Page 1

САРЫАРҚА Павлодар облыстық газеті 1929 жылғы 15 ақпаннан шығады ssamaly29@gmail.com

САМАЛЫ

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

АУЫЛ КӘСІПКЕРІ

Толайым «Табыс»

12 маусым, сейсенбі 2018 жыл №66 (15237)

@saryarka_samaly

Нақпа-нақ Павлодардың Ленин кентіндегі сумен қамту жүйесіне

350 үй қосылып үлгерді ҚЫТАЙ САПАРЫ

Ел мүддесі бәрінен жоғары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді.

Суретті түсірген – Дархан Өмірзақов.

Екібастұз қаласынан елу шақырым жерде Зеленая роща деген шағын ауыл бар. Ақкөл ауылдық округіне қарасты бөлімше. Бір ғажабы, бұл елді мекенде бос тұрған бірде-бір баспана жоқ. Тіпті, осында тұрақтауды жөн санаған азаматтар зәулім үйлер салуда. Қаладағы котедждерден кем түспейді. Ауылда да шалқып-балқып шаһардағыдай тіршілік етудің үлгісін осыннан табасыз. Жалғасы 2-бетте

Шамшырақ: ТӨРЛЕТ, «ТІЛАШАР!» Өңірдің білім саласындағы биылғы басты жаңалық – барлық балабақшаларды қазақшаландыру. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерді мемлекеттік тілге ауыстыру үрдісі жоғары деңгейде жүргізілуде. Бастысы, жақында қалалық №4 сәбилер бақшасында 3-7 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдерінің балаларына арналған «Тілашар» оқу бағдарламасы бастау алды. Бұл арқылы өңірдегі балғындар қазақ халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысуға мүмкіндік алмақ. Толығырақ 4-5-беттерде

– Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен бірге өзара сенімді және достық қатынастарымызды нығайта береміз. Елдеріміз арасында шешімін таппаған мәселе жоқ, керісінше, одан әрі даму үші н жолымыз ашық. Бі з 51 жобаға қатысты уағдаластыққа қол жеткіздік. Индустриалды-инновациялық бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Соның аясында 1200 кәсіпорын аштық. Біздің міндетіміз – шикізат ресурстарына тәуелсіз екінші баламалы экономика қалыптастыру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Екі жақты қарым-қатынастар стратегиялық міндеттер және Қазақстан экономикасын дамытудың басымдықтары тұрғысынан қалыптасып келеді. Атап айтқанда, химия өнеркәсібіндегі, тау-кенметаллургия кешеніндегі, машина жасау, энергетика, агроөнеркәсіп кешені және экономиканың басқа да салаларындағы индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Бірлескен жобаларды іске асыру нәтижесінде экспортқа бағытталған әрі жоғары қосымша құны бар озық технологиялы отандық өнім өндіретін кәсіпорындар құрылады. Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі отырысының нәтижелері де аталып өтті. Соның барысында екі елдің бизнесмендері жалпы сомасы шамамен 13 миллиард теңге болатын 40 құжатқа қол қойды. Президент Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында өткен саммитте ұлттық валюталармен өзара есеп айырысу жөнінде ұсыныс білдіргені туралы әңгімелеп, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен болған келіссөздер барысына тоқталды. – Сені м болған кезде барлық мәселе шешіледі. Кез келген жағдайда өз еліңнің мүддесін ескеру керек. Келіссөз жүргізу қашан да қиын, сол себепті бұған мұқият дайындаламын. Бұл – халқымның маған жүктеген жауапкерші лігі, – деді Елбасы. Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2

АҚПАРАТ

12 маусым, сейсенбі, 2018 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Толайым «Табыс»

ӨНДІРІС

Француздікінен кем емес

Басы 1-бетте

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Суретті түсірген - Роза Мұстафина.

Павлодар қаласындағы «ФудМастер-Lactalis»«Сүт» акционерлік қоғамы өнімдерінің сапасы әлемдік нарықтан ойып тұрып орын алған франциялық тауарлардан еш кем түспейді. Жергілікті шикізаттан өндірілетін сүт өнімінің түр-түрі біздің облысқа келген меймандардың таңдайын қақтырып, тамсандырды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартине Павлодар облысына жұмыс сапары барысында «ФудМастер-Lactalis»-«Сүт» акционерлік қоғамының өндірістік жұмысымен танысты. Бұл ретте ерекше атап өтерлігі, былтыр сүт зауыты «President» брендімен сары май шығарып, экспорттауды қолға алған болатын. Павлодарлық майдың дәмін көрген мейман оның франциялық өнім сапасымен тең екенін айтты. - Шыны керек, сары майды Франциядан артық ешқайда өндіру мүмкін емес деп ойлайтынмын. Бірақ, бүгін павлодарлық өнімнің дәмін татып, бұл ойымнан бас тарттым. Жергілікті шикізаттан өндірілетін майдың сапалық құрамы франциялыққа дес бермейді, - деді Ф.Мартине. Зауыт директоры Арман Алдабергеновтің айтуынша, облыстағы «Победа», «Агро-Даму», «Ивановское» және тағы басқа ірі шаруашылықтар өндіріс орнын сапалы шикізатпен қамтып отыр. Компания күніне 150-180 тонна сүт қабылдайды. Өз кезегінде «Сүт» акционерлік қоғамы сапалы шикізаттан әлемдік талаптарға сай келетін өнім шығару үшін барын салуда. Бүгінде кәсіпорын 200-ге жуық өнім өндіріп, оларды көршілес облыстар мен Ресейге жеткізіп отыр. - 2007 жылдан бері компанияның инвестициясы 61 млн. еуроны құрады, оның 33 млн. еуросы – соңғы 5 жылда құйылған қомақты қаражат. Ал 2009 жылдан бастап біздің павлодарлық зауыт пен «Киров» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне салынған сомма – 15,5 млн. еуро. Осы орайда сары май өндірісіне басымдық беріліп, оны і ске қосу үші н 305 млн. теңге бөлі нгені н баса айтқан жөн. Соның нәтижесінде «Группа Лакталис» франциялық зауыттарына лайықты бәсекелес бола алатын өнім дайындау мүмкіндігі туды. Енді «President» майын Ресейге экспорттап отырмыз, - деді А.Алдабергенов. Сүт зауытының басшысы алдағы жоспарлармен де бөлісті. Таяу арада 600 басқа арналған сүт фермасы ашылмақ. Сөйтіп, өнімділіктің жылдық көрсеткіші 10-15 пайызға артады. Кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысқан Филипп Мартине қытайлық нарықтан орын алу тетіктерін де қарастыруға кеңес берді.

Қаржы министрлігінің басшысы халық алдында өз қызметі туралы есеп береді Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың халықпен есепті кездесуі 2018 жылғы 20 маусымда сағат 15.00-де Астана қ., Қонаев көшесі, 4, Казмедиаорталығы (киноконцерттік зал, 1-қабат) мекенжайы бойынша өтеді. Қаржы министріне қойылатын сұрақтарды m.minfin@minfin. gov.kz электронды мекенжайына алдын ала жіберуге болады. Кері байланыс үшін деректеріңізді және байланыс телефон нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз. Сіздің сұрағыңызға жауап жұртшылықпен кездесу өткеннен кейін Қаржы министрлігінің www.minfin.gov.kz ресми сайтында орналастырылатын болады.

Call орталығы: 8 (7172) 75-02-94, 75-04-58.

Барлық ниет бі лдіруші лерді кездесуге қатысуға шақырамыз!

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті. (20152).

Халық қандай ауылдан кеткісі келмейді? Әлбетте, жұмысы, тұрақты табысы бар елді мекеннен ешкім алыстай қоймайды. Міне, сондықтан осы ауылдағы, тіпті, Екібастұз өңіріндегі ірісі – «Табыс» шаруа қожалығының елді мекендегі ерекше ахуалға қосып отырған үлесін айтпасқа болмас. Еліне сыйлы азамат Манат Алғамбаров басшылық ететін бұл шаруашылық 2000 жылы іргесін қалапты. - Ісімді 12 бас ірі қарамен бастадым. Қазір қолымда 2500 бас ірі қара мал, 1500 жылқы бар. Мұндай табысқа жетуіме, алдымен Алла, одан кейін мемлекеттің жан-жақты қолдауы деп білемін. Үкіметіміздің ауылға деген айрықша көзқарасының жемісіне балаймын. Біздің әр шығынымыз мемлекеттен субсидия арқылы төленеді. Сиыр етіне, жылқы етіне жыл сайын субсидия түрінде көмек беріліп келді. Биыл жылқы етіне субсидия алынып тасталыпты, қайтадан жанданса жөн болар еді, - дейді Манат Қажыбекұлы. Шаруашылық қаланың балабақшалары мен ауруханаларын етпен қамтиды. Одан бөлек, Екібастұз шаһарының шағын аудандарындағы базарларға, Астана қаласына жылқы мен сиыр етін үздіксіз жеткізіп отырады. Мемлекет көмегі демекші, «Табыс» шаруа қожалығы техниканы да жеңілдікпен сатып алып келеді. Манат Қажыбекұлының айтуынша, соңғы 5 жыл ішінде 15 жаңа трактор сатып алған. Одан бөлек, 2 тиегі ш көлі к пен 2 «Камаз» маркалы жүк көлігін сатып алыпты. Биыл тағы да екі тракторға тапсырыс беріпті, жуырда қолына тимек. Бұл техникалар құнының елу пайызын мемлекет өтеп беріп отыр. Шаруашылық басшысы мемлекеттен мұндай жәрдем болмағанда, дәл бүгінгі дей жетістікке жету мүмкін емес дейді. Үкіметтің қолдауын сезінген кәсіпкер қолдағысымен бөлісуді азаматтық парызы санайды екен. Ауылының басты жанашыры десеңіз болады. Олай дейтініміз, дәл қазір Зеленая роща елді мекенінде бюджет есебінен мектеп құрылысы басталыпты. Бірақ, жобасында спорт зал қарастырылмапты. Сондықтан ауылдың тумасы, іскер Манат Қажыбекұлы білім ордасына өз қаражатына спорт зал салып беруді ұйғарған. Бүгінде қос ғимараттың құрылысы қызу. - Елбасымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әр белсенді, жағдайы бар азаматтарды өзінің кіндік қаны тамған жеріне қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырып, ұран тастағаны белгілі. Сондықтан мен де бұл игі істен шет қалмауды

С

жөн санадым. Негізі, ауылымызда 78 отбасы, яғни, 320 жан тұрады. Клубымыз, фельдшерлік-амбулаториялық пунктіміз, балабақшамыз, мешітіміз бар. Жайқалған саябағымыз да көз тартады. Тек мектебі мі з ғана жұпыны еді. 1964 жылы салынған бір қабатты ғимараттың тозығы жеткен. Енді міне, биліктегілер ауылдастарымның аманатын жерге тастамай, білім ордасының құрылысына қаржы бөлді. Оған өзім де үлес қосуды жөн деп санадым, - дейді Манат Алғамбаров. Айтпақшы, ауылдағы саябақ та «Табыстың» тартуы. Кәсіпкер 2015 жылы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай 7,5 млн. теңгеге салып беріпті. Мектеп құрылысына қазынадан 55 млн. теңге бөлінген. Спорт залдың құрылысына бизнесмен 35 млн. теңгесін жұмсамақ. Қазіргі таңда құрылыс алаңында жұмыс қызу. Жұмысшылар нысанды тамыздың басына дейін аяқтап, қолданысқа беруді жоспарлауда. Тағы бір айта кетерлігі, бұл білім ордасына кәсіпкердің әкесі Қажыбек Алғамбаровтың есімі берілмек. Ол кісі Ұлы Отан соғысының қатысушысы, соғыстан кейі н ауыл мектебі нде 40 жылға жуық директорлық еткен екен. Математика пәнінен сабақ берген. Елге сыйлы азаматтың есімін өзі көп жыл қызмет еткен мектепке беру ұсынысын ауылдастары жасапты. Бүгінде ұсыныс қалалық, облыстық, республикалық ономастикалық комиссияларда қолдау тапқан. Шешімі шығыпты. Демек, биыл жаңа оқу жылында Зеленая роща елді мекенінің оқушылары Қажыбек Алғамбаровтың атындағы су жаңа мектептің табалдырығын аттайды. Манат Қажыбекұлы - ауылының келешегіне зор сенім артып отырған

азамат. Жасалған жұмыстар жастардың тұрақтап қалуына бағытталғанын айтады. Кәсіпкер ел азаматтарының біразы егделеп қалғандықтан, ізбасарлар - жастар жағы ауылдан алыстамағанын қалайды. Сондықтан бар күш-жігерін туган жерін көркейтуге жұмсаудан жалықпайды. Мұндай қамқорлықты өзінің азаматтық парызы деп біледі. Ауылда соңғы екі жылда 9 үй тұрғызылыпты. Биыл тағы екі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл өзгеріс те ауылдың келешегінің зор екенін аңғартса керек. Қайырымды жан игілікті істерін туған ауылына ғана жасап жатқан жоқ. Ауылдастарының айтуынша, іргесіндегі өзге елді мекендерге де қолғабыс жасауды ұмыт қалдырмайды. Мәселен, былтыр Солнечный кентінің 60 жылдығына 2 млн. теңгесін беріпті. Оған кентте сахна салынып, Абай ескерткіші жаңартылған. Әжелер ансамбліне сахналық киім тігілген. Ақкөл ауылы маңындағы қасиетті аталардың мәңгілік мекенін көріктендіруге де көп көмек етеді. Кесенелерді қоршауға, ретке келтіруге жыл сайын миллиондап қаржы бөліп келеді. Жалпы, кез келген қайырымдылық шараларынан қалыс қалмайды. Ауылдың аз қамтылған отбасыларына қарайласып, жем-шөп, көмір алып беру дәстүрге айналыпты. «Береген қолым - алаған», «қанағат пен жомарттық - бақытқа бастар жол» дейді атымтай азамат. Бергеніне сай Алла да сыйын аямайтынына көзі жеткен. Сондықтан жомарттық - бұл жанның бір қанаты десе болады.

Екібастұз қаласы.

Тақтайдай тегіс жол болмақ Туристік өлке - Баянауылда жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Оның ішінде аудандық маңызы бар жолдар да ретке келтірілуде. Мереке АМАНТАЙ Мәселен, қазіргі уақытта Жасыбай демалыс аймағы мен Торайғыр ауылының арасын жалғайтын күре жолдың бойында жұмыс қызу. Жол азабын жолаушы ғана түсінеді. Осы жолмен сапарлаған әрбір көлік жүргізуші ойдым-ойдым жолдармен жүріп, талай бейнет көргені рас. Талай мәрте айтылып та, жазылып та келген жол мәселесі бүгінде оң шешім табуда. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 370 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бүркітбай Бижановтың

айтуынша, жол жөндеу жұмыстары өткен жылы басталған. - Былтыр 170 млн. теңге игеріліп, жолдың негізі, яғни қиыршық тастар мен асфальт төсеуге дейінгі жұмыстар түгелдей атқарылған болатын. Биыл жұмыс жалғасын тауып, асфальт төселуде. Сәтін салса, екі аралықтағы жол жөндеу жұмыстары маусым айының соңында аяқталуы тиіс, - дейді ол. Аталмыш жолға жөндеу жұмыстары ресайклинг, яғни қайта өңдеу әдісі бойынша жүргізілуде. Қазіргі уақытта 5 шақырым жол тапсырылған. Мердігері – «Шенгел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жалпы, биыл аудан бойынша бұдан басқа аудандық маңызы бар үш бағыттағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ақсаң ауылына

ӨҢІР

кіре берістегі 6 шақырым, АлексеевкаЖаңажол, Жаңажол-Ескелді бағытында 52 шақырымдық жол жөнделуде. Мердігерлер жұмысты мерзімінде аяқтаймыз дейді. Айта кетейік, Алексеевка– Жаңажол, Жаңажол–Ескелді бағыттарындағы жолда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Сапа» мердігер компаниясы аудан орталығында екі асфальт және бір қиыршық тас шығаратын зауыт ашып, жөндеу жұмыстарына қажетті материалдарды өздері өндіре бастаған. Бүгінде өнімдері өзге де сұраныс танытқан ұйымдарға жеткізілуде. Айта кетейік, биыл Баянауылдағы аудандық маңызы бар ұзын саны 70 шақырымдық жолдарды жөндеу жұмыстарына 1,6 миллиард теңге бөлінген.

Баянауыл ауданы.


АЙНА

АУЫЗСУ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Ауыл жұртын жарылқады

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

оған қосу су есептеуіш құралдарды, басқа да қажеттіліктерді орнату бар. Сөйтіп, құдық пен үйдің алшақтығына байланысты тұрғындар 35-150 мың теңге аралығында қосымша ақша төлейді. Су тарту жұмыстарымен барлығы 3 бригада айналысады. 1 үйге су тарту шамамен бір күндік уақытты қажет етеді. Алғашқылардың бірі болып М.Мәметова көшесінің тұрғындары ортақ жүйеге қосылуда. Себебі, дәл осы көшеде таяу арада асфальт төселеді. Жалпы, биыл Ленин кентіндегі Мәметова, Павлодарская, Маслозаводская және Комарова көшелеріндегі жол жөнделіп, қалпына келтіріледі. Сондықтан тұрғындарға су тарту жұмыстарын жеделдету керек. Құрылысқа жауапты мердігер компания – «Ай-Су Мелиорация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

директорының орынбасары Юрий Куставаловтың айтуынша, құбырдың жалпы ұзындығы 60 шақырымнан асады. 3 метр тереңдікке диаметрі 225, 200 мм болатын құбырлар төселді. Құрылысқа қажетті материалдардың басым бөлігі Қарағанды облысынан жеткізілді. - Кент сыртында 5 тазалау ғимараты орналасқан. Мұнда су сүзгіден өтіп, тазаланады. Құрал-жабдықтардың қалтқысыз жұмыс істеуін арнайы мамандар қадағалайтын болады, - дейді Ю.Куставалов. Павлодар қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Асхат Омаров Ленин кентінде су тарту жобасына 2 млрд. 100 млн. теңге қаржы жұмсалғанын айтты. Осындай қомақты сомаға салынған құбыр енді жергілікті тұрғындардың игілігіне ұзақ уақыт жараса болды.

«СЕНІҢ ЖАҢА ҚЫРЫҢ!»

Таңғы жаттығуға қатыс! 2 маусым күні Павлодар қаласындағы орталық жағажайда «Сенің жаңа қырың!» республикалық челенджінің ашылу салтанаты өтті. Салауатты өмір салтын ұстанатын қала тұрғындары мен қонақтары осы күні Ертіс жағасынан табылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын қолдау негізінде жүзеге асырылған шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары, орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Сондай-ақ,

жергілікті спортшылар да осы шараға үн қосты. - «Сенің жаңа қырың» челенджі алдағы уақытта бұқаралық спортты дамытуға үлес қосатын жоба болмақ. Алғашқы жаттығу жиынын облыс орталығындағы «Top Star» фитнес клубының спортшылары өткізді. Келушілердің санының көптігіне

қарап, бұл жобаның ел арасында сұранысқа ие екендігін байқауға болады, - дейді облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы спорт бөлімінің бас маманы Айбек Ақылжанов. Аталған челендж маусым айының 21-іне дейін жұмыс күндері таңғы сағат 9.30-да басталады. «Ертіс Променад» сахнасында өтетін жаттығуларды облыс орталығындағы спорттық клубтар бекітілген кестеге сәйкес жүргізеді.

А.ӘБДІЛҰЛЫ.

Көкжиегіңіз кеңейеді Мереке АМАНТАЙ Бұл ретте өңірімізде де жүйелі жұмыстар қолға алынған. Жақында ғана Баянауыл ауданына қарасты Бірлік ауылында ашылған Коворкинг-орталық соның айқын дәлелі. Бұл - аудан бойынша ашылған алғашқы орталық. Ауыл тұрғындары кітапханадағы оң өзгерістерге дән риза. Ел игілігіне берілгеніне аз уақыт болса да, бүгінде орталық жұртшылықтың қызығушылығын тудыруда. Мұнда күнделікті күйбең тірліктен қолы қалт еткен тұрғындар келіп, өзі қалаған форматта жұмыс істей алады. Тіпті, онлайн қызметке жүгініп, қалаған кітабын оқып, кәдесіне жарата алады. Жалпы, толық жаңғыртудан өткен орын бүгінде үлкен-кіші бас қосатын ерекше орталыққа айналған. - Бұрын кітапханаға аптасына екі-үш рет келі п, өзі ме қажетті кітаптарды алып оқитынмын. Енді тіпті жиі келетін болдым. Өйткені, коворкинг орталықта ағылшын ті лі н үйрену курсына жазылдым. Бұл орталық тек сауатымызды арттырып қана қоймай, ауыл тұрғындарымен дидар-

Атаулы шараға облыс әкімінің орынбасары Әлия Арынова мен Ғабдул-Уахап Қапеновтің ұлдары Серік және Ермек Қапеновтер арнайы қатысты. Жиын барысында Әлия Арынова «VІ Қапенов оқуларына» қатысушылардың барлығына сәттілік тілеп, жаңартылған кабинеттің ашылуымен облыс әкімінің атынан құттықтады. – Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы

Бірлік ауылы, Баянауыл ауданы.

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер бөлімінде»: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деген болатын. «Туған жер» бағдарламасының бір бағыты - «Тәрбие және білім» аясында Павлодар техникалық сервис колледжінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Ондағы мақсат - студенттерге туған жердің тарихына, ұлағатты ұлыларына, киелі жерлеріне деген мақтаныш сезімдері мен сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады. Кабинет «Ертіс-Баян өңірінің киелі жерлері», «Жүз жаңа есім», «Ел алыптарының есімдері», «Қазақ әліпбиінің тарихы» сияқты стендтермен безендіріліп, заманауи техникалық оқыту құралдарымен жабдықталған.

Жұма күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде ғалым-педагог Ғабдул-Уахап Қапеновтің 90 жылдығына орай халықаралық «VІ Қапенов оқулары» өтті. Бұл күні аталмыш білім ордасында педагогтың атына берілген жаңартылған кабинеттің салтанатты ашылуы болды. аясында ұйымдастырылып отыр. ҒабдулУахап Сәдуақасұлы - әдіскер-педагог, білім беру саласының үздігі. Қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту әдістемесінің бастауында тұрған. Осы бі лі м ордасында ширек ғасыр жұмыс істеген уақытта бірнеше буын педагогтарды тәрбиелеп шығарған. Орыс тілі кафедрасы мен ұстаздардың біліктілігін арттыру институтын басқарған. Оның ұстаздық шеберлігіне республикалық деңгейде жоғары баға берілген, - деді Ә.Арынова.

ласып, тілдесуге де айтарлықтай ықпал етуде. Осындай мүмкіндік жасаған аудан басшылығына айтар алғысымыз шексіз, дейді ауыл тұрғыны Гүлмира Санғожина. Аталмыш кітапхананың меңгерушісі Жанат Әлжанованың айтуынша, орталықтың ашылуына аудандық бюджеттен 2 млн. теңге қаражат бөлінген. – Оқырман үдесінен шығу – біз үшін басты талап. Сондықтан заман талабына сай кітапханада ұсынылатын қызмет түрін жаңғырту үстіндеміз. Ал коворкинг-орталық оқырмандар үшін оңтайлы жүйе. Олар мұнда кі тап оқумен ғана емес, өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен айналыса алады. Яғни, түрлі ғылыми жобаны бірлесе отырып жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, ғаламтор желісін пайдалана отырып, өздеріне қажетті дүниелерді іздей алады, дейді ол.

Бұл - маңызды!

Ғалымның хаты өлмейді Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

3

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Руханият ошағы» жобасы аясында кітапханалар жұмысын ілгерілету жолға қойылғаны белгілі.

Павлодар қаласының іргесіндегі Ленин кентінде таза ауызсу мәселесі ұзақ жыл бойы тұрғындарды әбден титықтатып, әбігерге салғаны белгілі. Бұл түйткілдің түйіні енді тарқайтын болды. Жергілікті жұртшылық бұдан былай құдық пен кешенді блок модульден су тасымайды. Әр үйдің орталықтандырылған су жүйесіне қосылу мүмкіндігі пайда болды.

2016 жылы Ленин кентінде орталықтандырылған су жүйесінің құрылысы басталған еді. Жоспарға сәйкес жұмыстар осы жылдың наурыз айында аяқталуы тиіс еді. Бірақ теміржол жолы астынан су құбырын өткі зуге қатысты мәселе туындап, белгіленген уақыт кейінге шегерілді. Сөйтіп, осы айдың соңына дейін жұмыстар толығымен аяқталмақ. Қазірдің өзінде-ақ 350-ден астам үй желі ге қосылды. Мұндай қуанышқа кенелгендердің бірі – Салтанат Сәрсенбаева. Тұрғынның айтуынша, бұған дейі н талай рет көтеріліп, жауыр болған таза ауызсу мәселесі енді толыққанды шешілді. - Қазіргі уақытта шаю жұмыстары жүргі зі лі п жатқандықтан, суды тек шаруашылық мақсатында қолдануға болады. Бұл бау-бақшаны суаруға жақсы болды. Бұрындары су болмай, соның салдарынан көкөніс өсіру қиын еді. Ал маусым айының соңында үйге дейін тартылған құбырдан аққан суды ас үйде де пайдалана аламыз. Бұл Ленин кенті тұрғындарының көптен күткен армантілегі еді, - дейді С.Серікбаева. Ленин кентінің әкімі Дәулет Тайгулин жалпы ауылда 2800-ден астам үй орталықтандырылған су жүйесіне қосылатынын айтты. Қазіргі уақытта құбырды үйге дейін тарту, шаю жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда үйге дейін суды жеткізу әр тұрғынның өз қалтасынан төленетінін атап өту керек. Бұл жұмысты «ЭкоСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарады. 1 метр құбырды тарту – 2500 теңге,

12 маусым, сейсенбі, 2018 жыл

Университет ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Нухұлы Ғабдул-Уахап Қапеновтің өмірден өткеніне 27 жыл өтсе де, қалдырған ізі мен істері ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. - Әр адамның артында іздеу-шісі болса, атқарған еңбегі жаңара береді. Қапеновтер әулеті бүгінде үлкен жетістікке жеткен. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің 50 жылдығына орай ҒабдулУахап Қапенов туралы естелік-тер жиналған кітап шығарылды. Осындай адамдарды еске

Ел ертеңі - бүгінгі жастар. Олардың бойына отансүйгіштік қасиет пен ұлттық рухты сі ңі ру арқылы бәсекеге қабілетті маман даярлап шығару - біздің оқу ордасының басты міндеті. Сондықтан аталмыш кабинет жан-жақты білім беретін кабинетке айналады деп сенеміз. Болашаққа қадам басқан әр маманның жүрегіне патриотизм мен ұлттық кодты ұялату үшін осындай оқу кабинеттері әр бі лі м ордасында ашылуы тиі с.

Зура КЕНЖЕБАЕВА,

Павлодар техникалық сервис колледжі басшысының орынбасары.

ТАҒЗЫМ

алу арқылы жас ұрпаққа жол көрсетеміз, деді Алтынбек Нухұлы. Ғабдул-Уахап Қапенов атындағы жаңартылған кабинетте «Ғалым. Педагог. Ағартушы» деген атаумен ашылған бұрышқа ұстаздың өмірбаяны, еңбек жолында жеткен жетістіктері мен фотосуреттері қойылған. Қазақ «әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» дейді. Ғабдул-Уахап Сәдуақасұлымен қызметтес болып бірге жүргендерді көргенде ерекше толқыған ұстаздың ұлы Серік Қапенов әкесінің есімін ұмытпай, жас ұрпақ алдында ұлықтап, оған құрмет көрсетіп отырған азаматтарға алғысын білдірді. Салтанатты жиынның соңында білім ордасында ғалымның құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылды.


4

ШАМШЫРАҚ

12 маусым, сейсенбі, 2018 жыл

ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН

Мектепке үйден тіркеңіз! Павлодарда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде мектеп жасына жеткен балаларды білім беру мекемелеріне онлайн режимде тіркеу қызметі автоматты жүйеге көшірілді. Өңір тұрғындары «Mektep Pavlodar» қосымшасы арқылы 1-сыныпқа баратын балаларды автоматты түрде кезекке қою мүмкіндігіне ие болды. Енді ата-аналар балаларын үйден шықпай-ақ таңдаған білім ошағына тіркей алады. Мұндай жүйенің тұсаукесері Павлодар қалалық №39 жалпы орта білім беру базасында ұйымдастырылды. Салтанатты шараға «BFGroup Inc» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары, қалалық білім беру бөлімінің өкілдері және ата-аналар қатысты. Бұдан былай баласын мектепке бергісі келетін ата-ана электронды түрде өтініш жазып, қабылдауға қажетті құжаттар тізімін ұсынады. Сонымен қатар, білім ошағын, оқыту тілі және сыныпты таңдай алады. Өтініш жауабын ұялы телефонға жолданатын хабарландыру арқылы біледі. Электрондық жүйе уақытты үнемдейді. Цифрлық жүйе барлық іс-әрекеттердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Кез келген адам бірінші сыныпқа баратын баласын өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен компьютер, ноутбук, планшет немесе тіпті ұялы телефон арқылы тіркей алады. Қызмет өтініш пен құжаттар тапсырылған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде орындалады. Балаларды қабылдау мерзімі 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі. Оған ата-ананың біреуінің электрондық өтініші, баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі, денсаулық жағдайы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі, 3х4 көлеміндегі фотосурет және қажет болған жағдайда психологиялық-медициналықпедагогикалық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі керек. Павлодар қалалық білім беру бөлімі мамандарының сөзінше, оқу жүйесін цифрландырудың нәтижесінде күн тәртібінен түспей келе жатқан көптеген күрделі мәселелер шешімін таппақ. Бірінші кезекте, білім ордалары қағазбастылықтан арылады. Жаңа заман талабына сай келетін білікті педагог мамандары тәрбиеленеді. Айта кетерлігі, мектептер ағымдағы жылы алты жасқа толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, атааналар үшін қалалық білім беру бөлімінің сайтында «Бірінші сыныпқа қабылдау» ұяшығы ашылған. Аталмыш жоба өңірдегі 85 мектепте жұмыс істейтін болады.

ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Анықтама сұрамайды ҚР Білім және ғылым министрлігі балаларды бірінші сыныпқа қабылдау ережесіне өзгеріс енгізді. 2012 жылдың қыркүйек пен желтоқсан айы аралығында дүние есігін ашқан балалар биыл 1-сыныпқа бара алады. Өйткені олар жыл соңына дейін алты жасқа толып үлгермек. Осы орайда, тағы бір жаңалық бар. Бұрын білім ордасы баланы 1-сыныпқа қабылдау үшін мекенжай анықтамасын сұрайтын. Енді бұл талап алынып тасталды. Аталмыш ережеге сай баланы бірінші сыныпқа қабылдамай жатса, жергілікті білім басқармаларына шағымдануға болады. Мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балалардың құжаттарын қабылдау 1 маусым мен 30 тамыз аралығында жүргізіледі.

БӘРЕКЕЛДІ!

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Төрлет, «Тілашар!»

Өңір тұрғындары үшін білім саласындағы биылғы басты жаңалық – барлық балабақшаларды қазақшаландыру. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерді мемлекеттік тілге ауыстыру үрдісі жоғары деңгейде жүргізілуде. Бастысы, жақында қалалық №4 сәбилер бақшасында 3-7 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдерінің балаларына арналған «Тілашар» оқу бағдарламасы бастау алды. Бұл арқылы өңірдегі балғындар қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетімен танысуға мүмкіндік алмақ. Айдана ҚУАНЫШЕВА Аталмыш бағдарламаны қаладағы №4, №21 және №46 сәбилер бақшаларының әдіскерлері талдаған. №4 сәбилер бақшасының әдіскері Фариза Әбілмажинованың сөзінше, «Тілашар» бағдарламасы арқылы 3-4 жастағы балалардан құралған топ қазақ тілін ойын, серуен, жаттығу, ертегі айту барысында және дастарқан үстінде қолданады. Аталмыш топта 31 бала бар. Оның 30-ы - өзге ұлт өкілі. Балабақшада 26 педагог қызмет атқарады. Оның 11-і - өзге ұлт өкілдері. Оның 7-еуі қазақ тілі курсынан өткен. Қалған 4-еуі жаз мезгілінде арнайы курсқа

қатысады. Топтарда қазақ және орыс ті лді тәрбиеші жұмыс істейді. Сөздіктер, әндер жинағы, ойындар екі тілде берілген. Сандар, түстер, пішіндерді де екі тілде үйренеді. Сонымен қатар, қазақ тілінде қарым-қатынас жасайды. - №4 балабақша аралас тілде жұмыс істейді. Мекемеде 8 топ бар. Оның 6-уы орыс, 2-еуі - қазақ тілінде. «Тілашар» бағдарламасы 3-4 жастағы балалардан құралған топқа енгізілді. Қыркүйек айында барлық топтар аталмыш жобамен жұмыс істейді деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта бұл балабақшада 225 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде қазақ балаларының саны 56-ны

С

құрайды. Ата-аналар бұл жаңалықты қуана қабылдады. Мекеме қызметкерлері мен ата-аналар үшін қазақ ті лі үйірмесі жұмыс істейді. Басында бұл шараға 3-4 адам қатысатын. Қазір күніне 10 ата-ана келіп, сауаттарын ашады. Осы арқылы олардың қызығушылығын аңғаруға болады. Бұл бағдарлама шаһардағы 10 балабақшада жұмыс істейді. Келесі оқу жылында қатарға тағы 6 балабақша қосылады деп күті луде. Сөйтіп 150 балғын қазақ тілінде тәлім-тәрбие алмақ, - дейді Фариза Назымбекқызы. Қазір балғындар түстерді, пішіндерді мемлекеттік тілде айтады. Сонымен қатар, өсімдіктер, жануарлар, жеміс-жидектердің атауын да қазақ тілінде үйренуде. Бұдан бөлек, әлеуметтік желіде видео оқу жүктелген. Ата-аналар сол арқылы бі лімдерін арттыра алады. Жалпы, облыс орталығында орта білім беретін күндізгі 42 мектептің 7-еуі мемлекеттік тілде, 23 білім ошағы - аралас тілде, 12 мектеп орыс тілінде оқытады. - Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Ал қазақ ұлтының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін. 2025 жылға дейін қазақ тілі әрбір қазақстандықтың күнделікті қолданыс құралына айналуы тиіс», - деді. Қазақстанда тұратын әрбір азамат өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін оятып, мемлекетті к ті лді ң одан әрі нығаюына жауаптылықпен қарап, өзі өмір сүріп жатқан елдің тілін меңгеруі арқылы сол ұлтқа деген құрметін көрсетері анық. Қазақстандықтардың әрқайсысы мемлекетті к ті лді ң мәртебесі н асқақтата түсуге өз үлесін қосса, қазақ тілінің келешегі нұрлана түспек, - дейді Фариза Назымбекқызы. Атап өтерлігі, шаһарда мектеп жасына дейінгі 435 бала мемлекеттік тілді меңгерудегі қабілеттерін дамытқан. Оның 354-і - өзге ұлт өкілдері.

ЖАС ТҮЛЕК - 2018

Облыс төрінде - үздік түлектер! Павлодарда биыл «Жас толқын - 2018» түлектер кеші орталық жағажайда өтеді. Сондай-ақ, тұңғыш рет салтанатқа ауылдық мектептердегі «Алтын белгі» иелері қатысады. Облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының сөзінше, мектеп бітірушілерге арналған тосынсый мұнымен шектелмейді. - Ауқымды шараны орталық жағажайда өткізудің бірнеше себебі бар. Өткен жылдары үнемі орталық стадионда өткі зі летін кешке шақырылатын адамдардың санына шектеу қойылатын. Салтанатты шараға қаладағы 1600 түлек қана қатыстырылып келді. Сондықтан биыл «Түлектерді бүкіл қаламен шығарып саламыз!» деген ұранмен өтетін жиынға мектеп бітірушілердің ата-аналары мен туған-туыстары да шақырылады. Сонымен қатар, өңірдегі 209 «Алтын белгі» иегері де кеш қонақтарының қатарында болады. Салтанатты жиынға облыс әкімі Болат Бақауов қатысып, түлектермен вальс билейді деп күтілуде, деді Дінислам Болатханұлы. Басқарма басшысы кеш барысында «Үлкен өмірге - игі іспен» қайырымдылық акциясы жарияланатынын атап өтті. Жастар жаңа өмірді Ертіс жағалауында қарсы алады. Шараны Қазақстан эстрада жұлдыздары Серікбол Сайлаубек пен Анар Батырхан жүргізеді. Бұдан бөлек, түлектерді құттықтауға Қазақстандық «BN» тобы және «Райым және Артур» дуэті келеді. Осылайша, 15 маусым күні сағат 17.00-ден сағат 19.00-ге дейін орталық жағажайда «Жас толқын – 2018» түлектер кеші өтеді. Мерекені сағат 20.00-де

«Ертіс Promеnаdе» сахнасында өтетін концерттік бағдарлама жалғастырады. Ал 16 маусым күні дәл осы уақытта аталмыш сахнада ресейлік «Белый Орел» тобының концерті ұйымдастырылады. Биылғы түлектер сағат 22.00-де мерекелік отшашуды тамашалай алады. Сонымен қатар, 17 маусым күні сағат кешкі 20.00-де Қазақстанның эстрада жұлдыздары Жанар Дұғалова, Ринат Малцагов, Меруерт Түсіпбаева және Роза Мұқатаеваның қатысуымен «Ертіс-Баян жұлдыздары» атты гала-концерті өтеді. Мерекелік кеште барлық қауіпсіздік шаралары назарға алынған.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


ШАМШЫРАҚ

12 маусым, сейсенбі, 2018 жыл

Көңілді демалыс мекені Биыл Павлодар облысында балалардың жазғы демалысын көңілді өткізу мақсатында «Жаз - 2018» жобасы әзірленді. Бұл арқылы 1-10 сынып оқушыларының 100 пайызы немесе 36 мың бала демалыс және жұмыспен қамтамасыз етілмек.

Аталмыш жобаға сәйкес барлық жалпы білім беру мектептерінде үш мезгі л тамақтандыратын, ұзақтығы 15 күндік, екі маусымдық лагерь ашылды. 5-8 сыныптарға арналған профильді лагерьлерде балалар үшін бірнеше бағыт жұмыс істемек. Мәселен, шахмат пен робототехника үйірмелері, қазақ, орыс және ағылшын тілін үйрететін «Лингвист» мектебі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, әлеуметтік әлжуаз отбасыларға волонтерлік көмек көрсету, мүгедек балалардың денсаулығын нығайту үшін «Арт-терапия» сауықтыру кешені де қарастырылған. Балаларға арналған шаралар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Астананың 20, Павлодар

облысының 80 жылдық мерейтойлары аясында өтеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жазғы уақытта 4 жоба іске асырылады. Бұл ретте, «Әр көшенің өз тарихы бар» жобасы көше туралы қызықты ақпарат жинауға бағытталған. Яғни, оқушылар слайд, бейнеролик және фотокөрме жасау арқылы көшенің картасын дайындайды. «Ескерткіштің қасында кездесу» жобасы арқылы оқушылар жергілікті ақын, тарихшы және суретшілерімен бірге ескерткіштердің қасында өз өлеңдерін оқиды. «Ертіс ағымында» жобасы арқылы балалар Павлодар облысының тарихымен танысады. «Өнерлі бала - сүйкімді» атты жоба

мектептен тыс мекемелер арасында өткізіледі. Оған 13 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде. Жаз мезгілінде оқушылар көгалдандыру және абаттандыру жұмысына тартылады. Алдын ала мәлімет бойынша, 812 оқушы жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Еңбекақы мөлшері әрбір қатысушыға 16,6 мың теңге деп белгіленген. Облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттарының көмегімен облыс орталығындағы 415 кәсіпорын жасөспірімдерді жұмысқа тартып, орташа есеппен 15 мың теңге еңбекақы алады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

БІЛІМ

Мамандық таңдауда қателеспе! Шетелдік және отандық рейтингтердің көрсеткіштері бойынша алғашқы ондыққа дәрігерлер, ұстаздар, инженерлер, IT саласындағы мамандар, логисттер мен маркетологтар кіреді. Көбімізге осының ішіндегі мамандықтар таныс. Бірақ «Маркетинг деген не?» деген сұраққа жауап беруге қиналатынымыз рас. Маркетинг «нені сату керек», «кім үшін сату керек» және «қалай сату керек» деген үш сұраққа жауап береді. Сіздің сүйікті шоколадыңыздың жаңа дәмінің шығуы, тартымды орама, Кокаколаның танымалдылығы, кинотеатрдағы киноның афишасы, сәнді неміс автокөлігінің маркасы, бренд және т.б. – бұл маркетолог жұмысының нәтижесі. Бұл маман нарықты, тұтынушылардың қажеттіліктері мен сұранысын зерттейді, сол қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін шешімдер табады, тауар немесе қызметті ұсынады, шығару үшін қанша қаражат жұмсалатындығын санайды, бәсекелестерді зерттейді, жарнамамен айналысады. Маркетолог – бұл бір уақытта новатор, аналитик, стратег, суретші және менеджер болып табылатын тұлға. Мектеп бітіруші түлек үшін жоғары оқу орнын таңдау да - маңызды мәселе. Студенттік уақыт - білім іздеген әрбір түлек өзінің қойған мақсаттарын жүзеге асыра алатын кезең. Университет студенттерінің жан-жақты дамып, олардың рухани, адамгершілік, зияткерлік әлеуетін, әлеуметтік мәртебесін көтеруге тиісінше жағдай жасау қажет. Қазіргі күні осы айтылған талаптардың барлығына сай университеттер саны көп емес. Десек те, 1934 жылы еліміздің алдыңғы қатарлы университеті, қазақ білімінің қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің іргетасы қаланды. Сол күннен бастап, ҚазҰУ-да болашағына сенімді қадам басқан, мақсаты айқын талай жалынды жастар білім нәрімен сусындап, еліміздің гүлденуіне үлесін қосып жүр. ҚазҰУ – ұлттық рейтинг бойынша ең үздік көп профильді университет, халықаралық рейтингтерде де алдыңғы қатарлы көрсеткіштерге ие. Жоғарыда аталған маркетинг мамандығы бойынша мамандарды Әл-Фараби атындағы

Мамандық таңдау - өмірдегі маңызды қадамдардың бірі. Бұл жағдайда әр адам шешімді өзі қабылдайды. Біреуін жалақы деңгейі қызықтырса, екіншісі мансаптық сатымен жоғарылауды көздейді, ал сезімтал адамдар жанға жайлы жұмыс іздейді.

ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебі «Менеджмент және маркетинг» кафедрасында бакалавриат және магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша бі лікті лігі жоғары, тәжірибесі мол профессорлар, аға оқытушылар дайындайды. Кафедраның Ресей, Венгрия, Испания, Ұлыбритания және басқа да мемлекеттердің жоғары оқу орындарымен халықаралық академиялық әріптестік байланыстары бар. Жыл сайын студенттер мен магистранттар академиялық мобильділік бағдарламасымен және жазғы тәжірибе өту үшін шетелге жіберіледі. Сондай-ақ, кафедрадағы дайындалатын төрт «менеджмент», «маркетинг», «мемлекеттік және жергілікті басқару», «логистика» мамандықтарының оқу пәндері мен жоспары заманауи әлемдік және отандық

экономиканың жағдайлары мен шарттарына сәйкестендіріп әзірленген. Дұрыс таңдау жасау – болашақ маманның тұлға болып қалыптасуының алғашқы қадамы болғандықтан, жетекші университеттің студенті атану – кез келген түлектің арманы. Мамандық пен оқу орнын таңдауда қателеспеген түлектің болашағы жарқын боларына еш күмән жоқ.

Г.ЖАҚЫПБЕКОВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы.

Ж.ҚАБАШЕВА,

«Маркетинг» мамандығының 4-курс студенті.

Беттің үйлестірушісі -

Айдана ҚУАНЫШЕВА 8 (7182) 66-15-31

ҰБТ уайымға айналмауы тиіс! Биылғы түлектер үшін 20 маусымда жауапты кезең басталмақ. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, болашақтарын айқындайды. Әрі 1 шілдеге дейін мектеп бітірушілер толғаныс үстінде жүретіні заңды. Мектеп қабырғасынан ұшқанымызға 8 жыл өтіпті. Оқу орнына түсіп, қызмет істеп жүріп, уақыттың қалай өтіп кеткенін бі лмей қалыппыз. Біз мектеп бі тірген жылы мектепке қабылданған бала қазір 8-сыныпты тәмамдады деген сөз. Шыны керек, қанша жыл өтсе де соңғы қоңыраудың үні мен ҰБТ тапсырған шақтағы көңі л-күйі мі з есі мі зде жақсы сақталыпты. Бұл сынақты тапсыру үшін біз де талай ұйқысыз түндерді өткіздік. Біздің алдымызда он бір жылдықтың табалдырығын тәп-тәуір аттап шыққан талай жастың жоғары оқу орнына түсе алмағанын, ата-аналарының сары уайымға салынғанын да естіген едік. Сол уақытта бізге де ҰБТ тағдырымызды шешетіндей көрінді. Себебі соңғы қоңырау шарасынан кейін күллі ауыл үшін үлкен сынақ тұратындай еді. Сондықтан ҰБТ-дан өте алмасақ, өмірімізге «соңғы нүкте» қойылатындай күй кешіп едік. Биылғы түлектердің ішкі жан дүниесін осыдан 10-15 жыл бұрын бі ті рген түлектер де жақсы түсінеді десем қателеспеймін. Бірақ түлектер ҰБТ қорытындысына бола болашақтарын болжамаса екен дейміз. Аталмыш сынақта қажетті ұпайды жинай алмаса да, өмір мұнымен тоқтамайды дегім келеді. Себебі кезінде ҰБТ-дан сүрінген талай қыз-жі гі т қазі р өз і сі ні ң маманы. Бі рі кәсіпкер, ұстаз, дәрігер, қарымы мықты журналист! Оқушының ой-өрісін тест сұрақтарымен ғана шектеп қою түлектердің болашағын шешпейді. Бастысы, өз ісіне ұқыпты, жауапты, талапты, білімді болу қажет! Бойдағы осы қабілеттер тұлғалық қасиетіңді қалыптастырып, барлық ортада сыйлы етеді. Осынау құнды қарым-қабілет «жаттанды» тест кітапшасындағы 120 сұрақтан мың есе артық. Биыл облысымызда Ұлттық тестілеуге 2857 түлек қатысқалы отыр. Баршаңызға бұл сынақта сәттілік тілеп, қалаған маман иесі атануына тілектеспін!

Қамқорлық жасады

Жүректерді жылытқан «Жұлдызай»

Сайысқа облыстық жарыстардың жеңімпазы атанған 300-ге жуық бала қатысты. Жарымжан болып жаратылса да, бәрінің бойында тас жаратын таланты бар. Бірі би билесе, енді бірі тамылжыта ән салды. Сонымен қатар, түрлі музыкалық аспапта ойнап, ыммен ән шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бұдан бөлек,

5

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

ФЕСТИВАЛЬ

Жуырда Астана қаласында мүмкіндігі шектеулі балғындардың арасынан таланттарды анықтайтын республикалық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі ұйымдастырылды.

ТЕМІРҚАЗЫҚ

ЖАЗ - 2018

САРЫАРҚА САМАЛЫ

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде қайырымдылық шара өтті. Ұйымдастырушылар сырқатқа шалдыққан 3 жасар Айлин Жайнақованың еміне қаржы жинады.

қолөнерді жаны сүйетін жас шеберлер туындыларын көрермен назарына ұсынды. Аталмыш өнер байқауы мүгедек балалардың өмірге деген құштарлығын оятып, шығармашылық шабыт сыйлады десек қателеспейміз. Павлодар облысының намысын қорғаған жастар аталмыш байқауда жеңіс тұғырынан көріне білді. Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатының балалары «Қимылмен ән шырқау» номинациясында 3-орынға ие болды. Тағдырдың тауқыметін тартып жүрген жандарға шығармашылық қолдау көрсетіп, үміт отын ұялатқан, жабырқап жүрген көңілдеріне қуаныш сыйлаған «Жұлдызайдың» игілікті ісі жалғасын тапсын!

Қауіпті вильмс ісігіне шалдыққан сәбидің еміне 50 мың доллар ақша қажет. Қолұшын беруді ойластырған қайырымды жандар жәрмеңке ұйымдастырып, жергілікті кондитерлердің тәтті тағамдарын, қолөнер шеберлерінің бұйымдарын сатылымға шығарды. Сонымен қатар, шара барысында түрлі ұтыс ойындары өткізілді. Қайырымдылық шарасынан 315 мың теңгеге жуық қаржы кішкентай Айлиннің еміне жиналды.

Өз тілшіміз.

Өз тілшіміз.


6

12 маусым, сейсенбі, 2018 жыл

Жоба

2- тарау. Жылу беру маусымына дайындық

Павлодар облыстық мәслихатының (VI сайланған ХХIІІ (кезектен тыс) сессиясы) № 00/00 ШЕШІМІ Павлодар қаласы 2018 жылғы

Павлодар облысындағы жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 4-1) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ

ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекітілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Сессия төрағасы А.ПОЛЯКОВ. Облыстық мәслихат хатшысы

Б.БЕКСЕЙІТОВА.

ШЕШІМ

Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы «___»_________ № ____қаулысына қосымша

Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Павлодар облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткі зу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №211 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі «Жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» №331 бұйрығы негізінде әзірленді және Павлодар облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу тәртібін анықтайды. 1. Қағидалар Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдары, тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорындары мен ұйымдардың және энергетикалық кешеннің энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін жылу беру маусымына дайындау жөніндегі қызмет тәртібін үйлестіреді. 2. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешеніне жататын кәсіпорындар мен ұйымдар тұтынушыларды жылумен, сумен, электрмен жабдықтауды және су бұрумен тұрақты қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия тасығыштардың қажетті параметрлерін сақтайды және тұрғын үйлер мен ғимараттарда қалыпты температуралық режимді, олардың белгіленуін ескере отырып қамтамасыз етеді. 3. Күзгі-қысқы жағдайда Павлодар облысының энергетикалық кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін жұмысқа дайындау жыл сайын жүзеге асырылады. 4. Жылу беру маусымына дайындықты және оны өткізуді жалпы үйлестіруді облыстың атқарушы органы құрған облыстық жұмыс тобы жүзеге асырады. 5. Облыстың қалалары мен аудандарында жылу беру маусымына дайындықты және өткізуді ұйымдастыруды қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары құрған қалалық және аудандық жұмыс тобы жүзеге асырады. 6. Облыстың энергетикалық кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін жылу беру маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралар әзірленеді және жыл сайын мынадай тәртіпте ұсынылады: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік салаға жататын кәсіпорындар мен ұйымдар жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объекті лері н дайындау жөні ндегі і с-шараларды әзірлейді және қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады; қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары ұсынылған іс-шаралар негізінде қалалар мен аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және бекітеді, «Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (одан әрі - Басқарма) ұсынады; энергетикалық кешен кәсіпорындары Басқармаға ұсынады. Басқарма қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған іс-шаралар негізінде облыстың энергетикалық кешені, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерін дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және бекітеді және Павлодар облысының әкімдігіне ұсынады. 7. Жылу беру маусымына дайындалу жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі есептерді мынадай тәртіпте: кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша есеп түрінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік салаға, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жататын кәсі порындар мен ұйымдар; Басқармаға қалалар мен аудандар бойынша жиынтық есеп түрінде қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары; Басқармаға энергетикалық кешен кәсіпорындары апта сайын ұсынады. 8. Жылу беру маусымына дайындалу кезінде жоспарланған жұмыстар орындалмаған кезде есепке: орындалмау себептері көрсетілген ақпарат; жағдайды түзету бойынша қолданылып жатқан шаралар; жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімдері қоса беріледі. 9. Қалалар мен аудандарды энергиямен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың жедел-диспетчерлік қызметтерінің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады. 10. Энергиямен жабдықтаушы (энергия беруші) ұйымдардың тұтынушылармен (абоненттер) өзара қарым-қатынасы олардың арасында жасалған шарттармен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталады.

11. Жыл беру маусымының дайындығы: өткен жылу беру маусымында анықталған кемшіліктерді талдау, оларды жою бойынша іс-шараларды әзірлеу мен орындауды; облыстың энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала кәсіпорындарын дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және бекітуді; жылумен жабдықтау көздерінде, инженерлік желілерде қайта жөндеу, күрделі және ағымдағы жөндеу, зерттеулер мен тазалау жөні ндегі қажетті жұмыстарды жүргізуді; отын қоймаларын дайындау, электр көздерінде негізгі және резервтік отынның нормативтік қорын құруды; ғимараттарды (үйлерді) жылу беру маусымына дайындау, үйішілік жүйелердің жабдықтарын профилактикадан өткі зу, жөндеу және ауыстыру жөні ндегі жұмыстарды жүргізуді қамтиды. 12. Пәтер (үй-жай) иелерінің кооперативі, кондоминиум объектілерін басқару органдары: мамандандырылған ұйымдармен шарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жолымен үйішілік инженерлік желілердің, жалпы үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдарының сақталуын, тиісті техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; энергия беруші/энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өкілдеріне жалпы үйге ортақ жылу есептеу құралдар, үйішілік инженерлік желілер мен құрылыстарда кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді; барлық меншік иелері үшін барлығының көзбен қолуына қол жетімді орындарда үй-жайларда, сондай-ақ жалпы мүлікте жөндеу мен қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ коммуналдық қызметтер беруші ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, байланыс телефондары, апаттық қызметтердің телефондары) стендтерде орналастыруды қамтамасыз етеді; апатты жағдайлардың туындауын қоспағанда, меншік (пәтер, үй-жай) иелеріне инженерлік желілерді сөндіру, байқап сынау немесе жұмыс режимінде болатын басқа да өзгерістер туралы алдын ала хабарлайды. 13.Жалпы үйлік инженерлік желілерін, сондай-ақ есептеу аспаптарын тиісті техникалық жағдайда ұстау, қауіпсіздігін кондоминиум объектісін басқару органымен немесе тұтынушымен жеке шарт негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым іске асырады. Тұтынушы немесе кондоминиум объектісін басқару органы жеке шарт негі зі нде жалпы үйлі к инженерлі к желі лерді, сондай-ақ есептеу құралдарын күту мен қызмет көрсетуді беру үшін мамандандырылған ұйымды таңдауға құқылы. Жалпыүйлік инженерлік желілердің тиісті техникалық жағдайын ұстау бойынша мамандандырылған ұйым жалпыүйлік қажеттіліктерге қолданылатын жылумен жабдықтау бойынша қызметтердің ұтымды пайдалануын қамтамасыз етеді, ішкі үйлік инженерлік желі лер мен жабдықтарда жылу жоғалтудың алдын алады; Жалпы үйлік жылу энергиясын есептеу аспаптарының орнатылған пломбаларының тұтастығы бұзылған немесе және істен шыққан жағдайларда мамандырылған ұйым басқару органын және энергия беруші ұйымды хабардар етеді. 14. Жылу желілері жабдықтарына техникалық қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Энергетика министрі ні ң 2015 жылғы 11 ақпандағы «Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» №73 бұйрығының 2-тармағына сәйкес іс-шаралар кешенін орындауды қарастырады. 15. Жылу желілерінің күзет аймақтарының жанында желілердің зақымдалуын тудыратын жұмыстарды жүргі зеті н жеке және заңды тұлғалар жұмыстардың басталуына дейін күнтізбелік 12 (он екі) күннен кешіктірмей, қарауында жылу желілері бар ұйымдармен жылу желі лері ні ң сақталуын қамтамасыз ететі н осы жұмыстарды жүргізудің талаптарын және тәртібін келіседі және өз қаражаты есебінен тиісті шараларды қабылдайды. Жер жұмыстарын жүргізетін заңды және жеке тұлғалар жұмыс өндірісінің құжаттамасында көрсетілмеген жылу желілерін анықтағанда, осы жұмыстарды дереу тоқтатып, құбырлардың сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және бұл туралы жылу желі лері н пайдаланушы ұйымға және/ немесе жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды. Жылу желілерін қайта құру немесе оларды зақымданудан қорғау қажеттілігін тудыратын жұмыстарды орындайтын жеке және заңды тұлғалар бұл жұмыстарды өз қаражаты есебі нен қарауында осы жылу желілері бар ұйымдардың келісімі бойынша орындайды. Жылу желілерінде аварияларды болдырмау немесе олардың салдарларын жою бойынша жұмыстар жерді пайдаланушылардың келісімінсіз, бірақ оларды жүргізі летін жұмыстар туралы хабардар ете отырып, жүргізіледі. Қарауында жылу желілері бар ұйымдар көрсетілген жұмыстарды орындағаннан кейін жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылатын жарамды жай-күйге келтіреді. 16. Энергетикалық кешен, тұрғын үй-комму- налдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінде апаттарды жою энергия беруші ұйымның диспетчерлік қызметіне хабар берумен жылумен жабдықтау, жылу беру және жылу тұтынушы, жөндеуқұрылыстық, көлік ұйымдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асырылады. 17. Жол жабындысының бұзылуын туғызатын жылу желі лері н жөндеу мен қайта жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстар құзырет бойынша жергілікті атқарушы органдармен, қарамағында жолдар бар ұйымдармен, сондай-ақ жол жүрісін ұйымдастыруды өзгерту талап етілген жағдайда, жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарушы органмен келісіледі. Шұғыл апатты қалпына келтіру жұмыстары жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер, сондай-ақ қажет болған жағдайда қатысумен қажеттілікте жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарушы органдар қатысуымен орындалады. 18. Жылу көздері н қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар ғимараттарды (тұрғын үйлерді) электрмен, жылумен және сумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдаумен жылуаралық кезеңде жүргізіледі. 19. Жылумен жабдықтау көздерінде және орталық жылу пункттерінде жыл сайын күз кезеңіндегі, жүктемелердің қысқы максимумын өту кезеңіндегі жылыту қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын орындау ұсынылады. 20. Сыртқы ауа температурасының есебімен температуралық кестелер және пайдаланушылық жауапкершілік шекарасындағы гидравликалық параметрлер энергия беруші (энергия өндіруші) ұйыммен әзірленеді және жергілікті атқарушы органдармен келісіледі.

21. Тұтынушылар объекті лері н энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымының жылу желілеріне қосуға техникалық шарттар Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес беріледі. Жылу желісіне қайта іске қосылатын және қайта жаңартылатын жылу тұтыну жүйелерінің қосылуы кезінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымдарға алдағы жылыту маусымына жылу тұтынушы құрылғылар мен жылу желілерінің техникалық дайындық актісін алу үшін шаю, сығымдау және ретке келтіру актілері ұсынылады. Жылу энергиясын тұрмыстық емес қажеттілікке қолданатын тұтынушының жылу қолдану жүйесін пайдалануы жылу қолданушы құрылғылардың сенімді және қауі псі з жұмысына жауапты тиі сті қызметкер немесе тұлға бар болуы жағдайында немесе Электр құрылғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес жылу қолдану жүйелері және жылу қолданушы құрылғыларды пайдалануға рұқсаты бар қызметкері бар мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетуге шартпен іске асырылады. Пәтерлердегі, жеке үйлердегі, үй жанындағы учаскелердегі, гараждардағы құбырлардың техникалық жағдайы мен пайдалануына, сондай-ақ энергияны пайдаланудағы қауіпсіздік техникасына жауапкершілік тұтынушыға жүктеледі. Кондоминиум объектілерінің инженерлік желілерінің пәтерішілік жүйелері мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес болуы қажет. 22. Сені мді жылумен жабдықтау үші н тұтынушы әр жылыту маусымы алдында жылу тұтынушы құрылғыларды баптауды жүргізуді қамтамасыз етеді. 23. Күзгі-қысқы жағдайларда энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың жұмысқа әзі рлі гі әзірлік паспортын алу шартымен расталады. Күзгі-қысқы жағдайларда барлық қуаттардағы және жылу желілеріндегі (магистральдік, орамішілік) жылыту қазан-дықтарының жұмысқа әзірлігі паспортын жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын және алу қағидаларын бекіту туралы» №55 бұйрығына сәйкес береді. 24. Салынған қазандықтар, жылу желілері, орталық жылу пункттері, сорғы станциялары, орталық жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін, тапсырыс берушілер (тұтынушылар) және энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар пайдалануға қабылдамаған салынған үйлердің жылыту маусымына әзірлігін құрылыс ұйымдары қамтамасыз етеді. 25. Тұтынушылардың үйішілік жылу жүйелерін жылыту маусымына техникалық қызмет көрсету және дайындық кезінде мамандандырылған ұйымдар: жабдықтарды, жылу желілерінің құрылыс және басқа құрылымдарды олардың уақтылы тексеруін өткізумен ұқыптылық жағдайында қолдау; жылу желі лерінің жабдықтарына қызмет көрсету, жылу құбырларының, бақылау-өлшеуіш аспаптар және коммерциялық есептеу аспаптарының, автоматика құрылғыларының, электротехникалық жабдықтардың, электр химиялық коррозиядан қорғау құрылғыларының және жабдықтардың басқа элементтерінің жұмысын бақылау және барлық анықталған ақауларды жою; арналар мен камераларда жиналған суды кетіру жолымен жылудың артық шығындарын жою, топырақты және лас сулардың камералар мен арналарға енуін жою, бүлінген жылу оқшаулауын уақтылы анықтау және қалпына келтіру; желілердегі ақаулар мен апаттардың алдыналу, оқшаулау және жоюға шаралар қабылдау; жылу пункттерінің жылу-механикалық жабдығының техникалық жағдайын және оның реттелуін бақылауды жүзеге асыру; жертөле және шатыр үй-жайлары шегінде барлық жылумен жабдықтау және ыстық су барлық құбырларының жылу оқшаулауын орындау; басқыш алаңдардың жылытуын қалыпқа келтіру және іске қосу; сыртқы құбырлар мен арматуралардың жылу оқшаулауын қалпына келтіру; жылу қолданушы құрылғылардың барлық орнатылған бекіту, реттеу арматурасының тексерісін және жөндеуін өткізу; техникалық термометрлерді тексеру, гильзаларды тазалау, одан әрі техникалық майды құю; жылыту маусымы аяқталғаннан кейін жылу тұтыну жүйелерінің элементтерін механикалық тазалаумен гидропневматикалық жууды өткізу; ретке келтіру іс-шараларын өткізу; пломбаланған, тексерілген манометрлерді орнату; жылу тұтынудың барлық элементтерін жылу тұтыну жүйесінің (гидравликалық сығымдау) механикалық беріктігіне және гидравликалық тығыздығына гидравликалық сынау жүргізу бойынша шаралар өткізеді. 26. Жылыту маусымына әзірлік бойынша тұтынушылар немесе кондоминиум объектілерін басқару органдары өткізетін ұйымдастырушылық іс-шаралар: кі ре бері стер мен жертөлелерді ң кі ру есі ктері н жөндеуді; шатырлар мен жертөлелердің терезелерін жабуды; басқыш алаңдар терезелерінің қосарланған шыныларын қалпына келтіруді; тұрғындардың пәтерлерді жылытуды қамтамасыз етуді ұйымдастыруын; жылу пунктінің үй-жайына жөндеу жүргізуді, қажетті жарықтандыру мен сенімді жабуды қамтамасыз етуді қамтиды. 27. Инженерлік желілер өтетін жертөле үй-жайларының жалдаушысы немесе иесі жөндеу және пайдаланушылық жұмыстарды жүргізетін ұйым қызметкерлеріне кедергісіз кіруді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Жылумен жабдықтау жүйелерін байқап көру 28. Жылу беру маусымының басталуына қарай жылумен жабдықтау көздерінің, жылу беру желілерінің дайындығын тексеру және жасырынған ақауларды анықтау үшін жылумен жабдықтау жүйелеріне техникалық диагностикалау жүргізіледі. 29. Жылу көздері жабдықтарын қосу және ғимараттарды (үйлерді) қосу үшін келесі жұмыстар жүргізіледі: жылу беру көздерінде жылу беру жабдықтарының сызбасын жинақтау, жабдықтарды қайта і ске қосу және байқап көру, жылу желілерін сумен толтыру, берілетін және қайтарымды құбыр қысымына қою және циркуляцияны орнату жөніндегі жұмыстар орындалады; үйі ші лі к жүйелерде арматураны і ске қосу орнын орнату, таратушы құбырлар мен жылумен жабдықтау жүйелерін сумен толтыру, тексеру бақылау-өлшеу құралдары мен реттегіштерінің болуын тексеру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі; жылу көздері мен ғимараттарды жылумен жабдықтау жүйесі не қосу қалалар мен аудандардың жергі лі кті атқарушы органдарымен келісілген кестеге сәйкес қатаң түрде жүргізіледі. 30. Магистральді және таратушы жылу желілерін і ске қосу және байқап көру і ске қосу-жөндеу бригадасымен жүргізіледі.

САРЫАРҚА САМАЛЫ Іске қосуға дейін желінің іске қосылатын учаскедегі жабдықтарының жарамдылығы, сынау, шаю және қабылдау актілері тексеріледі. 31. Тексеру процесінде жылу желі лері бойынша анықталған ескертулер жылу беру маусымының басына дейін жойылады.

4-тарау. Жылу беру маусымы 32. Жылумен жабдықтаушы ұйымдарға жылумен жабдықтау жүйелері н байқап көру, қосу кестелері н және гидравликалық және температуралық көрсеткіштердің есептік кестелерін жыл сайын 1 қыркүйекке дейін әзірлеу және қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу ұсынылады. Осыған сәйкес тұтынушыларға белгі ленген көрсеткі шті ң жылу тасығышын (су және бу) беру қамтамасыз етіледі. Жылумен жабдықтау жүйесіне қосу кестелерінде тұтынушыларды қосудың мына кезектілігі сақталуы тиіс: балалар, емдеу мекемелері, оқу орындары; тұрғын үйлер, қонақүйлер, жатақханалар; қоғамдық және тұрмыстық ғимараттар, мәдениет мекемелерінің ғимараттары, әкімшілік ғимараттар, өнеркәсіп кәсіпорындары және басқа ғимараттар. Бір уақытта толтырылатын үйішілік желілердің санын анықтау кезінде жылумен жабдықтау көздерінің шаруашылық-ауызсуларымен қамтылуын, су дайындау және сіңдіру құрылғыларының өнімділігін ескеру қажет. Сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +10 0°С және одан төмен жағдайда үш күнтізбелік күн ішінде жылу беру маусымының басталуы туралы жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданады. 33. Барлық ғимараттарды (үйлерді) қосқаннан кейін мамандандырылған ұйымдар жабдықтардың жай-күйіне тексеру жүргізеді және үйішілік жүйелердің бастапқы реттелуін жүргізеді. Бұл ретте энергия өндіруші және энергия беруші ұйым ғимараттарға кіретін жерлерде есептік гидравликалық және температуралық параметрлерді қамтамасыз етеді. 34. Пайдалану процесінде анықталған жылумен жабдықтау көздері ні ң, жылу желі лері мен үйі ші лі к жүйелердің жұмысындағы кемшіліктер жылу маусымының басына дейін жойылады. 35. Жылу беру маусымы кезінде жылумен жабдықтаушы ұйым: жылумен жабдықтау жөніндегі шарттарға барлық тұтынушылардың қол жеткізуі үшін тең жағдайды жасауды; жылу энергиясы параметрлерін жылу желілерінің баланстық тиесілігі бөліміндегі шекарада, жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелерге сәйкес қолдауды; тұтынушыға тиісті сапада жылу энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді. 36. Басқару органы халықтан шағымдарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды, олардың балансындағы жылу, су құбыры, кәріз желілерінде және үйішілік жүйелерде кемулерді жою бойынша ұйымдастырушылық шараларды қабылдайды. Басқару органы және (немесе) мамандандырылған ұйым: жылу тұтынудың үйішілік жүйелерін реттеу жолымен қыздырғыш аспаптардың біркелкі қыздырылуын қамтамасыз етеді; диафрагмалар мен қақпақтардың өздігінен (энергия беруші ұйымның келісімінсіз) кесілуіне, алынуына және/немесе бұрғылануына жол бермейді; сыртқы ауаның теріс температураларында желілік судың циркуляциясын тоқтатуда мұздатылуының және істен шығуының алдын-алу үшін жылу беру жүйесі нен сені мді су босатуын қамтамасыз етеді . 37. Жылу беру маусымы жарияланғаннан бастап: хабарландыру сызбасы анықталады, облыстың тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешен объектілерінің жауапты қызметшілерінің кезекшілігі белгіленеді; кәсіпорындарда апатты-қайта қалпына келтіру бригадасы дайындалады; ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйым қызметкерін ғимараттың жылу тасығыш жүйесінің жұмысына және жылылаудың жай-күйіне кезеңмен тексеру және бақылау жасауды ұйымдастырады; жылумен жабдықтау көздерінде резервтік және апатты жабдықтардың жұмысы, құралдардың, материалдар мен қосалқы бөлшектерінің болуы тексеріледі. 38. Жылу беру көздерінде және жылу беру желілерінде апаттық жағдай жарияланған сәттен бастап: барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетикалық кешен объектілерінде тәулік бойы кезекшілік енгізіледі; апаттық жағдайларда пайдалану үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда тетіктермен және материалдармен қамтамасыз етілген қосымша апаттық-жаңғырту бригадалардың күшейтілген дайындығы енгізіледі.

5-тарау. Жылу беру маусымының аяқталуы және жылу беру аралығы кезеңінде ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ету 39. Жылу беру маусымының аяқталуы жыл сайын хабарланады.

Сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +10 0 С және одан жоғары жағдайда үш күнтізбелік күн ішінде жылу беру маусымының аяқталуы туралы жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданады. Жылу беру маусымының аяқталуы туралы және жылу беру жүйесі н сөнді ру қажетті лі гі туралы жылу тұтыну жүйесін сөндіру актілері ресімделеді. 40. Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйымдар орталық жылу беру жүйесін сөндіреді және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз етеді. 41. Жылу беру аралығы кезеңінде жылумен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыларды жылу көздері мен жылу желілері жабдықтарының бекітілген жұмыс сызбасы бойынша ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Су бөлетін нүктелерге (шүмектерге, араластырғыштарға) берілетін судың температурасы техникалық және санитарлық норманың талаптарына жауап беруі қажет. Ыстық суды беруде жылумен жабдықтау көздерінде ыстық сумен жабдықтау қондырғыларын жөндеу, элеваторлы тораптарды, автоматтандырылған жылу пункттері мен үйі ші лі к жүйелерді дайындау үші н қажетті уақытқа жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелермен бекітілген мерзімінен асатын үзілістерге жол берілмейді. 42. Жылу беру желілеріне, жылу беру пункттеріне және жылу тұтыну жүйелері не жөндеу жұмыстарын жыл сайын 1 қыркүйекке дейін жүргізу ұсынылады.

6-тарау. Қағидаларды бұзу жауапкершілігі 43. Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.


ӘЛЕУМЕТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

12 маусым, сейсенбі, 2018 жыл

ШАПАҒАТ

ТАҒЗЫМ

Ауызашар берді Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ораза ұстаған бір мұсылманның аузын аштырса (ауызашар берсе), ораза ұстаушының сауабындай сауапқа ие болады. Әрі оразашының ешбір сауабы кемімейд»», - дейді өзінің мүбәрак хадистерінің бірінде. Мәшһүр Жүсіп орталық мешіті нің үлкен асханасында бір топ кәсіпкер азамат бірлесіп, 500 адамға ауызашар дастарқанын жайды. Ауызашарға мешіт жамағаттары, қалалық мүгедектер ұйымы, зағиптар ұйымы, зиялы қауым өкілдері, Павлодар қаласының Құрметті азаматтары, студенттер мен жастар өкілдері, ардагер аталар мен аналар қатысты. Ауызашар дастарқанында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкілі, Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы қасиетті Рамазан айындағы ораза құлшылығы туралы тағылымды уағыз айтты. Көп адамды қамтыған мол дастарқан жайып, қасиетті Рамазан айында «Алла ризашылығы үшін!» деген шын ниетімен сауаптарын еселеп жатқан өңірімізге танымал жас кәсіпкерлерге ҚМДБ Павлодар облысының өкілдігі атынан арнайы «Алғыс хаттар» табыс етті. Өкіл имамның әрбір кәсіпкерге арнаған алғыс хатында: «Сізді жомарт, жанашыр азамат, қайырымды кәсіпкер ретінде көпшілік жақсы

таниды. Көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуде, жетім мен жесірге мейірімділік танытып, ауылдағы ағайынға көңіл бөлуде қолыңыздан келген көмекті аяған емессіз. Жасаған әр жақсылығыңыз жаныңызды жаннатқа жетелесін!» делінген. Рамазан – мол сауап жинайтын қасиетті ай. Адам баласы ізгі амалы арқылы Жаратушының рақымына, нығметіне кенеледі. Бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла Тағала өзгелерге рақымды пенделерін өз рақметіне бөлейді», – дейді. Сондай-ақ, ауызашарға қатысушылар тарапынан да азаматтар сөз алып, үнемі осындай игі істердің ұйытқысы болып келе жатқан мешіт ұжымына да алғыс білдірді. Дастарқан соңында дүниеден өткен ата-бабалар рухына Құран бағышталып, абыз ақсақалдардың болашаққа жақсылықтар мен жетістіктер тілеген ақ батасымен байыды.

Мәшһүр Жүсіп мешітінің баспасөз қызметі.

АЛҒЫС

Шәкіртсіз ұстаз - тұл

Соңғы қоңырау салтанаты - мектеп бітіруші түлектермен қатар алтын ұясынан бірнеше жыл бұрын түлеп ұшқан шәкірттердің де мерекесі. Аталмыш мереке Баянауыл ауданы Майқайың №1 орта мектебінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Ерлік ұмытылмайды ҚР Ұлттық гвардиясына қарасты 6679 әскери бөлімінде «Мәңгілік сапта» акциясы өтті. Шара 2016 жылы Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік оқиғада қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналды. Шараның мақсаты - бейбі т өмі р жолында жанын қиған ержүрек сарбаздар есімін ұлықтау, рухтарына тағзым ету, ерліктерін бүгінгі ұрпаққа, Отан қорғаушыларға жеткізу. Аталмыш шарада әскери бөлім қызметкерлері ел тыныштығын сақтау жолында қаза тапқан батырлар - майор Даниел Майлыбаев, сержант Берік Қалиев, қатардағы жауынгер Сапар Досболдың рухына тағзым етті. Отанын қорғау жолында жан тапсырған жауынгерлерді бі р минут үнсі зді кпен еске алды. Бұл күні аталмыш әскери бөлі мде тағзым ету бұрыштары ашылды. Айта кетейік, жантүршігерлік оқиға 2016 жылы маусым айында Ақтөбе қаласында орын алған болатын. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қаруланған террористке төтеп бергенімен, оқиға соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтырғаны мәлім. Шара соңында әскери қызметшілерге «Ақтөбедегі лаңкестік шабуыл» деректі фильмі көрсетілді.

Өз тілшіміз.

Сенімді серігіңізден көз жазбаңыз! «Сарыарқа самалы» газетіне 2018 жылдың екінші жартысына жазылу науқаны жүргізілуде «Қазпошта» АҚ–ның бөлімшесі арқылы жазылу Жазылу мерзімі

6 ай (аптасына үш нөмір)

Индексі 55441

«Alash Press» ЖШС– нің бөлімшелері арқылы жазылу Павлодар қ.

қала

ауыл

4152,8 теңге

4479,60 теңге

Редакцияда ресімделу және алу мен жазылу Павлодар қ.

4152 теңге

3066 теңге

Біздің газетімізге үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел.:32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта» ғимаратында, Академик Марғұлан к-сі, 142 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел.61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша баламалы жазылуды ресімдеп, тікелей редакциядан алуға болады. Мекемелер мен ұйымдардың назарына! Біздің басылымға баламалы түрде (альтернативті) 50 данадан кем емес жазылған жағдайда кәсіпорынға дейін жеткізіп береміз. Тел.: 8 (718 2) 66-15-41.

Құрметті оқырмандар! «Найзатас» әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журналына 2018 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде Жазылу мерзімі

6 ай

«Қазпошта» АҚ –ның бөлімшесі арқылы жазылу Индексі 67276 қала ауыл 2 997,90 3 010,80 теңге теңге

«Alash Press» ЖШС–нің Редакцияда бөлімшелері арқылы ресімделу және жазылу алу мен жазылу Павлодар қ.

Павлодар қ

2 997 теңге

2 733 теңге

Үйге немесе жұмыс орнына дейін жеткізілумен «Найзатас» журналына кез келген пошта бөлімшесінде, пошта қызметкері арқылы немесе Павлодар қ-сы, Ак.Сәтбаев к-сі, 50 (тел. 32-40-37) мекенжайы бойынша орналасқан «Қазпошта» ғимаратында, Академик Марғұлан к-сі, 142 мекенжайы бойынша орналасқан «Alash Press» ЖШС-де (тел. 61-63-18) жазыла аласыз. Одан басқа, баламалы жазылу арқылы Астана к-сі, 143 мекенжайы бойынша ресімдеп, тікелей редакциядан алуға болады, 66-15-41. Бұл күні салтанатты шараға мектепті 1968 жылы тәмамдаған түлектер қатысып, ұстаздарымен қауышты. 50 жыл бұрын алтын ұясымен қоштасқандар білім алған кабинеттеріне кіріп, партада кіммен отырғандарын да еске алды. Зейнет жасына шығып, 80 жасқа жақындап қалсам да, тәлім-тәрбие берген шәкірттеріме қарап еңбегімнің нәтижесі н көрі п қуандым. Ширек ғасыр уақыт ішінде бұл түлектер бүгінде ұл-қыз өсіріп, қадірлі ата-әже атанып отыр. Жарты ғасырдың ішінде сан алуан мамандық меңгеріп, елі не адал еңбек еткен азматтар.

Барлығымыз мектеп директоры Самал Мәжитоваға шексіз алғысымызды білдірдік. 50 жылдық кездесуде А және Б сыныптары, сондай-ақ бастауыш сыныпта білім берген ұстаздар қауымы бірге болып, ізгі тілектерді тыңдадық. Осы кездесуге қатысып, бір жасарып қалғандай болдық. Барлық шәкірттеріме денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт тілегім келеді.

Баян СУБЕКОВА,

1968 жылғы түлектердің сынып жетекшісі, Павлодар қаласы.

66-15-40 ЖАРНАМА 66-15-42 Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің ұжымы «Халық радиосының» қызметкері, әріптесіміз Қызырхан Шәкіртке әкесі

Шәкірт Құрметұлының

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Құниязов Бақтыбек Сәдуақасұлын еске аламыз! Өмір зымырап өтіп жатыр. Тірі адам тіршілі гі н жасап, әрі қарай ғұмыр кеші п жатады екен. Міне, біз де сол өмірдің куәгеріміз. Өкі ні шке қарай, адамға мәңгі лі к өмі р сүру бұйырмаған. Ағамыз Құниязов Бақтыбек тірі болса, 15 маусымда 70 жасқа келеді деп бәрі мі з мерейтойын тойлауға дайындық үстінде жүрер едік. Әкемі з Сәдуақас пен ағамыздың туған күндері сәйкес еді. Дүниеден кеткеніне де 10 жыл болды. Қазір ұрпақтары тірші лік жасап, әкелерінің берген тәрбиесімен бір-бір отбасын құрып отыр. Аллаға шүкір, немерелерінің алды Нұрбек университетте оқыса, Рунар мектепке, 1-сыныпқа барамын деп дайындалып жатыр. Жуыр арада Раяна деген сәби дүниеге келді. Осының бәріне шүкіршілік етеміз. Барлығына бас-көз болып отырған Ғазиза жеңгемізге күшқуат тілейміз. Біз үшін ағамыз есімізде мәңгі сақталады. Асқар биігіміз, дарқан данышпанымыздың туыстар арасындағы қадірі ешқашан да ұмытылмайды. Жатқан жеріңіз жарық болсын, қымбатты туысымыз! Еске алушылар:

іні-қарындастары. (673)

7

САРЫАРҚА САМАЛЫ

МЕНШІК ИЕСІ

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Ертіс Медиа» ЖШС, «Сарыарқа самалы» облыстық газеті Газет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 30.09.2014 ж. №14562-Г куәлігі берілген.

Газет 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2014 жылы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен марапатталды. ЖШС директоры Асқар ШӨМШЕКОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ Телефоны. 66-15-30

Нөмірге қол қойған Мұрат АЯҒАНОВ ЖШС-нің мекенжайы. Павлодар қаласы, Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй. Редакцияның мекенжайы. 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды поштасы: ssamaly29@gmail.com. Бас редактордың орынбасары 66-14-61. Жауапты хатшы 65-12-74. Әлеуметтік бөлім 66-14-63, 66-15-31, 66-15-32. Экономика, саясат 66-14-64, 66-15-28, 66-14-65. «Айналайын» 66-14-63. «Жас times» – 66-15-32.

Жарнама бөлімі: s_samaIy_reklama@maiI.ru 66-15-42, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі 66-15-41. Фототілші, корректорлар 65-12-74. Газеттің нөмірі «Сарыарқа самалының» компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына үш рет шығады, апталық таралымы 16079 дана, бүгінгі көлемі 2 б.т. «Дом печати» ЖШС баспаханасында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны. 8 (7182) 61-80-26. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 1218 Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді. Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. «Сарыарқа самалында» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті. Баспа индексі 65441.


8

12 маусым, сейсенбі, 2018 жыл

ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ ERTIS PROMENADE

Павлодарда - Әли мен Роза

Арғымақ Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ

Суретті түсірген - Ольга Музалевская.

Әр аптаның демалыс күндері павлодарлықтарға тамаша көңіл күй сыйлайтын «Ertis Promenadе» сахнасында өткен аптада жас әнші Әли Оқапов пен жерлесіміз Роза Мұқатаева өнер көрсетті. Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ Орталық жағалаудың төменгі бөлігінде орналасқан үлкен сахнаның алдына жиналғандар саны әдеттегіден де көбейе түскен. Сенбі күні «Ertis Promenadе» сахнасында павлодарлықтармен жүздесіп, әсем әні, келісті биімен тамсандырған Әли Оқапов тыңдармандарына ерекше көңіл-күй сыйлады. Алдағы уақытта қазақ үшін қасиеті мол, табиғаты тамаша Баянауыл ауданында бейнебаян түсіруді жоспарлап отырған Ә.Оқапов жұмыс жоспарымен де бөлісті. - Павлодар қаласында бастау алған тамаша дүниені көріп, ерекше қуанып тұрмын. Маған ұсыныс келіп түскенде осы үлкен сахнада өнер көрсететін әртістер тізімімен танысып шыққан едім. Шынымды айтсам, алғашқылардың бірі болып павлодарлықтармен жүздескеніме ризамын. Болашақта табиғаты сұлу Баянауыл жерінде бейнебаян түсірсем деген ойым бар. Әрине, бұл идея жүзеге асып, қолдау тауып жатса, керемет болар еді. Болашақта жаңа әндер жаздырып, тыңдармандар назарына жаңа бейнебаянымды ұсынамын, - деді Әли Оқапов. Ал жексенбі күні Ерті с жағасын әнмен тербеген павлодарлық әнші қыз Роза

Мұқатаеваны жерлестері ерекше ықыласпен қарсы алды. 4 жаңа әнінің тұсауын кескен әнші қызды тыңдармандары сахнадан жібермеді. Бүгінде әншілік өнерімен бірге актерлік қырымен де көптің ықыласына бөленіп жүрген Роза «Кейкі мерген» тарихи телехикаясына түсуде. - Туған жеріме келіп ән айту маған ерекше күш береді. Өзімді бақытты сезінемін. Шынын айту керек, жаз бойы демалыс күндерін ерекше етіп өткізетін Павлодар тұрғындары үшін қуаныштымын. Ертіс жағасында бой көтерген «Ertis Promenadе» сахнасында талай өнер жұлдыздарымен қауышып, әдемі кештердің куәсі болатын

жерлестерім бақытты. Бүгін бір сағаттық жаңа бағдарламамен келіп тұрмын. Оның і ші нде жаңа әндері м де бар. Халық жылы қабылдайды деген үміттемін. Алдағы уақытта көрермендерімді жаңа қырыммен таңқалдыратын боламын, - деді әнші. Айта кетелік, 1 маусым күні салтанатты түрде ашылған «Ertis Promenadе» сахнасында бұған дейін әйгілі «МузАрт» тобы өнер көрсеткен болатын. Алдағы уақытта ресейлік поп-орындаушысы Сати Казанов, молдавандық әнші Дан Балан мен қазақ эстрадасының жұлдыздары Меруерт Түсіпбаева, Ринат Малцагов, Қайрат Нұртас және «Жігіттер» тобы өнер көрсетпек.

БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА

Достықты ту еткен фестиваль

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалында этномәдени орталықтардың жазғы фестивалі басталды. Өткен демалыс күндері болгар, «Эльбрус» қарашай-черкес және қабардабалқар этномәдени бірлестіктерінің мәдениеті күні өтті. Сенбі күні қалалық саябақта өткен шарада болгарлардың ұлттық мәдениеті кеңінен көрініс тапты. Соңғы уақытта облыс жастарының арасында болгар тіліне деген қызығушылық артып келеді деген мұғалім Галина Христова 80 балаға осы тілді үйретуде екен. - Мені Павлодарға Болгария елінен арнайы шақыртты. Балаларға болгар тілінен сабақ беріп жүргеніме 4 жыл болды. Тіл

үйреніп жүргендердің арасында қазақ, орыс, татар және украин ұлттарының да жастары бар. Осы уақыт ішінде менің алдымнан 80 бала болгар тілін үйреніп шықты. Олардың 12-сі - қазір студент. Осы жылы 4 шәкіртім мектеппен қоштасады. Бұл жерде тек болгар ұлтының тілі ғана емес, мәдениеті, өнері, тарихы кеңінен қамтылады, - деді педагог Галина Христова. Фестиваль аясында «Славяне» болгар этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары және Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары болгар халқының билері мен әндерін орындады. Көрермендер болгар халқының шығармашылығын тамашалай отырып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшысы Сейсенбай Жетпісбаев болгар этномәдени бірлестігінің табыстары туралы айтты. Сондай-ақ, ол белсенді қатысушыларға, бірлестіктің шығарма-

шылық ұжымының жетекшілеріне болгар мәдениетін дамытуға және достық пен бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлестері үшін Алғыс хаттарды табыс етті. Ал жексенбі күні аталмыш орында «Эльбрус» қарашай-черкес және қабардинбалқар этномәдени бірлестігінің мәдениеті күні өтті. Онда «Теберда», «Мингни Тау» және Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары концерт қойды, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Мәдениет күні шеңберінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшысы Сейсенбай Жетпісбаев аталмыш этномәдени бірлестіктердің бірқатар мүшесіне Алғыс хаттар табыс етті. Айта кетелік, алдағы уақытта әр аптаның демалыс күндері этномәдени бірлестіктерінің мәдениеті күні жалғасын табатын болады.

Қ.МҮСӘЙІП.

ЖӘДІГЕР

Талай тарихтың куәсі

Жыл сайын Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы «Ашық аспан астындағы музейде» «Бір экспозицияның тарихы» атты шара ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Бұл жолғы көрме бұрынғыларынан өзгеше болды. Алпысбай ХОНЖ «Өмір бойы Катюшамен бірге!» деп аталған интерактивті жиында Ұлы Отан соғысы кезеңі мен Тың игеру жылдары халыққа қызмет еткен «Урал ЗИС-5» жүк көлігі көпші лік назарына ұсынылды. Тарихи жәдігер аймақта біреу ғана. Аталған экспонат 2001 жылдан бері қарай музейдегі құнды дүниелердің қатарына қосылған. Жалпы, «Катюша» деген бейресми атауға ие техникаларды КСРО қарулы күштері екінші дүниежүзілік соғыста кеңінен

АҚСАРАЙ

пайдаланған. Түйдек-түйдек оқ ататын БМ-14, БМ-21 «Град» құрылғылары да ел арасында осы атаумен танымал болған. Жүк машинасының үстіне орналастырылған 16 ұңғыдан атылған реактивті снарядтар түскен аумағын жойып жіберетін құдіретті күшке ие. Ал талай тарихтың куәсі болған «Урал ЗИС-5» техникасы 1944 жылы Орал қаласында жасалған. Ол Мәскеу мен Берлинге жақын шайқастарда Сталинград маңындағы әскери операцияларға қатысып, жеңісті жақындатуға өз септігін тигізген. Соғыс аяқталған соң «Катюша» өңіріміздегі

С

Майқайың кен орнына әкелінген. 1954 жылы Тың игеру науқаны басталған кезде машина ауыл шаруашылығы саласында да кеңінен пайдаланылды. 1970 жылдардың соңына дейін халыққа қызмет еткен техника кешегі қиын кезеңдерді елмен бірге еңсеріп, бейбіт күнге жетуге қосқан үлесімен бағалы. Аталған музей қызметкерлері алдағы уақытта да тарихтан сыр шертеті н құнды жәдігерлерді ел назарына ұсынамыз дейді.

Ей, дешті-қыпшақ даласы, Даңқың шыққан табынмен. Үйірлерді қарашы, Жүзіп жүрген сағыммен. Бір асауды бер маған, Тамырым тұр бұлқынып. Дөңгеленсін жер-ғалам, Қала, дала ұмтылып. Арғымақтың қанының Ыстық отын жел үрсін. Тұяқтардың шаңымен Өртенген шөп өрілсін. Шабысымен мына аттың Шабуыл салып шығайық. Дүбірімен тұяқтың Жолды беттен ұрайық.

БІР АУЫЗ СӨЗ Айсұлу ТҰРСЫНБАЙҚЫЗЫ, әлеуметттанушы:

Құндылықтар Қазір құндылықтар жүйесі өзгерген заман. Бұдан он-он бес ғасыр емес, осыдан он бес-жиырма жыл алдыңғы құндылық пен қазіргі құндылықтың өзінде айырмашылықтар бар. Мысалы, 19 бен 25, яғни отбасын құру жасындағы жастар немесе тууға қабілетті 22-26 жастағы жастарды алып қарасаңыз, бастапқы кезеңде бұларда өзін өзі дамыту, жоғары жалақы, тұрмыс жағдайын түзеу мәселесі, содан кейі н барып бала, отбасы деген сияқты құндылықтардың жүйесі түзіледі. Бұдан бізде бала бірінші буындағы негізгі құндылықтан түсіп қалған. ...Қалада, әсіресе көпшілік жас отбасылар бала санын тұрмыстық жағдайға әкеп тіреп қояды. Яғни «менің үй-жайым, көлі гі м, табысым болғаннан кейі н бала санын көбейтемін» дейді. Бұл да бір жағынан бүгінгі күннің әлеуметтік шындығы. Баспанасыз қаншама отбасы жүр. Тіпті, бұл - отбасын құруына кедергі болып жүрген жағдай. Сондықтан бізге кешенді бағдарламалар керек. Бізде көп балалы десе қайырымдылық жағынан ғана жанымыз ашып қараймыз. Ал негізінен, біз сананы өзгертіп, көп балалыларға үлкен күш ретінде қарауымыз қажет. Мысалы, сіздің жұмысқа тұруыңызға да отбасындағы бала саны әсер етуі керек. Тұрмыстық, көші-қон, басқа да кез келген әлеуметтік өміріңізде бала саны сіздің артықшылығыңыз болуы керек. Біз көп балалықты қолдауымыз керек. Оларға бизнес ашуға, кәсіппен айналысуға, шағын отбасылық кәсібін ұйымдастыруға неге көмектеспеске? Отбасылық кәсіп Түркияда жақсы жолға қойылған. Дәл қазір халықтың құндылықтар жүйесіне әсер ету өте қиын. Себебі қазі р нарық заманы. Сі зді ң әлеуметті к статусыңыз жалақы көлемімен, т.б. құндылықтармен анықталады. Оған балама ретінде интеллектуалдық капиталға көбірек көңіл бөлінуі тиіс. Үш ті л бі летін, ІТ технологияларды жетік меңгерген буын - жастар бұл сананы бұза алады. Сол секілді, көп балалы отбасындағы балалардың да білімиинтеллектуалдық капиталын арттыруға да атсалысу керек. Көп балалы отбасыларда неге бір-екі бала ғана жақсы оқиды? Қазі р көбі не табысы аз отбасылардағы бі лім алуға деген ұмтылушылық жоғары деген тенденция бар. Яғни, тенденция осылай бұзылуы керек. Сонда халық саны сапалы түрде артады.

12 маусым, 2018 жыл №66 (15237)  
12 маусым, 2018 жыл №66 (15237)  
Advertisement