01 04 2017

Page 2

2

Сенбі, 1 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан»

Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ төрағалығымен аппарат жиыны өтіп, кейінгі екі айдағы аймақтың әлеу­меттік-экономи­калық даму қарқыны қаралды.

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Былтырғы ақпанда Қазақстан Үкіметі мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі ел аумағында Жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру жөніндегі грант келісімін ратификациялаған болатын. Бұған бүгінде ҚР Білім және Ғылым министрлігі атсалысып отыр. Алдағы уақытта қанатқақты жоба Қарағанды, Павлодар, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық режимде іске асырылады. Бұл жөнінде жобаны үйлестіру агенттігінің басшысы Вера КИМ мен Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мирас ҚҰТТЫБАЙ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Қарағанды облысында жастар корпусын дамыту жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру барысында бағдарлама шеңберінде облыстың 18-ден 29 жасқа дейінгі жас азаматтары өмірлік маңызы бар дағдыларға және жобаларды басқару оқыту бағдарламасына, жастар жобаларын қаржыландыру бойынша гранттық бағдарламаға конкурстық негізде қатысуға мүмкіндік алатындығын атап өтті. – Жобаның мақсаты – жастардың, әсіресе осал топтардың қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы олардың өмірлік маңызы бар дағдыларын дамыту болып табылады. Бүгінде Қарағанды облысының өзінде 7100 жұмыссыз жас бар. Бұл жұмыссыз азаматтардың 5 пайызын құрайды. Жаңа жоба жастарға жарқын болашақ сыйлайтындығына сенімдімін, – деді облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мирас Құттыбай. Сонымен қатар, Жобаны үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким: – Жоба алғашқы рет іске асырылуда. Қазақстанда ұқсас жобалар болған емес. Біз жоба арқылы жастарды жұмыс берушілер арасында талап етілетін және қоғам үшін пайдалы болатын дағдыларға – сыни тұрғыда ойлау, эмоциялық интеллект, адамдарды басқару, шығармашылығын дамытып басқа бағыттарда да оқытамыз. Қазақстан жастары классикалық білім беру бағдарламасына кірмейтін, бірақ, табысты технологиялық үрдіс ілгері ғасырда бәсекеге қабілетті болуға көмектесетін білім алады. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін жастар топтарына гранттар және әлеуметтік шәкіртақылар ұсыну сияқты қолдаулар көрсетіледі. Мамыр айына дейін жобаның әлеуетті қатысушыларын іріктеу бойынша конкурстар өткізілетін болады. Толықтай ақпарат алу үшін +877012278958 телефон нөміріне хабарласыңыздар, – деді. Жоба туралы сұрақтарға жауап берген спикерлер тиімді ақпараттық-түсіндіру науқанын және жастармен кері байланыс тетігін іске асырылатындығын айтты.

(Соңы. Басы 1-бетте).

«G-Global» – сөз қолданысымызға еркін еніп, төл сөзіміздей төрімізге озған ұғым. Өйткені, адами құндылықтардың қоғамнан оқшаулану үрдісі белең алған тұста бұл жобаны алты құрлық назарына ұсынған біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы болатын. Яғни, «G-Global» – алты құрлықтың аманаты. Қарағанды форумында таныстырылымы өткен Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-Global. ХХІ ғасыр әлемі» атты кітабында Мемлекет басшысы: «G-Global» бастамасы адамзат тағдыры жайлы ғаламдық пікірталастың өзектілігін арттырады, сындарлы негізде өрлеу мен неғұрлым қауіпсіз әлем болашағы жолында барлық салауатты күштерді біріктіреді», – деген еді. Міне, Қарағанды форумының да мақсаты көреген Көшбасшымыз көздеген осы мүддемен сабақтас өрбіді. Бұл мақсат нені көздеді? Айталық, форум мақсаты – «G-Global» ашық алаңының мүмкіндігін пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарымыздың жаһандық таныстырылымын үйлестіру, ел Тәуелсіздігінің жетістіктерін, Қазақстандағы этносаралық келісімді дәріптеу және саяси тұрақтылықты нығайту. Түптеп келгенде, форум салмақтаған мәселе – қазақстандық қо-

ғамның бірігу және нығаю идеяларын жаһандану талаптарымен байланыстыра қолдау. Форум маңызына кеңінен тоқталған Ерлан Жақанұлы: – Елбасы ұсынған «G-Global» бастамасына бүгінде әлемдік саяси институттар, жаһандық саясаткерлер, Нобель сыйлығының лауреаттары, ықпалды сарапшылар оң пікір білдіріп отыр. Миллиондаған пайдаланушылар «G-Global» платформасына кіруде. Ал, оның идеялары орыс, ағылшын, неміс, басқа да Еуропа тілдеріне аударылды. Бұның өзі игі бастаманы жан-жақты қолдауды көрсетеді. Елбасы бастамасының маңызы да, мәні де әр адамға жақын. Қарапайым тілмен айтқанда, ғалымдар, академиктер ғана емес, әлемнің кез-келген азаматы ғаламның кез келген нүктесінен жаһандық өзгерістерге қатысты өз ойын ашық білдіре алады. Осылайша, ойлар мен идеялар бір жерге жиналады, тоғысады, талқыланады. Мінеки, осындай өзекті форум ең алғаш біздің аймақта өткізіліп отыр, – деді өзінің кіріспе сөзінде. Облыс әкімінен кейін «G-Global» Халықаралық хатшылығының жетекшісі Серік Нөгербеков, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлов, қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіков, «Адамдардың елеулі жетістіктері» Қоғамдық қорының төрағасы Зәуре Бейісова, «G-

Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан»

Global» Халықаралық хатшылығының жетекшісінің орынбасары Салтанат Рахымбекова, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, «Алтын сапа» Ұлттық сыйлығының иегері Ырза Тұрсынзада сөз алып, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру жолындағы алғышарттардың бірегейі осындай мазмұндағы іс-шаралар екендігін тілге тиек етті. Әсіресе, Салтанат Темірқұлқызының «ЭКСПО – 2017» көрмесіне үш қарағандылық өнертапқыштың – Мейрам Бүркеев, Александр Борисенко, Александр Петровтың қатысатынын айтқан сәттегі залдың тебіренісін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Форум аясында «Аманат» қоғамдық тану сыйлығына үміткерлерді іріктеу кезеңінің басталғаны ресми түрде жарияланды. Яғни, тұңғыш рет тағайындалып отырған бұл сыйлықтың да тұсауы Қарағанды топырағында кесілді. 1000-нан адам қатысқан форум делегаттары Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Ұлы Дала қазынасы» көрмесін тамашалап, 8 түрлі сессия жұмысына қатысты. Міне, осылайша алты құрлықтың аманатын арқалаған ауыр жүк Арқа төсінде бір мәрте сараланды. Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

ды:

2017 жылғы 30 наурызда облыстық әкімдіктің мәжіліс залында облыстық мәслихаттың депутаты Айман ТҮКБАЕВАНЫҢ төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті ҮІІІ сессиясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали ӘБДІКЕРОВ, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдар басшылары, облыстық департамент бастықтары, БАҚ өкілдері қатысты.

Аппарат отырысы барысында облыс әкімі кадрлық өзгерістер туралы хабарлады. Зейнет жасына жетуіне байланысты Ұлытау ауданының әкімі Хамит Омаров қызметінен босатылды. «Хамит Нұрланұлы отыз жылдан артық уақыт бойы мемлекеттік қызметте еңбек етті. Бәріміз де оны тиімді басқарушы ретінде білеміз», – деп атап өтті аймақ басшысы. Ұлытау ауданы әкімінің міндетін атқару әкімнің орынбасары Мақсұт Оспановқа жүктелді. Мәжіліске өңіріміздің қала және аудан әкімдерімен қатар, облыстың басқарма басшылары да қатысып, түрлі сала бойынша есеп берді. Облыстың экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявскаяның айтуынша, өткен екі ай қорытындысы бойынша өндіріс саласындағы серпін – 4,6%-ға, сауда – 3,9%-ға, автокөлік – 1,6%-ға артқан. Таукен өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 15,5%-ға, қайта өңдеу өнеркәсібінде – 2%-ға өсті. Жыл басынан бері негізгі капиталға келіп түскен инвестиция көлемі 23,6 млрд. теңгені құрады. Сондағы негізгі соманың тең жарымына жуығы қайта өңдеу өнеркәсібіне құйылды. Бұл салада инвестиция екі есеге дейін өсті. Биылғы қаңтардан бері

Сессияда мына мәселелер қарал-

«2017 жылғы 26 наурыздағы №25 Қарқаралы сайлау округі бойынша облыстық мәслихатқа депутат сайлауының қорытындысы туралы». Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы. Қарағанды облысындағы орта және мектепке дейінгі білім берудің жайы және перспективалық дамуы туралы. Басқа да мәселелер Бірінші мәселе бойынша облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Ай-

мағамбетов баяндама жасады. Екінші мәселе бойынша сессия төрағасы А.Түкбаева баяндады. Үшінші мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ж.Әбішев тыңдалды. Бұл салада өңіріміздің қол жеткізген табыстары барша жұртшылыққа жақсы таныс, еліміз бойынша алғашқы қатардамыз. Бүгінде облыста 520 мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмыс істейді, оның 18-і былтыр ғана қатарға қосылды. Жұмыс істеп тұрған 530 мектептің 8-і жекеменшік болса, 315-і ауылдық жерде орналасқан. Өткен жылғы қатарға 11 білім нысаны қосылды. Баяндамашы көрсеткендей мектептердің жөндеуі алаңдатады. Қаржы тапшылығына байланысты, бәлкім, оны да жыл сайын арнайы қаржы бөлу арқылы істі оңалтуға болар. Бұл баяндама бойынша жарыссөзге депутаттар С.Әдекенов, Л.Мухутдинова, Шахтинск қаласының әкімі С.Аймақов қатысты. Күн тәртібіндегі қаралған басқа да мәселелер бойынша Қарағанды облы-

облыс экономикасына құйылған шетел инвестициясының мөлшері 29%-ға артып, жалпы сома 13,2 млрд. теңгеге жетті. Дегенмен, инвестиция көлемі бойынша облысымыз республика көлемінде әзірге 9-шы орынға тұрақтаған. Тау-кен өнеркәсібі бойынша да өткен жылдың екпінін басып озу әзірге мүмкін болмай тұр. Сонымен бірге, жекелеген салалар бойынша өсу қарқынының құлдырағаны байқалады. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі 2,6%-ға азайғанын айта кету керек. 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы көрсеткіштермен салыстырғанда, құрылыс жұмыстарының көлемі 14,9%-ға төмендеді. – Қазіргі күні инвестиция тарту мен экономиканы көтеру – еліміздегі басты мақсаттардың бірі. Бұл жұмыстарды барлық әкім жүргізуі тиіс. Олардың жұмыс жасау деңгейі – осы көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады, – деді Ерлан Қошанов. Аймақ басшысы автокөлік жолдарының жөндеу жұмыстарына да ерекше назар аударды. 2017 жылы бұл жұмыстарға облыс бюджетінен қосымша 1,4 млрд. теңге бөлінді. «Биылғы жыл – автокөлік жол-

сы табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Р.Төлепбаев, облыстық экономика және қаржы бөлімінің басшысы О.Чернявская, Бұқар жырау ауданының әкімі Н.Қобжанов, облыс әкімі аппаратының жетекшісі Ж.Искаков, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Нұрлыбаев, депутат М.Миргаязов және басқалары қосымша баяндама жасап, жарыссөзге қатысты. Сессияда өңір басшысы Е.Қошанов сөз сөйлеп, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық саласындағы жеткен жетістіктеріміз бен орын алған іркілістерімізге тоқталып, барша жұртшылықты алда тұрған міндеттерді бірлесіп шешуге, Елбасының тапсырмаларын бір кісідей орындауға шақырды. – Аз жұмыс атқарылған жоқ, алда атқарылар жұмыс одан көп. Проблемалар баршылық, – деді Ерлан Жақанұлы. Сессия барлығы жиырма тоғыз мәселе қарады. Сессия қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

дарының жылы. Біздің барлық ірі қалаларымыз жол мәселесін жақсарту үшін қомақты қаржы иеленді. Ең алдымен – Қарағанды қаласы. Өз басым облыс орталығындағы барлық жолдармен жүріп өттім. Расымен де, көп жыл бойы жөндеу көрмеген жолдарды жол деп айтудың өзі қиын. Жол емес, бағыт қана бар десек те болады. Өз көзіммен көріп, қаржыны осы салаға жұмылдыру керек екендігіне көз жеткіздім. Аймақ басшысы қала әкімдеріне бұл қаржаттардың өз мақсатында жұмсалуына қатаң бақылау жасалатынын ескертті. Қадағалауды күшейтуге құқық қорғау органдары мен қоғам белсенділерін тартуды ұсынды. – Әр басшы алдына қандай мақсат қойылғанын айқын бағдарлай білуі тиіс. Президент тапсырмасын тиімді жүзеге асырудың оң шешімдерін сараптай білу қажет. Жоспарланған шаралардың тізбесін жасаңыздар. Облыс әкімдігі мен Үкімет арасындағы жұмысты жүйелендіру шарт. Бұл құжат – біздің бұдан әрі жұмыс жасауымызды бағдарлап береді. Осы құжатты ұсынуға бір апта уақыт беремін, – деді Ерлан Қошанов. Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Былтыр «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС 225 мың тоннадан астам катодты мыс өндірді. Бұл – 2015 жылғы көрсеткіштен 5,4 мың тоннаға артық меже. Яғни, өсім – 2,5 пайызды құрады.

Кен құрамындағы мыстың орташа құрамы 0,95 пайызды көрсетті. Жалпы, жыл бойы «Қазақмыстың» байыту фабрикаларында 29,8 млн. тонна кен өңделген. Ал, биылғы жылы өндіріс басшылығы 232,6 мың тонна мыс алуды жоспарлауда. Компанияның иелігінде 11 кеніш, төрт кен-байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты және екі көмір разрезі бар. ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Хабарландыру Округтік сайлау комиссиясының депутат сайлау қорытындысы туралы хаттамасы негізінде және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабы, 9-тармақшасы, 44-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасы, 111-бабына сәйкес, облыстық сайлау комиссиясы бекітті: Сайлау өткен ағымдағы жылдың 26 наурызында сайлаушылар тізіміне 18655 адам енгізілді, оның ішінде, 15856 адам немесе сайлаушылардың 85,0 пайызы сайлауға қатысты. №25 Қарқаралы сайлау округінен облыстық мәслихатқа 3 үміткер ұсынылды, 3 үміткер тіркелді. Ағымдағы жылдың 26 наурызында өткен сайлауда дауыс саны келесі нәтижеде бөлінді:

2017 жылдың 26 наурызында өткен Қарағанды облысы бойынша облыстық мәслихатқа депутаттар сайлау нәтижесі туралы ақпарат Дауыс беруге арналған Үміткер-лерге ғимараттан тыс берілген дауыс орындарда дауыс берген саны сайлаушылар саны

Округ бойынша Сайлау бюллетендерін Әр үміткердің сайлаушылардың алған сайлаушылар саны Т.А.Ә. жалпы саны

Сайлау округінің №

Сайланған депутаттың Т.А.Ә., кімнен ұсынылды, партиялық қатыстылығы

1

2

3

4

5

№25

18 655

15 856

214

Есов Е.Ж.

1064

Оспанов Саят Кайратович

Капашев А.С.

1044

Оспанов С.К.

13 7483

7

1973 ж.т.,

Мыңжасар Әдекенов атындағы «Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжі» КМКП, директор, «Нұр Отан» партиясымен ұсынылды, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қарқаралы ауданы.

Облыстық сайлау комиссиясы.

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл Ұлттық бюроның Арнайы Департаментінің басшысы Аликов Олег Валерьевичпен Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 12 мекен-жайы бойынша азаматтардың жеке қабылдауы өткізіледі. Қабылдауға алдын ала жазылу келесі нөмірлер арқылы жүргізіледі: 8 (7212) 91-36-80, 8(7212) 91-36-26, 8(7212) 91-37-09


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.