Page 2

2 Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құтты болсын! «От истоков государственности – Ұлы таулар аласармайды, к мировому сообществу» Ұлы есімдер ұмытылмайды!

В МОК, Кампусе КАУ прошла Республиканская научно-прак­ тическая конференция, посвященная 20-летию Независимости Ре­ спублики Казахстан «От истоков государственности - к мировому сообществу», которая открылась с пленарного заседания.

Модератором выступил к.ф. н., ассо­ циированный профессор Н. К. Бегалиев. На пленарном заседании с интересными докладами выступили М. Ж. Абдиров, д.и.н., профессор КБТУ на тему «Неко­ торые проблемы истории Казахстана», С.Г. Азербаев, к. и. н., доцент КазМУиМЯ им. Аблайхана - «20 лет независимости РК, личностный фактор в дипломатии». Живой интерес вызвал доклад D. Soltys Dr.PhD KIMEP «The uneven road to inclusion of environmental civil society in Kazakhstan’s policymaking arena». В работе конференции приняли уча­ стие около 70 человек, представители семнадцати ВУЗов - КБТУ, КазМУиМЯ им. Аблайхана, KIMEP, Университета им. С. Демиреля, Университета «Туран», КазЭУ им. Рыскулова, Ульяновского государ­ ственного педагогического универси­ тета им. И. Н. Ульянова, Жезказганского университета имени О. А. Байконурова, КазАТК им. Тынышпаева, АУЭС, КазНПУ им. Абая, КазНУ им. аль-Фараби, Атырау­ ского Института нефти и газа, Финансо­ вой Академии, Западно-Казахстанского

Технологического колледжа, КазНТУ им. Сатпаева. Пленарное заседание продолжилось работой в секциях по четырем направле­ ниям: «Правовое государство и граждан­ ское общество как формат саморазвития Республики Казахстан», «Языковая поли­ тика РК: наука, образование и культура», «Место и роль Казахстана в мировом гло­ бализационном процессе» и «Эволюция развития IT и ТК систем в Казахстане». В каждой секции выступили от 12 до 15 до­ кладчиков. Доклады прозвучали на рус­ ском, казахском и английском языках с демонстрацией видеопрезентаций. В рамках конференции отражались достижения РК за годы независимости в целом и в области научного исследова­ ния в частности, ставились проблемные задачи и пути их эффективного решения. В ходе конференции были установлены горизонтальные связи для дальнейшего научного сотрудничества.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қар­ санында Қазақ-Америка университеті жанындағы Алматы байланыс коллед­ жінде Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайраткерлерімізбен кездесу кеші өтті. Оған Желтоқсан оқиғасының куә­ герлері Қ.Күзембаев, К.Отарбаев, Д.Жеңісов қатысты. Кездесу кешіміздің мақсаты – жас ұрпақты патриоттық, отансүйгіштік сезімде тәрбиелеуді көздеді. Биылғы жыл еліміз үшін ерек­ ше жыл. Олай дейтініміз, біріншіден еліміздің көк байрағын биікке желбіретіп, Тәуелсіздігін әлемге мойындатқанына 20 жыл. Ал, осы Тәуелсіздікке жетуге тікелей ат салысқан кешегі Желтоқсан оқиғасына аттай 25 жыл болып отыр. Осы Желтоқсан оқиғасы тарих беттеріне мәңгі өшпес із салып кетті. Бүгінгі ұрпақ осы оқиғаны аса құрметпен еске алады. Кездесу кешін ұйымдастырушылар: колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынба­ сары Тойшибекова С.С; қазақ тілі пәнінің оқытушылары Жингиш С.Ж; Думшебае­ ва А.Т; информатика пәнінің оқытушысы Тоқсанбекова А.А. Кездесуге колледж­ дің 1,2,3 курс оқушылары қатысып,

Желтоқсан оқиғасының куәгерлеріне өзде­рінің сұрақ­тарын қойып, пікірле­ рімен алмасты. Сонымен бірге оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетті, өлең оқып, ән айтты. Осы кештен келген қонақтар, оқушылар үлкен әсер алып қайтты. Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас, Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас. Ел үшін жанын қиып, жауды қуған, Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас. Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас. Арқаның селі, желі, шөлі, белі

Ерлерді ұмытпаса ел ұмытпас,- деп Мағжан ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз. Бұл күн – жалынды жастарымыздың тәуелсіздік көксеген рухы алаулаған күн! Бұл күн – азаттық үшін алысып, на­ мыс үшін шабысып, басты бәйгеге тіккен күн! Сондықтан да, бұл күн ешқашанда ұмытылмақ емес, қандай жағдайда да болсын, атаусыз қалмақ емес. Олай болса, жарқын болашақтың беташары болған Желтоқсан еліміз бен жеріміз үшін, қабырғалы халқымыз үшін, ұлтымыз бен ұлысымыз үшін маңызы зор тарихи белес. Ә. Думшебаева, C. Жингиш, Алматы байланыс колледжінің оқытушылары

У. Оржанова, зам. декана по ВиНР

Тәуелсіз елдің еркін ұрпағымыз «Тарихтың көзі де, өзі де – адам» Біздің қазіргі оқушыларымыз Қазақ­ стан тәуелсіздік алғаннан 3-4 жылдан кейін өмірге келгендер. Олар Қазақ­ станның тәуелсіздікке қалай келгенін саналы да терең ұғынады. Колледжінің студенттері: «Қарыздар ұрпақ қан кешіп өткен жандарға, солардың арман іздері жа­ тыр таңдарда!» – деп, күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына 25 жыл және тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерей тойын атап өтуді өздерінің парызы са­ нап, 30- қараша күні өздерінің жүрек жарды үлестерін ән-жырмен білдірді. Колледжінің 11- РЭ и С – 609р тобы

...Күрделі кезеңнің күйбеңімен жүріп, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын толық дәрежеде бағалап үлгер­ ген жоқпыз. Нұрсұлтан Назарбаев

өздерінің таным сабағына дайындаған Power Point слайдында, 1986 жылы 16-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, «Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын!» де­ ген ұранмен шыққанын және қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары – Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Сәбира Мұхамеджанова, Ер­ бол Сыпатаевтарды 1 минут еске алып, олардың рухтарына тағзым етті. Осыдан соң, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған шағын композиция­ ны сахнаға алып шықты.

Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Енді біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біздің туысымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Біз, жастар, күш қолдану мен жанжал атау­ лыны болдырмауға бар ерік жігерімізді аямаймыз. Тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы. Қазақ тамырын тереңге жіберген, осынау қасиетті дала­ сынан табан аудармаған халық. «...Өмір тегін келген жоқ, түсін балам Бақыт төрін тым жылдам ұсынбаган Тұрақ таппай бир жерге көшіп қонып Қараша үйде өткізге қысың бабаң...» деген өлең жолдары осыған айғақ. Иә, қазақ халқы тәуелсіз мемлекеті бар, өзгелермен тең тұрып, иық тірестіре алатын ұлтқа айналды. Қазіргі Қазақстан – осы қазақ жерінде өмір сүріп жатқан барлық ұлттың Отаны. Оны мына өлең жолдары арқылы жеткізуге болады: Ұясы ол – туысқанның, бауырластың Ұясы ол – бақыт үшін қаруластың Ұясы ол – өнер ғылым ғажайыптың Ұясы ол – таланттардың, дарындардың Отаны – Қазақстан алыптардың Ғарышқа оның даңқын алып бардым Көр! Әлем қазақ деген бауырласты Ақ пейіл ғаламдағы халықтардың 20 жыл!!! Бұл аз ба, көп пе? Осы 20 жыл ішінде қазақстандықтар елбасшысымен бірге жаңа Қазақстанды құрды. Жаңа

дәстүр, жаңа өмір салтына ие болдық. Мемлекетіміз жаңа шаңырақ көтерді, ке­ зек күттірмес көптеген жаңа реформалар құрылды, жаңа білім беру саласын құру және оларды жүзеге асыру тұрды. Өмірге тәуелсіз басылымдар, ұлттық теле- радио арналар келді, олардың сан дәрежесі өсті. Осындай ауыр жүкті иыққа салып көтеру және іс жүзінде өмірге енгізу бір жылдың шаруасы емес еді. Қазіргі Қазақстанды осыдан 20 жыл бұрын көзалдымызға елестету мүмкін де емес еді. Халқымыз: «Елу жылда, ел жаңа» деген мәтелді бе­ кер айтпаса керек. Күн, ай, жыл өткен сайын Қазақстан жері көркейе беретініне еліміздің болашағы – жастар кәміл сенімді. Мағжан Жұмабаевтің «Мен жастарға сенемін» өлеңі осы орайға сай оқылды. Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі, Бесігімде тербеледі дос үні, Ұлттардың ұйып тұрған ұясы, Ұмытпайық, ұлықтайық осыны. Студенттер тақырыпқа сай бірнеше өлең оқып, ән шырқады. Әсіресе, Ілиясова Мария орындаған «Қасқалдақ», «Моя Зем­ ля», «Қазақ елі» әндері тыңдаушылардың құлағында. Қанафиянов Талант Мұхтар Шахановтың «Тәуелсіздік» өлеңін оқыды. ...Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін, Серпіп таста мұнды жүрек түндігін Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық Тәуелсіздік күнін бүгін халқым бірге тойлайық.... (өлеңнен үзінді). Р. Хайрлиева, ҚАУ жанындағы АБК-інің оқытушысы

№12, 2011  
№12, 2011  

Студенческая газета

Advertisement