Page 1

«САҚШЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТІ

SAQS’Y ГАЗЕТ 1933 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫҒАДЫ

КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Мәскеу облысында Ан-148 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. « Қ а з а б о л ғ а н д а р ды ң о т б а с ы л а р ы н а , т у ы с т а р ы м ен ж а қ ы н д а р ы н а Қ а з а қ с т а н халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

WWW.MEDIAOVD.KZ

№12 (4370)

13.02.2018, СЕЙСЕНБІ

CCTV телеарнасына сұхбат берді

МҰНАЙ БАҒАСЫ БЕЛГІЛЕНДІ Ұлттық экономика бірінші вицеминистрі 2018 жылғы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша мұнайдың бір баррелі қаншаға бағалануы мүмкін екенін айтты. «Макроэкономикалық көрсеткіштер нақтыланатын болады. Былтырғы жылдың көрсеткіші жақсы болды, инфляция төмен, әлемдік баға жоғары, өнеркәсіп түрленіп, нығая түсті. Биыл да көрсеткіштер жоғары әрі мықты болады. Биылғы болжам бойынша тиісті ұсыныстарды дайындап жатырмыз», – деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов. Сонымен бірге, ол мұнай баррелі шамамен қаншаға бағаланатынын атап өтті.

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев CCTV телеарнасына сұхбат берді. Мемлекет басшысы сұхбат барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ, «Нұрлы жол» және «Бір белдеу, бір жол» бағдарламаларының тоғысу аясындағы екіжақты ықпалдастыққа қатысты сауалдарға жауап берді.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтары туралы айтып, Шанхай ынтымақтастық ұйымын одан әрі дамыту жөнінде ой бөлісті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес жүргізу және өңірдегі тұрақтылықты сақтау мәселелеріне қатысты мемлекетаралық серіктестікті нығайту қажеттігін атап өтті.

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Азаматтық қорғаудың алғышарттары «Макроэкономикалық көрсеткіш параметрлеріне келер болсақ, біріншіден ағымдағы жылы мұнайдың бір баррелі 45 доллармен бекітілді. Бүгінде бір баррель құны 60 доллардың айналасында ауытқып отыр. БҰҰ мен Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша шамамен 58 доллардың төңірегінде болуы тиіс. Қазіргі таңда биылғы бюджетте қандай болжалды бағаны бекітетінімізді шешіп жатырмыз», – деді Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

ЖҰМЫССЫЗДАР САНЫ – 442 МЫҢ АДАМ 2017 жылы желтоқсанда Қазақстандағы еңбек биржасына 70,3 мың адам келді. Бұл елдегі экономикалық белсенді халықтың 0,8%-ын құрайды. Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметтері бойынша, 2016 жылғы желтоқсанда бұл көрсеткіш 1,8 есе төмен (37,5 мың адам). Дегенмен, 2017 жылдың қарашасында 125,9 мың адам жұмыс іздеген (44,1%-ға қысқарту негізінде) болатын. 2 0 1 7 ж ы л ды ң а я ғ ы н д а Қ а з а қ с т а н д а жұмыссыздардың жалпы саны 441,8 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың қазан айынан бастап ең жоғарғы көрсеткіш болды, қор биржасында жұмыс іздеуші 442,2 мың адам тіркелді. Сондай-ақ, 2017 жылдың қазан айында 438,2 мың адам жұмыс іздестіріп жүрген. Ө т к ен ж ы л д ы ң ж е л т о қ с а н а й ы н д а жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құрады. Е с т е р і ң і з г е с а л с а қ , 2 0 1 7 ж ы л ды ң I V тоқсанында әртүрлі себеппен 200 мыңға жуық адам жұмыссыз қалғаны жазылған болатын. Бұл қызметкерлер санының қысқаруына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты – 6,8%, басқа себептер бойынша – 15,8% құрады.

Сәкен АҒЗАМОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелерінде «Ашық есік күні» өтті. Петропавл қаласы 2-МӨСБ аумағында өрт сөндірушілер Солтүстік Қазақстан кәсіби педагогикалық колледжі, №23 орта мектебінің, қазақ мектеп-гимназиясының, №4 орта мектебінің оқушыларын қарсы алды. Орта білім беру мекемелерінің оқушылары Петропавл қаласындағы №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көрмесінде заманауи құтқару құралдарын тамашалады. Қатысушыларға құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің күн тәртібі, олардың өрт кезіндегі ерліктері, төтенше

жағдай кезіндегі іс-қимылдары туралы айтылды. Қонаққа келген оқушыларға автосатының (АС30), апаттық-құтқару автокөлігінің (АСА-20), апаттық-құтқару жабдықтарының техникалық мүмкіндіктері көрсетілді. Содан кейін өрт сөндіру депосына экскурсия жасалды, оқушылар өрт сөндіру автокөліктерінің тактика-техникалық сипаттамаларымен, өрт-техникалық жарақтармен танысты. Жылжымалы өрт-техникалық зертхананың мамандары балаларға өздерінің жабдықтарын және «Газель» ЖӨТЗ автокөлігінің

жабдықтарын көрсетіп, олардың күнделікті жұмысы туралы әңгімеледі. Оқушылар көліктерді үлкен қызығушылықпен тамашалады. Ер балалар өрт сөндірушінің каскаларын киіп, құралжабдықтарын ұстап көрді. Кездесу барысында МӨСБ-нің өрт сөндірушілері, өрт жағдайы орын алған кезде немесе басқа да төтенше жағдай болып қалған жағдайда қандай қауіпсіздік техникасын орындау керек екенін әңгімеледі. Көрме соңында Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге шақыратын бейнеролик көрсетілді. Азаматтық қорғаныс халықаралық күнін өткізу аясында Петропавл қаласы №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне 120дан астам адам келіп, көрмені тамашалады.

Жастар таңдауы – есірткісіз келешек Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлемінде орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары арасында есірткіге қарсы патриоттық әндер байқауы өтті. Бұл сайыс Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі Қызылорда облыстық ведомствоаралық штабының ісшаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы іс-әрекетті дамыту, саламатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру. Байқауға қала және аудандардан барлығы 111 үміткер қатысып, есірткі мәселесіне б а й л а н ы с т ы ой - п і к і р ле р і м ен б ө л і с і п , тақырыпқа байланысты ізденіп, патриоттық

әндер мен есірткі мәселесін кеңінен ашатын өздерінің шығарған рэп-композицияларын орындады. Құрылған сайыстық комиссияның шешіміне байланысты 111 сайыскердің ішінен озық

шыққан ынталы 27 сайыскердің жұмысы ерекше атап өтілсе, 27 қатысушы жарыстың жеңімпаздары деп танылды. Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі


2 Ə

-А М Е Л

ЖАҢАЛЫҚТАР №12 (4370),№ сейсенбі, 13.02.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

ҚП

Т АРА

Ұлыбритания

Әуежай уақытша жабылды Темза өзенінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарылмай қалған бомба табылды. Осыған байланысты Британия астанасы Лондондағы әуежай уақытша жабылды.

«Король Джорджа V атындағы үйде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі артиллериялық қару табылды. Соған байланысты полиция қауіпсіздік шарасы ретінде адам жіберуге болмайтын аумақты белгіледі. Мұндай аумаққа Лондон әуежайы да кірді. Сондықтан уақытша жабылды», – делінген әуежайдың Twitter-інде. Бомба 11 ақпан күні таңертең әуежайға жақын жерде жобалық-зерттеу жұмысы барысында табылған.

Түрікменстан

«Нұрлы жер» баспанасыз қалдырмайды Былтыр 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Бұл туралы 2017 жылғы әлеуметтікэкономикалық дамуға арналған баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика бірінші вицеминистрі Руслан Дәленов мәлім етті. «2017 жылғы Индустрияландыру картасы бойынша 1,5 трлн теңгеге жуық сомаға 120 жоба енгізіліп, 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 4 мың шақырымнан астам жол қайта жөнделді. Ел экономикасының сапалы өсімге жетуіне «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру өз үлесін қосып отыр. Соның арқасында рекордтық 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өз кезегінде 100 мыңнан астам отбасы жаңа баспана алғанын білдіреді», – деді Р. Дәленов Орталық коммуникациялар қызметінде. Сонымен қатар, былтыр екпін қойылып отырған салаларда ілгерілеу болды. Бұл ретте фармацевтика – 42 пайызға, ал көлік құрастыру – 39 пайызға, жеңіл өнеркәсіп – 7,3 пайызға артты. Жалпы, 2017 жылы инфляция тұрақтанды. Макроэкономикалық жағдай да оңтайлы болды. «Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша

Түрікменстанда доллар бағамы 14-15 манатқа дейін өсті. Артынша азық-түлік бірден қымбаттады. Бірінші кезекте импорт өнімдерінің бағасы өскен. Айталық, 5 литрлік күнбағыс майы 46дан 58 манатқа, бір келі қант бағасы 5-тен 7 манатқа дейін қымбаттады. Қазақстан ұнының бағасы екі есеге – бір келі ұн 2 манаттан 4 манатқа дейін өсті. 6 келілік Persil кір жуғыш ұнтағы 65 манаттан 96 манатқа бір-ақ көтерілді. Жергілікті «Ахал» майы 5-тен 8 манатқа қымбаттады. Еске сала кетсек, 2017 жыл соңында Түрікменстанда Қазақстан ұны жетіспей жатқаны жазылған болатын.

Осыдан бірнеше жыл бұрын мешіттерде садақа қабылдау терминалдары орнатыла бастады. Негізгі мақсат – қаржының ашықтығын қамтамасыз ету. Алайда, аталған бастаманы халықтың өзі қабылдап жатқан жоқ.

Даудың басы – намаз бөлмесі П х ен ч х а н д а ө т і п ж а т қ а н қ ы с қ ы Олимпиадада мұсылмандардың намаз оқитын бөлмесіне қатысты дау шықты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, садақа қабылдау терминалдары пилоттық жоба аясында Астана мен Алматы қ а л а л а р ы н д а , со н д а й - а қ , о б л ы с т а р ды ң

орталық мешіттерінде орнатылған болатын. «Бүгінде осы тәжірибеге қатысты екі мәселені атап өтуге болады. Біріншіден, терминалдарда техникалық ақаулықтар бар. Атап айтқанда, ұсақ ақша қабылданбайды, түбіртек уақытында шықпай қалады және тағысын тағы. Екіншіден, мешітке келген жамағат Алла разылығы үшін берген ақшалай садақасын жария еткенді, я болмаса, терминал арқылы түбіртегін алып жатқанды қаламайды. Өйткені, біздің асыл дінімізде, жалпы қазақ халқының таным-түсінігінде «оң қолың берген садақаны сол қолың білмесін» деген әдемі нақыл бар. Бұл сөз Пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисінен алынған. Сол себепті садақа берушілер өзінің сауапты амалын басқалардың білмегенін, яғни өзі мен Алланың арасындағы құлшылықтың құпия болып қалғанын қалайды», – деді А. Қонарбайұлы. Оның айтуынша, мешіттердің жанынан құрылған арнайы комиссиялар терминал арқылы түсетін садақаны бақылайды. Комиссияның құрамына бірнеше адам кіреді. Олар құжаттарды рәсімдеп, есеп-қисабын жасайды. «Дегенмен, бүгінде халқымыз ондай жаңа технологияларға жатырқап қарайды. Сол себепті садақа қабылдау терминалдарын толыққанды іске қосу үшін әлі де бірнеше жыл қажет. Қазірдің өзінде терминалдар барлық мешіттерде істеп тұрған жоқ. Өйткені, кейбір жерлерде техникалық мәселелер туындады. Енді, алдағы уақытта осы электронды жүйеге толығымен көшеміз бе, жоқ па, оны уақыттың өзі көрсетеді. Сосын халықтың көзқарасы да өз септігін тигізеді», – деп атап көрсетті А. Қонарбайұлы.

«Қыз бен теңіз» фильмі

31 млн теңге сыйақы 2017 жылы жемқорлық фактілерін жария еткен азаматтарға 31 млн теңге көлемінде сыйақы берілді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мұқсымов айтты. Орталық коммуникациялар қызметіндегі б р иф инг б а р ы с ы нд а Б А Қ ө к і лд е р і о д а н жемқорлық фактілерін жария еткен азаматтарға қанша сыйақы берілгендігін сұраған болатын. «Қазіргі уақытта көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізудің арқасында әр өңірде жемқорлыққа қарсы ұтқыр топтар жұмыс жасап жатыр. Осы топтар жұмысының нәтижесінде біздің агенттіктің Call-орталығына түсетін азаматтардың шағым ұлғайды. Мәселен, 2016 жылы 2 мың шағым түссе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 12 пайызға

артты. Жалпы өткен жылы 226 адам 31 млн теңге көлемінде сыйақы алды», – деді Салауат Мұқсымов. Дегенмен, оның айтуынша, өткен жылы жемқорлық фактілерінің тіркелуі біршама төмендеген. «Мысалы, 2016 жылы 2933, ал 2017 жылы 2473 факті тіркелді. Яғни, өткен жылы жемқорлық фактілерін тіркеу 18 пайызға төмендеп отыр», – деді департамент директоры. Брифинг барысында, сондай-ақ, қоғам қайраткерi Мұрат Әбенов Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттiгi журналистердiң сауатын арттырмақ екенін айтты. «Қазiргi таңда елiмiзде сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат өте аз. Байқағанымыздай, соңғы кезде сыбайлас жемқорлық жағдайлары болса, олар туралы ұрланып бiр жерден сурет келедi, видео келедi. Оған сүйенуге болмайды. Сонымен қатар, кейбiр журналистердi «сiздер неге жариялайсыздар, жауапкершiлiкке тартамыз» деген қорқыту, үркiту де болады. Сол себептен бiз Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес iс-қимыл агенттiгiне ұсыныс жасадық. Атап айтсақ, сыбайлас жемқорлық бойынша мақала жазуды, ақпараттандыруды, жаңа технологияларды үйретудi ұсындық. Агенттiк ұсынысты қабылдады. Ендi арнайы топтар жасақтаймыз. Мемлекеттiк қызмет агенттiгiнiң жанында академия бар. Соның iшiнде бiз журналистердiң бiр тобын жинап, үйретемiз. Мен шараға өзiм де қатысамын», – дедi Әбенов.

ҚҰБ төрағасымен онлайн байланыс 22 ақпан күні (басталуы 10:00) Қазақстан Ұлттық банкінің (ҚҰБ) төрағасы Данияр Ақышев онлайн-режімде конференция өткізеді.

шынайы оқиғаға құрылған Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Қыз бен теңіз» атты әлеуметтік драманың трейлерін жариялады.

Ислам дінін ұстанушылар Олимпиада ойындарының ұйымдастырушыларына намаз оқу үшін арнайы бөлме сұрағанда, пхенчхандықтар жасап береміз деген. Каннын қаласының туризм комитетінің басшысы мұндай бөлмені әзірлеуге басында қарсы болмағанын айтты. Бірақ, жергілікті тұрғындар бұған наразылық танытты. Мұсылмандар сәжде ететін арнайы бөлмені әзірлеуге қарсы 56 мың оңтүстіккореялық қол қойды. Елдегі белсенділер өздерінің төлейтін салығына намаз оқитын бөлме әзірлеуге қарсы болып отыр. Олардың айтуынша, мұсылмандар кез келген таза жерде намаз оқи алады. «Олимпиада ұйымдастырушылары Оңтүстік Кореяны ұлттар мен діндерді құшақ жая қарсы алатын ел ретінде көрсеткісі келді. Бірақ, бұл ойы жүзеге аспады. Мұсылмандардың наразылығы тек күшейіп жатыр», – делінген хабарламада.

Ішкі жалпы өнім 4 пайызға жоғарылады және бұл көрсеткіш әлемдік экономиканың өсімінен жоғары. Яғни әлемдік экономика 3,6 пайызға өскен болатын. 2017 жылғы басты экономикалық қорытындыға тоқталсақ, ІЖӨ өсімінің үштен екі бөлігі шикізаттық емес экономикамен қамтамасыз етілді. Барлық ішкі салада өсім болды. 2016 жылғы 22 салада, ал 2017 жылы 31 салада оң өсім байқалды», – деді Руслан Дәленов.

Садақа қабылдау терминалдары сұранысқа ие ме?

Долларға байланған баға

Оңтүстік Корея

е-mail: nastraje@mail.ru

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген бұл фильмді қос автор Әзизжан Заиров пен Мұхамед Мамырбеков ұсынды. «Қыз бен теңіз» фильмінің негізі өмірден алынған. Бас кейіпкер болған бойжеткен – АРДИ мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар ассоциациясының оңалту орталығының тәрбиеленушісі Динара Шәріпова. Ақжарқын,

еңбекқор, көмек қолын әрдайым созуға дайын тұратын Динара өте өжет адам. Оның фильмдегі есімі Әсел. Оның бар арманы – махаббатын кездестіріп, отбасын құру және бала сүю. «Фильмнің түсірілімдері Алматы қаласында және Қапшағай жағалауында өткен. Фильмге түскендердің барлығы дерлік кәсіби актерлер емес, мүмкіндігі шектеулі адамдар (БЦП диагнозы және психикалық даму кешеуілдеуі бар). Ал бас кейіпкердің әпкесі рөліне театр және кино актрисасы Гүлбахрам Байбосынова түскен», – деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметінен. Фильмнің мазмұны шынайы өмірден алынған. Өзінің жазылмайтын ауруына қарамастан, Әсел есімді бойжеткен отбасын құрып, ана атану үшін өмірдің бар қиыншылығына көнуге дайын. «Арман алға жетелейді» демекші, Әсел барлық қиындықтарға төтеп беріп, жақсылықтан үміт үзбейді. Фильмнің сценарий авторлары – Мұхамед Мамырбеков, Әзизжан Заиров, қоюшы операторы – Тимур Итенов, қоюшы суретші – Джал Ибрагимов. Туындының басты рөлінде Динара Шәріпова, Тахир Умаров, Қанағат Тасқараев, Гүлбахрам Байбосынова, Сауран Қастеев, Алмат Әділбаев және басқалары ойнайды. Еске сала кетсек, бұған дейін «Қазақфильм» «Қыз бен теңіз» атты толықметражды көркем фильмнің түсірілімдері аяқталғанын хабарлаған болатын.

Үш сағат бойы онлайн-режимде қазақстандықтар Ұлттық банктің қызметі, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты, қаржылық қызметтер саласында өз құқықтарын қорғауға қатысты және көптеген өзге де мәселелер бойынша сұрақтарға жауап ала алады. Сұрақтарды «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасындағы «ҚҰБ төрағасы Д.Т. Ақышевтың онлайн-конференциясы» арнайы бөлімі; ақпараттық әріптес – «Kazinform» халықаралық ақпарат агенттігінің сайты; сондайақ Қазақстан Ұлттық банкінің Facebook www. facebook.com/ulttykbanki/ және www.facebook. com/nationalbankkz/) және Instagram (https://www. instagram.com/national_bank_of_kazakhstan/) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жолдауға болады. «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын App Store және Play Market арқылы iOS және Android платформаларында мемлекеттік және орыс тілдерінде жүктеп алуға болады.


УАҚЫТ ТЫНЫСЫ №12 (4370),№сейсенбі, 13.02.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

ОТЫРЫС

е-mail: nastraje@mail.ru

3

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Инфрақұрылым мəселесі қозғалды Бизнеске кедергі болмауы тиіс Сәуле ҚАЛИЕВА, Астана қаласы

Елордалық Ішкі істер департаментінде Консультациялық-кеңесші органның биылғы бірінші отырысы өтіп, онда елордалық полиция қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселе талқыланды.

Шараға Астана қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев, жедел қызметтер мен ЖПҚ басшылары қатысты. Елордалық ІІД жанындағы Консультациялықкеңесші органның құрамына «Ғылыми медициналық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Абай Б а й г ен ж и н н і ң б а с ш ы л ы ғ ы м ен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Президент жанындағы адам құқығы ж ө н і н д е г і к о м и с с и я м ү ш е ле р і , мұғалімдер, дәрігерлер, Парламент С ен а т ы м ен М ә ж і л і с і , қ а л а л ы қ мәслихат депутаттары, ішкі істер органдарының ардагерлері кіреді. Департамент басшысы Марат Қожаев мәжіліске қатысушылар алдында ККО мүшелерінің жоғары

кәсіби деңгейі, халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру аясындағы тиімді жұмысы, консультациялық және әдістемелік көмектер, бірлескен іс-шаралар, сондай-ақ, елордалық полицияның қ ы з м е т і н ж е т і л д і р у б ой ы н ш а ұсыныстар әзірлегені үшін алғыс білдірді. Іс-шара барысында қатысушылар І І Д б а с т ы ғ ы а т а п ө т к ен аумақтық басқармаларының и нф р а қ ұ р ы л ы м ы н а қ а т ы с т ы мәселелерді қозғады. Елордалық полиция 1906-1965 жылдары салынған, типтік стандарттар мен бекітілген нормаларға сәйкес келмейтін ескі ғимараттарда орналасқан. Бүгінгі таңда Марат Қожаевтың ақпараты бойынша Астана қаласы әкімдігінің

т о л ы қ қ о л д а у ы м ен а т а л ғ а н мәселені шешу бойынша шаралар қабылдануда. Заңдылық пен тәртіпті сақтау, со н д а й - а қ , о т а нс ү й г і ш т і к к е тәрбиелеу, тәрбие жұмысын күшейту мақсатында отырысқа қатысушылар К К О м ү ш е ле р і н і ң е л о р д а л ы қ п о л и ц и я н ы ң ж е к е қ ұ р а м ы м ен тұрақты түрде кездесулер өткізу туралы полиция басшылығының ұсынысын қолдады. Сонымен қатар, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Е. Жалданғаров, Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Д. Демидов ж ә не Ж П Қ б а с т ы ғ ы , п о л и ц и я полковнигі Б. Малыбаев іс-шара барысында қатысушылардың алды н д а б ө л і н і с т е р д е а т қ а р ы л ы п жатқан жұмыстар туралы сөз сөйлеп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. ККО мүшелері отырыс мәселелерін талқылаумен қатар, ағымдағы жылы ө т е т і н о т ы р ы с т а р ды ң , со н ы м ен қатар, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ювеналдық полиция қызметіне қатысты күн т ә р т і б і н д е г і м ә с е ле ле р б ой ы нша ұсыныстар әзірледі. Отырыс ж ұ м ы с ы н қ о р ы т ы н ды л а й к е ле , Астана қалалық ІІД жанындағы ККО төрағасы Абай Байгенжин елордалық ІІД-мен бірлескен ісшараларға қатысуға әрдайым дайын екенін атап өтті.

ОҚУ СЕМИНАРЫ

Курсант тəрбиесінде куратор рөлі ерекше Мейрам ОСПАНОВ

Таяуда ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясында оқу топтарының жетекшілеріне арналған «Курсанттардың тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы оқу топтары кураторларының рөлі» тақырыбында оқу семинары ұйымдастырылды. Семинарға Академия бастығының орынбасары, Кураторлар кеңесінің төрағасы, полиция полковнигі Ербол Қаппасов және оның орынбасары, полиция майоры Әсел Ақылбекова, барлық курстардың басшылары, оқу топтарының 40-тан астам кураторы қатысты. Семинардың ашылуында Кураторлар кеңесінің төрағасы, полиция полковнигі Ербол Қаппасов к і р і с п е с ө з с ө й ле п , с е м и н а р ғ а қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Ол жыл бойы кураторлық жұмыспен белсенді айналысқан кураторларға өз алғысын білдіріп, кейбір өз жұмыстарына сылбырлық танытқан кураторларға жұмыстарында шапшаңдық танытуға шақырды. Және де семинар барысында қарастырылатын кураторларға тән жаңа критерийлермен бағалауды таныстырып өтті.

«Егер де осы ұсынған критерийлерді бекітетін болсақ, алдағы уақытта осы бағалау арқылы кураторлардың жұмысын есепке аламыз», – деді Ербол Қаппасов. Т ө р а ғ а н ы ң с ө з і нен к е й і н , кураторлық жұмыста мол тәжірибесі б а р , Б і л і к т і л і к т і а р т т ы р у ж ә не қайта даярлау институтының бастығы, полиция полковнигі Гайда Жандарбекова семинарға қатысушы кураторлармен өзінің мол тәжірибесімен бөлісті. «Бүгінгі ұйымдастырылып отырған семинар Сіздердей жас кураторларға тәжірибе жинақтау ү ш і н ө т е қ а ж е т . Ө й т к ен і , көпшілікпен жұмыс жасау оңай е м е с . М ен с і з д е р г е м ы н а д а й ұсыныс білдіргім келеді. Бүгінгі семинарда ұсынылып отырған критерийлер арқылы бағалаудағы баллды жинақтаудың бір ұтымды

т ә с і л і – м ен б а с қ а р ы п о т ы р ғ а н институттағы жасанды полигонмен курсанттарды таныстырып, неге ақпарат жазбасқа? Сонан соң институтқа біліктілігін арттыруға келген тәжірибелі қызметкерлермен к е з д е су ұ й ы м д а с т ы р с а ң ы з д а р , жұмыстарыңыз біршама алға жылжып, курсанттар да тәжірибе жинақтар еді. Кураторлық қызмет өте жауапкершілікті, еңбекқорлықты қажет етеді. Куратордың бойында ең бірінші ұйымдастырушылық қабілет жоғары болуы қажет. Сонда ғана еңбектеріңіз бағаланып, сыйқұрметтеріңіз артады», – деді ол. Гайда Байгурқызының ақылкеңесінен кейін, Академия кураторлары әртүрлі тақырып бойынша баяндама жасап, өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында Кураторлар кеңесінің төрағасы Ербол Төлегенұлы өзінің орынбасары, полиция майоры Әсел Ақылбекованың жұмысына оң бағасын беріп, алғысын білдіріп, ж а ң а о р ы н б а с а р ды с а й л а у ғ а ұсыныс жасады. Жаңа лауазымға заң ғылымының магистрі, полиция аға лейтенанты Аманат Мұратты лайық деп бір ауыздан дауыс беріп сайлады.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ, суретті түсірген Бек ИМЕКЕШОВ

Жуырда Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында бизнесті мемлекеттік қолдау тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жұмыс кездесуіне Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мейрамбек Қайсанов, Астана қалалық ІІД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркетай Тұтқышев, Криминалдық полиция басқармасы бастығының м.а. Дмитрий Демидов, Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Елжан Чупеков және ҰКП өкілдері қатысты. Жиында елімізде бизнес жүргізу үшін жағдайларды жақсарту бойынша қолданылып жатқан іс-шаралар туралы, соның ішінде әкімшілік кедергілерді, бақылау-қадағалау қызметтерін азайту, азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, соның ішінде кәсіпкерлік нысандарына қатысты жасалатын түрлерін ізін суытпай ашу мәселелері сөз болды.

«Жиын мақсаты – Елбасы Жолдауына сәйкес жаһандық бәсекеге қабілеттілік мақсатындағы қойған тапсырмаларын орындау. Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» – халықаралық беделді рейтингтердің бірі болып табылады. Әлем мемлекеттерінің дамуын тәуелсіз бағалайтын бұл рейтингке ену үлкен бедел. Сондықтан Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» индикаторларын жақсарту бойынша 2012-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында бүгінгі кездесуді ұйымдастырып отырмыз. Әр елдің бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте кәсіпкерлік және бизнес саласында анықталатыны белгілі. Біздің мақсат – мемлекеттік ведомстволар тарапынан бизнеске ешқандай кедергі болмайтындығын түсіндіру», – дейді азаматтық қорғау полковнигі Мейрамбек Советұлы. Төтенше жағдайлар комитеті тарапынан елімізде бизнеске қатысты 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар – аттестациялау, аккредитациялау, аудит және тіркеу-есепке алу. Оның екеуін орталықтандырылған түрде комитет деңгейінде, екеуі аумақтық деңгейде департаменттер көрсетеді. Бизнеске кедергі келтірмеу мақсатында бұл қызметтердің кейбірі Бас прокуратураның ұсынымымен ішінара тоқтатылған. «Бүгінгі дөңгелек үстелде айтылған мәселелердің барлығы тек қана ұсыныстық сипатқа ие болады. Мәселен, бүгін біз қоғамдық мониторингті күшейту, тәуекел дәрежесін бағалау, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде автоматтандыру, бір-бірін қайталайтын қызметтерді қысқарту сынды жайттарды сөз еттік. Одан бөлек көші-қон, криминалистік әкімшілік полиция өкілдері де өз пікірұсыныстарын берді. Мұның барлығы палата деңгейінде өз көрінісін табады деп сенеміз», – дейді Мейрамбек Қайсанов.

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

Сергек қимыл, толымды нəтиже

Аймақтық коммуникация қызметінде қыс кезеңіндегі төтенше жағдайлардан халықты қорғау бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шараға Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі А. Орымбаев қатысты. Облыстық ведомства өкілінің айтуы бойынша, осы уақытта құтқарушылар тұрғылықты елді мекендерде және облыстың тас жолдарында штаттан тыс жағдайлармен жиі кездеседі. Соның бәріне азаматтар өздері себепші, мұндай жағдайлар олардың өз қауіпсіздіктеріне немқұрайлы қарауларынан орын алады. Ағымдағы жылдың 21-29 қаңтар аралығында қатты аяз кезінде төтенше жағдайларды жою үшін департаментте жедел штаб құрылды. Сол уақытта облыстың тұрғындарынан 151 абоненттік қоңырау келіп түсті. Адамдар тас жолдың жағдайы жөнінде, жақындарын іздестіру, тұрып қалған автокөліктерін эвакуациялау және т.б. мәселелер бойынша қоңырау шалды. 2017-2018 жылдардың қыс айларында облыстың тас жолдарында жүргізілген 23 апаттық-құтқару операциялары барысында 3 адам құтқарылып, 46 адам эвакуацияланды, оның ішінде 2-еуі бала. Халыққа жылдам және уақытылы көмек көрсету арқасында құтқару жұмыстары ойдағдай өтті, ешкім жәбірленген жоқ. Содан соң, Азамат Орымбаев қыс кезеңінде тас жолдарда қауіп-қатерлерді болдырмау амалдары, ауа райының қолайсыздығы әрбір жүргізушіні қапы қалдырмауын қамтамасыз ететін кеңестермен бөлісті. Әңгімелесу барысында ол облыс аумағындағы өрттер есебі бойынша статистиканы айтып кетті. 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда биылғы жылы өрт саны 54%-ға, адамдардың қайтыс болуы 50%-ға өскен, материалдық шығын 82%ға төмендеген. Оның айтуы бойынша, 66 өрт тұрғын үй секторында орын алған (2017 – 40, 39%-ға өскен), автокөліктерде 12 өрт болған (2017 – 11, 8,3%-ға өскен). «Бүгінгі күнде тұрғын үй секторы өрт қауіпсіздік саласында бақыланатын аумақ болып табылмайды. Бірақ, ТЖД қызметкерлері профилактикалық рейдтер, әңгімелесулер мен нұсқаулықтарды үнемі жүргізеді, жадынамалар үлестіреді, азаматтарға кеңес береді. Кейбіреулері өздерінің үйлеріне біздің қызметкерлерді кіргізбейді. Бірақ, көптеген адамдар біздің жұмысымызға түсінікпен қарайды», – деп айтып өтті Азамат Орымбаев. Қостанай облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


4

ҚЫЗМЕТ №12 (4370),№ сейсенбі, 13.02.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

МОНИТОРИНГ

Дронмен бақылаудың мүмкіндігі мол Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында Сырдария өзенінің су тасу қарсаңындағы жай-күйін қадағалап отыру үшін дрон аппараты қолданылуда. Мұндай жаңашылдық аудан әкімі С. Мақашовтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған.

Өзеннің ауданға қарасты 238 шақырымында мұз қату процесіне қадағалау жасау үшін 19 қаңтардан бері жүргізіліп келе жатқан мұндай мониторингтің көктемгі су тасу кезеңінде тиімділігі өте зор. Сол үшін де арнайы құрылған топ өзен бойының күніне 8-10 шақырымына жерден басқарылатын дрон арқылы бақылау жүргізіп отыр. Топ құрамына Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Е. Назарқұлов, Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Ғ. Нагиев, Қармақшы аудан әкімі аппаратының т е р р о р и з м п р оф и л а к т и к а с ы н а жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің басшысы Р. Ефенов, «Қармақшысушар» ӨУ басшысы Е.

Бодыбаев, Жаңажол ауылдық округі әкімдігінің маманы Ә. Өтегенов кіреді. Мониторинг жүргізу тобы учаскелерді тек әуеден ғана бақылап қоймай, мұздың қалыңдығын, табиғи бөгендер мен дамбалардың жай-күйін, қауіпті телімдердің эвакуацияға дайындығын тексеру сынды шараларды да қатар атқарып келеді. «Біздің аудан бойынша су шайып кету қаупі жоғары бес учаске бар. Олар – Дүр Оңғар, Иіркөл, Қармақшы ауылдары, Қызыл там стансасы, Жосалы кентінің оң жағалауы. Жыл сайынғы жұмыстарымыз болған соң, бұл жерлерді жақсы білеміз. Мониторинг басталмас бұрын Жаңажол ауылының маңайында су кішкене көтеріліп, қайтадан түскен болатын. Ал қазір жағдай тұрақты. Біздің ауданға қарасты 238 шақырымның 231-інде мұз тұтас ұстасып қатып тұр.

Тек Жаңажол ауылының жанындағы Қарасиыр деген учаскеден көрші Жалағаш ауданының шекарасына дейінгі 7 шақырым жер ашық жатыр. Бұл тұс еңіс жер болғандықтан су ағысы тез, көбіне мұз қата қоймайтын ж е р . К ө р ш і а у д а н ғ а д а со л а й жалғасып кетеді», – дейді Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Еркін Есетұлы. Оның айтуынша, өзен сағасына қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Әкімдіктен келген мәлімет бойынша, бүгінгі таңда 67,2 шақырым жерге топырақ үйіліп, қосымша арналардың ернеуі биіктетіліп, табандары тереңдетілген. Су ағысы әзірге баяу. Секундына 320 текше метрді құрайды. Оны Қараөзен а р н а с ы - Ә й т е к е - Қ ы з ы л о р д а су тораптарындағы судың жылдамдығы б ой ы н ш а а н ы қ т а п о т ы р е к ен. Сондықтан да күн күрт жылынып кетпесе, ақпан айының соңына дейін мұз бұзыла қоймауы мүмкін. Осыған дейінгі жауған қар көлемі де орташа – 3-4 см. «Мониторинг мақсатында дронды пайдалану – әкімдіктің былтырғы жылдан бері қолға алған бастамасы. Оның тиімділігіне көзіміз әбден жетті. Сондықтан біздің қызметте де қажет-ақ дүние. Әсіресе, далалық жағдайдағы іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде. Қазір мұз қатып тұрған соң жағдай тұрақты ғой. Әуеден жасаған барлау жұмыстарының бейнежазбасы сақталып тұрады. Ертең су тасыған кезде бұл құрылғының қажеттігі арта түседі. Сол кезде қажет кезінде жазбаны қарай отырып, шешім қабылдайтын боламыз», – дейді Еркін Назарқұлов. К ү н і не о н ш а қ ы р ы м ғ а д ей і н аумақты шолып шығатын арнайы топ негізгі назарды қауіпті деген 5 учаскеге салып отыр. Күн күрт жылитын болса, мұз жару жұмыстарына да сақадай сай. Бірақ, негізгі мақсат – тек аудан көлемінде ғана емес, жалпы ағыстың төменгі бөлігіндегі аудандарға да зардап келмегені.

МАРАПАТ

е-mail: nastraje@mail.ru ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Тосын шабуылға тойтарыс

Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласының сыртында орналасқан жанармай құю стансасының павильонына тапаншамен қаруланған бетперде киген ер адам баса-көктеп кіріп келді. Абайсызда келген адамның бұл әрекетіне қарап қалмаған күзет қызметкері самбо әдістерін қолданып, оны еденге құлатты. Ал, кассир дабыл тетігін басып үлгерді. Санаулы минуттардан кейін оқиға орнына жеке күзет ұйымының жылдам қимылдайтын экипажы келді. Ал, полицияның кешенді күштері ғимаратты қоршап шоғырланды.

Ондаған полиция қызметкері мен жеке күзет құрылымдарының жауынгерлері қатысқан бұл әрекеттер оқу-жаттығу іс-шарасының сценарийі аясында өткізіліп отыр. «Күзет агенттігі бұл оқиға туралы «102» пультіне хабарлап, жедел-тергеу тобы келді. Барлығы да уақытылы жетті. Осы сынды сабақтар күзет құрылымдарының және мобильдік топтардың, жол-патрульдік полиция батальонының жұмысын жетілдіру үшін, оларды тексеру үшін алдағы уақытта да өткізілетін болады», – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Самал Қасенова. Полиция қызметкерлерінің атап өткендей, күзетшілер өздерінің объектілерінде кез келген уақытта кенеттен болатын жайттарға дайын болулары тиіс. Жоспарланбаған жаттығу жұмыстары кемшіліктерді анықтауға және жиынға қатысатын барлық қатысушылардың әрекетін тағы бір пысықтауға мүмкіндік береді. Қуанышқа орай, қылмыскердің бұл шабуылы жай ғана жаттығу. Жалпы, солтүстікқазақстандық күзетшілер өздерінің кәсібиліктерін көрсетуде. Жаңа жылдың алдында қала шетіндегі жанармай құю стансасына 31 желтоқсан күні жасалған қарақшылық шабуылды мысалға келтірсе де жеткілікті. Абырой болғанда, сол күні шабуыл жасаушылар кассадан ештеңе алып кете алмады. Бұл жолы күзетші сауатты әрекет жасады. Жылдың басынан облыс аумағында жеке күзет құрылымдары қызметкерлерінің қатысуымен 5 қылмыс ашылып, 89 құқық бұзушылық анықталды.

Ізгі іс игілігін тапты Ербол ƏМІРХАСЕНОВ, Өскемен қаласы

Биылғы қаңтар айында қыс қаһарына мінді. Бет қарыған аязды күндер бір аптаға жуық Өскемен қаласының жұртшылығын әуреге салды. Бірінің қоғамдық көлікті күтіп, аялдамада дірдектеп тоңып жұмысқа қатынауы қиындаса, енді бірінің көлігі аязға сыр беріп, көшеде қалып қойғаны қақаған суықтың жеңіл тимегенін айқындайды. Беті-қолдарын үсік шалып, қалалық ауруханалардың еміне жүгінгендер қаншама.

Гаухар есімді азаматша күнделікті уақытта үйінен шығып, кішкене қызын жетектеп аялдамаға бет алады. Жолшыбай баласын балалар бақшасына қалдырып, өзі жұмысына бармақшы. Далада аяз, шамамен -3540 градусты көрсетіп тұр. Алтайдың таңғы ызғары бойды қарып барады. Қырсыққанда күнделікті жиі ағылып жататын автобус та көрінбейді. Сықырлаған аяздың салдарынан қоғамдық көліктердің жұмысқа шықпай қалғанынан Гаухар бейхабар еді. Бар ойы – қасындағы кішкентай Аружанды тоңдырып алмау. Осылай автобустан үмітін үзе бастаған сәтте олардың жанына полиция көлігі

келіп тоқтай қалды. Қала көшелерін патрульдеп жүрген бұл экипаждың не себепті тоқтағанын аялдамадағы екеу түсінбей, бастапқыда абыржып қалды. Көліктен тәртіп сақшылары шығып, бұлардан қай жаққа бет алғандарын сұрастырды. Мән-жайға қаныққан полицейлер аязда көп тұрғанның қауіпті екенін ескертіп, баратын жерлеріне жеткізіп салатындарын айтқанда барып Гаухардың көңілі орнына түсті. Қоғам тыныштығымен қатар адам өміріне араша болып жүретін тәртіп сақшыларының қамқорлықтары арқасында Гаухар мен қызы Аружан аман-есен жылы орынға жетіп алды. «Қыран-64» патрульдік экипажы

әдеттегідей өз бағыттары бойынша қала көшелерін қадағалауға кірісті. Қаңтардың бет қаратпас сарышұнақ аязының қайтар түрі жоқ. Көшелерде адам аяғы сирек, көліктердің де қарасы бірен-саран. «Дем алысы үскірік аяз бен қар, кәрі құдаң қыс келіп әлек салды» деген Абай атамыздың өлең жолдары Өскеменнің дәл қазіргі ауа-райына арналған секілді. Жан-жағын жіті бақылап келе жатқан «қырандықтардың» назарына жол бойындағы дүкеннің қасында капоты ашық тұрған автокөлік ілінеді. Не де болса «кәрі құда» қыстың әлегі бұл көліктен де айналып өтпеген сыңайлы. Көмек көрсету мақсатында көліктің жанына келіп тоқтап, жүргізушісінен қуат беретін құрылғысының істен шыққанын біледі. Дереу іске кіріскен тәртіп сақшылары құрылғысын іске қосып, көлікті оталдырып берді. Бұл жазылғандар тек бір-екі мысал ғана, ал бір апталық аязды күндері полиция қызметкерлері тарапынан қарапайым қала тұрғындарына қатысты қаншама игі іс атқарылды. К ө м е к қ о л ы н со з ғ а н қ о ғ а м тыныштығының күзетшілеріне деген ризашылықтар мен алғыстар әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке жеткізіліп жатты. Игі іс еленбей қалушы ма еді?! А қ п а н а й ы н ы ң 6 - д а Ө с к е м ен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев аязды күндері қайырымдылық танытқан қала тұрғындарын әкімдікке арнайы шақырып, салтанатты түрде алғыс хаттарын табыстады. Олардың арасында Өскемен қалалық Ішкі істер басқармасы Жол-патрульдік полициясы батальонының 6 бірдей экипаж құрамы, яғни 12 полиция

қызметкері марапатқа ие болды. Атап айтсақ, полиция лейтенанттары Мейір Күдерин, Эльдар Ерланов, Ернар Есімханов, Арман Ахметжанов, Алмас Биекенов, Дидар Ғадылбеков, Дәурен Жанұзақов, Дәурен Жықбаев, Ерасыл Мендешов, Нұрлан Тұрабаев, Олжас Такиров халқы үшін аянбай қызмет етуге даяр жалындаған жас полиция қызметкерлері екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Өз сөзінде шаһар басшысы өскемендіктердің қауіпсіздіктері үшін барлық қолдан келер жағдай жасалатындығын айтып өтті. «Қазақ халқы ежелден қонақжай да қайырымды, қарапайым халық. Біз туған елдің төсінде ешкімді де жерде қалдырмаймыз, керісінше қамқор болуға тырысамыз. Өз басым өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ та осы үрдісті жалғастырады деген сенімдемін», – деген Қуат Тұмабаев жұртшылықтың полиция қызметіне де әрқашан мұқтаж екенін баса айтты. – М е м ле к е т і м і з д і ң а л д ы н а қойылған басты міндеттерінің бірі – азаматтардың қалыпты тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды төтенше жағдайлардан сақтау болып табылады. Конституцияның бірінші жолдарында адам, оның өмірі,

құқығы мен тәуелсіздігі еліміздің ең басты байлығы делінген. Сол себепті біз де мемлекет қызметкері ретінде адам өмірін кез келген қауіптен сақтап қалуға міндеттіміз, – деді алғысқа бөленген жас лейтенанттардың атынан сөз алған Мейір Күдерин. А д а м б ой ы н д а ғ ы е ң а с ы л қасиеттердің бірі – қайырымдылықты әркім әрқалай көрсетеді. Бірі мінезімен, енді бірі игі ісімен, үшіншісі қомқорлығымен. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын көресің» деген ұлағатты сөзді құлаққа құйып өскен ұрпақпыз ғой. Қолынан келгенше көмегін жасап, қысылтаяң шақтарда шарапатын төгіп жүрген жандар аз емес. Сол жандардың бірі – полиция қызметкерлері. Ақиқатына жүгінсек, кейбір жандардың ұғымында полиция қызметкерлері, әсіресе, жолпатрульдік полицейлері тек айып салу мен жазаға тартуды ғана білетіндер деген жаңсақ пікір қалыптасқан десек, жалған айтпаған болар едік. Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуда қаталдық танытатын құқық қорғау органдарының қызметкерлері қиын-қыстау уақытта қайырымдылық та көрсететінін қарапайым халықтың ұмытпағаны абзал.


ЖОЛДАУ ЖОЛДАРЫНАН №12 (4370),№сейсенбі, 13.02.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

5

Жарқын болашаққа сенімді бағыт Он міндетті талқылады Əлібек СЕРƏЛИЕВ, Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор

А. ҚАРАБЕКОВА, Ақмола облысы

Жуырда «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 26-МӨСБ мәжіліс залында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі А. Советов пен «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтің қатысуымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына арналған кездесу өтті.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық тыныс-тіршілігіндегі күрделі және өзекті мәселелерді көтеруімен аса құнды. Онда Қазақстанның жаңа кезеңдегі дамуының 10 басым бағыты айқын көрсетілген. Алдымен, индустрия лан дыру – жаңа технологияларды ен гізу дің көшбасшысына ай налуы тиіс, бұл елімізге ауадай өте қажет. Иә, уақыт қандай ұшқыр десеңші! Күні кеше компьютерге, ұялы телефонға елең етіп, таңданып едік, енді заманауи құ рал-жабдықтардың нағыз «көкесімен» танысып, білудеміз. Қоғамды, ө н д і р і с т і , т ұ р м ы с ы м ы з ды ж а ңартудағы жаһандық тренд – цифрландыруды да игермекпіз. Әлем дік дамудан тысқары қалмай, 2050 жылға қарай бәсекеге қабілетті ең мықты 30 елдің қатарына қосылу бағытын Елбасымыз өте сенімді түрде межелеп беріп отыр.

Тағы бір ерекше тоқталар т ұ с – Ж о л д а у А с т а н а д а ө т к ен ЭКСПО-2017 көрмесінің толайым табыстарын да қаперге салып отыр. Баламалы, «таза» энергия саласындағы дамудың қаншалықты қ а р қ ы н д ы е к ен і н с е з і не к е ле еліміздегі баламалы энергия үлесін барынша арттыру міндетін қозғады. Демек, еліміз серпіліп, түлей түседі. Агроөнеркәс іп кешенін жаңа технологиялық сатыға көтеру, ада ми капиталдың жаңа сапасы, келешегіміздің бесігі – мектеп мұғалімінің беделін көтеру, біліктілігіне сай оның жалақысын арттыру, бәрібәрі де жаңа Жолдауда тайға таңба

ДЕРЕК пен ДƏЙЕК Тағы бір ерекше тоқталар тұс – Жолдау Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесінің толайым табыстарын да қаперге салып отыр. Баламалы, «таза» энергия саласындағы дамудың қаншалықты қарқынды екенін сезіне келе еліміздегі баламалы энергия үлесін барынша арттыру міндетін қозғады. Демек, еліміз серпіліп, түлей түседі. Агроөнеркәс іп кешенін жаңа технологиялық сатыға көтеру, ада ми капиталдың жаңа сапасы, келешегіміздің бесігі – мектеп мұғалімінің беделін көтеру, біліктілігіне сай оның жалақысын арттыру, бәрі-бәрі де жаңа Жолдауда тайға таңба басқандай өрнектелген.

басқандай өрнектелген. Кең байтақ ортақ шаңырағымызда игі істер арнасы кеңи береді, жұртымыздың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтеріледі, міне, жарқын тағдырымыздың жарық жолы бұл. Біз, ұландықтар, әрқашан да Елбасымен біргеміз. Ел үшін экономикалық және саяси әлеуметтік дамумен бірге рухани дамудың да маңызды екенін жақсы білеміз. Ең бастысы – «Қазақстан-2050» стратегиясы нұрлы болашақтың бағдаршамын айқындап бергені ақиқат. Мәңгілік ел болу – өз қолымызда. Тек бірлік, ынтымақ, Отанға деген патриотизм бізді биік шыңдарға жеткізеді. Елбасының халыққа арнаған Жолдауынан мақсатымыз анық, болашағымыз нұрлы, әл-ауқатымыз жақсы болатынына сенімім кәміл.

Жас сақшыларды тəрбиелеу – ардагерлеріміздің асыл парызы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақстандықтарды тарихқа үңіліп, ұлттық сананы көтеріп, еліміздің өркениетті мемлекеттер қатарында болуына атсалысуға шақырған. Ішкі істер органдарында жас сақшыларды жұмыстың қырсырын меңгеруге ақыл-кеңесін беретін ардагерлеріміздің алар орны айрықша. Осыған орай Мойынқұм аудандық ІІБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция майоры Темірхан Есбергеновке жолығып, сұхбаттасқан едік.

– Темірхан Жайлауұлы, әр жылдары полиция қатарында уақытпен санаспай қызмет атқарған біраз әріптестеріңіз бүгінгі күні зейнет демалысына шыққаны белгілі. Олар бүгінде Ардагерлер кеңесі қатарында. Бүгінде ауданда қанша сақшы ардагеріміз бар? – Жалпы Жамбыл облысы бойынша зейнетке шыққан полиция қызметкерлері 3360 адам. Біздің Мойынқұм ауданында 62 зейнеткер бар. – «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген даналық сөзі бар. Қайтыс болған әріптестеріңізді жиі еске алып тұрасыздар ма? – Жамбыл облыстық ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы, полиция полковнигі Өрнекбай Смайлов, оның орынбасары, полиция полковнигі Сейдахан Мұстафин көпті көрген, іс-тәжірибесі мол азаматтар. Қайтыс болған қызметкерлердің үйіне өздері бастап барып, туған-туыстарына көңіл айтып, материалдық көмектерін беріп тұрады. 2017 жылы Жамбыл облыстық ІІД Ардагерлер кеңесінің шешімімен әр

жылдың 12 қарашасы «Ішкі істер органында қызмет атқарған уақытында жарақат алған және қайтыс болған азаматтарды еске алу күні» болып белгіленді. 2015 жылы Мойынқұм аудандық Ішкі істер бөлімінің құрылғанына 50 жыл толуына байланысты қылмыскерлердің қолынан ерлікпен қаза тапқан Бекберген Амантаевқа арнап аудандық ІІБ кеңсесінің алдына ескерткіш тақта орнатылды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері О. Ағыбаев, М. Нұрғожаев, марқұм әріптестеріміз Б. Күзембаев, С. Уманов, М. Жогиев, Ғ. Имақов, Саденов, Б. Іңкәрбеков, т.б. отбасымен дастарқан басында бас қосып, қасиетті Рамазан айында Құран оқытып, рұхтарына бағыштадық. Әріптестерімізді еске алып отыру – азаматтық парызымыз. – Ө т к ен ж ы л ы а т қ а р ғ а н жұмыстарыңызға тоқталсаңыз? Соның ішінде, жас мамандарды тәрбиелеуге қандай үлес қосып келесіздер? – Қазақстан полициясының 25 жыл толуына байланысты Ардагерлер

кеңесінің 10 отырысы өтіп, әртүрлі мәселе талқыланды. 13 ардагеріміз арнайы медальмен, 12-сі Құрмет грамотасымен марапатталса, 75 жасқа толған Аманов Мадиярдың үйіне арнайы барып, иығына шапан жауып, 50 мың теңге көлемінде сый-сияпат жасалды. ІІМ-нің 2009 жылғы 11 шілдедегі бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының ішкі істер органындағы тәлімгерлік туралы» ережесіне, сондай-ақ, Жамбыл облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Т.С. Маткеновтің арнайы нұсқауы бойынша әр қала, ауданда тәлімгерлік кеңестері құрылған. М ой ы н қ ұ м а у д а н д ы қ І ш к і істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі М. Жаманқұлов, оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Д. Садуов бізбен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеді. Жаңадан қатарға қосылған полиция қызметкерлерінің ант қабылдау рәсімі үнемі біздің қ а т ы с у ы м ы з б ен ө т і п к е ле д і . А р д а г е р ле р і м і з Б . Б е к б о л т а е в , Ш. Бегалиев, Ж. Шубаев, Т. Қуанышбаев, Е. Кемалов, Т. Рахимов, А. Көшербаев, А. Райымбеков, Б. Көшенов, М. Мұқашев, Р. Мұқаева, т.б. алтын уақыттарын бөліп кейінгі буын әріптестеріне іс-тәжірибесін, жұмыстың қыр-сырын үйретіп, ақылкеңестерін айтудан жалыққан емес. Бұл ардагерлерімізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Жас буын полицейлерді т ә р б и е леу – а р д а г е р ле р і м і з д і ң адамгершілік парызы. – Әңгімеміздің соңында бүгінде қ о ғ а м д а к е ң і нен т а л қ ы л а н ы п жатқан Елбасымыздың биылғы Жолдауына қатысты ойыңызды білсек. – Бұл Жолдаудың ел ертеңі үшін бағасы жоғары. Мен Елбасымыздың барлық бастамасын қолдаймын. Өйткені, ол кісі тәуелсіздік алған жылдардан бері қандай істі бастаса да, елімізді тек жеңістерге бастап келеді. – Сұхбат бергеніңізге рахмет! Сұхбаттасқан Қияқбай ТӨРТБАЕВ

Шараға Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке қ ұ р а м ы ж ә не в е д о м с т в о л ы қ бағынысты бөлімшелері қатысты. Алғы сөзінде А. Советов: «Елбасының Жолдауында Мемлекет басшысы жаңа экономикалық с а я с а т т ы ң не г і з і н – е л і м і з д і ң инфрақұрылымды дамыту жоспарын анық көрсетті, біз Елбасымыздың алға қойған мақсаттары арқасында өміріміздің сапасын жақсартамыз және дамытамыз», – деді.

Ғ. Бекмағамбетов елде жүзеге асырылатын 10 не г і з г і м і н д е т т і е г ж ей - т е г ж ей түсіндіріп, әрқайсына маңыз б е р і п т о қ т а л ы п ө т т і . К е з д е су со ң ы н д а д е п а р т а м ен т б а с т ы ғ ы А. Советов «Нұр Отан» партиясы А қ мо ла о блы ст ық ф илиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ . Б е к м а ғ а м б е т о в к е П р е з и д ен т Н. Назарбаевтың Жолдауын түсіндіруге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Ұлы мақсаттар жолында Елордалық Ішкі істер департаментінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Жолдаудың негізгі бағыттарын талқылауға Астана қалалық ІІД басшылығы мен жеке құрамы, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының өкілдері қатысты. К е з д е су г е ш а қ ы р ы л ғ а н « Н ұ р Отан» партиясы ақпараттықнасихаттау тобының мүшесі, академик, профессор, философия ғылымдарының докторы Қазбек Қазкенов «Мәңгілік ел» деген жалпы ұлттық идеяның үш негізгі ойын бөліп түсіндірді. «Біріншісі – «Біз ешкімнен кем емеспіз». Екіншісі – Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!»

деген идеясы. Қазіргі заманның сөзімен айтқанда «Рухыңды көтер, қазақ!» дегенді білдіреді. Үшіншісі – «Тек қана алға!» Өз мақсатыңа қол жеткіз, стратегиялық ойыңды жүзеге асыр», – деді ол. Кездесу барысында индустриалдық, ресурстық және а г р о ө н д і р і с т і к ә леуе т т і , ү з д і к д ен с а у л ы қ с а қ т а у д ы , с а п а л ы еңбекпен қамтуды және әлеуметтік қамтамасыз ету және білімнің адал жүйесін дамытуға назар аударылды. Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі

Жаңа дəуірге қадам Н. АШЫҚБАЕВ, Павлодар қаласы

Таяуда Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру жұмыстары аясында ІІМ Оқу орталығының арнайы бастапқы оқу курсының тыңдаушылары Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар бірлестігінің үйлестірілген кеңесінің төрағасы Элина Паулимен кездесті. Кездесу барысында облыстық мәслихаттың депутаты Э. Паули Оқу орталығының тыңдаушыларына Президенттің Жолдауында атап өтілген негізгі он басым бағытын таныстырып, Павлодар облысы бойынша атқарылған жұмыс туралы айтып өтті. «Мемлекеттің барлық басты табысы, бүгінгі және болашақ жетістігі – біздің ұлтаралық бірлігіміздің жемісі, ынтымақтастығымыздың көрінісі болмақ. Бұл біздің басты құндылығымыз, басты игілігіміз, біз оны сақтауымыз керек», – деп ерекше атап өтті өз сөзінде Элина Сергеевна. Оқу орталығының тыңдаушылары өз кезегінде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын қолдайтындарын, алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін әрбір азаматтың қатысуы маңызды екендігін айтты.


6

ДИНАСТИЯ №12 (4370),№ сейсенбі, 13.02.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

е-mail: nastraje@mail.ru

Қазақ халқына құрметі зор Юсуп Нұрболат ӨМІРЗАҚОВ, Жамбыл облысы

Юсуп Бешлиоғлы ағаны мен ең алғаш рет осыдан он жыл бұрын таудағы өрт оқиғасы кезінде көрдім. Әскери тәртіпті қатаң ұстанатын, әр ісіне ерекше жауапкершілікпен қарайтын, орта бойлы, келісті кісі болатын. Рациямен өрт сөндірушілерге тапсырма беруі де нақты әрі бөлімшені басқару қабілеті де өте сауатты еді. Сонда мен «өрттің дәл ортасында жүріп, басшылық ететін мұндай өз ісінің мамандарынан үйренеріміз көп екен ғой» деп ішімнен ой түйгенім бар. Қарауылдағы жігіттер «Юсуп тексеріп келе жатыр» дегенді естігенде өре түрегелетін. Себебі, ол кісінің талап үдесінен шығу – тек екінің бірінің ғана қолынан келетін. Жүрген жерінде өрттегі шешуші бағыттан бастап Өрт сөндіру жарғысының қажетті пункттері бойынша тиісті сұрақтарға дейін қойып, керек десеңіз өрт сөндіру әрекеттерін тәжірибелік тұрғыдан жасатып, соңынан өзі бағалап, қарапайым тілмен мысалдар келтіре отырып, бүге-шігесіне дейін түсіндіруден еш жалықпайтын. Ж а м б ы л о б л ы с ы н д а Ю су п қатыспаған өрт кемде-кем шығар. Өйткені, табиғи және техногенді сипаттағы, тұрғын үйлердегі өрт оқиғалары мен түрлі деңгейдегі апаттық-құтқару жұмыстарының басы-қасынан осы бір азамат қылаң беретін. Міне, еліміздің болашағы үшін бойдағы барлық күшін сарп етіп, жемісті еңбек еткен Юсуптай ағамыз жайлы, азын-аулақ мақала жазбақ ниетімді білдіріп қоңырау шалғанымда ол еш қарсылық танытпастан келісімін беріп, ертеңінде-ақ Өрт сөндіру мекемесінде жолығыстық. Қақпадан кірген сәтте жан-жағына көз салған ол бұрын өзі қызмет еткен жылдары өртке шығып келген соң есік алдындағы гидранттан өрт сөндіру көліктеріне қалай су толтыратындарын еске алып, ал қазір ол жер керемет гүлзарға айналғанына таңданысын жасырмады. Ал өрт

және қал-қадерімше еңбек ете де бермекпін» деп ағынан жарылады ол бүгінде. Түрлі ұлттар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда мамыражай, бақытты ғұмыр кешіп келе жатқан Қазақстандай бейбітсүйгіш ел Юсуптің де сүйікті Отанына айналған. Ол 1965 жылдың 28 шілдесінде Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысындағы Абай ауданында дүниеге келген. Сонда жүріп жоғарғы сыныптарда отбасымен Жамбыл облысына қоныс аударып, одан әрі облыс орталығы Жамбыл қаласындағы №33 училищені тәмамдайды. Ал 198486 жж. Ресейдегі Владимир облысына қарасты Ковров қаласында әуе күштеріне қарсы қорғаныс әскерінің қатарында Отан алдындағы борышын өтейді. Әскерден оралған жас жігіт алғашқы еңбек жолын Жамбыл қаласындағы жылу гидро-электр бекетінде слесарь болып бастап, 1986 жылы әкесінің нұсқауымен осы қаладағы №61 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне өрт сөндіруші б о л ы п ж ұ м ы с қ а о р н а л а с а ды . Талапты жігіт бір жылдан кейін-ақ бөлімше командирі атанып, одан әрі осы саладағы білімін жетілдіре түсу ниетімен 1988 жылы Алматы қаласындағы Өрт-техникалық училищесіне оқуға түседі. Алдына қойған мақсатына жетпей тынбайтын, бойында тау халықтарына тән қызу қаны бар, өр мінезді қайсар жігіт

ДЕРЕК пен ДƏЙЕК Жалпы бұл салада 25 жылдан астам қызмет атқарған Юсуп Бешлиоғлының қанша өртке шығып, неше жанның өмірін арашалағанын өзге түгілі өзі де санап бере алмас, сірә. Тек бір ғана нәрсе айқын: ол осынау бір азаматтың артында салиқалы ұрпақ қалдырып, өзі туып-өскен еліне адал қызмет ету секілді асқақ арман болатын. Ал Юсуп сол арманына жетті десек, қателесе қоймасымыз анық. Ол 25 жылдан астам өрт сөндіру саласында жемісті еңбек атқарып, зейнетке шықса да, қол қусырып отыруды жөн санамай, бүгінде «Fire Sofety» ЖШС-де Қазмұнайгаз өнімдері мұнай базасын өрттен қорғау жөніндегі ұйымда басшылық қызмет атқарып келеді. одан әрі ауладағы газ толтырылған 60 тонналық бөшкелер жарылысына ұласып, 5-6 үйді жалын жалмайды. Кісі шығыны да болса керек. Дегенмен, Юсуп бастаған өрт сөндіру жасағы оқиға орнына келген мезеттен іске кірісіп, өрттің өзге аймаққа таралуының алдын алады. Міне, осындай қауіп-қатерге толы өрт оқиғаларын басынан өткізген Юсуп әуежайдағы, мұнай базасындағы өрттерді де еске алды. Соның барлығында өзімен бірге тізе қосып, өртке бірге кіруден тайсалмайтын «сен тұр, мен атайын» дейтіндей мықты жігіттердің иық тірестіре қатар жүргендігін тілге тиек етті. 1995 жылы Тараз қаласының 1

шағын ауданы, 21 үйден өрт шығып, пәтерлер қалың көк түтінге оранғанда Юсуп бастаған өрт сөндірушілер әлгі оқиға орнынан 15 адамды құтқарып, қауіпсіз орынға шығарады. Өрт сәтті сөндіріледі. Ол өзінің айтуы бойынша, өрт сөндіру саласына алғаш қадам басқанда қызметтің қырсырын үйретіп, қанатының астына алған, тіпті өрт кезінде тосыннан құлаған құрылыс нысанының астынан арашалап қалған Қуаныш Шеңгелбаев, Шекербек Оразбаевты ешуақытта ұмытпақ емес. Сондайақ, Юсуп олардан өзге де тілсіз жаумен тізе қосып, айқаста қатар жүрген жандарды сағына еске алады. Олардың қатарында бөлімше

командирлері Әбен Серікбаев, Юрий Ерфурд, Қанжар Тоқтоғұлов бар. Юсуп бүгінде төтенше жағдайлар саласының құрметті ардагері атанған Жуаныш Күзембаев пен марқұм Вячеслав Дунидинді өзінің қызметтегі тәлімгері ретінде санайды. Ал Юсуптың өзінен тәрбие көрген шәкірттері бүгінде ел ағасы атанып, халықтың алғысын арқалап келеді. Олар Бекмұрат Сұрабалдиев, Берік Дүйсембеков және тағы басқалары. Жалпы бұл салада 25 жылдан астам қызмет атқарған Юсуп Бешлиоғлының қанша өртке шығып, неше жанның өмірін арашалағанын өзге түгілі өзі де санап бере алмас, сірә. Тек бір ғана нәрсе айқын: ол осынау бір азаматтың артында салиқалы ұрпақ қалдырып, өзі туып-өскен еліне адал қызмет ету секілді асқақ арман болатын. Ал Юсуп сол арманына жетті десек, қателесе қоймасымыз анық. Ол 25 жылдан астам өрт сөндіру саласында жемісті еңбек атқарып, зейнетке шықса да, қол қусырып отыруды жөн санамай, бүгінде «Fire Sofety» ЖШС-де Қазмұнайгаз өнімдері мұнай базасын өрттен қорғау жөніндегі ұйымда басшылық қызмет атқарып келеді. Сондай-ақ, Юсуп ауылының белсенді де беделді ақсақалдарының қатарында. Салихат, Жұмагүл есімді екі қызын тұрмысқа берген ол Рукиядай сүкімді қызының қылығына тоймай күн кешуде. Ал жалғыз ұлы Анзор жоғарыда айтып өткеніміздей әкесінің жолымен қадам басып, өрт сөндіруші атанып, халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Ол да бүгінде отбасын құрып, өмірден өз жолын тапқан жандардың қатарында. Жалпы төтенше жағдайлар саласында өзінің ізін қалдырып, өрт сөндірушілер әулетін жалғастыруға үлес қосып, өз ісінің майталманына айналған Юсуп секілді қырандай алғыр жігіттер қазаққа қашан да артықтық етпейді. Ендеше Юсупқа біз де өз тарапымыздан егемен еліміздің гүлденуі жолында аянбай төккен маңдай теріңіздің жемісін көріп, әдемі қартайыңыз дегіміз келеді.

Əке жолын жалғастырған сөндіру саласын ұзақ жыл басқарып, бірнеше өрт сөндіру бөлімінің ашылуына тікелей ұйытқы болған Исабай Ахметбековтің ескерткіш тақтасына келгенінде ерекше тебіреніспен гүл шоқтарын қойып, бас иіп, тағзым етті. Өзімен бірге ере келген, әке жолын қуып өрт сөндіруші атанған ұлы Анзорға да ол Исабай Ахметбеков жайлы қысқаша әңгімелеп беруді естен шығармады. Юсуптің әкесі Сапар Бешлиоғлы Г р у з и я е л і нен, а л а н а с ы Л и з а Хаджиева Кавказдан қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстанның Шардара ауданы, Абай ауылына келгенінде бір-бірімен танысып, осылайша түрік азаматы мен балқар аруының некесі Қазақстанда қиылған. «Ол бір нәубет жылдар болса керек, баспана түгілі бас қайғы, бір үзім нанға зар болған сонау 1946 жылдардың қиын-қыстау кезеңінде өзі ашқұрсақ болып жүрсе де, аузындағысын өзгеге жырып бере білетін қасиетті қазақ еліне өлеөлгенше алғысын жаудырып кетіп еді марқұм әкем», – деп Юсуп бұл күнде асқар таудай әкесін сағынышпен еске алады. «Зобалаң уақытта қазақ азаматтары менің әке-шешемді бөгде деп бөтенсінбей, қайта іш тартып демеу бергенінің арқасында, міне, осындай дәрежеге жетіп отырмын. Айналайын, қазақ еліне мың да бір алғыс! Міне, мен сондықтан да «сыйға – сый, сыраға – бал» демекші, Қазақстан үшін абыройлы еңбек етуге тырыстым

дегеніне жетіп, 1993 жылы өзінің алғашқы офицерлік лейтенант атағын иеленіп, қарауыл бастығы лауазымына орналасады. Мұнан әрі қызмет бабында өзінің ерекше ынта-жігерімен көзге түскен Юсуп Кезекшілік өрт сөндіру қызметіне өрт сөндіру жетекшісінің о р ы н б а с а р ы л а у а з ы м ы н а д ей і н көтеріліп, аталған лауазымда тапжылмай 11 жыл жемісті еңбек етіп, зейнетке шығады. Ол біздің өтінішіміз бойынша өзінің қызмет атқару барысында түрлі сипаттағы өрт оқиғаларымен бетпе-бет ұшырасқан отты жалдар оқиғаларынан сыр шертуге қарсы болмай, бір-екеуін баяндап та берді. «Қайсыбірін айтайын» деп әңгімесін ұяң бастаған Юсуп ағамыз ең алғаш рет жұмысқа қабылдану үшін комиссия мүшесінің төрағасы болып отырған Исабай Ахметбекұлының а л ды н а н ә ң г і м е ле су д ен ө т к ен і н еске алды. «Ол кісі сырттай сұсты болып көрінгенімен, тілдесе келе жан-дүниесі өте нәзік, адам жанын түсіне алатын ерекше қасиеті бар, қажет кезінде адуынды адамға да айнала алатын, кісіге сөзін өткізе алатын, жан-жақты азамат еді. Ол кісіден менің үйренгенім өте көп», – деп ол әңгімесін жалғай түсті. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына да көп жыл өтпей-ақ, 1993 жылдар шамасында Жамбыл қаласы, Западная көшесіндегі бір үйдің ауласында тұрған газ тасымалдайтын автокөліктің газ баллоны жарылып,

«Ішкі істер органдарында бір отбасынан екі, үш және одан көп мүшесі қызмет ететін полицейлер отбасыларында патриотизм, ар, қызметтік борыш секілді түсініктер шынайы көрініс табады. Ұрпақ сабақтастығы жалғасқан әулеттерде антқа берік болу, мамандыққа адалдық бала кезден орнығады. Мұнда әкеден балаға жоғары адамгершілік құндылықтар беріледі», – дейді Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлінісінің бастығы, полиция подполковнигі Мұрат Юлдазбаев. Мұндай отбасыларда өскелең ұрпақ жас кезден-ақ болашағын әке жолымен, әке мамандығымен байланыстырады және Юлдазбаевтар династиясы – сөзіміздің айғағы. Полиция қызметкері, Ақтөбе стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлінісінің бастығы, полиция подполковнигі Мұрат Юлдазбаев 1981 жылы дүниеге келген. Оның әкесі Батырғалей Кәрімұлы ішкі істер органдарына өмірінің 30-дан астам жылын арнаған. Ол 2003 жылы Көліктегі Батыс ІІД Кадр бөлімінің бастығы лауазымынан құрметті демалысқа шыққан болатын. Зейнеткерлікке шыққан соң да жас қызметкерге тәлімгер бола білді және кадр жұмысы қызметіне әдістемелік, практикалық көмек жасаған ардагер. Полиция подполковнигі Мұрат Юлдазбаев ішкі істер органдар ы н д а 1 9 9 8 ж ы л ды ң қ ы р к ү йе к айынан бастап қызмет атқаруда. Ақтөбе заң колледжін аяқтаған соң, алғашқы қадамын сол кездегі Көліктегі Батыс ІІД-да Жеделкриминалистикалық бөлімде криминалист болып бастаған. 2001 жылы жас қызметкер Атырау стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының Есірткі бизнесіне

қарсы күрес бөліміне жедел уәкіл қызметіне тағайындалды. Ал 2002 жылы наурыз айында ол Ақтөбе стансасындағы Ішкі істер желілік бөліміне ауыстырылды. Нәтижелі жұмыстары үшін небәрі 23 жасында, яғни 2004 жылдың тамыз айында аталған бөлімнің Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлінісінің басшысы лауазымына тағайындалды. 2005 жылдың қазан айында жас та болса өте білікті Мұрат Юлдазбаевтың жедел жобалауы бойынша резонансты қылмыстық топтың жолы кесілді. Атап айтқанда, ұзақ уақыт бойы Ақтөбе қаласында есірткі өнімдерін

сатумен айналысқан сыған ұлтының В. есімді сол кездегі ең ірі «есірткі сатушының ісі» тоқтатылып, жабылады. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында мөлшерленіп қапталған 3 0 0 г р а м м г е р о и н т ә р к і лене д і , нәтижесінде қылмыскер 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сол кездегі басшы, қазіргі генерал Қайрат Тыныбековтің басшылық етуімен 2007 жылы қылмыстық топтың жолын кесу мақсатында жедел жобалау әзірленеді, нәтижесінде аталмыш қылмыстық топтан 3 келіге жуық героин есірткі заты тәркіленіп алынады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2007 жылы полиция подполковнигі М. Юлдазбаев Көліктегі Батыс ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жобалау бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Қазіргі таңда Мұрат өз қызметінде кәсіби шыныққан білікті маман, Юлдазбаевтар полицейлер династиясының жалғастырушы ұрпағы. Оның тікелей қатысуымен Ақтөбе облысы арқылы өтетін барлық бағыттағы жолаушылар пойыздарында ірі және аса ірі салмақта есірткі өнімдерінің тасымалдау арналары анықталып келеді. Өткен жылдың 5 айы ішінде 3 кг 665,11 грамм әртүрлі есірткі заты тәркіленсе, оның 3 кг 416,14 грамы «гашиш» және 248,97 грамы «марихуана» екені анықталғаны белгілі. Саналы өмірінің бір бөлігін қызметке арнаған жан үшін балаларының әке жолын қуғаны да зор бақыт. Ақтөбе стансасындағы ІІЖБ


СПОРТ №12 (4370),№сейсенбі, 13.02.2018 sakshy@mediaovd.kz 93 (3970), четверг,е-mail: 19.12.2013

ПХЕНЧХАН-2018

Алғашқы медальді динамошы әперді Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Динамолық фристайлшы қызымыз Юлия Галышева могулдан үздіктер үштігін бекітіп, қола медаль тағынды.

Финалда бірінші-екінші мүмкіндіктерінде 75.10 ұпай жинап, 7-орынға табан тіреген Юлия шешуші кезеңде үздік көрсеткіш көрсетіп, 3-орынға орнықты. Бұл сайыс түрінде француздық Перрен Лафонт (78,65 ұпай) олимпиада чемпионы атанса, канадалық Жюстин ДюфуаЛапуант (78,56 ұпай) күміс жүлдегер болды. Осылайша, Юлия Галышева 77.40 ұпаймен Қазақстан қоржынына тұңғыш медальды салды. 25 жастағы Галышева карьерасында осымен үшінші Олимпиадаға қатысып отыр. 2010 жылы Ванкуверде ол 11-орын, 2014 жылы Сочиде жетінші орын алған болатын. 1992 жылы 23 қазанда Өскемен қаласында өмірге келген Юлия Галышева шаңғы спортымен бала жастан-ақ құмартып айналысқан екен. Халықаралық жарыстарға 13 жасынан қатыса бастаған. Негізгі сүйіп шұғылданатын спорт түрі – шаңғы еркін стилінің могул сайысы. Тау бөктерінен кедір-

бұдырлы еңіспен сырғанауды және трамплиннен секіруді қарастыратын бұл спорт түрлері елімізде жақсы дамыған. Бүгінде Туризм және спорт академиясында оқитын Юлия біздің «Динамо» спорт клубының қатарында өнер көрсетеді. Еліміздің намысын көптеген жарыстарда үлкен абыроймен қорғап жүрген әріптесіміз. 2011 жылы Азиадада және 2015 жылғы Универсиадада алтын жүлде иеленген. Одан бөлек, әр жылдарда әлем кубоктары кезеңдері мен чемпионаттарын бірнеше рет жеңіп алған. Назар аудара кетсек, Юлия Галышева Оңтүстік Кореядағы жеңісіне қолынан жарақат алғанына қарамастан қол жеткізіп отыр. Естеріңізге салайық, бұл қазақстандық фристайл тарихындағы алғашқы олимпиада медалі. 9 ақпанда Пхенчханда ресми ашылу салтанаты өткен ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 25 ақпанға дейін жалғаспақ. ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында спорттың 6 түрі жаңадан қосылды. Әлемнің 92 елінен 3 мыңнан аса спортшы қатысатын төртжылдықтың басты додасының ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев алып шықты. Абзал Әжғалиевтің туды алып шығу рәсімінде «Алтын адам» стилінде киінген болатын. Биыл Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 медальды сарапқа салады. Қазақстандық 46 спортшы спорттың 9 түрі бойынша сынға түседі.

ВОЛЕЙБОЛ

Ауған соғысы майдангеріне құрмет Жарысқа облыстың барлық бөлінісінен 22 команда қатысты. Шақырылған қонақтардың ішінде генерал-майордың жұбайы Людмила Шумиленко да болды. Айта кетсек, Владимир Шумиленко (1947-2010) – КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ҚР ІІМ құрметті ардагері. Ардагер ішкі істер органдарына 36 жыл өмірін арнапты. Қарағанды облысындағы ІІО құрылымында қылмыстық іздестірудің жедел уәкілі болып 1 9 70 ж ы лы ж ұм ысын бастаған. Қысқа мерзімде ол Ленин аудандық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 1981-1983 жылдары Владимир Петрович КСРО Ішкі істер министрінің Ауғанстандағы ІІМ кеңесшісі болып қызмет атқарып, ерен еңбегі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен және 3 медальмен марапатталады. 1985 жылы Қарағанды облыстық атқару комитеті Ішкі істер басқармасының бастығы болды. Екі жылдан соң Владимир Шумиленкоға жоғарғы атақ – милиция генерал-майоры шені берілді. Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі, Ауған соғысына қатысушы жауынгер Ардақ Ынтықбаев: «Биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отырған бұл дәстүрлі турнир – сол отты жылдардың батырларын ұмытпауға және облыстағы тәртіп сақшылары арасында саламатты өмір салтын

Қуаныш МЕДЕУБАЕВ, Қарағанды облысы

9 ақпан күні «Динамо» денешынықтыру спорттық қоғамының спорт залында Астана қаласының 20 жылдығы, Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл толуына орай жауынгер-интернационалист, милиция генерал-майоры Владимир Шумиленко атындағы дәстүрлі волейбол турнирі өтті.

е-mail: nastraje@mail.ru

7

ХОККЕЙ

Жігерлілер сайысқан жарыс Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2018 жылға арналған гарнизон бөлімшелерінің арасында спартакиада өткізу күнтізбелік жоспарына сәйкес 2018 жылы 1-3 ақпан аралығында ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің №3 МӨСБ-нде орналасқан мұз айдынында шайбалы хоккейден чемпионат өтті. Шайбалы хоккей чемпионатына Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінен жалпы саны 21 команда қатысты. Командалар күннің аязына қарамастан үш күн бойы мұз айдынында өзара бәсекеге түсті. Бәрінің жеңіске деген құлшынысы зор болды. Нәтижесінде Шалқар ауданындағы №17 ӨСБ жүлделі І орынды, №1 МӨСБ ІІ орынды, Әйтеке би ауданындағы №7 ӨСБ ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Сондай-ақ, шайбалы хоккей жарысында шебер де ыждаҺатты қимылдарымен көзге түсіп, өрнекті ойын көрсеткені үшін «үздік ойыншы» атағын Шалқар ауданы ТЖБ бастығы М. Ермағамбетов, «үздік шабуылшы» атағын Алға ауданындағы №6 ӨСБ өрт сөндірушісі М. Бағлан, «үздік қақпашы» атағын Байғанин ауданындағы №8 ӨСБ өрт сөндірушісі Т. Шүренбаев, «үздік қорғаушы» атағын №1 МӨСБ аға өрт сөндірушісі Е. Досекешов иеленді. Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларға дипломдар табысталды. Сондай-ақ, жарыс соңында сөз сөйлеген сала ардагері К. Хамзин жеңімпаздарды құттықтай келе: «Басшылықтың спортқа ерекше көңіл бөліп, осындай хоккей алаңын салып бергені көңіл қуантады. Нағыз спортшылар, хоккейшілер осы жерден шығады. Өйткені, біздің басшылықтың спортқа деген құрметі орасан зор», – деп өз ризашылығын білдірді. Ақтөбе облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі

АРНАЙЫ ДАЯРЛЫҚ

Полицейлер дайындықтарын шыңдауда «Қаруланған қылмыскерлер машинамен қашып кетпекші», «Ащы суға тойып алған жанжалқой тыныштандыруға келген учаскелік полиция инспекторына пышақ ала жүгірді», «Көшеде кезекші жасақ құжат тексеру үшін тоқтатқан екі жігіт лаңкестер болып шықты»...

сақтап, насихаттауға арналған», – деді. Людмила Шумиленко да барлық қатысушыға сәттілік тілеп, Владимир Петровичтің атын ұмытпай ұлықтап жүретін департамент басшылығына жүрекжарды алғысын білдірді. Турнирдің құрметті қонақтары арасында Ауған соғысының ардагері, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, отставкадағы әділет полковнигі Марат Сүлейменов те болып, спортшылар алдында сөз сөйледі. «Мен

Владимир Петровичпен 12 жыл бойы бірге қызмет істедім. Ол кісіні әріптес ретінде ғана емес, Ауған даласында бірге соғысқан майдангер ретінде білемін. Ауған соғысының шайқастарында болсын, милиция қызметінде болсын, ол әділетті, кәсіби шебер және нағыз патриот бола білді», – деді Марат Жаханұлы. Т у р н и р қ о р ы т ы нды с ы б ойы нша барлық спортшыларға естелік сыйлықтар, кубоктар мен медальдар табысталды.

ШАХМАТ

Шаршы тақтадағы бәсеке

К. КУБАЕВ, Ақтөбе облысы

Бүгінде Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/2 мекемесі аумағында спорттық іс-шаралар жиі өтіп тұрады. Бұл жарыстар сотталғандардың түзелуіне ықпал ететін маңызды шаралардың бірі. Жуырда мекеме әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының қолдауымен Ақтөбе каласының білім бөлімінің мұғалімдері ұжымынан құралған шахматшылар командасы мен мекеме сотталғандары арасында шахмат жарысы өтті. Өзара сайысқа түсіп, жүлделі орындарды иеленген жеңімпаздарды мекеме әкімшілігі марапаттады. Жазасын өтеушілер осы шараның өтуіне себепкер болған мекеме бастығы мен қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, болашақта тағы да өз қабілеттерін сынауға ынталы екендіктерін айтты.

Осындай аяқ асты жағдайлардың сценарийлері Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің Арнайы даярлық басқармасымен ағымдағы жылы алғаш өткізіліп отырған оқу-жаттығу жиындарында пысықталды. «Динамо» жаттығу залында өткен жиында Петропавл қалалық Ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметінің 15 жол-патрульдік полициясының қызметкері және учаскелік полиция инспекторлары дене дайындықтарын, орын алған жағдайда әрекет ету дағдыларын шыңдады. Арнайы даярлықтың келесі кезеңі – тирдегі сабақтар. Бұл жерде де тәртіп сақшылары қызметтік қаруды қолданудың қыр-сырын үйренеді. – Полиция қызметкері бәріне дайын болуы керек. Бүгінгі таңда террорлық қауіп жағдайларындағы қызметкерлердің білікті және тиімді іс-әрекеттеріне баса назар аударылады, – дейді Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті Арнайы даярлық басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұрат Қожаев. Сонымен қатар, күнделікті жұмыс барысында да түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Мысалы, қылмыс орнынан бой тасалаған қылмыскерлердің көлігін дөңгелектен атып тоқтату қажет. Оны жол-патрульдік полициясы қызметінің қызметкерлері қоршауға алып, тінту іс-шараларын жүргізгеннен кейін күдіктілерді полицияның көлігіне отырғызулары керек. Мұның барлығын азаматтардың өміріне қауіп төндірмей жасау қажет. Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті Арнайы даярлық басқармасы бастығы, полиция полковнигі Дмитрий Леонтьевтің айтуынша, әртүрлі бөлініс қызметкерлеріне арналған осындай жиындарды апта сайын өткізу жоспарланып отыр. Шынайы жағдайға жақындату мақсатында үйлердің, көлік құралдарының макеттері жасалып, қаңқалы-қалқанды, жиналмалыбөлшектемелі конструкциялар қолданылады. Тапсырмалардың арасында атыс, медициналық және саптық дайындық, жеке құрамды жауынгерлік күрес тәсілдеріне, белсенді қорғаныс құралдарымен әрекет етуге үйрету де бар. Жазғы уақытта полиция қызметкерлері Ұлттық ұлан Әскери институтының полигонында жаттығатын болады. Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы ІІД Ақпараттық-аналитикалық орталығының инспекторы, полиция лейтенанты Жанар Алпысқызы МУСЛИМОВАНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты жақындары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


8

СӨЗ СОҢЫ №12 (4370), сейсенбі, 13.02.2018 е-mail: sakshy@mediaovd.kz

АЙМАҚ

КЕЗДЕСУ

Бекеттер жұмысы бақылауда Д. ШЕЛКОПЛЯСОВ, Ақмола облысы

Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағын және елді мекендерін өрттен қорғауды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен және шаруашылық жүргізуші субъектілерімен бірлесіп құрылған 34 мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшесі, 244 ерікті өрт сөндіру құрылғысы және 14 өрт сөндіру бекеті жүзеге асырады. Осы жылдың басында өрт бекеттерінің аумағында 5 өрт болды (2 өрт Жақсы ауданында, 2 өрт Бұланды ауданында және 1 өрт Зеренді ауданында), оның ішінде 2 ө р т т і Б ұ л а н ды а у д а н ы н д а ғ ы К а п и т о н о в к а ж ә не В о з не с ен к а ауылдарының өрт сөндіру бекеттері өз күшімен тоқтатса, 3 өрт ( Жақсы

а у д а н ы н ы ң З а п о р о ж ь е ж ә не Зеренді ауданының Еленовка ауылдары) мемлекеттік өртке қарсы қ ы з м е т і м ен б і р г е с ө н д і р і л д і . Целиноград ауданындағы ЖалғызҚ ұ ды қ , Б у р а б а й а у д а н ы н д а ғ ы Веденовка, Шортанды ауданындағы Новоселовка, Ақкөл ауданындағы Қ а р а ө з е к ж ә не Н о в о р ы б и н к а

ауылдарындағы өрт сөндірушілер бұл аралықта төтенше жағдаймен бетпе-бет келген жоқ. Бұдан басқа, өрт сөндіру бекеттерінің жеке құрамы аулаларды аралап, насихат материалдарын таратып, өрттің алдын-алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізді. Жалпы алғанда, 14 өрт сөндіру бекетінің мамандары 457 аулаға бас сұғып, 861 үгітнасихат материалдарын таратты. О с ы б а ғ ы т т а ж ұ м ы с ж а л ғ а су д а және ол департамент пен жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Жас мамандарды кәсіби даярлау – заман талабы

Гүлнар АТЫҒАЕВА, Солтүстік Қазақстан облысы

2017 жылдың 20 желтоқсаны және 2018 жылдың 6 ақпаны аралығында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің Кәсіби даярлық мектебінде «өрт сөндірушілер» санаты бойынша курстық оқыту жүзеге асты. А т а л ғ а н с а н а т б ой ы н ш а оқыту бағдарламасы 307 сағатты құрап, 7 тараудан тұрды. Жас мамандар өз кәсібінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді білуі тиіс. Осы мәселе бойынша оқыту бағдарламасында «Медициналықпсихологиялық дайындық» тарауы қарастырылып, «Медицина апаттар орталығы» ММФ мамандары сабақ өткізді. Оған «ӨС және АҚЖҚ» ММ №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің тәжірибесі мол қызметкерлері қатысты. «Өрт техникалық даярлық. Газт ү т і н нен қ о р ғ а у » т а р а у ы н з е р делеуге ерекше назар аударылды.

Практикалық сабақтар жылу-түтін камерасында, Петропавл қаласы

№2 Мамандандырылған өрт сөндіру б ө л і м і н і ң г а з - т ү т і н нен қ о р ғ а у қызметінің аға шебері, азаматтық қорғау прапорщигі Максим Келлердің және ӨСКҚ жедел кезекшісінің орынбасары, азаматтық қорғау майоры Ербол Молдағожиннің басшылығымен өткізілді. Шухов атындағы кітапхана қ ы з м е т к е р ле р і н і ң қ а т ы су ы м ен д ө ң г е ле к ү с т е л ө т і п , « К е ң е с Одағының батыры, генерал-май о р И . В . П а нф и л о в т у р а л ы » тақырыбында тыңдаушылармен кездесу ұйымдастырылды. Келесі кездесу Ауған соғысының қатысушыларына арналды. Командалық оқыту құрамы мен кәсіби даярлық мектебінің т ы ң д а у ш ы л а р ы П р е з и д ен т Н . Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын зерделеуге арналған кеңес өткізді. Оқыту курсының нәтижесінде ең жоғарғы балды Петропавл қаласы 2-МӨСБ өрт сөндірушісі лауазымына машықтанушы У. Модашев, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка ауылының 16ӨСБ өрт сөндірушісі лауазымына машықтанушы Е. Төрегелдиев алды.

Құрастырған Ескендір ТАСБОЛАТ

Тибет орталығы

Қару маркасы

Қыз есімі

... Касильяс Мультиктегі қолтырауын

Бразилия астанасы

А. АХМЕТОВ, Павлодар қаласы

Жуырда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын түсіндіру жұмыстары аясында ІІМ Оқу орталығында (Павлодар қаласы) «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Павлодар облысының атынан шыққан Алексей Лодочниковпен кездесу өтті. С а ус а ғ ы н а н к ү й т ө г і л г ен д о м б ы р а ш ы , Качир балалар үйінің тәрбиеленушісі Алексей Лодочников әйгілі қазақ әндерін айтумен мыңдаған қазақстандықтардың жүрегін жаулады. Кездесу барысында Алексей Лодочников ІІМ Оқу орталығының тыңдаушыларына ұлтжандық, әрбір тыңдаушының тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосатын үлесі туралы айтты. Өз сөзінде ол Президентке осы жоба арқылы жастарға өзінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік бергені үшін зор алғысын білдіретінін жеткізді. Жас болса да, Павлодар қаласының музыкалық колледжінің «Жас Отан» жастар қанатының басшысы болып жүрген Алексей белсенді өмір салтын ұстанады. Ол қаланың, облыстың қоғамдық өміріне белсене араласады. Оның жасқа тән жігерлілігі, Отанға деген махаббаты өскелең ұрпаққа үлгі. Кездесу соңында Алексей Лодочников домбырасын шертіп, қазақтың бірнеше әнін шырқап берді.

КӨРМЕ

Сотталғандар кәсіпкерлігіне қолдау көп Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасаудың маңызы зор екендігі айтылған.

Ойлан, тап!

Дəрі атауы

Жастарды жігерлендірген жаңа есім

АЕК (қазақ)

Осыған байланысты, Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД РУ-170/3 мекемесі Орал қалалық көрме залында «Өнер – тағдыр жазуымен» атты көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрме жеке кәсіпкерлік ұйымдарында жұмыс істейтін сотталғандардың қолынан шыққан өнімдерді Орал қаласы тұрғындары, қонақтар мен ұйымдарға жариялау мақсатында, сондай-ақ, өндіріс тапсырыстарын ұлғайту және сотталғандарды барынша жұмыспен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылды. Дәнекерлеу жұмыстары, металпластикалық терезелер мен есіктер, регистрлер, металл есіктер, торлар, қоршаулар дайындайтын «Нұрдәулет» ЖК, төсек-орын жабдықтарын тігіп, сувенирлік бұйымдарды жасайтын «Куанышкалиев А.У.» ЖК, сувенирлік бұйымдар жасаушы «Brothers company», ұлттық кәдесыйлар дайындап, тігін өндірісін кәсіп еткен «Надежда» ЖШС, арнайы киім тігумен айналысатын «Щукина» ЖК, көше және бөлме жарықдиодты шамдарын дайындаушы «Жарык Led» ЖШС көрмеге қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Шараның ашылуында Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Д. Атантаев, РУ-170/3 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі В. Визгалин, БҚО кәсіпкерлік және индустриялықинновациялық даму және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық филиалының өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Əйгілі сарқырама Африка елі

Ұлттық ...

Еңкею

Балтық елі астанасы

... Вайкуле

Намыс

Жыра

... шығанағы

Нұрлы

Өткен сандағы сканвордтың жауаптары Көлденеңнен: Кан. Мамандық. Рембрандт. Бак. Елші. Лиза. Шикі. Кəмшат. Тігінен: Момыш. КНБ. Нұра. Азем. НТК. Мерке. Лайк. Қадам. Ілік. Хат.

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ: «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Бас директор Бимаханбет АСАНОВ

РЕДАКЦИЯ: Бас редактор: Ескендір ТАСБОЛАТ Бас редактордың орынбасары: Жадыра ШАМҰРАТОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА Аға тілші: Жадыра МҮСІЛІМ Тілші: Айткен ШƏМШІ

Басылым 04.01.2012 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №12198 - Г куəлігі берілді • Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді • Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды • Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес • Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді • Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді • Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынады

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «Тауелсіздік-Д» ЖШС баспаханасында басылады. Индексі: 65395 Таралымы: 11652 Тапсырыс: №37

«Тауелсіздік-Д» ЖШС-і Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, 407 тел: 56-97-71 Газет аптасына 2 рет шығады.

Компьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілшілер: Қанат КӨЛБАЕВ, Бек ИМЕКЕШОВ

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР: ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKX БИН - 051040005963 КБЕ-16 «БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3 Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: sakshy@mediaovd.kz

Нөмірдің кезекшісі: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА

Сақшы №12 (4370)  

Сақшы №12 (4370) 13 02 2018

Сақшы №12 (4370)  

Сақшы №12 (4370) 13 02 2018

Advertisement