Page 1

№13

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

(4275), 16.02.2017, бейсенбі

www.mediaovd.kz

Газет 1933 жылдан бастап шығады

БЖЗҚ БАСҚАРУЫНДА ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-та бірқатар өзгеріс болады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. «БЖЗҚ-дағы кемшіліктерді жоямыз, ақшаны пайдалану бойынша ішкі бақылау жүйесін күшейтеміз. Алайда, ең маңыздысы бар. Қазіргі кезде адамдар арасында жинақтау жүйесіне деген күмәнмен қарау мәселесі тұр», – деді Ұлттық банк төрағасы. «Инвестиция салу моделін таңдауда бәсекелестік принциптерін қалпына келтіргендей, зейнетақы активтерін басқару институттарын да солай ету керек. Қазір салымшылар алдында таңдау жоқ. Зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ға аударылады. Зейнетақы қаржыларын басқаратын ұйымды таңдау және инвестициялық стратегия таңдау мүмкіндік қарастырылмаған. Мемлекет салымшылар үшін де барлығын өзі реттеп, тәуекелге барады. Сондықтан, біз, зейнетақы активтерін басқару функциясын

жеке немесе шетелдік компанияларға беру туралы Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ұлттық банк зейнетақы активтері нарығында бәсекелестік болуын, салымшыларға таңдау ұсыну мәселесін қолдаған. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деді Д.Ақышев.

ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ Д ен с а у л ы қ с а қ т а у м и н и с т р і Е л ж а н Біртанов Электронды денсаулық сақтау республикалық орталығында Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру мәселелері бойынша IT-компания өкілдерімен кездесті.

Елбасы Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады. Кездесу барысында әкім Қазақстан Президентіне 2016 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әлеуметтікэкономикалық дамуы жөнінде баяндалды. Елбасы Ақтөбе облысы перспективалы өнеркәсіптік өңір болып саналатынын, дегенмен еліміздің ішкі жалпы өніміне қосатын облыстың экономикалық үлесі жылдан жылға азайып келе жатқанын атап өтті. «Мұндай үрдіс 2012 жылдан бері жалғасуда. Біз оның себептерін анықтап, тиісті шаралар қабылдауымыз керек. Егер де ауылшаруашылығы экспортын арттырамыз десек, қайта өңдеу өндірісі нысандарын дамытуға мән беру қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамытып, оның өңір экономикасындағы үлесін 50 пайызға жеткізудің маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті облыстың әлеуметтік саладағы

жұмысының басымдығы бар бағыттарын белгілеп берді. Соның қатарында балабақша санын көбейту, апатты жағдайда тұрған мектептерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, бұған қоса бірқатар білім беру мекемелеріндегі үшінші ауысымды жою мәселелері бар. Ақтөбе облысының әкімі өңірдің экономикалық жағдайын жақсарту, соның ішінде өнеркәсіп секторын дамыту, ауыл шаруашылығына инвестиция тарту және халықты жұмыспен қамту мақсатымен жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді. «Жыл қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері өскені байқалады. Ең бастысы – жұмыссыздықтың көбеюіне жол берген жоқпыз. Мемлекеттік бағдарламалардың дер кезінде жүзеге асырылуы нәтижесінде былтыр 16 мың жаңа жұмыс орны ашылды», – деді БердібекСапарбаев. Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

ТАҒЗЫМ

Жауынгерге жасалған құрмет Айдос БАЙШАҒЫРОВ, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

Министр өз сөзінде Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыру ы: жаһандық б ә с е к е г е қ а б і ле т т і л і к » а т т ы е л х а л қ ы н а Жолдауында денсаулық сақтау жүйесін қажетті ақпараттандырумен қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларын орындау қажеттілігін атап өтті. Кездесу барысында ДСМ-нің қолданыстағы ақпараттық жүйелерін сыртқы медициналық жүйелермен біріктіруге, халықтың электронды паспортын енгізуге, сонымен бірге, дәрігердің жеке кабинетін әзірлеуге мүмкіндік беретін Интероперабельділік платформасын енгізу бойынша жоба таныстырылды. Отырыста бизнес қауымдастықтары мемлекеттікжекеменшік серіктестік аясындағы ынтымақтастық, денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру сервистік үлгілері, сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру қызметін реттеуге негізделген қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу мәселелерін талқылады. Жуырда ДСМ, ЭДСРО және мүдделі ITкомпаниялардың өкілдері кіретін Сарапшылар кеңесі құрылатын болады. Сонымен қатар, министр барлық медициналық ақпараттық жүйені әзірлеушілерге министрлік жүйелерімен әрі қарай біріктіру мәселелерін анықтау мен кеңес беру мақсатында Интероперабельділік платформасын таныстыру бойынша тапсырмалар берді.

Ауған топырағында болған зұлмат соғыста Кеңес әскерлері, оның ішінде, біздің елімізден аттанған қазақ жауынгерлері де қайталанбас қаһармандық танытты. Ел тыныштығы мен бейбітшілігі үшін оқ пен от кешкен батырларымыздың қаншамасы жат өлкеде қаза тапса, туған жерге аман қайтқандары қайтадан қызметке кірісіп, әлі күнге дейін ел игілігі үшін еңбек етуде. Оларға мәңгілік елдік құрмет көрсету – біздің парызымыз. Биыл Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толып отыр. Ауған соғысының қанды қырғынынан аман-есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мыңнан аса қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-бабаларымыздың жауынгерлік жолына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден-медальдармен марапатталды. Жыл сайын ақпан айының 15-інде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күні дәстүрлі түрде аталып өтіледі. Биыл да тағылымды іс-шара 5571 және 28237 әскери бөлімдерінде ерекше ұйымдастырылды. Шараға Ауған соғысының ардагерлері, әскери бөлімнің қолбасшылық құрамы, офицерлер, сержанттар және сарбаздар қатысты. 5571 әскери бөлімге келіп, осы кештің арнайы қонағы болған Ауған соғысының ардагері, запастағы полковник Александр Корольков жеке құрамға Ауған соғысының ақиқаты мен «бұлыңғыр беттері» жайлы сыр шертті. Үнемі осындай айтулы іс-шараларда бастамашылық танытып, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбелеуге қосқан үлесі үшін 5571 әскери бөлімнің командирі, подполковник Бақдәулет Оспанбеков Ауған соғысының ардагерлеріне бүкіл жеке құрам атынан алғыс айтып: «Уақыт өтіп, замана ағымы жылжиды. Бірақ, батырлық мәңгілік. Біз сол майданда қаза тапқандардың рухына тағзым жасаймыз, сіздерді үлгі тұтамыз. Сіздер өз анттарыңызға берік болдыңыздар, елімізді жат жаулардан қорғап ерен еңбек сіңірдіңіздер, сол үшін де баршаларыңыз зор құрметке лайықтысыздар», – деп атап өтті.

Ұзынағаш кентіндегі 28237 әскери бөлімнің жеке құрамы бұл күні орталық алаңға шығып, аудан әкімдігі және өзара әрекеттестік орган өкілдерімен бірге Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай опат болған жауынгерлерді еске алды. Аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Әділхан Жұмахан бастаған бір топ майдангер аудан басшылығымен жүздесіп, Ұлттық ұланның жауынгерлерімен тәлімдік кездесу өткізді. Сондай-ақ, осы күні әскери бөлімнің бір топ офицер құрамы аудан орталығындағы орта білім беру мектептерінде болып, Ауған жалынының жазылмаған жарасы жайлы ашық сабақтар өткізді. Жиынға жиналған барша қауым аудан орталығындағы Ауған жерінде қаза болған жауынгерлердің құрметіне орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.


2 ƏЛ

АҚ М Е

ЖАҢАЛЫҚТАР №13 (4275),№ бейсенбі, 16.02.2017 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

ПА

РАТ

Қырғызстан

Президент сайлауы қашан өтеді? Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев 15 ақпанда сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрайымы Нұржан Шайлдабекованы қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлім етті. Кездесу барысында қырғыз президенті ОСК ағымдағы қызметі мен елдің сайлау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Шайлдабекованың айтуынша, кемшіліктерді жойып, сайлау үдерістерін ұйымдастыру жұмыстарын одан әрі жақсарта түсу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Мемлекет басшысы конституциялық заңға сәйкес осы жылы 19 қарашада өтетін ел президентін сайлау маңыздылығын ерекше атап өтті.

е-mail: nastraje@mail.ru

Айыппұл қылмыс санын азайта ма? Кеше Мә жіліст ің ж алпы оты ры сы нда палата төрағасы Нұрлан Нығматулин « Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң к ей б і р заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының айыппұлдарды көтеруге қатысты тұсын қатаң сынға алды. Тақырып төңірегінде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель баяндама жасады. Мәжіліс спикері құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғаудың қажеттілігін алға тарта келіп, алайда, айыппұл мөлшерін арттыру қылмыстар санының азаятынына кепілдік бермейтіндігін баса атап өтті. Нақтылай кететін болсақ, заң жобасы аясында билік өкіліне бағынбағаны үшін 379-баптың 1-бөлігімен белгіленген айыппұл көлемін 100 АЕК-тен 200ге дейін (454 мың теңгені құрайды), 380-баптың 1-бөлігімен салынатын айыппұл көлемін 2000 АЕК-тен 5000-ға дейін (11 миллион теңгеден астам) дейін көтеру ұсынылған-тын. «Елбасы ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазаны жеңілдету туралы міндет қойып отыр. Оны жүзеге асырудың орнына заң жобасында айыппұлдарды қатаңдату ұсынылған. 11 миллион теңгеге дейін. Біздің аймақтарда өткен кездесулерде сайлаушылар

Сирия келіссөздері жалғасты Кеше Сириядағы аxуалды реттеу бойынша Астана процесінің қатысушылары арасында екіжақты келіссөздер басталды.

әртүрлі айыппұлдың көлеміне қатысты көптеген сұрақ қойды. Сонымен бірге, Елбасы тапсырмасына қайшы болғандықтан, біз бұл түзетумен к е л і с п ей м і з . С о н ды қ т а н, т а ғ ы д а б і р ле с е жұмыс жасап, екінші оқылымға дейін талапқа сәйкестендіру керек», – деді Н. Нығматулин. Жалпы заң жобасы қылмыстық қудалау және прокуратура органдарының өкілеттіктерін анағұрлым нақтылауға, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталып отыр. Заң жобасында төтенше ж а ғ д а й ж ә не л а ң к е с т і к к е қ а р с ы о п е р а ц и я аймағында билік өкіліне қатысты күш көрсеткен немесе бағынбағаны үшін жаза қатаңдатылады.

Дереккөздерге сүйенсек, кездесулердің басты тақырыбы – қарулы әрекеттерді тоқтату бойынша режимді күшейту, бірлескен жедел топтың қағидаларын және бітімге келген аудандар мен қарулы қақтығысты тоқтату режімін бұзған аумақтарға қатысты құжаттарды келісу. Еске сала кетейік, бүгін, яғни 16 ақпан күні Сирия ахуалын реттеуге байланысты Астана процесінің аясында жоғары деңгейде кезекті отырыс өтуде. Айта кетейік, Сириядағы атысты тоқтатуға кепілдік беріп отырған Ресей, Түркия мен Иран мемлекеттерінің xабарлауынша, отырыста Сирия жерінде әскери іс-қимылды тоқтату режимін сақтау мәселелері, соның ішінде нақты территорияларда аxуалды тұрақтандыру жайы сөз болады деген жоспар бар. Сондай-ақ, бірлескен шұғыл топ туралы ереже қабылданып, бітімгерлік режимді күшейту және Женева келіссөздері алдындағы басқа да шаралар талқыға салынбақ.

Биыл 47 мың жер учаскесі берілмек Қытай

Лаңкестер қолынан 5 адам қаза тапты Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Хотан аймақтық үкіметінің мәліметі бойынша, сейсенбі, 14 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша 19:20-да Пишан ауданында теракт болды. Жергілікті үкіметтің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, 3 террорист қолына пышақ алып, аудандағы шағын тұрғын үй аймағының тұрғындарына шабуыл жасады. Олардың әрекетінен 5 тұрғын қаза тапты және 5 адам ауыр жараланған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 3 террористі оқиға орнында атып өлтірді. Теракт болғаннан кейін, аудандағы барлық дүкендер мен қонақ үйлер жабылды. Полиция халықтан үйден шықпауды және жалған ақпарат таратпауды талап етті.Жергілікті үкіметтің ресми сайтының мәліметінше, қазір Пишан ауданында ахуал тұрақтанды, тиісті тергеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 47 мың жер учаскесі беріледі. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы жөніндегі комитет төрағасы Мархабат Жайымбетовтің айтуынша, алдағы 15 жылдың ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кезекте тұрған азаматтарға 630 мың жер учаскесін беру жоспарланып отыр.

«Жер беріледі. Бірақ, ол жерге инженерлік желілер тартылуы қажет. Елбасының тапсырмасы бойынша жыл сайын 80 млрд теңге сол инфрақұрылымды тартуға бөлініп жатыр. Ондай қаржы бірінші рет беріліп отыр. Биыл ол қаражаттың көлемі 80 млртан көп, 86 млрд берудеміз. Ақшаны әкімдіктерге үлестірдік. Енді, олар инженерлік желілерді тартып, халыққа беруі керек», – деді Жайымбетов. Комитет басшысының айтуынша, өткен жылы 100 млрд-тан астам қаржы бөлінген. Осы ақшаға 110 мың жер учаскесіне инфрақұрылым тартылуы қажет. «Енді, сол 110 мың учаскенің шамамен 53 мыңы – бұрын берілген жерлер (ол жерлер инженерлік желілерсіз берілді). Ал 47 мың жер учаскесі жаңадан жасақталуы шарт. Биылға тағы 86 млрд теңге, сөйтіп ағымдағы жылы ол жұмысты (жаңа учаскелерді жасақтауды - авт.) аяқтайды. Осылайша, біздің жоспарымызға сәйкес, республика бойынша жыл сайын 42 мың жер учаскесі таратылады. Ал алдағы 15 жылдың ішінде 630 мыңдай учаске берілетіні күтілуде. Биыл әкімдіктер жаңағы айтқан 47 мың жер учаскесінің инфрақұрылымын аяқтауы тиіс. Енді, қаржы бөлінсе, одан да көп болады», – деп атап көрсетті Жайымбетов.

Коммуналдық қызметті төлеуге көмек А с т а н а қ а л а с ы н ы ң Ж ұ м ы с п ен қ а м т у , еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы коммуналдық шығындарды төлеу үшін берілетін әлеуметтік көмек ұсынады.

Үндістан

Браконьерлерді атуға рұқсат берілді Рейнджерлер Үндістанның солтүстікшығысындағы Казиранга ұлттық саябағында табиғатты қорғаушылар мүйізтұмсықтардың өміріне қауіп төндірген адамдарды ату құқығына ие болды.

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешімімен бекітілген «Астана қаласының жекелеген азаматтар санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» қағидасына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соларға теңестiрiлген тұлғаларға Астана қаласында тіркелген және тұрғылықты тұратын азаматтарға коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге ақшалай төлемдер бір жылға тағайындалады және өтініш берген айдан бастап ай сайын төленеді. Ә л еу м е т т і к к ө м е к а л у ү ш і н ж е к е куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген

а д а м д а р ғ а б е р і ле т і н ж е ң і л д і к к у ә л і г і н і ң т ү п н ұ с қ а с ы ж ә не к ө ш і р м е с і , м е к ен ж а й анықтамасы, жеке есепшот ашу хабарламасы немесе келісімшарт қағазының түпнұсқасы және көшірмесін ұсыну қажет.

Белгілі квартеттің концерті өтеді Мысалы, 2015 жылы саябақ маңында 20 браконьер қаза тапты. Алайда, жануарларды қорғау бағдарламасы адам өлтіргені үшін айыпталуда. Үндістанда осы мәселеге байланысты үлкен дау шықты. Дегенмен, бұл шешім әлі қарастырылуда. «Мүйізтұмсықтардың тұмсықтарына сұраныс артып, олардың азайып келе жатқанына қарамастан, Казиранга саябағында олар өсіпөніп келе жатыр», – деп хабарлайды The Conversation.

Дарынды музыканттар – Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті – скрипкашылар Айдар Тоқталиев пен Алексей Лебедев, альт аспабының шебері Бекзат Сайлаубайұлы және виолончельші, ұжымның көркемдік жетекшісі Ернар Мыңтаев 18 ақпанда «Астана Опера» камералық залының сахнасында өнер көрсетеді. Квартет жанры элиталық және күрделі жанр болып саналады, осы тұрғыда белгілі аспап шеберлері өздерін қалай көрсететінін елорда тұрғындары мен қонақтары, «Квартет шақырады...» циклы аясында

өтетін «Классиктермен сұхбат» концертінде тамашалай алады. Ғ. Жұбанова атындағы музыкалық ұжым мүшелері, квартет жанрының атақты шеберлерінен тәлім алып, еуропалық жоғары оқу орындарында білімдерін жетілдірген. Ғ. Жұбанова атындағы квартет мемлекеттік мәртебеге ие, сол себепті оларға үлкен міндет жүктеледі. Квартет көптеген халықаралық байқаулардың, соның ішінде әйгілі Д. Шостакович атындағы халықаралық байқаудың лауреаты. Бүгінде музыканттар – Америка, Еуропа мен Азияның алдыңғы қатарлы сахналарының қалаулы қонақтары.

Астанадағы кезекті кездесуге Иордания Корольдігі, Сирия Араб Республикасы, сол жердегі қарулы оппозицияның өкілдері, БҰҰ Бас xатшысының арнайы өкілі С. Де Мистура, сондай-ақ, АҚШ бақылаушы ретінде шақырылып отыр. Бұған дейін Сирия мәселесін реттеуге арналған Астана процесінен кейін елордада xалықаралық теxникалық кездесу өткен болатын. Соның нәтижесі бойынша РФ Қарулы Күштері Бас шұғыл басқарма басшысының орынбасары, генерал-майор Станислав Гаджимагомедов мәлімдеме жасаған болатын.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақты Қазақстан Республикасының аумағында тұмау және ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мамандарыхабарлама таратты. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 10 ақпанға дейін 410 мыңнан астам жедел респираторлық вирустық инфекция жағдайы, оның ішінде 2004 тұмау жағдайы тіркелді.ЖРВИ-мен сырқаттанған адамдардың негізгі үлесін (65 пайыз) 14 жасқа дейінгі балалар құрады. Барлық ЖРВИмен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 20, тұмаумен сырқаттанғандар ішінде 14 пайызды құрады. Өткен аптада бүкіл халық бойынша тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың апталық эпидемиялық деңгейден артуы байқалмайды. Шұғыл эпидемияға қарсы іс-шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығының жағдайына және тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Халық топтары арасында сырқаттанушылық құрылымын ескере отырып, оқушылар арасында ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың өсуінің алдын алу мақсатында ТҚҚК аумақтық бөлімшелерінің ұсынымдары бойынша эпидемиялық маусымнан бастап білім басқармалары 26 тәрбиелеу және білім беру мекемелерінде оқу процесін тоқтатты, 10 ақпанда барлық мекемелерде оқу процесі қайта басталды.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №13 (4275),№бейсенбі, 16.02.2017 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

ТАЛҚЫ

е-mail: nastraje@mail.ru

3

МЕРЕЙТОЙ

Көктемгі тасқынға дайындық Сексеннің сеңгіріне шыққан ардагер Айткен ШӘМШІ

Кеше ІІМ-де Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері қазақстандық кеңесі төрағасының орынбасары, ІІМ Орталық аппараты Ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция полковнигі Берік Сүлейменовтің мерейлі 80 жылдығы атап өтілді.

14 ақпан күні Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен селекторлық режимде ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Басқосу барысында төтенше жағдайларды алдын ала ескерту және жою бойынша сұрақтар талқыланды. Отырыс жұмысына Ішкі істер м и н и с т р і , п о л и ц и я г ене р а л полковнигі Қалмұханбет Қасымов, мемлекеттік органдардың басшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары және облыстардың ТЖ жөніндегі д е п а р т а м ен т т е р і н і ң б а с ш ы л а р ы (селекторлық режимде), «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «Қазгидромет» Ұлттық сейсмологиялық бақылау орталығы» РМК басшылары қатысты. Басқару органдарының, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің (АҚМЖ) күштері мен құралдарының тасқын кезеңіне дайындығы туралы Энергетика вице-министрі Б. Жақсалиев, Ішкі істер министрінің орынбасары Ю. Ильин, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е. Нысанбаев, Инвестициялар және даму вице-министрі А. Рау баяндады.

Баяндамаларға сәйкес, тасқын кезеңінде ТЖ алдын ала ескерту бойынша іс-шаралар кешені әзірленді. Су тасқыны болуы мүмкін аудандардан тұрғындарды эвакуациялаған жағдайда қауіпсіз жерге шығарылатын тұрғындарды қабылдау пункттері әзірленген, эвакуациялау бағдарлары анықталған, техника, жүзу құралдары және тікұшақтар дайындалған. Жалпы, ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, тасқын және қар суы басуы мүмкін аймақтарда 918 елді мекен бар, мұнда 402 мыңнан астам адам тұрады. Ведомствоаралық комиссия отырысын қорытындылай келе, ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары тасқын кезеңіне дайындық мәселелері Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін

атап өтіп, тасқын кезеңіне дайындық және оның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық ісшараларды уақытылы өткізу қажеттігіне ерекше тоқталды. «Әр мемлекеттік орган өз құзыреттілігі шеңберінде тасқын кезеңінде төтенше жағдайларды алдын ала ескерту бойынша іс-шаралардың барлық кешенін орындауы тиіс. Еліміздің бірқатар өңірлерінде елді мекендер, азаматтарымыз зардап шеккен өткен жылдардағы о қ и ғ а л а р ды ң қ а й т а л а н у ы н а ж о л бермеуіміз керек», – деп атап өткен Асқар Мамин орталық, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың басшыларының жауапкершілігі туралы еске салды. Ведомствоаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына алдын алу шараларын жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Кешенді стратегияның маңызы мол Қостанай облысына іссапармен келген Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді ісшаралары кеңінен сөз болған дөңгелек үстелге қатысты. Е с т е р і ң і з д е б о л с а , П р е з и д ен т Жарлығымен өткен жылы Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы бекітілген болатын. Осы құжаттың жай-жаспары мен орындалу барысы талқыланған кездесуге ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының ұжымы, облыс бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері, ҚАЖ комитетінің өкілі, Пробация қызметіне басшылық ету басқармасының бастығы А. Тереня қатысты.

Дөңгелек үстелде Үкімет қаулысымен бекітілген кешенді стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында қарастырылған бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу бойынша көзделген жағдайлар сарапқа салынды. Атап айтқанда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыру бойынша «қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасын әзірлеу; кешенді стратегияны жүзеге асыру бойынша индикаторлар есебінің тетігін әзірлеу; сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелерін зерттеуді

І І М Қ ос т а н а й А к а д е м и я с ы н ы ң тақырыптық жоспарларына қосу; пробация қызметтерінің жұмысына тұлғаны зерделеудің заманауи әдістерін, оның ішінде, қайта әлеуметтендіру процесін жекешелендіру мақсатында тәуекелдердің алдын алу жүйесін (Riskneeds-responsibility (RNR – тәуекелдерді бағалау және оңалту мүмкіндіктерін негізіне сезімталдылығы) енгізу; қ а у і п с і з д і г і а р а л а с м е к е м е ле р д е қылмыстық жазасын өтеп жатқан және қамауда ұсталатын адамдардың сандық және сапалық құрамына әлеуметтік зерттеулер жүргізу әдістемесін әзірлеу; Академия базасында пробация мамандарын оқыту орталығын құру; пробация қызметкерлерінің біліктілігін арттыру секілді маңызды сұрақтар жан-жақты талқыланды. ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі

М е р е й т ой и е с і н І І О м ен Ұ Ұ ардагерлері кеңесі, әріптестері мен шәкірттері құттықтап, ақсақалға ақ тілектерін жеткізді. Министрлік басшылығының құттықтауын жеткізген Кадр департаментінің бастығы, полиция полковнигі Алтынғали Әбдіғалиев Берік Әбілмәжінұлына сый-құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты. Астана қалалық ІІД бастығы, полиция генералмайоры Амантай Әубәкіровтің лебізін ала келген оның орынбасары, полиция полковнигі Серік Шалданбаев қарияға мықты денсаулық тіледі. «Сексен – сейіл құратын жас емес, б і р а қ к ө ш т ен қ а л а т ы н д а е м е с » . Осы сөзді бүгін сексеннің сеңгіріне шыққан Берік ақсақал Сүлейменовке қаратып айтса жарасады. Өйткені, ол өмірлік те, қоғамдық та белсенділіктен қалған жоқ. Керек жерде бой көрсетіп, ө м і р а ғ ы м ы н а ү н қ ос ы п ж ү р г ен жан. Берік Әбілмәжінұлы саналы ғұмырын тұрғындар тыныштығын қорғауға арнады. Бүгінде өткен өмір жолына үңілсек, қаршадайынан осы бір қызығынан қиындығы басым қызметтің құзырында болғанының куәсі боласың. Іс-шара барысында әріптестері айтқан жүрекжарды сөздерден Берік Әбілмәжінұлының «тар жолда тайғақ кешкеніне» көзіңіз жетеді. «Бекең погон тағып, қызметке кіріскен кез қоғам тәртібін қорғауға жастардың бел буып бара бермей, тайсақтайтын заманы болатын», – деп сөзін бастаған атал-

мыш ұйымның төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков ардагердің өткен өмір жолын бір сыдырып өтті. «Қаһарлы да азапты 1937 жылдың ақпанының дәл ортасында әскери қызметкердің о т б а с ы н д а К р а с н оя р с к қаласында дүниеге келген Берік Сүлейменов әке жолын қуып 1956 жылы Свердлов өрт сөндіру-техникалық училищесін тәмамдаған соң, оқалы киім өмірін жалғастырды. Алдымен Алматы қалалық және Жамбыл облыстық өртке қарсы қызмет саласында қатардағы жауынгерден бөлім бастығының орынбасары, кейін осы қызметтің Талдықорған облыстық бөліміне басшылық етті. Одан кейінгі кезеңде Берік Сүлейменов қоғамдық тәртіпті қорғау саласына біржола ауысты. Ақылпарасатының арқасында өзі еңбек еткен жерлерде абыройға бөленіп отырды. Ол кеудесіндегі түрлі төсбелгілер мен мақтау қағаздары және алғыс хаттардан көрініс тапты. Жақында ғана отставкадағы полковник Берік Сүлейменов Мемлекет басшысының қолынан «Құрмет» орденін алды. Қарт полицей 57 жыл бір шаңырақ астында бақытты ғұмыр кешіп келе жатқан өмірдегі «парталасы» Алмамен тәрбиелі ұрпақ өсіріп, қызметінде талай оқалы погон өкілдеріне ұстаз болған. Оның шәкірттерінің алды – генерал, төменінің шені – полковн и к . М е р ей т ой м ен ұ с т а з д а р ы н, ә р і п т е с і н қ ұ т т ы қ т а й к е л г ен д е р бірауыздан Берік Әбілмәжінұлының өнегелі әке ғана емес, тамаша ұстаз екендіктерін тілге тиек етті. Бүгінде 65 мың ардагер, оның ішінде 100 жастан асқан 4 ақсақал бар, 300 соғыс, 400 еңбек, 300 ауған соғысы, тағы басқа да санаттағы ардагерлер құрамын толықтырып отырған республикадағы ірі бір қоғамдық ұйым төрағасының орынбасары Берік Сүлейменовке әріптестері ұзақ ғұмыр тіледі. Өкшесін басып келе жатқан Ө.Болсамбеков, А.Князев, Е.Таңабергенов, Қ.Токушев, М.Кәрібаев сияқты және тағы басқа інілері осы жылдың ардагерлер үшін мерейтойлы болғанын атап, мерекелі де берекелі жыл болғай деген ақ пейілмен тарқасты.

АЙМАҚ АЙШЫҒЫ

Ауған ақиқаты

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қаласы

15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл толуына орай қаладағы №46 орта мектепте «От кешкен Ауғанстан ардагерлері» атты кездесу өтті.

ШАРА

«Транзит» нəтижелері Осы жылдың 6-10 ақпан аралығында аса ірі көлемде есірткі сақтау фактілерін анықтау және жолын кесуге бағытталған «Транзит» жедел алдын алу шарасы өткізілген болатын. Операцияға полицияның 2512 қызметкері қатыстырылды. Сонымен қатар, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді сапалы орындау үшін 227 жедел іздеу тобы құрылып, олар 2273 автокөлікті, 610 рейстік автобусты, 178 жолаушылар пойызын, 24 әуе рейсін тексерді. Қабылданған шаралар бойынша жедел профилактикалық іс-шараны өткізу барысында 142 есірткі қылмысы анықталып, оның ішінде 94 есірткі өткізу дерегі, аса ірі көлемде есірткі сақтаудың 40 және 8 контрабанда фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 150 келі есірткі заты алынды, оның ішінде 40 грамм героин, 147 келі 120 грамм марихуана және 2 келі 520 грамм гашиш. Жедел шара барысында ӘҚтК-нің 608-бабы бойынша 25 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып отыр. ІІМ баспасөз қызметі

Ж а у ы н г е р а ғ а л а р ды ң е р л і г і н жастарға үлгі етіп, Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етіп, есімдерін қастерлеуді мақсат тұтқан кешке мектеп оқушылары мен мұғалімдер қауымы, сондайақ, Орал қалалық ІІБ кадр жұмысы бөлімінің бастығы, полиция капитаны Самиғолла Абдрахманов, басқарманың ардагері әрі жас тәртіп сақшыларының тәлімгері, жауынгерлік жаттығу мен атыс қаруларының инструкторы, полиция подполковнигі Александр Морозов, ІІБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция подполковнигі Мұрат Кулов, Ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгерлер – запастағы подполковник Ерболат Жұманғалиев пен запастағы капитан Болат Исеев қатысты. Кездесуде алғаш болып сөз алған мектеп директоры Нұржан Алпысбаев от пен оқтың ортасынан аман шығып, еліне еселі еңбек етіп жүрген арда-

гер ағалардың кездесуге қатысып отырғанына мектеп ұжымы атынан алғысын айтып, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеуде бұл кездесулердің маңызы зор екенін айтты. Ардагер Александр Морозов жас ұландарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығына тоқталса, полиция капитаны Самиғолла Абдрахманов

өрімдей бүлдіршіндердің сапалы білім мен саналы тәрбие алулары турасында әңгімеледі. Басқармада ұзақ жыл қызмет атқарып, зейнет демалысына шыққан қос жауынгер Болат Исеев пен Ерболат Қибатоллаұлы «Ауған ақиқаты» тақырыбында әңгіме өрбітіп, қиналған сәтте қастарынан табылған қарулас жолдастары жайында кеңінен баяндады. Осы сәтте кездесу еркін пікір алмасу алаңына айналып, оқушылардың жауынгерлермен сұхбаттасуына мол мүмкіндік туды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Шара мектеп оқушыларының ардагер ағалардың құрметіне арналған «Ардагерлерге арнау» атты шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты.


4

ЖОЛДАУ ЖОЛДАРЫНАН №13 (4275),№ бейсенбі, 16.02.2017 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

Атырау облысы Атырау облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында іс-шара ұйымдастырылды.

АЙМАҚ АЙШЫҚТАРЫ

Отыздыққа енудің батыл қадамы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауын түсіндіруге бағытталған кездесулер ел көлемінде жалғасын тауып жатыр. Сондай насихаттық шаралардың бірқатары төмендегі аймақтарда өткен болатын.

Оңтүстік Қазақстан облысы Елбасының кезекті халыққа арнаған Жолдауын түсіндіріп, насихаттау мақсатында ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығында өткен жиынға Мәжіліс депутаттары – Халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Ерсұлтан Бектұрғанов пен Қанат Жарасов, «Нұр Отан» партиясының Еңбекші ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берікқұл Садықов қатысты.

алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері көтеріліп отырғандығын айтты. О қ у о р т а л ы ғ ы н ы ң а р д а г е р ле р кеңесі төрағасының орынбасары, отставкадағы полиция полковнигі

Е л П р е з и д ен т і н і ң « Қ а з а қ с т а н үшін жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Ж о л д а у ы н ы ң м а қ с а т т а р ы м ен міндеттері туралы «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық қеңесінің төрайымы, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Салтанат Рахимова айтып берді. О л Ж о л д а у д а к ө р с е т і л г ен э к о н о м и к а н ы ң ж е д е л д е т і л г ен технологиялық жаңғыртылуы, бизне с о р т а н ы т ү б е г ей л і ж а қ с а р т у және көбейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту және институттық

өзгерістерге, қауіп сіз дікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты әр басымдыққа тоқталып өтті. Елбасының халыққа Жолдауы Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы тағы бір батыл қадамы екендігін паш етті. Шара соңында басқарма қызметкерлері көкейіндегі сұрақтарын койып, тұщымды жауаптарын алды. «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалының жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық қеңесінің төрайымымен кездесуді басқарма бастығы Н. Төлешов аяқтап, қонаққа құрмет көрсетіп, сый-сияпат ұсынды. Ақтөре ҚУАНЫШЕВ

МІНБЕР

Даму даңғылына жол ашады Е л П р е з и д ен т і Н . Н а з а р б а е в т ы ң б и л і к т а р м а қ т а р ы а р а с ы н д а өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы еліміздің әр азаматы үшін, олардың қатарында Отан қорғау қызметінде жүрген біздер үшін маңызы аса зор. Оқу орталығының жеке құрамы мен тыңдаушыларына биылғы Үндеу мен Жолдаудың негізгі мақсатын т ү с і н д і р г ен д е п у т а т Е р с ұ л т а н Өтеғұлұлы: «Бүгінгі күнде Қазақстан халқы үшін көптеген бағдарламалар іске асырылуда. Сол бағдарламалар негізінде талай істер атқарылып, еліміз азаттығымызды алған күннен бастап әлем сахнасында беделді орынға ие болып келеді. Президент өзінің Жолдауында дамыған 30 елдің қатарына қосылуға мүмкіндік беретін келесі маңызды бағыттарға екпін қойды. Олар – экономиканы қ а р қ ы н ды т ү р д е т е х н о л о г и я л ы қ жаңғырту, дәстүрлі негізгі салаларды дамыту, еңбек нарығын жаңғырту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капиталдың сапасын көтеру, институттық түрлендіру, қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлықпен күрес», – деп атап өтті. Сонымен бірге, Ұлт көшбасшысының бастамалары қазіргі заман талаптарына сай екенін, оның Жолдауда ең алдымен білім беру жүйесінің рөлін өзгертуге ерекше назар аударғанына тоқталды. Бұл

Қазақстанның бәсекелестікке сай мемлекет болу жолында жасалатын істердің бірі ғана екенін ескеру керектігін айтып, осы бағытта білімді, кәсіби маман даярлауда Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының қосып жатқан үлесіне алғысын білдірді. Мәжіліс депутаты Қанат Абдоллаұлы Мемлекет басшысының «Біз жекеменшікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізудеміз» деген сөзін ерекше атай келе, ғаламтор арқылы діни мазмұнда теріс мәліметтер тарататын ақпарат көздерінің жолын кесу туралы мәселе дер кезінде көтерілгендігін айтты. Интернет желілерінде тараған «Көк кит» ойынының салдарынан қаншама жеткіншектің көз жұмғандығын, бұл жастардың санасын бағындыра отырып, елді билеу мақсатында құрылған террордың түрі екендігін мәлімдеді. Сондықтан, биылғы Жолдауда ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын-

Марат Жұмашұлы 40 жылдан астам тарихы бар Б. Момышұлы атындағы Оқу орталығы болашақ полиция қызметкерлерін даярлайтын оқу орындарының бірі болып т а б ы л а т ы н ды ғ ы н, о н ы ң б ү г і н г і материалдық-техникалық жағдайы толығымен талапқа сай, оқу үрдісінің сапалы жүргізілуіне қажетті оқу базасы, аудиториялары, мамандандырылған п о л и г о н д а р , а р н а й ы ж ә не ж а л пы кітапхана, әдебиеттер қоры, с п о р т т ы қ - а т у к е ш ен д е р і , а с х а н а және медициналық қызмет көрсету орындары жоғары кәсіби мамандар даярлауға сәйкес келетіндігін, мәдени іс-шаралар өткізуге арналған орындармен қамтамасыз етілгендігін ескере отырып, аталған Оқу орталығы мәртебесін жоғары оқу орнына дейін көтеруді ардагерлер тарапынан ұсынды. Депутаттар мәліметтерді ескере отырып, ардагерлердің ұсыныстары орынды екендігін айтты. Алдағы уақытта Ішкі істер министріне көрсетілген мәселелер жеткізілетіндігін және де барынша қолдау беретіндіктеріне сендірді. Ақерке ӘЗТАЙ

АЗАМАТТЫҚ ҮН

Жолдау жаңаша серпін берді Елбасының биылғы Жолдауын барша қазақстандық сияқты мен де үлкен тебіреніспен оқып шықтым. Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – онда Елбасымыз еліміздің болашақтағы әрі қарай дамуының, яғни Қазақстанды үшінші жаңғыртудың негізгі бес басымдығын нақты атап көрсетті. Елбасымыз Жолдауда: «Цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа с а п а д а р ы т т ы » , – д ей к е л і п , е л Үкіметіне «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, биылғы Жолдау жаңа технологияларды өндіріске кеңінен енгізу арқылы өнім өндіруге кететін уақыт пен шығынды барынша азайтуға, керісінше өнімділікті күшейтіп, табысты еселеуге жол бастап отыр. Жолдаудағы ендігі бір басымдық берілген сала – Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту. Елбасы Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдың жылдық көлемін контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе – 2 миллион контейнерге дейін, жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе – 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін арттыруды тапсырды. Демек, бұл еліміздің

әуе және темір жол нысандарындағы қоғамдық тәртіпті қадағалап, жолаушы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген көлік полицейлеріне тың әрі жаңаша міндеттер жүктелмек деген сөз. Қазақтың батыры Бауыржан Момышұлынша айтсақ, п оли ц и я қызметкері елі үшін аянса – ерлігі сыналатынын, жұрты үшін аянса – жігіттігі сыналатынын естен шығармауы тиіс. Мен де еліне шексіз берілген патриот, әрі өз мамандығын сүйетін сақшы ретінде әрқашан өз қызметтік м і н д е т т е р і м д і а д а л, а б ы р ой м ен атқаруды азаматтық борышым деп санаймын. Бұдан былай да Отанымыздың қарқындап дамуына, оның келешегінің к е м е л б о л у ы н а ө з ү ле с і м д і қ ос а беретінімді мақтанышпен жеткізгім келеді. Медет АҚКӨЗОВ, Көліктегі ІІД

Өйткені, Елбасының әр Жолдауы болашаққа бастайтын аса маңызды, қазіргі уақытта қажетті стратегиялық құжат. Ел экономикасын өркендету, дамыған мемлекеттердің қатарынан л а й ы қ т ы о р ы н а л у , со н д а й - а қ халқымыздың басындағы ең әуелгі бақыт – ішкі берекеміз бен тыныштығымызды көздің қарашығындай қорғау үшін Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындау – біздің міндетіміз. Елбасының халыққа жолдаған Үндеуі мен Жолдауы Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында ж ә не қ о л б а с ш ы л ы қ қ а қ а р а с т ы барлық әскери құрылымдарда қызу талқыланып, әскери қызметшілер тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Шын мәнінде, Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, әлем бүгінде көз алдымызда өзгеруде. Сол өзгерістер ықпалымен қоғамдық үдерістердің жылдамдығы мен күрделілігі Қазақстанда да артып келеді. Т ә уе л с і з д і к т і ң 2 5 ж ы л ы н д а п р е з и д ен т т і к б а с қ а р у ды ң қ а ж е т болғандығы, сол арқылы бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына қол жеткізіп отырғандығымызды тарих беттері дәлелдеп берді. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен 40-қа жуық президенттік өкілеттілік басқару құқығынан шығып, Үкімет пен Парламентке жүктелуі саяси жүйені тың белестерге көтеру, дамыту екендігі даусыз. Бұл басталған жаңа қадам Үкімет пен Парламентке үлкен жауапкершілік артатындығы сөзсіз. Біз дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылып, үздік 30 елге қосылуға қадам жасадық. Бүгінде Қазақстан – мықты әлеуметтік-экономикалық іргетасы бар мемлекет. Біздің мемлекетіміздің жалпы модернизация мен реформалар жүргізу мерзімі басқа елдерге қарағанда кем дегенде 4 есе қысқа болып шықты. Осы орайда, алда бізді үлкен және жауапкершілікті жұмыс күтіп тұр, оны лайықты атқару үшін біз әрдайым ұйымшыл болуымыз қажет. Біздің күшіміз бірлікте, бір-бірімізге толерантты болуымыз керек, ұлтаралық және конфессияаралық ынтымақтастықты сақтау керек дегенді Елбасымыз қадап айтты. Елбасының шынымен де алысты болжап біліп отыратын көрегендігін атап өткен орынды. Өйткені, осыдан оншақты жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президентінің тікелей шешімімен Ұлттық қорымыздың құрылғанын бәріміз

білеміз. Өткен жылдары ол қордан бөлінген 10 миллиард доллар 20072009 жылдарда, одан кейінгі еліміздің әлемдік дағдарыстарды сәтті еңсеруіне мүмкіндік берді. Жолдаудың «Қазақстанның үшінші ж а ң ғ ы р у ы : ж а һ а н ды қ б ә с е к е г е қабілеттілік» аталуы да тегіннен-тегін емес. Сөзсіз, бұл Жолдау еліміздің ж а ң а м ү м к і н д і к т е р і не , д а м у ды ң жаңа көкжиектеріне жол ашатын болады. Осы құжатта еліміздің басым мақсаттарына жету үшін ендігі жасалатын жұмыстардың нақты бағыттары, тиімді тетіктері, көзделген нәтижелері анық көрсетілген. Сондай-ақ, айрықша атап өтерлігі саналуан тақырыптарды қамтыған биылғы Жолдауда мемлекет қауіпсіздігі мен діни экстремизмге қарсы күрес шараларына басымдық беріліп отыр. Бейбіт күнде ел тыныштығын бұзған лаңкестік оқиғалар жұртымыздың үрейін тудырғаны жасырын емес. О ғ а н м ы с а л ды а л ы с т а н і з д е м ей , Ұлттық ұланның Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөліміне өткен жылы 5 маусымдағы террористердің жасаған шабуылын еске алсақ та жеткілікті. Сол қысылтаяң сәтте ұландық жауынгерлер жанкешті ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Қуатты мемлекет белгілерінің бірі – қауіпсіздік ахуалы екенін ерекше атап өткен Елбасы діни қарымқатынас саласындағы радикалды көзқарасқа қарсы «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыруға ерекше көңіл аударды. Осы айтылған жұмыстардың тікелей Елбасы тапсырмасы негізінде даярланып жатқан «2017-2020 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламада» қарастырылғандығы да атап өтерлік. Біз, ұлттықұландықтар, әрқашан да Елбасымен біргеміз. Ұлттық ұлан – Елбасының тірегі, Елбасы – елдің тілегі! Осы орайда, Елбасымыздың биылғы Жолдауы еліміздегі күрмеуі көбейген көптеген салаларды сауықтырады деген сенімдеміз. Бұл үшін Мемлекет басшысының ел игілігі жолындағы саясатына өз үлесімізді қосып, жұрт болып жұмылып жұмыс атқаруымыз қажет. Қайрат АҚТАНОВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, полиция генерал-майоры


ҚЫЗМЕТ №13 (4275),№бейсенбі, 16.02.2017 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

5

Ширек ғасыр шыңдалған орталық – Закир Халматұлы, ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігі – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алғышарты. Өткен жылы шілде айында Алматы қаласында болған лаңкестік оқиға кезінде жеті бірдей полиция қызметкері оққа ұшты. Соның бір себебі – біздің полиция қызм еткерле рінің қару қолдану тәжірибесінің жоқтығында сияқты. – Бұл бүгінде күн тәртібінде т ұ р ғ а н м а ң ы з ды м ә с е ле . Б і з д і ң міндетіміз – полиция қызметкерлерін кәсіби тұрғыда даярлау. Алғашқы даярлық курсында оқу процесі үш мерзімге бөлініп жүргізіледі, ал қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсы бекітілген тәртіп негізінде оқытылады. Басқа оқу орталықтарында бір оқу мерзімінде 100-120 тыңдаушы оқитын болса, бізде бір оқу мерзімінде – 300-350 тыңдаушы оқиды, ал біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсына бір мезгілде 100-120 қызметкер келеді. Бір жылда жалпы саны 1200-1300 тыңдаушы сертификат алып шығады. 25 жылдың ішінде біздің оқу орнынан 28 мыңға жуық қызметкер бастапқы және қайта даярлық курстарынан өтіпті. Соның ішінде Оқу орталығында қ ұ қ ы қ қ о р ғ а у қ ы з м е т к е р ле р і н і ң атыс қаруы мен арнайы құралдарды қолдану шеберлігін жетілдіруге баса көңіл бөлінеді. Қаруды шебер қолдану тынымсыз жаттығу мен ізденісті талап етеді. Арнайы бекітілген оқу бағдарламасы бойынша қызметтік қаруды дұрыс қолдану мақсатында өткен жылдың шілде айында «ҚР ІІМ Оқу орталықтарында атыс қаруын қазіргі заманға сай қолдану туралы оқытудың перспективалық әдістері» атты семинар-кеңес өткізіп, оған Ішкі істер министрлігіне қарасты Оқу орталықтарының басшылары қатысты.

Осыған орай, полиция қ ы з м е т к е р ле р і не Ә с к е р и п ә н д е р және денешынықтыру дайындығы циклында болашақ қызметте атыс қ а р у ы н қ о л д а н у ж ә не ж е т е б і л у үйретіледі. Осы жерде айта кететін бір мәселе – қазіргі уақытта атыс қаруының барлық түрлері бойынша қажетті әдебиеттер бар, онда басқа сұрақтармен қатар, атыс ережелері де баяндалады. Өкініштісі сол – оқулықтардың қазақшасы жоқтың қасы. Біздің орталықта лазерлік оқужаттығу тирі бар. Курсанттардың теориялық білімін тәжірибе жүзінде ж е т і л д і р у г е м ү м к і н д і к т у ды р у мақсатында салынған тир – нағыз жаттығу алаңы. Тағы бір тілге тиек ететін жайт – полиция қызметкерлеріне жасалатын

Негізінен алғанда, қызметкерлердің а т ы с қ а р у ы н қ о л д а н у ғ а д е г ен дайындығын екі тұрғыда қарастыру керек. Біріншісі – техникалық болса, екіншісі – психологиялық тұрғыда. Өйткені, тірі адамға оқ ату адамнан психологиялық дайындықты талап етеді. Оқыту барысында біздің назарымыздан қызметкерлердің қару ату кезіндегі психологиялық дайындығын жетілдіру де тыс қалмайды. Қаруды сенімді қолдану ішкі істер органдарының әр қызметкері үшін өте маңызды. Қызметкерлер атыс қаруын өте аз уақыт ішінде, мысалы 3-7 секунд аралығында шебер қолдана білумен қатар, қылмыскердің аяқ-қолын көздей білуі керек. Бір полиция қызметкері б і р не ш е қ а р у л ы қ ы л м ы с к е р м ен б е т п е - б е т к е л у і д е м ү м к і н. Мұндай жағдайда психологиялық дайындықтың атқаратын маңызы өте зор. Әсіресе, террористік сипаттағы төтенше жағдайларға моральдықпсихологиялық тұрғыдан дайын болу керек. С о н ы м ен қ а т а р , қ а р у ғ а « ө з і м б і ле м і н » д е г ен не м қ ұ р а й л ы қ п ен қ а р а у ғ а б о л м а й ды . А с а м ұ қ и я т болмаса, өз қаруымен өзін немесе жанындағы әріптесін жаралап алуы мүмкін.

шабуылдардан басқа олар қызметтік міндеттерін өтеу кезінде қылмыскерлер тарапынан қарсылыққа да тап болады. Бұл жерде тәртіп сақшыларының небір спорттық тәсілдерді қолдана білу шеберлігі де қажет. Бір сөзбен айтқанда, атыс қаруын қолдану мен спорттық әдістерді бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Мысалы, полиция қызметкерлері бокс, күрес, шығыс жекпе-жегі және қоян-қолтық ұрыс сияқты спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысулары керек. Бұл орайда, бізде аумағы 321 шаршы метр болатын, стандартқа сай екі спорт залы бар. Оның біріншісі жалпы дене тәрбиесіне арналса, 260 шаршы метрді алып жатқан екінші спорт залында тыңдаушылар қоян-қолтық күреске жаттығады. Полиция қызметкерлерінің қандай қиын-қыстау жағдайда болмасын, қару қолдану шеберлігін іске асыра алулары мақсатында бізде атыс даярлығы өз алдына бөлек оқу пәні ретінде оқытылады. – Қазіргі жаһандану заманында қылмыс түрі де жаһанданып к е т к ен і а н ы қ . М ы с а л ы , қ а з і р киберқылмыстар туралы жиі е с т и м і з . Т і п т ен, қ ы л м ы с т ы ң бұл түрінің жыл санап өсіп келе

ІІМ-не қарасты Алматы қаласындағы Оқу орталығының тарихы бай. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі м ерекесі қарсаңында орталықтың құрылғанына да 25 жыл толды. Тәуелсіздіктің құрдасы – Оқу орталығы бүгінде ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған қызметкерлерді бастапқы даярлау және қызмет атқарып жүргендердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында жемісті жұмыс істеп келе жатыр. Ішкі істер органдарына үміткерлерді үш бағытта оқытатын мекеменің тыныс-тіршілігі жайлы Оқу орталығының бастығы, полиция полковнигі Закир МАЛИБАЕВПЕН жолығып, білген едік.

жатқаны да жасырын емес. Небір к о м п а н и я л а р ды ң м и л л и о н д а ғ а н ақшасын аударып алатын хакерлер пайда болды. Ал, біз осындай кибершабуылдарды әшкерелейтін мамандарды қайда дайындаймыз? – Қазіргі жаһандану мен ақпараттану з а м а н ы н д а к и б е р қ ы л м ы с п ен Қазақстан да бетпе-бет келе бастады. Күнделікті ақпарат құралдарынан естіп-біліп отырғанымыздай, к и б е р қ ы л м ы с к е р ле р д і ң н а з а рына ілігетін басты нысандар – азаматтардың жеке деректері, оның ішінде банктегі шоттары. Бұл орайда айта кететін жайт – кибершабуылдармен күресетін жаңа озық техникалық құралдар қажет екені дау тудырмайтын мәселе. Сонымен қатар, киберқылмыстарды ашатын және тергейтін білікті мамандар қатарын көбейту керек. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өткен жылы наурыз айында жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде киберқылмыстың қаншалықты қауіпті екенін баса айтқан болатын. Елбасының «Алдымызда мүлде жаңа қатер – терроршылардың қолындағы аса қауіпті қаруға айналуы мүмкін киберқылмысты жоюмен айналысу міндеті тұр» деп алаңдауы тегін емес. Яғни, киберқылмыстың еліміздің Ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ, жуырда жарияланған П р е з и д ен т Н . Н а з а р б а е в т ы ң «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында еліміздің жаңғыруының бірінші басымдығы ретінде – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуын атап к ө р с е т т і . Я ғ н и , ц и ф р л ы қ и н д ус трияны және ІТ саласын дамыту қажеттігіне ерекше назар аударды. Сондықтан да, біздер осындай технология заманына сай мамандар даярлаудан кенже қалмауымыз керек. Алайда, қызметкерлер біздің Оқу орталығымызда қысқа мерзімді курстардан ғана өтетіндіктен мұндай ауқымды саланы қамту мүмкін емес. Киберқылмыстармен күресетін мамандар негізінен Ішкі істер министрлігінің ұзақ мерзімді білім беруге маманданған академияларында оқытылады. – Сіз басқарып отырған Оқу орталығының техникалық жағынан жабдықталуының біршама озық екенін жиі естиміз. – Оқу орталығында оқыту процесінің т а л а п т а р ы н а с а й ж а б ды қ т а л ғ а н бөлмелерден басқа курсанттарды дене тәрбиесі жағынан да жан-жақты тәрбиелеуге барлық жағдай жасалған. 2 интерактивті тақтамен жабдықталған 14 оқу кабинеті бар. Сонымен қатар, үлкен 60 орындық кітапхана залы түрлі оқулық-әдебиеттермен жабдықталған болса, екінші шағын кітапхана – арнайы құпия белгісі бар әдебиеттерді

беру мен сақтауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, медициналық бөлім, асхана, тыңдаушылардың жатын орындары да талапқа сай жабдықталған. Ал тақырыптық оқу жоспарына байланысты «Арнайы даярлық», «Заң даярлығы», «Криминалистика», «Ату даярлығы» сияқты жекелеген пәндерді оқытуда дәріс, семинар-тәжірибе, оқужаттығу сабақтарының өткізілуінде тыңдаушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған арнайы о қ у п о л и г о н д а р ы қ о л д а н ы л а ды . Мысалы, криминалистикалық білімді жетілдіруге арналған арнайы фотозертхана бар. Ол қажетті криминалистикалық және арнайы т е х н и к а л а р м ен ж а б д ы қ т а л ғ а н. Криминалистикалық полигон ретінде жеке ғимарат бар, онда курсанттар оқиға орнын қарау және басқа да тергеу амалдарына жаттығады. Мұнда тыңдаушыларды оқиға орнын тексеруге машықтандыратын құралдардың барлығы бар. Зорлықпен өлтірілген адам денесінің мулажы да осы полигонға орналастырылған. Жергілікті полиция қызметінің қ ы з м е т к е р ле р і ү ш і н а р н а й ы белгілері бар стандартты екі көше қиылысындағы жол полициясына арналған полигон бар. Ол да 4 бағдаршаммен және басқа да жол белгілерімен жабдықталған. Криминалистік және жол-патрульдік полициясының оқу полигондары мен уақытша ұстау изоляторына бөлінген арнайы оқу бөлмелерінде тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Оқу процесінде пайдалануға берілетін 25 компьютермен жабдықталған компьютер сыныбы да бар. – І ш к і і с т е р м и н и с т р л і г і не қарасты оқу орталықтары – құқық қорғау қызметкерлерінің білімін жетілдірумен қатар, біліктілігін арттыру орындары. Оқу процесіндегі жаңа бастамаларға да тоқтала кетсеңіз. Қазір қылмыстың жаңа түрлері – діни эктремизм, терроризм, ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жасалатын қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар көптеп орын алуда. Заманымызға қарай қоғамда орын алған осындай маңызды мәселелерге байланысты оқу жоспарына да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттері, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес тақырыптарын енгіздік. Сонымен қатар, «Заң даярлығы» сабақтарында тыңдаушыларға полиция қызметіндегі заң нормалары, нормативтік-құқықтық акт ережелері түсіндіріледі және жоғарыда аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған халықаралық озық тәжірибелер де зерделеніп отырады. Тыңдаушылардың қызмет салаларына байланысты практикалық сабақтарын тәжірибе алмасу мақсатында қалалық Ішкі істер департаментінде немесе аудандық ішкі істер басқармаларында өткізу т ә ж і р и б е г е ен г і з і л г ен. Ә р о қ у кезеңінде Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің тәжірибелі қызметкерлері біздің Оқу орталығына келіп, тыңдаушыларға өз қызмет саласы бойынша дәріс оқып, практикалық сабақтар өткізеді. Сонымен қатар, орталық оқытушылары ІІД-нің патрульдік полиция, айдауыл қызметі, күзет қызметі бойынша дәрістер оқиды. Мұндай өзара тәжірибе алмасу екі жаққа да тиімді. Т ы ң д а у ш ы л а р ды ң қ ұ қ ы қ т ы қ білімдерін жетілдіру мақсатында «Жалпықұқықтық және әлеуметтік тәртіп» циклында «Заң даярлығы», «Кәсіби-психологиялық дайындық», «Адам құқығы», «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің этикасы» атты пәндер өткізіледі. Теориялық сабақтармен қатар, психология бой-

ынша тренингтер, адам құқығына қ а т ы с т ы д ө ң г е ле к ү с т е л д е р , з а ң б ой ы н ш а т ү р л і в и к т о р и н а лар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, аталған цикл оқытушылары қылмыстық заңнамаларды, қылмыстық сот өндірісі бойынша жаңа тәсілдерді зерделеу мақсатында а р н а й ы с е м и н а р л а р ғ а д а ү з б ей қатысады. Криминалистика және арнайы техника циклы бойынша тәжірибелік сабақтарда криминалистердің жұмысында қолданылатын барлық құралдар пайдаланылады. Мысалы, д а к т и л ос к о п и я л ы қ ж ұ м ы с т а р ғ а қажетті ұнтақтар мен пленкалар, қан, тер және басқа да адам денесінен бөлінетін сұйықтықтарды зерттейтін ультракүлгін жарықтандырғыштар, ы с , б оя у , о қ і з д е р і н і ң б ө л ш е г і н анықтайтын инфрақызыл сәулелер с и я қ т ы қ ұ р а л д а р қ о л д а н ы л а ды . С о н д а й - а қ , су ы қ қ а р у л а р ды т р а со л о г и я л ы қ , б а л л и с т и к а л ы қ жағынан және микронысандарды зерттейтін құралдармен жабдықталған арнайы сынып бар. Оқу орталығында дәріс беретін оқытушылар құрамының сапасына да зор маңыз беріледі. Бүгінде бізде 23 оқытушы еңбек етсе, олардың тоғызы ішкі істер органдарының түрлі саласында шыңдалған тәжірибелі маман. Мысалы, ішкі істер саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған полиция подполковнигі Жансерік Молдабеков, полиция полковниктері Ермек Әлімбетов, Бақыт Бектасов, подполковниктер Нұржан Рамазанова, Зухра Мұртазалиева, жас та болса өз мамандықтарын жақсы меңгерген Нұргүл Әлімбекова, Уәлихан М ы р з а б а й , Н ұ р л а н С ы з ды қ о в – орталықтың мақтан тұтар мамандары. Олар жас мамандарға тәлімгерлік танытып, «Жас ұстаздар» мектебінің жұмысына белсене атсалысады. Оқу процесіне заманауи технологиялық талдауларды енгізу мақсатында оқуәдістемелік кеңес жұмыс істейді. Біздің Оқу орталығы спорт саласында жеткен жетістіктерімен де мақтана алады. Курсанттардың арасында халықаралық дәрежедегі чемпиондар да жоқ емес. Олар оқу орталығы атынан түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып жүр. Жуырда ғана Алматы қаласында ө т к і з і л г ен Б ү к і л ә ле м д і к қ ы с қ ы Универсиада алауын Талдықорған қаласынан Алматыға жеткізушілер арасында біздің тыңдаушымыз Мәди Досмұхамбетов те болып, оған Универсиаданың ұйымдастырушылары атынан арнайы сертификат тапсырылды. Өзіміздің оқытушылар арасында да спортты жанына серік еткендер жетерлік. «Әскери пәндер және денешынықтыру» циклының бастығы, полиция майоры Уәлихан Мырзабай, Әскерхан Айтқазинов, Руслан Омаров, Гайратжан Касимов, Ғани Оспанов Оқу орталығының мәртебесін көтеріп жүрген спортшылар. Командалық есепте де жыл сайын «Динамо» ДС қоғамының жүлделерінен шет қалмаймыз. – Оқу орталығының шетелдік оқу орындарымен тәжірибе алмасуы жайлы тілге тиек ететін фактілер бар ма? – Н е г і з і нен Т ү р к и я , Р е с е й м е м л е к е т т е р і м ен І ш к і і с т е р министрлігінің бекіткен бағдарламасы бойынша жұмыс істейміз. Соңғы рет біздің Оқу орталығының оқытушылары Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының базас ы н д а т ү р к и я л ы қ м а м а н д а р ды ң дәрісін тыңдап қайтты. Олар бұл екі апталық курста тек Түркияның ғана емес, еуропалық мемлекеттердің оқу-әдістемеліктерімен және оқыту тәсілдерімен де танысып келді. Сұхбатыңызға рахмет! Сұхбаттасқан Гүлнәр МАҒЗҰМОВА Суреттерді түсірген автор


6

БҮГІНГІ КҮННІҢ БЕЙНЕСІ №13 (4275),№ бейсенбі, 16.02.2017 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

15 АҚПАН – КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАНСТАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАН КҮНІ

Жүректерде сөнбеген ауған алауы Кеңес әскеріне соғыстың о басынанақ оңай болмады, өйткені, әскердің барлық құрамы дерлік тауларда партизандармен күресудің қиын тактикасына дайындалмаған, жас жауынгерлерден тұрды. Көпшілік бұл соғыс КСРО құлауының басты себептерінің бірі болды деп болжайды. Ауғанстан соғысы кезінде он бес мыңға жуық кеңес сарбазы қаза тапты, ал тағы отыз бес мыңы жарақаттанды. Сол зұлым соғысқа қ а т ы с қ а н с а р б а з д а р ды ң і ш і н д е Солтүстік Қазақстан облысының тумалары да бар. Сол кездегі саясат бойынша, ел басшыларының ұйғарымымен жас сарбаздар Ауғанстан жерінде аянб а й со ғ ы с қ а қ а т ы с т ы . Ө й т к ен і , олардың көкіректерінде туған жерг е д е г ен с ү й і с п ен ш і л і к б а р е д і . Соғыс аяқталғаннан кейін де бұл отансүйгіштік сезімдері өшпеді, кейбір ардагерлер әлі де өз Отанына қызмет етуде. Мәселен, бүгінгі таңда, біздің облысымызда Ауғанстан соғысының үш ардагері өрт сөндіру қызметінде еңбек етіп, ел халқының қауіпсіздігін сақтап жүр. 1987 жылы он сегіз жастағы Қанат Майсейітов әскер қатарына ш а қ ы р ы л ы п , М ә с к еу ш е к а р а жасағында, Тәжікстан-Ауғанстан шекарасында Отан алдындағы борышын өтеді. Қатардағы жауынгер

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 28 жыл толды. «Ауғанстан соғысы» – бұл азапқа, көз жасына толы әрі жантүршігерлік сойқанды еске салатын сөздер. Тоғыз жылдай уақытқа созылған соғыста Ауғанстанда бір жарым миллион қарапайым халық көз жұмса, миллиондаған ауғанстандық туған жерінен кетуге мәжбүр болды.

Ауғанстандағы соғысқа жауынгерлерді қабылдап жатқанын естіп, бірден сол жерге баруға өз ниетін білдіреді. Қанат Біржанұлы мандат комиссиясынан өтіп («Сарбаздардың көбі бұл комиссиядан өте алмады» деп еске алады ол), өз еркімен соғысқа аттанады. Сол отты жылдардан бері қанша уақыт өтсе де, майданда болған жайттарды еске алу жүрекке инедей тиетінін жеткізген Қанат Майсейітов өз таңдауына еш өкінбейтінін де айтады. 2005 жылдан 2017 жылға дейін Қанат Майсейітов өрт сөндіру және апаттыққұтқару жұмыстары қызметінің

жауынгері болып, ағымдағы жылдан бастап қоймада жұмыс істеуге ауысты. Ауғанстан соғысына қатысқаны үшін Қанат Біржанұлы мерекелік медаль алып, «Ауған халқының марапаттау төсбелгісімен» марапатталды. 2013 жылы Қанат Майсейітов мемлекеттік марапатқа ие болды: Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан «Ерлігі үшін» медалін алды. Мұндай үлкен марапатты ол өрт сөндіру ісіндегі ерлігі және Мамлют қаласындағы тұрғын үйдегі өрттен адамдарды құтқарғаны үшін алған болатын. Қанат Біржанұлы

О т а н ы н а д е г ен м а х а б б а т ы н, м о л ә с к е р и т ә ж і р и б е с і н ө т к ен ж ы л ы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Әскери институтын тәмамдап, қазір еліміздің оңтүстігінде қызмет атқарып жүрген, өз ұлының бойына сіңіріп келеді. Тағы бір солтүстікқазақстандық ардагер Алмат Үмбетов те жалындаған он сегіз жасында әскерге шақырылып, 1984 жылдың сәуірі мен 1985 маусымы аралығында Ауғанстанда қызмет етіп, онда өте қауіпті лауазымда – атқыш болды. Қызметін атқару уақытында Алмат Қажымұханұлының ел алдындағы

еңбегі көптеген марапаттаулармен бағаланды. Ол «Ауған халқының марапаттау төсбелгісімен», «Интернационалжауынгер», «Жауынгерлік айбыны үшін» төсбелгілерімен марапатталды. Бүгінгі уақытқа дейін Алмат Үмбетов Аққайың ауданының Смирново аулындағы 9-ӨСБ өрт сөндіру көліктерінің жүргізуші-қызметшісі болып жұмыс істейді. Сонымен қатар, Алмат Қажымұханұлы III дәрежедегі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды. Алмат Үмбетов үлгілі отағасы, үш бала тәрбиелеп, қазір екі немересінің бойына бай өмірлік тәжірибесін дарытып келеді. Солтүстік Қазақстан облысында ауған соғысының 883 ардагері бар, ал соғыстан қайтпағандардың ішінде 46 солтүстікқазақстандық қыршынынан қиылды. 15 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығуына 28 жыл толды. Жыл сайын дәстүр бойынша осы күні жүздеген петропавлдық, Ұлы Отан және Ауғанстан соғыстарының ардагерлері, әскери қызметкерлер мен жастар жауынгер-ауғандықтардың құрметіне тұрғызылған ескерткіштің басында жиналып, Ауғанстаннан қайта оралмағандарды құрметпен еске түсірді. Валерия СҰЛТАНОВА, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Журналистика» мамандығының студенті

ТІРШІЛІК ТҮЙТКІЛДЕРІ шығарып қойған. Бақилық болғандардың суреттерін күтіп, «бедірейіп» тізіліп тұрған гранит тастарды көргенде, тіпті денең түршігеді. Әрине, бұл да кәсіптің түрі ғой. Құлпытас жасап, содан күнкөріс көріп отырған адамды кінәлауға да болмас. Дегенмен, «әркім қолға ала бермейтін кәсіптің бұл түрі қаланың орталық көшелерінің бірінде осынша қаптап тұруы дұрыс па?» деген ой мазалады. Қорықсам да, адамды соңғы сапарға шығарып салу рәсімдерін өткізетін жерге баруды шештім. Кіріп қалып едім, тап бір базарда жеміс-жидек сатып тұрған адамдай «қандай тастан істейін

«Құлпытастар» көшесі Бұрын естімеген «құлпытастар көшесі» деген сөз тіркесі құлағыма түрпідей тисе де, бұл мені қызықтырды. Маған атауы жұмбақ болған көшені көру үшін кездейсоқ кездескен апаны шығарып салуға көндірдім. Алғашында Жамал апа мені базар жағалаған сұғанақ қолдардың бірі деп қорықты ма, қиналып келе жатса да, сөмкелерін бергісі келмей, біраз тартыншақтады. Менен күдіктенгені сонша «сен жай көмектескің келді ме?» деп бірнеше рет таңғалып сұрады да. Содан не керек, күдігі сейілген Жамал апа «құлпытастар көшесі» туралы аз-кем айтып берді. Негізі бұл ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин атындағы көше. Астаналық базардан Сейфуллин көшесінің бойымен Ә. Сембинов көшесіне қарай жүре берсең, құлпытастар жасайтын орындар қазқатар қаптап тұр. Жамал апаның үйі құлпытастар жасайтын бір үйдің дәл артында болып шықты. – Апа, бірақ, бұл Сәкен Сейфуллин атындағы көше ғой... – Е , қ а ғ а з б ой ы н ш а к ө ш е Сейфуллиндікі ғой. Кейде соны ұмытып та кетем. Бізге «құлпытастар» көшесі болып кеткен. Тіл үйреніп қалған. Жалғыз мен емес олай айтатын. Тіпті таксистер солай тауып келеді, – деп күлді апа. С ей ф у л л и н к ө ш е с і – қ а л а д а ғ ы тіршілігі қыз-қыз қайнаған көшелердің бірі. «Астаналық» базар, яғни «Артем» сауда үйін айтпағанда, өзге де қызу сауда-саттықтың ордасы деуге болады. Керектің барлығын осы жерден табасың. Асығыс жүріп жүрек жалғайтын орындары да баршылық. Сейфуллин атындағы көше қала тұрғындары арасында әртүрлі атала-

Астаналық базардан керегімді алып шығып келе жатып, қос қолына ауыр сөмкелерін көтерген егде жастағы апаны көзім шалып қалды. – Апа, сәлеметсіз бе, көмектесейін, сөмкелеріңіз ауыр сияқты ғой, – деп қасына жақындадым. – Рахмет, қызым, үйім алыста емес. Мына құлпытастар көшесінде тұрам, тиіп тұр. – Құлпытастар көшесі? Ол қай жерде? – деп таңғалысымды жасыра алмадым. – Е, міне тұр ғой, – деген апа иегімен көшені нұсқап, қысқа қайырды. ды: «Құлпытас көшесі», «Артемнің көшесі», «донер сататын көше» және т.с.с. Сонда қалай болғаны: есімі өшпесін, халықтың жадында жүрсін деп елге белгілі тұлғаның есімін көшеге қояды, бірақ оны елеп-ескеріп жатқан ешкім жоқ. Осындай «дардай» есімі бар көшенің «майдаланып» кеткені көңіл қынжылтады.

Жамал апаның айтқанына көзімді жеткізу үшін, айтылған аралықты көзбен көріп, жаяу аралап шықтым. Расында, жолдың оң жағы да, сол жағы да құлпытастар жасайтын цехтар, тастар сататын дүкендер. Өткен жұрт көрсін деп түрлі пішіндегі, әртүрлі дизайндағы сан алуан құлпытастарды азық-түлік сататын дүкендегідей жарқыратып

деп едіңіз?», «қандай түс болғанын қалайсыз?», «дизайн қандай болу керек?» деп сол жердің қызметкері сұрақтарын жаудыртты. Бақилық болған адамға, үстінде тұрған тасының қандай болғаны бәрібір емес пе? Бірақ бүгінгінің адамдары құлпытас орнатудан да жарысатын болған. Сатушы маған түрлі дизайн көрсете бастады: жүрек пішінінде, қос аққу салынған тастар. Тіпті керек десеңіз, адамның өмірде істеген қызметіне байланысты мүсін қоюға да болады екен. Құлпытас шебері дайын жұмыстарын көрсетуге асығып, далаға да алып шықты. Басқа үйлердің жанында жазда бау-бақша өсіп, қыста аппақ қар жатса, бұларда қысы-жазы құлпытастар тұрады. Бұлардың сыртқы жарнамасы да басқа сәнді киім-кешек сататын дүкендерден асып түспесе, кем емес. «Кез келген тапсырысыңызды уақытылы орындаймыз», «Тастың барлық түрін бізден табасыз» деген сияқты мәтінде айқайлап тұр. Құлпытас жасаушыдан мекеменің құжатын сұрадым. Барлығы заңды, еш қателік жоқ, лизенциялары, рұқсаттары бар. Бірақ, құлпытас жасаумен айналысатын орындар неге қаланың қақ ортасында орналасқан? Бұл қаншалықты дұрыс? Қала көрінісіне сын емес пе? Бұл сұрақтардың жауабын сол жерде құлпытас жасаушылардан ала алмадым, дегенмен жергілікті тұрғындардың бұл жайлы ойын білген едім. Орта жастағы Камал аға: «Бір күні бәріміздің басымызға қойылатын тас қой. Күнде көріп үйреніп кеттік», – деп қысқа қайырды. Ал дәріхана фармацевті Айнұр: «Ол жерлерге бара бермеуге тырысам, тастарды көргенде де-

нем түршігеді», – деп қорқынышын жасырмады. «Құлпытас көшесінің» тұрғыны 83 жастағы Надя әже: «Бұл да керек кәсіп. Бұл жерде тұрғаны дұрыс не бұрыс деп айта алмаймын. Бірақ, адамның демі қашан таусылатынын білмейміз, ол кез келген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан бұндай қызмет атқаратын орындардың қолжетімді жерде болғаны дұрыс та шығар», – деп өз ойын білдірді. Құлпытастармен қатар, Сейфуллин көшесіндегі ретсіз, шашыраңқы орын тепкен дәмхана, ойынхана, шаштараздар да көшенің көркін бұзып тұр. Жергілікті тұрғындардың «еті ү й р ен і п к е т к ен » к ө р і н і с б о л а р , бірақ басқа қала, өзге мемлекеттен бірінші рет келген адам шошынатындай. Бұл жердегі дәмхана, асханалар санитарлық талаптарға қаншалықты сай? Меймандарға дайындалып жатқан қазанның жанында даяшы темекі тартып тұрғанын көргеннен кейін, адамның тәбеті қашады екен. Көшеде қаз-қатар тұрған қоқыс жәшіктерінің барлығы аузы-мұрнынан толып кеткен. Бәрінен бұрын бұлардың құлпытас жасайтын орындармен қатар тұрғаны да оғаш көрінеді. Сәкен Сейфуллин атындағы көшенің бүгінгі көрінісі осындай. Құлпытас жасайтын цехтың біреуі осыдан жарты жыл бұрын жабылыпты, бірақ жанында екінші құлпытас цехы ашылайын деп жатқанына куә болдық. Оларды одан әрі «балалатпай», барлығын бір жерге, мәселен, қала шетіне ығыстырса болар еді. Өйткені, өзіміздің көзіміз үйренген нәрсе – кез келген елді мекен, қала болсын, зираттары шеткері жақта орналасады. Сол сияқты, құлпытас жасайтын орындар да қаланың ортасында емес, шеткі жағында. Құлпытастарды қазқатар тізіп, көшеге шығарып, жұрттың назарына қою да ерсі. Қараған адамға қайғыны, моланы еске салатын мұндай бұйымдар жабық ғимараттың ішінде тұрғаны жөн. Бұл кәсіптің материалдық пайда табу жағы болғанымен, оның рухани жағына да ден қоймай болмайды. Құлпытас күнделікті тұрмыста қолданылатын дүние емес. Оны адамдар қуанғаннан сатып алмайтыны белгілі. Сондықтан, қала басшылары бұл мәселеге назар аударып, орынды шешудің жолдарын қарастырса деген тілегіміз бар. Өйткені, адамдар көп жүретін жерде, көше бойында тізілген қабір үстіне қойылатын тас ешкімге «жылылық» сыйламасы анық. Қара тастар қорқыта алмаса да, жаман ойға жетелейді. Арайлым ЕРҚОҢЫРОВА, суреттер автордікі


СПОРТ №13 (4275),№бейсенбі, 16.02.2017 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

СПАРТАКИАДА

Биылғы маусымның бастамасы Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылуының 25 жылдығына арналған Спартакиада ұйымдастырылды.

Жарысқа бүкіл шығыс аймағының өрт сөндіру қызметінің жүзден аса қызметкері қатысты. Жарыстар екі спорт түрі бойынша өтті: үстел теннисі және самбо күресі. Іс-шараны салтанатты түрде Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Мадьяров ашты. Ол барша қатысушыларға әділ жеңіс және сәттілік тіледі. «Құрамына біздің де құрылым кіретін Қазақстан полициясы қандай да бір күрделі шұғыл жағдайларға қарамастан қажырлы еңбек етіп келеді. Бүгінгі таңда қоғамның бізге артқан талабы зор. Азаматтар үшін нысанды үлгідегі киім киген адам ол заңның, әділдіктің және қорған болар жанның нышанын білдіреді. Азаматтардың бейбіт өмір сүруі, олардың өз қауіпсіздігіне сенімді болуы тек қана бізге байланысты. Азаматтардың сеніміне лайық болу және оны өз деңгейінде ұстау өзіміздің ісімізге деген жауапкершілікпен, әрбір азаматтың проблемаларына мұқият және

ықыласпен қарауымызға, сондай-ақ ең бастысы – қызметімізді білікті және кәсіпқойлықпен атқаруымызға байланысты!», – деді ол. Ү с т е л т ен н и с і сайысында бірінші орын үшін өрт сөндіру қызметінің өрт сөндірушілері, жүргізушілері және құтқарушылары күш сынасты. Жарыстар достық атмосферасында өтті. Дегенмен, қарсыластар бірбіріне есе жібермей, намысқа тырысып, жүлде үшін тартысты. Самбо күресінде де қарсыластар бірбіріне қолдау көрсете отырып, барлық өрт с ө н д і р у ш і ле р д і ң

күш-қуаты мен ауызбірлігін кезекті рет дәлелдеді. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ардагерлер к е ң е с і н і ң т ө р а ғ а с ы А ле к с а н д р Кодубенко бірнеше мәрте Қазақстан және әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен Шығыс Қазақстан өңірінің спортшылары мықты және әрқашан да алдыңғы қатардан ғана көрінетінін атап өтті. Спартакиада жүлдегерлерін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Мадьяров марапаттады. Жүлдегерлерге дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бұл биылғы маусымның бастамасы ғана, енді олар ІІМ ТЖК-нің тоғызыншы қысқы Спартакиадасында шығыс өңірінің намысын қорғайтын болады. Шығыс Қазақстан облысы ТЖДбаспасөз қызметі

Жігер спортқа алғаш 9 жасында келген екен. Оның тұңғыш жаттықтырушысы – әкесі Сәкен Қабдолдаев. Алматы облысының тумасы талай халықаралық сайыстарда бақ сынап, сән мәрте жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Ол 2009 жылы Азия чемпионаты, 2010 және 2011 жылдары Грузия және Латвия елдерінде өткен әлем чемпионатында, 2013 жылы Еуропа чемпионатында жүлделі орындарды қанжығасына байлап, кілең мықтылар жиналған халықаралық бәсекеде ел абыройын үстем етті. Жігері мықты, еңсесі биік жас спортшы Жігер Сәкенұлы 2012 жылы қазақ күресінен Қазақстан кубогының иегері атанды. Бұл жеңістер оған тек тың серпіліс беріп, 2013 жылы тартысты бәсеке – «Жетісу барысында» да жеңіп шықты. Кейін 2015 және 2016 жылдары Алматы облысы бойынша өткен түйе балуан сайысында екі жыл қатарынан бірінші орынды қанжығасына байлап, темір тұлпар ұтты. Айта берсек, бұдан бөлек талай сайыстарда қара үзіп шығып, жеткен жеңістері аз емес. Ол Астана стансасындағы ІІЖБ-де 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осындай батыл да жігерлі полицейлер ішкі істер органдарына аса қажет екені айтпаса да белгілі. Жігер қазіргі таңда «Қазақстан барысына» дайындалу үстінде.

Біз оған байрақты бәсекеде жеңіс тілей отырып, бүгінгі жастардың қоғамдағы орны, ел дамуына қосар үлесі жайлы ойын сұрадық. Жігер, сондай-ақ, жуырда жарық көрген Елбасы Жолдауынан түйген өзіндік ойымен бөлісті. «Менің пікірімше, Қазақстан жастары еліміздің дамуына үлес қосуға барынша қабілетті. Спортта да, қызметте де жастардың талпынысы жоғары, күшқуаты мықты екенін көріп келемін. Спортта бізді алға итермелейтін нәрсе ол – жеңіс. Талмай жаттығу нәтижесінде спортш ы ө з б ой ы н д а шеберлік дағдысын қалыптастырып, ж е ң і с т і бағындырады. Қолдау бар болса, қолдаушысына с е н і м д і л і к мықты болса, ж а с т а р ы м ы з ды ң қолынан барлығы келетіні айдан анық. Мемлекет тарапынан қолдау бар. Биылғы Елбасы Жолдауын оқи о т ы р ы п , м ен і ң

7

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ

Динамолықтар Саппорода бақ сынамақ

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

19-26 ақпан аралығында Жапонияның Саппоро қаласында VIII қысқы Азия ойындары өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады. Жапонияда ел намысын 116 спортшы қорғайды. Отандастарымыз спорттың 11 түрі бойынша жарыс жолына шығады. Барлығы 64 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазір бұл додаға баратын қазақстандық спортшылар осы елде жүр. Олардың арасынан үмітімізді үкілеп отырған елімізге белгілі Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Роман Креч (конькимен жүгіру спорты), Дмитрий Рейхерд (фристайл) сынды атлеттерді атай кетуге болады. Шайбалы хоккейден ерлер және әйелдер командалары да бақ сынамақ. VIII қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шығады. Қазақстан құрамасының арасында таяуда Алматыда өткен Дүниежүзілік қысқы Универсиадада ел қоржынына жүлде салған динамошы спортшыларымыз да бар. Олардың бірқатарын атай кетер болсақ, биатлоннан Василий Подкорытов, Антон Пантов, Галина Вишневская, Дарья Усанова, коньки спортынан Екатерина Айдова, мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен және тағы басқалар. Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

Ауған ардагерлеріне арналды Талдықорған қаласының маңында жауынгер-интернационалистерге арналған шаңғы жарысы ұйымдастырылды.

Кезекті меже – «Қазақстан барысы» Жігер Сәкенұлы – Астана стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі. Самбодан үш дүркін әлем чемпионы. Дзюдо, самбо, қазақ күресінен спорт шебері.

е-mail: nastraje@mail.ru

байқағаным, жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына тағы да аса мән берілді. Мәселен, Үкіметіміздің жастар саясатына зор көңіл бөлуінің арқасында бүгінде жастардың кадрлық резерві қалыптасты. Еліміздің көптеген салаларында аға буын өкілдерінің орнын жастар басуда. Ұлт Көшбасшысы ел жастарына үлкен сенім артып отыр. Елдің ертеңгі тірегі саналатын жастар мәселесін дұрыс жолға қою ісі – ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұл бізге, жастарға үлкен сенім мен жауапкершілік жүктейді. Осы мақсатта жастар қоғамдық өмірге белсене атсалысып, өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда. Тағы бір мәселе, Жолдау бәрімізді жаңашылдыққа ұмтылуға жұмылдырып отыр. Жолдауда айтылған цифрлық индустрияны дамыту ісіне жастар құлшына кірісуге дайын деп есептеймін. Сондықтан, ендігі уақытта еліміздің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуіне мүмкіндік беретін Елбасы ұсынған нақты қадамдар бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылатынына сенімім мол», – дейді атына заты сай чемпион. Біз де талай додалы сайыста шашасына шаң жұқтырмай жүрген әріптесімізді мақтан ететіндігімізді айтқымыз келді. Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

Биыл ақпан айында Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығуына 28 жыл толды. Ол жауынгерлердің жартысы азаматтардың құқықтарын қорғап, тәртіпті сақтау жолын тандап Қазақстан полициясында қызметін жалғастырды. Өзінің әскери борышын Ауғанстанда өтеген қазақстандықтарға арналған шаңғы сайысы түрлі қашықтықта жеке құрам арасында өткізілді. Шаңғы жарысында өңірдің қалалық және аудандық бөлімшелерінің атынан 18 команда қатысты. Тәртіп сақшылары 1500, 3000 метрлік қашықтықты шаңғымен кростық жүгіріп өту, биатлон және спринтерлік жүгіру бойынша сайысты. «Командалық есепте барлық сайыс нысандары бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп, Талдықорған қалалық ІІБ жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орынды ІІД аппараты мен Ақсу аудандық ІІБ өзара бөлісіп алды. Талдықорған қалалық ІІБ-ның полиция сержанты Дәурен Ерасылов ер адамдар арасында үздік шаңғышы атанды. Ал әйелдер арасында оның бөлімшелес әріптесі, полиция капитаны Бэлла Абдуллина үздік деп танылды», – деді Алматы облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жандос Нугиланов. Спорттық сайысты өткізу үшін облыс орталығынан шеттеу жатқан қарлы мекен таңдалды. Қар басқан төбелер сайысқа ата-аналарымен бірге келген балалардың мәз-мейрам ойындарымен көркемделді. Ұйымдастырылған сауда орындары мен ыстық шай мен тамақ, балалар ойыны, сырғанау, атпен серуендеу, фото-сурет сессиясы және т.б. арқасында сайыс мереке секілді болып өтті. Көрермендердің ду қол шапалақтарымен жеңімпаздар мен қатысушыларға спорттық кубоктар, грамоталар, бағалы және есте қалатын сыйлықтар табысталды. Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі

АЙМАҚ

Спорттың бес түрінен сайысты Мейрам ОСПАНОВ, Қостанай облысы

25 қаңтар мен 10 ақпан аралығында ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай жылдағы дстүр бойынша қызметкерлер арасында спартакиада өтті. Жарыс барысында Академияның 150-ден астам спортшысы спорттың 5 түрінен – волейбол, Макаров тапаншасынан оқ ату, дойбы, үстел теннисі және шағын футболдан бақтарын сынады. Спартакиаданың салтанатты ашылуында Академия бастығы, полиция полковнигі Мирлан Қызылов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. «Құрметті жарысқа қатысушылар, мен құттықтау сөзімді Елбасының қанатты сөзімен бастағым келіп отыр. «Білімді, денсаулығы жақсы адам ғана жеңіске жетеді» дегендей, сіздердің бүгінгі спартакиадаға қатысқандарыңыз өте тамаша құптарлық жайт. Біз былтырғы спартакиадада басшы құрам жеңімпаз атанғанымыз әлі естеріңізде шығар. Біз сол жеңісімізді әрқашан мақтан тұтамыз. Және де биылғы басталып отырған жарыста ең мықты деген команда жеңімпаз атануына тілектеспін», – деді Мирлан Ахмедияұлы. Алматы қаласында өткен 28-ші Студенттер Универиадасымен тұспа-тұс келген спартакиадаға академиялықтар бар күш-жігерін сала қатысты.


8

СӨЗ СОҢЫ №13 (4275), бейсенбі, 16.02.2017 е-mail: sakshy@mediaovd.kz БАЙҚАУ

ШАРА

лауазымдарындағы жұмыс өтілі үш жыл немесе ғылыми-педагогикалық қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес болуы тиіс. Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі, мемлекеттік-құқықтық пәндер, азаматтық-құқықтық пәндер, әскери және арнайы-тактикалық даярлық кафедраларының аға оқытушысы, күндізгі оқыту факультетінің аға оқытушы-әдіскері. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдардағы қызметі үш жылдан кем емес, ғылымипедагогикалық қызметіндегі (аға оқытушы-әдіскер лауазымы үшін) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде оқытушы лауазымында екі жылдан кем емес болуы тиіс. ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас директордың орынбасары – Бас редактор Бану ƏДІЛЖАНОВА Бас редактордың орынбасары: Ескендір ТАСБОЛАТ Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА Аға тілші: Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ Тілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Жыл сайын 1 наурызда әлемнің 70-тен аса елінде Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. Соның ішінде, біздің еліміздің аумағында да Азаматтық қорғаныс жүйесін насихаттау мен дамытуға белсенді үлес қосып келеді.

2017 жылдың 1 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін атап өту шеңберінде халықты оқыту мен насихат жүргізу мақсатында әртүрлі ісшаралар өткізілуде. Соның бірі – «Галактика» ойын-сауық орталығындағы «Динозавр және мен» атты балалар ойын алаңында ТЖД қызметкерлері балалардың қатысуымен газтұтқышты ережеге сай кию, «Баршаның назарына!» дабылын естігенде іс-әрекет ету және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын пысықтауға бағытталған ойын түріндегі шараны өткізді. Аймақтық ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы М. Хайрекенов және АҚ бөлімінің офицері, лейтенант Р. Тұманғалиев газтұтқышты қалай дұрыс кию керек екендігін көрсетіп, балалар арасында конкурс ұйымдастырды және белсенді қатысушыларды сыйлықтармен марапаттады. Содан кейін «Баршаның назарына!» дабылы кезіндегі халықтың іс-әрекеті бойынша бейнеролик көрсетілді. Шара Батыс Қазақстан облысы ТЖД «Апаттар медицина орталығы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің аяқ-қолдар жарақаты кезінде қандай құралдарды пайдалану, зардап шеккендерді төтенше жағдайлар аймағынан қалай тасымалдау керектігін көрсетуімен аяқталды. Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа-холдингі» ЖШС баспаханасында басылды. Индексі: 65395 Таралымы: 13190 Тапсырыс: №248

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА

ОҚ Ы

РМ

АН

ДА Р

!

ІІО-ның Медиа орталығы Қазақстан полициясының 25 ж ы л ды ғ ы н а о р а й « О б ъ е к т и в т е – қазақстандық полиция!» атты фотобайқау және «Полиция балалардың көзімен» атты 12 жасқа дейінгі балалар арасында сурет салудан байқаулар өткізеді. Фотобайқау «Цифрлық фотосурет» номинациясы бойынша өткізіледі. Бір қатысушыдан 3-еуден артық жұмыс қабылданбайды. Оның ішінде бір топтамада 5 Мб-тан аспайтын өлшемдегі (сюжет немесе көркемдік идеяға қатысты) 3 сурет болуы керек. Байқауға авторлар ұжымы, фотосуреттер студиясы, баспасөз қызметі және басқа да бірлестіктер мен ұйымдар қатыса алады. Үміткерлерден байқауға қатысқаны үшін ақы алынбайды, жұмыстар рецензияланбайды, келіп түскен жұмыстарды одан әрі қолдану-қолданбау құқығы ұйымдастырушылардың еркінде. Ал, балалар арасында өткізілетін сурет сайысына ұсынылған жұмыс А4 (210 мм х 297 мм) және А3 (420 мм х 297 мм) пішімді қағаздан кіші болмауы қажет. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлық пен арнайы дипломмен марапатталады. Жұмыстарыңызды 2017 жылдың 31 м а м ы р ы н а д ей і н м ы н а э ле к т р о н ды мекенжайға police. kz@mediaovd.kz ж і б е р у ле р і ң і з г е болады. Байқау туралы қосымша мағлұматты төмендегі телефон арқылы білуге болады: +7 (7172) 569788

ТІ

Қосымша қойылатын талаптар: ғылыми дәрежесі, ғылыми атағының болуы. Қылмыстарды сотқа дейінгі тергеу, әскери және арнайы-тактикалық даярлық, криминалистика, қылмысты а ш у ды ж ә не т е р г еу д і т е х н и к а криминалистикалық қамтамасыз ету кафедраларының оқытушысы. Байқауға қатысушыларға қ ой ы л а т ы н т а л а п т а р : б і л і м і – жоғары кәсіптік, магистр академиялық дәрежесі, осы санат бойынша нақты лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы тиіс. Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, құқық қорғау немесе әскери қызметтегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдардағы қызметі екі жылдан кем емес, ғылымипедагогикалық қызметіндегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде ғылыми қызметкер лауазымында екі жылдан кем емес болуы тиіс. Қосымша қойылатын талаптар: ғылыми дәрежесі, ғылыми атағының болуы. Ғ ы л ы м и - з е р т т еу институтының ғылыми қызметкері. Б а й қ а у ғ а қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан к ей і н г і б і л і м , қ ұ қ ы қ қорғау немесе әскери қызметтегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес не м е с е м е м ле к е т т і к органдардағы қызметі екі жылдан кем емес, осы санат бойынша нақты лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес к е ле т і н с а л а л а р д а ғ ы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болуы тиіс. Қосымша қойылатын талаптар: ғылыми дәрежесі, ғылыми атағының болуы. Оқу-саптық бөліністерінің курс бастығының орынбасары. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары кәсіптік, құқық қорғау немесе әскери қызметіндегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес немесе мемлекеттік органдардағы қызметі екі жылдан кем емес, осы санат бойынша нақты лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болуы тиіс. Инновациялық технологиялар және оқытудың техникалық құралдары бөлімінің бастығы. Байқауға қатысушыларға қ ой ы л а т ы н т а л а п т а р : б і л і м і – жоғары кәсіптік техникалық, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ішкі істер органдарындағы қызметі алты жылдан кем емес немесе құқық қорғау немесе

әскери қызметіндегі жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде төмен тұрған санаттағы лауазымдарда екі жылдан кем емес болуы тиіс. Кезекші бөлім кезекшісінің көмекшісі, бақылау-өткізу пунктінің бақылаушысы. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: мерзімді әскери қызмет өткерген, жасы 25-тен аспаған, бойы 170 см-ден кем емес, орта білімі болуы тиіс. Кабинет бастығы. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – нақты лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіптік, осы санат бойынша нақты лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес болуы тиіс. Әскери және арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының өндірістік оқыту және практикалық жүру нұсқаушысы. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – орта, мерзімді әскери қызмет өткерген, жасы 25-тен аспаған, бойы 170 см-ден кем емес болуы тиіс. Арнайы даярлығы және кәсібі бойынша тиісті жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген лауазымдарға қойылатын талаптар: Жасы 35-тен аспаған. Мерзімді әскери қызмет өткерген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған ер адамдар. Ескерту: Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар: өтініш (уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша); кадрлар есебі бойынша толтырылған жеке парақ; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек кітапшасының, әскери билетінің немесе шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері; Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігінің көшірмесі, соңғы жұмыс орнынан (оқу орнынан) немесе үміткер әскери қызмет өткерген әскери бөлімнен мінездеме, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны жөнінде мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама, белгіленген шекті мәндерден төмен емес нәтижесі бар ҚР заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы құжаттар тапсыру сәтінде жарамды сертификат (немесе сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі), сурет (өлшемі 3,5*4,5 – 1 дана) тиісті мемлекеттік органға бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылуы тиіс. Ішкі істер органдарына алғаш қабылданатын азаматтар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтеді. Б ос л а у а з ы м д а р ғ а о р н а л а су ү ш і н ү м і т к е р ле р г е т е с т і леу жүргізу бағдарламасына Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі», «Ішкі істер органдары туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу бойынша тест, сонымен қатар медициналық - жас санатына қарай дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру кіреді. Академияның кадр жұмысы бөлімі Байланыс телефоны: 8(7212)30-33-64

ЕТ

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы (100021, Қарағанды қ., Ермеков көшесі, 124, анықтама үшін телефон 8 (7212) 30-33-64, www.web. kzi.kz) төмендегі бос лауазымдарға орналасуға байқау жариялайды: Әскери және арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының бастығы. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары (әскери), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ІІО қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, педагогикалық қызметтегі немесе басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес болуы тиіс. Ә к і м ш і л і к қ ұ қ ы қ ж ә не І І О әкімшілік қызметі, қылмысты а ш у ды ж ә не т е р г еу д і т е х н и к а криминалистикалық қамтамасыз ету кафедраларының профессоры. Байқауға қатысушыларға қ ой ы л а т ы н т а л а п т а р : б і л і м і – жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесі, « қ а у ы м д а с т ы р ы л ғ а н п р оф е с со р » ғылыми атағы, құқық қорғау немесе әскери қызметтегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілі үш жыл немесе ғылыми-педагогикалық қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес болуы тиіс. Әкімшілік құқық және ІІО әкімшілік қызметі, жалпы білім беретін пәндер кафедраларының доценті. Байқауға қатысушыларға қ ой ы л а т ы н т а л а п т а р : б і л і м і – жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған доцент» ғылыми атағының (арнаулы кәсіптік бітіртіп шығарушы кафедраларды есептемегенде) болуы. Қ ұ қ ы қ қ о р ғ а у не м е с е ә с к е р и қызметтегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшы

Қауіпсіз елдің өрендері

ҚҰ РМ

Бос лауазымдарға орналасу конкурсы туралы ХАБАРЛАМА

«ERNUR» Медиа-холдингі» ЖШС Астана қаласы, Оңтүстік-Шығыс тұрғын-үй алабы (Сол жағалау), Сілеті көшесі, 602 БСН/ЖСН 120740017102 БСК EURIKZKA ЖСК KZ7894805KZT22031411 «Еуразиялық Банк» АҚ Тел.: +7172 997777

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА

Сақшы №13 (4275)  

Сақшы №13 (4275) 16.02.2017

Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you