№74 (2671)

Page 10

Вторник, 23 сентября 2014 г.

10 ОФИЦИАЛЬНЫЙ ОТДЕЛ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қостанай қаласының тұрғындарына Қостанай қаласының Павших борцов көшесін академик Шайсұлтан Шаяхметов көшесіне қайта атау мәселесі жөнінде қоғамның пікірін зерттеуге арналған көпшілік тыңдаулар нысанында өткен тұрақты депутаттық комиссиялардың бірлескен отырысының хаттамасын ұсынамыз. КӨПШІЛІК ТЫҢДАУЛАРДЫҢ НЫСАНЫНДА ӨТКЕН ТҰРАҚТЫ ДЕПУТАТТЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫ Өткізу уақыты: 2014 жылдың 19 қыркүйегі Өткізу орны: Қостанай қ., Пушкин к-сі, 98, кіші мәжіліс залы. Кө п ш і л і к т ы ң д а ул а р Қо ст а н а й қ а л а л ы қ мәслихатының тұрақты депутаттық комиссияларымен ұйымдастырылды. Көпшілік тыңдауларды өткізу туралы ақпарат Қостанай қаласының жұртшылығына 2014 жылдың 12 қыркүйегінде Қостанай қалалық мәслихатының ресми сайтында және 2014 жылдың 16 қыркүйегінде «Наш Костанай» газетінде жариялау жолымен хабарланды. Қатысқандар: Қостанай қалалық мәслихатының депутаттары, мәслихаттың тұрақты комиссияларының мүшелері. Шақырылғандар: Қостан ай қаласы жұртшылығының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің, қала ұйымдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (тізім қоса берілген). Көпшілік тыңдаулардың күн тәртібі: Қостанай қаласының Павших борцов көшесін академик Шайсұлтан Шаяхметов көшесіне қайта атау мәселесі жөнінде қоғамның пікірін зерттеу. Сөз сөйлегендер: Н.Қ. Халықов – Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы: Құрметті көпшілік тыңдаулар қатысушылары! Көпшілік тыңдаулардың күн тәртібінде Қостанай қаласының Павших борцов көшесін академик Шайсұлтан Шаяхметов көшесіне қайта атау мәселесі жөнінде қоғамның пікірін зерттеу. Көпшілік тыңдаулар Қостанай қалалық мәслихатының депутаттарымен, бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссияның және әлеуметтік сұрақтар, отбасы-демографиялық саясат және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелерімен ұйымдастырылды. Кө п ш і л і к т ы ң д а ул а р ғ а Қо с т а н а й қ а л а с ы жұртшылығының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің, қала ұйымдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр. Тыңдауларды өткізу үшін мына жұмыс регламентін ұсынамын: мәселе бойынша баяндамашыларға 5 минутке дейін уақыт берілсін. Сұрақтар, ұсыныстар мен ескертулерге екі минутке дейін. Басқа ұсыныстар бар ма? Басқа ұсыныстар айтылған жоқ. Аталған ұсынысқа дауыс береміз. Бірауыздан дауыс берілді. Н.Қ. Халықов: Құрметті депутаттар! Мәслихатқа Павших борцов көшесін академик Шаяхметов көшесіне қайта атау мәселесі жөнінде Қостанай қаласы әкімінің өтініші келіп түсті. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаланың көшелерін қайта атау қоғамның пікірін зерттеуді талап етеді. Халықтың пікірі мәслихаттың тұрақты комиссияларында өткізілген көпшілік тыңдаулардың негізінде ескеріледі және хаттамамен ресімделеді. Көпшілік тыңдаулардың хаттамасы көпшілік тыңдауларды өткізген күннен кейін жеті жұмыс күннен кешіктірілмей Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады және «Наш Костанай» газетінде жарияланады. Көпшілік тың дауларға қатысып отырған жұртшылықтың өкілдері өзінің ұсыныстары мен ескертулерін көпшілік тыңдауларды өткізу процесінде айтады. Көпшілік тыңдауларды өткізу үшін депутаттар қатарынан жұмыс тобы құрылды, көпшілік тыңдауларды өткізуді дайындау барысында өз жұмысында депутаттар – жұмыс тобының мүшелері Қостанай қаласы әкімі аппаратының, «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмылдырды. 2014 жылдың 16 қыркүйегінде Қостанай қалалық мәслихатымен «Наш Костанай» газетінде Қостанай қаласының Павших борцов көшесін қайта атау мәселесіне арналған көпшілік тыңдаулар өткізу туралы хабарлама берілді. Хабарламада көрсетілген көпшілік тыңдауларды өткізу күніне дейін қаралатын мәселе бойынша бірде-бір өтініш келіп түскен жоқ. Көпшілік тыңдаулар өткізуді дайындау барысында жұмыс тобымен мәселе бойынша баяндамашылар тіркелді. Ақпарат үшін сөз Шайсұлтан Шаяхметовтің ұлы Бейімбет Шайсұлтанұлы Шаяхметовке беріледі. Бейімбет Шайсұлтанұлы сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Журинович Журиновтің өтінішін ұсынады. Б . Ш . Ш а я х м е т о в : Құр ме тті тың д аул ар қатысушылары, Қостанай қаласы көшелерінің біріне академик Шайсұлтан Шаяхметовтің атын беру мәселесі бойынша бастамашы болған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті М.Ж. Журиновтің өтінішімен таныстырып өтуге рұқсат етіңіз. Өтінішті оқиды (өтініш қоса берілген). Н.Қ. Халықов: Жұртшылық өкілдерінде баяндамашыға сұрақтар бар ма? А.С. Денисов: Шайсұлтан Шаяхметовтің біздің қаламыз немесе Қостанай облысына тікелей қатысы бар ма? Б.Ш. Шаяхметов: Ол Қостанай облысының Наурызым ауылында туған, 1957 жылы Әулиекөл орта мектебін бітіріп, ММУ түсті. Басқа сұрақтар болған жоқ. Н.Қ. Халықов: Қостанай қалалық мәслихатына Қазақстан Республикасының еңбегін сіңірген қоғамдық қайраткерлерінен видео өтініш келіп түсті, онымен танысуға ұсыныс жасаймын. Видеоролик көрсетіледі (CD жазба қоса берілген). Ақпарат үшін сөз Қостанай қаласының Құрметті азаматы, Қостанай қаласының №2 орта мектебінің директоры Вера Григорьевна Макероваға беріледі. В.Г. Макерова: Осыдан 75 жыл бұрын мемлекеттік қайраткер, химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының Инженер академиясының мүше-корреспонденті, Халықаралық өнер академиясының академигі, Американ Гранд Каньон Университетінің құрметті профессоры –

Шайсұлтан Шаяхметов туды. Қостанай қаласының тумасы, ол М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым академиясының Элемент-органикалық қосылыстар институтының аспирантурасын аяқтаған. 1987-1988 жылдары ҚазКСР жоғары және орта арнайы білім министрі болған. 1988-1993 жылдары – Қазақстан Республикасының халық білім министрі, профессор, Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің мемлекеттік және өзге тілдерді оқу жөніндегі орталықтың директоры, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қорының президенті. Самбо бойынша КСРО спорт шебері болған. Самбо және қазақша күрес республикалық федерациясының президенті болып сайланған. Ол қазақ тілін дамытуға үлкен үлес қосқан, «Қазақ тілі» халықаралық ұйымның негізін қалаушылардың бірі болған. Ол Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы тілдерді оқу орталығын, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі жанындағы мемлекеттік тілді қарқынды оқу республикалық орталығын құрған. Маған қаланың Құрметті азаматтары атынан академик Шайсұлтан Шаяхметовтің есімін мәңгі есте сақтап, Қостанай қаласының Павших борцов көшесін оның есімімен қайта атап, қала әкімінің өтінішіне қосылуға рұқсат етіңіз. Н.Қ. Халықов: Жұртшылық өкілдерінде баяндамашыға сұрақтар бар ма? Басқа сұрақтар болған жоқ. Ақпарат үшін сөз қалалық мәслихат депутаты, Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры Сәбит Парызұлы Есмұратовқа беріледі. С.П. Есмұратов: Шайсұлтан Шаяхметовті мен бұрыннан білемін. Білім саласының қызметкері ретінде айтатыным, осында айтылып өткеннен басқа, Ш.Шяхметовтің айналасында білімнің қайнар көзінде тұрғандар болды. Әрине, аз емес қиындықтар та болды, алайда, осының бәріне қарамастан, Шайсұлтан Шаяхметов әр адамды қолдап, жылы сөз айтуға әрдайым дайын тұрды. Осы адамның арқасында 1992 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ашылды. Тек оның республика Президенті алдындағы қолдаухатының арқасында бұл мүмкін болды. Осыдан басқа, ол адамдармен қарым-қатынасқа көп уақыт бөлген. Қазақ тілінде де орыс тілінде де еркін сөйлеген. Ол өлең жазғандықтан болар, өзі сықақшыл болған. Бұл қасиет бәріне бірдей беріле бермейді. Көбіңізге белгілі болғандай ол самбо бойынша спорт шебері болған. Осындай адамдардың есімін мәңгі есте сақтап, біз дұрыс іс жасаймыз. Жылдар өтеді, біздің орнымызға басқалар келеді, оларды мүмкін қаламыз туралы «Кім мұнда тұрған? Кім еңбек еткен? Қазір бізбен кім бар?» деген сұрақтар толғандырады. Бұл сұрақтың тәрбиелік маңызы да бар. Менің ойымша, мұндай адам есте сақтауға лайық. Н.Қ. Халықов: Сәбит Парызұлына сұрақтарыңыз бар ма? Т. Калюжная «Алау» ТРК: Жұмыс тобының мүшесі ретінде айтыңызшы, неліктен Павших борцов көшесі таңдалды? Басқа нұсқалар болды ма? Жұмыс тобымен жаңа көшелерді құру мәселесі қаралды ма? Қаламыз өсіп, кеңейіп жатыр ғой, және де бюджеттік қаражатты үнемдеу де мүмкін болатын еді. С.П. Есмұратов: Қаржылық шығындар жөнінде айтатыным, көшені қайта атауға байланысты барлық шығындарды Шайсұлтан Шаяхметовтің туыстары өздеріне алады. Дәл осы көшеге келетін болсақ, ол қаланың тап орталығында емес. Неге Сіз осы көшені қайта атауға қарсысыз? Павших борцов көшесінің тұрғындарынан, барлығынан емес әрине, бірақ белгілі бөлігінен қайта атау мәселесі жөнінде сұрастырылды. Көбінесе жағымды пікірлер айтылды. А. Қ. Сергазинова «Наша газета»: Павших борцов көшесіне балама бар ма? С.П. Есмұратов: Қалалық мәслихатқа қала әкімінің тап осы көшені қайта атау туралы өтініші келіп түсті. Басқа өтініштер болған жоқ. Бүгінгі тыңдауларға Павших борцов к-сінде орналасқан бірқатар ұйымдардың өкілдері қатысып отыр. А. Қ. Сергазинова «Наша газета»: Бұл көшеде мемлекеттік мекемелер, бір де болса мектеп бар ма? Өйткені көшеге академик, белгілі мемлекеттік және қоғамдық қайраткердің аты беріліп жатыр ғой. С.П. Есмұратов: Павших борцов көшесінде Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасынан басқа, қаланың барлық оқу ұйымдарын біріктіретін «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі орналасқан. Н.Қ. Халықов: Қатысушылардың Сәбит Парызұлына басқа сұрақтары бола ма? С.П. Есмұратовқа басқа сұрақтар болған жоқ. А. Қ. Сергазинова «Наша газета»: Менің Бейімбет Шайсұлтанұлына сұрағым бар. Шайсұлтан Шаяхметовтің жақын туыстарынан кім қалада тұрып жатыр? Және олар қала үшін қандай іс-шаралар өткізді? Б.Ш. Шаяхметов: Біздің отбасымыз қазір Алматы қаласында тұрып жатыр. Біз қала үшін не істедік? Бүгінгі күні, біз қала әкімдігінің қолдауымен Қостанай өлкетану мұражайында шамалы реконструкция жасадық. Аталған мұражайда «Қостанай жерінің мақтанышы» тақырыптық залы бар, онда толық реконструкция өткізілді. Сондай-ақ Әулиекөл ауданының Юльевка селосында мектепке жөндеу өткізілді. Бұл әкем оқыған мектеп. Онда компьютерлік сынып, спорт залы жайластырылды. Т. Калюжная «Алау» ТРК: Ш.Шяхметовтің атымен аталған басқа көшелер бар ма? Б.Ш. Шаяхметов: Иә, Докучаевка селосында және Әулиекөл поселкесінде Ш.Шяхметовтің атымен аталған көшелер бар. Т. Калюжная «Алау» ТРК: Аталған көшеде тұрып жатқан адамдарға мүлікке құқықтарды тіркеу құжаттарын ауыстыру қажет болады. Әкімдік бұл мәселеде тұрғындарға қолдау көрсете ме? Өйткені қаржылық шығындар мәселесі туындайды. Н.Қ. Халықов: Осы жағдайда қала тұрғындары шығындалмайды. Барлық анықтамалар тегін беріледі, сондай-ақ көшенің атауы өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру тегін жүргізіледі. Б.Ш. Шаяхметов: Өз тарапымнан қосатыным. Мен түсінемін, тұрғындар үшін қайта атауға байланысты белгілі қолайсыздық болады. Алайда біз, туыстары, қала әкімдігімен бірігіп теріс салдарларды азайтуға тырысамыз. Н.Қ. Халықов: Сөз қалалық мәслихат депутаты, Қостанай қаласының №8 орта мектеп директоры Батима Мұқанқызы Әбдірахмановаға беріледі. Б.М. Әбдірахманова: Құрметті депутаттар! Құрметті шақырылғандар! Сол бұрынғы қайта құрылыс кезеңінде бізге білім министрі Шайсұлтан Шаяхметов келгенде, мен селолық мектептің жас директоры болатынмын. Айта кететін жәйт, ол бірде-бір селолық мектепті қалдырған жоқ, әр мектепке кіріп, кабинеттерді қарап,

НАШ КОСТАНАЙ мұғалімдермен сөйлесіп, оқушыларға сұрақтар қойды. Алайда мені қазақ тілінде оқытылатын сыныптарды жабу мәселесі толғандырды, өйткені әр сыныпта 7-8 оқушыдан артық болған жоқ. Шайсұлтан Шаяхметов менің сұрағыма үзілді-кесілді жауап берді: «Ешқандай жабылу болмайды. Естеріңізге сақтаңыз, ауылда мектеп болғанша, ауыл өмір сүреді.» Бұл сөздер көрегендік болды. Бәріміздің есімізде, ауылда мектеп жабылса болды, адамдар ауылдан кетіп, қалаға көшеді. Екіншіден айтатыным, оның мұғалім мәртебесіне қарым-қатынасы. Ол бұл мәртебені аса қадірлеген және марапаттау мен мақтауды аямаған. Шайсұлтан Шаяхметовтің кезінде мен «Білім үздігі» атағына ие болдым. Мен бүгінгі өмір ырғағында әр төртінші мұғалім осы атаққа лайық және оларды мадақтау қажет деп есептеймін. Бұл материалдық сыйақы түрінде болуы міндетті емес, кейде алғыс сөздердің өзі де жеткілікті. Қостанай қаласының көшесіне Шайсұлтан Шаяхметов атын беру туралы қала әкімінің бастамасын қолдаймын. Н.Қ. Халықов: Сөз А.Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры – Қалқаман Хасенұлы Жақыпқа беріледі. Қ.Х. Жақып: Құрметті қалалық мәслихат депутаттары! Құрметті қатысушылар! Мен бүгінгі баяндамашылардың сөздерін жете ұғындым және толығымен келісемін. Біз тарихи тұлға туралы айтып жатырмыз. Мен келісемін, демократияландыру шартында біз «тұлғаға табынуға» қарсымыз, алайда тұлғаның маңызын ұмытпау керек, әсіресе Шайсұлтан Шаяхметов секілді адам туралы айтатын болсақ. Ш.Шаяхметов мемлекетіміздің күрделі өзгеріс сәттерінде жұмыс істеді. Мен бұл кісіні талай кездестірдім. Әлихан Бөкейхановтың айтқаны бар: Халқыңа қызмет ету үшін білім де, оқу да қажет емес. Бір керегі – бұл мінез. Міне осындай мінез ағамызда болды. Барлық жүйе құлады, оның ішінде білім жүйесі де. Республиканың солтүстігінде жаңа жоғары оқу орындарын, университеттерді құру мәселесі тұрды. Бұл мәселе бірнеше рет талқыланды, бірақ тек Ш. Шяхметовтің арқасында қаламызда университет ашу мүмкін болды. Шайсұлтан Шаяхметов сол уақытта Қостанай мемлекеттік педагогикалық институттың базасында Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университет құрып, дұрыс стратегиялық таңдау жасады. Айтатыным, ол үшін объективті себептер де болды, ең біріншіден бұл кадрлар құрамы. Академик Шайсұлтан Шаяхметов секілді тарихи тұлғаға құрмет көрсетсек, біз, сөзсіз, дұрыс жасаймыз. Мен Ахмет Байтұрсынов ат. ҚМУ ұстаздары құрамының атынан Павших борцов көшесін академик Шайсұлтан Шаяхметов көшесіне қайта атау бастамасын қолдаймын. Н.Қ. Халықов: Қалқамен Хасенұлына сұрақтарыңыз бар ма? Сұрақтар болған жоқ. Н.Қ. Халықов: Сөз сөйлегісі келетіндер бар ма? Қостанай облыстық кәсіподақ кеңесінің төрайымы Балбөпе Ғалымжанқызы Иртаева сөз сөйледі. Б.Ғ. Иртаева: Құрметті президиум! Құрметті қауым! 1956 жылы Шайсұлтан Шаяхметов мектепті аяқтап, мектеп тарихында алғашқы рет Алтын медальге ие болды. Онымен бірге профессор Сағадиев, Сатыбалдин, академик Мұқатаев оқыған, және кейінірек осы мектепті мен де бітірдім. Және де бұл тарихи тұлғалар біз үшін үлгі болды. Біз оларға теңелдік. Мен оның академиялық еңбегі туралы айтпаймын, бұл онсыз да белгілі. Менің оның туған жеріне, туған еліне деген сүйіспеншілігі жайында айтқым келеді. Ол жан-жақты адам болған, және өлеңдерінің көбін ол отанына арнаған. Туған жер Туған ел батысым да, шығысым да Ортаймас қазынам да, ырысым да Туған жер көкей тескен күй-өлеңім Жеңіл сөз емес тұрған тіл ұшында Шешемдей бала қамын мың ойлаған Қарайсың қайда жүрсем сынай маған, Қанықпын ыстығы мен суығыңа Сен мені шынықтырған, шырайлаған. Бүгін оның туған жерімен байланысы жөнінде сұрақ қойылды. Ол бұл байланысын ешқашан үзген емес. Мен оны Қостанай облысының лайықты тумасы деп есептеймін және қаламыздың көшесіне оның атын беру бастамасын қолдаймын. Біздің, осында тұрып жатқандардың ол туралы естілікті мәңгіге сақтауға мүмкіндігіміз бар. Осы мүмкіндікті жібермей, лайықты, дұрыс іс жасайық. Н.Қ. Халықов: Сөз сөйлейтіндер бар ма? Аркадий Семенович Денисов сөз сөйледі. А.С. Денисов: Бүгін біз үшін маңызды күн. Мен Қостанай қаласында 20 жылдан артық тұрамын және көшені қайта атау жөніндегі бұл алғашқы көпшілік тыңдаулар. Бұған дейін жұртшылықтың наразылығын тудырған көп «мәжілістен тысқары» шешімдер қабылданды. Және бүгін бұл мәселелер көпшілікпен бірге шешілетіні мені қуантады. Енді мәселенің мәніне келетін болсақ. Бүгін менің академик Шаяхметов туралы естігенім, мені өлкеміз үшін мақтаныш сезіміне толтырды. Мен қаланың көшесін оның атымен атау шешіміне қарсы емеспін. Мұнда кейбір жағдайлар туындайды. Біздің республикамызда тәуелсіздік жылдарының ішінде министрлер жыл сайын өзгерді деуге болады. Егер біз сіздермен бірге бүгін бұрынығы министр Шайсұлтан Шаяхметовтің атымен көшені қайта атасақ, бұл үлгі боларлық жағдай болмайды ма? Бұл осылайша ерекшеленген басқа министрлердің атымен қайта атау мәселелерінің толқынына әкелмейді ме? Енді келесі жәйт. Сәбит Парызұлының пікірінше, Павших борцов көшесінің дәл атауы жоқ. Бірақ Бауырлас қабірлердің де дәл атауы жоқ, алайда бұл қайтыс болған күрескерлердің қабірлері және бұл тарихи атау. Мен тап осы көшені қайта атауға қарсымын. Біздің қаламызда шынымен мағынасыз көшелер көп, мысалы Станционная, Кирпичная, Солнечная, Рудненская. Осы атаулар қала тұрғындарына не туралы айтады? Түк мәні жоқ. Сонымен мен ешкімнің санасын, естелігін дүрліктірмейтін осындай көшелердің бірін таңдауды және осы тамаша адамның атын мәңгі есте сақтауды ұсынамын. Н.Қ. Халықов: Айта кету керек, Павших борцов көшесі 1918 жылы көтерілісте қайтыс болғандардың естелігіне аталған. Және осы оқиғаға байланысты қаланың бірқатар көшелері аталған, бұл 5 Апреля көшесі, Юлия Журавлева көшесі. Мен жалпы қайта атауды жақтамаймын, алайда дәл осы жағдайда мен қала әкімінің бастамасын қолдаймын. «Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Абай Мағауяұлы Юнусов кейбір сәттерді түсіндіріп айтқысы келеді. А.М. Юнусов: Мен көпшілік тыңдауларға қайта аталуы мүмкін көшелердің тізімін енгізіп, оны бекіту мүмкін деп есептеймін. Өздерің білетіндей бізде Уриц-

кий көшесі бар, ал ол атағы қайғылы чекист, онымен «Красный террор» басталған. Неліктен осы көшенің атауын өзгертпеске? Бәлкім, атын өзгерткенде қоғамды қобалжытпайтын көшелердің тізімін жасау қажет. Н.Қ. Халықов: Менің қосатыным, бүгінгі тыңдаулар – бұл көшені қайта атау жөнінде мәселенің соңғы қорытындысы емес. Бұдан әрі көпшілік тыңдаулардың хаттамасы Республикалық ономастикалық комиссияға жіберіледі, ол осы мәселе жөнінде қорытынды шығарады. Тағы сөз сөйлейтіндер бар ма? Сөз «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айсұлу Рамазанқызы Әубәкіроваға беріледі. А.Р. Әубәкірова: Менің қосатыным, иә, шынымен де, Қостанай қаласында қайта аталуы мүмкін көшелер көп. Алайда қайта атау процедурасы қатаңдады және де бұл дұрыс. Бүгінгідей тыңдаулар мүмкіндігінше әр адамның пікірін білуге бағытталған. Мен жұмысыма байланысты М.Журиновтің қала әкіміне жолдаған өтінішімен таныстым. Шайсұлтан Шаяхметовтің өмірбаянымен, қызметімен танысқаннан кейін, оған деген шексіз құрмет сезімі пайда болады. Әрине мені, мәдениет адамы ретінде, таң қалдырғаны – оның ақын болғаны, бұл оның сан қырлы адам екендігін білдіреді. Қазақ тілі жойылудың шегінде қалғаны тарихтан мәлім. Шайсұлтан Шаяхметов қазақ тілін оқу туралы мәселені республика деңгейінде алғашқы болып көтерді. Оның нәтижесі – қазақ тілін оқу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік тілде оқытылатын мектептер, бала бақшалар және тағы басқа. Мен көшеге Шайсұлтан Шаяхметовтің атын беру – осы адамға лайықты құрмет көрсету деп есептеймін және Қостанай қаласының мәдениет қызметкерлері атынан қала әкімінің Қостанай қаласының Павших борцов көшесін академик Шайсұлтан Шаяхметов көшесіне қайта атау туралы бастамасын қолдаймын. Н.Қ. Халықов: Тағы сөз сөйлейтіндер бар ма? Сөз Қостанай қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Михаил Иванович Подоляковқа беріледі. М.И. Подоляков: Құрметті қалалық мәслихат депутаттары және шақырылғандар! Мен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде осы мәселені талқылауға шақырылдым және шақыруды қабыл алдым. Жақын арада біз Қостанай қаласының 135-жылдығын тойлаттық. Қаламыз үш кезеңнен өтті – патшалық, кеңес және бүгінгі күні Қазақстан Республикасы капиталистік экономикасымен жаңа тәуелсіз кезеңін құрып жатыр. Әр кезеңде өзінің басымдылықтары, өзінің батырлары болды, бүгін осы залда осы кезеңдердің барлығыныңдерлік өкілдері қатысып отыр. Айтатыным, көшелерді қайта атау бұл әрдайым күрделі мәселе және мен халық өкілдері ретінде, мәслихат депутаттарына дұрыс шешім қабылдайды деп сенім артамын. Н.Қ. Халықов: Осы мәселе жөнінде тағы сөз сөйлейтіндер бар ма? Қалаушылар болған жоқ. Осымен талқылау аяқталады, дауыс беру процедурасына көшеміз. Депутаттарды дауыс беруге шақырамын. Қостанай қаласының Павших борцов көшесін академик Шайсұлтан Шаяхметов көшесіне қайта атауға кім қолдап дауыс береді? Қарсы – жоқ. Қалыс қалғандар – жоқ. Бірауыздан қабылданды. Көпшілік тыңдауларға қатысып отырған барлық депутаттар Қостанай қаласының Павших борцов көшесін академик Шайсұлтан Шаяхметов көшесіне қайта атауға қолдап дауыс берді. Отырыс қорытындысы бойынша комиссиялар ҚАУЛЫ ЕТТІ: Ескеруді талап ететін маңызды келіспеушіліктер мен ескертулер болмаған жағдайда «Қостанай қаласының Павших борцов көшесін академик Шайсұлтан Шаяхметов көшесіне қайта атау туралы ұсынысты Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына енгізу туралы» сұрағы Қостанай қалалық мәслихаты сессиясының қарауына енгізіледі. Бюджет, экономика, басқару және өзін-өзі басқару сұрақтары жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияның төрағасы С. ЕСМҰРАТОВ Әлеуметтік сұрақтар, отбасы-демографиялық саясат және қоғамдық бірлестіктермен байланыс жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияның төрайымы Б. ӘБДІРАХМАНОВА

На Государственную экологическую экспертизу в управление природных ресурсов и регулирования природопользования поступил рабочий проект «Перепланировка, переоборудование здания магазина под мотель и строительство входной группы по ул. Ленина, 200, п. Кушмурун, Аулиекольского района, Костанайской области» с разделом «Охрана окружающей среды». Тел. 50-37-90. На Государственную экологическую экспертизу в управление природных ресурсов и регулирования природопользования поступил рабочий проект «Пристройка к реконструируемому магазину и закусочной быстрого обслуживания по ул. Маяковского, 105, ВП 121» с разделом «Охрана окружающей среды». Тел. 50-37-90. На Государственную экологическую экспертизу в управление природных ресурсов и регулирования природопользования поступил рабочий проект «Пристройка к реконструируемому и расширяемой квартиры №62 под магазин продовольственных товара с размещением входной группы по ул. Гоголя, 113/62» с разделом «Охрана окружающей среды». Тел. 50-37-90. На Государственную экологическую экспертизу в управление природных ресурсов и регулирования природопользования поступил рабочий проект «УСТРОЙСТВО НАБЕРЕЖНОЙ РЕКИ ТОБОЛ В ГОРОДЕ ЛИСАКОВСКЕ» с разделом «Охрана окружающей среды». Тел. 50-37-90.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.