Page 14

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ҚҰНДЫЛЫҚ

16 мамыр, бейсенбі, 2019 жыл

АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

Әр отбасы бастамашы болса «Қазақ тілінің қолданыс аясы бүкіл қоғамды неге қамтымай отыр?» деп әр жерде күңкілдегенімізбен, аражігін әлі де айыра алмай, білсек те марғаулықпен жүргеніміз шындық. Бұған әр қазақтың өзі кінәлі екенін айтуға арланбаймыз да. Облыстық «Қазақ тілі» қоғамының басқарма мүшелері қоғамды жұмылдыруда қарап жатпағаны анық. Мәселен, өткен жылы филиал әдеттегідей жылдық жоспарға сәйкес белгіленген іс-шараларды түгелдей қамтыды. Біз осы мүдделі ісімізді облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармамен және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе атқаратынымызды атап өткіміз келеді. Басқарма мүшелері қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында қолға алған шараларды орындауға мүмкіндігінше тынбай жұмыс атқарды. Біз ең алдымен тұңғыш Президенті мі з, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «...мемлекеттік тіл қоғамның барлық саласында үстем тұруы тиі с, оны көтеру әр деңгейдегі басшының міндеті, әрі оны орындауға барлық қазақстандық жауапты» деген аталы қағидасын темірқазық ретінде басшылыққа аламыз. Оның үстіне былтырғы жылы ақпан айында облыс әкімі Болат Бакауов мемлекеттік тілді бойға сіңіруді балабақшадан бастау кезек күттірмейтін өзекті мәселе екенін еске салып, оның жүзеге асуы әркезде бақылауында болатынын қадап айтты. Облыстық тіл басқармасының жыл бойы өткізген барлық шараларына үзбей қатысу – негізгі жұмысымыздың арқауы іспеттес. Әсіресе, бүгінгі таңдағы кезек күттірмес мәселе – латын графикасына бірте-бірте көшу. Осыған байланысты атқарылған үлкен-кішілі отырыстардың, жиындардың, мәжілістердің, бірде-біреуінен шет қалғанымыз жоқ. Латын графикасына кезең-кезеңмен көшуге қатысты халық арасында түсіндіру шараларын бір кісідей атқардық. Төралқа мүшелері Еркін Баяндин, Ульян Мақұл, Балтабай Сыздықов, Арман Қани аудан-ауылдарға барып, бұл бастаманың келешегі қазақ тілінің абыройын асқақтататыны туралы, ұрпақ үші н берешегі ұлан-асыр екені н, жасалып жатқан осы қарекет соның айғағы екені н жұртшылыққа кеңінен түсіндірді. Бір топ тіл жанашыры латын әрпіне ауысу жөнінде өткен республикалық конференцияның жұмысына қатыстық. Елбасының тарихи маңызы ерекше мақаласында көрсетілген Рухани жаңғырудың тетіктері жан-жақты талданды. Басқарма мүшелері облыс аумағындағы Қасиетті жерлерге барып, тәу етуді борышы санайды. Олар Баянауыл, Май, Ақтоғай

,,

ұйымның пікіріне құлақ асса, ұсынысына селқос қарамаса деген тілегіміз бар. Көптің түсінігі бойынша қазақ тілін оқып, үйрену білім ұяларында (балабақшадан бастап) бастау алады деп келгеніміз жасырын емес. Алайда, іс тіпті басқаша шешімін табатынына көз жеткі зді к. Қалай дейсі з ғой? Мұны да ті л жанашырлары зерттеп көрген еді. Бұл іске жыл басынан бастап білек сыбанып кеттік. Әуелі облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының қабылдауына болдық. Кездесіп, пікір алмастық. Көп нәрсеге қанығып, неден бастау жөнінде оның кеңесіне құлақ астық. Сөзі нен нағыз ті л жанашыры екенін аңғардық. Сөйтіп біз ол кісінің нұсқауы бойынша балабақшада қазақ тілінің оқытылуы, сәбилердің тілді игеруі, өзара қарым-қатынасы төңірегін зерделеп, атааналар жиналысына қатыстық. Тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара сыйластығы қай деңгейде екенін бақыладық. Байқалған жетістіктер мен кемшін тұстарды сол жерде айттық. Олар да түсінді. Ортақ келісімге келген жайлар көп болды. Өйткені, біздің басқарма мүшелері і ші нде ұзақ жыл бі лі м саласында қызмет еткен ұстаздар, басшы қызметкерлер жетіп артылады. ҚР еңбек сі ңі рген бі лі м саласының үзді гі Қабидолла Әлібаев (83 жаста), Қайыркен Шәріпов (81 жаста, марқұм), Еркін Баяндин (84 жаста), Ульян Мақұл (80 жаста), Қаршыға Шаяхметов (74 жаста), Сері к Сатыбалдин (69 жаста) және т.б. өмірлік тәжірибесі мол, ақыл-кеңес беруге әбден құқылы қариялар. Осы топ қыс мезгілінде Павлодар қаласындағы әр балабақшада (әуелі облыс орталығынан бастауды жөн деп ұйғардық) өткізілетін ата-аналар жиналысына қатысты. Өз еркетотайларын міндетті түрде қазақ мектебіне беруге байланысты пікірлерін айтып, ата-аналарды қолдауға шақырды. Рас кейбірі орыс мектебінде білім алуға құлық танытқанымен, мемлекеттік тілдің болашақта үстем шығатынын түсінгендері райдан қайтты. Осындай еңбектің нәтижесінде

..Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан алған әсеріміз ұшан теңіз. Оны терең талдап, түсіну бізге де ізденісті, тарихқа зер сала отырып зерделеуді талап етері анық...

аудандарындағы киелі орындарда болғанда, өткен өмір қырларына тереңірек көз жіберіп, жергілікті тұрғындарға барынша ұғынықты тілмен нақты мысалдар арқылы жеткізеді. Көп жылдан бері облыс орталығындағы Ленин, Кутузов, Суворов, т.б. көшелерді ң атауын өзгерту мәселесі тұрғындар тарапынан әлдешеше рет көтерілсе де, оң шешімге қол жетпей келгені жасырын емес. Осынау тығырықтан шығар шақта «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері тағы да белсенділік танытты. Жұртшылықпен өткен тыңдау кезінде төралқа мүшелері Махмет Демесінов, Балтабай Сыздықов, Арман Қани идеологиялық жағынан ескірген атауларды өзгертетін заман әлдеқашан туғанын, тәуелсіз Қазақ елі үшін енді мұндай патшалық, кеңестік атаулардан арылатын уақыт жеткенін нақты дәлелдермен келтірді. Сөйтіп, Павлодар қаласында Тәуелсіздік даңғылы (кейіннен Елбасы Н.Назарбаевтың аты берілді), Астана, Малайсары, Баян Батыр көшелері пайда болды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен тілдерді дамыту басқармасы, «Қазақ тілі» қоғамының тіл жанашырлары алдағы уақытта да бірлесе үн шығарса, бітпейтін іргелі іс жоқ екен. Тек билік өкілдері қоғамдық

15

біздің аумақта қазақша оқуға ниет білдіріп, жазылған балалар жоқтың қасы деп икемге көнбей келе жатқан №9 және №28 мектептерде бірінші қазақ сыныптары есігін айқара ашты. Бұдан басқа қаладағы үш мектеп алғаш рет қазақша 1-сыныпты қабылдағанын айтқан орынды. Екібастұз бен Ақсу қалаларында да бұл бастаманы іліп әкеткен білім ошақтары бар. Айта кету керек, аталған мектептердегі 1-сынып шәкірттерінің оқу үлгерімі ойдағыдай. Бұл дәстүр биыл да жалғасын табары сөзсі з. Сөйтіп, біз басты кемшілік – ата-аналарда деген қорытындыға тірелдік. Бақсақ, мектепте (немесе балабақшада) оқыған жеткіншек отбасына келгенде қазақшасын ұмытады екен. Үйде қазақ тілі үстемдік етсе ғана жағдай оңалады. Сондықтан біз мектепте өтетін ата-аналар жиналысына қатысып тұру кестесін әзірледік. Ата-аналары еңбек ететін мекеме, кәсіпорындарға бару да ойда. Амал қанша, ата-аналардың жауапкершілігі құрдымға кеткен. Тіпті сынып жиналыстрына келмейтіні анықталғанын қалай түсінуге болады? Бір сыныпта немесе балабақшадағы топта 20-25 бала бар деп топшыласақ, жиналысқа небары 2-3 ата-ананың келуі ұят жағдай емес пе?!

Сайлау процесін бақылау платформасы құрылды 22 сәуір күні елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында сайлау процесін бақылау бойынша республикалық «Аманат» азаматтық-қоғамдық платформасының алғашқы мәжілісі өтті.

Оның өзінде көбіне әкелері келмейтінін көрдік. Отбасында өз тілімізде өзара (әрине, балаларымызды ортаға алып) ауыз екі болса да әңгімелесе алмағанымыз айтуға ұят емес пе? Ана тілімізде ертегі айтып берудің орнына теледидардан немесе компьютерден, болмаса смартфоннан өзге тілдегі дүниелерді көріп, алтын уақытымызды жоғалтқанымызға өкінеміз кейінірек. Бірақ, бәрі кеш болатынын білсек етті. Ана тілімізден айрылсақ, немерешөберелеріміздің болашағы не күйге ұшырамақ? Ойланатын уақыт аз, ағайын. Жақсы іске қызықтырса, жеткіншектердің талабын ашуға болады. Ал ол мектепте қалыптасса қандай ғажап. Бұрнағы жылы Елордасы – Астана қаласына 20 жыл толды. Осы мақсатпен қазақ тілінің мәртебесін көтеру, жеткіншектердің бойына еліне, оның астанасына деген сүйіспеншілігігін арттыру үшін облыстық Ассамблеяның қолдауымен, «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен, білім басқармасының мұрындық болуымен «Асқақта, бас қала – Астана» деген атпен облыстық оқушылар мүшәйрасын өткіздік. Өңірдің әр мектебіндегі шәкірттерден бас қаланы дәріптеген 120 өлең түсті. Оның бәрін «Қазақ тілі» қоғамының электронды почтасымен қабылдадық. Қазылар алқасы бұл дүниелерді бағалап, жүлделі орын алған жасөспірімдер марапатталды. Бұған қоса ақын балалардың суреттері басылған, балапан жырлары жарық көрген «Асқақта бас қала-Астана» кі тапшасы сыйға тартылды. Жыл сайын облыстық Ассамблея жанындағы «Нұр-Ана» қоғамдық бірлестігімен бірлесе өткізілетін «Мың бала» республикалық ағартушылық жобасына қатысуға тілек білдірушілердің іріктеуіне де қатыстық. Еңбек ардагерлері Қантай Әлменов, Қаршыға Шаяхметов, Полина Шакауова, Қайролла Қаженов, Балтабай Сыздықов т.б. өздеріне бекітілген мектептерде болып, қазылық міндеттерін адал атқарды. Айта кеткен орынды, «Нұр-Ана» қоғамдық бірлестігі жыл сайын өткізетін «Қымызмұрындық» тойына да басқарма мүшелері өз өнерлерімен шашу шашты. Белгілі ақын Балтабай Сыздықов пен Шолпан Байғалина бата беруден, сөз сайысына шығудан, т.б. салт-дәстүріміздің озық үлгілерінен жиналған жұртшылыққа тарту-таралғы жасады. Мұндай көрініс «Ұлы Дала» фестивалінде жан-жақты көрсетілді. Ұлттық сипатқа толы болғаны қандай жарасымды. Сайып келгенде тындырылған істер аз емес. Бәріне бірдей тоқталуды жөн санамадық. Былтыр күзде жарық көрген Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан алған әсеріміз ұшан теңіз. Оны терең талдап, түсіну бізге де ізденісті, тарихқа зер сала отырып зерделеуді талап етері анық. Биыл «Жастар жылы» аясында бағытбағдарымызды пысықтап, толықтыру үстіндеміз. Ұстазымыз Ульян Мақұлдың ұйымдастыруымен құрылған «Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бі рлесті гі ні ң мүшелері жас ұрпақтың бойына ұлағатты тәлімтәрбие беру, ұлттық құндылықтарды дарыту, т.б. істерді қолға алғаны қуантарлық. Былтыр бастау алған ісіміз, жүрісімізден жаңылмайтынымызға сенімдіміз.

Социал ӘЙТЕНОВ,

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы.

Құрамына қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен белсенді жастар енген азаматтық платформаның мақсаты – әділ әрі ашық сайлау өткізуге өз азаматтық үлесіңді қосу, өз таңдауыңды жасау. 2 мамыр күні Павлодар қаласында «Аманат» платформасының тұсаукесері өткізілді. «Аманат» қоғамдық-азаматтық тобының Павлодар облысындағы төрайымы мен бас өкілі Алма Қозбаева БАҚ өкілдерімен кездесіп, елімізде алғаш рет құрылған институттың 5 бағытын айқындап берді. 1-бағыт. Сайлауалды даярлық. Бұл бағыт сайлауға дейінгі процесті бақылайды. Қазақстанның әр азаматы сайлауға қатысып, өз тәуелсіз таңдауын жасауға құқылы. Ол үшін алдын-ала жағдай жасалып, уақтылы дайындық қажет. 2-бағыт. Дауыс берушілерді сайлау процесі бойынша ақпараттандыру. «Аманат» бағыттарының ең негізгісі – сайлаушыларды құқықтық процедуралар бойынша құлақтандыру, сайлаудың уақыты мен кезеңдерін айқындау. Мәселен, Президенттікке үміткерлердің бағдарламаларын қалай, қай жерден табуға болатынын, егер азаматтардың сайлауға қатысты құқығы бұзылып жатса кімге барып шағым түсіре алатыны жайында тікелей және онлайн кеңестер, алғаш дауыс берушілерге арналған кеңестер бойынша да «Аманат» платформасынан көмек сұрауға болады. 3-бағыт. Әділдік пен ашықтық. Қазақстанның әр аймағындағы сайлау бөлімшелерінде тәуелсіз мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ, жедел ақпарат алмасу желісі де құрылады. Заң бұзушылық фактілер орын алған жағдайда, орталық сайлау комиссиясы, Бас прокуратура, Жоғарғы сот, жергілікті атқарушы органдарга шағым түсіруге болады. 4-бағыт. Ашық диалог. Сарапшылар, журналистер, ғалымдар, жалпы бүкіл азаматтар арасында өзара ашық ақпаратпен алмасу. Тәуелсіз әрі еркін диалогтар жүргізу. Тікелей және онлайн пікірлермен бөлісу. 5-бағыт. Тепе-теңдік байланыс. Бұл билік пен бұқара арасындағы тепе-теңдік байланыс. Бір-бірінің пікірін, таңдауын, принциптерін сыйлау. Бір-біріне сенім білдіру. Сайлау процесінің өзекті проблемаларын ашық алаңға шығару және оларды уақтылы шешу. «Аманат» азаматтық-қоғамдық платформасы ұсыныстар мен пікірлер алаңы. Бұл топқа енген әр азаматтың айтылатын ұсыныс-пікірлері мен ақыл-кеңесі маңызды. Сондай-ақ, «Аманат» Президенттікке үміткер азаматтардың ешбіріне нақты дауыс беруге үгіт-насихат жүргізбейді. Әркім өз таңдауын ашық әрі өз қалауынша жасайды. «Аманаттың» мақсаты – бабамыздан қалған азаттықты сақтай отыра, мемлекетте болып жатқан әр науқанға өз пікіріңді бі лдіріп, өз азаматтық ойыңды ашық айту. Мамыр айында Павлодар қала-сында «Аманаттың» республикалық көшбасшыларының жетекшілігімен оқыту-түсіндіру конференциясы өткізіледі. Әр ауданнан мобильді капитандар бекітіліп, өз аймағында сайлауға даярлық процесін бақылайды, сайлаушылармен тығыз байланыс орнатып, сайлау мен дауыс беруге қатысты туындаған сұрақтарға жауап береді, сайлауға байланысты конституциялық құқықтар мен міндеттер туралы тікелей және онлайн кеңестер жүргізеді. «Аманат» азаматтық платформасының құрамына кәмелеттік жасқа толған Қазақстан Республикасының кез келген ерікті азаматы кіре алады. Азаматтық міндетімізді «Аманатпен» атқарып, өз таңдауымызды бірге жасайық!

«Аманат» азаматтық платформасының облыстық штабы.

Profile for Ertis Media

16 мамыр, 2019 жыл №54 (15374)  

16 мамыр, 2019 жыл №54 (15374)  

Profile for irstar.kz
Advertisement