Issuu on Google+

ТАЗАЛЫҚ – ӘР АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ Ауданымызда елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету үшайлығы басталғалы бір жарым айға жуық уақыт өтті. Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, осы уақыт аралығында аудан бойынша 2500 адам сенбілікке қатысып, 30 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылған.

3-бет.

№31 /10188/ жұма, 11 сәуір 2014 жыл

Меркі аудандық газеті (Жамбыл облысы)

.

Газет 1934 жылы 15 қыркүйектен бастап шығады

Бүгінгі күннің тақырыбына Жамбыл облысы әкімдігі мәжілісінің шешімін орындау мақсатында облыстық аумақтық инспекция мамандары жуырда облыс аудандарында, оның ішінде біздің ауданда да болып, өсімдіктер карантині және өсімдік қорғау саласы бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп қайтты. инспекторлардың нұсқамасы арқылы шаруашылықтар өз есебінен жүргізетін болады. Кейін осы іс-

Бақтыбай АБАЙ, «Меркі тынысы».

ҚАЛЫПТАСҚАН АХУАЛ жұмыла жұмыс істеуді міндеттейді

Осы мәселеге орай сәрсенбі күні аудандық әкімдіктің кіші залында өткен жиналысты облыстық аумақтық инспекцияның басшысы Н.Р.Жігітеков ашып, Тараздан өзімен бірге келгендермен таныстырып, бұл сапарларының мақсаты туралы қысқаша айтты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алдымен сөз «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» Жамбыл облыстық филиалының директоры Г.Ә.Үдербаеваға берілді. Ол облыста 9 карантиндік нысан тіркеліп отырғанын айта келе, ауданда олардың тарау жайына, тексеріп, анықтау барысына тоқталды. Мәселен біздің Меркі ауданында зиянын тигізіп жатқан қызғылт укекіре, арамсояу, калифорниялық қалқаншалы сымыр, 2012 жылы анықталған америкалық ақ көбелек, 2013 жылы тіркелген шығыс жеміс жемірі мен жіпсіз жібек көбелегі бар. Укекіре жайылған жер – 18000 га, оның өңдеуге жататыны 11000 га. Ал, өсімдік қорғау саласы бойынша сөз сөйлеген астық инспекциясы және өсімдік қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Е.К.Атамбаевтың айтуынша, өсімдікке зиянды жәндіктердің бірі – саяқ шегірткелер облыста жылдан жылға көбейіп, зияны ұялы шегірткелерден кем болып отырған жоқ. Бұл Меркі ауданына да қатысты. Аудандық әдістемелік болжамдау орталығы тек мемлекеттік қордағы жерлерде ғана фитосанитарлық анықтап-зерттеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Ал, әр шаруашылық құрылымдары өздеріне тиісті жерлерде бұл жұмысты өз күштерімен атқаруы керек. Өткен жылы аудан шаруашылықтары анықтаптексерген бірде-бір га жер болған жоқ. Сөйтіп егін, көкөніс-бақша дақылдары

егілген алқаптарға саяқ шегірткелердің көп зардабы тиді. Осыған орай шаруашылық басшылары, жергілікті атқарушы орган мамандары бұл мәселеге жауапкершілікпен қараса деген ұсыныс бар. Сол сияқты ауданда ҚР «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңын орындауға да баса көңіл бөлінгені мақұл. Мұнда егілген күздік егістің 9585 га-ы ғана сақтандырылған. Яғни 68,5 пайызы. Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы А.О.Биқоңырова да жиналыста бірқатар мәліметтерді келтіріп, облыста, ауданда қалыптасқан жағдайға, қауіпті өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы күресті күшейте түспесе болмайтындығына назар аударды. Облыста егіс алқаптарын қорғау мақсатында жыл сайын мемлекет қаржысы көптеп жұмсалып, өңдеу жұмыстары өрістетілді. Бірақ күткендегідей нәтиже жоқ. Өсімдік зиянкестері мен аурулары залалдаған аумақтар азаяр емес. – Меркі ауданы бойынша өткен жылы 6642 га алқапта карантиндік нысандарға қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді, – деді Айгүл Омарқызы, – Облыс аумағындағы көптеген шаруашылықтарды, оның ішінде сіздердің ауданда да орын алып отырған проблема – арамшөппен залалданған алқапқа егілген егінді жинап алған соң, тұқымды тазартылмаған күйі себе салып, карантиндік арамшөп – жатаған укекіренің одан әрі көбеюіне жол беріліп отыр. Биыл карантиндік арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына бұрынғыдай республикалық бюджет есебінен қаржы бөлінбейтін болды. Бұл жұмыстарды аудандық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік

шараларға жұмсалған гербицид құны шаруашылыққа қайтарылады. Яғни, егер қолданылған гербицид Қазақстанда өндірілген болса 100 пайызы, ал егер шетелдік өнім болса 50 пайызы төлеп беріледі. Инспекторлардың тарапынан берілген нұсқама орындалмаған немесе толық орындалмаған жағдайда жеке немесе заңды тұлға жекеменшіктің қандай түрі екендігіне қарамастан, ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңын бұзған болып есептеліп, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор тарапынан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, тиісті әкімшілік жаза қолданылатын болады. Жиналыста сөз берілген «Фитосанитария» РМК Жамбыл облыстық филиалының Меркі ауданы бойынша өкілі Н.Жәнібеков карантиндік нысандар анықталған алқаптарды үш жыл қатарынан өңдеу қажеттігіне тоқталды. Жұмыста күшті гербицидтер – мәселен «Ураган» мен «Жойқын Дараны» пайдалануды ұсынды. Шаруашылықтарда егіннің тұқымы мехтоктан бір рет қана өткізіліп себіле салатынын сынға алды. Елбасы соңғы Жолдауында тапсырғандай, ауыл шаруашылығын ғылыми негізде жүргізу керектігін баса айтты. Осы басқосуда «Сыпатай батыр» ЖШС директоры Қ.Шайхиев, «Меркі» асыл тұқымды зауыты» АҚ президенті Д.Садыров, меркілік шаруа қожалығының мүшесі Қ.Иманалиев, «Жылыбұлақ – Меркі» ЖШС директоры А.Әкетаев өз пікірлерін, ұсыныстарын білдірді. Жиналысты қорытындылаған Н.Р.Жігітеков жаңа жағдайда біріге, жұмыла жұмыс істеуге шақырып, ортақ іске сәттілік тілейтіндігін жеткізді. Жиналысқа аудандық әкімдіктің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.С.Бұтабаев, шаруашылықтар басшылары, мамандар қатысты.

КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ облыстық байқауы жоғары деңгейде өтті

Ө

ткен аптаның жұмасы күні аудандық Мәдениет үйінде көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІ облыстық байқауы өтті. Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу. Мейіркүл ӘБЖАНҚЫЗЫ, Еркін ЖАСЫБАЕВ (суреттер), "Меркі тынысы"

Бас жүлде иегері Райхан Сатыбалдыны марапаттау сәті Екі кезеңнен тұрған байқаудың алғашқы кезеңі әр аудан орталығында және Тараз қаласында өткен болатын. Оның шарты бойынша байқауға 16-20 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, прозалық шығармадан үзінді оқу, драмалық шығармадан үзінді оқу, мәнерлеп өлең оқу тапсырмаларын орындауға тиісті. Сондай-ақ, байқауда Оралхан Бөкейдің және басқа да қазақтың

Меркіге үкілеген үмітін арқалап келген үміткерлер әр ауданнан, Тараз қаласынан іріктеліп алынған «сайдың тасындай» кіл мықтылар. Байқауға қатысушыларды сахна төріне шақырып, жеке-жеке таныстырған аудандық Мәдениет үйінің жүргізушісі Мадияр Шалабаев ортаға облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Үртай Сапақованы және аудан әкімінің орынбасары Төленді

Аудандық мәслихат депутаттарының назарына! Бесінші шақырылған Меркі аудандық мәслихаттың кезекті жиырма сегізінші сессиясы 2014 жылдың сәуір айының 25-жұлдызында сағат 10.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында төмендегідей күн тәртібімен өтетінін хабарлайды: 1. "2013 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы" 2. Аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы. 3. Әртүрлі мәселелер. Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы 24-сәуір күні сағат 15.00-де аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтеді. Сессия алдында депутаттарды тіркеу 2014 жылдың 25-сәуірі күні сағат 9.30-да басталады. МЕРКІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ АППАРАТЫ.

ІІІ орын жүлдегері Асылхан Данчаев белгілі ақын-жазушыларының кез-келген көркем және драмалық шығармаларынан, өлеңдерінен үзінді оқуға болады. Сондықтан да бүгінгі

Аудандық "Меркі тынысы" басылымына – 80 жыл!

Рысқұлбековты шақырды. Олар өз кезегінде талапты жастарға сәттілік тілеген ізгі тілектерін жеткізді. (Жалғасы – 2-бетте)


11 сәуір 2014 жыл

2

КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ облыстық байқауы жоғары деңгейде өтті

УНИВЕРСИТЕТ ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ Осы аптаның сәрсенбісі күні аудандық мәдениет үйінде М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессорлықоқытушылар құрамы мен студенттерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Бейбіт СЕРІКБАЙ, "Меркі тынысы".

(Жалғасы. Басы 1-бетте) Бүгінгі байқауға қазылық жасайтын әділқазылар алқасының төрағасы, белгілі жазушы, драматург Елен Әлімжан, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, тіл жанашыры, ақын Шырын Мамасерікова, «Меркі тынысы» газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Мейіркүл Әбжанқызы, облыстық Қазақ драма театрының әртісі Анар Сағынбекова, О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық, облыстық байқау жеңімпазы, Тараз инновациялықгуманитарлық университетінің қызметкері Жадыра Мергенбаевалар көпшілікке таныстырылған соң байқау басталып, оның шымылдығы аудандық Мәдениет үйінің драма ��йірмесінің әртісі Хамит Жұмаходжаевтың О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы әдемі де әсерлі әңгімесін немересіне айтқан сәті көркем бейнелеуімен ашылды. Сахнаға алғаш шыққан тараздық Абылай Сейдуалиев О.Бөкейдің «Құм мінезі» прозалық шығармасынан үзінді оқыса, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті Жанерке Садырбаева, Жамбыл политехникалық колледжінің студенті Айжан Қожабаева, А.Асқаров атындағы Меркі экономика және құрылыс колледжінің студенті Райхан Сатыбалды О.Бөкейдің «Күлпаштың ұршығы» шығармасын таңдапты. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Әйгерім Қарашолақова «Айпара ана» шығармасынан үзінді оқыса, Байзақ ауданынан келген 10-сынып

оқушысы Асылхан Данчаев, Жамбыл ауданының 11-сынып оқушысы Ерсұлтан Ермаханов, жуалылық Жұлдыз Нұртаева, сарысулық Ертай Райымбеков жазушының «Қайдасың, қасқа құлыным?» шығармасынан үзінді орындады. Қордайлық Айнұр Оразбай «Мынау әппақ дүние...», таластық Гүлмира Серік, Мойынқұм ауданынан келген Ляйля Жұмабай, Т.Рысқұлов ауданынан Салтанат Қарасаева «Қар қызы» шығармасынан үзінді оқыды. Ал, шулық үміткер Мәншүк Қасымхан «Тортай мінер ақ боз ат» шығармасын оқыды. Осылай байқауға қатысқан облысымыздың түкпір-түкпірінен келген 14 үміткердің қай-қайсысы болмасын өздерін кәнігі актерлардан кем ұстамай, мүдірмей, образға еніп орындауы олардың байқауға үлкен дайындықпен келгенін байқатты. Әсіресе, байқаудың екінші кезеңі өте тартымды өтіп, тіпті кейбір орындаушылардың актерлік шеберлігінен көрерменнің көзіне бірде жас үйірілсе, бірде еріксіз күлкіге бөленді. Әрине, талапкерлер жас, арасында мектеп оқушылары көп болғандықтан кемшіліктер де жетерлік. Ол, әсіресе байқаудың үшінші кезеңі – мәнерлеп өлең оқу кезінде байқалды. Жалпы байқау өте әсерлі, қызықты өтіп, оны көріп тамашалағандар үлкен сезімге бөленіп, әсер алды. Байқау қорытындысын жариялаған әділқазылар алқасының төрағасы Елен Әлімжан талапкерлердің жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне жекежеке тоқталып, мұндай байқауға келешекте патриоттық шығармаларды орындау міндетті түрде енгізілсе деген ұсыныс-пікірін де білдіре кетті. Байқау

қорытындысы бойынша жоғары актерлік шеберлігімен көрермендерді өнеріне тәнті еткен А.Асқаров атындағы Меркі экономика және құрылыс колледжінің студенті Райхан Сатыбалды бас жүлде – диплом және планшетті жеңіп алып, республикалық байқауға жолдама алды. Т.Рысқұлов ауданының талапкері Салтанат Қарасаева І орын – І дәрежелі диплом және ноутбук жүлдесіне ие болса, ІІ орынды тараздық Абылай Сейдуалиев, ІІІ орынды Байзақ ауданының өнерпазы Асылхан Данчаев өзара бөлісіп, ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, прозалық шығармаларды үздік орындағаны үшін Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті Жанерке Садырбаева, драмалық шығармалар бойынша Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Әйгерім Қарашолақова, мәнерлеп өлең оқу бойынша Жамбыл ауданының өнерпазы Ерсұлтан Ермаханов, шығармаларда тіл тазалығын сақтап, мәнерлеп оқығаны үшін сарысулық Ертай Райымбеков ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттарға ие болды. Облыстық байқауға қатысушы басқа да талапкерлер бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталып, байқау өз мәресіне жетті (суретте). Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Үртай Сапаққызы байқауды қорытындылап, қатысушылардың өнердегі қадамдарына игілік тілеп, байқаудың жоғары деңгейде өтуіне үлестерін қосқан тіл мамандарына алғысын білдірді.

«МӨЛДІР БҰЛАҚ» ОҚЫРМАНДАРЫМЕН ҚАУЫШТЫ №2 «Аспара» орта мектебінің оқушылары, «Мөлдір бұлақ» журналының жас тілшілері, журнал басшылығына қолқа салып, ауылдарына келіп кетуін сұраған екен. Нәтижесінде, балалар үшін шығып отырған журналдың басшылығы, журналға тұрақты түрде материал жазып, өз ойларымен еркін бөлісіп отыратын тілшілермен кездесуге келіп кетті.

«Алтын жұлдыз сыйлығының иегері» атанған «Мөлдір бұлақ журналының» бас редакторы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Жанастан Тұрсынқызы кездесуге орынбасары, ақын, «Серпер» сыйлығының иегері Саят Қамшыгермен бірге келді. Қонақтарды Аспаралықтар және журналдың жас тілшісі Сымбат Айдархан ерекше құрметпен және гүл шоқтарымен қарсы алды. Кездесуге журнал басшылығымен қатар, Меркі аудандық «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Динара Мырзахан да қатысты. Алғаш болып сөз алған №2 «Аспара» орта мектебінің директоры Еркебұлан Жұматаев қонақтарды ауыл тарихымен таныстырып, жас тілшілердің көңілі үшін, ауылға арнайы келген журнал басшыларына алғысын білдірді және өз оқушыларының аталмыш журналды ерекше ықыласпен оқитындығын да атап өтті. Ал журнал редакторы Жанастан Тұрсынқызы осынау кездесудің ұйымдастырылуына негіз болған, осы мектептің 10 сынып оқушысы, жас тілші Сымбат Айдарханға шексіз ризашылығын білдірді. Сондайақ, «Тәуелсіздік – тұғырым менің» бәйгесіне қатысып, жеңімпаз атанған

Қайсар Айдархан мен Тоқтыбаева Жадыраға Шыңғыс Айтматовтың және Оралхан Бөкейханның таңдамалы шығармаларын табыс етті. Бастауыш сыныптарға арналған бәйгеде жеңімпаз атанған Астықшиев Азат та арнайы сыйға ие болды. Кеш барысында мектептің жас ақындары «Мөлдір бұлаққа» арнап жазған өлеңдерін оқып берді. Алматыдан арнайы келген қонақтарға

ауылдағы ата-аналардың атынан сөйлеген Дәмегүл Барменқұлова мен Зарина Нышанбекқызы, балаларының азамат ретінде қалыптасуына өзіндік үлесін қосып отырған журнал ұжымына рахмет айтып, шығармашылық табыс тіледі.

Журнал басшылығы аспаралық жас тілшілермен бірге аудандағы №9 Савва атындағы, №18 Ақкөз Қосанов атындағы орта мектептердің, №17 Трубицын атындағы мектеп-гимназиясының басшылығымен және №1 орта мектебінің оқушыларымен кездесіп, пікір алысты. Қайсар АЙДАРХАН, №2 «Аспара» орта мектебінің 11-сынып оқушысы

Кездесуге ауданымыздағы орта мектептер мен орта мектеп-гимназиясының оқушылары, кәсіптік білім беретін лицей, колледж студенттері және ұстаздар қатысты. Кештің жүргізушілері бірінші сөз кезегін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің проректоры Абдуалы Асқарға ұсынды. «Құрметті жастар, биылғы оқу жылы да аяқталуға жақын қалды. Осы ретте барлықтарыңа алған білімдеріңді дәлелдеп ҰБТ-дан жоғары балл жинап, қалаған мамандықтарың бойынша жоғары оқу орнына түсіп студент атануларыңа тілектеспін. Әрине, оқу ордасын таңдауда атааналарыңмен, ұстаздарыңмен ақылдасатындарыңа шүбә жоқ. Дегенмен біз сол мамандық пен жоғары оқу орнын таңдауға өз үлесімізді қосып, облысымыздың іргелі жоғары оқу орны М.Х.Дулати атындағы университет туралы да ақпарат беріп, айтулы білім ордасынан дәріс алуға шақыруға келдік», – деді. Сондайақ, университеттің басты имидждік жобасы – жоғары оқу орнын инновациялық типтегі университетке айналдыра отырып, әлем деңгейіндегі бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар дайындау екен. Білім ордасының дамыған инфрақұрылымы – заманауи оқу кешендері, 2 студенттер үйі, 15 оқу залдары, тамақтандыру комбинаттары, жабдықталған спорт алаңдары мен сауықтыру лагері – оқу-тәрбие үрдісін қазіргі заманғы отандық және халықаралық өлшемге сай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ғылыми-педагогикалық деңгейі жоғары профессорлық – оқытушылар құрамы студенттің таңдаған саласы бойынша сапалы білім алып, болашаққа нық сеніммен қарауына жол ашады. Сондай-ақ, шет елдердің танымал жоғары оқу орындарымен орнатылған қарым-қатынас аясында студенттердің қос диплом алу мүмкіндігі бар. Бұған қоса М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде бүгінгі таңда 610 штаттық профессороқытушылар құрамы, олардың

ішінде 40 ғылым докторлары, 257 ғылым кандидаттары, 19 PhD докторлары, 294 магистрлер дәріс беруде. Студенттер бұл білім ошағында 60 бакалавриат мамандығы, 39 магистратура мамандығы, 3 ғылыми бағыттағы PhD докторантура және 5 әскери мамандық бойынша оқып, диплом алып шығады. Айтулы Республикамыз бойынша ең ірі білім ордасында академиялық ұтқырлық орталығы, халықаралық бағдарламалар бойынша шетелде сынақ мерзімін өту мүмкіндігі де қарастырылыпты. Университетте 1400000 дана қоры бар ғылыми кітапхана, заманауи материалдықтехникалық база, жабдықталған компьютерлік сыныптар ашылған және электрондық білім беру, интерактивті әдістер де қолданылуда. Жастар білім ордасында шығармашылық, қоғамдық жұмыстармен айналысып әртүрлі өнер, спорт үйірмелерінде де бос уақыттарында демалып, шынығуға барлық жағдайлар жасалыпты. Осы университеттің түлектерінің ішінде бүгінде белгілі әнші Досымжан Таңатаров, бокстан Олимпиада чемпиондары Ермахан Ибраимов, Бақтияр Артаев, «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев және т.б. әлемге, Республикаға танымал азаматтар бар екен. Ауданымыздың жастарымен өткен кездесу кезінде сондайақ, Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультетінің деканы Мұрат Сауранбаев, әскери кафедраның майоры Мақсат Сапарбаевтар да өздері дәріс беретін факультеттерде білім алудың басымдықтары мен тиімділігі туралы айтып, түсіндіріп берді. Кеште М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанынан ��ұрылған «Арай» би тобы, «Милат» дуэті, облыстық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Асқар Ақтөре және білім ордасының басқа да студенттері өз өнерлерін меркілік жастарға ұсынды.


11 сәуір 2014 жыл

3

Біздің рейд Алдымен Ойтал ауылдық округінің көшелерін аралағанымызда №48 орта мектепке жақын Виноградная көшесінің аяқ жағында пайда болған кездейсоқ күл-қоқыс орнына бір арба қи төгіп жатқан тұрғын назарымызға ілікті. Өз аты-жөнін айтқысы келмеген азамат біздің: «Бұл жерге қоқыс тастауға кім рұқсат берді?» деген сауалымызға «Жалғыз мен ғана емес, осы маңдағы жұрттың бәрі осында малының қиын, өзге де қоқыстарын төгеді» деп жауап берді. Мектепке де, тұрғын үйлерге де жақын маңда пайда болған бұл қоқыс

ТАЗАЛЫҚ – ӘР АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ Ауданымызда елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету үшайлығы басталғалы бір жарым айға жуық уақыт өтті. Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, осы уақыт аралығында аудан бойынша 2500 адам сенбілікке қатысып, 30 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылған. 40 шақырым көше, 3000 шаршы метр саябақтар мен скверлер тазаланған. Алайда, тазалық жұмыстары ойдағыдай атқарылуда ма деген сауалға жауап іздеп бірқатар ауылдық округтерді аралаған «Меркі тынысы» тілшілерінің рейдтік шарасы ауданымыздың тазалығын қамтамасыз етуде әлі де жетілмей жатқан жақтардың бар екендігін көрсетіп берді. Нұрбану КАМАЛ, Еркін ЖАСЫБАЕВ (суреттер), «Меркі тынысы». Иә, тазалық – жердің көркі. Әсіресе, ауданымызды барша жұртқа паш етер жолдарды қоқысқа толтыру – ауыл азаматтарына үлкен сын. Сарымолдаев ауылдық округіндегі темір жолдың айналасынан тұрмыстық қалдықтарды кездестіруге болады. Темір жолдың бойында бірнеше ондаған метрге созылып, қызылды-жасылды болып жатқан бұл қоқыстарды былтырғы жылғы рейдте де көрген едік. Газетте де жазылды. Бұл жолы да «Жартасқа бардым, күнде айғай салдым...»ның кері келмесе екен дейміз... Сарымолдаев ауылдық округінің тазалығын қамтамасыз етудегі басты мәселе – осы деуге болады. Бұдан бөлек, 40 лет Казахстан көшесінің бас жағында да кездейсоқ күл-қоқыс

Ойтал ауылдық округінде үйіндісінің көлеміне қарап, шынында, тұрғындар бұл жерді тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонға айналдырған ба деген ойға қалдық. Ойтал ауылдық округіндегі М.Байғанаева көшесі, өзге де үлкен көшелер – таза. Десе де, бұл округте айналаның көркін кетіріп, кімкімге де – округ әкімшілігіне де, тұрғындарға да абырой әкелмей тұрған қоқыс үйінділері баршылық. Бір ғана Заводская көшесінде екі жерде жоғарыда айтылғандай кездейсоқ қоқыс тастайтын орындар кездесті. Көшенің бас жағында, қант зауытының ескі саяжай тұсындағы қоқыс үйіндісіндегі өрт іздері «тазалық жұмыстары жүргізілді» деген белгі қалдырғанымен, онда консерві құтылары, баклашкалар, бөтелкелер, полиэтилен қалдықтары, қағаз құтылар әлі де көп. Осы көшенің аяқ жағындағы қоқыс үйіндісіне де осындай тұрмыстық қалдықтар тасталған. Меркі стансасында жағдай мәз емес. Первомайская мен Қостоған көшелерінің қиылысқан жеріндегі тұрмыстық қалдықтардың үйіндісі бірден көзге түседі. Осы Қостоған көшесінің аяқ жағында жолдың бойына малдың қиын жинап қойған тұрғындарға да таңымыз бар. Төрт түлікті кие тұтып, оның қиы – жерге дәрі дегенімізбен, көпшілік жүретін жолға үйіп қою, қай қисынға салсақ та, жөн емес. Ақарал ауылдық округіндегі орталық көшеде тазалық жұмыстарының ойдағыдай жүргізілгені байқалады. Сыпатай батыр

Сарымолдаев ауылдық округінде ауылындағы үлкен жолдың бойында да сенбілік жасалған. Әйтсе де, осы жолдың бойындағы және Сейтімбет көшесіндегі қоқыс тасталған орындар көзге түспей қалмады. Сейтімбет көшесі мен №5 орта мектептің ойын алаңы арасында бос жатқан жерге біраз күл-қоқыс жиналыпты. Тұрғындар бұл жерге тұрмыстық қалдықтарын бұлай төге берсе, мұнда да үлкен бір қоқыс тастайтын орынның пайда болуы әбден мүмкін. Ақарал ауылын аралағанымызда бұл айтылғандардан өзге қоқыс үйінділерін кездестірмедік. Алайда, аталмыш округтің көшелерінде әр жерде шашылған тұрмыстық қалдықтар – бөтелкелер, полиэтилен қалташалар ауылдың сәнін кетірген.

Андас батыр ауылындағы кездейсоқ күл-қоқыс орны

алдындағы бильбордты сырлап, ағаштарды әктеп жүрген әкімшілік қызметкерлері бізді солай деп сендірді. Сұрат ауылдық округінің қуыс-қуысын аралап, мұқият тексергенімізбен мұнда жоғарыда аталғандай келеңсіз жәйттердің куәсі болмадық. Тазалық жұмыстары жүргізілген, қоқыс үйінділері де бұл округте жоқ екен. Жаңатоған ауылдық округі де солай. Өткен жылғы рейдте кездескен кездейсоқ күл-қоқыс орны тазаланыпты. Ауылдағы ішкі көшелер де – таза. Қостоған ауылының тұрғыны Серғали Жасыбаев тазалықты ауыл әкімшілігі мен учаскелік инспекторлардың қадағалап отырғанын жеткізді. "Үйімнің маңына, көшенің бойына бір арба қи төгіп, енді кіргізбекші болғанмын. Сонда учаскелік инспекторымыз келді де ескерту жасады. Ескерту жасалғанда тазаланбаса, екінші рет айыппұл салынатынын айтқан соң дереу қоқысты тазаладым», – дейді ол. Андас батыр ауылдық округінің тазалығы сын көтермейді. Бұл округтегі кездейсоқ күл-қоқыс орны айтыла-айтыла жауыр болған тақырып. Рейдтік шара барысында сол күл-қоқыс орнын арнайы барып көрдік. Осы жылғы аудан әкімінің есебінде ауыл тұрғындары үлкен мәселе етіп қозғаған бұл орында қоқыстың ауқымды көлемі жиналыпты. Осы кезден шыбын шіркей қаптаған қоқыс үйіндісінің исі қолқаны қабады. Сонда жаз мезгілінде бұл аймақтың жағдайы не болады екен деген ой мазалады бізді...

Ақарал ауылдық округінде орнын кездестірдік. Кубанская, Т.Рысқұлов сияқты көшелерде қоқыстар шығарылып, тазалық жұмыстары жүргізілген. Орталық көшенің бойы да – таза. Бұл округте жоғарыда аталғаннан өзге кездейсоқ күл-қоқыс орнын кездестірмедік. Иә, үшайлықтың белортасына жеткеніне қарамай, тазалықты қамтамасыз етудегі мұндай олқылықтарды көріп, қынжылған қалпымызда Сұрат ауылдық округіне беттедік. Алайда, қазақы қаймағы бұзылмаған, 3000 мыңға жуық тұрғыны бар ауыл кірген бетте-ақ тазалығын, көркем табиғатын паш етіп, көңілімізді жадыратты. Ауылға кіре берісте 100 метрдей жердей ағаштар әктелген. Қалған ағаштар алдағы уақытта әктелетін болады. Ауылдық округтің әкімшілігі

Ең сорақысы бұл қоқыс үйіндісіне жақын маңда тұрғын үйлер бар. 9 мыңға жуық халқы бар округ тұрғындары мен кеденнен өткен жолаушылар қалдырған қоқыстың исіне тұншығып отырған тұрғындар бізге мұң шақты. Ауыл тұрғындары тастаған, дүкен, дәмханалардан шыққан қоқыс үйіндісіне ең жақын орналасқан Әбен Шотайұлы көшесіндегі 17үйдің тұрғындары Тынышкүл Күзембаева, Жанар Хамзаева және Эльвира Ниеталиевалар бұл мәселемен ауыл әкіміне де қайырылып, шағымданыпты. Ауыл әкімі бұл орынды тез арада сүріп, тазалауға уәде берген. Андас батыр ауылдық округінің орталық Әбен Шотайұлы көшесінде әр жерде үйілген, шашылып жатқан тұрмыстық қалдықтардың көптігіне сол маңдағы тұрғындар тым бей-жай қарайтын сияқты. Тіпті, кедендік бекетке жақын орналасқан не дүкен, не дәмхана екені белгісіз кішкене ғана үйдің алдында үйілген қоқыс жатса да алаңсыз тамақ ішіп отырған тұрғындар сөзіміздің дәлелі. Иә, ауданның тазалығы – әр ауланың тазалығынан басталады. Әрбір тұрғын өз ауласының, өз көшесінің тазалығын сақтап, қарапайым санитарлық талаптарға мән берсе, біз бүгін сөз еткен келеңсіз жәйттер орын алмас еді. Біз аралаған 6 ауылдық округтің ішінде күл-қоқысы көп округтер де сол тұрғындары көп, халық тығыз орналасқан ауылдар болды. Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің берген мәліметінде де осы орталық Ойтал мен Сарымолдаев, Меркі ауылдық округтерінде тазалық жұмыстарының ойдағыдай атқарылмағаны атап айтылған болатын. Бұл округтерде, жоғарыда атап өткеніміздей, халық тығыз орналасқандықтан, оның үстіне өндіріс ошақтары, дүкендер мен дәмханалардың да көптігінен тазалық мәселесінің алыс ауылдармен салыстырғанда қиындау болатыны заңды құбылыс. Әйтсе де, ауыл әкімдері бұл бағыттағы жұмысты ширатып, тұрғындар да тұрғылықты мекенінің тазалығын сақтауға үлес қосса екен дейміз. Шындығына келгенде, тазалық жұмыстары тек үшайлық барысында ғана атқарылатын науқан болмауы тиіс. Өз ауласы мен көшесінің тазалығын сақтау мәдениеті тұрғындардың күнделікті тұрмыс-салтына айналғанда ғана – таза ауылдар мен көшелер ауданымыздың көркі болмақ. Аудан тазалығын қамтамасыз етуге үлес қосу мақсатында алдағы уақытта да елді мекендерді аралап, атқарылған жұмыстар мен бүгінгідей олқылықтарды аудандық басылымда жариялайтын боламыз.

Андас батыр ауылдық округінде


11 сәуір 2014 жыл

5 За годы независимости казахстанцы прочно отстроили фундамент страны – межнациональное согласие и единство. Ведь без этого ни выстроить эффективную экономику, ни создать стабильное государство. А стабильное государство невозможно без патриотизма. И меня радует то, что с каждым днем становится все больше тех, кто не представляет своего личного будущего без успешного будущего страны.

ЦЕЛИ ВДОХНОВЛЯЮТ Важную роль в развитии Казахстана занимает образо��ание. В нашей стране создаются все условия для получения его на уровне высокого качества. Президент страны в связи с этим в своем Послании отметил, «Чтобы стать развитым конкурентоспособным государством, мы должны быть высокообразованной нацией». Благосостояние каждого из нас также зависит от политической стабильности и экономического процветания страны. И в социальной сфере достигнуты значительные успехи, в том числе и в здравоохранении, что также стало возможным благодаря продуманной, взвешенной и целенаправленной политике Главы государства. И меня очень радует то, что Казахстан последователен на пути к намеченным целям, а его граждане смотрят с оптимизмом в завтрашний день, спокойные за будущее своих детей и внуков. И для нашей страны наступает новый этап развития с выверенной стратегией, разработанной на многие годы вперед. Г.ПАВЛЮК, с. Мерке.

ВОСПИТЫВАЯ УВАЖЕНИЕ К ЗАКОНУ С ДЕТСТВА «Государство должно следовать принципу нулевой терпимости к беспорядку. Развитое общество начинается с дисциплины и порядка во всем. Мы не должны мириться даже с самыми малыми правонарушениями, хулиганством, бескультурьем, поскольку это нарушает общественный покой, снижает качество жизни. Ольга АЛЕКСЕЕВА, "Меркі тынысы".

СЕМЬ ШАГОВ НАВСТРЕЧУ ЗДОРОВЬЮ образованные, здоровые граждане являются олицетворением успешности развитой страны. 7 апреля отмечался Всемирный день здоровья, который проводится ежегодно, с 1950 года, для того, чтобы люди могли понять, как много значит здоровье в их жизни, а здравоохранительные организации – решить вопрос, что им нужно сделать, чтобы здоровье людей во всем мире стало лучше. Каждый год Всемирный день здоровья посвящается глобальным проблемам, стоящим перед здравоохранением планеты и проходит под разными девизами. В этом году проведение Всемирного дня здоровья было посвящено трансмиссивным болезням. В Меркенском райфилиале ЗОЖ Жамбылской области День здоровья проходит под лозунгом «Твое долголетие – в твоих руках!». В нынешнем году, по инициативе Министерства здравоохранения, в рамках Всемирного дня здоровья, в Казахстане проводился марафон «7 шагов к здоровью». В рамках марафона во всех медицинских учреждениях были проведены Дни открытых дверей. Шаги здоровья были посвящены школам здоровья матери,

планирования семьи, подготовки к родам, здорового ребенка, полжилых людей, антитабачным школам, молодежным центрам здоровья. Были проведены беседы с населением, профилактические скрининги, в рамках которых в школах, с педагогами и обслуживающим техперсоналом, были проведены акции оздоровления по измерению веса, давления, проверке на содержание сахара и холестерина в крови, во время которых были выявлены больные и направлены на лечение. Во время проведения акций здоровья, медицинские работники рассказывали о том, как можно уберечь себя от проблем со здоровьем. Всемирный день здоровья-2014, под девизом «Твое долголетие – в твоих руках!» призвал каждого меркенца быть ответственным за свое здоровье, следить за ним, вовремя проходя профилактические осмотры. Всемирный день здоровья в очередной раз напомнил людям о том, что нет ничего нужнее и ценнее, чем здоровье. Даже самый богатый, но немощный и больной, завидует бедняку, который здоров и полон сил.

«Все ценности мировой цивилизации, все экономические и культурные богатства создаются человеческим трудом, а не виртуальными финансовыми институтами», отметил Президент страны в программной статье «Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего Труда». И каждая профессия востребована и необходима по-своему.

буквы, рисуют, поют и танцуют (на снимке). И глядя на девочек и мальчиков, чьи щечки после сытной еды покрывает румянец, здоровых, подвижных, энергичных, только радуются этому. Приходят на работу повара Бейсекуль апке и Нурсулу апке раньше всех и сразу же приступают

Как отметил Президент в Послании народу Казахстана, одно из приоритетных направлений будущего развития страны связано с созданием возможностей для раскрытия потенциала казахстанцев. И для этого государство создает все необходимые условия. Ольга АКИНИНА, "Меркі тынысы" Так, ожидается увеличение продолжительности жизни населения до 80 лет – это серьезная задача, для достижения которой очень многое делается, проводятся скрининги среди разных возрастных групп населения, профилактические осмотры, даются социально-профилактические консультации, ведь Лидер нации очень точно отметил, активные,

ПРИЯТНОГО АППЕТИТА! Ольга МАЗУР, Еркин ЖАСЫБАЕВ (фото), «Меркі тынысы».

Атмосфера нетерпимости к мелким правонарушениям – важный шаг к укреплению общественной безопасности, борьбе с преступностью». Эти слова, сказанные Главой государства в Стратегии «Казахстан-2050» актуальны для каждого казахстанца, готового, преодолев правовой нигилизм, включиться в дело охраны общественного порядка. В ОВД района, в целях профилактики правонарушений, в рамках акции «Подросток-ЗаконБезопасность» прошел День открытых дверей, во время проведения которого состоялась встреча руководителя Управления по вопросам молодежной политики акимата Жамбылской области Е.Куралбаева, заместителя начальника РОВД, подполковника полиции М.Жайлаубекова, старшего инспектора ОДН РОВД Д.Омаровой, руководителя Меркенского райфилиала ЗОЖ Жамбылской области Х.Адешовой с учащимися школ района. На мероприятии также присутствовали участковые инспектора, педагоги. Е.Куралбаев, руководитель Управления по вопросам молодежной политики акимата Жамбылской области, обратившись к учащимся школ, начал свое выступление со слов Президента страны, сказанных им в Послании «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» в адрес молодежи, его особым призывом к подрастающим поколениям: «Эта Стратегия – для вас. Вам участвовать в ее реализации и вам пожинать плоды ее успеха. Включайтесь в работу, не будьте равнодушны». И, конечно же, несмотря на свой еще достаточно юный возраст, молодежь должна задумываться о своем достойном будущем уже сегодня, зная свои права и обязанности, добиваясь успехов в учебе, спорте, общественной жизни школы и не нарушая закона. Е.Куралбаев напомнил всем собравшимся о том, что дети – это наше будущее и им надо дать

правильное воспитание. Напомнил и самим ребятам о том, что они должны быть послушными и расти достойной сменой. Ведь для этого в нашей стране создаются все условия, девочки и мальчики имеют возможность учиться в школах, получать достойное образование, для них действуют кружки по интересам, спортивные секции и школы, посещая которые они могут многому научиться, закалить свой дух, укрепить физическую форму. Ведь это лучше, чем без дела слоняться на улице, заводить подозрительные знакомства, огорчая тем самым своих родителей и педагогов. Заместитель начальника РОВД, подполковник полиции М.Жайлаубеков привел статистические данные по совершенным в районе подростками правонарушениям, рассказал о работе, проводимой участковыми инспекторами, совместно с педагогами, психологами, социологами, родителями по уменьшению фактов риска, приводящих к безнадзорности, правонарушениям в подростковой среде, выявлению учащихся, склонных к нарушению дисциплины, антисоциальным нормам поведения, правонарушениям. Х.Адешова, руководитель Меркенского райфилиала ЗОЖ Жамбылской области, сказала о том, насколько важно молодому поколению начать с ранних лет заботиться о своем здоровье, заниматься спортом, не пускать в свою жизнь леность и вредные привычки. По завершении Дня открытых дверей ребята задавали участникам встречи интересующие их вопросы, почерпнув из беседы много новой и интересной для себя информации, которая в дальнейшем поможет им избежать неправильных поступков, вырасти достойными и законопослушными гражданами своей страны, уважающими и соблюдающими нормы общественной жизни с детства.

Каким бы делом человек не занимался, он должен быть в нем профессионалом. Только в таком случае он сможет добиться успеха. В профессии повара сложно быть плохим работником, ведь не вкусно приготовленную еду трудно замаскировать. Ее просто никто не станет есть и отодвинутые с едой тарелки, несъеденные каши и салаты, сами скажут за себя. А уж если в какой столовой, кафе повар вкусно готовит, слава о нем разносится молниеносно, а тарелки, с приготовленными им блюдами, всегда остаются пустыми. Это и есть для него наивысшая оценка – «пять с плюсом». А еще, в первую очередь, люди обращают внимание на внешний вид повара, на его белоснежный, чистый халат, фартук, выглаженный

колпак, на сервировку стола и на оригинальность его рецептов. Так что у поваров много своих тонкостей, секретов, обладание которыми только придают им мастерство. У шеф-повара Бейсекуль Алишевой и помощника повара Нурсулу Жанбековой, вот уже более 10 лет работающих в детском саду «Балауса» (на снимке), тоже немало своих профессиональных секретов вкусного приготовления

разнообразных блюд. Они им пригождаются всегда, ведь варят, стряпают они каждый день для самых капризных, требовательных и непредсказуемых – детей, а уж их точно не обманешь. Если блюда приготовлены со старанием и душой, они уплетают их с удовольствием и еще добавки просят. А плотно позавтракав, пообедав, еще веселее бегают и играют активнее, участвуют в интересных мероприятиях, изучают

к своим обязанностям: чистят картофель, нарезают соломкой лук, свеклу и морковь, делая заготовки для будущих блюд. Для детворы детского сада они готовят вкусные и полезные завтраки, обеды и полдники – разнообразные каши, супы, манты, лагман, борщ, плов, компоты, кисель, сдобу – булочки, пирожки, блины, витаминные салаты. Особо стараются вкусными блюдами порадовать на праздниках. Так, ежегодно, на Наурыз, они готовят традиционное праздничное блюдо, наваристый наурыз коже, воздушные бауырсаки, которые детвора очень любит. Подходят к своей работе повара ответственно, тщательно выбирают продукты, из которых готовят, они должны быть проверенными, наисвежайшими, отвечать всем требованиям. Повара строго придерживаются всех необходимых санитарных норм, помня о том, что готовят они для детей и все, что они варят, должно принести детскому организму только пользу. И, конечно же, Бейсекуль Алишева и Нурсулу Жанбекова любят свою профессию, благодаря которой чувствуют себя немного волшебниками, от них дети всегда ждут чего-нибудь необычного. И они могут удивлять, готовя вкусную еду.


ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Меркі ауылынан сүйікті әкеміз Абдраимов Берікханды 12-сәуір асқаралы 60 жасқа толған мерейжас қуанышымен шын жүректен құттықтаймыз! Қымбатты әке! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілейміз. Ұлқыздарыңыздың, немере-шөберелеріңіздің қызығына тоймай, асқар таудай тірегіміз, отбасымыздың берекесі болып ортамызда жүре беріңіз. Ізгі ниетпен: жұбайы – Шолпан, қызы – Гүлмира, ұлдары-келіндері – Әділет-Гүлбану, Қабілет-Әсел және немерелері Айғаным, Нұрзия, Нұрдәулет, Нұрасыл, Нұрхан, Санжар.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Қостоған ауылының тұрғыны, асқар таудай әкеміз Оразқұлов Ермекті 13-сәуір туылған күнімен және зейнетке шығуымен құттықтаймыз. Сіз біздің биігіміз, асқарымыз, Сіз біздің алтын күнсіз, шашқан ырыс. Құтты болсын зейнет жас, асыл әке, Қылаусыз ашық болсын аспаныңыз. Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық тілейміз. Шаңырағымыздың тірегі болып ұл-қыздарыңыздың, бауырларыңыздың ортасында өмірдің бар жақсылығын, қызығын көріп жүре беріңіз. Ізгі тілекпен: күйеу баласы-қызы – Тоқтасын-Рима, ұлдарыкеліндері – Беглан-Балнұр, Мәди-Гуля, Бақытжан-Жұлдыз, Біржан, немерелері – Данияр, Архат, Бекнұр, Аян, Нұрғали, Бану, Айбол, Алинара, Ермахан, Әмина, Айсұлтан.

ХАБАРЛАНДЫРУ 2014 жылы сәуір айының 16-жұлдызында Жамбыл облысының прокурорының орынбасары Берік Сайлауұлы Құлтасов аудандық прокуратура ғимаратында сағат 11.00-де азаматтарды жеке өтінішсұрақтарымен қабылдайды. Облыс прокурорының орынбасарының қабылдауына қалаушылар алдын ала 15.04.2014 ж. сағат 18.00-ге дейін аудан прокуратурасына жазылуы керек. Байланыс телефоны 2-10-50. Мекен-жайы: Жамбыл ауылы, Ысмайылов көшесі №186. Меркі ауданының прокуратурасы. 16 апреля 2014 года, с 11-00 часов дня, в здании прокуратуры Меркенского района заместителем прокурора Жамбылской области Бериком Сайлауовичем Култасовым будет осуществлен прием граждан. Желающим попасть на прием к заместителю прокурора области, необходимо предварительно, до указанного времени, записаться в прокуратуре района. Запись будет производиться до 18-00 часов 15 апреля 2014 года. Контактный телефон: 2-10-50, юридический адрес: село им. Жамбыла, ул. Исмаилова, 186. Прокуратура Меркенского района

Көзден кетсе де, көңілден кетпейді

Еске алу

Меркі ауылынан аяулы әпкем Орындыбаева Қаламқас Қырғызбайқызы осыдан бір жыл бұрын 39 жасында өмірден озды. Мейірімді, бауырмашыл, ақкөңіл, адалдығымен үлкен-кішінің көңілін тауып, аңқылдап жүрген асылымыздың орны ойсырап, бір жылдан бері іздеумен, сағынумен келеміз. Соңында қалған екі қызының да қызығын көрмей асығып, шын дүниеге аттанып кеткен ардағымыздың нұр жүзі көз алдымызда. Жатқан жері жайлы, орны пейіште болсын. Алла о дүниесін берсін деп құран бағыштап еске аламыз. Құстар ұшып көктем келді, Табиғат та оянып.

Сағынумен, сарғаюмен, Сенсіз, әпке, күндер өтті... Еске алушы: сіңлісі Айгүл.

Открылось наследство после смерти Ли Веры Ивановны, умершей 9 февраля 2014 года. Наследников просим обратиться по вопросу оформления наследственных прав в течение шести месяцев со дня открытия наследства к нотариусу Б.Абишеву по адресу: с. Мерке, ул. Исмаилова, 173.

* * *

Открылось наследство после смерти Кыстауовой Нураим, умершей 17 марта 2014 года. Наследников просим обратиться по вопросу оформления наследственных прав в течение шести месяцев со дня открытия наследства к нотариусу М.Байдаулетову по адресу: с. Мерке, ул. Исмаилова, 224.

* * *

Открылось наследство после смерти Бедарева Владимира Ивановича, умершего 26 января 2014 года. Наследников просим обратиться по вопросу оформления наследственных прав в течение шести месяцев со дня открытия наследства к нотариусу Б.Абишеву по адресу: с. Мерке, ул. Исмаилова, 173.

Жарамсыз деп табылсын №9 Савва атындағы орта мектепті 1974-1984 оқу жылында бітіргендігі туралы Узбекова Мариякуль Койчубаевнаның атына берілген КГ№824623 аттестат жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

* * *

№23 Тескентоған орта мектебін 2010 жылы бітіргендігі туралы Расилов Олжас Кенжагалиевичтің атына берілген JОВ №0137651 аттестат жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

Считать недействительным

АҚ ТІЛЕК Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорының орынбасары және кәсіподақ төрайымы Бүркітбаева Айман Жойқынбекқызын 12-сәуір туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілейміз. Өмір бойы айналысып келесіз, Аялаумен жан жылуын кісіден, Ұжымның да бағы жанған сізбенен. Алғыс алып үлкеннен де кішіден. Ізгі тілекпен орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ардагер кітапханашылары: А.Тлеуменова, Я.Тілеуқұлова, К.Наурызбаева, С.Ракимбаева, К.Нұрлыбекова, М.Жамиева.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Аудан әкімдігі қаржы бөлімінің ұжымы сектор меңгерушісі Суанқұлова Нұрзаданы 10-сәуір туған күнімен шын жүректен құттықтайды. Қымбатты Нұрзада Ильясқызы! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Құшағыңыз гүлге, өміріңіз нұрға бөленіп жарқырап жүре беріңіз. Еңбегіңіз жемісті, отбасыңыз аман болып, әрбір күніңіз нұрлы, таңдарыңыз арайлы болсын.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! №9 В.А.Савва атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Лавриченко Викторияны сәуірдің 3-5 жұлдызында Астана қаласында ҚР Білім және ғылым Министрлігі KATEV халықаралық қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында «Жарқын болашақ» VІ Республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының «Әнші бұлбұлдар» конкурсына барып, ІІІ дәрежелі диплом мен А.Яссауи атындағы қазақ түрік университетінің гранты негізінде білім алу үшін сертификатты қанжығасына байлап қайтқаны үшін құттықтаймыз. №9 В.А.Савва атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымы

Аудан тұрғындарының назарына! Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығы Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы №1414 шешімімен бекітілген, Жамбыл облысының әділет департаментінде 2013 жылдың тамыз айының 8-жұлдызы күні №2023 тіркелген нормативтік-құқықтық актісі және «Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерін абаттандыру қағидасы» негізінде жүргізілетіндігін хабарлаймыз. Аудан әкімдігі ТҮКЖК және АЖ бөлімі

САТЫП

АЛАМЫН

1951-58 жылдары шыққан «Зил», «ЗилМосква», «Днепр», «Зис-Москва» маркалы ескі мұздатқыштарды қымбат бағаға сатып аламын. Телефон: 87022991129.

Впервые в Мерке работает автоматическая линия по изготовлению пластиковых окон и дверей. Отличное качество, гарантия 10 лет, цена от 12000 тенге за 1 кв.м. Сплитерные блоки, брусчатка, от 1000 тенге за 1 кв.м. Обращаться по тел.: 87013731408; 87053731408. В связи с прекращением предпринимательской деятельности Ларченковой Валентины Сергеевны, ИИН 560316401781, все претензии принимаются в течение одного месяца после опубликования по адресу: с. Мерке, ул. Торгаева, 18/3.

* * *

В связи с прекращением предпринимательской деятельности Жанабергеновой Нуржамал Игиликовны, ИИН 820417402477, все претензии принимаются в течение одного месяца после опубликования по адресу: село им. Сарымолдаева, ул. Садовая, переулок 3, 22 "а".

* * * прекращением предпринимательской

В связи с деятельности Петровой Нины Ашимбековны, ИИН 551209401374, все претензии принимаются в течение одного месяца после опубликования по адресу: с. Мерке, ул. Гайдара, 27/2.

* * *

В связи с прекращением предпринимательской деятельности Кыстауовой Жаксыкуль Танирбергеновны, ИИН 821013400070, все претензии принимаются в течение одного месяца после опубликования по адресу: село им. Сарымолдаева, ул. Мажиева, 22/1.

ПРОДАЮТСЯ земельный участок 15 соток, по ул. Мухамеджанова, без номера, в районе райбольницы. Имеется фундамент гаража. Обращаться по тел.: +77079898949; 87023299976.

* * *

утерянный госакт на право частной собственности на земельный участок за № 459582, кад. № 06-092-007-041, выданный на имя Коваленко Натальи Петровны 17 августа 2007 года.

четырехкомнатная квартира по ул. С.Ахтамбердиева, 67, к��. 4. Имеются отдельная кухня, котельная, душевая, гараж и подсобные помещения. Участок 9 соток, поливной. Обращаться по тел.: 4-11-18; 87074542945.

ПРЕДЛАГАЮ

№19 Сыпатай Әлібекұлы атындағы орта мектептің ұжымы осы мектептің мұғалімі Анафияев Жомартқа және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ендыбаева Гүлзираға күйеу баласы ОРОЗУМБЕКОВ АЛМАСТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

услуги по внутреннему евроремонту домов: кафель, гипсокартон, двойной потолок, сайдиник, обои, установка дверей, левкас, декор. Обращаться по тел.: 87053934255; 87026661900. БЕКБОЛАТ.

Қаçàқñòàí Ðåñïóáëèêàñû Әділет ìèíèñòðëiãi Жамбыл облысының әділет департаменті Меркі аудандық әділет басқармасында òiðêåëiï, ¹308 -1919-06-ЖШС êóәëiãi áåðiëãåí Ìåíøiê èåñi: "Ìåðêi òûíûñû"-Бàñïàñû" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Директор, бàñ рåäàêòîð – Айдар ОСПАНАЛИЕВ Жауапты хатшы Назира ЖОЛДАСБАЕВА БӨЛІМДЕР: Ауыл шаруашылығы – Бейбіт ҚҰРАЛБАЕВ Қоғамдық-саяси – Ольга МАЗУР Хат және жарнама – Мейіркүл ӘБЖАНҚЫЗЫ ТІЛШІЛЕР: Бақтыбай АБАЙ Нұрбану КАМАЛ Ольга АРТЮЩЕНКО ФОТОТІЛШІ: Еркін ЖАСЫБАЕВ ДИЗАЙНЕР Ержан АБАЕВ КОМПЬЮТЕР ОРТАЛЫҒЫ: Ирина ӘЛИЕВА Анар ҚАЗАҚБАЕВА

Индекс: 080500, Æàìáûë îáëысы, Мåðêі ауданы, Ыñìàйыëîâ көшесі ¹349.

РЕДАКЦИЯНЫҢ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІ: Òåëефондар: Бас ðåäàêòîð – 4-07-33 (факс.), бөлімдер – 4-07-35; 4-07-58; есепші – 4-07-34

vestnik - merke@mail.ru

Ãàçåò àðàëàñ-қàçàқ æәíå îðûñ òiëäåðiíäå àïòàñûíà 2 ðåò – ñәрñåíái, жұма êүíäåði øûғàäû. Ðåäàêöèÿ àâòîðëàðäûң êөçқàðàñû šүøií өçiíå æàóàïêåðøiëiê æүêòåìåéäi. Ãàçåò îôñåòòiê òәñiëìåí "ÌÒ" áàñïàñûíäà áàñûëғàí. Êөëåìi 1 áàñïà òàáàқ.

Кезекшілер:

О.МАЗУР, Н.КАМАЛ ТАРАЛЫМЫ: 3768 дана


№31-04.11.2014