Page 1

САРЫАРҚА Павлодар облыстық газеті 1929 жылғы 15 ақпаннан шығады ssamaly29@gmail.com

САМАЛЫ

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Шеткі ауданның шағымы

14 сәуір, сенбі 2018 жыл №42 (15213)

@saryarka_samaly

Нақпа-нақ Павлодар облысында биыл ҰБТ-ға

3000-нан астам түлек қатысады

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Сана серпілісі Елбасының қазақ қоғамына ерекше серпіліс әкеліп, рухани сілкініс тудырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл толды.

Суретті түсірген - Дархан Өмірзақов.

Павлодар қаласындағы Зеленстрой шағын ауданының тұрғындары жарыққа, жылуға, жолға жарымай отыр. Облыс орталығында орналасса да, шам жарығы түбіне түспей, өркениеттен шет қалған жайы бар. Жергілікті жұртшылықтың жанайқайы биліктің назарына қашан ілігеді? Сан жылдар бойы айтылып келген «құрғақ» уәденің орындалар күні жақын ба? Жалғасы 3-бетте

Әр қазақ - менің жалғызым! АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ - АРҚА ТӨРІНДЕ Жекпе-жек өнері - қазақ халқының қанында бар қасиет. Алысқанды алып ұрған, белдескеннің белін үзген батыр бабалардың жүріп өткен жолына тарих куә. Бойындағы тектілікті жоғалтпай, аралас жекпе-жек спортында әлемді мойындатқан қазақ ұлының бірі, бейбіт заманның батыры - Ардақ Назаров. Жұдырығы жойқын жігіт Арқа төріне келіп, павлодарлықтармен жүздесті. Толығырақ 4-бетте

Gismeteo.kz сайтындағы болжамға сенсек, алдағы аптадағы күндердің ауа райы негізінен желді болып, жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз облыс бойынша ауа температурасы +8+10 градус жылы, ал түнде -3-5 градус суық болады деп болжануда. Ал жексенбіден бастап сынап бағанасы көтеріліп, +15+17 градус ыстық болады.

Бұрнағы күні Астанада «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған алғашқы 18 кітап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен көпшілікке таныстырылды. Әлем тілдерінен аударылған 18 кітап негізінен философия, әлеуметтену, психология, кәсіпкерлік, тілдік коммуникация салаларын қамтиды. «Барлық өңір «Туған жер», «Киелі жерлердің географиясы» және «100 жаңа есім» жобаларына атсалысып жатыр. Бір жыл ішінде меценаттар қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ондаған миллиард теңге бөлінді. 700-ден астам мәдениет ескерткіштері жөнделіп, қайта қалпына келтірілді. Жүздеген ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды», деп атап өтті Президент. Қазақ тілінің жаңа әліпбиін талқылау үдерісі біртұтас қоғамымыздың кемелденгенін танытатын тарихи қадамға айналды. - Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуы тиіс. Сондықтан біз 800 кітаптан тұратын үздік оқулықтардың ауқымды тізімін әзірледік. Ұлттық аударма бюросы құрылып, жұмысына кірісті. Біз бүгін алғашқы 18 кітаптың таныстырылымына жиналып отырмыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастарымыздың болашағы үшін іске асырылуда. Осы орайда, өскелең ұрпақтың оны жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысқаны аса маңызды. Біз бүгін тәуелсіздік жылдары қалыптасқан ғылыми-кадрлық әлеуетіміздің зор екеніне тағы да көз жеткіздік, - деді Мемлекет басшысы. Елбасы үштілділік қағидатын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, биыл бірнеше шетелдік оқулықты орыс тіліне де аудару мәселесін қарастыруды тапсырды. Қорытындысында Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық аударма бюросына бірқатар нақты тапсырма берді. Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


АҚПАРАТ

14 сәуір, сенбі, 2018 жыл

Бөле-жара Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір аптаның аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер балапанды апта сайын санайды. Осы жеті күнде жер бетіндегі тіршіліктен көңілге оғаш, көзге ерекше көрінгені жетерлік. Есірікке де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде, дөңгеленген он сегіз мың ғаламда біз куә болған, бөле-жара айтар оқиғалар қайсы?

Білімдегі былық Қосылғанына екі жылдай уақыт өткен электронды «Kundelik.kz» бағдарламалық өнімінің жыры басылар емес. Кезінде осы бір порталдың ресейлік «Дневник.ру» компаниясына тиесілі екенін, ресурстағы барлық материалдар көршілес елдің IT-мамандарына ашық болатынын мәселе етіп жазғанбыз. Көптің қарсылығына қарамастан жүйені білім саласына жауапты министрлік жігін жатқызып енгізіп жіберді. Ұстаздар электронды күнделік пайда болғалы күн сайын әуре-сарсаңға салынатынын айтып, мұң шағады. «Бізде демалыс жоқ. Күні-түні осы күнделікпен отырамыз. Сол үшін сөгіс естиміз», - деп қынжылатын ұстаздар қауымының мәселесін білім саласының құлағын ұстағандар назарға алғысы жоқ. Жалпы, осы ресурстың астарында көп былық ұялағандай. Бұған шыдай алмаған болуы керек, осы аптада бір топ депутат электронды күнделікке қатысты мәселені көтеріп, депутаттық сауал жолдады. Айтуларынша, бізде «Инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС әзірлеген бағдарламалық өнімдер бар. Неліктен шетелде үлесі бар компанияға оқушылар мен ата-аналардың персоналдық мәліметтері беріледі? Шетелге қатысы бар жеке компания неге біздің ақпараттық жүйелерді қолданады? Білім министрлігі әзірше үнсіз. Жүйенің қалайша енгізіліп кеткенін Е.Сағадиев мырза не деп түсіндірер екен?

«Қара дүйсенбі» АҚШ ресейлік бизнесмендер мен компанияларға қарсы жаңа санкциялар салғаннан кейін осы аптаның дүйсенбісі орманды орыс елі үшін «қаралы күнге» айналды. «Ведомости» басылымының жазуынша, дүйсенбіде ұлттық акциялар нарығы бірден 2,7 триллион рубльден көп жоғалтып, капиталдандыру қоры жеті пайызға кеміді. Бұған қоса, Ресейдің жетекші компанияларының құнды қағаздары да құлдырады. Forbes журналының есебінше, ең бай 50 ресейліктің байлығы бір күннің ішінде шамамен 12 миллиард долларға кеміген. АҚШ санкциясынан бәрінен де Олег Дерипасканың бизнесі қатты зардап шекті. Өйткені онымен байланысты сегіз компания бірден санкцияға ілікті. Forbes журналының 2017 жылдың ең бай ресейлік бизнесмендер рейтингінде 23-орында тұрған олигархтың байлығы 5,1 миллиард доллар деп бағаланған еді. Бірақ, АҚШ Дерипаска мен оның негізгі активтерін санкциялық тізімге енгізгеннен кейін миллиардердің компанияларының акциялары күрт арзандап кетті. Forbes дерегінше, 9 сәуірдің өзінде ғана оның байлығы бірден 1,6 миллиард долларға азайған. Былтырғы жылдың 16 қарашасынан бастап алғаш рет доллар бағамы 60 рубльден асып кетті, ал еуро 2016 жылдың тамызынан бері бірінші рет 74 рубль бағамын бұзды. Рубль бұдан да әрі төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ шағын компанияларды қолдау үшін төтенше шараларды қолданғанда, доллар 80 рубльге жетуі мүмкін. Ал Ресей нарығы 2014 жылдың соңындағы күйзеліс жағдайына қайта оралады деп күтілуде. Бұл келеңсіздік Қазақстанды да айналып өтпеді. Доллар бағамы айналасы екі-үш күннің ішінде 10-12 теңгеге өсіп шыға келді. Бұған қоса, апта аяғына қарай Ресейде техникалық және өзге де шетелдік тауарлар құны қымбаттайды. Бұл үдеріс өз кезегінде елімізге жетіп, дүкендерде қымбатшылық бой көрсетуі ғажап емес. Осылайша көрші елдегі девальвацияның толқыны бізге де қырсығын тигізгелі отыр.

Химиялық қару қолданған

Өткен жексенбіге қараған түні Сирияның Дума қаласында химиялық қару қолдану салдарынан 49 адам мерт болғаны туралы қайғылы хабар жер-жаһанды шарлап кетті. Қастандық құрбаны болғандардың дені – балалар. Бұл жарылысты Башар Асад күштерінің авиациясы жасады деп хабарланды. Оқиға орнынан түсіп жатқан көптеген айғақтарға қарамастан, Башарды қолдайтын Ресей Сириядағы химиялық шабуылды «фейк» (жалған) деп атады. Ертеректе АҚШ Сирияда химиялық қаруды тағы қолданатын болса, қатаң әрекетке баруға уәде еткен. Ресей болса, мұндай тұрғыдағы шабуылдар туралы кез келген ықтимал хабарламаларды алдын ала «арандатушылық әрекеттер» деп атап келген. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі осы аптада Сирияда химиялық шабуыл жайлы мәселені қарау үшін шұғыл жиын өткізді. Алайда бұл іске қатысы барларға шара қолданбақ болғандар тағы мәмілеге келе алған жоқ. Қаншама бейбіт тұрғынның өмірін қиған сұмдық жайтқа кінәлілер жауапкершіліктен жалтарып кететін сыңайлы... Апта оқиғаларын бөле-жара сөз еткен -

Мұрат АЯҒАНОВ.

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

2

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Байланыс бекиді 2012 жылы Павлодар облысының әкімдігі мен Алтай өлкесінің әкімшілігі өзара саудаэкономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық турасында келісім жасаған болады. Енді бұл құжатта белгіленген байланыс бағыттары кеңіп, қос тарап мүддесінен шығатын жобалар саны артары сөзсіз.

Олай дейтініміз, осы аптада Алтай өлкесіне облыс әкімі Болат Бақауов бастаған делегация барып қайтты. Бұл сапар барысында қос өңір осыдан алты жыл бұрын қол қойылған келісімді жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын бекітті. Құжатқа қол қойған аймақ басшысы Болат Бақауов пен Алтай өлкесінің губернаторы Александр Карлин жаңа құжат байланысты одан әрі бекемдей түсетініне сенім білдірді. А.Карлин 2012 жылы жасалған келісім өзінің өміршеңдігін, екі өңірге де қажет құжат екенін көрсетті, деді. Ал күні кеше қол қойылған жоспар өңіраралық қатынасты нығайтып, нақты мақсатты көрсеткіштер белгілеуге жол ашатыны да айтылды. Нәтижесі қос өңірге, түптеп келгенде, көрші екі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететіні аталды. Сапар кезінде журналистердің сұрақтарына жауап берген екі аймақтың басшылары алдағы байланыстың қалай өрбитіні жайында пікірлерін білдірді. Алтай өлкесінің губернаторы А.Карлин іс-шаралар жоспары екі өңір арасындағы байланысты жаңа бір белеске көтеретінін сөз етті. Жалпы, қос аймақ қандай салада

нақты қатынас жасайтынын да айқындап алғанын атап өтті. Ал Болат Бақауов көрші елдің шекаралас өңірлерімен алыс-беріс бұрыннан қалыптасқанын, жүйелі байланысқа ұласқанын айтты. Соңғы жылдары бұл байланыстың көкжиегі де кеңейді, деді. Яғни, іргелес аймақтармен ғана емес, ішкері жатқан өңірлермен де іскерлік қатынас құрылуда. Осы ретте, павлодарлықтар көршілермен араластықты арттыруға әзір екенін де мәлім етті. Естеріңізге сала кетейік, Алтай өлкесінің ірі машина жасау кәсіпорындарынан өңірімізге түрлі жабдықтар жеткізілсе, бізден көптеп көмір тасымалданады. Б.Бақауов көмір жеткізуде кідіріс болмайтынын айтты. Сонымен қатар, Болат Жұмабекұлы медициналық туризм бойынша да байланыстың нығаятынына үміт артты. Осы ретте, алдағы уақытта бізде кәрістердің қатысуымен жаңа диагностикалық орталықтың ашылатынын алтайлықтарға құлаққағыс етті. Б.Бақауов Алтай өлкесінің инвесторларын өңірімізде іс бастауға шақырды.

- Ресейліктермен бірлесіп қолға алынған нәтижелі жобалар баршылық. Мәселен, қоспалы алюминий шығаратын зауыт іске қосылды. Новосібірліктер қолға алған кәсі п 2017 жылдың үзді к инвестициялық жобасы атанды. Бұл жоба да осындай екі жақты кездесулер кезінде келісілген еді. Челябі, Екатеринбург инвесторларымен де байланыс бар. Облысымыздағы арнайы экономикалық аймақта жұмыс істеп жатыр. Жалпы, соңғы 3 жылда Германия, Қытай, Ресей инвесторларының қатысуымен 19 жоба жүзеге асқан, деді Б.Бақауов. Алдағы 20 сәуірде Павлодарда өтетін форумға алтайлық бизнес орта өкілдерін шақырды. Алқалы жиында арнайы экономикалық аймақта алюминий кластерін дамыту мүмкіндіктері сөз болмақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

БРИФИНГ

Шақырылмаған қонақтар... 22 наурыз күні Павлодар қалалық №6 жалпы орта білім беру мектебінде Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің өкілдері жергілікті славян мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырған олимпиада барысында түсініспеушіліктер орын алған. Сол кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқушылардың тест тапсыруына кедергі келтіргені жөнінде түрлі пікірлер айтылып, ата-аналар тарапынан алаңдаушылық туындаған. Айдана ҚУАНЫШЕВА Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Павлодар облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы аталмыш жағдайдың анық-қанығын айтып берді. - Жұмыстан тыс уақытта, демалыстарда шаһардағы білім беру мекемелерін аралап шығатын әдетім бар. 22 наурыз күні №6 орта мектептің жанында адамдардың қарасы қалың екенін байқадым. Шетелдік азаматтарды көрген соң, көкейімде сұрақ туындап, көші-қон қызметінің өкілдерін шақырдым. Белгілі болғандай, олимпиада өткізуге келген Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің оқытушыларында қызметтік куәлік пен іссапар парағы болмай шықты. Әрине, Ресейдің кез келген азаматы белгілі бір уақыт аралығында Павлодар

қаласының қонағы бола алады. Бірақ заңға сүйенсек, өзге елден келген меймандар тиісті органдардан ресми рұқсат алмай, қандай да бір қызметпен айналыспауы тиіс. Біз олимпиадаларға қарсылық білдірмейміз. Бірақ екі тарап арасында заңға сәйкес келісімшарт жасалуы тиіс. Өкінішке қарай, аталмыш мектеп басшылығы тестілеудің өтетіні жөнінде қалалық білім беру бөліміне ескертпеген. Әрбір қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары оқушылардың қатысуымен өтетін шараларды ұйымдастырмас бұрын білім беру басқармасымен кеңесуі керек. Біз өз тарапымыздан облыстық төтенше жағдайлар департаменті, денсаулық сақтау және ішкі істер басқармаларымен шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Аталмыш жағдай бойынша хаттама толтырылмады. Ұйымдастырушыларға түсіндіру жұмыстары жүргі зі лген соң, олар өз елдеріне қайтты, - дейді Дінислам Болатханұлы.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес, білім беру ұйымдары уәкілетті органдардың келісімі бойынша шетелдің білім беру мекемелерімен тікелей байланыс орнатуға құқылы. Бұл ретте басқарма Ресей Федерациясынан бөлек, әлемнің барлық жоғары оқу орындарымен түрлі олимпиадалар мен байқаулар өткізудегі әріптестікке дайын. Бірақ заң аясында тараптар арасында келісімшарт жасалуы керек. - Жоғарыдағы жағдайдан кейін Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Анатолий Батаевпен телефон арқылы сөйлестім. Нәтижесінде мұндай шараларды заң шеңберінде өткізу керек деген шешімге келдік. Ресми түрде жүгінген жағдайда шараны тегін және көпшілікпен ұйымдастыруға әрдайым дайынбыз. Біздің мақсат - ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету, деді Д.Болатханұлы. Көршілес елдің мұғалімдерінің келуіне көмектескен облыстық «Славян» этномәдени бірлестігінің төрайымы Татьяна Кузина заң нормаларын ескермегенін айтып, өз қателігін толығымен мойындады. Атап өтерлігі, бұл жағдайдан кейін олимпиада өткен №6 орта мектептің директоры Галина Кулаковская өз еркімен басшылық лауазымынан бас тартып, мұғалім ретінде жұмыс істеу жөнінде шешім қабылдаған.

Салық төлеушілер назарына! 2017 жылдың 27 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасында СЭҚ ТН 4303109010, 4303109020, 4303109030, 4303109040, 4303109050, 4303109060, 4303109080 табиғи теріден жасалған бұйымдарды таңбалау жүргізіледі. Аталмыш тауар тізбесіне қолғап пен биялай, сонымен қатар бас киімдер мен олардың бөлшектері кірмейді. 4303 тауар позициясына табиғи тері бұйымдары және басқа материалдарды қосумен құрастырылып жасалған оның бөліктері, және бөлініп көрсетілген тері бұйымдар және олардың бөліктері немесе оның бөлігі киім немесе басқа бұйымдар түрінде бірге тігілген. Астары табиғи

немесе жасанды теріден жасалған киім заттары және киімге қосалқылары немесе табиғи нежасанды терілер сыртқы киімнің сыртынан тігілсе жатады, басқа жағдайларда, егер тері өрнек болып табылса, 4303 тауар позициясына енгізіледі. Назар аударамыз, 2017 жылдың 27 қарашасынан бастап БИБ-сіз тері бұйымдарын сатуға тыйым салынған. Толығырақ www. pvl.kgd.gov.kz сайтында немесе Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жүгініп танысуға болады.

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті. (2091)


САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА

Шеткі ауданның шағымы Басы 1-бетте Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА Шаһар билігінің Зеленстрой ауданы халқымен кездесуінде осындай күрмеулі мәселелер көтерілді. Зеленстрой шағын ауданының тұрғыны, зейнеткер Майра Оспанованың көршілерінің үйінде түнеп жүргеніне бірнеше күн болды. Себебі, еріген қар суы үйге дейін кіріп, салдарынан баспанада тұру мүмкін емес. - Үйімнің қабырғалары құлап қалмас үшін күндіз барып, пеш жағып, жиналған суды әупірімдеп жүріп өз күшіммен сыртқа шығаруға тырысамын. Әйтпегенде, біраз жыл паналаған баспанам құлаудың аз-ақ алдында тұр. Мұндай жағдай жыл сайын қайталанады. Бірақ қол ұшын созар ешкім жоқ. Бұлай жалғаса берсе, үйсіз қалатын түріміз бар. Сондықтан, дренажды жүйені салу кезек күттірмейтін мәселе болуы тиіс, - дейді М.Омарова. Тағы бір тұрғын Манай Аманжолдың айтуынша, аудан іргесіндегі арықтан түк пайда жоқ. Қар мен жаңбырдың суы оған мүлде құйылмайды. Сондықтан қолға күрек алып, тиісті техникаларды жалдап, өздері жыра қазудан басқа амал қалмайды. Павлодар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Зікірия Сұлтанғазинов ұзындығы 3,5 шақырым дренажды жүйе салу керектігін айтты. Осы бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді. Бірақ ол үшін әлі де біраз уақыт күтуге тура келетін түрі бар. Ал Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов уақыт оздыруға болмайтынын кесіп айтты. - Бүгінгі күнгі өзекті мәселе дренажды жүйені салу екенін жақсы білеміз. Оны жобалап, мемлекеттік сараптамаға жіберу біраз уақытты талап етеді. Осыны ескеріп, жобасыз-ақ құбыр салудың жолдарын қарастырып жатырмыз, - деді Н.Әшімбетов. Шағын аудандағы өзекті мәселенің бірі қар суының көп болуы десек, екіншісі керісінше –

ауызсудың жоқтығы. Аудан тұрғындары суды күн сайын колонкалардан тасуға мәжбүр. Осыдан шамамен 5 жыл бұрын су құбырларын жүргізу ісі қолға алынған-ды. Өкінішке қарай, мемлекет сенім артқан мердігер жұмысын орта жолдан тастап, аяқсыз қалдырды. Салдарынан ауызсу тартылмағанмен қоймай, ашық шұңқырлар, ойдымойдым жерлер қалды. Енді жергілікті билік су жүйесін жүргізудің екінші кезегін бастады. Жобалықсметалық құжаттама дайындалып, онда бес жыл бұрын атқарылмай қалған істер ескерілгенге ұқсайды. Содан соң министрлікке осы жоспарды жүзеге асыруға қажет 600 млн. теңге бөлу туралы тиісті өтініш жолданды. Алайда, мемлекеттік қазынадан қаражат табылмай, министрлік бұл жобаны 2019 жылғы бюджеттік шаралар тізіміне қосты. Бұған қарамастан, шаһар басшысы Нұржан Әшімбетов қалалық және облыстық бюджеттен де қаржы қарастыруды сұрайтынын айтты. Бұдан кейін жылу жүйесін қаржыландыру тетіктері қарастырылмақ. Қазіргі уақытта тиісті жобалықсметалық құжат әзірленуде. Жоба жасаушы компания басшысы Нұрлан Батырбековтің айтуынша, құжатқа сәйкес Зеленстрой ауданында 14 шақырым жылу желісі тартылмақ. Тиісті құжаттар мамыр айының соңында дайын болған соң мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Бұл ретте кәріз жүйесін жүргізу де ескерілді. Себебі аталмыш ауданда су мен жылу ғана емес, кәріз жүйесі де жоқ. Зеленстройдағы күрмеулі мәселелер мұнымен бітпейді. Жарық пен жолдың «жыры» тағы бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыста кеш ерте түсетіндіктен, балалар қараңғыда мектепке барыпкелуге, ересектер жұмыстан қайтуға қорқады. Шамамен 15 көшеде жарық мүлде жоқ, тас қараңғы. Зкрия Сұлтанғазинов қаланы жарықтандыру жұмыстары дәл осы ауданнан басталып, 1 маусымға дейін жоғарыда аталған 15 көшенің бойында шамдар орнатылатынына сендірді. Сонымен қатар, «жолды жөндейміз» деп уәде етті. Атап айтқанда, Пішенбаев, Алексеев көшелеріне асфальт төселіп, бірқатар тротуар ретке келтірілмек. Бастысы, Ломов көшесіне дейін жаяу жүргіншілер жолы салынып, жарықтандырылатын болды.

Жергілікті жұртшылық осылайша өкпе-ренішін де, ұсыныс-тілегін де білдірді. Шаһар басшылығы болса, сең орнынан қозғалып, жобалар жасалып, тиісті жұмыстар көп күттірмей атқарыларына сендірді. Енді Зеленстройдағы ағайынның үйінде жылу мен судың, көшесінде жол мен жарықтың болуын тағатсыздана күтеміз.

ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ

Қай жол ақылы болады?

Былтыр жол салу ісінде іркіліс болғаны белгілі. Яғни, қажетті материалдардың жетіспеушілігінен осындай олқылық орын алды. Жауапты органдар мұндай кемшілік биыл болмайтынына сендіріп отыр. Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтылды. Облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ермұрат Нұрхановтың мәлімдеуінше, ағымдағы жылы жол құрылысының қарқынды болатыны ескеріліп, құзырлы орган ауқымды іске былтыр жыл соңынан бастап қамданған. Мәселен, Баянауылда жол салу биыл айрықша қарқын алатыны ескеріліп, аталмыш ауданда үш бірдей мобильді-асфальтті бетон зауыты құрылмақ. Олар алдағы мамыр айында іске қосылады деп күтілуде. Бұл қадам құрылысқа материалдарды жеткізу жолын қысқарту әрі жеңілдету үшін жасалып отыр, деді Е.Нұрханов. Жалпы облыста бүгінде 21 асфальтті бетон зауыты жұмыс істейді. Олардың тәулігіне 6 мың тонна өнім шығаруға қауқары бар. Айта кетейік, биыл облыста 520 шақырымдық жол жөнделеді. Оның 48 шақырымы қайта қалпына келтірілсе, 60 шақырымына күрделі жөндеу, 411,1 шақырымына орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл ретте, жолдың басым бөлігінің жөндеу жұмыстарына ресайклинг әдісі қолданылмақ. Жол жөндеу жұмысының ауқымдылығына байланысты жауапты органдар ірі компанияларды тартуды жөн көрген. Бұл жөндеу жұмыстарына 12,4 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі кезде аймағымызда облыс иелігіндегі жолдардың 78 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Қалғаны жөндеуді қажет етеді. Оған қоса, жыл сайын көрсеткіш өзгеріп отырады. Десе де, жауапты сала мамандары 2021 жылға қарай қанағаттанарлық деген бағаға лайық жолдың үлесін 82 пайызға жеткізбек ойда. Республикалық маңыздағы жолдар құрылысы да биыл жалғасады. Мәселен, Астана-Павлодар бағытындағы төрт жолақты жолдың екі жолағы биыл толық қолданысқа беріледі деп күтілуде. Бұған

дейін ірі жобаға кіріп алып, зар қақсатқан ирандық компанияның орнында қазір қазақстандық фирма жұмыс істеуде. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Қайрат Кәрібаевтың айтуынша, жалпы облыс аумағында республикалық маңыздағы 1662 шақырым жол болса, биыл соның 580 шақырымда құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Яғни, Астана-Павлодар, Павлодар-Шығыс Қазақстан бағытындағы жолдарда жол салынуда. Шығыс Қазақстанмен байланыстыратын 168 шақырым жолдың биыл 130 шақырымнан астамы қолданысқа беріледі. Келесі жылға 20-25 шақырым қалмақ. Павлодар-Астана бағытының оң жақ бөлігін алдағы жылы аяқтау көзделген. Сөйтіп, биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы жұмыстың 90 пайызын үстіміздегі жылы түйіндеу межеленген. Тағы бір айта кетерлігі, республикалық маңыздағы екі жол 2019 жылдың соңынан бастап ақылы болады. 2020 жылдың мамыр айына дейін тестік түрде жүргізіледі. Атап айтсақ, «Астана-Павлодар» және «Павлодар-Омбы» автомобиль жолдары ақылы болады. Қ.Кәрібаевтың айтуына қарағанда, салмағы 2 тоннадан аспайтын жеңіл көліктер үшін тегін болуы да мүмкін. Бүгінде осы мәселені компания басшылығы қарастырып жатқан көрінеді. Яғни, жүк көліктері, газельдер және басқа да ауырлау автомобильдер ары-бері өткені үшін ақша тастауына тура келеді. Бұл ретте, мамандар АстанаБурабай жолын мысалға келтірді. Онда жеңіл көліктер әр шақырымына 1 теңгеден төлейді. Екі жағында шлагбаум орнатылған. Не кіреберісінде, не шығарында ақы қалдыру міндетті болса, Павлодарда мұндай шектеу болмайды. Төлемесе де, жүргізушіні жолынан бөгемейді. Ашық жүйе қолданылады. Алған бағытына жүре береді. Бірақ төлемеген жағдайда бұл жөнінде арлы-берлі өткенді тіркеп алатын құрылғы бойынша жүргізушінің соңынан түбіртек міндетті түрде келеді.

14 сәуір, сенбі, 2018 жыл

3

12 сәуір Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарыққа шыққанына бір жыл толды. Осыған орай Павлодар қаласындағы «Рухани жаңғыру» кеңсесінде аймақтың зиялы қауымы мен белсенді жастар бас қосты.

52 жоба 4,5 млрд. теңге

С

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың ішінде орналасқан кеңсеге облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев арнайы келді. - Бір жылдың ішінде біздің аймақта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 52 жоба іске асырылды. Оған барлығы 4,5 млрд. теңге жұмсалса, оның 2 млрд. теңгесін демеушілеріміз бөлді. Бағдарлама аясында көптеген бірегей жобалар қолға алынып, облыс тұрғындарының ерекше қолдауына ие болды. Сондай жобаның бірі - «Мектебіме тағзым». Бұл аймақтағы әр мектептің түлегіне өзі оқып, білім алған, сол жерден үлкен өмірге қадам басқан білім ошағына қайырымдылық жасауына жол ашты. Осының негі зі нде өңірімізге белгілі кәсіпкерлер мен жоғары лауазым иелерінен бастап, қарапайым тұрғындар да өз мектебіне қажетті құрал-жабдықтарын алып берді. Осы жылы еліміз бойынша алғаш рет Павлодар облысында құрылған «Еріктілер үйінің» ашылуы баршамыз үшін үлкен сый болғаны аян. Бұл жаңалық күні кеше Астана қаласындағы «Ұлттық музейде» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиында айтылды. Өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар легі жалғаса беретін болады, - деді М.Бегентаев. Биыл облыс бойынша 131 жобаны өткізу жоспарланған. Осы ретте «Рухани жаңғыру» кеңсесінің бас менеджері Самал Айтқазина халық

арасында аталмыш жоба кеңінен насихатталып жатқанын жеткізді. - Бүгінгі жиынымыздың маңызы ерекше. Мұнда 1 жылдың ішінде біз қандай жұмыстар атқардық? Қай бағытта келе жатырмыз? Қандай тұстарда қателік жібердік? Міне, бүгін осы сұрақтардың барлығына жауап беріп, өткен күндерге бір қорытынды жасау басты мақсатымыз болды. Бүгінгі таңда ел арасында «Рухани жаңғыру» тек қана Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларын ғана қамтып жатыр деген жаңсақ пікір бар. Ауылдық жерлер назардан тыс қалған жоқ, биыл 131 жоба өткі зуді жоспарлап отырсақ, соның 56-сы ғана аталған 3 қаланы қамтиды, қалғаны ауылдарда жүзеге асады, деді С.Айтқазина. Салтанатты жиын барысында Павлодар ауданының жеке кәсіпкері «Еріктілер үйіне» «Рухани жаңғырудың» белгісі бейнеленген, салмағы 30 килограмм, биіктігі 50 см болатын 75 мың теңгенің тәтті тортын сыйға тартты. Жиын барысында жыл бойы аталмыш бағдарлама бойынша қажырлы еңбек еткен бірқатар белсенділерді М.Бегентаев «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Олардың қатарында «Сарыарқа самалы» газетінің журналисі Сая Молдайып (суретте) пен Pavlodarnews. kz ақпараттық агенттігінің редакторы Светлана Воронова бар.

Қ.МҮСӘЙІП.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Жылу ажыратылмайды Өткен жылы Павлодар қаласында жылу маусымы 20 сәуірде аяқталған еді. Ал биыл бұл мерзім сәл кейінге шегерілуі мүмкін. Белгіленген талапқа сәйкес, үш күн бойы тәуліктік ауа температурасы +8 болса, жергі лі кті әкі мді к жылу маусымын тоқтату туралы шеші м қабылдайды. «ПавлодарЭнерго» АҚ бас директоры Олег Перфиловтың айтуынша, сәуір айының соңына дейін күндіз шамамен +6 градус жылы, түнде -2 градус суық болады деп күтілуде. Болжам бойынша, мұндай ауа температурасы 29-30 сәуірге дейін жалғасады. Демек, жергілікті әкімдік сол уақытта ғана мекемелер мен тұрғын үйлердегі жылуды өшіру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.


4

ҚОҒАМ

14 сәуір, сенбі, 2018 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ӘР ҚАЗАҚ - МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ!

Алаштың Ардағы - Арқа төрінде

Алпысбай ХОНЖ Аралас жекпе-жектен үш дүркін Әлем чемпионы, Еуразияның екі дүркін чемпионы, Әлем Кубогының иегері Ардақ Назаров пен жекпе-жектен Әлем чемпионы Аңсар Дәулетбаев ең алдымен Павлодардағы «Рухани жаңғыру» офисінде жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Дөңгелек үстел басында жиналған ағайынмен емен-жарқын тілдескен қадірменді қонақ қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков даңты спортшының өңірімізге арнайы келгені үшін алғыс айтып, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 20 томдық шығармалар жинағын сыйға тартты. Бұдан соң Ардақ Назаров «Асық party» акциясына қатысты. Қой асығын қолына алған спортшы балалық шағына саяхат жасауға да уақыт тауып үлгерді.

Чемпионның Ертіс - Баян өңіріндегі сапары облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық орталығында қала тұрғындары және қонақтарымен кездесуге ұласты. Есімін ардақтап, өнерін назардан тыс қалдырмайтын Павлодар жұртшылығы Ардақ Назаровпен кездесуге тайлы-таяғы қалмай жиналды. - Қазақтың әр даласы киелі ғой. Павлодар даласы маған ерекше ыстық. Кереку жері - менің спорттық мансабымдағы алғашқы баспалдағым. Әлі есімде, 2002 жылы осы өңірге Еуразия біріншілігіне келдім. Ол кезде жасым 21-де еді. Айқасқа шыққан үш кавказдық жігіттің барлығын жеңіп, тұңғыш рет Еуразия чемпионы атандым. Сол кезде Павлодар жұртшылығына бұйыртса болашақта әлем чемпионы боламын деп уәде берген едім. Сіздердің ақ баталарыңыздың арқасында Алла тілегімді қабыл етті, - деді А.Назаров. Бойында қазақы қаны тулап, намыс оты найзағайдай жарқылдаған Алаш ұлы ұлт тағдырына байланысты келелі әңгіме өрбітті. «Тірі тұрғанда - қазаққа қызмет етпей қоймаймын!» дейді Алаш

Суретті түсірген - Абзал Қабдраш.

Жекпе-жек өнері - қазақ халқының қанында бар қасиет. Алысқанды алып ұрған, белдескеннің белін үзген батыр бабалардың жүріп өткен жолына тарих куә. Бойындағы тектілікті жоғалтпай, аралас жекпе-жек спортында әлемді мойындатқан қазақ ұлының бірі, бейбіт заманның батыры - Ардақ Назаров. Жұдырығы жойқын жігіт арқа төріне келіп, павлодарлықтармен жүздесті.

арысы Әлихан Бөкейханов. Әрқайсымыз осы принципті ұстануға тиістіміз. Тәуелсіздікті алуға пайдамыз тигені былай тұрсын, кей кезде зиянымыз тиіп кететін тұстарымыз да бар. «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын?» дейді кемеңгер бабаларымыз. Екі рет берілмейтін өткінші өмірді саналы әрі салиқалы түрде сүруге тиістіміз. Қоғамды тәрбиелеуді ең алдымен қаракөз қыздарымыздан бастауымыз керек. Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесінің алғашқы баспалдағы. «Қызды қырық үйден тыю» деген сөз бекерден-бекер айтылмаған.

Оны тыятын - мына біз, ер азаматтар. Ежелгі қазақтар қыз балаға жалғыздан-жалғыз бөгде үйге қонуға рұқсат етпеген. Тіпті, алыс ағайындардың шаңырағына бір өзі баруға тыйым салған. Әпкесі жоқ кезде жездесі ні ң үйі не қыдыруға қарсы болған. Ақшам намазынан соң сыртқа шығармаған. Апақсапақ уақытта сыртқа шығуға, суға баруға да үзілді-кесілді қарсы болған. Бір қарағанда, жай дүние секілді болғанымен, бұл тыйымдардың астында үлкен тәрбиелі к мән жатыр. Қарындас, әпкелерімізге, қыздарымызға

саналы тәрбие бермейінше сапалы ұрпақты өсіре алмаймыз. Кешегі өткен Алаш ардақтыларын мысалға алып қарасыңыз, ешқайсысының анасы тексі з болмаған. Мен үші н әрбір қаракөз қазақ қызы - менің әпкем немесе қарындасым, - деді чемпион өз сөзінде. «Бес ғасыр жырлайдыны» жатқа айтатын Ардақ Назаровтың әсіресе, әйел мен ер, ата-ана мен бала арасындағы тәрбиеге толы салмақты ойлары көпшіліктің көңілінен шықты. Осыдан соң Ардақ Назаров облыс орталығындағы «Абылай» спорт клубына ат басын бұрып, жас спортшыларға шеберлік сағатын өткізді. Оларға үлкен спортқа дайындалудың қыры мен сырын айтып, жастардың жігерін жаныды. Алдағы уақытта балалар мен жасөспірімдер арасында Оңтүстік Африкада өтетін әлем чемпионатына баратын павлодарлық жас таэквондошы Балнұр Оркеноваға ақ жол тілеп, батасын берді. Қазақтың рухани астанасы Алматы жерінен теріскейге келген спортшы Арқа төріндегі ағайынның ақжарма көңілі мен ыстық ықыласына риза болып, болашақта тағы да жұртшылықпен жүздесуге дайын екендігін айтты. Аталған шара «National art» жастар қоғамдық бірлестігінің ұсынысымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен, сондай-ақ бірқатар демеушілердің қолдау көрсетуі нәтижесінде жүзеге асты.

КӨПШІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

Кеңестік кезеңде Павлодар қаласындағы тұрғын үйлердің барлығының дерлік ауласына газ жинақтаушы қондырғылар қойылған еді. 1990-ыншы жылдары көк отынды таратуда түйткілдер туындап, салдарынан олардың бәрі жүйеден ажыратылды. Сөйтіп, ширек ғасыр бойы пайдаланылмаған газгольдерлер былтыр алынып тасталды да, бос қалған орындарды шағын және орта бизнестің қажеттілігіне беру ұйғарылды. Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА Өткен жылы облыс әкімі Болат Бақауов істен шыққан газгольдерлер орнына дүкендер, наубайханалар, сұлулық салондары сынды шағын кәсіпкерлік нысандарын немесе спорт алаңдарын салуды ұсынған еді. - Қазіргі кезде газгольдерлердің ешқайсысы кәдеге жарап жатқан жоқ. Олар алып жатқан аумақ - шағын және орта бизнесті, бұқаралық спортты дамытуға таптырмас орын. Егер кәсіпкер әлеуметтік маңызы бар жобаны ұсынса, біз ауланы, жолды жөндеп, жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз, - деген еді аймақ басшысы. Сөйтіп, небары үш ай аралығында 102 ауладағы газгольдер аумағында монтаждау жұмыстары жүргізіліп, 504 қондырғы арнайы аймаққа орналастырылды. Ал бос қалған аумақтарда жаңа кәсіпкерлік нысандарын салу ісі басталып кетті. Бұл бағыттағы жұмысты алғашқылардың бірі болып қолға алған кәсіпкер Евгений Соболевский. - 20 жылдан астам уақыт бойы газгольдерлер құр тұрып, тұрғындарға ыңғайсыздық тудырғаны белгілі. Оларды алып тастау туралы шешім мені ғана емес, көпшілікті қуантты деп ойлаймын. Біріншіден, тұрғындардың емін-еркін жүріп-тұруына жағдай жасалды. Бұған дейін газ қондырғыларының салдарынан көліктер аулада айнала алмай, біраз әуре-сарсаңға түсетін еді. Екіншіден, кәсіп бастауға, ісін кеңейтуге ниеттілерге мүмкіндік бері лді. Жасыратыны жоқ, қала ішінде жер алу қиын. Ал газгольдерлердің орнына шағын

Қондырғыдан құтылып... дүкен, шаштараз, басқа да қызмет көрсету нысандарын салуға әбден болады. Мәселен, мен жақында ет сату дүкенін ашамын. Бұл ретте еуропалық тәжірибені назарға алдым. Яғни, ет алу үшін жәрмеңкені күтіп, алысқа барудың қажеті жоқ. Құс, қой, сиыр мен жылқы етін есік алдына шығып-ақ, қолжетімді бағаға сатып алуға болады. Оған қоса, жартылай дайын фабрикаттарды саудаға шығару ойда бар, - дейді кәсіпкер. Десе де, жергілікті тұрғындардың бәрі бірдей мұндай бастаманы қолдай қойған жоқ. Павлодар қаласының тұрғыны Рая Устинова «ауладағы мини-маркеттердің игілігі шамалы» деген пікірде. - Бұқаралық ақпарат құралдарынан газгольдерлердің орнына ет, азық-түлік сататын дүкендер ашылады дегенді естідім. Бірақ мен сауда орындарының салынғанын құптамаймын. Себебі, дүкенге келімді-кетімді көлік көп болады. Бұл шағын аулалардағы жол қозғалысын одан әрі қиындатуы мүмкін. Сонымен қатар, шағын дүкендерде санитарлық талаптардың қатаң сақталуы екіталай. Газ қондырғылары болған аумаққа балаларға арналған ойын, спорт алаңдарын, көлік тұрағын салса, анағұрлым тиімді болар еді, - деген ойын білдірді Р.Устинова. Павлодар қаласының тағы бір тұрғыны Надежда Яковлева да аулада ашылатын дүкендердің пайдасынан гөрі зияны көп бола ма деп қауіптенеді. - Жаңа нысанның жарық пен жылу жүйесіне қосылуы қажет екені түсінікті. Ал оған қажет қуаттылықты қайдан алады? Аудандағы қосымша станцияларға түсетін жүктеме көлемі едәуір артып, тұрғын үйлерге жылудың, жарықтың жетпей қалмасына кім кепіл? Осы мәселе бізді қатты алаңдатады, дейді зейнеткер. «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы инвестициялық жобалар бөлімінің басшысы Тимур Колосковтың айтуынша, алаңдауға негіз жоқ. Кәсіпкерлік нысандары іске кіріспес бұрын барлық техникалық шартты алады. Атап айтқанда, оның архитектуралық сипаты, инфрақұрылымға қосылу тәртібі – бәрі сараланады. Бұл ретте «Павлодар электр желілерін таратушы компания» АҚ да тиісті жұмыстарды жүргізеді.

С

Жалпы, осы уақытқа дейін газгольдерден босаған учаскелерді кәсіпкерлерге үлестіру бойынша екі конкурс өтіп, нәтижесінде 80 пайызына қатысты нақты жоба-жоспар белгіленді. Ал қалған 20 пайыз аумақтың иесі әзірше табылмай тұр. - Бос қалған жер учаскелері сатылмайды, тек жалға беріледі. Басқарма кеңесі мүшелерінің шешімімен 1 шаршы метрді бір жылға жалға беру бағасы 2500 теңге болып белгіленді. Газгольдерлер босаған аумақтардың көлемі – 25-250 шаршы метр аралығында. Айта кетерлігі, учаскелер кез келген адамға беріле бермейді. Қоғамдық маңызы бар жобаларды ұсынып, арнайы конкурсқа қатысқан кәсіпкерлер ғана сол жерде өз ісін бастай алады. Осы арқылы аулаларда шағын бизнес нысандарын көбейтіп, шамамен 150-200 павлодарлықты тұрақты жұмыспен қамту көзделіп отыр, - дейді Т.Колосков. Ал ескі газгольдерлердің ары қарайғы «тағдыры» қалай болмақ? Жауапты маман тиісті құжаттар ретке келтірілген соң олар

аукционға шығарылатынын айтты. Қазірдің өзінде ескі қондырғыларға сұраныс көп көрінеді. - 504 газгольдер қала сыртындағы қоршалған аумаққа шығарылды. Олар күнітүні күзетіледі. Қондырғылар «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының балансына өткен соң аукционға қойылады. Бүгінгі күнге дейін оны сатып алуға ынта білдіргендердің қарасы қалың. Астана, Көкшетау, Қостанай, тіпті Ресейдің көршілес қалаларынан хабарласып, аукционды асыға күтіп жүргендер жетерлік, - дейді Т.Колосков. Ескі газгольдерді жеке үйлерді, шағын цехтарды жылытуға пайдаланады. Бұл орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылуға қарағанда анағұрлым ұтымды әрі арзан. Сол себепті болар, ескі ні алуға асық ағайын көп. Алдын ала болжам бойынша, осы арқылы мемлекет қазынасы 40 млн. теңгеге толықпақ. Аулада ашылатын шағын және орта кәсіпкерлік нысандары тұрақты түрде төлеуі тиіс салық түсімдері есебінен де бюджет көлемі көбейеді деп күтілуде.

Осылайша, жергілікті билік ескі газгольдерлерді де, олар босатқан орынды да кәдеге жаратпақ ниетте. Тек бұл ретте тұрғындардың да тілегі ескеріліп, бизнес қана емес, спорт нысандары, ойын алаңдары да көптеп ашылса игі.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша

Құстар туралы жұмбақтар

Табиғат

е ң са й , нда бір тер ыр тай. ғы а ж р а ... Ертістіңжібек арқан тел қоң , Сүйреткен ұтағына қонып алыпрғай. Ағаштың бтаң алдында қарато Сайрайды, Ақан сері.

ы, Екi айыр құйрығ , ты на қа рт Қи яқ мұ үйрiгi. Ұшқырлардың ж (Қарлығаш) Сирағы ұзын, Тырнағы ұзын. Ба лықты сүзбей , Ұстайтын шоқы п, Тұмсығы бi здей. (Тырна) Су бетін сызып, . зіп Ақ құман жүр сү (Аққу)

Қараторғай Міне, қар еріп, сай-сала суға толып, көктем де келді. Бұл мезгілде жыл құстары орала бастайды. Олар көктем хабаршысы. Солардың ішінде алғашқылардың бірі болып қараторғай келеді екен. Бұл құстың пайдасы көп, олар шегірткені көп жейді, жеміс ағаштары мен бақша дақылдарының зиянкестерін, сона, шыбын, қоңыз секілді жәндіктерді де азық етеді. Яғни бұл жұдырықтай құс адамға пайдалы. Қараторғай тез қозғалып, тік көтеріледі. Бір қызығы, бұл құс өзге құстарға еліктегіш келеді екен, сондықтан сайрауы да әртүрлі. Қараторғай Еуропа, Африка, Азия құрлықтарында кездеседi. Бiздiң аймаққа көктемде келетiн қараторғайлар қыста Үндiстан мен Пәкiстанды

мекендейді. Сонда мыңдаған шақырым жерден ұшып, бізге жететін жұдырықтай құстың күш-қуаты қандай керемет десеңші?! Жылы жаққа алдымен қараторғайдың қораздары ұшып келіп, қорегі мол жердi таңдайды. Орнитолог ғалымдар олар өмiрiнiң соңына дейiн өзге құспен жұптаспайтынын айтады. Қараторғай жұбы жылы жаққа бөлек келсе де, бір-бірін адаспай табатын көрінеді. Қандай ғажап?! Олар ұя саларда құрғақ бұтақ, шөп-шалам, мүк, үй құстарының қауырсындарын пайдаланады. Содан кейін балапан шығарады. Олар 5-8 балапанға дейiн басады. Оған екi аптадан астам уақыт кетедi. Жұмыртқаны жарып шыққан балапан 21 күннен кейін ұшады. Бұл құстың балапандарын ұшуға баулуы

да қызық құбылыс. Алдымен жемге алдандырады. Биіктеп барып, ұядағы балапанға жемді биiктен тастап жiбередi. Оны алуға ұмтылған балапандар ұядан құлауға қорқып, қанатын қағып ұша жөнеледi. Содан кейiн олар ұшуды үйренедi. Бұл құстың біздің елімізде 3 түрi мекендейді. Оларды қарапайым қараторғай, қызғылт қараторғай және үндi қараторғайы деп атайды. Дене тұрқы 22 см., қанатын жайғандағы ұзындығы шамамен 10 см, құйрығының ұзындығы 7 см-дей болады. Көктемде қауырсыны қара түсті болып, күзде оған ақ

қауырсын араласады. Тұмсығы қара, сирағы қызғылт қоңыр. Біздің халық торғайлар арқылы ауа райының өзгерісін алдын ала болжаған. Ауа райы нашар күні торғай топтаса ұшса, күн ашылады. Олар суды көп, ұзақ ішсе, жауыншашынсыз, ашық күн болады. Бұтаға бұғып, тығылса, кешікпей күн желдетеді. Қыркүйек-қазан айларында қыстау үшін жылы жаққа Азияның оңтүстігіне, Африкаға, Австралияға, яғни келген жағына қайтадан ұшып кетеді. Әзірлеген –

С.ТАУҚЫЗЫ.

Деген екен...

Кім жақын, не қымбат, не қиын? Қазыбек биге бір адам: «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген үш сұраққа жауап беріңізші» деп қиылып отырып алыпты. Сонда Қазыбек би былай деп жауап қайтарған екен: 1. Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы болса, апайың жақын. Бауырмал болса, інің жақын, Инабатты болса, келінің жақын. Алдыңа тартқан адал асын, Қимас жақын – қарындасың. Сыбайлас болса, нағашың жақын. Адал болса, досың жақын. Еркелейтін немерең жақын. Өз ұрпағың – шөберең жақын.

і д л е к м е Бізге көкт Көңілді мереке

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың балалар бөлімінде Наурыз мейрамы мен Халықаралық балалар кітаптары күніне орай «Бізге көктем келді» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Қулығын асыратын, Жұмыртқасын өзi баспай, Басқа ұяға жасыратын, Өзiн-өзi әйгiлейтiн, Қандай құс? (Көкек) Ұзақ тектес құс, Шiркей жеп. Ауыл маңынан Ұзап кетпес құс. (Қараторғай)

Балапан жыр

Туған жер

ан картасы, Қандай ғажап Қазақст , әр тасы. уы та Өзен, көлі, орман, ғып өскенім, Құз-шыңына қанат қаің арқасы. рд же ған ту і Бүгін бәр ан таулары, Қандай ғажап Қазақст ды аймағы. ала йқ жа ен нм дә ын Алт йді көгімде, Самал желмен желбірен байрағы. рға тұ ік Қазақстан би

Н, Әйгерім САЛД АТ3ХА орта

сы, №4 2 «Ж»-сынып оқушы асы. мектеп, Павлодар қал

Мерекеге мүмкіндіктері шектеулі балалар, Павлодар қаласындағы мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері шақырылды. Кі тапхана алдына дастарқан жайылып, балалар дәм татты. Өнерлі балалар мен жастар, концерт қойып, түрлі сахналық көріністер көрсетті. Олардың арасында Л.В.Мусселиус жетекшілік ететін «Мөлдір», «Алқын» би топтары, №22 орта мектептің оқушылары - Асанәлі Тайлақов, Азим Юлтанов, Бақтияр Даниялов, Мансұр Кенин, т.б. Наурыз туралы өлең-тақпақтар айтып, мерекеге келгендерді қуанышқа бөледі. Сондай-ақ, балалар арасында түрлі ойындар ойнатылды. Қайырымдылық акциясына «Гидропром» ЖШС, «Сайға» ЖШС, «Оружейный дом», «Пахомов» дүкендері, «СЭДО» кондитер цехы, «Закарьян», «Багдашина» жеке кәсіпкерліктері, «Антошка» балалар әлемі, «Цветы удачи» салоны демеушілік жасап, балаларға сый-сыяпаттар жасады. Наурыз мерекесі көңілді өтті.

С.ТАУҚЫЗЫ.

2. Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт берекең – атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат, Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың – әкең қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат. Ұят пенен ар қымбат. 3. Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау қиын. Шанышқылаған сөз қиын. Дәл осындай жағдайда, Пана болмас өз үйің. Жазылмаса дерт қиын, Іске аспаған серт қиын. Ақылыңнан адасып, Өзің түскен өрт қиын. Тентек болса ұл қиын, Не істеріңді біле алмай, Ашиды сонда бас, миың, деген екен Қазыбек би.

С


6

САРЫАРҚА САМАЛЫ

14 сәуір, сенбі, 2018 жыл

БӘРЕКЕЛДІ!

Өнерімен озғандар

Біздің ауданның

көрікті жерлері

Павлодар қаласындағы «Музыкалық колледж–дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» оқушылары Алматы қаласында өткен VI республикалық Қазақстан жас орындаушылары байқауына қатысып, жүлдемен оралды. Жас домбырашылар мен қобызшылар, шертершілер мен қылқобызшы жеткіншектер еліміздің әр аймағынан келген жүздеген музыканттармен бақ сынасып, облыс намысын абыроймен қорғады. «Домбыра» номинациясы бойынша дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатынан Бейсен Мерей мен Нәзира Омар үздік өнер көрсетіп 2-ші дәрежелі лауреат атанды. Қабиден Мейірханов дипломант атанса, Марат Бекбаев күйші Т.Момбеков атындағы грамотамен марапатталды. Сондай-ақ Әлібек Жасұланов пен Әмір Қайыр байқаудың сертификаттарына ие болды. Қобызшы, қылқобызшы шәкірттер де республикалық байқауда шеберліктерін таныта білді. Жансая Тәліп 3-дәрежелі лауреат атанса, Айзере Айкенова сертификат пен ҚР Халық әртісі Гүлнәфис Баязитова атындағы арнайы грамотаға ие болды. Қылқобызшы Саяжан Нұғманова 2-дәрежелі лауреаттықты иеленді. Биылғы көктем шертершілер тобына да сәттіліктер сыйлады. Шертерші оқушы Асанәлі Утебалиев 1-ші жүлделі орын алса, Асанәлі Сәрсенбаев 2-ші жүлделі орынды иеленді. Астанада өткен XXXIX республикалық музыкалық колледждер аралық конкурсынан 2-курс оқушысы, шертерші Алтынай Бағдат та 2-орынды жеңіп алды. Орыс халық аспаптары бөлімінің оқушылары да аталмыш байқауларға қатысып,

шеберліктерін көрсетті, түрлі номинациялар бойынша лауреаттар мен дипломаттар қатарынан көріне білді. Гитара аспабы бойынша Алексей Бобров – 1-ші орын, Нұрай Әбілқайыр мен Эштон Яцешин және Шыңғыс Тимур 3-орынды иеленді. Баян-аккордеон класы бойынша Ернұр Мамрай мен Дархан Әукенов – дипломант, Абай Мадиар 2–орын, Ернұр Нөгербек 3-ші орынды иеленді. Домра класы бойынша Дарина Ермекбай – бас жүлде, ал Эвелина Бородина 2-орынды жеңіп алды. Республика бойынша жүздеген бала музыкалық білім жарысына түскен додада Павлодар «Музыкалық колледждарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» оқушыларының арасынан үкілеп қосқан шәкірттердің биіктен көрінуі – біз үшін мақтаныш. Бұл жетістіктерде оқытушы-педагогтардың да қосқан үлесі зор екенін атап өту керек. Жас талаптарымыз бұл жетістіктермен шектеліп қалмайды. Оларды әлі талай сайыстар күтіп тұр. Өнерлерің өрге баса берсін, жас таланттар!

Күләш ТЮТЮНОВА,

Павлодар музыкалық колледжінің оқытушысы.

Әнші ба ла - Алтынбек Жерлесіміз, ардагер ұстаз, ҚР Мәдениет қайраткері Қайырбек Сәтиевтің 70 жылдық мерейтойына орай Май ауданында «Жауқазын» атты ән байқауы өтті. Қазақтың халық әндері мен Қайырбек Мүфтәнұлының әндерін насихаттауға арналған шараға ауданымыздың талантты балалары қатысты. Оқушылар үйі ні ң педагогы Тимур Шәкиевті ң шәкі рті Жанат Алтынбек биылғы «Жауқазын» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Алтынбек бұған дейін де бірнеше рет әншілік өнерімен танылған болатын. Талантты баланың болашағы зор болып, өнер әлемінде биіктерден көрінеріне сенеміз. Гүлвира ШӘКИЕВА, Май ауданы.

Сөзжұмбақ

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған. Солардың бірі - «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды сақтауға әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады. Яғни, қазір осы бағытта бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Елімізде көптеген киелі орындар бар. Оларды балалар біліп, географиясымен, тарихымен таныс болулары керек. Біздің Железин ауданында табиғаты әдемі, киелі орындар қатарындағы жерлер баршылық. Солардың бірі - Екішоқ ауылы. Ауылдың Екішоқ аталу себебі - ауылдың екі жағында топталып өскен екі топ ағаштар бар. Бұл атау соған орай берілсе керек. Жалпы, Железин ауданында негізінен ақ қайыңдар көп өседі. Әдемі! Ауданымызда өзен, көл, қыстаулардың атауы адамдардың есімдерімен байланысты қойылған екен. Мысалы, Момын, Шитемір, Найманбай, Әзімбай, Әлмұқан немесе Етекбай деген қыстаулар бар. Бұл жерлерді бұрынырақта ата-бабаларымыз мекендеген. Солардың арасындағы байлардың есімімен аталған дейді. Ал ауыл маңында орналасқан ағаш аттарының қойылу тарихына тоқталып өтейік. Исабек ағашының бұлай аталуы бұл жерде керей руынан шыққан Исабектер әулеті қоныстанған екен. Сол адамдардың тегіне байланысты олар мекендеген қыстаудың жанындағы ағаш «Исабек ағашы» деп аталған. Сонымен қатар Жаманшоқ ағашының осылай аталуы ол жердегі ағаштардың сипатына қарай қойылғандығын анықтадық. Ондағы ағаштардың көбі шіріген екен. Железин ауданында егін шаруашылығы жақсы дамыған. Сол егін салынған жерде өсіп тұрған ағаштарды «Егіншоқ ағашы» деп атаған. Сонымен қатар бұрын колхоз болған жерде Қараағаш бар. Ол жердегі ағаштың қалың болғандығына байланысты қойылған. Мұнда ну орман болған. Біздегі елді мекендердің, көлдердің, ағаштардың аттары тек кісі есімдерімен ғана емес, сонымен қатар сол жерді мекендеген аң–құстардың аттарымен де аталған. Бұған дәлел - ауылымыздың жанында Борсық деген жер бар. Яғни, бұл жерді борсық

көп мекендейді. Қазірдің өзінде ол жердегі ағаштың жанын айнала қоршаған борсықтың індері баршылық. Железин ауданы қалың ағаштарға ғана емес, көлдерге де бай. Сондай көлдердің бірі Екішоқ ауылының жанындағы Сор атты тұзды көл. Тұздың адам өмірі үшін қандай пайдасы барын жақсы білеміз. Адамның денсаулығы үшін бұл көлдің пайдасы өте зор. Тұзды көлге, қара балшыққа шомылу сырқаттан айықтырып, денсаулықты нығайтады. Осындай көлдерді ң бі рі Екі шоқ ауылының жанында 5 шақырымдай жердегі орналасқан. Көлемі 2 шақырымдай болады. Жаз мезгілі басталғанда бәріміз сол көлге барып шомыламыз. Ауылдың жанындағы тұзды көл күн өте ыстық болған кездерде суы тартылып кетеді. Сондықтан адамдар ол жерге шомылуға емес, көбінесе қара батпағын пайдалануға барады. Үлкендердің айтуы бойынша тұзды көл туралы мынандай аңыз-әңгімелер де бар: Бірде жолаушылаған екі ағайындының бірі ауруы асқынып, өлім жағдайына жетіпті. Ақыры адам болмайды деп шешкен ағасы тұзды көл балшығына әлі тірі жатқан інісінің басын шығарып қана көміп кетіпті. Ал тұзды балшықтың астыңғы қабаты інісіне ем болыпты. Ес-түссіз жатқан жігіт біраз уақыттан соң есі кіріп, құлан-таза айығып кетіпті деседі. Әрине, бұл - аңыз. Бірақ бүгінгі таңда адам ағзасына тұздың ем болатындығы дәлелденген. Адам ағзасы тері арқылы өзінде жетпей тұрған микроэлементтер мен иондар, минералдарды қажетінше сіңіре алады. Десе де, тұзды көлді пайдаланудың да өз мөлшері және уақыты болады. Тұзға түсуге ми қайнатар шілденің ыстығы ең қолайлы кезең болып саналады. Тұзды балшыққа көп жатуға болмайды, әрі кетсе, 15-20 минуттан кейін көл айдынына түсіп, күркіреуікке шомылу керек. Міне, біздің ауданымызда осындай табиғат сыйлаған ғажайып орындар баршылық. Д.НҰРСЕЙІТОВА, Екішоқ негізгі мектебінің мұғалімі, Железин ауданы.

1. Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез. Нұрын-сырын көруге, Көкірегіңде болсын көз.

Бұл кімнің өлеңі?

2. Құрамында кальций, ақуыз көп,

Артық салмақпен күреседі, Иммунитетті көтереді, Балалар жақсы көреді.

Бұл қай тағам? 3. Қазір - бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстырған заман. Кімнің сөзі? 4. Қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы, ірі ғалым, ағартушы педагог, ақын, бес арыстың бірі. 5. «Күлкі - сергектік тудырады». Нақыл сөзді қалдырған орыс жазушысы. 6. Баянауыл ауданының тумасы «бес арыс» деген атпен танымал болған жазушы. 7. Неміс халқының ұлы композиторын атаңыз. 8. Біз надан боп өсірдік, иектегі сақалды, Құрастырған: «Өнер - жігіт көркі» деп,

Ескермедік мақалды. Біз болмасақ, сіз барсыз, Үміт еткен жастарым, Сендерге бердім батамды!- деп жеткіншек

ұрпаққа сенім артқан ағартушы-педагог, ақын. 9. Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру жобасының авторы.

Әділ ҚҰДИЯР,

3-сынып оқушысы, Қызылжар орта мектебі, Ертіс ауданы.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

14 сәуір, сенбі, 2018 жыл

Баяғыда Квакс, Квукс, Квекс, Квокс және Квикс деген бес баласы бар екі бақа болыпты. Кенжелері ақылды екен. Қиялшыл Квикстің басына ылғи да қай-жайдағы ой келеді. Бес баласы бар ата-ананың шаруасы бастан асады. Солай десек те, ... шын мәнінде бес саусақ бірдей емес.

Квикестеобақа

Марие-Кристине Ромирер

м

Квикс бала-бақа өзгеше еді. Ол басқаларына қарағанда байсалдырақ болды. Әрі әлдене істеп немесе әлденені ойлап табудың орнына, бұрышта отырып алып, зеңгір көк аспанды бақылағанды ұнатты. Әсіресе, бұлттардың қалай пайда болатынын, жаңбыр басылып, күн ашылғаннан кейін кемпірқосақ көкте қалай құлпыратынын немесе қыста қар қалай жауатынына зер салып қарағанды жақсы көрді. Біртоға Квикс өзіне күтім көрсетуді қажет ете қоймағандықтан, ата-анасы оған ерекше қамқорлық көрсетіп жүрді. Ағаларындай асыр салып ойнамайтын болғандықтан, оның жаны жабырқаулы деп ойлады. Сол себепті де ұдайы оның хал-жағдайын сұрап отыратын.

Бір күні Квикс оларға ойындағысын айтты: ол ауа райын болжайтын бақа болғысы келеді екен. «Бірақ та сен болжай алмайсың ғой!» - деді анасы. Біраз ойланып қалған ол: «Мен оған жаттығатын боламын және бұл іс қолымнан келеді деп ойлаймын!» - деді батылдана түсіп. Ата-анасы ойлана келе оған ауа райын болжайтын бақа болып істеп көруіне келісім берді. Бірақ ол үшін Квикс өзінің туған үйінен алыстағы үлкен қалаға баруы қажет еді. Алыс сапарға аттанар алдындағы күндер мен түндерде үйдегілер кәдімгідей қамығып жүрді. Ата-анасы кенже ұлымыз қалада ұрынып қалар ма, қайтеді деп бұрынғыдан бетер алаңдады. Квикстің ағалары оған

Тәмсіл Тұрсынбек ТҰРАПБЕК

Шіріген п ом и д о рл а р әңгі месі барыМұғалімнің оқушылармен болған жеккөрушілік , -кек ыза сында адам бойындағы ыланыпты. Сабақ сезімдері туралы тақырып талқ күні өзімен бірге сі келе рға ыла соңында ұстаз оқуш өзімен бірге сонша кім қанша адамды жек көрсе, . Ертеңіне олар пты ыры тапс ді келу ала р помидо қарай помидорна саны ың рын мда жек көрген ада алай: біреуінде әрқ да ы ларын алып келіпті. Сан екі, үш. Тіпті 20-ға де бірін і енд са, бол р идо пом бір Мұғалім күліп: «Енді дейін әкелгені де бар екен. апта тастамай алып бір е бірг бұларды өздеріңмен жүріңдер» - депті. ріп, иістенген Келесі аптада іріп-шіріген, көге ыларға: «Ал, оқуш н алға жин ріп помидорларын көте алдыңдар?» - деп не байқадыңдар, қандай әсер ен басы ауырып, иіст ген шірі ар шыл Оқу . сұрапты з сезінгендерін йсы қола ерін өзд , нын жүрегі айныға жүргендердің лап арқа р идо айтады. Әсіресе, көп пом болады. ім мәл ғаны бол н қиы айы жағд лім байыппен. «Көрдіңдер ме, балалар, - дейді мұға көрушілік, жек кек, , ыза ын Адам бойына жиналат помиосы де р етте күншілдік сияқты жаман қаси м көп сақтаған рлы неғұ ды олар ты: сияқ дорлар болғанымен қоймай, сайын өзіңе қиын: артықша жүк тан оларды да көп дық Сон жан дүниеңді былғайды. сияқты лақтырып рлар идо пом ен шірг осы й, сақтама с». дұры тастағандарың

күлісті. Ал Квикс үйді сағынамын-ау деп қиналды. Ақыр аяғында ол қоштасып, жолға шықты. Квакс ағасы: «Ол екі күннен кейін сүйретіліп үйге қайтып келеді. Бұл дегеніне жеткен емес» деп келеке етті інісін. Квикс болса, керісінше екі күннен соң қалаға келіп жетті. Тұратын баспана іздеді. Бір қуаныштысы - көп ұзамай Бобби тасбақамен және Пикси есімді көртышқанмен бірге тұратын болды. Квикс ертесі-ақ бірнеше метеостансаларға өтінішпен адымдай басып барды. Алайда ешқайсысы да ауа райын болжайтын метеобақаны қажетсінбеді. Елдің бәрі «қазір ауа райын әлдеқайда жақсырақ болжайтын интернет және басқа да көптеген басқа да заманауи құрылғылар бар ғой» десті. Үш күн өткен соң Квикс қатты қапаланды. Оның ешкімге қажет болмағаны ма? Тіптен үйіне кері қайтуды ойлады. Бірақ Бобби мен Рикси оны үнемі жігерлендірумен болды. Соның арқасында Квикс мойымауға бел буды. Бірде Квикс шағын телеарнаға бас сұқты. Осы телеарнаны ол кішкентай кезінде тамашалағанды жақсы көретін. Олардан да ауа райын болжайтын метеобақа қажет емес пе деп сұрады. Бұл телеарна Квикстің өздеріне жұмысқа тұруына мүмкіндік берді. Себебі «заманауи әдістер әлі де болса ауа райын дөп басып болжайды деуге келмейді, басқаны да неге байқап көрмеске» десті олар. Сол күні кешкісін алғашқы ауа райы көрсетілді. Ауа райының тілшісі Том кіріспе сөз сөйлеген соң кезек Квикске келді. Ол келесі күндерде ауа райы жақсы немесе жаман болатынын болжауы тиіс болды. Квикс «қалада ауа райы жақсы болады» деді. Енді оның болжамының дұрыстығын күту ғана қалды. Шындығында да айтқаны дәл келді. Сол күннен бастап Квикстің ауа райын болжауы айна-қатесіз дәл келіп отырды. Сөйтіп ол теледидар жұлдызына айналды. Неміс тілінен аударған -

Рауза МҰСАБАЕВА, Екібастұз қаласы.

Нағыз спортшы Жақында Петропавл қаласында каратэмен айналысатын жүздеген ең мықты балалар жиналды. XXI республикалық чемпионатта еліміздің түпкір–түпкірінен ең мықты 500 жас каратэшілер шеберлік шыңдауға бас қосты. Ірі дода А.Н.Винокуров атындағы спорт кешенінде өтті.

Аталмыш республикалық додаға Ақсу қаласынан жаттықтырушы Бақыт Алмаз Қайратұлының шәкірті Ильяс Оразбаев қатысты. Мықты спортшылармен сайысқа шыққан Ильяс бұл жолы ұтылса да, еңсесін түсірмеді. Бірде әңгіме барысында: «Мүмкін, спорттың басқа түрімен жаттығарсың» - дедім. Сонда Ильяс: «Жоқ, каратэні тастамаймын. Жеңу бар да, жеңіліс те бар. Бір нәтижеге жеткенім дұрыс болар» деді. Спортшы баланың отты көзінен де, сөзінен де оның намысшылдығын байқадым. Ильястың рухы биік және болашағы жарқын болатынын аңғардым. Сөз жоқ, одан мықты спортшы шығады. Атасы мен апасының тәрбиесін алған Ильястың жолы әрдайым ашық болатынына сенеміз. Денсаулығың мықты болып, әрдайым алдыңғы қатардан көріне біл, Ильяс! Р.СҮЙІНОВА, мұғалім, Ақсу қаласы.

7

н 77 сөзден тұраты «Ж» əрпінен тұратын тілек лар үзі жылы жақсы Жаны жайлы, жастар! Жаңа жыл ж және жалынды ақсылыққа жетелесін, ж , қа ық лд анды жаңашы арылқап, Жер-жаh Жаратқанымыз ж н. Жүрегімізде жылылық жақсылық жауласыдық, жоқшылық жолажоғалмай, Жаман зда жылылықтың, масын. Жанұямыжаңбыры жауғай! жақсылықтың ұмыс жасап, жетіліп, Жастарымыз жжақсартсын. Жігерлі, жұртымызды теріміз жасқанбасын! жүректі жігіт ұмылып жомарттық Жұдырықтай жқалған жауқазындай жасасын. Жай анарын жаутаңдатпай жібектеріміздің ж жолын жабайық. Жат жүрістің жемісін жегізсін. жы л Жаңа адырап, ж п, арқыра ж з мы зы ды ұл Ж жүрейік! жағалап айдары жақсылықты ж үзі жылы, айық. Жанымыздағы ж ам рқ ы ығып, жаб жандардан жаб оғалсын, жойылсын, Жалғыздық ж етелер жолымыздан, Жақсылыққа ж ылмайық! жүрісімізден жаң

ы, сынып оқушыс

3Әді л ҚҰДИ ЯР, ктебі, Ертіс ауданы. орта ме

Қызылжар

Менің жұмбақтар жинағым

таяқ, Ұзын-ұзын қос п ап, та ұс із йм ле ме Өр п таяқ. Келте-келте кө (Саты) Көктен бөрік киеді, Көктен таулар үйеді. гі, ме (Айыр) Бар жұмысы ер ды. ға Талмай қанат қа ейді, рм Еңбекті қош кө ды. ға Жат ыдысты ба ыбын) (Ш Бар екен бір мақұлық ұннан майда, Өз басын айдайды екен қиын жайға, Ұстасақ үгітіліп жоғалады, Дамылдап отырмайды ешбір жайға. (Көбелек) дай, Ұзын-ұзын ұзар лардай. су Ұзыннан аққан п, ізі нг мі қа ат аш Ағ мұнардай. Ұзартып қойған (Өрмекші) Ұстарамен алынбас, Ұйысып тұрған қалың шаш. (Егін) ғар есігі жоқ, Бір шар бар кіріп шы тамағы тоқ. і, Су ішер, нан жемейд р мекен, ете ан лап ба көп е Ішінд сең балдай екен. Ас қылып сойып же (Қарбыз) Ирек-ирек әкесі бар, Желбіреген шешесі бар, Тәттібике деген қызы бар. (Шие) қызыл ала, Түсі барақты, көкті, . ңа жа ен тиг Пайдасы адамзатқа қазық қағып, Қойыпты ортасына н бала-шаға. Сүйкі мді көреді еке (Алма ағашы) Қанттан ақ, бүйірі тоқ, Жерден алар керегі көп. Киетіні қызыл, жасыл көйлектер, Ол не екен, кәне, достар, ойлап көр? (Пияз) еу, Дүбір-дүбір төрт Есенгелді екеу. ыз, лғ Жағалбайлы жа ыз. Оның таңы қарб екі құлағы, құйыршығы) (Түйенің аяғы, Қоян жақты, тақыр жонды, Төрт тұяқ, екі аяқты, екі қолды. Салпы ерін, өзі жүйрік, Кең омырау, жуан құйрық. (Ат) , Жылқыны қарнын ақыстырып Түйені ерніне қыстырып, Есекті құлағына қыстырып, Қасқырды ат қып мініп, Айт дегенде жүре берген. (Қоян) Мұрынсыз шымшық мұз теседі. (Тамшы) Мирас ҚҰДИЯР, 3-сынып оқушысы, Қызылжар орта мектебі, Ертіс ауданы.


8

САРЫАРҚА САМАЛЫ

14 сәуір, сенбі, 2018 жыл

ПСИХОЛОГТІҢ КЕҢЕСІ

БӘРЕКЕЛДІ!

Тари хтыњ бі лгірлері

Түркістан қаласында Жақында Оңтүстік Қазақстан облысымектеп-интернатында Н.Оңдасынов атындағы «Дарын» республикалық «Тарих 5-10-сынып оқушылары арасында XIII ытынды кезеңі өтті. ата» қашықтық олимпиадасының қор Іс-шараның қорытынды кезеңіне атап Павлодар облысынан 5 оқушы, лған айтқанда - дарынды қыз балаларға арна ың атын терн й-ин лице Я» АЦИ НОВ М-ИН «БІЛІ а, итов Раш я Әли ы ылар 8-сынып оқуш ва, Назерке Ошақпай, Әйгерім Серікбае астұз Сабина Балтабекова және Екіб ің ебін мект орта қаласынд ағы №24 өтті. 8-сынып оқушысы Мария Коптева Олимпиада қорытындысы бойынша елі бі зді ң аймағымызд ан 2 оқушы жүлд ен омм дипл желі дәре ІІ ы. болд ие ға орын

Ауылым -

алтын бесігі м Біздің туған жеріміз Малыбай ауылы. Туған жеріміз жанымызға ыстық, алыс кетсек сағынамыз. Малыбай тарихы терең дейді үлкендер.

Аңыз бойынша баяғыда бұл жерге Малыбай деген бай адам қоныстаныпты. Байдың мыңнан астам жылқысы болған екен. Мыңғырған малды суаруға есепсіз су керек. Сондықтан бай бұл аймақтан үлкен әрі терең құдық қаздырыпты. Бұл құдықтан көп су шыққаны соншалық, Малыбай бар малымен осы суға батып кетіпті дейді. Содан бері осы су шыққан жер Малыбай көлі деп аталады. Малыбай көлін кейін руы уақ ішінде Қараманнан тараған Асан, Үсен деген ағайындылар қоныстанған. Қазіргі уақытқа дейін көлдің оң жақ жағалауында көне қорым бар. Ауылдың үлкендері арнайы барып, аруақтарға құран оқиды. Ата- әжелер осы аймақ жайында таңғажайып тылсым әңгімелер айтады. Біздің ауыл белгілі ғалым Ғарифолла Есім ағамызбен мақтанады. Ол Жалтыр көлінің шығыс жағалауындағы шағын ауылда дүниеге келген. Қазір оны бүкіл Қазақстан танып-білді. Бәріміз де Ғарифолла аға секі лді оқымысты болғымыз келеді. Отан – отбасынан, туған ауылыңнан басталады дейді. Біздің Отанымыз Малыбай ауылынан басталады. Ауылымызды бәріміз мақтаныш етеміз.

Айнагүл ДУДНИК,

7-сынып оқушысы, Малыбай ауылы, Лебяжі ауданы.

және екібастұздық Мария Коптева лық одар павл ен омм дипл желі ІІІ дәре ы. талд апат мар а Әлия Рашитов Жүлдегер атанған оқушылардың ынды ұстаздары Рауза Амангелді (дар ІМ«БІЛ лған арна а қыз бала ларғ және ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты) №24 Гүлжамал Жанғозина (Екібастұз қ. қ калы убли респ ын» «Дар орта мектебі) Алғыс ғылыми-практикалық орталығының хатымен марапат талды.

С.ТАУҚЫЗЫ.

Мен ұмытшақпын. Әрі жиі сасқалақтап, тіпті үй тапсырмасын жақсылап дайындап келсем де, мұғалім сабақ сұрағанда ұмытып қаламын. Енді бір жылдан соң мектеп бітіремін. Алда күрделі сынақтар бар. Бұрын ондай емес едім. Осындай жаман әдеттен қалай құтылуға болады? Гүлден, Шарбақты ауданы.

Қалай құтылсам екен? Гүлденні ң сауалына жоғары санатты педагогпсихолог, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Бақыт БЕЙСЕКЕЕВА жауап береді:

- Айналайын Гүлден, мұндай жағдай әр адамда кездеседі. Бірақ бұрын қария адамдар ұмытшақ болса, қазір бұл жағдай жастардың да, жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін болды. Күйгелектеу, сасқалақтау, айтар ойын ұмытып қалу, не бір затын ұмытып қалдырып кету, тағысын тағы ұмытшақтыққа байланысты жағымсыз жағдайлардың зияны көп. Олардан қалай арылуға болады? Әдетте қатты қуанып, қатты қайғырып, яғни өзін-өзі ұмытып, кез келген жағдайға жан–тәнімен беріліп кететін адамдарда осындай сәттер жиі болып, кейін тіпті «әдетке» айналып кетуі де мүмкін. Адам қандай сәтте болмасын өзін-өзі қолға алып, қатты қуану, қатты қайғыру секілді сезімдерге берілмеуі керек. Бастысы – сабыр сақтай біл! Ондай сезімдерге беріліп кететін адамдардың өміріне кейде қауіп төнеді. Жүйке жүйесі зақымдануы, сондай-ақ ойланбай теріс іс-әрекет жасап қоюы да мүмкін. Ең бастысы, асықпаған дұрыс. Жеңілтектік, уақыт үнемдеу үшін бірдеңені жылдам атқару, шала-пұла жасау деген дұрыс емес. Байыпты бола біл. Асықпау үшін уақытыңды дұрыс пайдалан. Таңертең ертерек тұрып, жуынып, тамақтанып, жаттығу жаса. Мұның бәрін ойланып, асықпай атқару керек. Сабаққа кі рерде өз-өзіңе: «Мен бүгін сабақты жақсылап айтамын, асықпаймын, қорықпаймын, саспаймын» деп қайтала. Мұғалімді мұқият тыңда, жаңа сабақты түсініп алуға тырыс.

Жылдам сөйлемей, байыппен, асықпай, ойланып айт. Қазіргі уақытта айналамызда ақпарат көп. Бұрын теледидарды көп қарайтын едік, енді оған ұялы телефон, планшет секілділер қосылды. Оның бәрін бақылап, қарап отыру, ақпараттарды ойға сіңіру, бастысы ұзақ қарау – өте зиян. Олар сенің дұрыс ойлануыңа, оқу-білімді санаға сіңіруге бөгет. Сондықтан ұялы телефонға белгілі бір уақытта ғана қарауға машықтану керек. Бастысы – өз-өзіңді қолға алып, ұмытпас үшін (мәселен, керек заттарыңды) іштей бірнеше рет қайталап, сабыр сақтап, асықпай жүру керек. Жасөспірімдік кезең әр адамда әрқалай өтеді. Бұл уақытша құбылыс. Есейе келе бәрі қалпына келеді. Сабыр сақтап, байыпты бола біл, айналайын!

БІЛГЕН ЖӨН Халық өлшемдері - ұлт мәдениеті этнографиясының қызықты саласының бірі. «Халық айтса, қалт айтпайды» демекші, ата-бабаларымыз бірнеше ғасыр бойы қолданып, сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Бұл – салмақ өлшемі, көлем өлшемі, уақыт және мезгіл өлшемдері.

Халық өлшемдері

Салмақ өлшемдері мыналар: мысқал 1 г., қадақ – 750 г., келі - 1 келі, пұт – 16 кг., батпан – 100 кг. Бұл өлшемдермен бірге халық «салмағынан жер ойылғандай», «түйеге жүк болғандай» деген бейнелеу, теңеу сөз өрнектерін қолданып, ауыр, жеңіл деген сөздерді де пайдаланады. Ал көлем өлшемдері: бі р шымшым, бі р шөкі м, бі р уыс, қос уыс, бі р ті лі м (нан), бі р түйі р, бі р қолтық, бі р шүйке, бі р құшақ, бі р қап, бір шелек, бір қасық, бір тамшы, бір арқа, бір шана, бір арба, бір табақ, бір шоқ (үкі, тал), бір топ (адам), бір қарын, бір сандық, бір қалта, т.б. Мал саны мен көлемін де осылай шамамен ажыратады. Яғни, бір отар, бір қора, бір табын, бір үйір, он шақты, жиырма шақты... Заттың көлеміне, аумағына қарай бармақтай, шынашақтай, жұдырықтай, құмалақтай, етектей, алақандай деген сөздерді қолдана береді. Қалыңдық мөлшерін былай айтқан: бұлт, пышақ сырты, қылыш сырты (бұлар 3-5 мм шамасы), шынашақ, елі, бармақ (бұлар 1-2,5 см), екі елі..., сере, табан (7-10 см). Ұзындық, қашықтық өлшемі екі ұғымды, екі түрлі өлшемді білдіреді. Ұзынгдық өлшемдерді бір заттың (таяқтың, арқанның) ұзындығын анықтайды және ол екі елі, үш елі..., тұтам, сынық сүйем (14-15 см), сүйем

(17-18 см), қарыс, кере қарыс (20-22 см), кез (50 см), аршын (75 см), құлаш (1,80-2 м), т.б. Балтасап, кебіс басындай деген балық өлшемдері де бар. Сол сияқты ұзын, қысқа деп шамамен есептей береді. Қашықтық өлшемдері жердің қашықтығын (ауылдың ара қашықтығына) қолданылатын өлшем екені белгілі. Бұл өлшем түрлері былайша аталады: адым, (қадам – 1 м), таяқтастам (10-15 м), әй дейтін жер (100 м), дауыс жететін жер (250-300 м), шақырым (1 км), иек астында, бір төбе астында (4-5 км), қозыкөш жер (5-6 км), көз ұшында (6-7 км), тайшаптырым (4-5 км), құнан шаптырым (8-10 км), ат шаптырым (25-30 км), бір күндік жер, айшылық жол... т.б. Бұл межелер ауыл ішінде қазір де жиі айтылады.

Ұзындық өлшемдері: Сүйем - бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық. Ол 17-18 см-ге пара-пар.

Ел ішінде тереңдік, биіктік өлшемдері де бар. Бұған терең, таяз, биік, аласа деген сөздер қолданылады. Бір айта кетерлік жайт, жоғарыдағы аталған өлшемдер бір-бірінің орнына жүрмейді. Ауа райын бақылау ыстық, суықты һәм оның өзіне тән өлшемін белгілеуде де халықтың өзіндік тәжірибелері мен қағидалары аз емес. Қанжылым, жылы, ыстық, суық, салқын, мұздай, тағы да осылайша анықтап, бір заттың, судың, астың немесе ауа райын белгілейді. Ауа райын жылы, ыстық, қапырық, қайнап тұр, күйіп тұр, аспан айналып жерге түскендей, ми қайнататын ыстық... деп жаз айындағы күн райын айтса, қыста шуақ, май тоңғысыз, шыбынсыз жаз, суық, салқын, аяз, үскірік, бет қаратпас аяз, тфу десе түкі рі к жерге түспейтін аяз деген теңеулер арқылы күннің қаншалықты суық екенін анықтап, соған сәйкес әрекет ете бастайды.

Бегімхан КЕРІМХАН,

Лебяжі ауданы.

«Айналайын» қосымшасын үйлестіруші - Сая МОЛДАЙЫП.


АУЫЛ-АЙМАҚ

САРЫАРҚА САМАЛЫ ПАВЛОДАР АУДАНЫ

Парақорлыққа жол жоқ! ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік топ Павлодар ауданының бірқатар ауылында болып, жергілікті жұртшылықпен жүздесті. Арнайы мониторингтік топтың басшысы Айгүл Соловьева, қоғам қайраткері, саясаткер Зәуреш Батталова бастаған астаналық делегация алдымен Мичурин ауылдық округіне барды. Аталмыш топ халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау сынды мәселелерді қарайды. Жиынға қатысқан аудан әкімі Александр Бабенко мемлекеттік қызметтердің электронды-цифрлы форматқа көшуіне, бюджеттің төртінші деңгейіне қатысты атқарылған істерге тоқталды. - Павлодар ауданында 100-ден аса мемлекеттік қызметтің 70 пайызы электронды-цифрлы форматта көрсетіледі. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Қазіргі уақытта қосалқы шаруашылық жүргізуге анықтама беруді автоматтандыруда қиындықтар бар. Десе де, көп ұзамай бұл мәселе оң шешімін табады. Ауданға қарасты 38 елді мекеннің басым бөлігі жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылған, - деді А.Бабенко. Мичурин ауылдық округінің әкімі Оралбек Көпенов әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті. Мәселен, Павлодар аудандық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Анна Солдатова Мичуриндегі азық-түлік дүкені мен наубайханаға иелік етеді. Кәсіпкер зейнеткерлерге және жағдайы төмен адамдарға өз өнімдерін 10 пайыздық жеңілдікпен сатады. Ауылдың тыныс-тіршілігімен танысқан арнайы топ мүшелері жалпы алғанда елді мекендегі ахуалдың жақсы екенін атап өтті. Бұдан соң Черноярка ауылына аялдады. Жуырда ғана жөндеу жұмыстары аяқталған әкімдік ғимараты көптің көңілінен шықты. Жергілікті әкім Ермек Тақтауловтың қызметтік кабинеті қаншалықты тәртіпке сай екендігі, сый-сыяпаттардың бар-жоғы назарға ілінді. Сондай-ақ, жергілікті бизнес өкілдерімен кездесіп, қоғамдық мәселелерді талқылады. - Елбасы тапсырмасына сәйкес, парақорлықпен күреске мемлекет тарапынан айрықша мән беріліп келеді. Соның і ші нде басшылардың пара, қандай да бір сыйлық алмауы қатаң қадағаланатын болады. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін бәріміз «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару» керек, деді А.Соловьева.

Өз тілшіміз.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Қолдан ұрықтандырады Мал асылданбай, өнімнің молаймайтыны шындық. Мұны ескерген «Баян елі QAZYNA» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бүгінде малды қолдан ұрықтандыруға кіріскен. Кооператив басшысы Алмас Омаровтың айтуынша, елі мі зде қара мал мен қойды асылдандыру жұмысы оң жолға қойылуда. Осы ретте, «QAZYNA» агрохолдингі өңірдегі шағын шаруашылықтарды біріктіріп, қолдан і рі қара мен ұсақ малдарды ұрықтандыруды көздеп отырғанын атап өткен жөн. Агрохолдингтің басшысы Алмасбек Садырбаев малды қолдан ұрықтандыру бағдарламасы халықтың көңілінен шығып жатқанын алға тартты. Бүгінде жоғарыда аталған кооператив өкілдері жеке шаруаларға агрохолдингтің басты ұстанымын түсіндіруде. Халық та істің маңыздылығын түсініп, бүгінде малдарын асылдандыруға өтінім беруде. Мамандардың сөзіне сенсек, асыл тұқымды бұқа мен қошқарды шетелден әкелсе де, қолдағы малдың түрлі ауруға шалдығуы кездесіп отыр. Сондықтан қолдан ұрықтандыру әдісінің тиімділігі жоғары. Бұл халыққа да, мемлекетке де ұтымды көрінеді. Өйткені арнайы зертханадан шыққан мал ұрығы бақылауда болады. Сонда мал тұқымын асылдандыру арқылы әртүрлі ауруға тосқауыл болуға мүмкіндік бар. Бүгінде Құндыкөл ауылдық округінің тұрғындары қара малдарын асылдандыру мақсатында қолдан ұрықтандыруға келі сі м бері п, өті ні м жасаған. Кооператив сәуір айы бойы өтінім қабылдайды.

А.АЙТУҒАН.

14 сәуір, сенбі, 2018 жыл

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

ЕРТІС АУДАНЫ

Аграрлық кеңес құрылса... Ертіс ауданының әкімі Серік Батырғожиновтің төрағалығымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелеріне арналған жиын өтті. Оған облыс әкімінің ауыл шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Дәурен Махажанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы қатысты. Алқалы жиын барысында ауыл шаруашылығы құрылымдарын қаржылай қолдау жайы сөз болып, көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселелері пысықталды. Д.Махажанов Мемлекет басшысының 5 жылдың ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін кем дегенде 2,5 есеге көтеру туралы міндет жүктегенін атап өтті. Бұл мақсатқа жету үшін кешенді шаралар атқарылуы тиіс. Саладағы тауар өндірушілер мемлекеттік қолдау шараларына қатысты ақпараттармен толыққанды қамтылуы керек. Несиелік серіктестіктердің жұмысына ерекше мән беру қажет. Бұл ретте, аудандағы осы тектес қаржы құрылымдарының несиелік қорын 2-3 млрд. теңгеге дейін жеткізу қажет екеніне тоқталды. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары аталған шағын қаржылық институттарының нақты даму стратегиясын құруды тапсырды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Шұғаев шаруа қожалықтары үшін көктемгі егіс жұмыстарына қарастырылған жеңілдік шараларына тоқталды. Атап айтсақ, шаруалар арзандатылған бағамен жанармай, тыңайтқыштар ала алады. Сондай-ақ, жиын барысында аграрлық мәселелер жөніндегі кеңестің жұмысын жандандыру ұсынылды. Аталған кеңес мүшелігіне әр ауданнан осы саланың қыр-сырын жетік білетін мамандар тартылмақ. Бұл ұйымның қызметі ауыл шаруашылығы саласының мәселелерін жедел шешуге бағытталған.

9

Кедергісіз келешек Жуырда «Болашақ+» сауда үйінде «Нұр Отан» партиясы қолға алған «Кедергісіз келешек» республикалық акциясы аясында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Облысымыздың экология жылына арналған қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың жасаған заттары қойылды. Қайырымдылық шарасына қала әкімі Қайрат Нүкенов қатысып, жәрмеңкеге қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді. - Өңі рі мі зде талантымен көзге түскен мүмкі нді гі шектеулі жандар аз емес. Бүгінгі жәрмеңкеде «Өмір», «Әлем» оңалту орталықтары мен №19 мектеп тәрбиеленушілерінің қолынан шыққан бұйымдар қойылып отыр. Жәрмеңкеден түскен қаражат тағдыр тауқыметін тартқан балалардың әлеуметтік жағдайын реттеуге бағытталады, - деді Қ.Нүкенов. «Өмір» шығармашылық оңалту орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Светлана Качураның айтуынша, жәрмеңкеде аталған мекеменің мүшелері 200-ге жуық қолөнер бұйымын әкелген. Оның барлығын балалар тұрмыстық қалдық заттарды кәдеге жарата отырып, жасаған. Осылайша, орталық тәрбиеленушілері экологиялық мәселелерді шешуге өзіндік үлесін қосуда. «Әлем» оңалту орталығының төрағасы Шаттық Сүйінішова жәрмеңкеден түскен қаражат көмекке мұқтаж бір баланың еміне жұмсалатынын жеткізді. Шара «Өнер» мәдениет орталығы өнерпаздарының ән-биімен түйінделді.

О.АХМАДИЯ.

Өз тілшіміз.

АҚСУ ҚАЛАСЫ КАЧИР АУДАНЫ

Жұрт қызыққан жәрмеңке Жуырда Качир ауданындағы «Базарбек» әлеуметтік базарында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Ауданға қарасты ауылдық округтердің шаруа қожалықтары өз өні мдері н ортаға салды. Олардың қатарында Калиновка, Осьмерыжск, Песчан, Федоровка, Тереңкөл ауылдарының кәсіпкерлері бар. Жәрмеңкеде күнбағыс майы, бал, жылқы, сиыр, құс еттері мен сүт тағамдары саудаланды. Олардың бағасы да соншалықты қымбат емес. Күнделікті қажетті азық-түлі ктерді ң құны да қолжеті мді болды. Сондықтан базар алдындағы сауда қызу жүрді. Тұрғындар жергілікті өнім болғандықтан ба, барлық азық-түлік тауарларын молынан сатып алды. Әсіресе ет және сүт өнімдеріне сұраныс жоғары болды. Бұл күні 140 литр сүт, 20 килограмнан май, ірімшік, қаймақ сатылды. Жәрмеңкеге риза болған жұрт, мұндай шара жиі ұйымдастырлса деген тілектерін жеткізді.

Өз тілшіміз.

Сын түзелмей... Қыс бойы «Ақсу су арнасы» кәсіпорны желілерінде бірнеше апат орын алды. Тұрғындар тарапынан шағым да көбейді. Мұның барлығы тиісті жұмыстардың өз деңгейінде атқарылмай отырғанын көрсетсе керек. Түйткілдердің себептері мен күрмеулі мәселелерді шешу жолдарын талқылау үшін Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко «Ақсу су арнасы» КМК ұжымымен жүздесті. Шаһар басшысы кәсіпорынның жұмысы көңіл көншітпейтінін кесіп айтты. Компания жұмысшысы Сембай Шаяхметовтің айтуынша, апаттық аумақтардың барлығын қалпына келтіру мүмкін емес, себебі жер 2 метрге дейін қатып жатыр. «Жалпы, істелген жұмыстарды жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, жылдар бойы жөнделмеген бас ғимарат біртіндеп қалыпқа келтірілуде, кабинеттер жаңартылуда», деді ол. Сонымен қатар, тұрғындардың бірнеше миллиондық берешегі, қаржы тапшылығы, коллектор, кәріз жүйелерін блоктаудағы қиындықтар сөз болды. - Шынымен, соңғы уақытта шағымдар көбейіп кетті. Ендігі кезекте оларды шешуге тырысамыз. Қаржылық жағдайды қайта қарастырып, ауылдарға қатынауды жеңілдету үшін көлік алу керек, - деді «Ақсу су арнасы» КМК директоры Дулат Шегенов. Жиынды түйіндеген Николай Дычко автоматтандырумен, цифрландырумен жаңа инновациялық әдістерді қолдануға мән беру керек екенін айтты.

С.БЕЛГІБАЕВА.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Сақтанған сау жүреді Талай жанның тағдырын қиған Кемеровтегі қайғылы жағдай баршамызға сабақ болуы тиіс. Себебі төтенше жағдай орын алған кезде жұртшылық қалай әрекет ету керектігін білмейді. Осы орайда, Железин аграрлы-техникалық колледжінің 1-2-курс студенттері аудандағы №22 өрт сөндіру бөліміне барып, мамандардың кеңесін тыңдады. Шара барысында жастарға өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде баяндама жасалып, өрт сөндіру құралдары көрсетілді. Сонымен қатар,

қызметкерлер ті лсі з жау орын алған кезде үрейге бой алдырмай, сабырлылық танытуға шақырып, сақтық тәсілдерін үйретті. Бұдан бөлек, студенттер өрт сөндірушілердің арнайы киімдерін киіп, мамандардың қызметімен жақын танысуға мүмкіндік алды.

Өз тілшіміз.


К өңiлашар 14 сәуір, сенбі, 2018 жыл

ҚИСЫҚ АЙНА

Жата-жастана жазған - Алпысбай

Езутартар

Ата-анам «а» деп аузын ашса, не айтатындарын білемін. «Отызға дейін сүйреңдедің, енді дұрыс үйленгенің» дейді. Осы сөз мені мезі етті. Өзіме де обал жоқ. Институт бітірген кезде соңымнан ерген сылқым сұлулардың біріне де бұрылмай, мұрнымды шүйіргенмін. Енді міне, келмеске кеткен күндерді сағынамын. Орнымнан еріне тұрдым да, керіліп-созылып тысқа шықтым. Тым-тырыс.

Денсаулықтан да қымбат па? Бір күні бір кісі техникалық құралдар дүкенінен «Iphone 7» сатып алыпты (ол кезде жаңадан шыққан кезі болатын), ұялы телефонды шалбарының артқы қалтасына салып, жолға шығып, такси тоқтатып, көлікке отыра бергенде бір нәрсе қырт ете қалыпты. Сөйтсе әлгі кісі қолын жайып: «Я, Алла, омыртқам болса екен!» депті.

Қыз емессіз бе?

Ұзын көшені бойлап келемін. Алдымнан сұлу қыз шықса деп ойлап келемін. Ішімнен махаббат тойын тойлап келемі н. Арманым алты қырдан асып-толып, қиялдағы аруға ғашық болып, аранымды ашып, алға қадам басып келемі н. О, тоба! Кенет көз ұшынан бұрала басып, жан жағына жарық сәуле шашып кеті п бара жатқан бикешті көрді м. Өгізаяң жүрісімді жылдамдаттым. Жеткізер емес. Қарқынымды үдетіп келемін. Тура бір ұшқан құйын дерсің. Құйғытып барады. Жан дәрменімді салып жүгірдім. Өкпем өші п қалды. Қарындастың арқасында, бі р сөмке, қолында - екі дорба. Талдырмаш

белі майысып, қабырғасы қайысып барады. Жүрісі сонда да жылдам. Мынандай жүкпен жігітке жеткізбесе, жар болуға лайықты жан екен деп қоямын ішімнен. Өз-өзіме жетпіс жеті жыным келіп кетті. Жанына жақын келдім де: - Сәлеметсіз бе? Қайда барасыз? Сөмкеңі зді маған бері ңі з? - деді м сыпайы үнмен. - «Аялдамаға», - деді қылығымен қытықтаған қыз көздерін аударып-төңкеріп. Жанарынан шашқан жарық сәулеге өртеніп барамын. Шіркіннің үстіңгі кірпігі көкке, астыңғысы жерге шаншылып, шиедей еріндері дірілдеп тұр. Иығындағы жүгін қолыма алып, арқама салдым. Мынаның ішіне тас салып алған-ау! Еңсемді басып, белім ашып барады. Тау көтерген Толағайдай терледім. - Ағай, не болды сізге? Жүгімді өзіме беріңіз! - дейді. Сасып қалдым. Аузымды ашып қалдым. Ештеңе етпейді, аялдамаға дейі н жеткі зі п беремін, - дедім, ернімді тістеп. Әншейінде таяқ тастам жерде тұратын аялдама алты қырдың астына көшіп кеткендей. Не керек,

Жасанды жесірлік

діттеген жерімізге де жеттік. Иығымдағы жүкті жерге түсірдім де: - Менің ныспым – Несіпәлі! Қарындас, есіміңіз кім? – деп қолымды ұсындым. Кеудемнен итеріп жіберді. - Қуасыз ба? Қайдағы қарындас? Мен еркекпін ғой! - деді шаңқылдап. - Сонда сіз қыз емессіз бе? – дедім дауысым дірілдеп. - Еркек пен әйелді ажырата алмайтын қандай адамсыз? Сырға таққанның, бетіне далап жаққанның, шаш бояғанның бәрі қыз деп кім айтты, есек! - деді кекесін күлкімен қарқылдап. Албастының алты апасын көргендей тұра қаштым. Үйге қарай жүгіріп келемін. О, тоба! Адамдар не болып барады? Өзі мні ң де жүрегіме тимейді. Өткенде бір жігітке: - Бауырым, темекің бар ма? – десем. - Қызға осылай деуге ұялмайсыз ба? - деп еді қызарақтап. Сізді білмеймін, үйленемін деген үмітім тағы да мені үрейлендірді...

Алпысбай ӘБДІЛҰЛЫ.

«Вай-фай» туралы айқай

Кері тартқанды бері тартатын заманда кереғар дүниенің көбейгені несі?! Міне, қараңызшы... Телефон бар, батырмасы жоқ. Есіктер бар, тұтқасы жоқ. Қарым-қатынас бар, сезімсіз. Миғұла бар, мұңсыз. Интернет бар, сымсыз. Түк түсінбейсің. «Түбінде компьютерде отыратындардан кітап оқитындар озады» десек те, сол айтылған «интернеттен оқып жүр, талай қазақ баласы». Бағамдасам, бүгінде мәтелдеріміз де мәнінен айырылғандай мәңгіріп кетіпті. Ара-арасында «Жол билетің бар болса, байлаулы тұрған атпен тең. Ғаламторың бар болса, жазулы тұрған хатпен тең» деп мақалдың мақамына салып қоятын болдық. Бүгінде бүтін дүниенің сиқы өзгерген, өзгергенін көз көрген. Сымсыз интернет деген пәле пайда болды. Оны «вай-фай» деп атап жүр. Немересі: – Әже, «Wi-Fi» деңізші, – десе, әжесі: - Тфәй-тфәй! – дейді. Иә, сол «тфәй-тфәй» талайды таңдайынан су жұтатындай таңдандырып қойды ғой. Жұмыр басты пенделер жүдә ырза болып, «көз де, тіл де тимесін! Тфәй-тфәй!» деп айтатындай. Тіпті, «бұл апаң жас кезінде арулардың аруы еді-ау. Талай жігітті талдырып түсірген» дегендей, сұлу қыздарға қарап, сүйсініп: «Пай-пай!» дейсіз ғой. Бұл «вайфай» да дәл сол секілді. Пай-пай дегізеді. Соған есіңіз ауып, желісіне жол тауып, сүті болса, күнде күркілдетіп сауып отыруыңыз мүмкін. Айналшық болған көтерем қойдай бір орында шыр көбелек айналасыз да қаласыз. Бір досым балабақшаға барса, бүлдіршіндер телефондармен, планшеттермен ойнап отырғанын көреді. Тәрбиешісі қайда? Ұйқыны сойып жатыр екен. Миығынан күліп, иығынан түртеді де: – Бикеш-ау, «ұйқы мен өлім тең» деген. Сіз о дүниеге жүріп бара жатқанда бұ дүниедегі балалар жан-жаққа қашып кетпей ме? – деп әзілдейді. Әлгі тәрбиеші:

– Қайда безеді дейсің, бізде «вай-фай» қақпаға дейі н ғана жақсы ұстайды, – депті былқ етпей. «О, тоба!» дейсің осындайды естіп. Әйткенмен, оныкі де жөн шығар. Бүгінгі балалар да бесіктен белі шықпай жатып-ақ, әлеуметтік желіге телміріп, желімдей жабысып қалған. Мультиктен бастап, мушкетерге дейін көреді. «Көшеге ойнап кел» деп жіберсең, есіктен әрі аттап баспайды. Есі-дерті – пай-пай! Соның айналасын төңіректеп жүргені. Ал тысқа тек сымсыз желінің байланысын ұстау үшін ғана беталатындай. Ал біздің кездегі пай-пайлар қандай еді десеңізші! Ойебоо-ой, керемет еді ғой, керемет! Көшеге көбелек ұстау үшін, көрікті қыздарды көру үшін тымпыңдайтынбыз. Тұнып тұрған романтика! Өздеріне магниттей тартып тұратын еді. Ақ білегіне алақанымыз абайсызда тие қалса, тоқ ұрғандай есімізден танатынбыз. Ал бүгінгілер ондай қамсыз қарекетті ақымақ тіршілік санайтын секілді. Ал өздерінің «вай-файы» керісінше кернеуіңді бұзып, энергияңды сүліктей сорады емес пе? Сол үшін сыртқа шығу деген енді түкке тұрмайтын көдисөди жұмыс қой. Жеткіншектер «Вай-файды» іздеп табу үшін «вай-фай» сияқты ойлау керек» дейді. Басым қатып кетті. Пай-пай тұрмақ, өзімше пайымдай алмай жүрмін. Әлде дамудың келесі сатысы ма екен? Әй, не дегенмен, қазіргі балалар ақырзаманның қазан-түйнектері-ау деп қаласың. Әңгімелерін естісең, әбіржіп кетесің. – Біздің көңілімізді көтеріп, қорғасындай балқытатын не нәрсе? – Махаббат! – Жоқ, тегін «вай-фай». Иә, бұл сымсыз бәле ғажайып сезімнен де артық боп тұр. Жақында бір тойдың үстінен топ ете түстім. Ойб-о-о-ой, тойымыз той болмады. Мылқаулардың тойы сияқты, тым-тырыс. Неге дейсіз ғой? Өйткені, тойханада тегін пай-пай бар екен. Шай-пайлатып емес, пай-пайлатып қайттық. Үйге келсем,

САРЫАРҚА САМАЛЫ

жарық сөніп тұр. Тас қараңғы. Тек бір тұстан өлімсіреген сәуле көрінді. Сипалап жүріп бармағыммен басып қалып едім, бөлмедегі адамдардың бәрі соткісімен бірге атып шықты. Секем алып, селк ете қалдым, бірдеңені бүлдіріп қойғандай. Сөйтсем, сымсыз желі пай-пайды сөндіріп тастаған екенмін. Онсыз бұлардың тұяқ серіппейтін түрі жоқ. «Қой, жатыңдар!» деп қайта қостым. Бұл маған таптырмас тәсілге айналды. Ертесіне, бір өшіріп, «пай-пай» деп тамақ ішуге бәрінің бастарын тоқайластырдым. Екінші ретінде, кешкі шайға жинадым. Бір жағынан, кімнің үйде екенін анықтап, біліп отыратын болдым. Рахат, нағыз пай-пай екен! Келесі күні бір танысымның үйіне қонаққа бардым. Сырластық. – Айтпақшы, үйленем деп жүр едің ғой. Сол арумен кездестің бе? – Иа, жолықтым. – Енді, ыңғайы қалай екен? – «Вай-файға» қарағанда қолжетімді. – Сол пай-пай деген пәле деніміздің саулығын құртады екен. Қарашы, Гугл көкеміз былай дейді: «Америкалық ғалымдар «вай-файдың» радиотолқын жиілігі 0,5-2,4 Гц болғандықтан, адамға теріс әсер ететінін анықтады. Бірінші кезекте жүйке жүйесіне күшті шабуыл жасайды. Әсіресе, өсіп келе жатқан жас ағзаға зиян. АҚШ және Ұлыбританияда жеткіншектердің «вай-фай» қолдануына тыйым салынған.» – Тұнып тұрған у десеңші? – Иә. Бірақ мынаның қасында уың ойнамай қалатын сияқты. Сондағы GSM стандартты жүйесі денсаулыққа зиян екен. Үңілсек, «осыдан он жыл бұрын Швеция ғалымдары есте сақтау, ойлау қабілетін бұзатынын анықтаған. Кальцийдің сіңуіне кедергі келтіріп, бас ауруы және шаршау белгілері жиі пайда болады екен. Сондай-ақ, адам ағзасының жасушасында жантүршігерлік өзгерістерді көрсеткен. ДНК құбылған. Балалардың бет әлпетін албастыдай айнытып жіберетін мутант

Құлағына сырға таққан, аздап боянған, шашы ұзын жас жігіт автобусқа мінеді. Келесі аялдамадан түспекші болған қарт әже: «Қызым, шетке тұрасың ба, өтіп кетейін» дейді. Әлгі жігіт: «Апа, мен қыз емеспін» дейді. Бетіне ұзақ қараған апа: «Ойбу, байғұс-ау, жастайыңнан жесір қалғанбысың?» деген екен.

Сөз тапқанға...

2-сынып, қазақ тілі сабағында мұғалім ішінде «п» әрпі бар сөз айтыңдаршы депті. Арт жақтағы парталардың бірінен қолын көтерген бала: «қазан» дейді. Мұғалім: «қазанның қай жерінде «п» әрпі бар еді?» дейді. Сонда оқушы: «қақпағында» деген екен.

Көлік дәметкен әйел Күйеуі әйелінен: - Сүйіктім, туған күніңе не сыйлайын? – деп сұраса әйелі: - Маған үш секундта 100-ге дейін жететін нәрсе сыйлашы, - депті. Күйеуі ойлана келіп, таразы сыйлаған екен.

Дидар Кеше екі сағат бойы жарық сөніп қалды. Интернет өшіп, әбден әбігерлендік. Содан үйдегі адамдармен сөйлесіп, әңгімелесуге тура келді. Сөйтсем өздері жап-жақсы кісілер екен.

хромосомасы сияқты құбыжық ауру пайда болған» дейді. Қазақша айтқанда, қазан ұрған қауындай болады екенсің. – Қорқынышты ғой. – Айтпа. – Енді не істеу керек сонда? – Былай депті: «Айналада «вай-фай» жиі қосылып тұратын жерден немесе радиотолқын қайнарынан әрірек отыруға тырысқан жөн, бұл әсіресе балаларға қатысты. Қазіргі атааналар балаларына ынталандыру үшін жаңа гаджеттер және бүкіл байланыс техникаларын сатып алып береді. Техникалық өркениетке ерік бергенше, оларға өзінің денсаулығына зиян келтірмейтін жағын түсіндіру керек. Сәуледен балаларыңызды және өзіңізді сақтауға тырысыңыз.» – Сақтану жағы қиынға соғатын сияқты. – Неге? – Алдағы уақытта еліміз бүкіл қала бойынша пай-пай орнататынға ұқсайды. Сәулеге шомыламыз. Әйткенмен, әлгі Гугл көкеміз пай-пайдың пайдасы шаш - етектен екенін білмейтін сияқты. Мәселен, елімізде мешітке бас сұғатын пенделердің санын арттыруға болады. – Қалайша? – Ол үшін әрбір мешітке тегін «вай-фай» орнатса, жетіп жатыр. Бітті. Адам ағылады. – Алланың үйіне барып, «вай-файға» ұйып отыра ма сонда? – Мешіт былай тұрсын, тіпті «вай-файы» бар үй – клуб, «вай-файы» жоқ үй – тұлып» дегенді шығарыпты. Айтпақшы, саған бір өтінішім бар еді... – Құлағым сенде. – Егер мен олай-бұлай боп кетсем, қабіріме тегін «вай-фай» қондыршы. Қаралы қазама жиналған қауымның қаптап келгенін қалаймын. – Жағың қарыссын, жақсы сөйле, айналайын. – Жағым қарыспай тұрғанда шай-пай ішіп, «пай-пай», «вай-фай» деп ән салайықшы. Пай-пай, Бас қатырды-ау, «вай-фай!» Желіккендер желіде, Жер-жаһанда айқай. Керең қылайын демесең, Кет әрі, қайқай!..

Нұрсұлтан ОҚПАНҰЛЫ.


ЖАРНАМА

ЭКОЛОГИЯ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Күлге көмілмес үшін... «ПавлодарЭнерго» акционерлік қоғамына қарасты №2 және №3 жылу-электр орталығындағы арнайы қондырғылар бірнеше жылдан соң өндірістік күлге толып, салдарынан жұмысын тоқтатуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін күл қалдығын сақтайтын орын салынбақ. табылмай тұр. Бірді-екілі ұсыныс болғанмен, нақты нәтиже жоқ. - Сондай ұсыныстардың бірі – күл негізінде кірпіш шығару зауытын салу. Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, оларға жылына небары 150 мың тонна күл керек болады. Ал біздің жылу-электр орталықтары жылына 1,5 млн. тонна шығарады. Яғни, бұл қос тарапқа да тиімсіз. Сонымен қатар, күлді жол құрылысында пайдалану мәселесі талқылануда. Бірақ, талаптарда оның пайдаланылуы көрсетілмеген. Демек, егер жол құрылысына қатысты жақсы жоба болып, ұтымды ұсыныс түссе, бізге қомақты қаржыны талап ететін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Жалпы, күлді өңдеп, өндірісте, құрылыста қолдану үшін оны қондырғыдан шыққан соң бірден алу керек. Әйтпегенде, ол құрамындағы қасиеттерін жоғалтып, түкке жарамсыз болып қалады, - деді О.Перфилов. Кәсіпорында экологиялық бағытта қолға алынған шаралардың тағы бірі – онлайн-мониторинг жүргізу. Яғни, Павлодар қаласындағы қос орталықта арнайы құрылғылар орнатылған. Сол арқылы мамандар өндірістік көрсеткіштерді бақылап отырады. Ал Екібастұз қаласындағы ЖЭО-нда әзірше мұндай жүйе енгізілмеген. Тиісті көрсеткіштердің сақталуын арнайы сарапшылар қадағалайды. Айта кетелік, былтыр компания табиғатты қорғау шараларына 759 млн. 784 мың теңге жұмсады. Қоршаған ортаға төлеген эмиссия көлемі – 630 млн. теңге.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА Әр жылу-электр орталығының жұмысына қойылатын талаптардың бірі – күл үйінділерін сақтайтын орынның болуы. Бұл табиғатты қорғау шарасында айтарлықтай рөл атқарады. Айталық, былтыр Екібастұз қаласында күл үйіндісінің екінші секциясы құрылды, «ПавлодарЭнерго» АҚ-на қарасты үш орталықтың күл құбыры жөнделді және тағы басқа бірқатар іс тындырылды. Ендігі ірі жоба – Павлодар қаласында тағы бір өндірістік күл қалдығын сақтайтын орынның салынуы. «ПавлодарЭнерго» АҚ бас директоры Олег Перфилов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында атап өткендей, 2021 жылға қарай қазіргі қолданыстағы құрылғылар күлге толады. Сол кезде лицензияны бір жылға қайтарып, облыс орталығындағы тұрғын үйлердің басым бөлігінің жылусыз қалу қаупі бар. - Күл қалдықтарын сақтайтын аумақтың көлемі 200 гектар болмақ. Жобаның жалпы құны – 14 млрд. теңге. Мұнда соңғы экологиялық талаптардың барлығы ескеріледі. Биыл тиісті жұмыстарды бастап, 2021 жылдың жылу маусымына дейін аяқтаймыз, - деді О.Перфилов. Ал өндірістік күлді әрі қарай өңдеп, құрылыста пайдалануға ниет білдіргендер

Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер туралы БЖЗҚ-да Ашық есік күні өткізілді 2018 жылдың 27 наурызында, сейсенбі күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалдарында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасы өткізілді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындарға зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістерге қатысты кешенді мәселелер бойынша ақпарат беру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді. Ашық есік күні шарасына қатысушылар зейнетақы жүйесін жаңғырту себептері мен алға қойылған мақсат-міндеттер жайында толыққанды мәліметтер алды. Қор қызметкерлері зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру кестесіне ауысу себептері, базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінің өзгеруі және басқа да тақырыптар бойынша жан-жақты әңгімеледі. Ашық есік күні бағдарламасы аясында «Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың басында енгізілген өзгерістер» атты көрнекі таныстырылым паш етілді. Онда зейнетақы заңнамасына енгізілген және болашақта енгізілетін өзгерістер: базалық зейнетақыны ұлғайту, шартты-жинақтаушы құрамдауыш туралы толыққанды мәлімет берілген. БЖЗҚ Павлодар облыстық филиалының қызметкерлері қатысушыларға аталған өзгерістердің зейнетақы заңнамасына осы зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін нығайту, сондай-ақ мемлекеттік бюджет және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен берілетін жиынтық зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру мақсатында енгізілгендігін атап көрсетті. «Зейнетақы жүйесінің құрылымы туралы білу,

түсіну болашақ зейнеткерлерге зейнет жасына алдын ала дайындалуға септігін тигізеді. Бұл жайт зейнеталды жасындағы азаматтарға да, еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жастарға да тиесілі. Өйткені болашақ туралы, зейнет жасында алатын зейнетақы туралы ерте бастан ойлау керек. Ал бұл болашақта алатын зейнетақыны арттыру жолдарын қазірден бастап ойластыруға мүмкіндік береді», - деді Павлодар облыстық филиалының директоры Питраков В.Ю. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күні шарасын тұрақты негізде өткізіп тұрады. Бұл күні кез келген ниет білдіруші азамат Қор тарапынан көрсетілетін қызметтерді алып қана қоймай, Қордың қызметі мен зейнетақы жүйесі туралы қызықты мәліметтер ала алады. Павлодар қаласының филиалында өткізілген іс-шараға шамамен 200 қала тұрғыны қатысты. Ашық есік күніне алғаш келген салымшылардың бірінің айтуынша Ашық есік күні өте қызықты болды. «Мен зейнеткермін. Зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістердің зейнеткерлерге немесе зейнеткерлік жасқа жаңадан толатын азаматтарға қаншалықты қатысы бар екендігі жайлы пайдалы ақпарат алдым. 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының өсетіндігі мені қуантады» - деді ол. Шараға қатысушы әйелдердің бірі әйел азаматтардың зейнеткерлікке шығу жасының кезең-кезеңмен ұлғаятындығына түсіністікпен қарайтындығын жеткізді. «Бұл мен үшін Қордағы зейнетақы жинақтарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше болашақ жиынтық зейнетақымның мөлшері арта түседі» - деді ол.

Аяулы ата-анамыз Жұмабек Қалымов пен Айныш Тұрысбекованы еске аламыз Әкеміз Жұмабек 1937 жылы Екібастұз қаласына қарасты Ақкөл ауылында, ал анамыз Айныш 1938 жылы сол кездегі Талдықорған облысында туған екен. Әкейдің қайтқанына 5 жыл, анамыздың ортамыздан кеткеніне 2 жыл болды. Әкеміз көп жылдар Ақтоғай ауданында бас есепші, бас экономист болып қызмет атқарды. Соңғы жылдары Павлодар қаласында Ішкі істер департаменті ардагерлер кеңесінің есепшісі болды. Ата-анамыз 7 бала тәрбиелеп өсірді, бәрінің жоғары білім алып, мамандық иелері болуына ерекше қамқорлық жасады. Біздің арамызда мұғалім, дәрігер мамандары бар. Әкеміз көп өмірін Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылында өткізгендіктен, ол жақтың адамдары ол кісіні қатал, талапшыл, адал азамат деп, ал анамызды мейірімді, байыпты деп еске алады. Біз әкемізге бірдеңе айту үшін алдымен анамызға жалынатын едік. Анамыз өзара тату-тәтті, білімді, еңбекқор болуымызды қалады, сол жолға тәрбиеледі.

14 сәуір, сенбі, 2018 жыл

Сізге сапасыз қызмет көрсетілген жағдайда не істеу қажет? Тұтынушылық заңнамасы тұрғысынан алғанда сапасыз көрсетілген қызметтің тұтынушылардың құқықтарын қорғауды құқықтық реттеу тәсілдері және тетіктері бөлігінде сапасыз тауардан еш айырмашылығы жоқ. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 35-бабына сәйкес тұтынушы орындалған жұмыстан (көрсетілген қызметтен) кемшіліктерді тапқан кезде өз таңдауы бойынша: 1) орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді өтеусіз жоюды; 2) орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) үшін сыйақыны тиісті мөлшерде азайтуды; 3) сапасы дәл сондай біртектес материалдан басқа затты өтеусіз жасап беруді немесе жұмысты қайта орындауды (қайта қызмет көрсетуді); 4) тұтынушылардың кемшіліктерді жою құқығы шартта көзделгенде, оларды жоюға арналған өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы. Егер орындаушы орындалған жұмыстағы (көрсетілген қызметтегі) кемшіліктерді белгіленген мерзімде жоймаса, не егер жұмыста (көрсетілетін қызметте) шарт талаптарынан ауытқулар немесе жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) өзге де кемшіліктер айтарлықтай және жойылмайтындай болса, тұтынушы шартты бұзуға және залалды өтеуді талап етуге құқылы. Одан басқа, аталған баптың 1 және 2-тармақтарындағы талаптарды ескере отырып, жұмысты (көрсетілетін қызметті) қабылдаған кезде немесе оны орындау (көрсету), не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген талаптар жұмысты (көрсетілетін қызметті) қабылдаған кезде кемшіліктерді табу мүмкін болмаған жағдайда - кепілді мерзім ішінде, жасырын кемшіліктер табылған жағдайда - бір жыл ішінде, ғимараттармен және құрылыстармен байланысты жұмыстарға қатысты, сондайжұмыс түріне қарамастан, орындаушы қасақана жасырған кемшіліктерге қатысты жұмыстарды қабылдап алу күнінен бастап үш жыл ішінде қойылуы мүмкін. Тағы да есіңізде болсын, тапсырыс берген қызметтің орындалуы барысында, Сіз оның себеп-салдарын түсіндірмей-ақ, ол қызметтен бас тартуға құқылысыз. Бірақ Сізге оны көрсету кезіндегі орындаушының нақты шығынының орнын толтыруға тура келеді. Мәселен, Сіз туған күнге тортқа тапсырыс бердіңіз, бірақ күтпеген жағдайлар бойынша салтанат кейінге қалдырылды немесе мүлдем болмайтын болды да, Сіз тапсырыстан бас тарттыңыз. Сол арада кондитер Сіздің тортыңыз үшін қамыр даярлап қойды. Бұл жағдайда Сізге кондитерге келтірілген шығынды өтеуге тура келеді. Тұтынушы орындаушыға немесе дайындаушыға өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықты жою туралы және осы бұзушылықтардан тұтынушыға келтірілген залалды (зиянды) өтеу туралы жазбаша наразылықпен жүгінуге құқылы және оған күнтізбелік он күн ішінде жауап алуы қажет. Тұтынушы наразылыққа жауап беру мерзімі өткеннен кейін құқығының бұзылуын қорғау үшін сотқа жеке немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігі арқылы жүгінуге құқылы. Айтылғанды қорыта келе, қызмет көрсету және жұмысты орындау бойынша келісімшартты жасасу кезінде сауатты бабын білу Сізді сапасыз қызмет көрсету мен жұмысты сапасыз орындаудан қорғайды, осыған байланысты сіздің уақытыңыз бен қаражатыңыз үнемделеді. Павлодар облысының тұрғындары тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы туындаған сұрақтары бойынша Департаментке жүгініп, әр бейсенбі сайын өткізілетін «Ашық есік күндері» шеңберінде немесе 8 (7182) 321822 «Жедел желі» телефоны арқылы хабарласып, консультативтік-құқықтық көмек ала алады. Департамент Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136, 412-кабинет мекенжайында орналасқан.

И.М.АХМЕТЖАНОВА,

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы. (Мақалада «Біздің сарапшымыз» журналының ақпараты қолданылды) (2090).

Женаева (Жанисова) Күлжан Сұлтанқызын сағынышпен еске аламыз Осыдан бір жыл бұрын адал жар, ардақты ана, кішіпейіл дос, қимас туыс, елінің сүйікті қызы 59 жасында дүниеден озды. Дүниеден өтсе де, көңілден ешқашан өшпейді. Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады! Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын. Аяулы артық, қадірі қымбат еліне, Періште пейіл, ибалы, Баян жерінен. Күлжан-ау, қалай айырылып қалдық өзіңнен, Өзекті өртеп, күйдіріп кетті-ау өлімің.

Біз олардың үмітін ақтауға тырыстық. Ең қымбат, ең аяулы жандар - ата-анамызды ешуақытта ұмытпаймыз. Жатқан жерлері жарық, иманы жолдас болсын деп Алладан тілек етеміз. Еске алушылар -

балалары, ұрпақтары.

Павлодар облыстық мәслихатының аппараты Бижамал Нәжмиденқызы Сәрсенбеноваға

ұлы Русланның және жұбайы Қалиахмет Матайұлының

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Ұрпақтар тірлік жасайды қалған артыңда, Есіне алар өзіңді білген халқың да. Рухыңменен желеп-жебеп жат бізді, Күлжан ана ұрпағы үшін – нар тұлға!

Сағынып еске алушылар: жұбайы – Негмат, балалары – Мадина, Гүлмира, күйеу балалары – Айдар, Асхат, немерелері – Камиль, Әбілмансұр, барлық ағайын-туысқандары.

2018 жылдың 21 сәуірі күні сағат 15.00-де Ақсу қалалық мешітінің асханасында жылына арналған ас беріледі. (451).

11

САРЫАРҚА САМАЛЫ

МЕНШІК ИЕСІ

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Ертіс Медиа» ЖШС, «Сарыарқа самалы» облыстық газеті Газет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 30.09.2014 ж. №14562-Г куәлігі берілген.

Газет 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2014 жылы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен марапатталды. ЖШС директоры Асқар ШӨМШЕКОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ Телефоны. 66-15-30 ЖШС-нің мекенжайы. Павлодар қаласы, Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй. Редакцияның мекенжайы. 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды поштасы: ssamaly29@gmail.com. Бас редактордың орынбасары 66-14-61. Жауапты хатшы 65-12-74. Әлеуметтік бөлім 66-14-63, 66-15-31, 66-15-32. Экономика, саясат 66-14-64, 66-15-28, 66-14-65. «Айналайын» 66-14-63. «Жас times» – 66-15-32.

Жарнама бөлімі: s_samaIy_reklama@maiI.ru 66-15-42, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі 66-15-41. Фототілші, корректорлар 65-12-74. Газеттің нөмірі «Сарыарқа самалының» компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына үш рет шығады, апталық таралымы 15816 дана, бүгінгі көлемі 3 б.т. «Дом печати» ЖШС баспаханасында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны. 8 (7182) 61-80-26. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 776 Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді. Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. «Сарыарқа самалында» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті. Баспа индексі 65441.


12

ИІРІМ

14 сәуір, сенбі, 2018 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ М.ӘЛІМБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА - 95 ЖЫЛ

Маралдының Мұзафары

Күй шерткен тылсым кеуде, Тұяғы ма Тұлпардың дүрсілдеген. Солтүстіктің Сәуірі салқын болар, Жел өтінде Желбегей жүрсің неге? Алауратқан Күтеді таңды асыға, Бозторғайлар Қонып ап тал басына. Шың жиегі Құлама құз емес пе, Тұрғаның не, Жақын кеп жар басына? Ақын М.Әлімбаев Ақкөл орта мектебінің оқушыларымен, бұрынғы Краснокутск ауданы. 1970 жылдар. Мұзағаң дүниеден өткенде ҚР Президенті Н.Назарбаев көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. Сол хатта атап өткендей, кеңестік кезеңде ол қазақ әдебиетінің алыптарымен қанаттаса жүріп, оған игілігі жолында жемісті еңбек етті. Көптеген жыр жинақтары мен ән мәтіндерінің авторы атанды. Қалың жұртшылық үшін халқымыздың мақалмәтелдерін жинақтап зерттеудегі еңбегінің маңызы зор. Соғыста жүріп-ақ жас офицер қаламын қару етіп, жорықтас жауынгерлердің ерліктерін жырға қосты. Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинге арнаған «Батырға» атты өлеңі майдандық «Жауға қарсы аттан» газетінде жарияланды. Бейбіт жылдарда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне «Ту тіккен» дастанын арнады. Мұзағаңның «666 мақал-мәтел», «Мақал сөздің мәйегі» деген жинақтары мен зерттеулері ортақ қазынаға айналғалы қашан?! Қазақтың ақыны Қасым Аманжолов Мұзағаңды «Қазақ мақалының маржаны» деп атауы осыдан болар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Әнұранының мәтінін жазуға қатысқан ақындардың бірі. Осындай сұрапыл еңбегінің нәтижесінде «Отан» орденінің иегері атанды. Ол – Маралдының Мұзафары.

жыр жолдарын төгіп-төгіп жіберді. «Қара көз қарындасым, соғысқа аттанғалы тұрмыз, қош айтысып бір сүйейінші», - деп келіп, қыздың маңдайынан сүйген-ді. Алматыдан Қазақтың дербес 100-ші атқыштар бригадасы жетіп, біз вагондарға жылдам жайғастық та, маршал Ворошиловтың бұйрығымен жүріп кеттік. Великие Луки түбіндегі шайқас Сталинград шайқасынан кем болмады. Десе де, қазақ сарбаздары жаумен арпалысып, орыс қаласын бермеді. Жеңіп шықты! Атқыштар бригадаларының негізгі құрамы қазақтар болғанымен, командирлері орыс азаматтары еді. Ал олардың орынбасарлары С.Бәйішев пен Ә.Баймолдин болатын. Бірақ жоғарғы жақтағылардың қазақтарды қолдамауын оларды бірден қиын нүктеге әкеп салғанынан-ақ байқауға болатын еді, - деген Мұзағаңның естеліктерін талай естіген едік. Мұзағаң әскер қатарынан 1948 жылы оралып, басылымдарда шығармашылық жолын бастағанда 25 жаста ғана болатын. Әуелі «Пионер» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметін атқарса, 1958 жылдан 1986 жылға дейін «Балдырған» журналының бас редакторы болды. Алғашқы кітабы «Қарағанды жырлары» деп аталады, ол 1952 жылы жарық көрді. Жетпіске жуық төлтума және аударма кітаптардың авторы атанды. Ақын жырлары 20-дан астам шетел тіліне аударылды.

Төлеубек ҚОҢЫР,

Қазақстанның Құрметті журналисі, Май ауданының Құрметті азаматы.

ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІ

«Құмар»

«Сарыарқа самалы» газеті асық ойындарын сырттан оқытуға бағытталған «Шеберлік мектебі» айдарын жүргізуді одан ары жалғастырады. Ақсу қаласы, М.Омаров атындағы ауылдағы Жамбыл атындағы орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Жиенхан Қаманай оқушыларға өзі үйретіп жүрген асық ойындары жайында кезекті тәжірибесімен бөліседі. - Бұл ойынды үлкен-кіші демей ойнай береді. Ойынға қатысушылардың саны 5-6 адамнан аспауы керек. «Құмар» үйде, аулада, тақыр, тегіс жерде отырып ойнайтын ойын. Ойынға төрт асық қажет. Олар мұқият тазартылып, түрлі түсті бояуға боялады. Ойынды кім бірінші бастайтынын асық иіру арқылы шешеді. Алшы – бірінші, тәйке – екінші, бүк – үшінші, шік – төртінші, т.с. кезек алады. Асықтың жоғарыда айтылған төрт түрлі түсетін негізгі төрт қыры болады. Сондай-ақ оларды мал атауымен де атайды. Алшыны – жылқы, тәйкіні – түйе, бүкті – қой, шікті – ешкі деп атайды. «Құмар» деп сол төрт асықтың бір түрлі түсуін айтады. Мысалы, төрт асық та алшы түссе - «Құмар» болады, ол төрт ұпай алады, ал төрт асық та тәйке түссе - үш, бүк түссе - екі, шік түссе бір ұпайдан алады.

Күмбір-күмбір Әскерхан АҚТАЙ

Ақын, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, журналист Мұзафар Әлімбаев - өзі жырға қосқан Маралдының тумасы. Павлодар педагогикалық училищесінің түлегі. Арғы тегі Баянауылдағы әулиелі Қызылтаудан шыққан. Міне, арқалы ақын жерлесіміз арамыздан кеткенімен, өшпес мұрасы қолымызда қалды. Мұзағаң Павлодар қаласындағы орта арнаулы оқу орнында жүріп-ақ халық әншісі Естай Беркімбаевтың концерттік бригадасының құрамында ақын Қайролла Зәкіровпен бірге өнер көрсетті. Концерттерде өлең оқып, өзін танытты. Педагогикалық училищеде жүріп, өлеңдерін облыстық «Қызыл ту» газетіне жариялап тұрды. Бір өлеңі тура соғыс басталған күні жарық көргенін өзінің «Көңіл күнделігі» деген естелік кітабына жазған екен. Ол 1937 жылы Семейде өткен ақындар слетіне қатысып, Сәбит Мұқанов және Қайым Мұхамедхановтармен танысты. Соғыс басталған кезде Шарбақтыдағы он сегі зге толған жас жі гі ттерді ң барлығы шақыру алды. Мұзафар Әлімбаев Ақтөбеде жасақталып жатқан қазақтың дербес 101-ші атқыштар бригадасының құрамына қабылданды. Осы кезде 80 пайызын қазақтар құрайтын 316-шы атқыштар дивизиясы да жасақталды. Кілең жастар мұнда да жібері лді. Ақтөбеде 101-ші Қазақ дербес атқыштар бригадасының сапында Шарбақты мен Май аудандарынан шақырылған жас жігіттер мен ересек азаматтар болғанын ертеректе айтқан-ды. - Май ауданынан Қайролла Зәкіровтің қасында Сүлеймен Бәстемов, Сейфолла Алшынбаев, Қабылбек Шәкіров, Қадірбек Тілеубеков, Татау Әшкин деген азаматтарды көрдім, достастым. Соғысқа дейін Естай әншінің концерттік бригадасында бірге болған Қайролланы осында кездестіріп, мәре-сәре болғаным бар. 1943 жылы күзде орыстың ежелгі қаласы Великие Лукидің түбіндегі шайқаста ауылдасы Сүлейменді құтқарып, өзі жау оғынан қаза тапқан болатын. Оның ақындық қарымы да мықты болатын. Бірде Ақтөбенің вокзалында аттанғалы тұрғанда, қасындағы қазақтың қара торы, сұңғақ бойлы қызына арнап,

БІР ӨЛЕҢ

Ойыншы төрт асықты алақанына алады да, қолын тұқыртып ішке қарай айналдыра еденге шаша тастайды немесе алақанына салып, қолын сыртқа қарай серпіп, еденге тастай береді. Егер иіргенде асықтың әрқайсысы әртүрлі, яғни төрт түрлі болып түссе, онда 4 ұпай есептеледі. Ойын барысында тек алшы түссе ғана ұпай болып саналады. Кім епті және дұрыс иірсе, оның асығы алшы түседі. Ойын басталмас бұрын ойыншылар ұпайдың шекті санын өзара келіседі. 20, 30, 40, 50 ұпайдан соң ойынды тоқтатып кім жеңгенін анықтау қажет. Алшы түскен әр ойыншы өз ұпайын санап отырады. Асық омпы түскен болса 5 ұпай болып саналады. Омпы өте сирек түседі. Мұның бәрі ептілікті талап етеді. Қазақта «Омпы ойын бұзар, жынды жиын бұзар» деген көнерген мақал бар. Ол осы омпыға негізделіп айтылған.

Ойын барысында алшы түсе берсе, ойынды сол ойыншы жалғастыра береді. Әрбір ойыншы ойын ережесіне сай әріптестерін үнемі бақылап отырады. Қазақтың «асығың алшысынан түссін» деген қанатты сөзі осы ойынға бағытталып айтылған. Бұл ойында тек алшыға аса басымдық беріледі. Ойын - қызықты әрі өте тез меңгері леті н оңай ойын. Ұтылған адам ұпай төлейді. Келісім бойынша ән айтып, күй шертеді. Ертеде терме айтып, арты отбасылық ойын-сауыққа айналған. Үйлестірген – Мұрат АЯҒАНОВ.

Бұйығады Бұйра қыр боранды күн. Сортаң далам Сүртеді сораңды кім? Өрмекшінің Өрмегін толқын шайса, Тор тоқиды Түбіне тораңғының. СӨЗ ОРАЙЫ Омар ЖӘЛЕЛҰЛЫ,

абайтанушы:

...Кітап - тұл Әдебиеттің міндеті біреу-ақ. Ол адамзаттың жан саулығын сақтап, рухани қорек беру. Қазір біз елу елдің қатарына қосыламыз, экономиканы дамытамыз деп жанталасудамыз. Бірақ біз ана тілінде сөйлеп, қазақша ойламайынша, еш нәтижеге жете алмаймыз. «Ана ті лі ой өсіреді, ана сүті бой өсіреді» дегенді қазақ тегін айтпаған. Әлемде экономикасы мықты дамыған елдер бар. Сондай-ақ, бі рде-бі р атақты жазушысы жоқ елдер де бар. Қазақтың арманаңсарын, ұлттың жанын, ақыл-ойын әлемге танытатын - әдебиет. ...Жастарды әдебиетке баулу үшін ең алдымен қоғамда өнер адамдарына, жазушыларға деген құрметті күшейткен жөн. Кезінде мал бағып жүрген ауыл баласы әдеби шығармаларды, қиссадастандарды оқи жүріп, жазушы немесе батыр болуды армандаса, көркем фильмдерді тамашалағанда актер болам деп қиялдайтын. Адамның санасы ойлау арқылы, армандау арқылы дамиды. Кешегі қазақ әдебиетінде шоқтығы биік шығармалар жазған қаламгерлердің дені - қарапайым отбасынан шыққандар. Ол уақытта руханияттың маңайында жүрген азаматтардың беделі жоғары болатын. Жастар да соларға қарап бой түзейті н. Ал қазі р өті рі к ән айтқан әнші мен еш мән-мағынасы жоқ қалжың айтқан сайқымазақтарға еліктейді. Бесіктегі баладан бастап, еңкейген қартымызға дейін үнді, корей, түрік сериалдарын тамашалап күн өткізеді... Шетелдерде бүкіл көше бойында жаңа шыққан кітапты насихаттайтын жарнамалар ілінеді. Кез келген жерде отырып, қалаған шығармаңды оқуға қолайлы жағдай жасалған. Мәдениеттің дамыған үлгі сі осы. Ондай мемлекетте өсіп келе жатқан жас ұрпақтың ертеңі қандай болатынын бағамдай беріңіз. Бізде жақсы кітаптар жоқ емес, бар. Тек оларға насихат жетіспейді. Жаңа шығармаларды үнемі халыққа насихаттап отыратын бағдарламалар болуы тиіс. Текті ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етсек, ұлттық әдебиеттің, ұлттық мәдениеттің қалыптасу жолын мықтап ойланғанымыз абзал. Қыран құсты баптағандай, жастарды да алдымен әдебиетке баулыған жөн.

14 сәуір сейсенбі 2018 жыл №42 (15213)  
14 сәуір сейсенбі 2018 жыл №42 (15213)  
Advertisement