Page 1

САРЫАРҚА Павлодар облыстық газеті 1929 жылғы 15 ақпаннан шығады ssamaly29@gmail.com

САМАЛЫ

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

ӨҢІР

Нар тәуекел - ердің ісі

11 тамыз, сенбі 2018 жыл №91 (15262)

@saryarka_samaly

Нақпа-нақ Қазақстанның халықаралық резерві

87,6 млрд. доллардан асты ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН

Жаңа стандартқа көшеді Қазақстан цифрлы хабар таратуды кезең-кезеңмен жүзеге асыру арқылы аналогты таратудан түбегейлі бас тартуды жоспарлап отыр.

Суретті түсірген - Дархан Өмірзақов.

«Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – облысымыздағы ірі шаруашылықтың бірі. Успен ауданындағы бұл серіктестік өсімдік пен мал шаруашылығын дамытып, аймақтың агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына сүбелі үлес қосып отыр. Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында атқарып отырған ісі көп. Тіпті, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде жария етілген жобалардың бірін жүзеге асыруға кірісті. Жалғасы 3-бетте

Ауыл шаруашылығы: ДИЗЕЛЬДІ ОТЫН ҚАЛАЙ ҮЛЕСТІРІЛЕДІ? Қазіргі кезде егіс алқаптары мен шабындықтарда жұмыс қызу. Шаруалардың бір бөлігі шөп шабуға кіріссе, енді бірі астық жинауға дайындалуда. Бірақ, дизельді отын бағасының күрт өсуі кейбір шаруалардың жұмысына кері әсерін тигізіп отыр. Бұл – маусымдық жағдай дегенмен, бірден 40-50 теңгеге дейін қымбаттауы тұрғындардың қалтасына салмақ салмай қоймайды. Толығырақ 3-бетте

Gismeteo.kz сайтындағы болжамға сенсек, алдағы апта жаңбырлы басталғанымен, сейсенбі ден күн ашылады. Кейбі р күндері ауа температурасы +30 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Жалпы облыс бойынша күндіз +26+28, түнде +17+19 градус жылы болады деп күтілуде. Сенбіде кейбір өңірлерде екпінді жел тұрып, жаңбыр сіркіреуі мүмкін.

Қазіргі күні «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде Цифрлы эфирлік телерадио хабарларын тарату бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаны белгілі. Мәселен, 2018 жылдың қазан айында Маңғыстау облысы, желтоқсан айында Жамбыл, Түркістан облыстары цифрлы хабар таратуға көшеді. Бұл жұмыс одан әрі қалған өңірлерде де кезегімен іске асады. Осының нәтижесінде алдағы жылдарда ел тұрғындарының 99,8%-і көп бағдарламалы телехабар таратудың жоғары сапалы цифрлы желісіне тегін қол жеткізбек. Айта кету керек, сандық телевизияға ауысу «Женева-2006» халықаралық келісімі аясында жүзеге асқалы отыр. Мұндағы бір мақсат – қала мен ауыл тұрғындарының арасындағы ақпараттық теңсіздікті азайту арқылы телеарналар санын көбейту, осылайша ақпаратқа қолжетімділікті арттыру. Тағы бір маңызды мәселе – тұрғындарға және телеарналарға қызмет көрсетудің халықаралық талапқа сай болуын қамтамасыз ету. Телеконтент нарығында өз телеарналарымыздың хабар тарату үлесін көбейту де - жоспардағы іс. Түптеп келгенде, негізгі мақсат – ел аумағында отандық телеарналарды көру аясын кеңейтудің негізінде мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Хабар таратудың қазіргі түрі – аналогтық желі бойынша ел тұрғындарының жартысы орта есеппен 5 телеарнаны ғана көрген болса, цифрлы хабар таратуды іске асыру барысында оның саны айтарлықтай артады. Атап айтқанда, облыс орталықтары 30-ға тарта телеарнаны көру мүмкіндігіне ие болса, шалғай елді мекендер 15 телеарнаны тамашалайды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл жүйеге көшу кезеңкезеңмен жүргізілмек. Алдағы жылдары Атырау, Қызылорда, Алматы облыстары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары да жоспарда бар. Жалпы, 2020 жылға дейін бағдарлама бойынша цифрлы жүйемен ел тұрғындарының 95%-ін қамту жоспарланып отыр. Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2

11 тамыз, сенбі, 2018 жыл

Бөле-жара

Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір аптаның аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер балапанды апта сайын санайды. Осы жеті күнде жер бетіндегі тіршіліктен көңілге оғаш, көзге ерекше көрінгені жетерлік. Есірікке де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде, дөңгеленген он сегіз мың ғаламда біз куә болған, бөле-жара айтар оқиғалар қайсы?

Тыйым салуға не түрткі? Қазақстанда 80-нен астам шетелдік телеарналардың тіркеу туралы куәліктері қайтарылып, ел аумағында хабар таратуы тоқтатылды. Мұндай шешімге шетелдік телеарналардың Қазақстан заңнамасына енген талаптарды орындамауы себеп болып отыр. Тыйым салынғандар арасында MUSICBOX, Дождь, Fashion TV, Fox News Channel, THT-Comedy сынды танымал ойын-сауық телеарналары бар. «Қазір Қазақстанда 306 шетелдік теле-радио арна тіркеуде тұр. Олардың қызметін реттеу мақсатында министрлік жыл басында заңнамаға түзетулер енгізді. Оған сәйкес, шетелдік арналар Қазақстан Республикасында өз өкі лдігін ашуы міндеттелді. Барлық талаптарды орындау үшін жарты жыл уақыт та берілді. Қазіргі уақытта 219 телеарна тиісті талаптарды орындады. Министрлік қалған 88 арнаның ел аумағында хабар таратуын тоқтатуды қарастыратын бұйрық әзірледі», - деп жазды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында. «Теледидар және радио хабарларын тарату туралы» ҚР Заңына (18-1-бап) ел аумағында хабар таратын барлық шетелдік теле және радиоарналардың өкілдік ашу міндеттемесі 2017 жылы енгізілген. Аталған Заң 2018 жылдың 9 қаңтарында күшіне енген және шетелдік теле-радиоарналар ҚР аумағында заңды тұлғаны немесе өкілдігін (филиалын) 2018 жылдың 9 шілдесіне дейін тіркеуге міндетті болған. Дей тұрғанмен, аталған телеарналардың 95 пайызы еліміздің кабельдік және жер серіктік операторларында жоқ екен. Сондықтан арналарды жаппай тоқтатуға қатысты мәселе туындамайды. Еліміздегі рейтингісінің төмендеуіне байланысты тізімдегі кейбір арналар былтырдан бері жұмысын тоқтатқан. Көбіне ауылдарды қамтып отырған «Отау TV» ұлттық операторы да одан дым зардап шекпейді.

Қазақ жігіті Ресейде ерлік жасады Осы аптада елімізден Ресейге бет алған автобуста кенеттен тұтанған өрттен 48 адамды құтқарып қалған қазақ жігіті туралы ақпарат әлеуметтік желілерді кезіп кетті. Алайда қайсарлық танытқан отандасымыз қазір көрші елде құжатсыз, қаражатсыз жүрген көрінеді. Ресейлік сайттарға кіріп қарасаңыз, Қазақстаннан Новосібірге жолға шыққан автобус шынымен де таңғы төрт шамасында өртеніп кетіпті. Қалың ұйқыда жатқан 48 адамды оятып, оларды құтқарған Ержан Омарханов деген қазақ жігіті болып шықты. 37 жасар жерлесіміз, грек-рим күресі бойынша балалар жаттықтырушысы Ержан Омарханов сол түнгі оқиғаны былайша еске алыпты: «Түтіннің иісін сезіп, қалың ұйқыдан шырт оянып кеттім. Жүргізушіге «Есікті аш! Өртеніп жатырмыз!» деп айқайладым. Ешкім үн қатар емес. Оларды ояту үшін ұруға мәжбүр болдым. Сосын есікті тебе бастадым. Сол кезде автобус қозғалысын тежеді. Бірінші кезекте кішкентай балаларды құтқардым. Автобус жүргізушісі ешқандай көмек көрсетпеді. Шошынғаннан сілейіп қатып қалыпты». Бір өкініштісі, отандасымыз сол өртте темір тұлпар сатып алуға жинаған барлық қаражаты мен құжаттарынан айрылған. Өртеніп кеткен автобус – ресейлік, тасымалдаушы – новосібірліктер. Тасымалдаушы компания оған көмек көрсетуден тежеліп отырғаны да байқалады. Автобустағы адамдар «саған ақша жинап, көмектесейік» деген екен. Бірақ батыл жігіт одан бас тартқан. 12 бала мен 36 ересек адамды өлімнен құтқарған Ержан Омархановтың жағдайы, міне, осындай. Отандасымыз елге аман-есен оралады, Қазақ елшілігі аталмыш жағдайға араласып, белсенділік танытады деген сенімдеміз.

«Момо»-дан сақ болыңыз! Әлем бойынша балалар мен жасөспірімдерге қауіп төндіретін «Көк кит» сияқты «Момо» ойыны пайда болды. Ол WhatsАpp мессенджері арқылы таралуда. Өзге суицидтік ойындар сияқты мұнда да балаларға түрлі бұйрықтардың жинағы жіберіліп отырады. Егер жасөспірімдер қорқынышты ойынға қатысудан бас тартса, оларға қоқан-лоққы көрсететін хаттар келеді. Мұнда да ойын тәсілі «Көк кит» ойынының шарттарына ұқсас. Оның үстіне көпшілікті «Момо» есімді бір түрлі қолданушы қорқытады екен. Бұл ойынды ойнаған адамдардың өзіне қол жұмсау деңгейі орташа көрсеткіштен жоғары екендігі дәлелденген. Мексика билігі бұл іс бойынша бірінші болып дабыл қақты. Киберқылмыспен күрес жөніндегі қызметкерлері «Момо» ойынының «басшыларын» құрықтау үшін жан-жақты жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта оның ТМД-да таралу қаупі жоғары көрінеді. Сондықтан біздің елге де сақ болу қажет делінуде. Апта оқиғаларын бөле-жара сөз еткен -

Мұрат АЯҒАНОВ.

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ БЕС БАСТАМА

Баспаналы болам десеңіз... Елімізде «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасының жүзеге аса бастағанына бір айдан асты. Қазақстанның әр аймағында осы бастаманың игілігін көріп, қоныс тойын тойлап жатқан отбасылар жетерлік. Тек павлодарлықтар әзірге асығар емес. Мамандар мұны бағдарламаға жауапты оператордың түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбеуінен деп отыр. Әйтпегенде бұл жоба - тұрғындар үшін «баспаналы болсам» деген арманын орындаудың ұтымды жолы. Данияр ЖҰМАДІЛ Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы аясында ұсынылған «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы өткен айдың басында іске қосылғанды. Сол кезден бері барлық өңірлердегі тұрғындардан өтініштер көптеп түсіп жатқан көрінеді. Бұл ретте, әзірге көш басында Алматы, Астана, Ақтау қалалары тұр. Ол түсінікті де. Аталған өңірлердегі тұрғын үй құрылысының қарқыны қатты. Бұл қарқыннан Павлодар облысы да қалып жатқан жоқ. Тек жаңа ипотекалық бағдарламаға қатысуға ниеттілердің саны көп емес. Ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде аймағымыз бойынша небары бес тұрғын бақтарын сынап көруді шешкен. Олардың өтініштері қарастырылуда. Ұлттық банктің Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары Ердос Спандияровтың айтуынша, ипотекалық бағдарламаның шарттары тиімді. Атап айтсақ, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7 пайыздан, ал бастапқы жарна 20 пайыздан аспайды. Несиені төлеу мерзімін 25 жылға дейін созуға болады. Аталған бағдарлама бойынша несиелер тек ұлттық валютамен берілетінін атап өткен жөн. Жаңа ипотекалық бағдарламаға Қазақстанның кез келген қаласындағы тұрақты жұмысы немесе бизнесі бар адам қатыса алады. Бірақ, атына тіркелген баспанасы болмауы шарт. Әрі несие тарихы барынша «таза» болуы керек. Жасыратыны жоқ, бастапқыда тұрғындарды «Ипотеканы 25 жыл бойы төлеуіміз қажет пе?» деген ой мазалағаны рас. Е.Спандияров бұған қатысты күмәннің бекершілік екенін атап өтті. Маманның сөзіне сүйенсек, азаматтарға осы бағдарлама арқылы алған ипотекасын 25 жылға созбай, ерте жауып тастауға мүмкіндік бар. Тіпті, қаржылай мүмкіндігі болып тұрса, несие алғаннан кейі н оны 2-3 жылға жеткі збей толық төлей алады. Оған шектеу жоқ. Онымен қоса, несиеңізді ерте төлеп тастағаныңыз үшін ешқандай айыппұл салынбайды. Ескерте кететін жайт, жаңа ипотекалық бағдарламаға сәйкес тек қана жаңа тұрғын үйлерден пәтер сатып алуға болады. Негізгі талаптардың бірі - осы. - Бұған дейін ел арасында «7-20-25» бағдарламасы бойынша қосалқы нарықтағы ескі үйлер берілуі

С

мүмкін деген қауесет пайда болғаны рас. Сондықтан бұл бағдарлама бойынша мұндай мүмкіндік мүлде қарастырылмағанын, болашақта да қарастырылмайты- нын нақты атап өткен жөн. Жаңа ипотекалық бағдарла- ма бойынша тек жаңадан салынған тұрғын үйлерден ғана пәтер алуға болады, - деді Е.Спандияров. Павлодар және елі мі зді ң басқа да аймақтарының тұрғындары ипотекалық бағдарлама бойынша құны 15 млн. теңгеге дейінгі баспаналарды сатып ала алады. Ал Астана, Алматы, Ақтау және Атырау өңірлерінің тұрғындары үшін бұл көрсеткіш 25 млн. теңгені құрайды.

БІЛІМ Биыл Павлодар облысында алғаш рет жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орындарына 200 грант бөлінді. Бұл – мемлекеттік оқу грантын ала алмай қалған түлектерге берілген тағы бір үлкен мүмкіндік. Облыс әкімінің қолдауымен тағайындалған аталған оқу гранттарына педагогика, техника және медицина салаларын таңдаған түлектер ие бола алады. Тілеуберді САХАБА Облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының сөзінше, аталмыш гранттардың 65-і - педагогикалық мамандықтарға, 35-і - техникалық мамандықтарға және 100 грант медицина саласы бойынша білім алушыларға берілмек. Жергілікті бюджет қаражатынан бөлінген білім гранттарына арналған конкурсқа қатысу өтінімдері 5-10 тамыз күндері қабылданды. Талапкерлердің өтініштерін қабылдау рәсімі Павлодардағы жоғары оқу орындарының қабылдау бөлімдерінде жүргізілді. Аталған гранттар Павлодар қаласындағы үш жоғары оқу орны – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетіне және Инновациялық Еуразия университетіне беріліп отыр. Сонымен қатар, осы гранттарды жеңіп алған талапкерлер Қарағанды және Семей мемлекеттік медициналық университеттерінде оқуға мүмкіндік алады. Оқу үлгерімі жақсы студенттерге білім беру заңнамасына сәйкес шәкіртақы да тағайындалмақ. - Конкурсқа қатысатын түлектердің ұлттық бірыңғай тестілеуден немесе кешенді тестілеуден жинаған ұпайларын қараймыз. Мысалы, техникалық мамандықты таңдаған түлектерде кем дегенде 50 балл, жалпы медицина мамандығы бойынша кемінде 65 балл болу керек. Сонымен қатар, Қазақстан тарихы,

200 грант! математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі) секілді бейіндік пәннен әрқайсысынан кемінде 5 балл болуы тиіс, - дейді Дінислам Болатханұлы. Педагогикалық мамандықтарға оқуға түсушілерден арнайы емтихан қабылдау 20 маусымда басталған. Конкурсқа қатысқан түлектердің жинаған ұпай саны тең болған жағдайда олардың бұрынғы нәтижелері есепке алынады. Мысалы, «Алтын белгі» иегерлеріне және халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) жеңімпаздары атанған түлектерге басымдық беріледі. Сонымен қатар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, бірінші және екінші топ мүгедектеріне де жеңілдік бар. Мұндай балалардың конкурсы жеке жүргізіледі. - Жоғарыда атап өткен жеңілдіктер туралы толығырақ айтар болсақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға гранттардың бір пайызы (2 грант) сол секі лді бі рі нші және екі нші топ мүгедектері не де бір пайызы (2 грант) берілмек. Жергілікті бюджет есебінен бөлінген гранттардың конкурс нәтижелері 15 тамыздан кейі н белгі лі болады. Жеңі мпаздардың ті зімі өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Бұл жерде мына бір жағдайларды ерекше атап өткі м келеді: егер студентті ң оқу үлгері мі төмен болса, гранттан да, шәкіртақыдан да айыруға толық құқымыз бар. Мұндай жағдайда студент соған дейі нгі шыққан шығынды облыстық бюджетке толығымен қайтаратын болады. Оның орнына ақылы бөлімде оқитын оқу үлгерімі мен тәртібі жақсы студенттер қабылданады. Сондай-ақ, оқуға қабылданар алдында жергі лі кті билі к пен оқу орнының және оқуға түсеті н талапкердің арасында үшжақты келісімшарт жасалады. Мі не, осы келі сі мшарт негі зі нде оқуын тәмамдағаннан кейі н осы өңі рде кемі нде үш жыл жұмыс і стеуі тиі с, - деп ескертті білім басқармасының басшысы.


АЙНА

САРЫАРҚА САМАЛЫ

11 тамыз, сенбі, 2018 жыл

3

ӨҢІР

Нар тәуекел - ердің ісі Басы 1-бетте Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА Облыс әкімі Болат Бақауов Успен ауданына жұмыс сапары барысында «Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бүгінгі тыныстіршілігімен танысты. Серіктестік басшысы Александр Касицынның айтуынша, егін жинау жұмыстары басталып кетті. Ал жаппай жинауға осы айдың 15-20-сы күндері кіріседі. - Былтырдан бері күздік бидай өсіру ісін қайта қолға алдық. Бұған дейін Ресейдің Омбы өңірінен, өзіміздің Шығыс Қазақстан облысынан алатын тұқым біздің ауа райына шыдас бермей, жарамсыз болып қалатын. Сондықтан жаңа сұрыптар шығара бастаған Ресейдің Саратов облысынан алып ектік. Әзірше нәтиже жаман емес. Бір гектардан 25 центнер өнім жинап жатырмыз. Жалпы, биылғы жаздық егіс көлемі – 32 мың гектар, оның 16 мың гектары – бидай. Егін жинау жұмыстарын күзгі бидайдан бастадық, кейін жем-шөпті, жасымықты жинауға кірісеміз. Аумағы 240 гектар болатын дәл осы алқапта 4 техника жұмыс істеуде. Ал барлығы 30 комбайн дайын, - деді А.Касицын. Бұл ретте аталмыш шаруашылықтың Павлодар ауданы Красноармейка ауылындағы «Павлодар ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғалымдарымен бірлескен істі бастағанын атап өту керек. Ғылыми институт сұрыптардың әр түрлі климаттық аумақтарда қалай өсетінін саралауда. Облысымыздың шығыс бөлігіндегі жағдайды сараптау үшін «Галицкое» ЖШС алқаптарына тұқымдарды септі. Жалпы, биыл облыс бойынша 1 млн. 200 мың гектардан астам алқапқа дақылдар, көкөніс пен бау-бақша өнімдері егілді. Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Махажанов жұмыстың өнімділігі мен егіс алқабының көлемін арттыру үшін техникаларды жаңарту міндеті тұрғанын айтты. - Егіс алқаптарында жұмыс істейтін техникаларды шаруалардың өздері таңдайды. Оларға сатып алған техникасы үшін мемлекет тарапынан инвестициялық субсидия беріліп, несиенің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланады. Қазіргі уақытта осыдан шамамен 10 жыл бұрын алған техникалардың саны 15 пайызды құрап отыр. Алдағы 5 жылда паркты жаңартып, бұл көрсеткішті 50 пайызға

дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Себебі, заманауи құрал-жабдық өнімділікті анағұрлым арттырады. Айталық, соңғы үлгідегі комбайндар бір маусымда 1,5-2 мың гектарда жұмыс істеуге қауқарлы, - деді Д.Махажанов. Аталмыш серіктестік мал шаруашылығын ілгерілетуді де мықтап қолға алған. Атап айтқанда, 1000 басқа арналған тауарлы сүт фермасының құрылысына кірісті. Биыл 500 басқа арналған нысан қолданысқа берілсе, келесі жылы тағы 500 басқа арналған ферманың құрылысы аяқталады. Успен ауданының әкімі Бауыржан Қасеновтің айтуынша, осы арқылы сүт өнімділігі едәуір артады. - Қазіргі уақытта «Галицкое» шаруашылығы 600 сиырды сауып, күніне 20 тонна сүтті өңдеуге тапсырады. Ал жаңа тауарлы сүт фермасын салу нәтижесінде 2019-2020 жылдары сиыр санын 2 мың басқа дейін көбейтуді көздеп отыр. Бұл ретте серіктестік мемлекет қаржысына иек артпағанын атап өткен жоқ. Өз қаржысына құрылыс пен монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Ал құралжабдықтарды сатып алу үшін 300 млн. теңге несие алып, оны «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы субсидиялайды. Жалпы, аудан бойынша 100-600 басқа арналған тағы 4 тауарлы сүт фермасын ашу жоспарда бар. Қазіргі уақытта жем-шөп қоры әзірленуде. Айта кететін жайт, Успен ауданы Ертіс өзені жағасында орналаспаған. Сондықтан суармалы егіншілікті дамыту қиындау. Соған қарамастан, жерасты суын пайдаланып, бұрынғы дәстүрді жаңғыртпақ ниеттеміз. Бір кездері біздің аудандағы суармалы егіс алқабы 12 мың гектарға дейін жеткен. Қазір тек «Галицкое» серіктестігінде 3500 гектар бар, деді Б.Қасенов. А.Касицын басшылық ететін кәсіпорын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жасауды назардан тыс қалдырмайды. Бүгінде Галицкое ауылында екі тұрғын үй салынуда. Жоба құны – 16 млн. теңге. 300 шаршы метр аумақты алып жатқан баспананың құрылысы қыркүйекте аяқталмақ. Осы орайда А.Касицын тағы 16 үй салып, оны екінші деңгейлі банк арқылы тұрғындарға сату туралы ойын білдірді. Ол үшін мемлекет тарапынан құрылысшы компанияларға жасалатын жеңілдіктер қарастырылып,

,,

С

4 пайыздық мөлшерлемемен несие алсам дейді. Аймақ басшысы Б.Бақауов бұл ұсынысты жан-жақты саралау қажеттігін айтты.

көрсеткіш. Мұндай жоғары нәтиже – көп жылдық ерен еңбектің жемісі. Сонымен қатар, «Галицкое» өз қаржысына 1000 басқа арналған

...Шаруашылықтың даму стратегиясын дұрыс жасағанын осы күнге дейінгі жетістіктерінен айқын аңғаруға болады. Айталық, күздік бидай өсіру ісін мықтап қолға алып, қазірдің өзінде гектарынан 25 центнер жинауда...

«Галицкоеның» ауқымды жобаларының тағы бірі – жел генераторларын орнату. Осы мақсатта А.Касицын өз қаржысына Германиядан қажетті құрал-жабдықты сатып алған. Қазір техникалық үдерістер жасалуда. Сөйтіп, 1-2 ай дересінде шаруашылық пен ауыл тұрғындары баламалы энергия көзін пайдаланатын болады. Облыс әкімі Болат Бақауов мұндай бастаманы қолдап, өзгелерге үлгі боларлық екенін айтты. - «Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Павлодар облысының агроөнеркәсіптік кешеніндегі үздік кәсіпорын. Шаруашылықтың даму стратегиясын дұрыс жасағанын осы күнге дейінгі жетістіктерінен айқын аңғаруға болады. Айталық, күздік бидай өсіру ісін мықтап қолға алып, қазірдің өзінде гектарынан 25 центнер жинауда. Бұл – біздің облыс үшін жақсы

тауарлы сүт фермасын салуда. Дәл осындай ферма әзірше тек «Киров» серіктестігінде бар. Қазіргі уақытта облыстағы сүт өңдеу зауыттары 70 пайызға шикізатпен қамтылған. Жыл сайын осындай 5 ферма ашсақ, алдағы екі жылда бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуге мүмкіндік бар. Жел генераторларын орнатуы да – құптарлық іс. Әрқайсысы 1 Мегаватт беретін 2 генератор шаруашылық пен ауылды толығымен баламалы энергиямен қамтиды. Негізгі қажеттілік – 1,2 МВатт, қалған 800 МВатт кәсіпкерлік аясын кеңейтуге жағдай жасайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күннен, желден баламалы энергия алу туралы тапсырма берген болатын. Соның аясында біздің облыста «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің 12 жобасы жүзеге асуда. Солардың бірі – осы жел генера-

торлары, - деді Б.Бақауов. Сонымен қатар, аймақ басшысы жұмыс сапары барысында Успен ауылындағы аграрлы-техникалық колледж жанындағы қараусыз қалған ғимаратқа барды. Жергілікті әкімдік 1978 жылы салынып, 20 жылға жуық уақыт бойы қаңырап бос тұрған, қабырғалары мен төбелері ғана қалған екі қабатты ғимаратты қалпына келтіруге ниетті. Атап айтқанда, мұнда ұлттық спорт түрлері бойынша жаттығу залын, 30 адамға арналған кинозал, музыкалық сыныптар мен 20 орындық дәмхана ашпақ ой бар. Ал оқу орнының корпустарын жергілікті Кәсіпкерлер палатасының құзырына беріп, бизнес-инкубаторға айналдыруды көздеп отыр. Б.Бақауов ескі ғимаратты бизнеске беріп, корпустарда өндірістік өңдеу нысандарын ашу туралы ойластыру керек екенін айтты. Бірақ, ғимараттарға қатысты қандай да бір нақты шешім қабылданған жоқ. Мұнда нендей орындардың пайда болатынын уақыт көрсетеді. Айта кетелік, аграрлытехникалық колледжде 9, 11-сынып түлектері фермерлік шаруашылық, тамақтануды ұйымдастыру және автомобильдерге қызмет көрсету мамандықтары бойынша тегін оқиды. Колледж директорының міндетін атқарушы Геннадий Сагайдактың айтуынша, мұнда 85 студент бар, оған қоса жаңа оқу жылында білім алушыларды қабылдау әлі жалғасуда.

Успен ауданы.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Дизельді отын қалай үлестіріледі? Қазіргі кезде егістік алқаптары мен шабындықтарда жұмыс қызу. Шаруалардың бір бөлігі шөп шабуға кіріссе, енді бірі астық жинауға дайындалуда. Бірақ, дизельді отын бағасының күрт қымбаттауы кейбір шаруалардың жұмысына кері әсерін тигізіп отыр. Бұл – маусымдық жағдай дегенмен, бірден 40-50 теңгеге дейін қымбаттауы тұрғындардың қалтасына салмақ салмай қоймайды. Ақтоғай ауданының тұрғыны Марат Сәлменов қорадағы 40-50 бас ірі қарасын қыстан аман алып шығу үшін жазда өзіне тиесілі жерден шөп шауып, жинап алады. Меншігінде шөп шабатын жалғыз трактор ғана бар. Екіншісін ауылдастарынан немесе көрші елді мекен тұрғындарынан жалға алады. Бірақ, биыл шөп шабу мен жинау жұмысы әдеттегі мерзімінен кеш басталуы мүмкін. Бұған қаржының аздығы қолбайлау болып тұр. - Маған шөп шауып, жинап, тасымалдау үшін көп көлемде дизельді отын керек. Бірақ, оны сатып алуға ақшам жетпейді. Себебі, жанармайдың бұл түрінің бағасы қымбат. Облыс орталығындағы жанар-жағармай бекеттерінде дизельді отынның бір литрі - 190-200 теңге. Мұндай бағаға отын алу үшін бір-екі сиырды сатуым керек. Одан басқа амал жоқ, - деп қынжылады М.Сәлменов.

Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының мамандары хабарлағандай, мамыр айында дизельді отынның бір литрі орташа есеппен 169 теңге болса, шілдеде 175 теңгеге дейін көтерілген. Ал қазір жанаржағармай бекеттерінде бір литр 185-200 теңге аралығында саудалануда. Тіпті, кейбір бекеттер бір литрі үшін 210 теңге сұрайды. Ал мемлекет бензин саудасымен айналысатын кәсіпкерлерге бағаға қатысты шектеу қоя алмайды. Себебі, дизельді отынның бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді. Кәсіпкер қандай баға белгілесе де өз еркі. Сондықтан, біреуі 185 теңгеге, енді бірі 210 теңгеге бағалайды. Бұдан қарапайым тұрғындар мен шаруалар зардап шегеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында шөп шабу үшін

арзандатылған дизельді отын берілмейтінін айтты. Нарықтағы бағадан сәл төмен отын тек астық өсірушілерге үлестіріледі. Бірақ, арзандатылған дизельді отынның бағасы да бір ай дересінде қымбаттапты. Айталық, шілдеде опера-торлардың қызметін қоса алғанда бір литрі 158 теңге болса, тамызда 159 теңгеге жетті. Бір теңгенің арысы не, берісі не дерсіз. Бірақ, көп көлемде алған кезде бұл сома айтарлықтай байқалады. - Облыста күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 21 мың тонна арзандатылған дизельді жанармай бөлінді. Шілде айына 6 мың тонна қарастырылса, осы уақытқа дейін 4500 тоннаға келісімшарт жасалды. Өткен айға бөлінген көлемді шаруалар тамыз айының соңына дейін әкетуі тиіс. Осы айға арзандатылған дизельді отынның 7 мың, қыркүйекке 8 мың тоннасы қарастырылған. Фермерлер оператор ретінде «ABNTRADE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін таңдады. Шілдеде жанармайдың 1 тоннасы 186 500 теңге болса, тамыз айына бөлінген жанармайдың бір тоннасы 187 500 теңгені құрады, - деді Н.Мақашев. Н.Мақашевтің айтуынша, осы уақытқа дейін арзандатылған дизельді жанармай алу үшін шаруалардан 105 өтініш түскен. Бұл ретте Павлодар облысында жаңа қанатты жоба – өтініштерді электронды түрде

қабылдау іске қосылғанын атап өту керек. - Павлодар облысы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы цифрландыру жұмысының барлығын бірінші болып әрі сапалы аяқтады. Сондықтан егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған дизельді жанармайды электронды түрде өткізу және үлес бөлу бойынша сынамалы жобасын жүзеге асыратын аймақ ретінде таңдалды. Осы күнге дейін шаруалардан 105 өтініш түсті, әлі де түсуі мүмкін. Аудан-қалаларда тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, жаңашылдық жан-жақты түсіндірілді, деді Н.Мақашев. Бұл жобаның басым тұстарына «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ павлодарлық бөлімшесінің басшысы Жанар Сламова кеңінен тоқталды. - Бағдарламаның бірқатар артықшылығы бар. Мәселен, фермерлердің аудан, қалаға баруының еш қажеті жоқ, олар qoldau.kz порталына кіріп, жер учаскесін сызып, 3 жылдағы өнім көлемін көрсетсе болғаны. Ақпараттық жүйе шаруаға қандай көлемде жанармай қажеттігін өзі-ақ анықтап береді. Сонымен қатар, өтініш аптасына 7 күн, 24 сағат бойы электронды түрде қабылданады. Бастысы, қағазбастылықтан арылып, жолға кетер қаржы мен уақытын айтарлықтай үнемдейді, - дейді Ж.Сламова. Жауапты мамандар бұл жоба қанатқақты екенін ескертіп, бірнеше рет олқылықтардың болғанын жасырмады. Десе де, қазіргі уақытта жұмыс бір ізге келіп, жүйеленген.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша Болат ҮСЕНБАЕВ

Мақтан етем

Жетелейді ертеңгі үміт, Елім барда ғұмырлымын. Елтаңбаммен еңсем биік, Туымменен тұғырлымын.

Келем ұлы жолға аттанып, Азат елдің құсы ерікті. Әнұранмен айбаттанып, Бойыма алып күш еніпті.

ЖАТТАП АЛ! Бабама ұқсап дана кеуде, Намысты бол, бұлқын, қаным. Мақтан етем бар әлемге, Қазақ деген ұлтым барын!

р ұ н л а Б ы с а л а б ң і н і с е ж Ә

Бәрекелді!

таэквондодан әлем чемпионы атанды

Нәп-нәзік 11 жасар Балнұр Оркенова айрықша талабы, еңбекқорлығының арқасында биыл шілдеде Оңтүстік Африканың Дурбан қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында таэквон-додан өткен жарыста әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл – үлкен жеңіс, еліміз үшін, облысымыз үшін үлкен мақтаныш әрі қуаныш! Балалар өнеге ететін іс! Балнұр – Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы, «Боец Азии» халықаралық турнирінің екі дүркін чемпионы, «Кубок Севера» халықаралық турнирінің екі дүркін чемпионы. Спортшы қыз Павлодар қаласында тұрады. Биыл 5-сыныпқа барады. «Айналайын» қосымшасының оқырмандары үшін редакцияда Балнұрмен сұхбаттастық. - Балнұр, сені «Әлем чемпионы» атағыңмен «Айналайынды» оқитын үлкен-кіші барша оқырманның атынан құттықтаймыз. - Рақмет!

- Таэквондомен айналысқан өзіңе ұнай ма? Қай жерлерде болдың?

- Әрине, ұнайды. Ұнамаса, айналыспас едім. 8 жасымда әкем «Қаһарман» таэквандо мектебіне апарған болатын. Жеке жаттықтырушым – Людмила Васильевна Паршукова. Ал Сұлтанғазин Кален – ғаламдық Таэквондо облыстық федерациясының президенті. Менің жеңістерімде осы адамдардың үлесі бар. Мен Африкаға барғанға дейін Ақтөбе, Көкшетау, Атырау, Қарағанды, Алматы қалаларында өткен турнирлерге қатыстым. Бәрінде жүлде алдым.

- Бәрекелді! Жалпы, таэквондомен батыл балалар айналысады. Сен нәзіксің. Қорықпадың ба?

- Білем, таэквондомен айналысу үшін қиындықтан қорықпау керек. Ал нәзік болғаным, жалпы, спортта толық болмай, үнемі жаттығу жасап, бұлшық еттерді, аяқ-қол, денені шынықтырып отыру керек. Спортшыларға артық салмақ зиян. Әдістәсілдерді күшті меңгеру керек.

- Әлем чемпионы атану қиын ба? Қатты қуанған боларсың? Өйткені сен бүкіл Қазақстанды әлемге таныттың ғой...

- Білмеймін, чемпион атану... (ойланып қалды). Қуандым ғой, қуандым. Бұл жарысқа ұзақ дайындалдым. Мен 8 жасымда таэквондоға бардым дедім ғой, сонда бір айдан кейін «Кубок Севера» турниріне шығарды, жекпе-жекке, 23-25 келілік салмақта. Дарина, Адина деген қыздар қарсыласым болды. Екеуін де жеңдім.

- О, жарайсың. Ал Африкаға қалай бардың?

- Африкаға бару маған оңайға түскен жоқ. Себебі, көп ақша керек екен. Әкем қатты қиналды. Мен бала болсам да сезіп отырдым. Алыс жол, қомақты қаражат. Кален аға мен әкем демеуші іздеп көп жүгірді. Бір күні әлеуметтік желіден оқыған болса керек, әкемнің алматылық бір әріптесі Анар Құсайынова деген әпкеміз хабарласып, баланың бағын байламайық, барсын, көрсін деп көп қаражат тауып берді. Осыдан кейін мен жеңілуге болмайтынын сездім, намысқа тырысып, жеңем деп шештім.

- Қиын болған екен. Бірақ намысқа тырысқаның - сенің ақылдылығың, өжеттілігің ғой. Сосын...

- Аздап қорықтым, өйткені үйден жарты айға кеттім. Бірақ қасымызда жаттықтырушылар болды. Алдымен Астанаға бардық. Астанадан Дубайға ұштық, самолетпен. Самолетпен ұшу қызық екен. Иллюминатордан бұлттарды көрдім, қолмен ұстап алатындай, жап-жақын. Аспанға қарасам, бұлт жоқ, көкпеңбек екен. Біз 5 сағат ұштық. Жолда самолеттің ішінде тамақ берді.

- Дубайда не істедіңдер?

- Дубай - әдемі қала. Аэропорты үлкен, адамдар көп. Біз ол жерде 8 күн болдық. Үлкен отельге орналастық.

- Сонда... қар жатыр ма?

- Жоқ, Африкада қар болмайды ғой.

- Солай ма?

- Иә, ол жақ қатты ыстық. Өмірі қар жаумайды екен.

- Сөзіңді бөлейін, Балнұр, жұрттың бәрі сені «Әжесінің баласы» дейді екен.

- Ол рас, әжемнің баласымын. Әжемнің аты – Оралша, жасы 81-де. Кетерде әжеме бардық, батасын алдым. «Аман-есен барып кел, жеңіске жет! Құдайға тапсырдым» деді.

- Сонда әжеңнің батасы қабыл болған ғой.

- Бізді республика бойынша іріктеді. Қазақстанның құрама командасына бірден қабылдады, 9-11 жас аралығындағы 30 бала болдық, әр түрлі салмақта. Павлодардан 9 жастағы Шәмсия Қабдолова, Рауан Базарбаев және мен – 3 бала бардық.

- Африка мен Қазақстан, Павлодардың арасы алыс, өте алыс. Талай елдерден, өзен-мұхиттардан, биік-биік шыңдардан асып өттіңдер. Қиын болды ма? Ойландың ба?

отырдым. Тағы бұлтты, биік аспанды, күнді көрдім, жақыннан. Қызық болды, біз барғанда Африкада қыс екен.

Бөлмелері үлкен, кең, таза, телевизор бар. Бассейнде, теңізде шомылдық, жаттықтық, түрлі аттракциондарға бардық, океанариумнан теңізде жүзетін алып балықтарды көрдік. 8 күн өткен соң жарыс өтетін Африкаға, Дурбанға тағы самолетпен 8 сағат ұштық. Мен бәрін видеоға түсіріп

- Иә, өйткені ол өте жақсы адам. Менің ті леуімді ті леп отырады үнемі. Дурбанда тағы отельге орналастырды. Қыс болса да күн ыстық екен. Біз түсінбейтін басқа ті лдерде сөйлейді. ...Жекпе-жек басталды. Мен алдымен сол Африка елінің қызымен шықтым. Мықты екен. Бірақ мен аяқпен бастан бірнеше рет ұрдым, өзіме соққы дарытпадым. Содан ұпай жинап алдым. Төреші менің қолымды көтерді. Сосын соңғы финалға шықтым, Ақтөбеден келген қызбен. Аты – Индира. Екеуіміз әлем чемпионы атағына таласатын болдық. Мен Индирамен 2016 жылы «Боец Азии» турнирінде жекпе-жекке шыққам, жеңгем. Әдіс-тәсілін жақсы білем, Дубайдағы жаттығуларда да байқап жүрдім. Бұл жолғы жекпежекте ол көп қорғанды және өзі доянгтен (рингтен) шығып кете берді, содан да ұпайы кеміп қалды. Мен батыл қимылдадым. Ақыры жеңіске жеттім, Әлем чемпионы атандым. Ал жерлестерім Рауан Базарбаев та чемпион атанып, алтыннан алқа тақты. Шамсия Қабдолова қола медальға ие болды.

- Жарайсыңдар! Құтты болсын! Ал, Балнұр, болашақта қандай мамандықты таңдайсың?

- Әзірге таэквондомен айналысамын. Өскен соң Павлодарда шамам жетсе мейрамхана ашсам деймін. Онда тек қазақтың тамақтарын пісіретін боламыз. Әйтпесе, біздегі мейрамханаларда ылғи шет елдің тамағын пісіреді. Бірақ мен картоп ботқасын (пюре) ұнатамын.

- Картоптың пайдасы көп қой.

- Иә. Бірақ менің мейрамханамда қазақтың асы пісіріліп, қазақтың ғана музыкасы ойнайтын болады. ...Үйде бауырым бар, аты - Ғалымжан, 4 жаста. Ол футбол ойнағанды жақсы көреді. Футболшы болатын шығар.

- Әрине, үйретесің ғой, спортқа. Ал, Балнұр, сабақ басталғанға дейін әлі көп күн бар. Оған дейін жақсылап демал! Күш жина! «Айналайынның» оқырмандарына не айтар едің?

- Балалар спортпен айналысуы керек. Өйткені денсаулық мықты болады, үнемі жаттығасың, сымбатты боласың, бойың өседі. Отырғанда, жүргенде арқаңды тік ұстайсың. Ізденесің, жеңіске ұмтыласың, ойланасың. Бұл өте қызық! Сондықтан «Айналайынның» оқырмандарының бәрі спортшы болса деймін.

- Бәрекелді, Балнұр. Балалардың арасында сен секілді спортшылар көп шықса, қандай жақсы! Ал сен бізге үлкен жеңіс әкелдің! Жеңісті күндерің көп болсын! Сұхбаттасқан –

Сая МОЛДАЙЫП.


6

САРЫАРҚА САМАЛЫ

11 тамыз, сенбі, 2018 жыл Сүлеймен БАЯЗИТОВ,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Шыңғыстың Ыстықкөлінде (немерем Нұртілеуге)

Төртсақау Билер менен байлардың, Батырлардың айбарлы. Әулие мен әмбие Хазіреттердің дінге ие. Шешендер мен көсемдер, Аттарымен аталған Жер-су аты көп тегі. Баянның бір пұшпағы Ата-баба жайлауы, Ата-баба қыстауы. Шоман жері ол-дағы, Қаға беріс қалмаған. Жарылғапберді қорасы, Ұлы әншінің моласы. Ақтай бидің қорасы, Ілкім жерде моласы. Қапарбайдың көлі де, Көліне жақын моласы. Көзге түсед қиядан, Омар дәрігер қорасы. Қасиетті жанның моласы, Дәлел осы сөзіме. Білесің мұны өзің де, Ал Төртсақау жайлы сен, Боларсың, бәлкім, естіген. Бай да емес, би де емес, Діндар да емес, Пір де емес. Қара қасқа кедейлер, Мына өмірге өгейлер, Тілдеп жатсаң үндемес.

Сақау екен туғаннан Сырт қалған қызық-думаннан, Өскен екен бұйығы. Кемтар туған төртеуге, Жер атауы бұйырды. Жер атауын бергенін, Сол кездегі игі жақсылар Көз жастарын көргенін, Білді деп те айта алман. Тағдырға кеткен есесін, Ел-жұртты сөйтіп қайтарған. Ай маңдайлы дүрлер мен, Алты Алаш білген пірлермен Төртсақау қатар аталған, Аттары қалған елінде, Кіндік кескен жерінде, Көсілген байтақ төрінде, Қыран құстай саңқ-саңқ етіп көгінде. Төртсақаудың аты қалды Тегін бе?!..

Шоң Шыңғыстың елінде, Ыстықкөлдің төрінде. Ат жалына үш жасында жармасты, Құлыншағым Нұртілеуім менің де. «Сүйсінген қырғыз көкесі «Нағыз қырғыз» деді», - дейді Әкесі мен шешесі. Осы сөзді естігенде қалдым мен де марқайып, Тәңірім-ау, барамын ба қартайып? Даңғазалап беталдына далимай, Ұрпаққа үлгі болатын сөз айтайық. Ал немерем Шыңғыстың кім екенін Туған жерін, ата қоныс мекенін Қайдан білсін, менің құйттай сәбиім.

Өсе келе, оқып-біліп кетерін Ұғынам, Сақтаса Алла Тағдыр сұмның сұғынан. Шоң Шыңғыстың шығармасын Алар әлі-ақ қолына, Жеткенінше асыға оқыр соңына. Ұлы Мұхтар кітаптарын Шыңғыстың Ап жүргеніне алыс сапар жолына. Оқығанда қой көздері күлімдеп, - Мұхтар баба, сенде таным, білім, - деп Қос алыптың шығармасын оқып, талдап, Талып көзі ілінбек. Сол күндердің туарына сенем мен, Ең бастысы, болсын аман немерем.

Сарыөлең Туыстары сол ауылда тұратын Сыныптасым Мұратты. - Сол ауылға барып келген, Астына алдым сұрақтың. - Естуші едім болады қара өлең Туысыңның ауылы неге Сарыөлең? Сәл-пәл сасып қызарақтап тұрды да: - Білмеуші ме ең болатынын ақ өлең? Бұған мен де келістім. Толыққандай болған еді кемішім, Мағынасын ұғу терең әр сөздің.

Н... БАЯНАУЫЛДА ЖАЗ КӨҢІЛДІ ӨТКЕН ЕКЕ

Қолөнерімен айна лыстық

Жетістік ед мен үшін Әр нәрсені білсем деген құштарлық. Тілімізді әрқашанда ұстардың «Өлең» деген жыр емесін ұғындым, Мұратты іздеп ала өкпе боп бүліндім. Ылғалды жерге өсетұғын Шөп екенін Жыр деуіміз бекерін Айтпақшы ем Жоқ боп шықты орнында «білімдім».

Табиғатқа саяхат

рылған «Балбөбек-2018» Сұлужон орта мектебінің жанынан ұйымдасты шығып, туған өлкенің атқа саях жазғы демалыс лагерінің оқушылары . ады арал танымал, көрікті жерлерін

Жазғы демалыста Ұзынбұлақ ауылындағы Е.Бекмаханов атындағы мектеп жанында «Балбұлақ» атты сауықтыру алаңы жұмыс істеді. 1-6-сынып оқушылары арасында бірнеше үйірме жұмыс істеді. Соның бірі «Қолөнер» үйірмесі. , олар аққулардың Оқушылар қағаздан көптеген бұйымдар жасады. Мысалы і, сондай-ақ түр-түр ің гүлдерд ма, фотора -ақ сондай і, үйренд ы бейнесін жасауд мемлекеттік танның Қазақс . жасады ін бейнес қатты қағаздан жан-жануарлардың арнап «Бәйтеректі» ғына жылды 20 ның Астана жасап, азбен ермекс рін рәмізде бейнеледік. әңгіме бойынша Балалар өлке тарихы шежіресімен танысты, әңгімелеп айтып, шықты. а саяхатқ сурет салды,

Гүлшат ЖӘКЕНҚЫЗЫ,

«Балбұлақ» сауықтыру алаңының тәрбиешісі, Ұзынбұлақ ауылы.

Риза болдық Майқайың №2 орта мектебінің жанындағы «Достық» жазғы сауықтыру лагерінде балалар биыл да жақсы демалды. Өйткені, жазда денсаулығын нығайтып, уақытын көңілді де мазмұнды өткізген балалар жаңа оқу жылына көтеріңкі көңіл-күймен бармақ. Міне, «Достық» лагері балалардың жазғы демалыстарының қызықты өтуіне ұйытқы болды. Әсіресе маусым жабылардағы салтанатты балалар ұмыта қоймас. Бұл күні балалар ән шырқап, би билеп, түрлі шараларға белсенді қатысқан оқушылар марапаттарға ие болды. Жеке кәсіпкер Нұрсұлтан Мақатаевтың «Нұр» және «Алтын дария» дүкені балаларға тәтті балмұздақтар таратты. Біз демалған балалардың атынан кәсіпкерлерге ризашылық білдіреміз.

Майқайың №2 орта мектебінің «Достық» жазғы сауықтыру лагері.

Сәтбаев мемориалды мұражайына Алдымен Баянауылдағы академик Қаныш ыларға академик тің өмір жолы және бардық. Мұра жай қызметкерлері оқуш мәліметтерді айтты. Сонымен қатар ы жайл тары туыс еңбектерімен, отбасы, мен еңбегінің жемісі болған ктері еңбе ғалымның пайдаланған заттары, сауалдарын қойды. Келесі сапарда түрлі тастарды көріп, көкейлеріндегі қыздырынды. Табиғат аясында күнге лып, шомы Жасыбай көліне барып, тамақтанып, ойындар ойна ды. іртас. Кемпір бейнесіндегі тасты Туған өлкеміздің бір кереметі – Кемп епті. Бі з Кемпі ртасты тамашалап, көрм ем мүлд оқушылардың бі рі көрсе, бі рі сол жерде фотосуретке түстік. бөлісті. «Балбөбектегі » демалыс Келген соң балалар алған әсерлерімен осындай қызықтарға толы болды.

Ш.К АЛИКОВА,

Сұлу жон ауылы, Баянауыл ауданы.

«Алаудағы» демалыс Баянауыл ауданындағы Зейтін Ақышев атындағы орта мектептің жанындағы «Алау» атты лагерьде оқушылар демалысы биыл көңілд і өтті. Олар спортпен айналысты, көңілді ойындарға, түрлі сайыст арға қатысты. Мысалы, «Ұлттар сайысы» атты сынға балалардың бәрі дерлік қатысты. Олар өзге ұлттардың салт-дәстүрлері н бі ле отырып, олардың қызықт ы дәстүрлері н, би түрлерін көрсетті. Лагерьдегі «Жұлдызды қала», «Жас дарын» және «Өлкета ну» топтары марапатқа ие болды. Жалпы, «Алау» лагерінде демалған балалар бос уақытта рын мазмұнды әрі қызықты өткізді. Енді олар жаңа оқу жылына дайынд алуда.

Мөлдір УАХИТ,

Зейтін Ақышев атындағы орта мектептің мұғалімі, Баянауыл ауданы.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

11 тамыз, сенбі, 2018 жыл

7

Маркус ПФИСТЕР

Қонжық, саған тілегім бар

ТАНЫМ

Біз Өзімді таныстырайын ба? Мен - аққумын. лық сұлу қаз р е-бі бірд қаздармен туыспыз. Бірақ бір жағынан бізбен теңесе алмайды. Маған қ аппа дай қар рет назар аударып қарашы! Мен н ұзы п, қауырсыныммен көк айдында шомылы да ақ мойнымды асқақ ұстаймын. збен өмір бойы біргеміз. Тек Біз, аққулар, өте сенімді құспыз. Жұбымы Осы үніміздің өзі кей түлкінің ашуланғанда ғана қатты қаңқылдаймыз. иманын үйіреді.

Ертегі

Бәрі де аққу жайлы Түлеу

Бүгін - Қонжықтың туған күні. Алайда бүгін біртүрлі басқаша ма, қалай? Әкесі, бауырлары қайда кеткен? Достары ше? Өзін таңертең тек анасы ғана құттықтады. Басқалары мұны ұмытып кеткен бе сонда? Ол қамыға өзеннің жағасына барып жайғасты да, суға қадала қарап отырды да қойды. Кенет анасының шақырғанын естіді: «Келе ғой, қонжығым, саған тосынсый бар!». Анасы оны орман алаңқайында тәп-тәтті туған күн бәлішімен күтті. Ол жерге қонжықты сағынған елдің бәрі жиналып қалыпты. Анасы өзінің сүйікті қонжығын бауырына қатты қысып құшақтап: «Мен саған жер бетіндегі барлық аю бақытын тілеймін» деп сыбырлады. Сосын Аю-ана туған күн әнін шырқай жөнелді және әкесі, атасы мен әжесі, достары, ағасы, қарындасы және жан досы бірге шарықтатсын кеп. Әрі олардың әрқайсысы қонжыққа ерекше туған күн тілегін жеткізді. Ағасы: «Жақсы достарың көп болсын» деді де, кішкентай қонжыққа достық шапалақ ұрды.

«Саған күн нұрын күн сайын төгуін ті леймін!» деді де, құрбысы қонжық досын құшақтады. «Мен саған қызыл балық аулағанда семізінің ілігуін тілеймін» деді де, Аю-әке оны көкке көтере шыр айналдырды. «Саған күн сайын бәрінен де менімен ойнауға уақытың жеткілікті болсын» деді апайы қуақылана. «Болашақта жанжалдаса қалсақ, зақымдалмас үшін теріңнің қалың болуын тілеймін» деді жан досы арт жағынан бұқпантайлай жымиып. «Мен саған әрбір дәмді қабуды алыстан иіскей алатын тұмсығыңның иісшіл болуын тілеймін», - деп әжесі де құшақтап бетінен сүйді. «Мен саған қалың да ұзақ, алаңсыз қысқы ұйқы тілеймін» деді атасы қайтадан қажыңқырап. «Ал енді балауыз шамдарды үрле де, өзіңе тілек тіле», - деді Аю-ана. Алайда ол өзіне қандай тілек тілесін? Басқалар оған барлығын тіледі: көп жақсы достар, күн сайын күн нұрын төгуін, алдағы қабуда семіз балықтың түсуін, ойынға көп уақыттың болуын, терісінің қалың, тұмсығының иісшіл, қысқы ұйқысының қалың да ұзақ болуын және барлық аю бақытын тіледі! Қонжық көзін жұмып алып, балауыз шамдарды бар пәрменімен үрледі. «Мен өзіме барлық туған күндер бүгінгідей жақсы болуын тілеймін».

Аққудың сыртқы қауырсындарының ұзындығы 45 см-ге дейін жетеді. Егер де сен шілде не тамыз айларында осындай қауырсындарды жерден табатын болсаң, жазғы түлеу кезеңі келді деп есепте. Төрт аптаға созылатын түлеу кезінде орнына жаңасы өсіп шығады. Жаңа қауырсындары өсіп жетілгенше ұша алмаймыз. Ондайда қауіпсіз жырақты паналаймыз.

Жұбымызды іздейміз Қалай ұшамыз? Біз, аққулар, ұшуға бейім емеспіз. Еркек аққулардың салмағы 15 келі тартады. Қанатымыз жайылғанда 2,60 метрге дейін созылады. Әдетте біз жердің, не болмаса судың үстімен жүгіріп, қашан көкке көтерілгенше қанатымызды сабалаймыз. Әуеде ұшқан кезде қанатымыздың сусылы естіліп тұрады. Ал жерге келіп қонарда қанатымызды жаямыз.

Туыстық Менің туыстарым жер шарының барлық жерін мекендейді. Бірақ барлық аққулардың мойны дәл мені кі ндей ұзын әрі ақ емес. Мәселен, Австралия аққуының қауырсыны қара да, қанатының асты ақ, тұмсықтары қызыл түсті болып келеді. Ал Солтүстік Америка аққуларының саны қазір азайып кетті. Ондағы аққуларды көп уақыт бойы еті мен қауырсыны үшін аулады. Тек соңғы уақытта америкалық аққулар ерекше қамқорлыққа алынуда.

Адам сенгісіз Бір аққуда 25 мың қауырсын болады. Ал қауырсындардың басым көпшілігі оның денесінің қай тұсында екенін тауып көрші. Басында ма, әлде мойын тұсында ма? Екі мың ұсақ қауырсыннан тұратын қалың көйлегі оның денесінің сол жағында.

Екі жастан төртке келгенше өмірлік серігімізді іздейміз. Теңімізді тапқан соң онымен өмір бойы серіктесіп өтеміз. Кей жас аққу тамақтың тапшылығынан өз жөнімен кетеді. Тұрақтаған жері нде жұп құрады. Бі р-бі рі мі зді ұнатқан кезде көздерімізге үңіліп, мойындарымызды қатарластырып, басымызды түйістіреміз. Жұмыртқалайтын кезде аса сақ боламыз. Ондайда еркек аққу мойнын артына қайырып, қанаттарын көтеріп жүзеді. Ол төніп келген жауды тұмсығымен шұқып тастайды.

Ұя салу

Біз жұбымызбен бірігіп, қамыс арасына ұя саламыз. Біз қамысты тұмсығымызбен тартып алып, бірінің үстіне бірін қалаймыз. Әдетте мен төрттен тоғызға дейін жұмыртқа саламын. Балапандарды өзім басып шығарамын. Жұмыртқаны отыз бес күн басамын. Осы кезеңде еркек аққу бізді қорғаштап, ұя маңын торуылдап жүреді. Балапандарымыздың мамық жүндері сұр түсті келеді. Екі жылдан кейін орнын ақ түсті мамық басады. Балапандар жұмыртқадан шыққан соң бес тәулі ктен кейі н бі збен бі рге сапарға шығуға жарап қалады. Суға түскенде мен алда жүзіп отырамын да, еркек аққу соңымыздан ілеседі. Балапандар да біз сияқты суда өсіп тұрған шөптермен қоректенеді. Міне, біздің өміріміз осындай! Неміс тілінен аударған -

Рауза МҰСАБАЕВА,

Екібастұз қаласы.

Бәйгеге! «Айналайынның 20 жылдығы» байқауына

Сөзжұмбақ Қазақстанда ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар екен. Солардың ішінде 7 өзен, атап айтқанда – Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле және Шу өзендерінің ұзындығы 1000 шақырымнан асады. 9 теңіз және көлдер бар. «Айналайынның» 20 жылдығына байланысты осы өзен, көл, теңіздердің атауларынан сөзжұмбақ құрастырдым. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9.

Жоғала жаздаған теңіз атауы. Үлкен теңіз. Қазақстанның шығыс аймағындағы көл. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Астана аумағындағы өзен. Ол көлде адамдар демалады, емделеді. Бұл өзен туралы әдемі ән бар. Қостанай облысындағы өзен. Ақтөбе облысындағы өзен.

А

й

н а л а й

ы

н

Құрастырған – Шырын МАҚСҰТ, 4-сынып оқушысы, Ақкөл орта мектебі, Екібастұз қаласы.

Қ

а р а қ у ы с Тігінен: Баянауыл өңіріндегі Қызылтау тауының солтүстік-батысындағы оқшауланған тау атауы. Көлденеңінен: 1. Қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімімен байланысты қала атауы 2. Қазақстанның бас қаласы 3. «Бекініс» сөзінің синонимі 4. Республика орталығы 5. Республика атауы 6. «Туысқан» сөзінің синонимі 7. Қырғызстан жеріндегі ірі тау көлі 8. Атақты геолог ғалымның атымен аталған «ҚарағандыЕртіс» каналының атауы. Құрастырған - М.Мақпалеев атындағы №4 орта мектебінің 2 «Ә»-сынып оқушысы Нұрфараби СҮЛЕЙМЕН, Павлодар қаласы.


САРЫАРҚА САМАЛЫ

11 тамыз, сенбі, 2018 жыл

ПСИХОЛОГТІҢ КЕҢЕСІ - Бақыт апай, мен ауылдық жерде тұрамын. Үйде атам мен әжем, ата-анам және 5 бала бармыз. Ата-анам жұмыс істемейді. Бақша отырғызып, мал өсіреді. Мектепте 4 бала оқимыз. Мен 8-ші сыныпқа көштім. Айтайын дегенім, маған анам ылғи арзан киімдер әпереді, ұялы телефоным да жоқ. Сосын менің киімдерімді екі сіңліме кигізеді. Олар да жылайды. Жаңа киім кигілері келеді. Мен достарымнан ұяламын. Олар әдемі, қымбат киім киеді, бәрінде телефон бар, ылғи хат жазысып, ойын ойнап отырады. Компьютерді осы жазда ғана әрең алдық, атамның ақшасына. Өзім үйден шықпаймын, анама, әжеме көмектесемін, сабағым жақсы. Биыл да ешқайда бара алмадым. Бауырларымды күттім, оларды ойнатамын, шомылдырамын, өзенге апарамын. Сұрайын дегенім, арзан киім киген ұят па, қалай ойлайсыз?

Ұяламын

Ләззаттың сауалына ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері

Бақыт БЕЙСЕКЕЕВА

жауап береді:

- Ләззат, айналайын, сен өте бай бала екенсі ң. Атаң, әжең, ата-анаң, 4 бірдей бауырың бар, қандай тамаша! Жақсы оқиды екенсің. Ең бастысы осылар ғой. Кішкентайынан үй шаруасына көмектесіп,

сабағын жақсы оқыған баладан ақылды, еңбекқор, қиындықтан қорықпайтын білімді, парасатты адам шығады. Сен құрбыларыңның алдында келе жатқан баласың. Ал жақсы, қымбат киім, қымбат телефон деген ол уақытша дүние. Бастысы, тәртіпті, байыпты болып, сабақты жақсы оқу керек. Өмірдегі ең үлкен байлық – ата-әже, ата-ана және бауырларыңның амансау қасыңда болғандығы. Өзің дизайнер болуды армандайды екенсің. Ертең–ақ мектеп бітіріп, қалаған мамандығыңа оқуға түсесің. Жақсы оқып, бітіріп шығасың. Дизайнер деген өте

Сәлеммен, Ләззат.

Шарбақты ауданы.

керек мамандық, бұл – үлкен өнер. Жеке кәсібіңді де ашуға болады. Егер білімді болып, өз мамандығыңды жақсы игеретін болсаң, байлық деген өз-өзінен келетін болады. Ол үші н сен қазі р киі мге, қымбат дүниеге қызықпай, болашақтағы мамандығың жайлы ойлап, бүгіннен бастап дайындала берсең, мақсатыңа жетесің. Есіңде болсын, Ләззат, адамды қымбат киім мен қымбат телефон әдемі көрсетпейді, ақылы, білімі бар адам әдемі көрінеді. Орыстарда: «Адамды киімге қарап қарсы алып, ақылына қарап шығарып салады» деген мақал бар. Есті адамдар киімге

қарамайды, олар қарапайым қалпымен-ақ жұртқа танылады. Әрине, құрбыларыңнан қалмай, тәуір киінген де дұрыс, бірақ ата-анаңның шамасы келмесе, оларды қинап қажеті жоқ. Ақылды бала олай жасамайды. Сен болашақ дизайнерсің, сондықтан өзің-ақ жоқтан бар жасап, арзанқол дүниеден әдемі көйлек, шалбар, т.б. тігіп алуыңа болады. Ләззат, қымбат киімге қызықпа, сабағыңды жақсы оқы, ізден, анаңа, әжеңе көмектес. Шығармашылықпен айналыс. Сонда сенен үлкен адам шығады. Мен саған сенемін. Ақылды бол, айналайын!

САНАМАҚТАР

8

Он саусақ «Жақсы!» дейді Бас бармақ, Көкке қарап аспандап. Сұқ саусақ тек «Сен!» дейді, Өзімдікі жөн дейді. Ал Ортан қол ғажап-ақ, Ортан қолдай – АЗАМАТ! Аты жоқ қол салалы, Сақинасын салады. Сапқа қатар тұра сап, «Құйттаймын!» дер Шынашақ. *** Бас бармағым балпиған, Қарны жуан қампиған. Сұқ саусағым, міне, көр, Жөн сілтеп ол жіберер. Ортан қолым теректей, Қоймас өзін елетпей. Аты жоқ қол... Күлгенім: Неге аты жоқ? Білмедім! Шынашағым шілтиген, Жабырқау ғой, кім тиген?

БІЛЕ ЖҮР!

Төрт түлігіміз сай болсын! Қазақ малды топтап бағады. Жылқы тобын – үйір, сиыр тобын – табын, қой-ешкі тобын отар дейді. Жегі н көлі ктерді жеккенде, байлағанда да оның жеке атаулары бар. Айталық, түйеде – мұрындық, бұйда, жылқыда – ноқта, сиырда – басжі п, қой мен ешкі де – көген. Түйені тіздейді, жылқыны матайды. Әр мезгі лде малдың жүні н, қылын, түбі ті н алудың да атау түрлері көп. Мысалы, түйені жүндейді, жылқыны күзейді, қой-ешкіні қырқады, ешкіні тарайды. Мал балаларын төл дейді. Түйе төлін 12 ай, жылқы 10 ай, сиыр 9 ай, қой-ешкі 5 ай көтереді. Түйе бір жылда бір рет боталайды, («Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр, бес ешкі, бір жарым қоян». Шешуі: малдың төлін көтеру мерзімі). Алғаш төлдейтін малды тұмса дейді. Ірі мал туар кезде (түйе, жылқы, сиыр) төлін қызғанып, басқа жерге қашып барып төлдейді. Мұны бошалау дейді. Сөйтіп, түйе боталайды, жылқы құлындайды, сиыр бұзаулайды, қой қоздайды, ешкі лақтайды. Ірі мал біреуден, қой-ешкі екеу-үшеуден төлдей береді. Біреу болса жалқы, екеу болса егіз, үшеу болса үшем, төртеу болса төрем дейді. Кейде енесі өлген төлді басқа енеге не төлі өлген малды басқа төлге

телиді. Екі енені емген төлді тел құлын, тел қозы, тел бұзау дейді. Төлдемеген малды қысыр, ал мүлде төлдемегенін бедеу дейді. Төлсіз сауылатын малды саулы дейді. Малдың қадір-қасиетін бағалаған малсақ халқымыз түйе - салтанат, жылқы – мақтан, сиыр – қанағат, қой – қазына деген. Түйе, жылқы, өгі з көлі к реті нде пайдаланылады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт мінеді. Жаугершілікте ат, айғыр мінетін болған. Төрт түлікке оның тіршілік, орнына байланысты сөздер өте көп. Айталық, төл ауызданады, отығады, жылқы жусайды, басқа мал күйіс қайырады, күйсейді. Жылқы, қой, түйе семіреді, қой шайлайды. Жазда түйенің жауы маса мен сона, жылқының жауы бөгелек, сиырдікі оқыра. Осыдан жылқы бөгелектейді, сиыр оқыралайды, қой-ешкі шыбындайды. Түйені түрегеп, биені тізерлеп, сиырды оң жағынан отырып, қой-ешкіні арт жағынан сауады. Сауып жатқан кезде жүріп кеткен биені исініп кетті дейді. Оны жүрі п кетпес үші н артқы екі аяғын мойнына керіп байлап қояды. Мұны күделеу дейді. Мал тыныстағанда түйе шөгеді, басқа мал жатады. Халық тәжірибесі бойынша

малдың өрісін, тынысын, жусауын бұзуға болмайды. Қазақ ырымы бойынша өздері белгілеген малдың басын ешкімге бермейді. Мал төлдеп жатқан кезде мал бермейді, түнде мал санамайды, малды басқа теппейді, басынан ұрмайды. Әр рудың, үйдің малдың құлағына, мүйізіне салатын ен–таңбасы болады. Бұл - таным белгісі. Біреуге мал атаса, оған ен салдыртады. Бұл - сенім белгісі. Малды ауыл жаз жайлауға, күз күзекке, қыс қыстауға көшеді. Бұл мал өсіру ыңғайына қарай жасалады. Қыста мұзды ойып, мал суарады, оны ойық дейді. Жазда мал су ішетін жерді суат дейді. Үйренген мал өз суатын, өз жайлауын іздейді. Ірі мал басқа жаққа сатылғанда не жі бері лгенде одан қашып шығып, жүздеген, мыңдаған шақырым жерден өзі туып-өскен жерін іздеп табады. Мал өз иесін, қорасын, төлін таниды. Мал шаруашылығының қыр-сырын жете меңгерген қазақ халқы мал өнімдерін тұрмысқа пайдалана білген. Оның сүйегін, мүйізін, жүнін, терісін қолданды. Жылқы сүйегін өңдеп, қоби, сандықтар бетін өрнектеді. Күзеп алған жал, құйрығынан мықты арқан есті. Сиыр мүйізінен тарақ жасады. Қой жүнінен киіз, текемет басып, кілем, сырт киім тоқыды, түйе жүнінен тоқылған шекпен кәделі, қымбат киім деп бағаланды. Шудасының емдік қасиетін тапты. Ешкінің қылы, түбітінен де бағалы киім тоқыды. Сәнді бөкебай, күртеше, қолғап, шұлық тоқыды. Жылқы терісінен аса бағалы жақы деп аталатын тон тігіп, оны құлынжақы, тайжақы, құнан жақы деп атады. Аса құрметті адамдарға жақы кигізді. Сиыр терісін илеп, сәнді ер-тоқым, барлық ат әбзелдерін оюлап, өрнектеп, өріп жасады. Қамшы өріп, кісе белбеу жасап, сәнді етік, кебіс-мәсі тікті. Қой терісінен тонша, тон тігіп, «тоғыз қабат торқадан, тоқтышағымның терісі артық» деп мақтанды. Одан жарғақ шалбар тікті. Ең соңы тері ні тулақ еті п, төсені ш қылды, диірменге де пайдаланып, оны дирмен тері деп атайтын. Асылында, қасиетті төрт түлікке орай бі лі м, тәрбие, ті л, өнеге, үлгі лерді ң өзі бі р төбе екен. Демек, мал этнографиясы біздің бі лім, таным саласында да қызмет етеді. Әзірлеген –

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Лебяжі ауданы.

Алғашқы есеп Оң қолымда – бір алма, Сол қолымда – бір алма. Бірін бердім Құралға, Бірін бердім Шынарға. Олар – менің достарым, Енді есептеп қос бәрін. Кәне, тез-тез болыңдар, Менің неше қолым бар? Неше алманы тараттым? Үлгерді екен санап кім? Менің неше досым бар? Оларды да қосыңдар. Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ.

д ю т э Фото

олам алім б ғ ұ м «Мен

ын!» С

«Айналайын» қосымшасының үйлестірушісі - Сая МОЛДАЙЫП.


Ғибрат

САРЫАРҚА САМАЛЫ

11 тамыз, сенбі, 2018 жыл

9

Естіні сүйсіндірер ескі сурет Елге барған кезім еді. Жолда Жидебайға тоқтадық. Онда бізді жазушы Кәмен Оразалиннің ұлы, композитор әрі ақын, Абай аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Елдар Оразалин қарсы алып, бірден Абай-Шәкәрім кесенесіне қарай бет алдық. Қасымызда бір топ адам. Қастерлі туған жер... Біреулерге бәлкім қызықсыз көрінгенімен, маған ыстық. Әр тасына, әр шөбіне үңіле қараймын. Сонымен Жидебайдағы Абай, Шәкәрім кесенесіне қарай бұрылып келеміз. Қасымыздағы жазушылар – орыс ұлтының өкілдері. Атап айтқанда, жазушы Кәмен Оразалинмен көзі тірісінде қатты сыйлас болған, дәл қазіргі уақытта өзінің жаңа кітабы «Звездная степь Жидебая» атты шығармасының тұсаукесерін Абай елінде жасауды жөн көріп, бізбен бірге сапарлас болып келе жатқан өскемендік жазушы, орнитолог Борис Щербаков пен осы кітаптың редакторы Геннадий Пуссеп және Қазақстанның Мәдениет қайраткері Алдияр Әубәкіров. – Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы маңызды тараулардың бірі – «Туған жер» жобасы. Оны жүзеге асыру үшін Шығыс Қазақстан облысында, Абай ауданында да қауырт жұмыстар қолға алынып жатыр. Осыған орай салт-дәстүрлерімізді, тілімізді, музыкамызды, әдебиетімізді келер ұрпаққа жеткізу үшін Елбасымыз айтқандай, Абайдың даналығы, Мұхаңның ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні, барлығы да ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс, – дейді Елдар Оразалин. Сонымен орысымыз бар, қазағымыз бар, барлығымыздың әңгімеміз жарасып, Абай-Шәкәрім кесенесі басына да жеттік. Алдияр Әубәкіров ағамыз ұлылардың әруағына Құран бағыштады. Абай, Шәкәрім, Мұхтар жайлы естеліктер айтылды. Бұл кесененің құрылысы Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы негiзiнде 1993 жылы басталып, 1995 жылы ЮНЕСКО көлемінде Абайдың 150 жылдығын тойлаған кездері салынғаны баршаға аян. Кенет осы Абай, Шәкәрім кесенесінің кіреберісіндегі бір бұрышта жәй ғана елеусіз түрде ілініп тұрған суретке көзім түсіп кетті. Көпшілік кесененің мәрмәр тасын, ішінің амфитеатрын, тағысын тағы ғажайыптарын айтып, тамсана әңгімелеу үстінде. Мен фотосуреттен көз алмай жақындай келе шұқшия қарадым. Менімен бірге көлік жүргізушіміз де келіп қарады да, таңдана бас шайқады. Дереу қолындағы қалта телефонына суретке түсіріп алды. «Керемет тарихи фотосурет қой!» деп тамсана бас шайқады ол. Бі з ерекше қызығып тұрған бұл не сурет десеңізші? Бұл фотосуретке Мұхтар Әуезов бір топ серіктерімен бірге Абайдың құлпытасы бар зиратының алдында түсіпті. Айтпақшы, мына Абай, Жидебай кесенесі 1995-1996 жылдары осы Абай зиратының үстіне салынған ғой. Осы кесене тұрғызылғанға дейін бұл жерде Абай мен інісі Оспанның кішкене төрт құлақты бейіті болса керек. Бас кезінде бейіт қоршалмай, қараусыз қалып, жермен-жексен болып бара жатады. Мұны байқаған Мұхтар Әуезов 1940 жылы ұлы ойшылдың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында өзі Жидебайға арнайы келіп, Абайдың төрт құлақты ескі бейітін жөндетіп, латын, кириллица әріптерімен жазып, сол замандағы жаңаша үлгімен басына құлпытас қойғызады. Құлпытасқа Мұхаң латын қәрпімен былай деп жазғызады: «Ибраһим Құнанбаев АБАЙ Қазақтың ұлы ақыны, жаңа данышпан ойшылы 10 август, 1845 ж., 23 июнь 1904 ж,.». Астына осы сөздерді орыс тілінде кириллица әріптерімен де бергізген. Абай, Шәкәрім кесенесі салынған кезде зират басындағы Мұхаңның осы орнатқан құлпытасын әлдебір «сәулетшілер» шығарып тастатып, тек

қарапайым халықтың, ауыл ақсақалардагерлерінің «бұларыңыз дұрыс емес қой, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов қойдырған Абай зиратының құлпытасын неге шығарып тастайсыздар, ішке кіргізіңіздер» деген өтінішінен кейін ғана зәулім кесененің кіреберісіне кіргізсе керек. Бірақ әрі қарай өтсеңіз, Абай мен Оспанның басында басқа жаңа құлпытастар тұр. Тек кесенеге кіреберісте ғана дәл алдыңыздан осы құлпытас шығады. Ал бір бұрышта Мұхаңның осы құлпытаспен түскен суреті тұр. Құлпытас 1940 жылы жасалғанмен, фотосурет 1957 жылғы болып шықты. Жидебайдан кеш түсе Қарауылға да жетіп, Абайдың Ырғызбайдан бір туысатын аталас туысы, еңбек ардагері Манатай Балтақайұлының үйінде қонақта болдық. Манатай аға суреттің тарихын талдай айтып берді. – 1957 жылы Мұхтар Әуезовтің 60 жасқа толған мерейтойы туған жері Семей мен Абай ауданында кеңінен аталып өтілді. Ол бір топ жолдастарымен келіп, Жидебайдағы Абайдың зиратына тағзым етті. Зират басындағы сонау 1940 жылы өзі қойғызған ескі құлпытасты орталарына алып, фотосуретке түсті. Иә, байқап қарасаңыздар 17 жыл өткенде де Абайдың туған, өлген жылдарына байланысты деректерін ол өзгерткен жоқ, – деді Абай ауданының Құрметті азаматы, бала кезінен Мұхтар мен жұбайы Валентинаның үйінде өскен, жазушыны көзі көрген ақсақал Манатай Балтақайұлы көзіне жас алып, осының бәрі Мұхтардың энциклопедиясында

да тұр. Сурет бойынша, Мұхаңның қасындағыларына тоқталсам, мұнда Есмағамбет Смайылов, сол кездегі ЖенПИ-дің ректоры Мәстура (Мәскен) Сармурзина, Ғали Орманов, Қалибек Қуанышбаев және Мұхтар Әуезовтың шәкірті, аспирант Мұхтар Жанғалиндер де бар. Суретте де көрініп тұр. 1940 жылғы тасқа Мұхтар Әуезов оның 10 тамызда туғанын кириллицада әрі латын нұсқасында жазғызған. Мұны жазғызбастан бұрын осы деректі менің ағам Әрхам Кәкітайұлы Ысқақовтан бірнеше рет сұратқан еді. Байқап қарасаңыздар, Мұхаң «жаңа данышпан ойшылы» деп жазғызады. Яғни құлпытастағы Абайдың туған, өлген жылы, күндерін көрсететін деректер жаңа әрі нақты екендігі белгілі. Өйткені Мұхаң өте сауатты, классик жазушы

ғой. Оның деңгейіндегі жазушы қазақта енді тууы екіталай. Абайдың туған күнін біз Мұхтар Әуезов, Әрхамдардың, Кәмен Оразалиннің кезінен тамыздың 10-ы күні атап өтетінбіз. Мен Алматыда оқығанда Мұхаңның қойнында өскен, оны құшақтап, бауырында ұйықтаған адаммын. Ал елде болса, Әрхам Кәкітайұлы ағамның бауырында өстім. Тіпті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әлем бойынша Абайдың туған күнін 1995 жылы тамыздың 10-ы күні деп, ЮНЕСКО аясында атап өтті. Осындай тарихи іздерді жоюға, Президенттің жасаған тарихи шешімдерін, Жарлықтарын өзгертуге болмайды. Абайдың туысы ретінде мен үшін тамыздың 10-ы атамның туған күні болып қала береді. Бұл суреттің қысқаша тарихы осы. Әрхам Кәкітайұлы Абай туыстарының ішінде әкесі Кәкітайдан кейін ақынның өмір-баянын жазуға, мол мұрасын жинақтауға Мұхаңа көмектескен жан. Ол 1885 жылы туып, 1962 жылы өмірден қайтқан. Абайды тікелей көзі көріп, бауырында өскен. Әрхам атамыз ақынның туған күнін «Абайдың өмір жолы» жазбасында 1958 жылдары былай деп көрсетеді: «...Құнанбай ауылы Қасқабұлаққа келіп қонғаннан кейін 1845 жылы ескіше 10-әугуст күні Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжан толғатып, бір ұл дүниеге келеді». Байқап қарасаңыздар, жазбада қазақтың «тамыз» айы «әугуставгуст» деп тұр. Яғни бұл Кеңес өкіметі тұсында жазылған, өйткені ол уақытта бәріміз де айлардың атын орысша атайтынбыз. Манатай Балтақайұлының айтуынша, Әрхам ағасы кириллицаны, латынды біраз білгенмен, көбіне араб қарпімен жазуға қолы жүйрік екен. Қазақстанның Мәдениет қайраткері, «Қаламқас» халықтық ансамблінің әншісі Бақыт Шағатаева былай дейді: – Мен Кәкітайдың, Әрхамның тікелей ұрпағымын. Абайдың «Атадан алтау, анадан төртеуіне» мен де кіремін. Абаймен бір әке, бір шешеде туысатын Ысқақ, одан Кәкітай, одан Әрхам, одан Шағатай, одан мен туамын. Аталарым Кәкітай Ысқақұлы мен Тұрағұл Абайұлы ең алғаш Абайдың кітабын 1909 жылы СанктПетербург қаласынан шығарды. Біздің отбасының тарихы тереңде жатыр. Туған ағам Төлеген Шағатаевтың айтуынша, Әрхам Кәкітайұлы атамыз қайтыс боларының алдында бір оқиға болыпты. Төлеген ол кезде 15-16 жаста екен, Әрхам атам оған өзінің Абай туралы естелігіндегі «ескіше» деген сөзді түзеп қоюды тапсырады. Себебі, Мұхтар Әуезов 1939 жылы Алматыда болғанда, Әрхам атамнан Абайдың туған күнін бірнеше мәрте сұратқан екен. Оның сұрағына Әрхам атам «10-ыншы тамыз» деп жауап бергенін айтыпты. Бұл зираттың басын көтеретін 1940 жылдың алдында болған, яғни Абай атамның 95 жылдығы қарсаңындағы оқиға. Өздерің суреттен байқаған, Мұхаң бір топ жолдастарымен түскен құлпытасқа Абайдың туған-өлген күнін, жылын жазу қажеттігінен туындаса керек. Мұхаң мен Әрхам атам үнемі бір-бірімен хабарласып, ақылдасып отыратын. Ал кейінірек, 1959-1960 жылдары Мұхаң Әрхам атама оның жазбасындағы «Ескіше 10-әугуст» деген сөздегі қателікті байқап, «ескіше, жаңаша» деген мағыналарды түсіндіреді. Бірақ көне естелік қолмен жазылғандықтан сол күйі қалып қойды. Әрхам атам оны араб тілінде жазған, тіпті «төте араб» қарпі де емес, арабтың қаддымжәдит үлгісі. Кеңес заманында оны басатын, түзететін машинка жоқ.

Қазіргідей компьютердің заманы емес. Әрхам ата 10-ыншы тамызды ескіше де, жаңаша да «бір күнде» болады деп ұққан екен. Арасында қанша күн айырмасы болатындығын ол кісі қатты есепке алмаған. Тек Мұхаң ғана Әрхам атама Григориан күнтізбесімен Абай туған ХІХ ғасырда айырмашылық 12 күн, ал одан кейінгі ХХ ғасырда 13 күн, ХХІ-ХХІІ ғасырларда 14,15,16 күнге жылжи беретіндігін түсіндірсе керек. Мұхаңның айтуымен есепке алғанда, Абай 1845 жыл, ескіше 22 шілде, жаңаша 10 тамызда туған. Міне, осыны нақты анықтаған соң ғана Мұхтар Әуезов Абай зиратының басын-дағы құлпытасқа латын, кириллица әріптерімен қашап тұрып жазғызған. Әрхам атам орысшаға жоқ еді. Абай қайтыс болған кезде Әрхам 19 жастағы бала болыпты. Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми хатшысы Шынар Мұратқызының айтуынша, қызы Мінәш тәтеге Әрхам ата былай деп хат жазыпты. «Жасымда мұсылманша оқып, хат таныдым. Орысша оқуға денсаулығым жарамады». Әрхам 9 жасында ескіше оқуға түсіп, 4 жыл ауыл молдасынан сабақ алып, сауатын ашқан. Кәкітай ержеткен баласы Әрхамның орысша білім алуын жөн көргенімен, денсаулығының нашарлығына байланысты, оның Семейде оқуына қарсылық білдірген. Әрхамның орнына Кәкітай кіші ұлдары Біләл мен Даниялды алып, Семейге аттанған. Орысша оқытқанның орнына әкесі Әрхамды егін егіп, шөп шауып, мал семіртіп сату ісіне баулыпты. Біләл мен Даниял қалада жүрген кезінде, екі ауылдың шаруашылығы Әрхамның мойнында болып, өзі айтқандай «үзіп-жұлып жүріп Абай ағасынан орысша оқып, нан сұрап жерлік» сауатын ашады. Яғни Әрхамның «ескіше-жаңаша» деген мағыналарға жөндеп мән бермеуінің сыры осы. – Әрхам Кәкітайұлы Абай музейінің іргесі қалануына зор еңбек сіңірген. Осы бағытта Мұхаңның бірден-бір көмекшісі болған, – дейді Абайдың қорық-музейінің ғылыми хатшысы, зерттеуші Шынар Мұратқызы, – 1940 жылы Абай музейі ашылған күннен бастап ол музейде қызметте болады. Абай музейінің директоры Жәрдем

Тілековтің бұйрықтар кітабын қарасақ, 1941 жылдың 4 маусымындағы №30 бұйрықтың 2 бабында: «С 5/06. с.г. научного работника музея Исхакова Архама командировать в Чубартауский, Абаевский районы по сбору экспонатов, касающихся к жизни и творческой деятельности поэта Абая Кунанбаева», – деген жолдар тұр. Абайдың ақын балалары Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, немересі Әубәкірлердің шығарған дастан, жыр, өлеңдерін жинап, Шыңғыстау елі жөнінде құнды деректерді, өз әкесі Кәкітай туралы, Ақылбай, Әубәкір жөнінде естелік жазады. «Абайдың інісі Әрхам – ақынжанды, құнды тарихи әңгімелер айтады. Ол әңгімеші ғана емес, өзі де білікті зерттеуші», – дейді Мұхтар Әуезов. Десе де, шежіре қарияның жазбаларындағы олқы тұстарын да байқап, Мұхтар Омарханұлы: Абай өмірбаянын көрсетуге арналған кейбір деректерді таңдап алудағы кемшілік-терін көрсетеді. «Өмірбаян ішінде ақын Абай мүлде жоқ деуге болады. ...Үстем таптық, феодалдықпатриархалдық салт-сана түгелімен Ысқақов аузымен қайталанып отыр» – деп қатаң сын-пікірін де айтады. Мұхаң ұлы Абайдың өмірін жазып қана қоймай, оны әлемге танытты. Тіпті Абайдың қазіргі мемлекеттік қорық-музейі де оның ұсынысы бойынша ұлы ақынның 95 жылдық мерейтойы қарсаңында, нақты айтсақ, 1940 жылы Қазақ ССР-нiң Халық Комиссарлар кеңесiнің 1-сәуiрдегі №347 қаулысы негізінде ашылады. Сол 1940 жылғы қаулыға сәйкес Абай ауданының аумағына кіретін Жидебайдағы үй музей ретінде іске қосылды. 1940 жылы Абайдың мүжіліп, жермен жексен боп кеткен зиратын жөндеп, қалпына келтіріп әрі басына құлпытас орнатқан Мұхаң сол тарихи сәтте көзіне жас алып: «Абай жатқан дария ғой, мен одан шөміштеп қана ала алдым» деген екен. Егер ғұлама жазушының өзі дариядан түгелдей қопармай, аздап қана, қасықтап алдым деп тұрса, қалғандарынікі қалай болады екен?!

Раушан НҰҒМАНБЕК,

журналист, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы


10

БІРТҮЙЕР

11 тамыз, сенбі, 2018 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ 12 ТАМЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ

ЕРТЕҢ - ҚҰРЫЛЫСШЫ КҮНІ

«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты елдің алар асуы биік болады».

Мәртебелі мамандық

ҚР Президенті Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.

Павлодар қаласындағы «Колос» мәдени-сауық орталығында құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиын болды. Шара барысында осы салада ұзақ жыл еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, облыстың және қала әкімдерінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары тапсырылды.

Жастардың жарқын келбеті Жастарды қай заманда, қай елде болмасын елдің ертеңі, үміті деп есептейді. Олардың алған білімі, тәрбиесі, өнегесі, қоғамдағы жақсылы-жаманды істері арқылы көзқарастары қалыптасады. Сондықтан қай елдің болса да жастардың білім-тәрбиесіне, олардың тың идея, бастамасына мән беруі заңды. Ал біздегі облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығы қандай іс-шара атқаруда, белсенді жастарды қоғам жұмысына тарту мәселесі қай деңгейде деген сауалдарға жауап іздедік.

Тілеуберді САХАБА Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ Шараға қала әкімінің орынбасары Андрей Балашов қатысып, шаһар басшысының құттықтауын жеткізді. Оның сөзінше, бүгінгі таңда облыс орталығында тоғыз көпқабатты тұрғын үй бой көтеруде. Бұдан бөлек тағы алты үйдің құрылысы басталуы мүмкін. Жалпы, қала бойынша биыл 300 мың шаршы метр үй қолданысқа берілмек. - Сонымен қатар, Усолка шағын ауданында бассейн, мұз алаңы сияқты басқа да ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Алдымызда бұдан басқа да маңызды жобалар күтіп тұр. Жалпы, шаһарымыздағы құрылыс саласының қарқын алуы – жергілікті құрылысшылардың еңбегі. Сі здер осы арқылы бі р қаланың ғана емес, еліміздің дамуына үлес қосудасыздар. Сондықтан құрылысшы мамандығы иелеріне ерекше алғыс айтып, зор денсаулық тілеймін, - деді ол. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталғандардың бірі – құрылыс саласына 40 жылын арнаған Жанат Кәрішев. Ол Кеңес одағы кезінде Павлодардағы «Промстрой» құрылыс компаниясында,

одан соң «ГСУ-Құрылыс» ЖШС-де дәнекерлеуші болып еңбек еткен. - Сол құрылыс компаниясында істеп жүріп «Павлодар алюминий зауыты», «Павлодар трактор зауыты» және «Ақсу ферроқорытпа зауыты» сынды

алып кәсіпорындардың салынуына атсалыстық. Сонымен қатар, «Сарыарқа», «Павлодар» секілді бірқатар қонақ үйлерді және балабақша салдық. Елі мі з алғаш Тәуелсіздік алған жылдары құрылыс қарқыны бәсеңдеп қалған еді. Ал қазір бұл салада ілгерілеу бар. Облыс орталығында зәулім тұрғын үйлер бой көтеруде. Міне, осының бәрі - құрылысшылардың маңдай тері. Барша әріптестерімді төл мерекемен құттықтаймын, дейді Жанат Кәрішұлы.

Облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығы бүгінде павлодарлық жалынды жастардың басын біріктіретін үлкен шаңыраққа айналды. Мұнда күніне алуан түрлі тақырыптарға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады, жастардың қоғамдық жұмыстарға белсене арласуына ұйытқы болады. Орталықтың жетекшісі Төлеген Айтбаев жыл басынан бері 20 мыңға жуық адамға әртүрлі сала бойынша кеңес берілгенін айтады. - Бізде Арт, Медиа, ІТ, Жастарға қызмет көрсету және Еріктілер орталықтары жұмыс істейді. Аталмыш орталықтарға күн сайын түрлі мәселелермен ондаған адамдар келеді . Жыл басынан бері 4 мыңнан астам адамға жеке кеңес берілсе, облыстың 16 мыңға жуық тұрғынына онлайн арқылы кеңес берілді. Сонымен қатар орталықтың көмегімен жылына мыңдаған адам жұмысқа орналасуда. Мәселен, бізге 1737 адам жұмыс бойынша хабарласты. Оның ішінде тұрақты жұмыс бойынша 1213 өтініш келіп түссе, уақытша еңбек етуге 524 адам хабарласты. Бұлардың 164-і жұмысқа орналасты. Ал 15 387 адамға онлайн кеңес берілді, дейді Төлеген Айтбаев.

Иә, расымен де, облыстағы жастардың жұмысқа орналасуы үшін аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен әр ай сайын «бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» де өткізіліп тұратыны белгілі. Бүгінгі күнге дейін ұйымдастырылған 7 жәрмеңкеге 1 мыңға жуық жас қатысып, олардың 200-ге жуығы жұмысқа орналасқан екен. Сонымен қатар жастар бастамаларын дамыту орталығының жанынан өткен жылы ашылған «Еріктілердің» ерен еңбегін атап өтпей болмас. Бұл жердегі жастар тек қана қоғамдық іс-шараларға тартылып қана қоймай, олар Ұлы Отан соғысы жылдары із-түссіз жоғалып кеткен жауынгерлерді іздеушілермен байланыс орнатып, аймақтағы «Майдан жолы» іздеу отрядымен бірлесе жұмыс істеуде. -Біздің өңірдегі жастардың белсенділігі, олардың кез келген жұмыстан тартынбайтыны қуантады. Өткен жылы «Еріктілер» орталығы құрылып, кейіннен ондағы жастар «Майдан жолы» іздеу отрядымен бірлесіп жұмыс жасаймыз дегенде үлкен күдіктің болғаны рас. Бірақ орталықтағы қыз-жігіттердің тынымсыз еңбегі өз нәтижесін беріп отыр. Мысалы, орталыққа Аманжол Қоқымбаев есімді 80

жастағы қария хабарласып, 1941 жылы соғысқа кетіп, оралмаған нағашысы Нұрахмет Сәдуақасовты іздейтінін айтқан. Ол кісінің өтінішін жерде қалдырмай, і здеу отрядтарымен байланысып, міне, жуырда ғана Аманжол атамызға қуанышты хабарды жеткіздік. Хабарсыз кеткен жауынгердің жерленген жерін Ресейдің Славгород қаласында іздеу жасақтарының сарбаздарымен бірге анықтадық. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таба бермек, - деді Т.Айтбаев. Орталық басшысының айтуынша, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мұнда 5 жоба қолға алынған. Сонымен қатар облыстың қасиетті жерлерін аралап шығуға бағытталған «Рухани тур» тарихи жобасының басталуы да жастарға үлкен серпін берген. Жастардан қашанда белсенді болуды талап ету - әр заманның жазылмаған заңдылығы. Себебі, олар - мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастыратындар. Олардың биік белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болатыны хақ. Ал жаңа идея халқымыздың жаңаруына бағыт беріп, «Мәңгілік ел» болуына нық қадам бастайды.

Эфирлік сандық телевизия немесе мемлекеттік хабар таратудың жаңа стандарты «Цифрлы Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Цифрлық эфирлік Телерадио хабарларын тарату бағдарламасын жүзеге асыру қолға алына бастады. Цифрлық эфирлік көшу әкімшілік-аймақтық бірлік мерзіміне сәйкес, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің Жарлығы бойынша № 262 13.06.2008 ж. қолданыстағы хабар таратудың ұқсас желілерінен кезең-кезеңмен ажырату арқылы іске асырылмақ. Айта кету керек, сандық телевизияға ауысу – халықаралық «Женева 2006» халықаралық келісімі аясында жүзеге асқалы отыр. Мемлекеттік бағдарламаны атқарушы Ұлттық оператор - «Қазтелерадио» АҚ. Жобаның негізгі мақсаттары: - қала және елді мекен тұрғындарының арасындағы ақпараттық теңсіздікті азайту арқылы телеарналар санын көбейту. Осылайша ақпаратқа қолжетімділікті арттыру көзделіп отыр. - ҚР аймағында отандық телеарналарды көру аясын кеңейтудің негізінде мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін арттыру. - ҚР жалпы телеконтент нарығында отандық телеарналардың хабар тарату үлесін көбейту. - тұрғындарға және телеарналарға қызмет көрсетудің, сондай-ақ бейне және дыбыс сапасын халықаралық талапқа сай болуын қамтамасыз ету. Бағдарлама нәтижесінде Қазақстан Респубикасы тұрғындарының 99,8% көпбағдарламалы телехабар таратудың жоғары сапалы цифрлық желісіне тегін қол жеткізетін болады. Осыған дейін хабар таратудың ұқсас желілерінде ел тұрғындарының жартысы орта есеппен 5 телеарнаны ғана көрген болса, эфирлік сандық хабар тарату бағдарламасын іске асыру барысында қабылданатын каналдар саны айтарлықтай артады. Мұндағы басты факторлардың бірі Қазақстан ТРК облыстық хабар тарату желісінің жұмыс жағдайын барынша жақсарту болмақ. Цифрлық хабар тарату негізінде облыс орталықтары 30-ға тарта телеарнаны көру мүмкіндігіне ие болса, ал қамту аймағы шегіндегі елді мекендер 15 телеарнаны тамашалайтын болады. Көрермен үшін бұл бейне және дыбыстың жаңа сапасы болмақ. Айталық, ұқсас желілерде хабар алу кезінде болатын артық дыбыстар

мен кедергілерге жол берілмейді. Цифрлық хабар таратудың артықшылықтары мұнымен шектелмейді. Олай дейтініміз, ерекшелігі басым жаңа бағдарлама мәзірі екі тілде (қазақ, орыс) тілдерінде жасалған, хабарлардың электронды бағдарламасы, көрерменді жаңалықтармен, өзгерістер және профилактикалық жұмыстар туралы тв-пошта арқылы теледидар экранына хабарлама жіберілетін болады. Эфирлік цифрлық телевизияның басымдықтарына тоқтала кетсек. Мәселен, жалпыға бірдей қолжетімді каналдардың бірінші және екінші мультиплекс бойынша абоненттік төлем алынбайды. Тұрғындардың телеэкранында көмескілік мүлдем болмайды, сонымен қатар көрсету сапасы жоғары телеканалдарға жеке пакет алу мүмкіндігі беріледі. Бұған қоса дәстүрлі телевизияда таңсық саналатын ақпараттық қызмет түрлері іске қосылады, төтенше жағдайлар туралы хабардар ету және тағы басқа. Қарапайым теледидарды DVB-T2/MPEG-4 форматтағы цифрлық құрылғыға және дециметрлік диапозонды антеннаға жалғау арқылы цифрлік эфирлік телехабар тарату желісіне қосылуға болады. Хабар таратудың ұқсас желілері сияқты цифрлық эфирлік телевизия жалпыға бірдей қолжетімді, тегін әрі қосылуы қарапайым болғанымен бейне және дыбысты өте жоғары сапада ұсынатын болады. Эфирлік телехабар таратудың цифрлық желісінің айрықша басымдықтарының бірі жиілік ресурстарын тиімді пайдалану арқылы

көрсетілетін арналардың санын көбейту болып табылады. Бір жиіліктегі сәйкес бағдарламаның орнына 15 цифрлық арналар топтамасының толық пакет (мультиплекстер) ұсынылады. Сонымен қатар эфирлік телехабар таратудың цифрлық желісі негізінде әзірге «аналог» жоқ саналатын (телегид, телетекст, субтитр және т.б.) сияқты электронды қызметтер қатарын ұсыну ұйғарылып отыр. Бұған қосымша телехабар таратуды сапалы дамыту мақсатында (HDTV-жоғарғы сападағы телевизия, интерактивті ТВ және т.б.) жаңа мүмкіндіктерді қолға алу көзделуде. Бір сәтке отандық телевизия тарихына тоқтала кетсек, 1958 жылдың 8 наурызында негізі қаланған Қазақ телевизиясы 1992 жылы «Қазақ ССР Мемлекеттік телерадиосы», «Қазақстан» Мемлекеттік телерадио-компаниясы деп қайта ұйымдастырылды, ал, 1995 жылы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы болып ресми аталды. Тәуелсіз Қазақстанға жаңа ақпараттық кеңістік қажет болды. Тәуелсіздікпен бірге жаңа агентті к - «Хабар» құрылды. 1997 жылы Хабар тәулігіне 14 сағат хабар таратудың мүмкіндігіне қол жеткізді. Десек те, қазіргі заманның көрермені үшін дәстүрлі телеарнаның хабар тарату мүмкіндігі жеткіліксіз болып отыр. Кабельді және жерсеріктік хабар тарату желісінің дәстүрлі телеарнамен салыстырғанда аясы кең, мүмкіндіктері шектеусіз екені анық. Кабельді телевизия технологиясының мәнісі көрерменді сапалы жиілікпен қамтамасыз етуінде болып отыр. 90-шы жылдардың орта шенінде кабелді телевизияның локальді бренді саналатын «АлмаТВ», «Секател» және «Қазорталық ТВ» Алматы мен Астана және Қарағанды шаһарына аяқ басты. Дәл осы жылы жерсеріктік хабар тарату желісі - «Жарық» құрылып, елді мекендердің тұрғындары «Қазақстан» телеарнасын көре бастады. 1995 жылы ұлттық хабар таратуды жерсеріктік хабар таратуға ауыстыру туралы жарлық шықты. Қазақ елі экватор үстінде қалықтаған ғарыштық жерсерік белгілерін алу мүмкіндігіне ие болды.

Пираттық хабар тарату контентін қадағалауға индустрия сол кезде қауқарсыз еді. Ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төніп, арзанқол және ұрлықы контент локальді брендпен бәсекелестікке сай бола алмады. 2012 жылы Қазақстан аналогты желіден сандық хабар таратуға ауысты. Осы уақыт аралығына дейін еліміздегі телекөрермендер саны 2, 3 миллионға жетті. 2018 жылдан бастап Қазақстанда эфирлік сандық хабар тарату кезең-кезеңмен жүзеге асыру арқылы аналогты хабар таратудан түбегейлі бас тарту жоспарланып отыр. Теле және радио арналар цифрлық эфирлік хабар тарату желісінде телерадиокомпаниялар мен телехабар тарату операторлары арасындағы келісімге сәйкес қызмет көрсететін болады. Цифрлық эфирлік телерадиохабарларын таратуға көшу мерзімдері кезеңмен жүргізілетін болады. Мәселен, 2018 жылдың қазан айында Маңғыстау облысы, желтоқсан айында Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыс-тары қамтылады. Ал алдағы жылдары Атырау, Қызылорда, Алматы облыстары. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары да жоспарда бар. Бұдан кейінгі кезең бойынша Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы қалаларын қамту көзделіп отыр. Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда, цифрлық хабар тарату — телекоммуникациялық қызмет түрлеріне жол ашу арқылы жиілік спекторын үнемді қолдануға мүмкіндік береді. Отандық телеарналарды цифрлық сапа көмегімен эфирлік телехабар таратудың сандық желісі бойынша облыс орталықтарының тұрғындары 30 телеарнаны цифрлық сапада көреді, ал елді мекендердің тұрғындары цифрлық сападағы 15 телеарнаға абоненттік төлемсіз қол жеткізетін болады. 2019 жылға дейін бағдарлама бойынша цифрлық жүйемен ел тұрғындарының 95% қамту жоспарланып отыр. Қалай десек те, отандық телевизия саласының заман талабына сай ұқсас хабар тарату жиілігін толықтыру немесе хабар таратудың цифрлық жүйесімен толықтай алмастыру – уақыт талабы.


МЕЗГІЛ

САРЫАРҚА САМАЛЫ ФУТБОЛ. ЕУРОПА ЛИГАСЫ Футболдан Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Сигма» командасына Алматының «Қайраты» қарсылық көрсете алмады. Бұрнағы күні сырт алаңда ойнаған жерлестеріміз 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Қарсылық көрсете алмады «Қайрат» командасы биыл тарихта алғаш рет Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алған-ды. Ойын Чехияның Оломоуц қаласында болды. Төрешінің ысқырығы естіле сала екі жақ алма кезек шабуылға көшкен болатын. Матчтың 21-минутында қарсылас команда өздерінің пайдасына есеп ашты. «Сигма» сапындағы Мартин Сладкидің қақпаға қарай тепкен добын «Қайраттың» қақпашысы тосып ала алмады. Ойынның алғашқы жартысындақазақстандық команданың қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев ойын ережесін бұзғаны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Екі нші гол екінші кезеңнің 50-минутында соғылды. Қарсылас команданың шабуылшысы Вацлав Пиларж өзіне берілген

мүмкіндікті сәтті пайдаланып, есепті еселеді. Ал 68-минутта «Сигма» сапынан Михал Вепржек тәртіп бұзып, алаңнан қуылды. Осылайша қос команданың ойыншылар саны қайта теңесті. «Қайрат» аяқдопшылары ойынның соңына дейін бірнеше мәрте қауіпті шабуыл ұйымдастырған. Бірақ, одан нәтиже болмады. Қос команданың қарымта ойыны 16 тамыз күні Алматы қаласында өтеді. Сол кездесуден кейін екі ойынның нәтижесі бойынша біздің жігіттер жеңіске жететін болса Еуропа лигасының плей-офф кезеңі не жолдама алады. Отандастарымыз жергілікті жанкүйерлердің осы үмі ті н ақтай ма, әлде тағы да жеңі ле ме оны бап пен бақ көрсетеді.

11 тамыз, сенбі, 2018 жыл

Кәсіпкерлерге арналған ұялы қосымша Ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен кәсіпкерлерге арнап әзірленген «Qamqor» ұялы қосымшасының жетілдірілген үлгісі іске қосылды. Негізгі жаңашылдығы ретінде тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген QR-кодты оқитын функционалы болып табылады. Аталған кодты сканерлеп, кәсіпкер тексеруші, тексеру мерзімі, түрі туралы және т.б. толық ақпаратты көріп және оны қағаз үлгідегі тексеруге тағайындау туралы актімен салыстыра алады. Сондай-ақ, кәсіпкер тағайындалған тексеру туралы хабарламаны алып, тексеру басталғанға дейін тексеру барысында қойылатын талаптармен таныса алады. Тексеру аяқталған соң, кәсіпкер қосымша арқылы бұзушылықтары көрсетілген тексеру қорытындысымен таныса алады. Ұялы қосымшаның алғашқы үлгі сі тек негі згі 2 қызметті атқарды. Олар - тағайындалған тексеру туралы хабарлау және тексерушінің іс-әрекетін даулау мүмкіндігі. Жалпы, бұл қосымша 2017 жылдың наурызынан бастап қолданысқа енгі зі лді және аталған кезеңнен бастап 27 мың кәсіпкер қолданушы ретінде тіркелді. Ұялы қосымшаның жаңа үлгі сі мемлекетті к бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әзірлеген - Т.САХАБА.

Павлодар облысының прокуратурасы.

бастау пункттері арқылы өткізілетін операциялар бойынша АҚШ доллары мен еуроның сатып алу бағамының сату бағамынан мынадай ауытқу шегі белгіленді: АҚШ доллары үшін – 6 теңге; еуро үшін – 7 теңге. Яғни, уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері сатып алу бағамы мен сату бағамы арасындағы белгіленген ауытқу шегінен жоғары бағам бойынша айырбастау операцияларын жүзеге асырмауы керек. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдарға жүгінген кезде айырбастау пунктінің кассасында қолма-қол шетел валютасы не болмаса қолма-қол ұлттық валютаның қажетті мөлшері болмайтын жағдайы туындауы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі №144 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – 144 қағидалар) сәйкес айырбастау пунктінің кассасында қолма-қол шетел валютасы болмаған жағдайда, осы қолма-қол шетел валютасының түрі үшін сату бағамы ақпараттық стендте орналастырылмайды. Айырбастау пунктінің кассасында қолма-қол ұлттық валюта болмаған жағдайда, айырбастау пунктінде айырбастау операциялары жүргізілетін қолма-қол шетел валютасының барлық түрлері үшін сатып алу бағамы ақпараттық стендте орналастырылмайды. Егер клиентке айырбастау пунктінде қолма-қол ұлттық валюта немесе қолма-қол шетел валютасы болмауына байланысты айырбастау операциясын өткізуден бас тартылса, онда айырбастау пунктінің кассирі жеке тұлғаның талабы бойынша айырбастау пунктінде жоқ валютаның түрі мен сомасын, анықтаманың күні мен уақытын көрсете отырып, жазбаша түрде анықтама береді. Анықтамаға айырбастау пунктінің кассирі қол қояды. Айырбастау операциясын жүргізу бағамы бойынша бір миллион теңге баламасынан асатын сомаға валютаны сатып алу-сату кезі нде айырбастау пункті ні ң кассирі не ұсыну үші н өзі ңі збен бірге жеке басын куәландыратын жеке куәлік қажет. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарына сәйкес айырбастау пункті (соның ішінде автоматтандырылған) айырбастау операциясының өткенін бақылау чегін беру арқылы растайтынын білу қажет. Кейбір жағдайларда айырбастау пункттері шетел валюталарын олардың айналысқа жарамды не болмаса айналысқа жарамсыз болуына байланысты қабылдаудан бас тартуы мүмкін. 144 қағидалармен төлемге жарамайтын, сондай-ақ айналысқа жарамсыз банкноттарды сатып алуды және ауыстыруды шетел банктерімен

САМАЛЫ

МЕНШІК ИЕСІ

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Ертіс Медиа» ЖШС, «Сарыарқа самалы» облыстық газеті Газет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 30.09.2014 ж. №14562-Г куәлігі берілген.

Газет 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2014 жылы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен марапатталды. ЖШС директоры Асқар ШӨМШЕКОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ ЖШС-нің мекенжайы. Павлодар қаласы, Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй. Редакцияның мекенжайы. 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Теле/факс 66-15-30

тиісті шетел валюталарымен инкассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша корреспонденттік қатынастары және (немесе) шарттық қатынастары бар банктер жүзеге асыратыны қарастырылған. Инкассо – бұл шетел валютасының банкнотын айырбастау үшін төлеушіден банк-эмитентке ақшалай қаражатты жіберу бойынша банктік қызмет. Сонымен бірге, банктермен айырбастау тәртібінде сатып алынған және қабылданған төлемге жарамайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноттар клиенттерге сатылмайды және банкэмитентке инкассоға жіберілмеуі керек немесе олардың қызмет етуші банкі арқылы инкассоға тапсырылмауы керек. Осындай қызмет кезінде банктер клиенттерді комиссиялық сыйақының көлемі туралы (клиенттің барлық шығындарын қосатын) және банк-эмитенттер көрсетілген банкноттарды айырбастаудан бас тарту мүмкіндігі туралы ескерту керек, сондай-ақ клиенттен инкассоның шартына жазбаша келісім алады. Жіберілген шетел валютасын банк-эмитент айырбастаудан бас тартқан жағдайда уәкілетті банктер клиентке тиісті растайтын құжаттар ұсынады. Төлемге жарамайтын немесе айналысқа жарамсыз банкноттарды инкассоға айырбастау, сатып алу, қабылдау үшін алынатын комиссиялық сыйақы банктермен дербес белгіленеді, бірақ айырбастауға берілетін (инкассоға қабылдау, сатып алу) банкноттың атаулы құнының он пайызынан аспауы керек. Атап өту керке, Уәкі летті банктер мен уәкі летті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы емес қолма-қол шетел валютасын сатып алу-сату бойынша операциялар құқықтық тәуекелдердің, алаяқтық тәуекелдердің не болмаса өзге де қылмыстық қол сұғушылықтың (жалған қолма-қол ақша алу, қарақшылық және т.б.) туындауына әкеліп соғады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 252-бабымен шетел валютасымен айырбастау операцияларын уәкілетті банктер және олардың айырбастау пункттері арқылы, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізбеу, Қазақстан Республикасының резиденттері арасында тыйым салынған валюталық операцияларды жүргізу үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, бұл ретте мұндай талап Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасымен белгіленеді. Қызықтырған мәселелер бойынша «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалына жүгінуді сұраймыз, мына мекенжай бойынша: Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 44, валюталық операцияларды бақылау бөлімі, телефондары: 70-44-37, 70-44-20.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Павлодар филиалы (20215).

66-15-40 ÆÀÐÍÀÌÀ 66-15-42

САРЫАРҚА

Телефоны. 66-15-30

Қолма-қол шетел валютасын айырбастау кезінде не білу керек Кейбір уақытта азаматтарда қолма-қол шетел валютасын сатып алу немесе сату қажеттілігі туындайды. Осы мақалада бі з қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына қатысты негізгі қағидаларды түсіндіріп өтеміз. Қазақстан Республикасында айырбастау операциялары уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері (соның ішінде автоматтандырылған) арқылы жүзеге асырылады. Уәкілетті банктер – бұл валюталық операцияларды өткізетін, соның ішінде клиенттердің тапсырмасы бойынша банктік операциялардың жекелеген түрін («Қазпошта» АҚ) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасында құрылған банктер мен ұйымдар. Уәкілетті ұйымдар – бұл айрықша қызмет түрі қолма-қол шетел валюталарымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар. Уәкілетті ұйымдар жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылады. Әрбір айырбастау пунктінде клиенттер көру үшін қолайлы жерде мыналар орналастырылады: • қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға қолданыстағы лицензияның көшірмесі; • айырбастау пунктінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын Ұлттық Банк филиалы туралы мәліметтер қамтылатын ақпарат, айырбастау пунктінің жұмыс режимі; • айналысқа жарамды және айналысқа жарамсыз банкноттардың негізгі белгілері туралы ақпарат; • Ұлттық Банктің осы актінің қолданылу кезеңінде айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгемен сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілейтін актісінің көшірмесі; • айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операциялар жүргізілетін әрбір шетел валютасы үшін белгіленген теңгемен қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамы және (немесе) сату бағамы туралы мәліметтерден тұратын, клиенттерге арналған ақпараттық стенд; • клиенттерге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын кассир туралы ақпарат (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса). Сатып алу бағамы – бұл уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым жеке тұлғалардан қолма-қол шетел валютасын қабылдайтын құн. Сату бағамы – бұл тиісінше уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым жеке тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын сататын құн. Айырбастау пункттері шетел валюталарының сатып алу-сату бағамдарын өздері қояды, бұл ретте бағамдар күні бойы ауысып тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 257 қаулысымен 2016 жылғы 1 ақпаннан уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айыр-

11

Тунгишбай Турегельдиевтың атына 08.01.2007 жылы Павлодар қаласы, Транспортная көш., 30 мекенжайындағы жер теліміне берілген №0142360, №0142361, №014362, №014363 мемлекеттік акті жарамсыз деп саналсын. (894).

Газеттің электронды поштасы: ssamaly29@gmail.com. Бас редактордың орынбасары 66-14-61. Жауапты хатшы 65-12-74. Әлеуметтік бөлім 66-14-63, 66-15-31, 66-15-32. Экономика, саясат 66-14-64, 66-15-28, 66-14-65. «Айналайын» 66-14-63. «Жас times» – 66-15-32.

Жарнама бөлімі: s_samaIy_reklama@maiI.ru 66-15-42, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі 66-15-41. Фототілші, корректорлар 65-12-74. Газеттің нөмірі «Сарыарқа самалының» компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына үш рет шығады, апталық таралымы 14818 дана, бүгінгі көлемі 3 б.т. «Дом печати» ЖШС баспаханасында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны. 8 (7182) 61-80-26. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 1696 Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді. Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. «Сарыарқа самалында» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті. Баспа индексі 65441.


12

11 тамыз, сенбі, 2018 жыл

ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ МЕРЕЙТОЙ

«Ақынның нұрлы әлемі» Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, елімізге белгілі жазушы, драматург Ақын Алақанұлы мерейлі 75 жасқа толды. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде жазушының туған күніне арналған «Ақынның нұрлы әлемі» атты оқырмандармен кездесу кеші өткізілді. Тілеуберді САХАБА Ақын ағаның әңгімелері мен өлеңдерінен төрт түлікті тіршілік нәрі еткен көшпенді қазақ өмі рі ні ң самалы еседі. Тарихи Отанынан жырақта туып, ата жұртын аңсаған қалың қазақтың сағынышы сезіледі. Бұған «Қарасай мен Қызылсай», «Ауылың көшіп келеді», «Ала айғырдың ақыры» сынды прозалық жинақтарын оқысаңыз көзіңіз анық жетеді. Сонымен қатар, жазушының көп шығармаларынан атамекенге көш басын бұрып, Тәуелсіз Қазақ елінің табалдырығын аттаған қандастарымыздың қуанышы мен шаттығын да байқауға болады. Қаламгердің «Менің анам», «Елімжерім», «Ана жүрегі», «Сүйіктім менің» атты әңгіме және повестер жинағы мен «Асулар» романы оқырман жүрегінен орын алған туындылар. - Ақын Алақанұлының шығармалары Моңғолия жерін мекен еткен қандастардың өмір-тіршілігін көре аламыз. Себебі, жазушының көп әңгімелері мен өлеңдерінде кер заманда шеттегі қазақтардың басынан өткен қилы тағдыры суреттелген. Қаламгер елге келгеннен кейін мемлекеттік қызметке араласып, көп жыл ауыл басқарды. Соның өзінде шығармашылықтан қол үзбей, бірнеше туындысын жарыққа шығарып үлгерді. Бүгінде ағамыздың өзі ғана емес, балалары мен келі ндері де өңіріміздің мәдени-рухани дамуына атсалысып келеді, - деді Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының директоры, ақын Арман Қани.

МӘДЕНИЕТ

Ақын Алақанұлы 1943 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында туған. 1967 жылы Моңғолияның мемлекеттік техникалық университетінің жылу инженері мамандығын бітірген. Еңбек жолын Баян-Өлгей аймақтық жылу-электр станциясында инженер, цех бастығы болып бастап, одан кейі н аймақтық жастар комитетінің бірінші хатшысы, партия комитетінде бөлім меңгерушісі, қазақ музыкалық драма театрының директоры секілді жауапты қызметтер атқарған. 1992 жылы ші лде айында ата жұртқа көш басын бұрып,

Павлодар облысының Аққулы ауданына қоныстанды. Әр жылдары сол ауданға қарасты Қызылағаш ауылдық округінің әкімі және облыстық статистика басқармасында экономист қызметтерін атқарып жүріп, құрметті еңбек демалысына шықты. Жазушы оқырмандармен кездесуі барысында өзінің әдебиетке алғаш қалай келгені туралы әңгімелеп, сауалдарға жауап берді. - Біздің балалық шағымызда радио-телеарна деген түсімізге де кірмейтін. Сондықтан болар, біздің ең басты «серігіміз» газет пен журнал болатын. Қырдың халқы кешке төрт түлік малын қоралағаннан кейін үй-үйге жиналып, жастарға кітап оқытады. «Қыз Жібек пен Төлеген» «Алпамыс», «Қобыланды» дастандарын оқимыз. Сол кезде кейбір ата-әжелеріміз көздерін сығымдап жылап отырады. Міне, менің әдебиетке келуіме осы көрініс себеп болды. Менің ең алғашқы өлеңім төртінші сыныпта жазылды. Ал, прозаға студент кезі мде бет бұрдым, - дейді Ақын Алақанұлы. Шараға Ертіс-Баян өңірінің зиялы қауым өкі лдері, өңірімі зге белгі лі ақынжазушылар, журналистер қатысып, мерейтой иесін туған күнімен құттықтады. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Мейірман облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаевтың, сондай-ақ Аққулы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерболат Шәкіров аудан әкімі Ернұр Әйткеновтің құттықтау хатын тапсырды.

Ақтоғайда айтыс өтті Жақында облыс орталығында өткен «Ұлы Дала» этнофестивалінде Естай ауылын құрып, жиналған халыққа бабамыздың әндерінен шашу шаштық. Міне, аудан орталығында дүркіреген айтыс өтті. Ақындар бабамыздың елге сіңірген еңбегі мен соңында қалған рухани мұрасын жырға қосып, халықтың қошеметіне бөленді. Мұның барлығы барша қазақтың Естай ақынға деген ерекше құрметін көрсетеді. Қазақ барда Естайдың мұрасы ешқашан өлмейді, дейді Асылхан Шаншарұлы. Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлде Ақтоғайдың тумасы Рауан Қайдаровқа бұйырды. Ал, бірінші орын Баянауылдан келген Тілек Сейітовке, екінші орын ақтоғайлық Азамат Мұқажановқа берілсе, Абзал Қабдраш үшінші орынды иеленді.

Бесік жыры Несіпбек АЙТҰЛЫ

Адамның еске түссе есіл күні, Есіне түседі екен бесік жыры. Жадымнан оқта-текте шығып кетсе, Анашым, айналайын, кешір мұны. Қоңыр тау, Қоңыр өзен сарылдаған. Келеді алыстан сол сарын маған. Өз үнім естілгендей өзіме анық, Бір кезде бесігімде шарылдаған. Бесігім, қасиеттім, кешір мені! Өмірдің заңы ғой бұл көшірмелі. Қайтар ем құндағыма мүмкін болса, Көкжиек жеткізбейді-ау көсілмелі. Дүниеде саған нені теңгеремін, Қалды ғой сәбилігім сенде менің. Естілші тағы да бір, бесік жырым, Қысып тұр қаталатып шөл дегенің. Бесік жыр – аппақ сүтім, жарықтығым, Сен едің жарық жұлдыз, жарық күнім. Жетсеңші, омырауыңнан иіскейін, Қабатын қалың түннің жарып бүгін. Айналып аспандағы күміс айға, Сәулесін түсіргенде үміт-айна, Тұрушы ең қараша үйді күңірентіп, Байғұздың сұңқылдаса үні сайда. Тыңдатып тау күбірін, Мал дүбірін, Өзен-су, жартастардың жаңғырығын, Қасықтай көкірегіме құятынсың, Әкеліп табиғаттың барлық үнін. Қағып ап бір қымбатты Мұңлы ырғақты, Құйтымдай қоңырау-жүрек күмбір қақты. Үзіліп кете ме деп үрейленем, Кенеттен қағып қалсам бір күн қатты... Көп жылдар құлағыма шалынбаған, Сусап тұр балдай тәтті сарынға жан. Самал жел, Жалынамын, жеткізіп бер, Анамның әлдилеген әнін маған?!.

СӘУЛЕЛІ СӨЗ

Жақында Ақтоғай ауданында ақын, әнші, сазгер Естай Беркімбайұлының 150 жылдығына арналған «Замана бұлбұлы» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Сөз аламанына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Баянауыл, Ақтоғай, Шарбақты аудандарынан барлығы он ақын қатысып, бақ сынады. Айтысқа Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков арнайы келі п тамашалады. Аудан әкімінің орынбасары Асылхан Шаншарұлының сөзінше, биыл Астананың 20 жылдығына, Павлодар облысы мен Ақтоғай ауданының 80 жылдығына және Естай ақынның 150 жылдығына арналған бірқатар мәдени-рухани шаралар жоспарланған. - Көрнекті жерлесіміз Естай ақынның биылғы мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуді жыл басында жоспарлағанбыз. Содан бері көптеген игі жұмыстар атқарылуда. Себебі, Естай бабамыздың жерленген орны біздің ауданның аумағында.

ЗЕРЛІ ӨЛЕҢ

Тұрсын ЖҰРТБАЙ,

жазушы, филология ғылымдарының докторы:

Ақыл бәсекесі

Рауан ҚАЙДАРОВ, жеңімпаз:

- Естай атамыздың 150 жылдығына арналған той осыдан біраз уақыт бұрын өзінің туған ауылында да дүркіреп өткені көпшілікке мәлім. Шара барысында ұйымдастырылған конференцияға Астанадан, Алматыдан мықты ғалымдар мен өнер адамдары келіп, сөз сөйледі. Енді міне, облыстық ақындар айтысы өтті. Жалпы, бұл аламанға айтыскерлер жақсы дайындықпен келген екен. Мұны халықтың құрмет-қошеметінен-ақ аңғаруға болады. Осы айтысты ұйымдастырған ағаларға, аудан басшылығына көпшіліктің атынан ризашылық білдіргім келеді. Т.МАРХАБА.

Егер де шын зиялы, бәсекеге қабілетті елдің қатарына қосыламыз десек, онда көркем әдебиетті алға шығаруымыз керек. Көркем ойлау жүйесі қалыптаспаған, көркем ойлау дәрежесі өспеген, түйсігі төмен ел ешқашанда ақыл бәсекесіне шыдай алмайды. Талант пен бейімділікті шатастыруға болмайды. Менің түйсінуімше, талант дегеніміз - табиғатқа, қоғамға, өмірге, жеке адамға деген көзқарас. Ол - әлемді дербес қабылдау, дербес түсіну, дербес қорыту қабі летің. Оған жазуға, сызуға, аспапта ойнауға, ән айтуға деген бейімділік қосылғанымен де, таланттың бағы ашылмайды. Бұған қоса аса қуатты құштарлық керек. Сол құштарлық, Абайдың тілімен айтқанда, «ішкі қуат» алға жетелейді. Барлық азапты ұмыттырып жіберетін де - сол құштарлық. Яғни, дүниенің қызығынан жалықпау. Кейде мұның өзі атаққұмарлыққа жетелеуі де ғажап емес. Несі бар, талант қуатын ашып жатса, ол да өнер адамына жарасымды қасиет. Тек бейімділік пен қабілет - дербес ойлау жүйесі мен құштарлық болмаса, арбаға жегілген өгіз сияқты тым қарапайым, можантопай көрінеді. Ал көркем ойдың қанаты қашан да қалықтап, жерден биі к шарықтап жүруі тиі с. Жер бауырлаған таланттарды жұртшылықтың қабылдай бермейтіні сондықтан. Ал таланттың ашылуы уақытқа да, ортаға да, талапқа да, талғамға да, өзіңе де байланысты. Соған қарағанда, атақ дегеннің өзі жар таңдай бі лмейті н қыз сияқты көрі неді маған.

11 тамыз, 2018 жыл №91 (15262)  
11 тамыз, 2018 жыл №91 (15262)  
Advertisement