Page 7

№67 (2871)�

ЖАС ҰРПАҚ – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ 7

�Сейсенбі, 23 тамыз 2016 ж.

Қамқорлық құшағында

«Мектепке барар жол» акциясы жүрегі жомарт жандардың тарапынан қолдау табуда

Жыл сайын «Мектепке барар жол» қайырымдылық акциясын өткізу дәстүрге айналды. Осы маңызды жұмыстың арқасында бүгінде күнкөрісі төмен, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар барынша қамқорлыққа алынуда. Соның нәтижесінде қаншама ұл мен қыздар жаңа оқу жылында білім ордаларына алаңсыз барады. Облыстық білім басқармасының бас маманы Гүлнәр Берсүргірованың бізге берген деректеріне сүйенсек, аталмыш акция барысында облыс бойынша өткен 7 жылда 80 135 балаға 435 млн 290 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Ал, былтыр 10 485 балаға 72 млн 540 теңге жұмсалды. Жыл сайын «Центр Кредит Банк», «Каспий банк», «Цесна банк», «Сбербанк» банктерінің Қостанайдағы филиалдары және бірнеше кәсіпкерлер, ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер және мешіт ұжымдары қамқорлыққа мұқтаж жандарға қол ұшын созды. Сондай-ақ биыл да облыс орталығындағы мекемелер

Самрат пен анасы полиция қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды | Сурет ішкі істер департаментінен алынды де өздерінің мүмкіндігіне қарай бір-екі балаға көңіл бөліп, оларды жаңа оқу жылына дайындамақ. Акцияға өзіміздің әріптестеріміз де

қатысып, өздерінің үлестерін қосуда. Жоғарыда айтып өткеніміздей, өңірдегі мешіт ұжымдары да балаларды

мектепке әзірлеуге өздерінің қолдарынан келген жағдайын жасауда. Мәселен, Қостанай облыстық Марал ишан мешіті мен облыстық «Зекет қоры» және Қажылар қауымдастығының өкілдері бірлесе отырып, «Балаларға бірге көмек берейік» ұранымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізуді өздерінің қолдарына алды. Қайырымдылық акциясының мақсаты жайлы ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет жұртшылықпен болған басқосуларда жан-жақты уағыз айтып келе жатқаны да баршаға мәлім. Өйткені, бала тәрбиесі баршамызға ортақ. Олар ертеңгі еліміздің тірегі болып табылады. Сондықтан кез келген ұл мен қыздың білім алып, тәуелсіз республикамыздың нағыз азаматтары атануы үшін әрбір саналы азамат әрдайым ерекше түсіністікпен қарағандары жөн секілді. Несін жасырамыз, арамызда әлі де болса күнкөрісі төмен жанұялар, көп балалы отбасылар баршылық. Сондықтан да Бахытбек Нұрғабылұлы бастаған дін саласының қызметкерлері де бүгінгі көтеріліп отырған мәселеге әрқашан да

ерекше назар аударып келе жатқандығы баршаға аян. Осы акцияны ұйымдастыруға дін жанашырлары көптеген демеушілер тартып, соның нәтижесінде қолдауға мұқтаж бірқатар балалар жыл сайын қамқорлыққа бөленуде. Міне, жаңа оқу жылына да көп қалған жоқ. Жүрегі жомарт, қолы ашық кісілер бәріне де ерекше түсіністікпен қарап, бала тағдырына бей-жай қарай алмайтындықтарын іс жүзінде көрсетуде. Мысалы, облысымызда өзінің қайырымдылық қырларымен көзге түсіп жүрген белгілі меценат, «ОРТ» бірлестігінің басшысы Айтжан Есенгелдинов өз қаржысына он оқушыны мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Оның осы әрекеті басқа да қалталы азаматтарға үлгі болады деген үмітіміз де бар. Ал облыстық тұтынушылар одағының басшысы қаржылай көмек көрсетсе, Қостанай қалалық қажылар қауымдастығының төрағасы М.Құрбанов акцияға қатысқан балалар мен олардың ата-аналарына тәтті сусындар ұсынғалы отыр. Басқа да заттай қолдау көрсететін кісілер де баршылық. Дін жанашырларының арасында осынау қайырымдылық шараларында

белсенділік танытушылардың қатары жылдан-жылға көбейіп келе жатқандығы өте мақтауға да тұрарлықтай. Үстіміздегі жылы бүгін әңгімемізге арқау болған аса маңызды акция аясында облыс бойынша 3,5 млн теңгенің қайырымдылық шаралары өткізіледі деп күтілуде. Бұл қайырымдылық шараларына жергілікті полиция қызметкерлері де атсалысып келеді. Олар акцияға 10 жылдан астам уақыт қатысуда. Биыл да бұл шарадан шетте қалмады. Олар көмек берген балалардың арасында Самрат Нұрлан да бар. Оқушының анасы Жанаргүл Патышакулиева қазіргі таңда уақытша жұмыс істемейді. Ал, олардың жанұясында тәрбиеленіп жатқан бесінші бала бар болғаны төрт айда. Самраттың әкесі қызмет атқарса да, оның азын-аулақ тапқан табысы күнделікті тұрмыстан артылмайтын көрінеді. Бір қуаныштысы қалалық және аудандық ішкі істер органдарының қызметкерлері аталмыш акцияға қатысуға ниеттерін білдіріп жүр. Тәртіп сақшылары барлық заттарды сатып алу қаражатын өз қалталарынан шығарған.

Балаңыз жаңа оқу жылына дайын ба?

Шаһардағы «Мектеп базары» жәрмеңкесі немесе сауда нүктелерінде жұмыс қыза түсуде Жаңа оқу жылына да бір апта ғана уақыт қалды. Соны ойлаған әрбір ата-ана ұл мен қызына мектепке киетін киім-кешек, оқу құралдарын сатып алуға алдын ала әрекеттер жасайтыны белгілі. Нанбасаңыз, облыс орталығындағы «Мектеп базары» жәрмеңкесіне барып көріңізші. Ондағы сөрелерге қойылған ұлдардың костюмдері, қыздардың юбкалары бірден жұртшылықтың назарын аударады. Жақында соны өз көзімізбен көріп, куә болдық. Шынында да бұл күндері жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай әлгінде аталған жәрмеңкеде нағыз қарбалас шақ. Онда сатушылар Алматы, көршілес Ресейдің шаһарларынан, Бішкек қалаларынан әкелген тауарларын тұтынушыларға кеңінен ұсынуда. Жуырда осы мәселеге байланысты қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Данагүл Сүйіндікқызына жолыққан едік. Оның бізге берген деректері мен дәйектеріне қарағанда, биыл мектеп жәрмеңкесіне байланысты дайындықтар ерте

жасалған. Солтүстіктің ауа-райына байланысты 150 шатыр тігіліпті. Өзіміз жұртшылық жиі болатын «Балалар әлемі» дүкені, Дулатов көшесі мен Орталық базар алаңдарында болдық. Бұл жерлерде қазіргі таңда оқу құралдарының саудасы қыза түскен. Оқушыға қажетті тауарлардың бәрін де бұл жерден табасыз. Жәрмеңкеде мектеп формасы, аяқ киімдер, кеңсе заттары, сөмкелер, оқулықтар мен басқа да қажетті құрал-жабдықтар төмендетілген бағамен сатылуда. Ата-аналар олардың бағасы өздерінің қалталары көтерерліктей екеніне дән риза. Жалпы халыққа қызмет етумен он жылдан бері айналысып келе жатқан Светлана Пономоревамен тілдескенімізде ол бізге: -Қазір жәрмеңкенің жұмысы уақыт өткен сайын жандана түсуде. Әрбір ата-ана өзінің перзентінің мектепке өз қатарынан қалмай тиянақты да дұрыс дайындалғанын қалайды. Олар бізге тек облыс орталығынан ғана емес, аудандар мен өзге де қалалардан келеді. Бұл жерден

Мәселен, 12 беттік тор көз және өзге де дәптерлер мен қалам 15-20, күнделік 350500 теңге, түрлі-түсті қарындаштар 150-650 теңгені құрайды. Ал оқушылар арқасына асатын сөмкелер – 3000 теңгеден жоғары екен. -Жәрмеңкеден балама қажетті барлық заттарды қиналмай сатып алдым. Оның бағалары өзімнің көңілімнен шықты. Қызым биыл бастауыш сыныптарды бітіріп, енді 5-ші сыныпқа барады. Жалпы, мұндай халыққа қажетті сауда орындарының болғаны өте жақсы. Жылда басқа жаққа сабылып жатпай, керегімізді осы жерден аламыз. Өзімнің ұнатқан тұрақты сатушым бар. Өйткені, оның тауары сапалы. Сондай-ақ бекітілген бағадан төменірек «Мектеп базарындағы» оқу құралдары мен мектеп формалары ата-аналар мен түсіріп береді, - деді Бинабалалардың көңілдерінен шығуда | Суретті түсірген автор зир есімді қыздың анасы Ақтолқын бізбен болған әңгімеде. басталады екен. майтын сөмкелер, қараніздегендерін таба алады. Жәрмеңкеге ат басын Сонымен қатар күнделікМендегі тауарлардың баға- даш, сызғыштар, дәптерлер бұрған кезде байқағаным, лары да қымбат емес, - деді. толып тұр. Кісілердің сатып ті киетін ақ жейде 3500 мұндағы сауда осы жылғы теңге, ақ бантиктер 800 алу қарқынына қарағанда Біз осындағы жәрмеңкетеңге және ер балалар галс- қыркүйек айының басына сауда жаман жүріп жатдегі барлық сөрелерді дейін жалғасын табатын тугы 400 теңгеден жоғары паған секілді. аралап көрдік. көрінеді. бағаланған. Өзімнің көргенімдей, Бір жерде киім-кешек Мектептегі оқушылар ең мұндағы жұртшылыққа сатылса, енді бір жерде Бетті дайындаған көп пайдаланатын заттарұсынылып жатқан мектеп ертең жаңа оқу жылы А.АСҚАРҚЫЗЫ дың бірі – дәптер емес пе? формалары 3000 теңгеден басталғанда таптыра қой-

№67 (2871)  
№67 (2871)  

Вторник, 23 августа 2016 г.

Advertisement