Page 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

Махадиева Б.О.

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ Әдістемелік нұсқаулық

Тараз, 2015


ӘОЖ 373.3.016(072) КБЖ 74.202.4(я71) М 31 Пікір жазғандар: Ускенбаева Ж.А. - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, Педагогикалық өлшеулер орталығының эксперті, п.ғ.к. Диканбаева Д.Ю.-«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к., доцент

М 31 Бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы мектеп пен отбасының өзара әрекеті: Әдістемелік нұсқаулық. /Б.О. Махадиева/ Тараз, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты. 2015 – 24 бет ISBN 978-601-7825-13-3 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Сараптау Кеңесі отырысының шешімімен баспаға ұсынылған (№9 хаттама, 23.10.2015ж.) Әдістемелік нұсқаулықта бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы мектеп пен отбасының өзара әрекетін ұйымдастыру құралы ретінде қолдану үшін қолайлы жағдайлардың негіздері ұсынылған. Әдістемелік нұсқаулық біліктілікті арттыру жүйесінің мамандарына, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. ӘОЖ 373.3.016(072) КБЖ 74.202.4(я71)

ISBN 978-601-7825-13-3

© Махадиева Б.О., 2015


КІРІСПЕ Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған. Ұлттық жоспардың мақсаты мен міндеттері Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Ұлттық жоспардың міндеттері: 1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу. 2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау. 3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар. 4. Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу. 5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту. 6. Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдықтехникалық базасын нығайту. Функциональды сауаттылықтың негізгі түрлеріне білім алу қызметінің үш түрі жатады: қарым-қатынас сауаттылығы, ақпараттық сауаттылық және әрекеттік сауаттылық.

3


Функциональды сауаттылықты құраушы мазмұн қарым-қатынас сауаттылығы Функцио

Компьютерлік тілді еркін игеруі

Тілдік қызметтің барлық түрлерін игеру

Басқалардың ауызша және жазбаша тілдерін түсіну қабілеті

Өз ойын ауызша және жазбаша түсіндіре алуы

әрекеттік сауаттылық

ақпараттық сауаттылық

Оқулықтар мен сөздіктерден ақпарат іздеуді жүзеге асыра алуы

Интернеттен және компакт дискіден ақпартты шығара білуі

Ақпараттарды түрлі тәсілдермен қайта өңдей және жүйелей алуы

Өзіндік бақылау, өзіндік бағалауды, өзіндік түзетуді жүзеге асыра алу

Ұйымдастыру іскерлігі мен дағдысын таныта алу

Әрекет мақсатын қоя білу және оны сөзбен сипаттай алу қабілетін таныту

Жоспарлауды және олардағы өзгерістерді қажет кезінде сөзбен негіздей алу

1 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ТЕТІКТЕРІ Оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді: 1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); 2) оқыту нысандары мен әдістері; 3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі; 4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; 5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі); 6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы; 7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі. Төменде ұсынылған қазақстандық оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері жоғарыда аталған факторлар есебінен анықталды. [5] Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзыреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне ендірудің уақыт талабымен толық сай келуі де зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі. Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, 4


дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады. Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:  оқу, жазу сауаттылығынан;  жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;  математикалық сауаттылығынан;  компьютерлік сауаттылықтан;  денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;  құқықтық сауаттылығынан. 1.1 Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу сауаттылығы Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы «Әліппе» - сауат ашу, «Әліппе серігі» - тіл дамыту пәндерін оқыту барысында сөздік қоры дамиды, грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеруі қалыптасады. «Әдебиеттік оқу» пәнінде оқушылар өзіндік пікір айтуға үйренеді, сөздік қоры молаяды, қиялы дамиды, дүниетанымы кеңейеді, өмірмен байланыстырады. Функционалдық сауаттылық - тілдік тұлғаның әлеуметтік-қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі. Әдебиеттік оқу пәнінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда диалогты қолдану - тілдік қатынасты дамытудың негізгі әдісі. Әңгімелесу - мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал етеді. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі. Оқушылар бірлескен сұхбаты арқылы:  тақырып бойынша өз ойларын айтады;  сыныптастарының ойларын тыңдайды;  оқушылар өз ойларын дәлелдейді;  мұғалім оқушыларының қандай деңгейде екенін біледі. 1.2 Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығы Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығы «Дүниетану» пәнін оқытуда қалыптасады. Бұл пән биология, география, химия, экология пәндерінің бастамасы, осы пәнді оқытуда оқушы тұлғасын тәрбиелеуге басты назар аударылады. Оқушы дүниетанымы қарапайым түсініктер ретінде қалыптасады. «Дүниетану» пәнін оқыту мақсаты: оқушылардың дүниеге біртұтас көзқарастарын қалыптастыру және ондағы адамның орнын түсінуге көмектесу. Бірінші сыныпта дүниетану пәніінде қоршаған ортамен танысады, өлі, тірі табиғатты ажыратады, өмірмен байланыстырады, ғылыми ұғымдармен, қарапайым терминдермен танысады. Екінші, үшінші, төртінші сыныптарда жаратылыс құбылыстарын түсіну үшін ғылымилығы ескерілген практикалық тапсырмалар орындайды. Дүниетану пәнінде оқушы бойында эстетикалық, экологиялық, адамгершілік, экономикалық, патриоттық тәрбие түрлері, білім мен іскерлік дағдысы қалыптасады. 5


Білім мен іскерлік дағдысының қалыптасуы қалыптастырудың көзі болып табылады [6].

-

функционалдық

сауаттылық

Дүниетануды оқытуда функционалдық сауаттылық қалыптастырудың шарттары

Адам-табиғат-қоғам жүйесіндегі өзара тәуелділікті түсіну

Табиғат құбылыстарын салыстыру, олардың жалпы және ерекше белгілерін ажырату мен өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайларды білуі

Қоғамдық тәртіп ережелерін орындау қажеттілігін, адамгершілік тәрбиесі мақсаттарының мәнін түсіну, экологиялық мәдениеттің алғашқы дағдыларын меңгеруі мен іс-әрекетте көрінеді

Жергілікті жердегі әртүрлі белгілер бойынша бағытты анықтай алу мен картадан, глобустан елдерді, құрлықтарды, мұхиттарды таба білуі

Өзінің жеке даралығын сезіну, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін түсіну, өзін өзгерту, салауатты өмір салтының маңыздылығын игеруі

Өз өмірі мен денсаулығын сақтау және қарапайым қауіпсіздік ережелерін білу мен қолдана алуы

Қазақстанның табиғаты және мәдениеті туралы білуі, оған ұқыпты қарымқатынас жасау ережесін қолдана алуы

1.3 Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығы Бастауыш сыныпта математикалық сауаттылықтың бастамасы жүзеге асады. Функционалдық математикалық сауаттылық дегеніміз – оқушының пәнде игерген білімді іс-әрекетте, тұрмыс-тіршілікте қолдана білуі. Оқушыда функционалдық математикалық сауаттылық қалыптастыру үшін ең алдымен пәндік сауаттылық қалыптасуы керек. Математиканы оқыту мен математика пәнінен сауаттылықты қалыптастырудың негізгі мақсаттары: 1) Математика - барлық ғылымдардың логикалық негізі - күре тамыры ретінде қарастырылады; 2) Математика, ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі; 3) «Математикалық сауаттылық» (ауызша және жазбаша) қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетінің болуы; 4) Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі; 5) Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар. Математика дүниетанымды қалыптастыруда, математикалық модельдеу идеяларын ұсынады, математикалық сауаттылық жалпы функционалдық сауаттылықты меңгеруде математикалық білім мен біліктіліктің алар орны ерекше. Математикалық сауаттылық математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу қажет. Математикалық сауаттылық оқушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең төмен талап ретінде қарау қажет. Сонымен математикалық біліктіліктердің негізгі құрамдас, толыққанды тіршілік жасауға қажеттілік ретінде оны арнай, бағдарлы түрде дамытып, қалыптастыру керек. Математикалық сауаттылық дұрыс сөйлеу қабілетін математика сабақтарында оқушылардың келесі қабілеттері мен бейімділіктерін шыңдай түсуді меңзейді: 1) Тақырыптағы, текстегі басты ойды бөліп көрсете білу және оған жоспар құра білуге; 2) Материалды қисынды, мағыналық топтай, талдай білуге; 3) Математикалық терминологияларды түсіне, қолдана және негіздей білуде; 6


4)Ұғымдардың, түсініктердің өзге ұғымдар жүйесіндегі орнын және түсініктер иерархиясы тұрғысында білуде; 5) Аузыша және жазбаша математикалық сауатты сөйлеуді меңгеру, математикалық символдар мен белгілеулерді дұрыс қолдана білуге. Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын, оның бастауыш сыныптағы оқушылардың бойында адамгершілік қасиетті қалыптастырады. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда келесі пәндік және функционалдық сауаттылық қалыптасуы тиіс: 1.ережелер мен үлгілерді және берілген алгоритмдерді математикалық материалда қолдану біліктігін; 2.қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас пәндерде математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларын; 3.ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын; 4.математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын; 5.дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін; 6.математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін; 7. жоспар бойынша әртүрлі әрекеттерді жоспарлау орындау білігін; 8. өзін-өзі бақылау жүзеге асыруды; 9. өз іс әрекетін бағалауды; 10.оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі қажет [6]. 1.4 Бастауыш сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығы Соңғы кезде компьютерлік сауаттылық негізін қалайтын информатика пәнін қай сыныптан бастап оқытылуы қажеттілігі туралы түрлі пікірлер туындауда. Осының негізінде оқытуды төменгі сыныпқа көшіру тиімділігі практика жүзінде дәлелденген. Себебі кез келген мектеп жасына дейінгі баланың танып-білуге, оқуға қатысты қызығушылығының өте жоғары болатыны белгілі. Ал психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады екен. Сондықтан балаларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін бастауыш сыныптан-ақ оларды логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, ақпараттық технологиялардың негізіне, ақпараттық сауаттылық пен мәдениетке тәрбиелеу қажет. Информатика пәнін бастауыш сыныпта 12 жылдық білім стандарты жобасында және 11 жылдық білім беру жүйесінде вариативтік компонент ретінде енгізу қажет [5]. Бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған:  ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру;  интеллектуалды тұлғалық және эмоциялық - жігерлік сапаларын, қабылдау түрлерін және есте сақтауын дамыту;  оқушыны азаматтыққа және дүниетанығыштыққа тәрбиелеу. Бастауыш сыныптарда информатика курсын оқытудың мақсатын төмендегідей түрде сараптауға болады:  компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;  ойды логикалық түрде дамыту;  алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;  компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу. 7


1.5 Бастауыш сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығы Оқушылардың құқықтық сауаттылығы келесі әрекеттер арқылы қалыптасады: құқықтық білімді меңгеруі, әлеуметтік - құқықтың мәнін түсініп, әлеуметтік құндылық ретінде қабылдауы, тұлғаның құқықтық тәртібінде көрініс табады. Қазіргі заман талабына сай құқықтық тәрбие үдерісі келесі мақсаттарды көздейді: •оқушының құқықтық білімін жақсарту (құқықтық ұғыну, өз құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін білу, заң күшіне сену т.б.); •тәрбиеленушінің құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастырып, дамыту (заң нормаларына қарсы әрекеттер жасамау, құқықтық білімін жетілдіру, басқа азаматтар мен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, заңды міндеттерін орындау). Оқушыларға қазіргі қоғамның қарым–қатынас заңдылықтарын терең ажырататын құқықтық сана, құқықтық мәдениет қажет. Тәлім – тәрбиелік мәселелердің барша табиғатына үңілсек, тіршіліктегі сан алуан қолданбалы мәні зор әлеуметтік нормаларды – тарихи құқықтық жүйенің қайнар көзі немесе құқық ғылымының негізі деуге болады. Бастауыш сынып оқушыларына ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан – ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік туралы т.б. әлеуметтік нормалар мен принциптер туралы сыныптан тыс жұмыстар өткізу ұсынылады. Жалпы әлемдегі даналардың, кемеңгерлердің, шешендердің тіпті өзіңнің ата-анаңның да айтқан ұлағатты сөздерінің бәрі құқықтық әлеуметтік мәнге ие екенін басты бағдарда ұстау қажет. Бастауыш мектеп оқушысын қоғамдық пайдалы тәртіпке, құқықтық санаға негізделген әлеуметтік белсенділікке жетуі тәрбие процесінің басты мақсаты болуы тиіс. Адамдықтың белгісі — адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан елеулі өзгерістерге түсуі. Бастауыш оқушысының қоғамдық белсенділігі артады, сана-сезімі өседі, психикасы шыңдалып, нығая түседі. Ол қоғамнан өз орнын табуға тырысады, өзін қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Бұл жастағыларда өзін-өзі бағалауға ынталану, рухани өмірге қызығу, қоғам мен жеке бас турасындағы ойлар адамгершілік идеялар кемеліне келе бастайды. Осы кезде мұның өзі адамның күшті, епті, ширақ, оңтайлы болып өсуіне және оның түрлі әдіс-тәсілдерді, арнаулы құқықтық ережелерді бұзбай, кедергілерді жеңіп үйренуімен де тығыз байланысты. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың да алатын орны ерекше. Осы бағыттағы жұмыстарға жататын тәрбие берудің жолдары мыналар: 1.Мораль мен құқық мәселелеріне арналған әңгімелер өткізу. 2.Полиция, МАИ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру. 3.Құқық мәселелеріне арналған кештер, конкурстар, олимпиадалар ұйымдастыру. 4.Құқықтық үйірмелерге қатыстыру. 5.Оқушылар конференциялары, айтыстары, адамгершілік және құқық тақырыптарына байланысты арнаулы және көркем мәтіндерді талқылау. 6.Құқықтық тақырыптарға арналған деректі және көркем фильмдерді талқылау. Мектептегі құқықтық сауаттылықты қалыптастыру - негізгі құқықтық бағыттағы тәрбие жұмыстары болып табылады. Баланың өміріне және әрекетіне қолайлы жағдайлар туғызып, баланың бойына біткен мүмкіншіліктерді ақиқатқа айналдыру жолында әрекет етіп, баланың әрекеттерін ұйымдастырып, басқарып, оларға дұрыс бағытын беріп, жетекші болып отырады. Мектептегі құқықтық тәрбие жұмысы. 1- сыныптан бастап, белгілі бір жүйелілік пен ұйымдастырылған түрде оқуды бітіргенге дейін жүргізілуі қажет. Әрине, құқықтық тәрбие тиімді нәтиже беру үшін – арнайы жүргізілетін сабақтар, әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Құқықтық тәрбиенің міндеттерін бөліп көрсететін болсақ, ол төмендегідей болады: •қоғам мүшелерінің бойына құқықтық білімді сіңіру; 8


•құқыққа сай жүріс-тұрысты әдетке, дағдыға айналдыру; •құқықтық іске белсенді араласу қабілетін ояту; •қоғам мүшелерінің заңда белгіленген құқықтары мен мүдделерін қорғай және пайдалана алуға машықтандыру; •құқықтық сананы қалыптастыру. Оқушылар 1-4 сыныптарда алғашқы құқықтық ұғымдармен танысады, адамгершілік тәрбиесіне баса көңіл бөлінеді. Содан кейін әркімнің өз істеген ісіне жауапкершіліктің болатыны түсіндіріледі. Мысалы, олар мектептің өздеріне бұрын беймәлім ішкі тәртібін меңгереді, міндеттерін ұғынады, алғашқы қоғамдық тапсырмаларды орындайды (кезекшілік, т.т.). осы әрекеттер барысында олардың сынып, мектеп алдында жауапкершілік сезімдері қалыптасады [6]. 1.6 Бастауыш сынып оқушыларының денсаулық мәселелеріне байланысты сауаттылығы Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде денсаулық сауаттылығын қалыптастырудың негізгі идеясы төмендегі өлшемдер арқылы белгіленеді: а) оқушылардың денсаулығын жақсарту; ә) оқушылардың салауатты өмір сүруге сұранысы мен құндылықтық бағыттылығын қалыптастыру; б) мектепте және мектептен тыс уақытта салауатты өмір сүруді насихаттау; Бастауыш мектептің оқу – тәрбие процесінде денсаулықты сақтау сауаттылығын қалыптастырудың келесі принцптеріне сүйенеді: 1.Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың оқытудың мақсатына сәйкестігі. 2.Оқу - тәрбие жұмыстарының денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың заңдылығына сәйкестігі. 3.Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудағы оқушының саналылық және белсенділік. 4.Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың көрнекілік. 5.Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудың жүйелілік және бірізділік. 6.Денсаулық сақтау сауаттылығына байланысты білім, білік, дағдының бір-бірімен байланысы. Денсаулықты сақтау сауаттылығын қалыптастырудың негізгі мақсаты: дені сау, жаны сау оқушы тұлғасын қалыптастыру. Денсаулықты сақтау сауаттылығын қалыптастырудың негізгі құралдары: 1.қозғалысқа бағытталған құралдар. 2.табиғаттың сауықтыру күштері. Денсаулық сақтау сауаттылығын қалыптастырудағы оқыту - тәрбие процесіндегі негізгі жұмыстар: •физикалық жаттығулар; •сергіту минуттары мен үзілістегі бойжазулар; •эмоцияны басу мен «тыныштық минуттары»; •сауықтыру гимнастикасы; •емдік дене шынықтыру; •қозғалысты ойындар; •массаж, психогимнастика, тренинг т.б. •табиғаттың сауықтыру күштерін қолдану; •таза ауадағы сабақ. Денсаулықты сақтау сауаттылығын қалыптастырудан оқушы келесі тұлғалық нәтижелерге жетуі керек: 1.Денсаулық сақтау сауаттылығына байланысты білім, білік, дағдысының қалыптасуы. 9


2.Оқу сабақтары баланың өзіне сыни көзбен қарау, партада дұрыс отыру, дұрыс жүру ережелерін меңгеру құзыреттілігі. 3.Жалпы дамытушылық жаттығулар кешенін, гимнастика, шаңғы, қозғалыс ойындары түрлерін білу, қажеттілігін ұғыну мен тәжірибеде қолдана білу. 4.Қозғалыс ойындары арқылы денені дамыту әрекетінің қалыптасуы. 5.Дене тәрбиелеу мен денсаулық сақтауға байланысты оқушының танымын, өмірге қажетті, пайдалы дағдысын қалыптастыру құзыреттілігі. 6.Ұлттық ойындарды рухани құндылық деп түсіну, құрметтеу. 7.Табиғаттың сауықтыру күштерін сауатты пайдалана алу. 8.Намыс, шыдамдылық, батылдық секілді тұлғалық қасиеттер құзыреттілігі. 9.Жеке, ұжымдық және отбасылық демалыста және бұқаралық-спорттық көпшілікке арналған жарыстарға қатысуда. 10.Белсенді шығармашылық жұмыстар, салауатты өмір салтын таңдау және қалыптастыруды [6]. 2 БАСТАУЫШ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕКТЕП ПЕН АТА-АНА АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» В.А. Сухомлинский Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет. Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру. Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру. Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек. Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар) бүгінгі күннің талабы. «Баланы кішкентай кезінен бастап тәрбиелеу керек, жеке адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне, алған біліміне байланысты», - дейді Демокрит. «Тадбири манзел» еңбегінде Ибн Сина негізгі бөлімін «мектепте балаларды оқыту мен тәрбиелеу», - деп атаған. [7] Өз еңбегінде ғалым отбасындағы білім берудің негізін қалауға тырысты. «Егер отбасы балаға білім беру әдістерін дұрыс пайдалана алса, өз өмірінде бала бақытқа кенеледі», - деген сөзі келер ұрпақтарға өзінің тәлім-тәрбиелік мәнмағынасымен құнды болып қала бермек. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады [1,2,3,4]. 2004 жылы ақпан айында Үкіметтен қолдау тапқан «Білім тұжырымдамасы» үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың 10


қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ата-ана бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулуға борышты. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функционалдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Ата-ананың баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын беруі, олардың қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс. Ата-аналар ұжымымен жұмыс Мақсаты: ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін ата-ананың оқу-тәрбие үдерісіне қатысуын қамтамасыз ету Мазмұны:мектептегі жағдаяттармен ата-аналарды хабардар етіп отыру, оларды оқу-тәрбие ісіне қатыстыру, ата-аналардың педагогика-психологиялық білімдерін жетілдіру, отбасы тәрбиесіне көмектесу Негізгі формалар мен әдістер: ата-аналар жиналысы, ашық есік күндері, лекторийлар, тәрбие ісі бойынша психологиялық-педагогикалық кеңес беру Нәтиже: ата-аналардың мектеп өміріне ризашылығы, отбасы тәрбиесінде педагогтармен бірлескен іс-әрекеттер. Бастауыш сынып мұғалімі ата-анамен тығыз байланыста болғанда ғана оқушының сабақ үлгерімі нәтижелі болады. Оқушы мен ұстаз, ұстаз бен ата-ана арасындағы байланысты нығайту арқасында сыныпта жақсы ахуал орнайды. Сыныптың атааналарымен тек тоқсандық қорытынды жиналысын жасағанда ғана ата-анамен байланысу нәтиже бермейді, бастауыш сынып оқушысы болғандықтан сабақ үлгерімін аптасына бір – екі рет ата-ананың біліп отыруын міндеттеу қажет. Қыркүйек айындағы бірінші ата-аналар жиналысын жасағанда сынып жетекшісі ата-аналарға байланыс жасаудың түрлі жолдарын, өзінің байланыста бола алатын уақыттарын ұсыну қажет. Әр ата-анаға 2 данадан береді, екеуін ата-ана бірдей етіп толтырып, біреуін өзіне қалдырады (Кесте 1). Кесте 1 Ата-ананың аты-жөні____________________________________________________ № Байланысу Байланыс уақыты Аптаның Ата-ананың Мұғалімнің түрлері күндері байланыс байланыс деректері деректері 1

2

3 4

Сабаққа баласын әкелгенде Үй немесе ұялы телефон арқылы Агент арқылы Skype арқылы

Сабақ басталардан 30-20 минуттай бұрын Кешкі .......... сағатта

8-

8-

Кешкі .......... сағатта Кешкі .......... сағатта

Қолы_____________ Күні________________ Ата-анаға қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттерін айқындату (топтық жұмыс) Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттері Кесте 2 № Отбасының басты Баласының болашағы үшін қызметтері мен міндеттері 1 Басты қызметтері 11


2

Басты міндеттері

3

Отбасы тәрбиесінің мәңгілік басты құрауыштары

Толтырып болғаннан кейін дұрысын беру, салыстыру, талдау жасату, кестені ата-анада қалдыру Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттері Кесте 2 № Отбасының басты Баласының болашағы үшін қызметтері мен міндеттері 1 Басты қызметтері  тәрбиелік;  сауықтыру;  рухани-адамгершілік;  танымдық-білімдік;  тұрмыстық;  еңбек;  мәдени-ағартушылық;  демалыс-шығармашылық;  тұлғаның өзіндік тәжірибені ынталандырушы;  қорғау 2 Басты міндеттері  баланы үйлесімді дамыту;  бала денсаулығына қамқорлық жасау;  оқуына көмек көрсету;  еңбек тәрбиесін жүзеге асыру;  тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу;  ізгі, эмоционалды-адамгершіліктік қатынас тәжірибесін қалыптастыру;  жалпы мәдени және интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау;  қызығушылығы, қабілеті, бейімділігі мен шығармашылығын дамыту;  өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға дайындау;  баланы үйлесімді дамыту; 3 Отбасы тәрбиесінің  отбасы тәрбиесінің ахуалы (дәстүрі, қатынасы, мәңгілік басты жайлылығы); 12


құрауыштары

 отбасы өмірінің күн тәртібі;  әрекеттер мазмұны (әкенің, шешенің, әженің, атаның, балалардың). Ата-ана баласының қосымша «Оқу күнделігін» қадағалау/ бұл күнделікті әр үшінші сабақта мұғалім сұрақ беру арқылы оқушыға орындатады (Сұрақты мұғалім құрастырады) Оқу күнделігінің үлгісі Күні, Пән атауы Сұрақтар Жауабы айы Әдебиеттік Осы аптада сабақ оқу үстінде біз не істедік? Осы аптада мен нені білдім/зерделедім? Қажетті ақпаратқа назар аудару үшін маған не қажет? Осы аптада мен неге қол жеткіздім? Қазақ тілі Осы аптада сабақ үстінде біз не істедік? Осы аптада мен нені білдім/зерделедім? Қажетті ақпаратқа назар аудару үшін маған не қажет? Осы аптада мен неге қол жеткіздім? Математика Осы аптада сабақ үстінде біз не істедік? Осы аптада мен нені білдім/зерделедім? Қажетті ақпаратқа назар аудару үшін маған не қажет? Осы аптада мен неге қол жеткіздім?

Күнделікті қарау арқылы ата-ана баласының пәндер бойынша апталық сабақтағы оқу нәтижесін біледі, табыс критериі төмен болса көмектесуі керек Келесі жиналыстарда төменде көрсетілген «Ата-анаға кеңесті» қолданыңыз Үлгі №1 Ата-анаға кеңес № Ата-анаға кеңес 1 Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз 2 Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер 13


3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14

Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі) Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді Егер баланы үнемі сынап отырса, оқуға құлқы болмайды Балаға үнемі күлсе, бұйығы болып өседі Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады Балаға сенім артса, ол батыл болады Бала төзімділікте өссе, адал болып жетіледі Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен қарайды Бала кекшілдікте өссе, ол қатыгез болып өседі Бала адалдықта өссе, әділ болып жетіледі

Үлгі №2 Ата-анаға кеңес «Ақылды ата-ананың 5 қағидасы» №

1

2

3

4

5

Ата-анаға кеңес Баланы тек жақсы көру аз, оны сыйлап, оның бойындағы жеке тұлғаны ардақтаңыз. «Тәрбиенің» ұзақ процесс екенін естен шығармаңыз, оның нәтижесін аяқ астынан күтпеңіз. Егер бала сіздің ойыңыздан шықпаса, қапаланбаңыз,ашуға бой алдырмаңыз. Жағдайды оң өзгерту үшін тағы не істеуге болатынын, қарастырыңыз Балаңыздан ең-ең күшті адам жасап шығаруға тырыспаңыз. Адам бәрін бірдей жақсы білуі мүмкін емес. Тіпті ақылды, ересек адамдардың да қолынан бұл келе қоймайды. Ешуақытта балаңызды басқалармен салыстырмаңыз. «Алмас 4 жаста, ол кітап оқи алады,ал сен ?» деу, немесе «мен сенің жасыңда турникке 20 рет тартылатынмын ,ал сен босбелбеу болып өстің» деу дұрыс емес. Оның есесіне сіздің балаңыз қағаздан керемет дүниелер жасайды, компьютердің құлағында ойнайды. Оның басқалардан да артық жасайтын істері көп. Сондықтан басқалардың не істей алатыны үшін ұрыспай, оның қолынан келетін істері үшін мақтаңыз Балаңызды басқа балалармен, олардың көзінше салыстырмаңыз. Басқа балалардың жетістіктерін ақпарат ретінде ғана қабылдаңыз.Сізді басқа елдің президентінің алған ордендері ұялтып, өкіндірмейді емес па? Егер балаңыздың көзінше «ананың баласы пианинода керемет ойнайды» деген мақтау естіп, жауапқа ештеңемен мақтана алмасаңыз - бәрібір бірдеңе айтыңыз Ешуақытта бопсаламаңыз! Сөздігіңізден «мен сен үшін тырысып жатырмын, ал сен болсаң....» «Мен сені өсірдім,бақтым-қақтым.....» деген сөздерді мүлдем алып тастаңыз! Өйткені , бұл- құрметті ата-аналар, Қылмыстық Кодекс тілімен айтқанда бопсалау деп аталады. Ұялту тәсілінің ең сорлысы. Және де ең нәтижесіз түрі. Өйткені бұндай бопсалауға балалардың 99 пайызы, «онда мені дүниеге әкелмеуің керек еді » деп жауап береді Куәгерлерден аулақ болуға тырысыңыз. Егер сізді ұялтатындай жағдай бола қалғанда (қарт кісіге дөрекілік көрсетіп, дүкенде шу шығарса) оны ың-шыңсыз, ол жерден алып кетіңіз.Балаңызбен әңгімені куәгерсіз жүргізген дұрыс болар. Одан кейін балаға неліктен олай жасауға болмайтынын айтып,түсіндіріңіз. Сол жерде баланы ұялтуға болады. Ең бастысы бәрінің да шегі болатынын ұмытпау Балаға өз махаббатыңызды ашудың тәсілдері. Аналық рольді шебер орындауға асықпаңыз. Баламен қарым-қатынаста эмоцияларға шектеу жоқ, бірақ бір жағдайда 14


ғана: ол сіздің махаббатыңызға күмәнданбауы керек. Бала сізді ашуландырған, қапаландырған оның өзі емес, оның жасаған қылығы екенін сезіну керек. Сіздің балаңыз жаман болуы мүмкін емес, өйткені ол әлі бала және де ол- сіздің балаңыз! Үлгілер Жиналыс тақырыбы: «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеттілігі» Мақсаты:  ата-ананың мәдениет деңгейін анықтау, педагогикалық мәдениеттілік жайлы түсінік беру;  ата-анаға балалармен қарым-қатынас стилі жайлы ой тастау. Психологиялық тренинг барысы: 1. Фольгадан қуыршақ жасау арқылы өзін таныстыру; 2. «Ата-ананың педагогикалық мәдениеттілігі» жайлы баяндама; 3. «Ата-ананың педагогикалық мәдениеттілігі» туралы сауалнама; 4. «Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы; 5. Арттерапия «Гүл бейнесінедегі менің отбасым»; 6. Кері байланыс. Жүргізілу барысы: Танысу: Фольгадан қуыршақ жасау арқылы өзіңізді таныстырасыз. Қысқаша отбасыңыз жайлы, отбасыңыз қандай және немен айналысасыз. Баяндама тақырыбы: «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеттілігі» Бұл жерде отырған барлықтарыңыз ата-ана болып табыласыздар! Сіздердің білімдеріңіз, мінездеріңіз, өмірге деген көзқарастарыңыз да әр түрлі. Бірақ барлықтарыңызды біріктірген, жинаған бала тәрбиесі болып саналады. Ата-ана болу – үлкен бақыт. Ал отбасы – адамның дүниеге келетін рухани бесігі. Өзіңнің махаббатыңды балаға жеткізу білу де өнер болып табылады. Сондықтан біз, ата-ана ретінде балаларымызға үлгі бола алуымыз керек. Ата-аналардың жоғары педагогикалық мәдениеті деңгейі келесідей сипатталады: 1) Ата-аналар тәрбиесінің басты мақсаты- дамыған, әлеуметті белсенді тұлғаны қалыптастыру қажеттілігін түсінеді. Ата- аналар бағыттарды таңдайды және баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес отбасыдағы тәрбие жұмысының мазмұнын құрайды. Баланың жеке дамуы кезіңде қалыптасатын негізгі қасиеттер туралы нақты біледі. 2) Ата- аналар балармен өзара әрекеттесе отыра әр түрлі әдістемелерді пайдаланады және оның жағымды қасиеттеріне сүйенеді, оған өз бетінше әрекет ету мен жеке ойын білдіруге қамқорлық танытады, оның өз әрекетін сараптауға, өзін тәрбиелеуге талпындырады. Атааналар ынталандыру мен жазалау әдістерін теңгерімді түрде пайдалана біледі, олардың балаға қойылатын талаптары кесілген болады, отбасының әртүрлі мүшелерінің тәрбиелік ықпал етулері бір- біріне қарама- қайшы келмейді. Баламен қарым- қатынас стилі демократиялық сипатта болады: оның пікірі тыңдаулы болады және назарға алынады. Бала сыйлы, отбасының тең мүшесі болып саналады. 3) Ата- аналар педагогикалық өз білімін көтерумен белсенді айналысады, балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша ғылыми- педагогикалық әдебиетті оқиды және пайдаланады, қиындық туған кездері білікті мамандарға- сынып жетекшілермен, мектеп психологтарынан және әлеуметтік ұстаздардан көмек сұрайды. Ата- аналар өз баласының қоғамдық өмірін сұрастырады және өздері белсене қатысады. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің орта деңгейі келесідей сипатталады: 1) Ата- аналар тәрбие жұмысының бағыттары туралы үстіртін түсінікте болады және оларды тәрбиенің басты бағыттарымен байланыстыра алмайды. Олар бала бойында тұлғаның қандай қасиеттерін сіңіру қажет екендігін түсінеді, бірақ баланың жас ерекшелігі мен жеке дамуының кезеңін үнемі дәл анықтай алмайды. Баланың бойында дамып келе жатқан қасиеттер қоғамның сұранысына үнемі сәйкес келе бермейді. 15


2) Отбасында баламен өзара әрекеттесудің әртүрлі әдістемелері пайдаланылады, бірақ олардың саналы түрде сәйкестікте болмауы мүмкін – қарым- қатынас тұтас ата- ананың көңіл- күйі мен тілектеріне тәуелді болып келеді. Немесе ата- аналар өзара әрекеттесудің тек бір ғана әдістемесіне тәуелді болады (ғылыми, ғылыми іспеттес) және баланың жеке басының ерекшеліктеріне қарамастан, сол әдістемесіне бар ыңтасымен беріледі. Атааналар баланың жағымды қасиеттеріне сүйенеді, бірақ оған еркіндік беруге, өзінің жеке шешім қабылдауы мен әрекетіне қамқорлықты аз танытады. Балаға отбасының әр түрлі мүшелерінің тәрбиелік ықпал етуінің келісімді болмауы да байқалады. 3) Ата-аналар өзінің білімін көтерумен жүйелі түрде айналыспайды, баланың қоғамдық өмірі туралы бір жағдайдан екінші жағдайға ауысқан кезде ғана біліп сұрастырады, мектепішілік іс- шараларға көмек көрсетуі өз тілегі бойынша емес, педагогтардың сұранысы брйынша ғана жүзеге асырылады ереже бойынша, ата- аналар тәрбиелеу бойынша кеңестерді сұрамайды, бірақ оларды жақсы тыңдайды. Ата-аналардың педагогикалық мәденитінің төменгі деңгейі мынадай белгілермен көрсетіледі: 1) Баланы тәрбиелеу ата- аналар үшін өмірлік маңызы бар міндет болып табылмайды, олар отбасыдағы баланы оқыту мен тірбиелеудің мақсаттары мен міндеттері туралы түсініктері болмайды. Ата- аналар жеке тұлғаның кейбір қасиеттерін анықтай алады, бірақ нақты тәрбиелік міндеттер мен мақсаттарды қойып, оларды шеше алмайды. 2) Балман өзара әрекеттесу әдістемесі отбасында болмайды. Өзаоа әрекеттесудің басқыншылық әдістеріне жүгінеді ( бұйрық, жарлық, талап ету, жазалау). Ата- аналар баланың өздігінен және еркімен әрекет етуін басып тастайды, немесе, керісінше, бақылаучыз әрекеттер жасауға жол береді. Ата- аналар баланы өз әрекеттеріне талдауды жасауға шақырмайды, отбасының әр түрлі мүшелерінің тәрбиелік талаптары мен әрекеттері балаға қатысты сәйкессіздікте болады және көбінесе қарама- қайшы болып келеді ( мысалы, әкенің тыйым салған әрекеттерін шешесі ынталандырады). 3) Ата-аналар педагогикалық өз білімін көтерумен айналыспайды, мамандардың кеңестері мен ұсыныстарына құлақ аспайды және баланың қоғамдық өміріне қызықпайды. Ата- аналардың педагогикалық мәденит деңгейі олардың тырысуымен және сол сияқты отбасы ішіндегі қарым- қатынастың өзгеруімен, әлеуметтік мәртебедегі өзгерістер, сонымен қатар мектептің ата- аналарды тәрбиелеу бойынша іс- шараларында атааналарды ынталандырудың сауатты әрекеттері нәтижесінде өзгеріп отырады. Жоғарыда келтірілген анықтамалар өзіңіздің ата ретіндегі педагогикалық мәдениет деңгейіңізді анықтауға мүмкіндік бере алды деген сенімдеміз. Егер, соған қарамастан кейбір мәселелер анықталмаған болса, келесі тестің сұрақтарына жауап беруіңізді өтінеміз. «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеттілігі» сауалнама 1.Сіз өз балаңызды қандай білімге сүйеніп тәрбиелейсіз? а) теледидар және радио арқылы ақпараттарды тыңдайсыз; б) ата-аналарға арналған дәрістерге барасыз; в) ұстаздардың ұсыныстарын негіз аласыз; г) өмірлік тәжірибеңізді қолданасыз. 2. Сіздің ойыңызша тәрбиенің қай тәсілі тиімді болып табылады? а) мадақтау; б) жазалау; в) талап ету; г) үйрету. 3.Сіз мадақтаудың жиі қай тәсілін қолданасыз? а) сөзбен мадақтау; б) сыйлық; в) аялау; г) баламмен бірге өткізетін уақыт. 16


4. Сіздің ойыңызша жазалаудың қай түрі тәрбиелеу кезінде тиімді болып табылады? а) физикалық жазала; б) сөзбен қорқыту; в) ойыннан бас тартқызу; г) ренішіңізді білдіру. «Сөйлемді аяқтау» жаттығуы 1. Отбасы – бұл... 2. Менің балаларым - бұл... 3. Отбасымның қуанышы – бұл... 4. Менің отбасымда .............................. болғанын қалаймын Арттерапия «Гүл бейнесінедегі менің отбасым» Жағымды әуен ойнайды. Әрбір ата-ана өз отбасын гүл бейнесінде салады. Әрбір жаттығудан кейін ата-ана ерікті өз ойымен бөліседі. Үлгі Ата-аналарға арналған сауалнамалар Сауалнама: "Сіз қандай ата - анасыз?" 1. Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба? 2. Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба? 3. Балаңызбен қарым - қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба? 4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба? 5. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба? 6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба? 7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма? 8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба? 9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба? 10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез - құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба? 11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік, бересіз бе? 12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайысыз ба? 13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба? Жауабы: 1. Әрқашан жасаймын, келісемін - 3 балл 2. Кейде ғана келісемін - 2 балл 3. Келіспеймін - 1 балл Сауалнаманы бағалау өлшемдері: 0 - 16. Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз. 16 - 30. Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызға тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек. 30 - 39. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз. Сауалнама «Ата - ананың балаға қаншалықты көңіл бөлуін» анықтайтын әдістеме р/с Сұрақтар ----------------------------------------------------------ия -------жоқ 17


1. Мен балама өз балалық шағымды айтып отырамын жасыл сары 2. Баларыммен сирек ойнаймын сары жасыл 3. Менің балам әрдайым маған өз сырын айтуға дайын жасыл сары 4. Басына түскен қиындықтарымен менімен бөлісетіне сенімдімін жасыл сары 5. Мен ойлаймын, кез - келген баланың ісіне үлкен мән беру керек себебі, оның барлығы ұйымшылдыққа тәрбиелейді қызыл 6. Айына екі рет баламмен бірге қыдырамын жасыл сары 7. Егер менің балам үй тапсырмасын орындауға көмек сұраса, мен көмектесуге әрдайым дайынмын жасыл сары 8. Баламның қандай оқулықтарды сүйіп оқитынын жақсы білемін жасыл сары 9. «3» немесе «2» баға алса, міндетті түрде жазалаймын қызыл 10. Баламды мақтау үшін әрдайым сылтау іздеймін жасыл қызыл 11. Бірге сырласып, әңгімелескенді жақсы көреміз жасыл сары 12. Кейде мен уақытымды, тек балаға ұрысуға ғана жұмсайтын сияқтымын қызыл 13. Әрқашан баламның басынан сипап, құшақтаймын жасыл сары 14. Менің дауыс ырғағым тек бұйырып, қатаң сөйлеу қызыл 15. Балаларыммен бірге үйге берілген тапсырмаларды орындауым керек, себебі, олар өз еріктерімен орындамайды қызыл 16. Баламның қандай арманы бар екенін жақсы білемін жасыл сары 17. Басқа біреудің балаларын немесе өзімді өнеге тұтамын қызыл 18. Балам ашуланып бір нәрсе бүлдірсе, міндетті түрде жазалаймын қызыл 19. Оқыған кітаптарды немесе көрген киноны бірге талқылаймыз жасыл сары 20. Үйдегі келеңсіз жағдайларды балаларыма айтып отырамын жасыл 21. Мен ауырғанда немесе шаршағанда балам оны сезеді және көмектеседі жасыл сары 22. Менімен бірге жиі болғанды жақсы көретінін әрқашан айтып жүреді сары 23. Баламмен сөйлескенді өте жақсы көремін жасыл сары Қорытынды: әр түстерді жеке - жеке санап, әр түске бір ұпайдан беріледі. Әр түстің өз ұпайларын санаймыз. Жасыл түсті шаршылар: А) 0 - 5 ұпай аралығында - балаңызға сіздің көңіл бөлуіңіз жетіспейді. Әрдайым жұмыстан қолыңыз тимейді бірақ, бала сіздің көңіл бөлуіңізді күтеді. Балаға көп көңілдің саны емес, сапасы маңызды. Жұмыстан кейін тамақ әзірлеудің үстінде немесе ыдыс жуып тұрып балаңызбен сөйлесіңіз. Б) 5 - 10 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлінбейді. Тек тамақтандырып, киіндіріп және күнделікті қарау, ол көңіл бөлінген болып есептелмейді. Балаңыздың ішкі жан дүниесіне көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн. В) 10 - 15 ұпай аралығында - балаңызға көп көңіл бөлесіз. Балаңыз сізге әбден сенеді және арқа түзейді. Барлық қиындықтарда сіздің алып шығатынына үлкен сеніммен қарайды. Болашақта жеке тұлға ретінде жақсы азамат болып өсуіне кепілдік береді. Сары түсті шаршылар: А) 1 - 4 ұпай аралығында - сіздің балаңызға көп көңіл бөлінеді. Мүмкін ол көп те шығар. Ойланыңыз, балаңыздың бос уақыты жеткілікті ме? Мүмкін оның келеңсіз жағдайларын сіз шешетін шығарсыз? Осылай қалыптаса берсе, баланың жеке тұлға болып өсуі тоқтатылады, балаңыз кейбір жағдайларды өзі шеше алмай, өзіне деген сенімін жоғалтып, сізге тәуелді болып қалуы мүмкін.

18


Б) 5 - 9 ұпай аралығында – мүмкін сіз жасыл шаршылардан да осындай ұпай жинаған шығарсыз, ол балаңыздың сізден өзіне деген көңіл бөлетінін күтеді. Балаға күнделікті үйдегі жағдайларда көбірек көңіл бөліп, оның өзіндік пікірлерін тыңдап, ақылдаса біліңіз. В) 9 - 13 ұпай аралығында - сіздің көңіл бөлуіңіз балаға өте қажет. Егер де сіз жұмыстан қолыңыз тимесе, күнделікті әр бос минутыңызды балаға арнауға тырысыңыз. Уақытында балаңызды мақтауды, басынан сипауды ұмытпағаныңыз жөн. Уақыт өте келе сіздің балаңызбен тіл табысуға қиындық туғызуы мүмкін. Қызыл түсті шаршылар: А) 0 - 2 ұпай аралығында - сіздің отбасында барлық жағдайлар жақсы: балаға жеткілікті көңіл бөлінеді. Баланың өзіне - өзі бағалауы дұрыс қалыптасқан. Б) 2 - 4 ұпай аралығында - сіз балаға өте қатал қарайсыз немесе сіз балаға көп көңіл бөлмейсіз. Сондықтан, ол сізді өзіне қарату үшін әр түрлі жағымсыз істер жасауы мүмкін. Кез - келген нәрселерге ұрса бермеңіз. Баланы көбірек қолпаштап, келесіде барлығы жақсы болатынына сендіріңіз. В) 4 - 8 ұпай аралығында – Балаға үнемі ұрсып, ақыл айтқандықтан балада да тәрбие саласы бойынша дәл осындай пікір қалыптасқан. Сондықтан бала әрдайым сізді ашуландырып, айқайлауыңызды күтіп тұрады. Өзіңізді өзгертуге тырысыңыз, Ешқандай себеп болмаса да, баланы көбірек мадақтауға, басынан сипап жай сөйлесіп үйреніңіз. Дәл осылай қалыптаса берсе, күнделікті үйдегі айқай - шу азайып, балаңыздың сабағы да жақсарып, ара - қатынасыңыз дұрысталғандығыңызға көзіңіз жетеді. Жай сөйлесіп, түсіндірудің сізге де, балаға да жақсы қасиет екенін ұмытпағаныңыз жөн. Жаттығу. Медитация. «Өз жұлдызыңызды табыңыз» Әдемі әуен ойнап тұрады. Нұсқау: Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл балалық кездегі сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты сәби кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз. а) ата - ана алдарында жатқан жүректі өзіне біреуін таңдап алады ә) жүректерге болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететінін жазады. б) тақтаға іледі. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспары № Бөлімдер Функционалдық міндеттер 1 Ата-аналармен Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: бірыңғай байланысты педагогикалық позиция қамтамасыз ету негізінде мектеп пен атаана байланысын жүзеге асыру 2

Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: функционалдық сауаттылықты қалыптастыру негізінде мектеп пен ата-ана

Ата-аналармен байланысты қамтамасыз ету 19

Жүргізу формасы Әлеуметтік қолдауды қажет ететін және көп балалы отбасы балаларының жағдайын зерттеу; Ата-аналар лекторийінің жұмысы; Бірлескен іс-әрекеттерге бастама жасау және ұсыныс беру Ата-аналар жиналысы Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау диагностикасының қорытындысымен таныстыру


байланысын жүзеге асыру

3

4

5

6

7

Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: функционалдық сауаттылықты қалыптастыру негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: функционалдық сауаттылықты қалыптастыру негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: функционалдық сауаттылықты қалыптастыру негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: функционалдық сауаттылықты қалыптастыру негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру Ата-аналармен жұмыс: Мақсаты: функционалдық сауаттылықты қалыптастыру негізінде мектеп пен ата-ана байланысын жүзеге асыру

Ата-анамен жұмыс:

Ата-аналар комитетінің мүшелерін бекіту, комитет жұмысының жоспарын дайындау «Ашық есік» күнін өткізу Ата-аналарға арналған педагогика-психологиялық ағарту жұмыстары

Ата-анамен қарымқатынас

Ата-аналарға педагогика, психологиялық тұрғыдан кеңес беру

Оқушылар денсаулығын нығайту мәселелері

Мектеп дәрігерімен бірлесе отырып, «Д» есебіне алынған балалар денсаулығын тексеру, қажетті дәрумендермен қамтамасыз ету

Оқушылар білімі сапасын көтеру жодары

Білім аясында кемшіндігі бар оқушылар ата-аналарымен психолог және класс жетекшісінің бірлесе атқаратын үйлестіру жұмыстары

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары

Ата-аналар көмегімен балалардың қала сыртындағы демалыс лагерьлеріне жолдамалар алуын қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалар үшін жазғы сауықтыру және демалыс шараларын ұйымдастыру

20


ҚОРЫТЫНДЫ Функционалдық сауаттылыққа адамның логикалық сауаттылығы, заң сауаттылығы, оқу

және

жазудағы

сауаттылық,

математикалық

сауаттылық,

отбасылық

өмір

мәселесіндегі сауаттылық, денсаулық мәселесіндегі сауаттылық, қауіпсіздік жөніндегі сауаттылық, компьютерлік және ақпараттық сауаттылық жатады. Функционалдық сауаттылық адамның өмір бойы оқып-үйрену, ақпараттық байланыс технологияларын қолданып, шығармашыл ойлау, дер кезінде дұрыс шешім қабылдау, әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерде тиімді қарым-қатынас орнатудағы орасан зор ықпалын тигізетін фактор. Біздің мемлекетіміз үшін оқушылардың функционалды сауаттылығының маңызы аса зор, себебі оқушылар еліміздің болашағын қалайды. Функционалды қабілеттер мектеп қабырғасынан және жанұядан басталады. Білім негізі бастауышта берілетіндіктен ата-ананың функционалды сауатты болуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ата-ананың бала тәрбиелеуде баласының ерекше қасиетін тануы, қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беретін функциональдық сауаттылығын мұғалімдермен тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптастыруы

қажет.

Бастауыш

сыныпта

функционалдық

сауаттылықты

қалыптастырудағы мектеп пен отбасының өзара әрекетінің жолдары қарастырылады. Құралда функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың педагогикалық шарттары, бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылық мазмұнын құрайтын құзыреттіліктер, бастауыш сынып пәндері бойынша қалыптасатын пәндік сауаттылықтар қамтылған. Әдістемелік нұсқаулық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал. Нұсқаулықта бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы мектеп пен отбасының өзара әрекетін қалыптастыратын заманауи тәсілдер ұсынылды.

21


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы) 2.«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы 3.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» («Егемен Қазақстан»), 2012 ж. 10 шілде мақаласы. 4.2012 жылғы 5 қыркүйекте Назарбаев Университетіндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың интерактивті дәрісі 5.12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары. Әдістемелік құрал. Астана, 2013. 25-26 б. 6.Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал. Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013 7.Әлемдік философиялық мұра. 1 том. – А.: Жазушы, 2005. – 560 б. Б.199 8.Әтемова Қ.Т. Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы: п.ғ.к. дисс. – А.: 1999. – 127 б. 9.Шарафадин А.А. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. п.ғ.к. дисс. – А., 2004. – 130 б. 10.Қоңырбаева С.С. Жоғары сынып оқушыларын отбасылық өмірге этномәдени құндылықтар негізінде даярлаудың педдагогикалық шарттары: п.ғ.к. дисс. – А., 2008. – 180 б. 11.Шүйіншина Ш.М. Оқушылардың білім сапасын арттырудағы отбасы мен мектептің бірлігінің педагогикалық шарттары: п.ғ.к. дисс. Aстана, 2008. – 170 б. 12.Есім Ұ.Ә. Қазақ отбасында халықтық педагогикалық құралдары арқылы мектеп жасындағы қыз баланы тәрбиелеудің педагогикалық шарттары: п.ғ.к. дисс. - А., 2006. - 149б. 13.Берікханова А.Е. Ынтымақтастық технологиясының тиімділігі. // Оқыту – тәрбиелеу технологиясы, - 2007. - № 5. 22-25 б. 14.Ж.Б.Қоянбаев., Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Астана: «ЕАУ» , 1998 ж. 378 бет. 15. Б.И.Иманбекова.Тәрбиеге жетекші: - Алматы, 2004. - 224 бет. 16. Н.Б.Қазбекова., Сынып жетекшісінің анықтамалығы. 2011. № 7 (31). sabagtar.kz Республикалық әдістемелік сайт

22


МАЗМҰНЫ Кіріспе

3

1

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері

4

1.1

Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу сауаттылығы

5

1.2

Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығы

5

1.3

Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығы

6

1.4

Бастауыш сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығы

7

1.5

Бастауыш сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығы

8

1.6

Бастауыш

сынып

оқушыларының

денсаулық

мәселелеріне

байланысты 9

сауаттылығы 2

Бастауыш білім деңгейінде функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы

10

мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас Қорытынды

21

Пайдаланылған әдебиеттер

22

23


Махадиева Б.О.

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ Әдістемелік нұсқаулық

Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты баспаханасында шығарылған ____________________________________________ Басуға 23.10.2015 жылы қол қойылған Пішімі 60х90 1/16; Есепті беті 1,5

Бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы мектеп пен отбасының өзара әрекеті  

Махадиева Б.О., 2015,

Бастауыш мектепте функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы мектеп пен отбасының өзара әрекеті  

Махадиева Б.О., 2015,

Advertisement