Page 9

№53 (2857)�

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ 9

�Сейсенбі, 5 шілде 2016 ж.

Ой салар

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ – біздің мақсатымыз» Мұны әрбір азамат түсінгені абзал

Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені Ата Заңымызда жазылған. Осы асыл құндылықтардың сақталуы ең алдымен еліміздің әлеуметтік, экономикалық және құқықтық дамуы деңгейімен тығыз байланысты. Алайда, еліміздің толыққанды дамуына кедергісін келтіріп отырған сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамдық дерттердің бар екені айқын. Біздің еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына соңғы уақыттарда маңызды өзгерістер енгізілу үстінде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Аталған Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттiк қызметшілердің және оларға теңестiрiлген лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық, қызметтік өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк немесе мүліктік емес игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу болып табылады. Осы заңның ерекшелігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу процесіне

Азамат Оташев | Сурет кейіпкер архивінен алынды барлық қоғамның атсалысатындығы болып отыр. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолынан келгенінше әрекет етуі қажет. Бұл мақсатта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды

көтермелеу заңнама жүзінде қарастырылған. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған немесе оған қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленіп отыр. Ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу келесідей мөлшерде белгіленеді: сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушы-

лықтар туралы әкімшілік істер бойынша хабарлаған тұлғаға – 30 айлық есептік көрсеткіш (63630 теңге), онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК (84840 теңге), ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК (106050 теңге), ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер

бойынша - 70 АЕК (148470 теңге), аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 100 АЕК (212100 теңге). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды. Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген уақытта, қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі заңды күшіне енген, ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты- қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру осы жолдағы негізгі қағидат ретінде бекітілгендіктен, оған тек мемлекеттік органдар ғана емес, Қазақстан Республикасының әрбір тұлғасы қызмет етуі тиіс. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің www.kyzmet.gov.kz ресми сайтына, Костанай қаласы,

Қасымханов көшесі 34 Департамент мекен-жайына, 8 (7142) 39-31-65 телефонына, +7-707-122-1494 WhatsApp, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаментінің 1424 сенім телефонына хабарласуларыңызға болады. Бүгінгі қозғалып отырған тақырып кімді болсын толғандыруға тиіс. Өйткені, сыбайластық жемқорлық – жегі құрт. Бұл дерт жайлаған жерде экономика өркендемейтіні бүкіл адамзатқа белгілі. Елбасы осынау маңызды мәселеге ерекше көңіл бөліп отыр. Мемлекет басшысының түрлі басқосуларда айтқан пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз де алдағы уақытта жұмысымызды барынша жандандыра береміз. Әрине, оқырман назарына ұсынылып отырған жай бүкіл жұртшылықты бейжай қалдырмайтындығына нық сенімдімін. Көп болып, күрескенде ғана, сыбайластық жемқорлыққа тосқауыл қоя аламыз. Мемлекет қызметшілеріне де қойылатын талап жоғары. Оны менің барша замандастарым әрі әріптестерім терең түсінеді. Азамат ОТАШЕВ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласында бақылау басқармасының бас маманы

Жұртшылық назарына

Келешегі жарқын сала Қазтелерадио» АҚ қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне көшеді

Дамыған елдер ақпараттық қоғам құрып жатқан заманда телерадиоарналар – қоғамның рухани дамуына, экономикалық жағынан өсуіне, әлеуметтік, тұрақтылық пен азаматтық институттардың дамуына барынша ықпал ететін маңызды ақпарат құралдары атанды. Қазақстан Республикасында бірегей ақпараттық кеңістік құру аясында, телерадиохабар таралымын ең алдымен азаматтың конституциялық құқығы мен еркіндігі тұрғысынан қарастыру қажет. Соңғы 5 жылда электрондық ақпарат құралдары мен жаппай комму-

никацияны жандандыру және тарату саласында бірқатар өзгерістер болды. Олар негізінен жерсеріктік телехабар тарату желісінің дамуы, аналогтық жүйеден цифрлық желіге көшу, цифрлық ағымдарды азайту, кодтау және мультиплексиялау, интерактивті қызметтердің пайда болуы, ғаламтор желісі мен ұялы байланыс дамуына байланысты өзгерістер. Барлық мемлекеттер ең алдымен байланысты тәуелсіз етуге тырысады, өйткені байланыс – мемлекетті басқарудың маңызды жүйесі. Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы

«Қазтелерадио» АҚ өзінің цифрлық телеарналарының хабар таратуын шетелдік жерсеріктен отандық жерсерікке көшіруді бастады. Ұлттық «KazSat» жүйесі қазақстандық операторлардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жасалған еді. Телекоммуникациялық «KazSat-3» ғарыш аппараты байланыс, телехабар тарату және Қазақстан мен жақын шетелдерге жоғары жылдамдықы Интернет жеткізу қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған. Енді барлық цифрлық телеарналар қазақстандық «KazSat-3» жерсерігінің байланыс арналары арқы-

лы өтетін болады. «KazSat-3» жерсерігі арнайы телехабар тарату үшін жобаланған, әрі еліміздің барлық аумағына телевизияны таратуға жағдай жасайды. Сонымен қатар жүйе еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін арттырып, мемлекеттік органдарды тәуелсіз байланыс арналарымен қатмасасыз етеді, шетелдік жерсеріктерді жалға алуға кететін қаражатты тоқтатады. KazSat-3 жерсерігінде жиіліктің Ku-диапазонындағы 28 транспондер орнатылған, олар Қазақстан аумағын байланыс қызметімен қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда еліміздің

түкпір-түкпірінен 1 миллионнан астам үй «Otau TV» желісіне қосылған, ал бұл 4 миллионан астам қазақстандық үшін телеарналар мен радиостансаларды көріп, тыңдайтын ақпарат көзі – «OTAU TV» жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі деген сөз. Барлық абоненттер үшін қондырғыны күйге орнатқан кезде 58,5 градусқа жаңа геостационарлық позиция тіркелуі керек. Азаматтар Қазақстанның барлық жерінде қосымша арналарды көре алады. Отандық жерсерікке көшудің арқасында цифрлық арналар қолжетімді болады. Отандық өндірісті дамы-

ту бағдарламасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолдаған болатын. Бұл бағдарлама мемлекеттің дағдарысқа қарсы саясатының маңызды бір бағыты болып табылады. Әлемдік экономиканың қазіргі ахуалында жаңа отандық өндірістердің пайда болуын күшейткен абзал. «Қазақстандық өнімді таңда!» немесе «Қазақстанда жасалған» деген ұғымдар – жай ғана айтыла салған патриоттық ұран емес, әрбір қазақстандықтың өз болашағына, өскелең ұрпақтың келешегіне қосқан үлесі болып табылады деп түсінген жөн.

№53 (2857)  
№53 (2857)  

Вторник, 5 июля 2016 г.

Advertisement