Page 1

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Павлодар облыстық газеті 1929 жылғы 15 ақпаннан шығады ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

ЖОЛДАУ ЖҮГІ

Агросектордың өз картасы болады

13 наурыз, сейсенбі 2018 жыл №29 (15200)

@saryarka_samaly

Нақпа-нақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы өзара сауда көлемі

30%-ға артты БЕС БАСТАМА

20 млрд. кімдерге бұйырады? Елбасының бастамасымен шағын несиеге бағытталатын 20 млрд. теңге кімге және қандай шарттармен берілмек? ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев қаржыландыру жүйесіндегі жаңашылдықты жіліктеп берді.

Суретті түсірген - Дархан Өмірзақов.

Павлодар облысында ауылшаруашылық жерлерінің, соның ішінде егістік алқаптарының электронды картасы әзірленуде. Өкінішке қарай, агросекторды цифрландыру аясында қолға алынған маңызды шараны жүзеге асыруды кейбір аудандар кешеуілдетуде. Бұл бастаманы көктемгі егістік жұмыстары алдында аяқтау міндеті тұр. Атап өтерлігі, биыл облыс бойынша егіс алқаптарының жалпы көлемі 1 млн. 421 мың гектарды құрайды.

Нөмірден оқыңыз:

Жалғасы 2-бетте

ЖЕРЛЕСТЕР - ЖЕҢІМПАЗ! Республикалық VII қысқы Универсиада ойындары өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге қатысқан екі мыңға тарта спортшы он күн ішінде спорттың сегіз түрі бойынша мықтыларды анықтады. Жарыстың жалпыкомандалық есебінің қорытындысы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері жарыс жеңімпаздары атанды! Толығырақ 8-бетте

Оның айтуынша, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына 2018 жылы 41,8 млрд. теңге қарастырылған. Енді бұған Елбасының тапсырмасына сәйкес, қосымша 20 млрд. теңге қосылады. Нәтижесінде 62 млрд. теңгеге жуық қаражат биыл шағын несие беруге жұмсалады. - Қосымша бөлінетін 20 млрд. теңгенің 14 млрд. теңгесі - ауылдық жерлерге, 6 млрд. теңгесі қалаларға беріледі. Жалпы бағдарлама аясында берілген несиелер ауылдық жерлерде шағын және орта бизнес субъектілерінің 3,6 пайызға артуына септігін тигізді, - дейді Н.Әлтаев. Бүгінде ауылдық жерлердегі шағын несие ұйымдары қарызды 30, тіпті 50 пайызға дейінгі үстемемен береді. Мұндай мөлшерлеме кәсіпкерлікті бастау үшін өте ауыр. Ендігісін бағдарлама аясында жоғарыда аталған қаржы 6 пайызбен қалада 5 жылға дейін, ауылдық жерлер үшін 7 жылға дейін бері леді. Ауыл халқы үшін 6 пайыз өте тиімді. Сондықтан сұраныстың өте көп екендігін көріп отырмыз, - дейді вице-министр. Өткен жылы «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы 15 мың адам кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренсе, ағымдағы жылы кәсіпті қалай бастау керектігін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы 30 мың адам игеретін болады. Ауыл азаматтары қаражат алып, өз бизнесін бастағылары келсе, ең алдымен «Атамекен» ҰКП филиалдарына жүгініп, өтінімдерін беруі қажет екен. Бұл несиелер ауылдық жерлерде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы, ал қалаларда екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


АКЦИЯ

2

АҚПАРАТ

13 наурыз, сейсенбі, 2018 жыл

БИЛІК ҺӘМ БҮГІНГІ МӘСЕЛЕ

Ел аналарына ерекше құрмет

Қоқыс та кәдеге жарайды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауов бастаған нұротандықтар аймағымызда «Ел аналары» атты акция ұйымдастырды. Осы шара аясында партия басшылығы атынан 100 жасқа толған аналарға Халықаралық әйелдер күніне орай сый-құрмет көрсетілді. Мерекеге орай облыс әкі мі ні ң бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев және өзге де партиялықтар ақ

жаулықты әжелерімізді арнайы құттықтап шықты. 101 жастағы Александра Чиркова қонақтарды қуанышпен қарсы алып, сыйлықтарға ризашылығын білдірді. Арнайы көңіл бөлген нұротандықтардың құттықтауына алғысын айтты. Павлодар қаласына қарасты Байдала елді мекені нде тұрып жатқан тағы бі р 101 жасқа келген Хапиза Рахмет қазақтың қалыптасқан дәстүріне сай меймандарға дастарқан жайып, батасын берді. И.Теренченко Хапиза апаның иығына ақ жаулық жауып, зор денсаулық тіледі. Айта кетейік, «Ел аналары» акциясы бүтіндей Қазақстан аумағында өткізілуде. Павлодар, Екі бастұз, Ақсу қалалары мен Лебяжі ауданының партия мүшелері қарт аналарды құттықтады.

Өз тілшіміз.

ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН

Автоматты жүйеге көшеді Павлодар облысында білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарлама салаларының сапасын арттыру мақсатында «Цифрлы Қазақстан» жобасы жүзеге асырылады. Бұл ретте көрсетілетін барлық мемлекеттік қызмет түрі автоматты жүйеге көшірілмек. Айдана ҚУАНЫШЕВА Аталмыш жүйенің қызметі жөнінде өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев баяндады. Бүгінде аталған бағытта аймағымызда 74 шара жоспарланған. Алдағы уақытта баланы балабақша кезегіне қою, мектепке дейінгі мекемеге орналастыру қызметі электронды түрде жүргізілмек. Ол үшін сайттағы өтінішті толтырып, смс хабарлама арқылы жолданатын шақыруды күту қажет. Хабарламада баланың қандай балабақшаға қабылданғаны, қай күні мектепке дейінгі білім беру мекемесіне келу керектігі жөнінде толық мағлұмат жазылады. Ал қалған анықтамалар автоматты түрде жинақталатын болады. Мейрам Мұхаметрақымұлының айтуынша, мұндай жүйе ата-аналарға өтініштерін онлайн режимде қарауға мүмкіндік береді. Бұл бастама педагогтардың қағазбастылықтан құтылуына жол ашпақ. Осы орайда ұстаздарға барынша жағдай жасап, техникалық құрылғылармен, кең жолақты интернетпен қамтылуы назарға алынған. Жоғарыдағы жоба бі лі м беру саласының қызметін арттыруға жол ашады. Алдағы уақытта бі лім беру және денсаулық сақтау салаларында қамқоршылық және бақылау кеңесінің құзіреті артатын болады. Олар мектеп бюджетін игеруге қатысты ұсыныстарын айтып, мекемедегі кемшіліктерді анықтау, атқарылған жұмыстар бойынша есептерді қабылдау сынды мәселелерге жауап береді. Сонымен қатар, бі лі м беру саласында бірыңғай ақпараттық жүйе енгізіледі. Қазіргі уақытта өңірде 366 мектеп аталмыш жобаға қосылған.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Облысымызда экология жылы аясында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған кешенді шаралар қолға алынуда. Бүгінде Павлодар қаласының тұрғындары өндіріс орындарының ауаға тарататын зиянды қалдықтарының мөлшері туралы онлайн режимде біле алады. Бұл туралы ақпарат облыс орталығындағы 4 Led-экран арқылы көрсетілуде. Халық қалаулылары ақпараттандырудың мұндай әдісін зауыттар көптеп шоғырланған Ақсу, Екібастұз қалаларында да орналастыру қажет екенін айтуда. Аппараттық жиында сөз алған облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиевтің айтуынша, өндіріс орындарының санитарлық аумағында тиісті мониторинг шаралары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында облыс қазынасынан шамамен 80 млн. теңге қаражат бөлініп, оған 15 заманауи зертханалық қондырғы сатып алынған. Аталған қондырғылар аймағымызға мамыр айында жеткізілмек. Сол арқылы кәсіпорындардың ауаны ластау деңгейін нақты бақылауға болады. Биыл облысымызда 250 мың түп ағаш отырғызылмақ. Сондай-ақ, аймағымыздағы 15 ірі кәсіпорын басшылары мен құзыретті органдар арасында қоршаған ортаны қорғау шараларының тиімділігін арттыру бағытында меморандум жасалуда. Қазіргі кезде олардың басым бөлігімен тиісті келісімге қол жеткізілді. Тек «Павлодарэнерго» АҚ мен «Майкөбен-Вест» ЖШС

Данияр ЖҰМАДІЛ

Соңғы 3 айда онлайн режимде қаралған интерактивті сабақтар саны 700 мыңға жеткен. Денсаулық сақтау саласындағы 32 мекеме медициналық ақпараттық жүйеге қосылған. Ағымдағы жылдың сәуір айында бұл қатарды тағы 3 аурухана толықтырмақ. Сондай-ақ, өңір тұрғындарының медициналық деректерін жинақтайтын бірыңғай база құрылады деп күті луде. Бұл емханалардағы кезек санын азайтып, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, дәрігерлерді қағазбастылықтан арылтып, науқасқа көп көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласы да автоматты жүйеге көшірілуде. 2018 жылдан бастап қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту орталықтары электронды еңбек биржасына қосылды. «Smart Pavlodar» қосымшасы «Қолжетімді Павлодар», «Қолжетімді көлік» бөлімдерімен толықты. Осындай шаралар қызмет барысын одан әрі жеңілдете түспек.

Д.АЙТПАЙҰЛЫ.

Агросектордың өз картасы болады Басы 1-бетте

С

аталған құжатқа қол қоюдан бас тартыпты. Олар меморандумда келтірілген табиғатты қорғау шараларына қыруар қаражат жұмсауға дайын еместігін жеткізген. Облыс әкімі Б.Бақауов аталған кәсіпорын басшыларымен тиісті деңгейде келіссөз жүргізіп, мәселені оң шешуді тапсырды. Атап өтерлігі, ақпан айынан Павлодар қаласының бірқатар білім ордасында экологиялық марафон шарасы басталды. Оның аясында мектептерде сұрыптап, яғни қағаз, пластик, шыны сияқты басқа да қоқысты жеке-жеке жинау жүйесі қолданылуда. Бұл жаңашылдық -

қоқысты бөліп тастау мәдениетіне баулуға бағытталған. Сұрыпталған қатты қалдықтарды бөлек жинау оны қайта өңдеу бағытындағы шараларды жедел жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Павлодар облысы бойынша экология департаментінің басшысы Данияр Әлиевтің айтуынша, аймағымызда 345 қоқыс тастау орны бар. Өкінішке қарай, оның тек санаулысы ғана талапқа сай келеді. Мәселе аудан, қала басшыларының белсенділігіне байланысты болып отыр. Сондай-ақ, ведомство басшысы аудан әкімдері экологиялық іс-шаралар жоспарын әзірлемегенін де тілге тиек етті. Аймақ басшысы бұл олқылықтардың орынын толтыруды тапсырды. Сондай-ақ, алқалы жиын барысында аймағымызда коммуналдық қызмет түрлерінің және кейбір азық-түлік бағасының қымбаттап келе жатқаны айтылды.

Кеше Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Онда аймақ шаруаларының көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, қоршаған ортаны қорғау шараларының тиімділігі, әлеуметтікэкономикалық даму көрсеткішіне қатысты мәселе сөз болды. Биыл облысымызда егіс алқаптарының жалпы көлемі 161 мың гектарға көбейіп, 1 млн. 421 мың гектарды құрамақ. Ауыл шаруашылығы құрылымдарын

субсидиялауға 3,1 млрд. теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Шұғаевтың айтуынша, бұл - былтырға қарағанда аз сома. Тұқым шаруашылығын дамытуға 360,8 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр. Көктемгі егіс жұмыстарына шаруа қожалықтарын қолдауға шағын несие түрінде жалпы сомасы 22 млрд. теңге бөлінген. Үстіміздегі жылы аймақ шаруаларына жеңілдетілген бағамен 16 мың тонна дизель отыны берілмек. М.Шұғаев алдағы дала жұмыстарына ауылшаруашылық

техникаларының 97 пайызы сақадай-сай тұрғанын айтады. Биыл 454,1 млн. теңгеге жаңа тракторлар сатып алынды. Осылайша, техникалық базаны жаңарту жұмыстары жалғасын табуда. Аймағымызда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің, соның ішінде егіс алқаптарының электронды картасын құру жұмысы жүргізіліп жатқаны белгілі. Бұл шара агросекторды цифрландыру аясында қолға алынған. Өкінішке қарай, маңызды бастаманы жүзеге асыруды кейбір аудандар кешеуілдетуде. Аталған жұмысты көктемгі егіс жұмыстары алдында аяқтау міндеті тұр.

ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚҰРЫЛТАЙЫ

Жазушылар одағында - жаңа төраға Кеше Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Жазушылар одағының кезекті XV Құрылтайы өтті. Жиын барысында қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулет одақтың төрағасы болып сайланды. Қазақстан Жазушылар одағын бұған дейін 1996 жылдан бастап басқарып келген ақын Нұрлан Оразалинге қаламгерлер алғыс бі лді рі п, иығына шапан жапты. Құрылтай барысында кезінде Ұлықбек Есдәулеттің төрағалығын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төлен Әбдік ұсынды. Қарт қаламгердің бұл ұсынысын басқалары да бірауыздан қолдап, алдын ала іріктеліп алынған 150 ақын-жазушы дауыс берді.

- Жазушылар одағының міндеті жазушыға қолдан келгенше қолдау көрсету. Жазушылар одағының жұмысы жаңа дәуірде өзгеруі керек. Осы жаңа заманға байланысты жобалар керек. Біздің бақытымызға орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарыққа шықты. Соны жүзеге асыруға Жазушылар одағы барынша атсалысуы керек, - деді Жазушылар одағының жаңа төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Осы күні төрағаның бірінші орынбасары болып ақын Ақберен Елгезек және орынбасары болып Бақыт Беделхан сайланды. Айта кетерлігі, Жазушылар одағының кезекті құрылтайына Павлодар облысынан да бір топ ақын-жазушы арнайы барып қатысты. Әзірлеген -

Тілеуберді САХАБА.


АЙНА

САРЫАРҚА САМАЛЫ

БЕС БАСТАМА

Ұрпаққа қажет тағылым

Ауыл қаламен теңеседі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамға зор сілкініс әкелді. Бұл ұлттық рухани жаңғырудың жаңа жолын ұсынған маңызды іске айналды. Өңірдегі қасиетті жерлерді анықтау сынды кешенді іс-шаралармен жас ұрпақты тәрбиелеуді сабақтастыруға маңыз берілуде. Осы бағытта, яғни ұлттық рух, мәдениет, салт-дәстүрді насихаттау мақсатында Павлодар қаласындағы М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Ашылу рәсіміне ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Бақылау комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ешенқұлов және облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев пен зиялы қауым өкілдері қатысты. - Бұл кабинет жас ұрпақты өткен тарихымыз жайлы хабардар етіп, болашаққа жол бастаушы болмақ, - деді сөзінде Абзал Нүкенов. - Бүгін біз өмір сүріп отырған қоғамда жаңалық көп,

өзгерістер де жиі болып тұрады. Сондықтан жастардың өткенге көз салып, тарихты, салт-дәстүрді білгендері жөн. «Рухани жаңғыру» кабинетінде қазақ халқының ұлттық бай мәдени мұрасы, әйгілі жерлес ақын-жазушылар, құнды тарихи деректер және қазақ халқының заманауи қоғамы туралы мәліметтер жинақталмақ. Төрде «Рухани жаңғыру» символының бейнесі, оның жанында осы тақырыпқа арналған ақпараттық стенд бар. Ертіс-Баян - тарихта із қалдырған талай айтулы перзенттерді дүниеге әкелген өңір. Сол тақырыпқа орай кабинетке «Ертіс-Баян өңірінің киелі жерлері» атты стенд жасалды, тағы бір экспозицияға

аймағымыздан шыққан жыршыжырау, қаламгерлердің портреттері қойылды. Елбасының қазақ әліпбиін латынға көшіру идеясы «Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру» стендінде көрініс тапты. Сонымен қатар бұл кабинеттегі «Кітап – өмір ұстазы» атты стендте «кьюар кодтарымен» берілген жаңа кітаптардың тізімін көруге болады. «Рухани жаңғыру» кабинеті заманауи жиһаз, техникамен жабдықталып, ұлттық нақышта безендірілді. Енді Оқушылар сарайына келген балалар еліміздің төлтума мәдениеті, тарихымен танысуына мүмкіндік жасалды.

Әсем АИПОВА,

М.Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскері.

ЗАМАНАУИ ҚЫЗМЕТ

Әйелдерді көп дейді... Елімізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгінетін әйелдер қауымының саны артуда. Өткен жылдың 8 наурызынан бүгінге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына 13 миллионнан астам қыз-келіншек барған. Аталмыш корпорация 620-дан астам қызмет көрсетеді. Өткен жылы берілген электрондық-цифрлық қолтаңбаның 53 пайызы, яғни екі миллионнан астамы әйелдерге тиесілі. Тіпті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету арқылы берілген жүргізуші куәлігінің 25 пайызы, яғни 96 мыңнан астамы

әйелдерге берілген. Қазіргі уақытта елімізде 236 мыңнан астам көпбалалы ана бар екен. Сондай-ақ, 303 508 ана бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы, ал 1 525 818 әйел зейнетақы алып отыр.

Өз тілшіміз.

КӨКТЕМ-2018

Сақтансаң, сақтар! Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті 5-6 наурыз аралығында Кенжекөл ауылында «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиынын өткізді. Айдана ҚУАНЫШЕВА Бұл елді мекеннің кейбір көшелерін су басу қаупі туындап отыр. Шара барысында құтқарушылар су басу қаупі төніп тұрған аймақтардағы халықты эвакуациялау жұмыстарын орындап, ауыл тұрғындарын қабылдау бекетіне жеткізді. Ал ветеринария саласының қызметкерлері қорадағы малды қауіпсіз жерге шығаруды ұйымдастырды. Сондай-ақ, апаттар медицинасы орталығының және жедел құтқару жасағының мамандары зардап шеккендерді анықтап, тасымалдауға денсаулығы жарамайтын тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін аулаларды аралады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауыл тұрғындары жүргізілетін оқу-жаттығу туралы алдын ала хабарландырылған. Бұл ретте халықты жедел түрде құлақтандыру жүйесі орнатылды. Оқу-жаттығу аясында құтқарушылар су басу қаупі жоғары аумақтарда тұратын халықты эвакуациялау жұмыстарын

С

жүргізді. Кенжекөл жалпы орта бі лім беру мектебінің базасында эвакуациялық бекет орналастырылып, зардап шеккендерге жылытылған және тамақтандыру пункттерін ұйымдастырды. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары ауылдың көшелері нен қар шығару жұмысын жүргізді.

3

13 наурыз, сейсенбі, 2018 жыл

Оқу-жаттығу барысында Ұлттық ұланның №5512 әскери бөлімінің қызметшілері су басуы ықтимал аумақтарға топырақ үйінділерін жасап, құм толтырылған қаптармен жасанды бөгеттер тұрғызды. Шараға облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 205 қызметкер мен 70 техника тартылды.

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көпке қатысты мәлімдеме жасады. Ұсынған бес бастамасы да әлеуметтік тұрғыдан өте маңызды. Бесінші бастамасында тарқата айтсақ, Президент Маңғыстаудан ЖезқазғанТеміртау-Қарағанды-Астана газ тасымалдайтын құбыр тартылатынын айтты. Тіпті, бұл жобаны 1-1,5 жылда қолға алуды тапсырды. Газбен еліміздің орталық облыстарын қамту дегеніміз көптеген әлеуметтік мәселелерді шешеді. Ауыл азаматтарының тұрмысын қалалықтармен теңестіреді. Одан кейін солтүстік өңірлерге де газ келетінін айтты Елбасы.

Мұндай бастама бизнесмендердің өнімдерінің өзіндік құнына оң әсер етеді. Себебі, қатты отынмен жұмыс істейтін кәсіпкерлердің жылыту маусымындағы шығыны олардың өнімдерінің өзіндік құнының елу пайызына дейін жететін көрінеді. Экологиялық тұрғыдан алсақ, Еуропа елдерінде бірде-бір қаладан қою түтін будақтап тұрған мұржа көрмейсіз. Ал біздің елімізде әр қалада мұндай көрініске куә болып жүрміз. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері газ өндірісі 200 есеге артыпты. Енді елді мекендерді газдандыру мәселесі оңымен жүзеге асса, талай түйткі л шеші мі н табар еді.

Қобыланбек ҚОЖИН,

қалалық мәслихат депутаты.

Тұрмыстық жағдай көтеріледі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында бес әлеуметтік жаңа бастама ұсынды. Солардың бірі тұрғын үй мәселесі. Қазіргі уақытта бұл - ең өткі р мәселелерді ң бі рі. Осы орайда жария етілген, қажетті несиені қолжетімді ете алатын жаңа «7-20-25» бағдарламасы тығырықтан шығудың бірден-бір жолы деп білеміз. «Біз соңғы жылдары қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп нәрсе жасадық. 2017 жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Дегенмен, оның өзі жеткіліксіз, әлі күнге дейін көптеген отбасы баспанасыз жүр», - деді Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында. Мемлекет басшысының айтуынша, тұрғын үй ипотекасының бұқара халыққа жаппай қолжетімділігі төңірегінде барлық жағдай жасау керек. Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар

бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан аспайтын болады. Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 пайызына дейін, кейде тіпті 50 пайызын салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 пайыздан аспауға тиіс. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады. Бүгінгі таңда біреудің пәтерін жалдап, ақшаны далаға шашқан тиімді ме, әлде өз пәтеріңізде тұрып, соған төлеген дұрыс па? Елбасымыз мүмкіндігінше қолжетімді баспананың бағдарламасын жеңілдетіп, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеруді ойлайды. Нағыз қолжетімді баспана деген осы.

Әсем ШАЙКЕНОВА,

дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының мұғалімі.

ӨЗЕКТІ

Діни сауаттылық тыныштық кепілі Аймақтағы діни ахуал тұрақты болғанымен, әлемнің әр түкпіріндегі, тіпті еліміздің кейбір өңірлеріндегі орын алған оқыс оқиғалар назардан тыс қалмайды. Қауіптің алдын алу, діни терроризмге жол бермеу – қоғам тыныштығының кепілі. Осыған орай, облыстық дін істері басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынасты талдау және дамыту орталығының» ұйытқы болуымен «Қазіргі қоғамдағы ислам фобиясының мәселелері және оны шешу жолдары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиынға өңірдегі мешіт имамдары мен теолог мамандар, жергілікті жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері қатысты. - Бүгінгі таңда өңірде терроризм мен экстремизмге қатысты өзекті мәселелер кездеспегенімен, арқаны кеңге салып отыруға болмайды. Қандайда бір келеңсіз жайттар туындамауы үшін үнемі алдын алу шараларын өткізуге тиіспіз. Мәселені ортаға салып, арнайы мамандармен пікірлесуіміз қажет. Біз осы мақсатта бүгін әр түрлі қоғам өкілдерін дөңгелек үстел басына жинап отырмыз. Жоғары оқу орындарының мамандары мен дін саласында қызмет етіп жүрген азаматтар бізбен бірлесіп қимылдаса, еңбегіміз нәтижелі болары анық, - деді облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Дәулет Зәкариянов.

Шара барысында жоғары оқу орындарының оқытушылары университет қабырғасында кездесетін студенттерге қатысты мәселелермен бөлісті. Ал Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы Бауыржан Отарбаев теріс діни ағымға шырмалғандардың көбі діни сауаттылығы төмен жандар екендігіне тоқталды. «Күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей, теріс пиғылды діни ағымдардың басты құрбаны - жастар». Шариғат жолын ұстану мен намаз оқудың жөні осы екен деп, көлеңкелі жолға қалай түсіп кеткендерін өздері де білмей қалады. Білімсіз адам не болса соған сенгіш келеді ғой. Сондықтан жастардың діни біліктілігін арттыруға күш салу керек. Сол кезде ғана әрбір азамат ислам дініне деген құрметі мен бағытбағдарын саналы түрде айқындар еді. Ол үшін жергі лікті ақпараттық түсіндіру топтары ел арасында жүйелі түрде жұмыс істеуі керек», деді ол. Жиын соңында студенттер кәсіби мамандарға өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, пікірлерімен бөлісті.

А.ӘБДІЛҰЛЫ.


4

ҚОҒАМ

13 наурыз, сейсенбі, 2018 жыл

«Нұр Отан» партиясынан №28 Станционный сайлау округінен Павлодар облыстық мәслихат депутаттығына үміткер

Мұрат Абдығұлов Өткенді бағалаймын, бүгінгіні қадірлеймін, болашаққа сенемін! Құрметті жерлестер! Мемлекетіміздің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көшбасшы болып отырған партияның өкілі болу мен үшін зор абырой. «Нұр Отан» партиясы – бұл Елбасының саясатына жалпыхалықтық қолдау көрсету мен сенімді тірек болу! Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанның экономикасын нығайтуға және азаматтардың тұрмыс-тіршілігін көтеруге бағытталған президенттік бағдарламаларды іске асыру! Менің басты міндетім – округ пен өңірді дамытуға өз үлесімді қосу. Мен жеткілікті білім деңгейі мен жұмыс тәжірибесіне ие бола отырып, алдыма қойған міндеттерге жету үшін барлық күш-жігерімді салуға дайынмын. Павлодар облыстық мәслхатына депутаттыққа дауысқа түсуге шешім қабылдай отырып, мен сайлаушылар алдындағы жауапкерші лі кті ң жоғары дәрежесі н нақты сезі немі н және сіздердің сенімдеріңізді ақтауға, маңызды мәселелерді шешу үшін бар күшім мен білімімді салуға дайынмын. Мен депутаттық қызметтің өзара сыйластық пен құрылымдық

серіктестік принципінде құрылатынына кәміл сенемін. Мен Павлодар облыстық мәслихатына депутат болып сайланған жағдайда осындай негіз болатын ережелерді ұстанатын боламын. Менің барлық депутаттық қызметім сайлаушыларымның заңды құқықтары мен мүдделеріне бағынатын болады.

САРЫАРҚА САМАЛЫ - бюджеттік қаражаттың жұмсалуын бақылау; - қаланы абаттандыру мен көгалдандыру мәселесіне бірінші кезекте көңіл бөлу; - тұрғындардың осал топтарына – зейнеткерлерге, мүгедектерге көп балалы отбасыларға барынша қолдау мен көмек көрсету; - жастардың өмі рі мен лайықты жұмыс і стеулері үші н жағдай туғызу; - білім беру, денсаулық сақтау және спорт мәселелерін шешуге қолдау көрсету; - нағыз ұлттық сана–сезімді қалыптастыру үшін көп ғасырлы және бай қазақ мәдениетінің рөлін, маңызын көтеру мен тарату; - азаматтар арасындағы ұлтаралық қатынастарды бекіту мен дамыту. Облыстық мәслихат депутатына ұсыныла отырып, депутаттық қызметімде белсенді болуға, ашық және адал болуға кепілдік беремін. Сайлау кампаниясы бойынша өз оппоненттерімді біздің сайлау округіміздің проблемаларын шешуде бір команда болып жұмыс атқаруға шақырамын. Мен осы бағдарламаны және ондағы принциптерді басшылыққа ала отырып депутат болып сайланған жағдайда округ тұрғындарының мүдделерін қорғауға және облыстық мәслихат тұғырында тұрып біздің қаламыздағы тұрғындардың көкейтесті мәселелерін ашық айтуға ниет білдіремін.

Құрметті сайлаушылар!

Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі ережелері: - «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 қадам» Ұлттық жоспарды жүзеге асыруға белсене қатысу; - жергі лікті өзін-өзі басқару – мәслихаттардың рөлдерін көтеруге ықпал ету; - облыс пен өңі рді ң әлеуметті к-экономикалық дамуына қолдау көрсету; - облысты дамытудың экономикалық және әлеуметтік жоспарларының орындалуын тиімді бақылау;

Сіздер өз мәселелеріңізбен маған әрдайым өтініш білдіре аласыздар. Мен әділдік пен жауапкершілікті жақтаймын.

Материалдардың жариялану ақысы республикалық сайлау қорынан төленді. Шығуына жауапты Алдабаев К.В.

БАҒА САЯСАТЫ

БІЛІМ

Мектеп жабылмас үшін... Павлодар облысында 70-ке жуық мектептің болашағы бұлыңғыр. Оқушылар саны аз. Аталған білім беру мекемелерінде 10-11-сыныпта 1-3 баладан ғана оқиды екен. Бүгінде мектеп жұмысын оңтайландыру мақсаты тұр. Егер болашақта жабылып қалмауды ойласақ, оқушылар санын арттыру қажет. Айдана ҚУАНЫШЕВА Санаулы ғана оқушысы бар мектептер Ертіс, Успен және Качир аудандарында көптеп кездеседі. Олардың әрқайсысында осындай 10 жалпы білім беру мекемесі бар. Павлодар және Железин ауданында 8 мектептен тіркелген. Бұл мәселені Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов талайдан айтып келеді. Аймақ басшысы аудан орталықтарында бала саны аз мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін арнайы интернаттар құрылғанын атап өтті. Себебі дәл қазіргі уақытта оларға сапалы бі лі м беру мақсаты тұр. Бі рақ интернаттар мәселені толығымен шешуге көмектесе алмайды. Болат Жұмабекұлы тиісті аудан басшыларына жоғарыда аталған білім ордасының жабылып қалмауы үшін, оңтүстік өңірлерден көп балалы отбасыларды әкеліп, балаларын оқумен қамту мәселесіне назар аударуды жүктеген еді. Качир ауданының білім беру бөлімінің басшысы Жайнат Біләлова бұл бағытта жұмыстар қолға алынғанын айтады. Оның сөзінше, Новосібірге шекаралас

орналасқан Покровка, Жаңақұрылыс және Тегістік ауылдарындағы мектептерде оқушы саны аз. Қазіргі уақытта аудан орталығы Тереңкөл ауылындағы бос тұрған ғимаратты қайта жөндеуден өткізіп, 20 орынға арналған интернат ашу жоспарлануда. Биыл оңтүстік өңірлерден 20-30 отбасы көшірілмек. Осы орайда, аудан басшылығы Қызылорда облысындағы ауылдарды аралап, көп балалы отбасыларды Качир ауданына қоныс тебуге шақыруда. Мұндай жұмыстың нәтижесі жоғарыдағы мәселені шешуге септігін тигізбек. Железин ауданында да аталмыш мәселе өзекті. Аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Виктор Боргардтың айтуынша, биыл оңтүстік өңірден 50-ге жуық отбасы көшіп келмек. - Оқушы санының аздығы туралы мәселе Железин ауданында да бар. Биыл оңтүстік өңірден 50 отбасы көшіп келеді деп күтілуде. Бұл іс жүзеге асырылса, білім беру мекемелерінде оқушы санын арттырып қана қоймай, орыс мектептерінде физика, математика, биология пәндерін қазақ тілінде беретін ұстаздар қатарын көбейтсек

деген ой бар. Оқушы санының аздығы Дүйсеке ауылындағы мектепте де бар. Бір сыныпта 2 оқушы білім алады. Сондықтан жергі лі кті билі к оңтүсті к өңі рден көпбалалы отбасыларды ауданымызға тарту бағытында жұмыстар жүргі зуде, дейді ол. Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, былтыр оңтүстік өңірден Павлодар облысына 69 отбасы көші рі лген. Оның і ші нде 18 жасқа дейінгі 138 жасөспірім бар. Оның 65-і - оқушы. Олардың қатарында 3 студент бар. Мектеп жасына дейінгі балалардың саны – 73. Көші п келгендерді ң 148-і - жұмыс жасындағы азаматтар. Олардың 109-ы екі қолға бір күрек тапты. Қалғандары бала күтіміне байланысты үйде отыр. Алдағы уақытта оңтүстік өңірден көшірілетін көпбалалы отбасылардың саны көбейсе, ауылдық жердегі мектептерді сақтап қалу мүмкіндігі арта түседі деген сенімдеміз.

МҮШӘЙРА

Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы облыс ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, қайта өңдеу кәсіпорындарының өнімдеріне, сондай-ақ көтерме кәсіпорындарының әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне 2018 жылғы 3 наурыздағы жағдай бойынша бағалар мониторингісін жүргізді. Сіздің назарыңызға бөлшек желісі арқылы сату үшін өнімдердің негізгі түрлеріне босату және ұсынылған бағалары туралы ақпаратты ұсынамыз.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің тамақ өнімдерінің негізгі түрлеріне 2018.03.03. босату бағалары Р/с №

1 2 3 4 5 6

7

Құс еті

536

10

600

8

Сүт, 2,5% (әлеуметтік дүкендер үшін) Сүт, 3,2% (әлеуметтік дүкендер үшін) Айран, 2,5% (әлеу-меттік дүкендер үшін) Ірімшік майлылығы 9%, (әлеуметтік дүкендер үшін) Қатты ірімшік Жұмыртқа 1 дәреже Жұмыртқа 2 дәреже Сары май, 72,5%, 1 кг. (әлеуметтік дүкендер үшін) Тазартылмаған өсімдік майы, 1 л. Қант Тұз Түйіршіктелген қара шай 500 гр.

180

0

193

192

0

199

193

0

199

770

0

847

1550 178 158 1450

10 5 0

1700 200 179 1600

320

5

357

186 48 1125

5 0 5

210 48 1600

90 95 70 66

5 5 5 5

9 10

12 13 14

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған «Анаға тағзым» облыстық жыр мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен өткен мүшәйраға өңіріміздегі жас таланттар қатысты. Қазылар алқасының мүшесі, ақын Айбек Оралханның сөзінше, мүшәйраға 16-29 жас аралығындағы жас қаламгерлер қатысып, аналар тақырыбында жазған шығармаларын ұсынды. - Бұл жолғы мүшәйраның бір ерекшелігі – бұрын есімдері естілмеген жас таланттардың қатары көп болды, дейді Айбек Оралхан. Оның айту-

ынша, шығармашылық жұмыстардың кейбірінің көркемдік жағы төмен. Әрине, арасында анаға деген шынайы сүйіспеншілікпен өрілген балаң жырлар да баршылық. Байқау қорытындысы бойынша І орынды С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің 1-курс студенті Досжан Мұратбек жеңіп алса, ІІ орын «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның қызметкері Арман

Аушановқа бұйырды. Ал ІІІ орынды Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің 3-курс студенті Ләйлә Кірісханқызы еншіледі. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Кокина жеңімпаздарды құттықтап, ақшалай сыйлықтармен марапаттады.

Т.МАРХАБА.

Бағалар, теңге/кг, л, ондық

Әлеуметтік сауда объектілеріне Көлік арналған Қоймашығысең жоғары дан тарына ұсынылатын босату шығындар, бөлшек бағасы теңге/кг, баға, теңге/ ондық, л кг, ондық, л (10%-дан аспайтын үстемеақы) 1 сұрыпты бидай ұны (50 кг ) 58 5 69 Ұнтақ жармасы 90 5 105 Тары жармасы 105 5 121 Сұлы жармасы 100 5 116 Күріш 163 5 185 Макарон бұйымдары, 2 кг 120 5 138 (жоғары сорт)

11

«Анаға тағзым»

Тауар атауы

15 16 17 18

19 20 21 22

Картоп Сәбіз Қызылша Қырыққабат

357 95 100 85 72

*Негізгі тамақ өнімдерінің көтерме жеткізушілерінің атауын алу үшін мына телефондар бойынша жүгінуді сұраймыз: 32-49-10 (облыс ауыл шаруашылығы басқармасы) және 32-22-86 (облыс кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы).


САРЫАРҚА САМАЛЫ

ҚОҒАМ

13 наурыз, сейсенбі, 2018 жыл

5

Қазақ тілі үстемдік құрған сәт Павлодар өңірінің өткені мен бүгінінен сыр шерткен «Халық радиосында» өңірімізге танымал журналистер қызмет етті. 80 жылдық тарихы бар радионың кешегісі жайында сыр шертуге радионың ардагер журналисі, Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры, ақын Арман Қани сыр шертеді.

- Арман Бақтанұлы, 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған «Халық радиосында» сіз қай жылдары еңбек еткен едіңіз?

- Мені 1990 жылы радиоға телеарнада қызмет етіп жүрген жерімнен өңірімізге танымал журналист Ғалия Балтабай шақырды. Ол кез радионың үлкен сынақты басынан өткеріп, енді аяғынан тұрып келе жатқан кезі. Ғалияның ерекше ұсынысын жерге қалдыра алмай, облыстық радиоға ауыстым. Сол кезде радиода кадр тапшылығы қатты байқалатын. Бар болғаны 2-3 журналист қана қызмет ететін еді. 1989 жылы Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғаннан кейін 1990 жылы радиодағы барлық хабарларды қазақ және орыс тілінде 50/50 пайызға теңестіру міндеті тұрды. Ал бізде маман аз.

Бірақ тығырықтан шығудың жолын аудармадан бастадық. Келген хабарларды орысшадан қазақшаға аударып, эфирге беріп отырдық. Бір қызығы, сол уақытта ақпараттарды қайдан алатынымызды да білмедік. Осы біз үшін үлкен қамшы болды. Өз намысымызды қайрап, алға үлкен жоспарлар құра бастадық. Техникалық жағынан да қазақ редакциясы әлсіз еді. Әуелі журналистердің санын арттыруды, бағдарламалардың сапасын көтеруді, төл бағдарламаларымызды шығаруды көздедік. Сол бағытта талмай еңбек еттік. Айналасы бірнеше жылдың ішінде елдің көңі лінен шығатын, сұранысқа ие бағдарламаларымыз радиодан беріле бастады. Ғалия Балтабайдың табандылығы мен талабының арқасында техникаларымыз жаңарып, хабарларды бірте-бірте 50/50-ге жеткіздік. Ал 1991 жылы еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін біздің қарқынымыз тіптен арта түсті.

дайындап келіп жүрдік. Кейіннен Абайдың 150 жылдығына орай (1995 жылы) «Абай әлемі» эфирге шықты. Дәл осы жылы Ұлы Жеңістің 50 жылдығына арналған «Ерлік ел есінде» бағдарламасы әзірленді. Ол кезде соғыс ардагерлерінің көбі тірі. Аз ғана уақыттың ішінде батырларымыздың ерлігін дәріптеп, ел арасында кеңінен танытуға тырыстық. Тіпті үйінен шыға алмайтын ардагерлерді үйіне іздеп барып, айтарын жазып алып келіп, эфирге беріп отырдық. Сонымен қатар, «Біздің сұхбат», «Жұма күнгі жүздесу» сынды бағдарламалар болды. Сол кезде бір қазанда қайнап, қазақ радиосының ыстығына күйіп, суығына тоңған әріптестерім Ғалия Балтабай, Ақмарал Сағынбекова, Құралай Баяндиналардың еңбегі ерен. Тіпті Құралай қазақ және орыс тілдерінде бірдей хабарлар дайындап, өзінің білікті маман екенін дәлелдей білді.

- Ең бір ерекше туындының бірі өңірдің ауылшаруашылық саласынан сыр шертетін «Саржайлау» бағдарламасы болды. Бұл 30-40 минут тек қана қазақ тілінде берілетін алғашқы хабарлардың бірі болды. Осы бағдарлама аясында облыстың түкпіртүкпірін аралап, шопандармен кездесіп, шалғайдағы қазақтардың өмірінен сыр шертетін құнды бағдарлама әзірленіп тұрды. Басшылар бара қоймайтын елді мекендерге, егіншілердің бригадаларына барып, хабар

- Әрине, ондай кезеңдер өте көп. Мәселен, 1990-1991 жылдары елімізде демократиялық толқын пайда болып, ұлттық жаңғырудың алғашқы сеңі қозғалған кез. Соның бірі - Ақсу қаласындағы Ермак ескерткішін алып тастау туралы шешім шықты. Сол хабарды елден бұрын эфирге дайындап, 40 минуттық репортаж етіп берген болатынмын. Аталмыш ескерткіштің алынып қалғанын тіпті, қаланың тұрғындары да білмей қалған еді.

- Ол қандай бағдарламалар еді?

- Радиода еңбек еткен жылдары есіңізде қалған ерекше сәт бар ма?

ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні ата-аналардың басым бөлігі баласының мектептегі өмірінен бейхабар. Кейде білім ордасына нешеде кіріп, қай уақытта шыққанын, асханада қандай тамақ ішкенін білмей жатады. Ал алдағы уақытта перзентінің әр қадамы туралы телефонына арнайы хабарлама келетін болады. Павлодар қаласындағы мектептерге осы мақсатта смарт-жүйе енгізу көзделіп отыр. Қанатты жоба облыс орталығындағы №37 мемлекеттік тілде білім беретін мектепте бастау алды. Арнайы орнатылған турникеттерден саусақ таңбасын немесе картаны сәйкестендіру арқылы ғана өте алады. Нәтижесінде оқушы мен мұғалімнің қай уақыттарда кіріп-шыққаны қатаң қадағаланады. Сонымен қатар, бұл жаңашылдық білім ордасына бөгде адамдардың емін-еркін кіруіне тосқауыл болады. Одан бөлек, смарт-жүйе асхана мен кітапханада қойылған. Ата-ана күн сайын тамақтың құнарлылығы, құрамы мен бағасын көріп, өзінің баласына ас мәзірін таңдай алады. Ал тағам төлемі арнайы

- Өкінішке қарай, менде бірде-бір бағдарламаның жазбасы қалмапты. Ол кезде қазіргідей техниканың дамыған кезі емес, әрі оны сақтап қалу керек деген ой да келмепті. Бірақ белгілі журналист Жұмағали Қоғабаевта сол кездегі хабарлардың біразы сақталған екен.

- Ардагер қаламгер ретінде қазіргі журналистердің бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

- Қазіргі журналистердің арқалаған жүгі жеңіл емес. Әсіресе бүгінгідей ашық қоғамда қызмет ету өте қиын. Себебі біздің қазақы қалпымызға жат дүниелерге жастарымыз құмартып барады. Оған ашық интернет желісі, рейтинг қуған телеарналар мен түрлі басылымдар кінәлі. Тіпті жастардың санасын улайтын теріс ағымдағы діндерді насихаттаушылар да көбейіп кетті. Міне, ұлтымыз үшін қауіпті осындай қатерден жастарды сақтайтын ұлттық тәрбиеге бай мақалалар мен бағдарламаларды көптеп ұсынса деген тілегім бар.

- 80 жылдық тарихы бар радио ұжымына деген тілегіңіз...

- Әріптестерімді мерейлі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Журналистерге кәсіби біліктілік тілеймін! Жазып алған –

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.

ТӘЖІРИБЕ

Саусақпен сәйкестендіреді Соңғы уақытта балаларға қатысты қылмыстың көбеюі жұртшылықты алаңдатады. «Мектептен шығып, жоғалып кетті», «Мектепте әлімжеттік көрсетіп, ақшасын тартып алыпты» деген сынды жантүршігерлік оқиғалар туралы деректер ақпарат құралдарында да, әлеуметтік желілерде де жиі жарияланады. Бұған қайтсек тосқауыл қоя аламыз? Ата-аналар оқу орнына кеткен балаларын қалай қадағалай алады?

- Радио арқылы халыққа жеткен өз бағдарламаларыңыздың ішінде жеке мұрағатыңызда сақталғандары бар ма?

С

картадан бірден алынады. Яғни, балалардың қалтасына ақша салып берудің қажеті жоқ. Бастауыш сынып оқушыларына ыңғайлы болуы әрі олардың кезекте тұрмауы үшін сол сынып мұғалімі төлем жасайды. Тегін тамақпен қамтылған балалардың жағдайы да қарастырылған. - Ақпарат құралдары мен интернет беттерінен балалардың балабақшаларда немесе мектептерде уланып, ауруханадан бір-ақ шыққанын оқып жатамыз. Ал смартжүйенің көмегімен мұндай оқыс оқиғалар болмауы тиіс. Себебі әр баланың ас мәзірін ата-ананың өзі таңдайды. «Ақшасын біреу тартып алды ма екен», «Ақшасын жоғалтып алмай ма?» деген қауіп те болмайды. Бұл жаңашылдық енгізілген соңғы бір аптада алаңдаушылық сейілді. Өйткені балам мектепке келгенде, тамақ алғанда, шыққанда смс-хабарламалар келіп, бізді оның әр қадамы сайын ақпараттандырып отырады, - дейді оқушының анасы Гүлназия Байтенова. Мұғалімдердің «Teacher office» деп аталатын бөлмесінде де цифрландырудың соңғы үлгілері енгізілген. Ұстаздар арнайы жүйе арқылы өзіне қажет кітапқа, оқулыққа, көмекші құралға тапсырыс береді, ал кітапханашы оны сол мезетте дайындап

қояды. Сөйтіп, мұғалім «алтын» уақытын едәуір үнемдейді. Орта мектептің цифрлық мүмкіндігімен танысқан Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов мұндай жүйе жақын арада балабақшалар мен өзге оқу орындарына енгізілуі мүмкін екенін айтты. - Жаһандану заманында цифрлық жүйелерді енгізу – уақыт талабы. Озық отыз елдің қатарына енеміз десек, бұл бағытта ауқымды іс атқаруымыз тиіс. №37 мектепте қанатты жоба ретінде енгізілген жүйенің тиімділігі көп. Оқушылар, ата-аналар мен ұстаздардың пікірін ескере келе, шаһарымыздағы басқа білім алу мекемелеріне орнатсақ, ұтылмаспыз. Бұл балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мол мүмкіндік бермек. Ал біз оны енгізудің тетігін қарастырамыз. Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік аясында іске асуы әбден мүмкін. Жалпы, өткен жылы қалада тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласына, пәтер иелері кооперативінің жұмысына байланысты «Смарт Павлодар» жүйесі іске қосылғанын жұрт жақсы біледі. Мектептердегі смарт-жүйе соның жалғасы болмақ, - деді Н.Әшімбетов. «BF Групп» компаниясының директоры Сергей Голышевтің айтуынша, №37 мектепте цифрландыруды енгізуге компания 3 млн. теңге жұмсады. Қаржы көлемі білім ордасындағы оқушылар санына тікелей байланысты. Қазіргі уақытта аталмыш мектепте 1092 бала бар. - Мектепте орнатылған бағдарлама «Смарт Павлодар» қосымшасында бар. Бұл мобильді қосымшаны Play Market немесе App Store-дан жүктеп алуға болады. Жаңа жүйе көпшілік көңілінен шығып, шәкірттерге де, ұстаздарға да, ата-аналарға да оңтайлы болады деген сенімдемін. Енді балабақшада орнату мәселесі қарастырылуда. Бұл мекемелерде турникет емес, тек саусақты сәйкестендіру болады. Демек, балаларды кез келген адам алып кете алмайды. Саусақ таңбасы алдын ала алынған әкесі мен анасы, атасы мен әжесіне ғана рұқсат етіледі, дейді С.Голышев. Білім саласындағы цифрландырудың бұл жобасы нәтижелілігін көрсетіп, қолайлы болса, құба-құп.

Көп күрмеудің шешімі көрсетіледі Адами капиталға бөлінген назар жаңғырудың негізі екенін мамандар біледі. Сондықтан да осы бағытта түрлі амалдар жасалуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 15 наурызында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде халықаралық деңгейдегі мамандардың қатысуымен ауқымды шара өтпек. Нақтырақ айтсақ, ағымдағы жылдың 15 наурызында аталған оқу ордасында «Адами капиталжаңғырудың негізі» деген атаумен дәрістер легі ұйымдастырылады. Оған Мәскеу психоанализ институтының ғалымдары қатысады. Университеттің «Психология және педагогика» ғылыми білім беру және Talent Management Centre орталықтарының қызметкерлері аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін шыңдауға септігін тигізетініне сенімді. Халықаралық шара 10 секция бойынша өткізіледі. Яғни, білім берудегі коучинг, аутизмнің алдын алу, логотерапия, онкопсихология, бизнестегі психологиялық анализ, әкелік проблемалар, репродуктивтік психологиялық соматика, дефектология, спорттық коучинг, дұрыс тамақтану және тағы басқа бағыттар бойынша дәрістер оқылады. Білім беру, бизнес, денсаулық сақтау және спорт саласының майталмандары тәжірибелерімен бөлісіп, ойларын ортаға салады. Сондай-ақ, алдағы уақытта ынтымақтасуға мүмкіндік беріледі. Адам әлеуетін бірлесе зерттеуге де көңіл бөлінеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр бағыт бойынша нақты кеңес беріледі. Мәселен, логотерапия секциясына барсаңыз, мұнда мамандар адамды ынталандыратын, өмірлік мәнін өзгерту қажеттігі жайын түсінуге жетелейді. Ал бизнестегі психологиялық анализ бойынша тілдессеңіз, дәстүрлі әдістермен шешілмейтін бизнестегі мәселенің түйінін тарқатудың қазіргі тәсілдерін үйретеді. Қысқасы, әр тармақтың көтеретін жүгі бар. Шараға білім беру, денсаулық сақтау, спорт саласында еңбек еткен мамандардың қатысқаны жөн, дейді ұйымдастырушылар.

Г.МАҒЖАН.


6

13 наурыз, сейсенбі, 2018 жыл

Ұлттық мүдде

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Арыстанбек Мұхамедиұлы:

Наурыз ең әуелі балдырғандарға арналуы керек Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Егемен Қазақстанға» Наурыз мейрамын жаңа үлгіде өткізу жөнінде тарқата әңгімелеп берді. - Арыстанбек Мұхамедиұлы, осыдан бірер жыл бұрын республикалық баспасөз беттерінде Наурыз мейрамын жаңа үлгіде өткізу жөнінде толғақты ой айтып, жалпы, ұлттық ауқымда атап өтудің тың жолдарын ұсынған едіңіз. Елбасының былтыр сәуір айында жарияланған мақаласынан кейін бұл мәселеге ерекше ден қою қажеттілігі туындаған секілді.

– Әрбір мерекенің өзіндік салмағы бар, ал Наурыз біздің ұлттық ең бірінші мерекеміз! Дәстүрімізді дәріптеп, асыл мұраларымыздың бедерін айшықтауда орны ерекше бұл мерекені қазақ халқы «жақсылықтың бастауы» деп ұғады. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», – деп айтқан сөзі бар. Шығыстың шырайын келтірген, халық арасында керемет қолдауға ие бұл мереке ХVIII ғасырға дейін ежелгі Грекияда, ежелгі Римде, Ұлыбританияда, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте де аталып келген. Сондықтан тарихы әрі де жатқан осы ұлық күнге біз айрықша ықылас танытып, оның мазмұндық қыры менен сырын одан әрі байыта түсуіміз керек. Наурыз мерекесі 1991 жылы 15 наурызда Қазақстан Президенті Жарлығының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болған. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде Елбасы наурыз айының 21, 22, 23 күндерін «Наурыз мейрамы» деп жариялады. Нақ осы күннен бастап республикамызда Наурыз мейрамы кеңінен атап өтіле бастады. Данышпан ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың ғажап белгілерін ескере отырып, айрықша қасиеті бар ай ретінде бағалаған. Ұлытау сұхбатында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді қастерлеуіміз керек» деген сөзінде үлкен мән жатыр. Заман бір орында тұрған жоқ. Наурыз мейрамына жаңа реңк беру үшін адамның ұлтына, діни бағыныстылығына қарамастан, адамгершілік құндылықтарға мән бергеніміз абзал. Қазақстан халқы түгел қамтылатындай мазмұнын жасау керек. Бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі бәрімізге қатысты.

– Ел арасында «Наурыз мерекесі бұқаралық сипаттан ажырап, сахналық кейіпке еніп кетті» деген де сөздер айтылып жүр.

– Иә, аздаған жұртшылықтың қызықтауына ғана айналған фольклорлық қойылым көрінісінен аспай жүргені рас. Сол себепті мерекенің өзіне сәйкес айшықтарын түлете отырып, фольклорлық-этнографиялық ауқымнан жалпы қазақстандық мереке дәрежесіне жеткізу керек. Бұл мәселеде Ұлттық намыс пен рухани болмысымызды жаңғырту деген асқақ ой жатыр. Қазір Наурыз дегенде, тігілген киіз үйлерге келіп, қонақ болып кететіндер мен сырттан бақылайтындар деп екіге бөліп қарауға болады. Мерекеде бақылаушылар болмайды, бәрі де қатысушы болу керек. Біз осыған аса назар аударғанымыз жөн. Сондықтан да Наурызға қажет іргелі ізденістер мен тарихи әрі заманауи шаралар турасында айтар болсақ, мұның бірнеше жолы бар.

– Ол қандай жолдар?

– Бірінші. Ең әуелі Наурыз балдырғандарға арналуы керек. Наурызда біз бар мейірімшапағатымызды балғын балапан-дарымызға арнағанымыз дұрыс. Жаңа жылға сәби неге үйір? Рождество несімен мықты? Аяз ата да, Санта-Клаус та ең әуелі баланың тілін табады. Бір ғана шырша сол күннің шырайын келтіріп, Жаңа жылдың идеологиялық нысанына айналып кетті. Алғашында Жаңа жыл қарсаңында үйге тек қарағай немесе шырша бұтағын орнатқан. Бертін келе бүтін бір ағашты сәндеп қою дәстүрге айналған. Алғашқы жаңажылдық шырша француздық ауданның бірі – Эльзаста орнатылған. Бұл оқиға шамамен, 1600 жылдары болған екен. Ал енді сол

шыршаның айналасында асыр салған ойын баласына Аяз аталар сыйлық сыйлайды, тарту-таралғысын жасайды. Отбасы мүшелерін, үлкендерді де назардан тыс қалдырып көрген емес. Осы тәрізді дәстүрдің берік орнығуы бұл мерекелерді халыққа барынша жақындатқаны мәлім. Сөйтіп Жаңа жылдан әрбір бала тосын жаңалықтар күтеді. Сол секілді Наурыздың қадір-қасиетін жан-жақты қамти отырып, шын мәнінде мереке жасағымыз келсе, Наурыздың бірінші мағынасы да, сәні мен салтанаты да балдырғандар болуы тиіс. Екінші. Ұлттық киім. Осындай қасиетті күндері әркім өзіне жарасатындай, сән-салтанатымен, мақтанышпен киетіндей ұлттық киім үлгілеріне ерекше мән берсе. Наурыз – барша қазақстандықтардың мерекесі. Сондықтан бұл ұлы мерекеге әр ұлттың өкілі өздеріне тән дәстүрлі киімдерін кисе. Қазақтың дәстүрлі ұлттық киіміне күллі әлем тамсана, қызыға қарайды. Барлығымыз осы қасиетті күні, басқа да атаулы күндері ұлттық киім киіп шығайық!

,,

...Ендеше, Қыдыр

бабаны Наурыз мейрамын өткізу барысында ұтымды пайдаланған абзал. Уақытының денін балалармен өткізсін.

Байқасаңыз, Тәуелсіздік таңы атқалы бері жоғарғы биліктен Наурыз мерекесінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қана әдемі шапан киіп, Ұлыс күнінде қалай жүрудің керемет мәдениетті үлгісін көрсетуде. Қазақтың «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» дейтін мәтелі бар. Халық арасында белгілі бір топтар үйде де, түзде де, күнделікті тұрмыста да ұдайы жақсы киініп жүрген. Ел ағалары жағалы киім, тымақ және бөрік киген. Меніңше, біз шал, ақсақал, қарасақал, қарт, қария секілді атауларды кез келген жерге жөн-жосықсыз қыстыра бермей, өз ардақтыларымызды сыйлап, ел ағасы десек орынды болмай ма?! Ал енді бас киімге келсек, тымақтың түрі көп қой. Түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшпақ тымақ. Сыртын берік, қымбат маталармен тыстайды. Тымақ – қасиетті бас киім. Оны айырбастауға болмайды, оған аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра ретінде қалып отырған. Біздің есімізде тымаққа салу дейтін салт болған. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі күнінен ерте туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады. Бұл – тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көрініс. Ұлтымыздың бас киімдерінің тағы бірі – бөрік. Бөріктің сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіледі. Сәндік үшін төбесіне үкі, жиегіне моншақ, шашақ, түрлі асыл тастар, түйме, оқа, зер, күміс тағылады. Жас жігіттер мен сал-серілер, ақындар бөріктеріне үкі тағып, зерлеп, өрнектеп киген. Мысалы, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бөріктерінің төбесіне үкі тағып жүрген. Аналарымыз, қыз-келіншектер бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі киген. Соның ішінде сәукеленің орны бөлек. Сәукеле – тек бас киім емес, ол – қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының, мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы ретінде

бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік. Сонымен бірге, ол – қазақтың қыздарына деген көзқарасының да бір белгісі. Мұның бәрі айналып келгенде, экономикамыздың да қозғаушы күштерінің біріне айналады. Ел арасында ұлттық киімге деген сұраныс пайда болады да, кәсіпкерлер сапалы өнімге көңіл бөле бастар еді. Үшінші. Қызғалдақ – Наурыздың атрибуттық белгісі, эмблемасы ретінде бекітуді қажет етеді. Гүлдің адамға деген әсері өте мол. Себебі гүлден ерекше сұлулықпен бірге адам нәр алады. Гүл тұрған жерде биік сезім бар. Мереке күні аналарға, қыз-келіншектерге гүл сыйлау көңілдерге құштарлық сыйлайды. Бұған қоса мекемелер, көшелер, саябақтар қызғалдақтармен, басқа да гүлдермен көмкеріліп, абаттандырылса нұр үстіне нұр. Төртінші. Күн мен түннің теңелуі – астрономиялық көктемнің тууы. Астрономдардың тілімен айтар болсақ, бұл кезде Күннің орталығы өз қозғалысы барысында Жер экваторын кесіп өтеді. Ғылымда көктем туатын мезгілді түрліше шамалау әдісі қалыптасқан. Күн қозғалысына негізделген есеп бойынша нағыз көктем осы – Күн мен Түннің (21-нен 22-не қараған түні) теңелу сәті. Түн ортасы ауғанда жаппай жаңа күнді қарсы алу дәстүрін түлеткеніміз абзал. Басқа халықтарға қарағанда, Қазақстан халқының Жаңа жыл – Наурызды қарсы алуы осы қасиетімен басым. Бесінші. Батыстық ағайындар «Амал келді – жыл келді!» деп, арқа-жарқа болып, Ұлыс күнін бір кісі дей атап өтеді. Ал бұл ерекше күн Ұлт Көшбасшысы ел дамуының кепілі ретінде белгілеп берген бірлік, татулық, отбасыны қастерлеу сияқты адамзаттық құндылықтарға құрылған. Наурыз мейрамына алдын ала үлкен дайындықтар жасалады. 14 наурыз күні таңғы сағат 6-дан бастап жұрттың бәрі үй-үйді жағалап көріседі. «Кім ерте тұрып, 40 үйге кіріп, көрісетін болса, соған Қыдыр ата несібесін береді» деген де сөз бар. Сол несібені алып қалу үшін кішкентай балдырғандар таң атпай ерте тұрып, үй-үйге жүгіріп, үлкен ата-әжелерге барып көрісетін. Үлкен адамдар «Бүгін көрісуге адамдар келеді» деп, үйінің айналасын, ішін тазалап, жаңа киімдер киіп, күтіп отырады. Сонымен бұл күн Көрісу күніне сұранып-ақ тұр. Алтыншы. Наурыз мейрамының руханимәдени тәрбиелік мәнін іс жүзінде өмірге енгізуді ұсынсақ артық бола қоймас. Бұл мақсатта наурыздың 21-і күні сипатын ашатындай әрі ұлттық таным мен дәстүр салтты жаңғыртатындай • Отбасы күні • Қайырымдылық жасау күні • Ақ дастарқан күні • Тал егу күні деп мазмұн бере отырып, рухани іс-шараларды неге қалыптастырмасқа. Мәселен, Отбасы күні ата-баба рухына тағзым ете отырып, үй іші түгел туғандарымен кездескені дұрыс. Дәстүрдің озығы бар. Корей халқы жылдың бір күнін тек отбасыошақ қасында өткізу үшін, отбасы мүшелері ата-анасына сәлем бере барып, бір-біріне қуаныш сыйлайды екен. Қайырымдылық жасау күні аста-төк ысырапшылдыққа емес, балалар және қарттар үйлеріне сый-сияпат жасаумен ерекшеленсе. Ал Ақ дастарқан күні – ұлттық тағамдар күні десе де болғандай. Бауырсақ, таба нан, салма, майшелпек, қаттама, талқан, бидай көже, тары, жент, майсөк, бөкпе т.б. тағамдардың ыңғайлы қаптамамен шығару өндірісіне ден қойсақ құба-құп болар еді. Наурызда сонымен қатар жаппай тазалық шараларын өткізу керек. «Бір тал кессең, он тал ек!» дегендей, 21 наурыз баршамыз, әсіресе балаларымыздан бастап, тал егіп, көшет отырғызумен айналыссақ. Бұл күн тамылжыған табиғаттың қайта оянатын тұсы. Тек қана өз үйімізді емес, сонымен қатар, ауылдағы ауламыз бен қала көшелерінің тазалығына да қарауымыз

С

қажет. Айнала табиғатты әсем ете түсетін де осы жайқалған ағаштар мен гүлдер емес пе? Әрі балдырғандарымызды еңбекке баулудың тамаша үлгісі болар еді. Жетінші. Дәл осы «Наурыз мейрамы» күндері аясында еліміздің іскер азаматтары, меценаттар, қоғамдық ұйымдар мен мекемелер балалар үйлеріне, тұрмысы төмен отбасыларға және қоғамның әлеуметтік қорғалмаған топтарына жәрдем жасап, қайырымдылық шараларына көңіл бөлгені жөн. Ас мәзірін әз-Наурызға бейімдеп, кәсіпкерлер Наурыз көже, бауырсағын алдымен сол адамдарға тегін таратса. Бұл игі істе Қазақстанның белсенді жастарын, еріктілерді Наурыздың жаңа тұрпатта тойлануына жұмылдырсақ, жүрегімізге жақын мерекенің мәні мен сәні арта түседі. Керек десеңіз, Наурыздың рухани мәртебесі үшін, жыл сайын қыс айларында дәстүрлі берілетін әдебиет пен өнер саласы қайраткерлеріне арналған сыйлықтардың табыс ету мерзімін де Наурыз мейрамына ауыстырған абзал. Сегізінші. Қыдыр баба (Қызыр) бар жақсылықтың, молшылық пен берекенің иесі, үміттің шырағын жағатын кие. «Қырықтың бірі – Қыдыр» сөзінің астарынан осындай түсініктен туындаған факторды көреміз. Қыдыр баба көпшіліктің алдында қашанға дейін бата беріп, «үлкен» кісілердің соңында жүруі тиіс? Қиялды ұштай түсетін мүмкіндіктерді пайдаланайық. Ендеше, Қыдыр бабаны Наурыз мейрамын өткізу барысында ұтымды пайдаланған абзал. Уақытының денін балалармен өткізсін. Тақпақ айтқызсын, өлең оқытсын, ән тыңдасын, өнерін көрсін! Сондықтан Қыдыр атаның мейірімі алдымен балдырғандардың көтеріңкі көңіл күйімен ұштасқаны керек.

– Наурыз кезіндегі мәдени және спорттық шараларды қайтеміз?

– Дұрыс айтасыз. Наурыз мейрамы аясында мемлекеттік деңгейдегі дәстүрлі мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастыруды жандандыру керек. Сондай-ақ, бұқаралық спортты және халықтық дәстүрлерді насихаттау мақсатында, велошеру, марафон секілді бүкіл халықтық сипаты бар спорт шараларымен қатар ұлттық ойындардан жыл сайынғы республикалық «Наурыз спартакиадасын» ұйымдастыруды ұсынамыз. БАҚ мүмкіндіктерін пайдалануға айрықша назар аударғанымыз абзал. Барлық бұқаралық ақпарат құралдары Наурыз мейрамын атап өту барысында өткізіліп жатқан шаралардың танымдық және мазмұндық жағына мән беруі тиіс. Наурыз идеясын насихаттау барысында аймақтар арасында телекөпірлер өткізу, телемарафондар мен тақырыптық бағдарламалар, ақпараттың басқа да формаларын ұйымдастырудың маңызы зор.

– Шынымен-ақ, сөзіңіздің жаны бар. Былай қарасаң қолдан келетін-ақ нәрсе. Ата-бабаға тағзым, ұрпаққа өнеге болушы еді.

– Иә. Наурыз қоғамда саяси тұрақтылықты, достық пен келісімді нығайтудың, жалпы қазақстандық, отбасылық мерекенің тетігіне айнала бастауы тиіс. Бұл – осынау қасиетті де қастерлі жерді мұра етіп қалдырып кеткен ата-баба алдындағы борышымыз. Бұл – біздің ұрпақ алдындағы міндетіміз! «Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы дала деп, ал бабаларымызды Ұлы даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең-байтақ Ұлы даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала елі!» деп еді ғой Президент. Болашаққа бағдар жасап, үлкен серпіліс жасаған елімізге қазір дүниежүзі тамсанып, үлкен үмі тпен қарап отыр. Ендеше, игі лі кке беттеген кез келген жаңа бастаманы ерекше ықыласпен атқарып, жаңғырған рухтың жаршысы болуға ұмтылайық.

– Әңгімеңізге рақмет.

Әңгімелескен -

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».


ЖАРНАМА

САРЫАРҚА САМАЛЫ

13 наурыз, сейсенбі, 2018 жыл

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы, 140000 Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2, анықтама телефоны (87182) 65-38-82, (факс) 67-52-07, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар облыстық жедел медициналық көмек станция» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қадағалау кеңесі мүшелерін іріктеу бойынша байқау жариялайды. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 14000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Абай көшесі, 115, телефоны 8(7182) 32-87-88. Кәсіпорын қызметінің мәні болып табылады: лицензияға сәйкес берілген заңда белгіленген тәртіпте және медициналық қызмет түрлерімен бекітілген, жоғары білікті медициналық қызмет көрсету. Қатысушыларға қойылатын талаптар: 1. Жоғары білімінің бар болуы, сонымен қатар, келесі талаптардың біреуі: 2. Білім беру немесе денсаулық сақтау саласында он жылдан кем емес еңбек өтілі; 3. Білім беру немесе денсаулық сақтау саласында бес жылдан кем емес еңбек өтілі (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары). 4. Білім беру немесе денсаулық сақтау саласында қоғамдық бірлестіктерінде мүшелігі. Бұл конкурсқа келесі тұлға қатыса алмайды: 5. Қазақстан Республикасы заңнамасы тәртібінде бекітілген сот мерзімі әлі өтелмеген немесе сотталғандығы жойылмаған болса; 6. Заңды тұлғаның, оның банкрот болды деп мойындау туралы шешім қабылданғанға дейін, бір жылдан аса басшысы болса; 7. Осының алдында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған болса; 8. Басқа қадағалау кеңес мүшелерімен туысқандық қарым-қатынасы немесе байланысы болса, мемлекеттік кәсіпорынның басшысы болса.

Конкурсқа қатысу туралы өтінішті тапсыру мерзімі: Конкурсқа қатысуға ниеті бар тұлғалар үшін құжат қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс жүргізілетіні туралы хабарландыру жариялаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме, ерікті түрде баян етілген өмірбаян құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі, үміткердің жеке бас куәлігі, жоғары білімі туралы құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі, еңбек кітапшасының (егер болса) немесе соңғы жұмыс орнында алған еңбек келісімшартының нотариалдық расталған көшірмесі, құқықтық статистика бойынша Комиттетің аймақтық бөлімдерімен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есебімен берілген сотталмағандығын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасамағандығын дәлелдейтін құжаттар. Қатысушы адам өзінің біліміне еңбек өтіліне, кәсіби дайындығына (біліктілікті арттыру, ғылыми дәреже мен атақтар берілгендігі, ғылыми жарияланымдар сондай-ақ, алдыңғы жұмыс орны басшылығынан ұсыныстар және т.б. туралы құжаттар) қатысты қосымша ақпарат ұсына алады. Құжаттар келесі мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар қаласы, Абай көшесі, 115, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «ПОЖМКС» КМК, тел: 32-87-88, кадр бөлімінде, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс жүргізілетіні туралы хабарландыру жариялаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде. Конкурс облыстық денсаулық сақтау басқармасында келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 151/2-үй, 4 қабат, мәжіліс залы, құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (индекс 140000, Павлодар облысы, Павлодар қ., Павлов көш., 1/1, анықтама телефондары – 8(718-2)54-68-59, факс 8(718-2) 54-42-92 электронды мекенжайы: http://duis-enbek-pvl. kz) бос лауазым орнына конкурс жариялайды:

жазылған және басып шығарылған толық толтырылған өмірбаян; 5) нотариуспен расталған білім туралы құжаттың көшірмесі; 6) нотариуспен расталған еңбек жолын куәландыратын құжаттың көшірмесі (бар болса); 7) нотариуспен расталған әскери билеттің немесе әскерге шақыртылатын учаскеде тізімге алу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 8) соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе кондитаттың әскери қызметті өтеген әскери бөлімінен мінездеме; 9) 3х4 см көлеміндегі төрт фотосурет; 10) Қазақстан Республикасының азаматы тұлғасын растайтын құжаттың көшірмесі; 11) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі №71 бұйрығымен бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін қолдану мен жүргізудің ережелеріне сәйкес нысан бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы есеп және құқықтық статистика жөніндегі комитетінің есебі бойынша жоқ немесе бар болуы жөінідегі анықтама (№9638 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген); 12) шектік деңгейден төмен емес нәтижесімен Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеуден өту жөніндегі сертификат, құжаттарды тапсыру уақытында жарамды (немесе нотариуспен расталған сертификаттың көшірмесі); 13) уәкілетті органда жеке сапасын бағалаудан өткендігі туралы тұжырымдама, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде жарамды (немесе тұжырымдаманың нотариуспен расталған көшірмесі); 14) олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптілік деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) атақтар мен дәрежелері туралы құжаттардың көшірмелері, спорттағы жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми басылымдары мен өзгелер) (бар болса). Құжаттарды толықтай ұсынбау оларды қарастырмай қалдыруға негіз болып табылады. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурсты өткізетін ІІО кадр қызметіне жоғарыда аталған құжаттарды құжат тігілетін папкаға салып, қоса берілетін құжаттардың тізімін көрсетіп, құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде өздері әкеліп тапсырады. ЕСКЕРТУ: ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ҚҰЖАТ ТІГІЛЕТІН ПАПКАҒА САЛЫНЫП, ҚОСА БЕРІЛЕТІН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІМЕН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КАДР ҚЫЗМЕТІНЕ ҰСЫНЫЛАДЫ.

1. Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті АП-162/1 мекемесі режим және күзет бөлімінің бақылаушысы (Павлодар облысы Павлодар қ.), C-SV-13 санаты бойынша – 15 (он бес) бірлік. Негізгі функционалдық міндеттері: Мекемеде ұсталатын арнайы контингентке бақылау мен қадағалауды және олардың заңға қарсы әрекет жасауларын болдырмауды жүзеге асыру. Өткізу тәртібінің талаптарын қатаң сақтауға. Бас қақпа арқылы қамаудағы адамдардың қашып кетулеріне және мекемеге кіруге құқығы жоқ тұлғалардың енуіне жол бермеу. Қызметті қырағылықпен атқару, ауыстырылмағанша күзет орнын тастап кетпеу. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жасы 35 жастан үлкен емес, әйел адамдар үшін бойы – 165 см, ер адамдар үшін - 170 см төмен емес, білімі – ортадан төмен емес, әскери қызметтен немесе әскериоқыту резерв дайындығы бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарынан әскери дайындықтан өткен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметтен кейінге қалдырылған немесе босатылған азаматтар. Конкурс Қазақстан Республикасы ІІМ 2016 жылғы 31 тамыздағы №870 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке түскен кездегі тағылымдама мен конкурс өткізу ережесінің негізінде өткізіледі. Конкурс комиссиясы жұмысының әділдігі мен айқындығын қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысында бақылаушы ретінде қатысу үшін тұлға сұхбат өткізуден бір жұмыс күні бұрын кадр қызметіне келіп тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама; 3) Қазақстан Республикасы ІІМ 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №1000 бұйрығымен бекітелген ІІО қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру мен іріктеу Ережесіне сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (бұдан әрі – Іріктеу ережесі); 4) Іріктеу ережесіне сәйкес нысан бойынша қолдан

(2052).

Жан әкемді еске алу Тәрбиеңді көріп өстік жасымыздан, Ешкім сендей сипамаған басымыздан. Түсіне алмай қалдық әке артыңыздан, Кетуіңіз де болды-ау бізге тосыннан.

1 жыл өтті немере де сағынды, Суретіңе атам ғой деп қарады... Жұмбағы мен сырлары көп дүние-ай, Өзегімізді өртеп, бөліп барады.

Алла салды басымызға сынақты, Жиі еске алсын деп пе, жылатты. Қайғысы мен қызығы көп өмір-ай, Бірде көтеріп, бірде жығып құлатты.

Еске алушылар: Жұбайы – Күнсұлу, балалары: Жангелді – Маржан, Ардақ – Гаухар, Мадияр – Зульфия, Ризат – Зульфира, Самал, немерелері: Арнұр, Анель, Расул, Елнұр, Асель, Даниял, Дильназ, Дарина, Адия.

«Кенжекөл ауылының №20 сәбилер бақшасы» МҚКК орналасқан орны; Қазақстан Республикасы, 140014 Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Токин көшесі, 3 тел.: 8(7182)35-29-06. ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІ: ұйымның өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында жүзеге асырады. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: білімі жоғары қажетті профиль бойынша, осы лауазымның мамандығы бойынша басқару лауазымдарында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы; КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ЖІБЕРІЛГЕН ҮМІТКЕРЛЕР конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалар тізімін бекіткен соң, он күнтізбелік күн ішінде «Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция даңғылы, 3, мекенжайы бойынша белгіленген ретте әңгімелесуден өтеді. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР: үлгі бойынша арыз; мемлекеттік және орыс тілдерінде резюме; еркін үлгіде мазмұндалған өмірбаяны; нотариалды бекітілген жеке куәліктің, білім туралы құжаттың көшірмелері; нотариалды бекітілген еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, не болмаса нотариалды бекітілген соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартының бұзылуы туралы бұйрықтардан көшірмелері; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша мәліметтер бере алады. Алдыңғы жұмыс орны басшысынан ұсыным. ҚҰЖАТТАР БАҚ ресми басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде 140014, Кенжекөл ауылы, Конституция даңғылы, 3, тел.: 8(7182) 35-24-72, 35-28-24. мекенжайға (2049). ТАПСЫРЫЛУЫ ТИІС:

«2018 жылғы 16 наурызда «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясын өткізеді. Акция аясында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар; сауда, кәсіпкерлік және туризм; білім беру және ауыл шаруашылығы басқармаларының, облыс бойынша кәсіпкерлікті дамыту палатасының өкілдері азаматтарды қабылдайды. Қабылдау 2018 жылғы 16 наурызда сағ. 10.00-ден 12.00-ге дейін Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А мекенжайы бойынша өтеді. Қабылдауға жазылу 61-80-99 телефоны арқылы жүзеге асады. (2050).

(2051).

Жасқайрат Танатұлы Арынғазин 1 жыл өтті асқар тауым құлағалы, 1 жыл өтті анамыз жылағалы. Әр күніміз сағынышпен өткенімен, Жүрегіміз әке деп соғады әлі.

«Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ Павлодар қаласы әкімдігі, Кенжекөл ауылдық округі әкімі аппаратының «Кенжекөл ауылы №20 сәбилер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды.

Арынғазин Жасқайрат Танатұлының дүниеден озғанына 1 жыл толуына байланысты дұға оқытылып, ас беріледі. Өтетін орны: Павлодар қаласы, Иса Байзақов көшесі, 186, «Версаль» мейрамханасы, 2018 жылдың 17 наурыз күні сағат 12.00-де (309).

66-15-40 ÆÀÐÍÀÌÀ 66-15-42 «Ертіс Медиа» ЖШС–нің ұжымы даму және ұйымдастыру кадрлық жұмысы бөлімінің маманы Гүлнар Түлеубекқызы Қибатоваға қайын атасы

Мақсұт Медияұлы Қибатовтың

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

7

САРЫАРҚА САМАЛЫ

МЕНШІК ИЕСІ

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Ертіс Медиа» ЖШС, «Сарыарқа самалы» облыстық газеті Газет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 30.09.2014 ж. №14562-Г куәлігі берілген.

Газет 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2014 жылы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен марапатталды. ЖШС директоры Асқар ШӨМШЕКОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ Телефоны. 66-15-30 ЖШС-нің мекенжайы. Павлодар қаласы, Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй. Редакцияның мекенжайы. 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды поштасы: ssamaly29@gmail.com. Бас редактордың орынбасары 66-14-61. Жауапты хатшы 65-12-74. Әлеуметтік бөлім 66-14-63, 66-15-31, 66-15-32. Экономика, саясат 66-14-64, 66-15-28, 66-14-65. «Айналайын» 66-14-63. «Жас times» – 66-15-32.

Жарнама бөлімі: s_samaIy_reklama@maiI.ru 66-15-42, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі 66-15-41. Фототілші, корректорлар 65-12-74. Газеттің нөмірі «Сарыарқа самалының» компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына үш рет шығады, апталық таралымы 15784 дана, бүгінгі көлемі 2 б.т. «Дом печати» ЖШС баспаханасында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны. 8 (7182) 61-80-26. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 525 Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді. Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. «Сарыарқа самалында» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті. Баспа индексі 65441.


8

СПОРТ

13 наурыз, сейсенбі, 2018 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДА

Жерлестер - жеңімпаз! Амалдар

Республикалық VII қысқы Универсиада ойындары өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге қатысқан екі мыңға тарта спортшы он күн ішінде спорттың сегіз түрі бойынша мықтыларды анықтады. Жарыстың жалпыкомандалық есебінің қорытындысы бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері жарыс жеңімпазы атанды!

Жыл басы Наурызды ел асыға күтеді. Қиыншылығы көп қыстан малды аман алып шығамын ба деп, қардың тез кетерін не кетпесін болжайды. Қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурыз күні қар бетіне түскен құмалақ өз салмағымен батса, жаз тез шығады дескен. 14 наурыз күні халық «қыс жұлдызы бітіп, жаз жұлдызы туды» деп есептейді. Кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде бұл кездері ауа райы түрлі сипатта болады. Оңтүстікте күн жылып, құс келе бастаса, орталық, солтүстік өңірде мұз көбесі сөгіліп, көктемнің жылы лебі енді есе бастайды. Наурызда қандай амалдар бар? Ұзынсарының желі – наурыздың соңғы онкүндігінде соғатын жел.

Алпысбай ХОНЖ

Самарқанның көк тасы жібитін күн.

Универсиада ойындары кестесіндегі шаңғы биатлоны Ақмола облысы Шучинск қаласында өтсе, өзге бәсекелердің барлығы Павлодарда ұйымдастырылды. - Бүгінгі таңда елімізде 124 жоғары оқу орны бар. Осылардың қырыққа жуығы ғана қысқы Универсиада ойындарына қатысады. Жазғы ойындарда бақ сынауға ниетті жоғары оқу орындарының саны елуден әрі ге асқан емес. Бі з жүзге тарта университетті осындай ірі жарыстардан көргіміз келеді. Сан бар жерде сапа да артады. Жастар арасында бұқаралық спорт толыққанды насихатталмайынша қысқы олимпиада ойындарынан алтын күту әбестік. Жарысқа қатысушыларды көбірек тарту мақсатында қысқы Универсиада кестесіне жазғы спорттың кейбір түрлерін енгіздік. Павлодарда өткен Универсиада ойындарының ұйымдастырылу деңгейі жақсы. Бұл тұрғыдан алғанда, ертіс жағасындағы кербез шаһар көпшілікке үлгі бола алады, - деді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садық Мұстафаев. Он күнге созылған спорттық бәсекеде өзгелерден оқ бойы озық өнер көрсеткен Павлодар мемлекеттік педагогикалық

университеті жалпыкомандалық есепте Универсиаданың жеңімпазы атанды! Күміс жүлдеге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ие болса, үшінші орынды Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қанағат тұтты. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті төртінші орыннан көрінді. Бесінші орынды Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің спортшылары қанжығаларына байлады. Үздік алтылықты алматылық Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті түйіндеді. - Біз Шымкент қаласынан келдік. Теріскейдегі республикалық ойын жоғары деңгейде өтті. Ауа райы жылы бі здің өңір тұрғындары үшін қысқы спорт түрімен айналысу аса қолайлы емес. Студенттер арасындағы республикалық Универсиада ойындарының бағдарламасына жазғы спорт түрлерін енгізу дұрыс шешім деп ойлаймын. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері футзал, қазақ күресі, армрестлинг бойынша шеберліктерін сынға салды. Жарыс болған соң біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Басты мақсат - ауқымды шараға қатысу, студенттердің қысқы спортқа деген қызығушылығын арттыру, - деді аталған универсиет командасының жетекшісі Нұрқасым Шегенбаев. Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының хатшысы Құлтас Достанның айтуынша, бұған дейінгі қысқы Универсиада ойындары еліміздегі бірнеше

Сәтті бастады

қалада бөлініп өткізіліп келген. Ал осы жолғы қысқы Универсиада ойындарының басым бөлігінің Павлодар қаласында ұйымдастырылуы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болған. - Біздің университеттен байрақты бәсекеге 115-ке тарта спортшы қатысты. Қыздар арасындағы пауэрлифтинг бәсекесінде аруларымыз қарсылас шақ келтірмеді. Президенттік көпсайыс бойынша жүлделі бірінші, екінші орындарды иелендік. Шаңғы жарысынан командалық есепте жақсы нәтиже көрсеттік. Қысқы спорттық бағдарлау сайысы бойынша біздің спортшылар өзгелерге мықтылықтарын мойындатты. Баскетбол мен футзалдан – төртінші орын алдық. Өз өңірімізде намысымызды абыроймен қорғаған қыз-жігі ттерге алғыс айтамыз! Студенттерді ынталандыру мақсатында жеңімпаздарды оқу ордамызда да құрметтеп, арнайы марапаттау ойымызда бар, – дейді ПМПУ-дің дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Татьяна Командик. Айтпақшы, 2016 жылы Алматы қаласында өткен VI қысқы Универсиада ойындарында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты жүлделі екі нші орынды жеңі п алған еді. Қысқы Универсиаданың аясында өткен қазақ күресі, армрестлинг, пауэрлифтинг, баскетбол, футзал секілді ойындарға қатысушылардың қарасы қалың болды. Мәселен, ерлер мен әйелдер арасында қазақ күресі нен өткен жарысқа барлығы 38 команда қатысып, 257 палуан бақ сынады. Мамандар қысқы спорт бойынша өтетін кешенді жарыстарды жазғы ойындармен толықтыру әлемдік тәжірибеде бар дейді. Алдағы уақытта спорттың бұл түрлері жазғы Универсиада бағдарламасынан алынып тасталады.

ФУТБОЛ

Менің тұлпар тағдырым Әскерхан АҚТАЙ

Кереге таста, кекілік, Келе кетсең болмай ма? Жел айдаған жетім бұлт, Күннің көзін торлай ма? Қайқы қанат қарлығаш, Қайырылсаң қайтеді? Дертім менің арылмас, Дауа болар айт емді? Бұлдырап ұшқан бұлдырық, Бұрыларсың бір күні. Жіпке ине ілдіріп, Жамала ма жыртығым.

...Аласармас айбатым, Шыдам үзер шідерін. Қажымайтын қайратым, Жасымайтын жігерім.

тұста «Ертіс» күтпеген жерден өз қақпасына бір доп жіберіп алды. Осылайша «Ертіс» 2:1 есебімен алғашқы турды аяқтады. - Кездесу өте ауыр болды. Қос команда ойыншылары да аянбай тер төкті. Алаңдағы ойыншылардың шеберлігіне қарап, әлі де жетілдіретін тұстардың бар екендігін аңғардым. Дегенмен командамыз жедел әрі өткір шабуылдар ұйымдастыра білді. Бұл чемпионаттың басы ғана. Биылғы ел чемпионатында жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын, - деді «Ертістің» бас бапкері Жерард Нус. Жерлестеріміз ел чемпионаты аясындағы келесі кездесуін 17 наурыз күні өз алаңында «Ақтөбеге» қарсы өткізеді.

Алпысбай ӘБДІЛҰЛЫ.

БІР ӨЛЕҢ

Ұлытауда ұлармын, Ұмыттың ба ұлтымды. Мұнар, мұнар, мұнар күн, Тістелеймін ұртымды.

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы жаңа маусымды сәтті бастады. Премьер-лиганың алғашқы турында өз алаңында «Атыраудың» аяқдопшыларын қабылдаған Жерард Нустың шәкірттері қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсті. Төреші ысқырығы естілісімен басымдықты қолға алуға тырысқан жерлестеріміз ойынның алғашқы 5-ші минутында-ақ гол соғып, жанкүйерлерін желпінтіп тастады. Шеберлігімен көзге түскен - «Ертістің» жартылай қорғаушысы Павел Шабалин. Осылайша ертістік ойыншы биылғы футбол маусымындағы алғашқы доптың авторы атанды. Бұдан әрі ойын алма-кезек шабуылдармен өрбіді. Ойынның 21-ші минутында қақпашымен бетпе-бет келген Дору Пападюк мергендігімен танылды. 2:0 есебімен бірінші кезеңді аяқтаған қос қарсылас ойынның екінші жартысында да жақсы ойын өрнегін көрсете алды. Әсіресе, атыраулық команда есепті қысқарту үші н барын салды. Ойын аяқталуға жақындаған

Бұл – Наурыз айының 22-сі, күні шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл енеді. Бұл күні шығыста күн жылып, жер жібіп, ашық, шуақты мезгілдер басталады. Самарқандағы Ұлықбек обсерваториясына байланысты қағидаға айналған бұл сөз «көктем, жаңа жыл басталады» деген ұғымды білдіреді. Наурыздың ақша қары. Көктем шығып, наурыз айы соңына таяса да, еліміздің кей өңірінде күн суытып, қар жауады. Халқымыз наурызда жауған ақ ұлпаны «Наурыздың ақша қары» деп атайды. Құс қанаты. Наурыздың соңғы күндерінде жыл құстары ұшып келе бастайды. Олардың келуімен қар аралас жаңбыр мен суық жел тұрады. Мұны ел «құс қанаты» деп атап, амалға жатқызған. Аласапыран – көктемнің наурыз айында кейде сәуірде қар күрт ерігеннен жер лайсаң болып, шаруашылыққа қолайсыздық әкелетін кезең. Сондай-ақ қар бірде жауып, бірде еритін күздің жайсыз мерзімі де «аласапыран» деп аталады.

Мінәжат қып күні-түн, Таңға ұласар таңдарым. Үзілмейтін үмітім, Адастырмас арманым. Туар...толар Ай ғұмыр, Сырғанайды сылбыр күн. Тыпыршиды Тайбурыл, Ширықтырып шылбырын.

Суреттерді түсірген - Дархан Өмірзақов.

Өмір жолы жосылған, Маңдайға лып таң нұрын. Аламанға қосылған, Менің тұлпар тағдырым.

13 наурыз, 2018 жыл №29 (15200)  
13 наурыз, 2018 жыл №29 (15200)  
Advertisement