Page 16

ЖЕЛҚАЗЫҚ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

16 мамыр, бейсенбі, 2019 жыл ҚАЗАҚ КҮРЕСІ

АДАМ - ЕҢБЕГІМЕН АСҚАҚ

Ақтоғайдан түлеген ақсұңқар

Жуырда Жүкен Баймұхамбетұлының өзі оқыған Ақтоғайдағы Абай атындағы мектепте тұлғаның есімімен аталатын музей ашылды. Бар өмірін елдің қауіпсіздік саласына арнап, адал еңбегі мен төккен тері ні ң арқасында мемлекеттік деңгейдегі талай жауапты қызметтерді тізгіндеген ардагер биылғы жылдың 12 желтоқсанында мерейлі 85 жасқа толады. - Жүкен Баймұхамбетұлы 1934 жылы 12 желтоқсанда Павлодар облысы Ақтоғай ауданына қарасты Жаңа Аттаныс ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Алматы мемлекеттік Шет тілдер институтын бітірген. Оқу орнын тәмамдаған соң Аққулы (Лебяжі) орта мектебінің мұғалімі болып қызмет жолын бастайды. Кейіннен осы мектептің директоры лауазымында жұмыс істейді. 1961 жылы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік органдарына қызметке шақырылып, 1968 жылдан бастап барлау желі сі бойынша Қазақ КСР Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті орталық аппаратында қызмет атқарды. Ол қай өңірде қызмет і стесе де, өзі н жақсы қырынан көрсете білген ойы озық, жұмысқа алғыр азамат. Елдің қоғамдық-саяси өміріне

белсене араласып, облыстық партия комитетінің бюро мүшесі, облыстық және қалалық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1988 жылы ерекше еңбегі үшін КСРО Үкіметі оған генерал-майор жоғары әскери атағын берді. Қазақстан Компартиясы XVII съезінің делегаты болып сайланды. 1990 жылы Ж.Марденов Қазақ КСР МҚК төрағасының кадрлар жөніндегі орынбасары болып тағайындалады. Ал 1991 жылы төрағаның орынбасары болып тағайындалады және Қазақстанның МҚК барлауына жетекшілік етеді. - Кеңес үкіметі ыдырап, Қазақстан дербес мемлекет болған тұста Жүкен Марденов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа бұрынғы одақтас республикалардың терроризм және экстремизм, нашақорлық, жемқорлық секілді қоғам кесапаттарының алдын алуда тізе қосып қимылдауы керектігі туралы ұсыныс айтқан еді. Бұл бастама Президент тарапынан қолдау тауып, Алматы қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арнайы қызметтері барлау бөлімшелері басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді. Жүкең туралы көп нәрсе айтуға болады. Ағамыз тек жұмыс басында ғана емес, отбасында да өнегелі жар, үлгілі әке бола білді. Мәселен, әке

Спорт шеберін еске алды Павлодардағы «Баянтау» спорт кешенінде КСРО спорт шебері Төлеутай Қанаевты еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир ұйымдастырылды. Еліміздің әр өңірінен палуандар қатысқан жарыс жоғары деңгейде өтті.

Сеңгірлі 80 жастың бел ортасына келсе де жүрісі ширақ, жады мықты, еліміздің Ұлттық қауіпсіздік саласын, қала берді қазақ әдебиеті мен мәдениетін, руханияты мен ғылымын бір адамдай білетін жанды көргенде еріксіз таңдай қағасыз. Ол - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры, Павлодар облысының және Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, жерлесіміз Жүкен Марденов. Алпысбай ХОНЖ

17

жолын қуған Марат Жүкенұлы шекара қызметінде елеулі қызмет атқарды. Ауған соғысына қатысып, жау қоршауында қалған сәтте оққа ұшқан командирінің орнына жауапкершілікті өз қолына алып, қорғанысты ұйымдастыра білді. Ол осы жолы өзі де қатты жараланды. Көрсеткен ерлігі үшін генерал атағын алды. Респуб-ликада генерал шеніне жеткен әкелібалалы 3 отбасы бар. Соның бірі Марденовтар әулеті, дейді Павлодар облыстық ҰҚК ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы, Май ауданының Құрметті азаматы, отставкадағы подполковник Еркін Баяндин. Өңірден шыққан айтулы азаматтың құрметіне ашылған музейге генерал-майор Жүкен Марденов туралы жазылған кітаптар мен газет-журналдар, тұлғаның әр жылдарда алған жоғары марапаттары мен өмір жолынан сыр шертетін фотосуреттері қойылған. Аталған музейдің ашылуына Павлодар облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ақтоғай ауданы әкімдігі, Абай атындағы орта

мектебі ұжымының атсалысқандығын айта кеткен жөн. - Мен атақ-мансапқа құмартқан адам емеспін. Ертістің суын ішіп, осы бір қасиетті өңірде туғаныма, Абай атындағы мектепте бі лі м алып, ұлағатты ұстаздардың алдын көргенім үшін өзімді бақытты сезінемін. Алақандай ауылым, өскен жерім қашан да менің жүрегімде. Өзге өңірде жүрсем де, үнемі туған жері мде не болып жатыр екен деп алаңдаулы күйде отырамын. Осы мектептің қазіргі директоры Қанымгүл Солтанәлинова хабарласқанда қуанып қалдым. Мені ң жүрі п келе жатқан өмі р жолым өскелең ұрпақтың бой түзеуі не аз да болса септі гі н тигізсе, туған елдің перзенті үшін одан асқан қуаныш пен мәртебе бар ма? - дейді Жүкен Баймұхамбетұлы. Бұдан соң ардақты азамат өзі оқыған мектептің оқушыларымен кездесіп, оларға ақыл-кеңесін айтты. 11-сынып түлектеріне сәт-сапар тілеп, «Өмірдің беттері» кітабын естелік ретінде табыс етті.

Ақтоғай ауданы

Турнирде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларымен қоса, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды мен Түркістан облыстарының спортшылары қатысты. Сондай-ақ Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларымен қоса өңіріміздегі өзге де аудандардан келген палуандар жарыс көрігін қыздырды. Жарыста 2000-2002 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен 2003-2004 жылғы қыздар өнер көрсетті. Спорттық сайысқа барлығы 120-ға жуық палуан қатысып, ұлдар 9 салмақ, қыздар 3 салмақ бойынша сынға түсті. Жарыстың жалпы нәтижесі бойынша Ұлттық құрама командасы үздік атанды. Жекелей сындағы жеңімпаздар төмендегідей:

Жасөспірім (ұлдар):

55 кг - Роллан Қабаев (Ұлттық құрама командасы); 60 кг - Нұрғанат Сатыбалды (Павлодар облысының «Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»); 66 кг - Қобыланды Зайргелдинов (Павлодар облысының «Олимпиадалық резервтегі маман-дандырылған мектепинтернат-колледжі»); 72 кг - Нұрсұлтан Өтепбергенұлы (Шымкент қаласы; 78 кг – Әбдрахман Орынбасар (Ұлттық құрама командасы); 84 кг - Мұхамедқали Сейтақ (Павлодар облысының «Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»); 90 кг – Сұлтан Зарықпай (Ұлттық құрама командасы); 100 кг - Ернұр Айдаев (Шымкент қаласы); +100 кг - Иван Юсупов (Успен ауданы).

Қыздар:

48 кг – Нарғыз Жұмағалиева (Екібастұз); 52 кг - Камиля Уксукпаева (Қарағанды); 56 кг - Алтынай Нұрханова (Павлодар облысының «Олимпиадалық резервтегі маман-дандырылған мектеп-интернатколледжі»).

А.ӘБДІЛҰЛЫ.

Жер учаскесіне құқық беру тәртібі туралы Жер кодексінің 43-бабына сәйкес жер учаскесін меншікке және жер пайдалануға беруді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады, жер учаскесін беру туралы шешім комиссияның оң қорытындысы мен жерге орналастыру жобасының негізінде қабылданады. Жер комиссиясының құрамы төрағасын, уәкілетті органдардың өкілдерін, сондай-ақ Ұлттық палатаның өкілдерін қоспағанда, бүкіл құрамды ауыстыра отырып жыл сайын бекітіледі. Жер комиссиясының төрағасы болып жер мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары тағайындалады. Жер қатынастары саласындағы тиісті уәкілетті орган жер комиссиясының жұмыс органы болып табылады. Жер комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Жер комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысып отырған жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен айқындалады. Жер комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда жер комиссиясының мүшесі ерекше пікір білдіруге құқылы, ол жазбаша түрде жазылуы және жер комиссиясының шешіміне қоса берілуі тиіс. Жер комиссиясының отырысы міндетті түрде дыбысбейнежазба құралдарының көмегімен тіркеледі. Жер комиссиясының

қорытындысы хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады. Жер комиссиясының шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін. Сотқа өтініш беру жер комиссиясының хаттамалық шешімінің орындалуын тоқтата тұрады. Жер комиссиясының оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде жерге орналастыру жобасын дайындау үшін өтініш берушіге беріледі. Жер комиссиясының оң қорытындысының қолданылу мерзімі оны қабылдаған күннен бастап бір жылды құрайды. Бір жылдық мерзімді өткізу жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады. Жер учаскелеріне меншік және (немесе) жер пайдалану құқығын беруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органға өтініш береді, олар өтініш берушіге өтініш берілгенін растайтын құжат береді. Өтініште: жер учаскесін пайдалану мақсаты; оның болжамды мөлшері; орналасқан жері; сұралып отырған пайдалану құқығы; басқа жер учаскесінің болуы (болмауы), бұл саяжай құрылысына, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне, сондай-ақ жеке

қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған жер учаскелері бойынша, өйткені аталған мақсаттар үшін қайта беру ақылыға жүзеге асырылады (Жер кодексінің 50-бабының 2-тармағы). Жер учаскесі пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану немесе үлескерлік мақсаттары үшін берілген жағдайда өтінішке жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензиялардың немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың көшірмелері қоса беріледі. Егер өтініш беруші жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған немесе өтініш беруші құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша уәкілетті органдар екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге өтінішті қараудан жазбаша бас тартуды береді. Жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі ол түскен сәттен бастап екі айға дейін құрайды. Көрсетілген мерзімге жерге орналастыру жобасын жасау және жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу кезеңдері, мерзімдері кірмейді. Жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне тиісті құқық беру не

беруден бас тарту туралы шешімінің көшірмесі шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тапсырылады (жіберіледі). Жер учаскелерін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кіретін жағдайларда, жергілікті атқарушы орган жерге орналастыру ісін өзінің шешімімен бірге жоғары тұрған органға түпкілікті шешім қабылдау үшін жібереді. Жерге орналастыру жобаларын әзірлеуді азаматтар мен заңды тұлғалар орындайды. Бұдан басқа, облыста жерге орналастыру жұмыстарын орындауға құқығы бар 39 лицензиат бар. Осылайша, жеке және заңды тұлғаларда жерге орналастыру жобасын дайындаушыны таңдау құқығы бар, лицензиаттардың тізімі ресми сайтта орналастырылған. Жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі тиісті уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының оң қорытындысы түскен сәттен бастап жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімде қабылданады. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындауды және беруді Мемлекеттік корпорация алты жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Сәйкестендіру құжаттары: жер учаскесіне жеке меншік кезінде - жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісі; тұрақты жер пайдалану кезінде - тұрақты жер пайдалану құқығы актісі; уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) кезінде - уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану

(жалдау) құқығы актісі; уақытша өтеусіз жер пайдалану кезінде уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығы актісі болып табылады. Жер учаскесін оның шекарасы нақты белгіленгенге дейін (жергілікті жерде) және құқық белгілейтін құжаттар берілгенге дейін пайдалануға жол берілмейді. Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетімен иелену ретінде сараланады және әкімшілік жауапкершілікті көздейді. Жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін беру негізін, нысаналы мақсатын, алаңын, орналасқан жерін, құқық түрін, жалдау мерзімін көрсете отырып, жер учаскесін алған адамдардың тізімдері бар ақпаратты халыққа қолжетімді орындарда арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ өзінің интернетресурсында және тиісті уәкілетті органның интернет-ресурсында ай сайын, ал мерзі мді к баспа басылымдарында тоқсанына кемінде бір рет орналастыруға міндетті. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен беру конкурс негізінде жүзеге асырылады және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабында жеке көрсетілген.

Р. ДӘУІТБАЕВ,

басқарма басшысы.

Profile for Ertis Media

16 мамыр, 2019 жыл №54 (15374)  

16 мамыр, 2019 жыл №54 (15374)  

Profile for irstar.kz
Advertisement