Page 1

САРЫАРҚА Павлодар облыстық газеті 1929 жылғы 15 ақпаннан шығады ssamaly29@gmail.com

САМАЛЫ

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

РУХАНИЯТ

«Мен - қазақпын» мегажобасы басталды

15 мамыр, сейсенбі 2018 жыл №54 (15225)

@saryarka_samaly

Нақпа-нақ Биыл мұсылман жұртшылығы үшін Ораза

17

мамырдан басталады

Жаһандық ауқымдағы шешімдер Мамырдың 17-19-ы күндері елордада Жаһандық мәселелерді талқылауға, шешімін іздеуге арналған жыл сайынғы сұхбат алаңы - Астана экономикалық форумы өтеді.

Суретті түсірген - Дархан Өмірзақов.

Ел ішінде көрінбей жүрген талай дарынды жастың бағын ашып, қазақтың ұлттық өнерін ұлықтаған «Мен - қазақпын» телевизиялық мегажобасының екінші маусымы басталды. Дәстүрлі әншілер мен термешілердің және күйшілердің өнерін сынға салатын ұлттық өнер байқауының Павлодар облысындағы іріктеу кезеңі 14-29 мамыр аралығында жүргізіледі.

Рухани жаңғыру:

Жалғасы 3-бетте

«АЙМАҚТЫҢ БАРЛЫҚ ТҰРҒЫНЫ АТСАЛЫСУЫ ТИІС» Өткен жұма күні «Достық үйінде» Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында қоғамдық кеңес мүшелерімен, аудан-қала әкімдерімен болған жиында облыс әкімі Болат Бақауов осылай деді. Жиынды облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Тито Сыздықов жүргізді. Толығырақ 2-бетте

Халықаралық шара аясында әлемдік көшбасшылар мен ойшылдар, саясаткерлер, халықаралық ұйымдар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары, іскерлік орта өкілдері бас қосады. Биыл жаһандық мәселелерді қамтитын 11 тақырып ортаға салынбақ. Оның ішінде экономикалық, әлеуметтік саладағы, диджитал технологияларда, өндіріс пен тұтынудағы жылдам және түбегейлі өзгерістер, сонымен қатар көз алдымызда болып жатқан технологиялық өзгерістер мәселесі де кеңінен сөз болмақ. Уақыт өткен сайын әлемдік экономика жедел қарқынмен дамып келе жатқаны белгілі. Бұған негізінен адамзат тұрмысына жаңа технологиялардың лек-легімен ене бастауы ықпал етіп отыр. Қоғамның жаппай мобильді құрылғылар арқылы алуан ақпараттың ағынына еніп, әлеуметтік желілер арқылы адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа белеске көтерілуі, белгілі бір деңгейдегі цифрлы ортаға қалың көпшіліктің еті үйреніп, толайым бет бұра бастауы, трендтерді болжап, тіпті бизнес жасаудың жаңа формасының қалыптасуы санамызға сіңіп, қалыпты үрдіске айналып барады. Өз кезегінде мемлекеттік басқару жүйесінің де бұл құбылысқа бейімделуі әлемдік тәжірибеде сәтті жүзеге асқандығын мысалға келтіре аламыз. Жаһандық трендтерден артта қалмау үшін дамушы елдердің де бағыты айқындала түсті. Қазақстан да трансформацияға дайындық үстінде. Жаңа технологиялардың ықпалы адамзат өткен тарихында бағалай бі лген құндылықтарды шетке ысырып тастамай, келешектегі заманауи таным-түсінікпен ұштастыра бі луі үші н не і стеу керекті гі н форум аясында парасат пайымы биік қауым жан-жақты талқылайтын болады. Астана экономикалық форумы аясында цифрлану бағытына айрықша мән беріледі деп күтілуде. Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2

15 мамыр, сейсенбі, 2018 жыл

АҚПАРАТ

АБАЙЛАҢЫЗ!

Өткен жұма күні «Достық үйінде» Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында қоғамдық кеңес мүшелерімен және аудан-қала әкімдерімен болған жиында облыс әкімі Болат Бақауов осылай деді. Жиынды облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, қоғам қайраткері, облыстың Құрметті азаматы Тито Сыздықов жүргізді.

«Аймақтың барлық тұрғыны атсалысуы тиіс»

Сая МОЛДАЙЫП Бұл күні облыс орталығындағы барлық музейлер, Тілдерді дамыту басқармасы, Павлодар педагогикалық университеті «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрме ұйымдастырды. Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев аймақта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар барысы мен алдағы уақытта қолға алынатын міндеттемелер туралы баяндама жасады. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін облыс орталығында «Рухани жаңғыру» жобалық офисі ашылып, онда 8 адам еңбек етуде. Кәсіби мамандардан арнайы топ құрылды, сондай-ақ ғалымдар, өлкетанушылар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен мемлекеттік емес және жастар ұйымдарының өкілдерінен құрылған жұмыс тобы бар. 6 бөлімнен тұратын бағдарламаны көпшілікке түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру үшін жұмыс топтары 500 кездесу ұйымдастырған. - 2017 жылы 4,5 млрд. теңгенің 52 жобасы (оның 2,4 млрд. теңгесі демеушілер тарапынан) іске асырылды. 700 мыңдай адам қатысқан 800-ден астам і с-шара ұйымдастырылған, деді баяндамасында М.Бегентаев. – Ал биылғы жылы 6,5 млрд. теңгенің 131 жобасы қолға алынды. Аймағымыздың барлық тұрғындарын қамтитын 1000-нан астам іс-шара ұйымдастырылмақ. Елбасының бағдарламалық мақаласының бір жылдығына орай биылғы 17 сәуірде облыстағы тарихи-археологиялық экспедицияның жұмысы салтанатты түрде бастау алды. Аймағымыздағы киелі орындар көп орналасқан Баянауыл, Май аудандары мен Екібастұз қаласына қарасты тарихи жерлерде археологиялық жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, Шарбақты ауданындағы Маралды көлі ні ң жағасындағы құны 1 млрд. теңге болатын демалыс орнын дамыту жоспарланды. «Атамекен» ішкі бағдарламасы бойынша 17 жоба іске асырылып, іс-шара ұйымдастырылды. Осы бағдарлама аясында биылғы жылы Шарбақтыда аудан түлектерінің слеті өтті. Осындай шара аймақтағы барлық аудан, қала, ауылдарда өткізілсе деген ұсыныс бар. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сакралды Қазақстан» арнайы жобасы бойынша өңіріміздің киелі орындары анықталып, сараптама жасалды. 78 нысанның 5-еуі республикалық киелі нысандар қатарына, ал 36-сы аймақтық киелі нысандар қатарына енді. Баяндамашы облыс еріктілерінің жұмысы мен атқарған іс-шарасы туралы айта келіп, «Қазіргі қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» арнайы жобасы бойынша И.Байзақов атындағы облыстық филармонияның симфониялық оркестрінің Италияға өнер сапары, биылғы жылдың екінші жартысында филармонияның қазақ халық аспаптар

оркестрінің Египетке, Өзбекстанға және Бі рі ккен Араб Әмі рлі ктері не сапарға шығуға әзірлік жұмыстары жүргізіліп отырғандығын айтты. Облыс орталығында демеушілердің көмегімен тарихи қайраткер Сұлтанбет Сұлтанға мұражай-үй тұрғызылды. Үстіміздегі жылы Қазақстан тарихы мен мәдениеті туралы қысқаметражды фильмдерді насихаттап, елге таныту мақсатында облыста «Ертіс Cinema» халықаралық кинофестивалі өткізілмек және үздік жобалардың бірі – «Ұлы Дала елі» этномәдени фестивалі де жалғасын табатын болады. Бүгінгі таңда ауылдық кітапханаларға оқырман тарту мақсатында жаңа заман талабына сай жабдықтау ісі де қолға алынды. Осы ретте Коворкинг-орталықтар ашу бойынша жүйелі жұмыстар жасалуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін әр қала мен ауданның 13 ауылдық кітапханасы жаңғыртылып, 20-дан астам Коворкинг-орталық ашу жоспарланып отыр. Балаларға ұлттық «Асық ойынын» үйретіп, насихаттау үшін «Асық ойнайық» жобасы кең көлемде қызығушылық туғызуда. Аймағымыздағы 200-ден астам мектепте асық ойынына баулитын үйірмелер ашылып, бұл іс-шара 4 мыңға жуық баланы қамтып отыр. Жер-жерде ұлттық құндылық, дәстүр, тарих пен туған өлкені насихаттауға бағытталған «Рухани жаңғыру» кабинеттері ашылуда. Бағдарлама шеңберінде тұрғызылатын «Концерт Холл» концерт залы мен музыканттар, суретшілер мен қолөнер шеберлері және спортсүйер қауым үшін Ертіс өзенінің жағажайындағы «Ертіс Променад» арнайы орны да көпшіліктің демалатын орнына айналмақшы. М.Бегентаев, сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылып отырған аймақтағы спорт кешендері, жоғары оқу орындарындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы, қазақ тіліне аударылған әлемнің үздік 18 кітабының жастарға таныстырылымы, «100 жаңа есім» жобасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталу барысы, аталмыш бағдарламаның қазақстандықтар үшін мәні мен маңызына тоқталды. Жиылыс барысында Тито Сыздықов заман талабына сай ағылшын тілін білудің маңыздылығына тоқталып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда ел тарихына қатысты келелі мәселелердің әлі де баршылық екенін атап өтті. - Соның бірі - Май ауданындағы «Қалмаққырылған» тауы. Бұл – қазаққалмақ шайқасы өткен жер, атауы да соған байланысты қойылған. Мәшһүр Жүсіп бабамыз «Осы қырғыннан кейін қайтып қалмақтың табаны Сарыарқаға тиген емес» деп жазды. Осы «Қалмаққырылған» жете зерттелмеген, археологиялық қазба жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілген жоқ. Сонымен бірге Мұса Шорманов туралы кітапты жарыққа шығару қажет, - деді. Қоғамдық кеңес мүшелері Әбілхақ Түгелбаев,

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Кенже Кеңесбаев аймағымыздағы әйгілі тарихи тұлғалардың өмірін, халыққа жасаған еңбектерін, шығармаларын кеңінен насихаттау қажеттігіне тоқталды. Заманында дуанбасы болған Қазанғап би, Шоң мен Шорман, Ақкөл–Жайылма жеріндегі тарихи орындар, т.б. туралы ұсыныс-пікірлерін айтты. Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нухұлы кезі нде әйгі лі тұлғаларға кесене көтері лі п, кеңінен насихатталғаннан кейін ел назарына ілігіп, тіпті ол орындар республикалық киелі нысандар қатарына енгенін, сондықтан қасиетті жерлерді, атаусыз қалған батырлар мен билердің мәңгілік орындарын анықтап, кесене тұрғызу қажеттігін, Мұса Шормановтың 200 жылдығына орай басын көтеру керектігіне тоқталды. Университет ұлттық руханият, тарихқа байланысты 27 кітап шығарып, 4 деректі фильм түсірген екен. Жиынға қатысушылар Қазанғап бидің есімін Павлодар қаласына қарасты Ленин кентіне берудің уақыты жеткендігін, сонымен қатар, Естай Беркімбаев кесенесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, басқа да маңызды мәселелерді сөз етті. Қоғамдық кеңестің мүшесі Ермат Байғұрманов жиында бірнеше ұсыныс айтты. Соның ішінде Әлкей Марғұланның жарық көрмеген еңбектері, М.Әуезовтің соңғы шәкірті Бекмұрат Уақатовтың жазбаларын, Мұзафар Әлімбаевтың шығармаларын насихаттау үшін «Мұзафар оқуларын», Май ауданында «Малайсары оқуларын» өткізу, Ақбалық хазірет, Мақат қажы, Қайса атаның өмірі мен еңбегін кеңінен насихаттау үшін басқа да іс-шаралар ұйымдастыру қажеттігіне тоқталды. - Шарбақты өңірінде Нұрекен деген би өткен. Одан туған төрт ұлдың бірі Түйте аға сұлтан қызметін атқарған. Түйтенің ұлы Темірғалы 2-ші шақырылған Ресей Думасының депутаты болған. Осы Темірғалы аудан аумағында жерленген екен. Қалай болғанда да мұны облыстық деңгейдегі киелі орын тізіміне енгізген орынды болар еді,-дей келіп, Қалмаққырылған тауына байланысты ұсыныстарын айтты. Жиын қорытындысында облыс әкімі Болат Бақауов аймақтағы әр аудан-қаланың әкімдеріне өз аумағындағы тарихи орындарды, тарихи тұлғаларды анықтап, тиісті іс-шаралар атқаруға, жолдарды жөндеу, тозығы жеткен кесене, күмбездердің, жаңадан тұрғызылатын кесенелердің жобасын жасап, қанша қаражат қажеттігін анықтауды тапсырды. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын бүкіл ел болып жүзеге асыруымыз керек. Бұл істен бірде-бір адам қағыс қалмай, қажет болса, арнайы қор құрылып, бір күндік еңбекақыны аударуымыз керек. «Атамекен» кіші бағдарламасын жүзеге асыруда «Жерлестер форумы», «Түлектер слеті», «Мектепке тағзым» сынды іс-шараларды жетілдіру, Кәсіпкерлер палатасы арқылы бұл іске кәсіпкерлерді, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдарды тарту қажет, - деді аймақ басшысы.

Кенеден қауіп бар...

Павлодар облысында сәуір айының ортасынан-ақ шыға бастаған кенелер тұрғындардың өміріне қауіп төндіруде. Улы жәндіктен жапа шегіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінгендердің қатары күн сайын артуда. Мамандар күн ысығаннан кейін кішкентай улы кенелердің саны одан әрі көбейетінін айтады. Сондықтан тұрғындарға жәндіктермен әлі ұзақ арпалысуға тура келеді. Айдана ҚУАНЫШЕВА Паразитолог мамандар аталмыш кішкентай жәндіктердің түрлі жұқпалы ауруларды тарататынын айтады. Сондықтан көктем-жаз мезгілінде адамдарға барынша сақтық шараларын ескерген жөн. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын елімізде 10 мыңға жуық адамды кене шағып, дәрігерлердің көмегіне жүгінеді екен. Зиянды жәндіктер аймағымызда мамырмаусым айларында күрт көбейіп, тамыздың соңына дейін адам өміріне қауіп төндіреді. Качир аудандық ауруханасының хирургі А.Жақыпов олардың көп жағдайда шөпті жерлерде, мал жайылымдарында, қораларда, бау-бақшалар мен саябақтарда және гүлзарларда жиі кездесетінін айтады. Аталмыш орындарға барған адамдар сақтық шараларын сақтаған жөн. Кененің қорегі – қан. Теріге орнығып алған кенені бірден алып тастау оңай емес. Улы жәндікті теріден ажырату үшін оның қарны толыққанды тоюы керек. - Улы кенелер тез иі с сезгіш болады. Сөйтіп жақын жерде адам жүргенін бірден сезіп, соған қарай бет алады. Денесіне өрмелеп шығып, өзіне ыңғайлы орын іздейді. Кенелер көп жағдайда адамның қарын тұсы, қолтықтың асты, құлақтың арты, мойын, шаштың арасына кіріп, сездірмей және ауыртпай қан соруға кіріседі. Кене адамның денесінде қан соруды 4-6 күнге дейін жалғастыра алады. Жәндік сілекейінің құрамында шаққанды сездірмейтін сұйық зат бар. Тұрғындардың қалай кене шаққанын сезбей де қалып жататыны сондықтан, - дейді дәрігер. Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тек биылғы жылдың сәуір айы басталғаннан бері облыс бойынша 29 адамды кене шаққан. Өңірдегі алғашқы жағдай сәуір айының ортасында-ақ тіркелген еді. Улы жәндік Ново-

ямышево ауылына қонаққа барған 8 жасар баланы шаққан. Кенені алып тастағана әкесі ұлының денсаулығына алаңдап, жедел жәрдем қызметіне жүгінген. Мамандардың сөзінше, қазіргі уақытта бала денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Бала тұрғылықты мекенжайы бойынша дәрігердің қарауына алыныпты. Эпидемиологтар кенелер облысымыздың барлық өңірінде барын айтады. Әсіресе, Павлодар, Ақсу қалалары мен Лебяжі, Шарбақты, Ертіс аудандарындағы мал жайылымдарында көп шоғырланатыны анықталған. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина кене шаққан уақытта мамандардың көмегіне жүгіну қажеттігін айтады. Денеге қонған жәндікті дәрігерлер алғаны жөн. Қызу жоғарылап, дене бөрткен жағдайда жедел жәрдем шақырған дұрыс. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кене маусымы сәуір айынан басталып, қыркүйекке дейін созылады. Олардың ішіндегі ең қауіптісі – мамыр және маусым айлары. Улы жәндіктердің пайда болуына ауа температурасының +7 градусқа көтерілгені жеткілікті. Кене адамның денесінде неғұрлым ұзақ болса, аурудың асқыну қаупі де жоғары. Орман, бақтарда серуендегенде кене энцифалит вирусын жұқтырудан сақтану үшін киімге аэрозоль препаратын сепкен жөн. Аталмыш дәріні денеге себуге болмайды. Табиғат аясына демалуға шыққанда шалбардың балағын шұлықтың ішіне салу керек. Сыртқы киімнің жеңі ұзын болғаны дұрыс. Серуеннен үйге келген уақытта киімдерді далаға жайып, кептіру қажет. Атап өтерлігі, былтыр Қазақстанда 10348 адамды кене шаққан. Павлодар облысында 2016 жылы бұл дертті ң 53, ал былтыр 40 жағдайы тіркелген.


АЙНА

САРЫАРҚА САМАЛЫ БИЛІК ҺӘМ БҮГІНГІ МӘСЕЛЕ

Бруцеллездің беті қайтыпты Осыдан бес-алты жыл бұрын тексерілген ірі қара малдың 6-7 пайызы бруцеллез дертінің тырнағына іліккені анықталатын. Биыл төрт айдың қорытындысы бойынша, ауру жұқтырған мал басы 0,9 пайызды құраған. Яғни, 180 мың бас қара мал тексеріліп, оның 1400-інде індеттің бары белгілі болған. Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында облыстық ветериная басқармасының басшысы Қайыржан Байжанов былтыр тексерілген ірі қараның 1,2 пайызы ауру жұқтырған деп мәлімдеді. Ұсақ мал арасында да аталмыш аурудың азайғаны тіркелген. Қарап отырсаңыз, бруцеллез дертінің өңірімізде беті қайтқаны байқалады. Облыс әкімі Болат Бақауов бұл аймақта ветеринарлық пункттер ашып, аурудың алдын алу жұмыстарының жүйелі жүргізілуімен байланысты, деді. Десе де, Екібастұз, Ақсу қалаларының ауылдық аймақтарында

көрсеткіш облыстың деңгейден жоғары болып отыр. Биыл облыста 20 қолайсыз ошақ анықталған. Оларды сауықтыру жұмысы жүргізілуде. Мамандардың жетіспеушілігінен бұл іс-шаралардың кешеуілдеп жатқаны айтылды. Аймақ басшысы жылдағы мәселе биыл да алдан шыққанын сынап, ендігі кезде жұмыстарды малды қырға шығармай жүзеге асыруды тапсырды. Айта кетейік, биыл облыста 18 ветеринарлық пункт салынады. Құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 410 млн. теңге бөлінген. Баянауылдан басқа аудан-қалалардың барлық тірек ауылдарын ветеринарлық пунктпен қамту мәселесі биыл толық шешілмек. Былтыр мұндай

20 мекеме салынды. Мамандар пайдасы байқалып отырғанын мәлі м етті. Одан бөлек, 29 типті к мал қорымын салу үшін құжаттар әзірленуде. - Мал қорымының орнына өлекселерді өртейтін пештер сатып алу тиімді емес пе?! Екеуінің құны шамалас. Мал қорымында өлексе жиналып, көміледі. Мұнымен мәселе бітпейді. Себебі су көтерілсе, шайып кету сияқты қауіптер пайда болады. Ал пештерде толық өртеледі. Қауіп жоқ. Сондықтан алдағы уақытта зерделеп көру керек, - деді Б.Бақауов. Мұндай қауіпсіздік шаралары аса қажет. Өйткені, өңірімізде төрт түлік санын көбейту көзделген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, алдағы бес жылда ірі қара мал басын 9 пайызға арттыру жоспарлануда. Ұсақ мал мен жылқының да саны көбейтіледі. Осы ретте, облыс әкімі асылдандыру ісін ақсатпауды, өндіруші бұқалармен қамтуды жеделдетуді тапсырды. Қытай нарығына жол ашылып жатқанын да ескертті.

Бос жатқанын жаратса... Былтыр аймағымызда қиыршық тастың жетіспеушілігінен жол құрылысында қиыншылықтар болғаны белгілі. Биыл мұндай кедергі мүлдем болмайды деп болжануда. Себебі, құзырлы органдар құрылыс тастарын шығаратын бес кәсіпорынға өндіру көлемін көбейтуге рұқсат берген. Тағы бірқатар кен орнын игеруге де жол ашылып отыр. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиевтің айтуынша, ағымдағы жылы құрылыс тастарының өндірісі 120 пайызға артады. Биыл жол құрылысының қарқынын ескерсек, өндірісті үдету аса қажет болып отыр. Осы ретте, бос кен орындарын игеруге шеттен инвестор тарту ісі күшейтілмек. Мәселен, бүгінде «Павлодар» ӘКК-на бос жатқан 13 кен орнын кәдеге жарату үшін инвестор тартуға рұқсат берілген. Корпорация өкілдері қазіргі таңда 4 орын бойынша келісімдер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Облыс әкімі Болат Бақауов құзырлы органдарға бос кен орындары жайындағы ақпаратты барынша кеңінен таратуды міндеттеді. Ауданқалалардың әкімдері де өздері басқарып отырған аумақтағы қойнауы бай орындарды инвестор қолына тапсыруға барынша талпынуы тиіс, деді Б.Бақауов. Яғни, бос жатқан кен орындары игерілсе, қазынаға құйылатын қаржы да артады. Баянауыл, Екібастұз аумақтарында игерілмеген жерлер көп. Мысалы, қатты қазба байлықтары бойынша 11 орын бар. Оның төртеуінде көмір,

ДІН-ДІҢГЕК Жыл сайын мұсылман жамағаты қасиетті Рамазан айын асыға күтетіні белгілі. Осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының басшысы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз Рамазан айының басталуы 16 мамырдан 17-сіне ауыстырылғаны туралы ресми мәлімдеме жасаған еді. Алпысбай ХОНЖ Бас мүфтидің мәлімдемесін ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне түсіндіріп берді. - Бұрын мұсылмандар алғаш туған айды көзімен көрген күні ауыз бекіткен. Ғылым мен технология

жетеуінде түсті металл бар. Облыс әкімі еліміздің өзге өңірлерінде қыста көмір тапшылығының байқалғанын алға тартып, көмір кен орындарын басқа аймақтардың кәсіп иелеріне беру жағын да қарастыруды ұсынды. Қ.Сәтиев жер қойнауын игеруге жасалған келісімшарттарды жүйелі түрде бұзатындарға қатысты талаптың қатаң екенін айтты. Яғни, құжаттағыны орындамаса, екі рет ескерту жіберіледі. Өткен жылы 15 кәсіпкерге ескерту жолданып, оның тоғызы кемшіліктің алдын алған. Алтауы қателіктерін жою үстінде. Ал ескертулерден нәтиже шықпаса, басқарма өздері-ақ келісімшартты біржақты бұзуға құқылы. Былтыр осындай жауапсыз бір кәсіпорынмен шарт бұзылған. Жалпы облыста жер қойнауын пайдаланушылармен 69 келісімшарт тіркелген. Оның 23-і қатты қазба байлықтарын өндіруге байланысты жасалған. Бұл шарттарда қаржылық-инвестициялық міндеттемелер көрсетіледі. Оның орындалуы қадағаланады. Кейбір тармақтарына келгенде, жер қойнауын пайдаланушылар сараңдық танытатыны байқалуда. Нақтырақ айтсақ, облысымызда жер қойнауын пайдаланушылар

жыл сайын өңірдің әлеуметтікэкономикалық дамуына арнайы аударым жасайды. Бірі көп, бірі аз дегендей. Ал 4 кәсіпорын тіпті бір тиын да қарастырмаған көрінеді. Мұндай пайдаланушылармен жұмыс жүргізілсін, деді Б.Бақауов. Бір қуантарлығы, облыс басшылығының тікелей араласуымен бүгінде әлеуметтік аударымдар көлемі артқан. Мәселен, жер қойнауын пайдаланушылар 2016 жылы - 115 млн. теңге, 2017 жылы 152 млн. теңге бөлсе, биыл 233 млн. теңге аймақтың кәдесіне жаратылады деп жоспарлануда. Десе де, облыс әкімі Болат Бақауов әлі де жұмысты жетілдіріп, соманы ұлғайту қажеттігін айтты. Кейбір кәсіпорындардың аударатын ақшасы екі жүз мың теңгенің төңірегінде ғана. Ал заңда нақты қанша сома бөлу керектігі жазылмаған. Айта кетейік, аппараттық жиында облыстың ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровке I дәрежелі Даңқ ордені мемлекеттік наградасы табысталды. Облыс әкімі Болат Бақауов жоғары марапаттың берілуі - облысымыз үшін де үлкен абырой, деді.

Ораза уақыты өзгерді дамыған заманда мұсылмандық күнтізбе шариғи үкіммен ғылыми зерттеулер негізінде жасалатын болды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оразаны айдың тууына қарап бастап, айдың тууына қарап аяқтаңдар. Егер ай көрінбесе, шағбан айын отыз күнге толтырып, сосын Рамазан айын бастай беріңдер», – деген. Бірқатар мұсылман мемлекеттерінің ғалымдары осы хадисте айтылған шағбан айының 29-күні 15 мамырға, ал 30-ыншы жұлдызы 16 мамырға сай келетінін мәлімдеуде. Демек, астрономиялық есептер 16 мамырда жаңа айдың туатынын көрсетуде. Ал 17 мамыр – Рамазан айының алғашқы күні болып есептеледі, - дейді Жолдас Қоспақұлы. Өкіл имамның айтуынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы»

мекемесінен жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратқан. Аталмыш мекеме 16 мамырда астрономиялық құралдар көмегімен жаңа айды көруге болатынын мәлімдеген. Қасиетті Қадір түні маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні болады деп бекітілген. Ал Ораза айты маусымның 15-17 күндері аралығында өткізіледі деп күтілуде. Биылғы жылы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде әр күн сайын 100 адамға тегін ауызашар беру жоспарланған. Сондай-ақ, жерлесіміз, ойшыл, ғұлама, әулие Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 160 жыл толуына орай облыс бойынша Рамазан айында екі бірдей байқау ұйымдастырылмақшы. Облыстағы имамдар арасында «Даналар дауысы» деген атпен діни уағыз жазудан байқау өтсе, мешіт жамағаттары «Бабалар даналығы» тақырыбында жазған мақалаларын байқауға ұсына алады.

15 мамыр, сейсенбі, 2018 жыл

3

Мектепке құрмет үзілмейді

ТАРТУ

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың әулеті Железин ауданы Жаңа Жұлдыз ауылындағы өзі түлеп ұшқан алтын ұя мектебіне заманауи мұғалімдер кабинетін тарту етті.

Ауылдардың ішінде «Teacher office» алғаш рет осы білім ордасында ашылып отыр. Жаңа үлгідегі мұғалімдер бөлмесінде педагогтардың тиімді жұмыс жасауы үшін барлық жағдайлар жасалған. Бұл ретте жиһаз, жаңа компьютерлер, сапалы интернет және демалыс бұрышы орнатылған. Сондай-ақ, түлектердің мерейтой кешіне қатысқан Бақауовтар әулеті алтын ұя мектебіне 300 түп қарағайдан тұратын шағын бақ сыйлады. Жаңа жұлдыз мектебі түлектерінің сағынышты кездесуі сынып сағатынан басталды. Қатысушыларды Болат Жұмабекұлының өз мұғаліміне деген ерекше сыйластығы мен құрметі тәнті етті. Ол кездесуге Алматы қаласынан Баян Қайыргелдіқызын арнайы шақырған. Өңір басшысы алғашқы ұстазына гүл шоғы мен сыйлық тарту етті. Аймақ басшысы оқушыға сапалы білім беру ұстаздардың сабаққа дайындығына байланысты екенін атап өтті. - Балаларды заманауи технологияларға үйрету үшін мұғалімдердің өздері жан-жақты болуы қажет. Ақпаратты өңдеуді үйреніп, жаңа бастамаларға дайын болулары тиіс. Біздің міндетіміз – педагогтар мен оқушылардың нәтижелі жұмысы үшін барлық жағдайды жасау, деді Б.Бақауов. Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы аймақ басшысына педагогтар мен оқушылар атынан алғыс білдірді. Ағайынды Бақауовтардың білім беру саласына үнемі қаржылай қолдау көрсететінін атап өткен жөн. 2017 жылы «Мектебіме тағзым» бағдарламасы аясында олар мектепке хоккей кортын, футбол және жаттығу алаңдарын сыйға тартты.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

«Мен - қазақпын» мегажобасы басталды Басы 1-бетте Тілеуберді САХАБА Бұл туралы кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев пен облыстық «ERTIS» телеарнасының директоры Гүлнаш Әбішева айтты. - Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған байқауға Павлодар өңірінің өнерпаздары да қатысып, сәтті өнер көрсетті. Телевизиялық жобаға облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілді. Биыл да қалыс қалмаймыз. Қала және аудан әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді. Байқаудың финалы маусым айының 16-сы күні Ертіс жағалауында «Ертіс Променад» сахнасында болады. Үздік шыққан үш өнерпаз «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы арқылы көрсетілетін

республикалық кезеңге жолдама алады, - дейді Мейрам Бегентаев. «ERTIS» телеарнасының директоры Гүлнаш Әбішеваның сөзінше, жобаға 18-40 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады. Былтыр осы жобаға 3 мыңдай адам қатысуға ниет білдірген. Алыс-жақын шет мемлекетте, яғни, Қытай, Өзбекстан, Монғолия және Ресей елдерінде тұратын қандастарымыз да келіпті. Ал биылғы екінші кезеңге Моңғолия, Ресей және Қырғызстаннан келеді деп күтілуде. - Аудандар мен қалалар арасындағы іріктеу кезеңін Ақсудан бастаймыз. Әр өңірден жеңімпаз атанған үміткерлер облыс орталығында болатын финалдық кезеңге қатысады. Биыл байқаудың финалын тікелей эфир арқылы көрсетуді жоспарлап отырмыз. Ал аудандарда болатын іріктеулерді күнделікті жаңалқықтардан беріп отырамыз, - дейді Гүлнаш Болатқызы.

ТІКЕЛЕЙ ЖЕЛІ Құрметті оқырман! 2018 жылғы мамырдың 17-сі, бейсенбі күні облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің редакциясында «Тікелей желі» шарасы өтеді. «Тікелей желінің» қонағы – облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қарамбаев Жомарт Петрұлы және білім беру мониторингі бөлімінің бас маманы Жакиенова Әлия Амангелдіқызы. Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) науқаны мен мектептің қорытынды аттестациясына байланысты өзіңізді толғандырған сауалдарыңыз болса, тұшымды жауап алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Сауалдарыңызды алдын ала 8 (7182) 66-15-31, 66-15-30 телефон нөмірлеріне немесе газетіміздің ssamaly29@gmail.com электронды поштасына жолдауға болады. Сондай-ақ, сұрақтарыңызды 8 701 131 69 00 ұялы нөміріндегі Whats App желісіне жаза аласыздар. «Тікелей желі» өтіп жатқан уақытта 66-14-61 нөміріне хабарласыңыздар. Шараның өтетін уақыты: сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін.


4

ТІРШІЛІК

15 мамыр, сейсенбі, 2018 жыл

Ұландар әскерге аттанды

АЙБЫН

Павлодар облысынан 200-ден астам жасөспірім жедел әскери қызметке аттанды. Жасөспірімдер «Шығыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарында, десанттық-шабуылдау, әуе әскері, ракета әскерлері және артиллерия, сонымен қатар 82796 Гвардия әскери бөлімі және Қапшағай қаласындағы 32363, Сарыөзек қаласындағы 12740, Тараз қаласындағы 85395, Аягөз қаласындағы 10810, Приозерск қаласындағы 06708, Семей қаласындағы 44736 әскери бөлімшелерінде Отан алдындағы борышын өтейді. - Жас жігіттердің әскер қатарына өз еріктерімен және ниеттерімен аттанып жатқаны қуантады. Бұл ер жігіттің ел-жұртының алдындағы қасиетті борышы болып саналады. Қорғаныс күштері деп аталатын мектеп олардың өмір жолындағы белестерді бағындыруға көмек болары анық. Әскери білімдерін жеткілікті түрде алып, өз елінің шынайы патриоттары болады, -

дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, келісімшарт бойынша әскер қатарына шақырушыларды жинау басқармасының бастығы, подполковник Баянбек Орашев. Айта кетерлігі, әскерге шақырушылар қатарында ҚР ҚМ Әскери техникалық мектебінің үш айлық курсын аяқтап, арнайы мамандық алғандар да бар. Қазақстандық әскердің 26 жылдығына орай жедел әскер қатарына шақырылу - мен үшін үлкен бақыт. Балалық шағымнан бастап шабуылдауға және шабуыл жасайтын әскерлерге қызмет етуді армандайтынмын. Бүгінде қалауым орындалды, - дейді әскерге шақырылушы Арман Шаяхметов. Әскер қатарына шақырту алғандарға сапар алдында әскери фильмдер көрсетілді.

Өз тілшіміз.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ИНВЕСТ-КӨРМЕ

Сәуле беретін тротуар Жуырда Жастар бастамаларын дамыту орталығында павлодарлық өнертапқыш жастардың инвесткөрмесі өтті. Онда IT-технология, білім, мәдениет, өнер, туризм, ауылшаруашылық саласы бойынша 45-тен астам жұмыс қойылған. Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ Іс-шараға арнайы келген өңірлік инвесторлар жастардың қолынан шыққан түрлі бұйымдарды тамашалады. Мәселен, ағаштан ойып жасалған алуан түрі ұлттық ыдыстар, бие сүтіне негізделген косметикалық бұйымдар, балды кілегейге айналдыру тәрізді жобалар келушілердің қызығушылығын туғызды. - Мұндай шара біздің орталықта әр 3 ай сайын өткі зі лі п тұрады. Бұл жоғары оқу орындарының базасындағы стартап орталықтарда жастардың жасаған жұмысын қорытындылау, оларды қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қазіргі кезде елімізде цифрландыру мәселесі өзекті болғандықтан, осы бағытта атқарылатын жұмыстар өте көп. Жәрмеңке форматында ұйымдастырылған шараға 15-ке жуық кәсіпкер қатысып отыр. Шақырылған кәсіпкерлер ұсынылған жобаларды сатып алуға немесе өзара келісім жасауларына болады. Бүгін инвестор таба алмаған жобалар келесі жәрмеңке барысында бақтарын сынап, алдағы уақытта бөлінетін гранттарға қайтадан үміткер ретінде қатыса алады.

Сонымен қатар жәрмеңкеде мүмкіндігі шектеулі жандардың түйткілді мәселелерін шешуге бағытталған «Том Kazakhstan» жобасының қатысушыларының да жұмысын көруге болады, дейді облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы Төлеген Айтбаев. Ақсу қаласы Жаяу Мұса атындағы колледждің 3 курс студенті Софья Коваленконың жобасы инвесторлардың назарын аударды. Ол өзі тұрып жатқан Ақсу шаһарын тұрмыстық пластиктер мен ескірген резеңкеден тазарту үшін тың жоба әзірлеген. Софьяның айтуынша жоба іске асуы үшін 23 млн. теңге мен 10 қызметкер болса жеткілікті. - Ең әуелі біз резеңке және пластмассадан жасалған топтаманы жинауымыз керек. Жиынтықты жуып, тазалап алғаннан кейін кептіріп, майдалап түйіршіктейміз. Содан кейін ол пластикалық контейнерлерге немесе резеңке маталарға өңделеді. Бұл шикізаттан геосинтетика, тротуар үшін геогридтер, жеңіл өнеркәсіп үшін синтепондар да жасап шығаруға болады. Жалпы бұл өнім елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде

де үлкен сұранысқа ие, - дейді Софья Коваленко. «Жарықтандырылған тротуар» дегенді естігеніңіз бар ма? Павлодарлық Талғат Жұматаев жәрмеңке аясында дәл осы жобасын таныстырды. Оның айтуынша, жарықтандырылған тротуарды бір шаршы метрге полимермен төсесе, 55-80 мың теңге аралығында қаражат жұмсалады. Егер мәрмәрдан салса, шығынды екі есеге азайтуға болады екен. - Бұл идея ғаламтор ақтарып отырғанда туындаған болатын. Жалпы, жарықтандырылған тротуар коммерциялық бағыттағы ұйымдарға клиенттер тарту үшін тиімді. Бұл кәдімгі тротуар сияқты төселеді. Күніне 20 шаршы метр өндіруге мүмкіндік бар. Үй ішіне де, қоршауларды да жасауға болады. Бірақ оған әлі кірі спедік. Өзіміз құрылыс заттарын жасаумен үш жылдан бері айналысып келеміз. Тәжірибеміз жеткілікті. Жоба толық дайын болғаннан кейін әкімдікке ұсынып, 3 млн. теңге грантқа ие болдық. Қазіргі таңда қаражаттың есеп шотқа түсуін ғана күтіп отырмыз. Ақша түсісімен Мойылды ауылындағы құрылыс цехын кеңейтіп, арнайы құрылғылар сатып алмақ ниеттеміз. Бұл жобада кем дегенде 3 адам жұмыс істейді, дейді Талғат Жұматаев. Айта кетелік, осы жылдың 1 сәуіріне дейінгі есеп бойынша облыста 841 жас кәсіпкер бар. Олардың 325-сі сатумен, 179-ы қызмет көрсету саласында және 166-сы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

КӘСІБИ МЕРЕКЕ

ТАҒЗЫМ

Олжалы оралды

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Панфиловшылар» іздестіру-патриоттық жасағы Ресейдің Тверь аймағында қазба жұмысын жүргізіп келді. Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ Павлодарлық «Панфиловшылар» іздестіру-патриоттық жасағы 26 сәуір мен 7 мамыр аралығында Ресейдегі Алексей Верещагин басқаратын «Зеленоград-41» жасағымен бірлесе жұмыс істеді. «Панфиловшылардың» командирі Бақытжан Өтеповтің мәліметінше, Тверьден алып келген жәдігерлердің 30 пайызы Железин ауданының мұражайына, 10 пайызы Баянауылға жіберілсе, қалғаны Павлодар қаласындағы №14 жалпы орта мектепте ашылған Әскери даңқ мұражайына тапсырылады. - «Еске алу вахтасы» аясында қазақстандық және ресейлік экспедицияға қатысушылар барлығы 42 адамның сүйегін тапты. Өкінішке қарай, олардың жеке басын анықтау мүмкін болмады. Ауыл қарттарының айтуынша, Тверь облысындағы қазіргі Зубцовск ауылының орнында бұрын да елді мекен болған. Бірақ сұрапыл соғыс жылдары жаулар ауылды түгелдей өртеп, мұнда тұратын бейбіт тұрғындардың көбі қаза тапқан. Тарихи деректерге сүйенсек 1942-1943 жылдары мұнда 100-ші және 101-ші қазақ ұлттық дивизиялары фашистерге қарсы соғысқан. Осы шайқаста бі здің әскерлердің 75 пайызы қаза тапқан. Іздеу барысында табылған барлық адамдар бауырластар зиратында жерленді, дейді Бақытжан Өтепов.

Павлодардан Тверьге аттанған экспедициядағы 6 адамның 3-еуі аталмыш оқу орнының студенттері. Олар екі апта бойы күндіз Ұлы Отан соғысының ұрыс алаңында қазба жұмысын жүргізді. - «Панфиловшылар» іздестірупатриоттық жасағына қосылуға ниетті студенттердің қатары өте көп болды. Бі рақ бұл жасақпен бі рге «Еске алу вахтасына» қатысуға тек үздіктер ғана жолдама алды. Яғни, біз студенттер Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын біле ме, шынымен олар соғыс болған жерлермен жүруге ниетті ме, өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыра ала ма, жоқ па деген сауалмен алдын ала іріктеу жұмысын жүргізген болатынбыз. Жалпы, жастардың жыл санап іздеу жұмыстарына деген қызығушылықтарының артып келе жатқаны бізді қуантады, - дейді оқу орнының Қазақстан тарихы және мәдениеті институтының директоры Қайрат Батталов. Осы жылы «Панфиловшылар» Павлодарға Дегтярев пулеметінің, дабыл алауының бөлшектерін және кеңестік гранатаның «көйлегін», Мосин винтовкасының 1828 жылғы үлгісінде жасалған қару, жарылыс құмырасы, оқтар, әскери дулыға және басқа да соғыс кезіндегі заттар мен сирек кездесетін үлгілерін әкелген.

Медбике мерейі Облысымызда бүгінде 6 мыңнан астам медбике тұрғындарға қызмет етеді. Бұл дегеніңіз, жалпы медицина қызметкерлерінің 80 пайызын дәл осы денсаулық сақтау саласының орта буын өкілдері құрап отыр. Осы үлес салмаққа қарап, медбикелердің аталмыш саладағы орнын бағамдай беріңіз. Міне, сондықтан да әлемде медбикелердің жеке халықаралық күні де белгіленген. Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ Бұл мереке дүние жүзінде 12 мамырда аталып өтеді. Осы күннің таңдалуының өзіндік себебі бар көрінеді. Мамандардың айтуынша, әлемде мейірімділік қызметінің негізін қалаушы Флоренс Найтингейл осы күні туған екен. Атаулы датаға орай Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы мен «Саламатты Павлодар» медициналық қауымдастығы бірлесіп, «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында аймағымыздың медбикелерінің құрметіне мерекелік шара ұйымдастырылды. Аталған қауымдастықтың төрағасы Света Абдраманованың айтуына қарағанда, 400-ден астам медибкеге арналған мұндай мерекелік кеш аймағымызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Кешке облыстың ауылдары мен қалаларынан өз істеріне асқан жауапкершілікпен қарайтын, адал еңбектерімен көзге түскен медбикелер шақырылды. Алдымен ақ желеңділер медицинада тынбай еңбек еткен, қазір зейнеткерлік демалыстағы ардагер медбикелерге құрмет көрсетіп, сый-сыяпат жасады.

- Бүгінде медбикелердің медицина саласында алатын рөлі зор. Олардың атқаратын жұмыстары да ауқымды. Еуропалық стандартқа сай оларға жүктелетін міндет те артып отыр. Бұрын дәрігерлер істеген кейбір жұмыстар медбикелерге көшірілуде. Сондықтан мамандарымыз білімдерін жетілдіріп, кейбірі тіпті жоғары білім алып жатыр. Медицина мекемелерінің бас дәрігерінің медбикелер ісі жөніндегі орынбасары лауазымы енгізілуде, - дейді Света Сағындыққызы. Кеште біраз ақ желеңді жоғары марапаттарға ие болды. Мәселен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас медбикесі, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың бас медбикесі Г.Барлықбаева мен облыстық кардиологиялық орталықтың бас медбикесі Б.Аманжолованың кеудесіне «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі тағылды. Павлодар қалалық №3 ауруханасының бас медбикесі М.Байкетаева мен Качир аудандық ауруханасының медбикесі Л.Ряжко «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ертіс аудандық ауруханасының фельдшері Г.Қайыржанова және Павлодар қалалық №1 емхана-

сының медбикесі М.Втулкина «Еңбек ардагері» атанды. Тағы бірқатар білікті маман ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ, облыстық медицина қызметкерлерінің кәсіподағы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы атынан да бірқатар медбике марапатталды. Ал қауымдастық биыл арнайы 5 аталым бойынша байқау өткізіп, жеңімпаздарға сый-сыяпат жасады. Атап өтетін болсақ, «Алтын бесік» номинациясы Павлодар қалалық №1 аурухананың аға акушері Р.Төкеноваға берілсе, облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесінің аға медбикесі М.Карпенко «Ең мейірімді жан» атанды. Ал шұғыл шешім қабылдап, жеделдігімен көзге түскен Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық амбулаториясының фельдшері О.Айдаркан «Жедел жәрдем» аталымында жеңімпаз болса, Баянауыл аудандық ауруханасы хирургия бөлімшесінің постта қызмет ететін медбике Ә.Ермекова «Ең үздік ауыл қызметкері» деген атқа лайық деп танылды. Тағы бір аталым «Үздік зертханашы» атағы Екібастұз қалалық ауруханасының клиникалықдиагностикалық зертханасының лаборанты И.Чечеринаға бұйырды.


АБАЙЛАҢЫЗ!

15 мамыр, сейсенбі, 2018 жыл

Оңай олжаға кенелмесін... Жақында редакциямызға облыс орталығының Әлия есімді тұрғыны хабарласты. Әлеуметтік желі арқылы сатылатын пәтерлер тізімін ақтарып отырғанда қызық жағдайға тап болған. Айдана ҚУАНЫШЕВА

Әлиянің сөзінше, Усолка шағын ауданындағы Ткачев көшесіндегі бір бөлмелі пәтер сатылады екен. Қажетті жиһазбен толықтай жабдықталған пәтердің суреті де, бағасы да көңілден шыққан. Аталмыш пәтерді сатылымға қойған адам жарнамасының соңына ватсап арқылы ғана жауап бере аламын деп хабарлама қалдырған. Көрсетілген нөмірдегі ватсап желісіне жазса, автоматты түрде көлемі үлкен жауап келген екен. Пәтер иесі Ресейде жүргенін, пәтердің құнын өзі көрсеткен карточка нөміріне салып жіберуі арқылы ғана жоғарыдағы баспанаға ие болатынын айтады. Көрсетілген сома қолына түскен бойда баспананың кілті мен құжатын түгендеп, ертеңінде-ақ жеткізіп береді-мыс. Анық-қанығын білу үшін әлгі нөмірге бірнеше мәрте телефон шалғанымен, сөніп тұрды дейді кейіпкеріміз. Мына қызыққа қараңыз. Әлеуметтік желідегі аталмыш пәтер өзге қалаларда да сатылымға шығарылған. Бұл жағдайға Әлия күмәнданып, пәтер алу ойынан бас тартқан. Шыны керек, бұл жалғыз жағдай емес. Мұндай іспен айналысып отырғандар – алаяқтар! Оңай ақшаға кенелуді көздеген олар әлеуметтік желіден әдемі жиһаздарға толы, жөндеу жұмыстары жүргізілген 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлердің суретін топтастырып,

қаланың атын, көшесін жазып қалдырады. Бағасы кез келген адамның басын айналдырып жіберетіні анық. 1 бөлмелі үйлер 3 млн. теңгеден болса, 3 бөлмелі пәтер 6 млн. теңге тұрады! Баспананың ішіндегі жабдықтардың өзі көздің жауын алады. Ал алданбай көріңіз. Онсыз да үй алуға кезегі жетпей жүрген кейбір жандар мұндай ұсыныстан қалай бас тартсын?! Кейбірі еш

ойланбастан әлгі алаяқтардың сөзіне сеніп, қолына сұраған қаражатын ұстата салады. Артынан опық жейді... Телефонның аржағында тұрған алаяқтар бірінші болып бұл пәтерге қол жеткізгіңіз келсе, ақша салып жіберсеңіз пәтер сіздікі десе, жылдар бойы бір баспанаға қол жеткізе алмай келе жатқан жұртшылық

ҚҰҚЫҚ

Өтініштер қаралады Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров ҚР Ішкі істер министрлігінің кешенді инспекторлық тексеріс басшысының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Нұрсейітовтің қатысуымен азаматтарды қабылдады. Облыс тұрғындары Амантай Акрамұлына жеке сұрақтары бойынша жүгінді. Мәселен, Павлодар қаласының тұрғыны бірнеше ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен ұлын іздестіру жұмыстарына көңілі толмайтынын айтты. Департамент бастығы іздеу шаралары жүргізіліп жатқанын сөз етті. Бұл ретте жоғалған азаматқа қатысты барлық мәлімет облысқа жақын орналасқан шекаралас шет елдердің барлық ішкі істер органдарына жолданған. Бірінші орынбасарына аталмыш жұмысты күшейтуді жүктеді. Әсіресе, Ақсу қаласының аумағын, саяжай, ормандарды бақылау қажеттігін айтты. Қалқаман ауылының тұрғыны қызының өліміне қатысты қылмыстық іспен айналысқан полицейге алғысын жаудырды. Тәртіп сақшысы жүргізген тергеу жұмыстарының нәтижесінде кісі өлтіруші анықталып, 25 жылға бас бостандығынан айырылған. Амантай Әубәкіров қабылдау шарасы кезінде түскен барлық өтініштерді жеке бақылауына алатынын айтты. Жалпы, жыл басынан бері мұндай шараға 40-тан астам адам қатысқан.

АКЦИЯ

Қаруыңды тапсыр! Елімізде сәуір айының ортасынан бері тіркелмеген қару-жарақ, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыру акциясы жүргізілуде. Бұл науқанға Павлодар облысының тұрғындары да қатысуда. Мамандардың айтуынша, қару сатып алу шарасы үш санат бойынша жүзеге асырылады. Қаруды сатып алу барысында біріншіден маркасы, ату жарамдылығы және жағдайына байланысты 100, 70, 30 пайыздық көрсеткіш деңгейі қарастырылады. Акциядан тыс қалып, қаруын тапсырудан бас тартқан азаматтарға заң аясында тиісті шара қолданылады. Атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш зат деп танылмаған, ҚР Ішкі істер министрлігіндегі «Криминалдық қару», «Тіркелген қару» есебінде тұрған бұйымдарға, қолдан жасалған оқ-дәріге, тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қаруға сыйақы қарастырылмайды. Еске сала кетейік, мамандар жыл сайын «Қару» жедел-алдын алу шарасын ұйымдастырады. Рейдтік шара барысында тұрғылықты жері бойынша 6 мыңнан астам тұрғынның қаруы тексерілген. Нәтижесінде қару сақтау ережесін дұрыс сақтамаған 100-ден астам адам анықталды. Олар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 484, 486-баптары бойынша жауапқа тартылды. Сондай-ақ, полицейлер тіркеуге алынбаған 10 қару иесін анықтады.

көне салатыны анық. Сондықтан барлық тұрғындарды мұндай жалған хабарламаның арбауына түспеуін ескертеміз. Әлеуметтік желі ақша табудың оңай жолын іздеген пысықайлар үшін табыс көзі болып отыр. Қоғамда оңай пайда табудың ерекше әдістеріне дағдыланған әккілер жалған ақпарат арқылы жұртшылықты өз құрығына түсіруде. Мұндай оқиғаларды облыстық ішкі істер департаменті криминалды полицияның аға оперативтік қызметкері Әділбек Брыков түсіндіріп берді. - Қазіргі уақытта әлеуметтік желі арқылы алаяқтардың арбауына түсіп жатқан азаматтар көп. Мәселен, олар жеке парақшаңызды бұзып кіріп, достарыңыздан белгілі бір ұялы телефонға қомақты көлемде ақша жолдауды сұрайды. Ол бір. Екіншіден, «Вконтакте», «Инстаграм», «Фейсбук» желілері арқылы қандай да бір заттарды сатылымға шығарып, пәтер жарнамасы мен суретін жолдап, байланыс нөмірлерін көрсетеді. Хабарласқаныңызда, жарнама иесі басқа қалада жүргенін айтып, терминал арқылы «киви кошелекке» ақша аударуға көндіреді. Ал тауар келесі күні жеткізілетінін айтады. Мұндай фактілер өте жиі кездеседі, - дейді Ә.Брыков. Өңір тұрғындары ғаламтор бетінде танысқан адамдарға ақша аударуда сақ болса дейміз. Жеке мәліметтерді ешкімге сеніп жолдауға болмайды. Кейін опық жеп қалуыңыз мүмкін. Телефонның аржағындағы адамның асығыстық танытқанының өзі күмән тудыруы керек. Егер кез келген адам алаяқтың арбауына түсіп қалған жағдайда, барлық жазбаларды дәлелдеме ретінде ұсынып, құқық қорғау органдарына өтініш жазуға құқылы.

СУЫТ ХАБАРЛАР ЖЕЛІСІ

Темір торға тоғытылады... Жалған хабар таратқан облыс орталығының тұрғыны 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шындыққа сай келмейтін ақпарат беремін деп өмірінің қымбат жылдарын түрмеде өткізетінін өзі де елестетпесе керек. Оқиға былай болған: әлгі адам «102» нөміріне хабарласып, Павлодар қаласындағы Айманов көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлердің бірінде жарылғыш зат орнатылған деп хабарлаған. Жедел тексеру шарасы кезінде құқық қорғау өкілдері ақпараттың жалған екенін анықтап, күдіктіні қолға түсірген. Өкінішке қарай, ұсталған адам мас күйінде болған және бұл жағдайды медициналық сараптама да дәлелдеген. Күдікті қамауға алынған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша тергеу шарасы жүргізілуде. Аталмыш бапқа сәйкес, күдікті 6 жыл қамауда отыруы мүмкін.

Есірткі саудасына елтігендер Павлодарлық тәртіп сақшылары жедел іс-шара нәтижесінде есірткі затын сақтау және сату ісімен айналысқандарды ұстады. Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, полицейлер есі рткі затын сатқаны үші н 40 жасар павлодарлықты қолға түсірді. Тексеру барысында одан жалпы салмағы 2,1482 грамды құрайтын героин тәркіленді. Күдікті аталмыш затты облыс орталығында сатуды көздеген. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейін тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қолға түскен азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл жалғыз оқиға емес. Тәртіп сақшыларының қырағы әрекеті нәтижесінде басқа қаладан облыс аумағында ірі көлемде гашиш есірткі затын жеткізуді ұйымдастырған белгісіз топтың құрамында болған Екібастұз қаласының тұрғыны қолға түсті. Тексеріс кезінде одан 60 грамм есірткі заты алынды. Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметтері бойынша әзірлеген – Айдана ҚУАНЫШЕВА.

ТЕМІРҚАЗЫҚ

НАРКЕСКЕН

САРЫАРҚА САМАЛЫ

5

Беттің үйлестірушісі -

Айдана ҚУАНЫШЕВА 8 (7182) 66-15-31

Көзден таса қылмаңыз... Күн жылынып, жер құрғағалы ауылдағы ағайын қыс бойы қорада күткен малын өріске шығарды. Енді төрт түлікті сенімді бақташыға тапсырып, жайылымнан уақытында күтіп алғандары абзал. Себебі барымташылар мұндай сәтті оңай пайдалануы мүмкін. Бар нәпақасын қысыжазы өсіріп отырған төрт түлігінен көретін ауылдағы ағайын үшін малын жоғалту барынан айырылумен тең. Қазі ргі уақытта ауылдық жерлерде қылмыстың ең көп тараған түрі мал ұрлығына тиесілі. Оған жайылымдағы малдың қараусыз қалуы себеп болып отыр дейді мамандар. Жоғалған соң, 2-3 күн бойы өздері іздейді. Түлігін іздеп таппаған соң, ішкі істер қызметкерлерінің көмегіне жүгінеді екен. Тұрғындардың салғырттығы ұрлықтың бетін дер кезінде ашуға кедергі келтіреді. Осы орайда, құқық қорғау органдары тұрғындарды төрт түлігіне абай болуға шақырады. Егер төрт түлігіңіз ұрланса, аумағыңызға жауапты учаскелік инспекторға хабарлаңыз! Мал ұрлығының алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметі әкімдік өкілдерімен, ветеринария қызметкерлерімен бірлесіп бірқатар жұмыстар атқаруда. Наурыз айынан бастап мал басының санын анықтау, төрт түліктің сәйкестендіру нөмірін тексеру, екпе егу сынды шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тұрғындар арасында сақтық шаралары жөнінде ойларын айтты. Олардың сөзінше, төрт түлікті арнайы табынға қосып, қараусыз қалдыруға болмайды. Сондықтан малды жұртшылық танитын, тұрақты мекенжайы бар, жауапкершілігі мол азаматқа сеніп тапсыру қажет. Ресми деректерге сүйенсек, 2018 жылдың бірінші тоқсанында Павлодар облысы аумағында 1 млн.101 мың 338 бас мал саналған. Оның ішінде ірі қара – 392574, ұсақ мал – 508435, жылқы – 136133, түйе – 111, шошқа 64085-ті құрайды. Мал ұрлығына қатысты барымташыларды анықтау және қолға түсіру мақсатында облыс аумағында ағымдағы жылдың сәуір айының 23-25 аралығында «Мал ұрлықшысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Тәртіп сақшылары ет өнімдері сатылатын базарларда, сауда нүктелерінде рейдтік шара ұйымдастырып, заң бұзушылыққа барған тұлғаларды ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Аталмыш шара барысында 2 күннің ішінде-ақ, бірнеше жыл бұрын және былтыр жасалған 9 мал ұрлығының беті ашылған. Бұл ретте барымташылықпен айналысқан 2 топ құрықталды. Атап өтерлігі, 21 мал басы өз иелері не қайтарылған. Оның ішінде 18 бас жылқы, 2 бас ірі қара және 1 ұсақ мал бар. Полицейлер жергілікті ветеринариялық бақылау инспекторлары және мал дәрігерлерімен бірлесіп, мал және ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерге де тексеріс жүргізеді. Бұл ретте құқық қорғау органдары қызметкерлері етті құжатсыз тасымалдаған 19 тұлғаны анықтады. Мұндай фактілердің бірқатары Успен және Баянауыл аудандарында тіркелген. Заң бұзушылыққа барғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін барлық материалдар ветеринария бөлімдеріне жолданған.


6

Бюджет

15 мамыр, сейсенбі, 2018 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Жетекші ауылының бюджетінің шығыстары (функционалдық топтар бөлінісінде) млн. теңге Атауы

2017 жыл

1

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2

3

4

5

ШЫҒЫСТАР - барлығы

47,1

102,4

65,5

68,3

Оның ішінен алуларды есептемегенде ШЫҒЫСТАР

47,1

102,4

65,5

68,3

0

13,4

0

0

Әлеуметтік қорғау және қамтамасыз ету

1,3

1,4

1,4

1,5

Мәдениет, спорт, ақпараттық кеңістік

3,5

5,4

5,4

5,7

Соның ішінде: Білім беру

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық Көлік және коммуникациялар

Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға 2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының бюджетінің азаматтық бюджеті ұсынылып отыр, онда негізгі көрсеткіштер, оны қалыптастыру параметрлері және бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттары туралы ақпарат қамтылған. Бұл құжат мынадай бөлімдерін: - қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін; - «Жетекші ауылы әкі мі ні ң аппараты» мемлекетті к мекемесі ні ң бюджеті ні ң түсі мдері мен шығыстарын; - «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджетінің атқарылуы туралы есепті қамтиды. 2018-2020 жылдарға арналған Павлодар қалалық бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Павлодар облысының 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылған және Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 13 наурыздағы №231/33 сессиясында бекітілген.

0

48,5

35,7

37,2

19,6

22,1

4

4,1

Мемлекеттік қызмет

20

19

19

19,8

Таза бюджеттік несиелендіру

0

0

0

0

Қаржы активтердің операциялары бойынша сальдо

0

0

0

0

Мемлекеттік қаржы активтердің сатылымының түсімдері

0

0

0

0

Бюджет тапшылығы (профициті)

0

0

0

0

Бюджет тапшылығының қаржысы (қолданылған профициті)

0

0

0

0

2,7

8,4

0

0

Басқалар

2018 жылда Жетекші ауылы бюджетінің қаражатын жұмсаудағы негізгі бағыттар, млн. теңге

2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының бюджеті Ауыл бюджеті – бұл қала мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Р/с №

Көрсеткіштер атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

1

2

3

4

5

6

I.

Түсімдер, оның ішінен:

5 640,10

118 164,00

65 487,00

68 239,00

5 609,00

6 730,00

7 066,00

7 349,00

31,1

0

0

0

Нысаналы трансферттер түсімдері

0

19 485,00

0

0

Бюджеттік ауданынан (облыстық маңызы бар қала) трансферттер

0

91 949,00

58 421,00

60 890,00

Салықтық түсімдер Салықтық түсімдер

II.

Шығыстар

емес

2018 жылы Жетекші ауылының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған бюджет шығыстары ТҮКШ бойынша іс-шаралар

5 640,10

118 164,00

65 487,00

68 239,00 Жерлеу орындарын күтіп ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу, олардың санитариясын қамтамасыз ету 11,2 млн. теңге, соның ішінде: жерлерді жалпы пайдалану және ішкі кварталдық аумақты санитарлық тазалау, зиратты қоршау.

2018 жылға арналған бюджеттік түсімдер


ЖАРНАМА

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз! Аяулы ана, сүйікті әже Бикен Мақажанқызы Алпысованы құттықтаймыз! Сізді 90 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сiзге қажымас қайрат, зор денсаулық тiлей отырып, ұл-қыздарыңыз бен немерешөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай, ұзақ өмір сүруіңізді тілеймiз!

Аяулы анамыз, нұрға толсын жүзіңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. Тіршіліктің қызығына бөленіп, Аман-есен ортамызда жүріңіз! Мерекең ұзағынан бола берсін, Үй ішің немере, шөбереге тола берсін! Тілек білдірушілер: балалары, немере-шөберелері. (573)

ҚҰРМЕТ

Еңбек ұмытылмайды

Жеңі с күні не орай 3 «А» сынып оқушылары тыл еңбеккері Александра Павловнаның үйіне барып, қарияны мерекемен құттықтады. Ардагер бізді құшақ жая қарсы алды. Ол өзінің соғыс кезінде кешкен өмірін айта отырып, көптеген естеліктерді есіне түсіріп, көзіне жас алды. Балалар Александра Павловнаның айтқан әңгімелері мен фотосуреттерден көптеген қызықты мәліметтер алды. Ұлы Жеңіс – бейбітшілік сүйгіш елдердің, жасампаздық жолындағы халықтардың өміріндегі аса маңызды атаулы мереке. Ең алдымен Жеңіс – біздің

15 мамыр, сейсенбі, 2018 жыл

жалпы тарихымыз деп білеміз. Кешегі аға ұрпақ жанын аямай, елім, жерім деп кеудесін оққа төседі. «Бәрі де майдан үшін!» деп тылда аянбай тер төккен батыр апаларымыздың еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес. Өскелең ұрпаққа бейбітшіліктің қадірін ұғындырып, патриоттық тәрбие беру - ең маңызды дүние.

Алмагүл ВАЛЕУЛИНА,

Павлодар қаласындағы №30 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Тиімді жарнама! «Халық радиосы»- 100.5 FM толқыны өз жарнамаңызды «Бизнес FM» бағдарламасында орналастырудың ерекше мүмкіндігін ұсынады. Дыбыс роликтерін әзірлеу және жалға беру бағасы 3000 теңгеден бастап, ал хабарландырудың әрбір сөзі үшін 100 теңге, 10 сөзден асса, бағасы 80 теңге болады. Жарнамаңыз күніне 24 рет шығып, тыңдаушылардың 90%-дан астамын қамтиды. Бұл жарнама беруші үшін ең тиімді де нәтижелі болатыны сөзсіз! «Халық радиосы» толқынындағы «Бизнес FM» бағдарламасы Сізді міндетті түрде естиді!

Телефондарымыз: 66-15-40, 65-12-75.

Құрметті әріптесіміз Жоламан Жаббарұлы Барамбаевты құттықтаймыз! Сізді 63 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіз саналы ғұмырыңызды ауыл шаруашылығында адал еңбекпен кестелей жүріп, қоршаған ортаңызға үлгі-өнеге болумен қатар ел экономикасына елеулі үлес қостыңыз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға құт-береке, ұрпағыңыздың қуанышына бөленіп, ұзақ ғұмыр кешуіңізді тілейміз.

Өткен күннің артта қалып елесі, Тіршіліктің жылжи берсін кемесі. 63 жастың құтты болсын белесі. Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген... Жаратқанның нұры сізді көктеген. Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін, Көңіл деген кеп-керемет көк дөнен. Ізгі ниетпен; әріптестеріңіз: Н.Пшембаев, Ж.Паруов, А.Қойшыбаев, Ч.Жансарбаев, Н.Сәрсенов, А.Акимов, Ж.Сейтқазин, Е.Нұртазин, Ж.Бейсебаев, А.Шүйкенов, С.Қаңтарбаев, Е.Теміржанов, Б.Айтимбетов, Е.Сыздықов, Ж.Сазданов, К.Тулев, А.Тілегенов. (566)

Құттықтаймыз! Бүгін - әулетіміздің иесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан - анамыз, ардақты әжеміз, атамыздың жан жары Әдепбаева Нұржамал Кәрімтайқызының 80 жас мерейтойы. Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мейі рі мі ңі зді төге жүрі п күті пбаптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақ құрып, өсіп-өнді. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» - дейді. Алла тағала сізге күш–қуат берсін! Ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз. Ізгі ниетпен; жұбайы – Набиболла, ұл-қыздары, жиендері, (20121)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама Құрманғалиев Әбухайыр Бекетайұлын еске аламыз Аяулы жар, асқар тау әке Құрманғалиев Әбухайыр Бекетайұлының бақилық болғанына 2018 жылдың 27-ші наурызында 1 жыл толды. Аяулы әкеміз тірі болғанда 2018 жылдың 19-шы мамырында 70 жасқа толар еді. Әкеміздің асыл бейнесі жадымыздан ұмытылмақ емес. Әрдайым күлімсіреген жүзі әр басқан қадамымызға тілекші болып тұра бермек.

Әкежан, шаңыраққа болдың пана, Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға. Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда, Сағындық, әке, Сізді баршамыз да. Жан әке, ұл-қызыңның тірегі едің, Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің. Болмасаң да бүгін біздің жанымызда, Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда. Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы, Сеніміңіз, әкетай, ақталады. Сағынышпен өзіңді еске аламыз, Бейнеңіз мәңгі есте сақталады. Еске алушылар: жұбайы – Майра,

балалары – Гүлбақыт, Ерғанат. (568)

Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастау алған Қазақстанның қазіргі заманауи тарихында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен жарияланған жемқорлықпен табанды және ымырасыздық күрес бағыты республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі мағынасын қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлықты іріктеу міндеттерін іске асыру арқылы нақты белгіленген. Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың көріністерін азайтудың мақсатты нұсқамаларына қол жеткізу алгоритмі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесі нде бүгі нгі күні басты бағдарламалық құжат болып табылатын Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілген. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бі рі зді і ске асыру ұлттық тәжі рибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін іске асыру табысты аяқталды, бұл оны орындаудың алғашқы нәтижелерін ұғыну қажеттілігін өзектендіреді. 2015 жылғы 18 қарашада бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптары тұрақты әзірлеуге негіз болған жыл сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада көрініс тапты. Аталған баяндаманы әзірлеу үрдісі, құрылымы және мазмұны «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті ні ң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығына сәйкестендірілген. Ұлттық баяндаманың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша практикалық іс-шараларды әзірлеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірумен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және оның таралуының жай-күйі мен үрдісіне объективтік талдау болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес Ұлттық баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жұмысының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басқа да субъектілері (мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің) қызметінің нәтижелері негізінде қалыптастырылады. Баяндама кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманың негізгі мәтінін kyzmet.gov.kz сайтында көруге болады.

7

САРЫАРҚА САМАЛЫ

МЕНШІК ИЕСІ

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Ертіс Медиа» ЖШС, «Сарыарқа самалы» облыстық газеті Газет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 30.09.2014 ж. №14562-Г куәлігі берілген.

Газет 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2014 жылы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен марапатталды. ЖШС директоры Асқар ШӨМШЕКОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ Телефоны: 66-15-30 ЖШС-нің мекенжайы: Павлодар қаласы, Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй. Редакцияның мекенжайы. 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды поштасы: ssamaly29@gmail.com. Бас редактордың орынбасары 66-14-61. Жауапты хатшы 65-12-74. Әлеуметтік бөлім 66-14-63, 66-15-31, 66-15-32. Экономика, саясат 66-14-64, 66-15-28, 66-14-65. «Айналайын» 66-14-63. «Жас times» – 66-15-32.

Жарнама бөлімі: s_samaIy_reklama@maiI.ru 66-15-42, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі 66-15-41. Фототілші, корректорлар 65-12-74. Газеттің нөмірі «Сарыарқа самалының» компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына үш рет шығады, апталық таралымы 16095 дана, бүгінгі көлемі 2 б.т. «Дом печати» ЖШС баспаханасында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны. 8 (7182) 61-80-26. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 993 Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді. Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. «Сарыарқа самалында» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті. Баспа индексі 65441.


8

15 мамыр, сейсенбі, 2018 жыл

ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ МӘДЕНИЕТ

«Өнерім - ән жырым»

Мамыр

Облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының әртістері Толқын Абдрахимова мен Ақық Таспаева өздерінің шығармашылық кешін өткізді. Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ Павлодарлықтарды театр сахнасындағы алуан түрлі образдарымен, әсіресе музыкалық қойылымдарда көпті тәнті етіп жүрген өнерлі қос құрбы бұл жолы өздерін әншілік қырынан аша білді. Толқын мен Ақықты бұқара М.Әуезовтің «Айман-Шолпан», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жі бек», «Қозы көрпеш – Баян сұлу», И.Кальманың «Сильва», И.Штраустың «Жарғанатында», У.Гаджибековтің «Аршын мал алан», А.Цагарелидің «Ханума» және басқа да музыкалық комедия, операларынан жақсы таниды. Ән кешін халық әні «Ахау, керіммен» ашқан өнерпаздар қазақ композиторларының әндерін әуелетіп, шетелдік тың туындылармен сабақтады. Әсіресе, Толқынның орындауындағы Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әні мен Дж.Пуччинииді ң «Богема» операсынан Мюзеттаның ариясы кештің әрін кіргізсе, Ақықтың орындауындағы Біржанның «Ғашығым» әні мен Ф.Лоудың «Моя прекрасная Леди» опереттасынан Элизаның әні көптің қошеметіне бөленді.

Кеш барысында тыңдармандарға 20-ға жуық алуан түрлі шығарма ұсынылды. - Ақық Таспаева екеуіміз - өнер жолында ғана емес, өмірде де шынайы достармыз. Осы достығымыздың айғағы ретінде бі з бірлесіп өнер кешін беруді жөн көрдік. Уақыттың тығыздығына байланысты ойымыздағы кейбір дүниелерді жүзеге асыра алмадық. Дегенмен ел алдындағы үлкен бір міндетімізді орындадық деп ойлаймын. Себебі оркестрдің сүйемелдеуімен кеш беру асқан жауапкершілікті талап етеді. Мені павлодарлықтар 1990 жылдан бастап сахнадан көріп келеді. Сахнадағы ең алғашқы рөлім У.Гаджибековтің «Аршын мал алан» қойылымындағы Асия бейнесі еді. Бүгінгі таңда мен сомдаған образдың жалпы саны 30-дан асады, - дейді Толқын Абдрахимова. Оны көрермен М.Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Шолпан мен Теңге, Ғ.Мүсі реповті ң «Еңлік - Кебегінде» - Еңлік, «Қозы көрпеш – Баян сұлуда» - Баян, «Қыз Жібекте» Қарлығаш, Ш.Уәлихановтың «Ақнұрында» Ақнұр және тағы да басқа рөлдерден таниды. Ал Ақық Таспаева болса, «Менің өмірлік

Тыныштықбек ӘБДІКӘКІМ

Май сағымды маңғаз Тау үріп ішкен, Өлең аға жөнелер тіліңізден!.. Қаз дауысы аңқыған қоңыр желге қазанақтың, қайыңның бүрі піскен. ДәрменіңжоқОйыңнанжаңылмасқа, Тау тыңдаған саз басқа, сарын басқа. Шегірткенің інжулі шырылынан моншақ теріп алар ма ед қарындасқа!.. жолыма қазақ әдебиетінің классиктері Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқанов әсер етті. Сахнаны, кәсі би ән айтуды бала кезі мнен армандайтынмын», - дейді. Ақық қазақ әйелдерінің жарқын бейнесін әсерлі сомдауымен танымал. Оған әрті сті ң 2005 жылы Шымкентте Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» шығармасындағы Қарагөз рөлі үшін «Ең үзді к әйел» аталымына ие болғаны дәлел. Айта кетелік, биыл - ҚР мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ақық Таспаева мен ҚР мәдениет қайраткері Толқын Абдрахимованың мерейтойлары.

Есілбайдағы жарыс Шарбақты ауданына қарасты Есілбай ауылында ауданның Құрметті азаматы, аудандық мәслихаттың депутаты, белгілі кәсіпкер Қисамиден Мәшеновтің жүлдесіне белбеу күресі мен тоғызқұмалақтан облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа спорттың қос түрінен 170 бала қатысты.

Тілеуберді САХАБА Есілбай ауылының әкімі Жасұлан Әбелдиновтің айтуынша, спорт жанашыры Қисамиден Мақауұлының жүлдесіне арналған ашық турнир осымен қатарынан үшінші жыл ұйымдастырылуда. Биылғысы Павлодар облысының 80 жылдық және Шарбақты ауданының 90 жылдық мерейтойларына арналып отыр.

- Турнирдің мақсаты ауыл жастарын спортқа баулу, көрінбей жүрген жас таланттарға үлкен додаларға баруға мүмкіндік жасау. Әсіресе, белбеу күресі мен тоғызқұмалаққа көп көңі л бөлінуде. Кәсіпкердің осы еңбегіне орай біздің жас спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп, облыс және республика көлемінде ауылымыздың атын шығаруда. Атап айтар болсақ, белбеу күресінен Шымкент қаласында өткен республикалық турнирде ауылдасымыз Темірғалы Құдайбергенов жеңімпаз атанып, күзде Қазан қаласында болатын әлем чемпионатына жолдама алды. Сонымен қатар, Алдияр Айтмұхамбет және Аружан Рахманқұлова, Диана Омарханова, Аружан Манап есімді спортшыларымыз да жүлделі орындардан көрі ні п жүр, - дейді Жасұлан Зейноллаұлы. Жарысқа Лебяжі, Баянауыл, Железин, Павлодар аудандарынан және Ақсу, Павлодар қалаларының жас палуандары мен тоғызқұмалақшылары келді. Ойын

шыққан Павел Шабалин 11 метрлік айып добын сәтсіз орындады. Тоқсан минут бойы бірін бірі ала алмаған қос қарсылас кездесуді ң тағдырын төреші белгілеген қосымша 4 минутта шешті. «Ертістің» жартылай қорғаушысы Павел Шабалиннің қақпаға бағыттаған добын «Шахтердің» қақпашысы сәтті қайтарғанымен, доп оның командаласы Игорь Пикалкиннің аяғына тиіп, қарағандылықтардың қақпасына еніп кетті.

Жанарынан танылған апрелі, еркелеп жүр маған бір кекіл еріп. Көкжиектен тырналар тыраулайды... Марал – Көктем жатқан ол, мекіреніп. СӨЗ ОРАЙЫ Ықылас ОЖАЙ,

нәтижесінде, тоғызқұмалақтан Ақсу қаласының командасы бірінші, Лебяжі ауданың командасы екінші және Баянауыл ауданының оқушылары үшінші орын иеленді. Белбеу күресіне қатысқандар 23-63 келі аралығында 15 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Нәтижесінде Шарбақты ауданы орталығынан келген спортшылар бірінші орынды жеңіп алса, Есілбай және Галкин ауылдарының командалары екінші және үшінші орындарды еншіледі. Жеңімпаз командаларға арнайы кубоктар мен медальдар және ақшалай сыйлықтар берілді. - Шарбақты ауданының Есілбай ауылында болатын турнирдің тоғызқұмалақ сайысына жылда қатысамыз. Биыл 8-14 жас аралығында 16 бала әкеліп, командамыз жеңімпаз атанды. Осы жарысқа баруымызға мүмкіндік берген мектеп басшылығына және ата-аналарға алғысымыз шексіз, - дейді Ақсу қаласы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Гүлжан Сапарова. Қисамиден Мақауұлы спорттық жарыстарға ғана емес, Есілбай ауылын көркейту бағытындағы жұмыстарға да үнемі демеушілік жасап келеді. Мысалы, былтыр кәсіпкердің бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен «Мектепке тағзым» акциясының аясында мектепті ң күрес залына жаңа төсені штер алынған. Одан бұрынғы жылдары ауыл і ші не Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған монумент, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» стелласын салуға және Жеңіс күніне арналған «Бейбітшілік» саябағын ашуға қаражат бөліпті.

Шарбақты ауданы.

«Ертіс» есін жиды

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қарағандылық команда «Астана» аяқтопшыларымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Елордалық клубты тізерлеткен «Шахтерге» қарсы тұру жерлестеріміз үшін оңайға түскен жоқ. Ойын алма-кезек шабуылдармен өрбіді. Қос команда да гол соғатын бірнеше мүмкіндікті уысынан шығарып алды. Кездесудің 63-минутында «Ертістің» шабуылшысы Эдди Эрнандестің орнына алаңға

Көкіректің маздатып қарашығын, қос көбелек зиреге таласуын! Төңірекке төгілген төл үніне төсеп отыр тұмсығын бала суыр.

СПОРТ

ФУТБОЛ

Қазақстан премьер-лигасының 10-туры аясында павлодарлық «Ертіс» футбол командасы сырт алаңда Қарағандының «Шахтерімен» кездесіп, 1:0 есебімен басым түсті.

АҚСАРАЙ

- Ойынның тартысты өтетінін алдын ала білдік. Кездесудің алғашқы жартысында желге қарсы ойнау жігіттерімізге оңайға соққан жоқ. Ойынның екінші жартысында гол соғатын бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберіп алдық. Дегенмен жоспар орындалды, - дейді «Ертіс» футбол клубы бас бапкерінің міндетін атқарушы Дмитрий Кузнецов. Қарағандыда олжалы болған жерлестеріміз турнир кестесінің 8-ші орнына тұрақтады.

А.ӘБДІЛҰЛЫ

ақын:

Қалам ұшына тұнған сыр Абай шамырқанған бір шындыққа тап болып отырмын. Қазақтың мағынасы майысқан бірқадар мақалдарына шүйлігуші еді ғой жарықтық. Сондай сөлсіз сөздің бірі, пәленшенің дейік, «жақсылығын асырып, жамандығын жасырып» ұғымы. Осы бір - лепестің сөз емес-ау, бұлжымас қағидаға айналғаны қашан. Әсіресе патшаларға келгенде тіптен түрленіп сала береді. Жарайды, «жақсының» жақсылығын асырып-ақ бақтық делік. Не нәрсенің болсын асыра сілтенуі талайдаталай тағдырымызды тоз-ұшыратқан жоқ па?! «Асырғанымыз» мынадай болса, «жасырғаннан» не барақат таппақпыз? Жасырған жамандығымыздың күн ертеңгі шындығын қай бетімізбен бүркемелеп отырмақпыз. Әйтеуір екеуі де Жаратқан жақтыртпас қылықтар екендігін сау ақылымыз сараптай алар. Осы екі ұғымның өлшемін білу - парасатты елдің ғана ұстанымы. Бұл - «жақсы мен жаманды айырмаудың» диагнозы. Абайға тоқтамау трагедияның басталғаны. Нәтижесі құрдымға құлатады... *** Анау жылдары Жапонияда жер сілкінісі болғанда қалған ел «енді қайтпек екен» деп бір дүрліккен болатын. Бәзбір білгіштер бұл апат енді Жапон экономикасын елу жылға дейін тұралатып кетуі мүмкі н деп жарыса жазып жатты. Күншығыс халқының самурайлық санасы мен камикадзилік ерлігін бағамдай білмеген жүйесіз сөздерге ішімізден бір мырс етіп күлдік те қойдық. Сол Жапонияңыз бүгіндері түк те болмағандай, алапаты артып, күнненкүнге қарыштап барады. Ақшулан аралдың ортасында орналасқан мемлекетке бұдан кейі н де нендей тыныштық болсын деп мүсіркейтіндерге мынаны ескерткіміз келеді: біз сейсмологиялық тұрғыдан балдық қуаты одан пәленбай есе пәрменді жағдайдың үстінде отырмыз. Жемқорлықтың қасында жер сілкінісі, суайттықтың қасында цунами дегеніңіз апат па, тәйірі. Әсіресе құлдықтың қасында...

15 мамыр, 2018 жыл №54 (15225)  
15 мамыр, 2018 жыл №54 (15225)  
Advertisement