Киіктің тағдыры өз қолымызда

Page 1

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДӘРІС

Киіктің тағдыры өз қолымызда © Ә.Қозыбақов, Б.Жақсылықова «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» РҚБ (ҚБСА) қолдауымен

Еуропа Одағының қаржыландыруымен «Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу – Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасы аясындағы киіктің мүйіздерімен заңсыз сауда жасауға қарсы ақпараттық науқаны. Ақтау, Бейнеу, Мұнайлы, тамыз-қазан 2015 ж.


«Киіктің ескі мүйіздерін сатып аламын»

Екі тілде жазылған осындай хабарландыру лар соңғы жылдары Қазақстанның киік ме кендейтін (немесе әзірше мекендейтін) өңірлерінің елді мекендерінде пайда болды. Қос мүйізге жомарт сатып алушы 12000 теңге, бір мүйізге 6000 теңге ұсынады. Мұндай хабарландыруларды жапсыруға болмайтын жерлерден де байқауға болады. Мәселен, Ақтау қаласында хабарландыру қағаздарын, тіпті бағдаршам бағаналарына да көптеп жапсырылғанын аңғаруға болады.


КИІК ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ

Киік, немесе ақбөкен (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядына жатады. Дене тұрқы 110-146 см, құйрығы 8-12 см, жон арқасының биіктігі 60-79 см, салмағы 23-40 кг. Аяғы-мен салыстырғанда кеудесі біраз ұзын. Танауы дөңес, құла-ғы дөңгеленіп ұзынша келген. Орта тұсындағы тұяғы екі жанындағы тұяғына қарағанда ірілеу. Мүйіз тек аталықтарында ғана болады.

Мүйізі басының ұзындығымен шамалас, орташа есеппен 30 см. Мүйіздерін шағылысу ауысымында айқас үшін, жыртқыштардан қорғану үшін қолданады. Жыртқыштардан сағатына 80 км жылдамдықпен қашып кете алады. Аталықтар аналықтарға қарағанда ірілеу болып келеді.


Жаз мезгілінде жүні қызғылт сары болып келеді. Денесінің орта тұсына қарай жүні қоюланып, қарын жағына қарай ақшылдана түседі.

Киіктің сырт суретін бірден өзгертетін қалың қысқы жүні оларды қыстың аязынан қорғайды. Киіктер экожүйеде маңызды рөл атқарады. Олар өсімдіктермен қоректеніп, тұқым таратып, жерге таптап енгізеді. Бір жағынан өздері де жыртқыштарға азық болады.


КИІК ЖЫЛЫ Жыл мезгілдерінің әр түрлі кезеңдерінде мыңдаған киік топ болып жиналып, түрлі өсімдік түрлерімен, тіпті өзге жануарлар үшін улы саналатын өсімдіктермен де қоректенеді. Киіктер қашық жерлерге қоныс аудара алады, өзеннен де жүзіп өтеді, дегенмен биік жартастарға жоламауға тырысады. Жаз мезгілінде көгі мол, суы оңай табылатын солтүстікке қарай жылжиды. Күз мезгілі киіктер үшін шағылысу кезеңі. Олар топ болып жиналып, бір-бірімен айқасқа түседі. Кейде бақталастар бірін-бірі зақымдайтын жағдайлар да жиі кездеседі.


Көктемде ешкілері (аналық киіктер) лақтауға лайықты жер іздейді. Сөйтіп, мамыр айында олар лақтау үшін үлкен отар болып бірігеді. Аталықтары бұл кезде басқа жерде жайылады.

Шағылысу маусымы аяқталған соң, отарлар оңтүстікке қарай жылжи береді. Қысқы суық келісімен, киіктер оңтүстік аймақтарға қарай шұбырады, өйткені онда қар онша қалың емес. Ендеше, қардың астынан шөп тауып жеуге болады. Алайда бұл жануарлар үшін қыс - бәрібір ауыр мезгіл. Қыстай киіктер, негізінен, бұташықтар мен бұталы өсімдіктерді қорек етеді.


Ешкісі әдетте екі лақ табады. Тек бір жастағы шыбыштары ғана бір лақтан табады. Туылған лақтар алғашқы күндері жерде жатады. Ешкілер оларды күніне екі рет - таңертең және кешке емізеді. Бірнеше күннен кейін лақтар қысқа қашықтықтарда енелеріне ілесіп жүре алады.


ТАРИХҚА ШАҒЫН САЯХАТ Бір замандарда киіктердің саны өте көп болған. Өкінішке орай, қазір көп емес, бұрын КӨП БОЛҒАН! Көп болғандығы сонша - 1391 жылы Ақсақ Темірдің 200 мың әскері қазіргі Қостанай облысының орталық өңірінде болғанда, екі күнге киік аулауға шығады. Киіктерді көп аулағандықтан, жауынгерлер олардың тек ірі, семіздерін ғана таңдап алыпты. Бұл жануарлардың саны содан кейін де азаймапты.

"Орал казактары жыл сайын осы жануарларды есепсіз көп қыратын,“ деп жазыпты ғалым П.С.Паллас (1773 ж). ХІХ ғасырдың өзінде киіктер Украинада, Молдавияда, Предкавказьеде кездесетін, әрине, ең көп мөлшерде Қазақстан аумағында болатын. Кейінірек қолайсыз ауа райының және адамдардың шаруашылық қажеттілігіне жаратуының әсерінен олар батыс өңірден ығыса келіп, жайылымын тезірек шығысқа қарай аударды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында киіктер ареалы (шоғырлану аймағы) европалық және азиялық болып екіге бөлінді. Ал Қазақстан аумағында бір-бірінен мүлдем алшақтанған (бөлініп қалған) киіктердің үш тобы пайда болды: бетпақдалалық, үстірттік және жайықтық.


Өткен ғасырдың 20-жылдары жұттардан және киіктердің мүйізіне деген жоғары сұраныс салдарынан, сонымен қатар контрабандылық жолмен шетелге жіберіліп отырғандықтан, киік басы кенет төмендедi. Танымал зоолог, далалық және шөл фаунасының білгірі Д.Н.Кашкаров 1932 жылы былай деп жазған: «Сірә, бұл жануар мүлдем жойылады». Бірақ келесі он жылдықтарда киіктердің саны керемет өсе бастаған. Табиғатты қорғау идеяларын әлемге әйгілі насихаттаушысы, немiс зоологы және жазушы Бернгард Гржимек 1964 жылы швейцариялық «Das Tier» журналына жазыла отырып (кеңестік Қазақстанға сапарынан кейін), оны «Қазақстандағы ғажайып» деп атайды.


Қолайлы климаттық жағдайлар, қаскерлік пен жыртқыштардың азаюы, сондай-ақ киіктердің қырылуының төмендеуі олардың санын қалпына келтірді. Әсіресе, олардың саны 19411945 жылдары республиканың шөлді жерлерін игеру уақытша тоқтатылған кезде өсті, ал 1947-1948 жылдары олардың деңгейі жүз жыл бұрынғы көрсеткішке жетті. Бұл «ғажайып» 1932 жылдан кейін Қазақстандағы киіктердің жағдайына қолайлы екенін түсіндіреді. Ауылшаруашылығын ұжымдастыру салдарынан және адамдардың отырықшы өмірге көшуі осы кезеңде жүзеге асты. Бұл жануарлардың негізгі мекендеу ортасына мал жаю түгелдей дерлік тоқтатылды. Осыған байланысты қасқыр саны да төмендеді. Сол жылдары қардың аздығынан құрғақшылық болды.


1957 жылдан бастап оларды тұрақты түрде аулау жүзеге асырылады. Аңшылық фаунасының ұтымды басқару нәтижесінде киіктердің айтарлықтай жоғары сапалы арзан ет мөлшерінде, терісін, мүйізін және экспорттың субъектісі ретінде Қазақстан маңызды рөл ойнай бастады. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИІКТЕРІ Сондай-ақ, біздің еліміз, 14 «достарымен» бірге тәуелсіздігін алды. Өкінішке орай, мемлекетпен бірге тәуелсіздікті өз іс-әрекеттеріне оңай табыс табушылар да алды. Өткен ғасыр-

дың 20-жылдары киiк оқиғасын қайталау болды. Көршi Қытайға киiк мүйіздерінің iрi партиялары бағытталып отырған. Ал мүйiз тек аталықтарда ғана бар. Киік – көп некелі жануар, бiр кемелденген аталығында бұл ретте 15-20 ұрғашылар бойымен орташа болып келедi.


Яғни, көптеген аналықтар ұрықтанбай қалып, киіктің басы қатты азайып кетті, олардың саны Қазақстанда 1980-ші жылдары бір миллионнан 2001 жылы 21 мыңға дейін түсті. Киікті мүлдем жоғалтып алмау мақсатында Қазақстанда 1999 жылдан бастап үкімет деңгейінде бірқатар шаралар қолданылуда, соның арқасында киіктің саны өсті, бірақ бұрынғы

деңгейге жеткен жоқ. 2005 жылғы 25 наурыздағы ҚР Үкімет қаулысымен «Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктерді сақ-таудың және қалпына кел-тiрудiң 20052007 жылдар-ға арналған бағдарлама-сы» бекітілді. Тұяқты жа-байы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктерді қорғау "Охотзоопром" ӨБ" РМКК-на және оның өңірлік филиалдарына жүктелді. Бірақ киіктің үстірт популяциясының саны, бетпақ дала мен жайық популяцияларындай емес, әлі де азаюда.


Үстірт киігі санының азаю себептерінің негізгілеріне осыларды жатқызуға болады: Қазақстан аумағындағы да, киіктер қыстауға өрістейтін көрші Өзбекстандағы да қаскерлік; Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы шекара сызығындағы тікенекті сымнан тұратын қоршаудан өткен кездегі қырылуы; құбырларды, автокөлік және темір жолдарын салу, мұнайгаз кенорындарын барлау және пайдалану салдарынан табиғи мекен ету орталарының қысқаруы мен өзгеруі.


«Киіктік» бағдарламаның төмен нәтижелілігіне байланысты оны аулауға 2020 жылдың аяғына дейін мораторий жарияланып, енді мораторийді 2030 жылға дейін ұзарту мәселесі қаралуда. Киіктің бұрынғы санын қалпына келтіруге әртүрлі уақытта және әртүрлі популяциядағы жаппай қырылулар кедергі болды: мысалы, 2010 жылы жайық популяциясының аумағында 12 мыңнан астам бас киік опат болды, 2011 жылы және 500-ге жуық жануар қырылды. Ең ірі өлім-жітім ағымдағы жылы тіркелді – 134 мыңнан астам киік қырылды, яғни Қазақстандағы барлық киіктердің 1/3. Соңғы қырылудың себебі пастереллезден болды деп белгіленді, бірақ Қазақстан, Ресей және басқа да бірқатар елдердің ғалымдары жаппай қырылудың қозғалыс факторын анықтауға тырысып жатыр.


ҚБСА ҮЛЕСІ Киіктің санын қайта қалпынта келтіру қызметіне коммерциялық емес ұйымдары да белсенді атсалысуда. Мысалы, осы бағытта үлкен жұмыстарды «Қазақстан биолауантүрлілігін сақтау ассоциациясы» (ҚБСА) республикалық қоғамдық бірлестігі жүргізіп жатыр. Алғашқы рет ҚБСА үш популяциның киіктеріне серіктік таратқыштарын 2009 жылдан бері орнатып бастап, әлі де орнатып жүр. Осы жұмыс нәтижелері бойынша «Ырғыз-Торғай» резерватының шекараларын кеңейту ұсынылды, «Жезқазған-Бейнеу» жаңа теміржолынан өткел орнату үшін ұсыныстар жасалды. Киіктердің Өзбекстан мен Ресей Федерациясы аумақтарына өрістеуі бойынша қазіргі

мағлұматтар алынды. Серіктік телеметрия негізінде киіктердің қозғалысы жөніндегі карталар «Охот-зоопромға» жолданып, қорғау шара-лары жоспарланады. ҚБСА тұңғыш рет минималды уақыт (4-5 минуттан аспайтын) ішінде киіктерді аулар арқылы аулап, қарғыбауларын орнату әдістемесі жасалды.


2012 жылы ҚБСА бастамасы бойынша «Алтын Дала» резерваты құрылды. ҚБСА ғылыми-жаратылыстану негіздемесін да-йындап, техникаэкономикалық негізде-месін тапсырды, ал қажетті үкіметтік шешімдерді қабылдау үдерісі ГЭҚ/БҰҰДБ/ҚР Үкіметі «Дала экожүйе-лерін сақтау және тұрақты басқару» жобасымен алға бастырылды. Қазіргі таңда киіктерді мониторингілеу және

қорғау үшін резерват қызметкерлерін оқыту және қажетті құралсаймандармен жабдықтау қамтамасыз етілуде. Киіктерді төлдену, көктемгі және күзгі өрістеу, сонымен қатар ұйығу мерзіміндегі топталу кездерінде маусымды зерттеулер жүргізілуде. 2009, 2010 және 2014 жылдары жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын белгілеу бойынша кешенді экспедициялар жүргізіліп, ұсыныстар дайындалды. ҚБСА қолдауымен еліміздегі алғашқы экологиялық дәліз құрылды. Аумағы екі миллион гектар құрайтын «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» дәлізі Орталық Қазақстанның үш ЕҚТА біріктірді Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватын, «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватын және Торғай мемлекеттік зоологиялық қаумалын.


КИІКТІ БІРЛЕСІП САҚТАЙЫҚ Мүйіз сатып алу туралы хабарландыруларға қайтып оралайық.

Экологиялық дәліз құру - киіктер мен жабайы табиғаттың негізгі өкілдерін қорғауға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтары желісін дамытудағы маңызды қадам. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап ҚБСА Қостанай облысы Жангельдин ауданында жалпы көлемі 350 мың га "Алтыбай" және "Саға" аңшылық шаруашылықтарын өзінің қарамағына алды. Бұл ҚБСА-на заңды түрде қаскерлікпен күрес жүргізу, жабайы жануарларды мониторингілеу, киіктердің негізгі мекен ету ортасын қорғау үшін керек.

Әрине, сұраныс ұсынымды тудырады. Қытай медицинасы адамдарды емдеу тәжірибесінде киік мүйіздерін қолданудан бас тартпайынша, қаскерлер өздерінің қылмысты істерін жалғастыра береді. 2012 жылы ҚР Қылмыстық кодексіне төмендегі мазмұнда бап енгізілді (ескі басылымында - 290бап, ал жаңасында – 339):


"Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтiн жерлерін жою – үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол

мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады". Киік те сол пайдалануға тыйым салынған жануарлар түріне жатады, ал дериваттары - одан өндірілетін заттың барлығы: еті, қылшығы, мүйізі мен тұяғы. Қылмыстық кодекс бабында олардың жаңа сойылған немесе қазір ғана алынған дериваттарына ғана қатысты екендігі туралы ештеңе айтылмаған, ендеше "ескі" және "сувенирлік" мүйіздер аталатын туындылар да сол заңға жатады!


Ендеше мүйізді сатушылар да, қатардағы полицейлер де, қарапайым азаматтар да киіктен алынатын заттардың барлығы да заңсыз екендігін білуі керек! Сондықтан ҚБСА командасы 2012 жылы ақпараттық науқанын бастаған, оның мақсаты мүйіз сатып алу және сату туралы хабарландырулардың таралуына кедергі жасау, сатушылармен бірлесіп, қаскерлікті қолдаушылардың жауапкершілігін түсіндіру бойынша жергілікті халықты ақпарландыру. 2015 жылы қоғамдық табиғатты қорғау эстафетасын басқа бір коммерциялық емес ұйымы - "Қолдау-Қазақстан“ ЖММ "Қолдау-Экология“ мамандандырылған орталығы жалғастырды. Киіктің мүйіздерімен заңсыз сауда жасауға қарсы ақпараттық науқаны жаңа толқынының ұраны – «Киікті бірлесіп сақтайық!"

Қаржылай қолдауды «Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу – Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасы аясында Еуропа Одағы көрсетті.


Авторлар осы дәрісті дайындауға көмектескендері үшін “Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы" РҚБ (Жанна Ақсартоваға жеке), Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына,

сондай-ақ осы дәрісте пайдаланылған жалпы қолжетімді интернет-ресурстарға фотолар мен суреттерді орналастырған жандарға алғыстарын білдіреді