Page 1

«САҚШЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІ

№20 (4378)

ГАЗЕТ 1933 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

ЕЛБАСЫНЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін сыртқы саяси оқиғаларға қатысты көптеген сауалдардың келіп түсуіне байланысты Президенттің Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы жұмыс кестесі туралы айтты. Бұл туралы Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасында хабарланды. Мәліметке сай, Мемлекет басшысы 13 наурызда Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чон Се Гюнмен кездеседі. Ал, 14 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі екіжақты, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды. 15 наурызда Қазақстан Президенті Орталық А з и я е л д е р і , со н ы ң і ш і н д е Қ а з а қ с т а н Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы басшыларының жұмыс

WWW.MEDIAOVD.KZ

13.03.2018, СЕЙСЕНБІ

Астананы газдандырудың алғышарттары Британдық инвесторлар Астана газ құбырын тарту құрылысына қызығушылық танытып отыр. Бұл жайында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді. «Сыртқы істер министрлігі бірқатар индустриялық орталық пен елорданы газбен жабдықтауға қосатын жаңа газ құбыры жобасына инвестиция тартуға көмектесетін болады. Қазіргі уақытта британдық инвесторлардан нақты ұсыныс бар», – деп жазады министр «Казахстанская правда» газетінің кешегі нөмірінде жарық көрген бағдарламалық мақаласында. Қайрат Әбдірахмановтың атап өтуінше, Қазақстанда инфрақұрылымдық жобалардың басты күрделілігі жер шалғайлығымен байланысты. Сондықтан олар нақты техникалық есептеулер мен халықаралық тең қаржыландыруды қажет етеді. Сонымен қатар, оның айтуынша, муниципалды, өнеркәсіптік және жеке секторларды газға көшіру энергия тиімділігін арттыруға және климат өзгеруінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Бұл Қазақстанның бірқатар халықаралық қаржы институтымен ынтымақтастығының басымдығы саналады.

« А с т а н а , Қ а р а ғ а н ды , Т е м і р т а у ж ә не Жезқазған қалаларының тұрғындары М е м ле к е т б а с ш ы с ы н ы ң б а с т а м а с ы н з о р қуанышпен қабылдағанына сенімім мол», – деп атап өтеді Сыртқы істер министрі. Еске салсақ, 5 наурызда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес

әлеуметтік бас-тамасы» атты халыққа үндеуін жария етті. Бесінші бастама елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыруды көздейді. Атап айтқанда, Қараөзек (Қызылорда облысы)-Жезқазған-Қарағанды-ТеміртауАстана бағытында магистралді газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруды қарастырады.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Мерекелік тарту (консультативтік) кездесуіне қатысады. Бұл бес жақты келіссөздердің Орталық Азияның барлық елі үшін ортақ мереке – Наурыз мейрамы қарсаңында өтуінің маңызы зор. Түрікменстанда жоғары деңгейдегі іс-шаралардың алдын ала жоспарлануына байланысты бұл елден Меджлис төрайымы А. Нурбердыева ханым қатысады. Сол күні Н. Назарбаев пен Ш. Мирзиёевтің қатысуымен Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары өнер қайраткерлерінің галаконцертіне қатысады. Сондай-ақ, 16 наурызда Мемлекет басшысы Сирия жөніндегі Астана процесіне кепіл болатын министрлік деңгейіндегі бірінші кездесуге қатысушылар – Ресей, Түркия және Иран сыртқы істер министрлерімен жүздеседі.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, суретті түсірген Бек ИМЕКЕШОВ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА ТАЛАПТАРЫ Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен өткен Бас прокуратура кеңесінде табиғатты қорғау прокурорларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Бас прокурор табиғатты қорғау прокурорларының қызметін сынап, олардың енжарлығын, жұмыс тиімділігінің төмендігін, экологиялық заңнама бұзушылықтарына дер уақытында қарсы әрекет етпеулерін сынады. «Күн сайын дерлік БАҚ-та, әлеуметтік желілерде қоғам қоршаған ортаға зиянды әсерлердің салдарынан денсаулықты қорғау мәселелерін жария талқылап жатады. Өкілетті мемлекеттік органдарға атмосфера ауасының ластануына қарсы әрекетсіздік, ауызсудың жоқтығы, тұрмыстық қалдықтардың бей-берекет сақталуы, су тасқыны мәселелеріне қатысты сын бар. Мұның барлығы да экология саласындағы жағдайды жақсарту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді талап етеді», – деді Қайрат Қожамжаров. Бас прокурор Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорларының назарын су қорғау аймақтарында жер телімдерін бөлу, тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мәселелеріне аударды. Ал Шығыс Қазақстан облысы прокурорларына атмосфера ауасының ластануы, жекелеген елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін жіті назарда ұстау тапсырылды. Ақмолалық прокурорларға Щучье-Бурабай курортты аймағын дамытуға бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдалануын бақылауға алу жүктелді.

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай еліміз бойынша жүргізіліп жатқан шаралардың қатарында ұжымдық құттықтаулардан бөлек, қайырымдылық шаралар да өтуде. Соның бірі – ІІМ Кадр жұмысы департаментінің министрліктің «Ішкі істер органдары қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсету қорымен» біріге отырып қызмет бабында қаза болған қызметкерлердің әйелдерін мерекемен құттықтап баруы. Астана гарнизоны бойынша қызмет бабында қаза болған 5 қызметкер бар. Олар – милиция кіші лейтенанты Жирентаев Жанайдар Асқарбекұлы, полиция капитаны Қонаев Марғұлан Амангелдинұлы, полиция аға сержанты Юсупов Бауыржан Сәрсенәлиұлы, полиция

аға сержанты Өмірбеков Асылбек Сағындықұлы, учаскелік полиция инспекторы Данышбеков Нұрбол Құралұлы. Департамент қызметкерлері Серік Бұланбай мен Рүстем Сәдуақасов және «Ішкі істер органдары қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсету қоры» төрағасы

Кемел Жұмашев бастаған министрлік өкілдері аталған қызметкерлердің бірінің үйіне, бірінің жұбайларының жұмысына барып, мерекемен құттықтады. Министрлік пен қор атынан бағалы сыйлықтар мен әлеуметтік кәрзеңке табыс етті. «Тәртіп сақшылары күн-түн демей желдің өтінде, қауіптің бетінде жүреді. Сондықтан да қандықол қылмыскермен бетпе-бет келген сәттерде асыл азаматтарымыздан айырылып қалып жататынымыз өзекті өртейді. Жол апатында көз жұматындары қаншама. Отан үшін опат болған асыл әріптестерімізді біз ешқашан ұмытпаймыз. Олардың отбасы да біздің қамқорлығымыздан қалыс қалмайды. Оларға көмек көрсетіп отыруды әріптестік парызымыз деп білеміз», – дейді милиция полковнигі Кемел Айтқалиұлы. Марқұм әріптестердің келіншектерінің кейбірі ішкі істер саласында қызмет етеді. Осы күні полиция капитаны Марғұлан Амангелдинұлының жұбайы, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана халықаралық әуежайының қауіпсіздік қызметінде еңбек ететін Зәуре Есенованы ауысымдық кезекшілік кезінде барып құттықтадық. «Тағдырдың жазуына не шара?! Жолдасымның ұжымдастары бізді әрдайым ескеріп, көмектесіп тұрады. Министрлік тарапынан да, департамент тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Ең үлкен көмек – мені бала-шағаммен далада қалдырмай пәтер алып бергені деп білемін. Сондықтан да айтар алғысым шексіз», – дейді ол көзіне жас алып. Министрлік тарапынан жасалып жатқан мұндай қайырымдылық шарасы өзге салаларға да үлгі болғандай бастама. Әріптестерге әлеуметтік көмек алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Арнайы дайындық – қауіпсіздік негізі! Әлемде төтенше жағдайлар саны азаймай тұр. Соның салдарынан келетін материалдық шығындар көлемі өте жоғары, ең сорақысы – адамдар шығыны орын алуда. Біздің көбіміз төтенше жағдайлардағы (ТЖ) адам шығындарының жер сілкінісі, өрт, су басу салдарынан бөлек қысылтаяң жағдайларда қандайда бір іс-қимыл жасау керектігін білместігінің салдарынан болатыны жөнінде ойланбаған болармыз. Жамбыл облысы да жоғарғы сейсмикалық аумақта орналасқаны белгілі, сондықтан сейсмикалық қауіпсіздік тақырыбы бойынша оқу-жаттығу шаралары бекітілген мерзіміне сәйкес тоқсанында бір рет өткізіледі. Ж а м б ы л о б л ы с ы Т ө т ен ш е ж а ғ д а й л а р департаменті көп жыл бойы «Қызыл Жарты Ай» қоғамдық бірлестігімен тығыз байланыста жұмыс атқаруда. Құтқарушылардың негізгі міндеті – халықтың өмірі мен олардың дүниесін сақтап

қалу және төтенше жағдайлардың алдын алу болса, «Қызыл Жарты Ай» ҚБ мақсаты – мұқтаж адамдарға көмек көрсету. Осы бағыттағы екі ұйым бірлесе жұмыс жасайды. Осыған орай Азаматтық қорғаныс айлығы аясында 12 наурыз күні Тараз қаласының №1 мектеп-гимназиясында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен ғимараттың ішіндегі адамдарды эвакуациалау және қауіпсіз орында сапқа түзу бойынша сейсмикалық жаттығу өтті. Ғимарат ішінде жер сілкінісін білдіретін арнайы дабыл бойынша оқушылар қауіпсіз орынға шығарылды. Іс-шараны өткізуге әр топтың жауапты адамдары түгендеп, жоқ адамдарды қай жерде

екендігін анықтады. Жиналу орны ретінде колледж аумағындағы алаң таңдалып, қолда бар құралдар көмегімен (тақта, бұтақ және жайма) дәрігерге дейінгі көмек көрсету әс-әрекеттері машықталды. Ғимараттың қабаттарындағы электр жарығы және сумен жабдықтау жүйелерін өшіру іс-шаралары да ұмыт қалған жоқ.


2 Ə

-А М Е Л

ЖАҢАЛЫҚТАР №20 (4378),№ сейсенбі, 13.03.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

Қ

АТ Р А П

Пошташы-дрон пайдаға асып тұр

АҚШ

Некеге кімдер тұра алмайды? АҚШ-тың Флорида штатында 17 жасқа толмай тұрып үйленуге не тұрмыс құруға тыйым салынды. 11 жасында зорлыққа ұшырап, сол адамға тұрмысқа шығуға мәжбүр болған Шерри Джонсон АҚШ қыздары мен жас жігіттеріне ой салды. Ол өз басынан өткен трагедияның алдын алу үшін 6 жыл бойы күресіп, ақыры аталған заңнаманың енуіне ықпал етті. Кәмелет жасына толмағандарға енді шаңырақ көтеруге тыйым салынды. «Мен бақыттымын, өйткені, балаларды адасудан немесе зорлықтан қорғау – біздің басты парызымыз. Зорлықтың құрбаны болып, көп зардап шектім. Алайда, мен бұл қиындықты жеңіп шықтым», – дейді Шерри Джонсон. Сенат алдымен 18 жасқа дейінгі азаматтарға неке қиюға тыйым салу туралы шешім шығарғанымен, Палата өкілдері аяғы ауыр жандарға рұқсат алуға тырысты. Дегенмен,

е-mail: nastraje@mail.ru

Қазпошта шалғай ауылдарға газет-журнал мен хат жеткізу үшін төрт келіге дейін жүк көтеретін ұшу апараттарына сынақ жүргізіп жатыр. Еске сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында екі келіге дейін жүк көтеретін пошталық дрондар ұшырылған еді. «Поштаны тасымалдайтын автокөліктерден басқа 37 пошталық вагонымыз бар, оған қоса шалғайдағы ауылдарға поштаны 2 келіге дейін көтеретін дрондармен жеткізуді қолға алдық... Кейде екі келі газет-журналды шалғай ауылға жеткізу үшін тұтас автокөлік бұралаң тау жолымен 150 шақырым жүретін. Ал қазір пошталық

дрон тауды кесіп өту арқылы 40 шақырым ғана ұшады және поштаны жылдам жеткізеді. Бұл, әрине, тиімді», – деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Былтырдан бері Қазпошта 1,5 тонна болатын хат-хабарды дрон арқылы жеткізген. «Қазіргі уақытта шалғайда, әсіресе таулы өлкелерде орналасқан 30 елді мекенге поштаны дронмен жеткізудеміз. Сонымен бірге, төрт келіге дейін жүк көтеретін дрондарды сынақтан өткізіп жатырмыз, оларды жақын арада іске қосамыз», – деп өз сөзін түйіндеді Сәкен Сәрсенов. Айта кетейік, Қазпошта бұл ұшу аппараттарын сатып алған жоқ. Компания мемлекеттікжекешелік серіктестік арқылы дрон қызметіне, әрбір ұшуға ақы төлейді. Ұшудың бір шақырымы 90 теңгені құрайды. Клиенттер үшін баспасөз өнімдері мен хаттарды жіберу ақысы арттырылмайды. Басқарма төрағасы келтірген деректерге сәйкес, компанияда 22 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Үш жарым мыңға жуық бөлімшенің 80 проценті автоматтандырылған. Филиалдардың 70 проценті ауылдық жерлерде орналасқан және олар ауылдық елді мекендерді тұтас қамтып отыр.

Тұрғын үй бағасы тұрақты ма? Елімізде 2018 жылдың ақпанында өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,2%-ға өсті. Бұл туралы ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

17 жас белгіленді. Тек екі тараптың ата-анасы келіскен жағдайда, аяғы ауыр болу туралы факті кездескенде, 16, 17 жастағы азаматтарға үйленуге рұқсат беріледі.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған а р а л ы қ т а а б а т т а н д ы р ы л ғ а н ж ә не абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып-сату бағасы өзгеріссіз қалған. Абаттандырылған т ұ р ғ ы н ү й д і ж а л ғ а а л у т ө ле м і 0 , 2 % - ғ а артқан. Тұрғын үй нарығындағы бағаның ө з г е р у і не қ а т ы с т ы С т а т и с т и к а к о м и т е т і

пайызға қымбаттағанымен, соңғы екі жылда 0,7 пайызға және 1,6 пайызға төмендеген. Қазақстанда қазіргі таңда сатылымдағы жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы 260 613 теңге болып отыр. Ал абаттандырылған тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі 185 942, а б а т т а н ды р ы л м а ғ а н т ұ р ғ ы н ү й ле р д і ң 1

келесі ақпаратты ұсынады: жаңа тұрғын үйлердің сату бағасы 2013 жылы 9,6 пайызға, 2 0 1 4 ж ы л ы 11 , 5 п а й ы з ғ а , 2 0 1 5 ж ы л ы 15,8 пайызға қымбаттаса, 2016 жылы 3,6 пайызға төмендеген. Тұрғын үй бағасының қымбаттауы өткен жылы 1,3 пайыздық өсімді к ө р с е т к ен. А л а б а т т а н ды р ы л ғ а н т ұ р ғ ы н үйлерді алып сату бағалары 2015 жылы 9,1

шаршы метрі 114 273 теңгені көрсеткен. «Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау Астанада, Алматы қаласында және облыс орталықтарындағы құрылыс компанияларымен қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі», – делінген хабарламада.

Қытай

Ел астанасын түтін тұмшалады Қытай астанасы қайта түтінге тұмшаланып, одан төнген қауіп қызғылтсары түске дейін көтерілді. Осыған байланысты қалада отшашулар атып, далада ет және басқа да тағамдарды қуыруға тыйым салынды. Сонымен қатар, құрылыс қоқыстарын уақытша шығаруға шектеу қойылды. Қоршаған ортаны қорғау б ю р ос ы н ы ң м ә л і м д еу і н ш е , б ұ л ш а р а лар кем дегенде наурыздың 14-іне дейін жалғасады. Содан кейін шаһарда күн суытып, қаланы тұмшалаған түтін сейілуі тиіс. Айта кетейік, Қытайда ауаның ластануы – өзекті мәселелердің бірі.

Австралия

Тынық мұхитынан төнген қауіп Австралияның Квинсленд штатының солтүстік-шығыс аудандары апат аймағы деп жарияланды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Соңғы күндері толассыз жауған жауын-шашын салдарынан өзендер арнасынан шығып, Тынық мұхиты жағалауына жақын жерде орналасқан көптеген елді мекенді су алды. Апаттан, әсіресе, 5 мыңдай тұрғыны бар Ингрем қаласы зардап шеккен. Қаладағы тұрғын үйлердің 90 пайызын су басқан. Мамандардың болжамы бойынша, мұндай ауа райы әлі бірнеше күн сақталады.

А й т а к е т к ен ж ө н , с а қ т а н д ы р у компанияларының бұл штатты «апат аймағы» деп жариялауы, су тасқынынан келген шығынды өтеу процесін жеңілдету үшін жасалып отыр.

Қазақстандық түлектерге тегін грант

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қытай Халық Республикасының Инвестиция және даму комитеті департаментінің басшысы Чинь Юйцай бастаған делегациямен кездесті. Тараптар басқосуда өзара экономикалық байланыс жайында әңгіме өрбітіп, алдағы уақытта бұл қарым-қатынасты одан әрі нығайту жайын талқылады. К е з д е су д е о б л ы с ә к і м і ө ң і р і м і з д і ң экономикалық әлеуетін айта келе, көрші елмен алыс-берісті күшейту бағытында бірқатар ұсыныс пікірлерін жеткізді. «Меніңше, бұл кездесу екі тарап үшін де тиімді болады, себебі біздің өңірде кәсіпкерлікпен айналысу үшін ыңғайлы жағдай жасалған. Ол қытайлық кәсіпкерлерді қызықтырады деп ойлаймын. Бұған дейін де екі ел арасында байланыс жақсы болып келді. Еліміздегі қытайлық компаниялармен бірлесіп жүзеге асырылған 50-ден астам жоба мен қос тарап арасындағы тауар айналымның 10,4 млрд АҚШ долларына жеткені осының дәлелі. Алдағы уақытта әріптестік қарым-қатынасты туризм және инновациялық даму бағытында да нығайта түсеміз деген сенімдемін», – деді Жансейіт Қансейітұлы. Оңтүстік өңір жайлы ақпаратқа қаныққан қонақтар да бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екендіктерін жеткізді. Олар Қытайда білім саласына қатысты жаңа бастама іске асырылғалы

Аптаның айшықты шаралары Алдағы аптада болатын мәдени шаралар кестесін ұсынып отырмыз. 12-18 наурыз аралығында Тәуелсіздік сарайында «Ұлы дала мұрасы» қолданбалы өнер көрмесі, осы күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Қазақстандық суретшілердің шығармалары» атты көрмесі, «Үзіліс» атты заманауи көркемөнер көрмесі, «Ой-толғау» көркем кескіндеме көрмесі, «Мейірім үшін алғыс» фотокөрмесі, «Көктем әуені» қолданбалы өнер көрмесі, сондай-ақ, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Гүлдің нәрі» атты көрме өтеді. 13 наурызда «Астана» концерт залында сағат 11:00 және 15:00-де «У-сана» атты «Наз» мемлекеттік би театрының концерті, сол күні Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сағат 17:00-де М. Әуезовтің «Абай» трагедиясы сахналанады. Ал 14 наурыз күні «Астана» концерт залында сағат 17:00-де «Сиқырлы флейта» атты Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Бекболат Байсағатовтың жеке концерті өтеді. Сол сияқты осы күні М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында сағат 18:00-де «Наедине с Пушкиным» моноспектаклі қойылады. 14-17 наурыз аралығында Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 18:30-де «Жайдарман» ойындары өтеді. 14 наурыз күні «Астана Опера» МОБТ-да сағат 19:00-де «Barague Opera Gala» концерті, 15 наурызда М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында А. Оразбековтің «Одинокая яблоня» драмасы (сағат 15:30, 18:00), осы күні Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Ш. Айтматовтың «Аққудың көз жасы...» лирикалық драмасы қойылады. Сондай-ақ, «Астана» концерт залында 15 наурыз күні «Жыр дастан» атты «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы, «Шалқыма» халық би ансамблі мен халық ән орындаушыларының концерті өтпек (сағат 19:00). 16 наурызда М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында А. Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінді қойылады. Осы күні Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сағат 19:00-де М. Әуезов, Қ. Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасы сахналанады. Сондай-ақ, 16 наурызда «Астана» концерт залында Құлтума Сармұратұлының шығармашылығына арналған халық ән-би бөлімі мен «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблінің концерті, «Жастар» сарайында «Ашық жүрек» – «Шексіз шығармашылық» атты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ашық қалалық фестивалінің ашылуы болады. 17 наурыз күні «Наурыз» атты эстрадалық би тобының және «Наурыз» балалар би ансамблінің мерекелік концерті өтпек. Өтетін жері – «Астана» концерт залы, уақыты – 16:00. Сонымен қатар, 17 наурызда «Жастар» сарайында Ж. Сомжүректің «Тілеп-Сарықыз» трагедиясы, «Астана-Операда» П. Чайковскийдің «Лебединое озеро» балеті (18:00), Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында М. Шевренің «Ізгілік формуласы» комедиясы, 18 наурыз күні М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында М. Ладоның «Очень простая история» спектальдері қойылмақ. 18 наурыз күні «Астана» концерт залында «Наурыз думан» атты Қорқыт дәстүрлі саз тобының концерті болады.

Солтүстікте күн суытады

Алдағы үш күнде республиканың басым облыстары жоғары циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттың әсерінде болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

жатқанын айта келе, қазақстандықтарды өз елдеріне оқуға шақырды. «Негізінде қос тарап арасында қатынасты нығайту екі елге де өте тиімді. Осы ретте біз ғылым мен білімді дамытуға күш салып келеміз. Аталған саланы дамыта отырып, көрші елдермен қатынасты нығайтуды көздеп отырмыз. Мәселен, осы жоба аясында қазақстандық мектеп бітірушілерді оқуға шақырамыз. Сондай-ақ, оқу аяқталған соң оларды жұмысқа орналастыру мәселесін де шешіп беруге атсалысамыз», – деді ҚХР Инвестиция және даму комитетінің департамент басшысы Чинь Юйцай.

Қазақстан аумағынан өтетін атмосфералық фронттар солтүстік бөлігінде қар, оңтүстікте жауын-шашын, соңы қарға айналатын жаңбыр, сонымен қатар, тұман, көктайғақ және температураның төмендеуіне алып келеді. Батыс және солтүстік облыстарда температура климаттық нормадан 3-7оС төмен болады, фронттардың өтуіне байланысты қалған аумақта да күн суытады. 12-14 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша жауын-жашын басым. Осыған байланысты, мұздық құбылыстар әлсіреп, өзен арналары қысылып (Алматы облысында), жазықтық жерлерде және таулы өзендерде су деңгейі көтерілуі де мүмкін. 2018 жылы 10 наурыздағы жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Алматы облысы территориясының 22%-ында, Жамбыл облысы территориясының 3%-ында, Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының 3%-ында қар жамылғысы жатыр.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №20 (4378),№сейсенбі, 13.03.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

ҚҰРМЕТ

Ғибратты ғұмыр қуанышы Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ Аналар мейрамы – ілтипат пен ізгіліктің мерекесі. Бұл күні еңбектеген баладан бастап еңкейген кәріге дейін анаға бас иуі тиіс. Осы мерекеде ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің қызметкерлері бірауыздан ақ жаулығын жамылған анаға құрмет көрсетеміз деп шешімге келген. Осылайша олардың қалауы – әріптестерінің әжесі, тыл ардагері, бүгінде жасы тоқсаннан асқан Маркеш әжеге түсіпті.

Жұмаділдина Маркеш Б а й б ос ы н қ ы з ы 1 9 2 7 ж ы л ы 1 2 н а у р ы з д а Қ а р а ғ а н ды о б л ы с ы , Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылында дүниеге келген. 5 жасында анасы қайтып, балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келген бойжеткен осы зұлматты жылдары әкеден де айырылған. Сонда д а б о л с а қ и ы н ды қ қ а м ой ы м а й , тыл да ең бек е тіп , Ұ л ы Жеңісті жақындатуға қал-қадірінше үлес қосыпты. Алла тағала да жетімнің көз жасын көрсе керек, болашақ ж а р ы қ о р ғ а л ж ы н ды қ О р а л т а й есімді жігітті жолықтырып, өмірінің қиын күндері артта

қалып, бақытты ғұмыр кешіпті. Дүниеге 12 бала әкелген кейуана бүгінде 80-ге жақын шөбереш ө п ш е к с ү й і п о т ы р . С о л а р ды ң бірі – бүгінде ішкі істер саласында істейтін взвод командирінің орынбасары, полиция капитаны С а я т Д ү з б а н б е т о в . К ейу а н а н ы құттықтауға ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің Кадр бөлімі бастығы Бауман Алмағанбетов және батальон командирінің орынбасары, полиция капитаны Айдар Сейітов келді. « Х а л ы қ а р а л ы қ ә йе л д е р к ү н і – а н а л а р ды ң , а с ы л ж а р , а я у -

л ы қ а р ы н д а с т а р ды ң м ей р а м ы . Ұ ж ы м б о л ы п а қ ы л д а с а к е ле , әріптестерден бөлек неге өзге әйел а д а м д а р ға , со н ы ң і ші нд е ү лк ен ә ж е ле р г е қ ұ р м е т к ө р с е т п е с к е д е п ой л а д ы қ . О с ы л а й ш а , б і р қызметкеріміздің үйінде жасы тоқсанға келген, соғыс жылдары тылда қажырлы еңбек еткен әжесі бар екенін білдік. Бірден осы аяулы анамызды қуантып қайтуға тиіспіз деп шешім қабылдадық. Енді бүгінде өте орынды бастама екендігіне көзіміз әбден жеткен соң, бұл шараны дәстүрге айналдыруды көздеп отырмыз», – дейді ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің Кадр жұмысы бөлімшесі бастығы, полиция майоры Бауман Зейноллаұлы. Ақ жаулықты анаға арнап б а ғ а л ы с ы й л ы қ п ен к ө к т е м н і ң көрікті гүлін ала келген полиция қызметкерлері асыл жанның өмір жолынан естеліктер тыңдап, кешегі к ү н н і ң к ө р і н і с т е р і не қ а н ы ғ ы п қайтты. Соғыс аяқталған соң бухгалтер мамандығы бойынша кешкі мектепті тәмамдаған Маркеш әже ұзақ жылдар Целиноград қалалық білім бөлімінде қызмет етіпті. Осылайша, тек тылда ғана емес, м а й д а н н а н к ей і н г і ж ы л д а р ы е л экономикасын түзеуге үлес қосып, одан кейінгі тың көтеру дәуірінде д е е ң б е к к ө р і г і н қ ы з д ы р ғ а н. «Алтын алқа», «Еңбек ері» иегері әзиз әжеміз 4 ұлын ұяға, 5 қызын қ и я ғ а қ о н ды р ы п , б ү г і н д е 1 0 не м е р е - ш ө б е р е с і н і ң о р т а с ы н д а Ақмола облысы, Қараөткел ауылында тұрып жатыр. Ғасырға таяу ғұмырлы ғибратты жанға Алла қуат берсін!

ФЛЕШМОБ

Алқызыл гүл ұсынған сақшылар Олар саптық жүріспен сегіз санын бейнелеп, нәзік жандыларға көктемгі мерекелік көңіл күй сыйлады. Сондайақ, тәртіп сақшылары соғып тұрған жүрек бейнесін жасап, өздерінің жақындарына, әріптестері мен барлық нәзік жандыларға деген махаббат пен құрметтерін жеткізді. «Барша әйелдер қауымын көктемгі мерекемен құттықтаймыз. Сіздер отбасыларымызда, қызметте жанымызда жүргенде ерекше қолдауға и е б о л ы п , ж ы л у л ы қ т а р ы ң ы з ды сезінеміз. Демек, бұл бізге қызметті одан да үлкен жауапкершілікпен және табандылықпен атқаруға талпыныс береді», – деді Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың командирі, полиция майоры Ерік Құлжанов. Жалпы, мерекелік сап түзеуге арнайы жасақтың 50-ге тарта қызметкері қатысты. Қара форма киіп, қолдарына алқызыл гүл ұстаған тәртіп сақшыларының «Динамо» алаңында өткізген флешмобы Раймонд Паулстың «Миллион алқызыл раушан» атты әніне монтаждалды. Бұл клиптің ремикс нұсқасын сақшылар әдейілеп таңдап алған. Роликті ІІД баспасөз қызметінің қызметкерлері барлық қазақстандық әйелдерге сыйлық ретінде жасады. ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреевтің

е-mail: nastraje@mail.ru

3

ЖИЫН

Шекарада шешімін күткен іс көп Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының шекаралас Қорған, Омбы және Түмен облыстарының полицейлері бейнебайланыс режимінде құқықтық тәртіпті нығайтудағы іс-қимыл жасасу мәселелерін талқылады.

Күн тәртібінде – солтүстікқазақстандық полицейлер ресейлік әріптестерімен заңсыз есірткі заттары айналымымен байланысты қылмыстарды ашу және тергеу; шетелдік азаматтардың келуін бақылау тиімділігін арттыру және компьютерлік қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыру мәселелерінде іс-қимыл жасасу. Кеңестің модераторы болып Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов сөз сөйледі. Кеңесті аша отырып, солтүстікқазақстандық полиция ведомствосының басшысы бейнекөпір өткізу практикасы аса жедел әрі тиімді байланыс жасауды дамытуға басымдылық беретін шекаралық ынтымақтастықтың ажырамас бір бөлігіне айналғанын атап кетті. Ресей тарапынан кеңеске Қорған облысы бойынша Ресей ІІМБ бастығы, полиция генерал-майоры Олег Ильиных, Омбы облысы бойынша Ресей ІІМБ бастығы, полиция генерал-майоры Леонид Коломиец, Түмен облысы бойынша Ресей ІІМБ бастығы, полиция генерал-майоры Юрий Алтынов қатысты. Талқылауға солтүстікқазақстандық полиция ведомстволарының және өзге де құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты. Бейнекөпірдің сценарийі ақпарат алмасу мен бар мәселелерді талқылау принципі бойынша құрылды. Көбіне заңсыз көші-қон арналарын бірлесіп анықтау мен жолын кесу, Ресейдің шекаралас өңірлеріне Солтүстік Қазақстан облысы аумағы арқылы өтудің жаңа тәсілдері мен бағыттарын қарастыратын ұйымдастырушылар туралы ақпарат алмасу қозғалды. ІІД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция майоры Талғат Әбіловтің айтуынша, 2017 жылы 12 заңсыз көші-қон және 20 шекараны заңсыз кесіп өту фактісінің жолы кесілді. Заңсыз есірткі тасымалдауды болдырмау қазақстандық және ресейлік полицейлердің қызметіндегі басым бағыт болып табылады. Осы көпқырлы жұмысты жедел ақпаратпен алмаспай, интернет желісі арқылы жиі жасалатын есірткі қылмыстарын анықтау мен құжаттаудың жаңа әдістерін зерделемей тиімді жүзеге асыру мүмкін емес. ІІД ЕБҚКБ бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Дулат Жақышевтің ақпараты бойынша, 2017 жылы Петропавл қаласының аумағында жарнамалаумен және таратумен айналысатын 9 сайт анықталып, оларды жабу үшін шаралар қабылданды. Күннен-күнге кеңінен таралып келе жатқан компьютерлік қылмыс айтарлықтай материалдық шығын келтіретін қылмыстық қолсұғушылық түрлерінің ішіндегі ең қауіптілерінің біріне айналуда. 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында компьютерлік қылмыс желісі бойынша 87 факті тіркелді, оның ішінде 60-ы – интернет-алаяқтық. Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов қылмыстардың 27 фактісі бойынша қылмыскерлерді Ресей Федерациясынан іздестіру керектігін айта кетті. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

ШАРА

Əкімнің алғыс хаты

Погон таққан қыз-келіншектер – ішкі істер органдарының сәні. Солардың қатарында Қызылорда қалалық пробация қызметі қатарындағы мықты, батыл, ер азаматтармен қатар қызмет атқаратын нәзік жанды аруларымыз да бар. Әрқайсысы өз саласының майталманы.

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің күнделікті өткізілетін саптық дайындығы осы жолы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінен арналып, мерекелік форматта өтті. айтуынша, ІІД қызметкерлері әр мейрамға жаңа клип немесе флешмоб ұйымдастыруға тырысады. «Көктемгі мерекеге орайластырылып түсірілген бұл бейнеролик барлық әйелдер қауымының көңілінен шығады деген үміттемін. Клипте сақшылардың әйелдерге арнап, мұғалім, дәрігер, әріптестер мен жай ғана кездейсоқ адамдарға раушан гүлдерін беру сәті өте әсерлі көрінді», – деп атап өтті ол.

Облыстық ІІД-нің Instagram парақшасында орналастырылған бұл роликті бір тәулік ішінде 4 мыңнан астам адам қарап үлгерген. Бұл флешмобқа риза болып, жүректерін тербеген арулар клиптің астында өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіруде. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Жуырда С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Шара Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ш. Баймановтың құттықтау сөзімен басталып, қаланың әлеуметтікэкономикалық дамуына зор үлесін қосып жүрген азаматшаларды марапаттаумен жалғасты. Олардың ішінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесе, тығыз байланыста жұмыс атқарып келе жатқан Қызылорда қалалық Пробация бөлімінің қызметкерлері марапатталды. Атап айтқанда, Қызылорда қалалық Пробация бөлімі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Айнұр Примова, Қызылорда қалалық Пробация бөлімінің аға инспекторы, әділет майоры М. Маратқызы, әділет аға лейтенанты Г. Байсариева, әділет аға лейтенанты Ж. Исмайлова, әділет аға лейтенанты Ф. Сембаева, әділет лейтенанты М. Досжанова Қызылорда қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін, Мәдениет үйінің ұжымы әйелдер қауымына арнаған мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі


4

МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР №20 (4378),№ сейсенбі, 13.03.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР

Арулар мейрамының айшықтары Ішкі істер органдары сырттай қарағанда тәртібі қатал, үлкен қажыр-қайратты, күш-қуатты талап ететін сала болып көрінгенімен, ол жерде ер азаматтармен қатар нәзік жанды қыз-келіншектер де қоғам тыныштығы жолында аянбай қызмет етуде. Сондықтан да жыл сайын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі тәртіп сақшылары ортасында елеусіз қалмайтын мейрам. Биыл да көктемнің шуақты күні еліміздің барлық аймағындағы ішкі істер бөліністері өз қатарларындағы ару полицейлерді мейрамдарымен құттықтап, атаулы күнді кең көлемде атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД

облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов зейнеткер Мария Буржинскасқа барды. Қаланың түрлі ұйымдарында қызмет істеген еңбек ардагерінің 40 жылға тарта еңбек өтілі бар. Әлеуметтік қорғау органдарының бекітуі бойынша соңғы жылдары полиция ведомствосы зейнеткер әжейге материалдық және медициналық көмек көрсетіп келеді. Өңірдің бас полицейі оған ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тілеп, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Петропавл қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері еңбек ардагерлері, 90 жастағы Кристина Горлова мен 82 жастағы Надежда Симоноваға барып қайтты. Оларға да мерекеге орай гүлдер мен азық-түлік себеттері табысталды. Ал, ІІД Әйелдер кеңесінің өкілдері Ұлы Отан соғысы қатысушыларының жесірлері Галина Қалибаеваға, Анна Плешаковаға, Прасковья Кочневаға барды. «Мен де бір кездері құқық қорғау саласында қызмет атқардым. Күйеуім Жұманғали Қалибаев милиция подполковнигі, паспорт бөлімінің бастығы болған. Ішкі істер органдарындағы қызметтің қаншалықты қиын екендігін, үлкен жауапкершілікті талап ететіндігін жақсы білемін. Барлық әйелдерді м е р е к е м ен қ ұ т т ы қ т а п , о л а р ғ а мықты денсаулық, отбасы бақытын тілеймін», – деп Галина Есләмқызы барлық ардагерлердің атынан өз лебізін айтты. Ішкі істер департаменті Штабының қызметкерлері 8 наурыз мерекесіне орай «Бақытты балалық шақты қорғау» акциясы аясында қолдарына тарту-таралғыларын алып «Ана үйі» қайырымдылық қорына арнайы барды. Бүгінде «Ана үйінде» өмірде түрлі жағдайға тап болған солтүстікқазақстандық 10 әйел тұрып жатыр. Олардың сегізі балаларымен бірге болса, екеуі сәбилерінің дүниеге келуін күтіп жүр. Жас аналар тәртіп сақшыларының бұл көмектеріне риза болып қалды.

Астана қалалық ІІД Астана қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев ішкі істер органдарының әйел ардагерлері мен астаналық департаментінің ару қыздарын төл мерекелерімен құттықтап, марапаттады. «Бүгінгі таңда кең байтақ тәуелсіз еліміздің әйел азаматшалары, Отанымыздың жарқын болашағы үшін бар күш-жігерлерін салып, аянбай еңбек етуде. Ішкі істер органдарындағы қызметте ерлермен қатар, Сіздер аянбай үлес қосып отырсыздар. Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!», – деп лебізін білдірді. Сонымен қатар, шарада Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың және Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің құттықтау хаттары оқылды. Мерекелік шара ЭКСПО аумағындағы «Энергия холлы» концерттік залында өтті. 220 полиция қызметкері марапатқа ие болды. Оның ішінде 40 қызметкер Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды. Концерттік бағдарламада Қазақстан эстардасының жұлдыздары, Ұлттық ұлан сарбаздары тамаша әндерімен көтеріңкі көңіл сыйлады.

Солтүстікқазақстандық сақшылар нәзік жанды әріптестерін Х а л ы қ а р а л ы қ ә йе л д е р к ү н і м ен құттықтады. Мерекеге арналған салтанатты жиынға Солтүстік Қазақстан облысының құқықтық тәртіп органдарында қызмет етіп жүрген офицерлер, сержанттар, мемлекеттік қызметшілер мен барлық әйелдер, ІІО ардагерлері, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің әйелдері жиналды. Жалпы, солтүстікқазақстандық полиция қатарында 536 әйел қызмет етуде. Оның ішінде 393-і офицер мен сержант шендерін тағып жүргендер. Полиция полковнигі шеніндегі үш әйел басшылық лауазымдарда қызмет атқаруда. Ішкі істер органдарында полиция подполковнигі шенінде – 28, майор шенінде – 103 нәзік жанды бар. Басшылық лауазымда 13 әйел қызмет етуде. Мерекелік марапаттау бұйрығына 100-ге тарта әйел енген. Олардың 15-і Ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Құрмет грамотасымен ІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы, полиция майоры Эльмира Абушова марапатталды. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловтің бұйрығымен

60-тан астам нәзік жанды полиция қызметкері көтермеленді. 19 әйел қызметкер кезекті офицерлік шендерін алды. Сондай-ақ, Ішкі і с т е р д е п а р т а м ен т і н і ң б а р л ы қ әйелдер қауымы мерекеге орай сыйақы алды. Қазақстан эстрадасының кішкентай жұлдызы, «Балалар Жаңа толқыны» атты халықаралық ән байқауына қатысып, көрермендер көзайымы болған Әмина Жапардың ән шырқауы көрермендер үшін ерекше сый болды. Тайынша аудандық ІІБ қызметкерінің өнерлі қызы аналар туралы ән орындады. Сахнада «Көктем аруы-2018» байқауына қатысқан арулар м е р е к е л і к к ө ң і л к ү й д і е с е лей т ү с т і . О л а р ғ а т а н ы с т ы р у ж ә не шығармашылық кезеңдерінде ішкі істер органдарында қызмет етіп жүрген жарлары көмектесті. Әйелдер мерекелік сәнді киімдерін киіп қана қоймай, ән мен биден шашу шашты. Өздерінің дайындап алып келген тағамдарын таныстырды. Олардың әрқайсысына түрлі аталымдар бойынша орындар берілді. Салтанатты іс-шара Ішкі істер департаментінің ерлерден құралған шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды. Осы күні Солтүстік Қазақстан

Қызылорда облыстық ІІД

генерал-полковнигі Қалмұханбет Қ а с ы м о в т ы ң б ұ й р ы ғ ы м ен өз қызметтерінде жоғары к ө р с е т к і ш т е р г е қ о л ж е т к і з г ен департаменттің қыз-келіншектері марапатқа ие болды. Жалпы айтулы күнге орай, департаменттің 41 зейнеткеріне және 100-ден аса қызметкеріне құрмет көрсетіліп, оның ішінде 21-і департамент бастығының Құрмет грамотасымен, 23-і Грамотамен, 21-і Алғыс хатпен марапатталып, 1 3 - і не А л ғ ы с ж а р и я л а н ды . А л, «Қазақстан полициясына – 25 жыл» естелік төсбелгісімен ішкі істер органдарының 24 ардагері және 29 департамент қызметкері марапатталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, отбасының ұйытқысына, татулық пен келісімнің тірегіне айналған, сұлулықтың символы саналатын құрметті ақ жаулықты аналардың, ардақты әйелдердің құрметіне әндер шырқалып, билер биленіп, ақ тілектер мен мадақтар айтылды. Сонымен қатар, шара барысында жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, ішкі істер органдарында халықтың мүддесі үшін көп жылдар бойы қажымай еңбек етіп келген ішкі істер органдарынан құрметті еңбек демалысына шыққан зейнеткер апалардың құттықтауы, естеліктері, кейінгі буын өкілдеріне айтар ақыл-кеңестері тыңдалды.

Шарада ІІО мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Сержан Тұрсынбеков сөз сөйлеп, әйел полицейлерді үйде қарапайым әйел, ал жұмыста жауапты қызметкер ретінде танитынын айтып, оларға шынайы әйел бақытын тіледі. Шара барысында Ішкі істер министрінің бұйрығымен 18 қызметкер марапатталды. Сондай-ақ, департамент бастығының бұйрығымен 500-ден астам әйел қызметкер бағалы сыйлықтар иеленді. Салтанатты шара соңы облыстық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласты.

Көгілдір көктемнің шуағымен бірге ай жүзді арулардың жүрегін шаттыққа толтыратын 8 наурыз мерекесін Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының ұжымы да ерекше көтеріңкі көңілмен атап өтті. Басқармадағы қыз-келіншектерді құттықтаған басқарма бастығы, полиция полковнигі Е. Аршабаев аталған мерекенің мән-маңызына тоқтала келіп: «Ішкі істер органдарының қиын да жауапты жұмысын ер-азаматтармен бірдей атқарып жүрген қыз-келіншектер жұмыстағы міндеттерін абыроймен атқарумен қатар, асыл жар, аяулы

ана деген қасиетті де қастерлеп жүрген жандар. Сіздердің осындай табанды да жігерлі еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын!», – деді. Мерейлі мерекеге жиналғандар алдында баяндама жасаған басқарма бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасар ы , п о л и ц и я п о дп о лк о в ниг і Д . Дәрібаев Халықаралық әйелдер мерекесінің шығу тарихына кеңінен тоқталып, оның бүгінгі жаңаша сипат алған мән-мазмұнынан мысалдар келтірді. «Өткен ғасырдың басынан бері тойланып келе жатқан 8 наурыз

мерекесі – тәуелсіз еліміздің экономикасын көтеруге аянбай атсалысып жүрген арулар мен алтын құрсақты аналарға деген зор құрметтің белгісі. Біздің Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасындағы сақшы арулардың еңбегінің жемісті болуына ардагерлердің де қосып жүрген үлесі мол. Олардың Отанға адал қызмет етуге деген патриоттық сезімін арттыру үшін жастармен кездесулер ұйымдастырып, өзіміздің еңбек жолымызды үлгі етеміз. Бүгінгі шуақты мереке күні де ұжымның қ ы з - к е л і н ш е к т е р і н а р д а г е р ле р атынан шын жүректен құттықтап,

Облыстық Ішкі істер д е п а р т а м ен т і н д е Х а л ы қ а р а л ы қ әйелдер мерекесіне орай, жаны нәзік болса да, рухы мықты ақ жаулықты аналардың, ардақты апалар мен қаракөз қарындастардың құрметіне арналған мерекелік ісшара өтті. Салтанатты шара барысында полиция қызметінің ауырлығына қарамастан, азаматтық борышын ө т еу ж о л ы н д а қ а ж ы м а й е ң б е к етіп, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген нәзік жандылар үшін Ішкі істер министрінің құттықтау жеделхаты ресми түрде оқылып, полиция

Алматы-1 стансасындағы ІІЖБ

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Ішкі істер органдарының қызметкерлері 8 наурыз мерекесіне орай 500-ден астам әйел полицейлерді құттықтады. Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шараға қалалық Ішкі істер басқармасы мен облыстық департамент аппаратының жеке құрамында қызмет ететін әйел полицейлер және ІІО әйел ардагерлері арнайы шақырылды. Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков шараны салтанатты түрде ашып, Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың нәзік жанды әріптестеріне арнаған құттықтауын жеткізді. Департамент бастығы өз құттықтауында текті де қайсар қазақ әйелдерінің ерлерден кем түспейтін ерлік әрекеттерін айтып, тарихқа шолу жасай келе, бүгінгі қоғамдағы нәзік жандылардың жауапты қызметтер атқарып отырғанын баяндады. Бүгінгі таңда облыстық ІІД-нің жеке құрамында 4 полковник және 7 подполковик шеніндегі әйел сақшы қызмет етеді, олар басшылық тізгінін ұстап отыр. Әсіресе, департамент бастығы ішкі істер органдарында ерлермен иық тіресе қызмет атқарып жүрген әйел полицейлердің темірдей төзіміне құрметін білдірді. Оларға мықты денсаулық, отбасыларына амандық және жұмыстарына сәттілік тіледі.

еңбектеріне табыс тілеймін», – деді Алматы-1 стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бәтима Нұрова. С а л т а н а т т ы ж и ы н б а р ы с ы нда басқарма бастығы, полиция полковнигі Е. Аршабаев Жеделкриминалистикалық бөлімшесінің криминалисі, полиция капитаны Салтанат Ермекбаева мен Ақпараттық-аналитикалық тобының инспекторы, полиция подполковнигі Найля Алишеваға Мақтау грамотасын табыстады. Гүлнәр МАҒЗҰМОВА, суретті түсірген автор


ДИНАСТИЯ №20 (4378),№сейсенбі, 13.03.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

5

ӨЗЕКТІ

Оттан да ыстық Отан үшін!

Әділет САРЫБАЙ, Алматы облысы

Отан үшін от кешкенге не жетсін, шіркін! Бұл түсінік әркімнің-ақ көкірегіне берік ұяласа, онда ел шебіне жау шаппасы анық. Айтпағым, ғұмырын әскери салаға арнаған жандар аз емес. Ал ата жолын қуып оқ жонған жандар сирек. Бүгінгі сөз – дәл осы әскери салада өзі, өзінен кейінгі ұрпақтары қызмет еткен жандар туралы.

Эрик Абдуллаев Ұлттық ұланның Қаракемер кентінде орналасқан 6654 әскери бөлімінде 26 жыл бойы, яғни 1996 жылдан бастап сардарлар сапында абыройлы қызмет атқарған. Оқу батальоны, арнайы мақсаттағы бөлінісінің физикалық дайындығы бойынша нұсқаушысы, рота старшинасы сынды түрлі қызметтерге білек сыбана кіріскен. Сарбаздарға сапалы білім, саналы тәрбие бере білген жан. Бір ғажабы, дәл осы қызмет атқару барысында Эрик аға өз ұлы Дастанды да әскери бөлімге ертіп келетін болған. Рота сарбаздарымен бірге дене шынықтырып,

солармен бірге әскери ғұмырдың ыстығы мен суығын сезіне білген. Кішкентай Дастанның болашақ мамандық таңдауына да дәл осы әке жолы, әскери сала мұрындық болған. «Әке көрген оқ жонар» деген, Дастан 11-сыныпты аяқтаған б ой д а ой л а н б а с т а н Қ ы з ы л ж а р қаласындағы Ұлттық ұланның әскери училищесіне тартқан. Сынақ алаңында сүрінбестен емтиханды еркін тапсырған. Тіпті, оның құлшынысы мен жетістігі туралы естігенде әкесі бала жасынан Дастанды дәл осы күнгі сынаққа дайындағандай әсерде қаласың.

Ұрпақ сабақтастығы үзілмейді Сондай-ақ, бала Дастан әкесі Эрикке 11-сыныпты бітірген жылы: «Әке, мен сіздің үмітіңізді ақтап, әскери училищені кілең беске бітіремін», – деп ант бергені бар-тын. Уәде – Құдай сөзі. Сөйткен бала Дастан бүгінде 6654 әскери бөлімнің жедел мақсаттағы батальоны, 2-жедел мақсаттағы ротасының взвод командирі. Ішкі істер министрі, п о л и ц и я г ене р а л - п о л к о в н и г і Қалмұханбет Қасымовтың қолынан Астана төрінде қызыл диплом алды. Бала Дастан көбіне әжесі Нұрбүбі Айдарбекқызының қолында өсті. 4 3 ж ы л м е к т е п т е ұ с т а з ды қ е т кен Нұрбүбі әжеміздің тегеурінді тәрбиесі оны парасаттылыққа баулыды. Бабалардың батырлық дастандары, ертегі жырлары ағыл-тегіл бойына құйылды. Немере соның арқасында ұлттық тәрбиені сіңіріп өсті, саналы әрі тәртіпті болып ержетті. Әскери саланың қиындығы әркімге де аян. Емін-еркін жүрістұрыстың жоқтығы, бұйрық пен жарғы, тәртіп пен жауапкершілік кейбіреуге тұсау болса, ал кейбіреуге ұстаным. Дастанның анасы Гүлбану Абдуллаева 6654 әскери бөлімде аға медбике қызметінде. Бұл салаға ол 2003 жылдан бастап бет бұрған. Бүгінде баласы Дастанмен бірге сарбаздардың саулығы үшін күн демей, түн демей қызмет атқаруда. Эрик аға әскери салаға бет бұрғаны үшін еш өкінген емес. Ұлы Дастанның да бұл салаға келгенін м а р қ а я қ ұ п т а ғ а н. Е н д і г і Э р и к ағамыздың, әжеміз Нұрбүбінің, анамыз Гүлбанудың Дастанға жүктеген міндеті – текті жерден келін түсіріп, немеремен қауыштыру. Б ұ л Э р и к а ғ а м ы з ды ң ү й і н д е дастарқан басында отырып толғана сөз еткен арманы. Ойындағы жоспарын қалайда іске асыратын мықты әскери тегеурін айбарлы ағамыздың бойынан көрініп тұрды. Талай-талай сарбазға анасы мен әкесі бере алмаған тәрбиені кезінде кеңінен дарытып, соның арқасында азаматтық ортада Эрик ағамыздың мол алғыс арқалап жүргенін аңғарғандай болдым.

«Қоғам тыныштығын күзету – борышымыз!» Әр қадамы қауіп-қатерге толы құқық қорғау саласының қызметкері үшін өз бауырларына, балалары мен немерешөберелеріне осы саланың майталман маманы болуға рұқсат беруінің өзі – ерлік саналады. Осы кәсіпті әкеден балаға мирас етіп келе жатқан династиялық отбасылардың бірі – Құдайбергеновтер әулеті. Олар 8 ағайынды: 4 ұл және 4 қыз. Үйдің үлкен екі қызы Тазагүл мен Аманкүл Әбеуқыздарынан кейінгі ағалы-інілі төрт бірдей ұл және екі қыз өз өмірлерін ішкі істер органдары саласына арнаған. Олар ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек ету арқылы қызметтік парыздарын мүлтіксіз өтеп, мамандықтарының абыройын асқақтатып келеді. Осы уақытқа дейін кез келген сәтте бір-біріне қолдау көрсетіп, қиын қызметтің қисынын қиюластырудан жалыққан емес. Бұл династия бастауын осы үйдің үлкен ұлы Қайрат Құдайбергеновтен алады. Қайрат Әбеуұлы өзінің ішкі істер органдарындағы қызметін 1991 жылдың қыркүйек айынан сол уақыттағы Жезқазған облыстық ІІБ КД-173/2 мекемесінде техникалық бөлімнің инженері болып бастаған. ІІМ Қылмыстық атқару жүйесінде түрлі қызметте болып, қазіргі уақытта әділет полковнигі Қайрат Әбеуұлы Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/22 мекемесінің бастығы болып еңбек етуде.

Айман ИСАБЕК, Қарағанды облысы Полицейлер династиясы – Отанға қызмет жасау дәстүрін жалғастырушы отбасылар. Бұлар әрқашан әулеттің абыройы мен жаңа ұрпақты тәрбиелеудегі ата-бабаларының өмірлік ұстанымдарын жадында берік сақтаған және осы құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеген отбасылар.

Қайрат Әбеуұлының ізін үш бірдей інісі жалғастырады. Қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтауда үлгі бола білген інілері өздерінің Отан алдындағы борышын адал атқарып, қазіргі уақытта зейнет демалысында. Олар: Қадыр Құдайбергенов – Қаражал қаласының өртке қарсы қызмет күзетінің бастығы лауазымын атқарған. 2011 жылы капи-

тан шенінде зейнет демалысына шықты. Мейір Құдайбергенов – Мемлекет меншігіндегі аса маңызды объектілерді күзету бойынша №13 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары лауазымынан 2014 жылы зейнет демалысына шықты. Жанат Құдайбергенов – зейнеткерлікке Қарағанды қаласының 6505 әскери бөлімі 4-батальонының

Полиция майоры Өмірсерік Шотанбаев – тергеу саласына кездейсоқ келген жоқ. Ол бала күнінен-ақ әкесіне еліктеді. Оның арнайы үлгідегі киім кигеніне қызығып, мен де әкемдей алып тұлға боламын деген бала қиялмен өсті. Ал бүгінде Өмірсерік Жамбыл стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің тергеушісі. Шотанбаевтар әулетінде Отан алдында адал қызмет ету дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Асқар таудай әкесі Бекмұрат – прокуратура тергеушісі болған. Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігінің құрметті зейнеткері. Ағасы Жұмағұл – ішкі істер органдарында басшылық қызметтерде болған, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған білікті маман. Қазір құрметті демалыста. Өмірсерік еңбек жолын Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында полиция лейтенанты болып бастады. Сол кездегі алғашқы тәлімгері Самат Басқанбайұлының үйреткені аз емес еді. Т е р г еу ш і м а м а н д ы ғ ы қызметте білімділікті, ұшқыр ой ды , т ө з і м д і л і к т і , ү л к ен ізденісті талап ететіні анық. Ұлы жазушы М. Әуезов: «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт негіз болады. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек», – деген екен. Қызметін жаңа ғана бастаған Өмірсерік процессуалдық шешімдерді бұған дейін алған білім-білігімен ұштастыра отырып, қателіктерге жол бермеуге тырысты. Арманы алдамады. Әке жолын қуған жас жігіт бүгінде ішкі істер саласының нағыз кәсіби маманына айналды. Өзінің алдындағы аға буыннан үйреніп, өз қалауымен таңдаған мамандығының қырсырын барынша зерделей түсті. Заңдылықты қорғап, қылмыстың алдын алуда аянбай тер төгіп жүрген азаматтың алар асуы әлі де алда деп есептейміз. Өмірсерік Бекмұратұлы қызметте іскер маман болса, отбасында қамқор әке. Аяулы жары Мәдина екеуі Болат, Аяжан есімді ұл-қызын тәрбиелеп отыр. Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жылдан асты. Осы жылдар ішінде мемлекет қауіпсіздігін нығайту жолында Отанға қалтқысыз қызмет етіп жүрген құқық қорғау органдарының қызметкерлері еліміздің кемел келешегі үшін сүбелі үлес қосып келеді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауларында айтып өткендей, «Полиция қоғамның өзіне деген сенімін арттыратындай етіп жұмыс істеуі керек». Иә, ақиқаттың ақ-қарасына жету үшін не әділдік қажет болғанда құқық қорғау қызметкерлеріне көмекке жүгінеріміз хақ. Олай болса, полиция қызметкерлері арасында халықтың сенімінен шығып, өз қызметін адал атқарып жүрген осындай азаматтар көбейе берсін демекпіз. Жамбыл стансасындағы ІІЖБ аға бақылаушысы қызметінде жүрген кезінде 2015 жылы старшина шенімен шықты. Бұл әулетте тек ер азаматтар ғана емес, сонымен қатар олардың қарындастары да ішкі істер органдары саласында қызмет атқаруда. Олар: Назгүл Құдайбергенова – шені сержант, Қарағанды қаласының 6505 әскери бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет етіп келеді. Құндыз Құдайбергенова – әділет капитаны, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД Теміртау қаласы пробация қызметінің аға инспекторы. Бүгінде олардың жолын қуған ұлқыздары да Құдайбергеновтер династиясын жалғастыруда. Мәселен, ағайындылардың үлкені – Қайрат Құдайбергеновтің ұлы Сәлімжан Қайратұлы да ішкі істер органдарында қызметте. Полиция аға лейтенанты Сәлімжан Қайратұлы Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасы Орталық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары. Әкеге қарап бой түзеп өскен Сәлімжан Қайратұлы: «Мектепте жүргенде мұғалім «Өскенде кім боласыңдар?» деп сұрағанда, мен еш ойланбастан «Полиция қызметкері боламын» деп жауап беретінмін. Енді бүгін, міне, осы арманым орындалды деуге негіз бар!», – дейді. Сәлімжан мектепті бітіре сала өз арманына жету мақсатында ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясына оқуға түседі. Оқуын 2014 жылы үздік аяқтап, алғаш еңбек жолын қазір қызмет атқарып жүрген Орталық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі лау-

азымында бастады. Айтулы оқу ордасынан алған білімін тәжірибемен сәтті ұштастыра білген Сәлімжан өзі таңдаған мамандыққа адалдық танытып, қоғам тыныштығы жолында еселі еңбек етіп келеді. «Жас келсе іске» демекші, ол еңбекқорлығының арқасында басшылықтың назарына бірден ілікті. Қатардағы тергеуші л а у а з ы м ы н д а б о л с а д а , т е р г еу бөлімшесі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы болып бірнеше жыл қызмет атқарды, 2017 жылдың мамыр айында тергеу бөлімшесі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол өз міндетін атқаруда еш жалықпайды, қ ы з м е т і не б а р ы н т а - ж і г е р м ен кірісіп, ісіне толығымен берілген. Бүгінде тәрбиелі ұл әке жолын, полиция әулетін жалғастырушы болып отыр. Сонымен қатар, Назгүл Құдайбергенованың қызы Әйгерім Есенгелді де нағашыларының және анасының жолын жалғастырып, биыл мектепті бітірісімен, ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясына оқуға түсті. 1-курстың тыңдаушысы оқуын жақсы оқып, үздіктердің қатарынан көрінуде. «Қоғам тыныштығын күзету – борышымыз» деп санайтын Құдайбергеновтер әулетінде туыстық қарым-қатынас, бір-біріне деген көмек пен қамқорлық өте жоғары бағаланады. Бұл әулетте үлкені де, кішісі де темірдей тәртіпке бағынады. С о н ы ң а р қ а с ы н д а а ғ а й ы н ды Құдайбергеновтердің әрқайсысы өз мамандығында үлкен жетістіктерге жеткен.


6

ҚОҒАМ №20 (4378),№ сейсенбі, 13.03.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

ӨЗЕКТІ

Іскер əйелдерге қолдау бар ма? Жадыра ШАМҰРАТОВА

Бүгінгі таңда әйелдердің қоғамдағы белсенділігі қандай дәрежеде, іскер әйелдерге мемлекет тарапынан жасалатын қолдау көңіл көншіте ме? Әрине, біздегі Президент өзі қол қойған, 2016 жылға дейінгі уақытты қамтитын гендерлік стратегия бірнеше бағыттан тұрады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – әйелдердің әлеуметтік белсенділігін көтеру.

Еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін «СамұрықҚазына» ұлттық әл-ауқат қоры, « Д а м у » к ә с і п к е р ле р д і қ о л д а у қоры, «Іскер әйелдер ассоциациясы» сынды мемлекеттік деңгейдегі ірі құрылымдарды былай қойғанда, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға өз үлесін қосып жүрген іскер әйелдердің қауымдастықтары бар және олардың өз мақсаттарына орай белсенді жұмыс істеп жатқаны да байқалады. Іскер әйелдер қауымдастықтарының ортақ мақсаты – әйелдердің қоғам дамуындағы рөлін көтеру екені белгілі. Әйелдер үлкен шешімдер қабылданып жатқан жерде болуы керек деп есептейтіндіктен, оларды тек қана білім және денсаулық сақтау саласымен шектемей, жалақыны көбірек төлейтін экономиканың басқа салаларына, соның ішінде мұнай, қаржы салаларына тартқан дұрыс дейді олар. Раушан СӘРСЕМБАЕВА, Қ а з а қ с т а н і с к е р ә йе л д е р қауымдастығының төрайымы:

– Өткен жылдары біздің қауымдастық «әйелдер кәсіпкерлігінің мәселелері мен даму бағыттары» деген ауқымды зерттеу жүргізді. Сол кезде осыдан он жыл бұрынғы зерттеу нәтижелерімен салыстыра келгенде, кей мәселелердің шешімін таппағанына, әлі де сол күрмеуі қиын мәселе ретінде қалып отырғанына көз жеткіздік. Олардың қатарында іскер әйелдердің өз кәсібіне байланысты қаржылай көмекке қол жеткізу қиындықтары, күшейтілген әкімшілік тексерулер, ақпараттар жеткіліксіздігі деген сияқтылар бар. Аймақтарды айтпағанда, Алматы мен Астананың өзінде бұрыннан бар немесе жаңа бизнесті дамыту қажеттілігін айқындайтын арнайы карталары жасақталмаған. Айталық, сіз дәріхана немесе шағын балбақша ашпақшы болсаңыз да, оның қажеттілігі бар-жоғына, сұранысқа ие болатын-болмайтынын білер кезде тек өз интуицияңызға ғана сенуге тура келеді. Мысалы, қалаларға мемлекет негізін салғанға дейін әлі де 200 шағын балабақша ашу қажеттігі туындап отыр. Бизнесті бастар кезде күрделі көрінбегенімен, бастап кеткенде оның қиындықтары білінеді. Себебі, бізде мақсатты аудитория үшін арнайы жүргізілетін статистиканың ж о қ т ы ғ ы н а н, а қ п а р а т т ы қ ресурстардың жекіліксіздігінен, көп әйелдер кеңес алуға қайда барарын білмейді. Осы жерде әйелдер бизнесінің оңай еместігін түсінеміз, соның өзінде олар қайырымдылық жасауға, бір-бірін қолдауға дайын. Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда, әйелдердің 40 пайызы шағын және

орта бизнеспен айналысады, 5-10 пайызы ғана үлкен бизнестің өкілдері. Ал, қалғандары базарларда тұрады. Әйелдердің осы саладағы мәселелері сол күйінде деуге болады. Айта кету керек, бүгінгі таңда «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қоры» АҚ-тың жанынан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылған. Мұның пайдасы үлкен. Мемлекет бұл бағытта қолдау білдіріп отыр деуге болады, сонымен бірге, әйелдің отбасында жар, ана болу міндеті де өз мойнында қала береді. Бұл жерде маңыздысы – біздің талап-тілектеріміздің аяқсыз қалмағаны. Жоғарыда айтып өткенімдей, кәсібін бастар кезде қыз-келіншектерге ақпарат жетіспейді. Несие алу үшін қ а й д а б а р а ды , ж ұ м ы с т ы қ а л а й жүргізеді деген сияқты. Көбі қателікке ұрынады. Ал заңды білмеу жазадан құтылу деген сөз емес. Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймағында шағын және орта бизнестегі ә йе л к ә с і п к е р ле р д і ң ү ле с і к ө п . Өкінішке орай, бүгін сол кәсіпорындар дамудың орнына, қиындау жағдайда, ал дұрысында әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы қоғам үшін маңызды. Әйелдер кәсіпкерлігі бәсекелес нарықтық ортаны құруға мүмкіндік туғызады, тәуекелді жобалар мен жаңалықтар енгізеді, сондай-ақ мамандарды, капиталды, негізгі және қосымша материалдарды толықтыру көзі болып табылады. Әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін көтеруге және олардың өмір сүру сапасын арттыруға өз септігін тигізеді. Осы себепті жеке кәсіп ашқысы келетін нәзік жан өзінің алған бағытын жете түсінуі керек. Ол өндіріс болсын, қызмет көрсету саласы болсын алдымен бағытбағдарын айқындап алғаны дұрыс. Көп жағдайда кәсіпкерлер мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудан бейхабар болып жатады. Сондықтан да бізге әлі де кеңес беру жағын мықтап қолға алу керек. Біздің ұйым әйелдердің кәсіпкерлік, саясат салаларындағы мүдделерін қорғау, сонымен қатар, әйелдерді жұмыспен қамту, біліктілігін арттыру, отбасы және денсаулық сынды әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатын ұстанып келеді. Құрылғалы бері біз мыңдаған әйелге көмек қолын созып, олардың қоғамдағы рөлін арттыруға септестік. Жыл сайын біздің қауымдастыққа 5 мыңнан аса әйел қатынасады. Әйелдердің іскерлігін дамыту дегенде, меніңше, бұл салаға бизнес емес, әлеуметтік сала деп қараған дұрысырақ. Себебі бұл, ең алдымен, әйелдерді жұмыспен қамту дегенді білдіреді.

– Мен қазақ әйелі мен қызы жайлы өте көп айттым, қайталай бергім келмейді. Ел болу, ұлт болу әйелге келіп тіреледі, адамзаттың тәрбиешісі – ана. Соңғы кездері мемлекетіміз гендерлік-отбасы саясатына, еліміздегі әйелдердің жағдайын жақсартуға әрдайым баса назар аударып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене тартуды тапсырған М е м ле к е т б а с ш ы с ы , ә с і р е с е , әйелдерге жергілікті деңгейдегі ерлермен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлген. Бұл жақсы. Бұрынғыдай емес, оларды елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араластыру мақсатында түрлі бағдарламаларға жол ашылған. Расында да, бүгінгі әйелдердің саяси және экономикалық мәртебесін арттыру – уақыт талабы. Бірақ, мәселенің екінші жағы да бар, қалай дегенмен де қазақ әйелінің мойнында жүк азаймай отыр, керісінше қоғамның барлық жүгін әйел мойнына артып қойдық. Маған әйел заты өзінің нәзіктігінен айырылып, еркектеніп кеткендей көрінеді. Бүгінгі қоғам қазақ әйелін базарда тентіретіп қойды... Базарда пақыр тірлік кешкен анасының өмірін көрген бала елім деп қайдан кеуде соқсын?! Өзбектерде ері ғана базарда сауда жасап тұрады. Чешеннің әйелі өзінің әйелдік болмысын өмір бойы сақтап қалды. Ошақта қалу қорлық емес. Әйел затына үйінде ерінің тамағын даярлап, баласын еркелетіп

отырғанға не жетсін! Ана тәрбиесін дұрыс көрмеген қыздарымыз ибалығынан, инабаттылығынан айырылды. Әр үй, әр ата-ана өзінің бесігіне ие болуы керек, ол үшін ол шаңырақтың әйелі мықты болуы шарт. «Қызды тәрбиелей отырып, бүкіл ұлтты тәрбиелейміз» деген ғұламалар сөзі бар. Бүгінгі күні қазақ қызының тәрбиесі үлкен сын үстінде тұр. Бір тобы жақсы оқып жатыр, бір тобы ескіден келе жатқан ұлттық өнерлерімізді жандандырып жүр, бір тобы «дегеніме жетемін, өмірімді керемет етемін» деп қателікке бой алдыруда. Қырыққа келгенше карьера қуып жүргендері өз алдына бір төбе. Қырыққа дейін жар сүймеген, бөбек иісін құшырлана иіскемеген әйел қырықтан кейін ауру болады. Сол кезде қырыққа дейін жеткен биігі, мансабы түкке тұрмайтын болып қалады. Сонда барлық атақ-даңқы мен мансабын, байлығын «мама» деген жылы сөзге айырбастағысы келеді де, тағы да бұрынғысынан екі есе көп қателіктерге жол береді. Міне, осыдан сақтану керек. Қыз баланы тәрбиелегенде «сен ошақтың иесі боласың, бала-шағаңды ғана емес, ұлтыңды тәрбиелейтін жан боласың» деп өсіру керек. Ол сөздер қазір айтылмайды. Ана қызына көңіл бөлуден қалды. Бұл – қоғамды бұзатын нәрсе. Қазақтың қызын тәрбиелеу – үлкен өнер. Ал әлемде қазақтың қызынан асқан тәрбиелі қыз жоқ еді. Ал қазір не? Екі баланың бірі ауру. Ұлттық тағам дегеніміз ұмытылып бара жатыр. Бесікті ешкім пайдаланбайды. Соның кесірінен әскерге екі ұлдың біреуі жарай бермейді. Мұның бәрі – әйелден кетіп жатқан қателік. Әйел баланы дұрыстап емізсе, дұрыстап тамақтандырса, тәрбие берсе, мұның біреуі де болмас еді. Қазақ әйелінің жазылмаған заңы – ана болу. Ана атанған әйелде ғана мейірім болады. «Ана» деген атқа лайықсыз, баласын «тірі» жетім қылған әйелдер ұлтты, қоғамды бұзып, ластап жүр. Табиғи тепе-теңдік бұзылатыны сияқты, қазақ әйелінің ұлттық болмысы бұзылса, ұлтының да тәрбиесі бұзылады. Бірде еліміздегі әйелдер ұйымы отырысына шақырды. Сол ұйымның басшылары мен мүшелеріне қарасам, біреуі де дала әйелінің өмірін білмейтін әйелдер. Сонда олар қазақ әйелінің қай тіршілігін қорғау үшін ұйым құрды? Қазақ әйелінің далада не көріп жүргенін, не қасірет шегіп жүргенін білмейді. Олар тек қана әдемі кабинеттерде отырып, әдемі машина мініп, әдемі киім киіп алып «қазақ әйелдерінің болашағын ойлайтындармыз» деп қалай айтады?

ды. Екі адамның жұмысын бір өзің арқалауға тура келіп жатады. Бұған да үйренесің». Жұмысының уақытпен санаспайтынына қарамастан Гүлмираның мамандығына деген махаббаты ерекше. Айтуынша, құқық қорғау органдарында қатып қалған жұмыс кестесі деген болмайды. Аптаның бес күні жұмыс істеп, екі күн демалу деген түсінік жоқ мұнда. Жексенбі күні де аяқтарынан тік тұрып, тәртіпке бекітілетін кездері болады. Соған

қарамастан сүйіп айналысатын ісі Гүлмираға ләззат сыйлайды. «Еркек ат басында, әйел ошақ қасында» деген дана халқымыз, Гүлмира қызмет пен ошақ қасындағы тірлікті қатар алып жүруді еш қиынсынбайды. П о г о н т а ғ ы п , е р а з а м а т т а р м ен бір сапта тұрып қызмет ету ол үшін үлкен мәртебе. Көктемдей құлпырып, гүлдей жайнап жүретін Гүлмирадай қыз-келіншектер ішкі істер органдарының көркі десек, артық айтқандық емес.

Ә л б е т т е ә р і с т і ң ж а ғ ы м ды жағымсыз қыры болатыны сияқты, кәсіпкер әйелдердің алдында ерлерге қарағанда кедергі көп кездеседі. Сондықтан оларға айрықша жағдай жасау қажет. Сонда ғана әйел бизнесі тек күнкөріс күйбеңі емес, жан-жақты дамыған әлеуетті салаға айналар еді. Біз құрған орталықтар осы мақсатты орындау үшін керек. Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, а қ ы н, Х а л ы қ а р а л ы қ « А л а ш » сыйлығының иегері:

ӘРІПТЕС КЕЛБЕТІ

Сақшылық қызметтің сəні Жадыра МЫРЗАХМЕТ, сурет Қанат КӨЛБАЕВТІКІ Полиция қатарында ерлермен иық тірестіріп қызмет етіп жүрген әйелдер мыңдап саналады. Ішкі істер органдарында нәзік жандылардың үлес салмағы да жыл сайын артып келеді. Осы салада он жылдан артық қызмет етіп жүрген Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі штабының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Гүлмира Төлебаеваның тәлім-тәжірибесі мол. Гүлмираның бұл салаға келуіне себепші болған ағасы екен. Ішкі істер органдарында қызмет ететін ағасының нысанды форма киіп, тыныштық тірегі болып жүретініне қ ы з ы ғ а қ а р а ғ а н. С о л т ү с т і к Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінің заң факультетін бітіргесін, бұл салаға келмес бұрын мектепте жұмыс істеген. Ағасының жол сілтеуімен ішкі істер органдарында жұмыс істейтін болып бекінгенде, талабы мен тәртібі қатаң болатынын түсінгенін айтады. «Ішкі істер органдарындағы жұмысымды 2004-2005 жылдары кәмелеттік жасқа толмағандардың

істері жөніндегі инспектор болып бастадым. Ол қызметте демалыс деген мүлдем болмайтын. Өйткені, сен ішкі істер органдарының есебінде тұрған тәртібі нашар балаларға бекітілесің. Олардың қайда жүргені, не істеп жүргені жайлы жауап сенен алынады», – дейді Гүлмира Әлімқызы. Оның қарым-қабілетін, табандылығы мен талапшылдығын басшылық жоғары бағалап, Солтүстік Қазақстан облыстық І І Д - н і ң Қ о ғ а м ды қ қ а у і п с і з д і к басқармасына, содан соң Штабына ауыстырған. Облыстан тәжірибе жинап, кәсібилігін шыңдай түскен ол 2016 жылы Астанаға ауысып кел-

ген. Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі штабында қызмет етіп келе жатқанына биыл үшінші жыл. «Штаб статистика жүргізумен айналысады, барлық бөлімдердегі ақпаратты бір жиынтыққа әкеледі, бақылау жасайды, құқық бұзушылықтар бойынша қызметтік тергеу жүргізеді», – деді Гүлмира Төлебаева. – Мен енді облыста да жұмыс істеген адам ретінде салыстырмалы түрде қараймын. Облысқа қарағанда Астанада жұмыс істеу қиынырақ. Елордамыздың миллион халқы барын былай қойғанда, мұнда күнделікті ауқымды түрлі іс-шаралар өтеді, өзге өңірлерден ке л і п - ке т у ш і ле р кө п. Ш е т е лд і к қонақтар үзілмейді. Сәйкесінше қылмыс саны да көбірек. Ал облыста мұндай абыр-сабыр жоқ. Бірақ, Астана мен облыстың полиция қызметкерлерінің штаттық с а н ы б і р д ей . С о н ды қ т а н д а Астана полицейлерінің әрқайсына жүктелетін жүктеме екі есе бола-


ХАБАРЛАНДЫРУ №20 (4378),№сейсенбі, 13.03.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

ШАҢҒЫ

Шашасына шаң жұқпаған шаңғышылар

«Динамо» денешынықтыру спорт қоғамының спартакиадасы аясында 17 күш құрылымының 70-тен аса қызметкері шаңғы жарысына қатысты. Өңірдің тәртіп сақшылары к ү н д е л і к т і н ы с а н ды к и м д е р і н спорттық формаға ауыстырып, өз араларында мықтыны анықтады. Ашық аспан астындағы жарыс оларға жаңадан күш бере түскендей. « Д и н а м о » д ене ш ы н ы қ т ы р у спорт қоғамы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Қайырбек Орымбаев: «Қысқы спорт түрлерін дамытуға көп көңіл бөлеміз. Бүгін

Халықаралық әйелдер күні құрметіне к ү ш қ ұ р ы л ы м д а р ы н а н к е л г ен шаңғышылар командалық және жекелей есепте мықтыны анықтайды», – деді жарыстың ашылуында. Командалық есепте ең ү з д і к н ә т и ж ен і Ұ л т т ы қ ұ л а н Әскери институтының командасы көрсетсе, оларға аз ғана ұпай есе жіберген облыстық Ішкі істер департаментінің командасы екінші

орынға орнықты. Ал үшінші орынға Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командасы жайғасты. Ерлер арасында жекелей сында бірінші және екінші орындарды Ұлттық ұлан Әскери институтының курсанттары Рустам Сағындықов пен Мақсат Нүсіпов иеленді. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД қызметкері, полиция капитаны Олег Гурский үшінші орынға қол жеткізді. Әйелдер арасында үшінші орынды Петропавл қалалық ІІБ қызметкері, полиция кіші сержанты Әйгерім Ғабдулина иеленсе, екінші орынға Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы батальонындағы қатардағы полицей Мария Гуржий жайғасты. Ал, мәре сызығына полиция лейтенанты Лидия Логинова алғашқы болып жетті. Ол облыстық ІІД Арнайы даярлық басқармасында қызмет атқарады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Динамо» логотипі бейнеленген спорттық киімдер берілді. Нәзік жандылар спортқа деген сенімді рухтары үшін Халықаралық әйелдер күніне орай өткен салтанатты іс-шарада марапатталды. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

ЭСТАФЕТА

Жас құтқарушылар жарысы Іс-шараны ұйымдастыруға қалалық білім бөлімінің мамандары, Өрт сөндіру және апаттыққұтқару жұмыстары қызметі, «Апаттық медицина орталығының» дәрігерлері, об лыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, сондай-ақ, Қызыл Жарты Ай қоғамы Павлодар облыстық филиалының өкілдері белсенді қатысты. О қ у ш ы л а р м ен қ о н а қ т а р а л дында Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, полковник Қ. Бертібаев, Павлодар қаласы № 1 6 м е к т е п - л и ц ей д и р е к т о р ы Т. Мигунова, Қызыл Жарты Ай қоғамы Павлодар филиалының директоры Г. Исаканова сөз сөйледі. Оқушыларға апаттық-құтқару техникалары, медициналық қызмет жарақтары, жедел-құтқару жасағы мен өрт сөндіру қызметі таныстырылды. Павлодар облысы Қызыл Жарты Ай қоғамы филиалының ө к і л д е р і з а р д а п ш е к к ен д е р г е алғашқы көмек көрсету көріністерін қойды. Осы уақытта №16 мектеплицейдің спорт залында мектеп базасында құрылған жас құтқарушы үйірмелері арасында қызықты жарыс эстафетасы өтіп жатты.

Р. БИАХМЕТОВА, Павлодар қаласы Бүкіләлемдік азаматтық қорғау күніне орай Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері №16 мектеп-лицейде іс-шара өткізді.

е-mail: nastraje@mail.ru

7

ВОЛЕЙБОЛ

Тарихқа тағзым турнирі

Жансая КӨПЖАН, Қарағанды облысы

Жуырда Қарағанды қаласында «Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде» Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай волейболдан турнир өтті. Осы жылдардың қанды ізі сан жүрекке жазылмас жара салды. Өзге мемлекеттің аумағына тәуекелге бел буып барып келген сол кездегі жалынды жастар қазіргі таңда ел ағасы. Тарих беттерінен орын алған сол зұлмат соғысқа қатысты деректерге шолу жасасақ, қан майданға Қарағандыдан 3000-ға жуық жауынгер-интернационалист қатысқан. Оның ішінде 76-сы ерлікпен көз жұмды, 2-і із-түзсіз кетті. 25 сарбаз елге оралып қаза тапты. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген қаншама жас елге мүгедек болып оралды. Ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралғанымен жандары жаралы қаншама ардагерлеріміз арамызда жүр. Жандары жаралы дейтініміз, олар өліммен бетпе-бет кездесті. Қаза болған азаматтар халықтың есінде мәңгі сақталады. Турнирге облыстың барлық құқық қорғау органдарынан 8 команда қатысты. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыстық Ауған соғысы

ардагерлері кеңесінің төрағасы Талғат Хасенов: «Биыл ұйымдастырылып отырған дәстүрлі турнир – сол отты жылдардың батырларын ұмытпауға және облыстағы құқық қорғау қызметкерлері арасында саламатты өмір салтын сақтап, насихаттауына арналған», – деді. Жарыста бақ сынағандар қатарында Қарағанды облыстық ІІД құрама командасының ойыншысы, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манат Терліков салауматты өмір салтын насихаттаушы бірегей тұлға. «Мен өзімнің қызметіммен қатар еш уақытта спортты тастаған емеспін. Полиция қызметкері әрқашан физикалық дайындығы мығым болуы шарт. Менің қағидам осындай», – деді Манат Ғазизұлы. Турнир қорытындысы бойынша барлық спортшыға естелік сыйлықтар, кубоктар мен медальдар табысталды.

КӘСІПҚОЙ БОКС

Головкин – табысты боксшылар қатарында

Танымал Forbes журналының сайты pound-for-pound ең табысты боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады

Э с т а ф е т а н ы ң н ә т и ж е с і б ой ынша №16 мектеп-лицейдің жас құтқарушылары жеңімпаз атанса, №13 орта мектеп командасы 2-орын-

ды иеленді. Ал №11 орта мектеп командасы 3-орын алды. Жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

ӘРІПТЕС КЕЛБЕТІ

Олжалы спортшы Ж. КӨПЖАН, Қарағанды облысы Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Спорт қай заманда болмасын, адам өмірінің маңызды бөлігі болып саналып, денсаулық пен рухтың мықты болуына септігін тигізіп келеді. Спорт елдің мерейін асырып, абыройын тасытады. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты болып табылады. Спортшыларымыз да күннен-күнге өз өнегелері арқылы денешынықтыру мен спорт денсаулық кепілі екендігін айғақтаумен келеді. Солардың бірі – Нұрсұлтан Рымқұлов Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Теректі ауылында дүниеге келген. Сол жердегі №65 орта мектебін тәмамдап, Қарағанды қаласындағы экономикалық колледжде заңгер мамандығына оқыған.

2014-2015 жылдар аралығында ҰҚК шекара қызметінде әскери борышын өтеп келгесін, 2017 жылдан бері Қарағанды қалалық Ішкі істер басқармасы Жол-патрульдік полициясында еңбек етіп келеді. Ол жастайынан спорттың бірнеше түрімен айналысты. Талай мәрте жарыстарда жүлделі орындардан көрінді. 15-тен аса медальдың иегері. Соның ішінде 28 қаңтарда Қарағанды облысы бойынша жауынгерлік самбодан өткен жарыста жеңіс тұғырына көтерілгені бір бөлек әңгіме. Нұрсұлтан Рымқұлов бокстан және дайдо дзюкудан да республикалық турнирлерге қатысып жүр. Сол ж а р ы с т а р ды ң б і р і н д е ж ү л д е л і 3-орыннан көрінді. Айшықты табыстарға жеткен мұндай азаматтар ұлты мыздың мақтанышы, халқымыздың қуанышы.

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы, бірнеше әлем чемпионы титулының иегері Геннадий Головкин мен оның мексикалық қарсыласы Сауль «Канело» Альварес өз орындарын сақтап қалды. Альварес ТОП-15-те көш бастап тұрса, Головкин алғашқы үштікті тұйықтап тұр. «Альварес жақында допинг-сынамадан оң нәтиже көрсеткеніне қарамастан, 5 мамырдағы рематчта Головкинді жеңсе, бұл тізімде бірінші орында қалады. Бірақ, шынын айтқанда «Канелоның» қоғамдағы орны кленбутерол табылғаннан кейін әлсіреді. Golden Boy Promotions мәлім еткендей, бұл дәрі-дәрмек мексикалық еттің құрамында болған. Егер Альварес GGG-ді жеңген күннің өзінде көптеген адамдар оған күдікпен қарауы мүмкін», – деп жазылған Альварес туралы жарияланымда. Бұл материалда Геннадийге қатысты былай делінген: «Канеломен» алғашқы кездесуде жалпы 27,06 миллион доллар түскеннен кейін, табысы бойынша тарихтағы үшінші боксшы атанды. Егер Головкин Альваресті екінші айқаста жеңсе, оның табысы одан да көп болады», – деп атап өткен басылымның авторы Джош Катцовитц.

БОКС

«Арландардың» азуы мұқалды ма?

«Astana Arlans» Санкт-Петербургте өткен Бүкіләлемдік бокс сериясы маусымының үшінші матчтық кездесуінде ресейлік «Patriot Boxing Team» командасынан 0:5 есебімен жеңілді Сәкен Бибосынов (52 кг) Виктор Гунченкодан осал тартты – 1:2 (47:48, 47:48, 49:46), Серік Теміржановты (60 кг) Абубакар Айдамиров сәл ғана басымдықпен ұтты – 1:2 (47:48, 49:46, 47:48), Бекзод Халметов Павел Сосулинге лайықты қарсылық таныта алмады – 0:3 (45:50, 47:48, 46:49), Шаймұрат Құсайыновты Павел Силягин айқын басымдықпен жеңді – 0:3 (45:50, 46:49, 44:50). Шигабутдин Алиевпен айқасқан Нұрсұлтан Аманжолов (+91) тең жағдайда бола тұрып, жеңісті қолдан шығарып алды. Еске сала кетсек, бұдан бұрын қазақстандық клуб «Patriot Boxing Team» командасын (5:0) және «Indian Tigers»-ті (4:1) есебімен жеңген болатын. 24 наурызда «Astana Arlans» үндістандық командамен кездеседі.


8

СӨЗ СОҢЫ №20 (4378), сейсенбі, 13.03.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz

ТАНЫМ

АКЦИЯ

Көрісу күні – имандылыққа бастайды

Ескендір ТАСБОЛАТ

Бала кезімізден 14 наурыз – көрісу күні біз үшін ерекше есте қалатын мерекелердің бірі болатын. Сол күні ауыл балалары үй-үйді аралап, олардың «Жасың қайырлы болсын!» деп берген тәтті тоқаштарын, кәмпиттерін қалтамызға сыйғыза алмай бір жасап қалушы едік. Көшеде, мектепте, қай жерде болсын бір-бірімен кездескен ауыл тұрғындары қол алысып, «Бір жасқа шығуыңмен!» деп құттықтасып жататын. Әрбір үй 14 наурызда сандығының түбіндегі қыс бойы сақтаған бар тәттісін шығарып, «Қазан толы болсын» деп дастарқан жайып отыратын. Бұл күні бүкіл ауыл бір-біріне туыс жандардай болып шыға келетін. Сол кезде біз көрісу күнін бүкіл Қазақстан тойлайтын шығар деп ойлайтынбыз. Кейін білгеніміздей, о н ы т е к б а т ы с қ а з а қ с т а н ды қ т а р (Орал, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облысының кейбір аудандары) мен Ресейдің Саратов, Орынбор облыстарындағы қазақтар ғана атап өтеді екен. Тіпті, Маңғыстау қазақтары оны – амал дейтін көрінеді. Қыстың ызғары кетіп, шуақты көктем басталғанда келетін бұл айтулы күннің әсері адам үшін ерекше есте қаларлық. Көрісу күнінің қай уақытта тарих сахнасынан орын алғаны туралы тарихшылар-

да бір тоқтамға келген пікір жоқ. Дегенмен де, оның шығу төркіні тереңде жатқаны талас тудырмайды. Бұрын қазақ халқы көшпелі ғұмыр кешкені мәлім. Үскірік аязды алты ай қыстан мал-жанның аман-есен шығуы киіз үйде тұратын жұртшылық үшін бүгінгі кезге қарағанда әлдеқайда қиын болғаны жасырын емес. Содан қар еріп, жер жіби бастағанда шеті мен шегі жоқ далада тарыдай шашылған халық туған-туысын, жақын-жуығын іздеп, бір-бірімен көрісетін болған. «Бір жасқа шығуыңмен!» деген тілектің артында «Қыстан аман шығып, жаңа жылға қадам басуыңмен» деген ой жатады, дейді білетіндер. Көрісу күні Исламда бар нәрсе емес. Бірақ, ол шариғат талапт а р ы н а қ а й ш ы к е л м ей , о н ы м ен үндесіп жатқандықтан, Исламмен

Ойлан, тап!

Жылы жүрек, жомарт қол А. УАЙДАЕВ, Қызылорда облысы Мейірім бұл – ғажап өмір есігі, Мейіріммен тербетілер бесігің.

бірге ғасырлар бойы жасасып келе жатқан біздің төл дәстүріміз болып табылады. Оның бір дәлелі – көрісу күнінің араздасқан, бір-бірімен араласпай кеткен жақын адамдарды татуластыруға, табыстыруға бағытталған қасиеті. Бұл күні бірбірін танитын бүкіл адам, тіпті әртүрлі себептерге байланысты жанжалдасып, бет көріспей кеткендер де көрісіп, қол алысуға міндетті. Ежелден келе жатқан салттың талабы осындай. Сөйтіп, көрісіп, біріне-бірі ақ тілегін айтқан адамдар бұдан кейін арадағы реніштерін жойып, табысады. Қалай болғанда да, көрісу күнінің имандылыққа, жақсылыққа негізделген мереке екені айдан анық. О л ү л к ен м ен к і ш і а р а с ы н д а сыйластық, сыпайылық орнатады. Қазіргі күні үлкенге бірінші болып сәлем берудің өзін ұмытып бара жатқанымыз жалған емес. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бір-біріне сәлем берген екі адамға да сауап жазылатыны, соның ішінде бірінші сәлем берген адамға көбірек сауап тиетіні айтылады. Көрісу күні де сәлемдесудің сауапты іс екенін жастардың санасына сіңіруге септігін тигізері хақ. Төс қағыстырып, қол алысу, үлкендерден бата алу, адамдар арасындағы сыйластық, қауышу – міне, көрісу күнінің кейінгі ұрпаққа сабақ болатын қасиеті осындай. Көрісу күні әр адам өзінің тума-туыс, жақын-жуық адамдарының, досжарандарының бәрімен қол алысып, көрісіп шығуы тиіс. Тіпті, 14 наурызда көрмей қалған жақындарын одан кейін сәуір, мамыр айларында көрсе де, қол алысып амандасу міндет. Кейбір мамандардың пікірінше, бұл күннің Наурыз мерекесімен байланысы болуы ықтимал. Иә, шуақты көктемнің келуімен үндесіп жатқан қос мерекенің тамыры бір жерден болуы да бек мүмкін.

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТ

Аза Əрі батыр, əрі ақын

АҚШ телехикаясы

Орта ғасыр елі

Жалау Беларусь

боксшысы

Сергей ...

Зат

АҚШ

Теңіз жануары

... ему

ғарыш бас-

қармасы

Бірыңғай есептеу орталығы (орыс)

... ала болса

Қарсақ

Қолтырауын

Түс

Ашық болсын әр мұқтажға есігің, – деп өлең жолдарында айтылғандай, қазақ халқына қанына біткен қасиеттерінің бірі – жетімін жылатпай, мүгедегін құлатпай, қарттарын тастамай қол ұшын созу. Қайырымдылық жасау ауқатты адамның ғана істейтін ісі емес, ол әр адамның игі ісі. Әсіресе, тағдырдың салғанына еріксіз мойынсұнған жас жеткіншектерімізге аялы алақанның жылуын аямай, сауабы мол іске атсалысу әрбір – адамның азаматтық парызы. «Қамқорлық» республикалық қайырымдылық акциясы аясында ЗК-169/4 мекемесі қызметкерлері де игі шараға мұрындық болды. Ауылдағы әлеуметтік тұрғыда көмек қажет ететін отбасынан шыққан мектеп оқушыларына мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Дүйсенбаев және кадр жұмысы тобының бастығы, әділет капитаны А. Уайдаев оларға арнайы барып, өз сыйлықтарын табыс етті. Абай атамыздың Он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ: «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді деу», – делінген. Бар байлығымыз – бала. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Мекеме қызметкерлері «Жылы жүрек, жомарт қол» қайырымдылық акциясына алдағы уақытта да көмек қолын созуға даяр екенін мәлімдеді.

МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Миллион, миллион гүл қайда? Гүлнәр МАҒЗҰМОВА Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласындағы Оқу орталығында арулар мерекесі жылдағыдан өзгеше өтті. Қыз-келіншектерді шуақты көктем мерекесімен құттықтаған Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Закир Малибаев бауыр еті баласы үшін түн ұйқысын төрт бөлетін аналардың асыл қасиетін айта келіп, иығына погон таққан қызкеліншектердің жауапкершілігінің аса зор екенін атап өтті. Уақытпен санаспай жұмыс істейтін офицер арулардың полиция қызметкерлерін даярлаудағы еселі еңбегіне табыс тіледі. Залда отырған нәзік жандыларды жауқазын гүлге бөлеген тыңдаушылардың да құттықтауы тартымды шықты. Мерекелік шара марапатсыз болған жоқ. Р. Сейілова, А. Қарағаева, Д. Изимова сияқты қызметкерлер Ішкі істер министрлігінің марапатына ие болса, 18 тыңдаушы қыз ІІМ Оқу орталығының басшысы тарапынан мақтау грамотасын алды. Аруларды ардақтау шарасының ең қызықты кезеңі – алғашқы даярлық курсы тыңдаушыларының күшімен ұйымдастырылған мерекелік концерт болды. Концерттің беташары 5-топ тыңдаушысы Қуанышбай Алламбергенов орындаған «Мерекелеріңізбен» әнімен ашылып, Мәдина Тастамбекова мен Сапарғали Дінмұхаммедтің орындауындағы «Ана туралы жыр» әніне ұласты. Ал, сүйгені үшін бар байлығына миллион раушан гүлін сатып алған суретшінің кейпіне енген курс старшинасы, полиция сержанты Диас Әлменовтің орындауындағы «Миллион, миллион гүл қайда?» әнінің әсері тіптен керемет болды. Кеш соңында Оқу орталығы бастығының орынбасарлары Б. Жұманов, Р. Кимбаев, Қ. Бахтыгереев және ардагер Н. Рамазанова, Ардагерлер кеңесінің төрайымы З. Муртазалиева, Әйелдер кеңесінің төрайымы Н. Әлімбекова сөз сөйлеп, осындай тамаша салтанатты ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Суретті түсірген автор

...-төк Қыстырма сөз

Ірі неміс концерні

Сəн

... Қонарова

Өткен сандағы сканвордтың жауаптары Көлденеңнен: Душ. Сандық. Уақиға. Ызалы. Асылзат. Мары. Аренда. Тама. Тігінен: Ауыл. Нақты. Азамат. Ата. Ықы. Сауда. Сері. Ырғыз. Ром. Лена.

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

РЕДАКЦИЯ: Бас редактор: Ескендір ТАСБОЛАТ Бас редактордың орынбасары: Жадыра ШАМҰРАТОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА Аға тілші: Жадыра МҮСІЛІМ Тілші: Айткен ШƏМШІ

Басылым 04.01.2012 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №12198 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «Тауелсіздік-Д» ЖШС баспаханасында басылады. Индексі: 65395 Таралымы: 11614 Тапсырыс: №61

«Тауелсіздік-Д» ЖШС-і Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, 407 тел: 56-97-71 Газет аптасына 2 рет шығады.

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Мадина СҮЛЕЙМЕНОВА Корректор: Нұршагүл ƏШІМБАЕВА Фототілшілер: Қанат КӨЛБАЕВ, Бек ИМЕКЕШОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА

Saqshy №20 (4378)  

Saqshy №20 (4378) 13 03 2018

Saqshy №20 (4378)  

Saqshy №20 (4378) 13 03 2018

Advertisement