Issuu on Google+

10 наурыз 2012 жыл

№ 5 (423) Міндет Ақордада Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің отырысы болып өтті. Ұлттық қордың қаржысы елдегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру жəне əлеуметтікэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін пайдаланылып келеді. Қорды қалыптастыру мəселелері жəне бюджетке қаражат аударудың тиісті тəртібі мен құқықтық шешімдер қабылданған. Кеңес отырысында Үкімет Ұлттық қорды пайдаланбастан бюджеттің қажетті шығыстарын толық қамтамасыз етуге қол жеткізе алмағанына тоқталып өткен Елбасы оған мемлекеттің елеулі əлеуметтік міндеттемелері мен төлемдері себеп болғанын айтып өтті. – Біздің тапқанымыз жеткіліксіз. Біздің индустрияландыру, шикізаттық емес экономиканы дамыту жөніндегі жұмысымыз шикізаттық ресурстарымыздың экспортынан келіп түсетін ақшаны жəне Ұлттық қорды пайдаланбастан, бюджетті өзге тəсілмен жабу үшін қаражат алуға бағытталған. Ұлттық қорды еліміздің дамуы үшін, соның ішінде қордан несие ала отырып, біздің елімізден тысқары емес, ішімізде ақша табу үшін пайдалануымыз керек. Менің халыққа Жолдауымда мемлекетті одан əрі дамыту жəне əлеуметтік жаңарту жөнінде алға қойылған міндеттерді орындау нақты шығынды талап етеді. Осы үшін Ұлттық қор құрылды. Қордың белгілі бір бөлігі келешек ұрпақ үшін, белгілі бір бөлігі – трансферт үшін, бүгінгі экономиканы дамытуға арналған. Келешекте Қазақстан үшін қажетті теміржол тəрізді ірі нысандар, ел орталығындағы газ құбыры, қолжетімді тұрғын үй мəселесі, жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыру бюджеттік қаражаттан басқа қосымша қаржыландыруды талап етеді. Жолдау халық арасында үлкен қызығушылық тудырды жəне бізден көп нəрсені күтеді, ал біз оны орындауға міндеттіміз, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Отырыс барысында Ұлттық қорды одан əрі дамытудың жəне басқару тиімділігін арттырудың

ҰЛТТЫҚ ҚОР ЕЛ МҮДДЕСІНЕ

АЙМАҚ КӨШ БАСЫНДА 2-бет ►

өзекті мəселелері талқыланды. Сондай-ақ, 20122013 жылдарға арналған республикалық бюджеттегі кепілдендірілген трансфертті 15 пайызға (180 млрд. теңге) арттыру бөлігіндегі Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру жəне пайдалану тұжырымдамасына өзгерістер енгізу туралы мəселе қаралды. Ұлттық қордан трансфертті ұлғайту жəне дағдарысқа қарсы қаржыны қайта пайдалану туралы шешім Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Əлеуметтікэкономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында айтылған инвестициялық жобаларды қосымша қаржыландыру қажеттілігіне байланысты қабылданған

болатын. Кеңесте талқыланған тағы бір мəселе – дағдарысқа қарсы бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаржыны қайта пайдалану жəне Ұлттық қордан «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ үшін облигациялық займ беру. Бұл орайда Ұлттық қордан «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ үшін жалпы сомасы 4 млрд. АҚШ доллары көлемінде облигациялық займ беру туралы шешім Қашаған жобасын қолдау аясында қабылданды. «Қазмұнайгаз» АҚ қаржыландыруды екі транш бойынша 2013 жəне 2015 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының құрылған күнін атап өту аясында еліміздің барлық аймақтарында «Партия күні» деген атпен республикалық акция өтті. Осыған орай партияның орталық аппаратында есімі елге елеулі азаматтарды партия қатарына қабылдау салтанаты ұйымдастырылды.

құрылымдарының өкілдері, спортшылар мен мəдениет қайраткерлері жəне ардагерлер мен студент-жастар бар екенін атап көрсетті. Осыдан соң ол жауынгер-интернационалист, Қызыл жұлдыз орденінің иегері Байғали Қоқымбаев, «Қазақстан» телерадиокомпаниясы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Жанұзақ Мүсəпір, «АгромашХолдинг» АҚ басқармасының төрағасы Алексей Сидоренко, тележүргізуші əрі продюсер Баян Есентаева, «Астана арландары» командасының мүшесі, кəсіпқой боксшы Қанат Слəм, «Саңыраулар қазақ қоғамы» республикалық

"НҰР ОТАНҒА" ХАЛЫҚ СЕНЕДІ бірі - Парламент Мəжілісіндегі жəне барлық деңгейдегі мəслихаттардағы фракциялар арқылы Елбасының жəне партиямыздың барлық бастамаларының заңнамалық негізін, сондай-ақ олардың іске асырылуына уақытылы əрі тиімді бақылау жасауды қамтамасыз ету» деді. Бұған қоса, Е.Қарин басқосуға келгендерге партия мүшелерінің саны күн сайын көбейіп келе жатқанын жеткізіп, «нұротандық» атанғысы келетіндердің арақоғамдық ұйымдардың сында көшбасшылары, БАҚ пен бизнес

қоғамдық бірлестігінің президенті Тезекбай Иса сынды азаматтарды партия қатарына қабылдап, оларға партиялық билеттерін тапсырды. «Мен сіздердің саналы таңдауларыңыз үшін шын жүректен қуаныштымын. Біздің партиямыз бүгін тағы да лайықты мүшелермен толықты деп есептеймін» деді хатшы партия мүшелігіне өткендерге бағыттаған сөзінде. «2005 жылы Президенттік сайлауда партия Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың штабын ұйымдастырудың ба-

КӘСІПТІ АДАМ НӘСІПТІ 3-бет ►

(Өз тілшіміз), Астана

Партия тынысы

Ресми рəсімде партия хатшысы Ерлан Қарин 1999 жылдың ақпанында Алматы қаласында сол кездегі «Отан» партиясының құрылтай съезі өткенін, 1 наурызда партия мемлекеттік тіркеуге алынғанын жəне партияның Төрағасы болып бірауыздан Президент Нұрсұлтан Назарбаев сайланғанын тілге тиек ете келіп: «Біз елді жаңа деңгейге ілгерілетуді жəне ортақ күш-жігермен оның жаһандық əлемдегі бəсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейміз. Партияның маңызды міндеттерінің

БҮГІНГІ НӨМІРДЕ:

засы ретінде жұмыс істеп, «Қазақстанның халықтық коалициясы» блогына басшылық жасады. Блокқа Президентті қолдаушы күштердің барлығы бірікті. 2011 жылғы Президенттік сайлауда да «Нұр Отан» партиясы белсенділік танытып, демократиялық күштердің «Қазақстан-2020» жалпыұлттық» коалициясын құруға бастама жасады. Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясының аясы өте кең. Ол 16 аймақтық, 225 аумақтық өкілдіктен, 6387 бастауыш партия ұйымдарынан құралған. Соңғы парламенттік сайлауда қазақстандықтардың 80,9 пайызы өз дауыстарын «Нұр Отан» партиясына берді. Бұл - бұқара халықтың партияға деген сенімінің көрсеткіші» деді партия өкілі. Өз кезегінде Б.Қоқымбаев Отанымыздағы бейбіт өмір үшін Қазақстан халқының атынан Мемлекет басшысына алғыс білдірсе, «Қазақстан» телерадиокомпаниясы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Ж.Мүсəпір саясат сахнасында «Нұр Отан» партиясы сөзсіз көшбасшы екенін тəптіштеді. Бұл ретте Қытайда қалудан бас тартып, атамекеніне қоныс аударып келген былғары қолғап шебері Қанат Слəм Елбасының оралмандарға жасап жатқан қамқорлығына ерекше екпін түсірді. Қ. МАХАМБЕТ. Астана

ЕРТЕҢГІ ИГІЛІК БҮГІННЕН 4-бет ►

САЛЫҚ КЕМЕЛДЕНУ КЕПІЛІ 6-бет ►

КЕДЕНДЕГІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР 7-бет ►


2

№5 (423) 10 наурыз, 2012 жыл

ҚОҒАМ

saltar61@mail.ru

ТƏРТІБІ

Əкім есеп берді

Үкімет

ЖОБАЛАР НАҚТЫЛАНДЫ

Жамбыл облысы өндіріс өнімінің қарқынды дамуы бойынша бұрын-соңды болмаған экономикалық өрлеуге қол жеткізіп, республикада алдыңғы орынға шықты. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша еліміздегі көш басында тұрған алдыңғы бес аймақтың бірі болып табылды.

Премьер-Министр Кəрім Мəсімовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында атап көрсетілген ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Бірінші кезекте іске қосылатын құрылыстар жөнінде көбірек əңгіме қозғалған басқосуда баяндама жасаған Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев бұл жобаларға тартылған инвестиция көлемі 4,5 триллион теңгені құрайтынын мəлім етті. Ірі индустриялық-инновациялық жобаларды іске қосу арқылы 150 мың қазақстандықтарды тұрақты жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Қазір жобалардың жобалаусметалық құжаттары жасалған жəне «Жол картасына» кіргізілген. Елбасы Жолдауында еліміздің туризм саласын дамыту бағытында Бурабай курортты аймағы мен Алматы тау шаңғысы курортының даму жоспарын бекіту тапсырылған болатын. Министрлік тарапынан екі ірі жоба белгіленіп, оны жүзеге асыру шаралары нақтыланыпты. «Бірінші жоба Бурабайға негізделіп отыр. Президент Жарлығымен арнайы экономикалық аймақ құрылғаны белгілі. Оператор компания анықталды. Жобаны іске асыру 12 жылға негізделген. Құрылыс бойынша 7 кезең қарастырылып, қазіргі кезде бірінші кезеңді іске асыру мақсатында жұмыс жүріп жатыр», – деді Ə. Исекешев. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізінің құрылыс жұмыстарын жүргізу барысы туралы баяндаған Көлік жəне коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев 2011 жылға арналған жұмыс жоспарына сəйкес 780 шақырым жол салынып, 215 шақырым жол қолданысқа берілгенін

АЙМАҚ КӨШ БАСЫНДА

мəлім етті. «2012 жылы 700 шақырым жол, атап айтқанда, Қызылорда облысында – 520, Жамбыл облысында – 180 шақырым жол қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Қазақстандық дəліз құрылысының негізгі жұмыстары 2013 жылы аяқталып, 806 шақырым, нақты айтқанда, Ақтөбе облысында – 101, Қызылорда облысында – 292, Оңтүстік Қазақстан облысында –254, Жамбыл облысында – 121 шақырым жол пайдалануға беріледі», – деді министр. Қазіргі уақытта 4 облыс аумағында ұзақтығы 1 621 шақырымды құрайтын 34 учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ж��лдауда басымдық берілген ірі жобалардың бірі – «Жезқазған – Бейнеу» жəне «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол құрылысы. Аталмыш бағыттардағы теміржолдары 2015 жылы пайдалануға берілмек. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының басшысы Асқар Мамин «Жезқазған – Бейнеу» теміржолының жалпы ұзақтығы 988 шақырымды, оның ішінде «Шалқар – Бейнеу» учаскесі – 471, «Жезқазған – Сексеуіл» учаскесі – 517 шақырымды құрайтынын атап өтті. Теміржолды салу барысында 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ. Теміржол желісі толық пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 3 мың адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Ал «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол желісінің ұзақтығы 214 шақырым. Құрылыс жұмысына 2 мыңнан астам адам тартылып, теміржол желісі пайдалануға берілгеннен кейін 600 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделіп отыр. Компания басшысының айтуынша, құрылыс жұмыстарына негізінен отандық кəсіпорындардың өнімі пайдаланылатын болады. Жалпы жобаға тартылатын қазақстандық қамту көлемі 80 пайызды құрамақ. (Өз тілшіміз) Астана

Игі бастама

Өткен жылы облыс экономикасының өнеркəсіп секторында тұрақты өсім қалыптасты. Жалпы өндіріс көлемі нақты есептеуде 30,9 пайызға артып, 165,8 млрд. теңгеге жетті. Кен өндіру өнеркəсібі жəне ашық кеніштерді игеруде 11,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Оның нақты көлем индексі 127,6 пайызды құрады. Еңбек өнімділігі өңдеу өнеркəсібінде 46,7 пайызға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 110 млрд. теңгені құрады. Шетел инвестицияларын есепке алмағанда, ішкі инвестициялардың нақты көлем индексі өткен жылы бұрнағы жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға артқан. Оның ішінде əлеуметтік саланы жəне инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалған жергілікті бюджет қаражаты 2,5 есеге өсіпті. Инвестициялардың жалпы көлемінде 32 пайыздық үлесті өнеркəсіп жəне көлік кəсіпорындарының өз қаражаты құрады. Өткен жылы облыста 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Сөйтіп, өнеркəсіптің түрлі салалары бойынша 1120 жаңа жұмыс орны ашылды. Шалғайдағы Мойынқұм ауданында жалпы құны 18 млрд. теңге болатын 2 жаңа өндіріс орны іске қосылды. «Алтыналмас» компаниясы «Ақбақай кластерін» дүниеге əкелді. Ол жылына құрамында алтыны бар 1 млн тоннаға топырақты електен өткізіп, өңдейтін болады. Ал «ACIG» АҚ цемент зауытын іске қосты. Онда цементті құрғақ күйінде дайындайтын жаңа технология пайдала-

нылады. Өткен жылы ішкі істер департаментіне 4,2 млрд. теңге бөлініпті. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 31 пайызға артық. Оның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға 480 млн. теңге жұмсалған, бұл 2010 жылға қарағанда 3,9 есеге артық. Биыл облыстық ішкі істер департаментіне жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға 743 млн. теңге немесе өткен жылға қарағанда 1,5 есеге артық. Елдің бүгіні мен ертеңі үшін маңызды мəселелердің барлығы қоғамдық-саяси ахуалдың орнықты болуына тікелей байланысты. Облыс əкімі есебінде өңірдің экономикасы мен əлеуметік жағдайына байланысты бұдан басқа да көптеген мəселелерге тоқталып, облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Б. ҚАСАБАЙ. Жамбыл облысы.

Инновация

ЕҢБЕК ҰТҚЫРЛЫҒЫ АРТТЫ Биылғы жылғы бір ерекшелік, халықты жұмыспен қамту барысын қамтамасыз ету тұрғысындағы бұрынғы айтылып жүрген үш бағытқа енді төртінші міндет жүктеліп отыр. Ол – елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту болмақ. Яғни, «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы шегінде даму ерекшелігі орта жəне жоғары елді мекендердің көшелерін жөндеу, оларды жарықтандыру жұмыстарын жүргізу болып саналады. Сонымен қатар, мектептер мен емханаларды ретке келтіру, тұрғын үй-коммуналдық нысандарды жөндеумен бірге елді мекендерді абаттандыру жұмыстары атқарылуы тиіс. Əрине, мұның бəріне сметалық құжаттар жасалынып, республикалық бюджеттен қаржы бөлгізу қажеттілігі туындайды. Жоғарыда айтылған халықты жұмыспен қамту жəне олардың əлеуметтік жағдайларын көтеру барысында өнеркəсібі мен орта жəне шағын кəсіпкерлігі кеңінен қанат жайған Шиелі ауданында талап тұрғысындағы бірқатар шаруалардың атқарылғандығын байқауға болады. Мəселен, өткен жылы орта мектепті бітірген 106 жеткіншекке облыс орталығында арнаулы орта білім беретін оқу орын-

САЛЫҚ

дарына жолдама берілсе, сол секілді 9-сыныпты бітірген 60 талапкер де аталмыш оқу орындарына жіберілді. Бұл күндері сол 166 бала өз оқуларын жалғастырып келеді. Ал негізгі мектепті бітірген 138 жас мамандық алу үшін кəсіптік лицейлерге жолданды. Бұл ертеңгі үлкен күш екендігіне дау жоқ, мемлекет қамқорлығы аясында қаншама жасөспірім өзінің өмірдегі орнын тауып, қоғам дауына атсалысады жəне де адал бейнетпен нəпақасын ажыратуға мүмкіндік алады деген сөз. Жоғарыда аталған жастардың шəкіртақысы, жол шығыны жəне жататын орындарының ақысы алдын ала төленіп, зор қамқорлыққа алынған. Ең бір қажеттісі, олар ертеңгі күні оқуын бітіріп, тиісті мамандығын алған соң, енді қайда барып жұмысқа тұрам демей, аудандағы түрлі мекемелерге орналасып, тіршілігін жасап кете беретін болады. Сол үміткерлердің алғашқыларының бірі Əлия Өтегенова балабақша тəрбиешісі мамандығын алып, жуырда жолдамамен кент ішіндегі «Алақай-Нұр» балабақшасына жұмысқа орналасты, өзінің де, ата-анасының да қуанышында шек жоқ.

Жеткіншектерді мамандыққа баулу жұмыстарына аудан орталығында орналасқан №11 кəсіптік лицейі де белсене қатысып, нақты кезеңде 3 мамандық бойынша 71 адамды қайта даярлап шығарды. Олардың 38-і нақты уақытта жұмысқа орналасып, жаңа жұмыс орындарында еңбек етуде. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерді жəне бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілігін арттыруға 16 азамат тартылса, кіші медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға 8 кісіге қамқорлық жасалды. Жұмыссыз 244 азамат əлеуметтік жұмыс орнын беруші 67 кəсіпорын жəне шаруашылық, кəсіпкерлік субъектілеріне жұмысқа жіберілсе, осы мақсатқа қаралған 11,4 млн. теңге қаржы толығымен игерілді. Сонымен қатар, 85 жас жастар практикасына жіберілді. Жалпы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының алғашқы бағытына 600-ден астам тұрғынның қатысқандығын атап айтқан жөн болар. Демек, шапағатты бастаманың шарапатын көрушілердің қатары молая түсті деген сөз. Н. ЕЛТАЙ. Қызылорда облысы

Мемлекет басшысының қазақстандықтарға арнаған биылғы Жолдауында «Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың əлеуметтік маңызы шексіз. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді» деп атап көрсеткен болатын. Қазіргі таңдағы ең өзекті мақсатқа айналып отырған мұндай маңызды мəселе Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешевтің қатысуымен Алматыда өткен мəжілістің басты тақырыбына айналды.

АЛҒЫ ШЕПТЕ

Алматы қаласы бойынша, Индустрияландыру картасына жалпы құны – 258 миллиард теңгені құрайтын 28 жоба енгізілген еді. Өткен 2010 жылы жалпы құны 52 миллиард теңге төрт жоба іске асырылды. Олардың арасында қатты жəне сұйық дəрі-дəрмек дайындау өндірісімен айналысатын «Нобел АФФ» АҚ, «Талес Қазақстан» ЖШС, радио байланысы өндірісі, «Медеу Шымбұлақ» тау шаңғысын дамыту жəне өзге де кəсіпорындар бар. Өткен 2011 жылы орындалған тоғыз жобаның ішіндегі ең ірісі – «Метрополитеннің» бірінші кезектегі құрылысының пайдалануға берілуі болды. Алматыда 2014 жылға дейін 15 ірі жобаны қолға алу жоспарлануда. Тұтастай алғанда,

өңдеу өндірісіндегі еңбек өнімділігі 28 мың долларға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 47 пайызға өсті. Бүгінгі таңда қалада 1500-ге жуық өндірістік кəсіпорындар жұмыс істейді. Сондай-ақ, тағы бір жағымды жаңалық, министрлік жұмыс істеп тұрған кəсіпорындардың əрқайсының ахуалы бойынша зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Əсет Исекешев, өз сөзінде сонымен қатар, бүгінгі таңдағы ең басты проблема өндірістік өнімдегі қазақстандық мазмұнды арттыру мəселесін де тілге тиек етті. Б. БОЛАТ. Алматы облысы


САЛЫҚ ТƏРТІБІ

№5 (423) 10 наурыз, 2012 жыл

«Жұмыспен қамту- 2020»

Байланыс жүйесі

КӘСІПТІ АДАМ НӘСІПТІ

Өткен жылдың шілдесінен басталған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аймақта нəтижелі жүзеге асырылуда. Бағдарламаның үш бағыты бойынша да қызылордалықтар белсенділік танытып, оның шарапатын көре бастады. Бірінші бағыт «Оқыту жəне олардың жұмысқа орналасуына жəрдемдесу» бойынша 6,5 мыңға тарта адам қамтылып, түрлі мамандыққа кəсіби оқумен қайта даярланды. Осындай жаңа кəсіп иелерінің бірі қарауылтөбелік Біржан Тəжімбетов орталықпен келісім-шартқа отырып, «ТехМаман» ЖШСнің кран машинисі мамандығын алып шықты. Ол бұрын жұмыссыз жүрген болатын. Оқу кезінде 15 мың теңгеден астам стипендия алып тұрды. Сөйтіп, орталықтың көмегімен «Казнефте-стройгаз» мекемесіне жұмысқа орналасып, 60 мың теңге жалақы алуда. «Ауылда кəсіпкерлікті дамытуға жəрдемдесу» деп аталатын екінші бағыт бойынша Шиелі кентінің тұрғыны Пірзада Бекзадаев кəсібін кеңейтуге мүмкіндік алды. Орталықтың көмегімен кəсіпкерлік курсында оқып, бизнес-жоспарын қорғап шықты. Соның нəтижесінде Пірзада ағаш өңдеу цехын салуға шағын несие ұйымынан 3 млн. теңге қаражат алып, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Біздің аймақта да экономикалық қуаты əлсіз елді мекендер бар. Солардың бірі Арал ауданының шалғайдағы Атанши ауылы. Бағдарлама��ың үшінші бағыты – осындай ауылдардың тұрғындарын экономикалық қуаты бар өңірлерге көшіруді көздейді. Атаншидің тұрғыны Мейрамбек Аймағамбетов ауылда екі қолға бір жұмыс таппай жүр еді. Бағдарламаның осы бағыты аясында Арал қаласында

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЖАҢА САПА 2011 жылдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысында Интернет пайдаланушылардың саны 10 мыңға көбейіп, барлығы 32 469 адамды құрады.

қоныс аударушыларға арнап тұрғын үйлер салынған болатын. Мейрамбек отбасымен қалаға көшіп келіп, тұрақты жұмысқа орналасты. Жанұяға шалғайдағы ауылдан қоныс аударғаны үшін төлемақы берілді. Осылайша, М.Аймағамбетов бағдарламаның арқасында қалаға келіп, үйлі болып, жұмысқа да орналасты. Мұндай жарқын мысалдар «Жұмыспен қамту - 2020» аясында көптеп саналады. Бағдарламаға қатысушылар оның игілігін көріп келеді. Біз айтып отырғандай, бүгінде жүздеген жерлестеріміз Елбасы қамқорлығы аясында өмірге келген бағбан бағдарламаның шарапатына шын ниетпен алғыс сезімдерін жолдауда. Ж. ƏБДІРАМАН, Қызылорда облысы

Ауылды қолдау

НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 2011 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркəсіптік секторында 36 өндірістік нысан пайдалануға беріліп, жұмысқа кірісті. «ҚазАгроҚаржы» АҚ олардың құрылысын отандық лизингтік компаниялардың ауылдағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру желісі бойынша қаржыландырды. Жалпы «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы 14 инвестициялық бағыттың операторы болып табылады. Мұнда негізгі əңгіме, респулика аумағында ірі тауарлы-сүт фермалары, ет бағытындағы құс фабрикалары, жылыжай шаруашылығы, көкөніс қоймалары, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру жөніндегі өндіріс, бордақылау алаңдары, асыл тұқымды шаруашылық, қасапханалар желілерін құруға қатысты болашағы зор жобаларды қаржыландыру туралы болып отыр. Сонымен бірге, компания жем өндірісіне, қазақстандық

3

ӘЛЕУЕТ

saltar61@mail.ru

бидай экспорты мен оны тереңдете өңдеу инфрақұрылымдарын дамытуға, жаңа астық қоймалары құрылысы мен бұрыннан қолда барын жетілдіруге, тамшылата суару технологиясын енгізуге, биязы жүн өндірісі мен оны қайта өңдеуді өркендетуге байланысты жобаларды да қаржыландырады. Былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған жоғары технологиялы жабдықтармен қамтамасыз етілген түрлі сыйымдылықтағы жеті көкөніс қоймасы іске қосылды. Қайта өңдеу секторында бірнеше өндіріс орыны қаржылан-

дырылып, жұмысқа қосылды. Олардың қатарында Алматы облысында үйрек етін қайта өңдеуден өткізетін «Кəрім» ШҚ бар. «ҚазАгроҚаржы» АҚ еліміздегі ауыл шаруашылығы жобаларын қолдауды екі қаржылық құрал – несиелеу жəне лизинг арқылы жүзеге асырады. Былтыр компания қазақстандық агрофирмаларға 7,7 миллиард теңгеден астам заемдық қаражат берді. Лизинг бойынша 32 млрд теңгеге жуық қаражатқа 11 мың ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары алынған. Тұтастай алғанда, «ҚазАгроҚаржы» өткен жылы еліміздің аграрлық секторына 40 миллиард теңгеге жуық инвестиция салыпты. Б. АБАҒАН. Алматы облысы.

Бїгінгі кїні Жамбыл облысында «Ќазаќтелеком» АЌ абоненттерініѕ саны 180 мыѕнан асты. Бір жылда 9 258 телефон орнатылып, телефон ќўрылєысыныѕ жалпы саны 180 526-єа жетті. Басым кґпшілігі ќалаларда – 102 531, ќалєан 77 995-і ауылды елдімекендерде жўмыс істеп тўр. Осылайша, 100 отбасыны телефонмен ќамту кґрсеткішіне сəйкес, облыс орталыєыныѕ 91,3% байланыспен ќамтылды. 456 мектептіѕ барлыєы телефондандырылды. 437 мектепке Интернет ќосылды (96%), оныѕ ішінде 215 оќу орны кеѕ жолаќты Интернетті пайдалануда. Сонымен бірге, емдеу мекемелерініѕ 96%-ы телефондандырылды (331 мекеменіѕ 296-сы). Тўрєындар екінші телефонды орната бастады. Оны ќосуєа Жамбыл ОТД 25%, ал ауылды жерлерде - 49,3% жеѕілдік береді. Халыќќа кґрсетілген ќызметтер туралы: Megaline ќызметіне ќосылєандардыѕ саны 1,5 есеге артты. Интернет пайдаланушылардыѕ саны жалпы 32 469 адам. Оныѕ 60%-ы - Тараз ќаласыныѕ тўрєындары. 600 абонент iD TV интерактивті телеарна ќызметіне, 122 отбасы аса жоєары жылдамдыќтаєы Интернет iD Net-ке ќосылды. Телекоммуникация желілерін дамыту бойынша, Тараз – Сарыкемер – Меркі – Ќўлан – Шу баєыты бойынша STM-16 жəне DWDM тарату жїйесі тартылды. Бўл желініѕ ґткізу ќабілеттілігін 1Гб/с-ќа ґсіріп, алдаєы уаќытта кеѕ жолаќты желіге ќосылєан абоненттердіѕ санын кґбейтуге мїмкіндік берді (Бўрын аталєан аудандардаєы желініѕ ґткізу ќабілеттілігі 155 Мбит/с ќўрайтын). Аќпарат алмасу жылдамдыєын арттыру маќсатында, аудан деѕгейінде Metro Ethernet желісі кеѕейтілді. 5 ауданда дəстїрлі кəбіл жїйелері оптикалыќ-талшыќты желіге алмастырылды. Сондайаќ, Тараз ќаласыныѕ орталыєында 2047 портќа жəне «Астана» шаєын ауданына 160 портќа GPON* технологиясымен жаѕа желі тартылды. Жамбыл облысында спутниктік байланысты жерден басќаратын «ДАМА» (12 дана) мен «Sky Edge»* (21 дана) 33 стансасы орнатылды. Облыс орталыєында жəне ауылды аймаќтарда GPON, EV-DO* технологиялары бойынша жобалар іске асырылуда. Алда таєы 3 маѕызды жоба орындалады. Олар: мультисервистік абоненттік ќосылу жабдыєы желісін 2000 портќа дейін кґбейту, Тараз ќаласында оптикалыќ-талшыќты желі ќўрылысын жалєастыру (бўл абоненттерге аса жоєары жылдамдыќтаєы Интернет ќызметін ўсынуєа ќажет), сондай-аќ, ауылдарды Интернетпен ќамту баєдарламасыныѕ аясында WLL CDMA* желісін дамыту. А. ОРТАЕВА. Жамбыл облыстық телекоммуникациялар дирекциясының баспасөз хатшысы

Өндіріс

ЖҰМЫС ТҰРАҚТЫ, ТАБЫС ҚОМАҚТЫ Таразда өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасындағы дағдарыс дауылынан шаңырағы шайқалмай, сақталып қалған құрылыс кәсіпорнының бірі — «Жамбылхимстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс құрастырмалары және материалдарын өндіретін серіктестік бұрынғы «Жамбыл-химстрой» комбинатының базасында құрылған болатын. «Жамбылхимстрой» ЖШС-нің құм және шағал өндіретін карьері, оларды ұсақтайтын қондырғылары бар. Бетон зауытында түрлі маркадағы бетон қоспалары өндіріледі. Темір бетон — кәсіпорындағы ірі цехтың бірі. Мұнда алуан түрлі бетон бұйымдары және 30-дан астам темірбетон құрастырмалары жасалады. Бұған қоса олардың бордюр, поребрик, тротуарлық плита және қабырғалық блок шығаратын цехы жұмыс істейді. Сынақ зертханасына ең соңғы үлгідегі жабдықтар орнатылған. Цехтарда шығарылған бұйымдар әуелі осында тексеруден өткізіліп, талдама жасалады. Аттестатталған сынақ зертханасы облыс аумағындағы басқа да құрылыс компанияларына қызмет көрсетеді. Мұның өзі серіктестіктің табысын молайта түсуге игі ықпалын тигізуде. Онда техникалық

жағынан сауатты әрі білікті мамандар жұмыс істейді. Кәсіпорын 2010 жылы ИСО-9001 сапа менеджменті жүйесін енгізді. Инженерлік-техникалық мамандар өздерінің біліктіліктерін арнайы курстарда тұрақты жетілдіріп отырады. Сондай-ақ, өзге кәсіпорындарда жиі болып, тәжірибе алмасады. Кейінгі кезде облыс аумағында және Таразда темір бетон бұйымдарын өндіретін зауыттар көбейіп келеді. Солардың арасында тұтынушылар тапсырысты осы кәсіпорынға көптеп түсіруде. Мұның өзі өндірістің өркендеуіне игі ықпалын тигізуде. «Жамбылхимстройда» 2009 жылы — 262 миллион, 2010 жылы — 328, ал, 2011 жылдың қорытындысында 441 миллион теңгенің тауары өндірілген. Салыққа және міндетті төлемдерге қарыз емес. Тұрақты жұмыс істейтін 110 адамның орташа айлық

жалақысы 74 мың теңгені құрайды. – Қолда бар техника мен жабдықтарды жаңартуға ерекше көңіл бөлеміз. Тек өткен жылы ғана қуатты 2 жүк автомашинасын, 3 тиегіш агрегат және бірнеше жаңа құралсайман сатып алдық. Мұның өзі еңбек өнімділігін еселеп арттыруға қол жеткізуде, — дейді «Жамбылхимстрой» ЖШС директоры Серік Талқанбаев. Кәсіпорында білікті мамандар шоғырланған. Олар түскен кез келген тапсырысты уақтылы әрі сапалы орындауға күш салады. Өткен жылы Күкірт қышқылы зауытын салып жатқан мердігер биіктігі

19 метр 300 сантиметр екі бұтақты колонна құйып беруге өтініш берді. Елімізде тұңғыш рет шығарылған бұйымға мамандар әуелі қалып әзірледі. Қазір осындай бірнеше ірі құрылыс материалы дайын болды. Олар тапсырыс берушілерге таяуда арнайы көлікпен жеткізіледі. Қазақстандық үлес — облыс және еліміз экономикасын дамытудағы маңызды тетіктердің бірі. Сондықтан да олар шикізат үшін облыста және республикадағы материалдарды сатып алуға күш салады. Бүгінде мұнда қазақстандық үлес 90 пайызды құрайды. Серіктестік рентабельді жұмыс істейді. Түскен табысын жұмысшылардың жалақысын өсіруге және өндірісті жаңартуға жұмсайды. Әйтсе де, басшыларды қынжылдырып, көңілдерін алаңдатып жүрген жайлар да жоқ емес. Мәселен, «Жамбыл жол құрылыс» ЖШС біраз уақыт бұрын бұлардан келісім-шарт арқылы 6 миллион теңгеге құрылыс материалдарын алған. Берешекті қайтаратын уақыт әлдеқашан өтті. Әйтсе де, олар әр нәрсені сылтауратып, қыруар қаржыны қайтарғысы келмейді. Серіктестік басшылары уәдесінде тұрмайтын компанияны сотқа берген. Алайда, олардан да әлі күнге қайран болмай отыр. Мұның өзі жаңа техника сатып алуға, айналым қаржысын жасақтауға кері әсерін тигізуде. Ж. ОМАРОВ, Жамбыл облысы


4

№5 (423) 10 наурыз, 2012 жыл

АЙМАҚ

saltar61@mail.ru

САЛЫҚ ТƏРТІБІ

Сыбаға

ЕТТI ЭКСПОРТТАУДЫҢ ЕПТI ЖОБАСЫ Жыл басынан берi Оңтүстiк Қазақстан облысында бес фермер “Сыбаға” бағдарламасы бойынша мемлекеттiк қолдауға ие болды. Атап айтқанда, Сайрам ауданындағы жеке кəсiпкер Нұржан Ниязалиев 11 миллион теңгеге 67 сиыр, 3 бұқа, ал, қарындасы Салтанат Ниязалиева 14 миллион теңгеге 72 сиыр, 3 бұқа алып, күтiмге кiрiстi. Сондайақ, “Сыбағадан” сарыағаштық Бақытжан Қалдыбаев пен төлебилiк Азамат Əбдiрахмановта, Түлкiбас ауданындағы “Насырлахан” шаруа қожалығы да құр қалған жоқ. Шаруалар 6-7 млн. теңгенiң мөлшерiнде күтiмiндегi малын жаңартты. Еттi iрi қара мал əлеуетiн дамыту жобасы негiзiнен мал өсiрген шаруаға бағытталған. Оның схемасы да қарапайым. Басты-басты үш тағаны бар. Негiзгiсi – фермерлiк шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары, жеке кəсiпкерлер. Табынды күтiп-баптап, ұдайы өсiрумен айналысып отыратын да осы фермерлер. Асыл тұқымды мал дайындайтын репродуктор-шаруашылықтар екiншi таған болса, үшiншi таған – бордақылау алаңдары. Мiне, осы үш тағанның жұмысы үйлестiрiлiп, жолға қойылса, мақсаттың орындалғаны. Осы жобаға қатысушы фермерлер өздерiнiң алған несие қаржысы арқылы күтiмiндегi малын жыл сайын жаңартып отыру арқылы табынды төрт есе өсiруiне мүмкiндiгi бар екен. “Сыбаға” бағдарламасын қажеттi несиемен қамтуды “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ мен “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ мойнына алып отыр. Бұл бағдарламаның ұстанған жолы – қарапайым сиырлар-

ды сатып алып, оны еттi бағыттағы бұқамен ұрықтандырып отырсаңыз, екi-үш жылда алынған төлдiң тұқымын еттi бағытқа айналдыруға болады. Ал, асыл тұқымды iрi қара мал əлеуетiн күшейтудiң мысалдары Қазақстанда аз ба? Мəселен, жергiлiктi қазақи iрi қара мал мен ағылшындардың герефорд тұқымдас бұқаларымен сiңiре шағылыстыру нəтижесiнде қазақтың атақты ақбас сиырлары пайда болды. Немесе қазақтың ақбас тұқымды сиырларын дүниежүзiндегi ет бағытындағы ең жақсы шароле жəне абердин-ангус

бұқаларымен будандастыру арқылы елiмiздiң солтүстiк өңiрiнде Əулиекөл тұқымы шығарылды. Бүгiнде тектiлiгi жойыла бастаған бұл тұқымдарды қайта қалпына келтiрудiң өзi үлкен еңбек болғалы тұр. – Бұл бағдарламаны дұрыс көретiнiм – несие берер кезiнде малдың үштен бiрi кəсiпкердiң өзiнде болу керек, -- дейдi облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал тұқымын асылдандыру бөлiмiнiң меңгерушiсi Берiк Батырбекұлы. – Мысалы, 30 бас сиыры бар адамға кепiлдiгi жетсе, аржағында 90 бас сиырды тағы да алуына болады. Өйткенi, 30 басқа қараған шаруаның шамасы 120 басқа да жетедi. Мал шаруашылығындағы ең қиыны – жемшөп. Одан кейiн жұмыстың жөнiн, малдың жай-күйiн бiлетiн адам болуы керек қой. Мiне, Үкiметтiң ойлайтыны —- өз малын асырап, бағып отырған адам өзiне тиесiлi сыбағасын алсын дейдi. Сонысы өте жөн. Оның үстiне Оңтүстiк өңiрiнiң өз ерекшелiгi бар. Шөлейттi жерi басым. Бұқалардың қазiр табылып тұрғаны Павлодар, Солтүстiк Қазақстан облыстарынан. Мiне, шаруаларға осы жағы қиындық келтiрiп отыр. «Мүмкiн, кейбiр шаруа қожалықтары үшiн былтырғыдай қолдан ұрықтандыру тиiмдi ме? Бұл менiң жеке пiкiрiм», – дейдi Берiк Батырбекұлы. Маманның айтуынша, облысымызда 130 мыңдай iрi қара болса, соның 70 мыңы еттi, 60 мыңы сүттi бағытта дамыту көзделiп отыр. Бұл үшiн облыстық бюджеттен қаржы қаралып, қолдан ұрықтандырылатын сиырларға кететiн шығындарды жабу ойластырылуда. Мiне, осы жағынан келгенде де “Сыбаға” бағдарламасының кейбiр қатаң талаптарын жеңiлдетсе де болар ма едi, – дейдi маман. Б.ТҮКІБАЙ. Оңтүстік Қазақстан облысы

Жолдау жүктеген міндет

Азық-түлік Өткен жылы облыста азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бір миллиард теңгеден артық қаражат қарастырылды. Осы қыруар қаражатты мақсатты жұмсап, əлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің жеткілікті қорын жасау міндеті «Жетісу» əлеуметтіккəсіпкерлік корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамының еншілес кəсіпорны болып табылатын «ЖетісуАгроСауда» ЖШС-не жүктелген еді.

"ÆÅÒІÑÓ ÀÃÐÎ ÑÀÓÄÀÍÛҢ" ÆÅÌІÑÒІ ҚÀÄÀÌÛ Нақты мақсатқа – жұртшылық үшін əлеуметтік маңызы бар азық-түліктің жеткілікті қорын жасауға мемлекеттен қарастырылған қаржыны мақсатты игерген серіктестік өзінің осы бағыттағы жұмысын биыл да жалғастыруда. Былтырғы күзде бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар нəтижесінде азықтүліктің қыстан қысылмай шығуға жететін қоры жасалып, сақтауға қойылды. Нақтырақ айтқанда, алты мың тоннаға жуық көкөніс, жеті жүз тонна қант, екі жүз елу тонна өсімдік майы, жеті жүз тонна жарма жəне тағы басқа өнімдер сатып алынған болатын. Сол азық-түлік қыс қаһарына мінген кезде халыққа тиімді бағамен саудаға шығарыла бастады. Қазіргі кезде əлеуметтік маңыздылыққа иелік ететін азық-түлік түрлері «ЖетісуАгроСауда» ЖШСнің облыстағы қалаларда, аудандарда орналасқан əлеуметтік дүкендерінде нарықтағыдан біршама төмен бағамен сатылуда. Бүгінгі күні облыс орталығы мен аудандарда халыққа қызмет көрсетуге кіріскен осындай дүкендер саны артып келеді. Тұрғындар «ЖетісуАгроСауда» ЖШС дүкендерінен сапалы əрі таза, бағасы да қалта көтеретін азық-түлік өнімдерін ала алатындықтарын біліп алған. Бұл қадам əсіресе, аз қамтылған отбасыларға үлкен көмек болып тұр. Халыққа тиімді баға да аспаннан алынған жоқ. Серіктестік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілірімен жəне қайта өңдеу кəсіпорындарымен екі жаққа да тиімді келісімшарттарға қол қойып, олардан қажетті азық-түлікті делдалдарсыз тікелей алады жəне соның арқасында бағаны да тым аспандатпайды. Тауарлар түрінің молдығы мен бағаның қолайлылығы арқасында сауда да қызу жүреді. Əлеуметтік дүкендерге қай кезде бас сұқсаң да, өзіңе қажетті азық-түлік түрін таба аласың. Əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорация халықты өзімізде өсіріліп, өндірілген, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету бағытындағы қадамдарын одан ары жалғастыра бермек. Соған сай жоспарлар мен жобалар жасалып, олардың орындалуына баса назар аударылуда. Б. АБАҒАН, Алматы облысы

Ертеңгі игілік бүгіннен Жыл сайынғы Елбасы Жолдауынан Қазақстан халқы үнемі жақсы жаңалықтар күтеді. Ол биыл да көпшіліктің көңілінен шықты. Жолдаудың бірінші бағытында жұмыспен қамту мəселесі қамтылды. 2011 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы əзірленіп, бекітілді. Бағдарламаның бірінші «Оқыту жəне жұмысқа орналасуға ықпал ету» бағыты – тегін кəсіптік жəне қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарына жолдау, оқу, тұру орнына дейін жолақысын төлеуге субсидия беру, лайықты бос жұмыс орындарын іздеу, жұмысқа орналасуға жəрдемдесу сияқты мемлекеттік қолдаудың түрлерін қарастырады.Екінші «жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру» бағыты ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындарға басымдық бере отырып, азаматтардың іскерлік ынтасын дамытуды көздейді. Шағын несие беру ауылда кəсіпкерлікті қолдаудың негізгі тетігі болады. Ол қайтарымдылық негізінде 3 миллион теңге сомасында 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.Үшінші, «еңбек ресурстарының бейімделгіштігін арттыру» бағыты жұмысқа орналасуға жəне жеке іспен айналысуға нақты мүмкіндіктері жоқ, экономикалық əлеуеті төмен елді мекендерде тұратын азаматтарға жəрдемдесуге бағытталған. Ағымдағы жылы кəсіптік жəне қайта даярлаумен 600 адамды қамту, əлеуметтік жұмыс орындарына 415 адамды орналастыру, жастар тəжірибесіне 956

түлекті жіберу, кəсіпкерлік бойынша 59 адамды оқыту жоспарланып отыр. Бұл мақсатта облыс бюджетінен 1146,2 миллион теңге қарастырылған. Жолдаудың екінші бағыты - қолжетімді баспана. Өңірде 2011 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 231,9 мың шаршы метрді құрады. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда, 6,2 пайызға артық. Ал, биылғы жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 201 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде жинақтау жүйесі арқылы - 5,7 мың, жалға берілетін – 7,4 мың, коммерциялық – 1,5 мың, жеке құрылысшылармен 186,4 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынады. Өткен жылы елімізді 2020 жылдарға дейін аумақтық-кеңістік дамыту болжамды схемасын іске асыру шеңберінде республикалық деңгейде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы əзірленіп, Үкіметтің қаулысымен бекітілді. Бағдарлама келешекте өңірлердің көкейкесті əлеуметтікэкономикалық мəселелерін шешуге бағытталған. Бір айта кетерлігі, 2011 жылдан

өнеркəсіп өнімін өндіруде оң динамика байқалуда. Мəселен, өткен жылдың қаңтар-желтоқсанында өнеркəсіп өндірісінің көлемі 165,8 миллиард теңгені құрап, 2010 жылғы деңгейден нақты есептеуде 30,9 пайызға артық болды. Бұл республика өңірлерінің ішінде ең жоғары көрсеткіш болып табылады.Өнеркəсіп саласының жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 2009 жылғы 17 пайыздан 2011 жылдың 9 айында 20,4 пайызға дейін көтерілді, бұл – облыс экономикасының əртараптандыру жəне индустрияландыруға бет бұрғанының айғағы. Үдемелі индустриялықинновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске қосу, жұмыс істеп жатқан өндірістерді жетілдіру, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру өнеркəсіп секторында өндіріс көлемдерінің жəне еңбек өнімділігінің айтарлықтай өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр. Жалпы, облысымызда өндірістерге инновацияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінеді. 2011 жылы кəсіпорындардың инновациялық белсенділігі 7,8 пайызды құрады

жəне бұл республика өңірлерінің ішінде ең жоғарғы көрсеткіш. Индустрияландыру нəтижесінде өңдеу өнеркəсібінде еңбек өнімділігі 46,7 пайызға өсіп, республика бойынша үшінші жоғары көрсеткішті иеленді. Елбасы Жолдауда шикізат ресурстарын жоғары деңгейде өңдеу жəне осы өндірістерге қызмет ету инфрақұрылымын құру бойынша ірі жобалардың басталатынын атап өтті. Жамбыл облысында құны 2 миллиард долларға жуық кешенді минералдық тыңайтқыштар өндірісін құру — осындай жобалардың бірі. Химия саласын дамыту – өзекті мəселе. Оның болашағы фосфориттерді өндіру, оны өңдеу, минералды тыңайтқыштар өндірісін кеңейтуге байланысты. Бұған облыста жылдар бойы қалыптасқан ресурстық, кадрлық, технологиялық жəне инновациялық бастамалардың барлығы бар. Химия саласын дамыта отырып, біз экспортқа бағытталған жаңа өндірістерді құрып қоймай, сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамытуға да тұрақты негіз қалаймыз. Елбасы Жолдауы біздің болашақ өсуіміздің, өркендеуіміздің нақты бағдарламасы іспетті. Мұның өзі бұрыннан бері дəстүрге айналған игі бастама. Сондықтан да оны біз бар ынта-ықыласымызбен тыңдап, қызу қолдаймыз. Ел келешегінің айқын айнасы ретінде қабылдап, іс жүзінде орындауға бар күшімізді саламыз. Ж. БАУБЕКОВ. Жамбыл облысы əкімдігінің экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.


САЛЫҚ ТƏРТІБІ

№5 (423) 10 наурыз, 2012 жыл

Салық халық нәсібесі. Оның мемлекет бюджетіне уақтылы түсуі, елдің әлеуметтік -экономикалық дамуының кепілі. Осыған орай, өткен жыл қалай қорытындыланды. Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің бастығы Әлібек Балықбайұлы Тілегеновті әңгімеге тартқан едік.

ӘКІМШІЛІКТЕНДІРУ БАСЫМ БАҒЫТТЫҢ БІРІ – Əлібек Балықбайұлы өткен жылдың жұмыс нəтижесіне тоқталсаңыз? – Салық əкімшіліктендіру бақылауын күшейту бюджеттің кіріс бөлігінің болжам мөлшерінде түсім түсірілуінің кепілі десек, əрі бүгінгі салық саясатындағы негізгі стратегиялық бағыттарының бірі. 2011 жылға қаралған болжам, яғни салық органдарының құзыретіндегі жалпы мемлекеттік бюджет 105,6%-ға, оның ішінде республикалық бюджет 110,4%ға, жергілікті бюджет 104,1%-ға орындалуына қол жеткіздік. Шоғырландырылған бюджетке салықтар жəне төлемдердің түсімі 475,9 млрд. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 140,3 млрд. теңгеге түсім көбейген немесе бюджеттің өсу қарқыны 141,8%-ды құрады. Аталған жетістіктер, əрине, облыс экономикасының қарқынды даму үдерісін байқатады. Сондай-ақ, соңғы кезде шағын жəне орта бизнес субъектілерінен түсетін төлемдер үлесі де өсіп келе жатқандығы сездіреді. Оған айғақ, салық жүктемесін төмендету, салықтандыру рəсімдерін оңтайландыру нəтежесінде шағын кəсіпкерлік субъектілерінің саны 2012 жылдың 1 қаңтарына 24099 болып, 2010 жылмен салыстырғанда 1956ға көбейген, ал олардан түскен түсім 26,6 млрд. теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда (20,8 млрд.) 27,9%-ға өскен. Атап айтқанда уəкілетті мемлекеттік органдармен өндірістік емес төлемдердің əкімшіліктендіруін бірлесіп жүзеге асыру нəтижесінде бюджетке қосымша 53,9 млн. теңге түсірілді. 2011 жылы жүргізілген жалпы бақылау-экономикалық жұмыс нəтижелері бойынша бюджетке қосымша түскен салық жəне өсімпұл сомасы 23131,4 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7106,3 млн. теңгеге артық немесе 144,3%-ды құрайды. Салық органдарының қызметіндегі басым бағыттарының бірі салық əкімшіліктендірудің тиімділігін арттыру. Бүгінде жүргізілетін салықтық бақылауда басты роль камералдық бақылауға жүктеліп отыр. Бұл бақылаудың басты мақсаты тексеру орнына шықпай төлемгерлердің тапсырған тиісті деректерімен, уəкілетті мемлекеттік органдардың мəліметтерін салыстыру, зерттеу негізінде анықталған заң бұзушылықты, айыппұл санкциясын қолданбай салық төлеушіге өз еркімен 30 күн ішінде түзетуге, я дəлелдеуге мүмкіндік беру болып табылады. 2011 жылы осындай автоматтандырылған камералдық бақылау нəтижесімен бюджетке қосымша 2,0 млрд. аса салық жəне басқа да міндетті төлемдер есептелді. 2010 – 2011 жылдары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы бойынша автожол құрылысын жүзеге асырып жатқан шетелдік жəне басқа облыстардан келген 26 мердігерлік, қосалқы мердігерлік мекемелер жəне кəсіпорындар басшыларымен, жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен кездесулер жүргізіліп, салықтық есепке тұру, басқа да міндеттіліктері жайлы айтылып нəтижесінде олардан 2010 жылы – 312,3 млн. теңге, 2011 жылы – 1756,2 млн. теңгеге облыстық бюджетіміз толықты. – 2012 жылға қаралған бюджеттік жоспарларды орындау үшін қандай ұстанған жаңа бағдарларыңыз бар? – Есепте тұрған салық салу объектілеріне жасалған талдау, түгендеу нəтижелері, кəсіпкерлік мақсатта пайдаланатын көптеген жылжымайтын мүлік объектілерінің бағалануы, атап айтсақ

тойхана, кафе, дүкен жəне т.б. нарықтық бағаға сəйкес еместігін көрсетті. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың жер учаскелерін иеленуі меншік құқығындағы тұрғын үйлердің белгіленген тəртіпте есепке алынуы, бағалануында кемшіліктер бар. Бұл əрине жергілікті бюджетке түсетін жер, мүлік салықтарының толық түсуіне кері əсерін туғызып отыр. Заң аясында қозғалмайтын мүліктерді иелену, олардың бағалануын үйлестіру, жүйелендіру бағытында, Қызылорда қаласында ГЕО картасы ақпараттық жүйесін енгізу арқылы оған енген деректерді салықтарды есептеу барысында негізге алып, пайдалану көзделіп отыр. – 2012 жылғы Ел басының Жолдауынан қандай қосымша міндеттер туындайды? – 2012 жылдың кантар айында мемлекет Басшысы Қазақстан халкына арнаған Жолдауында Қаржы Министрілігіне, Экономикалық даму жəне сауда Министрлігімен жəне салалық министрліктермен бірлесе отырып экономиканың жəне оның даму секторының көрсеткіштері жəне салық түсімдерінің арасындағы сəйкессіздікті анықтау бойынша талдау жасауды тапсырды. Осыған байланысты, нақты салық базасын анықтау жəне салық төлеушілерді салық төлеуге тарту мақсатында, «Жол картасы», «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша мемлекеттік сатып алу шеңберінде, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы бойынша жəне басқа да инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ мұнай операторларының мердігерлері болып табылатын ірі салық төлемгерлерінен бюджетке түсетін төлемдер мен салықтардың толықтай түсуіне белгіленген тəртіпте бақылануы жүктелді. – Соңғы уақытта халыққа көрсететін қызмет сапасын жақсарту көп айтылып жүр, осыған қатысты айтарыңыз? – Салық заңнамасында жəне салық қызметінің даму стратегиясына сəйкес, салық қызметі органдарының жұмысына қоғамның қанағаттануын жəне салық мəселері жөнінде ақпараттық хабардарлығын қамтамасыз ету негізінде мемелекет қазынасын толықтыруға қол жеткізетіндігіміз белгілі. Осыған байланысты негізгі міндеттеріміздің бірі салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту, қанағаттануын қамтамасыз ету. Салық төлеушілерге ақпараттық қабылдау жəне өңдеу Орталықтарында өз міндеттерін еш кедергісіз орындауға, кезекте көп тұрмауға барынша мүмкіндік жасап, қызмет сапасы белгіленген стандартқа сай атқарылуы үйлестірілген. Өтініштер бланкалары тегін берілуде, салықтық қызметтер тегін көрсетіледі. Салықтық қызмет көрсетулер деңгейіне «Сандж» қоғамдық қоры зерттеу орталығының тарапынан жыл сайын əлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Зерттеу жұмыстары нəтижесімен анықталған кемшіліктерді жою, салықтық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында тиісті іс-шаралар атқарылуда. Тəуелсіз əлеуметтік сауалнама қортындысы бойынша 2011 жылы халықтың салықтық қызметтер сапасына қанағаттанушылық деңгейі 78,7 пайыз, бизнес субъектілерінің салықтық қызметтер сапасына қанағаттанушылық деңгейі – 88,8 пайыз жəне бизнес субъектілерінің ақпараттандырумен қанағаттанушылық деңгейі – 91,5 пайыз болып, Республика бойынша орта деңгейде тұрмыз. Ж. ОРАЛБАЕВА. Қызылорда облысы

5

САЛЫҚ

saltar61@mail.ru

Жемқорлық

ТАЛАП-МЕМЛЕКЕТТІК ТӘРТІПТІ НЫҒАЙТУ Мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметшілерге қойылатын басты талаптар – мемлекеттік тəртіпті нығайту, бюрократтық кедергілерді жою, заңдылық нормаларының сақталуы жəне сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайларды болдырмау екендігі баршамызға айқын. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес тек құқық қорғау, қадағалау органдарымен жəне əкімшілік ресурстарымен ғана емес, қоғам болып бірлескен күштермен жүзеге асырылуы тиіс. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында: «Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзінөзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік жəне өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті» деп көрсетілген. Жыл сайынғы Елбасымыздың Жолдауларында да сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту туралы айтылады. Аталған мақсатқа жету үшін сыбайлас жемқорлық мəселелері бойынша барлық мемлекеттік органдар бірлесіп, жұмыс атқару қажет екендігі белгілі. Əрине, сыбайлас жемқорлықпен күресу оңай емес, ол тамырын тереңге жайған кесел. Оны құртпас бұрын, оның туу, даму себептерін анықтау жəне оның дамуына жағдай туғызбау керек. Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келген-

ше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы бағытта өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сен��мінің үдесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу жəне өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, қаржы полициясы, ішкі істер, салық, кеден жəне шекара қызметі органдарымен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылдың жартыжылдығында Жамбыл облысы бойынша салық департаменті де өз құзыреті шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу мақсатында жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген іс-шараларды бұхаралық – ақпарат құралдарында кеңінен жарялап, қызметкерлерді жемқорлыққа қарсы тəрбиелеу аясында облыс салық басқармаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жəне қызмет этикасын сақтау Комиссияларының 20 отырысы өтті, аудандық маслихат депутаттарының, ардагерлер қоғамының төрағаларының, «Атамекен» Одағы Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы Жамбыл облысындағы филиалы өкілдерінің жəне «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалдардың төрағаларының қатысуымен бірлесе сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған 22 семинар, 10 дөңгелек стол өткізді, 80 мақала жариялады, 7 рет жергілікті радиодан хабар берді жəне 143 кəсіби сабақтар жүргізді.

2010 жылғы мамыр айының 19 жұлдызында «Нұр Отан» ХДП-ның Жамбыл облысы филиалы, Жамбыл облысы бойынша экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жəне Жамбыл облысы бойынша Салық департаменті арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алуда өз-ара қарым-қатынасқа арналған меморандумының жəне 31.05.2010 жылғы бірлескен іс-шара жоспарының аясында салық органының бастамасымен Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен бірлесіп ҚР ҚК 312 бабы бойынша салық қызметкеріне пара беру фактісі анықталып, осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Салық міндеттемелерін орындау барысында азаматтардың, ұйымдардың жəне мемлекеттің құқықтарын қорғау, сонымен бірге қоғамда халықтың мемлекетке деген сенімін қамтамасыз ету, жəне де салық қызмет органдарында жемқорлық пен лауазымдық құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында Жамбыл облысы бойынша Салық департаментінде (7262) 45-1993 нөмірлі сенім үнсандығы жəне ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің сайтында www.salyk.kz электронды арыз тіркеу кітабы жұмыс істейді. Қ. ТӨКЕНОВ. Жамбыл облысы бойынша салық департаментінің ведомствалық бақылау басқармасының бас маманы

Ереже

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯЛАР ҚР аумағында қызметін арнайы табиғат пайдалану тəртібімен жүзеге асыратын жеке жəне занды тұлғалар қоршаған ортаға эмиссия төлемақысын төлеушілер болып табылады. Салық салу объектілері: 1. ластағыш заттар шығындыларының; 2. ластағыш заттар төгінділерінің; 3. өндіріс жəне тұтынудың орналастырылған қалдықтарының белгіленген нормативтері шегіндегі жəне одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектілері болып табылады. Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті мемлекеттік органдар беретін экологиялық рұқсат негізінде жүзеге асырылады. Белгіленген тəртіппен рəсімделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығындыларын қоспағанда (жанар-жағар майлар), қоршаған ортаға белгіленген эмиссиялар нормативтерінен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретінде қарастырылады жəне бюджетке төленетін төлемақыны рұқсат қағазын алмаған жағдайда 10 есе ұлғайтылып, бюджетке төленеді. Салық декларациясын төлемақы төлеушілер ластану объектісінің орналасқан жері бойынша есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей 870.00 нысанын тоқсан сайын табыс етеді. Салық төлеушілер қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі үшін төлемақының ағымдағы сомаларын, есепті

тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей төлейді. Төлемақы ставкалары, Салық Кодексінің 495 бабы бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш бойынша, əр салық төлеуші тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығындыларының түрпері мен өндіріс жəне тұтыну қалдықтарының түрлері бойынша 1 тонна үшін есептеп шығарылып, барлық тонналарға көбейтіледі. Қазақстан Республикасы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңының 495 бабының 9 тармағына сəйкес Жамбыл облыстық мəслихатының 15 наурыз 2011 жылғы №32-7 шешімімен қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары 1,5 ұлғайтылған. Жамбыл облыстық мəслихатының шешімі Жамбыл облысы Əділет департаментінде 2011 жылдың 18 сəуіріндегі нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №1774 болып енгізілген. 870.01 нысанының қосым-шасының толтыру тəртібі жəне бұл қосымша нысан əр тұрақты көздерден ластағыш эаттардың шығындыларының түрлері мен өндіріс жəне тұтыну қалдықтарының түрлері бойынша жеке толтырылады. Ж. РАХЫМБЕРДИЕВ. Жуалы ауданы бойынша салық басқармасының бөлім бастығы. Жамбыл облысы


6

СҰХБАТ

№5 (423) 10 наурыз, 2012 жыл saltar61@mail.ru

Біздің мемлекеттің салық саясаты экономиканы дамытуда, әлеуметтік ахуалды көтеруде үйлестіруші, реттеуші рөл атқарып келеді. Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында салық жүйесін мемлекеттің даму ерекшеліктеріне сәйкестендіру үшін тиісті міндеттер жүктейді. Өйткені мемлекетіміздің қалыпты дамуы мен өркендеуі бюджет кірісінің оңтайлы қалыптасуымен тығыз байланысты. Бүгінгі Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының бастығы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаевпен арадағы әңгімеге осы тақырып арқау болған еді. - Серік Жолдасбекұлы, салық қызметінің жұмыс сапасы болжамдалған көрсеткіштердің орындалуымен бағаланады. Бюджеттің кіріс бөлігі түсімін қамтамасыз ету салық қызметі органдарының негізгі міндеті екені белгілі. Осы ретте өткен жылдың мемлекеттік, республикалық, жергілікті бюджеттердің түсімдері туралы айтып өтсеңіз?

жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Қала бойынша ҚР ƏҚБКне сəйкес жіберілген заң бұзушылықтар үшін 167 дара кəсіпкер жəне 12 лауазымды тұлға əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соған байланысты барлығы 4286,5 мың тенге айыппұл есептелініп, оның 3643,5 мың тенгесі бюджетке өндірілді.

САЛЫҚ КЕМЕЛДЕНУ КЕПІЛІ - Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасына 2011 жылға бекітілген мемлекеттік бюджет болжамы – 103,2 %, республикалық бюджет - 105,7 %, жергілікті бюджет - 99,9%-ға орындалып отыр. 2011 жылдың шоғырландырылған бюджет (ұлттық қорға түскен түсімдерді қоса алғанда) түсімі 481 014,7млн. теңге болып, оның ішінде мемлекеттік бюджетке 33 967, 4 млн. теңге, республикалық бюджет түсімі – 20 192,8 млн. теңге, жергілікті бюджет түсімі – 13 774,6 млн. теңге. Мемлекеттік бюджетке 2011 жылы түсім өткен жылымен салыстарғанда 6 430,7млн.теңгеге артық түсті (түсім қарқыны 123,4%), оның ішінде республикалық бюджетке 5 314,6 млн.теңге (түсім қарқыны 135,7%), жергілікті бюджетке 1 116,1млн. теңге (түсім қарқыны 108,8%). Қызылорда қаласының шоғырландырылған бюджетінің 92,6 % мұнай өнімдерін өндіретін ірі мұнай компанияларынан түскен салықтық түсімдер құрап отыр. - Бюджет түсімдерінің қосымша көздерін табу мақсатында қандай жұмыстар жүргізілді? - 2011 жылда барлығы 2 143 салықтық тексеру жүргізілді, оның ішінде 282 – кешенді, 38 – тақырыптық, 1823 – қарсы тексеру. Тексерілген кешенді жəне тақырыптық тексерулер қорытындысы бойынша барлығы 16502,2 млн. теңге бюджет есебіне қосымша салықтар мен басқа да міндетті төлемдер есептелінді, оның ішінде салық – 13280,1 млн. теңге, өсім – 3222,1 млн. теңге. Қосымша есептелінген салықтар, төлемдер жəне өсімдердің, шағым қорытындысы бойынша кемітілген, шағымданған, банкроттық процедурадан өтіп таратылған, проблемалық берешек «Бересі-2» жəне төлеу мерзімі жетпеген салық соммаларын қоспағандағы бюджетке 15056,1млн. теңге өндірілді. Тіркелмеген салық төлемгерлерді анықтау жəне жедел топтар бөлімі кəсіпкерлік субъектілеріне 231 тақырыптық тексеру жүргізіліп, оның ішінде шағын бизнес субъектілерінде əр түрлі заң бұзушылықтар анықталды. Салық Кодексінің 645,650 бабтарына сəйкес бақылау кассалық машиналарының қолдану тəртібін бұзған жəне бақылау-касса машинасыз жұмыс атқарған үшін 170 салық төлемгерлерінен ( чек ұрылмаған, бақылау кассалық машиналары жоқ) салық заңдылықтарын бұзғаны анықталды, сол себептен Əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 215 бабына сəйкес əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салық органында тіркелмей жеке кəсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін 45 жеке тұлғаға ҚР Əкімшілік кодексінің 357-1 бабына сəйкес хаттамалар толтырылып,

Қосымша бюджет түсімдерінің көздерінің бірі қамералды бақылау болып табылады. Қамералдық бақылаудың нəтижесінде 2011 жылдың көлемінде 2010 жылға корпоративтік табыс салығының жылдық декларациясын нөльдік көрсеткішпен тапсырған 452 салық төлеушілерінің салық есептілігі мен бет есептеріне талдау жұмыстарын жүргізу нəтижесінде 11 698,6 млн. теңге сомасында жылдық жиынтық табысын көрсетпеген 211 салық төлеуші анықталды. Бақылау жүргізіп, əңгімелесу нəтижесінде 140 салық төлеуші 260,2 млн. теңгеге қосымша салық есептілігін тапсырды. Кіші жəне орта бизнес субъектілір бойынша салық базасын ұлғайту мақсатында, арнаулы салық режимі бойынша жұмыс жасайтын қала бойынша і��і, кіші жəне орта бизнесімен айналысып, салық декларациясы бойынша тапсырған табыстарын төмендетіп немесе нөлдік көрсеткішпен тапсырып келген 620 салық төлеушілерге талдау жасалынып, айырма шыққан 297 салық төлеушілерге хабарлама беріліп, əңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Нəтижесінде, салық төлеушілер 675,4млн. теңге қосымша табысын көтеріп, 20,3 млн. теңгеге салық есептелініп, бюджетке толық өндірілді. - Салықтық қызмет көрсетудің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстардың барысы қалай? - Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт Көшбасшысы Н.Ə.Назарбаевтың «əлеуметтікэкономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға міндеттер кешенін жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды. Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының басым бағыттарының бірі салық төлеушілерін сапалы мемлекеттік қызметпен қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі таңға салық органы тарапынан салық төлеушілерге көрсетіліп жатқан салықтық қызметтер операциялық орталықтар арқылы, яғни ақпараттарды қабылдау жəне өңдеу орталықтары арқылы ұсынылуда. Осыған орай əр қызмет бойынша ҚР Қаржы Министірімен мемлекеттік стандарт бекітілген. Қызмет ұсыну уақыты 20 минуттан асырмауы қамтамасыз етілген. Салық төлеуші күтіп отырған уақытында орталықта орнатылған теледидар арқылы салық заңдылығына енген өзгерістермен жаңартулар туралы жəне басқа да салық саласына қатысты бейне роликтерді көріп отыруына мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда салық төлеушілердің 80 %-ы салық есептерін электронды жүйеде тапсырады. Өткен жылғы Салық төлеушілердің

Ассоциациясы қоғамдық пікірді зерттеу орталығының жүргізген зерттеуінде қоғамның салықтық қызметтің ең көп кездесетін түрлеріне қанағаттануы 96 пайызды құрап отыр. Зерттеу жұмыстары нəтижесімен анықталған кемшіліктерді жою, салықтық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында тиісті іс-шаралар атқарылуда. -Кедендік одақ аясында тауарларды экспорттау жəне импорттау кезіндегі жанама салықтарды кімдер төлейді жəне осы ретте кедендік одақ аясында салықтандыруға қатысты туындайтын сұрақтар жəйлі жəне атқарылған жұмыстар тұралы айтып кетсеңіз? - Салық кодексіне сəйкес кеден одағына мүше мемлекеттерден тауарларды импорттаушы немесе экспорттаушы тұлғалар жанама салық төлеушілер болып табылады. Бұл ретте оқырмандарда осы жанама салықтарға төлемгерлер тек салық органдарында қосымша құн салығын төлеуші болып тіркелінген тұлғалар ғана деген жансақ пікір туындамау керек. Яғни, жоғарыда көрсетілген одақтас мемлекеттер Ресей Федерциясы жəне Беларусь Республикасымен импорттық экспорттық қатынас жасайтын тұлғалардың барлығы жанама салық төлеушілер болып табылады. Негізінен Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасы үштік одақтан тауарларды импорттау мен экспорттау операциялары бойынша жанама салықтарды əкімшіліктендіру жұмыстарын 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап атқаруда. Ресей Федерациясынан негізінен өндірістік мақсаттардағы əртүрлі құрал-жабдықтар, шикі мұнай, өндірістік арнайы техникалар, халық тұтынатын тауарлар импортталынса, Беларусь Республикасынан негізінен ағаш бұйымдары жəне автокөліктер əкелінуде. Өткен 2011 жылы Ресей Федерациясынан Қызылорда қаласына 21 млрд. теңгенің тауарлары импортталынып одан бюджетке 2 млрд. теңгеден астам қосымша құн салығы түсіріліп, қазына қоржынына болжамдалынған кіріс 104% артығымен орындалса, Беларусь Республикасынан 100 млн. теңгеден астам тауарлар импортталынып, бюджетке 15 млн. теңгеге жуық ҚҚС төленді, яғни бюджеттің кіріс бөлігі 113% артығымен орындалуы қамтамасыз етілді. Биылғы жылдың алғашқы екі айында қазынаға РФ-нан 199 млн. теңгеге жуық, БР-нан 4,5 млн. теңгеге жуық қосымша құн салығы түсірілді. Бұл көрсеткіштер 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда РФ бойынша 41 млн. теңгеге, ал БР бойынша 2,5 млн. теңгеге артық. Келтірілген көрсеткештерге сүйене отырып Қызылорда қаласы үшін Ресей Федерациясы кедендік

одақтағы басты əріптес деп айтуға болады. Себебі, 2010 жылдың екінші жарты жылдығында Ресей Федерациясынан импортталынған тауарлар үшін бюджетке 400 млн. теңгеге жуық жанама салықтар түсірілсе, өткен жылдың сəйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 853 млн. теңгеден асып отыр. Кедендік одақ шеңберінде жанама салықтарды əкімшіліктендіру жұмысың өзіндік қиыншылықтары да жоқ емес. Кеден одағы шеңберінде ҚҚС салығын əкімшіліктендіру ерекшеліктерін салық төлемгерлеріне түсіндіру мақсатында салық органдарының бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізіп отырған жұмыстарына қарамастан жекелеген тауар импорттаушы салық төлемгерлерінің Қазақстан Республикасының «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің талаптарын сақтамау жағдайлары кездесуде. Өткен жылы осындай салық төлемгерлері анықталып, оларға ҚР «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сəйкес 8,1 млн теңге айыппұл салынып, оның 7,1 млн. теңгесі немесе 87,7% бюджетке өндірілді. - Салық жəне басқа да міндетті төлемдердің бюджет берешегін өндіруде былтыр нақты қандай жұмыстар атқарылды? - Өткен жылы бюджет берешегін өндіру мақсатында ҚР Салық кодексінде көзделген мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тəсілдері мен салық берешегін мəжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылды. Берешегі 15 319,1млн. теңгені құрайтын 3338 салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарылып, банктерге жіберіліп, 6 992,5млн. теңгесі өндірілді. Берешегі 8 314,8 млн. теңгені құрайтын 2262 салық төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарылып таратылды. Салық берешегі бар 78 заңды тұлғаның дебиторына 109,8 млн. теңгеге хабарлама құрастырылып таратылды, 25-не 8,4 млн. теңгеге банктегі шоттарына инкассалық өкім қойылды. Дебиторлармен өзара есеп айрысу салыстырып тексеру актісін табыс етпеген 14 заңды тұлғаға тақырыптық тексеру жүргізілді. 36 салық төлеушілерге 3 758,9 млн. теңгенің мүлкіне билік етуіне шектеу жасалды. Берешегі 17 829,2 млн. теңгені құрайтын 1484 салық төлеушінің салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу үшін инкассалық өкім қойылған, оның өндірілгені 1 382,4млн. теңге. ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің негізінде салық

САЛЫҚ ТƏРТІБІ

жəне басқа да міндетті төлемдерден, міндетті зейнетақы жарнасы мен əлеуметтік аударымдардан 1 505 қаулы шығарылып, 30,2 млн. теңгеге айыппұл салынды. Айыппұл салынған 617 салық төлеушінінің 22,4млн.теңге айыппұлы бюджетке өндірілді. -Салық төлемгерлерінің сауаттылығын арттыруға арналған жұмыстар жүйелі жүргізіле ме? - Əрине, осы уақытқа дейін салық төлеушілері мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен 10 семинар-кеңес, 2 «ашық есік» күні, 7 кездесулер, 2 «дөңгелек үстөл» ұйымдастырылды. - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы жөнінде Сіздің басқармаңызда сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде қандай жұмыстар жүргізілуде? - Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа жолдауындағы басым бағыттардың бірі – ол сыбайлас жемқорлықпен күресті тұрақты жүргізу екендігі белгілі. Əрине осы тұста мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметкердің жұмысы, іс-əрекеті - шындық, айқындық адалдық, ашықтық принциптеріне негізделуі қажет. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында заңдылық аясында үнемі жəне жүйелі түрде жұмыс жасауға міндеттіміз. 05.01.2012 жылы №3 санды бұйрығымен Қызылорда қаласы бойынша Салық басқармасының «Қызмет этикасын сақтау жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» комиссия құрылған. Сонымен қатар, Салық басқармасының ақпараттық стенділерінде қызметкерлердің құқыққа қарама-қайшы келетін іс-əрекеттері туралы ақпарат жолдауға болатын электронды мекен-жайлар жөнінде мəлімет ілінген. Азаматтардың құқықтарын қорғау, салық органы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қызмет этикасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында басқармада 30-18-53 «сенім» телефоны жұмыс жасайды. Ақпарат қабылдау жəне өңдеу орталықтарында жəне «Салық төлеушілер терминалында» арыз-шағым жəшіктері орналастырылған. Арыз-шағым жəшігінің электронды мекен-жайы да қызмет етуде. Басқарма қызметкерлерінің ұйымдастыруымен салық төлеушілерінің, түрлі ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің қатысуымен семинарлара мен кездесулер жүргізілуде, сонымен қатар, басқарма басшылығымен «Нұр Отан» ХДП-мен бірлескен қоғамдық қабылдау жүргізілді. Жыл бойына 2-3 рет сыбайластықтың алдын алу мақсатында Ашық есік күндері өткізіледі. Аталмыш шаралардың барлығы да бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, алдын-ала хабарландырулар беріледі. - Салық басқармасында ер адамдармен қатар қанша келіншектер, арулар жұмыс жасайды? Оларға 8 наурыз мейрам күнімен құттықтау айта кетсеңіз? -Басқарма қызметкерлері нақты штат саны – 137, оның 82 əйел қызметкерлер. Сіздерді 8 наурыз халықаралық əйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға Баянды бақыт, зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға қуаныш пен береке-бірлік тілеймін. Ана – бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен əлемді тербеткен асыл жандар емес пе, əлемнің тыныштығын əрқашанда сақтап, гүлдендіре берсін. Аналарымыз бен қыз келіншектерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, көктемнің жадыраған күніндей күлімдей берулеріне тілектеспін. Əрқашан да елімізде тек бейбітшілік болсын. Мемлекетіміздің өсіп-өрлеуі мен қоғамымыздағы тұрақтылықты нығайту жолында атқарып жатқан игі істеріміз табысты болсын! - Əңгімеңізге рахмет. А. ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ. Қызылорда облысы


САЛЫҚ ТƏРТІБІ

№5 (423) 10 наурыз, 2012 жыл

ШАРАПАТ

saltar61@mail.ru

7

Шуақты мереке Тіршілік иесін абыржытқан қатал қыс шығысымен жанды жайнатып көктем келді. Көкте күн күлімдеп, айнала көк желекке бөленгенде жаныңа ерекше сезім сыйлар көктемнің жылы лебі тынысыңды ашады. Төрт мезгілдің ішіндегі жаңару, жасаруды ұстанған көңілді көктемнің алғашқы шуақты мерекесі «8 наурыз-Халықаралық əйелдер күні» үлкен шабытпен тойланады. Ер азаматтармен иық тіресе, елді жерді қорғап, бірге соғыс дəмін татқан жасық ерге бергісіз қажырлы əйелдердің тарихта аты қанша рет қалды десеңші. Сонау Тұмар ханшайымнан бастап айтсақ, Əлия мен Мəншүкті, Лəззат пен Айнұрлардың есімін ескермеу мүмкін емес. Иə, бұлар халықтың басына қиын-қыстау сəт түскенде елі үшін еңірегендер. Ал енді біз əңгімелегелі отырған кейіпкерлер бейбіт өмірде қақаған суыққа, аптап ыстыққа қарамастан мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі үшін кеден шекарасында тер төккен кеденші қыз-келіншектер. Егемендік алып, тəуелсіздік туымыз желбіреген тұста өз шекарамыз бекітіліп, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1991 жылы құрылған кеден органдары тəуелсіздігімізбен бірге түлеген құрылым. Осы құрылымда кедендік төлемдер мен салықтарды өндіруде, контрабандалық қылмыстармен күресте, кедендік бақылаудың заманауи техникалық құралдары арқылы құқық бұзушылықтарды ашуда аянбай тер төгіп келе жатқан жамбылдық кеденші қызкеліншектердің еңбектері ерен. Департаменттің орталық аппараты мен бақылап-өткізу пункттерінде не бəрі елуге жуық нəзікжандылар тер төгуде. Бірақ бұл азаматшалардың облыс кеден қызметіне тигізіп отырған үлестері зор. Мəселен, контрабандалық қылмыстарды анықтау, кедендік тексеру бағытында Гүлсара Садырова,

КЕДЕНДЕГІ ЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР

Ақмарал Ақтаңова, Алтынай Жақсылықова, Жанет Ниязалиева, Мақпал Маханова жəне Аруна Сейілхановалар еліміздің кеден шекарасы арқылы өту кезіндегі күдікті əйел азаматшаларын кедендік тексеруді жүзеге асыратын сенімді қызметкерлер. Экспорт жəне импорттық түсімдерге бақылау жасап, кедендік төлемдер мен салықтарды өндіру, есептеу, қайта есептеп өндіру бағытында

Ирина Готфрид, Лариса Головлева, Тахмина Сатувалдиева, Дильноза Бабеджанова, Дана Дүйсембекова, Несіпкүл Тұрдахова, Қуаныш Мəлібекова, Жазира Шəймерденовалардың көмегі зор. Негізгі қызметке кадрлық жұмыстар, бухгалтериялық есептеулер, статистика, құқықтық қамту жəне кеңсе сияқты қосымша күш бағытында қолғабыс етіп отырған нəзікжандыларымыз Гүлжанат

Мəжіліс

Ғиниятова, Раушан Тəжікеева, Мария Андросова, Махаббат Ақбасова, Сəуле Əбдірəсілова, Алма Қалиева, Оксана Фуникова, Айгүл Шəріпова, Рыскүл Өмірзақова, Айғаным Əбдікерімова, Гүлзира Атыханова, Дүлпарыз Ержанқызы, Элеанора Тілепбергенова, Ұлбосын Туғанбаева, Лəззат Əміризатова, Жанна Жасыбаева, Наталя Коршикова, Аяжан Жұмабекова, Шолпан Абжановалар көрсететін қызмет абыройлы. Өткен жылы ғана ел Тəуелсіздігімен бірге өзінің 20 жылдығын атап өткен кеден органдарында сонау егемендіктің алғашқы жылдарынан бері ерен еңбек етіп кележатқан əріптестерімізді ерекше атап өткіміз келеді. Олар: Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бастығыГүлмира Нұсқабаева, бөлім бастығы-Шолпан Əбдірəсілова, Тəуекелдерді талдау жəне статистикалық бөлімді басқаратын Людмила Степанченко жəне Эльмира Берденова. Айта кетуіміз керек, өткен жылы əр кеденші-қыз келіншек мемлекет қазынасына 17 миллион 300 мың теңгеге жуық кедендік төлемдер мен салықтар өндірді. Əңгімемізді ел экономикасының қауіпсіздігі жолында аянбай тер төгіп жүрген кеден аруларына деген мына өлең-шумақтарымен аяқтағымыз келеді: Шен-шекпені көк аспандай, өздеріне жарасқан, Сырт-сымбаты əсемденіп, күн нұрымен таласқан. Бізбен бірге сапта əркез арулары кеденнің, Қырмандатып қаржы құйған қазынасына елімнің, Құтты болсын мейрамдарың арулары кеденнің! Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ерлер қауымы

Лебіз

НАҚТЫ ЖҰМЫСТАР БЕЛГІЛЕНДІ Қызылорда облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде 2011 жылды қорытындылаған кеңейтілген мəжіліс өтті. Қызылорда облысының сыртқы сауда айналымы 2011 жылда 1 443 943 мың АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 168 324 мың АҚШ долларына немесе 12 пайызға өскен. Экспорт көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 36 пайызға өскен, оның ішінде шикі мұнай жəне мұнай өнімдері 35 пайызға (2011 жылы – 2011 жылы 1 024 663 мың долл, 2010 жылы 759 484 мың долл), мұнай газдары жəне өзге де газ 46 пайызға (2011 жылы – 51 578 мың долл, 2010 жылы 35 265 мың долл) артқан. Импорт көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда -27 пайызға кеміген, оның ішінде автокөлік құралдары мен бөлшектері -49 пайызға (2011 жылы – 13 359 мың долл, 2010 жылы 25 965 мың долл.), қара металл бұйымдары -49 пайызға (2011 жылы – 51 042 мың долл, 2010 жылы 87 289 мың долл.) кемігені байқалады. 2011 жылы мемлекеттік бюджет пайдасына 16 млрд. 491 млн. 774 мың теңге кедендік төлемдер мен салықтар түсіріліп, болжамды тапсырма 102,3 пайызға орындалды. Кедендік төлемдер мен салықтардың түсімі алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 млрд. 492 млн. 967 мың теңгеге немесе 49,9 пайызға артты. 2011 жылы кеденшілер тарапынан сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғаларға 13 көшпелі жоспарлы, 4 көшпелі жоспардан тыс жəне 124 камералдық, барлығы 141 кедендік тексерулер жүргізілді. Нəтижесінде қосымша 2 млрд. 888 млн. 535 мың теңге кедендік төлемдер мен салықтар қайта есептелініп, алдыңғы жылғы өтелмеген қарыздарды қоса есептегенде мемлекет қазынасына 3 млрд. 336 млн. 073 мың теңгенің кедендік төлемдер мен салықтары өндірілді. 2011 жылы 13 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша мемлекетке келтірілген жалпы залалдың 16 млн. 506 мың 002 теңгесі қайтарылды жəне қозғалған істер бойынша айналымнан жалпы соммасы 12 214 657 теңгенің тауарлары алынды. Департамент қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел-қызметтік шаралар барысында қызметтік-іздестіру иттердің көмегімен есірткінің заңсыз айналымына байланысты барлығы 21 факті анықталып, айналымнан жалпы салмағы 2

килограммға жуық. есірткі заттары алынды. Əкімшілік құқықбұзушылық фактілері бойынша 412 іс қозғалды Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 39 696 248 теңгені құрады. Мəжілісті Департамент бастығы Н.Отаров қорытындылап, Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы кеден органдарының 2012 жылғы міндеттеріне тоқталды. «Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру», «құқыққорғау жүйелерін жаңғырту», «жаңа индустриялықинновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы-экономикалық жəне салық жүйесіндегі құқықтық нормаларды жетілдіру, шетел инвесторларына құқықтық қызмет көрсету» сияқты Жолдау талаптары Қазақстанның кеден қызметінің алдына нақты міндеттер қойып отыр. Республиканың транзиттік ауқымын дамыту, шекарадағы тауар өткізу сапасын жетілдіру, «Біртерезе» жүйесін іске қосу, бизнес құрылымдармен өзара тиімді байланыс орнату, оларға құқықтық нормалар бойынша кеңес беру жүйесін дамыту, кеден қызметкерінің Жарғысын жəне оның құқыққорғау қызметіндегі Концепциясын жасау, əр қызметкердің жүктемесіне орай оны аттестациядан өткізу, ҚР кеден органдарындағы жемқорлықты азайту бойынша Іс-шараларды жалғастыру – міне бүгінгі күнгі кеден қызметкерінің алдына осындай нақты жұмыстар қойылып отыр. Республика бюджетінің 40 пайызға жуық кіріс бөлігін қамтамасыз етіп отырған, экспорт-импорт операциялары кезіндегі құқықбұзушылықтармен күресу сияқты келелі саланы қамтып отырған кеден қызметі, дəл қазіргі кезде, «жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтарға қатысы бар» делініп, елдің аузында жүрген сала. Қызметі қауырт, міндеті сан-салалы. Биылғы жылдың алғашқы айында ғана республика бюджетіне 1 млрд. 229 млн. теңгенің кеден баждарын, ал қозғалған əкімшілік істер нəтижесімен жергілікті бюджетке 11 млн. 544 мың теңгенің айыппұлын өндіріп үлгерді. Б.ОРДАНОВА. Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметкері

БАР ШАТТЫ НЗІК ЖАНДАРА! Міне, көкжелек көктемнің күндерімен ілесе Міне ілесе, махабат пен нəзіктіктің мерекесі 8 наурыз - Халықаралық əйелдер күні де келді. Адам баласына əлем жарығын сыйлаған əйелдер мерекесі тек шаттық пен жақсылыққа толы болсын! Асылы, əйелсіз əлемді елестету мүмкін емес. Осы өмірде барлығы да ауыспалы, алайда əйелдерге деген ер-азаматтардың қамқор көңілі ешқашан өзгермейді деп ойлаймын. Барлық замандарда əйел аты əдемілік қана емес, адалдық ұғымымен де байланысты болған. Əрі, əйел заты əлімсақтан үздіксіз жаңару мен мəңгілік жаңғыру символы саналады. Сондықтан да болар, əйел мен ана тақырыбына тоқталмаған өнер иесі кем де кем. Осы бір мерекеде өзім басшылық етіп отырған Жамбыл облысы бойынша Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің қыз-келіншектерін де құттықтап өткім келеді. Қыз – келіншектер қаржы полициясында, жалпылай алғанда құқыққорғау органдарында ерлермен қатар, уақытпен санаспай қызмет етіп келеді. Олардың елімізде тəртіп пен заңдылықтың орнауына, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуде қосып отырған үлесі қомақты деп білемін. Осындай қиын да, жауапты қызметте жүріп олар ардақты ана, асыл жар екендерін бір сəтке де ұмытқан емес. Егемен еліміздегі ең ізгі мерекемен қаржы полициясында қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер мен əулиеаталық əйелдердің барлығын шын жүректен құттықтай отырып, олардың əрбіріне əйел бақыты мен аналық абырой жəне мəңгілік махабат тілеймін! С.ӨТЕМБАЕВ. Жамбыл облысы бойынша ЭСЖҚД бастығы. қаржы полициясының полковнигі


8

№5 (423) 10 наурыз, 2012 жыл

АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІ

saltar61@mail.ru

Тіл тұғыр

АНА ТIЛIМ – АЛТЫН ҚАЗЫНАМ Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Қазақпын деген әрбір азамат «тілім тәуелсіздігімнің тіреуі, тілім болашағым, тіліммақтанышым»,-деген биік сезімді мұрат етсе шіркін. Бұл әсіресе билік басындағылар мен халық қалаулылары қатаң ұстанар қағидаға айналуы қажет. Себебі олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, сөйлеген сөзі үнемі көптің көз алдында. Көзқарасы қалыптасып үлгермеген еліктегіш жастар соларға қарап бойын тіктеп, ойын түзейді. Ал, ол мырзалар бәз-баяғы қалпы, мінбеге шығады да, орысша жетілдіріп ала жөнеледі. Сонда олардан үйренер үлгі алар өнеге осы болғаны ма? Осылай қашанғы жалғаса бермек? Әрине өткенді қайтара алмаймыз. Ендігімізге береке берсін. Айтайын деп отырғаным, бүгінгі ата-анаға құлаққағыс. Кешегі қателік бүгін қайталанбаса деген тілек. Халқымыздың өзіне ған тән тамаша әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін бойға сіңіргенде ғана ұлттық мінез қалыптаспақ. Ұлтжандылық сезімі оянбақ. Ал, оның түп төркіні қасиетті ана тілінде жатқан жоқ па? Ана тілін ықыластана үйреніп, тіпті, мемлекеттік тілде баяндауға құлшыныс танытып жатқан шенеуніктердің ұмтылысы, әрине, қуанарлық жағдай. Ал, өз тілін жетік біле тұра, өзге тілде сайрай жөнелетіндерге қарап отырып, қайран қаласың. Орысша сөйлемесе, кісілігіне мін, лауазымына нұсқан келетіндей. Ондайлар өзге тілде сөйлесе өзін зор сезініп, ана тілінде сөйлеуге қорланатын секілді. Керісінше, өз тілінде көсіліп бір сөйлей алмағаннан асқан қорлық , тіпті, сорлылық жоқ та шығар, сірә?! Қазақ тілінің қанатынан қайырылған құстай еркін самғай алмауына орыс та, өзге ұлт өкілдері де кінәлі емес.

Кінәлілер қазақ тілін менсінгісі келмейтін, оған мұрын шүйіре қарайтын шұбар тілБалаладі қандастарымыз. рын қазақша оқытпақ тұрмақ, тәуелсіздіктің жиырма жылында жиырма сөз үйренбеген, үйренуге құлық танытпаған өз қазақтарымыз. Қасиетті тіліміз бабадан балаға мұра боп қалған баға жетпес байлығымыз емес пе? Ана тілімізді одан әрі еселей түсу, байыта түсу дәл бүгінгі ұрпақтың азаматтық борышы деп білемін. Өйткені, бүгінгі ұрпақ бабаларымыздың ғасырлар бойы арпалысып, аңсап өткен, армандап кеткен азаматтыққа қол жеткізген ұрпақ. Сондықтан да, бабалар аманатына адал болу - рухани асыл қазынамызды шашпайтөкпей, құдіретті қазақ тілінің құтын қашырмай толық қадырқасиетімен кейінгіге аман-есен жеткізу бүгінгілердің перзенттік борышы. Оны абыроймен атқару бәрімізге парыз екенін естен шығармайық. Ана тіліміз – рухани байлығымыз, ол арқылы әлемді танимыз. Әрбір елдің қуатты күші, байлық-бақыты экономикалық даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өресімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойының көрінісі – тілге тікелей байланысты. Елбасымыз айтқандай «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген сөзі жай ұран емес. Тіл – біздің жас мемлекетіміздің, ұлттық өркендеуіміздің тірегі. Өзге халықтың тілімен дегеніңе жете алмайсың. Ендеше, атабабамыздың көнеден қалған көзі, туған халқымыздың өзіне аманатқа қалдырған ең қасиетті мұрасы ана тілімізді қастерлейік, ағайын! Н. АМАНЖОЛОВ. Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы

ЕСКЕ АЛУ ЕЛГЕ СЫЙЛЫ АЗАМАТ ЕДІ Саналы ғұмырында қаржы жəне салық саласында абройлы қызмет атқарған Сайдалы Жайлауұлы өмірде сабырлы, салмақты, байсалды, байыпты, аса парасатты жан иесі еді. Жаны жақсылық жасауға жақын тұратын, жомарт, пейілі кең кішіпейіл, кісілік қабілеті жоғары ерекше болатын. Осындай ізгі қасиеттерінің арқасында ел жұртқа сыйлы, қызметте абройлы болды. Артына өнегенің, үлгінің ізін қалдырды. Салық саласында қаржы қызметінің үздігі, білікті маман ретінде танылды. Басшылық қызметтерді де аса жауапкершілікпен абыроймен атқарды. Жазмышқа не

САЛЫҚ ТƏРТІБІ

Құттықтаймыз!

ҚҰРМЕТТІ Қамар Əбділдақызы!

Салық департаментінің ұжымы Сізді зейнеткерлік жасқа толуыңызға байланысты мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтайды! Сіз еңбек жолыңызды 1970 жылы Жамбыл облысы, Талас аудандық байланыс торабында телефонистка болып бастап, Салық жүйесінде 1991 жылдан үздіксіз абыройлы қызмет атқарып келесіз. Адамгершілік қасиетіңізбен, кішіпейілдігіңіздің арқасында əріптестеріңіз арасында сыйлы, үлкенге ізетті, кішіге құрметті бола отырып, салық саясатын жүргізуде, халық қазынасын толықтыруда өз үлесіңізді қостыңыз. Осы саладағы істəжірибеңізді жас мамандарға үйрету мен тəрбиелеудегі жұмысыңыз өзгелерге үлгі боларлық. Бүгінгі күні Аюп аға екеуіңіз алтын асықтай 3 қыз өсіріп, не-

СОБСТВЕННИК:

Газет Ќазаќстан Республикасы Ќаржы министрлігініѕ Жамбыл, Алматы, Ќызылорда, Оѕтїстік Ќазаќстан облыстары бойынша салыќ департаменттерініѕ ќолдауымен жарыќ кґреді

мере сүйіп бақытқа кенеліп отырсыздар..Жолдасыңызға асыл жар, балаларыңызға ардақты ана, немерелеріңізге ақ əже атансаңыз, қатарларыңыз үшін Қамар сұлу, ал ұжымда Қамар апай атандыңыз. Бүгінгідей қуанышты күні Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға баянды бақыт, балаларыңыздың қызығын көре беріңіз деп тілейміз! Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің ұжымы

Газета выходит при поддержке налоговых департаментов Жамбылской, Алматинской, Кызылординской, ЮжноКазахстанской областей Министерства финансов Республики Казахстан

БАС РЕДАКТОР

Жантелі ОМАРОВ РЕДКОЛЛЕГИЯ МҮШЕЛЕРІ Жамбыл облысында:

Т. САРСЕМБАЕВ (бастығы), Ә. Әлішев, А. Асқарова, Ш. Әнуарбеков, Б. Сатпаев.

Сот тəжірибесі

БОСТАНДЫҒЫ ШЕКТЕЛДІ Жиырма жасқа толуға жақындап қалған Бердімұрат С. 2010 жылы қараша айының қоңыр кешінде түлен түртіп екі кештің арасында таныстарына кездесемін деп, Самал мөлтек ауданына бара қалған. Сол жерде таныстарынан басқа ауданның балалары «бізді сабап кетті» деген хабарды естіген соң, кек алу мақсатымен басқа мөлтек ауданға жол тартқан. Ұзын сөздің қысқасы алдарынан шыққан балалардың көптігінен қаймығып кері қашып бара жатқанда алдынан кəмелетке толмаған бір оқушыны көріп, оған жазықсықдан жазықсыз алып шыққан қаруынан оқ атқан. Абырой болғанда жарақат алған бала жедел дəрігерлік көмектің арқасында аман қалған. Бір сөзбен айтқанда ол қоғамды құрметтемегені былай тұрсын, атыс қаруын қолданып, күш көрсетіп қылмыс жасаған. Сонымен ол ҚР ҚК-нің екі бабымен айыпты деп танылып, сотқа берілген. Оқырманға түсінікті болу үшін айта кетсек - ҚР ҚК-нің 103-бабы 1-бөлі-

гімен 3 жылға бас бостан-дығынан шектеуге; - ҚР ҚК-нің 257-бабы 3-бөлігімен 4 жылға бас бостандығынан шектеуге, ал ҚР ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігі талаптарына сəйкес қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті 4 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған. Сонымен заң талабына сай Бердімұрат мамандандырылған органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін жəне оқитын жерін өзгертпейді, мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгілі бір жерлерге бармайды, бос уақытында тұрғылықты жерінен ешқайда кетпейді. Сотталған Бердімұраттың қылмыстық əрекетін дəрежелеген бірінші сатылы сот үкіміне қалалық прокуратура наразылық келтіргенімен, қылмыстық істі жан жақты зерттеген апелляциялық сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырған. Р. МАДЕЛИЕВА. Тараз қаласы №2 сотының судьясы

ИП «Сегизбаев Б.Р.» разработал и передал на рассмотрение в экологическую экспертизу рабочий проект с разделом ОВОС по объекту: «Строительство спортивного комплекса в с. Аккайнар Жамбылского района Алматинской области». ТОО «Бак проект» разработал и передал на рассмотрение в экологическую экспертизу рабочий проект с разделом ОВОС по объекту: «Изолятор временного содержания на 50 мест в г. Каскелен Карасайского района Алматинской области». ТОО «Бак проект» разработал и передал на рассмотрение в экологическую экспертизу рабочий проект с разделом ОВОС по объекту: "Стройтельство ВА на 25 посещений в.с Булакты Алакольского района Алматинской области" Всем заинтересованным лицам обращаться по адресу: г. Тараз, пр. Толе би 90А тел. 8(7262) 57-08-10.

Жазылым – 2012 Салық заңдылығын насихаттап, салық саясатын халыққа ұғындырып, жұртшылыққа көмектесетін бірден – бір бұхаралық ақпарат құралы “Салық тəртібі” газеті. “Салық тəртібі” газеті – қоғамдық өмірдің айнасы! Құрметті оқырман қауым! Өздеріңіздің төл газеттеріңіз, көмекші басылымдарыңызға жазылуды ұмытпаңыздар. “Жазылым-2012” саяси науқаны одан əрі жалғасуда. Сіз өзіңіздің төл басылымыңы�� “Салық тəртібі” газетіне жазылуды ұмытпаңыз. Өйткені, ол сіздің кеңесші серігіңіз! Жеке тұлғалар үшін: 6 айға-648, 12 айға -1296 теңге.

“САЛЫЌ ТƏРТІБІ” газетініѕ редакциясы” мекемесі

Учреждение “Редакция газеты “САЛЫЌ ТƏРТІБІ”

ОБЪЯВЛЕНИЕ шара, ғұмыры ерте үзілді əйтседе қысқа ғұмырында адамгершіліктің өнегесін көрсетіп кетті. Ағайын жұрты көз көрген, үлкен жүректі азаматты ендігі жерде тек құрметпен еске алып рухына тағзым етіп, құран бағыштайды. Əрбіріміз оның жарқын бейнесін жүрегімізде мəңгі сақтай береміз. Еске алушылар, бауырлары

МЕНШІК ИЕСІ:

Заңды тұлғалар үшін: 6 айға 798, 12 айға -1596 теңге.

Алматы облысында:

А. ЖОЛДЫБЕК (бастығы) А. Ескер, Қ. Абдулданов, Н. Абдуллина, Ж. Өксікбаев. Қызылорда облысында:

Ә. ТІЛЕГЕНОВ (бастығы), Қ. Ақышбаев, Ә. Дүйсенбаев, С. Мұстафаев, А. Қасымова. Оңтүстік Қазақстан облысында:

Ж. НҮСІПОВ (бастығы), Р. Исаева, Р. Алеева.

ДИЗАЙНЕРЛЕР Д. ЇМБЕТОВ, Н. БЕКБЕРГЕНОВ, тел.: 8 /7262/ 43-56-97 Мақала авторларының пікірлері редакцияның көзқарасына сай келе бермеуі мүмкін. Қолжазбаға пікір айтылмайды және авторға қайтарылмайды.

Үнқағаз Қазақстан Республикасының Мəдениет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрлігінде 1994 жылы 28 қазанда тіркеліп, тіркеу туралы № 10185-Г куəлігі берілген.

Үнқағаздың есеп-шоты: СТТН: 211500071466 ИИК KZ35826H0KZTD2000995 код 17 БИК АLMNKZKA АҚ “ATФ Банк” Тараз қаласы

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 080003, Тараз қаласы, Төле би көш., 36 “б” тел.: 8 /7262/ 45-34-52, факс: 43-56-97 e-mail: saltar61@mail.ru

Үнқағаз айына екі рет шығады. Индекс 65604 Үнқағаз “Қанатты қалам əлемі” ЖШС-нің баспаханасында теріліп, басылды Көлімі (объем) 2.0 б.т (п.л)

Таралымы 27267. Тапсырыс № 37


"Салық тәртібі" газетінің толық нұсқасы