Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІ

№49 (4407)

ГАЗЕТ 1933 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

WWW.MEDIAOVD.KZ

03.07.2018, СЕЙСЕНБІ

Елбасы өңірлердің тартуын тамашалады

Кеше Қазақстан Президенті Астана қаласының сол жағалауында орналасқан 240 орындық «Almaty balabaqshasy» деп аталған жаңа балабақшаны аралап көрді. Бұл білім мекемесінде балалар шығармашылығын дамытып, олардың демалысын ұйымдастыру үшін музыка залы мен ойын алаңдары бар. «Almaty balabaqshasy» 12 топтан тұрады. Әрбір топтың Алматы қаласымен байланысты тақырыптық атаулары бар. Балабақша интерьерінің дизайны Алматының белгілі көшелерімен және даңғылдарымен танысуға, сондай-ақ, қала тарихы жөнінде мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, осы күні Мемлекет басшысы «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Қызылорда облысы салған зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясын аралап көрді. Қазақстан Президенті экспозиция аумағында Қызылорда облысының жұртшылық өкілдерімен әңгімелесті. Елбасыға ғарыш

«БӘЙТЕРЕК» – ТАРТЫМДЫ НЫСАН Елорданың символына айналған «Бәйтерек» монументі туристер үшін ерекше тартымды нысандардың бүкіләлемдік тізіміне кірді. Бұл хабарды Халықаралық туризмді тұрақты дамыту комитетінің жетекшісі жеткізді.

Оның айтуынша, комитеттің Ыстамбұлда өткен саммитінде ұйымға мүше 48 мемлекеттің барлығы «Бәйтеректі» қолдап, дауыс берген. Айта кетейік, Жібек жолы елдері қалаларының мэрлер форумы аясында түрлі панельдік отырыстар өтіп жатыр. Соның бірі бизнес-туризмге

арналды. Жиынға келген шетелдік мамандар аталған саланың дамуын сөз етіп, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, олар Астананың туристік әлеуетін де жоғары бағалады. «Кеше Алматыдағы «Медеу» кешеніне сертификат табыстау мәртебесіне ие болдық. Бүгін тізімге «Бәйтерек» қосылып жатыр. Осыдан-ақ Қазақстанның туристік әлеуетін бай қ ау ға бо лады. Тізімг е қан дай да бір нысанды қосу туралы ұсыныс түскенде, ең алдымен туристердің пікірі ескеріледі. Біз де мыңдаған адамның арасында сұрау жүргіздік. Нәтижесінде, комитеттегі мемлекеттердің барлығы Ыстамбұлда өткен саммитте «Бәйтеректі» қолдап, дауыс берді», – деді Халықаралық туризмді тұрақты дамыту комитетінің төрағасы Владимир Пискурев.

АСТАНА КҮНІ – БАКУДЕ Астананың 20 жылдық мерейтойы Баку қаласында атап өтілді. Шараны Қазақстанның Әзірбайжандағы елшілігі ұйымдастырды. Оған ел үкіметі мен парламентінің өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері мен шетелдік дипломаттар қатысты. Елші Бейбіт Исабаевтың айтуынша, соңғы 20 жылда Астана тек экономикалық, саяси және мәдени орталық емес, әлемдік деңгейдегі шараларды өткізе алатын алаңға айналған. ТМД аумағында алғаш халықаралық EXPO-2017 көрмесі Астанада өткізілді. Мерекелік шарада шаһардың ерекше архитектурасы бар заманауи мегаполис және қазақстандықтардың ұлттық символы мен мақтанышына айналғаны туралы айтылды. «Астананың ел орталығында бой түзеуі – Қазақстан халқы үшін жарқын келешектің нышаны. Бір қаладан екінші қалаға астананы көшіру көп елдің қолынан келе бермейді. Қазақстанның мәдени өмірі, атап айтқанда музыка, театр, эко-

номика Астана қаласында қарқынды дамып келе жатыр. Қазақ халқының қуанышына ортақпыз. Мереке құтты болсын!»,– деді Baku Network директоры Эльхан Аласкаров. Ал политолог Ильгар Велизаде: «Қысқа мерзім ішінде кішігірім облыс орталығын Еуразия құрлығындағы ірі қалалардың біріне айналдыру үлкен ерлік деп есептеймін. Бүгінде Астананың 20 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Бұл, әрине, Қазақстанның серпінді дамуына зор үлесін қосып жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің арқасында. Астана маңызды келіссөздер алаңына айналды және ірі халықаралық шараларды өткізуге қауқарлы», – деп ағынан жарылды.

аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің мүмкіндіктері таныстырылды. Мемлекет басшысы ғылым мен жаңа технологияларды дамыту ісіндегі ғарыш өнеркәсібінің маңыздылығын атап өтті. «Менің тапсырмам бойынша француз тарапымен бірлесіп, жасанды жер серігін құрастыратын зауытты іске қостық. Жуырда өзіміздің жер серіктерімізді құрастыруға кірісеміз. Бізде зымыран ұшыратын құрылғы бар, 2022 жылға қарай «Зенит» зымыраны дай-

ын болады. Осылайша, ғарыш өнеркәсібі жаңа технологиялық деңгейге көтеріліп, Қазақстан толыққанды ғарыш державасына айналатын болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Музей «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық ғарыш орталығының аумағында орналасқан. Астананың 20 жылдығына сыйға тартылған зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясына «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран тасығыштарының, сондай-ақ, «Боран» орбита кемесінің үлгілері қойылған.

ҚҰРМЕТ

Жетістікке толы 70 жас Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, полковник М. Аманбаев ТЖ органдары ардагері Сағындық Джазинді 27 маусым күні мерейлі 70 жасымен құттықтап, оған «ІІМ құрметті ардагері» төсбелгісін табыстады. Сағындық Нұрмұханбетұлы 1948 жылы 27 маусымда Ақмола қаласында дүниеге келген. 1971 жылдан 1996 жылға дейінгі аралықта Ақмола облыстық ІІБ-де қызмет еткен. Еңбек жолын Астрахань аудандық ІІО-да мемлекеттік өрт бақылау инспекторы лауазымынан бастады. 1972 жылы Алматы орта арнайы милиция мектебінде оқыды. 1980 жылы Астрахань ІІО-да мемлекеттік өрт бақылау аға инспекторы лауазымына тағайындалды. 1996 жылдың желтоқсан айында отставкаға кетті.

Қызмет еткен жылдары тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жемісті еңбек етіп жүрген жас кәсіпқой мамандарды тәрбиелеуге өз үлесін қосты. Бұл мамандар бүгінде жинаған мол тәжірибелерін өзінен кейінгі ұрпаққа үйретуде. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Сағындық Нұрмұханбетұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, игі жақсылықтар мен береке тілейміз! Астана қаласы ТЖД Ардагерлер кеңесі


2 Ə

-А М Е Л

ЖАҢАЛЫҚТАР №49 (4407),№ сейсенбі, 03.07.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

ҚП

Т АРА

Мексика

Ел басшысы кім? Мексикада президенттік және парламенттік сайлау аяқталды. Экзитполдың нәтижесі бойынша Латын Америка халқы ел басшысы ретінде Андрес Мануэль Обрадорды таңдады. Ол – «Тарихты бірге жасаймыз» одағының өкілі. Бұл коалицияның құрамына «Морена» және «Қоғамдық кездесу» партиялары кіреді. Жаңа президент 51 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Ал «Мексика үшін алға» коалициясының кандидаты Рикардо Анайя 23 пайызды иемденіп, екінші орынға орнықты. Кезекті үшінші орынды 18 пайызбен «Бәрі Мексика үшін» коалициясынан үміткер Хосе Антонио Мид иемденді. Ұлттық сайлау институтының мәлімдеуінше, бұл жолғы сайлауға халықтың қатысу көрсеткіші жоғары. Саяси доданың өту кезеңі 30 мың жергілікті бақылаушы мен 900 шетелдік маман назарында болды. Жүз мыңдаған құқық қорғаушы саяси дода кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Германия

Ішкі істер министрі отставкаға кетті Германия ішкі істер министрі және Христиан қоғамдық кеңесінің төрағасы Хорст Зеехофер отставкаға кетті. Саясаткер ақпаратты ресми растап, бұл мәселе партия қарауында екенін айтты.

е-mail: nastraje@mail.ru

Астана – бейбітшілік пен келісім орталығы Астананың 20 жылдығы аясында ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ұйымдастырған «Астана: бейбітшілік пен келісім орталығы» халықаралық конференциясы өтуде.

Жиында Қазақстанның ұлтаралық келісім мен диалогты орнатудағы тәжірибесі таныстырылды және Қазақстанның халықаралық сахнадағы бейбітшілік пен келісім орталығы ретіндегі рөлі талқыланды. «Бүгінгі пікірталас алаңына билік, азаматтық қоғам, бизнес және халықаралық ұйымдардың, ЮНЕСКО клубтарының 200-ден астам өкілдерінің жиналуы қуантады. Бұл конференция ұлттар арасындағы өзара түсіністікті, мәдениетаралық диалогты нығайту саласындағы үздік тәжірибелермен және пікірлермен алмасуға бағытталған. Сонымен бірге, сараптамалық қауымдастық пен қоғамдық сектор арасында байланыс орнату арқылы қазіргі жағдайға талдау жасап, жұмыс тәжірибелерін жинақтай аламыз», – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Ұлттық музейіндегі конференцияның ашылу салтанатында. Вице-министр мәдени алуантүрлілік пен мәдени үндеуге қолдау білдіру тақырыбының Қазақстан үшін өзекті екенін атап өтті.

«Тәуелсіздік алған сәттен бері мемлекетіміз атабабалардан қалған мәдени мұраларды қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыстар атқарды. 2004 жылдан бастап, 10 жыл бойы қазақ халқының көптеген мәдени ескерткіштері, ел аумағындағы материалдық және материалдық емес мұралар жаңғыртылды. 2013 жылдан бүгінге дейін Қазақстан өзге елдердің архивтерінде сақталған құнды деректерді жинап келеді. Сол себепті, еліміздің мәдени жаңғыруының үшінші кезеңі болып саналатын, Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Рухани жаңғыру бағдарламасы өте маңызды», – деді ол. Шара аясында 100-ден астам мәдениет пен халық өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан Қазақстанның және өзге де шетелдік қонақтардың жұмыс тәжірибесімен танысу мүмкіндігі бар. «Сессиялар соңында тұрақты даму және Қазақстан мен Азия-Тынық мұхиты аймағы жастарының көшбасшылық қасиеттерін дамыту бойынша нақты ұсынымдар әзірленеді деп күтудеміз. Бүгінгі жиын арқылы ЮНЕСКОға мүше елдерді мәдениеттерді жақындастыру мен бейбітшілікке қолдау білдіруге шақырамыз», – деп өз сөзін түйіндеді Мәдениет және спорт вице-министрі. Конференция 2-3 шілде күндері өтеді. Оның жұмысына 200-ге жуық халықаралық және ұлттық эксперттер, мемлекеттік органдардың, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері атсалысады. Конференцияның екінші күні – бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен ЮНЕСКО ұйымдастырған «The Planet of ART» халықаралық фестивалінің салтанатты жабылу кеші өтеді.

Əлеуметтік көмектің əлеуеті зор

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда кәмелеттік жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандардың күтіміне жәрдемақы төленетін болды. Жаңадан тағайындалған әлеуметтік көмекке бірінші топтағы мүгедектер ие болады.

Осындай мәлімдеме Мюнхенде өткен партия басқармасының кезекті мәжілісінен кейін жасалды. Қос лауазымнан бас тартуға не себеп болғаны әзірге нақты емес. Алайда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары басты себеп ел канцлері Ангела Меркельмен келіспеушілік екенін алға тартып отыр. Естеріңізге сала кетсек, министр босқындарға қатысты шешімдерді Меркельдің қатысуынсыз қабылдай бастайтынын айтып, сес көрсеткен. Атап айтқанда, ол құжаты жоқ және Еуроодақтың өзге елдерінде тіркелген босқындарға Германияға кіруге тыйым салғысы келген. Ал Ангела Меркель бұл мәселе бойынша үзеңгілестері мен сайлаушыларды, сондай-ақ, одақтас елдерді қанағаттандыратын ортақ шешім тапқысы келді. Сарапшылар «Меркель мен Германия Зеехофер арасындағы алауыздық неміс үкіметін ыдыратуы ықтимал» деп алаңдаушылық білдірген болатын.

Грузия

Бакуде аптап ыстық Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ұлттық депармаментінің хабарлауынша, 2018 жылдың 1 шілдесінде Бакуде және Абшерон түбегінде соңғы 120 жылда болмаған температуралық рекорд тіркелді. Министрліктің баспасөз қызметінен хабарланғанындай, ауа температурасы +43-44 градус болды. Бакудегі осыған дейінгі рекорд 2017 жылдың тамыз айында тіркелген және ол уақытта ауа температурасы +41,6 градус болған. Жексенбі күні тіркелген температура шілде және бүкіл жаз мезгілі үшін рекордтық болып саналады.

Төлемақы алуға өтінішті мүмкіндігі шектеулі жанның өзі немесе оның заңды өкілі өтініш бере алады. Жәрдемақының мөлшері – айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Шамамен 28 мың теңгені құрайды. Павлодар қаласы бойынша 380 адам осындай көмекке мұқтаж екен. Қазір 200 адамнан өтініш қабылданған. Құжаттар жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылады. «Самал» мүгедектерді оңалту орталығына 18 жастан асқан 30 шақты мүгедек келеді. Кемтар балаларды орталыққа жеткізіп, алып кетуде қиындықтар туындайды. Жалғыз қалдыруға болмайды. Сондықтан орталық қызметкерлері бұл жаңалықты ата-аналарға көрсетілген қолдау деп қабылдады. «Менің ойымша, бұл – мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға көрсетіліп отырған үлкен көмек. Оларды жұмысқа орналастырумен пара-пар. Біз қазір құжаттарды

Елімізде ми ісігі отасыз емделеді Қазақстанда ми ісігін радиосәулелермен, отасыз емдеу әдісі қолға алынбақ. Халық мұндай теxнологиямен тегін емделетін болады. Ұлттық нейроxирургия орталығының басшысы Серік Ақшолақовтың айтуынша, жаңа аппараттың атауы – «Gamma Knifе», яғни «Гамма-пышақ». Оның көмегімен мидағы кішігірім ісіктерді отасыз жоюға болады. «Радиоxирургиялық әдіспен емдеу – соңғы теxнологиялардың бірі. Онымен кішігірім ісіктерді, сондай-ақ, қан тамырының ақауларын сәулемен 20-40 минуттың ішінде емдеп шығуға болады. Ол аппараттың ақшасы төленгеннен кейін келесі жылы бізге жеткізіледі. Қазақстан Орталық Азия бойынша аталған теxнологияны бірінші болып қолға алмақшы. Осы аппаратураны аламыз дегенімізге бір жылдан асып кетті. Сол себепті, жастарды екі-үш жерде дайындап жатырмыз. Алды Ресейде, Венгрия мен Францияда оқып келгендер бар», – дейді С. Ақшолақов.

Оның айтуынша, дәл қазір қазақстандықтар жаңа теxнологиямен емделу үшін шетелге барып жүр. Оған біраз ақша кетеді. Бір адамға шамамен 20-50 мың еуро қажет. «Ал аппарат келгеннен кейін бәрін өзіміз жасаймыз. Барлық шаралар мемлекеттік квота бойынша жасалады. Бұл дегеніміз, xалық үшін тегін болады», - деп атап көрсетті С. Ақшолақов. Айта кетейік, биыл Ұлттық нейроxирургия орталығының құрылуына 10 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде аталған мекемеде 20 мыңнан астам ота жасалды. Соның 70 проценті бұрын шетелде ғана жасалатын. Орталықта жыл сайын 4 мыңға жуық адам емделеді. Бүгін Ұлттық нейроxирургия орталығының мерейтойы аясында ҚР Нейроxирургтарының IV конгресі басталды.

«Славян базары»: «Әміре» қандай ән орындайды?

Беларусьтің Витебск қаласында өтетін «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінде Қазақстан намысын «Әміре» атымен белгілі – Ернар Садырбаев қорғайтын болады. Ол Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әнін» өзгеше сипатта орындамақ. Бұл туралы әнші Астанадағы Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

қабылдаумен айналысып жатырмыз. Олардың дұрыстығын қадағалаймыз. Бүгінгі күні 200 құжат қабылданды. Енді оларды Халыққа қызмет көрсету орталығына жібереміз. Олар аталған жәрдемақыны тағайындау үшін ведомствоаралық есептік орталыққа жолдайды»,– деді «Самал» мүгедектерді оңалту орталығы ҚБ төрағасы Зинаида Багненко.

«Роза Қуанышқызы мен Димаш Құдайбергеннің «Славян базарына» төрелік етуі маған қолдау болары анық. Байқауға үш айдан бері дайындалудамын. Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әнін» байқауда өзгеше стильде орындаймын. Екінші ән – Раймонд Паулстың «Подберу музыку» әні. Ол әнді екінші күні оркестрмен бірлесе орындаймыз. Үшінші ән –

Шілденің шіліңгір ыстығы Синоптиктер 3-5 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазгидрометтің мәлімдеуінше, Қазақстанның батысындағы аптап ыстыққа себеп болып отырған антициклон алдағы үш күнде Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан циклонның ықпалымен шығысқа қарай ығысып, әлсірей бастайды.

«4-5 шілде күндері мұнда уақытылы жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін, екпінді жел соғып, аптап ыстық бәсеңдей түседі. Антициклонның шығысқа қарай жылжуына

байланысты, республиканың солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында ыстық әрі құрғақ ауа райы болжанады. Аталған өңірлерде күндізгі ауа температурасы климаттық нормадан 4-7 градусқа жоғары. Атап айтқанда, солтүстікте – 30-35°С, оңтүстік пен орталықта 37-41°С айналасында болады» делінген хабарламада. Сонымен қатар, Қазақстанның шығысында және оңтүстік-шығысындағы жауын-шашынды ауа райы сақталады, найзағай жарқылдап, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жаууы мүмкін.

рок-опера Моцарт мюзиклынан француз тіліндегі ән болады. Әнді өңдеу жағынан болсын, музыка жағынан болсын, сипат тұрғысынан да дайындық жақсы. Роза Қуанышқызы айтқандай, ең бастысы, ішкі дайындық керек. Актерлық шеберліктің де қыр-сыры түсіндіріліп жатыр», – дейді Ернар Садырбаев. Айта кетсек, «Славян базары» халықаралық өнер фестивалі Беларусь мемлекетін дүниежүзіне танымал етті. 1995 жылдан бастап фестиваль Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконың жеке қолдауымен халықтар арасындағы мәдени диалогтың қалыптасуына ықпал етіп келеді. Фестиваль күндері дәстүрлі түрде одақтас мемлекеттер күні, Беларусь, Ресей, Украина елдері өнер иелерінің гала-концерті, «Шекарасыз фестиваль», «Театр кездесулері», «Жұлдызды сәт» бағдарламалары өткізіледі. Аталған фестивальде Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева мен Димаш Құдайберген төрелік ететін болады.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №49 (4407), 03.07.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

ИГІ ІС

е-mail: nastraje@mail.ru

3

САЛТАНАТ

Ардагерлер Астананы тамашалады Тындаушыларға

сертификаттар табысталды

Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы саябақта Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өңірлік оқыту орталығында кіші басшы құрамды (жоғары техникалық білім негізінде) қайта даярлау курстарын тәмамдаған 52 тыңдаушыға салтанатты түрде сертификаттар табысталды.

Астана күніне орай, солтүстікқазақстандық полиция басшылығы өз ардагерлеріне ерекше сыйлық жасады. Осылайша, ардагерлер ел жүрегі – Астана қаласын тамашалады. Өмірлерін ел мен тәртіпке арнаған 25 адам Астана қаласына танымдық экскурсия жасады. Сапардың ұйымдастырушысы – Кадр жұмысы басқармасы және облыстық полицияның ардагерлер кеңесі. Бұлыңғыр ауа райы ардагерлердің көңіл-күйіне еш әсер етпеді. Экскурсия қатысушылары елордамызды оң жағалауынан сол жағалауына дейін, сондай-ақ, Астана күніне ашылған жаңа көпірді де тамашалады. Есіл өзенінің жағалауы, Тұңғыш Президент мұражайы, Бәйтерек және қаланың басқа да көрнекті орын-

дарында болған ардагерлер ерекше әсерге бөленді. «Астана қаласын аралап, 20 жылда салынған ғимараттарды көріп, риза болдық», – дейді ішкі істер органдарының ардагері Тыныштық Дүйсекин. Солтүстік Қазақстан облысының Жол полициясы басқармасын басқарған Евгений Райтенбах та экскурсиядан алған әсерімен бөлісті. «Бір жыл бұрын ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалаған едік. Бір жылдың ішінде Астанамыз айтарлықтай өзгерген», – дейді полиция ардагері.

Ардагерлермен бірге Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сағындық Теміреев барды. «Бар ғұмырын қоғамдық тәртіпті сақтауға арнаған ардагерлерге құрмет көрсетілуде. Сонымен бірге, бұл күндері ардагерлеріміздің тағы бір тобы Алматы қаласында ведомстволық шипажайда ем қабылдап жатыр. Ішкі істер департаментінде аға ұрпаққа құрмет көрсету – Қазақстан полициясының имиджін нығайтуға септігін тигізетін маңызды міндеттердің бірі», – деді ол. Солтүcтік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі

Салтанатты іс-шараға ІІМ ТЖК Ақтөбе облысының ТЖД бастығы Б. Сыздыков, Ақтөбе облысы ТЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Б. Айткулов және тыңдаушылардың ата-аналары мен туыстары қатысты. Оқыту ІІМ ТЖК «Көкшетау техникалық институты» РК басшылығы бекіткен кіші басшы құрамды (жоғары техникалық білім негізінде) қайта даярлау бағдарламасына сәйкес жүргізіліп, бағдарлама материалының көлемі 360 сағатты құрады. Сабақтарды өткізуге ӨОО оқытушы құрамынан басқа, «ӨСжАҚЖҚ» ММ кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, психолог, азаматтық қорғау майоры Е. Абдіғаппаров, Өрт сөндіру қызметі №1 МӨСБ газ-түтіннен қорғау қызметінің аға шебері, азаматтық қорғау сержанты И. Сағынғалиев жұмылдырылды. КТИ мен ӨОО арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде «Жану процестерінің теориялық негіздері және өрттерді сөндіру» және «Гидравлика және өртке қарсы сумен қамтамасыз ету» пәндері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, онлайн режимде сабақтар өткізілді.

ШАРА

Жасөспірімдер жұмыспен қамтылды

Ақмола полиция қызметкерлері «Жұмыспен қамту» республикалық науқаны аясында 91 жасөспірімді жұмыспен қамтыды.

Жазғы демалыс уақытында кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдерді жұмыспен қамту – Ақмола облыстық ІІД Ювеналдық полиция қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Осыған байланысты, Ақмола облысында өткен «Жұмыспен қамту» республикалық науқанына ішкі істер органдарының 292 қызметкері мен түрлі құзіретті

органдардың 306 өкілі қатысты. Атап өту керек, науқан кезінде полиция қызметкерлері құзіретті ведостволармен бірігіп, 25 мың 543 жасөспірімді әртүрлі іс-шараларға тартты. Оның ішінде 647 кәмелетке толмаған жасөспірім ІІО-да есепте тұрса, 1 мың 67 бала тұрмысы төмен отбасынан болып отыр. Аудандық және қалалық жұмыспен қамту бөлімдеріне ІІО-да есепте тұрған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жұмыспен қамту жөнінде

98 өтініш жолданды. Нәтижесінде, «Зеленстрой», «Жасыл ел» ЖШСне, әр түрлі үйірмелерге, жазғы қала сыртындағы және мектеп ішіндегі лагерьлерге 91 жасөспірім орналастырылды. Сонымен қатар, науқан барысында Ақмола облыстық ІІД Ювеналдық полиция қызметкерлері еңбек заңнамасын бұзған 2 жасөспірімді анықтады. Олар бойынша сәйкес материалдар жиналып, еңбек инспекциясы бөліміне шешім қабылдау үшін ұсыным жолданды. Тұрғындарға қылмыстық және әкімшілік заңнаманы түсіндіру мақсатында Ювеналдық полиция қызметкерлері 193 кездесу ұйымдастырды. Оның 116-сы – балалар сауықтыру лагерьлерінде, 51-і – еңбек ұжымдарында, 26-сы – халықпен кездесу. Ақмола облыстық ІІД ЖПҚ Ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Айнагүл Қуандықова аталған бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасын табатынын атап өтті. Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі

Сабақтарды КТИ жоғары білікті профессорлық-оқытушы құрамы: жалпы техникалық пәндер, ақпараттық жүйе және технологиялар кафедрасының профессоры, азаматтық қорғау полковнигі Г. Хасанова, өрттің алдын алу кафедрасының аға оқытушысы, азаматтық қорғау подполковнигі А. Кусаинов жүргізді. Тыңдаушылар жану процесінің жіктелуімен танысты, заттардың әр түрлі агрегаттық күйдегі өрт қаупін сипаттаушы негізгі параметрлерін, бұл параметрлерді анықтау тәсілдерін меңгеру жөніндегі ұғымдарын қалыптастырды. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету саласындағы білімдерін нығайтып, сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылғысы және сызбасымен, судың есептік шығынын анықтау, су құбырының қосалқы және реттеуші сыйымдылықтарының, сорғы станцияларының гидравликалық есебін жүргізумен танысты. Қайта даярлау курстары нәтижесі бойынша тыңдаушылар кәсіби міндеттерін шешу және өрт сөндіру бөлімдерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдірді. Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өңірлік оқыту орталығы

БАЙҚАУ

Елордаға арнайы тарту

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Толғандырған сауалға – толыққанды жауап

Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Т. Алибаев және Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Ғ. Отарбаев пробация қызметінің есебіндегі шартты түрде мерзімінен босатылған және бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылған азаматтарға құқықтық көмек көрсету, пробация қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға 15 азамат келіп, толғандырған мәселе төңірегінде сұрақтарын қойды. Пробациялық бақылауға алынған азаматтар тарапынан жиі қойылған сауалдар – мерзімінен бұрын босату тәртібі мен

Жақында Қызылорда қалалық пробация қызметінде азаматтарды қабылдау шарасы өтті.

шарттары, амнистияға ілігу мүмкіндігі және т.б. Жеке қабылдауға келген әрбір азаматтың мәселесі ескерусіз

қалмады, әрқайсысы толғандырған сауалдарға толыққанды жауап алды. Қызылорда қалалық пробация қызметі

Надежда САЛФЕТНИКОВА, Қарағанды облысы Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты АК-159/9 мекемесінде «Астанаға – 20 жыл» атты көркем өнердің байқауы өтті. Айта кетерлік бір жайт, мұндай шара мекеме қабырғасында алғаш рет өткізіліп жатқан жоқ. Сотталғандар үшін бұл патриоттық, толғаныс сезімдерін оятар, Елордаға деген ерекше махаббаттарын білдіруге тамаша мүмкіндік болып табылады. Қолөнердің әр жұмысы өзіндік шеберлігімен көзге түсері сөзсіз. Үздік атану мақсатында сотталғандар үлкен бәсекеге лайықты жұмыстар табыстап, табиғаттың көгі мен май, көкөніс тағамдарын да жұмсағаны таңқалдырды. Барлық жұмыстарды қосқанда, әлемнің ең жас және еліміздің керемет астанасын суреттейтін әсерлі де әдемі көрініс пайда болары анық. Бірі Астананың зәулім ғимараттарын бейнелеуге тырысса, екіншісі қазақ елінің тұрмысы мен өмірін, мәдениеті мен әдет-ғұрпын қағазға түрлі бояулармен түсіруге асықты. Байқау нәтижесі бойынша үздік жұмыстар анықталып, қазылар алқасын таңқалдырған жұмыстар марапатталды. Мекеме ұжымы жеңімпаздар мен қатысушыларды мақтау қағаздарымен мадақтап, сыйға бөледі.


4

БҮГІНГІ КҮННІҢ БЕЙНЕСІ №49 (4407),№ сейсенбі, 03.07.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

ӨЗЕКТІ

Əр бала бақытты болуға лайық

Ақжан РҮСТЕМБЕКҚЫЗЫ

Бүгінде шаңырағы шайқалған отбасылар, тастанды сəбилер, ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар саны аз емес. Кез келгеннің көкейінде жүрген «Жетімдер үйі қайтсе азаяды?»,«Неге олардың саны артып барады?»,«Тоғыз ай құрсағында көтерген бауыр еті баласын қаннен-қаперсіз қаржы үшін аналары неге саудаға салады?»,«Өз баласын өлімге қиып, қолын қанға малып жүрген тасжүректер, əкелік міндетінен қашып, туған сəбиіне аналық махаббатын сыйлай алмағандар қайдан шықты?» деген сұрақтар көпті мазалайтыны сөзсіз. Осы сауалдардың жауабын білу мақсатында, біз ата-анасының мейірімі мен жан жылуына мұқтаж балаларды тəрбиелеп отырған «SOS Астана балалар қалашығы» білім беру мекемесіне арнайы бас сұққан едік.

Елордамыздың оң жағалауындағы Абылай хан көшесінде орналасқан білім беру мекемесіне келгенімізде, бізді мекеме директоры Зәуреш Сәкенқызы қарсы алып, балалар қалашығының бүгінгі тыныстіршілігі, бүлдіршіндердің бос уақытында немен айналысатыны, тәрбиешілер мен SOS-аналардың жұмысы, өткізіліп жатқан әртүрлі мәдени іс-шаралар жөнінде әңгімелеп берді. Мекемеге кірген бойда жапжасыл ағаштар мен гүлдерді көзің шалады. Кішкентай қалашық секілді шағын жеке-жеке үйлер орналасқан. Балаларға ыңғайлы спорт алаңы, жаттығуға арналған жабдықтары да бар. Қалашық түріндегі мекемеде балалар жеке-жеке үйде өздерінің SOS-аналарымен тұрады. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Тағдырдың жазуымен ата-анасыз өскен балалар мекенінде жүрген жәутеңдеген қаракөз жеткіншектерді көріп, көңілің босайды... Балалар ауылы – жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық жағдайға жақын тәрбиелеу жүйесі болып табылады. Жалпы, мұндай типтегі балалар үйі алғаш рет 1949 жылы Австрияның Имсте қаласында ашылған екен. Оны дәрігер Герман Гмайнер ұйымдастырған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жетім қалған балалар өте көп болған. Дәрігер Герман сол жетімектерді аш-жалаңаш қалдырмай, аман-сау азамат етіп өсіруді көздеп, сол мақсатта балалар ауылын аша бастайды. «Жетім көрсең, жебей жүр» демекші, бүгінде мұндай балалар үйі шамамен әлемнің 132 елінде жұмыс істеуде. Ал Қазақстанға бұл жобаны 1995 жылы Сара Назарбаева алып келген еді. Қазақстан Үкіметі мен «SOS KINDERDORF INTERNATIONAL» халықаралық қоры арасында

келісімшарт жасалып, 1997 жылы Алматы қаласында, 2000 жылы Астанада ең алғашқы SOS балалар ауылы балаларға кең құшағын ашқан. Одан кейін 2004 жылы Теміртау қаласында да ашылды. Бірінші кезекте, бұл – отбасылық типтегі 14 үйден құралған ауыл. Әр үйдің тұрғындары – бір отбасы болып саналады. Оларға қамқор болатын ананы SOS-ана деп атайды. SOS-ана ретінде жалғызбасты немесе балалары есейіп кеткен әйелдер жұмысқа алынады екен. Өйткені, олар 24 сағат осында тұрады және қарамағындағы балалардың күнделікті тіршілігі мен тәрбиесі, жүріс-тұрысы үшін жауапты. Әр отбасында 3-4 баладан 5-6 балаға дейін бар. Туған бауырлар бір отбасында ғана өсіп-жетіледі және олар бір-бірінен ажыратылмайды.

терде білімін жалғастырып жатыр. Қуантатын жағдай – бізден түлеп ұшқан әрбір төртінші баланың жоғары білімі бар. Бүгінгі таңда олар ЖОО-да оқуда. Ересек өмірге қадам басқан жас түлектеріміз өз бетінше шаңырақ көтеріп үлгерді», – дейді балалар ауылының директоры Зәуреш Сәкенқызы. Балалар қалашығында тәрбиеленіп жатқан жас жеткіншектер елордамыздағы №37, №32, №5, №22 мектептерде оқиды. Мекеме директоры өте дарынды балалардың бар екенін де айта кетті. Астана қалалық білім басқармасы, «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Еуразиялық топ» ЖШС бірнеше жылдан бері балалар қалашығына қолдау көрсетіп келеді. Ұлттық ұлан, ІІМ Астана қаласындағы

ДЕРЕК пен ДƏЙЕК Білім және ғылым министрлігінің өкілдері берген мәліметтерге сүйенсек, балалар үйлері мен ондағы тәрбиеленушілер саны 11 мыңнан 6 мыңға, яғни 57%-ға қысқарған. Соңғы 5 жылда қазақстандықтар балалар үйінен 5 мыңға жуық баланы асырап алған. 2051 бала туған ата-аналарына қайтарылған. Есеп бойынша, елімізде жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды тәрбиелейтін 58 ұйым жабылған. Балалар SOS-ананың тәрбиесіне, жас ерекшелігіне, ұлтына емес, психологиясына, болмысына қарап беріледі. Қай анаға қай баланы беру керек екенін, қай балалардың бірге сыйысып тұра алатынын психологтар анықтайды. «Бүгінде қалашығымызда 54 бала тәрбиеленуде. Олар – жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар.Оларды мұнда Астана қаласының білім басқармасы жолдамамен жібереді.Одан өзге, бізде Жастар үйі бар. 27 бала сол жерде колледждер мен университет-

Оқу орталығының басшылығы мен курсанттары, тағы да өзге мекемелер қайырымдылық шараларын жиі өткізіп, әрқашан балаларға қуаныш сыйлап келеді. «Бүгінде қалашығымызда 4 және 5 жастан бастап,18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде. Ата-аналарының құқығынан айырылған балалармен және олардың биологиялық аналарымен жұмыс істейміз. Оларды туыстары алғылары келмесе, отбасылар асырап алуын қадағалаймыз. Сөйтіп, жақсы отбасыларға орналастыруға тырысамыз», – деді директор Зәуреш Арыстанова.

е-mail: nastraje@mail.ru

Сіз не дейсіз? Айсұлу АЙТҚҰРМАНҚЫЗЫ, SOS-ана: – Менің бұл мекемеге келуімнің өзі де тағдыр шығар. Оған Алматыдағы балалар қалашығында жұмыс істейтін сыныптасым себепкер болды. Сол құрбымнан Астанада жұмысқа қабылдап жатыр дегенді естіп, осында келдім. Мен мұнда 2000 жылы ашылғаннан бері 18 жыл жұмыс істеп келемін. Алғашқы кезде балалардың саны көп болатын. Бір қуантарлығы – бүгінде балалар саны азайды. Ол – асырап алушылар мен қамқорлығына алушылардың арқасында болып жатқан жағдай. 18 жылдың ішінде қаншама баланы тәрбиеледім. Әлі де тәрбиелеуге күшіміз жетеді. Ең көбі 9 баладан тәрбиелеген кездеріміз де болған. Тәрбие беру оңай емес. Әр баланың мінезі әртүрлі. Біреуіне ғана көңіл бөліп қана қоймай, барлығына бірдей көңіл аударуың, барлығын бірдей қолдауың қажет. Тәрбие – тал бесіктен басталады. Біз өзіміз тәрбиелеп отырған балалардың өмірі мен болашағына жауаптымыз. Кішкентай кезінен берілген тәрбие – болашақтарына бағдар беретін жол деп есептеймін. Біздің қалашық ашылғанда 36 тастанды бала перзентханадан келіп түсті. Солардың ішінде бес ағайындыны мен тәрбиеледім. Олар бүгінде өсіп-жетілді, бірі отбасылы болса, екіншісі білім алып жүр. Үлкен қызым Венера ІІМ-нің Алматы қаласындағы Академиясын аяқтап шықты. Бүгінде Астана қаласындағы Алматы аудандық Ішкі істер басқармасында жұмыс істейді. Екінші ұлым Павлодар қаласында тұрады. Өзінің жеке бизнесі бар. Үшіншісі Rixos қонақ үйінде жұмыс істейді. Осы біздің қалашықтың қызымен шаңырақ көтерді. Бүгінде бір немерем бар. Мен балаларымның әрбір жетістігіне қуанып отырамын. Олар – менің мақтаныштарым. Мұнда осы мекемеде жұмыс істеп, зейнетке шығып жатқан қызметкерлер де бар. Олардың жылдар, айлар бойы өмірлері осында өтіп жатыр. Зейнет жасына жетсе де, өз қамқорлығындағы балаларын тастап, қиып кете алмайды. Мұнда тек жетім балалар ғана емес, ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар да бар. Олар өздерінің туған ата-аналарымен араласып тұрады. Біз ол кісілермен де жұмыс істейміз. Үміт МАҒАУИДЕНҚЫЗЫ, тәрбиеші: – Балалар қалашығына 2008 жылы жұмысқа келдім.Басында қызметімді әлеуметтік педагог болып бастадым. Міндетім – балаларға жеке куәлік, төлқұжат және өзге де құжаттарды дайындау. Қазіргі таңда тәрбиелеуші болып жұмыс істеймін. Бұрын біздің қалашыққа еліміздің әр аймағынан балаларды қабылдайтынбыз, қазір тек Астана қаласы бойынша орналастырылады. Оларды әр үйге, мектепке, жоғарғы оқу орындарына жібереміз. Бізде балаларды дамыту орталығы бар. Онда балалар мектепке дейінгі білім ала алады. Ментальді арифметика, ағылшын тілі курсатарын оқытады. Тәжірбиелі әрі білімді педагогтар балалармен жұмыс істейді. Ұжымымызда өте тату, ашық жүзді, мейірімді жандар қызмет етеді. Ата-анасынан айырылған балалардың статусы әртүрлі. Балаларды көбіне әке-шешесі жағдайының нашарлығына байланысты уақытша тастап кетеді екен. Ал тастанды балаларды асырап алуға болмайды. Тек тұл жетім статусына ие болған балалар ғана болашақ отбасынан үміттене алады. Балдырғандарға жетіспейтін бір-ақ нәрсе – ата-ананың махаббаты мен аялы алақаны. Бейкүнә сәбилердің мөлдіреген көздеріне қарап, жүрегің елжірейді. Жылу аңсаған балалардың болашақтағы тағдырына қатты алаңдайсың. Бөбектеріміз бақытты болса, толыққанды отбасында тәрбиеленсе, кім көрінгеннің қолында кетпесе екен деген ой мазалайды. Қалашықтағы балалардың барлығы тәрбиелі. Оған біз мекемеге кірген бойда көзіміз жетті. Олар жаны-

мыздан қалмай, сұрақтарын қойып, бізбен бірге түрлі ойындар ойнайды. Фердаус деген баланы сөзге тартқанымызда, ол осы балалар қалашағына өзінің отбасылық жағдайына байланысты келгенін айтты. Өзімен бірге 6 жасар қарындасы бар екен. Мекемеге орналасқанына бірнеше күн ғана болса да, Фирдаусқа бұл балалар қалашығы ұнайтындай көрінді. Өзінің сабақ үлгерімі де жақсы екен, өткізіліп жатқан түрлі іс-шаралаға қатысқанды ұнататынын айтты. Фердаустың әкесі жоқ, ал анасы сотталып, Қарағанды қаласындағы абақтылардың бірінде жазасын өтеп жатыр. Кішкентай Фердаус анасының қамқорлығынан айырылғанын әлі де түсінбейтін сияқты.Ол:«Анам түрмеден шыққаннан кейін қарындасым екеумізді алып кетеді», – деп, балалармен ойнауға асығып жүгіріп кете барды...

СӨЗ СОҢЫ. «Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді» демекші, шамасы жеткенше жетім-жесірге қамқор болып, жылуды да, жақсылықты да отбасынан іздеген сәбилер үшін бойындағы бар махаббатын мейірімді көздері жәутеңдеген балақайларға арнап, ешқашан да ол үшін өкінбей жүрген балалар қалашығының басшылығы мен қызметкерлеріне, қамқорлығына алған жандарға алғыс білдіруден басқа айтарымыз жоқ.

АКЦИЯ

Отбасы берекесі бəрінен биік Петропавлдық полиция қызметкерлері «Əйелдерді қолдау орталығы» үкіметтік емес ұйымының өкілдерімен бірлесіп, «Отбасындағы зорлықзомбылыққа жол жоқ!» акциясын өткізді. Шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру. Акция аясында тәртіп сақшылары тұрғындармен кездесулер өткізіп, бүктемелер мен жадынамалар таратып, кез келген тұрмыстық зорлық-зомбылық көрінісі байқалған кезде ішкі істер органдарына және мүдделі ұйымдарға жүгіну тәртібін түсіндірді. Көп жағдайда отбасында болған зорлық-зомбылықтың беті ашылмай, «жабулы қазан жабулы күйінде қалатыны» көпке жасырын емес. Мұның негізгі себебі – бұрыннан қалыптасып қалған «үйдегіні сыртқа жария етпеу керек» деген көзқарас. Көпшілік отбасындағы психологиялық

қысым көру де тұрмыстық зорлықзомбылықтың фактісі болып табылатынын біле бермейді, яғни көп жағдайда өз шаңырағында зорлық-зомбылық көретін әйелдер мен балалардың конституциялық құқықтары табанға тапталып жатады. Петропавл қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Асан Смағұловтың айтуынша, акция кезінде түсіндіру жұмыстарынан бөлек, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және учаскелік полиция инспекторларымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері орын алған 90 отбасын тексерген.

Сондай-ақ, учаскелік инспекторлар шара кезінде 24 қорғау ұйғарымын толтырып, 8 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Халықпен кездескен тәртіп сақшылары әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауда қорғау ұйғарымынан 10 тәулікке дейінгі қамауға алу шаралары қарастырылатынын ескертті. Учаскелік инспектор отбасының берекесін алып, жанжал шығаруды әдетке айналдырғандарды бір айға дейін есепке қою арқылы қорғау ұйғарымын шығара алады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 73-бабына сәйкес («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») сот шешімімен ерекше талаптар қойылғандар 3 айға есепке алынады. Жыл басынан бері дәл осы бап бойын-

ша Петропавл қаласының 374 тұрғыны жауапкершілікке тартылса, олардың 49на қатысты ерекше талаптар қойылды. Акция кезінде полиция қызметкерлері отбасында қиын жағдайға тап болған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының 52-98-86 телефоны бойынша Әйелдерді қолдау орталығына жүгіне алатындықтарын айтып

түсіндірді. Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлықзомбылықтан қорғау тобы да кез келген уақытта көмек көрсетуге дайын. «6125-30, «102» нөміріне қоңырау шалып та, қиын жағдайдан шығуға болады», – дейді сақшылар. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі


ҚОҒАМ ЖƏНЕ ЗАҢ №49 (4407), 03.07.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

Көне жəдігерлер – музей сəні Жадыра МЫРЗАХМЕТ, Астана-Қарағанды-Астана

Музейде тарихтан сыр шертетін көне жәдігерлер орналастырылыпты. КСРО ІІМ-нің горнизондық қызыл туы, сонау жылдары жарық көрген басылымдар, қызметтің қалыптасуына еңбегі сіңген басшыларға жеке сөрелер арналған. Экскурсия барысында Айжамал Айтжанова Қарағанды полициясы қалыптасу кезеңінің басында тұрған басшыларға жеке-жеке тоқталып, әңгімеледі. Қарағанды аудан статусын алғанда, бірінші милиция басшысы болған Омарбек Галиулин, арада 3 ай өткенде Қарағанды қала статусын алған жылдары бірінші милиция басшысы Александр Григорьевич болған. «Биыл Қылмыстық іздестіру

қалған. Осы оқиға саз балшықтан сәтті бейнеленген. Қарағанды полициясының ішінде қызмет бабында қаза тапқандар – 26 адам. Оның ішінде ең қатігездікпен өлтірілгені – Алданыш Тайғожин. 2003 жылы 3 қыркүйекте Топар полиция бөлімшесі Қылмыстық атқару қызметінің бастығы Алданыш Тайғожин қаскөйлердің қолынан қаза тапқан. Қатыгез деп отырғанымыз, оны арқасына пышақ сұғып, балғамен бастан ұрып өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген. Сол қанды оқиға да бейнеленген. Музейге экскурсия барысында Қарағанды қаласы бойынша қызмет бабында қаза тапқан Алданыш сияқты қайтпас қайсар батырлардың есімдерімен таныс болдық. Сондай-ақ, музейдің қақ ортасынан Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарына арналған тақтаға орын берілген. Онда Қарағанды қаласы бойынша соғыс және ІІО ардагерлерінің аты-жөндері, суреттері, қару-жарақтары, сол жылдардағы сарбаздар формасының үлгісі қойылған. Музей экспонаттары қатарында Максим пулеметі, патифон, далалық-әскери телефон, майданнан хаттар сақталған. Сондайақ, музейде ұрпақ сабақтастығын жалғап келе жатқан полиция династияларына да сөре арналыпты. Бұл тізімде Адамбековтер, Алғожиндер, Ериковтер, Махамбетовтер династиялары бар. «Біз алғаш рет полиция формасын киген жас ұрпақ үлкендердің даналығы мен тәжірибесіне сүйенулері үшін барлығын жасап жатырмыз. Осы мақсатта атқарылып

қызметінің 100 жылдығын тойлап жатырмыз. Осы орайда, қиынқыстау соғыс жылдары (1943-1947) Қылмыстық іздестіру қызметінің басшысы Александр Некифров болғанын айта кеткім келеді. Неге оны бөліп-жарып айтып отыр десеңіз, 1944 жылы азықтүлік дүкеніне шабуыл жасалып, азық-түлік карталары ұрланады. Тарихтан білесіздер, КСРО халқы карта жүйесіне ауыстырылып, қажетті заттардың барлығы картамен берілді. Бұл карталар бір айға берілген. Оны жоғалтып алсаң, аштан қатасың. Бұл сұрапыл соғыс жылдары еді. Міне, осы Александр Некифров және Шайка Коғабаев және тағы бір топ адам 3 күннің ішінде қауіпті қылмыстық топты құрықтап қана қоймай, 88 мың адамның картасын тапты», – деді музей меңгерушісі. Қызмет барысында болған осы сияқты қанқұйлы оқиғаларды суретшілер саз балшықтан бейнелеген. Шынайы етіп жасағандары соншалық, қарап тұрып оқиға сюжетіне қанық боласың. Мысалы, 1985 жылы Қарағанды қаласында жастар көп баратын «Сарыарқа» ресторанына кавказ ұлтының өкілі граната тастамақшы болған. Алайда, екі милиционер оның бұл қастандық әрекетіне қарсы тұрып, талай адамның өмірін құтқарып

жатқан жұмыс көп. Айталық, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовтың рухына арналған автошеруге де қатыстық», – дейді музей жетекшісі. Айжан Бекішқызы, сондай-ақ, Қарағанды облыстық ІІД мәдениет орталығының жетекшісі. Департаменттің музейімен қатар, мәдени өміріне де жауапты. Биыл өзі жетекшілік етіп отырған «НұрОрда» вокалдық тобының да құрылғанына 5 жыл толып отыр екен. «Нұр-Орда вокалдық тобы – Қарағанды қаласына белгілі топ. Осы жылдың 23 маусымында бұл топтың құрылғанына 5 жыл толды. Қарағанды ІІД-нің вокалдық ансамблі, 55 адамнан тұратын хоры бар. Жалпы, Қарағанды полициясы қатарында халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары бар. Оның ішінде ерекше атап өтетін алтын дауыс иесі – Меруерт Тойбекова. Полиция демесең, дауысы Б. Төлегенованыкіндей. Жанат Мусин есімді жұлдызымыз бар. Өзі әрі актер әрі әзілкеш. Арамызда әнші де, әртіс те, ақын да, композитор да бар. Бір сөзбен айтқанда, Қарағанды облыстық ІІД таланты әрі талапты тәртіп сақшыларына бай»,– деп түйді сөзін Айжамал Айтжанова. Суреттер Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен алынды

Музей – тәрбие құралы. Кеншілер қаласы полицейлерінің жүріп өткен жолынан сыр шертіп, құнды жәдігерлерді көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан Қарағанды облыстық ІІД музейінің тарихы тереңде жатыр. Өлкеге сапарымыз барысында музей меңгерушісі Айжамал Айтжанова өңір полицейлерінің қызметіне арналған музей туралы баяндап, шағын экскурсия ұйымдастырды.

Қарағанды облыстық ІІД музейі 1981 жылы ашылған. Оның ашылуына қызмет ардагерлері мұрындық болған. Бұл орайда, бұрынғы музей басшысы, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Иван Васильевтің есімі ерекше атап өтіледі. Себебі, Иван Алексеевич өз күшімен осы музей жәдігерлерін жинап, оның бой көтеруіне себепкер болған. Бүгінгі күні музей сөресінен соғыс жылдарында Иван Васильевті өлімнен құтқарған әмиян да орын тепкен. Бұл әмиянның құдыреттілігі сонда, Иван Васильевтің жүрек тұсына атылған оқ соның ілгегіне тиіп, ол аман қалған. Ол 20 жылдан астам уақыт музейге жетекшілік еткен. Одан кейін музейге Георгий Князев басшылық еткен. Георгий Николаевичті бүгінгі музей бастығы Айжамал Айтжанова ерекше еске алады. Ішкі істер органдарының тарихы туралы алғашқы еңбектің, бірнеше кітаптың авторы Георгий Князев парасаты мен мәдениеті жоғары азамат болған деседі. Айжамал Бекішқызының Қарағанды облыстық ІІД мұражайына жетекшілік етіп келе жатқанына да биыл 10 жыл болып отыр. Музейде бүгінде тағылымды кештер өткізіледі. Екінші дүниежүзілік соғыстың және ІІО ардагерлері осында жас ұрпақпен кездесіп, жалындап тұрған жастарға жол көрсетіп, бағыт-бағдар береді. Мұнда ерлік пен батырлық сабақтары, ардагерлерді ардақтау шаралары жүйелі өткізіліп тұрады. «Биыл біз мәдени бұқаралық ісшараларды Қазақстан полициясы күні мен Қылмыстық іздестіру қызметіне – 100 жыл ұранымен

өткізіп келеміз. Бүгінгі күні музейде сирек кездесетін экспонатта р орн аласт ырыл ғ ан . Ал ай да, қолда бар экспонаттардың бәріне бірдей музейден орын беру әзірге мүмкін болмай тұр. Жәдігерлердің көптігіне байланысты, жуық арада музейдің шаршы көлемі ұлғайтылмақ», – дей келе, Айжамал Бекішқызы бізге кішігірім экскурсия ұйымдастырды.

е-mail: nastraje@mail.ru

5

102 ХАБАРЛАЙДЫ

Алаяқтарға алданып қалмаңыз Алаяқтықтың кең таралған түрі – тұрғын үйді қосалқы жалгерлікке беру болып табылады. Оңай олжаға әуесқой пәтерді қысқа уақытқа жалдап, кейін ұзақ мерзімге басқаға жалға береді де, заңсыз алдын ала ақы алады. Полицияға бір уақытта арыздарын арқалай келген бірнеше павлодарлық пәтерді жалға берем деген алаяқтардың құрығына түсіп, құрбаны болғаны жөнінде хабарлаған. Барлық жәбірленушілер OLX сайтында және газеттерде пәтер жалдау жөніндегі хабарламалар бойынша жалға пәтер алмақ болған. Тиімді нұсқасын таба отыра, арзан бағасына қызыққан олар, жалға тапсыратын пәтер иелерімен кездеседі. Әр кездесуге «пәтер иесі» ретінде жас, мейірімді қыз келеді. Дегенмен, тіпті бірер сағаттан соң, мәміле аяқталғаннан кейін бұл пәтерлерге бөгде адамдар келіп, пәтер иелері өздері екенін түсіндірген. Айтпақшы, осы сәтте мәміле жүргізген қыздың телефоны сөйлесу аясынан тыс болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы «іскер» жас әйелді павлодарлық полицейлер анықтап, қолға түсірді. Бүгінгі күні алаяқтан жәбір көрген 5 адам анықталды. Алайда, полиция жәбірленушілер саны бұдан көп екеніне негіз бар деп отыр. Алаяқтыққа күдікті қыздан жәбір көргендер Оңтүстік полиция бөлімінің 8-777866-85-75, 8-775-375-65-99 телефон номерлеріне хабарласуларын сұраймыз. Полиция ескертеді: Пәтерді жалға алған кезде жылжымайтын мүлік иесінің құжаттарын тексеріңіздер. Коммуналдық төлемдер түбіртектерінде көрсетілген тегімен салыстырыңыздар. Және ең қарапайым тәсіл – ол пәтер иесі кім екені жөнінде көршілерден білу. Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі

Қарақшы құрықталды Шардара аудандық ІІБ полицейлері жергілікті тұрғындардың үйіне қарақшылық жасаған күдіктілерді ұстады. Өткен жылдың тамыз айында Шардара аудандық ІІБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінің үйіне қарақшылық шабуыл жасалғандығы туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері түнде үйге белгісіз біреулердің баса-көктеп кіріп келіп, үй иесі мен оның жақындарын байлап тастап, қарумен қорқытқандарын анықтап біледі. Артынан қаскөйлер сейфтен ақша және басқа бағалы заттарды алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің «қарақшылық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығынның сомасы шамамен 6 миллион теңгені құрады. Ауыр қылмысты ашу мақсатында полиция бөлімінде аудандық ІІБ қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобын құрды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, Шардара аудандық ІІБ полиция қызметкерлері күдіктілердің бірін Шымкент қаласынан ұстады. Қарақшылық шабуыл жайты сотқа дейінгі тергеу материалдары айыптау актісімен сотқа жолданды. Қазіргі таңда сот шешімімен сотталушы 12 жыл бас бостандығынан айырылды. Қарақшылық шабуылдың басқа қатысушыларына қатысты полицейлер шұғыл іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Тәртіп сақшылары өз кезегінде тұрғындарға өз үйі мен жеке меншігінің қауіпсіздігіне мұқият болу қажеттілігін тағы да ескертеді. Осындай қылмыстардың құрбаны болмау үшін терезеге темір тор, сенімді есік және күзет дабылын орнату керек. Ақша мен бағалы заттарды бөтеннің көзі түспейтін таса жерлерде сақтаған жөн. Үйлеріңізге заңсыз кіру, тонау немесе қарақшылық шабуылы орын алған жағдайда тез арада «102» телефон нөмірі арқылы полицияға хабар беріңіз. Түркістан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі

«Допинг» дерегі

Ақмола өңірінде өткен «Допинг» арнайы операциясы барысында заңды айналымдағы есірткі заттарына қатысты қылмыстар әшкереленді. Бақылауда тұрған есірткі заттарының өту жолдарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жедел профилактикалық іс-шаралар аясында аймақтың полиция қызметкерлері қажетті күзетсіз 111 тоннадан астам қышқыл тасымалдаған 3 жүк көлігін тоқтатты. ҚР заңнамасына сәйкес, аталған жүк әскери күзетпен тасымалдануы қажет. Сондықтан ЖШС басшысының үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 464-бабы, 1-бөлімі (лицензиялау нормаларының бұзушылықтары) бойынша әкімшілік хаттама құрылды. Оған қоса, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша (фармацевтика қызметі ережелерінің бұзушылықтары) құрамында кодейн бар дәрілік затын рецептсіз өткізген аймақтың екі дәріханасының фармацевті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Допинг» арнайы операциясы аясында аудандық орталық ауруханаларының бірінде қажетті күзеттік дабыл белгісімен және терезелері тормен жабдықталмаған бөлмеде «Брюзепам», «Фентанил», «Морфин» есірткілік және психотропты дәрілерінің сақталу ісі анықталды. Бұл іс бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабына сәйкес (техникалық нығайту талаптарының бұзушылықтары) лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды. Бап шарасы 50 АЕК көлемінде айыппұл салуды көздейді. Жедел профилактикалық іс-шара барысында «экстракциялық апиын» және «гашиш» есірткі заттарын өткізген облыстың екі тұрғыны ұсталды. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы, 1-бөлімі бойынша (есірткі заттарының заңсыз өткізілуі) сотқа дейінгі өндіріс өткізілуде. Ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі


6

ОЙТҮРТКІ №49 (4407),№ сейсенбі, 03.07.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

КӨЗҚАРАС

Тағдыр лабиринтінде адасқандар... Бауыржан БЕРІКҰЛЫ Жазушы Дархан Бейсенбектің «Қылтұсау» (Алматы, «Жалын» баспасы, 2015) романы оқырман қауымды бей-жай қалдырмайды деп ойлаймыз. Басты кейіпкер – Баддиды 1998 жылдары америкалық Ричард пен Марияна сатып алған. Өз елінде өгейдің күйін кешкен Бадди шетелдік мейірімді ата-анасы қамқорлығының арқасында бақытты өмір кешіп жатады. Ол енді бокс үйірмесіне барып жүр. Күндердің күні Бадди Америка Құрама Штаттарының іріктеу турниріне қатысу үшін Далласқа кеткенде, əкесі Ричард пен анасы Марияна портты қала – Гальвестонға туысқаншылап кетеді. Алапат торнадо да дəл осы қалада орын алып, атаанасы сонда қаза табады. Туғанда тағдыр талқысына түскен Бадди, осылайша Америкада бақытты ғұмыр кешіп жатқанда тағы да жалғыз қалады.

Коллаж Мадина СҮЛЕЙМЕНОВАНІКІ

Қаламгердің оқиғаларды жеткізу тәсілі де ерекше. АҚШ пен Қазақстандағы оқиғалар кезек-кезек өріліп беріліп отырады. Екі жақта да жастардың оңай ақша тапқысы келіп, бұрыс жолға қалай түскендерін байқамай қалатын нашақорлық мәселесі суреттелген. «Жамандықтан да сабақ алуға болады» дегендей, автор адамдық жолдан айнымаудың жолдарын олардың басынан кешкен күрделі оқиғалар арқылы жақсы жеткізген. Бізге керегі – осындай ой саларлық дүниелер ұсыну. Қазіргі қоғамдағы келеңсіздіктерді тілге тиек етпеу – азаматтық ұстанымға да жат. «Ауруын жасырған арам өледі» деген сөз бар, қоғамдағы дертті бүркемелеп, бізде бәрі керемет деп көрсету – советтік қасаң қағиданың қанды сиясына қаламын малғандардың машығы. Бұл – бүгінгі жазушылар да ескерер нәрсе. Ондайдан, әрине, арылу керек... Мысалы қаламгер Бекежан Тілегенов «Тұйық өмірдің құпиясы» романында советтік қаламгерлердің шығармасында арақ, темекі, наша сияқты жағымсыз сөздер кездесіп қалса, кітап цензурадан өтпей, бірден туралып кететіні, не «өңделетіні» туралы жазған... Дарханның қаламы мұндай жазылмаған ережелерге бағынышты емес. Еркін көсіледі. Ол екі елдегі оқиғаларды кезек-кезек ауыстырып беріп отырады. Аралары ұзақ та емес, оқырман «орманда адасып» кетпейді. Мәселен, оқиға алматылық журналист Әмір мен студент Тамшының кездейсоқ танысуынан басталады. Әмір қалалық газетпен қатар, жатақ мәселесін шешу үшін университет газетіне де қосымша жұмысқа тұрған. Әмірдің жатақханадағы бөлмелесі – Ғабит. Ол осы Ғабит туралы: «Не жұмыс істейтінін жұмбақтап айтпайды. Қызық жігіт өзі. Университеттің жатақханасына қалай тұрып алған?

Өзі оқымайды. Сөзінің ауанына қарағанда, байдың баласы. Алайда, өз әкесінен қашқақтап жүреді» (26-бет), – деп ішкі таңданысын жасыра алмайды. Осы кішкентай ғана детальдің өзі сізді де ынтықтырып қояды, кітап өзіне тарта түседі, әрі қарай не болар екен деп оқи түсесіз. Ғабит марқұм анасынан қалған қос бөлмелі үйін жылға жеткізбей сатып жіберген. Университет проректоры анасының жақсы танысы болғандығының арқасында, жатақхананың жалғыз бөлмесін паналап жүрген жан. Әуелде Ғабитте бәрі де болған. Анасымен ажырасып кеткен әкесі – ірі кәсіпкер. Ұлының жаман жолға салынбауын ол талай мәрте ескерткен, тіпті, сол үшін бар жағдайын жасайтындығын да айтқан. Бірақ, нашақорлыққа тәуелділіктің кесірі кесапатқа ұрындарарын Ғабит ол кезде түсінгісі де келмейді, оған құлқы да болмаған. Қолдағы барын шашып, шалқып өмір сүреді. Ал Америкадағы Бадди ақырындап қалпына келе бастайды. Ата-анасы мына дүниені тәрк етіп кеткеннен кейінгі 36-шы күні пошта жәшігіне несиеге алынған үйдің ай сайынғы төлемінің кешіктірілгенін айғақтайтын хат келген. Жағдай ушығып барады. Баддиге енді қалай да бір жұмыс табу қажет. Не істеу керек? Кенет оның ойына қара нәсілді Фрэнк досы түседі. Себебі, ол бұрын досына жұмыс ұсынып жүретұғын. Фрэнкке Бадди: «Осы уақытқа дейін ешкімге жалынып көрмеппін. Тіпті, біреуге өтініш те айтпаппын. Алайда, әке-шешем кеткен соң абдырап қалдым. Өмір сүру қиындап кеткендей. Қысқасы, Фрэнк, маған жұмыс керек тез арада. Үйдің несиесі, басқа да толып жатқан қарыздар бар. Енді ес жимасам болмас. Маған осы ретте сенің көмегің қажет, достым» ( 22-бет), – деп өтініш білдіреді. Фрэнк келісімін береді де,

досын пицца сататын жұмысқа орналастырады. Шым-шытырық өмір енді басталады. Енді Қазақстандағы оқиғаға ауысайық. Әмір Ғабиттің достарының сауық кешіне барады. Әрине, әуелгіде ол барғысы келмегенімен, Ғабиттің қызы Сафура өтініш жасаған болатын: «Ғабит достарымен көңіл көтерем деп қызып қалуы мүмкін. Бұл қызып алса, көшедегі көрінген адамға соқтығып, бәле қылады» (26-бет), – деп. Ғабит тек нашақор ғана емес, сонымен қатар, ішімдікке де әуес. Осы кеште Ғабиттің Америкада оқып жүрген қарындасы Айару да болады. Өмір-өзен өзінің арнасымен ағып жатады. Әмірдің журналистік зерттеу жұмыстары басталады. Бас редакторының бастамасымен мафия тақырыбын жазады. Келе-келе сондай бір дөкейдің отбасындағы өміріне қанығады. Сөйтсе, шетелде оқып келген оның ерке ұлы қызтекеге айналып келіпті... Өмірден алынған шындық. Нашақорлық, жезөкшелік, тағы да басқа толып жатқан осындай мысқалдап кіріп жатқан аурулардың бәрі де Батысқа еліктеген жастардың тағдырын талқандап жатқан жәйттер. Америкадағы Бадди болса, пиццасын сатып, нәпақасын өзінше тауып жүр. Бір күні Фрэнк досы екеуі үйінде ішімдік ішіп, көңіл көтереді. Таң ата басы ауырып тұрған Бадди досының шегіп отырған темексін сұрайды, досы бергісі келмейді. Жұмбақтың шешуі осы жерде айқын бола түседі. Темекі дегені – наша. Әуестігі жеңген Бадди сол «темекіні» бір тартып көруден бас тартпайды. Есірткіге еліткен екеу осы кезде ашық диалогқа көшеді. Фрэнк оған: «Азиат, біздің айрықша мәртебелі клиенттеріміз – наркомандар. Ал біздің пиццамен бірге беретін дәмдеуішіміз – есірткі. Сондықтан олар пиццаға он есе артық ақша төлейді» (37-бет), – деп бар сы-

рын бір-ақ ашады. Бұл бизнесті дөңгелеткен – «түрме төрінде» отырған Джош деген зэк. Бұл – АҚШ-тағы оқиғалар. Қазақстанда өтіп жатқан оқиғаларға келейік. Ғабит әлі де «әләуләйлімінен» арылмай, құмарлықтың құлақкесті құлы болып жүр. Есірткінің екінші құлы – Сафурамен уақытша жүріп жүрсе де, Ғабит бұрынғы қызы Тамшыны сүйеді. Ал Тамшы – Ғабиттен жүкті... Осы жерде нағыз нашақордан қандай ұрпақ туарын елестетудің өзі қорқынышты... Америкада отырып, Ауғанстанды азсынып, кәсібін Қазақстанда да дөңгелетпекші болған Джош Фрэнк арқылы тапсырма береді. Джоштың ойы – «Қазақстандағы Шу деген жерінде қарасораның аса қуатты жабайы түрі бар екен, енді сол жаққа канал ашу керек». Басында қанша қиналса да, бір иірімге түскен соң қашу қайда, басы пәлеге шатылған, бір жағынан тұрмыс илеуіне түскен Бадди амалсыз келіседі. Ендігі міндет – қазақша тіл үйрену. «Джош келісімін беріп, іске кірісіңдер деген бұйрық түскен соң Фрэнк пен Бадди әлеуметтік желі арқылы Қазақстан деген елдің Хьюстонда оқып жүрген студенттерін іздестіре бастаған. Талап бойынша тіл үйретуші тек қыз бала болуы керек» (57-бет). Бірнеше қыздың ішінен ең қолайға жаққаны – жоғарыда аты аталған Айару есімді студент болып шығады. Ол – нашақор Ғабиттің туған қарындасы. Бірақ, Айаурудың ойы – ізгі. Ол Бадди мен Фрэктің негізгі жоспарынан бейхабар. Мақсаты – өз ұлтының тілін білгісі келіп тұрған жанға барынша көмектесу. Оқиға осылайша тереңдей береді, шиеленісе түседі. Мына кездейсоқтыққа қараңыз – Бадди Шуға есірткі тасымалдауға еркін жол ашу үшін келді, бірақ, жергілікті қылмыскерлердің құрығына түсіп, полицияларға ұсталып қалған Баддиді құтқаруға да осы Айару келеді. Ал Ғабит – Баддиді бұйрық бойынша Америкадан күтіп алып, жол көрсетуші, екі жақтағы көлеңкелі бизнес өкілдерінің алтын көпірі. Бірақ, ол Баддиге қиянат жасайды. Оңай олжаға құныққан жергілікті мафия америкалықты жасыл қағаз үшін құрбан қылмақшы. Бұл арам істеріне олармен «бірге жұмыс істейтін» полиция басшысын да араластырады... Соның қолымен қарасора алқабында жүрген Баддиді тұтқындау арқылы бар ақшасын сыпырып алмақшы. Бөлмелесі Әмірді де өз ішінде отау тіккен осы мафиясымақтардың күшімен екі-үш досын ертіп келіп тепкілеп, өлімші етіп, аурухана төріне түсірген де осы Ғабит. Бірақ, Ғабиттің бұл соңғы әрекеті Әмір үшін пайдалы да болды... Әмір ауруханада жатқанда, жетімдер үйінде 1999 жылы меңгеруші болған апайы жолығып қалады. Меңгеруші жастайынан жетім

қалған Әмірді танып, әңгімелесе келе, оның інісін 1998 жылы америкалық бір отбасы асырап алғандығы жайлы құжатты тауып алғанын айтады. Осылайша күндер өте береді. Енді ағалы-інілі Әмір мен Бадди бір-бірін қалай таппақшы? Іс насырға шапқанда, АҚШ елшілігі араласпай ма енді бұл іске, олар Баддидің туу тарихы туралы қағаздың көшірмесін ала келеді. Жергілікті полиция өкілдері ол қағазды Айару мен Ғабитке көрсетеді. Содан олар Бадди тәрбиеленген жетімдер үйіне келеді. Әмірді ауруханада кездестірген апай барлығын да айтып береді. Әмірдің қай ауруханада жатқанын да айтады, жазып алған нөмірін де береді. Арада шамалы уақыт өткен. Осы кезде нашақор Ғабит тағы да есірткі қызығына елітіп жүрген еді... Есіріткіге еліткен ол не істеп, не қойғанына жауап бере алмайтын хәлде болатын. Жанына таяп келген Тамшысын, болашақ баласының анасын қақ шекеден бір переді де, ішінен тепкілей береді, тепкілей береді. Ғабит осылай істейінші деп істеген жоқ еді мұның бәрін. Бәрі де сана көзін тұмшалаған, соқыр еткен сойқанның, ішіндегі «сайтанның» кесірі еді. Бір есін жиғанда, жан шошырлық көрініс. Мең-зең болып есі кетіп тұрған Ғабит тағы да есірткі ұнтағын ауызына жанталаса тықпалай береді, тықпалай береді... Бір кезде дәл осы ауруханада Бадди-Батырды күтіп отырған Айару өз көзіне өзі сенбейді: қиқулаған жедел жәрдем көлігі ағасы Ғабит пен Тамшының өлі денелерін әкеле жатыр... Бәлкім, Тамшы Ғабиттің нашақор екенін біле тұра тәуекелге бармағанда, аман қалар ма еді?!. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Жақсылық көрсем – өзімнен, жамандық көрсем – өзімнен» дегеніндей, тағдыр лабиринтінен әр кейіпкер өз ниетінің ақтығына қарай осылайша жол тауып шыққан...

тұру ережелерін бұзған барлығы 37 шетел азаматын әкімшілік жауапқа тартқан. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 27 шетел және ҚР азаматтарына жалпы 442 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, бұл қаражат толығымен мемлекет қазынасына түскен. Сонымен қатар, көші-қон қызметі өкілдерінің құзырына жататын мемлекетке борышкерлерді анықтау жұмыстары бойынша 2018

жылдың 5 айында 2 іздеу ісі жүргізілген. Нәтижесінде, борышкер 2 азамат та табылған. Ал халықты құжаттандыру және тіркеу жұмыстары бойынша барлығы 1848 азамат құжаттанған. Соның ішінде 399 азамат ҚР төлқұжатына, ал қалғаны жеке куәлікке құжаттандырылған. Сондайақ, Шардара ауданының аумағында тұрғылықты тұруға 3421 азамат тіркеуге алынса, 40 азамат тіркеуден шыққан. Осы жылдың 5 айында аудандық ІІБнің көші-қон тобына жергілікті азаматтармен келісімшартқа тұрып, жұмыс істеуге өтініш білдірген 357 шетелдікке рұқсат берілген. Тарихи өңірдің полицейлері алдағы уақыттарда көші-қон мәселесі бойынша жұмыстарды бұдан әрі жандандырып, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің сақталуына барынша күш саламыз деген нық сенімде. Түркістан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі

ҚЫЗМЕТ

Шежірелі Шардара

өңірдің көші-қон тынысы туралы Шардара өңірі – тарихы мен мəдениеті, өркениеті мен дамуы қатар ұштасқан киелі де шежірелі мекен. Аудан орталығы – Шардара қаласы атауының өзі ғалымдардың пайымдауынша, парсы тілінен аударғанда «төрт қақпа» деген ұғымды білдіреді екен. Яғни, ертеде бұл жер – керуен жолдарының түйіскен жері болған. Қазіргі уақытта Шардара ауданы – ауыл шаруашылығы мен өндірісі қатар дамыған нарықтық экономикаға толық бейімделген аймақ. Ауданның жер көлемі 13 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Ал халық саны – 76 мыңға жуық. Сонымен қатар, бұл өңірде 23 ұлттың өкілі мекен етеді. Аудан аумағындағы тыныштық пен қауіпсіздікті сақтауда бүгінгі таңда 120дан астам полиция қызметкері талмай

еңбек етуде. Соның ішінде 6 полиция қызметкері аудандағы көші-қон тынысын жіті бақылауда ұстап отыр. Шардара аудандық Ішкі істер бөлімінің көші-қон қызметі өкілдері өңір аумағында заңсыз көші-қонның алдын алу және болдырмау, сондайақ, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру дәйектерін анықтау мақсатында жұмыс пәрменділігін арттыру үшін үздіксіз жұмыстар атқарып келеді.

Олар аудандағы елдімекендер мен Өзбекстан Республикасымен шектесетін шекаралық аймақтарда орналасқан ауылдарға шетел азаматтарының келу, болу заңдылықтарын тексеру шараларын ұдайы жүргізіп отырады. Мәселен, 2018 жылдың 5 айында көші-қон полиция қызметкерлері аудан аумағында барлығы 71 әкімшілік құқық бұзу дерегін анықтаған. Соның ішінде еліміздің аумағына келу, болу және жүріп-


СПОРТ №49 (4407), 03.07.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ АЙҚАС

Ақмолалықтар – алдыңғы қатарда Ақмолалық тəртіп сақшылары қоян-қолтық айқастан еліміздің полиция қызметкерлері арасында өткен ІІМ Чемпионатында үздік атанды.

Дәстүрге айналған қоян-қолтық айқастан ІІМ Чемпионаты Щучинск қаласында ұйымдастырылды. «Жақсы 2» спорт кешенінде өткен республикалық турнирге Қазақстанның 14 облысынан, сонымен қатар, Астана, Алматы қалаларынан 26 команда қатысты. ІІМ, Ұлттық Ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік, Мемлекеттік кірістер, Төтенше жағдайлар және Қылмыстық атқару жүйесі комитеттері, Бас прокуратура, Қаржы министрлігі, сондайақ, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының командалары 9 салмақ санаттары бойынша жарысты. Жеңімпаздар командалық және жеке есепте анықталды. Қатысушыларды Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов пен облыс басшысы Мәлік Мырзалин, Ақмола облыстық құқық қорғау органдарының, дене шынықтыру және спорт басшылары, республикалық спорттық ұйымдардың өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері мен Ақмола облыстық ІІД жеке құрамы құттықтап, жеңіс тіледі. Салтанатты рәсім барысында спортшылар мен жанкүйерлерді «Динамо» ДШСҚ қоғамдық бірлестігі

төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов құттықтап, облыс әкімі Мәлік Мырзалин мен Ақмола облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Ержан Саденовке «Спорттың және динамолық қозғалыстың дамуына зор үлес қосқаны үшін» медальдарын табыстады. Ал қоян-қолтық айқастан үздіктерді 20 адамнан құралған қазылар алқасы анықтаса, оның ішінде чемпионаттың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі төреші Әділ Қайырбаев, бас хатшы, ұлттық дәрежедегі төреші Константин Помазай болды. Чемпионаттың барлық қатысушысы өздерін таныстырған соң, қонақтар мен спортшылар алдында ІІД шығармашылық ұжымы «Чемпиондар әнін» орындап, аймақтың спорттық мектептері өз өнерлерін көрсетті. Ақмола облыстық ІІД командасы қоян-қолтық айқастан әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, полиция аға лейтенанты Рахметулла Сатыбалиев, әлем кубогінің жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дәурен Назаров, Еуропа чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрлан Мусинов, қоян-қолтық айқастан спорт шеберлігіне үміткер, полиция капитаны Аян Кәрімов, полиция капитаны Алтынбек Қазкенов, бокстан

спорт шебері, қоян-қолтық айқастан спорт шебері, полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Көшеғұлов, бокстан спорт шебері, қоян-қолтық айқастан спорт шеберлігіне үміткер, полиция лейтенанты Сәкен Сыдықов, қоян-қолтық айқастан спорт шеберлігіне үміткер, полиция сержанты Құрмет Қабдеш сынды спортшылардан құралды. 70 келі салмақта алтын медальді полиция аға лейтенанты Рахметулла Сатыбалдиев, күміс медальді 65 келі салмақта Дәурен Назаров, 60 келі салмақта Құрмет Қабдеш, 55 келі салмақта Нұрсұлтан Көшеғұлов жеңіп алды. Қола медаль 85 келі салмақта Аян Кәрімов пен 55 келі салмақта Сәкен Сыдықовқа бұйырды. Медаль, кубоктар мен грамоталарды жеңімпаздарға «Динамо» орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары А. Омарқұлов, Астана қаласы «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Д. Темірханов, Ұлттық ұлан денешынықтыру дайындығының бастығы Д. Ахметов, чемпионаттың бас төрешісі А. Қайырбаев, «Динамо» ДШСҚ Атырау филиалы төрағасының бірінші орынбасары Х. Есенхалиев, ІІМ төрағасы Е. Цыганков, «Динамо» Орталық Кеңесінің бастығы Н. Князев, ақмолалық «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Ж. Досуров, Ақмола облыстық ІІД бастығының орынбасары В. Букреев табыстады. Ақмолалық спортшылардың жүлделі орындары арқасында команда 1-орынды жеңіп алды. Ал 2-орыннан елордалық полиция қызметкерлері көрінсе, 3-орынды Алматы облысының командасы алды. Салтанатты марапаттау рәсімі соңында жеңімпаздар мен қатысушыларды «Динамо» ДШСҚ қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов пен ІІМ өкілі Евгений Цыганков құттықтады. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

ШАҒЫН ФУТБОЛ

Мекемеаралық турнир Жарыс жалауы Қазақстан полициясының 26 жылдығына орай көтерілді. Оған Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/2, 3, 4, 9, 10, 11 мекемелері және пробация қызметі қызметкерлерінің командалары қатысты. Тартысты бәсекеде ИЧ-167/9 мекемесінің қызметкерлері 1-орынға ие болып, топ жарса, ИЧ-167/11 мекемесінің қызметкерлері 2-орыннан көрінді. Үздік үштік ИЧ-167/4 мекемесі командасының еншісіне бұйырды. Жабылу салтанатында сөз сөйлеген ИЧ-167/10 мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Н. Айтөреев жарысқа қатысушыларды құттықтап, жеңімпаз командаға кубок, грамоталар мен сыйлықтар табыстады. ИЧ-167/3 мекемесінің жедел уәкілі, әділет капитаны Айтжан Кадиров үздік қорғаушы, ИЧ-167/9

7

САБАНТОЙ

Бексұлтан – түйе балуан Тұрсынбай ДУМАНЖАН, Қостанай қаласы Жуырда Қостанай қаласында татар ұлт өкілдері жыл сайынғы дəстүр бойынша «Сабантой» мерекесін өткізіп, онда əртүрлі ұлттық ойындар мен спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Оған ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының курсанттары да қатысып, «Белбеу күресінен» азулы қарсыластарын жеңіп қайтты. Жарыс 75 келіге дейін және +75 келі – абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша өтті. Академия курсанттары түгелдей жүлделі орынға ие болды. Ақтық сынға 75 келі салмақ дәрежесінде академияның екі бірдей курсанты шықты. Тартысты күрес нәтижесінде, белді балуанымыз, 3-курс курсанты Ошақбай Айбар жеңіске жетсе, оған жол берген 2-курс курсанты Сарымсақ Темірхан жүлделі 2-орынға ие болды. 75 келіден жоғары абсолюттік салмақ дәрежесінде 3-курс курсанттары Күдірбек Болат және Оразымбет Бексұлтан ақтық сында жолықты. Нәтижесінде, Оразымбет Бексұлтан басым түсіп,

«Сабантой-2018» түйе балуаны атанды. Жеңімпазға татар ұлт өкілдері тарапынан қара қошқар табысталды. Академия белбеу күресі құрамасын ЖжДД кафедрасының аға оқытушысы, белбеу күресінен ҚР спорт шебері Ержан Кабидуллинов бастап барған. Естеріңізге сала кетсек, Ержан 2017 жылы өткен «Сабантой-2017» мерекесінде белбеу күресінен абсолюттік чемпион атанып, «Лада Гранта» автокөлігін жеңіп алған болатын.

ЭКСКУРСИЯ

А. КӨБЕНОВ, Түркістан облысы Қазақстан полициясының 26 жылдығына орай ИЧ-167/10 мекемесі əкімшілігінің ұйымдастыруымен шағын футболдан мекемеаралық жарыс өтті.

мекемесінің теологиялық оңалту жұмысының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Дулат Калменов үздік шабуылшы, сондай-ақ, ИЧ-167/10 мекеме бастығының кезекші көмекшісі,

е-mail: nastraje@mail.ru

әділет майоры Сабыржан Тілеубаев үздік қақпашы атағына ие болды. Осы жоғарыда аталған ойыншыларға ИЧ-167/10 мекеме тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Балалар үйірмелерге жазылды Көкшетау жасөспірімдері ақмолалық полиция қызметкерл ері жаттығатын спорт кешеніне экскурсия жасады. Көкшетау қалалық ІІБ ЖПҚ ювеналдық полиция бөлімі 12-15 жас аралығындағы аз қамтылған отбасы жасөспірімдеріне, есепте тұрған балаларға және қала мектептерінің балаларына арнап «Динамо» ДШСҚда ашық есік күнін ұйымдастырды. Аталған іс-шараның мақсаты – балаларды саламатты өмір салтына, уақытты пайдалы өткізуге тарту. Жаттығу залына келген балалар бірден тәжірибелі жаттықтырушылардың бақылауымен әртүрлі жаттығуларды орындады. Бүгінгі таңда «Динамо» ДШСҚ-да қоян-қолтық айқас, самбо, ауыр атлетика, кроссфит, шағын футбол сынды тегін үйірмелер бар. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Батырбек Оздоев, ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Мария Грабовецкая, шағын футбол жаттықтырушысы Қайрат Амрин, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ардақ Мадимұхаметов жаңадан келушілермен сабақ өткізетін болады.

ЖЕКПЕ-ЖЕК

Айдынның мақсаты – əлем чемпионаты Ақтөбелік полицей Айдын Төлепбаев Щучинск қаласында өткен қоянқолтық айқастан ІІМ кубогының жеңімпазы атанды. Айдын ішкі істер органдарына 2013 жылы келген. Алғашында жолпатрульдік полициясында инспектор болып, кейін Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ құрамына қызметке ауысқан. Айдын Төлепбаевтың қол жеткен жетістіктері көп. Ол осыған дейін талай сайыстардан жүлдемен оралып, ел намысын қорғап, көк байрағымызды талай биіктерге көтеріп жүр. Осы жолы 75 келі

салмақта қарсыластарының бәрін жеңіп, үздік атанды. Биыл Қызылорда қаласында өткен Қазақстан кубогында да 1-орынды иеленді. Ақтөбелік тәртіп сақшысы енді Белорусь астанасы Минск қаласында өтетін әлем чемпионатында бақ сынамақ. Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Жаттығулар демалыс күндері өтеді. Шағын футбол жексенбі күні жүреді. Ашық есік күні жаттықтырушылар балаларға шеберлік көрсетіп, спортқа келу жолдары, дұрыс тамақтану жайлы әңгімелеп, жетістіктерімен бөлісті. Іс-шара соңында балалар спорт үйірмелеріне жазылды. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі


8

СӨЗ СОҢЫ №49 (4407), сейсенбі, 03.07.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz ШАРА

ФЛЕШМОБ

Домбыра – асыл мұра

«Есірткіге қарсы ең жас күрескер»

Суретті түсірген Қанат КӨЛБАЕВ

Мамлют ауданы мәдениет үйінің қызметкерлері аудандық ішкі істер органдарының сақшыларына Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес айлығы аясында ойын-сауықтық іс-шараларын өткізуге көмектесті.

Бауыржан БЕРІКҰЛЫ Таяуда ҚР Ұлттық ұланының Астана қаласындағы №5573 әскери бөлім сарбаздары Ұлттық домбыра күніне орай флеш-моб ұйымдастырып, Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады. Саптық алаңда бір мезетте 50-ден астам домбырашы сарбаз домбыра формасында қаз-қатар орналасып, қазақ күйшілерінің күйлерін орындаса, құрмет қарауыл ротасы сап түзеп, «01.07» санын бейнеледі. Бұл күні домбыраның күмістей сыңғырлаған үні төгіліп, осы аспапқа құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, саптық алаңдағы флешмобтан кейін әскери бөлімнің мәдени орталығында сарбаздар үшін домбыра құдіреттілігіне арналған тақырыптық кеш өтті. Шараның басты мақсаты – ұлттық

аспаптар арқылы жас жауынгерлерді қазақстандық патриотизм негізінде тәрбиелеу, Отанға адалдық пен ержүректілік сезімдерін нығайту, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетке құрмет көрсету болып табылады. Шараға Ұлттық ұлан қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының бастығы, подполковник Әлішер Әбдірасыл қатысып, сөз сөйледі. «Елбасының Жарлығымен бекітілген «Ұлттық домбыра күні» қарсаңында өткізіліп жатқан негізгі

іс-шарамыз – еліміздегі бірліктің, рухани жаңғырудың жарқын көрінісі. Бүгінгі флешмоб – сарбаздардың өз идеясы. Флешмобтан кейін «Домбыра – асыл мұра» атты концерттік кеш ұйымдастырылып отыр. Оны бүкіл сарбаздарымыз және келген қонақтар тамашалайтын болады. Ұлттық домбыра күні – халқымыздың рухын, патриоттық сезімін көтеретін бір бастама», – деді полковник. Мерекелік шара кейіннен Мәденидемалыс орталығында жалғасын тапты. Онда Өнер академиясының оқушылары Н. Тілендиевтің «Әлқисса» күйін әуелетті. Сондай-ақ, көрермен «Туған жер», «Қазақ осы» «Сарыарқа», «Ерке сылқым» сияқты ән-күйлермен сусындады.

Іс-шараға аудан орталығы Мамлюткадан және көршілес орналасқан Жамбыл ауданының орталығы Пресновкадан мектепке дейінгі дайындық тобынан бастап, 9-сынып оқушылары арасындағы балалар қатысты. Жас айырмашылықтарына қарамастан, іс-шарадан ешкім де тыс қалмады. Ұйымдастырушылар тобы әр жастағы жасөспірімдер үшін қызықты байқаулар әзірлеген. Театрландырылған көрініс барысында жасөспірімдерге Дәрігер, Саламатты өмір салты мен Тәуелділік сияқты кейіпкерлер есірткінің зияны жөнінде айтып берді. Қызметтік іздестіру итімен сахнаға шыққан кинологтың спектаклі қызықты квестке ұласты. Амиго лақап аты бар лабрадор тұқымды ит ішінде тапсырмалар салынып, залда жасырынған конверттерді түгел тауып алды. Ал осы тапсырмаларды орындау үшін балалар өздерінің білімдерін, спорттық машықтарын, шығармашылық таланттарын көрсетулері керек болды. Кейін Мәдениет үйінің алдындағы алаңда балалар нашақорлықтың тұлыбын өртеді.

САЙЫС

Сегіз қырлы, бір сырлы құтқарушылар

Қ.АТАҚБАЕВА, Астана қаласы

Таяуда Оқушылар сарайында Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында қала аумағындағы мекемелер арасында «Сегіз қырлы, бір сырлы» қалалық тапқырлар сайысы өтті.

Іс-шара қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыруға үлес қосу, әр салада қызмет атқаратын мамандарды отансүйгіштікке баулу және олардың интеллектуалдық ой-өрісін дамытуға ықпал ету мақсатында өткізілді. Тіл сайысына Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті атынан көздерінде от ойнаған, бойларында күш-қуаты тасыған, жастық жалыны алаулаған «Алау» тобы қатысты. Топтың мүшелері: №9-

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС Бас директор Бимаханбет АСАНОВ Бас директордың орынбасары Бану ƏДІЛЖАНОВА

ӨСБ өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау кіші сержанты Нұрсұлтан Ильяс, №15-ӨСБ аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты Әбілбек Айдарбеков, №2-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Досқали Құлахметов төтенше жағдайлар саласындағы мамандардың намысын қорғады. Сайыс «Таныстыру», «Асыл сөз», «Жүйрік тіл», «Зерде», «Өнер» атты 5 айналымнан тұрды. Бұл сайысты белгілі мемлекет және қоғам

РЕДАКЦИЯ: Бас редактор: Ескендір ТАСБОЛАТ Бас редактордың орынбасары: Жадыра ШАМҰРАТОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА Аға тілші: Бауыржан СЕГІЗБАЕВ

қайраткерлерінен, қаламгерлер мен ғалымдардан, қоғам белсенділері мен танымал жастардан құралған қазылар алқасы бағалады. «Таныстыру» айналымында топ мүшелері өздерін және мамандықтарын әнмен таныстырды, арнайы дайындалған слайд пен бейнеролик көрсетілді. «Асыл сөз» және «Жүйрік тіл» айналымдарында мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды жаңылмай жатқа айтуларымен ерекшеленді. Сайыстың ең негізгі бөлімі «Зерде» айналымында экранда көрсетілген «Тіл», «Тұлға», «Салт-дәстүр» тақырыптарындағы ұяшықтарды таңдап, берілген сұрақтарға жауап берді. Топ мүшелері сұрақтарға толық жауап беріп, бұл айналымнан да сүрінбей өтті. Соңғы айналымда әр адамның патриоттық рухын көтерер «Мен қазақпын» әнін шырқады. Адам өміріне араша түсіп, жалындаған тілсіз жаумен күресте өз өмірін құрбан етер өрт сөндірушілеріміз бұл сайыста ұлттық құндылықтарымыз бен рухани қазыналарымызды қастерлейтіндіктерін, өз ана тілін, әдебиеті мен мәдениетін меңгергендіктерін дәлелдеді. Қазылар алқасының шешімімен сайыс қоры тындысында «Алау» тобы жүлделі 2-орынды иеленіп, дипломмен марапатталды және бағалы сыйлыққа ие болды.

Басылым 27.02.2018 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №16944 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Әр конкурста жеңіп отырған қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды. Жарыстар нәтижесі бойынша мерекенің ұйымдастырушылары негізгі номинацияларда жеңімпаз атанғандарға спорттық жабдықтар сыйлады. Бұл ретте, 8-сынып оқушысы Евгений Сафонов білімімен ерекше көзге түсті. Ол есірткіні қолданудан туындайтын салдары және саламатты өмір салтының ережелері туралы қойылған сұрақтарға жылдам жауап беріп отырды. Ал спорттық конкурстарда өзінен үлкен қарсыластарын жеңіп отырған 6-сынып оқушысы Сергей Ворохов спорттық дайындығымен танылған қатысушы атанды. Жас спортшы жеңіл атлетикамен айналысады екен. Аудандық жарыстарда бірнеше мәрте 1-орынды иеленіп отырыпты. Үшінші сыйлық ең кішкентай қатысушы, 4 жастағы Николай Воловейге берілді. Ол да өзінен үлкен қарсыластарымен қатар белсенді қатысып отырды. «Бұл көңілді іс-шара балалардың бойында нашақорлыққа қарсы пікірді, мықты иммунитетті қалыптастыруға септесіп, саламатты өмір салтын ұстануға негіз болады деген сенімдемін. Профилактикалық шаралар – нашақорлыққа қарсы ең сенімді құрал», – дейді Мамлют аудандық ІІБ бастығы, полиция майоры Серік Әлжанов. Есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түрлі профилактикалық іс-шараларды солтүстікқазақстандық сақшылар оқушылардың жазғы демалысы барысында өткізуді жалғастырмақ. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі

МАРАФОН

Жақсы әдеттер жарысы Шымкент қаласының тәртіп сақшылары «Жақсы әдеттер марафонына» қатысып, жастарға есірткінің зияны туралы ескертіп, саламатты өмір салтына бастар жолды бағыттап берді. Қаланың дендросаябағында ұйымдастырылған шара әкімшіліктің қолдауымен өткен болатын. Акция-марафонға облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, білім беру, денсаулық сақтау, саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және басқа да мүдделі ұйым өкілдері, сондай-ақ, қала жастары белсенді қатысты. Акцияның мақсаты – жастар арасында саламатты өмір салтын үндеу және есірткі саудасының алдын алу. Марафонға қатысқан 500-ден астам жас буын, полиция қызметкерлері, спортшылар мен дәрігерлер дендросаябақ аллеясынан басталатын марафонды жүгіріп өтті. Жақсылыққа бастап, игі істерге үндейтін шара шеңберінде тәртіп сақшылары жастарға концерттік нөмірлерді тарту етіп, синтетикалық есірткі қолданудың зияны тақырыбында әңгіме жүргізді. Акцияны ұйымдастырушылар, сонымен қатар, бүлдіршіндерді жас та болса биіктерді бағындырып үлгерген спорт саңлақтарымен таныстырып, олардың өнерлерін паш етті. Сондай-ақ, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері марафон қатысушыларына есірткінің зияны туралы жазылған ақпараттық жадынамалар тартты. Марафонды ұйымдастырған түркістандық тәртіп сақшылары: «Мұндай игілікті іс-шараны өткізу жастарға оң үлгі болып, балаларды жаман әдеттен арылуға көмектеседі, сондай-ақ, оларды саламатты өмір салтын ұстауға ынталандырады», – дейді. Түркістан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «Тауелсіздік-Д» ЖШС баспаханасында басылады. Индексі: 65395 Таралымы: 11343 Тапсырыс: №157

«Тауелсіздік-Д» ЖШС-і Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, 407 тел: 56-97-71 Газет аптасына 2 рет шығады.

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Мадина СҮЛЕЙМЕНОВА Корректор: Еркеғали БЕЙСЕНОВ Фототілшілер: Қанат КӨЛБАЕВ, Бек ИМЕКЕШОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Бауыржан СЕГІЗБАЕВ

SAQShY ?49 (4407)  

SAQShY ?49 (4407) 03.07.2018

SAQShY ?49 (4407)  

SAQShY ?49 (4407) 03.07.2018

Advertisement