Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

♦ СЕНБІ, 1 СӘУІР, 2017 жыл №35 (22 342) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Көрменің басталуына 70 күн қалды

Ерсін МҰСАБЕКОВ, «Орталық Қазақстан»

Қарқаралы ауданында «ЭКСПО – 2017» көрмесінің билеттері сатылымға шықты. Алғашқылардың қатарында көрме билетіне қол жеткізгендердің бірі – жеке кәсіпкер Жігер КӘРІМҰЛЫ. Кәсіпкер «Қазпошта» АҚ-ның жергілікті бөлімшесінен ең алғашқы билетті сатып алды. Сөйтіп, көрменің кәдесыйына ие болды. Пошта бөлімшесінде әлі біраз сыйлық бар. Олар 100-ші, 500-ші және 1000шы билеттің иегерлеріне табысталады. Астанада өтетін көрменің әзірлік шараларына ел халқымен бірге қарқаралылықтар да үлесін қосуда. Мәселен, туризм кәсібін дөңгелетуді қолға алған кәсіпкер Бердіхан Қинай көрме алаңында киіз үйлер құрып, қазақ халқының салт-дәстүрін, тұрмыс-салтын танытатын этноауыл ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, көрме қонақтары Қарқаралы өңіріне келеді деп күтілуде. Бұл үшін «Қарқаралы – Сарыарқаның інжу-маржаны» туристік маршруты құрылған. Саяхат барысында «Шайтанкөл көлінің аңыздары» жобасы негізінде экскурсия ұйымдастыру қарастырылған. Бұдан бөлек, меймандар «Бәйтерек» даңқ галереясы, Құнанбай қажы мешіті, Абай тоқтаған үй, Мәди Бәпиұлы ескерткіші, аудандық тарихи-өлкетану мұражайы, көпес Рязанцевтің үйі, «ҚР Тұңғыш ғарышкері» аллеясы, табиғат мұражайы және зоологиялық вольер сынды нысандарды тамашалай алады. ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН. ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Кеше кеншілер астанасы Қарағандыда «G-Global» Халықаралық хатшылығы, «Адамдардың елеулі жетістіктері» Қоғамдық қоры өкілдерінің, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының қатысуымен, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты мен Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен «G-Global. ХХІ ғасыр әлемі» атты тұңғыш өңірлік форум өтті. Сөйтіп, ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бастамасымен жаһандық үнқатысулар алаңына айналған «G-Global» желісінің маңыздылығы Қарағанды төрінде таразыланды. Алқалы жиынды аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ ашып, форум жұмысына сәттілік тіледі. (Жалғасы 2-бетте).

ИНВЕСТИЦИЯ ЕКПІНМЕН ИГЕРІЛУДЕ Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» Облысқа құйылған инвестицияны игеру жұмыстары қар­қынды. Мәселен, биылғы жылғы қаңтар-ақпан айларында аймақтағы кәсіпорындарының негізгі капиталына салынған инвестицияның 23,6 млрд. теңгесі игерілді. Бұл – өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 102,2 пайыздық көрсеткіш. Мұның ішінде, ірі кәсіпорындар инвестицияның – 61,2 пайызын, шағын кәсіпорындар – 32,4 пайызын және орта кәсіпорындар 6,4 пайызын іске жаратты. Салалар бойынша тәптіштесек... Инвестицияның басым бөлігі, яғни, 50,5 пайызы көлік, арнайы техника, көлік құрал-саймандарын сатып алуға және оларды жөндеу жұмыстарына тиесілі. Сондай-ақ, құрылыс, ғимараттарды жөндеуге қарастырылған қаржы 46,8 пайызды құраған. Қалған 2,2 пайыз инвестиция өзге де шығындарды өтеуге бөлінген. Инвестицияның 72,3 пайызы өнеркәсіпте игерілді. Яғни, мұнда өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 46,4 пайыз, кен өндіру – 24,7 пайыз, сумен жабдықтау – 0,9 пайыз, электрмен жабдықтау – 0,3 пайыз. Өткен жылғы қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда, инвестициялар көлемінің артуы облыстың 10 өңірінде байқалды. Қарқаралы ауданында бұл көрсеткіш 4,7 есеге ұлғайды.

Мағауия СЕМБАЙ, «Орталық Қазақстан» Алдаспан күнге шағылысып жарқ ете қалды. Жаңғырықтан адам басы жерге домалап түсті. Домалаған бастар Ұлы қаған Шыңғыс алған Қадыр ханның, ұлы бабасының жолын ұстаған Есім хан шапқан Тұрсын ханның бастары еді. Екеуінің де не үшін бастарынан айырылғаны елге мәлім. Бірі елшілерді өлтіреді, екіншісі өз ханын сатып кетеді. «Жестокий век» (Авторы Исай Калашников. Қарға тамырлы түркі-

Қыста молынан түскен қар күн жылына аудан халқын әбігерге салуда. Оның үстіне аптаның басында екі күн толассыз жаңбыр жауды. Салдарынан өңірдегі бірнеше елдімекен тасқын судың зардабын тартуда.

Сағыныш ӘБІЛОВА, «Орталық Қазақстан» Бүгінде даладан келген қар суы Нұркен ауылындағы 9 үйді басты. Бір қуанары, дер кезінде құтқару күштері жұмылдырылып, 31 адам мен мал қа-

уіпсіз жерге көшірілді. Тиісті шаралар барысында аудандық маңыздағы Нұркен – Жаңатоған бағытындағы күрежол арнайы техникамен бұзылып, қар суы өткізілді. Сондай-ақ, Ақбай-Қызылбай бөлімшесі мен Балқантау ауылына кіреберіс­

осы ұран тұратын. Алып империяда бұл ұранды бірінші болып «Орталық Қазақстан» ғана алып тастап, қазақтың ұранын қойды. Ол кезде мұндай көзсіз ерліктің байыбына бармаппыз. Алғы шепте зеңбірекке бронежилетсіз қарсы шаба алатын ағамыз бар екен. Ол – Нұрмахан Оразбеков. Тереңірек ойлансаңыз, баспен қоса тіл де кетеді ғой. Ұлы даламызда ат жалында ғұмыр кешкен Ата Қазақ қана осы сөзді айтыпты. Басын берсе де тілін бермеген бабаларымыз.

ден тарайтын бурят) деген сол. Біздің газеттің бұрынғы редакторы, «өзі батыр, өзі бағылан» (М.Мағауин) Нұрмахан Оразбеков «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер» деген ұранын алып тастап, «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген ұранды қойды. Қазақстанда ғана емес, СССР деген алып империяның бүкіл «Правда», «Известия», «Труд» бастаған одақтық, республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, көптиражды, тіпті, біз оқушы, студент кезімізде шығарған қабырға газеттерінде де

(3-бетте)

тегі автожолды бір жерден, Қарқаралы – Қ.Аманжолов бағытындағы жолды үш жерден, Бақты – Томар – Татан бағытындағы жолды бір тұстан су бұзды. Бүгінде аталған жерлердегі су деңгейі төмендеді. Абыз елді мекеніне баратын жолды да су шайып, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Республикалық маңызы бар жолдың Көктас ауылы маңында және Қарағайлы кентіне апаратын жол қиылысынан су жүріп өтті. Қазіргі уақытта барлық қауіпті аймақтарда кезекшіліктер ұйымдастырылған. Аудан басшысы бастаған аудан әкімдігінің қызметкерлері, қала басындағы мекеме-кәсіпорын басшылары түгелдей дерлік су келген елдімекендерде тиісті шараларды атқаруда. Тілсіз жаумен аудан халқы ұйымшылдықпен күресуде. Ең бастысы – адамдардың амандығы. Тәулік бойы даламен келіп жатқан қар суының ағыс екпіні мен бағдарын бақылауда ұстауда. ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

(5-бетте)

Жезқазған музыкалық колледжінің түлегі, Ғалым Жарылғапұлы атындағы аграрлық колледждің қызметкері, жаңаарқалық жас өнерпаз Жаннұр МҰСЫЛМАНБЕК 24-28 наурыз күндері Астана қаласының М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында өткен 1-ші халықаралық «Шашу» өнер фестивалінде «Халық әні» аталымы бойынша бас жүлдені иеленді.

Қытай, Саха, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түркіменстан, Татарстан сынды көптеген елдердің өнерпаздары бақ сынасқан байқаудың екі кезеңінде де Жаннұр бірінші орынға табан тіреп, финалда жеңіс тұғырынан көріне білді. Жезтаңдай әншіміз бұған дейін облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып келген еді. Жерлесімізді кезекті жетістігімен құттықтай отырып, колледж ұжымы атынан биік белестерді бағындыра беруіне тілектес екенімізді жеткізгіміз келеді. Ғазым ЖАРЫЛҒАПҰЛЫ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері.

Прокуратура органдарымен ауыл шаруашылығын субсидиялау кезіндегі заңдылықтың сақталуына әрдайым тексерістер жүргізіліп тұрады. Сол себепті, Сіздерден субсидиялау кезінде орын алған кез келген заңсыз деректер, немесе агроөнеркәсіп кешені аясында қаржылай көмек беру кезінде негізсіз кедергілер жасау деректері туралы ақпараттарды прокуратура органдарына хабарлауға шақырамыз. Субсидиялау механизмін әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар қолдау табады! Өздеріңіздің хабарламаларыңызды 7212162@prokuror.kz электрондық поштасына жолдай аласыздар (Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы).


2

Сенбі, 1 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан»

Кеше облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ төрағалығымен аппарат жиыны өтіп, кейінгі екі айдағы аймақтың әлеу­меттік-экономи­калық даму қарқыны қаралды.

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Былтырғы ақпанда Қазақстан Үкіметі мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі ел аумағында Жастар корпусын дамыту жобасын іске асыру жөніндегі грант келісімін ратификациялаған болатын. Бұған бүгінде ҚР Білім және Ғылым министрлігі атсалысып отыр. Алдағы уақытта қанатқақты жоба Қарағанды, Павлодар, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында пилоттық режимде іске асырылады. Бұл жөнінде жобаны үйлестіру агенттігінің басшысы Вера КИМ мен Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мирас ҚҰТТЫБАЙ аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Қарағанды облысында жастар корпусын дамыту жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру барысында бағдарлама шеңберінде облыстың 18-ден 29 жасқа дейінгі жас азаматтары өмірлік маңызы бар дағдыларға және жобаларды басқару оқыту бағдарламасына, жастар жобаларын қаржыландыру бойынша гранттық бағдарламаға конкурстық негізде қатысуға мүмкіндік алатындығын атап өтті. – Жобаның мақсаты – жастардың, әсіресе осал топтардың қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы олардың өмірлік маңызы бар дағдыларын дамыту болып табылады. Бүгінде Қарағанды облысының өзінде 7100 жұмыссыз жас бар. Бұл жұмыссыз азаматтардың 5 пайызын құрайды. Жаңа жоба жастарға жарқын болашақ сыйлайтындығына сенімдімін, – деді облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мирас Құттыбай. Сонымен қатар, Жобаны үйлестіру агенттігінің басшысы Вера Ким: – Жоба алғашқы рет іске асырылуда. Қазақстанда ұқсас жобалар болған емес. Біз жоба арқылы жастарды жұмыс берушілер арасында талап етілетін және қоғам үшін пайдалы болатын дағдыларға – сыни тұрғыда ойлау, эмоциялық интеллект, адамдарды басқару, шығармашылығын дамытып басқа бағыттарда да оқытамыз. Қазақстан жастары классикалық білім беру бағдарламасына кірмейтін, бірақ, табысты технологиялық үрдіс ілгері ғасырда бәсекеге қабілетті болуға көмектесетін білім алады. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін жастар топтарына гранттар және әлеуметтік шәкіртақылар ұсыну сияқты қолдаулар көрсетіледі. Мамыр айына дейін жобаның әлеуетті қатысушыларын іріктеу бойынша конкурстар өткізілетін болады. Толықтай ақпарат алу үшін +877012278958 телефон нөміріне хабарласыңыздар, – деді. Жоба туралы сұрақтарға жауап берген спикерлер тиімді ақпараттық-түсіндіру науқанын және жастармен кері байланыс тетігін іске асырылатындығын айтты.

(Соңы. Басы 1-бетте).

«G-Global» – сөз қолданысымызға еркін еніп, төл сөзіміздей төрімізге озған ұғым. Өйткені, адами құндылықтардың қоғамнан оқшаулану үрдісі белең алған тұста бұл жобаны алты құрлық назарына ұсынған біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы болатын. Яғни, «G-Global» – алты құрлықтың аманаты. Қарағанды форумында таныстырылымы өткен Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-Global. ХХІ ғасыр әлемі» атты кітабында Мемлекет басшысы: «G-Global» бастамасы адамзат тағдыры жайлы ғаламдық пікірталастың өзектілігін арттырады, сындарлы негізде өрлеу мен неғұрлым қауіпсіз әлем болашағы жолында барлық салауатты күштерді біріктіреді», – деген еді. Міне, Қарағанды форумының да мақсаты көреген Көшбасшымыз көздеген осы мүддемен сабақтас өрбіді. Бұл мақсат нені көздеді? Айталық, форум мақсаты – «G-Global» ашық алаңының мүмкіндігін пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарымыздың жаһандық таныстырылымын үйлестіру, ел Тәуелсіздігінің жетістіктерін, Қазақстандағы этносаралық келісімді дәріптеу және саяси тұрақтылықты нығайту. Түптеп келгенде, форум салмақтаған мәселе – қазақстандық қо-

ғамның бірігу және нығаю идеяларын жаһандану талаптарымен байланыстыра қолдау. Форум маңызына кеңінен тоқталған Ерлан Жақанұлы: – Елбасы ұсынған «G-Global» бастамасына бүгінде әлемдік саяси институттар, жаһандық саясаткерлер, Нобель сыйлығының лауреаттары, ықпалды сарапшылар оң пікір білдіріп отыр. Миллиондаған пайдаланушылар «G-Global» платформасына кіруде. Ал, оның идеялары орыс, ағылшын, неміс, басқа да Еуропа тілдеріне аударылды. Бұның өзі игі бастаманы жан-жақты қолдауды көрсетеді. Елбасы бастамасының маңызы да, мәні де әр адамға жақын. Қарапайым тілмен айтқанда, ғалымдар, академиктер ғана емес, әлемнің кез-келген азаматы ғаламның кез келген нүктесінен жаһандық өзгерістерге қатысты өз ойын ашық білдіре алады. Осылайша, ойлар мен идеялар бір жерге жиналады, тоғысады, талқыланады. Мінеки, осындай өзекті форум ең алғаш біздің аймақта өткізіліп отыр, – деді өзінің кіріспе сөзінде. Облыс әкімінен кейін «G-Global» Халықаралық хатшылығының жетекшісі Серік Нөгербеков, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлов, қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіков, «Адамдардың елеулі жетістіктері» Қоғамдық қорының төрағасы Зәуре Бейісова, «G-

Төрехан МАЙБАС, «Орталық Қазақстан»

Global» Халықаралық хатшылығының жетекшісінің орынбасары Салтанат Рахымбекова, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, «Алтын сапа» Ұлттық сыйлығының иегері Ырза Тұрсынзада сөз алып, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды. «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру жолындағы алғышарттардың бірегейі осындай мазмұндағы іс-шаралар екендігін тілге тиек етті. Әсіресе, Салтанат Темірқұлқызының «ЭКСПО – 2017» көрмесіне үш қарағандылық өнертапқыштың – Мейрам Бүркеев, Александр Борисенко, Александр Петровтың қатысатынын айтқан сәттегі залдың тебіренісін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Форум аясында «Аманат» қоғамдық тану сыйлығына үміткерлерді іріктеу кезеңінің басталғаны ресми түрде жарияланды. Яғни, тұңғыш рет тағайындалып отырған бұл сыйлықтың да тұсауы Қарағанды топырағында кесілді. 1000-нан адам қатысқан форум делегаттары Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Ұлы Дала қазынасы» көрмесін тамашалап, 8 түрлі сессия жұмысына қатысты. Міне, осылайша алты құрлықтың аманатын арқалаған ауыр жүк Арқа төсінде бір мәрте сараланды. Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

ды:

2017 жылғы 30 наурызда облыстық әкімдіктің мәжіліс залында облыстық мәслихаттың депутаты Айман ТҮКБАЕВАНЫҢ төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті ҮІІІ сессиясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали ӘБДІКЕРОВ, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдар басшылары, облыстық департамент бастықтары, БАҚ өкілдері қатысты.

Аппарат отырысы барысында облыс әкімі кадрлық өзгерістер туралы хабарлады. Зейнет жасына жетуіне байланысты Ұлытау ауданының әкімі Хамит Омаров қызметінен босатылды. «Хамит Нұрланұлы отыз жылдан артық уақыт бойы мемлекеттік қызметте еңбек етті. Бәріміз де оны тиімді басқарушы ретінде білеміз», – деп атап өтті аймақ басшысы. Ұлытау ауданы әкімінің міндетін атқару әкімнің орынбасары Мақсұт Оспановқа жүктелді. Мәжіліске өңіріміздің қала және аудан әкімдерімен қатар, облыстың басқарма басшылары да қатысып, түрлі сала бойынша есеп берді. Облыстың экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявскаяның айтуынша, өткен екі ай қорытындысы бойынша өндіріс саласындағы серпін – 4,6%-ға, сауда – 3,9%-ға, автокөлік – 1,6%-ға артқан. Таукен өнеркәсібінде өндіріс көлемі – 15,5%-ға, қайта өңдеу өнеркәсібінде – 2%-ға өсті. Жыл басынан бері негізгі капиталға келіп түскен инвестиция көлемі 23,6 млрд. теңгені құрады. Сондағы негізгі соманың тең жарымына жуығы қайта өңдеу өнеркәсібіне құйылды. Бұл салада инвестиция екі есеге дейін өсті. Биылғы қаңтардан бері

Сессияда мына мәселелер қарал-

«2017 жылғы 26 наурыздағы №25 Қарқаралы сайлау округі бойынша облыстық мәслихатқа депутат сайлауының қорытындысы туралы». Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы. Қарағанды облысындағы орта және мектепке дейінгі білім берудің жайы және перспективалық дамуы туралы. Басқа да мәселелер Бірінші мәселе бойынша облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Ай-

мағамбетов баяндама жасады. Екінші мәселе бойынша сессия төрағасы А.Түкбаева баяндады. Үшінші мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ж.Әбішев тыңдалды. Бұл салада өңіріміздің қол жеткізген табыстары барша жұртшылыққа жақсы таныс, еліміз бойынша алғашқы қатардамыз. Бүгінде облыста 520 мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмыс істейді, оның 18-і былтыр ғана қатарға қосылды. Жұмыс істеп тұрған 530 мектептің 8-і жекеменшік болса, 315-і ауылдық жерде орналасқан. Өткен жылғы қатарға 11 білім нысаны қосылды. Баяндамашы көрсеткендей мектептердің жөндеуі алаңдатады. Қаржы тапшылығына байланысты, бәлкім, оны да жыл сайын арнайы қаржы бөлу арқылы істі оңалтуға болар. Бұл баяндама бойынша жарыссөзге депутаттар С.Әдекенов, Л.Мухутдинова, Шахтинск қаласының әкімі С.Аймақов қатысты. Күн тәртібіндегі қаралған басқа да мәселелер бойынша Қарағанды облы-

облыс экономикасына құйылған шетел инвестициясының мөлшері 29%-ға артып, жалпы сома 13,2 млрд. теңгеге жетті. Дегенмен, инвестиция көлемі бойынша облысымыз республика көлемінде әзірге 9-шы орынға тұрақтаған. Тау-кен өнеркәсібі бойынша да өткен жылдың екпінін басып озу әзірге мүмкін болмай тұр. Сонымен бірге, жекелеген салалар бойынша өсу қарқынының құлдырағаны байқалады. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі 2,6%-ға азайғанын айта кету керек. 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы көрсеткіштермен салыстырғанда, құрылыс жұмыстарының көлемі 14,9%-ға төмендеді. – Қазіргі күні инвестиция тарту мен экономиканы көтеру – еліміздегі басты мақсаттардың бірі. Бұл жұмыстарды барлық әкім жүргізуі тиіс. Олардың жұмыс жасау деңгейі – осы көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады, – деді Ерлан Қошанов. Аймақ басшысы автокөлік жолдарының жөндеу жұмыстарына да ерекше назар аударды. 2017 жылы бұл жұмыстарға облыс бюджетінен қосымша 1,4 млрд. теңге бөлінді. «Биылғы жыл – автокөлік жол-

сы табиғи ресурстарды және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Р.Төлепбаев, облыстық экономика және қаржы бөлімінің басшысы О.Чернявская, Бұқар жырау ауданының әкімі Н.Қобжанов, облыс әкімі аппаратының жетекшісі Ж.Искаков, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Нұрлыбаев, депутат М.Миргаязов және басқалары қосымша баяндама жасап, жарыссөзге қатысты. Сессияда өңір басшысы Е.Қошанов сөз сөйлеп, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық саласындағы жеткен жетістіктеріміз бен орын алған іркілістерімізге тоқталып, барша жұртшылықты алда тұрған міндеттерді бірлесіп шешуге, Елбасының тапсырмаларын бір кісідей орындауға шақырды. – Аз жұмыс атқарылған жоқ, алда атқарылар жұмыс одан көп. Проблемалар баршылық, – деді Ерлан Жақанұлы. Сессия барлығы жиырма тоғыз мәселе қарады. Сессия қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

дарының жылы. Біздің барлық ірі қалаларымыз жол мәселесін жақсарту үшін қомақты қаржы иеленді. Ең алдымен – Қарағанды қаласы. Өз басым облыс орталығындағы барлық жолдармен жүріп өттім. Расымен де, көп жыл бойы жөндеу көрмеген жолдарды жол деп айтудың өзі қиын. Жол емес, бағыт қана бар десек те болады. Өз көзіммен көріп, қаржыны осы салаға жұмылдыру керек екендігіне көз жеткіздім. Аймақ басшысы қала әкімдеріне бұл қаржаттардың өз мақсатында жұмсалуына қатаң бақылау жасалатынын ескертті. Қадағалауды күшейтуге құқық қорғау органдары мен қоғам белсенділерін тартуды ұсынды. – Әр басшы алдына қандай мақсат қойылғанын айқын бағдарлай білуі тиіс. Президент тапсырмасын тиімді жүзеге асырудың оң шешімдерін сараптай білу қажет. Жоспарланған шаралардың тізбесін жасаңыздар. Облыс әкімдігі мен Үкімет арасындағы жұмысты жүйелендіру шарт. Бұл құжат – біздің бұдан әрі жұмыс жасауымызды бағдарлап береді. Осы құжатты ұсынуға бір апта уақыт беремін, – деді Ерлан Қошанов. Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Былтыр «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС 225 мың тоннадан астам катодты мыс өндірді. Бұл – 2015 жылғы көрсеткіштен 5,4 мың тоннаға артық меже. Яғни, өсім – 2,5 пайызды құрады.

Кен құрамындағы мыстың орташа құрамы 0,95 пайызды көрсетті. Жалпы, жыл бойы «Қазақмыстың» байыту фабрикаларында 29,8 млн. тонна кен өңделген. Ал, биылғы жылы өндіріс басшылығы 232,6 мың тонна мыс алуды жоспарлауда. Компанияның иелігінде 11 кеніш, төрт кен-байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты және екі көмір разрезі бар. ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Хабарландыру Округтік сайлау комиссиясының депутат сайлау қорытындысы туралы хаттамасы негізінде және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабы, 9-тармақшасы, 44-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасы, 111-бабына сәйкес, облыстық сайлау комиссиясы бекітті: Сайлау өткен ағымдағы жылдың 26 наурызында сайлаушылар тізіміне 18655 адам енгізілді, оның ішінде, 15856 адам немесе сайлаушылардың 85,0 пайызы сайлауға қатысты. №25 Қарқаралы сайлау округінен облыстық мәслихатқа 3 үміткер ұсынылды, 3 үміткер тіркелді. Ағымдағы жылдың 26 наурызында өткен сайлауда дауыс саны келесі нәтижеде бөлінді:

2017 жылдың 26 наурызында өткен Қарағанды облысы бойынша облыстық мәслихатқа депутаттар сайлау нәтижесі туралы ақпарат Дауыс беруге арналған Үміткер-лерге ғимараттан тыс берілген дауыс орындарда дауыс берген саны сайлаушылар саны

Округ бойынша Сайлау бюллетендерін Әр үміткердің сайлаушылардың алған сайлаушылар саны Т.А.Ә. жалпы саны

Сайлау округінің №

Сайланған депутаттың Т.А.Ә., кімнен ұсынылды, партиялық қатыстылығы

1

2

3

4

5

№25

18 655

15 856

214

Есов Е.Ж.

1064

Оспанов Саят Кайратович

Капашев А.С.

1044

Оспанов С.К.

13 7483

7

1973 ж.т.,

Мыңжасар Әдекенов атындағы «Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжі» КМКП, директор, «Нұр Отан» партиясымен ұсынылды, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Қарқаралы ауданы.

Облыстық сайлау комиссиясы.

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл Ұлттық бюроның Арнайы Департаментінің басшысы Аликов Олег Валерьевичпен Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 12 мекен-жайы бойынша азаматтардың жеке қабылдауы өткізіледі. Қабылдауға алдын ала жазылу келесі нөмірлер арқылы жүргізіледі: 8 (7212) 91-36-80, 8(7212) 91-36-26, 8(7212) 91-37-09


Сенбі, 1 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Күләш Ыбыжанқызы САРДАРБЕК – Балқаш қаласының құрдасы. Бүкіл ғұмырын қазақ руханиятына арнап келеді. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, тарихшы, өлкетанушы, Ұлт-Азаттық көтерілісінің 100 жылдық мерейтойлық медалінің иегері. Жақында Күләш апаймен әңгіме-дүкен құрудың сәті түсіп, Балқаш қаласының мерейтойы қарсаңында бұрын айтылмаған шежіресырларды қойын дәптерімізге түсіріп алған болатынбыз.

– Күләш Ыбыжанқызы, сіздің қала тұрғыны болғаныңызға 75 жыл толыпты. Мысты шаһардың өсіп-өнуі көз алдыңызда өтті десек, артық айтқандық емес. Қала тарихынан сырт қалған деректер бар ма? – Бар. Ол – «Балқаш өңірі – адам баласы мекендемеген қу дала» деген ұғымның қалыптасуы, Балқаштағы бірінші мектеп, кітапхана қай жылы ашылғандығы және көпұлтты қала болу себептері жайлы. Сусыз, топырағы құнарсыз шөл дала атанған жерде Балқаш атты сәулетті қала орнап, мыс-молибденімен, алтын-күмісімен, достығы жарасқан көпұлтты халқымен даңқы шықты. Шөлейт жерде ең дәмді қызанақ, қарбыз, жүзім, қарақат, шие, алма, алмұрт өседі. Сусыз деген далада түрлі ағаштар, әсем гүлдер жайқалады. Осының бәрі – адамның еңбегі.

жағалауын сан рет аралаған екен. Кеңес үкіметі орнағанға дейін адам аяғы баспаған қу дала дегенді жоққа шығарар ғылыми айғақ баршылық. Екінші мәселеге тоқталсақ, Балқашта бірінші көпқабатты үйлер, типтік мектеп ғимараты 1935 жылдың аяғында салынып біткені белгілі. Қысқаша Балқаш тарихына көңіл аударайық.

оның жұбайы Мәймүна Қонаева-Қадыржанова мұражайға сан келген, жақсы сыйласқан едік. Камал ағамыздың барлық марапаттары Балқаш мұражайында сақтаулы. Белгілі суретші Сахи Романов негізі Ақтоғай елінің тумасы, Қарабұлақ жерінен. Қолдау көрсеткен ағаларымыздың бірі. Тегі тағдыр жеңіл өмір бермесе де, мен бақытты адаммын. Өмірдің қиын асуларын жеңу үшін білім алуға ықпал етіп, бауырмалдықпен жан-жақты қолдаған достарым Шайда Искакова, инженер, Қарағанды шахтасында жауапты қызмет атқарған, Балқашта бала кезімізде бірге өстік және оның отағасы Қоңыр­қан Қаппасов, Қарағанды Мемлекеттік университетінде психологиядан дәріс берген ұстаз. Қарағандының бетке ұстар азаматтары болған марқұм, академик Жамбыл Ақылбаев, Абдрахман Игіліков, ерлі-зайыпты Болат-Рахима Мұңайтпасовтар сынды әрі ұстаз, әрі қадір тұтқан замандас достарымның ортасында мамандық алып, еңсемді көтерген кездерім үшін басымды иіп, рахмет айтып отырамын. Еңбек жолында өсуіме қазақтың зиялыларының ықпалы болды. Осы тұста айтайын дегенім, Алматыда АХАЖ бөлімдерінің жаңаша жұмыстарын бағалайтын конкурс өтті. Балқаш АХАЖ-ы озып шыққанда Минис­трлер Кеңесінің заң комитеті төрағасы Бұлғақбаев марапаттап, ағалық ықыласын,

іргетасын қайламен, күрекпен қазғанын жоққа шығару – күнә. Техника дегенің, тек, Қарағанды-Балқаш теміржолы қосылғаннан кейін 1935 жылы желтоқсан айынан бастап жеткізілгені мәлім. Осы мектеп жайында мен сан рет мұрағат құжаттарымен дәлелдеп, деректі фильм де түсіріп, Балқаш, Приозерск қалаларының теледидарынан көрсеткенмін.

– Бірінші құрылысшылар келмей тұрғанда бұл өлке қандай болған? – Археолог Алан Медоевтың зерттеуі бойынша Балқаш өңірі – адамзат баласының бір бесігі. Бұл пікір осы өңірден табылған палеонтологиялық, археологиялық ескерткіштермен дәлелденеді. Бұл өлкеде көне көшпенділер: ғұндардың, сақтардың, сарматтардың, көне түркілердің аттарының іздері қалған. Бұл өлкеде жауынгер-әйелдерамазонкалардың тасқа салған петроглифтері бар. Қола заманындағы, көне темір дәуіріндегі алғашқы кенші-металлургтердің өнімдері, қару-жарақтары сақталған. Балқаштың қалалық тарихи өлкетану мұражайында 30 мың жылды қамтитын теңдесі жоқ петроглифтер коллекциясы мен көшпенділердің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін көрсететін дүниелер бар. 1972 жылы Мәскеуде Қазақстанның мәдениеті мен өнері көрмесі осы Балқаш петроглифтерінің галереясымен ашылған. 1978 жылы Алматыда Азия, Африка елдерінің жазушыларының жиынында осы тастағы суреттер таң қалдырып, қазақтың көне тарихынан дерек берген. А.Медоевтың «Гравюра на скалах» кітабы Балқаш мұражайы экспозициясын таныстырады. Бұл қалай болды дерсіз?! 1972 жылы 29 желтоқсан күні мені Балқаштың 1966 жылдан ашылмай тұрған мұражайына директор етіп тағайындады. Не қаражаты, не жабдығы, не жылу, ауыз су, байланыс жүйелері жоқ қаңыраған төрт қабырғалы үйде қаңтардың суығында іске кірісуге тура келді. Ол кезде партия айтты болды, бас тартуға құқығың жоқ. Сол қысылтаяң кезде геолог Владислав Николаев өте бағалы ғылыми материал Алматыдағы археолог А.Медоевтың қолында дегенді айтты. Оны іздеп геологиялық институттан тауып алдым. А.Медоев мені Ресейдің керемет ғалымдарымен танысуға, бағыт алуға үлкен қамқорлық жасады. Балқаш петроглифтерін жоғары бағалаған КСРО Ғылым академиясының академигі, археолог, этнограф, тарихшы, Сібір археологиялық мектебінің негізін қалаушы ғалым, Социалистік Еңбек Ері Алексей Павлович Окладниковпен, тарихшы, антрополог, археолог Борис Григорьевич Грязновпен кеңесетін болдым. Б.Грязнов Қазақстан жеріндегі қола дәуіріндегі көшпенділердің тұрмысы мен мәдениетін, сақтардың, массагеттердің, үйсіндердің тарихын зерттеуші ғалым. – Шалғайдағы Балқаштан қазақ қызының өздері өмірлерін арнаған ғылымға ден қойғаны олар үшін де қызықты болған шығар? – Иә, Борис Грязновтың 1935 жылы Мәс­кеуде шыққан «Казахстанский очаг бронзовой культуры» еңбегін, А.Окладниковтың «Томские писаницы» кітабын, осы ғалымдардың өздері берген басқа да аманат-жәдігерлерін сақтап келемін. Осылармен бірге археолог ғалымдар – Борис Григорьевич Тихонов, Евгений Игнатьевич Крупнов КСРО Ғылым Академиясында А.Медоевтың Балқаш петроглифтері жөніндегі ғылыми баяндамаларын құптап, бағалағандары туралы қол қойған құжаттар менің қолымда. Сонымен, Еуропаға әйгілі ғұндар, алтын мәдениетімен теңдесі жоқ сақтар, ер түркілер – қазақ деген халықтың ата-бабаларының, мемлекеттік рәміздері – киелі көк бөрінің бейнесі бар көк туы, найзасы мен жауынгерлік айыр қалпағы ерекше ауыр атты әскері болған алғашқы мемлекет «Түркі қағанатынының» іздері қалған киелі жер – Балқаш өңірі дей аламыз. Сонысымен қымбат. Көз көріп, ақыл-кеңестерін аямаған ұлы ғалымдарға алғысым шексіз, жатқан жерлері жайлы болсын. Әрине, ғасырлар бойы жер де, қоғам да ауысып отырды. Балқаш жағалауы миуа қамыс, жолбарыс, аю, дала шошқасы жортқан, бірқазан, аққу, шағаласы шаңқылдап, қара балық, ақ балық, сазандары, ондатры жағаға дейін жайлаған жер. Бірақ, суы ащы, бақа-шаян, бүйі-қарақұрт, маса деген көп болған. Қараменде би бастап әкелген Дадан Тобықтылар Балқаш көліне құяр тұстан – Басдересін-Ортадересіннен Тоқырауын өзенін бойлай қоныс тепкен өлке – атажұртымыз. Адольф Янушкевичтің айтуынша, Құнанбай қажы Балқаш

1929-1930 жылдарды М.Русаков болашақтағы Балқаш мыс комбинатының ертеңіне сенді. Ол кезде елсіз Қоңырат кенішінде аздаған геологтар ғана болған. 1931 жылы Қоңыратқа ауыл қазақтары орын тепті. Бірінші партия ұясы құрылды. Хатшысы Мұса Сағынов, комсомол ұясын Жоламан Асайынов басқарды. Қоңырат поселкелік Кеңесі төрағасы Елеусіз Жұмахов. Сөйтіп, Балқаштың бастауы – Қоңырат. Ал, 1930 жылы жазда ғана Балқаш жағалауына – Ескі алаңға құрылысшылардың бірінші отряды – инженер-техниктер, мамандар – 30 салт адам келген, киіз үйді паналаған. Теміржол, әуе жолы, байланыс жүйесі жоқ, ауыз су қат, баспана жоқ жерге отбасымен кім келсін?! Балқаш туралы алғаш кітап жазған Пинегина 1931 жылы Балқаш құрылысында 1150 адам тұрды деп көрсетеді. Аталған дерек осы күнге дейін негіз болып келеді. Бұл, тек, құрылыста жұмыс істеген адамдардың саны. 1933 жылы тұрғындар саны 15 мың деп көрсетеді. Ал, 1931-1933 жылдардағы аштық нәубетінен демограф Мақаш Тәтімовтың толық емес есебі бойынша 50 мыңға тарта қазақ шейіт болады. Сонда күнкөріс көзін іздеп ағылған дала қазақтарының есепке алынбағаны, қаншасының тірі қалғаны белгісіз екені түсінікті ғой. Азықтүлік тек жұмыспен қамтамасыз етілген адамдарға ғана есептелгені анық. Жергілікті қазақтар, әрине, отбасымен, бала-шағасымен келген. Комбинаттың салынатын орны: байыту фабрикасы, мыс зауыты, жылу электр стансасы, сондай-ақ, қаланың салыну орнының жоспары 29.06.1932 жылы ғана белгіленген. Құрылыс Ескі алаңда ғана уақытша тәжірибе алаңын салу үшін жүрген. 1933 жылы күздің қара суығында Балқаш құрылысы мен Қоңыратта небары 2500 жұмысшы қалдырылып, қазақтарды оңтүстікке – Бөрлі төбеге баржаларға тиеп, апарып тастағанын көзімен көріп, куә болған Балқаштың бірінші құрылысшысы Л.Маленко айтып берді. Қазақтардың келуін тыйылту үшін жағалауда тігілген киіз үйлерді өртеген. Мәселе 1934-1935 жылдарға дейін Ресейден келген құрылысшылардың салт келгендігінде. 1931 жылы Қарқаралыдан оқып келген жас жігіт Ғабдолла Тілеулин Ескі алаңда киіз үйде қазақ балаларын жинап, бірінші бастауыш мектепті ашып, оқытуды әліппені үйретуден бастаған. Солардың біразы 1941 жылы қазақ орта мектебін бітіріп, аттестат алды да, майданға аттанды. 1934 жылы комбинаттың жобасы бекітілісімен «Бой за Балхаш!» деген ұранмен әр жерден жастар жолдамамен ағыла бастады. Ал, 1935 жылы бойдақ құрылысшылардың сұрауымен кемемен Ресейден жүздеген қызды алып келген. Мамандар отбасымен келе бастады. Балалары Ресейде сауат ашып келгендіктен бірден жетіжылдық орта орыс мектебі ашылды. Оқушылар 1939 жылы бітірді. Балқашта 1929 жылы мектеп түгіл, құрылыс басталған жоқ. Құрылысқа келген мамандар алғашқыда тұрақтап қалуды мақсат етпеген. Кейін солай болды да. Көпұлттылық осы 1934-1935 жылдардан пайда болды. Ал, бірінші салынған мектепке 1936 жылы орыс-қазақ мектебі орналасты. Директоры Голоенко, қазақ мектебі үшін оқу ісін меңгеруші Ғ.Тлеулин басқарды. Орыс сыныптары толық осында болғанмен, сыймаған соң қазақ балалары үшін бастауыш мектептер құрылыстың әр жерінде орналасты. 1937 жылы қазақ мектебі үшін арнайы ғимарат қазан айында берілді. Яғни, бұл – екінші салынған мектеп. Сондықтан, бірінші орыс мектебі, екінші қазақ мектебі деген – мектеп ғимаратының реттік саны. Оның артында қазақ мектебін ығыстыру, кемсіту саясаты жатыр. Аш-жалаңаш қазақтар Балқаш мыс комбинатының, қаланың көпқабатты үйлерінің

3

болған соң, жұмысты ынтамен істемеуге арың бармайтын. Осындай ұстамдылық, адамдарға деген қамқорлық, әділеттілік қасиеттерін бұрынғы Тоқырауын ауданы әкімі болған ҚР еңбегі сіңген қызметкері, марқұм Б.Мейірмановтан байқаған едім. Қазір осы қазақ зиялыларының ізгі қасиеттері бүгінгі ел ағаларына неліктен жұғысты болмады. Қайда барсаң есігінде күзет, қатаң тізім,кірмек түгіл сығалай алмайсың. – Ғалым Русаковтың отбасымен де тығыз байланысыңыз болды ғой? – Мұражайдағы геолог М.Русаковтың жеке құжаттары мен дүниелерін Ленинградтағы үйінен көшіріп әкелдік. Мен Русаковтың ұлы Игорьмен, немересі Михаилмен, келіні Нина Павловнамен көп араластым. Олардың бәрі геологтар, білімді, мәдениетті жандар. Эрмитажды аралап, Пушкиннің жүрген жерлерін көріп тамашалағанбыз. Русаков­ тар Васильев аралында тұратын, аппақ күндізгідей жарық түн, өткелдердің айырылып жабылуы, әскери кемелер – бәрі үлкен әсер қалдырды. Ол үйде Курек, Наковник сынды геологтардың да ұрпақтарымен кездестім. Мәскеуде жазушы Котельниковтың Вера Хоружая туралы көп мәлімет берген кітабы да бар. Мына мәселені айта кетейін. Бал­ қаш­тықтарға таңсық деген өнер қайраткерлерін шақырып, концерттер өткіздік. Қазақстанның белгілі әнші-артистерінен басқа, Эдита Пьеха, Лев Лещенко, Кузнецов, сатирик Иванов, тағы басқа ансамбльдер, театрлар біздің мәдениет ғимаратын мақтап кетуші еді. Жобасы 1940 жылы бекітілген, іргесі 1946 жылдан көтерілген бұл ғимарат Қазақстанда бірінші салынған еді. 1952 жылы сәуірден бастап нағыз мәдениет ошағына айналды. Сол жылы бұлбұл Күләш Жасынқызы Байсейітова келіп, концерт бергенін көзім көрді. Ғимараттың бүгінгі халы көңілден шықпайды. Өмірім сахна мен мінберлерге байланысты өткен соң, мәдениет орындарының мәдениет қызметкерлерінің тағдырларына алаңдап отыратынымды жасырмаймын. – Өкініш тудыратын немесе күлкілі жайлар есте қалды ма?

Фильмді Абай мектебінің директоры Қ.Қағазбеков ағамыздың қолына бергенмін. Бірінші қазақ мектебі 1931 жылдан деген дұрыс. «Мың киіз үй өртенді деген құжат жоқ» деп байбалам салған мұрағат меңгерушісі Макаровамен қатар еңбектес болсам да, тірі куәларды алдына әкелгенімде мойындамауға шамасы келмеген еді. Саясатпен жасалған зұлымдыққа, бұрмалаушылық әрекетке әрқашан із қалдырылмау мақсат болғаны белгілі ғой. Кітапхана, «Балқаш жұмысшысы», «Прибалхашская правда» газеттері 1932 жылдан бастау алады. Құрылысқа келген мамандар көптеген кітаптар ала келген де, ұйымдасып ортақ кітапхана ашқан. 1934 жылы поселкелік Кеңес төрағасы Жанәлі Бархиев тұрғындарды есепке толық алып, төлқұжаттар беру, қоғамдық негізде жұмыс істеп тұрған кітапхана, клуб, емхана, нан зауыты секілді мекемелерді ресми түрде тіркеп, атауларын беруді жүзеге асырған. Орталық кітапхананы 1939 жылдан ашылған деп мерейтойлар өтті. Бұл – қате. Негізі 1932 жылда қаланып, 1934 жылы ресми тіркелгені жайлы жергілікті газеттерде көрсетілген. Б.Майлин 1935 жылғы естелігінде 1000 орындық клубта үлкен кітапхананың кітап қорында орыс, ағылшын, неміс, француз, қазақ тілдерінде кітаптарды көргенін жазады. Мұрағатта кітапхананың 1939 жылы ашылғанын дәлелдейтін де дерек жоқ. – Есімі аталмай қалған, қиын-қыстау кезеңде еңбек еткен азаматтар жайлы дерек бар ма? – 1931 жылы шілде айында аудандық партия ұйымының бірінші хатшысы Мадалиев, 1933 жылы Балқаш құрылысы бірінші комсомол жетекшісі Серік Акимов (Қарағандыда тұрды, кездескенмін), 1934 жылы алғашқы «Балқашқұрылысы» поселкелік Кеңесі төрағасы Жаналы Бархиев, журналист (репрессия құрбаны), 1937 жылы қаланың бірінші төрағасы болған Зұлхарнай Шибұтов, токарь, Ленинградтың «Красный выборжец» зауыты ФЗО мектебін

бітірген, 1941-45 жылдардағы соғыста қаза тапқан Рамазан Дүйсебаев, Ықылас Коринеев сынды қала басшылары – 1938 жылғы саясат құрбандары, ең қиын кезеңде ауырлықты көтерген зиялы азаматтар екенін жастар біле бермейді. Балқаш мысын, молибденін өндірудің технологиясын ашқан инженер, Сталиндік сыйлықтың лауреаты Евлампий Антоновский де атаусыз қалуда. – Сіз Балқашқа Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсеновтың, Талғат Бигелдиновтың келуін ұйымдастырыпсыз. Осы жайлы айтсаңыз. Иә, мұражайға Балқашқа қатысы бар атақты адамдар туралы деректер жинаған едім. Қазақтың үш батырымен көп араластым. Үшеуі де Балқашта болды. Р.Қошқарбаев ағамыз Балқаш мыс зауытының ФЗО мектебінің түлегі. Соғыстан соң Сарышағанда теміржол жүйесінде жұмыс істеген. Талғат Бигелдинов соғыстан кейін Балқаш аэропортын салуға араласқан. Қасым аға – қазаққа ортақ батыр. 1984 жылы Рақымжан ағаның 60 жасқа толуына байланысты мұражай арқылы шақырдық. Қазіргі М.Хамзин атындағы Кеншілер мәдениет сарайында үлкен кездесу ұйымдастырып, Қасым аға екеуін қатыстырып, теледидардан хабар жүргіздім. Бұл бір балқаштықтар үшін тамаша мәнді оқиға болған. 12 жыл бойы Мәскеу, Подольск мұрағаттарынан, Германияда журналист Карл Кокошко арқылы Ұлы Жеңістің соңғы кезеңін зерттеп, Рахаңның Рейхстагқа алғаш ту тіккенін анықтап, материал жинадым. Режиссер Аман Альпиев деректі фильм түсірген. Балқашта «Әкелер даңқы жолымен» атты республика жастарының слетінде алғаш көрсеткенбіз. Сондай-ақ, Димаш Ахметұлы Қонаевтың, ҚазКСР Ғылым Академиясы Президенті Асқар Қонаевтың қабылдауында болғаным бар. Димекең Балқашқа жиі келетін де, мұражайға соқпай кетпейтін. Одақ бойынша түсті металлургия саласындағы ірі тұлға Камал Қадыржанов,

кеңесін үзбеді. Ал мұражайда директор болған кезімде Қазақстан Мәдениет министрлері Мүсілім Базарбаевтің, одан соң Өзбекәлі Жәнібековтың қамқорлығын көп көрдім. Мүсілім Базарбаев өте биязы кісі еді. 1973 жылы А.Медоевтан Балқаш петроглифтерін Мәскеуге жіберу туралы бұйрық берілгенін естіп, Алматыға ұшып барып, Министрге кірдім. Мән-жайды білген соң, коллекцияны Балқашқа жіберу туралы бұйрық шығарды. Бұл – Мәскеуді тыңдамау, басты бәйгеге тігу деген қауіпті жағдай еді. Нәтижесінде, 1973 жылдың 25 қыркүйегі күні Балқаштың мұражайы осы петроглифтер экспозициясымен ресми түрде алғаш ашылған еді. Оны Медоев пен суретші А.Горбатовтың өздері келіп, ғылыми түрде құрып беруін, коллекцияны Балқашқа жеткізуге ұшақ алып беруді шешкен Мүсілім Базарбаев еді. Еңбегімді бағалап, өз қолымен мақтау грамотасын ұстатқаны есімде. Қазақстанда ұлттық мұралар өмірге оралып, мұражайлар төрінен орын алса, ұлттық ансамбльдер, ұлттық киімдер қалпына келіп, тарихи ескерткіштер жөндеуден өтсе, ол Министр Өзбекәлі Жәнібековтің арқасы. Өте білімдар, өжет, шешен, ұлтжанды ақжарқын кісі еді. Балқашта мені 1985 жылы қалалық мәдениет бөлімі меңгерушісі қызметіне ауыстырды. Көл жағасында балаларға арналған бірнеше аттракцион орнату оңай болмады. Қаланы биіктен көрсететін «Чертово колесо» деп аталған аттракцион іске қосылмай тұрып қалған. Мамандары жоқ. Соған қала басшысы В.Куприянов мені кінәлады. Кабинетінде телефонын ала салып Министр Жәнібековке жағдайды айтып, көмек сұрадым. Мұражайдан кеткеніме ренжіңкіреп, телефонды бастыққа бер деді. Қаттырақ айтса керек, бастығым бәрін мақұлдап, телефонды қойған соң, «несіне Министрге шықтың, өзіміз-ақ шешетін едік қой» дегеннен басқа ештеңе демеді. Екі күннен соң мамандар келіп, екі жетіде аттракцион іске қосылды. Алғаш 1985 жылы 22 наурыз күні тұңғыш рет ұлттық Наурыз мерекесі осы аттракционды ашудан басталып, қалада үлкен мәдени шара өтті. Қоғам ауысып, өлара кезеңде осы жағалаудағы аттракциондар талан-таражға түскені өкінішті-ақ. Мәдениет министрлерінің қабылдауына қашан, қай кезде болсын телефон соғып, кедергісіз бара алатын едік және шаруаның шешім табатынына сенімді болатынбыз. Осы ел ағаларының қарапайымдылығы, ұлтына деген жанашырлығы, ата-мұра аманатына деген құрметі, халыққа жақындығы, мәдениет саласының қызметкерлеріне, қазақ жастарынан кадрлар дайындауға деген қамқорлықтары ғажап еді. Мен жүрген ортада адамға деген құрмет осындай

– Адам болған соң бәрі болады. 1964 жылы алғаш неке тіркеу салтанатын жүргізуге Чайковскийдің 1-ші концертінің, Мендельсонның «Свадебный маршы» бар пластинка табу қиын болды. Ол кезде техника жетілмеген. Мендельсонды П.Кушнировтан алдық. «1-ші концерт» атақты Ван Клиберннің орындауында музыкант Урлахерден табылды. Бұл пластинка ол үшін ең қымбат дүние болса да, қиылып сұраған маған «көзіңнің қарашығындай сақта» деп зорға бергені. Апта сайын Металлургтер мәдениет сарайында сағат 12-ден бастап рәсім басталады. Осы екі пластинканы 10-15 жас жұбайлар үшін сонша рет ойнатамыз. Бір күні абайсызда Урлахердің пластинкасын сындырып алғаным. Музыканттың қатты ренжігеніне шыдай алмай, Мәскеуге ұшақпен барып, сатып әкелгенімді қайтейін, плас­ тинка Ван Клиберннің орындауында болмаған соң, алмай қойды. Қарапайым музыканттың жылағаны осы күнге дейін мені қарыздар еткендей, өкініші естен кетпеді. Әттең, қазіргідей болса интернеттен тауып берер едім деймін. Өткен ғасырдың 60-жылдары қай ұлттан болсын жастарда ұялу, имену, иба сақтау секілді ар-намыс сезімдері басым еді. Жас жұбайлар ашық-шашық киініп, қаланы басына көтере машиналарды айғайлату, көп алдында шулап, жар салу болмайтын. Қазақ жастары салтанатты рәсімнен бас тартып, ұятқа санады. Алғашында бір ғана қазақ жастары келіскен соң, Әшірбек Мүсәпіров деген домбырашымен ақылдасып, «Жар-жарды» дайындадық. Мәтінін мен жаздым. Қызықтың көкесі болды. Салтанатқа шақырғанда татарлардың жас жұбайлары шықты. Қазақтар келмей қалыпты. Кенеттен Әшекең домбырасын күмбірлетіп, бес-алты әнші-күйшілерімен шыға келмесі бар ма?! Тоқтату мүмкін емес. Онымен қоймай жас жұбайларды айнала жүріп әндетсін. Суық тер бұрқ етті. Татарлардың құдалары көп. Қорладың деп айғай–шу шығармаса игі деген қор­қыныш. Бірақ, Аллаң жар берсін дегендей, татарлар қол шапалақтап, қуанып, қазақтар шашу шашқандай, думан болды да кетті. Артынан Әшекеңе не бүлдіргенін айтсам, «қайдан білейін, қазақтар екен деп қалдым» деп мұңая кешірім сұрағанда күлгеніміз бар. Аңқау, биязы, момын ағамыздың сан қылықтары еске түседі. Балқаш жері – небір ұлылардың табаны тиген киелі топырақ. Бүгінгі ұрпақ сол ұлылардың өсиет-аманатына адал болса, қандай ғанибет. Әңгімеңізге көп-көп рахмет. Балқаш өңірінде Наурыз тойын өткізуге де бірінші болып атсалысқаныңыз, ұйымдастырғаныңыз есімізде. Мерейтойыңыз құтты болсын! Сұхбаттасқан Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ.

СУРЕТТЕРДЕ: еңбек ардагері Күләш САРДАРБЕКОВА және қала тарихынан көріністер.


4

Сенбі, 1 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Сонау бір жылдары қазақ телевизиясынан тараған Ақселеу Сейдімбек пен Жәнібек Кәрменовтің сыр-сұхбаттық әдеби-сазды бағдарламалары көзіқарақты жұрттың көкейінде шығар?! Халық арасында «Жәнібек ән салады, Ақселеу тамсанады...» деген қанатты тіркес тудырған бағдарламаның бүгінде мәнісі артпаса, маңызы кеміген жоқ-ау. Қазір арамызда Ахаң да, Жәжәң (Жәнібек) де жоқ. Ахаңның 75 жылдығында біз жарқын бейнелердің жәдігерге айналған әңгіме-дүкенін қағазға қаз-қалпында түсіріп, назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан»

Редакциядан.

Ақселеу Сейдімбек: – Қасиетті Жетісу топырағы небір дүлдүл ақын, бұлбұл әнші, жезтаңдай жырауларға кенде емес қой. Кешегі Сүйінбай, Жамбыл бастаған дүлдүл топтар, солармен керегесі көктес, терезесі тең осы Кенен атамыз десек, еш әсіре сөз емес. Әрине олардың әрқайсының өзіндік орны бар, өзіндік болмыс-бітімі бар, өзіндік өнері бар, өнерінің өрнегі бар өзіндік дегендей. Мынау арқамызды сүйеп отырған Алатаудың шыңдары бір-біріне қалай ұқсамаса, Сүйінбай, Жамбыл, Кенен сияқты ақын-әнші, жырау-жыршылардың өнері де бір-біріне ұқсамайды. Әрқайсы алыстан өзіндік дара тұлғаларымен көз тартып, қол бұлғап, көкірекке небір зерделі ойларды құятындай. Бұл ретте, әрине, Кенен атамыздың өнері, әншілігі, өз алдына бір оқшау, дара, бөлек бітімде ғой. Біздің бүгінгі осы басқосуымыз, Кенен атаның музей үйіне келіп әңгіме жүргізуіміздегі негізгі мақсатымыздың өзі де сол Кенен атамыздың әншілік өнері туралы сөз етіп, көрермен жұртшылықтың ілтифатына ой салып қойсақ деген ниет. Осы орайда, бүгінгі әңгімеміз жүйелі өту үшін тақырыпты саралап алсақ деймін. Ол біріншіден, Кенен әндері өзінің өмірімен өзектес. Кененнің өмірінен өнерін бөліп қарауға болмайтын тақырыптар. Екінші қозғайтын мәселеміз – Кенен әндерінің өзіндік орны, ерекшелігі, біздің рухани-мәдениетімізде алатын орны. Сол Кенен өнерінің бастау алған тек-тамыры, қайнар көзі деген мәселені сөз етіп отырсақ. Сонда көрермен жұртшылыққа жеткізсек деген ойымыз шашырамай, жүйелі шығады ғой деп ойлаймын. Жәнібек Кәрменов: – Дұрыс айтасыз. Жалпы, Кенен әндері жайында сөз қозғалғанда әңгіменің тегі, арқауы жаңағы екі арнадан өрбу керек дегеніңіз жөн. Кененнің әндерін өмірінен бөліп қарауға болмайды деген сөзіңіздің жаны бар. Себебі, Кененде себепсіз, бейсауат, жай көңіл көтеру үшін шыққан ән, өнер жоқ. Өзіңіз білесіз, бәрі өмірден көрген, білген, сезген, түйіндеген күйініш-сүйініштің тереңінен қайнап шыққан өлмес дүниелер ғой. Оның қай әніне құлақ түрсеңіз де сол бір ғасырлардың терең сырларын тамырынан тартады. Бізге шындық күйінде, бәз қалпында жеткізіп жатады. Бір ғасырға жуық өмір сүрген Кенен атамыздың әндері зерделі тыңдаушысы үшін, уақыттың, заманның, тынысын жеткізу үшін үлкен мәні бар өнер деп білемін. Ақселеу Сейдімбек: – Осы ретте, Жәнібек, Кенен атамыздың «Бозторғай» әнін еске түсіріп көруге болады. Осында Кененнің тағдыры ғана емес, Кенен сияқты қой соңында зарлаған мыңдардың өмір-тағдыры, ғұмыр шежіресі, осы әннің өн-бойына түйіліп қалған сияқты. Тек ол ғана емес, сол Кенен өмір сүрген заманның, Кененнің «Бозторғайы» шыққан заманының көркем шежіресі сияқты. Сол заманның бүкіл қайғы-мұңының, бүкіл тауқыметін, әлеуметтік болмысын осы бір әнмен түйген сияқты. Жаңағы өмірін өнерінен бөліп қарауға болмайды дегеннің бір түйіні осы сияқты. Ал, өнерін өмірінен бөліп қарауға болмайды дегеннің үлкен

Тақырыптағы бұл сөзді Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ өзінің туған күні (29 наурыз) Қарағанды гуманитарлық колледжі студенттерімен өткізген емен-жарқын кездесуде айтты. Елдің көбі туған күнін шамасынша той қылады. Биыл 67ге толған ақын болса, қазақ поэзиясының болашағына алаң. Туған күні, той-думанда шаруасы жоқ. Өлең деп емешегі үзілгелі отыр. Ақын деген осындай болса керек-ті.

(Қайырмасы қайталанады)

тарихи, үлкен эстетик алық мәні бар. Демек, ол қоғамның өзі өмір сүрген заманның шежіресі болады деген сөз. Сол Кенен өнерінің, Кененнің осы «Бозторғай» әнінің, алғашқы әні деп есептелінеді ғой енді. Сол алғашқы үнінің өзінде Кененнің әлеуметтік зердесі, қоғамға, заманға деген көзқарасы, шалқып есіп, көкірек көзі бар кез келген адамға айқын білінеді. Жәнібек Кәрменов: – Аха, жаңағы әйгілі «Бозторғайды», Кенекемнің тұсаукесері болған «Бозторғайды» орындап берсем қайтеді. Мынау шаңырақ – өз үйінде отырмыз. «Бозторғайдан» бастасақ. Бозторғай, шырылдайсың жерге түспей, Мен жүрмін кешке дейін тамақ ішпей. Ат қылып ақ таяқты қолыма ұстап Сандалып қой артында ерте-кештеей. Қайырмасы: А-ау, боз торғай, Шырылдайсың, шіркін-ай! Құтылар күн бар ма екен Осы қойдан бір күні-ай?! Отырсам қой күзетіп таң атпайды, Жүргенде малды жайып кеш батпайды. Қарайтын қабағыма бір адам жоқ Бел шешіп төсегіме бір жатпаймын

Осы Бозторғайды айтқанда мынандай бір ой келеді, Аха. Қой соңында жүріп көрген осы ауырлық, осы шер-мұң Кенекең секілді талай қойшылардың басынан өтті ғой. Бірақ осы шер-мұң, осы қайғы-қасірет сол қойшылармен бірге уақыттың тереңіне жоғалып батып кеткен. Ал, Кенекең болса, сол зар заманға, сол ауыртпалық тағдырға лағынет қарғысындай етіп мәңгі өлмейтін, өшпейтін «Бозторғай» секілді дүниені қалдырды артында. «Бозторғай» – әннің биігі, Кенекең өнерінің шоқтығы. Бұл алғашқы ойымызды тағы да еске түсіреді. Әлгі, Кененнің өмірінен өнерін бөліп қарауға болмайды деген пікір. Егер осы пікірді тағы да тереңдетіп ойлы көзбен үңілетін болсақ, сол пікірдің ойлылығы ғана емес, тарихи мәні де жоталанып көрінетін сияқты. Өйткені, нағыз асыл өнер, қай қоғам, қай заманда да уақыттың ең шыншыл шежіресі, ең жаңылмас айнасы бола білген ғой. Ал, «Бозторғай» әні болса, Кенекең шығарған заманның, сол замандағы қойшылар қауымы болмысының шын шежіресі. Жаңылтпай көрсететін айнасы сияқты. Мінекей, Кенен өнерін оның өмірінен бөліп қарауға болмайтындағы осы бір жайлардан айқын көрінетін сияқты. Бұл ретте, әрине, «Бозторғай» әнін сол кездегі қойшылар қауымының әлеуметтік психологиясы деп қарауымызға болатын сияқты. Тіптен, тұрмыс-тіршілігінің, өмір-салтының, болмысының гимні деп қабылдасақ та

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ, «Орталық Қазақстан» Шараның негізгі мақсаты – ақын Жеңіс Қашқыновтың шығармашылығын бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттап, ой бөлісу. Жеңіс ақын Балқаш қаласын жырға қосты, сонымен қоса қаламы жүйрік журналист ретінде қаланың экологиялық жағдайын тиісті орындарға жеткізіп, бірнеше сараптамалық очерктер жариялады. Жекеңді көбінесе балалар ақыны деп таниды, бұл да шындық. Осыған орай №2 лицейдің мұғалімі Айнұр Қазақбаеваның

еш қателеспейміз ғой деп ойлаймын. Сөзіңізде үлкен мән бар, Аха. «Бозторғай» әнін әлі күнге дейін елжіреп тыңдайтының да содан ғой. Бұны келер ұрпаққа адамзат баласының, оның ішінде өз топырағымызда, ән шыққан топырақтағы тыңдаушы қауымның жүрегінен ешқашан да жоғалмайтындығы, өшпейтіні, оның рухани игілігі, туы болып кете берері, жаңғыра берері сөзсіз. Оның бір себебін өзіңіз білесіз, өткен өмір шежіресіне, дәстүріне немкетті қарау – халықтың қасиетіне жат қой. Ал, енді өткенін, өз өмірін ұмытқан халық – халық боп жарытпайтыны тағы рас. Ал, енді осы тұста осы «Бозторғай әнімен үндес, тақырыптас келетін әлеуметтік шындық иесі де әсте олқы түспейтін бір ән бар. Ол – әйгілі «Көкшолақ». Үндес, тақырыптас, тағдырлас. Кенен атамыз бозбала болып қалған шағы болса керек. Көрші ауылда Бибол деген бай қызын ұзатып, Көкшолақ атын тепеңдетіп тойға бозбалалармен бірге аттанады ғой. Содан бір байдың еркетоты қызы Шәлипа жолығып қалып, қасында малынған қыз-келіншіктер, бозбалалар. Бұл – бұрыннан айтылып жүрген әңгіме, шындық. Содан Көкшолақ атын тепеңдетіп бай қыздарының сәнін бұзып, жанасып келген қойшыны менсінбей, менмен тәкаппар, байлық пен барлыққа масаттанған жорға мінген бай қызы Кенекеңді мұқатпақшы болып, «Ей, Кенен, тойға барар сәнің бар ма, Қызбенен айтысатын әнің бар ма? Желігіп Көкшолақпен көтерілген, қолыңда мұнан басқа малың бар ма?» деп тиіседі. «Арғы атаң атаныпты жалаң аяқ, Әкең байғұс ұстаныпты қазан-аяқ. Қойды жөндеп бақсаңшы жалаң аяқ» деп Шәлипаның айтатыны бар. Сонда жүрегіне ән тұнған, жыр тұнған Кенекең – сері жігіт жасымай, қоржынынан домбырасын алып, Шәлипаға осы «Көкшолақты», өзінің кедейлігін шағынса да жағынбай, жасымай, өнерімен тәкаппар қыздардың бетін қайтарып, Көкшолағымен мұңдасып отырып айтатын осы әні шығар. Осы «Көкшолақты айтып берсем». Ал, енді бұл «Көкшолақ» жеңіл-желпі әзіл-қалжыңнан туған, бір жай арзан, құнсыз дүние емес. Оны орындайтын адамдар да осы жағына сақ болғаны дұрыс қой деймін. Бұл – өзінің ішіндегі басынан кешкен қайғы-мұңын күліп отырып жеткізген үлкен мұңы бар, ойы бар, санасы бар кісілік-ті. Сондықтан, осыны орындаған кезде қашан да сол зерделелілікті ұмытпай отырған абзал ғой деп ойлаймын.

«Мен – һас сақтың қара өлеңі» атты ашық отырыста Арқадағы атайы ақын ағынан жарылды. Аталған колледж студенттері ақын өлеңдерін жатқа оқығаны өз алдына. Араларында Ақсұңқарұлының «фейсбук» (әлеуметтік желі) парақшасындағы пікірлерін қалт жібермей қарап отыратындары да бар болып шықты. Қаптаған сұрақ қойған студенттердің ішінен біреуі «фейсбук» парақшаңызда «Ғұмырнама» атты телеграфтық роман жазып жатқаныңызды айттыңыз. Там-тұмдап жариялап та қоясыз. Сонда «Кірпіш өлең» деген тарау бар екен. «Кірпіш өлең» тіркесін түсіндіре кетсеңіз?», – деп қойып қалды. Әуелі бір жымиып алған ақын: – Қазір «фейсбукті» басып қалсаң, жып-жылтыр «кірпіш өлеңдер»! Тәртіппен қаланған. Газеттерді ашып қалсаң да – сол... Құм, цемент, тағы басқа химиялық заттар араласқан қолдан жасалған кірпіштер! Үлкен цехтардан шыққан. Тонна-тонна. Кірпіштен сарай салуға болар еді. Ал, мына «кірпіш өлеңдерден» қой қора да сала алмайсың. Басыма кірпіш түсіп кетпей тұрғанда бұл құрылыстың маңынан аулақ кеткенім абзал (күліп). Яғни, қазіргі көп ақындардың өлеңдерінде әдемі ой, тың тіркес, аздаған сезім де бар. Бір-ақ нәрсе жоқ. Ол – поэзия құдіреті – рух. Адамзат баласының 99 пайызы поэзияны түсінбейді. Түсінетіндер – 1 пайыз ғана. Менің өмір бойғы жазбаларымның бәрі осы құбылыстар хақында, – деді. Серік Ақсұңқарұлының туған күнін былтыр да басқа мәдени-рухани орындар емес, дәл осы Қарағанды гуманитарлық колледжі атап өткен. Онда да ақынның өзі қатысқан әдеби кешке куә болғанбыз. Биылғы кездесу барысында аталған оқу орнының екі студенті Ақсұңқарұлы поэзиясына қатысты баяндама жасады. Бірі – «Ақын поэзиясындағы туған жер тақырыбы» болса, екіншісі

Жуырда Алматы қаласында ақын, әнші-композитор Әсет НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ туғанына 150 жыл толуына орай І Республикалық «Ән салсаң, Әсеттей сал» байқауы болып өтті. Дүбірлі додаға Қазақстанның барлық облыстарынан 100-ге жуық өнерлі балалар қатысты. Аталмыш байқауда бағын сынаған Ақтоғай аудандық өнер мектебінің қос оқушысы жүлделі оралды. Асқақ дауысымен тыңдарманды тәнті еткен Айару Құмарова дәстүрлі ән номинациясы бойын-

Өзінің туып-өскен Ақтоғайын қалам қуатына арқау еткен қазақтың белгілі ақыны Жеңіс ҚАШҚЫНОВТЫҢ туғанына 75 жыл толды. Үстіміздегі жыл – Жеңіс ақынның жылы. Осыған орай Балқаш қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана жүиесінде «Жалындаған жемісті жырлар» атты поэзия сағаты ұйымдастырылды. 3 сыныпта оқитын шәкірттері ақын жырларын жатқа оқып, кештің шырайын келтірді. Жеңіс ақын Балқашқа келіп, жолы түскен сайын бала күнгі досы, белгілі дәрігер Бұғыбай Қабыловтың үйіне ат басын тірейтін. Бұғыбай ағамыз да өнерлі, домбырашы.

– «Ақын шығармашылығындағы бөрі тақырыбы» бойынша. Студенттерге мүмкіндік тудырып отырған колледж директоры, сазгер Есжан Әмірдің есімін айта кеткен жөн. Туған күнінде ақынға құрмет көрсетті – бір, студенттер санасына сәуле құяр игі шара өткізді – екі. «Қазақстанның қай бұрышында жүрсек те, Қарағандыдан екенімізді аңғарған көзі ашық азаматтардың көбі міндетті түрде Серік Ақсұңқарұлын сұрайды. Бұған көзім жетіп болды. Біз бұл кісінің қадір-қасиетіне қаншалықты жетіп жүргенімізді білмеймін. Шамамыз келгенше осындай іс-шаралар ұйымдастыруға тырысып бағамыз. Бір қуанарлығы, бұл кездесуге мүдделі болып отырған мен ғана емес. Серік Ақсұңқарұлымен кездесуді осындағы студенттер мен оқытушылардың өздері өтініп сұрайды. Мынадай техниканың, ақпарат пен арзан жарнаманың заманында мұнымыз – жақсылықтың нышаны», – деді сөз арасында Есжан Әмір. Кездесуге келген филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын Қойлыбай Асан Серік ағасын туған күнімен құттықтап қана қоймай, поэзиясы хақында тұщымды пікірімен бөлісті. – Дүниеге ақынның келуі – жаңа бір әлемнің, рухтың тууымен пара-пар құбылыс қой. Біз қасында құрметтеп жүрсек те, қадірін біле бермейміз. Қазір ақындар көбейгенімен, бір-бірінен аунымайтын өлеңдер қаптап кетті. Салыстырмалы түрде қарағанда, бұдан былай Секең сынды адамзаттық ойды асқақ рухпен жырлаған ақындардың бәсі бұрынғысынан да биіктей беретін сияқты. Кеше ғана әлеуметтік желіде қазақтың үлкен ғалымы Құлбек Ергөбек Серік ағамыздың сиясы кеппеген өлеңін аса жоғары бағалап жатыр. Ағамыз алпыстан асса да, ақындық күш-қуатының арындай түскенін осыданақ пайымдауға болатын шығар.

«Тартшы дос, домбыраңды шертіп қана, Жүрегім күй тыңдасын, елтіп дала» деп досына жыр арнаған. Бұғыбай досы жөнінде естелік айтып, жиналғандарға Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тартып берді.

ша Бас жүлдені иеленіп, лауреат атанса, күй тартып, көпшіліктің көңілінен шыққан Айым Мұратбек «Домбыра» аталымынан 3-орынды иеленді. АҚТОҒАЙ ауданы.

М.БЕЙБІТҚЫЗЫ.

Журналист, ақын Қуандық Сәденов Жеңіс ақынның мектепте «Бәйшешек» поэмасын асқан шеберлікпен оқығандығын жеткізді. Поэмада екі жастың бір-біріне деген сүйіспеншілігі, шопан қыздың қоғам малын сақтауда ақ түтек боранмен арпалысып, ерлікпен қаза тапқаны тартымды баяндалады. Сондай-ақ, Абай атындағы №2 лицейдің кітапханашысы Хапура Болғанбай ғаламторға байланған жас ұрпақ үшін осындай қызықты, әрі игілікті шараның пайдасы зор екенін тілге тиек етті. Поэзия сағатын жүргізген кітапханашы Гүлмира Бегімова жиналған оқырмандарға, «Балқаш-сервис» колледжінің оқушыларына, жетекшілеріне ризашылығын білдірді. Кеш соңында Жеңіс Қашқыновтың сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтың «Ақтоғайым – алтыным» әні орындалды. БАЛҚАШ қаласы. Суреттерде: көріністер.

Поэзия

сағатынан


Cенбі, 1 сәуір, 2017 жыл

5

www.ortalyq.kz

Беттің қонағы – Базарбай ӘЛЕУХАНҰЛЫ

Бақырбек Алланың бұйрығымен сиыр болып кетсе, көрші-қолаңның қорасын мүйізімен ашып кіретін малдың сұмырайы болар еді. – Қарасан келгір, – деп кемпір-семпір қарғар еді оны. – Жарып тастайын ба, осы,деп шал-шауқан айыр ала жүгірер еді. Жайылып тұрған кірді де жеп қояр еді. Келін-кепшік зар жылар еді: "Іш киімнен де дым қалдырмады-ау," – деп. С о ң ы н а ергендер сорлап қалар еді. Әсіресе өңмеңд е ге н

бұқа-бұқашықтардың бірінің мүйізі қағылып, бірінің қарны ақтарылып дегендей... ... Егер, ешкі болса, қорадағы қойды мүйіздеп бітірер еді. Таңдап-таңдап сүзер еді, іш тастасын деп. Қорадан шықса сұғанақтанып кетер еді. Кейін... Бәрі жаңағыдай. Қаптаған теке. Шашылған жем-шөп. У-шу. Қарғап-сілеу. Боқтау. Сынған мүйіз. Шұбатылған ішек-қарын. Түйе мен жылқыға айналмасын қалар едім. Екеуі де адамға адал, текті түлік қой. Ал, құс болып кетсе, мейлі. Мәселен, тауық болып. Мұндайда ол қасақана, беймезгіл шақыра бастар еді. Жеңілтек қандастары қосылып кетіп, ел дүрлігер еді. Шаруақор еркектер қатындарын бала-

Біздің жақта “Үйсіздер мен қайыршылар қоғамы” жеке шағын серіктестігі (әрі қарай ҮҚҚ ЖШС) құрылмақшы. Елге берген есебінде әкім осылай деді. Себеп біреу – жағдай мүшкіл. Мәселен, біз түгілі ауданымыздың әкімі үш орынбасарымен үйсіз-күйсіз қаңғып жүр. Сосын олардан не сұрайсың? Қабылдауына барсаң, төртеуі бірдей өгіздей өкіріп отырады. Сиыр қораға кіріп кеткендей боласын. Қосыла боздап, кісі өлгендей көрісесің. Қалтаңдағы 5-10 теңгені тастап кетесің. Біздің қамымызды ойлап, қарындары ашып жүр ғой деп... Олардың меншігінде түк жоқ. Мәселен, әкім әкесінің үйінде арендада тұрады. Тапқан-таянғанын соған береді. Анау қақпас шал ақшаны қақшып алып, жеуге жарайтыны бар, жарамайтыны бар азықты пышақтай протезі арқылы фаршқа айналдырып жұта береді, жұта береді. Таяуда шала піскен бұқаның басын жалғыз өзі жеді, – дейді шекеге ша-

қырған көршілері. Мен қайдан білейін... Әкім сорлы әкенің көңілінен шығам деп әбден бітті. Жүдеді, жадады. Тіпті, көзі ақиып кетті. Мүлде шығып кетпесе жақсы. Қосалқы табыс табамын деп бір түн түрмені, бір түн моншаны күзетеді. Ауыздан түсіп қалғандай әп-әдемі келіншегі байлардың үйін жинап, кір-қоңын

кейін әскердегі ұлдан хат келді. «Бапа, – депті. – Дет болдым. Оңтүстіктің балдарын ұрып жатырмыз. Былтыр олар бізді сойған. Батыспен де соғысып қаламыз. Кәмәндіріміз – біз жақ. Зәмпәлит – со жақ. Старшина – ортақ. Бапа, бас деген темір боп кетті. Бір сүзгенімде сексенін сұлатам. Көз деген фар. Жағып кеп жібергенде застава жата қалады. Бапа, екі аяқ, екі қол – емен. Басқа түгілі күнде өтіп жатқан қытайлар да қатты сескенеді. Темекі, арақ-шарап солардың мойнында...» – Пах, батыр тапқан қатын, қайдасың? – деп ұрандадым. – О кезде сен қойып жүр едің ғой, - деп қылымсиды бәтшағар. Батырдың ата-анасы болу оңай ма? Оңаша бір жудық. Оянып кетсем, есікті соққы-

лап әкетіп барады. Ашып қалсам, бет-аузы күмпиген құбыжық тұр. – Бісіміллә, – деппін. – Солтүстіктің қулары бізден мықты екен, бапа, – дейді. Қатынға жүгірдім. – Қайыршыңды қабылда! – Сол жылы қайта-қайта рәкета атылып еді ғой, – дейді әйелім, әрине. Отыра қалып, ойландым. Бәрі дұрыс. Бұл жолы рәкета кінәлі екен. Өстіп, әңгі-тәңкі боп отырғанымда құдамның келе қалғаны. – Әссәләу... – деп әндетті. Шошып кеттім, Бәлесі рәкетаға!... – Қызың өткір екен. Тілім тасқа. Енесін үй айналдырып қуып, сабап жүр. Көрмегенсіп кетіп қалдым... Алды-артыма қарамай автостансаға тарттым. Әтлишниктің келетін күні еді.

– Ақсақал, отбасыңызда неше адам бар, – дедік насыбайүккішке түсіп кете жаздап отырған Қарғабай шалға. – Неше адам дейсіңдір ме? – деді ол жағалай түшкіріп. – Екі адам, ал ендеше. – Прәпескеде бесеусіздер ғой! – қаладан келген уәкіл жерден жеті қоян тапқандай өзеуреді. – Бесеу дейсіңдер ме, қайдағы? Тұңғышбайдың ит болғанына таяуда қырық жыл толады. Бір деп қойыңдар... Сөйтті де, есікке қарады. Біз де жалт қарадық. Табалдырықта дүрдійіп қара төбет жатыр. – Қаппай ма, өзі?! – Қапқанда қандай. Кемпірдің жарты бетін жұлып алған жоқ па?! – Жеп қойды ма, сонда?! – баж ете қалдық. – Кемпірің тірі ме, ойбай? – деп уәкіл шырқырап жатыр. Әр дауыс алтынға бергісіз боп тұрғанда, қайтсін-ай. – Жә, бақырмаңдар, тірі – деді шал. Бұл итті адам қып тапқанбыз, кемпір екеуіміз. Қалжасына сойған қошқарым қандай еді. Төрт жігіт жабылып зорға жыққанбыз, шешеңнің... Енін Якуб көршіміз бір апта ауқат қылып еді. – Төртеу екенсіздер, тәк, – деп уәкіл даусын көтеріп еді, қара төбет ырылдап жібергені. Әп-сәтте бейшараның тұрған жері шыл-

қылдап кетті. – Тұңғышбайдың түрі жаман екен, – деді уәкіл төбетке қарап. Шал қақалып-шашалып түшкіріп қояды. – Екінші қу – Пермебайды сәбет үкіметі құлағаннан бері көргем жоқ. Кемпір айтады «бүкіл ауданның туәлетін қазып бітірді. Енді көр қазып жүр», – деп. Табысы өзіне жететін сияқты. Әйтеуір рәкета құлаған сайын той жасайтын көрінеді. Заказ көбейетін болды, – деп. – Үшеу екенсіздер ғой, – дегенді уәкіл тұтығып зорға айтты. – Түймебайдың прәпескесі түрмеде, қалай үшеу боламыз? – деді шал шегі үзілердей түшкіріп. – Смотрящий деген қызмет істейді екен. Бастықтары жақсы көреді екен өзін, – дейді кемпір. Бізден сұрайтыны шай, көнің кепкір. Нағашылары шайқор еді. Бұл ит олардан да асып түсті. Қарғабай шал насыбайүккішке түсіп барады. – Солай шырақтарым, жарты бет кемпір екеуімізді тіркеп тарта беріңдер. Уәкілден ыңғайсызданып барам. – Әлгілерді қосып жаза салсақ, - деймін. – Өздерің біліңдер, – деді шал астыңғы ерні дүрдиіп, елтіп қапты. – Біс цайлаған тепутат не волар тейсің... ... Шалдың айтқаны дөп келді. Біз сайлаған депутат төрт жыл мұрнын шұқығаннан басқа түк бітірмеді. Әлде, миы мұрнында ма екен?

Оқудағы ұлдан хат кепті. «Бапа, – депті. – Етті сағындым. Құрт қосқан сорпаны сағындым. Қойдың құйрығын сағындым...» – Жалмауыз, – деппін сасқанымнан. – Адам деген әке-шешесін, туған-туысқанын сағынушы еді. Емтиханға ақша беріп жіберіңдер, ет сататын кім ше, содан – депті тағы. – Зашот – 500, егзам (үш) – 1000, төрт – 1500, бес - 2000 теңге. Әтлишник болайыншы, бапа, – депті. – О, Әкеннің, ... сенің тапқан балаң, деп қатынға шаптым. Ол: – Алқаштан тапқан бала оңа ма? – деп өзіме қарсы шапты. Көзімді жұмып тұра қалдым. Дұрыс сияқты. Бірер күннен

Ауданнан Гуля звандады: – Көке, білесіз бе, сіздерге кісі бара жатыр. – Әй, шырағым, өздеріңде арұят бар ма? Кеше ғана келіп кетті ғой бір қорасы! – аттандап жатырмын. – Әкімге қосайын ба, көке? Түлкі бикеш қалай өлтіретінін біледі. Сылқ ете қаласың. – Жә. Кім келе жатқан? – Итемген деген. Аты ма, пәмилесі ме, білмеймін. Әйтеуір тақпақ жазады. – Жақсы, трубканы тастай салдым. Тілипон қайта безектеді. Гуля екен. – Көке, неге толық тыңдамайсыз. Итемгеннің жанында бес адам бар. – Әй, өзі естерің дұрыс па? – Әкімді де айтып тұрсыз ба, көке? – Жоқ-ей! – Бір-бір ат мінгізсін дейді, көке? – Көкең құрысын, көкең! Мен не, ат шығаратын зауытпын ба, әлде, асыл тұқымды айғырмын ба? – Қожалықтарыңыз қайда? – Оу, оларды бітірдік қой. Мені көрсе үйлерінен безеді. – Атай салыңыз. Бәрібір бермейсіз ғой... ...Сонымен, Итемген келді бес әріптесін

ертіп. Бір «скорыйда» өздері, бір «скорыйда» сықиған кітап. Өліпталып мектептің спорт залын толтырдық. Сөз аңдыған қулар өздері келді. Төрдегі үстелге қызыл мата жаптық. – Тұқымымызды құртқан кеңестің туымен түсімен түстес екен, – деп ыңырынды Итемген. Бұл да әдеттегідей тектінің тұқымы болып шықты. Бес «ұяласы» ыржыңдап тұр. Қатынды жүгіртіп, құдағи өлгенде берген шапандық жасыл пүлішті алғыздым. – Вахабис емессіңдер ме-ей? – деп шақшиды Итемген. Қасындағылары қутыңдап қалды. – Атаңа нәлет, баста, бастамасаң, әйдә кет! – деп ауыл патриоты Темірбай атып тұрды. – Ерігіп отырған ел жоқ, бұл кешке той болатын жер. Сол-ақ екен, той иесі Аюбай дүлей, айқайға басты: – Тақпақтарыңның аузын ұрайын, сендерді шақырған кім өзі?! Көзімнен жас ыршып кетті. Айналайын ақ жүректерім-ай! Әйтсе де, өңешімді жыртып жатырмын: – Оу, халайық! Мына жігіттер өзіміздің жігіттер екен. Оңтүстік астанадан келіпті. Шетінен тақпақ жазады екен, – осы кезде бөксемнің тыз ете қалғаны. Итемген екен шымшып алған. – Ақындар деп айт, – деп, итің ызбарлана қалыпты. – Гулямен хабарласпасам... – Ақындар, бұлар ақындар, – деп түзете қойдым. Итемген қатарласып таныстырды: – Бақабас Көкбас, Түлкібай Күзен, Жыланкөз Жарқанат, Алабас Қарабас, Текебас

ғаттар еді. Ең құрымаса сағатты да түзетпейтін болдың, шешеңді... – деп. Жүректілері сілейтіп те салар еді. Сосын, долданған қатындар радио аңдып, ақымақ тауықтардың қатесін дәлелдер еді. Шетте отырып шақырғандардың біразы әп-сәтте бастарынан айырылып, сорпаға айналар еді. Ал, ол болса, қанжынға бөккен жемге қарқ болар еді. Мұның әу бастан ит болып тууы да мүмкін еді. Бірақ, жеті қазынаның бірі саналатын тәуір бабаларына тартпас еді. Қысылса, қорқауларға жол көрсетіп, аулалас жануарларды қырғынға ұшыратар еді. Тіпті, ұяластарын да қиып жі-

берер еді. Қарны ашса үй иесінің ақкөңіл, етжеңді бәйбішесіне де ырылдап, сілекейі шұбырар еді. Қысқасы, жылан болсын, бүйі болсын, қарға болсын, Бақырбек жаратылысына жат болар еді. Өйткені, ол адам емес! Азаматтарды араңдатып, нан тауып жүр...

жуып зыр қағып жүр. Әрі көрші-қолаңның балаларын бағады, – дейді білетіндер. Айта берсең әңгіме көп. Осындай әке болады ма? Кемпірі өлгенде жиналған ақшаға үш қабатты үй соқтырды. Абажадай мәшине алды. Ал, туған баласына түк татырмайды, – дейді ел.

Той-томалаққа, өлім-жітімге әкім бала мүгедек атасынан қалған “Запорожецпен” барады. Екі есігінің біреуін тақтаймен бекітіп алыпты. Келін екеуі бір есіктен кіріп-шығады. Алда-жалда дәрет қысса келін байғұс қайтеді, ә? Туыстары айтады, шайқор деп. Мен қайдан білейін... Үш орынбасары әйел адамдар. Қатын емес. Қызметке домашний тәпішкемен келеді. Өйткені, елдің жоғын жоқтап жүгіре-жүгіре аяқтары күп болып іскен. Өкпелері ағып кеткен. Ысылдап сөйлейді – ертегідегі жыландар сияқты. Айтыстарына қарағанда, қысы-жазы киіз үйлерде тұрады, жалғыз көлдің жағасында, кент қоқысына жақын жерде. Мұнда түлкі, қарсақ, қоян үйір екен. Күйеулері соларға тұзақ құрып, кәсіпкерлікпен айналысады. Балық аулап, базарға шығаратын еді. Ол базар сатылып тынды. Енді сырақорлармен тікелей байланыста. Кейде бірге ішіп кетіп,

Жезқазғандық қаламгер Базарбай ӘЛЕУХАНҰЛЫНЫҢ шығармашылық шеберханасы – көзі қарақты оқырманның ұдайы назарында. Поэзия патшалығында өзіндік қолтаңбасымен ой толғап жүрген әріптесіміздің ерекше қыры – сатирадағы сұрмергендігі. Қаламы – жебе, назары – найзағай. Көздегені Оспанхандай ондықты опырмаса да, тоғыздықты тоздырып-ақ жүр. Тілінің тотяйыны бар. Уытты тілі «шатағы» көп жердің шаңырағын шайқамаса да, уықты сықырлатып жіберердей қауқарлы. Күлкі күніне таралғы еткен Базкеңнің базарлығы – назарларыңызға ұсынылып отырған алты әңгіме. Оқыған соң, ішегіміз түйілгенше күлерміз. Бірақ, бұл күлкінің астарында ащы ақиқат жатыр. Өйт-

Бұқа. Бәрі – белгілі ақындар. Танитын шығарсыздар. –Танымаймыз, білмейміз, – деп шуылдады кәрі-жас. – Аттары жаман екен, бұларыңның, – деп мектеп күзетшісі Желгүл жеңгей шегін тартты. Қуып кіргізген оқушы балалар жер тепкілеп, әйдә ысқырсын. Көзімнен от жарқ ете қалды. Итемген екен үзіп алған. – Гуляға звандайын. Тілипон қайда?! – дейді. Зәрем кетті. Халқыма тап бердім. – Әй қойсаңдаршы! Ұят емес пе? Танымасаңдар, танысамыз. Кітаптарын алып кепті. – Жетеді, – деп ақырды ауылдың қисығы Ауданбай. – Өлгенде көрген пенсияма қайта-қайта кітап алып... – Алмаймыз, – деп өзеуреді бір-екі жас мұғалім. «Нағыздың...» мүшелері ме екен? ... мектеп деректіріне қарадым, тісімді қайрап. Жақын тұрғанда бір жерінен қыршып алатын едім. Қойшы, не керек, ушаскобидың күшімен ақындарды зорға алып шықтым. Бізге бөлінген кітаптарын түсіртіп алдым, әдеттегідей. Итемген ет жеп отырып «А-ға», «Бға», «С-ға» деген тақпақтарын оқыды. Қатарластары да қалған жоқ. Тақпақтарында мұң басым екен. Содан ба екен, біреуінің қышымасы қозып дыр-дыр қасына бастады. Біреуі жоғарыдан звандатып, бәрімізді қыратын болды. Мен ауылдың атынан алғыс айтып, бәріне ат атадым. Ертеңінде Гуляның тапсыруымен көрші ауылға шығарып салдым. Кім күтіп отыр дейсің, тақпақшыларды. Алла аясын...

келе қатындарын сабайды. Басшы қатындарды ұру қандай екен, дейді жігіттер. Мен қайдан білейін... Айтайын дегенім, бұлардың да әке-шешелері қатыгез. Кең сарайдай коттедждері бар, пенсияларына тұрғызған. Ең құрығанда арендаға кіргізбей ме, әкімнің әкесі сияқты. Қоянның етін жегенде сондай, сілекейлері ағып. Балықты ащылағанда сондай, саптыаяққа түсіп кете жаздап. Түлкі-қарсақтың терісінен тон кигенде сондай, дейді құда-жегжаттары. Мен қайдан білейін... Біз енді түсіне бастадық басшыларымызды. Арыз да жазбаймыз ешқайда. Үйсіз-күйсіз, аш-жалаңаш жүрген бейшаралар біреудің жағдайын қайтіп шешеді?! Олар адам құрлы пропискада да жоқ. Үкімет қайда қарап отыр...

кені, Базкеңнің кейіпкерлерін күнде көріп жүрміз. Қиналмай тауып аламыз. Олардың іс-әрекетін айнытпай бейнелеген. Шыныдай мөлдіреп шыққан шынайы дүниелердің әрқайсысында сынған шынының қырындай өткірлік бар. Сықақшының шеберлігі – сонда. Айтпақшы, Базарбай Әлеуханұлы – Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бірлесіп ұйымдастырған ашық бәйгесінің 2002 жылғы жеңімпазы. Сол жолы Оспанхан Әубәкіров атындағы сыйлықтың лауреаты атанған. ...Айналамызда кімдер жүргеніне Базкеңмен бірге барлау жасайық. Күле отырып, қоғамның дертін де біле отырайық, қадірлі оқырман! Алдар атамыздың туған күні – Күлкі күні құтты болсын. «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясы.

Ауылға протон құлағанын НТВ-дан естідік. Іле-шала құзғындай құжынап вертолёттер қонды. Ырс-ырс еткен нөкерлерін ертіп бір орыс түсті. – Силиматсыздар, силиматсыздар, – деді сақауланып. – Салам, салам, – деп шуылдап жатыр қалғандары. – Қош келдіңіздер, қош келдіңіздер! – деп біз де жүгіріп жүрміз. Осыншама ұлық біздің Қарасорға келеді деп кім ойлаған?! Содан дөкей орыс сөйлеп берді. Шала-пұла ұққанымыз: үлкен бастықтар қатты абыржып жатқан көрінеді екен. Министрледің бәрі аштық жариялапты. Жер бауырлап жылап жатқандары да бар екен. Сақау бастық уһілеп отырып қалды. Су беріп едік ішпеді. – Ештеңе етпес, ештеңе етпес, Бірінші рет емес қой, – деп шуылдады ауылдың әкімі әкесі екеуі жарысып. Қырық жыл селсәбет болған Ауданбай деген қайынатасы сөз сұрады. – Олла-біллә, сол күні жел басқа жақтан болды. Әдеттегідей, тансәріде дәретке шығып едім, зәрім бетіме шашырап берекем кеткені. Демек, жел біздің Қарасорға қарай емес, Қараойға қарай соққан. Онда ылғи оралмандар тұрады. Бір мес қарын орыс бастықтың құлағын жұтып қоя жаздап сүйрендеп жатты. Келесі сөзді екі қолын бірдей шошаңдатып Ауданбай шалдың құдасы Қарғабай алды. – Бізге ешқандай бәле төніп тұрған жоқ. Үйренген нәрсе ғой, өздерің уайымға салынып ауырып қалмаңдар. Бұл жерде Ресей де кінәлі емес. Бәрін бүлдірген жапон. Арт дегенге арта бере ме екен, иттің балдары. Норма деген бар емес пе?! Жермен жүретін зат емес, ауада ұшатын нәрсе, құламағанда қайтеді? Біз үшін үкімет отставкаға кетіп жүрмесін! Қаптаған нөкердің басы изеңдеп кетті. – Ракимет, ракимет! - деп қояды. Іле-шала көзәйнегі жарқырап сақау бастық сөйлеп берді. – Бұрын-соңды болмаған зерттеу жүргізіледі. Нәтижесі жарияланады. Кінәлілер жазаланады! – Оттай бер! – деген ащы айқай сөзді бөліп жіберді. Жалт қарасақ, жиі-жиі жындыханаға жатып кеп жүретін Елібай. – Түк болмады, титтей зиян жоқ демесеңдер, мұрнымды кесіп берейін! Полицайлар сүйреп әкетпегенде мүлде ұят болатын еді. – Кешіріңіздер, – деді сайлау сайын жылап жүріп депутаттыққа өтетін Ақаубай жылпос сөзге килігітіп – «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген, значит «одно бараний говно испортить очень много ручного масла». Тағы кешірім сұрап көсіліп берді: – Жағдайымыз жаман емес. Протон құлаған сәттен емделудеміз. Әдеттегідей арақпен. Балдардың аузына шай қасықпен тамызамыз. Шал-кемпірге нанға шылап беріп отырмыз. Күніне үш-төрт мәрте, тамақтың алдында. Ел күндіз-түні ұйқыда. – Дұрыс, дұрыс, – деп месқарындар ыржаңдап қалды. Бір қызығы, сойған қойдың етінен қонақтар татып алмады. Бір кесе шай да ішпеді. Көздері бақырайып бізге қарады да отырды. Әлде, Елібай жындының сөзін көңілдеріне алып қалды ма екен?

(Карикатуралар ғаламтордан алынды.)


6

Сенбі, 1 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» (Абай) демекші, қасиетті сахна өнеріне кімдер келіп, кімдер кетпеді. С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры алғаш құрылған кезінен еңбек жолын сонда бастап, өмір бойы сахнада нардың жүгін көтерген өнер қайраткерлері қаншама?! Тұрмыс жағдайларына байланысты сахнамен қоштасып, басқа жұмысқа ауысып кеткендер де, өнер жолын көтере алмай жолда қалғандар да, еңбекақысының аздығына бола өкпелеп кеткендер де жетерлік. Әсіресе, әйел артистерге сахнада қызмет ету оңай болмады.

Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан» Наурыз мерекесі қарсаңында әкімшіліктен үй телефонына қоңырау шалып, Қазыбек би ауданының әкімі құттықтап келетіні туралы ескерткен еді. Таң қалды, сеніңкіремегені рас...

К.Ғабдуллина

Таған

...Әкесінің аржадан шегелеп, аяқ киім қалпына келтіріп берген тағанды ескі пимасының сыртынан шегендеп байлап алып, мектепке асыққан. Ашқұрсақ жүрсе де, сабағынан қалмау әуелгі әдеті. Ашқан қарын бір тойынар, сабақты өткізіп алса, қатарластарынан қалып қоюды өзіне ар санап, көктемгі еріген қардың суына, көшенің батпағына қарамай, мектепке асығып-ақ келеді. Пима деген аты. Тесілген жеріне қонышынан жамалып, әбден аяқ киім деген атынан айырылса да бары сол, жалаң аяғына киген пимадан өткен су аяғын қарығанын тіпті елең қылмай, жүгіріп мектебіне де жетті. Кіре беріс жерде қаз-қатар тізілген көп тағанның арасына өзінің де тағанын шешіп тастап, сабағына кірісті. Жазғы демалысқа шыққаннан кейін колхоздың жұмысына кететін. Ер-азаматын соғысқа аттандырып, күні әйел мен қарасирақ балаға қараған колхоздың бар шаруасы болмаса да, біразын осылар атқарды. Еркелік танытып, түске дейін керіліп жату қайда. Өздері бекітілген колхоздың бір үйінің босағасынан орын алып, кешке жұмыстан шаршап келгенде сол беті құлай кетіп, таңертең жатқан орындарынан тұратын. Тамақ болса ішіп, болмаса қара суды да қанағат етіп, үш ай жаз қырман басында астық бастырып, сабаққа екі күн қалғанда колхоз председателі еңбекақылары үшін үш пұттан (1,6 кг) астық бергені бар. Өгіз арба жеккен үлкенді басшы етіп, бала-шағаны арбаның соңынан жаяу шұбыртып, үйлеріне қайтарды.

Қара қазан

Мектепті бітірген соң Қарағандыдағы Молотов атындағы екі жылдық мұғалімдер институтына оқуға түсті. Қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың бас ғимаратының екінші қабатында сабақтары өтсе, үшінші қабаты жатақхана. Бір шалбар, бір жейдемен жүріп, сабақтан қолдары босай қалған уақытта доп ойнап уақыт өткізетін. Ал кешкісін сол жалғыз шалбарға су бүркіп сеуіп, астарына басып жатып, қырын сындырды. Бірінші курстың ортасында, қаңтарда он күндік демалысқа жіберді. Қазіргідей сайрап жатқан асфальт жол қайда, Қарағандыға қайдан келіп, қайдан қойғанын білмейтін өңшең бала, әйтеуір біреулерден естіп жүріп, ат шанасы бар, жолды білетін бір адам тауып, стипендиядан жинаған азын-аулақ қаражаттарынан ақшасын төлеп, Қарқаралыдан оқуға келген екі ұл, екі қыз, жолға шыққаны бар. Ат шана алда, төртеуі соңында, Арқаның қақаған қысы. Киімнің жұтаңдығы мен жұқалығына ауылға асыққан көңіл қарай ма? Алты күн жолда жүріп, бет-ауыз тұрмақ, бүкіл денелері аяздан домбығып ісіп жетті үйлеріне. Өлтірмей жандарын алып қалғаны – жол бойында тұрған, шымнан салынған жаман үйлердің қорасы. Ол кезде оларды бекет деп атайтын. Қазір ол жерлер бір-бір ауыл, аудан орталығы. Соғыстан кейінгі кез, қорада мал қайдан болсын, жаяу-жалпылы шұбырған жұрт кіріп жан шақырсын дейді ме, қалыңдап төселген шөп пен сабан төсек болды жолаушыларға. Жолай тұрған қай үйдің қорасына түнемесе де, ортада астына от жағылған қара қазанда су қайнап тұратын. Өздерімен бірге алып жүрген темір саптыаяқтарын толтырып ішіп жылынып, жан шақырды сол жерлерден. Жағдайлары болмай, Құдай айдап келген қонағын төріне оздырып, малын сойып, қазан көтеруге шамасы келмесе де, қорада қара су қайнаған қара қазан талайдың өміріне арашашы болды.

Ісіміз – адал еңбек

Институтты бітіргеннен кейін, Қарағаш колхозына тарих пәнінен

мұғалімдікке жіберген. Аблан аталатын қыстақтағы ағаш үйден салынған мектепте біраз жыл еңбек еткеннен кейін қазіргі 1 Май совхозына мектеп директоры болып келді. 23-24 жастағы бойдақ, балаң кезі, жұмысқа бар ынта-шынымен кірісті. Өмірлік жарын да осы жерде жолықтырды. Алматы қыздар педагогикалық институтын бітіріп келген талдырмаш сары қыз бір көргеннен көңіліне жақты. Тағдырдың жазуы дейді оны өзі. Демалыс уақытында Қарқаралыда тұратын әке-шешесінің үйіне сұранған оны жібермеуді сылтау етіп, бар жұмысты үйіп-төккені қызғанғанынан болатын. Тоғыз жылы мұғалімдікпен, жеті жылы директорлықпен өткен өміріне өкпесі жоқ, абыроймен атқарды. Еңбегі бағаланып, 1956-1976 жылдар аралығында Қарқаралы аудандық партия комитеті мен аудандық атқару комитетінде жауапты хатшы, одан кейін он бір жыл бойы Совет атқару комитетінің төрағасының орынбасары, кейіннен аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Абыроймен зейнетке шықты, Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы, дербес зейнеткер. Басқа атақтары да жеткілікті, олардың барлығы өз алдына жеке дүниелер...

Бақытты отбасы ...65 жыл бір шаңырақ астында бес бала тәрбиелеп өсірген жары Мәдиша Әрінова да 34 жыл мұғалімдік қызмет атқарды, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі. Кез келген қазақ әйелі сияқты еріне Құдайындай сыйынып өткен оған алғысы шексіз. Жұмыспен жүріп, бір-бірімізбен сөзге келмек түгіл, қабақ шытысуға да уақыт болмапты дейді. Балаларының жақсы адам болып өскені – жары Мәдишаның еңбегі. Бос уақыттары бола қалса, кітап оқумен айналысатын балаларымызды, бізден гөрі осы кітап тәрбиеледі дейді. Ол да рас шығар. Үйлерінде құнды қазынасы, үш мыңға жуық кітаптан құралған кітапханасы бар екен. Әлі күнге дейін көздерінің қарашығындай сақтап отыр. Жай кітаптар емес, өздері куә болған, өздері де қолдарымен жасаған тарих олардың барлығы. Өмірлеріне жол сілтеген, балаларының да адам болып қалыптасуына септігін тигізген құнды дүниелер. Балалары ер жетті, әрқайсысы өз алдына жеке отау. Жанатбек – ауыл шаруашылық техника инженері, Гүлнар орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, абыройлы ұстаз, Гүлжахан – адвокат, Бейбіт – экономист болса, Раисасы – қаржыгер. Барлығы да өздері көрсеткен адал жолмен еңбек етіп, ел ырысын еселеп отырған азаматтар. Бес баладан 11 немере, 9 шөбере сүйіп отырған қадірлі ата мен әже бұл күні. Шынымен армансыз!

Сөз соңы... Бұл – қиындыққа мойымаған, өмірі үлгі боларлық, адам атын абыроймен алып жүрген, жасы тоқсанға келген Мақыш Жұманбаевтың өмір жолынан үзінділер ғана. ...Сенбегенімен де, 22 наурыз күні Қазыбек би ауданының әкімі Татьяна Шатохина өзі арнайы келіп, сый-сияпатымен құттықтап кетті. Біраз әңгіменің де басы қайырылды бірге отырып. Аумалы-төкпелі заманды басынан өткеріп, Тәуелсіздік жылдары еңбек етпесе де, еліне қалтқысыз қызмет ететін ұрпақ өсірген Мақыш ата мен Мәдиша әженің өмір жолы өздері құрмет тұтатын бір кітапқа арқау болары сөзсіз. Көрген бейнеттің орны көңілмен, ниетпен толатынындай, елінің тарихында, Қарқаралы тарихында өшпес орындарының бар екендіктері көңілді қуантады.

Т

еатрдың алғашқы қарлығаштарының өмірден 90 жасқа келіп өткен соңғы тұяғы – Күләш Ғабдуллина.

1990 жылға дейін облыстық театрлар жаздық гастрольге үш айға кететін. Қарағанды театры Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Торғай, Павлодар облыстарын айтпағанда, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау облыстарына дейін «Кубан» автобусымен аралайтын. Қара жол, шаңдақ, жауын жауса жер батпақ, қаншама жол азабы. Ауылдарда қонақүй жоқ, түсетін үй де табылмай қалатын, клубта қонып, тамақты өздері пісіріп, дайындайтын кездер де аз болған жоқ. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы кезінде, одан кейінгі жылдарда да ат арба, өгіз арбамен жүріп ел аралаған. Халықтың еңсесін көтереміз деп ауыр кезеңдерде емшектегі балаларын өздерімен бірге алып жүріп, спектакльдер көрсетіп, концерттер қойған. Өнер үшін бар қиындыққа төзіп, сахнада небір алуан кейіпкерлерді сомдаған қайсар қайраткерлер аз болған жоқ. Өкініштісі – өнер үшін, өзінің сүйген мамандығы үшін отбасылық бақытынан да бас тартып, зейнеткерлікке шыққан соң елеусіз, ескерусіз қалып жатқандар еске түскенде жаның ауырады.

Күләш апай өте зерек, театр тарихын жақсы білетін, бұрыңғы жұмыс істеп кеткен актер, режиссерлар туралы көп айтатын. Жасы ұлғайса да сергек, жады мықты, әңгімешіл болатын. Замандастары туралы, бастан кешкен замана қиындықтары мен қуаныштарын әңгімелегенде сөздің дәмін келтіріп, күлдіргі жайттарын қосып айтатын. Әсіресе, ат-өгіз арбамен ел аралаған кездерде неше түрлі жайғдайлар, қиындықтар кездесіп қалғанда қалай сытылып шыққандары, әріптес-құрдастарының неше түрлі мінез-қылықтарын көрсеткенде, ойнаған комедиялық рольдерін салғанда (копировать) ішек-сілеңді қатыратын.

М

ен театрға келгенге дейін сахнадан қол үзіп кеткен Ү.Әбеуова, М.Баязитова, Р.Өтелбаева сынды басты рольдерде ойнаған апаларымды айтпағанның өзінде, бізді 1968 жылы туған балаларындай құшақ жая қарсы алған, өмірлерінің соңына дейін мейірім шуағын шашып, әр жетістігіме қуанған апаларым жөнінде тоқталмақпын. Бізде бір жаман ғадет бар: артистерді жалпы өнер, әдебиет адамдарын көбіне талантына қарап емес, атағына қарай құрметтейміз. Ол атақты (орден, медаль) көкесі алып берді ме, асаба болып аты шығып алды ма (әсіресе, талай шенеуніктердің балаларының тойын басқарып), талай жолдары бар ғой, онымен шаруасы жоқ. Сахна өнерінің реформаторы К.Станиславскийдің «Кішкентай роль жоқ, кішкентай артист бар» деген қанатты сөзі бар. Театр бар уақытта ешқашан да өлмейтін, өшпейтін қағида... Сол кезде біздің апаларымыз көпшілік сахнаға (массовкаға) шыққанның өзін мәртебе көретін. Және де жәй шыға салмайды, бірбіріне ұқсамайтын грим салып, бірі ақсақ, бірі соқыр, бірі пұшық болып, неше түрлі мінездер тауып алатын. Өнерге шексіз берілген апаларымыздың бірі марқұм Күлән Көлбаева 1937 жылы көркемөнерпаздар үйірмесінен келген. Күлән апай көбіне адуынды, тәкаппар, ешкімге дес бермейтін, ішкі қуаты (темпераменті) мол рольдерімен сахнаны жандандырып жіберуші еді. Әсіресе, Ж.Сәрсеков пен З.Жақыповтың «Бажалар мен балдыздар» комедиясындағы Разия ролін керемет ойнаушы еді. Сахнаға долданып шығып, алдында сүмірейген күйеуі Жанайдың шаңын қаққанда көрермендер күліп отырып, Жанайға жаны ашып, аяп отыратын. Сахнада шынайы ойнайтын және режиссердің берген мизансценасын (берген бағытын) еш өзгертпейді, әріптесінен де соны орындауды талап етеді. 1962 жылы Алматы қаласында өткен есеп беру онкүндік гастролінде астаналықтар алдында шеберлігімен көзге түсіп, сыншылар мен көрермендердің қошеметіне бөленген артистердің бірі К.Көлбаева болатын. Қарағанды театрының тарихын ең алғаш зерттеп, спектакльдерінің көбін 1962 жылы Қарағанды қаласына келіп көріп, Алматыдағы талдауда өз пікірін ортаға салған өнертану ғылымының кандидаты Қажықұмар Қуандықов: «Бойында өнер қуаты мол, театрдың ескі көздерінің бірі Күлән Көлбаева ойынында долылық, сыйқырлық кейпі айқын көрінеді. К.Көлбаева күшті темпераментті, кең дауысты, келбетті актриса. Оның осы жақсы қасиеттері «Жалғыз ағаш орман емес» спектакліндегі Ұлтуған, «Құдағи келіптідегі» Фатима рольдерінде келісті, ерекше тартымды сипат береді. К.Көлбаеваның кесек бітімі Көклан ролінде бүкшиген кемпір бейнесіне айналған. Бірақ, бойына біткен шоқты мінез жалыны бір елдің саққұлақ қарақшысы

кейіпкерлерді сомдауға қабілетті артист екендігін мойындатты. К.Гольдонидің, Ф.Шиллердің, М.Әуезов, А.Островский мен Н.Гоголь шығармаларында көптеген кейіпкерлерді тамаша сомдап, сыншылардың ықыласына бөленгенін көруге болады. Театр сыншысы Қ.Қуандықов «Үйленудегі» Фекла Ивановна, «Абайдағы» Ұлжан бейнелеріне тоқтала келе «нанымды тұлғалар жасаған» деп атап көрсетеді. Әншілігі ерекше жан еді. Ауылдық жерлерге гастрольдік сапармен барғанда спектакльдердің соңынан концерт беретінбіз... Сонда «Әйкен-ай», «Шилі өзен», Дурияның ариясын керемет орындайтын. Ал «Жиырма бес», «Екі жирен» әндерін орындағанда көрермендер сүйікті әншісін сахнадан жібермей, қайта-қайта қошемет көрсетіп отырып алушы еді.

М

М.Мұқатаева, М.Николаева, Қ.Ахметова

болған Көкланның «кешу білмес» қаталдығын беруде шеберлігімен келген күйдей болып тұр. Оның тастан-тасқа секіріп ұшып түсуі, кейде жынын шақырған бақсыдай шыр айналып, тіміски қадала қарауы, жәдігөйлене сылқ-сылқ күліп, кәрілік жеңген адам қалпына ене кетуі де Көклан мінез-қылықтарына, мақсаттарына тән, лайық.

А

ктриса бұл рольде сырт қимылға ерекше мән береді. Қимыл ішкі күйден туатыны мәлім. Ол айтылар сөздің мағынасын толықтырып, сөз әсерін күшейтеді», – деп жоғары бағалаған болатын. Сарғайған театр тарихының беттерін ақтарып отырып, сол жылы «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі» атағына ұсынылған іс-қағазына көзім түсті. Театрдан төрт артиске беріліп, екеуіне берілмей қалғандардың бірі – К.Көлбаева. Өкінішті.

С

ахнада кербез, байсалдылығымен көзге түскен артистердің бірі – Қалимаш Ахметова. Кезінде конфискацияға ұшыраған Тоқырауын бойының атақты байы, Аққыз күйшінің әкесі Ахмет байдың қызы. Қалимаш апай да домбыра тартып, ән салатын, өте иманжүзді, мәдениеті жоғары, ешкімге дауыс көтеріп сөйлемейтін биязы кісі еді. Театрға көркемөнерпаздар үйірмесінен 1938 жылы келген табиғи талант иесі. Сахнада Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» драмасында Дәмелі, М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясында Теңге, «Қарақыпшақ Қобыланды» тарихи драмасында зар илеген Аналық образдары Қалимаш апайдың сомдауында өте әсерлі, толыққанды кейіпкерлер болып театр тарихында қақталып қалды. Ал бүгінгі күн тақырыбына жазылған драматургиялық шығармаларда замандастар бейнесін сомдаудағы жетістіктері ерекше көңілге қонымды. Ойнаған рольдерін саралап, ой елегінен өткізгенде көбіне Аналар образын сомдаудағы таланты көзге түседі. Қ.Мұхаметжановтың «Бөлтірік бөрік астында» комедиясындағы Қатира, Ж.Сарсеков пен З.Жақыповтың «Сапарластарындағы» Айжан, «Бажалар мен балдыздар» комедиясындағы Прокурор образдары көрермендердің көңіліне ұялап, артист Қалимаш апамыздың творчествосындағы елеулі кейіпкерлер галереясы болып есте қалды. Шетел классикалық шығармаларында Ф.Шиллер, К.Гольдони кейіпкерлерімен қоса, Орыс драматургиясының озық шығармаларында да

образдар сомдауымен көзге түскен артистердің бірі. Әсіресе, Н.Гогольдің «Үйлену» комедиясындағы Фекла Ивановна образы автордың діттеген жерінен шыққан комедиялы штрихтерге толы кейіпкер. Сахнада қырық жылдай еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан соң, театрға келіп, жас артистерге ақыл-кеңесін айтып, спектакльдерін көріп, жетістіктеріне қуанып, батасын беріп қайтушы еді. Адамгершілігі мол, өте кішіпейіл жан болатын. 1944 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Президиум Грамотасымен марапатталды. 1938 жылы театрға алғаш келгеннен-ақ көрермендерді селт еткізген талант иесі Мариям Мұқатаева болатын. Сол кездегі жазылған театр тарихының беттерінде: «1937 жылдың соңғы айларының бірінде театрға тағы да бір жалындаған жас қыз келіп қосылды. Ол «Қызыл орамал» атты биін де ала келді. Бидің онша дамымаған кезінде, музыкалы-драма театр үшін бұл үлкен қуанышты табыс болды. Ол қыз театрдың белді артистерінің бірі Мариям Мұқатаева еді. Мариям театрдың би-балет жанрына үлкен үлес қосқан актриса. Бірақ ол тек биімен ғана емес, драмалық рольдерде өзін тез танытты. «Қобыландыда» - Құртқаның, «Аршин мал-аланда» Әсияның, «Зұлымдық пен махаббатта» Ледидің, «Зәуреште» Сағадаттың рольдерін, т.б. көптеген рольдер ойнады»,делінген. Мария апай сан қырлы артист болатын. Жанр таңдамайтын, қандай кейіпкер болса да тез меңгеріп, сахнаға алып шығатын. М.Әуезовтің «ЕңлікКебек» трагедиясындағы даланың ерке аруы, махаббаты үшін сол заманның әдет-ғұрпын бұзып өткен Еңлік, «Қарақыпшақ Қобыландысындағы» сұлу Құртқа, С.Жүнісовтің «Ажар мен Ажал» драмасындағы сынаптай зырылдаған жеңгетай Сарыжорға, Қ.Мұхаметжановтың «Құдағи келіпті» комедиясындағы беймаза, тәкаппар құдағи Марфуғаның шешесі, У.Гаджибековтың «Аршин мал-алан» музыкалық драмасындағы Әсия образдары өзінің толыққанды бояуларымен, сахнадағы әсемдігімен, сұлу іс-әрекеттерімен ерекшеленіп, тек Мариям Мұқатаеваға тән шеберлікпен өнер қуған ізбасарларына үлгі болып қалды. Өзі биші болғандықтан актерлердің сахнадағы сырт сымбаттылығына көп көңіл бөлетін. Спектакльдерге биді өзі қоятын, жастарға би үйрететін. Жасы келіп, зейнеткерлікке шыққанның өзінде де сахнада өте әдемі қозғалатын. Әр халықтың мәдениетін, дәстүрін өте жақсы білетін. Театр жанындағы актерлік студияға биден сабақ беріп, жас

ұрпақты өнерге дайындауда көп еңбек сіңірді. Еңбегі бағаланып, кезіндегі Совет Одағы мәдениет қызметкерлерінің үздігі төсбелгісімен марапатталды. Кезінде бірнеше рет еңбегі сіңген атағына ұсынылса да жолы болмады. Әрине өкінішті, әйтсе де облыстық театр тарихында елеулі рольдерімен, өнерге шын берілгендігімен өшпес ізі қалды.

Т

еатр тарихында ұмытылмайтын өнер шеберлерінің бірі әнші-артист Мария Николаева. Ұлты басқа болса да, қазақ тілін жатық білетін, әндерін асқақтата салатын талантты артистердің бірі

арқұмдар К.Көлбаева – Разия, Ә.Шаймерденов – Жанай, Т.Жабаев – Салмақпай, Күләш апай – Салиха төртеуі сахнаға шыға келгеннен көрермендерді баулап алуы да, спектакль біткенше тізгінді босатпастан ішек-сілеңді қатырып, күлкіге матап тастайды. Төртеуі бірін-бірі көз қарастарымен-ақ ұғысады. Сахнада сөзден гөрі көп қыймылдармен әрекет етеді. Нағыз актерлік ансамбльдің биік шеберлік үлгісін көрсетеді. Осындай сахнаның нағыз шеберлерінің көзі кеткен соң көлеңкеде қалып қоятыны өкінішті. Талай биік лауазымда отырып, халқына істеген айтарлықтай еңбектері жоқ басшылар көше аттарына ие болып жатқанда, театрдың алғашқы қарлығашы, Қарағанды қаласының Құрметті Азаматы, Қазақстанның халық артисі Жәмила Шашкинаға өмірінің соңына дейін еңбек еткен қаласы Қарағандыдан бір көшенің аты берілмеуі – өнерге деген өгей әкенің көзқарасы. Өнерді кешегі қиын замандарда аяғынан тік тұрғызып, Ұлы Отан соғысы кезінде күндіз-түні вагон тиептүсіріп, арасында концерттерін, ауыл-

К.Көлбаева еді. Мен келген кезде зейнеткерлікке келіп қалса да сахнадан түспей, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Күнікей, Б.Жакиевтің «Әке тағдырында» Ене, Ж.Сарсеков пен З.Жақыповтың «Бажалар мен балдыздарындағы» Прокурор рольдерін ойнап жүр екен. Ал театр тарихы беттеріне үңілсек, батыс, орыс классиктерінің драматургиясында көп ойнағанын байқаймыз. Мария апай көбіне музыкалық спектакльдерде көп және мардымды кейіпкерлер сомдағаны байқалады. «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Аршин мал-алан» музыкалық спектакльдерінде Тарғынның қалыңдығы Дана, Төлегеннің қарындасы Қарлығаш, жайдары Әсия образдары арқылы қалың көрермендердің сүйіктісіне айналды. Әсіресе, Лопе де Веганың «Қызғаныштан махаббатында» жан-жақты

дық жерде қырманға көмектесіп, төл алу кезінде мал басын аман сақтауда өнерімен қатар еңбек майданында да тер төккен аналарымызға деген құрметтің шектеулілігі жанға батады. Еңбектерін елеп, тұрған үйлеріне ескерткіш тақта орнатайық десек, атағы жоқ деп рұқсат етілмейді. Ұсынылған атақ берілмесе оған өнер қайраткерлері кінәлі ме? Бәріне болмаса да соғыс кезіндегі тылдағы жанқиярлық еңбектері бар (тіпті, кейбірі майдан даласында болып, өнер көрсетіп қайтты). Осы апаларымыз сияқты отансүйгіш жандардың еңбегі еленіп, тұрғын үйлеріне ескерткіш тақта орнатылса, бүгінгі ұрпаққа өнеге болар еді. Барымызды ардақтай білейік, ағайын! Кеңес ЖҰМАБЕКОВ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.


Сенбі, 1 сәуір, 2017 жыл

7

www.ortalyq.kz

Құттықтаймыз!

Тілеутай Смағұлұлы

Аяулы анамыз, қамқоршымыз Алтын Төлепбергенқызы сәуір айының 4-ші жұлдызыныда 60 жасқа толып отыр. Асыл ана, қамқор бауыр, адал жар бола білген ардақты жанға деннің саулығын, иманның байлығын бейнетінің зейнетін көрсін дейміз. Аңғалым-ау сен шынымен алпыс жасқа келдің бе? Бұл өмірде бәрі өткінші екеніне сендің бе? Бір әулетке жас келіндей жүргеніңде жүгіріп, Уақыт сенің арқа сүйер жеткенін білдің бе? Сен ауырсаң жаным жүдеп менде қоса қиналдым, Жаратқаннан көмек сұрап жәрдеміне иландым. Алпысқа аман келгеніңде бақыт тілеп шүкір деп, Сізге лайық силығым сол жүрегіммен жыр жаздық. Ізгі тілекпен: жұбайы, балалары,бауырлары.

№141

шаралары арқылы өзін-өзі тану пәні — барлық пәнге бұлақ ашудың негізгі бастамасы болатынына көзіміз жетті. Осындай алқалы жұмыстардың нәтижесінен кейін адамгершіліктің ұлттық рухани байлықтары, ұлттық адами құнды қасиеттерді бала бойына сіңіру өзінен-өзі қалыптасаты№81 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімдері жаңа ны сөзсіз. Өйткені, өзіңнің жеке технологияны пайдалана отырып, тілі жетік, сөйлеу мәдениеті қасиетіңді бағалай алған кезде дамыған, адами құндылықтар туралы сауаттылықтарын іс ғана ұлттық дүние танымың дұрыс қалыптаспақ. жүзінде көрсете алатын шығармашыл тұлға қалыптастыруды Ал, бүгінгі күннің негізгі қолға алды. Осы орайда «Өзіңді танығаның – ұлтыңды талаптардың бірі – оқушыны танығаның» тақырыбында қызықты каникул күндері өтіп жатыр. әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, ұлтымыздың Каникулдың әрбір күнінде әр нышы, көңіл қуанышы» мейірімділік ұлықты өнегелерін дәріптей бісыныптан 5 баладан шақырып, 20- сағатын, Р.Әбілдина «Мейірімділікке летін, шығармашылық танымы25 оқушымен қызықты тәрбиелік ашық жүрек» ата-аналарға ашық мен тікелей қатынас жасайтын іс-шаралар өткізілуде. Өзін-өзі тану есік күнін өткізді. Ал, Қ.Мақсұтова жаңаша, шығармашыл адамға мұғалімдері Г.Сәрсембаева «Сый- «Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгенім» айналдыру. ластық құндылығы» дөңгелек үс- айдарында жиналған оқушылардан телін, М.Қызырова «Жүрек жылуы» сауалнама алды. М.ҚЫЗЫРОВА, достасу сағатын, Ш.Қыпшақбаева Жалпы, мектепте «Рухани адам№81 орта мектебінің өзін«Өзіңмен өзің шынайы үндестікте гершілік – ішкі білім, жүрекке арналөзі тану мұғалімі. болу» сырласу сағатын Б.Төлеу- ған білім, үйлесімділік» тақырыбыҚАРАҒАНДЫ қаласы ханова «Жүрек жылуы – жан жұба- мен күнделікті өзара сабаққа қатысу

Елдің білікті азаматы, бүгінгі күнде бар жұртқа ақсақалдық жолмен танылып жүрген, көпшілік үшін көненің көзіндей болған Тілеутай Смағұлұлы фәни дүниеден бақиға озды. Қақаған соғыстың кезінде 1943 жылы Қызылтеңдік колхозында дүниеге келген ол жастайынан зеректігімен жұртқа танымал еді. Құс тұмсығындай қысқа ғұмырда өзінің шаруашылық саласындағы жұмысына қатынасы болмаса да өлкетану ісімен де қатты шұғылданған еді.Сонау бір қиянда жатқан Кенесары қамалын зерттеуге, Ағыбай батыр басына алғаш көктас орнатуға, Таңбалы тастағы жүздеген сурет-жазулардан фото-документ жасауға тікелей араласқан азамат еді. Басына қиыншылық түскен азаматтың қай-қайсына болмасын қолынан келгенінше жәрдем ететін нар тұлға еді. Ауыл шаруашылық саласының майталманы, «Октябрьдің 40 жылдығы» совхозында гараж меңгерушісі, сол совхоздың Қызылту бөлімшесінде ұзақ жылдар меңгеруші болып еңбек еткен. Кейінірек Жоғары Қайрақты комбинатының қосалқы шаруашылығының директоры қызметін атқарған. Топырағың торқа болсын, қадірлі замандас. Сен әрқашан біздің есіміздесің. М.Жандәулетов, Б.Төлеуқұлов, М.Мұхтаров, А.Әбілдин, М.Жұмкин, К.Жүністегі, Б.Жұмкин, Р.Оразханов, Ж.Сүлейменов, Балтабай Боқайтегі.

Еске алу АҢДАТПА

Жүйіткіген жүйріктей, аққан жұлдыздай зулап өтіп жатқан уақыт-ай. Өлімі өзінікі болғанмен, өмірі өзгенікі болған ардақты аға, асыл әке, сүйікті ұл Тұрағұл Қайроллаұлы Қиқымбековтің фәниден озғанына 11 сәуірде жыл толады. Бұл фәниде темір өзекті пенде жоқ. Төрге шықса төбедей, төбеге шықса төредей, жақын мен алысты бірдей тең көрген өзіңді сағынышпен еске аламыз!

Елбасының кітапханасы және Қоры журналистерге арнап «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсын жариялайды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша таңдаулы материалдарға жыл сайынғы ашық конкурс жариялайды. Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету. Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі: 1) «Үздік теледидар материалы»; 2) «Үздік радиоматериал»; 3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;

4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым». Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге беріледі. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгілер тапсырылады. Конкурсқа кәсіпқой журналистер жеке және ұжымдық негізде де қатыса алады. Конкурсқа 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 қазан мерзімі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жарияланған (басылған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады. Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қай-

Қарағанды облыс әкімдігінің Қаулысы 21 ақпан, 2017 жылы

11/03

Қарағанды қаласы

Қазақстан Республикасы, Әділет Министрлігі Қарағанды облысы, Әділет департаменті Нормативтік-құқықтық акті 2017 жылғы 18.03 нормативтік-құқықтық актілдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4185 болып енгізілді

Қарағанды облысы әкімдігінің денсаулық сақтау саласындағы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14469 тіркелген) өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі №831 бұйрығына, «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №297 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14327 тіркелген) өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі №785 бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі №50/02 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3427 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қазанда, «Индустриальная Караганда» газетінде 2015 жылғы 20 қазандағы №144 (21895), «Орталық Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 20 қазандағы №169 (22053) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: 1) «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 5-тармақтың бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші қызыл жолдары келесі редакцияда мазмұндалсын: «5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір процедураның (әрекеттің) мазмұны. 1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде: қызмет берушінің кеңсе маманы қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады. Нәтиже – құжаттарды қызмет берушінің басшылығына қарар қабылдауға жібереді; қызмет берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде кіріс құжаттарымен танысады және қызмет берушінің жауапты атқарушысын белгілейді. Нәтиже – мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қызмет берушінің жауапты атқарушысына жібереді; қызмет берушінің жауапты атқарушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарастырады, қызметті алушыға лицензия

жобасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап дайындайды. Нәтиже – санитарлық-эпидемиологиялық саулық (бұдан әрі – мүдделі орган) саласындағы мемлекеттік органға сұраныс жібереді немесе бас тарту туралы уәжделген жауап береді. Ұсынылған құжаттардың осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді;»; 5-тармақтың 2) тармақшасының екінші қызыл жолы келесі редакцияда мазмұндалсын: «қызмет берушінің кеңсе маманы қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады. Нәтиже – құжаттарды қызмет берушінің басшылығына қарар қабылдауға жібереді;»; 5-тармақтың 3) тармақшасының екінші қызыл жолы келесі редакцияда мазмұндалсын: «қызмет берушінің кеңсе маманы қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады. Нәтиже – құжаттарды қызмет берушінің басшылығына қарар қабылдауға жібереді;»; 7-тармақтың 1) тармақшасының екінші қызыл жолы келесі редакцияда мазмұндалсын: «қызмет берушінің кеңсе маманы жеке және заңды тұлғалармен (бұдан әрі - қызмет алушы) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады;»; 7-тармақтың 2) тармақшасының екінші қызыл жолы келесі редакцияда мазмұндалсын: «қызмет берушінің кеңсе маманы қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады;»; 7-тармақтың 3) тармақшасының екінші қызыл жолы келесі редакцияда мазмұндалсын: «қызмет берушінің кеңсе маманы қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдау және тіркеуді жүзеге асырады;». 2. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі №50/03 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3428 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қазанда, «Индустриальная Караганда» газетінде 2015 жылғы 22 қазандағы №145-146 (21896-21897), «Орталық Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 22 қазандағы №170-171 (22055) жарияланған) келесі өз-

раткерлері енген Конкурс комиссиясы шығарады. Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2017 жылғы 1 маусымнан бастап 10 қарашаға дейінгі мерзімде әкеліп беру тәртібімен немесе поштамен жөнелту арқылы мына мекен-жайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 10, 213-каб., «Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгісімен қабылданады (байланыс тел.: (7172) 69-3057, 69-30-54, 69-30-56). Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz, www. presidentfoundation.kz/ сайттары арқылы танысуға болады.

герістер енгізілсін: 1) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 5-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын: «1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің қызметтерін берушілерді таңдау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) хатшысы көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің қызметтерін берушілерді таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімін (бұдан әрі - өтінім) қабылдауды және өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады– орындау мерзімі 20 (жиырма) минут;»; 9-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «9. Мемлекеттік корпорацияның жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының сұратуын өңдеу ұзақтығын сипаттау: құжаттарды қабылдаған кезде қызметті алушыға тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі; Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішің және мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті өзге де құжаттарын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ЭЦК-мен куәландырылған Мемлекеттік корпорация интеграциялық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация ИАЖ) арқылы электрондық құжат нысанындағы құжаттардың көшірмесін жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Мемлекеттік корпорация ИАЖ-да көрсетілетін қызмет алушының сұрауын тіркеу және өңдеу кезіндегі Мемлекеттік корпорация жұмысшыларының іс-қимылдарын сипаттау: 1) 1-үдеріс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорация ИАЖ-сінің ақпараттық жұмыс орнына логинді және парольді (авторизациялау үдерісі) енгізуі; 2) 2-үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанының шығуы және Мемлекеттік корпорация операторының қызмет алушының, сондай-ақ сенімхат бойынша қызмет алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенім хат болған жағдайда, басқа куәландырылған сенімхатының мәліметтері толтырылмайды) мәліметтерін енгізуі; 3) 3-үдеріс – электрондық үкімет шлюзі арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына, заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына қызмет алушының мәліметтері туралы сұрауын, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне - қызмет алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы жолдау; 4) 1-шарт - жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына, заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына қызмет алушының мәліметтерінің және бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесінде сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеру;

Ақадыр кенттік балалар кітапханасында белгілі жазушы Бердібек СОҚПАҚБАЕВТЫҢ шығармашылығына арналған оқулар өтті. Әдеби шараға Ә.Ермеков атындағы орта мектептің 6 «ә» сынып оқушылары қатысты. Шараның ойдағыдай өтуіне аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Мұқанова мен машықтанушы Д.Райымбек ұйытқы болды. Кеш өтетін оқырман залына мазмұнға сай «Балалар әдебиетінің атасы» тақырыбында жазушы кітаптары мен мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар қойылды. «Балалар әдебиетінің классигі» атты

5) 4-үдеріс – қызмет алушының жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына, заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына және сенімхаттың бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесінде мәліметтерінің болмауына байланысты, мәліметтерді алуға мүмкіншіліктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру; 6) 5-үдеріс – электрондық үкіметтің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнына электрондық үкімет шлюзі арқылы Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (қызмет алушының сұранысын) жолдау; 7) 6-үдеріс – 15 минут ішінде Мемлекеттік корпорация ИАЖ ақпараттық жұмыс орнына қалыптастырған мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын алушының алуы жеке басы куәлігін көрсеткен кезде (немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде.»; 2) «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде: 3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар не «Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №297 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11303 тіркелді), (бұдан әрі – Стандарт) бекітілген Стандарттың 10-1-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.». 4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «4. Мемлекеттік қызметті алушымен стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша процедураны (іс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.»; 5-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «5. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексереді орындау мерзімі 30 (отыз) минут. Көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттары және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімше маманы ұсынылған құжаттарды қарайды және тиісті бұйрыққа сәйкес кадрлардың даярлықтан өткені (15 жұмыс

мәліметтер тізілімі жасақталып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жазушының өмірі мен еңбек жолы жайлы әдеби викторина өткізілді. Кеш барысында кітапханашылар жазушының шығармаларына библиографиялық шолу жасады. Балдырған оқырмандар жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым – Қожа» атты повестеріне үзінділер оқып, пікір алмасты.

Бір жыл өтті... асқар таудай ағамыз Кете барды мәңгі бізден алыстап Еске аламыз туған-туыс, бауырлар, Аруағына дұға оқып бағыштап. Еске алушылар: Қиқымбековтер әулеті P.S. Басымызға ауыр қайғы түскенде демеу болған ағайын-туыс, құда-жекжат, дос-жаранға ризашылығымызды білдіре отырып, әулетіміздің аяулы ұлы, қамқоршы аға, ардақты әке, аяулы жар Тұрағұл Қайроллаұлы Қиқымбековтің дүниеден озғанына жыл толу дұға дастарқанына 31 наурыз күні сағат 13.00-де Жаңатоған ауылына, 8 сәуір күні сағат 16.00-де Қарағанды қаласы, Онтүстік-Шығыс мөлтек ауданындағы үлкен мешітке шақырамыз. №142

Боранкүл БӘКІРОВА, Ақадыр кенттік балалар кітапханасының кітапханашысы.

Қарағанды қаласының медициналық колледжінің ұжымы қызметкеріне Медетова Саягуль Тлеубекқызына әкесінің қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтады.

ШЕТ ауданы.

күні), біліктіліктерін арттырғаны және қайта даярланғаны туралы құжатты ресімдейді 3 (үш) жұмыс күні және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді; Басшы құжатқа 10 (он) минут ішінде қол қояды.»; 6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «6. Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі, мынадай рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады: ұсынылған құжаттарды қабылдау және олардың толықтығы мен дұрыстығын тексеру; құжатты ресімдеу және қол қоюға жіберу; басшының қол қоюы; көрсетілетін қызметті алушыға беру.» 8-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын: «1) мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексереді - орындау мерзімі 30 (отыз) минут. Көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттары және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Құрылымдық бөлімшенің маманы құжат-

ты беру үшін ресімдейді және басшыға қол қоюға жібереді; Ұйымның басшысы құжатқа қол қояды;». 4-тараудың тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын: «4. «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара ісқимыл жасасу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»; 10-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және веб-портал арқылы көрсетілмейді.». 3. «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Н. Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі.

Қарағанды облыс әкімдігінің Қаулысы 24 ақпан, 2017 жылы

13/01

Қарағанды қаласы

Қазақстан Республикасы, Әділет Министрлігі Қарағанды облысы, Әділет департаменті Нормативтік-құқықтық акті 2017 жылғы 24.03 нормативтік-құқықтық актілдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4186 болып енгізілді

Қарқаралы қалаcындағы есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы №15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10313 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарқаралы қаласындағы есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Н. Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі. Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы «24» ақпан №13/01 қаулысына қосымша

Қарқаралы қаласындағы есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары № р/с

Тұтынушылар санаты

Жылумен жабдықтаушы ұйымның атауы

Өлшеу бірлігі

Мағынасы

1

№ 1, 2, 3, 4, 5, 6 қазандықтарынан жылынатын Қарқаралы қаласының тұтынушылары

«Алмас Мирас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Есембеков А.» жеке кәсіпкері «Ибраев К.» жеке кәсіпкері «Максут Аулеты» шаруа қожалығы

Гигакалория/ шаршы метр

0,051

Жақында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен Азия-Тынық мұхиты олимпиадасы және «Жібек жолы» олимпиадасы өтті. Халықаралық математика олимпиадалары ара-қашықтықтан өткізілетіндіктен оған Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстан, Әзірбайжан және Өзбекстан елінен оқушылар қатысты. Олимпиаданың қашықтан өткізілуі көптеген оқушылардың беделді жарыстарға қатысуына мүмкіндік береді. Биылғы олимпиадаға 100ден астам оқушы қатысты. Қарағанды облысынан №1 Қазақ-түрік лицейінің (КММ Қарағанды облысының №1 «Білім-инновация» лицей интернаты») 11-сынып оқушысы Мұрат Мереков, 10-сынып оқушысы Ернұр Амангельдинов, 9-сынып оқушысы Ерсұлтан Қылышев қатысты. Мұрат Мереков олимпиаданың қола медаль иегері атанды. Ұстазы – Арман Темірқұл. Ал, жалпы лицейімізден бұл олимпиадаларға 7 жылдың ішінде 11 оқушы қатысқан. Айта кетсек, XXIX Халықаралық Азия-Тынық мұхиты қашықтық математикалық олимпиадасы және математикадан XVI Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы 14-17 жастағы оқушылар арасында жыл сайын өткізіледі. Олимпиаданың мақсаты – талантты жастарды астрономия және математика ғылымындағы мәселелерді шешуге баулу. Алғаш 2012 жылы оқушымыз Әшім Ежебай сайысқа қатысып, қоладан алқа тақты. Бүгінде оқушылардың біразы (Серік Жұмағұлов) математикадан сабақ беріп, оқушыларды облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға дайындап жүр. Ляззат МАЛИКОВА, №1 қазақ-түрік лицейі директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.


8

Сенбі, 1 сәуір, 2017 жыл

www.ortalyq.kz

Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы – болат найза. Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ержігіттің ерлігі осындайда. ТӘТІҚАРА ЖЫРАУ. Қазақ халқы үшін XVIII ғ. ең қиын-қыстау кезең болғаны тарихтан белгілі. Әсіресе, қазақ пен жоңғар арасындағы соғыстар мен шапқыншылықтар қазақ халқына өте ауыр тиді. 1633 жылы іргесін көтерген Жоңғар хандығы 1643 жылы Ұлы жүздің шығыс аймағының біраз жеріне ие болды. ХVIII ғ. басында олар Қобда, Тарбағатай, Алтай, Алатау өңірін басып алды. «Еділ, Жайық, Арқаға қазақ ауып, Шу, Талас, Сыр, Қаратау жауда қалды» деп Қожаберген жыраудың егілуі осыдан. Жау Тараз бен Түркістанды алып, Ташкентке нөпір лаң салды. Ұлы жүздің ханы Жолбарыс (1720-1740 ж.ж.) өзі билеген қазақ қауымдары мен Ташкенттің тұрғындарының атынан Жоңғар хандығына тәуелділігін мойындады. XVII-XVIII ғғ. жоңғарлар қазақ елін тоздырды, үстемдігін оздырды. XVIII ғ. басындағы 40 жыл ішінде халықтың үштен екідейі қырылды. Тіпті, XVIII ғ. 20-40 жылдары қазақ халқына жеке мемлекет ретінде сақталып қалудың өзі мұңға айналды. (М.Қозыбаев. «Жауды шаптым ту байлап». А., 1994. 72-б.). Міне, осындай кезеңде батырлардың ролі бірінші орынға көтерілді. Әр дәуірдің өз батырлары бар. Нақтырақ айтсақ, XVIII ғ. 20 жылдарынан XVIII ғ. екінші жартысына дейінгі аралықта қазақтың көптеген батырлары елін, жерін қорғауда жан аямай соғысып, есімдерін халық жадында мәңгі өш­ пестей етіп қалдырды. Шақшақ Жәнібек – сондай батырлардың бірі. Әрине, ол жалғыз емес. Жәнібек батырдың тұсында есімдері жиі айтылатын, онымен үзеңгілес, серіктес, қарулас болған батырлардың қатарында Қараке­рей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапыраш­ты Наурызбай, Олжабай, Малайсары, Табын Бөкенбай, Керей Жәнібек, Тама Есет, Уақ Баян, Сары, Тарақты Байғозы тағы басқа көпте­ген ба­тырларды жатқызамыз. Бүгінгі таңда жеке мемлекет болып өмір сүріп отырғанымыз XVIII ғ. осындай батырлардың ерен ерліктері мен қажырлы еңбектерінің арқасы. Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы – қазақ хал­ қының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің қаһарманы. «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқан елдің басын қосып, азаттық күресін ұйымдастырған. Бұқар жырау сөзімен айтқанда, «Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Ормандай көп Орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Ахмет Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінің «Жәнібек батыр» деген тарауында Жәнібектің ауыздыға сөз бермеген шешен, қиянатқа жол бермеген әділ би, діни сауаты терең кісі болғандығын көрсеткен. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасының момын руы. Осы Арғын атамыздың бәйбішесінен Мейрамсопы туып, одан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Қаракесек тарап, олар Бәйбіше – Арғын аталса, Арғын атамыздың тоқалы Айнамкөз анамыздан Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Тәнбісопы өмірге келіп, Тәнбісопының балалары мен олардан тараған ұрпақ Тоқал – Арғын аталды. Айнамкөз анамыздың мінезінің байсалды да сабырлы, мейірімді де кішіпейілдігіне орай халық оны Момын деп атап кетіпті. Тәнбісопы ұрпақтары – Тоқал Арғынның Торғай, Тобыл өзендерінің бойына келіп мекендеуін жергілікті тарихшылар Айнамкөз анамызбен байланыстырады. (Мақсұтбек Сүлеймен. Шақшақ батыр). Халық өзінің сүйікті ұлын кезінде «Шақшақ Жәнібек», «Шақшақұлы Жәнібек» деп атап кеткенімен, Шақшақ – оның әкесінің де, руының да аты емес, үшінші атасының аты. Шақшақтан – Көшей, Көшейден – Қошқар, Қошқардан – Жәнібек туады. Жәнібек батырдың өмір сүрген жылдарына қатысты әлі күнге дейін бір ортақ байлам жасалмады. Соңғы жылдары қалыптасқан ресми дата бойынша 1693 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Тосын құмында дүниеге келіп, 1750-1752 жылдары осы жақта дүниеден озған. Батырдың сүйегі Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленген. Атасы Шақшақ Аманжолұлы қазақ ханы Еңсегей бойлы Ер Есімнің қолбасшыларының бірі болған. Есім ханның қалмақтарға қарсы соғысында ерен ерліктерімен көзге түскен. Осындай көп соғыстың бірінде ол өз әкесінің атын ұран қылып, «Аманжолдап» шауыпты. Содан бастап Тоқал Арғындар жауға бүкіл Арғынның ежелгі ұраны «Ақжолға» қосып, «Аманжол» деп шабатын болған көрінеді. Есім Ташкентті шауып, Тұрсын ханды – өлтіргенде Шақшақ соғыс олжасы ретінде еншісіне тиген Тұрсын ханның қызы Нұрбикені алып келіп, баласы Көшейге қосқан. Көшейдің осы әйелінен Жәнібектің әкесі Қошқар батыр туады. (А.Сейдімбек. Шығ., Астана. 2010. Т – 5., 477-б.). Барлық жазба тарихта, әсіресе, орыс оқымыстыларының кітаптары мен алғашқы қазақ даласындағы орыс әкімшілігінің ақпар, құ-

Жәнібек 1741-1742 жж. жоңғар қоңтайшысының тұтқынындағы Абылайды құтқарып алуда да ерекше дипломатиялық шеберлік танытқан. Орынбор комиссиясының бастығы И.Неплюевпен арадағы қатынасын ұтымды пайдаланып, жоңғар қоңтайшысына арнайы елшілік шығартқан. Бұл іске Әбілмәмбет, Әбілхайыр хандарды да араластырып, ақыры Абылайды басқа адаммен аманатқа ауыстырып алған. (Айбын. Энциклопедия. Алматы. 2011. 335-б.). Абылай хан да, Шақшақ Жәнібек те Ресей мемлекетінің қазақ жеріне бекіністер салуына үзілді-кесілді қарсы шыққандарына қарамастан, 1740 жылы 19 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында шекара комиссиясының бастығы В.Урусовпен қазақ-орыс сауда қатынасын орнатуға, саяси байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздерге қатысқан. 25 тамыз күні кеште В.Урусов Жәні-

жат қағаздарында Жәнібек туралы мағлұмат өте көп. Ал, халық аузындағы әңгімелер мен дастан-жырларда, сонау Бұқар, Үмбетей, Жиенбай жыраулардың сөздерінде Жәнібектің көбінесе ерлігі, жорықтағы батырлығы жырланады да, («Ер Жәнібек», «Жәнібек батыр» дастандары) деректі жазбаларда оның ел біріктіруші, дипломат, саясаткерлігі, көрегендігі, қайраткерлігі айтылады. Шақшақ Жәнібек туралы тарихи архивтерде құжаттар көп сақталған. Олар Жәнібектің ерлігін, азаматтық іс-әрекет-

хайырдың орнына үлкен ұлы Нұралының хан болатындығы туралы жарлық алып келеді. Кейін Орынборда Нұралыны жергілікті әкімшілік ресими түрде хан сайлайды. Әрине, бұл тұстағы батырдың барлық әрекеті бір орталыққа бағынған, күшті хандық билігі бар қазақ мемлекетін нығайту, оның ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етіп, сыртқы жаулардан қорғауға бағытталады. Абылайды Орта жүзге хан көтергенде Орта жүздің төрт тірегі, Бұқар дана шешуші роль атқарды. Орыс құжаттары Жәнібек батырдың әлемде болып жатқан істерден хабардар екенін жазады. Мәселен, генерал-лейтенант, князь Урусовтың Кіші жүз бен Орта жүз өкілдерімен жүргізген келіссөздері туралы журналда, сол өкілдердің бірі Жәнібек батыр жайында былай жазған: «Табиғатынан әскери қабілетті және ақылсыз да емес Жәнібек батыр сөзге араласты және одан әрі осындай әскери мәселелертуралы айтқанды тәуір көрді. Азов тек құрлықпен емес, ағаш қайықтар жасап сумен де барлық жағынан қоршап алынды деп естігенін айтты». Енді бір жолы поручик Д.Гладышевке Жәнібек батыр 1741 жылы Еділ қалмақтарында болғанда Персияның шахы Астраханды басып алуға әзірленіп жатыр дегенді естігенін хабарлап: «Егер ұ.м. император тапсырса, қазақ қолымен (әскерімен) Персия әскерінің барлық аттарын айдап алып және сонымен оларды біраз

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88

терін ешкімнің бұрмалауына жол бермейді. Жәнібек 1710 жылы он жеті жасында Тәуке ханның қолымен бірге жауға шауып, жекпе-жекте қалмақтың бас батырын өлтірген. Сол кездегі майдан даласының қатал дәстүрі бойынша қазақ-қалмақ қолдары бетпе-бет келіп, ортаға екі жақтан жекпе-жекке батырлар шығады. Қалмақ батыры дес бермей, төртінші болып сайысқа шыққан Жәнібек ересен ерлік көрсетеді. Қалмақ батырының құлаштай ұрған айбалтасын денесіне дарытпай, жұлып алып, «олай шаппайды, былай шабады» деп ол алмасын жай түскендей жарқ еткізеді. Жоңғар ат жалын құша құлайды. Майданға Қабанбай, Бөгенбайлар араласады. 17-18 жасар Жәнібектің алғашқы шайқасы тарихта осылай аталады (Қазақ халқының қаһармандары. Пав., 1991. 28-б.). Ресей архив құжаттарында батырдың тарихи өміріндегі саяси-әскери жорықтары кең суреттеледі. 1717 жылы Аягөз маңындағы шайқаста 24 жасында қол бастап ерлік көрсеткен. 1723-1725 жж. «Ақтабан шұбырындыдан» соң ол жоңғарларға қарсы бытыраңқы қимылдаған жекелеген жасақтардың бірін басқарды. 1726 жылы Ордабасындағы ұйғарымнан кейін құрылып, Сарысу өзенінің Бұланты саласының бойында Жоңғарларға ойсырата соққы берген біріккен қазақ жасағының құрамында Орта жүздің қолына қолбасшылық жасау Шақшақ Жәнібек батырға жүктеледі. Батыр қазақ жасақтарының қаруларын да қадағалауға алады. Жалпы, Бұланты шайқасындағы жеңіс халықтың өз күшіне деген сенімін арттырып, жеңіске жігерлендірумен ерекшеленеді. Бұланты шайқасы болашақ ұлы шайқас – Аңырақайдағы жеңістің негізін қалады. Атақты «Аңырақай шайқасы» (1730 ж.) солтүстікте Балқаш, оңтүстікте Отырар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы үлкен аймақта өтеді. Шайқасқа 29 мыңдық қатысып, олардың әрқайсысын мыңдықтар жасақталған ру-тайпалардан шыққан батырлар басқарды. Ал, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек батырлар ірі қолбасшылар ретінде көрінді. 1731 жылы қысында Сәмеке, Барақ сұлтан, Әбілмәмбет, Жәнібек бастаған 6 мың қол Жоңғарияға басып кіреді. 1732 жылы 7 мың қолдан тұратын жоңғар әскері Орта жүзге қайтара шабуыл жасайды. Осы кезде Орта жүз қолын басқарған Жәнібек батыр саны жағынан анағұрлым басым басқыншыларға тойтарыс береді. Еділ қалмақтарына қарсы 1738 жылы Әбілхайыр, 1740 жылы Есет тархан, Нұрбай батыр, Әбілмәмбет, Күшік, Барақ сұлтандар ұй­ымдастырған жорықтарға белсене қатыса­ды. 1746 жылы Әбілхайыр, Есет, Нұралылармен бірге 28 мың қолды бастап, қарақалпаққа аттанған. Оған Бұхар ханының Әбілқайыр ханның қызына жіберген қалыңының тоналуы себеп болады. Ер мен әйелдерін қосқанда 3 мың адамды тұтқынға түсіріп, барлық малдарын қуып алған. 1750 жылы қысында

Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36

Айшуақ, Батыр сұлтандармен бірлесіп, Хиуаға жорық жасайды. (Қазақ батырлары. Алматы, 2016. 29-б.). Осындай әскери қолбасшылық қызметімен қатар, Шақшақ Жәнібек қазақ қоғамында саяси қайраткер, мәмілегер ретінде көзге түседі. Орыс деректеріне қарасақ, Шақшақ Жәнібектің есімі Әбілхайыр ханмен, Табын Бөкенбаймен, Тама Есет батырмен қатар жүреді. Ол кезде Шақшақ Жәнібек рулық, тайпалық деңгейден бүкіл халықтық деңгейге көтерілген. XVIII ғ. 30-жылдары Тевкелев Әбілхайыр ханның ордасына келгенде, оған қарсы Кіші жүз екі топқа бөлінеді. Бірі орыс елшісін өлтіру керектігін айтса, екінші жақ оны аман қалдыруды ойлайды. Осындай шақта Әбілхайыр ханды Табын Бөкенбай, Тама Есет және Шақшақ Жәнібек батырлар қолдаған. Қазақтардың Ресей боданына өтуі Әбілхайыр хан есімімен байланысты екені белгілі. Жәнібек батыр да жоңғарға қарсы күресті одан әрі жалғастырып, төнген қауіптен құтылу үшін Ресейдей күшті одақтасқа арқа сүйеуді қолдаған. Осы орайда 1738 жылы 6 тамыз­да Әбілхайыр ханмен бірге Ресейге бағынуға ант берген Кіші жүз бен Орта жүздің 56 адамының ішінде Жәнібек батыр есімі де аталады. Шақшақ Жәнібек Табын Бөкенбай, Тама Есет батырлармен Әбілхайырдың мүддесі үшін ғана бірікпеген-ді. Негізгі стратегиялық мақсаты – вассал болған қазақ елінің ішіне ендеп отаршылдарды енгізбеу, ел бірлігін сақтау болды. Кіші жүздің қолымен бірігіп, Орта жүзге қалқан болуды ойлады. Жәнібек Әбілхайыр ханды 1748 жылы Барақ батыр өлтіргенде ғажайып даналық көрсетті, қазақ елін қантөгістен сақтады. Батыр Әбілхайырдың намысын жыртпады, ел намысын, халық намысын қорғады. Кіші жүзбен бірігіп, Орта жүзді, одан қалды барша қазақ елін Абылаймен қосылып, тығырықтан алып шығуға ерен еңбек етті. Абылай хан қашан ерлігімен танылғанша, сол кезде қолбасылығымен танылып жүрген Жәнібектің қарауында қатардағы сарбаздың бірі болған. Оған әйгілі Айтбай батырдың Абылайға айтқан: «Абылай, сен Орта жүзге келгенде, жұлдызың туды оңыңнан. Түйе баққан жаяулап, айрылдың қалың сорыңнан. Көкбестідей ат мініп, Қошқарұлы Жәнібектің тобынан, Қалмақты шауып бақ таптың, алғашқы барған жолыңнан» деген сөздері куә.

бек батырмен оңаша кездесуде әлдеқалай орыстардың қолына түскен қазақтарды еліне қайтаратынын мәлімдеп, қазақ даласындағы орыс, татар тұтқындарын кері қайтару туралы мәселе көтереді. Жәнібек батыр генерал-лейтенантқа алғыс айтып, былай деген: «Егер біз орыс адамдарын, яғни, татарларды қайтармасақ, онда біздің бір-бірімізге адалдығымыз қайсы?! Мен Есетпен және басқа батырлармен ақылдасайын, біз оларды іздестіріп, қайтаруға тиіспіз, қайтарамыз да, өйткені, ол байғұстар босқа қолға түскен». (Абылай хан. Құраст: З.Тайшыбай. Петр., 2005. 82-б.). Өз кезегінде Жәнібек Қазақстан мен Ресей арасында сауда қатынасын ұлғайтуды көздеп, патша өкіметінен Жайық өзені маңындағы Қаракөл деген жерде Орта жүз қазақтарының сауда жасауына рұқсат беруін өтінген. Патша әкімшілігі Орта Азиядан Орынборға қатынап тұрған сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Жәнібек батырға жүктеген. 1742 жылы Орынбор губернаторы И.Неплюевпен келісім-шартқа қол қойып, қазақ-жоңғар, қазақ-башқұрт қарым-қатынасы, дау-дамайын бір ізге салды. Ол орыс саудагерлерін Орта Азияға өткізіп тұрды, бірақ, сол сауда керуендерін күзететін бірде-бір орыс солдатын енгізбеді. Жәнібек Орск бекінісінен басқа өз тұсында қазақ жерінде бірде-бір қала салғызбады. Бұл да батыр бабаның дипломатиялық шеберлігін көрсетсе керек. Шақшақ Жәнібек Абылай сұлтан, Әбілмәмбет хан, Қабанбай, Бөгенбай батырлармен 1740 жылы Орта жүздің Ресейдің қол астына өтуін ресми тіркеген құжатқа қол қойды. Осы тұста, 1743 жылы 11 шілдеде Ресей патшайымы Елизавета Петровнаның жарлығымен Қош­қарұлы Жәнібекке тархан (фельдмаршал) атағы берілді. Тархан атағы атадан балаға берілді. Жәнібектен – Орта жүзге белгілі батыр, рубасы Жәнібекұлы Дәуітбай тархан және Дәуітбайұлы Мұса тархан. Сондай-ақ, өкіметтің алым-салығынан босатылды. Шын мәнінде орыс өкіметінің хан мен сұлтандар, билермен байланыс жасайтын өкілі іспетті еді. 1748 жылы Әбілхайырдың өлімінен кейін Жәнібек батыр оның ұлы Нұралының хан болып сайлануын қолдайды. Нұралының хан болып сайлануы үшін орыс императорының бекітуі қажет болады. Сол мәселемен Шақшақ Жәнібек батыр Петерборға барып қайтады. Императордың қабылдауында болып, Әбіл-

әлсіретіп тастар едім» деген. Орынбор шекара комиссиясының кейінгі бастығы И.Неплюевпен орыс-түрік соғысы жайында ой бөлісіп, оны таңғалдырады (Казахско-русские отношения XVI-XVIII веках, стр. 141-142., стр. 195). Тарихи, әдеби деректерге қарап Жәнібектің, біріншіден орыс-түрік соғысы секілді халықаралық мәселелерге көңіл бөліп, төңірекке көз салып отыратын өз заманының ақылды, білімді адамы екенін, екіншіден, қажет болса, ұлы көршісі Ресейге әскери көмек көрсетуге әзір ірі қолбасы екенін көреміз. Шоқан Уәлихановтың пікірінше, Жәнібек тархан көп тыңдап, аз сөйлейтін, ердің құнын екі ауыз сөзбен шеше алатын әділ де шешен адам болған. Ол соңынан ерген жігіттерге: «Ұрыста олжаға емес, жеңіске ұмтыл. Жеңіске жеткен соң олжа ешқайда кетпейді», – дейді екен. «Әділдік болса, батырлық неге керек», – деген сөз де Жәнібектікі. Шындығында әділдік болса, соғыс болмайды емес пе?! Соғыс болмаса, батыр да шықпайды Жәнібек батыр атынан айтылатын сөздер осындай қысқа да ойлы мақал, нақыл және сын болып келеді. Шақшақ Жәнібек өз кезінде Абылай ханға үш рет бата берген. Оның біріншісі – Абылайдың алғаш Шарышпен жекпе-жекке шығарында, екіншісі – Сабалақ атын тастап, Абылай атанғанда, үшіншісі – оны ақ киізге отырғызып, хан көтергенде (1750 ж.). Қазақтың дуалы ауыз билері – Төле, Қазыбек, Әйтекелер тұрғанда, «Көмекей әулие» атанған ұлы жырау Бұқар тұрғанда, жаңа ханға бата беру жолының Жәнібекке тиюі – оның кезінде қандай адам болғанын, ел алдындағы беделінің деңгейін, тарихтан олар орнын көрсетсе керек (А.Сейдімбек. Шығ., Т – 5. 478 б.). Ол – ұзақ ғұмыр жасап, қазақтың Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай, Әбілхайыр секілді хандарымен, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді билерімен, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай секілді батырларымен бір болып, еліне елеулі қызмет еткен, тарихта орны бөлек ерен тұлға. Осындай тарихи тұлғаның қазақтың маңдайына біткені үшін бүгінгі ұрпақ мақтануы керек. Оның кіндігінен тараған қазақ зиялы қауымының көркі болған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтай ұрпақтары бар адам. Ол қазақ тарихынан белді орын алуы керек. Ерғазы ҚАДАШҰЛЫ, тарихшы.

Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 43-21-55; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­ дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­ дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Таралымы 18 100 дана №35 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 4 баспа табақ.

Халық саны – 17 202 600 адам. Бұл – әлем бойынша 62-ші орын. Қазақстанда 1 шаршы шақырымға 6 адамнан келеді. Ал, Сингапурда – 7437 адам. Қазақстанда шамамен 130 ұлт өкілі бар. Қазақстана 3,3 милионға жуық жеңіл автокөлік бар. Қазақстанда қазақ тілінде – 83, орыс тілінде – 88, ал, аралас – 32 газет шығады. Қазақстан территориясына – 5 Франция немесе 3 Түркия, 7 Жапония сыйып кетер еді. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақ­ станға шетелдік 150 млрд. доллар

инвестиция құйылған. Қазақстан ТМД елдерінің арасында 2000 жылы бірінші болып Халықаралық Пұл Қорының (МВФ) барлық қарызынан құтылған. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара – әлемдегі құрлықпен өтетін ең ұзын шекара болып табылады: 7512 шақырым. Жылқылар алғаш рет Қазақстан аумағында қолға үйретілді. Қазақстан – қызғалдақ пен алманың отаны. Екібастұз ГРЭС-2 электр станциясының мұржасы – әлемдегі ең биік мұржа. Оның биіктігі – 420 метр. «Медеу» – әлемдегі ең биік жер-

де орналасқан мұз айдыны. Қазақстан – табиғат байлығына ең бай мемлекеттердің бірі, Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы бар. 70-нің қоры анықталған, 60-ы өндіріледі. Мұнай өндіруде әлемде 8-ші орын алады. Болжам бойынша оның жалпы көлемі 12-17 млрд. тонна. Мұндай көлеммен Қазақстанды потенциалды мұнай державаларының бірі деп санай аламыз. Қазақстанда шамамен әлемдегі уран қорының бестен бір бөлігі бар. Оны өндіруден 1-ші орындамыз. Астық экспортынан Қазақстан әлемдегі лидерлердің бірі. Қа-

зақстан жылына 40 елге астық экспорттайды. Шай ішуден Қазақстан тұрғындары – алғашқы орындарда. Жылына әр адам 1,2 келі шай тұтынады. Ал, Үндістанда – небәрі 650 грамм. Байқоңыр ғарыш айлағы – әлемдегі ең үлкен әрі ең тығыз кестелі ғарыш айлағы. Қазақстан өзінің тарихы, әдет­-ғұрпы, биік таулары, жабайы ормандары, ыстық шөлдері, мөлдір көлдері, жылжып аққан өзендері, керемет жануарлармен өсімдіктері бар кең даласымен бай ел. Маржан терген Е.СМАЙЫЛОВ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Жарнама бөлімі: ortalyk.reklama@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Аяулым СОВЕТ КОРРЕКТОРЛАР 1,3,4,6 – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 2,5,7,8 – Ж.АХМЕТОВА

01 04 2017  

Advertisement