Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІ

№29 (4387)

ГАЗЕТ 1933 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

САРАПТАМА КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Үшінші жаңғыру (Жаңғырту 3.0) тұрғысынан ұлттық экономиканы дамыту мәселелері және әлемнің 30 озық дамыған елінің қатарына қосылу жөніндегі жалпыұлттық міндеттер талқыланды. Сараптама кеңесінде Экономикалық саясат саласындағы талдау орталығының сарапшысы Қ. Сәдуақасов, «Қазақстанның халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Ү. Шаяхметова, «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е. Әбдіразақов, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев, «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы А. Боранбаев, « А т а м е к ен » Ұ К П б а с қ а р м а т ө р а ғ а с ы

WWW.MEDIAOVD.KZ

Экономикалық даму көрсеткіштері

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады.

А. Мырзахметов, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Қоғамдық мәселелерге талдау жасау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова және т.б. сөз сөйледі.

МАРОККО ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Марокко Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абделжалил Саубриді қабылдады.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Мәжіліс Төрағасы Марокко Қазақстанның Солтүстік Африкадағы маңызды әріптесі екенін айтты. Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Мәжіліс Спикерінің пікірінше, БҰҰ, ИЫҰ, Африка Одағы ұйымдары деңгейінде халықаралық өзекті мәселелер бойынша біздің елдеріміздің ұстанымы өте жақын. Осы ретте Н. Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қақтығыстарды реттеуде елдер арасындағы өзара сенім мен сындарлы үнқатысуға баса назар аударатындығының маңыздылығына тоқталды. Одан әрі кездесу иелері сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық әріптестік жайын талқылады. Н. Нығматулиннің айтуынша, біздің елдеріміз арасында көліклогистика саласын пайдаланудың әлеуеті зор. Сондай-ақ, Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында өзара іс-қимылды тереңдетудің мүмкіндігі мол. С о н ы м ен б і р г е , м а ш и н а ж а с а у , а у ы л шаруашылығы, «жасыл энергетика» салаларында ынтымақтастықты күшейту басым бағыттардың бірі болып табылады. Өз кезегінде Абделжалил Саубри біздің елдеріміз арасындағы саяси әрі дипломатиялық қатынастың өте жоғары деңгейде екенін және Марокко өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ынталы екенін жеткізді.

17.04.2018, СЕЙСЕНБІ

Кездесу барысында Мемлекет басшысына 2017 жылдың қорытындылары бойынша экономикалық даму көрсеткіштеріне жасалған т а л д а у н ә т и ж е ле р і ж ө н і н д е м ә л і м д е л і п , министрліктің қызметі туралы есеп берілді. Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в м е м ле к е т т і к бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысында стратегиялық жоспарлау мен болжам жасаудың маңыздылығын атап өтті.

– Барлық шаралар Қазақстан экономикасын дамыту үшін жүзеге асырылуға тиіс. М е м ле к е т т і к б а ғ д а р л а м а л а р ды ң , со н ы ң ішінде «Бес әлеуметтік бастаманың» іске асырылу барысын зерттеу қажет. Ұлттық экономика министрлігі орталық және өңірлік деңгейдегі барлық мемлекеттік органдардың қадамдарын айқындауы керек, – деді Қазақстан Президенті.

Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысына биылғы бірінші тоқсанда қол жеткізілген э к о н о м и к а л ы қ д а м у н ә т и ж е ле р і ж ә не экономикамызға жалпы әлемдік үдерістердің тигізіп отырған әсері жөнінде баяндады. Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді, соның ішінде Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін одан ә р і д а м ы т у , м е м ле к е т т і к ж ә не с а л а л ы қ бағдарламаларды әрі қарай іске асыру жөнінде айтты.

САЛТАНАТТЫ ШАРА

Туған жер топырағы Волгоградқа жөнелтілмек Ж. ҒАЗИЗ, суретті түсірген Бек ИМЕКЕШОВ 16 сәуір күні елордада Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы Б. Момышұлы ескерткіші алаңында Ұлы Отан соғысындағы ең ірі шайқас – Сталинград шайқасындағы жеңістің 75 жылдығына орай туған жердің топырағын Волгоград қаласына жөнелту рәсімі болды. Туған жердің топырағын арнайы ескерткіш құтымен Мамай қорғанына жөнелту рәсіміне елордалық тәртіп сақшылары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен олардың туысқандары, жауынгеринтернационалистер, Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлері қазақстандық кеңесі, Астана қаласы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты. Сын сағатта Отанын жаудан қорғаған, қасық қаны қалғанша ел шетін басқан дұшпанға қарсы күрескен аталардың, еліміздің батырларының есімі мен ерлігі ұмытылмайды. Сол ашық күні найзағай ойнағандай, күркіреп өткен соғысқа Ақмола аумағында құрылған қазақстандық 459 және 387ші атқыштар дивизиясы қатысып, Сталинград қаласын ерлікпен қорғағаны тарихтан белгілі. Таяуда «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі 27 сәуірде Ресейде Сталинград қорғаушылары – Қазақстаннан барған жауынгерлерге арналған граниттен жасалған ескерткіштің ашылу салтанатына шақыру алған болатын. «Генералдар кеңесі» РҚБ делегациясы туған жердің топырағын Ресей Федерациясының Волгоград қаласындағы «Мамаев қорғаны» мемориалына орнатылған аталған ескерткішке қоюды жоспарлап отыр. Осындай іс-шаралар Сталинградты қорғау үшін әскери бөлімдер жасақталған бірқатар облыстарда өткізіледі. ІІО және ҰҰ ардагерлері қазақстандық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков салтанатты шарада Отанды жаудан қорғау үшін Ақмола жерінен майданға көп адам аттанғанын баяндап, олардың ерлік істеріне тоқталды. «Бұл іс-шара президентіміз Н. Назарбаевтың рухани жаңғыру бағдарламасына, сонымен бірге, Сталинград шайқасындағы жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – сол соғыста біздің бейбіт күніміз үшін жанын пида еткен әкелеріміз, ағаларымыздың есімін есте қалдыру. Капсулаға салған топырақ Мамай қорғанындағы музейге қойылады. Қазақстан Сталинград майданына ең жақын орналасқан тыл болғандықтан, жеңіске қосқан үлестері айтарлықтай зор болды. Қазақстандық жауынгерлер сол жойқын соғыста небір өшпес ерліктің үлгісін көрсетті. Сталинград шайқасындағы қорғаныс және ша-

буылдаушы ұрыстарда Қазақстанда жасақталған 27, 72, 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы, 292 және 387-ші атқыштар дивизиясы, 81-ші Жамбылдық кавалериялық дивизиясы, 74-ші теңіз атқыштар дивизиясы, 129-шы миномет полкі және 156-мотоатқыштар батальоны жауға қарсы аянбай соғысты. Сталинград шайқасында, сондай-ақ, 29-шы Ақмола және 38-ші Алматы атқыштар дивизиясының даңқы шықты. Ақмолада құрылған атқыштар дивизиясы кейін Кеңес Одағының Маршалы В.И. Чуйковтың қолбасшылығындағы 64-ші армияның құрамына енген болатын. Майдан даласындағы ұрыстарда полковник Ғани Сафиуллин басқаратын 38ші дивизияның қазақстандық жауынгерлері немістердің 297-ші жаяу дивизиясын талқандап, оның командирі фон Дребберді штабымен қоса қолға түсірді. Қ а р а ғ а н д ы л ы қ Н ү р к ен Ә б д і р о в т ы ң (Кеңес Одағының батыры) ерлігі де елдің есінде мәңгілікке қалды. Ол 1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында өзінің отқа оранған ұшағын шоғырланған жау танкілерінің ортасына апарып құлатып, ерлікпен қаза тапты. Сталинградты қорғаушы батыр, екі Даңқ орденінің кавалері Ізғұтты Айтықовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Дон мен Еділ

жағалауында жау бөлімдерін қоршауға алу операциялары кезінде тағы бір қазақстандық Кеңес Одағының батыры, подполковник Тимофей Позолотин (Кеңес Одағының Батыры, Ақмола облысынан) қолбасшылығындағы 17-ші гвардиялық танк полкі ерекше көзге түскен еді. Сондай-ақ, Сталинград шайқасында ерлікпен қаза тапқан минометчик Қарыспай Спатаев пен лейтенант Гаяз Рамаевқа да Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. «Павлов үйі» гарзизонының құрамында болған оңтүстікқазақстандық батыр Толыбай Мұрзаевтың ерлігі де ел есінде. Шәкір Алпыспаев, К. Көшербаев, Рашид Мерғалиев, Нұртаза Сұлтанов, Қасымбек Естаев сияқты тағы мыңдаған жауынгерлер Сталинград шайқасындағы ерліктері үшін бірнеше ордендермен марапатталды. Жалпы Мамаев қорғанында екі адамның қабірі ғана қойылған екен. Оның бірі – өз өсиеті бойынша 1980 жылдары жерленген Кеңес Одағының Маршалы В.И. Чуйков болса, екіншісі қазақтың батыр ұлы – Нүркен Әбдіров. Сталинград майданында қаза тапқан өзге батырлардың есімі Мамаев Қорғандағы қабырға-стендтерге толық жазылған. Дон мен Еділ жағалауында жау бөлімдерін қоршауға алу операциялары кезінде тағы бір қазақстандық, подполковник Т.С. Позолотин қолбасшылығындағы 17-ші гвардиялық танк полкі ерекше көзге түскен еді. Әкелер мен ағалардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды», – деді Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков.


2 ƏЛ

А ЕМ-

ЖАҢАЛЫҚТАР №29 (4387),№ сейсенбі, 17.04.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

РА ҚПА

Т

Өзбекстан

Телеарналар бақылаудан босатылды

Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясы арнайы қызметтің бақылауынан босады. Өйткені, компания төрағасының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Абдусалом Шодмонов қызметтен қуылды. Ол құзырлы органның құлақ-көзі болып, оппозициялық топтарды қаралау бағытында арнайы шығарылымдар әзірлеумен айналысқан. С о н д а й - а қ , ж е к е ө з і н і ң б ұ й р ы ғ ы м ен қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға және босатуға құқылы болған. Жергілікті арналардың хабарлауынша, Абдусалом Шодмонов қызметтен қуылғаннан кейін телерадиокомпаниядан мұндай лауазым мүлде алынып тасталды. Айта кетейік, бұған дейін елдегі мешіттерде қызмет атқарып жүрген арнайы қызмет мамандары да жұмыстан қуылған болатын. Олар мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу арқылы сол саланың тыныс-тіршілігіне ықпал етіп отырған. Дегенмен, 19 қаңтарда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев арнайы қызметтің бұл әрекетін қатаң сынға алды.

Түркия

Ыстамбұлда тағы бір әуежай ашылады Түркияның Ыстамбұл қаласында күзде тағы бір үлкен әуежай ашылады. Бұл – осымен шаһардағы үшінші әуежай. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, ол Түркиядағы ең үлкен әрі әлемдегі ірі айлақ болмақ. Сөйтіп Босфордағы қаланың транзиттік әлеуетін арттыру көзделіп отыр. Ал жаңа айлақ бір мезгілде 114 ұшақты қабылдайтын болады. Бірақ, бұл орталық іске қосылған соң, Ататүрік атындағы әуежай жабылмақ. Жалпы, түрік билігі Измир мен Анталия қаласының да азаматтық авиация саласының мүмкіндігін ұлғайтуды көздейді. Ал сарапшылардың айтуынша, соңғы уақытта Түркия мен Парсы шығанағындағы әуе қауіпсіздігі жақсарып, жолаушылар саны арта түскен. Көлік министрі Ахмет Аслан: «Жаңа әуежай 100 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Ал алдағы уақытта жұмысшылардың жалпы саны 225 мыңға жетеді деп болжап отырмыз», – деді.

АҚШ

GGG портретін басына салғызған АҚШ-та шаштараз Мигель Росас Twitter-де қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге арналған жұмысының суретін жариялады. Шаштаразға келген клиенттердің бірі шүйде тұсына Головкиннің суретін салғызған. Шебердің жұмысын GGG промоутері Том Леффлер бағалап, онымен әлеуметтік желіде бөлісті.

Бұл Мигельдің алғашқы жұмысы емес. Росастың аккаунтынан танымал жұлдыздардың шаш қию арқылы салынған портреттерін көптеп кездестіруге болады.

е-mail: nastraje@mail.ru

ҮКІМЕТТІК САҒАТ

Көші-қон – күрделі мəселе Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суреттерді түсірген Қанат КӨЛБАЕВ Көші-қон мәселесі өзектілігін ешқашан жоғалтқан емес. Жыл өткен сайын елімізге сырт елдерден келетіндердің үлес салмағының артуы көші-қон үрдісін үнемі бақылауда ұстауға, қадағалауды күшейтуге мәжбүрлеп отыр.

Кеше Парламент Мәжілісінің Үкімет сағатында «Қазақстан Республикасындағы көші-қон бақылауын қамтамасыз ету шаралары және жағдайы» тақырыбында баяндама жасаған Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов көші-қонның бүгінгі ахуалы, заңсыз мигранттармен күресу жолында атқарылып жатқан істер және көші-қонның күрделі мәселелері турасында баяндады. Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконың төрағалық етуімен өткен Үкімет сағатында сөз алған министр: «Бүгінгі мақсатым – сіздерге республикадағы көші-қон бақылауын қамтамасыз ету жағдайы туралы баяндау. Елімізде көші-қон процесі өте ауқымды. Болашақта бұл процесс одан әрі қарқын ала түседі. Соңғы үш жылда ресми статистика бойынша біздің елімізге 5,6 млн шетел азаматтары келді. Солардың 90%-нан астамы ТМД елдерінен, яғни негізінен Өзбекстан, Ресейден және Қырғызстаннан келгендер. Сонымен қатар, алыс шетелден келетін мигранттардың да қатары артып келеді. Айталық, бүгінде олардың саны 620 мың адамға жетті. Олардың басым бөлігі Қытай және Түркия азаматтары. Мигранттардың көптеп келуі қоғамдық тәртіп үшін қауіпті фактор болып отырғандықтан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтуіміз керек. Өйткені, мигранттардың есірткі бизнесімен, адам саудасымен, экстремизм және терроризммен байланысты болған кездері аз емес. Бұл салада бақылау мен реттеуді тиімді ұйымдастырмасақ, еліміздің әлеуметтік, экономикалық дамуына зиян келуі мүмкін», – деген министр елімізде халықаралық стандарттарға сай келетін миграциялық саясат қалыптасқанын тілге тиек етті. Айтуынша, заң бойынша нақты инвестициялық жобаларды іске асыру үшін шетелдік білікті жұмысшыларды квотасыз және рұқсатсыз тартуға мүмкіншілік беріліп отыр. Сондай-ақ, Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы әр мемлекет азаматтарының елімізге келу және тіркелу рәсімдері әртүрлі екенін айтты. Қазақстанға кіру үшін олардың көбіне виза керек екенін айтқан министр: «Жалпы азаматтық паспортпен визасыз кіру туралы 19 мемлекетпен келісім жасалған. Олардың қатарында ЕЭО-қа мүше елдер бар. 45 елдің азаматы 30 күнге дейін виза рәсімінен

ЕЭО-ға мүше елдердің азаматтарына да біздің елде жұмыс істеу үшін рұқсат қағазы керек емес. «Заңсыз көші-қонның жолын кесу үшін кешенді шаралар жүргізілуде. Осындай жедел шаралардың бірі – «Мигрант». Елімізде заңсыз көші-қонға көбіне көп жол беретіндер – осы еңбек мигранттары. Сондықтан базарлар, сауда орталықтары, құрылыс алаңдары, ауылшаруашылық кәсіпорындары және басқа да шаруашылық субъектілер жіті бақыланады. Көші-қон заңнамасын бұзғандарға барынша қатаң әкімшілік, қылмыстық-құқықтық санкциялар қарастырылған. Елімізге заңсыз келушілер, жұмыс берушілер, сондай-ақ, заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар да жауапкершілікке тартылады. Елге заңсыз кіру бұрын әкімшілік құқық бұзушылық саналса, қазіргі уақытта қылмыстық іс санатына жатады. Бүгінде елге заңсыз кірген адамға 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айырып, елден шығару жазасы қолданылады. Сонымен қатар, елден шығудан жасырыну, заңсыз жұмыс істеу және тіркелген жерде тұрмау сияқты құқық бұзушылықтарға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады», – деді министр өз сөзінде. Оның айтуынша, 2015 жылы ӘҚБтК және ҚК-ке жаңа талаптар енгізілілген. Соған сәйкес, Көші-қон заңын бұзған адамдарға бірден елден шығару әкімшілік жазасы қолданыла бастаған. Ел аумағынан шығарылған шетелдіктер 5 жылға өткеннен кейін ғана қайтіп келе алады. Жыл сайын 100 мыңнан астам шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылса, олардың 10 мыңнан астамы елден шығарылып жатады екен. Министрдің мәлімдеуінше, 2014 жылдан

бастап еңбек мигранттарына біздің азаматтардың жеке шаруашылығында жұмыс істеуге рұқсат беріле бастаған. Бұл практика заңсыз еңбек мигранттарын азайтуға көмектесіп отыр екен. Қалмұханбет Қасымов бұл бастама өзін ақтады деп отыр. Мәселен, осы институт енген уақыттан бастап мигранттарға 1 миллиондай патент берілді, бюджетке салық түрінде 10 млрд теңгеден астам қаржы түскен.

ДЕРЕК пен ДƏЙЕК «Заңсыз көші-қонның жолын кесу үшін кешенді шаралар жүргізілуде. Осындай жедел шаралардың бірі – «Мигрант». Елімізде заңсыз көші-қонға көбіне көп жол беретіндер – осы еңбек мигранттары. Сондықтан базарлар, сауда орталықтары, құрылыс алаңдары, ауылшаруашылық кәсіпорындары және басқа да шаруашылық субъектілер жіті бақыланады. Қазіргі уақытта елге заңсыз кірген адамға 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айырып, елден шығару жазасы қолданылады. және тіркелуден босатылған. Ал шетелдік инвесторлар үшін ерекше жағдай жасалды. Мысалы, инвесторлық виза 3 жылға беріледі. Инвесторларға біздің көші-қон қызметіне тіркеуге тұру талап етілмейді», – дей келе ведомство басшысы соңғы жылдары шетел азаматтарын тіркеу рәсімі жеңілдетілгенін жеткізді. Оның айтуынша, экономикасы дамыған және саяси тұрақты 56 елдің азаматтары шекарадан өткен бойда кеден қызметіне тіркеле алады. Бұл көші-қон қызметіне келіп тіркелуден босатады. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ пен Тәжікстан елдерінің азаматтары ерекше мәртебеге ие болып отыр. Олар шекарадан өткен күннен бастап 30 күнге дейін тіркелуден босатылады. Сондай-ақ,

«Сондай-ақ, соңғы кезде заңсыз миграциямен күресу мақсатында реадмиссия институты пайдаланыла бастады. Реадмиссия тәртібі өте қарапайым. Ол көші-қон заңын бұзған шетелдікті халықаралық келісімшартқа сәйкес отанына мәжбүрлі түрде қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл үшін соттың шешімі қажет емес. Қазіргі таңда Қазақстан 16 мемлекетпен реадмиссия туралы келісімге қол қойып, ратификациялады. Бұған қоса, тағы 15 мемлекетпен келісім әзірленуде. Халықаралық стандарт бойынша, біз реадмиссияға алынған адамдарға арнап арнайы орталық ашуымыз керек. Олар қабылданған сәттен, еліне қайтқанға дейін осында орналастырылуы керек. Біз бұл мәселені шешу жолдарын жергілікті

атқарушы органдармен бірлесіп қарастырып жатырмыз», – деген министр еліміздің қылмыстық ахуалына келімсектердің тигізер зияны елеусіз екенін айтты. Айтуынша, соңғы жылдардағы статистика көрсетіп отырғандай, елімізде орын алған қылмыстар бойынша мигранттардың үлессалмағы 2,5 пайыз болып отыр. Үкімет сағатында ведомство басшысы ішкі көші-қонға да көп көңіл бөлініп отырғанын мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, 2017 жылдың қаңтарында күшіне енген заңнамалық өзгерістер ішкі көші-қонды бақылауды күшейтуге жол ашты. Мысалы, 2016 жылы тұрақты мекенжай бойынша 1,3 млн адам тіркелген болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 2 млн-ға жетті. Ал уақытша тіркеуге тұрғандардың саны 14 есеге өсті. Осылайша, 75 мыңнан 1 млн адамға жеткен. Нәтижесінде, халықтың орналасуы жағдайының шынайы көрінісі белгілі болды. Бұл қала мен ауданның дамуы үшін өте маңызды болып отыр. Сонымен қатар, уақытша тіркеуге қою мәселесін ретке келтіру барысында, көптеген заңсыздықтың беті ашылған. Айталық, уақытша тіркеу түгілі, тұрақты тіркеуде жоқ тұлғалар анықталған. Министрдің мәлімдеуінше, бүгінде уақытша тіркеу тәртібі де жеңілдетіліп отыр. Қазіргі таңда уақытша тіркеуге тұру үшін ХҚО-ға барудың актуалдығы жоғалған. Себебі, әрлі-берлі сабылып, босқа уақыт шығындамай Электроны үкімет порталы арқылы онлайн режимде уақытша тіркеуге тұруға болады. Үкімет сағатына шығарылған тақырып төңірегінде Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров баяндама жасап, көші-қонға байланысты атқарылған оңтайлы істер туралы айта келе, осы саладағы күрделі мәселелерге тоқталды. Ол 2017 жылы елімізге келген 5,6 млн мигранттың 2,5 миллионы ғана ішкі істер органдарына есепке тұрғаны өзекті мәселе болып отырғанын айтты. Мигранттар жасаған құқық бұзушылықтардың статистикасын алға тарқан Нұрлан Мәжитұлы: «Соңғы 3 жылда 330 мың шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 206 мың заңбұзушы мигрант ел аумағынан шығарылған. Шетелдікке қатысты 3300 қылмыстық іс қозғалып, 2600 шетел азаматы қылмыс құрбаны болған. Осыны ескере келе заңсыз миграцияға қарсы мемлекеттік органдардың

жұмыс тиімділігін арттыруды ұсынамын. ІІМ шекара қызметі ҰҚК-мен бірлесіп заңсыз миграция каналдарына қарсы тұруға мүмкіндік беретін биометриялық бақылау жүйесін енгізуді, сондай-ақ, мигранттарды депортациялаудың тиімді механизмін жасап шығаруды ұсынамын», – деді депутат өз сөзінде. Ол, сондай-ақ, екі азаматтық алғандардың мәселесін көтерді. Оның айтуына қарағанда, елімізде Қазақстанның азаматтығының үстіне өзге елдің азаматтығын алып жататындар аз емес. Мәселен, ІІМ мәліметінше, 2017 жылы екі азаматтық үшін 600-ге тарта адам жауапкершілікке тартылған. Депутат осы орайда басқа елдің азаматтығын алған азаматтарымыз бойынша шетелдік дипломатиялық өкілдермен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, депутат Қазақстан азаматтығын беру кезінде өзге елдің азаматтығынан шыққаны туралы құжат талап етілуі керек деп отыр. Ол түбегейлі шешілмей отырған Қазақстанның азаматығынан айырылғандар мәселесіне назар аударды. «Әлемде террористік қатердің өсуіне байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өткен жылы азаматтықтан айыру институты енгізілді. Бұл мәселе Конституцияда нақтыланған. Дегенмен, террористік қылмысы үшін сотталғандар, жазасын өтеп шыққаннан кейін Қазақстанда қалады. Бұл олар одан әрі қоғамға қауіп төндіре береді деген сөз», – дей келе халық қалаулысы көші-қон легін нақты режимде бақылау мүмкіндігі болмай тұрғанына да алаңдаушылық білдірді. Депутаттың сөзінше, ІІМ мен ҰҚК-нің ақпараттық жүйелері өзара тиісті түрде интеграцияланбаған. Ол осыған байланысты көші-қон бақылауының біртұтас ақпараттық базасын жасау керек екенін айтты.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №29 (4387), 17.04.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

АЛҚА ОТЫРЫСЫ

е-mail: nastraje@mail.ru

3

БРИФИНГ

Тоқсан нəтижелерін талқылады Нысандардағы жаппай тексеру Жадыра МЫРЗАХМЕТ, суретті түсірген Бек ИМЕКЕШОВ

Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен ішкі істер органдарының ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті. Шараға ІІМ орталық аппараты, Ұлттық ұланның басшылық құрамы, өңірлік Ішкі істер департаменттері, қылмыстық атқару жүйесі және Жергілікті полиция бөліністерінің басшылары қатысты. Жиында министр бірінші тоқсанда 65,7 мың қылмыс және 7,8 мың қылмыстық әрекет тіркелгенін атап өтті. Бұл

к ө р с е т к і ш ө т к ен ж ы л ды ң ос ы кезеңімен салыстырғанда 12% және 18%-ға төмен. Соның ішінде ауыр қылмыстар (-6%), тонау (-15%), ұрлық (-13%), зорлық көрсету (-16%), бұзақылық (-19%) сияқты қылмыс түрлері айтарлықтай азайған. Министр өз сөзінде Ұрлыққа қарсы күрестің 2018-2020 жылдарға арналған

бағдарламасын іске асыру бойынша белсенділікті арттыру қажеттілігін баса айтты. Жыл басынан бері осы бағдарлама аясында өңірлердегі жедел жағдайды сауықтыру және қылмыстық алдын алу бойынша 42800 нақты ісшара қабылданған. Алқа отырысы барысында қылмыстық сот өндірісін жаңғыртуға бағытталған қылмыстықпроцессуалдық заңнаманың жаңа талаптарын қолдану проблемалары мен іс-тәжірибелері, есірткі қылмысына қарсы күрес шаралары, қылмыстық атқару жүйесінің пробация қызметін жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланды. Отырыс соңында Қалмұханбет Н ұ р м ұ х а н б е т ұ л ы М е м ле к е т басшысының қазіргі уақыттағы тапсырмаларын іске асыруда туындаған бірқатар мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ, ішкі істер органдары қызметінің барлық саласында тәртіп пен заңдылықты сақтау, әскери және қызметтік дайындықты нығайтуға қатысты нақты тапсырмалар берді.

СЕМИНАР

Нашақорлық – қатерлі індет Ақжан ИБРАГИМОВА, суретті түсірген Бек ИМЕКЕШОВ Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін есірткінің алдын алу мақсатында 11 сәуір күні Наркология және психотерапия орталығында «Жасөспірімдік ортадағы нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Ювеналды полиция қызметі бірігіп семинар өткізді.

Н а ш а қ о р л ы қ т ы ң а л ды н а л у мақсатында өткізілген шараға қалалық Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Сергей Ильиних, Жергілікті полиция қызметі Ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Самал Нұрғалашқызы, Наркология және психотерапия орталығының нарколог дәрігерлері және Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының инспекторлары қатысты. Семинар басында Наркология және психотерапия орталығының бас дәрігерінің орынбасары Гаухар Теміржанқызы «Нашақорлықтың алдын алу жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, шара барысында сөз алған ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Сергей Ильиних: «Бүгінгі іс-шара Наркология және психотерапия орталығымен біріге отырып,

Ішкі істер департаментінің Ювеналды полиция қызметкерлерінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бұл семинар өскелең ұрпақ пен жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа тәуелділіктің алдын алу үшін оқыту формасында өтіп отыр. Біз инспекторларымызға нашақорлықтың алдын алу жөнінде мәліметтер береміз, ата-аналармен қандай жиындар өткізу керек екендігін, есірткі заттарын қолданғанда қандай қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жайлы мағлұмат береміз. Профилактикалық шара ретінде әртүрлі спорттық және мәдени ісшаралар өткізіп, жасөспірімдерді жат қылықтардан алыстатуға жағдай жасаймыз», – деді. Жергілікті полиция қызметі Ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Самал Нұрғалашқызы Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімімен бірге ұйымдастырылып отырған шара өте жоғарғы маңызға ие екендігін атап өте отырып, Ювеналды полиция

қызметкерлері мектеп оқушылары мен кәмелеттік жасқа толмаған балалармен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, бүгінгі тақырып мен берілген мағлұматтар барлығына қажет екендігін айтты. Семинар Ювеналды полиция қызметкерлерінің нашақорлықпен күресу бағытындағы біліктілігі мен білімдерін арттыруына септігін тигізетінін жеткізді. – Нашақорлықтың алдын алу мақсатымен жылына бірнеше рет оқыту семинарларын өткіземіз. Оқу мекемелерінде біздің ювеналды полиция қызметкерлерімен, мектеп инспекторларымен әлеуметтік тәрбиешілерге осындай оқыту семинарлары өте керек. Қазіргі кездегі наркологиялық жағдайларды алсақ, есірткінің жаңа түрлері туындап жатыр. Олардың клиникасы мен асқынуы өзгеріп бара жатыр. Бұрынғы кезде табиғи есірткілер қолданылса, қазіргі кезде синтетикалық есірткілер пайдаланылып жүр. Ол адамдардың денсаулығына қысқа мерзім ішінде қауіп төндіреді, – деді Наркология және психотерапия орталығының дәрігер-наркологы Тоқтар Төлеуханұлы. Семинар соңында нашақорлық пен соған қатысты қылмыс мәселесіне байланысты бейнеролик көрсетіліп, мектеп инспекторларына жасөспірімдерді нашақорлықтан қорғау мақсатында жиындар мен түрлі профилактикалық ісшаралар өткізуге тапсырмалар берілді.

Кеше ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде сауда объектілерінің өртке қарсы жай-күйін тексеру бойынша брифинг өтіп, онда Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильин спикер ретінде сөз сөйледі.

Өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау өрт туындау қаупі жоғары, адамдар мен материалдық құндылықтарға тигізетін ауыр салдары болуы ықтимал объектілерге бағытталады. «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 246 және Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 307 бірлескен бұйрығына сәйкес құрылыстарының жалпы ауданы 1500 және одан астам шаршы метр сау-да объектілері мен ойынсауық кешендері жоғары тәуекел дәрежесіне қатысты объектіге және ерекше тәртіптегі жыл сайынғы тексеруге жатады. Тексеру жүргізу тәртібі алдағы болатын тексерулерге дайындалу үшін жағдай туғызатынын, сондайақ, негізсіз және кенеттен тексеру жүргізуді болдырмайтынын айта кету керек. Мәселен, алда болатын тексеру туралы кәсіпкер алдын ала біледі, жартыжылдық тексерулер жүргізу графигі Бас прокуратураның сайтына жартыжылдықтан бұрын орналастырылады. Тексерілетін субъектіге 30 күнтізбелік күн бұрын хабарланады. Бас прокуратураның тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылғы 2 сәуірден бастап тәуекел дәрежесі жоғары сауда объектілерінің өртке қарсы жай-күйін тексеру басталды. Тексерудің ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында тексеру процесіне жұртшылық өкілдері, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер тартылады. Бұзушылықтары бола тұра пайдаланылып жүрген обьектілердің тізімі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми сайтына орналастырылады. Сондай-ақ, сауда обьектілерінің өрттен қорғалуын арттыру жұмысына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жұртшылық және кәсіпкерлер субъектілерінің өздері де белсенді түрде қосылды. ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Қостанайдағы оқыс жағдай Кеше Қостанай қаласында полиция қызметкерінің қатысуымен төтенше оқиға орын алды. Бұл туралы ІІМ-де өткен брифингте Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді. Жалдамалы пәтерде туындаған жанжал кезінде полицей бірге тұрып жатқан әйелді пышақтап өлтірген. Содан соң үйдің балконына шығып, өзіне қол жұмсаған. Бұған дейін осы полицейге қатысты өзгенің мүлкіне қасақана зиян келтірді деген айып тағылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқан болатын. Ол кезде полицей әлгі әйелмен және оның әкесімен жанжалдасып, соңғысына тиесілі екі автокөлікке зиян келтірген. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ІІМ баспасөз қызметі

АЙМАҚ

Аудандағы ахуалмен танысты

Руслан СӘДУАҚАСОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД басшылық құрамы жұмыс сапарымен Уәлиханов ауданына барып, ауылдардағы су тасқынына қарсы ісшаралармен танысты.

САПТЫҚ БАЙҚАУ

Сыр сақшылары жазғы киімге көшті

Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті мен қалалық Ішкі істер басқармасы басшылығы және жеке құрамының қатысуымен жазғы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті.

Жергілікті полиция қызметі ғимаратының алдында жеке құрам, яғни тергеушілер, анықтаушылар, жедел уәкілдер, участкелік және ювеналды полиция инспекторлары, аналитиктер мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері сап түзеп, саптық байқауға тұрғызылды. Шараны Кадр жұмыстары басқармасының бастығы, полиция подполковнигі

Асылхан Абдреев басқарды.Саптық байқау барысында қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің ұқыптылығы мен жинақылығы, шаш үлгісі, киімінің мұнтаздай тазалығы басты назарға алынды.

Саптық байқауды қорытындылау кезінде департамент бастығының орынбасары Жарас Оспанов анықталған кемшіліктерді жою бағытында нақты тапсырмалар берді. Жазғы киімге ауысу рәсіміне арналған жиын қызметкерлердің шеруімен аяқталды. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі

Уәлиханов ауданының тұрғындары су тасқынының қандай болатынын өз тәжірибелерінде жақсы біледі. Осындай табиғат құбылысы болатын ауданның аумағы үнемі жергілікті атқарушы органдар мен облыстық ТЖ департаментінің бақылауында. ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов пен департамент бастығының орынбасары, подполковник Ерік Сарыбаев Уәлиханов ауданының Қулыкөл, Қайрат, Амангелді селолық округтерінде болып қайтты. Департаменттің басшылық құрамының өкілдері селолық округтердің әкімдерімен, ішкі істер бөлімдерінің учаскелік инспекторларымен, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында Сілеті өзенінде су тасқынын болдырмау, жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғаныс қызметтерінің ТЖ алдын алуға, халықтың өмір тіршілігің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығы талқыланды. Олар Қулыкөл селолық округіндегі «Сегізкөз», «Кеңарал», «Әлкі» және «Жыра» су өткізгіш жүйелерін көзбен көріп, су тасқыны жағдайында халықты қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар берді.


4

ҚЫЗМЕТ №29 (4387),№ сейсенбі, 17.04.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

ТАҒЗЫМ

От кешкен он жеті боздақ Нұрбек ДƏУРЕНБЕКОВ, Қызылорда қаласы

Тəуелсіздік алған алғашқы кезеңнен елдің қауіпсіздігі мен ішкі тəртібін күзету, аса маңызды нысандарды қорғау мақсаты тұрды. Əр өңірге қажетті полктар мен батальондар қайта құрылып, əскери бөлімдердің орындары ауыстырылды. Сондай-ақ, халықаралық келісімге сəйкес Ішкі əскердің əскери қызметшілері 1993 жылдың маусымынан 1999 жылдың тамызына дейін тəжік-ауған шекарасын күзетуге қатысты.

Осы жылдары кезекті ауысым түрі бойынша 20 құрама рота құрылып, 2 мыңнан астам сарбаз бен сардар жауынгерлік тапсырманы орындады. Оқ пен оттың ортасында жүргенде қарулы қақтығыс болмай тұрмайды. 1995 жылдың 7 сәуірінде Памир тауындағы Пшихавр шатқалында болған қарулы қақтығыс кезінде ішкі әскердің 17 жауынгері жанқиярлық ерлікпен қаза тапты. Қанды шайқаста оққа ұшып, шейіт кеткен сарбаздардың арасында Жақсылық Жансүгіров п ен Е р ж а н Ә б д и е в с ы н ды С ы р ұлдары бар еді. Жуырда Қызылорда қаласындағы 5547 әскери бөлімде «Ер есімі – ел есінде» атты еске алу митингісі өтті. Шараға шейіт кеткен боздақтардың а т а- ан алары , қ арул ас достары, мектеп оқушылары және әскери қызметшілер мен сарбаздар қатысты. Бұл бөлімде 17 жауынгерге арналған ескерткіш бар. Келушілер

ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Мұнан соң әскери дағды бойынша метроном ойнап, салюттік топ көкке қарата үш рет оқ атты. 5547 әскери бөлім командирі, подполковник Мақсат Қырғызбаев сарбаздардың жүктелген міндетті абыроймен атқарғанын айтты. – 1995 жылдың 7 сәуірі – Ішкі әскерлердің тарихында мәңгілік ұмытылмайды. Таулы Памирдің Пшихавр шатқалынан жүк алып өтіп бара жатқан бітімгерлік колоннасы тұтқиылдан моджахедтердің шабуылына ұшырайды. Төрт сағатқа созылған қанды ұрыста ішкі әскердің 17 жауынгері оққа ұшып, 33 әскери қызметші түрлі дәрежедегі жарақат алады. Бірақ, өздеріне жүктелген м і н д е т т і а б ы р ой м ен а т қ а р ды . Біз, Ұлттық Ұлан қызметкерлері дәстүр бойынша 7 сәуір күні он жеті боздақтың әруағына арнап, ескерткіш алаңында сапқа тұрып,

ерлікке тағзым етеміз, – деді бөлім командирі. «Ер есімі – ел есінде» деген сөзді халқымыз бекер айтпаған. Арада көп уақыт өтпей Ішкі әскердің ержүрек ұлдары мемлекетіміздің жоғары наградасы – «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталып, туысқандарына табыс етілді. Есімдері өздері қызмет еткен бөлімнің жеке құрама тізіміне мәңгілікке жазылды. Көшелер мен мектептерге есімдері берілді. «Елді қорғау – ердің міндеті» екенін бахадүр бабаларымыз ұрпақтанұрпаққа жеткізіп отырған. Ұланбайтақ жерімізді, тәуелсіз елімізді болашаққа аманат етіп қалдырған бабаларымыздың ерлік дәстүрін жалғастыру – әскер сапындағы сардарлар мен сарбаздардың қасиетті борышы. Иә, әскердің орнына әскер келеді. Армия қатары толығады. Бірақ, он сегізге енді толған баласы бейбіт уақытта қаза тауып, аңырап қалған ата-ананың арманын кім жалғар, өкінішінің орны қалай толар? Боздақтар қатарындағы жерлестеріміз Жақсылық Жансүгіров пен Ержан Әбдиевтің ата-анасы көз жастарын ірке алмады. – Жас өмірлерін қиып, ерлікпен қаза тапқан балаларымызды біз ешқашан ұмытпаймыз. Қолдан келер басқа шара жоқ. Біздің қасиетті борышымыз – өздеріңді ұмытпай, ерліктеріңді қастерлеп өту. Бұл ұрпақтар үшін ұлағатты іс болып қала бермек. Ешқашан соғыс болмасын, бейбітшілік заман болсын! – деді Жақсылықтың анасы Ұлдай апа Жансүгірова. «Ер есімі – ел есінде», ерлік ұрпақтан ұрпаққа тарих болып қала бермек.

МАРАПАТ

Шекара күзеткен сарбаз Ақтөбелік тəртіп сақшысы Серік Қолғанатов тəжік-ауған шекарасына қазақстандық бітімгерлік батальонының кіргеніне 25 жыл толуына орай мерекелік медальмен марапатталды. С е р і к С ей і т ж а н ұ л ы ә с к е р и міндетін атқарған жылдары 1996 жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейін 13-ші рота құрамында тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысып, бітімгер ретінде Отан алдындағы парызын өтеген. «Түннің бір уағында шекара бұзып өтпек болған бүлікшілерге тосқауыл қоймақ болып, қасымдағы жолдастарымен бірге жедел қимылдап, қырағылық таныттық. Сол үшін «Үздік шекарашы» деген төсбелгі және құрмет грамотасымен марапатталдық. Біздің ротадан адам шығыны болған жоқ. Елге аман оралдық», – дейді Серік Қолғанатов. Оның ішкі істер органдарына келгеніне биыл 10 жылдан асты. Еңбек жолын криминалист болып бастаған. Қазір полиция майоры. Қызметтегі жауапкершілігі үшін ІІМ Құрмет грамотасымен

марапатталған. Жуырда Ақтөбе облыстық ІІД қызметкерлері арас ы н д а ө т к ен « Ү з д і к п о л и ц ей » байқауында көзге түсіп, бірінші орынды иеленді. «Бала кезімнен тәртіп сақшысы болуды армандадым. Жұмысқа тұрарда үш жыл тағылымдамадан өттім. Мен өз мамандығымды мақтан етемін. Біз өзіміздің кешегі жүріп өткен жолымызды, Отан үшін от кешуге даяр болған кездерімізді және ел тыныштығы мен бейбіт өмір үшін жанын пида еткен сарбаздарымызды ешқашан ұмытпауымыз керек. Жыл сайын сәуір айында еске алу шараларын өткізіп тұрамыз. Бұл шаралардың өскелең жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел қорғауға тәрбиелеуде үлкен мәні бар», – дейді тәртіп сақшысы. Айта кетейік, Ақтөбе облысында тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа

қатысқан 250-ге жуық ардагер бар. ҚР тәжік-ауған ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе филиалы жұмыс істейді. Бірлестіктің жастар қанаты да бар. Ақтөбеліктер 6655 және 23238-ші әскери бөлімдермен тығыз байланыста жұмыс жасап, өңірде көптеген патриоттық бағыттағы ісшараларға мұрындық болып жүр. Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

Сақшыларға алғыс білдірді

Динара САҒЫНДЫҚОВА, Петропавл қаласы

Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полициясы қызметкерінің өрт бөлып жатқан ғимаратта ес-түссіз зейнеткерді алып шыққандығы бейнежетонға түсіп қалған жазбаның арқасында əріптестеріне мəлім болған. Алайда, полиция сержанты Сұлтан Қуанышев ақпан айында болған жағдай туралы айтуға асықпаған. Кейін тілсіз жаудың құрбаны бола жаздағанын өзі мойындады. Ақпан айының ортасында ол өзінің әріптесі, полиция аға сержанты Руслан Матеновпен 19 ықшам ауданда қызмет атқарып жүрген болатын. Былғары зауыты ауданында орын алған өрт жайындағы шақыртуды алған олар оқиға орнына бес минут ішінде келіп жетті. Көршілерден сұрастыру барысында ғимараттың ішінде өрт шығып, ішінде үй иесі қалғандығы белгілі болды. Руслан үйдің айналасын тексеруге кеткен уақытта Сұлтан Қуанышев үйдің ішіне кіруге бел буған. Алайда, ғимарат ішіндегі қою түтін сержантқа кедергі келтірді. Полиция қызметкерінің айқайлағанына ешкім жауап қайтармады. Әрі түтін қаптаған үй іші көзге түртсе көргісіз еді. Әйнектерді ашып, үйдің ішінде қиналып тыныс алып жатқан ер адамды тезірек тауып алуға тырысты. Үш метрден кейін ол қарияны әбден әлсіреген жағдайда тауып

алды. Өрттен жапа шеккен 73 жастағы қала тұрғынын таза ауаға алып шыққан соң, полиция сержанты оны оқиға орнына келіп жеткен «жедел жәрдем» қызметкерлеріне тапсырды. «Шын жүректен алғысымды білдіремін. Денсаулығы түзеледі дегенге үмітім аз болатын. Сегіз күн бойы жансақтау бөлімінде жатып шықты. Полиция жұмысын еске алғанда біз әрқашан олардың міндеттері жайында айтып жатамыз. Бірақ, олар сол сәтте болмаулары да мүмкін еді. Олардың адамгершілігі мен ерлігі үшін шын ниеттен алғыс айтамын», – дейді полиция қызметкерлеріне алғыс білдірген зейнеткердің жұбайы Галина Махметова. Қазір отағасының денсаулығына еш қауіп жоқ. Сол сәтте ол өзінің өмірін өлімнен кім арашалап қалғанын білмеген еді.

е-mail: nastraje@mail.ru КЕЗДЕСУ

Мекемедегі діни тұрақтылық

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, əділет полковнигі Дмитрий Кобцев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, облыстық орталық мешіттің бас имамы Еркебұлан Қарақұловпен кездесті. Кезде су барысында облыстық ҚАЖ департаменті мен ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі арасындағы ынтымақтастық мəселелері талқыланып, бас бостандығынан айыру орындарында дінаралық келісімді нығайту жəне азаматтардың ар-ождан құқықтарын жүзеге асыру мəселелері қаралды. Д епарт амент бастығы, əділет полковнигі Дмитрий Кобцев бас бо ст андығынан айыру орындарында сотталғандар арасында имамдардың, дінтанушылардың жəне сарапшылардың, соның ішінде тарихшылардың, саясаттанушылардың қатысуымен

ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ж е т і л д і р у б о й ы н ш а б і р л е с ке н жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ақпараттықидеологиялық топ сотталғандар арасында зайырлылық принциптеріне негізделген идеологияны қалыптастыруға қолдау білдіретінін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін айтты. Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

ЖИЫН

Жолдағы қауіпсіздіктің жайы

Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Облыстық Ішкі істер департаментінде қоғамдық көлік саласындағы үздік қызметкерлер көтермеленіп, полицейлер, əкімдік өкілдері мен жолаушы тасымалдаушылар бірқатар өзекті мəселелерді талқылады. Жұмыс кездесуін ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Думан Таев бастады. Ол айтып өткендей, жолаушылар тасымалдау саласында мүдделі органдардың басты мақсаты – адамдардың жүріптұруы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Облыс жолдарындағы жағдай туралы ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Айдын Байматов баяндады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жолаушы тасымалдаушы көліктердің жол-көлік апаттарының саны 37 пайызға азайған. Соңғы үш айда полиция қызметкерлері басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, бірқатар алдын алу іс-шарасын өткізді. «Облыс аумағында екі «Автобус» жəне екі «Жүргізуші куəлігінен айырылған» жедел алдын алу ісшаралары өтті. Рейдтік іс-шаралар барысында ереже бұзған 1200-ден астам қоғамдық көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Жол қозғалысы ережелерінің 2600-ден астам бұзушылығы анықталды. Олардың ішінде көлік басқару құқығынан айырылып, көлік жүргізгені үшін 99, құжатсыз көлік жүргізгені үшін 110 жүргізуші ұсталды», – деді Айдын Байматов. Қоғамдық көліктердің жұмысындағы проблемаларға қатысты өздері-

нің пікірлерін көліктік бақылау инспекциясының басшысы Сұңғат Рахымжанов, «Автокөлік одағы» ассоциациясының төрайымы Галина Семенова, Петропавл қаласы əкімінің орынбасары Қайролла Ғалеев те айтты. Жиынға қатысушыларды ереже бұзушылық жасау үшін алынған мемлекеттік нөмірлік белгіні қайта табыстау рəсімін жетілдіру мəселелері қызықтырды. Алайда, кейбір олқылықт арды жұмыс барысында да түзетуге болады. Сақшылар бұл сауал бойынша барлық мəн-жайды анықтайтындықтарын айтып өтті. Кезде су соңына таман қоғамдық көлік саласының қызметкерлері ІІД бастығының алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың қат арында «Партнеравто» жауапкершілігі шектеулі с е р і кт е с т і г і н і ң к ө л і к м еха н и г і Ко н с т а н т и н П о п о в , № 9 ж ə н е 2 7 б а ғ ы т т а ғ ы а в т о бу с т а р д ы ң жүргізушілері Владимир Шульгин мен Вячеслав Гладилин бар. Ж ұ м ы с ке зд е су і н і ң с о ң ы н д а қатысушылар қатардағы жүргізуші мен жетекшінің арасындағы жақсы қарым-қатынас пен тығыз байланыс, тиісті жауапкершілік жолдағы тəртіпті нығайтып, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деген ортақ пікірге келді.


ҚОҒАМ жəне ЗАҢ №29 (4387), 17.04.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

БҮГІНГІ КҮННІҢ БАТЫРЫ

5

ҚЫЗМЕТ

Ер есімі – ел есінде

Ерболат ТОЙЛЫБАЕВ, Шымкент қаласы Ел тыныштығы үшін бүкіл ғұмырын ат үстінде өткізіп, тақымында тер кеппеген, талай найза мен қылыш сындырған, теңдік пен бақыт үшін күресіп, әділ билеуші, қайырымды қолдаушыны армандаған аталарымызды әр уақытта келер ұрпақтың келбеті толғандырған. Олар ата жұрты үшін жан беріп, жан алысып, талай боздағынан айырылды, талай қиындықты бастан кешті. Елінің атын, жерінің даңқын шығаратын тұлғаларды ардақтап, «Адал ұл ер боп туса – ел тілегі» дегенді үнемі естен шығармады. Ерлік пен өрліктің хас үлгісін көрсеткен батырларды мадақтау, олардың алдында бас иіп, құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың да бұлжымас парызы. Бүгінгі тыныш өміріміз, тәуелсіздігіміз осындай батырлық пен ерліктің белгісіндей болған ержүрек ерлеріміздің ерен еңбегі деп білеміз және бейбіт күннің әр сәтін бағалау қажеттілігін бәріміз сезінудеміз. Ел тыныштығы үшін аптап ыстық пен қақаған қыста алдыңғы сапта тұратын полиция қызметкерлері бүгінгі күннің батырлары іспетті. Сыртқы жаудан шекарамызды қорып, ішкі бытыраңқылықтың алдын алатын қиын мамандық иелері бейбіт заманда да өз өмірлерін қатерге тігіп жүреді. Т ә уе л с і з д і к ж ы л д а р ы н д а ө з қызметтік міндеттерін атқару барысында 800-ден аса ішкі істер органдарының қызметкері мерт болып, 3 мыңнан астамы жараланды. Көрсеткен ерлігі үшін 1100 полицей мемлекеттік наградаға ие болса, өкініштісі, оның 115-іне қаза тапқаннан кейін ғана марапаттары табыс етілді. Қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жан тәсілім еткен полиция қызметкерлерінің есімдері мәңгілік жадымызда сақталады. Осындай хас ерліктің үлгісін 2011 жылдың қарашасында қандықол лаңкесті тоқтату барысында қаза болған, халқының тыныштығы үшін басын бәйгеге тігіп, Қазақстан

е-mail: nastraje@mail.ru

Республикасының Халық Қаһарманы атағына ие болған бірегей тәртіп сақшысы Ғазиз Байтасов көрсете білді. «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» екендігін тағы да дәлелдеген батыр әріптесіміздің жанқиярлығы талай жүректерге от тастап, намыс найзағайын ойнатқандығы шындық. Шын батыр сын үстінде танылады. Батылдық, отансүйгіштік, ұстамдылық, табандылық, қайсарлық – нағыз батырлардың қасиеті. Өлім қаупі төнсе де, рухын жоғары ұстап, басына төнген қауіптен жалтармай, қоғамдық мәнді мақсаттарды негізгі борышым деп есептеген Ғазиз Байтасов басшылық тарапынан 25 рет марапатқа ие болып, қалтқысыз қызметі үшін біршама медальдармен марапатталған. Аз ғана ғұмырында асқан ерлігімен Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің биік өлшемін көрсеткен қаһарман әріптесіміздің ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі екені д а ус ы з . Ж ы л д а р ө т к ен с а й ы н батырдың бейнесі айшықталып, жарқырай түседі. Қаза болған алты жыл ішінде Ғазиз Байтасовтың есімі кең байтақ елімізге аңыз болды, өжеттіктің, өрліктің белгісі болып тарихқа енді. Ерлігімен қазақстандық полицейлердің абыройын асқақтатып, тыныштық сақшыларына халық сенімін ұялатты. «Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады» демекші, ел абыройын бұлқынған намыспен және жұлқынған жігермен ақтық

демі қалғанша қорғаған Ғазиз ағамыздай қаһарманның бейнесі жадымызда жаңғырып, оның бойындағы отаншылдық сезім қазіргі сапта тұрған барша полицейге қолдау көрсетіп тұрғандай. Бұл күндері жалпы тәртіпті, әділдікті ту етіп, қоғамның тыныштық күзетінде қызмет етіп, жабырқаған жандарға медет болған, қиналғандарға қорған болған сақшылардың еңбегі зор. Заңның жүзеге асуын, қылмыскердің құрықталып, жазаға тартылуын қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне артылатын жауапкершілік жүгі ауыр. Қарапайым адам полиция қызметкері бола алмайды. Асқан сабырлылық пен табандылықты қажет ететін қызметке асқан жауапкершілікпен келу қажет. Еліміздің ертеңі үшін қоғам тыныштығын сақтайтын болашақ офицерлерді тәрбиелеуде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, үздік үрдістерді пайдаланып, рухани бай ұрпақты тәрбиелеудеміз. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен көрегенді халқымыздың озық дәстүрлерін насихаттау арқылы Отансүйгіш, нағыз патриот азаматтарды қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз. Осы тұста Ғазиз ағамыздың ерлігі Оқу орталығымыздың тыңдаушыларына үлгі болса, қызметтік жолы үлкен сабақ. «Отанды сүю – иманнан» демекші, рухы биік ұрпақты соққан дауыл да, шапқан жау да ала алмайды. Сондықтан болашақ офицерлердің, ең алдымен, адами қасиеттерін дамытып, әскери дағдыға үйрету, арнайы бастапқы оқыту курсынан өткізу біздер үшін үлкен жауапкершілік. Батырлардың ерлігі мен батырлығын ұлықтау арқылы қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлетіп, ұлттың дамуына үлес қосудамыз. Осындай игі істердің арқасында ішкі және сыртқы тұрақтылығымыз нығаймаса, әлсіреген жоқ. Осы жолда біліміміз бен білігімізді, қайратымыз бен қабілетімізді, қажет болса қанымыз бен жанымызды аямай жұмсайтын боламыз. Елімізде бейбітшілік болсын, е л і ш і н д е г і б і р л і к п ен ұ й ы ғ а н татулықтың баяндылығын мақсат тұтқан айбынды азаматтарымыз аман болсын. Қыран қанатын құлаштаған көк байрағымыз желбіреп, тұғырымыз биіктеп, мәртебеміз асқақтай берсін! Елін сүйген ер есімі – мәңгілік ел есінде.

Көші-қон қызметі ілгерілеп келеді Рауан МАХАНОВ, Астана қаласы Биыл ел жүрегі – Астана қаласына 20 жыл толғалы отыр. Тарих үшін бұл қас-қағым сәт. Әлемнің үлкен қалалары 100 жылда бой көтерсе, Астана небәрі 20 жыл ішінде дүниенің ең көрікті, саяси маңызды қалаларының біріне айналды. Міне, осы жиырма жыл ішінде жаңа қаланы тұрғызуға өте көп жұмыс күші қажет болды. Сол уақыттан бері Астанаға еліміздің әр өңірі мен шетелдерден мыңдаған жұмысшы келіп-кетуде. Әсіресе, шетелден келген жұмысшыларды бақылап, оларға заңды көмек көрсетіп отыру – жауапты істердің бірі. Біз Астана қаласының Көші-қон қызметтері орталығына ат басын бұрдық. Жаңа орталықтың ішінде жұмыс қайнап жатқанын көріп, үлкен қалаға жұмыс іздеп, қыдырып келген шетелдік азаматтар арасында орталықтың қызметі, үкімет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер жайында сауалнама жүргізген болатынбыз. Ділшод, құрылысшы: – Мен Өзбекстаннан Астанаға әр жылдың көктемінде келіп, күзге дейін құрылысшы болып жұмыс істеп, ақша тауып кетемін. Бүгін мен көші-қон орталығына тіркеліп, жұмыс істеуге рұқсат алу үшін келдім. Кезекте көп тұрған жоқпын және құжаттарды рәсімдеуде ешқандай қиындық туындаған жоқ. Бұрын бізге Өзбекстаннан Қазақстанның шекарасына өту үшін 5-6 сағат, кейде бір күн уақыт кететін. Ал қазір 1 сағаттың ішінде өтеміз. Бұл өзбек халқы үшін қуанышты жағдай. Екі елдің достығы бұдан да жақындай түссін!

Байышбек, саудагер: – Мен Қырғызстаннан киім әкеліп сатамын. Астанада тұрып жатқанымызға үш жылдан асты. Әйелім екеуміз бірге сауда жасаймыз. Барлық құжатым, атқарып жатқан жұмысым заң бойынша дұрыс. Осыдан 4-5 жыл бұрын Қазақстанға тауар алып өту көп кедергі туғызатын. Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіргелі ол кедергінің бәрі артта қалды. Қазіргі уақытта өзімнің жеке көлігіммен тауар тасып, қалада емін-еркін жүре беремін. Осындай бауырлық, экономикалық одақ құруға себепші болған Елбасыларыңыз Нұрсұлтан Назарбаевқа қырғыз ағайындардың атынан алғысымды айтамын. Гүлғайша, дәрігер: – Қытайдан атамекенге оралғаныма 3 жылдан асты. Алматы қаласынан Астанаға көшіп келгеніме бір ай болды. Жақын арада Қазақстан Республикасының азаматтығын аламын. Көші-қон қызметтері орталығына тіркелу үшін келдім және 6 жасар баламды мектепке орналастыруым керек. Барлық сұрағыма нақты жауап берген мекеме қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Алдағы уақытта Қытайдағы қандастарымыз еш қиындықсыз елге оралып, азаматтықтарын алса деймін. Дәурен, кәсіпкер: – Мен Өзбекстаннан келген азаматтарға жұмыс берушімін. ХҚО-ға келіп жұмысшыларымды тіркеп, олардың елімізде еңбек етуіне рұқсат алып жатырмын. Бұл орталықтың ерекшілігі – ХҚО мен көші-қон қызметі бір ғимаратта орналасқандығы. Оған қоса, банк бөлімшесі де бар екен. Мигранттар тапқан ақшаларын осы жерден өз елдеріне аудара береді. Алдағы уақытта осындай орталықтар еліміздің барлық қаласында ашылса, құба-құп. Еңбек етуге келген азаматтарға жағдай жасасақ, олардың да жасаған жұмыстары сапалы болады. Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың қаңтар айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ІІМ-мен бірлесе отырып, Астана қаласында көші-қон жөніндегі ХҚО ашылып, өз жұмысын бастаған болатын. Бұл тек Қазақстан азаматтары үшін емес, сырттан келген шетел азаматтары үшін де өте қолайлы болды. Аталмыш ғимаратқа бұрын әр жерде орналасқан қажетті қызмет түрлері шоғырланды. Соның ішінде банктер, сақтандыру компаниялары, медициналық мекемелер, салық қызметтері. Бұған дейін рұқсат алу үшін немесе мерзімін ұзарту үшін шетелден келген жұмысшылар мен саяхатшылар шамамен 5-6 орынға барып, 4 күн уақыттарын жұмсайтын еді, ал қазір осының бәріне бір сағат уақыт жеткілікті. Алдағы уақытта осындай ХҚО-ны Алматыда және еліміздің кейбір өңірлерінде ашу жоспарланып отыр.

ЖОЛДАУ ЖОЛДАРЫНАН

Қазақстандық қоғам идеалы – білімдар жастар Асқар ИМАНОВ, Ақтөбе қаласы

Адамзат тарихында қай қоғамда болмасын даму процесі ұдайы толастамайды. Әлемдегі алпауыт мемлекеттердің көш бастауы – сол елдегі даму саясатының оңтайлы әрі дер кезінде жүргізілгендігінің айғағы. Тәуелсіз Қазақстанда өркениеттің әлемдегі озық тәжірибелерін енгізуді және өз елімізге қолайлы жолдарды зерттеп, қазақ елінің бәсекелестігін арттыруға барлық қадамдар жасалып, қарқынды дамудың даңғыл ж о л ы а й қ ы н д а л ды . П р е з и д ен т Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік», – деп атап көрсетті.

Қоғамдағы барлық саланы ілгерілетуге, тіпті озық технологияларды жетілдіруге, әрине, білікті мамандар, яғни адами капитал қажет. Құқық қорғау саласына қатысты Елбасы аталған Жолдауда «Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет», – деді. Заңның үстемдігін қамтамсыз етуді қалыптастыруда қоғамдағы азаматтардың құқықтық с а у а т т ы л ы ғ ы м ен қ ұ қ ы қ т ы қ мәдениетінің төмендігі кері әсерін

тигізіп отыр. Осы бағытта халыққа құқықтық ақпараттар беріліп, сауаттандыру жұмыстарына, сонымен бірге, құқық қорғау органдары өкілдеріне деген халықтың сенімін нығайтуға күш салынып отыр. «Ақылды технологияларды» енгізу арқылы халыққа сапалы, ыңғайлы

әрі жылдам қызмет көрсетіледі. Ал Президенттің әлеуметтік бес бастамасы, біріншіден, халықтың әлауқатын нығайтып, қоғамдағы құқық бұзушыларды азайтады, екіншіден, жас мамандарды сапалы даярлап, өз еліне адал қызмет етуге ынталандырар қадам.

Білімі тайыз, біліктілігі төмен халық дамушы елді дамыта алмайды. Елбасы айтқандай, «өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ, заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық ә р і ж а һ а н ды қ к ө з қ а р а с ы б а р қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс». Төртінші революция жағдайына көшудің маңызды тетігі – дамыған индустрия, оны жүзеге асырушы күш – жаңа технологиялардың жетістіктерімен қаруланған мамандар. Демек, б і л і м д і ж а с т а р – Қ а з а қ с т а н ды халықаралық аренада алдыңғы қатарға шығуының, мемлекетіміздің нығайып, қанатын құлаштап самғауының кепілі. Сондықтан әрбір азамат – өз мамандығын жетік меңгеруді айнымас міндетіне айналдыруы керек.


6

ƏРІПТЕС КЕЛБЕТІ №29 (4387),№ сейсенбі, 17.04.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

СҰХБАТ

е-mail: nastraje@mail.ru ДИНАСТИЯ

Жол қозғалысының қауіпсіздігі – Əке жолын қуған қыз баршамызға қатысты Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың Ұлт жоспарының 30 қадамын жүзеге асыру аясында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде Жергілікті полиция қызметі құрылғаны белгілі. Сол қызметтің құрамына кіретін Жол-патрульдік полициясы полкінің жұмысы жөнінде кеңірек білу мақсатында ІІД ЖПҚ Жол-патрульдік полициясы қызметін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, полиция майоры Жасұлан Келемсейітпен сүхбаттасқан болатынбыз. –Жасұлан Ермекұлы, Елбасымыздың Ұлт жоспарында айтылғандай, Жергілікті полиция қызметі – құқық тәртібі және заңдылық атты екінші реформаның мәні, заңдарды қатаң орындап, құқық тәртібін нығайту арқылы азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында құрылғаны белгілі. Бүгінгі таңдағы жол-патрульдік полициясы қызметін ұйымдастыру бөлімі жайлы айта кетсеңіз. – Қазіргі таңда Жергілікті полиция қызметі ұсақ құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын ұстана отырып, жол-патрульдік полициясы, ювеналдық полиция, қоршаған ортаны қорғау полициясы, сондайа қ , т ұ р м ы с т ы қ қ ы л м ы с т а р ды , соның ішінде әйелдерді зорлықзомбылықтан қорғау және арнайы қабылдау бөлімдерін қамтиды. Одан өзге, Жергілікті полиция қызметіне құқық бұзушылықтардың профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша іс жүргізу, қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жатқызылады. Мен қызмет атқарып жүрген жол-патрульдік полициясы қызметін ұйымдастыру бөлімін полиция подполковнигі Рүстем Өмірбеков басқарады. Бөлімде 12 қызметкер жұмыс атқарады. Әр қызметкер халық тыныштығы үшін қызмет етіп жүр. – Өзіңіз Ішкі істер органдарына қашан келдіңіз? – Ішкі істер органдарында 1999 жылдан бері қызмет атқарып келемін. Биыл 19 жыл болмақ. Алғашқы еңбек жолымды Астана қаласы Жол полиция басқармасының Жол полициясының арнайы батальонының аға инспекторы қызметінен бастап, одан кейін Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік тәжірибе бөлімінің а ғ а и нс п е к т о р ы , к ей і н нен Ж о л полициясының мамандандырылған батальонының кезекші бөлімінің аға инспекторы, сол кездегі Жол полициясы комитетінің инспекто-

ры, кейіннен қазіргі Астана қаласы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып, әртүрлі орындарда қызмет атқарып шыңдалдым. Содан 2016 жылы Жергілікті полиция қызметіне келдім. – Жол қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша жиі салынатын айыппұл түрлері мен көлемі қандай? – Б ү г і н д е ж о л қ о з ға л ы с ы н ы ң қатысушылары, яғни жүргізушілер тарапынан жиі кездесетін жол ережесін бұзу фактілеріне және айыппұл түрлеріне келсек, оған көбіне көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы, белгіленген жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдіктерін тақпау, жүргізушінің қарама-қарсы жол жиегіне шығу фактілері, бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту және тағы басқа жол ережесін сақтамау жағдайлары кіреді. Мысалы, жиі кездесетін ереже бұзушылықтың бірі – көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің теле ф о н ды п а й д а л а н у ы н а 5 А Е К к ө ле м і н д е а й ы п п ұ л с а л ы н с а , бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өтуіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. – Жол-патрульдік полициясы қызметі – халық сенімін арттыру үшін қандай тапсырмаларды орындау арқылы жұртшылықпен тығыз

қарым-қатынас орната алады? – Жергілікті полиция қызметінің б а с т ы м а қ с а т ы – е ң а л ды м ен халықпен тығыз қарым-катынас о р н а т у б о л ғ а н ды қ т а н, к ө ш е ле р мен басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықты оңалту арқылы халыққа жақын бола түседі. – Сіздердің қызметтеріңізге қандай міндеттер жүктеледі? – Жергілікті полиция қызметінің құрамына кіретін жол-патрульдік полициясы қызметін ұйымдастыру б ө л і м і н і ң м і н д е т т е р і не е ң а л дымен Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Жол-патрульдік полициясы полкінің күнделікті атқарылатын жұмысын ұйымдастыру және қадағалау кіреді, соның ішінде, қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларына көбірек көңіл бөлінеді. Одан басқа, әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша келіп түсетін арыздар бойынша қызметтік тексерістер өткізу және де жоғарыда айтылғандай қоғамдық орындарда өткізілетін мерекелік және күзетке алынған үкімет мүшелерінің қатысуымен өтетін іс-шараларды өткізу жүктеледі. – Жол-патрульдік полициясы қызметкері қандай болуы керек? Т ә р т і п с а қ ш ы с ы б о л у ды б а л а күніңізден армандадыңыз ба? Менің ойымша, полиция қызметкері – ең алдымен өз елінің патриоты болуы керек. Сонымен қатар, өзіне тапсырылған жұмысты абыроймен атқара алатын білікті маман, істеген ісіне тиянақты, ұқыпты және спортпен шыңдалған болуы керек деп ойлаймын. Ал, бұл салаға келу – бала күнгі арманым болды. Кішкентайымнан ішкі істер органдарында қызмет атқарған әкемнің і н і с і не қ а р а п б ой т ү з е п ө с т і м . Кейін Алматы қаласындағы ІІМ Академиясын аяқтадым. – Әңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан Ақжан ИБРАГИМОВА, суретті түсірген Қанат КӨЛБАЕВ

Халықтың тыныштығы мен қоғамдық тəртіпті қадағалаудағы басты күш – құқық қорғау органдары. Солардың ішінде кадр басқармасының да жұмысы айтарлықтай маңызды. Олар полиция қызметін ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін бұл салада шыңдалып, өз мамандығының майталманы болған нəзік жанды ару – Динира Испусинова.

Динира Тұрарқызына əке сі Тұрар Құспанұлының өмір жолы əркез өнеге. Тұрар Испусинов өзінің бар саналы ғұмырын ел тыныштығын қамтамасыз етуге арнаған. «Əке – асқар тау» дегендей, əкесі қызына ақыл-кеңес беріп, полиция мамандығының қиыншылығы мен ауырлығын да түсіндірді. «Əкем жұмысқа орналасқан кезімде тəжірибесімен бөлісіп, қолдау білдіріп, жақсы маман болудың басты сыры – өз жұмысыңа адал болу керектігін ұғындырды», – дейді Динира Тұрарқызы. Ол əкесінің өмірде жүріп өткен жолдарын іштей мақтаныш етеді. Тұрар Құспанұлы 1948 жылы Атырау (Гурьев) облысының Индер ауданының Кулагино село сында дүниеге келген. 1973 жылы Гурьев политехникалық техникумы мен 1986 жылы Гурьев педагогика институтын бітірген. Ішкі істер орг андар ы с а ласында 1 9 8 6 ж ылы еңбек жолын бастаған. 2001 жылы «Ішкі істер саласының құрметті қызметкері» ат ағын иеленді. Жұмысына жауапкершілікпен қарап, əркез алдына қойылған міндеттерді мүлтіксіз атқарғаны үшін Ақтөбе облыстық қылмыстық атқару жүйесі басқармасының бастығы болып қызмет атқарған. 2004 жылдың мамыр айынан бері құрметті еңбек демалысында. «Мінсіз қызметі үшін» төс белгісімен марапатталды. Ə ке н і ң ə р б і р с ө з і н ж ү р е кт е н өткізген Динира бүгінде өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Еңбек жолын құқық қорғау саласында Ақтөбе қалалық Ішкі істер бөлімінің кадр жəне тəрбие жұмысы бөлімшесінде инспектор болып бастады. Аға инспектор болып жүріп, жұмыстағы тындырымдылығы мен іскерлігі, баст амашылдығы нəтижесінде Ақтөбе облыстық ІІД Кадр басқармасы бастығының орынбасары қызметіне дейін өсті. «Алғаш осы салаға келгеннен бастап жұмысқа деген қызығушылығым артты. Сондықтан, «тəртіп сақшысы болам» деген жастарға айтарым –

бойларында күш-жігері мол, ойлары қырағы, жүйелі болуы керек. Жұмысқа жауапкершілікпен қараулары керек», – деп өз мамандығының жауапкершілігін түсіндірді. Полиция қызметкері болу – қ а й уа қ ы т т а , қ а й ке зд е б ол с а да жауапкершілігі мол қиын істердің бірі. Олар еліміздің Конституциясын негізге ала отырып, елдің тыныштығын, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ал, сол қызметкерлердің жұмысын жақсы атқаруына алаңдап, əрқайсысының жағдайын жасауға ұмтылатын Кадр басқармасының атқарар шаруасы қыруар. Динира Тұрарқызы бүгінде өз саласының білікті маманы, əріптестеріне сыйлы, отбасында екі баланың ардақты анасы, сүйікті жар. «Тəртіп сақшыларының қатары жыл сайын жас мамандармен толығып отыр, оларға жұмысты жақсы игеріп кетулеріне бар мүмкіндіктерді жас аймыз. Əрқайсысына тəлімгер бекітіледі. Ұжымдағы ауызбіршілік пен өзара сыйластыққа көп көңіл бөлеміз. Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетіп, түрлі меркелік шаралармен қатар тəрбиелік мəні мол кездесулерді де жиі ұйымдастырып, ұ р п а қ т а р с а б а қ т а с т ы ғ ы н од а н əрі дамытуға мейлінше ат с алысып келеміз», – дейді полиция подполковнигі Динира Тұрарқызы. Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Халық пен заңға адал бол! Б. БІРІМЖАНҚЫЗЫ, Астана қаласы Кез келген қылмыстың ақ пен қарасын ажыратып, ақиқат пен шындығына көз жеткізу – тергеуші деген үлкен мамандық иесіне жүктеледі. Олардан біліктілік, төзімділік жəне үлкен ізденіс талап етіледі. Сондықтан да тергеушінің қоғамға қосар үлесі орасан зор. Осы қиын да маңызды, жауапкершілігі мол мамандықтың қыр-сырын үйреніп, абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтар ІІО-да аз емес.

Полиция капитаны Асқар Жұмабеков 2017 жылдың наурыз айынан бастап Астана қаласы әуежайындағы Ішкі істер желілік бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы болып тағайындалып, жемісті еңбек

етіп келе жатқан жас басшының бірі. Жас та болса тынымсыз еңбегі мен ақыл-парасатының арқасында үздіктер тізіміне ілікті. Ұстаздар отбасында дүниеге келген ол – балалық шағынан полиция қызметкері болуды армандады. 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келіп, алғашқы білім нәрін Шар қаласындағы орта мектепте бастап, үлкен өмірге зор үмітпен қадам басқан жас өрен сол мектеп қабырғасын тәмамдаған соң, Қарағанды қаласындағы Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясына оқуға түсіп, оқу орнын үздік дипломмен бітіреді. Жастайынан спортпен айналысқан Асқар есейсе де бұл саланы серік етуден жалықпады. Асқар 2006-2007 жылдары жасөспірімдер арасында еркін және қазақша күрес түрлерінен Шығыс Қазақстан облысы мен Жарма ауданының чемпионы әрі жүлдегері, қазақша күрестен б і р не ш е р е с п у б л и к а л ы қ а ш ы қ турнирдің жүлдегері, 2009-2010 жыл-

дары студенттер арасында қазақша күрестен Қарағанды облысының әкімі жүлдесінің екі мәрте жүлдегері атанған. 2013 жылы самбо күресінен Көліктегі ІІД қызметкерлері арасында өткен біріншіліктің чемпионы. Спорт жағынан үнемі өзгелерден алда жүретін жас маман қазір самбо күресінен Көліктегі ІІД құрама командасының мүшесі. Б ү г і н г і к ү н і қ ы з м е т б а б ы нд а з а ң н а м а л а р ды , қ ы л м ы с т ы қ кодекстерді басшылыққа ала отырып, қылмыстардың ашылуында әділдікпен шешім қабылдап, мінсіз еңбек етіп жүр. Ішкі істер органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау кезінде «өте жақсы» деген баға алып, берілген сынақтардан мүдірмей өтті. Саламатты өмір салтын ұстанып, үнемі ізденісте жүретін көлік сақшысы ауыр, аса ауыр қылмыстарды тергеген кезде әділдік, заңдылық, ақиқат және шыңдық қағидаларын ұстанады. «Заңдағы өзгерістерді қадағалап, үлкен ізденісті

талап ететін салада тегеуріні мықты тергеуші болу қажет» деп түйіндеді өз сөзін. Асқар секілді жігерлі әрі қайсарлы, ж ұ м ы с ы н а ж а у а п к е р ш і л і к п ен қарайтын жас маманның зор талабын көргенде «Ерлік білекте емес - жүректе» екенін түсінесің. Бүгінде қызметіне адал басшы отбасын құрып, қызын тәрбиелеуде. Ішкі істер органдарының қисыны көп шаруасы мен қызметі арасынан отбасына уақыт бөліп, отбасының азамат үшін қасиетті алтын діңгек екенін де ұмытпайды.

Жас болғанмен болашағынан зор үміт күттіретін өз саласының білікті маманы «Егемен еліміздің жарқын болашағына ішкі істер органдарының қызметкері ретінде үлесімді қосып, қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуына одан әрі еңбек етемін», – дейді. Осынау мықты тергеушінің сөзін Алты Алаштың айбынын асқақтатқан ата-бабамыздың ілкі арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіз елдің ұрпағының өрелі ойы деп білеміз!


СПОРТ №29 (4387), 17.04.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz № 93сейсенбі, (3970), четверг, 19.12.2013

ҚАЗАҚША КҮРЕС

Ақмолалық балуандар аламаны

Жуырда қазақша күрестен өткен Ақмола облыстық ІІД чемпионатына 90 полиция қызметкері қатысты. ІІД спорт кешенінде өткен жарыстың негізгі мақс аты – физикалық дайындықты жетілдіру, саламатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар, қызметкерлердің ұрыстық дағдыларын көрсету, мықты палуандарды анықтау. Спортшылар бес салмақ дəрежесі бойынша жарысты: 60, 70, 80, 90 жəне 90 келіден жоғары салмақтар. Тəуелсіз қазылар алқасы аймақтың əйгілі жаттықтырушылары мен спорттық мектеп, секциялардың ұстаздарынан құралды. Ашылу салтанатында ІІД Арнайы даярлық басқармасының бастығы, полиция майоры Ержан Жақыпов қатысушыларға ыстық лебізін білдірді. Спортшыларды құттықтай отыра, ол бұл спорт түрі қазақ халқының тарихымен тікелей байланысты əрі спорттың ежелгі түрлерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Бүгінгі таңда

бұл жекпе-жек түрі, əсіресе, қарулы күштер жүйесіндегі қызметкерлер арасында аса танымал. Ч е м п и о н ат қ ат ы су ш ы л а р ы ө з шеберліктерін көрсетуге тырысып бақты. Нəтижесінде командалық бірінші орынды облыстық Ішкі істер департаментінің аппараты жеңіп алды. Атап өту қажет, ІІД командасы жедел қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлерінен құралған, олардың барлығы қоян-қолтық ұрыс жəне самбо бойынша спорт шеберінің үміткерлері, облыстық жəне ре спубликалық, халықаралық жарыстардың тұрақты қатысушылары. Екінші тұғырдан облыстық ТЖД, үшінші орынан Ұлттық ұлан əскери қызметкерлері көрінді. Жекелей сында 60 келіге дейінгі салмақта бірінші орынды 5510 əскери бөлімінің қызметкері Нұрбек Уатхан жеңіп алды, екінші жəне үшінші орынды

ІІД командасынан Нұрғали Тілешбеков пен Ақылжан Сəлімов иеленді. 70 келіге дейінгі салмақта бірінші орын ЖҚАЖ балуаны Олжас Əлпейісовке, екінші орын Көкшетау техникалық институтының қызметкері Қамбар Райымхановқа, үшінші орын Көкшетау қалалық ІІБ қызметкері Асқар Баймағамбетовке бұйырды. 80 келіге дейінгі салмақта үздік болып Көкшетау қалалық ІІБ қызметкері Ибрагим Джаниев атанды. Екінші жəне үшінші орындарды Қорғалжын ауданынан Дархан Қуанышев пен ІІД-нен Райымбек Шамиганов жеңіп алды. 90 келіге дейінгі салмақта бірінші орынды Төтенше жағдайлар департаментінен Əсет Жүнісов иеленсе, екінші жəне үшінші орын ІІД ЖҚАЖ қызметкерлері Серік Сəпиев пен Диан Жапаров жеңіп алды. Сонымен қатар, жарыс аясында абсолютті чемпиондар да анықталды. Мұндай жоғарғы атаққа ТЖД командасынан Əсет Жүнісов ие болды, екінші орында ІІД командасынан Олжас Əлпейісов, үшінші орындарды ІІД өкілі Айбек Төлеубаев. М а р а п ат т ау р ə с і м і б а р ы с ы н да «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы жүлдесімен чемпионаттың аға қатысушысы Таңат Қоспанов марапатталды. Бағалы жүлде мен «Үздік ұрыс техникасы үшін» грамотасы Олжас Əлпейісовке табысталды. Чемпионаттың барлық жеңімпаздарына бағалы жүлделер, кубоктар мен грамоталар табысталды. Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі

ПРЕЗИДЕНТТІК КӨПСАЙЫС

Биікті бағындырған ұландықтар Сайысқа «Орталық», «Шығыс», «Оңтүстік», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының жəне Ұлттық ұланның Əскери институты мен 5573 əскери бөлімінің командалары қатысты. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды, қатысушылар жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, мықты спорттық дайындықтарын көрсете білді. Петропавл құрылыс экономикалық колледжінде жаттығудың екі түрі бойынша сайыстар өтті. Біріншісі пневматикалық винтовкадан дəлдеп ату болса, екіншісі – белтемірге тартылу. Екінші күні жарыс Есіл өзенінің бойында шаңғымен 10 шақырымға жүгірумен жалғасын тапты. Пневматикалық винтовкадан дəлдеп атудан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген Қарағанды қаласынан келген 6505 əскери бөлімнің тəрбие жəне əлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, аға лейтенант Жеңіс Жайлыбаев бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Алматы қаласы 5571 əскери бөлімінің 3 жедел мақсаттағы ротасының атқышы, қ ат а р д а ғ ы Е р л а н М ы ң ж а с а р о в бағындырып, Астана қаласындағы 5573 əскери бөлімнің байланыс қызметінің бастығы, подполковник Иван Проскура үшінші орынды иеленді. Б е л т е м і р ге т а рт ы л уд а н ү зд і к болып Павлодар қаласынан 5518 əскери бөлімнің взвод командирі, аға лейтенант Серік Мұқанов танылса, екінші жəне үшінші орындарды майор Мақсат Нүсіпов пен сержант Махамбет Дошанов сынды ұландықтар иеленді. Сайысқа қатысқандар үшін осы екі жаттығуды орындау оңайға түспеді, қара қылды қақ жарған төрешілер тарапынан қойылған шарттар көптеген қиындықтар туғызса да, жігіттер

е-mail: nastraje@mail.ru

7

ВОЛЕЙБОЛ

Командалық ойын

Волейбол – əртүрлі жастағы адамдардың арасында өтетін қарапайым жəне көп тараған ойындардың бірі. Ережесі əр адамның мамандығы мен қызмет түріне қарамастан қолжетімді. Ол ойыншылардың физикалық тұрғыда ғана емес, сондай-ақ, ұжымды біріктіруге арналған жақсы тəсіл.

Қалыптасқан дəстүрге сай «Динамо» спорт кешенінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД жəне Петропавл қалалық ІІД қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті. Ойын барысында əр қызметкер өз командасына жеңіс ұпайын əкелуге тырысты. Əр команданы қолдауға олардың достары мен əріптестері көптеп келді. Барлық қатысушылар өткен ойындағы телегей эмоция, көтеріңкі көңіл күй мен спорттық демалысқа ризашылық білдірді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ

Төтеншеліктер төрді бермеді

А. ДАЙЫРОВ, Павлодар облысы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің командасы мемлекеттік қызметкерлердің арасындағы ХVI облыстық спартакиада бағдарламасының шеңберінде өткен үстел теннисі бойынша жарысқа қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.

«Баянтау» спорт сарайында өткен сайыста жалпыкомандалық есепте ғана емес, жекелей сында да департамент атынан қатысқан барлық спортшы бірінші орыннан көрінді. Атап айтқанда, олар – Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасы жедел кезекшінің көмекшісі В. Александров, №2 Өрт сөндіру бөлімшесінің қарауыл бастығы А. Исаханов, №32 Өрт сөндіру бөлімшесінің радиотелефонисі Г. Ихсангалиева.

ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ

Самал ЕСІМСЕЙІТОВА, Петропавл қаласы Жуырда Петропавл қаласында орналасқан 6637 əскери бөлімде Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, полковник Алтынбек Жүсіповтың, Ұлттық ұлан спорт жəне дене шынықтыру қызметінің бастығы, полковник Жанболат Ахметовтың қатысуымен, Астана қаласының 20 жылдығына орай, Республикалық Ұлттық ұлан қысқы Президенттік көпсайысы өтті.

Күйзеліспен күрес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының күніне орайластырылған Дүниежүзілік денсаулық күні биыл күйзеліспен күреске арналып отыр. Осыған орай Атырау облысы ТЖД қызметкерлері бір күнді спорттық шараларға арнады. Ұжым толық құраммен далаға шығып, таңертеңгі сергіту жаттығуларын жасады. Сонымен қоса, іс-шараға қатысушылар мамандардан салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, физикалық тұрғыда белсенділік, күн тəртібін сақтау мен күйзелістің ағзаға əсерлері жөнінде кеңестер алуға мол мүмкіншілік алды. Кейін жеке құраммен психологиялық тренинг өтіп, жұмыс алдында жүйке тыныштандыратын ойындар ойнатылды. Бұдан бөлек, дəл осы күні таңнан «Апаттар медицинасы темір жол ауруханасы» АҚ Атырау филиалының «Атырау темір жол ауруханасы» тұрғындарға арнап «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Кез келген адам тегін тексерістен өтуге мүмкіншілік алды. Атырау облысы ТЖД Мемлекеттік тіл жəне ақпарат тобы

АТУ САЙЫСЫ

Мергендер мүлт кетпеді Петропавл қаласында Макаров тапаншасынан «Практикалық атыстан Солтүстік Қазақстан облысының ашық кубогі» өз мəресіне жетті.

жүздің арасынан жүйрік болып алға ұмтыла шықты. Он шақырымдық шаңғы жарысынан мəреге бірінші болып Павлодар қаласының 6679 əскери бөлімінен келген қатардағы Александр Кулинич жетсе, оның ізін суытпай мəреге екінші болып Ақтөбе қаласы 6655 əскери бөлімінен қатардағы Вакуленко Александр келді, ал үшінші болып Ұлттық ұлан Əскери институтының офицері, полковник Александр Апасов мəреге жетті. Бұл дүбірлі додада төрешілер жеке жəне жалпы есеп бойынша бірінші орынды Ұлттық ұлан Əскери институтының дене шынықтыру жəне спорт кафедрасының аға офицері, майор Мақсат Нүсіповке тиесілі деп шешсе, екінші орынды 6636 əскери бөлімнің бақылаушысы, сержант Махамбет Дошанов қанжығасына

байлады. Үшінші орын 5573 əскери бөлімнің взвод командирі, аға лейтенант Диас Ахметбековке бұйырды. Жарыстың қорытындысы бойынша командалар арасында Ұлттық ұланның Əскери институты командасы үздік деп танылып, 1-дəрежелі грамотамен жəне кубокпен марап ат т а л д ы . « О р т а л ы қ » ө ң і р л і к қ о л б а с ш ы л ы ғ ы н ы ң ком а н д а с ы 2-дəрежелі грамотамен жəне кубокпен, ал 5573 əскери бөлімнің командасы 3-дəрежедегі грамотамен жəне кубокпен марапатталды. Жарысты қорытындылай келе полковник Жанболат Ахметов шараны ұйымдастыруға қатысқандарға жəне белсенділік танытқан төрешілерге Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан ризашылығын білдіре отырып, оларды грамота жəне алғыс хаттармен марапаттады.

Сайысқа облыстық Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Астана қаласынан арнайы келген олардың əріптестері, сонымен қатар облыстық Ішкі істер департаментінің атынан Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ пен оқужаттығу взводы қатысты. Барлығы 28 қызметкер төрт адамнан 6 құрамаға бөлінді. Олар ату бойынша бес жаттығудан өтті. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша практикалық ату федерациясының» төрағасы Мүслім Яндиевтің айтуынша, бұл шараның өткізілу мақсаты – атушылардың біліктілігін арттыру. Сайыстың қорытындысы бойынша командалық есепте 1 жəне 3-орындарды Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД оқу-жаттығу взводы жеңіп алды. Жекелей сында да 1 жəне 3-орындар аталған взвод қызметкерлеріне бұйырды. Сайыс соныңда барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен жəне грамоталармен марапатталды. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі


8

СӨЗ СОҢЫ №29 (4387), сейсенбі, 17.04.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz ҚОЙЫЛЫМ

Санаға ой салған спектакль Қанат МЕҢДІБАЕВ, Ақтөбе облысы

Ақтөбе облыстық Т. Ахтанов атындағы драма театры жаңа төл туындысын КА-168/5 мекемесіне келіп, жазасын өтеп жатқан азаматтардың назарына ұсынды. сенген діні және өзі сенген болашағы Иә... Қазіргі заман талабына сай ма, бар. Ол Салияны ата-анасының ақ әлде басқа ұлттардың салт-дәстүріне батасынсыз жар етіп алып, кейін еліктеген түр танытамыз ба? Әйтеуір оны талақ етіп, бауырлас «братына» жауабы көп, сұрағы жоқ шытырман үшінші әйелдікке «сыйлай» салады. ой қамалына берілген біз үшін осы туОның бұл әрекеті қандай дін өкілі ынды жадымызға сіңе бастаған жаман болса да адалдық қасиетке жат қылық әдеттерден арылтып, соңы өкінішке екені айтпасақ та түсінікті болар. ұрындырмайтын тыныш та бейбіт Иә, «салафизм» дертіне шалдығып, өмірдің жалғасын ұсынатынына осындай іс-әрекеттерге саналы түрде сенеміз.

Қойылымдағы басты кейіпкер Салия мен Салем бей. ХХІ ғасырдың дертіне ұшыраған Салем бейдің бұл қойылымдағы өзі сенген әлемі, өзі

барып, қателікке бой алдыруы салдарынан темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатқан қаракөз қыздарымыз бен жігіттерімізге осы

«Сити Плюстегі» қызықты ойын АКЦИЯ

туынды «әлі де болса ойлан, артқа қайтар жолды ізде» деп тұрғандай. Қандай адам болсаң да өмір есігін шыр етіп ашқанда туылатын анаң біреу, еметін омырауың адал, сен үшін тербелген бесік те бірдей. Осы өмірден өзіңе берілген несібеырзығыңды бұйырғанынша алып, сонан соң қас пен көздің арасында өте шығатын өмір жолы қаншама қызығы мен шыжығы араласқан уақиғаға толы болады. Соның бәріне төтеп беріп, болашағың, ұрпағың үшін өмір деген арыны қатты өзенде келеңсіздіктермен күресіп жүргеніңде қаншама қолыңда бар мүмкіндікті жіберіп алатының да рас. Әттеген-айы, өзіңе берілген дінің мен тіліңнен айрылсаң, сен үшін өмір сағаты сол мезетте-ақ тоқтайтынын есіңнен шығармағаның жөн болар. Сирия еліне қыр асып кетіп шейіт болған қаншама қыздарымыз, ұлдарымыз, кішкентай періште балаларымыз сол елде ажал мезеті төнгенде беті де жабылмастан, соңғы сағатында ғана өкініш деген ащы азаптың жасына көміліп, оқ пен оттың арасында қалғанын бір-ақ білген болар. Біреудің жетегіне еріп, осындай теріс жолға түсіп кетпеуі үшін қойылған театр қойылымы оны тамашалаған біраз жанның көкейіне ой салғаны талассыз.

11 сәуірде «Сити Плюс» сауда және ойын-сауық кешенінің холлында Алматы облысы ТЖД Талдықорған қаласы ТЖ басқармасымен және «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесіп «Бақытты балалық шақты қорғау» акциясын өткізді.

Онда ата-аналар мен балаларға жұмбақтар айтылып, өртке қарсы тақырыпта сұрақ-жауап түрінде викторина жүргізілді, балалармен өрт қауіпсіздік ережелері талқыланды. «Жас Отан» Жастар қанатының волонтерлері флешмоб билеп, Алматы облысы ТЖД және Талдықорған қаласы ТЖБ қызметкерлері «Сити Плюс» сауда және ойын-сауық орталығының «Патифуд» және «Бюргер Кинг» желісі сататын пицца мен бюргерлердің қораптарына балалардың қауіпсіздігі туралы ата-аналарға арналған ережесі бар ақпараттық жадынамалар салып, таратты. Соңында қатысушыларға балалардың отпен ойнауының алдын алу жөнінде жадынамалар берілді.

ХАБАРЛАНДЫРУ

ІІМ-нің Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі қатардағы және кіші басшы құрам және орта басшы құрамның бос лауазымдарына конкурс жариялайды. Қызмет инспекторы, C-SSP-8 санаты, 10 бірлік, Полицей, С-SV-12 санаты, 10 бірлік. Лауазымдық жалақысы Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max

С-SSP-8

98772

101958

C-SV-12

74845

76031

Функционалдық міндеттері: Азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамсыз ету, қылмыс және әкімшілік бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, қылмысты ашуға және қылмыскерлерді ұстауға қатысу.

Талап: қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына отыз бес жастан аспаған, орта басшы құрам лауазымдарына отыз бес жастан аспаған, бойы 170-тен кем емес, тиісті білімі бар және мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар немесе әскериоқыту резервін даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады. Мекен жайымыз: Астана қаласы, Иманов көшесі 21, телефон: 20-19-65, 8-(7172) 20-21-58(факс), 87015593981; 87022666722, 87079549994. e-mail: Polkpoodp_astana@nur. kz кадр жұмысы бөлімшесі.

ІІМ Көліктегі ІІД Астана қаласы әуежайындағы ІІЖБ қатардағы және кіші басшы құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды. Полицей, полицей-айдауылдаушы, жүргізуші-полицей C-SV-12 санаты, 10 бірлік, C-SV-13 санаты, 2 бірлік. Функционалдық міндеттері: Азаматтардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамсыз ету, қылмыс және әкімшілік бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, қылмысты ашуға және қылмыскерлерді ұстауға қатысу. Талап: қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына отыз бес жастан аспаған, бойы 170-тен кем емес, тиісті білімі бар және

мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар немесе әскериоқыту резервін даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады. Мекен жайымыз: Астана қаласы, Қабанбай Батыр даңғылы 117, телефон: 49-91-63, 28-64-77, 87771534848; 87015200991 кадр жұмысы тобы.

Күле отырыңыз! Пойызда. Жолаушы: – Әй, жолсерік, мені Қарағайлыда оят дегенім қайда?! Жолсерік: – Ойбууу! Әрең оятып, көтеріп түсіріп жібергенім жаныңыздағы жолдасыңыз болды-ау, ә?!

Акция аяқталған соң адамдар жаппай жиналатын нысандарда өрт шыққан жағдайда іс-қимыл жасау туралы жадынамалар «Сити Плюс» сауда және ойынсауық орталығына келушілер мен бутиктердің сатушыларына таратылды. Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

ЭКСКУРСИЯ

Туған тарих – рухани мұра Дана ДОСТАНОВА, Қызылорда облысы Еліміздің тарихын, мәдениетін, туған өлкеміздің, ата-бабаларымыздың өткенін білу – әрбір азаматтың міндеті. Елбасының өткен жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық салтдәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс деп айтылған болатын. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастамасымен департаментке қарасты мекемелердің жас қызметкерлерін патриоттыққа және рухани-эстетикалық тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау мақсатында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Музей қызметкерлері жас қызметкерлерді жылы шыраймен қарсы алып, осындағы өлкеміздің табиғатынан, халқымыздың өнері мен тұрмысынан, өткен тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін 14 залды аралап, мол мағлұмат берді. Экскурсия барысында «Тәуелсіз Қазақстан» залында қызметкерлер еліміздің Әнұранын орындады. Экспозициялық залдар бойынша музей қорындағы құнды экспонаттармен де жақын танысқан мамандар музей қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді. Жалпы, музей экспонаттары – халық тарихы мен өнерін қамтитын талай замандардың тірі куәлері. Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани орыннан жас қызметкерлер тамаша әсер алып, туған өлке тарихына қатысты білімдерін шыңдап қайтты.

*** Бір мас байқаусызда биік үйдің бесінші қабатынан құлап бара жатып: «Егер осыдан аман қалсам, ешқашан арақ ішпеймін», – деп ойлап үлгергенше, жерге топ ете түсіпті. Орнынан тұра сала аман қалғанын көріп, үсті-басын қағып жатып: «Мас адам не демейді?», – деген екен. *** Жанындағы орындықта сағыз шайнап отырған жігітке қарағыштаған кемпір бір кезде жылы жымиып, ұмтылыңқырап сөйлеп: – Жақсы тәрбие көрген кішіпейіл, ақжарқын адам екеніңізді аңғардым, бірақ, не айтқаныңызды білмеймін, екі құлағым да естімеуші еді, – депті.

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ШЫҒАРУШЫ Медиа орталығы» ЖШС жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы Бас директор ішкі істер органдарының Бимаханбет АСАНОВ Медиа орталығы» ЖШС

РЕДАКЦИЯ: Бас директор: Бимаханбет АСАНОВ Бас редактор: Ескендір ТАСБОЛАТ РЕДАКЦИЯ:

Бас орынбасары: Жадыра ШАМҰРАТОВА Бас редактордың редактор: Ескендір ТАСБОЛАТ Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА Бас редактордың орынбасары: Жадыра ШАМҰРАТОВА Аға тілші:бөлімінің Жадырамеңгерушісі: МҮСІЛІМ Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА Ақпарат Тілші: Тілші: Айткен Айткен ШƏМШІ ШƏМШІ

Басылым 04.01.2012 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №12198 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «Тауелсіздік-Д» ЖШС баспаханасында басылады. Индексі: 65395 Таралымы: 11458 11658 Тапсырыс: №91 №87

«Тауелсіздік-Д» ЖШС-і Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, 407 тел: 56-97-71 Газет аптасына 2 рет шығады.

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Мадина СҮЛЕЙМЕНОВА Корректор: Нұршагүл ƏШІМБАЕВА Фототілшілер: Қанат КӨЛБАЕВ, Бек ИМЕКЕШОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра ШАМҰРАТОВА МЫРЗАХМЕТОВА

Saqshy №29 (4387)  
Saqshy №29 (4387)  

Saqshy №29 (4387) 17 04 2018

Advertisement