№41 (2741)

Page 5

Бүгінгі нөмірде: * Имани сабақтар * Жас кезімнен білімге құштар болдым * Елім деп соққан жүрек

Сейсенбі, 26 мамыр 2015 жыл Жаңа лауреаттар анықталды

31 МАМЫР - САЯСИ ҚУҒЫН - СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

Жазықсыз жапа шеккендерге тағзым

Өткен аптаның жұма күні облыстық орыс драма театрының ғимаратында өңірдегі меценаттар клубының жаңа «Қазына» және «Шабыт» сыйлығының лауреат тарының есімдері анықталып, оларға құрмет көрсетілді. Жеңімпаздарды облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов құттықтады. Болашақта да өңірдегі дарындарға мұндай қолдау көрсетіле беретіндігіне тоқталды. Осындай жоғары марапаттарға ие болғандардың қатарында біздің әріптестеріміз - белгілі ақын Нағашыбай Мұқатов, облыстық «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков, дарынды журналист Гүлжібек Бекмұхамедова, облыстық филармонияның әншісі Гүлмира Үмбетова және басқа да есімі көпке белгілі азаматтар бар. Олардың бәрін марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз.

Үздіктер марапатталды Жуырда мәдениет қызметкерлерінің күніне байланысты облыс орталығындағы Достық үйінде басқосу болып өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері және журналистер қатысты. Жиында облыс әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев барша жұртшылықты мәдениет қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтап, оларға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тіледі. Сондай-ақ облыстық мәдениет басқармасының басшысы Лариса Сероус жиналғандарды өңірдегі мәдениет саласында атқарылып жатқан игі істермен қысқаша таныстырды. Сонымен қатар аталмыш салтанатты басқосуда бірқатар қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері облыс әкімінің Құрмет грамотасы, облыстық мәдениет басқармасының грамоталары, алғыс хаттары және сыйлықтар табыс етілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елімізде 1997 жылдан бері 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып аталып келеді. Баршаға мәлім, сонау нәубет кезінде біздің республикамыздың халқы үшін де оңай болған жоқ. Мәселен, 1930 жылдары Кеңес Одағының құрамындағы Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырады. 25 мың адам жазықсыз ату жазасына кесілді. Нақ осы кезеңде қаншама ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері

зардап шекті. Жалпы, деректер мен дәйектерге сүйенетін болсақ, 1930-1953 жылдардың аралығында 40 миллионнан астам кеңес азамат тары қуғын-сүргінге ұшырады. Әсіресе, бұл орынсыз жала жабылған азаматтардың қатарында сол кездегі ғұмыр кешкен барлық ұлттардың бетке ұстар өкілдері де болды. Осы қиын-қыстау шақтарда қазақ халқының 40 пайызы қаза тапқандығы да белгілі. Қазақстан қаншама сырттан келгендерге пана да болды. Мысалы,

1936-1957 жылдары 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың кәріс, 507 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері жер аударылды. Қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен басқалар да амалсыз көшіп келді. Жалпы, жазықсыз жазаланғандарға құрмет көрсету, оларды еске алу бүгінгілердің басты парызы болып саналады. Сондықтан да 31 мамырда жылда Қазақстанның түкпір-түкпірінде қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесулер өткізіледі. Түрлі тағылымдық мәні зор іс-шаралар ұйымдастыры-

лады. Бәлкім, жұртшылықтың есінде болар, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Содан бері де арада біраз жылдар өтті. Осы мақаланы жазар кезде мәліметтерге қарап айтар жайлар да аз еместігін байқадық. Оның бәрін де бір мақалаға сыйғыза алмасымыз да белгілі. Бір тоқтала кетер жай, сол Кеңес Одағындағы солақай

саясаттың кесірінен қаншама қазақ елінің азаматтары жазықсыз құрбан болмағанда бұл күндері ұлтымыздың саны да қомақты болар ма еді, кім білсін? Өйткені, ұлтымыздың көптеген озық ойлы, білімді де зиялы азаматтары «Жаптым жала, жақтым күйенің» құрбанына айналды. Соны біз егемендіктің арқасында ғана білдік. Алайда, қазіргі ұрпақ осы күнгі жарқын өмірі үшін өздері аянбай еңбек етіп, артында өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалардың есімдерін әрқашан да есте сақтаулары қажет.

Майдангерлерге құрмет Үстіміздегі жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы кеңінен аталып өтілгені белгілі. Мұндай іс-шараны облыстық Марал ишан мешіті мен облыстағы «Зекет» қорының филиалы да ұйымдастырды. Осы айтулы мерекеге байланысты соғыс және еңбек ардагерлері, оқушылар арасында шахматтан турнир өткізілді. Мұндай тағылымды басқосуға өңіріміздің ардақты ақсақалдары Мағауия Жүнісов, Дәуренбек Ахметбеков, Иван Калиновский және басқа да кешегі майдангерлер қатысты.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.