Page 5

ЖӘРМЕҢКЕ ХАЛЫҚТЫҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ Қаламызда күз айындағы алғашқы ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткен сенбіде өткізілді.

Сейсенбі, 4 қазан 2016 ж.

6 бет

gazeta@top-news.kz

top-news.kz

ҚАРТТАРЫМ АМАН САУ ЖҮРШІ!

АТАДАН ДАРЫҒАН ТЕКТІЛІК

Қалыптасқан дәстүр бойынша 1 қазан – Халықаралық Қарттар күні ретінде жылда аталып өтеді.

Елбасының сенімді серігі, көрнекті мемлекет қайраткері Нығметжан Есенғарин хақында

7 бет

8 бет

Қостанай қаласының мақтаныштары

Қалдырған ізі мәңгілік

немесе №24 мектеп-гимназиясының директоры, Қазақстан Республикасының білім озаты Сәуле Кәрімова жайлы мөлтек сыр «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысың» демекші, өз мамандығының майталманы, бойындағы білімі мен біліктілігін жас ұрпақтың бойына сіңіріп келе жатқан ұстаздар қаншама. Солардың ішінде өңірімізде Сәуле Кәрімованың есімі ерекше аталады. Сәуле Елеусізқызы 40 жылға жуық ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге арнаған аяулы жан. Ұлағатты ұстаз мектепке «тарыдай болып кіретін» бастауыш сыныптың балдырғандарына тиянақты білім беретін №24 мектеп-гимназияның басшысы. Кейіпкерім 1952 жылы облыс орталығынан біршама жерде жатқан Алтынсарин ауданы Большая Чураковка ауылында дүниеге келді. Сол елді мекенде өз тұрғыластары секілді алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Содан уақыт өте қаламыздағы №14 орта мектепке ауысып, оны 1972 ойдағыдай аяқтады. Сосын шаһарымыздағы педагогикалық училищеге құжаттарын тапсырып, студент атанды. Мұнда жақсы қырларымен көзге түскен Сәуле диплом алысымен, өзі түлеп ұшқан №14 орта мектепке бастауыш сынып

Таңдаулы ұстаз әрі білікті басшы Сәуле Елеусізқызы | Суретті түсірген автор мұғалімі болды. Ол шәкірттерге білім берумен қатар бойындағы ерекше ұйымдастырушылық қарым-қабілеттерінен де болар, ұжымдағы мұғалімдердің комсомол, кәсіподақ және партия ұйымдарының жетекшісі ретінде де көпке танылды. Өзінің жауапкершілікті жоғары сезінуі және алғырлығынан да шығар, мектепте оқу ісінің меңгерушілігіне дейін көтерілді. Ұлағатты ұстаз қазіргі

таңда сонау №10 балабақша директоры болып қызмет атқарған жылдарын да сағынышпен еске алады. Оның қазіргі №24 мектеп-гимназияны асқан шеберлікпен басқарып келе жатқандығына да 14 жылдың жүзі болды. Өткен кезеңдегі адал еңбегі мен төккен маңдай тері лайықты бағасын алды. Сәуле Елеусізқызы Кәрімова тынымсыз ізденістері және білім саласындағы жетістіктері үшін ҚР білім

озаты атанып, тек мәртебесі биік әріптестеріне берілетін Ы. Алтынсарин медалімен марапатталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медальға да ие болды. Осыдан екі жыл бұрын таңдаулы ұстаз әрі іскер басшы ретінде еңбегі ескеріліп, халықаралық энциклопедияға да енді. Бұл күндері Елбасы республикамыздағы білім ордаларындағы ұстаздарға

қамқорлық жасаумен бірге шәкірттердің уақыт талабына сай нағыз азаматтар болып қалыптасуына назар аударып отыр. Жасыратын несі бар, тәуелсіздік алғанға дейін Қостанай өңірінде таза мемлекеттік тілде дәріс беретін оқу орындары тым аз еді. Өткен ширек ғасырға жуық мерзім ішінде облыста қазақ тіліндегі оқу орындарының саны айтарлықтай өсті. Соның бірі Сәуле Елеусізқызы басқаратын

мектеп-гимназия. Ол басқаратын білім ордасының табалдырығын жаңа оқу жылын 506 шәкірт аттады. Бұл күндері оларға өз салаларын жетік білетін 38 мұғалім тиянақты білім беруде. Тағы бір қуанышты жағдай, биыл осы мектеп-гимназияда төрт 1-ші сынып ашылды. Онда 123 бала білім алуда. Аталған ұжымның шәкірттері өткен оқу жылының қорытындысы бойынша облыс орталығындағы өздері деңгейлес мектептердің арасында 1-ші орынға ие болды. Сөйтіп, қала басшысы Базыл Жақыповтың қолынан 200 мың теңге ақшалай сыйлық пен алғыс хат алды. Бүгінде мемлекеттік тілімізді оқып, үйренуге ниет білдіріп, балаларын қазақ тілді балабақшалар мен мектептерге беріп жатқан ата-аналардың саны да артып келеді. Міне, қазіргі таңда жоғарыда аталған мектеп-гимназияның 4-ші сыныбында Роман Рыжков та қазақша білім алып, өзінің зерделілігін танытуда. Білім ордасында балалар сабақта үздік болумен қатар түрлі жарыстарға да қатысып отырады. Осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде соңғы үш жылдан бері оқу орнының шәкірттері республикалық математикалық турнирлерде жүлделі орын алып, мұғалімдерінің сенімдерін ақтап келеді. Кейіпкеріміз бір айрандай ұйыған тату-тәтті отбасының ұйытқысы.

Мәдениет

Ілтипат

«Дария» жобасымен ашылды

Ұлағатты ұстаздарға құрмет

немесе облыстық филармонияның тың ізденістері

Бұл салтанат «Мирас» мәдениет үйінде өткізілді

Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармония ұжымы жаңа маусымын ашық деп жариялады. Концертке жиналған жерлестеріміз әуезді әннен әсер алып, рухани жағынан жан дүниелерін байытты. Онда өнер майталмандары талғампаз жұртшылыққа «Дария» музыкалық жобасын ұсынды. Әрбір ән шырқалмас бұрын үлкен экраннан қазақ мәдениетінің өсу деңгейі, ауылдың тыныс-тіршілігі, көркем табиғаттың ғажайып көрінісі, күздегі

сарғайған жапырақтардың сыбдыры, ару қыздарымыз бен мейірімді аналардың жарқын жүздері алдын ала дайындалған бейнематериалдармен әдемі үйлесіп жатты. Мұның бәрі де жыр жолдарымен кестеленді. Мұнда «Туған жер», «Қараторғай», «Отан ана» және басқа да жүректі тербетер әндер шырқалды. Сонымен қатар қобыз, домбыра, үрмелі аспап және рояльдан шыққан саздар құлақтан кіріп, бойды алды. Кеш соңында облыстық мәдениет басқармасының

басшысы Ерлан Қалмақов сөз сөйлеп, филармония ұжымына шығармашылық табыс тіледі. Көрермендер Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлбану Абдулина, Батырбек Байназаров, Лаура Шахметова, Еркінбек Құндыбаев, Сапар Молдабеков, Ботагөз Беғабылованың өнерлеріне дән риза болды. Бұл Лариса Сероус бастаған облыстық филармонияның үнемі тынымсыз ізденіс үстінде екендігін көрсетеді.

Біздің өмірімізде барша қауым ерекше қадірлеп, тағзым ететін мамандық иелері бар. Бұл әрине, ұстаздар, яғни білім ордаларында уақытпен санаспай қызмет атқарып жатқан аяулы да ардақты мұғалімдер. Сондықтан да болар, жылда өңірімізде олардың кәсіби мерекелеріне айрықша назар аударылады. Биыл да 1 қазан күні Қостанай шаһарындағы «Мирас» мәдениет үйінде оларға арналған жиын болып өтті.

Жиналған барша ұстаздарды облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев шын жүректен құттықтап, оларға мықты денсаулық, отбастарында бақыт, жауапты да беделді қызметтерінде табыс тіледі. Ұзақ жылдардан бері жемісті жұмыс істеп, шәкірттеріне тиянақты білім беріп келе жатқан мұғалімдер қауымына лайықты құрмет көрсетіліп, өмір жолдары өзгелерге өнеге етілді. Салтанат барысында басқа да қауымның есінде

ұзақ сақталар сәттердің бірі — «Даңқ аллеясы» көрмесінің ашылуы. Онда республикамызға есімі танымал мұғалімдер жайлы кеңінен баяндалды. Бұл басқосуға өңірдегі аудан және қалалардағы білім бөлімдерінің басшылары, осы салада қызмет атқарып жатқан мамандар қатысты. Жиынның соңы қалыптасқан дәстүр бойынша ән мен күйге ұласты. Бетті дайындаған Айзат АСҚАРҚЫЗЫ

№79 (2883)  

Вторник, 4 октября 2016 г.

Advertisement