Page 7

8

КӨКЕЙКЕСТІ

16 мамыр, бейсенбі, 2019 жыл СПОРТ

«Павлодар Барысы» анықталды

САРЫАРҚА САМАЛЫ

МӘСЕЛЕ

Алимент әке бола ма? Павлодар облысында алимент төлейтін адамдар мойнындағы қарызын өтеуге міндетті. Себебі борышкерлерге қойылатын заң талабы қатал. Онымен қоса алиментті өндіру бағытында қолға алынған істердің жүктемесі күн сайын артып келеді. Алимент төлеуге міндеттелген адам баласына берешегін ай сайын санап бермесе, көлігінен айырылып, шет елге де шыға алмайды.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

«Қазақстан Барысы – 2019» дәстүрлі турнирінде өңір намысын павлодарлық палуан Самир Мамедов пен баянауылдық Мұхтар Дәлелханұлы қорғайтын болады. Қос палуан өңірімізде өткен «Павлодар Барысы» іріктеу турнирінде өзгелерден үздік шықты. Алпысбай ХОНЖ Жыл сайын өтетін «Қазақстан Барысы» турнирінің і рі ктеу кезеңі не Павлодар өңі рі ндегі әр аудан мен қалалардан барлығы 28 палуан қатысты. Тартысқа толы алыптардың айқасында павлодарлық Самир Мамедовке шақ келер ешкім болған жоқ. Ақтық сында С.Мамедовтан ұпай санымен ұтылған баянауылдық спортшы Мұхтар Дәлелханұлының да болашағы зор. Ал былтырғы жылы «Павлодар Барысы» атағын жеңі п алған Екі бастұз қаласының палуаны Арман Махамбетов биыл қола жүлдені қанағат тұтты. Естеріңізде болса, Самир Мамедов те «Қазақстан Барысы – 2018» турнирі нде бақ сынаған болатын. Алайда ол алғашқы айналымдардың бірінде сүрінген еді. Самирдің былтырғы жылы кеткен есесін қайтаруға осы жолы мүмкіндігі бар. Мамандар Мұхтар Дәлелханұлынан да үлкен үміт күтеді. Ол биылғы жылы қазақ күресінен өткен ҚР Кубогында күмі с жүлде енші леп, спорт шебері атағына ие болды. «Қазақстан Барысы - 2019» турнирі 8 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Железиндегі жарыс Железин ауданында КСРО-ның еңбек сіңірген ұстазы Теміршот Нүкенов қажыны еске алуға арналған дзюдодан республикалық турнир өз мәресіне жетті. 2002-2003 және 2004-2005 жылы туған қыздар мен жасөспірімдер арасында өткен дүбірлі дода екі күнге созылды. Сайдың тасындай іріктелген спортшылар арасында өткен бәсеке тартысқа толы болды. Жарыстың қорытындысы бойынша, Степногорск қаласының дзюдошылары 3 алтын, 3 күміс пен 1 қола медальді қоржындарына салды. Ал талдықорғандық спортшылар 3 алтын мен 1 қоланы қанағат тұтты. Семейлік өрендері де қарап қалған жоқ. Олар 2 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алды. Әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Железин ауданының намысын қорғаған 8 спортшының мерейі үстем болды (1 алтын, 2 күміс, 5 қола). Ал 6 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен командалық жарыста алматылықтар жеңіске жетті. Жеңімпаздарға 100 мың теңге ақшалай сыйлық табыс етілді. Күміс жүлдені железиндік дзюдошылар жеңіп алып, 50 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жүлделі 3-ші орынға Нұр-Сұлтан-2 командасы қол жеткізіп, 30 мың теңгеге ие болды. Аталған турнирге Нұр-Сұлтан, Алматы, Арқалық, Қостанай, Өскемен, Семей, Қарағанды, Талдықорған, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен басқа да өңірлерден келген жалпы саны 250-ден астам спортшы қатысып, 12 салмақ дәрежесі бойынша боз кі лемні ң шаңын қақты.

Жалпы, аймағымызда алиментті өндіріп алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аз емес. Себебі облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова да бұл бағыттағы жұмыстарға оң бағасын берген болатын. Ол жергілікті мамандардың бірлесіп атқарып жатқан ісі өзге аймақтарға үлгі болуы керектігін де атап өткен еді. Облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Шынар Тавлютованың айтуынша, алиментті өндіру бойынша істердің саны 11500-ді құрайды. Олардың басым көпшілігі жеке сот орындаушыларының қарауында жатыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік сот орындаушыларында 200 борышкердің құжаты бар. Оның ішінде 150-інің жұмыс орны бар болса, 30 борышкер алиментті өзді гі нен төлейді, қалған 10-ы і здеуде жүр. Жалпы алғанда, бұл бағытта мемлекеттік сот орындаушыларында мәселе туындаған емес. Ал жеке сот орындаушылардың қарауындағы 6727 құжат бойынша борышкерлердің тұрақты жұмысы болса, 3500-ге жуық алимент төлеуші қарызды өз еркімен өтеуде. Ал 968 азамат баласы үшін төлейтін қарыздан бас тартуда. Мұндай азаматтардың берешек мерзімі 3 айдан асады. Бұл қатарға жататындардың атында ешбір мүлік тіркелмеген, тұрақты жұмысы жоқ. - Алименттен жалтарғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Қылмыстық жауапқа тартылғандар жоқ. Себебі мұндай жазаны тағайындау қиын. Бірақ осындай қатал талапты қолдану бағытында да жұмыс істеп келеміз. Мәселен, мойнында қарызы барлардың атында мүлкі болса, оған шектеу қоямыз. Бұл ретте автоматтандырылған ақпарат жүйесінің көмегі зор. Сот орындаушысы аталмыш жүйеге кіріп, борышкерге қатысты барлық мәліметпен таныса алады. Алимент төлеушінің жұмыс орны, зейнетақы қорындағы қаржының көлемі мен атындағы мүлікті де көре алады. Тіпті, банктерге де сауал жолдап, жауабын сол күні алуға мүмкіндік бар, - дейді Шынар Тавлютова. Ақпан айында жауапты орган өкілдері автокөліктерді айыппұл тұрағына қоюға мүмкіндік алған. Бұған дейін жүргізуші куәлі гі нен айыру і сі де қиынға соққан. Өйткені, полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушінің куәлігінен айырылғанын тіркегенімен, толық бақыламаған. Салдарынан жүргізу құқығынан айырылған кейбір борышкер көлікті оңай тізгіндеген. Мұндай кедергілер сот орындаушыларының жұмысына кері әсерін тигізіп келген. - Аталмыш мәселені ақпан айының ортасында аймақ басшысы Болат Жұмабекұлының қатысуымен өткен жиында көтерген болатынбыз. Өңір басшысы полиция департаментіне арнайы тапсырма беріп, бұл істі қатаң бақылауға алуды жүктеді. Сол уақыттан бастап 31 борышкердің көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Олардың жалпы берешегі 17 млн. теңгені құрады. Оның ішінде 3,5 млн. теңге өндірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. 24 борышкер жүргізуші куәлігінен айырылды, - дейді Ш.Тавлютова. Шынар Тавлютованың айтуынша, жеке сот орындаушылардың жұмыс сапасын одан әрі арттыру мақсатында

«Ашық есік күні» өткізіледі. Яғни, нотариус, адвокат, заңгер, медиатор мамандары адамдарды жеке мәселесімен қабылдап, кеңес береді екен. - Егер алимент төлеушінің қарызы 3 айдан асқан болса, сот орындаушысы оның елден шығуына шектеу қоюға міндетті. Мұндай жағдайға тап болғандар департамент мамандарынан шектеуді тоқтатуды сұрап жатады. Осыдан-ақ, елден шығуға рұқсат берілмегендердің қатары көп екенін аңғаруға болады. Бұдан бөлек, полиция департаментінің қызметкерлері бейнебақылаудың көмегімен борышкерлерді көлігі арқылы анықтай алады. Ал жұмысы жоқ азаматтарға жұмыспен қамту орталығына барып, есепке тұру керектігін айтамыз, - дейді Ш.Тавлютова. Қазіргі уақытта полиция департаменті және прокуратура тарапынан осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Егер жұмыссыз жүрген борышкер бір айдың көлемінде есепке тұрмаса, жауапқа тартылады екен. Жұмыспен қамту бөлімі берген жұмыстан бас тартып, екі қолға бір күрек таппаған жағдайда да осы жаза қолданылады. Аталмыш бөлімнен тыс өз еркімен жұмысқа орналасса, алимент төлеуші «қашқын әкелердің» тізімінен алынады. - Аймақ басшысы осы мәселені бақылауға алған болатын. Болат Жұмабекұлының әлеуметтік желіде «Инстаграм» парақшасы барын білеміз. Бүгінде өңір басшысына алимент мәселесі бойынша сұрақтар көп түседі екен. Тұрғындардың сауалы бойынша мамандар үш борышкерді ң і сі н тексеруде. Осыдан-ақ нәтиже барын көруге болады. Жалпы, борышкерлерден қарызды өндіру бағытында жан-жақты жұмыс жүргізілуде, - дейді ол. Иә, мамандар борышкерлерді жауапқа тарту үшін күнде жаңа әдіс ойлап табуға асық. Туған баласынан безгендерді жазалау дұрыс деп ойлаймыз. Бірақ алиментті өндіру ісінде жазықсыз жандардың да жапа шегіп жүргеніне не дейсіз? Павлодар қаласының тұрғыны Қайыр есімді азамат алиментті өндіру ісінде жеке сот орындаушылардың қызметіне көңілі толмайтынын айтады. - Жұбайыммен ажырасқалы 5 жылдан асты. Балаларымнан ешқашан безген емеспін. Үнемі жағдайларын біліп, көмектесіп, ай сайын алиментті төлеп

келдім. Бірақ соңғы уақытта қызметімде біраз мәселе туындап, қарызды өтеуге жағдайым келмеді. Бұрынғы жұбайыма бәрін айтып түсіндірдім. Бірақ іс жеке сот орындаушыларының қолына түскеннен кейін жағдай қиындай түсті. Себебі көлігім айыппұл тұрағына қойылып, жүргізуші куәлігімнен айырылдым. Темір тұлпарым менің күнкөрісім болатын. Сол арқылы такси қызметін атқарып, нан тауып жүр едім. Бірнеше ай бойы сотқа жүгі ні п, жүргі зуші куәлі гі н қайтарып алдым. Бірақ көлігімді әлі ала алмай жүрмін. Балаларымның анасы рұқсатын бергенмен жеке сот орындаушылары қызметі үшін 300 мың теңге көлеміндегі соманы сұрап, көлігімді бермей отыр. Қазі ргі уақытта мұндай қомақты қаражатым жоқ. Жағдайды қиындатқаннан әке де, бала да жапа шегіп отыр. Сондықтан жауапты мамандар осындай жағдайларды ескерсе екен деймін, - дейді ол. Өткен жылы 2019-2024 жылдарға арналған отбасын дамыту және қолдаудың жол картасы әзірленген болатын. Бұл құжатта ерлі-зайыптылардың ажырасуына жол бермеу мәселесі қарастырылған. Екі жастың некеге тұрған сәтінен бастап барынша қолдау көрсету арқылы 2019 жылы ажырасу жағдайларын 41 пайыздан 38,2 пайызға, 2023 жылы 30 пайызға, 2030 жылы 25 пайызға азайту көзделуде. Соңғы 10 жылдың ішінде елімізде 1,5 миллионға жуық ерлі-зайыпты ажырасқан. Жылына әрбір үшінші отбасының шаңырағы шайқалуда. Осыдан-ақ, толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың санын есептеп шығаруға болады. Жоғарыда жазылғандардан алимент өндіру і сінде талаптың күшейті ліп келе жатқанын көре аламыз. Бірақ бірқатар әрекет алимент төлеушілерді әбігерге салып, мәселелерін көбейтуде. Сондықтан жоғарыдағы жол картасы әр баланың бақытты отбасында тәрбиеленіп өсуіне септі гі н тигі зсе екен деймі з. Шаңырақ шайқалмағанда ғана ата-ана да, бала да алимент мәселесімен соқтықпайтын болады...

Profile for Ertis Media

16 мамыр, 2019 жыл №54 (15374)  

16 мамыр, 2019 жыл №54 (15374)  

Profile for irstar.kz
Advertisement