Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

www.ortalyq.kz

♦ СЕЙСЕНБІ, 11 СӘУІР, 2017 жыл №39 (22 346) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Көрменің басталуына 60 күн қалды

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан»

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» Ертең Қарағанды вокзалынан «Саламатты Қазақстан» консультациялық-диагностикалық медициналық пойыз жолға шығады. Медицина қызметкерлері облыстың шалғайда орналасқан 14 станциясын аралайды. Тәулігіне 200-ге

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагердің бірі Германияда бомбалар тайқып ұшатын жолдардың болғандығын айтқаны есімде қалыпты. Әуеден құлдилаған бомба тұрмақ, жеңіл көліктің жүрісіне жарты жыл шыдам бермейтін біздің жолдарға қарап, сол әңгіме есіме түсті. Амал қанша? «Айта, айта Алтайды, Жамал апа қартайды» демекші, Қарағанды жолын айта-айта жағымыз талды. Тоғыз жолдың торабында тұрған шахтерлер шаһарының жолы жүргісіз болғалы қашан. Салынбай жатыр деуден аулақпыз. Бізді толғандырған – сапасыздығы. (Жалғасы 2-бетте).

Біз – Ұлы Қазақстанбыз! Ұлы Дала еліміз! Ұланғайыр атырабымыз, Ақбоз үйіміз – Астанамыз бар! Еңсесі биік еліміз, көреген Көшбасшымыз – Елбасымыз бар! Қазақтан қайсар да, жайсаң да шыққан. Қасиетті топырақтан нәр алып! Осы көштегі Тоқаң – Тоқтар Әубәкіровтің шоқтығы биік! Ол – Қыран! Қарқаралыда туып, жеті қат Көкке қанат сермеді! Ол – Қараорман қазаққа ортақ! Тіпті, иісі түркі әлемінен шыққан Тұңғыш ғарышкер! Тоқтар ағамыз өткен жылы Қарағандыдағы №77 мектеп-балабақша кешеніне арнайы келіп, кадет сыныбының шәкірттерімен кездесті. Бұл сынып Тоқтар Оңғарбайұлының есімімен аталады. Жас ұландар Батырдың алдында ант қабылдады. Оқу-жаттығу жұмыстарынан көрініс көрсетті. Халық қаһарманы әр баланың қолын алды. Өзінің өмір жолы туралы ой бөлісті. Оқушылардың сол сәттегі әсерін,

ішкі толқынысын көзіміз көрді. Тым ерекше! Әсіресе, әдебиет пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің шамына тисе де жаздым. «Тәуелсіз Қазақстан» деген тіркес кейбіреуінің жаттанды сөзіне айналған. Ұлы Қазақстан десе, аузынан ат теппейді-ау! Тіпті, балабақшадағы баланың санасына Ұлы ел екендігімізді сіңіруіміз қажет-ақ! Кім білсін, қарадомалақтардың арасында болашақ ұшқыш-ғарышкерлер бар шығар. Бар деп сенейік, тілеуін тілейік! Иә, ертең – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні. Ұлы Қазақ елінің жанына жақын мереке! Арыстай үш азаматымыз ғарышты бағындырды! Тоқтар Әубәкіров! Талғат Мұсабаев! Айдын Айымбетов! Айтпақшы, Жер шарының тұңғыш космонавты Ю.Гагарин де қазақ даласынан ұшқан. Біз – Ұлымыз! Ғарыш саласы бойынша да Әлемдегі менмін деген державалардың өкшесін бастық!

жуық адамды қабылдайды. Жоба 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Содан бері «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» сынды үш консультативті-диагностикалық пойыз еліміздің мыңнан астам станциясында болып, 304 мыңнан астам адамды тексерді. «Дөңгелекті емханалар» қажет-

ті диагностикалық аппаратурамен жабдықталған. Түрлі профильдегі дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Пойыздар жетекші ғылыми-медициналық орталықтар мен ТМД қызметкерлерімен оn-line режимде науқастарға консультация беру үшін телемедициналық қондырғылармен жарақтандырылған.

ҚАУІПСІЗДІК ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА Жуырда «ЕХРО2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабының көшпелі отырысы өтті. Алты құрлық Астанаға көз тігіп отыр. Екі айдан соң Елор­ даға миллиондаған адам ат басын бұрады деп күтілуде. Міне, осы тұста қауіпсіздік мәселесі жіті бақыланатын болады. Штабтың көшпелі отырысы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Жиында Көрменің терроризмге қарсы қорғанысының және ақпараттық қауіпсіздігінің жағдайы қарастырылды. Республикалық террориз­м­ ге қарсы жаттығудың қорытынды кезеңінің аясында арнайы операцияны өткізу, терроризм актісінің салдарын азайту және жою шараларының әрекет дағдылары пысықталды. Іс-шараға мемлекеттік ор­ган­дардың және «Астана ЕХРО-2017» ҰК АҚ бірінші бас­шылары, Астана қаласының әкімі және ҚХР бақылау­ шылары қатысқан. ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

ӘРІПТЕСІМІЗ – академик

Шағын кәсіпорындар шаруасы нық Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» Облыстағы шағын кәсіпорындарда мыңдаған адам қызмет етуде. Өткен жылдың ІV тоқсанында аталған ұйымдарда еңбекпен қамтылғандардың саны 80 мыңға жуықтаған.

Жұмыскерлердің басым бөлігі, яғни, 25 пайызы сауда, көлік жөндеу саласында шоғырланған. Ал, өнеркәсіпке – 19,8 пайызы, құрылысқа – 18,1 пайызы тиесілі. Мұндағы орташа айлық еңбекақы 85162 теңгені құрады. Ең жоғарғы еңбекақы – 176508 теңге кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қызмет-

керлерінің еншісінде. Ең төменгі жалақы – 52020 теңге әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда анықталды. Шағын кәсіпорындарда өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер көлемі – 134,6 млрд. теңге сомасында қалыптасты. Жалпы көлемнің 33,9 пайызын өнеркәсіп кәсіпорындары

өндірді. Сондай-ақ, құрылыс саласының үлесі – 25,1 пайызды, сауда және көлік жөндеу ұйымдарының үлесі – 18 пайызды құрады. Осы уақытта шағын кәсіпорындар 17,8 млрд. теңге кіріс кіргізген. Сауда және көлік жөндеу кәсіпорындары қомақты пайда (5,9 млрд. теңге) тапқан. Құрылыс саласындағы бұл көрсеткіш 3,2 млрд. теңгені еңсерді.

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Жақында Қарағанды қаласына тағы бір жағымды жаңалық жетті. Белгілі айтыскер ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай АСАНОВ Қазақ Ұлттық Әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының толық мүшесі, академигі болып сайланды.

Асфальтная көшесіндегі көпір

(3-бетте).

(4-бетте).

Баспасөз – 2017

Қалалар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 4942, 50 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2752, 50 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2452,50 тг.

«Қазпочта» АҚ Индексі: 65484

газетіне екінші жарты жылдыққа жазылу басталды

Ауылдар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 5085, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2865, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2625,00 тг.

Газет редакциясында басылымға баспа құны (жеткізіп берусіз) бойынша баламалы түрде жазылу жүргізіледі. Анықтама телефоны: 43-57-78

Ұлттық шешендік өнер та­ қы­рыбында қалам тербеген қаламгердің еңбегі еленіп, бағасы берілді. Қойлыбай Дәулетқанұлы «Жылымық жылдар жаңғыры­ ғы» (Публицистикалық жинақ, 2004), «Е.А.Букетов-публицист» (Ғылыми зерттеу, 2006), «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» (Монография, 2010), «Сөз өнері және журналистика» (Оқу құралы, 2012) кітаптарының авторы. Мұны ғалым еңбегінің өтеуіне баладық. Академик атан­ ған әріптесімізге алар асуыңыз көп болсын демекпіз!


2

Сейсенбі, 11 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

серіктестікте Днепропетровская және Қарағанды облысының басты флагманы – қара металлургия. Оған қоса қос елді қазіргі таңда тау-кен ісі саласы байланыстырады. Сондықтан, Украинадағы көптеген металлургиялық кәсіпорындар саяси қарсылықтарға қарамастан, тек қарағандылық көмір кәсіпорындарымен стратегиялық серіктестер орнатуға асық. Жандос Әбішев өз сөзінде Қарағанды облысы Украина елімен кез келген бағытта ынтымақтастыққа дайын екенін айтты. Ал, Украина делегация-

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» «Союз-МС-02» басқарылатын капсула экипажы кеше Жезқазған қаласының маңына қонды. Халықаралық ғарыш стансасында бес айдан астам уақыт болған кеме командирі Сергей РЫЖИКОВ, борт инженері Андрей БОРИСЕНКО және NASA астрономы Шейн КИМБРОУ жерге оралды. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, шамамен 200-ге жуық құтқарушы «Союз-МС» экипажының Қазақстанға қонуын қамтамасыз етті. «Оған он төрт «Ми-8» тікұшағы, үш «АН-26» ұшағы, екі «АН-12» және жүріп өту мүмкіндігі жоғары «Синяя птица» іздеу-эвакуациялау машиналары бар жиырма арнайы автотехника қатысты. Әскери авиация мен іздеу-эвакуациялау амфибиялары Свердловск және Челябі облыстарынан жеткізілді», – деп хабарлады агенттік өкілдері. Әуе тасымалы федералдық агенттігі жетекшісінің орынбасары Александр ВЕДЕРНИКОВ: – Қондыру комиссиясы жиынының шешімі бойынша №6 аймақ іздеу және құтқару жұмыстарына жарамды деп танылды. Негізгі парашюттық жүйені іске қосу тобы қондыру аймағының, кеменің, станцияның, экипаждың дайындығына қарай шешім қабылдады. Болистикалық деректер бойынша ұшыруды басқару орталығынынан жедел түрде мәлімет беріліп отырды. Бастапқы күшті дайындау және орналастыру, керекті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету, эвакуациялық шаралар жүргізу жұмыстары сәтті өтті. Қону аймағынан ұшуды басқаратын орталыққа жедел әрі жиі ақпарат жіберіліп отырды. Кездесу барысында мамандар ғарыш жүк кемесі үшін арналған адамдар мен жүктерді жеткізу орбиталық станциясына «СоюзМС-02» экипажының қону дайындығы жөнінде айтты. NASA-ның Ресейдегі пилоттық ғарыштық ұшу бағдарламасының директоры Шон Фуллер қону жұмыстарына NASA мамандарының да үлес қосқанын тілге тиек етті. «Сондай-ақ, жерге оралған аппаратты қондыру бойынша орталық әскери округтің әскери құтқарушылары мен медицина қызметкерлері арнайы техникалармен жабдықталды», – деді. Айта кеткен жөн, өткен жылы 19 қазанда 14 сағат 05 минут, 14 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының 31 алаңынан «Союз МС -02» көліктік басқару кемесі сәтті ұшырылған болатын. Ғарыш айлағының техникалық қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшырылым штаттық режімде өтіп, 529 секундта «Союз МС-02» кемесі бөлініп, кеме жер төңірегіндегі орбитаға шығарылды. Бұған дейін Қарағанды жеріне алғаш 1962 жылы «Восток-3» және «Восток-4» ғарыш кемелерімен Андриан Николаев пен Павел Папович қонған болатын. Одан кейін ғарышкер әйел Валентина Терешкова «Восток-6» ғарыш кемесімен жерге оралды. Осы дәстүрмен халықаралық дәрежедегі экипаж мүшелері Қарағанды облысына табан тіреуде.

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан»

Кеше Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос ӘБІШЕВ ҚР-дағы Украина Елшілігінің бірінші хатшысы Владимир КОВАЛЬДІ және уақытша сенімді өкіл Владимир ДЖИДЖОРАНЫ қабылдады. Тараптар екі ел арасында экономикалық байланыс орнату және жаңа серіктестік құру жайын сөз етті. Уақытша сенімді өкіл жиын барысында кеншілер шаһарында тұратын украин халқы диаспорасымен танысып, сондайақ, жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, байланыс орнатудағы мақсатын айтты. Айта кеткен жөн, қазіргі таңда облыс Украина елімен белсенді экономикалық қарымқатынас орнатқан. Ағымдағы жылдың соңғы үш айында сырт-

8.04.2017 Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар екі жыл бұрын (2015 жылы) Токаревка ауылында орын алған жағдайға қатысты бейнені таратып, ауылды су басты деген жалған ақпарат таратқан. Шындығына келсек, ауылдағы жағдай бұл күні қалыпты болды, су басу қаупі орын алған жоқ. Облыстың ТЖД ресми хабарламасы: «Бұқар жырау ауданындағы Ғ.Мұстафин атындағы елді мекендегі (Токаревкадағы) су тасқыны жағдайы тұрақты. ТЖД мәліметінше, ауданда автожолдарды су шаю мен су басу жағдайлары тіркелмеген. Керісінше, құтқарушылар су басу процесінің баяулағанын атап өтті. Нұра өзеніндегі су деңгейі 40 см-ге төмендеген».

қы сауда айналымының көлемі – 25,5 млн. долларды құраса, оның ішінде 18,5 млн. доллар – экспортқа және 7 млн. доллар – импортқа шығарылған. Сондайақ, облыс аумағында Украина елінің серіктестерімен құрылған 109 кәсіпорын жұмыс жасап, кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек саудада, ауыл шаруашылығындағы жұмыстар қарқынды жүруде. Әсіресе, бұл

Ал, республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолының 141-інші шақырымында 250 метр жерге су жайылған. Биіктігі – 10-15 см. Танымдық белгілер, ленталар орнатылды, жолдың бойына ұсақталған тас себілді. Көлік құралдарының жылдамдық режиміне шектеу қойылды.

9.04.2017 Сағат 15.00-де «Ынталы-Бесоба» автожолының 61-інші шақырымында қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін еріген қар суын өткізу үшін ор жасалды. Бесоба ауылына дейін айналма жол (1,5 шақырым) жасалды. Тиісті жұмыстарға 5 адам, 4 техника тартылды. Оқиға орнына бекет

сы инвесторлар үшін арнайы құрылған «Сарыарқа» экономикалық аймағының шетелдік алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, әлемдік озық технологияларды әзірлеумен және өндірумен айналысып, кәсіпкерлерге өнімнің жаңа түрлерін ұсынатынын алға тартты. Келесі кездесуде украиндық ірі компаниялардың өкілдерімен бірге экономикалық аймақты аралап көруге келісті. Елші сапар барысында тағы бір маңызды миссияны орындады. Ардагерлер кеңесіне «Украинаны азат еткені үшін» естелік медальдарын тапсырды. Төсбелгілер Украина майданына қатысқан қарағандылық жауынгерлерге салтанатты түрде табысталатын болады.

(Соңы. Басы 1-бетте). Кештеп келген көктемге өкпелеп, қардан арыла алмағынымыз аздай, жер аяғы жіпсіді деп, бөркімізді аспанға атқанда, «тазымыздың» көріне қалғанын қайтесің. Құдай-ау, қармен бірге асфальт та еріп кеткен бе? Ойдым-ойдым ойықты мұз жасырып жатқанын қайдан білейік? Ойықтың олқылығын қармен толтырған болыппыз. Қар – еріді. Енді немен толтырамыз? Пичугин көшесінен жүріп өтіп, бұның да жауабын таптық. Аталған жолдың Жамбыл көшесімен қиылысар тұсындағы ойылған асфальттың орнын жаяу жүргіншілер жолына төселетін «тротуар тастарымен» толтырыпты. Масқара деп осыны айт! Дәл сол арадан бірер метр қашықтықта асфальтты мүлдеп қырып тастаған. Шаңы шұбырып, жайылған тасы бетіне шығып жатыр. ...Өткен жаз қарағандылық көлік жүргізушілерінің есінде таусылып болмас кептеліспен қалды. Қарағанды вокзалы маңындағы Новоселов көшесі жабылып, Ермеков көшесі бойындағы кептелістен көз аша алмай қалған едік. Бұл кептелістің ендігі себебі – Асфальтная көшесіне алып барар көпірдің жөнделуі. Бұл арадағы қала мен Оңтүстік Шығысты байланыстырар жуық жол – Бұқар жырау даңғылы. Өткен кептеліске өкініп қайтеміз. Айтпағымыз ол емес. Мәселе, сол өткен жылы ғана толық жөндеуден өткен Асфальтная көшесіндегі көпірде. Бұл көпірдің ұзақ уақыт бойы жүргіншілерді сарсаңға салып, кешеуілдеп қолданысқа берілуі өз алдына, тақтайдай жолға тап болдық деген жүргізушілердің қуанышы ұзаққа бармады. Жөнделгеніне бірнеше жыл болды деген Бұқар жырау даңғылы, Бейбітшілік бульвары, Ермеков көшесі сынды жолдармен салыстыруға да келмейді. Бір жылға жетпей бұтарланып жатқан жолдың сиқын көріп, желге ұшқан елдің қаражатын ойлайсың. Желге

дер кезінде анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін диагностикалық зерттеулерді тұрақты жүргізуді талап етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (OIE) талаптарына сәйкес, жануарлардың бірқатар созылмалы ауруларына (адам мен жануарлар үшін ортақ) эпизоотиялық жағдайды бағалау мақсатында, диагностикалық зерттеулерге барлық түлік (100% қамту) тартылуы тиіс. Бұл эпизоотиялық жағдайды, өнімді экспорттауға және өнімнің сапа өлшемдеріне және барлық қауіпсіздік кезеңдерінде оны құру, сою, қайта өңдеу,

сақтау, тасымалдау, іске асыру және қолдану қағидаты бойынша «Фермадан үстелге дейін» сәйкестігіне байланысты жүзеге асырылуын бағалауды негіздейді. Жыл сайын бруцеллезбен ауырған ірі қара мал мен ұсақ малдарды санитариялық союға өткізуге, жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануар-

ұшқан қаржы демекші, өткен жылы Қарағанды қаласындағы жолдарды жөндеуге жалпы сомасы 3,1 миллиард теңге бөлінген екен (Қарағанды қаласының әкімі Н.Әубәкіровтің «Орталық Қазақстан» газетіне берген есебінен. 2017 жылғы 28 қаңтар). Осы қаражаттың бір бөлігі есебінен «Федоров» көпір жолында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол жиектері бекітілді. Жол плитасының аралары толтырылды. Мұнымен қоса, жол төсеніштері төселіп, жаяу жүргінші тротуарлары салынды. Дегенмен, Асфальтная көшесіне жалғасатын бұл көпір атына заты сай болмай тұр. Асфальтная көпірінде асфальт жоқ деудің өзі ұят! Көпірден өтсеңіз байқайсыз – бетіндегі асфальты мүжіліп, астындағы темір қаңылтыры шығып жатыр. Көпірді жаяу жүргінші ретінде жағалай жүріп өтіп, тағы бір байқағаным – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік мәселесі. Бұқар жырау даңғылындағы көпірмен өтсеңіз, жаяу жүргіншілерді жол көлік оқиғасынан қорғап қалар биіктігі белге жуық, ені бір сүйемге таяу жол жиегін көрер едіңіз. Ал, Асфальтная көпірінде мұндай жиек тек көпірдің қақ ортасында ғана салынған. Облыс әкімі Ерлан Қошанов алғашқы аппарат мәжілісінде Қарағанды жолдарын қатты сынға алып, көп жерлерде жол емес, бағыт қана қалғанын айтқан еді. Рас-ау, «Магнум» сауда үйінен бастап, 7-ші магистральга жалғасатын Тәттімбет көшесінде мүлдем жол жоқ деуге болады. Ал, қала мен Оңтүстік Шығысты және Майқұдықты байланыстырып тұрған бұл жолдың маңыздылығын айтпаса да белгілі. Алысқа бармай-ақ, Ермеков көшесінен «Қарағанды аяқ киім фабиркасына» бұрылар тұстағы редакциямыздың ауласына шықсаңыз да жетіп жатыр. Қызыл асықтан асатын шұрықтесіктен жалтару мүмкін емес. Өткен жылы ҚР Мемлекеттік қыз-

мет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мамандары жол жөндеу мәселесін қоғамдық бақылауға алуды ұсынған болатын. Яғни, жол салған компания мен ол жолдың қолданысқа берілген уақыты, кепілдік мерзімі көрсетілген тақтайшаны жөнделген жолдың жиегіне орнатып, олқылық болған жағдайда кінәліні анықтау мүмкіндігін жасау. Дегенмен, бұл да әлі қолға алына қоймады. Тұлпардан таға қымбат болып тұрған нарық заманында көліктің тірек сайманын ауыстыру да арзанға соқпайды. Бір «стойканың» ең арзан дегені – 4500 мың теңгеден басталады. Бұл – арзан дегені. Бұған – жол нашарлығынан бұзылатын өзге де қосалқы саймандарды, қызмет ақысын қосыңыз. Қалтаңыз әжептәуір қағылатын мұндай сәттер еліміздегі жүргізушілерге етене таныс. Еліміздегі туризм мәселесінің тусырап тұрғаны да осы жол мәселесіне қатысты. Көрікті жерлер жоқ емес, сол көрікті орындарға алып барар көлік жолдарының жоғы қинайды. Бұл туралы жуырда ғана облыстың тарихи-өлкетану мұражайында өткен Халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесіне әзірлік аясындағы «Мұражай әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі туризм феномені» жобасына қатысушы, «Арман-Тур» туристік фирмасының және Астана қаласындағы гидаудармашылар мектебінің директоры Салтанат Әбжанова да айтқан еді. Арғымаққа ауыздық салып, асауды алғаш арбаға жеккен ұлттың жол қадірін білері һақ. Алтайдан Арқаға аттанғанымда «Жолың болсын!» деп шығарып салған анамның үні күні бүгінге дейін құлағымда. Менің жолым болса болған шығар, көліктің жолы болмай тұр, әзір. Қынжылтатын да сол...

маман жұмыс атқарады. Барлық ветеринариялық станциялар мен ветеринариялық пункттер автомашиналармен, қондырғыларды дезинфекциялау үшін (ДУК), қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен, аспаптармен, техникалық құрал-жабдықтармен толық көлемде қамтамасыз етілген. ҚР АШМ 2011 жылғы 29 наурыздағы №08-3/144 бұйрығына сәйкес, «Профилактикасы мен диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбелерін бекіту туралы» әзірленген тізбелеріне сәйкес, ҚР 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесіне тән 8-бабының, 1-5 тармақтарына сәйкес, Қарағанды облысы бойынша енгізілген аурулар: трихофития, псороптоз, саркоптоз, гельминтоз, жануарлардың бірнеше түріне ортақ трипаносомоз, мүйізді ірі

қара мал гиподерматозы және жылқы маңқасы. Басты мәселенің бірі – зооантропонозды аурулардың алдын алу. Инвазиялық және зеңді инфекциялық аурулар әрқашанда мал шаруашылығы үшін өзекті. Осы мақсатта облыстық бюджеттен биылғы жылы 62,0 млн. теңге қаражат бөлініп, жылқы сақауы және ірі қара малдың бұзаутазына профилактикалық егуді жүргізуге, сондай-ақ, аудандар үшін жоспарланған 3 жылжымалы инсинератор облыстық бюджет қаражаты есебінен сатып алынады. Биыл жергілікті бюджет есебінен 6 мал қорымының құрылысын салу жоспарланған.

қойылды. Қарағанды облысында су деңгейі -38-ден +42 см-ге дейін ауытқыған. Су деңгейінің көтерілуі Нұра өзені – Ақмешіт ауылы (+42 см), Шерубай-Нұра өзені – Қарамұрын раз. (+28 см) байқалады. Сонымен қатар, Шерубай-Нұра гидробекетінде – Шопа ауылы (-21 см), Нұра өзені – Балықты т/ж ст. (-16 см) су деңгейі айтарлықтай төмендеген. Алдағы күндері гидрологиялық бекеттерде су деңгейі көтеріледі және өзендерде су көлемі ұлғаяды деп күтілуде. Әзірлеген Қуаныш АМАНҚҰЛОВ. Асфальтная көшесіндегі көпір

Қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығы жануарларының жеке қосалқы үй шаруашылықтарында, ұсақ тауарлы, фермерлік және шаруа қожалықтарында шоғырлануы, инфекциялық және инвазиялық ауруларды жою және өндірілетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасының өзектілігі едәуір өсті. 2017 жылы эпизоотияға қарсы ісшараларды жүргізуге, эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларға қарсы 11 ауру түріне (соның ішінде, 8 вакцинация, 2 аллергиялық зерттеулер мен 1 дегельминтизация) және жануарлардың, құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы 30 түрлі диагностикалық зерттеуге қан сынамаларын алу және жеткізу жүргізіледі. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 825,2 млн. теңге қаражат бөлінді. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жануарлар ауруларын

Ермеков – Ержанов көшелерінің қиылысы

лардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыруға (зарарсыздандыру) мал иелеріне нарықтық құнының 30%-ын мемлекет есебінен өтеу үшін жергілікті бюджеттен осы жылы 103 210,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда облыс бойынша 166 мал сою нысаны салынған. Облыс бойынша қамтамасыз етілуі 76%-ды құрайды.

Облыста 219 ауылдық (кенттік) округтерде 107 мал көмінділері бар, олардың 44-і типтік және 63-і қарапайым. «Ветстанция» КМК балансындағы мал қорымдарын күтіп-ұстауға осы жылы қалалар мен аудандар бойынша 53,538 млн. теңге қаржы бөлінген. Қарағанды облысы бойынша 18 ветеринарлық станция және 194 ветеринарлық пункт жұмыс істейді, онда 534

Б.АЙДАРХАНОВ, «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ эпизоотияға қарсы іс-шаралар бөлімінің басшысы.


Сейсенбі, 11 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

егіс ы л а м «Суар ыл ішінде он илли н5ж алаңы еңейтіп, 2 м т.» е к 40%-ға жеткізу қаж ға сының а к и л гектар еспуб тың тан Р баев Қазақс нті Н.Назар ңғыруы: де жа Прези ың үшінші ілеттілік» станн а ге қаб «Қазақ дық бәсеке тан халқын жаһан Қазақс лдауынан. Жо

Мағауия СЕМБАЙ, «Орталық Қазақстан»

Темірғали Көкетаев көкеммен өткен бейсенбіде тіл жөніндегі комиссия отырысында жолықтым. Көптен көрмеген ағатайыммен қауқылдасып жатырмын. Әңгіме ауаны дес бермей жатқан тасқынға ойысты. – 1939 жылы тудым. Біз де талай қарлы қысты көрдік. Үйдің төбесінен қар жүріп кеткен қыстар болды. Еритін, сәл таситын. Сабасына түсетін. Мынадай тасқын қайдан келіп жатыр? – деп әйгілі физик көкем шарасыздана маған қарады. – Аға, Сіз – физик, мен – лирик. Оксфордта лекция оқитын Сіз білмесеңіз, менің миым жетпей тұр, – деп әзілдедім. Көкеммен бірге көкке қарадық. Көк Тәңірісінің бір пәрмені болар деп. Бір Алламыз қос пендесін ашығып қалмасын, жемісін теріп жесін деп Жер, шөлдеп қалмасын деп Су, тұншығып қалмасын деп Ауа беріпті. Бұл енді көне тәмсіл.

лық маңызы – су ресурстарының қазіргі жайын бағалау және келешектегі жайын болжаумен қатар оларды тиімді пайдаланудың жолын көрсету. Құрлық гидрологиясы су балансы мен ағынның қалыптасуын өзен тасқындарының құрылымын, арналық және жағалық процестерді, судың температурасын, мұздың қатуы мен еруі сияқты көптеген физикалық құбылыстарды, судың химиялық құрамын зерттеп, гидрологиялық аспаптардың конструкциясын жасаумен шұғылданады. Гидротехника – су ресурсын зерттеу, суды халық шаруа-

♦♦♦ Ұлы Абайдың Шыңғыстауынан Мұғалжар тауларына шейін созылып жатқан ұланғайыр сауырлы жерге Сақ па, Ғұн ба, Түркілер ме, әлде Қазақтар ма, «САРЫАРҚА» деген атау берген. Арқа болған соң синонимі көп-ақ. Жон, бел, қыр, жота... Тізе берсең, көп-ақ. Осы атауларды алған жерлерге су тұрмайды негізі. Екі жағына ағып кетеді. Оңтүстікте Бетпақдала мен Балқашқа, Солтүстікте Сібірге қарай ағады өзендеріміз. Бабаларымыз космосқа ұшпайақ ат үстінде тұрып Арқаның бел екенін жағырапияның кәнігі ғалымындай айырған. Ойпатқа су жиылатыны белгілі. Ал Арқаны неге жылда су басады, тасқын толастамайды? Тылсым ба?

♦♦♦ Өткен ғасырдың сексенші жылдарының басы. Ғайыптантайып аяқ астынан облыстық партия комитеті осы «Орталық Қазақстанға» ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушілігіне тағайындады. Орда бұзар отызға да толмаған кезім. Жазу қолдан келеді. Оның үстіне, ауыл баласы болған соң, ауыл шаруашылығының бүге-шігесіне шейін білемін ғой деген жастық максимализм тағы бар. Олай болмады. Бұл саланың қыры мен ойы, сай мен саласы жетерлік екен. «Ертіс – Қарағанды» каналы бойында жаңадан Молодежный ауданы ашылған. (Қазір Осакаров ауданына қарайды). Совхоздарының дені канал бойында. Картоп, көкөніс өндіреді. Су іргеде. Ет те, сүт те береді. «Қазақстан», «Мирный», «Звезда» деген совхоздар картоптан рекордтық өнім жинап, үш шаруашылықты Қазақстан Компартиясының съезінде Д.Қонаев керемет мақтаған. Содан да болар бұл ауданға іссапарға жиі жібереді. Бір жолы барсам, аупартком бірінші хатшысы Л.Мукин

судың да өз жүлгесі, саласы, арнасы бар шығар. Өйткені, бала күнімізде әкелеріміз «ғұмыры су атқылап жататын бұлақтардың көзі бітелді, суы таусылмайтын құдықтар суалды» деп отыратын. Әйтеуір, Елбасы Н.Назарбаев полигонды жауып, елдің де, жердің де алғысын алды. Міне, осының бәрін зерттейтін Қ.Сәтбаев негізін салып кеткен гидрогеология ғылымы қайда? Бірталай аудан басшыларымен хабарластым. Ауыл түгілі аудандарда гидротехник жоқ. Маман да жоқ болу керек. Жамбылдағы гидро-мелиоративтік институт баяғыда жабылып, су шаруашылығы факультеті ғана қалған. Әр ауылға емес, әр ауданға суландыруға, су тасқынына жауап беретін бір гидротехник штатын ашу керек шығар.

«Вся история науки доказывает на каждом шагу, что в конце концов постоянно бывает прав ученый, видящий то, что другие своевременно осознать и оценить не были в состоянии».

3 Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан» Кәсіпкерлер енді өздерінің бизнес ахуалдарын жақсартуда мемлекеттік органдардың қамқорлығын сезіну мүмкіндігіне ие болды. Себебі, Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау мақсатында Әділет департаменті мен Кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында, сонымен қатар, дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатында қол қойылған Меморандумның мақсаты – кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау үшін бірлескен және келісімді іс-әрекетті жүзеге асыру. Айта кету керек, Елбасы биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту туралы өршіл мақсат қойған болатын. Меморандумның мақсаты – Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті өркендетіп, келісілген іс-қимылдарды бұдан әрі дамыту, атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді айқындап, оларды шешу жөніндегі шараларды ұсыну. Меморандум аясында тұрақты түрде бірлескен кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар және тағы да басқа шаралардың өткізілуі қарастырылған. Меморандум бойынша кәсіпкерліктің барлық бағытында қолдау көрсетілетін болады.

Академик В.ВЕРНАДСКИЙ.

директорды ма, әлде парторгты ма, телефонмен жерден алып, жерге салып, шаңын қағып жатыр. Алдында отырған соң, еріксіз құлақ түресің ғой. Әңгіме ауаны каналға ең таяу орналасқан совхоздағы бірталай үйдің погребтері дымқылданып, тұрғындар шағымданған бірінші хатшыға. Леонид Петрович ашуы қатты болғанмен, қайтымы тез адам еді. Тасыған судай бұрқылдап алып, сабасына түскенде таңданысымды жеткіздім. – Онда тұрған не бар? Сәл дымқылданса, жазда погребінің қақпағын ашып кептіріп алады ғой, – деп сөз қостым. – Бүгін погребі дымқылданады, ертең суға толады, үшінші күні еденін су алады. Үй құлайды. Адам астында қалса, өлуі мүмкін ғой. Жамбылдың гидро-мелиоративтік институтын бітіріп келген

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан»

жас гидротехник соны білмейді. Үйренеді ғой, – деп басқа әңгімеге көшіп кетті. Сонда білдім, әр совхозда гидротехник штаты барын. Жылда қайталанатын тасқындардан кейін осы әңгіме ойға оралды.

♦♦♦ Т.Көкетаев көкеммен әңгімеден кейін қолымда бар суға байланысты кітаптарды біраз ақтардым. Қазақ Совет Энцеклопедиясында сайрап тұр екен. Содан үзінділер оқып көріңіз. Гидрогеология – жер асты суының пайда болуын, таралуын, алмасуын, оның қасиеттерін, химиялық құрамын және жер бетіне шығу жолдарын зерттейтін ғылым. Гидрогеология – жалпы геологияның бір тарауы. Сондықтан, ол жер асты суы бар қабаттарды құрайтын тау жыныстарын Жердің өзінің қалыптасуы, өзгеру тарихымен байланысты алып қарайды. Гидрогеология жер асты суларын кәсіпорындар мен қалаларды, басқа елді мекендерді, курортемдеу орындарын, мал жайылымдарын сумен қамтамасыз етуге, жер суаруға, суландыруға пайдаланудың, судан әр түрлі тұздарды және техникаға қажетті химиялық элементтерді ажыратып алудың жолдарын белгілейді. Күрделі гидротехникалық және мелиорациялық құрылыстар салғанда, кен өндіруде, шах-

та қазғанда жер асты суының тигізетін әсерін, пайда-зиянын анықтайды. Гидрогеология қазіргі даму сатысында ғылымның геологиядан басқа көптеген тарауларымен гидрология, океанология, метеорология, климатология, бальнеология, физика, химия, математика, тағы басқалармен тығыз байланысты. Гидрология – табиғи суларды, олардағы құбылыстар мен процестерді, олардың даму заңдылықтарын зерттейтін географиялық ғылым. Гидрология мұхит, теңіз, өзен, көл, бөген, батпақ сияқты су объектілерін, қар, мұздақ, топырақ және жер асты суы күйінде кездесетін ылғал жиынтығын зерттейді. Қазіргі Гидрологияның негізгі проблемалары – табиғаттағы су айналымы, оған адам әрекетінің тигізетін әсері, су объектілері мен территорияның су режимін реттеп отыру, жеке территория мен тұтас Жер шары үшін гидрологиялық элементтерге (су деңгейі, шығыны, температурасы, т.б.) кеңістік пен уақыт тұрғысынан анализ жасау және бұл элементтердің ауытқуындағы заңдылықты ашу. Гидрологияның практика-

шылығының әр түрлі мақсаттарына пайдалану, су тасқынынан қорғайтын инженерлік құрылыс салу мәселесімен шұғылданатын ғылым мен техника саласы. Гидротехниканың негізгі су шаруашылық салалары, бағыттары төмендегідей: су энергиясын пайдалану (қ. Гидроэнергетика); кеме қатынасын және сумен ағаш ағызуды қамтамасыз ету; мелиорация, суару және құрғату, елді мекендерді, транспорт және өнеркәсіп орындарын сумен жабдықтау, пайдаланылған суды қала-село сыртына ағызып жіберу, балық шаруашылығына қолайлы жағдайлар туғызу, елді мекендерді, өнеркәсіп орындарын, транспорт жолдарын, байланыс желілерін тағы басқа әр түрлі құрылыстарды су апатынан қорғау. Бізден де көбірек ғұмыр кешіп жатқан үлкендерден сұрасаңыз, көбі «жер асты суы көтеріліп жатыр» деп болжамдайды. Жаны бар сияқты. Семей атом полигонында жер астында 352 атом жарылысы жасалғаны мәлім. Жер дірілі осы Қарағандыға шейін жететін. Полигон аумағындағы жер қыртысы қозғалып, көшуі мүмкін ғой. Жердің астындағы

Облыстың жағырафиялық аумағын шөл және жартылай шөлейт аймағы деп атайды. Солай бола тұра, Самарқан, Ынтымақ, Топар, Кеңгір су қоймалары, үлкен канал, шағын тоғандар бар. Ең бастысы Самарқан, Ынтымақ сияқты үлкен су қоймаларын зерттейтін ешкім жоқ. Әсіресе, табанын. Ағын су әкелмейтін нәрсе жоқ. Топырақ, құм дегендей. Су қоймаларының табаны көтеріліп, су ернеуінен асып кетсе, не болады? Қауіптің алдын алатын гидрологтар осы тұста қажет.

♦♦♦ «Алла сақтансаң ғана сақтайды» деген сөз бар қазақта. Осыны қаперге алмайтын болдық. Мәселен, былтыр жол апатынан облыста 130 адам көз жұмды. Кім кінәлі? Осы тасқында да солай. Бүкіл ақпарат құралдары, басқа мемлекеттік органдар жұртқа ескертудей ескертеді. Құлақтарына ілмейді. «Әй, Сырдың суы сирағымнан келмейдінің» кері. Адам әуелі өз жанын өзі сақтау керек. Алла адамға жанды аманатқа берген. От пен суға ерлік жүрмейді. Осыны ұмытпайық.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ кокс химия өндірісінің көмір даярлау цехын қайта жаңғыртады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр. 4 сәуірде аталған цехты қайта жаңғыртуға 135 млн. теңгеден астам инвестициялау бойынша қоғамдық тыңдаулар өткен. Көмір даярлау цехының бөлімшелерінде аспирациялық жүйелерді қайта жаңғырту барысында ескірген тазалау жабдықтарын қазіргі заманғы тиімділігі жоғары жеңдік сүзгілер мен ауа өткізгіштерге ауыстыру жүргізіледі. Қайта құрудың экологиялық бағдарламасы 2021 жылға дейін есептелген. Көрсетілген уақыт ішінде цехтағы барлық шаңнан тазалау жабдығын ауыстыру жоспарлануда. Хабарламада «Жобаны іске асыру органикалық емес шаңның шығарындыларын 82%-ға қысқартуға мүмкіндік береді. Жаңа аспирация жүйесі шаң бөліну көздерінен тікелей ауаның шаңын соруды көздейді. Осылайша, шикізат өндірісіндегі көмір шаңын қайталама пайдалануға мүмкіндік береді», – делінген. Орнатылатын шаңнан тазалау жабдығының тиімділігі шамамен 99,8%-ды құрайды. Жабдықты орнату кезінде жер бедеріне және ашық су көздеріне теріс ықпал етпейтін жұмыстарды ұйымдастыру қарастырылған.


4

www.ortalyq.kz

Сейсенбі, 11 сәуір, 2017 жыл


Сейсенбі, 11 сәуір, 2017 жыл

5

www.ortalyq.kz

Еске алу

Мәдениет және өнер қызметкерлеріне мемлекеттік қолдау көрсету және ынталандыру, әлеуметтік статусын және еңбектерінің маңыздылығын арттыру мақсатында Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы сыйақысын тағайындау жөнінде конкурс өткізіледі. Конкурсқа қатысуға Қарағанды облысы аумағында қызметін іске асырып жүрген мәдениет және өнер қызметкерлері шақырылады. Қарағанды облысы әкімінің сыйақысы аталған критерийлерді есепке ала тағайындалады: 1) қоғамдық және кәсіби танымал болған облыстың мәдениеті мен өнерінің сақталуы мен даму ісіне маңызды жеке үлес қосуы. 2) кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіруі; 3) қызметінде инновациялық формалар мен әдістер қолдануы; 4) тиісті кәсіби жоғары білімінің болуы; 5) мамандығы бойынша 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі. Сыйақылар жыл сайын келесі номинациялар бойынша тағайындалады: «Жыл әртісі» - 2 сыйлық «Жылдың үздік эпизодтық рөлі» «Жылдың үздік театр режиссері» «Жылдың эстрада жанрының вокалисі» «Жылдың классика жанрының вокалисі» «Жылдың үздік инструменталисі» - 2 сыйлық «Жылдың үздік жеке аспапта орындаушысы» «Халық әнін үздік орындаушы» «Жыл дирижері» «Жыл хореографы» «Балет және хореографиялық ұжымының үздік әртісі» «Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі» «Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы» «Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» «Ауылдың үздік кітапханашысы» «Үздік кітапханашы» «Жылдың мұражай қызметкері» «Алтын жолақ» «Жылдың үздік суретшісі»

Құттықтаймыз! Қасиетті Қарқаралы топырағында дүниеге келген ардақты ағамыз Тұрар ҚанафиндІ ердің жасы 50-ге келген торқалы тойымен шын жүректен құттықтаймыз. Темірден түйме түйіп, құндыздан бөрік киетін азаматтың сарасы деп марқаятын жігіт ағасы адалдықты ар-намысым деп білген ұлтжанды ұлдардың бірі. Жүзіңізден күлкі кетпей, жақындарыңыздың ортасында аман-есен жүре беріңіз. Жасыңыз ғасырға ұлассын! Артқа тастап елу жаз бен көктемді, Кешіп өттің талай қилы өткелді. Аман-есен жетіп жатсың бүгінге, Басып өтіп, сан асу мен бөктерді. Ғұмырыңыз жетсін ұзақ ғасырға, Жастық жалын сөнбе ешқашан, басылма. Жаратушы жазсын жұртқа бұл тойды, Тойлатуға сексен, тоқсан жасыңда. Тілек білдірушілер: әкесі – Берменбет, жұбайы – Гүлшат, балалары – Еркебұлан, Диана, әпкесі, інілері-қарындастары. №151

Семинардың ашылуында сөз сөйлеген мектеп директоры Нұрбол Күнеділов «Мектеп мұғалімдерінің рухани білім берудегі түпкі мақсаттарының бірі – орта буын оқушыларының сауаттылығын және кітап оқуға қызығушылығын арттыру», – деді. Бұл білім ордасында кітап оқу күні жылына екі рет дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Биыл қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлназ Жаркеева қатысып, «Оқу шаттығы – оқу сауаттылығын қалыптастыратын әлеуметтік-педагогикалық жоба» тақырыбында баяндама оқыды. Мұғалімдер мен оқушылар ғана емес, ата-аналар да қатысып, балаларымен кітап оқыды. Шара аясында «Мен – әшекейлеушімін» және «Мен – зерттеушімін» тақырыптарында көрме өтті. Ұстаздар ата-аналармен бірлесе отырып, «Бір ел – бір кітап» акциясында оқыған әдеби кітаптары бойынша сауалнама жүргізді. Оқушылар сурет салып, кітаптардан оқыған шығармалары бойынша көрініс қойды. Орыс сыныптары қазақ тілінде «Мақта қыз» бен «Шалқан», ағылшын тілінде «Кішкентай мысық пен кішкентай тышқан» ертегісін сахналады. «Бабамнан қалған мұра едің» бөлімінде оқушылар жыраулар поэзиясынан үзінділерді жатқа оқыса, «Шешендік өнер» кезеңінде

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған жобаларды дамыту мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында 2017 жылғы «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» Республикалық көрмесін өткізуді жоспарлады. Іс-шаралар қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері

«Оқу шаттығы» әлеуметтік-педагогикалық жобасын іске асыру мақсатында №86 жалпы білім беретін орта мектепте қалалық семинар өтті. Онда қалалық білім бөлімінің әдіскері, ұстаздар қауымы және оқушылар ата-аналарымен қатысты.

«Жанқұтты шешен мен Абай» қойылымы көрсетіліп, Ы.Алтынсарин, Ғ.Мұстафин әңгімелерінен көріністер қойылды. «Поэзия әлеміне саяхат» бөлімінде көркем сөз оқылып, өлеңқұмар оқушылар шығармашылығын ортаға салды. «Кітап оқыған адам – табысты

адам», – дейді ғалымдар. Сондықтан, «Оқу шаттығы» жобасы – оқу сауаттылығын қалыптастырып қана қоймай, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырары анық. Динара ХАМЗЕҚЫЗЫ, №86 мектептің тәлімгері.

«Мамандығына үшін»

адалдығы

Әкім сыйақысы қаражатының мөлшері облыстық бюджетте қарастырылған сома шеңберінде тағайындалады. Сыйақы конкурсы негізінде Қарағанды облысы әкімінің сыйақысына лауреаттар таңдау комиссиясы ұсынымы бойынша тағайындалады. Әкім сыйақысына үміткерлікке ұсыну қалалық және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, облыстық мәдениет және өнер ұйымдары, сонымен қатар шығармашылық одақтар, қорлар және қоғамдық ұйымдар тарапынан іске асырылады. Бір үміткер екі немесе одан аса номинацияға ұсыныла алмайды. Егер үміткер сыйақыны үш жыл бұрын алса, ол сол номинацияға қайта ұсынылуына рұқсат берілмейді. Әкім сыйақысына ұсынылған үміткерлер 2 кезеңге бөлініп қарастырылады. Бірінші кезеңде – комиссия сыйақыға үміткерлерді конкурсқа қатысуға таңдайды, ал екінші кезеңде сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдайды. Әкім сыйақысына иегер болған тұлғаларға «Қарағанды облысының сый ақысы лауреаты» құрметті дипломы табыс етіледі. Комиссияға қарастыруға: қысқаша өмірбаяндық ақпарат, ұсынушы ұйымның ұсыным хаты, маңызды еңбектері көрсетілген мінездемесі, марапаттау дипломдары мен куәліктерінің көшірмелері, сюжеттік фотографиялары, 20 сандық шот болған жағдайда банктен анықтама тапсырылады. Конкурсқа материалдар электрондық пошта бойынша қабылданбайды. Конкурсқа материал қабылдаудың соңғы күні – 2017 жылдың 28 сәуірі. Қарағанды облысы аумағында қызметін іске асырып жүрген мәдениет және өнер қызметкерлеріне тағайындалатын Қарағанды облысы әкімінің сыйақысы лауреатын таңдау бойынша комиссиясының жұмысшы органы – Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына барлық сұрақтарыңыз бойынша хабарласыңыздар (Бұқар жырау даңғылы, 32, 3 каб., анықтама тел. 425112, 423006).

Жансейіт Әбдірахманов – қазыналы Қарағандының белгілі кеншілерінің бірі. Еңбек ерте есейткен жалынды жас 1900 жылы Қарқаралыда кедей отбасында дүниеге келген. Жастайынан әкесіне көмектесіп, мал бағып, жергілікті байдың жалшысы болған. 1929 жылы қазақ ауылдарын ұжымдастыру кезінде Семей қаласына барып балташылық кәсіппен айналысты. 1938 жылы отбасымен Қарағандыға оралып, Костенко атындағы шахтаға жұмысқа орналасқан. 1942 жылы әлі құрылысы толық аяқталмаған шахтаны іске қосуға атсалысқан. Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында елімізге Қарағандының қара алтыны ауадай қажет болған еді. Елдің басына қауіп-қатер төнген сол бір қиын қыстау уақытта Жансейіт ақсақал өзінің барлық қажыр қайратымен, еңбекқорлығымен таныла білді. Кеншілер ұжымының қадірлі және бесаспап маманына айналды. Еңбекпен шыңдалған, өз ісіне

Облыс орталығында «Болашаққа парасыз! Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік форумы өтті. Ұйымдастырушылар – «Болашақ» академиясы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті. Іс-шара алдында жастардың қатысуымен флэшмоб өтті. «Болашақтың» студенттері тақырыпқа сай бейнероликтің түсіріліміне қатысып, эстафетаны қарағандылық басқа да ЖОО-лар студенттеріне тапсырды. Форумға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ өкілдері де келді. Олар аймақтарды аралап, қабылдау өткізеді. Жиында білім беру және түлектерді жұмысқа орналастыру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Біз сатылмаймыз!» ролигі көрсетілді. Оның авторлары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының қызметкерлері. Роликтің түсіріліміне Серік Сәпиев, Андрей Финонченко, Владимир Ковач сияқты белгілі тұлғалар мен Қарағанды қаласының тұрғындары қатысқан. Өз тілшімізден.

Біздің жарнама телефонымыз

43-21-55

адал азамат көмір өндірудің айлық және тоқсандық тапсырмаларын асыра орындап, көзге түсті. Оның еселі еңбегі әділ бағаланды. КСРО көмір өнеркәсібі министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 1948 жылдың 28 тамызында КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының жарлығымен көмір өндіруді еселеп ұлғайтқаны, өндіріске жаңа озық технологияларды енгізгені және еңбек өнімділігін барынша арттырғаны үшін Жансейіт Әбдірахмановқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ол атақты кеншілер, Социалистік Еңбек Ерлері Сәкен Шоманов, Жәкен Рүстемовпен қатар тізе қосып, еңбек етті. Соғыс жылдарында Костенко атындағы шахтаның кеншілері 428,6 мың тонна көмір өндірді. Сөйтіп, Отан алдын-

Арқа белі Ақтоғайда туып, кіндік қаны тамған жерде өсіп-өніп, Ақтоғай ауданының экономикасының қарыштап дамуына адал еңбегімен үлес қосқан, саналы ғұмырының жиырма жылдан астам уақытын аудандық статистика бөлімін басқаруға жұмсаған, «Құрметті статист» атанған, дербес зейнеткер, еліне сыйлы қария Құлжанбек АҚБАЙҰЛЫНЫҢ 92 жасқа келіп, өмірден озғанына 40 күн толды. Жастайынан еңбек еткен ортасына, елжұртына қарапайымдылығымен, шыншыл да тәртіп сүйгіш мінезімен, қолынан келгенінше көмек беруге даяр тұрар қылығымен, парасат пайымымен жақты. Біреуді ғайбаттау, сыртынан сөз айту дегенді ұнатпайтын. Ешкімнен артық болып көзге түсуге ұмтылмайтын. Өз міндетін адал атқару, түзу жүру, жасандық қылық жасамау, өтірік айтпау, біреуге жағынбай, ала жіпті аттамау өмірлік қағидасы болатын. Өзі әкесінің жалғыз ұлы болған соң ба, қарындасы Мәтайды, Алла берген ұл-қыздарын әрқайсымызды бір төбеге балап отыратын. Еркелететін де, азамат болудың түзу жолын сілтейтін де. Тәубе дейік, балалары мен немерелері өмірден өз орындарын тапты. Шөберелері де атасының таяғын әперіп, қолына су құйды. Өмірлік серігі анамызбен 65 жыл ғұмыр кешті. Жан-жақтан келген туған-туыстарды ерекше құрметтейтін. Үлкенге – іні, кішіге – аға болып бауыр тартатын. Әрине, жүз жасаса да Әкенің орны бөлек. Алатаудай айбарымыз, Ақсораңдай биігіміз еді. Орны үңірейіп қалды... Халық болып жоқтады. Көзден кеткенмен Әкеміздің жарқын бейнесі көңілден кетпейді. Мәңгілік мекенінде Алла оған иман байлығын беріп, пейіштің төрін ұсынса екен. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болғай. Әкемізді сағынғанда: «Абзал әке, жайлы болсын мәңгі мекен бесігің, Періштелер ашсын жұмақ есігін. Бекзат мінез, мәрттік көңілің сағынтады өзіңді, Жүректерде сақталады асыл бейнең, есімің!», – деп еске аламыз. Сағына еске алушылар: жұбайы – Рухия, балалары, немере-шөберелері. P.S. Құлжанбек Ақбайұлының қырқы 2017 жылғы 15 сәуірде сағат 12.00-де Ақтоғай ауданы, «Парасат» мейрамханасында өтеді. №149

Еске алу Ақтоғай ауданы, Кежек ауылының тумасы асқар таудай әкеміз Жанат Сайлыкенұлы Нұржаубаев бүгінгі күнде тірі болғанда сәуірдің 12 күні 47 жасқа толар еді. Әкеміздің өмірден өткеніне сәуір айында 4 ай болады. Өзі жоқ болса да, жүректе ізгі бейнесі мәңгі сақталады. Әкеміздің жаны жәннатта болғай. Әкеміз көрмеген қызықты анамыз көргей... Өтті, кетті зымырап талай күндер, Сен ғана жоқсың біздің арамызда. Жүрек сыздап, еңсе түсіп егілеміз, Ойсыраған орныңа қараймыз да. Кетсе де көзден ғажайып – Көңілден кеткен емес, Асыл бейнең ешқашан болмас енді, «Жәннатта жаны болсын» деп сұраймыз, Алладан дұға қылып ертелі-кеш. Еске алушылар: анасы – Төлеутай, жұбайы – Бибігүл, балалары – Ернұр, Инабат, Әсем, Диана. №152

Қарағанды облысының әкімдігі Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Тілектес Темірбекұлы Досаевқа орны толмас ауыр қаза әкесі Темірбек Балтабекұлы Досаевтың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Арқаның абзал азаматтары, ардақты аға, сыйлас досымыз Айбол БИДАЙБЕКОВ пен Еркін СМАҒҰЛОВҚА әкелері Қазыкеннің және ағалары Тілеутай СМАҒҰЛДЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Бекзат АЛТЫНБЕКОВ пен Жанат МҰҚАНОВТЫҢ отбасы.

дағы өздерінің парыз-міндетін адал атқарып, үлкен абырой-беделге ие болды. Бұл толымды табыстарға осы шахтаның кеншісі Жансейіт Әбдірахмановтың да қосқан үлесі зор еді. Бұл күндері Костенко атындағы шахтаның мұражайында қазыналы қарттың мүсіні мен стенді тұр. Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Николай Гульницкий табан аудармай тура 26 жыл басқарған шахта ұжымы биік белестерді бағындырды. Көмір өндірудің өндірістік тапсырмалары ұдайы асыра орындады. Бұған еңбек десе ерінбейтін елгезек Жансейіт Әбдірахманов сынды атпал азаматтар сүбелі үлес қосты. Қарапайым еңбек адамы, атақты кенші, үлкен құрметке

Әлеуметтік жобаларды іске асырушы ұйымдардың назарына! шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында әзірленді. Барлық бағыттар бойынша әлеуметтік жобаларды іске асырушы ұйымдар «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» облыстық іріктеу турына қатыса алады.

Әлеуметтік жобалар іріктеу 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау өлшем шарттарымен айқындалады: 1) жобаны жүзеге асыру мерзімі 1 жылдан кем болмауы тиіс; 2) жобаның конкурс мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі:

«Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»; 3) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;

4) жобаның қолжеткізген нәтижелері; 5) осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту); 6) қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайырымдылық, әлеу-

меттік тапсырыс, өз қаражаты); 7) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау); 8) өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі; 9) жобаны іске асыруға еріктілерді тарту. Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған бар-

әбден лайық деп білеміз. Себебі, Еңбек Ерінің есімі елеусіз қалып келеді. Биылғы Костенко атындағы шахтаның 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Қарағанды қаласының бір көшесіне Жансейіт Әбдірахмановтың есімін берсе нұр үстіне нұр болар еді. Осы ұсынысқа тиісті құзырлы органдар көңіл бөліп, қолға алса екен. Нұртас АДАМОВ, жиен немересі, № 21 НМ ағылшын тілінің мұғалімі.

лық сұрақтар бойынша Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көрсетілген телефондарына: 8(7212)43-20-90 (Қ.С. Кәдірбаева), (Е.Е.Нуксуев), 43-16-83 (С.С.Тұрғалиева) және ka.kadirbaeva@ k a r a g a n d a - r e g i o n . g o v. k z . e.nuksuev@karaganda-region.gov. kz және karagandatrud@mail.ru электрондық мекен-жайларына хабарласу қажет.


6

Сейсенбі, 11 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Жуырда Шахтинск қаласында Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай, облыстық IIД жас қызметкерлерi мен олардың тәлiмгерлерiнiң слетi өттi. Осымен жетінші рет ұйымдастырылған шараға аймағымыздың түпкiр-түпкiрiнен 100 тәртіп сақшысы қатысты.

қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайын да аралап көрді. Жаңа Майқұдық, Абай ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тәжірибелерімен бөлісті. Түс ауа, ішкі істер саласына саналы ғұ­ мырын арнаған ардагерлердің шаңырақтарына бас сұғып, қазыналы қарияларға құр­ мет көрсетілді. Ардагерлер сый-сияпат жасағандарға шын жүректен алғыстарын бiлдiрдi. Слеттің соңы Қарағанды облысы ІІД қызметкерлері дайындаған концерттiк бағдарламаға ұласты. Шараны қорытындылаған Қарағанды об-

«Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37

Гeолог ғалым, қоғам қайраткeрі, Қазақстан ғылым Акадeмиясының ұйымдастырушысы жәнe тұңғыш прeзидeнті, Ертіс өңірінің акадeмиктeр әлeмінің бас ұйытқысы, ұлы дала жұлдызы, қазақтың тұңғыш акадeмигі Қаныш Имантайұлы Баянауылдың батыс бөктeрінeн күншілік жeрдe, өзeннің жағасында іргe тeпкeн Сәтбай қажының кіші ауылында дүниеге келген. Содан болар, Сeмeй eлін – Абай eлі дeсe, Кeрeку eлін – Қаныш eлі дeп айтады.

Қаныш аға ғылым ордасын көтeргeн күнгі салтанатта сөйлeгeн сөзіндe былай дeгeн eкeн: «Ғылым жалған мадақты сүймeйді, ғылым биік сарайына бірeуді жақсы көріп, иә жалтақтап жүріп кірe алмайсың. Ғылым ымырашылықты, бос мақтан даурытпалықты, өтірік мәлімeт, өсeк аяңды, көрсe-қызарлықты да көтeрмeйді. Оған ниeт, таза жүрeкпeн бару кeрeк». Баянауыл eлі – қазақ халқының киeлі да қастeрлі жeрі. Ата-баба дәстүріндe тәрбиeлeнгeн ұрпақтан ғұлама ғалымдар шыққан. Қаныш Имантайұлы Сәтбаeв та осы қасиeтті жeрдe дүниeгe кeлді. Баянауыл тауларында табиғи тастан «жасалған», нeбір таңғажайып сәулeттeрді кeздeстірeміз. Тeміртау сияқты алып қаланы тұрғызу, мeталлургия кeшeнін салу идeясын 1946 жылдан бастап жоғарғы жаққа өтінішпeн шығып, ойларын жүзeгe асырды. Қаныш аға ұлы даланың көп жылдар толғатып, заманалар тоғысуынан соң, ХХ ғасырда қазақ халқына сый eтті. Қаныш ағаның тәрбиесіне әкeсі Имантай бидің дe көп ықпалы болған. Баянауылда ғылым мeн білімнің дамуына eрeкшe ықпал eткeн. Үш ұлы тұлға – Бұқар жырау, Мұса Шорманұлы, ХХ ғасырдағы Қаныш Имантайұлын ерекше айтуға болады. Қазақстан ғылымын әлeм дeңгeйінe көтeргeн жарқыраған жұлдыз болды. Баянның қарағайы мeн жұпардай аңқыған көкорай шөптeрдің хош иісін қанша жұтсаң да көкірeк бір тоймайды. Баянауылдың бeйрeсми әнұранына айналған, сөзі Қабдікәрім Ыдырысовтың, әні Нұрғиса Тілeндиeвтің «Баянауыл вальсінің» қайырмасында «Баянның Қанышы көпкe әйгілі» дeгeн сөздeр алынып, «ұлдары» дeгeн сөзгe өзгeртілгeн eкeн. Жан-жақты ойластырылып, жасалған әрекет екені белгілі. Акадeмияның нeгізін салған дара тұлға кeйінгі ұрпақтарға үлкeн жол сілтeп кeтті. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Күлтәй БАЯЗИТҚЫЗЫ.

Жарнама бөлімінің телефоны

43-21-55

Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41

Слетке қатысушы полицейлер алдымен Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімінде болып, қоғамдық тыныштықты сақтау мақсатында жанқиярлықпен еңбек жасаған полицейлердің құрметіне ашылған мұражайды тамашалады. Мұражайдың ашылу салтанатына арнайы қатысқан Қарағанды облысы ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Берікбол Қасенов, Шахтинск қаласының  әкімі  Сержан  Аймақов Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімі туралы сыр шертетін мұражайды жоғары бағалады. Мұнда Отан қорғаған сақшы ардагерлердің суреттері, Тәуелсіз еліміздегі ерліктің үлгісін көрсеткен айбынды полицейлер туралы мәліметтер мен көптеген экспонаттар қойылған. Полиция қызметкерлерінің аты-жөндерінің тізімі мен сонау жылдардағы милицияның қару-жарағы, фотоаппараты, милицияның саптағы және күнделікті киімі, алған наградалары орналастырылған. Тергеушілердің отырған кабинеті де сол қалпында сақталған. Әрбір экспонат уақытпен санаспай жұмыс істейтін полицейлердің ерлігі

мен еңбегін көрсетіп тұр. Тәртіп сақшыларының тарихына терең үңілгендігін байқадық. Бұдан кейін, жеке құрам арасында тәрбие жұмысын жетілдіру және оған серпіліс беру, кәсіби кадрлық деңгейді сақтап қалу, сонымен бірге, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, озық дәстүрлерді қадірлеу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінде, қоғамдық тәртіпті сақтауда жұмыс істеп жүрген полицейлердің қоғамдағы орнын қалыптастыруға игі істердің атқарылу керектігі айтылды. Мәселен, полиция сер­ жанты Қайрат Жұмабеков  сияқты қаһармандарымыздың ерлігін насихаттап, облыс орталығында аллея ашу және елді мекендердегі әлеуметтік нысандар мен көшелерге олардың есімдерін беру туралы ұсыныстар айтылды. Ішкі істер саласында шын көңіл бөліп, тетігін тапса, кез келген проблеманы шешудің жолы бар екендігін сөз етті. Сонымен қатар, жас полицейлер бір уақытта НКВД КарЛаг басқармасының үйі болған Долинка кентінде және Саяси

лысы ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев 14 тәлімгерді Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, 6 жас полиция қызметкері ҚР ІІД символикалық сағатын, 9 жас полицейге грамота, 8 полицейге Алғыс хат табыстады. Келесі слет Балқаш қаласында өткізілетіндігін жеткізді. Берікбол Қасенов, Қарағанды облысы ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі: – Бұл iс-шараның тәлiмгерлер үшін берері мол. Iшкi iстер органдарында қызмет атқару үшiн шыдамдылық, адалдық, тәртiп, табандылық керек екендігін осындай игі істермен насихаттап келеміз. Осы қызметке бар өмiрiн арнаған, бiр емес, бiрнеше өз iсiнiң кәсiпқойларын тәрбиелеген аға офицерлер жинаған тәжiрибелерi және дағдыларымен бөлiсуде. Бiрлескен iс-шаралар ұрпақтар сабақтастығы мен iшкi iстер органдарының үздiк дәстүрiн сақтауға кө­ мектесіп, патриоттық тәрбие беруге ықпал ететіндігіне сенімдімін. Суретті түсірген автор.

Максим күміс медальмен күптелді Қарағандылық балуан Максим РАКОВ Антальяда дзюдодан өтіп жатқан «Гран-при» жарысында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс медальді олжалады. Мықтылармен боз кілемде белдескен Максим бабында екендігін байқатты. Жартылай финалда ресейлік Нияз Ильясовты тізе бүктіріп, финалда оның отандасы

Адлан Бисултановқа есе жіберді. Еске сала кетейік, М.Раков ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо күресінен тәуелсіз қазақ тарихында бірінші рет әлем чемпионы атанған балуан. Одан бөлек, Жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері (2002), Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері (2006), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2007), Әлем кубогының күміс жүлдегері (2008), Азия чемпионы

(2009), Әлем чемпионы (2009), Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері (2010), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2011), Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері (2014), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2015), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2016). Кешегі күні 100 келіге дейінгі салмақта күмісті еншілеген балуан көңілдерді марқайтты. ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Жарнама, факс: 43-21-55; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­ дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­ дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Таралымы 18 100 дана №39 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 баспа табақ.

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Қарағандыдағы қазақ-түрік лицейінің оқушылары Қайсар ҚУАНЫШ пен Әлішер СМАҒҰЛОВ балаларға арналған қол протезін жасап шығарды. Қол протезін жасаудағы идеяның авторы – қазақ-түрік лицейі физика пәнінің мұғалімі Алтынбек Қарабатыров. Ұстаз бұл туралы өз сөзінде: «Павлодар қаласынан Қарағандыға жұмыс ауыстырғанда бұл істі жалғастыруды шештім. Қазіргі таңда 3D принтер сатып алып, оқушы-

лармен бірге протездер жасап жатырмыз. Протезді жасап шығару оңай. Алдымен, оқушылар бірінші үш өлшемді модельдің барлық тетігін салып алып, оны басып шығарады және жинайды. Жіпті тарту арқылы, протез бекітіледі. Бұлшық етке қозғалыс әкеледі. Бастапқы жағдайға әкелуге серіппе мүмкіндік жасайды. Негізі протездерді алғаш АҚШ-та өндірген болатын. Олар 5 мың доллар тұрады. Біздің протездер небары – 600 теңге. Тек, материалға қаржы жұмсаймыз», – деді. Оның айтуынша, алғашқы протез лицейдің Павлодардағы бөлімшесіндегі 3D принтер арқылы жасалған. Оны саусақсыз туған Сашаға сыйлаған. Қазір Сашаның жағдайы жеңілдеп, ол велосипед теуіп жүр екен.

– Алдағы уақытта бастың ми бөлігінен белгі қабылдай алатын қол секілді протез қолдар ойлап табуды жоспарлап отыр. «Бүгінгі күні әрбір ми қуатын реттейтін арнайы сканерлер әзірленген. Оларды Штаттарда протездер жасау үшін қолданады. Біз де осындай сканер сатып алып, жобалау жұмыстарымен айналысуды жоспарлап отырмыз. Әлбетте, біз жасаған бұйымның құны төмен болады, – дейді А.Қарабатыров. ҚТЛ ұжымы бұл жоба жастарды ғылымға бағыттайтынын айтады. Алдағы уақытта лицей оқушылары ұстаздарымен бірігіп Қарағандыда тұратын, небары екі саусағы бар балаға арнап қол протезін жасап шығармақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Жарнама бөлімі: ortalyk.reklama@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Cалтанат ИЛЬЯШОВА КОРРЕКТОРЛАР 2,4,6 – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 1,3,5 – Ж.АХМЕТОВА

11 04 2017  

Advertisement