі Қызылбай соғысқа кеткенде анамыз Күлғайша небары 13 жастағы қыз екен. Анасы – Ұлбала жолдасын соғысқа шығарып салғанда жүкті екен. Әкелері соғыста жүргенде дүниеге ең кіші бауыры Армияш келіпті. Соғыс уақытында баламен бір жасқа дейін отыру деген жоқ, анасы 40 күннен кейін-ақ, белін буып, қырманға жұмысқа шыққан екен. Бала ертеңнен кешке дейін аш, жылай берген соң, ол кезде еміздік деген жоқ, анамыз жүгеріні

шайнап, аузына сүт ұрттап, тілін жас баланың аузына салады екен. Бала сол анамыздың тілінен тамақтанып, тойып, ұйықтап қалушы еді деп күрсініп қоюшы еді. Інісінің ержетіп, үлкен қызметтерде жұмыс істегеніне ризашылықпен қарап, қуанып отыратын. Інісі өзінен 2 жыл бұрын дүниеден өткенде, қабырғасы сөгіліп, қатты қиналады. Анамыз өте бауырмал адам еді. Баласындай болған кіші інісі о дүниеге аттанғаннан кейінгі уақытта, бауыры Жанғабылды аузынан тастамай,балаларымның алдында

кетсем арманым жоқ дегенді жиі айтатын. Соғыстан кейінгі жылдар ол кісілерге жеңіл тимепті. Әкеміз Ыбырайкен екеуі уйленіп, жеке үй болып шыққанда «қайныларымды қоса ала шықтық» деп әңгіме өрбітетін. «Мен екі жұртымды да, қайын жұртымды және өз жұртымды теңдей ұстадым» деп отыратын марқұм. Қайнысы Абдуғалидың жеңге деп айтуға тілім бармайды, ол кісі маған шешемдей деп айтуының да себебі бар шығар. Анамыз өзінің парасатты ойымен, ақылы-

мен, халық педагогикасын ұстана отырып, біздерге тәлім-тәрбие берді. Дүниеге 6 қыз, 2 ұл әкеліп тәрбиелеген анамыз, қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген кісі еді. Қыздарына «барған жерлеріңе балдай батып, судай сіңіп кетіңдер, қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман демекші, жамандықтарыңды көрсетпегендеріңнің өзі бір бақыт» деп, жиі жетемізге жеткізді. Анамыз Күлғайша сегіз қырлы, бір сырлы болғанын бүкіл ауыл-аймақ біледі. Ол кісі арнайы оқу-орнын бітірмесе де, өте іскер болды. Жүн түтіп, жіп иіріп, тоқыма

тоқу, киім тігу, сырмақ сыру, көрпе қабу, құрақ құрау дегенде алдына жан салмайтын шебер еді. Ал, қонақжайлылығы ол өзінше бір әңгіме. Дастарханынан құрт, май, ірімшігі, ыстық наны үзілмеген өте берекелі адам болатын Анамыздың бұл дүниеден өткеніне де 40 күндей уақыт болып қалды. Асыл анамызға о дүниеде мінгеніңіз пырақ, ұстағаныңыз шырақ болып, жаныңыз жәннатта болсын демекпіз. Қош бол, абзал ана! Асыл ана бейнесі өзінің парасаттылығымен, салмақты мінезімен әрқашан біздің жүрегімізде болмақ. Балаларының атынан қызы Гүлшат.


6

РУХАНИЯТ

12 қараша, 2016 жыл www.ortalyq.kz

Қасым АМАНЖОЛОВТЫҢ туғанына – 105 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» «Қарағанды Қасым АМАНЖОЛОВТЫҢ қадіріне қашан жетеді?» деуші едік. Биыл байқасақ, олай «ойбай, аттанға» баса беруге де болмайды екен. Бірен-саран олқылықтарды айтпағанда, облысымызда ақынның 105 жылдығы атаусыз қалған жоқ. Дауылпазға арналған әдеби поэзиялық кештің бірі жақында Қарағанды көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжінде өтті. Күзде ақын құрметіне облыстық жыр мүшәйрасы ұйымдастырылса, одан кейін қалалық кітапханаларда, облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, тіпті, ауыл мектептерінде Қасым Аманжоловтың 105 жылдығына қатысты әдеби шаралар өткені газетімізде жарияланған. Қасымдарын жаттап, жасын жанын бойына сіңіріп өссе – ұрпақ бүгінгіден де биіктей түсеріне мен кепіл. «Мен – қазақтың баласы» деп дүниеге жар салды ол. Соғыс жылдарында қасиетті қазақ поэзия­ сының босағадағы алтын басын төрге шығарған Қасым өлеңдерінде бұлқынып азаттық, жұлқынып шындық, құлпырып бояуы қанық сурет сөйлеп тұрады. Оны санаға тұтып өскен жастың рухани көкжиегі тар болмауы тиіс. Еңсесі түспеу керек. Жаттау бар да, түсініп, бойға сіңіру – басқа әңгіме. Осы тұрғыдан келгенде, колледж студенттері мен мектеп оқушыларының талпынысы көңіл қуантарлық. Жақсылыққа жаны құштар жастар жоқ емес. Тәрбие, бағыт-бағдар бере алатын үлкендер болса. Шиыршық атқан Қасым өлеңдерін, оған арналған белгілі ақындардың жыр шумақтарын мәнерлеп жатқа оқығанда, еріксіз қол соқтырады. Кейбіреулері, тіпті, таңдай қақтырады. Көздерінде от ойнаған ондай жастарды көргенде, қуанасың. Қасым жырларын жатқа оқитын жастардың бір парасы Көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжде де бар екен. Колледж студенттерімен қатар, жас ақын, «Құмдауыт» жыр жинағының авторы Жәлел Шалқар Қасымға арнаған өлеңін оқыды. Әуел басында шараның шымылдығы түрілген соң, ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін деректі фильм көрсетілді. Қасымның әндерінің өзі неге тұрады?! Бүгінгінің мінезсіз былдыр-батпақтарымен мүлде салыстыруға келмейді. Асқақ сезімнің белгісіндей «Ақ сәуле» шырқалды. «Ақ сәуле аспанда аймен таласасың, Төгіліп иығыңа қара шашың» деген жолдар ән иірімдерімен қабысқанда тіптен керемет күйге бөледі. Оқу жылының басында колледж тарапынан мектеп оқушылары арасында «Шарлаған жолым жатыр жер бетінде...» атты эссе сайысы жарияланыпты. Қорытындысы осы салтанатты кеште мәлім болды. Шығарма, эссе жазып қатысқан балаларға Алғыс хаттар табысталды.

Жарнама бөлімінің телефоны мен электрондық поштасы:

91-04-52 ortalyk.reklama@mail.ru

Ң ән ым әк ек ес .. ІНІ АЙТ Д да лығ ақ, п ы ж ем ісіз. Л н Е р Н п рд г а К ға р , ұр оқы н ап мда л б бер СЫ ЛЫҒЫ ЕВ т і Қ ы А а С а р . ақ лғ ЖА ҚСЫ ып ой бә ад МБ н н жы ол ді ғ ың йбір КЕ е А б Р г с Ж у із е ард ке . де тпі ДӘ са

е ін іс д н т» же ге ім лг ам тс т жа м – ер сы: көз бе ад п ке дей б а м н қ л нд лы Ба анда енің асы Ме ылы әзі ғы жы ! ш еп * : м я м м ? за сы ғар ірә ім а – д * * ары ң а еті ы , .О ы , с з ңж н нж «.. р, ш н-ау р кө ғой» іні ақсы ке а д е а т н р г л ға олғ . Е мкі ке а, ж н ө сы нш ыме шы с б рем е мү қ а ға н ры кө д , Ж бол да о дұ нде уім А В а т а йі ЛО д ас кү іп ке ЙІ нын ұрм р Е а т кө лС ж гү ың тан е йн нн ш Зе ама аны .Ж қу «.. йім Дә ?! е п – Жезқазған қаласы облыс орталығынан шалғай орналасқан аймақ болғанымен мәдени шежіресіне мәнді үңілер болсақ, «Қаракөз» вокальды-аспапты ансамблі, оны айтсақ міндетті түрде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жақсыкелді Сейіловсіз әңгіме тағы өрбімейтіні түсінікті. Тарихтың тамырына қан жүгірте отырсаңыз. – Расымен де Сарыарқаның батысында, Ұлытау тауларының оңтүстігіндегі Қаракеңгір өзенінің бойындағы Кеңгір бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан қала еліміздегі түсті металлургияның ірі орталығы. Қала тарихын айтқанда «Қаракөз» вокальды-аспапты ансамблінің ауызға бірінші алынары ақиқат. Ал, ансамбль жайлы әңгіме міндетті түрде сыршыл сазгер Жақсыкелді Сейіловсіз мәнді шықпайды. Өнерде аққан жұлдыздай өшпес із қалдырып кеткен дарынды таланттың жүрегінен жарып шыққан сазды әуендері өз тыңдармандарының жүрегінен әсте өшкен жоқ. «Ана туралы баллада», «Неге солай?», «Әке туралы ой», «Кездесу», «Жезкиік» бүгінде жастың да, жасамыстың да есінде жатталып қалған шығармалар. Тағдыр талайымен мынау жарық дүниені қос жанарымен емес, өнер десе қарсы айырылып кетуге жақын тұратын көкірек көзімен сезінген сыршыл сазгер, шын мәнінде, жалғыз емес еді. Тұла бойын шабыт кернеген композитор қара сырнайын құлаштай керіп, талай әншінің атын мәшһүр етсе, талай әндердің бағын ашты. Осындай тума таланттарды жанына жалау етіп, бірлесе жұмыс істеді. Солардың бірі де бірегейі арқалық дарынды сазгер әрі орындаушы Болат Есмұқанов дер едім. Негізінен ансамбльдің алғашқы ұйымдастырушылары да Жақсыкелді мен Болат. Өнерде қатар жүріп, ансамбльдің құрылғанынан бастап, қандай биікке көтерілсе де сыйласа қызмет атқарған Сәлімжан Сейілов, Ахмедия Есмұқанов, бас гитарада – Қойшықара Әміралин, ритм-гитарада – Әбу Түсіпбеков, Камал Қазымбетова тамылжыған әндерімен, ал, Майя Сарыбаева мың бұралған биімен жұртшылықты тәнті етті. Ансамбльдің мүшесі, концерттік бағдарламаларды жүргізген Дәмеш Жолаушинова да ансамбль алғаш құрылған жылдардан басы-қасында болған өнерпаз. Кейін ансамбль, «Жезкиік» болып өзгерді. Одан «Ұлытау» болып өмір сүрді. Аттары өзгергенімен, өнер десе ішкен асын жерге қоятын сол құрам шашырай қойған жоқ. Мара Есмұқанова, Ғалым Мұхамедин, Ахат Байбосынов, Бағдат Сәмединова сияқты дарынды жастармен толығады. – Ансамбльдің ел есінде қалған ерекшелігі де сол, аттары аталған ансамбль мүшелері тек өздерінің, яғни жергілікті сазгерлердің шығармаларын ғана орындады емес пе? – Иә, ол пікірдің де жаны бар. Қазақтың марқасқа ақындарының бірі Аманжол Шәмкеновтің сөзіне жазылған «Ана туралы балладасын» алғаш Сәлімжан Сейілов әуелете шырқады. Ән қандай, әнге жазылған өлең, ал орындаушысы келіскен ән өміршең! Жақсыкелді ағамыз өмірден өткенін естігенде туған «Жарығым-ай» әнін Болат өзінің өнердегі әрі өмірдегі қосағы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Мара Есмұқановамен бірге орындап жүр. Негізінен Аманжол Шәмкенов, Тұманбай Молдағалиев, Бәкір Тәжібаев, Әбілахат Еспаевтың сөздеріне жазылған әндермен қатар, көбіне Болат пен Ахмедияның сөзі мен ырғағы келіскен әуендері шырқалып келеді. Ансамбль тегінде осы ұстанымымен ерекше. – Тоқырау жылдары, сонау тоқсаныншы жылдары Жезқазған өңірінде тек экономикалық емес, мәдени дағдарыс та белең алғанын жақсы білеміз. Әсіресе, еліміздің көптеген өңірлеріндегі сияқты көпшілік кітап­ ханалар жабылып, жұртшылықты рухани жұтаңдық жайлаған кезеңде ансамбльдің де көзден бұлбұл ұшқанын көзі қарақты әнсүйер қауым жақсы біледі. Ал ән әлеміне қайтадан келу кімнен шыққан идея болды екен? – Оныңыз ақиқат. Жетпісінші жылдары өзіндік қолтаңбасымен өрнек сала келген бұл ұжым негізінен тоқсаныншы тоқырауға жетпей тұрып-ақ, бірнеше рет аты өзгеріп, немесе түрлі себептермен сахнадан көрінбей кеткені рас. Бірақ өнерге жақын адам, бойында әнге деген құмарлық, қанына сіңген дарындылық қай кезде болса да өшпейді ғой. Сол сияқты ансамбль мүшелерінің көптеген жиын-тойларда бастары қосылып қалса, тыңдармандарының құлақ құрышын қандырып жүретіні белгілі. Осындай бір салтанатты жиында басымыз қосылып

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың бірінші орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Бас редактордың орынбасары Төрехан Әкімжанұлы МАЙБАС Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың бірінші орынбасары: 43-38-53. Бас редактордың орынбасары: 43-57-76. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 48-16-45 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45

Жезқазған қаласының тарихымен бірге ел есінде қалатын, сол өңірдің мәдениеті мен өнері жайлы сөз болса, ең бірінші – «Қаракөз» ансамблі еске түсетінін, ал «Қаракөз» аталған жерде Арқаның маңдайына біткен сазгері Жақсыкелді СЕЙІЛОВ қосарлана айтылатынын аса бір мейіріммен әңгімелер едік. Шын мәнінде, жетпісінші жылдардың басында «Қаракөз» вокальды-аспапты ансамблі сол өңірдің ғана емес, республикамыз­ да ұлттық эстрада саласының шарықтау шыңына көтерілгені, еліміздің өнер әлеміне жаңаша үрдіспен енген отандық эстрада отауына айналғаны әнсүйер қауымның есінде болар?! Сазгер мен орындаушы арасындағы тығыз байланыстың арқасында тез арада үлкен сұранысқа ие болған ұжымның бір ерекшелігі – негізінен өздері шығарған әндерін орындайтыны болатын. Өйткені,

қалған жігіттер: «Неге «Қаракөзді» қолға алмасқа, бәрібір өнерден алыстай алмаймыз» деген пікірге тоқталдық. Ән салмасам да, жан-дүнием өнерге құмар менің де қаным қызып шыға келдім. Өйткені, ұмытылып бара жатқан әндер қаншама?! Бір Жақсыкелдінің өзінің отыздан астам әндері бар, бірақ, елге жетпеген. Кейінгі жастар Жақсыкелдінің, Болаттардың әндерін айтып жүргені болмаса, авторларын біле бермейді. Әйтпесе, «Мұзарт» сияқты елге танымал топтың орындауындағы бірнеше ән, Лұқпан Жолдастың репертуарында да бірнеше осы сазгерлердің әндері орындалып-ақ жүр. Мысалы, Лұқпанның орындауындағы «Жарығым-ай» әні Жақсыкелді өмірден өтті деп естігенде Бо-

латтың жазған әні. Қандай керемет ән. Орындауында кінәрат жоқ, жеткізіп, тебірентіп жібермей ме?! Кезінде Кәкімбек Салықовтың сөзіне жазылған Жақсыкелдінің «Жезкиігінің» бағын ашқан Ғалым Мұхамедин еді, казір осы ән ұмытылып бара ма деп қорқамын. Құрманғали Онбаевтың сөзіне жазылған «Сен мені аямадың» әнінің де тағдыры осындай. Ал, Ахмедия Есмұқановтың «Тамшылары» да орындалып жүргені болмаса, сазгердің аты-жөні айтыла бермейді. Осылай, жұрт көзінен тасаланып қалған жылдар артта қалып, іске кірісіп кеттік. Тірлігіміз жаман басталған жоқ, бірнеше рет Республика сарайында концерттерге қатыстық. Әсіресе, қазақтың талантты әнші қызы Майра Ілиясованың басшылығымен жыл сайын ұйымдастырылатын «Сағындырған әндер-айында» елдің кере-

ансамбльдің жетекшісі Жақсыгелді СЕЙІЛОВ, ағайынды Болат пен Ахмедия ЕСМҰХАНОВТАРДЫҢ сырлы да мұңға толы лирикалық шығармашылығы ансамбль репертуарының мол байлығына айналып үлгерген. Сарыарқаны тамылжыған сазды әуен тербеген сол бір жылдардың халық жадынан өше қоймағаны анық. Өзіміз де сол ансамбльмен бірге ержеткен ұрпақтың өкілі ретінде көптен бері ойда жүрген, толғағы әбден жетілген осы бір өнер ұжымы жайлы оқырмандарды құлағдар етуді өзімізге мақсат тұттық. Бүгінде уақыт талабына байланысты ансамбльдің жаңа құрамына басшылық жасап жүрген, өзі де өнерге жаны құмар кәсіпкер азамат Жаңабай СӘТЖАНОВ мырзамен уағдаласқан уақытта редакцияда жолықтық. Әңгімеміз де осы тұстан басталды.

мет қошеметіне бөлендік. «Қаракөзді» сағынып қалған-ақ екен. Одан кейін білек сыбана жұмыс істеу керек екенін, бір кездері Арқаның желаяқ ор текелеріндей сары даласында шырқалған сазды әуендердің ел санасында сарғайып, сағынышқа айналғанын жан-тәнімен сезінгендей күй кештік десем артық айтқандық емес. Қалың қазақтың, өнерсүйер ұлыстың көзайымына айналған «Қаракөздіктер» өздерінің жеке концерттерін де беріп үлгерді. Алматы қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен концертке ағылған жұрттың легінен осыны аңғардық. Ағайынды Есмұқановтарды көріп бір қуанса, марқұм Жақсыкелді Сейіловке деген жүрекжарды сағы-

нышын жүздеріндегі жылылықтан байқатып жатты. – Осы ретте, қараша айының 18 жұлдызында Қарағанды қаласының Кеншілер мәдениет сарайында өтетін концерт жайлы да оқырмандарды құлағдар етіп өтсеңіз? – Иә, соңғы он жыл ішінде, тіпті одан да көбірек уақыт аралығында ансамбль өз тыңдармандарының құлақ құрышын қандыратын, шығармашылығын шыңдайтын кезеңдерде белгілі бір себептермен, еліміздегі экономикалық дағдарысқа, тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары көптеген түрлі қиындықтарға, тұрмыстық-әлеуметтік, мәдени тоқырауларға байланысты қол үзіп қалғанымыз­ды тағы да қайталап айтуға тура келеді. Ол біздің ғана ұжымның «тоқырауы» ғана емес, республикамыздың әр өңіріндегі жергілікті осын-

дай өнерлі топтардың, тіпті, орталық кітап­ ханалардың жабылып қалуы ата-бабалар арманы болған егемендігіміздің орнауы оңай бола қоймағанын, халық арасындағы танымал ансамбльдердің таралып, сол тәуелсіздікке құрбан болып кеткені сияқты көрінеді. Бүгінде өзінің бұрынғы репертуарынан да байып, қайтадан жаңару-қалыптасу дәуірін басынан кешіп жатқан ансамбліміз тарихи төлмереке – Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өнерсапарларын алғаш болып өзіміздің кенді қала, Сарыарқаның кіндігі – Қарағанды жұртшылығымен қауышудан бастамақпыз. Кезінде өңірдің алшақтығына байланысты болған Жезқазған қаласы, «Қаракөздің» туған қаласы жеке облыс болса, бүгінде жалпы Қарағанды облысының тарихында орны ерекше қала екені даусыз. Сондықтан да жезқазғандық өнер тобының көптеген тыңдармандары кенді қаламыз Қарағандыда екені де айдай әлемге ақиқат. Сондықтан да, осынау еліміз тарихында ерекше орны бар Тәуелсіздіктің жігіт жасы 25 беске толуына орай қала жұртшылығына ән-жырдан шашу шашып, бүгінде алды жетпіс-сексенді алқымдаған «Қаракөздің» бұла шақтағы көрермендерін қуантпақпыз. Ансамбль мүшелері де бұл қауышудың әсері керемет боларын жүректерімен сезініп, құлшына дайындық үстінде. – Әңгімеңізге рахмет. Өзінің жан-дүниесіндегі құбылысты жалпы жұртқа музыка тілімен жеткізе білген туматалант Жақсыкелді Сейілов жайлы әлі талай сырлы әңгімелер айтылар. Ал, бүгінгі әңгіме өзегіне айналған «Қаракөз» вокалды-аспапты ансамблінің алда талай сырлы кештері боларына сенім артайық. Сұхбаттасқан Таңсұлу АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ.

Р.S. Әнсүйер қауымға 18 қараша, сенбі күні Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында «Қаракөз» ансамблінің концерті болатынын еске саламыз.

Білім ошақтарында

Қарағанды қаласының Октябрь ауданына қарасты 18-ші ықшамауданындағы толық мемлекеттік тілде жұмыс жасап тұрған «Қарлығаш» балабақшасындағы күз мерекесінде табиғатты қорғау, жемістер мен көкөністерді ажырата білу, оның сұлулығын тамашалау шаралары балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікті көре білуге, табиғатты қорғап аялауға үйрету

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 43-30-88, 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 91-04-52; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-775-406-09-90; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «Центркредит банкі» АҚ ҚФ Есеп-шот: kz058560000000010476, БИК KCJB KZ KX РНН 302000046744 БИН 000940001367

Таралымы 15 275 дана №183 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 баспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru

мақсатында балабақшада Алтын күз ертеңгіліктері өтті. Осы тақырыпта «Арғымақ» тобында «Аяулы күз – алтын күз» атты өткен ертеңгілік көңілді марқайтты. Балалар күздің қыр-сырын өздерінің жаттаған тақпақтары және ойындар ойнау арқылы білімдерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Жалпы, ата-ана, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы ізеттілігі, еңбексүйгіштігі – отбасындағы адамгер-

шілік тәрбиесінің негізі. Бала жанының қалыптасуы дұрыс жүргізілген тәрбие жұмыстарына байланысты. Баланың ілтипатты, әдепті, кішіпейілді, көпшіл болып өсуі әуелі ата-анасының үлгісіне, өнегесіне байланысты. Баланы жанжақты тәрбиелеуде отбасы мен балабақшаның, тәрбиеші мен ата-ананың байланысын нығайту арқылы біз қоғам талабына сай ұрпақ қалыптастыра аламыз. Бұл міндетті орындау тек балабақ-

шаның емес, отбасы мүшелерінің игі ісі. Бұл ретте №3 «Арғымақ» ересектер тобының тәрбиешілері әр баланың үйдегі және бақшадағы іс-әрекетін салыстырып, талдау жасап отырады. Қамар МҰХТАРОВА, «Қарлығаш» балабақшасының І санатты тәрбиешісі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Салтанат ИЛЬЯШОВА КОРРЕКТОРЛАР 2, 4, 5 – беттер: О.ТӨЛЕУБЕКОВА 1, 3, 6 – беттер: Ж.АХМЕТОВА

12 11 2016  

Advertisement