Page 1

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІ

№21 (4379)

ГАЗЕТ 1933 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

БІРҚАТАР ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен. М е м ле к е т б а с ш ы с ы « 2 0 1 4 ж ы л ғ ы 2 9 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті келісу және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзіндік ерекшелікті субсидия-

ларды беруіне байланысты талқылауларды Еуразиялық экономикалық комиссияның жүргізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

ТЕМІР ЖОЛ БАЙЛАНЫСЫ БЕКИ ТҮСПЕК Қазақстан мен Өзбекстан Ташкенттен Астана, Алматы бағытындағы қосымша рейстерді ұлғайтып, автобус бағыттары мен екі ел арасындағы темір жол байланысын еселей түспек. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.

Қазақстан мен Тəжікстан: стратегиялық қарым-қатынастар

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Шағын құрамдағы келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және оны әрі қарай нығайту перспективаларын талқылады. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастың сенімге негізделгенін атап өтіп, Қазақстан мен Тәжікстан халықтарының достығын нығайту жолында Эмомали Рахмонның айрықша рөл атқарғанын айтты. – Сіз басшылық еткен жылдар ішінде біз зор сенімге, ынтымақтастыққа және достыққа негізделген қарым-қатынас орнаттық. Ешқашан арамызда шешімін таппаған мәселе болған емес. Біз әрдайым, әсіресе халықаралық деңгейде бір-бірімізді қолдап келеміз, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа кезеңге аяқ басқанын айтып, мемлекетаралық қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылауға ниетті екенімізді жеткізді. – Біз сіздермен кез келген мәселені талқылап, шешуге дайынбыз. Сонымен қатар көрші мемлекеттердің басшылары келе жатыр. Ертең

біз үшін тағы бір мәрте кездесуге мүмкіндік туады. Биыл сіздерде су ресурстарын басқару жөніндегі конференция өтетінін білемін. Қазақстан бұл бастаманы қолдайды, – деді Мемлекет басшысы. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президентін «Парасат» орденімен марапаттады. Э.Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшін және жоғары марапат табыс еткені үшін алғыс білдірді. – Қазақстанға келген әр сапарымда Астананың келбеті жылдам өзгеріп келе жатқанын байқаймын. Бұл жетістік, ең алдымен, Сіздің дана әрі көреген саясатыңыздың жемісі болып саналады, – деді Тәжікстан Республикасының Президенті. Э.Рахмон екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, оны әрі қарай ілгерілете түсуге ниетті екенін атап өтті. – Тауар айналымының көлемі жөнінен Қазақстан Тәжікстанның жетекші экономикалық әріптестері арасында екінші орынға ие. Біз елдеріміздің кешенді әрі стратегиялық қарым-қатынастарын нығайтуға ниеттіміз, – деді Тәжікстан Республикасының Президенті.

ЭКСКУРСИЯ

Курсанттар тігін фабрикасында М. ОСПАНОВ, Академияның баспасөз хатшысы А. МҰРАТ, Кураторлар кеңесі төрағасының орынбасары, полиция аға лейтенанты Ішкі істер органдары қызметкерлеріне әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтауына, моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар өте жоғары. Болашақ офицерлерді тәрбиелеуші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының профессорлық-оқытушы құрамының міндеті – осы аталған қағидаларды әр курсанттың бойына сіңіре білу.

«Өткен жылы біз өзбек жағымен Астана мен Ташкент бағыты бойынша аптасына төрт әуе рейсі, Алматы мен Ташкент арасындағы жеті рейс туралы келіскен едік. Енді бұл келісім аясында Алматы мен Ташкент арасындағы ұшырылымдар 10-ға жетсе, Астана мен Ташкент арасында аптасына жеті әуе рейсі ұшатын болады», – деді Қасымбек кеше өткен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 17-отырысында. Министр атап өткендей жақын уақытта АлматыТашкент бағытындағы пойыздар аптасына үш рет жүретін болады. «Біз, сондай-ақ, пойыздар қозғалысын да ұлғайтып жатырмыз. Осыған дейін пойыздар Алматы-Ташкент бағытында аптасына екі рет жүретін. Осыдан былай оның саны аптасына үш ретке көшеді. Бізде үнемі жүретін автобустар бағыты болған жоқ. Біз өткен жылдың күзінде Ташкент-Шымкент бағыты бойынша көп автобустар бағытын аштық. Екі жаққа қатынайтын жолаушылар легі де аз емес. Сондықтан біз енді Ташкенттен Алматыға және Ташкенттен Астанаға жүретін бағыттар ашу бойынша келісіп жатырмыз. Сондай-ақ, өзбек жағы Самарқан мен өзге қалаларды да қарастыруды ұсынып отыр. Біз мұның болашағы барын және адамдар да екі ел арасында жүргісі келетінін байқадық», – деді Жеңіс Қасымбек.

15.03.2018, БЕЙСЕНБІ

WWW.MEDIAOVD.KZ

Жоғарыда аталғандардың бірі, әрине, киім кию үлгісі. Академияның оқытушылары полиция майоры Жанар Базарбаева мен полиция аға лейтенанты Аманат Мұрат курсанттарды әдептілік пен ұқыптылыққа, жинақылыққа, киім кию үлгісінің дұрыс нысанын таңдауды үйрету мақсатында елімізге белгілі киім тігетін фабрикалардың бірі – Қостанай қаласындағы «Большевичка» фабрикасына саяхат ұйымдастырды. К е ң е с О д а ғ ы Ж е ң і л ө не р к ә с і п х а л ы қ комиссарының 1941 жылғы 4 шілдедегі бұйрығымен Украинаның Херсон қаласындағы «Большевичка» тігін фабрикасы Қостанай қаласына көшіріледі. Мұрағат құжаттарының материалында жазылғандай, ашық вагондарға мінген 154 адам кәсіпорынмен бірге Қостанайға дейін 33 күн жүреді. Олар негізінен жастар еді. Қазақ даласына жеткенше жолда жаудың бомбасына тап болады, жұмысшылар ашығады. Фабрика директоры Адольф Рябой жұмысшыларымен бірге фабриканың құралжабдығынан ешнәрсе қалдырмай ала келген екен. Міне, сол көштің 1941 жылы 21 қыркүйектегі Қостанайға жеткен күнін қазіргі уақытта фабрика ұжымы фабриканың туған күні деп атап жүр. 77 жылдай тарихы бар

Қостанайдағы тігін фабрикасы бұған дейін де талай қиындықты еңсерген. Бүгінгі таңда да тұралап қалмай, әлемдік көшке ілесіп, тұрақты жұмыс істеуде. Тек мұнан әрі өркендеп, дамудың

жаңа кезеңіне көшу үшін мемлекеттің қолдауы қажет. Саяхат барысында фабрика қызметкерлері курсанттарға жұмыс цехтарын көрсетіп, қызмет барысымен таныстырды. Сонымен қатар, фабриканың шеберлерінің қолынан шыққан арнайы киім түрлері мен үлгілерін көрсетті. Курсанттар аты әйгілі фабриканың атын естігендерімен, бүгін өз көздерімен көргендері үшін және осындай қажетті де танымды саяхатты ұйымдастыра білген ұстаздарына алғыс білдірді.


2 Ə

-А М Е Л

ЖАҢАЛЫҚТАР №21 (4379),№ бейсенбі, 15.03.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

Қ

АТ Р А П

Электронды күнделік білім сапасын арттыра ма?

Британия

Стивен Хокинг өмірден өтті

Британдық астрофизик және космолог Стивен Хокинг 76 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Хо к и н г қ а р а қ ұ р ды м т ео р и я с ы м ен салыстырмалылық теориясы саласындағы з е р т т еу ле р і м ен т а н ы л ғ а н. С о н д а й - а қ , британдық физик-теоретик бірнеше танымал кітаптардың, соның ішінде «Уақыттың қысқаша тарихы» атты еңбектің авторы. Хокингтің балалары: Люси, Роберт және Тим BBC-ге сүйікті әкелерінің қайтыс болғанына қатты күйзелетіндіктерін жеткізген. «Ол ұлы ғалым және ерекше адам болды. Оның еңбектері мен мұрасы өмір бойы жасайды», деп хабарлады агенттік. 1960-жылдардың басында Хокингте бүйір амиотрофикалық склероз белгілері пайда болып, соның салдарынан сал ауруымен науқастанды. Бірақ, ол ғылыми қызметімен белсенді айналысты.

е-mail: nastraje@mail.ru

А қ т ө б е г е ж ұ м ы с с а п а р ы м ен П р е м ь е р Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев келді. Білім, медицина, өндірістегі цифрландыру жұмыстарымен танысқан соң бірқатар тапсырмалар берілді. Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ПремьерМинистрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев таяуда ашылған мектептегі цифрландыру жұмысымен танысты. Ж.Тәшенов атындағы орта мектепте барлығы 600-ге жуық бала білім алады. Мұнда қағаз журналдар қосымша жүргізіледі. «Цифрландыру компьютер мен интернетті пайдаланумен шектелмейді, біз осы арқылы білім сапасын арттыруымыз керек. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, біз білім алу сапасын да арттыра аламыз», – деді Асқар Жұмағалиев.

Ақтөбе қаласы бойынша мектеп мұғалімдері электронды күнделік пайдаланып жүр. Олар сабақ өткізіп, 5-10 минут уақытын балалардың білімін бағалауға арнайды. Дегенмен облыс білім саласына электронды күнделік енгізу жұмысын әлі дамытуы керек. Қазір облыс республика бойынша 12 орында тұр. Электронды күнделік білім сапасын арттыруға бағытталуы керек. «Ақтөбе қаласы бойынша барлық мектепте электронды күнделік енгізіліп жатыр. Наурыз айында барлығы іске қосылады. Қазір селолық округтердегі мектептерге интернет қосылып, мұғалімдер күнделікті толтыру жолдарын үйреніп жатыр», – деді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов. Ақтөбелік оқушылар мен ата-аналар электронды күнделік қосымшасын жүктеп, оқу үлгерімін оңай қарап отыра алады. «Электронды күнделік баланың көңіліне емес, біліміне қарайды. Яғни, бала сол күні алған бағасын өзгерте алмайды әрі тоқсан аяқталған кезде «5» деген баға қойып, үздіктердің қатарына қоспаймыз. Қағаздан арылып, алдағы уақытта үй тапсырмасын да электронды түрде бере аламыз», – деді мектеп мұғалімі Бәдегүл Төребекова.

Баспанамен қамту қарқынды

Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша 6 көпқабатты үй салынады.

АҚШ

Космостық әскер құрмақ

Жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша 1477 пәтерден тұратын 6 көпқабатты тұрғын үй кешені салынады. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді. «Мемлекет басшысы атап өткендей, тұрғын үй саласы әлеуметтік маңызға ие басты мәселенің бірі. 2018 жылы мемлекеттік тұрғын

салынғанын айтты. Бұл 1062 отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. «Біз қазір қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудің мемлекеттік-қалалық бағдарламасы аясында жұмыс істеп жатырмыз және алдағы бес жылда 5 млн шаршы метр тұрғын үйді енгізу жоспарланып отыр. Шамамен 90 %

үй бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жалпы ауданы 78,3 мың шаршы метр болатын 1477 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осылайша, «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы коммуналдық тұрғын үй қорының кезегінде тұрған шамамен 1500 адамды баспанамен қамту көзделіп отыр», – деді Астана әкімі. Бүгінде мемлекеттік тұрғын үй бағасы шаршы метріне 180 мың теңгеден аспайды, бұл жекеменшік құрылысшылардың бағасынан әлдеқайда арзан. Әсет Исекешев 2017 жылы тұрғын үй құрылысының рекордтық көрсеткіші – 2,36 млн шаршы метрдің пайдалануға берілгенін, оның ішінде 7 тұрғын үй кешені Астана әкімдігінің мемлекеттік есебінен

жеке инвесторлардың есебінен салынады. Баспананың қолжетімділігі өте маңызды мәселе. Коммуникацияны жүргізу есебінен біз тұрғын үй құнын арзандатамыз. Соңғы жылы бағасы біраз төмендеді», – деді Әсет Исекешев. Сондай-ақ, ол жаңа «7-20-50» әлеуметтік бағдарламасы баспана ипотекасының қолжетімділігін арттырып, тұрғын үй секторындағы жүктемені азайтатынын айтты. «Енді елорданың әрбір жұмыс істейтін тұрғыны жеңілдетілген шартпен ипотекалық несие ала алады. Бұл тек банк секторын ғана емес, сонымен бірге тұрғын үй құрылысы нарығын белсенді дамытуда үлкен күшке айналып, өнеркәсіптің дамуына серпін береді. Сол себепті жаңа жұмыс орындарының ашылуын күту керек», – деді Исекешев.

АҚШ президенті Дональд Трамп жақын уақытта толық әскери күш болып саналатын космостық әскер құратынын айтты. Бұл туралы америкалық көшбасшы Калифорния штатындағы «Мирамар» әскериәуе базасында теңіз әскерилерімен кездесуінде мәлімдеді. «Менің жаңа ұлттық ғарыштық стратегиямда космос жер, ауа және теңіз секілді әскери әрекеттер аймағы ретінде танылды», – деді Трамп. Ол басында космостық әскер құру идеясына аса мән бермегенін ескертті. «Содан кейін мен қолдадым. Қандай тамаша идея. Мұны қолға алу керек», – деді АҚШ президенті.

Египет

Бәйбішенің келісімі керек Бірінші әйелінің рұқсатынсыз екінші әйел алған еркек сотталуы керек. Египетте парламент депутаты Абла Хавари осындай заң жобасын қабылдауды ұсынады. Дайындалып жатқан құжатқа сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылу керек. «Көп әйел алушылықты жою керек, бірақ әлі күнге дейін оған қол жеткізе алмай келеміз. Әзірге бірінші және екінші әйелдің құқығын қорғауды қадағалайтын механизм ойлап табуымыз керек», – дейді депутат.

Оның айтуынша, Египетте көптеген әйелдер жұбайының өзінен басқа да жұбайлары бар екенін білмейді және бірінші некеден туған балалар да екінші некеден туған басқа да бауырқарындастары бар екенін білмейді. Отағасы өмірден озып, жылжымайтын мүлікті бөліскен кезде әртүрлі мәселелер туындайды.

«Тұмар» бəйгесіне 400 өтінім «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің салтанатты марапаттау рәсімі 2018 жылдың 16 наурызында Қазмедиа орталығында өтеді. Биылғы жылғы салтанатты іс-шара Қазақ телевизиясының 60-жылдығына арналады. Тілшілер, телевизия қызметкерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен эстрада жұлдыздарына қоса салтанатты кешке қазақ телевизиясының ардагерлері де шақырылған. Ақпарат және коммуникациялар минстрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ағымдағы ж ы л ғ ы б ә й г е г е 1 4 н о м и н а ц и я б ой ы н ш а өтінімдер қабылдау 15-қаңтар мен 1-наурыз аралығында жүргізілді. Олардың ішінде қазақ телевизиясының 60 жылдығы мен Астананың 20 жылдығына арналған ерекше номинациялар бар. Сонымен қатар, «Үздік операторлық жұмыс», «Жылдың үздік тележүргізушісі», «Жылдың үздік тележурналисі», «Үздік режиссерлік жұмыс» жеке номинациялары бойынша марапатталады. «Тұмарға» өтінімдерді қабылдау толығымен автоматтандырылып, kaztube.kz порталының негізінде жүзеге асырылған болатын. Бәйгеге қатысушылардың аса жоғары белсенділіктерін

атап өту керек. Өтінімдерді қабылдау кезеңінде kaztube.kz порталына кірушілер саны 80%-ға өсті, ал өтінімдер саны былтырғы көрсеткішке қарағанда 1,6 есеге артты (240 өтінім). 2018 жылы «Тұмарға» 397 конкурстық жұмыс келіп түсті. Олардың ішінде қазылар алқасы Бәйге ережесінің талаптарына сәйкес ресімделген 355 конкурстық өтінімді қарауға қабылдады. Өңірлік тұрғыда Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Батыс және Шығыс Қазақстан о б л ы с т а р ы н ы ң т е ле а р н а л а р ы к ө б і р е к белсенділік танытты. Номинанттар арасынан ең көп қабылданған жұмыстар келесі номинацияларда: «Үздік деректі кино», «Үздік ағартушылық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік бағдарлама», «Үздік ойын-сауық жобасы». Бәйгенің қазылар алқасына журналистика мен телерадио хабар тарату салаларындағы кәсіби, жоғары білікті сарапшылар кірді.

Мүгедектік алу Еліміздегі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында алдағы уақытта мүгедектікті белгілеу шаралары да жеңілдетіледі. Бұл жөнінде кеше өткен баспасөз мәслихаты барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. «Өткен жылы біз мүгедектік бойынша композиттік қызметті сәтті енгізген болатынбыз. Бұған дейін бұл рәсім былайша өтетін: азамат немесе азаматша медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуге келеді, оған мүгедектік белгілейді, ол осы анықтаманы және қосымша құжаттарды мемлекеттік корпорацияға барып өткізеді, содан кейін оған 8 жұмыс күні ішінде мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындайды. Яғни, ол адамның біршама әуреленіп, біраз жерге баруы қажет болатын. Бұл мәселенің маңыздылығын ескере отырып, біз мүгедектігі немесе еңбек қабілеттілігін жоғалтуын белгілеуге байланысты тиісті шараларды жеңілдетуді қолға алдық. Яғни, адамның медициналық-әлеуметтік сараптамаға келуін талап етпейтін боламыз. Біз мұндай жүріс-тұрысты жоққа шығарамыз. Егер ол емханада толық тексеруден өтсе және емхана оның мүмкіндігін жоғалтқаны және денсаулығы алдағы уақытта түзелмейтіні туралы шешім шығарып, 88 үлгіні толтырып, оны бізге жолдайды. Ал емделушінің келу қажеттілігі болмайды. Біз осы процесті Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, ағымдағы жылдың соңына дейін іске асыруымыз қажет», – деп бөлісті вице-министр. С.Жақыпова осы мақсатта алдағы аптада Қарағанды облысына жол жүретінін айтты, себебі қазіргі таңда пилоттық жоба тек кеншілер қаласындағы ғана жүзеге асырылады. «Пилоттық жоба, анығырақ айтсақ, пилоттық аймақ ретінде Қарағанды облысы белгіленді. Ақпараттық жүйелердің Денсаулық сақтау министрлігіне барлық мәліметтерді цифрланған түрде жолдау мүмкіндігі тек Қарағандыда бар. Қазір барлық нормативтік-техникалық құжаттамалар дайын. Осы режимде мамыр айынан бастап Қарағандыда жұмыс жасайтын боламыз. Пилоттық режим бір ай жүретін болады. Маусым, шілде айларынан бастап емделушінің келуін талап етпейтін тәртіпте жұмыс жасалады», – деді ол.

Қар аралас жаңбыр жауады «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. «Антициклоны Қарағанды облысының үстінде тұр және онымен байланысты атмосфералық фронттар әлі де орталық, солтүстік және шығыс облыстарда қарға ұласып, жауын-шашын жауады. Оңтүстік өңірлерде қар жауып, соңынан жаңбыр жауады деп болжануда. 16-17 наурызда солтүстік өңірлерде, 17-наурызда оңтүстікте жауын-шашын тоқтайды. Бірақ шығыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашын үш тәулікке созылады. Батыс облыстарда антициклонның шығысқа жылжуына қарай жауын-шашын болып, күн жылынады. Егер өткен тәуліктерде түнгі ауа температурасы минус 20...28° дейін болса да, 16-наурызда 5-10 дейін аяз түсіп, кей жерлерде 0°С дейін жетеді».


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №21 (4379),№бейсенбі, 15.03.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

МӘЖІЛІС

Маңызды реформалар жүзеге асырылмақ Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста палата ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге қатысты түзетулерді бірінші оқылымда қарап, мақұлдады. Аталған заң жобасы бойынша Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тургумбаев баяндама жасап, құжат аясында аумақтық ішкі істер департаменттері мен жергілікті полиция қызметінде құрылатын д е п а р т а м ен т т е р д і І ш к і і с т е р министрлігіне бағындыра отырып, полиция департаменттеріне біріктіру жолымен полиция жүйесін жаңғырту көзделіп отырғанын атап өтті. Жергілікті полиция және ішкі істер органдары басқармаларының арасында қайшылық фактілері орын алды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тургумбаев мәлім етті. Жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. «Жергілікті полиция және ішкі істер органдары басқармаларының арасында қайшылық фактілері туын-

дады. Жергілікті полиция бөлімдері арасында жасырын қақтығыстар болған. Тіпті, аудандық бастықтардың облыстық жергілікті полиция басшыларына бағынбаған фактілері анықталған. Осында жағдай тексеру кезінде де расталды. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола облыстарында. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, құқықтық тәртіптің негізі – ол қатаң бағыну. Сондықтан министрлік тиісті заң жобасын әзірледі. Біріншіден, ішкі істер департаменттері негізінде полиция департаменттерін құру. Бұл аумақтық Ішкі істер департамент құрылымына тек полиция міндеттерін атқаратын бөлімшелер кіруімен байланысты. Екіншіден, министрлікке бағынысты етіп полиция департаменттерін және жергілікті полиция қызметін қосу. Сонда дара басшылық әрі тікелей бағынушылық ұстанымдары сақталады, сондай-ақ теріс факторлар жойылады», – деп атап өтті министрдің орынбасары. Бұдан бөлек ол әкімдердің полиция органдарына қоятын міндеттеріне де тоқталды.

«Үшіншіден, әкімдерге полиция органдарына құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін қою, сондай-ақ Ішкі істер министрінің ұсынысы бойынша полиция департаменті бастықтарын тағайындау және босату құқығы беріледі. Бұл құқық бұзушылық профилактикасында әкімдердің рөлі мен жауапкершілігі күшейтіледі. Осы ретте департамент басшысы жылына бір рет әкім мен халықтың алдында есеп береді», – деді Ерлан Тургумбаев. Оның сөзіне қарағанда, заң жобасы аясында полиция департаменті құрамына жергілікті полиция кіреді. Осы орайда жергілікті полиция бір басқарма болып бекітіледі және оның атауы жергілікті полиция болып сақталады. Бүгінде жергілікті полицияның жеке құрамында 35 адам қызмет етуде. «Бұрын жергілікті полицияны әкім тағайындайтын, ал департамент басшысын министр бекітетін», – деді министрдің орынбасары. З а ң ж о б а с ы б ой ы н ш а ж ұ м ы с тобының отырыстарында депутаттар жергілікті полиция қызметінің жұмысына, полиция қызметінің айқындығын арттыруға, адамдарды арнаулы үй-жайларда ұстаудың тәртібіне байланысты ұсыныстар енгізді.

БАҚ-пен БАЙЛАНЫС

Салғырттыққа жол жоқ Атбасар, Зеренді және Сандықтау аудандарында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А. Советов жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, БАҚ өкілдері үшін 2018 жылдың көктемінде тасқын судың алдын алуға арналған баспасөз-туры өтті.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар д е п а р т а м ен т і н і ң б а с т ы ғ ы ж ә не Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Б. Комбатуровтың қатысуымен өткен баспасөз туры кезінде Жабай өзен арнасының қорғайтын жер қабырғасы, Атбасар қаласының сайларын, апатты үйлерді бұзу орындары, білім беру нысандары және «Самарқа» бөгетінің қауіпсіздігі тексерілді. Алексей Сергеевичтің айтуынша, елді мекендерді инженерлік қорғау жоспарына сәйкес 84 елді мекенде

жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі таңда 28,4 км су бұру арналарын кеңейту және тереңдету, бөгеттерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын күшейту, 39,4 шақырым уақытша толқындар мен бөгеттерді салу жұмыстары жүргізілді. Жағдайды қадағалау үшін облыстық гидрометеорология орталығының 19 метео, 29 гидро және 10 агробекеті үнемі жұмыс жасайды. Қарды уақтылы тазалау, су арналары мен каналдарды тазарту, еріген суларды тазарту, сондай-ақ

су тасқыны қаупі туындаған кезде жеке бақшалардың су басуын болдырмау бойынша шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударылды. Су тасқынына байланысты төтенше жағдайларда жедел әрекет ету және жою үшін азаматтық қорғау күштері мен құралдары 3,281 адамға, 1066 бірлікке арнайы техника, 147 қозғалтқыш сорғылар және 57 су техникасы дайындыққа келтірілді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бұйрығымен мемлекеттік материалдық қордан облыс үшін 10 бірлік (2 экскаватор, 2 бульдозер, 2 вахталық автомобиль, 4 балшық сорғы) көлемінде инженерлік және су сору жабдығы жіберілді. Аудандық бюджеттен профилактикалық шараларға 57,3 млн теңге бөлінді. Азаматтарды, мүлікті, жануарларды, құстарды (малдарды) ықтимал су тасқынына құятын жерлерде эвакуациялау және орналастыру туралы құжат әзірленді. Атбасар қаласында эвакуациялық пункттер – эвакуацияланған тұрғындарды уақытша о р н а л а с т ы р у ды ң 1 0 н ы с а н ы ; материалдық құндылықтарды орналастыру үшін 3 нысан; жануарларды, құстарды (малдарды) сақтауға арналған 2 нысан анықталды. Ақмола облысы ТЖД

АЙМАҚ

47 экологиялық қылмыс

ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы тұру бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу іс-шарасы аясында жыл басынан бері 47 экологиялық қылмыс пен 180-нен астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Көрсетілген мерзім ішінде полиция қызметкерлері заңсыз ағаш кесу бойынша 38, жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану бойынша 7, бір заңсыз аң аулау оқиғасы және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің заңсыз айналымы туралы 1 іс тіркеді. Мысалы, ағымдағы жылдың ақпан айында Созақ аудандық ІІБ ЖПҚ-нің қызметкерлері ОҚО Созақ ауданында жүргізілген іс-шара барысында 1986 жылы туған жергілікті тұрғынның жүк автокөлігін тексерді. Полиция қызметкерлері азаматтан шамамен бір текше заңсыз кесілген

сексеуіл тәркіледі. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. С о н ы м ен қ а т а р , О Қ О І І Д ЖПҚ қоршаған ортаны қорғау қызметкерлері экологиялық заңнама талаптарын бұзған 182 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде аң аулау және жануарлар дүниесін пайдалану ережесін бұзғаны үшін 60-тан астам азамат, балық аулау ережелерін бұзған және басқа да су жануарларының күзетілетін балық ресурстарында 40 құқық бұзушы, аумақтарды игеру және үй жануарларын ұстау ережелерін бұзғаны үшін 70 және жасыл екпелерді күтіп-ұстау мен қорғау қағидаларын бұзған 10 құқық бұзушыға қатысты тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырып, шамамен жарты миллион теңге айыппұл салды. ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

е-mail: nastraje@mail.ru

3

РЕСМИ МӘЛІМЕТ

Қазақстан делегациясы БҰҰ-да

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов бастаған Қазақстан делегациясы БҰҰ-ның Есірткілер жөніндегі комиссиясының (ЕЖК) 61-ші сессиясының жұмысына қатысуда. Ол өз жұмысын осы жылдың 12 наурызында БҰҰ-ның Веналық бөлімінде бастады. ЕЖК сессиясына 1000-нан астам делегат, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін ведомстволардың 60-тан астам бірінші басшысы қатысуда. Сессия барысында делегаттар әлемдік есірткі проблемасына қарсы күрестің кешенді стратегиясын әзірлеу мақсатында Саяси декларацияны және Халықаралық ынтымақтастықты жөнге келтіру жөніндегі ісәрекеттер жоспарын іске асыру мәселелерін талқылайды. ЕЖК-ның пленарлық сессиясында Қазақстан делегациясының басшысы Қазақстан Үкіметі ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде қабылдап жатқан есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша шараларға назар аударды. Ж. Сүлейменов штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) Орталық Азияда есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күресте маңызды үлес қосуда екенін атап өтті. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шеңберінде Қазақстан тұрақсыз мүшесі ретінде өңірлік қауіпсіздікті нығайту мәселелерін белсенді жылжытатыны атап өтілді. ЕЖК сессиясы шеңберінде Қазақстан делегациясының басшысы «Батыс және Орталық Азиядағы есірткіге қарсы іс-қимыл үшін құқық қорғау органдарының әлеуетін күшейту» арнайы іс-шараға қоса төрағалық етті, онда құқық қорғау органдарында адами капиталды нығайту мәселелері талқыланды. Іс-шараға сондай-ақ ОАӨАҮО директоры Г. Пустовитов қатысты, ол қатысушыларға өзі басқарып отырған Орталықтың өңірде есірткіге қарсы күрес саласындағы жетістіктері мен табыстары туралы хабарлады. Сондай-ақ, Ж. Сүлейменов БҰҰ мен ШЫҰ есірткіге қарсы күресте: жалпы қауіптер, бірлескен іс-қимылдар іс-шарасына қатысты, онда баяндама жасады. Сапар шеңберінде Қазақстан делегациясы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ ЕҚБ Атқарушы директоры Ю. Федотовпен кездесу өткізді, кездесу барысында тараптар құқық қорғау қызметінің әртүрлі саласында ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге әзірлігін білдірді. Кездесу барысында БҰҰ ЕҚБ басшысына «Халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы үлесі үшін» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ведомстволық төсбелгісі берілді.

ЖИЫН

Жасөспірімдер құқық бұзушылығы Петропавл қаласының белсенді жастары мен құқық қорғау қызметкерлері жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу жұмыстарын талқылады. Жыл басынан бері ювеналды полиция инспекторлары 246 әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған. Алкогольдік өнімді тұтынған 14, түнгі уақытта үйжайлардан тыс заңды тұлғаларынсыз жүрген 96 жеткіншек ұсталды. Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасының Ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Әсемгүл Дәуенованың айтуы бойынша, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін оларды түрлі үйірмелерге тарту қажет. Ал жастар ұйымының өкілдері бұл бағытта қандай жұмыстар жасалып жатқандығы жайында айтып берді. «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жасөспірімдердің істері жөніндегі қала әкімінің жанындағы комиссияның мүшелері, қалалық білім бөлімінің, наркологиялық орталық дәрігерлері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп облыс орталығының аумағында профилактикалық рейд ұйымдастырылды», – дейді СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Арыстан Сұлтанғазиев. СҚО ІІД баспасөз қызметі

ДӘРІС

Азаматтық қорғаныс қызметімен танысты

Жуырда Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қорғалжын ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі және «Өрт сөндіру және апаттыққұтқару жұмыстары қызметі» ММ, Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылы №15 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою сұрақтары бойынша Қорғалжын мектеп-гимназиясында ашық сабақ өткізілді. Оқушыларға ақпараттық бейнелер көрсетілді, эвакуация кезінде халықтың әрекеттері туралы жадынамалар және парақшалар таратылды. Ашық сабақ А.Төлеубаев атындағы орта мектептің 9-11 сынып оқушыларын қамтыды. Оқушылар техникаға, жауынгерлік жабдыққа қатысты, бөлімнің шығу ауданы, жұмыс шарттары, күн тәртібі және жалпы азаматтық қорғау органдарындағы қызметі жайлы сұрақтарын қойды. Оқушылардың сұрақтарына өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Н. Ермеков жауап берді. Оқушыларға өрт сөндірушінің жауынгерлік жабдығын киіп көру мүмкіндігі ұсынылды. Азаматтық қорғаныстың маңыздылығына оқушылардың назарын аудару мақсаты жүзеге асты, оқушылар өрт сөндіру бөлімінен әсерленіп шықты. Қорғалжын ауданындағы ТЖБ


4

ҚОҒАМ ЖƏНЕ ЗАҢ №21 (4379),№ бейсенбі, 15.03.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

МЕРЕЙТОЙ

Ақпараттық-аналитикалық орталыққа – 100 жыл Сәуле САРКУЛАКОВА, ОҚО ІІД ААО-ның бастығы, полиция полковнигі Ақпараттық-аналитикалық орталық ОҚО Ішкі істер департаментінің дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады. Аналитикалық ақпараттық орталықтың міндеті – Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы органдарының, сондай-ақ ТМД елдерінің ІІМ бөліністерін өзінің құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен ақпараттық-аналитикалық тұрғыдан қамтамасыз ету. Негізгі функциялары – біріктірілген деректер банкінің ведомстволық есептерін, сондай-ақ жедел есептерді қалыптастырады және сүйемелдейді.

Біріктірілген деректер банкінің қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді әкімшілендіруді жүзеге асырады. Дербес деректерді өңдеу кезінде заңнаманың талаптарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы органдарының, сондайақ ТМД елдері ІІМ-нің сұрау салуларын өңдеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, ҚР ІІМ БДБ-ға ішкі істер органдарының бөліністеріне белгіленген тәртіппен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Ішкі істер органдарында ақпараттық-аналитикалық және мұрағат бөлімшесінің негізі жиырмасыншы ғасырдың басында қаланды. Осыдан жүз жыл бұрын, яғни 1918 жылы 23 қыркүйекте РСФСР Ішкі істері халық комиссариатының а л қ а с ы ө з ш е ш і м і м ен « Н К В Д нің статистикалық бөлімі туралы» Ережені бекітті. Онда НКВДға халықтық атқару комитетінің әртүрлі салаларының қызметі және қылмысқа қарсы күрес жүргізудің нәтижесі туралы мәліметтерді жинау міндеттеледі. Ішкі істер комиссариаты құзырындағы барша статистикалық мәліметтерді реттеу, жүйелеу барысы, яғни милиция органдарының жеке құрамы, қылмыстық жағдайлардың с т а т и с т и к а с ы , а ш ы л ғ а н ж ә не ашылмаған қылмыстар, милициялық анықтауға тартылған әлеуметтік топ және т.б. жинау тапсырылды. Ұзақ жылдарға созылған соғыс х а л ы қ т ұ р м ы с ы н т ө м ен д е т і п , ашаршылыққа алып келді. Қоғамда қылмыс деген өршіп тұрған сәт. Барлық картотек, мұрағаттар жойылып кетті. Милиция қызметкерлері тек өздерінің криминалдық ортаны тануымен ғана қылмысты ашып жүрді. Алайда, қызметкерлердің ж е к е к ә с і б и л і к т е р і м ен ғ а н а

қылмысты ашу мүмкін емес. Жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ақпараттық жүйе қажеттілігі туындады. Осылайша, соғыстан кейінгі және алпысыншы жылдардың соңына дейін ақпараттық бөлімшелер өзінің тіркеуесепке алу жұмысы бойынша негізгі қызметін атқарды. Бөлімше болып құрылған сәттен бүгінгі таңға дейін құрылымдық өзгертулерге орай түрлі атаулармен аталды. 1-бөлім, Орталық жедел-анықтамалық картотекасы деп те аталған. Николай Птицын, Николай Плотников, Николай Белов, Раиса Казанцева, Михаил Герасименко сынды өзге де милиция қызметкерлері облыстағы орталықты басқарған. Ал жетпісінші жылдары бөлімнің даму кезеңі, дәлірек айтқанда ақпараттық жүйенің кең өріс алуына орай бөлім де техникаландыру базасына көшті. 2 0 0 4 - 2 0 0 6 ж ы л д а р ы е с к і р г ен «Автоматтандырылған мәліметтер базасынан» сол кезеңдегі ең жаңа технологияларды пайдалана отырып, Біріктірілген мәліметтер базасына өту процесі – ішкі істер органдарын кешенді техникалық қайта жабдықтаудың қиын кезеңі болған еді. Сол шақта енгізіліп жатқан жүйенің жұмыс істеу тетіктерін, есептерді қалыптастыру мен қолдану тәртібін аз ғана уақыт ішінде қызметкерлер меңгеріп шықты. Сонымен, 2012 жылы маусым айында Ақпараттықаналитикалық орталық деген атауын алды. Ол кезде Ақпараттық аналитикалық орталықты полиция полковнигі Әсия Исатаева басқарған болатын. Бүгінде құрметті демалыста, еткен еңбегінің зейнетін көріп отыр. Қазіргі таңда ААО-ның міндеттемесі артқан. Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің Ақпараттық-аналитикалық орталығы ІІД-нің ішкі істер органдарын ақпараттық қамту және

техникалық қайта жарақтану саласында ғылыми тұрғыдан негізделген бірыңғай саясатты іске асырады. Құрылымдық бөлімдерінің кешенді байланыс жүйелері мен ақпараттық тораптарын құру, дамыту, жетілдіру, ОҚО ІІД-нің мекемелік статистикалық есебін қалыптастыру, жедел және қызметтік мәліметті техникалық тұрғыдан қорғау бойынша кешенді жұмыстарды ұйымдастыру, ІІД-нің құрылымдық бөлімдерінде пайдаланылып жатқан компьютерлік техникаларды ұйымдастыру негізгі міндеті болып табылады. Қ ы л м ы с т ы а ш у д ы ң не г і з г і кілті – ақпарат. Басты мақсат – қ ы л м ы с т ы т е р г еу г е , а ш у ғ а , қылмыс жайлы алдын ала ескертуге септігін тигізетін ақпаратпен ІІД-нің құрылымдық бөлімдерін қамтамасыз ету. Бұл мәліметтер қорын, жедел-анықтамалық, іздеу және криминалистикалық, өзге де автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді дамыту мен өндіруді талап етеді. Бүгінгі күнде ақпараттық технологияларды дамыту мақсатында полицейлер өз қызметінде бірыңғай локальдық торапты, яғни облыстық және облыстағы қалалардың ІІБ-нің барлығы біртұтас жүйені пайдаланады. Нәтижеде ең алыс аудандағы полицей компьютері «онлайн» тәртібінде ІІМ-нің, Бас прокуратураның мәліметтер қорына қол жеткізе алады. Бас прокуратураның «Ақпараттық жүйесіне» қосылған, олар шұғыл түрде соттталуы бар-жоқтығы, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы және т.б. мәліметтерді біліп отырады. ІІМ-нің базасына «Интерфейс» бағдарламасы арқылы 234 пайдаланушы қосылған, олар тұлғалардың іздеуде бар-жоқтығы, автомототранспорт, нөмірлі заттар, қару туралы, жүргізуші куәлігі және т.б. мәліметтерді ала алады. Қазіргі таңда ОҚО ІІД Ақпараттық-аналитикалық орталығында 50 қызметкер жұмыс жасайды. Ақпараттық-аналитикалық о р т а л ы қ т ы ң қ ы з м е т к е р ле р і күнделікті тыныс-тіршілікте өте ұқыптылықты және жеделдікті қажет етеді. Кәсібилігі жоғары, зерек те зейінді мамандар басшылық тарапынан жүктелген тапсырмалар мен өз қызметтік міндеттерін әрқашан белгіленген мерзімінде орындап, үнемі биіктен көрінуде. Барлығының негізгі ұраны – ынтымақ пен кәсібилік.

е-mail: nastraje@mail.ru ШАРА

Темір жолдағы кездесу Таяуда Қарағанды-Сұрыптау стансасы Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері «Ташкент-Екатеринбург» бағытындағы жолаушылар пойызында халықпен кездесу өткізді. Оған Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖб бастығының орынбасары, полиция майоры Б. Сәрсекеев, КҚҚб бастығы, полиция майоры Е.Тұтқышев, Қарағанды көлік прокуратурасының прокуроры А.Бекетов, «Нұр Отан» партиясының өкілі Б. Аманжолова және «Ташкент-Екатеринбург» жолаушылар пойызының бастығы Ш.Играшев қатысты. Шараны өткізу барысында пойыз бригадасының жұмыскерлерімен, сондай-ақ осы пойыздың жолаушыларымен көші-қон заңнамасы және шетел азаматтарының жүріп-тұру туралы қағидатын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары кезінде көші-қон заңнамалары, қылмыстық және әкімшілік заңнамалар, сондай-ақ қылмыстар мен мүлдем төзбеушілік, құқық бұзушылықтарға байланысты сұрақтар талқыланды. Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖб

ОҚИҒА ІЗІМЕН

Жанжал шығарғандар жазаланады

Шардара ауданында су қорықшыларының талаптарына бағынбай, оларды ұрып соққан балықшылар ұсталды.

Шардара АІІБ-не өндірістік кооператив мекемесінен қатынас хат келіп түскен. Онда Шардара су қоймасында заңсыз балық аулауға қарсы рейдтік ісшара барысында заңсыз балық аулап жүрген қайықтарды ұстаған кезінде бір топ балықшы азаматтар су қорықшыларының талаптарына бағынбай, ұрып соққанын көрсеткен. Шардара АІІБ-нің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде Сарыағаш ауданының 1990, 1994 және 1987 жылы туған төрт тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда аталған жайт негізінде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

СЕМИНАР

ҚҰҚЫҚ

Сотталғандарға медициналық Өмірге бір-ақ келетініңді ұмытпа! көмек

Жуырда жасақтың бас құтқарушы-психологы Ж. Бегманованың ұйымдастыруымен ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жеделқұтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің базасында, жасақтың жеке құрамына «Суицид немесе жанайқай» тақырыбында арнайы психолог маманын шақыртумен семинар өткізілді.

Г. БАЙМҰҚАНОВА , «ЕС-164/3 мекемесі» бастығының емдеу

алдын-алу жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Сотталғандардың медициналық қамтамасыз етуі ҚР ІІМ, ҚР ӘМ, ҚР ДМ бұйрықтарының, мекеменің ішкі тәртіп ережелерінің, ҚР ІІМ ҚАЖК медициналық қамтамасыз ету басқармасының нұсқаулар және нұсқаулық негізінде жүзеге асырылады. Сотталғандарға білікті медициналық көмек көрсету үшін СҚО бойынша ҚАЖД МКТ дәрігер-мамандары және СҚО бойынша ДМ аумақтық медициналық ұйымдарының дәрігер-мамандары т а р т ы л а ды . О б л ы с т ы қ Ж И Т С орталығының, облыстық туберк у ле з г е қ а р с ы д и с п а н с е р і н і ң ,

әлеуметтік қорғау департаментінің, СҚО бойынша көші-қон арасындағы сабақтастық жұмыстар жүргізіледі. Сотталғандардың амбулаториялық көмек алдын ала жазылу арқылы, б е к і т і л г ен ж а с а қ т а р б ой ы н ш а қабылдау кестеге сәйкес жүргізіледі, шұғыл көмек көрсету тәулік бойы жалғасады. Медициналық

бөлімнің жағдайларында ЭКГ, флюорографиялық тексер у , р ен т г ен о л о г и я л ы қ т е к с е р у , ультрадыбыстық зерттеу, қанның ж ә не не с е п т і ң к л и н и к а л ы қ зертханалық және биохимиялық зерттеу жүргізіледі.

Семинардың мақсаты – жеке құрам арасында өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау және оның алдын алу туралы түсінік беру. Семинарға Қызылорда облыстық психикалық-жүйке ауруханасының психологы Гүлмира Ақтаева арнайы шақыртылды. Семинарда жасақ қызметкерлеріне тақырып бойынша дәріс оқылып, «Өмірге бір-ақ келетініңді ұмытпа!» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Психолог Гүлмира Ақтаева өз-өзіне қол жұмсаудың себептері мен оның алдын алу жөнінде түсінік беріп, құтқарушылар тарапынан қойылған көкейкесті сұрақтарға өз тәжірибелерінен мысал келтіре отырып жауап берді. «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі


ӨЗЕКТІ №21 (4379),№бейсенбі, 15.03.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

5

СҰХБАТ

Адам өміріне атүсті қарау – қылмыс Кез келген мемлекеттің басты байлығы – адам және оның өмірі. Сондықтан болар, әлем елдері дамуды демографиялық ахуалдан бастап, халық денсаулығының қамына қарай қарекет етеді. Жер көлемімізді айтып көсіле мақтанатын біздің, өкінішке қарай, демографиямыз дімкәс екені тағы ақиқат. Ашығы сол, ана мен бала денсаулығы алдыңғы кезектегі мәселе болып отыр.

Соңғы жылдары ана мен бала өлімінің азайғанын алға тартып, статистиканы сөйлеткенімізбен, күн сайын көріп жүрген көрініс көкейге түрлі күдік ұялатып келеді. Өйткені, қазір елімізде ең көп айтылатыны – сырқат аналар мен балалардың жағдайы. Көптің көкейіндегі сан сауалға жауап алу үшін жуырда Астанадағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығы – Рефералл орталығының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер Жұпар Кәрібекқызын әңгімеге тарттық. – Денсаулыққа жауаптылар елдегі ана мен балалар арасындағы ауру түрлерінің асқынып бара жатқанын айтып жатады. Себебі неде? – Бүгінгі күні ана мен бала денсаулығы – басты мәселе болып отыр. Қазіргі әйелдердің денсаулық индексі өте төмен. Себебі, болашақ ананың өмір сүріп отырған ортасының экологиялық жағдайы нашар. Екіншіден, ішіпжегені химиялық қоспа болса, тұрмыстық жағдайы жақсы болмаса, ондай әйелдің денсаулығы қайдан оңалсын? Ал әйелдің денсаулығында қандай да бір кінәрат болса, ол ішіндегі ұрыққа да әсер етеді. Жасыратыны жоқ, қазір туабітті ауытқулармен дүние есігін ашатын балалардың саны көбейген. Әсіресе, Атырау мен Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында даму ақаулары бар балалар жиі дүниеге келеді. Одан кейін жұқпалы аурулар болашақ нәрестенің өміріне өмір бойы балта шабуы мүмкін. Бүгінгі таңда ана мен бала ауруларының с е б е б і н а л ды н а л а а н ы қ т а у ғ а б о л а ды . Технологиясы оқ бойы озық дамыған елдерде әйелдердің бойында қандай кінәрат бар екендігі генетикалық түрде алдын ала анықталып, жүзден аса инфекцияға тексеріледі. Тұқым қуалайтын ауруларының бар-жоғы тексерістен өткізіледі. Оны анықтайтын сан алуан медициналық аппараттар шыққан. Бірақ, бұл біздің елге әлі жеткен жоқ. Алла бұйырса, алдағы жылдары бізге де жетіп қалар. Ол жетеді деп арқаны кеңге салуға тағы болмайды. Меніңше, әйел денсаулығының жоқтығына байланысты мемлекеттік деңгейде бағдарлама жасалып, кешенді түрде жұмыс жүргізілгені жөн. – Іштегі шарананың бойында ауытқушылық барын тексеретін сан алуан аппараттар бізде де қолданыста бар емес пе? – Бар, бірақ қазір олардың өзі көненің көзіндей болып кетті. Себебі, заман ағымына қарай, технология да бір орында тұрмайтыны белгілі. Күн сайын өзгеріске ұшырап, дамып жатады. Иә, бізде скрининг деген бар. Он екі аптаға дейін, екіншісі 20-24 аптаға дейін, сосын 30-34 аптада әйелдер ультрадыбыстық тексерістен өтеді. Биохимиялық тексеру жасалады. Қан аламыз, генетиктер қарайды. Осы он екі аптаға дейін тексерілгенде іштегі ұрықтан қандай да бір ауытқушылықтар байқалса, жүктілікті үзу туралы кеңес айтылады. Кейбір жағдайда әйелдердің өзі келісім бермейді. Жиырма екі аптаға дейін жүктілікті үзуге мүмкіндік бар. Маман ретінде шарананың бойынан қандай да бір ауытқушылықтар анықталып жатса, жүктілікті үзу керек деп кеңес қыламын.

Жарайды, біз рұқсат бердік, әйел босанды, мүгедек бала дүниеге келеді. Амал жоқ, әйел бала үшін бәріне де барады. Басын тауға да, тасқа да ұрады. Бірақ, іште өксік, өкініш қалады. Әйел де – адам баласы. Іштей жеп таусылады, депрессияға ұшырайды. Ал дүниеге келген баланың болашағы туралы айтудың өзі артық. Ол анасынан бетер қиналады. Екіншіден, сол туылған балаға мемлекеттен қаржы бөлінеді. Ол балаға мемлекет өмір бойы жәрдемақы төлейді. Оның өзі қыруар қаржы. Тағы бір айтарым, қазір әйелдердің арасында қан аздық ауруы көп тараған. Бір кездері аяғы ауыр әйелдерге қан аздыққа қарсы тегін дәрідәрмектер берілетін жап-жақсы бағдарлама болып еді. Кейінгі кезде сол бағдарлама тоқтап қалды. Меніңше, соны қайта енгізген дұрыс. Содан кейін әйелдер арасында бүйрек пен жұқпалы аурулар өте көп тараған. Соның ішінде уреаплазма, хламидоз, микоплазмоз, трихомониаз деген жыныстық жолмен жұғатын аурулар жиі кездеседі. Бұлар жеке бас гигиенасы сақталмайтын ортада, сауналар мен моншаларда таралады. Сақтанбаудың соңы осындай орны толмас өкінішке әкеліп соғады. – « Б е с і г і м і з б о с қ а л м а с ы н » д ей т і н қазақтың арасында ұрпақ сүюге зар болып отырғандардың көбейіп кетуі неліктен деп ойлайсыз? – Қазір бедеулік те, белсіздік те өте өзекті мәселеге айналып отыр. Бұрын ұрпақ сүюдегі қабілетсіздікті 80 пайыз әйелден көріп, 20 пайыз еркектен деп айтатын едік. Қазір – 50-50. «Ауруын жасырған өледі» демекші, ер адамдар дәрігерлерге дер кезінде қаралмайды. Әйелдер де уақыт жоғалтып жатады. Көптеген жастар тұрмыс құрған соң бала көтере алмай жүреді. Біраз жыл өткізіп алған соң ғана бармағын шайнап, дәрігерлерді жағалайды. Маман ретінде айтамын, белсіздік пен бедеуліктің 80 пайызы емделеді. Екеуінің де себептері өте көп. Қазір жастар арасында жұқпалы аурулар көп таралған. Әйелдер арасындағы жатыр мойны, аталық ұрық бөлу мүшелерінің дұрыс дамымауы – бедеулік пен белсіздікке алып келеді. Бұл екеуі де жастайынан денсаулықты күтпеудің салдары. Себебі, бойжеткендеріміз бабымен бой түзей алмайды. Кіндігі мен кеудесі ашықшашық, сақырлаған сары аязда тізеден жоғары

белдемше киетін қыздардан ертең дені сау ұрпақ дүниеге келеді дегенге сену қиын. Темекі мен сыраны суша сіміретін жастардың көп жағдайда денсаулығы сын көтермейді. Осылай ойнақтап жүріп от басып, балалы болу бақытынан айырылып қалатынымыз өзекті өртейді. Мәселен, ерте жастан жыныстық қатынасқа түсу, жасанды түсік жасату да – бедеулік пен белсіздіктің басты себебі. Тағы бір себеп, күнделікті тұтынып жүрген тағамдарымыз табиғи құрамынан баяғыда алыстап кетуінен де болып отыр. Сосын күнделікті қолданатын компьютер, ұялы телефондар да бедеулікті асқындырып отыр. Ал еркектің белсіздігіне ұрпақ өрбіту жүйесіндегі қабынулар, атап айтсақ, аталық бездің, қуық асты безінің қабынулары, жыныснесеп мүшелерінің дамуындағы ауытқулар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар әсер

етеді. Сондықтан нәпсіқұмарлықты тыйып, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстаса, ұрпақ сүю бақыты барлығына берілер еді. – Қазір айы-күні жетпей, мерзімінен бұрын босанып қоятын әйелдердің қарасы да аз емес секілді... – Ерте босану қаупі де – қазіргі күні басты мәселеге айналғаны рас. Негізі әйел 37 аптадан кейін ғана босану қажет. Қазір мерзімінен ерте босанатындар көп. Оның да негізгі себебі – жұқпалы аурулар. Сосын жатыр мойны ашық болады, салдарынан баланы ұстап тұра алмайды. Оның соңы түсік тастаумен аяқталса, кейде мерзімінен бұрын босануға әкеліп соғады. Дегенмен, қазір медицинаға инновациялық технологиялар еніп жатыр, оның барлығының алдын алуға болады. Мәселен, пессари деген бар. Ол өлшеміне қарай әйелдің жатыр мойнына салынып, жүктілікті сақтап қалуға болады. Бұрын біз тігіс салатын едік, қазір оның орнына осындай жаңа заманға сай пессариді пайдаланып жүрміз. Кейбір шала туған балалар жақсы болып өседі, тіпті, әдеттегі балалардан қарағанда дамуы ерекше болып жатады. Мысалы, Наполеон

да жоғары деңгейде. Қазір еліміздің түкпірт ү к п і р і нен е м і з д е п , а у р у ы н а н а й ы ғ ы п жатқандар бар. Өзім де Американың Чикаго университетінде тағылымдамадан өттім. Ол жердегі көргендерімді біздің елмен салыстыра алмаймын. Себебі, олардың медицинасы да, технологиясы да оқ бойы озық. Жеке өзім он бес жылымды оқуға арнаппын, тіпті, қазір де оқып жатырмын. Бес жылдың ішінде емдеу жолы да, медициналық технология, тіпті дәрідәрмектің өзі де өзгеріске ұшырайды. Өйткені, ғылым мен білім тоқтаусыз алға жылжып барады. Сол себепті заманның көшінен қалмау үшін оқи беру керек. Екіншіден, біз айтып отырған Америкада жәй ғана медбикелер 7-8 мың доллар алады. Олардың медбикелерінің өзі 5 жылдан аса оқиды. Бізде 2 жыл оқиды. Екі мен бес жылды салыстыруға келмейді. Оны да ескеру керек. Ал дәрігерлері 10-15 мың доллар айлық алады. Ал бізде медицина ғылымдарының кандидаты секілді атақ-даңқы аспандаған жоғары білікті дәрігердің айлығы 500 долларға жетпейді. Сосын АҚШ-та медицина мамандығына оқуға түсу өте қиын. Ол жақта дәрігердің оқуына

АЙТЫЛҒАН СӨЗ

Көптеген жастар тұрмыс құрған соң бала көтере алмай жүреді. Біраз жыл өткізіп алған соң ғана бармағын шайнап, дәрігерлерді жағалап жүреді. Маман ретінде айтатыным, белсіздік пен бедеулік 80 пайыз емделетін ауру. Екеуінің де себептері өте көп. Қазір жастар арасында жұқпалы аурулар көп таралған. Әйелдер арасындағы жатыр мойны, аталық ұрық бөлу мүшелерінің дұрыс дамымауы – бедеулік пен белсіздікке алып келеді. Бұл екеуі де жастайынан денсаулықты күтпеудің салдары. Себебі, бойжеткендеріміз бабымен бой түзей алмайды. Кіндігі мен кеудесі ашық-шашық, сақырлаған сары аязда тізеден жоғары белдемше киетін қыздардан ертең дені сау ұрпақ дүниеге келеді дегенге сену қиын. секілді мерзімінен бұрын туған әлемге әйгілі тұлғалар өте көп. Дегенмен, мерзімінен бұрын босану дұрыс емес. Өйткені, шарана ол уақытта толықтай дамып бітпейді. Мәселен, көздің дамуы 26 аптада толық қалыптасады. Жалпы, ерте босану қаупі экологиялық ахуалға да байланысты. Қазір шалабайлардың көпшілігі сары ауру, тыныс және аллергиялық аурулармен көп ауырады. Сондықтан болашақ аналар саламатты өмір салтын ұстануы керек. Дені сау анадан денсаулығы мықты ұрпақ дүниеге келеді. Анасы дұрыс тамақтанып, ұйқысы тыныш болса, баласының да денсаулығы жақсы болады. Бұдан кейін түсік тастау немесе мерзімінен ерте босанудың артында күйзеліс, жүйке жүйесінің шаршауы да септігін тигізіп жатады. – Бас ауырып, балтыр сыздаса, білікті дәрігерлерді шекара асып іздейтініміз рас. Жыл сайын миллиондап ақша бөлініп, ш е т е л д і ң б і л д ей у н и в е р с и т е т т е р і н д е біліктілігін арттырып, оқып келген ақ халаттыларымыз неге өзге елдің деңгейіне жете алмай жатыр? Қатерлі аурулардың алдын алуда неге қауқарсызбыз? – Сөзіңіздің жаны бар. Ем іздеп мына тұрған Өзбекстанға, Ресейге кетіп жатқандар жетерлік. Осыдан он жыл бұрын бұл жайында мақала жазған едім. Мәселен, көрші өзбек елінде бізбен салыстырғанда халықтың тұрмыс жағдайы төмен болғанымен, медицинасы мықты дамығанын мойындауға тура келеді. Себебі, Ташкентте кезінде медицинаны өз тілдерінде оқытты. Ал біз орыс тілінде оқыдық. Бізде қазақ сыныбын бітірген бала орыс тілін меңгерудің өзіне біраз уақытын жіберіп алады. Одан кейін медицинаны меңгеруге тура келеді. Оны он жылға жуық уақытта меңгеріп шығу мүмкін емес. Дегенмен, еліміздегі дәрігер мамандардың барлығына бірдей күйе жағуға болмайды. Қазір шетелде біліп алып, озық тәжірибесімен бөлісіп жатқан білікті дәрігерлер бар. Сондайақ, шетелдің заманауи технологиялары да іске асуда. Екіншіден, технология мықты болса, дәрігердің диагноз қоюы да дәлдірек болады. Әрине, кадрлардың біліктілігі бірінші орында. Мысалы, біздің ғылыми орталығымыздың көптеген дәрігері шетел асып оқып келді. Олар сол жақта үйренгендерін, көргендерін тәжірибеде қолданып жатыр. Диагностикамыз

түскен адам бақытты. – Мемлекеттік медициналық мекемелерге қарағанда жекеменшік емханалардың есігін қағатындардың қатары неге көп? – Мен онымен толықтай келісе алмаймын. Себебі, қазір мемлекеттік медициналық мекемелердің де деңгейі жоғары. Тұрғындар арасында «ақшасы төленгеннен кейін бізге жақсы қарайды» деген түсінік қалыптасқан. Жекеменшікке жүгінудің себебі, ол жерде ұзынсонар кезек болмайды, дәрігерлер мен медбикелер науқастың бүкіл жағдайын тәптіштеп сұрап, көңілін аулайды. Өйткені, уақыттары бар. Әлбетте аппаратуралары да жақсы. Мемлекеттік емханаларда жоқ аппараттар жекеменшік клиникаларда болады. Ал мемлекеттік мекемелерде бір есікке 50-60 адам кезекке тұрады, олардың барлығын бір күнде қарап біту мүмкін емес. Күні бойы кезекте тұрған науқастар дәрігерге неше түрлі сөздер айтады. Олардың науқасын қараумен бірге, сын-ескертпелерін де естіп жүрген дәрігерлердің жүйкесі де сыр беретін кездері жоқ емес. Менің жұмыс өтілім – 35 жыл. Бұрын дәрігерлерді 25 жылдан кейін зейнеткерлікке шығаратын. Оларды бекерден бекер 25 жылдан кейін зейнеткерлікке шығармаған ғой. Кейде жұмыстан кейін үйге жеткенше қалжырап қаламын. Демек, дәрігерлер де қажиды. Қазір дәрігерлердің арасында денсаулығына қарамайтындардың қатары көп. Жасыратыны жоқ, олардың өзіне дәрігерлік көмек қажет. – Жуырда «дәрігерлердің қателесуіне болады» деген пікір айтылды. Алып-қосарыңыз бар ма? – Меніңше, дәрігерлердің қателесуіне болмайды. Өйткені, адамның өміріне жауаптысың. Оның ішінде, менің мамандығым, акушерг и не к о л о г қ а ә с т е қ а т е ле су т ү г і л і , ө з мамандығыңа немқұрайлы қарауға жол жоқ. Ешбір шатасуға болмайды. Себебі, біз бір емес, екі адамның өміріне жауаптымыз. Мемлекеттің ең басты байлығы – адам және оның өмірі. Сондықтан адам өміріне атүсті қарау – қылмыс. Тіпті, кішкентай ғана білместіктің соңы үлкен себеп-салдарға айналып, қателікке апарады. Әңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан Жадыра МҮСІЛІМ


6

ҚОҒАМ ЖƏНЕ ЗАҢ №21 (4379),№ бейсенбі, 15.03.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

Партия мен мафия

1985 жылы жазда Целиноград стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің бастығы Г.Ф. Люборец мені шақырып алып, Арқалық стансасына бөлімше бастығы болып тағайындалатынымды айтты. Отбасы жағдайыма байланысты Арқалыққа бара алмайтынымды айтып едім: – Мен тек сен дайын болсын деп ескерттім, – деді ол. Б і р а п т а д а й у а қ ы т ө т к ен д е транспорттық милиция басшысы, майор А. Жалмағанбетов шақырып алып: – С ен і А р қ а л ы қ қ а б ө л і м ш е б а с т ы ғ ы е т і п т а ғ а й ы н д а ды м . Бұйрыққа бүгін қол қойдым, – деді. – Люборецке отбасы жағдайымен бара алмайтынымды айтып едім ғой? – десем: – Бұйрық талқыланбайды. Сен коммуниссің, партия қайда жіберсе, со н д а б а р а с ы ң , ә й т п е с е қ ы з ы л билетіңді үстелге қоясың, – деген соң амалсыздан келістім. Жалпы А. Жалмағанбетов кісілігі бар, өз қарамағындағы адамдарды ш ен і не б ө л м ей с ы й л а с а т ы н, қорғай білетін, айтқанына көндіре білетін, сөйлегенде сөздің түбін түсіретін шешен адам еді. Сонымен Арқалыққа кете бардым. Ондағы

прокурордан рұқсат алдың ба? – деді – Б а л м а ғ а н б е т о в п ен к е л і с і м ж а с а ғ а н ж о қ п ы н, т е к с е р і с т ен нәтиже шықса хабарлаймын, – деп айттым. Сонымен сағат тоғызда дүкен а ш ы л ғ а н б е т т е е к еу м і з е к і куәгер алып дүкенге бардық та, дүкеншіге кезектен тыс тексеріс б о л а т ы н ды ғ ы н а й т ы п , д ү к ен д і жапқызып, кассадағы ақшасына, фактураларына акт жазып, қалдық т а у а р л а р д ы ж ә не т ы ғ ы л ғ а н тауарлардың барлығын тексере бастадық. Дүкеннің тауар айналымы орташа болғандықтан кешке дейін тауарды түгел жазып болып, дүкенді жауып, мөр басып тексеріс аяқталғанша ашылмайтындығын директоры Ханға ескерттік. Пункттегі бөлмеге келіп Сыздықов екеуміз ақылдаса отырып атқарылған жұмысымызды талдай келе оның тексерісті әрі қарай жалғастыруға құлқы жоқтығын сездім. Ол кешкі п ой ы з б ен к е т е т і н д і г і н д е ж а -

Іс барысында алынған жауаптардың нәтижесінде б ұ л і с к е д ү к ен д и р е к т о р ы Х а н, облыстық сату басқармасының менгерушісі, обкомның әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Торғай облыстық «Казторгодежда» базасы директорының тікелей қатысы бар екені анықталды. Бұл жайды транспорттық прокурорға баяндап, көмек беруін сұрадым. Ол ертеңге бәріне шақыру қағазын жібер деп нұсқау берді. Айтқанындай, бәріне шақыру қағазын жазып, кезекші милиционер арқылы әрқайсысының өз қолдарына тапсыруын ескертіп ж і б е р д і м . К е ле с і к ү н і о л а р ды ң ешқайсысы келген жоқ. Ханның үйіне телефон соғып едім, жұбайы оның екі күннен бері үйде жоқтығын айтты. Қалғандары да бірі санаторийге, бірі ауырып Мәскеуге қаралуға кетіпті. Енді не істерімді білмей отырғанымда телефон шылдырлады. Тұтқаны алып едім, ар жағынан апайым анамның қайтыс болғандығын ескертті.

е-mail: nastraje@mail.ru

Целиноградқа кеттім. Ертеңгі күні ЦКІІБ-на барып кезекшіге келгендігімді бастыққа айтқыздым. Ол өз бөлмесіне кіруімді хабарлаған соң, бөлмесіне бардым. Мән-жайды қайта анықтап сұрап алды да, Бас прокуратураға барамыз деп орнынан тұрды. Бас прокуратураның к ө м е к ш і с і не к і р і п м ә н- ж а й ды айтып, Балмағанбетов төрт күн бойы ешқандай мәлімет бермей о т ы р ғ а н ды ғ ы н, со л а й ш а ө з і д е заңды бұзғандығын ескерте кетті. Ж а ғ д а й ды ң қ ы р - с ы р ы н а қ а н ы п болған соң, Арқалыққа телефон шалып: – Кімге, қандай іс қозғап ж а т ы р с ы ң ? О с ы н ш а к ү н не г е мәлімет бермедің? – деп жауап күтпестен, ертең бар материалыңмен істі тоқтатқан шешіміңді алып кел деді де, телефонды қойды. Маған: – Бала, қам жеме, бәрі жақсы болады, – деп шығарып салды. А. Жалмағанбетов қайтып келе жатқанда: – С ен ен д і А р қ а л ы қ т а і с т ей алмайтын шығарсың. Саған ж ұ м ы с і с т е т п ей д і . С о н ды қ т а н Целиноградтағы бас бөлімде істей тұр, ақырын бағайық, – деп айтты. Бас бөлімге барып, бастықтың с ө з і н а й т ы п е д і м , о л д а с о-

Қылмыстық істер ізімен желілік бөлімше облыстық статуста болатын, сондықтан ірі пунктке жатады. Штатта жеті адам: төрт офицер, үш кезекші милиционер. Стансаның өзі тұйық стансалар қатарына жатады. Торғай облысының орталығы болғандықтан, жүк тасымалдау жұмысы басқаларға қарағанда көбірек. Стансадан басқа С оц и а л и с т і к м ен ш і к т і ұ р л а у ғ а қарсы күрес (СМҰК), қылмыстың алдын алу міндеттемелері болатын. ОРС НОД-2-ге қарасты екі дүкен мен темір жол асханасы бар, директоры Хан деген кісі. Арқалыққа барып міндетіме к і р і с і п , ә р м е к е м ен і ң бастықтарымен, басқа да мамандармен арнайы танысып, жалпы жағ дай ларын білген нен соң, ісжоспарымды қайта қарап, кейбір түзетулер енгізіп, жұмысқа кірісіп кеттім. Бас бөлімдегі жұмысқа әбден үйренгендіктен бе, біразға дейін жалпы пункт ұжымының жұмысы көңіліме қонбады. Өз міндеттеріне немқұрайлы қарайтын сияқты. Тек тергеуші аға лейтенант С. Ысқақов қана жұмысқа уақытында келіп, қолындағы істерді бітіруге жанталасып жатады. Сондықтан пункт бойынша жиналыс ашып, әрқайсына кемшіліктерін көрсетіп және оны болдырмау шараларына бағыттама қабылдадық. Осылайша уақыт өтіп жатты. Тамыз айының орта кезінде О Р С Н О Д - 2 қ а р а с т ы ө не р к ә с і п т а у а р л а р ы н с а т а т ы н д ү к ен н і ң дүкеншісі келген тауарларды тығып сататындығы және басқа мекемелерден тауар қабылдайтындығы туралы мәлімет түсті. Бұл жөнінде Есіл стансасындағы милиция бөлімінің басшысы Мұсабаевқа баян етіп, тексеріс жүргізуге рұқсат алдым да, көмекке бөлімшедегі Социалистік меншікті ұрлауға қарсы күрес инсп е к т о р ы С ы з ды қ о в т ы ж і б е р у і н сұрадым. Арқалыққа Целиноградтан жүретін жалғыз жолаушылар пойызы таңғы сағат 8-де келетін. Сол пойызбен келесі күні Сыздықов келді. Оған түскен мәлімет бойнша көрсетілген дүкенде тексеріс амалдарын жүргізу керектігін айтқаннан кейін: – Арқалықтағы транспорттық

сырмай айтып салды. Негізінде тексеріс нәтижесінде айтарлықтай заң бұзушылық айғақталған жоқ. Кешкі астан соң Целиноград УТМның СМҰК бастығы Боробковтың үйіне телефон соғып, жағдайды баяндадым да өз бөлімінен кісі жіберуін сұрадым. «Таңғы пойызбен Дониленко барады, ол қазір Есілде, мен телефон соғып айтамын», – деді о л. А й т қ а н ы н д а й т а ң ғ ы п ой ы з бен Дониленко келіп, жағдаймен танысқан соң: – Тексерісте нәтиже шықпаса, неге қайта тексермекшісің? – деп сұрады. – Нақты тығылған тауар барлығында күмән жоқ сияқты, с е б е б і д ү к ен ш і н і ң м і не з - қ ұ л қ ы сезікті болып тұр. – Дүкен ішінде болса, кеше табылар еді ғой? – Басқа тығатын жер жоқ, асхананың ішіне сонша қымбат тауарларды тыға қоймайды. Сондықтан тағы да анықтап қарап шыққым келеді, – дедім. Дүкенші келгеннен соң, куәгерлер алып қайта тексерісті бастадық. Қарамаған жеріміз жоқ, бірақ ештеңе табылмады. Амалсыздан дүкенді аша беруіне болатындығын айтып, есікке беттеген кезде, есіктің жанында тұрған үлкен қораптарға көзім түсті де, екі күн бойы осыларды тексермегендігім ойыма түсті. Дүкеншіден «Мынау не қораптар?», – деп сұрап едім: «Теледидардың бос қораптары ғой», – деп қысқа ж а у а п қ а й т а р ды . М ен о л а р ды ң і ш т е р і н қ а р а й б а с т а ды м . Е ң астыңғы қораптың бетін ашқанда іші толған киім-кешек, әйелдердің етігі, көйлектері, т.б. тауарлар шыға келді. Бәрі де шетелдікі. Дүкеншіге: «Мынау не тауарлар?», – деп едім, ол ештеңе айта алмай жылап жіберді. Дониленко екеуміз тиісті қағаздарды толтырып, дүкенді қайта жауып, куәгерлерден, дүкеншіден түсініктемелер алып, транспорттық прокурор Балмағамбетовке бардық. Ол материалдарды көріп шыққан соң, қылмыстық іс қозғауға рұқсат берді. Түстен кейін жұмыс нәтижесін Есілге, Целиноградқа баяндап, әзірге істі өзім жүргізетіндігімді айттым.

Д е р еу Ц е л и н о г р а д қ а б ө л і м бастығы Люборецке шешемнің қайтқандығын айтып, істі кімге т а п с ы р а т ы н ды ғ ы м ды с ұ р а ды м . Ол көңіл айтып болған соң, істі тергеуші Ысқақовқа тапсыр деді. Со л а й ж а с а п , ж ұ б а йы м е к еу м і з кешкі пойызбен Целиноградқа тартып кеттік. Ш е ш е м д і ж е р ле п , с а л т д ә с т ү р ле р і н ө т к і з і п т ө р т - б е с к ү н д ей ж ү р і п қ а л ды м . Қ а й т ы п Арқалыққа келіп таңғы шәйді ішіп бола бергенде үйдегі телефон шылдырлады. Телефон соғып тұрған Б а л м а ғ а н б е т о в е к ен. А м а н ды қ саулық жоқ, жедел келіп кет деп тұтқаны қоя салды. «Мен жоқта б і р д е ң е б о л ы п қ а л ды м а ? » д е п жедел киініп прокуратураға барып, Балмағамбетовтің бөлмесіне кіріп, не болғандығын сұрадым. Ол көмекшісі Сәдуақасовқа жіберді. Оның айтуынша, мен Целиноградқа кететін күні, біреу жабық дүкенді ашып, тығылған тауарларды пошта таситын вагонға артып жіберіпті. Оны Есілде милиция тәркілеп алыпты. Енді олардың пайымдауынша, мен сол тауарларды Целиноградқа әкетпек болыппын. Осы жайында прокуратура маған қылмыстық іс қозғапты. «Қызмет жайын өз пайдасына пайдаланғаны үшін» деген сол кездегі заңның 147-бабы. Осы туралы жауап алуға шақырған екен. Мен Целиноградқа не үшін кеткендігімді және тағылған айыпқа ешқандай қатысым жоқтығын айттым. Сәдуақасов. «Көрген кісілер бар, керек десең, олармен беттестіремін», – деген соң, кездесуге мен дайынмын дедім де шығып кеттім. Үйге келіп Целиноградтағы бас бөлімге телефон шалып, мұндағы болып жатқан жайды баяндадым. Ол: «Ешқайда барма, үйде бол. Біраздан соң телефон соғам», – деді. Жарты сағаттай уақыт өткен кезде телефон шыр ете қалды. Телефонды алсам, Люборец екен. – Бас прокуратураға бұл іс жөнінде ешқандай мәлімдеме түспеген, сен Целиноград Көліктегі ішкі істер басқармасына телефон шал, – деді. ЦКІІБ бастығы Жалмағанбетовке қоңырау шалып едім, ол: «Ертең осында кел», – деп тұтқаны қойды. К е ш к і п ой ы з ғ а м і н д і м д е ,

л а й ой л а й т ы н ды ғ ы н ж а с ы р м а ды. Осы сергелдеңмен жүріп отбасымды Арқалықта қалдырып, ө з і м б а с б ө л і м д е ж ұ м ы с ы м ды жалғастырдым. Бастықтардың жорамалы тура келді. Сол кездегі Торғай обкомының бірінші хатшысы Қуанышев мені Арқалық қаласы былай тұрсын, ж а л п ы Т о р ғ а й ө ң і р і нен қ у у к е -

рек, ондай адамға Торғай өңірінде орын жоқ деп ЦКІІБ бастығына ш а р т қ ой ы п т ы . Ж а л м а ғ а н б е т о в бірінші хатшының шешімінің заңсыздығын, маған қылмыстық іс заңсыз қозғалғандығын жоғарғы орындарға дәлелдегенінше төрт ай уақыт судай ағып өте шықты. 1986 жылдың наурыз айының басында Қостанай транспорттық милиция бөліміне қарасты «Шелғашы» стансасындағы желілік пункттің бастығы болып тағайындалдым. Ол Торғай облысының Октябрь ауданына, ал темір жол бойы Қостанай темір жол бөліміне бағынышты болатын. Қостанай стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімі екі бөлімшеден тұрады: олар – Тобыл және Құсмұрын бөлімшелері. Менің бақылауымда Құсмұрын стансас ы н а н Е с і л с т а нс а с ы н а д ей і н г і қашықтығы 90 шақырым, кішігірім жеті станса, жалпы халық саны 7-7,5 мың адам. Сегіз ай дегенде бір үйге қол жеткізіп, жанұямды Арқалықтан көшіріп алып, көңілім аз да болса орнына түскеннен кейін, бар болған жағдайды қайта ойластырып, Қуанышевтің неге ондай шешімге келгенін, неліктен маған і с қ о з ғ а л ғ а н ды ғ ы н т ү с і н г ен д ей болдым. Себебі, ол іске жоғарғы а п п а р а т т а ғ ы к і с і ле р д і ң қ а т ы с ы барлығы. Оларды жауаптан құтқару үшін мені қаралау керек, қалай да болса шағын іс қозғап, жауапқа тарту керек болды. Олардың есебі бойынша ЦКІІБ мені құтқаруға шара қолданады да істі тоқтатады. Олай б о л м а с а , б а с ш ы л а р ды ж а у а п қ а тартпай іс тоқталмайтындығы хақ. Ал Торғай облысынан қуу керек дегені, егер онда істей берсем, тағы да бір былықтарын шығарып қоям ба деп сескенген. Қарға қарғаның көзін шұқымайды дегендей, партия әкімшілік басшылары да бір-бірінің көзін шұқымай, қайта бауырына басып, қанатының астына алады екен. Өйткені, бәрінің де қолдары таза емес, бір-бірімен байланысты, ал бұл дегенің «партиялық мафия» немесе сыбайлас жемқорлық тобы десем қателеспейтін шығармын. Амангелді АРЫСТАНБЕКОВ

ҚЫЛМЫСҚА – ҚЫЛБҰРАУ

Аккумулятор ұрлағандар ұсталды Шымкент қаласында полицейлер автокөлік аккумулятор ұрлығының бірнеше жайтын анықтады.

Шымкент қалалық ІІБ Абай ПБ-не облыс орталығының тұрғындары арызданып, белгісіз тұлғалар олардың автокөліктерінің аккумуляторын ұрлап кеткенін айтқан. Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында төрт күдіктіні ұстады, олар 1993 және 1994 жылдары туған Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Полицейлер анықтағандай, ұсталғандардың аккумулятор ұрлығының 5 жайтына қатысы бары белгілі болды. Күдіктілер ұрланған заттарды жергілікті сауда нүктелеріне сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған. Қазіргі таңда аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдіктілердің басқа да бөтеннің мүлкін ұрлау жайттарына қатысы болуы мүмкін екенін алға тартуда. Шымкент қаласының полиция қызметкерлері қылмыстық қолсұғушылықтың құрбаны болмас үшін автокөлік иелеріне сақтық шараларына мұқият болуды ескертеді. Шымкент қалалық ІІБ баспасөз қызметі


СПОРТ №21 (4379),№бейсенбі, 15.03.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

ЖЕКПЕ-ЖЕК

Сақшы Еуропа чемпионатына қатысады Ақтөбелік полицей Айдын Төлепбаев жекпе-жек сайысынан Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды Жуырда Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында жекпе-жек сайысынан Қазақстан Республикасының кубогы өткен болатын. Бұл сайыс Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 ж ы л д ы қ м е р е й т ой ы а я с ы н д а ұйымдастырылып отыр. Ел кубогына республиканың әр өңірінен барлығы 180 спортшы қатысып, 17 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты. Айдын Төлепбаев ішкі істер органдары саласына 2013 жылы келген. Алғашында жол патрульдік полициясында инспектор болып, қазір, міне, 1 жарым жылдан бері жылдам қимылдайтын арнайы жасақ құрамына қызметке ауысқан. «Бала кезімнен спортпен айналыстым, мектепте жүргенде күреске қатыстым. Кейін жекпе-жекке ден қойдым.

Жекпе-жек күресіндегі бапкерім Айбек Шоқпытовтың да жастарды спортқа баулудағы еңбегін атап өткен жөн. Осыған дейін түрлі жарыстарға қатыстым, өткен жылы желтоқсанда ҚР Жоғарғы Бас Қолбасшысының Кубогына қатысып, 75 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атандым. Күніне екі мезгіл жаттығамыз. Ендігі мақсатым – Еуропа чемпионатына, одан әрі Әлем кубогына қатысу», – дейді жас тәртіп сақшысы, спортшы Айдын Төлепбаев. Ақтөбелік тәртіп сақшысы Айдын Төлепбаев кубок жеңімпаздарымен б і р г е Б е л о р ус с и я н ы ң М и н с к қаласында өтетін Еуропа чемпионатына қатысады. Қызылордада өткен Қазақстан кубогында жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан спорт ж ә не д ене ш ы н ы қ т ы р у і с т е р і комитетінің диплом, медаль, кубоктарымен марапатталды. Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі

Шалқардағы қызықты жарыс Оған №4 жалпы орта білім б е р у м е к т е б і ж ә не № 2 м е к т е п гимназиясының 7, 8, 9 сыныптарынан құрылған оқушылар командасы қатысты. Ашылу салтанаты әнұраннан басталды, содан соң ТЖ бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Р.Князов бірнеше кезеңнен тұратын сайыс шартымен таныстырды: - өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімін жинау; - өрт жауынгерлік киімдерін кию; - төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; - жеке қорғау құралы газ қағарды кию; - жауынгерлік қанат жаю. Сайыс барысында, бұл ж а т т ы ғ у л а р ды ң к ү р д е л і л і г і не қ а р а м а с т а н, б а л а л а р а с а қ ы з ы ғ у ш ы л ы қ п ен қ а т ы с т ы , құтқаруға қажетті әдістерді үйреніп алуға деген құлшыныс көз жанарларынан-ақ көрініп тұрды. Жарыс нәтижесі бойынша «Сұңқар» командасы бірінші орынға ие болды. Шалқар ауданының гарнизоны атынан орын алған командалар марапатталды, ал белсенділік көрсеткен мектеп ұжымдарына естелік сыйлықтар табыс етілді. №2 мектеп гимназиясының директоры Гүлнар Қалдыбаева жар ы с ө т е т а р т ы с т ы ө т к ен д і г і н, оқушылар қиын тапсырмаларды орындап, жақсы әсер алғандығы туралы атап айтты. Оқушылар төтенше жағдайлар кезінде қандай әрекет ету керектігі туралы теориялық жағынан

Шалқар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның жалпы білім беретін орта мектептерінде өрт қолданбалы спортын насихаттау және осы спорт түріне қызығушылықты арттыру мақсатында «Бүкіләлемдік азаматтық қорғау күнін» атап өту шеңберінде спорттық сайыс өтті.

е-mail: nastraje@mail.ru

7

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

Облысқа жолдама Елжас ҚҰРМАНҒОЖИН, Солтүстік Қазақстан облысы Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының өртке қарсы қызметтерінің командалары арасында бірнеше спорт түрінен жарыстар өтті. Оған Мағжан Жұмабаев, Қызылжар, Есіл, Жамбыл, Мамлют аудандарынан келген спортшылар волейболдан, үстел теннисінен, сондай-ақ, шаңғы және нарда ойындарынан бәсекеге түсті. «Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ғабит Ибраев құттықтау сөз сөйледі. Тартысты өткен сайыстар нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, өз марапаттарын алды. Олар енді Петропавл қаласында өтетін облыстық жарыстарда намысты қолдан бермейтін болады.

КҮРЕС

Əлеуетті «Əскер барысы» Шымкент қаласында әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен ел біріншілігі өтті. «Әскер барысы» деп аталатын балуандар бәсекесінде барлық күштік құрылымдардан келген отыз жігіт өзара мықтыны анықтады.

біле тұра, бүгін іс жүзінде көмек көрсету әдістерін өздері орындап, дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды. Директор құтқарушыларға осындай қиын, алайда қоғам үшін маңызы зор қызметі үшін алғыс айтты. ТЖБ аға инженері, азаматтық қор-ғау лейтенанты Е.Тұрғамбаев жарысқа қатысушы 7,8,9 сыныптардың он үш пен он бес жас аралығындағы жас жеткіншектер болғандықтан, оларды спортқа ба-

улып, қауіп кезінде білікті әрекет етуге үйрету оңай екендігіне көз жеткізгендігі туралы айтты. Бұл өрт қолданбалы спорты күндегі ой ы н д а р ғ а қ а р а ғ а н д а т а ң с ы қ б о л ғ а н ды қ т а н, к ө п т і ң н а з а р ы н аудартты. Сондықтан азаматтық қорғау қызметкерлері жарыс әрі қарай жалғасын тауып және ауданда өрт қолданбалы спортының дамитынына сенімді. Ақтөбе облысы ТЖД Шалқар ауданының ТЖБ

ТУРНИР

Үстел теннисіндегі жігер Қ.ЕСЖАНОВ, Арал аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты, Қызылорда Арал ауданында жастарды ауқымды іс-шараларға тарту, көркем шығармашылыққа баулу, спорттық іс-шараларға қатыстыру мақсатында жарыс өтті. С е к с еу і л кентінде кәсіпкер Зибагүл Бажированың қ о л д а у ы м ен Арал аудандық п р о б а ц и я қызметінің қызметкерлері және Арал жаст а р р е сус т ы қ орталығының қызметкерлері бірігіп, Сексеуіл кентінің №231

қазақ орта мектебінің спорт залында Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 29 жыл толуына орай үстел теннисінен ерлер арасында турнир өткізді. Жарысқа ауыл жастары және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатысты. Нәтижесінде Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азамат Дәулет Шымкентов бірбірден екі жүлдеге, яғни 14-25 жас аралығындағы және 25-тен асқан 2 санатта І орын алды. Осы атқарылып жатқан ісшаралардың мақсаты – есепте тұрған азаматтардың қоғамға араласып, олардың тарапынан қандай да бір құқық бұзушылықтарға жол бермей, келешегінің жарқын болуы өз қолдарында екендігіне көз жеткізу болып табылады.

Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті мен Армия орталық спорттық клубы ұйымдастырған сайыста жеңіске жеткен балуан «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алады. Өткен жылы «Әскер барысы» турнирінің жеңімпазы атанған Еламан Ерғалиев Қазақстан барысын да қоса жеңіп алған болатын. Сонымен Шымкент қаласында өткен турнирде жеңіс тұғырына қарсылас шақ келтірмеген Армия орталық спорттық клубының палуаны Ерасыл Кажыбаев көтерілсе, екінші орынға Мемлекеттік Күзет қызметінен келген Әлібек Зекенов ие болды. Ал үшінші орын Ұлттық ұлан өкілі Олжас Шыныкеевке бұйырды. «Мақсат іріктеп бір әскери қызметшіні «Қазақстан барысына» қатыстыру. Ол іріктеусіз жарысқа қатысады. 2017 жылдың «Әскер барысы» Еламан Ералиев «Қазақстан барысы» атанды» – дейді Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Расул Мейірманов.

ФУТБОЛ

Курсанттардың жолдастық кездесуі Таяуда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының спорт кешенінде күндізгі оқыту факультеті 2 курсының 203-оқу тобы мен 3 курстың 301-оқу тобы командалары арасында футболдан жарыс болып өтті. Аталмыш іс-шараны 203-оқу тобы жетекшісі, Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, полиция м а йо р ы Қ а й н а р Е р б о л а т ұйымдастырды. Спорттық ісшараның негізгі мақсаты – курсанттарды тәрбиелеу, сондайақ, студенттер арасындағы бірлік пен ұжымдық рухты қалыптастыру және нығайту. С о н ы м ен қ а т а р к е ш к і л і к уақытта курсанттардың бір сергіп қалуын жөн көрдік. Ойын өте қызықты әрі тартымды өтті. Ойынға қатысушы курсанттар спорттық іс-шара барысында командалық ұйымшылдықты, ауызбіршілікті, шеберлікті көрсете білді. Жарысқа қатысушы әрбір команда мүшесі жеңіске жету үшін бар күш-жігерін ортаға салды, сондай-ақ, намысты қолдан жіберіп алмауға тырысты. Кез келген курсант үшін бұл бір жағынан бақтарын сынап, өздерін жақсы жақтан таныта алу мүмкіндігі болса, екінші жағынан күнделікті курсанттық өмірлерін түрлендіру болып табылады. ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының баспасөз қызметі


8

СӨЗ СОҢЫ №21 (4379), бейсенбі, 15.03.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz

МЕРЕКЕЛІК ШАРА

САЙЫС

«Күзет аруы - 2018» Ақтөре ҚУАНЫШЕВ, Атырау облысы МКҚБ ММ Атырау облысы Мамандандырылған күзет кызметі басқармасының ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында басқарманың қыздары арасында «Күзет аруы - 2018» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – қызметкерлерді мәдени-эстетикалық т ұ р ғ ы д а н т ә р б и е леу , о л а р ды ң қоғамдағы белсенділігін, ой-өрісін және ішкі жан дүниесін қалыптастыру, дамыту болып табылады. Аталған байқау адам бойындағы сабырлық, төзімділік және байсалдылық тәрізді қасиеттерді дамытуға негізделген. Әйел затын тек дене сұлулығы ғана сүйкімді және әсем етпейтіндігін ескере келе, шын сұлу ішкі жан дүниесінің үйлесімділігін көре отырып бағалайтындығы анық. Осындай қасиеттерді мақсат еткен сайыста сөйлеу мәдениетін көтерудің қазығы болып табылатын көркем тілді меңгеруге де баса назар аударылды. Байқаудың ашылуында Атырау облысы МКҚБ бастығы, полиция

полковнигі Н.Тулешов құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Таныстыру, өнер, салтанатты шеру (жүру сымбаты, жүру техникасы), 9мм Макаров тапаншасын жартылай шашу және жинау, қол өнер, ситуациялық сұрақ сияқты 6 турдан тұратын байқауға 15 қызметкеріміз қатысып, өнерлерін ортаға салып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Жалпы байқаудың қорытындысы бойынша 6 номинация «Сымбатына парасаты сай», «Саусағынан өнер тамған», «Өнерпаз болсаң арқалан», « К ө р е р м ен к ө з а й ы м ы » ж ә не байқаудың жүлдегері «Күзет аруы2018» атағы берілді. Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде «Күзет аруы-2018» номинациясын 1-полиция батальонының полицейі, полиция кіші сержанты Э. Нұрболатова жеңіп алды. Барлық қатысушылар грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Жігіт сұлтаны» анықталды 2018 жылдың І жартыжылдығына арналған «Тәрбие жұмысын жетілдіру және полицейлік құрылымдарының ұйымдастырушылық іс-шаралар» жоспарының 3-тармағына сәйкес және Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халқымыздың ұлттық салтдәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттау мақсатында «Жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара шоу стилінде өткізіліп, әйел қызметкерлер және қонақтар байқауды ақ дастарқан басында отырып тамашалады. Арнайы қонақ ретінде ІІО құрметті ардагерлері, отставкадағы милиция полковниктері Манап Уахитұлы, Бегайдар Әбдіқадырұлы шақырылды. Іс-шара барысында басқарма бастығы Оңал Ботайұлы полицияның қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген әйел қызметкерлерді ақшалай және бір қызметкерге атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары арнаулы полиция старшинасы атағын, 6 қызметкерге грамота, 5 қызметкерге алғыс хат және 7 қызметкерге алғыс жариялап, мерекемен құттықтады.

ТАНЫМ

Жануарлар әлемінің қызықтары әсерді алып тастауға, болдырмауға тырысатынын біле бермейді. Мысықтардың телепатиялық қасиеті жоғары болғандықтан, иесімен энергетикалық кеңістікте де байланыста бола алады екен.

Итті «ит» демеңіз...

Жеті өнерге жетік піл

Жалпы, піл деген алыптың өзге мақұлықтарға қарағанда ақылды екендігі туралы аз айтылмайды. Атақты жазушы Редьярд Киплингтің Моти Гудж деген сотанақ піл туралы шығармасы да бар. Одан бөлек иесіне адал, қиындықта жанкештілікпен аянбай көмектесетін есті пілдер туралы қаншама фильмдер көрдік. Пілдер шай ішкенді жақсы көреді дейді. Сонымен бірге, сурет сала білетін піл де бар. Футбол ойнауға әуес піл туралы да естігенбіз. Бірде мынадай оқиға болыпты. Осындай жайттарды назардан тыс қалдырмайтын ұйымдардың берген мәліметіне қарағанда, Уганданың ұлттық паркінде ашық алаңда джунглидегі пілдер туралы деректі фильмдер көрсетіледі екен. Бір күні сеансқа орманнан піл келіпті. Ең соңғы қатарға жатып алып, экраннан көз алмастан, өзгелермен бірге ол да кино қарапты. Шамасы, экрандағы піл туыстары туралы фильм ұнаса керек, тіпті көз алмай қарапты. Ал, кино біткен соң жайымен орманға кіріп кетіпті.

Сезімтал мысықтар

Иесі әлдебір шаруаға кіріскен кезде, мысалы, пәтерді жинастырғанда емін-еркін демалуға бола ма, әлде өзі жатқан жерді тезірек босатуы керек пе, мысық оны түсіне қояды. Ол тіпті отбасы мүшелерінің қайсысына қолдау керегін де сезеді екен. Сонымен бірге, елестерді көргіш қасиеті де бар деп саналады. Магнитті белдеулерді және жердің қозғалысын да алдын ала сезе алатынын біреу білсе, біреу біле бермейді. Олардың адамдарды жағымсыз энергиядан қорғайтынын ғалымдар да дәлелдеді. Мамандардың айтуынша, мысықты сипаған кезде жүрек соғысында кінәраты бар және қан қысымы жоғары адамдардың жағдайы қалыпқа түседі. Егер жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар мысық асырап, оған көбіне үйір болса, біраз уақыт өткенде денсаулығының жақсара бастағанын өзі де байқайды. Қысқасы, мысықтар иесінің басына төнген қауіпті сезе алады. Коннектикут штатында өліп қалды деп есептелген мысық аяқ астынан тіріліп кеткен. Сөйтсе, ол мысық кезекті есірткіге елітуден қорғап қалам деп өзінің иесінің есірткісін жұтып қойған екен. Мысықтардың иіс сезу қабілеті адамнан 14 есеге артық дейді ғалымдар. Егер адам еш кінәсі жоқ мысықты қинап, ұратын болса, көп ұзамай өзі де байқаусызда оқыстан жарақат алады (әрине, бұл қисын, бірақ, мұнда бір заңдылықтың барын іштей шамалаймыз), сондықтан мысықты хайуан ғой деп жөнсіз өкпелету орынсыз. Алдынан мысық өтсе, соған уайым ететін адамдар да бар, ал расында мысықтың кез келген адамның алдынан жағымсыз

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

Қазақтың мысықтан гөрі итті тәуір көретіні де рас. Сөйте тұра «Ит тойған жеріне» деген мақалды шығарған да біз. Бірақ, біз бұл мақалды жағымсыз мағынада қолданамыз. Ал, расында ит өзін асырап, баққан, өзіне сенген иесіне ешқашан жамандық етпейді. Өле-өлгенше «тойған жеріне» – яки өзін тойдырған иесіне адал болып өтеді. Иттің адалдығы туралы қаншама оқиғалар кітапқа жазылып, кинолар да түсірілді. Бірақ, өмірде ит емес, көбіне адамдардың өзі иттік жасап жататыны бар. Мысалы, Хабаровскінің Речный вокзалында бір адам өзінің итін қалдырып пойызға мініп, басқа қалаға кетіп қалыпты. Ал, ит иесін күтіп қала берген. Жаз өткен, күз өткен... Ал, ит иесін сарылып күтуден шаршамаған. Бір таңғаларлығы – иесі мінген пойыздың кеткен бағытына тесіле ұзақ қарайды екен. Байғұс итті аяған тұрғындар оған тамақ беріп, бірі жылы жерге кіргізіп, қамқорлығына алғанымен, ит иесін күте беріпті. Бір күні тұрғындар сол иттің өліп жатқанын көреді. Мүмкін, ол сағыныштан құса болған шығар...

Байқаудың қазылар алқасы мүшелеріне әр бөліністің әйел қызметкерлері сайланды. Жігіттер «Таныстыру», «Өнерім – өмірім», «Күш атасын танымас» гір тасын көтеру кезеңдерінен өтіп, қазақтың ұлттық аспаптары мен ұлттық киімдері туралы, қазақ тарихы және салт-дәстүрлері бойынша білімдерін сынады. Сайыстың нәтижесі бойынша 2-ПБ взвод командирінің орынбасары, полиция кіші лейтенанты Қапаш Мәди «Жігіт сұлтаны» атанды. «Сері жігіт» номинациясын басқарма аппаратынан КЖБ технигі, полиция сержанты Аслан Орынғали, «Парасатты жігіт» аталымын 2-ПБ взвод командирінің көмекшісі, полиция сержанты Жаннұр Кәдірқұл, «Шымыр жігіт» номинациясын 3-ПБ взвод командирі, полиция лейтенанты Болысбек Орманов, «Шешен жігіт» номинациясын 1-ПБ полицейі, полиция кіші сержанты Есхат Есенгер иеленді. Байқау саптық бөліністер қойған әзіл скетчтерден тұратын концерттік бағдарламаға ұласты. Астана қаласы МКҚБ

БАЙҚАУ

«Мен Отанды осылай көремін»

Аудармашы тотықұс

Ресейлік журналистердің жариялаған мына ақпараты ерекше. Новосібір қаласында ғылымға, білуге құштар тотықұс бар көрінеді. Адамзаттың тілін меңгеруге қабілетті, сонымен бірге, білімқұмар тотықұстың бұл ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырып отыр. Тотықұс теледидардан берілген жарнаманың әр сөзін еш қатесіз қайталайтыны өз алдына, жаңалықтардың сөзін де дәлме-дәл сол күйі қайталай алады екен.

Маймылдар шылымға қарсы

Үндістанда маймылдар қасиетті сиырлар сияқты ерекше әспеттеледі. Патна қаласында бір топ маймыл жиылып, шылымқұмарларға қарсы «майдан» ашыпты. Егер «Сахара Индия» кеңсесінің қызметкерлерінің бірі шылым тартатын болса, оны байқап қойған маймылдар ол адамның шылымын тартып алып, тіпті соққыға жығудан тайынбайды екен.

Зообақтағы қызықтар

О заманда бұ заман, мысық пен киіктің дос болғанын кім көріпті! Одессада мысық зообаққа жаңадан жеткізілген киікке бірден бауыр басқан. Тіпті кейде оның арқасына жатып алып еркелейтін де көрінеді. Бірақ, көп ұзамай, оларды екі бөлек жерге бөлек тұрғызуға тура келген. Себебі, киік жаңа туған мысықтың балаларына жайсыздық туғызуы мүмкін деп есептепті. Бұл зообақтың өмірі аса көңілді екеніне күмән жоқ. Бұл жерде шошқа мен ешкі дос. Үнемі бірге жайылып, бір-біріне басын сүйеп жатады екен. Ал, аулада ит скейт теуіп үйреніп жүргені туралы ондағы мамандардың баспасөзге айтқан жаңалығын естігенде тіпті қайран қаласың. Итке скейт тебуді үйреткен оның иесі Наталья Гурская иттердің скейтті тамаша тебетінін интернеттегі бейнероликтен көріп, сосын өзінің итін де осыған үйретпекші болыпты. Интернет материалдарынан дайындаған Жадыра ШАМҰРАТОВА

РЕДАКЦИЯ: Бас редактор: Ескендір ТАСБОЛАТ Бас редактордың орынбасары: Жадыра ШАМҰРАТОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА Аға тілші: Жадыра МҮСІЛІМ Тілші: Айткен ШƏМШІ

Басылым 04.01.2012 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №12198 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Б. ІЛИЯС, Қостанай қаласы ІІМ Оқу орталығында (Қостанай қаласы) арнайы алғашқы оқыту курсы тағылымдамашылары арасында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Мен Отанды осылай көремін» атты суреттер байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – патриотизмді ояту, еліміздің жетістіктері үшін тағылымдамашылардың мақтаныш сезімін ояту, жастарды тарихты құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттің, оның зайырлылығы және ІІО қызметкерлерінің жағымды имиджін арттыру. Оқу орталығының тағылымдамашылары осы ай көлемінде өздерінің жетекшілерімен бірге берілген тақырып бойынша суреттерін дайындады. Салынған суреттер әдемі, шын көңілден салынып, терең мағыналы болды. Қазылар алқасы, арнайы кітапхананың аға кітапханашысы Н. Лотыштың төрағалығымен ай соңында салтанатты түрде байқау жеңімпаздары жарияланды. Полиция майоры А. Полюхова және полиция аға лейтенанты А. Дүйсенбаева бастаған 3 және 4 взвод тағылымдамашылары байқау жеңімпазы болып танылды. Барлық суреттер қошеметке лайық. Байқауда 2 және 3-орынға ие болған 2 және 1 взвод тағылымдамашыларының жұмысы аталып өтті. ІІМ Оқу орталығы бастығы, полиция подполковнигі Т. Меңдібаев 3 және 4 взвод командирлеріне мадақтама қағаздарын табыстады.

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «Тауелсіздік-Д» ЖШС баспаханасында басылады. Индексі: 65395 Таралымы: 11614 Тапсырыс: №63

«Тауелсіздік-Д» ЖШС-і Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, 407 тел: 56-97-71 Газет аптасына 2 рет шығады.

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Мадина СҮЛЕЙМЕНОВА Корректор: Нұршагүл ƏШІМБАЕВА Фототілшілер: Қанат КӨЛБАЕВ, Бек ИМЕКЕШОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра МҮСІЛІМ

Saqshy №21 (4379)  

Saqshy №21 (4379) 15 03 2018

Saqshy №21 (4379)  

Saqshy №21 (4379) 15 03 2018

Advertisement