Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

♦ СЕЙСЕНБІ, 1 ҚАРАША, 2016 жыл №177 (22 282) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Алаш арысы Әлімхан ЕРМЕКОВТІҢ туғанына – 125 жыл

Тәуелсіздік қалқаны

Айбынды ұлан – ел ертеңі Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының бастамасымен “Көңілді тапқырлар”жай дарман ойындары өтті. Республикалық күзгі марафон сайыстарына әскери бөлім сарбаздары қатысты.

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» Қазақстан Мемлекеті құрылуының басында тұрған тұлғалардың бірегейі – Әлімхан ЕРМЕКОВ екенін қайталап айта берудің өзі артық қазір. Қазақ халқынан шыққан тұңғыш профессор-математик, Қазақстанның қазіргі межедегі мемлекеттік территориясын тұңғыш рет ресми белгілеп, заңдастырушы. Тұңғыш қазақ тіліндегі математикалық терминологиялық сөздікті, жоғары математика оқулығын құрастырушы. Тере берсе, «тұңғыш, тұңғыш, тұңғыш» ...

2016 жылдың 30 қазанында облыстық мәслихат депутаттығына сайлаудың қорытындысы туралы облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ Облыстық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабы 9 тармағына, 44 бабы 2,4 тармақтарына және 111 бабына сәйкес анықтады: Осы жылдың 30 қазандағы сайлау күні сайлаушылар тізіміне 24220 адам тіркелді, дауыс беруге 19328 сайлаушы немесе 80,02% қатысты. №9 Теміржол сайлау округі бойынша облыстық мәслихатқа 3 үміткер ұсынылды, тіркелгені – 3. 30 қазандағы сайлауда дауыс беру келесідей бөлінді. 2016 жылдың 30 қазанында Қарағанды облысы бойынша облыстық мәслихат депутаттығына сайлаудың қорытындысы туралы Ақпарат Сайлау окру­гі­нің №

Округ бойынша сайлаушылардың жалпы саны

1 2 № 9 24220

Сайлау Үміткерлердің Үмітбюлле- аты-жөні кертенін лерге алған беріл сайген лаушыдауыс лардың саны саны

Дауыс Сайланған депутаттың беруге аты-жөні, кім арқылы арналған ұсынылды, партиялығы орыннан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны 3 4 5 7 19382 450 Бейникова 1528 Жамиев Данияр КунжоА.В. лович 1975 ж. т., Гладышев 1696 «КТЖ — Жүк тасымаС.А. лы» АҚ филиалының ҚаЖамиев Д.К. 16083 рағанды жүк тасымалы бөлімшесі, директор, «Нұр Отан» патиясы арқылы ұсынылған, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қарағанды қаласы

Облыстық сайлау комиссиясы.

Жарнама бөлімінің телефоны мен электрондық поштасы:

91-04-52 ortalyk.reklama@mail.ru

1936-1937 жылдары профессор Ә.Ермековтің «Қазақ тіліндегі математикалық терминологиялық сөздігі» және «Жоғары математика оқулығымен» қатар, «Жоғары математика курсының» екінші бөлімі де әзірленді. Бірақ, кейінгі еңбек жарыққа шықпай қалған? Сонда Алаш арысының өзі ақыл-білімінің арқасында қорғап қалған қазақ даласындағы күллі шәкірт кезінде математика пәнінен алғаш сауатын Ермеков еңбектерінің арқасында ашты деген сөз. Қазір аруақты Алаш ардагерінің есімі тілде бар да, ділде жоғы қынжылтады бізді. Осыдан үш-төрт жыл бұрын Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне Әлімхан Ермеков есімін беру жөнінде тұңғыш бастама көтерген де

біздің газет еді. Содан бері біршама уақыт өтті. Арыстың туғанына биыл 125 жыл толса да, бастама қолдаусыз қалып келеді. Анығы, біз Әлекеңе керек жоқпыз, Әлекең бізге керек. «Өлiнi құрметтесе, бабасын қастерлесе, халықтың қасиетi бұрынғы қалпына түседі» дейді. Мен емес – қытайдың ұлы ғұламасы Конфуций айтқан. Күні бүгінге дейін осы данышпандарының ойымен алға жылжып келе жатқан қытай қандай, біз қандай?! Қазақ жанын берсе де, жерін алып қалып отырған қашаннан. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың өзі бір мақаласында «Жер, жер және жер! Жер болмаса, мемлекет жоқ. Жер болмаса, ел де, Отан да жоқ», – деп қатаң ескертеді. Бірақ, орыс үкіметінің отарлау саясаты Қазақстанның шұрайлы өңірлері – солтүстік, батыс аймақтарының төл тұрғындарын тықсыра бастады. Тіпті, 1920 жылға дейін еліміздің ең құнарлы солтүстiк шығыс бөлігі – Шығыс Қазақстан, Семей, Ақмола, Қызылжар, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе облыстары – Ресейдiң

құрамына, Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда облыстары – Өзбекстан территориясына, Маңғыстау түбегi – Түркіменстанға бөліп беру туралы жоспарланып қойылса керек. Бұл туралы жазбаларында Әлімхан Ермеков: «Ол кезде жауапты қызметкерлердiң арасында, партия мекемелерiнде: «Қазақстанды Орталық Азия федерациясының құрамына қосады екен-мыс. Сөйтiп, Қазақстан одақтас республиканың дәрежесiне көшедi екен-мыс», – деген қауесеттер шығып жүрдi. Осы мәселе жөнiнде Москвадан келген Ежов жолдасқа ашық түрде: «Орта Азия федерациясына Қазақстанды қосып, солтүстiк аймақтық шекараны межелеу – шаруашылық мүддесi тұрғысынан да, мәдени байланыс тұрғысынан да пайда әкелмейтiнiн айттым», – дейді. Қазақстан-Ресей шекарасы туралы мәселе 1919 жылдан бастап түрлі жиындарда бірнеше мәрте қаралады. Ең соңғы шешуші Бүкілодақтық Халық комиссарлары Кеңесінің мәжілісі В.Лениннің төрағалығымен Мәскеуде

1920 жылы 17-26 тамыз аралығында өтеді. Бірнеше күнге созылған даулы мәселеге төрағалық еткен Ленин қайта-қайта комиссия отырыстарын өткізіп, өзі бақылауға алады. Әлімхан Ермеков тамыздың 17 мен 24-і күндері жасаған баяндамалары барысында, талан-таражға түскелі тұрған Қазақстанның жарты жерінің тұтастығын сақтап, аман алып қалады. Осындай қызу талас-тартыстардан соң Ленин: «Қаулы дайын. Әлімхан Ермековтің қайта баяндама жасағаны дұрыс», – деп тұжырады. Нәтижесінде, тамыздың 24-і күні Ленин Автономиялық Қырғыз ССР-і туралы құжатқа қол қойса, 26 тамыз күні құжат заңды күшіне енді. Сөйтіп, бөліске түскелі тұрған жеріміз бүгінгі ұрпақ игілігіне тұтасымен көшті. Басқасын айтпағанда, Әлекеңнің осы жалғыз еңбегінің өзі үшін оның атына Қазақстанның үлкен бір қаласын берсе – артық емес. Оқу орны былай тұрсын! Ойланайық! Ермековтің ерен еңбегі болмаса, қазіргі Астанамыздың өзі Ресей аумағында кетер еді ғой...

дан жоғары тепті. Матчтағы есеп екінші таймда ашылды. 54-ші минутта «Тараз» бар күшімен шабуылға ұмтылды. Малик Мане «Шахтердің» айып алаңына кіріп, соққы жасағанымен, Шацкий қайтара білді. Осы жерде Мане және бір соққы жасады. Оны Шацкий бұрышқа шығарып жіберді. Бұдан кейін көтерілген бұрыштама добын Давронжан Эргашев «Шахтердің» қақпасына құлап бара жатып енгізді. 1:0. 73-ші минутта қарағандылықтар есепті теңестірді. Айбар Нұрыбековтің соққысын «тараздық» қақпашы Кирилл Короткевич кері қайтарып, Деслей Уббниктің аяғына салып берді. Өз кезегінде Уббник мүмкіндікті мүлт жібермеді. 1:1. Төрт минут өте тараздықтар ба-

сымдығын еселеді. Оң қапталдан келген допқа иелік еткен Александр Киров Шацкийдан айласын асырды. 2:1.

Таблодағы көрсеткіш ойын соңына дейін өзгермеді. «Шахтер» жеңілсе де, өзінің Премьер-Лигада-

Орталық өңірлік қолбасшылығы өз қызметін Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында жедел, аумақты түрде жүзеге асыратын әскери басқару орталығы болғандықтан, өңірлік қолбасшылыққа бағынышты әскери бөлімдер мен бөлімшелердің 50%-ы Қарағанды облысында орналасқан. Биылғы жайдарман ойындарына Астана қаласы 6636 әскери бөлімінен “Унесенные” командасы, Петропавл қаласы 6637 әскери бөлімінен “Әр үйдің балалары” командасы, Степногорск қаласы 3517 әскери бөлімінен “Агро(star)” әскери командалары бақ сынады. Сондай-ақ, Қарағанды қаласы 6505 әскери бөлімінен “Найзағай”, 52859 әскери бөлімінен “Көңілді апельсин», 5451 әскери бөлімінен “Жігіттер”, Көкшетау қаласы 5510 әскери бөлімінен “Толағайлар”, Теміртау қаласы 5516 әскери бөлімінен «16 жігіт», Қостанай қаласы 6697 әскери бөлімінен «Дос күлкі» командалары ерекше ойын үлгісін көрсетті. Сайысқа қатысушылар жайдарман ойындары барысында әскери өмірге қатысты мәселелерді қозғады. Жайдарман ойындарының ережесіне сай командалар «Назар аудар!», «Үй тапсырмасы» аталымдары бойынша сайысқа түсті. Қарағанды қаласы әскери бөлімдері бойынша “Найзағай” командасы – І орын, «Жігіттер» командасы – ІІ орын иеленді. Степногорск қаласынан келген “Агро (star)” сарбаздары ІІІ орынды қанағат тұтты.

Футбол Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» «Шахтер» биылғы ел чемпионатын 9-шы сатыда тәмамдады. Бұйыртса, келер жылы да Премьер-Лигадағы бәсекені жалғастырады. Соңғы ойында «Тараздан» ұтылған қарағандылық клубтың қоржынында – 36 ұпай. Оңтүстіктегі ойында «Шахтер» 2:1 есебімен ұтылды. Кездесу Таразда өтті. Матч басында тараптар бір-бірінің қақпасын бағындыруға асыға қоймады. Тек, 38-ші минутта кездесудегі қауіпті соққы орын алды деп айтуға болады. «Тараздың» қақпасына отыз метр қашықтықтан Мақсат Байжанов айып добын көтерді. Алайда, допқа иелік еткен Никола Василевич қақпа-

ғы орнын сақтап қалды. Статистикаға көз жүгіртсек... «Шахтер» чемпионат барысында 32 ойын өткізді. 10 ойында жеңіске жетіп, 6 кездесуде таразы басы тең түсті. 16 матчта жеңісті өзгелерге берді. Өз қақпасына 40 доп өткізіп, қарсыластардың қақпасын 25 мәрте бағындырды. Сөйтіп, турнир қорытындысында 9-шы сатыдан табылды. Ал, биылғы чемпион – «Астана». Елордалық клубтың еншісінде – 73 ұпай. Алматылық «Қайратта» – 71 ұпай. Үздік үштікті түйіндеген керекулік «Ертіс» 49 ұпаймен чемпионатты аяқтады. Сурет sports.kz сайтынан алынды.

Баспасөз – 2017

Қалалар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 4942, 50 тг., 1 жылға – 9885, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2752, 50 тг., 1 жылға – 5505, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2452,50 тг., 1 жылға – 4905,00 тг.

«Қазпочта» АҚ Индексі: 65484

газетіне жазылу жүріп жатыр

Ауылдар бойынша Мекемелер мен кәсіпорындар үшін 6 айға – 5085, 00 тг., 1 жылға – 10170, 00 тг. Жеке адамдар үшін 6 айға – 2865, 00 тг., 1 жылға – 5730, 00 тг. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер үшін 6 айға – 2625,00 тг., 1 жылға – 5250,00 тг.

Газет редакциясында басылымға баспа құны (жеткізіп берусіз) бойынша баламалы түрде жазылу жүргізіледі. Анықтама телефоны: 43-57-78


2

Билік. Саясат. экономика

1 қараша, 2016 жыл www.ortalyq.kz

Облыс әкімдігінде Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан» ЕСКЕРТУ

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан» Приозерск қаласындағы мектеп жасына дейінгі оқу-тәрбие мекемелерінде жылма-жыл игілікті істер атқарылуда. Мұның өзі білім берудің мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізіліп келеді. Осындағы кешенді мектептегі №2 балабақшада ер балалардың еңбекпен шұғылдануына айтарлықтай мүмкіндік жасалған. Бір жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан арнайы үйірме балалардың ой-қиялын өрістетіп, бүлдіршіндердің бойында кәсіптік салт-дәстүрді өркендетуге мүмкіндік туғызады. Баланы еңбекке жас кезінен баулудың, үйретудің мәні зор. Ал, «Достық» балалар мен жасөспірімдер орталығындағы бассейнге жаңадан ауа тазартқыш қондырғысы қойылды. Гигиеналық тазалықтың сақталуына, бассейн ішіндегі ауаның белгілі бір деңгейде таза тұруына әжептеуір септігін тигізіп отыр. Сондай-ақ, №2 мектепке де құрылыс материалдары бөлініп, игілікті шаруа тындырылды. Қазіргі таңда оқушылар мен ұстаздар қамқорлықты жете сезінуде. Былтырғы жылы пайдалануға берілген 200 орындық «Балақай» балабақшасына 2 және 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер қа­ тәр­биеленуде. Жаңа был­данып, балабақшада әр түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Ата-аналардың алаңсыз еңбек етуіне осылай мүмкіндік жасалып отыр. Приозерск қаласы.

2016 жылғы 1 қарашада Қарағанды қаласына Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орайластырылған науқан ая­ сында «Тәуелсіз Қазақстан» ақ­ параттық-насихаттық пойызы келді. Науқан шеңберінде білім беру, медицина, әлеумет­тік қам­сыздандыру мен заңтану салаларындағы мәселе­лер бо­­йын­ша кеңестер ұйымдас­ тырылады. – 2016 жылғы 2 қарашада сағ. 10.00-ден 19.00-ге дейін (сағ.13.00 – 15.00 аралығында үзіліс) «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының қоғам­ дық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке қабылдау (Әлиханов көшесі, 4, 108 каб.). Анықтама телефоны: 8-7212400853. – 2016 жылғы 2 қарашада сағ. 10.00-ден 19.00-ге дейін Қарағанды қаласы әкімдігінің ғимаратында (Бейбітшілік буль­вары, 39, ХҚКО жағынан) Мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары, құқықтық, әлеуметтік, жұмысқа орналасу, білім беру мәселелері бойынша кеңестер. – 2016 жылғы 2 және 3 қарашада сағ. 10.00-ден 18-00-ге дейін республикалық деңгейдегі мамандардың кеңес беру көмегін қажет ететін науқастарды қабылдау. Ересек адамдар үшін «Қа­ рағанды қаласының №3 ауруханасы» ҚММ (Кеншілер даңғылы, 78), балалар үшін «Облыстық балалар клиникалық ауруханасы» КММ (Ержанов көшесі, 8, 1 корпус). Кеңес учаскелік дәрігердің бағыттамасы бойынша ғана жүргізіледі (кеңес үшін науқастар өзімен бірге толық көшірмені мен тексеріс нәтижелері алып келу қажет). Қатысуға ниет білдірген барлық азаматтарды шақырамыз. Анықтама телефоны: 8-7212423667. Қарағанды қаласының әкімдігі.

2016 жылғы 28 қазан күні өңір басшысы Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен облыс әкімдігінің отырысы өтті. Онда әлеуметтік-экономикалық дамудың тоғыз айлық қорытындысы және жыл аяғына дейінгі міндеттер қаралды. Өзінің кіріспе сөзінде өңір басшысы облысымыздың әлеуметтік экономика саласын бірқатар негізгі көрсеткіштердің орындалуымен байланысты тұрақты деп сипаттама берді. – Өздеріңіз білетіндей еліміздің басшылығы алдымызға қойған дағдарысқа қарсы шаралар жоспарында биылғы жыл өте белсенді өтуде. Қосымша қаражаттар бөлінуде. Нысандар салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау бойынша барлық ресурстар іске қосылуда. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында бірқатар шаралар жүзеге асуда. Астық жинау науқанында жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Облыс тарихында бірінші рет рекордтық өнім жиналды, 1 миллион тоннадан астам дәнді дақыл ел қамбасына құйылды. Соған орай диқандарымызға зор алғыс айтқымыз келеді, – деді облыс әкімі. Күн тәртібіндегі тұрған мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявская баяндама жасады. Баяндамашының айтуынша жалпы алғанда облысымыздың әлеуметтікэкономикалық саласындағы көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Өткен кезең ішінде өнеркәсіп, оның ішінде қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы және транспорт саласы облыс экономикасының өсуіне үлкен үлес қосты. Өңірлік жалпы өнім 1 трлн. 595 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптің өсуі 5,2% қамтамасыз етілді (бірінші орын), оның ішінде қайта өңдеу саласында – 8,7%, ауыл шаруашылығында – 4,8% (сегізінші орын), транспорт саласында – 2% болды. Қайта өңдеу саласында машина жасау көлемі – 81%, қара металлургияда – 9,6%, түсті металлургияда – 2,6%, фармацевтикада – 12%-ға өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өсімдік шаруашылығы өнімінің өсуіне байланысты (52%) 4,8% артты. Мал шаруашылығы өнімі 42%-ға өсті.

Негізгі қорға 214,7 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен төмен болғанымен электрмен және сумен қамтамасыз ету, қаржы және сақтандыру қызметінде, жылжымайтын мүлік саласында, денсаулық және әлеуметтік қызмет көрсету саласында инвестиция тарту өсіп отыр. Құрылыс саласында 105,6 млрд.теңге игерілді, бұл 87,3% (республикада жетінші орын). Тұрғын үй құрылысына 28,8 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылғыдан 6% артық. 271,7 шаршы метр алаң пайдалануға берілді, бұл өткен жылғыдан 9% көп. Екі мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлады. Баяндамашы сондай-ақ инфляция көрсеткішінің өңіріміз бойынша төмендегенін баса айтты. Мәселен, тамыз айында да, қыркүйек айында да бұл көрсеткіш 0,1% кеміген. Азық-түліктік емес тауарлар құнының өсуі байқалды (қыркүйек). Азықтүліктік тауарлар және ақылы қызмет көрсету – 4,7 пайызға артты. Жалпы, инфляция көрсеткіші бойынша республикада төртінші орындамыз. 10207 жаңа жұмыс орыны ашылды. Жалақы 11,7%-ға өсті (ағымдағы жылдың

екінші тоқсанында 126 мың теңгені құрады). Білім саласында оң өзгерістер бар. Жаңа оқу жылында үш мектеп пайдалануға берілді. Мектеп жасына дейінгі мекемелер саны өсе түсуде. Жыл басынан бері Қарағанды және Теміртау қалаларында 210 орынды балабақшалар іске қосылды. Жыл аяғына дейін тағы да 10 жеке балабақша қатарға қосылады деп күтілуде. Денсаулық саласында аналар мен сәбилердің шетінеуі 24% төмендеген. Медициналық мекемелердің матер­ иалдық-техникалық базасы барған сайын жақсара түсуде. 200 орынды көп салалы балалар ауруханасының құрылысы жалғасуда. Облысымыз бойынша 3 млрд. теңгенің құрал-жабдықтары алынды. Отырыс соңында өңір басшысы басталған істі аяғына дейін жеткізу, жылды лайықты аяқтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Әсіресе, жаңа жұмыс орнын ашу, жұмыссыздарды қоғамдық еңбекке орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударуды ұсынды.

Облыс әкімдігінде

«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы Қарағанды облысының аумағында «Атасу-Алашанькоу», «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральды мұнай құбырлары, ТОБЖ байланыс желілері салынғанын, олар километрлі бағандармен және ескерту белгілермен белгіленгенін ескертеді. ҚР «Магистральды құбыр жолдары туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін күзету Ережелеріне сәйкес келесі күзету аймақтары белгіленеді: 1) магистральды мұнай құбырларының трас­салары бойында – әр жағынан құбыр осінен елу метрде өтетін шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі ретінде; ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде магистральды мұнай құбырының күзетілетін аймағы әр жағынан құбыр осінен жиырма бес метрде өтетін шартты сызықтармен шектеледі; 2) бір техникалық дәлізде салынған көп жікті құбырлардың трассалары бойында – шеткі құбырлардың осьтерінен 1) тармақшамен қарастырылған қашықтықтарда шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі ретінде; 3) суасты өтпелерінің бойында – әр жағынан өтпелердің шеткі жіктерінің осьтерінен жүз метрде тұрған қатарлас жазықтық арасында жасасылған су беткейінен түбіне дейінгі су кеңістігінің жер учаскесі ретінде; 4) өнімді апаттық шығаруға арналған жер қоймаларының айналасында – көрсетілген объектілер аймағының шекараларынан барлық жаққа елу метрде тұрған тұйық сызықпен шектелген жер учаскесі ретінде; 5) бас және аралық аудау және құю сораптық стансалары, сұйыққойма парктері, өнімдерді өлшеу тораптары, құю-төгу эстакадалары, мұнай, мұнай өнімдерін қыздыру пункттері айналасында – көрсетілген объектілер аймағының шекараларынан жүз метрде тұрған тұйық сызықпен шектелген жер учаскесі ретінде; 6) орманы жоқ учаскелерде тұрғындар тұратын пункттерден тыс орналасқан байланыс және радиофикацияның жер асты кабельді және әуе желілері – жер асты кабелінің трассасынан немесе әр жағынан екі метрден кем емес қашықтықта әуе желілерінің шекті сымдарынан тұратын параллель тура желілерді анықтайтын осы желілер бойындағы жер учаскесі ретінде. ҚР-ның «МАГИСТРАЛЬДЫ ҚҰБЫР ЖОЛДАРЫ» ҚНжЕ 3.05-01.2010-ға СӘЙКЕС 30 МЕТРДЕН 150 МЕТРГЕ ДЕЙІН ҚАУІПСІЗДІК АЙМАҚТАРЫ БЕЛГІЛЕНЕДІ. ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН БЕЛГІЛЕНГЕН ЕҢ АЗ ҚАШЫҚТЫҚ ШЕГІНДЕ МАГИСТРАЛЬДЫ ҚҰБЫРҒА ЖАТПАЙТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ. ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Құбырлардың күзетілетін аймақтарында құбырлардың қалыпты пайдаланылуына немесе олардың бұзылуына әсер ететін түрлі әрекеттерді жасауға тыйым салынады, соның ішінде: • тану белгілерін, бақылау-өлшеу пункттерін ауыстыруға, үюге және сындыруға; • кабель желілерінің қызмет көрсетпейтін қақпақтарды, қақпаларды және есіктерді, желілік арматураның торап қоршауларын, катодты және дренажды қорғау қондырғыларын, желілік және қарау құдықтары мен басқа желілік құрылғыларды ашуға, крандар мен ысырмаларды ашып, жабуға, байланыс, энергиямен қамтамасыз ету және құбыр телемеханикасы құралдарын қосуға немесе өшіруге; • түрлі қоқыс орындарын жасауға, қышқылдар, тұздар мен сілтілердің ерітінділерін төгуге; • жаға бекіту имараттарын, су өткізу құрылғыларын, құбырларды, байланыс желілерін бұзудан, ал жақын аумақ пен айналадағы жерді апаттық құйылу мен тасымалданатын өнімнен қорғайтын жер және өзге имараттарды (құрылғыларды) бұзуға; • зәкірлерді суға тастауға, суға тасталған зәкірлермен, тізбектермен, сүйретпелермен және тралдармен өтуге, тереңдетіп қазу мен жерге батыру жұмыстарын жүргізуге; • от жағуға немесе қандайда бір ашық немесе жабық от көздерін орналастыруға. Магистральды мұнай күзетілетін аймақтарында АҚ Шығыс филиалы

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде 2016-2017 оқу жылында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу, Қарағанды облысына медициналық кадрларды тарту және жекешелендіруді жүргізу барысы туралы өзекті үш мәселе қаралды. Елбасы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру және кезең-кезеңімен 12 жылдық

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы» ММ, келесі мекен-жай бойынша орналасқан: Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданы, Жамбыл көшесі 97 үйде орналасқан, почталық индексі 100012, телефон: 8 (7212) 56-4090, келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды. – Нұра ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықтарды қадағалау жөніндегі прокуроры – 1 бірлік (COGP-8 категориясы). – Ақтоғай ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықтарды қадағалау жөніндегі прокуроры – 1 бірлік (C-OGP-8 категориясы). Еңбек ақысының көлемi мен шарттары қолданыстағы заңнамамен анықталады (ай сайын 87125,87 теңгеден басталады). Біліктілікке қойылатын талаптар: 1) білімі – жоғары заңгерлік; 2) денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы; 3) нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің, дағдысының болуы. Қызметтік міндеттері:

білім беру жүйесіне ауысу арқылы білім мазмұнын түбегейлі өзгерту туралы мақсат қойды. Облыстың білім басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысу – мектеп бағдарламасын ұзарту емес екендігіне ерекше тоқталып өтті. Оның негізгі басымдылығы – білім берудің түпкі мақсатын, әдісі мен бағалау жүйесін өзгерту арқылы білім мазмұнын жаңартып, пәндер санын біріктіру. Жаңа модельде оқушылардың өз бетінше іздену, сынап-талдау, функционалды сауаттылық дағдысын дамыту басты рөл атқарады. Мамандарды тарту және қызметке алу мақсатында облысты денсаулық сақтау ұйымдарын білікті кадрлармен толықтыруды арттыруды көздеген түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Бұл туралы облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді. Кадрлар ау-

– ақпараттық есептік құжаттарды қабылдау, тіркеу және автоматтандырылған мәліметтер қорына енгізуді жүзеге асыру; – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асатын тексерістерді тағайындау туралы актілерді тіркеу; – «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу; – ақпараттық есептік құжаттардың құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен толтырылуының толықтығы мен дұрыстығына, уақытылы қойылуына бақылауды қамтамасыз ету; – құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алу бағыты бойынша мәліметтер қорына мониторингтер және салыстырулар жүргізу; – құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру. Құжаттарды қабылдау орны: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

ысымы үнемі жіті назарға алынып, жас дәрігерлердің қызметке орналасуына да ұдайы мониторинг жүргізіледі. Жас мамандардың біліктілігін жоғарлату, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу, мамандардың баспаналы болуы мен тұрмыс-жайларының жақсаруын қадағалау жұмыстары жасалады. Елді мекендердегі кадр тапшылығы да назардан тыс қалмайды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – жекешелендіруді жүргізу барысы туралы облыстың мемлекеттік активтер мен сатып алу басқармасының басшысы Мұрат Қадеков баяндама жасады. ҚР Үкіметінің 30.12.2015 жылы бекіткен №1141 қаулысы бойынша, 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру туралы кешенді жоспарға сәйкес, Қарағанды облысында барлығы 43 ұйым жекешелендіруге ұсынылды. Жыл басынан бері 5 ұйым жекешелендіріліп үлгерсе, 1 ұйым таратылды. Сондай-ақ, екі ұйымның тағдыры 8 қарашада шешіледі.

жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы, мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Жамбыл көшесі, 97 үй, телефон 8 (7212) 56-40-08. Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу жөніндегі соңғы хабарламаны жариялаған күннен 5 жұмыс күні ішінде. Конкурс келесі құжаттардың негізінде жүргізіледі: 1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысандағы сауалнама; 3) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекен-жайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы; 4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

құбырларының «ҚазТрансОйл» құрылымдық

бөлімшелерінің жазбаша рұқсатынсыз: • «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалымен олардың орналасу жерін, құрылыс, жайластыру және пайдалану тәртібін келіспей магистральды құбырдың және оның күзетілетін аймағы трассасының өткелдерін, топырақ жолдарын немесе өзге уақытша немесе тұрақты көлік қиылыстарын орналастыруға; • бақ өсіруге және ағаш өсіруге, сонымен қатар жыртылатын тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын қыр ауыл шаруашылық дақылдарды өсіруге бағытталған агротехникалық жұмыстардан басқа, «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалымен келісілмеген қандай да бір жұмыстарды орындауға; • магистральды құбырларға қызмет көрсетуге және оның физикалық қорғанысын қамтамасыз етуге арналған «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалымен орналастырылған жолдарды қалпына келтіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген жағдайлардан басқа осы жолдар бойынша магистральды құбырларда өртке қарсы және күзет қызметтерін орындайтын қызметкерлердің қозғалысына кедергі жасауға; • кез келген құрылыстар мен имараттарды салуға; • автомобиль көлік құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға; • мелиоративті жер жұмыстарын жүргізуге, жер суаратын және құрғататын жүйелерді салуға; • «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалымен келіспей тау, құрылыс, жинақтау және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, топырақты тегістеуге; • ұңғымалардың, шурфтардың құрылғыларымен және топырақ (жер қыртысының үлгілерінен басқа) сынамаларын алумен байланысты геологиялық түсіру, геологиялық барлау, іздеу, геодезикалық және басқа іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Магистральды құбырлардың күзет аймақтарында кез-келген жұмыстар мен әрекеттерді орындау қажет болған жағдайда, Кәсіпорындар, Ұйымдар және Азаматтар: • «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы құрылымдық бөлімшелерінен «Магистральды құбырлардың күзетілетін аймақтарында жұмыстар жүргізуге» жазбаша рұқсат алуға міндетті. Жұмыстар жүргізуге рұқсат жұмыстарды жүргізушіде жұмыс істеп тұрған құбырлар көрсетілген жобалау құжаттама бар болған жағдайда ғана берілуі мүмкін. • кем дегенде 5 тәулік бұрын «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы құрылымдық бөлімшесінің өкілін жұмыстарды жүргізу орнына шақыруға; • құбырлардың және тану белгілерінің сақталуын қамтамасыз ететін ережелерді сақтап, жұмыстарды орындауға міндетті. «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының құрылымдық бөлімшелері ҚР-ның «Магистральды құбыр жолдары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін күзету ережелерін және ҚР-ның «Магистральды құбыр жолдары» ҚНжЕ 3.05-01.2010-ды, сондай-ақ «Күзетілетін аймақта жұмыстарды жүргізуге арналған рұқсатта» көрсетілген талаптар бұзылып, орындалған жұмыстарды тоқтатып қоюға құқылы. ҚР-ның «Магистральды құбыр жолдары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы экологиялық кодексі, Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін күзету ережелері және ҚР-ның «Магистральды құбыр жолдары» ҚНжЕ 3.05-01.2010 жергілікті үкімет және басқарма органдарымен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен, ұйымдармен (жеке меншік түрлеріне қатысты емес) және құбырлар өтетін аумақта жұмыстар немесе қандайда бір әрекеттер жүргізетін азаматтармен орындау үшін міндетті болып табылады. Айтылған Заң, Кодекс пен ҚР ҚНжЕ ережелерінің талаптарын бұзушылықтарға кінәлі лауазымды тұлғалар мен азаматтар белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Жоғарыда айтылған барлық мәселелер бойынша мына мекенжайға хабарласу қажет: «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы Операторлық қызметтер басқармасы 040200, Үшарал қ., Қасымжанов көш., 1 Тел: 8 (72833) 2-34-54; Факс: 8 (72833) 2-34-54; ұ. т. 8 (701)6743335 – кезекші диспетчер.

«Қарағанды қаласының Театральная көшесін қайта атау туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. Қарағанды қаласындағы Театральная көшесі Тиышбек Ахановтың есімімен қайта аталсын. 2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; 6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі; 9) 3х4 үлгідегі (3 дана) сурет; 10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар; 11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері; 12) прокуратура органдарында қызмет өткеру-

бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М.Әдекенов) жүктелсін. 3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қарағанды облысының әкімі. Қарағанды облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы. Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

ге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ, полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары; 13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама; 14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады. Тізбеде көрсетілген қосымша құжаттар Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығында берілген.


дүние-дүрмек

1 қараша, 2016 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Құттықтаймыз! Құрметті Толқынай Әлиакбарқызы! Сізді қазан айындағы туған күніңіз мерейлі, мерей тойыңызбен құттықтаймыз. Сіз көкірегіне иман тұнған ибалы, жаны таза, тұла бойыңыз болмысыңызға сай, ойы ашық, білімді ұстазсыз. Сіздің алдыңыздан шыққан шәкірттеріңіз еліміздің әр қиырында еселі еңбек етіп жүр. Соның бірі біздерміз. Біз оны үнемі мақтан етеміз. Сіздің оқыған дәрістеріңіз, берген тәрбиеңіз, адамгершілік, ар-ождан, имандылық туралы айтқан ақылыңыз бүгінгі күні бізге кәдеге асуда. Сізді үлгі тұттық, үлкенге ізетті, кішіге қамқор, шәкіртке мейірімді болдыңыз. Сіз ұзақ мерзім Қарағанды Банк колледжінде қызмет еттіңіз, еліміздің экономикасын көтеруде түлектер арқылы үлес қостыңыз. Ұл-қыз өсірген, ұрпақтарының қызығын көріп отырған абзал анасыз. Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, салиқалы әже болуыңызға тілектеспіз. Ізгі тілекпен шәкірттеріңіз.

№476.

Біздің жарнама телефонымыз

91-04-52

Жарнама бөлімінің электрондық поштасы: ortalyk. reklama@mail.ru

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті Аймақтық көліктік басқармасы Қарағанды және Жезқазған көлік аймақтары бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі аға прокуроры (С-OGP-7) бос лауазымына байқау жариялайды (Астана қ., Қабанбай батыр көшесі 31, тел.: 8(7172) 73-03-34, ф.:73-03-32): Функционалды міндеттері: ақпараттық есептік құжаттарды қабылдау, тіркеу және автоматтандырылған мәліметтер қорына енгізуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асатын тексерістерді тағайындау туралы актілерді тіркеу; «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу; ақпараттық есептік құжаттардың құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен толтырылуының толықтығы мен дұрыстығына, уақытылы қойылуына бақылауды қамтамасыз ету; құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алу бағыты бойынша мәліметтер қорына мониторингтер және салыстырулар жүргізу; құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазым бойынша функционалды бағыттарға сәйкес келетін жоғары кәсіби білім; - құқық қорғау органдарында қызмет атқару үшін қажетті болған ден саулығының жарамдылығы; - нақты лауазым бойынша функционалды міндеттерді атқару үшін қажетті білім, іскелік қабілеті және дағдысының болуы; - прокуратура органдарында немесе құқық қорғау органдарындағы

лауазымдарда екі жылдан кем емес қызмет өтілінің болуы немесе мемлекеттік қызметте үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда төрт жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы. Жұмыс ақысы 96 735 теңгеден бастап. Қонкурста қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады: 1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 04.05.2014 жылғы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомство және мекемелерінде лауазымдарды басу үшін конкурсты және тағылымдаманы өткізу Ережелерінің (бұдан әрі-Ереже) 2 қосымшасында белгілінген түрдегі арыз; 2) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысандағы сауалнама; 3) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы; 4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны; 5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; 6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; 7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет; 10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша салық органына табыс еткенін растайтын құжаттар; 11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері; Тестілеу бойынша төменгі мәні осы Қағидаларға 6-қосымшаға сай Тестілеу бағдарламасында көзделген нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының 70%-нан кем емес дұрыс жауаптардан тұрады. 12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары; 13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама; 14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме. Құжат тігілетін мұқабаға салынған және құжаттардың тізбесі жазылған барлық құжаттар өз қолымен немесе пошта арқылы Астана қаласы Қабанбай батыр к-сі 31 үй мекен-жайына, конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Региональное транспортное управления Комитета по правовой статистике и специальным учетам ГП РК (г.Астана ул. Кабанбай батыра, 31, тел. 8 (7172) 73-03-34, ф.:73-03-32) объявляет конкурс на занятие вакатной должности старшего прокурора по надзору за законностью в сфере правовой статистики и специальных учетов по Карагандинскому и Жезказганскому транспортным регионам Регионального транспортного управления Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (С-OGP-7). Функциональные обязанности: осуществление приема, регистрации и ввода в автоматизированные базы данных информационных учетных документов; регистрация актов о назначении проверок, осуществляемых государственными органами Республики Казахстан; ведение автоматизированной информационной системы «Специальные учеты»; обеспечение контроля за полнотой, достоверностью и своевременностью заполнения, выставления субъектами правовой статистики и специальных учетов информационных учетных документов; проведение мониторингов, сверок баз данных Комитета по линии формирования правовой статистики и специальных учетов; осуществление контрольно-надзорной деятельности в сфере правовой статистики и специальных учетов. Требования к участникам конкурса: образование высшее профессиональное, соответствующее функциональным направлениям конкретной должности; пригодность по состоянию здоровья к прохождению службы в правоохранительных органах; наличие обязательных знаний, умений и навыков, необходимых для исполнения функциональных обязанностей по конкретной должности; не менее двух лет стажа службы в органах прокуратуры или на должностях в правоохранительных органах,

либо не менее трех лет стажа государственной службы, либо не менее четырех лет стажа работы в сферах, соответствующих функциональным направлениям конкретной должности данной категории. Заработная плата от 96 735 тенге. Для участия в конкусе подаются следующие документы: 1) заявление по форме, установленной приложением 2 к Правилам проведения конкурса и стажировки для занятия должностей в органах, ведомствах и учреждениях прокуратуры Республики Казахстан, утвержденным приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 04.05.2014 г. №40 (далее – Правила); 2) анкета по форме, согласно приложения 3 к Правилам; 3) заполненного личного листка по учету кадров (с указанием адреса фактического места жительства и телефонов, в том числе и контактных) по форме, согласно приложению 4 к настоящим Правилам; 4) заполненной подробной автобиографии, написанной собственноручно и в отпечатанном виде, с указанием близких родственников, в том числе бывших супругов по форме, согласно приложению 5 к настоящим Правилам; 5) копии документа, удостоверяющего личность гражданина Республики Казахстан, засвидетельствованной нотариально; 6) копии документов об образовании, засвидетельствованных нотариально; 7) копии документа, подтверждающего трудовую деятельность, засвидетельствованного нотариально; 8) копии военного билета или удостоверения о приписке к призывному участку; 9) фотографии размером 3х4 (3 штуки); 10) документов, подтверждающих представление гражданином и его супругой (супругом) в налоговые орга-

ны по месту жительства декларации о доходах и имуществе в соответствии с Законом Республики Казахстан от 2 июля 1998 года «О борьбе с коррупцией»; 11) результатов компьютерного тестирования на знание норм действующего законодательства не ниже пороговых значений, действительных на момент подачи документов для участия в конкурсе; Пороговые значения по тесту составляют не менее 70% правильных ответов от общего количества вопросов по нормативным правовым актам, указанным в Программе тестирования согласно приложению 6 к настоящим Правилам. 12) результатов прохождения медицинского и психофизиологического освидетельствования, в том числе полиграфологического исследования, в военно-врачебных комиссиях для определения пригодности к службе в органах прокуратуры и обязательной специальной проверки; 13) справки органов правовой статистики и специальных учетов об отсутствии судимости, привлечении в течение года к административной ответственности в судебном порядке за совершение умышленного правонарушения, дисциплинарной и административной ответственности за совершение коррупционных правонарушений; 14) характеристики с последнего места работы (учебы). Расходы по участию в конкурсе (проезд к месту проведения тестирования, стажировки и обратно, наем жилого помещения, проживание) граждане производят за счет собственных средств. Документы, вложенные в скоросшиватель, с указанием перечня прилагаемых документов, нарочно или по почте представляются по адресу: г.Астана ул.Кабанбай батыра, 31, в течение 5 рабочих дней со дня публикации объявления о проведении конкурса.

Еске алу

Еске алу

2016 жылдың 16 қараша айында айықпас дерттен Қарқаралы ауданының тумасы, анамыз Бақыт Касенова өмірден өткен еді. Жарына адал, балаларына қамқор, немерелеріне ардақты әже бола білген анамыздың орны әрқашан ойсырап тұрары сөзсіз. Жүректерде қаяу, көңілдерде қимастық болғанымен тәңірдің жазуына не шара? Бүгінде артында қалған жолдасы, балалары, немерелері және бауырлары қимастықпен еске алып келесі өлең жолдарын арнайды. Жар едің жарты ғұмыр бір өткізген, Үш бала тәрбиелеп біз өсірген. Асқанда жол ортадан үзілдің-ау, Естелік қалдырып тек пәк өмірден. Жан ана қимадық біз сізді өлімге, Жарқырап жүруші едің бұл өмірде. Үш балаң алтау болып еске алуда, Бейнеңді сақтаумен тек көңілде. Сүйікті қамқор ана ақылшы ана, Беруші ең әрқашанда ізгі бата. Немере, туған-туыс, бауырларың, Аңсаймыз әр күн сені қамқоршы ана. Сағына еске алушылар: жолдасы – Болат Қабышов, балалары, немерелері, бауырлары, туған-туыстары. P.S. Марқұмның 40 күндік құран-хатымы Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі 1, «Университет» мейрамханасында (ҚарМУ) 2016 жылдың 26 қарашасында сағат 13:00-де оқылатынын естеріңізге саламыз. №467.

Қаралы елдің үстіне қаралы бұлт үйіріліп, қабырғасы қақыраған әке мен омырауы сыздаған ананың көлге айналған көз жасы – Арқа топырағын айықпас дертке орады. Айбозынан айырылып, бел омыртқасы майырылып, қара жамылған әулеттің адам төзбес қасіретін қара жерден басқа не көтерсін?! Көтере алмайды да. Небәрі жиырма жеті жаста еді ғой жас қыран. Алдыңнан ажал күтіп, омақаса құлаған обалың кімге, жас құлан?! Қош, Кемал қарияның келмеске кеткен немересі, бақұл бол Жақсыгелді жампоздың жарқ етіп сөнген Ақжігіті. Қарағандының қақаған аязында, 1988 жылы 5 қаңтарда дүниеге келгенің де, М.Жұмабаев атындағы білім ошағын тәмамдап, Қарағанды политехникалық университетінде қайта түлегенің де ауаға сіңген аңыздай айтылып қала бермек. Ерінбедің. Ерге лайық еңбек еттің. Ақмола облысының Егіндікөл ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы болдың. Тәжірибең толысқан шағыңда туған топырағыңа қайтып оралып, Қарағанды қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, Қарағанды облысының құрылыс басқармасының жедел басқару және орындалған жұмыстарды қабылдау бөлімінің бас маманы лауазымдарына дейін беделің өсті. Еңбегің еленіп, 2013-2014 жылдары екі жыл қатарынан Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталдың. Мұның барлығы – сенің анты мен сертіне берік адалдығыңның, еліме қызмет етсем деген еңбекқорлығың мен жанкештілігіңнің жарқын жемісі. Алайда, аңдып келген ажалға қарсы тұрар қайрат бар ма? Биыл 26 қыркүйекте жол апатына ұшырап, көзден тайып, жоққа айналып кете бардың. Соңыңда Әлібек атты тұяғың, Раушан есімді жұбайың қалды. Қыршын кеттің, қыраным! Алдың пейіш, артың кейіш болғай. Алланың алдында ақ жүрегі жарқылдап Ақжігітім кеткеніне әлі де сенер емеспін. Қош, адамзаттан асып туған ардағым! Келмеске кеткен айбарлым, Айықпас дертке айналдым. Әлібек жалғар сендегі, Мөп-мөлдір суын қайнардың.

Еске алу

Өзегім от боп ойландым, Шерімді жұтып қойғанмын. Ақжігіт, енді тарқар ма, Сен салып кеткен бойдан мұң?

Кәпия Әрінұлы Серікбаев 1957 жылдың 16 тамызында Қарқаралы ауданы, Бақты ауылының, Абыз бөлімшесінде дүниеге келген. Өмірінің соңына дейін Алматы қаласында ғұмыр кешті. Барша дос-жолдастарына, өз ортасына өте сыйлы, жақындарына қамқоршыл кең жүректі абзал жан еді. Міне, биыл 2 қараша күні дүниеден өткеніне 10 жылдың жүзі болды. Үш баланың әкесі болған Кәпия Әрінұлының жұмақта жүзі жарық болсын дейміз.

сы.

Еске алушылар: ұлы – Әлібек, жұбайы – Раушан, бауырлары, ата-ана-

P.S. Марқұмның қырқына арналған ас 2016 жылы 3 қарашада сағат 18.00-де Үлкен мешітте (Университет жақта) беріледі.

Бақ жанып, бақтың ұялап құсы қонса да, Тағдыр қатігез болмаушы еді соншама. Артыңда боздап қалдық қой біздер еңіреп, Өктемдігіне өмірдің ешбір жоқ шара.

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ *** Қанатынан қайырылып, Қылыш еді, – алмас жүзі майырылып, – Боздап отыр менің ерке бауырым, Бауыр еті – баласынан айырылып...

Алмасып өмір, жалғанды жақсы жеңсе еді, Дем беріп Алла көтерсін түскен еңсені. Әріннің ұлы Кәпия жақсы жан еді деп, Ардақтап жұртың жүрсе екен елеп, ел сені. Еске алушылар: барша туған-туыстары мен жақындары.

3

№463.

Еске алу Әке – асқар тау, ана – ағып жатқан бұлақ, бала – жағасындағы құрақ дегендей анамызға ардақты жар, балаларына еңсесі биік асқар тау болған әкеміз Берік Дүйсебекұлы Дүйсенбаевтың фәни дүниеден бақиға аттанғанына міне, көзді ашып жұмғанша бір жылдай уақыт толып қалыпты. Сынаптай сырғыған уақыттың өмір деген кемесіне мініп, толқын соғып жан-жаққа кетсек те, әкемізге деген сағыныш ұлғая түспесе кеміген емес. Оның еркелете сөйлеген сөздерін, маңдайымыздан өпкен мейірімін, өмірде жол көрсеткен ақылын сағындық. Суретіне қарасақ құдды еркелетіп тұрғандай боласын әке. Төрт баласына тәлімді тәрбие беріп, өсіріп, еңбекқор, адал, әділетті болуға үйретті. Әкеміздің салып берген дара жолы бізді тек биік белестерге бастады. Әкемізді қатты қайғырып, сағынып еске ала отырып мына өлең шумақтарын арнаймыз. Қайда, әке, жақсылығы жалғанның?! Күтіп алды сенсіз күндер алдан мың. Сенсіз уақыт ұнатпау ма ешкімді?! Сенсіз... Бақыт не? Ұмытып қалғанмын. Жаңылайын... Енді ештеңем кетпейді. Сағынайын! Мейлі ештеңе етпейді.. Сенсіз маған жұтқан ауам жұғымсыз, Сенсіз маған... дәнеңе де жетпейді. P.S. Әкеміздің қайтыс болуына жыл толуына орай қараша айының 5-ші жұлдызында Сәтбаев қаласы Балмағанбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің үлкен залында сағат 13:00-де жылдық асы берілетінін хабарлаймыз. Жылдың асын берушілер: зайыбы – Рахима, ұлы – Бауыржан, қызы – Қарлығаш, күйеубаласы – Айбек, қызы – Құралай, күйеубаласы – Қымбат және кіші қызы – Ақмаржан мен немересі – Қазыбек. №474.

Еске алу Шығыс Қазақстан облысы, Бұқтырма ауылында 1946 жылы 5 желтоқсанда дүниеге келіп, 1986 жылы 11 қарашада Қазыбек би ауданы, Егіндібұлақ ауылында дүние салған асыл жар, аяулы ата, асқар таудай әкеміз Кенесары Сәлменұлы Смайловты сағына еске аламыз. Тірі болғанда әкеміз 70-жасқа толар еді... Амал қанша, сынаптай сырғыған уақыт 30-жылдың өткенін байқатпапты... Әкеміздің асыл бейнесі, бізге берген тәлімтәрбиесі мәңгі жадымызда сақталады. Әкеміз әділетті, бірбеткей, өз қызметіне адалдығының арқасында елдің алғысына бөленді. Азаматтық арының таза болғанын қалады, біреудің ала жібін аттамады, дүние-мүлікке қызықпады... Туған-туыс ортасында беделді, жоражолдас арасында сыйлы бола білді. Жаны жайсаң ардақты әкемізді еске алып, жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болып, қабіріңе Алланың нұры жаусын деп рухыңа құран бағыштаймыз. Жаратушы салып басқа сынақты, Жан жарымен үш баланы жылатты. Қайғысы мен қызығы көп өмір-ай, Бір көтеріп, бірде жығып құлатты. Жан дүние жансыз мылқау, тас қамал, Тағдыр салса бар ма екен басқа амал. Нәсіп етсін Алла сізге жұмақты, Баса алмайды-ау, орныңызды басқа адам. Еске алушылар: жұбайы – Людмила, балалары – Орынбасар-Назым, Күләш-Қанат, Айнаш, немерелері – Айым, Айдын, жиендері – Қаламқас, Гауһар, Айнагүл, Сержан, Мөлдір, шөберелері – Мансұр, Саламат. №456.

Өзі маған өрімдейін бала еді, Бар болмысы – балалардың әлемі. Естен танып, егіледі... Бұ дағы – Бала болып қалғанның бір әлегі... Басымыздан көшіп талай қайғы – бұлт, Қылыш едік, – алмас жүзі майырылып, Бауырдан да айырылып, Анадан да айырылып, – Бір жанып, бір өшкенбіз, Фәниіңнен – бақиыңа, Бақиыңнан – фәниіңе көшкенбіз! Қимай, – сыймай мына төрткүл дүниеге, Балалықпен ат кекілін кескенбіз! Ілесе еріп... Қалғым келіп молада, Боздап жалғыз тұрғанымда далада, – Баз кешем деп ойлап па едім кез болып, Баласынан айырылған – балаға?!. Жалғыз туып, ел-жұртына жақпайды ер, Сұмы менен сұмырайын мақтайды ел; О! Тәңірім! Бәйгең болса, әуелі Алашымның адалына шаппай – бер! Сақтау үшін қазақ дейтін халықты, Періштедей балаларын сақтай гөр! 05.10.2016

Еске алу Қарашаның 3-4 күндері осы өңірге аты мәлім, ел азаматы, асқар таудай ата, ардақты әке Шәкәрім Қалиевтің және оның ұлы Қуат Шәкәрімұлының дүниеден озғанына 10 жылдың жүзі толады. Осы жылдар ішінде оларды сағынбаған сәтіміз, еске алмаған күніміз болған жоқ. Дегенмен, осы жылдардың сағынышын сыртқа шығарып, мұңымызды елмен бөлісуді жөн көрдік. «Ата, сіздің жүрегіңіз дарқан, пейіліңіз адал, сөзіңіз мірдің оғындай өткір, ұстанымыңыз – адал еңбек, өміріңіз жазылмаған дастан еді. Саналы ғұмырыңызды тек шынайы адал еңбекке арнап, оның жемісін көре білдіңіз. Өзіңіздің отбасыңызға ғана емес, қауым елдің ұрпағы мен ізіңізді өкшелеген ел ағаларына ақылшы, басшы, кеңесші, тәрбиеші бола білдіңіз. Өтірікке жаны қас, жасыңыздан көп қиыншылықты жеңе білген өзіңізді әрдайым үлгі етеміз. Өкінішсіз бұл өмір болмайды ғой, сіздің жүрегіңізді кернеген сол өкініштер о жалғанда қуанышқа айналсын, жаныңыз жұмақта болсын дейміз. Артыңызды жалғастырар немере-шөберелеріңіз аман болып, қара шаңырақта отырған әжеміз бізге әлі сүйеу болып отыра берсін» ... Әке, сізді де сағындық. Елуге енді толар шағыңда оқыстан о дүниеге аттанып кете бардыңыз. Артыңызда жарыңыз бен әлі бұғанасы қатпаған балашағаңыз қалды. Заң саласында талай жыл еңбек атқарып, достарыңызға адал болдыңыз. Ақкөңіл мінезіңіз бен дарқан күлкіңіз әрқашан жадымызда тұрады. Өзіңіз көрмей кеткен қызықты бала-шаға, немере, жиендеріңізге Алла нәсіп етсін! Жатқан жерлеріңіз жайлы да жарық болсын! Алла барлық аруақтарға тек жұмақ қақпасына кіруге бұйырсын! Қимас, асыл, аяулы бейнелерің, Көз алдында елес болып қалғаны ма? Шынымен көзім жетіп, қапаланам, Бұл өмірдің өткінші, жалғанына. Қамқор атам, ер мінезді батыл болдың, Ұрпағыңа өнеге, ақыл бердің. Жұмақтың төрінде бол, қадірлі ата, Қасиетіңмен қаларсың есінде елдің. Асыл әке, сені де еске аламыз, Сағынышпен ойға біз көп шомамыз. Мейірімді жүзің мен күлкіңізді, Жадымызда ұстаймыз, ұмытпаймыз! Еске алушылар: балалары, немере-жиендері, туған-туыстары.

№460.


4

РУХАНИЯТ

1 қараша, 2016 жыл www.ortalyq.kz

Қасірет циклы

Очерк

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жарым Сәлияның рухына арналады Қара нарың көтере алмас қайғымды, Қара дауыл көрсетпей тұр ай-күнді. ...Мен жарымды мәңгілікке жоғалттым, Балаларым анасынан айырылды.

Бөлінбейтін емес пе едің бөлшегім, Сен бақытты саулықпенен өлшедің. ...Табысымды жатпаушы едің түгендеп, «Аман жүрсең болды маған» деуші едің.

Шаңырақта шулап қалдық ұлардай, Қияға қол созушы едік қиялдай, Аяқ асты болған ауыр соққыдан, Есімізді жүрміз әлі жия алмай.

Сыртқа кетсем үйде сен ең сенерім, Бергеніңнен көп еді ғой берерің. Мас та болған, жас та болған шығармыз, Кешірімді ең, ең бастысы кең едің!

Тілмен айтып жеткізе алман күйімді, Мұң басып тұр дағарадай үйімді. Мына маған таң атып, күн батпайды, Балалардың күлкісі сап тиылды.

Анам қасы болды мәңгі мекенің, О бастан-ақ жақсы едіңдер екеуің. Енді – енді біздер біліп жатырмыз, Бар бақыттың кілті сенде екенін.

Көрсетерің көп екен ғой, құдайым! Қайда кетті сап-сау жүрген жұбайым? Өтіп жатыр күндер суық ,сүреңсіз, Баллар маған – оларға мен уайым.

*** Көк аспанды қара бұлт тұр тұмшалап, Біздер үшін бәлкім, бұл да сын сағат. Әскердегі жүрген кенже ұлыңды, Сағынышпен күтуші едің күн санап.

Түсінбеймін, не боп кетті тіршілік, Күзбен бірге мен де отырмын күрсініп, Жылатса да, жұбатса да құдайға, Жасарымыз жалғыз ғана құлшылық.

Бала деген бауыр ет қой бұл анық, Ана жүрек-оны дұрыс ұғалық. Мұқағали* түсіңе енген күндері, Төсегіңнен тұрушы едің қуанып.

Шертолғаулар туып жатыр Шеңберде, Зар толғаулар туып жатыр бөлмемде. Мен әкелік басу айта алмадым, Әскердегі ұл алып-ұшып келгенде.

Кенже ұлың ғой тал бесікте тербеткен, Сағынышқа шыдамай сен шөлдеткен Шілде айында сол әскери бөлімге, Балаңды іздеп барып тағы келмеп пе ең!

Мынау өлең мен жазатын өлең бе? Ауыр ойлар батырады тереңге. Жауап таппай, жер шұқылап қаламын, Немерелер «әжем қайда» дегенде.

Тындырғандай үлкен істі ауқымды, Өзіңе-өзің жасап сыйды, тартуды, Қуаныштан жарылардай жүрегің, «Басып келдім деп едің-ау мауқымды».

Көңілде-мұң, жүректе бар – шер дейміз, Жан жарасын немен, қалай емдейміз? Аңқылдаған сәби түгіл бұл жайға, Өң бе, түс пе өзіміз де сенбейміз.

Арманыңа жете алмадың аңсаған, Кейпіңді еш көрмеуші едік шаршаған. ....Арсыз ажал алқымнан кеп алғанда «Мұқағали»деуге келді бар шамаң.

01.10.2016 ж. *** Кенже ұл отыр көзден жасы мөлдіреп, Оянбадың күткен балам келді деп. Бір көлікте келе жатсың бізбенен, Өз үйіңе серіктес боп соңғы рет. Білмей тұрмын мен де ұлға не деуді? Бізбен бірге жүрмейсің ғой сен енді, ...Еңіреп біз елге әкеле жатырмыз, Табытқа сап сенің жансыз денеңді. Шырқалар деп жүрген кезде той әні, Тандырды естен тағдырдың бұл таяғы. Қайғымыздан тіпті езіліп кеткендей, Саған таныс сол қара жол баяғы. Осы жолмен келін де боп келгенсің, Оң аяқпен біздің үйге енгенсің. Осы жолда жүріп ана-әже боп, Азды-көпті несібеңді тергенсің. Шаңырақ ек берік, бекем іргеміз, Қалдырды ма бақытты сол күндер із? Осы жолмен анда-мұнда шапқылап, 35 жыл жүріппіз ғой бірге біз. Мәңгілікке бізге жоқсың сен енді, Жолықтырмас бізді осы бір жол енді. ...Еңіреп біз елге әкеле жатырмыз, Табытқа сап сенің жансыз денеңді. 02.10.2016 ж. *** Айтар сөзім жоқ қой саған, Сәлиям! Зар еңіреп қалды артыңда жанұяң, Мен емес пе ем сенің «шолжың сәбиің» Мен емес пе ем сенің «қартың –қарияң». Жақсылығын бізге тілеп жер-көктің, Бәрімізге көңіліңді көрпе еттің. Байқаған соң сыңарыңның «сыңайын», Жұмысын да атқарушы ең еркектің. Мен жүруші ем «дәридайлап» ой-қырда, Той-думанда,тамашада , қойылымда. Отбасының сан-сапалақ шаруасы, Бәрі-бәрі еді-ау сенің мойныңда.

*** Сенің жаның бөлек ед мен дегенде, Атың бүгін айналды шерлі өлеңге. Сыртым бүтін,болғанменен ішім түтін, Өлі балық жолығар өлмегенге. Сенің жаның бөлек ед мен дегенде, Суық хабар тез жетті елден-елге. Басты байлық-жарың деп айтқым келед, Талтаңдаған тоңмойын пенделерге. Сенің жаның бөлек ед мен дегенде, Әйел едің – шынайы сенген ерге. Дем беріп, демеп мені жүруші едің, Өнердің өлкесіне өрлегенде. Сенің жаның бөлек ед мен дегенде, Қайтемін болған іске сенбегенде?! Балаңдай ем 60-қа келсемдағы, Анамдай ең мейірімге шөлдегенде. Сенің жаның бөлек ед мен дегенде, Жүрекке түскен жара емделер ме? ...Адам басы – Алланың добы деген, Қайтеміз көнбегенде... *** Қабыл болар мен оқыған қай дұға? Халқым ортақ болып жатыр қайғыма. Қаралы күн қабырғамыз қайысып, Сені бердік қара жердің қойнына. Деп жүргенде енді-енді гүлдедік, Екеумізді қатал үкім тұр бөліп. .....Шыңырауға шыныменен кеттің бе? Шыққыр көзім бәрін-бәрін тұр көріп. Естен танып есірді қыз,есірді ұл, Арсыз ажал бізден алды-ау өшін бір, Саған қалай салып жатыр топырақ. Қолым мынау қолтығынан кесілгір! Айтпай-ақ мен қояйыншы ар жағын, Жанымды ұғар жандар шығар жан-жағым. Енді есімің естелікке айналар, Жер бесігің жайлы болсын,жан-жарым! * Мұқағали – үйдің кенже баласы Мұқаш СЕЙТҚАЗИНОВ. 03.10.2016 ж. ҰЛЫТАУ ауданы.

«Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың бірінші орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Бас редактордың орынбасары Төрехан Әкімжанұлы МАЙБАС

«Ол кезде Шудың бойын қыстап, ерте көктем қар-суын қуалай көшіп Арқаға құлаймыз. Арқаға іліккенде қой төлдеп болады. Көшу – қазақтың төл кәсібі болғандықтан ба, бірде бір қабақ шытқан жанды көрмейтінбіз. Әйтеуір, бір қуаныш, елден бұрын аттанып, көшті бастау да өзінше бір мақтан. Мына жаман шешең алдына көш түсіріп көрген жоқ. «Итің-ау» десем өкпелеп, «қасқырың-ау» дегенге мәз болатын. Жап-жас кезі ғой. Шуда қыс дегенді білмейміз. Ептеп суытқанының өзі жұмсақ, малға жайлы. Бір жылы «күн суытады, қамданыңдар» деген хабар келді, ол кезде рация. Менің бағып отырғаным – кілең қозы-лақ. Әлгі хабарға елең еткен жан байқалмайды. Шудың қасқашуағы сыр білдірер емес. Содан шешеңді ертіп, қамыс қора салуға кірістім. Нарқамыстан арасын бес қадамдай етіп екі қатар қалың шалыны арқан бойы тартып апардым да, түбі көмілген қамыс басын кеуде тұстан ішке қарай сындырып бірбіріне байладым. Жадағай төбеге түскен қар мал буымен тамшыламас үшін басы буылған нарқамысты тағы да жетерлік етіп дайындап алдым да, төбеге жондап салған шөпті бастыра көлденең тастадым. Әлгім жып-жылы қойқора болып шықты. Хабар расталып, нағыз қыс түсті. Паналайтын жері жоқ мал жегені жұқпай қырыла бастады. Елден бір топ адам кәмисә шығып, сонда Нұғыман марқұмның «жұрт таяқ ұстап қалып жатқанда тышқақ лақ бермегенің – ата-баба аруағының қолдауы шығар» дегені әлі есімде. Құдайға тәуба, ұятқа қалған жерім жоқ...» Біз атбасын тірегелі келе жатқан белгілі қожалық иесі Зейнұллаға әкесі Әбілданың сан мәрте қайталайтын әңгімесінің бір үзігі осылай аяқталатын. Неміс тұтқынынан қашып, соғысты пулеметші болып аяқтаған Әбілда елге келген соң көпке дейін жауапқа шақырылып тұрды. Заман өзгергенмен өмірбаяндағы дақ алдынан шыға берді. «Жеңіс» кеңшарының маңдай алды шопанына «Еңбек Ері» бұйырмады. Тек, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденін иемденді. Бала сүйіп бақытқа бөлену де Әбілдаға зарықтырып барып келді. Осы жалғызы – Зейнұлласын он жылдан асқанда көрді. Бар білгенін осы жалғыздың бойына сіңірді. Кер даланың жалбызы – жұпар, жалғызы – сұңқар келетініне сенді. Әбілда Кенжебай-Самайдағы кең өрісін Зейнұлласына мұра етіп қалдырып, тоқсанға таянғанда дүниеден өтті. «Мал баққанға бітеді» деген рас. Бүгінде мал аяғы сиреген құмның майкөдесі құт болып отыр. Өрістен тарлық көрмеген жылқы жаңбырлығын тез жауып, жақсы табыс әкелуде. Жер шалғайлығы мал сүтін базарға шығаруға қиындық келтіретіндіктен, бұзау да, құлын да көбіне енесінің бауырында. Күзгі базарда торпақтың тайынша, жабағының тай таразысын басатыны сондықтан. Ұшақтан күтіп алған курстасым, қоярдақоймай, Қарағандыдан өз көлігімен алып шықты. Құмның жайлы жолымен қайқаң қағып келе жатқан ақ «Лексус» иесінің бір иекартпаның астынан шыға келген ауылға жақындай бергендегі бірінші сұрағы «мына жарқырап тұрған баз бір дәудікі шығар?» болды. Оның сұрағына жауап беруді кейінге қалдырып, көлігін сол базға бұрғыздым. Баз алдына келіп тоқтаған бізді елеген ешкім болмады. Баз бен үйдің арасындағы атшаптырым арандағы қойды өргізіп жүрген адам да біз жаққа бұрыла қоймады. Базды аралап, әкесі Әбілданың тап-тұйнақтай ісінің ізін байқадым. Мал тұратын қалта тіреулерінің түбін цементке орнатып, жоғарғы жағын арқалыққа бұрандамен бекітіпті. Қалта еденіне ұра жақ басын сәл биіктеу етіп, ара-арасынан саңылау қалдырып, ағаш (шпал) төсепті. Саңылау майда құммен толтырылған. Мал астының құрғақ болуы әбден ескерілген. Содан, манағы кісіні шақырдым. Біз келе жатқан үйдің ұлы Алмасбек екен. Сәлемді кісі үстінен беріп қала бермекші. Өз жағыма шақырып, арқадан қақтым. Анасынан шарана күйінде жетім қалған Алмасбекті Зейнұлла қойынына тығып әкеп, бала емізіп отырған әйелі Розаның бауырына салды. Жетімек жарымайды деп, тинемдей қызын суалтып, туыстарына шырылдатып беріп

жіберді. Сәлемді кісі үстінен беріп тұрған сабаз, сол шақалақ – Алмасбек. Зейнұлла Әбілданың жалғызы болғандықтан, оны Ысқақ әжі әулеті төбелеріне көтерді. Оның түнде үйден шыға қашатын әдетін Бекейі (Берген – әкесінің інісі): «Есіктен шығып кетпеуі үшін көлденең төсек салып жататынмын» деп есіне алады. Айбаланың өскен ортасы оны тинемдейінен домбыраға, әнге баулыды. Ол халық ақыны Бұралқы Құдайбергенұлының «Игенсерісінің», нағашысы Сейілбектің, құлыным Рахманым жүз әннің сөзін жатқа білетін еді, ең алдымен «Жоныпалдыны» жеріне жеткізе айтуды үйреніңдер деп отыратын әжесі Тәженнің тезінен өтті. Бұрекең Игенге: «Сұрасаң менің атым Игенсері, Күнде той, күнде думан жүрген жері. Бәріміз ұйымдасып ел болайық, Қыздары Камунардың келсін бері», – деп басталатын небір күлдіргі өлеңдер үйретіп, жұрт алдында айтқызатын. «Жанымда былғарыдан қыным барда, Қыз десе бозбалада тыным бар ма? Солқылдап екі шекем жүргізбейді, Япыр-ау, қыз дегенде жыным бар ма?!». Бұрекеңнің 4-5 жастағы «серісінің» репертуары осылай жалғаса беретін. Игенсері – Әбілданың Бергеннен кейінгі інісі. Зейнұлла домбыраны нағашысынан үйренді. Секеңнің бір қасиеті – сұлу атты, сәнді киінгенді ұнататын. Ал, оңашада құйқылжытып отырған домбырасы бір адам кіріп келсе бірден кібіртіктеп қалатын. Ертеректегі ғажайып күйші Төбел атамыздың да жұрт алдында жүрісінен жаңылатын әдеті болса керек. Бір кезде, домбыра үйреніп жүрген жас балаларға үлкендер «Төбелше жыбырлатпай, қадап тарт» деп зекуші еді. Арқа шертісінің күзетшісі екен ғой солар... Солардың талғам-тезі сұлу шертісті осы заманға жеткізіпті... Жезқазған базарына ет өткізіп, таң ата келген Зейнұлла мен Берді біздің дабырымызды естіп, түпкі бөлмеден шыға келді. Бауырыма қысып, маңдайларынан иіскедім. Жүрек шым етті... Бір дәнін бөліп беріп, татулық туын тігіп кеткен ағатайым (Әбілда) түсті еске... Шайдан соң Зейнұлла құлын көруге апарды. Желідегі бес құлынның біреуі қылқынуға таяныпты. «Көрдіңіз бе, Керайғырдан аумайды. Бір жеті болып қалды, жуасыйтын түрі жоқ, уытты» деді, атқұмар Берді. Шаруашылықта тірек болып отырған, негізінен осы Берді. Зейнұлла әкесінен үйренген темір тәртіпті Бердіге сіңірген секілді. Біз құлынды тамашалап тұрғанда, бір құла төбел байтал құйрығын шаншып шұрқырай кісінеген бойы бір төбені бетке алып шыға жөнелгенде, әлгінің артынан кісінеп енесі ілесе беріп еді, желіден шыға шапқан Тоқпақ жал торы айғыр биені қайырып әкеп желіге тықты. Сөйтті де шұрқыраған бойы төбеден асуға таянған байтал жаққа құлағын тіге бір қарап алды. Біздің аң-таң болғанымызды байқаған Зейнұлла: «Күйлеген өз байталын ұзатқаны ғой. Ана қырдың астында Белтайдың жылқысы бар», – дей салды. Мәселені ежіктеп түсіндірген соң, курстасым «не вероятно, не вероятно» деп бас шайқаумен болды. Зейнұлланың ат десе ішкен асын жерге қоятынын, өз өңірінде талай бәйгіні қанжығаға байлаған атбегі екенін ол қайдан білсін?! Енді ат жаратумен Берді айналысып жүргенінен бейхабар ғой. Уыз қымыз бойға тарап, мұрын терши бастағанда бағыланның еті келді. Теңкиіп жатқан Сарыарқа қойы қозысының құйрығы екенін, кемінде 25 келі ет беретінін серігіме мақтана айтып жатырмын. Жеңістен алпыс-ақ шақырым Кенжебай-Самайдың малы ерекше семіз, еті дәмді келетінін, шіркін жол салып беретін бір мұсылман табылса, қыстағы қатынас жақсаратынын да жеткізгендеймін. Ет желініп, бал қымыздың бірер кесесін сімірген соң, дауыстың ескіргеніне қарамай, Сәкенге арнаған «Дарабозым» деп аталатын әнімді айттым. Ондағым – «Ат тұрмас аяғының желі болса, Тұсынан шапса біреу қиқу салып» дегендей Зейнұлланы селт еткізу. Зейнұлла ойымды түсінгендей, сүйкімді жымиысымен домбыраны алды. - «Айбозыма» бір басшы, – дедім қомданып. - Ағатай, домбыра ұстамағалы талай за-

ман. Анада Ілия Жақанов Жаңаарқадағы халықпен кездесуіне шақыртыпты, бір жағынан, аудан әкімі де өнерге жаны жақын адам, сол кісі айтты ма екен, әйтпесе... – деп Зейнұлла өзінің құлақ күй, майда бүлкіліне салып біраз отырды. - Әуелі өзіңіздің «Түгіскеніңізді» айтып көрейін. «Кер дала сағым буып шаршатқанда, Кез болып Қаражартас тар шатқалға, Түгіскен жер жаннаты құлпырыпты, Сарысу бір бұрымын тарқатқанда...», – деп Зейнұлла әнге сүңги жөнелді. Әсем әуен... Домбыра... Тылсым тыныштықта осы екеуі ғана... Маңайдағы дүние атаулы балбырай жұтылып бара жатқандай... Зейнұлла бабында екен. Садағаң кетейін Арқаның топырағы, небір дүлдүл әншілерді дүниеге әкелдің. Мына Зейнұлла солардың жұрнағы. Біз заманында Қосымжан Бабақов, Жүсекеңдерді көзбен көрсек, олардың әнге деген биік талғамын Зейнұллаларға жеткізген Игіліктер, Қайрат, Бекболаттар. Бір ғажабы, Арқа, әсіресе, Жаңаарқадан сан жетпейтін сері шыққан деп, жайың жәннатта болғыр, Ақселеуше мақтанбағанның өзінде, соның жүзге таяуы бүгінде біздің ортамызда жүргені шындық. Мұны белгілі домбырашы, сазгер, өнер жанашыры Жақсылық Мағзұмұлының «Жаңаарқа әншілері» деп аталатын зерттеу еңбегі дәлелдей түседі. Сол үлкен шоғырдың ішінде еңбектің сірі алақаны, қысқаш саусағын дегеніне көндіріп, домбыраны бебеу қақтыра бастаған Зейнұлла да бар. Кезінде фольклорлық экспедициямен қазақтың ән-күйлерін жинауға шыққан музыка зерттеуші ғалым Аида Әбдірахманқызы Зейнұлланың үніне ерекше ризшылығын «нағыз академиялық дауыс» деп білдірген екен. Бүгінде алпысты алқымдап қалған, заман талабына сай ауылды көркейтуде көш бастап жүрген Зейнұлланың әнге деген жоғары талғам-түсінігі сол дат шалмаған қалпында. Қыранша қайқаң қағып өрлеп барып, төмен сорғалайды. Мосқал тартқаннан, әлде ыстық-суықта көп жүргеннен бе, дауыста сәл ысқырған жарықшақ бар. Бұрынғы мамықтай, тап-таза дауысты іздеймін. Зейнұлла сонымды сезгендей: «Шаруадан бір минөт босау жоқ. Бірінен соң бірі туып жатқаны. Таңның атысы-күннің батысы», – деп маңдайтерін бір сүртіп тастады. «Бәрі орнында. Тек биіктеген тұста көкіректі іске қос, үн көмейден шықсын. Ал, «Жоныпалдыға» басып көрші»,– дедім, даусының ашыла түскеніне жаным жадырап. «Дарабозым», «Айбозым», «Жамбассипар», «Ақбақай»... Дауыстағы жарықшақ жайына қалды. «Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген...». Қайран қазақ, сөзбен сурет салуға неткен шебер! Алды аяңдағанда, арты желген, сұлу жүрісті сәйгүлігін, «қызға бермес жануарын» бұдан артық қалай мақтасын, әнге қалай қоспасын?! Апыр-ай, «шаппай желген» немесе «арта желген» дейтін ұрпақ та пайда болды. Алла ақырын берсін. Кенжебай-Самайдың майкөделі құмында мыңғырған малын, шұрқыраған жылқысын өсіріп, «Айбозын» мөлдірете бір шырқауға қолы тимей жүрген фермердің жұртқа үлгі боларлық істері мол. Сәңкитіп салған қора-жай, мал азығын әзірлейтін техника, қыста жылқы аралайтын қаршана (снегоход), базарға ет таситын арнайы көлік. Бәр-бәрі шаруаны бір күндік емес, мың күндікке лайықтап ұйымдастыратын зерделі шаруа иесінің тірлігі. Ерінбей еңбек етсең – емесің. Қазір тізгінді Берді қолға ала бастаған. Айында, жылында бір келгенде, өрістен қайтқан сиыры самаурынын құлатып кететін, ашылып-шашылып жататын ауылым етек-жеңін жинаған. Дуалы жарқыраған шатырлы үйлер көз қуантады. Туған ауылыңнан қазақ елі көркеюінің бір ұшқынын көріп қайту – жан-сарайыңды сәулелендіріп тастайды екен. АЛМАТЫ қаласы.

Иген ХАСЕНҰЛЫ.

Нақтылай айтсақ, 22 үйірме мен секцияда спорттың әр түрінен күнделікті жаттығу жиыны өткізіліп, қалалық жастардың белсенділігі де арта түсуде. Мәселен, қазір осы

ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТЫП, ШЫҢДАҒАНДАР үйірме 800-ден аса оқушы өздері қалаған спорт және музыка, қолөнер, сурет салумен шұғылданады. Балалардың музыка мектебінде шығармашылықты жетілдіру студиясы жұмыс жа-

сайды. Жасөспірімдер және спорт мектебінде бассейн бар. Мұнда спорттың кез келген түрімен шұғылданып, шыңдалуға айтарлықтай мүмкіндік жеткілікті. Кейіннен жаңа 3 спорт секциясы ашылды. Бұған да оқушылар

көптеп келе бастады. Мәселен, «Достық» орталығында стол теннисі, бокс, жүзу, жеңіл атлетикамен шұғылдануға ересектер ынта танытып жүр. «Самал» жеңіл атлеттер, «Карась» балық аулаушылардың әуесқой клу-

Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың бірінші орынбасары: 43-38-53. Бас редактордың орынбасары: 43-57-76. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 48-16-45 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 43-30-88, 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 91-04-52; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-775-406-09-90; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «Центркредит банкі» АҚ ҚФ Есеп-шот: kz058560000000010476, БИК KCJB KZ KX РНН 302000046744 БИН 000940001367

Таралымы 15 275 дана №177 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 2 6аспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru

Спорт Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан»

Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ

бында жылма-жыл жарыс өткізіліп, жеңімпаздарды анықтап жатады. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясындағы осынау игілікті іс-шаралар халықтың денсаулығын түзетуге, өмір жасын ұзартуға септігін тигізері сөзсіз. ПРИОЗЕРСК қаласы.

Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Нұрдос КӘРІМ КОРРЕКТОРЛАР 1, 4 – беттер: О.ТӨЛЕУБЕКОВА 2, 3 – беттер: Ж.АХМЕТОВА

1 11 2016  

Advertisement