Page 1

КӘСІПОДАҚҚА ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

ТҮЙІН ТҮЙГЕН ХАС ШЕБЕРЛЕР

4-бет

САПА КӨШБАСШЫСЫ

5-бет

7-бет

№10, қараша, 2016 жыл

• Басты

• Құттықтаймыз! ҚАРАША АЙЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙ ИЕГЕРЛЕРІ

Шабаков Ерлан Адилханович Қабат қысымын ұстау цехы ҚҚҰ аға инженері Даутов Мурат Тажмуратович Газ цехы Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу слесары

«ӘЗІРЛІГІМІЗ ТАС ТҮЙІН!»

Қаражанбас кен орнында оқу-жаттығу жиындары өтті 2016 жылғы 27 қазан және 10 қараша күндері, Қаражанбас кен орнында «Қаражанбас кен орнындағы лаңкестік акт жағдайындағы құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды дайындау және өткізу» тақырыбында жоспарлы арнайы тактикалық жаттығу өтті. Оған «Қаражанбас» Компаниялар тобының құрамындағы «ҚБМ» АҚ, «АТС» ЖШС, «ТМС» ЖШС, «ТКБжҰҚК» ЖШС Азаматтық қорғану құрылымдары, сондай-ақ «Caspyan Food» ЖШС, «Фирма Ча Кур» ЖШС, «Semser sekurity» ЖШС сияқты мердігер мекемелер де қатысты. Жаттығу жиынын Азаматтық қорғаныс жүйесінің басшысы, Президент Е.Қайржан бастаған «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы, Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің мамандары және Атырау қаласынан

арнайы келген «Юникорн» оқыту орталығының өкілдері қадағалады. Жаттығу барысында құбыр бойынан «ағып өртенген мұнайды» сөндіру тапсырмасы бойынша барлық тиісті құрылымдардың өзара іс-қимылы пысықталды. Жиынды қорытындылаған бақылаушылар оның жоғары техникалық жарақтандырылуы мен қатысушылар машығының жоғары деңгейін атап өтті. Біз, аталған шараның маңыздылығына мән бере отырып, «Қаражанбасмұнай» АҚ Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабының басшысы Базарбай Әбдірахмановты өзі жұмысын үйлестіріп отырған штаб қызметі туралы әңгімеге тартқан едік.

Жалғасы 2-бетте

Әріптесіміз «Жігіт сұлтаны-2016» байқауының жеңімпазы «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмыскері Марат Мәмбетов – өндірістік кәсіпорындардың жас мамандары арасында өткен облыстық «Жігіт сұлтаны-2016» байқауының жеңімпазы атанды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқауға 7 үміткер қаты-

сты. Төрт кезеңнен сүрінбей өткен Марат – қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылып, 150 000 теңгенің сертификатын иеленді. «Қаражанбас» Компаниялар тобының атынан қатысқан тағы бір әріптесіміз – «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС жұмыскері Қанатов Аманғали жүлделі үшінші орынға ие болды.

Калиев Жанкелди Акилжанович Газ цехы Компрессор қондырғылары машинисі Джубатыров Есбол Сундетбаевич Мұнай дайындау және айдау цехы Цех бастығының орынбасары Шалабаев Тауирбай Изгалиевич №1 Мұнай өндіру цехы Мұнай және газ өндіру операторы

Ержанов Жангабыл Инирбайулы Пайдалану жабдықтарын икемдеу-жөндеу цехы Токарь Мәмбетнияз Сәрсенбай Ізмағанбетұлы Бу өндіру цехы Мұнайлы қабаттарға бу айдау бугенератор қондырғылары машинисі Муханов Дулат Өндірісті автоматтандыру цехы Бақылау-өлшеу құралдарымен автоматика слесары Халидуллин Амангельды Өндірісті автоматтандыру цехы Метрология инженері


2

№10, қараша, 2016 жыл

• Басты Жалғасы. Басы 1-бетте. – Әуелі Азаматтық қорғаныс және Азаматтық қорғау деген екі терминнің мәнін ашып алайық. Азаматтық қорғаныс – бұл мемлекеттік жүйе. Ал, Азаматтық қорғану – бұл жүйе бойынша жүзеге асырылатын іс-шаралар жиынтығы. Біздің мекемеде Азаматтық қорғаныс жүйесі құрылған, оның басшысы – Компания Президенті - Есен Қайржанұлы. Штаб жұмысын мен үйлестіремін. Яғни, мен – Еңбекті қорғау департаментінің жетекші маманы – Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабының басшысымын. Сонымен бірге, Қоғам басшысының бұйрығымен барлық 18 құрылымдық бөлімшелерде Азаматтық қорғаныс қызметі құрылған. Олардың сапында өртке қарсы күрес және санитарлық жәрдем жасақтары бар. Штаб іс-шаралар жоспарын жасақтау, жұмысшыларды даярлығын арттыру мәселелері бойынша төмендегі 3 бағытта жұмыс жасайды: Бірінші, кен орнындағы жұмыскерлерге Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларға байланысты заңнамалық құжаттармен таныстырып, іс әрекеттерге оқыту. Оқыту орталығының дайындаған нұсқаулықтарының бәрін өзіміздегі «Information» арнасына құйып қойдық. Бұл арна мекемедегі барлық компьютерлерде орнатылған. Ондағы мәліметті басшылардан бастап кез-келген жұмысшы оқи алады. Осындағы ақпараттарды 27-28 қазан және 10-11 қараша күндері тиісті құрылым жетекшілеріне арнайы оқыттық. Оқуға қатысуға мүмкіндігі болмағандардың компьютерлеріне салып қойдық. Оқыту нәтижесін оқу-жаттығуларда ғана тексеруге болады. Бізде оның екі түрі өтеді: 1) Командалық-штабтық жатығулар. 2) Тактикалық арнайы жаттығулар. Командалық - штабтық жаттығуларда апаттық жұмыстардың алдын алу және зардабын жою жұмыстары пысықталады. Мәселен, электр, газ, су тоқтап қалған кезде қайтпек керек? Жұмыскерлердің естерінде болар, 1986 жылы Қаражанбас, Қаламқасқа тартылған жол бойындағы электр бағаналары жаппай құлап, екі өндіріс орны электр қуатынсыз қалғаны бар еді. Соның салдарынан көптеген жұмысшылар эвакуацияланды. 2000 жылы Еділден келетін су құбы-

ры жарылып, өндіріске берілетін су үзіліп қалды. Басшылық амалсыз жұмысшылардың 30 пайызға жуығын үйлеріне қайтаруға мәжбүр болды. Бір айға жуық жұмыс тоқтап тұрды. Сол айтқандай, апат айтып келмейді, бәрі аяқ астынан болады. Осы кезде басшылардың дер кезінде дұрыс шешім қабылдауы қажет етіледі. Ол жағдайларға осындай жаттығулар арқылы машықтануымыз керек. 3-4 қазан және 16-18 қараша күндері, «Қыс -2016» командалық-штабтық жаттығулардың алдында өткізілген оқу-теориялық дәрістері кезінде бірнеше маңызды мәселер талқыға түсті. Соның бірі

ген екен. Дегенмен, жолға жауапты кім? Жол тайғақ болып, вахта ауысымы кешігіп қалатын болса, кімге хабарласу керек? Байланыс телефондары қандай? Осындай қордаланған сұрақтармен облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне хат жолдадық. Әрине, аталған жағдайлар бола қалса, көмек көрсетуге әзірміз. Бірақ, біз арнайы техникамен Қаражанбастан тайғақ жолмен келіп болғанша, біраз уақыт өтеді емес пе?.. ...Соңғы тактикалық арнайы жаттығулар (ТАЖ) кен орнында 28 қазан және 11 қараша күндері өткізілді. Біз биыл жаттығудың тақырыбын «Қаражанбас кен орнындағы лаңкестік акт жағдайындағы құтқару жұмыстары мен басқа да кезек

«ӘЗІРЛІГІМІЗ ТАС ТҮЙІН!»

Қаражанбас кен орнында оқу-жаттығу жиындары өтті

– жол мәселесі. Оны цех басшыларының өздері көтерді. Жолды су шайып кету немесе Қаражанбасқа әкелетін жолдардың қыс уақытында тайғақ болып, вахтаның кешігу жағдайлары кездесу әбден мүмкін. Былтыр Ағеспенің тұсы қатты тайғақ болып, автобустар жол бойында көлденең тұрып қалды. Ішінен түскен бір адам тайып жығылып, бірнеше күн жұмысқа жарамсыз болып қалды. Жақында көктайғақ болатыны туралы СМС-хабарламалар келіп жатыр. Ондай жағдайларда не істеу керек? Жолдарды өзіміз арнайы барып көрдік. Жол бойына құм-топырақ әкелін-

күттірмейтін жұмыстарды дайындау және өткізу» деп алдық. Оның себебі – елімізде қазір лаңкестік қауіптіліктің «сары» деңгейі белгіленген. ТАЖ-ға 60-қа жуық арнайы техника жұмылдырылды. Жаттығу барысында Азаматтық қорғаныс қызметінің іс-қимылы қадағаланды. Мысалы, жарақат алу кезіндегі көмек, өрт болған жағдайдағы әрекет, мұнайдың жануынан туындаған өртке қарсы пайдаланатын көбіктер мен құралдардың сәйкестігі, жану процесстері кезіндегі улы газдар құрамы іс жүзінде тексерілді. Ол үшін мұнайдың өзін өртеп, сөндіру тапсырмасы орындал-

ды. Жарылған құбырды бітеп, мұнай төгілген аумақты залалсыздандыру шарасы да жасалды. Сонымен қатар, тақырыпқа сай лаңкестік жағдайлардағы әрекет: жарылғыш заттарды тауып алған кезде, телефонмен бопсалау, кепілге алу т.б. жағдайларындағы іс-қимыл түрлерін оқытып, жаттығу барысында сынап көрдік. Өткізілген жиын өзіміздің тарапымыздан да кейбір кемшіліктер барын көрсетті. Соның бірі – жеке қорғаныс құралдарына немқұрайлы қарау. Оларды тек жаттығу кезінде ғана қолданып, басқа уақытта тастай саламыз. Қорғаныс құралдары сақа тастай дайын болуы керек. Жаттығулардың қорытынды Актілерін Түпқараған ауданының әкімдігіне, облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Еңбекті қорғау департаментіне жолдадық. Жиынды қорытындылаған бақылаушыларымыздың бірі, Атырау қаласынан келген «Юникорн» оқыту орталығының өкілі: «Мен біраз мекеме-кәсіпорындарда болып жүрмін, бірақ ұйымдастыру жұмыстарының дәл осылай жақсы жолға қойылғанын көргенім жоқ» деген бағасын берді. Кемшіліктердің де бар екенін жасырмады. Сондықтан, тоқмейілсуге болмайды. Дайындаған – С.ҚҰДАЙБЕРГЕН. Суреттерді түсірген – М.ОРАЗБАЕВ.


3

№10, қараша, 2016 жыл

«Argymak TransService» ЖШС Жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды 2016 жылғы 23 қараша күні, «Argymak TransService» ЖШС-нде 2016-2018 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қол қойылды. Жұмыс беруші мен Жұмыскерлердің мүдделік тұрғыдан келісуінің бір белгісі – Ұжымдық шарт болып табылады. Жұмыскерлер өкілі Кемелханов Азанбай Ұжымдық шарттың ұйымдағы тұрақтылық пен жұмыскерлерді әлеуметтік тұрғыда қолдаудың кепілі екенін, Серіктестікте қабылданып отырған шарттың «Қаражанбас» Компаниялар тобындағы мекемелердің

Ұжымдық шарттарымен мазмұндас екенін атап өтті. Келесі вахтадағы жұмыскерлер өкілі Отарбаев Ноябрь шарттың жасақталуы жұмыскерлердің ертеңгі күнге сенімділігін бекітетінін, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктердің сақталып қалғанын зор жетістік деп бағалайтынын жеткізді. Зейнеп МАХАНБЕТ, «АТС» ЖШС әлеуметтік-әкімшілік мәселелер бойынша аға маманы.

• Ынтымақтастық

ENI S.P.A. КОМПАНИЯСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ӨНДІРІСТЕ БОЛДЫ Eni S.p.A. ірі итальяндық мұнай-газ компаниясының мамандары «Қазгермұнай»БК» ЖШС, «Қаражанбасмұнай»АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Ембімұнайгаз» АҚ-да жұмыс сапарымен болып, өндіріс тынысымен танысты. «ҚазМұнайГаз» БӨ»АҚ және еншілес, үлестес компаниялар өкілдері шетелдік мамандарды мұнай өндірісінің тынысымен таныстырды. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың жазында «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ делегациясы Eni S.p.A компаниясының шақыруымен Италияның Милан қаласына сапармен барып қайтқан еді. Компания бас директоры Құрманғазы Есқазиев бастап барған ҚМГ БӨ делегациясы сапар барысында Eni S.p.A. президенті Клаудио Дескальцимен және Eni S.p.A. аға вице-президенті – барлау және өндіру бойынша бас директор Антонио Велламен кездесулер өткізіп, әріптестер барлау және өндіру жаңа технологиясы саласында ҚМГ БӨ және Eni S.p.A. екі жақты өзара тиімді ынтымақтастығының келешегі туралы пікір алмасқан болатын. Eni S.p.A. ірі итальяндық мұнай-газ компаниясы мамандарының жуырда ҚМГ БӨ компаниялар тобына болған сапары осы өзара әріптестік қарым-қатынастың өз жалғасын тауып отырғанын көрсетеді. ҚМГ БӨ компаниялар тобында болған Eni S.p.A. мамандары сулануы жоғары, тиісінше мұнай өндіру коэффициенті төмен кеніштерді зерттеп, мұнай өндіруді ұлғайту үшін қандай технологиялар қолдану керектігі жөнінде өз ұсыныстарын дайындамақ ниетте. Сондай-ақ мұнай өндіруді арттыруда жаңа технологиялар туралы ұсыныс береді. Бүгінгідей техника мен технологияның қарқынды дамуы кезінде мұнай-газ саласының уақыт көшімен бірге жүруі заң-

дылық. Отандық мұнай өндірісін дамытуда мұнайшылар заманауи технология мен техника жетістіктеріне жіті мән беріп отыр. Eni S.p.A. ірі итальяндық мұнай-газ компаниясымен әріптестік қарым-қатынас осының бір айғағы. Сонымен шетелдік мамандар алдымен, «Қазгермұнай»БК»ЖШС компаниясының Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кеніштерінде болып, мұнай дайындау және айдау, газ дайындау және тасымалдау цехтарының, шоғырланған сораптар станциясының, полимерді айдау станциясының, сондай-ақ автоматтандырылған өлшегіш жабдықтардың және скважиндер қорының жұмысымен танысты. Eni S.p.A. мамандары Нұралы кенішіндегі полимерлік суландыру, сондай-ақ Акш-450 көлденең скважина және скважинаның механикалық қорына қатысты ақпараттардан хабардар болды. Кездесу қорытындысында Eni мамандары барлық мұнай кәсіпшіліктерінің жоғары техникалық деңгейде жабдықталғанын, қауіпсіз жұмыспен қамтылғанын, сон-

дай-ақ заманауи құралдармен және инновациялық технологиямен қамтамасыз етілгенін атап айтты. Кездесуде қойылған барлық сұрақтарға толыққанды ақпараттар берген ҚГМ басшылығы мен мамандарының жоғары кәсіби деңгейі де оң пікірге ие болды. Сыр өңірінен соң Eni S.p.A. мамандарының сапары Маңғыстау өңірінде жалғасты. Итальяндық мамандар Өзен ірі кенішін игеріп жатқан «Өзенмұнайгаз» АҚ-ында болды. Мұнда да өндіріс орындарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Шетелдік мамандар алдымен блоктық шоғырланған сораптар станциясының жұмысынан хабардар болды. ҚМГ БӨ бас директорының «Өзенмұнайгаз» АҚ жобалары жөніндегі орынбасары – «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Қ.Елеусінов блоктық шоғырланған сораптар станциясының, мұнай өндіру скважиндерінің және топтық қондырғылар жұмысы жайында әңгімелеп берді. Жаңартылған топтық қондырғының, су айдау жүйесінің жұмысын көр-

сетті. Eni S.p.A. итальяндық мұнай-газ компаниясының мамандары ғасырдан астам уақыттан бері мұнай игеріп келе жатқан кеніштері бар «Ембімұнайгаз» АҚ-ында да болып, өндіріс тынысымен танысты. «Ембімұнайгаз» АҚ-ында Eni өкілдері полимерлік суландыру технологиясымен полимерді дайындау, сондай-ақ, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-тің Забұрын кенішіндегі мұнай жинау және дайындау жабдықтарының жұмысымен танысты. Бұдан соң итальяндық мамандар ЕМГ және ҚМГ БӨ жауапты жетекшілері өткізген жиналысқа қатысты. ҚГМ, ӨМГ, ҚБМ және ЕМГ кеніштеріне сапар барысында шетелдік мамандар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Eni S.p.A. итальяндық мұнай-газ компаниясының және ҚМГ БӨ компаниялары мамандарының кездесіп, өзара пікір алмасуы екі жақты ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайта түсті. «Мұнайлы мекен» газеті, №17


4

№10, қараша, 2016 жыл

«Қаражанбасмұнай» АҚ Кәсіподағының жаңа төрағасы сайланды 2016 жылғы 17 қараша күні Қаражанбас кен орнында «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері жергілікті кәсіподағы» ҚБ мүшелерінің есеп беру, сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері Кәсіподағының басшылығы, мүшелері мен делегаттар, «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы, кен орын басшылары қатысты. Күн тәртібінде «Қаражанбасмұнай» АҚ Кәсіподағының төрағасы Т.Көбен мен Тексеру комиссиясының төрағасы Н.Мееровтың 5 жылдық есебі тыңдалды.

Жиынның екінші бөлімінде делегаттар дауыс беру арқылы «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің жаңа төрағасын сайлады. Делегаттардың таңдауы Серікбаев Батырғали Шарафиұлына түсті. Жаңа төрағаны құттықтай отырып, жұмысына сәттілік тілейміз!

«Қаражанбасмұнай» АҚ Кәсіподақ комитетінің жаңадан сайланған төрағасы Батырғали Серікбаевтың

ҮНДЕУІ

Құрметті «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары! Құрметті әріптестер! Мені Кәсіподақ комитетінің төрағалыгына сайлағандарыңызға ризашылығымды білдіре отырып, баршаңызға көп-көп рахмет айтам. «Сіздердің

сенімдеріңізді ақтауға барлық ынта-жігерімді аямай саламын» деп уәде етемін! Компаниядағы әрбір жұмысшының еңбек құқығы мен әлеуметтік жеңілдіктерінің болуы мен сақталуы қалыпты

жағдай болуы, баршамызға байланысты. Сол себептен кәсіподақ жұмысына немқұрайлы қарамайтын жұмысшыларды, шеберлерді, цех басшыларын белсенді араласуға шақырамын. Осы күнге дейін кәсіподақта болмаған жұмысшы-

ларды, кәсіподаққа кірулеріне үгіттеймін! «Біздің компанияда дұрыс кәсіподақ ұйымы болсын» десеңіз, «Аузымыз бір, санымыз көп болсақ, біз жеңілмейміз!» – дегім келеді.

«ТУҒАН ЕЛГЕ САЯХАТ»

«Қаражанбасмұнай» АҚ үш жұмыскерінің балалары 29 қазан-9 қараша аралығында өткен «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызы жобасына қатысты. Туристік сапар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздінің 25 жылдығына арналды. 9 күндік сапар аясында балалар күзгі оқу демалыстарын тиімді пайдаланып, Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы бағыты бойынша еліміздің көрікті жерлері мен тарихи орындарын аралады. Жоба 120 баланы, соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобы жұмыскерлерінің 90 баласын қамтыды. Балаларды таңдауда жұмыскерлердің ауылдық жерде тұруы, өндірістік мамандық иесі болуы және балаларының оқуда озат болуына мән берілді. Үйлеріне оралғасын, «Қаражанбасмұнай» АҚ атынан барған жұмыскерлер балалары өздерінің сапардан алған әсерлерімен бөлісті.

Лаура МҰХАНБЕДИЕВА, М.Әбдіхалықов атындағы мектептің 8-сынып оқушысы (Түпқараған ауданы):

«АЛҒАН ӘСЕРІМДІ ТІЛМЕН АЙТЫП ЖЕТКІЗУ МҮМКІН ЕМЕС» – Сапар қатты ұнады. Еліміздің Астана, Алматы, Түркістан, Байқоңыр қалаларын аралап, тарихи-мәдени, көрікті жерлерімен таныстық. Ежелгі Отырар қаласын, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Иассауи кесенелерін алғаш көруім. Алған әсерімді тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Осы жобаны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

Ақпанай МЕТЕРОВА, Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы (Бейнеу ауданы):

Мөлдір САПАР, Е.Айшуақұлы атындағы мектептің 9-сынып оқушысы (Маңғыстау ауданы):

«ҚЫЗЫҚТЫ СӘТТЕРДІ БАСТАН ӨТКІЗДІК»

«АРМАНЫМА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІМ»

– Бұл жоба – біздің өміріміздегі жарқын сәттердің бірі болды. Көптеген жаңа достар тауып, аз уақытта талай қызықты бастан өткіздік. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келсек те, тез тіл табысып кеттік. Оған жетекшілеріміздің де әсері болды деп есептеймін. Өйткені, олар ешкімді бөліп-жарған жоқ. Он күн көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті. Достарымызбен қимай қоштастық. Еліміздің тарихи, көрікті жерлерін көру – кім-кімге де арман. Біз сол арманымызға қол жеткіздік. Сол үшін, ұйымдастырушыларға, сапарымызға себепші болған әкемнің жұмыс орны – «Қаражанбасмұнай» АҚ-ына алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс тілеймін!

– Жоба өте керемет болды. Ұйымдастыру деңгейі де жоғары. Тамақтары дәмді, автобустары тап-таза. Жақсы достар тауып, ерекше әсермен қайттым. Түркістанға барып, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен Тайқазанды көру –көкейімде көптен жүрген арманым еді. Шынымды айтсам, жобаға ілігетініме күмәнім де болған. Іректеуден өтіп, сапар аясында Түркістанға да баратынымды естігенімде қуанышымда шек болған жоқ. Арманыма қол жеткізген ұйымдастырушыларға, әкем қызмет атқаратын «Қаражанбасмұнай» мекемесіне рахмет айтамын! Біз, бұл жобаға оқудағы жетістіктеріміздің арқасында қатыстық. Іні, сіңлілерім де біздің ізімізді қуып, оқуда озат болса деймін!


5

№10, қараша, 2016 жыл

• Біздің цехтар: Жөндеу-құрылыс цехы Газетіміздің «Біздің цехтар» айдарының кезекті кейіпкерлері – Жөндеу-құрылыс цехының ұжымы. Өздеріңізге белгілі, соңғы уақытта Қаражанбас кен орнында жүргізілген құрылыс, жөндеу жұмыстарының денін осы цех атқаруда. Цехты Шамиль Абдрахманов және Айтбай Кужухов сынды кәсіби тұрғыдан білімді де білікті басшылар басқарады. Жалпы, цех ұжымы түгелге жуық отыз жылдан астам еңбек тәжірибесі бар, өз ісінің шеберлерінен құралған. Қазіргі уақытта мұнда барлығы 87 адам қызмет атқарады.Соның ішінде, 40 адам аутсорсинг арқылы қабылданғандар. Цех қызметі туралы, біз, оның басшыларының бірі Айтбай Кужуховтан айтып беруді сұрадық.

Айтбай Төлегенұлы Қаражанбаста 1997 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Әуелі қазір басқаратын цехының шебері болып қабылданған. Басшылыққа тағайындалғанына да он бес жылдың жүзі болды. Каспий аймақтық тау-кен комбинатының Құрылыс-монтаждау басқармасы, Каспий аймақтық құрылыс басқармасының №5 Құрылыс-монтаждау басқармасы, Пластмасса зауытының құрылыс-монтаждау цехының құрамында Ақтау қаласының құрылысына елеулі үлес қосқан маман құрылысшы. Құрылысы аяқталмай қалған Маңғыстау мұнай өңдеу зауытының бастапқы құрылыс нысандарын салды. «Золотые пески» демалыс аймағындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде, сондағы тазарту ғимараттарында, «Аққу» демалыс аймағындағы асхана құрылысында да Айтбайдың құрыш қолының табы бар.

ТҮЙІН ТҮЙГЕН ХАС ШЕБЕРЛЕР – Біздің цехтың негізгі жұмысы – бұрғылау жұмыстарынан кейінгі ұңғыны пайдалануға дайындау.Кәсіптік мұнай құбырлары құрастырылып, ұңғыға жіберілер алдында оған гидрооқшаулау жұмысын жүргіземіз. Бұдан әрі ұңғының айналасына алаң жасаймыз. Оның астына шебін жайып, бетіне бетон плита саламыз. Сосын тербелмелі станоктардың табантасын орнатамыз. Мұнай коллекторларын майлап, сырлап, жабулаймыз. Бірінші кезекте өндірістік жұмыстарға басымдық береміз. Өндірістік басқарма басшыларының тапсырмасымен бұрғылау қондырғысын көшіру, ауыстыру жұмыстары дегендей... Өткенде ғана Орталық мұнай жинау стан-

• Салих Бекберген сасында 4 сораптың алаңқайын дайындадық. Жазда екі 23 тонналық ықшам бу айдау қондырғысына орын әзірледік. Қазір екеуі де жұмыс жасап тұр. Үшіншісінің де тастабанын төсеп, газ құбырларын тартып қойдық. Енді, бу айдау құбырының табанын құнттауға кірістік... ...Былтырдан бастап Қаражанбас кен орны аумағындағы барлық жылу, су, мұнай құбырларын өз күшімізбен жабу-

лап бастадық. Бұл жұмыстарды бұрын мердігерлер жасап келді. Қазір осы бағыттағы жұмыстарымыздың 70 пайызға жуығын атқарып тастадық. Биыл менеджерлер лагері (КЭМП) төбесінің 1000 шаршы метр аумағын бітедік. Әзірше, тек ең осал жерлерін ғана жамадық. Ауысымдық кенттегі қоршаулардың тіректерін бетондап, дәнекерленген соң сырлап, эстетикалық сипатқа келтірдік. Айтпақшы, Мәдени-демалыс орталығының еденін жаңалап, екінші қабаттағы мұражай бөлмесін жөндеген де – біздің жігіттер. Бұдан бөлек, барлық топтық қондырғыларда косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жұмыс орындарында жайлы тұрмыс жағдайын орнаттық. №2 Мұнай өндіру цехы кеңсесінің төбесін черепицамен жаптық. Осы цехтағы геологтар үшін 4 контейнерді қосып, жыпжылы кеңсе дайындап бердік. Геологтар, алғыстарын айтып 2 жылдан бері сонда отыр.

Қабат қысымын ұстау цехының кеңсесін де осы әдіспен 50 пайызға кеңейттік. Сонымызды бірде басшылық көріп, «Алматыға тапсырыс бергенше, неге осы жігіттерге жасатпасқа?» деп риза болғаны бар. Осындағы №6 бригадаға арнап 6 вагондық құрама тұрғынжай тұрғыздық. Электр цехының зертханасы үшін де 4 вагоннан құралған ғимарат жасадық. Қазір ескі Орталық инженерлік-технологиялық қызмет ғимаратын косметикалық жөндеуден өткізіп жатырмыз. Цехтың ішінде ағаш өңдеу және жылумен оқшаулау цехтары жұмыс істейді. Мұнда үлгілер дайындалады.Қалыптау, ию, кесу станоктарымыз бар. Тапсырыс түскен жағдайда, мамандарымыз өлшемін алып келіп, сол бойынша үлгілерді сұраныс иесіне жолдаймыз... ...Өкінішке орай, адамдарымыз басқа жұмыстарға ауысып кетіп жатыр. Мамандар жетіспейді. Олардың орнын аутсорсинг арқылы толтыру мүм-

кін емес. Өйткені, жалақысы аз. Қазір алынып жатқандары – гидро және жылумен оқшаулаушылар. Маман тапшылығына қарамастан, жұмыс ырғағын бір сәтке де бәсеңдеткеніміз жоқ. Осы мүмкіндікті пайдаланып, ұжы-

• Қауқаров Жарылғас мымызда отыз жылдан астам табысты жұмыс жасап келе жатқан мамандарды атап өткім келеді. Олар: цех басшысы Шәміл Әбдірахманов, прорабтар: Қауқаров Жарылғас, Әленов Омарғали; инженерлер: Салих Бекбер-

ген, Ілиясов Бағдат, шеберлер: Тілеп Қазыбек, Смағұлов Нұркен, Балманов Өзбек, Теңелханұлы Амалбек; он саусағынан өнер тамған шеберлер: Тюегалиев Байболат, Зұлқаш Иман, Бекмұрат Әжіби, Мажиков Амандық, Бектілеуов Әскер, Күзембаев Бауыржан, Бозбанов Марат, Нығметов Алтынбек, Тулешов Қажымұқан. Осы жігіттермен қатар шаруаның шырайын келтіріп жүрген аруымыз Иманқұлова Самиғаны да ерекше атар едім. Самиға әрлеу бойынша бірнеше мамандықты игерген. Ақтау қаласындағы кәсіптік-техникалық училищені бітіргесін, Каспий аймақтық құрылыс басқармасында жұмыс жасап, Ақтау қаласының көптеген ғимараттарын ел игілігіне беруге еңбек сіңірген, – деп аяқтады әңгімесін цех басшысы. Кен орнын аралай қалсаңыз, ұсынақты ісмердің қолынан шыққан ғимараттар мен жекелеген бұйымдарды көзіңіз шалады. Ну ормандай көкке қадалған бұрғылау қондырғылары, үнсіз бас шұлғыған тербелмелі станоктар, бұрқыраған самауырдай бу генераторлары қатар-қатар сап түзеп тұр. Бәрі де алаңсыз халық қазынасын игеруде. Олай болатын жөні бар. Өйткені, олардың табаны нық, іргесі берік. Ал, бұл жұмыстардың басы-қасында жөндеу-құрылыс цехының түйін түйген хас шеберлері тұрғанын тағы бір мәрте тілге тиек еткен артық болмас!.. Дайындаған – С.ҚҰДАЙБЕРГЕН. Суреттерді түсірген – М.ОРАЗБАЕВ.


6

№10, қараша, 2016 жыл

• Маңызды

СҰРАҚТАР МЕН-ЖАУАПТАР ?

Бұрын «ҚБМ» АҚ-да ҰБТ нәтижесінде 100 және одан жоғары балл алған жұмыскерлердің балаларына ақша берілетін. Қазір Компанияда бұл бағдарлама жүзеге асырыла ма?

! ?

Еңбекке жарамсыздық парағын кеңсеге тапсырсақ, «аты-жөнің дұрыс емес» деп кейін қайтарады. Кен орнына жіберіп, уақытымызды жоғалтады. Мамандардың сол жерден-ақ дұрыс-бұрыстығын қарауына болмай ма?

!

Бұндай жағдайда, еңбекке жарамсыздық парағын өзіңіз туралы деректердің құжатыңызға (жеке бас куәлігі) сәйкестігін дәрігер жазып жатқан кезде тексеріп алуыңыз қажет.

?

«Технологиялық көлікті басқару және ұңғыларға қызмет көрсету» ЖШС-інде тоқсандық сыйақыны ай сайын алатын едім. Қаражанбасқа ауысар алдында барлық төлемақылар бұрынғысынша қала береді деген болатын. Қазір оны тоқсанына бір рет алам. Бұл несие төлеуіме қиындық тудырып тұр. Мәселені жекелей қарастыруға бола ма?

!

«ҚБМ» АҚ жұмыскерлеріне еңбек ақы төлеу туралы» Ережеге сәйкес, өндірістік сыйақы жоспардың орындалысына қарай тоқсан сайын төленеді. Осы жылы, жұмыскерлердің өздерінің өтініштері бойынша, сыйақыны ай сайын төлеу туралы екі мәрте сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы негізінде ай сайынғы сыйақы төлеу жүйесіне көшу жоспарланған. Алайда, бұл мәселе кейінге қалдырылды. Өйткені, Кәсіподақ барлық цехтардан ұсыныс-хаттар жинауы керек болатын. Ұсыныс-хаттар бір вахтадан жиналса, екінші вахтадан жиналған жоқ. Ақтық шешім Кәсіподақпен бірлікте, бөлімшелердің ұжымдық хаттары негізінде шешілуі тиіс. Жалпы, сыйақы – еңбекақының ауыспалы бөлігі табылады. Сондықтан оған сеніп, банктен несие алмаған дұрыс. Сыйақы төлеу өндірістік жоспармен, тиісінше, Компанияның қаржылық мүмкіндігімен тығыз байланысты. Ал, қаржылық жағдай жоспардың төмендеуі, өндіру жоспарының орындалмауы, сондай-ақ әлемдік нарықтағы мұнай бағасының төмендеуімен, соның ішінде, әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысымен де байланысты болуы мүмкін.

Мүмкін, бұрын қолданылған тегін оқуға грант бөлу туралы ынталандыру бағдарламасы туралы айтып отырған боларсыз. Қазір балаларды оқыту «Жұмыскерлер балаларын оқыту туралы Ережемен» реттеледі. Кез келген мамандықтар бойынша мемлекеттік грантпен оқып жатқан жұмыскерлердің балаларына, сонымен бірге, оқу үлгерімі жақсы медицина, ауыл шаруашылығы, педагогика мамандықтарын алу үшін ақылы ЖОО-да оқып жатқан студенттерге 12 АЕК мөлшеріндегі шәкіртақы төленеді.

?

Неліктен жолдағы уақыт төленбейді?

!

Ұжымдық шарттың 4.6.3-тармағына сәйкес, жиналу орнынан кен орнына баратын (вахтаға) және кері қайтатын (вахтадан) жолдағы уақыт, сондай-ақ кен орнындағы тұрғындық, жұмыс және тамақтану орындары аралығындағы барлық қозғалыстарға жұмсалатын уақыт – жұмыс уақыты болып есептелмейді және тиісінше оларға қосымша ақы төленбейді.

дың еңбек демалысы кестесіне сәйкес беріледі.

?

«ӨзенМұнайГаз» АҚ-ына ауысу үшін қандай құжаттар қажет етіледі?

!

Ол үшін деректеріңізді «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ына жолдау тізіміне енгізу қажет. Екі жақтың басшыларының келісімі алынған соң, жұмыстан босатылу арқылы ауыса аласыз.

?

Біліктілік санаты бойынша резервте тұрмын. «Резерв мерзімі 1 жыл» деген сөз рас па?

!

Жұмыскерлерге санат беру «Аттестациялау жөніндегі Ережеге» сәйкес жүргізіледі. Соңғы рет аттестация 2015 жылдың желтоқсан-қаңтар айларында өткізілді. №1 хаттама бойынша резервке тіркелгендер бос орындардың болуына қарай ауыстырылды. Санат резервінің белгіленген мерзімі жоқ, ол жойылмайды. 2016 жылы адам санын жасақтау, санаттық теңсіздікті түзеу, өндіріске қызмет жасайтын санаттар санын жасақтау мақсатындағы нормалау жүргізілуіне байланысты, санаттау аттестациясы тоқтатылды.

?

Неліктен еңбек демалысынан кейін бір күн жетіспейді және неге жұмыскер ақысы төленбейтін еңбек демалысына арыз жазуы тиіс? Бұның сыйақыға тигізер әсері бар ма?

?

ҚБМ жұмыскерлері балаларының өндірістік тәжірибеден өтуіне мүмкіндік бар ма?

!

«Өндірістік тәжірибен өту туралы Ережеге» сәйкес, олар қажет болған жағдайда тәжірибеден өткізу үшін қабылдануы мүмкін. Бұл кезде, студенттің оқу үлгеріміне де назар аударылады.

?

Еңбек демалысының есебінен күн алуға бола ма?

!

Ұжымдық шарттың 5.5-тармағына сәйкес, жыл сайынғы еңбек демалысын бөліп беру (вахталық әдіспен жасайтын жұмыскерлерден басқа) кезінде оның мерзімі тараптардың келісімімен белгіленеді. Бұл жағдайда, еңбек демалысының бір бөлігі жұмыскердің Еңбек шартында көрсетілген еңбек демалысы ұзақтығының екі күнтізбелік аптасынан кем болмауы керек. Бұл – кен орын жұмыскерлеріне еңбек демалысы бөліп берілмейді деген сөз. Еңбек демалысы өндірістегі жұмыс күшінің қажеттілік жоспары есепке алынып, бекітілген жыл-

тиімді жолы ретінде ақысы төленбейтін еңбек демалысын ұсынды. Бұған қарсы болған жағдайда да, жолдағы уақыт төленбейді. Сондықтан, қай жағдайда да бұл күнге ақы төлеу қарастырылмаған. Балама ретінде келесі жылдың еңбек демалысы есебінен 1 күн алуыңызға болады.

!

10/10 ауысымдық кестесіне өтуге байланысты, кен орнында жасайтын кейбір жұмыскерлерде, атап айтқанда, күндері вахтаның басынан басталатындарда (жалпы саны 50 күн) және 31-інен бітетін айларда жұмыс жасағандарда мұндай мәселе туындайды. Осыған орай, «ҚБМ» АҚ басшылығы мәселені шешудің анағұрлым

?

Неліктен зиянды еңбек жағдайы үшін төлем әркімге әртүрлі төленеді?

!

23.03.2014 ж. Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі (БЕТЖ) енгізілгенге дейін жұмыскерге зиянды еңбек жағдайы үшін (аттестациялаумен бекітілген) оның қолданыстағы сағаттық тарифтік ставкасының 5%-ы мөлшерінде қосымша ақы төленіп келді. БЕАТЖ-нен кейін 1-санаттың тарифтік ставкасының 5%-ы мөлшерінде төленеді. Солай бола тұра, кейбір мамандықтардың зияндылығы үшін төленетін қосымша ақы бойынша сақталатын бөлшегі пайда болды. 25.03.2014 ж. тарифтік ставканың 5%-дық мөлшердегі қосымша ақысы мен 1-санаттың тарифтік ставкасының (өңірлік коффициентті қоспағанда) 5%-ы мөлшеріндегі қосымша ақы аралығындағы 7%-ға индексацияланған айырма сақталу бөлігі (СБ) деп аталады. Жұмыскерді зиянды еңбек жағдайы бар жұмысқа тұрақты ауыстырғанда және/немесе санатын көтерген жағдайда зиянды еңбек жағдайы үшін төленетін қосымша ақы БЕАТЖ-мен есептеледі. Бұл кезде сақталу бөлігі алынып қалады. Уақытша ауыстыру жағдайында СБ сол күйінде қалады. 2016 жылғы 1-санаттың тарифтік ставкасының мөлшері: (22 859 * 1,8 / 0,816)*1,1= 55467 және зиянды еңбек жағдайы үшін қосымша ақы осы сомадан төленеді. Есепті *1,7 = 94293 теңге – бұл компаниямыздағы ең төменгі (1-санат бойынша) жалақы. Барлығы, зиянды еңбек жағдайы үшін төленетін бір айлық қосымша ақы =55 467/163,33= сағатына 339,60 теңге. Нақты жұмыс сағаттарына көбейтіп, 5%-пайызын шегереміз: 339,60* 182*5%=3090,36 теңге. СБ 10000 теңгеден 15000 теңгеге дейінгі аралықта түрленуі мүмкін.

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! ҚБМ жұмыскерлерімен олардың құқықтары мен заңды талаптарын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ алаяқтық, жемқорлық және өзге де заң бұзушылықтарға қарсы тұру мәселелері бойынша кері байланыс орнату мақсатында, Қауіпсіздік қызметінде

8 (7292) 47-30-99 нөмірлі сенім телефоны орнатылды. Сонымен бірге

doverie@kbm.kz электронды сенім поштасы жұмыс жасайды.


7

№10, қараша, 2016 жыл

• ҚБМ тобының жаңалықтары

«ТКБ және ҰҚК» ЖШС-і 2016 жылғы сапа көшбасшысы атанды 2016 жылғы 9-13 қараша аралығында Астана қаласында өткен дәстүрлі сапа апталығында, «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС «Сапа көшбасшысы-2016» марапатына ие болды. Сонымен қатар, Қазақстандағы сапаның дамуына қосқан үлесі мен соның жолындағы қызметі үшін Алғыс хатпен де мадақталды. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Астана филиалы үйымдастырған іс-шараға сапа саласындағы жетістіктері үшін ағымдағы жылда үздік деп танылған Қазақстан Республикасы-

ның аумағындағы танымал кәсіпорындар мен мекемелердің өкілдері қатысты. Шара «Сапа – нәтижелер үшін!» ұранымен өтті. Атап өтерлігі, Серіктестік 2015 жылғы 12 қазанда 3 бірдей халықаралық үлгідегі сертификаттарға қол жеткізген болатын. Бұл Серіктестік үшін ең беделді аккредиттеу және «ТКБжәнеҰҚК» ЖШСнің жоғарғы стандарттарға сәйкестігін растап, кәсіпорынның сапа, экология және кәсіби қауіпсіздік пен жұмыскерлердің денсаулығы мәселелеріне немқұрайлы қарамайтынының куәсі болып табылады.

ҮШ ҰРПАҚҚА ЖАЛҒАСҚАН ДӘСТҮР Елімізде мұнайшылықты тек қана өмірлік емес, отбасылық кәсібі еткен жанұялар көптен кездеседі. Әкесінің жолын жалғастыруға бел буып, соның сара жолын әрі қарай дамытып келе жатқан бір әулеттің мүшелері «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС қызмет етіп келеді. Шахарбаевтар әулетінің үш ұрпағы Қаражанбас кен орнының дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. 2016 жылы Маңғыстау облысының еңбек басқармасының ұйымдастыруымен «Еңбек жолы» сайысы өтті. Осы конкурстың «Үздік еңбек династиясы» номинация бойынша отбасында еңбек дәстүрін қалыптастырып, ұрпақ сабақтастығын жалғастырудағы табысты нәтижелері үшін Шахарбаевтар әулеті Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Қазақбай Шахарбаев 1938 жылдың қыркүйек айында Маңғыстау облысының Оңды елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Шахарбаев Бақытжан 1941-1942 жж. Ұлы Отан Соғысына аттанып кеткеннен кейін із-түссіз жоғалған. Жанұя жағдайына байланысты мектепті ол Түркменстанның Небит - Даг қаласында тұратын нағашыларының қолында аяқтады. 1957 жылы Небит-Даг қаласының Мұнай училищесінде 6 дәрежелі бұрғышы көмекшісінің мамандығын меңгеріп, 1958 жылы Баку қаласына әскери борышын өтеуге аттанды. Әскери борышын өтеу кезінде, 1961 жылы Кеңес одағының бірінші хатшысы Н. Хрущевтің «Сені Қа-

• Қазақбай ШАХАРБАЕВ зақстан шақырады» атты пленумында Гурьев облысында мұнай фонтаны атқылағандығы жөнінде естиді. Туған өлкесінің мұнай саласына көңіл бөлініп жатқандығы жөнінде хабар жеткеннен соң, Қазақбай Шахарбаев Гурьев облысында орналасқан мекемелерден өз мамандығы бойынша жұмыс іздестіре бастап, бірнеше хаттар жолдайды. Алғашқы жазған хаттарының жауаптары қуанта қойған жоқ. Алайда, көп ұзамай 1961 жылы Форт – Шев-

• Жарылғасын ҚАЗАҚБАЙҰЛЫ ченко қаласындағы «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресінің бас инженері Асабай Хисметовтен жауап алып, Жетібай кенорнында 4 дәрежелі бұрғышы көмекшісі қызметіне қабылдау туралы жауап алады. Осы жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін, ең ауыр жұмыстардың бірі болып есептелетін мұнайшылық кәсіпті тастаған емес. Еңбек жолының 16 жылын Қаражанбас кенорнында күрделі жөндеу шебері ретінде қызмет еткен. Шахарба-

• Мейіржан ЖАРЫЛҒАСЫНҰЛЫ

ев Қазақбай кәсіби маман ретінде және Қазақстан Компартиясы Гурьев облыстық комитетінің пленумы мүшесі, аймақтық партия ұйымының XIV, XV, XVI және XVII конференцияларының, Ақтау және Жаңаөзен қалалары партия ұйымдарының алғашқы конференцияларына делегат болып сайланған еңбек ардагері ретінде елімізге танылды. Осындай еңбекқор әкесінің жолын ұлы Шахарбаев Жарылғасын Қазақбайұлы әрі қа-

рай жалғастыра білді. Өз еңбек жолын 1989 жылы Қаражанбас кенорнында ұңғыларды күрделі жөндеу цехының такелажды жұмысшы ретінде бастаған. 2003 жылдан бастап «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС-де қызмет етіп келеді. Осы жылдар аралығында, ұңғыларды жер асты және күрделі жөндеу цехының ҰКЖ операторы, шебері жұмыстарын атқарып, қазіргі таңда технологиялық топтың аға шебері ретінде еңбек жолын жалғастыруда. Шахарбаев Жарылғасын 3 ұл бала мен 1 қыз бала тәрбиелеуде. Ұлы Қазақбай Мейіржан Жарылғасынұлы 2012 жылдан бастап осы күнге дейін «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС ҰҚЖЦ 4 дәрежелі бұрғышы көмекшісі қызметін атқарып келеді. 2014 жылы Серіктестік жанында құрылған Жас мамандар кеңесінің белсенді мүшесі ретінде танылып келеді. Материалды дайындаған – Ғазиза ҚОЖАМҰРАТОВА, «ТМС» ЖШС әлеуметтікәкімшілік мәселелері бойынша аға маманы.


№10, қараша, 2016 жыл

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» 2016 жылғы 19 қараша күні, Қаражанбас кен орнының кітапханасында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» деген тақырыппен әдеби-танымдық кеш өтті. Мәдени шара 1 желтоқсанда тойланатын Тұңғыш Елбасы күніне орайластырылған.

Кеш барысында, жиналғандар Мемлекет басшысы туралы бейнебаян мен кітап көрмесін тамашалап, викториналық сұрақтарға жауап берді. Кітапхананың белсенді оқырмандары ән шырқап, өлеңдерін оқыды.

8

Азаттыққа жол бастаған асыл ер, Қазақ деген,бақ боп туған басына ел. Абыройын асқақтатып Алаштың, Қазағымның домалатқан тасын өр. Елі үшін Тәңірден бақ сұраған, Тілекпенен Мекке барған бұл ағам. Отан үшін отқа түсер ойланбай, Тұңғыш біздің Елбасымыз – Нұр-ағам! Достық үшін санасын жүр сан бұрып, Елбасымыз әр елге ұран қалдырып. Елі сүйген,елін сүйген Елбасы – Биікте тұр, әлемге аты жаңғырып. Мұхит САЛҚЫНОВ, «АрғымақТрансСервис» жүргізушісі

Мақтан етем елім, жерім, даламды, Келбетімен таң қалдырған ғаламды. Қазақстан – «Мәңгілік ел», жасай бер, Жан-тәніммен сүйем Отан-Анамды!

Зияткерлік ойыны өтті

2016 жылғы 20 қараша күні, Қаражанбас кен орнының Мәдени-демалыс орталығында «Қаражанбас» Компаниялар тобы жастарының арасында «Алтын қақпа» зияткерлік ойыны өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы-

на орай ұйымдастырылған білімпаздар сайысының мақсаты – ұлтымыздың мәдениеті, салт-дәстүрі мен тарихын насихаттау. Оған «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, ««Технологиялық көлікті басқару және ұңғыларға қызмет көрсету» ЖШС (ТКБжҰҚК) және «Қаражанбасмұнай» АҚ Жас мамандар кеңесінің командалары қатысты. Зияткерлік ойынын Жас мамандар кеңесінің мүшелері Жанар Нұржанова мен Абзал Ешекенов жүргізді. Сайыстың барысын қатысушы командалардың өкілдерінен тұратын қазылар алқасы бақылады. Ақтық ойында «ТКБжҰҚК» ЖШС-і «ҚБМ» АҚ командасын жеңіп, Ауыспалы Кубоққа ие болды. Жеңімпаздарға сыйлықты «ҚБМ» АҚ Жылу, сумен қамту цехының басшысы Қайрат Шыңғысов табыс етті.

Әріптесіміздің шығармашылығына арналды «Қазақстан-Ақтау» телеарнасындағы Бердіхан Әлменнің «Сөз бен саз» авторлық бағдарламасының кезекті саны әріптесіміз, әнші, сазгер Марат Сәулебайдың

шығармашылығына арналды. Хабарда автордың әндерінің шығу тарихы сөз болып, оларды танымал әншілер орындады.

Теннис турнирінен олжалы оралды «Қаражанбас» Компаниялар тобының жұмыскерлері үстел теннисінен өткен ашық турнирден олжалы оралды. Турнир 2016 жылғы 19-20 қараша күндері Жаңаөзен қаласында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілді. 18–40 жас және 40–70 «Қаражанбас» корпоративтік басылымы Шығарушы: «Қаражанбасмұнай» АҚ. Мекен-жайы: 130000, Қазақстан Республикасы, Ақтау қ., 15 шағынаудан, №8-ғимарат. Газет ҚР ИжДМ 11.12.15 ж. тіркеліп, №15740-Г куәлігі берілген.

Жобаның жетекшісі/Шығарылымға жауапты: Рысжанова Г.Б. - Әлеуметтік жұмыс департаменті директорының м.а. Телефоны: 8 (7292) 473140 e-mail: G_Riszhanova@kbm.kz

Тілші: Құдайберген С. e-mail: S_Kudaibergen@kbm.kz Газет ай сайын шығады Таралымы – 500 дана.

жас аралығындағы екі топ арасында өткен сайысқа 30-дан астам спортшы қатысты. Қаражанбас құрама командасының атынан 4 теннисші қатысып, Талап Барболов (ҚБМ) – 1-орынға, Шадкам Бекзат (ТМС) – 3-орынға ие болды.

«АртДизайн Принт» ЖШС баспаханасында басылды 130000, Қазақстан Республикасы, Ақтау қ., 17 ш/а., «Дукат» ғим., 1 мұнара, 0/3 кеңсе Телефоны: 8(7292) 525-500.

Корпоративная газета №10 қараша 2016 жыл  
Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you