Page 1

САРЫАРҚА Павлодар облыстық газеті 1929 жылғы 15 ақпаннан шығады ssamaly29@gmail.com

САМАЛЫ

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

ТІРШІЛІК НӘРІ

Ауылға ауызсу келді

13 қазан, сенбі 2018 жыл №118 (15289)

@saryarka_samaly

Нақпа-нақ Ертістің Павлодар өңірінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты

40 пайызға артты ЖӘРМЕҢКЕ

Астанада аста-төк сауда Бүгін Астана қаласында Павлодар облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталды.

Суретті түсірген – Дархан Өмірзақов.

Тереңкөл ауданында әр салада құрылыс қарқын алды. Әсіресе, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту бағытында ілкімді істер қолға алынған. Атап айтсақ, өткен жылы аудан орталығында су тазарту нысаны, Федоровка ауылында су құбырының құрылысы аяқталды. Биыл тағы екі елді мекенде су құбыры салынуда. Жалғасы 6-бетте

Құрметті оқырмандар!

БАСПАСӨЗ-2019

2019 жылға «Сарыарқа самалы» газетіне жазылу басталды Жазылу мерзімі

«Қазпошта» АҚ–ның бөлімшесі арқылы жазылу Индексі 55441 қала ауыл

6 ай (аптасына 4868,20 теңге 5186,40 теңге үш нөмір) 12 ай (аптасына 9736,40 теңге 10372,80 теңге үш нөмір) Индексі 55442 12 ай (бейсенбілік қала ауыл нөмір) 4040,70 теңге 4251,40 теңге

«Alash Press» Редакцияда ЖШС-нің бөлімше- ресімделу және лері арқылы жазылу алумен жазылу Павлодар қ.

Павлодар қ.

4865 теңге

3810 теңге

9730 теңге

7620 теңге

4035 теңге

3144 теңге

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел.32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта» ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел.61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, баламалы жазылу арқылы Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан алуға болады.

Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің кез келген басылымға 50 данадан кем емес жазылған жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз. Тел.: 8 (7182) 66-15-41.

Оған аймағымыздың 100-ден астам шаруашылығы белсене атсалысуда. Олар елордаға жалпы сомасы 150 млн. теңгенің өнімін апарды. Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт кешенінің аумағы үлкен сауда алаңына айналды. Мұнда Павлодар облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде. Шараға аймағымыздың барлық аудандарынан 100-ден астам қайта өңдеуші кәсіпорындары мен шаруашылықтары қатысуда. Олар елордаға жалпы сомасы 150 млн. теңге болатын 541 тонна өні м апарды. Соның ішінде, 55 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 220 тонна картоп, 120 тонна көкөніс және 146 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері бар. Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, павлодарлық тауар өндірушілердің өнімдері Астана қаласында зор сұранысқа ие. Тіпті, елорда тұрғындары біздің тауарларымызды асыға күтеді десек, артық айтқандық емес. Оған дәлел, жергі лі кті шаруалар жәрмеңкеге апарған барлық тауарын сатып келетін еді. Бұл жолы да осылай болатын сыңайлы. Себебі алғашқы күні-ақ таң сәріден жәрмеңкеге жиналған тұрғындардың қарасы қалың. Павлодарлық кәсіпорындар өз тауарларын қолжетімді бағамен саудалауда. Олардың қатарында, аты республика көлемінде танылып үлгерген «Сағып», «РЭГТайм» шаруа қожалықтары, «Рубиком», «КЭММИ», «Крендель», «Зерноград», «Галицкое», «Шарбақты-Құс», «Қызылжар-Құс», «Победа», «Ақтоғай Агро» сері ктесті ктері сияқты басқа да кәсіпорындар бар. Атап өтерлігі, жәрмеңке барысында Павлодар облысының «Шаңырақ» мәденисауық орталығының шығармашылық ұжымдары ән мен күйден шашу шашып, астаналықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.

Д.АЙТПАЙ.


2

13 қазан, сенбі, 2018 жыл

Бөле-жара Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір аптаның аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер балапанды апта сайын санайды. Осы жеті күнде жер бетіндегі тіршіліктен көңілге оғаш, көзге ерекше көрінгені жетерлік. Есірікке де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде, дөңгеленген он сегіз мың ғаламда біз куә болған, бөле-жара айтар оқиғалар қайсы?

Бір кем дүние... «Бір кем дүние» деп шырылдап өткен Шерағаңды, Шерхан Мұртазаны соңғы сапарға шығарып салды осы аптада қазақ жұрты. Жазушы, журналист Шерағаңның еңбектері ел тағдырымен тамырлас. Сонымен қатар көптеген тұлғалардың рухани ұстазы болды ол. Шерхан Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Жастық шағында «Лениншіл жас» пен «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі болып қызмет етсе, 1963-1970 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінің редакторы болды. Одан кейінгі кездері «Жазушы» баспасы мен «Жалын» альманахының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған. 1989-1992 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992-1994 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты да болды. Жазушының әр жылдары жазылған «Табылған теңіз», «Белгісіз солдаттың баласы», «Ахметжанның анты», «Мылтықсыз майдан» повестері, «41-жылғы келіншек», «Интернат наны» әңгімелері, «Қара маржан», «Жүрекке әжім түспейді», «Не жетпейді?», бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» романдары қазақ прозасына қосқан өшпес туынды болып қалары сөзсіз. Ш.Мұртаза 86 жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды. Қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұлттық баспасөздің биік бәйтерегі еді. Қашанда әділдік пен ақиқаттың алдаспаны болғаны үшін қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаны халқы «Шерағаң» деп қадір тұтты. Қазақ руханиятындағы орны мен жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды.

Ақша жинайтын комитет Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы мектептердегі ата-аналар комитетіне тыйым салу туралы ұсыныс жасап отыр. Ұлттық бюроның қызметкерлері оқу орындарында арнайы сауалнамалар жүргізіп, біраз былықтың бетін ашқан. Мысалы, Астана қаласында биылғы маусым айында ата-аналар арасында аноним түрде сауалнама ұйымдастырып, олардың өз балалары үшін әр кез 10 000 теңгеге дейін жинайтындарын анықтапты. 100 адамның 87-сі өмірінде бір рет болса да мектепте ақша жинағанын айтқан. Алайда ата-аналардың ешқайсысы мектептерде ақша жинайтыны жайлы ашық айтпайды екен. Ұлттық бюро мамандары Білім және ғылым министрлігіндегілерге ата-аналар комитетіне тыйым салу туралы ұсыныс жасаған екен. Бірақ жауапты министрлік ондай комитеттердің жұмысын тоқтатуға қарсы шықты. Мұндай ұйымдар ешқандай заңда немесе нормативтік актілерде көрсетілмеген. Дей тұрғанмен, олар ата-аналарға балаларының оқу үлгерімі мен мектептегі тәрбиесін бақылап отыру үшін өте қажет екен-мыс. Шынымен де ата-аналар комитетінің функциясы не? Ол мереке күндері ақша жинау немесе шаралар ұйымдастыру, балаларды бір жерге апару. Қазір әрбір мектепте қамқоршылар кеңесі жұмыс істеп жатыр. Ал ол кеңес ата-аналардан құрылған. Асханасын да, бәрін қадағалайды. Ақша жинаудың заңсыз екенін министрліктегілер жақсы біледі.

Сырттай сотталды

Осы аптада Алматыда ерлі-зайыпты Виктор және Лейла Храпуновтарға сырттай үкім оқылып, сот жазасы белгіленді. Олар мемлекеттің жылжымайтын мүлігін иеленді, пара алды, қылмыстық топқа қатысы бар деп айыпталған еді. Виктор Храпунов жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге максималды қауіпсіздігі бар қылмыстық-атқару жүйесінде 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Ол Ұлттық банк, қаржы мекемелері, мемлекеттік ұйымдар мен басқа да мекемелерде қызмет атқару құқығынан айрылады. Сондай-ақ, Алматының бұрынғы әкімі барлық атақтарынан айрылды. Ал оның жұбайы Лейла Храпунова 14 жылға сотталды. 2007 жылы елдің қаржысын жымқырып қашқан ерлі-зайыпты Храпуновтардың мемлекетке келтірген шығыны 250 млн. доллардан асады. Швейцарияда алшаң басып, алаңсыз өмір сүріп жатқан экс-шенеунік пен оның жақындарына Интерпол баяғыда-ақ халықаралық іздеу жариялаған еді. Апта оқиғаларын бөле-жара сөзсөз еткен - Апта оқиғаларын бөле-жара еткен

Мұрат АЯҒАНОВ. Мұрат АЯҒАНОВ.

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ

Басты мақсат - ортақ іс Мемлекет басшысы Қазақстан халқына биылғы Жолдауында қоғам назарында жүрген өзекті мәселелерге тоқталды. Бұл әлеуметтік саланы жаңғыртуға негіз қалаған стратегиялық құжат деп білеміз. Жолдауда тұрғын үй секторын, табиғи монополиялар тарифтерін реттеу, жолдардың сапасын жақсарту, шағын және орта бизнесті несиелендіру және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, тұрғындардың табысын көтеру бағытындағы мәселелерді шешудің нақты шаралары қарастырылған. Соның ішінде, ең төменгі жалақының мөлшерін арттыру бастамасын ерекше атап өтуге болады. Елбасының тұрғындардың баспана мәселесін шешуге бағытталған «7-20-25» бағдарламасына қатысты қосымша жеңілдіктер ұсынылды. Жолдау жарияланғаннан кейін іле-шала аталған ипотекалық бағдарламаның алғашқы

жарнасын субсидиялау бағытында шешім қабылданды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының жүзеге асу мерзімінің ұзартылуы шағын және орта бизнестің дамуына жаңа серпін беретіні сөзсі з. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің қызметін реформалау мәселесін көтергенін ерекше атап өткім келеді. Бұл Елбасының азаматтық қоғам белсенділерінің билік құрылымын реформалау идеясын қолдауға дайын екенін көрсетеді. «Педагог» мәртебесі туралы Заңның қабылдануы осы мамандықтың әлеуметтік мәртебесін көтерудің нақты қадамы бола алады. Экономиканың

шикізаттық емес секторында тікелей инвестициялар қорын құру еліміздің ұлттық мүдделеріне жауап беретін отандық тауар өндірісін дамытудың қосымша және қуатты катализаторы болуы мүмкін. Жолдауда елге қажетті барлық тауарлар өзімізде өндірілуі тиіс екені айтылды. Барлық саяси және әлеуметтік күштердің осы стратегиялық құжаттың айналасында бірігуі маңызды болып табылады. Ондағы талаптарды сәтті жүзеге асыру – баршамызға ортақ міндет.

Гаухар НҰҒЫМАНОВА,

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы.

Жастарға қаражат та, назар да көбейеді Елбасымыз биылғы Жолдауында жастар мәселесіне айрықша назар аударып, келесі жылды жастар жылы деп жариялайтынын атап өткені мәлім. Павлодарда алдағы уақытта жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетілмек. Атап айтқанда, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен» бірлесіп, жас кәсіпкерлердің жобасын қаржыландыру үшін 400 млн. теңге қарастырылмақ. Оның 100 миллион теңгесі қала әкімдігі тарапынан, 300 миллионы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан» бөлінбек. Яғни, жастардың несие алуына мол мүмкіндік жасалады деген сөз. Сонымен қатар, жастардың қоғамдағы белсенділігін арттырып, оларды қоғамдық іс-шараларға көптеп тарту үшін 2019 жылы жастар саясатына бағытталған бюджет көлемі екі есеге ұлғаяды. Елбасымыз тұрғын үй мәселесіне де айрықша мән беріп отыр. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсетеді» деп атап өтті. Қала басшылығы алдағы уақытта бұл салаға да көп мән беретінін атап өтті. - Тұрғын үй мәселесі біздің басты назарымызда. Павлодарда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалпы аумағы 100 мың шаршы метр үй салынады деп жоспарлануда. 2021 жылы «Сарыарқа» шағын ауданындағы құрылысты аяқтаймыз. Сонымен қатар, жаңа «Достық» шағын ауданының құрылысы басталады деп күтілуде. Аталмыш тұрғын үйлерді қолжетімді ету мақсатында да түрлі бағдарламалар құрылып отыр, - деді қала басшысы Әнуар Күмпекеев.

Сәбира СЕЙІТОВА,

білім беру саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы:

- Мен 20 жыл мектеп директоры болып қызмет еттім. Міне, содан бері қоғамдағы педагогика саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтерудің өзектілігі үнемі сөз етіліп келді. Биыл осы мәселені Елбасымыз өзінің Жолдауында көтерді. Яғни, келесі жылы педагог мәртебесі туралы заңды әзірлеп, қабылдауды тапсырды. Міне, бұл заң қоғамның мұғалімге деген көзқарасын өзгертеді деп сенеміз. Осы ретте менің мынадай ұсынысым бар. Мысалы, педагогтарға арналған әлеуметтік пәтерлер көбейіп, коммуналдық төлемдерге байланысты жеңілдіктер болса. Әсіресе, ерлі-зайыптылардың екеуі де ұстаз болған жағдайда олардың еңбек сіңірген жылдарын есептей отырып, зейнетке шығу мәселесін қайта қарастырса. Сонымен қатар, бастапқы жарнасыз тұрғын үй алу құқығы берілсе, ұстаздар үшін үлкен жеңілдік болар еді. Т.МАРХАБА.

МӘСЛИХАТ

Үнемделген қаржы қайда жұмсалады? Павлодар қалалық мәслихатының кезектен тыс 42-сессиясы өтті. Депутаттар 2018-2020 жылдарға арналған бюджетті қайта қарап, азаматтардың кейбір санаттарына арналған әлеуметтік көмек жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізді. Сонымен қатар, жыл басынан бері үнемделген ақшаны басқа да өзекті мәселелерге жұмсау жөнінде шешім қабылдады. Тілеуберді САХАБА Қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Қанат Қапуовтың сөзінше, 2018-2020 жылдарға арналған бюджет көлемі 71 млрд. 888 млн. теңгені құрап отыр. - Жыл басынан бері үнемделген қаржы мөлшері шамамен 380 млн. теңгеге жуық. Бұл қаражат енді облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданындағы құрылыстарға

жұмсалатын болады. Шамамен 190 млн. теңгені осы мақсатқа бағыттап, шағын ауданның құрылысын келесі жылы аяқтауымыз керек, - дейді Қанат Бейсенбайұлы. Сессия жиынында бұдан бөлек «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету», «Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу жүйесінде білім алатын оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру» секілді бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізілді. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

басшысы Гүлбарам Біләлованың сөзінше, 2018 жылдың басында тұрғындардың әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсету үшін 306 млн. теңге қарастырылған. Алайда, аталған қызметті алушылардың саны азаюына байланысты 11 миллион теңге үнемделді. Яғни, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтардың және басқа да ауыр науқаспен сырқаттанатын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тізімдері 751 адамға азайған. Қалалық білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Әлкенованың айтуынша, биыл оқушыларды қоғамдық көліктерде тегін жүруін қамтамасыз етуге 3 568 000 теңге жоспарланған. Бірақ қазіргі күні соның 2 169 000 теңгесі ғана игеріліп, 1 399 000 теңге үнемделіп қалып отыр. Себебі, көмек алушылардың саны 290 адамға азайған.


АЙНА

БӘРЕКЕЛДІ!

САРЫАРҚА САМАЛЫ

13 қазан, сенбі, 2018 жыл

Журналистер марапатталды «Достық» үйінде журналистер арасында өтетін жыл сайынғы республикалық «Шаңырақ» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Үздіктер қатарында облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің журналистері де бар.

3

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Күзгі науқан мәреге таяды Облысымыздың бірқатар аудандары астық жинау науқанын аяқтады. Олардың қатарында Екібастұз қаласының ауылдық аймағы, Аққулы, Баянауыл, Май аудандары бар. Данияр ЖҰМАДІЛ

«Шаңырақ» республикалық байқауы соңғы 5 жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы додаға 150-ден астам жұмыс келіп түссе, оның ішінен қазылар алқасы 20-сын іріктеп, республикалық кезеңге жолдаған. Қоғамдық келісім мемлекеттік мекемесінің медиа қамтамасыз ету орталығының директоры Мақсат Айтбаев аталмыш байқауға қатысуға ниетті журналистердің саны жыл өткен сайын артып келе жатқанын айтты. - Бұл байқаудың басты мақсаты – этносаралық қарым-қатынасты жазып, ұлтаралық татулықты кеңінен наси-

хаттап жүрген журналистерді ынталандыру және отандық журналистиканы дамыту болып табылады. Байқаудың жеңімпаздары 6 аталым бойынша іріктеуден өтті. Барлық жеңімпаздарға республикалық кезеңде жүлделі болуын тілейміз, - деді Мақсат Айтбаев. Құттықтау барысында аймақтың ардагер журналистері Мұхит Омаров пен Сергей Горбунов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсенбай Жетпісбаев Павлодар өңіріндегі этномәдени орталықтарда мақалалар мен телебағдарламалардың басты кейіпкеріне

айнала алатын, оқырманға үлгі етерліктей азаматтардың көп екенін тілге тиек етті. Байқаудың қорытындысында түрлі номинациялар бойынша үздік журналистер бағалы сыйлықтармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл қатарда газеті мі зді ң бас редакторы Нұрбол Жайықбаев және тілшіміз Қарлығаш Хашымқызы бар. Айта кетелік, байқаудың республикалық кезеңінің қорытындысы ағымдағы жылдың қараша айында шығарылады.

Өз тілшіміз.

ШАҺАР

Сынға іліккен «сақалдылар»

Облыс орталығында құрылысы тұралап қалған әлеуметтік маңызы бар нысандар аз емес. Тіпті, осыдан біраз уақыт бұрын қолданысқа берілуі тиіс кейбір орындарда жұмыс тоқтап тұр. Павлодар қаласы әкімдігінде өткен жиын барысында шаһар басшысы Әнуар Күмпекеев мерзімінен кешіктірілген мұндай құрылыс нысандарын сынға алды. Мердігерлермен кездесіп, мәселенің мән-жайына қанықты.

ҚАТЫНАС

Жолдың жайы сотқа жетті Биыл Ленин кентінде жол жөндеу жұмыстары мықтап қолға алынып, Мәншүк Мәметованың есімін арқалаған орталық көшеге асфальт төселген еді. Десе де, мердігердің жұмыс сапасы жергілікті тұрғындардың көңілін көншітпей, жұртшылық тарапынан сынға қалды. Тіпті, мәселе сотқа дейін жетіп, заң саласы өкілдерінің қарауына түсті.

Мереке АМАНТАЙ Өңі рі мі зде жыл сайын құрылысқа баса мән беріліп келеді. Дегенмен облыс орталығындағы кейбір нысандарда әу баста жоба-жоспар көп болғанымен, құрылыс қарқыны бәсеңдеп тұр. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Назар Жұмабековті ң айтуынша, 2015 жылдан бастап құрылысы тұралап қалған нысандармен жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Жауапты органдар жүргізіген жұмыс нәтижесінде 10 жылдан астам уақыт бойы тоқтап қалған 45 нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілген. 2015-2017 жылдар аралығында қалалық билік тағы осындай 36 нысан жұмысын қолға алып, 13-ін қолданысқа берген. - Өткен жылы облыс орталығында құрылысы ұзаққа созылған 25 нысан анықталды. Олардың 23-інің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4,3 млн. теңге көлемінде айыппұл төледі. Қазіргі уақытта бұл нысандарға қатысты тиісті шешімдер шығарылып, жұмыстар атқарылуда. Төртеуі мемлекеттік меншікке қайтарылса, біреуі сот шешімі бойынша жойылды. Ал төрт нысанда құрылыс жұмыстары басталды, - деді Н.Жұмабеков. Тәуелсіздік даңғылы, 89/4, 89/5 мекенжайында орналасқан ғимарат - көп уақыттан бері құрылысы тұралап қалған нысанның бірі. Меншік иесі саналатын «Ardin.com» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысан құрылысына бас ауыртпаған тәрізді. Бұған себеп - жалға алушының ұзақ уақыт болмауы. Н.Жұмабековтің айтуынша, қазіргі уақытта аталмыш мәселе шешімін тапқан. Меншік иесі бүгінде жалға алушы тауып, жұмысын жандандырған. Жиынға қатысқан жалға алушы барлық жұмысты аяқтап, қараша

Аталған өңірлерде егістік көлемі өзгесіне қарағанда аз екенін ескерген жөн. Ал астықты саналатын Ертіс, Железин, Тереңкөл, Ақтоғай аудандарында күзгі жиынтерім жұмыстары аяқталуға жақын. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Марлен Оспанов бүгінде аймағымыз бойынша 689 мың гектардан өнім алынғанын айтты. Бұл астық дақылдары аумағының 91 пайызын құрайды. Нәтижесінде, жалпы мөлшері 791,8 мың тонна көлемінде өнім жиналған. Орташа шығымдылық гектарынан 11,9 центнерді құрап отыр. Дәнді дақылдардың шығымдылығы Тереңкөл ауданында жақсы. Ондағы шаруалар гектарынан 13 центнерден өнім алуда. Аймақта картоп жинау жұмыстары да аяқталуға жақын. Бүгінгі күні шаруалар 17,5 мың гектар алқаптан картоп жинап үлгерді. Бұл жалпы көлемнің 98 пайызын құрайды. Шығымдылығы да жақсы. Гектарынан 292 центнер өнім беруде. Осылайша, ауылшаруашылық құрылымдары 509,2 мың тонна картоп алып отыр. Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, облысымызда жалпы сұраныстан 5 есе көп картоп өндіріледі. Сондықтан шаруалар өнімдерінің қалған бөлігін көршілес мемлекеттерге экспортқа жөнелтуде. Бұдан бөлек, облысымызда 6,4 мың гектардан көкөніс, 2,9 мың гектардан бақша өнімдері жиналды. М.Оспановтың сөзіне сүйенсек, облыста астық сақтауға арналған қоймалардың жалпы сыйымдылығы 1 млн. тоннаны құрайды. Бұл алған өнімді шашау шығармай сақтауға толық мүмкіндік береді.

айында жаңа сауда орны тұтынушыларды күтетін болады деп уәде етті. Сонымен қатар, аталмыш жиында құрылысы жүрмей тұрған тағы бірнеше нысан да қала әкімінің сынына ілікті. Кейбір нысан иелері сылбыр жұмыс істеуде. Кейбірі түрлі себепті алға тартты. Шаһар басшысы жауапты мердігерлер мен меншік иелері сылтауларды ысырып қойып, жүктелген істі уақытылы атқаруы тиіс екенін айтты. Тіпті, бұлай жалғаса берсе, шара қолдану қажет екенін ескертті. Аталмыш жиында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің де атқарған жұмыстары қала әкімінің назарынан тыс қалмады. Аталмыш бөлім басшысының міндетін атқарушы Жақан Рақышев ағымдағы жылы коммуналдық ұйымдар жүргізген жұмыстар жөнінде есеп берді. Айтуынша, 2018 жылы желілерді қалпына келтіру мен жаңарту мақсатында қазба жұмыстары үшін 771 рұқсат қағазы берілген. Олардың ішінде «ПавлодарВодоканал» ЖШС-сі 237 рұқсат қағаз алған. Қазіргі уақытта аумақтарды қалпына келтіру жұмыстары белгіленген уақыттан кешіктірілуде. Нақтылай

кетсек, кәсіпорын қалпына келтіруі тиіс 23 учаскеде әлі де жұмыстар жалғасуда. Мәселен, Қайырбаев көшесінде жүргізіліп жатқан жұмыстар 3 қазан күні аяқталуы тиіс болатын. Жиынға қатысқан «Павлодар-Водоканал» ЖШС-і өкілі негізгі жұмыстардың аяқталғанын айтты. Ал қалған жұмыстарды 15 қазанға дейін түйіндеу үшін мерзімін ұзартуды сұрады. Бұдан басқа, жиында аталмыш компания жұмыс жүргізген орындарда жол жабындысының төселмей қалған тұстары да анықталды. Қала әкімі Әнуар Күмпекеев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне компания жұмысын қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, ауа температурасының төмендеп бара жатқанын айтып, бұл жол жабындысын төсегенде сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін ескертті. «Павлодар жылу желілері» ЖШС-інің атқарған жұмысында да айтарлықтай кемшіліктер анықталды. Жақан Рақышевтің айтуынша, биыл серіктестік 177 рұқсат қағазын алған. Қазан айының басында аяқталуы тиіс кейбір орындарда әлі де жұмыс жалғасуда. Серіктестік басшысының орынбасары Сергей Панихин жақын уақытта барлық жұмыстарды аяқтайтынын уәде етті.

Кенттегі жол жөндеу жұмыстарын «Мираторг ПВ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Бұл мақсатқа 7,7 миллион теңге қаржы бөлініпті. Алайда мердігер жүргізген жұмыстарда олқылық көп. Жоғарыда аталған көшедегі жөндеу жұмыстары 31 шілдеде аяқталғанымен аз ғана уақыттың ішінде жолдың беткі қабатында кішігірім шұңқырлар пайда болған. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша жолдың 300 метрі тиісті стандарттарға сай келмейтіні анықталған. Осылайша тақтайдай тегіс жолмен зырлаймыз деген тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмады. Бұл жағдай туралы кент әкімдігі мердігерді хабардар еткен. - Арнайы тексеру жұмыстары жүргізілгеннен кейін асфальт жамылғысындағы қиыршық тас қабатының қалыңдығы жеткіліксіз екені анықталды. Алдымен мердігерге жол жабындысын төсеуде олқылық бары туралы ескерту жасадық. Бірақ ол біздің айтқанымызды елемеген күйі жүре берді. Бір ай өткен соң соттың көмегіне жүгінуге тура келді. Сот отырысына дейін мердігер ұйымның өкілдерін тағы бір мәрте хабардар етіп, жолдарды жөндеу керектігін айттық. Бұл жолы мердігерлер олқылықтың орнын толтыруға уәде берді. Осылайша өткен жұма күні жолдарда қайта жөндеу жұмыстары қарқын алды, - деді Ленин кентінің әкімі Дәулет Тайгулин. Кент әкімінің айтуынша, мердігер жұмыстарды соңына дейін жеткізсе де сот отырысы өтеді. Дегенмен, сотта қос тарап бітімгершілікке келуі мүмкін. Екатерина Рыбак - осы кенттің байырғы тұрғындарының бірі. Ол М.Мәметова көшесінде 50 жылдан астам уақыттан бері тұрады. Бастапқыда мердігердің жұмысына салғырттық танытып, жөндеу жұмыстарын тиянақты жүргізбегеніне көңілі толмағанын айтады. Бірақ, артынша жіберген қателіктің орнын толтырды. Көше тынысы кеңейіп, одан әрі көріктене түсті, дейді ол. Айта кетейік, мұндағы жолдардың жалпы ұзындығы 66 шақырымды құрайды. Оның 47 шақырымы жол жөндеу жұмыстарын қажет етуде.

М.АМАНТАЙ.


4

АУЫЛ-АЙМАҚ

13 қазан, сенбі, 2018 жыл

Жеке кәсіпкер Дамир Тұрақбаев Ақсу қаласында күл-қоқысты өңдейтін зауыт ашуға ниетті. Атап айтқанда, жобаны «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамының аймағында іске асырмақ. Ақсу қалалық әкімдігінде өткен кәсіпкерлер күні аясында жеке кәсіпкер Дамир Тұрақбаев шаһар басшысы Николай Дычкоға күл-қоқысты қайта өңдейтін зауыт жұмысын бастауға қатысты ойымен бөлісті. Айтуынша, тың жоба үш кезеңмен жүзеге асады. «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ өткізу бөлімі басқармасының басшысы Петр Писегов кәсіпорын басшылығы кәсіпкердің бұл жобасын қолдайтынын білдірді. Қала әкімі Николай Дычко бұл жоба қоршаған ортаны қорғауға оң әсерін тигізеді деген сенімін білдірді. - Қоқысты шикізат ретінде қайта қолдану үшін жағдай жасау, экологиялық таза өндірістерді дамыту, эмиссиялардың көлемін азайту - кейінге ысыруға болмайтын мәселелер. Елі мі зді ң әр қаласында бі р-бі р қоқыс өңдеу зауыты салынса, табиғаттың тынысы ашылып қана қоймай, жұмыссыз жүрген қаншама адамның екі қолына бір күрек табылар еді. Сондықтан біздің тараптан жан-жақты қолдау көрсетіледі, - деді Н.Дычко.

Шамшат ЖҮНІСҚАЛИ, Ақсу қаласы.

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

ЕРТІС АУДАНЫ

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Зауыт ашуға ниетті

Ақпараттық топ ауылдарда

Қамқорлық көрсетілді Ертіс ауданында 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында «Қамқорлық» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Оның аясында аудандағы тұрмысы төмен зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Ресми статистикаға жүгінсек, өңірде 13 жалғызілікті зейнеткер, 1 Ұлы Отан соғысының ардагері, 233 мүмкіндігі шектеулі азамат, әлеуметтік қызметкерлердің қарауында 71 қария және арнайы әлеуметтік көмек алатын егде жастағы 90 адам бар. Бұдан бөлек, қарттар үйінде 37 зейнеткер өмір сүруде. Қайырымдылық шарасы аясында осы санаттағы азаматтардың барлығына әлеуметтік көмек көрсетілді. Сондай-ақ, аудан белсенділері қариялардың үй-жайын жөндеу, отынын кесі п беру, көмі р кі ргі зу, ауласын қоқыстан тазарту сияқты жұмыстарына да жұмыла кірісті. Атап өтерлі гі , «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына аудандағы барлық кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік мекемелер атсалысты.

Өз тілшіміз.

ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ

Хазіретке тағзым етті Жуырда ағартушы, діни қайраткер ҒабдулУахит Тіленшіұлының 165 жылдық мерейтойы аталып өтті. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген тұлға - еліне ислам дінін кеңінен насихаттаған жан. Хазіреттің құрметіне орай Шалдай орманындағы кесенесінің жанынан этноауыл құрылып, дүбірлі думан өтті. Мерейтой барысында жиналған қауым алдымен баба рухына құран бағыштап, құрбандық шалды. Одан әрі шара концерттік бағдарламаға ұласып, қазақтың ұлттық спорт ойындарымен жалғасты. Сондай-ақ, шара барысында ұлттық қолөнер бұйымдары мен қазақтың салтдәстүрлері де кеңінен көрініс тапты. Шарбақты аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Төлеген Әбдірахмановтың айтуынша, кесенеге тәу етіп келушілердің саны күн санап артып келеді екен. - Ғабдул-Уахит хазіреттің басына келіп, құран оқып, дұға жасайтын адамдар тек Павлодар

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын халық арасында түсіндіру мақсатында құрылған арнайы топ мүшелері аудан ауылдарын толық аралап, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді. Аудан әкімі Оразгелді Қайыргелдиновтің тапсырмасымен 10 ақпараттық топ құрылып, Күркелі, Ақсаң, Баянауыл, Қызылтау, Құндыкөл, Жаңажол, Қаратомар, Жаңатілек, Шөптікөл, Бірлік, Торайғыр, Сәтбаев, Ұзынбұлақ ауылдық округтерін және Майқайың кентін аралады. Топ мүшелері ауылдық округтердің тұрғындарымен Елбасы Жолдауындағы 6 негізгі бағытты талқылады. Кездесуге қатысушылар халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы секілді негізгі бағыттар жайлы баяндап, ойларын ортаға салды. Ауылдық жерлерде халықтың негі згі кәсі бі – мал шаруашылығы және ұстаздық қызмет болғандықтан, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылуы және «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы әр ауыл азаматын қуантқан жаңалық болды. Ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мың теңгеден, 42 мың теңгеге өсіруді тапсырған Елбасы әр жұмыскердің жұмыс жасауға деген ынтасын оятып, сапалы жұмыс жасауға кепілдік жасағандай. Ауыл тұрғындарының көңілін көтерген осы жаңалық та, қолдауға ие болды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «Туған жер» бағдарламасының заңды жалғасы. Биылғы жылы аудан аумағында «Туған жерге тағзым» етуші азаматтар демеушілігімен көптеген істер жүзеге асырылды. Аудан тұрғындары алдағы уақытта да ауылдың көркеюі, өркендеуі үшін тың жұмыстар жасалатынына үмітті. Жолдаудың нақты міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыруға жұмыла күш салатындарын айтқан баянауылдықтар Елбасы Жолдауының оң нәтиже беретініне сенімді. Аудан халқы түсіндіру топтарының жұмысын оң бағалады.

Өз тілшіміз.

МАЙ АУДАНЫ

Қаһарлы қысқа қаншалықты дайын? Аудандық мәслихат хатшысы Ғибадат Арынов Қаратерек және Майтүбек ауылдық округтерін аралап, әлеуметтік нысандардың қысқа дайындығын тексерді. Сонымен қатар, ірі шаруашылықтардың күзгі жиын-терім жұмыстарымен танысты.

өңірінің тұрғындары ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерден, еліміздің өзге өңірлерінен келіп, кесенеге арнайы бет бұратындар көбейді. Соңғы 7 жылда хазіретті танып-білушілердің саны артты. Бұл - қуанышты жағдай, - деді Төлеген Әбдірахманов. Айта кетелік, Ғабдул-Уахит Тіленшіұлы Шарбақты ауданының Қызылшілік ауылында дүниеге келген. 6 жасында ауыл молдасынан сауат ашып, сегіз жыл бойы Семейде білім алған. Кейіннен бүкіл Орта Азияда теңдесі жоқ Бұхарадағы «Әлем-араб» медресесінде оқиды. Ғабдул-Уахит өзінің зеректігі

арқасында ислам дінінің асылдарын тереңінен меңгеріп, хазірет атағын алады. Ұрпақтарының айтуынша, медреседе ол Мәшһүр Жүсіп Көпеевпен бірге оқыған. Хазірет оқуын үздік тәмамдап, 1888 жылы туған өлкесіне оралады. Осы жылдан бастап ол ислам ді ні н ел арасында кеңі нен таратады. Балаларға араб тілін үйретіп, мұқтаж жандарға қолынан келгенше көмектеседі. Сонымен қатар Ғабдылуахит хазіреттің адамдарды емдеп, болашақты болжай алатын көріпкелдігі де болған.

Қ.МҮСӘЙІП.

Ауылдарға көмір тасымалдаушылармен келісімшарт жасалып, мектепке 218,0 тонна көмір жеткізілген. Қазір қатты отын мекемелерге жеткізілуде. Әлеуметтік нысандардың қазандықтары алдағы қысқа дайын. Мәслихат хатшысы іссапар барысында биыл Қаратерек аумағында іске қосылған «Май-Агро» ЖШС-ның суармалы алқаптарында болып, жұмыскерлермен кездесті. Қазір өнім жинау жұмысы қызу жүруде. Жұмысшыларға күніне 3500 теңге ақы төлейді. Шаруа қожалығы биыл 70 гектар алқапқа картоп, 80 гектар жерге жасымық еккен. Қаратерек ауылынан 5-6

шақырым жерде 3000 ірі қара малға арналған мал бордақылау алаңы салынуда. Бүгінгі күні жұмыстың 70 пайызы аяқталған, жылдың соңына дейін тапсырамыз деп отыр. Іссапар соңында мәслихат хатшысы Майтүбек ауылының активімен кездесіп, мал азығын дайындау барысы көрші ауылға қарағанда баяу екенін ескертті. Сонымен қатар ауылға оңтүстік өңірлерден келген азаматтарға дұрыс көңіл бөлінбегендіктен басқа ауылдарға кетіп жатқанын ескертті. Аталған мәселелер бойынша айтылған сын-ескертулер бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

КӨРМЕ

БАЙҚАУ

Жетік меңгерген жастар Жақында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті. Мақсаты - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету. Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы облысымыздың қала, аудандарынан келген білімді де талантты жастар қатысты. Байқау барысында үміткерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлеу шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар үш кезең бойынша үш тілде берілген тапсырмалардың мазмұнын ашумен қатар, эссе жазу, ілеспе аударма жасау бойынша сынға түсті. Арасында үш тілді де жетік меңгерген азаматтар болды. Олар шешендігімен, тапқырлығымен, таңдаған тақырыбын еркін жеткізе білу шеберлігімен көзге түсті.

Жоғары оқу орындарынан арнайы шақырылған ғалымдар мен тіл мамандары үміткерлердің білімдерін бағалады. Олимпиада нәтижесі бойынша Ақтоғай ауданының үміткері Төлеу Жанар І орынды еншілесе, ІІ орынды Тереңкөл ауданынан келген Қызғалдақ Рыспекова иеленді. Ал Екібастұз қаласынан келген Зарина Мадашова ІІІ орынды қанағат тұтты. Барлық қатысушылар басқарманың арнайы дипломдарымен, Алғыс хаттарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы.

Сандық форматқа көшеді ҚР Президентінің мұрағаты мен Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты бірлесіп, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының архив саласында жүзеге асырылуы» атты тарихи-құжаттық семинар-көрме өткізді. С.Торайғыров атындағы облыстық біріктірілген әмбебап ғылыми кітапханасында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік дәуірі» атты көрмеге мемлекеттік маңызы бар тарихи құжаттардың көшірмесі қойылған. Айтулы шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлзира Бәшірова, ҚР Президенті мұрағатының технологиялар басқармасының басшысы Бақытхан Шайлазымов, Алматы қаласынан арнайы келген Ақпараттық және әкімшілік технологиялар институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Борис Жапаров пен өзге өңірлерден келген

архив саласының қызметкерлері, «Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясының өкілдері қатысты. Семинар жұмысы ақпараттандыру мәселесіне және ҚР Президенті мұрағатының ақпараттық-іздестіру жүйелерін жүргізу тәжірибесіне арналды. Сонымен қатар жиында «Электронды архив» жүйесін енгізуге байланысты өзекті мәселелер де сөз болды. Шара соңында қонақтар Павлодар облысы мемлекеттік архивінің құжаттарды сандық форматқа көшіруі және «Электронды архив» жүйесін енгізуге қатысты жұмысымен танысып, оң бағасын берді.

Қ.МҮСӘЙІП.


ТІРШІЛІК

САРЫАРҚА САМАЛЫ

13 қазан, сенбі, 2018 жыл

Қолдаудан кенде қалмайды

5

ЖОЛДАУ ЖҮГІ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында отандық экономика саласына айрықша мән берді. Әсіресе, шағын және орта кәсіпкерлікті, отандық тауар өндірушілерді қолдау, заңсыз әкімшілік қысымнан қорғауға қатысты нақты тапсырмаларды жүктеді. Осы міндет-межелер аясында біздің облыста қандай жұмыстар атқарылмақ? «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жергілікті бизнесмендерге көмек көрсету үшін нендей шараларды қолға алады? Осы және өзге де сауалдарға Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ербол Арынов жауап берді. 500 млрд. теңге бөлу тапсырылды. Демек, бұл салалардағы жұмыстың қарқыны артып, сыртқа шығарылатын тауар көлемі еселене түседі.

- Ербол Сейітахметұлы, биылғы Жолдауда отандық экономика саласына тың серпін беруі тиіс міндеттер айқындалды. Мемлекет басшысы біздің сауда саясатымызда селқостық болмауы тиіс екенін қадап айтты. Осы тұрғыдан алғанда, экспорттық әлеуетімізді арттыру үшін қайтпек керек?

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы отандық тауарлардың өңірлік және әлемдік нарықта ойып тұрып орын алуы қажеттігін тілге тиек етті. Бұл ретте қайта өңдеу секторына басымдық берілмек. Жолдауда жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды паспорттауға кірісті. Дәл осы бағытта жұмыс істейтін өнеркәсіптер «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында алғашқылардың бірі болып пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Павлодар облысында экономиканың осы секторының 104 нысаны паспорттаудан өтті.

Өкінішке қарай, жұмыс нәтижесі компаниялардың өндірістік қуат ы толық жүктемемен қамтылмағанын көрсетті. Бұл кәсіпорындардағы жүктеме 59 пайызды құрайды. Өндіріс орындарының өкілдері толық қуаттылықта еңбек етуге қаржының аздығы, шикізатпен қамтуға, өнімнің нарыққа шығуына қатысты туындайтын күрмеулі мәселелер себеп екенін алға тартып отыр. Кәсіпкерлер палатасы осы аталған түйіндерді шешу үшін барынша қолдау көрсететін болады. Жалпы, Павлодар облысының экспорттық әлеуеті жоғары. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша, шикізаттық емес экспорттың артқаны байқалады. Айталық, Түркия, Греция, Болгария, Ресей мен Хорватияға жалпы сомасы 160 млн. АҚШ долларын құрайтын қоспалы емес алюминий, Ресейге құны 37 млн. АҚШ доллары болатын алюминий оксиді жөнелтілді. Биылғы Жолдауда Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатында алдағы 3 жылда қосымша

- Сонымен қатар, Жолдауда халық жиі тұтынатын импорттық тауарларды отандық өнімдерге алмастыру мәселесі қозғалды. Біздің облыстағы кәсіпорындар шеттен келетін өнімдердің орнын алмастыруға қауқарлы ма?

- Елбасы атап өткендей, импорттық тауарлардың басым бөлігін өзімізде-ақ шығаруға болады. Павлодар өңіріндегі өңдеуші өнеркәсіптерге жүргізілген сараптама қорытындысы импортталатын 7 тауар түрін облыс аумағында өндіруге болатынын көрсетті. Бұл дегеніңіз - 118,1 млн. АҚШ доллары еліміздің қалтасында қалады деген сөз. Бұл бағыттағы жұмысты жетілдіру үшін мемлекеттік қолдау керек. Соңғы кездері ірі өндіріс орындары жанында шағын және орта бизнес нысандарын ашу тәжірибесі оң жолға қойылып келеді. Сол сияқты тауар өндірушілер арасында кооперация бойынша ұзақмерзімді келісімшарттар жасауға, мемлекеттік сатып алуларда отандық тауарларға басымдық беруге болады. Оған қоса, кәсіпкерлерге халық тұтынатын тауарлардың ауқымды номенклатурасын игеріп, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту мақсатында қолдау көрсету қажет. Бұл экспорттық әлеуетімізді жүзеге асыру тұрғысынан ғана емес, ішкі

Қордың қамқорлығы қуаныш ұялатады Еңбектің зейнетін көру – бақыт. Ұзақ жылғы қызметтің жемісі ретінде ай сайын тұрақты зейнетақы алып тұрғанға не жетсін?! Түрлі себепке байланысты жұмыссыз қалғандар да қарттық шақта мемлекет назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Ол үшін еліміздің зейнетақы жүйесі жыл сайын жетіліп, қариялардың алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасалып келеді. Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА Павлодар қаласының тұрғыны, ұзақ жыл мемлекеттік қызмет атқарған Құсайын Исенов бүгінде зейнеткер. 47 жыл жұмыс істеген ол осыдан екі жыл бұрын құрметті демалысқа шығып, қазіргі кезде еңбегінің зейнетін көріп отыр. Құсайын Марданұлының айтуынша, Кеңес Одағы тұсындағы және тәуелсіз елдегі зейнетақы жүйесінің арасында айырмашылық көп. Әсіресе өткен ғасырдың 90-ыншы жылдарына дейін кәсіпкерліктің түрлі саласында қызмет атқарғандар бүгінде сол уақытта бел жазбай еңбек еткендерін дәлелдей алмай, дал болып жүр. Сол тұста тиісті құжаттар мұрағатқа тапсырылмағандықтан, кейбіреулер сотқа жүгінуге мәжбүр. Ал бүгінгі күні Қазақстанда зейнетақы аударымдарын тұрақты жасау мен еңбек кітапшасын толтыру – басты талап. Бұл тұрғыдан алғанда жұмыс берушілердің әрекеттері қатаң қадағаланады. Зейнеткердің сөзіне қарағанда, бұрынғыдай жүрдім-бардым қарау деген жоқ. Талап күшейді, бақылау қаталдана түсті. Соның нәтижесінде зейнетке шығатын адамдар айтарлықтай қиындық көрмейді. - Қазіргі кезде қолыңда бір жапырақ құжат

болмаса, бірдеңені дәлелдеу қиын. Бұрын жеке кәсіпкерлер бұған аса мән бермеді. Ашылып, жарты жылдан соң жабылып қалған бизнес нысандары болды. Ал бүгінгі күні мемлекеттік мекемелер жұмыс берушілердің жалақысының 10 пайызының шотқа аударылуын қатаң қадағалайды. Осы орайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атқарып отырған еңбегі ерен екенін ерекше атап өту керек. Аталмыш Қор өкілдері үнемі «Ашық есік күні» шарасын ұйымдастырып, салымшылардың сұрағына жауап беріп, зейнеткерлердің өтініш-ұсыныстарына құлақ асып жатады. Соңғы өзгерістерден де үнемі хабардар қылып тұрады. Жалпы зейнетақы жүйесінің жұмысы 1997 жылы ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы шыққан соң жүйелене түсті. Менің қатарластарым, яғни зейнеткерлер қауымы зейнетақыны үш бірдей негізге сай алатын болды. Атап айтқанда, Қорда жинаған қаржысы, базалық зейнетақы мен ортақ зейнетақы. Яғни, әр адамның еңбек өті лі назарға алынады. Ай сайынғы зейнетақысының көлемі қанша жыл маңдай терін төккеніне тікелей байланысты. Оған қоса, инфляция деңгейі ескеріліп, жыл басынан зейнетақы 9 пайызға өсіп отырады.

нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін де маңызды.

- Тағы бір жақсы жаңалық – «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту. Бұл өзгерістен не күтеміз?

- 2010 жылы Елбасының бастамасымен «Бизнестің жол картасы2020» бағдарламасы қолға алынғаны белгілі. 10 жыл аралығында аталмыш бағдарламаның тиімді жүзеге асқанын байқадық. Соның нәтижесінде жаңа шағын және орта бизнес нысандары ашылды, ел қазынасына түсетін салық көлемі артты, қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсарды, бастысы жаңа жұмыс орындары ашылды. Бағдарламаның мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту кәсіпкерлерге берілген мол мүмкіндік. Жолдауда көрсетілгендей, бағдарлама аясында жыл сайын кемінде 30 млрд. бөлінетін болады. Бұл небары 3 жыл аралығында шамамен 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 млрд. теңге салық түсіруге және 3 трлн. теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді. Бұл жағдайды павлодарлықтар қалт жібермейді деген үміттемін. Себебі соңғы 10 жылда «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы өз ісін ашуда, кәсібін кеңейтуде, несиенің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін қайтаруда зор маңызға ие екенін айқын аңғартты.

- Осыдан-ақ кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудан кенде емес екенін байқауға болады...

Сондықтан ешкімнің өкпесі болмауы тиіс деп ойлаймын, - дейді Қ.Исенов. Бұл ретте зейнеткер құрметті демалысқа шығу мәселесін де тоқталып өтті. Айтуынша, әйелдердің зейнеткер атану мерзімін жарты жыл сайын ұзарту – дұрыс қабылданған шешім. - 1936 жылғы статистикалық деректерге сүйенсек, сол кездегі тұрғындардың орташа жасы небары 40 жас болыпты. Қазіргі уақытта Қазақстандағы орташа жас – 72. Яғни, медицина мен халықтың әлеуметті к жағдайы жақсарған соң, өмі р сүру жасы да айтарлықтай ұзарды. Сондықтан бойында күш-қуаты, еңбекке икемділігі бар адамдарға неге қызмет етпеске? Біріншіден, сол арқылы зейнетақы шотындағы қаржысы көбейеді, екі нші ден еңбек өтілі еселене түседі. Мәселен, Германияда адамдар 67 жаста, Жапонияда 70 жаста құрметті демалысқа шығады. Біз де осы тәжірибені енгізсек, ұтылмаймыз деп ойлаймын. Айта кетер тағы бі р жәйт – зейнетақы жасын ұзарту мәселесі сөз болған кезде жұртшылық кері пікір білдіріп, наразылықтарын айтып жатты. Ал зейнет жасына келген соң басшылықтан тағы бірнеше жыл жұмыс і стеуді сұрап, қызметін қимай жатады. Бүгінгідей Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі бір жолға қойылып, ондағы қаржымызға сенімді болған тұста еңбек етудің артықтығы жоқ деп ойлаймын, - дейді зейнеткер. Екібастұз қаласының тұрғыны, жергілікті өндіріс орындарының бірінде қызмет ететін Майра Махмұтованың жасы – 55-те. Бі рнеше жылдан соң ол да зейнеткерлер қатарын толықтырмақ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына көңілі толады. Салымын уақытылы тексеруінің нәтижесінде болашағына нық сенімді. Ұзақ жыл бойы бел жазбай жұмыс і степ,

- Шынымен, кәсіп бастауға ниетті азаматтар үшін ел билігі тарапынан көп көмек көрсетіледі. Солардың қатарында ерекше атап өтерлігі – салық амнистиясының енгізілуі. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін өзгерістің нәтижесінде облысымыздағы 12 мың шағын және орта бизнес нысаны амнистияға ілігеді. Сөйтіп, кәсіпкер салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда, өсім мен айыппұл алынып тасталады. Бұл өте маңызды, себебі негізгі қарызды төлеуге ынталандырады. Сонымен қатар, басымдығы бар жобаларға ерекше қолдау көрсетілмек. Бұл ретте Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бұл тізімге енетін кәсіпорындар үшін де талаптар қоюды ұсынып отыр. Олар жабдықтарды алу, кадрларды оқыту мен қайта оқыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, салық төлемдерін арттыруға қатысты болмақ. Себебі, мемлекеттік қолдауға ие болатын бизнес өкілдері отандық экономиканың дамуына сүбелі үлес қосуы тиіс. Қос тараптың бірлескен, жүйелі жұмысы ғана Президент белгілеген мақсаттарға қол жеткізіп, әрбір қазақстандықтың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді.

- Сұхбатыңызға рақмет! Сұхбаттасқан –

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

жинаған қаржысының келешекте қайда жұмсалатынын жақсы біледі. - Елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған тұста оннан астам жеке қорлар жұмыс істеді. Кейін оның саны қысқарды. Бұл қорларға аударған ақшамыздың кей бөлігі қолды болып, шетел асып, тұрғындардың біразының сан соғып қалғанын жақсы бі лемі з. Ал қорлар бірігіп, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылғаннан кейін болашағымызға, қаржымызға алаңдамайтын болдық. Себебі қордың ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Аталмыш мекеме өкілдерінің кеңесі бойынша электрондық поштамды тіркедім. Жұмыс беруші шотыма қандай сома қаржы аударды, жыл басынан бергі жинаған қаржым мен инвестициялық табысым, шотымдағы жалпы қаражат көлемі туралы мәлімет ай сайын осы поштама түсіп тұрады. Сонымен қатар Қор кейін зейнетақымыздың мол көлемде болғанын қаласақ, өзіміз де ай сайын ерікті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы екенімізді жан-жақты ұғындырады. Артықшылықтарын баса көрсетті. Қордың салымшыларға деген осындай қамқорлығы, бастысы жі ті көңі л аударуы ұнайды. Кеңес білу үшін мамандар көмегі не жүгі не қалсақ, әрдайым түсі ні кті жауап беріп, көкейде жүрген, білгіміз келген мәселелер оң шешімін тауып жатады, - дейді М.Махмұтова. Бұдан байқағанымыздай, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамының бүгінгі аяқ алысына, жұмыс барысына салымшылар да зейнеткерлер де дән риза. Әсі ресе жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарының белсенді жүргі зі леті нді гі не олар оң бағасын берді. Осыдан-ақ, Қордың тұрғындар мүддесі н бәрінен биік қоятыны айқын аңғарылады.


6

ТАЛБЕСІК

13 қазан, сенбі, 2018 жыл ЖОЛДАУ ЖҮГІ

Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында орта мектептерде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеу керектігін айтқан болатын. Бұл міндетті Тереңкөл ауданындағы А.Текенов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп абыроймен орындап келеді. Себебі білім ошағының түлектері техникалық және денсаулық сақтау салаларын таңдап, жоғары оқу орындарында білім алуда.

Ұстаз көштен қалмаса... Келесі жылы 50 жыл толатын білім ошағы жарты ғасыр ішінде талай білімді шәкірттерді тәрбиелеп шығарды. Бұл мектеп ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Мәселен, биылғы сынақтың қорытындысы бойынша аудан көлемінде 4-орынға ие болған. Барлық мектеп бі тіруші түлектер бі лім грантын жеңіп алғанын атап өткен жөн. ҰБТ бойынша орташа балл 104-ті құрайды. - Оқушыларымыз ҰБТ-ға дайындықты ерте бастайды. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде түлектеріміз 100 пайыз жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алды. Биыл және өткен жылы «Алтын белгіге» үміткер болған жоқ. 2016 жылы аталмыш төсбелгіге ұсынылған 2 оқушы өз білімдерін толық дәлелдеген болатын. Шәкірттеріміздің көпшілігі жылда физика және биология пәндерін таңдайды, - дейді мектеп директоры Евгения Мартыненко. Өткен жылы елімізде оқу жүйесінде жаңашылдық орын алып, физика, химия, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізіле бастағаны белгілі. Ал А.Текенов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектептің физика пәнінің мұғалімі Алтынгүл Битқұлова мұндай өзгері сті осыдан 4 жыл бұрын оқу кестесіне енгізе бастағанын айтады. Оның сөзінше, оқушылардың аталмыш пәнге деген қызығушылығы жоғары. Таңдау пәні ретінде физиканы оқыған түлектер ҰБТ-да өз білімдерін дәлелдеп келеді. Қазіргі уақытқа дейін факультатив сабақтары ағылшын тілінде өтеді. Қосымша сабақта оқушылар терминдерді жаттап, білімді арттыруға бағытталған ойын түрлеріне қатысады. Атап өтерлігі, Алтынгүл Қайыржанқызы Тереңкөл ауылындағы №1 жалпы орта мектептің түлегі. Мектепті

ОРАҚ - 2018

тәмамдаған соң Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінде білім алып, физика мұғалі мі мамандығын үзді к бі ті рген. Оқуды аяқтаған соң, «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы арқылы туған еліне оралып, еңбек жолын ұстаздықтан бастайды. - Мемлекетімізде жастарды қолдау мақсатында түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өз басым диплом алған соң, туған ауылыма оралдым. Қызмет атқарып жатқаныма 9 жыл болды. Осы уақыт ішінде бірқатар шәкірттерім түрлі байқаулардың жеңімпазы атанды. Тәлім берген оқушының жетістігін көргенде, еңбегіңнің жемісін сезінесің. Қызметке орналасқан жылы мемлекет тарапынан берілетін бір реттік көтермеақыны алып, екі

жылдан соң тұрғын үй алу үшін төмен пайызбен несие алдым. Бүгінде өз баспанам бар. Осылайша, қызметке орналасып, пәтер алуыма мемлекет жәрдемдесті. Елбасымыз келесі жыл жастарға арналады деген болатын. Сондықтан белсенді ұл-қыздар мұндай мүмкіндіктен шет қалмай, заманауи бі лім алып елімі здің болашағын бірге қалыптастырулары керек деген ойдамын, дейді Алтынгүл Қайыржанқызы. Атап өтерлігі, жарты ғасырға аяқ басқан білім ошағы мекеменің сыртқы келбетіне ерекше мән береді. Бұл ретте биыл мектеп ауласын абаттандыру үшін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Асфальт төселіп, терезелер мен есіктер ауыстырылған. Бүгінде бұл мектепте 400-ден астам оқушы білім алуда.

Ауылға ауызсу келді Басы 1-бетте Тереңкөл – құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілетін аудандардың бірі. Бірлескен еңбектің нәтижесінде елді мекенде пәтер кезегі азайып, жас мамандар баспанамен қамтылуда. Биыл да атқарылып жатқан істерді ауыз толтырып айтуға негіз бар. Оған құрылысшылардың бүгінгі еңбегі дәлел. Аудан орталығында салынып жатқан 24 пәтерлі екі қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әсия Жүсіпованың айтуынша, баспананың бой көтеруіне облыстық бюджеттен 267 млн. теңге қаржы бөлінген. Оның аумағы 1319,05 шаршы метрді құрайды. Техника, құрылыс материалдары уақытылы жеткізілген. Бұған дейін аудан орталығында жастарға арналған 2 екі қабатты жатақхана, көп пәтерлі үйлер бой көтерген болатын. Сонымен қатар, Байқоныс, Жаңабет және Федоровка ауылдарында ветеринарлық пункттер салынды. №1 жалпы орта білім беру мектебінде қосымша құрылыс жүргізіліп, білім ошағы жаңа кабинеттермен толықты. Бұл мақсатқа облыстық және аудандық бюджеттен 108 млн.теңге бөлінді. 2017 жылы аудандағы 3 тірек ауылында екі пәтерлі 4 үй қолданысқа бері лгенін атап өткен жөн. Оның екеуі Байқоныс ауылында тұрғызылса, қалғаны Федоровка мен Жаңабет ауылдарында бой көтерді. Бөлім басшысының сөзінше, аудан орталығында жеке кәсіпкерлер де тұрғындарды баспанамен қамтуға үлес қосуда. Өткен жылы олар салған екі пәтерлі үйлер аудандық бюджет есебінен сатып алынған. Мұндай жұмыстар биыл да жүргізілуде. Жаңабет ауылындағы үй сатып алынған. Ал Федоровка және Тереңкөл ауылдарында да жаңа үйлер бой көтерді. Қазіргі уақытта аудан бойынша адам пәтер кезегінде тұрғандардың қатарында жастар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Сонымен қатар, Береговое және Жаңабет ауылдарында су құбырының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталып, жұртшылық таза ауызсумен қамтылмақ. Алдағы айда Федоровка ауылында мал қорымы ашылады деп күтілуде. Бұл бағытқа аудандық бюджеттен 7 млн. теңге қаражат бөлінген. Осылайша, Тереңкөлде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

ВЕТЕРИНАРИЯ

Бруцеллез азайып келеді Биыл Тереңкөл ауданында 3 жаңа ветеринарлық пункт ашылды. Заманауи нысандар Федоровка, Жаңабет және Байқоныс тірек ауылдарында бой көтерді. Малдәрігерлік бөлімшесі барлық санитарлық талаптарға сай келеді.

Қыстың қамы

Жылда жоспарды өз деңгейінде орындайтын Тереңкөл ауданында биыл да күзгі жиынтерім жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде. Жергілікті шаруалар шөп шабу науқанын ерте бастағанын атап өткен жөн. Ерте қамданғанның нәтижесінде диқандар жиынтерім жұмыстарын 90 пайызға аяқтап, шөп қорын жеткілікті деңгейде әзірлеген. Әуелде аудан кәсіпкерлері 94,2 мың гектар алқапта шөп шабуды жоспарлаған болатын. Бүгінде бұл жоспар артығымен орындалды. Нәтижесінде 92 мың тоннаға жуық шөп дайындалды. Әлі 25 мың тонна шөп шабылады. Жалпы, өңірде шөптің шығымдылығы да жақсы болғанын атап өткен жөн. Бұл көрсеткіш гектарынан 9,4 центнерді құрап отыр. Бұдан бөлек, 9,6 мың гектар алқапта біржылдық шөптер шабылған. Ауданда мал азығын әзірлеу бағытындағы жұмыстарға 160 бірлік техника атсалысуда. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Николай Нижниктің сөзінше, аудан қысқы мерзімге дайын. Шөп қоры жеткілікті. Бүгінде 33 мың тонна сабан дайындалған. - Тереңкөл ауданы майлы дақылдарды егу бойынша облыс көлемінде алдыңғы қатарда. Оның ішінде күнбағыстың мөлшері көп. Ауданда 127,42 мың гектарға дәнді-дақыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ

егілген. Сондай-ақ, 69 мың гектарға күнбағыс, 1400 гектарға картоп, 110 гектарға көкөніс себілді. Бүгінде жиын-терім жұмыстары 90 пайызға аяқталды. Алдағы уақытта шаруалар күнбағыс жинауға кіріспек. Әзірге ауа райы жылы, алғашқы қатқақ тіркелмеді. Сондықтан күнбағысты жинауға әлі ертерек, - дейді ол. Егістік жұмыстарын ойдағыдай жүргізу мақсатында қажетті деңгейде жанар-жағармай бөлінген. Диқандардың ауылшаруашылық техникалары жыл сайын жаңартылып келеді. Өткен жылы жалпы құны 1 млрд. теңгеге 89 бірлік техника сатып алынды. Биыл бұл қатар тағы 37 бірлікпен толыққан. Бұл жоспарланған жұмыстың нәтижелі өткізілуіне септігін тигізері сөзсіз. Аудан бойынша 140-қа жуық шаруа қожалықтары егістік жұмыстарын жүргізеді екен. Жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде диқандардың еңбегі жанып, биыл қамба мол астыққа толады деген сенімдеміз.

Тереңкөл аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Айтуған Жалдиновтің сөзінше, 2018-2020 жылдарға арналған арнайы жоспар бекітілген. Құжатқа сәйкес әр жылда 3 ветеринарлық пункттен салынады деп күтілуде. Ауданда ағымдағы жылдың жоспары ойдағыдай іске асып, тұрғындар үшін жаңа нысандар ашылды. Ветеринарлық пункттердің барлығы әлеуметтік желімен қамтылған. Дәрігерлер ақпараттар базасымен онлайн жүйе арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік алды. - Заманауи нысандар мал дәрігерлерінің жұмысын едәуір жеңілдетті десем қателеспеймін. Бұған дейін қажетті ақпараттарды флешка арқылы алып, бір-бірімізге тарататынбыз. Қазір веб-портал қызметімізді жедел әрі сапалы орындауға мүмкіндік берді. Кез келген уақытта дәрігерлер порталға мал иесінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы қажетті анықтаманы бере алады, - дейді Айтуған Бақытұлы. Өткен жылмен салыстырғанда ауданда малдың бруцеллез дертіне шалдығу деңгейі азайған. Биыл бұл көрсеткіш 173-ті құрайды. Өткен жылы 189 мал басы аталмыш дертке ұшыраған болатын. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 450 басты құраған еді. Яғни, жыл сайын бруцеллез дертіне шалдығатын мал санының қатары азайып келеді. Биыл бірде-бір мал басы туберкулезге ұшырамағанын атап өткен жөн. Бүгінде ауданда 1600 бас жылқыға чип орнатылған. Ірі қара және ұсақ малдың құлағын тесу, құжат әзірлеу мемлекет тарапынан бөлінген қаржыға жүргізіледі. Ал чип орнату жылқы иесінің қаражатына орнатылады. - Бұған дейін мамандар екпе жұмыстарын жүргізу үшін әр мал қожайынының қорасын жағалайтын. Ал ветеринарлық пункттің нәтижесінде қожайындар малды өздері айдап әкеледі. Уақытымызды үнемдейтін болдық, - дейді А.Жалдинов. Ауданда 12 ауылдық округ бар. Болашақта 9 елді мекенде дәл осындай заманауи ветеринарлық пункт ашылмақ.

Тереңкөл ауданы. Бетті әзірлеген - Айдана ҚУАНЫШЕВА. Суреттерді түсірген - Дархан Өмірзақов.


ҚОҒАМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

13 қазан, сенбі, 2018 жыл

ЗАМАНАУИ ҚЫЗМЕТ

АУЫЛ

Отандық өнім – туған ел төрінде!

Өмір сыйлаған санавиация Елбасы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында медициналық қызмет сапасы тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйінің компоненті екенін атап айтқан болатын. Әсіресе, ауылдық жерлерде алғашқы медициналықсанитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету керектігі жүктелді. Бұл міндетті Павлодар облыстық санитарлық авиация қызметі зор жауапкершілікпен орындап келеді.

Тәжірибелі мамандар аймағымыздың түкпір-түкпіріндегі науқас жандарға жедел аттанып, өмірлерін арашалауда. Өткен айда Павлодар облысындағы санитарлық авиация қызметі 26 рет әуеге көтеріліп, жол апатына ұшыраған, ауыр жарақат алған және қиын жағдайға тап болған ана мен жаңа туған нәрестенің өмірін арашалап қалды. Жедел қызметтің нәтижесінде білікті мамандар бекітілген жоспарды 325 пайызға артық орындады. Қыркүйек айында санавиация қызметі жоспарға сәйкес 8 шұғыл көмек көрсетуі тиіс болатын. Бірақ ауыр жағдайға ұшыраған жандардың шақыртуларына байланысты 26 рет әуеге көтерілді. Көп жағдайда мамандар жол апатына ұшырағандарға медициналық көмек көрсетеді. Мысалы, осы айда санавиация 9 рет жол көлік оқиғасы орын алған аумақтарға ұшып барып, өлім аузында жатқан адамдарды құтқарып қалды. Сонымен қатар, жедел әрекет етудің нәтижесінде 6 жүкті әйел мен 3 жаңа туған нәрестенің өмірі құтқарылды. Шұғыл шақыртулардың 40 пайыздан астамы Екібастұз қаласына тиесілі. Дәрігерлер кеншілер шаһарына 11 мәрте ұшқан. Сонымен қатар,

Успен ауданындағы «Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аты көпшілікке жақсы таныс. Сүт, айран, ірімшік секілді тағамдарды өндіретін серіктестік осыдан 2 жыл бұрын күнбағыс майын шығаруды қолға алып, ауыл азаматтарын жұмыспен қамтуға атсалысып отыр. Алпысбай ХОНЖ

С

Баянауыл ауданына 4 рет, Тереңкөл ауданына 3 рет аттанған. Санавивция қызметі тамыз айында да жоспарды асыра орындады. Бекітілген жоспарға сәйкес 30 шұғыл көмек көрсетулері тиіс болатын. Өткен айда мамандар медициналық көмекке зәру болғандарды құтқару үшін 33 рет жолға шықты. Облыстық санавиация қызметінің аға фельдшері Әлия Махамбетованың айтуынша, мекеме 4 бағыт бойынша қызмет көрсете алады. Бұл адамдардың денсаулық жағдайына байланысты. Егер адамның өміріне қауіп төніп тұрса, онда арнайы Астана қаласының әуе көлігі жіберіліп, емделуші бірден елордаға жеткізіледі. Ал науқас балаларды көп жағдайда азаматтық авиа желілермен тасымалдаймыз. Медициналық қызметкер бірге еріп жүреді. Науқастың денсаулығы көңіл көншітерліктей болса, онда облыс көлеміндегі шақыртуларға арнайы көліктермен барады. Ал жағдайы тым ауыр науқастарға санавиация иелігіндегі ұшақ немесе тікұшақ жіберіледі. - Санитарлық авиация күніне кем дегенде 3-4 шақырту алады. Тәжірибе-мізде ең көп 6 шақырту түсті. Мамандар бір күнде 5 мәрте әуеге көтеріліп, барлық науқастарға көмек көрсетті. Ауру түрлері де бір-біріне ұқсамайды. Жол апатына

Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті

Павлодар облыстық Мәшһүр Жүсіп орталық мешіті мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп, жыл сайын «Мәшһүр Жүсіп оқуларын» өткізуді дәстүрге айналдырған. Байқау биыл да жалғасын тауып, 50-ге жуық үміткер өтініш білдірген. Олардың 21-і ақтық сынға өтті. Үміткерлер ішінде мектеп оқушылары мен мұғалімдер, студенттер, өндіріс орындарының жұмыскерлері бар. Қатысушылар қазақтың ұлы ойшылы, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының таңдаулы жырларын және діни-философиялық өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ, ақынның өмірбаяны туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы Зере Қуандыққа берілді. Екінші орынды «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның экономисі Серікболсын Дәрім ұтып алса, үшінші орын Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледждің студенті Аида Бекмырзаға бұйырды. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқауда екінші орын иеленген Серікболсын Дәрімге Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінен тағайындалған арнайы сыйлық табыс етілді. Сайысқа қатысушылар жылдағы дәстүр бойынша Баянауыл ауданына қарасты Мәшһүр Жүсіп ауылы маңындағы Ескелді шатқалына барып, ұлы ойшылдың кесенесіне зиярат жасады. Мұражай экспонаттарымен танысып, Мәшһүр Жүсіп атамызға арнап жазған өлең-жырларын оқыды.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ,

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің баспасөз хатшысы.

ұшырағандар, күйік шалған, токқа түскен, жағдайы ауырлап кеткен жүкті әйелдер мен шала туған нәрестелер де бар. Санитарлық авиация көп жағдайда көлік қатынамайтын, дәрігер тапшы шалғай ауылдарға шығады, - дейді маман. Облысымыздағы санавиацияда 3 көлік түрі қызмет етеді. Олардың қатарында 4 реанимобиль көлігі, 1 тікұшақ және 1 ұшақ бар. Барлығы ең озық медициналық құралжабдықтармен қамтамасыз етілген. Мамандар алғашқы медициналық көмектен бастап реанимациялық шараларды жүргізеді. Бүгінде санавиация қызметінің штатында 125 білікті дәрігер қызмет көрсетеді. Олар облыс орталығындағы емханаларда жұмыс істейді. Бір топ 5-6 білікті дәрігерден құралған. Әр топ ай сайын кезек бойынша ауысып отырады. Шақырту түскен бойда мамандар 25-30 минуттың ішінде жиналып, дайын болулары тиіс. Өңірдегі ең рекордты көрсеткіш 7 минутты құрайды. Айдың алғашқы он күнінде облыстық аурухана, екінші он күнінде №1 қалалық аурухана, үшінші он күнде қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы кезекшілік жасайды. Осылайша, заманауи көліктер мен білікті дәрігерлерден құралған санавиация қызметі жүктелген міндетті жедел әрі сапалы орындап келеді.

Менің әжем

ЛЕБІЗ

Менің әжем Нағима Иманалинова - өмірін ұстаздыққа арнаған ардақты жан. Ол Алматы қаласында туып өсіп, 20 жылдан астам уақыт шәкірт тәрбиелеу ісімен айналысты. Еңбек жолында директордың орынбасары лауазымын да абыроймен атқарған. Тәрбиелеген шәкірттері күні бүгі нге дейі н ұстаздарына құрмет көрсетіп, жағдайын біліп тұрады. Талай шәкірттері түрлі білім додаларында топ жарып, жеңімпаз атанған. Тәлімтәрбие берген оқушылары білікті маман атанып, еліміздің өркендеуі жолында қызмет істеп келеді. Білім беру саласындағы қажырлы еңбегінің нәтижесінде көптеген марапатқа ие болған. Әжемді әрдайым мақтан тұтамын. Ол бүгі нде 79 жасқа толды. Ақжаулықты әжемді өткен қарттар күні және ұстаздар мерекесімен құттықтап, зор денсаулық тілеймін!

Әлихан ИМАНАЛИНОВ,

Павлодар қаласы №30 орта білім беру мектебінің 3 «А» сынып оқушысы.

2016 жылы өз жұмысын бастаған күнбағыс майын шығаратын цех бүгінгі таңда қарқынды жұмыс жасауда. - Цехты алғаш і ске қосқан сәтте күнбағыс майын өнді ру және сату барысында аздаған қиындықтарға тап болдық. Уақыт өте келе бізден шыққан табиғи өнім нарықта жоғары сұранысқа ие бола бастады. «Галицкое» күнбағыс майының сапасына кепілдік беруге болады. Себебі, шикізат өзіміздікі. Өзіміз өсіретін күнбағысты өзгеге саудаламай кәдеге жаратудамыз, - дейді «Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серік-

тестігі директорының орынбасары Андрей Кирдан. Цех Ресей астанасы Мәскеу қаласында жасалған заманауи құрылғылармен жабдықталған. Сағатына 500 кг майлы дақылды өңдеуге қауқарлы өндіріс орны күніне 1,5 мың литр күнбағыс майын даярлайды. Отандық өнім облыс орталығындағы ірі сауда орындарымен қатар Астана, Қарағанды, Өскемен аймақтарына да жеткізіледі. Сұйық май көтерме сауда орындарына әр литрі 208 теңгеден босатылады. Бүгінде цехта 12 адам жұмыс жасауда. Алдағы уақытта «Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы цех жұмысының ауқымын кеңейтуді көздеп отыр.

Алыстан арбаламайды Равнополь ауылының тұрғындары бұдан былай ауызсу тасымалдап әуре-сарсаңға түспейтін болады. Аталған ауыл биыл орталықтандырылған ауызсу желісіне қосылды.

Суретті түсірген - Ольга Бугаева.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

БАЙҚАУ

7

128 шаңырақ түтін түтетіп отырған елді мекенде бүгінде 400-ден астам адам тұрады. Равнополь ауылын ауыз су желісіне қосу үшін «Ай-Су Мелиорация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзіне жүктелген міндетті бір жылдың ішінде тиянақты атқарып, ауылдықтарға қуаныш сыйлады. - Біз бұған дейін тіршілік нәрін үнемі тасымалдап ішіп келдік. Судың 40 литрін 20 теңгеге сатып алатынбыз. Алыстан арбалап су тасу әсіресе зейнет жасындағы адамдарға қиынға соғатын. Бүгінде бұл мәселе түбегейлі шешілді. Жауапты мердігер компания су құбырын әрбір көшеге дейін тартып берді. Біз өз қаражатымызбен ауладағы суды үйге енгі зді к, - дейді ауыл тұрғыны Ирина Раздиковская. Аталған ауылды орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосу үшін республикалық және облыстық бюджеттен 503 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Успен ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Асылбек Төлебаевтың айтуынша, бұған дейін Новопокровка және Успен ауылдарында ауызсу мәселесі толықтай шешілген. Қазіргі таңда Қоңырөзек ауылында құбырлар тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша қоңырөзектіктер де келесі жылы ауызсуды үйден тұтына алады. Аудан тұрғындарын толыққанды сапалы ауыз сумен қамту үшін алдағы уақытта өңірде бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Мәселен, жуырда Қозыкеткен, Лозовой, Ковалевка ауылдарына облыстық бюджеттен қаражат бөлінген. Сондай-ақ қазіргі таңда Тобылжан ауылының сметалық құжаттары әзірлену үстінде.

Успен ауданы.


АЙТЫЛМАҒАН ӘҢГІМЕ

8

13 қазан, сенбі, 2018 жыл Биыл қазақтың атақты әншісі, ұлы композитор, халық батыры, палуан Иманжүсіп Құтпанұлының туғанына – 155 жыл. Заманында елім деп еңіреп өткен қоғам қайраткері көзі тірісінде қудалауға ұшырады. Кеңестік кезеңде айтуға тыйым салынған ұлы есім Тәуелсіздіктен кейін қайта жаңғырып, ел-жұртымен «қауышты». Бүгінгі таңда Иманжүсіп атамыздың өмірі мен тарихын батырдың немересі, философия ғылымдарының докторы, профессор Раушан Иманжүсіп зерттеп, насихаттауда.

- Раушан Нұрханқызы, Иманжүсіп Құтпанұлы туралы айтпас бұрын, батырдың ата тегі туралы сөз етсеңіз. Себебі ел аузында «Иманжүсіптің ерлігі атасынан дарыған» деген сөз бар... - Иманжүсіптің атасы Тұрғанбай Сіргебайұлы Қоқан қарауындағы Түркістанның Шілік деген жерінде беделді датқа әрі пансат (бес датқаның үстінен қарайды) болған. Қоқан ұлықтарына қызмет еткен ол өз заманында ықпалы зор адам болыпты. Бірақ Тұрғанбай бабамыз - өкімет адамдарының айтқанына көніп, айдауымен жүрмеген жан. Оның ұстанғаны - тек әді лді к. Қоқандықтардың қазақ халқына жасаған қиянаты мен өктемдігіне шыдамаған ол 1820 жылы көтеріліс жасайды. Қоқан үкімдары Тұрғанбайдың ауылын шауып, малын айдап кетеді. Азаматтарын көгендеп қойып бауыздап, ал датқаның үстіне ыстық су құйып өлтіреді. Бұл тарихи кітаптарда «Шілік оқиғасы» деген атпен жазылып қалды. Қоқан әскерлерінің осы адам төзгісіз қиянатынан кейін Тұрғанбайдың әйелі Малбике тоғыз айлық баласы Баймырзаны және бес жасар қайынінісі Басықараны алып қашады. Сол кезде оларды Ерейментауға бара жатқан керуеншілер тауып алады да, сәбиді сол керуендегі Дайрабай батырға береді. Дайрабай батыр оған Құтпан деп ат қойып, өз баласындай қабылдаған екен. Содан кейін ол Құтпан Дайрабайұлы болып кеткен. Иманжүсі пті ң әкесі ні ң Арқаға келу тарихы қысқаша осылай. Құтпан қайратты, қарымды болып ер жетеді. Ресейдің отарлауына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын бастаған Кенесары Қасымовтың қосынында болып, ұлтымыздың азаттығы үшін талай ерлік көрсеткен. Әкесі Тұрғанбай датқа Қоқан өктемдігіне қарсы күрессе, оның баласы ата жолын қуып, қазақ елінің намысы үшін атқа қонады. Жоғарыдағы «Иманжүсіптің ерлігі атасынан дарыған» деген әңгіменің өзегі осыдан шыққан.

- Иманжүсіп Құтпанұлының өміртарихын қазақ жазушылары да көп шығармаларына арқау етті. Жалпы, батырдың тұлғасын қаламгерлер қалай суреттеп жүр?

- Иманжүсіп атамыз туралы жазушы Жұмабай Орманбаевтың «Аяулы аға шылауында» атты мақаласынан көп дүние оқуға болады. Жазушының пайымдауынша, Иманжүсі п Құтпанұлы і рі денелі , келбетті кісі болған. «Қолмен қойғандай иегіне ғана біткен селдірлеу ұзынша сақалы, жебелі мұрты көк бурыл тартыпты. Жанары таймаған үлкен көзді, сәл шолақтау қыр мұрынды, ат жақты ашаң қара сұр жүзді байсалды да ойлы тәрізді» - деп суреттейді. Сонымен қатар, ақын, белгілі әдебиет зерттеушісі Әбділда Тәжібаев «Палуан аға» естелігінде Қажымұқан мен Иманжүсіп жайын сөз етеді. Әңгімесі 1977 жылы «Жұлдыз» журналының 12-санында жарияланған болатын. Әңгімеде Қажымұқанның Иманжүсіпті жоғары бағалап, құрмет тұтқаны туралы айтылады. Автор батырға былай деп баға береді: «Мәдиді айтамыз батыр деп, Иманжүсіпті де сол сапқа қосамыз. Екі метр бойы бар, ат шыдамайды екен астына. Қырық кісімен жалғыз өзі қамшымен ғана төбелесіпті» дейді. Бі р әңгі месі нде мынадай дерек келті реді: 1927 жылы Республика астанасы Қызылорда қаласына Ұлы Октябрьдің он жылдық мерекесі не Иманжүсі п келеді. Ал батырдың келе жатқанын естіген Сәкен Сейфуллин алыстан алдынан шығып, күтіп алған деседі. Міне, содан бастап Сәкен Сейфуллин мен Иманжүсіп Құтпанұлы жақын дос болып кетіпті. Ұлан-асыр тойдағы ат бәйгесінде атамыздың жүйрігі бірінші болып келді. Сол жолғы кездесуде олар «Телекөл» сапарына бірге шығады. Екі ақынның қасына Жұмабай, Мұқажан, Әшірбек деген жігіттер еріп жүреді. Осы «Телекөл» сапарында мынадай бір оқиға орын алған. Бі р байдың қызы мен кедейдің ұлы бірін бірі ұнатып қалады. Бірақ

ТҰЛҒА

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Иманжүсіптің ерлігі атасынан дарыған... үлкендер жағы рұқсат етпеген. Ол кезде қазақтар қыздарын өздерінің атастырған ауылына ғана тұрмысқа беруі заң болған. Осыны есті ген Иманжүсі п пен Сәкен қыздың қалың малын төлеп, екі жасты үйлендірген екен. Тіпті, үйлендіріп қана қоймай, тойын жасап беріп, кейін Қызылордаға апарып жұмысқа орналастырған. Осы әңгімені естігеннен кейін мен сол отбасының ұрпақтарын іздеп Қызылорда жеріне, «Телекөлге» арнайы бардым. Бірақ ұрпақтарын кездестіре алмадым. Осы сапардан кейін олар той-думандарда жиі кездесіп тұрады. Ал И.Құтпанұлы дүниеден өткеннен кейін С.Сейфуллин марқұм досымен бірге болған оқиғаларды жиі еске алып жүріпті. Тіпті, бұрыннан білетін адамдардан сұрай жүріп, архивтерден көптеген деректер жинаған. Бірақ оны жарыққа шығаруға нәсіп болмады. Тағы бір мақалада Сәкен Иманжүсіпті 1927 жылы Қызылорда қаласында өтетін Кеңес үкіметінің он жылдық мерейтойына шақырғандығы жөнінде айтылады. Бұл да тарихта бар оқиға.

- Кітап сөреңізде жерлесіміз, баянауылдық жазушы Зейтін Ақышевтің «Шынардың шыбығы» романы да бар шығар...

- Әлбетте... Бірде Алматыдағы баспа үйіне барсам, сөреде осы кітаптың қолжазбасы жатыр. Көзіме оттай басылды. Бірден жазушының қызы Розаға апарып көрсетіп еді м, олар да бі рден әрекет еті п, жарыққа шығарды. Бұл кітаптың алғашқы атауы «Иманжүсіп» болған. Баспаға 1982 жылы ұсынылған. Бірақ орталық партия комитетінің басшылығы баспадан шығартуға рұқсат етпеді. Себебі Иманжүсіпті кеңес билігі елді ойлаған батыр емес, ел ішіне іріткі салған бұзақы деп білген. Кейін партия комитетінің басшылығы кітаптың атауын өзгерткен жағдайда ғана рұқсат береті ні н айтқан. Содан кейін жазушының ұрпақтары биліктің талабына көніп: «Шынардың шыбығы» деген ат қойды. Оқырман қолына тиюге жақын тұрған тағы бір туынды бар. Ол Сәкен Сейфуллиннің шәкірті Жұмабай Орманбаевтың «Дала перзенттері» романы. Ол кісі атамыздың көзін көріп, талай рет дәмдес, дастарқандас болған екен. 1927 жылы Сәкен мен Иманжүсіптің «Телекөл» сапарына бірге барған Жұмабай деген жігіт – осы. Еңбекті жақында жарыққа шығарып, «Жібек жолы» ауылындағы Иманжүсіп мұражайының ашылуымен бі рге оқырманға таныстырамыз деген ой бар.

- Ел аузында: «Әзірейіл - Имекеңнің қамшысының ұшында» деген сөз бар. Мұның мәнісін білесіз бе?

- Иә, ондай әңгіме қазақтың ұлы палуаны Қажымұқанның аузынан шыққан. Себебі Иманжүсіп атамыз ашулы бір кезінде Қажымұқанға қамшы көтерген дейді. Мұны да Әбділдә Тәжібаев жазған. Әңгімеде ол оқиға былай суреттеледі: «Қояндының базары қызып жатқанда бір кесір шалға тілім тиіп кетіпті. Шал маған қамшы сілтемек болғанда, мен оны аттан жұлып алып, боз үйдің үстіне атып жіберіппін. Күлген жұрт зәресі ұшқан шалды үйден түсіріп алып, қайта аттандырып жіберіпті. Ызалы қарт сол беті мен Иманжүсі пке барыпты... Үйдей кері атының үстінде найзадай тіп-тік қадалған Имекең маған шын-ақ ашулы сияқты көрі нді. Содан соң тепсі ңкі реп кеп қамшымен тартып өтті. Ту сыртым сөгіліп кеткен шығар деп ем, әйтеуір аман екем...». Міне, осыдан кейін ел арасында «Әзірейіл Иманжүсіптің қамшысының ұшында» деген сөз тарапты. Батырдың мынадай тағы бір ерлігі ел аузында: Иманжүсіптің жас жігіт кезі екен. Екі орыс офицері Кенесары ханның суретін нысана етіп іліп қойып, мылтықпен көздеп атып жүреді. Сурет бірнеше жерден тесілген. Көрген қазақтардың бәрі қолдарында мылтығы бар полицейлерге қарсы үн қата алмайды. Сол кезде денесі еңгезердей қазақ жі гі ті екеуінің желкелерінен қысып ұстап, екі жаққа лақтырып, нысанадағы суретті жұлып алады. Сөйтсе, ол Иманжүсіп Құтпанұлы екен. Бұл оның ел аузына іліккен ең алғашқы ерлігі деуге болады. Мұны батырдың көзін көрген үлкен ақсақалдардың аузынан естідім.

- Иманжүсіп Құтпанұлының неше баласы болған? Ұрпақтары қазір қай жақта?

Иманжүсіп Құтпанұлының немересі Раушан Нұрханқызы. - Иманжүсіптің он баласы болған. Оның үшеуі - ұл, жетеуі - қыз. Үлкен екі ұлының есімдері – Дәулетхан және Сейітхан. Олар Күйгенжарда дүниеге келіпті. Иманжүсіп үлкен ұлдарына кіші бауырлары Нұрханға (менің әкем) қарайласуды көп тапсырған екен. Ұсталғаннан кейін «Мен сендер үшін жоқпын. Менен күдер үзіңдер. Нұрханды оқытып, оны күтіңдер» деген. Бірақ үлкен ұлдары да ұсталып, әкелерімен бірге айдауға кеткен. Кіші ұлы ол уақытта он жаста ғана еді. Ол қарындастарымен бірге Мойынқұмның Бөріқазған елді мекенінде қалып қойды. КГБ мұрағатында әкесі мен ұлдарының тергеу барысындағы жауап хаттамасы сақталған: «ештеңе білмеймін, ештеңе естімедім, ешкіммен таныс емеспін» деген жазулар бар. Соттың тергеуі барысында екі ұлдың бірі – Дәулетхан қашып шығуға мүмкіндік алды. Ал Сейітханды мәжбүрлі түрде қара жұмысқа жіберген. Үш айдан кейін олар кіші бауыры мен қарындастарын Ташкентке алып кетеді. Нұрханға Юсупов деген фамилия беріп, Наманган балалар үйіне өткізеді. Ал өздері Таштөбеге қоныстанады. Баласы Дәулетханның ғұмыры қысқа болды. Соңында Әмірхан есімді жалғыз ұлы қалады. Ұрпақтары қазір Павлодар өңірінде тұрып жатыр. Екінші ұлы Сейі тханның отбасы үлкен болды. Өзі 1959 жылы ауыр науқастан қайтыс болған. Сейітханның балалары мен немерелері Павлодарда және Алматыда тұрады. Ал ең кішісі Нұрхан балалар үйінен шыққаннан кейін Өзбекстанның Әндіжан агрохимиялық техникумында білім алған, Субхандария облысында еңбек еткен. 1940 жылы әскерге шақырылып, соғыс майданына аттанады. Әкеміз соғыста аты әйгілі «Катюшаның» взвод командирі болды. «Майдандағы жанқиярлық ерлігі ескеріліп, екі рет «Ерлі гі үші н» медалі мен марапатталады. Сонымен қатар, Кеңес Одағының Батыры атағына бірнеше мәрте ұсынылды, бі рақ бері лмеді. Соғыстан келгеннен кейі н соңына КГБ-нің қызметкерлері шам алып түсі п, оған «заңсыз партияға кі рді » деген жалған жала жапты. Бірақ ол кісінің партия қатарына алынуында ешқандай заңсыздық жоқ. Айтуынша, ол партия қатарына Сталинград майданында жүріп, окопта жатқанда қабылданған екен. Әкеміз осыны 1948 жылы тергеуші лерге де айтып, дәлелдеп берген.

- Иманжүсіп Құтпанұлының туған елі – Ертіс жағалауы, яғни Ақсу жері екенін ел біледі. Бұл жақтан неше жасында кеткен?

- Иманжүсіптің әкесі Құтпан бабамыз Кенесары көтерілісіне соңына дейін қатысып, 27 жасында Ертіс жағалауын паналап келі п, бі р байға жалданып жұмыс і стейді. Үйлі-баранды болып, мол дәулет бітті. Содан кейін жергілікті байлар оған қысым көрсетіп, малын қудалап тоқтатпаған екен. Содан 1865 жылы Ақмола жеріне қайта көшуді ұйғарып, Күйгенжардан Қарасуға дейін жер алады. Ол кезде Иманжүсіп екі жаста болды. Ал Сыр еліне 1913 жылдың көктемінде барған екен. Батыр тұлғасы Сыр еліне ғайыптан туған ер, ел қысылғанда көрінген бір күш болып

көрінеді. «Жазкен тамы» қыстағында отырған оны ел ақсақалдары Сыр өлкесі мен таныстыру үшін сол жылдың мамыр айында ұзақ сейілге алып шығады. Бұл жиынды жергі лі кті халық «Батырдың оралуы» деп атаған. Шиеліден Ақмешітке дейін барған бұл танысу шарасы бір жылға созылып, үлкен бір тойға ұласқан. Бұл тойға бүкіл Сыр өңірі шақырылып, мыңдаған адамдар қатысқан. Міне, Сыр елі Иманжүсіппен осылай табысқан деседі. Бұл туралы Әуелбек Қоңыратбаев «Қазақ» газетіне шыққан мақаласында толық жазыған. Павлодар өңіріндегі Песчан станицасы маңында Құтпанның қыстауы және отбасымен бірге тұрған үйі әлі де бар. Ақсу қаласының басшылары бұл орынға реставрация жасап, туристік маршрутқа енгі земі з деп отыр. Міне, осы жұмыстарды қолға алып жатқан Ақсу қаласының әкімі Николай Дычкоға алғысым шексіз.

- Батырдың өмір-тарихын халыққа насихаттау бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?

- Иманжүсіп Құтпанұлына «Мойынқұм көтерілісін ұйымдастырушы» деген жалған жала жабылып, 1931 жылы Таразда атылған. Бұл туралы мәліметті бізге 1992 жылы КГБ-ның мұрағаты жіберді. Бірақ жерленген жері туралы ешқандай белгі болған жоқ. Өйткені ол жерде одан басқа да көптеген адамдар атылған екен. Сондықтан бі з сол жерден бір уыс топырақ алып, кезінде өзінің өмірі өткен Ақмола топырағына, нақтырақ айтқанда Аршалы ауданына қарасты Жібек Жолы ауылы маңындағы Құтпан әулеті ні ң қорымына қайта жерлеу рәсімін жасадық. Негізі, мен Иманжүсіптің өмір-тарихын жарыққа шығарып, халыққа насихаттау жұмысына өмірімді арнадым десем болады. Бұл – әкем Нұрханның аманаты. Әкем көзінің тірісінде маған: «Бірінші, атамның сүйегі жатқан жерін анықта, екінші, суретін тауып ал» деп аманат жүктеп еді. Екеуі де орындалды. Атам ақталғаннан бері соны елге таныту, мұраларын жинақтап кітап шығару жұмыстарымен айналысып келемін. Қазір қолымда атамның көптеген дүниелері бар. Мысалы, Иманжүсіптің мылтығы, атының жүгені, жабуы, баласы Нұрханға жасаған ертоқымы сынды басқа да жәдігерлер бар. Ол кісі жайында жазылған қаншама деректер жинақталды. Туған-туыстарының суреттері сақталды. Енді сол мұражайды кеңейтіп қайта ашу жұмысын жүргі зудемі з. Бірақ қаражат жағы шешілмей тұрған жайы бар. Мысалы мұрағаттық материалдарын сақтайтын витриналар мен ғимаратты жарықтандыру құрылғыларын алуға шамамен бес миллиондай қаражат керек. Міне, осыған демеушілік жасайтын адам і здеудемі з. Жақында туған топырағы Ақсу жері нде және Аршалы ауданына қарасты Жібек Жолы ауылында атамыздың 155 жылдығы аталып өтті. Енді Жаңаарқаның елі тойлауға дайындалып жатыр.

- Уақыт тауып, сұхбат бергеніңізге рақмет, істеріңіз жемісті болсын! Сұхбаттасқан –

Тілеуберді САХАБА.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

Бұл жалғанда қиындықсыз өмір сүрдім деген адам жоқ шығар, сірә?! Шынымен, өмір адамға берілген сый емес, Алланың берген сыны. Сынның да сыны бар... Талай сыннан өтіп, басына түскен ауыртпашылыққа мойымай, от пен оқты кешіп, көз майын тауысып талай мұрағаттың табалдырығын тоздырып, келешек ұрпақ үшін қазақ өнерін зерттеп, хаттап кеткен рухы биік жандардың бірі өлкетанушы, ақын, журналист, ұстаз, соғыс ардагері, тіл жанашыры Ханафия Асқарұлы. Ауыл молдасынан сауат ашып, өзі ізденіп, бі лі мі н жеті лді рді, қазақ өнері не ерте ден қойды, бұғанасы қатпай еңбекке араласты. Ел басына түскен ашаршылық жылдарды азапты күндермен, азалы жылдармен өткізді. Ауызға салып айтпас бұл нәубет оны әке-шешесінен айырды, жетімдіктің қамытын кигізді. Әкесі Асқар жан-жақты, он саусағынан өнер тамған, темірден түйін түйіп, тері илеп, ағаштан түрлі бұйымдар жасаған. Сол уақыттарда қарт Ертістің арғы–бергі жағынан адамдар арнайы шеберге келіп, тапсырыс берген. ал анасы Зағи көзі ашық, білімді болған. Аумалы-төкпелі заман, тәркілеу, тасмешін ашаршылық қазақтың тұқымын қынадай қырғаны тарихтан белгілі. Осындай өмірдің өткелінен шар болаттай қайралып шыққан Ханафия аға кеңестің қылышынан қан тамып тұрған 1937 жылы Алматы қаласына барып, мұғалімдер институтының қазақ тілі және қазақ әдебиеті бөлі мі не түсі п, 1939 жылы аяқтап, елге оралып, еңбек жолын Ертіс аудандық бөлімінде нұсқаушы болып бастады. Қазақ мектебі не қанша сұранса да, оның өтініші қанағаттандырылмады. Сол жылдың күзінде әскер қатарына алынып, Фин соғысына қатысты. Бұл соғыс қысқа мерзімде аяқталса да, оңайға түскен жоқ. 40-шы жылы қатты жарақаттанып, ауруханада ем-домын алып, елге қайтып оралды. Соғыста алған жан, дене жарақаты көпке дейін жазылмады. 1944 жылы күз мезгілінде майданға шақырылып, Алматыдағы атқыштар дайындайтын №109 полкінде екі ай арнайы курстан өткен соң, Ұлы Отан соғысына аттанды. Өзі не жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен орындап, неміс басқыншыларына соққы бере отырып, Румыния, Венгрия, Чехословакия жерлерін жау қолынан азат етіп, Жеңісті Германияда қарсы алды. Қан майданда жүрсе де, қаруымен қатар қаламын да қолынан тастамады. 1944 жылы туған елге өлеңмен жазған хаты: Жау жеңіліп, ауылға Қайтатұғын күн болар. Ата-анамен кездесіп, Сәлем берер күн болар. Аға-ініні құшақтап, Амандасар күн болар. Кеудеңе қысып бөбекті, Мауқың басар күн болар. Құрметтейтін жолдасың, Тәтті көңіл сырласың. Өмірге ортақ мұңдасыңды, Аялайтын күн болар. Көрген-білген майданда, Ертегідей жыр болар. Туған жерге деген шексіз махаббаты бойына күш берген атамыздың кеудесіндегі алып ұшқан арманы мен елге деген сағынышын жұдырықтай жүрегіне түйіп ауылына да аман-есен оралды. Ертіс аудандық білім бөлімінде еңбегін жалғастырды. Замана ағымына қарай жұмыс істеп, өзінің еңбекқорлығымен, салмақты мінезімен, басқа да озық қырларымен танылған ол кейіннен мектепте мұғалім, мектеп директоры және аудандық білім бөлімінің басшысы лауазымына дейін көтерілді.

Қобыз сарыны

13 қазан, сенбі, 2018 жыл

9

«Абайды дүниеге айырбастамаймын» ағамыз өзі ні ң мына бі р өлең жолдарымен білдірсе керек: Тұлпар ат түсте мінген бақыт болмақ, Ат деген - ер қанаты әуелден –ақ. Ақылдыға болаттай қанат бітсе, Ол адам жер мен көкке қожа болмақ. 1991 жылы облыс бойынша ең алғаш араб әліппесі курсының мұғалімі бола отырып, талай шәкірттерге ұшан–теңіз білім берді. Қолына алған жұмысын еш аяқсыз қалтырмады. Қазақ тіліндегі газет– журналдарға жазылу науқанына сыбана кірісті, өз қаржысын да құйды, тіл мәселесінің түнді гі н түрі п, бі р адамның қолынан келе бермейтін істерді тындырды, дүниежүзілік қазақтардың үш құрылтайына да қатысып, сөз сөйледі, 2004 жылы мұсылмандық парызы - қажылыққа барды. Әкем өте ебекқор болатын. Жұмыс бітпей үйге келмеуші еді. Себепсіз жұмыс жібермейтін, іске тиянақты, қазақы мінезге бай, ақ көңіл адам болды. Кімге болса да қол ұшын беруге дайын тұратын.

Солдан оңға қарай: Халифа Алтай, Мұса Дінішев және Ханафия Асқарұлы. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, өз ортасының сыйлы тұлғасы бола білді. Орта бойлы, бұйра шашты, ширақ, сөзге шебер, ойы жинақы ақсақалмен талай кездескенмін, ол кезде елде

Қарт шежіреші – Ханафия Маңиды көкжиекке өмір көші, Әрқилы әр мезгілде көңіл хошы. Ізінен арғы-бергі замандардың, Сыр терген бұл ағамыз - шежіреші. Киіктің асығындай бітімі бар, Әр кезде талабының ұтыры бар. Барады байыбына әрнәрсенің, Жұртына ұсынатын пікірі –нәр. Сырлассаң Қанекеңмен әрдайымда, Түспейсің сарылтатын саруайымға. Сергисің шомылғандай ертісіңе, Таң атып, Күн шыққандай маңдайыңа. Әңгіме-дүкен – шипа сауығуға, Мұршаң жоқ бір минут та жалығуға. Кіресің Қанекеңнің жетегіне, Абзал да арқалылар қауымына. Тартса да ізденістен жастан азап, Нешеме ақтаңдақты ашқан ғажап. Тарихын Керекудің жатқа айтатын, Кім, айтшы, Қанекеңдей басқа қазақ? Мұзафар ӘЛІМБАЕВ, ақын, Қазақстанның Халық жазушысы.

қызметтемін. Тереңкөл өңірінен шыққан ел жақсылары мен оқымысты ағаларымыз туралы деректер алған едім. Одан кейін де Қ.Әлсейітов, И.Байзақов туралы сұрап білдім, жазған жазбаларын оқыдым. Әсіресе, Құдайберген Әлсейітовтің өмір жолы мен шығармашылығы хақында тың деректер тауып, ел аузынан жинақтап, ақынның жүрген жолымен өтіп, зерттеп, зерделеп, Ресейдің Омбы қаласы Жұматай ауылындағы зиратта ақынның жерленген жерін анықтады. Ақынның соңында қалған жалғыз мұра – бүктемелі домбырасын мұражайға тапсыруға мұрындық болған жан. Оған дәлел, 1985 жылдың сәуір айында Ханафия Асқарұлының ұйымдастыруымен Қ.Әлсейітовтің шығарамашылығына орай бағдарлама түсіріліп, оған ақынның ұрпақтары қатысып, бүктемелі домбыраны облыстық тарихи-өлкетану мұражайына табыс етті. Ал бағдарламаны балалар ақыны, журналист Есентай Ерботин жүргізді.

Қамқорлықтың үлкен-кішісі болмайды. Бір атым насыбаймен ауланатын көңіл шіркін сәл ілтипат көрсетілсе де, шалқыған теңіздей асып-төгіліп жатады. Қамқорлықты ауқымды іспен де, бір ауыз сөзбен де жасауға болады. Ханафия ағаның өнерге деген қамқорлығы ерекше болды. Қаншама қыруар жұмыс атқарды, кей сәттерде қарсы жақ та, жазғанын жоққа шығарушылар да болды, оған мойымады. Ол өз ісінің білгір маманы еді. Жастарға ақылын айтып, тәжірибесін бөлісуден уақытын аямады, айналасынан бүгіп қалатын сыры да болмады. Халықпен етене араласуы, өзін қарапайым ұстауы, өнерге шексіз берілгендігі, кішіпейілділігі оның биік мәдениетінің иесі екендігін айғақтайды. Арбаша хат таныған ағамыз көптеген мұрағаттарда тың деректер тауып, кейіннен «Ертіс өрендері», «Алаш зиялылары», «Даналық, тектілік және әулиелік әлемі» атты еңбектері кітап болып жарық көрді. Қазақтың әулиесі, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев турасында да оқып, білген-түйгені көп. Ақынның 1907 жылы үш кітабының бірі Ханафия атамыздың кітапханасының жеке қорында сақталған екен. Қазіргі күні оны анықтау үстіндемін. Сол секілді қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың төте жазумен шыққан толық шығармалар жинағы сақтаулы, қызы Гүлнар Ханафияқызы музейге тарту етті, жақында көпшілікке таныстырылатын болады. Осы кітап үшін әкеме «ГАЗ-21» волга автокөлігін бергенде, әкем «Абайды дүниеге айырбастамаймын» деген еді, – деп еске алады қызы Гүлнар Асқарова. Күнделіктерінің бірінде «Мойнақ Голубовка. Әлсейітов Құдайбергеннің ізімен жүрдім. Жаңалық ашу, тың дерек беру, өшкенімізді қайта тұтату – ғасырлар тереңіне кеткен қазақ жұртының рухани байлығын бүгі нгі күнге сай байыту, жеті лді ру» - деп жазыпты. Шын, өз елі ні ң өнері не бері лген ардақты жан тоқсаннан асса да, қаламын қолынан еш тастаған емес, өлең, нақыл сөздерін жазды. Бала жастан мақал-мәтел, шешендік сөздерді, қисса–дастандарды, «Қыз Жібек», «Қалқаман–Мамыр», «Ер Тарғын», «Мың бір түн», сол секілді А.Құнанбаевтың, М.Дулатовтың, А.Байтұрсыновтың шығармалары мен «Біржан–Сара», Ақан сері, Құдайберген ақынның айтыстарын жатқа білген. Бұл турасында өзінің еңбектерінің бірінде: Сүйсіне жаттағандарымды ұзақ жасаған өмірімде Құран дұғасындай табынып, бойтұмардай қасиеттеп, мемлекет заңындай бағынып, дін парыздай орындап, иба қылып өстім, - деп жазыпты. Білімге, өнерге деген құштарлығын

Жұмысына, қызметіне жауапкершілікпен қарады, алдына қойған мақсатына жетпей қоймайтын. Айтқан сөзін де, берген уәдесін орындайтын. Қайырымдылыққа, мейі рі мді лі кке бейі м еді, - деп еске алды қызы Гүлнармен кездескенімде, музейге көптеген құнды жәдігерлер, жеке заттары мен қолжазбаларын алдым. Ол да - атқарған жұмыстың нәтижесі. Ханафия Асқарұлының тағылымы биік, қиындығы мен қызығы мол еңбек жолында жиған тәжірибесі де, көргені мен көңілге түйгені де мол. Бір бойына жетерлік серілігі, топ бастайтын серкелігі де болды. Рухы мықты ұрпақ тәрбиелеу – ұлт арманы. Ол үшін ең алдымен қазақтың тарихын, әдебиеті мен өнерін ұлықтаған жандардың өмірін жан-жақты насихаттасақ, алар асуымыз көп болмақ. Көзі тірісінде өзінің бағасын ала алмаған Ханафия Асқарұлының өмірінен азын-аулақ сыр шерттім. Оның еткен еңбек, көрген бейнет, тапқан зейнет, алған асуы, жеткен биігі мақтанарлық. Мақаламды жүзге келген ақ сақалды абыздың мына бір өлең жолдарымен аяқтағанды жөн көрдім. Баян еттім көрген түс, жат хикая, Уақыт болса, сарқылмас ой-дария. Таршылықта асығыс баяндаушы, Керекулік Асқаров Қанапия.

Ербол ҚАЙЫРОВ,

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкері.


К өңiлашар ң ы д р а д н ы қ А а нас ы 13 қазан, сенбі, 2018 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ДЕГЕН ЕКЕН...

Жата-жастана жазған - Алпысбай

Мағынасы майысқан мақалдар

Парақордың баласы теңгеден көзін алмайды. ***

Қазынадан қымқырғанның қарны ашпайды.

ы Жаңажол, ны, айтыстың ақтаңгері, бұрынғ тамам елге – Ертіс-Баян өңірінің ақжүрек ақы ітов Сей н мке ың тұрғыны Жұ бүгінгі Мәшһүр Жүсіп ауылын шылаған талантымен танылған жан. Оның ізін таңдайынан төрт таған жыр там түсіп жүрген ұлы Тілек Сейітов те – көпшіліктің ына жалғаушы, сөз өнерінің майдан өзі. Ал осы екі ақынның шабыт бұлағының бастау ің ейд көм р айы н ққа жатқанын былайғы көңілінен шы анасы Раушан Жұмабайқызында іп-төгіп жіберетін ң зды мы аға н мке Жұ асы арн төг алатын ей - реті келгенде қара өлеңді інен жұрт білмеуі мүмкін. Раушан әж ға таяп қалса да, жады мықты, жүрісі ширақ, құлағы сақ, бәр іде сан елд тоқ Еск , сы аны Жа а Баянауыл ауд қабілетке ие қария. екен. Бұған 2018 жылдың жазынд қ. де тілінің ұшы әлі де от бүркіп тұр ғына арналған облыстық айтысқа барғанымызда куә болды ып, лды сой жы ас 160 ің арб ақс сіпт іп, Жү р күт күн бойы өткен Мәшһү нды Сейітовтер шаңырағы екі сы» Айтысқа қатысушы бір топ ақы Арқа-жарқа отырыстың қызған шағында «ақындардың ана і і. ісуд етт бөл ман ен рманм асты-үстімізге түсіп мей алған едім. Естігенімді есті оқы ып жаз н ына ауз өз ын дар қан Раушан әженің айт жөн санадым. ***

Раушан Жұмабайқызы бойжеткен шағында да, босаға аттаған жас келін кезінде де жездесі Қайыржанмен қатты қалжыңдасып жүреді екен. Жездесі балаңдау кезінде қырдағы колхозшыларға өгізбен сусын таситын қолбала болса керек. Ол заманда шертпек деген үлкен ыдыс болады. Соны қапсыра құшақтап, өгіздің қыр арқасында қопаңдап отырғанда, ыдыс ішінде шайқатылып келе жатқан қымыз, шайқатылашайқатыла әбден ашуы жетіп, жарылып кетеді де, бозбаланың бір қолын жұлып түседі. Осы оқыс оқиғадан соң қолында кінәраты бар Қайыржан соғысқа алынбай қалады. Ақыры Раушанның апасына үйленеді. Қайыржанның руы - Талас. Өңі қарапайым, көне кепешін басынан тастамайтын адам екен. Бертінде 23 ақпанда әскерге барған азаматтарды құттықтайтын дәстүр шығады. Раушан жездесінің үйіне келсе: – Әй, қозғанның қызы! Маған, міне сағат сыйлап құттықтады. Сен Арқажанды немен құттықтайсың? - деп тиіседі. Арқажан дегені Раушанның күйеуі – Арқалық. Сонда апасы: «Әй, мына жездең жынымды ұстатып тұрғанын қарашы. Бірдеңе деші», - дейді. Сыртта жездесімен жолдас бірнеше жігіт соғым союға қам жасап жатады. Солардың шайын қайната жүріп, Раушан бір-екі ауыз өлең құрайды. Өлең деген оңай ойға оралсын ба. Суық шошалада самауырынды әлденеше рет қайнатады. Қасапшылар шаруасын бітіріп, тегіс дастарқанға жиналды-ау дегенде бұрқ-сарқ қайнаған самауырды көтеріп үйге кіріп келіп, үстелдің шетіне қоя бере тақпақтай жөнеледі: Таластардың жігіті сұлу келген, Аямай-ақ құдайым көрік берген. Ежірейген көзінен зәрем ұшады, Қайран апам осыған қалай келген? Оқшырайған оқалы тақиясы, Сағаты бар, жоқ бірақ сақинасы. Түрікменнің түріндей десем-дағы Төлегендей апама бұның басы. Февральда құттықтап сағат берді. Қай қалада төкті екен ащы терді? Шертпекпенен соғысып қолды берген, Құттықтауға бола ма бұндай ерді!? – деген екен. ***

- «Мен өзім арқаның серісі - Аманжол Әлтаевпен де сөз қағысқам, - деді Раушан әжеміз сөзін әрі қарай жалғап. Бірде Аманжол ақын Баянауылға келіп, Қоңыр әулиенің басына зиярат жасамақ болады. Бұл ойын алдын ала Жұмкен Сейітовке білдіріп: «Жолай сенің үйіңе түсемін,» деп ескертеді. Жұмкен бір малын сойып, әзірлік жасайды. Бірақ, өзінің бір шұғыл шаруасы шығып, Баянауылға жүріп кетеді. Ал Қоңыр әулие үңгірінің шырақшысы Жұмат аға Раушан әжейдің қайнысы болып келеді екен. Арада біршама уақыт өткенде Жұмкеннің үйінің қасына ақ «Волга» тоқтайды. Ендігі сөзді әжейдің өзіне берейік. - Үйдің жанына бір ақ «Волга» өтіп барып тоқтады, дейді Раушан әжей: - Қолымдағы Зейнеп сыртқа шығып еді, «Жұмкеннің үйі осы ма?» деп сұрапты. Кетіп бара жатқан Аманжол Әлтаев екен. Зейнеп «Осы үй» деп жауап беріпті. Жұмкеннің өзі жоқ екенін, Баянға кеткенін айтады. Бірақ жолаушылар біздің шаңыраққа кірмей, сырттан сөйлесіп, әрі қарай жүріп кетеді. Сөйтсе, бірінші молда атамның басына барып қайтайын деген ғой. Мен молда атамның бір тырнағына да тұрам ба, барғаны дұрыс қой. Әлгілер аздан соң оралды. Қастарында Жұмат бар. Шайын беріп, дастарқан жайдық. Сонда Жұмат айтты: «Осы ақынмын деп жай кезде айтасың ғой, мен саған ақынның дөкейін әкелдім, қане, айтысшы!» - деді. Ауырып отыр едім. «Жоқ» деп едім, қоймады. Аманжолдың өзі де өтінді: «Жұмкеннің анасында ақындық бар деуші еді. Естиін», - деді. «Сұрап алған ауыруға ем жоқ» дегендей былай дедім: Аманжол, атың шыққан атырапқа, Киелі келдің, қалқам, топыраққа. Мен-дағы ақындардың анасы едім, Қалайша кірмей кеттің шаңыраққа.

***

Оңай табыс олжа ғой, Үнемі солай болса ғой. ***

Қуды қулығы құтқарар. ***

Жемқор жемқорға жақын жүреді. ***

Қазынадан ұрлаған қаржы сұрамас. ***

Жемқор – жаудан бетер. ***

Жемқорды құлқыны асырар.

***

Бір жылдары «Қазақстан» ұлттық арнасы арқылы «Айтыс чемпионаты», «Аламан айтыс» деген жобалар жүргені көпшілікке мәлім. Сол айтулы додаға Раушан әжейдің немересі, Жұмкен ағаның жалғыз ұлы Ті лек Сейі тов те қатысуға бел байлайды. Бүкіл Ертіс-Баян өңірінің абыройын арқалау оңай болып па? Жүрексінген Жұмкен ағаға Раушан әже: «Базарға барып, бағыңды сына!» деген. Баланың жолын бөгеме, барсын. Айтса айтып келеді, айтпаса қайтып келеді,» - дейді. Бұл кез Тілектің Екібастұз қаласында оқып жүрген шағы болса керек. Немересіне бас-көз боламын деп қасында жүрген Раушан әжейді кеншілер шаһарында тұратын көрші-қолаң да көптен танып алған. Ті лек Алматыға ұшатын кезде жолға шығарып салуға жиналған сол көрші әйелдердің бірі: «Бір ақынға анасыз, бір ақынға әжесіз, немереңізді бір ауыз өлеңмен шығарып салмайсыз ба?» - деп тосыннан қолқа салады. Сонда Раушан әжей былай депті: Тілегім ұшып барады аспанымда, Жетеді Алматыға қас қағымда. Қызығын балалардың көрсете көр, Бейнетті беріп едің жас шағымда. Дарыған балаларымның бойына өнер, Жан Аллам ұзақ өмір, берсе жігер. Соңынан жалғыз ұлдың еріп еді, Аруағы Мәшһүр бабам желеп-жебер. Мың алғыс келтіреміз Тәңіріне, Алланың не берсе де әмірінде. Тіл-көзден сақтай гөр деп тілек тілеп, Кей кезде алып қалам көңіліме. Ертеңінде әлгі көрші келіншектер шай, қант-кәмпит, орамалшыттарын алып келіп, Раушан әжейге ұсыныпты: «Апа, біз сіздің мұндай ақын екеніңізді білмедік, мынау аздаған тартуымыз, - дейді. Сонда әжуаға әлді әжеміз: «Мұндай тартуды күн бұрын әкелсеңдер, өлеңді күнде айтатын едім ғой, - деп келгендерді тегіс күлдіріпті.

Айбек ОРАЛХАН, Павлодар қаласы.

асы

***

Жемқордың да бәрінен жеритін кезі болады.

Аманжол, осы ма еді білгендігің, Көп жүріп бар емес пе көргендігің. Есіктің алдына кеп түспей кеткен, Бар ма еді көкірегіңде менмендігің!? Ұтымды сөзге уәж таппаған Аманжол ақын әжейдің алдында басын иіп, қол қуысырса, марқұм әйелі Ақмарал екі қызымен екі жағынан құшақтап, бетінен сүйіп, естелік суретке түсіпті.

Та қтай қойм

***

Бастық болсаң басынарсың, Өсе беруге асығарсың.

***

Асасаң аш қалмайсың. ***

Алмасаң азапқа қаларсың. ***

Тағыңмен мақтанба, Тапқаныңмен мақтан. ***

Талаптыдан теңге артық. ***

Қызғаншақ қарап жүріп қиналады. ***

Мылжың - мидың соры. ***

Жемқордан үйрен, Жей алмайтыннан жирен. ***

Жөні келсе жайынды да жұтарсың. ***

Тақ қадірден де қымбат. ***

Өзімшіл өзін де аямас. Үміт ЗҰЛХ АРОВА.

да қиялы қуара баста ған - Адам сезімі суа лып, аса береді . рм тек жаттағанына жа ңның ымағыңды қас жауы ың арғ ған па - Сылап-си панн дұш қас ды ың ару ан жетегінде көр, аялағ төсегінде көр. ң, күндіз қай тесікке - Түнде перде жа мылса кіресің. а еруден баста лады. - Адасу адасқан ада мғ ді де тат басады . - Қарамасаң қара темір сіне түсіре алмауыңа - Өз ойыңды сөз тірке қ. жо ы қа ламның қатыс ң да, көңіліңді қыспа . - Көршіңе көзіңді қысса деме. - Тірлігі жоқты тірі ы. ғад шы к - Түгі жоққ а тү тең. ен оқп ған - Алдау да атыл ін, итаяққа ас құй. үш нау сы - Иттің достығын

Езутартар Тіс дәрігері тісін жұлып болған соң емделушіге:

– Мені қара басып, сіздің сау тісіңізді жұлып алыппын... Тағы да қайтадан ауру тісіңізді жұлуға тура келіп тұрғаны... – деп қапаланғанда, оған емделуші: – Дәрігер мырза, сіздің көз дәрігері болмағаныңыз мен үшін үлкен бақыт! – деген екен. *** Дәріханашы кітап дүкенін аралап жүріп:

- Сен үрді екен деп ұрлығын қоймас

– Мына кітап қалай, қызық па? – деп сұрайды сатушыдан. – Білмеймін, оқымаппын. – Сен қалайша өзің оқымаған кітапты өзгелерге сатасың?! – Ал сен дәріханадағы дәрілердің бәрін ішіп көріп пе едің?!


ЖАРНАМА

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Құттықтаймыз!

Хабарландыру

Мұрат Амантайұлы Әбелдиновті құттықтаймыз Ақтоғай ауданы Әуелбек ауылының тумасы, шаңырағымыздың тірегі, отбасымыздың берік діңгегі, туғанға сыйлы, кейінгіге үлгі бола білген асқар тау әкеміз, аяулы жар, ардақты атамыз Мұрат Амантайұлы Әбелдиновті зейнеткерлікке шығу жасымен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы өмірде денсаулығыңыз күйлі–қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болып, күн жағымыздан көлеңке, жел жағымызға пана болып жүре бері ңі з деп келесі өлең жолдарын арнаймыз.

13 қазан, сенбі, 2018 жыл

Асыл әке, ардағы ұл-қызының, Бәрін болжап жүретін алдағының. Қамқорымыз, Сіз келіп зейнет жасқа, Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін. Анамыз Розаменен қанаттасып, Жүріңіз әр күн сайын алға басып. Сіздерді мақтан етіп біз тұралық. Мөлдір бұлақ суындай асып-тасып. Жан Әке, құтты болсын зейнет жасың, Біз үшін ардақты ғой алтын басың. Немереден көріңіз шөберені, Жыр алыбы Жамбылдың беріп жасын.

Ізгі тілекпен, жұбайы – Роза, балалары: Ерсін – Дина, Әсел, (1120).

(20278).

66-15-40 ÆÀÐÍÀÌÀ 66-15-42

Даулет-Жанаргүл, немере-жиендері.

«ЕЭК» АҚ 2018 жылғы 29 қазан сағат 15.00-де Ақсу қаласы «ЕЭК» АҚ мекенжайы бойынша орналасқан «ЕЭК» АҚ бас кеңсесінде өтетін Павлодар облысы, Ақсу қ., «ЕЭК»АҚ мекенжайы бойынша орналасқан дүкен-аялдаманы жалға беру конкурсын жариялайды. Конкурстың шарттарымен 8 (718 37) 9 99 35, 8 (718 37) 9 99 87 телефондары, Petr.Pissegov@erg.kz, Roman.Bastrykin@erg.kz электрондық пошта арқылы танысуға болады.

Құрметті оқырмандар!

Құрметті оқырмандар!

2019 жылға арналған «Звезда Прииртышья» газетіне жазылу басталды

«Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналына 2019 жылға жазылу басталды!

Жазылу мерзімі

«Қазпошта» АҚ–ның бөлімшесі арқылы жазылу Индексі 55440 қала ауыл

6 ай (аптасына 4868,20 теңге 5186,40 теңге үш нөмір) 12 ай (аптасына үш нөмір) 9736,40 теңге 10372,80 теңге Индексі 25440 қала ауыл 12 ай (бейсен- 4040,70 теңге 4251,40 теңге білік нөмір)

«Alash Press» Редакцияда ЖШС–нің ресімделу бөлімшелері және алу арқылы жазылу мен жазылу Павлодар қ.

Павлодар қ.

4865 теңге

3810 теңге

9730 теңге

7620 теңге 3144 теңге

Жазылу мерзімі

«Қазпошта» АҚ–ның бөлімшесі арқылы жазылу

6 ай

Индексі 67276 қала ауыл 3384,90 3397,80 теңге теңге 6769,80 6795,60 теңге теңге

12 ай

4035 теңге

Біздің газетімізге жазылуды үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел. 32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта» ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел. 61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, баламалы жазылу арқылы Астана к-сі , 143 мекенжайы бойынша ресі мдеп, ті келей редакциядан алуға болады. Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Бі зді ң кез келген басылымға 50 данадан кем емес жазылған жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізумен ұжымдық баламалы жазылуды ұсынамыз тел. 8 (718 2) 66-15-41.

«Alash Press» ЖШС–нің бөлімшелері арқылы жазылу Павлодар қ. 3380 теңге 6760 теңге

Редакцияда ресімделу және алу мен жазылу Павлодар қ. 3120 теңге 6240 теңге

Үйге немесе жұмыс орнына дейі н жеткі зі лумен «Найзатас» журналына кез келген пошта болімшесінде пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қаласы Ак.Сәтбаев кошесі, 50 (тел. 32-40-37) мекенжайында орналасқан Қазпошта ғимаратында, Ак.Марғұлан к-сі, 142-23 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел.61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, (баламалы) редакция арқылы жазылуды Астана кошесі, 143-үй мекенжайында ресімдеп, журналды тікелей редакциядан алуға болады. Тел. 8 (7182) 66-15-41.

«Сақтандырыламыз! МӘМС...»

АС БЕРІЛЕДІ Ақтоғай ауданы Қараоба ауылының (Спартак) тұрғыны Жұмабекұлы Семкеннің жылына орай 2018 жылдың 21 қазан күні сағат 12.00-де Мәшһүр Жүсіп мешітінің орталық залында құран бағышталып, ас беріледі. (1116).

АС БЕРІЛЕДІ 2018 жылғы 19 қазан сағат 12.00-де Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп мешітінің орта залында Күләш Ерғалиқызының қырқына арналып дұға оқылып, ас беріледі.

(1110).

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда халықтың денсаулығына мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың бірлескен жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) енгізіледі. Өткен жылдың шілдесінен бастап сақтандырылған халыққа қосымша медициналық көмекті сатып алу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы қаражаттың жинақталуы басталды. Осы жылы және одан кейін Қордың аударымын тек жұмыс берушілер ғана қызметкерді ң табысынан 1,5 (бі р жарым)% мөлшері нде төлейді. Аударымдар жұмыс берушінің жеке қаражаты есебінен жүргізіледі! Қызметкерлердің жалақысынан ештеңе ұсталынбайды! Жалақыдан түсетін төлемдер тек 2020 жылы басталады және кірістердің 1%, ал 2021 жылы 2%-ды құрайды. Бұдан басқа, 2020 жылы мемлекет 14 ерекше санаттағы азаматтарға сақтандыру төлейтін болады, оларға балалар, жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар, көп балалы аналар, мүгедектер, мүгедек балаға қамқорлық жасайтын адамдар, зейнетақы төлемдерін алушылар, күндізгі оқу нысанындағы студенттер, сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар жатады. Сондай-ақ, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен құқық қорғау органдары қызметкерлері де төлемдерден босатылады. Ағымдағы жылдың 1 қазанына жағдай бойынша Қорға 105 млрд. теңге түсті, оның ішінде Павлодар облысынан түскен түсім 4,8 млрд. теңгені құрады. Аударымдарды жүзеге асыру саласында 28 мыңнан астам жұмыс беруші 275 мың жұмысшыға пайда әкеледі. Ақпарат Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Павлодар облысы бойынша филиалымен ұсынылды.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әкімшілігі мен ұжымы философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы

Күленов Бекболат Әдиұлының

қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

11

САРЫАРҚА САМАЛЫ

МЕНШІК ИЕСІ

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Ертіс Медиа» ЖШС, «Сарыарқа самалы» облыстық газеті Газет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 30.09.2014 ж. №14562-Г куәлігі берілген.

Газет 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2014 жылы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен марапатталды. ЖШС директоры Асқар ШӨМШЕКОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ Телефоны. 66-15-30 ЖШС-нің мекенжайы. Павлодар қаласы, Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй. Редакцияның мекенжайы. 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды поштасы: ssamaly29@gmail.com. Бас редактордың орынбасары 66-14-61. Жауапты хатшы 65-12-74. Әлеуметтік бөлім 66-14-63, 66-15-31, 66-15-32. Экономика, саясат 66-14-64, 66-15-28, 66-14-65. «Айналайын» 66-14-63. «Жас times» – 66-15-32.

Жарнама бөлімі: s_samaIy_reklama@maiI.ru 66-15-42, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі 66-15-41. Фототілші, корректорлар 65-12-74. Газеттің нөмірі «Сарыарқа самалының» компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына үш рет шығады, апталық таралымы 14514 дана, бүгінгі көлемі 3 б.т. «Дом печати» ЖШС баспаханасында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны. 8 (7182) 61-80-26. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 2198 Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді. Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. «Сарыарқа самалында» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті. Баспа индексі 65441.


12

ИІРІМ

13 қазан, сенбі, 2018 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ БІРГЕ ТАҢДАЙЫҚ!

Естайдың образына қайсысы лайық? Аталмыш шараға Астана, Алматы және Павлодар қалалары бойынша 9 мүсінші қатысып, 12 жұмыс сарапқа салынды. Комиссия мүшелерінің айтуынша, дала дарынының мүсінін бейнелейтін ескерткіш эскиздері асқан шеберлікпен орындалған. - Ескерткіш орнатарда ең алдымен кәсібилік қажет. Бұл - басты талап. Әрине, одан кейін қандай материал қолдану қажеттігін жетік бі лу керек. Ескерткішті жасаушы сол кейіпкерді сезініп, түсініп жасаса, мүсін тұрғындар жүрегіне шынайылықпен жол табады. Шеберлердің жұмыстарынан шабыт алып рухтанады. Біз әртүрлі ескерткішті

1

Күзгі көрініс Қалқаман САРИН

Көңілді қоңыр салқын саз жүдетіп, Көз жетті кеткеніне жаздың өтіп. Құлайды жапырақтар құба талдан, Күрең күз құдіретіне тағзым етіп. Суреттерді түсірген - О.Бугаева.

Облыстық әкімдікте тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі комиссиясының өкілдері қатысқан жиын өтті. Олар Ертіс өңірінің тумасы, қазақ музыка өнерінің шоқ жұлдызы, қазақ даласына кең тараған «Қорлан» әнінің авторы, ақын, әнші, композитор Естай Беркімбайұлына арналған ескерткіштердің эскиздік жобаларын талқылады.

АҚСАРАЙ

Кеші еді солқылдаған күздің суық, Не шара, жасыл жаздан үздірсе үміт? Базары тарқап кеткен бақ ішінде Күтіп тұр әлдекімді қыз күрсініп. Жас талдың аптыққан жел есін алды, Құрғырдың қылығы жоқ еш ұнамды. Жылаған жапырақтың жетім күйі, Әп-сәтте көңіліме көшіп алды. Арқаның өңменімнен өтті желі, Күдерін қайтқан құстан көк те үзеді, Бозбауыр бала бұлттар боздап тұрып, Бораған қыстан хабар жеткізеді. Бәлкім бұл кездесу ме тұңғыш, аппақ, Бақтағы қыз да сабыр тұрды сақтап. ...Бір жігіт сұр көшеге көрік беріп, Келеді қызыл-жасыл гүл құшақтап. Елемей қырды гүлсіз, күнді нұрсыз, Кездесіп тұрды екеуі. ...Тұрмын үнсіз. Батырған мені мұңға қоңыр Күз бен Жігіттің қолындағы гүл ғұмырсыз...

2 КӨҢІЛДІҢ КӨЗІ

Жандос ҚҰСАЙЫН,

3

режиссер, сценарист:

көріп жүрміз. Бұл жерде тұтастықты байқау маңызды. Көрермен мүсінге қарап сол адамның мінезін, бітім-болмысын байқайтын болады, - деді облыстық көркемсурет музейі басшысының орынбасары Ольга Пашко. Сонымен қатар, Ольга Пашко ұсынылған жұмыстарды бағалау барысында Естай атындағы мәдениет сарайының сәулеттік көрінісі, ескерткіштің оған үйлесуі де ескерілгенін айтты. Жобаға қатысушылардың бірі – танымал мүсінші астаналық Азат Баярлин. А.Баярлин жұмысты орындау барысында мүсіннің ұзақ сақталуына аса мән беретінін айтады. Сондықтан ол өз жобаларын жүзеге асыруда жоғары сапалы құйманы таңдапты. Қазіргі уақытта сәулетшімен бірге тұтас гранит блогынан тұғыр жасауды жоспарлауда. Сол кезде көркемдік жағынан жақсы көрінеді әрі ұзақ сақталады, дейді ол. Шебердің еңбектерінің қатарында Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин, Омбыдағы Шоқан Уәлиханов, Анкара қаласындағы

5 «Астана», Степногорсктағы Қаныш Сәтбаевқа арналған ескерткі штер мен Мәскеудегі Тұрар Рысқұлов барельефі бар. Айта кетейік, аталмыш комиссия бұл күні ұсынылған 12 жобадан бесеуін іріктеп алды. Енді таңдалған бес эскизді Астана қаласындағы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жетекшілік ететін республикалық комиссия мүшелері қарайтын болады. P.S. Егемендігіміз ел басына бұйырған шақтан бастап еңсемізді көтеретін елеулі істер көптеп жасалуда. Ертіс-Баян өңірі тарихта есі мдері алтын әрі ппен жазылған аяулы тұлғаларды әспеттеп, ұлықтауда.

4

Құрметті оқырман! Естай Беркімбайұлының ескерткішіне қатысты айтар ойларыңыз, ұсыныстарыңыз болса редакциямызға хабарласып, хат жолдаңыз. Өз тілшіміз.

СПОРТ

Алаң ашылды Павлодар қаласындағы №43 жалпы орта білім беру мектебінде жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді. Жасанды жабынмен жабдықталған алаң енді жас жеткіншектердің спорттағы жетістіктеріне жол ашпақ. Мереке АМАНТАЙ Жаңа алаңның ашылуына спорт ардагерлері, мектеп оқушылары мен ұстаздар, ата-аналар қатысты. Павлодар қалалық бі лім беру бөлімінің бас маманы Қадырбек Райысовтың айтуынша, өңірде оқушылар арасындағы футболды дамытуға көп көңі л бөлінуде. Міне, соның нәтижесінде осындай спорт алаңдары көптеп ашылуда. Сонымен қатар, Қ.Райысов өңірімізде жас футбол-

шылар республикалық турнирлерге қатысып, облыс намысын абыроймен қорғап жүргенін атап айтты. Мектеп директорының міндетін атқарушы Самал Әубәкірованың айтуынша, мердігер компания – «Промсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тиісті міндетін уақытылы әрі сапалы атқарған. Енді оқушылар бұл алаңда футбол ойынын ғана емес, спорттың басқа да көптеген түрінен жаттығатын болады. Мұнда баскетбол, волейбол сынды спорт түрлеріне арналған арнайы құрылғылар орнатылған. Сондай-ақ,

жеңіл атлетика жарыстарын ұйымдастыруға да мүмкіндік бар. - Мектебіміз спорттық жетістіктер бойынша алдыңғы қатарда келе жатыр. Бізде жеңіл атлетшілерді дайындайтын «Марафон» клубы, сонымен қатар, футбол клубы жұмыс істейді. Бүгінгі күнге дейін бізде мұндай заманауи спорт алаңы болған жоқ. Волейбол, баскетбол ойындарынан жаттығуға біздің спорт залы шақ келсе, футболға қатысатындар біраз қиналатын еді. Енді жаңа футбол алаңында жаттыққан оқушылар салауатты өмір салтын ұстанып, алдағы уақытта еліміздің намысын қорғайтын доп шеберлері атанатынына сенімдімін, дейді С.Әубәкірова. Шара соңында жаңа алаңда мектеп оқушыларынан құралған командалар арасында жолдастық кездесу өтті.

Қазақша болуы тиіс Кино синкретті өнер емес пе? Ол – синкретті өнер ғана емес, синкретті насихат құралы. Ол – әрі өнер, әрі саясат, әрі идеология, тәрбие құралы. Бі з кино өнер ме, әлде саясат па деп тартысып жүргенде, әлемдегі кинодержавалар бұл сұрақты талқылау былай тұрсын, аз ұлттардың дүниетанымын жаулау тұрғысында «кино идеология» формуласын тамаша пайдаланып келе жатыр. Кино арқылы адам санасын тұтастай жаулауға болатынын біз қазір айналамызға қарап-ақ еш қиындықсыз ұғамыз. Қазір еліміздегі музыка, би, сурет секілді маңызды өнер түрлеріндегі соны тенденцияларға назар салайықшы. Консерваторлық көзқарастағы көрермен түсіне алмай жатқан құбылыстар мен толқындар қайдан келді? Мысалы, ер жігіттің сызылып ән салуы туралы қандай пікірдесіз? Зіңгіттей азаматтардың сахнаға шаш бояп, тырнағын лактап шығуын сахналық образ дейсіз бе? Мүмкін... Бірақ ол қайдан енді? Әрине, алдымен кино арқылы көз үйретті, сосын түрлі плакаттар, жарнамалар, сағыз сыртындағы фантиктер деп кете береді. Үндінің сариі неге сонша әдемі? Ал қазақтың ұлттық киімін неге тек Қыз Жібек киюі тиіс? Бұл – үнді киносы мен қазақ киносының өзара ара салмағының көрсеткіші емей немене? Жалпы, киноның берері көп. Алдымен ұлттық иммунитет. Қазақ киносының әр адырынан яки әр сөзінен қазақтікі екені сезіліп тұруы керек. Фильмнің жаны дейміз ғой, сол қазақы болуы тиіс. Біз қазір кассалық фильмдерді жарқ-жұрқ, ырқыл-жырқыл деп сынаймыз. Неге? Бұған дейін түрлі таным-түсініктегі шетелдік фильмдермен көрермен талғамын «қазақылау емес» өзгеріске ұшыратып алдық. Сөйтіп, енді өзіміз фильмдер жасай бастағанда, көрерменнің әлгі талғамынан түзілген сұранысына сай ұсыныс жасағымыз келді. Жарқ-жұрқтың шығу себебі сол. Дегенмен жеңіл-желпі комедияның өзінде де «қазақтың жанына» орын бар деп ойлаймын. Кей дүниелерде болып та жатқан секілді. Негізі, түсіріліп жатқан комедияларды жерден алып, жерге салуға болмайтын шығар. Ең кемі, «комедия» дейтін тамаша жанрдың өзі құрметке лайық.

13 қазан, 2018 жыл №118 (15289)  
13 қазан, 2018 жыл №118 (15289)  
Advertisement