Page 1

№152 (604) 27 тамыз сенбі 2011 жыл

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

Ұлт рухын асқақтатқан дауылпаз ДАТ!

Қасым – қазақ әдебиетіндегі лирикалық поэзияның Мағжаннан кейінгі атасы

Қасым тағдырын ақындарымызға тартқызуымыз – мемлекеттігімізге сын

Қасымның көркем аудармасы жүйелі түрде зерттелуі тиіс

4-бет

Қазақ өлеңінің өртке тиген дауылы – Қасым Аманжолов – қазақтың қайсар рухты ақыны ғана емес, ұлттық әдебиеттің дамуына жанашыр болған қаламгер де. Оның бұл еңбегі көркем тәржіма саласына қосқан үлесінен аңғарылады. Қасым аудармалары – қазақтың сөз өнерін әлем әдебиеті үлгілерімен сабақтастырған тың соқпақ. Абай ОМАРОВ (коллаж)

Жібі түзу бір көшеге әкемнің аты берілмей келе жатқанына қарным ашады

Қазақ поэзиясы үшін Қасым Аманжоловтың орны бөлек. «Жығылсам да жүгірумен өтермін, Аяңшылдың ақылын мен не етермін?» деп жырлаған дауылпаз ақын, шынымен-ақ, өмірде де, өлеңде де жасындай жарқылдап, құйылыптөгіліп, бұрқасындай боратып өтті.

4-бет «Жыр бәйгеге аттанған адам болса, Сөредегі Қасымын есіне алсын!..»

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ Қасымның бетің бар, жүзің бар демейтін қайсар мінезі, қалтарыс-бұлтарысы жоқ, бүкпесіз табиғаты көп адамдарға, әрине, ұнай қойған жоқ. Сол себепті де, сонау соғысқа дейін-ақ ол «поэт-хулиган» атанды, әділетсіз сындарға ұшырады. Бірақ өзі айтпақшы, «солдаттың етігіндей жаны сірі» ақын бәріне төзді, бәріне төтеп берді. Алмас қылыштың қын түбінде жатпайтыны тәрізді, Қасым поэзиясы да талай өткелектен өтіп барып қалтқысыз мойындалды, шынайы бағасын алды. Дегенмен ақын поэзиясына жасалған кезіндегі қысастықтан

бүгінгі ұрпақ қаншалықты хабардар және сол қиянат салдарынан жол берілген олқылықтарды түзете алдық па?! Қасым поэзиясын шынайы саралап-салмақтаймыз, өз дәрежесінде бағалауға тырысамыз десек, міне, осы мәселені ойда ұстағанымыз абзал. Ұлтын сүйген ұлы жүрек Қасымның еліне, жеріне деген перзенттік махаббатқа, сүйіспеншілікке толы өлеңдер жазуына түрткі болды. Қазақтың арғы-бергі тарихы, бүгіні мен болашағы кейбір жағдайда ақынды терең ойға шомдырып, көңіліне алаң кіргізді, нәзік мұңға, сезімге бойлатты. Алайда оның сондай сәтте жазылған: Жалғасы 2-бетте

ТҮРТКІ

5-бет

e-mail: info@аlashainasy.kz

Алаш арыстары ғана айта алған ащы шындықты кеңестік кезеңде қаймықпай айтқан бір адам болса, ол – ақын Қасым Аманжолов. Біз өзіміз көрмесек те, көргендердің сөзі, одан бұрын ақынның өз сөзі – өлеңдерінен ұққанымыз, Қасым – ақиқатты ашып айтқан, бетке тура басып айтқан нағыз ақын. Заманында «осы Қасымның несі басым?» деген сыпсың сөз шыққанға ұқсайды, сонда Мұқағали: «Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің әммесінен Қасымның десі басым», – деп, ол дауға әдемі нүкте қойғандай. Міне, сол десі Дегерестің шаң жұқпаған тұлпарындай ақынды тура мағынасында біздің буын, бізден бұрынғы әкелеріміздің буыны да көрген жоқ. Жас кеткені жазмыш десек, енді ақын бейнесінің не драматургия, не кинематографияда әлі күнге болмауы – тірі пенделердің ісі емей немене?

Сонымен, әңгіме Аманжол Рақымжанның Қасымы туралы неге әлі күнге бір мардымды туынды жоқтығы жайында. Бұл – бүгінгінің сұраушысы, бүтіндей бір ұрпақтың алдыңғы толқын ағаларға, оның ішінде өнер саласында жүргендеріне қояр сұрағы. АБЫЛАЙ МЕН АБАЙЛАРДЫ ЭКРАНДАЙ АЛМАЙ ЖҮРГЕНДЕ, ҚАСЕКЕҢДЕРГЕ ҚАЙДА?.. – Жалпы, Қасымның насихатталуы кем болып келді ғой, – деп бастады әңгімесін сыншы, кезінде еліміздің мәдениет саласын басқарған, жалпы, өнерде көрген-білгені,

Поэзияның құдіретін бойына дарыта отырып, өлеңімен тәкаппар дүниені өзіне қаратқан Қасым ақын ұлыларды көп оқыды, ұлылықтан сусындады. Мұнсыз өнерде даралану, өзгені табындыру мүмкін емес. Ақын өз шығармаларында Гәнжәуи мен Руставелиге, Абай мен Пушкинге, Лермонтов пен Горькийге, Шевченко мен Маяковскийге табынып, олардың поэзиясына құрметін білдіреді. Қасым батыс пен шығыстың әдебиетін меңгере жүріп, солардан үлгі алды, әлем әдебиетінің жауһарларын қазақ сөз өнеріне әкелуге талпынды, классикаға қазақтың үнін қосты, қазақ өлеңінің кереметін паш етті. Ақынның бар көркем аудармасы өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Ол Маяковскийді, Пушкинді, Лермонтовты, Некрасовты, Шевченконы, Твардовскийді, Байронды, Мирасаид Миршакарды, Низами Гәнжәуиді аударды. Қасымның жаһанды жалғаған көркем тәржімаларынан ақынның әдебиетші ретіндегі қызметі мен мақсатын түсінуге болады. Ақын әлемдік поэзияның кесек үлгілерін олардың қазақ сөз өнеріне тигізер пайдасын көздеп, әдейілеп аударған. Өзі «аударылған дүние сенің өз мүлкің болуы керек» деген сөз жазып қалдырған. Қасым Байрон ақынға дүниежүзілік даңқ әкелген әйгілі «ЧайльдГарольдтың қажылығы» поэмасының үзінділерін қазақша жырлады. Ақын танымал шығарманың сегіз қиыр шартарапты кезіп жүріп, өзінің өмірлік дәйектұжырымдарына дәлел іздейтін кейіпкерінің әрекеттері мен пәлсапасын қазақы оқырманға жақындатқысы келді. Чайльд-Гарольд өзінің терең психологизмімен «байрондық кейіпкер» деген ұғымды өмірге әкелсе, Қасымның аудармасынан да болмысы бөлек қаһарманды танимыз және ол қазақтың өр ақынының өзіне ұқсас. Елімен қоштасқан кейіпкерін ақын «Мен жалғызбын, толқындардың Арасында кемем келеді» деген жолдармен дәл Қасымша суреттейді, сөйтіп, бізге Гарольдты не Байронды емес, Қасымды танытады. «Ышқына соққан дауылға, Құмартушы ем жасымда» дейтін Аманжолов қашан да әдебиеттегі талғамының жоғары екенін байқатқан. Ол, негізінен, дүниежүзі поэзиясындағы алыптардың алпауыт саналған туындыларын аударды. Пушкиннен бір топ өлең мен әйгілі «Полтаваны», Лермонтовтан «Маскарадты», Твардовскийден «Василий Теркинді», Гәнжәуиден «Ләйлі-Мәжнүнді» алды. «Ләйлі-Мәжнүннің» Қасымға дейін талай қазақша жырланып, тәржімаланғаны белгілі. Жалғасы 2-бетте

ОЙ-КӨКПАР

Қаламгерлерімізге ас берудің, мерейтойларын өткізудің жаңаша қалпын қалыптастыру керек пе?

146,43 210,90

ИӘ

5,07

22,92

1,44

11149,82 1584,04 1232,48 110,09 Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, Қазақстан

1593,93

Мәриям ӘБСАТТАР

көкейге түйгені мол ағаларымыздың бірі – Әшірбек СЫҒАЙ. «Басымды кессең де, айтқаным – айтқан» деген қайсар мінезді Қасымдар қай қоғамда да бар. Бірақ дәл сол үшін олардың жолын кесіп, алдынан ашылғалы тұрған сан есігін жауып тастап отырады. Қасым ағамыздың да кезінде бағы ашылмай, қудалау көріп, бір орында байыз таппағаны, мінекей, осы бүкпей тура айтқан мінезі үшін дер едім. Сол үшін де Қасымға өз бағасы берілмей, Қасымның шынайы тұлғасы мойындалмай, ол жайлы ешкім ештеңе жасамаған сияқты. Ал Қасымның аяқталмай қалған «Досымның үйленуі» атты пьесасын ақынның поэзиядағы інісі іспетті Қуандық Шаңғытбаев аяқтап, режиссер Жақып Омаров 70-жылдары Әуезов театрында қойды. Жалғасы 2-бетте

ҚАЛТАРЫС

Қасым туралы көркем фильм неге жоқ?

www.аlashainasy.kz

6-бетте

Өмірхан ӘБДИМАНҰЛЫ:

Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын:

– Негізі, ас беру, мерейтой өткізу, дүниеден өткен қаламгерлерімізді ұлықтау дегеннің бәрі, ең алдымен, тірілер үшін керек. Яғни уақыттың сұранысына сай мұндай атаулы дүниелерді жаңартып, басқаша формамен, ұрпақ өнеге ала алатындай қалыпта өткізе білудің маңызы зор. Осы орайда мұндай рәсімдердің жаңаша қалпын қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Өйткені уақыт өтіп, заманның өзгеруіне қарай ұрпақ сұранысы да өзгеріп отырады. Тойды өзара бәсекеге түсіп, қазақи даңғазаға салынып өткізудің қажеті жоқ. Одан гөрі өркениетті түрде, артына үлгі, өнеге қалатындай дәрежеде атап өтсек, ұтарымыз мол болмақ. Негізі, әрбір тойдан соң, артында айта жүрерліктей ұлағаты, жақсылығы қалуы керек. Мәселен, мен осыдан біраз уақыт бұрын Тарас Шевченконың Украинада өткен тойына қатыстым. Қаламгерге арналған іс-шара кезінде Киевтен бастап Херсонға дейін кемемен жүзіп, талай қалаларына ат басын тіредік.

Қазақ – тойшыл халық. Сондықтан да ардақтыларымыздың мерейтойлары мен рухына арнап ас беру рәсімдерін, реті келсе, ұмыт қалдырмауға тырысамыз. Алайда бүгінгі күні ас беру мен мерейтой өткізу жөніндегі көпшіліктің пікірі әралуан. Біреулер «мұның жаңаша қалпын қалыптастыру керек, мерейтой өткізу үрдісі «ас ішіп, аяқ босатудан» аспай қалды» десе, енді біреулері «қаламгерлеріміздің мерейтойы ойдағыдай өтуде» деп баға беруде. Ас беріп, мерейтой өткізу жөніндегі зиялыларымыздың пікірін таразы табағына тартып көрген едік...

3-бетте

ЖОҚ – Бүгінгі күні де қаламгерлерімізге ас беріп, мерейтойын өткізу шаралары жаман іске асып жатқан жоқ. Шыны керек, ас беріп, мерейтой өткізудің мүлдем жаңаша формасы қалыптаса қойған жоқ. Ал жаңадан енгізген күннің өзінде оны қазақи қалпымыз қабылдай қоя ма, жоқ па?! Осыны ойлау керек. Жалпылама алғанда, бүгінгі күні өткізіліп жүрген мерейтойларымыздың барлығы бір-біріне ұқсас. Оның ішінде қаламгерлерімізге арналған ісшара кезінде біршама дүниені қамти алып жүрген секілді. Бірінде жоқ дүние екінші бірінде қамтылып жатады. Яғни тойды жоғары дәрежеде ұйымдастыра аламыз деген сөз. Соңғы кездері аталып өтіп жатқан тойлардың ішінде ерекше есімде қалғаны – Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық тойы. Жоғары дәрежеде өтті деп айта аламын.

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, драматург:


2

ТҰЛҒА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Аманжол Рақымжанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын. Біреуге жұртта қалған жасығымын, Біреуге аспандағы асылымын. Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, Көрінер көлеңкесі келбетімде. Қай жерде үзіледі қайран сапар, Түйін боп өмірімнің бір шетінде? Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап, Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ? Немесе бастармын ба екінші өмір, Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап?

e-mail: info@alashainasy.kz

№152 (604) 27.08.2011 жыл сенбі www.alashainasy.kz

ТҮРТКІ

Ұлт рухын асқақтатқан дауылпаз Басы 1-бетте

ҚАЛТАРЫС

...Кең далалы, кең пейілді қазақпыз, Құл емеспіз: еркін жанбыз, азатпыз. Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз. Ел намысын кескілеспей бермейміз. Сертің осы, азат жігіт, азат қыз, – деген тәріздес жүрек сырлары жыр жинақтарына мүлдем жолатылған жоқ. Сол сияқты: ...Елу жаста «елім бар» деп айта алмай, Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай. «Елім бар» деп айтатұғын туды күн, «Елім бар» деп шырқатайын мен бүгін, Қойсын енді Қорқыт бабам сарнамай. Асан ата, желмаяңа бер тыным, Сен таппасаң, біздер таптық жер тыңын. «Гүлжазира», «Жерұйықтан» кем бе екен, Мынау дала – біздер өскен кең мекен. Қызыл тулы ел «Қазақстан» дейтұғын, – деген шумақтарындағы Қорқыттың, Асанқайғының аттары алынып тасталды. Асанқайғының орнына Абайдың аты қойылып, өлең жолы «Атам Абай, арманыңа бер тыным» деген сарында өзгертілді. Әрине, өзгенің, нақтырақ айтқанда, кеңестік саясатпен уланғаны сонша – ұлтты сүюдің кез келген нышанына шошына қарайтын «қырағы» баспа редакторларының қолымен. Мұндай ревизия ақынның көптеген өлеңдеріне аяусыз жүргізілді. Сөйтіп, «Ертіс» өлеңіндегі: Тербеліп толқыныңда ән сап өскен, Қайтып та сорлы болсын қазақ ұлы! – деген жолдардағы «қазақ ұлы» «совет ұлы» деген сөздермен ауыстырылды. «Туған жер» деген өлеңінің: Жақын жүрсем, мен – төрінде рақаттың, Алтын діңгек – өзім туған босағам! – деген соңғы жолдары: Өз советім – өзім туған босағам! –

және искусство» журналында басылған екен. Бірақ ақынның үш томдығында да, төрт томдығында да поэма қысқарған күйінде жарық көрген, ал түпнұсқасы жоғалып кеткен. Сондай-ақ Қасымның соғыс кезінде жазған орысша өлеңдері көп болған. Олар да табылмай, шындығында, іздестірілмей келеді. Осындай жайттар ақынның өлеңдерін бұрынғы шыққан мәтіндерімен, қолжазбаларымен салыстырып отырып, қайтадан жинақтау, тіпті қайта бастыру қажеттігін аңғартады. Шығармашылығына қатысты алғанда, «Қасым үлкен ақын ретінде соғыс жылдарында қалыптасты» деген де пікірлер айты лады. Бірақ қаламгерлік қуатын, қарым-қабілетін Қасым соғысқа дейін-ақ танытып үлгерген. Мысалы, оның ертеректе жазылған «Мазасыз музыка» атты бал-

ладалық сипаты бар өлеңі өзге қаламдастарының ешқайсысынікіне ұқсамайтын өзгеше туынды екендігін әдебиетші ғалымдар сөзсіз мойындайды. Тұлғалық жағынан да Қасым өзгелерден оқ бойы озық тұр. Яғни ақын, композиторлығы өз алдына, сонымен бірге ол – Пушкин, Лермонтов, Руставели, Шевченко сияқты басқа да ақындарды қазақ тілінде сөйлеткен өте шебер аудармашы, «Досымның үйленуі», «Аңқау Жүсіп» пьесаларын жазған драматург, әңгіме, очерк жазып, әдеби сынға араласқан жан-жақты тұлға. Яғни «Дүниеге келер әлі талай Қасым» деп жырлағанымен де, қазақ үшін Қасым қашанда Қасым болып қала береді. Ұлт рухын мейлінше асқақтатқан дауылпаз ақынды бүгінде қалай дәріптеп, қалай ұлықтасақ та орынды.

Қасымның көркем аудармасы жүйелі түрде зерттелуі тиіс

Барамын сөнгелі Жұбатшы сен мені». Қазақ мәдениетінің ақ маңдайлысы Роза Бағланова нақышына келтіре орындаған бұл әннің Қасым аударған нұсқасы бүгінгі әншілердің репертуарына қосылып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен, Аманжолов шығармашылығының бір үлкен саласы – көркем тәржіма. Ақын жаһан әдебиетінің көрнекті тұлғалары мен шоқтығы биік туындыларын ұлттың көркемсөз мұрасына жақындатуды және, керісінше, әлемдік әдебиет дәстүрлеріне қазақы реңк беруді нысана еткен. Оның бұл бағыттағы еңбегі жүйелі зерттеуді қажетсініп тұр.

болып шыға келді. Түпнұсқадан айтарлықтай ауытқып, осындай үлкен түзетулерге ұшырай отырып жарияланған шығармаларының үш томдығын Қасымның өзі көре алмай кетті. Небәрі 44 жасында ажал құрығына іліккен аяулы ақын өлеңдеріне жасалған мұндай редакцияны көрсе, өзінің тікмінезіне салып, біраз адамдармен, бәлкім, біржола кетісер де еді. Қасым өлеңдерінің терең білгірі, академик, сыншы Серік Қирабаев ақынның кейінгі төрт томдығын шығару барысында Ғафу Қайырбековтің көп өлеңдерді қалпына келтіруге тырысқанын, бірақ жөнделмей кеткен нәрселердің әлі де жетіп-артылатынын айтады. Мысалы, Қасымның поэмалар байқауында топжарған «Құпия қыз» атты шығармасының алғашқы нұсқасы 1938 жылы «Әдебиет

Басы 1-бетте Болатбек МҰХТАРОВ Бірақ ақын белгілі хикаяның мазмұнын тағы бір баяндауды мақсат етпейді, ол шығыстық жыр дәстүрінде өз мүмкіндіктерін көрсетуді, дастан жазуда түпнұсқа авторымен іштей сынасуды және ең бастысы – махаббат хикаясын өз заманына жақындатуды көздейді. Ақынның Ләйлісі мен Мәжнүні біз үшін ежелгі дәуірдің емес, өткен жылдардың ғашық жастары секілді. Лермонтовтан аударылған «Маскарад» – өлеңмен жазылған төрт перделі драма. Ол – Қасым тәржімаларының ішіндегі ең сүбелісі. Аудармашы мұнда өнерді синкретті ете білудің шебері ретінде көрінеді. Бұл шығармада қимыл-әрекет те, поэтика да, өзіндік ырғақ пен әуез де, проза да бар. Аманжолов Лермонтов туындысының табиғатын дәл беру үшін сегіз буынды жырды да, қара өлеңді де қолданады, шығармада динамикадағы кейіпкерлердің оқыс диалогтері, қысқа, толымсыз жауаптар, атаулы сөйлемдер, бәрі жарасымды көрініс табады, ешқайсысы ырғақтан ажырамайды. Екінші көріністің бірінші сахнасындағы Баронессаның сөзі: «Не үшін өмір сүреміз бұл дүниеде? Жалынып, жалбарынып әлдекімше, Құл болып өту үшін жүрміз бе біз? Жорж Санд ғибратында бар-ау негіз!» – деп, өлеңнің толымды буындары мен ұйқасы сақталып берілсе, шығарманың ендігі бір жерінде князь бен бетперде киген әйелдің сөйлесуі бұл қалыптан ауытқиды:

? Б Б II Л Л Г Г II М М

«Бетперде:

Жақсы білем... Мен сені! Князь: Білсе білер бұл тегі». Маяковский жырларынан қуат алып, онымен рухтас екенін жасырмайтын Қасым оның да көп шығармасын аударды. Атышулы «Прозаседавшиеся» «Мәжілісқорлар» болып тәржімаланды. Қасым Аманжолов көркем аудармаларының бір үлкен шоғыры – лирикалық поэзия. Қасым өлең сөзге өз өрнегін салып, өзгеден жеткен көркем ойды меншіктеп алады. Пушкиннің «Қысқы кешіндегі» көк дүлей боран суреттелетін «То по кровле обветшалой Вдруг соломой зашумит, То, как путник запоздалый, К нам в окошко застучит» деген жолдар «Тозған лашық қамысындай Суылдайды кей уақыт;

К К Е Е Л Л Г Г Е Е Н Н

Қасым оқулары тұрақты шараға айналған Абай, Мұқағали, Оралхан оқуларын білеміз. Енді жастар арасында Қасым оқуларын өткізу дәстүрге айнала ма? Арман ӘМЕН, Жезқазған Кейінгі жеті-сегіз жыл бойы Қарағандыда облыстық тілдерді дамыту басқармасының, облыстық мәдениет бөлімі және халық шығармашылығын насихаттау ғылыми-әдістемелік орталығының басшылығымен Қасым Аманжолов оқулары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Әу баста жергілікті жас ақындар арасында жыр мүшәйрасы қалпында өткізіліп келген бұл мәдени шара кейінгі бірер жылда Қасым әндерін орындаушы

жас дарындар арасындағы байқаумен, ақын жырларын жатқа оқитын талапкерлер сайысымен толығып, өз алдына бөлек іс-шара болып отыр. Бірнеше жыл бойы ұйымдастырылған шаралардың қорытындылары жеке ұжымдық жинақ боп шығарылып келеді. Биыл көктемде облыс орталығында ұйымдастырылған Қасым оқулары мерейтойда ақын ескерткішін ашу салтанатына орайластырылмақшы.

Түн қатқан бір жолаушыдай Қағады әйнек бейуақыт» болып, көз алдымызға келеді. Сол сияқты Джордж Байроннан Лермонтовқа жеткен «Еврей сазының» «Я говорю тебе: я слез хочу, певец, Иль разорвется грудь от муки» деген сезімге толы поэтикалық айшығы Қасымның «Келеді бір жылағым, абзал жыршым, Тұрғанда көкірегім қарс айырылмай» деген қазақы лирикаға айналып кетті. Қасымның көркем аудармаларын шолып шыққан кезде, халық әніне айналған «Ах, Самара, городок!» өлеңіне тоқтала кеткенді жөн көрдік. «Орамалым батар-батпас, Қалқып қана ағады, Сүйген жарым сүйер-сүймес, Уақыт өтіп барады. Қайырмасы: Ах, Самара, жас қала Барамын сөнгелі,

Б Б II Р Р

Зинол-Ғабден БИСЕНҒАЛИ, әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор: – Қасымның көп аударған ақыны Маяковский болды. Маяковский сол жылдар әдебиетіндегі үлкен фигура еді. Одан аударған өлеңдері 1941 жылы «Бар дауыспен» деген атпен жарық көрді. Бұдан кейін оның орыс әдебиетіне жалтақтауы біртебірте жүйеге түсе бастайды. 1947-1948 жылдары Пушкиннің көп шығармасын аударады. Пушкинді аудару үстінде Қасым ұлы орыс ақынының дүниетанымындағы құпияларды меңгеру қажеттігін аңғарады. Ол Белинскийдің Пушкин туралы жазған атақты мақаласымен танысып, соны жүйелі түрде оқиды. Пушкин поэзиясының негізгі арналары жайлы терең оқып білуі кейін оны аударуға көп мүмкіндік берген. Қасымның өте жақсы аударған ақыны – Лермонтов. Бұл екеуінің шығармашылық тұлға ретінде мінездері ұқсас болатын. Орыстың еркіндікті аңсаған ерке көңілді ақынын аударуда Қасым талай шеберлікті меңгереді. Біз «Қасым керемет, Қасым керемет» деп көп айтамыз. Бірақ оның несімен керемет екенін ойланып айтуды ұмытып кетеміз. Қасым – көркем аударма саласына зор үлес қосқан адам. Ал әлі күнге дейін оның аудармаларын зерделейтін бірде-бір еңбек жазылған жоқ.

Басы 1-бетте

ЖЫР-ҒҰМЫР

Қасым туралы көркем фильм неге жоқ?

Ол туынды бертінге дейін жүрді. Ал енді шындап келгенде, Қасым – қалай мақтасаң да, соған тұратын ақын. Күні кеше 80 жылдығын дүрілдетіп өткізген Мұқағали Мақатаевтың өзі Қасымды ұстаз тұтқан. Жұмекен Нәжімеденовтің де «Маған Есениннің де, басқаның да керегі жоқ, Қасым болса болғаны» деген мағынада өлеңі бар. Өз тұстастары, ағалары, інілері өресін мойындаған, тіпті алдына жүгінген Қасымның, өкінішке қарай, насихаты кем болды. Енді соның есесін ақынның 100 жылдығында қайтара ма деп жатырмыз. Бірақ, меніңше, осы мерейтой қарсаңында Қасым өмірі жайлы бір деректі фильм түсірсе де жақсы еді ғой, әйтпесе Абайды, тіпті одан арғы Абылайдай ханымызды түсіре алмай жүргенде, Қасекеңдерге қайда?... Тұқым аузына таянған осы кезде кім де болса керемет көркем фильм түсіре қояды дегенге өз басым сенбеймін... (күрсінді). Әйтпесе киноға сұранып тұрған тұлғаларымыз жетеді ғой.

ҚАСЫМТАНУШЫЛАРДЫҢ ҚАРАП ЖАТУҒА ҚАҚЫСЫ ЖОҚ!.. «Жалпы, кісімсігендердің аспандағы кілтіне қол жеткізуге құмар емес еді» дейді Қасымның көзін көргендер. Әлгіндейлердің әділ жазасын Жаратқанға қалдырған ақын да тек отты өлеңімен болды, поэзиясын періштедей қорғап, соған селкеу түсірмеуді ғана ойлаған сыңайлы. Сондықтан өзін жақтырмай, шеттеткен ортадан ол да

алыстау ұзағандай. Қасымның байыз тауып, байсалды, байыпты, қай жағынан алсаң да, мазмұнды тұлғаға айналған жылдары Оралда өмір сүрген кездері екен. Қалған уақытының бәрінде кемшілік, жоқшылық, қиын-қыстау жолдармен өткен тұлғаның өмірі ең құрығанда бір қаламгердің қалам ұшына оралмады, ең құрығанда бір киногердің объективіне ілікпеді екен? Бәлкім, кезінде сценарий ұсынып, онысы көркемдік кеңестен өтпей қалды ма? Бұл туралы, бәлкім, бір білсе, кезінде «Қазақфильмде» сценарийлермен жұмыс істеген жазушы Смағұл ағамыз білер деген оймен қаламгерге қоңырау шалдық. Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, киносценарийші: – Фильм мәселесіне келсек, рас, мен сол «Қазақфильмде» өмір бойы жұмыс істеп жүргендердің бірімін деуге болады. Жалпы, киноның тақырыбы боларлық тұлғалар бізде өте көп. Мысалы, Алаш арыстары енді ақталған тұста алдымен Мағжанның «Батыр Баян» поэмасының желісі бойынша көркем фильмнің қолға алынғанын білесіздер. Ойлап қарасақ, Мағжанның өз өмірі де киноға татырлық қой?.. Сондай-ақ Әуезовтің, Сәкеннің өмірлері де қандай

күрделі, көркем фильмге сұранып тұр. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі, Халел мен Жанша Досмұхамедовтердің де өмірі сұмдық, осылардың бәрі киноға да, театрға да арқау болуға тұрарлық тақырып екеніне дау жоқ. Әрине, әрқайсысы жайлы жазылуға тиіс, көрсетілуге тиіс. Алайда олай болмай жатыр ғой. Екінші бір жағынан, тұлғалардың бәрі түгел көркем фильмге арқау болуға міндетті де емес. Кейбіріне деректі фильмдер түсірілді, бірақ ішінде Қасым жоқ. Көркем фильм түсіру өте қымбат болғандықтан, оған жол ашылмай отыр деуге болады. Қаржы бірінші фактор болса, екінші жағынан, қазіргі саясат, көрермен, осындай үш бірдей үлкен фактор, төртінші жағынан, автордың білігі де жетіспей тұр. Осындай себептерден Қасымның өмірі тіптен деректі фильмге де арқау бола алмай қалыпты. Экран деген қазір әлемді билеп тұр. Ең алдымен Қасым туралы деректі фильм керек. Ал деректі фильмді түсіруге тіптен кәсіби сценарийші болудың қажеті де жоқ, кез келген ғалым оны қолға ала алады. Міндетті түрде кинорежиссер емес, телережиссерлердің де қолынан келеді. Сондықтан қасымтанушылардың қарап жатуға қақысы жоқ дер едім. Расында, әуелі Қасым өмірінің тал бесіктен жер бесікке дейінгі аралығын қамтитын мазмұнды бір деректі фильм түсірілсе ғой... Газетіміздің шілде айындағы нөмірлерінің бірінде біз «Қазақстан» ұлттық арнасының бастамасымен «Дариға, сол қыз...» атты Қасым өлеңдерінің желісі

бойынша тележоба жасалғанын жазғанбыз. Бірақ ол тек ақын өлеңдерімен көмкерілген соғыс жайлы дүние, бірақ соның өзін алдағы бір дүмпудің алғашқы белгісі деп қабылдау керек сияқты. «Қасым жайлы неге не бір деректі, не бір көркем фильм жоқ?» деген сауалды біз «Қазақфильмнің» қазіргі бас редакторы, жазушы Дидар Амантайға да қойғанымызда, көркем фильмнің қолға алынбағанын, алайда деректі фильмнің соңғы нүктесі қойылуға дайын тұрғанын айтты. Қасымның осы қыркүйекте Қарқаралыда болатын торқалы тойына бұл да болса бір тарту. Алайда біз бәрібір жарқ еткен жай бір жасын емес, гүрс ете түскенде жүректі жаналқымға алып келетіндей найзағай мінез, найзағай жырдың, дәл солай буырқанып бірде ойға, бірде қырға бастаған дауыл-тағдырдың иесі Қасым Аманжоловтың қайталанбас бейнесінің киноэкран арқылы тірілгенін, қазақтың тамырына қан жүгіртіп, рухына қанат бергенін қалар едік. Мүмкін, мелодрама, мүмкін, трагедия, жанр жағын режиссер шеше жатар, бірақ біздің айтарымыз, бүгінде, әйтеуір, көркем фильм түсіруге дарыны да, қарымы да жететін шығармашылық иелері, техника, технология бәрі де бар.

С С Џ Џ Р Р А А Ћ Ћ

Ақын тойы қалай өтеді? Қасым тойында қандай мерекелік шаралар атқарылады? Дастан АХМЕТБЕКОВ, Семей 9-10 қыркүйек күндері Қарағанды мен Қарқаралыда өткізілетін ақын тойында бірнеше атаулы мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылады. 9 қыркүйек күні таңертеңгілік Қасым ескерткіші ашылып, ескерткіш жанында Қасым оқулары өткізілсе, сағат 15.00-де Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде ақын шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция, кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтеді. Кешкі сағат 17.00-де С.Сейфуллин атын-

дағы Қазақ драма театрында ақынның «Досымның үйленуі» атты спектаклінің премьерасы, ақындар мүшәйрасы мен Қа сым әндерінің фестивалі, Қасым туралы деректі фильмнің көрсетілімі, Гала-концерт ұйымдастырылмақшы. 10 қыркүйек күні Қарқаралы ауданында жалғасатын мерейтойда ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, ақындар айтысы, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Тойлы ауылда 200-ге тарта киіз үй тігілмекші.


О, тағдыр, мені сауықтыр! Айтатын жыр, ойым бар. Көңілім соған ауып тұр, Алда бір қызық тойым бар.

e-mail: info@alashainasy.kz

ТАҒЗЫМ

Көңілдің күйін төгейік, Арманда кеттік демейік, Бәрін де беріп ел-жұртқа, Қарыздар болмай өлейік!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ҰСЫНЫС

Қаламгерлерімізге ас берудің, мерейтойларын өткізудің жаңаша қалпын қалыптастыру керек пе?

Қасым жүріп өткен жолмен неге жүрмейміз?

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Аталмыш той Украинаның көптеген қаласын қамтып, жергілікті шығармашылық адамдары мен зиялы қауым өкілдері, сырттан келген қонақтар бірлесіп, сол өлкелердің тұрғындарымен талай қызықты кездесулер өткізді. Бұл тойдың қатысушыларға бергені мол болды. Рас, бізде де талай той өтіп жатыр. Оның әрқайсысына тоқталып, артық-кем өтті деп айтпай-ақ қояйын. Бірақ сол тойларға қарап, біздің елімізде той өткізудің жаңаша қалпын қалыптастыратын уақыт жеткен-ау деп ойлап қалатыным жасырын емес. Енді, міне, Қарағандыда Қасым ағамыздың тойы өткізілгелі жатыр. Мені ерекше қуантып тұрғаны – той алдында Қасымға арналған ескерткіштің бой көтеруі. Сондай-ақ Қасым аллеясының ашылуы да жаныма қуаныш сыйлап тұр. Өйткені мұндай игі істің қайқайсысының да келешек ұрпаққа қалар мұра екені даусыз, тұлғаның даңқын асқақтата түсетіні хақ. Әрбір той өткізілуі кезінде ұйымдастырушылар кейінге естелік ретінде қалатын осындай шаралардың атқарылуын қолға алса, дұрыс болар еді.

Айта кетер жайт, осы тойдың аясында Қасым Аманжоловтың академиялық жинағы шығуы керек еді. Мұндай істер тойдың абыройын асқақтата түсері сөзсіз. Сондайақ Мұқағали ағамыздың мерейтойы кеше туған жері – Қарасазда өтті. Қасымның да негізгі тойы Қарқаралыда өтейін деп тұр. Артынан Алматыда қорытынды жиыны ғана өтеді. Осыған орай айтайын дегенім, Махамбеттің тойы батыс өңірінде, Абайдың тойы Семейде, Мұқағалидың тойы Райымбек ауданында өте беретін болса, бәрімізге ортақ құндылық саналатын тұлғаларымызды меншіктеп алғандай болатын секілдіміз. Сондықтан бір күнді республика бойынша Қасым күні немесе Абай күні деп жариялаудың маңызы зор болар еді. Әрбір қаламызда мектептерден бастап ЖОО-ға дейін дәл осы күні тұлғаның мерейтойына өз үлесін қосып жатса, керемет болар еді. Бұған бәлендей көп қаржы да кетпейді. Тек ұйымдастыра білу керек. Той деген дабырлап барып, ішіп-жеп кететін жиын болмауы қажет. Осы орайда той өткен соң олардың әрқайсысына баға берілгені жөн дер едім. Ең бастысы, той өткізу кезінде тұлғаларымызды жаңа ұрпақтың бойында қалай қалыптастыруды ойластыруымыз қажет. Негізі, тойды өткізудің формаларын әртүрлі қылып жетілдіруге болады. Тек соның пайдалырағын таңдай білсек болғаны. Өйткені той өткіземіз деп, кейде үлкен тұлғаларымызды бәсекелестікке салынып, кішірейтіп ала жаздаймыз. Осыдан аулақ болсақ екен.

Негізі, жаппай киіз үйді тігіп, ішіп-жеп тарқаған тойды жаратпаймын. Сондай-ақ тойда ақындар айтысын өткізу, ол айтыста кім қандай орын алатынын алдын ала белгілеп қою, ақын өлеңдерін жаппай жатқа оқу деген сценарийлерден халық жалықты. Мұндай жаттанды әрекеттер халықтың ашу-ызасын да тудырады. Сондықтан бүгінгі күні өткізіліп жүрген тойдағы іс-шаралардан таңдаулыларын, халық қалайтындарын таңдап алып, өткізу қажет. Ерекше бір жаңаша қалыпқа көшудің де қажеті жоқ, тек ысырапшылдықтан абай болып, жинақы қалыпта өткізе білсек болғаны. Негізі, мұның бәрі – ұйымдастырушыларға байланысты дүние. Айта кетер жайт, ақын оқуларын өткізудің маңызы зор. Сондықтан жаппай барлық ақынның мерейтойы кезінде оқуларының өтуін қадағалауымыз қажет. Жаңаша қалып іздеп жерді қазып, көкті шарлаудың қажеті жоқ. Тек оларды неғұрлым биік деңгейде өткізуге тырысып, дұрыс ұйымдастыра білсек болғаны. Кейде шектен тыс ысырапшылдық тойдың сәнін бұзады. Осыдан абай болсақ екен. Жалпы алғанда, қаламгерлердің мерейтойын өткізу кезінде шығармаларын жарық көргізу, оқуларын өткізу, аллеяларын ашу, ескерткішін тұрғызу секілді бүгінгі күні атқарылып жатқан нәрселер көпшіліктің көңілінен шығады. Сондай-ақ олардың туған жерінде мерейтойларын өткізу кезінде қойнауда жатқан ауылдардың өзі түлеп шыға келеді. Жолдары жөнделіп, мұражай-

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, драматург ларының, мектептерінің қайта жөндеуден өткізілуі ауылдың ажарын аша түседі. Бұл – өте жақсы нәрсе. Яғни олардың тойының өткізілуі туған жерлеріне де оң әсер етеді. Жоқ нәрсені іздеп тырысудың да қажеті жоқ. Тек бүгінгі күні мерейтой кезінде атқарылып жатқан іс-шаралардың өз дәрежесінде іске асырылуын қолдауымыз қажет. Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, жазушы, драматург: – Әрине, қаламгерлеріміздің аруағына ас беріліп, мерейтойын өткізген дұрыс. Бірақ олардың қадірін тірі кезінде біліп, тойын да көзі тірі кезінде неге дүрілдетіп өткізбеске?! Бүгінде жас ақын-жазушыларымыз үйсіз-күйсіз жүр. Жасы келгендерінің мерейтойы елеусіз қалып жатады. Ал өлген соң аста-төк ысырапшылдықпен жоқтаймыз. Одан да сол құрметті көзі тірі кезінде неге көрсетпеске? Көзі тірі кезінде не үймен қамтамасыз етпейміз, не жарытып қаламақы төлемейміз. Тірісінде құрметтен жұрдай етеміз де, өлген соң басымызға көтереміз. Бұдан кімге қандай пайда?! Егер біз ақын-жазушыларымызға деген осы көзқарасымызды өзгертпесек, бүгінгі мәдениет пен әдебиет тоқырайды. Сондықтан көзі тірі кезінде барлық өзіне лайықты марапатты көрсетіп, олардың әдебиетке, қоғамға берерін алып қалсақ, әлдеқайда дұрыс болар еді. Оларға жағдай жасау қазақ әдебиетіне жағдай жасаумен бірдей. Басында баспанасы, балаларының ішерге тамағы жоқ адам қолына қалам ұстай ма? Осыны ескеруіміз қажет.

Қасым жұрты – ұлттық рухтың бесігі ТАМЫР

3

ОЙ-КӨКПАР

БЕЙТАРАП ПІКІР

Басы 1-бетте

№152 (604) 27.08.2011 жыл сенбі www.alashainasy.kz

Есте қалмас ескі дәуірлерден бері халық жадына «Бес қазылық таулары» деген атпен сіңген Қарқаралы, Бақты, Қу, Кент, Қызыларай тауларының өзгесінен шоқтығы биік Кент қазылығы мен Қызыларай қазылығының тура ортасында – Қызыл – Көшен қырқаларының бір бөктерінде Қасым Аманжолов дүниеге келді. Өткен ғасырдағы ақ пен қызыл шарпысының қарсаңы, аталас ағайыны Угар Жәнібековтің Ленадағы қырғынға қатысарынан бір жыл бұрынғы қоңыр күз екен. Қасым туған үй – сол дәуірде тау-қырат қолаттарына ұйлығыса мекен тепкен қазақы қоржын там, қызыл тасына қына бедер салған табиғаттың төл туындысы тәрізді...

Серік САҒЫНТАЙ Ел аузында «Аманжол қорасы» аталған ескі жұрт басында «Қасым туған үй – осы» деген тақта тұр. Бірер онжылдық ешкім тұрмаған соң әрі Арқа қысының қытымыр мінезі салдарынан ақын шыр етіп дүниеге келген боз орда жермен-жексен. Жыл аралатып барып тұратын қастерлі өңір болған соң, әр барғанымызда іргетасы шөгіп, табиғат өзі берген дүниесін қайтарып аларына көзіміз жете түседі. Қасымның кеңестік кезеңде жазылған «ресми», «бейресми» өмірбаянында сол кезгі дәстүрмен «сіңірі шыққан кедей әулетінде туған» деп жазылады. Шындығында солай ма? Әлбетте, шығармашылығы мен ғұмырының өзі көзі қарақты жан үшін үлгі болар азамат ақынның ата-бабасын тергеп, бақ-байлық жарыстыру мақсатымыз емес. Дегенмен ел білетін, кейіндері бұрмаланған шын жайттарды жаңғырту керек қой. Оның сыртында зайырлы, салауатты мемлекеттердің барлығында дерлік ұлы тұлғаларының ғұмыр тарихы мен жеті

атасынан бергі тек-шежіресін таратып-ақ қойған. Шежіре – қазаққа жат құбылыс емес. Өкініштісі, білу үшін емес, бөлу үшін, солақай сөз өрбіту үшін қызмет етіп қалатыны бар. Сонымен, Қасымның туған үйінің жұртына қарасақ, анау айтқан тобанаяқ кедей тұратын үй емес тәрізді. Орналасқан қыр бөктерінен көз ұшындағы кеңістік қолдың саласындай жазылып, көрініп-ақ жатыр. Сол сала-саладағы қырқырат желкесіне шыққан жолаушыға да «менмұндалап» қиядан шалынады. Тар қолаттың қуысына тығылып жататын жалшының жаппасы мұндай болмаса керек. Он екі қанат орданың орнындай үй таудың қызыл тасынан өрілген. Дәуірінде еңсесі едәуір биік болған сыңайлы – үйіндісінің өзі бала бойынан асардай. Үйдің қыр желкесіндегі қабырғасына арқардың сыңар мүйізі қоса өріліп қаланыпты. Ел мұны Рахымжан сері ел аралап қайтқанда атын байлайтын орын деседі. Қасымның әкесі Рахымжан шынтуайтында ел аралап, өнер ұстаған, ат баптап, ит жүгірткен сері адам болыпты. Аты жусағанда, жібек арқанмен байлайды екен. Қарқаралылық белгілі өлкетанушы Ю.Попов Қасымның аталары мен

? А А Л Л А А Ш Ш Т Т Ы Ы

нағашыларының ауқатты, белді әулет болғанын айтады. Өлкетанушы келтірген сол дәуірдегі статистикалық санақ деректері Аманжол қорасында тұрған әулеттің малмүлкінің есебіне дейін тізіп береді... Қасымның әкесі Рахымжан сері өмірден ертерек озып кетеді. Жетім қалған Қасым мен ағасы Тайжанның тағдыры ақын жырларында бірқыдыру суреттелген. Ағалыінілі қос жетім өгей ортадан қашып, жылап барып, түнеп қалатын Аманжол мен Рахымжан бейіті де ақын туған үйден бірер шақырым жерде жатыр. Қазір жерменжексен болып орны ғана қалған. Басында белгі жоқ! Бірер жылда жымы білінбей, қара жердің қыртысына сіңіп кетер түрі бар. Еуропаның зайырлы мемлекеттерінің бірі болсақ, басында елі қойған елеулі ескерткіш тұрар ма еді! Бізде ол жоқ. «Алаш айнасының» ұлтымыздың ұлы тұлғаларының ғұмыр тарихына арнап ұйымдастырып келе жатқан қаншама мақалаларында бұл

А А Л Л А А Ѓ Ѓ Д Д А А Т Т Ћ Ћ А А Н Н

мәселе тұрақты түрде қозғалып келеді. Мәселен, Әлихан Бөкейханның туған үйі, өскен ортасы, ізі қалған жерлері немесе басқа да ұлы тұлғаларымыздың табаны тиген жерлері туралы біршама материал жарық көрген болатын. Бұл тізімге Қасымды да қосуға әбден болады. Себебі Қасымның туғаны мен балалық шағы туралы азды-көпті деректерден өзге, соғыс жылдарындағы тағдыры мен Алматыдағы әдеби қызметінен басқа айтарымыз аз. Қарқаралыдан ұшталып, Кент, Қызыларай арқылы Семейге өтетін күре жол арқылы Қасым 11-12 жасында Семейге кетеді. Одан ілкіде Балқаш қаласында оқыпты. Бірақ ақынның Балқаштағы тірлігі туралы бірауыз дерек жоқ... Қасым әкелерінің қысқы қыстауынан қозыкөш жерде жазғы жайлауының жұрты жатыр. Мұнда көпшілік «Жақыбала құдығы» атап кеткен, қазір «Қасым құдығы» аталатын қара құдық тұр қауға сабы

Дөңгеленген дүниенің тұрақсыз екені, жер-әлемнің адамға уақытша тұрақ екені кімге де болса мәлім. Дегенмен сол уақытша тұрақтың өзін көшіп-қонып жүріп, тұрлаусыз мекендеуге мәжбүр болған жандардың бірі Қасым Аманжолов еді. Сондықтан бүгінгі ұрпақ, қасымтанушы ғалымдар мен оның шығармашылығын ерекше құрметтейтін қауым ақынды еске алу шарасы ретінде оның жүріп өткен жолымен экспедиция ұйымдастыруына әбден болады. Қазақтың ауыз әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген қазақ ақындарының бірі Қасым Аманжолов екені анық. Сондықтан Қасым ақынның 100 жылдығын ұрпақтары қалай атап өтіп жатқаны – маңызды мәселе. Себебі Қасым шығармашылығы – өткен дәуірдің ғана жәдігері емес, дәл бүгінгі ұрпаққа да қажет болып отырған нәрлі сусын. Бір кездері бүтіндей қазақ жастарына қай рат берген, жігер дарытқан ақын шығармашылығы қазіргі замандастарымызды да қанаттандыруға жетерліктей қуатты. Ендеше, ақын Қасымның мерейтойын қалай ұлықтасақ та жарасатын шығар. Қасымның ұлтына, туған жеріне деген ыстық махаббатының бір себебі саяхаттан, тоқтаусыз жол жүруден туындаған болар. Жастайынан жетім қалып, ата-анасының, отбасының қызығынан құр қалған кішкентай Қасым 13 жасында үйінен білім іздеуге аттанып, содан кейінгі бар өмірін ел мен жерді аралаумен өткізеді деуге болады. Киелі қазақ жерінде Қасым танымайтын топырақ жоқ деседі көзін көргендер. Өмірбаянына көз жүгіртсек, оны-мұны сапарларын айтпағанның өзінде, қоныс еткен қалаларының өзі біршама екен. Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде дүниеге келеді. Алғашқы

сапары 13 жасында басталады. Қасым білім алу үшін Семей қаласына аттанады. Үш жылдық интернатты тамамдаған соң, Семей малдәрігерлік техникумында оқиды. Осылайша бас-аяғы алты жылдан кейін, 1930 жылы Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетінде жұмыс істейді. Алматыда бір жылдай ғана тұрақтаған ол 1931 жылы Ленинградқа кетеді. Онда орман шаруашылығы институтына түсіп, оқуын жалғастырады. Бірақ ден саулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласындағы «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолин бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақкөңіл, жайсаң жанды «ерке Қасымның» Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Ақын 1941 жылы әскер қатарына шақырылады. Ұлы Отан соғысының 1941-1943 жылдарында Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін «қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде» болады. Сәдуақас КЕБЕКБАЙ

P.S.

Қарқаралыда туып, одан Абыралы арқылы жаяу-жалпылап Семейге өтіп, Семейден Алматыға тұяқ іліктіріп, одан Орал асып, Оралдан Ұлы Отан соғысына аттанып, Қиыр Шығыс, белорус жерінде болады. Шығыстан майданға аттанып бара жатқан жолда Отанға деген сағыныштан туған «Сарыарқа», «Ертіс», «Атамекен» тәрізді өлеңдері Қасымның жер қадірін түсінген ақын екенін көрсетеді. Ендеше, қасымтанушы қауымға Қасым жүріп өткен жолды аралап, экспедиция ұйымдастырып, соның нәтижесінде шағын болса да деректі фильм түсіруді ұсынар едік.

доғарылып. Суы мөлдір, тұщы. Құдық маңында жергілікті жанашыр жұрт отырғызған көшеттер бой түзеп келеді. Қасымның құдығы да, атажұрты да Қарқаралының Қасым атындағы ауылдық округінде, Сарыобалы бөлімшесінің аумағында көршілес Ақтоғай ауданымен шекаралас жерде жатыр. Бұл өңірде Алаш көсемдері Әлихан Бөкейхан, Жақып мырза Ақбаев, Әлімхан Ермековтер дүниеге келген. Алаш идеясының алтын бесігі болған топырақта туған ақын қазақ рухын жырлаған ұлттық ақын екенін Ғафу Қайырбеков ағамыз сонау 80 жылдық тойында тілге тиек еткен болатын. Ұлттық идея дүниеге келген өңірде жырдың рухын арқалап Қасым дүниеге келді. «Тас түскен жеріне ауыр» деген осы болса керек...

С С А А У У А А Л Л

Қасымның отансүйгіштік жырларының насихаты неге кем? – Қасым шығармаларының алтын арқауы – ұлттық рух, ұлтымыздың тарихы, құндылықтары. Кеңестік кезеңде ұлттық сипаты басым өлеңдерге «адамның ұлттық сезімін көтереді, партиялық, таптық тәрбиеге қайшы келеді» деген мақсатпен жол ашылмады. Қасым сияқты таза ұлттық сипаттағы ақындардың шығармалары ол кезде «модада» болған жоқ. «Мәдени мұра» бағдарламасы шыққаннан бері соңғы 10 жылда шынайы ұлттық сипаттағы ұлтты мадақтайтын, ұлттың рухына қызмет жасайтын шығармаларды тануға, ашып алуға санамыз жетті. Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, Әл- Шын мәніндегі қасымтану енді басталды десек Фараби атындағы Қа- болады. Дәстүрлі қазақ поэзиясының жыраулық үлгісін зақ ұлттық универси- өз тұсында қайта жаңғыртқан, қайта белеске көтерген теті филология факультетінің деканы, – Қасым. Қасым поэзиясы – қазақ әдебиетіндегі профессор: айрықша феномен.

Есей ЖЕҢІСҰЛЫ, ақын, журналист, «Ұлан» газетінің бас редакторы:

– Бұрын мектеп жасындағы баланың кез келгені Абайды, Жұбанды, Мұқағалиды, Төлегенді, Қасымды жатқа айтып беретін болса, қазіргі оқушылардың жартысынан астамы осы ақындардың кім екенін білмейді. Себебі кітап оқымайды. Тіпті атын естімеген болуы да мүмкін. Бұрын балалар «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» өлеңін өзіндік мақамымен мектепішілік, мектепаралық сындарда жиі шырқайтын. Қазір ол да жоқ. Өкінішке қарай, соңғы жылдары Қасым Аманжолов «Атамұра» кітапханасы, «Алтын қалам» сериясымен 2-2-ден 4000 дана кітап болып қана оқырманымен қауышты. Бұл – түкке тұрмайтын таралым. Жалпы, дауылпаз ақын бұл күндері әдебиеттің жанкештілеріне және қазақ журналистеріне ғана қажет болып тұр. Көктемде «Қазақстан» ұлттық арнасының қызметкерлері Қанағат Әбілқайыр мен Болатбек Баянхан Қасым ақынның өлеңдері негізінде «Дариға, сол қыз» атты қысқаметражды фильм түсірді. Бұл – Аманжоловты тану жолындағы теңізге қосылған тамшы ғана. Ғылым үнсіз. Мүмкін, Қасым туралы жақсы монографиялар жазылып, қорғалып жатқан шығар, бірақ әлеумет хабарсыз. Қасымның жазу тәртібі қандай еді? Оның ғұмыры неге қысқа болды? Тірлігінде мұқтаждықты көп көру себебі неде? Міне, осындай жайлардың басы әлі күнге ашылған жоқ. Жалпы, Қасым ХХІ ғасырға танылған жоқ. Қасымның насихатшысы халық болуға тиіс еді, бірақ қазір Қасымнан гөрі қарын жайы көбірек сөз етіледі.

– Бұл – тек Қасымға ғана емес, С.Мәуленов, С.Жиенбаев, Қ.Шаңғыт баев, Ә.Тәжібаев сынды ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілдерінің көпшілігіне қатысты мәселе. Заманымыздың құндылықтарының өзгеруіне, капиталистік жүйенің орнығуына байланысты поэзияға, өнерге деген көзқарас өзгерді. Қасымның бірден көзге көрініп қалуы ұлттық поэзияда бетбұрыс жасаған Мамай АХЕТ, ақын болуынан болар. Әйтпесе бұл сол кездегі барлық поэзия өкілдеріне тән дер Алматы қалалық тілдерді дамыту, едім. мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы:

Дайындаған Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ


4

Жанымды күйдірсем де жалынға caп, Қасқыр боп таласа да мені азап, Туған жер топырағында тіп-тік өскен Қара емен – қасарысқан мен бір қазақ.

ЖАСЫН

КӨЗҚАРАС

МӘСЕЛЕ

Мыңбай РӘШ, ақын, сатирик, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:

Қасым тағдырын ақындарымызға тартқызуымыз – мемлекеттігімізге сын

Көреалмаушылар Қасымды құрбан етті

Жазып алған Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

? Б Б II Л Л Г Г II М М

Баспана және Қасым... Несін жасырамыз, бүгінде баспана десең – Қасым еске түсіп, Қасым десең – баспана ойға оралатын болды ғой. Тіпті «Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды, Сонда да тастамаймын астанамды» деген екі ауыз сөзі ақын тағдырымен егіз жандардың аузынан түспейтін мәтеліне қалай айналып кеткенін де сезбей қалыппыз. Әрине, ақын сөзінің мәтелге айналғаны жақсы ғой, бірақ тура сол тағдырдың кейінгі жастардың басына да тап солай түсуі – қасірет. Ал шығармашыл жандардың басына түскен қасірет – әдебиеттің аяғына салынған тұсау, мойнына түскен қылбұрау. Бүгінгі таңда Қасым салып кеткен «қасқа жолмен» (баспанасыздығын айтамын) қаңғып келе жатқан ақындарымыздың қарасы көбейіп барады. Не ақын көп, я ақынға берер пәтер жоқ. Қысқасы, Қасымның баспанасыздығы жайында аңыз ғып айтып келген әңгімеміз ақиқатқа айналып бара жатқандай ма, қалай өзі?

Қасымның тұрмыстық жағдайына сәл шегінсек. «Үйіміз Алматының шығыс жақ шетінде, таудың нақ етегінде, бір кезде Жазушылар союзының дачасы, кейінірек Қазақ драма театрының жатақханасы болған үйлердің бірінде болатын. Орталықтан алыс, қараңғы, тар, лас көшені Городская деп атайтын. Сол көшеде, 69-үйде, бір корпуста, бір бөлмелі (басқа түгі жоқ) үйде менің семьям тұрады. (Бұл жерде енді қанша тұрармыз, кім біледі?) Бұл тұңғиық түпкірге мен ағам Ахметжанмен бірге 1938 жылы келіп орналасқам. Бір бөлмеде — ол кісінің үй іші, екінші бөлмеде – менікі», – деп, ақын күнделігінде тұрып жатқан үйінің жалпы көрінісін осылайша суреттейді. Осы кеп, осы күй қазіргі жас ақындарымызға да «жақсы» таныс. Ал Қасым Аманжоловтың жары Сақыпжамал анамыз қуықтай бөлменің ішін былайша «дестелейді»: «Бөлмеде бар болғаны – бiр темiр пеш және екеумiздiң төсегiмiз ғана. Тiптi ас iшетiн, жазу жазатын

Дариға Қасымқызы АМАНЖОЛОВА: Қазақтың қайсар мінезді ақыны Қасым Аманжоловтың мерейтойы қарсаңында шайырдың соңында қалған тұяғы, қызы Дариға Қасымқызымен аз-кем тілдесу үшін іздеп барған едік. Ақынның құнды дүниелерін жиыстырып, саналы ғұмырын әке мұрасын жас ұрпаққа жеткізуге арнаған Дариға апа Қасым Аманжоловтың көпшілік біле бермейтін өнері мен өмірі жайлы сыр шертті.

– Дариға апа, Қасым ақын өз ортасында қайсар мінезімен ерекшеленген деп жатады. Отбасында қандай еді? – Мен әкем туралы еміс-еміс қана білемін. Әкем жеті жасымда өмірден озды. Есімде қалған кейбір сәттері мен анам айтып кеткен естеліктер жайлы айта отырайын. Әкемнің отбасына деген махаббаты ерекше еді. Мені қатты жақсы көретін. Жастайымнан көп ауырдым. Омыртқа дертіне шалдығып, талай жыл аурухананың төсегінде жатқанымда, «көзімнің қарашығы» деп қасымнан шықпайтын. Шешемнің айтуы бойынша, нәресте кезімнен ауырып, шырылдап ұйықтамайды екенмін. Сонда өр мінезді ақын бола тұра, баланы шешеме сілтей салмай, өзі де түні бойы көз ілмей, мені көтеріп жүреді екен. Әкем жас кезінде өздігінен бірнеше музыкалық аспапта ойнауды үйренген. Мен жылағанда аккордеон, домбыра, скрипкада ойнап жұбататын көрінеді. Сонда мен скрипканың әуеніне ғана ұйықтайды екенмін. Анам айтып отыратын, әкең «Менің қызым музыкант болады» деп мақтанып жүретін деп. Әкем мен өмірге келгенде күнделік жаза

К К Е Е Л Л Г Г Е Е Н Н

үстел қоюға орын жоқ. Кiшкентай қара чемоданның үстiне қағаз жайып, ас iшетiнбiз. Сол чемодан Қасымның жазу үстелi де болды. Сол кездегi барлық шығармасын Қасым сол қара чемоданды тiзесiне қойып отырып жазды...». Міне, ақынның Алматыға келіп орын тепкен мекені осындай еді. «Баспана» өлеңі осы шатырдың астында, қара чемоданның үстінде туады. Үйі жоқтың күйі жоқ. Осы үйден қаршадай қызы Дариға ауру табады, өздерінен береке қашады. Өмірдің бейнеті Городская көшесінің қалаға ұқсамайтын қуысынан басталады. Қаншама жыл пәтерге қолы жетпей, қиналып кетеді. Мемлекет жөні түзу жерден там салуға ұлтарақтай жер де қимайды. Ал ақжүрек ақын: «Қасымның атағын естіп алыстан адамдар келсе, оларды мына «үйіне» шақыра алмай қысылады. Олар қайдан білсін, – Қасымның тұрмысы министрдің тұрмысынан кем емес деп ойлайтын шығар», – деп, келер қонағына үйінің бұрышынан орын табылмайтынына қысылып, тарығады. Мұның бәрі ақынды қанша сарсаңға салып, дал қылса да, Қасым өмірге деген құштарлығын бір сәтке де жойған жоқ, «өлеңінің отын жағып, әйелі мен жас баласын жылы-

та» берді. Өз елі өзекке тепсе де, «енесі тепкен құлынның еті ауырмайды» дегендей: — Үйім жоқ деп ешкімнен ұялмаспын, Өгей ұлдай қойныңа сыймасам да, Кете алмаспын, астанам, қия алмаспын. Аспан мен жер — бәрі де үйім менің, Сенің көркің, астанам, сүйінгенім. Кең көшеңде еркіндеп жүрсем басып, He қиындық болса да, иілмедім, – деп өз-өзін жұбатады. Осылайша Қасым Аманжолов бүгінде баспанаға зар болып тентіреп жүрген ақындарымызға «баспанасыз ақынның» идеалды тұлғасына, жаншылған рухтарды жани түсетін рухани ұстазға айналады. Жалпы, баспана мәселесі ХХ ғасырдың ортасынан жырға қосыла бастады. Қасым Аманжолов бастаған бұл тақырып талай ақынның өлеңіне өзек болды. Көп ақынның маңдайы пәтер мәселесіне тигенде, Қасымға арқа сүйеп, ақынның рухымен сырласады, базынасымен бөліседі. Қасымның баспанасыздығы оның басын еш уақытта

төмендетпеді. Қайта кейінгі ақындардың баспана проблемасының беташары болды. Сол үшін де Қасымның ақындығы асқақтады. Тек бір өкініштісі – оның маңдайына жазылған сол тағдырдың әлі күнге дейін кейінгі жастардың да басты проблемасы болып келе жатқандығы. Қаншама қаламгерімізді өзгенің босағасында тентіретіп қоюымыз – осының айғағы. Қасымның «ізін басқан» аға буын ақындарымызды тізе беруге болады. Біз тек бірен-саранын келтірейік.

Р.S.

Ерқанат КЕҢЕСБЕК, ақын: — Кезінде көтерген әкем де Қоғамның зілмауыр салмағын. Көшумен пәтерден пәтерге, Бабамның арманын жалғадым. Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ, ақын: — ...Әумесер әнге сал әпендiм, Ақынды алқайтын әкең кiм? Қасым боп келемiз көш түзеп, Соңында сор болған пәтердiң... Тағдырға қасқайып тұрамыз, Алашта айтылар бiр аңыз. Қасымға бермеген пәтердi, Алмайтын шығармыз мына бiз...

Бұл баспана проблемасы Жұматай Жақыпбаевтан бастап, Ғалым Жайлыбай жалғаған орта және кейінгі буын ақындарын да айналып өтпеді. Бұл мәселені көтерудегі себебіміз, қай қазақты алсаң да, екі ауыз өлең құрай білген деп қарамай, халық мойындаған ақындарымыздың бағасын беру қажет деп санаймыз. Билік мойындаған емес, халық мойындаған ақындарымызға мемлекет жағдай жасауы керек. Себебі, жасыратыны жоқ, қай заманда болсын, қай билік болсын сарай ақындарына ие болғысы келген. Ал бұл – әдебиетке қиянат. Сондықтан да мемлекетіміз ақындарымызға билікке ода айтқызбай-ақ, баспанамен қамтамасыз етуге міндетті деп есептейміз. Әйтпесе Қасым тағдырын кейінгі ақындарымызға да тартқызып қою – мемлекеттігімізге сын.

Жібі түзу бір көшеге әкемнің аты берілмей келе жатқанына қарным ашады

Дариға АМАНЖОЛОВА

Жанна СЕЙТАХМЕТОВА

бастапты. Күнделігінің дені маған арналған. Өмірге келген уақытымды, туғандағы бойымның ұзындығы мен салмағымды жазудан бастапты. Тіпті қызуым көтеріліп ауырып қалған сәттерімді де қағазға түсіріп отырыпты. Мен өмірге келгенде әкемнің жасы 40-қа таяп қалған екен. Сондықтан да болар, маған, отбасына ерекше ден қоятын. Әкемнің Қырымда жүріп жазған бір өлеңі бар. Құралай көзі мөлдіреп, Кекіл шашы желбіреп, «Папалап» кеп әрдайым Сүйдірген маңдайын Дариғамды сағындым. Қызым менің құлыным,

Бұл өлең жинақтарға «Дариғамды сағындым» деген жолынсыз шығып, солай тарап кетті. – Жанна апай, сізден сұрағымыз келіп отырғаны, Қасым ақын сізді өгей қызым демей, бауырына басты. Ол кісі өмірден өткенде, сіз Дариға апайға қарағанда ересек болдыңыз. Әкеңіз несімен есіңізде қалды? Жанна СЕЙТАХМЕТОВА, ақынның қызы: – Анам мен әкем қосылғанда, мен өте кішкентай болғанмын. Өзімнің туған әкем әскери адам болған екен. Ол кісі соғыста қайтыс болыпты. Қасым әкем соғыстан аман-есен оралғаннан кейін анаммен отасыпты. Отбасымыз өте тату болды. Ол мені туған қызы Дариғадан еш кем көрмеді. Ол кісі менің туған әкемнің көзін көрген, тірісінде жақсы сыйластықта болған. Сон-

Әрі қызым, әрі гүлім, Құсым менің құлшынған, Гүлім менің құлпырған Дариғамды сағындым.

Б Б II Р Р

дықтан да шығар, менің фамилиямды өз әкемнің атында қалдыруды құп көрді. «Екі қызым адам болса» деп отыратын. Дариғаны музыкант, мені балерина болады дейтін. Әлі есімде, әкемнің өзі жетектеп балет мектебіне апарған еді. Алайда Дариға да, мен де мүлде басқа салаға кеттік. Сенбі, жексенбі күндері бізді қыдырту әкемнің әдеті болатын. Көк майсаға, саябақтарда қолымыздан жетелеп жүруші еді. – Дариға апай, кезінде әкеңіз пайдаланған дүниенің барлығын мұражайларға табыстаған шығарсыз. – Иә, үйде жатса бүлініп қалар деп ағасы Ахметжанға аттай қалап жасатқан домбырасын, татар аккордеонын Орталық мұражайға табыстадым. Күнделігі, қолжазбалары тағы басқа дүниелерінің бір бөлігін Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайына бергенмін. Өзімде біраз қолжазбасы сақталған. – Ақынның өлеңдері мен жырларын жинақтадыңыз ғой. Жалпы, қанша өлеңі бар? – Нақты қанша өлеңі бар екенін айта алмаймын. Кезінде үш томдық өлеңдер жинағы шықты. Бірақ кейіннен саясат, қоғам өзгергеннен кейін Ленин, Сталин, партияға қатысты дүниелері енбей қалды да, қалың бір томдық болып қайта жарияланды. – Әкеңіздің сазгерлік қасиетін де білеміз. Жалпы, қанша өлеңге ән жазған? – Ол кісі төрт өлеңіне әуен шығарған. Олар «Өзім туралы», «Дариға, сол қыз», «Туған жер» және «Жас дәурен». Алғашқы екеуі кең таралды да, соңғы екі әні ұмытылып қалды. — Ақын туралы көркем фильм түсіру туралы ұсыныстар болды ма?

С С Џ Џ Р Р А А Ћ Ћ

Қасым бірнеше аспапта еркін ойнаған

Биыл Қасым ақынның 100 жылдығы Қарағандыда тойланбақ екен. Қасым тойында ақын ескерткіші ашыла ма?

Қасым бірнеше музыкалық аспапта ойнаған деп естіп қалып едім. Нақтырақ жазсаңыздар екен, ол қандай музыкалық аспаптарды жақсы меңгерген?

Қыркүйектің 9-ы күні Қарағандыда басталатын ақын мерейтойының ең басты шараларының бірі қала орталығындағы саяжай тұсына ақын ескерткішінің қойылуы болмақ. Осыдан екі-үш ай бұрын жарияланған мүсіншілер байқауы нәтижесінде жеңіске жеткен туындының биіктігі 10 метрге жетеғабыл. Ақынның адымдай басып, өлең оқып келе жатқаны бейнеленген. Ескерткіштің ашылу салтанатында мерекелік Қасым оқулары ұйымдастырылады. Мұнда жергілікті

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, ақын: — Көшемін ертең, босатам Коляның үйін, Бұл көшу маған, әрине, болады қиын. «Турчатник» жақта тұрақтап үйренген едім – Тоңады миым, Санамда соғады құйын...

«Өлең деген тумайды жайшылықта, Өлең деген тулайды қайшылықта», – деп Мұқағали Мақатаев айтқандай, мұндай проблемаға жастарымыз да ұрынып, өлең жазып жүрген жас ақындарымыздың да саны аз емес.

Ақын ескерткіші асқақтайды Аманғали ҚАЛЖАН, Алматы қаласы жас ақындар мен мерейтой қонақтары Қасымға арнаған өз шығармаларын және ақын өлеңдерін оқиды. Ал Қарағандыға солтүстік-батыс бағыттан кіретін күре жол тұйықталар Кривогуз көшесінің орталық саябаққа түйісер тұсында орналасатын ескерткіштің ту сыртынан ақындар аллеясы ашылады. Аллея орталық саябақтың біраз бөлігіне созылып, қала тұрғындары мен қонақтар үшін көрікті демалыс мекеніне айналады деп күтілуде.

Жұматай ЖАҚЫПБАЕВ, ақын: — Жас бала демей қарбытып, Баспана бермей қаңғытып, Тойласын соңғы жеңiсiн, Солардың жерi кеңiсiн. Өлтiрмей Құдай жөнiмен, Ойнап жүр ендi менiмен.

Әлібек ШЕГЕБАЙ, ақын: – Ілдебайлап өмір сүріп келем мен, Пәтер жалдап мына зәулім қаладан. Бір жақсылық болатынын білеміз, Адам емес, Алладан...

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Салтан СӘКЕН

ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІК

1952 жылы болатын. ҚазПИ-дің әдебиет факультетін Ғафу Қайырбеков, Серік Қирабаев, Баламір Сахариев, Айқын Нұрқатов, Шәмшия Сәтбаева – барлығымыз бірге оқып бітірдік. «Лениншіл жас» газетінің әдебиет бөлімін басқаратынмын. Газетке орналастырған редактордың орынбасары, ақын Жұбан Молдағалиев болатын. Қасым Аманжолов 1952 жылы қазақтың бірқатар ақындарының өлеңдерін жинақтап, «Жастық жыры» деген кітап шығарған. Сол жылдары Қасым Аманжолов, Қалижан Бекхожин сынды ақындарға жала жабылып, сыншылар «сары уайымшыл», «феодалшыл» деп сын жазып, есін шығарған. Ақын Ғафу мені ертіп, Қасымның үйіне бардық. Қасым үйін жаңадан алған кезі. Ол кезде ақын-жазушылардың қолы баспанаға оңайшылықпен жетпейтін. Алматының үй беретін исполкомы Жүсіпбековке «Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды, Сонда да тастамаймын астанамды» деген өлеңін жазған тұсы. Ақынның Ілияс Омаровқа «І.О-ға» деген хаты бар. Ілияс содан қояр да қоймаған соң, Орталық Комитеттің үгіт жөніндегі хатшысы осы үйді алып берген. Ол – қазіргі Қарасай батыр мен Достықтың қиылысындағы екі қабатты үйдің екінші қабатындағы шағын пәтер. Ғафу екеуіміз келгенімізде, Сақыпжамал жеңгеміз есікті ашып, Қасым ағамыз күтіп алды. Ол кезде Қасым өлеңдерін кітап қып шығартпай, ақындардың өлеңін шығаруға құрастырушылықтың өзін зорға сұрап алған екен. Құрастырушылыққа да қаламақы төлейді. Жинаққа Нұтфолла Шәкенов, Аманжол Шамкенов сынды ақындардың өлеңдері енген. Мен үш өлең оқып бергенмін, екеуі кітапқа енген екен. Соның бірі – «Қызара барып күн батты» деген өлең. Өлеңді тыңдаған Қасым: – Әй, бала, сенен тәуір ақын шығады екен. Өлеңді осы секілді етіп жаз! Поэзиямен сурет салғансың, – деп көңілімді өсіріп жіберді. Ол – Американың Кореяға соғыс ашқан кезі. Соны өлеңге арқау еткенмін. Осылайша «Жастық жыры» жинағы шыққан-ды. Сол отырыста Ғафу Қасым ағадан «Дариға, сол қыз» әнінің жайын сұрады. Ескілеу, көнетоз Абай домбырасымен сол әнді айтып берді. Домбыраны тәп-тәуір жақсы шертеді. Дауысы тенор мен баритонның арасында. Сосын «Ақ сәулемді» айтайын» деп шырқап берді. Шайымызды ішіп, өлеңіміз шығатын болып, қуанып кеттік. 1954 жылы Понамаренко, Брежневтер билікке келіп, қателіктердің барлығын түзей бастады. «Жамбыл жөніндегі өсекті қойыңдар, оның алдында бастарыңды иіңдер!» деп, М.Әуезов, Е.Бекмаханов, Қ.Мұхамедханов, Қ.Жұмалиевтердің барлығын ақтап шықты. Қ.Сәтбаев Ғылым академиясына қайтадан президент болып, орнына келді. Қазақта үлкен қателік бар. Бір ақынды мақтасақ қол-аяғын жерге тигізбей, одан басқа ақын жоқтай көреміз. Даттасақ жер-жебіріне жетеміз. Қасым да қайтадан дүрілдеп шықты. Сол кезде Қасымның Абдолла деген досы — Абдолла Жұмағалиевке арнаған атақты поэмасы шыққан. Керемет. Тегінде Қасым – мықты ақын. Талай кеште кездесіп, Ғафу екеуімізді соңынан ертіп, шәкірт қылып жүрді. Адамгершілігі жоғары, ешкімнің ала жібін аттамаған, биязы адам еді. Біздің қазақ тамаша талант шықса, көре алмай, шұқылап, мұқатуға тырысады. Қасым да сол «феодалшыл» деген жаланың құрбаны болып кетті. Мен білген Қасым – осы!

№152 (604) 27.08.2011 жыл сенбі www.alashainasy.kz

Жас дәурен, қызығыңа тоя алмаспын, Ән мен күй, өлең, сені қоя алмаспын. Тірлікте тербелейін, тебіренейін, Бір күні кетсем ұйықтап, оянбаспын.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

e-mail: info@alashainasy.kz

Қасымның соғыстан кейінгі жазған күнделіктерінде бұл туралы бірқатар мәліметтер бар. Оның қызы Дариға туғаннан бастап домбыра тартып жұбататыны жайлы жазғанына қарап, домбыраны өзі де бала кезінен тартқанын аңғаруға болады. Сонымен бірге Қасым мандолин, гармонь, скрипкада ойнапты. Бұл туралы Сырбай Мәуленов өзінің «Найзағайлы қара бұлт» атты естелік кітабында жазады. Қасымның Оралға алғаш келгенін суреттей жазған ақын: «...Жаз желегін жамылған жасыл бақша.

Бота ӘЛТАЕВА, Қарағанды Айнадай жарқырап тұрған ақ шыны аспан. Бейтаныс жаңа қала, төңіректі қоршаған қыз-жігіттер. Қасым бір түрлі арқаланып кетеді. Сырнайшының қолынан гармоньды сұрап алады да, Семей татарларынан үйренген бірсыпыра әндердің тиегін ағыта жөнеледі...» – дейді. Сондай-ақ сыншы, әдебиеттанушы Есмағамбет Ысмайылов та ақындар ортасында Қасым скрипкасын алып, түрлі әуендер тартып отыратынын тілге тиек етеді. Қасымға түрлі аспаптарда ойнау әкесі Рахымжан серіден ауысса керек...

— Көркем фильм түсіру туралы әзірге ешкімнен ұсыныс түскен жоқ. Алайда бұған дейін деректі фильм жарыққа шыққан болатын. Ол фильмде әкемнің Қарағандыда жүріп өткен жолы мен қызмет еткен жерлері туралы деректер ұсынылды. – Қасым ақынның 100 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Туған жерінде үлкен той да ұйымдастыру жоспарланып отыр екен. Жалпы, осы жұмыстар барысында көңілдеріңіз толмайтын әттеген-айлар бар ма? Дариға АМАНЖОЛОВА, ақынның қызы: – Барлық іс-шаралар көңілімізден шығып жатыр. Әкемнің мерейтойы жақындаған сайын қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдары кезек-кезек Қасым Аманжоловтың шығармашылығы мен өмірі жайлы қайта жазып, оқырмандарды керекті ақпараттармен сусындатып жатыр. Рақмет. Десе де, жібі түзу бір көшеге әкемнің аты берілмей келе жатқанына қарным ашады. Виктор Храпуновтың кезінде жақсы бір көше әкемнің есімімен аталады деп айтылған еді, айтылған сөз сол күйінде қалды. Жанна СЕЙТАХМЕТОВА, ақынның қызы: – Әкемнің атында көше жоқ емес, бар. Бірақ көше деп айтуға келсе ғой, шіркін! Қып-қысқа шағын ғана көшеге Қасым ақынның атын беру ұят! Оның үстіне, көше зираттың маңайында. Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов көше беру үшін көп ақша сұрады. Обалы не керек, меценат Амангелді Ермегияев демеуші болуға ниет білдіріп-ақ еді. Алайда Храпунов сұраған сома демеушінің өзінде жоқ болып шықты. Бір әттеген-ай дейтініміз осы көшеге қатысты. Қалғанының бәріне көңіліміз толады. Қазақ барда Қасымын ұмытпайды ғой. Әңгімелескен Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ


Қойдым енді, сірә, мен үй алмаспын, Үйім жоқ деп ешкімнен ұялмаспын. Өгей ұлдай қойныңа сыймасам да, Кете алмаспын, астанам, қия алмаспын.

e-mail: info@alashainasy.kz

№152 (604) 27.08.2011 жыл сенбі www.alashainasy.kz

Аспан мен жер – бәрі де үйім менің, Сенің көркің, астанам, сүйінгенім. Кең көшеңде еркіндеп жүрсем басып, He қиындық болса да, иілмедім.

5

РУХ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДЕРЕК

ШАБЫТ

«Жыр бәйгеге аттанған адам болса, Сөредегі Қасымын есіне алсын!..» «Қазақ пен поэзия – егіз ұғым» дейміз ғой. Сөйткенімен, бүгінгі поэзияқұмар көпшілік жұрт қазақы ақындықтан қасымдықты таба алмай аңсап жүрген тәрізді. Әлбетте, сонау ғасырлардан сабақтаса сусындалған өнердің өресі ұсақталып кетті деп айта алмаймыз. Солай деп айта алмасақ та, сөз сойылын ұстанған бүгінгілер арасынан ақын Қасым шыққан шыңға, оның көркем суреткерлігін табындыратын Тәңіріне талпынушылар көп емес секілді. Әйткенмен, өзі айтпақшы, «дүниеге келер әлі талай Қасым». Ал сол Қасым мен бұ Қасымның арасындағы үндестіктің қоздауы нешік?! Сондықтан да кешегі әм бүгінгі ақындар арасындағы сабақтастық жолы жете зерттеулерді қажет ететін секілді.

Қанат ҚАЗЫ

ҚАЛАМ МЕН ЗАМАН

Қазақтың ақындығы – тәңірі жарылқап аспаннан сұрағанға түсе салған кенже құбылыстың бірі емес. Ықылым заманнан бергі ешкімге ұқсамай жалғасып келген ғажайып жыр маржандары, ілгерідегі сақ дәуірінен сақтала жеткен жауһар мұралар, Тоныкөк тұсындағы түркінің түрлі тебіреністері, хандық тұсындағы толғаулар, аласапыранның айтнамалары, шапқыншылықтың шайырларынан жеткен мәңгілік өлмес дастандар – мұның бәрі – бір-бірімен үндескен, сабақтасқан ұлы құбылыстар. Бұндай ұлттың ұлы өзегін жалғап тұрған киелі қалыптан бертіндегі Бұқар, Махамбет, Дулат, Абай, Мағжандарға дейін сапырыстыра дәм татып, саф өнердің сапасына сән берді. Соған қарағанда, әулие тұтатын ақын Абайдың өзі де аспаннан түскен жоқ. Оның ақындық, данышпандық деңгейіне жеткізген – пенделік күйдегі іркіліссіз ізденісі. Сондай өз бойындағы ғажайып күй арқылы Абай — халқымыздың үлкен рухани мұрасын кейінгілердің сусындауы үшін сабақтастырып кеткен заманның заңғар тұлғасы. Ал осы тектес ұлы сабақтастықтың жолымен қазақ поэзиясын шырқау шыңға

Әдебиетте тағдырлардың қайталануы, болмаса өзара ұқсастықтары андағайлап көрінетін құбылыстар бар. Мәселен, Абай мен Пушкин, Шәкәрім мен Толстой, Алтынсарин мен Крылов... Жіпке тізілген алма қағындай әрқайсысы да өзгеше бір тәттілікті, жарасымдылықты көрсетеді. Қазақтың дара тұлғасы, жауынгер ақын Қасым Аманжоловты орыстың от ақыны Сергей Есенинмен шығармашылық жағынан үндес деуге де болатындай.

Екі басқа ұлт ақынын, мейлі олар бөлек дәуірлердің өкілі болса да, көркемдік ерекшеліктер, эстетикалық таным, әсемдік айшықтар деген тарауларда өзара үндес келуін мысалға алсақ жеткілікті. Сергей Есениннің ең бірінші өлеңдерінің өзі атамекен, туған жер тақырыбына ойысады. Оның «Кузнец», «Береза» өлеңдерімен қоса, 1917 жылы жазылған «О, Родина!» өлеңінде өз туған еліне деген ішкі сағынышын былай жеткізеді: О, Родина, о, новый С златою крышей кров, Труби, мычи коровой, Реви телком громов... ...И всю тебя, как знаю, Хочу измять и взять, И горько проклинаю За то, что ты мне мать. Ал Қасым «Атамекен» деген өлеңінде: Сүйем сені туған ел – атамекен, Абзал анам сенсің ғой құшағың кең. Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің, Сенен артық не табам, қайда кетем? Іздеймін деп «Жерұйық» желдей желген Асанқайғы емеспін, Қасыммын мен! Қорқыт та емен елсізде, көр басында Қобызымен сырласып күңіренген.

? Б Б II Л Л Г Г II М М

көтерген өресі сұмдық ақынның бірегейі – Аманжол Рақымжанның Қасымы. ХХ ғасырдың соғыстан кейінгі жылдарында қазақ поэзиясына үлкен бетбұрыс әкелген ақынның өнегесінде де рухани сабақтастық рухы тұрғаны айқын. Зерттеушілер де Қасым өлеңдерінен ең әуелі Абайдың жолын, Мағжанның ізін көретіні сондықтан болар. Бір сөзбен айтқанда, ықылым замандағы жыраулардан жалғасқан рухани шүйгін Қасым поэзиясы үшін қайнардың нағыз көзі болды. Сондықтан да қазақ поэзиясына батылдық пен суреткерліктің лебін әкелген Қасым өзіне дейінгі ұлттық поэзия үлгілерінің озығын болмысына сіңіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар ақындықтың шеберлік мектебін дамытты. Оның тамаша туындылары, өлмес дастаны өзінен кейінгі Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, М.Мақатаев, С.Ақсұңқарұлы секілді ақиық ақындардың өнеге алар рухани мектебіне айналды. Әйтсе де осындай рухани мектеп өнегесі бүгінгі күні сұйылып бара жатқандай. Сондықтан да ілгеріге озбай-ақ бүгінгі зерттеушілер Абай мен Қасым арасындағы байланысты Мағжан мен Қасымды, Қасым мен Мұқағалиды, Қасым мен Төлегенді, Жұмекенді байланыстыра, соның тамырына терең бойлауы сұранады. Сондай сабақтас байланыстан нәр ала білген

шынайы бейнеленуімен ерекшеленеді, түр жағынан да айрықша сонылықты аңғартады. Сол замандағы дүниеге келген «Ақын өлімі туралы аңыздың» өзі замандастарының алдында шоқтығы биік туынды саналып, қазақтың ғұлама жазушыларының бәрін дерлік мойындатты. Абдолла туралы осы поэмасы да — қазақ үшін тың жаңалық. «Жау жолына атам сені, бомба бол да жарыл, жүрек» дегендегі суреткерлікке кім жетер еді? Сыналай келсек, Қасым ақынның поэзиясында, оның әрбір туындысындағы бейнелеу, ажарлау, құбылту тәсілдері арқылы жасалған бейнелілік-көркемдік байлықтар сонылығымен, тосындығымен тәнті етеді. Ендеше, осындай өрелікпен Қасымша толғанудың соны суреткерлігі бүгінгі ақындарға жетіңкіремейтін тәрізді. Сондықтан да қазақ әдебиетіндегі Қасым поэзиясының дәстүрін зерттеу өзекті проблемаға айналып отырғанын аңғаруға

Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын: – Қазіргі біздің ақындарда образды сөйлеу, бейнелеп айту жоқ. Бар болса да, оған соншалықты мән берілмей, осы жол жоғалу үстінде. Сондықтан да кейінгі кездері ақын өлеңі қарапайым бір мақаланы жазып шыққандай ғана әсер береді. Ал Қасымның да, Мұқағалидың да ірілігі сонда – олар образбен айтуды терең меңгерді. Реті келмеген тұстарын тұспалдап жеткізуді әбден игерді. Мәселен, Пушкиннен аудармасында Қасым «ол да мені тырнағымнан таныды, мен де оны құлағынан таныдым» дейді. Ал біздің ақындарымыз мұндайды «мен айбарлы жолбарыспын, сен салпаңқұлақ есексің» деп төтесінен баяндаушы еді. Осындағы Қасымның жазған екі жолының өзі бүкіл бір балладаға бергісіз. Яғни біздің бүгінгі ақындарда бейнелеп айтып, аз сөзбен көп мағына беру, астарлап сөйлеу, шешендік таныта түсу мәнері сұйылып барады. Дәстүрлі сөз жүйесінен тайқып та жүргендейміз. Тіпті таза, тұнық келетін ұлттық тілдегі бояуды да сұйылтып жатқандаймыз. Бұл назаландырады.

Ақындық рухтың үндестігі

Ерке жанмын, өмірде өстім еркін, «Еркелеме, ей, жігіт, еспе» дер кім?! Өз елімде өзендей гүрілдеймін, Тасып, шалқып өтемін – осы сертім, – деп жырлайды. «И горько проклинаю, За то, что ты мне мать» Есенин нұсқасы қаншалықты тәкаппар, кең жазылса, «Өз елімде өзендей гүрілдеймін» немесе «Асанқайғы емеспін, Қасыммын мен!» деген сөздерде ақынның ерекше зор рухын сезуге болады. Ақын қуаты деп те осы құбылысты айтады. Сонымен, от жалынды поэзия екі ақында да көрінді. ХІХ ғасыр орыс әдебиетінің алтын

К К Е Е Л Л Г Г Е Е Н Н

Жырлары әнге айналған Қасымның адуынды ақын екенін білеміз. Біршама өлеңдері әнге айналған. Сұрағым келгені, Қасым әндерінің жинағы шығарылды ма? Аманбай ЕСЕЙ, Талдықорған Қасым Аманжоловтың тірлігінде бесаспап музыкант болғанын замандастарының естеліктерінен оқып біле аламыз. Сондай-ақ Қасым өз өлеңдеріне ән жазып, оны өзі орындап жүргені де елге белгілі. Ақын әндерінің бірқатарын елге жеткізген – ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз. Қасымның өзі жазған, танымал сазгерлер жазған «Дариға, сол қыз», «Ақсәулем», «Жас дәурен», «Туған жер» атты әндері – халық арасында

кейінгі ақындардың да шығар шыңы зор болары – даусыз шындық. Зерттеулер де осы негіздегі жүйені сұранады. Қасымның өлеңіндегі ерекшелігіне соғайық. Басқасын айтпай-ақ, ақынның әсіресе өзіміз ұдайы қарғыс айтатын кеңес заманын жырлаған һәм соғыс жылдарындағы тудырған шығармашылығының орны бөлек. «Өңімде ме еді, түсімде ме еді, Көрдім ғой мен бір армандай қызды. Бір нәзік сәуле күлімдеп еді, сұрапыл соғыс соқты да бұзды. Тулады толқын, шайқалды шың-құз. Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз. Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз!» Осы бір «Дариға, сол қыздың» өзі тұтастай бір дастанға бергісіз туынды екені рас. Ақын мұрасын зерттеушілердің өзі әр тармағы он буыннан тұратын мұндай өлеңнің Қасымға дейінгі де, одан кейінгі де қазақ поэзиясында онша қолданыла қоймағанын алға тартады. Ең бастысы, өмір шындығы жырланатын өлеңде кейіпкердің тебіренісі

болады. Басы ашық тағы бір мәселе, ол – Қасым ақынның қазақ поэзиясында берік орныққан шеберлік мектебінің қырларын ашу. Тәуелсіздік идеясы, ұлттық поэзиядағы Қасым поэзиясы дәстүрінің қаншалықты дәрежеде жаңашылдыққа ұласуы. Мұндай дүниелердің жете зерделеніп, жұртшылыққа кеңінен таныстырылуы ақынды тағы бір қырынан тануға септігін тигізері анық. Тар заманда өмір сүріп, халық тағдырын мүмкіндігінше жырлаған Қасым – қазақ поэзиясының алтын тамырынан нәр алып шыққан ұлы өнердің қайнар бұлағы. Сондықтан да әлі күнге толық ашылмаған Қасым – қазақ оқырмандары үшін әлі де жұмбақ. Осыны қайта қарау, жыр-дастандарын жаңа заманның көзқарасымен ұштастыру лазым. Бір сөзбен айтқанда, ақынды өз биігінен талдап, өз биігінен қарауға тиістіміз. Мұқағалидың өзі Қасымның әлі талайды табындыратынын айтып, ондай тұлғамен мәңгі санасу керектігін сипаттап, былай дейді: «Бір күй бар домбырамда...» (Иесі Қасым) Қасым солай болмаса несі Қасым?! Жыр бәйгеге аттанған адам болса, Сөредегі Қасымын есіне алсын!..»

кең танымал шығармалар. Жақында Қарағанды облысы әкімдігі мен облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен ақын әндерінің аудиодискісі шығарылды. Мұнда қарағандылық әншілер мен музыка ұжымдары орындауында шырқалған 20-дан астам ән топтастырылған. Сонымен бірге Қасым әндерінің мәтіні мен ноталары, түсініктемелері жазылған арнайы ән кітабы да жарық көрді.

ғасыры болса, ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің алтын ғасыры іспеттес. Әсіремақтауға балағанымыз емес, егер Есенин орыс поэзиясының бағдарын жаңа бағытқа бұрса, Қасым туындылары да қазақ поэзиясының жаңалығы бола білді. Алғашқы жинаққа енген өлеңдерден болашақтағы кемелденген Қасым ақын поэзиясының отты, лепті, сыршыл мінезі танылатын жекелеген жол, шумақтар табылғанымен, тұтастай алғанда, жинақ ақынның әлі де үйрену, еліктеуден басталған еді. Есениннің алғашқы өлеңдері формалық жағынан жаңашыл, ұранды бо-

Б Б II Р Р

лып келуімен қатар, толық пісе қоймаған, әлі де мол ізденіске баруына тура келгендігі көрінеді. Қайткенде де біздің сын табиғи қалыпта айтылып отыр. Себебі «Мәскеу бір күнде тұрғызылған жоқ». «Дәстүрлі қалып — поэзияның таусылмас азығы. Өткеннен өнеге алу — дарынның ең бірінші қия жолы» десек, Сергей Есениннің Пушкинге арнаған өлеңі мен Қасым Аманжоловтың Абайға арнаған өлеңдеріне зер салайық. Сергей: Мечтая о могучем даре Того, кто русской стал судьбой, Стою я на Тверском бульваре, Стою и говорю с собой...– десе, Қасым «Абайға айтарым» өлеңінде: ...Бөлек бір туған кім едің!.. Атаның ұлы емессің. (Кешіре жатар Кеңгірбай), Халықтың ұлы боп өстің... – деп тіл қатады. Зер салып қараған адамға екі ақынның да арнауларында дәстүрлі поэзияға деген үлкен құрмет пен ізеттілік байқалады. Олай болмауы да мүмкін емес. Абай мен Пушкин салған дәуір басындағы канонды леп кейінгі ақындардың оны сарқа жұмсап, сол арқылы даңғыл жол салуына бастау болады. Сондықтан да Есенин мен Аманжоловтың шығармашылығына осы тұрғыда бір деңгейде салыстыра қарау адасу емес, қайта екі көршілес ұлт поэзиясына дендеп бақылау жасау болып табылмақ. Махамбет, Абай поэзиясының көркемдік табиғатына терең бойлау, дүниежүзілік поэзияның үздік, асыл үлгілерінен үлкен алымдылық, шалымдылықпен үйрену Қасымның буырқанған күшті талантын айқындаса, Пушкин, Достоевский, Ибсен шығармашылығын жазбай таныған Есенин поэзиядағы ескі жолмен бірге жаңа

леппен көріне білді. Қайталаймыз, ұлттық құндылықтар алдымен орыс поэзиясындағы мысалдармен, «частушкаларды» Есениннің мүлдем жаңа қалпында көрсету дәуірі болса, біздің әдебиетте де Қасым поэзиясы жыр-дастандар, шешендік сөздердің «майын ішкен», одан кейін, әлбетте, оларды жаңаша қалыпта реформалаған поэзия болды. Ақын лирикасындағы жаңа өжет пафос оның соғыстан кейінгі шығармашылығын да сол тұстағы көп шығармалардан көш бойы оқшаулап, оздырып шыққаны белгілі. Біздің мақсат тұтып отырған «Есенин мен Аманжолов» тарауы осымен бітті деуге тіпті де келмейді. Қасым соғыс өлеңдерін жазуда да адамгершіліктің, гуманизмнің соғысына дендеп кіреді. Ал Есенинде бұл тақырып ол соғысты көрмесе де, оның негізгі тақырыбы болып қала береді. Қасымға ойысар болсақ, ресми аталмағанымен, оның ең негізгі ұстазы Мағжан Жұмабаев болғаны белгілі, нақтырақ айтсақ, оның өлеңдері. Ақын өз шығармашылығы арқылы 37-нің от дауылынан кейін жермен-жексен болған киелі Алаш топырағында алауыздардың айтқанына көніп, айдағанына жүретін мәңгүрт өлеңшілер ғана емес, от ауызды, орақ тілді ақынның барлығын айта келген шайыр еді. Неге екенін білмедік, бірақ жалғыз адамның атымен аталатын дәуір тек осы Қасымдар дәуірі еді. Мәселен, Абайлар немесе Мағжандар дәуірі деп айтылмас, ал Қасымдар дәуірі мәңгі мызғып жанған кез. Себебі Қасым кейін өз сөзін батыл айта білетін К.Мырзабеков, Ж.Нәжімеденов, М.Мақатаев, Т.Айбергенов т.б. ақындардың шығуына мүмкіндік жасаған еді. Ардақ ҚҰЛТАЙ

Қасым тұрған үй – бұл емес-ау... Екі ғасырға жуық уақыт іргесінен құт аумаған, өлкесінен рух таймаған Қарқаралы қаласының әр ғимарат, әр үйінде тұнған тарих бар. Мәди жатқан түрме, Потанин түскен үй, Ахмет Байтұрсын, Әлихан Бөкейхан оқыған, жүрген жерлер, Құнанбай салдырған мешіт, Абай түскен үй... Бұл тізімді едәуір ұзатып, тізе беруге болады. Осы тізімге «Қасым Аманжолов тұрған үй» де еніп келеді кейінгі жылдары. Әлбетте, Қасым ақын ұлы құбылыстар құжатталатын кез келген атагөй тізім, атақты алқаға лайық қой. Тек болған жай мен тарихи нақтылықтан ажырамасақ болғаны. Бұлай деуімізге Қарқаралыдағы «Қасым тұрған үй» деп белгі қойылған боз ордада Қасекең, шындығында, тұрған ба, тұрмаған ба деген күмән-күдік арқалаған сауал себепші болып отыр.

Көне қаладағы Д.Қосыбаев атындағы көшедегі №68 үйдің қабырғасына «ҚазССР-і 1929-30 жылдары ақын Қасым Аманжолов тұрған үй» деп ақ мәрмәрге қашап жазылған. Еңселі үй кімнің де болсын көзін тартардай. 1911 жылы туған Қасым 18-19 жастағы бозбала кезінде осындай үйде тұрған-ау деп сырт қонақтарға да ұялмай көрсетуге болады. Бірақ Қасым бұл үйде тұрмаған тәрізді! Бұған дәлел боларлық бірнеше жайтты көлденең тартуға болады. Осы №68 үйдің дәл жанында көлемі едәуір кіші, қораштау шатырлы қоңыр құжыра салынған. Бұл үйде қарқаралылық белгілі көпес Чанчиков тұрған екен. «Ақын бозбала кезінде осы үйге тоқтап, тыныстаған» деседі қариялар. Ал Қасым тұрды дейтін №68 үйде көпестің балалары тұрған. Жергілікті өлкетанушылардың, көнекөз қарттардың, Ю.Поповтың жазбаларына сүйенсек, 1929-30 жылдары Қасымның Қарқаралыда болғаны туралы бірде-бір дерек жоқ. Өлкетанушы, Қарқаралы тарихының білгірі Ю.Попов та «Қасым егер Қарқаралыға келсе, өз ауылына соқпай кетуі мүмкін емес. Қасым 11-12 жасында Семейге кеткен соң, Қарқаралы өңіріне келмеген тәрізді» деп жорамал түйеді. Ақынның туған жер туралы жырларына тұнған ұлы сағыныш сарынынан да соны аңғаруға болады. Бірақ болжам мен жорамал факті емес қой. Факт – қабырғаға қашалған мәрмәр тас болып тұр. Сонымен, Қасым тұрған көзге қораштау шағын үйдің қабырғасында белгі жоқ, белгі көрші үйде тұр. Әлбетте, «мұнда тұрған не бар? Тірлігінде баспана зарын тартқан ақынға еңселі үйдің қабырғасына ілінген мәрмәр тасты қызғанамыз ба?» деген сауал тууы да мүмкін. Қызғанбаймыз! Тек тарихи фактіге адалдық керек. Белгі қойылған тұста «Қасымдай ақын шағын үйде тұрды деген атымызға сын болар, үлкен үйге қояйық. Осыны кім біледі?» деген орашолақ ойдан туған осы шағын ғана қателік әңгімеге бастау болып отыр. Әйтпесе ақын жүрген жерде табаны тиген әр тасы қымбат болары анық ұрпағы үшін. Одан өзге дау да, дабыра да жоқ... Сонымен бірге «Қасым тірлігінде туған жеріне келмепті, баспанасыз болыпты, жағдайы болмапты» деген әңгімелер де арада өткен ғасырлық межеден соң тыйылуы тиіс шығар. Себебі ақын тұлғасы, ақын ары туралы, жыры туралы айтылар сөз де, оқырман да өзгеріп болды емес пе? Енді тек ақынның азаматтық тұғыры мен ел үшін атқарған өлшеусіз еңбегін ғана тілге тиек еткен абзал болар... Серік САҒЫНТАЙ, Қарағанды

С С Џ Џ Р Р А А Ћ Ћ

Қасым тағдыры – ақындарға ортақ тағдыр Қасымның баспанасыздығы туралы әңгіме көп. Ақын, шынымен, баспанасыз болған ба? Жанат ЖАҚСЫЛЫҚ, Павлодар Қасымның баспанасыздығы туралы, жалпы, қазақ қаламгерлерінің үйсіз-күйсіз тірлігі туралы ел аузында қауесет әңгіме көп. Қасым бұл туралы өзінің жырларында да, күнделіктерінде де айтып кетеді. «Үйіміз Алматының шығыс жақ шетінде, таудың нақ етегінде, бір кезде Жазушылар союзының дачасы, кейінірек Қазақ драма театрының жатақханасы болған үйлердің бірінде болатын. Орталықтан алыс, қараңғы, тар, лас көшені «Городская» деп атайтын. Сол көше, 69-үйде бір корпуста, бір бөлме (басқа түгі жоқ) үйде менің семьям тұрады. (Бұл жерде енді қанша тұрармыз, кім біледі)... Мен квартира алам деп титықтағаныма он жылдан асты. Бермейді, не

қыласың. Қалалық совет пен квартбюродағылар сенің ақындығыңды қайтсін, арақ дүкенінің сатушысы болсам, онда, мүмкін, есептесер еді. 1946 жылы ең болмаса күрке салып алайын деп қолайлы жер сұрадым. Төрт ай жүріп жауап алдым. Бір оңбаған «инженер» – саудагер жерді маған зират жақтан (!) ұсынды. Кімге айтарсың? Сондай сұмдардың соңына түсіп жүруге уақытым бар ма?» деп назаланады Қасым өз күнделігінде. Ал 1949 жылы Алматы қаласының Виноградов көшесінен, №29 үйдің екінші қабатынан пәтер беріледі. Өкінішке қарай, ақын үйі кейіннен қиратылды...


6

АЛАШ АЗАМАТЫ

Дүние қандай жап-жарық! Осындай ма еді бұрын да?! Байқамаппын аңғарып Ойдың тапшылығында.

e-mail: info@alashainasy.kz

Дүние қандай жап-жарық! р қ Жырдың алтын бұлағы, ұ Жалт-жұлт етіп жатшы ағып, ағып, Жарқылдайын мен-дағы.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№152 (604) 27.08.2011 жыл сенбі www.alashainasy.kz

ДАТ!

Өмірхан ӘБДИМАНҰЛЫ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ әдебиетінің тарихы және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор:

Қасым – қазақ әдебиетіндегі лирикалық поэзияның Мағжаннан кейінгі атасы

– Өмірхан Әбдиманұлы, алғашқы сауалымызды сан ұрпақты өзінің дауылды жырымен, алдаспан өлеңдерімен тәрбиелеп келген Қасым поэзиясының құдіреттілігі жайынан бастасақ. Ақын өз дәуірін айшықты сөзбен өрнектеді, көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, төл әдебиетіміздің тарихында қалатын мәңгілік туындылар жазды. Шығармашылық адамы үшін ең үлкен бақыт бұл көзі тірісінде өзіне лайықты бағасын алып, қалың оқырманның құрметін сезіну болса керек. Қасым ақын көзі тірісінде шығармашылығына лайықты бағасын ала алды ма? – Қазақ әдебиеті тарихында Қасым өзіне лайықты бағасын ала алған жоқ. Көзі тірісінде де, қайтыс болғаннан соң да. Менің ойымша, қазақ әдебиеті әр жарты ғасыр сайын керемет ақындарды дүниеге әкеліп отырды. Асанқайғыдан бастасақ, біраз ақындар шығады. Әрқайсысы бір-бір белес. Мысалға алатын болсақ, XVIII ғасырдағы жы рауларымыздың барлығы мықты. Тегеурінді. Сөздері жалынды. Алайда солардың ішінде Бұқар жыраудың орны ерекше. ХІХ ғасырдың басын алатын болсақ, Дулат та, Шортанбай да, басқа да мықты ақындар бар. Бірақ Махамбеттің жөні бөлек. ХІХ ғасырдың екінші жартысын алыңыз, ол кезде де өз деңгейіндегі ақындар болды. Дегенмен Абайдың өресі, шоқтығы биік. Енді ХХ ғасырға келейік. Ғасыр басында ғаламат, сұрапыл ақындар болды. Ал шындап келсек, Мағжанның ақындығы басым. Сұлтанмахмұт та арынды ақын, алайда өмірден ерте кетіп қалды. Сәбит Мұқановтың «Абай – ақылдың ақыны, Мағжан – ақынның ақыны» деп айтқаны бар ғой. Бұған ешкім таласа алмайды. ХХ ғасырдың екінші жартысына ауыссақ, әрине, бірден Қасым Аманжоловты айтамыз. Әбділда да, Сырбай да қандай қуатты ақындар. Соғыстан кейінгі буын. Бірақ Қасым жырының салмағы басымдау. Себебі Қасым өз дәуірінің бүкіл болмысын жүрегінен өткізіп, соны өлең қылып сығып шығарды. Ол қоғамдық өмірдің шындығын жазды және оны өнердегі шындыққа айналдырды. Ал Қасымдардан кейінгі толқынның ішінде өзгеше өлеңдерінің болмысымен дараланып шыққан ақын – Мұқағали. Төлеген, Жұмекен, Қадыр, Тұманбай ақындардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Қадыр – ойдың, Төлеген – тебіреністің, Жұмекен – терең философияның, мәннің, ал Тұманбай – сезімнің ақыны. Алайда сол ерекшеліктердің барлығын Мұқағали өз бойына жинай білген. Енді Қасым неге өз дәуірінде лайықты бағасын ала алмады дегенге келейік. Негізінде, әдебиетшілер қауымы Қасымның керемет ақын екенін білді. – Тек әдеби қауым ғана бағалады ма сонда? – Әдеби қауыммен қатар, жұртшылық та оның бағасын, ақындық қуатын білді, сезді, тамсанды. Өйткені Қасым жарқ етіп шықты. Қазақ поэзиясы аспанында Қасым өлеңдері жасындай жарқылдады. Төгіліп тұрды. ӘлФараби айтады ғой: «Ақынның үш түрі бар. Біріншісі – ақын болуға талпынып, еліктеп жүретін ақын. Екіншісі – бойында бар кішкентай ғана дарынды өлең жазудың бүкіл амал-әдістерімен көркемдеп, керемет туынды жасап шығарады. Екеуі де мықты ақынға айналады, алайда олар тума таланттар емес. Ал нағыз ақын – бұл тұнба табиғаттың өзінен жаралған ақын» деп. Мен Қасымды осы үшінші топқа жатқызамын. Қасымды Құдай ақын қылып жаратқан. Ол жазайын деп жазбайды өлеңді, арғы жағындағы тылсым дүние жазғызады. Не жазса да, төгіліп түседі. Қиналмай жазады. Дәл осындай ерекшелік Мұқағалида да бар. Екеуі де өлеңді ойнап отырып жазған сияқты. Қиналып, ойланып, толғанып, жазғанын өңдеп отырмаған секілді. Алайда өлең олардың терең тебіренісінен туады. Бұл – Алланың оларға берген ерекше сыйы. Өлеңді күшеніп жазбайды, жүректен шығарады. Міне, Қасым осындай құдіретке ие. Қасымды өз қатарластары, достары қатты құрметтеді, сыйлады. Алайда Қасымның тікмінезділігі, кей сәтте идеологияға

? Б Б II Л Л Г Г II М М

қиғаштау кеп, қарсы сөйлеп қалатын кездері жиі болған. Ақын болған соң үндемей қала алмайды. Осындай сәтті оның бақталастары жақсы пайдаланды. Бәрі де Қасымның талантын қызғанудан басталған. «Әр кәлләда бір қиял» демекші, менмендік басым болған соң бәрі өзін Қасыммен теңестірді, қатар қойды. Сондықтан олар Қасымның кемшілігін тізбелеп отырды. Дегенмен ақынды қарапайым оқырман жақсы бағалады. Тамсанып оқыды. Осы кезде-ақ Қасымның құдіретті ақын екендігі айтылып қалып жатты. Бірақ сұрапыл идеологиялық машина – кеңестік биліктің жанында қарапайым халықтың, оқырманның пікірі ескерілмеді. Мұқағалидың бақыты – ол өмірден өткен соң барлық шындық ашылды. Ол ақын ретінде, азамат ретінде, жалпы, тұлға ретінде өзіне тән толық бағасын алды. Ал Қасымға тиістіні айта алмадық. Қасым тірісінде де, пәниден озған соң да оның дарынын, көркемсөздегі құдіретті талант екендігін толық жарқыратып көрсете алмадық. Біріншіден, Қасым өмірден ерте өтті. 1955 жыл – халықтың соғыстан кейін жаңадан еңсе көтеріп, есін енді жия бастаған кез. Сол кездің өзінде Қасымды зерттеуге бет бұрғандар болды. Бірақ та 1958-59 жылдары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров сынды ұлы таланттарымыз ақталды. Елдің де, ғалым біткеннің назары бірден сол жаққа ауды. Жалпы, қазақ еліктегіш халықпыз ғой. Жаппай соған бет бұрдық. Тума талант, ғаламат ақынымыз өстіп тасада қалып қойды. 1970 жылдары, біздің студент кезімізде Қасым қайта дүрк етіп көтерілді. «Өзім туралы», «Дариға, сол қыз», «Ақын өлімі туралы аңыз» сынды өлең-поэмалары елдің аузында жүрді. Концерт болсын, жастар жиыны болсын Қасымның өлеңдері міндетті түрде оқылып жатты. Сөйтіп, қайтадан халықтың Қасым шығармашылығына деген қызығушылығы артты. Оны көтерген – ақындардың өздері. Мұқағалидың «Қасым олай болмаса, несі Қасым, Қасымның басқалардан мысы басым» деген өлеңінен бастап, жас бөрілер, жас таланттар халықтың ықыласын Қасымға бұрды. Сол кезеңде жаңадан шыққан отты ақындардың басында басқа емес, осы Қасым тұрды. Сөз Қасымнан басталып, Мұхтар Шахановтан аяқталды. Қазақ әдебиеті тарихында сол 1970 жылдары сұмдық өрлеу болды, оқырманның поэзияға деген құштарлығы артты. Қасым енді ғылыми тұрғыда зерттеледі деп жүргенде Алаш арыстары ашылды. 1980 жылдардың аяғында, Тәуелсіздіктің басында елдің бәрі алаштанушы, ахметтанушы, әлихантанушы болып көрінгісі келді де, Қасым тағы да ұмыт қалып қойды. Сәкенді де, Сәбитті де ысыра бастадық. – Сонда тарихтың ақтаңдақ бетін аршып аламыз деп екінші бір ардақтымызды, арысымызды жоғалтып отырдық па? – Иә, өкінішке қарай, солай болды. Қоламтада жатқан шоқты үрлеуіміз керек еді. Оның қызуы, жылуы керемет, алайда үрлесең ол лаулап жанатын еді ғой. Өкінішке қарай, біздің ғалымдарымыз мерейтойға жұмыс істеп кетті. Өздерінің атақтарын тезірек шығарғысы келді. Қасым өзінің беретінін толық бере алмады. Өзі айтпақшы, «Кенімді кеудемдегі жаба тұрдым, Азырақ әуре болып жөтелменен» дегендей, жазатынын жазып бітпеді. Оған мүмкіндік болмады. – Сіз Қасым шығармашылығына біраз зерттеу жасадыңыз. Белгілі бір тұлғаны тереңірек таныған сайын оның белгісіз сырлары ашыла түседі емес пе, Қасым Аманжоловты сіз қай қырынан таныдыңыз? – Мен Қасымды қазақ әдебиетіндегі лирикалық поэзияның Мағжаннан кейінгі атасы деп білемін. Қасым поэзиясының бір кереметі – сыр мен сезімнің тоғысуы. Әрине, бұл кезде Мағжан жабық тақырып болатын. Халық оны әлі оқымаған, тұшынбаған еді. Осы Мағжандағы ғаламат дәстүрді поэзияға Қасым әкелді. Бұл – біріншіден. Екіншіден, оның азаматтық позициясы. Ол қазақ поэзиясына азаматтық рухты алып келді. Өткір ой, өткір пікір, азаматтық ұстаным Қасымның өлеңдерінде айқын

К К Е Е Л Л Г Г Е Е Н Н

танылып тұрады. Тайсалмайтын, жүректі, жалынды сөздер. Қасым поэзиясының сұлу жырдан құйылған тас мүсіндей болатындығы осы. Өлеңдерінде сезім бар, сыр тұнып тұр, ойы ашық. Мен Қасымды осы екі қырынан таныдым десем де болады. – Аға, халық жүрегіндегі тұлғаның жарқын ісін, мәңгілік туындысын ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғау – бұл іргелі ғылымның қалыптасуымен ғана мүмкін болады емес пе. Осы ретте «Қасымтанудың проблемалары қандай?» деген сауал туындап отыр... – Есмағамбет Смайыловтың «Өлең және өмір» деген Қасым туралы үлкен мақаласы бар. Қасымның өмірі, шығармашылығы туралы ең алғаш рет ашық жазған – осы кісі. Кейіннен Әбділда Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев, Серік Қирабаевтар зерттеді. Ал қасымтануда сүбелі еңбек жасаған Тұрсынхан Әбдірахманова болды. Қасым Аманжолов поэ тикасынан доктор лық диссертация қорғады. Осы диссертацияда бұл кісі Қасымның қазақ әдебиетіне өзгеше леп әкелген ақын екендігін дәлелдеп шықты. Оның тіліне, көркемдік деңгейіне, ақындық әлеміне жақсы талдау жасады. Ал кейіннен Қарағандыда біраз ғалымдар Қасымды зерттеу объектісіне айналдырды. Сосын Бекен Ыбырайым Қасымды жақсы зерттеп жүр. Соңғы кездердегі шоқтығы биік зерттеу деп осы Бекеннің еңбегін айтуға тиіспіз. Алайда, қарап отырсақ, кейінгі толқын-

Мағжан «хәкім», Сұлтанмахмұт «ақындардың пайғамбары», Шәкерім «ұстаз», Ахмет «бас ақын» деп атады. Сол секілді Қасым өзінің бағасын, ақындық биігін білді, Абайды өзіне ұстаз тұтты, шығармашылық дос санады. Сондықтан да ол Абайдың басына тәу етуге барды. «Абайға айтарым» өлеңінде ақын: Абай десе Абайсың, Абайладың жан-жақты, Риза еттің жарайсың, «Қалың елің – қазақты», – деп жырлады. «Абай десе Абайсың» деген сөзінде-ақ ұғатын адамға бірталай сыр жатқандығын аңғартады емес пе?! – Ақынның «Жамбыл тойында» деген поэмасы жайлы арагідік бір пікірлер айтылып қалып жатады. Осы поэма жоғалған деседі. Оны табу мүмкін бе? Бәлкім, мұрағаттардың бірінде сақталған шығар. Қанша дегенмен ол да ақын мұрасының бір бөлшегі саналады ғой? – Рас, 1938 жылы Қасым «Жамбыл тойында» деген поэмасынан үзінді оқыды деген пікірлер бар. Бірақ өтірік айтып қайтемін, өз басым оны таппадым, көрмедім. Бәлкім, басқа мұрағаттарда сақталған болуы мүмкін. Бірақ Қасымның 1946 жылы жазған «Жамбыл» деген өлеңі бар. Бұл өлеңінде ақын Жамбылға амандаса барғандығын жазады. Жамбылдың ақындығын керемет бағалайды. «Есімде, дәл осыдан он жыл бұрын, Бос тастап жүрген кезім ой

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ... Қадыр ақынның «Талантты тірісінде бағалаңдар» деген бір сөзі бар. Керемет айтылған. Әрине, басқаларға тән қазақтың да жақсылығы мен жамандығы бар. Алайда бізді бір тілек, бір жүрек қылатын бірлігіміз жетіспей жатады. Ұлттық тұрғыда ойлайтын санамыз жетілмей жатыр. Біз көзі тірісінде таланттарымызды түсіне алмаймыз. Түсінеміз-ау, бірақ түсінгіміз келмейді. Абай 44 жасында неге жылады? «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп. Бар-жоғы 44-тегі Абайдың жүрегі неге қарияның жүрегіндей қан жылап тұр? Мағжан мен Қасымды да өз кезінде түсінбей қор қылып алдық қой. Сұлтанмахмұтты да, тірісінде Мұқағалиды да ұшпаққа шығармадық. Сондықтан да енді бізге асылдарымызды дер кезінде ардақтап, таланттарымызды уақытында түсінетіндей тәуелсіз сана керек. нан ақын шығармашылығын ғана емес, оның тұлғалық болмысын түпкілікті, жанжақты зерттеп жүрген ғалымдарды көріп тұрған жоқпыз. Адами, азаматтық, ақындық болмысы толық ашылмай, оның қоғамдағы орнын анықтамай, зерттеу өз дәрежесінде деп айтуға келмес. Сондықтан да қасымтану проблемасы десек, онда алдымен айтарым, ақынның тұлғалық болмысын толық ашудың күрделі мәселелерін айтқан болар едім. Алла қаласа, осы қыркүйек айының аяғына қарай біздің ҚазҰУ-де Қасымның 100 жылдығына орай халықаралық конференция өткізбекпіз. Сонда қасымтанудың проблемалары жан-жақты көтеріледі деп ойлаймын. – Кеңестің кесірі көбінесе шығармашылық адамдарына тиді десек артық айтқандық болмас. Қатаң цензура, тырнақ астынан кір іздеу – әсіресе сөз өнерімен ауырған жандарға ауыр тиді. Бұл қасіреттен Қасым да қашып құтыла алмады. Оның өлеңдерінің текстологиялық өзгеруі, өңделуі туралы не білесіз? – Ақынның 90 жылдығы қарсаңында болса керек, оның екі томдық жинағы шықты. Сол екі томдықта барлығы қалпына келтірілді деп ойлаймын. Әрине, Қасымның өлеңдері отты, жалынды еді. Тіпті сол кезеңнің үнімен қабыспай жататын жерлері де болды. Кезінде идеологияға да, саясатқа да жақпайтын сөздер мен ойларды шығарушылар күзеп, түзеп, өзгертіп отырғаны шындық. Алайда оның бәрі Тәуелсіздік кезеңінде өз орнына келді деп ойлаймын. – Өмірхан аға, Қасымның «Шыңғыстауда» деген өлеңі бар. «Ағасы ақындардың туған жерге, Біз келдік інілік бір міндетпенен» деп Абай ауылына барыпты. Қасым Абайды өзіне ұстаз тұтқан секілді... – Абай ауылына Қасым бірнеше мәрте барған секілді. Өзі арнайы жеке барған, мерейтойына да барды. Өйткені өзі де Семейде бірнеше жыл тұрды, оқып білім алды емес пе. ХХ ғасырдың басында Абайды

Б Б II Р Р

шылбырын, Ақындық аспанынан қалдым көріп, Жарқ еткен ақ жамбыдай Жамбыл жырын» деп жырлауы – бұл Жамбыл жырына берілген үлкен баға деп есептеймін. Ал егер де жаңағы аталған «Жамбыл тойында» поэмасы жас зерттеушілердің ізденісімен табылып қалып жатса, нұр үстіне нұр, ал табылмаған күнде де Қасымның ұтылатын ештеңесі жоқ. Өйткені Жамбылды қалай құрметтегені, оның шығармашылығын қалай үлгі тұтқаны бізге белгілі. Жазба әдебиетінің ұлы тұлғасы – Абайды да, халық ауыз әдебиетінің ұлы өкілі, Асанқайғылардан басталған жыраулық өнердің көзі тірі жалғасы – Жамбылды да Қасым жақсы түсінді. Қал-қадарынша бағалады. – Ақтаңгер ақын Ғафу Қайырбеков «Қасым – ұлттық ақын» деп айтып кеткен еді. Бұл пікір әлі өзінің маңыздылығын жойған жоқ па? Сұрағым келгені, Қасым поэзиясының құдіреттілігі әлі осы тұғырында тұр ма? Оның өлеңіне деген халықтың сүйіспеншілігі жоғалған жоқ қой... – Ұлттық ақын дегенді біз қалай түсінеміз? Кеңестік кезеңде «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» деген ұран жетегінде кеттік. Сондықтан қоғамдық болмысты жырлауымыз керек деп ұрандаттық. Социалистік қоғам, коммунистік идеяны басты назарда ұстадық. Ал ұлтты жырласаң – ұлтшыл атандырды. Ал Қасым ағысқа қарсы жүзді. Өз ұлтының сөз асылын, ой асылын, қадір-қасиетін, дәстүр-салтын бойына сіңіріп, осындай жауһар қасиеттерді шығармашылығында жарқыратып көрсете білді. Қасымды сондықтан ұлттық ақын деп бағалады. Жалпы, шығармашылық адамын, ақынжазушыларды олардың өмір сүрген қоғамын танып-білмей жазғыруға болмайды. Мысалы, Сәкен Сейфуллинді ұлттық ақын деуге бола ма? Әрине, болады. Мейлі ол кеңесті жырласын, социализмді өлеңіне қоссын. Алайда ақын да адам ғой. Есесіне, ол ұлтының қажетіне жарайтын қаншама дүние қалдырды. Өз ұлтының ұғым-таны-

мында ой тербеп, мұң-мұқтажын жүрегімен қабылдай алса, барлық асыл қасиеттерін сезініп, осының бәрін өзінің туындыларында көрсете білсе, неге біз оны ұлттық ақын демейміз?! Нағыз ақын ешқашан идеологияға құл болмайды. Қасым өнердің барлық түріне жетік болды. Музыкалық аспаптың бәрінде ойнады. Бұл – Құдайдың барлық өнерді бітік-бітік етіп бір жанға бергендігі. Егер Қасым қаласа, ұлы музыкант болар еді, керемет әртіс те шығатын еді, әлемді аузына қаратқан ғаламат композитор болу да қолынан келер еді. Алайда ол өзінің рухына тірек етіп, тұғыр етіп ақындықты таңдады. Басқа өнерін осы ақындығын шыңдайтын, сезімін ұштап отыратын демеуші күш ретінде пайдаланды. Қасымның тіл байлығы халықтың дәстүрлі сөз өнерінің тұнбасынан теріліп алынған. Мәселен, оның Нұрпейіс Байғанинге арнаған жыры бар. Ол Нұрпейістің жырын тыңдап таңғалған. Әрине, арнау жазғысы келсе, «Нұрпейіс ақын керемет екен» деп өлең жаза беруіне болатын еді. Бірақ ол: «Алысқа бір көз салып, Асқар биік тау көрдім. Асқар таудан жосылған, Ағылтегіл сел көрдім. Аққу ұшып, қаз қонған, айдын шалқар көл көрдім», – деп жырлады. Нұрпейіс – халық ауыз әдебиетінің жарқын өкілі. Сондықтан да Қасым өзінің тебіренісін қалыпқа салмай, бұрынғы жыраулық дәстүрмен жеткізді. Міне, қандай керемет ұлттық сөз маржандары, теңдессіз теңеулер! Қасымның сезімі мен сыры ұлттық сезіммен ұштасып жатты. Оны барлық өлеңдерінен аңғаруға болады. Сондықтан да Қасым халықтың жүрегінен ешқашан жойылмақ емес. Қазақ жер бетінде өмір сүрсе, Қасым әр қазақтың жүрегінде жатталып жатады. Қазақтың Қасымға деген сүйіспеншілігі ешқашан жоғалмайды. Қасым әр жырында қазақтың ойын айтады, қазақтың сезімін жеткізеді, қазақтың намысын сездіреді. – 1940 жылы жазған «Сұлтанмахмұт туралы балладасында» Қасым ақын екі жас жігіттің қабір басында айтысып келе жатқандығын суреттейді. Бірі ақынның өлмегендігін, оның қазақпен бірге мәңгі жасайтындығын, өжет жырлары кең даланы шарлап кеткендігін айтса, екіншісі қабірге ақынның өзімен бірге жырларының да көмілгендігін айтып бой бермейді. Балладаның түйіні Сұлтанмахмұттың қабірден тұрып, жалынды жырын оқып жүріп кеткендігімен аяқталады. Осы жерде мынандай ой келеді: сол 40-жылдардың өзінде-ақ Қасым «халық жауы» атанған Алаш арыстарын сағынып, олардың күндердің күнінде ақталып шығатынына, қалың қазағымен қайта қауышатындығына сенген секілді... – Қасым ақын алдағы күнді болжай білді. Қазағы аманда өзінің де, жырларының да ешқашан ұмытылмайтындығын, өлмейтіндігін сезді. Сол сияқты күндердің күнінде Мағжанның да, Сұлтанмахмұттың да, Алаш арыстарының да ақталып шығатындығына, халқымен қайта қауышатындығына, жазған еңбектері қазақтың керегіне жарайтындығына имандай сенді. Ол Алаш арыстарының шығармашылығымен өте жақын таныс болды. Сұлтанмахмұт туралы айту сол кезеңде тек Қасымның ғана қолынан келген ұлы іс еді. – Демек, Қасым Алаш арыстарымен жақын араласты деп ой түюімізге негіз бар ма? Қанша дегенмен ол 1924-1930 жылдары Алаш қаласында (Семей) әуелі интернатта, сосын техникумда оқыды. Алаш көсемдерімен оның

жақын араласуы, пікір алмасуы бек мүмкін ғой? – Бұлай деп айта алмаймын. 1925 жылдан бастап Алаш арыстарын қудалай бастады. Үш-төрт жылда біразының шығармашылығына тыйым салынды. Алайда Қасым олардың шығармашылығымен жақсы таныс болды. Қасым Семейге барған кезінде бала болатын, Алаш ардақтыларымен сөйлесетіндей деңгейде болған жоқ. Ал ол есейіп, оң-солын танығанда арыстарымыздың біразын қудалап, халықтан жырақтатып әкеткен еді. – «Аманжол Рақымжанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын» деген ақын өз жайын өзі айтуға тырысты. Осы алты жылға жуық жазылған өлеңді формасына қарап «аяқталмай қалған поэма» дейтіндер де бар. Бұл пікір қаншалықты шындыққа жанасымды? – Қасым әуелгіде бұл өлеңнің тақырыбын «Сыр» деп қойған. 1948-54 жылдар аралығында жазылды. Басқаға емес, өзөзіне айтқан сыры ғой. Есмағамбет Смайыловтың зерттеуінде осы өлең туралы айтылған. «1954 жылдың қыркүйегінде Қасым маған осы өлеңді оқып берді. Егіліп отырып тыңдадым. «Керемет екен, бірақ осы өлім дегенді неге көп айтасыз?» – дедім. Сонда Қасым: «Есмағамбет, мені көріп отырсың. Көңілімді неге алдайсың?» – деді. Бәрін де өзі сезіп отырғандай еді», – дейді. Ақын жан сырын айтып қалғысы келді. Қасым 1951 жылы 12 өлең, 1952 жылы – 7, 1953 жылы – 9, 1954 жылы төрт өлең ғана жазған екен. Өзінің сөніп бара жатқандығын ақын жанжүрегімен сезінді. Бұл өлеңнен ақынның азаматтық тұлғасын, адами қуанышы мен қайғысын, сырлы сезімі мен құпия сырын, былайша айтқанда, Қасымның адамдық бітімі мен ақындық болмысын бар қырынан танимыз. Әсіресе, ақынның өлеңге өзгеше құрметпен қарауы — оның ұлы мақсатын айқын танытады: Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, Өкінем ұқсата алмай келемін деп, Күніне жүз ойланып, мың толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. «Өзім туралы» өлеңі адамның рухани жан дүниесін терең ашады. Ол — жеке тағдыр мәселесін көркем жинақтау, өз деңгейіне көтерген философиялық лирика. Мұнда бәрі бар – өршілдік, тағдырдан тарыққандық, өлеңінің өлместігіне сенген сенім, өмірдің күнгейі мен көлеңкесін таразылаған шындық. Олар ақынның дүние, тіршілік туралы таным-толғанысын айқындайды. – Соңғы сауалым болсын, аға, біз неге Қасымның ақындық мектебі жайлы жақ ашпаймыз осы? – Дұрыс. Қасымның мектебі жайлы көп айтылмайды. Ал енді сіз мына қызыққа қараңыз. 1960 жылдардың аяғы, 70жылдардың басында әдебиетке «жыл құсындай жылылық әкелген» буынның бәрі – Қасым мектебінің өкілдері. Мұқағали, Жұмекен, Мұхтар, Қадыр, Тұманбай, Сағи тағы да басқа қаптаған кіл таланттар – Қасымның жырымен сусындаған, соның мектебін көрген ақындар. Олар Қасымның жырымен шабыттанды. Сондай-ақ өздерімен бірге Қасымды да өз тұғырына көтерді. Бір анық нәрсе, бұл – Қасым мектебінің түлектері қазақ поэзиясын биікке көтерді. Шоқжұлдыз болып жанды. – Салиқалы сұхбатыңызға рақмет. Сұхбаттасқан Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ

С С Џ Џ Р Р А А Ћ Ћ

«Қасым» журналы жарық көреді

Ақын ғаламторға «көшіп алды»

Мұқағали Мақатаевтың мұрасын зерттеп, халыққа ұсынып отыратын «Мұқағали» деген журнал бар екенін білеміз. Осы ретте білгім келгені, биыл «Қасым» әдеби журналы шығарылды ма? Қамбар ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ, Астана Ақын тойының қарсаңында Қараған- санында Қасым туралы замандастары дыда «Қасым» атты республикалық мен қаламдастарының естеліктері, әдеби-қоғамдық журнал жарық көрмек- ақынның жырлары, аудар малары ші. Екі айда бір рет жарық көретін жур- топтастырылады. Сондай-ақ бірқатар налдың құрылтайшылары – Қарағанды танымал қаламгерлердің өз шығароблысы әкімдігі мен қазақ әдебиетін малары, жас ақындардың өлеңдері, қолдау мақсатында құрылған «Ақсораң» әдебиет танушылардың, өнертану шықоғамдық қоры. Қыркүйектің 9-ы күні лардың зерттеу мақалалары жарық мерейтойға қатысты Е.Бөкетов атындағы көреді. Мерейтой өткізілген бетте журуниверситетте журналдың тұсаукесері налға келер 2012 жылға жазылу ұйымөткізілмекші. Ал журналдың алғашқы дастырылмақ.

Қайсар ақын Қасым Аманжолов атындағы сайт ашылады дегенді естіп едім. Өлеңсүйер қауым болғандықтан, бұл жаңалыққа елеңдеп қалдық. Қасымға арналған сайт бар ма немесе биылғы 100 жылдық қарсаңында ашыла ма? Еркін ЕРДЕНОВ, Алматы www.qasym.kz сайтын жасауды Қарағанды Түрлі ақпараттар мен ақын жырлары облысының әкімдігі мен кеншілер қаласындағы тізілген порталда ақын тойына әзірлік жайы, «Болашақ» университетінің бастамашыл тобы ақынның күнделігінен үзінділер, өлеңдер, осыдан бірер ай бұрын қолға алған болатын. кеншілер аймағында өткізіліп жатқан үлкендіЖақында жария ғаламторға жүзін көрсетіп, кішілі шаралар туралы кеңінен жазылған. той әзірлігін, ақын шығармашылығын тізіп Портал модераторы аталмыш университеттің жаза бастаған сайттың тұсаукесері, бұйыртса, студенті Дулат Аманжолов бастаған жұмысшы той сәтінде болары анық. Сайттың шығармашыл тобының алқасында белгілі қалам- тобының ізденісі баянды болса, ғаламтор герлер Ғалым Жайлыбай, Серік Ақсұңқарұлы кеңістігінен Қасым мұрасын қастерлер ұрпақ үшін жаңа әлем есігі ашылары анық. бастаған танымал азаматтар бар.


e-mail: info@alashainasy.kz

Күлемін де жылаймын, Жылаймын да күлемін. Heгe ғана бұлаймын, Өзім ғана білемін.

№152 (604) 27.08.2011 жыл сенбі www.alashainasy.kz

ӘУЕН

Ән болып әуелеген Қасым жырлары Қан майданның қақ ортасында жүріп, қаруы мен қаламын қатар ұстаған қазақтың ержүрек ақындарының бірегейі – Қасым. Қасымның от пен оқтың арасында туған жалынды жырлары заман өзгеріп, буын ауысса да, оқырманын әсерсіз қалдыра алмайды. Қаншама жыр, екі дастан, аудармалар қалдырған ақын қысқа ғұмырында қазақтың ән айдынына да тамшыдай болсын үлесін қосып үлгерген. Өкініштісі, Қасымның сан әнінен ел құлағында екеуінің ғана қалуы. Қазақтың есті әндеріне әуес кез келген адамнан «Қасымның қандай әнін білесіз?» деп сұрасаңыз, «Дариға, сол қыз» бен «Өзім туралыны» жаңылмай айтатыны анық. Ал алдыңғы буын әншілер, Қасымның көзін көрген жандар басқа да әндерінің болғандығын айтады. Бірақ олар не себепті бүгінге жетпей қалды? Мыңбай РӘШ, ақын, сатирик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері: – Қасымның «Өзім туралы», «Дариға, сол қыз», «Ақсәуле» әндерінің үшеуін де білемін. 1952 жылы Ғафу Қайырбековпен бірге үйіне барғанда, өзінен үйренгенмін. Ол әндерді өзім домбырамен айтып тұрамын. Қасым, негізі, көп ән шығарған. Бірақ олардың барлығы ұқыпсыздықтан, Композиторлар одағы не басқа біреу айналыспаған соң, кезінде нотаға түспей ұмыт қалған. Қасымға баспана сыйлаған «Өзім туралы» атты өлеңіндегі өмір шындығы ақынның көкірегін жарып шыққан ән арқылы өмір-толғауына айналды. Ол әнді тыңдаған адам бір ғана Қасымның тағдырын емес, қазақтың қамын ойлаған азаматтардың бейнесін, тыныс-тіршілігін түсінетіні хақ. Бұл толғауды бізге жеткізген – әнші, композитор Тұрсынғазы Рахымов. Тұрсынғазы РАХЫМОВ, композитор, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері: – Қасымның әнін мен 70-жылдары ауыл қарттарынан үйреніп алып келдім. Абайдың сөзіне жазылған «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма» өлеңінің әнін біреулер Жәнібек Кәрменовтікі десе, біреулер Қасым Аманжоловтікі дейді. Бала күнімде 1947 жылы Қасымның Абай ауданына келгендігін естігенмін. «Бұл сол тұста шыққан ән» деседі үлкендер. Менің ойымша да, ән Қасымдікі. Композитор Теміржан Базарбаев 1947 жылы сол әннің Қасымға тиесілі екендігі жөнінде газеттен оқығандығын айтқан. Жұрттың барлығы Жәнібектей ән дүлдүлінің әні деп жүрген «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма» әні туралы тың деректі Тұрсынғазы ағадан естігенде, таңғалғаным рас. Ал оның, шындығында, кімдікі екендігін музыкатану ғылымының құзырына тапсырайық.

ТҮЙІН Ал қазақтың жыраулық поэзиясының дәстүрін ХХ ғасырда қайта түрлендіріп, халыққа отаншылдық рух сыйлаған, соның әсерінен сыншылар тарапынан теперіш те көрген батыр ақын жырлары ғасырға жуық уақыт өтсе де, тазалығы мен мөлдірлігін жоймай келеді. Ал нақты орындаушысы болмаған соң, халық жадынан өшіп, мұрағаттарда ғана сақтаулы қалған әндері болса, Қасымның 100 жылдығы аясында табылар деген үміттеміз. Себебі өлмейтін мұра ақынның өзі өлсе де, теңіз бетіне қалқып шығарына күмән жоқ. «Ұмытса да достарым, Ұмытар ма мені елім!» деп Қасым ақынның өзі айтқандай, дариядай даналық іздеушісі табылса, тасада қалмас... Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

? Б Б II Л Л Г Г II М М

7

ТАҒЫЛЫМ

Өкінбеймін өмірге Босқа келген екем деп. Өкінемін бір күнде Түк бітірмей кетем деп.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

БІР БЕЛГІ...

«Қош болшы енді, Оралым» десе де, Оралы Қасымымен қоштаспайды Биыл ғасыр тойы тойланғалы отырған қазақтың дауылпаз ақыны, классик ақын Қасым Аманжолов Қарағандыға қарасты Қарқаралыда туғанымен, бүтін жастық шағы, ең бір әдемі өлең жазып, лапылдаған ғажайып ғашық кезеңін Жайық бойында өткерген екен. Алғаш Абай туған Семей жерінде білім алған ақын әрі қарайғы білімін Оралдың педагогикалық институтында жалғап еді. Одан Оралдың облыстық газетінде қызмет істеді. Оған ақынның «Кезгенмін Совет көшесін» деген жырынан бастап, біршама өлеңдері куә. Жайық бойында қалған Аманжолдың Қасымының сол іздерін бізге өзі де «Жайықтың ақ шағаласы» атанған ақын Ақұштап Бақтыгереева алып келгендей болды.

ШАҒАН, ҚЫЗЫЛ ҮЙ, ҚЫЗЫҚ МАХАББАТ...

КӨК ТЕРЕКТІ КӨШЕ – АМАНЖОЛОВ АТЫНДА

– Шағанның бойы көк шалғын, Шалқамнан жатқам шаңқай түс. Гүл болып менің құшағым, Кеудеме қонған бұлбұл құс, – деп жырлаған Шағаны мынау еді, – деп әңгімесін фотосурет көрсетуден бастады Ақұштап ақын. – Сол Шаған қазір де сондай көк шалғын, қарағайлы, қайыңды. Шынында, Шағанның жағалауына барсаң, жыр жазбау мүмкін емес. – Сол өзен, сол шалғын, бірақ Қасым жоқ дейсіз ғой?.. – Иә... Ал енді мынау ескі үйге қараңыз, қызыл кірпіштен өрілген бұл үй – бүгінде облыстық радио ғимараты. Кезінде мұнда Қасым алғаш махаббатын жолықтырған. Сақыпжамал есімі бізге ақынның өлеңдері арқылы өте жақсы таныс. «Сақыпжамал, бір өзіңде екі әйелдің аты бар» деп жырлады ғой. «Бөтен біреудің көліне қондың» деп те жырлаған алғаш. Міне, сол Сақыпжамалмен Қасымды жолықтырған осы үй еді. Бұл жөнінде ақын өмірбаянын парақтасаңыз, табасыз. Сақыпжамалдың жолдасы әскери адам еді, өзі Қасыммен дос болатын. Бұл жүрек дегенді қойсаңшы, асау ғой, асау, әсіресе ақын жүрегі. Досына еріп келіп жүріп, әйеліне ғашық болады ғой. Шын сезім ақылдың әміріне көнсін бе? Әрине, әйел – Сақыпжамал апамыз қазақы әдептен аттамайтын инабатты, ибалы еді. Ол Қасымның ақындығына сүйсінген, қызық адам ретінде араласқан басында. Жыр арнап жүрген ақын жайлы күйеуіне «осы Қасым сен жоқ кезде маған «сені жақсы көремін деп айтады» деп, ақынның ол сөзін қалжың ретінде қабылдаған. Жолдасы да «Сәпен, ақындар өзі сондай болады, мән берме» дейді екен. Сөйтсе, Қасым Сақыпжамалға, шын мәнінде, бір көргеннен ғашық болыпты. Соғыстан кейін ақыры оған үйленді, екеуі бір отбасы болып өмір сүрді. Сөйткен Сақыпжамал апамызды, кейін Әбу Сәрсенбаев ағамыздың үйіндегі Ләзиза апамызды мерекелерімен құттықтай барғанымда, талай рет көріп, бір дастарқанда шай да ішкен кездерім болды. Бұл да – өзінше тарих. Міне, Қасым сүйіктісін алғаш жолықтырған Оралдағы сол көне шаңырақ әлі тұр.

Терезе алды – көк терек, Тұр екен кімдер сүйеніп, Жүр екен кімдер үйленіп? – десе, мынау – сол көк терегі. Бүгінде оған екі адамның құшағы жетпейді. Күтімі де жақсы. Мынау – сол үй. Әлгі терек сол Сақыпжамал тұрған үйдің терезесінің түбінде болған. Осы көк терекке сүйеніп тұрған күйі ақын Сақыпжамалға талай тамсана қараған. Сол көшеге қазір Қасым Аманжоловтың атын бергіздік. Ақын ағаның аруағының алдында жасаған бір тамшы үлесіміз осы болған шығар. Ол көшеде сондай-ақ бүгін Мағжан Жұмабаевтың суреттері ілулі тұр. Ол көшеде сол Қасымды көрген ескі үйлер де сақталған. – Ақын, әттең, ерте кетті, көре қойған жоқсыз ғой. Бірақ жырына жастайыңыздан қанып өскен шығарсыз? Жалпы, Қасым жырлары сіздің ақын болып

К К Е Е Л Л Г Г Е Е Н Н

қалыптасуыңызға әсер етті деп айта аласыз ба? – О-о, әрине! «Ақсәуле, аспанда Аймен таласасың, Төгілген иығыңа қара шашың», – деген Қасымның сөзіне жазылған әндер шырқалғанда, «сол Ақсәуле мен екенмін» деп өстік қой. Қасым жырлары әр адамның жүрегіне

жол табатын жеңіл әрі өткір, лапылдаған отты өлеңдер ғой. Қасыммен бірге соғыста бірге болған Абдолла Жұмағалиев те осы Оралдан еді. Екеуі де мықты, екеуі де өрімдей жас, екеуі де – жақсы ақын, екеуі майданға бірге аттанған. Соғыс жүрген жерде қаза жүрері хақ, Абдолла соғыста Қасымның көзінше қаза тапқан, оған Қасым дастан арнаған. «Ақын өлімі туралы аңыз» атты дастаны ақынның қыршын кеткен досына қойған ескерткіші іспетті. Абдолла Жұмағалиевтің де туған жерінде есімі бар, еске алып отырады елі. Осындай өмір кешкен таланттарымыздың Оралда әлі ізі сол күйінде сайрап жатыр. Одан бөлек, қазір де оқу орындарында, кітапханаларда ақынға арналған кештер өткізіліп тұрады. – Қасым рухымен сырласқан, өлең арнап болмаса жырына жауап жазған кезіңіз болды ма? – Ақын ағаға тікелей өлең арнамасам да, Қасым жырларын эпиграф етіп алып, еліктеген тұстарымыз болды. Мысалы, менің әкеге жазған өлеңім, мүмкін, осы Қасым жырының әсері шығар деп ойлаймын. Себебі ол: Аманжол Рахымжанның Қасымымын, Мен өткен бір атаның ғасырымын. Біреудің жұртта қалған жасығымын, Біреудің аспандағы асылымын, – десе ол, мен де өзімді «қыз да болсам біреудің асылымын» деп әкемнің атын өлтірмей жүруім осы Қасым сынды ақынның әсері болса керек.

«ДАРИҒА, СОЛ ҚЫЗ» – ДАРИҒА ҚАСЫМҚЫЗЫ

СОҒЫСҚА ДА ҚАСЫМ ОСЫ ОРАЛДАН АТТАНЫП ЕДІ Қол созып қызыл вагоннан, Үстіңнен өтіп барамын. Қош болшы енді, Оралым, Гүл бере шалқып, сайранда! Айтпақшы, қайда бораның, Кетейін алып майданға. Міне, сол сұрапыл соғысқа кетіп бара жатқан кездің өзінде де Оралдың үстінен жүріп өтіп, майданға Оралдың боранын, жастық шақтың қысын, ызғарын жырлап, өтіп кеткен.

Қасым мен Сақыпжамалды жолықтырған қызыл үй

«Терезе алды – көк терек...»

Б Б II Р Р

Қасымның соғыста жазған «Дариға, сол қыз...» өлеңіне ән де өте үйлесімді шыққан. Оның бүгінгі ұрпаққа жетуіне алғаш негіз салған – ақын Ғафу Қайырбеков. Осы Ғафекеңнің орындауында біз әлгі әнді жиі тыңдап өстік. Тіпті күні бүгінге дейін қанша әнші шырқаса да, дәл Ғафу Қайырбековтей ешкім жүрегінің түбінен шығара орындай алмай жүр. «Қайда екен, қайда, Дариға-ай, сол қыз» деп үзіліп тұрып шырқағанда, ой бір өзіміз де бірге үзілуге шақ қалушы едік. Ғафекеңдер Қасымның көзін көрген адамдар ғой. Тіпті сүйген жары Сақыпжамалдан туған қызына Қасым Дариға деп ат қояды. Ол елес пе, арман ба, жоқ, ынтығу ма, әйтеуір, Дариға

аты ақын өлеңінде жүрді ғой. Дариға – осы біз шамалас, соғыстан кейінгі ұрпақ. Менен бірер жас кіші де болса керек. Алматыда тұрады. Дариға әкесі жайлы естелік жазып қойды деп естідік, өткен жылы «Ақжайық» атты Оралдағы жазушылар кітапханасынан шығарамыз ба деп ойлап жүр едім. Биылғы су тасқыны біраз есеңгіретіп тастады да, «Ақжайық» кітапханасы тоқтап тұр әзірге. Енді, бәлкім, 100 жылдығына бір жерден басылып шығатын шығар. Ал, жалпы, Қа сым Аманжоловты біз Жайықтың да ақыны деп санаймыз. Болашақта, бәлкім, ақынның өз шығармаларын шығарып та қалармыз. – Әр ақынның өз қолтаңбасы болары сөзсіз, Қасымды Қасым ететін нендей ерекшелігі дер едіңіз сіз ақын көзімен қарағанда? – Қасымның сол кездегі поэзияға әкелген ұйқасы ерекше, сосын өлеңі отты, лепті. Өткір айтатын, еркін, тентек мінезімен де ерекше болған ол. Мысалы, Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды, Сонда да тастамаймын астанамды. Өлеңнің отыменен жылытамын, Өзімді, әйелімді, жас баламды, – деп, пәтер бермеген басшыларға өлең жазу ол кезде екінің бірінің қолынан келе бермеген. Бұл өзі қабағы түксиген, «халық жауы» дегенді жаба салатын Сталиннің кезеңдері емес пе? Соның аяқ шені. Соның өзінде қорықпай, тайсалмай жырлаған Қасымды оқырман қалай жақсы көрмесін?!. Ол өзі бір әдебиетке құбылыс болып келіп еді. Міне, сөйткен Қасымның ешбір жерде ескерткіші жоқ әлі күнге. Осы Жайық бойына Қасымға қасқайтып тұрып ескерткіш қойсақ та, жарасар еді. Жалпы, қазіргі кездегідей ақынды туған жерінде ғана шектеп қалу деген – жағымды жағдай емес. Ақын – туған елге ортақ тұлға. Мысалы, Ілияс Жансүгіровтің Талдықорғанда тұруы шарт емес. Себебі Ілиястың «Құлагерін» оқып, қазақтың әр баласы әдебиетке келеді. Сол сияқты Қасым да қазақтың қай даласында тұрса да жарасады. Себебі Қарқаралыда туғанмен, ол – Қарқаралының ғана Қасымы емес, бүтін қазақтың Қасымы! Әңгімелескен Мәриям ӘБСАТТАР

С С Џ Џ Р Р А А Ћ Ћ

Қасым – майдангер ақын

Ақын мүшәйрасы қашан өтеді?

Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын-жазушыларымыз аз емес. Қасым Аманжолов та соғысқа қатысқан екен. Қасым Ұлы Отан соғысына қай жылдары қатысты? Арай БОЛАТБЕКҚЫЗЫ, Балқаш Қасым соғыстан кейін жазған күн- отырсақ, ақын соғыс басталғаннан делігінде: «Мен Отан соғысына 1941 жылдың аяқталғанға дейін толық қатысқан. Жорық 4 ағусында кеттім де, 1945 жылдың 20 жолдарын жырға қосып, «Абдолла», «Елге июнінде демалысқа келдім. Құсатай хат» және өзге де өлмес туындылары арқылы Сүлейменов деген жақын інімнің ізденуі қазақ қанындағы қайсар рухты жаңаша арқасында әскерден босадым. Жазушылар өрнектеген. Қасым соғыс жылдары ұрыс союзы, оның бастығы Сәбит Мұқанов менің қимылдарынан тыс кезде жауынгерлерге әскерден босауыма, әдебиет жұмысына саяси-патриоттық үгіт істеріне көптеп араласуыма жөнді көмек көрсете алған жоқ. қатыстырылған екен. Майдан газеттеріне, Сәкең, әдетінше, құр сөзбен жарылқады. елдегі басылымдарға отты жырлары тұрақты Жалғыз мені емес...» – деп жазады. Қарап жарияланып тұрған.

«Ақын Қасымның мерейтойы қарсаңында мүшәйра ұйымдастырылады» дегенді естіп едім. Ол қашан өтеді? Дастан МАРАТҰЛЫ, Талғар қаласы Осыдан біраз бұрын Қазақстан Жазушылар одағы мен Қарағанды облысы әкiмшiлiгi бiрiгiп, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына орай жазба ақындардың «Сен неткен бақытты едiң, келер ұрпақ...» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялаған болатын. Осы уақытқа ұйымдастыру комиссиясына елiмiздiң барлық аймағынан жүзден астам ақын үш өлеңнен жолда-

ған. Оның бiреуi – ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына, екiншici Қасым Аманжоловтың рухына арналса, үшiншi өлең еркiн тақырыпта жазылған. Мүшәйра қорытындысы 8-11 қыркүйек күндері аралығында Қарағандыда атап өтілетін Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында шығарылады. Жүлдегер ақындар Қарағанды қаласында өтетiн мүшәйраның ақтық мәресiне арнайы шақырылады.

Бәйге мөлшерi: Бас бәйге (бiреу) Бiрiншi бәйге (бiреу) Екiншi бәйге (екеу) Үшiншi бәйге (үшеу) Ынталандыру бәйгесi (бесеу) Қазылар алқасының шешiмi қайта қаралмайды. Мүшәйра жүлдегерi қомақты ақшалай сыйлықтар және дипломдармен марапатталады. Жүлде алған шығармалар республикалық басылымдарда жарияланып, алдағы уақытта арнайы жыр жинағына топтастырылмақ.


АДАМДАР БАР АЛАСА... Елуінші жылдардың басы болуы керек, бірде Ғабдол Сланов, Қасым Аманжолов және тағы бірнеше адам жаздың әсем бір күнінде қала сыртына, Талғар жаққа серуенге шығады. Сонда Ғабдол: – Шын ақын екеніңді білейін, мына Талғар шыңы туралы табан астында суырып салып, бір шумақ өлең шығаршы, – депті. Сонда Қасым қолма-қол: Биіксің, Талғар, тамаша! Тұрсың көкпен таласа. Әттең, сенің бауырыңда Адамдар бар аласа, – деген екен.

Тамыздың 31-і Алаштың атаулы күні • 1874 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш зиялысы, қазақтан шыққан тұңғыш мал дәрігерлерінің бірі Түбек Есенғұлов дүниеге келді. • 12 жыл бұрын (1999) Алматы облысы Кербұлақ ауданының Қоянкөз ауылындағы орта мектепке Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тоқсын Құлыбековтің есімі берілді. • 4 жыл бұрын (2007) Таразда Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды. • 2 жыл бұрын (2009) Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданында ядролық сынақтар құрбандарына арналған ескерткіш ашылды. Туған күн иелері Зәмзәгүл Шәріпова (1931) – Қазақстанның халық әртісі; Гүлмира Шалабаева (1956) – философия ғылымының докторы; Ерлан Нығматулин (1962) – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты; Нұрлан Нығматулин (1962) – «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, саясаттану ғылымының докторы; Талғат Сәрсенбаев (1966) – ҚР Сенат Аппаратының басшысы, заң ғылымының докторы, профессор; Сәуле Сәрсенбаева (1967) – медицина ғылымының докторы, профессор. Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін! «Алаш айнасы» Белгілі есімнің белгісіз сыры БӨЛТІРІК – қасқырдың қарақұлақтанып қалған күшігін осылай атайды. Жалпы, түркі халқы өзін Көк бөріден тарататын болғандықтан «Бөлтірік, Арлан, Қасқырбай» есімдері ел ішінде ара-тұра кездесіп қалады. Бұл есімді жаңа туған сәбиге «қасқырдай қайратты, қайсар» болсын деген ниетпен қояды. Аузы дуалы Бөлтірік шешеннің де құрметіне нәрестеге осы есімді беріп жатады. Ел ішінде өте сирек кездесетін төл ныспымыз.

Шығуы 06:10

Ұзақтығы 13.27



Батуы 19:37



«Алаш айнасы» газетінің ұжымы белгілі әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері Майра Ілиясоваға туған әпкесі Сәния Әлімғазықызы ИБРАЕВАНЫҢ қайтыс болуына орай, қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Кезекшi редактор – Мәриям ӘБСАТТАР

Бағасы келiсiмдi

Астана қаласы «Астана-Полиграфия», Брусиловский көшесi, 87-үй. Тел.: 8 (7172) 37-05-59 Тапсырыс – №1771

Тарату қызметi тел.: 8 (727) 388-80-88

Жарнама бөлімі тел.: 8 (727) 388-81-00 8 (727) 380-41-78 e-mail: alikulova.a@orangepoint.kz Өскемен – Азамат ҚАСЫМ, тел.: 8777 3554114

Қызылорда – Әділжан ҮМБЕТ, тел.: 8777 7054466

Қызылжар – Ербақыт АМАНТАЙ, тел.: 8 705 4418255

Шымкент – Шадияр МОЛДАБЕК, тел.: 8705 9877799

Қабылдау бөлмесі: 8(727)388-80-60, факс: 8(727)388-80-61

Қазақ поэзиясының классиктерінің бірі Қасым Аманжолов 50-жылдардың басында сталиндік жандайшаптардың талқысына көп түсті. «Ұлтшыл» деп айып тағылып, көп сыналыпты. Осындай жадап-жүдеп жүрген шағында, бірде сырлас бір досына: – Мені сынап жүргендердің бәрі де менше жазғысы келеді. Бірақ амал қанша, жаза алмайды. Сосын да мені сынайды, – деп мұңын шағыпты.

Туған күн иелері Төлеген Рахымжанов (1948) – полиция генерал-майоры; Қыдыркелді Медеуов (1955) – Алматы облыстық мәслихатының депутаты; Серік Бейсеков (1958) – Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы, полковник; Қайрат Түгелбаев (1959) – «Толғау» ЖШС көлік жүргізушісі; Меруерт Қазыбекова (1961) – Қазақстан кәсіпкерлер әйелдері одағының төрайымы.

Күләш НАҚЫПОВА – аға корректор, тел.: 388-80-76

ҚАСЫМ НЕГЕ СЫНАЛДЫ?

Тамыздың 30-ы Алаштың атаулы күні • Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1995 жылғы мамырдың 30-ында бүкілреспубликалық референдумда қабылданған Конституция – еліміздің Негізгі заңы ретінде бүкіл халықтың ерік-жігерінің айғағы, «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары». • Ораза айт мейрамы (2011 жылғы тамыздың 30-31-і және 1 қыркүйектің – 1432 хижра жылының 1-3-ші шәууәлі)

Нұрлыбай ИТЕКБАЕВ – тех.редактор

Қасым Аманжолов пен Ғабдол Сланов өзара сыйлас, сырлас екен. Бір күні Ғабдол басына көк елтірі құлақшын, үстіне көк жағалы пальто киіп көшеге шығыпты. Алдынан кездесе кеткен жұпыны киімді Қасымға қарап: – Байғазы бер, – десе керек. Қасымның қалтасы тесік, ақша тұрмайды. – Байғазыға өлең берейін, – дейді ол. – Мейлі, өлең берсең бере ғой. Сонда Қасым: Жігіттің көрдік жүйрік, шабанын да, Япырмау, бір шаба алмай қаламын ба? Үстімнен түспей қойды қара пальто, Көк бөрік, көк жағаның заманында, – деп өлеңдетіп жіберіпті.

Мақсат ӘДIЛХАН Бас редактордың орынбасары

ҚАРА ПАЛЬТО

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

Қасымның «деген екендері»

Туған күн иелері Сәбит Тауланов (1947) – педагогика ғылымының докторы, генерал-майор; Нұрлан Батпенов (1949) – Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор; Әбдуәхит Мақұлбаев (1961) – ОҚО бақылау және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент директорының орынбасары; Бөлтірік Жақыпов (1961) – Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы; Марат Бекетаев (1977) – ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.

Жамбыл – Гүлжан КӨШЕРОВА, тел.: 8701 7711648

Тамыздың 29-ы Алаштың атаулы күні • 291 жыл бұрын (1720) Өскемен қаласының негізі қаланды. • 20 жыл бұрын (1991) Президент Н.Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Полигон жабылғаннан кейін ондағы барлық нысандар және үш ядролық реактор Қазақстан Республикасының меншігіне өтті. • 2 жыл бұрын (2009) Өскеменде Абай мен Пушкин ескерткіштері салтанатты түрде ашылды. • Ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні. Қазанның 30-ында БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші комитетіне Қазақстан 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынады. Қазақстан ұсынған қарардың бірлескен авторлары 26 мемлекет болды, оның ішінде Армения, Белоруссия, Бразилия, Катар, Қырғызстан, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірлігі, Тәжікстан, Түрікменстан және Жапония.

Қарағанды – Серiк САҒЫНТАЙ, тел.: 8777 3909779

Туған күн иелері Құрманғали Уәли (1947) – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты; Бақыт Серәлиев (1950) – Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының директоры; Сейілда Байшақов (1950) – ҚР футбол федерациясының вице-президенті; Әбдіманап Бектұрғанов (1958) – заң ғылымының докторы, профессор; Алтай Қазмағамбетов (1964) – педогогика ғылымының докторы; Нұрсұлу Құрманбекқызы (1965) – «Алаш айнасы» газетінің корректоры; Анастасия Щегорцова (1980) – ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары.

Талғат КIРШIБАЕВ – жауапты хатшының орынбасары

Бексұлтан Сәрсеков (1953) – Есірткі, психотроптық заттар және олардың ұйытпасының заңсыз айналымымен күрестің Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы ұшу фазасының директоры, профессор, генерал-майор; Дастан Сартаев (1959) – Павлодар облысының прокуроры, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші; Бекет Аймағамбетов (1960) – Жамбыл облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі; Қанат Жанғаскин (1961) – экономика ғылымының докторы; Сәрсен Көкебаев (1961) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Техникалық қызмет департаментінің бастығы; Болат Сәтбаев (1963) – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары; Айзада Аққайсиева (1969) – экономика ғылымының докторы. Қалмаханбет Мұхаметқали (1975) – «Дала мен қала» газеті Бас редакторының орынбасары, ақын. Тамыздың 28-і Алаштың атаулы күні • 80 жыл бұрын (1931-1998) мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымының кандидаты Өзбекәлі Жәнібеков дүниеге келді. • 22 жыл бұрын (1989) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан мемлекеттік қорық-мұражайы» ұйымдастырылды. • Шахтер күні. Тамыз айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1947 жылғы қыркүйектің 10-ындағы Жарлығымен бекітілген.

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ Бас редактордың бiрiншi орынбасары

Туған күн иелері

Алматы қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС Қалдаяқов көшесi, 17-үй. Тел.: 8 (727) 273-12-04, 273-12-54 Тапсырыс – №1011

• 4 жыл бұрын (2007) Ақтауда 80-нен астам тарихи құнды ескерткіштері бар 28 тарихи-археологиялық кешен табылды.

Құрылтайшысы және меншiк иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС Директор – Александр Филимонович АН

• 19 жыл бұрын (1992) Алматыдағы Кино үйінде Асанәлі Әшімовтің «Елім-ай» киностудиясы түсірген «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» фильмінің премьерасы болды.

Газет 2008 жылдың 17 қарашасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде тiркелiп, бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы №9650-Г куәлiгi берiлген. Редакция авторлар мақаласы мен жарнама мазмұнына жауап бермейдi. Авторлар қолжазбасы өңделмейдi және керi қайтарылмайды. Көлемi екi компьютерлiк беттен (14 кегль) асатын материалдар қабылданбайды. «Алаш айнасында» жарияланған материалдар мен суреттердi көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.

• 1992 жылы Қазақстан мен Армения арасында дипломатиялық қарымқатынас орнатылды.

Атырау – Бақытгүл БАБАШ, тел.: 87015533653

Челябинск облысына қосу туралы шешімі қабылданды. Алайда шешімге қарсылық білдірген Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың саяси наразылығы Қостанайды Қазақстанға қайтаруға негіз болды.

Аймақтағы тiлшiлер:

Тамыздың 27-сі Алаштың атаулы күні • 1919 жылы Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің Қостанай уезін

Астана бюросы: Мекенжайы: Сейфуллин көшесi, 31, офис 215 Тел.: 8 (7172) 54-27-31 E-mail: aa_astana@mail.ru Айбын ШАҒАЛАҚОВ – Астана бюросының жетекшiсi Салтан СӘКЕН – тiлшi Қанат ТОҚАБАЕВ – тілші Арман АСҚАРОВ – тілші

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31

№152 (604) 27.08.2011 жыл сенбі www.alashainasy.kz

Бөлiм редакторлары: Құбаш МЕҢДIҒАЛИЕВ – саяси бюро, тел.: 388-80-72 Берiк ӘШIМОВ – нарық, тел.: 388-80-69 Қалдар КӨМЕКБАЕВ – қоғам, тел.: 388-80-65 Алмат ИСӘДIЛ – өркениет, тел.: 388-80-64 Нұрғазы САСАЕВ – дода (спорт), тел.: 388-80-74 Болатбек МҰХТАРОВ – жаңалықтар, тел.: 388-80-68 Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiктi тiлшiлер қосыны, тел.: 388-80-62

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк Дс Сс Ср

e-mail: info@alashainasy.kz

Айдын ҚАБА – жауапты хатшы

ТАМЫЗ

Таралымы – 10 000 дана

БҮГІН: 8 «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...» ФОТОШЕЖІРЕ

Шымкент қаласы «Оңтүстiк полиграфия» баспалар үйi» ЖШС Байтұрсынұлы көшесi, 18-үй. Тел.: 8 (7252) 30-03-30, 30-03-31 Тапсырыс – №8179 Газет сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259 Редакцияның мекенжайы: Алматы қаласы,050051, Бегалин көшесі, 148/1 А e-mail: info@alashainasy.kz

ӨМІР-ДАСТАН

Бас редактор – Серiк ЖАНБОЛАТ

8

№152 (604) 27.08.2011 жыл, сенбі www.alashainasy.kz

Алаш айнасы - Қ.Аманжолов - 100  

Алаш айнасы - Қ.Аманжолов - 100

Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you