15 мамыр, 2018 жыл №54 (15225)

Page 2

2

15 мамыр, сейсенбі, 2018 жыл

АҚПАРАТ

АБАЙЛАҢЫЗ!

Өткен жұма күні «Достық үйінде» Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында қоғамдық кеңес мүшелерімен және аудан-қала әкімдерімен болған жиында облыс әкімі Болат Бақауов осылай деді. Жиынды облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, қоғам қайраткері, облыстың Құрметті азаматы Тито Сыздықов жүргізді.

«Аймақтың барлық тұрғыны атсалысуы тиіс»

Сая МОЛДАЙЫП Бұл күні облыс орталығындағы барлық музейлер, Тілдерді дамыту басқармасы, Павлодар педагогикалық университеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрме ұйымдастырды. Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев аймақта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар барысы мен алдағы уақытта қолға алынатын міндеттемелер туралы баяндама жасады. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыс орталығында «Рухани жаңғыру» жобалық офисі ашылып, онда 8 адам еңбек етуде. Кәсіби мамандардан арнайы топ құрылды, сондай-ақ ғалымдар, өлкетанушылар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен мемлекеттік емес және жастар ұйымдарының өкілдерінен құрылған жұмыс тобы бар. 6 бөлімнен тұратын бағдарламаны көпшілікке түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру үшін жұмыс топтары 500 кездесу ұйымдастырған. - 2017 жылы 4,5 млрд. теңгенің 52 жобасы (оның 2,4 млрд. теңгесі демеушілер тарапынан) іске асырылды. 700 мыңдай адам қатысқан 800-ден астам і с-шара ұйымдастырылған, деді баяндамасында М.Бегентаев. – Ал биылғы жылы 6,5 млрд. теңгенің 131 жобасы қолға алынды. Аймағымыздың барлық тұрғындарын қамтитын 1000-нан астам іс-шара ұйымдастырылмақ. Елбасының бағдарламалық мақаласының бір жылдығына орай биылғы 17 сәуірде облыстағы тарихи-археологиялық экспедицияның жұмысы салтанатты түрде бастау алды. Аймағымыздағы киелі орындар көп орналасқан Баянауыл, Май аудандары мен Екібастұз қаласына қарасты тарихи жерлерде археологиялық жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, Шарбақты ауданындағы Маралды көлі ні ң жағасындағы құны 1 млрд. теңге болатын демалыс орнын дамыту жоспарланды. «Атамекен» ішкі бағдарламасы бойынша 17 жоба іске асырылып, іс-шара ұйымдастырылды. Осы бағдарлама аясында биылғы жылы Шарбақтыда аудан түлектерінің слеті өтті. Осындай шара аймақтағы барлық аудан, қала, ауылдарда өткізілсе деген ұсыныс бар. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сакралды Қазақстан» арнайы жобасы бойынша өңіріміздің киелі орындары анықталып, сараптама жасалды. 78 нысанның 5-еуі республикалық киелі нысандар қатарына, ал 36-сы аймақтық киелі нысандар қатарына енді. Баяндамашы облыс еріктілерінің жұмысы мен атқарған іс-шарасы туралы айта келіп, «Қазіргі қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» арнайы жобасы бойынша И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның симфониялық оркестрінің Италияға өнер сапары, биылғы жылдың екінші жартысында филармонияның қазақ халық аспаптар

оркестрінің Египетке, Өзбекстанға және Бі рі ккен Араб Әмі рлі ктері не сапарға шығуға әзірлік жұмыстары жүргізіліп отырғандығын айтты. Облыс орталығында демеушілердің көмегімен тарихи қайраткер Сұлтанбет Сұлтанға мұражай-үй тұрғызылды. Үстіміздегі жылы Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы қысқаметражды фильмдерді насихаттап, елге таныту мақсатында облыста «Ертіс Cinema» халықаралық кинофестивалі өткізілмек және үздік жобалардың бірі – «Ұлы Дала елі» этномәдени фестивалі де жалғасын табатын болады. Бүгінгі таңда ауылдық кітапханаларға оқырман тарту мақсатында жаңа заман талабына сай жабдықтау ісі де қолға алынды. Осы ретте Коворкинг-орталықтар ашу бойынша жүйелі жұмыстар жасалуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін әр қала мен ауданның 13 ауылдық кітапханасы жаңғыртылып, 20-дан астам Коворкинг-орталық ашу жоспарланып отыр. Балаларға ұлттық «Асық ойынын» үйретіп, насихаттау үшін «Асық ойнайық» жобасы кең көлемде қызығушылық туғызуда. Аймағымыздағы 200-ден астам мектепте асық ойынына баулитын үйірмелер ашылып, бұл іс-шара 4 мыңға жуық баланы қамтып отыр. Жер-жерде ұлттық құндылық, дәстүр, тарих пен туған өлкені насихаттауға бағытталған «Рухани жаңғыру» кабинеттері ашылуда. Бағдарлама шеңберінде тұрғызылатын «Концерт Холл» концерт залы мен музыканттар, суретшілер мен қолөнер шеберлері және спортсүйер қауым үшін Ертіс өзенінің жағажайындағы «Ертіс Променад» арнайы орны да көпшіліктің демалатын орнына айналмақшы. М.Бегентаев, сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылып отырған аймақтағы спорт кешендері, жоғары оқу орындарындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы, қазақ тіліне аударылған әлемнің үздік 18 кітабының жастарға таныстырылымы, «100 жаңа есім» жобасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталу барысы, аталмыш бағдарламаның қазақстандықтар үшін мәні мен маңызына тоқталды. Жиылыс барысында Тито Сыздықов заман талабына сай ағылшын тілін білудің маңыздылығына тоқталып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда ел тарихына қатысты келелі мәселелердің әлі де баршылық екенін атап өтті. - Соның бірі - Май ауданындағы «Қалмаққырылған» тауы. Бұл – қазаққалмақ шайқасы өткен жер, атауы да соған байланысты қойылған. Мәшһүр Жүсіп бабамыз «Осы қырғыннан кейін қайтып қалмақтың табаны Сарыарқаға тиген емес» деп жазды. Осы «Қалмаққырылған» жете зерттелмеген, археологиялық қазба жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілген жоқ. Сонымен бірге Мұса Шорманов туралы кітапты жарыққа шығару қажет, - деді. Қоғамдық кеңес мүшелері Әбілхақ Түгелбаев,

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Кенже Кеңесбаев аймағымыздағы әйгілі тарихи тұлғалардың өмірін, халыққа жасаған еңбектерін, шығармаларын кеңінен насихаттау қажеттігіне тоқталды. Заманында дуанбасы болған Қазанғап би, Шоң мен Шорман, Ақкөл–Жайылма жеріндегі тарихи орындар, т.б. туралы ұсыныс-пікірлерін айтты. Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нухұлы кезі нде әйгі лі тұлғаларға кесене көтері лі п, кеңінен насихатталғаннан кейін ел назарына ілігіп, тіпті ол орындар республикалық киелі нысандар қатарына енгенін, сондықтан қасиетті жерлерді, атаусыз қалған батырлар мен билердің мәңгілік орындарын анықтап, кесене тұрғызу қажеттігін, Мұса Шормановтың 200 жылдығына орай басын көтеру керектігіне тоқталды. Университет ұлттық руханият, тарихқа байланысты 27 кітап шығарып, 4 деректі фильм түсірген екен. Жиынға қатысушылар Қазанғап бидің есімін Павлодар қаласына қарасты Ленин кентіне берудің уақыты жеткендігін, сонымен қатар, Естай Беркімбаев кесенесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, басқа да маңызды мәселелерді сөз етті. Қоғамдық кеңестің мүшесі Ермат Байғұрманов жиында бірнеше ұсыныс айтты. Соның ішінде Әлкей Марғұланның жарық көрмеген еңбектері, М.Әуезовтің соңғы шәкірті Бекмұрат Уақатовтың жазбаларын, Мұзафар Әлімбаевтың шығармаларын насихаттау үшін «Мұзафар оқуларын», Май ауданында «Малайсары оқуларын» өткізу, Ақбалық хазірет, Мақат қажы, Қайса атаның өмірі мен еңбегін кеңінен насихаттау үшін басқа да іс-шаралар ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды. - Шарбақты өңірінде Нұрекен деген би өткен. Одан туған төрт ұлдың бірі Түйте аға сұлтан қызметін атқарған. Түйтенің ұлы Темірғалы 2-ші шақырылған Ресей Думасының депутаты болған. Осы Темірғалы аудан аумағында жерленген екен. Қалай болғанда да мұны облыстық деңгейдегі киелі орын тізіміне енгізген орынды болар еді,-дей келіп, Қалмаққырылған тауына байланысты ұсыныстарын айтты. Жиын қорытындысында облыс әкімі Болат Бақауов аймақтағы әр аудан-қаланың әкімдеріне өз аумағындағы тарихи орындарды, тарихи тұлғаларды анықтап, тиісті іс-шаралар атқаруға, жолдарды жөндеу, тозығы жеткен кесене, күмбездердің, жаңадан тұрғызылатын кесенелердің жобасын жасап, қанша қаражат қажеттігін анықтауды тапсырды. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын бүкіл ел болып жүзеге асыруымыз керек. Бұл істен бірде-бір адам қағыс қалмай, қажет болса, арнайы қор құрылып, бір күндік еңбекақыны аударуымыз керек. «Атамекен» кіші бағдарламасын жүзеге асыруда «Жерлестер форумы», «Түлектер слеті», «Мектепке тағзым» сынды іс-шараларды жетілдіру, Кәсіпкерлер палатасы арқылы бұл іске кәсіпкерлерді, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдарды тарту қажет, - деді аймақ басшысы.

Кенеден қауіп бар...

Павлодар облысында сәуір айының ортасынан-ақ шыға бастаған кенелер тұрғындардың өміріне қауіп төндіруде. Улы жәндіктен жапа шегіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінгендердің қатары күн сайын артуда. Мамандар күн ысығаннан кейін кішкентай улы кенелердің саны одан әрі көбейетінін айтады. Сондықтан тұрғындарға жәндіктермен әлі ұзақ арпалысуға тура келеді. Айдана ҚУАНЫШЕВА Паразитолог мамандар аталмыш кішкентай жәндіктердің түрлі жұқпалы ауруларды тарататынын айтады. Сондықтан көктем-жаз мезгілінде адамдарға барынша сақтық шараларын ескерген жөн. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын елімізде 10 мыңға жуық адамды кене шағып, дәрігерлердің көмегіне жүгінеді екен. Зиянды жәндіктер аймағымызда мамырмаусым айларында күрт көбейіп, тамыздың соңына дейін адам өміріне қауіп төндіреді. Качир аудандық ауруханасының хирургі А.Жақыпов олардың көп жағдайда шөпті жерлерде, мал жайылымдарында, қораларда, бау-бақшалар мен саябақтарда және гүлзарларда жиі кездесетінін айтады. Аталмыш орындарға барған адамдар сақтық шараларын сақтаған жөн. Кененің қорегі – қан. Теріге орнығып алған кенені бірден алып тастау оңай емес. Улы жәндікті теріден ажырату үшін оның қарны толыққанды тоюы керек. - Улы кенелер тез иі с сезгіш болады. Сөйтіп жақын жерде адам жүргенін бірден сезіп, соған қарай бет алады. Денесіне өрмелеп шығып, өзіне ыңғайлы орын іздейді. Кенелер көп жағдайда адамның қарын тұсы, қолтықтың асты, құлақтың арты, мойын, шаштың арасына кіріп, сездірмей және ауыртпай қан соруға кіріседі. Кене адамның денесінде қан соруды 4-6 күнге дейін жалғастыра алады. Жәндік сілекейінің құрамында шаққанды сездірмейтін сұйық зат бар. Тұрғындардың қалай кене шаққанын сезбей де қалып жататыны сондықтан, - дейді дәрігер. Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тек биылғы жылдың сәуір айы басталғаннан бері облыс бойынша 29 адамды кене шаққан. Өңірдегі алғашқы жағдай сәуір айының ортасында-ақ тіркелген еді. Улы жәндік Ново-

ямышево ауылына қонаққа барған 8 жасар баланы шаққан. Кенені алып тастағана әкесі ұлының денсаулығына алаңдап, жедел жәрдем қызметіне жүгінген. Мамандардың сөзінше, қазіргі уақытта бала денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Бала тұрғылықты мекенжайы бойынша дәрігердің қарауына алыныпты. Эпидемиологтар кенелер облысымыздың барлық өңірінде барын айтады. Әсіресе, Павлодар, Ақсу қалалары мен Лебяжі, Шарбақты, Ертіс аудандарындағы мал жайылымдарында көп шоғырланатыны анықталған. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина кене шаққан уақытта мамандардың көмегіне жүгіну қажеттігін айтады. Денеге қонған жәндікті дәрігерлер алғаны жөн. Қызу жоғарылап, дене бөрткен жағдайда жедел жәрдем шақырған дұрыс. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кене маусымы сәуір айынан басталып, қыркүйекке дейін созылады. Олардың ішіндегі ең қауіптісі – мамыр және маусым айлары. Улы жәндіктердің пайда болуына ауа температурасының +7 градусқа көтерілгені жеткілікті. Кене адамның денесінде неғұрлым ұзақ болса, аурудың асқыну қаупі де жоғары. Орман, бақтарда серуендегенде кене энцифалит вирусын жұқтырудан сақтану үшін киімге аэрозоль препаратын сепкен жөн. Аталмыш дәріні денеге себуге болмайды. Табиғат аясына демалуға шыққанда шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу керек. Сыртқы киімнің жеңі ұзын болғаны дұрыс. Серуеннен үйге келген уақытта киімдерді далаға жайып, кептіру қажет. Атап өтерлігі, былтыр Қазақстанда 10348 адамды кене шаққан. Павлодар облысында 2016 жылы бұл дертті ң 53, ал былтыр 40 жағдайы тіркелген.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.