Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

www.ortalyq.kz

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Сенбі күні Қарағандыдағы орталық мәдениет және демалыс саябағында жыл сайынғы «Қазақстанның үздік тауары» байқауы өтті. Қала қонақтарының назарына жаңа тауарлар ұсынылды. Тұрғындар тағамдардың дәмін татып қана қоймай, өнімдерді өндірушінің өз бағасына сатып алды.

Халық таңдауы – отандық өнім

Жалпы, «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Ал, 2015 жылдан байқауға жеке кәсіпкерлер де қатыса алатын болды. Конкурс өткізіле бастағаннан осы уақытқа дейін оған 5500 компания қатысқан. Бүгінгі таңда қарағандылық өндірушілер республикалық деңгейде үнемі биіктен көрініп келеді. Биыл облыстық байқауға қатысуға 87 компания тілек білдірді. Көрмеге келушілер аймағымызда шығарылатын көптеген жаңа тауармен танысты. Өңірлік байқау-көрмеге қатысушы кәсіпкерлер «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар» және «Үздік азық-түлік тауары» аталымдары бойынша сайысты. Ернар КҮЛПЕЙІСОВ, Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры: – Кәсіпкерлер палатасы жергілікті өндірушілерді барынша қолдайды, инвесторлармен байланыстырып, жобалардың қаржылануына атсалысады. Ал «Қазақстанның үздік тауары» – осы өндірушілерді тұтынушыларына таныстыратын бірден-бір шара. Байқау арқылы «Қарағандыда жасалған» тауарларды кеңінен жарнамалауды, насихаттауды көздейміз. Уақыт өткен сайын тұтынушылардың да талабы күшейіп келеді. Сондықтан, жергілікті өндірушілер өнімдерінің сапасын арттыруда. Оны тұтынушылардың өздері де біледі. Биылғы конкурста бірқатар жаңа қатысушылар өз өнімін таныстырды. Олардың бірі – Шахтинскіден келген сұйық май өндіруші «Восток» шаруа қожалығы. Ашылғанына бірнеше жыл болған кәсіпорын табысты қызметін халыққа ұсынды. Сондай-ақ, өңіріміздегі ең

тәтті балмұздақты өндіруші «Айза» ЖШС – жаңа өнімдерін таныстырды. Егіндібұлақ ауданынан келген Өмірзақ Көпсаттаров еттен жасалатын жартылай дайындалған өнімін ұсынды. Сонымен қатар, көрмеге келуші қарағандылықтар биыл құтыға құйылған ауызсу тасымалдайтын жас екі компаниямен – AQUALUXE және «Ақ бұлақ» БОВ кәсіпорындарымен танысты. Көрме барысында Шет ауданы, Сәтбаев, Шахтинск, Балқаш және Қарағанды қаласының бірнеше кәсіпорындары жеңіл өнеркәсіп тауарларын ұсынды. Тек қана киім-кешек емес, үй текстилінің алуан түрі және тәттідәмді өнімдердің көптеген түрі – торттар, нан, сүт, еттен жасалған дайын өнімдер ұсынды. Сонымен, «Энергосистемы ЭЛТО» ЖШС – «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» аталымын иеленді. Ал, «Үздік азық-түлік тауары» аталымын облысымыздың қала, аудандарында 250 орталығы бар – «Сарыарқа нан Қарағанды» ЖШС жеңіп алды. Бұдан басқа мемлекеттік мекемелер және бизнес қауымдастықтар аталымдар бойынша марапатқа ие болды. Сондай-ақ, «Халыққа арналған үздік тауар» аталымындағы басты марапатқа нарықтағы ең танымал сантехникалық бұйымдарды өндіруші – «Сантехпром» компаниясы лайық деп танылды. 1956 жылдан жұмысын бастаған компания қазіргі уақытта Қазақстанда ғана емес, шетелде кеңінен танымал. Биылғы сайыста үздік деп танылған 9 кәсіпорын облыс намысын «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі аясында ҚР президенті Н.На­ зарбаевтың қатысуымен өтетін республикалық байқауда қорғайды.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында жаңа көрме ашылды. Экспозиция мұражай қорынан жиналған және «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне арналған. Көрермендер 150-ден астам жәдігерді көре алады.

Ұйымдастырушылар бұл көрмені екі бөлімге бөлген – «Қазақстан

өнері» және «Қарағанды өнері». Экспозиция қонақтарды қазақтың ұлттық қолданбалы өнерімен таныстырады. Өнерсүйер қауым көрме залының бір бөлігінен киіз үйдің салт-дәстүрімізге сай жабдықталғанын тамашалайды. Әрі киіз бұйымдарының түрлерімен таныса алады. Экспозицияның брінші бөлімі Әбіл­хан Қастеев және Қанафия Телжанов, Сабыр Мәмбеев және Жанатай Шәрденов, Айша Ғалымбаева және Гүлфайрус Исмаилова секілді танымал шеберлердің шығарма­ шы­лығына арналған. Бұл тұлғалар – бейнелеу өнерінің реалистік мектебінің құрылуында алғашқы шепте тұрғандардың бірі. Ал, көрменің екінші бөлігінде ТМДның белгілі суретшілерінің кескіндеме

♦ СЕЙСЕНБІ, 4 ШІЛДЕ, 2017 жыл №73 (22 380) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

Бірер күннен соң бүкіл Қазақстан баршаның ең сүйікті мерекесінің бірі Астана күнін зор қуанышпен қарсы алмақ. Бүгінгі Астана – Қазақстанның тек жай ғана рәмізі емес. Өткен жылдар ішінде ол еліміздің нағыз орталығына, республиканың қарқынды дамуының түпқазығына айналды. Астана әлемнің мейлінше танымал мегаполисінің бірі болып отыр. Қазіргі кезде күллі әлем күрделі турбуленттік ахуалды бастан кешуде. Көз алдымызда астары терең геосая­ си және геоэкономикалық үдерістер жүріп жатыр. Америкалық көрнекті көсемсөзші және геосаясаткер Роберт Каплан өзінің «Муссон: Үнді мұхиты және Америка саясатының болашағы» атты бестселлерінде былай деп тұ­ жы­рымдайды: «Африка Мүйізінен (Сомалиден) бастап Араб түбегін жанай өтіп, Иран таулы өлкесі мен Үндістан түбегінен сонау Индонезия архипелагына дейін және одан әрі қарай ұласып жатқан Үнді мұхитының жағалауы мен оның солтүстігіндегі су алабы қазіргі ғасырдың географиялық картасында маңызы өткен ғасыр картасындағы Еуропадан кем түс­пейтін ықпалды аймаққа айнала алады». Әлемнің көптеген танымал саяси сарапшыларының пікірінше, XXI ғасырда бұл ерекше жаһандық орталық біртіндеп Азияға ауыса бастайды. Жер шарының осынау ұлан-байтақ әрі халық ең тығыз қоныстанған бөлігінің түрлі пұшпағын әлемде Үнді мұхиты байланыстырып жатыр. Төмендегі тұжырым көп адам үшін біртүрлі болып көрінуі мүмкін. Алайда, біздің ойымызша, қарқынды даму үстіндегі елордамыздың бұдан арғы тұтас дамуы ішінара Шығыс мұхитымен де (ежелгі заманда Үнді мұхитын осылай атаған) байланысты болмақ. Таяуда өткен ШЫҰ мемлекеттері басшыларының тарихи саммиті жаңа геоэкономикалық жағдайды айқындап берді. Ұйымға кіретін елдердің жалпы аумағы енді Еуразия аумағының 60%-ын қамтиды. ШЫҰ аясында 3 миллиардтан астам адам, яғни планета халқының тең жартысы өмір сүруде. Бұған қоса, қатарын Үндістан мен Пәкістан толықтырған ұйым үшін іс жүзінде Үнді мұхитына төте шығатын жол ашылды. Ал бұл мұхит, көптеген саясаттанушылардың пікірінше, осы ғасырдағы әлемдік саясаттың басты сахнасына айналып отыр. Бүгінгі Астана – жай ғана рәміз,

елорда, мегаполис емес. Бүгінгі Астана – республиканың киелі құндылығы. Қазіргі уақытта Астана ең алдымен бүкіл Қазақстанның бейнесін айшықтайды. Күллі әлем оны солай танып, солай түсінеді. Астана өзін сомдаған шебер ту­ ындыгердің – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жү­зе­ ге асқан ақиқатқа айналды. Қа­зір­гі Қазақстан – Елбасы көшін бас­та­ған дарынды әрі еңбексүйгіш халық­тың ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі. Бүгінгі нақты шындық – табыс­ты демократиялық мемлекет ретін­дегі Қазақстан Республикасының қалып­ тасуы қасиетті қазақ топыра­ғының өз халқына және жаһан жұр­ты­на XXI ғасырдың көрнекті пассио­нары – Нұрсұлтан Назарбаевты бер­ген­дігінің ар­ қасында мүмкін болды.

ан Мамыр – маусым айларын қамтығ ылу мерзімді баспасөзге жаз науқаны Шет ауданына қарасты елді мекендерде ұйымшылдықпен өткізіліп, нәтижелі аяқталды. н респуб­ Ресми басылым болып табылаты ттерге жагазе ы баст стық облы е жән ликалық ды. Мәселен, зылу жоспары артығымен орындал

Біздің Президенттің бойында пас­­сионарлардың басты қасиеттері – ұдайы жаңалыққа құштарлық, перфекционизмге деген перманентті ұм­ тылыс барынша тоғысқан. XX ғасырдың тамаша тарихшысы және географы Лев Гумилев ұсынған пассионарлық қуат деген ұғым бар. Ол пассионарлықтың этникалық жүйесіндегі этносты құрайтын адамдар санына бөлінген мөлшер арқылы анықталады. Жаратушы Құдіреттің арқасында Қазақстанда жиынтық пассионарлық қуаттың сәтін тауып, Елбасының бойына тоғысқаны анық. Соның нәтижесінде бәріміз оның ұлы істерінің куәгері және ол бастаған істерге белсене атсалысушы болып отырмыз. Осы орайда біз өз ойымызша ең басты пассионарлық жобалар болып

лу жоспары «Орталық Қазақстан» газетіне жазы 105,3 %-ға орындалды. Ақсу-Аюлы, Сүйікті басылымына жазылуда ақты ауыл Қайр енгі Төм е жән а Бұрм Нұраталды, атынллин йфу округтері мен Ақшатау және С.Се асалм жан а рын дағы кенттер тұрғындары алда ды.

йтын саны Облыстық газеттің ауданға тара лдығында өз 2017 жылдың екінші жартыжы көлемін сақтап қалды.

ШЕТ ауданы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

СЕНАТОР САЙЛАНДЫ

(Жалғасы 3-бетте).

дер мен Науқанды өткізуде жергілікті әкім ің, мекеме басқоғамдық ұйымдар жетекшілерін қызметкерндар шылары мен мемлекеттік орга ше. лерінің де еңбегі ерек ір-түпкіріне Аудан тұрғындары облыстың түпк лым – «Ортатарайтын қазақтілді жалғыз басы лық Қазақстанмен» бірге! Ертай ЖӘНІБЕКОВ, асөз хатшысы. басп інің әкім н ауда

мыстары, Ресейдің қыш шеберлерінің өнер туындылары ұсынылған. Көрме ұлттық өнердің көп қырлылығын және байлығын көрсетеді. Көрермендер көрмені қыркүйектің ортасына дейін тамашалай алады. жұмыстарымен қатар, шыныны үрлеу арқылы әртүрлі өнер туындыларын жасайтын шеберлердің (Украина) жұ-

саналатын бірнеше жобаны ерекше атап өткіміз келеді. Бұл ретте оларды жасампаз жобалар және оқиғалық жобалар деп жіктеген орынды деп білеміз. Әрине, Президенттің ең маңызды жасампаз пассионарлық жобасы – Қазақстан Республикасы. Біздің ел бүгінде танымал, беделді, сонымен қатар мерейлі, қалыптасқан мемлекет ретінде бүкіл әлемге мойындалды. Мүлде ерекше эксклюзивті жоба – Қазақстанның жарқыраған жақұты – еуразиялық мегаполис Астананың бой көтеруі болды. Бүгінгі Астана – елдің асқақ рухы және ұлттық мақтанышы.

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарды. Қарағанды облысынан Жоғары палатаның депутаты болып Рысқали ӘБДІКЕРОВ сайланды. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 10) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының 2-тармағына және 82-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қаулы шығарды. Ресми құжатта Қарағанды облысынан Рысқали Әбдікеров Сенат депутаты ретінде тіркелгені жазылған. Облыс бойынша саяси науқанға қатысқан сайлаушылар саны – 293 адам. Яғни, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары. Сайлаудың облыстағы барысын 10 халықаралық бақылаушы бақылаған. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының және РФ Мемлекеттік думасының өкілдері. Сонымен, 28 маусымда өткен сайлауда Рысқали Әбдікеров 241 дауыс жинады. Сайлаушылардың 82,53%-ы Рысқали Әбдікеровтің үміткерлігін қолдайтынын көрсетті. Халықаралық бақылаушы­ лар Сенат сайлауы ашық, Қазақстан Республикасының заң­ намасына сәйкес бәсекелестік негізінде және демократиялық сайлаудың халықаралық стандарттарын сақтай отырып өткізілді деген пікір білдірді. ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.


2

Сейсенбі, 4 шілде, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

қын арада, бір-екі аптадан соң бұл жүйені қарапайымдату үшін жапсырмаларды QR-код-қа ауыстырамыз. Сонымен қатар, тек оқуға ғана емес, ақпаратты тыңдауға болатындай, аудиофайлдар қосамыз. Әрбір мұражай қонағына шахтаға түскені туралы сертификат беріледі. Сонымен бірге, мұражайды аралап болған соң келушілердің барлығына тағам дорбашасы беріледі. Онда екі тілім қара нан мен май, екі тілім шұжық және жасыл жуа салынған. Мұражайдың шығаберісінде кәдесыйлар дүңгіршегі пайда болады. – Менің ойымша, туристер арасында сұраныс болуы тиіс, – деп

№ 1

Іс шара атауы «Астана – Қазақстан жүрегі» артфестивалі

2

«Арман қала – Астана!» қалалық мерекелік іс шарасы

3

«Юрта - life» жастар жобасы

4

«Асқақта, айбынды Астанам!» мерекелік концерттік бағдарламасы «Жарқыра, жайна, Астана!» мерекелік театрландырылған бағдарламасы «Тәуелсіздік түндігі – Астана» мерекелік бағдарламасы

5 6

Әлия СҮЛЕЙМЕНОВА Қарағанды қаласында «Логос» оңалту орталығын ашқан, мұнда ай сайын 30-дан астам мүмкіндігі шектеулі жандар тегін емделеді. Ол 1976 жылдың 26 ақпанында Павлодар қаласында дүниеге келген. Сал ауруына шалдыққанына қарамастан өз кәсібін жолға қойып, талай адамның дертіне дауа болып отыр. Өзі ашқан «Логос» оңалту орталығында 6 адам жұмыс істейді. Әлия Сүлейменова сал ауруына шалдыққан жан. Бала кезінен бірнеше ота жасалып, бұл дерттің азабын тартып, қиыншылығын өз басынан өткерген. Сондықтан да болар, басқа жандардың қиындығына көз жұма қарай алмайды, әрдайым көмек қолын созғысы келіп тұрады. Осылайша, 2013 жылы қаңтарда аутизм, инсульт, инфаркт тәрізді ауыр сырқатқа шалдықандардың оңалту орталығын ашты. Алғашында орталыққа қажетті кабинеттерді жәрдемақысымен төлеп, жалға алған. Міне, содан бері талай жанға медициналық, психологиялық көмек беріп, айығуына септесуде. Әлия Сүлейменоваға бірнеше күрделі ота жасалған, әр рет наркоздан оянған кезде бұл өмірде артынан жақсы іс қалдыру керегін ойлайды. Бұл өмірде пайдалы не істедім? Кімге көмек қолын создым деген сұрақтар мазалап, оның өмірдегі мұратының іске асуына түрткі болды. Өзінің мүмкіндігінің шектелуі оның ісіне кедергі болмайды, қайта қамшылай түседі. Күніне емделуге келетін қаншама адамды қабылдап үлгеру керек. Әр науқасқа кем дегенде үш сағат уақытын жұмсайды. Әлия оларға өз ісімен үлгі болып, психологиялық тұрғыдан демеп, қолдау көрсетеді. Өзінің айтуынша, алдымен әке-шешенің мүгедек баласына деген көзқарасын өзгертудің маңызы зор. Өйткені, ол мүмкіндігі шектеулі бала деп ойламай, қоғамға бейімдеп өсіру керек. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамдар көмекке, аяушылыққа зәру деген стереотип қалыптасқан. Алайда, Әлия бұл кереғар пікірді өз ісімен теріске шығаруда. Оңалту орталығының жұмысын үйлестіру, құжатын реттеу сияқты жұмыстарды мүлтіксіз атқарып келеді. Болашақта үлкен аурухана ашып, осы ісін одан әрі дамытқысы келеді. Әлияның бойында қайсар мінез, мейірімді жүрек, асқақ арман бар. «Жақында Санкт-Петербург қаласынан жаңа құрал-жабдықтар алдырдым, әзірге кішігірім екі бөлмені жалға алып отырмыз. Қазан айында келісім шарттың уақыты аяқталады. Оңалтудан түскен қаржы сол кабинеттерімнің ақысын төлеуге кетеді, одан артылғаны қызметкерлеріме жалақы болады, ал өзіме мардымды пайда әкеліп жатқан жоқ. Орталыққа келген барлық жанның мұң-мұқтажын, арманын басқалардан артық түсінемін, сондықтан, мейлінше көп адамға көмегім тиіп жатса, мен үшін басқа мұрат жоқ», – дейді ол. Еl.kz

7

Ерекше мұражай Майқұдықтағы тау-кен-индустриалды колледжі негізінде ашылды. Бұл оқу ордасының оқу-жаттығу шахтасы 1981-ші жылы салынған, алайда осыған дейін сырттан келгендерге бұл шахтаға кіруге тыйым салынған. Енді, оны кез келген адам кіруге болатын мұрайжайға айналдыру туралы шешім қабылданған. – Шахта-мұражай құру туралы идея Шотландиядан менің ғылыми жетекшім келгенде пайда болды. Мен ол кісіні КАРЛАГ-қа алып бардым, – деді Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов. – Бірақ, содан соң ол мені Қарағандыны кеншілер қаласы ретінде көрсете алатын бір жерге алып баруды өтінді. Ал, бізде ондай жерлер жоқ. Міне, сол кезде колледждің директоры Геннадий Ивченкомен көпшілікке арналған осындай мұражай құру туралы шешім қабылдадық. Шахтаға түспес бұрын қонақтарға қазіргі Қарағандының орнында көмір орындары табылғаны және бұрғылау жұмыстары басталғаны туралы қысқаша дәріс оқылады. Содан соң келушілерді ережелермен таныстырып, арнайы киім – шалбар, күртеше және жарығы бар каскалар береді. Шахтаның өзі жер астында орналасқан. Бірақ, небары 15 метр тереңдікте. Қонақтарға ол туралы айтылмайды. Қонақтарға тереңге

8

түсіп бара жатқандай әсер сыйлау үшін төменге түсіретін тор ұзақ уақыт селкілдейді. Жер асты мұражайы 100 шаршы метрден астам аумақта орналасқан. Ол жерде қазіргі шахталарда пайдаланылатын құрал-жабдықтар орнатылған. Мұражайға келушілер үшін ол құрылғылар іске қосылады, алайда, қауіпсіздік сақтау үшін ара қашықтықта ұстайды. Әр құрылғыда арнайы жапсырма бар. Оларда әрбір құрылғы туралы ақпарат жазылған. Ол үшін смартфонда арнайы қосымшаны жүктеп, қосу керек. Әзірге ақпарат тек мәтін түрінде үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ғана қолжетімді. – Біз осылайша гидтер мен аудармашылар қызметіне тәуелді болмауды шештік, – дейді Асхат Аймағамбетов. Жа-

есептейді «NOMADIC Travel» компаниясының өкілі Мария Бризицкая. – Бізде ашық әдіспен көмір шығаратын бір шахтамен экскурсиялар жайлы келісім жасалған. Мына мұражай – турды толықтыруға жақсы мүмкіндік. Осыдан екі апта бұрын Германиядан оқушылар келді, олар шахтаға барғысы келді, алайда ол кезде өкінішке орай мүмкіндік болмады. Әзірге мұражайға билеттерді тек туроператорлардан сатып алуға болады. Нақты бағасы әлі белгіленбеген. Алайда, мұражай өкілдері билет құны 500 теңгеден аспайды дегенді айтады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Мен тұратын аула» фестивалінің аясында аула тұрғындарына арналған «Жарқырап жайнай берші, сен – Астана!» мерекелік бағдарламасы Қайықжасау спорты бойынша ашық қалалық сайыс

9

БЖК-ның жасөспірімдер командалары арасында минифутбол бойынша қалалық турнир

10

Бозбалалар мен қыздар, ерлер мен әйелдер арасындағы шаңғыроллер бойынша қалалық ашық біріншілік

Жуырда облыстық бейнелеу өнері мұражайында «№1 балалар көркемөнер мектебі» түлектерінің шығармашылық жобасын қорғау қорытындысы өтті.

Алты жылдан астам аталған көркемөнер мектебі «Түлек» жобасы бойынша мұражаймен шығармашылық байланыс жасауда. Түлектер кең аудиторияда ата-аналар мен курстастары алдында өз жұмыстарын қорғады. Бұл емтихан – педагогтар мен

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ, «Орталық Қазақстан» Сәтбаев қаласының әкімі Асқар ЫДЫРЫСОВ Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің төл мерекесінде аталған сала қызметкерлерін қалалық «Шарайна» газетінің редакциясына шақырып, ыстық ықыласқа толы ілтипатын білдірді.

Мерекелік басқосуға шақырылғандар қатарында жоғарыда аталған басылымның қызметкерлері, «Қазақтелеком» АҚ қалалық бөлімшесі, қаладағы пошта байланысы торабы мен «Сәтбаев телеарнасы» ұжымдары, «Qasym.kz» ақпараттық

агенттігінің редакторы Нұрмұқан Қалқаманұлы, «СәтМедиа» студиясының басшысы Ғалымжан Нұрпейісов және осы жолдардың авторы болды. Өзінің құттықтау лебізінде Асқар Абылайұлы байланыс және ақпарат саласы

мамандары қызметінің қоғам өміріндегі маңызын айрықша атап өтіп, ұжым басшылары мен жекелеген журналистерге қала әкімінің Алғыс хаттарын тапсырды. Қалам иелері мен байланыс мамандары жомарт пейілді қала басшысының қолынан қаржылай сыйақылар мен естелік сыйлықтарды да қабылдап алды. Жиын барысында жарасымды үрдісті «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Жаңбырбай Дәрібаев пен «Атамекен»

кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының директоры Шолпан Жанғаскинова ұтымды жалғастырды. Марапатталушы тараптардың басшылары мен өкілдері өздерінің жауап сөздерінде қала әкімі мен басқа қоғамдық бірлестіктердің басшылық құрамына еңбектерін елеп-ескергені үшін риясыз алғыстарын айтты. СӘТБАЕВ қаласы. Суретті түсірген Е.ВАНЮШОВ.

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Ең әуелі ішкі жан дүниеңді, жүрегіңді тазарту – «жиһад» ұғымының аясына кіреді. Нәпсіңді тию арқылы болмысыңды көркем қасиеттермен толтыру да осы ұғымды толықтырады. Осы мақсатта «Қазақстан болашағы үшін жастар қозғалысы» облыстық дін істері басқармасымен бірігіп, орталық мешіт алаңында «Мен терроризмге қарсымын» кезекті акциясын өткізді. Белсенді жастар аталған акция барысында тұрғындардың діни сауаттылығын арттырып, мемле-

кеттің зайырлылығын насихаттау және діни экстремизмнің алдын алуды көздеді.

Көпшілікке жақындарын деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуден сақтандыру жолдары жөнінде кеңестер берді. Мешітке келушілерге жұма намазынан кейін мемлекеттің зайырлылығының негіздерін және «жиһад» сөзінің шынайы мағынасын түсіндіретін ақпараттық буклеттер таратты. Әсіресе, радикалдық діни ағымдар өкілдерімен өз отан-

дасына қарсы қарулы соғыс ретінде қате түсіндірілетін «джихад» ұғымына тоқталды. «Жиһад» ұғымының аясы өте ауқымды. Бүгінгі таңда теріс бағыттағы ақпарат салдарынан көптеген адамдар жиһадты қару алып соғысу деп біржақты түсінеді. «Жиһад» сөзінің шынайы мағынасы – әркімнің өзінің ішкі дүниесі мен жүрегін тазарту, өз кемшіліктеріңді түзету, өз

нәпсісін, еліктеуін және әлсіздігін жеңу екенін тарқатып айтты. Тұрғындарға қоғамның зайырлы сипатын ескере отырып, түрлі діни нанымдарына, пікірлеріне және сенімдеріне қарамастан, адамдарға бірге тұруға мүмкіндік берілетіні айтылды. Мысалы, Алла ризалығы үшін істелген әрбір іс-қарекет «жиһад» саналады. Әсіресе, қандай да болсын қиын

жағдайларға қарамастан күн сайын үздіксіз бес уақыт намаз оқу, ораза ұстау, сондай-ақ, қоғамдағы атқарылған сауапты шаралар исламдағы жиһад ұғымының аясына кіреді. Сондай-ақ, тұрғындар назарына зайырлы мемлекеттің қағидаттарына қол сұғу – конституциялық жүйені бұзу екені ескертіліп, есте сақтау қажеттігі ескертілді.

Өткізу орны мен уақыты Орталық мәдениет және демалыс саябағы «Субұрқақ каскады» алаңы 6 шілде 12-00 сағ. Орталық мәдениет және демалыс саябағының жағалауы 6 шілде 12-30 сағ. Орталық мәдениет және демалыс саябағы «Субұрқақ каскады» алаңы 5-7 шілде 10-00 сағ. «Молодежный» МҮ 6 шілде 12-00 сағ. «Жаңа Майқұдық» МҮ 6 шілде 12-00 сағ. «Теміржолшылар» МҮ 6 шілде 12-00 сағ. «Восток» БЖК аула алаңы (Восток-2 ы.а., №17 үй) 6 шілде 16-00 сағ. Орталық мәдениет және демалыс саябағының кіші көлі 3-5 шілде 9-00 сағ. «Шахтер» стадионының қосалқы алаңы 6 шілде 19-00 сағ. Саратовка а. шаңғыроллер трассасы 6-7 шілде 10-00 сағ.

оқушылар үшін, есеп беру көрмесі болып табылады. Экспозицияда пән бойынша – сурет, кескіндеме, құрылым, мүсін сынды қорытынды жұмыстар ұсынылды. Жұмыстар түрлі техникада, түрлі стильде орындалған. Көптеген туындылар көпұлтты еліміз бен салт-дәстүрлерге арналды. Бұл – оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін көрсетсе керек. Ал, шәкірттерінің шеберлігін шыңдап, шығармашылық тұлға қалыптасыруда табанды тер төгіп жүрген жетекші педагогтар – С.Күлпеиісов пен А.Орлов. Өз тілшімізден.

Бас прокуратураның «Алимент төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын іске асыру аясында Сәтбаев қаласы прокуратурасының бастамасымен сот орындаушылармен бірлесе отырып, «Балам» алименттік орталығы құрылды. Орталық құрамында прокуратура қызметкерлері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары бар.

Орталық алименттік міндеттемелер бойынша сот шешімін орындайтын мамандандырылған жеке сот орындаушысының кеңсесінде орналасқан. Негізгі мақсаты – өндіріп алушыларға құқықтық көмек көрсету, борышкерлерден алимент өндіруден туындаған мәселелерді жою, көрсетілген санаттың сот актісін нақты іске асыруға бағытталған шаралар қабылдау болып табылады. Орталық құрылғаннан бері 37 азамат (өндіріп алушы) қабылданып, оларға алимент өндіру бойынша құқықтық көмек көрсетілді. Өндіріп алушыны қабылдау кезінде Орталықта атқарушылық іс жүргізу зерделенеді. Нақты іс жүргізу бойынша атқарушылық әрекеттердің толық жүргізілгені тексеріледі. Сот актісін орындауға бағытталған қосымша шаралар қарастырылады. Сондай-ақ, борышкермен жұмыс жүргізіледі. Орталықтың жұмысы алименттік міндеттемелерді орындау бойынша прокуратураға келіп түскен шағымдар санының азаюына әсер етті. Сөйтіп, азаю – 50%-ды құрады. Нәтижесінде, «Балам» алименттік орталығы алимент өндіру жөніндегі сот актілері бойынша мәселелерді шешуге арналған ашық алаңға айналды. Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.


Сейсенбі, 4 шілде, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

3

Латын жазуына көшудегі түбегейлі мақсат әуел бастан халыққа жан-жақты түсіндірілген жоқтұғын. Біреулер «латыншаға көшсек, компьютер тілін оңай игеріп, ғаламторға шығуымызға кең жол ашылды» десе, енді біреулер «латын әріптері арқылы күллі түркі жұртына ортақ жазу қалыптастырамыз» дейді.

(Соңы. Басы 1-бетте). Елбасының сыртқы саясаттағы сара жолында өңірлік және жаһандық континииум контексіндегі түрлі пассионарлық жобалар ұштасып жатыр. Қирап қалған посткеңестік кеңістіктегі экономикалық, әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық байланыстарды сақтап қалу үшін Мемлекет басшысы ТМД-ны құру туралы бастама көтерді. Осы қадамның арқасында бірегей мәдени-ақпараттық кеңістік әрі қарай өмір сүруін жалғастырды. Достастыққа жаңа өмір сыйлаған ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы ұсыныс айтты. Қазіргі таңда 180 миллион адамнан тұратын халқы бар бұл интеграциялық бірлестік Еуразия кеңістігіндегі аса маңызды ойыншыға айналып отыр. Күш-қуатын күн санап арттырып келе жатқан бүгінгі маңызды жаһандық жобаның тағы бірі – Шанхай ын­тымақ­тастық ұйымы. Бұл да Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-дың бұрынғы төра­ғасы Цзян Цзэминьмен бірлесіп жүзеге асырған жасампаз идеясы. Бүгінде ШЫҰ дегеніміз – Жер шарының тең жарымы деген сөз. Енді оқиғалық сипаттағы пассионар­лық жобаларға қатысты сөз қозғар болсақ, біздің ойымызша, бұл қатарға төмендегі жобаларды қосуға болады. Дау жоқ, мұндай жобаның бірі – Астанада 2010 жылы өткен ЕҚЫҰ саммиті. Ол 11 жылға созылған үзілістен кейін өткізілген еді. Саммит жұмысының қорытындысы Астана декларациясы болды, ол үш бағыт – әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адамзаттық өлшем бойынша жүргізілетін жұмыстың жалғасын табатындығын дәйектеп берді. Әлемдік саяси сөз қорында бірлік пен жасампаздықты айшықтайтын «Астана рухы» деген тың ұғым-тұжырым пайда болды. Қазақстанның тағы бір табысы 7-ші Қыс­ қы Азиаданы өткізуі болды. Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет Олимпиада алауының эстафетасы ұйымдастырылып, ол 20 күннің ішінде 1000-нан астам алаугердің қатысуымен елдің барлық өңірі арқылы өтіп шықты. Жалпыкомандалық біріншілікте еліміз 1-ші орын алып, 70 медаль, соның ішінде 32 алтын ұтып алды. Бұл – сөзсіз керемет жетістік! Биылғы қыста біздің ел Қысқы Универсиада өткізді. Оған әлемнің 57 елінен 2000 спортшы қатысты. Қазақстан қорытынды есеп бойынша екінші орын алып, Жер шарының 55 мемлекетінен озып шықты. Біз әлемдік ауқымдағы ірі жарыстарды лайықты өткізіп қана қоймай, олардың барысында айқын жеңістерге жете алатынымызды да жаһан жұртына тағы бір мәрте дәлелдедік. Ал дәл қазір көзіміз көріп отырған ғаламат маңызды ұлттық жобаның бірі – Астана ЭКСПО-2017 көрмесі. Бұл – ТМД және Шығыс Еуропа аумағында алғаш рет өткізіліп отырған мамандандырылған көрме. Оған 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысуда. Осы жаһандық форумды ашқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Бұл – біздің елдің және «Қазақстан» атты ұлттық брендтің жаһандық кеңістіктегі ілгерілеуінің жаңа белесі. «Болашақтың энергиясы» тақырыбын жариялай отырып, біз ғылыми прогрестің нақ ортаңғы өзегінен орын аламыз деп сенеміз», деді. Көрмеде елдер мен халықаралық ұйымдардың 130-дан астам экспозициясы назарға ұсынылуда. ЭКСПО аясында бірқатар ауқымды халықаралық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Бүгінге дейін Астана экономикалық форумы, Шетелдік инвесторлар кеңесі өтті. Күзде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының саммиті ұйымдастырылатын болады. Жалпы 6 мыңнан астам іс-шара өткізілмек. Атап айтсақ, мәселен, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмысының бағыты бойынша көрме аясында тамыз-қыркүйек айларында «Әйелдер болашақтың энергиясын қолдайды» атты халықаралық форум өтеді, оған әлемнің түрлі мемлекеттерінен 300-ден астам делегат қатыспақ. Қатысушылар қатарында ШЫҰ, Еуразиялық экономикалық одақ, Орталық Азия, ТМД және алыс шетелдерден келетін көшбасшы әйелдер, энергия тиімділігі жөніндегі инновациялар авторлары, «жасыл экономика» саласындағы әлемдік көрнекті ғалымдар, мемлекеттік органдар мен Қазақстанның әйелдер қауымының өкілдері болады. Форумда мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам серіктестігі негізінде баламалы энергетика және «жасыл экономика» сала-

сындағы инновациялық идеяларды ілгерілетудегі әйелдердің рөлі мен үлесі кеңінен талқыланады. Әйелдердің балама энергетика және «жасыл экономика» саласындағы жаңа же­­тістіктері таныстырылады, сон­дай-ақ, «жа­­сыл экономиканы» дамытуға, БҰҰ-ның «Бар­­шаға арналған орнықты энергия» тақырыбындағы жаһандық бастамаларын және «Жасыл көпір» атты серіктестік бағдарламасын жүзеге асыру ісіне әйелдер кәсіпкерлігін тарту мәселелерін талқылау жоспарлануда. Жер шары әйелдерінің тек бейбіт мақсатқа қолданылатын болашақтың энергиясын қолдайтынын форумның басты тезисі ретінде айрықша атап өткім келеді. Жаңа энергияны пацифизм қағидаттарына сай қолдану – Қазақстанның әйелдер қауымының ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдердің бітімгершілік үдерістеріне қатысуы жөніндегі бастамасын берік қолдауының көрінісі. Бұл – біздің елдегі әйелдер қауымының жаһандық әйелдер қоғамдастығына оларды бітімгерлік шараларына белсене қатысуға шақыратын маңызды үндеуі. Бүгінде әлем жаңа дәуірге – кибер­ физикалық жүйелерді өндіріске жаппай енгізуді білдіретін 4.0 индустриясы кезеңіне қадам басып отырғаны белгілі. Басталып кеткен жаңғырту ісінің құ­рам­ дас бөлігінің бірі – жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) көшу. Бұл ретте әлемде қандай ахуал орын алып отыр? Жаңартылатын энергияның әлемдік энергия теңгеріміндегі үлесі қазірдің өзінде 24%-ға жетті. Сарапшылардың болжауынша, бұл көрсеткіш 40%-ға дейін өседі. 2015 жылғы жағдай бойынша 170-тен астам мемлекет өзіне ЖЭК-ты дамыту жө­ нінде міндет қойды. Бірқатар елдерде бүкіл энергия өндірісі ЖЭК-қа тиесілі, мысалы, Лесотода ол – 100%, Непалда – 99,4%, Исландияда – 99,9%. ЖЭК үлесі елеулі болып келетін елдердің ең көбі Африка мен Оңтүстік Америкада орналасқан. Ал Таяу Шығыста ЖЭК нашар дамыған. Жел және күн электр стансалары Еуропалық Одақ пен АҚШ-та айтарлықтай маңызды үлеске ие, ал гидроэнергетиканың мейлінше көбірек үлесі Африка мен Оңтүстік Америкаға тиесілі. 2015 жылы ЖЭК энергиясын түр­лен­ діруге арналған мейлінше мол қуат орталықтары орналасқан негізгі елдер қа­тарына ЕО, АҚШ және Қытай енді. Оларға 72%-ға жуық күн энергиясы өнді­рісі, 84% жел энергиясын түрлендіру үле­­сі, 46% ГЭС қуаты, биомасса арқылы жұ­мыс істейтін генераторлардың 64%-ы, гео­­термальдық қуаттың 42%-ы және су­дың көтерілуінен қуат алатын электр стан­са­ларының 54%-ы тиесілі. Қазақстан биыл басты мәні эко­но­ми­ ка­лық өсімнің жаңа моделін қалып­тастыру болып табылатын Үшінші жаң­ғыруды жүзеге асыруға кіріскені мәлім. Энергияның елде орасан мол екен­дігіне қарамастан, Мемлекет басшысы таза технология мен таза энергетиканы да­мыту үшін белсенді түрде ЖЭК-қа көшу жөнінде міндет қойды. Қазақстан ЖЭК-ты энергетикалық кешенді дамытудың бір векторы ретінде қарастырады. Біздің елде ЖЭК әлеуетінің өте жоғары екені белгілі. Әлемнің ең озық 30 елінің қатарына қосылуға ұмтылып отырған еліміз «Қа­зақ­ стан-2050» стратегиясын қабылдады, онда Мемлекет басшысы баламалы энергияны және ЖЭК-ты дамыту жөнінде міндет қойды. Қойылған міндетке сәй­кес, оның үлесі 2050 жылға қарай барлық тұ­тынылатын энергияның жиынтық көлемінің 50%-ынан кем болмауы тиіс. Бұл орайда еліміз бүгінде ТМД бойынша көш бастап тұр. Біз Достастық елдері арасынан бірінші болып «Жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын, Экологиялық кодексті қабылдадық. Нақты индикаторлар белгіленді, мәселен: балама энергия үлесін қазіргі 0,8%-дан 2020 жылға қарай 3%-ға, 2030 жылы 30%-ға, 2050 жылы 50%-ға дейін жеткізу көзделген. Бүгінгі таңда Қазақстанда қазірдің өзінде ЖЭК-тың 50 кәсіпорны жұмыс істейді. Олардың мейлінше ірілері – Жам­был облысындағы қуаттылығы 50 МВт болатын «Бурное»

күн электр стан­сасы (КЭС); Ақмола облысындағы қуат­тылығы 45 МВт болатын жел электр стансасы (ЖЭС); Жамбыл облысы Қордай кен­тін­дегі қуаттылығы 21 МВт болатын ЖЭС. Астана ЭКСПО базасында респуб­ли­ камызда Жасыл технологиялар мен ин­вес­ тицияларды дамыту жөніндегі ха­лық­аралық орталық құрылатын болады. 2020 жылдың соңына дейін 53 ЖЭК нысанын, соның ішінде 23 ЖЭС, 17 КЭС және 13 ГЭС нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осындай шаралардың жүзеге асырылуы Қазақстанға жасыл энергетиканы да­мыту ісі бойынша әлемнің жетекші елде­рінің қатарына қосылуға мүмкіндік береді. Бүгінде өзінің қазіргі келбеті арқы­лы республиканың инновациялық бола­шағын кейіптейтін Астана еліміздегі жасыл дамудың драйвері және көш бас­таушысы болып отыр. Ел үкіметі 2014 жылдың өзінде Ас­тананы 2050 жылға дейін әлемнің ең үздік қалаларының ондығына кіргізу міндетін қойғаны мәлім. Қала қазіргі кезде біртіндеп, жүйелі түрде сол көзделген мақсатқа қарай ілгерілеп келеді. Мегаполис экономикасының жан-жақты дамуынсыз бұл межеге жету мүмкін емес. Осы орайда маңызды көр­сет­кіштің бірі – энергияның жұмсалу мөлшері. Қала басқармасы бүгінде Астананың энергиясын үнемдеу мен энергия тиім­ділігін арттырудың кешенді жоспарын жүзеге асыруда. Оны әзірлеу барысында Канаданың, Скандинавияның, Германияның, Қытайдың, Сингапурдың, т.б. елдердің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелері қарастырылды. Басымдықтардың бірі – ЖЭК-ты дамыту және перспективалы энергия үнем­деу технологияларын енгізу. ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында ЖЭК-тың шағын формаларын орнату жобаларын жүзеге асыру бағы­тындағы ау­ қымды жұмыс атқа­рылды. Осы мақсатпен БАӘ, АҚШ, Қы­тай, Шы­ғыс Еуропа елдерінің озық тәжі­рибелері мұқият зерттелді. Бүгінде Астанада қазірдің өзінде ЖЭКтың шағын формасының 18 түрі ор­­на­тылған. Алынған электр энергиясы кешені және саябақтарды жарықтан­ды­руға бағытталып, қаланың жарық беру желісі мен бюджет жүктемесін азайтуға сеп­тігін тигізуде. Жаяу жүргінші өткелдерінің жолын жарықтандыру сәтті жүзеге асырылып отыр, осының өзі қаладағы жол ахуалын жақ­с­ артуға қосылған нақты үлес болып саналады. Жабық аялдамаларды олардың шатырына күн панельдерін орнату ар­қылы электрмен қамтамасыз ету авто­номды тәсілге көшірілген. Панель­дер аялдамалардың электрмен, жылу­мен қамтамасыз етілуіне жә­не жарықтан­дырылуына септігін тигі­зуде.

Елорда тұрғындары мен қонақтары демалатын орындарда күн энергиясымен жұмыс істейтін, электрондық гад­жет­терді қуаттандыруға мүмкіндік бере­тін «Паль­малар» атты құрылғылар орна­тыл­ған. Саябақтар мен гүлзарлар аумағының бәрін күн панельдерімен және жел генераторларымен жабдықталған шырақтар жарықтандырып тұр. Олар CREE LED маркалы чиптері бар, ұзақ уақыт бойы қыз­мет ететін және электр қуатын үнем­дейтін жарықдиодты шамдармен жарақ­тан­дырылған. Көп адам халықаралық әуежайдан шыға берісте күннің жарығын жинақтап, электр қуатын өндіруге және оны қаланың жарық желісіне беруге арналған «Гүл» атты құ­рыл­ ғыны байқаған да болар. Қаланың орталық циркінің маңында тірек-тұғырларға орнатылған «Беймәлім ұшу нысаны» пішініндегі, өз-өзін электр­мен қам­ тамасыз ететін декоративті шырақтар жар­ қырап тұр. Негізгі демалыс орындарында жел генераторларымен жабдықталған «Ағаш­тар», сондай-ақ «Күн гүлшелері» аталатын, барлығы Қазақстанда өндірілген бұйымдар орнатылған. Сонымен қатар, Тұран даңғылының, Ұлы Дала көшесінің бойы ЖЭК арқы­лы жұмыс істейтін жарықтандыру әді­сіне көшірілген. Осы көшелерде өз-өзін электрмен қамтамасыз ету үшін күн панель­дерімен жабдық­ талған бағдар­шамдар орнатылған. «Әуежай» айналма жолының алдында жел генераторларымен жабдықталған «Болотов құрылғысы» жұмыс істеп тұр, ол тіпті әлсіз желдің өзінен жеткілікті мөл­шерде электр энергиясын өндіре ала­ды. Кешкі мезгілде Қабанбай батыр даң­ғылы бойындағы стадиондар кеше­нінің ауданы күн энергиясымен жұмыс істей­тін, сондай-ақ ауаны сүзгіден өткізетін «Эко-шамдар» ар­ қылы нұрланып тұ­рады. Қоғамдық спорт алаңдарында саламатты өмір салтын ұстанып, дене тәр­биесімен шұғылдануға арналған «Эко-фитнес», «Эко-жатақ» тренажерлары орна­тылған. Ең қызығы сол, олар да электр энергиясын өндіреді. Міне, қазірдің өзінде осындай нақты қадамдар жасалды. Барлығы жүйелі, ретті және айқын жүзеге асырылуда. Ал алдымызда бізді бұдан да қарқынды және тартымды болашақ күтіп тұр. Астана әлемнің ең зияткер қаласының бірі деген мәртебе деңгейіне қарай жедел әрі байыпты түрде ілгерілеп келеді. Бір кезде әйгілі ағылшын жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Редьярд Киплинг Батыс пен Шығыс ешқашан қосылмайды деп тұжырымдаған болатын. Алайда барлық негізгі әлемдік өрке­ ниеттердің лебін бойына тоғыстырған Ел­ басының төл перзенті – Елорда өзі­нің даму философиясы, қайталанбас ур­банистік мәдениеті арқылы бұған мүлде басқаша жауап

беріп отыр. Сондықтан Астана бүгінде НьюЙорк, Париж немесе Лондон тәрізді беделді жаһандық мегаполистердің біріне айналды. Ұлы Да­ла елінің елордасын көп жұрт ірі халық­аралық форумдар өткізу үшін ең қалаулы орын деп санайды. Біз тіпті осыған дейін бастары қосылып көрмеген әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары үшін де ортақ диалог алаңын қалыптастырдық. Елімізде қазір өтіп жатқан «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі – Қазақстанның Тұңғыш Президентінің стратегиялық тұрғыдан ойластырылған сындарлы, заманауи мемлекеттік саяса­ты­ның салтанатты жеңісінің айшықты айғағы; Елбасымыздың аса жоғары беде­лінің әлемдік деңгейде тағы бір мәрте мойын­далуы. Дүниежүзілік әрбір көрме техни­калық және технологиялық жетістіктері, біре­гей жобалары арқылы тарихта мін­детті түрде өзінің өшпес ізін қалды­ратыны мәлім. Мәселен, 1851 жылы Ұлыбританияда өткен алғашқы көрме әлемге түгелдей темір мен әйнектен жасалған Хрусталь сарайды тарту етті. Көрме үшін 1889 жылы арнайы салынған әйгілі Эйфель мұнарасы Париждің бірегей бойтұмарына айналды. Ал Монреальда ЭКСПО-67 көрмесі үшін бой көтерген, бірінің үстіне бірі жалғасқан 354 текшеден тұратын «Хабитат 67» атты ғаламат тұрғын үй кешені бүкіл Канаданың көзайымы болып саналады. Біздегі ЭКСПО-2017 көрмесінде болғанымда мен ондағы орталық нысан, Қазақ­ станның павильоны – «Нұр Әлем» болашақта Астана мен Қазақ елінің ғана емес, күллі әлемнің рәмізінің біріне айналады деген ойға келдім. Диаметрі 80 метрлік бұл алып шар әлемдегі толық сфера пішініндегі бірден-бір ғимарат болып саналады. Нысан құрылысында футуристік дизайнды бұзбай сақтай отырып, электр энергиясын өндіретін ең жаңа фотоэлектр технологиялары қолданылған. Желдің бағыты мен ұйытқуына тәуелді емес дыбыссыз жел генераторлары электр энергиясын желіден аз тұтынуды қамтамасыз етеді. «Нұр Әлем» – «Болашақтың энергиясы» ғимаратының мінсіз үлгісі, бұл тек көрменің жай ғана айшықты көркі емес, тұтас бір бренд. Менің ойымша, «Астана ЭКСПО-2017» жаңа энергияның, болашақтың энергиясының рәмізі ғана болып қалмайды, ол адамзаттың техника мен технологиялар саласындағы одан әрі ілгерілеуі жолындағы тың пассионарлық серпінінің бастауын білдіреді. Қазіргі заманның көрнекті пассионары, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау жобасының арқасында Қазақстан Республикасы жаһандық Олимп шыңының жарқыраған тағы бір жаңа биігіне көтерілді. Мемлекет басшысының ғаламат жобасы – Астана өз уақытынан озған мегаполис ретінде бүгінде бүкіл Қазақстанның пассионарлық қуатының орталығы болып саналады деп білемін. Шындығын айтқанда, инклюзивті және орнықты даму форматын жүзеге асырып жатқан біздің елді бүкіл әлем антиядролық қозғалыстың көшбас­шысы ретінде мойындады. Қазақстан көп­теген маңызды геосаяси және геоэко­номикалық бастамалардың иесі болып саналады. Іс жүзінде біз Азиядағы пассионарлық қуат орталығының біріне айналып келе­міз. Көптеген сарапшылар XXI ғасыр­ды Азияның дәуірі ретінде танып отыр­ғанын ескерсек, Қазақстан да жаһандық пас­сионарлық орталығының біріне айналуда. Бір кезде, Жаңа дәуір туғанда Еуро­пада: «Ex oriente lux» (Шығыстан нұр төгі­ліп тұр) деген сөз айтылған болатын. Бұл Шығыстан даналық келе жатыр деген­ді білдірген еді. Менің ойымша, Қазақстанның бүгінгі жетістіктері, маңызды әлемдік бастамалары, жаһандық ынтымақтастық пен бейбітшілікті жақтауы, Астананың жаһандық орталықтардың бірі ретінде мойындалуы «Ex Astana lux» деп батыл айтуға толық мүмкіндік береді. Астанадан нұр төгіліп тұр! Келе жатқан Астана күні құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар, ЭКСПО-2017 қонақтары! «Егемен Қазақстан» газетінен.

Бір-біріміздің жазба әдебиетімізді тәржімәсіз немесе делдал тілсіз түпнұсқадан оқи беретін боламыз дегенді желеу етті. Ал, тіліміздің қамын әріден ойлаған қайсыбір ғалымдар «Латыншаға көшу тіліміздің өзіндік болмысын сақтап қалу үшін қажет, латын жазуына негізделген өзіміздің төл әліпбиімізді (алфавит) құрып алған соң, тіліміздің табиғатында жоқ, орыс тілінен және халықаралық термин деген желеумен орысшаланып енген бөтен сөздерден арыламыз» дейді. Осы пікірлердің қай-қайсысының да өзіндік маңызы бар екендігінде дау жоқ. Мәселен, компьютерде жұмыс істеу ең алдымен, өзіміз үшін керек. Жазуымыздың, яғни тіліміздің әуелі өзімізге қызмет етуін қамтамасыз етуіміз керек. Қазір біз кез келген түркі халықтарының өкілімен ауыз­ ша сөйлессек, бір-бірімізбен оңай түсініп, пікірлесе аламыз. Ал жазуымыздың әр қилылығына байланысты бүкіл жазба дүниелерімізді аудармасыз оқи алмаймыз. Бұл – түркі тілді халықтар өзара жазба әдебиеттерін оқи алмасын, әрқайсысы өзінше бөлек дамысын, бірінен-бірі туыстық, рухани байланыстан алшақтай түссін деген саясаттан туындаған еді. Тіпті, Кеңес Одағының құрамында болып, барлығы бірдей орыс жазуын ұстанған халықтардың өздері де бірбірінің жазған дүниелерін аудармасыз оқи алмай келді ғой. 1929-1938 жылдары қазақ қолданған латынша әліпбиде 28 әріп болған. Қазіргі әліпбиімізде 42 әріп. Әріптердің саны бір жарым есе өсе қалуынан-ақ, кезінде жазуды кириллицаға ауыстыруда бір шикілік болғаны анық. Әріптердің саны соншалықты көбеюдің себебі – қазақша жазғанда, сөйлегенде орыс сөздері тура орысшадағыдай болуға тиіс деген бүгінгі емленің дөрекі қателігі. Осы күнге дейін ұлтымызды орыстандыру саясаты жан-жақты жүргізіліп келді. Сол әрекеттің бір түрі тілімізді бұзу арқылы болғанын көзі ашық, көкірегі ояу жұрт жақсы біледі. Ал тілді бұзу бірден бола қоятын оңай шаруа емес. Алдымен жазуымызды өзгертіп, сонан соң орысша сөздер орыс тілінде қалай жазылса, қазақ тілінде де солай болуын талап етті. Дәл солардай етіп жазатындай бізде кейбір дыбыстар болмағандықтан, өз тілдеріндегі біраз дыбыстарды тілімізге зорлап енгізді. Енді біз есімізді жинап, сол сөздерді қазіргі жазуымыздағы (кириллица) қазақша дыбыстармен қазақшалап жазайық десек, әбден орысша жазылуына көзі де, өзі де үйреніп, бауыр басып кеткен көптеген қандастарымыз тіптен көнгісі келмейді. Олар қазақшалап жазсаң-ақ болды, қолма-қол қарсы шығып, «Дұрыс жазбадың, бұл сөз орысша да, қазақша да бірдей жазылады, бізде солай қабылданған, бұның түк өрескелдігі жоқ, бәріміз осылай жаза аламыз және сол қалпында айта аламыз» деп өре түрегеледі. Ұлтымыздың, елдің атауын басқа тілдерде қазақшаға жақындатып айтуына ең үлкен себепкер болатын тіл – ағылшын тілі. Ағылшынша «kazak, Kazakstan» деп жазудың орнына орысшаның үлгісімен «kazakh, Kazakhstan» деп жазып жүргеніміз – қателік! Ол – біздің кейбір сөз саптауымыздан, сөз оралымдарымыздан, сөз тіркестерімізден көрініп қалып жатады. Енді, сан мыңдаған шетелдік сөздер тасқыны тілімізге күн санап толассыз еніп жатқан мына зымыран заманда бірен-саран сөздерге әрең дегенде қазақша балама тауып, бірақ оның өзін сан-саққа жүгіртіп, дауласып жүргенімізде тіліміздің тек дыбыстық жүйесі мен сөздік құрамы ғана өзгеріп қоймай, құрылымы да өзгере бастауы әбден ықтимал. Тіліміздің таза қазақи қалпын сақтап, сөйлеп-жазып жүрген ұлтымыздың бір бөлігі үшін, бөтен дыбыстардан және таңбалап келген әріптерден арылған нағыз қазақ әліпбиін латыншаға көшу арқылы жасауға қазір мүмкіндік туып отыр. Қорлан АЙТЖАНОВА, Бидайық жалпы орта білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.


4

Сейсенбі, 4 шілде, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдығын мерекелеуге қатысты ұйымдастыру комитеті құрылып, түрлі бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл ретте, аймағымыздағы басқармалар да өздеріне жүктелген міндеттерді атқаруда. Соның бірі – облыстың тілдерді дамыту басқармасы. Бұл мекеме Қаздауысты Қазыбек би туралы 2 томдық кітап шығаруды жолға қойған. Кітапты шығарудың негізгі мақсаты – қазақ халқының бірлігі мен мемлекеттілігін нығайтуға, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дамытуға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға өлшеусіз үлес қосқан қазақтың ұлы биі, шешен, философ, қоғам және мемлекет қайраткері Қаздауысты Қазыбек бидің өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Мұндағы негізгі міндет – мұрағаттардан, кітапханалардан, баспасөз құралдарынан Қазыбек бидің өмірі мен шығармашылығы туралы құжаттар, материалдар жинау, талдау, сараптау. Сондай-ақ, ғалымдар, өлкетанушылар, тарихшылар, журналистер, әдебиетшілердің еңбектерін ғылыми айналымға түсіру. Республика деңгейінде атап өтілетін шараға бұл кітаптың да берері мол. Бүгінгі күнге дейін Қазыбек би туралы толымды еңбек болмағанын ескерсек, бұл қос томдық – Қазыбектану ғылымына қосылған елеулі үлес болмақ. Мұнымен қоса, белгілі ғалымдардың бұған дейін жарияланбаған тың материалдары арқылы, біржақты бағаланып келген тарихымызға жаңаша көзқараспен қарауға септігін тигізеді. Нәтижесінде, Қазыбек бидің өмірі мен қызметіне шынайы баға беруге жол ашылады. Би бабаның өмір сүрген дәуірі мен өміріне және шығармашылық мұрасына қатысты деректерді бір жүйеге келтіруге мүмкіндік туады. Сонымен, кітаптың 1-ші томында Қазыбек бидің өмірі мен шығармашылығына, қайраткерлік қызметіне қатысты материалдар, аңыз-әңгімелер, сондай-ақ, би һақындағы ақынжыраулар шығармасы енгізілмек. Мұның барлығы – негізгі жеті бөлімге топтастырылуда. 2-ші томда тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевтың Қаздауысты Қазыбек бидің қазақ халқының бай рухани мұрасын және мәдени құндылықтарын қалыптастыруға, сақтауға үлес қосқан ерекше тұлға, мәмілегер, ірі мемлекет қайраткері ретіндегі ролін жан-жақты ашатын тарихи мағлұматтар берілмек.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2017 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баяндалған «Туған жер» жобасы аясында және Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай облыс көлеміндегі қазақ және орыс тілді ақындар арасында Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты облыстық жыр бәйгесін өткізеді.

Қазыбек би туралы бір тарихи әңгімеде қалмақ ханы Қонтажының қазақтардың талабын орындауы бала Қазыбек сөзінің ықпалы екені туралы айтылады: «Сөзді өңменімнен сұғып айтқан кезде, екі иығымнан екі аю аузынан от шашып «тыпыр» етші, «көрейін» деп тұрды. Мінеки, мен содан қатты сескендім. Сендерге көрінбегенмен маған көрінді. Менің енді бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп алдына салып беріңдер», – деген шешімге келіпті қалмақ ханы [1,146]. Қонтажы бітімге қаймыққаннан келген жоқ, елшілердің айтқанын істемеймін десе, оның әскери қуаты да, өзінің айбары мен ақылы да жетіп тұрған болатын. Өзінің сөзінен байқап тұрғанымыздай, бұл – сөз күшінің әсері, ықпалы. Сөздің мұндай қасиетін психолингвистиканың сөз қабылдау (восприятие речи) саласында сөз суггестиясы дейтін тармағы зерттейді. Суггестия негізінен психология ғылымына тән термин болғандықтан жалпы тіл білімінде суггестияға қатысты әрі тілдік, әрі психикалық жағынан байланыстыра зерттеген біршама еңбектер бар. Жалпы тіл білімінде психолингвистика аясында кейінгі кезде зерттеле бастаған «суггестия» термині қазақ ұғымында сену, илану дегенді білдіреді. Қазақ дүниетанымындағы сөзге сенім ұғымын ауыз әдебиеті шығармаларынан көп кездестіруге болады. Оған айқын бір көрсеткішті «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар», «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», «Сөз тастан өтеді», «Айтылған сөз – атылған оқ» т.т., т.с.с. мақалдардан табуға болады. Бұл – ғылыми тілде «суггестия» деп атап жүрген құбылыстың халық санасында да, тілдік құбылыстарда да бар екенін көрсетеді. Шешендік сөздерінің суггестиясын зерделегенде олардың магиялық күшімен қатар прагматикалық әсерін де қарастыру қажеттілігі туындайды. Өйткені, ауызша сөйлеу үлгісі болып саналатын мәтіннің қолданысын, екі жақты қарым-қатынастың субъектіге бағытталу аясын танытуда прагматикалық әсері оның суггестиясынан пайда болады. И.Ю.Черепанова шығармашылық бейсаналыққа арналған еңбегінде суггестивтік лингвистиканың тілдің сана түбіне (подсознание) әсер етуін түсіндіретін тілтанулық сапалы теория және күнделікті жүзе екендігін айтады [2, с. 83]. Дүниежүзінде өмір сүретін халықтардың барлығы әлемді өздерінің ұлттық көзқарастарымен таниды, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлеріне негіздейді, және әртүрлі сеніммен қабылдайды. Суггестия – сенім. Суггестия ұғымы – кез келген мәдениетте бар әмбебап құбылыс. Ол – халықтың дүниені түсінуінен хабар беретін қойма, яғни суггестиялық көрініс ғаламның негізгі бөлшегі ретінде ұлттың эстетикалық таным-талғамын, шаруашылық кәсібін, мінез-құлқын, салт-дәстүрін, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухын сенім тұрғысынан тіл арқылы жан-жақты бейнелейді, жеке адам санасымен бірге өмір сүреді. Сол арқылы халықтың дүние туралы түсінігін айғақтайды, ұлттық танымын білдіреді. Кез келген тіл факторының астарында, шығу төркінінде негіз бар екендігі рас болса, көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтын, сана мен болмысқа қатысты құбылыстардың бейнеленуі тілдік суггестия арқылы жүзеге асады. Бұған бір айқын дәлел ретінде Қаздауысты Қазыбек бидің бітімгерлік сөзінің мына кіріспесін келтірсек те жетеді: Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден кұт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз! Ешбір дұшпан басынбаған елміз, Басымыздан сөзді асырмаған елміз! Досымызды сақтай білген елміз, Дәмі, тұзын ақтай білген елміз, Асқақтаған хан болса, Хан ордасын таптай білген елміз! Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды, Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз! Сөз күшін қазіргі зерттеу барысы басқаша деңгейге, яғни, тілдегі суггестиялық фактілерді тіл білімінің жаңа жетістіктерімен, көзқарастарымен көрсету, тиімді қатынас моделін өңдеуге көшуде. Мұндағы негізгі мәселе – адам жанына үңілу, сырттай ғана емес іштей бақылау жасау. Бұл жағдайда не айту керектігі ғана емес, қалай айту керектігі де маңызды болады. Осыған орай Қаздауысты Қазыбектің қолданатын «тиімді қатынас» моделін адамның ішкі сырын, шындығын білу үшін «сынақ» жасауы деп түсінуге болады. Оған оның билік айтқан екі оқиғасын дәлел етуге болады. Біріншісі:

Мүшәйраның мақсаты: Қасым Аманжолов мұрасын насихаттай отырып, облыс аумағында поэзияның дамуына ықпал ету, жас ақындардың шығармашылығына қолдау көрсету және еркін елдің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын қара өлеңнің құдіретімен қалың жұртшылыққа паш ету. Шарттары: – мүшәйраға 18-40 жас аралы-

Қазыбек жеті жасында-ақ шешендігімен, алғырлығымен көзге түсе бастапты. Ертеде ас беріліп, бәйге болып жатқанда бір құла қасқа жүздеген аттан озып келеді. Қаймана жүрген бір жігіт: – Мынау менің тай күнінде жоғалтқан бәсірем, – деп оның шылауына орала кетеді. Бәйгеге қосып тұрған адам: – Өзімнің құла биемнен туған атым, – деп жеңістік бермейді. ... Құла қасқаны бәйгеге қосқан кісі: – Енесін бір көрсем, одан туған төлді дәл айта аламын, – десе, «тай күнінде жоғалтқан бәсірем» деген жігіт: – ... Енесін көріп төлін, төлін көріп енесін айнытпай табамын, – дейді. – Олай болса, – дейді Қазыбек бала, анау көгендеулі тұрған қозы-лақтан екеуің екі қозы ағытып әкеліңдер. Екі жігіт екі қозы жетектеп алып келеді. – Енді, – дейді Қазыбек, – екеуің өріске барып осы екі қозының енесін тауып әкеліңдер. Екеуі екі саулық алып келеді. – Қозыларды енесіне салыңдар, – дейді бала. Ат қосқан жігіт қозысын енесіне салса, әлгі әкелген саулығы алмайды, қозы да жеріп қашады. Ал «тайында жоғалтқан бәсірем» деген жігіт қозысын саулыққа салса, иіскелеп қозыны емізіп тұра қалады. Сонда Қазыбек атқа иелік етіп жүрген кісіге: – Ал, ағайын, мына жігіттің мал тапқыштық қаметіне күмәніңіз бар ма? – деп сұрайды. Ол төмен қарап үндемей қалады. Қазыбек көпшілікке қарап: – Қане, жұртшылық, бұған сіздер қалай қарайсыздар? – дегенде, айнала төңіректеп тұрғандар: – Бала дәл шешім айтты, атасына рақмет, бәйге құла тай күнінде жоғалтқан жігіттікі, – десіп тарасыпты. Қазыбек атына «Би» атағы осы билігінен кейін қосылыпты [1,129-130]. Екіншісі – ел аузындағы мына бір оқиға: Қазыбек беріде елге белгілі болған кезде екі әйел балаға таласып дауласып, алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің біреуі: «Мынау баламды есін білмейтін жас күнінде жоғалттым. Соны мына әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам «өз балам» деп бермейді. Екінші әйел тұрып: – Бала өзімдікі, өзім таптым, мынау босқа жармасып тұр. Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін: - Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мұнда мынадай билік еткім келеді, - дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны жоғары көтеріп: «екеуіңе қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?» - дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел: – Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! – деп безеріп тұрып алады. Ал, баланы таныған әйел:

ғындағы үміткерлер қатыса алады; – үміткерлердің қазақ және орыс тілінде жазылған шығармалары қабылданады; – ұсынылған шығармалар (3 өлең) Қасым Аманжоловқа, Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған және еркін тақырыпта болуы керек; – әр өлең көлемі 400 жолдан аспауы керек; – қатысушылардың жол ақысын жіберуші жақ немесе қатысушының өзі төлейді;

– Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! – деп безек қағады. Содан барып Қазыбек: – Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер, - деп билік айтады. Мұның лингвистикалық бір сипаттамасын А.Ж. Машимбаева беріпті: «Ықпал етуге бағытталған үрдісті қатынас теориясы аясында қарастыру заңды. Бұл жағдайда ықпал етуші тұлғаны суггестор (ықпал ету субъектісі), ал қабылдаушы тұлғаны (автор), ықпал объектісін суггестант деп атауға болады. Олар бір-бірімен вербалды, вербалды емес тәсілдермен жүргізілген сендіру механизмі арқылы бірлесіп әрекет етеді» [3, 12]. Суггестия – сананы билеуші, болмыстағы сенімді қалыптастыратын, реттейтін ұғым, адамның алдына мақсат қою жолына жетер биігі. Ал тілдік суггестия осы сенім көздерін сөз арқылы бейнелеп, адамның өзін-өзі сендіруін, сөз құдіретіне табынуын білдіреді. Суггестиялық лингвистика адам сенімін тілдің түрлі мағыналық қабаттары арқылы бейнелейтін, сенімге ие болудың, сенім қалыптастырудың жолдарын сөйлеу арқылы танытатын тіл білімінің жаңа саласы. Ол тілдегі сөйлеу түрлері арқылы халықтың дүниеге көзқарасын, ұлттық ерекшелігін сенім тұрғысынан жан-жақты талдап, суггестия атрибутына таным тұрғысынан мән үстейді. Қаздауысты Қазыбек биден қалған мұралардың бір саласы – тілек баталар. Ойсанаға, ақылға негізделген бата-тілектер адам ақыл-ойының күштілігін білдіреді, әрқайсысының беретін астарлы мағынасы, тыңдаушыға берер әсері бар. Қаздауысты Қазыбек би батасынан бір мысал: Өркенім өссін десең, Кекшіл болма – Кесапаты тиер еліңе. Елім өссін десең, Өршіл болма, Өскеніңді өшірерсің. Басына іс түсен пақырға Қастық қылма, Қайғысы көшер басыңа. Жанашыры жоқ жарлыға Жәрдемші бол асыға. Қиын-қыстау күндерде Өзі келер қасыңа. Бүгін сағы сынды деп, Жақыныңды басынба! Баталарды лингвистикалық фактор деп қараған профессор Г. Смағұлова: «..тілек бата сөздерінің, әсіресе тыңдаушы үшін тілдік ықпалы ерекше. Тілек-бата сөздері алдымен субъектіге қаратылып ауызша айтылатындықтан, мәтін мазмұны көпшілік қауымның құлағына сіңіп, жадында сақталады. Ал ұзақ уақыт бойы санадан өшпей, керісінше әр тақырып, мазмұн аясында қайталана отырып, тыңдаушының ой-сезімінде жаңғыра түсуі осы аталған сөздердің адам психикасына қатты әсер етіп, сендіруі мен иландыруынан», – деп дұрыс жазған екен [4,81].

– шығармалар қағаз және электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) жіберіледі; – талапқа сай келмейтін үміткерлердің шығармалары қабылданбайды; – үміткерлікке ұсынылған шығармалар қайтарылмайды және пікір берілмейді. Мүшәйра 2 кезеңнен тұрады. І. Іріктеу кезеңі (25 тамыз) ІІ. Ақтық сын (6 қыркүйек)

Мұнда айта кететін жайт – қазақ халқы жаратылысынан сөзге тоқтаған халық болғандықтан, сөз қадірін білгендіктен бата мен тілекті адамның болашақ жолын ашуға, көгеріп көктеуге тікелей әсер ететін сөздің ең асылы, қасиеттісі деп білгендігінен оның құдіретіне иланған. «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген халық нақылы да осыны меңзесе керек. А.Машимбаева бата беру үдерісіндегі психолингвистикалық сәттерді жақсы баяндайды: «Бата беру әрқашан субъективті тұрғыдан баяндалады, бата беруші суггестор белсенді көрінеді. Оның өзіне тән сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, әуенсазы бар. Және суггерендтің сеніміне кіріп сөйлейді, өзін психологиялық тұрғыдан еркін ұстайды, тыңдаушыны сөзге ұйытады. Сол арқылы суггеренд жан дүниесі өзіне қарата айтылған батаны қабылдайды [3, 31]. Автордың сипаттауынша, «Бата беруге қатысушы коммуниканттардың арасындағы түрлі әлеуметтік қарым-қатынас (суггестор-суггеренд) психологиялық бейнесі ашылады. Атап айтқанда: қатысымға қатысушылардың білім және мәдениет деңгейі нақты көрініс табады; әлеуметтік мәртебелері танылады; туысқандық жағынан байланыс болады; жас ерекшелігіне қарай бөлінбейді; жынысына қарай ескеріледі. Қаздауысты Қазыбек бидің бата сөздерінен бұл факторлардың бәрін де табамыз. Сөз суггестиясындағы бір ықпал – айтушының әлеуметтік-қоғамдық мәртебесі. Қаздауысты Қазыбек би сөзінің бір күші осында жатыр. Тарихшы Ж. Омари бидің «Қаздауысты» аталуына орай бір жақсы айғақ келтіреді: «... қазақтың ... қалың ортасында мемлекет пен қоғам өмірінің маңызды деген мәселелері бүкіл ел басшылары мен қарулы азаматтар қатысқан жиында шешіледі. Осы ұлы нөпір жиынды «Қаз» деп атайды. Оның өткізілу салты да, шешетін мәселесі де кеңес пен жүгіністен бөлек. ... Міне, осындай жерде бишешеннің шеберлігі, даусының күштілігі жарысқа түседі. Бүкіл қазақтың жиынын меңгеріп кету оңай емес. Сол себептен Бұқар жырау Абылай ханды тоқтатқысы келсе: «Ашуланба, Абылай, Ашулансаң, Абылай, Көтерермін, көрермін, Көтеріп қазға салармын», – дейді. Бабамыздың «Қаздауысты» атануына ең алдымен оның бүкіл қазақ қауымы жиналған ұлы дүбірлі жиындарды өзіне бағындырған шешендік қасиеті, ақылмандығы себеп. Зор дауыстың ар жағында ғажайып табиғи қасиет, өнер мен білім, ересен интеллектуалды тәрбие жатыр» [1,149-150]. Сөз суггестиясының қазақтың коммуникативтік мәдениеті үшін бір ерекшелігі ұлттық дүниетанымнан, тіпті ұлттық әлем картинасынан байқалады. Қазақ халқы – ғаламды метафорамен бейнелеуге, мета-

Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде: – ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне; – шығарманың тақырыптықидеялық мазмұнына; – туындының көркемдік сапасына; – автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады. Барлық тіркелген шығармаларды байқаудың қазылар алқасы

форалық мағынада қабылдауға өте бейім халық. Кәдімгі қарабайыр әлем қазаққа әсер ете қоймайды, біз қарабайыр дүниені де метафоралап қабылдағанды жөн көреміз. Бұл метафораны әлдебір сөздің ауыспалы мағынада қолданылуымен шектеуге болмайды. Мәселе когнитивтік, концептуалдық метафорада. Қаздауысты Қазыбек би сөздерінің құдыретті күші де осы метафоралығында. Бірер айғақтар келтіре кетейік: Сен темір де біз көмір, Еріткелі келгенбіз, Екі еліктің лағын Теліткелі келгенбіз. ............................. Сен қабылан да, біз арыстан, Алысқалы келгенбіз, Жаңа үйреткен жас тұлпар, Жарысқалы келгенбіз, Тұтқыр сары желімбіз Жабысқалы келгенбіз. ....

♦♦♦ Қазыбек сонда жұлып алғандай: – Тісі сынса - ауыз ішінде, қолы сынса – жең ішінде жүре беру керек деген не сөз! Оның үстіндегі жалғыз тоны жанат емей немене? Аузындағы отыз тіс, болат емей немене? Астындағы жалғыз ат қанат емей немене? Ханның бізбен қарыспай бітіскендігі рас болатын болса, жанатынан айырмай, болатынан майырмай, қанатынан қайырмай алғанын қайыру керек, қазақ қалмақтың сатып алған құлы емес. Бұл да біреудің ардақтап асыраған ұлы. Ерікті ұл азат болып қайтуы керек, – депті. Сонда Қоңтажы Қазыбек сөйлесе, аруағы асып кетіп, аузына сөз түспейді екен: – «Мә, жанатыңа жанатым», – деп жанат ішігін шешіп береді, «Мә, болатыңа болатым» деп болат семсерін береді: «Мә, қанатыңа қанатым» деп астындағы қарақасқа тұлпарын түсіп береді. Байқалып тұрғандай, осы ниеттерін би қарабайыр сөзбен жеткізсе, мақсатына жетер ме еді?! Біз бұл жолы сөздің, оның ішінде Қаздауысты Қазыбек сияқты би-шешендердің сөзінің күші (ықпалы, әсері) сияқты суггестиялық құбылыстың бірер ғана жағдайына назар аудардық. Ал мәселе өте көп, мұндай шағын еңбек ауқымына сыймайды. Бұл мәселе арнайы зерттеуді, терең де кең зерттеуді қажет етеді.

алдын ала қарап, талдау жасайды және бағалайды. Ақтық сынға әділқазылар алқасының шешіміне сәйкес іріктеу кезеңінен өткен 10 үздік ақын ғана қатыса алады. Мүшәйраның жеңімпаздары дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде (біреу) – 300 000 (үш жүз мың) теңге І орын (біреу) – 200 000 (екі жүз мың) теңге ІІ орын (екеу) - 150 000 (жүз елу мың) теңгеден ІІІ орын (үшеу) – 100 000 (жүз мың) теңгеден Ынталандыру сыйлығы (үшеу) – 15 000 (он бес мың) теңгеден

Ж.ЖАҚЫПОВ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Мүшәйраға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды. Мүшәйраға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса), А4 форматындағы конвертке салынған шығармасы (электронды және қағаз нұсқасы) 2017 жылғы 18 тамызға дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында (100008, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй, тел.: 567476, 569348-ф, b.altynbek@karagandaregion.gov.kz) қабылданады. №275.


Сейсенбі, 4 шілде, 2017 жыл

Осыған байланысты 2016 жылы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Премьерминистрі және ҚР бас Прокурорымен бірлескен «Жер заң бойынша – өздігінен басып алуды тоқтатайық» жобасын жүзеге асыру бойынша Жоспар жасалды және бекітілді. Заңнамаға сүйенсек, ҚР Жер кодексі 10-бабы 43-тармағы бойынша «Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiн беру туралы шешiмiнде өзгеше көзделмесе, жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi». Тәжірибеде, заңның осы талаптарының бұзылуы ол жеке тұлғалардың жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын алғанға және аумақтық шекараларын белгіленгенге дейін қолында жер комиссиясының оң шешім ғана бола тұрып (атауына тек ұсыныстық сипаты бар, өзінің мәні жағынан құқықты белгілейтін құжат болып табылмайды) жер учаскесінде қызметін жүзеге асырады, онда құрылыс салып, жер және т. б. жұмыстарын жасап осылайша қолданыстағы жер заңнамасының нормаларын бұзады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-бабына сәйкес (жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу) мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ, уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау әрекеттері – жеке тұлғаларға -елуден жетпіс бес айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. 147 баптың 2-1 тармағына сәйкес. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері елді мекен аумағында жеке тұлғаларға қатысты (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелердің жасалуына жол бермеу; 729 баптың 3 тармағына сайкес Аудандық маңызы бар қалалардың,

5

www.ortalyq.kz

ХАБАРЛАНДЫРУ

кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 136  мекен аумағында жеке тұлғалар аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы. Сондай-ақ, ҚР Жер кодексінің 164-1 бабының 2 тармағының негізінде, Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтаруды талап етуді жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Заңсыз иеленуші өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген әкімшілік жазалар қолданылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде босатуға және өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған (салынып жатқан) құрылысты, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзі немесе өз есебінен бұзуды жүзеге асыруға міндетті. Жер учаскелерін өз бетімен иелену жағдайларын болдырмау үшін және заңсыз құқық белгілейтін құжаттарсыз құрылыс салу, азаматтарға және заңды тұлғаларға өз бетінше

иелену қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін сезінуі қажет. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 136 бабына сәйкес (жерге мемлекеттік меншік құқығының бұзылуы), мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ, уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақытылы қайтармау заң аясында жауаптылыққа тартады. Атап айтқанда, жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, ҚР Жер кодексінің 2 тармағы. 164-1 бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер құрамынан өз бетінше иеленіп алынған жер учаскесін қайтаруды талап етуді жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Заңсыз иеленуші өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген әкімшілік жазалар қолданылған кезден бастап күнтізбелік отыз

күн ішінде босатуға және өз бетінше иеленіп алған жер учаскесінде салынған (салынып жатқан) құрылысты, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзі немесе өз есебінен бұзуды жүзеге асыруға міндетті. Заңсыз иеленушінің өз бетінше иеленіп алған жер учаскесін босату және мұндай учаскеде салынған (салынып жатқан) құрылысты бұзу жөніндегі міндеттерді орындамауына байланысты даулар сот тәртібімен шешіледі. Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелерін өз бетімен иеленушілік пен құқық белгілейтін құжаттарсыз заңсыз құрылыс салу қандай салдарларға әкелетінін айқын түсіндіруіміз керек. Көкейлеріңізде көкейкесті сұрақтарыңыз, мәселелеріңіз болса, сенім телефонына 8(7212) 47-82-25 қоңырау шалыңыз немесе азаматтардың өтініштері мен шағымдарына арналған Басқарма сайтының «Жерді заң бойынша иемденейік» бөліміне жазыңыз. Сонымен бірге, заңсыздық анықталған жердегі жергілікті қаланың, ауданның, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне өтініш беріңіздер. Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы.

Академик Е.А.. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультеті түлектерді бакалавриат пен магистратураның келесі мамандықтарына оқуға шақырады: «Экономика», «Менеджмент», «Есеп пен аудит», «Қаржы», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Маркетинг», «Бағалау», «Логистика», «Еңбекті ұйымдастыру және нормалау», «Мемлекеттік аудит» (география+математика), «Әлемдік экономика», «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» (география+шет тілі), «Құқық және экономика негіздері» (география+тиарих), Грантқа түсушілер үшін - ҚарМУ коды - 031; тел: 8(7212)77-03-85, www. ksu.kz №001.

Біздің жарнама телефонымыз

43-21-55 Қарағанды облысының МАЭС-ы 27.06.2017 жылғы ұйғарымымен «Транзит-Металл» компаниясы» ЖШС-нің, БИН 030740007671, Қарағанды қ., Солтүстік Өнеркәсіп алаңы, қайта оңалту үрдісіне қатысты азаматтық іс қозғалды. №277.

Қарқаралы ауданы, Тоқтар ауылының тумасы, асқар тау әкеміз Жұмагелдин Амангелдінің бұл өмірмен қош айтысып, мәңгілік мекенге кеткеніне биыл 20 жыл, аяулы анамыз Нұрбала Садуақасованың арамыздан ұзағанына 2 жыл болады. Жанымыздан кетсе де, жадымызда мәңгілік болатын әке-шешемізді сағынышпен еске аламыз. Қалатын өнеге боп басқан әр із, Қылатын туыстары, достары аңыз. Бұл күні өсіп, өнген ұрпақтары, Әке мен анамызды еске аламыз. Әкеміз Алатаудай заңғар еді, Анамыз бір әулеттің қорғаны еді. Балаға барын берген, нәрін берген, Біз үшін адамзаттың ардағы еді. Жолатпай бәрімізді жамандыққа, Баулыған ізгілік пен адамдыққа. Сіздердегі мейірім, көпшіл мінез, Бізді бастап келеді адалдыққа. Ізгілікке үйретіп ұл-қыздарды, Соңдарыңнан өнеге, нұрлы із қалды. Ал біз үшін, сағыныш аспанында, «Әке» мен «Ана» деген жұлдыз жанды. Сағындық қой, сезіндік шер күйін шын, Парызды ақтау – біз үшін ең қиын сын. Әке, ана өшпейсің жадымыздан, Жайлы жатып, жәннаттан төр бұйырсын! Жан әке, асыл ана! Өздеріңіз дүниеге әкелген ұрпақтарыңыз қимастықпен еске алады, құран бағыштайды. Жатқан жерлеріңіз жайлы, топырақтарыңыз торқа болсын! Сағынышпен еске алушылар балалары, немерелері. №257.

Еске алу Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылының тумасы, Руы Қаракесек-Мойнақ, ардақты әкеміз Аманбек Әбеуғали­ұлының өмірден өткеніне 30 жыл болды. Жан әке, ерте кеттің өмірден, Кезіміз көп өзіңізді іздеп егілген. Артта қалған балаларың қол жайып, Дұға арнарда көзінен жас төгілген. Бір Алланың жазғанына не дерсің, Жанарларда қалды жансыз елесің. Жатқан жерің жайлы болсын, әкежан, Аруағыңыз ұрпағыңды жебесін. Анамыз – Жанар, балалары – Әсел-Ардақ, Әлия-Марат, Аңсаған-Нұржан және жиендері сағынышпен еске алады. P.S. Үлкен асы 7 маусым күні сағат 14.00-де Қарағанды облысы, Саран қаласының мешітінде беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көршілерге, құрбы-құрдастарына, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз. №278.

Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім мазмұны – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын бағдарлама болып табылады. Бағдарламаның негізгі идеясы – білім беру сапасын халықаралық деңгей дәрежесіне жеткізу, үдерісті бақылау және бағалауға бағытталған. Осы үдерістерге тікелей атсалысатын мұғалімдер үшін еліміздің түкпір-түкпірінде жаңартылған білім мазмұны бойынша, білім ұйымдарының ұстаздарын жаппай оқыту кезеңі жүруде. Қарағанды қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының филиалында бастауыш сынып бойынша жаңартылған білім мазмұнына сәйкес білім көтеру бойынша тәжірибе жинақтадық. Алғашқы күні білім мазмұнының

Қасиетті Қарқаралы топырағынан небір жақсылыр мен жайсаңдар, ел қорғаған батырлар мен билер, ақын-жыраулар мен серілер, қасиетті ғұламалар шыққаны баршамызға белгілі. Өз заманында Елім деп өткен осы бабаларымызды қазіргі ұрпақ мақтана да қуана еске алып, ас беріп, ат шаптырып жатамыз. Дегенмен, әр заманның өз батыры, өз ардақтысы бар екенін де естен шығармағанымыз абзал. Осындай азамат, кеше ғана бірге жүрген, құрмет тұтқан досымыз, Қарқаралының Атымтай-Жомарты, іскер де ақ жүректі бауырымыз Жомарт Жәйілмин еді. Асыл да абзал досымыздың дүниеден өткеніне де 10 жыл толып отыр. Жомарт Олжабекұлы 1961 жылы Қарқаралы қаласында дүниеге келді. 1978 жылы Қарқаралы қаласындағы орыс орта мектебін бітіріп, ҚарМУ-дың экономикалық факультетінің қаржы және несие

бөліміне оқуға түседі. Аталған оқу орнын тәмамдаған соң, Совет Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеді. Әскер қатарынан оралған соң қаржы саласында қызметтер атқарып, 2001 жылы Қарқаралы қаласында «Өнім» ЖШС құрылыс компаниясын құрды. Жомартымыз өзінің еңбекке деген ынтасының, іскерлігі мен білімінің, халқына деген ілтипатының арқасында қысқа ғана ғұмырында ел құрметіне бөлене білді. Бұл жөнінде «Асыл адам айнымас» мақаласында Бану Мұқашева, «Серік еткен сенімді» –Тілеуқабыл Байтұрсынұлы, «Өнімсізден өнім жасап кеткен Жомартымыз-ай» атты мақаласында Мәлік Серхан қалам тербетсе, Қ.Жұмашевтың «Құрметті азамат» атты кітапшасында да жан-жақты жазылған болатын. Жомарт тірі болғанда, әлі де болса еліне, жеріне тигізер шара-

паты мол еді. Бірақ, Алланың жазуына не шара?! Аллаға да жақсы адам керек демекші, Жомарттың соңынан ерген тұяғы, өзінің жолын қуып, енді ғана өркендеп келе жатқан Айбек те жан әкесінің соңынан кете барды. Жастайынан тай-құлындай бірге өсіп-біте қайнасқан, «Өнім»

жаңартылуы жөніндегі сұрақтарға жауап бере отырып, МЖМБС, оқу бағдарламасы, бағалау жүйесі туралы білдік. Дәріс оқыған Акшегуль Ақмағамбетованың шеберлігіне байланысты бірінші сынып ғана емес, екінші сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерімен ықшам сабақтар, тиімді кері байланыс, критерий, дескриптор, рубрика, модерация ұғымдарын талдадық. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде тиімді оқу ортасын құра отырып, оқушы қажеттілігіне жұмыс жасаймыз. Айгүл ЖҰМАТАЕВА, №2 Қорғасын жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі. ҰЛЫТАУ ауданы.

компаниясын бірге құрысқан Қанат Сыздықов пен Мұрат Тышқамбаев, Ердан Искаков та бұл жалған дүниемен тым ерте қош айтысты. Бірақ та, осы күні аудан көлемінде Жомарт бауырымыздың ізі сайрап жатыр десек артық айтқандық болмас. Жомарттың жа-

саған ізгі істерін тізіп жаза берсек, мақаламызға сыйғыза алмасымыз хақ. Үйсіз-күйсіз жүрген адамдарға баспана тауып беріп, жұмыссыз-

Қарағанды қаласының әкімдігі мен Қарағанды қалалық мәслихаты ветеринария басқармасының басшысы Бауыржан Қоңырбайұлы Асановқа ауыр қаза бауыры Азамат Қоңырбайұлы АСАНОВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті Қарағанды облысы ветеринария басқармасының басшысы Бауыржан Қоңырбайұлы Асановқа бауыры Азамат Қонырбайұлы Асановтың қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. №276.

Электрондық пошта: ortalyk.reklama@mail.ru

дарға жұмыс тауып беріп, қаншама азаматтарды дұрыс жолға салып тәрбиелегені баршамызға аян. Ауданымызда біршама мектеп, клуб сияқты әлеуметтік сала ғимараттарын, жолдарды жөндеп, ғимараттар салып, талай елді мекендерге ауыз су құбырларын тартты. Қарқаралы басындағы көне, тарихи ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары Жомарттың қолынан өтті. Әсіресе, Құнанбай қажы мешітіне жасаған еңбегі ерекше еді. Ол жасаған «Михраб» пен «Минбар» мешіт төрінде әлі де тұр. Құнанбай қажы мешітінде бас имам болған Нұрбек қажы Жомартты еске алу сәтінде Жомарттың атқарған жұмыстары туралы тебірене сөйлеп, мешіттің киелі шаңырағы болып есептелетін күмбезін, оюларын қалпына келтіргенін, ауланы абаттандыру, ағаш егу жұмыстарын атқарғанын, мешіт ішіндегі ойып жазылған құранның аяты басқа

мешіттерде жоқ екенін атап өткен болатын. Кеңес дәуірінің құлап жатқан уақытында жекешелендіріліп кеткен Қарқаралының тарихи ғимаратын өз қаржысына сатып алып, жөндеп, Балалар кітапханасына сыйға тартқанына да барша Қарқаралы жұртшылығы куә. Бұл ғимарат та қазіргі таңда балалар игілігіне қызмет жасауда. Ендігі жерде, осы ғимаратқа ескерткіш тақта орнату алдымызда тұрған бірден-бір міндетіміз деп білеміз. Қазір Жомарттың артында қалған жары Сана мен балалары Қарағанды, Астана қалаларында отбасыларымен тұрып жатқан жайы бар. Жомарттың анасы Күлпираш шешеміз үлкен шаңырақта баласы Талғаттың жанында немере-шөберелерінің амандығын тілеп, солардың жақсылықтарына куә болып отыр. Бір топ достары.


6

Сейсенбі, 4 шілде, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан»

Қазақ халқы атабабасының бейітіне қашан да құрметпен қараған. Мал аяғы баспасын деп, қоршап қою да жат дүние емес. Міне, биылғы 25 маусымда Қарқаралы ауданына қарасты Қызылту ауылының атқамінер азаматтары осы ауылда кіндігі кесіліп, түндігі түрілген тұрғындардың басын қосып, ауыл маңындағы зиратты қоршап, мәңгілікке тыныстаған аруақтарға арнап ас берді. Қолдан келсе, туған жеріңе тұмар болып, пайдасына жарап, қажетінен табылғанға не жетсін? Ұйымдастырылған игі шараға Ақтай Жұманбаев, Құрмет Мазин, Қанай Омаров және ағайынды Нұрбай мен Ержан Бұқарбаев есімді азаматтар ұйытқы болды. Әрине, көптің басын қосып, көз сүйсінер, көңіл марқайтар дүние жасау оңай емес. Тұрғындардың тілін тауып, алыс-жақынға қоныс аударған байырғы ауыл тұрғындарын іздеп бару да, хабар беру де қиямет-қайым шаруа. Дегенмен, ұйымдастырушылар соның біріне мойымады. Тіпті, өз аттарынан жылқы атап жатқандар тағы бар. Сонымен, Қызылтудың кіндігіне бірнеше ақбоз үй тігіліп, жылқы сойылып, құран бағышталып, ас берілді. Жастар көкпар тартып, күш сынасса, балалар жарыс алаңында жүгіріп, жүлделі орындарға ие болып жатты. Көріспегені көрісіп, табыспағаны табысты. Бір атаның баласындай Қызылту дейтін қара шаңырақта бас қосып, арқа-жарқа болды. – Өз басым, мұндай игі бастаманың қолға алынғанына қатты қуандым. Менің әкем де, атам да осы топырақта жатыр. Әкем Мәри Оспанов осы ауылдың тумасы. 1930 жылы Қарағандыға келіп, қарапайым шанашыдан учаске басшысына дейін көтерілген белгілі шахтер еді. Түсіп Күзембаев, Смайл Көпбаев, Сәбит Майжаханов, Шахман Ақпөпенов, Жақып Майжаханов, Башыр Нұрмағанбетов сынды белгілі кеншілермен қатар жұмыс жасаған. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен де марапатталды. Сөйткен әкемнің есімі облыстық мұражайда Түсіп Күзембаевтың есімімен қатар тұр. Дегенмен, Қарағандының тау­-кен өнеркәсібіне жиырма бес жыл ғұмырын арнап, тоқсанға қараған шағында дүниеден озған әкеме ту­ ған ауылының топырағы бұйырды. Сол топыраққа тәу етіп мен де бардым, – деді Мәри Оспановтың баласы Уәли Оспан. «Өлі разы болмай, тірі байымас» дейді дана қазақ. Ал, өліге – иман, тіріге – береке берер бұл игі іс – туған жерге, өмірден озған бабаларға деген құрмет пен ілтипаттың белгісі дерсің.

Жаңаарқа ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында, әсіресе жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу бағытында жоспарлы жұмыстар үнемі жасалады. Соның бірі – жыл сайын өткізілетін аудандық ауыл спортшыларының спартакиадасы. Биыл аталмыш дода Түгіскен ауылдық округінде ұйымдастырылды. Аудандық мекеме, бөлім басшылары мен ауыл-ауылдардан келген спорт сүйер қауым қатысып, шараның салтанатты ашылуында аудан әкімінің міндетін атқарушы Қанат Қожықаев құттықтау сөз сөйледі. «Спорт сайыстарында тек қана мықтылар жеңіске жетсін!» деген тілегін білдірді. Осымен 17-ші рет ұйымдастырылып

Көрмеге келушілер саны жоғары павильондар: 1.Ресей 2.Өзбекстан 3.Үндістан 4.Әзірбайжан 5.Африка плазасы 6.Мысыр 7.Қытай 8.Түркия 9.Сауд Арабия Корольдігі 10.Малайзия.

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33.

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан»

десов шығармашылығы – зерттеп, ғылыми еңбек жазуға тұратын жан-жақты дүниелер», – деп, автордың бір әнін шырқап берді. Түске дейін әншілер байқауында жанжақтан келген жас өнерпаздар Рымтай Бөдесовтің авторлық әндері мен оның орындауындағы шығармаларды шырқады. Әншінің құрметіне ас беріліп, құран бағышталды. Түс ауа белгілі өнертанушы, әнші Ерлан Төлеутай, әншілер – Жоламан Құжыманов, Ерлан Құжиманов, Қанат Хордин һәм байқау жүлдегерлерінің қатысуымен «Есіңде ме?» атты еске алу кеші өтті. Мұнда Рымтай шығармашылығымен бірге Амантай Бөдесовтің «Сері аға» және «Балалық шақ» әндері шырқалды. Р.Бөдесовтің шығармалары жарыққа шыққанымен, ел ішіне енді-енді

Қасым, Мәдилерді туған Қарқаралы, оның ішінде Аққора – ән қонған ауыл. Домбыра ұстап, ән айтпайтыны аз деуші еді. Рас екен. Және қалай салады әнді?! Жұртының жартысы ән салғанда, қаламға сүйенгені – менің Мағаш (Мағауия Сембай) ағайым ғана сияқты сезілді осы жолы. Осы жолы дегенім – аталған ауылдан түлеген өнерпаздардың бірі емес, бірегейі, әнші-композитор Рымтай БӨДЕСОВКЕ арналған «Есіңде ме?..» атты еске алу кеші мен республикалық әншілер байқауы. Қарқаралының мәдениет үйіне өнердегі ығай мен сығайдың бәрі жиналған екен біз барғанда. Астана, Қарағандыны қоспағанда, бір шеті – Алатаудан, бір шеті – Алтай-Тарбағатайдан ән ұстап, әуен баптап жүрген небір әншілер Рымтай Бөдесовтің еске алу кешіне ат арытып келіпті. «Әнші-композитор Рымтайдың алпыс жылдығы ғой биыл» десе, кейбір білместер «ол кісі ел арасында аса танымал емес қой» депті. Масқара емес пе?! Өмірден жас кетті демесең, 90 жылдардағы талғампаз тыңдармандарға бұл әншінің аты таныс болса керек. Жүсіпбектер (Елебеков) салған жолды жалғастырып, Жәнібек Кәрменов пен Қайрат Байбосыновты үлгі тұтып, Рәбиға Есімжанова, Роза Бағлановалардың көзіне түскен, тіпті, кезінде ән өнерінің алыбы Ілия Жақанов арнайы мақала жазып, шығармашылығына жоғары баға берген Рымтай әнші һәм тамаша сазгер! Республикалық қана емес, Халықаралық байқаулардың лауреаты атанған оның орындауындағы 20-ға тарта ән Қазақ радиосының «Алтын қорында». Өз әндері қандай керемет! Мағжан Жұмабаевтың сөзіне жазылған «Жұлдызды жүзік...», «Сағындым» әндері, Қасым Аманжоловтың «Сарыарқа», Кәкімбек Салықовтың «Сағынбасам», «Сүндет той», Ғалым Жайлыбайдың «Алқатерек аруы», «Ақ қайың», Несіпбек Айтұлының «Есіңде ме?», «Қайдасың, қырандарым?» өлеңдеріне жазылған әндерінің қай-қайсы болмасын композитор есімін келешекке апарары сөзсіз. Р.Бөдесовтің өз әнімен айдарланған «Есіңде ме?..» еске алу кешіне арнайы келген қазақтың маңдайалды әншілерінің бірегейі Еркін Шүкімән: «Абайдан кейінгі құбылыс – Мағжан романтизміне кіріп, оны өз жанынан әуенмен селбестіру

отыр­ған шараға ауданның барлық 14 кент және ауылдық округтерінің спортшылары қатысып, спорттың 16 түрінен бақ сынасты. Көкпар, аударыспақ, ат жарысы секілді ұлттық ат спорты түрлері спартакиаданың тартысқа толы бәсекесіне айналды. Көкпаршылардың көшін Ақтау ауылының азаматтары бастады. Аударыспақ бойынша І орынды М.Жұмажанов ауылы қанжығаласа, аламан бәйгеде І орынды – Байдалы би ауылы (ескенелік Темірхан Тоқбергеновтің тұлпары) иеленді. Тай жарысында Ералиев ауылы, құнан жарысында Байдалы би ауылының шабандоздары көш бастады. Жұртшылықтың назарын аудартқан тағы бір сайыс түрі – қазақ күресі. Бұл сайыста ауыл-ауылдың балуандары күресіп, мықтылар анықталды. 55 келі салмақ дәрежесі бойынша – Атасу кентінен Жасұлан Мұқанов, 60 келі салмақта – Түгіскен ауылынан Нариман Тұтқышев, 66 келіде – Атасу кентінен Мәулен Қожин, 74 келі салмақ дәрежесінде – Түгіскен ауылынан Алмас Мақажанов, 82 келі салмақ дәрежесінде – Қызылжар кентінен Әділбек Ахметбеков, 90 келі салмақ дәрежесінде – Атасу кентінен Ақсұңқар Нұркеев, 100 келі салмақ дәрежесінде – Атасу кентінен Ерболат Зекен, 100-ден жоғары салмақ дәрежесі бойынша Атасу кентінен

иегері Бағдат Мүптекеқызы, Қазақ радиосының қызметкері, жыршы Қошан Мұстафаұлы, Қазақтелерадиосының ардагер дикторы Әбдірәлі Бөлебай, әнші Жоламан Құжыманов, Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов, «Тасбұлақ» демалыс кешенінің басшысы Жақанбай Тасеменов пен Рымтай әкеміздің ұрпағы, әнші Саян Бөдесов бар. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Бейімбет Майлин қорының директоры Жұмабек Табын жүр осында. Шараның жанашыры әрі демеушісі. Сондай-ақ, Жаңқаш Оралұлы, Тұяқ Ысқақов, Тұяқан Шахмерденов, Ерлан Бөдесов, Жандос Тілеубергенұлы, Жақанбай Тасеменов демеушілік етіпті. Әншілер байқауына Астана, Алматы, Семей, Өскемен, Қарқаралы, Ақтоғайдан қатысқан 15-ке жуық өнерпазға ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші Ғалым Мұхамедин, Жоламан Құжыманов, Әбдірәлі Бөлебай, журналист Сағат Батырханова, Рымтай әкеміздің ағасы Бекеш пен Қарқаралы мәдениет үйінің әншісі Ардақ Мұсатаев қазылық қылды. Байқаудың бас жүлдесі алматылық Жасұлан Сақаевқа, І орын Алуа Қалымбековаға, ІІ орын астана-

Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 43-21-55; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz

деген – үлкен сазгерлікпен қатар, сұңғыла сана-сезімді қажет етсе керек. Бұл кісі ән әлемінде сондай кеңістікті аша алған өнер иесі. Сондай-ақ, әнші ретінде де қазақтың сирек орындалатын биік әндерінің қуыс-қуысына түсіп, бұрылыстарын тамаша жеткізе білген күміскөмейдің өзі. Жалпы Рымтай Бө-

Арыстан Сағындықов І орындарды иеленсе, атасулық Ақсұңқар Нұркеев «түйе балуан» атанды. Жалпы, командалық есеппен қазақ күресі бойынша І орынға Атасу кенті шықты. ІІ орынды – Түгіскен, ІІІ орынды Бидайық ауылы еншіледі. Ауданның мықты командалары спорттық

таралып келеді. Әйтпесе, әндері тамаша-ақ! Бақиға ерте озған үнпаздың жұлдызы жанатын шақ әлі алда деген ойға қалдық. Ұзақ күнге созылған еске алу кеші мен әншілер байқауын ұйымдастырушылар қатарында әнші-композитор Рымтайдың жары, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының

доданың басқа түрлері бойынша да бақтарын сынады. Соның ішінде, шағын футбол, волейбол (әйелдер, ерлер), жазғы Президенттік көпсайыс, үстел теннисі, кір тасын көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы ойындарынан тартысты сайыстар өтті. Әйелдер және ерлер арасындағы волейбол

лық Асхат Нұрәліге, ІІІ орын жезқазғандық Батыржан Сақановқа бұйырды. Бұған қоса, өскемендік Азат Дулатұлы, семейлік Біржан Айтахметов, Данияр Рақымбайға арнайы жүлделер мен Алғыс хаттар табысталды. Еске алу кешін қазылар төрағасы Ғалым Мұхамедин Үкілі Ыбырай мен Жаяу Мұсаның әндерімен жапты.

жарыстарында Бидайық ауылының спортшылары үздік шықты. Үстел теннисі жарысында қарсыластарынан озып шыққан Атасу кенті І орынды иеленді. Президенттік көпсайыс бойынша І орынды Бидайық командасы олжалады. Шағын футболдан І орынды Атасу кентінің командасы жеңіп алды. Қол күресі сайысы бойынша – Түгіс­кен, асық атудан С.Сейфуллин ауылы же­ңіске жетті. Кір тасын көтеруде І орынды Бидайық иеленді. Тоғызқұмалақ ойынында Бидайық топ жарса, дойбы ойынынан – Түгіскен, шахмат ойынынан І орынды Атасу кенті еншіледі. Спорттық сайыстардың барлық түрінен нәтиже шығарылып, жеңімпаздар анықталды. ІІІ орын Түгіскен ауылдық округінің командасына табысталса, ІІ орынды Бидайық ауылының командасы алып, мерей-мәртебелері үстем болды. Үздік шыққан Атасу кентінің спортшылары І орынды еншілеп, ХVІІ аудандық «Сарыарқа – 2017» ауыл спортшылары спартакиадасының жеңімпазы атағына ие болды. Индира АСАМИДАНОВА, аудан әкімінің баспасөз хатшысы. ЖАҢААРҚА ауданы.

Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­ дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­ дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Таралымы 15 000 дана №73 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 баспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Жарнама бөлімі: ortalyk.reklama@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Салтанат ИЛЬЯШОВА КОРРЕКТОРЛАР 1,4,6 – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 2,3,5 – Ж.АХМЕТОВА

04.07.2017  

Advertisement